close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

код для вставки
“Адамзаттың рухына керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Ақпараттық-түсіндіру тобы
ауылдарды аралады
Өткен аптада облыстық ақпараттықтүсіндіру тобы ауданымызға қарасты
Түгіскен және Ералиев ауылдарына барды.
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан
Әбішұлы
Назарбаевтың
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31
қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының
негізгі тұжырымдарын саралау мақсатында
топ мүшелері ауыл тұрғындарына арнайы
келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ауылдардың мәдениет үйінде өткен жиынға
облыстық энергетика және тұрғын үй
шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары, облыстық ақпараттық-түсіндіру
тобының мүшесі Үсенов Ұлантай, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Сүлейменов Айбек, «Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Казимов
№38 (9824), 9 қыркүйек, 2017жыл
Қызылжарда жаңа балабақша ашылды
2-қыркүйек күні ауданымыздың барлық мектептерінде білім күніне арналған салтанатты
жиындар өтті. Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебінде өткен "Алғашқы қоңырау"
салтанатына арнайы барып қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат Қожықаев
ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім баспалдағын алғаш аттағалы
тұрған бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Биыл Қызылжар жалпы орта білім беретін мектептің
1-сыныбына 33 оқушы қабылданды. Жалпы, оқушы саны - 302, сыныптар саны - 17.
*** *** ***
Қасиетті құрбан айт пен білім күні мерекелерімен қатарласып ауданымызға қарасты
Руслан, «Жаңаарқаның іскер әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әрінова Дәмеш
және ауыл тұрғындары қатысты. Топ
мүшелерінің баяндамалары тыңдалғаннан кейін
ауыл
тұрғындары
атынан
ақсақалдар
алқасының төрағасы Көпбаев Совет топ
мүшелеріне
ризашылығын
білдіріп,
жұмыстарына сәттілік тіледі. Жиынды
қорытындылаған Руслан Әбдіғалымұлы келген
қонақтарға арнайы келіп ауыл тұрғындарымен
кездескеніне алғыс айтты. Сонымен қоса,
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани
Жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына,
«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру
мәселелеріне тоқталып өтті. Ауыл тұрғындары да топ мүшелеріне ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Өз тілшімізден
Дарабоз айтыскер ақын
Жаңаарқаның қасиетті топырағынан жаралған дарабоз мақтаныштарымыздің бірі - Әлтаев Аманжол Дүйсенбайұлы.
Ол
1971
жылы
Жаңаарқа
ауданы
Ақтүбек ауылында
туған.
Айтыскер
ақын, сазгер, ҚР мәдениет қайраткері. ҚР мемлекеттік “Дарын”
сыйлығының лауреаты. Филология ғылымының кандидаты.
ҚарМУ-дің филология факультетінің түлегі. ҚарМУ-де
ұстаздық қызметте болған. 2003 жылдан Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің “Қазақ
әдебиеті” кафедрасының доценті. Бірнеше зерттеу еңбектері
жарық көрген. А.Әлтаев республикалық, халықаралық
айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. “Ақжол” өлеңдер мен
айтыстар жинағының авторы.
Мәліметтер “Жаңаарқа” энциклопедиясынан алынды
Қызылжар кентінде мерейлі оқиға орын алды. Қыркүйек айының 2-ші жұлдызында аталмыш кенттің бүлдіршіндері үшін жаңа
балабақшаның есігі айқара ашылды.
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік
қоғамының демеушілігімен 6 млн. 700 мың
теңге көлеміндегі қаражатқа қайта
жөндеуден өткен ескі ғимарат 25 орындық
балабақшаға айналды. Жергілікті бюджеттен бөлінген 12 млн. 500 мың теңгеге
бүлдіршіндер үйіне қажетті жабдықтар
алынып, «Құлыншақ» балабақшасы ел игілігіне ұсынылып отыр. Балабақшаның салтанатты ашылуында аудан әкімінің міндетін
атқарушы Қанат Қожықаев құттықтау сөз
сөйлеп, лента қию рәсімін орындады.
Жаңа
балабақшаға
кезегі
келген
бүлдіршіндер, сонымен қатар, әлеуметтік
жағдайы төмен отбасыларының балалары
қабылданатын болады.
Қызылжар кентінің 12 тұрғыны аталған
балабақшада
жұмыспен
қамтылып,
балалардың саналы тәрбие алуына зор
үлестерін қоспақ.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
9 қыркүйек 2017 жыл
Раббың үшін құрбан шал!
«Раббың үшін құрбан шал» Тәуелсіздік алған уақыттан бергі кезеңде еліміздің әлеуметтікэкономикалық жағынан жаңғыруымен бірге, рухани және мәдени өреміз де көтеріліп келеді.
Яғни, 2005 жылғы 28 желтоқсанда Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдап, соған сәйкес Құрбан айт пен Рождество мерекесінің
бірінші күні елімізде демалыс күндері болып жарияланды. Тарихи құжаттардан белгілі
болып отырған деректерге жүгінсек, 1926 жылға дейін Ораза айт 3 күн, Құрбан айт 3 күн,
Наурыз 1 күн ресми мереке ретінде тойланып келген. 1926 жылдан күштеп тоқтатылған
мұсылмандар мерекесіне ресми мәртебе беріліп, тарихи әділеттілік қайта орнығып,
қасиетті мерекемен еліміз қауышты. Сол
үшін біз мың мәрте Аллаһ Тағалаға
шүкіршілік айтуымыз керек.
Осы мақсатта, ауданымыздағы екі бірдей
мешіттің
және
Жастар
ресурстық
орталығының Дін мәселелерін зерттеу
секторының мамандарының, имам Мамыраев Нұрсұлтанның және имам Нұрғалиев
Байдулаттың ұйымдастыруымен қыркүйек
айының 1 – 2 күндері аралығында құрбан айт
күніне арналған «Раббың үшін құрбан шал»
атты қайырымдылық акциясы мен мерекелік
іс – шаралар өткізілді. Таңғы сағат 7.30-да екі
мешітте де уағыз тыңдаудан басталған шара
асық ату, арқан тартыс, кір тасын көтеру,
дойбы, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындармен өз жалғасын тапты. Шараға қатысқан
әр жеңімпаз құрбан айт мерекесіне орай сойылған мал етімен, естелік сыйлықтармен және
алғыс хатпен марапатталды.
Иман - әділетті, мейірімді, берекелі қоғамның ұйытқысы. Сондықтан біз ұлық мерекемізді
насихаттауға, құрбандық шалу дәстүрімізді жандандыруға, қоғамда қайырымдылық
шараларының көптеп ұйымдастырылуына анағұрлым көбірек мұқтажбыз. Жеке адам
тұрғысынан ғана емес, отбасылық, әлеуметтік, экономикалық, тұрғыдан да құрбандық шалу
ислам дініндегі міндет екенін әрбір мұсылман баласы санасына сіңірсе абзал болар еді.
Жастар ресурстық орталығы
2
Латын әліпбиіне көшу –
заман талабы
Мемлекет басшысы жақында ғана жарық көрген
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласында «Қазақ тілін біртіндеп латын
әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз
керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік
қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері
мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай
іс-қағаздарын,
мерзімді
баспасөзді,
оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып
шығара бастауға тиіспіз», деді. Бүгінде бұл
мәселе қоғамның басты тақырыбына айналуда. Латын әліпбиіне көшу – Мемлекет басшысы
тарапынан бүгін ғана туындап отырған бастама емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осыдан үш жыл бұрын «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап
әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.
Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп ашық айтқан болатын. Әлбетте, бұл
орайда басты мәселе – ұлттық сана жаңғырып, құлдық санадан арылуда жатыр. Айналып
келгенде, бұл идеяның астарында біртұтас ұлт құру деген мақсаттың да қылаң беретіні анық.
Демек, көреген Көшбасшымыз бұл жөнінде ойлы қадамға барып отыр дей аламыз. Латын
әліпбиіне
көшу тәуелсіздігіне 22 жылдан астам уақыт өткен және халықаралық
қауымдастықта беделді
орынға ие болған Қазақстанның руханият саласындағы
тәуелсіздігін айғақтайтын шара болып табылады. Сонымен қатар, әлемдік технологияда
үздік дамыған елдер және туысқан түркі халықтарымен етене араласуына мол мүмкіндік
береді. Оның үстіне бұл шара Қазақстанның бүгінгі руханиятын дамыту болып есептеледі.
Сондай-ақ, ол тәуелсіздікті, әсіресе мәдени саладағы тәуелсіздікті бекемдей түседі.
Сондықтан Қазақстан латынға неғұрлым тезірек көшсе, соғырлым ұтымды болмақ. Қорыта
айқанда, ұрпақ келешегін ойласақ, ұлттығымыздың негізгі белгісінің бірі – тілімізді сақтап
қаламыз десек, әлемнің озық елдері игілігін көріп, көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне
біздің де көшкеніміз кезек күттірмейтін мәселе екендігі айқын. Латын әліпбиіне көшу, ана
тіліміздің болашағын ойлап, пайдалануға одан әрі кеңейе түсуіне мүмкіндік жасап, қазақы
айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну
керек, сондықтан «Латын әліпбиіне көшу- заман талабы».
Д.Ж.Батталова,
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының
бас маманы, Заңгерлер Одағының мүшесі
Халық назарына!
Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі (бұдан әрі –Министрлік) «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы, «Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы (бұдан әрі - Заң), Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Әділет
министрлігі Ережесінің 16-тармағының 85) тармақшасына сәйкес «Авторлық құқықпен
қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Заңға, жоғарыда көрсетілген қызметті көрсету стандартқа сәйкес (2015 жылғы 30 сәуірде
№ 250 Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды. Қызмет алушылар қажетті құжаттар тізбесі туралы
ақпаратпен, өтініш нысаны және алымды төлеу үшін деректемелерімен www.adilet.gov.kz
министрлік сайтында таныса алады («Туындыларға құқықтық тіркеу» баннері министрлік
сайттың басты бетінде), кеңестер 8-7172-74-06-18 телефоны арқылы. Қызмет алушылар,
министрлікке жүгінген кезде осы жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты аймақтарда алу мүмкін еместігін хабарлайды
(қажетті құжаттар тізбесі, өтініш нысаны, деректемелер, телефондар). Жоғарыда
айтылғанды ескере отырып, құқық алушыларға жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беруді қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, егер сіздердің өңіріңіздегі қызмет
алушылар үшін Зияткерлік меншік құқық департаменті сарапшыларынан мемлекеттік
қызмет бойынша кенес қажет болған жағдайда Зияткерлік меншік құқық департаментіне
аталған мәселе бойынша видеоконференциялар ұйымдастыру үшін тиісті ұсыныстар енгізуді сұраймыз. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен, осы көрсетілетін мемлекеттік
қызметке ағымдағы жылдың шілде мен қараша айы аралығында қоғамдық мониторинг істері ұйымдастырылғанын қосымша хабарлаймыз. Сыпайылық және кәсіби этика, қызметке
қол жетімділік, қызмет туралы ақпараттың анықтығы және дұрыстығы бағалау
критерийлерінің бірі болып табылады.
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы
Кезектен тыс қоғамдық кездесу өтті
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы 2016 жылдың 1
қаңтарынан бастап күшіне енген болатын. Сол Заң күшіне еңгеннен бастап, қоғамда
туындаған заң мәселелері бойынша сұрақтар, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру,
қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықты болдырмау тағы да басқа шешімін таппай
жатқан мәселелерді шешу үшін түрлі кеңестер мен жиындар өткізіліп келеді.
Сондай бір маңызы бар кезектен тыс қоғамдық кездесу осы аптада ауданның әкімшілік
ғимаратында өтті. Жиынға әкімшілік қызметкерлер, білім бөлімінің және жұмыспен қамту,
құқық қорғау органдарының, АХАЖ бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жиынды аудандық ХҚКО-ның басшысы Кенжеболат Арыстанғали ашап жүргізіп отырды.
«Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсеті жөніндегі
жұмысы туралы» жазылған тақырыптағы баяндаманы аудан әкімі аппаратының
ұйымдастыру және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Мұхамедқали Біргебай
жиналған қауымға оқып берді.
Баяндамадан соң туындаған сұрақтарға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас
маманы Әсет Әбдікәрімов нақты жауаптар беріп, жиналған жұртты сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Өз тілшімізден
3
Медициналық сақтандыру туралы нені білу қажет
І.Медициналық сақтандыру туралы нені білу қажет?
Медициналық сақтандыру көптеген елдерде халық үшін, сонымен бірге жұмыс берушілер үшін денсаулық
сақтау жүйесінің тиімді модельдерінің бірі ретінде танылған. Ол азаматтарға медициналық көмекті кеңінен
алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 16 европалық мемлекетте, сонымен бірге Түркия мен Жапонияда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘлМС) жүйесі қолданылуда. Дәл осы елдердің медицинасы қазіргі
уақытта жоғарғы деңгейде және адамдардың өмір сүру ұзақтығы да жоғары - 80-85 жасқа дейін. МӘлМС-тің
тиімділігі денсаулықты сақтау үшін мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың өзі де жауапты болатынына негізделеді. Бұл ретте мемлекет мынадай міндеттерді өзіне алады: мемлекеттің барлық азаматтарына медициналық
көмектің негізгі ең төменгі пакетін немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну.
Қазақстанда мұндай көмекті 17 млн. адам немесе мемлекеттің барлық тұрғындары ала алады. Азаматтардың
МӘлМС шеңберінде ұсынылатын медициналық көмекті алуы үшін экономикалық белсенді емес тұрғындарға
Медициналық сақтандыру қорына жарналарды жүзеге асыру. Қазақстанда экономикалық белсенді емес
тұрғындар саны шамамен 10 млн. адамды құрайды. Бұл балалар, егде жастағы адамдар, көп балалы аналар,
жүкті әйелдер, жұмыс істемейтін мүгедектер және т.б. Жұмыс берушілер сонымен бірге өз жұмыскерлерінің
денсаулығына қамқор болуға тиіс, себебі дені сау және өнімді еңбек ресурстары - кез-келген кәсіпорынның
табыстылығының кепілі. Сондықтан барлық МӘлМС қолданылатын барлық елдерде жұмыс берушілер
медициналық сақтандыру жүйесін еңбекақы төлеу қорынан 3%-дан 15%-ға дейін мөлшері құрайтын жарна енгізеді. Қазақстан кәсіпорындарында қазіргі уақытта 5,6 млн-нан астам адам еңбек етеді, олар үшін МӘлМС
жарналарын жұмыс берушілер жүргізеді. Жұмыс істейтін азаматтар, егер олар нақты бір кәсіпорында жұмыс
істейтін болса немесе өздерінің жеке ісі болса, өздерінің табыстарынан аударатын болады. Әлемдік практикада
егер азаматтар жалдамалы жұмыскерлер болса, онда олардың аударым көлемі еңбекақыдан 1%-дан 8,2%-ды
құрайды, ал егер жеке кәсіпкер болса, онда өзі көрсеткен кірістен (ең төменгі еңбекақыдан төмен болмауға тиіс)
7%-дан 15,5%-ды құрайды. Барлық аударымдар мен салымдардың бірыңғай қорға шоғырландырылуы осы елдерге қаражатты мақсатқа сай пайдалануды, ұсынылатын медициналық көмек түрін кеңейтуге және оның сапасын арттыруға және ең негізгісі - жарна төлеушілердің алдында денсаулық сақтау жүйесінің есеп беруін
қамтамасыз етті. Осы шарттар медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етті және
Қазақстанның сол жүйені таңдауына негіз болды. МӘлМС жүйесі Қазақстан Республикасында 2017 жылдан
бастап енгізіледі және Қазақстан Республикасының барлық сақтандырылған азаматтарының жынысына, жасына, әлеуметтік дәрежесіне, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке
тең қол жетімділікке кепілдік береді.
II. Медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі сізге не береді?
Емделудің қолжетімділігі Сіз кез-келген мемлекеттік және мемлекеттік емес клиникаларда медициналық көмек
ала аласыз. Бұл жерде Сізге медициналық көмектің барлық түрлері көрсетіледі (дәрігердің қабылдауынан бастап, жан-жақты зерттеулер мен қымбат операцияларға дейін). Мұнда кеткен шығындарды Қор төлейді. Сапалы
медициналық көмек Қор медициналық ұйымдарды іріктеуді өзі қадағалайды. Әр клиника Сізге жоғары білікті
медициналық көмек көрсетуге мүдделі болады, себебі Қор ауруханаларға және емханаларға көрсеткен сапалы
медициналық қызмет үшін қаражат төлейді және олардың көрсетілуін қатаң бақылайтын болады. Тегін және
қол жетімді дәрі-дәрмектер Сіздің мемлекет белгілеген ауру түрлері бойынша дәрілік заттарды тегін алуға
құқығыңыз бар. Сіз бұл дәрілік заттарды еліміздің кез-келген дәріханаларынан ала аласыз және олар бұл
дәрілердің сапасы мен қауіпсіздігіне жауапты. Қор дәріхана қызметтеріне ақы төлеуді өз міндетіне алады. Сіздің
құқығыңыз бен мүддеңіздің қорғалуы Егер Сіз емделген кезде емнің сапасы төмен болса немесе сізді емдеуден
бас тартып жатса, онда Сіз Қорға жүгіне аласыз, Қор Сіздің құқығыңыз бен мүддеңізді қорғай алады. Сіздің
өтінішіңіз бойынша тексерулер жүргізіп, шаралар қолданылады. Өз денсаулығыңыз жайында толық мәлімет
ала аласыз жаңа электронды денсаулық сақтау жүйесі ұйымдастырылатын болады, осының шеңберінде Сіздің
жеке кабинетіңіз болады. Бұл жерде Сіздің емханаға келгеніңіз, стационарда емделгеніңіз, зерттеулер
қорытындысы, анализдеріңіз, дәрігерлердің қорытындысы мен ұсыныстары туралы барлық ақпараттар болады.
III. Сіз қандай медициналық көмек түрлерін ала аласыз?
1. Барлық азаматтар үшін: Жедел жәрдем және санитариялық авиация; Әлеуметтік маңызы бар аурулар және
жедел жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; Профилактикалық егулер; Амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз
ету арқылы амбулаториялық-емханалық көмек (2020 жылға дейін). (МӘлМС шеңберіндегі медициналық көмек).
2. Сақтандырылған азаматтар үшін: Амбулаториялық-емханалық көмек: - емханадағы емдеу; - дәрігерлердің
қабылдауы; - зертханалық қызметтер; - диагностика және манипуляциялар. Стационарлық көмек. - жоспарлы
тәртіпте ауруханаларда емдеу; Стационар алмастырушы көмек, - күндізгі стационарда ем қабылдау;
IV. Қалай МӘлМС қатысушысы бола аласыз?
Егер Сіз немесе жұмыс берушіңіз міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына тұрақты түрде аударым жасап
отырсаңыз, онда сіз бұл бағдарламаның қатысушысы болып табыласыз. Сонымен бірге, объективті себептерге
байланысты жұмыс істей алмайтын азаматтар да МӘлМС қатысушысы бола алады. Олар үшін салымдарды
мемлекет жүзеге асырады.
V. Сіздің салымдарыңыздың мөлшері қандай болуы керек?
Жоғары технологиялық медициналық қызметтер: - күрделі және бірегей медициналық технологияларды пайдалану арқылы орындалатын медициналық көмек; Дәрімен қамтамасыз ету - амбулаториялық-емханалық көмек
көрсету кезінде; Мейіргерлік күтім:- басынан кешкен аурудың салдарынан өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі
жоқ, бөгде адамдардың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін адамдар; Паллиативті көмек: - емдеуге
келмейтін, өміріне қауіпті және ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын адам үшін мүмкін
болатын ең жоғары қолайлы деңгейде қолдау. 3. Сақтандырылмаған азаматтар үшін: Жедел жәрдем және
санитариялық авиация; Әлеуметтік маңызы бар аурулар (онкологиялық аурулар, туберкулез, қант диабеті және
т.б.) және жедел жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; Профилактикалық егулер. Егер Сіз жұмыскер
болсаңыз, онда Сіз жұмыскер ретінде 2019 жылдан бастап айлық еңбекақыдан 1% төлей бастайсыз, ал 2020
жылдан - 2%. Мысалға, еңбек келісімшартына сәйкес белгіленген және аударылатын Сіздің еңбекақыңыз 50
000 теңгені құрайтын болса, онда жұмыс беруші Сіз үшін 2017 жылы 900 теңгені аударуы қажет, ал Сіз 2019
жылдан бастап айына 450 теңге сомасында аударасыз. Жұмыскердің аударымдары жеке табыс салығынан шегеруге жатқызылады. Егер Сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, онда 2017 жылы ай сайын әлеуметтік медициналық
сақтандыру Қорына Сіздің табысыңыздан 2% аударылуы қажет. 2018 жылы – 3%, 2019 жылы – 5%, 2020 жылдан
– 7%. Мысалға, Сіздің ай сайынғы табысыңыз жеке кәсіпкер ретінде 100 000 теңге болсын. Қорға аударым 2000
теңгені құрайтын болады. Мемлекет Сіз үшін төлейді, егер Сіз Ұлы Отан соғысына қатысушы, мүгедек; жұмыс
істемейтін мүгедек; зейнеткер; «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана»
атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар; жұмыс
істемейтін жүкті әйел, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған
жұмыс істемейтін тұлға; баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты,
бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) күтіп-бағу бойынша демалыста жүрген тұлға; бала; интернат ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін адам; техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі,
жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында
күндізгі оқу нысанында оқитын адам; жұмыссыз ретінде тіркелген адам; соттың үкімі бойынша жазасын сотатқарушылық жүйе мекемелерінде (пенитенциарлық) өтеп жүрген адам (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін
қоспағанда); уақытша ұстау изоляторында және тергеу изоляторында ұсталатын адам. Әскери қызметшілер,
арнайы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлері және басқалар жарналардан
босатылған, бірақ олардың медициналық көмек алуға құқығы бар. Егер сіз жұмыссыз болсаңыз: онда Сізге
жергілікті жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру қажет және олар сізге жұмысқа орналасу жолдарын
ұсынады. Егер сізге қолайлы жұмыс болмаса, онда сізді жұмыссыз ретінде тіркейді. Бұл жағдайда сіз үшін салымды мемлекет төлейді.
Интернет желісінен алынған ақпараттар негізінде әзірленді
9 қыркүйек 2017 жыл
ЕСКЕ АЛу
Асқар таудай әке, асыл жар, қадірлі де
қымбатты бауыр, қысқа ғана ғұмырында
бірнеше жыл ұстаздық қызмет атқарып
көптеген шәкірт тәрбиелеген білікті де білімді ұстаз, өмірінің кейінгі жылдарында
ішкі істер саласында абыройлы қызмет
атқарған ардақты азамат Жолдыбалин Данияр
Иманғалиұлының
дүниеден
озғанына 10-қыркүйекте 10 жыл толып
отыр. Ардақты азаматымызды сұм ажал
ерте алып кетті, енді қолдан келері жұма
сайын дұға қылып жатқан жері жайлы,
топырағы торқа болсын деп Алладан тілейміз.
Көңілің көктемдей көркем еді,
Сұм ажал алып кетті ерте сені.
Есімізден кетпейсің мәңгілікке,
Жүрегіміз сағыныштан өртенеді.
Сыйлайтын баршамызды аяулы,
Өзің кеттің, көңіл бүгін қаяулы.
Шүкір айтып отырамыз енді біз,
Ұрпағыңа өмір бер деп баянды.
Еске алушылар: жұбайы –Әлия, баласы-Алдияр
10-қыркүйек күні сағат 13.00-де Теміртау қаласында, «Тойбастар»
мейрамханасында ардақты азаматымыздың өмірден өткеніне 10
жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСКЕ АЛу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, ұлын
ұяға, қызын қияға қондырған асқар таудай әке, анамызға адал жар, туған-туысқа
қадірлі болған асыл жан Ибрахим
Сәкуұлының бақилыққа аттанғанына 1
жыл толып отыр. Әкеміздің жатқан жері
жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта,
тәні рахатта болсын деп сағына еске аламыз.
Әкешім, шаңыраққа болдың пана,
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,
Сағындық, әке, сізді баршамызда.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңізбен өткізген әрбір күндер,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Алма, балалары, немерелері, жиендері
17-қыркүйек күні сағат 13.00-де «Сұлтан» мейрамханасында
әкеміздің өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп,
құран бағышталады
А Қ П А Р А Т
«Заңсыз сақталған атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды
азаматтардың ерікті түрде тапсыруы». Тіркелмеген, заңсыз сақталған немесе тауып алған атыс қаруларды ішкі істер бөліміне тапсыру арқылы,
атыс қарулардың заңсыз айналымға түспеуіне және қылмыстың алдын
– алуға септігін тигізген болар едіңіздер.
Жаңаарқа ауданының ішкі істер бөлімі қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және қылмыстар мен құқық бұзушылылықтардың
алдын-алу мақсатында және атыс қарумен болатын қылмыстардың,
қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз. Атыс
қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыру
жөніндегі сұрақтар бойынша Жаңаарқа ауданының ішкі істер бөлімінің
азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобына
хабарласуларыңызға болады.
Тел: 2-64-70, 102.
Б. Б. Нуршин,
Жаңаарқа АІІБ ӘПБ Азаматтық және қызметтік
қару айналымын бақылау тобының инспекторы,
полиция капитаны
Жарамсыз деп танылсын
Айтбеков Еділ Кенжеғалиұлының атына 2012 жылы Ю.Гагарин
атындағы орта мектебінің негізгі білім туралы берілген № 0648572 білім
аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
*** *** ***
Рымбекова Маржан Саулетовнаның атына 2009 жылы Ғ.Жарылғапов
атындағы кәсіптік мектепті бітіргендігі туралы берілген №0122289 дипломы жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
*** *** ***
Ахметова Айгерім Советовнаның атына берілген “Зергер Ломбард”
ЖШС мекемесіне тиесілі “Элит-Микро KZ” кассалық аппараты
(заводтық ном.4396, паспорт ном.4396, шығарылған жылы 2007 ж., тіркеуге алынған күні 18.02.2008) жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
*** *** ***
Диплом ТКБ №0779542 выданный аграрным колледжом им.Г.Жарылгапова на имя Смирнова Андрея Владимировича по специальности
“Техническое обслуживание ремонт и эксплуатация автомобильного
транспорта ”от 2015 г. в связи с утерей считать недействительным
100-ден астам волонтерлер белсенді
жұмысы үшін марапатталды
Бүгін волонтерлерлер форумында ЭКСПО – 2017
көрмесінің үздік еріктілеріне құрмет көрсетілді.
Көрменің 100-ден астам белсенді волонтерлерін келесі санаттар бойынша марапаттады: (ұпайлар
жүйесі бойынша)Үздік бестік, «Алтын волонтерлер», Тим-Лидерлер, Үздік Белсенділер. Алия
Дәуренбекова, «Алтын волонтер» - Батима
Құсаинова, шет елдік Италияндық волонтер Матия Демарки, Диас ТалғатұлыҮздік бестік
қатарында. «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ
Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов және ҚР
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиеваталған
еріктілерге сертификаттар және естелік сыйлықтарды тапсырды. Өз сөзінде Ахметжан Есімов волонтерлер өз міндеттерін жоғарғы деңгейде орындағанын атап өтті.
«Волонтерлік қызмет Көрменің табысты өтуінің маңызды факторы және Көрме жұмысының
жеке функционалды бағыты болып табылады. ЭКСПО-2017 Көрмесі аясында барлығы 8,5
адам іріктеліп, арнайы оқытылды. Олардың 5,5 мың қызметкерлері Көрме аумағында жұмыс
істеуге мүмкіндік алды. Астана қаласынан 2500 астам волонтерлер, Алматы қаласынан 900,
ел өңірлерінен 1600 еріктілер жұмылдырылды. Сондай-ақ Ресей, Қытай, АҚШ, Бельгия,
Италия, Польша, Моңғолия, Қырғызстан және өзге мемлекеттердің волонтерлері өз үлесін
қосты. Еріктілердің орташа жасы - 19 жас, ең үлкені- 70 жаста. Бұл «Алтын волонтерлер»
деп аталатын 30 еріктілер. 60 волонтер Көрменің басталу уақытынан бастап жұмыс істеуде
және 4 күннен кейін Көрменің Жабылу салтанатына қатысады. Көрменің жұмысы барысында 3 отбасылық жұп құрылды», - деп мәлімдеді Ахметжан Есімов.
Марапаттау рәсімі Али Окапов, Алмаз Кішкенбаев сияқты эстрада жұлдыздары мен волонтерлер қатысқан концерттік бағдарламамен жалғасты.
Көрменің 3 ай жұмысы барысында Қазақстанның 16 обылысы және әлемнің 35 елінен келген волонтерлер 16 бағыт бойынша күніне 8 сағат бойы 3 маусыммен өз міндеттерін
орындағанын еске саламыз.
***
«Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ 2013 жылғы 15 қаңтарда ЭКСПО-2017 Халықаралық
мамандандырылған Көрмесіне дайындық және өткізу мақсатында құрылды.
Қосымша ақпарат алу үшін Қоғаммен байланыс департаментіне хабарласуды сұраймыз.
Тел.: +7(7172)938785, e-mail: mediacenter@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com
Қайырымдылық шарасы бала жанына
шуақ сыйлайды
Қайырымдылық шарасы бала жанына шуақ сыйлады. Қайырымдылық – адамның
бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі
ізгіліктің нақты көрінісі
болып
табылады.
Сондықтан да әрбір жан
иесі қайырымдылық істеріне
араласып,
Жаратушының разылығын
аңсаған
халде
бар
ықыласымен
мұқтаж
жандарға қол ұшын беруі
дұрыстың дұрысы. Осы
мақсатта,
ағымдағы
жылдың 26 тамыз және 3
қыркүйек
күндері
аралығында балаларға жанашыр
қамқоршысы
болып, аялы алақандарын тосып, жүрек жылуын ұсынған мейрімді жандар Ахметбекова
Қаламқас, Қаутаев Абай, Тілеухан Аңсаған, Сламқожа Зере, Адамов Исатай және Дәулетова
Жұпар сынды Жаңаарқа ауданының жеке кәсіпкерлері әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасына қамқорлық көрсетті. Балаларға
қажетті киім-кешектерін, мектепке арналған құрал
- жабдықтарын сыйлаған кең пейілді жандарға
алғыс білдіреміз! Осылай тұрақты түрде
қамқорлық шараларын жүргізетін мейрімді
жандардың қатары көбейіп, кейінгі ұрпаққа берер
тәлім-тәрбиеміз бен үлгі тұтар істеріміздің қатары
көбейсе, нұр үстіне нұр! Қорыта келгенде, қазақ
халқы қайырымдылықты қастерлі ұғым санап,
әрдайым өзара жақсылыққа, адалдыққа үндеген
бабаларымыз ізгі істі үлкенді-кішілі бөлмей,
қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақ
ортасының орнауына ерекше назар аударған. Сондай-ақ, қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды «қолы ашықтың – жолы
ашық», – деп атам қазақ бекер айтпаса керек.
Сондықтан да Алланың берген рызығынан аз да
болса бір бөлігін Хақ Тағаланың разылығы үшін
қайырлы істерге жұмсасақ, қоғамға тиер пайдасы
мол болатыны сөзсіз.
Жастар ресурстық орталығы
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактордың міндетін
атқарушы Салтанат Ералина
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
ҚұТТыҚТАу!!!
Ұл-қызының сезінумен арманын,
Ойлайтұғын әке-асқар тау жан-жағын.
Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз
Әкеміздің 63-ке толғанын.
Әрбір белес,әрбір асу,ол-бір із,
Қашанда да жақсылыққа сендіңіз.
Өмір-жолда бізге өнеге,үлгі боп,
Міне,Сіз де 63-ке келдіңіз.
Жүрді ме өмір перзенттерге алаң ғып,
Бір біз үшін әр кезде,Әке,бағаң нық.
Сан жолдарды көрсетті ме сізге ыстықТемір тұлпар тізгіндеткен мамандық.
Балаларының асқар таудай әкесі, анамызға
адал жар, немере-жиендеріне ардақты да
сүйікті
ата
Ахметов
Дүйсембек
Сәрсекұлын Пайғамбар жасы 63 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз.
Әкемізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Шаңырағыңыздың панасы, анамыздың
сүйеніші, балаларыңыздың қорғаны, ағайынтуыстың жанашыры, әріптестеріңізге сыйлы
болып арамызда аман-есен жүре беріңіз!
Ақтара алсақ ақ тілектің сандығын,
Шаттық ойнап атсыншы аппақ таң бүгін.
Құтты болсын,Әке,туған күніңіз,
Тілейміз біз жан мен тәннің саулығын!
Өткен шақтан қалды сізге бүгін із,
Сәтті күндер болсын әрбір күніңіз.
Балалардың қызықтарын қызықтап,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!
Ұға алғанбыз әке-асқар тау еңбегін,
Болмасыншы отбасында,елде мұң.
Қуанышпен құттықтаймыз бүгін біз
Әкеміздің 63-ке келгенін.
Құттықтаушылар: жұбайы –Гүлнар, балалары-Алмаз-Жанна, Қанат-Мадина,
Нұрсұлтан-Диана, немерелері- Асыл, Ануар, Зейнап, Зере,Нұрай,Назым,Аруна
Хабарландыру
«Жаңаарқа-Жылу» КМК қазандықтарынан жылу тұтынатын заңды тұлғалар мен пәтер иелеріне 2017 жылдың қазан айының бірінші жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасы
ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 20-шы сәуір 2017 жылғы 51-ОД
нөмерлі бұйрығына сәйкес жылу ақысы қосымша құн салығын қоса есептегенде
төмендегіндей болатынын хабарлайды:
1) Заңды тұлғалар үшін:
Локалдық жылу қазандықтарына: 1г/калорияға – 3345,50 теңге
Дербес жылу қазандықтарына: 1г/калорияға – 5830,33 теңге
2) Жеке тұлғалар үшін, яғни пәтер иелеріне:
Локалдық жылу қазандықтарына: бір шаршы метрге – 119 теңге
Дербес жылу қазандықтарына: бір шаршы метрге – 146 теңге.
«Жаңарқа-Жылу» КМК әкімшілігі
ХАБАРЛАНДЫРу!!!
Швейцариялық “Цептер” компаниясы алғаш рет сіздер жақта “Денсаулық пен сұлулық
күнделікті өмірде” атты мерекелік фестиваль ұйымдастырады. Фестиваль 2017 жылдың 20қыркүйек күні сағат 18.00-де “Сұлтан” мейрамханасында өтеді.
ОБЪЯВЛЕНИЕ!!!
Впервые на вашей земле Швейцарская компания “Цептер” проводит праздничный фестиваль “Здоровье и красота в повседневной жизни!”. Мероприятие пройдет 20-сентября 2017
года в ресторане “Сұлтан” в 18.00.
Объявление
Жанааркинское районное Управление охраны общественного здоровья в целях формирования единой правопреминительной практики в части уведомлений о начале осуществления
деятельности, а так же проверки исполнения предписаний об устранениии нарушений требований законодательства РК в области санитарно-эпидемиологического благополучия сообшает следующее. В соответствии с подпунктом 3 статьи 21-1 Кодекса Республики
Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» от 18 сентября 2009 года №193IV физические и юридические лица обязаны уведомить государственный орган в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения о начале и прекращении
деятельности (эксплуатации) объекта незначительной эпидемической значимости в порядке,
установленном Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях». При этом
физические и юридические лица до начала деятельности (эксплуатации) объектов незначительной эпидемической значимости обязаны привести объект в соответствие с требованиями
нормативных правовых актов в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и гигиенических нормативов. Согласно пункта 3 подпункта 11 статьи 144 Предпринимательского Кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года №375-V ЗРК, подача
проверяемым субъектом уведомления о начале осуществления деятельности или определенных действий в порядке, установленном Законом Республики Казахстан «О разрешениях и
уведомлениях» является основанием для проведения внеплановой проверки. Кроме того, в
статьи 153 Предпринимательского Кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года
№375-V ЗРК изложены меры, принимаемые должностными лицами органов контроля и надзора по фактам нарушений, выявленных при проведении проверки. В случаи выявления нарушений в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения, помимо
административных мер вносится предписания об устранения нарушений с обязательным
разъяснением порядка его устранения. Так же, разъясняем, что в соответствии с подпунктом
2) пункта 4 статьи 90 Кодекса Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» от 18 сентября 2009 года №193-IV индивидуальные предприниматели и юридические лица в соответствии с осуществляемой ими деятельностью обязаны выполнять
требования нормативных правовых актов в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и гигиенических нормативов, а также актов и санитарно-эпидемиологических
заключений
должностных
лиц,
осуществляющих
государственный
санитарно-эпидемиологический контроль и надзор. Согласно пункта 10 статьи 21 Кодекса
Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» от 18 сентября 2009
года №193-IV государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения контроль исполнения предписаний об устранении нарушения требований
нормативных правовых актов в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения, гигиенических нормативов и технических регламентов осуществляется при проведении внеплановой проверки в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики
Казахстан.
Жанааркинское районное управление охраны общественного здоровья
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1324 дана
Тапсырыс №38
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
23
Размер файла
15 308 Кб
Теги
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа