close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Алға қойылған міндеттер толастамайды
Табысты өткен екі жаңғырудың нәтижесінде
қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан күннен-күнге алға
батыл қадам басып, “Үшінші жаңғыртуға” да
табан тіреді.
«Бұл жаңғыру - қазіргі жаһандық сынқатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа,
«Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» - деген
еді Мемлекет басшысы осы Жолдауында. Осы
жаңғырудың аясында бастысы - баршамызға ортақ
ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауға, әлемдік қиындықтарды болжап
қана қоймай, ықтимал өзгерістерден де мемлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыруға
бағытталған бес нақты басымдықты белгілегендігі мәлім.
Алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға толастар емес, керісінше, артуда.
Бұл дегеніміз, бізде бұрынғыдан да табыстырақ алға басуымыз үшін барлық негіз бар, тек
ол үшін Елбасымыз жариялаған жаңа стратегиялық реформаларды жүзеге асыруға баршамыз жұдырықтай жұмылып, аянбай еңбек етуіміз керек. Сол кезде ғана алдағы асулар мен
белестерді бағындыратындығымыз, алдымызға қойған межеге жететіндігіміз сөзсіз.
Ә.Аяшева,
№132 ЖОББМ мұғалімі
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
Атасу кенті
№13/111
07 маусым 2017 жыл
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы №10/84 «Жаңаарқа
аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2017 жылғы 03
шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4292 болып
тіркелді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан
Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызметі туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы №10/84 «Жаңаарқа
аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4189 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 сәуірдегі №14 (9803)
«Жаңаарқа» газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 10 сәуірде жарияланған) келесі
өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңаарқа аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінің 17-тармағы жаңа
редакцияда мазмұндалсын:
«17. Көтермелеу баллдары осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес көтермеленетін қызмет
түрлеріне балл шәкілдері бойынша (бұдан әрі – балл шәкілдері) көрсетілген қызмет түрлері
үшін қойылады.»;
18-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«18. Көтермеленетін қызмет түрлері "+1"-ден "+5"-ке дейінгі бес деңгейлік шәкіл бойынша
бөлінеді. Бұл ретте, көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлерінің санына Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіруі мүмкін.
Әр көтермеленетін қызмет түрі үшін «Б» корпусының қызметшісіне тікелей басшысымен
балл шәкілдері бойынша балл беріледі.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
ХІІІ сессиясының төрағасы
Ө.Айтжанов
Аудандық мәслихат хатшысы
Қ.А.Имантүсіпов
Астана ЭКСПО-болашақтың қаласы!
Бидайық ауылдық Үлгілі кітапханасында, Астана қаласының
19 жылдық мерейтойына және де елімізде өтіп жатқан
«ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесіне орай, «Астана ЭКСПОболашақтың қаласы» атты мерекелік кеш болып өтті. Кешті
ауыл әкімі С.А.Баязитов құттықтау сөзімен ашып берді. Кітапханашы Ж.Қозыбаева бұрынғы Ақмола мен кәзіргі Астана туралы «Болашақтың қаласы» атты баяндама оқыды. Мектеп
оқушылары өздері шығарған Астана туралы өлендерін оқып, би
билеп, сурет салды. Кітапханашылардың ұйымдастыруымен
өткен кеш, кітап көрме өте тартымды, көнілді өтті. Аталмыш кешке әкімшілік аппараты,
мәдениет үйінің қызметкерлері, тұрақты оқырмандар қатысып ұйымдастырушыларға
ризашылықтарын білдірді.
Н.Ақшолақова, кітапханашы
№29 (9818), 15 шілде, 2017 жыл
«Ұлы адам туралы ұлағатты кітаптың»
тұсауы кесілді
Астанадағы Оқушылар сарайында Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Ұлы адам туралы
ұлағатты кітап» атты жаңа туындының
тұсаукесері өтті. Оған мемлекет және қоғам
қайраткерлері, танымал қаламгерлер, оқушылар
мен ата-аналар қатысты. Кітап авторы, Ресей
Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет
қайраткері, тарихшы, жазушы, публицист Николай Зенькович тұсаукесер барысында кітапты
шығару идеясы мен Елбасының өміріндегі сюжеттік желіге арқау болған негізгі оқиғалар туралы баяндады. Танымал тұлғалар туралы жазылған 60-тан астам кітаптың авторы Николай
Александрович өз тізіміне Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы болып енгенін айтты. «Мен
бұл кітапты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейiн жаза бастадым. Содан бері Нұрсұлтан
Назарбаев туралы оғаш пікір айтылғанын естіген емеспін. Қоғамдық пікір деген осы.
Нұрсұлтан Назарбаев туралы қоғам ойының өзгергенін де көрмедім. Ол халқының, ал халқы
Мемлекет басшысының қадірін біледі. Бұл кітап 12 жастан асқан оқырмандарға арналған.
Басты идеясы – қол қусырып отырсаң, ешқашан ұлы тұлға бола алмайсың», дейді автор.
Қаламгердің айтуынша, кітапта суреттелген Елбасының жалынды өмірі оқырманды өзіне
еріксіз баурап алады. «Нұрсұлтан Назарбаев тарих үшін маңызды оқиғалардың басықасында жүріп қана қоймай, қиын кездері жағдайды өз қолына ала білді. Бұл үшін ерлік,
білім және тәжірибе керек. Ең бастысы – Отан үшін еңбектену. Президенттің өмірі Отанымен, халқымен бірге өрбіді. Соның арқасында оны тек Қазақстанда емес, шетелде де ерекше
бағалайды», дей келе, кітап авторы жастар Н.Назарбаевқа ұқсаса деген тілегін айтты.
Кiтаптың орыс тiлiндегi нұсқасы 2 мың дана, қазақ тiлiндегi аудармасы да 2 мың данамен
шықты. Ресейлік жазушының кітабын қазақ тіліне белгілі қазақстандық журналист,
қаламгер, ТМД журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері Қайнар Олжай аударған. «Елбасының саяси тұлға ретіндегі еңбектері
көп дүниеге арқау болды. Бірақ оның жастық шағы туралы фильмнен басқа ештеңе жоқ.
Тоқсаныншы жылдардың басында Бейбіт Сапаралының Президенттің балалық шағы туралы
кітабы шыққан болатын. Бірақ жоғары сынып оқушыларына, студенттерге арналған кітап
жоқ еді. Осы кітап сол бос орынға кірпіш болып қаланды», дей келе, Қайнар Олжай кітаптың
стилін Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасына ұқсатты. Аудармашының
айтуынша, кітапта тарихи деректер көптеп қамтылған. Мысалы, Назарбаевтың Қазақстан
мұнайын қалай игереміз деген мәселемен «Шевронға» барып, екі апта бойы тәжірибеден
өткенін біреу білсе, біреу білмейді. Сонымен қатар, кітапта біз білмейтін деректер де
пайдаланылған. Жиында сөз сөйлеген «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма
төрайымы Күләш Шәмшидинова кітап тілінің жатықтығын ерекше атап өтті. «Кітаптың
оқушылар мен жастарға қажетті дүние екені көрініп тұр. Мұнда ұлттық тәрбие алған, салтымыздан сусындаған баланың Елбасы болғанға дейінгі өсу жолы құнарлы тілмен жеткізілген. Бұл жастар үшін, ұстаздар үшін де пайдалы болмақ. Назарбаев зияткерлік мектептері
оқу процесінде оны міндетті түрде пайдаланатын болады», деді ол. Кітап екі бөлімнен
тұрады. «Үшқоңырдан шыққан ұлан» атты бірінші бөлімі Президенттің балалық шағын,
жастық жылдарын сөз етеді. "Мәртебелі Президент" аталатын екінші бөлімі оның әлемге
танымал тұлғалар қатарына қалай қосылғаны туралы сыр шертеді.
Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,
“Егемен Қазақстан”
Саяси қолбасшы әрі қайраткер
Қазыбек би жоңғарлардың басым кезінде,
қонтайшыларынан жасқанбай, ешбір қауіптен
қорықпай, еліне төнген қауіптің бетін қайтарар қаһар
иесі тапқыр, алғыр, батыл қимылдар көрсеткен ержүрек
адам.
Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды.
Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да, мемлекеттік маңызды мәселелер билер
кеңесінсіз шешілмеген.
Жоңғар билеушісінің оны «Қаздауысты Қазыбек би»
деп атауы – шешендік өнерінің жоғары бағаланғанын
айғақтайды. Оның делдалдығымен Қазақ пен қалмақ
хандықтарының қарулы қақтығыстары кезінде уақытша
бітім жасалған. Төле және Әйтеке билермен бірлесе отырып, Тәуке ханның ықпалымен Қазақ хандығын нығайту, қазақ ру-тайпаларын, бауырлас
қарақалпақ пен қырғыз тайпаларын біріктіру жолында еңбек еткен.
Өзінің жалпы тұлға болмысымен ғана емес, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан
шешендік өнерді өз дәуірінде жарқырата танытқан, Қазақ шешендігін «от басы, ошақ қасы»,
жер дауы, жесір дауы, құн дауы сияқты тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерден биіктетіп,
халықаралық елшілік, дипломатиялық саясатта биік белеске көтерген – Қаздауысты Қазыбек
бидің ұлттық шешендік өнердегі орны айрықша.
Д.Темірғали,
Б.Амалбеков ЖОББМ 8-сынып оқушысы
15 шілде 2017 жыл
Аудандық Мәслихаттың кезекті XІV сессиясы
туралы ақпараттық хабар
2017 жылғы 28 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті XІV сессиясы болды. Сессияны сессия төрағасы, депутат Ө.Айтжанов ашып, жүргізіп
отырды. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Б.М.Мұқанов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, кент әкімі, аудандық қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің өкілдері, «Нұр Отан»
партиясы Жаңаарқа
аудандық филиалының
бірінші орынбасары, аудандық
прокуроратураның қызметкері, мекеме, кәсіпорынның басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша «Аудандық орталық аурухананың
атқарып отырған жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы» аудандық орталық
аурухананың директоры С.Ә.Күлмағанбетов, «Аудандық жергілікті полиция қызметінің
атқарып отырған жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы» аудандық жергілікті
полиция басшысы Б.Б.Ахмалишев өздерінің әр сала бойынша атқарып отырған жұмыстары
және алға қойған міндеттері туралы алдын ала аудандық мәслихаттың тұрақты
комиссияларының бірлескен отырысында есептерін беріп, кеңінен талқыланғандықтан,
депутаттар ұсыныстары бойынша олардың есептері қолдау тапты. Дегенмен әр сала бойынша есеп берген басшыларға депутаттар тарапынан сұрақтар қойлып, жіберілген кемшіліктер бойынша ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда бірінші мәселе бойынша аудандық
аурухананың халыққа қызмет көрсетіп отырған жұмыстары туралы депутаттар келесі
ұсыныстар айтты. Мысалы, депутат Н.О.Орынбасарова ауруханада Ұлы Отан ардагерлеріне
теңестірілген Ауған соғысы ардагерлерінің, Чернобыльде зардап шеккен азаматтардың
дәргерлердің қабылдауларына кезексіз кіруі үшін арнайы табличкалар іліну қажеттігі туралы, депутат С.Рымбеков әр науқас адам дәрігердің қабылдауына барғанша көп уақыт кететінін, депутат Ж.О.Жуанышбаев жылжымалы медициналық тексеріс өткізетін
жасақталған автокөліктің ауылдарға келетінін алдын-ала хабарлау туралы, депутат Р.С.Рахимов мектептердегі медициналық бөлмелерді жөндеу үшін қаражат бөлу керектігі туралы
айтты. Ал, аудандық қоғамдық кеңісінің хатшысы З.Тақауиева жедел жәрдем үйге
шақырғанда дер кезінде келмейтіні туралы сөз қозғады. Екінші мәселе бойынша аудан
аумағында жалпы қылмыс саны азаймай отырғаны, бұл бағытта жұмыстарды қолға алу керектігі баса назар аударылды. Мысалы, депутат М.Х.Әбілдинов көшеде, әсіресе түнгі
уақытта асханалардың жанында жеңіл автокөлік жүргізішілер қатты жылдамдықпен
жүретінін, оларға МАИ қызметкерлері шара қолдану туралы, депутат Ж.С.Рыспеков
ауылдық жерлерде мал ұрлығына тосқауыл қоюға белгіленген іс-шараларды жандандыру
туралы, депутат Т.Қ.Мұсаев көшелермен қоғамдық орындарда қылмысты алдын алу
жұмыстарды жүйелі жүргізу туралы қадап айтты. Сессияны қортындылай келе аудандық
мәслихат хатшысы Қ.А.Имантүсіпов жаңадан тағайындалған аудандық жергілікті полиция
басшысы Б.Б.Ахмалишевқа тілек айтып, алдағы уақытта жұмысын ширатып, аудан
халқының түйткілді мәселелерін шешуде, бірлесе жұмыс атқаратынына сенім білдірді.
Сонымен қатар сессияда 2016 жылғы аудандық бюджеттің орындалысы туралы есебі бекітілді. Келесі сессияның төрағасы болып №9 Ералиев сайлау округінің депутаты Ж.О.Жуанышбаев сайланды.
Сессияда талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Аудандық мәслихат аппараты
Латын әліпбиіне көшу
ЕлбасымызНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2025 жылдан
бастап, латын әліпбиін қолданысқа енгізу керектігін өз
Жолдауында айтты. Сонымен қатар, бүгінгі таңда қоғамда
әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда.
Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса,
енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп
сақтандырады. Латын әліпбиіне көшу – Қазақстан үшін
өте
күрделі процесс. Елбасымыз Н.Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы
тілге байланысты толғамды пікірлері көңіл тоғайтты, сананы серпілтті. Мақсат –
мұратымызға – Мәңгілік елге айналуға білек біріктіріп, бел шеше белсене кірісуге үндеп
тұр.Соған орай латын әліпбиіне көшу, оны жаңғырту мақсатында Жаңаарқа ауданы С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде «Латын
әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты көрме оқырмандарға жол ашты. Латын әліпбиіне көшу
– қазақ тілінің болашағы. Қазақстан халқы латынды көп қиындықсыз меңгеріп кетері сөзсіз.
Ұлт зиялылары Халел Досмұхамедұлы, Мұхтар Мурзин, Ә.Байділдин және тағы басқалар
латын әліпбиінің ыңғайлылығын насихаттауға белсене қатысты. Латын әліпбиінің алғашқы
нұсқасын жасаушылардың бірі Халел Досмұхамедұлы болған. Латын әліпбиі біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрыннан келе жатыр, яғни үш мың жылға жуық уақыттан бері бар.
Алфавиттерге шолу жасасақ, біз қолданып жүрген кириллица 42, Орхон –Енисейдегі көне
түркі жазуында (руна -сына) 35, А.Байтұрсынов атамыз таңбалаған арабтың төте жазуында
32, арабта 28 қаріп бар. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман
талабына сай өсіп –өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып,
жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің
қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақты анықтап, қазақ тілінің жазылуы
мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.
Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашағымыз үшін әлдеқайда маңыздырақ.
С.Сейфуллин атындағы кітапхананың қызмет көрсету бөлімі
Бейбітшілік пен татулық - басты мүддеміз
Кез келген елдің тілегі де, арманы да халқының бейбітшілігі мен бірлігін сақтау екені сөзсіз.
Өйткені, бейбіт өмір – бақыт, береке, бірлік әкелумен қатар болашаққа өрлеу мен өркендеуге
жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек.
Бұқара халық әрдайым тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал,
ұрпағының амандығы – келешегінің кемелдігін білдіреді. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат
небір сұрапыл соғыстардан көз ашпады. Қаншама елдер соғыс зардабынан құлдырап, азыптозды. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шекті. Мұның барлығы бейбітшілік
кеткен жерді берекесіздік жайлайтындығын тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуде.
Бірлікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу – қазіргі ХХІ ғасырдың да ең
өзекті мәселелерінің бірі деп айтуға болады. Сауатты да саналы, парасатты елдің ұрпағы
өткеніне көз жіберіп, ата-бабасының жолынан сабақ алары ақиқат. Сонысымен тарихын
бағамдап, келешегін кемелдей түседі. Біз де өткенімізге үңіле қарайықшы. Қазақ халқы да
тағдырдың талай қатал сынын басынан кешті. Салдарынан жер бетінде ұлт ретінде жойылып кету қаупі әлсін-әлсін қайталанды. Соғыстар, көтерілістер, онан қалды ашаршылықтар
мұның барлығы халықтың қырылып, азып-тозуына әкеп соқты. Әйтседе, «мың өліп, мың
тірілген» бабаларымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруының нәтижесінде бүгінгі
бейбіт аспанға қол жеткізді. Қай ұлт, қай ел болмасын бейбітшілікті, бірлікті, ашық аспан
мен бақытты, терезесі тең, керегесі кең елдер қатарында болуды аңсайды. Өйткені, татулық
пен келісім, бейбітшілдік пен тұрақтылық бар елді бақыт өзі іздеп келеді.
Р.Мұздыбаева, Б.Амалбеков ЖОББМ мұғалімі
2
Тәуелсіздігіміздің тірегі,
еліміздің жүрегі
Бүгінгі
таңдағы
А с т а н а –
мемлекетіміздің саясиқоғамдық дамуының,
ә л е у м е т т і к экономикалық
тұрақтылығының, рух а н и - м ә д е н и
өркендеуінің мызғымас
ошағы. Осы шаһарда
еліміздің инновациялық
дамуы бойынша аса маңызды шешімдер қабылданып, реформалар жүзеге асуда. Ақордалы
Астана – елдігіміздің айбыны мен айбары, мемлекеттігіміздің рәмізі, жұртымыздың
ұйытқысы, болашағымыздың бақыты
мен бағдары.
Астана – Қазақ елінің алтын тәжі, рух
пен иманның күретамыры, білім мен
ғылымның,
жасампаздық
пен
жақсылықтардың
ұясы
Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің
жүрегі, Егемен еліміздің бас қаласы
Астанамызға биыл 19 жыл толып
отыр. Астана – жалпы ұлттық табыс,
сондықтан, Астана күні бүкіл
қазақстандықтардың мерекесі, біздің
мемлекетіміздің
қол
жеткізген
табыстарының жемісі.
Елбасының Астананы көшіру туралы
шешімі сындарлы жылдарда шығарылса да тарих мұның стратегиялық мүддеден туындаған
батыл қадам екендігін дәлелдеп берді.
Астана жаңа Қазақстанның саяси,
экономикалық және мәдени өмірінің
орталығы мәртебесіне ие болды. Санаулы
уақытта гүлденіп, сәулеттеніп, ерекше
күйге енді. Уақыт өткен сайын көркейіп,
асқақтай түсуде. Еліміздің қарқынды
дамуының жарқын көрінісіне айналды.
Астана бүгінде жас мемлекетімізді және
халқымызды әлемге әйгілеп, алпауыт елдермен тереземімізді тең етуге септігін
тигізіп жатқан шын мәніндегі бас қалаға
айналды.
Ауданымызда Астана күніне орай түрлі шығармашылық тақырыптарда мәдени кештер, ісшаралар өткізілді. Елордамыз Астана қаласының 19 жылдық мерекесіне орай
ұйымдастырылған салтанатты жиын жазғы сахна алаңында өткізіліп, оған аудан
тұрғындары және қонақтар көптеп жиналды. Салтанатты жиында аудан әкімінің міндетін
атқарушы Қ.Ш.Қожықаев жиналған жұртшылықты құттықтап, сөз сөйледі.
-Астана қазіргі кездегі өзекті мәселелер жөнінде жаһандық диалог орталығына, жаһандық
саяси, экономикалық және гуманитарлық бітімгершілік бастамаларын қалыптастыру
алаңына айналуға әбден лайықты. Сонымен қатар елімізде бұрын соңды болмаған, бүгінде
100-ден астам мемлекет қатысып жатқан «ЕХРО - 2017» Халықаралық көрмесінің Астанада
өткізілуі – Тәуелсіз Қазақстанның сөзсіз салтанаты. Бұл әлемдік аренадағы ауқымды іс-шараларды абыроймен өткізе алатынын тағы бір мәрте дәлелдеп берген Астанамыздың кезекті
жеңісі. Ұлттық идеямыз – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің жеті мызғымас негізінің біріншісі «Тәуелсіздік және Астана» деп аталады. Себебі Астана – ел Тәуелсіздігінің жеті
қазынасының бірі. Есіл өзенінің жағалауынан бой көтерген әсем де, арман қала – Астана
гүлдей жайнап, Әлемнің көрікті қаласына айналсын! Тәуелсіз Қазақстан және оның асқақ
Астанасы гүлдене берсін! Мәңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! Халқымыз
аман болсын! Елордамыз Астананың туған күні құтты болсын!,-деді ол сөзінде.
Түгіскен селолық округінде өткізілген ауылдық спартикиада жеңімпаздары мен
жүлдегерлері осы мерейлі күні марапатқа ие болды. ІІІ орынға Түгіскен, ІІ орынға Бидайық,
І орынға Атасу құрама командалары иелік етіп, оларға арнайы дипломдар, кубоктар тапсырылды.
Аудандық мәдени сауық орталығының өнерпаздары әсем ән мен тәтті күй төгілтіп,
жиналғандарды шаттыққа бөледі. Астана күні әсем безендірілген далалық сахнада аудан
өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт берілді. Сондай-ақ, түрлі спорттық шаралар
өткізіліп, өз көрермендерін көзайым етті. Осылайша Астана күнін барлық қазақстандықтар
тәрізді Жаңаарқа тұрғындары да лайықты атап өтті.
Р.Айтжанова
Туған жерге туыңды тік!
Ауыл - ырыстың ордасы
Ауыл - қазақтың түп тамыры, алтын бесігі. Ауыл-ынтымақ пен ырыстың, береке мен
бірліктің мызғымас мекені. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, біртұтастықты мұрат еткен
киелі қасиет ауылдағыларға туған жердің киелі топырағынан тарағандай. Бір-біріне
деген құрмет пен сыйластық, жанашырлықтың да негізі туған жердің құдыретінде деп
білемін. Біздің ауылдың азаматтары да ауылдағы әр жиындар мен қиыншылықтарда
жұдырықтай жұмылып өздерінің ықыластарын білдіріп жатады. Биылғы аптапты жазда
ауыл маңына қызыл жалыннан қауіп төніп тұр. Өрт білініп, түтін көрінгеннен тайлы
таяғы қалмай өрт сөндіруге атсалысып, қызыл жалынды өшіріп, қыстық азықтың атасы
шабындықтарды шама жеткенше аман алып қалуға көмектесіп келеді. Бұл да бір
бірліктің нышаны.
Ірілі-ұсақты шаруа қожалықтары Өткенде Түгіскенде өткен аудандық 17 спартакиядаға
атсалысатын спортшыларымызға қолдап, демеушілік танытты. Атап айтсам Ж.Әлжанов,
А.Әбішов, Е.Әбдішов,
Ж.Бакарамов, Ж.Дәулетов,
М.Досаев,
У.Қапбасов,
Е.Ташмағанбетов. Азаматтық танытып, ауылдың намысын қолдап, жақсылыққа жетуге
асыққан ауыл азаматтарының бұл қылықтары кейінгі ұрпаққа үлгі екені анық. Ауылдың
ажарлануы аптал азаматтардың ауызбіршілігінде. Олай болса туған жердің көркеюіне
атсалысып жүрген азаматтарға айтар алғыс шексіз.
М.Садуақасов
Жаңа академик
Арқаның бел омыртқасы болып аталып кеткен Жаңаарқа өлкесі тарихы
мол өлке. Қазақ жұртының аталы тарихи кезеңдері бұл өңірді айналып
өткен жоқ, тарихи бөлікті алсақ та,
осы алқапқа байланысты шығады.
Бұл өлкенің ең биік байлығы -
тұлғалары. Қазақ салт-дәстүріне мәдениетіне
қомақты үлес қосқан Қотан ақын, Үлкен
Қуандық, Құдайменде Төре, Сүгірәлі, Барқы
Нияз батыр, Бақыбек батыр, Ақтайлақ би, Сайдалы Сары тоқа, Шоң би, Досан би, Тасан би,
Қаңтарбай, Сартбастың Түскені тағы басқалар
ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында осы тарихи
дәстүр кең өріс алды. Ғылым сахнасына советтік жаңа заманда білім алған буын бой көтерді.
Осы алғашқы лекті академик Серік Қирабаев
бастады. Ғабдулла
Құлқыбаев, Ғани
Мұсылманбеков, Өмір Мәдікенов, физикадан
ғасырдың ғұламасы атанған Темірғали
Көкетаев, космос ғылымына теңдесі жоқ
жаңалық ашқан Бекен Кемелбеков, бүкіл
этнографияға жаңа тыныс берген жазушы,
зерттеуші Ақселеу Сейдімбек еді. Осы ағалар
тобын жалғастырушы жерлесіміз Ханкелді Махмұтұлы Әбжанов. Биыл 2017 жылы маусым
айының 1-де жалпы ғылым академиясының сессиясында Қазақстан Республикасының
жоғарғы аттестация кеңесі шешімімен оған академик атағы берілді. Х.М.Әбжанов 1953
жылы 11-қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген.
Әкесі Махмұт Әбжанұлы көп жыл совет жүйесінде бас есепші болып істеді. Жаңаарқа
жұртшылығы Маханды іскер, ұлт жанды, өзінің сабырлы мінезі мен парасатты қасиетті
үшін үлкен абыройға бөленген азамат ретінде біледі. Атасы Әбжан кең пейіл мінезімен,
қазақтың ескі дәстүрінің қасиеттерін бұлжытпай ұстап, көне, ескілік әңгімелерді ел
құлағына жеткізген өте діндәр ақсақалдардың бірі, осы алқа қотан әңгімелер Ханкелдінің
көңілін оятып, оны тарихқа бет бұруға басты әсер қалдырған. 1971 жылы Жаңаарқа, Ақтау
(кейінгі бір жыл ғана оқыған) орта мектебін бітірген соң қобалжымай атадан алған үлгісімен
Алматыдағы Қазақ университетінің тарих факультетіне түсті. КСРО тарихы бойынша
маманданған ол профессор Н.Дауылбаев, доценттер С.Жақыпбеков, Ә.Оразбаев, Юдинның
дәрістерінен тарихшы ретінде қалыптаса бастайды. Студенттік жылдары С.Жақыпбековтің
жетекшілігімен ғылыми жұмыс жүргізудің алғашқы мектебінен өтеді. Тарихшы болып
қалыптасуына зор ықпал жасаған академик Р.Сүлейменов болды, ол кісімен 1974 жылы танысып, Рекең 1992 жылы дүниеден озғанша тәлім алу бақытына ие болды.
1976 жылы Қазақ университетінің тарих факультетін үздік дипломмен бітірген соң, еңбек
жолын Целиноград қаласында инженер-құрылыс факультетінде бастайды, ал 1977 жылы
академик Р.Сүлейменовтің шақыруымен Қазақ университетіне оқытушылық қызметіне келеді. Екі жыл өткен соң Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтына қызметке тұрады. Осы кезде аты аталған институт отандық ғылымдардың жұрт
таныған қара шаңырағы болатын. Осы институтта жұмыс істейтін академиктер Ә.Марғұлан,
С.Н.Паркровский, корреспондент мүшелері Г.Ф.Дахшлейгер, Б.Сүлейменов, профессорлар
М.Асылбеков, Т.Балақаев, К.Нүрпейісов, Х.Арғынбаев, В,Я.Васин, кейін академик болған
М.Әбусейітова т.б. ғалымдар Хангелдінің ірі тарихшы болып қалыптасуына зор ықпал етті.
Х.М.Әбжанов мағыналы мазмұнды еңбегінің арқасында 1983 жылы “Кемелденген социализм тұсындағы Қазақстан ауыл-село интеллигенциясының өсуі мен рөлі” тақырыбына
кандидаттық диссертация қорғады. Осы жылдардан бастап Ханкелдінің бүкіл өмір жолы,
ғылымда тарихпен тікелей айналысуына жол ашты. 1980 жылдардың ортасынан бастап
Ханкелдінің талапты қалам ұшынан көптеген тарихи монографиялар дүниеге келді. Осы
екпінді еңбегінің арқасында 1992 жылғы 30-қазан күні “Қазақстанның ауыл-село интеллигенциясы: қалыптасуы мен әлеуметтік практикасының тарихи тәжірибесі (1945-1985 жылдары)” тақырыбына докторлық диссертация қорғады. 1993 жылы ҚР Жоғары аттестациялық
комиссиясы (ЖАК) диссертацияны бекітіп, тәуелсіз еліміздің №1 ғылым докторы дипломы
Ханкелді Әбжановқа тапсырылады. Осы абырой, даңқ Ханкелдіні ғылыми қайрат тұғырына
мінгізіп, көптеген ғылыми монография жазып “Қазақстан тарихы. Очерк”, “История Казахстана. Очерки” кітаптарының авторлар құрамына кіреді. Ғылыми табыстар әсіресе 19931999 жылдары Х.Әбжанов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде
тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі болып істегенде, тәуелсіз елдің жастарын ұлттық санада, патриоттық сезімде тәрбиелеуде көптеген ғылыми еңбектер жазылды,
ғалымның қолынан шыққан тарих туралы оқулықтар жастардың ең сүйікті кітаптары болып
табылады. Х.Әбжанов 1999 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
кафедра меңгерушісі қызметіне ауысады, студенттерге дәріс бере жүріп, 2003 жылы Г.Назарбаевамен бірлесіп “Қазақстан, тарих пен тағдыр” кітабын шығарады. 2004 жылы
ғалымның жаңа кітабы “Қазақстан: тарих, тұлға теория” жарық көреді. Бұл кітап
оқырманның зор ықыласына бөленіп, тарихшы ғалымдардан абыройлы баға алады.
2005 жылы шыққан “Тіл саясаты: тағлым мен тәжірибе” кітабы Х.Әбжановты кемелденген
ғалым екенін нақтылай түсті. Осы еңбектері үшін 2007 жылы Ханкелдіге профессор атағы
берілді және “Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін”
төсбелгісімен марапатталады. 2008 жылы “Қазақ тілінің жанашыры” құрмет белгісімен марапатталады.
Ғалымның өміріндегі елеулі, абыройлы белесі 2011 жылы мамыр айында Ш.Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология институтының директоры болып тағайындалуынан басталады. Бұл кездері Х.Әбжановті ірі ғалым ретінде және талантты ғылым ісінің шебері
хақында қазақ халқына танымал болып үлкен адами беделге ие болады. Әсіресе,
республикалық тарих ғылым аумағында Ханкелді Махмұтұлы Әбжановтың 60 жылдығы
тойланғанда, оның әріптестері академиктер, докторлар, профессорлар ғалым туралы үлкен
салиқалы толғаныстар “Тарих және тарихшы” кітабында айқара көрсетті. Мысал үшін:
К.С.Алдажұманов, Төленованың “Ғалым жолы”, А.Тоқтыбай “Тарих салдары”, С.Н.Мамытова “Ученный историк, мудрый наставник, аристократ духа”, Д.И.Салқынбек “Ғұмыры
ғибратты ғалым”, Н.Мұхаметханұлы “Образ бен ой” т.б. мақалалар Ханкелдінің ғылыми
жетістіктерін адами мінез-құлқын, ғылымда қажырлы еңбегін толығымен ашып көрсеткен.
Біз жаңаарқалықтар осындай кемеңгер - ғалым жерлесімізді мақтан етіп, академик атағын
алуымен құттықтаймыз. Әрине, адамды орта, жанұя, ел, жер тәрбиелейді. Кешегі Арқаға
белгілі Әбжан әулетінен шыққан Махмұттай кең пейіл әкесін көрген, рухани қалыптасуына
зор әсер еткен, білім саласының үздігі, ел арасында өзінің адамгершілік қасиетімен, жайсаң
мінезімен абыройға бөленген Аманкелді ағасының еңбегі зор. Сондықтан, осы әулетке
ғұлама ғалымды тәрбиелеп өсірген үшін мың алғысымызды айтамыз.
Сайын Омар, жазушы
3
15 шілде 2017 жыл
Облыстық Грант конкурсын өткізу
туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы: Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ.
Орналасқан жері: Қарағанды қ., Әлиханов к.-сі, 13 үй; пошталық мекенжайы: 100008,
Қарағанды қ., Әлиханова к.-сі, 13 үй;электрондық пошта мекенжайы: mb2@krg.gov.kz ;байланыс телефоны 8/7212/42-50-69;
Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған
кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға
(өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру. Грант сомасы 3,0 (үш миллион) тенгеге
дейін бір жобаға. Жобаның жалпы сомасынаң 10 пайызы өз қаражаты болу міндетті.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер
«Жаңаарқа ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ – пошталық мекенжайы:
100500, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғ., 2 үй, телефон 8/71030/2-83-47, 2-70-45 электрондық
поштасы: zhanaarka_mb2010@mail.ru, 5, 6, 7-бөлмелер;
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген
мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2017 ж. «10» шілдесінен бастап 2017 ж. «31»шілдесі аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2017 ж. «10»шілде сағат 10.00 (жергілікті
уақытпен). Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2017 ж. «31»шілде сағат 13.00
(жергілікті уақытпен)
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dkb2020.kz сайтында танысуға болады.
*** *** ***
Организатор конкурса: ГУ «Управление предпринимательства Карагандинской области».
Местонахождение: г.Караганда, ул. Алиханова, д.13; почтовый адрес: 100008, г.Караганда,
ул. Алиханова, д.13; адрес электронной почты: mb2@krg.gov.kz;контактный телефон
8/7212/42-50-69
Предмет конкурса: предоставление начинающим предпринимателям, молодым предпринимателям, женщинам, инвалидам и лицам старше 50 лет государственных грантов (на создание собственного бизнеса) в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса
«Дорожная карта бизнеса 2020».
Форма конкурса: открытый конкурс. Место подачи заявок для участия в конкурсе:
ГУ «Отдел предпринимательства и промышленности Жанааркинского района» - почтовый
адрес: 100500, п.Атасу, пр.Тәуелсіздік, д.2, телефон 8/71030/2-83-47, 2-70-45 электронная
почта: zhanaarka_mb2010@mail.ru,каб №5, 6, 7;
Порядок предоставления конкурсной документации: для участия в конкурсе претенденты
представляют по указанному адресу лично, по почте или через своего полномочного представителя заявку по утвержденной форме и полный пакет конкурсной документации. Сумма
гранта до 3,0 (три миллиона) тенге.
Сроки предоставления конкурсной документации: с «10» июля 2017 г. по «31» июля 2017
г. в рабочие дни с 10 часов до 17 часов (время местное). Дата и время начала подачи заявок:
«10» июля 2017 г. с 10 часов (время местное). Дата и время окончания подачи заявок: «31»
июля 2017 г. до 13 часов (время местное).
Заявки, поступившие по истечении указанного срока, приему не подлежат. С настоящим
объявлением и конкурсной документацией можно ознакомиться на сайте www.dkb2020.kz.
*** *** ***
9. Көрсетілетін қызметті алушының (несенімхатбойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға
өтінім;
2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
4) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының
қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болғанжағдайда) расталған анықтама;
5) бизнес-жоба;
6) Бағдарламажәне/немесеЖұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің
оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
7)Жобаның жалпы сомасынан ең азы 10 пайыз кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша
қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенім хат, сенім білдірілген адам төлқұжатының
көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен атыжөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың
қабылданғанын растау болып табылады.
9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении
услугополучателя (либо его представителя по доверенности):
1) заявка на участие в конкурсном отборе по предоставлению грантов согласно приложению к настоящему стандарту;
2) копию свидетельства о государственной регистрации юридического лица (индивидуального предпринимателя);
3) справку об отсутствии задолженности по обязательным платежам в бюджет, выданную
не позднее, чем за 30 календарных дней до даты обращения;
4) справку о средней численности наемных работников на момент подачи заявки, заверенную подписью руководителя и печатью заявителя (при наличии);
5) бизнес-проект;
6) копию документа, подтверждающего прохождение предпринимателем обучения в рамках
Программы и/или Программы занятости 2020;
7) выписку из банковского счета о наличии на текущем счете предпринимателя денежных
средств (минимум 10% от общей суммы проекта) или документы, подтверждающие оценочную стоимость движимого и/или недвижимого имущества;
8) доверенность на право подачи заявки от имени предпринимателя, копию паспорта поверенного (от имени юридического лица – заверенную юридическим лицом).
Подтверждением принятия документов является регистрация (штамп, входящий номер и
дата) в канцелярии услугодателя, с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего документы.
“Кәсіпкерлік және өнеркәсіп” бөлімі
15 шілде 2017 жыл
4
Түгіскенде спортшылар бас қосты
Ауданымыздағы іргелі ауылдардың бірі Түгіскеннің төрінде
ауыз толтырып айтарлық үлкен шара өтті. Шаттығы
шартарапқа тараған шараның негізі ауданымызга қарасты
ауылдардың спортшыларының бақ сынасып, бәйгеге таласуы.
«Той десе қу бас домалайды»-демекші тайлы тұяғы қалмай
Түгіскенге ағылған жұрт ертемен алаңға жиналып, әбігерге
түскен. Алаң демекші Игілік Омаров атындағы мәдениет
үйімен қапталдаса салынған спорт кешенін барлық
жабдығымен бұл ауылға ауыл азаматы кәсіпкер Көпбаев
Қайрат сыйлаған болатын.
“Ауылына қарап азаматын таны” демекші ауылға кіре берістен бой көтерген зәулім үйлер жаңа күнге жақсы бастамамен
жол бастап, шаруасы шашырамаған ауыл тірлігін
аңғартқандай. Күре жолмен шойын жолдың аңғарында
отырған ауылға ертемен жеткен біздің де көзімізге алдымен шаңын аспанға көтере ауылға қарай табын-табынымен
құлаған қалың жылқы түсті. Төрт түлігі төсінде өрген ауылдың әр үйінің желісінде құлын байланса, сабасындағы
саумалы мен күбісіндегі қымыз таңдайыңды тұшындырып, дәмі тіл үйіреді. Қой-ешкі, сиыр емес қыл құйрықты
жануардың әр үйде болуы ауылдың ауқатты екенін ашып
тұрғандай. Біз де асыға межелі жерге жеттік. Тал
көлеңкесіне татамиларын
төсеп,
белдесіп
жатқан
балуандардың алаңындағы жанкүйерлердің қошеметі мен
аруақтаған дауысы құлақ тұндырады. Әр ауылдан келген
бұла күші бойында ойнаған жігіттер қарсыласының жауырынын жерге тигізуге асық. Бірі шалып, бірі жамбасқа
алып, күрес тәсілдерін оңды-солды қолданып, қызықты
тартыс өткізген жігіттердің 55 келі салмақ дәрежесі бойынша – Атасу кентінен Жасұлан Мұқанов, 60 келі салмақта–
Түгіскен ауылынан Нариман Тұтқышев, 66 келіде – Атасу
кентінен Мәулен Қожин, 74 келі салмақ дәрежесінде –
Түгіскен ауылынан Алмас Мақажанов, 82 келі салмақ
дәрежесінде – Қызылжар кентінен Әділбек Ахметбеков, 90
келі салмақ дәрежесінде – Атасу кентінен Ақсұңқар Нұркеев, 100 келі салмақ дәрежесінде – Атасу кентінен Ерболат Зекен,
100-ден жоғары салмақ дәрежесі бойынша Атасу кентінен Арыстан Сағындықов І орынды иеленсе, атасулық Ақсұңқар
Нұркеев «түйе балуан» атанды. Жалпы, командалық есеппен қазақ күресі бойынша І орынға Атасу кенті шықты. ІІ
орынды – Түгіскен, ІІІ орынды Бидайық ауылы еншіледі.
Ауылға сыйға тартылған спорт кешенінің ішінде волейболдан жарыс өтуде екен. Биік әрі кең залдағы
ойыншылардың ойынын спортсүйер қауым қыстырылып–қымтырылмай салқын жерде тамашалап, осындай зәулім
кешен салған ауыл азаматына алғыс айты. Әйелдер және ерлер арасындағы волейбол жарыстарында Бидайық ауылының
спортшылары үздік шықты.
Ауладағы футбол алаңындағы теңбіл доптың қызығы қыза түсіпті. Ала допты қос қақпаға қарай ала қашып, бірбіріне пас беріп, жүгірген жігіттер ойын көрігін қыздыруда. Футбол алаңының оң қапталына ауылдың шағын
кәсіпкерлері А.Альмолдин, С.Байзақова, Темірбай Рамазан, Ақниет Нұржан, М.Диханбаев, Нығматуллиндер сауда
саттық үйымдастырған. Сусынның түр-түрінен басталған саудада тәтті-дәмділер, балмұздақтар мен тоқаштар, салаттар, кәуаптар сатылды. Мәдениет үйі аумағында кір тасын көтеру мен қол күресінің сайысында кір тасын
қақпақыл етіп көкке көтерген жігіттер білек күштерінің мықты екенін көрсетті. Қол күресінде бұлшық еттері
ойнап, алақандарын жазбастан сынасқан жігіттердің кіл мықтылары жеңіске жетті. Теннис алаңында да ойын қыза
түскен. Ж.Садуақасов атындағы мектепте ұйымдастырылған дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, президенттік көп сайыс,
асық ату да тартымды өтті.
Ауданымызда жыл сайын өткізілетін ауыл спортшыларының ХҮІІ спартакиадасының ашылу салтанатына арнайы
келген аудандық мекеме, бөлім басшылары мен ауыл әкімдері бастап сапқа тұрған ауыл спортшыларын аудан
әкімінің міндетін атқарушы Қанат Қожықаев құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Ауыл шетіндегі ат шабар алаңындағы ұлттық ойынның қызығы тіптен керемет. Қазақ елінің қанатына айналған
ат дегенде делебесі қозбайтын жан жоқ ау сірә. Мұндағы аттылы жаяулы жұрттың қарасы қалың. Қос қазандықтың
арасында серкешті бөктеріп салым салған жігіттердің ойыны мықтылықтың үрдісі. Додаға түсіп, жерден серке көтеру
ептілікті, шапшаңдықты қажет етсе, серкені тақымға басып айрылмау, діттеген жерге апарып салым салу ол
ширақтық пен мықтылықты қажет етеді. Осы тұрғыда ауданымыздың намысын облыста қорғап жүрген Азамат
Шалғынбайұлы бастаған ақтаулық команданың құрамындағы Қайсар, Бекзат, Нұрбек, Нұржан, Бауыржан, Нұргелді,
Бақдәулет сынды сайдың тасындай жігіттер қарсыластарының қазандығына салым салып бақты. Әсіресе Бауыржан
Ертайұлын атап өткеніміз жөн. Серкені алма кесек тақымға басып қазандыққа қақпақыл етіп нақ түсіру көпшіліктің
қолынан келе бермейтіні анық.
Қазір ел малын машина болмаса мотациклмен қайыратын кезеңде атқа міну саяқталып кеткенімен ұлттық спортқа
беріле көкпарды жандандырып жүрген жігіттердің қарасы көбейіпті. Өткен жылдары ауданымызға қарасты
ауылдардың кейбірінде көкпаршы болмайтын болса биылғы жылы көбінде бар екен. Әсіресе түгіскендіктерден
екінші болып жасақталған жас командасының аяқ алысы жаман еместігін байқатты.
Аударыспақта белді аттың табандылығы жігіттердің мықтылығы сынға түсті. Қарулы қол мен ұстасқанды аттан
алып түскен М.Жұмажанов ауылының азаматтарының бағы жанды
Дала төсін дүбірлеткен ат жарыста мәреге жетті. Аламан бәйгеде І орынды – Байдалы би ауылы (Темірхан
Тоқбергеновтің тұлпары) иеленді. Тай жарысында Ералиев ауылы, құнан жарысында Байдалы би ауылының шабандоздары
көш бастады. Жалпы ойынды саралаған сарапшылармен тілдескенімізде Президенттік көпсайыс бойынша І орынды
Бидайық командасы алса, шағын футболдан І орынды Атасу кентінің командасы еншілепті. Қол күресі сайысы бойынша
– Түгіскен ауылы, асық атудан С.Сейфуллин ауылы, кір тасын көтеруден, тоғызқұмалақ ойынынан Бидайық ауылы,
дойбы ойынынан – Түгіскен ауылы, шахмат ойынынан І орынды Атасу кенті алды.
Спорттық сайыстардың барлық түрінен нәтиже шығарылып, жеңімпаздар анықталды. ІІІ орын Түгіскен ауылдық
округінің командасына табысталса, ІІ орынды Бидайық ауылының командасы алып, мерей-мәртебелері үстем болды.
Үздік шыққан Атасу кентінің спортшылары І орынды еншілеп, ХVІІ аудандық «Сарыарқа – 2017» ауыл спортшылары
спартакиадасының жеңімпазы атағына ие болды.
Жан- жақтан ағылған спортшылардың жағдайын жасап, күтіп алып, ас-ауқат пен жатын орынмен қамтамасыз
еткен Түгіскен ауылының әкімі Өмірғали Кенжетаев бастаған ауыл азаматтарына келген қонақтар ризашылығын
білдіріп тарқасты. Ал, ауыл әкімі осындай игі бастама үлкен шараны абыроймен атқаруға демеушілік танытып, өз
үлестерін қосқан ауыл азаматтарына, кәсіпкерлері мен шаруақожалық иелеріне алғыс білдірді.
Алғашқы болып ауыл спартакиадасын
айтарлықтай
өткізген Түгіскен ауылынан
ауданға бет түзегенімізде күн
ұясына қонуға бет түзепті.
Ауылды ақшаңдаққа көміп,
жылқылар өріске беттеп бара
жатса, зеңгібаба
ұрпағы
ауылға
қарай
беттепті.
Ырысы мен
ынтымағы
төгілген
Түгіскендіктерге
бірліктеріңіз
бекем,
ынтымақтарыңыз нығая берсін деп аттандық біз де.
Салтанат Аманқызы
Шетелдік
қаржыландыру
Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың
құрымдылық
бөлімшелері
шетел
мемлекеттерінен,
халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден,
азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақша және (немесе) өзге
мүлік туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау Шетелдік қаржыландыру бойынша мониторинг ҚР салық
кодексінің 14 бабына 1-1 және 1-2 тармағы шетелдік қайнар
көздерден келіп түсетін қаржылық ағыстарды бақылау үрдісін
жетілдіру және жариялылық мақсатында енгізілді . Салық
кодексінің 14-бабы 1-1 және 1-2 тармақшасына сәйкес салық
органдарын хабардар ету міндеті жүктелді .
Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың
құрымдылық бөлімшелерінің шетел мемлекеттерінен,
халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден,
азаматтығы жоқ тұлғалардан олармен жасалған мәмілелері бойынша алған ақша және (немесе) өзгеде мүліктерді мыныдай қызмет түріне:заңгерлік көмек көрсетуге ,зерттеу
жұмыстары мен сауалнама жүргізу ,тарату ,сараптау
,көрсеткіштерді жариялау .Аталған қызметтер бағыттары бойынша орналасқан/тқрғылықты жері мемлекеттік органдарына хабарлау тәртіптері мен мерзімдері айқындалды.
Салық органдарына шетелден қабылданған қаражат немесе
өзге заттар жөнінде тиісті мәлімет тапсырудан келесі тұлғалар
босатылады:
адвокаттар ,нотариустар ,дипломатиялық өкілдіктер,орта және
мектепке дейінгі білім беретін мекемелер Хабарлама формасы
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №553
бұйрықпен бекітілген.Хабарлама форматы – салықтық есептілік формасы .Ақпарлар тұлғаның келу тәртібімен немесе электронды каналдар арқылы қабылданады Қабылданатын ақша
сомасына шектеу жоқ.Салық органдарына шетелдік көздерден
қаржы немесе өзге зат қабылдаған тұлғалар туралы , өзге де
ақпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің kgd.gov.kz интернет порталында жарияланады
Салық органдары шетелден қабылданған заттар ( ақша немесе
мүлік ) жөнінде келісімшарт жасалғаннан кейінгі 10 жұмыс
күні ішінде хабарланады
Есепті маусымнан кейінгі екінші айдың 15 жұлдызында
қабылданған кірістер мен шығыстар туралы тиісті мәлімет
тапсырылады
Тиісті мәліметтерді уақытылы тапсырмаған жағдайда ҚР
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар» кодексінің 460-1 бабына
сәйкес әкімшілік жазаға тарту қарастырылған.
Жаңаарқа ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы
Жас математиктер жеңісі
Жақында “Бастау”
атты
облыстық
д е ң г е й д е
математикалық турнир өткізілді. Додалы сайысқа тек
біліктілілер мен білімділер бақ сынайтыны айқын. Білімін
таразылау
үшін
үлкен сайысқа ауданымыздан 38 оқушы
қатысқан еді. Осы
жарыста
жүзден
жүйрік
шығып,
ж о ғ а р ғ ы
көрсеткішке
ие
болған
№132
мектебіміздің
оқушылары Сейітжанова Зере мен Ғабдулла Мұхаммедғалы
республикалық олимпиадаға жолдама алды. Алматы
қаласындағы республикалық олимпиадада алдыңғы қатардан
көрініп, үздік марапатқа ие болды. Бұл орайда жетекшілері
Г.Ермекбаеваның да еңбегін атап өткен орынды.
Мектебіміздің ғана емес, аймағымыздың атын танытқан жас
математиктерге үлкен жарыстарда ірі жеңістер тілейміз!
М.С.Жакеева,
№132 ЖОББМ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қазақстан Полициясына 25 жыл
Өнегелі отбасы
Қазбек Әбдіқожаұлы 1955 жылы Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы С.Сейфуллин атындағы совхоздың
Иманақ тауының бауырында, Ынтымақ елді мекенінде
дүниеге келген. Ол жастайынан білімге құштарлық танытып, кіндік қаны тамған ауылындағы Ынтымақ орта мектебінен білім алып, 1972 жылы 10 жылдық мектепті
аяқтаған. Мектеп бітіргеннен кейін 2 жыл бойы туған
ауылында механизатор болып жұмыс істеген. 1974 жылы
әскер қатарына шақырылған. Әскери борышын Ресейдің
Владивосток елді мекенініде әскери танк полкінде старшина болып, Отанға деген міндетін атқарған.Сонымен
әңгіме барысында, әскерден келгеннен кейін Қазекеңе :
“Осы салаға қалай жолыңыз түсті, әлде біреудің ықпалы
болды ма?”- деген сұрақ қойылған болатын. Ол сөзінде :
“-мен, мамандық таңдауда тоқтамым, әскери тәртіптің талабына сай, әрі қарай өз алдыма үлкен мақсат қойып,
таңдауымды жасадым. Ол таңдауым 1976 жылы ҚР ішкі істер министрлігінің Қарағанды
жоғарғы милиция мектебіне түсуге бел байладым және ол арманыма жеттім. Қарағандыдағы
милиция дайындайтын жоғарғы мектептің криминалистік тобында 4 жыл оқыдым. Одан
кейін 1983 жылы еңбек жолымды, Қарағанды ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінен бастап, әрі қарай Саран қаласының ішкі істер бөлімінің қылмысты іздестіру
саласында, 1982 жылы Теміртау қалалалық ішкі істер бөлімінде қылмысты іздестіру
бөлімінің саласында жұмыс жасадым.1983 жылы Жаңаарқа аудандық ішкі істер бөліміне
қылмысты ідестіру бөлімінің инспекторы болып жұмыс орынымды ауыстырдым.1987 жылы
осы қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы лауазымына көтерілдім.Басшы болу оңай емес
«Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен болмаса, кішіден сұра» демекші сол кезде бірге қызмет
жасасқан Ғ.Әбдірахманов, Д.Қоңыров, С.Қасқатаев, Қ.Тайшибековтердің еңбектерін еске
ала отырып , сонымен бірге бүгінгі күннің талабына сай еңбек етіп жүріп ішкі істер
бөлімінің кадр саласын басқарып отырған полиция подполковнигі А.Х.Сейдимбековты де
атамай кетуге болмайды”- дейді Қ.Әбдіғожин. “1999 жылы ішкі істер бөлімінің бастығы
Қ.Тәттімбеков басшылық жасап тұрған кезде аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары
қызметін атқардым.2003 жылы құрметті демалысқа шықтым.Осы жылдары істеген
еңбектерім атаусыз қалған жоқ. Ішкі істер министрлігінің 1,2,3 дәрежелі мінсіз қызметі медаліменен, ішкі істер министрлігінің үздік медаліменен, сонымен қатар көптеген грамоталар мен дипломдардың иегері болдым. Соның ішінде облыстық ішкі істер басқармасының,
аудандық ішікі істер бөліміненен алған Алғыс хаттармен марапатталдым”. Бүгінгі күні
Қазбек Әбдіғожин жары Қарлығаш екеуі Алмас, Абылай атты ұлдары мен Гүлжазира атты
кыз тәрбиелеп өсірген өнегелі отбасы.Балалары өмірден өз жолдарын тауып, атааналарының мақтанышына айналған,яғни балалары жоғары оқу орынын бітіріп ұлдарын
ұяға, қыздары қияға қондырған жандар.
Жаңаарқа аудандық ішкі істер бөлімі
АЛИМЕНТТІ ӨНДІРУП АЛУ ТУРАЛЫ
атқарушылық құжаттарды орындау ерекшеліліктері
Алимент – ақшалай немесе материалдық қамту, бір адам оны алуға құқығы бар екінші
адамға ұсынуға міндетті. Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғағаннан кейін
борышкерге атқарушылық құжатты уақытылы орындау және оның жұмыс орны мен өзге де
кірістерін, мүліктік жағдайын және орындау үшін қажетті басқа да мәліметтерді анықтау
үшін келу қажеттігінің талабын хабарлайды не ескертеді. Осымен бір мезгілде сот орындаушысы борышкерді алиментті төлеу бойынша міндеттерін орындамаған жағдайда болуы
мүмкін салдар туралы, мүлікке, екінші деңгейдегі банктердегі есеп айырысу шоттарына
тыйым салу, Қазақстан Республикасынан тыс шығуға уақытша шектеу қою, мүлікті өткізу
және т.б. туралы ақпараттандырады. Жұмыс орны, зейнетақы, жәрдемақы, стипендия
алатындығы анықталған жағдайда, сот орындаушысы борышкердің жалақысынан және өзге
де кірісінен сот актісімен белгіленген мөлшерде өндіріп алу туралы қаулы шығарады.
Борышкердің жалақысынан және өзге де кірістерінен өндіріп алу кезінде сот орындаушысы
Заңның 95-бабына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 115-бабы 3-тармағына сәйкес
ұстау мөлшері оның алатын табысының не басқа да кірісінің 50% аспауы тиістігін көрсетеді.
Заңның 93-бабының 3-тармағына сәйкес сот орындаушысы борышкердiң жалақысынан және
басқа да табыстарынан ақшаның дұрыс және уақтылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған
соманың өндiрiп алушыға уақытында жiберiлуiне бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға
мiндеттi. Сот орындаушысы тоқсанына бір рет жұмыс берушінің алимент бойынша
жүргізген ұстаулары және олардың зейнетақы аударымдарына сәйкестігі туралы
мәліметтеріне тексеру жүргізеді. Мәліметтер болмаған не мәліметтер сәйкес келмеген
жағдайда, сот орындаушысы жұмыс берушіден дұрыс ақпаратты сұратуға және ұсынбау не
қате ақпарат ұсыну себептері туралы түсініктеме алуға міндетті. Алиментті ұстап қалатын
ұйымның лауазымды адамы сот орындаушысына борышкердің жұмыстан босағаны туралы,
сондай-ақ, егер бұл өзіне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жері
туралы үш күн мерзімде хабарлауға міндетті. Бұзушылықтар анықталған немесе сот
орындаушысының заңды талаптарын, «Неке және отбасы туралы» Кодекстің 165, 167баптарының талаптарын орындамаған кезде ҚР ӘҚтК 670-бабымен көзделген әкімшілік
құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады. Егер ұстауды жүргізетін ұйымның басшысы тарапынан орындамау, сол сияқты сот актісінің орындалуына кедергі болу фактілері
анықталса, ҚР ҚК 430-бабына «заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот
актiсiн не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты оларды
орындауға кедергi жасау» сәйкес қылмыс құрамының көріністері бойынша ішкі істер органдарына ұсыныс жіберу мәселесін қарайды. Жалақының уақтылы аударылмауынан және
төленбеуінен не жалақының республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген ең
төменгі мөлшерден төмен төленуінен көрініс тапқан ұйым тарапынан болған бұзушылық
фактілері туралы сот орындаушысы аумақтық мемлекеттік кірістер органына және тиісті
аумақтық бірліктің еңбек инспекциясына құзыреті бойынша шешім қабылдау үшін растау
құжаттарымен қоса хабарлайды. Борышкердің табысы және кірістерінің басқа түрлері
болмаған жағдайда, ол алимент төлемдерін 3 айдан астам уақыт төлемеген кезде сот орындаушысы берешекті анықтау туралы қаулы шығарып, Заңның 61-бабына сәйкес өндіріп
алуға болмайтын мүліктен басқа борышкердің мүлкін, оның ішінде бірлескен мүліктегі
оның үлесін өндіріп алу шараларын қабылдайды. Бұл ретте, сот орындаушысы Заңның 55бабының талаптарына сәйкес кезектілік тәртібімен борышкердің мүлкін өндіріп алады. 3
айдан астам алимент берешегі қалыптасқан жағдайда немесе өндіріп алушының арызы бойынша Заңның 33-бабына сәйкес сот орындаушысы борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қою туралы қаулыны сотқа санкциялауға жібереді. Сондай-ақ,
Заңның 34-бабына сәйкес 3 айдан астам алимент берешегі қалыптасқан жағдайда, сот орындаушысы борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша
тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен
арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жіберіп,
атқарушылық іс жүргізу тараптарына міндетті түрде хабарлайды.
Ғ.Т.Омаров, бөлім басшысы-аға сот орындаушы
5
15 шілде 2017 жыл
Жатаған укекіре
(горчак ползучий(розовый)
Биологиялық ерекшеліктері:
Жатаған укекіре (Acroptilon repens D.C.) – күрделі гүлділер
тұқымдасына жататын көпжылдық көген тамырлы, өсімдік. Жапырақ, сабақ және тамырлар
құрамында өзіне ащы дәм беретін 4% жуық глюкоалколоидтар бар. (Осыдан орысша және
украинша аталуы – горчак (укекіре). Ластанған жерлерде жатаған укекіре өсімдігінің
қалыптасуы көктемгі дегелек (жертаған жапырақ) шығуымен басталады, онда өсіп-өну барысында биіктігі 30-60 см жер бетіндегі сабағы құралады. Сабағы тік, қырлы, күшті
бұтақтанылған, қалың жапырақты, торлы мамықтанған (жұрындалған), онсыз сирек.
Жапырағы кезекпе-кезек, отырыңқы қияқ (ланцет) тәріздес әлде ланцетті–сызықты, жоғарғы
жағы үшкірленген, етегіне қарай тарылған, астынғысы-тісті, жоғарғысы–тұтас кенере
(қыры), сызықты. Барлық жапырақтары мамықталған, әсіресе кенересінен, көкшіл сұр,
қалың ақ мамықтанғаннан. Өркен ұшар басында жалғызданған гүлдің түйнегі құралады,
олардың кішкентай гүлшоғыры, қызғылт гүлдің табағы болып бірте-бірте ашылады. Гүлдері
түтікті қызғылт күлтелі, қос жынысты. Ұрығы – дәнек, жеңіл арылатын жұмыртқа тәрізді
ақ түсті кішкене айдармен, шетінен қабыстырылған жатық (тегіс) қырлы, тақыр, ақшылсұрдан ақшыл сарғыш түске дейін. Өсіп жетілу жағдайына байланысты дәнектің ұзындығы
3,0 – 6,0 мм болады, жалпақтығы 1,5 – 2,3 мм, қалыңдығы 0,8 – 1,5 мм, абсолюттік салмағы
– 3,9 – 5,0 грамм.
Жатаған укекіре өсімдігінің биіктігі 20 - 40 см, кейде 70 см дейн барады. Екі түрлі жолмен
өрбітіледі: тұқым және вегетативтік– тамырлы бұтақшалар, тамыр сабағы және олардың
бөлігі. Арамшөп ең алдымен тұқымдық материал мен таралады және жыныс мүшесіз (вегетативті) өсіп-өнуге қабілетті. Укекіре тұқымының шығымдылығы төмен, олар, +20 - 30о
температурада көктеп шығады. Өскін 3-4 см тереңдіктен шығады. Тұқым топырақта 4 - 5
жыл сақталады. У кекіре мамыр-маусымда гүлдейді, маусым – шілдеде ұрық салады, егін
орағы уақытына пісіп үлгіреді. Бірінші жылы тұқымнан өсіп шыққан укекіре гүлдемейді
және сондықтан ұрық салмайды. Арамшөптің бұл фазалары екінші жылдан басталады.
Жатаған укекіре қалың тамыр жүйесімен сипаталады, негізгі тік бағытты тамыр және одан
жан-жаққа тараған көлденең тамырлардан тұрады. Негізгі тамыр 10 метрден жоғары
тереңдікке енеді. Укекіре тамырлары бірнеше жылға созылған тыным алу қабілетімен де
иеленген. Сондайлық, мысал, тәжірибелердің біреуінде жарық пен ылғалдан айырылған
арамшөп өзінің тіршілік ету қабілетін 5-6 жыл сақтаған. Ауа райының қолайсыз жағдайына
жатаған укекіре орнықты. Құрғақшылыққа төзімді және топырақ талғамайды. Таралуы және
зияндылығы: Танаптардағы укекіремен ластанған ауылшаруашылық дақылдары
өнімділігінің төмендеуінің негізгі себебі ылғал және көректік заттар үшін-өткір күрес. Укекіре өсімдігі улы, өте ащы. Пішен де (шөпте), укекіренің тіпті 0,5 % аз болғанның өзінде,
малға беруге болмайды–мұндай мал азығы улы. Жатаған укекіренің зияндылығы сонымен
қатар мәдени өсімдіктерге аллелопатиялық әсеріне байланысты, яғни топырақтың құнарлы
қабатындағы тамыр жүйесінің уытты заттар бөлінісі, және де тағы, астық арасындағы укекіре тұқымы, алынатын өнім (ұн) сапасын төмендетеді. Ұн ащылау дәмге ие болады және
пайдалануға жарамдылығы шамалы.
Укекіре өсімдігі көп жануарлар үшін улы, әсіресе жылқыға, бірақ қой мен ешкі жақсы
жейді. Укекіре сондай-ақ егіншілікте еңбек өнімділігін түсіреді, өнім өндіруде шығын
көбейюіне әкеледі. Укекіремен танаптардың ластануы ауылшаруашылық дақылдарының
өнімділігінің көтеруге бағытталған агрохимиялық шаралардың тиімділігін едәуір
төмендетеді. Арамшөп тамырлары, бидай, арпа, бұршақ тұқымдарының өну қуатын
төмендететін заттарды бөледі. Бұлар осы дақылдардың тамырлар мен сабақтарының өсуін
тежеуге қабілетті болады. Агротехникалық және химиялық күрес шаралары: Жатаған укекіре қиын жойылатын арамшөптер қатарына жатады. Онымен күресудің қиындығы өздігінен
қайта қалпына келу ерекше қабілеттілігінің жоғарлығы. Тіпті, бірнеше және терең қырқудан
кейінде укекіре тамырлары қайта өнеді. Укекірені біржолата жою үшін агротехникалық,
химиялық және басқадай шараларды кешенді түрде бірнеше жыл ішінде жүргізу керек.
Агротехникалық күрес әдістері укекіренің биологиялық ерекшеліктерімен белгіленеді.
Күрестің басты мақсаты арамшөп тамыр жүйесін әлсіретіп қурату, арамшөп өсуін
көленкелейтін және басатын мәдени өсімдіктердің өсіп дамуына әбден қолайлы жағдай
туғызу. Маңыздысы, агротехникалық шараларды бірнеше жыл ішінде уақытында және сапалы жүргізу. Укекірені толық жою үшін біріне-бірі байланысты бүтін жүйе, кейде және
қайталанатын әдістер қажет.
Ауылшаруашылық өндірісінде, укекіремен күрестің ең ұтымды және болашағы зор
агротехникалық әдістерге жататыны – әр қабатта сүре жерді өңдеу, ауылшаруашылық
дақылдарының егісімен укекірені қанау, тереңдетіп жырту және егіншілік мәдениетінің
жоғарлығы. Арам шөптермен, оның ішінде және жатаған укекіремен күрестің белсенді
әдістерінің бірі болып бұрыннан сүрі жерді өңдеу болып табылады. Алайда, ластану денгейін, және топырақты – климаттық жағдайды, ескеру қажет. Сонымен қатар, сүре жерді өңдеу
кезінде маңыздысы өңдеу мерзімін сақтау. Сүрені таяз өңдеу укекіренің қатайып кеткен
тамырларының толық қырқылуын қамтамасыз етпейді. Бұл бұтақшалардың тез өнуіне
әкеледі және тым жиі қырқуды қажет етеді. Жатаған укекірені толық жоюға тек қана
агротехникалық шаралармен қоса гербицидтерді (химиялық препараттар) үйлестіру арқылы
қол жеткізуге болады. Укекіреге қарсы ұсынылған гербицидтер: Ланс -240, ураган, буран,
стинг (раундап, глиалка, глисол, нитоссорг). Химиялық әдістерді укекіремен түгелдей
ластанған аймақтарда қолданған ынғайлы. Ошақты ластанған жерлерде көп жылғы көлемді
жұмысқа байланысты, экономикалық ақталмайды. Химиялық препараттардың өсімдікке
жаппай және тандап әсер ету қасиеттеріне байланысты қолданатын бүріккіш техника түрі
анықталады. Мысалы, түгелдей ластанған алаңда тракторлық тіркемелі бүріккіштерді, ал
ошақты алаңдарда аспалы бүріккіштер пайдаланылады. Бұл жұмыстар үстінгі жағынан
бүрку арқылы жүрзіледі.
Есте сақтау керегі сондайлық танаптан тыс укекіремен күрессіз оны біржолата жою мүмкін
емес. Сондықтан, осы арам шөп таралуын шектеуге, укекірені толық жоюға күресті
жүргізуге, соған күш салу қажет. Мұны жырту, шабу және танаптан тыс жерлерді қыру,
оларды жағу арқылы жасау керек. Укекіренің тұқым шашуына бірде бір жағдайда жол берілмеуі керек. Карантиндік шектеулер. Жатаған укекіре – карантиндік қауіпті арам шөп.
Жаңа аймақтарға укекіре дағдыдағыдай өсімдік өнімімен кіреді. Онымен күресу өте қиын.
анағұрлым жеңілдеу, карантиндік ережені сақтай отырып, жаңа аймақтарға оның
тұқымының енуіне жол бермеу арқылы. Шаруашылық субъектілер жерлерінде укекіре
ошақтары анықталған жағдайда осы шаруашылықтардың барлығына карантин жарияланады. Ластану дәрежесіне қарамай укекіремен ластанған тұқымдарды себуге кесімді түрде
және ластанған жерлерде ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдық учаскілерін
орналастыруға тыйым салынады. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымының жатаған
укекіремен лас болғандарына алып-сатуға және оларды осы мақсатта залалданған
шарушылықтардан және ауданнан тыс шығаруға тыйым салынады.
Карантиндеп жарияланған шаруашылықтарынан және аймақтарынан азық-түлікті және
жемдік астықты тасымалдау, тек қана аумақтық органның өсімдіктер карантині жөніндегі
қызметінің берген карантиндік, фитосанитариялық сертификаттарымен жүргізіледі.
ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» РММ
Аудан тұрғындарының назарына!!!
2018 жылдан бастап Атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта еңгізіледі және төленеді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңына 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар еңгізілуіне сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап жаңа форматтағы
бірыңғай жәрдемақы − атаулы әлеуметтік көмек енгізілетін болады. Жәрдемақы өзіне табысы аз отбасыларға арналған қолданыстағы үш әлеуметтік төлемді біріктіреді, олар: төрт
және одан да көп баласы бар отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 18
жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек
(АӘК). Жаңа форматтағы АӘК табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен
отбасыларға отбасында еңбекке қабілетті мүшелерінің болуын ескере отырып, сондай-ақ
олардың міндетті түрде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысуы шартымен
көрсетілетін болады. АӘК-тің жаңа форматын енгізуде негізгі рөл табысы аз отбасыларды
анықтау мен ақпараттандыру және АӘК-тің жаңа форматына тарту, табысы аз отбасылардың
белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау және осындай отбасыларды
әлеуметтік қолдау міндеттері жүктелген Жұмыспен қамту орталықтарына беріледі.Жаңа
форматтағы атаулы әлеуметтік көмек екі түрлі шартпен тағайындалатын болады.
Шартсыз ақшалай көмек - құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға
(мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері
еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы
мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан
жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек - құрамында еңбек етуге қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ отбасының барлық еңбек
етуге қабілетті мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда
(тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, жастар тәжірибесі, кәсібі немесе мамандығы
бойынша оқыту немесе қайта оқыту), жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға және жеке
кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға беріледі.
АӘК-тің жаңа форматы еліміздің өңірлерінде «Өрлеу» пилоттық жобасы аясында 2014 жылдан бастап шартты ақшалай көмекті көрсету түрінде жүзеге асырылуда. Аз қамтылған отбасыларды «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары туралы кеңесті «Жаңаарқа ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен немесе
Жұмыспен қамту орталығынан, ауылдық елді мекенде тұратын болсаңыз ауыл әкімшілігінен
ақпарат ала аласыздар. Байланыс телефоны: 8 (710-30) 2-63-60, 2-80-40.
«Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
Зейнетақы мен базалық төлемдерге жүргізілген
қайыра есептеулер туралы
Қазіргі уақытта Республикалық бюджет арқылы зейнетақы төлемдері екі құрамда төленіп
отыр: ынтымақты зейнетақы және базалық зейнетақы төлемдері; Ынтымақты зейнетақы
төлемдерін есептеу, азаматтардың 01 қаңтар 1998 жылға дейінгі еңбек өтілдері мен 1 қаңтар
1995жылдан бергі кез келген 36 айдың табысын есепке алу арқылы жүргізіледі. Ал, базалық
төлемдер тиісті жылға бюджетте белгіленген күн көріс деңгейінің 50 % көлемінде есептеледі.
Зейнетақы төлемдері 1 қаңтар 2017жылдан бастап 9% -ға, базалық төлемдер 7 %-ға өсірілген
болатын. Базалық төлемдерге қайыра есепеулер жыл сайынғы инфлияциялық өсімге қатысты
анықталатын ең төменгі күн көріс деңгейі мөлшерінен есептеліп алынады. Өткен жылға
инфляцияның өсу деңгейі 7%- ға белгіленуіне байланысты, базалық зейнетақы төлемдері
де 7 %-ға өсірілді. Елбасының тапсырмасына сәйкес зейнетақы төлемдері 2017жылы
2016жылмен салыстырғанды 20 %-ға өсірілуі белгіленген болатын. Осыған сәйкес,
Қазақстан Республикасы бойынша базалық зейнетақы төлемдері 2016жылы 11 965 тенге
болса, 01 қаңтар 2017жылдан 12 802 тенге, 01.07.2017жылдан 14466 тенгеге өсірілді. Жасына байланысты зейнетақылар толықтай 1.01.2017жылдан 9 %-ға өсірілсе, 01.07.2017жылдан 11%-ға қайыра есептелді. Осындай есеппен екі құрамдағы зейнетақы төлемдеріде
2016жылмен салыстырғанда жалпы 20 %-ға өсірілді. Мысалы: Жасына байланысты төлем
алушы 2016 жылы 46395 тенге төлем алса, 01 қаңтар 2017жылдан 9%-ға өсіріліп 50 571
тенге, 01 шілде 2017жылдан 56 134 тенгені құрады. Егер базалық төлемді қосып есептейтін
болсақ барлығы 70 600 тенге алатын болады. Ал, 2016жылы барлық алып отырған төлемінің
мөлшері 58 360 теңге. 2016жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері (толық еңбек өтілі 20,25
жыл болған жағдайда) 25 824 тенге, 1 қаңтар 2017жылдан 28 148 тенге, ал шілде айынан
бастап 31 245 тенгеге дейін өсірілді. Зейнеткерге ынтымақты зейнетақы мен базалық төлемді
қоса есептегендегі ең төменгі төлем мөлшері 01 шілдеден бастап 45 711тенгені құрайтын
болады. 2016жылы төленген ең төменгі төлем мөлшері 37 789 тенге, яғни осы жылда төлем
мөлшері 20 %-ға артырылып отыр. Сол сияқты, қазіргі уақытта жаңадан тағайындалатын
зейнетақыға 41 АЕК (1 АЕК 2 269 *41= 93 029тенге) көлеміндегі табыс есепке алынып келсе,
1 шілде 2017жылдан ол 46 АЕК-ке жеткізілді. (1 АЕК 2 269 * 46= 104374 тенге). Қазақстан
Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртуға байланысты 2018жылдың шілде айынан
бастап базалық төлемдердің есептелу жүйесі өзгертілетін болады. Егер, қазіргі уақытта
базалық төлемдер барлық алушыларға бірдей күн көріс деңгейінің 50 %-ы көлемінде төленіп
келсе, ол 1 шілде 2018 жылдан бастап жалпы еңбек өтілдеріне қатысты есептелетін болады.
Еңбек өтілдері 01 қаңтар 2018жылға дейінгі ынтымақты зейнетақы жүйесімен де, 01 қаңтар
1998жылдан бастапқы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілімен зейнеткерлі жасқа
тоған уақытқа дейінгі аралықтағы еңбек өтіліне сәйкес есептелетін болады. Жалпы алғанда,
егер жинақтаушы зейнетақы қорындағы еңбек өтілі 10 жыл болса бюджетте белгіленген
төменгі күнкөріс деңгейінің 54% мөлшерінде есептеледі. 10 жылдан жоғары еңбек өтілі
болса әр жылы 2 % -ға арттырылады. Осындай есеппен, 20жыл жинақтаушы зейнетақы
қорына қатысу өтілі бойынша күн көріс деңгейінің 74 %-ы көлемінде есептелетін болады.
Ал, зейнеткердің еңбек өтілі 33 жылдан жоғары болатын болса, төлем күн көріс деңгейінің
100%-ы көлемінде төленетін болады. Бүгіні күнге 2018жылға төменгі–күн көріс деңгейінің
белгісіз болуына байланысты нақты төлем мөлшері туралы айту мүмкідігі жоқ. Базалық
төлемдерді 1 шілде 2018жылдан еңбек өтілдеріне байланысты қайыра есептеу, тек зейнетақы
істеріндегі қалыптасқан құжаттар негізінде және жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы
аударылған жарналарға қатысты есептелетін болады.
Зейнетақы жасын кезең кезеңімен ұлғайту кестесі
Жыл
1 қаңтар 2018 жыл
1 қаңтар 2019 жыл
1 қаңтар 2020 жыл
1 қаңтар 2021 жыл
1 қаңтар 2022 жыл
1 қаңтар 2023 жыл
1 қаңтар 2024 жыл
1 қаңтар 2025 жыл
1 қаңтар 2026 жыл
қаңтар 2027 жыл
Зейнеткерлік жасы
58 жыл 6 ай
59
59 жыл 6 ай
60
60 жыл 6 ай
61
61 жыл 6 ай
62
62 жыл 6 ай
63
Туған жылы
1 қаңтар 1960 - 30 маусым 1960
1 шілде 1960 - 31 желтоқсан 1960
1 қаңтар 1961 - 30 маусым 1961
1 шілде 1961 - 31 желтоқсан 1961
1 қаңтар 1962 - 30 маусым 1962
1 шілде 1962 - 31 желтоқсан 1962
1 қаңтар 1963 - 30 маусым 1963
1 шілде 196 3- 31 желтоқсан 1963
1 қаңтар 1964 - 30 маусым 1964
1 шілде 1964 - 31 желтоқсан 1964
Ә.Қ Дәрібаева,
Әлеуметтік төлемдерді ведомстоаралық есептеу департаментінің басшысы
6
15 шілде 2017 жыл
Мүгедектерді шипажай-курорттық емдеумен
қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды рәсімдеу
Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңдарына , «Мүгедектердi оңалтудың
кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2005 жылғы 20 шідедегі №
754 каулысына, және осы қаулысымен бекітілген Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесiнің негіздерінде көрсетіледі.
Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдар
мүгедектер мен мүгедек балаларға мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық жолдама (бұдан әрi - жолдама) беру арқылы жүзеге асырады.
Жолдамаларды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар
департаментi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына
сәйкес мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен сатып алады.
Мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуге арналған
құжаттарын ресiмдеудi және есепке алуды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi жүргiзедi.
Өтiнiш берудiң тәртiбi. Мүгедектер, не олардың жазбаша келiсiмiмен басқа адам, сондайақ мүгедек балалардың заңды өкiлдерi белгiленген нысандағы өтiнiштi бередi.
Өтiнiшке мынадай құжаттар: 1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың
көшiрмесi; 2) мүгедек-балалар үшiн - баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi және оның
заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi; 3) денсаулық сақтау ұйымы
берген санаторий-курорттық картаның көшiрмесi; 4) тұрғындар есебiнiң кiтабы; 5)
мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме мен мүгедектi оңалтудың жеке
бағдарламасынан үзiндi көшiрме; 6) мүгедектiң жазбаша келiсiмiмен басқа адам өтiнiш бергенде - оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi.
Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшiн қажеттi құжаттарды салыстыру
үшiн түпнұсқалар мен көшiрмелер түрiнде берiледi. Салыстырудан кейiн құжаттардың
түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтiнiш берген, оларға мүгедектi
оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделу ұсынылған мүгедектер
мен мүгедек балалардың тiзiмiн қалыптастырады.
Облыстық басқарма ұсынылған тiзiмдерге сәйкес жолдамаларды аудандар арасында
мақсаты бойынша пайдалану үшiн бөледi.
Жолдаманы санаторий-курорттық емделуге құқығы бар адамның қолына не оның жазбаша
келiсiмi бойынша өтiнiште көрсетiлген басқа адамға бередi.
Мүгедек балаға жолдама оның заңды өкiлiнiң қолына берiледi.
Жолдаманы белгiлi бiр себептермен (қайтыс болу, сырқаттану және т.б.) пайдалануға
мүмкiндiк болмаған жағдайда, ол қайтарылуы және кезектiлiк тәртiбiмен басқа адамға берiлуi тиiс.
Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, берiлген жолдама
мүмкiндiгiнше келу кестесiне сәйкес басқа кезеңнiң жолдамасына, бiрақ ауыстырылуға тиiс
жолдамада көрсетiлген келу басталғанға дейiн үшкүннен кешiктiрiлмей ауыстырылуы
мүмкiн.
Жолдамалар күнтiзбелiк жылда бiр рет, белгiлеген мерзiмге берiледi.
Хабарласу мекенжайы: Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы №5, телефондарымыз: 2-80-46, 790-39
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Оқулық-басты мәселе
Еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезде өзгермелі және өскелең талаптар мен
қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып , отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне
біріктіруге ұмтылыс жасауда.Бұл білім сапасын жетілдіру және оны жоғары деңгейге
көтеруді алға тартады. Осы мақсатта жалпы орта білім беретін мекемелердің оқу
бағдарламаларына бірқатар өзгерістер енгізілді. Еліміздегі мектептерге былтырғы оқу жылынан бастап жаңартылған жүйе бойынша білім берілді.Сала министрлігі ең алдымен бірінші сынып бағдарламасына өзгеріс енгізген болатын.Яғни, мектеп табалдырығын аттаған
балдырғандар бірыңғай оқулықпен білім алды.Сол себептен,былтырғы оқу жылында 1сыныпқа қабылданған оқушылар жаңа бағдарламаға сәйкес,жаңа оқулықтармен толық
қамтамасыз етілді.Биыл 2,5,7 сынып оқушылары жаңа баспадан шыққан оқулықтармен және
1 сынып оқушылары дәптермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.Қалған сынып
оқушыларын оқулықпен қамту үшін барлық амалдар жасалады. Негізгі мектеп
кітапханасының қорындағы оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Жетіспейтін оқулықтар
«Мектепке оқулықпен» республикалық акция барысында мектептердің артық
оқулықтарымен мектепаралық алмастыру арқылы табылмақ. Сонымен қатар, аталған
мәселелер бойынша аудандық білім бөлімі мектеп кітапханаларының мониторингін жасайды. Мониторинг қортындысы «Оқулық» модулі толтырылып, «Білім АЛ» жүйесі арқылы
мектептер артық оқулықтарды өзара басқа мектептермен айырбас жасасады.Бұл компьютерлік жүйе болғандықтан,қай мектепте қандай оқулық алғаны, бергені жөнінде ақпарат тіркеліп отырады.Қордан бөлек мектепке жетіспейтін оқулықтарға көмек қолын созып,
жәрдем беремдеушілер болса мектеп кітапханашыларымен бірігіп жәрмеңке өткізсе. Биылғы
оқу жылында оқушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің 2013
жылғы 27 қықүйектегі №400 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы,2017 жылғы 4
сәуірдегі № 150 бұйрығына сәйкес оқулықтармен оқытылады. Барлық білім беру мекемелерінде ата-аналар мен оқушыларға арналған ақпараттық тақта ілінген. Ақпараттық тақтада
оқулықтар жайлы толық мәліметтер берілген. Биыл жалпы саны 11 баспамен келісім –шарт
жасалды. Жергілікті бюджеттен жаңа оқулықтар алуға 59669,00 мың теңге бөлінді. Оның
1,488 мың теңгесі осы баспалардан оқулықтарды тасмалдауға бөлінген. Жасалған келісім –
шарт бойынша 15 ші тамыздан бастап барлық оқулықтар ауданға жеткізілуі тиіс деп жоспарлануда.
З.А.Ашимова,
білім бөлімінің әдіскері
ЕскЕ
алу
ЕскЕ
алу
Ақтау ауылының тұрғындары болған, ардақты
әкеміз Бейсбеков Кемал мен сүйікті анамыз
Досқынбекқызы Сараны сағына еске аламыз.
Ақылдың кені, ақжарма көңіл иесі қос асылымыз өмір көшіндегі жарық жұлдызымыз,
көшбасшымыз еді. Арамызда болғанда ғасыр
тойы 100 жасқа толар еді. Ұл-қыздарынан
тараған үрім бұтағының қызығын қызықтап,
немерелерінің маңдайынан иіскеп мамыржай
тірлік кешкен әке-шешеміздің сұлу сұлбасы,
кең жүрегі мен ақыл кеңесі біздің мәңгі жадымызда. Бабалар көшіне ілесіп, бақилық болған әке-шешеміздің жатқан жері жайлы
топырағы торқа болсын деп құран бағыштап, қол жаямыз.
Көкжиегі көктемімнің күзімнің,
Бәйтерегім мен өзіңнің бүріңмін.
Қуат алып әке-шеше Сіздерден,
Жапырақ жайып, өркендедім, түзілдім.
Өмір өтті сағынармыз, іздерміз,
Жылдар өтті арамызда Сіздерсіз.
«Орныңда бар оңалады»- демей ме,
Ұрпағыңмен асылдарым гүлдерсіз.
Сағына еске алушылар: балалары Сейіт, Сейітқазы (Айтқазы) немерелері,
шөберелері
Ақтау ауылының тойханасында 22-шілде күні сағат 13.00 де ата-анамызды еске
алып, құран бағыштап, ас береміз. Асқа құда-жекжат, туған-туыс, көзкөрген сыйластарды шақырамыз.
Қарағанды қаласының тұрғыны, Қараағаш ауылының тумасы
асқартау әке, ардақты ата, сүйікті жар, қимас бауыр Жакупов
Жұмағали Жаманбайұлының арамыздан алыстағанына ай
толды. Ақкөңіл, үлкенге ізет білдіріп, кішіге қамқорлық танытатын, көзі қарақты көңілі ояу жанның өмір сынағына сынбай өз
жолын салып , еңбек етіп, ер жеткені баршаға аян.
Ағайынтуысқа сыйлы, дос жаранға қадірлі азамат алпысқа аяқ басар
шақта өмірден озды. Жан баласын жақыным деп жатсынбайтын
жанға Жаратқан жұмақ бағын бұйыртсын деп дұға етеміз.
Жоқсың сен арамыздан алыстадың,
Есік ашып қайрадан қауышпадың.
Жаратқанның ісіне шара бар ма
Дәм тұзыңды тым ерте тауысқанын.
Көзден кеттің, көңілден өшпес анық,
Әр ісіңе ағайын Сенің қанық.
Жаратқаның жар болып ана өмірде,
Жатқан жерің болсыншы енді мамық.
Еске алушылар: бауырлары, жұбайы-Айгүл, балалары, немерелері
Әкеміздің қайтыс болғанына 40 күн толуына орай 27-шілде күні сағат 13.00 де
«Сұлтан» мейрамханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Көңіл айту
Аудандық ардагерлер ұйымы Ескене ауылының ардегерлер ұйымының төрағасы
ӘБДІКӘРІМОВ ЕРЕНҒАЙЫПТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен
туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Талдыбұлақ орта
мектебінің педагогикалық ұжымы осы мектептің бұрнығы директоры, ардагер ұстаз, білім
беру саласының озық қызметкері ӘБДІКӘРІМОВ ИРЕНҒАЙЫПТЫҢ қайтыс болуына
байланысты туған-туыстары мен бала-шағасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Б.Амалбеков
орта мектебінің педагогикалық ұжымы осы мектептің мұғалімі АҚПУПЕНОВА АРДАҚ
ДИХАНБАЙҚЫЗЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен
бала-шағасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Целинный ауылдық округі әкімшілігі аппараты және ауыл тұрғындары БАЛАЖАНОВ
ӨМІРЗАҚТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туысқандарына
қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
Хабарландыру
Специализированныйлицей информационных технологий объявляет набор учащихся 7-8
классов на 2017-2018 уч. год. Требования к претендентам: интерес к новым технологиям,
робототехнике, дизайну и программированию, хорошие знания математики и логики.
Конкурсный отбор будет включать в себя комплексное тестирование по математике и логике
и личное собеседование. Преимущество при отборе имеют участники, победители и призеры конкурсов и олимпиад по информатике и робототехнике.
Прием документов осуществляется с 1 по 20 июля по адресу: г. Караганда, ул. Колодезная,
д. 9. Работает система онлайн-регистрации по адресу: www.itlyceum.kz.
Телефон для справок: + 7 (7212) 37-63-02.
Отдел образования
Жарамсыз деп танылсын
Ш.Тельғозы көшесі №45 үйдің иесі Катпашева Насиптің атына берілген жерді жеке меншікке алу құқығын беретін мемлекеттік актісі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
*** *** ***
Егимбаев Асыгат Рысқұлбекұлының атына 2010 жылы Түгіскен орта мектебін бітіргендігі туралы берілген ЖОБ №0106617 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп
танылсын
7
ЕскЕ алу
Осыдан қырық жыл бұрын 1977 жылдың шілде
айының 17-ші жұлдызында Жаңаарқа
ауданының тұрғындары асқар таудай әкеміз
Тайшықов Коммунар, ардақты да асыл шешеміз Әбдіғалымова Дәнжан және сүйікті де
аяулы бауырларымыз Бақыт, Қадыржан,
Динаралардың бесеуі бірдей жол апатына
ұшырап, мезгілсіз бұл дүниемен қоштасқан еді.
Әкеміз Коммунар өмір жолын өзінің
мамандығына
байланысты
аудандық
тұтынушылар орталық базасында аға бухгалтер, кейін облыстық тұтынушылар одағының
аудан аралық базасының директоры болып қызмет атқарады. Еңбек еткен жылдары
облыстық және аудандық мекемелерден алған Алғыс хаттары мен В.И.Лениннің туғанына
100 жыл толуына арналған мерейлік медалімен «Коммунистік еңбек епкіндісі» белгілерімен марапатталған болатын.
Шешеміз Дәнжан өзінің өмір жолын балаларына арнаған жан болатын. Көп балалы ана
ретінде ІІІ-ші және ІІ-ші дәрежелі «Ана даңқы» медалімен марапатталып, күміс алқа таққан
ана болатын. Өзінің өмірінің соңына дейін өмірге әкелген балаларына ұлағатты тәрбие
беріп, адалдықты, сыйластықты үйретіп, мақсаты отбасының ажарын келтіріп отыратын,
балаларына әкесін пір тұтуға баулыған нәзік жанды ана болды.
Аяулы бауырларымыз Бақыт, Қадыржан, Динаралар мектеп жасындағы балалар еді.
Марқұм әке-шешемізбен, бауырларымыздың топырағы торқа болып, жандарын жәннатқа,
тәндерін рахатқа бөлей гөр.
Жанарға жас келеді еске алғанда,
Амал қанша, тірлікте қоймады Алла.
Рухтарыңыз ұшып кетсе де алыс жаққа,
Бейнелеріңіз мәңгіге сақталады жадымызда.
Артта қалған ұрпақтарыныз аман болсын,
Мінгендеріңіз пырақ, қабірлеріңіз нұрға толсын.
Дұға-құран бағыштаймыз еске алып, әр күн сайын,
Алланың берген сыйы – жұмақтың төрі болсын.
Еске алушылар: балалары, немерелері, шөберелері, жиендері
Марқұм әке-шешеміз бен бауырларымызға арналған құдайы дәм шілде айының 23-і күні
«Жаңаарқа» тойханасында сағат 13.00-де беріледі
ЕскЕ алу
Жаңаарқа ауданының тумасы, аяулы жар, асыл ана, ұлағатты ұстаз
– Ибишова Қарашаштың сағымдай бұлдырап, бұл фәниден
озғанына 40 күн толады. Тіршіліктің бір көзінде қуаныш, бір
көзінде мұң жатады деген рас екен. Аяулы жар, асыл ана өз
отбасының ұйытқысы, шамшырағы, ажары еді. Аяулы жар ретінде
отағасын ардақтап, шаңырағының отын маздатып, ішін шаттыққа
толтырып, ағайынның татулығын жарастырып, құт-берекесін тасытып, перзенттеріне өмірдің мәнін ұқтырып, жақсылықтың дәнін
ұрпағының бойына сіңдіре білген жан. Балалары үшін –алтын
құрсағымыз, жер бетіндегі жұмағымыз, тағынатын тұмарымыз
болған, немерелерін аялап, еркелеткен асыл әже жан еді. Алтын ұя –
мектебіндегі сансыз шәкірттерді ұшырған орындығы да ойсырап қалды.
Қызғалдақтарыңызға соңғы деміңде тіл қатып: денсаулықты бағалап, бір-біріңе қамқор,
пана болыңдар деп санамызға сіңірдіңіз. Мезгілсіз келген сұм ажалдың тырнағынан алып
қала алмадық, ендігі артыңызда қалған ұрпаққа амандықты нәсіп еткей.
Тербетіп сағыныштың күшті ырғағы,
Елжіреп, елесіңді құштық тағы.
Хат байлап қанатына жіберер ек,
Бармайды-ау, ол жақтарға құстың бәрі.
Көңілде – мұң, санада – сұрақ тұнып,
Бұл жалғанда жоқ екен, тұрақтылық.
Ақ жаулықты анашым, Сізге ғана,
Мұң шағушы ек қиналғанда, жылап тұрып.
Балаларын ойлап, түндерде көз ілмейтін
Өзіңіз барда, қиындық сезілмейтін.
Жан анашым, жұмақ болсын мекенің,
Жолдас болсын, иманың, тек жебейтін.
Еске алушылары: жолдасы – Сәулет, балалары: Меруерт-Берген, Маржан-Жарқын,
Лаура; немерелері: Нұртөре, Жалғас, Нұржігіт
Марқұмның қайтыс болғанына қырық күн толуына байланысты, 20 шілдеде, сағат
13:00-де «Жаңаарқа» мейрамханасында ас беріледі
ЕскЕ алу
С.Сейфуллин ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылының тумасы сүйікті ұл, асқар таудай әке, асыл жар, шаңырақтың
қамқоршысы
Әмірешов
Мұхамедқали
(Мұқанас)
Төлепбекұлының фәниден бақиға озғанына 20-шілде күні 1 жыл
толып отыр. Ардақты азаматымызды сағына еске алып, жатқан жері
жайлы, топырағы торқа, қабіріне Алланың нұры жауып, жанына
жәннаттың нұры құйылсын деп тілейміз.
Жыр жазамыз бүгін сені сағынып,
Бұл тағдырдың амалына бағынып.
Бақилықта саған иман тілейміз,
Бір Аллаға жалбарынып, жалынып.
Иман тілеп мәңгілік тұрағынан,
Орын бергей жаратқан жұмағынан.
Жатқан жерің, қабірің нұрға толсын,
Дұға арнадық өзіңе бір Алладан.
Сағына еске алушылар: анасы- Тәткен, жұбайы-Базаркүл, баласы-Ернұр, бауырлары
20-шілде күні сағат 13.00-де «Диас» мейрамханасында ардақты азаматымыздың
өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Маман кеңесі
Эхинококкоз – ауруларының
алдын-алу шаралары
Эхинококкоз – (беріш), қоздырғыш Echinococcus granulosus, өте ұсақ гельминт, ұзындығы
2-6 мм, бар жоғы 3-4 бунақтардан тұрады. Эхинококкозбен ауылшаруашылық малдары, ит
және мысық, сонымен бірге адамда ауырады.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша эхинококкозбен 10-15
жыл бойы ауырған әр адамнан мемлекетке келетін шығынның мөлшері 10 мың АҚШ доллары болады екен. Эхинококкозбен ауырған әр қой орташа есеппен жүнді 9,5 %, сүтті 7%,
етті 8,1%, іш майды 18,5%, бауырды 84,2 %, өкпені 76,1% кем береді.
Мал өсіретін шаруашылықтар тек қажетті иттерді ғана ұстап, оларды есепке алу, арнаулы
журналға тіркеу, санын азайту, сондай-ақ күтімін бірыңғай тәртіпке келтіру, әрқайсына
«төлқұжат» беру, қарғыбаумен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар жүргізіледі. Иесіз,
қаңғыбас бұралқы иттердің барлығын құрту шарт.
Аурудың алдун алу үшін иттерді жылына 4 рет дегельминтизациялау қажет. Дегельминтизацияны топтастырып жүргізу (15-20 итті) арқылы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Мұндайда тек жұмыс істеген жер ғана зарарланады, уақыт үнемделеді. Аталған шараны
жүзеге асыру үшін иттерді жері тегіс, тақыр, елді мекеннен, жолдан, суаттан алыстау, шеткерлеу орналасқан алаңға жинау керек. Иттерді дәрілеу алдында шынжырмен темір немесе
ағаш қазыққа мықтап байлаған жөн. Дәрі берерде тұмсығын арнаулы қысқышпен, басын
ұстап отырады. иттердің ішек цестодаларына қарсы, тиімділігі әрқилы көптеген антигелминтиктер пайдаланылады.
Қолданылатын дәрмектер: құрамында празиквантел антигельминтігі бар препараттар: дронцит, дронтал плюс, азинокс, празив-К, альбен С, т.б
С.М.Дюсенов, ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды ғылыми
зерттеу ветеринария станциясы» филиалы меңгерушісі
Жоба материалдарын қарастыру бойынша қоғамдық
тыңдалымдарды өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
«Жаңаарқа ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ барша
жұртшылыққа, соның ішінде мүдделі қоғамды құрамында «Қоршаған ортаға әсерді алдынала бағалау» бөлімі бар «Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Ақтүбек (Ақтүбек а.о.),
Атасу а. (Байдалы би а.о.), Ералиев а. (Ералиев а.о.) елді мекендерін құрылыс салу және дамыту схемаларының әзірлемесі» жобасы материалдарын қарастыру бойынша қоғамдық
тыңдалым өтетіні туралы хабардар етеді. Қоғамдық тыңдалымдар 2017 ж. 02 тамызында
сағ. 11 00 –де Атасу к. Тәуелсіздік даңғ.5, «Жаңаарқа аудандық аппараты әкімдігі» ММ
ғимаратындағы акті залында өтеді. Жоба әзірлеушісі - «Казгипроград» 1 Жобалау институты» ЖШС. Тел.: 8 (727) 250-09-51; 250-32-38; 250- 65-15; 250-85-67;
Факс: 250-38-95; 250-69-09; e-mail: kazgiprograd_1@mail.ru
Объявление о проведении общественных слушаний
материалов проекта
ГУ «Отдел архитектуры и градостроительства акимата Жанааркинского района» доводит
до общего сведения, включая заинтересованную общественность, о предстоящем проведении общественных слушаний по рассмотрению материалов проекта «Разработка схем развития и застройки населенных пунктов Актубек (Актубекский с.о.), с. Атасу
(Байдалыбийский с.о.), Ералиев (Ералиевский с.о.) Жанааркинского района Карагандинской
области» с разделом «Оценка воздействия на окружающую среду». Общественные слушания состоятся 02 августа 2017 г. в 11ч.00 мин. по адресу: п. Атасу, пр. Тауелсиздык, 5, в здании ГУ «Аппарат акима Жанааркинского района» в актовом зале. Разработчик проекта ТОО Проектный институт «Казгипроград»1. Тел: 8 (727)250-09-51; 250-32-38; 250-6515;250-85-67; Факс: 250-38-95; 250-69-09; е-mail: kazgiprograd_1@mail.ru
«Менің қолымнан бәрі де келеді!»
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында:
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл
бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа
айналуға тиіс. Бізде ондай адамдарға қамқорлық
көрсетілуге тиіс – бұл қоғам алдындағы біздің парызымыз.
Біз
оларды
белсенді
өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана
қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның
мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін
болады» деген болатын.
Кез келген бала бірінші кезекте
қамқорлықпен көмекке ие болуы тиіс. Жыл
санап мүмкіндігі шектеулі балаларға деген
көзқарас өзгеріп келеді, яғни, орта оларды
қоғамның белсенді мүшесі және өз
тағдырына батыл сеніммен қарайтын тұлға
ретінде қабылдауда.
Осы орайда, 2017 – жылдың 3 шілде күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің
ұйымдастыруымен, «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа филиалының қолдауымен мүмкіндігі
шектеулі балалардың бойындағы қабілетін ашу мақсатында, «Менің қолымнан бәрі де келеді» атты тренинг өтті. Тренингке, жастар ресурстық орталығының мамандары, «Нұр
Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалының маманы А.Тажитов, С.Сейфуллин
атындағы инклюзивті білім беру мектеп психологы Ғ.Балағазина мен оқушылары қатысты.
Өзін-өзі таныстырумен басталған тренинг барысында балалар «Таңғажайып дорба»,
«Әрқашан күн сөнбесін!», «Болады, болмайды», «Менің көңіл-күйім» атты түрлі
психологиялық ойындар ойнап, өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында балаларға жастар
ресурстық орталығы дайындаған естелік сыйлықтар табысталды.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданы ауылшаруашылығына ерекше еңбегі сіңген, совхоздарда бас инженер
болып қызмет атқарған еңбек ардагері Кенжебаев Төкен 80 жасқа толып отыр. Төкенді
мерейтойымен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасына, балашағасына бақытты өмір тілейміз.
Ардагерлер ұйымы
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданы білім саласына ерекше еңбегі сіңген ұстаз Мұхамеджанқызы Кәкенді
80 жасқа толуымен құттықтаймыз. Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бала-шағасының қызығын
қызықтап 100 жасауына тілектеспіз.
Ардагерлер ұйымы
Құттықтаймыз!!!
Құрметті де сыйлас әріптесіміз Мейізбеков Самат Мейрамұлын 15шілде күні 40 жасқа толар мерейтойымен шын жүректен құттықтай
отырып, кіршіксіз көңілден шыққан ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Ұжымда адал еңбеккер, ортасына сыйлы әріптес, отбасында мейірманды әке, асыл жар бола білген өзіңіздей абзал жанға осындай
қуанышты күні ғұмырың ұзағынан, көрер қуанышың молынан болсын деп тілейміз. Жүзің күндей күлімдеп, жүрегің жаздай жайнасын, жанарыңан әрдайым нұр себелеп, жаның шаттыққа кенелсін
демекпіз. Шаңырағыңда шаттық ұялап, босағаңда қызық-қуаныш
арылмасын.
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.
Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,
Арта берсін абырой-беделіңіз.
Ізгі тілекпен: аудандық спорт мектебінің ұжымы
Тұрғындар назарына!
Нұрбай батырдың құрметіне 12 тамыз күні Жаңаарқа ауданы, Атасу кентіндегі “Тойтөбеде”
ас беріліп және “Қосқолтық” төбесінің басында ескерткіш қою рәсімі өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Ұйымдастыру алқасы
Сатылады
Байдалы би көшесінде жаңадан салынған №40-А үй сатылады. Үй тек жаңа құрылыс материалдарынан салынған. Үйдің жалпы көлемі 240 шаршы метр. 10 соток жері бар. Бағасы 5
млн 500 мың теңге. Хабарласу телефоны 6-42-82, 87014445647.
Назар аударыңыз!
Республикалық «Шапағат» форумы өз жұмысын бастады! «Шапағат» форумы бұл:
Өнертабыстар жәрмеңкесі; «Шапағат» өнертапқыштар байқауы; «Болашақ сенің қолыңда:
өнертапқыш және жасампаз бол» тақырыбындаоқушылар арасында өткізілетін байқау.
«Шапағат» форумының ұйымдастырушылары ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК. «Шапағат» өнертапқыштар байқауына өтінімдер (бейне
роликтер) беру мерзімі: 2017 жылдың 26 сәуірінен 30 қыркүйегіне дейін. Дауыс беру:2017
жылдың 27 маусымынан 30 қыркүйегіне дейін. Байқауды қорытындылау:2017 жылдың 15
қазаны.Байқаудың қатысушылары:өнертабысқа, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік
үлгілерге 2016 жылы берілген патенттердің патент иелері
«Болашақ сенің қолыңда: өнертапқыш және жасампаз бол» тақырыбында оқушылар арасында өткізілетін байқауға қатысу үшін жұмыстарды (эсселерді) беру мерзімі:2017 жылдың
26 сәуірі мен 30 қыркүйегі аралығында. Байқауды қорытындылау:2017 жылдың 15 қазаны.
Байқауға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып
оқущыларықатыса алады.
Толығырақ ақпаратты http://shapagat.kazpatent.kz/сайтынан ала аласыздар
Внимание!
Стартовал республиканский форум «Шапағат»! Форум «Шапағат» это: Ярмарка изобретений; Конкурс изобретателей «Шапағат»; Конкурс среди школьников «Будущее в твоих
руках: изобретай и созидай». Организаторами форума «Шапағат» являются Министерство
юстиции РК и РГП «Национальный институт интеллектуальной собственности».
Срок подачи заявок на конкурс изобретателей «Шапағат» (видеороликов):с 26 апреля по
26 июня 2017 года. Голосование:с 27 июня по 30 сентября 2017 года. Подведение итогов:15
октября 2017 года. Участники конкурса:правообладатели патентов на изобретения, полезные
модели, промышленные образцы, выданные в 2016 году. Срок подачи работ (эссе) на конкурс
среди школьников «Будущее в твоих руках: изобретай и созидай»:с 26 апреля по 30 сентября
2017 года. Подведение итогов конкурса:15 октября 2017 года
Участниками конкурсамогут быть учащиеся 8-11 классов общеобразовательных учреждений Республики Казахстан.
Более подробная информация на сайте http://shapagat.kazpatent.kz/
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1346 дана
Тапсырыс №29
Автор
zhanzbc
zhanzbc219   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
52
Размер файла
9 147 Кб
Теги
29qxp
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа