close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№7 Жанаарка газеті

код для вставки
№7 (9844), 10 ақпан,2018жыл
Жолдауға үн қосамыз
Адами капитал – жаңғыру негізі
Ел дамуына зор серпіліс беретін жыл сайынғы дәстүрлі Президент Жолдауының
мәні биыл қарымды бастамалармен, идеялармен, жауапты тапсырмалармен ерекшеленеді. Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы бағдарламалық құжат
болып табылады.
Жолдаудың жетінші тармағы «Адами капитал – жаңғыру негізі»- деп аталады. Бұл
жерде білім және мәдениетімізді одан әрі дамыту үшін ұлттың әлеуетін арттыру
туралы терең ой қозғалған. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ,
заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар
қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» - делінген Жолдау
мәтінінде.
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында Президент: «Ұлттық салтдәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз – бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Əуезовтың ғұламалығы,
Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері–бұлар біздің рухани
мәдениетіміз» деп ерекше айта кеткен.
Қазіргі ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру – басты талап. Осы мәселеде
таптырмас көмекші құрал – кітап десем қателеспеген болармын.
Кітап – үлкен әлем, ол адамды тәрбиелейді, санасын оятады, дамытады, өзіндік
ойлау қабілетін қалыптастырады. Елбасы Н.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласында руханият пен сана мәселесіне басты назар аударған.
Бұған дәлел – былтырғы оқу жылынан бастап облыстық оқу-әдістемелік
орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру,көркем әдебиетті оқу арқылы жасөспірімдердің рухани және адамгершілік
әлеуетін дамыту мақсатында облыстық «Бір аймақ – бір кітап» акциясы барлық
мектептерде өтуде.
Биылғы жылы акция аясында «Қазақ ертегілері» (2-4 сыныптар), Қ.Қайсенов «Жау
тылындағы бала» повесі ( 5-7 сыныптар), С.Мұқанов «Балуан Шолақ» повесі ( 8-9
сыныптар), Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» романы (10-11 сыныптар) оқуға
ұсынылды. Акция ұраны «Мен оқимын, сен оқисың, Қарағанды жерінің бәрі
оқиды».
Сананың жаңғыруы кітап пен ұлт деген маңызда сана мен ой, даму мен өсу,
өркениет өріне қадам жасау деген түсініктер қажет екенін ұққанда ғана үлкен
дәрежеге жете аламыз. Келешек ұрпаққа кітап таңдауды, кітап оқуды үйретсек, ол
Президентіміздің «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру жолдарының бірі болары
нақты.
Б.Қуанышбекова,
Б.амалбеков атындағы орта мектебі
Аудан әкімі оқу орындары мен
мекемелерді аралады
Жақында аудан әкімі Юржан
Асанұлы Бекқожин аудан
орталығындағы Ғ. Жарылғапов
атындағы аграрлық колледжінде болып, оқу орнының
т
ы
н
ы
с
тіршілігімен
танысты.
Ғазым
Жарылғапов
басқаратын колледжде 24
оқытушы,
9
өндірістік
тәжірибе беретін шеберлер
қызмет етсе, 129 студент түрлі
мамандықтар бойынша білім
алуда.
Мұнда
«Фермер
шаруашылығы», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамассыздандыру», «Автокөліктерге
техникалық қызмет көрсету және пайдалану» сияқты мамандықтар оқытылады.
31-қаңтар күні аудан әкімі
Юржан
Бекқожин
Жезқазған индустриалдыгуманитарлық колледжінің
ауд а н ы м ы з д а ғ ы
бөлімшесіне барып, ондағы
жұмыс барысымен танысты. Оқу орнының директорымен, онда қызмет ететін
ұжыммен және студенттермен тілдесіп, колледждің
тыныс-тіршілігі мен жайкүйі туралы да хабардар
болды.
* * * **
*****
Біз Елбасы Жолдауын қолдаймыз!
Баршамызға белгілі, биыл қаңтар айының 10-ы күні Елбасы, Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
атты Жолдауын жасаған болатын.
Жолдау жайлы еліміздің әрбір төңірегінде жан жақты егжей- тегжейлі насихатталып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындай игі бастамамен қаңтар
айының 17-сі күні Байдалы би ауылдық округінің орталығы Атасу ауылына ауданымыздан бір топ насихат тобы келіп халықпен кездесті. Жұмысшы топты
аудандық Əділет басқармасының басшысы Ə.Қ.Əбдіразақов бастап, топ құрамында
«Нұр Отан» Партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары Ə.Ж.Аманжолов, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті
техникалық тексеру» департаментінің Жаңаарқа аудандық бөлімшесінің басшысы
А.Қ.Құрмашев, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Д.Ж.Аманжолов,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы М.Б.Қанапин,
аудандық ветеринарлық станция басшысының орынбасары Ж.М.Мақажанов,
аудандық әділет басқармасының бас маманы Д.Ж.Батталова келді.
Жиынды ауыл әкімі Жанат Тәжитов ашып, келген қонақтарды ауыл тұрғындарына
таныстырды. Бірінші болып сөз алған Ə.Əбдіразақов Жолдауға тоқталып өтті. Сондай- ақ, ауыл тұрғындардарының өзгеде сауалдарына жауапл берді. Ə.Аманжолов
Жолдау бойынша толықтай баяндама жасады. Одан соң Ж.Мақажанов өзінің саласы бойынша ауыл тұрғындарына біраз ақпараттар берді. Яғни, малдардан қан
алыну, егіліп дауалануы, ірі қара мен ұсақ малдардың сырғалануы, жылқылардың
таңбалануы кезінде бір кісідей ат салысуларын сұрады. Тағы бір қонағымыз
Д.Аманжолов өз кезегінде жерге қатысты пікірін білдіріп, округ бойынша осы күнге
дейін құжаттары толық рәсімделмеген шаруа қожалықтарына хабарлама жасап, сол
шаруа қожалық жетекшілерін алдағы уақытта ауыл әкімшілігімен бірлесіп
құжаттарын рәсімдеп, жерлерін заңдастыруға шақырды.
Жиын соңында ауыл тұрғындары атынан ауылымыздың ақсақалы, зейнеткер
Қалкен Əубәкіров келген қонақтарға алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Тасболат сәтбергенов,
Байдалы би ауылдық округі
Баспасөз хаБарлайды
*****
Бүгін аудан басшысы
Юржан
Бекқожин
аудандық ветеренариялық
станциясында
және
Жаңаарқа
аудандық
қоғамдық
денсаулық
сақтау
басқармасында
болып,
мекемелердің
жағдайымен және жалпы
тыныс-тіршілігімен танысты.
Аудан басшысы
Юржан Бекқожин аудан
орталығындағы саудасаттық орындарын аралап,
олардың
жұмыстарымен танысып, кәсіпкерлермен
кездесті.
Жеке кәсіпкерлер, ерлізайыпты
Батырхан
Дүйсенбаев
пен
Д ә м е т к е н
Майбасованың иелігіндегі кондитерлік цех
пен көтерме сауда орынында, наубайханада
және
2
"Əлия"дүкендерінде болды. Аудан тұрғындарын нанмен, азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған
кәсіпкерлер бұл сауда орындарында барлығы 80 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Аудан әкімінің тағы бір аралаған кәсіпкерлік нысаны аудан орталығындағы "Жандос" көтерме сауда
орыны мен дүкені. Бұл сауда орындарының иесі аудан тұрғыны - Жансұлтан Қасымбеков. Жеке
кәсіпкер бүгінгі күні 57 адамды жұмыспен қамтуда.
аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
10 ақпан 2018 жыл
2
ЖаңаарҚа аудаНы әкімдігіНің Қаулысы
посТаНовлЕНиЕ акимаТа ЖаНааркиНского райоНа
атасу кенті
№06/01
26 қаңтар 2018 жыл
(Қарағанды облысы Әділет Департаментінде нормативтік құқықтық акт 2018
жылдың 06 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу
Тізілімінде №4601 болып тіркелді)
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы №06/01
«мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын
анықтау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарына, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11
желтоқсандағы № 648 бұйрығына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі Қаулы ЕТЕді:
1.Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы №06/01 «Мемлекеттік сатып
алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4140 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017
жылдың 28 ақпанда, «Жаңаарқа» аудандық газетінің №8 (9797) санында 2017 жылы 18
ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда
мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
аудан әкімі
Ю. Бекқожин
пос.атасу
№06/01
от 26 января 2018 года
(нормативный правовой акт зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №4601 от 6 февраля 2018 года в Департаменте
юстиции Карагандинской области
о внесении изменения в постановление акимата
Жанааркинского района от 30 января 2017 года №06/01
«об определении единого организатора государственных закупок»
В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 4 декабря 2015 года
«О государственных закупках», приказа Министра финансов Республики Казахстан от 11
декабря 2015 года №648 «Об утверждении Правил осуществления государственных закупок», акимат Жанааркинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Внести в постановление акимата Жанааркинского района от 30 января 2017 года №06/01
«Об определении единого организатора государственных закупок» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №4140, опубликовано в
Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 28 февраля 2017 года, в районной газете «Жаңаарқа» 18 февраля 2017 года
№8 (9797)) следующее изменение:
приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению
к настоящему постановлению.
2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.
3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней
после дня его первого официального опубликования.
аким района
Ю. Беккожин
Р/с №
Атауы
1. Жұмыстар:
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа құрылыс немесе қолданыстағы нысандарға
1.1. күрделі жөндеуден өткізу және қайта жабдықтау
1.2. Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі, орташа және ой-шұңқырларды жөндеу
1.3. Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын қысқы және жазғы күтіп ұстау
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандар салуға және жаңғыртуға жобалау1.4. сметалық құжаттаманы әзірлеу немесе қолданыстағы жобалау-сметалық құжаттаманы түзету
аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын орташа және күрделі жөндеу кезінде жобалау1.5. сметалық құжаттама әзірлеу немесе қолданыстағы жобалау-сметалық құжаттаманы түзету
1.6. коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, үй-жайларды күрделі, орташа және ағымды жөндеу
1.7. аббаттандыру бойынша жұмыстар
1.8. елді мекендердің даму және құрылыс сызбасын әзірлеу және қайта әзірлеу
2. Қызметтер:
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандар салу және қайта жабдықтау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер
2.1. көрсету
№ п/п
Наименование
1. Работы:
строительство новых, капитальный ремонт и реконструкция имеющихся объектов в рамках бюджетных
1.1. программ развития
1.2. капитальный, средний и ямочный ремонт автомобильных дорог районного значения
1.3. зимнее и летнее содержание автомобильных дорог районного значения
разработка проектно-сметной документации либо корректировка имеющейся проектно-сметной доку1.4. ментации на строительство и реконструкцию объектов в рамках бюджетных программ развития
разработка проектно-сметной документации либо корректировка имеющейся проектно-сметной доку1.5. ментации на капитальный и средний ремонт автомобильных дорог районного значения
капитальный, средний и текущий ремонт зданий, помещений, сооружений, находящихся в коммуналь1.6. ной собственности
1.7. работы по благоустройству
1.8. разработка и корректировка схемы развития застройки населенных пунктов
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы
№ 06/01 қаулысына қосымша
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы
№ 06/01 қаулысына қосымша
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы
жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын орташа және күрделі жөндеу кезінде тапсырыс
2.2. берушінің атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету
мемлекеттік ақпараттық саясатты газеттер мен журналдар арқылы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
жұмысы және жалпы алғанда республиканың, облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық,
2.3. қоғамдық-саяси өмірі туралы ақпараттандыру қызметтерін көрсету
мемлекеттік ақпараттық саясатты телеарна арқылы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жұмысы және
жалпы алғанда республиканың, облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси
2.4. өмірі туралы ақпараттандыру қызметтерін көрсету
2.5. діни экстремизмнің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар қызметің көрсету
приложение к постановлению акимата
Жанааркинского района от 26 января 2018 года №06/01
приложение к постановлению акимата
Жанааркинского района от 30 января 2017 года № 06/01
перечень работ и услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором
2.
Услуги:
2.1. оказание инжиниринговых услуг по ведению технического надзора от имени заказчика при строительоказание инжиниринговых услуг по ведению технического надзора от имени заказчика при проведении
2.2. капитального и среднего ремонта автомобильных дорог районного значения
оказание услуг по проведению государственной информационной политики через газеты и журналы по
освещению деятельности акимата Жанааркинского района и социально-экономической общественно2.3. политической жизни республики, области и района в целом
оказание услуг по проведению государственной информационной политики через телевидение по освещению деятельности акимата Жанааркинского района и социально-экономической общественно-поли2.4. тической жизни республики, области и района в целом
оказание услуги по проведению комплексных мероприятий по профилактике религиозного экстре2.5. мизма
ЖоБа
салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың
бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 546 бабына,
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына
сәйкес аудандық мәслихат ШЕШім ЕТТі:
1. Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы кезекті ХХХІ
сессиясының №31/268 «Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық ставкаларының
мөлшерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне
№8-12-101 болып тіркелген, 2011 жылғы 06 қаңтардағы №3-4 (9430) «Жаңаарқа» газетінде
жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын;
2) Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қазандағы кезектен тыс ХХХІХ
сессиясының №39/343 «Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы
ХХХІ сессиясының №31/268 «Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген салық
ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №8-12-115 болып тіркелген, 2011
жылғы 19 қарашада №49 (9472) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
аудандық мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрағасы аудандық мәслихат хатшысы
к.имантүсіпов
об установлении единых ставок фиксированного
налога на единицу объекта налогообложения
В соответствии со статьей 546 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года «О
налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)», Законом Республики Казахстан от 06 апреля 2016 года «О правовых актах» районный маслихат рЕШил:
1. Установить единые ставки фиксированного налога на единицу объекта налогообложения
согласно приложению.
2. Признать утратившими силу следующие решения:
1) решение ХХХI очередной сессии Жанааркинского районного маслихата от 22 декабря
2010 года №31/268 «Об установлений размеров фиксированных налоговых ставок на единицу объекта налогообложения» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов за №8-12-101, опубликовано в газете «Жаңаарқа» от 10 января
2011 года №3-4 (9430));
2) решение ХХХIХ внеочередной сессии Жанааркинского районного маслихата от 10 октября 2011 года №39/343 «О внесении изменении в решение ХХХІ сессии Жанааркинского
районного маслихата от 22 декабря 2010 года №31/268 «Об установлений размеров фиксированных налоговых ставок на единицу объекта налогообложения» (зарегистрировано в
Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №8-12-115, опубликовано в газете «Жаңаарқа» от 19 ноября 2011 года №49 (9472)).
3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
председатель внеочередной сессии районного маслихата
секретарь районного маслихата
к.имантусупов
приложение к решению
Жанааркинского районного маслихата от __ 2018 года №__/___
2018 жылғы ____________ №__/___
Жаңаарқа аудандық мәслихатының
шешіміне қосымша
Единые ставки фиксированного налога на единицу объекта налогообложения
салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Р/с
№
Салық салу объектісінің атауы
1
2
1. Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз
2. ойын автоматы
3. Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
4. Ойын жолы
5. Карт
6. Бильярд үстелі
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда,
7. уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
Тіркелген салықтың базалық
мөлшерлемелерінің мөлшері
(айлық есептік
көрсеткіштермен)
3
1
1
1
5
2
3
10
проЕкТ
№ п/п
1
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Наименование объекта налогообложения
2
Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с
одним игроком
Игровой автомат без выигрыша, предназначенный для проведения игры с
участием более одного игрока
Персональный компьютер, используемый для проведения игры
Игровая дорожка
Карт
Бильярдный стол
Обменный пункт уполномоченной организации, расположенный в населенном пункте, за исключением городов Астаны и Алматы и специальной
зоны
Размеры базовых ставок
фиксированного налога (в
месячных расчетных показателях)
3
1
1
1
5
2
3
10
3
ГАзеТ АбыРойы – оҚыРмАнымен
Мынау жасампаз
дәуіріміздегі, ұлы
істер, тың бастамалар секілді барлық
и г і л і к т і
оқиғалардың
нақтылы өлшемі де
қатал сыншысы да
уақыт болып табылатыны белгілі. Ендеше осынау әрі
қымбат, әрі жүйрік
зымыран уақыттың
өтіп бара жатқан
әрбір күнінің, айының біздерде қалар салмақ жүгін терең
түсініп, кешеден бүгін, бүгіннен ертең өнімдірек еңбек етіп,
дәйім абырой биігінен көріну – барлық совет адамдарының
саналы салты, сенімді серті деп те айтуға әбден болады.
Өткен жылы ғана 70 жылдық торқалы тойын мерекелеп өткен
Ұлы Октябрь социалистік революциясының даңқты
жеңісінен бастау алып, одан бергі уақытта адам сенгісіз
қарқынмен өсіп, өркендеп келе жатқан совет халқының
асқаралы ұлы мұраттар жолындағы ерекше табыстарының,
түпкілікті сыры да осында болса керек. Əрине, бұл жолда
әрқашан бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеп отырған Лениндік
сүйікті партиямыз еш уақытта қол жеткенге қанағат етпей,
табыстан табысқа, биіктен биікке жете беруге жетелеп,
әрдайым алға асқар асу міндеттер қойып келеді дейтін болсақ
жер шарындағы тұңғыш социалистік мемлекет-советтік
Отанымыздың экономикасын нығайту жолындағы коммунистік партиямыз алға қойып отырған осынау күрделі де
маңызды міндеттерді іс жүзіне асыруда, бейбіт еңбек
майданындағы жұмысшы қауымына саналы тәрбие беруде
және олардың ерен еңбекке, тың табыстарға деген жігерқұлшыныс, ынта-қайратын қалыптастырып, дамытып отыруда партияның сенімді құралы
болып табылатын
баспасөзге де үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Осы тұрғыдан алып қарағанда біздің қоғам өмірінде жалпы
партиялық, халықтық даңғайыр істердің біртұтас құрамдас
бөлігі ретінде советтік баспасөздің төменгі буындарының бірі
болып саналатын аудандық газеттерде күн сайын құлашын
кеңге жайып келе жатқан коммунистік құрылысымызға, совет
адамдарының жасампаздық еңбегіне елеулі өзіндік үлес
қосып келе жатқандығы анық. Себебі, барлық баспасөз
майданының жауынгерлері секілді аудандық газет
қызметкерлері, оның айбынды жұмысшы – село тілшілері,
көптеген авторлар активі – өміріміздің қай саласына, қай
уақытта болмасын етене араласып, соның қуанышына қуат
алып қиындығына қажырлылық танытып ыстық – суығына
көніп, мәңгі бір сапта, бірге жасасып келеді.
Міне шыға бастағанына 50 жыл толып отырған аудандық
«Жаңа Арқа» газетінде Ұлы Октябрь жеңісінен қуат алып,
алдағы жылы 60 жылдығы мерекеленгелі отырған, бүгінде ел
танымастай жайнап, гүлдеген Жаңаарқа ауданымен үзеңгі
қағыстырып тіршілік кешіп, өз оқырмандарын – аудан
еңбеккерлерін социалистік құрылысты нығайтудағы ұлы істерге жұмылдырып, солардың өмірлік дүние танымдарын,
көзқарастарын қалыптастырумен қатар, партия ісіне берілгендікке, Отан ананы, сүюге интернационализм мен
туысқандыққа, патриотизм рухында тәрбиелеуге белсене араласып келеді.
Оның үстіне өздерінің сүйікті «Жаңа Арқа» газетінің жарты
ғасырлық мүшел тойының Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясы қарсаңына тұспа-тұс келуі аудан еңбекшілерінің алдарында тұрған бесжылдық тапсырмаларын абыройымен
орындап шығуына, сөйтіп мақсат-меже биігінен көрінуге
жұмылдырып, ерекше тың талпыныстар, соны серпіндер
беріп отыр.
Əлбетте осынау өткен 50 жыл ішінде «Жаңа Арқа» газетінің
әлеуметтік құрамында да көптеген маңызды тарихи
өзгерістер болып өтті. Өйткені бұл мерзім ішінде бүкіл еліміздегі сияқты аудан көлемінде де жалпыға ортақ білім беру
жүзеге асырылды, ұлттық жұмысшы табы мен техникалық
интеллигенция туып, қалыптасты. Тың көтеруге байланысты
қазақ ауылдары ел танымастай өзгерді. Осы жылдар тізбегінде біздің газетіміз де осынау интернационалдық коллективтермен бірге ғұмыр кешіп, тәрбиеленіп, еңбек етіп және
осындай игілікті істер оның кескін-келбетіне айтарлықтай оң
өзгерістер енгізіп отырды.
Осы орайда бүгінгі Баспасөз күні және аудандық «Жаңа
Арқа» газетінің 50 жылдық мерекесінде аудандық газет редакциясына партиялық жанды басшылық жасап, әр
кезеңдерде аудан журналист кадрларының қаламдарын
ұштап, қалыптасуына өздерінің қомақты үлестерін қоса білген газеттің алғашқы редакторлары Нұрқайдар Тұрғанбаев,
Əбдірахман Нұршин, Жанат Иткариндердің еңбектерін зор
құрмет, мақтаныш сезіммен ауызға ала отырып, бүгінгі таңда
да аудандық газеттің күнделікті жұмысына белсене атсалы-
Жаңа кітап жарық көрді
Сүйінші!
«Жаңаарқа», «Новая степь» аудандық газеттеріне корректор болып журналистік еңбек жолын
бастаған Марал ХАСЕН ағамыз өзінің ғұмыры аяқталған 2016 жылдың тамызына дейін
қолынан қаламы түспеген қаламгер. «Жүрек қанын сия қылған...», «Аудармалар», «Сынын бермес сырлы сөз», «Мазасыз күндер»
және т.б. кітаптардың авторы.
2015 жылы «Нобель сыйлығы
лауреаттары» айдарымен он
төрт
туындыгердің
шығармаларының басын біріктіріп, «І кітап» деп жинақ
шығарған болатын. Ал 2015
жылғы Нобель сыйлығының
лауреаты дерекші-журналист
С. Алексеевичтің «Соғыстың
сұрқы әйелге жат» деген туындысы, қаламгердің ІІ кітапжинағына
жоспарланыпты.
2013 жылғы нобелиат атағын
алған Э.Э. Мунроның «Шатшадымен көлеңкелердің биі»
деген әңгімесін аударып, аяқтауға
үлгермеген екен.
Аудармашы ағамыздың жары Рымбала Смайлова 1990-шы жылдардан бастап «Арко» баспаханасында корректор, аудармашы, редактор ретінде еңбек еткен полиграфия маманы. Жазушы
Марал Хасеннің кітаптарының жарық көруіне ықпал етіп, қолдау көрсетіп әріптесінеүзеңгілесіне айналған. Сондықтан жұбайының үлгермей кеткен еңбегін – Э.Э. Мунроның
әңгімесін, аяғына жеткізе аударып, С. Алексиевичтің «Мырышқа айналған қыршындар» атты,
Ауған соғысының құрбандары туралы сұхбаттардан тұратын шығармасын аударып осы жинаққа
қосып, жарық көруіне атсалысты. Нобель сыйлығының лауреаттарына арналған бұл жинақ,
аудармашы-публицист Марал Хасеннің осы айдармен 2015 жылы жарық көрген бірінші
кітабының жалғасы. Үш шығарма топтастырылған жинақ. 2015 жылы Нобель сыйлығы –
тұңғыш рет журналиске берілді. Бұл нобелиат орыс тілінде жазатын белорус дерекші-журналисі
Светлана Алексиевич. Кәсіби тұрғыда Марал Хасеннің әріптесі С.Алексиевичтің «Соғыстың
сұрқы әйелге жат» деген еңбегінің аудармасы нобелиаттарға арналған жинақтың ІІ кітабын бастап тұр. Бұл шығармада келтірілген деректер кезінде Кеңес Одағы деп аталған алып
мемлекеттің әр отбасын шарпыған сұрқия соғыс отының қайғылы сюжетін тәржімашыға бейтарап отырып аударып шығуға мүмкін болмады, енді ол қазақ оқырмандарын да бей-жай
қалдырмасы анық. Соғыс тақырыбының жантүршігерлік оқиғалары С. Алексиевичтің келесі
шығармасы–«Мырышқа айналған қыршындар». Бұл кезіндегі солақай саясаттың зардабынан
жасөспірім бейкүнә қаншама жігіттер мен қыздарды жалмап кеткен соғыс туралы
психологиялық жанрдағы шығарма, ол тарихи қателікті көз алдыңызға еш бүкпесіз жайып салады. 2013 жылы 82 жасында нобелиат атағын алған Элис Мунроның «Шат-шадыман
көлеңкелердің биі» деген әңгімесі «Қыздар мен әйелдер» деген романның бір тарауы. Ол роман
кейіннен жазушыға айналған кейіпкер туралы жинақ, Канада генерал-губернаторының
сыйлығын да иемденген еді. Новелла жанрының һас шебері авторының шағын еңбегі осы
жинаққа кіріп отыр. Аудармашы Марал Хасен мен жары Рымбала Смайлованың аудармалары
топтастырылғын жаңа кітап өз оқырмандарына жол тартты.
10 ақпан 2018 жыл
сып жүрген СССР Жазушылар одағының мүшесі Асан
Жұмаділдин, СССР Журналистер Одағының мүшелері
Ұзақбай Мұқышев, Өміртай Жақыпов, жас журналистер
Қашқынбай Сейсекеев, Қайролла Аманов, Хамит
Дәрібаевтардың да есімдерін оқырмандар жүрегіндегі ойтолғаныстарды дәл тауып, дөп басып жүрген қазіргі уақыт
талабына сай маңызды корреспонденциялардың авторлары
ретінде атап өтуге болады.
Сол сияқты бүгінгі таңда қайта құрудың шешуші кезеңіндегі
село мәдениетінің халыққа қызмет көрсету салалары, бүгінгі
ауылдың кескін-келбеті тағы да басқа қалың жұртшылық
көңіліндегі тақырыптар турасында қалам тартып, ұзақ жылдардан бері біздің газетпен тығыз шығармашылық байланыс
жасап жүрген жұмысшы- село тілшілеріміз С.Бармұхамбетов,
М.Қаратаев, Б.Ысқақова, Т.Махамбетовалардың атына да
қандай да болсын ілтипат сөз айтуға тұрарлық. Олардың
біздің редакцияға жолдаған өз ауылдарының бүгіні мен
ертеңі жайлы проблемалық мақалалары, ой-пікір
ұсыныстары еңбек адамдарының асқан қажырлылығын
дәріптейтін суреттеме, очерктер, кейбір жағдайларда аяққа
оралғы болатын келеңсіз көріністерді дәл табатын батыл сындары – газет өмірінің күнделікті асыл қазынасына айналып,
редакцияның жоспарлы жұмыстарының жүзеге асырылуына
қомақты өзіндік үлес қосып келе жатқандығы даусыз.
Сондықтан да болса керек газет және оқырман деген атауы
бөлек болса да ұғымы тұтас екі сөзді бір-бірінсіз көзге елестету бүгінде еш мүмкін емес. Газет абыройы оқырманымен
деген астарлы сөздің терең сыры да мүмкін осында жатқан
шығар. Қалай дегенде де оқырман шын пейілімен газет тынысына белсене араласпаған, ой мен ұсыныс, пікірлердің бір
арнаға тоғысуын өрістемеген жағдайда басылым беделі де
төмен. Ендеше күн сайын талай жүрек жарды сырларды бойларына сіңіріп, редакция почтасына келіп түсіп жататын хаттар игі газеттің ең құнды, ең нәрлі азығы екені ақиқат.
Олардың дені шамалы уақыттан кейін ширақ суреттемелер
мен очерктерге, келелі ойларды қозғайтын өзекті мақалаларға
айналып газет бетіне жолдама алып, сол арқылы мыңдаған
оқырман жұртшылықтың жүректеріне жол тауып жатады. Ал
сол хаттардың кейбірі ой байытуға, жаңа тақырыптарды
қозғауға бастап, өзінше ұсыныс – пікір айтады, әр жайлардан
мағлұмат беріп, хабардар етеді, жолға шақырады, сырласады,
толғаныстарға жетелейді.
атымтай оспанов,
5-мамыр 1988 жыл
Жастар - мемлекеттің болашағы
«Мен жастарға сенемін»,- деп Мағжан ақын жырлағандай 9- ақпан жастар саясаты күніне
орай «Болашаққа бірге» атты ауданның белсенді жастарымен аудан әкімі Бекқожин
Юржан Асанұлы кездесу өткізді. Кездесу жиынына аудан әкімінің орынбасары Қанат
Қожықаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Казимов, аудандық жастар ресурстық
орталығының басшысы Мира Сердалинова
және ауданның белсенді жастары қатысты.
Алдымен сөз алған аудан әкімі Юржан
Асанұлы
жастарды
мерекелерімен
құттықтап, пікір алмасуға шақырды. Біздің
ауданда жастар саясатын жүзеге асырып, ол
үшін белсенділік танытып жүрген жастарымыз аудан әкіміне сұрақтар қойып,
ұсыныстарын айтты. Ауданымыздың
келешегінің жарқын болуын жастармен
байланыстырған аудан әкімі қойылған
сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын
назарға алатынын айтты. Жиын соңында
ауданымыздың жігерлі жастарын марапаттады. Олар, аудандық балалар өнер мектебінің
вокал мұғалімі - Кәдірбеков Нұрдәулет Сәрсенбайұлы, С.Сейфуллин атындағы ЖОББМнің мұғалімі - Рахметолла Бақнұр Хайроллақызы, Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ-нің
оқушысы – Бөдеева Тоғжан Маратқызы, аудан әкімінің баспасөз хатшысы – Асамиданова
Индира Төлеуханқызы, Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжінің жастар ісі
жөніндегі комитетінің төрағасы – Қаппасов Асхат Қайратұлы, Б.Амалбеков атындағы
ЖОББМ-нің оқушысы – Ибраева Еңлік Мұратқызы және М.Жұмажанов атындағы
ауылдың мәдениет үйінің меңгерушісі – Шегиров Жангелді Серғазыұлы.
Марапатқа ие болып, жүздері балбұл жайнаған жастар, ерекше ілтипат танытқан аудан
әкіміне алғыстарын айтып, аудан үшін атқарып отырған жұмыстарына сәттілік тіледі.
рахат өмірбекқызы
10 ақпан 2018 жыл
4
меКТеп Кеме –білім Теңіз
Ұлт болашағы ұядан бастау алады
Озық елдің сапында, әлем назары түскен отыз елдің қатарында болу
заман талабы. Осындайда атабабаның айтқан «талаптыға нұр
жауар» деген қанатты сөзі еске
түседі. Талап бар жерде тәртіп пен
нәтиже бар. Талап күшейген
сайын ынталану мен қабілет
қарымға жол ашылмақ.
-Қайтсем соңыма ерген елді,
азаттықты аңсап, егемендіктің
туын бекем ұстаған ұлтымды биіктерге
жеткізіп, алпауыт
мемлекеттердің қатарындағы табысты елге айналдырамын,-деген
Елбасымыздың
әр
жылғы
бағдарламасы өзекті әрі өміршең.
Жолдауда мектеп өміріне, ондағы
ұстаздар қауымының біліктілігі мен білімін жоғарлатуға деген
көзқарас өзгеше. Ұлттың болашаға ұрпақ қолында екенін жақсы білетін Елбасы:- «Ел боламын десең бесігіңді түзе»,- нақылына сай еңбек
етуде. Білікті маман, білімді оқушыны даярлап қана қоймай оны жанжақты тәрбиелейді. Оқушының бойындағы талантты да тап басатын
ұстаздар қауымы. Оның ынтажігерінің қызығушылығына
сәуле
құйып, оятатын да
солар.
Бала- болашақ иесі
болса сол болашақтың жарқын
әрі жемісті болуына дән себетін, оны баптап мәпелейтін
де мұғалімдер.
Ұлтты
тәрбиелеп
жатқан
ұстаздардың еңбегі орасан
екені ақиқат.
Елбасымыздың
биылғы
Жолдауының «Адами капиталжаңғыру негізі»- атты жетінші
бағытында:-Барлық жастағы
азаматтарды қамтитын білім
беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім
беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім
болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс»-деді.
Дамудың даңғыл жолына түскен еліміз үшін білім стандартына көшу,
білікті маман дайындап, оқушыларды жан-жақты оқыту, жаңа
инновациялық жобаларды бағындыру, цифрлық білім беру ресурстарын
дамыту, кең жолақты интернет желісіне қосылу заңдылық. Рухани
жаңғыру бағдарламасының негізінде оқушыларды оқытып, білім нәрімен
сусындатып, олардың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіріп,
ұлттың мүддесін ойлайтын, елін сүйгіш, рухты ұрпақ тәрбиелеу керек.
Табалдырықтан басталатын тағылым ордасы ол мектеп болғандықтан
түрі бөлек болғанмен тілегі бір, қара көз оқушылармен бірге өзге
ұлт өкілдерін оқытып, білім беріп жатқан аудан орталығындағы №132
ЖОББ аралас мектебіне ат басын тіредік.
Мыңнан аса оқушыға білім беріп отырған, 80 жылдық тарихы бар,
талай түлекті қанаттандырып, өмір көгіне қалықтатқан аралас мектепке
енгеннен-ақ мектеп ішінің өзгеше әрленіп, жаңаша түрленгенін бірден
аңғардық. Қоңырауға шыққан, бірдей мектеп формасын киген қалың
бала жамырасып, ана тілімізде амандасып жатыр. Арасынан қазақша
қиналмай сөйлеп
жүрген өзге ұлт
ө к і л д е р і н
көріп:«міне,
егемендіктің жемісі»деймін
өзіме-өзім.
Қарсақбай
өңірінің тумасы,
Ж е з қ а з ғ а н
педагогикалық
институтының
түлегі,
еңбек
жолын
Жәйрем
кентіндегі
№10
мектептен бастап
30 жылға тарта
осы салада жұмыс істеген, бүгінде мектеп директоры қызметін
атқарып отырған, физика-математика пәнінің мұғалімі Махаббат Балабаевамен жолығысып, мектептің жай-күйімен таныстық.
-Қазақ даласындағы ауыр кезеңдердің бірі отызыншы жылдардың
соңына қарай іргесі қаланып, алғаш оқушыларын қабылдап, білім берген мектептің тамыры өткен ғасыр еншісінде. Содан бергі аралықтағы
ұзақ жолда жүрісінен жаңылмай, бала тәрбиесіне атсалысып келе
жатқан мектептің мақтанарлық тұстары жетерлік. Аралас мектеп
болғандықтан бізде өзге ұлттың өкілдері көп. Орыс, неміс, молдаван,
татар, башқұрт, латыш, азербайжан, беларус, өзбек, украин ұлттарының
балалары білім алуда. Мектебіміздегі даярлық тобын қоссақ 1180 бала
тәрбиеленуде. Жалпы 49 сынып бар, оның 18 орыс сыныптары.
Мектептің жүрегі ұстаз болса, сол ұстаздың тілегі оқушыларының білімді тәрбиелі азамат болып қалыптасуы. Ұстаз біткен сапалы білім
мен бірге адами қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіруге атсалысады. Біздің
мектепте 120 ұстаз еңбек етеді. Олардың арасында жоғарғы санатты,
біліктілігін арттырған, көп жылдар бойы еңбек еткен ұстаздармен
қатар білім ордасына енді келген жас мамандар да бар. Бірін-бірімен
тығыз байланысты мектеп өмірінде білгеніңді үйрету міндет.
Ұстаздық-жалқаулықты жақамайтын мамандық. Жаңашылдыққа бейім,
алғыр әрі ізденімпаз
ұстаздар жетістікке жетері анық.
Оқушыларымыздың әр жетістігі ұстаздың ықпалы мен жемісі. Біздің
мектепте салауатты өмір салтын ұстану дұрыс жолға қойылған. Соның
нәтижесі болар мектебіміз спорттық жарыстарда үнемі алда.
Мектепаралық, аудандық, облыстық жарыстарда топ жарып жүр. Бұл
ұстаздарымыз Қ.Жүкенов, А.Өміртаев, Б.Жұмажанов, Ж.Майшина,
Г.Сағындықованың еңбектерінің жемісі. Мектептің белді ұстаздары
Б.Смағұлов, Б.Алашбаева, А.Мияшева, С.Заманова, А.Букебаева, А.Сапиянова, Г.Қаңтарбаева, К.Жаппарова, М.Əбдіқадыров, М.Əлімханова,
З.Жаппарова, Г.Бабасова, Р.Казниязова (кітапханашы), М.Жакеева.
Ж.Мұстафина, А.Төлеутаева, М.Малахованың еңбегі өзгелерге үлгі
болса, жас мамандар
Ф.Биғарашева, Қ.Оразбаев, Г.Ұланқызы
болашағынан үлкен үміт күтемін. Психолог маман Е.Чередина күрмеуі
қиын сәттерден жол табуға әзір. Жалпы біздің мектепте тұрмысы
төмен, отбасылық жағдайы қиын, жалғызбасты аналардың балалары көп.
Осы балалармен әлеуметтік саланың маманы П.Адикамова жұмыс жасайды,-деді мектеп директоры.
-Елбасы ұстаздардың біліктілігін артыру керек, алдағы жылдардан бастап жекеленген пәндер ағылшын тілінде оқыту қолға алу
керектігін айтуда. Бұл туралы не дейсіз?
-Əрине күн-күн сайын дамып келе жатқан мемлекетіміз замана
көшінен қалмауға қам жасап, қарқынды қадам басуда. Еліміздегі әр
өзгеріс
пен
жаңа
бағдарламалардың алдымен мектепке келуі мемлекетімізде
мектептің орынының зор екенін
аңғартады.
Мектеп
қабырғасынан
жаңа
бағдарламалармен қанық болған
оқушы
әрмен
қарай
сол
бағыттарды ұстанып кетері
сөзсіз. Жаңашылдықтың мектепке келуі де осыдан. Соңғы
жылдары ұстаздардың біліктілігін артыру, білімін жетілдіру,
семинарларға барып пікір алмасу, тәжірибе жинақтау, озық
елдердің ұстанған білім реформаларын қарап, өздерінің жұмыс жоспарына еңгізуге жақсы жолға
қойылған. 2017 жылдан бері біздің мектептің қырықтан артық ұстазы
біліктілігін артыруға барып, оқып келді. Бұның ішінде басшылар да
бар. Солардың ішінде С.Байшөкенова мен А.Сапаров қазір
оқушыларымызға ағылшын тілінде дәріс беруге әзір. С.Бекежанова,
А.Аханова, М.Мұхамеджанов магистратурада білім алуда. Алдағы
уақытта да ұстаздар легін оқуға жіберу жоспарда бар. Даму
бағдарламасы аясында Сая Жолданованың жетекшілігімен «Алтын
арай» би ансамблі құрылған. Мектепте Қызықты Төлеутаева жетекшілік
ететін «Ұшқын» ғылыми жобасы жұмыс істейді. Биылғы оқу жылында
облыстық шағын ғылыми академиясына А.Қияшев (Г.Қаңтарбаева),
А.Жұмажан (Б.Түсіпбекова), Н.Қауан (Р.Казниязова), А.Ерсайын (Г.Ермекбаева), Ж.Құрал (У.Бекежанов), А.Жанысқызы (Ж.Мұқанова),
М.Шәріпбекова ( Г.Хасенова), А.Аюханова (М.Асанова) ғылыми жобаларын ұсынып, жүлделі орын алды.
-Үлкен ұжымды басқарып отырсыз. Қандай бағытты ұстанасыз,
отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз.
- Бұл мектеп ұжымы маған таныс. Осы мектепте еңбек еткенмін.
Менің алдымдағы білікті басшылар негізін қалаған мектепте әр сала
жүйелі жолға қойылған. Қарлығаш
Əбдіғожина әдістемелік
бөлімді
нығайтса, мен рухани жаңғыру
бағдарламасы барысында Шахановтар
отбасының көмегімен мектепті әрлеу
жұмыстарын қолға алдым. Негізгі
міндет
тіртіп пен
талаптың
жоғарлығы. Əр кім өзіне жүктелген
міндетті абыройлы атқарғанда ғана
жұмыс
алға
жылжиды. Біздің
еңбегіміз оқушыларымыздан көрінеді.
Сондықтан босаңсуға, еріншектік пен
жалқаулыққа жол жоқ. Тірі өнім
өндіретін болғандықтан. Оның сапалы болуына атсалысамыз. Қоғамда
жаман бала жоқ, барлық бала бірдей.
Тек тұрмыстық тауқымет, отбасылық
жағдайына байланысты алшақтауы, төмендеуі мүмкін. Соның салдарынан оқуға деген құлшынысы жоғалмақ. Осы тұрғыда біздің міндет сол
оқушылармен, ата-ана мен жұмыс жасау.
Жезқазған қаласындағы №4 орыс мектебінде оқып, сыныбымның
алдыңғы
қатарлы
оқушысы
болдым. Институтта іс-шара
ұйымдастыруда үнемі алда болатынмын. Жолдасым Бақыт Пазылов
политехникалық институттың алдыңғы қатарлы студенті еді. Солай бас
қосып отбасын құрдық. 1990 жылдары оқуымызды тәмамдап студенттік
жолдамамен Жәйрем кентіне жұмысқа тұрдық. Бақыт өз саласының
білгір маманы еді. Оның қолынан бәрі келетін. Қай салада еңбек етсе
де тек жақсы жағынан көріне білді. Ғұмырының келте болғаны
өкінішті... Ұлымыз Даниял политехникалық университетінің мұнай факультетінде оқиды. Ал, менің еңбек жолым
сатылай өсу жолдарынан құралады. Қарапайым ұстаздан директордың орынбасары, білім
бөлімінің әдіскері қызметтерінде болдым. Басшы болу әрине оңай
емес. Дегенмен ұйымшылдық, тәртіп, талаптың алмайтын қамалы жоқдеп ойлаймын. Ұлтымыздың ертеңі ұрпақ тәрбиесімен айналысатын
мектеп ұжымына толайым табыстар тілейміз.
салтанат аманқызы
Шағын
жинақты
мектептердегі
семинар
Шағын жинақты мектептер – бұл
алыс мекендерде орналасқан қазақ
ауылдарының ұйтқысы, олардың
әлеуметтік-мәдени дамуының өзегі.
Елбасының «Ауыл – бұл халық
өмірінің
бейнесі,
мәдениеті,
дәстүрінің, салты мен рухани
өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы
факторлар жиынтығы бізден ауыл
мәселелеріне, соның ішінде оның
мектебіне өте сергек қарауымызды
талап етеді»- деген сөзі мұғалімдерге
үлкен міндеттер жүктейді. Қазіргі
таңда еліміздің түпкір-түпкірінде
орналасқан шағын елді мекендердегі
мектептердің басым көпшілігі –
шағын жинақты мектептер. Мұндай
мектептер саны тәуелсіздік алған
жылдардан кейін жыл сайын өсіп
келе жатқаны белгілі. Еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуының
ерекшеліктері, ауыл тұрғындарының
қалаға көшуі, жастардың ауылда
тұрақтамауы шағын мектептер
санының көп болуына әкеліп отыр.
Шағын жинақты мектеп дегеніміз –
тұрғындардың саны аз аймақтарда
жұмыс
істейтіндіктен,
оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін
жоспарлау мен ұйымдастыруда
өзіндік ерекшеліктері бар жалпы
білім беру мекемесі. Мектеп
құрылымы
бұлай
өзгеше
аталғанымен, мұндағы білім мен
тәрбие сапасына қойылатын талап
барлық білім беру мекемелеріне
қойылатын талаппен бірдей болып
қала береді.
Осы орайда Қарағанды
облысында білім беруді дамытудың
оқу-әдістемелік
орталығының
«Ынтымақтастық» жобасы (жетекшілері З.Түкбаева, О.Калинина) аясында шағын жинақты мектептер
мұғалімдерінің ІТ құзіреттіліктерін
арттыру, кәсіби қарым-қатынас саласын кеңейту арқылы, математика,
химия, биология пәндері бойынша
білім
сапасын
арттыруға
бағытталған көптеген игі істер
атқаруда. Соның бірі-осы жоба аясында жуырда Жаңаарқа аудандық
білім бөлімінің ұйымдастыруымен
өткен «Шағын жинақты мектепте
оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда
бір
тақырыптық
сабақтар
ұйымдастырудың
маңызы»
тақырыбындағы он-лайн семинар.
Шағын жинақты мектептердегі
білім беру процессін дамытудың
өзекті мәселелерін талқылау, химия
және биология пәндерін оқытудағы
жаңашылдық идеяларын ортаға салу,
тәжірибе алмасу арқылы өзекті
мәселелерді
шешу
жолдарын
айқындау мақсатында өткен семинарда Ақтүбек ЖОББ мектебінің
химия пәні мұғалімі Кадина
Анардың
«Металл
мен
бейметалдардың айырмашылығы
неде?»,
«Металдар
мен
бейметалдардың жануы, негіздік
және қышқылдық оксидтердің
түзілуі»
тақырыбында
және
О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ
базасындағы ТМ-нің (РО) химия
пәні мұғалімі Қасымова Шынардың
7,9 сыныптарда «Жану», «Көміртек.
Көміртек оксидтері» тақырыбында
өткізген сабақтары және Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ химия, биология
пәндері
мұғалімдерінің
өткізген тренингі жоғары бағаланды.
г.көбеева,
Жаңаарқа ауданы білім
бөлімінің әдіскері
еңбеК жүРГен жеРДе өміР бАР
5
2003 жылы жол бойынан орын тепкен кішкене ғана "Əлия" азық-түлік дүкені қазірде
құлашын кеңге сермеді. Тіпті аудан бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету бойынша, тауар
түрлерін ұсынуда оған тең келер дүкен жоқ деуге болады.
-Бұл дүкенді ашар кезде қатты ойландық. Кәсібімізді осынша жетістікке жеткіземіз деп әрине
ол кезде ойлаған жоқпыз,-дейді жеке кәсіпкер Майбасова Дәметкен Əкімжанқызы сөз басында.
-Мен өзім негізі медицина мамандығын таңдаған болатынмын. Бір жағдайлар кедергі болып,
ойда жоқта кооперативтік мамандыққа түсіп кеттім. Оқуды тәмамдаған соң Ағадырда
аудандық тұтынушылар одағында тауар танушы (товаровед) болып еңбек еттім. Кейін
жұмыскерлердің жабдықтауын ұйымдастыру мекемесінде қызметте болдым.
Қазіргі кішкентай "Əлия" дүкені тұрған жер сол кезде қолымызға тиді. Қолда тұрған шағын
жерді іске асырайық деген оймен ғимараттың кірпішін қалауды бастадық. Сол кездегі тәуекел
деп бастаған ісіміз оңтайлы нәтижесін берді. Алғашқы кезде дүкенде бар-жоғы екі-ақ адам
жұмыс істеді. Өзім алдында бірге еңбек еткен әріптестерімді тарттым. Бірте-бірте
жұмыскерлер саны көбейе берді. Осы орайда, алған білімім мен көп жылғы тәжірибем өз
нәтижесін берді деп айта аламын. Арада бес жыл салып, ісіміз өрге басып, осы үлкен
"Əлия"супермаркетін аштық. 2008 жылы жолдасым Дүйсембаев Батырхан Асқарұлының
мұрындық болуымен нан заводы жұмысын бастады.
Тұтынушылардың көңілінен шығып жүрген өнім түрлерін ұсынып жатқан нан заводының
жұмысымен жақынырақ танысу мақсатында Батырхан Асқарұлын да да сөзге тарттық.
-Нан заводы алғаш "Береке" ауылдық тұтынушылар кооперативі болып ашылса, 2017 жылдан
бастап "Əнуар" өндірістік кооперативі болып өзгерді. Өткен жылы наубайханамызға
италияндық құрал-жабдықтар сатып алдық. Оның ішінде ротациондық пеш, арнайы (растоечный) шкаф, қамыр илейтін құрылғылар бар. Бұл шараның барлығы өнім түрлерін ұлғайтуға
және еңбек өнімділігін арттыруға көп септігін тигізді. Алдында наубайшыларымыз қара күш
жұмсайтын болса, алынған жаңа құралдар жұмыстарын жеңілдетті. Бүгінгі күні 20 адам осы
жерде еңбек етеді. Əрі нан әлеуметтік тауар түріне жататын болғандықтан бағаны өсіре алмаймыз. Супермаркет ішіндегі шағын наубайханада 5 адам екі ауысым бойынша еңбек етеді.
Бірінші ауысымда наубайханашы болса, екінші ауысымда кондитер жұмыс жасайды. Əзірге
өнімнің 50 түрін даярлап жатырмыз. Оның ішінде тәттісі де, тәтті емесі де, ашытылған және
ашымаған қамырдан, салмамен және салмасыз тағы басқа түрлері көп.
Ай сайын қаладан арнайы кондитер келіп, ассортиментімізді ұлғайтуға басты назар аударып
жатырмыз. Осы мақсатымызды жүзеге асыру үшін шағын наубайханамызға арнайы пеш
алдық. Ол болашақта нан өнімі түрлерін екі есе көбейтуге мүмкіндік береді. Əрі электр энергиясын үнемдейді. Біз тағамдарымызға тек қана табиғи өнімдер қосамыз. Түрлі дәм кіргізетін
қоспаларды мүлдем қолданбаймыз. Жоғарғы сұрыпты ұн ғана пайдаланылады. Өтпей қалып
қойған өнімді сөрелерден алып, қайта өңдейміз. Күннен күнге сапа жақсарып келеді. Осы
орайда халықтың сұранысына мән береміз.
Келешекте тауарымызды қаптайтын аппарат сатып алып, өнімдерімізді өз белгімізбен (маркамызбен) шығаруды жоспарлап отырмыз,-деді Батырхан Асқарұлы бүгінгісін әрі ертеңгісін
әңгімелеп.
Сол сияқты 2015 жылдың аяғында көтерме сауда үшін үлкен дүкен-қойма ашылды. Бұл жерде
кез келген адам өзіне қажетті тауар түрлерін арзан бағада әрі көп мөлшерде ала алады.
Ауданымызға қарасты шағын дүкендер де осы жерден керегін табады.
-Баға тек үстінен 5-7 пайыз ғана қосылады. Баға тиімділігіне тұтынушылар тіпті
таңданыстарын жасырмайды. Көтерме сауда жасайтын қоймамызда арнайы әлеуметтік бөлім
бар. Онда тауардың 19 түрі қол жетімді бағамен сатылады.
Тауар күнара әкелініп отырады. Халыққа не қажет екенін сараптап, жаңадан шыққан тауарларды алып отырамыз. Фирмалармен де тығыз жұмыс жасаймыз. Мақсатымыз - тұрғындарға
неғұрлым көп тауар түрлерін арзан бағада ұсыну,-деген Дәметкен Əкімжанқызынан енді
дүкені жайында әңгімелеуді сұрадық.
-Бүгінгі күні отбасылық кәсібімізде бас-аяғы 80-90 адам жұмыс істейді. Сондықтан алдағы
уақытта жеке кәсіпкерліктен жауапкершілігі шектеулі серіктестік түріне көшу ойымызда бар.
Дүкенімізді аудан бойынша бірінші болып автоматтандыру қызметіне көшірдік. Бұл тұрғыда
көптеген қиындықтарды бастан кешірдік. Себебі, қарапайым сөреде тұратын дүкенші болу
бір бөлек, автоматты кассада жұмыс жасайтын дүкенші болу бір бөлек. Ауданымызда арнайы
бұл мамандықты оқытатын оқу орны жоқ. Болашақта осы мәселе ескерілсе, тамаша болар
еді. Жүйені автоматтандырудың тиімді жақтары да өте көп. Барлық тауар түрлері штрих код
арқылы базаға енгізіледі. Салық төлемдері барлығы тайға таңба басқандай көрініп тұрады.
Əзірге үш касса жұмыс жасап тұрса, алдағы уақыттары біртіндеп толықтай автоматтандыруға
көшеміз.
Жалпы супермаркет дегеніміз ол өз өзіне қызмет ету болып табылады. Сіз көптеген
дүкендерде сөреден әрі аса алмасаңыз, бұл жерде алатын тауарыңызды ұстап көре аласыз,
таңдау жасай аласыз. Тауар жайында қосымша ақпарат (мерзімі, бағасы, түрі т.б.) білу үшін
10 ақпан 2018 жыл
ақпараттық бұрыш орнатылды. Тауар кодын көрсетсеңіз болды барлық мәлімет экранға
шығады.
Супермеркетіміз А класына жатады. Заман талабына сай маркетолог, менеджер, оператор,
кеңесші мамандары жұмыс істейді. Жұмысымыздан кемшіліктер байқасақ жөндеуге тырысамыз, тұтынушылар тарапынан ұсыныс-тілектер болса міндетті түрде құлақ түреміз.
-Аудан кәсіпкерлері қайырымдылық шараларына ат салысып тұратыны белгілі...
-Шынымен күн көрісі нашар және мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамымызда өкінішке орай
бар. Ел-жұрт болып мұқтаж болған жерлестеріміздің жоғын жоқтамасақ бұл біздерге сын.
Бұл шарапатты іс үшін дүкенімізде арнайы қайырымдылық бұрышы орнатылған. Оған
қалаған адам азық-түлік түрлерін салып кете алады. Тұрақты түрде нан салынып тұрады.
Одан өзге әкімшілік тарапынан болатын қайырымдылық шараларына үнемі қатысып тұрамыз.
Бұдан бұрын қасиетті ораза айына байланысты тұрғындардың жай-күйіне қарамай барлығына
бірдей тегін нан таратқан күндеріміз де болды. Шамамыз келгенше жақсы іс жасаудан қалыс
қалмаймыз,-деді Дәметкен Əкімжанқызы өз сөзінде.
сәкенова рыскүл, дүкен қызметкері: -Мен осы жерде 2014 жылдан бастап жұмыс істеп
келе жатырмын. Бас кезінде наубайханашы болсам, 2016 жылдан бастап қойма меңгерушісі
қызметіндемін.
Өздеріңізге белгілі, жеке кәсіпкерлік болғандықтан еңбексүйгіштік, жауапкершілік, ынта
жоғары бағаланады. Нәтижелі еңбек етсеңіз, ақыңыз да соған сай жоғары төленеді.
Жұмыскерлердің барлығына да әлеуметтік төлемдер жүргізіледі. Сондықтан заман талабына
сай әрі тұрғындардың көңілінен шығу үшін әлі де талмай еңбек ете береміз.
дәулетова әйгерім, атасу кентінің тұрғыны: -Мен "Əлияның" тұрақты тұтынушысымын.
Басқа дүкеннен таппағанымды осы жерден табамын. Əрі барлығы жаңа күйінде, түрлі ассортиментте ұсынылады. Қаптамалары да алып жүруге ыңғайлы. Тұрғындарға қызмет көрсету
сапасы да көңілден шығады. Əсіресе, наубайхана өнімдері керемет. Дәмі де, сапасы да өте жақсы. Бүгінгі күні
жұмысбасты адамдар үшін бұл өте қажет
шаруа деп есептеймін. Бұл дүкеннің қай
бөліміне бас сұқсаңыз да, керек
затыңызды тауып аласыз. Дүкен
ұжымына алғысымды білдіремін.
Түйін. Осы материалды дайындамақ
үшін кәсіп иелерімен кездеспек болып,
дүкен босағасынан аттай бергеннен-ақ,
әдеттегідей
тауар
алып
жүрген
адамдардың көптігінен көз сүрінді. Бірі
асықпай сөрелерге көз жүгіртіп, ананымынаны ұстап көріп жүрсе, енді бірі
үйіп-төгіп алған заттарын сыртқа тасып
жатыр. Кассир алдында үйреншікті ұзынсонар кезек.
Дүкен әкімшілігі отыратын төргі бөлімге
бас сұққанымда бұл жерде де жұмыс
ырғағының жоғарғы екпіні сезілді.
Қайнап жатқан еңбек осы жерде екен. Əр
адам өзіне тапсырылған міндеттемелермен айналысып жатыр. Əркімнің отыратын орны бар. Қызметкерлердің жұмысы
үшін
әр бөлме компьютермен
жабдықталған.
Қол астында осыншама адам бола тұрса
да, Батырхан Асқарұлы мен Дәметкен
Əкімжанқызы іс басында жүр. Əрине,
сауда-саттық пен наубайхана саласын біріктіріп, осыншама адамнан тұратын ұжымды басқару
оңай емес. Əрі қол жеткен табысымен тоқтап қалмай, әрқашан жаңашылдыққа ұмтылып, оны
жетілдіріп, үнемі алға ұмтылу үлкен мақтауға тұрарлық жұмыс. Себебі, саудамен айналысқан
соң заман ағымына ілесіп, тұтынушы сұранысын қанағаттандыра алмасаңыз ешқашан
табысқа жете алмайсыз. Ерлі-зайыпты кәсіпкерлермен сұхбат барысында мен осы жайтты ескердім. Еңбектенген адам ғана өз уақытының иесі бола алады екен. Еңбек жүрген жерде ғана
береке болады екен. Еңбек жүрген жерде тіршілік болады екен...
Осы материалды дайындау барысында қажетті мәліметтер берген осы мекеменің есепшісі Алтынбек Динараға алғысымды білдіремін.
салтанат Балтабайқызы
10 ақпан 2018 жыл
6
Қажырлы қайрат иесі -аяулы ана
Туған жер - алтын бесік. Ауылға жақындаған сайын
бүгінгі күннен алшақтап, балалық шағыма ене
берем. Əркез солай. Міне ауылдың қарасы көрінді.
Күні кешегідей Мұрат, Ләззат, Жанка, Алмаш
барлығымыз подстанцияны айнала қарағанды
қалқалап, тобылғыны тасалап тығылыспақ ойнап
жүрміз. Соңымыздан қалмайтын Мақсат пен
Нұрбақыт бар. Арбасын сықырлата ауыл жақтан
суға шыққан қыз-келіншектер көрінді. Демек колонкада су жоқ. Ондай кезде ауыл тайлы-таяғы
қалмай Əнуар ағатайдың құдығынан су тасиды.
Əр жақ көше аурухананың құдығына барса, алыстау болса да ауылдың көбісі осы үйдің
құдығына суға келеді себебі суы тұщы. Бұл
ауылға жетер жердегі подстанция иесі Əнуар
ағатай мен Нағима тәтенің үйі. Ауылдан шеткері
болғандықтан ба, болмаса өзінің құс өсіруге әуестігі
ме осы үйде құстың неше түрі бар. Қора ішіндегі малмен қоса Мұраттың өзі жасаған
аспалы торларында түрлі көжектер мен қояндар
мекендейтін. Біздің міндет соларға көк шөп
жұлу. Асыр салып ойынның қызығын
қандырып үйге келеміз. Енесінің бабын
жасап, бала-шағасының қамын жасайтын
тәтем орысша-қазақша судай, тазалықты
сүйетін, қожанасырлау әдемі
әйел. Ал
ағатайым түздің адамы. Қаурыт жұмыс жетегінде жүретін ол кісінің үйден түзде
жүргені көп. Ауыл бойынша алғаш үш аяқты
мотоциклды тізгіндеген сол кісі. Көк уралды
тақымдап үнемі жарығы жоқ ауылға свет
тартуға сапарлап жүретін. Бүгін қарасаң бәрі
де сол орында тек үлкендер келместің кемесіне мініп, орта буын үлкендік тізгінді
ұстап, аға-жеңгелер әке-шешенің орнын
басқан. Айырмашылық осы.
Ақтаудың шетінде ауылға келушілерге алдымен
сәлем беретін Əнуар ағатайдың бұл үйі іскерлігімен аты облысымызға таныс, Ақтау ЖОББ
мектебінің директоры Мақсат Аруновтың алтын ордасы. Іскер, талапшыл ұлды өмірге
әкелген Нағима анамыз қазір енесінің орнын басып, сексеннің сеңгіріне шыққан. Мен
бұл үйге жиенмін (шежіреден қарасақ алыс, бірақ туғаннан артық). Əнуар ағатай
шешемнің аяғын жерге тигізбейтін. Біздің қыстақ Боқсайда ұзақ жылдар жарық болмапты.
Біздің үй сол қыстаққа қонғанда нағашымның күздің суығына қарамай Уралымен келіп,
жарық жаққаны есімде. Анамыз ағасының бұл ісіне әлі күнге мағұрланып, мақтанып
айтып отырады.
Бізді көріп арқа жарқа-болған тәтем бәрімізді тәпіштеп сұрап, түгендеп, жатыр. Ақ
жүзін әжім айғыздап, қарттық жанарын жасқаған қайратты анамен әңгімеміз жараса кетті.
-Мен 1938 жылы Қостанай өңіріндегі Матай колхозында өмірге келгенмін. 1956 жылы
ағам Əбдірахманның қолына Қарағанды қаласына келіп, шахтаға жұмысқа кірдім. Ол 1937
жылы 20-шы желтоқсанда дүниеге келген. 1956 жылы Қарағанды қаласындағы №21-ші ауыл
шарушылығын механизациялау училищесінде оқып, «Электромонтер және ауылды электрлендіру» мамандығын алып шыққан. Қарағандыдағы №86-87 шахтада электрик болып
жұмыс істеді. Ағатайыңмен жұмыста жүріп таныстым. Əкесі майданда қаза болып, 7
жасынан әкесінің інісі Талқаның қолында болады. Ол кісінің ол уақытта баласы болмай
кейін дүниеге екі қарындасы Шәкітай мен Шәрбан келеді. Мен сол үйге келін болып
түстім. 1958 жылы тұңғышымыз Марал өмірге келіп, атам оны өз атына үшінші қызы етіп
салып алды. Сол жылы інісі Данияр Қарағанды қаласына оқуға түсіп, біз ауылда жалғыз
қалған анасы Күлишаның қолына Даратқа көшіп келдік. Содан бастап осындамыз ғой.
Ағатайыңның Ақтау совхозы құрылып, оның барлық электр желісінің тартылуына, сама-
АУДАнның бАРлыҚ
жҰмыС беРУШілеРіне
Ауданның жұмыс берушілері ай сайын
«Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не немесе
«Жаңаарқа ауданының Халықты жұмыспен қамту
орталығы»
КММ-не
2015
жылғы
30
желтоқсандағы №227 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының м.а. бекіткен Ведомстволық
статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
бойынша «Жасырын жұмыссыздық жөніндегі
мәлімет (қысқартылған және жұмыспен ішінара
қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша берешек жөнінде)» (статистикалық нысанның коды
7281201, индекс 3-ЕН) келесі жағдайлардың бірі
болған кезде тапсырылады;
-өндірісті толық тоқтату (жұмыстар мен
қызметтерді орындауды тоқтату);
-толық емес жұмыс уақыты режиміне көшу (ішінара тоқтату, өндіріс көлемін қысқарту, жұмыс режимін өзгерту);
-толық көлемдегі жұмыс, бірақ жоспарлау және
штаттық құрамды қысқарту іске асырылған;
- жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болған
кезде.
статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан немесе «Жаңаарқа ауданының
жұмыспен
қамту
және
әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мм-нен алуға болады.
аңықтама телефоны 50005.
мерейтой
ладай жарқырауына көп еңбегі сіңді. Отыз жылға тарта бірге ғұмыр кешіп, он бір бала
сүйдік. Екі баламыз кішкентай кезінде шетінеді. Балалардың алды енді үзеңгіге аяқ
салып, жұмысқа ілігіп, студент атанып жатқан 1984 жылы 47 жасында аварияға түсіп, 24
күн ауруханада жатып, ағатайың мәңгі ұйқыға аттанды. Аңырап апам екеуміз қала бердік.
Келер жылы апам мен Қарағандыдағы Талқы атам араларына бір күн салып өмірден
озды. Шиттей бала-шағаны жеткізу оңай емес. Осы тұрғыда менің сүйенішім, тірегім
болған тұңғышым Маралдың еңбегі орасан. Өз жағдайын ойламай соңынан ерген
бауырларының қанаттануына, білім алуына ықпал етті. Олардың сабақты жақсы оқуын
қадағалап, қатаң талап қойды. Екеулеп жүріп балаларды жеткіздік. Əрине бауырың бүтін,
жарың, балаларың аман болғанына не жетсін,-деген анамыз сағыныш толы кеудесін кере
бір күрсінді.
Иә, қайғыға қарсы тұрар қайрат елдің бәрінен табыла бермейді. Қатарынан
қалдырмаймын, осылардың жемісін жеп, жетістігін көремін деп тыраштана жүріп, ұлқызды жеткізген ана кешегі жарымен бірге өмірге отырғызған көшеттерінің жапырағын
жайған саялы ағашқа айналғанына дән риза. Күш, қайрат, қажыр берген жаратқанына
алғысы шексіз. Марал, Марат, Ләззат, Жанна, Мақсат, Алма, немересі Бүркіт өздері сүйген
пәндерінен ұстаз болса, Мақпалы дәрігер, Салтанаты есепші, Мұраты-әке жолын қуған
электрик.
-Дүниеде баланың қайғысынан ауыр қасірет
көрмедім. Бауыр ет балаңнан айрылу, оның жоқ
екенін сезінуден артық ауыртпашылық болмас. Ер жетіп, шаңырақ көтеріп, сүйенішім
болған Мұратым орда бұзар отыз жасында
қапияда көз жұмды. Соңында жары Аманкүл
(мұғалім) мен үш баласы Қанат, Əбдірахман,
Іңкәрі қалды. Орнында бар оңалар демекші
бүгінде бәрі оқуын тәмамдап, аяқтанып,
жұмыстарын атқарып жүр. Қар МУ-дің түлегі
қазақ тілі мен әдебиетінің ұстазы Ләззатым да
ауырып көз жұмды. Көз алдыңда жағып
қойған шырағыңның
сөнуі оңай
емес.
Жоқтағаныңмен ол орнына келмейді, қайта
денсаулығыңа зияны тиеді екен. Бүгінде көзім
нашар көретін болды.
Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бұл
әулеттің балаларының барлығы да жоғарғы білімді
білікті мамандар. Тұңғыш немересі Бүркіті бастаған ұрпақтар легі де ата-аналарының
жолын қуып, жоғарғы білім алып, тыңғылықты, тиянақты жұмыс атқаруда. Үйдегі немерелері де асты-үстіне түсіп бәйек болуда. Бүгінде бабын жасап, баладай күтіп, баптап
отырған кенже баласы Мақсаты мен келіні Гүлжайнат. Əзиз анасы бар ботасын мақтан
етсе, қолындағы немерелері апасының айтқанына шықпай аялай қарауда.
“Қарты бар үйдің қазынасы бар” дейміз. Отырған жерін ынтымаққа ұйыстырып, тағлымы
мол тәрбие беруден жалықпайтын анамыздың кеңпейіл, адалдығы отбасының берекесі.
-Андағы Шайзаттың суретін көрдің бе? –деді тәтем. Төрдегі үлкейтілген қалың сүреттің
арасында «Мені көрдің бе?»-дегендей менің ағамның да суреті тұр. Ағам электрик болып
жұмыс істеп, осы үйдің бір баласындай болып кеткентін. Небары 24 жас өмір сүрген
ағам азаматтың асылы еді. оны елі біледі. «Өзіңді – өзің сыйласаң жат бойыңнан түңілер»
демекші өзінің бауырынан шыққан балапандарымен бірге ағамның төрден орын алуы
бұл сыйластықтың, ағайыншылықтың белгісі, азаматтың қадірін білетіндігінің айғағы.
Отбасы мен жұмысты қатар алып, ене бағып, бала тәрбиесін шашау шығармаған анамыз
Ақтау кеңшарының радио тарату нүктесінде және Ақтау электростанциясында еңбек етіп,
«Еңбек ардагері» медалімен және Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ауыл арасына
сыйлы, ағайын-туысқа қадірлі анамыз ақкөңіл аңғал жан. Ақтау ауылының әр баласының
жетістігіне қуанып, марқайып отырған ауыл анасымен қоштасқанымызда сабырлы кейпінен жаңылмай амандығымызды тілеп қала берді. Біз де өмірдегі ендігі көреріңіз қызық
қуаныш болсын. Бар
байлығыңыз
ұл-қызыңыздың
өсіп, өркендеп
биіктерді
бағындырғанына шаттанып ғұмыр кешіңіз, аяулы ана, деп қоштастық.
салтанат аманқызы
ВСем РАбоТоДАТелЯм
РАйонА
Работодатели района должны предоставлять
ежемесячно в ГУ «Отдел занятости и социальных программ Жанааркинского района» либо в
КГУ «Центр занятости населения Жанааркинского района» Статистическую форму ведомственного
статистического
наблюдения
утвержденным приказом и.о.Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от
30 декабря 2015 года №227 «Сведения о скрытой безработице (о сокращенных и частично
занятых работниках, задолженности по заработной плате)» (код статистической формы
7281201, индекс 3-ТН) при наличии одного из
следующих случаев:
полной остановки производства (прекращения
выполнения работ и услуг);
перехода на режим неполного рабочего времени (частичная приостановка, сокращение
объема производства, изменения режима работы);
работа в полном объеме, но планирующие и
осуществившие сокращение штатного состава;
наличии просроченной задолженности по заработной плате.
статистическую форму можно получить на
сайте www.stat.gov.kz. или в гу «отдел занятости и социальных программ Жанааркинского района», телефон для справок
50005.
уваЖаЕмыЕ
НалогоплаТЕльщики!
Управление государственных доходов по Жанааркинскому району сообщает,
что 31 марта 2018 года истекает срок представления государственными служащими и их супругами декларации по индивидуальному подоходному налогу и
имуществу (форма 230.00) (далее-Декларация). Рекомендуем всем госслужащим представить декларацию своевременно. Декларация состоит из самой
декларации (форма 230.00) и приложений к ней (формы с 230.01 по 230.02),
предназначенных для детального отражения информации о доходах и имуществе. Приложение 230.01 представляется лицами, являющимися кандидатами
на государственную должность или на должность, связанную с выполнением
государственных или приравненных к ним функций, в том числе лицами, на
которых возложена обязанность по представлению декларации в соответствии
с законодательством Республики Казахстан о выборах, и их супругами. Приложение 230.02 представляется лицами, занимающими государственную должность и их супругами, а также прочими категориями физических лиц, в том
числе лицами, уволенными с государственной службы по отрицательным мотивам в течение трех лет после увольнения, и их супругами, а также лицами,
на которых возложена обязанность по представлению декларации в соответствии с Уголовно-исполнительным кодексом. В декларации отражаются доходы
и имущества, находящиеся по состоянию на 31 декабря 2017 года на праве
собственности как на территории Республики Казахстан, так и за ее пределами.
При этом, обращаем внимание, что в имущество, находящееся на праве собственности, входит транспортные средства и недвижимые имущества (жилые и
нежилые здания и помещения, в том числе квартира, дом, гараж, дачное строение, а также земельные участки, за исключением земельных участков, занятых
кондоминиумом и другие), а также ценные бумаги, доля участия в юридическом лице.
За несвоевременное представление декларации предусмотрена административная ответственность.
управление государственных доходов по
Жанааркинскому району
10 ақпан 2018 жыл
7
СыбАйлАС жемҚоРлыҚҚА ҚАРСы
іС-Қимыл
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас
жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет
пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.
Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің
басты
стратегиялық
құжаты мемлекеттің
алдағы жылдардағы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады. Қазіргі заманда жемқорлықпен
күресу мемлекетіміздің өзекті мәселесі болып отыр. Мұның әлеуметтік те, саяси да мәні зор.
Себебі жең ұшынан жалғасу, бармақ басты сияқты келеңсіз әрекеттердің соңы сыбайластыққа,
тіпті ұйымдасқан жемқорлыққа әкеп соғатыны қазіргі қоғамда аз кездесіп жатқан жоқ.Елімізде
нақты шешімі табылмай тұрған өзекті мәселенің бірегейі – сыбайлас жемқорлық, көбінесе
мемлекеттік қызмет саласында жүргендер арасынан орын алып отырғаны жасырын емес.
Сондықтан,Ұлт жоспарында 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегияның мақсат-міндеттері айқын көрсетілген. Бұл алдымен жемқорлық құқық
бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алуды және жоюды көздейді. Бұл орайда халықтың
құқықтық сауаттылығын арттыру, адамдардың мемлекеттік органдардың өкілдеріне сенімділік дәрежесін біртіндеп қалыптастыру мәселесі күн тәртібіне шықты. Пара алушы ғана емес,
пара беруші де заңға қарсы әрекет жасап түрғанын білуі тиіс. Біздің елімізде қазіргі заманғы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңының 4 бабында негізгі қағидаттары: заңдылық
адам мен азаматтардың құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау
басымдығы;
- жариялылық пен ашықтық;
- мемлекет пен азаматтық қоғамның өз ара іс-қимыл жасауы;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;
-Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаны бұлтартпастығы
қағидаттары негізінде жүзеге асырылуы;
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Сыбайлас
жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктер
заңсыз алынады, оның нәтижесінде қоғам мүдделеріне нұқсан келтіріледі және мемлекеттік
биліктің беделі төмендейді. Сондықтан мемлекет қызметтік өкілеттіктерді пайдакүнемдік
мақсаттарда пайдалану пайдасыз және мүмкін емес болатын шараларды одан әрі қабылдап,
жағдайлар жасайды.Осындай маңызды шаралардың бірі мемлекеттік қызметшілердің тек қана
кірістерін емес, сондай-ақ шығыстарын да декларациялау. Бұдан әрі мұндай декларациялау
бүкіл халыққа қолданылады, бұл мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылықты сақтауға және
ашықтықты қамтамасыз етуге оң ықпал етеді. Мемлекеттік аппаратта сыбайлас
жемқорлықтың деңгейін азайту үшін шенеуніктердің еңбек ақысы мен әлеуметтік
жеңілдіктерін мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің кеңеюіне қарай одан әрі кезеңкезеңмен жоғарылату көзделген. Бұл міндет мемлекеттік қызметшілер еңбек ақысының жекеше сектормен салыстырғанда әзірше бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз екендігін ескере
отырып та өзекті бола түседі. Мемлекеттік қызметшілердің сатылмайтындығы және олардың
қызметінің ашықтығы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының табысты
болуының негізі. ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа ААИ-сы мекемесінде азаматтарды
қабылдау, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд ілініп, ҚР АШМ АӨК МИК-нің
және ОАИ-ның мекен жайы, сенім телефондары, электрондық адрестері жөнінде ақпараттық
мәліметтер ілініп қойылған. Азаматтарды жеке қабылдау әр жұмыс күні сағат 16-00 ден 1700 ге дейін. Қызметшілердің заңсыз іс-әрекетіне азаматтардың шағымдары мен ұсыныстары
үшін арнайы жәшік орнатылған. Егер мемлекеттік қызметшілер тарапынан Əдеп Кодексі және
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын бұзу фактілері анықталатын болса оны жою
жөнінде дер кезінде іс шаралар қолданылады. Инспекция қызметкерлерімен құқықтық жалпылама оқыту сабақтары бекітілген кесте бойынша өткізіледі. Қазақстан Республикасының
өсімдіктер карантині,өсімдік қорғау, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласы бойынша
заңнамасын орындауға байланысты «Нұр Отан» партиясы, Прокуратура өкілдерінің
кәсіпкерлер және ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің қатысуымен ҚР АШМ АӨК МИК
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекециясында сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл шаралары
туралы жоспар бойынша дөңгелек стол өткізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін
жергілікті жерлерде дөңгелек стол, семинарлар өткізіліп отырады.
Инспекция бойынша 2-75-02 сенім телефоны жұмыс істейді ол БАҚ-да жарияланып тұрады.
Е.с.сыздықов,
Қр аШм аөк мик Жаңаарқа ааи басшысы
Назар аударыңыз!
Карантиндік және фитосанитариялық сертификаттарды беру карантиндік өнімдерді қарау мен тексеру ТЕгіН ЖҮргізілЕді!
пара алу және БЕру айыппҰл немесе Бас
БосТаНдыҒыНаН айыру ТҮріНдЕ ЖазалаНады.
Егер Сізге жемқорлыққ фактілері белгілі болған жағдайда, келесі
телефондарға тәулік бойы хабарласуды сұраймыз: 8-7212-420800,
422090- облыстық аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі
уәкілі Əзілхан Мейрамұлы Абаканов 8-710-30-27502, 8-775-81141-32
Е.с.сыздыков, «Қр аШм аөк мик Жаңаарқа аудандық
аумақтық инспекциясы» мм-нің басшысы
вНимаНиЕ!
Выдача карантинных и фитосанитарных сертификатов, осмотр и
досмотр подкарантинной продукции осуществляется БЕсплаТНо!
взЯТка и даЧа взЯТки НаказываЕТсЯ ШТраФом
либо лиШЕНиЕм своБоды.
Если Вам стало известно о фактах коррупционных правонарушений просим круглосуточно обращаться по телефонам 8-7212420800,422090 – уполномоченный по этике областной
территориальной инспекции Азилхан Мейрамович Абаканов 8710-30-27502, 8-775-811-41-32
Е.с.сыздыков, гу
«Жанааркинская районная
территориальная инспекция кги в апк мсх рк»
еСКе АлУ
Сағынышқа оранып, мәңгілік мекенінде тілекшіміз
болып, рухымен жанымды демеп, жасыған сәтімде
түсіме еніп, қамқоршым болған баға жетпес
байлығым, ардақты әкем сағынтай Баязитовты
сағына еске аламын. Өмірден тым ертерек өткен асыл
әкем өз ісінің білгірі еді. Еңбек ете жүріп Алматы
мал дәрігерлік институтын сырттай оқып бітіреді.
Еңбекте озат әкеміз СССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. Ақтау ауылының өркендеуіне,
ауылшаруашылық саласының дамуына орасан үлес
қосып, мал басын асылдандыруға атсалысады. Алтын
ордасындағы ұл-қызының өмірге келгенін көргенімен
солардың есейгенін, ержетіп, жоғарғы білім алып, білікті маман болғанын, отау құрып, ұзатылған
қызықтарына ортақтаса алмады. Келте ғұмыры оны көруді маңдайына жазбапты.
Мәңгілік сағынышымызға айналған ардақты әкемнің жаны жәннатта, тәні рахатта
болсын.
Жан әке, баға жетпес, нарқы бөлек,
Өзіңді пір тұтамыз елден ерек.
Қиналсам қолтығымнан демер едің,
Қорғаның әке деген әсте керек.
Атыңа затың сай еді, есіміңде,емің,
Бағындық тағдырыңның шешіміне.
Қолдай бер ұл-қызыңды ардақты әке,
Тербеліп мәңгі ұйқының бесігінде.
Еске алушы: қызы гүлзия-әсем
көңіл айТу
Аудандық ардагерлер ұйымы еңбек ардагері
Шәмші әшірбекқызының
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
*
*
*
*
Білім бөлімі мен білім бөлімінің қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және “Ертөстік”
балабақшасының ұжымы осы мекеменің меңгерушісі Кадина Гаухар Зекенқызына
ардақты әкесі зекеннің
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақсапы көңіл айтады
“Атасу кенті әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілерді
қызметтік ар-намыс кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтарды бұзған фактілер жайын хабарлау үшін 2-69-80 нөмірлі сенім телефоны
жұмыс істейді.
“атасу кенті әкімінің
аппараты” мм
***
***
***
***
«ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің мемлекеттік
қызметшілерінің әдеп кодексін,мемлекеттік қызмет,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы заңдылықтарын бұзған фактілері жайын хабарлау үшін 2-75-02 сенім телефоны
жұмыс істейді.
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекция мемлекеттік мекемесі
вНимаНиЕ !!!
«"Выдача карантинного сертификата на перемещение подкарантинной продукции на территории Республики Казахстан"»/наименование государственной услуги/
Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через:
1) Территориальные инспекции Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства
сельского хозяйства Республики Казахстан
2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz, www. elicense.kz. Государственная услуга оказывается на
бесплатной основе физическим и юридическим лицам сТоимосТь - бесплатно
перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги (согласНо сТаНдарТу) при обращении услугополучателя (либо его представителя):
к услугодателю:
1) заявка по форме, согласно приложению к настоящему стандарту государственной услуги;
2) документ, удостоверяющий личность и документ, подтверждающий полномочия представителя (для идентификации);
на портал:
через веб-портал “электронное правительство” www.egov.kz, www.elicense.kz
1) ) заявка, согласно приложению к настоящему стандарту государственной услуги, в форме электронного документа.
Сведения о документе, удостоверяющем личность физического лица, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, о государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя предпринимателя услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз
«электронного правительства».
Если Вам стали известны факты превышения должностных полномочий со стороны государственного инспектора по
карантину растений, Вы можете позвонить по номерам телефона доверия и горячие линии:
Руководитель ГУ «Карагандинская областная территориальная инспекция КГИ в АПК МСХ РК» Шушиков Карбай
Макашович, раб.: 8-72-12-41-00-14 сот.: 8-701-377-31-63, заместитель руководителя, уполномоченный по этике ГУ «Карагандинская областная территориальная инспекция КГИ в АПК МСХ РК» Абаканов Азилхан Мейрамович, раб.: 872-12-41-20-90 сот.: 8-701-501-82-94, руководитель отдела государственной инспекции по карантину растений и
фитосанитарных контрольных постов Аринов Кайргали Адаевич, раб.: 8-72-12-42-51-14 сот.: 8-707-613-68-47.
і АУДАнДыҚ РобоТ ТехниКАСы
феСТиВАлі
Жаңаарқа ауданыңдағы «Модуль» спорт кешеніңде оқушылар арасында І Аудандық робототехника фестивалі, бағдарламалау және инновациялық технологиялар «EduRobot.ZH»
атты (ары қарай жарыс) өткізілді. Жарыста оқушылар «Механикалық сумо», «Зияткерлік
сумо Lego Mindstorms және Arduino», «Кегельринг», «Кегельринг-квадро Lego Mindstorms
және Arduino», «Сызық бойымен жүру бастаушылар үшін және жалғастырушылар үшін
Lego Mindstorms және Arduino», «Шығармашылық «Сервистік робот және «Роботтар және
табиғат», «Лабиринт», «Lego Wedo» атты санаттар бойынша сайысқа түсті. Жарысқа орта
мектептерден құралған 10 команда (80 оқушы) қатысты. Оқушыларды озық ойға жетелеп,
зияткерлік қабілетін шыңдайтын айтулы шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші
өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу керек. Бұл- автоматтандыру, роботтан-
ҚҰТТыҚТАймыз!!!
Ақтау ауылының тұрғыны, ардақты ана, әзиз әже,
аяулы апа арунова Нағима Жалмағанбетқызын мерейтойлы сексен жасқа толуымен құттықтаймыз .
Əкемізге сенімді серік болып, ұл-қызын өсіріп,
олардың өсіп-өнуіне, оқып білім алуына жағдай
жасап, қажырлы еңбек етіп, жеткізген асыл анамызға
дүниедегі бар жақсылықты тілейміз. Төріміздің сәні,
қиелі шаңырағымыздың алтын діңгегі болып, ақылкеңес беріп арамызда ұзақ ғұмыр жасаңыз.
Кең пейілді құшағы кең даладай,
Аңғал мінез ақ жүректі баладай.
Қазынасы шаңырағының шашақты,
Жүз жасаңыз жарқын мінез анам-ай.
Өзіңізбен кірер біздің сәніміз,
Сізсіз біздің шырқап айтар әніміз,
Ауырмаңыз, қартаймаңыз, қажымай,
Бақ тілейміз ұрпақтары бәріміз.
игі тілекпен: Нүркеш-марал, марат-мақпал, рысқали-мақпал, әбдімұрат-салтанат, аманкүл, серік-Жанна, күлмахан-алма, мақсат-гүлжайнат, Бүркіт-саягүл
ҚҰТТыҚТАймыз!!!
дыру, жасаңды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер» екенін
атады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру, жастар
мен балалардың инновациялар мен жоғары технологияларға қызығушылығын арттыру
мақсатында қолға алынған. Игілікті істі аудандық білім бөлімі ұйымдастырды, фестивальды
білім бөлімінің басшысы Əштаев Тілеш Бейсенбайұлы ашты және құттықтау сөзі Қарағанды
облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ақылтаев Дулат
Сағдатұлына берілді, қатысушыларға қолдау көрсету үшін шақырылған қонақтар да болды,
олар Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері
Төребаев Талғат Төлешұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Казимов Руслан
Əбдіғалымұлы, аудандық әскери комиссариатының басшысы Биғарашев Əсет Аманкелдіұлы
және аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ибраев Мұрат Есіркепұлы.
Жарысқа қатысуға ауданның 10 мектебінен құралған барлығы 10 команда (80 оқушы) тіркелген. Жарысқа 10-19 жас аралығындағы жеткіншектер қатысып, әрбір команда құрамына
екі оқушы кірді.
Енді осындай жарыс жыл сайын өтпек. Осы жарыс арқылы біз балалардың инновациялық
жаңа технологияға деген орасан ынтасын көрдік.
Жарысқа қатысқан өрендердің бойынан уақыт талабына сай жаңа технологияға ерекше
ынта мен ықыласты көре білдік.
Сонымен, ауданда алғаш өтіп отырған жарыстың да нәтижелері белгілі болды. І орынды
Ю.Гагарин атындағы ЖОББМ оқушысы Насұрилла Ділназ; О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ
оқушысы Узбаев Темірлан, Қадыр Сабина, Мұса Дастан, Қайыржанов Нұрғазы, Байбек
Баһадұр, Абикаев Рамазан, Мағазұлы Əділ, Шомытов Нұртілеу, Құрақбай Нұрсұлтан,
Кәрібай Мейіржан; Ақтау ЖОББМ Наурызбай Сырлыбай, Əнуар Ерсұлтан; Қызылжар
ЖОББМ оқушылары Қадыр Сабина, Ахметжанов Нұрсәт. ІІ орынды С.Сейфуллин атындағы
ЖОББМ оқушылары Жамалдинов Рамазан, Шомыт Нұршат, Тәңірберген Айкерім,
Тәңірберген Сәнкерім ; Ю.Гагарин атындағы ЖОББМ оқушысы Мықтыбай Нұрым, Жумаділда Жанара, Зияда Аңсаған, Жубаев Нуржан; Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ оқушысы
Нұрланов Бекұлан, Аман Ануар; Жаңаарқа ЖОББМ оқушылары Аманбай Ерасыл, Хамзе
Асқар, Əбдіғалиұлы Нұрсерік, Жақан Дастан; О.Əлібаев атындағы ЖОББМ Кәрібекова
Гүлдана, Берген Ділназ, Жарлықанова Гүлназ, Рамазанова Сәнім; Ақтау ЖОББМ
оқушылары Əнуар Əліхан, Жақсылықова Еркемай. ІІІ орынды Б.Амалбеков атындағы
ЖОББМ оқушылары Рысбеков Жарқынбек, Балташ Мерей, Мұқтаров Əділет, Кенжеғазы
Мадияр; Ақтау ЖОББМ оқушылары Наурызбай Сырлыбай, Игілік Жандос, Ануар Ерсұлтан,
Есенгелді Ілияс; 132 ЖОББМ оқушылары Жаппаров Тлектес, Асқар Əлішер, Кәріпбеков
Диас, Мәнтенов Асхат. Жүлде¬герлердің бәрі диплом және қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Түйіндеп айтқанда, дүбірлі байқауда оқушылар өз қолдарымен жұтындырып жасаған робот
техникаларымен, өзгеше ой өрістерімен таңғалдырып, көпшілікті жып-жылы әсерге бөледі.
Алдағы таңда жарыс жеңімпаздары халықаралық деңгейде өтетін ІҮ Халықаралық робототехника фестивалі, бағдарламалау және инновациялық технологиялар «RoboLand 2018»
аудан намысын қорғайтын болады».
Жалпы ауданда мектептерді роботтандыру 2015 жылы қолға алынған, сол жылы
О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ және 2017 жылы Б. Амалбеков атындағы ЖОББМ, №132
ЖОББМ, Ю. Гагарин атындағы ЖОББМ, С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ, Қызылжар
ЖОББМ, Жаңаарқа ЖОББМ, Ынтымақ ЖОББМ, О. Əлібаев атындағы ЖОББМ, Ақтау
ЖОББМ, О. Жұмабеков атындағы ЖОББМ қамтамасыз етілді. Биылғы оқу жылында 7 мектепті робот техникасы зертханаларымен қамтамасыз ету жоспарланды.
Б.Ташимбаева,
аудандық білім бөлімінің әдіскері
считать недействительным
ТОО “Орда Group” сообщает об утере документа “Акт на право временного возмездного
(долгосрочно, краткосрочного) землепользования (аренды) за номером № 695 от 20.01.2013
года считать недействительным
***
***
***
***
Акт приемочной комиссии о приемке легализованного объекта строительства в эксплуатацию б/н от 04.04.2007 года, решение комисси по легализации недвижимого имущества
№6218, №6220 от 24.04.2007 года, акт приемочной комиссии о приемке легализованного
объекта строительства в эксплуатацию № б/н от 04.04.2007 года, акт на право собственности
на земельный участок № с 1-148 от 24.04.2007 года выданные на имя Бакиевой Баянсулу
кайрбековны в связи с утерей считать недействительным
“аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШс басшысы - бас редактор
ЕралиНа салТаНаТ амаНҚызы
мЕНШік иЕсі: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШс
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
Иик KZ889261201186721004, БиН 010340002761, Бик KZKокZKX, код 17,
рНН 240400001948, ао “казкоммерцбанк”
Жаңаарқа ауданының
тұрғыны
окумов
Ғ а б д у л б ә р і
Қ ұ с б е к ұ л ы н
Пайғамбар жасы 63
жасқа толуымен шын
ж ү р е к т е н
құттықтаймыз. Зор
денсаулық,
ұзақ
ғұмыр, шаңырағыңа
ш а т т ы қ ,
дастарханыңа береке
тілейміз.
Немерең әділхан да 1
жасқа толғалы отыр. Əділханның да аман-есен ер жете
беруіңе тілектеспіз. Қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің қолкөсірлігін, келер
ырыстың ысырап болмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз.
Тілейміз бақытты өмір, ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғасын ақ таңдарың нұрын шашқан.
игі тілекпен: құда-құдағиы - серік-мәрияш, балалары
ҚҰТТыҚТАймыз!!!
Құрметті сырым далбайұлы!
Сізді 18-ақпан адам өмірінің айтулы белесі 60 жасқа
толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын
ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізге арнаған саланы дамытуға сіңірген
белсенді қызметіңіз, жастарға ұлағатты ұстаз өнегесіз.
Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.
игі тілекпен:Жаңаарқа ауданының спорт мектеп
ұжымы
ҚҰТТыҚТАймыз!!!
Құрметті де аяулы Бақыт Жолкенқызы!
Сізді құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңізбен құттықтаймыз! Білім саласында
еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмайсырқамай немерелеріңіздің ортасында аяулы әже деген атты иеленіп, өмір-жолыңыз ұзақ
болып, қуанышқа кенеліп жүре беріңіз!
ақ тілекпен: аудандық білім беру бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ
ұйымы және Қызылжар ЖоББм кмм-нің ұжымы
САмбо
Жақында Тараз қаласында өткен Самбо күресінен 2000-2001 жылдары туған
жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Жаңаарқа
ауданының балалар мен жасөспірдер спорт мектебінің оқушысы Өскен Жантөре +87кг
салмақта ІІІ-орын алды. О.Жұмабеков мектебінің 11 сыныбында оқиды. Жаттықтырушысы
Абдрахманов Марат Нығметұлы.
аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
газет Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” жШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
офсеттік басылым
индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1468 дана
Тапсырыс №7
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
22
Размер файла
68 148 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа