close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 37 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың рухына керектің үлкені - газет,журнал,кітапоқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Тамыз кеңесі өтті
Дәстүрге айналған ұстаздар қауымының тамыз кеңесі 25 тамыз күні кең көлемде аталып
өтті. Екі кезеңге бөлінген дәстүрлі жиынның бірінші бөлімінде тәрбие ісі меңгерушілері,
тәлімгерлер, психологтар, әлеуметтік педагогтер, ата-аналар қауымдастығына арналған
"Өрлеу"
БАҰО
АҚ
Қарағанды облысы бойынша филиалының арнайы секциялары өтті.
Облыстан
келген
Жұмабике Шайзарқызы
мен Мұратбек Балтинұлы
жаңа оқу бағдарламасы
бойынша жұмыстарымен
таныстырып, оқу сабағын
жүргізіп,
аудан
мұғалімдеріне жаңа оқу
бағдарламасы бойынша
жоғары бағасын берді.
Жиынның екінші кезеңінде аудандық мәдениет үйінде ауданымызға қарасты мектептер мен
балабақшалардың өткен оқу жылының қорытындылары мен жетістіктері жайында жасалған
көрмелерін таныстырды. Көрмеде сондай-ақ, аудан мектептерімен жыл бойы жүргізілген
"Мәңгілік Ел" патриоттық актісі, рухани жаңғыру бағдарламасы, өткізілген облыстық,
аудандық іс-шаралардан, жарық көрген жинақтары қойылды. Келесі кезекте ұстаздар арнайы дайындалған облыстық білім бөлімінің «Білімді ел-Мәңгілік ел» атты ақпараттық видеоролигін тамашалады. Ақпараттық видеороликтан кейін, жиының басты бөлімі болды.
Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат Қожықаев, аудандық білім беру бөлімінің
басшысы Тілеш Әштаев және ардагер ұстаздар мен ұстаздар
қауымы қатысты. Жиынды алғаш боп құттықтау сөзімен
аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат Қожықаев ашты.
Құттықтау сөзінен кейін, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Тілеш Әштаев оқу жылында атқарылатын нақты
жұмыстарды талқылап, міндеттермен таныстырып, ұстазға
бағыт-бағдар берді. Кеңесте болған барлық жиынның
көрінісін ауданға қарасты барлық мектептер онлайн режимінде тікелей тамашалап отырды. Баяндамадан кейін, жарыс
сөзге кезек берілді. Оған аудан мен ауыл мектептерінің
ұстаздары мен басшылары тамыз кеңесіне дайындаған баяндамаларын оқыды. Баяндамадан кейін марапатқа кезек берілді. Марапат тізімі төмендегідей: Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен
Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-нің география пәнінің
мұғалімі Аринова Дәмеш, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс
хатымен Қызылжар ЖОББ-нің директоры Жайлаубаев Дүсенбай, Қарағанды облысының
Білім басқармасының Құрмет грамотасымен Ж.Сәдуақасов атындағы ЖОББ-нің химия
пінінің мұғалімі Шмакова Рыс, Қарағанды облысының Білім
басқармасының Құрмет грамотасымен Ақтүбек ЖОББ-нің директоры Абдикасова Гүлмира, Қарағанды облысының Білім
басқармасының Құрмет грамотасымен Ю.А.Гагарин атындағы
ЖОББМ-нің директоры Ибраева Жанар, Қарағанды
облысының Білім басқармасының Алғыс хатымен аудандық
білім бөлімінің бас маманы Кадирбаева Балдырған,
Қарағанды облысының Білім басқармасының Алғыс хатымен
О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ-нің директорының орынбасары Байтуғанова Қарашаш, Қарағанды облысының Білім
басқармасының Алғыс хатымен Б.Амалбеков атындағы
ЖОББМ-нің директорының орынбасары Аханова Гүлмира,
Қарағанды облысының Білім басқармасының Алғыс хатымен
Бидайық ЖОББМ-нің директорның орынбасары Айтжанова Қорлығайын, Қарағанды
облысының Білім басқармасының Алғыс хатымен Ақтау ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі Ахметова Айгүл марапатталды. Сондай-ақ, Жаңаарқа аудандық білім
бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Мадақтамасымен 2016-2017 оқу
жылының рейтингтік көрсеткіштерінің қорытындылары бойынша жасөспірімдерді оқытып
тәрбиелеуде жоғары жетістіктерге жеткені үшін аудан мектептерінің арасында І орынмен
№132 ЖОББМ-нің педагогикалық ұжымы, ІІ орынмен О.Жұмабеков атындағы ЖОББМнің педагогикалық ұжымы, ІІІ орынмен Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-нің педагогикалық
ұжымы марапатталып, ақшалай сыйлықтың жүлдегерлері болды. Дәл осындай марапатқа
ауыл мектептерінің арасында І орынмен Қызылжар ЖОББМ-нің педагогикалық ұжымы, ІІ
орынмен Ж.Сәдуақасов атындағы ЖОББМ-нің педагогикалық ұжымы, ІІІ орынмен
Ынтымақ ЖОББМ-нің педагогикалық ұжымы да марапатталып, ақшалай жүлдені алды.
Келесі кезекте негізгі мектеп арасында І орынмен Манадыр НОББМ-нің педагогикалық
ұжымы, ІІ орынмен №140 НОББМ-нің педагогикалық ұжымы, ІІІ орынмен Ақтайлақ
НОББ-нің педагогикалық ұжымы марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен
қатар, шәкірт тәрбиесіне, біліміне өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздар да естелік
сыйлықтар марапатталды. Марапатқа толы болған жиын соңында ұстаздар естелік суретке
түсіп, жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, көңілді тарқасты.
Рахат Айтжанова
№37 (9824), 2 қыркүйек,2017жыл
Тұрақтылық пен бейбітшіліктің
қуатты іргетасы
Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздігіміді бекітіп, мемлеке пен
азаматтық қоғамның қалыптасуына негіз болатын басты шарттарды қалыптастырды.
Мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
болып табылып, олардың қорғалуына сенімді кепіл болды. Конституция қабылдау арқылы
Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан
халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы
қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Сондықтан Конституция күні мерекесінің әр қазақстандық үшін алатын орны ерекше. Себебі, бұл жай ғана мереке емес, елдігіміз бен еркіндігіміздің мерекесі.
Шоқтығы биік атаулы күн ауданымызда да бар сән-салтанатымен тиісінше аталып өтті.
Жазғы сахна мерекеге сай безендіріліп, аудан тұрғындары осы жерге жиналды. Алғышқы
құттықтау сөзді аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Ш.Қожықев сөйледі.
-Біз аз уақытта айбары асқан куатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуетті елге айналдық. Ортақ
шаңырағымыздың шекарасын шегендеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр
тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне
топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы,
саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты,
мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да біздің ортақ парызымыз - Негізгі
заңға ұқыппен, ыждаһаттылықпен қарау, оны өз Отанымызды өз тарихымызды
құрметтегендей құрметтеу,-деді өз сөзінде аудан басшысы.
Мерекені әрі қарай аудандық мәдениет үйінің және аудан өнерпаздарының концерттік
бағдарламасы жалғастырды. Сахнаның оң жақ қапталында аудандық кітапхананың
ұйымдастыруымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ата Заңымыз - Конституция әрқашан салтанат құрып, оның үстемдігі қамтамасыз етілсе,
Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі тұғыры үнемі биік болады деп сенеміз.
Салтанат Балтабайқызы
2 қыркүйек 2017 жыл
2
Жаңа жобалар жүзеге асуда
Күн өткен сайын аудан ажары айшықтала түсуде. Жаңа жобалар жүзеге асып, жаңа
орталықтар халыққа қызмет көрсетуін бастауда.
Аудан әкімінің қолдауымен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аудан
әкімдігінің жергілікті бюджетінен 3 млн. теңге қаражат бөлініп, кәсіпкерлік субъектілеріне
бизнес жобаларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік грантқа ие болу үшін конкурс
жарияланған болатын. Жобаларын ұсынғандардың арасынан арнайы құрылған комиссияның
шешімі бойынша 6 жеңімпаз анықталып, әрқайсысы 500 мың теңгеден қаражатқа ие болды.
Аудан әкімдігінің тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға ие болған кәсіпкерлер жобаларын
жүзеге асыруды бастап, өткен аптада Құсайынова Жазира полиграфиялық қызмет
көрсететін орталық ашқанын жазған болатынбыз. Бүгін ауданымыздың жас кәсіпкері
Дина Талюкенованың тігін ательесін ашуының куәсі болдық. Аудан әкімінің міндетін
атқарушы Қанат Қожықаев, мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіпов, аудан әкімінің
аппаратының басшысы Алмас Әбдіғожин, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің
басшысы Мұрат Ибраев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Казимов жаңа тігін
орталығында болып, жас кәсіпкердің жұмысына сәттілік пен табыс тіледі.
Жаңа тігін орталығының иесі бөлінген қаржыға соңғы үлгідегі тігін машиналарын
және перде даярлауға қажетті құрал көлемді үтік алыпты. Автоматты түрде қосылып,
дыбыссыз тігін машиналары бірнеше процесті орындайды екен. Өзі тігіп, қос жолақты
тігіс салып, шетін көмкеретін, қиятын машинамен жұмыс жасау қолайлы әрі жақсы
екенін қуана жеткізген Дина алғашқы тапсырыстарды қабылдап, тұтынушыларға сәнді
әрі әдемі перделерді ұсынатынын жеткізді. Жылдан артық Жезқазған қаласындағы
үлкен тігін цехында тәжірибе жинаған Дина соңғы үлгідегі перде қастарын жасайтынын, арнайы тапсырыс арқылы ғаламтордағы түрлі перде дизайндарын жасай алатынын
айтып өтті.
Соңғы кезде балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында жеке мамандар деңгейлеп
оқыту әдістерін қолданып жүр. Әр ата-ана өз баласының білімді болуына, өзге тілді
жетік меңгеруіне көңіл бөліп, мамандардан қосымша білім алуына жетелеуде. Жаңа
бастаманың келесі иегері өз кәсібін жас балалардың мықты матемматик пен ағылшын
тілін меңгеруіне ден қоюына себепкер болудан бастапты. Аудан орталығындағы «Биосфера» дәріханасының жанынан Мадияр Әбдішевтің бастамасымен құрылған ментальды
арифметика тәсілімен оқыту, ағылшын тілін меңгерту, бастауыш сынып оқушыларын
оқыту орталығының салтанатты ашылуына куә болдық. Балаларының бастамасымен
құрылған орталықты Марат Әбдішов құттықтау сөзімен ашты. Аудан әкімінің міндетін
атқарушы Қанат Шубайұлы, мәслихат хатшысы Қуат Анасұлы бастаған бөлім басшылары мен құрметті еңбек ардагерлері, ата-аналар қатысты. Аудан әкімінің міндетін
атқарушы Қанат Қожықаев кәсіпкерді құттықтап, игі бастамаларына сәттілік пен
еңбектеріне жеміс тіледі. Жаңа орталық балалардың білім алуына қолайлы етіп
жабдықталыпты. «Ментальды арифметика» орталығына екі маман жұмысқа орналасып,
күні жас буындардың ойлау дағдысын, ақпаратты жылдам қабылдау мүмкіндігін арттыруға
еңбек етуде.
Кеншілер терін төккен
көмірлі өңір
Тамыздың соңғы жексенбісі Кеншілер мерекесі. Дәл осы мерекеге орай ауданымыздың
аймағындағы Ералиев ауылының іргесінде орналасқан «Жалын» кеншіне атбасын
бұрдық. Басты мақсатымыз кеншілер қауымын аудан әкімінің атынан құттықтап,
жүздесіп, мерекелік көңіл күй сыйлап, айтулы күнді атап өтуге атсалысу.
Түгін тартсаң майы шығатын киелі мекеннің шөбі шүйгін, суы бал болса жер ананың
қойнау қазынаға толы екендігіне тағы көз жетті. 2009 жылы алғашқы көмірі
«Қарабидайық» деп танылған өлкенің үсті қызу жұмысқа кіріскен. Ауданның бюджетіне
қаржы құйып жатқан «Жалын» кеншімен қапталдаса орналасқан Ералиев ауылынада
көмек қолын созып тұратын кеніште осы ауылдың біраз азаматы еңбек етеді. «Алыстан
арбалағанша жақыннан дорбала»-демекші вахталық аусыммен жұмыс істейтін
азаматтардың қатарында ауданымыздың жігіттері де жетерлік.
Күні кешеғана Сөрті өзені арнасынан асып жайлып, қыстың мол азығы өлеңшөптің
бітік өсетін өлкесі, Ералиев ауылының механизаторлары тонналап шөп оратын алқап
қазір қолдан жасалған қиыршық тауларға ұласқан. Шаң мен сыздықтай түтін
көтерілген ашық карьерге келгенімізде төменнен жоғарыға ыңырана көмір тиеген
КаМАЗ дар мен көмір артқан экскаваторлар алаңсыз еңбекке кіріскен. Қара жердің
қатпар-қатпар қабатын аршып, көмір мен қиыршықты ажыратып, екеуін екі бөлек көсіп
алып, тиеп жатқан алып экскаваторда тыным жоқ. Жоғарыдан төмендегі қызу еңбекті
бақылаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат Қожықаев, аудан әкімінің кеңесшісі
Бейбіт Қасенов, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мұрат Ибраев, аудан
әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Ахметов, Ералиев
ауылының әкімі Ербол Мамбетовке «Сарыарқа ENERGY» мекемесінің директоры Сергей
Усик кен аймағының мол қоры мен өз жұмыстарының алдағы жоспарларымен таныстырды.
-Көмірдің көп қоры бар бұл кеніштен екі түрлі «Д», және «Г» маркадағы көмір
өндіріледі. Бағасы да екі түрлі бірі 7500 теңге тұрса, іріктеліп, жуылған «орешка»
көмірі 8000 теңгеден. Жану працесі ұзақ, жылуы жоғары көмірге тапсырыс Қазақстаннан
өзге сырт мемлекеттерден де түседі. Тапсырысты орындау мақсатында мұнда 500 ге
жуық жұмыскер еңбек етеді. Екі вахтамен жұмыс жасайтындарға жағдай жасалған.
Биылғы жылы құны жоғары тұратын қос экскаватор сатып алдық. Алда несие арқалы
ауыр тоннадағы жүк көліктерін алуды көздеп отырмыз. Ашылып, еңбек еткенімізден
бері 636 млн тонна көмір өндірдік. Жыл өткен сайын тапсырыс та жоғарылап келеді.
Алда жылдары өндірер өнімге сұраныс артады деген ойдамын-деген басшы
жұмыскерлер тұратын кенттің жай күйіне тоқталды. Жұмысшылар қалашығында қазқатар тізілген вагон уйлер орнатылыпты. Жатын үй,тамақтанатын асхана, жуынатын
монша барлығы қарастырылған. Аспаздармен қамтылған екен.
-Биылғы жылы жұмыскерлеріміздің демалуына қолайлы болсын деген мақсатпен
көгалдандыру жұмыстарын қолға алып, талдар мен гүлдер отырғыздық. Бұл әр жылы
жалғасын таба береді. Салауатты өмір салтын ұстану үшін стадион салу жоспарда бар.
Жігіттер жұмыстан кейін футбол, валейбол ойнап, бой сергітсе деген ойдамын. Көктемгі
су тасқынында жолды шайып кету жағдайынан жұмысымыз тоқтап қалды. Сол себептен өнімімізді дер кезінде жеткізу мақсатында темір жол салуды бастадық. Бұл кеніш
болашақта қуатты кен орыны айналады-деген басшы арнайы техникаларына салынған
боксты аралатып, жиын өтетін залға бастады.
Аудандық мәдени сауық орталығының қызметкерлері ұйымдастырған концерттік
бағдарламаның ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушысы Қанат
Шубайұлы құттықтап, еңбек озаттары: С.Бекмұхамедов, А.Қуанышбеков, С.Жетпісбаев,
С.Дрейжис, Б.Түбеков, Қ.Шалагеев, М.Шанбатыров, Д.Тарасов, Ж.Толешова, И.Садвакасов,
Ж.Серікбаев, М.Төлеубаевқа аудан әкімі және мәслихат хатшысының құрмет грамотасымен алғыс хатымен марапаттады. Келесі кезекте сөз алған «Сарыарқа ENERGY»
мекемесінің директоры Сергей Усик баршасына толайым табыстар тілеп, еңбекте озат
жандарға мекеме атынан Құрмет грамоталарын тапсырды.
Мәдени сауық орталығының әншілері тамылжыта ән салып, жұмыскерлерге көтеріңкі
көңіл күй сыйлады. Жас жұмыскерлер көмірдің атасы Аппақ Байжанбаев туралы
көрініс көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.
Ауданымыздың экономикасына өзіндік үлес қосып келе жатқан «Жалын» кеншінің
барлық азаматтары мен азаматшаларына толайым табыстар тілеп, бізде тарқастық.
Салтанат Аманқызы
Облыс әкімінің орынбасары
ауданымызда жұмыс сапарымен
28-тамыз күні облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров ауданымызға келді. «Зергер» сүт зауытының жұмысымен танысқан Серік Жаманқұлұлы сүт өндіруге арналған
қондырғылары қойылған мекеменің жұмыс бастауына қаржы қолбайлау болып тұрғанын
көріп, аудан басшыларына зауыттың жұмыс істеуіне қолдау танытып, көмек көрсету
керектігін тапсырды. Егер аталмыш зауыт жұмысын бастаса аудан маңындағы ауылаймақтың барлығының сүтін жинап, одан түрлі өнім дайындап, ауданымыздың
экономикалық дамуына үлес қосарын баса айтты.
Байдалы би ауылындағы тұрғындармен жүздескен Серік Шайдаров ауыл
еңбеккерлерімен жүздесіп, пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Елбасының тап-
сырмасын орындау мақсатында жүзеге асып жатқан жаңа жоба «кооператив» құру
науқаны біздің ауданымызда жүйелі жүзеге асып келеді. Байдалы би ауылдық округінде
құрылған «Достық» кооперативінің жұмысы жайлы сөз қозғаған еңбек ардагері Мағауия
Әбілжанов: -сүт кооперативі құрылды, сауын сиырлар алынды, жұмыс жүріп жатыр. Дегенмен сол малдың сүті өтпей отыр. Бұрынғыдай емес әр үйде ең азы он сауын сиыр
бар. Бірақ оның қызығын көре алмай отырмыз. Сүт өтпегендіктен көп мал сауусыз кетуде. Сүт салқындататын қондырғыға құжаттарын тапсырғанымызбен қол жеткізе алмай
отырмыз. Іріқара малды делдалдар оңтүстікке әкетіп жатыр. Сондықтан аудан басындағы
сүт зауытын жандандырып, жүргізіп, ауданға шағын еткомбинатын салсаңыздар халыққа
көп көмек еді -деді.
Аудан көлеміндегі екі ірі шаруа қожалық «Жанболат» және «Ескене» шаруа
қожалықтарында болып, жұмыстарымен танысты. Іргесін кеңге салып, мал басын
көбейткен қос шаруашылықтың негізі мал бордақылай болып табылады. Етті бағыттағы
мал басын көбейтіп, жұмыстарын бір жүйеге салған қос шаруақожалық иелері алдағы
жоспарлары туралы баяндады.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысқан активте осы жылдағы ауданымыздың кенже қалып жатқан тұстары баяндалып, себептері
сұралды.
Облыс
әкімдігінің
бөлім
басшылары
баяндама
жасады. п,
ф өткізген Алдағы тоғыз айлық көрсеткіште жоспарды орындау қалай ь жолға
қойылғандығымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Жаманқұлұлы бөлім
басшыларына тапсырмалар беріп, жұмысты ширату керектігін ескертті.
3
2 қыркүйек 2017 жыл
2 қыркүйек 2017 жыл
Конституция – мемлекетіміздің Ата Заңы!
Ортақ тарихи тағдыр біріктірген қазақ халқы мемлекеті құрылып, еркіндік, теңдік және
татулық мұраттарына берілген бейбітшіл, азаматтық қоғам ретінде дүниежүзілік
қауымдастықта лайықты орын алу үшін, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары
жауапкершілікті сезініп, республикалық референдумда Конституцияны қабылдады.
Конституцияның тарихына көз жүгіртіп, оның өткеніне үнілсек, төмендегіні айтуға болады.
1991 жылдың желтоқсанында КСРО ыдырап, оның құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының орнынатәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылды.
1993 жылдың 28 қаңтарында егеменді қазақ мемлекетінің тұңғыш Конституциясы республика Жоғарғы Кеңесіменбірауыздан қабылданды.
Негізгі Заң екінші рет оңдалып, 1995 жылдың 30 тамызда қайта қабылданды. Содан бастап
бұл күнресми түрде – «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» болды.
2017 жылдың 10-шы науырызында Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
Конституция елімізде қолданылып жүрген барлық заңдардың іргетасын қалады және ең
жоғары заңды күшке ие болды. Онда еліміздің әлеуметтік салалары түгел қамтылған.
Конституция қазақ елінің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасады.
Негізгі Заң бірінші рет қазақ елін президенттік басқару нысанындағы мемлекет ретінде
жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын
және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы демократияның түпкі мәнін ерекше
айқындады.
Қазақ елі демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықты,
оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
болып табылады.
Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық
даму, патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен,
оның ішінде дауыс беру арқылы шешу республика қызметінің түбегейлі принциптері болды.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халықпен өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға берілді.
Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Билік үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы
және сот жүйесі болып дараланды. Билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін
олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысының конституциялық өкілеттіктері айқындалған.
Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзыреті шеңберінде қызмет етеді.
Конституцияның 83 бабында прокуратура органдарының да құзыреті белгіленген. Соған
сәйкес, прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың
сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады,
сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге
асырады.
Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және
Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе
құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз
жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.
Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленген.
Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығы мойындалып,
заң жүзінде бекітілді. Елімізде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп,
заңмен қорғалуда. Жеке меншік субъектілері, яғни әртүрлі деңгейдегі кәсіпкерлік
құрылымдардың мемлекет қорғауына алынып, олардың дамуы ел тұрмысының жақсаруына
да ықпалын тигізді.
Жер және оның қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар
мемлекет меншігіне және қорғауына алынды.
Конституцияда республиканың мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп белгіленген. Қазақ тілін
білу, күнделікті өмірде және қызметте қолдану, сыйлау мен қастерлеу әр адамның қасиетті
борышына айналды.
Еліміздің заңнама саласы адам мен азаматтың құқығын қорғауға бағытталып, заманмен
қатар дамып, жетіліп келеді.
Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті
дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуы керек. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге
тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды, әрі бұндай әрекеттер заң шеңберінде
жолы кесіліп, жазаланып отырылады.
ЕліміздеКонституцияның беделі жыл санап артып келеді, Конституция осы 22 жыл ішінде
өзінің өміршендігін көрсетті, Болашақта Негізгі Заң және оған бейімделіп шығарылған
барлық заңнамалар мүлтіксіз орындалатынына, республиканың әр азаматы аса
маңыздылығын іштей түсініп, өз өмірінің басты ережесіне айналдыратынына сенемін.
Д.Қ.Омарова,
Жаңаарқа аудандық прокуратураның прокуроры
1-ші сыныпты заңгер
Медиация – дауды реттеудің тиімді тәсілі
Кез келген кикілжіңді келісіммен шешуге тырысқан бабаларымыз ел арасындағы ынтымақ
пен бірлікті сақтаған. Сол бабалардан қалған дәстүрді жаңғырту мақсатында 2011 жылы
«Медиация туралы» заң қабвлданған. Заң қабылданысымен оның артықшылықтарын, пайдасын халыққа түсіндіріп, көпшілік арасынан елге сөзі өтетін медиаторларды жұмысқа
тартуға қадамдар жасалынып жатыр.
Алайда, медиаторларға деген сұраныс жоғарылады деп те айта алмаймыз. Себебі халық ең
алдымен өз мәселесін сот арқылы шешілгенін қалайды. Қанша уақыт кетсе де, дауға
судьяның нүкте қойғанын қалайды. Міне, осы қалыптасқан қағиданы бұзып, медиаторларға
деген сенімді нығайту үшін сот тарапынан іс-шаралар жүргізілуде. Республикалық
соттардың барлығына медиацияға қатысты заңнамадағы ерекшеліктерді түсіндіруге,
таныстыруға байланысты жиындар тұрақты өткізіліп келеді.
Сонымен қатар судьялар медиацияны насихаттап бұқаралық ақпарат құралдарында кең
мағлұмат беруде. Бүгінгі таңда медиатор болуға ниет білдіруші азаматтардың саны өсіп келе
жатыр. Медиаторлардың белсенділігін көтеру мақсатында олардың істері жария етіліп, судьялар дауды қарамас бұрын тараптарға істі медиация арқылы шешуге болатынын, мұның екі
жаққа тиімді екенін түсіндіреді. Әрине, жаңалықты естіп, өз ісін медиаторларға тапсыратындар да аз емес. Осындай насихаттардың арқасында бітімгершілікпен шешілетін істердің
саны көбейді.
Бітімгершілі – халық арасындағы ынтымақты, бірлікті нығайтудың кепілі. Сондықтан, оны
өміршең етуге қатысты жұмыстар әлі де жалғасады.
А.О.Баубеков,
Жаңаарқа аудандық сотының судьясы
4
Күн тәртібінде маңызды мәселелер
2017 жылғы 28 тамыз күні аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және
заңдылықты сақтау жөніндегі және бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты
комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.
Отырыста қысқы жылу беру маусымына дайындық және жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысу
мақсатында, аудандық коммуналдық салаға жауапты мекемелер мен кәсіпорындар
басшыларының атқарып отырған жұмыстары мен алға қойған міндеттері бойынша есептері
тыңдалды.
Күн тәртібі бойынша сөз алған «Жаңаарқа Жылу» КМК директоры М.Х.Әбілдинов, «Таза
су» КМК директоры М.Т.Әбдішев, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Е.Р.Назарбеков
және аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы
Д.Ашимовтың баяндамаларын тыңдау барысында аудандық мәслихат депутаттары сала бойынша өзекті мәселелерге тоқталып, аудан халқынан түскен өтініштер мен шағымдар
жөнінде бірнеше сұрақтар қойды. «Жаңаарқа Жылу» КМК директоры М.Х.Әбілдинов өз баяндамасында көмір бағасының
қымбаттауына байланысты қысқы жылу беру маусымына
қажетті отын сатып алуға бюджеттен қосымша қаржы
қарастыру қажеттігі туралы ұсыныс білдірді. «Таза су» КМК
директоры М.Т.Әбдішевке «Ақбұлақ» бағдарламасы негізінде
елді мекендерге тартылған ауыз судың толыққанды ақпауы
және су қысымының төмен болуы салдарынан (Қараағаш,
Түгіскен ауылдары) тұрғындардың суды толық пайдалана
алмай отырғаны туралы айтылып, келіп түскен ауызша және
жазбаша түрде шағымдар бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды.
Сонымен
қатар
аудандық
мәслихат
хатшысы
Қ.А.Имантүсіпов аудандық құрылыс бөлімінің басшысы
Е.Р.Назарбековке Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен
жүргізіліп жатқан «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша жұмыстарды сапалы және белгіленген мерзімде аяқтау керектігін ескертіп, Атасу кентінің Байбосынов көшесінде жүргізіліп
жатқан абаттандыру жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталмай жатқанын қатты
сынға алды. Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Т.Бабасовтың еңбек демалысында
болуына байланысты мекеме басшысының міндетін атқарып отырған Д.Ашимов депутаттар
тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап бере алмағандықтан, комиссия
мүшелерінің шешімімен бұл мәселені Т.Бабасовтың қатысуымен келесі отырыста қаралатын
болды. Депутаттар тарапынан, атқарған жұмыстары туралы есебі күн тәртібіне енгізілгенін
біле тұра отырысқа ешқандай ескертусіз келмеген аудандық тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы
Ж.Бөгенбаевқа шара қолдану жөнінде аудан әкімдігіне хат жолдау ұсынылды.
Отырыста қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданып, мекеме басшыларына қысқы
жылу беру маусымына толықтай дайын болу және құрылыстар бойынша жұмыстарды ширату жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Неміс бизнесмендері: EXPO Қазақстанға үлкен
экономикалық нәтиже әкелді
Неміс бизнесмендері Германия EXPO көрмесі Қазақстанға
жане басқа да қатысушы елдерге үлкен экономикалық
нәтиже әкелді. Осы жазда Астанада миллиард еуроға жуық
келісімшарттарға қол қойған неміс бизнесмендері осылай
деп санайды. Бірақ одан да көп инвестиция ағының
Қазақстан «Астана» Халықаралық қаржы орталығының
ашылуымен алатыны жайлы неміс экономикасы Шығыс
комитетінің Орталық Азия бойынша директоры Эдуард
Кинсбрунер әңгімеледі. EXPO аумағында жұмыс істей бастайтын жоба туралы естіген Германиядағылар қазірден-ақ
оны болашағы зор деп санайды.
Эдуард Кинсбрунер, неміс экономикасы Шығыс комитетінің Орталық Азия бойынша директоры: - Бізге EXPO көрмесінен кейін «Астана» қаржы орталығын құру жоспары таныс.
Мұны өте дұрыс шешім деп санаймыз. Өйткені бұл каржы секторы Қазақстанға инвестиция
тартуды арттырады. Сондықтан бұл өте қажет дүние. Тағы бір айтарым, Астанадағы EXPO
көрмесі өте маңызды. Германияда болашақ энергетикаға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан
біздің осы саладағы ынтымақтастығымыз одан әрі арта түседі деген үміттеміз.
5
«Нұр Отан» партиясының мектеп оқушылары
арасында «Туған жерім» тақырыбында аймақтық
шығармалар байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ереже
1.Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі
ережелерін іске асыру мен түсіндіру жұмыстары аясында халық арасында қазақстандық мемлекеттілік пен
отансүйгіштікті
нығайту
мақсатында
мектеп
оқушылары арасында «Туған жерім» тақырыбында
аймақтық шығармалар байқауы өткізілуде.
2.Байқау міндеттері:
-өскелең ұрпақтың өз Отанына деген сүйіспеншілікті,
өз еліне, халқына, ауданына (ауылына) деген мақтаныш
сезімін тәрбиелеу;
-өз еліне және оның болашағына қатысты сезімі мен ойын сапалы және бейнелі түрде
мазмұндай алатын дарынды балаларды анықтау;
-отанды: үй, отбасы, «шағын Отан», Қазақстан деп түсініп, тұтастай қабылдау;
-оқушылардың шағын Отанға деген патриоттық қарым-қатынасын тәрбиелеу жұмысында
шығармашылық әлеуетін дамыту;
-жастар бойында адамгершілік және азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
-мектеп оқушыларының қиял, танымдық қызығушылық пен ой-өрісін дамыту;
3.Байқау ағымдағы жылдың 5 қыркүйегі мен 1 желтоқсан аралығында аймақтық деңгейде
еліміздің барлық жалпы білім беру мекемелерінде өткізілуде.
4.Байқау жеңімпаздары аймақтағы конкурстық комиссиясының шешімімен анықталады.
2.Байқауға қатысу ережелері
5.Байқауға жалпы білім беру мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатысады.
6.Байқауға қатысуға Туған өлкенің ұмытылмас тарихы; Отанның табиғи игілігі; Отанның
танымал тұлғалары Туған өлкенің мәдени мұрасы тақырыптарындағы келесі номинациялар
бойынша шығармалар қабылданады:
- «Шағын Отан неден басталады?»;
- «Туған өлке батырлары»;
- «Туған өлке болашағы жайлы арманым»;
- «Туған өлке игілігі».
7.Әр номинацияда жұмыстар келесі категориялар бойынша бағаланатын болады:
- жалпы білім беру мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілде
шығарма;
- жалпы білім беру мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында орыс тілінде шығарма;
- жалпы білім беру мектептерінің 7-9 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілде
шығарма;
- жалпы білім беру мектептерінің 7-9 сынып оқушылары арасында орыс тілінде шығарма;
- жалпы білім беру мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілде
шығарма;
- жалпы білім беру мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында орыс тілінде шығарма;
Әр номинацияда барлығы 6 жеңімпаз
12. Байқау жұмыстары жеке адаммен орындалуы тиіс. Ұжымдық жұмыстар
қабылданбайды.
13. Байқау жұмыстары электронды түрде қабылданады. (жұмыс көлемі – А4 форматты 2-4
бет, шрифт – Times New Roman, шрифт өлшемі - 14, жоларалық интервал – 1,0).
14. Қатысушылар байқау жұмысымен қатар қысқаша өмірбаянын, баспа және электронды
форматта 3х4 сурет, мекен-жайын және телефон нөмірі жіберуі тиіс.
15. Келесідегідей шарттар болса конкурстық жұмыстар қабылданбайды:
‒
Қазақстан Республикасы Заңнамасын бұзатын;
‒
балағатты сөздер бар;
‒
адамның намысына сөз келтіретін, әлеуметтік және этностар арасында
алауыздықты тудыратын ақпараттар бар.
Аудандық деңгейде үздік деп танылғандардың жұмысы облыстық деңгейге ұсынылады.
Отблыстан үздік шыққандар республикалық деңгейге ұысынылып, жеңімпаздар арнайы
сыйлықтармен марапатталады.
(Ереже ықшамдалған. Толық мәлімет алу үшін немесе шығармаларды тапсыру үшін «Нұр
Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалына хабарлаасуға болады. Шығармалар
аудандық филиалға ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін көрсетілген талаптарға сәкес
ұсынылуы қажет!
Байланыс телефоны: 28760, 79035)
2 қыркүйек 2017 жыл
«Ontustik Business: жаңа мүмкіндіктер»
атты бизнес форумы өтті
«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында
Оңтүстік Қазақстан облысы апталығы басталды
Апталық «Ontustik Business: жаңа мүмкіндіктер» атты
форумынан басталды. Шараға «Атамекен» ҰКП
Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев,
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев,
Қазақстанның даму банкі Басқарма төрағасы Болат
Жәмішев, «Kazakh Invest»ҰК» АҚ Басқарма
төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов, сондайақ Оңтүстік Қазақстан облысының бизнес өкілдері
қатысты.
ь«Шымкент қаласы бұл мегополис, шағын және орта бизнестің шоғырланған жері. Өңір
экономикасы шикізатқа тәуелді емес, өңдеу өнеркәсібінің әлеует жоғары. Агроөнеркәсіп кешені де жақсы дамыған», – деді форум модераторы Нұржан Әлтаев.
Өңірдегі экономикалық ахуалды Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев баяндады. Спикер
форумға келген азаматтарға алғыс білдірді. «2017 жылдың басынан бастап Елбасының
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге
асырудың негізгі кезеңі басталды. Өңір тұрақты дамып келе жатыр. Шекаралық саудасаттық, экспорт деңгейі жақсы. Өңірде 7 бірдей индустриялы аймақ құрылды. Жарты жыл
ішінде облысқа 52 мыңнан астам шетел туристі келді. Ауыл шаруашылығы, өсімідік
шаруашлығы да өзге өңірлер үшін үлгі бола алады», – деді ОҚО әкімі.
Жансейіт Түймебаев қала тұрғындары мен қонақтарын Бейбітшілік және келісім сарайында
өтетін Оқтістік Қазақстан облысы ұйымдастырған көрмеге шақырды.
Аталған форумға арнайы Малайзия делегациясы келді. Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстан
өзінің тарихи жауһарларымен, жұмсақ ауа райымен, дамыған өңдеу өнеркәсібімен,
инвестицияларға қолайлығымен тартымды. Сондықатн өңірде туризмнің әлеуеті зор. «ОҚО
туризм индустриясын дамыту орталығы» қауымдастығының төрайымы Гүлмира
Ахбердиеваның айтуынша облысты тарихи-мәдени туризм, медициналық-емдік туризм және
этникалық туризм дамып келеді.
«Ұлы Жібек Жолында орналасқан өңір сауда-саттық жолдарды жандандырмақ. Отарар,
Сауран, Сайрам, Туркістан – өңірдің жауһарлары. Ахмет Йассауи кесеңесі көне сәулеттің
жәдігері. Табиғаттың өзі туризммен айналысуға жол ашады. Өңірде туризм бойынша 3 ірі
инвестициялық жоба қолға алынған. Оның бірі Түркістан қалаысн Түрік әлемінің мәдени
астанасы ету. Даму концепциясы әзірленген. Кесене жанына этно қалашықтар, қонақ үйлер
салынады. Екінші жоба бойынша – Сайрам тау курорты салынбақ. Трасса ұзындығы – 34
шақырымды құрайды, кешен бірден 5 мың адамды қабылдайтын болады, бұл – 1500 жұмыс
орны. Үшінші инвестициялық жоба бойынша Сарығаш курортын 6 есеге дейін ұлғайтады.
Жалпы өңірде 7 ай жаз, бұл жағажай бизнесі үшін қолайлы», – деді Гүлмира Ахбердиева.
Өңірдегі кәсіпкерлік қолдау шаралары жайында Қазақтанның даму Банкі Басқарма
Төрағасы Болат Жамішев баяндады.
«ОҚО әлеуеті бизнес дамытуда өте жоғары. Дағдарыс жылдарың өзінде бұл өңірде өсу
байқалған. Бизнес белсенді дамып жатты. Әкімшіілк кедергілерді азайту бойынша мемлекеттік қолдаужүргізіліп жатыр. Бұл шаралар ОҚО кәсіпкерлеріне оң әсер етті.
Индустряилық аймақтар жақсы дамуда. Мәселен, бір өңірде бір ғана индустриялық аймақ
құрылса, Оңтүстік Қазақстанда бірден 7 индустриялық аймақ іске қосылды. Осылайша
Даму банкі бөлген қаржының бәрі ОҚО-ға кетті. Бүгінде аймақтар белсенді жұмыс істеп
отыр», – деді Болат Жәмішев.
Спикер сонымен қатар іске аспай қалған жобаларды да айтып кетті. «Тарих екі бағыттада:
сәттілік пен сәтсіздіктерді айтады. Мәселен, мақта индустриясын көтеру іске аспай жатыр.
Өйткені көрші Тәжікстанда көлем жағынан көбірек, бағасы арзан әрі сапалы мақтса жиналады. Бұл мемлекетте жұмыс күші де арзан. Біз Тәжікстаннан арзан баға ұсына алмаймыз.
Яғни қазіргі атңда мақта өңдеу өнеркәсібі жоқ, біз тек шағын ғана шикізат жинаушы мемлекетпіз», – дедіБолат Жәмішев.
Өз алдына Нұржан Әлтаев Қазақстан ЕАЭО мүше мемлекеттері арасында жалғыз мақта
өсіруші ел екенін атап өтті. Өңірге бәсекеге қабілетті текстиль, тоқыма, мақта өңдірісін дамыту қажет.
Шара барысында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС Басқарма
төрағасы Қуаныш Байтөре,
Қазақстандағы «HeidelbergCement» компаниясының
стратегиялық даму жөніндегі директоры Борис Найденов, «Өсірушілер қауымдастығы» ЗТБ
төрағасы Мақсат Абдукаримов өз салалары бойынша баяндама жасады.
Шара соңында ОҚО Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм
басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт пен Жапония компаниясының өкілі Таккоши Маена өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар Қытай
мен ОҚО арасында меморандумдарға қол қойылды. Бұл құжаттар ОҚО экономикасы дамуына оң әсер етеді деп күтілуде.
2 қыркүйек 2017 жыл
6
Жастар қоғаммен бірге
Конституция күніне волейбол жарыс
Волейболдан жарыс! Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау
болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта Конституция күніне орай 28 тамыз күні модуль спорттық кешенінде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында волейболдан жарыс
өтті. Жастар арасында салауатты өмір
салтын насихаттау, спортқа тәрбиелеу
арқылы олардың бос уақытын тиімді
өткізу мақсатында өткен тартысты да
қызықты жарыста барлығы 6 команда
бақтарын сынады. Шараның ашылу
салтанатында
Аудандық
дене
шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. Қарабаев пен бас төреші
Ж.Майшина спортшыларға сәттілік тіледі. Ойын барысында командалар
спортқа деген шеберліктерін жоғары
деңгейде көрсете білді. Жарыс
қорытындысы бойынша 1-орынды
«Жаңаарқа»
құрама
командасы
қаңжығасына байлады. ІІ орынды
№132 ЖОББ мектеп командасы алса, «Б.Амалбеков» командасы 3-орынға табан тіреді. Ал «үздік
ойыншы» номинациясын иеленген Аманжанов Абдулла, Аманжанов Ернұр және Тиышмағанбетова Фариза естелік сыйлықтар және грамотамен марапатталды. Жарыста әділ төрелік көрсеткен, бас төреші
Майшина Жанар мен Жаңаарқа ауданының волейбол құрамасының команда капитаны Мейрам Салтанат
жүлдегер командаларға медальдар мен жастар ресурстық орталығы директорының грамоталарын табыстады.
Жақсылық жасауға асығайық!
Жақсылық жасауға асығайық! «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана
халық. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы
болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.
Осындай игі істің бірі жүректен жүрекке жобасы бойынша «Іскер әйелдер қоғамдық бірлестігі», «Нұр
Отан» партиясы Жаңаарқа ауданының
филиалы және Жастар ресурстық
орталығы «Жомарт» қайырлымдылық
акциясын өткізген болатын. Өзіміздің
жерлесіміз, Жаңаарқа ауданының тумасы, сал ауруымен ауыратын және емделуге мұқтаж төрт жасар Төлеутай
Жандаулетке қайырымдылық акция
шарасының барысында 17 тамызда
60.000 тг көлемінде ақшалай көмек
көрсетіліп табысталды. Қайырымдылық
әрбір бала бойына сенім, жанына жігер
ұялататыны сөзсіз. «Жылуы жоқ үйден
без, қайырымы жоқ биден без» дегендей
қайырымдылық, адамгершілікті биік
ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы,
жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсыған жандар Ерсаян
шаштаразы, Супермаркет «Алия», Ақжол, Жасұлан, Мұрагер, Сәт, Болашақ, Томирис, Мүбарак,
Нұрислам, Азамат, Дәулет, Қыз жасау, Адина, Инабат, Самат, Аяжан, Айбат, Қазына, Шынар, Спорттық
және Сотка дүкендеріне және Ломбард «Астра», Мұражай, Аудандық сот, С.Сейфуллин атындағы кітапхана, КМФ пен Казком банктеріне, ұйымдастыру және ақпараттық технологиялар бөліміне үлкен
ризашылығымызды білдіреміз!
Бақытты отбасы
Бақытты отбасы Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен
нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер
жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық
зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол - жанұя, яғни,
зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар - жұбайлар мен балалар. «Ата көрген
оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін
өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді
жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы - баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған
қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп, зорлық-зомбылық
жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.
Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен
қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі
туды. Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын
өзгерту керек. Осы мақсатта, 12 тамыз күні жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен
«Бақытты отбасы» атты зорлық – зомбылыққа қарсы аудан бойынша акция жүргізілді. Акция мақсаты
қорлық көрген әйелдер мен балаларға нақты көмек көрсету, сонымен қатар кең көлемді үгіт-насихат
жұмыстармен үлес қосу және аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру және
ақпараттандыру болып табылады. Әрқайсымыз үшін, отбасы сенімді ошақ болуы керек және әр отбасында жағымды психологиялық ахуал орнауы тиіс. Отбасының бақытты болуына барлығымыз жауаптымыз. Бақытты отбасы болу үшін зорлық – зомбылықтан аулақ болайық. «Отан отбасынан басталады!»
Халықаралық жастар күні
Халықаралық жастар күні Қай мемлекетте болмасын жастардың болашағы басты назарда. Осыған байланысты 1999 жылдың 17 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 12 тамызХалықаралық жастар күні деп бекіткен болатын. Ең алғаш Жастар күні 2000 жылдың 12 тамызында
аталып өтілді. Содан бері бұл мереке біздің елімізде де жыл сайын дәстүрлі түрде аталып келеді.
Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, бүгіні мен ертеңі де осы жастарға байланысты. Осыған
орай ағымдағы жылдың 12 тамыз күні жазғы сахна алаңында жастар күніне орай, мәдени – сауық
орталығының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Концертте ауданымыздың дарынды, талантты,
өнерлі жас әншілері өнер көрсетіп әндерімен халықты сусындатты. Мерекелік кеш би кешімен жалғасын
тапты. Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы білімді, ақыл-ойы терең жастардың
қолында. Жастар- жаңашылдықтың жаршысы. Еліміз де осы жастарға үлкен үміт артуда. Сондықтан өз
белсенділігіміз бен қабілетімізді көрсетіп, биік шыңдарды бағындырайық, жастар!
Жастар ресурстық орталығы
Жарқырасын шамшырақ төріңізде
Елбасының саясаты ел экономикасын арттыру үшін шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлу керектігін баса айтуда. Жастардың оқыпбілім алуымен бірге өз істерін ашуға, қабілет қарымын көрсетуге
атсалысуға мол мүмкіндік бар кезеңде бизнеске жол ашық.
Аудан орталығында ғимаратты жалға алып, қызметін бастаған «220 Вт»
дүкені көпшілігімізге таныс. Тұтынар тауарыңның сапасын, қолдану тәсілін
егжей-тегжей баяндайтын жас кәсіпкер Жұманов Жасұланды да білмейтін
жан аз.
О.Жұмабеков мектебінің алғыр әрі үздік оқушысы болған, аудан сахнасын
өнерімен бағындырған
Жасұлан мектеп тәмәмдағансоң өзі сүйген
мамандығына оқуға түсіп, оны үздік аяқтағаннан кейін, осы салада еңбек
еткен. Үлкен қаладағы сауда орындарында еңбек ете жүріп, әр заттың
қажеттілігін, сапасын, шығынын, пайдасын ой елегінен өткізіп, зерделеген
азамат тұтынушыларды артық шығынға түсірмейтін сапалы өнімді өз жерінде де саудалауды көздеп, аудан басынан жалға ғимарат алып жұмыс
жүргізуді бастаған екен.
Жеке тұрғын үйдің ауласынан шағын дүкен салып, тауарларын текшелеп
жинаған жас кәсіпкердің анасы Қарашаш Байтуғанова дүкеннің ашылу салтанатына жиналғандарға алғысын білдірді.
Жас болса да шағын кәсіппен айналысуды мұрат еткен Жасұлан
Жұмановтың дүкенінің ашылуына атсалысқан аудандық «Нұр Отан» партия
төрағасының бірінші орынбасары Асет Аманжолов, кәсіпкерлік және
өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мұрат Ибраев, білім бөлімінің басшысы
Тілеш Әштаев, мәдениет және тілдер бөлімінің басшысы Амантас Түсіпов,
ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Казимов жас кәсіпкерге сәттілік пен
еңбегінің жемісін көруді тіледі.
Көз алдарында өскен бала Жасұланның азамат болғанына дейін жеткен
жетістіктері бұл елі мен жеріне, анасына жасаған шексіз құрметі-деген
әулеттің үлкені Алданыш апа мен Марал апа ақ жол тілеп, шашу шашты.
Шағын дүкен ішіндегі әр тауарға тоқталып, мағлұмат берген Жасұлан:
-Қазыр озық техналогияның дамыған заманы. Қай сала болмасын үнемдеуді
қолға алғанымыз жөн. Оның ішінде жарық пен электрдың қуаты әр салаға
қажет. Осы тұрғыда қандай да бір электротехникалық тауарды қалай
қолдану керек екені жайлы көп адамдар біле бермейді. Сапалы өнім қымбат
болғанымен ұзақ қолданылатынын ескергеніміз абзал. Осы тұрғыда келушілерге әр заттың ерекшелігі жайлы айтып, кеңес беруге әзірмін. Бүгінде
мекемелермен тапсырыс арқылы жұмыс жасап жатырмын. Қажетті электро
тауарларға тапсырыс берсе жеткізіп беремін- деді.
Шағын дүкен шағын кәсіпкерліктің бастауы. «Теңіз-тамшыдан, теңгетиынна, бизнес-шағыннан басталады. Ендеше, өз ісін жүрексінбей бастаған
жас кәсіпкерге толайым табыстар тілеп, шағын дүкенің алып супермаркетке
айналсын дейміз.
Өз тілшімізден
« Ауыл-Береке-2017»
Қаладағыларды қуантқан -жәрмеңке
Астана төрінде ұйымдастырылған «Ауыл-Береке» жәрмеңкесіне ауданымыз
үлкен дайындықпен барып, елорда тұрғындарына таза өнім тауарларын апарып, ән-мен жыр арнап, өзгеше көңіл күй сыйлап қайтты. Басты мақсат
ауылдан қалаға тарту ретінде ет, сүт, көкөніс өнімдерін апару болып табылатын жәрмеңкеге аудан халқының атынан 9 тонна сиыр еті, қой еті 4 тонна,
жылқы еті 4 тонна, балық 1 тонна, сүт өнімдері 2 тонна өнім апарылып, арзан
бағада сатылды. Ауданымыздың брендіне айналған балдай сары қымызынан
«қымыз шоу» ұйымдастырылып, келушілерге ұсынылып, тарту етілді.
Жәрмеңке алаңындағы Жаңаарқа ауданы орналасқан аймаққа келушілерге
ауданымыздың мәдениет сауық орталығының әншілері өнер көрсетсе, ақ
дастархан басындағы «қымыз шоу» фестиваліне келушілерге қырмызы
қыздарымыз тостаған толы қымыз ұсынып, қонақжайлылық танытты.
2017 жылдың 22 қыркүйегінде өтетін әлеуметтік
Қызметкерлердің Бірінші қазақстандық Форумы
Әлеуметтік қызметкерлердің Бірінші қазақстандық Форумы Астана қаласында 2017 жылғы
22 қыркүйекте өтеді.
Форумның мақсаты халықты әлеуметтік қорғау саласында жинақталған тәжірибені қорыту
және саланың басты бағыттарын анықтау, қазіргі заман қоғамында әлеуметтік
қызметкерлердің үлесі мен рөлін арттыру және күшейту болып табылады.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – БҰҰ, БҰҰ Балалар Қорының даму бағдарламасы, көшіқон бойынша Халықаралық ұйымдары, ЕҚЫҰ, БҰҰ-әйелдері қолдауымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Форумға шамамен 500 қатысушы, оның ішінде Ұлыбритания, Сербия, Хорватия, Чехия,
Ресей, Грузия мемлекеттерінің халықаралық сарапшылары шақырылады. Іс-шараларға
Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық
және жергілікті атқарушы органдар, оқу орындары және үкіметтік емес ұйымдардың
өкілдері қатысады.
Тәжірибе-мамандары, ғалымдар, қоғамдық және саяси қайраткерлер аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік жұмыстың даму ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін
талқылайды, мүгедектерге, қарттарға, баспанасыз тұлғаларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық
және адам саудасы құрбандарына кәсіптік көмек көрсетудің қазіргі заманғы технологиясына
көңіл бөледі.
Түрме саласында, денсаулық сақтауда әлеуметтік жұмыстың даму келешегін және
тәжірибесін, әлеуметтік саясатты іске асыруда ведомствоаралық және бөлімаралық өзара
әрекеттесудің жаңа тетіктерін және мүмкіндіктерін талқылау жоспарлануда.
Әлеуметтік қызметкерлердің Бірінші Форумының күн тәртібіне әлеуметтік жұмыстағы менеджмент, әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру, арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсетуде коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын кеңейту, еріктілікті және
қайырымдылықты қолдау сияқты өзекті сұрақтар енгізілді.
Форум аясында «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» 5-ші мерейтой Республикалық Көрмесі және «Әлеуметтік аударымдар – жұмысбасты халыққа саймасайлық әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету» семинары өткізіледі.
Форум Қазақстан тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын және
қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік саланың одан арғы инновациялық дамуы мақсатында
тиімді шешімдер, әлеуметтік жұмысты жаңғыртудың бағыттарын және жаңа идеяларын
іздеу, жаңа байланыстарды орнату орны болады.
Форумның материалдарымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz ресми сайтында http://www.kswf.kz/ сілтемесі бойынша өту арқылы танысуға болады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі
Сыбайлас жемқорлық – ұлттық
қауіпсіздік үшін қатерлі кесел
Сыбайлас жемқорлық – бұл қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады және
қоғам өмірін кейін тартып отыр.
Бүгінде барлық озық ойлы адамзат, барлық дамыған мемлекеттер қоғамның жарасымды
дамуына кесірін тигізетін сыбайлас жемқорлықпен күрестің тәсілдерін жетілдіруде. Ал осы
бір әлеуметтік кеселмен күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін
ерекше мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан біздің еліміз үшін де маңызды.
Біздің еліміз бұрынғы кеңестік аумақтағы елдердің арасынан бірінші болып 1998 жылы 2
шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заң қабылдап, 2015 жылдың
18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңмен жаңартты. Бұл
заңның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа
төзбестік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал
ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сыбайлас
жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру болып
табылады. Алайда бұл заңды іс жүзінде іске асыратын нұсқаулар мен ережелер күрделі, ал
орындалуы қиын. Себебі көптеген азаматтар құқықтарын білмеуі және заңды жолдың тиімділігіне сенімсіздікпен қарауы салдарынан олар өз мәселелерінің заңды жолмен шешілуге
қарағанда, пара берген кезде барынша тиімді, шапшаң шешіледі деген көзқарас
қалыптастырған. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Күні бүгінге дейін рұқсат беру
жүйесіне, бақылау-қадағалау қызметіне, мемлекеттік сатып алуларға жататын заңнамалық
актілерде үлкен сыбайлас жемқорлық іліктері қалып отыр. Сол себепті барлық заңдар мен
заңнамалық актілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сараптамасы болуға тиіс» деп
айтқан болатын. Осыған байланысты еліміздің жер-жерінде сыбайлас жемқорлықпен
күресуге тиісті мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар әлеуметтік сауалнама жүргізу,
дөңгелек үстелдер, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру, кездесулер өткізу сияқты сенімді
көздеген мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін жұмыс тәсілдерін қолдануда.
Бірақ сыбайлас жемқорлықпен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес.
Мемлекеттің тұрақтылығы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін кесел болып табылатын
жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бүкіл қоғамның алдында тұрған аса күрделі мақсат
болғандықтан, мұны жүзеге асыру өз Отанын ардақ тұтатын әрбір азаматтың абзал борышы
болса деймін. Азаматтар өз құқықтары туралы толық ақпаратта болуы тиіс, өздеріне қатысты
қандай да бір заңсыз, соның ішінде жемқорлық әрекеттері туындаған кезде қолданылатын
іс-әрекеттердің нақты жолын білуі қажет. Ал осыларды іске асырудың басты қадамы –
отбасындағы тәрбие. Белгілі ғалым Саллюстий «Пайдакүнемдік адамды ең аяулы сезімдерден – Отанға деген сүйіспеншіліктен, отбасына, ізгілік пен тазалыққа деген
сүйіспеншіліктен ада қылады» - деп айтқан екен. Сондықтан ата-ана баласына Отаны мен
отбасына деген сыйластықты, ізгілікті, дұрыс таңдау жасауды, білімге, адалдыққа деген
құштарлықты үйретуі керек. Сонда ғана әрбір бала қоғамдағы өз ортасын таңдап,
қайшылықтарға төтеп бере алады деп ойлаймын.
«Егер адам бойындағы зиянды әдет-дағдыларды түп-тамырымен бір уақытта жою үшін аз
да болса күш-жігерімен кіріссе, одан құтылу да қиынға түспес еді. Бірақ қиыншылығы
сонда, мысқылдығы ұзақ уақыт енген жаман әдет-дағдыны құрту үшін соншалықты ұзақ
уақыт күресу керек» деп К.Д.Ушинский айтқандай, ғаламдық құбылысқа айналған сыбайлас
жемқорлықты біржола құрту үшін ұзақ уақыт пен адамдардың халық болып жұмылуы, ұлт
болып ұйысуы қажет болады.
Л.Т.Сүйменбаева,
Жаңаарқа аудандық сотының
жетекші маманы
7
ЕСКЕ АЛу
2 қыркүйек 2017 жыл
Өнегелі ғұмырымен ел – жұртына қадірлі, ағайын - туыс, көрші
- қолаң, құда – жегжаттарына сыйлы, балаларына пана, немере
– жиен, шөберелеріне сүйікті әже болған ардақты анамыз
Бәтеш Сәкен қызының 92 жасында өмірден озғанына 40 күн
толды.
Қадыр тұтқан аймағы,
Гүлдендіріп текті ізді,
Адамнын асыл жайнағы.
Ақылға жігер жеткізді.
Санасы - ұлттын дәстүрдің Оң баласын өсіріп,
Бұзылмаған қаймағы.
Ұшпағына жеткізді.
Біздің асыл анамыз,
Айнымай ата салтынан,
Жақсылармен тен еді.
Көргенділік қалпынан.
Көңілі байтақ кең еді,
Өмірден өткен ананы,
Қиындыққа мойымай.
Жаратқан Алла есіркеп.
Қайратпен өзін демеді.
Жарылқасын алдынан!
Еске алушылар – балалары, немере-жиендері, күйеу балалары мен келіндері.
9 қыркүйек сағат 1300 - де « Сұлтан » мейрамханасында аяулы анамыздың
өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСКЕ АЛу
Ауданымыздың тұрғыны болған, ардақты ана, сүйікті әже
Сембекова Үмітжан Ыбырайқызының арамыздан алыстап,
мәңгілік ұйқыға кеткеніне 10-қыркүйек күні жыл толады.
Ардақты әкеміз Қаламбай Дүйсекеұлы екеуі алты бала
тәрбиелеп, жоғары білім алуларына көмек етіп, ұлын ұяға,
қызын қияға қондырып, немерелерінің жоғары білім алуына
атсалысып, немерелерімен қалада бірге болып, солардың білім
алуына ықпал етті. Шөбересінің алақанынан су ішіп, бала
бақытына ие болған жандардың өмірі бізге үлгі өнеге. Үнемі
аялы алақанының жылуын сездіріп, кең құшағына басатын
баға жетпес жан анамызды сағына еске аламыз.
Жыл өтті жоқсыз ана қасымызда,
Сағыныштан төгілді жасымызда.
Ақылшы, кемеңгерім, қорғаным ең,
Айрылып қайғы орнады басымызға.
Кең құшақта ұл-қыздарың ержетті,
Аралаттың немереңе жер-көкті.
Жаның мәңгі жұмақ бақта шалқысын,
Дұға тілеп, қол жайады жер беті.
Сағына еске алушылар: Балалары, немерелері, шөберелері.
Анамыздаң қайтыс болуына жыл толуына орай 7-қыркүйек күні сағат 13.00де
«Жаңаарқа» тойханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Жаңаарқа ауданында 2018 жылдың су тасу
кезеңіне дайындық жұмыстары
жүргізіліп жатыр
Соңғы үш
ж ы л д а
Жаңаарқа ауданында су басу
кезеңдері
к ү р д е л і
жағдайда өтті.
А у д а н
ақсақалдарының
айтуы бойынша
өзендердің дәл
осындай қатты
тасуы
сонау
1950-60 жылдары
ғана
болған.
2015
жылдың су тасу
кезеңіндегі
т ө т е н ш е
жағдайлар салдарынан 4 елді мекенде 17 тұрғын үйді су басты, үй жануарларның өлімі тіркелді. 2017 жылы 1 елді мекенде 3 үйді су басты. Автокөлік жолдарының үстімен жүру және
оларды шайып кету фактілері тіркелді. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдардың, ҚР ІІМ
бөлімшелерінің және базасында азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдары құрылған
басқа да ұйымдардың бірлескен және үйлесімді іс-қимылдары арқасында табиғи апаттың
салдарын анағұрлым азайтуға мүмкіндік туды. Адам өлімі мен жарақат алуына жол берілмеді.
Қазіргі таңда Жаңаарқа ауданы әкімдігінің басшылығымен алдағы 2018 жылдың су тасу
кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімдігімен ағымдағы жылда 14
дана мотопомпа сатып алынып, кент және ауылдық округ әкімдеріне таратылып берілді.
Бидайық, Орынбай, М.Жұмажанов, Атасу ауылдары сияқты су басуға қауіпті елдімекендерде аймақтық құлақтандыру жүйелері орнатылды. Қарағанды облысы бойынша 2017-2020
жылдарға арналған су тасу кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою жоспарына сәйкес, бұл
жұмыс жыл сайын жүргізілетін болады. Сөйтіп 2020 жылы барлық кенттер мен ауылдық
округ орталықтары жүз пайыз аймақтық құлақтандыру жүйелерімен жадықталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар Целиный ауылдық округі Ақшағат ауылының жаңында тасқын
судан қорғау бөгетін салу жұмыстары басталып кетті. Осы мақсатта Жаңаарқа ауданы
әкімдігмен 1,5 миллион теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні ұзындығы 110 метр бөгет
тұрғызылды, сондай-ақ Ақшағат ауылының маңайынан қызыл судың ағып кетуіне кедергі
болған грейдерлі автожол 140 метр ара қашықтықта бұзылып тасталды.
Су тасу кезеңінде авариялық-құтқару және кезекті күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде туындайтын проблеммалық мәселердің бірі - ол ауданның азаматтық қорғау
құрылымдарының арнайы киіммен толық қамтамасыз етілмеуі болып табылады. Бұл
мәселені шешу мақсатында аудан әкімдігімен 30 комплект «Nordman» су өткізбейтін
балықшылар костюмдерін сатып алу жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу
жұмыстары жүргізілуде.
Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
Құттықтау!!!
Асқар таудай әкеміз Жылқыбаев
Амангелді мен аяулы анамыз Акипова Акіжанды қасиетті құрбан айтпен тұспа-тұс келген, пайғамбар
жасына толып, отырған туған
күндерімен құттықтаймыз. Әкеміз
бен анамызға ұзақ ғұмыр, баянды
өмір, немерелерінің қызығына тоймай жүре берсін деп тілейміз.
Ұрпағына жарық дүние сыйлаған,
Ағайынды жан-жағына жинаған.
Сізге деген сезіміміз мәңгілік,
Барша әлемге, кеңістікке сыймаған.
Жүз жасаңыз, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Немере мен шөберенің қызығына бөленіп,
Ана-Әке, аман-есен ортамызда жүріңіз!
Құттықтаушылар: Балалары Жәңгір-Дәрия, Жәнібек-Лаура, немерелері
Жаһанбек, Айзере, Жаһангир.
Атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпарат
Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің Қарағанды облыс
бойынша ҚАЖД Жаңаарқа аудандық Пробация қызметі және Жаңаарқа аудандық ІІБ-нің
ӘПБ-нің УПИ қызметкерлерімен бірлесіп әрбір қоғамнан оқшауланбаған сотталған
тұлғалардың, олардың тарапына құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстардың жасалуына
жол бермеу жөнінде республикалық профилактикалық алдын-алу іс шаралары жүргізілді.
Тексеріс жүргізу барысында мекен-жайында болмағаны үшін және Қазақстан
Республикасының ӘҚБК-нің бабтарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған 2 (екі)
сотталған тұлғаға қатысты іс-құжаттарын аудандық сотқа жолданды. Атап айтсақ бас
бостандығы шектелген сотталған тұлға С.Б.С. бас бостандығынан айыру жөнінде ұсыным
жолданып. Жаңаарқа аудандық сотының қаулысымен жаза мерзімі бас бостандығынан
айырды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, қоғамға бейімдеу, сотталғандармен өзге
адамдардың да жаңа қылмыстар жасауын алдын алу болып табылады.
Б.Қ. Айжолов,
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД
Жаңаарқа аудандық Пробация қызметінің
әділет каптитаны
Хабарландыру
«Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі Мемлекеттік орман қоры жерлерінен Шөп шабу, Саңырауқұлақ теруге
рұқсат беру арқылы ақылы мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет түрлеріне рұқсат алу Жаңаарқа ауданы Атасу кенті
Лесхозная көшесі №1 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Орман және жануарлар әлемін
қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
кеңсесінде жүргізіледі. Байланыс телефондарымыз: 8 (71030) 26260, 27058
«Орман және жануарлар әлемін қорғау
жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Көңіл айту
Аудандық білім бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Ынтымақ
мектебінің ұжымы Өмірзақова Бибіғайшаға жұбайы Көпеев Талғаттың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып. көңіл айтады
*** *** ***
Аудандық білім бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Талдыбұлақ
мектебінің ұжымы осы мектептің ұстазы Ақмолдин Сайлаубайға ағасы Құрақбайдың қайтыс
болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне байланысты спорттық шаралар
өткізілді. Іс-шараларға 50 ге тарта қатысушылар болды. Жарыс қортындысында:
Қол куресінен: І-орын Ақанов Біржан, ІІ-орын Шегиров Нұржан, ІІІ-орын Зарлық Мұстафа
иеленді.
Кір тасын көтеруден:І-орын Темірбаев Жасұлан, ІІ-орын Шегиров Нұржан, ІІІ-орын
Айдаров Алмаз иеленді.
Асық атудан: І-орын Ахметов Алмас, ІІ-орын Сәрсекеев Батырбай, ІІІ-орынды Жексенбеков
Саят және Күлмаганбетов Ертіш өзара бөлісті.
Арқан тартыстан: І-орынды БЖСМ иеленді, ІІ-орынды О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ иеленсе, ІІІ-орынды Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ иеленді.
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактордың міндетін
атқарушы Салтанат Ералина
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1330 дана
Тапсырыс №37
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
28
Размер файла
42 581 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа