close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

отчет

код для вставкиСкачать
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
1.
Басу әдісін таңдау
4
2.
РПИК «Дәуір» баспасының техноглогиялық процесі
5
3.
Кәсіпорын құрылымын жобалау
6
4.
Басуға дейінгі цех
8
5.
Басу цехы
9
6.
Кітапшалау – түптеу цехы
10
7.
Терминдерге түсініктеме
11
8.
Қорытынды
12
9.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазіргі біздің уақытымызда ақпаратты жеткізудегі электорндық үлгінің
дәуірі келді. Алайда баспалық өнімдер өзінің мән – мағнасын ешқашан
жоғалтпақ емес. Өміріміздің қараындап дамуы, ақпаратпен алмасу саласында
ақпараттарды тұтынушыларға жылдам жеткізу және оған деген жаңа
көзқарастар мен жаңа қадамдарды талап етеді. Осы орайда тұтынушылар
арасында мерзімдік басылым өнімдері кең сұранысқа ие болуда. Сондықтан
қысқа уақыттың ішінде көп ақпарат беретін, тұтынушылардың сұранысын
арттыратын, ақпараттық – жарнамалық өнімдердің маңызы зор. Басымдылық
өнімдер бәсекесі бүгінде әлем бойынша сан қилы. Осылардың ішінде
коммерциялық өнімдер мен мерзімдік басылымдар анағұрлым жоғары
сұранысқа ие. Соңғы уақыттарда басылым өнімдері ішіндегі еі белсендісі
журнал өнімдері болып табылады. Журналдың кітаптан ерекшелігі оны
шығаруға кететін шығынның орны тек оқырмандар есебінен де өтеледі.
Сондықтан да журнал қазіргі қарқындап даму ғасырындағы кез келген салаға
өзінің үлесін қосатын, әртүрлі идеялардың тасымалдаушысы әр адамдар
арасындағы ақпарат алмасудың бірден – бір қозғаушы күші болып табылады.
Оның ерекше айырмашылығын атап айтатын болсақ, журналды дайындау
мерзімі өте қысқа және оның сапасына деген талап өте жоғары. Ал
басылымның сыртқы түрі дизайнердің қиялына және жоғары білімділігіне
байланысты. Журналдың өзіндік бағасының төмендігі оны өзге басылымдардан
ерекшелеп айқындап тұрады.
Осы салада үлкен жетістіктерге жету үшін алдыңғы қатарлы техникалар
мен технологиялары тиімді пайдалану керек. Жаңадан салынатын және
реконструкциялатын кәсіпорындар еңбекті ғылыми түрде ұйымдастырудың
талаптарына жауап беру керек.
Ғылым мен техниканың және технологияның жетістіктерін өндіріске
енгізу кез – келген кәсіпкер үшін кезек күттірмейтін қажеттілік. Сондықтан
нұсқама бойынша жобалардың арнайы бөлімдерінде еңбекті ұйымдастыру мен
өндірісті басқару жүйесін жасау қарастырылады, сондай – ақ осы жобалауда
қазіргі заманға сай компьютерлік техникалар жиынын, формалық
жабдықтардың жаңа үлгілерін және ең бастысы жоғары өнімділікті басу
жабдықтарын пайдалана отырып, мақсатқа жету көзделген.
Басу әдісін таңдау
Қазіргі кезде полиграфияда басу өнімін шығару үшін басылым
формасында ашық және басылым элементтерінің ретке мен бояу қабатының
берілуіне қарай түрлі басу әдістері пайдаланылады, ең көп тарағаны: шығыңқы,
офсеттік және ойыңқы.
Жобалаушы кәсіпорында біз офсеттік басу әдісін қолданамыз. Офсеттік
басу әдісін 1906 жылы америкалық А. Рубел және неміс
К. Герман
ойлап тапқан.
Офсеттік әдістің жанама әдістермен салыстырғандағы техникалық
ерекшелігі, бейненнің формадан басылым материалдарына өту кезінде жазық
формамен басу процесінде ылғалдауыш ерітінді пайдалануы.
Жазық формамен басу кезінде басылым элементтері бояуды қабылдап, ал ашық
элементтер тебуге тиісті.
Бұл форманы су немесе сулы ерітіндімен
ылғалданғанда пайда болатын форма элементтерінің молекуларлы құрамыныі
әр түрлілігіне байланысты.
Басу процесі кезінде офсетті – жазық форманың беті бояу және ылғалдау
біліктерімен түйістіріледі, яғни қатты беттің бір мезетте екі түрлі сұйықтықпен
сулануы жүреді, сол жағдайда ашық элемент гидрофильді, ал басылым элементі
гидрофобты болуы шарт.
Офсеттік әдіс кітап өнімін және бейнелі басылымдарды басу үшін кең
дәрежеде қолданылады.
Жоғары сапалы материал жасалуына, басу процесінің механизация және
автоматизатция
дәрежесінің
көтерілуіне,
жоғары
өнімділікті
басу
машиналарының шығуына байланысты офсеттік басу әдісі жоғары қарқынмен
дамуда. Офсетті басу әдісі болашағы зор негізгі әдістің бірі. Басу әдісін таңдау
басылым түрімен, полиграфиялық орындалуына қойылатын талапқа сай,
басылымның шығарылу уақыты мен таралымына, кәсіпорынның техникалық
көрсеткішіне байланысты анықталады.
Қазіргі уақытта офсетті басу әдісін түрлі кәсіпорындарға жобалауға
болады. Жобаланатын басылым үшін офсетті басу әдісін пайдалану тиімді. Ол
өзінің технико – экономикалық артықшылыға байланысты көп жерде қолданыс
тапты.






түрлі өнімді басу кезіндегі жоғарғы экономикалық тиімділігі;
өндірістік айналымды қысқарту мүмкіндігі;
форымдық өндірісті автоматтандыру мүмкіндігі;
басылым формасының жеңілдігі және оны алу қарапайымдылығы;
түзету жеңілдігі;
бағалы және төзімді жоғары сапалы басылым формасын
даярлаудың өндірістік айналымын қысқарту мүмкіндігі;
Кәсіпорын құрылым жобалау
Полиграфиялық кәсіпорын өз өлшемі бар және түрлі процестер
орындалатын бірнеше цехтардан бірігеді. Полиграфия өнеркәсібінің өндірістік
процесі түрді технологиялық процестерден тұрады.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы келесі негізгі өндірістік – тхникалық жіне
ұйымдастырушы факторлардан тұрады:
 басу өнімінің сипаттамасы;
 өндірістік дәреже түрі мен көлемі және мамандану типі;
 техника және техналогия ерекшелігі;
Бұдан шығатын қорытынды негізгі цехтар және онда жұмыс жасайтын
мамандар техналогиялық принцип бойынша жинақталады.
Өндірістік процес бірнеше жұмыс ауқымын қамтитын өндірістік процесс
бөлімдерінен тұрады. Сәйкесіншеөндірістік процесс бөлімдері операциялардан
жинақталады. Полиграфиялық кәсіп орындарда өндірістік процестің
операциялық ұйымдастырылуы қабылданған. Операция дегеніміз біртұтас
орында белгілі еңбек бөлінісін бір адам немесе бірнеше адам тобы атқаратын
өндірістік процесс бөлігі. Операциялық орындалатын орны жұмыс орны болып
табылады.
Осылайша, полиграфиялық кәсіп орындағы өндірістік процесс табиғи,
еңбек және жеке операциялардан жинақталатын өндірістік процесс
бөлімдерінен тұрады. Өндірістік процесс құрылымы және құрамы осындай.
Негізгі процесс тікелей өнімді даярлауға керек. Ол жартылай өнім мен
материалдан дайын өнім алу іс әрекетінін жиынтығынан тұрады. Негізгі
процесс барысында дайын өнім дәрежесі өзгереді.
Кәсіп орындар толық айналымды жинақталған өндірістік процесс үш сатыдан
тұрады: басуға дейін, басу және басудан кейінгі процестер. Полиграфиялық
процесінің бірінші саты өнімі басылым формасы, екінші бояу таңба және
бүктелген дәптер, үшінші дайын өнім.
Жекелеген негізгі өндірістік процестер негізгі операциялардан тұрады. Негізгі
операцияларға мысалы, теру, беттеу, монтаж жасау және форма жасау, басу,
бүктеу, тігу, кесу және т.б негізгі операцияларды орындау негізгі жұмысшылар
айналысыды.
Қосымша процестер негізгі процестердің тоқтаусыз жұмысын қамту
керек. Қосымша процестерге жөндеу құралдарын даярлау және бар жабдықты
жөндеу өндіріске керек заттармен қамту болып табылады.
Жекеше негізгі процестер мен қосымша процестерді біріктіретін тек
ұйымдастырушылық байланыс. Қосымша процестер қосымша операциялардан
тұрады және оған қосымша жұмысшылар тағайындалады.
Қамтушы процестер негізгі және қосымша процестерді қамтуға
бағытталған. Олардың орындалу нәтижесінде эканомикалық өнім алынбайды.
Қамтушы процестерге өнімді материалды – техникалық қамту, бақылау,
қоймалау процестері кіреді.
Сапалы өнім шығару үшін өндірістік негізгі процесімен қатар, дайын
өнімге кіретін жартылай өнім мен материалды бақылауға алған дұрыс. Оған тек
бақылау техналогиялық процестің бір бөлігі болған жағдайда ғана қол жеткізуге
болады.
Өндірісті ұйымдастырудың басты мақсаты, негізгі, қосымша және
қамтушы процестер аралығындағы уақыт өнімділігі.
Негізгі цехтар
Өндірісте 4 негізгі цехтар жұмыс атқарады. Олар:
 басуға дейін
 басу
 кітапшалау – түптеу
 қойма шаруашылығы
Басуға дейінгі цехтар
Computer – to – Plate технологиясы бойынша офсеттік басу
формаларын дайындау. Computer – to – Plate технологиясы
( компьютер –
басу формасы, қысқартылған аты Ctp) бұл басылым формасының жасалуы оның
бетінде бейненің түзелуі компьютерден тікелей берілген сандық ақпарат
негізінде жүзеге асады. Осының ішінде, форма жасау барысында, бұрынғы
дәстүрлі технологиялық әдісте кездесетін аралық жартылай фабрикаттар:
фотоформалар, көшірмелік түп нұсқа үлгілері, монтаж және т.б технологиялық
айналымынан шығып қалады.
Computer – to – Plate технологиясын енгізу үшін дәстүрлі
технологиялармен салыстырғанда айқын басымды жетістіктерге ие. Уақыты
бойынша технологиялық айналымының қысқаруы кәсіпорын иесіне басылымға
салынған инвестицияның тез айналымға түсуін қамтасыз етеді. Өндірістік
цехтан фототергіш автомат, айқындағыш машина, көшірмелік жабдықтардың
алатын орны босайды. Нәтижесінде, өндірістік алаңды және техниканы сатып
алумен оны тасымалдауға кететін шығынды, электр энергиясын үнемдеуге
әкеліп соғады. Сондай – ақ қызмет көрсетуші жұмыскер саны да кемиді.
Полиграфиялық кәсіпорынды пленкаларды химиялық өңдеудің қажетсіздігі
себебінен экологиялық жағдайда жақсарады, өндіріс мәдениетә дамиды және
подиграфиялық процестерді ұйымдастыруға жеңілдетеді.
CtP мәні жағынан, бейне – кескінді формалық материалға тікелей жазу
әдісімен басу технологиясы. Бұа процесс бір немесе бірнеше лазерлер
көмегімен іс жүзінде асырылады. Ол лазерлер дәстүрлі технологияда
қолданылатын лазерлермен өте дәлірек болу керек, өйткені әрбір пластина
белгілі бір цифырлық мәліметтер бойынша жасалынған бірінші түп нұсқалық
көшірме болады. Нәтижесінде нүктелердің анық айұындылығы, дәлірек
сәйкестендірілуі, алғашқы бейне – кескіннің реңкілігін дәлірек қайта шығару,
растрлық нүктелердің қайтадан таңбалануы аз болады, басу машиналарында
әзірлеу мен сәйкестендіру жұмыстары өте аз жүргізіледі.
CtP технологиясын өндірісте енгізу мынандай артықшылықтарды береді:
 басу формаларын жасаудың технологиялық цикл уақыты
қысқарады
 фотоматериалды өндеу операциялары болмайды
 фотоформаны
формалық
пластиналарға
көшірмелеу
операциялары болмайды
 экспозицияланған
формалық
пластиналарды
өндеу
операциялары болмайды
 технологиялық цикл уақытын қысқарту баспагердің басылымға
салған инвестициясын тез қайтаруға септігін тигізеді.
Жарнамалық материалды тезірек шығаруға көмектеседі
 өндірістен фототеру автоматтары, айқындау машиналары,
көшірмелеу жабдықтары алынып тасталады, мұның бәрі
өндірістік аудандарда үнемдеуге септігін тигізеді, техниканы
сатып алу пайдалануға кететін қаражатты үнемдейді, электр
энергия шығынын азайтады, қызмет көрсететін персонал санын
азайтады. Аз таралымды басу кезінде пластиналарды тікелей
экспозициялау оның аса қымбаттылығына қарамастан дәстүрлі
технологияларға қарағанда экономикалық жағынан өте тиімді
болады, өйикені фотоформалар мен химилық реактивтер сатып
алынбайды
 басу формаларының сапасы жоғарылыйды. Экспозициялау
кезінде, дәстүрлі фотоматериалды өндеу кезінде ( вуаль, ореол)
және монтаждарды формалық пластиналарды көшірмелеу
кезінде пайда болатын кездессоқ, жүйелік қателіктер мен
бөгеулердің болмау салдарының басу формаларының сапасы
жақсарады. Формаларды тікелей экспозициялау кезінде болатын
дәлсіздіктер мен қателіктер мүлде толығымен жойылады
 полиграфиялық кәсіпорындарды экологиялық жағдайлар
жақсарады. Пленкаларды химиялық өндеу болмайды;
 өндіріс мәдениеті жоғарылайды да технологиялық процесттерді
ұйымдастыруды жетілдіреді.
Лазерлік сәуле көзінің типіне байланысты әр түрлі фирмалар арнайы
формалық пластиналар ұсынады. Оларды фотополимерлік, күмісте тұратын,
гибритті қабатпен, термосезгіш қабаты деп бөлуге болады.
Computer – to – Plate – технологиясы бойынша басылу формаларын арнайы
шығару құралғыларының көмегімен даярлайды. Мысалы лазерлі принтер
немесе жазып алушы лазерлі құрылғы. Осы жабдықтардың « Computer – to –
Plate» немесе «плейсеттер» деп атайды. Лазерлі принтерлер негізінде құрылған
жүйелер бұл технологияның ең қарапайым түріне жатады. Мұнда бір бояулы,
раст линиатурасы 40-48 мин/см болатын өнімдерді дайындайды. Себебі лазерлі
принтерлердегі электрофотографиялық процестін нүктелендіру қабілетін
мүмкіншіліктеріне байланысты болады.
Бұл технологиядағы формалық материалға жарыққа төзімсіз гидрофильді
полиэфир пленкасы жатады.
Басу элементінің ролін электрофотографиялық тонерден тұратын мәтін –
суреттер орындайды.Линиарутурасы 60 – 70 мин/см, түрлі – түсті өнімдерге
арналған басу формасына күміс гологенидіне, фотополимерлі және дылу сезгіш
формалық
материалдарында лазермен жазу арқылы дайындалады. Бұл
технологияға Computer – to – Plate жүйелеріне жазып алатын лазерлік құрылғы
және процессор кіреді. Формалық материалдар лазермен жазылған мәтін –
бейне – суреттері процессорда өнделеді. Формалық материалдың түріне қарай
әртүрлі химиялық заттармен өңдеу жүргізіледі. Computer – to – Plate жүйесі
автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған болуы мүмкін.
Жартылай автоматтандырылған процессорларды форманы қолмен қойып
немесе қолмен шығара береді.
Computer – to – Plate технологиясы бірнеше кезендерден тұрады. Мысалы:
ақ-қара принтерлерде RIP – ке қосылады, Computer – to – Plate жүйесі де
қосылады. Осылайша болашақ басу формасының сапасы жайында мәлімет
алуға болады. Мұнда алдымен кітап беттерінің дұрыс орналасқаның тексеру
үшін коректуралық оттискіні алады. Ал, егер түрлі – түсті бейненің сапасын
бақылау қажет болса, цифрлық түсті тексеру таңбасы алынады.
Мәтінді өңдеу
Компьютерде Microsoft Word программасында теріліп, дайын болған
түпнұсқалық мәтінді типографияға тапсырысқа түскеннен кейін оны қайтадан
тексеріп, тапсырыс иесінің қолы қойылған соң форма жасау цехына жіберіледі.
Бейнелік суреттерді сканердің көмегімен көшіру және өңдеу
Бейнелік суреттерді көшіру және өңдеу графикалық ақпараттарды шығару
құрылғысы сканер арқылы компьютерге енгізіледі, ал оларды өңдеу Photoshop
программасымен жүзеге асырылады. Бейнелермен жұмыс істеумен дизайнер
айналысады. Бейнелер толық өңделгеннен кейін негізгі және қосымша
мәтіндермен біріктіріліп беттеуге жіберіледі.
Растрлық бейнелерді өңдеуге арналған программа
Мұндай программалар бейнені элементтерді жіктеп таныстыруға
негізделген. Олар фотографиялық бейнелерді өңдеуді жүзеге асырады,
дизайнерлік мақсатта кез – келген жұмыстарды, колладж жасауды және түсті
түзетулерді орындайды.
Осы салада ең танымал және кең таралған программа – Adobe Photoshop.
Осы бір Adobe фирмасының de fakto программалары біраз уақыттан бері басуға
дейінгі бейнелерді өңдеу саласында стандарт болып қалыптасқан.
Элементтерге жіктеу құрылымы бейнені әр қайсысы жеке нысан болатын
кішкентай төртбұрыштарға бөліммен түсіндіріледі. Бұл өте ұсақ құрылымдары
арқылы түсті ойнатуға мүмкіндік береді, сондықтан осындай графика жоғары
сапалы фотографиялық бейнелерді бере алады.
Растрлық бейнелер үшін, орындалатын жұмыстың сипаттамасына қарай
бастапқыда берілетін арнайы параметрлері болады. Мұндай параметрлер
ретінде түс ойнату құрылғысының файлдық түстік модел жинағы және қамту
аумағы айтуға болады. Түстік модел түсінігі бейне элементтері үшін түстің
тереңдігі және түстік каналдардың санымен сипатталады.
Түс тереңдігі бір элементке келетін ақпараттар санымен сипатталады.
Ақпараттағы түсті сипаттауға қолданылатын биттер саны бейненің түстің
моделіне байланысты. Негізінен бейнені өңдеу кезінде сәйкесінше үш немесе
төрт каналы бар RGB және CMYK модельдері қолданылады. Әрбір каналға 8
бит ақпарат келеді, сондықтан RGB – дегі бейнелер 24 биттік болып табылады,
ал CMYK – 32 биттік. Яғни CMYK файлдарының өлшемі RGB моделіндегі
файлдардың өлшеміне қарағанда 33 % - ке үлкен.
Жоғарыда айтылғандар түрлі – түсті бейнелерге қатысты ал, ақ – қара
түсті бейнелерге бір ғана канал пайдаланылады. Ақ – қара түсті бейнелер
штрихты және жартылай реңді болуы мүмкін. Бірінші жағдайда бір каналға 1
бит қана қолданылады ( қара немесе ақ), екінші жағдайда 8 бит қолданылады.
Сондықтан, бір биттік бейнелер Bitmap деп аталса, ал 8 биттік бейнелер
Graiscale деп аталынады.
Қамту аумағы да файл өлшеміне әсер етеді. Ол элементтер өлшемін
анықтайды, ең негізгісі олардың саны ұзындық бірлігін анықтайды. Мысалы,
қамту аумағы 300dpi болса, онда бір дюйм кесіндісінде 300 элемент
орналасқанын білдіреді.
Беттеу
Беттеу (версткалау) Microsoft Word бағдарламасында теріліп, Adobe Page
Marker, Illustrator, Quark Press, Pine Reader бағдарламалары арқылы беттеледі.
Полиграфиялық жұмыстардың барлығы дерлік компьютердің күшімен
орындалатындықтан,
мәтіндер
әзірленіп
біткеннен
кейін
жауапты
операциялардың бірі – беттеу басталады. Беттеу кезінде басылымның бүкіл
элементтері біртұтас жинақталып, бірдей көлемді беттер түрінде тиісті тәртіпке
келтіріліп орналастырылады. Электронды монтажда беттерді орналастыру кең
қолданысқа ие. Бұл операция көптеген қосымша жұмыстарды жеңілдетеді.
Беттеуден кейін барлық беттердің дұрыс орналасқанын, жинақталғанын
көруіміз керек.
Түс бөліну
Бір бояулық форма дайындау үшін, ал содан сол бір ізді басу жолымен
олардан көп бояулы өнім алу үшін, бір бояулы бейнеден құралған түстік
түпнұсқаны сары, көгілдір және қызыл-қоңыр түстерге жіктеу керек. Яғни түс
бөлуі операциясын түстерге жіктеу үшін жүргізіледі. Бұл процесс түрлі-түсті
бейнелерді жеке-жеке түстік құрамдастарға бөлу, яғни басу процесінде
қолданылатын (көгілдір, қызыл-қоңыр, сары және қара) триадалық бояуларға
бөлуді қарастырады. Триадалық бояуларға қосымша арнайы тапсырыстық
аралас бояуларды да қолдануға болады.
Басу цехы
Таңба алу үшін офсеттік машина бөлшектерінің техникалық жақсы
жұмысқа даярлығы ғана емес, физика – химиялық жіне физика – механикалық
шарттарды сақтау негізінде жатыр.Таралым басар алдында офсеттік машинаны
оған дайындайды.
Қағазды басуға даярлау. Қағаздың сапасы мен оны басуға даярлау
дәрежесі басылым өнімінің сапасына қатты әсер етеді. Қағаздың құрамынан
және даярлау режимінен басылым өнімінің сапасына әсер ететін келесі негізгі
қасиеттер теуелді; Басу цехының атмосфералық жағдайларының әсеріне
төзімділік, қағаздағы ылғалдың біркелкі болуы және ішкі қысымнан босану
дәрежесі. Қағаздың осы қасиеттерін жақсарту, әдетте тікелей полиграфиялық
кәсіпорындарда жүргізілетін қағазды басуға дайындау жұмысының мақсаты.
Қағазды дайындаудың дұрыс режимі басу процесіне оның деформациялануын
азайтады, ал бұл ьірнеше бояумен басқан кезде бейне элементтерін дәлме – дәл
үйлестіруге қажет.
Қағазды басуға даярлау кесуден, көндіктіруден, ішкі қысымдардан
босатудан, форматы бойынша кесуден және басу цехына беруден тұрады.
Қағазда белгілі форматқа көлденен кесу жұмысын арнайы қағаз кесетін
машиналарда жүргізіледі.Көндіктірілген және форматы бойынша кесілген
қағазды басу цехына өткізеді.
Бояуды басуға даярлау. Бояуды басуға әзірлеуге келесі операциялар
кіреді: шкалалық таңбалар, эталондпрға және түпнұсқаларға сәйкес түс
бойынша бояуды тандау немесе құрастыру.
Басу апаратын дайындау. Басу апаратын басуға дайындау; декельдің
жұмысқа даярлығын тексеру(егер декель жарамсыздығы байқалса офсеттік
машинаға тиісті паспорттық машинаға сәйкес оны ауыстыру керек); басылым
формасын орналастыру; басу цилиндірін даярлау.
Таңба басылған табақтар текістеуден өтіп, кесуге түседі. Кесу үшін бір
пышақты кесу машиналары қолданылады. Табақтарды кесу келесі ретпен
орындалады: Талерге алдын – ала табақтарды қояды және затл көмегімен
дұрыс орналастырады, содан соң қысу құрылғысының төмен түсуін шақырушы
және пышақ қозғалысын реттеуші іске қосылады.
Басылған табақтар керекті бөліктерге бөлінгеннен соң бүктемелеуге түседі.
Бүктемелеу белгілі ретпен бпсылған табақтардан дәптер өнім бет мұкаба алу
үшін қажетті оператция.
Кітапшалау - түптеу цехы
Кітап, журнал және кітапшаны даярлау технологиясы мына
оператциялардан тұрады: басу табақтарын кесу, бүктемелеу, жинақтау, тігу
немесе жинақталған блогты желімсіз бекіту, үш жақты кесу.
Кітапшалау – түптеу оператциялары басылған парақтарды өндеудің соңғы
сатысы нәтижесінде кітап, журнал алынады. Кітапшалау – түптеу жұмыстарын
кітапшалау және түптеу процестеріне бөлуге болады. Кітапшалау процесі табақтарды блогқа айналдыру немесе мұқабадағы басылымды даярлау. Түптеу
процестері – кітапті өндеу, түптеу қабын даярлау және блогты түптеу қабымен
біріктіру.
Тегістеу сатысы. Жеке табақтар ретінде түсетін өнім үшін – тегістеу,
кесу және бүктемелеу. Табақтарды тегістеу – өзара перпендикуляр жақтарын
теңгеру процесі. Тегістеу процесінің сапасына мына шарттар әсер етеді: қағаз
табақтарының форматы, олардың салмағы, қағаз бетінің тегістілігі, қағаз
ылғалдылығы.
Бүктемелеудің пышақты, кассеталы және аралас бүктемелеу машиналарда
орындайды. Пышақты машиналарға қарағанда кассеталы бүктелеу
машиналарына қарағанда артықшылығы бүгілімдердің өзара әртүрлі
орналасуының техналогиялық мүмкіндігі және жлғары өнімділігі. Пышақты
машинада бүктемелеудің бір және өзара перпендикуляр үш немесе төрт бүгілуі
болады. Кассеталы машинада түрлі бүгілім алуға болады.
Бүктемелеу сапасы көбіне бүгілім тарту және бүгілім бойындағы қағаз
диформациясына байланысты. Егер бүктелген дәптерді біраз уақыт бос қойса
бүктемелеу тығыздығы азаяды. Осы үшін престеу оператциясы орындалады.
Технологиялық процестің престеуден кейінгі сатысы бірінші және соңғы
беттерге өнір бет жабыстыру. Өнір бет кітап блогын түптеу қабымен біріктіру
үшін қажет. Өнір бет дәптерге жабыстырушы автоматтарда желімденеді.
Жинақтау – дәптерлерді және қосымша элементтерді белгілі ретпен
блогқа біріктіру. Жинақтаудың екі түрі бар: бірінің ішіне бірін салып және
бірінің үстіне қойып.
Терминдерге түсініктеме
Мұқаба жасау машинасы (орысша: крышкоделательные машины) —
шикізаттардан мұқаба құрастырады. Мұқабалардың негізінен тұтас жабылған және
құрама түрлері болады. Мұқаба жасау машинасы пайдаланылатын материалдың
пішіміне қарай рулонды не табақты болады. Қазіргі кезеңде негізінен өнімділігі
рулонды машинадан 1,5-2 есе артық табақты мұқаба жасау машинасы ("Колбус",
"Страто-230" т.б.) қолданылады.
1-сурет.
(орыс. лист) — баспасөзде және полиграфияда өлшеу бірлігі. Түрлері мыналар:
авторлық, қағаздық, баспа, есептік-баспалық. Авторлық табақ автор жазған
әдеби шығармалардың көлемін анықтауға арналған. Авторлық табақ 40 мың
басу таңбаларына (әріптер мен тыныс белгілер, цифрлар, сөздер арасындағы
барлық бос жолдарды қоса атағанда) тең. Толық емес жол авторлық табақ
есептегенде толық жол есебінде алынады. 1 авторлық табақ 700 тақпақ жолдары
және 3000 см2 аудан басылатын графикалық материалдар теңестіріледі.
Авторлық табақ aвторлардың, пікір берушілердің, редакторлардың және т.б.
еңбекақысы төленеді. Қағаздық табақ шығарылымға кететін немесе қажетті
қағаздар көлемін есептеуге арналған. Баспа табақ шығарылымның натуралды
(нақтылы) көлемін өлшеуге арналған. 1 баспа табақ Пішімі 60x90 см қағаздық
табақ бір жағына түскен баспа-таңба. Пішімдердің басқа өлшемдеріндегі
(мысалы, 70x90, 70x108, 84x108 см) қағазға түскен баспа-таңба сол пішімдегі
физикалық баспа табақ деп аталады. Ол әдетте шартты баспа табаққа (пішімі
60x90 см) баспа табақ аудандарының қатынасына тең коэффициент арқылы
есептелінеді. Eceптік баспа табақ баспа шығарылымдарының көлемін есептеуге
арналған. 1 есептік баспалық табақ 40 мың таңбаға тең. Бүл көлем ішінде әдеби
шығармалар көлемі және басқа мәтіндік, графикалық материалдар
(редакциялық алғысөз, колонцифрлар, колонтитулдар және т.с.с) болады. Есептікбаспалық табақ баспалық жоспарлау және есепке алу үшін, техникалық
редакторлардың, корректорлардың еңбек ақысын есептеу үшін керек.
 Әріптер тіркесін, буындарды немесе сөздерді білдіретін бір ғана әріптік
таңба. Мысалы, ағылшын тіліндегі “және” мағынасын беретін (&) таңба.
 Бір ғана дыбысты білдіретін екі немесе одан көп әріптердің қосындысы.
Мысалы, поляк тіліндегі sz, cz; неміс тіліндегі sch.
Графейкалар (орысша графейки) — рулонды басу машинасының
бүктемелеу аппараты цилиндрінде орналасқан, басылған қағаздың шетінен түйреп
бірінші көлденең бүгілім жалғанғанша ұстап тұратын инелер.
Дәптербергіш (орысша: тетрадные самонаклады) — бүктемеленген дәптерлерді
жекелеп өңдеуге арналған кітапшалау-түптеу жабдықтарында (жапсырмалау,
жинақтау, жіппен тігу машиналары, салып-тігіп кесу, тікпей желіммен бекіту
агрегаттары т.б.) дәптерлерді біртіндеп беруге арналған құрылғы. Дәптербергіш
дәптерді шығару, ашып салу түрлері; койструкциялық құрылымына қарай
қысқшшты, фрикционды, ротациялық және планетарлық түрлері болады.
Дисклі пышақ (орысша дисковый нож) — рулонды ротациялық басу
машиналарының бүктемелеу кесу құрылғысында қағаз лентасын ұзынынан тілуге
арналған. Дисклі пышақ сондай-ақ картон кесу, бүктемелеу автоматтарында т.б.
қолданылады.
Екі айналымды жазық басу машинасы (орысша двухоборотная
плоскопечатная машина) — басу цилиндрі бір циклда екі айналым жасайтын
машина. 1-ші айналымда цилиндр қағазды басу контактісі аймағынан өткізеді. 2ші айналымда басылған қағазды тасымалдау құрылғысына береді және өзі сәл
жоғары көтеріліп, талерды кері қарай алғашқы орнына өткізіп жібереді.
Екіжақты басу (орысша двусторонняя печать) табақты қағаздың екі
жағынан бірден басу. Ондай процесті атқаратын басу машиналары перфектор деп
аталады.
 Жазу жүйесіндегі екі графеманың қосылған құрамы немесе
транскрипциялық таңба. Мысалы: дат, исланд, норвег тілдеріндегі
таңбалар. Лигатураның мұндай түрі скорописте немесе әшекейлеп,
өрнектеп жазылған мәтіндерде қолданылады. Өрнектеп жазу көне
византия, славян жазба ескерткіштерінде кездеседі. Әріптерді қысқарту
(көп орын алмас үшін кей бөлігін жазбай кету) әрі әдемі жазу мақсатында
Лигатура өмірге келді.
Жазық басу машинасы (орысша плоскопечатная машина) — басу процесі
әрілі-берілі қозғалыстың жазық талерде орналасқан басу формасына қағаз
табағы басуцилиндрі арқылы басылатын полиграфия машинасы. Шағын, орташа,
үлкен форматты жазық басу машинасы болады.
Жайпақ баспа — полиграфиялық тәсілмен таңба түсірудің бір түрі. Мұнда
қағазға басылатын және басылмайтын бөліктер болады. Олар форма бетіне
біртегіс орналасады. Бұл тәсіл су мен майдың өзара араласпайтынына, бірбіріне жұқпайтынына негізделген. Жайпақ баспа қалыбының таңбасы түсетін
бөліктеріне май жағылады да, ал таңбасы түспей ашық қалатын бөліктері
арнаулы қосынды затпен өңделіп, дымқылданып тұрады. Сондықтан майлы
бояу қалыптың қажетті бөліктеріне ғана жұғады да, дымқыл аралықтарын таза
күйінде қалдырады. Қалып бетіне бояу біркелкі қалыңдықпен жайылады.
Жайпақ баспаға арналған қалыпты су мен майлы құрғақ зат жақсы жұғатын
материалдардан жасайды. Оған литографиялық тас, мырыш, алюминий, т.б.
жатады. Жайпақ баспаның көне түрі — литография 1798 жылы Германияда
жасалған. 19 ғасырдың соңында литографияның ротациялық тәсілі пайда
болды. Ал 1904 жылы жайпақ баспаның офсетті баспа дейтін түрі шықты.
Офсетті баспа кескінді дәл беретін болғандықтан кең тарады да, литография
қолданудан шығып қалды.
Жартылай автомат (Полуавтомат) — бір толық жұмыс циклін өзіндік
жүргізетін және циклді қайталау үшін ғана адамның араласуын қажет ететін
машина немесе агрегат. Мысалы, жартылай автомат металкескіш білдек —
дайындаманы өндеудің барлық циклін орындап, өз бетімен білдек механизмдерін
бастапқы күйге қайта әкеледі де, дайындаманы орнатуды, білдекті іске қосуды
және өңделген дайындаманы білдектен алуды жұмысшы атқарады.
Жарықсезгіштік (opысша светочуствительность) — фотоматериалдың,
жарықтың әсерімен және одан кейінгі химиялық фотографиялық өңдеу
нәтижесінде бейнеқалыптастыру қабілеті.
Жарықсүзгі (орысша светофильтр) — жарықтың спектрлік құрамын
өзгертуге арналған оптикалық құрылғы. Жарықсүзгі әрекеті оның жұтылуы,
шағылысуы, интерференциясы әртүрлі оптикалық құбылыстарға негізделеді.
Қолданбалы физикада, фотографияда, жарық техиикасында, полиграфияда, т.б.
Пайдалынылады .
Жедел полиграфия (орысша: полиграфия оперативная) — техникалық
құжаттарды қысқа мерзімде көбейтіп басып шығаруға қолданылатын тәсілдер
менқұрал-жабдықтар жиынтығы.
Желатинді желім (орысша: желатиновый клей) — мал терісі, тұяқтары
сүйектерінен жасалатын сапалы желімдейтін желім түрі. Кітап мұқабасын жасауда
кеңінен қолданылады.
Жинақтап тігіп-кесу агрегаты (орысша: вкладочно-швейно-резальный
агрегат — ВШРА) — кітапша, кітап және журнал дәптерлерін біріне-бірін салып
жинақтап тысымен қоса түбінен сыммен тігіп және үш жағынан кесіп
шығаратын агрегат.
Жинақтау машинасы (орысша: подборочные машины) — дәптерлерді
рет-ретімен жинастырып кітап топтамасын (блогін) қалыптастыруға арналған.
Жинақтау дәптерлерді бірінің үстіне бірін қаттау, немесе бірінің ішіне бірін
салу (4-5 дәптерден тұратын) кітапша, журнал т.б. Әдістерімен атқарылады .
Жіппен тігу машинасы (орысша: машина ниткошвейная) — кітапты
құрайтын дәптерлерді түбінен тігіп кітап топтамасының (блогының) түбін жіппен
бекітуге арналған. Жіппен тігу машинасы жартылай автомат, автомат әмбебап
(төрт түрлі тігу әдісін атқара алатын) және арнайы (тек бір тігу әдісіне
арналған) түрлері болады. Әмбебап түрі шағын кәсіпорында, ал арнайы түрі ірі
не орташа өндіріс орындарында қолданылады.
Ин-Кварто - басылымның (газет, журналдың) пішімі, табақ қағаздың У4
бөлігі.
Каландр (фр. Calandre – қақтау, яғни қысып өңдеу, жылтырату) – біліктер
жүйесінен (2-ден 20-ға дейін) тұратын машина (не оның бөлігі). Каландрда
материалдарды (мата, қағаз, резина, т.б.) қысып өңдейді. Каландр біліктері
аралығынан өткен, өңделетін материал тығыздала, тегістеле және жұқара түседі,
сондай-ақ, материалдарға ою-өрнек басылады, сурет салынады. Өрнектеуіш
Каландрдан өзгесінің біліктері теп-тегіс жұмыр болып келеді, көбінесе,
металдан жасалады. Каландр тігін, қағаз және резина өндірістерінде полимерлі
қабыршақ және пластмассадан бұйымдар жасауда да қолданылады. Суретте
көрсетілген 3 білікті Каландр, негізінен, резина өңдеуге арналған.
Кассеталық бүктемелеу автоматы (орысша: кассетный фалыдевальный
автомат) — кітаптың, жорналдың табақты қағазға басылған беттерін дәптер етіп,
кассеталық аппаратта бүктемелеу машинасы. Тасымалдауыштан кассетаға
берілген қағаз реттелетін тірекке жеткен соң, ортасынан тұзақталып екі біліктің
арасынан өтіп бүктеледі. Кассеталық бүктемелеу автоматының әр бүктемелеу
секциясында өз кассеталық бүктеу аппараттары болады. Кассеталық бүктемелеу
аппаратында қағаз параллельді не перпендикулярлі түрінде 1, 2, 3, кейде 4 рет
бүктеледі. Бүктелген дәптерлер топтамаланып арнайы престе нығыздалып
бумаланады.
Кесу үрдісі (ор. процесс резания) — бұйымға қажетті пішім және өлшемдер
беріп, сонымен қатар беттерінің белгіленген сапаларын қалыптастыру
мақсатымен кескіш құралмен ағаштан жасалған дайындамалардың беттерін
жаңқа ретінде кесіп алып тастау үрдісі. Кесу үрдісі ағаш кесу білдектерінде
немесе қолмен іске асырылады. Ағаш материалдарын кесу технологиялық
үрдістердің түрлері: жақтаулар мен, таспалы және дөңгелек аралармен аралау;
цилиндрлі, конусты, шетжақты, ойықты жоңғылау; тесу; жону; аршылау т.б.
Клише(фр. clіche) – шығыңқы немесе ойық сурет бедерленген баспа
қалыбы. Иллюстрацияларды (сурет, фотосурет, т.б.) полиграфиялық әдіспен қағаз
бетіне түсіру құралы ретінде қолданылады. Ол қаріп биіктігімен бірдей етіп
жасалады. Ағаш Клише (ксилогравюра) мен линогравюра тек аз тиражды көркем
кітап басуда ғана кездеседі. Клише, көбінесе, мырыш пен жезден фотохимия
немесе электрмехимия әдіспен дайындалады. Иллюстрациялық түпнұсқаның
орындалу сипатына қарай Клише штрихты (чертеж, қаламұшпен салынған сурет,
т.б.) және өңді (фотосурет, көркем сурет, т.б.) болып, ал бояу санына
байланысты бір бояулы және көп бояулы болып бөлінеді.
Компьютерлік түске бөлу (орысша компьютерное цветоделение) —
автоматтандырылған оптикалық-электрондық құралдармен баспа жүйесі
кешенінің электрондық есептеу машинасының көмегімен атқарылатын түрлі-түсті
бейнесуретті түстеу (түске бөлу) процесі. Бұл процесс бұрын қалыптасқан
классикалық түстеу (электрондық түске болу-түсті түзеу және оптикалық
жүйелі репродукциялық фотоаппараттарды пайдалану негізінде) тәсілдерін
ығыстырып, түске бөлу процесі сапасын күннен күнге жоғарылата түсуде.
Корректура (лат. Correctura – түзету, жақсарту) – баспа теріміндегі әріптік,
сандық, белгілік, таңбалық, емлелік, [[полиграфия |полиграфиялық]]-техникалық
қателерді тексеріп, түзету, жөндеу процесінің жиынтығы. Оған – баспа терімін
түпнұсқамен салыстырып оқып, қателерден арылту, мәтіндердің тілдік, стильдік
ұғымдылығына назар аудару, терминдерді, атауларды, қысқарған сөздерді
бірыңғай жүйеге келтіру, тақырып, бөлім, тарауларының, суреттерге берілген
түсініктеме мәтіндердің өз орындарына орналасуын қадағалау, баспасөз
басылымдарының полиграфиялық-техникалық жағынан сауатты шығуына және
дұрыс безендірілуіне көмектесу, т.б. жұмыстар жатады. Корректура [[баспахана
|баспаханалық]] Корректура, түпнұсқалық-макеттік басылым Корректурасы,
баспалық Корректура және репродукциялықбаспа қалыбының Корректурасы
түрлеріне бөлінеді. Баспаханалық Корректурасы мен түпнұсқалық-макеттік
басылым Корректурасына теру, беттеу, қалыптаудың барлық сатыларындағы
терімдік қателерді жөндеу; баспалық Корректураға автордың, редактор мен
техникалық
редактордың
түзету-жөндеулері;
репродукциялық
баспа
қалыбының Корректурасына бірыңғай түсті немесе көп түсті бояулы
көшірілімдерді түпнұсқамен салыстыру және оларға жазба көрсетулер (арнаулы
таңбаларсыз) мен түзетулер (қалыптағы баспа элементін күшейту не әлсірету)
енгізу жатады. Корректура жасау 4 сатылы ретпен гранка-көшірімде, көшірімдік
бетте, тазартылған көшірімдік бетте және басылуға дайын болған көшірімдік
бетте жүзеге асырылады. Табылған қателерді белгілеу үшін корректуралық
таңбалар жүйесі қолданылады.
Көмкерме,жиектеме (opысша: кант) - кітап мұқабасының блокта артып
тұрған жиегі.
Көп аралы кескіш білдек (ор. многопильный обрезной станок) енді
тақтайлардың жиектерін екі жақтан кесуге, сонымен қатар олардан ені аз
тақтайлар жасауға арналған құрылғы. Өңделетін араланған материалдардың
өлшемдері: қалыңдықтары 13...60 мм, ұзындықтары 1,5 ... 7,5 м.
Кітап блогы (орысша: книжный блок) — беттері рет-ретімен
жинақтаталып, тігіліп не желіммен бекітіліп мұқабаға салуға не тыстауға
дайындалған доптерлертоптамасы.
Кітапшалау (орысша: брошюрование, фр. Brocher - тігу, бекіту —
басылған табақты қағаздарды кітапша, жорнал, кітап жасау барысында өңдеу
процесі. Негізгі операциялары: қағазды кесу, бүктемелеу, қысу,бүктелмеген
дәптерлерге қосымша элементтерін (қосымша бет, бейнесурет, оңірбет, т.б.)
жапсыру, дайын болған дәптерлерді реттеп жинақтау және оларды тігу,
желіммен бекіту.
Қайтармалы-ілгерілемелі қозғалы механизмі (орысша: механизм
возвратно-поступательного движения) — атқарушы механизмнің (мысалы: басу
машинасыныңталері, кесу машинасының кареткасы мен пышағы т.б.)
қайтармалы-ілгерілемелі қозғалысын қамтамасыз ететін механизм. Оның жетекші
механизмі ретінде кривошипті-шатунды, кулисалы, жұдырықшалы т.б.
механизмдер қолданылады.
Ламинациялау (орысша: ламинирование) — басылған қағаз бетін
балқытылған полимер қабатымен жауып жақсарту және оған газ, бу, ылғал су
әсер етпейтіндей, тағы да басқа арнайы қасиеттер беру. Ламинациялау қағаз
бетіне пленка жапсырмалаудың және бір түрі саналады.
Лигатура (лат. Ligatura — байланыс) — екі немесе одан көп әріптердің
қосындысынан құралған белгілер. Түрлері:
Линотип(лат. Lіnea – сызық және көне грекше: typos – таңба, із) – баспа
әріптерінен тұтас жол құятын әріп теру машинасы. Линотип теру, құю және
бөлшектеуаппаратынан тұрады.
Макулатура (лат. Macula — орыс. пачкаю, ластаймын) — қағазды басу
процессіне дайындауда, таралымды рулонды ротация машинасында басу
барысында(рулондардың орама қағаздары, жыртындылар, қағаз жалғамдары,
втулкада қалған қағаздар т.б.), кітапшалау-түптеу, өңдеу процесстеріндегі қағаз
қиындыларымен техникалық қалдықтары, сондай-ақ, тұрмыста қажетсіз газет,
журнал, кітап т.б. жиынтығы. Қағаз жасау өндірісінде қайта өнделетін
шикізат(вторсырье) ретінде пайдаланады.
Мәтінді теру (орысша: набор текста) — түпнұсқа мәтінінен компьютерлік
терім, фототеру, машиналық не қолмен теру әдістерін қолданып, мәтіндік
форма(текстовая форма) жасау.
Мұқаба түбін жұмырлау (орысша: кругление корешка переплетной
крышки) — мұқабаның түбін өңделген блоктың сыртына кигізуге ыңғайландырып,
оның түбіне сай келтіріп жұмырлау операциясы.
Ойыңқы басу (орыс. глубокая печать) - негізгі басу түрлерінің бірі. Mұнда
басу элементтері төмен (шұқанақшаларда) орналасқан (40 мкм дейін) Басу
процесіндебейнесуреттердің жартылай тонды элементтерін жақсы береді. Әдетте
бейнесуреттері көп журналдарды, фоторепродукцияларды, портреттерді басуда
қолданылады.
Паспарту (фр. passe-partout) - бейнесурет, гравюра кітап суреттері т.б.
Арналған қатырма (картон) рамка не желімдемелер астар (подклейка).
Пышақты бүктемелеу автоматы (орыс. ножевой фальцевальный
автомат) — кітаптың, жорналдың табақты қағазға басылып шыққан беттерін дәптер
етіп пышақты аппаратты бүктемелеу машинасы. Оның төрт бүктеу аппараты
болады. Аппаратқа берілген қағаз реттелгеннен кейін арнайы пышақты
механизмменайналып тұрған екі біліктің арасына сұғыныстырылады да, одан
бүктеліп өтіп келесі бүктеу аппаратына беріледі. Пышақты бүктемелеу
аппаратында қағаз бір-бірінеперпендикулярлы түрде 1, 2, 3, кейде 4 рет бүктеледі.
Бүктелген дәптерлер топтамаланып, арнайы престе нығыздалып бумаланады.
Ракель (нем. Raket) — пышақ сияқты жұқа болат пластина оның көмегімен
басу процесі барысында ойыңқы басу формасының бетінен артық бояу қырылып
алынады, ал трафареттік басу формасының саңылауларынан бояу қысылып
шығарылады.
Рицовка картоннан бұйым жасау (картонажное производство)
кітап
түптеу процесінде картонның бүктелетін жерін ұшала тілу арқылы із салу.
Ротациялық басу машиналары - басу аппараттары үздіксіз айналып
тұратын басу формасы орналасқан және оған қағазды жанастыра қысып тұратын
басуцилиндрлерінен құрылған машиналар. Табақты (жылдамдығы 10-12 мың
баспа/сағат) және рулонды (жылдамдығы 30 мың айналым/сағат) ротациялық
басу машиналары болады. Ротациялық басу машиналары негізінен орташа және
көп тиражды газет, кітап, журнал т.б. шығаруға қолданылады.
Сәйкестендіру (орыс. Приводка) — баспа-таңбаның қағаз бетіне дұрыс
орналасуын, оның екі жақ бетіндегі баспа-таңбаның бір-біріне сәйкес келуін,
сондай-ақ көп бояулы басылымда әр бояу таңбаларының бірінің үстіне бірі дәл
қабаттасуын қамтамасыз ету. Сәйкестендіру форманы орнынан қозғау және қағаз
беру жүйесін реттеу арқылы атқарылады. Табақ:
Сүйінші дана (орыс. сигнальный экземпляр) - таралымының (тиражының)
дайындалуына және жарыққа шығуына рұқсат беруі үшін баспаға қол қоюға
әкелінгенбасылым-шығарманың баспаханада дайын болған алғашқы данасы.
Сыммен тігу машинасы (орыс. проволокошвейная машина) — кітап
блоктарының, кітапшалардың, блокнот, күнпарақ т.б. дәптерлерін: парақтарын
сымқапсырмаларымен (скоба) тігіп бекітетін машина. Бұл машиналар бір мезетте
тігетін қапсырмалар санымен (тігін аппаратының санымен) және
автоматтандырылу дәрежесімен ерекшеленеді.
Таралым (орыс. Тираж, фр. tirage) — бір атаулы баспа өнімінің басып
шығарылған дана саны.
Таралымға тыйым салу (орыс. арест тиража) — басылған полиграфия
өнімінің (кітапша, кітап, журнал, газет, тағы басқа) баспаханадан шығарылуын
тоқтату.
Терможелім (орыс. Термоклей) — материалға балқыған күйінде 100 °С
астам температурада жағылып, салқындағанда 1-2 сек-та қататын
желімдеукомпозициясы. Кітап блогін тікпей желіммен бекіту үшін және дәптерлерді
тігетін терможіп құрамын жасау үшін пайдаланады.
Теру процестері (орыс. наборные процессы) — түпнұсқа мәтінін арнайы,
басуға дейінгі аралық материалға (қағаз, фотопленка, мөлдір полимерлік пленка,
магниттіпленка не дискета, форма жасау материалы) түсіру үшін атқарылатын
технологиялық операциялар жиынтығы (комплексі).
Терім бетінің пішімі (формат полосы набора) — басылымның бір бетінде
орналасқан мәтін өлшемі. Терімнің ені мен биіктігінің көбейтіндісі ретінде
типографиялықөлшем жүйесінде беріледі (мысалы: квадрат).
Тигельдік басу машинасы (орыс. тигельная печатная машина) — басу
процесі тігінен орналасқан жазық беттегі (Талер) формаға екінші жазық беттің
(тигель) қағазтабағын қысу арқылы атқарылатын машина, форматы, 30x40 см.
Негізінен бланкалар, шағын бейнелі өнімдер, т.б. шығаруға арналған.
Титулбеті кітап, кітапша, журнал басылымдарының атауы, автор дың аты-жөні,
шығарушы баспаның атауы, шығарылған жері мен уақыты т.б. Көрсетілетін
элементі. Көп томды басылымдарда айқарма тағы басқа (сол жақ бетінде барлық
томдарға тән контртитул - оң жақ бетінде тек сол томға арналған титул беті
болады. Авантитул, шмуцтитул қара.
Тоқтамалы цилиндрлі жазық басу машинасы (орыс. стоп-цилиндровая
плоскопечатная машина) — басу цилиндрі талердің кері қарай алгашқы орынына
қайтуы тоқтап, оны өткізіп жібереді.
Трафаретті баспа (орыс. трафаретная печать) - мәтін мен графикалық
бейнені басылатын материалдарға (қағаз, картон, мата, пленка т.б.) бояуды басу
формасының (басылмайтын жерлері қорғау қабатымен жабылған полимерлі,
жібек немесе мыс тор) саңылауларынан өткізу арқылы беретін басу түрі.
Бояуқабатының (80 мкм жоғары) қалыңдығына байланысты бұйымдарды
маркалау (таңбалау), арнайы жазық пластинаға электронды схемаларды басу
(электрлік плата), зағиптарға арналған кітап басуда трафаретті баспа
қолданылады.
Түске бөлу түрлі-түсті түпнұсқаны жарықсүзгілерді немесе селективті жарық
бергіштерді пайдалану арқылы, жеке түстерге бөлу. Жеке түстерге жасалған
басуформаларымен көп бояулы басу барысында түстер жинақталып белгілі бір
дәлдікпен түпнұсқаны бейнелейді.
Тыс, тыстама (орыс. Обложка) — басылымның парақтарын бүлінуден,
ластанудан сақтайтын бейнесурет басылған қағаздан немесе басқа да
материалдардан жасалған сырт қабаты, көркемдеу элементі. Онда басылымның
атауы, авторы, шығу деректері, бағасы беріледі.
Тыстама (орыс. суперобложка) — қосымша алмалы-салмалы тығыз
қағаздан, матадан, синтетикалық материалдардан т.б. Жасалған кітап тысы.
Мұқабаныңсыртынан қапталып кітапты сақтау және көркемдеу-әсемдеу үшін
қолданылады.
Физикалық баспа табақ бір жақ беті ғана басылған, кез-келген стандартты
қағаз табағына тең.
Флексографиялық басу (орыс. флексофафская печать,от лат. Flexibilies
гибкий, эластичный - иілімді, от лат. Flexio — сгибание - ию... және графия)
эластикалықрезина, немесе серпінді (упругий) фотополимерлік материалдан
жасалған басу формаларын және синтетикалық (анилинді) сұйық, тез кебетін
бояудыпайдаланатын шығыңқы ротациялық басу тәсілі. Кез келген тегістікті
(любой гладкости) материалдарда шағын қысыммен басуға болады. Кейде оны
анилинді басу деп те атайды. Негізінен этикеткалық орамалау-қаптау өнімдерін
шығаруға қолданады. Машиналары секциялық және планетарлық типте
құралады.
Фототехникалық пленка жарықсезгіш қабаты — эмульсиямен жабылған
полимерлік пленка. Қалыпты пішімдері қорапқа салынған табақты, не арнайы
пеналда орама (рулон) түрінде жасалады.
Цифрлі басу машинасы (орыс. цифровая печатная машина - digital color
press) — компьютерлік ақпарат материалдарын қажетті таралымда басып шығара
алатын цифрлі басу тәсілі негізінде жұмыс істейтін аппарат.
Шығыңқы басу (орыс. высокая печать) - негізгі басу түрлерінің бірі. Мұнда
басылым басу элементтері шығыңқы орналасқан формадан алынады. Кітап,
журнал,газет басуда қолданылады.
Ылғал-бояу балансы (орыс. баланс "вода-краска") — жайпақ басу
процесінде басылған өнімнің сапасын қамтамасыз етуге берілген бояу мен
ылғалдың тепе-теңдік арақатынасы. Ылғал-бояу балансы басу машинасының
жұмыс істеу жылдамдығына, оның конструкциялық ерекшелігіне, цехтағы ауа
ылғалдығына жәнетемпературасына, бояудың қасиеттеріне, басу формасының
сипатына, бояу және ылғал беру тәсіліне және қағаздың (басу да басу
материалының) өзіндік қасиетіне байланысты болады.
Ылғалдандыру аппараты (орыс. увлажняющий аппарат) — жайпақ офсет
басу машинасында басу формасының бос жерлеріне бояу берілуінен сақтау
үшінылғалдандыру ерітіндісін беретін құрылғы.
 ішкі беті сфера тәрізді шұңғыл бұйым.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе айта кететін жайт РПИК «Дәуір» баспасы қазіргі
заман талабына сай полиграфиялық қызметі көзге түсерлік. Осы баспадағы
практика барысында мен білген мәселелерді қысқаша атап кетсем. Полиграфия
өндірісі басылым өнімдерін басып шығаратын халық шаруашылық саласының
бірі.
Басылым өнімін үш негізгі топқа бөлуге болады: кітаптар, журналдар
және тағы басқа мәтіндік өнімдер; бейнелік өнімдер, плакаттар, географиялық
карталар және атластар, көрнекілік кестелер, альбомдар, т.б; орамалықэтикеткалық болып келетін сауда-тұтынушылық өнімдер, афишалар, билеттік
өнімдер, жазба кітапшалары, дәптерлер.
Технологиялық процесс – өндірістік процестің басты бөлігі. Жалпы
мақсаты өндірілетін материалдын дайын жоғары сапалы өнім алу.
Технологиялық процестен басқа өндірістік процеске мыналар жатады:
энергиямен жабдықтау, қондырғыларды жөндеу, өнімдер мен материалдарды
цех арасында орнықтыру, оларды цехтар мен қоймаларда сақтау және т.б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Бәзілов Ж.Ж. Полиграфия өндірісінің негіздері/ Ж.Ж. Бәзілов. – Алматы:
«Дәуір-Кітап», 2010. Б. 10-19
2. Полянский Н.Н. Технология полиграфического производства. М, 1997275б.
3. Раскин А.М. Технология печатных процессов. М6 1989-350б.
4. Полянский Н.Н. Основы полиграфического производства. - М.,1991,230с.
5. Шахкельдян Б.Н., Загаринская Л.А. Полиграфические материалы, М.,
«Книга», 1988г.
Автор
akony_0101
Документ
Категория
История и археология
Просмотров
422
Размер файла
322 Кб
Теги
отчет
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа