close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№50 ЖАҢААРҚА ГАЗЕТІ

код для вставки
“Адамзаттың рухына керектің үлкені - газет, журнал,кітапоқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Редактор бағаны
Құрметті «Жаңаарқа» газетінің
оқырмандары!!!
Алаш жұртының азаматтары елдіктің туын
мығым ұстап, ұлтарақтай жерінің шетін жауға
бастырмай аттың жалы, түйенің қомында күн
кешіп, ашаршылыққа ұрынып, қуғынсүргіннің құрбаны болып, сүт бетіндегі
қаймағы зиялы қауымынан айрылып, аласапыран шақтарды бастан өткеріп, енді есін жия
бастаған шақта
сауат ашудың саңлауы,
жақсылықтың жаршысы болып алғаш рет
1938 жылдың сәуірінде халыққа қажетті
құрал, ауданымыздың төл газеті жарыққа
шығыпты. (Кей деректерде 1936 жылдың 27
желтоқсанында «Жаңаарқа» газетінің негізі
«Лениндік жол» газетінің алғашқы номері 2
мың дана болып жарық көрді дейді.)
Сексен жылдық тарихы бар, талай қиынқыстау кезеңдерді бастан өткеріп, жарыққа
шығуын жалғастырып келе жатқан аудан айнасы, төл газетіміздің алдағы 2018 жылы 80
жылдық мерейтойы. Ғасырға тарта ғұмыр
кешіп, билік пен бұқараның арасындағы алтын
көпірге айналған, жақсылықтың жаршысы
болып, сан саңлақтың өмірі жайлы көлемді мақалаларды жариялап, өз оқырмандарына
жеткізген сүйікті «Жаңаарқа» газеті өмірдің сан бедерлі белестерін бағындырып келе
жатыр. Алда да бағындыра бермек.
Кеңестік кезеңде аптасына екі рет қос тілде аудан орталығындағы баспаханадан басылып шығатын газет оқырмандарына толассыз жол тартты. Тәуелсіздіктің таңы атар
алдындағы құлдырау кезеңдерде баспаханасынан, баспанасынан айрылғанымен газет өз
қызметінен танған емес. Қаржыдан қысылып, қаражаттың тапшылығынан тарыққан
сәтте де жарық көріп, өздеріңізге жол тартты. Тоқыраулы тоқсаныншы жылдардың
ауыртпалығын да артқа тастап, қарышты қадам жасаған жаңа ғасырды Сіздермен бірге
қарсы алды.
Жаһандағы алпауыт мемлекеттермен иық тіресуге бағыт алған жаңа ғасыр
толқынындағы алғашқы жылдары нарықтық экономиканың қыспағында да қысылмай,
қымтырылмай таралымы мыңға жетпесе де шартарапты шарлап, өздеріңізбен қауышты.
2012 жылдан мемлекеттің заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары жауапкершілігі
шектеулі серіктестікке айнала бастады. Осы жылдан бастап біз де жауапкершілігі шектеулі серіктестігіміз. Яғни, қаржысына қарай мемлекеттің тапсырысын орындап, қалған
шығынды өзі қаражат тауып жабатын мекеме. Бұл орайда газетке келетін табыс жарнама жолымен ғана. Кезінде газетке мақала жазсаң газет саған қаламақы төлесе қазіргі
таңда жазған мақалаң үшін өзің қаржы төлейсің. Бүгінгі таңда осы жүйе жолға
қойылған. Газет оқырмандарының «Құттықтау», «Еске алу», «Қазанама», «Алғыс айту»,
«Ризашылық», «Жарамсыз», «Асқа шақыру», «Арнау», «Мұрагерлік іс» сияқты
жарнамаларға ақы төленеді.
Алдағы уақытта газетке жарнамадан бөлек ауданымыздың өркендеуіне атсалысқан
еңбек майталмандары жайлы, шаруа қожалықтарының өсу жолдары туралы,
еңбек
ардагерлерінің жүріп өткен жолдары, өздеріңіз немесе әріптесіңіз жайлы, білікті маман,
білімді оқушы, өз ісінің майталмандары, өнегелі ісі өзгеге үлгі жандар туралы мақала
жазып ақылы түрде бастыруларыңызға болады. Тапсырыс беріп, біздің журналистер
арқылы жазғызуларыңызға да бек мүмкін. Атқарған шаруаңыз, атқарылар дүние көп.
Жарнамалайтын жағымды жаңалықтар да жетерлік.
Өзіңізді еңбегіңізді көрсету үшін жарнама керек. Жарнамалау заман талабы. Олай болса
Сіздердің бағаларыңызды асырып, жасаған жұмыстарыңызды
газет арқылы
жарнамалауға біз әзірміз.
Сексенге толғалы отырған төл газетімізге жазылып, мерейтойға орай таралымымызды
көбейтіп, демеушілік танытып жатқан газет оқырмандарына алғыс шексіз. Сүйікті
басылымдарыңызға жазылу жүріп жатыр. Қапы қалмаңыздар, ағайын.
Салтанат Аманқызы
Құрметті «Жаңаарқа» газетінің оқырмандары!
Аудан өмірінің айнасы, билік пен оқырманның арасындағы алтын көпір,
жаңалықтың
жаршысы, қажеттіктен туындаған мақалалардың
ордасы,
игі
бастамалардың насихатшысы, жақсы істердің жарнамасын асырушысы, ауыл мен
ауданның арасындағы байланыстың негізі, өздеріңіздің сүйікті газеттеріңіз «Жаңаарқа».
Ауданмен бірге жасасып, ауданымыздағы атқарылып жатқан барлық шараның жалпақ
жұртқа жеткізетін аудандық жалғыз басылым «Жаңаарқаның» таралымын арттыруға
атсалысайық. Жетпіс тоғыз жыл сіздерге қызмет еткен газетіміздің таралымының
өсуі Сіздердің қолдарыңызда.
«Жаңаарқа» газетінің 2018 жылға басылым бағасы
Заңды
тұлғалар
үшін:
(индекс 16282) бір жылға-2496 теңге.
Жеке тұлғалар үшін: (индекс 66282) бір жылға - 1992 теңге.
№50 (9833), 2 желтоқсан,2017жыл
Қоғамдық кеңес отырысы
11-қараша күні Жаңаарқа ауданы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа
қоғамдық кеңес төрағасы Хамзе Сатжанов, мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіпов, кеңес
мүшелері және мекеме басшылары қатысты. Қоғамдық кеңес отырысында алты түрлі
мәселе қаралды.
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2017 жылдың 27-қыркүйектегі XVI сессиясының №
16/129 шешімімен бекітілген Жаңаарқа аудандық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамымен таныстырды.
Қоғамдық кеңестің бюджеттік комиссия, құқықытық мәселелер және жемқорлыққа қарсы
күрес бойынша комиссия, әлеуметтік сұрақтар және қоғаммен жұмыс жасау саласы бойынша комиссия, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және экология жөніндегі
комиссия төрағалары мен мүшелері сайланды.
Қоғамдық кеңес төрағасы Хамзе Сатжанов 13-қараша күні Астана қаласында өткен
Қоғамдық кеңестің Республикалық мәжілісінің өтілуі мен қаралған мәселелер туралы сөз
қозғады. Сонымен қатар «2018-2020 жылдарға арналған Жаңаарқа ауданының бюджеті»
және «Жаңаарқа» аудандық қоғамдық-саяси газетінің 80 жылдығын атап өту мәселесі де
қозғалды. Қоғамдық кеңес мүшелері ой пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.
З.Такауиева,
Қоғамдық кеңес хатшысы
Баспасөз – Баршаға
Жаппай Жазылуда
Алдағы жылдың газет-журналдарына жазылу ісі О.Жұмабеков атындағы ЖОББ
мектебінің
ұжымының
арасында
ұйымшылдықпен жүргізілуде.
Ұстаздар қауымының өздері қалаған
басылымдарға дер кезінде және бір жылға
толық жазылуына көңіл бөлінуде.
Алдағы
жылдың
газет-журналдарына
мектеп басш ы с ы ,
ауд а н д ы қ
мәслихаттың
депутаты
Рысқали Рах и м о в ,
мұғалімдер
Ж ұ л д ы з
С а қ ауо в а ,
І ң к ә р
Аяғанова, Қарашаш Байтуғанова, Гүлшарат
Оспановалар көптеп жазылуда.
Мектеп ұжымы республикалық «Егемен
Қазақстан»,
«Қазақстан
мұғалімі»,
облыстық «Орталық Қазақстан», аудандық
«Жаңаарқа» газеттерімен қатар «Бастауыш
мектеп», «Қазақстан мектебі» және өз
пәндеріне байланысты әдістемелік құралдар
басылымдарына жазылып жатыр.
Баспасөзге жазылу әлі жалғасуда.
Аудан
орталығындағы
С.Сейфуллин
атындағы орта мектебінің ұжымы келесі
жылдың
мерзімдік
басылымдарына
ұйымшылдықпен
жазылу
үстінде.
Осындағы қоғамдық баспасөз таратушысы,
кітапханашы Толқын Аханова өз қызметін
тыңғылықты атқарумен көпшілік құрметіне
ие болуда. Оның
әрбір
ұжым
мүшесімен
жекежеке
сөйлесіп,
биылғы баспасөзге
жазылу науқанының
ерекшеліктері мен
м а ң ы з ы н
түсіндірудегі
атқарған жұмыстары
да
өзінің
оң
нәтижесін
беруде.
Осыдан да болса
керек,
мұғалімдер
келер жылы жалпы
бағасы 20020 теңге болатын газет журналдарды өз үйлеріне алдырып оқитын болып
отыр.
Бұл
іске
ұжым
мүшелері
А.Тұрғынбеков, Б.Ысқақова, А.Картаева,
Ғ.Оспановалар
5-6
данадан
газетжурналдарға жазылып, өзгелерге үлгі
көрсете білді. Ұжым мүшелері «Жаңаарқа»,
«Орталық Қазақстан», «Егемен Қазақстан»
газеттеріне көптеп жазылуда. Келесі
жылдың басылымдарына жазылу жұмысы
әлі жалғасуда.
Бағила Ысқақова
2 желтоқсан 2017 жыл
2
Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – жаңа заман талабы
“Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой
жарыстыратын заман.” Н.Ә.Назарбаев
XXI ғасыр-білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой –өрісі
жоғары дамыған азаматты қалыптастыру мемлекеттің ең маңызды стратегиясы болып отыр.
Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші –білім деңгейімен
өлшенеді. Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық
деңгейге көтеру- кезек күттірмейтін өзекті мәселе.
Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын
ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу-ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы-ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы-сабақ. Күннен-күнге өсіп келе жатқан өмір талаптарына сәйкес, барлық мектептерде оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтары, технологиялары жаңаша
ұйымдастырылуда. Педагогикалық үрдісті жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы іске асыруда. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіруге күш салынуда.
Жаңаша оқыту тәжірибесін жетілдіре отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізу арқылы оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуге жоғары мән берілуде. Ұстаздар қауымы кәсіби біліктіліктерін үнемі үздіксіз жетілдіріп отыруды және озық
педагогикалық тәжірибелер жинақтауды өмірлік ұстаным ретінде қарайды. Әрқашан ізденіс
үстінде шығармашылықпен жұмыс жасайды. Барлық мағыналы өмірлерін бала оқытуға арнаудан жалыққан емес.
Өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында қараша айының 24-ші жұлдызында О.Жұмабеков
атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінде математика пәні мұғалімдерінің аудандық
семинары Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Семинар тақырыбы:
« Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру-заман талабы». Бұл семинардың
мақсаты: «Математикалық сауаттылықты қалыптастыру, дағды мен іс- әрекет негізінде
өздігінен ізденетін, өздігінен шешім қабылдайтын нарық заманында өмір сүріп, адал
еңбектенетін, бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру».
Осыған орай мектептің математика пән бірлестігі отырысында семинар жоспары құрылып,
ұйымдастыру шаралары қарастырылды. Бағдарлама бойынша семинардың салтанатты ашылуы, ашық сабақтар, шеберлік сабақ пен дөңгелек үстел өткізу жоспарланды.
«Әрбір бала-бір әлем», ал шебер ұстаз осы әлемді одан әрі дамытады, өсіреді, гүлдендіреді.
Қазіргі заманда сабақ берудің озық технологиясын меңгеру, күнделікті оқып-білу, тәжірибе
жинақтау, сол арқылы оқушы жүрегіне жол таба білу басты назарда болу керек. Сабақ
скрипка аспабы секілді: жай гаммаларды ойнауға немесе Поганинше саусақ ұшын сымға
жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы
нағыз ұстаз болу кімнің де болса арманы.
Жақсы сабақ құрылымы- ол сәтті шығарма жазғанмен бірдей десе болады, осындай сабақ
топтамаларымен тәжірибе бөлісу мақсатында жоғары санатты математика пәні мұғалімі Базарбаева Ақтоқты Мейрімханқызы 8 сыныппен «Квадрат теңдеулер түбірлерінің формуласы», жоғары санатты математика пәні мұғалімі Арконова Жанат Қайроллақызы 10сыныппен «Тригонометриялық теңдеулер», I санатты математика пәні мұғалімі Исатаева
Рысты Қосарқызы 7 сыныппен «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру» тақырыптарында жоғары
деңгейде ашық сабақтар өткізіп, тәжірибе бөлісті. Сабақтар құрылымы жаңартылған білім
мазмұны бойынша оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып құрылған, оқушылар
сабақ барысында өте жақсы белсенділік танытып, қызығушылықпен өздерінің білім
деңгейін көрсете білді.
Бағдарлама бойынша «Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту жолдары»
тақырыбымен жоғары санатты математика пәні мұғалімі Кадрина Айгүл Армияқызы шеберлік сабақ, жаңартылған білім мазмұны бойынша 5,7- сынып оқулықтарының мазмұны
және құрылымы» тақырыбында семинар қатысушыларымен дөңгелек үстел
ұйымдастырылып, ұстаздар қауымы әртүрлі ой пікірлерімен бөлісті және қазіргі кезде жиі
кездесіп жатқан кедергілерден шығу жолдары туралы өз ойларын ортаға салды, тәжірибе
алмасты.
«Математика-барлық ғылымдардың кілті» деп ұлы ойшылдар бекер айтпаған, сол себепті
оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту, олардың математика пәніне деген
қызығушылығын арттыру жауапкершілігін сезіне отырып, үнемі оқу мен ізденіс үстінде
оқушы жүрегіне жол таба білейік!
А.М.Базарбаева,
О.Жұмабеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы
Тірек мектебінің математика пәнінің мұғалімі
ДҰРЫС ЖӘНЕ ТИІМДІ ТАМАҚТАНУ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және
ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады.
Егер тамақтандыру дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде
метобализм, зат аламасу бұзылып оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі
жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Балалардың тамақтануының
үлкендерге қарағанда едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік
процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру
үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану
үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:1)Тамақ құарамында негізгі қоректік заттардың
болуы /нәруыз, май, көмірсу/; 2)Тамақ рационында қосымша заттардың болуы /витаминдер,
микроэлемент/; 3)Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты; 4)Тәуілік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау; 5)Тамақтанудың
санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы. Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда
белгілі бір уақытқа бағыну, сондай – ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін
сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді. Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу. Екінші, тәуілігіне бір – екі рет қана
тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек. Үшінші,
тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын,оны асқазан еш
қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға
бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер – диетологтың да кеңесі артық
болмайды. Тәуіліктік ас мәзірі түрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау
қабілеті, көңіл – күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте
ол керсінше бұл процесті бәсеңдетеді. Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те
атайды. Адама белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде
адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін
дейді. Және солай да жасайды. Бұл адамның организмі шын мәнінде ас қабылдауға дайын
екендігінен жақсы хабар бергендігі. Тәбет дегеніміз- аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол
мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның
түрі, дәмі немесе иісі,түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады.
Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын
көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болға дұрыс. Тойып тамақ ішуге
болмайды. Тағамның мөлшері, оныңсапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және
қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып,ас
қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз- ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай-ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақ
ішу тәртібін жүйелі түрде сақтамау асқазан ауруларының дамуының негізін салады, ағзадағы
зат алмасуының бұзылуын туындатады. Осындай ретсіз тамақтану асты көп ішу дағдыларын
қалыптастырады, яғни дене салмағының артуына, ал кейде семіруге әкеп соқтырады.
Әсіресе, организмі қалыптасу мен қарқынды өсу деңгейінде болатын женткіншектер дұрыс
тамақтану тәртібін сақтағаны маңызды, ал мектептің немесе КТМ-нің жоғары
сыныптарындағы (курстарындағы) сабақтарда оларға қойылатын талаптар жеткілікті
жоғары. Мектеп ыстық тамақтың міндетті түрде берілу қажеттілігін атап өткен жөн. Жоғары
сынып оқушылары мектепте 5-6 сағаттан, егер үйірме, секцияларға және т.б. қатысуға
қалатын болса, кейде одан да көп уақыт болады. Сөйтіп, ертеңгілік тамақ пен түскі астың
арасындағы үзіліс 7 сағатқа, тіпті одан да көпке созылып кетуі мүмкін. Бутерброд, бәліш,
тәтті тағамдар ыстық асқа деген ағзаның қажеттілігін өтей алмайды, құрғақтай тамақ жеу
де зиянды. Мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тамақтану оқушының үлгерімі мен жұмыс
қабілетінің артуына жәрдемдеседі. Мектептегі тамақтың сауықтыру әсері тәрбиелеуге
мәнмен үйлестіріледі- болашақ өмірде режим сақтау әдетін баянды етеді. Қазіргі мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтитын асханалар бар. Оқушылар санына байланысты тамақ сол жерде дайындалады. Дұрыс құрастырылған тамақтану рационының
құрамында сұйқтың жеткілікті көлемі болады. Шөлді қайнаған су, шәй шіп басу керек. Лимонадты, газдандырылған суды және құрамында қанты бар өзге де сусындарды шектелген
көлемде қабылдау керек. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың
денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен
сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни
жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның
зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төменейді. Өсіп
келе жатқан организмнің тамақтануында, ең алдымен, бала денесінің қалыптасып келе
жатқан құрылымдарын құру үшін құнды белоктар оптимумы қажет. Белок жетіспеген кезде
балалардың өсуіне кедергі пайда болады. Балалардың витаминдермен қамтамасыз етілуі
қаншалықты маңызыд екені белгілі. Жасы өскен сайын баланың энергия мен тамақ
заттарының қажеттілігі де өседі. Жасөспірімдік жас бала өмірінің қиын кезеңіне жатады,
онда оның бойы тез өседі, организмі өзгере бастайды. Бұл кезеңде баланың тамақтануы
жоғары болады. Дұрыс тамақтану- бұл, ең алдымен, дұрыс ұйымдастырылған және организмді дер кезінде жақсы әзірленген және тәтті тағаммен жабдықтау. Халық даналығында
айтылғандай: «Жануарлар қанығады, адам жейді, ал ақылды адам тамақтана біледі». Осылайша дұрыс тамақтану бойынша ұсынымдарды сақтау организмнің әр түрлі қоршаған орта
агенттеріне төзімділігін жоғарылатудың және оқушылар арасында бірқатар жұқпалы емес
созылмалы ауруларды азайтудың негізгі көзі болып табылады.
Қ.А.Жубатырова ,
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы
Болашақ кілті - білімді балада
Осы жылы ауданымызда балалардың ой-өрісін
дамытып, жылдам оқу мен тез ойлану
мақсатында үш бірдей оқыту орталығы
ашылғанын өздеріңізге газет арқылы жеткізген
едік. Замана көшіне ілесіп, «Білім стратегиясы
-2050»
жаңа
бағдарламасы
арқылы
жұмыстарын бастаған ұстаздар қауымының
балаларға бар ынта-жігерімен түсіндіріп,
үйретіп жатқанын кей оқушылардың меңгере
алмай қалуы кездесіп жатады. Ойын
баласының
алғашқы даярлықтан ақ әріп
танып,
қосу-алуды
меңгеруінен
бөлек
ағылшын тілі мен орыс тілін де білуі керек.
Зерек, ынталы, бейімді бала бұл бағдарламаны
емін-еркін меңгергенімен оларды ықтиятты
қарап, тапсырмасын тапжылмай орындатып отыратын ата-ана керек. Бүгінгі таңда жұмыс
басты аналарымыздың
баланы
оқытыпдаярлауға қолы тие бермейтіні ақиқат. Осы тұста көмек
қолын созып, ақылы түрде балалардың ой-өрісін дамытып,
үй
тапсырмасын
түсіндіріп, орындатып отыратын
орталыққа жүгінетін ата-аналар баршылық.
Жаңа оқу жылына орай ауданымызда жас кәсіпкер Мадияр Әбдішев ашқан «Unique kids» балаларды дамыту
орталығының ашылғанына төрт-ақ ай болса да жеткен жетістігі аз емес. Орталықта оқушыларға менталды арифметиканы, ағылшын тілін, орыс тілін, математика пәнін оқытып,
әрі тез оқытуды меңгертіп, сабақтан тыс уақытта қосымша
дайындалуға (продленка) болады. Ағылшын тілінен Астана
қаласындағы ЕНУ-ді бітірген, магистратура тәмамдаған, бір
жыл Парижде, бір жыл Бельгияда білім алған, Алматының
шет тілі университетін бітірген мамандар дәріс
береді. Менталды арифметикадан жоғары оқу
орнын бітірген мұғалімдер сабақ береді. Білім
беру барысында ұстаздар әр түрлі заманауи
құралдар мен компьютерлік бағдарламаларды
қолданады. Үздік және жақсы деген
көрсеткіштерге ие болған балаларға сыйлықтар
жасалады. Сондай-ақ, оқушылар арасында
өзара сайыстар өткізіледі. Әр мерекеге байланысты
тақырыпқа
сәйкес
іс-шаралар
ұйымдастырылады. Жақында ғана орталық
оқушылары арасында "Алтын күз" мерекесі
сайыс түрінде аталып өтті. Нәтижесінде І
орынды Құрақбай Әбдінұр, ІІ орынды Жанайдарова Малика, Сүндетулла Балнұр, Қайыржан
Ақниет, ІІІ орынды Ерсайын Айзере, Сайлаубекова Аяулым алды. Енді алдағы уақытта Жаңа
жылға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Unique kids" балаларды дамыту орталығының аз ғана уақытта
жеткен жетістіктері осындай. Алдағы уақытта әлі де
жұмыстарын ширатып, болашақ ұрпақтың сапалы білім
алуына бар мүмкіндігін пайдалана бермек.
Өз тілшімізден
Ауданының ішкі сауда нысандарында карантинге
жатқызылған жеміс көкөніс және басқа да өсімдік
өнімдерін саудалаушыларға, әкелушілер мен
әкетушілерге Ж А Д Ы Н А М А
Ішкі сауда объектілерін көкөніс және жеміс-жидек өнімдерімен толықтыру мақсатында,
осы өнімдерді әкелу кезінде карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін
қамтамасыз етудің қажетілігі туындайды. ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 13
бабында (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі Ереженің 1; 2 және 4 параграфтарында
карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу және әкету, транзиттеу, ішкі мемлекеттік тасымалдау, тексеру және зарарсыздандыру тәртібі реттелген. Заңның 7 бабы 1 тармағы 27
тармақшасына сәйкес, уәкілетті орган (ҚР АШМ АӨК МИК облыстық, қалалық және
аудандық аумақтық инспекциялары)Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде
және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнiмдi тұрақты жете тексерудi, қажет болғанда
үлгiлерiн алу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік
құжаттарды қарайды. Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу
(импорт), сондай-ақ оның транзиті - карантинге жатқызылған өнімдердің әрбір топтамасына
берілген экспортерелдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификаттары
бар болғанда жүзеге асырылады. Карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау,
карантинге жататын өнім тиеп-жөнелтілетін жердегі аумақтық органдардың өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инс-пекторлары беретін карантиндік сертификаттары бар
болғанда жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін карантинге
жатқызылған өнім, карантинге жатқызылған өнім тасымалданатын көлік, өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауға жатады және тиісті актілер рәсімделе отырып, карантинге жатқызылған өнім баратын жер-де карантиндік тексеруге жатады. Жүктің келіп
түскен жеріне карантинге жатқызылған өнімді және көлік кұралдарын тексеруді, талдау
және сараптамаға сынамалар іріктеп алуды карантинді зиянкестердің, өсімдік аурулары мен
арамшөптердің түрлік құрамын анықтауға әрі қарай сараптама жасай отырып, оның
қорытындысы бойынша осы өнімді пайдалануы жөніндегі жазба-мен тексеру актісін жасай
отырып, аумақтық органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекет-тік инспекторлары
жүргізеді.ауда базарларының қызметін ұйымдастыру Ережесіне сәйкес «Сатушылар
жұмысын және сауда процессін ұйымдастыру» 6-бөлімінде, келесі тәртіп реттелген: сапасын
және қауіпсіздігін куәландыратын құжатсыз тауарлар сатылғанда (оның ішінде Қазақстан
Республикасы аумағына сырттан әкелінгенде)сатушы Қазақстан Республикасы
заңнамаларында қаралған жауапкершілікте болады. Сатушыларда тауарларды сату кезінде
жүк құжаттарының түп-нұсқалары және нормативтік-құқықтық актілерде қаралған басқа
тауарлық-іліспе құжаттары (фитосанитарлық, карантиндік сертификаттар және тауарлық
ілеспе құжаттар) болуы қажет. Бұл құжаттар бақылаушы органдардың бірінші талабы бойынша тексеруге ұсыналады. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині
саласындағы заңнамаларды бұзғаны үшін (Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы аумағына
фитосанитариялық, карантиндік сертификаттарсыз әкелген, карантиндік объектілермен
залалданған өнімдерді сатқан үшін және т.б.) ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің
400 бабының негізінде әкімшілік жауапкершілік қаралған.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы
ПАМЯТКА
для осуществляющих торговлю, ввоз и вывоз подкарантинной плодоовощной и другой растительной продукций на объектах внутренней торговли района
В целях создания благоприятных условий для насыщения внутреннего рынка плодоовощной продукцией, при осуществлении ее поставок требуется принять меры для обеспечения
небходимого уровня карантинной фитосанитарной безопасности. Порядок ввоза и вывоза,
транзита, внутригосударственной перевозки, досмотра и обеззараживания зараженной подкарантинной продукцийрегламентирован в статьие 13 Закона РК «О карантине растений» и
в параграфах 1; 2 и 4 Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных
объектов и чужеродных видов. Согласно подпункта 27 пункта 1 статьи 7 уполномоченный
орган (областная, городские и районные территориальные инспекции КГИ в АПК МСХ
РК)проводит постоянный досмотр подкарантинной продукции, при необходимости – ее лабораторную экспертизу с отбором образцов и рассматривает карантинные документы на
объектах внутренней торговли и в организациях Республики Казахстан. Ввоз (импорт) в
Республику Казахстан подкарантинной продукций, а также ее транзит осуществляются при
наличии: - фитосанитарных сертификатов национальных карантинных служб стран-экспортеров, выданных на каждую партию подкарантинной продукций. Межобластные перевозки
подкарантинной продукций осуществляются при наличиикарантинных сертификатов, выдаваемых государственными инспекторами по карантину растений территориальных органов в местах отгрузки подкарантинной продукций. Ввозимая на территорию Республики
Казахстан подкарантинная продукция, транспорт, на котором перемещается подкарантинная
продукция, подлежат государственному контролю в об-ласти карантина растений и досмотру по месту назначения груза с оформлением соответствую-щих актов карантинного
досмотра. Досмотр подкарантинной продукций и транспортных средств, отбор образцов на
анализ и экспертизу в пункте назначения груза осуществляются государствен-ными инспекторами по карантину растений территориального органа с последующей эксперти-зой на
установление видового состава вредителей, болезней растений и сорняков, по результатам
которых составляется акт карантинного досмотра с записью об условиях их использования.
Согласно Правил организации деятельности торговых рынков, в разделе 6 «Организация
работы продавцов и торгового процесса» регламентирован следующий порядок: продавец
несет предусмотренную законодательством Республики Казахстан ответственность в случаях продажи товаров (в том числе ввезенных на территорию Республики Казахстан из-за
ее пределов) без документов, удостоверяющих качество и безопасность продукции. При
реализации товаров продавцам необходимо: иметь оригиналы накладных и другие предусмотренные нормативными актами товаросопроводительные документы (фитосанитарные,
карантинные сертификаты и товаротранспортные документы).Эти документы предъявляются по первому требованию контролирующих органов. Предусмотрено административная ответственность за нарушения законодательства Республики Казахстан в области
карантина растений (ввоз на территорию Карагандинской области Жанааркинского районаподкарантинной продукций без фитосанитарных и карантинных сертификатов, реализация
подкарантинной продукции, зараженной карантинные объектами и т.д.) согласно статьи 400
Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях.
Жанааркинская районная территориальная инспекция
Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
3
Еске алу
2 желтоқсан 2017 жыл
Аяулы да қымбатты анамыз, немерелерінің сүйікті де
қамқор әжесі бола білген Қуанышқызы Күләнданың
дүниеден озғанына 1 жыл толып отыр. Анамыз 8 бала
тәрбиелеп өсірген. алдымыздағы асқар тауымыз, алыста
жүрсек тілеуқорымыз, қысылғанда ақыл айтар
ақылшымыз, немере сүйген абзал жан еді. Анамызға Алладан мейірім, Пайғамбардан шапағат тілеп, жатқан жері
жайлы, топырағы торқалы, тәні рахатта, жаны жәннатта,
орныңыз жұмақта болсын дейміз.
Анажаным жарық шашқан ай-күнім,
Қорғаным ең, арқа сүйер айбыным.
Арамыздан алыстадың тым ерте,
Ақылшысыз қалды міне бала-шаға айдының.
Асыл анам, баға жетпес байлығым,
Өзің барда сезілмеуші еді қайғы мұң.
Шаңырақты шуағыңа бөлеп ап,
Жадыратып жанымызды жайылдың.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңізбен өткен күндер,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Сағына еске алушылар: жолдасы- Аманбай, балалар, немерелері
16-желтоқсан күні сағат 13.00-де «диас» мейрамханасында анамыздың қайтыс
болғанына 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Еске алу
Ауданымыздағы №132 ЖОББ мектебінің кітапханашысы, оқушыларының сүйікті апайы болған, кеше ғана
арамызда жүріп, әрбір жеке адамның мінезін жетік
меңгерген
әріптесіміз
Керейбаева
Шәрбан
Орынбекқызының арамыздан алыстап мәңгілік мекеніне
кеткеніне 5 жыл
толып отыр.
Шәрбан
Орынбекқызының өз маңайың думандатып, әзілге
бөлейтіні, ақжарқын кейпі мен сабырлы жүзі, баладай
шат мінезі есімізде мәңгі сақталады. Жұбымыз жазылмай жүретін біздердің арамызда құрметті әріптесіміздің
орыны үңірейіп бос тұр. Өзіңнің жоғыңа көзіміз жеткенімен көңіліміз сенер емес. Жатқан жерің жарық,
топырағың мамық болсын.
Көзге жас, көңілімізге тұнып қайғы,
Өмірдің жалғандығын кім ұқпады.
Еске алып, әріптес құрбыларын,
Асыл бейнеңді ешқашан ұмытпайды.
Сағындырып, сарғайтып мына бізді,
Мәңгілік мекен еттің құба белді.
Адал жаның жәннатта жай тапсын деп,
Еске алып, бағыштаймыз дұғамызды.
Сағына еске алушылар: әріптестері № 132 жалпы орта білім беретін
мектебінің ұжымы
Еске алу
Ардақты ана, асыл жар, аяулы әже болған Оралбаева
Аян Дәулетбайқызының өмірден өткеніне бір жылдың
жүзі болып қалды. Ардақты анамызды сағына еске
алып, рухына тағзым ете отырып, жатқан жері жарық,
топырағы мамық болсын дейміз.
Болжау жоқ ертеңгіге, алдағыға,
Айла жоқ бұл дүние жалғанына.
Иманың жолдас болсын деп тілейміз,
Көнеміз бір Алланың салғанына.
Өтсеңде жалған өмірден,
Өшпейсің мәңгі жүректен.
Қаларсың біздің көңілімізде,
Аңқылдақ, ашық мінезбен.
Еске алушылар: жолдасы, балалары, немерелері,
туған-туысқандары
9-желтоқсан күні сағат 13.00-де “диас” мейрамханасында анамыздың өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Еске алу
Күні кеше Ақтау ауылында 1969 жылы дүниеге келіп, Ақтау орта мектебінің 1976
жылы табалдырығын аттап, 1986 жылы ХХІІ қарлығаштар болып қияға қанат қаққан
ұл-қыз бүгінгі таңда еліміздің экономикасының өркендеуіне атсалысып әр салада
еңбек етіп келеді. Өмір көшінде ізі қалып, арамыздан алыстап, бақилық болып,
мәңгілік мекенге аттанған достарымыз да бар. Балалықтың базарлы шағын бірге
кешкен, жастық шақтың жігерлі күндерін бірге бөліскен сыныптас достарымыз Бейсенова Манаркүл Елеусізқызын, Ендаманов Бейбіт (Берік) Қабылдаұлын, Аманбеков Балтабай Оралұлын, Дайыров Саят Орашұлын, Жақыпов Бақытжан
Бақтыбайүлын, Қадырбаев Алмасты, Ажжанов Сембайды сағынышпен еске аламыз. Жалған дүниеде бала-шағаларының қызығын көрмей ерте өмірден кеткен
достарымыздың жандары жәннатта, тәндері рахатта болсын.
Бірге жүріп, бірге қызық қуғанбыз,
Бір жылғы төл, бір жылдары туғанбыз.
Ерте кеткен еске алып сендерді,
Жүрек жылап, жаспен жанар жуғанбыз.
Мәңгі жұмақ төрінде боп жандарың
Қабыл болсын біз арнаған дұғамыз.
Еске алушылар: Ақтау орта мектебінің 1986 жылғы ХХІІ қарлығаштары
ҚҰТТыҚТайМыз!!!
Қадірлі құрбымыз Қоңырша Ібіжанқызы!
Сізді ұлағатты ұстаз, аяулы ана, адал дос ретінде 70 жасқа
толған мерейтойыңмен құттықтаймыз. Алла тағала
шаңырағыңа шаттық, басыңа бақ қондырсын. Бала-шаға,
немерелеріңнің қызық-қуанышына бөлене бер.
Біте қайнап бірге жүрген құрбысың,
Бір сырлы да сосын сегіз қырлысың.
Мерейтойда достарыңның атынан,
Саған арнап ұшырайық жыр құсын.
Дархан жүрек мінезге бай басың бар,
Желіп жеткен 70 деген жасың бар.
Бөлеместей жарасымды жарыңмен,
Әлі талай асулардан асыңдар.
Адал жүрек, ақ ниетпен отбасылық достарың: Меркеш-Алтынай, Елубай-Шәрипа, Саламат-Айжан, Фахридтин-Зоя, Тиыштық, Мейрам, Жәмилә, Сайын-Бану, Аманқұл-Шәрипа
Құттықтаймыз!!!
Шымкент қаласында қараша айының 1-4 аралығында
өткен республикалық «Жас барыс» турнирінде БЖСМ
түлегі Қаракесеков Нұртілек 55кг салмақта ІІ-орын
алып, күмістен алқа тақса, ал қазақ халқының Батыры,
даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы
қазақ күресінен өткен халықаралық турнирде 55кг
салмақта Қаракесеков Нұртілек І- орын алып жеңістің
биік
тұғырынан
көрінді.
Жаттықтырушысы
Е.Қаракесеков. Нұртілектің жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарына сәттілік
тілейміз.
Аудандық спорт бөлімі
Жарамсыз деп танылсын
Ахтанберлиев Аманжол Мансуровичтің атына 1988 жылы № 132 орта мектебінің негізгі
білімі туралы берілген № 077003 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
Көңіл айту
Аудандық білім бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы осы мекеменің
әдіскері Ашимова Зүбайраға жолдасы Тәттібайдың қайтыс болуына байланысты
қайғысына ортақтасып көңіл айтады
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛИНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
ҚҰТТыҚТайМыз!!!
Әкеміздің асыл жары, біздің аяулы анамыз Қоңырша
Ібіжанқызын бүгінгі мерейтойымен шын жүректен
құттықтаймыз. Ардақты Ана, біздің өсіп-жетілуімізге
сіздің сіңірген ерекше еңбегіңіз жүрегіміздің түбінде
жатталған, санамызда сақталған. Әлі де аналық
мерейіріміңізді төгіп, әкемізбен бірге ұзақ ғұмыр кешуге
перзенттік пейілмен тілектеспіз.
Жан-жарыңмен жаның тауып жарасым,
Бақытыңа ел қызыға қарасын.
Қол ұстасып Бөлеместей әкемен,
Ұрпағыңа нұр-шуағың тарасын.
Біз жүрейік өзіңменен мақтанып,
Қуаныштан бал-бұл жайнап шаттанып.
Мерекелі мерейтоймен құттықтап,
Жыр жолдаймыз ақ тілекті ақтарып.
Ақ пейілмен жолдасы-Бөлемес, перзенттік махаббатпен балалары-БауыржанҚаламқас, Еркін-Жұлдыз, Қайрат-Салтанат
ҚҰТТыҚТайМыз!!!
Біздің әулетіміз үшін орыны бөлек, баршамыздың
сүйіктіміз Қоңырша Ібіжанқызы Көпжасарова бүгінде
70 жасқа толып отыр. Сайдалының Сарысынан тарайтын
текті ұрпақтың қызы әпкеміз бала жастан еңбекке араласып, біздің аяғымыздан тік тұрып кетуімізге көп еңбек
сіңірген. Өміріңнің 40 жылға жуық уақытын ұрпақ
тәрбиесіне арнаған «Қазақстанның оқу-ағарту ісінің
үздігі» төсбелгісімен марапатталған ұлағатты ұстаз.
Бүгінде бала-шағасының қызық-қуанышына бөленіп,
немерелерінің Ақ әжесі атанып отырған абзал жан.
Туған күнің құтты болсын, қадірменді Қойша апай!
Жолдасың Бөлемеспен қол ұстасып ұзақ ғұмыр кешуге
Алла тағала нәсіп етсін.
Ақ жүзіңнен төгілетін мейірім,
Бауырларға айдай ашық пейілің.
Туған күнің құтты болсын, апатай,
Біздер үшін бөлек сенің пейілің.
Аллаға шүкір, ұл-қыздарың жетілді,
Алда талай қызықтар көп не түрлі.
Гүл жайнайды бүгін сенің нұр жүзің,
Бағы жанған бақытты жан секілді.
Ізгі тілекпен: әпкесі-Айтбала, іні-сіңілілері-Қалкен-Мақпал, Ғалым-Айман, Рахметулла-Үміт, Майра, Баян
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” Жшс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1315 дана
Тапсырыс №50
Автор
zhanzbc
zhanzbc219   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
50
Размер файла
27 754 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа