close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Ерлікті мадақтау қасиетті міндетіміз
Ардагерлерге
құрмет
көрсету–әрбір
адамның азаматтық борышы. Әрине, ардагерлерімізге қандай құрмет пен сый
көрсетсек те аздық етеді. Себебі, осы аталарымыз сұрапыл соғыста қайсарлық пен
қаһармандық танытып, Отан үшін от кешіп,
қасық қаны қалғанша жаумен жағаласып,
бізге бүгінгі бейбіт өмірді сыйлады.
Бүгінгі Жеңіс күнінде аудан әкімі Ғабдрахман
Омаров
ауданымыздағы
Ұлы
Отан
Соғысының
ардагерлері
Зейнолла
Қуанышбеков пен Николай Седусовтың
шаңырақтарына арнайы барып құттықтап,
сыйлық табыс етті.
Сонымен қатар, аудан басшысы ҚР премьерминистрі Бақытжан Сағынтаевтың құттықтау
хатын тапсырды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің шешімі
Атасу кенті
№2
21 сәуір 2017 жыл
(Қарағанды облысы Әділет Департаментінде нормативтік құқықтық акт 2017
жылдың 27 сәуірінде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу
Тізілімінде №4241 болып тіркелді)
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі
«Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2)
тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» №756
қаулысына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:
1.Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде, Ақтүбек ауылдық округінің
Атасу стансасында, Целинный ауылдық округіндегі Орынбай, Ақшағат, Бидайық-2 ауылдарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2.Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Бакытжан Мылтыкбаевич Мұқанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3.Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Ғ. Омаров
Постановление акимата Жанааркинского района
пос.Атасу
№2
21 апреля 2017 года
(нормативный правовой акт зарегистрирован в Реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов за №4241 от 27 апреля 2017 года в Департаменте юстиции Карагандинской области)
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного
характера местного масштаба
В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике
Казахстан», статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от
11 апреля 2014 года «О гражданской защите», постановлением Правительства Республики
Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 «Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера», аким Жанааркинского района РЕШИЛ:
1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба в поселке
Атасу, на станции Атасу Актубекского аульного округа, в селах Орынбай, Акшагат, Бидайык-2 Целинного аульного округа Жанааркинского района Карагандинской области.
2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима Жанааркинского района Бакытжана Мылтыкбаевича Муканова и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.
3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
Аким района
Г. Омаров
№21 (9810), 13 мамыр, 2017 жыл
Ұлы Жеңіске - 72 жыл
Ұлы Жеңіске - Ұлы тағзым
Шоқтығы
биік Жеңіс
күніне арналған шара
мәдениет
үйінің
алаңында өтті. Мерекелік нақышта безендіріліп,
«Даңқ» монументіндегі
мәңгілік
алауы
лапылдаған
алаңға
жиналған
қауымның
қарасы көп. Осы айтулы
мерекеге байланысты арнайы ұйымдастырылған
мектеп оқушыларының
м а р а ф о н ы н ы ң
жеңімпаздары алаңнан
өтіп, салтанатты шерудің
басталғанын паш етті.
Аудандық оқушылар арасында командалық жеңіл атлетикалық эстафетаға 80-ге жуық оқушы қатысты. Тартысты
болған бұл жарыста командалық І-орынды Жанаарқа ЖОББМ оқушылары, ІІ-орынды
О.Жұмабеков
атындағы
ЖОББМ оқушылары, ІІІорынды
Талдыбұлақ
ЖОББМ оқушылары иеленді. Желаяқтардың соңын
ала безендірілген автокөлік
алаңға келіп тоқтады да,
еліміздің азат болуына атсалысып, майдан көрген,
сұрапыл соғысқа қатысқан
көзі тірі қос ардагеріміз Зейнулла Қуанышбеков пен Николай Седусов қошеметпен
қарсы
алынды. Алаңға
орнатылған арнайы орынға
жайғасқан ардагерлер, Отан
қорғауға атсалысқан жауынгер лерді еске алып, «Данқ»
монументіне,
Кеңес
Одағының батыры Амантай Дәулетбековтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын
қою рәсімін тамашалады. Ауданымызға қарасты барлық мекеме ұжымдары тағзым ету
рәсіміне ат салысты. Аудан әкімі Ғ.И.Омаров жиналған көпшілікті айшықты мерекемен
құттықтады. Сөз соңын ала
аудан әкімі қос ардагерге
қаржылай және
ескерткіш сыйлық табыстады.
Биылғы Жеңіс мерекесінің
ерекше жаңалығы “Қаһарман
ұлт - Бессмертный полк”
шеруінің өткізілуі болды.
Шараның мақсаты соғысқа
қатысқан азаматтардың ерлігін естен шығармау және
өскелең
ұрпақты
отансүйгіштікке,
бейбіт
күннің
қадірін
түсінуге
тәрбиелеу болып табылады.
Шеруге қатысқандар Ұлы
Отан соғысына қатысқан жауынгер
аталарының,
ағаларының және жақындарының фотосуреттерін, аты-жөндері жазылған мәліметтерді,
орден-медальдарын мақтанышпен алып жүрді. Ата-бабамыздың ерлігі мен қайсарлығын
паш еткен лек “Мәңгілік ел” алаңынан бастау алып, салтанатты жиынға жиналған қауымның
алдына
дейін
келді.
Аудандық саз мектебінің
өнерпаздарының
хоры
мерекенің шымылдығын
түрді. №132 мектебінің
ұстаздары мен оқушылары
“Ұлы
Жеңіске-ұлы
тағзым”
атты
театрландырылған әдебисазды қойылым ұсынды.
Өнерлі
ұжым
соғыс
басталған жылдардан бастап, майдан даласындағы
ерлік, ауылдағы еңбек
майданындағы
жұмыс,
ауыртпалық
жылдары,
Ұлы Жеңістің
орнауы
а р а л ы ғ ы н д а ғ ы
оқиғаларды тартымды етіп суреттеп керемет әсер қалдырды. Жүрек сыздатар әуендер де
айтылды, көңілді би де биленді. Жігеріңді жанып, мақтаныш сезіміңді алаулататын сәттер
де болды. Көпшілікті мәдени сауық орталығы ұжымының ұйымдастырған концерттік
бағдарламасы ұйытып әкетті. Мерекелік шарада
қаз-қатар тізілген сөрелерде
ауылшаруашылық өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырылса, тәтті-дәмділер, сусын-шырындар, түрлі тоқаштар мен кәуәппен ойыншықтар сатқандардың қарасы көп. Мерекелік
шараға жиналған аудан тұрғындары мен қонақтар көтеріңкі көңілмен тарқасты.
Өз тілшімізден
Ардагерлерге құрмет көрсетілді
Елбасы « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Туған жерге –Отанға
құрмет, жастар бойында патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында Отан қорғау жолында
құрбан болған батыр,
ержүрек
атабабаларымыздың ерліктерін
ардақтағанымыз
абзал,- деп қадап айтқан
еді. Тап осы
Ұлы
Жеңіспен соғыстан өтіп,
мерейі үстем болған адамдар
біздің
айрықша
ілтипатымызға мұқтаж,
біз солардың арқасында
осындай бейбіт өмірде
тұрып
жатқанымызды
ешқашанда ұмытпағанымыз жөн. Елінің еркіндігі, жерінің азаттығы жолында жасалған ерлік
өмірі өнеге, ұрпаққа ұлағат. Ал адамзатты фашистік езгінің қыл бұғауынан құтқарған Ұлы
Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігі мәңгілік тағзымға лайық. ХХ ғасырдағы ең
қатыгез соғыстың жеңіспен аяқталғанына биылғы көктемде 72 жыл толып отыр. Бүгінгі
бейбіт заманның ұрпақтары бұл күні елі үшін, жері үшін қан майданда мерт болған жауынгерлерді еске алады. Көзі тірі қарияларға құрмет көрсетіп, батыр бабалардың рухына тағзым
етеді.Асылдың сынығындай, қатары тым селдіреп бара жатқан Ұлы Отан соғысы
ардагерлерінің қай-қайсысы болса да бізге қымбат. Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштеріне 25 жыл толуына орай және Ұлы Жеңістің 72 жылдығына байланысты «Нұр
Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында халық
қалаулылары 7-10 мамыр күндер аралығында ерекше белсенділік танытып, ауданымызда
қалған екі қарт майдангерлер Зейнулла Қуанышбеков пен Николай Седусовтің
шаңырақтарына барып, оларды жеке-жеке құттықтап, сый-сияпаттар жасады. Бұл акцияға
барлық аудандық мәслихат депутаттары қатысып, ауызбіршілік танытып өз үлестерін қосты.
Акция барысында аудандық мәслихат хатшысы Қ.А.Имантүсіпов және мәслихат депутаттары бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге алғысын айта келе, дендеріне саулық тілеп, ерліктеріне мәңгі тағзым ететіндерін айытты. Осы жылдарды бастан кешкен алдыңғы аға буын
өкілдерінің төзімділігі мен ержүректілігі бүгінгі және келешек ұрпақ санасында нағыз
адамдықтың, отансүйгіштіктің үлгісі, болып қала бермек. «Сұрапыл жылдар енді ешқашан
қайталанбасын деген халық қалаулылары: -Жеңіс күні – бұл біздер үшін жанын құрбан етіп,
от пен оқтың арасында қан-майданда қасық қандары қалғанша шайқасқан ардагерлердің
арқасы. Біз ерлікті ту еткен мықты халықтың ұрпақтарымыз, олардың ұлы ерліктерін
ешқашан ұмытпаймыз. Майдангерлердің ерен ерліктеріне құрметпен бас иеміз» –деді. Өз
кезегінде ардагерлер өздеріне көңіл бөліп, халық қалаулыларына шынайы ілтипат
жасағандарына дән риза болды.
Т.Қ.Мұсаев, аудандық мәслихат депутаты
Ардагермен кездесу
Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледжінің студенттері жыл сайын 9-Мамыр Жеңіс күні
қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерімен кздесу өткізуді тәрбиелік дәстүрге
айналдырған.
Майданнан елге аман
оралғандары бірден халық
шаруашылығын қалпына
келтіру ісіне белсене атсалысты.
Зейнеткерлікке
шыққанша еңбек майданында
қажырлы
қайраттарымен, кемелді
еңбегімен жастарға үлгі –
өнеге,
тағылымды
тәлімгер, парасатты тұлға
бола білді.
Бүгінде
ауданымызда
жасы тоқсаннан асқан екі
ардагер бар. Екеуі де аудан
орталығы Атасу кентінде тұрады. Олар Николай Павлович Седусов пен Зейнулла
Қуанышбеков аталарымыз. Кездесудегі айтқан өзі туралы естелігіне қарап Зейнулла
атамыздың өмірінің талайлы болғанын ұғасың.
Ол 1943 жылдың 25 қаңтарында әскерге алынды. 1943 жылдың наурыз айының басында
Монголияда тұрған Солтүстік – Шығыс Байкал майданының 17 Армиясының құрамындағы
36 дивизияның 133 ерекше барлау батальонының сапына қосылып, минамёт қаруын
меңгерді. Фашистік Германиямен одақтасқан Жапон милитаристері әскері Монголия шекарасына үздіксіз шабуыл жасап, қолға түскен адамдарды айдап әкетеді. Олармен болған
ұрыстар кейде кескілескен сипат алады, Ұрыстарда өзінің минамет атудағы шеберлігімен,
мергендігімен ерекше көзге түскен Зейнулла атай дивизияның салтанатты сабы алдында
маршал Василевскийдің қолынан КСРО Қорғаныс министрінің «РККА» атты төсбелгісін
алған. Бұл құрметті де жоғарғы дәрежелі төсбелгімен сол уақытта дивизияда екі – ақ адам
марапатталған екен. 1945 жылы тамыз айында КСРО милитаристік Жапонияға соғыс жариялады. Құрамында Зейнулла атай жауынгерлік қызмет ететін 133 – ерекше барлау батальоны Монголия – Қытай шекарасын күзетуге қалдырылды. Шекара-Ішкі Монголиядағы
Гималай тауының елсіз шөл жотасы. Әрбір 25 шақырым жерде бір құдық бар, көбінің суы
тартылған, шөл қысқанда құмды 20 метрге дейін қолмен бұрғылап, шөл қандырған, аштыққа
да ұшыраған, шекарадағы жолдастары оққа ұшқан жағдайларды бастан кешірген.
Дивизиядағы жалғыз қазақ, аға сержант Қуанышбеков Зейнулла атай 1945 жылы партия
қатарына қабылданады. 1948 жылғы демобилизацияда, кіші офицерлер елге қайтарылмай,
Зейнулла атай елге тек 1950 жылы, 7 жыл 3 айда аман – есен оралған.
Ол соғыс кезінде көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін кеудесіне «Ұлы Отан соғысы» ордені мен көптеген медальдарды тақты.
Жаңаарқаға оралған соң аудандық қаржы бөлімінде, аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет
атқарды. 1985 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін 30 жыл теміржол торабының күзет
бастығы қызметін абыроймен атқарды.
10 баласының бәрі жоғарғы оқу орнын бітіріп, шаруашылықтың түрлі салаларында еңбек
етеді. Немерелері мен шөберелерінің қызығы мен қуанышына бөленген ардагер атамыздың
ғазиз жасы биыл 92-ге толады.
Алла атамызға зор денсаулық, рухани сергектік пен ғасырдың жасын берсін деп тілейміз!
Қ.Смайыл
Жаңаарқа ауданы
2
13 мамыр 2017 жыл
7 Мамыр - Отан қорғаушылар күні
Қайсар қыздар сайысы
Биыл елімізде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріннің 25 жылдық және Ұлы Отан
Соғысындағы Жеңістің 72 жылдық мерейтойы аталып өтуде.
Осыған орай, 4 мамыр
күні «Жастар ресурстық
орталығы»
КММ-ның
ұйымдастыруымен
аудандық білім бөлімі,
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Зерде» жылжымалы
мәдени-сауық
кешенінің
қолдауымен
«Қыздар арасында сапта
жүріп, ән айту» сайысы
өтті. Әрбір қазақ азаматы
мен азаматшасына тән
патриоттық сезім мен
күш-қуат, қайсарлық пен
ержүректілік, ар мен
намыс сияқты қасиеттерді
бойларына сіңірген, сайыскер қыздардың басты мақсаты жас сарбаздарымызға қолдау
көрсетіп, жігер сыйлау болды. Аудан мектептері мен колледждерінен 6 команда қатысқан
додалы сайыста «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аманжолов Әсет Жұмажанұлы, қорғаныс істер бөлімі басшысының орынбасары Шерматов Баһадүр Абрдахманұлы, Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы
Сүлейменов Аян Серікбайұлы әділ төрелік көрсетті. Сайыс нәтижесінде Ю.А.Гагарин
атындағы ЖОББ мектеп командасы III – орынды, №132 ЖОББ мектеп командасы II –
орынды, О.Жұмабеков атындағы ЖОББ мектеп командасы I – орынды иеленіп, арнайы кубогтармен және грамоталармен марапатталды. Қалған командаларға сайысқа белсене
қатысқандары үшін Алғыс хаттар табысталды.
П.Әбілжанова
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл
Сапта жүріп, ән шырқады
Уақыт өткен сайын аталарымыз
сыйлаған Жеңістің маңызы
артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге.
Отансүйгіштік қасиет әркезде де
қастерлеуге
тұратын
қасиеттердің бірі. Осы ұғым
біздің үлкен құндылығымыз,
осыған орай 5-мамыр күні
ауданымыздың жазғы сахна
алаңында Отан қорғаушыларды
әскерге шығарып салу рәсімі
өтті. Рәсім барысында
Отан
қ о р ғ ау ш ы л а р ғ а
шағын сыйлықтар
табысталып, аудан
әкімі И.Ғ.Омаров
құттықтау
сөз
сөйлеп,
барша
халықтан ізгі тілектер жолданды.
Рәсімнің
соңы
« Ұ л д а р
арасындағы сапта
жүріп, ән айту» сайысына ұласты. Сарбаздарымыздың аман – есен Отан алдындағы борыштарын өтеп, абыроймен елге оралуларына тілектеспіз!
Жастар ресурстық орталығы
«ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ
ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!
ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
Назарларыңызға «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география,
тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды
тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады.
Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер
мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер,
журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады. Қосымшаны AppStore,
PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады. ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМГЕ
ПАШ ЕТЕЙІК! Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://bit.ly/28PArej
13 мамыр 2017 жыл
3
ТРЕТья МОДЕРНиЗАция КАЗАхСТАНА: цЕЛи, ЗАДАчи, МЕхАНиЗМЫ
Очевидно, что Третья модернизация Казахстана является
главным предметом обсуждения в казахстанском обществе и
объектом пристального внимания мирового сообщества.
Внутри республики этот процесс включает прежде всего осознание самой идеи новой модернизации, ее отличия от прежних модернизационных моделей.
Однако суть новых реформ и их назначение пока не
полнос¬тью осознаны в казахстанском обществе. Одни рассматривают их как новый аспект актуализации ранее обозначенных Президентом задач. Другие – как ответ на новые
угрозы глобального мира, которые требуют адекватных координирующих мер антикризисного характера. Третьи понимают новую реформу как приведение мер превентивного
характера к системной основе и др. В целом очевидно, что во
всех случаях общим является понимание того, что в
Казах¬стане идет процесс поиска новой модели государственного развития республики. Эта модель должна быть адекватна глобальным вызовам современности и новым
требованиям развития мирового сообщества.
Как депутату Сената Пар¬ламента, мне ясно, что, для того
чтобы успешно реализовать задачи достижения глобальной
конкурентоспособности страны, свой путь модернизации
должны пройти прежде всего институты государственной
власти. По этой причине считаю необходимым изложить свое
видение путей реализации новой концепции Президента.
В откликах международных институтов и организаций по
данному вопросу, которые представлены в зарубежной
печати, отражена определенная новизна предстоящих задач.
Сошлюсь только на две точки зрения. Так, по мнению декана
Школы государственной политики им. Ли Куан Ю (Сингапур)
Кишор Махбубани, эффективное управление не является статичным явлением, в мире нет универсальных моделей развития. Каждая страна должна сама определять свой
собственный путь к обеспечению надлежащего управления.
По этой причине государственные институты должны развиваться по мере изменения эволюционных и политических потребностей страны.
Эксперт по международным отношениям и безопасности
Центра политических исследований (Индия) Кумар Аникет
считает, что реализуемые в Казахстане реформы касаются
следующего уровня его развития, который обеспечит перераспределение полномочий и усиление законодательных и
исполнительных органов. Большие полномочия законодательным органам передаются в соответствии с видением
Нурсултана Назарбаева и его отношения к демократизации
общества, что позволит превратить Казахстан в величайшую
страну в Центральной Азии.
Аналогичные высказывания отражены и в других источниках, а следовательно, нынешний этап модернизации Казахстана за рубежом рассматривается как новый превентивный
шаг по построению эффективной модели государственного
управления.
Учитывая значительную новизну проблемы и для лучшего
понимания сути вопроса, считаю необходимым обратиться к
тем задачам, которые обосновал в Послании сам Нурсултан
Назарбаев. Он выделяет три наиболее важные задачи. Во-первых, создать запас устойчивости политической системы на
многие годы вперед. Во-вторых, повышение роли Правительства и Парламента позволит сформировать более эффективный механизм ответа на современные вызовы. Да, это более
сложная система управления, но и общество стало более
сложным… В-треть¬их, в мире нет универсальной модели
государственного устройства. Предлагаемая нами реформа
опирается прежде всего на собст¬венный опыт и потребности Казахстана. Таким образом, содержание происходящих
изменений должно быть направлено на обеспечение устойчивости существую¬щей политической системы; создание
более эффективного механизма деятельности органов государственного управления, адекватно и своевременно отвечающего на вызовы современного глобального мира;
пост¬роение собственной модели государст¬венного устройства.
В рамках реализации этих задач необходимо рассматривать
и дальнейшие пути решения проблемы. Так, например, в
час¬ти обеспечения устойчивости политической системы в
Казахстане можно отметить, что в определенной степени она
уже выдержала проверку временем. И достигнуто это именно
благодаря своевременно проведенным двум предыдущим модернизациям. Смысл пройденных этапов в одном случае состоял в обеспечении плавного перехода от модели плановой
экономики к рыночной. Во втором случае – в принятии форсированных мер для обеспечения эффективного функционирования всех рыночных механизмов и институтов
государственного устройства.
Казахстан имеет уникальные конкурентные преимущества –
огромные природные богатства, сельскохозяйственный, коммуникационный и транзитный потенциал, которые уже стали
основой экономического успеха страны. Сегодня Казахстан
– страна с устойчивой рыночной экономикой. Всего за четверть века создан и успешно реализуется институт частной
собственности, активно развивается средний класс. Движущей силой экономического развития является предпринимательство, которое становится все более массовым. Благодаря
стратегическому видению Лидера нации в Казахстане, несмотря на глобальные финансово-экономические кризисы,
превентивно осуществляется модернизация экономики
страны. Казахстан уверенно подошел к очередному этапу модернизации, нацеленному на глобальную конкурентоспособность.
В отличие от прежних двух этапов модернизации третий этап
– это выход на глобальный уровень функционирования нашей
страны в мировой экономике. Выход на старт уже осуществлен. Он заключается в том, что интеграция Казахстана с мировыми рынками уже произошла. В национальной экономике
одновременно с бизнес-структурами действуют тысячи предприя¬тий государственного сектора. Наряду с ними созданы
сотни совместных предприятий и предприятий с иностранным участием, десятки национальных компаний и транснациональных корпораций. Все они действуют во благо
казахстанской экономики и открывают перед страной новые
безграничные возможности, в том числе и в решении задач
Четвертой мировой промышленной революции.
Отличие нынешней модернизации состоит в том, что раньше
в рамках существующей модели государственного устройства
нам нужно было прежде всего решать и регулировать
внут¬ренние проблемы. Этим задачам была подчинена система государственного управления, и все ветви власти ее успешно выполнили. Однако сейчас перед государством стоит
новая задача – стать равным среди равных на мировом рынке.
Кроме того, как субъекты этого рынка, мы должны активно
участвовать в регулировании и управлении происходящих
там процессов, внешних по отношению к нашей экономике.
Главная цель создания нового механизма государственного
управления заключается в выработке его способности адекватно и своевременно отвечать на вызовы современного глобального мира. Решение этой задачи во многом требует
обращения к опыту зарубежных государств, но в отличие от
прежних этапов модернизации текущая требует обращения к
аспектам опыта регулирования зарубежными странами внешних связей и отношений, их воздействия на глобальные экономические процессы. Именно эти рычаги помогли
процветающим государствам занять свою нишу на мировом
рынке и стать конкурентоспособными. Поэтому отработка
новых механизмов деятельности государственных органов в
Казахстане тесно связана с построением инновационной модели государственного устройства. Следует отметить, что построение эксклюзивной модели государственного устройства
– общая задача всех государств, независимо от их нынешнего
уровня и ранга в рамках существующей Бретон-Вудской модели мирового хозяйства.
Очевидно, что в новых условиях формирование и развитие
казахстанской экономики будет осуществляться под усилением влияния глобальных факторов. Модель действующей
сейчас мировой экономики не совершенна. Она отражает
проблемы в финансовой сфере, прежде всего в части устаревшей глобальной валютной архитектуры. Эксперты отмечают, что зависимость мировой резервной валюты от одного
эмитента – это большой риск для всех остальных государств.
Отдельные страны стремятся к созданию своих региональных валют. Однако при этом США сохраняют свой статус
крупнейшей экономики мира, а доллар по-прежнему остается
главной мировой валютой. По названным причинам сегодня
одной из наиболее актуальных задач новой модели государственного управления становится ограничение риска воздействия глобальной экономики.
Сегодня определяющими для всех стран становятся тесные
связи национальных экономик с региональными и глобальными интеграционными процессами. В результате такого
взаимодействия выстраивается абсолютно новая модель ор-
ганизации экономики, которая опирается не только на
внут¬ренние факторы развития, но и на внешние, усиливая
потенциал национального хозяйства. Такое сочетание, на наш
взгляд, создает реальные возможности и для формирования
конкурентоспособной казахстанской экономики.
Очевидно, что суть формирования новых механизмов управления экономикой состоит в том, что сегодня государство
должно принять необходимые меры для сокращения рисков
зависимости от мировой валюты. В этих целях совместно с
партнерами по евразийской интеграции Казахстану нужно
определить свое участие в процессе формирования новых мировых и региональных валют. Актуальными представляются
и меры безопасности по недопущению действий санкционного характера со стороны других государств как в отношении секторов собственной экономики, так и экономики
ЕАЭС. Таким образом, при модернизации системы государственного управления экономикой нужно учитывать возрастающую роль влияния внешних факторов. Это, в свою очередь,
создаст условия для обеспечения нормального функционирования и эффективного развития отечественной экономики.
Для Казахстана выбор новой модели национальной экономики означает ее качественный рост, наиболее адекватный
требованиям времени. В январском Послании Главы государства в качестве такой модели развития нацио¬нального
хозяйства определена модель технологической экономики. В
связи с этим следует прежде всего уточнить взаимосвязь
между понятиями «инновационная экономика», «наукоемкая
экономика» и «технологическая экономика». Все эти модели
не отрицают друг друга, а указывают на их более глубокое
качест¬венное содержание. Так, в отличие от существующей
модели государственного управления, которая основана на
традицион¬ных подходах и механизмах участия государства
в воздействии на экономику в рыночных условиях, новая модель требует сокращения этого участия и является инновационной по своей сути. При этом ее новизна не
ограничивается тем, что в государственном управлении все
больше используется опыт управления бизнес-процессами,
так называемый «государственный менеджмент».
Новизна инновационной модели государственного управления в условиях Казахстана заключается в том, что движущей
силой развития экономики должны стать новые знания, которые ведут к созданию новых технологий и новых продуктов
производства. Данный процесс не может быть разовым и раз
и навсегда достигнутым, так как научно-технический прогресс остановить невозможно. По этим причинам наша инновационная модель требует воплощения в модели
наукоемкой экономики, а это требует больших вложений в
науку, образование, подготовку специалистов и их переподготовку на постоянной основе. Названными выше документами предусмотрено, что уже в ближайшие годы доля
финансирования науки в Казахстане будет доведена в рамках
ВВП до уровня наиболее развитых стран.
В то же время, вступая в глобальную экономику и желая
дос¬тичь наивысших показателей в числе самых конкурентоспособных стран, нельзя не обращать внимания на общие
тенденции мирового хозяйства. Залогом успешного роста в
мировой экономике являются технологии. Поэтому для Казахстана переход к технологической экономике – это единственно верный путь достижения новых амбициозных целей.
Конкурентоспособная экономика требует решения ряда задач
по увеличению несырье¬вого экспорта. Президент поставил
задачу его увеличения в два раза уже к 2025 году. Для активизации работ в этом направлении необходимо сконцентрировать инструменты развития и продвижения экспорта в
одном ведомстве. Поддержку экспортерам нужно оказывать
по принципу «одного окна», в том числе и в регионах.
Глава государства в новом Послании уделил много места обоснованию того, что Казахстану нужно сохранить лидерство
по привлечению иностранных инвестиций. Решая задачи глобального характера, трудно обеспечить их с опорой только на
внутренние ресурсы. У нас в республике много лет
дейст¬вует Совет иностранных инвес¬торов при Президенте
РК. Данная структура, хотя и является общественной, позволила Главе государства быть в курсе меняю¬щихся интересов
наших партнеров, гибко реагировать на их предложения и успешно направлять усилия наших партнеров на решение целевых задач и долгосрочных стратегических установок.
Однако в настоящее время число подобных институтов
должно вырасти и получить новые формы развития.
Переход к технологической экономике выдвигает много
новых задач для казахстанских производителей и органов,
координирующих производственные процессы. Очевидно,
что с переходом на новый уровень функ¬ционирования казахстанской экономики нам следует активно встраиваться в
глобальные цепочки производства и сбыта товаров и услуг.
Это нужно делать прежде всего за счет привлечения транснациональных компаний.
Таким образом, Третья модернизация Казахстана – это новый
уникальный проект нашего Президента. Он позволяет обеспечить республике не только стабильность и процветание для
ее граждан, но и достичь новых амбициозных, с позиции конкурентоспособнос¬ти Казахстана в глобальном мире, целей.
Елеусин Сагиндиков,
депутат Сената Парламента РК
“Казахстанская правда” 2017
4
Жаңа технологиялар платформасы
Қазіргі заманауи ақпараттық технологиялар адам өмірінің,
оның ішінде денсаулық сақтау саласының түрлі
тармақтарында өндірістік үдерістерді басқару және қызметті
автоматтандыру мүмкіндігін береді. Ұлттық денсаулық
сақтау жүйе¬сін дамыту және жаңғырту саясаты Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан
халқына Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес жүзеге
асырылуда. Ақпараттық жүйелерді пайдалану өздігінен
қазақстандық денсаулық сақтау саласы үшін инновация
болып табылмайды. Әр түрлі автоматтандыру деңгейіндегі
ақпараттық жүйелер еліміздің медициналық ұйымдарына
бұрыннан бастап енгізіле бастады, алайда, аталған процесс
әртекті және бірлеспеген және түпкілікті пациенттің
мұқтаждықтарына бейімделмеген болатын. Электронды
денсаулық сақтаудың жаңа архитектурасының негізгі
компоненттерінің бірі Денсаулық сақтау саласындағы
ақпараттық жүйелерді ақпараттандыру және интероперабельділігін қамтамасыз ету платформасы (Интероперабельділік
платформасы) болып табылады. Интероперабельділік платформасын енгізу пациенттің мұқтаждықтарына бейімделген
қауіпсіз, әділ, жоғары сапалы және тұрақты денсаулық сақтау
жүйесін қамтамасыз ету үшін медициналық көмекті үздіксіз
көрсету, денсаулық сақтау саласының ақпараттық
жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, өзекті, нақты
және толық ақпаратты автоматтандырылған түрде жинау
мүмкіндігін береді. Қазақстан Республикасының электронды
денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға
арналған
тұжырымдамасының
негізге
алынатын
қағидаттарының бірі «пациентке бейімделу» болып табылады. Яғни, оны іске асыру үшін пациентке медициналық
көмек көрсету кезінде Қазақстан Республикасы азаматының
электронды денсаулық паспорты қолданылуы және бұл
қолжетімді болуы тиіс. Электронды денсаулық паспорты
пациенттің ел ішіндегі медициналық ұйымдарда тексеруден
өту және ем алу нәтижелері, оның ішінде бұрын ауырған аурулары мен созылмалы аурулары, дәрілік заттар мен
басқаларға аллергиялық реакциясының бар-жоғы туралы
электронды деректер кешенінен тұрады. Аталған ақпарат Интероперабельділік платформасының құрамына кіретін
бірыңғай электронды денсаулық паспорты репозиторийінде
сақталады және медицина қызметкерлеріне қолжетімді болады. Пайдаланушылардың Интероперабельділік платформасында сақталатын ақпаратқа қолжетімділігі мынадай жеке
электронды денсаулық сақтау кабинеттерінің көмегімен
ұйымдастырылатын болады: – пациенттің жеке кабинеті; –
денсаулық сақтау қызметкерінің жеке кабинеті. Пациенттің
жеке кабинеті пайдаланушыға оның электронды денсаулық
паспортындағы дербес деректеріне, сондай-ақ, қабылдауға
жазылу, дәрігерді үйге шақыру және басқа да денсаулық
сақтау саласының электронды қызметтеріне қолжетімділікті
қамтамасыз етеді. Пациенттің жеке кабинетіне пациенттің
денсаулығына байланысты (мысалы, жоспарлы тексеру,
қарау, егу) іс-шараларды өткізу қажеттігі туралы хабарламалар түсетін болады. Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін қызметкердің жеке кабинеті пациенттің электронды
денсаулық паспортымен өзара іс-қимыл жасау, электронды
13 мамыр 2017 жыл
жолдамалар мен тағайындауларды басқару арқылы
қызметкер жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндігін беретін, сондай-ақ, талдамалық және статистикалық ақпаратқа,
денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері мен индикаторларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін виртуалды
кеңістік болып табылады. Операциялық және талдамалық
есептілік автоматтандырылған түрде әртүрлі көздерден
жиналған және деректер үлгісіне сәйкес құрылымдалған деректер негізінде қалыптастырылады. Электрондық денсаулық
паспортын жүргізу процесінің дұрыс жұмыс істеуі және есептілікті қалыптастыру денсаулық сақтау саласының
ақпараттық жүйелерімен, оның ішінде медициналық
ақпараттық жүйелермен, Интероперабельділік платформасымен ықпалдасуды талап етеді. Осылайша, Қазақстан
Республикасының Бірыңғай электронды денсаулық сақтау
кеңістігі құрылады. Денсаулық сақтау саласының ақпараттық
жүйелерімен тиімді өзара іс-қимыл жасау олардың интероперабельділігін қамтамасыз етуді, яғни семантикалық
үйлесімділікті сақтап қалумен клиникалық және клиникалық
емес деректермен алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап
етеді. Аталған мақсаттарға қол жет¬кізу үшін Интероперабельділік платформасы халықаралық деңгейде танылған,
стандартталған тәсілдемелерге негізделген ықпалдасу тетіктерін пайдаланады. Интероперабельділік платформасының
құрамына Қазақстан Республикасының электронды
денсаулық сақтау саласындағы барлық қатысушылар үшін
ақпараттық объектілердің – анықтамалықтар мен
жіктеуіштердің, тіркелімдердің (пациенттердің, медицина
қызметкерлерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының және
басқалардың) бірыңғай эталондық мағынасын қамтамасыз
ететін инфрақұрылымдық компоненттер кіретінін қосымша
атап өту қажет. Сондай-ақ, Интероперабельділік
платформасының құрамында ақпараттық ресурстар мен деректерді сыртқы және ішкі қауіптерден қорғайтын ең заманауи ақпараттық қауіпсіздік құралдары мен рәсімдер іске
асырылады. Интероперабельділік платформасы медициналық
көмек көрсету және басқару шешімдерін қабылдау сапасын
жоғарылату және пациентті оның денсаулығы туралы кешенді ақпаратпен, дербестендірілген нұсқаулармен және ескертулермен қамтамасыз ету мүмкіндігін беруге арналған
тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде құрылған іргелі
жобалардың бірі болып табылады.
Сайын Шайхиев, Әділбек Сағадиев, ҚР Денсаулық
сақтау министрлігінің «Республика¬лық электрондық
денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК
“Егемен Қазақстан”газетінен
13 мамыр 2017 жыл
5
Адам. Қоғам. Заң
Еңбек дауларын қарау кезінде жаңа
редакциядағы Еңбек кодексінің
нормаларын қолдану мәселелері
Жаңа редакциядағы Еңбек кодексі Ұлт жоспарының 83-қадамын жүзеге асыру шеңберінде
қабылданған және 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап еңбек заңнамасы Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) стандарттарына сай, жұмыс беруші мен
жұмыскердің мүдделерінің тепе-теңдігіне бағытталған жаңа модельге негізделген. Жаңа
Еңбек кодексі жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты нақты
анықтады, олардың ұжымдық шарттағы рөлі мен жауапкершілігін бекітті, ең төменгі еңбек
стандарттарын, базалық кепілдік пен қызметкерлерге өтемақы және жұмыс берушілер тарапынан тәртіпті орындалуының бақылау жүргізуді белгіледі.
Бұрын жұмыс беруші адам жүкті әйелді немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар ананы, кәмелет
жасқа жетпеген жеткіншекті, болмаса мүгедекті жұмысқа қабылдаудан бас тартқан болса,
оның себебі жазбаша түсіндіруі тиіс болатын.
Ал, қазіргі жаңа Кодекс бойынша жазбаша түсіндіру міндетті болып саналмай отыр. Есесіне, жаңа Еңбек кодексінде 18-ге толмағандарды енді ойын бизнесіне, түнгі ойын сауық,
көңіл-көтеру орындарына, алкоголь, темекі, есірткі заттарын өндірумен, тасымалдаумен
және сатумен байланысты жұмыстарға қабылдауға тыйым салынған.
Егер осыған дейін жасөспірім жұмысқа өтінім бергенде, олардың ата- анасы, немесе
қорғаншылары, асырап алушылары жазбаша түрде келісім беріп, әрі еңбек шартына бірге
қол қоюы тиіс болса, қазіргі жағдайда еңбек шартына жасөспірімнің қол қоюы жеткілікті
болып саналады.
Сол секілді бұрынғы талап етілген құжаттар тізімнен әскери есеп құжаты мен мекен – жай
анықтамасы алынып тастаған, оның орнына жаңа екі түрлі құжат:
1)Егер қосымша жұмысқа орналасатын болса, жұмысшының негізгі жұмыс орнынан
жұмысының сипаттамасы мен еңбек жағдайлары туралы анықтама талап етуге;
2)Азаматтық қызметке, мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық даму институттары мен
ұлттық холдингке, олардың еншілес кәсіпорындарына жұмысқа тұру барысында сыбайлас
жемқорлықпен байланысты қылмыс жасаған туралы мәліметтің бар- жоғы туралы анықтама
талап етуге құқылы.
Сонымен қатар жаңа Кодекс жұмыс берушіге штатты емес, жұмыс күнін қысқарту,
қызметкерлерді уақытша басқа жұмыспен қамтамасыз ету секілді міндеттер жүктейді.
Экономикалық қиындықтарға қатысты жұмысшыларды қысқартуға жол береді. Бірақ оның
да өз шарттары бар.
Зейнеткерлік жасына жеткен жұмысшылардың одан әрі жұмыс істеу, еңбек ету проблемаларына қатысты да жаңа Еңбек кодексінде өзгерістер бар. Мысалы, қолданысқа енген жаңа
Еңбек кодексінде жұмыс беруші қызметтердің жоғары денгейлі біліктілігі мен кәсібилігін
ескере отырып, енді зейнет жасына жеткен азаматтармен еңбек қатынасын жалғастыруға
мүмкіндік берген. Заң бойынша жұмысшы 63 жасқа толған күннен бастап онымен бір ай
ішінде еңбек қарым – қатынасы толықтырылуы мүмкін, бірақ сонғы шешім тағы жұмыс
берушінің еркінде.
Жаңа Еңбек кодексі азаматтардың адал еңбек ақысын төлеу жағдайларын да заң шеңберінде
біржола реттейді. Ал заңды белінен басып, еш келісімсіз еңбек күшін жалдаған жұмыс берушіге заң 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырады. Бір сөзбен
айтқанда заң шеңберінде жұмыс істеу әрбір азаматқа тиімді. Үкімет жұмыссыздыққа жол
бермей, жұмыс уақыты кеміп қалған кәсіби қызметкерлердің табысын субсидия есбінен
толықтыруды мойнына алды.
Бұған қоса бұрын еңбек шартында кепілдіктер мен өтемақыларды, оларды төлеу тәртібі
мен сақтандыру туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс болса , қазір ондай талаптарды алынып
тастаған. Оның есесіне , қазір мүгедек адаммен еңбек шартын жасасу кезінде міндетті түрде
олардың жұмыс орнының денсаулық жағдайына байланысты жабдықталуының шарттары
көрсетілуі тиіс.
Жұмысқа қабылданудағы сынақ мерзімін белгілеуде де ерекшеліктер пайда болды.
Мәселен, осыған дейін Еңбек кодексі бойынша жалпы сынақ мерзімі 3 айдан аспауы тиіс
болатын. Ал, қазіргі еңбек заңы басшылар мен орынбасарларына бас есепшілер, филиалдар
мен өкілдіктердің басшыларына 6 айға дейінгі сынақ мерзімін тағайындау мүмкіндігін
қарастырады. Одан басқа, бұрынғы Еңбек кодексінде егер жұмысшы сынақ мерзімі кезінде
жоғары лауазымдағы жұмысқа ауыстырылатын болса, онда ол сынақтан өткен болып саналатын. Ал, қазіргі Кодекс бойынша бұндай жағдайда да сынақ мерзімі жалғаса береді.
Жаңа Еңбек кодексі бойынша жұмысшының жұмыстан босауы туралы арызды 2-3 ай
бұрын беру көзделген. Ол әрине, жұмысшыға қолайсыз болуы мүмкін. Алайда, бұл жағдай
жұмыс беруші үшін қолайлы. Өйткені, жаңа қызметкер іздеуге көп уақыты мен
мүмкіндіктері болады. Бұрын жұмысшысы өз арызын еш салдарсыз кері қайтарып ала алатын еді. Ал, қазіргі заңдылыққа сай жұмысшыда мұндай құқық жоқ. Арызды қайтарып алу
тек жұмыс берушінің рұқсатымен ғана мүмкін болады.
Бұрынғы Еңбек кодексі бойынша еңбек шарты бұзылғаннан кейін жұмыс беруші
жұмысшыға тиесілі еңбекақы мен өзгеде төлемдерді мерзімнен кешіктіріп аударатын болса,
өсімпұл (пения) төлеуге тиіс болатын. Жаңа Кодекс бойынша өсімпұл тек еңбекақыға
төленеді, одан өзге төлемдерге есептелмейді.
Нақтырақ айтар болсақ, 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы кодексінің жұмыс берушілер үшін жауапкершілік көзделген баптарына өзгерістер енгізіліп, жауапкершілік күшейтілді. Мысалы, бұрын еңбек ақыны мерзімінде төлемегені үшін жұмыс берушіге 20-100 АЕК аралығында айыппұл салынса , енді
30-150 АЕК арасында айыппұл салынатын болды. Сол сияқты, еңбек шартын жасақтамай
жұмысқа алғаны үшін жұмыс беруші бұрын 20-100 АЕК арлығында айыппұл төлесе, енді
30-150 АЕК аралығында айыппұл төлейді. Ұжымдық шарт жасасудан бас тарту мен жалтару
үшін бұрын 300 АЕК көлемінде айыппұл салынса, енді 400 АЕК айыппұл салынатын болады.
Сонымен қатар, жұмысшының еңбек демалысының уақыты бойынша да өзгерістер бар.
Бұрынғы заңда кезекті еңбек демалысынан жұмысқа кері шақыру туралы жұмыс берушінің
талабын орындаудан бас тарту еңбек тәртібін бұзу болып саналмайды деп тікелей атап
көрсетілген болатын. Қазіргі Кодекстен бұл талап алынып тасталған болатын. Тек қана,
жұмысшыны демалыстан шақырту оның жазбаша келісіммен ғана мүмкін болады деген
талап қалдырылған.
Заңға бұрын көзделмеген норма енгізілген. Кезекті еңбек демалысын бөліп алған жағдайда,
оның бір бөлігінің ұзақтығы 2 аптадан кем болмауы керек деген талап қойылған. Бұрын
қарастырылмаған тағы бір норма – жұмыс беруші шетелге тәлімгерлікке оқуға жіберген
жұмысшысына оның жұмыс орнын сақтай отырып, кезекті еңбек демалысын беруі тиіс.
Б.К.Каримова,
Жаңаарқа аудандық сотының судьясы
Кәсіпкерлерді қолдау
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Экономикалық жүйенің
кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне
айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді
қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді
құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды
жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді. Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық
қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасалуда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен
басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және олар қызмет етуде. Олар
кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік
қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері кәсіпкерлік белсенді дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды
тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуекеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі. Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік”
сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында –
тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта да
қажет. Кәсіпкерлік іскерлік белсендікке ыңғайы бар, өз күшін салатын жаңа сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі. Бірақ кез-келген бизнесменді кәсіпкер деп атауға болмайды.
Кәсіпкер деп мысалы жыл сайын бір тауарды өндіретін және бір ғана қызметті көрсететін
кәсіпорын иесін санауға болмайды. Ол кәсіпкерлік емес репродуктивті функцияларды орындайды. Күнделікте өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардың барлығын
жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-құлығы ізденуші сипатымен ерекшеленетін іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа нарықты игерумен, жаңа тауарларды
қызметтерді өндіруге көшумен т.б. өзі жеке айналысуы міндетті емес. Ең бастысы ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда, шығармашылық атмосфера жасау, сондықтан кәсіпкерлікті
шаруашылық мінез-құлықтары ретінде түсіну керек. Оған тән сипаттама:
Ең жоғары пайдаға ұмтылу;
Тәуекелге баруға дайын;
Жаңаға ұмтылу, ұйымдастыру – шаруашылық жаңашылдық.
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын жаңашылдықсыз,
шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. Өз өнімінің үнемі жаңалуынан және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүре алады.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкер – заңды немесе жеке тұлға, өз бастамасымен
барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады.
Кәсіпкерлер мен кәсіпкерліктің маңызды қасиеттері ұтқырлық, қимылға бай, бастамалық,
ізденіс болып табылады.Кәсіпкерлікке ұйқышылдық, тыныштық тоқырау жат. “Кәсіпкерлік”
атауына толық сәйкес ол жүзеге асыратын істің табысын қамтамасыз етуге бағытталған,
ойдағы мақсатқа жетуге, пайдалануға күші мен шараларын кәсіп етеді.Ол шығындардың
және пайданы жоғалтудың алдын алуды қарастырады. Осылайша кәсіпкерлік – бұл тірі,
үнемі жаңарып отыратын, тұрақты жұмыс көзі.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
мемлекеттік экономикалық саясаттың маңыздысы», - деп атап өтіп отырады. Отандық
кәсіпкерлікті қолдау жолындағы барлық бөгеттер толық жойылды деп санауға болмайды.
Қазір кәсіпкерлік сфераны жылдамдамытуға және оның қызметінің тиімділігін арттыруға
әсер ететін, механизмдер белсенді жасалуда.
Біздің ауданда да көптеген кәсіпкерлер ел игілігі үшін еңбек етіп, барша халықтың алғысына
бөленіп жүр. Олардың қатарында мына азаматтар мен азаматшаларды: Раушан Арфилова,
Серік Тойымбаев, Рабани Нүркеев, Жансұлтан Қасымбеков, Майра Жаныбекова, Даметкен
Майбасова, Нұргүл Орынбасарова, Сырлыгүл Дүйсенова, Гулшара Құсайынова, Ныгыман
Еркебай, Бексамат Тлеуханов, Александр Ромкинді жатқызуға болады. Менің бұл атаған
адамдарым кәсіпкерлікпен айналысатын аудан кәсіпкерлерінің шағын бір бөлігі ғана. Олар
кәсіпкерліктің әр түрін таңдап, өз еңбегі арқасында аудан экономикасына өз үлестерін қосып,
өз кәсіптерінің жемісін көріп жүрген тұлғалар. Таяуда ғана жарық көрген Елбасының
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстандағы 100 жаңа есім»
жобаны іске асыруды ұсынды. Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара
бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып
шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары келешек ұрпаққа
үлгі – өнеге, өмірлеріне бағдар беретін жарық шам.
Менің осы мақаламда аты аталған кәсіпкерлердің қай-қайсы болса да, Елбасы ұсынған
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енгізуге тұрарлық тұлғалар.
Сонымен, әр азамат, басқаны сынап-мінемей, өзінің рухани дүниесін байытып, ғылым, білім
қуып, жоғары сапалы еңбектенген жағдайда біздің еліміздің болашағы зор болады деп сенемін.
Ә.Әбдіразақов,
Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасының басшысы
Қазақстанда апостиль қойылған сотталмағандығы туралы
анықтаманы беру мерзімі қысқартылды
Сотталғанының бары немесе жоғы туралы анықтама беру мерзімі бүгінгі күннен бастап
қазақстандықтар үшін 22 күннен 8 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Композиттік қызметті
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесе отырып, іске қосты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуы бойынша, бұл пилоттық жоба шетелге шығуға сотталмағандығы
туралы апостиль қойылған анықтама қажет болған қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін
іске қосылған. «Бұрын азамат сотталғанының бары немесе жоғы туралы апостиль қойылған
анықтама алу үшін ХҚКО-ға екі мәрте баратын еді. Бастапқыда - сотталмағандығы туралы
анықтама алу үшін, мұны күтуге 5 жұмыс күні кететін, одан кейін - апостиль қойғызу үшін,
оны әзірлеу мерзімі күнтізбелік 17 күнді құрайтын. Осының барлығына шамамен 22 жұмыс
күні кететін. Қазіргі кезде азамат апостиль мөртабаны қойғызылған, сотталмағандығы туралы анықтама алуға бір өтініш береді, ал осы қызметті көрсету мерзімі сегіз жұмыс күніне
дейін қысқартылды»,- деді А. Оспанов. Композиттік қызметті алу үшін азамат жеке басын
куәландыратын құжатты (немесе клиенттің мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде - нотариалды куәландырылған сенімхат), мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртекті
ұсынуы, сонымен бірге ХҚКО-да өтінішті толтыруы тиіс. Халықаралық талаптарға сәйкес
апостиль мөртабаны қойылған, соттылығының бары немесе жоғы туралы қағаз
нысанындағы анықтама мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесі болып табылады.
хҚКО-ның Жаңаарқа аудандық бөлімі
6
13 мамыр 2017 жыл
Әке болуды сот тәртібімен анықтау және әке (ана) болуды даулау
Қазақстан Республикасының Конституциясының 27- бабына
сәйкес, неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің
қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және
оларды тәрбиелеу - ата-ананың тікелей құқығы әрі міндеті
болып табылады.
Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, бала туылған
бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның
есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ
мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың
қамқорлығына ие болуға құқылы.
Баланың туған тегін анықтау, балалардың құқықтары мен
мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері «Неке (ерлізайыптылық)
және
отбасы
туралы»
Қазақстан
Республикасының кодексімен (бұдан әрі - Кодекс) белгіленіп
реттеледі.
Әкелікті анықтау туралы мәселелерді және әкелікті тану
фактісін реттейтін құқықтық нормаларды қолдану бойынша
түсіндірмелер «Әкелікті тану туралы істер және әкелікті тану
фактісі бойынша сот тәжірибесі туралы» 1971 жылғы 30
қыркүйектегі № 7 Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының Нормативтік қаулысында берілген.
Әке болуды сот тәртібімен анықтау және әке (ана) болуды
даулау туралы азаматтық істерді қарау Кодекстің 48,51-баптарына сәйкес соттарға тиесілі.
Кодекстің 48-бабына сай, бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын
(ерлі-зайыпты емес) ата-аналардан бала туған жағдайда және
ата-аналарының бiрлескен өтініші немесе баланың әкесiнiң
өтініші болмаған кезде баланың нақты адамнан туу тегi
(әкесі) ата-аналарының бiреуiнiң, бала қорғаншысының немесе қамқоршысының өтініші бойынша немесе баланы асырап отырған адамның өтініші бойынша, сондай-ақ бала
кәмелетке толған соң оның өз өтініші бойынша сот тәртiбiмен
анықталады. Бұл ретте сот баланың нақты адамнан туу тегiн
дәйекті түрде растайтын айғақтарды назарға алады.
Кодекстің 51-бабына сәйкес, туу туралы актілер жазбалары
кiтабына ата-аналардың жазуы баланың әкесi немесе анасы
ретiнде жазылған адамның, iс жүзiнде баланың әкесi немесе
анасы болып табылатын адамның, бала кәмелетке толған соң
оның
өзiнiң,
баланың
қорғаншысының
немесе
қамқоршысының, сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған ата-ана
қорғаншысының талап етуi бойынша тек қана сот тәртiбiмен
даулануы мүмкiн.Баланың әкесінің өтініші бойынша немесе
әке болудың күшін жою туралы сот шешіміне сәйкес әке мен
ананың бірлескен өтініші негiзiнде баланың әкесi болып
жазылған адамның талабы, егер жазу кезiнде бұл адамға
өзінің іс жүзінде баланың әкесi емес екендiгi белгілі болса,
мұндай талап қанағаттандырылмауы тиіс. Егер баланың тууы
туралы акті жазбасында баланың анасының жұбайы немесе
бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып көрсетілсе, сот туу туралы актілер жазбасынан баланың әкесі туралы мәліметтерді
алып тастау туралы мәселені шешкенге дейін тіркеуші орган
әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеуден жазбаша түрде
бас тартуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен қосалқы репродуктивтік әдістер мен
технологияларды қолдануға жазбаша түрде келiсiм берген
адамдардың әке (ана) болуды даулау кезiнде осы мәнжайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Басқа әйелге эмбрионды ауыстырып салуға келiсiм берген адамдардың,
сондай-ақ суррогат ананың ана және әке болуды даулау кезiнде осы мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ болып
табылады.
Сот әке болуды даулау туралы талапты қараған кезде тараптар ұсынған дәлелдемелерге назар аудара отырып, осы
баланың жауапкерден туылғандығын анықтауы тиіс.
Баланың туу тегімен байланысты мәселелерді шешу
қажеттігі жағдайында, сот іс бойынша жайттарды ескере отырып сот-медициналық сараптамасын тағайындай алады.
Соттар, әдетте, сараптамалардың әртүрлі түрлерін, оның
ішінде қанның сот-биологиялық сараптамасын да тағайындай
отырып, осы мүмкіндікті пайдаланады. Аталған сараптама
жуық уақытқа дейін әкелікті болдырмайтын, бірақ оны растамайтын жайттарды ғана көрсете алды. Қазіргі уақытта қан
сараптамасы геномды немесе генетикалық дактилоскопия
әдісімен жүргізілуі мүмкін. Бұл әдіс жауапкердің әкелігін
анықтауға, яғни, оның 99,999 пайыз нәтижелерінің сенімділігімен баланың биологиялық әкесі болып табылады ма деген
Кодекс судейской этики- ответ судейского
корпуса на ожидания общества
За истекший период после проведения VI съезда судей в стране создана эффективная судебная система, проведен ряд существенных реформ по совершенствованию судоустройства и судопроизводства, которые благоприятно повлияли на уровень отправления
правосудия в стране.
Все эти перемены потребовали обновления и совершенствования Кодекса судейской этики.
В целях реализации «Плана нации- 100 конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ» Главы государства Н.Назарбаева, 21 ноября 2016 года на V11 Внеочередном Съезде Судей Республики Казахстан был принят Новый Кодекс судейской этики.
Принятие Нового Кодекса- это веление времени.
В Новом кодексе учтены все требования сегодняшнего времени. Принципы и правила, установленные в Кодексе обязательны для всех без исключения судей, независимо от занимаемых должностей, а также для судей , пребывающих в отставке.
Соблюдение кодекса судейской этики - это внутреннее убеждение судьи, правило жизни.
Оно способствует укреплению доверия общества к существующей системе. Придает уверенность в том, что правосудие осуществляется компетентно, независимо, беспристрастно
и справедливо.
Принятый Новый Кодекс судейской этики содержит очень много нововведений. Он состоит
из 15 статей.
Так, статьей 4 Кодекса впервые введено понятие «не процессуального контакта».
Известное значение для реализации принципа беспристрастности судьи имеет и его поведение до начала судебного заседания, в перерывах и после суда, совершенно очевидно, что
следует соблюдать такие правила: избегать в это время общения с другими участниками
процесса, не вступать в разговоры со свидетелями, потерпевшими, родственниками подсудимого, тем более уединиться с ними, не показывать близкого знакомства с обвинителем,
защитником и т.д.
Статьей 7 Нового Кодекса предусмотрено , что судье следует воздерживаться от демонстрации своих религиозных убеждений. Действительно, должность судьи несовместима с пропагандой религии. Суд и религия существуют раздельно. В то же время это не должно
пониматься как ограничение права судьи на свободу вероисповедания.
Что касается сферы взаимоотношений судей с прессой. В статье 8 Кодекса сказано, что судьи
должны практиковать взаимодействие со СМИ и объяснять, почему приняли то или иное
решение, чтобы все решения были понятны обществу.
Вторая часть касается правил поведения судей. Предыдущий кодекс был принят 20 лет
назад. В новом- учтены все новые веяния и тенденции, внедрены международные стандарты.
Речь идет в том числе о том, как судья должен себя вести, когда возникает конфликт интересов.
Таким образом, все те моменты, которые раньше не были внесены, теперь получили свое
отражение в новом Кодексе судейской этики.
Независимая и достойная уважения судебная власть является жизненным важным условием
справедливого общества.
В целом, принятие Нового кодекса повысит доверие общества к судебной ветви власти и
повысит имидж судебной системы.
А.О.Баубеков,
Судья Жанааркинского районного суда
сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді.
Соттарға баланың оның анасымен некеде тұратын әкесі баланы өзінің атына тіркеуден бас тартатын кездегі
жағдайларда қарауына жатпайды, себебі, Кодекстің 47бабының 2-тармағына сәйкес бір-бірімен некеде тұратын
(ерлі-зайыпты) адамдардан туған баланың туу тегі атаанасының некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы
куәлігімен расталады, ал туу жазбалары кітабында тіркеу
неке туралы куәлік негізінде олардың кез келгенінің өтініші
бойынша жүргізіледі.
Жасалған жазбамен мүдделі тұлға келіспейтін кезде
азаматтық хал актілерін жазу органдарының әкелікті дұрыс
толтырмау жазбаларын заңсыз деп тану туралы талапарызбен
сотқа жүгіне алады.
Соттар әке болуды даулау туралы талап арыздарды қараған
кезде, әдетте, қорытындысын іс бойынша жинақталған
барлық басқа да дәлелдемелермен жиынтықтап бағалайтын,
іс бойынша молекулярлық-генетикалық сараптаманы барлық
жағдайларда тағайындайды.
Іс үшін маңызы болатын жайттар арнайы ғылыми білімдер
негізінде сарапшы өткізетін оның объектілерін зерттеу
нәтижесінде анықталуы мүмкін кезде әке болуды даулау туралы мәлімделген талапарыздардың ерекшелігін ескере отырып, баланың нақты тұлғадан туғандығын анықтау
тұрғысынан әрбір іс бойынша молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындау үшін барлық шараларды қабылдау қажет,
бұл ретте іс бойынша жинақталған басқа да дәлелдемелермен
жиынтықта сарапшының қорытындысын бағалауға берілетіндігі сөзсіз.
Жоғарыда баяндалғандардан, соттың ана мен әке және
баланың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде маңызды
рөл атқаратыны көрінеді.
К.Д.Алпысова,
Жаңаарқа аудандық сотының
бас маманы
Ауданымыздағы «Өндірістік кооперативтердің»
кәсіптеріне нәсіп болсын!
Кооперативтерді құру бастамасында Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасының,
Кәсіпкерлер палатасының және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің жүргізген түсіндірме
жұмыстары негізінде қазіргі уақытта ҚР «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы»
Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданы бойынша кент және ауылдық округтерді қосқанда 9 кооператив құрылды.
Ауданға қарасты 12 ауылдық округ, 2 кент болғандықтан тұрғындардың басым бөлігі ауыл
шаруашылығымен айналысады. Әрине, шаруа қожалықтарының кооперативтерге бірігуі
қазіргі таңда маңызды қадам. Өйткені, қазіргі кез жұмыла еңбек ететіндердің заманына айналуда. Осыған орай, Жаңаарқа ауданында кооперативтер құру жөнінде белсенді жұмыс
жалғасын табуда. Жаңа заңда ет пен сүт қызметімен айналысатын кооперативтерге өнімдерін
субсидиялау бағдарламалары қарастырылған. Өз кезегінде кәсіпкерлер де біріккен ұсақ
шаруа қожалықтарына мемлекеттік техникаларға, тыңайтқыштарға және несиелер алуға
жеңілдіктер жасалуда.
Осы, ҚР «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңын түсіндіру мақсатында, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары, сонымен бірге жеке қосалқы шаруашылықтар басшыларымен аудан- ауылдарда бірнеше рет кездесулер өткізілді. Кәсіпкерлер палатасының
аудандық филиалы
мен ауылдық округтері әкімдерімен бірлесе отырып, ауыл
шаруашылығы саласында тәжірибесі мол әрі Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтер
қызметін басқаруға қабілетті, әрі белсенді шаруаларды тарту мақсатымен іздестіруде.
Ал, аудандық Әділет басқармасының қызметкерлері өз қызметтеріне сәйкес ХҚКО-мен бірлесіп ауданымыздағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін тіркеу кезінде қажет
деген түсіндіру жұмыстарын көрсету қызметін атқаруда. Аталмыш кооперативтердің
атауларының заң талабына сәйкес болмауы себепті 4 кооператив әділет басқармасынан қайта
тіркеуден өтіп, қайта тіркеуден өтпеген 5 кооператив өкілдеріне заңға сәйкестендіру барысын жеделдету түсіндірілді. Сондықтан, жаңадан құру үстіндегі кооперативтердің заң талаптарын толықтай орындаулары үшін уәкілетті органдарға жүгіне отырып мемлекеттік
тіркеу рәсімін жалғастыруларына кеңес береміз.
С.Мырзакей,
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының
инспекторы
Көңіл айту
Аудандық білім бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Ю.Гагарин
атындағы орта мектебінің ұжымы осы мектептің ұстазы, Чернобыль апатын жоюға
қатысқан
Қаппаров Қуаттың
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның ата-анасына, отбасына, туғантуысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
**** **** ****
Аудандық білім бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және О.Әлібаев
атындағы орта мектебінің ұжымы осы мектептің директоры Алин Досбол Ғалымұлына
аяулы әжесінің
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
7
13 мамыр 2017 жыл
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тумасы, туғандарына қимас бауыр, балалары үшін абзал әке Нұрхан Қожахметұлының бақилық
болғанына сәуірдің 25-ші жұлдызында 15 жыл болды. Арыстандай төрт ұл, жауқазындай бір қыз тәрбиелеп өсірген
асыл әкеміздің мейірімін, ыстық алақанын мәңгі
ұмытпаймыз.
Әкешім алып нардай туған бөлек,
Тамырын терең жайған биік терек.
Болсаңыз ортамызда өмір басқа,
Бірақ сізді қылған екен Алла керек.
Отырған орыныңыз қалды босап,
Сағынумен жылдар өтті қарап тұрсақ.
Жасаған игі істерге сан жетпейді,
Өкінішті! Келмейсіз-ау, жолың тоссақ.
Халқына еңбек еткен, аянбаған,
Қызметін құрмет тұтқан- Асыл әке.
Бала үшін бауыр етін жұлып берер,
Көлеңкеңе зар болдық- Батыр әке.
Он бес жыл сіз кеткелі ортамыздан,
Кімдер кетті, кімдер келді арамызға?
Сіз көрмеген шөберені Анам көріп,
Тәубе қылып отырмыз Алламызға.
Рухыңызға тағзым етіп көз көргендер,
Жиналады қол жаюға немерелер.
Немереден қалыспай алақанын,
Жаяды сіз көрмеген шөберелер.
Ас береді еліңізге балаларың,
Қабыл болсын дұғалары даралардың.
Туған-туыс жиналып еске алады,
Нұрхандай абзал әке, дана жанды.
Еске алушылар: жұбайы-Айша, балалары, немере-шөберелері
ЕсКЕ алу
Алла –ұлық! Сол себепті де Алланың ісіне шара жоқ.
Біздің отбасымызда былтырғы жылы тағы орын алды.
Анамыздың дүниеден өткеніне екі жыл екі ай толғанда
асқар тау әкеміз де анамыздың соңынан кете барды.
Жаңаарқа жұртшылығы Файзеке, ағайын –туғандары
Байзікен деп еркелете атайтын, немерелерінің сүйікті
атасы болған Файзрахман Тұрсынұлының бұл
фәнимен қоштасқанына жылдың жүзі болып қалыпты.
Көкірегі қазына, көрген-білгені көп, кең жүректі, парасатты, еңбекқор жан әкемізбен қалай мақтансақ та артық емес сияқты. Алтын анамыз екеуі
жиын-тойдың, ортаның сәні еді. Әрқашан бірін-бірі толықтырып, сері көңілдерімен, тамаша әзілдерімен, әуелете шырқайтын «Бүлдіргенімен» барша жұрттың есінде қалары
сөзсіз. «Жақсы әке балаға қырық жыл азық»,- деген қазақта жақсы сөз бар. Бүгінде әкешешелерімізбен бірге жүрген жолдастары, сыйласқан азаматтары, ауыл ақсақалдары, көз
көргендер бауырларына басып, бізбен бірге мұңайып, еске алып, жақсылықтарын, өнегелі
өмірлерін тарих қып айтып отырады, жас болсақ та бізді (балаларын) құрметтеп жатады.
Сол себепті де әке-шешемізден алған тәлім-тәрбиені ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып,
жақсы аттарын кірлетпеуге күш саламыз. Өздеріңіз берген өмір сабақтары жадымызда
мәңгілікке жатталып, сақталады - асқар тау-Әке, аяулы –Ана!
Еске алушылар: Файзеке мен Алтеке ұрпақтары.
Ағайын-туыс, құда –жекжат, жора-жолдастарды, көзкөрген жамағатты әкеміздің
қайтыс болғанына 1 жыл толуына орай мамыр айының 20-сы күні сағ 13-00 де «Диас»
тойханасында берілетін асқа шақырамыз.
ЕсКЕ алу
Асыл ағамыз Файзрахман Тұрсыновтың өмірден озғанына әлі сене
алмай жүрміз. Кең жүректі, жомарт пейілді, байсалды, парасатты,
еңбекқор, адал мінезді ағамыз арамыздан алыс сапарға аттанғанына
1 жылға жуықтаса да көңіл шіркін қияр емес. Оның риясыз күлкісі,
бауырмалдығы, өзгеге деген жанашырлығы, көңілденгенде салар әні
«Бүлдіргені» естен кетер емес. Адам баласының өмірдегі мақсатміндеті – отбасын құрып, бала сүю, оларды бағып-қағып қоғамда өз
орындарын адаспай табуға тәлімді тәрбие беру. Ғибратты ғұмыр
кешкен Файзекең бұл парызды толығымен өтеді. Алтын
жеңгемізбен екеуі ұл-қыздарына өнегелі тәрбие беріп, жоғары білім
алуына жағдай жасап, олардың бойларына имандылық пен ізеттілік,
адамгершілік қасиеттерін қалыптасырды. Файзекеңнің достарына
деген көңілі тау бұлағындай тұнық еді. Жанында жүрген жандарды туған бауырындай
жақын ететін ізгі қасиеті бар болатын. Керек кезінде әрқайсысына қол ұшын беріп, бастарына қиын жағдай туғанда қасынан табылатын. Әр досын, туысын өзінше жақсы көріп,
сыйлап, құрметтейтін. Бір сөзбен айтқанда, көкірегі қазына, көрген-білгені көп, шын
мәнінде ақылшымыз еді. Файзеке, бүгінге дейін бізбен бірге болу сіздің пешенеңізге жазбады. Өкініш өзекті өртегенімен, өмірдің заңын өзгерткен пенде жоқ. Енді өзіңізбен бірге
өткен күндердің ұмтылмас сәттері, жарқын бейнеңіз сағыныш болып жүрегімізді толғайды.
Сіздің жаймашуақ жаздай жайдарлы жан дүниеңіз, жылы жүзіңіз көз алдымыздан кетсе
де, көңілімізде мәңгі сақталады. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын.
Жаныңыз жұмақта шалқысын.
Сағына еске алушылар: достары-Малдыбай, Шәлен-Айнагүл
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, еңбек ардагері, арқа сүйер азамат
Тұрсынов Файзрахман дүниеден өткеніне 20-мамырда 1 жыл толады. Адал еңбегімен, биік адамгершілік қасиеттерімен елге сыйлы,
жүрген жерінде беделді болды. Файзекең 1969-1973 жылдары ПМК1105 Қарағандысельстройда есепші, 1975-1987 жылдары
ауданаралық құрылыс жөндеу бөлімшесінде басшы, 1988-1990 жылдары ПМК-77 есепші, 1990-1995 жылдары АТП-да есепші, 1996-2000
жылдары шаруа қожалығында есепші қызметтерін атқарды. 2000
жылдан бастап 2013 жылға дейін аудандық мұрағаттың басшысы
қызметін атқарды.Ардақты азаматты еске алып бір Алладан иман
тілеп, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын деп, аруағына дұға
бағыштаймыз. Қош, аяулы азамат.
Еске алушылар: Айдос-Назым, Ғалия, Ғайша, Гүлім, Қайыржан, Өркен, Адина,
Думан, Айнагүл
ЕсКЕ алу
Асыл жар, ардақты да аяулы әке, немере-жиендерінің сүйікті атасы,
асқар таудай аяулы әкеміз Мұқышев ислам (Шет ауданы, Еркіндік
ауылының тумасы) тірі болса биыл 15 -мамырда 70 жасқа толар еді.
Әкеміз Целиноград қаласындағы CХИ институтын бітіріп Әлихан,
Босаға, Ағадыр, Көктіңкөл, Ақтайлақ елді мекендерінде бас агроном болып қызмет атқарған. Өзіне жүктелген жұмыстарды абыроймен атқарып, егін шаруашылығын көтеруге атсалысып, түрлі
көкөністі өсіріп, мол табысқа кенелуге ықпал етті. Кейін «Үміт»
шаруа қожалығын ашып, оның өркендеуіне бар күш жігерін
жұмсады. Аяулы жары Жұмабике анамыз екеуі 5 бала сүйіп,
олардың жоғары білім алып, білікті маман болуына қамқорлық танытты. Ұлын ұяға,
қызын қияға қондырып 17 немере сүйген әкеміз жаратылысынан жаны жайсан, саналы
ғұмырын адалдық пен әділдік үшін арнаған жан. Ата-бабадан келе жатқан ұлттық
құндылықтарымыз салт-дәстүріміздің негізін жоғалтпауға атсалысып, кешегі Ахмет
Яссауи, Абай, Шәкәрім, ұстанған діни көзқарасты замандастарына насихаттауды өзінің
азаматтық парызы деп санады. Қолынан кітап түспей, оқудан жалықпаған, бес уақыт
намазын қаза етпей, оразасын ұстаған әкеміздің жаққан шырағын Алла ешқашан
сөндірмесін. Иманыңыз жолдас болып, жатқан жеріңіз жайлы, қабіріңіз нұрға толсын.
Жолыңызға қарауменен жанар талды,
Жаратқан өзіне алды, өмір заңы.
Сағынып еске аламыз жан әкетай,
Жасытты жоқтығыңыз қинап жанды.
Нұр жүзіңді көрмедік әке көптен,
Біздер үшін тер төгіп, еңбек еткен.
Ұл-қызың, жапырағың жайқалуда,
Өмірге ұрпақ етіп, өзің сепкен.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Жұмабике, балалары Жанагүл-Әуез, Ерғалы-Сымбат, Назгүл-Өркен, Нұрғалы-Балғын, Динара-Еркелді, бауырлары, немерелері
ЕсКЕ алу
Ауданымызға қарасты Сәкен ауылының тұрғыны болған қимас бауыр,
ардақты әке Әбдікенов Берікбай Әбдікенұлынің арамыздан алыстап
бақилық болғанына мамыр айының 11-і күні 20 жыл толып отыр.
Егерде ардақты азаматымыз тірі болғанда 5-қазан күні 61 жасқа толар
еді. Небары 41 жас жасап, өмірден 1997 жылы озған аптал азаматты
сағынышпен еске аламыз. Ізетті іні, ардақты аға, қамқор әке болған
Берікбайдың нұрлы жүзі, сабырлы кейпі біздің мәңгі жадымызда.
Көрмей күннің ертеңін атарында,
Жоқсың бүгін тірілер қатарында.
Бізді тастап әкетай кете бардың
Оралмайтын бабалар сапарына.
Ұмтылмайды әке деген ер есім,
Сағынумен тағдырыңа көнесің.
Қараңғыдан қорқытпасын жаратқан,
Тербесінші енді жердей бесігің.
Сағына еске алушылар: бауырлары Балтагүл-Шайзада, Үмбігүлсім-Ермек, ОразкүлЖанат, Назым-Әбілда, балалары Бауыржан-Әлия, Айжан-Асыл, Гүлжан, немерелеріІңкәр, Рәзия, Дияр, Данияр, Ділназ туған-туысқандары, жиендері
ЕсКЕ
алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, ата-анасының ардақты ұлы, бауырларына жаны жомарт бауыр, жұбайына арқа сүйер жар,
балаларының ардақты әкесі, ал біздер үшін қымбатты да қадірлі
әріптес, жолдас бола білген Жақаев Серік Әбүйірұлының арамыздан алыстап, бақиға аттанғанына 18-мамыр күні 1 жыл толады.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырында үлкен жүректігімен өшпес
із қалдырған аптал азаматтың жаны жәннатта болып, топырағы
торқа болуына тілекшіміз.
Жан едің жаны жайсаң, ақылға бай,
Келбетің келісетін, кескінге сай.
Әулеттің арқа сүйер айбыны едің,
Айрылдық бір өзіңнен капияда-ай.
Түсінер асыл едің адам жанын,
Жете ме құлағыңа аңсар зарым.
Жаратқан өзі сүйген құлын алды,
Алла енді аман етсін қалғандарын.
Сағына еске алушылар: жолдастары – Өмірзақ, Бақытжан, Мұрат
ЕсКЕ алу
Жезқазған қаласының тұрғыны, Жаңаарқа ауданының тумасы, сүйікті
ұл, асқар таудай әке, асыл жар болған Рымқажы немересі
Жасұлан Ержанұлы Ахпановтың небары 27 жасында қайтпас
сапарға аттанғанына 19-мамыр күні 40 күн толып отыр. Өмірден
алғанынан көріп алары көп азаматтың орындалмаған армандары,
алынбаған асулары қалды. Жалт етіп жоқ болған жарық жұлдыздай
маңайына жылуын шаша ғайып болған асыл жанның асқақ тұлғасы
мәңгі жадымызда.
Таусылып ғайып кезде татар дәмі,
Таңдарың көп емес пе еді атар әлі.
Жалт етіп жоқ болдың ғой сағымға ұқсап,
Өмірдің таусылғандай сенсіз сәні.
Тағдырдың дауа бар ма шешіміне,
Кір келтірмей кетің –ау есіміңе.
Иманың жолдас болып, жайың нұрлы,
Тербелсін жаның жәннат бесігінде
Еске алушылар: анасы –Алмагүл, жұбайы –Ұлболсын, баласы-Ернар
19-мамыр күні сағат 13.00- де «Сұлтан» мейрамханасында ардақты азаматымыздың
қайтқанына 40 күн толуына байланысты ас беріліп, құран бағышталады
«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен және
міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін
оларға құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету
Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы 1-тармағы және
Мүгедектердi оңалтудың кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005
жылғы 20 шілдедегі № 754 Қаулысы бойынша Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті
құжаттар тізбесі сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтініш;
1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын
құжат; 2) кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;
3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме; 4) Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектері үшін – белгіленген үлгідегі куәлік; 5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін –
жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі; 6) бірінші, екінші, үшінші
топтағы мүгедектер үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі; 7) жұмыс беруші-дара
кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда жұмыс берушінің
кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметін тоқтатқаны немесе
заңды тұлға таратылғаны туралы құжат; тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 1)көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын
куәландыратын құжат; 2) кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу
туралы куәлігі; 3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме; 4) жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда жұмыс
берушінің кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер
үшін – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметін тоқтатқаны
немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат; міндетті гигиеналық құралдармен
қамтамасыз ету бойынша:1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға
сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе
заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат; 3) кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек
балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі; 4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан
үзінді көшірме; 5) жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға
таратылған жағдайларда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік
ауруға шалдыққан мүгедектер үшін – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс берушідара кәсіпкер қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат; 6)
мүгедектігі туралы анықтама. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және
көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті
алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін
қызметті беруші тіркелген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні,
құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап
етпейтін сенімхат негізінде өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты Тәуелсіздік көшесі 5 үйде
орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен білуге болады, байланыс телефоны 50005, Накипова Гулимай Далбаевна.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі ММ
Сатылады
Жеңіл көлік түрлеріне арналған АВТОЖАБУ сатылады.
Көлігіңізді ыстықтан, суықтан және ауа райының
қолайсыз жағдайларынан (жаңбыр, жел, қар т.б.)
қорғайды. Тел.:8 775 104 09 29
*** *** ***
Продаем ТЕНТЫ для легковых автомобилей. Тент защитит ваш автомобиль от холода и жары, а также от других погодных явлений (дождь, ветер, снег и т.д. )
Тел.: 8 775 104 09 29
Ат спорты жаңалықтары
Құттықтаймыз!!!
Қамқор бала, адал жар, сүйікті әке Шубаев Ерболат Берікұлын
мамырдың 17-сі күні ат жалын тартып, қамал бұзатын 40 жасқа
келген туған күнімен құттықтаймыз. Игі істеріңнің қашан да
оңға басуына, әр қадамыңның қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңның арта беруіне тілектеспіз. Аспаның ашық
жүзің жарқын, отбасың берекелі, әр күнің мерекелі болсын!
Ерболат, құтты болсын қырығыңыз,
40-тың бақшасында қыдырыңыз.
Берері аз болмасын бес күн жалған,
Алқызыл гүлдей болсын ғұмырыңыз.
Елу мен алпыста да нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың.
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта
Немере-шөберелі шал болғайсың.
Тілек білдірушілер: анасы Шолпан, жары Саягүл, балалары Сағындық, Саян
ЭТиЛ СПиРТІ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АЛКОГОЛь ӨНІМІН ӨНДІРУ,ӨНІМІН
КӨТЕРМЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БӨЛШЕК САУДАДААЛКОГОЛь ӨТКІЗУ
ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ
РЕТІНДЕ ТІРКЕЛГЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА
Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларына сәйкес Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін алушылар (этиль
спиртін медициналық және техникалық мұқтаждықтарға алушылардан басқа) тауарды
алғаннан кейін жеткізушімен ІЖҚ рәсімделген күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн
ішінде ІЖҚ алуды электрондық түрде растайды немесе растаудан бас тартады.Уақытында
расталмаған жағдайда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің 282 бабының 1 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға – жиырма,шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
*** *** ***
Получатели этилового спирта и (или) алкогольной продукции (за исключением получателей
этилового спирта на медицинские и технические нужды) после получения товара подтверждают или отклоняют получение СНА и товара в электронном виде в течение двадцати пяти
календарных дней с даты оформления СНА поставщиком. В случае не своевременного подтверждения согласно 1-го пункта 282 статьи Кодекса РК об административных правонарушениях, влекут штраф на физических лиц в размере двадцати, на субъектов малого
предпринимательства - в размере тридцати пяти, на субъектов среднего предпринимательства - в размере семидесяти, на субъектов крупного предпринимательства - в размере ста
месячных расчетных показателей.
ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН БӨЛШЕК САУДАДА ӨТКІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ
АСЫРАТЫН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА
Темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға алушы болып танылатын
жағдайын қоспағанда, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеген күннен бастап
күнтізбелік жиырма бес күн ішінде темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды алушылар темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде растайды немесе растаудан бас
тартады.
*** *** ***
Сопроводительные накладные на табачные изделия представляются получателями осуществляющими розничную реализацию табачных изделий в электронном виде путем подтверждения получения сопроводительных накладных на табачные изделия получатели
подтверждают или отклоняют в программе в течение двадцати пяти календарных дней с
даты оформления.
Анықтама үшін мемлекеттік кірістер басқармасының СТЖ бөлімі (206 кабинет), байланыс телефоны 2-60-76.
Шаруа қожалықтарының НАЗАРЫНА
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бойынша шаруашылықтардан өтінімдер
2017 жылдың мамыр мен маусым айлары аралығында қабылданады.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
2017 жылдың мамыр айының 1 күні Бұқар жырау ауданының «Құрылыс»
елді
мекенінде
к ө к п а р ,
аударыспақ атспортынан өткен
облыстық
чемпионатында
Ж а ң а а р қ а
ауданының
құрама командасы
аударыспақтан бірінші,
көкпар
ойынынан
3орынға ие болды.
Аударыспақтан өз
салмақ өлшемдері
бойынша ұлттық
спорттан спорт шеберлігіне үміткерлер Нұрғалиев Марғұлан 1- орын,
Жүсіпов Жанбота 2-орын, Қыдырбай Нұрдаулет 2- орын, Шалғынбаев
Ербол 2 -орын, Рахметов Дархан 3 -орын алды. Жаңаарқа ауданының командасы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының
кубогімен және мадақтама қағазымен марапатталды. Жаңаарқа ауданының
ұлттық ат спорты құрама командасын жеңісімен құттықтаймыз.
Жаңаарқа ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК иЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИиК KZ889261201186721004, БиН 010340002761, БиК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1453 дана
Тапсырыс №21
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
49
Размер файла
21 131 Кб
Теги
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа