close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№2 Жанаарка газеті

код для вставки
№2 (9839), 13 қаңтар,2018жыл
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік
революция дәуіріне, технологиялық,
экономикалық және әлеуметтік
салалардағы терең және қарқынды
өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып
біздің қалай жұмыс істейтінімізді,
азаматтық құқықтарымызды қалай
іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді
түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық
өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын
болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан2050»
даму
стратегиясын
қабылдадық.
Алдымызға
озық
дамыған отыз елдің қатарына кіру
мақсатын қойдық. 100 нақты қадам –
Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды.
Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда. Өткен
жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан
Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды.
Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді. Қажетті бағдарламалардың
барлығы бар. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.
Құрметті отандастар!
Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды
құрдық. 2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. 2018
жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз. Біз дүниежүзілік ЭКСПО
мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және
Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық. Қазақстанда табысты жұмыс
істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты. 2017 жылы еліміз әлемдік
дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті. Жыл
қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент болып, ал өнеркәсіптік өнімнің
өсуі 7 проценттен асты. Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі
40 проценттен асып түсті.Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына
мүмкіндік берді. Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентке дейін
төмендеді.Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты
құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және
конфессияаралық келісім. Дегенмен, Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналады,
бірақ ол ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек. «Көл-көсір
мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін
кеңінен енгізуге негізделуі тиіс. Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар. Жаңа
әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін. Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек.
БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы
тиіс. Оның нәтижелері мұнай бағасы күрт төмендеген 2014-2015 жылдардағы дағдарыста
негізгі тұрақтандырушы факторлардың бірі болды. Сол себепті жоғары еңбек өнімділігі бар
қайта өңдеу секторына деген бағдарымыз өзгерген жоқ. Сонымен қатар индустрияландыру
4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше
инновациялық сипатқа ие болуға тиіс. Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және
цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды
әзірлеп, сыннан өткізу қажет. Бұлар, бірінші кезекте, технологиялардың трансфертін
ынталандыруға тиіс. Еліміздің бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорнын цифрландыру жөніндегі
пилоттық жобаны іске асырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату керек. Цифрлық және басқа
да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін дамытуы аса маңызды мәселеге
айналып келеді. Ол біздің Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы,
IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялық орталықтардың
төңірегінде қалыптасуға тиіс. «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің қызметін
ұйымдастыруды түбегейлі қайта қарау қажет. Нақты сектордың жаңа технологияларға деген
сұранысты ынталандыруы және венчурлық қаржыландырудың жеке нарығының қызметі
инновациялық экожүйе жетістіктерінің негізгі факторлары болып саналады. Бұл үшін тиісті
заңнама қажет. Бұдан бөлек, IT және инжинирингтік қызмет көрсетуді дамыту ерекше
маңызға ие болып отыр. Экономиканы цифрландыру табыс әкелгенімен, жұмыс күшінің
көптеп босап қалу қаупін де тудырады.Босайтын жұмыс күшін еңбекпен қамту үшін келісілген саясатты алдын ала тиянақтау керек.Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет болады. 2018 жылы
«цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші
бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек.
Баспасөз хаБаРлайды
ТалдыБұлаҚТағы кездесу
Өткен аптада аудан әкімі Юржан Бекқожин
ауданымызға қарасты Талдыбұлақ ауылында
болып, тұрғындарымен жиын өткізді. Жиынға
мекеме, бөлім басшылары арнайы қатысты.
Аталмыш ауыл бүгінгі күнге дейін Байдалы би
ауылдық округінің құрамында болатын.
Қарағанды облысы әкімдігі мен облыстық
мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес Талдыбұлақ ауылы жеке ауылдық
округ болып құрылып, бірлескен актінің негізінде аудан әкімдігінің 2017 жылғы 20
желтоқсанындағы қаулысымен "Жаңаарқа ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің
аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылды. Сонымен қатар, жоғарыдағыдай белгілі шешім
мен қаулыға сәйкес Ақтасты ауылдық округін тарату жұмыстары жүргізілуде.
Осы мәселелер жиында талқыланып, халық тарапынан көтерілген мәселелер тыңдалды
және аудан басшысы оларды шешуге байланысты жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, аудан әкімі жаңадан құрылған ауылдық округтегі білім ошағын және медпункті
аралап, олардың жай-күйіне назар аударды.
Маңызды МәселелеР ТалҚылаНды
3-қаңтар күні аудан әкімі Юржан Бекқожин «Орда Group» ЖШС-нің «Кентөбе» кен
орынындағы барит рудасын өндіру руднигінің директоры Константин Шипиловтің және
аудан әкімдігінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңес барысында
кен орнының директоры өзінің басшылығымен атқарылған жұмыстарға тоқталып, кен
орыны алқабын ұлғайту жөніндегі жоспарларын қоса айтты.
Осындай кеңес аудан басшысының төрағалығымен «Арман-100» ЖШС-нің «Батыс Қамыс»
кенішіндегі марганец өндіру руднигі директоры Аслан Қарабаев пен жауапты
қызметкерлердің қатысуымен 5-қаңтар күні өтті. Кеңесте Аслан Қарабаев аталған
серіктестіктің қазіргі жағдайы жөнінде анықтама берді.
- Мекеменің жұмысы 2016 жылдан бері тоқтап тұр. «Батыс Қамыс» руднигі 2019 жылға
дейін консервацияда. Марганец өнімін байыту кезеңінен өткізбей – өндіру жұмысы мақсатқа
сай болмайды, сапасы төмендейді. Сол себепті кенді байыту технологиясын іздестірудеміз.
Өз қаражатымызға кен байыту фабрикасының құрылысын бастағанбыз. Биыл мамыр айында
жұмысты жалғастырамыз деген жоспарымыз бар. Жаңаарқа ауданының әкімдігімен тығыз
байланыста жұмыс атқаратын боламыз,-деді марганец өндіру руднигінің директоры.
БолашаҚ – ұРПаҚ тӘРБиесіНде
Тәрбие - тал бесіктен басталады. Ал ұрпақтың сапалы
тәрбиесі - ұлтымыздың жарқын
болашағы. Осы орайда, баланы
дұрыс
тәрбиелеуде
балабақшалардың қосатын үлесі
зор.
Аудан
орталығында
бүлдіршіндерді
тәрбиелеп
отырған үш балабақша мен бір
бөбекжай бар.
5-қаңтар күні аудан әкімі
Юржан
Бекқожин
аудан
орталығындағы
аталмыш
балабақшаларды
аралап,
олардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
аудан әкімдігінің баспасөз
қызметі
13 қаңтар 2018 жыл
2
екІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту. ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген
мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады. Бірақ шикізат индустрияларын
ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан
қайта пысықтау керек. Кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде
енгізу қажет. Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия
өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек.Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, «таза» энергия
саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін көрсетті. Бүгінде әлем бойынша
өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 процентке жетеді. Біз 2030 жылға қарай
Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 процентке жеткізу міндетін қойдық. Қазір бізде
жалпы қуаттылығы 336 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 55 нысаны жұмыс
істейді. Соларда 2017 жылы 1,1 миллиард киловатт-сағат «жасыл» энергия өндірілді.
«Жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңызды. Өңірлердің
әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты
қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау
керек.Осы және басқа да шаралар заңнамаға, соның ішінде Экологиялық кодекске өзгерістер
енгізуді талап етеді.
ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын
ұлғайтуға бағытталуы керек. Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік. Оны мақтан
тұтамыз. Алайда, қазір ол жеткіліксіз. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік
нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет.Бұл мәселені шешуге барлық
аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды. Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты
назарда болуға тиіс. Ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды
отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет. Осыған орай аграрлық университеттердің
рөлін қайта қарау керек.Олар диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде
нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс. Бұл
жоғары оқу орындарынан оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық
білім мен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналу талап етіледі. Мысалы, егін егу
мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдаудың, «ақылды суарудың», минералды
тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресудің интеллектуалды жүйелері
арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады. Жүргізушісі жоқ техника адами факторды
азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді. Ауыл шаруашылығы
субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек. Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық
жолын тауып, ілгерілетуге тиіс. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен
экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет.Бұл бүкіл әлемге танылатын
«Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар жерді барынша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қолдану керек. Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені
субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет. 5 жыл ішінде
агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырамын.
ТөРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. Бүгінде Қазақстан
арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді. Бұл туралы көп айтылды. Жалпы,
Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға
жуықтады. Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр. Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға
мүмкіндік береді. Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық
технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет. Заманауи шешімдер
логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «Үлкен
деректерді» (Big data) пайдалану сапалы талдауды қамтамасыз етуге, өсімнің резервін
анықтауға және артық шығынды азайтуға жағдай туғызады. Осы мақсаттар үшін Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет. Бұл жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға және
инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін анықтауға жол ашады. Ішкі өңірлік
қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға
арналған қаржы көлемін көбейту керек. Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының
жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет.Бұл жұмысқа
өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек.
БесІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген
тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты. Тұрғын үйді көпшілікке
қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде. Баспанамен қамту
көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы
метрді құрады. Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек. Осы міндетті орындау барысында құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа
тәсілдерді қолдану керек. Ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және
энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажет. Салынатын және салынған үйлер мен
инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек. Бұл
тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, электр энергиясын, жылу мен суды тұтынуды қысқартып,
табиғи монополистерді тиімді жұмысқа ынталандырады. Заңнамаға, соның ішінде табиғи монополиялар саласын реттейтін заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қажет. Әкімдер тұрғын үйкоммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестігі
негізінде белсенді шешуі керек. Ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету
үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге
қарастыруы қажет.
алТыНШы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту». Банктік портфельдерді «нашар» несиеден
арылту ісін аяқтау қажет. Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық
жауапкершілік алуға тиіс. Акционерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке
адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиіс.
Ұлттық Банк мұндай істерге немқұрайлы қарамау керек. Әйтпесе, мұндай мемлекеттік
органның не керегі бар? Ұлттық Банк тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалау
қатаң, уақтылы әрі нәтижелі болуға тиіс. Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін
қорғауға одан әрі кепілдік береді. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды
тездету қажет. Сонымен қатар 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін халыққа берілген валюталық
ипотекалық займдар жөніндегі мәселені Ұлттық Банкке толығымен шешуді тапсырамын. Сол
күннен бастап аталған валюталық займдарды жеке тұлғаларға беруге заң жүзінде тыйым
салынған болатын. Ұлттық Банк пен Үкімет экономика салаларындағы нақты тиімділікті
есепке алатын ставкалармен бизнеске ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мәселесін
бірлесіп шешуге тиіс. Инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруы және қор нарығының
дамуы маңызды болып саналады. Бұл – жұмысын бастаған «Астана» халықаралық қаржы
орталығының негізгі міндеттерінің бірі. Ол халықаралық озық тәжірибені пайдаланып,
ағылшын құқығы мен заманауи қаржы технологияларын қолданатын өңірлік хабқа айналуға
тиіс. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ұлттық компанияларының акцияларын IPOға табысты түрде шығару қор нарығын дамытуға септігін тигізеді.
ЖеТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы. Барлық жастағы
азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.
Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа
білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке
дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік
дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Орта білім
беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.
Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Педагогтарды оқыту
және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет. Білім берудің
барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту
керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты. Білім
беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала
мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады. Біздегі оқушылардың
жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп
екенін ескеріп, оны төмендету керек. Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында
компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті
инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру
керек. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға
ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі. Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және
ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа
әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Алайда, соңғы жылдары
әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған. Мұндай «жаңалықтар» кейде
күлкіңді келтіреді. Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық»
(фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр. Осындай аудармаларды негіздеу
тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге
жақындату керек. Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді. 2025 жылға
дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет.
Орыс тілін білу маңызды болып қала береді. 2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді. 2019 жылдан 1011-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне
көшіру басталатын болады. Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық
әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады. Сонда
ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады. Кез келген этникалық топтың өкілі кез келген
жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануға да мүмкіндігі болады.
Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады. Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық
тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс. Цифрлық білім беру
ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді
видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет. Жұмыс берушілерді тарту
арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық
және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек. «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық
білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет. Мемлекет жастарға алғашқы
мамандықты береді. Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс. Орта мектеп пен колледждер және
жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек. Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді
мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады. Жоғары білім
беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық
технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек. Осыған орай металлургия,
мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар салаларын зерттеу
ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту керек. Қолданбалы ғылымизерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі. Жоғары оқу
орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі
кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді
түрде жүзеге асыруы қажет. Жеке сектордың бірлескен қаржыландыруға атсалысуы барлық
қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті талап болуға тиіс. Жас
ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын
жүргізуіміз керек. Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық
әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді. Жоғары оқу орындарына
білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін
заңнамалық тұрғыдан бекіту керек. Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып,
жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет. Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан
әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын,
тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі
жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.
Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.
Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына
байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады.
Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың
алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық
денсаулықты басқару ісін күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға
және нығайтуға ерекше назар аудару керек. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп
диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет. Бұл тәжірибе әлемде
бұрыннан бар. Оны батыл әрі белсенді түрде енгізу керек. Онкологиялық аурулармен күресу
үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет. Халықаралық
озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары
тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс. Біз кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресу
кезінде атқарған істеріміз сияқты жұмыстарды да жүргізуіміз керек. Денсаулық сақтау саласы
халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады. Оны
енгізудің қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі
мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырмаған дайындық
жұмыстарын тыңғылықты жүргізу талап етіледі. Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет.
Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық
сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады. Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз
қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет. Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін
айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек. Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады. Бүгінде бізде Назарбаев Университетінің бірегей
Медицина мектебі бар. Онда біріктірілген университет клиникасы жұмыс істейді.
13 қаңтар 2018 жыл
3
Бұл тәжірибе барлық медициналық жоғары оқу орындарына таратылуға тиіс. Осы және басқа
да шараларды іске асыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу қажет.
Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі. Еңбек
нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін
жағдай жасаудың маңызы зор. Барлық негізгі мамандық бойынша заманауи стандарттар
әзірлеу қажет. Бұл стандарттарда жұмыс берушілер мен бизнесмендер еңбеккерлердің білімі,
қабілеті мен құзыретінің қандай болуы қажеттігін нақты белгілейді. Кәсіби стандарттардың
талаптарын ескеріп, білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажет немесе қазіргі
бағдарламаларды жаңарту керек. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар
экономикалық өсімнің резерві саналады. Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін
қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі бұл іске жауапсыздық танытып, атүсті қарап отырды. Адамдарды нәтижелі
жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа
мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер
палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық. Нәтижелі жұмыспен
қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта
отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды
тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару
тиімді болатындай жағдай туғызу қажет. Қазақстандықтардың жаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иеленуге, соның ішінде еліміздің басқа да елді мекендерінен жұмыс табуға
мүмкіндігі болуға тиіс. Бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажет.
Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталуға тиіс.
Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курстары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп, өзін қызықтыратын жұмыс таба алатын болады. Еңбек
кітапшаларын да электрондық форматқа көшірген жөн. Электрондық еңбек биржасы туралы
заңды 2018 жылғы 1 сәуірге дейін қабылдау қажет.
Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатын болады. Қазір зейнетақы жүйесі толықтай еңбек өтіліне байланыстырылған. Кім
көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады.Осыған орай, барша қазақстандықтар
өздерінің атқаратын жұмыстарын заңдастыруға зор мән беруі керек. Әлеуметтік сақтандыру
жүйесінде де еңбек өтілі мен өтемақы мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады. Біз 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы
әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібіне көштік. Оның шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің
40 процентінен 50 процентіне дейін көтерілді. Еңбекке қабілетті әлеуметтік тұрғыдан аз
қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек олар жұмыспен қамту шараларына
қатысқан жағдайда ғана қолжетімді болады. Еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік
қолдау көрсету шаралары күшейтіледі.
Қымбатты қазақстандықтар!
Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды. 2016-2017
жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейгенін еске салғым келеді. Базалық
зейнетақы, жалпы алғанда, 29 процентке, ынтымақты зейнетақы 32 процентке, бала тууға
байланысты жәрдемақы 37 процентке, ал мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға
төленетін жәрдемақының әрқайсысы 43 процентке өсті. Денсаулық сақтау саласындағы
қызметкерлердің жалақысы 28 процентке дейін, білім беру саласы қызметкерлерінің
жалақысы 29 процентке дейін, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің жалақысы 40 процентке дейін, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 30 процентке, стипендиялар 25 процентке өсті. Дағдарыс заманы. Әйтсе де, әлемнің санаулы ғана елдері
әлеуметтік салаға жұмсайтын шығындарын осылай арттыра алды.Республикалық бюджеттің
әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден
асты. Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам
қазақстандықтың табыстарын көбейтеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты
зейнетақы 8 процентке артты. Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өсті.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа
алғанда 1,8 есе көбейетін болады. Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке
толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша
мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын. Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес
мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады. 2018 жылы осы мақсатқа 3
миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болады. Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім
берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың
1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын. Жаңартылған мазмұн дегеніміз –
халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті
функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады. Сонымен қатар
2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік
деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын. Категорияларды
бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды
өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы
біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін
өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет.
сеГІзІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару. Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер
мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.
Осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдауды жылдамдату керек. «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету
үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет
көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты
жалғастыру керек. Олар үшін және энергия өндірушілер үшін инвестициялық
бағдарламаларын ескеріп, негізделген тарифтерді белгілеу маңызды. Бизнес-климатты
жақсарту үшін батыл іс-қимыл талап етіледі, әсіресе өңірлік деңгейде. Үкімет бизнесті
көлеңкеден шығарып, оны қолдауға бағытталған жүйелі шаралардың жаңа пакетін
дайындауға тиіс. Мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын қысқарту есебінен
жекешелендіру жоспарын кеңейте отырып, оны іске асыруды жеделдету қажет. Әкімшілік
шығындарды азайту үшін ведомствоға бағынышты нақты қажетті ұйымдарды мүмкіндігінше
біріктіру керек. Босаған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға
негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізуге бағыттау қажет. Бұл орталықтағы және
өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жалақысының диспропорциясын қысқартады, сондайақ жұмыстың сипаты мен тиімділігі ескерілетін болады. Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері
агенттігімен бірлесіп, 2018 жылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда осы
жүйені енгізудің пилоттық жобаларын іске асыруды тапсырамын. Өңірлердегі мемлекеттік
қызметтің тиімділік әлеуетін олардың экономикалық дербестігі мен жауапкершілігін арттыру
арқылы мейлінше толық ашу керек. Жалпы алғанда, өңірлік саясат өңірлердің шығындарын
теңестіруден жеке табыстарының өсімін ынталандыруға бағытталуға тиіс. Атап айтқанда,
бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған сырттан келушілер туризмі мен
ішкі туризм кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады.
Үкімет виза мәселелерін жеңілдетуді, инфрақұрылымды дамытуды және туризм саласындағы
кедергілерді алып тастауды қамтитын кешенді шаралар қабылдауы керек. Фискальды
орталықсыздандыру аясында шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын
өңірлік бюджеттерге беру мәселесін шешу керек. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2
мыңнан астам адам тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерде
жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде
белгіленген. 2020 жылдан бастап бұл нормалар барлық елді мекендерде күшіне енеді.
Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ шығындардың 19 бағыты
ауыл бюджетіне берілді. Бұл жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін халықты тартуға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру
режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық
технологияларды қолдануға тиіс. Мемлекет пен компаниялар жаңа технологияларды енгізе
отырып, өз ақпараттық жүйелері мен құрылғыларының берік қорғалуын қамтамасыз етуі
керек. Бүгінде киберқауіпсіздік ұғымы тек ақпаратты ғана емес, сонымен қатар өндірістік
және инфрақұрылымдық нысандарды басқару тетігін қорғау дегенді де білдіреді. Осы және
өзге де шаралар Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында көрініс табуға тиіс.
ТОғызыНШы. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. Жемқорлықтың алдын алуға
бағытталған күрес жалғаса береді. Көп жұмыс істеліп жатыр. Соңғы 3 жылда ғана жоғары
лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда,
жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард
теңге көлемінде келтірген залалы өтелді.Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның
ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып
саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп,
дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс. Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды
тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда. Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың
құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар
енгізілді. Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы
кеңейді. Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін
қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам
көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және
жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек.
ОНыНШы. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. 2018 жыл – елордамыз Астананың 20
жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның
маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз.
Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады. «Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың
құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет. Әлемде
инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олар елді емес, жайлы
өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды. Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде
«Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық
практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек. «Ақылды қалалар» өңірлік
дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын
арттырудың локомотивтеріне айналады. Міне, алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар –
түсінікті әрі айқын.
Қымбатты қазақстандықтар!
Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды
және санамызды жаңғыртуға кірістік. Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан
дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді. Конституциялық реформа билік тармақтары
арасындағы балансты нақтылай түсті. Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық. Бұл
базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады. Біз жаңа
заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.
Жолдауға үн қосамыз
оН Бағыт БиіктеРге Бастайды
Жолдауда көрсетілген басымдықтар Қазақстанды 30 озық елдің қатарына қосылу
жолындағы іс-әрекеттеріне серпін береді, ел экономикасының одан әрі дамуына, сондай-ақ бұған дейін қабылданған стратегиялық бағдарламалардың орнықты жүзеге
асуына жол ашады.
Қазіргі таңда мемлекет алдында аса күрделі міндет тұр. Ол барлық салаларда дамудың
жаңа жолдарын тауып, мына өмірдің бейімделу қажеттілігін алға тартады. Жолдауды
тыңдаған соң, Елбасы сөзінен өндіріс пен ақпараттық технологиялардың бірігуінің
қажеттігін сезініп отырмыз. Білім беру, денсаулық сақтау ісіне қолданылатын және
басқа да перспективалы салаларды дамыту ісіне де үлкен басымдықтар қарастырылған.
Жолдауда жүктеген міндеттер осындай бірнеше бағыттағы жұмыстарымызды одан әрі
жандандыруға мүмкіндік жасайды деп ойлаймыз. Мұндай даму үлгісіне деген жаңа
көзқарас осыған дейін жеткен жетістіктерімізден бас мәжбүрлемейді, ол еліміздің әрі
қарай тұрақты дамуына негіз қалайды. Сондықтан, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, әр азамат Жолдаудағы тапсырмалар мен міндеттерді орындауда өзіндік
үлестерін қосуы қажет. Егемендігіміздің екінші ширек ғасырындағы біздің жан-жақты
дайындығымыз еліміздің жаңғыруына сәттілік әкелері сөзсіз.
Жайнагүл Мұстафина,
№132 ЖОББ мектебінің мұғалімі
ЖаРҚыН БолашаҚҚа сеНеміз
9-қаңтар күні «Хабар» арнасынан Елбасымыз жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына
байланысты мәлімдеме жасады. Халқымыздың асыға күтетін маңызды құжаты 10-қаңтар күні жарық
көрді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жолдауда басымдық берілген он мәселені нақтылап атап өтті. Оның ішінде
өнеркәсіп кешенін дамыту, ауылшаруашылық саласын жандандыру мәселелеріне мән берілетін болады. Сол сияқты цифрлық технологияны енгізуді жалғастыру, жүк тасымалдау уақытын қысқырту,
құрылыс саласында жаңа әдістер қолдану, қаржы секторын жеке адамдарға ыңғайлы болатындай
етіп қайта жаңғырту секілді маңызды жұмыстар жүзеге асатын болады. Адам капиталын нығайту
мақсатында медициналық қызмет көрсету, білім беру саласын дамыту жолындағы қарқынды
жұмыстар жалғаса береді. Осы сала қызметкерлерінің жалақасын көбейту және тағы басқа қажетті
шаралар үшін биыл әлеуметтік салаға бөлінген қаржы көлемі артқан. Сол сияқты күн тәртібінен
түспейтін мемлекеттік басқаруды тиімді ету, сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары жалғаса
беретін болады.
Болашағымызды айқындайтын маңызды құжаттың әдеттегідей көптеген маңызды мәселелерді
қамтығаны сөзсіз. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауымен жақсылап танысып, алға
қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін бірауыздылықпен еңбек ететін боламыз.
данагүл сыздықова,
Б.амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің ұстазы
13 қаңтар 2018 жыл
4
сенат депутаты ауданымызға аса қажет
мәселелермен танысты
2018 жылдың 8-қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ершов Сергей Михайлович
жұмыс сапарымен ауданымызда болды. Ол алдымен
С.Сейфуллин мұражайына, «Ақерке» балабақшасына
барып, жұмыстарымен танысты. Содан кейін жергілікті
мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді. Кездесуді
аудандық мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіпов ашып,
жүргізіп отырды. Кездесуге аудан әкімі Юржан Беккожин,
облыстық мәслихат депутаты Ғазым Жарылғапов,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Хамзе Сәтжанов,
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Әсет Аманжолов, аудан
әкімдігінің бөлім басшылары қатысты. Кездесуде аудан
әкімі Юржан Бекқожин ауданымыздың әлеуметтікэкономикалық жағдайы туралы хабарлама жасады. Парламентте қабылданған заңдар мен өзінің депутаттық қызметі
туралы баяндаған Сенат депутаты ауданымыздың
әлеуметтік-экономикалық даму барысымен жергілікті
халықтың мұң-мұқтажын, олардың жағдайы және
толғандырып отырған көкейкесті мәселелерін тыңдап,
жұмыс жоспарына қоюды мақсат тұтқанын атап өтті.
Сенат депутаты кездесу барысында әр салада жұмыс
істейтін, аудандық мәслихат депуттарымен
әңгімелесе отырып, жалпы халықтың әл-ауқаты туралы мәселелерді тыңдады. Аудандық мәслихат депутаттары Нүргүл Орынбасарова аудан орталығына
балабақша қажеттілігін айтса, Рысқали Рахимов ауданда демографиялық өсімінің бар екені айтып,
алдағы жылдары бала оқыту үш ауысымдыққа өтуі
мүмкіндігін ескертіп, Атасу кентінде орта мектеп салыну кажеттілігін айтты. Депутаттар Сәулет Рымбеков кәсіпкерлерге төмен пайызбен несие алуға көмек
беруді сұраса, Мейржан Әбілдинов коммуналдық
шаруашылық саласындағы түйіткілді мәселелерді
қозғады. Облыстық мәслихат депутаты Ғазым
Жарылғапов өзі басқаратын аграрлық колледжінің
жұмысын айта келе, мекемесіндегі толғандырып
отырған мәселелерді айтып өтті. Аудандық қоғамдық
кеңестің төрағасы Хамзе Сәтжанов аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су құбырларын
жөндеуге қаражатпен көмек жасалса деген пікірін білдірді.
Халық қалаулысы заң шығармашылық қызметі жөнінде
кеңінен баяндап, кездесуге қатысқан азаматтардың қойған
сұрақтары мен ұсыныстарын назарға алып, тиісті жоғарғы
құзырлы органдарға сұраныс жасап, ауданда күрделеніп
отырған мәселелерді шешу үшін барлық күш-жігерін
жұмсайтынына сенім білдірді. Кездесуді аудандық
мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіпов қорытындылай келе,
Парламент Сенатының депутаты Сергей Михайлович
Ершовқа аудан халқының атынан рахмет айтып, заң
шығарушылық қызметте табыс тіледі.
өз тілшімізден
латыН ӘліПБиі –
ЖаРҚыН БолашаҚ
кеПіліНің кілті
Елбасы
Нұрсұлтан
Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
атты мақаласында айтып өткен мемлекеттік тілдің латын графикасындағы
әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу
көпшілік арасында талқыға түсуде. Иә,
қазақ елі латын графикасына көшу
мәселесін егжей-тегжейлі талқылауға кірісіп кетті. Бүкіл
халықтық талқылауларда латын әліпбиіне көшуге қатысты түрлі
ой-пікірлер, ұсыныстар айтылатыны заңдылық.
Біз «Мәңгілік ел» идеясын ұстанған халықпыз. Бұл идеяны
жүзеге асырып, өркениетті елдер қатарына латын қарпіне көшу
арқылы да бір табан жақындай түсеміз. Латынға көшу арқылы
қазақ тілінің табиғи, таза қалпын сақтай аламыз. Жаңа жаңғыруға
қоғам да, заман да дайын. Бұл – игі бастама. Сондықтан нақты
қадам жасауға ұлт болып талпынуға тиіспіз. Латын әліпбиіне
көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады
деп нық сеніммен айта аламын.
Біздер, №132 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы Елбасы
бастамасымен жүзеге асып жатқан латын қарпіне көшу реформасын бірауыздан қолдаймыз. Біріншіден, латын әліпбиіне көшу
арқылы қазір қолданып жүрген артық әріптерден арыламыз. Екіншіден, технология тілі латын әліпбиіне негізделген. Озық
елдердің барлығы латын әліпбиіне әлдеқашан өтіп кеткен.
Үшіншіден, халықтың үш тілді меңгеруіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу түркі тілдес халықтарды біріктіріп
қана қоймайды, шетелдіктердің біздің әліпбиді үйренуіне, қазақ
тілінің қолданыс аясының кеңеюіне қолайлы жағдай туғызады.
Бұл тұрғыдан алғанда, отандық брендтердің танымалдылығы да
арта түседі деген ойдамын.
Н.Шамаева,
№132 ЖОББМ директордың ақпараттандыру
ісі жөніндегі орынбасары
еселеНГеН еңБек еРТеңГе ЖеТелейдІ
Байдалы би ауылдық округінің
әкімі Ж.Тажитов:
Округтің 12 шаруа қожалығы
жалпы аумағы 3209 га жерге дәндідақылдар егіп, түсім 9,6 центнерден
өнім жиналды. 2017 жылдың 1 наурызында құрамында 37 мүше бар,
сүт өндіру бағытындағы «ДостықАтасу» өндірістік кооперативі
құрылып, 115 млн 800 мың теңгеге
534 бас ірі-қара мал сатып алынды.
Атасу
және
Талдыбұлақ
ауылдарындағы
мал
бақтыру
мәселесі
жолға
қойылып,
бақташылар белгіленіп, олармен
3(үш) жақты келісім-шарт жасалып,
4 табын жылқы, 5 табын ірі-қара,
және жаз айларында бойдақ малдарды бағатын 8 (сегіз) жайлау ұйымдастырылып, малдар бағылды. Ветеринария саласы бойынша ауылшаруашылық жануарларының барлық
түрлерін дауалау, қан алу, бірдейлендіру жоспары 100 пайызға орындалды. 2017 жылы қысқы маусымдағы жолдарды қардан тазалау
жұмыстарына 350 мың теңге қаражат бөлініп, Талдыбұлақ, Атасу елдімекендерінде қардан тазалау жұмыстары үнемі жүргізіліп отырды. Аудан
әкімінің «Екі айлық сенбілік өткізу туралы» Қаулысын жүзеге асыру
мақсатында округте 6 ауылдық, 2 аудандық, 2 облыстық сенбілік өткізіліп,
оған тұрғындардың 70 пайызы жұмылдырылды. Жеке кәсіпкер Шибкенов
Орынбайдың арнайы техникалары мамыр айының 4 және 18 аралығында
Атасу ауылының көшелерінен 4200 тонна күл-қоқыс шығарды.
Талдыбұлақ ауылында жеке кәсіпкер Қабденов Таңат техникалары жаз
бойы тазалау жұмыстарын жасап, барлығы 3000 тонна күл қоқыс
шығарды. Көшелерді абаттандыру бойынша 10 түп қарағай және 160 түп
әртүрлі ағаштар жаңадан салынған спорттық-демалыс паркіне
отырғызылды. Оларды жаз маусымында суару және күту жұмыстары
жүргізілді. Өңірлерді дамыту бойынша елді-мекендердегі әлеуметтік нысандарды қоршау әкімшілік ғимараты, «Балалар ойнау алаңы», ауылға
кіре берістегі «Жастар аллеясы» жалпы сомасы 1 млн 592 мың теңгеге
ұзындығы 312 метр бетон шарбақтармен қоршалды.Төтенше жағдай кезінде тұрғындарды ескерту жүйесін дамыту мақсатында Атасу ауылының
көшелерінде 6 (алты) дыбыс күшейткіштері орнатылды. Атасу ауылында
Сарысу өзенінің жағасына ұзындығы 800 метр болатын қорған жасалды.
Талдыбұлақ ауылына кіреберістегі аппатты жағдайда тұрған көпір
күрделі жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен
34 млн. теңге қаражат бөлінді. Мемлекет басшысының «Болашаққа
бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында округте
бірнеше сала бойынша дөңгелек үстел отырыстары мен 21 мәденитанымдық іс-шаралар мен бұқаралық спортты дамыту мақсатында
округте барлығы 18 іс-шара өткізілді. Тамыз айының 6-сы күні ауылдың
жас кәсіпкері Қуаныш Тұтқышбаевтың демеушілігімен жас категориялары бойынша 3 және 7 шақырымдық кросс сайыстары, кір тасын көтеру
сайысы өткізілді. Жалпы сайыстардың жүлде қоры 200 000 теңгені
құрады. Іс-шара 300 ге жуық тұрғынды қамтыды.
Қызылжар кентінің әкімі Р.Балкенов:
Жалпы аумағы–16982 га, халық саны–1648 адам, соның ішінде
экономикалық белсенді адам саны–884, жұмыспен қамтылғаны–696, өзін–
өзі қамтитын адамдар саны–130, жұмыссыздар саны–10 адам. Қызылжар
кентінің әлеуметтік–экономикалық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында
аудандық бюджеттен 1,497 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді. Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге
қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
мақаласын насихаттау және жүзеге асыру мақсатында халықпен және мекеме ұжымдарымен төрт кездесу ұйымдастырылды. Кент әкімінің өткен
жылғы есептік кездесуінде тұрғындардан төрт өтініш пен ұсыныс түсіп
үшеуі орындалды, үшеуін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Өңірлік даму бойынша бюджеттен бөлінетін 1,5 млн теңгеге кент ішіндегі
саябаққа тротуар жолы, жарықтандыру мен абаттандыру жұмыстары
жүргізілді. Кент азаматтарының Елбасымыздың «Туған жерге тарту»
деген бастамасымен орталық алаң сәулеттендіріліп, онда «Тәуелсіздік
қыраны», Ұлы Отан соғысының боздақтары мен ардагерлеріне ескерткіш,
кенттің кіре беріс қақпасы (арка) барлығы 10 млн теңге жобасында
әлеуметтік-демеушілік қаржысына орнатылды. Осыған қоса кент
мұражайын ашу ұйымдастырылуда. Кент әкімі аппаратының көп жылғы сұраныс ізденістері арқасында
«Шұбаркөл» көмір кеніші арқылы кенттегі 329 үйге тегін 9 тоннадан көмір түсіріліп берілді.
Кентте кәсіпкерлікті дамыту барысында жұмыстар атқарылып, 22 адамнан тұратын ауылшаруашылығы мал
бордақылау кооперативі құрылды, әр түрлі бағыттағы 4 сауда орны дүкен ашылды, ең бастысы кентімізде
бұрын болмаған наубайхана салынып, халықты ыстық нан және кондитерлік тағамдармен қамтамасыз етуде.
2018 жылы облыс әкімінің қолдауымен Сарысу өзенінен өтетін өткел – көпір (мост) салуға жобалау сметалық
жұмыстарын жүргізу үшін 30 млн теңге жобасында қаржы бөлінді. Мәдениет үйі, балабақша ғимаратын жылытатын жылу қазандығын салу үшін 7 млн теңге жобасында қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын жылу
науқаны аяқталысымен бастау жоспарлануда. Бұл бүгінгі күнгі 25 орындық балабақшаны 45-50 орындық
балабақша жасауға мүмкіндік береді.
Кент тұрғындарының әлеуметтік жағдайын шешудегі басты мәселелердің бірі кенттегі фельдшерлік–акушерлік
бөлімшені отбасылық дәрігерлік амбулаторияға айналдыру. Кент тұрғындары малының жайылымы үшін жер
мәселесін шешу. Кент ішілік тас жолдың бір шақырымы жөнделген. Дегенмен ұзындығы 2,5 шақырым тас
жолмен көлік жүру мүмкін емес. Көшені жарықтандыру жұмысын аяқтау өз кезегін күтуде. Бұдан бөлек көшкін
құмды тоқтату мақсатында кент сыртынан 20–30га жерге тал отырғызу аса қажетті шара. Тұрғындарда аулаларына тал отырғызумен айналысса құм боранға сәл де болса сеп болар еді. Кент тұрғындарында – 2469 бас
жылқы, 1294 бас ірі қара, 2602 бас қой –ешкімен 770 тауық бар. Ірі қараның бойдақ малы бөлініп, жайлауда
жеке бағылады. Жылқы малының негізгі бөлігі күз айларынан бастап табынға өткізіледі. 3 адам өз ісін ашты.
Бір азамат өз ісін ашуға әлеуметтік көмек алды. Ағымдағы жылы екі әмбебап дүкен, шағын кафе, көпшілік
монша ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. «КазМұнайГаз» жанармай станциясы жанынан салынып
жатқан қонақ үй мен дәмхана құрылыс жұмысы ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында аяқталып, іске
қосылады. «Өрлеу» бағдарламасы бағыттары бойынша жеңілдіктерді пайдалануға сегіз өтініш түсіп, бір адам
осы бағдарлама бойынша өз ісін ашуға 245 мың теңге қаржы алды. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,
қысқы жылу беру маусымына жүргізілген дайындық барысында ФАП үйінің шағын қазандығы ауыстырылды,
мектептің ақаулы қазандығы жаңартылды, мәдениет үйі қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Кент ішілік төменгі кернеулі электр желілері мен ток таратушы ТП-ларға ағымдағы жөндеу жұмыстары
жүргізілді. Қыс мезгілінде кіреберіс жолды тазалап, ұстап тұруға 350 мың теңге қаржы аудандық бюджеттен
бөлінді. Кент бойынша «Тәуелсіздік» саябағына 60 қарағай және 600 түп басқа ағаш түрлері отырғызылды.
Келешекте «Су бұрқақ» салу жоспарлануда. Бұқаралық спортты дамыту бойынша волейбол, шахмат–дойбы,
кір тасын көтеру мен қол күресі т.б. спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Мектеп спорт залында қыс
айларында әртүрлі спорт ойындары мен айналысуға жағдай жасалған. Ағымдағы жылы ұлттық спорт
түрлерімен аудандық көлемдегі жарыс ұйымдастыру жоспарланып отыр. 2016 – 2019 жылдарға арналған кешенді даму жоспары бекітілген және осы жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде.
5
13 қаңтар 2018 жыл
БылтыР БелестеРді БағыНдыРдыҚ,
айнабұлақ ауылдық округінің әкімі
Ж. адикамов:
Ауылдық округтің жалпы халық саны - 310 адам,
жер көлемі-131420 га, тұрғын үй саны-61, шаруа
қожалықтарының саны-25. Ауылдық округтің негізгі жұмыс бағыты-егін және мал шаруашылығы.
2017 жылға бюджеттен бөлінген қаражат көлемі 9
млн 446 мың теңгені құрады, ол қаражат
толығымен игерілді. Жергілікті өзін-өзі басқару
шоты бойынша 2017 жылы-1млн 71 мың теңге
қарастырылған. Жұмсалғаны-425 мың 65 теңге.
Өткен жылғы кездесуде тұрғындардан келіп
түскен мәселелер бойынша 3-ші трансформатор
орнатылуы керек болатын, бірақ әкелген трансформаторды белгісіз себептермен ауданға қайта алып
кетіп, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Ауыл
шаруашылық саласы бойынша ірі қара – 2147 бас,
қой- 6856 бас, жылқы- 1865 бас. Өндірілген өнім
572 млн теңгені құрайды. Былтырғымен салыстырғанда 0,3 % өсті. 2017 жылы асылдандыру жұмысына 30 бас қазақи ақбас асыл тұқымды бұқа, 20 бас асыл тұқымды
қошқар, бір шөпті жинап, қысатын (пресс) сатып алынды. Мал басын бірдейлендіру
2017 жылға барлық мал түрлерінен жалпы жоспар бойынша орындалды. 2017 жылы
мал өлексесін тастайтын мал қорымын ағымдық жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 230 мың теңге бөлініп игерілді. 2017 жылдың екінші жарты жылдығында
басталған мал сою аланың 2018 жылы аяқтаймыз деп отырмыз. Ауылдық округте 2018
жылға кооператив құру жоспарлануда. 2017 жылдың 12 айында 8 адам жұмыссыз ретінде тіркелген болатын соның біреуі тұрақты жұмысқа орналасты. 2 адам өз кәсібін
ашу үшін «Даму» бағдарламасы бойынша 3 апталық оқуын оқыды. «Нәтижелі
жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға
арналған» бағдарламасы бағыттары бойынша 2018 жылға орталық көшені толығымен
жарықтандыру жоспарда. Ауыз су мәселесі бойынша ауыл тұрғындарының қолданып
отырған жалғыз скважинасы бар, оның өзі санитарлық талаптарға сай емес. «Ақ бұлақ»
бағдарламасы бойынша жобаның сметалық құжаттарын дайындауға 2018 жылға бюджеттен Айнабұлақ және Ақтүбек ауылдарына 4 млн теңге қаржы бөлінді. Су құбырын
тарту жұмыстары 2019 жылы жүргізіледі. Ауылда ұялы байланыстын жоқтығы әлі де
шешімін таппай отыр. Қазіргі таңда бір ұялы байланыс орнату жобаланып отыр.
с.сейфуллин ауылдық округінің әкімі Н.абдиков:
С.Сейфуллин ауылдық округінің негізгі басты бағыты –мал
шаруашылығы. Ауылдық округте -84 шаруа қожалығы тіркеліп, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жұмыс жасап
жатыр. 2017 жылдың 12 айында шартты мал басының саны
өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының саны5954 басқа, қой-ешкі басының саны – 10778 басқа, жылқы
саны-3949 басқа дейін өсті. Ауылдық округі бойынша мал
басын көбейтіп, асылдандыру бағытында 26 шаруа қожалығы
жұмыс істеуде. 2017 жылы біршама шаруа қожалықтары
“Жаңаарқа несиелік серіктестігі“ ЖШС
және
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы
“Жұмыспен қамту-2020“ бағдарламасы аясында ірі қара
малының экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында «Іскер»
бағдарламасы бойынша ауылымызда 5 жобамен 5 шаруа
қожалығы («Әнуар» ШҚ, ЖК «Шайжанов», «Құлан өтпес»
ШҚ, «Серіктес» ШҚ, «Бекеш» ШҚ, ) 6 пайызбен несие алып
ірі қара малын сатып алды. Жылқы малын өсіріп асылдандыру үшін 1 шаруа қожалығы (Қарасу) несие алса,
«Қазагроқаржы» акционерлік қоғамы арқылы «Даниял» шаруа қожалығы 1 МТЗ-80 маркалы
тракторын лизинг арқылы алды.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты
мақаласындағы “Туған жер” бағдарламасы аясында ауылдың тумалары, ауылдан көшіп кетсе де,
туған жерлерін ұмытпай қамқорлық жасап, ауыл мен аудан орталығын жалғастырып отырған тас
жолдағы ой шұңқырларды бітеу жұмыстарын жүргізіп игі істер атқарды. Ауылымыз бойынша 2
азық-түлік дүкені 2 монша жұмыс істейді.
Жұмыспен қамту бөліміне 31 адам жұмыссыз ретінде тіркелді. 12-айдың ішінде ақылы қоғамдық жұмысқа 12 адам тартылса, 8– адам тұрақты
жұмысқа тұрды. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 6 отбасына
тағайындалды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға
арналған бағдарламасының І-бағыты бойынша ауылымыздың жұмыссыз 9 адамы от жағушы,
тырнақ әрлеу жұмыстары бойынша 2 айлық курс оқып сертификат алды. «Атамекен» кәсіпкерлік
палатасының «Бастау» бизнес жобасы бойынша кәсіпкерліктің негізін 1 ай тегін оқыту курсына
ауылымыздан -8 адам қатысып, қазіргі таңда төмен несиемен қаражат алуға құжаттарын әзірлеп
өз істерін ашуға дайындық үстінде. 2017 жылға арналған кешенді даму жоспарының орындалысына тоқтала кетсек. “Өнірлерді дамыту” бағдарламасы бойынша биыл ауылымызға 1 млн 80 мың
теңгеге Ынтымақ ауылының Бейбітшілік көшесіне жарық шамдарды орнатуға қаражат бөлініп,
бөлінген қаражат толығымен игерілді.
М.Жұмажанов атындағы ауылдық округтің әкімі д.Бүкірбаев:
Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша жалпы халық саны - 885
адам, тұрғын үй саны – 170, жер көлемі - 145233 га, шаруа қожалық
саны–32. Ауылдық округтің негізгі жұмыс бағыты-мал
шаруашылығы.
2017 жылға бюджеттен 15 млн 546 мың теңге бөлініп, толығымен
игерілді. Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша 1млн. 49 мың
теңге қарастырылған. Жұмсалғаны – 760 мың теңге.
М.Жұмажанов ауылынан Атасу кентіне баратын 3 шақырым тас
жолына, «Елдік» шаруа қожалығының жетекшісі Ғ.Абзалов өз есебінен 30 тонна асфальт алып, ауыл тұрғындарының күшімен,
жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Алдыңғы кездесулерде халықтың айтқан мәселелері екінші трансформаторды орнату, тас жолды жөндеу және ауыз су мәселесі.
Трансформатор орнатылды, жоғарыда айтылғандай жол жөнделді.
Қазіргі таңда елді мекенде ауыл тұрғындарының ауладағы құдықтан
қолданып отырған ауыз су сапасы санитарлық нормаларға сәйкес
келмейтіні белгілі. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жобаның
сметалық құжаттарына түзету жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы
су құбырын тартуға облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасына бюджеттік өтініш беріліп 220
млн. теңге бөлінді. Су құбырларын тарту жұмыстары 2018-2019 жылдары жасалады.
М.Жұмажанов атындағы ауылдық округі әкімінің аппаратында 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру және көлеңкелі
экономикаға қарсы іс-қимылдары жөніндегі жоспар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Ауылдық округтегі төрт түлік саны жылдан-жылға өсіп келеді. 2018 жылдың қаңтарына
шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара-2490 басқа, қой-ешкі-3536 басқа, жылқы- 2852 басқа
жетті. Мал басын бірдейлендіру жоспары толығымен орындалды. Қазіргі уақыт талабына сай ауылымызда шаруа қожалықтарының ірі қара малдарын асылдандыру бағытында асыл тұқымды аталық
бұқаларды сатып алуы жылдан-жылға артып келеді. Бүгінгі таңда ауылдық округтегі шаруа
қожалықтарында барлығы 33 бас асыл тұқымды бұқа, 20 бас асыл тұқымды қошқар бар. «Сыбаға»
бағдарламасы бойынша «Нүридин» шаруа қожалығы және «Айқын» жеке кәсіпкер 40 бас аналық сиыр,
2 асыл тұқымды бұқа алды. Осы бағдарлама бойынша 2017 жылға берілген жоспар 30 бас болатын,
133,3 % орындалды. Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал қаларында өткен жәрмеңкелерде «Жасұлан» ШҚ –
1тонна, «Мақсат» пен «Алтай» шаруа қожалықтары 0,5 тоннадан сиыр мен жылқы еттерін өткізді.
«Бүркіт» шаруа қожалығы «Агроэкспорт» арқылы бордақылау алаңына жалпы тірідей салмағы 2,8 тонна
8 бас ірі қара мал өткізді. Алдағы уақытта мал бордақылау алаңы мен мал сою орнын салу жоспарлануда.
Ауылдық округте соңғы жылдары кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді. Жыл басынан 7 отбасына он
сегіз жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы, 2 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
тағайындалды. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы әлеуметтік жұмыс орнына 2 шаруа
қожалығы 4 адамды уақытша жұмысқа алды.
Ауылдық округ бойынша абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын өткізу
жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді. Атасу кентімен шекараласқан көпірге дейінгі
аралықтағы жолдың бойы кездейсоқ қоқыстардан тазартылып, бағаналар, талдар әктелді. Тұрғын
үйлердің күл-қоқыстарын 2 КаМаз көлігі арқылы 1 рейісін 4000 теңгеден шығару жұмыстары
ұйымдастырылды. Қазіргі кезге дейін елді мекен ішінен 880 тоннаға жуық әр түрлі күл-қоқыстар
шығарылды.
2018 жылы ауылдың орталығынан мәдени іс-шаралар өткізетін жазғы сахна мен жастарға аллея салу
жоспарланып отыр.
Ауылымызда ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, ауылдық жерде спортты дамыту,
ауыл спортшыларының деңгейін жоғарылату, ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында айтулы мерекелерге орай әр түрлі спорттық жарыстар өткізіліп келеді. Маусым айында өткен аудандық спартакиада кезінде ауыл спортшыларына қажетті спорттық киімдер жергілікті өзін-өзі басқару шотының
қаражатына алынды.
Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2017 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бағытында
21 өтініш түскен болатын. Барлық өтініштер бойынша іс-шаралар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Түгіскен ауылдық округінің әкімі
ө.Н.кенжетаев:
Түгіскен ауылдық округіне қарасты Кенжебай-Самай елді мекеніндегі 287 адаммен
қосқанда ауылдық округте 2149 адам өмір
сүріп жатса, соның 321 адамы тұрақты
жұмыста. Ал 356 адам өзін-өзі қамтушылар
санатына жатады. Жалпы жер көлемі – 373
348 га. Оның ішінде – 17001 га елді мекен
жері, 356 347 га – жайылым жерлері.
Ауылдық округі әкімінің аппаратына берілген 15 млн. теңге толығымен игерілді. 350
мың теңге қар аршуға, 450 мың теңге электр
шамдарына, 2,093 мың теңге көше жарығын
орнатуға,
650
мың
теңге
мектеп
оқушыларын тасуға, 9 млн. 793 мың теңге
жалақыға және басқадай шығындарға
жұмсалды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың
кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану
мақсатында аудандық қазынашылық мекемесінде ашылған есеп шоттағы 1,200
мың теңгенің 300,0 мыңы көше жарығын ұстауға аударылды.
Бүгінгі күннің ең бір маңызды салаларының бірі-ауылшаруашылық саласы.
Біздің ауыл халқының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Округтегі мал басы бірінші шілдеге ірі қара 4343 бас, қой-ешкі -9312 бас және жылқы – 4566 бас құс1400 бас. Ауыл әкімдігінің шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс
жасап, арнайы бағдарламаларды басшылыққа алып, шаруа қожалықтарымыз
«Қазагроқаржы» несие серіктестігінен төменгі пайызды несиеге қол жеткізіп,
субсидия қаржысын толықтай алды. Ең бастысы олар нарық талабына сай,
мақсатты жұмыс жасауға бет бұрды. Қолда бар малдарға дәрігерлік, аурудың
алдын алу шаралары, бірдейлендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді.
Өткен жылы ірі қара малдан 170 бас бурцуллез шығып, ол малдар Сабынды
ауылындағы ет өңдеу кәсіпорнына тірідей тапсырылды. Ауылшаруашылық саласы бойынша биылғы жыл округ үшін табысты жыл болды. Ауылдық округте
«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2 тұрғын несие алып,
тиісінше ірі қара және жылқы сатып алып, мал өсіруде. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Ақылбек-Айыртау» шаруа қожалығы өз қаржысы есебінен
қазақтың асыл тұқымды 46 тайыншасын сатып алды. Ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды.Онда бір дәрігер, 5 медбибі еңбек етеді. Ана мен бала
өлімі жоқ. 2017 жылы жаңа туған бала саны-38. Ауыл мәдени-сауық орталығы
халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде. Мәдени шаралар іс жоспар бойынша өз
деңгейінде өтіп тұрады. Жыл бойындағы атаулы мерекелерде мәдени және
спорттық шаралар қазақ күресінен "Жас барыс", футбол, теннистен жарыстар
ұйымдастырылды. Жерлесіміз спорт шебері Нариман Тұтқышев атындағы турнир өте тартысты, қызықты өтті. Ауыл жастарының жазғы ХХХV аудандық спартакиадасы біраз жылдан бері бірінші рет ауылда өтіп, ауыл спортшылары жүлделі
үшінші орын алды. Шағын және орта бизнес саласында біршама жұмыстар
атқарылды. 2017 жылы шағын бизнес субьектілері 42 болса, ал биылғы жылы
66 болып көбейген. Барлық кәсіпкерлік субьектілердің 52 шаруа қожалықтары
14-і жеке кәсіпкер, оның ішінде 1 монша, 4 асхана, 2 мал сою алаңы, 7 кәсіпкер
саудамен айналысады. Өткен 2017 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2,093 мың теңге бөлініп, Б.Аймұқанов атындағы көшеге құм төселіп
жолды тегістеп, жол үстіне қиыршық тас төселіп, жөнделді.
Жылдың соңғы күндері ауылда 50 балаға арналған «Еркетай» балалар
бақшасына 9 млн. теңге бөлініп, есік терезелерімен, шатыры толықтай айырбасталды.
13 қаңтар 2018 жыл
6
алаР асулаР алда
атасу кентінің әкімі Р.Түсіпов:
2017 жылы Атасу кент әкімінің аппараты өз жұмысын
бекітілген іс – шаралар жоспарына, кенттің әлеуметтік–
экономикалық даму бағдарламасына және кенттің
сәулеттендіру, абаттандыру, санитарлық тазалық және
көгалдандыру жоспарына сәйкес ұйымдастырды. Жыл
бойында кент әкімі аппараты қызметкерлері мен кент
әкімі тұрғындармен 88 тұрғындар жиынын өткізіп,
оларда кенттің күнделікті өміріне қатысты мәселелерді
талқылап, қабылданған шешімдерді орындау бағытында
тиісті іс- шаралар ұйымдастырды. Атасу кентінің дамыту жұмыстары бойынша үстіміздегі жылы аудандық
бюджеттен барлығы 19499,0 мың теңге бөлініп, игерілді.
Бұл қаржының 252,0 мың теңгесі үнемделіп бюджетке
қайтарылды. Атасу
кентінің
өзін-өзі басқару
органының қаржы бақылау шотынан жоспар бойынша
46044,0 мың теңге бөлінді. Көше жарығын күтіп ұстауға,
жөндеу жаңадан жарықтандыру жұмыстарына, ішкі жолдарды дамыту жұмыстарына, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына, елді мекеннің
санитарлық ахуалын қамтамасыз ету жұмыстарына жоспарланып, мемлекеттік сатып алу
конкурстары бойынша игерілді. Жыл басынан бері 250 жарықшам диодтық электр қуатын
үнемдегіш шамдарға айырбасталды. «Мәңгілік ел», «Тәуелсіздік» аллеяларында, ішкі жол
айналымында, Жезқазған қаласынан кіретін жол бойындағы электр жүйелері мен
жарықшамдары айырбасталды. Жамбыл, К.Әбжанов көшелерінің бас жағына жарық желісі
тартылып, 40 жарықшам орнатылды. Ішкі жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына жыл бойында
атқарылды. Кенттің барлық асфальт төселген көшелерінде шұңқыр жөндеу жұмыстары
атқарылды. Ағаш пен гүл көшеттері сатып алынып, отырғызылып, көкжелекті суару
жұмыстары атқарылды. Ақпараттық- идеологиялық безендіру жұмыстары толығымен орындалды. Христиан бейіті қоршалып, ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру үшін аран мен
раскол салынды. Сарытоқа көшесінің Ж.Дүйсенов орамымен қиылысындағы алаңға, Нияз
батыр және Садуақасов көшелеріне балалар алаңы салынды. Сыртқы тұрмыстық қалдықтар
полигонын күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді. Көктемгі қар еруге байланысты Нияз батыр,
Пушкин, Парковая, көшелерінің бөліктеріне тас төгілді. Осы мердігердің көмегімен аталған
көшелерге қосымша Транспорт орамында екі жерге, Садықбеков пен Атасу көшесіне кіретін
жолдарға, Абай көшесіндегі «Ертөстік» балабақшасының автотұрағына, Байдалы би, Дружба,
Б.Майлин көшесіндегі жекелеген көше бөліктеріна тас төгіліп тегістеу жұмыстары жүргізілді.
Тәуелсіздік даңғылы мен А.Сейдімбек көшелерін қосатын автокөлік жолын орта жөндеу
жұмыстары, А.Сейдімбеков көшесі, №57 үйде орналасқан
аулалық спорт клубы
бөлмелерін
ағымдық жөндеу жұмыстары спорт инвентарлары алынды. Аудандық,
облыстық спартакиадаға қатысатын спорттың 17 түрі
бойынша командаларды
ұйымдастыруға, қоқыс полигонына баратын жолды жөндеуге, Атасу, Шоң Телғозыұлы,
Парковая, Пушкина, Нияз батыр көшелеріндегі автожолдарды автогрейдермен тегістеу
жұмыстарына, кент көшелерінде орналасқан бейнебақылау камераларын жөндеу және күтіп
ұстауға қаржы бөлініп игерілді. Орталық көшелердегі сынған, мүжілген бордюрлер айырбасталып, С.Сейфуллин даңғылындағы «Әлия» супермаркеті мен К.Әбжанов көшесімен
қиылысқа дейінгі аралықта қосымша брусчатка салынып, сынған декоративтік қоршаулар
жасалынды. Ағаштардың бұтақтарын кесіп, кузеуге, кенттің солтүстігі мен шығыс шетіндегі орын алған заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары жүргізілді. Сарысу, Лесхозная
көшелеріндегі жаңадан салынған тұрғын үйлерге электр жүйесін тарту, трансформатор мен
КТП, бағаналар орнатылып, электр жүйесі тартылды. Трансформатор мен КТП Жамбыл
көшесіндегі агроколледждің жанына орнатылды. 2017 жылы нақты бөлшек сауда айналымы
– 1146,4 млн.тенге құрады, Кәсіпкерлікті дамыту бағытында кентте бірқатар шаралар қолға
алынып, бүгінгі таңда барлығы 194 кіші кәсіпкерлік кешені тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Атасу кентінің бас жоспарына сәйкес бизнес объектілерін салуға 2017 жылы 18 қыркүйекте
сауда-саттық арқылы (аукцион) ұйымдастырылып, 26 жер телімі қойылып, аукцион арқылы
ол 13 жеке кәсіпкерлерге сатылды. 2017 жылы жаңадан 11 кәсіпкерлік нысандар ашылды.
Биылғы жылы іске қосылған кәсіпкерлік нысандарды әрі қарай дамыту, қызмет көрсету
көлемін ұлғайту мақсатында 8 жеке кәсіпкерге қосымша жер телімдері берілді.Аталған
жұмыстардың барлығы кент тұрғындарының сұраныстары мен аудандық әкімшілік пен
мәслихаттың тапсырмаларына сәйкес жоспарға кіргізіліп атқарылуда.
“Жаңаарқа” газетіне 80 жыл
« леНиНдік Жолда» өткеН ЖолдаРдаН
ӘР ЖылдаРдағы өзгеРістеР
өміртай Жақыпов,
сссР Журналистер Одағының мүшесі,
«Жаңаарқа» газеті 5-мамыр 1988 жыл
Бүгінде 50 жасқа толып отырған аудандық газетіміз 1953 жылғы 1-қарашаға дейін қазақ тілінде ғана екі бет болып шығып келді. Онда редакцияның штатында жауапты редактор мен
жауапты хатшы ғана болатын. 1-қарашадан бастап екі тілде: орыс, қазақ тілдерінде сол екі
бет күйінде шыға берді. Бірақта, негізгі газет орыс тілінде болып, материалдардың барлығы
сол тілде дайындалды. Содан соң барып қазақшаға аударылатын. Бұл
кезде редакцияның штаты аз да болса өзгерді. Редактор мен жауапты
хатшы орысша газетте, ал бір редактордың орынбасары мен аудармашы – әдеби қызметкер қазақша газетте істеді. Газет осы штатпен
үш жыл бойына шығып келді де, 1956 жылдың 1-қарашада тағы да
өзгеріс жасалды. Және бұл жолғы өзгеріс елеулі болды. Екі газет те
содан бастап, аптасына екі реттен төрт бет болып шығуға көшті.
Осыған орай редакцияның штатыда өсті. Негізгі деп аталатын орысша
газетте редактор, жауапты хатшы және төрт бөлім құрылды. Бұл
бөлімдер: партия тұрмысы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп-транспорт,
еңбекші хаттары бөлімдері еді. Әрбір бөлімде меңгеруші және әдеби
қызметкер істеді. Ал, аударма деп саналатын қазақша газетте
редактордың орынбасары мен екі аудармашы-әдеби қызметкер ғана болатын. Еліміздегі алпысыншы жылдардың басындағы елеулі
өзгерістерге байланысты аудандық газеттердің құрылымында да тиісті
өзгерістер жасалды. Бұрын аудандық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары аудандық
Советінің органы болып келсе, 1962 жылдың 1-мамырынан бастап Қарағанды облыстық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары облыстық Советінің Жаңаарқа өндірістіктерриториялық басқармасындағы ауданаралық газеті деп аталды. Бұл басқармаға қазіргі Шет
ауданы да қарады. Ауданаралық газеттің аты «Жаңаарқа» болып өзгерді. Тағы да бір өзгеріс:
енді газет материалдары негізінен қазақ тілінде даярланып, орысшаға аударылатын болды.
Негізгі газет қазақша болады да, орысша газет аударма болып қалды. Міне, содан бері 26 жыл
бойына газет аптасына үш реттен осылайша шығып келеді. Ал, редакция штатында, газеттің
қаламақы мөлшерінде, әр жылдарда әрқилы өзгерістер болып тұрды. Қайсы біреулер
ойлағандай газет шығару оңай іс емес. Ол ең алдымен үлкен жауапкершілікті, еңбекқорлықты,
ізденімпаздықты, білімпаздықты талап етеді. Сонда ғана газет сауатты да сапалы шықпақ.
Бірақ, аудандық газеттердің қайсысында болмасын ұзақ жылдар бойына жоғары білімді өз
мамандары болмады. Болса да жеткіліксіз болып келді. Университеттерден журналистік
мамандық алғандар аудандық газеттерге келмей, көбіне қалалық жерлерде қалды. Сондықтан
болар, аудандық газеттерде көп жылдар бойына осы жұмысқа машықтанған практиктер істеп
келді. Рас, Алматыдағы партия мектебінің газет бөлімін бітіргендер болды. Олардың өзі де
санаулы еді. Бұлардың бірен-сараны ғана елуінші жылдардан бастап газетте қызмет істеді.
Енді Жаңаарқа жерінде туып өскендерден жоғары білімді маман журналистер болды ма соған
келейік. Жаңаарқалық дипломды бірінші журналист Кәржан Дәукенов отызыншы жылдардың
аяғында Алматыдағы қазақстан коммунистік журналистика институтын бітірген. Ол Алматыда біраз қызмет еткен соң «Советтік Қарағанды» газетінде істеп жүрген кезінде өзіне берілген әскерге алынбайды деген «броньды» алғызып тастап, Ұлы Отан соғысына аттанды.
1943 жылы майданда қаза тапты. Сонымен қатар ол кезінде жазушы да болған. Сондықтан
да болар қазір Алматыдағы Қазақстан жазушылар Одағының үйіндегі ақ мраморлы мемориал
тақтада майданнан оралмаған жазушылармен қатар оның да есімі алтындалған әріппен жазулы тұр. Кәржан Дәукенов туралы 1975 жылдары осы аудандық, Қарағанды және Жезқазған
облыстық газеттерінде, ал өткен жылы 8-мамырда «Қазақ әдебиеті» газетінде мақалалар
жариялаған едім. Бұдан соң елуінші жылдардан бастап санағанда. Қазақтың С.М.Киров
атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (алғашқы құрылған жылдары филология факультетінің бөлімі атанған) 8 адам өзінде (күндізгі бөлім) оқып бітірген
екен. Бұлардың алғашқы үшеуі: марқұмдар Сейфолла Оспанов, Сара Ахметжанова, Жақан
Смақовтар оқу бітіргендерімен аудандық газетке келген жоқ. С.Оспанов Алматыда Қазақтың
мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор болып біраз жылдар істеген соң, «Социалистік Қазақстанның» Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі, кейінде өмірінің соңына
дейін Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакторының орынбасары, редактор болып істеді. С.Ахметжанова халық ағарту саласынан қол үзген емес. Ал, Жақан Смақов
Алматыдағы газет-журналдар мен телевизия редакцияларында қызмет етіп, балалар ақыны
болып, Жазушылар Одағының мүшелігіне өтті. Бұдан соң университетті 1958 жылы бітірген
осы жолдардың авторы туралы газеттің өткен №52 санында айтылды. 1967 жылы аталмыш
оқу орынын бітірген Ақселеу Сейдімбеков «Лениншіл жас», «Орталық Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде істеп, соңғы жылдары «Білім және еңбек» журналының редакторы болса, қазір Қазақ Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы
әдебиет пен өнер институтында қызмет жасауда. Осыдан соңғы оншақты
жылғы үзілістен соң, яғни жетпісінші жылдардың соңы мен сексенінші
жылдардың басында жоғарыдағы оқу орнын тағы да үш адам бітіріп, журналистік диплом алды. Олар Қайролла Аманов, Бақыт Шырынбеков, Бағдат Рахымжановалар еді. Соңғы екеуі басқа жақтарға жұмысқа кетті де, Қ.Аманов
қана «Жаңаарқа» газетінің редакциясында алты жылдан бері жауапты секретарь болып істеп келеді. Осылармен қатар ауданымыздан әр жылдары
жоғарыдағы аталған оқу орынын сырттай оқып бітіргендер де бар. Солардың
алғашқысы ақын Сайлаухан Нәкенов, Амандық Рахов әр жылдарда аудандық
газетте қаламдарын ұштаса, бүгінде екеуі де облыстық газетте жауапты
қызметтерде. Біраз жылдар мәдениет мекемелерінде болған Ұзақбай
Мұқышев диплом алғаннан бері жиырма жыл бойы «Жаңаарқада» қызмет
етуде, қазір редактордың орынбасары. 1975 жылы оқуды сырттай бітірген
Хамит Дәрібаев та соңғы кезде редакцияның радиохабар бөлімінде
меңгеруші. Бұлардан соң жетпісінші жылдары сырттай оқып бітірген Әубәкір Ахметбеков
пен Болат Асанов та кезінде осы аудандық газетте қызмет істеген. Бұл газетте ауданымыздан
Алматыдағы партия мектебінің газет бөлімін әр жылдарда бітірген Қыдырбай Бексейітов,
Бұқпа Әшімов, Еркін Аяпбеков, Марал Хасенов әртүрлі жауапты қызметтерде істеді. Газет
жұмысына әр кезеңдерде ат салысқан әдебиетші мұғалімдер Хамит Жаманов пен Еркін Игенберлинді, шаруашылық жұмысынан келген Сағынтай Әбіштерді де атап өткен жөн. Алғашқы
екі ақынның шымыр да ұтқыр өлеңдері газетте сирек жарияланбайтын. Ол екеуі газеттегі
фельетон жанрында да қалам тартқан еді. Жоғарыда аталғандардан басқа осы ауданнан
Москва, Урал университеттерінің журналистика факультеттерін соңғы жылдары бітірген
Бақтыбай Жұмаділдин, Төлеубай Ермекбаев, Сергей Юрьевич Игнатовтар қазір
республикалық газеттерде істеп жүр. Міне, осылардың бәрі де кезінде аудандық газеттерден
тәлім алмады деп әсте айта алмаймыз. Өйткені, жастар түгілі сонау жылдарда егделеу
тартқандар да газетке машықтанғандықтан осы редакцияда қызмет еткен. Мәселен, кезінде
аудандық партия, комсомол комитеттерінде жауапты қызметтерде болған Жаманқұл Шайдаров, Шәмшікен Сапиянов, Әмзе Әбілдинов, Жартыбай Байжұмановтар елуінші жылдардың
соңында редакцияда бөлім меңгерушілері болып істеген. Осы арада орайы келгенде газеттің
өткен санындағы мақалада ұмыт қалған бір жайды айта кеткен жөн. 1954 жылы газет екі
тілде шыққанша баспаханада қазіргідей меңгеруші деген болмайтын, әкімшілік редакцияға
қаратын. Сол жылдардан соң баспаханада меңгеруші болған Хайролла Шөкіжанов,
Мұхамеджан Ахметов, Серік Әрпілов, әріптерушілер Бекмырза Майлыбаев, Диқанбай
Кошмағанбетовтерде газетке хабарлар жазып тұратын. Меңгерушілерде арнайы мамандық
болмайтын. Жетпісінші жылдары болған Мэлс Садуақасов қана полиграфиялық техникумды
сырттай оқып бітірді. Ал, Х.Шөкіжанов Қаражалда Атасу кен байыту комбинатында экономист, Б.Майлыбаев осында мәдениет бөлімінде істеді. Олармен қатар елуінші жылдары
газеттің жұмысшы - село тілшілері мен авторлары да аз болмайтын. Мәселен, қарт тілшілер
Бұралқы Сейтқазин мен Секер Қамболова, В.Елагин мен Т.Шевчук, авторлар Арыстанғали
Балтабаев пен Райымқұл Ысқақов, қазіргі дәрігер Қоңыртай Асанов механизатор Кәшкен
Жаманғарин сияқты газет жанашырлары редакциямен байланысты үзбейтін. Мұғалімдер
Сәбит Бармұхамбетов, Далабай Нүсіпов, Файзулла Сүлейменовтерде газетке сол уақыттардан
бері қатысуда. Осындай лектер әлі де толастаған жоқ. Бұл күндердегі Қантай Жүсіпбеков,
Тоғжан Махамбетова, Бағила Ысқақова және басқа да автор –тілшілердің қатары көбейе
түсуде. Өйткені, әрбір редакция газеттің автор-тілшілеріне сүйенеді.
Өзінің жарты ғасырлығын мерекелеп отырған коллектив қаламгерлері алда тұрған міндеттерді жаңа талаптарға сай орындап шығатын болады.
7
БомБаРдиРовка люБовью
как экстРемисты и сектаНты
замаНивают в свои Ряды Новых
стоРоННиков
Недавно в Караганде полицейские задержали шестерых молодых мужчин, которых подозревают в создании ячейки запрещенной на территории Казахстана организации «Таблиги Джамаат» и вербовке в нее
новых сторонников. У всех обнаружили и изъяли литературу религиозного толка, флэш-карты, оргтехнику. Очередной тревожный сигнал: радикалы рядом с нами и вовлекают в свои сети новых адептов. И
сейчас каждому уже просто необходимо знать, как уберечь от попадания в экстремистскую либо сектантскую среду себя и своих близких.
Самая уязвимая перед деструктивными течениями часть общества – молодежь. Именно ей больше всего
уделяют внимание вербовщики.
- Вербовщиками становятся специально обученные, прошедшие определенную подготовку и умеющие
убеждать других люди, - рассказывает директор центра социально-психологической и правовой помощи
«Виктории» Виктория Артемьева. – Они могут очень легко втереться в доверие. Первые контакты с
ними могут произойти где угодно, но зачастую они действуют через социальные сети. Знакомство плавно
перетекает в реальное общение, а затем очень быстро происходит вовлечение в нетрадиционную религиозную структуру.
Впрочем, риску оказаться в какой-нибудь подпольной ячейке подвержены не только зеленые юнцы. В
ряды потенциальных экстремистов так же могут быть втянуты малообразованные, имеющие низкий достаток и социальный статус граждане. Либо люди, находящиеся в состоянии психологической уязвимости: после потери работы, расставания с любимым человеком, сильного душевного потрясения. Их
сознанием нетрудно манипулировать. На первых порах их попросту «бомбардируют» любовью, вниманием и заботой. Могут оказать материальную поддержку. Жертва на это легко «покупается» и покорно
вливается в нетрадиционную религиозную организацию. Притом вытащить попавшего туда человека
бывает крайне трудно. Поскольку он искренне полагает, что будто бы попал в замечательное окружение
и обрел то, чего ему ранее не хватало.
- И это действительно страшно, - отмечает Виктория Артемьева. – Пока шли боевые действия в Сирии,
туда уехали воевать около трехсот наших сограждан...
К сожалению, родные и друзья не сразу замечают возникновение подобного рода проблем у близкого
человека. Поначалу даже радуются некоторым позитивным изменениям в его поведении. К примеру,
тот может бросить курить и употреблять спиртные напитки, перестать посещать увеселительные заведения, начать заниматься какими-то делами. Между тем, он постепенно погружается в новое для себя
мировоззрение, а затем скатывается к негативным проявлениям: агрессии, отказу от традиций, изменению круга общения, отвержению отношений с родителями, отказу прислушиваться к старшим.
- При этом нельзя сказать, что жертвой стал только попавший в деструктивную сферу человек, потому
что начинает страдать вся его семья, - говорит Виктория Артемьева. – И в таких ситуациях не следует
думать, что все само по себе образуется.
Нет также необходимости самостоятельно разбираться в конфликтах – они, как правило, в подобных
случаях только усугубляются. Поэтому лучше как можно быстрее обратиться за помощью к специалистам и психологам. Стоит отметить, что ни один представитель традиционных религий не будет настойчиво навязывать свои взгляды другим людям. Напротив, они терпеливо ждут, когда человек почувствует
духовную потребность и придет в мечеть или храм по собственной воле. А вот адепты нетрадиционных
течений всегда проявляют активность при вовлечении в свою организацию новых приверженцев, в надежде склонить их к деструктивной деятельности или с целью получения материальных благ.
как не стать жертвой: 1. Не доверяйте людям, которые хотят улучшить вашу жизнь. Нормальные люди
не навязывают свою помощь. 2. Когда вы сталкиваетесь с чем-то новым и незнакомым, сначала обратите
внимание на негативные аспекты. 3. Когда вы сталкиваетесь с кем-либо, кто начинает говорить с вами
на нежелательную для вас тему, не пытайтесь глубоко вникнуть в суть сказанного и не пытайтесь спорить. Будьте апатичными и саркастичными. 4. Не стесняйтесь отказывать собеседнику и не чувствуйте
себя виноватым за отказ. 5. Избегайте всего, связанного со спиритическими учениями! Опасно!
6. Если вас постоянно домогаются, вызывайте полицию, не задумываясь. Пусть она решает, правильно
это или нет. 7. Не пытайтесь создать свою собственную реальность. Психологи считают: вам кажется,
что вы можете это сделать, но на самом деле вам этого не дано.
если Вы заметили...
…что близкий Вам человек в результате посещения религиозного объединения резко изменил прежнюю
систему ценностей, и это привело его к физическому, психологическому, нервному истощению (уход из
семьи, оставление учебы, отказ от работы, гражданских и общественных обязанностей) незамедлительно
обращайтесь за помощью!
контакты Центра «ВИкТОРИЯ» г. Караганда, ул. Жамбыла 149; оф.19. тел. 8(7212) 92-00-20; email:
2016viktoriya@mail.ru
Будь в курсе
список организаций, запрещенных в республике казахстан
1. «Аль-Каеда», 2. «Алля Аят», 3. «Асбат аль-Ансар», 4. «Аум Синреке» («Алеф»), 5. «Боз гурд», 6.
«Братья мусульмане», 7. «Джамаат моджахедов центральной Азии», 8. «Исламская партия восточного
Туркестана», 9. «Исламское движение Узбекистана»,10. «Курдский народный конгресс», 11. «Лашкари-Тайба», 12. «Общество социальных реформ», 13. «Организация освобождения восточного Туркестана», 14. Движение «Талибан», 15. «Хизб-ат-тахрир-аль-ислами», 16. «Ата жол» («Ак жол», «Ак
орда»), 17. «Солдаты халифата», 18. «Таблиги Джамаат», 19. Талибан, 20. «Сенім. Білім. Өмір» («Вера.
Знание. Жизнь»), 21. «Ат-Такфир ва аль-хиджра», 22. «Исламское государство»
сот залынан
ҚОғаМдыҚ ОРыН ТазалыҚТы ҚаЖеТ еТедІ
Жаңаарқа аудандық сотымен 2017 жылы азамат Б-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің
434 бабы 1 бөлігінің әкімшілік құқық бұзушылық қаулысына сәйкес, азамат Б. 2017 жылы 16 қараша
күні сағат 17-00 шамасында Атасу кенті Абай көшесінің бойында орналасқан «Шанырақ» дәмханасының
жанында қоғамдық орнында қоғамдық тәртіпті бұзып, тұрған жерінде, яғни белгіленбеген орында шемішке қалдықтарын жерге тастап, ортақ пайдалану орның ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.
Сотта Б. өзіне тағылған құқық бұзушылықты толығымен мойындағанымен, сот азамат Б-ны Қазақстан
Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп
танып, 1 (бір) тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады. Қоғамдық орынды таза ұстау әрбір
азаматтың міндеті. Жауапкершілікке тартылуға жол бермей тазалықты қадағалайық!
Қ.алпысова,
Жаңаарқа аудандық сот кеңсесінің бас маманы
көңіл айту
Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихат аппараты еңбек және тыл ардагері Шайхин зайырдың қайтыс
болуына байланысты марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
* * * * *
Ақтүбек ауылының әкім аппараты осы мекеменің маманы Зайыров Жолбарысқа ардақты әкесі
зайырдың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
13 қаңтар 2018 жыл
еске алу
Ақтау ауылының тумасы, әулетіміздің
сүйікті келіні болған, отбасына жылуын
шашақан
аяулы
күні
болған
шаңырағынның шатық жыры болған, сенімді серік, аяулы жар, ардақты ана
Ботагүл Қырғызбайқызы Төлеукелінінен
айрылғалы міне ай толды. Жарқылдап
жайнап,
маңайын
қызық-қуанышқа
бөлейтін аяулы жанның арамыздан алыстауы қабырғамызды қайыстырғанмен
алланың ісіне не шара. Қолдан келер дұға
жасап, жанының
жәннәтта
болып,
топырағының торқа болуын тілеу.
Қас-қағым сәт алыстадың арамыздан тез кеттің,
Өмір өзен ағысыңды басқа арнаға өзгерттің.
Сені қимай жылап жатыр аспан асты жер көгі,
Ықыласына бөленіп ең ағайын мен сен көптің.
Жарық едің шуағыңды маңайыңа төгетін,
Аяулы жан өзің едің, ұл-қызыңды өбетін.
Қызықтаймын деп жүргенде мәңгі ұйқыға кеттің-ау,
Арманыңды үзіп кетті сенің әлі көретін.
сағына еске алушылар: Төлеу әулеті
Марқұмның қайтыс болғанына 40 күн толуына орай “Жаңаарқа” тойханасында 20 қаңтар күні сағат 13.00 де құдайы дәм беріліп құран
бағышталады.
еске алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, әріптесіміз
Жетібаева Ботагүл Қырғызбайқызының
өмірден бақиға аттанғанына 40 күн толып
отыр. Ботагүл Қырғызбайқызы 35 жылдан
астам уақыт аудандық ауруханада қызмет
етіп, өмірінің соңына дейін жұқпалы аурулар
(инфекционное отделение) бөлімшесінде
абыройлы қызмет атқарды. Әріптесіміздің
жарқын бейнесі көз алдымызда мәңгіге
сақталып қала бермек. Алланың жазуына не
шара?! Тіршілікте аналарының көрмеген өмір
қызығын соңында қалған балалары көріп,
өмірлері ұзақ болып, бақытты ғұмыр кешкей
деп тілек білдіреміз.
Біздер сені ұмыта аламыз ба,
Бар болмысың, мінезін санамызда.
Шуақ жүзің жарасып өз бойыңа,
Шаттанып жүруші едің арамызда.
Кеттің-ау, қайта келмес тұраққа,
Сапар шектің шетсіз-шексіз ұзаққа.
Жаратқаннан тілеріміз ендігі,
Жаның мәңгі орын тапсын жұмақта.
сағына еске алушылар: амангелді, Гүлжан, Бақыт, айгүл, Қырмызы,
Нақыжан, Жанна
асҚа шаҚыРу
20-қаңтар күні сағат 13.00-де «Диас» мейрамханасында ардақты азаматымыз
Жақыпов Бақытжан Бақтыбайұлының өмірден өткеніне 1 жыл толуына
орай, құдайы дәм беріліп, құран бағышталады.
асқа шақырушы: Жақыпов Бақытжанның отбасы
для ПотРеБителей
электРической эНеРгии
Сумма задолженности ТОО «Казэнергоцентр» за оказанные услуги по передаче
и/или распределению электрической энергии перед ТОО «Сакен и компания» по
состоянию на 10.01.2018 года (без учета задолженности за декабрь 2017 года) составляет 121 718 525, 54 тенге.
Настоящим уведомлением ставим в известность потребителей электрической
энергии Жанааркинского района, находящихся в договорных отношениях с ТОО
«Казэнергоцентр» о том, что ТОО «Сакен и компания» намерено вводить
ограничения по точкам коммерческого учета, указанным в договоре на передачу
и/или распределение электрической энергии с ТОО «Казэнергоцентр», в целях
не наращивания задолженности до полного ее погашения, начиная с 15.01.2018
года с 10-00 часов до 16-00 часов с увеличением срока ограничения на один час
в последующие рабочие дни.
Потребителям ТОО «Казэнергоцентр» необходимо принять меры по обеспечению
сохранности оборудования и безопасности обслуживающего персонала, а также
уведомить всех своих субабонентов об ограничении.
Также настоящим уведомлением информируем потребителей ТОО «Казэнергоцентр» о том, что действие договора на оказание услуг по передаче и/или распределению электрической энергии будет приостановлено до полного погашения
суммы задолженности на срок до 14.02.2018 года, после чего ТОО «Сакен и компания» будет вынуждено ввести гарантирующего поставщика электрической
энергии на данной территории.
администрация ТОО «сакен и компания»
сеНім телеФоНы
«Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметшілерінің
әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдылықтарды бұзған фактілері жөнінде хабарлау үшін 2-62-64 номерлі
сенім телефоны жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз.
Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі ММ
аРдаҚталғаН аҚыН аға
с үйінші !!!
Ауданымызға аты таныс, Қараағаш елді
мекенінің тұрғыны, кезінде «Жаңаарқа»
газетінде қызмет еткен, әріптесіміз, ақын
аға Болат Асанов «Бейбітшілік әлемі»
Халықаралық Творчествалық бірлестігі
халықтар арасындағы достық пен
ынтымақтастықты
нығайта
отырып,
еліміздің
өркендеуі
жолында
шығармашылық
пен
ең бірлестігі
халықтар арасындағы достық пен
ынтымақтастықты
нығайта
отырып,
еліміздің
өркендеуі
жолында
шығармашылық пен еңбек етіп, балалар
әдебиетіне қосқан үлесі мен руханиятқа
сіңірген еңбегі үшін халықаралық «М.А.
Шолохов» медальімен марапатталды.
Еңбегіңіз жанып, әдебиет әлеміндегі қолтаңбаңыз айқындала түссін. Деніңізге саулық.
Отбасыңызға бақ-береке тілейміз.
« Бейнелі карта» жобасындағы
облыстық семинар –ақтау мектебінде
Заманауи инновациялық технологиялардың қолданылуымен өтетін қазіргі жаңартылған білім
мазмұны оқушылардың білім нәрімен терең сусындап, өзін еркін сезініп, қиялына қанат бітіретін,
шығармашылыққа жетелейтін бағдарлама екенін мойындауымыз қажет. Оқушының білім
алудағы табыстылығы оның жақсы оқуымен шектелмей, өздігінен жан-жақты ізденуімен және
қызығушылығының жоғарылығымен дәлелденеді. Қарағанды облысының Білім беруді
дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Бейнелі карта» жобасын іске асыру мақсатында Ақтау
ЖОББ мектебінде география пәнінен облыстық семинар өткізді. Семинардың ашылуының өзі
ерекше жаңа сипатта өтті. Ұлттық киім киген оқушылар семинарға қатысушыларды қарсы алу
дәстүрімен арнау жыр оқыды. География пәнімен байланыстырып, мектепті таныстыру «Ақтау
өлкесіне саяхат» туристік бағдарламасы бойынша робототехника үйірмесі мүшелерінің «3Д форматты» принтерімен құрастырған ұшақ макетімен іске асып, «Қорған» әуежайына қонды. Әр
бірлестік жетекшісі өз ұйымының мүшелерімен таныстырды. Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Р.Қағанақова өздерін алғашқы білім нәрімен сусындатушы, жемісі толық «Алма
ағашымен» теңеп, әр жемісті бір мұғалім ретінде бейнелеп, жетістіктерін санамалады. Тілдер
бірлестігі жетекшісі А.Ахметова өз бірлестігін кіші жер шары «Глобус» кейпінде көрсетіп,
құрамындағы 6 мұғалімі 6 құрылыққа татитынын жеткізді. Елбасының «Тілдердің үш
тұғырлылығы» бағдарламасын басшылыққа алатынын айта отырып, өз жетістіктерімен таныстырды. Математика, информатика, физика бірлестігі жетекшісі А.Арунова бірлестік тақырыбы
мен мақсатын атай отырып, өз жетістіктерін атап көрсетті. Жаратылыстану бірлестігі жетекшісі
Е.Жарылғапов ұстаздарын Ақтау өлкесінің ең биік нүктелеріне теңей отырып, өлкенің
географиялық "бейнелі картасын" жасап, бірлестік мүшелерінің жетістіктерімен таныстырды.
Спорт және өнер бірлестігі жетекшісі А.Асанов ұстаздары мен оқушыларының жетістіктерін
таныстырса, сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Г.Әлібекова «КІТАП» макеті негізінде
бірлестік жұмыстарына шолу жасады. Екінші, «Дарат» әуежайы «Табиғат мүйісі» оқузертханалық кешеніне биология пәнінің мұғалімі А.Рахимжанова саяхат жасады. «Барлығы бала
үшін» деген ұранды ту еткен бұл кешеннің оқушымен жұмыс жасау іс–тәжірибесі үш бағытта
жүргізіледі. Бірінші оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, қорашаған ортаға
сүйспеншілігін дамыту мақсатында көрме залы ретінде пайдаланылады. Екінші биология, химия
пәндері бойынша оқушылардың ғылыми ізденгіштік қабілеттерін арттыру мақсатында
зертханалық жұмыстарын жүргізеді. Үшінші оқушылардың психологиялық күйзелісінің алдыналу, бос уақытын тиімді пайдалану үшін балықтардың тіршілігін қадағалау, бөлме гүлдерін өсіру,
тазалық сақтау және күту жұмыстары жүргізіледі. Мектеп психологі А.Дүйсенбекова семинар
делегаттарымен «Сәлемдесу», «Алтын балық», «Эмоциялар әлемі», «Тілек ағашы» тренингтерін
ойдағыдай өткізді. Үшінші «Сауғабай» әуежайы -«Мектеп телеарнасы» ІТ алаңының жұмысын
информатика пәні мұғалімі Игіликова Айсұлу көрсетті. Мектеп телеарнасы арнайы ыңғайлы,
ықшам бөлмемен қамтамасыз етіліп, техникалық құралдармен жабдықталған. Семинарға
қатысушылар ІТ алаңының жұмысына ризашылықтарын білдірді. Төртінші, «Айшырақ» әуежайы
- Мектеп мұражайы. Таныстырушы тарих пәнінің мұғалімі Жарылғапов Еркебұлан. Рухани
жаңғыру бағдарламасы негізінде мектеп жанындағы «мектеп мұражайы» оқу-тәрбие кешені
оқушылардың құзіреттілігін арттыруда, шығармашылық жұмыстарға баулуда өз үлесін тигізуде.
Бесінші, «Отаутас» әуежайы -«Жылыжай» оқу-өндірістік кешеніне саяхат. Демеушілердің
көмегімен жасалған көлемі 120 шаршы метрлік жылыжай оқу-тәжірибелік учаскесі ретінде пайдаланылып, биология, дүниетану, еңбек, тілдер, пәндерінде тәжірибелік сабақтар өткізу,
оқушыларға нарықтық заманда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің тиімді жолдарын
меңгертуге септігін тигізуде. Семинардың екінші бөлімінде өткен О.Жұмабеков ат. ЖОББМ
базасындағы ТМ география пәні мұғалімі Беспаева Ләззаттың 6 –сыныпта «Дүниежүзілік мұхит
және оның бөліктері» тақырыбындағы және Сейфуллин ат. ЖОББМ география пәні мұғалімі Шакенов Жанболдың 7-сыныптағы «Мұхит суларының қозғалыстары» тақырыбындағы ашық
сабақтарына семинарға қатысушылар оң бағасын берді. Қорытынды бөлімінде алғашқы бөлімдегі
таныстырулардың іс жүзінде іске асырылуы көрсетілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде өлкетану, ақпараттық мүмкіндіктерді қолданып оқушы дағдысын қалыптастыру үшін
барлық мектеп мұғалімдері «Табиғат мүйісі», «Мұражай», «Жылыжай», «Мектеп телеарнасы ІТ
алаңы» оқу-өндірістік кешендерін оқу-тәрбие үрдісінде қолданады. География пәнімен байланысын көрсету мақсатында география пәнінің мұғалімі Рахметова Секер өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында оқушылар құрастырған роботтың қызықты сұрақтарына семинар
қатысушылары жауап беріп, мектеп телеарнасы арқылы «Өлкетану» электронды оқулығы таныстырылды. Осылайша түйінделген облыстық семинар жоғары дәрежеде өтті. Семинарға келген
қонақтар семинардың ұйымдастырылуына, осындай Отанын, жерін, халқын, тарихын қастерлеп
құрметтейтін елжанды азамат тәрбиелеу мүмкіндігін жасап, классикалық педагогиканың озық
үлгілерін жаңа инновациялық әдістермен толықтырып, оқу үрдісін ізгілендіріп, заман талабына
сай оқушының әлеуметтенуіне, жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар туғызуды қамтамасыз
етудің басы-қасында жүрген азаматтар ретінде Ақтау ауылдық округі әкімі Отарбаев Ахметжан
мен мектеп директоры Арунов Мақсатқа, осы мектептің педагогикалық ұжымына және осындай
жұмыстарға бағыт-бағдар беріп отырған Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Аштаев
пен әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ш. Боранбаеваға, әдіскер Г.Кубееваға алғыстарын білдірді. ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігінде
адаспай жол таба алатын кеме ретінде елестетсек, Ақтау жалпы орта білім беретін мектеп сол
сұранысқа лайықты деп мақтанышпен айта аламыз. Мектеп ұжымы бұл табыстарға тоқмейілсіп,
тоқтап қалмай, әрдайым уақыт талабына сай алға қадам басатынына Жаңаарқа аудандық білім
бөлімі ұжымы атынан толық сенім білдіреміз.
Ш.с. Борамбаева,
Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі
“аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШс басшысы - бас редактор
еРалИНа салТаНаТ аМаНҚызы
МеНШІк ИесІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШс
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИк KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИк KZKОкZKX, кОд 17,
РНН 240400001948, аО “казкоммерцбанк”
ҚұттыҚтаймыз!!!
Ауданымыздың тұрғыны
ардақты әке, аяулы жар, жолдасымыз Жангелді зекенұлын
қаңтар
айының
12-ші
жұлдызында зейнет жасы 63-ке
және құрбымыз, аяулы ана
Бақыт Құсайынқызын 60
жасқа толуымен құттықтаймыз.
Осы қуанышты күні сендерге
дендеріңе саулық, отбасыларына
амандық, шаңырақтарына ырысбереке тілейміз. Дос-жаран,
туған-туыс ортасында әрқашан
мерейлерің үстем, қадір-қасиеттерің зор болсын. Аңсаған армандарыңның асуларына
жетіп, немерелеріңнің шу-күлкісіне, ұл-қыздарыңның қызығына тоймай шаттықтың
бақытты сәттеріне бөлене беріп, әдемі ғұмыр кешуіңе тілектеспіз.
Зымырап жылдар,
Тағы да зырлап жыл өтті.
Ауыртып кейде, қуантып кейде жүректі.
Ұлы мен қызын өсіріп,
Зейнетке шығар кез жетті.
Өткен күннің арта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берсін кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
63-тің құтты болсын белесі.
Игі тілекпен: жолдастары- Ораз-алтын, халипа, Бөкен-айым, Қуат-Мария
ҚұттыҚтаймыз!!!
Үлкендерімізге сүйікті қыз, бауырларына қамқор
әпке, «төл басы» аталған жездемізге адал жар, ұлқыздарына аяулы ана, немерелеріне сүйікті әже бола
білген Шаханова Бәтима сапарқызын 60 жасқа
толған мерейтойымен құттықтаймыз.
Ізгілікті нұрын шашар маңайға,
Адамсыз ғой үлгі болар талайға.
Жақсылықты өзіңізден көп көрген,
Ұмытпайды туған-туыс қалайда!
Әрқашанда нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Бала-шаға қызығына бөленіп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Ізгі тілекпен: Шахан әулеті
ҚұттыҚтаймыз!!!
Отбасының ұйытқысы, балаларына аяулы
ана, құдамызға асыл жар, немерелеріне
сүйікті әже, қадірлі де сыйлы құдағиымыз
Шаханова Бәтима сапарқызын 12қаңтар күні 60 жасқа және ардақты да
құрметті құдамыз, асқар таудай әке,
қамқор
ата
әбдішев
Марат
Түйтебайұлын 10-қаңтар күні 62 жасқа
толған туған күндерімен құттықтаймыз.
Құда-құдағиымызға
дүниедегі бар
жақсылықты, мықты денсаулықты, ұзақ та
бақытты ғұмыр тілейміз. Тілеген арман,
ойлаған мақсаттарыңызға жетіп, талай мерейтойларды еңсеруге жазсын.
Мерейтойдың жалғасы бақыт болсын,
Айнала нұр, ортаға шаттық толсын.
Мерейлі, мейірімді сіздердей жанға,
Алланың несібесі, бағы қонсын.
Денсаулық қуат берсін қартаймайтын,
Шаңыраққа шаттық берсін ортаймайтын.
Әрдайым абыройларыңыз арта берсін,
Жастарыңызға жас қосылсын, біз тойлайтын.
Игі тілекпен: құда-құдағиы- Орал-Венера
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Бәрекелді
Білімді мыңды
жығар...
5-6-қантар күні Қарағанды қаласында Жалпы
білім беретін пәндер бойынша республикалық
олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Нәтижесінде
Ю.А.Гагарин атындағы ЖОББМ 11 сынып
оқушысы Есенбаев Абылай Дарханұлы Қазақстан
тарихы пәнінен ІІ орынға ие болды. Қарағанды
облысының білім басқармасының дипломы, күміс
медаль және 10000 теңгенің сертификатымен марапатталды. Дайындаған мұғалімі Рысбекова Жадыра
Жәнібекқызы. Марапаттарыңыз құтты болсын.
аудандық білім беру бөлімі
газет “арко” Жшс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
офсеттік басылым
индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
таралымы 1639 дана
тапсырыс №2
Автор
zhanzbc
zhanzbc219   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
52
Размер файла
16 881 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа