close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 12qxp Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
№12 (9801), 18 наурыз, 2017 жыл
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен
құттықтаймыз!
Көктемнің көрікті мейрамы Наурыз бізге ғасырлардың терең қойнауынан келіп жетті. Ол
Шығыста Жаңа жылдың табалдырықтан аттауының ғана емес, сонымен қатар,
табиғаттың түлеуінің, ізгіліктің, өзара түсіністік пен құрметтің айшықты айғағы болды.
Қазіргі таңда Наурыз мейрамының ерекшеліктері барлық қазақстандықтардың танымында біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың реформаларының
арқасында қол жеткізілген жағымды өзгерістермен біртұтас реңге ие. Біз бұл мерекені
біздің туған Қазақстанымыз бен оның халқына деген мақтаныш сезімімен атап өтеміз.
Біз Тәуелсіздік жылдары кезеңінде қалаған достық пен келісімнің, сенім мен өзара
түсіністіктің мызғымас іргетасы биылғы көктемді үмітімізді үкілеп, болашаққа деген нық
сеніммен қарсы алуға мүмкіндік береді.
Көктемдегі күн мен түннің теңелу шағы, дәстүрге сай, жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Бұл күні біз өткен шақты ойша зерделейміз, қорытындылар жасаймыз, келер
күндерге жоспар құрамыз. Біздің ауданда тұрғындардың әл-ауқатының артуы, ауыл
шаруашылығы мен шағын және орта бизнестің дамуы, ауылдарымыздың келбетінің
ажарлануы, білім беру мен медициналық қызмет сапасының жақсара түсуі жолында
атқарылған істер аз емес. Ал, одан әрі сенімді түрде ілгері басу үшін Мемлекет
басшысының дәстүрлі негізде халыққа арнаған Жолдауында қойылған міндеттерді табысты жүзеге асыру бағытында өзіміздің бар біліміміз бен тәжірибемізді, барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз.
Қымбатты аудан тұрғындары! Көктемнің осынау күндері сіздерге және сіздердің
жақындарыңызға мықты денсаулық, бейбітшілік, бақыт пен жайлы тұрмыс, біздің
ғажайып Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендей беруі жолында атқаратын
жасампаз еңбектеріңізге толайым табыстар тілейміз.
Ғ.Омаров,
Қ.Имантүсіпов,
Жаңаарқа ауданының әкімі
Аудандық мәслихаттың хатшысы
ҮЕҰ Дерекқоры бойынша топик
2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ Дерекқоры» ақпараттық ресурсы (infonpo.kz)
жұмысын бастады. Аталмыш ақпараттық ресурс арқылы ҮЕҰ-ның өкілдері «Коммерциялық
емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 5-тармағына
сәйкес ҮЕҰ Дерекқорына енгізу үшін өз қызметтері туралы мәліметтер ұсынуға мүмкіндік
алды. Ақпараттық ресурс жұмысының бірінші күнінің қорытындысы бойынша ҮЕҰ
Дерекқорына өзінің қызметі туралы мәліметті 24 ҮЕҰ жіберді. «ҮЕҰ Дерекқоры»
ақпараттық ресурсының басты бетінде жаднама, Қолданушыларға арналған нұсқаулық,
Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы
дерекқорды қалыптастыру қағидалары, қағидаларға сәйкес әдістемелік ұсынымдар, сондайақ, ҮЕҰ Дерекқоры бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар орналастырылған.
Аталмыш материалдар «ҮЕҰ Дерекқоры» ақпараттық ресурсында жұмыс істеуді
жеңілдетуге арналған. Есепті өткізу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ЭЦҚ
алу қажет. Мәліметтерді пошта арқылы тапсыру, мәліметтерді интернет арқылы тапсыруға
мүмкіндігі жоқ азаматтарға арналған баламалы нұсқа болып табылады.Бірінші күні мәлімет
өткізген ҮЕҰ-ның саны, мәліметтерді ақпараттық ресурс арқылы тапсыру рәсімі ҮЕҰ үшін
қиын емес екенін дәлелдейді. Осыған орай, ҮЕҰ-ны мәліметтерін «ҮЕҰ Дерекқоры»
ақпараттық ресурсы (infonpo.kz) арқылы ұсынуға шақырамыз.
Жаңаарқа аудандық мәслихатының кезекті
Х сессиясы төрағасының шешімі
Атасу кенті
18 наурыз 2017 жыл
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясы 2017 жылдың 28 наурызы күні сағат 15.00-ге шақырылсын (аудан әкімдігінің мәжіліс
залында, Тәуелсіздік даңғылы, 5).
Н.О.Орынбасарова, сессия төрағасы
ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 28 наурыз күні өтетін аудандық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясының
қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1.Жаңаарқа ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді ауылшаруашылық
мақсатына тарту мәселесі туралы.
2.Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарып отырған
жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы.
3.Аудандық ішкі саясат бөлімінің атқарып отырған жұмыстары және алға қойған міндеттері
туралы.
4.Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің атқарып отырған жұмыстары және алға
қойған міндеттері туралы.
5. Басқа да мәселелер.
Қ.А.Имантүсіпов, аудандық мәслихат хатшысы
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулысы
Атасу кенті
№14/02
27 ақпан 2017 жыл
(Қарағанды облысы Әділет Департаментінде нормативтік құқықтық акт
2017 жылдың 10 наурызында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу
Тізілімінде №4172 болып тіркелді
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты
жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда
қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін
3%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қанат Шубайұлы
Қожықаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Ғ. Омаров
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы
№14/02 қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы
белгіленетін ұйымдардың тізімі
Қызметкерлер Квотаның көлемі (%
Мүгедектер үшін
дің тізімдік қызметкерлердің тізімдік жұмыс рындарының
№
Ұйымның атауы
саны (адам)
санынан)
саны (адам)
289
4
11
«Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
1. кәсіпорыны
134
3
4
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің
«№132 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік ме2. кемесі
«Жаңаарқа-жылу» коммуналдық
3. мемлекеттік кәсіпорыны
173
3
5
Постановление акимата Жанааркинского района
пос.Атасу
№14/02
27 февраля 2017 года
(нормативный правовой акт зарегистрирован в Реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов за №4172 от 10 марта 2017 года в
Департаменте юстиции Карагандинской области)
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 6 апреля 2016 года
«О занятости населения», от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», акимат Жанааркинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере от 3% до 4% для организаций независимо от организационно-правовой формы и формы собственности в процентном выражении от списочной численности работников согласно приложению.
2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Кожыкаева Каната Шубаевича.
3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
Аким района
Г. Омаров
Приложение к постановлению акимата
Жанааркинского района от 27 февраля 2017 года №14/02
Перечень организаций, для которых устанавливается квота
рабочих мест для трудоустройства инвалидов
№
Наименование организации
Коммунальное государственное
предприятие «Центральная больница
1. Жанааркинского района»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная
школа №132» акимата Жанааркинского района отдела образования Жа2. нааркинского района
Коммунальное государственное
3. предприятие «Жанаарка-жылу»
Списочная чисРазмер квоты (% Количество рабочих
ленность работ- от списочной числен- мест для инвалидов
ников (человек) ности работников)
(человек)
289
4
11
134
3
4
173
3
5
Мерейтой
Жапырағын жайған бәйтерек
«Қосағыңмен қоса ағар», «Шаңырағың
биік, босағаң берік болсын»-бұл қол
ұстасып, шаңырақ көтерген әр жасқа
арналған ақ тілеулі бата. Батаменен ер
көгерер дейді қазақ. Дәл осындай бата
бұдан 57 жыл бұрын Қызылағаш
бөлімшесінде жаздың жайма шуақ күнінде
облыстық комсомолдар
ұйымының
ықпалымен қол ұстасқан жастардың
комсомолдық
тойында
төгіліп
еді.
Облыстық «Советтік Қарағанды» газетінің
сол кездегі редакторы Мақат Рымжанов
бастаған комсомол өкілдері Шәмішкен, Ақбөпе, Ұзақбай бастаған жастар иен даланы ән
мен күйге бөлеп, жиналғандар ақ тілекті ағытқан еді.
Сол көптің тілеуі қабыл болып, бақытты ғұмыр кешіп жатқан жандарға қарап бүгін
сүйсінесің. Олардың өмір жолындағы жақсы қасиеттерін бойыңа жинап, сыйластықтың сырына үңілгің келеді. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып баянды ғұмыр кешкен, жастары
сексенді алқымдаса да айналасына үлгі болып, немере-шөберелеріне аяулы ата-әже болған
Базарбеков Мұқан ақсақал мен Тойбала тәтені көргенде көз сүйсінеді.
Ел басына түскен үлкен нәубет, ашаршылықтан арып ашқан ел енді есін жия бастаған, сүт
бетіндегі қаймақтардың мойнына қыл бұрау салынып, ұсталып, айдалып жатқан тарихта
өшпес таңбасы қалған 1937 жылы өмір есігін ашқан Мұқан ақсақал ерте есейген азамат.
Әкесі Дәуіш пен анасы Кенжетайдың шаңырағында балалықтың алаңсыз шағын өткеріп,
есін енді білген шағында әкесі майданға аттанды. Содан бері анасы мен інісінің, отбасының
арқа сүйер азаматына айналды. 4-5 жасында сол уақыттың «ортанқолдай жігіті» атанған азамат кім жұмсаса да тартынбай, артынан сөз ергізбей, берілген жұмысты тиянақты етіп
атқаруға машықтанды. Өмір өз дегеніне көндіріп кішкене кезінен-ақ жауапкершілікті сезініп,
анасына қолқабыс болып еңбекке ерте араласты. Үлкендер жағы мақтаған сайын анасының
мерейі өсе түсетін. Ал бала Мұқаңа анасының кабағына кірбің ұяламауы керек болатын.
Әр тапсырманы ыждахатпен орындап, қасындағыларға көмекке жүгіретіні тағы бар.
Қатарластарынан қалмай мектеп табалдырығын аттап, жазу сызуды да жақсы меңгеріп,
оқуға деген ынтасының ұшқырлығын, зеректігін байқатқан бала ауылдағы орталау мектепті
тамамдап, аудан орталығындағы мектепке қабылданады. Демалыс сайын ауылдағы шаруаға
асығып, келе жұмысқа кірісетін Мұқаңның шаруаға мығым, тыңғылықты екенін білетін
ауылдың басшылары күздегі науқанда мектептен сұрап алып, жыланбауыр трактордың тіркемесіндегі соқаға отырғызады. Иен даладағы бұрын соқа тимеген атыздарды жырту оңай емес.
Бұғанасы бекімеген балаң жігіт жұмыстың қиын екеніне мойымай өзіне жүктелген міндетті
толығымен атқарып шығады. 17 жасар бозбаланың еңбегі бағаланып, «Тың және тыңайған
жерлерді игергені үшін» медаліне ие болады. «Еңбектің наны тәтті» демекші еңбек майданына
білек сыбана кірісіп, талай биіктерді бағындырады. Қай сала болмасын хабары бар екенін
аңғарған бас есепші Қара Шайжанов балаң жігітке сүт фермасының есепшісі болуды тапсырады. Мектептегі білімінің пайдасы тиіп, бұл салада да өзінің алғырлығын таныта бастайды.
Тапсырылған міндетті қалт еткізбей орындайтын жігітті енді ауыл басшылары «Қызылағаш»
қой фермасын басқаруға жібереді. Қайнаған өмір, жауапты жұмыс, қыруар малдың жай күйін
білу бұл оңай жұмыс емес екені анық. Қазіргідей зымырап тұрған көлік, сәт сайын хабар
білер телефон жоқ сол заманда қыл құйрықтан өзге аяқ артар көлік те жоқ. Жылдың қай
мезгілі болмасын аттан түспей ауыл-ауылды аралап, малдың жай күйін біліп, қажет
нәрселерін жеткізіп беріп, талай тер төгеді.
Міне, сол қаршадайынан бойына сіңген қасиет азамат болып қалыптасуына биіктерді
бағындыруына үлкен септігін тигізді. «Нар жолында жүк қалмас»- демекші қай істе болмасын алғаны алғыс болды. Кезінде анасы мен бауырына қарайлап жоғару оқуға бара алмаған
Мұқаң оқуға баруды жөн санап, Қарағанды облысаралық кеңес-партия мектебіне емтихан
тапсыру арқылы оқуға қабылданады. Оқуды ойдағыдай аяқтап, аудандық партия комитетіне
нұсқаушы болып орналасады. Қызмет ете жүріп, Целиноград ауылшаруашылық институтын
оқып шығады. Өмірден көргені мен тәжірибесінің арқасында білімді маман білікті басшыға
айналып үкіметке қалтқысыз қызмет етеді. Аудан бойынша мемлекеттік бас инспекторы,
агроөнеркәсіп бірлестігінің бас зоотехнигі, тұтынушылар одағы, дайындау кеңесінің директоры, облыстық асылдандыру ісі бөлімінің зоотехнигі, ауылшаруашылығы басқармасының
информатика жөніндегі маманы, аудандық мәслихаттың аға референті қызметін атқарып,
құрметті зейнеткерлікке шығады.
Ал, Тойбала тәте 20 жасында Қызылағашқа меңгеруші болып келген қою қара шашты,
сұңғақ бойлы жігітті үлкен кісі екен деп ойлағанын жасырмады.
- 1960 жылы немере әкесі құдалық сөйлесіп, мені үйден ұзатқан болатын. Содан бері екеуміз
біргеміз. Менің пірім, жарым, тірегім, сырласым, досым Мұқан ғой. Елу жылдан аса өмірдің
ыстық суығына бірге түстік, бірге күйдік, талай белестерді бағындырдық. Алланың сыйға
берген ұл-қызын сүйдік. Солармен өстік, өркендедік, қанат жайдық. Адам баласының жиған
тергені, бар байлығы ол балалары. Солардың өсуімен қанатыңды кеңге жаясың, мақтанасың,
марқаясың. Отағасы-өзім мезгілінен кеш оқыдым, осыларым оқысын деп балалардың
мамандық таңдауына, жоғары оқуда білім алуына көп көңіл бөлді. Солар алаңсыз оқысын
деп еңбек етті, жағдайларын жасады. Бүгінде балаларымыз бізге жағдай жасап отыр.Міне,
Алланың берген сыйы. Алмагүлім ауданымызға танымал балалар дәрігері, Сағындығым арамызда жоқ бала, Зәмзәгүлім Кооперативтік институтты бітірген, жолдасы Жанат екеуі
Жезқазғанда, кәсіпкерлікпен айналысады. Ерігім - подполковник облыстық ішкі істер департаментінде қызмет етеді. Келінім - Сәуле жоғарғы оқу орнында ұстаз, Серігім –«Құрмет»
орденінің, «Құрметті жолшы» төс белгісінің, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық медалінің иегері,
Маржаным жолдасы Ерболат екеуі Астанада қаржыгерлер, Думаным аграрлық институтында
ұстаз филология ғылымдарының кандидаты. Немерелерімнің басы Сандуғаш Қазақ Британдық
Техникалық университетін бітірген Ұлттық компанияда жұмыс істейді. Гүлден мен Бекұлан
С.Демерель универстиетінің түлектері. Астанада қызмет етеді. Тоғжан Н.Назарбаев университетінде оқыса, Айжан КЭМП те оқиды. Қалғандары мектептің үздік оқушылары.
Мен ене мектебінен өткен, ене баққан келінмін. Өмір бақи аудандық баспаханада еңбек еттім.
Екі тілде аптасына 3 рет шығатын газеттің макетін жасап, беттеп-қаттап дайындайтын едік.
Газет қашан шыққанша жұмыс орнымыздан тапжылмайтынбыз. Сарт-сұрт еткен станоктар
құлақты жесе де, қорғасыннан әріп құйып жұмысты тоқтатпайтынбыз. Сөйтіп еңбек пен
үйдің шаруасын қоса алып жүрдік. Мен жұмыста жүргенде балаларға апам мен Алмагүл
ие болды,-деген Тойбала тәте өміріне дән риза екенін айтып, ағынан жарылды.
Өмірдің қандай сынағы болмасын қасқайып қарап, сынбаған, мүжілмеген, жасымаған
ақсақалға қараған сайын мың жыл ғұмыр кешетін, қай салаға қолдансаң да пайдасы тиетін,
жауын мен қарға, боран мен дауылға ықпайтын, тамырын тереңге жіберіп, күнге қарай
ұмтылуын тоқтатпайтын емен ағашы көз алдыма келеді. 80 жылдық тарихы бар алып еменге
айналған отбасының немере-шөберелері жасыл жапырағы болып төгіліп тұрса, балалары елжұртына жемісін жегізген жаңғақтары іспетті.
С.Аманқызы
2
18 наурыз 2017 жыл
Наурыз мейрамының мерекелік бағдарламасы
Өтетін орны: Атасу кентіндегі мәдениет үйі алдындағы алаң.
Күні: 22.03.2017жыл. Басталуы: сағ:11.00
•Аудан әкімінің құттықтауы
• «Жер жаһанды бусандырған Әз-Наурыз» атты театрландырылған көрініс
•Мерекелік концерт
•Киіз үйлерде (еңбек, Ұлы Отан Соғысы және ауған ардагерлеріне, мүгедектерге, көп балалы аналарға) мерекелік дастархан
•«Ұлттық тағам», «Наурыз көже» «Бауырсақ» фестивалдері
•Мерекелік дастархан, мерекелік сауда, «Ауыл-береке» ауылшаруашылық жәрмеңкесі
•Қайырымдылық акциясы
•Спорттық жарыстар (Кір көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тартыс, көңілді старт, тоғыз
құмалақ және т.б.)
Қазақ күресінен аудан біріншілігі
Өтетін орны: балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі
Өтетін уақыты: 21-наурыз күні, сағат 13.00-де, 22-наурыз күні, сағат 11.00-де
Қарттарым, аман-сау жүрші
Мерейтой
Ауданымыздың ең қарт тұрғындарының бірі, тыл ардагері Төлеп Тайжанов ақсақал бұл күнде сексеннің
сеңгірінен тоқсанның төріне аяқ басты.
Жақында, аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев,
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Ш.Ибраева, Атасу кентінің әкімі
Р.Түсіпов ардагер қарияның үйіне барып, мерейтойымен және Наурыз мерекесімен құттықтап, иығына
шапан жауып, сый-сияпат тарту етті. Өзіне көрсетілген
құрметке риза болған Төлеп ата аудан әкімдігінің үнемі
назарда ұстап, көмектерін аямайтынын айта келе,
алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Өз тілшіміз
CАЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА
Шетелдік қаржыландыру
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері
мәселелері бойынша,өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
26.07.2016ж. №12-VI Заңының шегінде және шетел көздерінен түсетін түсімдерге салықтық
бақылау жасау мақсатында, 2016 жылдың 11 қазанынан бастап заңнамалық актілерге, соның
ішінде Салық кодексінің 14, 20, 77, 557 және 627-баптарына тиісті түзетулер енгізілген. Енгізілген
өзгертулер (Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағы) Хабарламаны ұсынуды, сондай-ақ мемлекет-
тік кірістер органдарына шетел көздерінен мүліктер мен (немесе) ақшаларды алу туралы
тұлғалармен мәмле жасаған салықтық тіркелімдерді қарастырады. Тұлғалар және (немесе) заңды
тұлғаның құрылымдық бөлімшелері ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:
1. заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың
мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге; 2. қоғамдық пікірге
сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін
қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге
және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға; 3.аталған қызмет
коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға,
талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген
мөлшерден аспайтын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан,
шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етеді. Сонымен
қатар, енгізілген өзгертулермен тиісті заңға тәуелді актілер қарастырылған, соған сай мәліметтер
және хабарламаларды ұсынудың тәртібі мен мерзімдері реттеледі: 1. Хабарлама (форма 017.00)
мемлекеттік кірістер органдарына мәмле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күн
ішінде ұсынылады. 2. Ақшаларды алу мен жұмсалуы және өзге де мүліктер туралы мәліметтер
(форма 018.00) мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15
күнінен кешіктірмей ұсынылады. Шетел көздерінен қаражаттарды алу мен оларды жұмсау туралы
алынған мәлімет МКК интернет-ресурсында орналастырылады. Шет мемлекеттерден,
халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдар есебінен жарияланатын ақпараттар мен мәліметтер, дайындау туралы нұсқаулар, тарату немесе ақпараттар
және мәліметтерді орналастыру, тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтің болуын қажет ете-
тіндігін атап өту қажет. Бұл ретте, жүзеге асырылатын шаралар хабарландыру сипатта болады
және салық төлеушілердің құқықтарын шектемейді, қаражаттардың алу, жұмсау рәсімдерінің
айқындығына, сонымен қатар халықаралық міндеттемелерді орындауға бағытталған. Көрсетілген
талаптарды орындамау немесе орындалмаған жағдайда ҚР ӘҚК 460-1, 460-2 баптарына сәйкес
әкімшілік өндіріп алынады. Барлық туындаған мәселелер бойынша тіркеу орны бойынша
аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге ұсыныс береміз.
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Бірыңғай кеңес беру күні
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бірыңғай кеңес беру күні әр
бейсенбіде 15.00 ден 18.00 ге дейін өткізілетінін хабарлайды. Барлық ниет білдірушілерге
салық және кеден заңнамасы бойынша кеңес алуға мүмкіндік беріледі. Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз!
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Единый день консультаций
Управление государственных доходов по Жанааркинскому району сообщает, что каждую
неделю, по четвергам, с 15.00 до 18.00 часов проводят для налогоплательщиков «Единый
день консультаций», где можно получить консультации и разъяснения по всем возникающим
вопросам по налоговому и таможенному законодательству. Приходите, мы вас ждем!
Управление государственных доходов по Жанааркинскому району
18 наурыз 2017 жыл
Еске алу
Отбасымыздың шуағы, аяулы да сүйікті анамыз, немерелерінің ардақты да
қадірлі әжесі Тауық Тайкенқызының 80 жасқа толар шағында фәни тірліктен бақиға аттанғанына 30-наурыз күні 40 күн толады. Тіршілігінде
қарапайым, кішіпейіл, туыс жекжат арасында абыройлы жан еді. Анамызды сағына еске ала отырып, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын дейміз.
Жүрегің жарқын жан едің,
Отбасымыздың сәні едің.
Сағындық қой, анажан,
Өмірдің мәні сен едің.
Жұмақты мекен еткейсің,
Пейіш төріне жеткейсің.
Өмірден мәңгі кеткенмен,
Көңілден мүлдем кетпейсің.
Еске алушылар: балалары, келіндері, күйеубалалары, немерелері, жиендері,
шөберелері
30-наурыз күні «Диас» мейрамханасында сағат 13.00-де марқұм анамыздың
қайтқанына 40 күн толуына орай құдайы дәм беріп, құран бағышталады
Еске
алу
Ақтау ауылының тумасы, асқар таудай әке, сүйікті ата, адал жар
Жакупов Бақытжан Бақтыбайұлының арамыздан алыстап, мәңгі
ұйқыға кеткеніне ай толды. Маңайын қызық-қуанышқа бөлеп, үйіміздің
тірегі, сенімді серік болған Бақытжанның жарқын жүзі мәңгі жадымызда жаттаулы. Оның ортамызда енді отырмайтынына, балаларын, немересін айналып толғанбайтынына көңіл сенер емес. Оған деген
сағынышымыз басылар емес. Елу жасқа жетпей өмірден ерте өткен
ардақты жанның жатқан жері жайлы топырағы мамық болсын деп Алладан
медет сұраймыз.
Армандарың көп еді, мақсатың да орасан,
Үңірейіп орның тұр төрімізге қарасам.
Балалардың қызығын көреміз деп жүргенде
Алып кетті өзіңді арамыздан Жаратқан.
Қайғы деген қасірет, ащысың да кермексің,
Шарасына Алланың мойын сұнып көнбексің.
Жайлы болып тұрағың, жарық болып мекенің,
Жұмақ бағын бұйыртып, жақсылығың тербетсін.
Сағына еске алушылар: жұбайы Айман, балалары-Алмас, Елжас, келіні- Диана,
немересі Ислям.
Марқұмның өмірден өткеніне 40 күн толуына орай 26-наурыз күні сағат 13.00 де
«Диас» тойханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады.
Хабарландыру
2017 жылдың 28 – наурыз күні, сағат 15-00 де аудандық мәдениет үйінде ауданның барлық
жұмыс берушілерін және жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз азаматттарды бос жұмыс орындар
жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз.
Хабарласу мекен жайы: Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 1, кабинет 3, «Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тел: 5-00-05, «Халықты
жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тел: 2-80-40.
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және
«Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ
Объявление
28 марта 2017 года в 15-00 час. в районном доме культуры будет проводиться ярмарка свободных рабочих мест и вакансии. Просим принять участие всех работодателей района у которых имеются свободные робочие места, а так же безработных граждан ишущих работу.
Обращаться по адресу: пос.Атасу, пр.Тәуелсіздік №1, кабинет 3, ГУ «Отдел занятости и социальных программ», тел:5-00-05, КГУ «Центр занятости населения Жанааркинского района», тел: 2-80-40.
ГУ «Отдел занятости и социальных программ»,
КГУ «Центр занятости населения Жанааркинского района»
Хабарландыру
«Арман» ЖШС Қарағанды облысындағы Жанаарқа ауданында орналасқан «Керегетас» темірмарганец кенорнын өндіру кезінде тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерін қалпына келтіру жобасына "Қоршаған ортаға әсерін бағалау" (ҚОӘБ II кезең) жобасы бойынша сұрастыру түрінде
қоғамдық тыңдаулар өткізеді. ЖАО өкілі - «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы» ММ экологиялық сараптама бөлімінің бас маманы, Айтымов
А.К. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізетін орган «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ. Тапсырыс беруші –«Арман» ЖШС,
тел. 8-777-519-72-58. Жобаны жасаушы - «Алаит» ЖШС, тел. +7 (7162)29-45-86.
http://www.prresurs.kz сайтында жоба материалдары және мүдделі қоғамның пікірлерін есепке алу
сауалнама парағы үлестірілген. Ескертулер мен ұсыныстар alait2030@gmail.com электрондық
мекен жайы бойынша қабылданады.
Объявление
ТОО «Арман» проводит общественные слушания в форме опроса по проекту «Оценка воздействия на окружающую среду» (стадия II ОВОС) к проекту рекультивации земель, нарушенных
горными работами при разработке железомарганцевых руд месторождения «Керегетас», расположенного в Жанааркинском районе Карагандинской области. Представитель МИО – Айтымов А.К.,
главный специалист отдела экологической экспертизы ГУ «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Карагандинской области». Орган по проведения государственной экологической экспертизы - ГУ «Управление природных ресурсов и регулирования
природопользования Карагандинской области».
Заказчик - ТОО «Арман», тел. 8-777-519-72-58. Разработчик проекта ТОО «Алаит», тел. 8(7162)29-45-86. Документация по проекту и опросный лист по учету мнения заинтересованной общественности размещен сайте: http://www.prresurs.kz. Замечания и предложения принимаются по эл.
адресу: alait2030@gmail.com
Сенім телефоны
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызметшілерді
қызметтік ар-намыс кодесін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңдылықтарды бұзған фактілер жайында хабарлау үшін 2-7180 номерлі сенім телефоны орнатылды
3
Еске алу
Сәкен ауылының тумасы, Бидайық ауылының тұрғыны, ұлын ұяға, қызын
қияға қондырған ақжаулықты әже, отбасының алтын діңгегі болған аяулы
да сүйікті анамыз, туған-туысқа қадірлі болған асыл жан Амантаева
Рысбаланың бақилыққа аттанғанына 21-наурыз күні 40 күн толып отыр.
Анамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта, тәні рахатта болсын деп сағына еске аламыз.
Анашым шаңыраққа болдың пана,
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,
Сағындық ана сізді баршамызда.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңізбен өткізген әрбір күндер,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Сағына еске алушылар: Айтжановтар әулеті, немере-жиендері, шөберелері
21-наурыз күні сағат 13.00-де «Диас» мейрамханасында аяулы жанның өмірден
өткенінен 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Еске алу
Ескене ауылының тумасы, немере-шөберелерінің сүйікті әжесі, Сәкен
ауылының Хасен әулетінің келіні Әбжаппарқызы Рымкеш анамыздың
өмірден озғанына 20-наурыз күні 40 күн толып отыр. Ардақты да асыл анамыз туған-туысына қадірлі отбасының ұйтқысы еді. Бүгінде анамыздың
жарқын бейнесін сағына еске ала отырып, аруағына қол жайып, құран
бағыштаймыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, орны пейіштің төрінде
болсын.
Бізбен бірге қайғырғандай бар адам,
Сіз кеткелі көп күн өтті арада.
Нұр бейнелі суретіңе қараймыз,
Сол келбетің кетпей қойды санадан.
Кеттің мәңгі жасыл өлке құраққа,
Енді өзіңді көре алмаспыз жылап та.
Жамандықтан жат адамның бірі едің,
Болсын дейміз жаның мәңгі жұмақта.
Сағынышпен еске алушылар: балалары, қызы, күйеубала, келіндері, немерешөберелері, жиендері
20-наурыз күні сағат 13.00-де «Жаңаарқа» мейрамханасында марқұм анамыздың рухына арнап құран бағышталып, құдайы дәм беріледі
Еске алу
Жан әке, жан ана Кәртайұлы Мақан, Әбішқызы Батиманың рухына
Елге елеулі, халыққа қалаулы, туған-туыстың қадірлісі, балаларына қамқор бола білген әкеміз бен анамыздың Алланың
бұйрығымен бақилыққа өткеніне 40 күн толып отыр. Әкеміз
Мақан тірлігімізге асыл діңгек болған, мейірімді, біреудің ала
жібін алмайтын, адал, момын жан еді.
Анамыз Батима білім беру саласында көп жыл қызмет
атқарған, шәкірттерінің құрметіне бөленген құрметті ұстаз еді.
Анамыз адал еңбегі үшін 1977 жылы «Қазақ ССР-ы халық ағарту ісінің үздігі» атағын
алды, 1981-ші жылы «Аға оқытушы» белгісімен марапатталды. Айналасына мейірім мен
шуағын төккен ерекше жан еді.
Тұрлаусыз мынау өмірден, Өздеріңдей жан бар ма,
Мәңгілікті мекен еттіңдер. Пәтуасыз мынау жалғанда.
Қол бұлғап кете бардыңдар,
Қиындық көрген өмірің,
Көрген түстей болса екен. Қалдырдың бізді арманда.
Мейірімді менің анашым,
Жатқан жерің мамықтай,
Көңілі аппақ әкешім.
Қабірің нұрға толса екен.
Алладан бұйрық келсе екен, Қол ұстасып өттіңдер,
Қол ұстасып кеттіңдер.
Анашым мен әкеме
Жұмақтың төрін берсе екен.
Еске алушылар: балалары – Ләйлә-Жанбота, Майра, Баян, Бақыт-Қыдырәлі, жиендері, туған-туыстары
Әкеміз бен анамызды сағына еске ала отырып, ақтық сапарға шығарып салуға
қатысып, көңіл білдірген, ата-анамызбен дәмдес болған барша жора-жолдас, ағайынтуыс, бауыр, көршілер, ауылдастарды наурыз айының 25-ші жұлдызында Сәкен
ауылының тойханасында сағат 13.00-де болатын құранға қол жайып, дұға бағыштап
ниеттес болуға шақырамыз.
Еске алу
Жезді ауданының тумасы, Көктал ауылының келіні, бауыр ет бала, аяулы
ана, сүйікті жар, аяулы келін Марал Тоқсанбайқызы Мухамедқали
(Мұғай) келіні 17-ақпан күні кенеттен келген жол апатынан үзіліп кете
берді. Фәни тірліктен бақиға аттанғанына 40 күннің жүзі болды. Марқұм
өзінің аз ғана ғұмырында ешкімнің көңіліне дақ түсірмеген ақжарқын жан
еді. Аяулы жанның соңында қайғырып анасы, ата-енесі, жары, бауырлары,
қос ботасы қалды. Бүгінде марқұмның жарқын бейнесін сағына еске ала
отырып аруағына қол жайып, құран бағыштаймыз. Жатқан жері жайлы,
топырағы торқа, орны пейіштің төрінде болсын.
Тағдырдың басқа салғанына шара бар ма?
Жоқсың ғой бүгін біздің арамызда.
Ақкөңіл жүрегің мен жарқын бейнең,
Сақталар мәңгі біздің санамызда.
Жатқан жерің жайлы болсын, асыл жаным, ардағым,
Сен кеткелі сезгендеймін сағыныштың салмағын.
Топырағың торқа болып, жаның болсын бейіште,
Жаратқаннан тілейміз ғой жарық болсын жан-жағың.
Сағына еске алушылар: ата-енесі-Мухамедқали-Сәуле, жары-Қасымбек, қос
бүлдіршіні-Айару, Медина
Келініміздің қайтқанына 40 күн толуына орай 23-наурыз күні сағат 13.00-де «Сәт»
мейрамханасында құдайы ас беріліп, құран бағышталады
,
ң
н
ы
,
н
п
а
е
у
р
т
н
н
ы
н
ң
ы
Құттықтаймыз!!!
Киелі Иманақтың баурайында 1937 жылдың 23-наурызында досымыз, үлкен
шаңырақтың ұйтқысы, ел ағасы Базарбеков Мұқан өмірге келді. Мұқаң
бүкіл саналы өмірін Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығын
өркендетуге еңбек етті. Көп жылдар бойы ауданымыздың
ауылшаруашылығы басқармасында зоотехник болып, аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып зейнеткерлікке шыққанша еңбек етті.
Мұқаңның сіңірген еңбегі жоғары бағаланып үкіметіміздің наградаларымен
марапатталды, одан кейін ауданымыздың «Құрметті азаматы» деген төсбелгі
иеленді. Жан жары Тойбала екеуі 7 бала өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырды.
Олардың барлығы жоғарғы білімді мамандар, ғылым кандидаты, дәрігер, экономист,
банкир тағы басқа мамандық иелері.
Досымыз біздің осындай алып бәйтерек, өткен жолын саралап,
Мұқан жайлы тарихты әрі қарай тағы жалғасақ,
Ұл мен қызы кетті алыс, өрбіп әсем өрнек сап.
Немере мен шөбере сүйген бүгін жайы бар,
Шақырғаны тойына ауыл-елі аймағы.
Қазақтардың бетке ұстар бағланы мен қаймағы.
Желкесіне сексеннің жеткізді Алла шүкір деп,
Құтты болсын еліне ақ дастархан жайғаны.
Мұхаң мен Тойбалаға зор денсаулық тілейміз. Шаршамай, шалдықпай 90-ға жетіңдер.
Тілек білдірушілер: достары – Жарулла, Сәбит-Гүлбаршын, Қорлан, Тиштық,
Күләш, Роза, Каржас-Сақы, Фатима, Қайникен
Құттықтаймыз!!!
Ауданымыздың тұрғыны аяулы әже, ардақты да сүйікті анамыз Қаят
Қасымқызы 15-наурыз күні 80 жасқа толады. Қос ғасырдың куәсі,
ақылшы кемеңгер, ордамыздың алтын діңгегі анашымызға ұзақ
ғұмыр, зор денсаулық тілейміз. Немере-жиендерінің қызығына тоймай
ауырмай арамызда жүре беріңіз.
Аяулы жан - асыл ана қымбаттым,
Ер жеткіздің мәпелеумен үн қаттың.
Жеткізем деп ұл-қызыңды тер төгіп,
Шырт ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Ақылшымыз, қамқорымыз- данасыз,
Мәуелеген бәйтерексіз-панасыз.
Жүз жасаңыз, ауырмаңыз анашым,
Біздер үшін сүйеніш - Сіз ғана-сыз.
Игі тілекпен: балалары, немерелері, жиендері.
Құттықтаймыз!!!
Әр бір ісіне адалдықты ту етіп, жеке басының ақыл-парасатымен кейінгілерге
үлгі бола білген асқар таудай әкеміз, анамызға адал жар, немерелеріне ардақты
да қамқор ата болып отырған Базарбеков Мұқанды 23-наурыз күні 80
жасқа толар мерейлі жасымен құттықтаймыз. Әкеміздің дені сау болып,
бала-шағасының ортасында ұзақ жасауына тілектеспіз.
Бұл туған күн бәрімізге мереке,
Шаттық болсын қуанышты көл етер.
Жанұяға сіздің туған күнменен,
Келе берсін бақыт, байлық, береке.
Ойлауменен балалардың ертеңін,
Байқалмапты сексен жасқа келгенің.
Бүгін сізге бар жақсылық тілейміз,
Өсе берсін дәйім сіздің өркеніңіз.
Құттықтаушылар: жұбайы, балалары, немерелері
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, қадірлі де сыйлы құдағиымыз Игембаева
Зейнегүл Әбілхайырқызын 70 жасқа толған туған күнімен шын жүректен
құттықтаймыз. Алла сізге ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, таусылмас шаттық
көруді нәсіп етсін.
Жетпіс деген жасыңыз құтты болсын!
Денсаулық бәрінен де мықты болсын!
Көңіл деген көктемдей шуақ шашып,
Ортамыз өзіңменен толып жүрсін!
Құтты болсын сіздің туған күніңіз,
Жарқыраңыз, күндей болып күліңіз.
Ақ тілектер жарып шыққан жүректі,
Жырдан болсын сізге сыйлар гүліміз.
Құттықтаушылар: құда-құдағиы Берікбай-Ләззат
Продаю
Продам КУНы на трактора от Т-25 до МТЗ. грабли валковые ГВН \ ГВВ. сенокосилки
Россия. 87028491110 ; 8 7015245625
Жарамсыз деп танылсын
Кульманова Асель Ермековнаның атына 2006 жылы Бидайық орта мектебін бітіргендігі
туралы берілген №1607739 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
*** *** ***
Халиллин Бейсен Клышовичтің атына берілген жеке басының куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
*** *** ***
Шолақова Гүлназ Кадырбаевнаның атына 1993 жылы Атасу орта мектебін бітіргендігі
туралы берілген №050092 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
*** *** ***
Тілеугабылов Нұрсұлтан Қайыржановичтің атына 2010 жылы №132 орта мектебін бітіргендігі туралы берілген №0106587 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
Барлық сұрақтар бойынша 8 701 826 58 62,
мекен-жайы “Қазпошта” ғимараты, 2 қабат
Когда кредит становится источником дохода
Есть в нашем обществе такой стереотип «Возьмешь кредит – влезешь в кабалу». Во многом он сформировался в
период активного банковского кредитования, когда многие брали кредиты, не
читая договор, потому что всем их давали. В тоже время в Казахстане уже
почти двадцать лет работает микрофинансовая организация KMF, чьи клиенты берут в кредит небольшие суммы,
а в итоге становятся предпринимателями с оборотами в миллионы тенге.
Филиалу KMF в Астане в этом году исполняется двенадцать лет. За это время количество клиентов увеличилось с нескольких сотен
до тринадцати с половиной тысяч. Начальник отделения KMF в п.Атасу Абылай
Құлмағамбетов рассказывает о работе компании.
- Что привлекает людей в KMF?
- Во-первых, наша микрофинансовая организация работает с реальным сектором экономики,
в основном с торговцами, фермерами, мелкими производственниками, теми, кто оказывает
услуги: парикмахерские, СТО и т.д. Банкам такие клиенты не интересны – у них зачастую
нет ликвидного залога. Но у KMF другая философия – здесь помогают таким предпринимателям в развитии их бизнеса. Взяв небольшую сумму можно постепенно, увеличив обороты,
выйти на уровень многомиллионного кредитования, купить оборудование, товар, взять деньги
на ремонт или покупку необходимой недвижимости.
- Обычно у людей, которые хотят заняться своим делом, не хватает ликвидного залога.
Поэтому и получить стартовый кредит очень сложно. Как KMF может помочь в такой
ситуации?
- Практика кредитования в KMF подразумевает гибкий подход к залогу – можно использовать
для этого приобретаемый товар, имеющийся скот. Также у нас действует такой уникальный
для казахстанского рынка продукт, как групповое беззалоговое кредитование. Несколько пред“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
принимателей объединяются в группу – залогом возврата средств, полученных каждым бизнесменом на свои нужды, становится их солидарная ответственность. Всего по Казахстану в
составе кредитных групп получают финансирование свыше 107 тысяч казахстанцев на сумму
27 млрд. тенге.
- Предусмотрено ли снижение ставки по кредиту для тех, кто берет кредит неоднократно?
- Конечно, у нас для постоянных клиентов существует программа лояльности. Для тех, кто
постоянно берет кредиты для своего бизнеса, она становится хорошей возможностью значительно снизить ставку по кредиту, а также получать другие бонусы и привилегии при обслуживании в KMF, в том числе бесплатное обучение азам ведения бизнеса.
- То есть вы совершенно бесплатно обучаете ваших клиентов?
- Да, при поддержке фонда «KMF-Демеу» наши клиенты принимают участие в бесплатных
семинарах «Повышение финансовой грамотности в управлении бизнесом» по темам, наиболее актуальным для начинающих предпринимателей: азы бухгалтерского учета, техника продаж, управление человеческими ресурсами, маркетинг. Многие предприниматели после таких
тренингов получают новый импульс к развитию, расширяют свое дело.
Если у вас не хватает средств и знаний для развития своего дела, обращайтесь в KMF. Здесь
работают с предпринимателями и
действительно помогают им.
Поздравляем всех казахстанцев c
праздником весеннего обновления
Наурыз. Пусть в каждой казахстанской семье царит согласие и благополучие, на столах – изобилие, а в
душах – счастье и мир! Желаем,
чтобы достаток и удача никогда не
покидали ваш дом!
Адрес офиса микрофинансовой организации KMF в п. Атасу: п.Атасу, пр.С.Сейфуллина,
дом 20, тел./факс: 8 (71030) 2 76 01.
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1447 дана
Тапсырыс №12
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
21
Размер файла
5 279 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа