close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 24 Жанаарка газеті

код для вставки
№24 (9861), 9 маусым, 2018жыл
Жаңа зауыт іске қосылды
Қарағанды-Жезқазған тас жолының жөндеу жұмыстарына
Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жол жөндеу жұмыстары
басталды. Кеңестік дәуірде салынған тас жолға әр жылы ойшұңқырын тегістеп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрғанымен
толығымен біркелкі етіп жасалмағалы да көп болған. Ауданмен ір-
гелес жатқан Қаражал қаласына қарай асфальт төселетініде көңілді
қуантты. Осыған орай аудан іргесінде жаңа асфальт зауыты іске
қосылған болатын
Өткен аптаның соңында облыс әкімі Ерлан Қошанов ауданымызға келіп,
жаңадан тұрғызылған асфальт-бетон зауытын және үгу-сұрыптау
құрылғысын аралады. Аймақ басшысына “Қаз Автожол” ұлттық
компаниясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры
Қанат Шаймин Қарағанды-Жезқазған автожолының биылғы жылы
салынатын бөліктерін таныстырып көрсетті. Осы жолды салатын әр
мекеме басшыларымен жүздескен облыс басшысы жол салуда
ағаттыққа жол берілмейтінін, сапалы жол салуды қатаң ескертті.
“Арқа-құрылыс-2009” мекемесінің салған зауыты мен үгу-сырыптау
құрылғысын аралаған облыс басшысы, зауыт салған мекем басшысы
Серік Базарбековпен тілдесіп, жол саласының мамандарына тапсырмалар беріп, тамыз айының соңына дейін межелеген жол
бөліктеріндегі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
*
*
*
Аудан аймағынан орын тепкен зауыт бүгінде қарқынды жұмыс істеуде. Майдаланған тас қиыршығын өндіретін құрылғының өнімділігі
сағатына 80 тоннаны құрайды екен.
Аудан тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған зауыттың директоры
Серік Базарбеков ауданымыздың тумасы, жол саласының маманы.
Алматы Автожол институтының түлегі Серік Мұқанұлының еңбек
жолы 1992 жылы Жаңаарқа ДЭУ мекемесінен басталған. 26 жыл жол
саласымен айналысқан басшы 2009 жылы “Арқа құрылыс-2009” мекемесін ашып, Республикамыздың бірнеше аймақтарының жолын
салуға атсалысып келеді.
-Бұл зауыттың өнімі алдағы уақытта Қаражал қаласына қарай салынатын асфальтқа төселетін болады. Биылғы жылы 23 км жасалатын жолдың құрылысы алдағы жылдары жалғасын табатындықтан
зауыт жұмыс істеп, зауыттағы жұмыс көзі сақталады. Тапсырыс берушілерге қиыршық тас пен асфальт өндіріп береміз. Болашақта газ
құбыры тартылып, Мұнай өндіретін зауыт іске қосылса бұл зауыт
кәдеге жарары анық,- деді Серік Базарбеков.
Өз тілшімізден
4- маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздер күні
Жасай бер мәңгі ұлы елім
Елдігіміз бен егемендігімізді жарқырата бейнелейтін мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын,
ұлттық
нышандарын
көрсететін
ерекше қастерлі белгілер. Өйткені,
Отанға деген сүйіспеншілік – өз еліңе
деген
мақтаныш,
мемлекеттік
рәміздерге деген құрметтен бастау
алады. Биыл бұл күнге 26 жыл толып
отыр. Мәртебесі биік күнді ауданымыз
жыл
сайын
жоғары
деңгейде
ұйымдастырып
өткізеді. Биыл
рәміздер күні аудандық мәдени-сауық
орталығында мерекеленді. Салтанатты
шараға аудандық мекемелер мен
кәсіпорындар және түрлі салалардың
қызметкерлері қатысты. Салтанатты
жиын Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Туының салтанатты түрде енгізілуі мен мемлекеттік Әнұранның орындалуынан басталды.
Мерекелік жиында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Юржан Асанұлы жаңаарқалықтардың отбасына
амандық, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс тіледі. Шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан
тұрған – Түгіскен ауылдық округінің әкім аппаратының жетекші маманы Ерден Досан, М.Жұмажанов
ауылдық округінің әкім аппаратының жетекші маманы Алмас Ахтанов, Бидайық ауылдық округінің әкім
аппаратының жетекші маманы Элмира Әбішева және С.Сейфуллин ауылдық округінің әкім аппаратының
бас маманы Бақыт Жылқыбаевалар салтанатты түрде ант қабылдады.
Мәдени-сауық орталығының өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, күй шертсе, «Балдәурен»,
«Тұмар» би топтары мың бұрала би билеп, жиылған халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің
сәнін кіргізді.
Сонымен
қатар,
биылғы
Қазақстан
Ре спубликасының
М е м л е к е т т і к
рәміздеріне 26 жыл
толу мерейтойына арналып «Елдігімнің белгісі – Рәміздерім!» атты
ауданымызда автошеру
ұйымдастырылды.
Аталмыш
шараға
аудандық «Жаңаарқа»
газеті,
«Демалыс
саябақтары және стадионды басқару» мекемесі, мәдени сауық орталығы, аудандық кәсіпкерлер палатасы,
аудандық мұрағат, «Халық мешті», жұмыспен қамту орталығы, аудандық сәулет және қала құрылысы
бөлімі, аудандық аурухана, аудандық өрт сөндіру мекемесі, №132. Б. Амалбеков атындағы, О.Жұмабеков
атындағы ЖОББ мектептері, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудандық СЭС, мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі, Жезқазған индустриалды гуманитарлық колледжі, әскерилендірілген күзет,
аудандық ШЧ,
және С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана мекемелерінің
автокөліктері қатысты.
Шара барысында еліміздің көк туы көтеріліп, «Жасасын мәңгілік ел! Жасасын біздің рәміздер!» атты
ұран жаңғыртылды. Патриоттық стильде безендірілген автошеруге қатысушы көліктер қатарға тізіліп,
аудан көшелерін аралап, Жаңаарқа халқын мерекелерімен құттықтады. Көшелерге ерекше сән беріп
өткен шеруді аудан тұрғындары зор құрметпен қабыл алды.
Рахат Айтжанова
9 маусым 2018 жыл
Жемқорлықпен күрес басты міндет
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан
бері Елбасының жыл сайынғы Қазақстан
халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың
алдын-алу және оған қарсы күрес шараларына
аса маңызды көңіл бөлінуде. Әлеуметтік саланы дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту
жолында ел еңсесін көтеруіне кедергі болатын
құбылыстарды
жою
барша
қазақстандықтардың міндеті. Ол жұмыстарды
атқару үшін жылдар бойы тиісті мемлекеттік
бағдарламалар қабылдануда. Соңғы жылдары
сыбайлас жемқорлық деректері артқан сайын оған қарсы күрес жүйелі және кешенді
сипат алуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жемқорларды анықтап, сыбайлас
жемқорлықтың алдын алуда жемісін беріп келеді. Осы мақсатта мемлекеттік
қызметшілердің ешкімге материалдық жағынан тәуелді болмай, сыбайлас жемқорлық
әрекеттерге бармай, міндеттерін адал атқару үшін жалақыларын көбейту кезеңкезеңмен жүзеге асырылғаны бәрімізге мәлім. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесінде 10 негізгі міндеттің
бірінде заң үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым
бағыттары болып қала беретіндігі туралы тілге тиек етті.
Елбасының Жолдауына өз үлесімізді қоса отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдыналу мақсатында Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері
арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңбұзушылыққа жол бермеу үшін қарқынды
жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді жыл сайынғы жұмыс жоспарымызға кіргізіп, оны әрқашан жұмыс бабында қолдануды басшылыққа алып келеміз.
А.С.Сүлейменов,
Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің
бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі
2
« OTAUTV» жерсеріктік телевидениесі
көрермендер үшін « OTAUTV+ » жаңа
пакетін іске қосты
Жерсеріктік телевидение
желісінің
ұлттық операторы
«Қазтелерадио» АҚ
жоғарғы
сапада
көрсететін шетелдік телеарналар қосылған «OTAU TV+» жаңа пакетін іске қосты.
Жаңа пакетке қосыла отырып, көрермендер тегін көрсетілетін 66 отандық теле- радиоарналарға
қосымша түрлі жанрлардағы 14 шетелдік арналарды көре алады. Пакеттің ақысы айына 500 теңгені
құрайды.
«OTAU TV+» пакеті келесі қосымша арналардан тұрады: «РТР Планета», «Рен ТВ интер», «Домашний», «СТС», «Мама», «Мульт», «Cartoon Network», «Amedia-2», «Дом кино», «Cinema», «Bollywood» «Россия 24», «Здоровое ТВ» и «Музыка Первого».
Еске сала кетейік, «OTAU TV» жерсеріктік телевидениесінде «ТЕГІН» (абоненттік төлемсіз) пакеті
66 отандық теле- радиоарналар SD және HD форматтарында таратылады.
Ақылы пакетке қол жеткізу үшін қосымша құрылғылар орнату немесе қосымша орнату жұмыстарын
жүргізу қажет емес.
«Қазтелерадио» АҚ «OTAU TV» жерсеріктік желісі Қазақстанның барлық аймағын 100% қамтиды,
кез келген елді мекеннің әр тұрғыны жерсеріктік сигналды тікелей қабылдайтын қызметті алуға
мүмкіндігі бар. «TV Commerce» ЖШС жасалған келісім аясында «Қазтелерадио» АҚ
инфрақұрылымдарын қолдана отырып, шетелдік телеарналарды көтеруді жүзеге асыру арқылы 66
арналы тегін Базалық пакетінжәне 76 арналы «Премиум» ақылы пакетін, сонымен қатар 4 арналы
«VIP» пакетін (ішінде HD форматтағы 20 арналар бар) көру мүмкіндігін беретін техникалық шаралар
өткізілді.
Ақпарат және коммуникациялар Министрлігінің Ақпарат қызметі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің
басшысы Ж.Ш.Сәрсеновтың мақаласы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ақпараттық
шаралар кешені арқылы қалыптастыру
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев биылғы
жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы міндетінде
«Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді» деп
атап айтты. Оның ішінде, жемқорлықтың алдын алу шараларын
жүргізуді тапсырды.
Баршамызға мәлім, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың
тиімділігіне,
елдің
инвестициялық
тартымдылығын
төмендететіндігіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін
тигізеді. Сондықтан, әр азамат, жеке тұлғадан бастап, үкіметтік емес
ұйымдар, қоғам өкілдері мемлекеттік органдармен бірлесіп
жемқорлыққа қарсы әрекеттерге белсенді араласуы тиіс.
Менің ойымша, парақорлықты жою үшін ең алдымен жаппай қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті, оған қарсы «мүлдем төзбеушілік» иммунитетін қалыптастыру қажет.
Біздің департаменттің атқаратын қызметтерінің басты бағыттарының бірі- сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Оның ішінде, ақпараттық шараларға тоқталатын болсақ, департамент өз жұмысында халықты
ақпараттандыру құралы ретінде барынша тәсілдерді қолдануда. Ол, әлеуметтік маңызды іс-шараларды
ұйымдастыру, жемқорлықтың зияндылығын, оған жол бермеу туралы БАҚ-та кеңінен насихаттау, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы плакаттар мен баннерлер орналастыру, аудио, бейнероликтер көрсету.Бұлардың
барлығын қоса алғанда халықты ақпараттандырудың мықты құралы болып табылады.
Мәселен, жыл басынан департаменттің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда
300-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылып, 20 мыңнан астам адам қамтылды.
Олардың ішінде жастар арасында сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауды қалыптастыруға ерекше
көңіл бөлінеді.
«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» демекші, бүгінгі күнде жастардың ой-санасын сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениетке бейімдеу мектеп қабырғасынан басталуда. Бүгінгі күнде облысымыздың барлық мектептерінде «Адал ұрпақ» клубтары жұмыс жасауда. Жоғары оқу орындары мен колледждерде «Саналы
ұрпақ» клубтары іске қосылмақ. Осы клубтардың аясында жастардың қатысуымен сыбайлас жемқорлық
тақырыптарында әр түрлі іс-шаралар өткізіледі. Осындай жұмыс, яғни, өскелең ұрпақпен жұмыс дүниежүзілік тәжірибе екендігін атап өткен жөн. Европа елдері балалардың кішкентай жасынан бастап
адалдық және әділеттілік қағидаттарын қалыптастырып, оларды болашақ салық төлеушілер ретінде
қарастырады.
Жемқорлық мәселелері жүйелі түрде БАҚ-та жариялануда. Басылым беттерінде арнайы ашылған айдарлармен мақалалар жарияланса, облыстық телеарналарда телесюжеттер, арнайы репортаждар көрсетілуде.
Облысымыздың қала және аудандарында қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері
арнайы құрылғын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтарына тартылып, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл топтармен 200-ден
аса кездесулер өткізілді.
Халықтың көп шоғырланған орындарында, қоғамдық көліктерде, супермаркеттерде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған аудиороликтер, бейнероликтер қойылып, плакаттар ілінді.
Бүгінгі күнге барлық қалалар мен аудандарда жемқорлыққа қарсы тақырыпта баннерлер
орналастырылған.Осы жерде атқарылып отырған ақпараттық жұмыстардың оң нәтижесі ретінде Осакаровка
ауданында орын алған жағдайды мысалға келтіруге болады. Онда, қарапайым тұрғын өзінен полиция тергеушісі пара талап еткенінде не істеп, қайда барарын білмей, баннердегі Сall-center 1424 нөмірін көріп, сол
нөмірге қоңырау шалған, бүгінгі күнге сол тергеушіге қатысты сот алдындағы тергеу шаралары жүргізілуде.
Демек, әр адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа кез болған жағдайда қайда жүгіну қажет екендігін
білуі тиіс.
Сөз соңында, айтарым - иә, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою мүмкін емес, алайда, кез келген азамат
жемқорлыққа жол бермей, оған қарсы «мүлдем төзбеушілік» қағидасын ұстанып, мемлекеттің мүлігі мен
қаржысына жанашырлық танытып, өзінің ой-санасына тазалық, адалдық қасиеттерін сіңіре білсе, еліміздің
дамуы ілгері түсетіндігі сөзсіз. Сондықтан, сіз бен біз болып сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік
атмосферасын қалыптастыруымыз қажет. Сыбайлас жемқорлық бар жерде даму болмайды. Ал, біздің, Елбасымызбен былтырғы жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген міндетіміз - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру. Бұл мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізбен озып
жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы керек.
Ал, департамент қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған
іс-шаралар одан әрі жалғасын таппақ.
Жан жүрегім- Астана
Сарыарқа төсінде Қазақ елінің тәуелсіздігінің нышаны іспеттес әсем қаламыз Астананың бой
көтергеніне 6-шілде күні 20 жыл толғалы отыр.
Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен осынау аз
ғана жылдың ішінде Елордамыз дәулеті тасып,
сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың
біріне айналды. Тарихқа сәл шегініс жасап,
Елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ,
сонау 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың
Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланған күн еске
түседі. Оның оңайшылықпен келмегені де белгілі. Қаншама қарсылықтар,
сыни көзқарастар айтылды. Бүгінде қазақ елінің Елордасы болуымен қатар
халықаралық алқалы жиындардың да ордасына айналған Астанамыздың келешекте де мерейі тасып, беделі асқақтай берсін деп тілейік!
Өз тілшімізден
Бұқар жырау Қалқаманұлы 350 жыл
Қабырғалы би - БҰҚАР ЖЫРАУ
Бұқар жырау Қалқаманұлы – XVIII ғасырдағы
қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол
ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың
куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері
1668 жылдар шамасында туған. Бұқардың арғы
тегі Арғын, оның ішінде Қаржас. Бұқардың әкесі
Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты
шыққан батыр болған. Бұқар жыраудың өмірі
мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бұқар жырау ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ
(1718 жылы өлген) қабырғалы би болған деседі. Бірақ Абылайға дейінгі билеп
келген хандардың ешқасайсымен тіл табыса алмайды. Тек Абылай ханның
тұсында жыраудың жұлдызы жанады, сөйтіп ол хан ордасына оралып, қалған
өмірінде мемлекеттік істерге тікелей араласады. Бұқар жырау Қалқаманұлы
Бұқар жырау ауданының аумағындағы Далба тауының бір сілемінде жерленген. Бұқар жыраудың шығармалары философиялық-дидактикалық толғау
түрінде бізге жеткен. Жырау халықтың дәстүрлі ауыз әдебиетінің үлгілерін
шебер пайдалана білген. Бұқаржырау шығармаларының басты тақырыбы –
халқына, отанына деген ыстық махаббаты. Ол отанды сүюге, бір орталыққа
бағынған іргелі ел болуға үндейді. Жырау шығармашылығындағы басқа бір
маңызды тақырып адам табиғатының өзгеруі, дүниенің бір орнында
тұрмайтындығы. Бұқар өмірді кезең-кезеңге бөліп, адамның жасы оның санасын, мінез-құлқын, көңіл күйін, күш-жігерін қалай өзгертетіндігін
көрсетеді. Оның поэзиясының халық арасына кеңінен тарап, ғақлия, нақыл,
афоризмдерге айналуы, мақал-мәтел болып жетуі де көркемдеу тәсілінің кереметтігінде. Бұқар жырау Калқаманұлы шын мәнінде көне қазақ
поэзиясының ең тұлғалы өкілдерінің бірі. 1993 жылы жыраудың 325 жылдық
мерейтойын атап өтіп, жыраудың мәңгі есте қалдыру жөнінде айтарлықтай
қадам жасалды деуге болады. Бұрынғы Ульянов мамандырылған бірлестігі
мен Озерное ауылына Бұқар жырау есімі берілген. Кейін, 1997 жылы Ульянов
және Тельман аудандары біріктірілгенде, аудан ұлы абыздың атымен аталды.
Қарағандыдағы сәулетті көшелерінің бірі Бұқар жырау даңғылы деп аталады.
Ал, Бұқар жырау жерленген Далба тауының етегінде халқымыз әулие деп танитын ұлы абыздың кесенесі салынып, ол 1993 жылы 21 тамыз күні салтанатты түрде ашылды. Кесененің ашылу салтанаты көне Далба тауы етегіндегі
салқар тойға ұласты. 2008 жылы Қарағандыда Бұқар жырау ескерткіші
ашылды. Ескерткіш авторы – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, мәдениет
қайраткері,мүсінші Бейбіт Мұстафин. Ескерткіш мемлекеттік комиссия
ұсынысына сәйкес, бетоннан жасалып, қола түстес бояумен боялған. Мүсіндік
композиция барлық техникалық талаптарға сай. Биіктігі - 8 м, 40 см, тұғыры
- 4 м, 20 см, салмағы - 16 тонна. Бұл сәулеттік туындыдан еркіндікке ұмтылу
идеясын, Бұқар жыраудың хандарға ақылшы, халқына басшы болған өр рухты
өжет тұлға екенін көруге болады.
Г.О.Жақыпова,
мемлекеттік мұрағаттың жоғарғы санатты мұрағатшысы
9 маусым 2018 жыл
3
Рухани жаңғыру
редактордың орынбасары
болып
Күлшетай
Түйебаева, корректор Светлана
Сарыбаева
болды.
Тұрышев Петр өте сауатты жазатын еді. Ал Күлшетай Түйебаеваның аудармасы нақ, таза
әдеби көркем тілімен өрнектеліп аударылатын. Күлшетай -аудандағы сауатты аудармашы
десем артық айтқандық емес. Кейде “Жаңаарқа” газетінен “Новая степь” газетінің таралым
ы көптеу болатын себебі ол уақытта ауданда Просторный, Красная поляна, Бұрма, Өспен,
Қызыл тау, Ортау совхоздары бартын. Кейіннен бұл совхоздар Шет ауданы құрылғаннан
кейін жер теліміне байланысты Шет ауданына берілді. Газеттер сол уақыттарда 3-4 мың тиражбен шығатын.
Ойлап қарап отырсам осы жандардың көбісі өмірден өтіп кеткен екен. Жатқан жерлері
жайлы болсын. Отыз жылға жуық бас есепші болған Бақыт Алпысованың уақытында есептерді дұрыс жүргізіліп, айлық уақытылы айына 2 рет беретін. Оны мен қоса қалам ақылар
бар, шаттан тыс тілшілерге де берілетін қалам ақы жазған мақаланың көлеміне байланысты
төленетін. Редакцияға контейнер-контейнер рулон қағаздар келетін. Бақыт облыстан соны
қабылдап баспаханаға уақытында босататын. Редакцияның кіріс шығысының бір тиынын
шашау
шығармай
есептеу, кадр жұмысы
соның құзырында еді.
Тоқсан
сайынғы
есепті облысқа барып
беретін. Қазір зейнеткер “Еңбек ардагері”.
Әр
саланың
өз
қызығы, өз қиындығы
болады ғой. Амантай
Нығатаев пен Бақыт
Алпысова
осы
газеттердің
“50
жылдық”
мерей
тойын өткізу үшін
Қ а р а ғ а н д ы
мұрағатында, Алматы
мұрағатына
хат
жазып толық қай ай,
қай
жыл
екенін
анықтау үшін хаттамалар жіберді. Бірақ
жауап ол жақтан
емес,
Мәскеу
мұрағатынан толық
ақпарат келді. Соған қарап газеттің алғаш шыққан жылы мен айы қойылды. Бұл 1988 жылы
еді. Ол уақытта 5-мамыр баспасөз күні болып тойланатын. Аудандық мәдениет үйінде үлкен
жиын болды.
Катя екеуіміз бір кабинетте отырамыз. Екі жақтан машинканың сытырлаған дыбысынан
басымыз мең-зең болып, қолымыз шаршап шығатын едік жұмыстан. Машинкадан шыққан
материалды жауапты хатшы макет бетіне түсіріп баспаханаға жөнелтеді. Газет беттеушілері
қолмен теретін алдарында, әр түрлі шрифтағы кассалар болатын. Мақпуза Тайтөлеуова,
Лидия Артухеевич, Раиса Иванушкина, Еңлік Балмағанбетова газет басушы Шәмшия
Тайтөлеуова, Темірғали Смағұлов. Линотип машинасы 1964-1965 жылдары келген еді
баспаханаға, осындай екі ұжым араласып еңбек етті. 1965 жылы Елемес Әбдіхалықовқа
тұрмысқа шығып, отбасымызда 5 бала тәрбиеледік. Елемес ПЧ-14 мекемесінде үзбей еңбек
етіп, зейнеткерлікке шығып, 2016 жылы өмірден өтті. Қос қызым Қарлығаш пен Тамаша
Теміртау қаласында отбасымен тұрады. Ғалым өмірден ерте кетті, артында екі баласы
қалды. Ғабыл әке жолын қуып темір жолда ПЧ-де еңбек етеді. Таңғал осы ауданда ШЧ-да
еңбек етеді, отбасылы. Мен жұмысқа келген жылы 26 жаста болған, едім. Газет 80 жасқа
толды. Қызығыда, ауыртпашылығыда болған редакция қашанда ыстық көрінеді. Газетіміздің
80 жылдық мерейтойы құтты, ғұмыры ұзақ, оқырманы көп болсын. Сіздердің еңбектеріңізге
табыс, қаламдарыңыз ұшқыр, алда келе жатқан журналистер күні құтты болсын дегім келеді.
Күлзия Әбдіхалықова, еңбек ардагері, зейнеткер
Тарландарды түлеткен “Жаңаарқа” сүйікті газетім
Мен еңбек жолымды осы аудандық газеттен бастағаннан кейін
үзбей жылда “Жаңаарқаға” жазылып, оқып отырамын. Ол маған
өте ыстық. Өйткені балалық шағымды, есейген кезім, ақыл
тоқтатып өскен орным осы мекеме болды.
1952 жылы аудан орталығындағы №1 В.Ленин атындағы қазақ
орта мектебіне барып, 1962 жылы аяқтап Қарағанды
қаласындағы Тау-Кен училищесіне оқуға түстім. Бірақ оны бітірмей үйімді, қарт әке-шешемді сағынып ауылға келдім. Сыртқа шығып көрмеген, 3 ағаның ортасында өскен кенже
жалғыз қыз едім. Содан 1962 жылы осы “Жаңаарқа” редакциясының қазақ газетіне машинка басатын болып жұмысқа орналастым. Маған машинканың қыр сырын үйреткен Ахметова Дариға апай еді. Сол уақытта корректор Салықова Қарашаш екен, кейін ол кісі оқуға
кетіп орнына Асқарова Қапиза келді. Басылымның қателерін түзетіп, қол қойып, жұмыстың
ең соңында кететін осы корректорлар болатын. Екеуімізде 1995
жылы зейнеткерлікке бірге осы
мекемеден еңбек ардагері болып
шықтық. Осы уақыт ішінде
қанша басшы, тілшілермен еңбек
еттім.
Редакторлар:
Әбікен
Бақтыбаев,
Бұқпа
Әшімов,
Қалиақпар Әбілдин, Амантай
Нығатаев, Ұзақбай Мұқышов,
Атымтай Оспанов, бөлім басшылары болған Өміртай Жақыпов,
Асан Жұмаділдин, жауапты
хатшы Марал Хасенов, кейіннен
Қайрулла Аманов, тілшілер
Өмірхан Зетов, Сағынтай Әбішев,
Сайлаухан Нәкенов, Зейнулла Көшкенов, Қыдырбай Бексейітов, Өтеш Кәрімов, Қашқынбай
Сейсекеев, Ләйлім Жақыпова, Болат Оспанов, Еркін Аяпбеков, Жомарт Оспан, Төкен
Әлжан, Бөлемес Әбдіхалықов, Хамит Дәрібаев, Ғалым Жайлыбаев, Мағжан Садыханов,
Атымтай Оспанов, фототілші Берік Алпысовтармен еңбек еттім. Газет жетісіне 3 рет
шығады. Машинкада дамыл болмайды, газет бетіне жаңалықтарды дер кезінде шығару үшін
қаншама қол жазбаны машинкада тергеніммен қаншамасы алдымда кезек күтіп жатады.
Арасында осы санға кету керек шұғыл ақпаратты басшы болсын, тілші болсын келіп бірден
қолма-қол айтып, бастырып отыратын. Ойлары ұшқыр бірінен кейін бірін ой өзегінен
өткізіп айтып жатқанда оны үлгеріп, қатесіз басу деген оңай емес еді. Бөкең мен Қалекеңнің
жеңілде, жатық, мағынасы терең мақалалары, Өмекеңнің алмас қылыштай кесіп түсетін,
сөз саптауы өткір мақалалары, Ұзекеңнің “аталмыш”,- деп бастайтын сөздері әлі есімде.
Ойымнан, көз алдымнан кино лентасы сияқты өтіп жатады. Фототілші Берік Алпысовтың
еңбек адамдарын, сауыншы, шопан, механизаторлар, малшылар, дәрігер, сауда
қызметкерлерін суретке түсіріп шағын зертханасында оны шығарып Қарағанды қаласынан
апарып клише қылып шығарып алып келіп, оны газет бетіне беретін. Осының барлығы дер
уағында ескірмейтіндей етіп, газет бетіне шығып жататын. Сол уақытта совхоздар мен
үлкен ірі-ірі мекемелердің барлығы жайында қамтылатын. Совхоздар мен бөлімшелерінде
жаз уақытта шөп, күзде егін орағы, күзем қырқын, қыста мал шаруашылығы, көктемде төл
алу, сахман науқаны сондай қайнаған қарбалас уақыт еді. Осы еңбек адамдарының ерен
еңбектері суреттерімен газет бетінен орын алатын. Сондықтан машинкада дамыл болмайтын. Ауданда жалғыз қазақ машинкасы редакцияда болғандықтан райком партияның,
райсполкомның қазақша мәтіндері бізде басылатын еді. Онымен қоса штаттан тыс
тілшілердің мақалалары, қол жазбалары менің қолымнан өтеді. Қалимаш Шалова, Секер
Қамбалова, Бұралқы Сейтқазин, Файзулла Сүлейменов, Тоғжан Махамбетова сынды штаттан тыс тілшілер бар еді. 8 сағат бойы машинкада дамыл болмағаны сонша, кейде әріптер
ұшып кететін, оны райстатта “пайка” жасатып әкелетін. Газет екі тілде шығатын, орысша
аудармасы “Новая степь” -деп аталатын. Онда Петр Степанович Тұрышев, Темірбай
Дәкенов, аудармашылар Күлшетай Түйебаева, Сайлау Беспаев, Светлана Сарыбаева, Шынар
Әлжанова, Мейір Рүстембеков, Екатерина Бронникова, Ғабдулла Әлжаппаров, Есімжан
Байшағыров, корректорлар Тамара Матухно, машинисткалар Екатерина Мауль, кейіннен
Халыққа үнемі хабар жариялап,
жаңалық
таратып
келген
газеттің өткен уақыты біз үшін
Баспа ісінің маманы
өшпес өнеге. Осы бір тарихи жылдары
«Жаңаарқа» газетінің редакциясында еңбек
еткен аға – апаларымызбен кездесіп,
сұхбаттасу жоспарлы жүруде. Бүгін біз баспаханада қызмет атқарған, баспа ісінің маманы,
жүрген ортасының мақтанышы – Матина
Қалампыр апайымызбен сұхбаттасуға келдік.
Қалампыр апа бізді қуанып, жылы шыраймен
қарсы алды. Өткен уақыттағы естеліктерімен
бөлісті.
-Апай,
алғаш
жұмысқа
келген
жылдарыңыз туралы ой бөліссеңіз?
1969 жылы аудандық тұтынушылар одағы мекемесіне хатшы болып жұмысқа орналасып,
1985 жылға дейін еңбек еттім. Бұл мекемеде
қайыным Матин Шоқан басшы болатын. 1985
жылдан бастап баспахана
жұмысын
тоқтатқанша баспаханада жұмыс жасадым.
Ең алғаш қойма меңгерушісі болып орналастым. Менің алдымда қызмет атқарған Тойбала
зейнетке кеткеннен соң, сол кісінің орынына линотип машинасына ие болдым.
-Еңбек жолыңызда жеткен жетістіктеріңіз жайында айта кетсеңіз?
Атап айтсақ, әр газеттің сәтті шығуы біз үшін үлкен, мәртебе жетістік болатын. Айтулы
күндері әр түрлі іс – шараларға қатысып, көптеген жетістіктерге жетіп, марапаттарға ие
болып, алғыс хаттар алатынбыз. Бастықтың істе деген ісін істеп, тапсырған жұмысын уакытылы орындайтынбыз. Білмесек те- «білмеймін» деген сөз айтпай, бір–бірімізге үйретіп,
ұйымшылдықпен жүктелген міндетті бір кісідей атқаратынбыз.
-Отбасыңыз жайында айта кетсеңіз?
Рухани жаңғыру
Мен 1951 жылы 22 шілдеде осы
Жаңаарқа ауданында дүниеге
келдім.
В.И.Ленин
(қазіргі
О.Жұмабеков) атындағы орта
мектептің түлегімін, сол мектепті 1968 жылы бітірдім. Бір
анадан он бір ағайындымыз. Бір
әкеден жалғыз қызбын. Әкем
менің құндақтағы кезімде
қайтыс болыпты. Одан кейін
анам екінші рет тұрмысқа
шықты. Мен нағашымның
қолында, сол үйдің екінші қызы
болып тәрбиелендім. 1969
жылы осы ауданның азаматы
1946 жылы дүниеге келген,
астық дайындау пунктінің
қызметкері Матин Дулатқа тұрмысқа шықтым. Он баламыз бар. Үлкеніміз Жанболат
Қарағандыда тұрады. Одан кейін екі қызым бар. Одан кейін қолымдағы ұлым Нұрболат.
Кенже ұлымыз Айболат Жезқазғанның политехникалық коледжінде оқытушы, доцент, кейіннен докторлық атағын алды. Өзім 2004 жылы зейнетке шықтым. Қазір немерелерімнің
ортасында бақытты ғұмыр кешудемін.
-Қызмет еткен соңғы жылдарыңыз жайында айта кетсеңіз?
Мен линотип машинада әріп теріп қызмет атқардым. Әріптестеріміз ұйымшыл болды. Бір
үйдің баласындай тату – тәтті таң азаңда келіп, кешке кетіп, бір – бірімізбен санаспай, керісінше қолдап, көмектесіп жұмыс жасадық. Мен жұмыс жасаған жылдары
Мұхаммеджанов Қазбек басшы болды. Ол кісінің еңбегі, қолдауы өте көп. Сол кісінің
арқасында шыңдалып, жұмысты белсене атқардым. Ат басын бұрып, кешегі күннің
еңбеккерлерін ұмытпай, келіп сұхбаттасып, естеліктеріммен бөліскендеріңе рахмет!
Жұмыстарың жемісті болсын! Мереке баршамызға құтты болсын!
Құндыз Сыздықова
9 маусым 2018 жыл
4
1 маусым- дүние жүзі бойынша балаларды қорғау күні. Жыл сайын жаздың бірінші күні арнайы дайындаған билерін биледі. Шеру соңында аудан әкімі Юржан Асанұлы балаларға
жас сәбидің жайдары күлкісіндей керемет бадеген құттықтауы мен жылы лебізін білсталсын деп белгіленген айтулы күн десек
1 маусым– Халықаралық балаларды қорғау күні діріп, балалардың түрлі жарыстардате қателеспес едік. Өзіміз ер жетіп, есейжеткен жетістіктерін айтып өтті.
сек те іні – қарындастарымызбен бұл
Өнерлі оқушылар ән мен биден
мерекені есіміз қалмай атап өтеміз. Әрине
шашу шашып, мерекенің көркін
ешкімнің есейгісі келмейтіні анық. Балалық
қыздыра түсті.
шақ –ең бақытты, қайғысыз қамсыз кезіміз емес пе?!
Бұл күні асық ату, жүгіру, сұрақ жауап, асфальтқа сурет салу жарыстары да
Халықаралық балалар күні тек балалар ғана емес ересектер де бір серпіліп балалық шаққа ұйымдастырылды. Жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздары аудандық білім бөлімінің
дайындаған сыйлықтарымен марапатталды.
Балалар көңіл көтере жүріп, аулаға орналастырылған сауда-саттықтан түрлі ойыншықтар
сатып алып, тәтті –дәмді балмұздақ пен сусындардан, кәуаптардың түр–түрінен дәм татып,
естелік суреттерге түсіп, құмарлары қанғанша асыр салып ойнады.
Әлемдегі бар бала-жарқыраған күніміз
саяхат жасап қайтқандай сезімде болатыны анық.
Ауданымыздың Тәуелсіздік саябағында балаларды қорғау күніне арналған мерекеде балалар
шеруі өтті. Шеруге ауданымызға қарасты ауылдық және аудан басындағы
мектептердің оқушылары мен мұғалімдері, балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері,
спорт мектептері толығымен қатысты.
Шеруге қатысқан әр мектептің оқушылары өз мектептерінің жетістіктерімен мақтанып,
арнайы дайындап әкелген өнерлерін ортаға салды. Сондай–ақ, шеруде еліміздің жеткен
жетістіктері де қамтылды. Атап айтсақ, Елордамыздың жиырма жылдығына байланысты
Рухани жаңғыру
Туған жерге тағзым
Соңғы қоңырау салтанатында Талдыбұлақ ЖОББ мектебінен қанат қаққан
шәкірттері туған ауылына үлкен сый-сияпат жасады.
Биылғы жылы мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары мектеп
алаңына «Түлектер аллеясын» ашып, оған жеміс ағаштарын отырғызды.
Мектепті осыдан 20 жыл бұрын бітіріп, бүгінде әр салада еңбек етіп жүрген
азаматтар мектептегі екі кабинетке жылу радиаторын, 1-сыныпқа
қабылданатын бүлдіршіндерге сумка толы оқу-құралдарын, ауыл мешітіне компьютер, ауыл іргесіне «Бәйге алаңын» жасап мерейлері үстем болды.
Мектеп түлектері бірлесіп ауылда бәйге ұйымдастырды. Алдымен ауылдың
қарадомалақтары жаяу жарысып, 1-орынды Мәнсүр Қанатов (желдеткіш), 2орынды Дінасыл Қазкен (шаш алатын машинка), 3-орынды Нұрәлі Борамбай
( 5 мың теңге) алды.
Аламанға жиналғандар қарасы қалың. Аудан әкімі Юржан Бекқожин
бастаған мекеме басшылары арнайы келіп жарысты тамашалады. Ауыл
ақсақалы ақ бата беріп, бәйге басталып кетті. Тай жарысына қатысқан 21
шабандоздан талдыбұлақтық Темірхан Тоқбергеннің «Таңшолпан» атты тайы
мәрені бірінші болып кесіп өтіп, 100 мың теңге сыйлыққа ие болды. 2орынды теміртаулық Рауан Сұлтановтың тайы (50 мың), 3-орынды шахандық
Жарулла Ібікеновтың тайы (30 мың) қанжығасына байлады. Дүбірлете келген
4, 5-орындарға да ақшалай сыйлықтар табыстады. Құнан жарысында топ
жарып келген құнандар 1- ші келген теміртаулық Хаби Жайлаубайдың (тоқ
генераторы), 2-ші орын келген қарағандылық Әмірхан Ерланұлы (шаңсорғыш),
3-орын талдыбұлақтық Мұқажанов Файзырахман (тоқ пеш) иеленді. Аламан
бәйгенің алдын бермеген Шет ауданының әйгілі бапкері Жолдыбай ақсақалдың
аты топ жарып мотоцикл ұтты, мұнан кейінгі 2- орынды қарағандылық Мұрат
Есмағанбетовтың аты (толық жабдықталған ат әбзелдері), 3-орынды
талдыбұлақтық Аманғалиев Ардақтың аты (газ плита) еншіледі.
Н.Қазкенұлы
Мерекеге жиналған ата – аналар мен балалар осы тамаша шараны ұйымдастырған аудан
әкімдігіне, білім бөлімі мен мәдени сауық орталығының қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Ауданымызда кең көлемде ұйымдастырылып, өткізіліп отырған шеру балалардың
көңілін көтерді.
Құндыз Ержанқызы
Жарайсыңдар жеңімпаздар
Жауырындары жерге тимеді
Дзюдо күресінен Балқаш қаласында өткен жарыста Талдыбұлақ ауылының палуандарының
қанжығалары майланып қайтты. Ауыл балаларын
додаға баптап жүрген Елдияр
Дүйсенбиннің еңбегі жанды. Балқаштық балуандармен күрескен үш жас өрен Жансұлтан
Ғалым (35 кг), Мирас Мырзахмет (26 кг), Арнұр
Жақсылық ( 35кг) І орын алып қайтты. Ауылдан
алғаш жыраққа шыққан палуандарды, ауыл тумасы Жақыпов Ғабит күтіп алып, жағдайларын
жасап азаматтық танытты. Жастарды даярлап,
қолдау жасап жүрген азаматтарға алғыс
айтсақ, жас палуандардың бағы жана берсін
демекпіз.
Бокс
Н.Тоқбергенов, Талдыбұлақ ауылы
Кеңес одағының батыры, жерлесіміз Амантай Дәулетбеков атындағы дәстүрлі ашық турнир өтті.
Биылғы турнирдің ерекшелігі облыстық мәртебеге ие болды. Жарысқа Астана, Қарағанды,
Жезқазған, Балқаш, Сәтпаев, Пришахтинск қалаларынан Жәйрем, Ақадыр және Атасу кенттерінен
110 спортшы қатысты. Жарыс салтанатты түрде ашылып, аудандық «НұрОтан» партиясы
төрағасының бірінші орынбасары Әсет Аманжолов, аудандық дене шынықтыру және спорт
бөлімінің басшысы Алдан Қарабаев құтықтау сөз сөйледі. Батырдың ерлігі, жас ұрпақты тәрбиелеуде
үлгі болатыны айтылды. Үш күнгі созылған тартысты бәсекеде 26 кг І-орынды А.Асанов (Жәйрем),
ІІ-орынды Н.Әбенов (ФОК), ІІІ-орынды М.Әділхан (Жезқазған), Е.Мақсатұлы (Жаңаарқа). 28кг
салмақта І-орынды Ж.Амантай (Жаңаарқа), ІІ-орынды Д.Әбілқасым (Жаңаарқа), ІІІ-орынды И.Болатов (Жәйрем), Ф.Мұсатаев (Жаңаарқа). 30кг І-орынды Ә.Айтжан (Жаңаарқа), ІІ-орынды Б.Бәкіров
(Қарағанды), ІІІ-орындарды Е.Бақтыбаев, Н.Оңғарбай (Жаңаарқа). 32 кг салмақта І-орынды
Ә.Сәрсенбаев (ФОК), ІІ-орынды Д.Шабанов (Жаңаарқа), ІІІ-орындарды Н.Тілекұлы,
Е.Нұрмағанбетов (Жезқазған). 34 кг салмақта І-орынды М.Рахимов (Жезқазған), ІІ-орынды А.Кемелханов (ФОК), ІІІ-орынды В.Цой (ФОК), Е.Серік(Жаңаарқа) 34кг салмақта (ІІ группа) І-орынды
А.Қайрат (Жаңаарқа), ІІ-орынды А.Клюев (Пришахтинск), Н.Мінәсіп (Жаңаарқа), Р.Байрамов
(ФОК). 36кг салмақта І-орынды Н.Төлеухан (Ақадыр), ІІ-орынды Т.Сухоруков (ФОК), ІІІ-орынды
С.Төлеухан (Жәйрем), С.Бауыржан (Жаңаарқа)38кг салмақта І-орынды В.Григорьев (Пришахтинск)
ІІ-орынды Д.Рамазанов (Жаңаарқа) ІІІ-орындарды А.Бұқабай (Жезқазған), Ж.Оңғарбай (Жаңаарқа).
40 салмақта І- орын Ж.Мұқажанов, ІІ-орын Д.Синицин, ІІІ-орынды М.Жұмабеков, М.Сейфуддинов
50кг салмақта І-орынды М.Ғабден, ІІ-орын М.Айтмұқаш, ІІІ-орынды Н.Саятұлы, Д.Егістаев +56
кг салмақта І-орынды Т.Тлеубаев, ІІ-орынды А.Сұлтанбеков, ІІІ-орынды М.Балтабаев, Ш.Қали,
48кг салмақта І-орынды Н.Бөгдешов, ІІ-орынды Р.Елеусізов, ІІІ-орынды Т.Сағындық, (ФОК), С.Серіков (Ақадыр) 52кг салмақта І-орынды Н.Шоланов (ФОК), ІІ-орынды Ж.Нығыметов (ФОК) ІІІорынды А.Қайыров (Жаңаарқа), 60кг салмақта І-орынды Н.Дахбай (Жаңаарқа), ІІ-орынды
Д.Дүйсембаев(Жаңаарқа), ІІІ-орынды Е.Бошай (Сәтпаев), Д.Хачатрян (Пришахтинск).
Қыздар арасында 30кг салмақта І-орынды А.Сариева (Жаңаарқа), ІІ-орынды М.Ғани (Жаңаарқа),
ІІІ-орындарды А.Тимурова (Жайрем), И.Қадырмолдаев (Ақадыр). 40кг салмақта Ұ.Жәмкенова
(Жаңаарқа), ІІ-орынды Ж.Жакупова (Жаңаарқа) ІІІ-орынды Д.Серікова (Жезқазған), А.Қабылда
(Жаңаарқа) 44кг салмақта І-орынды А.Абылхан (Балқаш), ІІ-орынды М.Ерғалиева (Жезқазған) +70кг
салмақта І-орынды К.Бажбенова (Балқаш) ІІ-орынды И.Терлікбай (Балқаш) ІІІ-орынды А.Нарбаева
(Жаңаарқа) иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт
бөлімінің медалдарымен, мақтау грамоталарымен марапатталды. Батырдың ең жақын туыстары атынан демеушілік жасаған ауданымыздың белгілі азаматы Есентай Рахманқұлов бас жүлдеге ие
болған былғары қолғап шеберлеріне өз атынан бағалы сыйлықтар табыстады.
«Ер есімі ел есінде» сақталуы тиіс. Осы тәрбиелі сөзді өнегелі істерімен ұрпақтары жалғастырып
келеді. Жеңімпаз спортшыларға табыстар тілейміз.
Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі
5
9 маусым 2017 жыл
Ұ р п а қ т ә р Б и е с і - Ұ л т Б ол а ш а ғ ы
Бүгінде бала бойына кішкентайынан бастап, рухани құндылықтар мен тәлім-тәрбие беретін
балабақша рөлі ерекше екені
баршамызға мәлім.
Қазақтың белгілі ақыны Мағжан
Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір
өнер, өнер болғанда да ауыр
өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер»,- дейді. Расында
да
балабақша
табалдырығынан аттаған балаға
тәрбие беру үшін тәрбиеші
маманның өзі тәрбиелі, білімді,
өнерлі болу керектігін білдіреді.
Біздің ауданымызда сондай
жанның бірі, 30-жылдан астам
уақыт
қажырлы
еңбегінің
арқасында ұрпақ тәрбиесіне көп
көңіл бөліп, өзінің педагогтық
білімін бүлдіршіндер бойына
сіңіріп жүрген ұстаз, тәрбиеші,
«Ер Төстік» бөбекжайының
меңгерішісі Кадина Гауһар
Зекенқызы біздің сұхбатымызға
арқауы болмақ.
-Гауһар Зекенқызы бүгінде қызмет жасап отырған бөбекжай жайлы және оның
тарихына қысқаша тоқталып, тәрбиешілер мен білікті мамандарыңыз жайлы
айта кетсеңіз?
-Мен 2006 жылдан бастап осы бөбекжайды басқарып келемін.
Бөбекжайдың тарихына кішкене тоқтала кетсем, 1968 жылы Атасу кентіндегі мектепке дейінгі балаларға тәрбие беретін коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын орыс тілінде
тәрбиеленетін Қарағанды Теміржол бөлімшесіне қарасты №24 «Колокольчик» мемлекеттік
балалар комбинаты деген атаумен ашылған екен. Содан 1969 жылы бөбек-жай (ясли-сад)
атауына өзгертілген. Сол кезден 1998 жылға дейін Алматы темір жолына қараған. Ал, 2001
жылдан бастап бөбекжай толығымен Жаңаарқа ауданының білім бөліміне берілді.
2006 жылдан оқу-тәрбие үрдісі 2 тілде (қазақ және орыс) жүргізіліп, 2 қазақ, 3 орыс тобы
болып жұмыс істеді. 90 жылдардың қиын-қыстау кезеңдерінде көптеген балабақшалар
жабылған кезде аудан басындағы 8 балабақшаның 7-еуі жабылып, жалғыз «Колокольчик»
мекеме деп айтқым келеді. Былтырғы үлкен жетістіктің бірі - «Біздің балабақша тарихы»
республикалық байқауында ІІ орын иегері атандық. Сонымын қатар, «Шоқ жұлдыз»
республикалық байқауда мәнерлеп оқудан Рақымбек Аманжол І орын және Өрікбай Ислам
ІІ орын алып, лауреат атанып, төс белгімен марапатталды. Сондай-ақ, республикалық «Таланттар жәрмеңкесі» байқауынан 16 бала І орын, «Ұлттық өнер ұрпаққа аманат»
республикалық қол-өнер байқауынан 4 бала І дәрежелі дипломмен марапатталып,
балабақшаны жеңіске бөледі. Облыстық «Ханзадалар мен Ханшайымдар» байқауында Асылтас Жүнісбекова бас жүлде иегері болды. Бұдан бөлек көптеген аудандық, облыстық
байқауларда бөбекжайдың атын шығарып, жүлделі орындардан көрініп жүрген бөбектеріміз
өте көп. Ал, тәрбиешілерден былтырғы жылғы ірі жетістік ол - Ардақ Үмбетбайқызынікі.
Ардақ Жаппарова облыстық мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында өткен
«Әдістемелік әзірлеме» байқауының «оқыту-қызықтыру» номинациясы бойынша өзінің біліктілігін, білімін дәлелдеп үздік деп танылып І орынды иеленіп келді. Тағы бір ерекше атап
өткім келеп отырған жарыстарымыздың бірі аудандық «Үздік аула» байқауы. Бұл «Үздік
аула» байқауында барлық аудан, ауыл мектептерінің арасынан біз І орын алдық. Ауламызға
түрлі заттардан балалар ойнайтын машина, кеме тағы да басқа ойнауға қажет заттарды
тәрбиешілер мен күзетшілер және ата-аналар өз қолдарымен жасап шықты. Қандайда бір
іс-шара болмасын ұжым барлығы бір кісідей ат салысатын қызметкерлерімді мақтан етемін.
Жоғарыда аталған барлық жетістіктер осы тәрбиешілердің ерен еңбегінің жемісі.
Баланың тәрбиелі ұрпақ болып жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша. Бала
тәрбиелеу – біздің өміріміздегі ең маңызды міндет. Біздің қызметіміз де, өміріміз де бала
өмірімен өте тығыз байланысты. Еліміздің жас ұрпақтарын білімді, жан-жақты дамыған,
дені сау, рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтейтін саналы азамат болып өсуіне тәрбиеші
апайлардың атқарып отырған еңбектері өте зор.
-Өзіңіздің осы уақытқа дейін жүріп өткен өмір жолыңыз, қызмет бабыңыз жа йында сөз қозғасаңыз?
-1966 жылы 7 мамырда Жаңаарқа ауданы, Манадыр стансасында өмірге келдім. 1981
жылы Байғұл сегізжылдық мектебін үздік бітіріп, Жезказған педагогикалық училищесіне
оқуға түстім. Оны 1985 жылы «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп
шықтым. 1998 жылы Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын игеріп шықтым.
Еңбек жолымды 1985 жылы өзім оқыған Байғұл ауылының сегіз жылдық мектебінде бастауыш сынып оқытушысы болып бастадым. Жас маман болғандықтан алғаш жұмысқа тұрған
кезде бойымда үрей, сенімсіздікті жеңдіре білген ұстазым, әрі директорым Төкен Сыздықов
болды. Ұстазымнан, тәлім тәрбие алып, педагогтың қыр-сырын сол кісіден үйрендім десем
болады. Бұдан соң, 1990-2000 жылдар аралығында Жәйрем кентінде оқытушы болып
жұмысқа орналастым. 10 жыл үздіксіз қызмет атқарып, тәжірибемді шыңдап, кейіннен аудан
қазіргі «Ер Төстік» бөбек-жайы қалған екен. 1968 жылдан бастап үзіліссіз 50 жылдай жұмыс
атқарып, бүгінгі күнге дейін мыңдаған баланы саналы тәрбиелеп мектеп табалдырығына
шығарып салды.
1994 жылдан 2006 жылдың ақпанына дейін бөбек-жай меңгерушісі Е.В.Меньшикова болған,
кейін тәрбиешілікке ауыстырылды. Е.В.Меньшикова өз мамандығын жан-жақты игерген білікті маман. Сол кезден ұжымның беделін арттырып, саналы ұрпақ тәрбиелеуде еңбек
сіңірген тәрбиешілер аз болған жоқ. Мен басшылық еткен 2006 жылдан бүгінгі күнге дейін
15 адам зейнеткерлік демалысқа шықты. Олар бір орында қырық жылдай еңбек еткен және
бөбек-жайдың жабылмай үзіліссіз жұмыс істеуінде еңбегі зор маман тәрбиешілер –
Е.В.Меньшикова, әдіскер – Л.В.Васильева, музыка жетекшісі – Э.В.Чередина, медбике –
Н.Б.Соколова, шаруашылық меңгерушісі – В.И.Мананбаева және тәрбиешілер К.М.Зайка,
И.С.Седусова, В.Г.Чибисова, З.Г.Ибатуллина, Н.И.Подковырина, Т.В.Стрыгина, О.В.Зубарева, С.И.Ломако, С.Г.Шарифуллина, С.У.Сағымбекова, С.Жұмағұловалардың еңбектері
ерекше.
Орыс ұлтының осындай мамандарымен бір кісідей тіл табысып, бірлесіп жұмыс
атқарғанымды мақтаныш сезіммен айта аламын. Бүгінгі ұжымда өте ұйымшыл, ауызбіршілігі жарасқан, бірлігі артқан ұжымдардың бірі. Ұжымдағы әрбір қызметкердің мен үшін
орны ерекше. Бөбек-жайда 6 топта (5 қазақ 1 орыс топ) 140 бала тәрбиеленуде. Ұжымда 41
қызметкер жұмыс атқарады.
Бүгінгі «Мәңгілік Ел» ұрпағын жан-жақты тәрбиелеуде қазіргі мамандардың да еңбегі
айтарлық. Олар: 29 жыл үздіксіз еңбек еткен білікті маман әдіскер – Ардақ Жаппарова және
Татьяна Худякова, Панар Исатаева, Алмагүл Кишенова, Орынтай Көпбаева, Сандуғаш Акишева, Жұмакүл Әлжанова, Мөлдір Аманбаева, Үміт Тоқбергенова, Наталья Новоселова,
Бағлан Түсіпова, Әсел Жүнісбековалар. Осы жандарды өз ісінің шебер мамандары десем
болады, жас мамандарда осы тәрбиешілердің ізімен іздене отырып жұмыс атқаруда.
-50 жылдай үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан бөбекжайдың жетістіктері де аз
емес шығар?! Соңғы жылдарда жеткен жетістіктері жайлы айта кетсеңіз?
-Бөбекжайдың жетістіктеріне келер болсақ, 50 жыл ішінде талай белестерді бағындырған
ортадығындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің
оқытушысы, әрі тәрбие ісінің меңгерушісі болдым. 2006 жылдан бастап «Ер Төстік»
бөбекжайының меңгерушісі қызметін атқарып келемін.
Жұмысқа кірген 2006 жылы басты мақсатымның бірі – жиһаз жаңалау, күрделі жөндеу
жұмысын жүргізу болды.
Осы ойымды естіген сол кездегі аудан әкімі С.Ж.Шайдаров 2007 жылы қолдау көрсетіп өз
қолынан жиһаз алуға 500 мың теңге берді. Қуанышымды көрсеңіз ғой, бірден бос тұрған бір
топты қазақша ашып, түгелдей жаңадан жиһаз алдым.
Бүгінде С. Ж. Шайдаровтың балаларға деген қамқорлығын ұмытпай айтып жүреміз.
-Отбасыңыз
Отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз?
Өзім жалпы көп балалы отбасынан шыққан жанмын. Әкем Кадин Зекен мен анам Кадина
Хадиша 8 бала тәрбиелеп өсірген ардақты жандар. Біз бәріміз Қамия әжеміздің бауырында
болдық. Әжемнің ақылы биязы мінезін бойымызға сіңіріп, бір-бірімізге дауыс көтермей
, жақсы тәрбие алып өстік. Ата-анамыз барлығымызды оқытып, бұгінде әрқайсымыз өз орнымызды таптық. Осы кезде айта кетейін, біздің отбасымыздығы 8 жанның 6-уы педагог
жолын таңдап, шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан жандар. Өзімнің
жеке отбасылық жағыдайыма келер болсам 1988 жылы Өміртай Қожабаев деген азаматқа
тұрмысқа шықтым. Бүгінде темір жол саласында қызмет жасайды. Жолдасыммен биыл бас
қосқанымызға 30 жыл толып отыр. Осы жылдар арасында үш бала тәрбиелеп өсірдік.
Бүгінде балаларымның үлкені Ақбота қызым Қарағанды су қоймалары техникалық бөлімнің
жетекші қызметін атқарса, ұлым – Әділет Ақжал кентінде карьерде маркшейдер қызметін
атқарады. Екеуі де магистратура түлегі. Ал, кіші ұлым – Жан ауданымыздағы О.Жұмабеков
атындағы ЖОББМ-тің оқушысы.
«Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі»,- дегендей, өзім таңдаған
мамандығымды абыройлы атқару менің басты міндетім деп санаймын.
- Сұхбатыңызға рахмет! Еңбегіңізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Рахат Өмірбекқызы
9 маусым 2018 жыл
еске алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны
болған, еңбек ардагері, біздер үшін
ең қымбат жан, қамқор да қадірлі
атамыз Майлыбаев Бекмырзаның
қайтыс болғанына 17-маусым күні 1
жыл толады. Немерелеріне пана
болған, үлкен-кішіге ізетті, халыққа
сыйлы бола білген атамыздың
жатқан жері жайлы, топырағы торқа
болсын. Сонымен қатар, биыл
ардақты
әкеміз
Марат
Бекмырзаұлы мен аяулы анамыз
Айнагүл
Зекенқызының
бұл
өмірден кеткендеріне 10 жыл, әпкеміз
Гүлнәр Бекмырзақызының өмірден өткеніне 30 жыл толып отыр.
Ата-анамыз өмірден ерте кетіп балаларының қызығын көрмей кетті.
Көкірегіміз шерге толса да, аяулы жандардың жатқан жерлері
жайлы, жандары жұмақта болсын деп дұға бағыштап, құран оқудан
басқа амалымыз жоқ.
Өздеріңді ұмыта аламыз ба,
Бар болмыс, мінездерің санамызда.
Ажал жетіп, алмағанда,
Шаттанып жүрер едіңдер арамызда.
Қайырылмай кете бардыңдар оралмасқа,
Есеп жоқ сендерді жоқтап аққан жаста.
Рухтарыңа құран-дұға бағыштаймыз,
Не келер қолымыздан одан басқа.
Сағына еске алушылар: балалары, немерелері, туғантуысқандары
17-маусым күні сағат 13.00-де “Жаңаарқа” мейрамханасында
атамыздың өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм
беріліп, құран бағышталады
6
еске алу
Аудан орталығындағы С.Сейфуллин атындағы
орта мектебін 1968-1978 жылдары мектеп
қабырғасында он жыл бірге оқып, өмірден өткен
сыныптас достарымыз, біреуге сүйікті қыз, біреуге
асыл жар, қадірменді әке болған асыл жандарымызды еске аламыз. Биыл мектеп бітіргенімізге 40
жыл толып отыр. Шіркін уақыт, не деген жүйрік
едің. Құлын тайдай тебісіп бірге өскен
сыныптастарымыздың жарқын бейнелері жадымыздан мәңгілік кетпейді. Арамызда жоқ асыл
жандар, сыныптас достарымыз Төлеубаев Файзулла Мұратұлы, Дүйсенбаева Мәкиля
Дуанбекқызы,
Жылқыбаева
Зураш
Құрмашқызы,
Жұматаева
Гүлнәр
Айтмұқанқызы.
Марқұмдардың
жандары
жәннатта, тәндері рахатта болсын деп Алладан тілейміз.
Талай қызық күндерді бірге өткізіп,
Күндер қайда бір нанды бөле жескен.
Өмір жалған өтпелі екен қас-қағым,
Жанға жара салатұғын басқа мұң.
Сағынышпен еске алады өздеріңді,
Жастайыңнан бірге жүрген достарың.
Жатқан жерлерің жайлы болып, Жандарың
жәннатта, топырақтарың торқа болсын.
Сағына еске алушылар:
С.Сейфуллин
атындағы орта мектебін 1978 жылы бітірген
түлектері
еске алу
еске алу
Алғабас ауылының тұрғыны болған отбасымыздың тірегі,
қымбатты бауыр, адал да асыл жар, қамқор әке Байболов
Сағындық Егізтайұлының о дүниеге аттанып кеткеніне биыл 21маусым күні 10 жыл толып отыр. Шаңырақтың, бір әулеттің
шаттығы мен берекесі болған өзіңді өлді деуге қимаймыз. Алланың
ісіне не шара. Бала-шағаңмен, немерелеріңмен көретін қызығың әлі
алда еді... Ортамыз ойсырап тұрары әлі сөзсіз... Бір кем дүние...
Сәбилік жүректерімізден қашан да орын алатын жайдары
жаныңның рухы жұмақ төрінде жайғассын деп құран бағыштап,
сағына еске аламыз. Жаның жәннатта, тәнің рахатта шалқып,
рухыңа пейіш мекен болғай. Сіздің асыл бейнеңіз жүрегімізде мәңгі
сақталады.
Көп ойладық, сағындық қой көп сені,
Содан бері талай заман өзгерді.
Алып кетті тағдыр сені тым ерте,
Кеткендей боп табиғаттың көктемі.
Өмір өтер ешкімдерден қалыспай,
Бара жатсың сен біздерден алыстай.
Енді мәңгі ұмытпаймыз ешқашан,
Дұға оқимыз аруғына бағыштай.
Сағына еске алушылар: бауырлары, балалары, жұбайыНұрсұлу
еске алу
Атасу станциясының тумасы,
Жаңаарқа ауданының
тұрғыны
болған асыл жар, асқар таудай әке,
сүйікті ата Бөдеұлы Сағаттың небары 50 жасында бақилық болғанына
17-маусым күні 1 жыл толады.
Баршамызға
қадірлі,
ағайынтуыстың жанашыры болған ардақты
жанға деген сағынышымыз уақыт
санап ұлғаюда. «Жарқын жүзін бір
көрсек, абзал дауысын бір естісек»,деген арманымыз, жанымызды сыздатып, жүрегіміз егіледі. Марқұмды
сағына да жабыға еске алып, жаны
жәннатта, тәні рахатта болғай деп дұға тілейміз.
Жылы жүзің, дауысыңды сағындық,
Ұтқырлығың, әр ісіңді сағындық.
Орның бөлек жан едің-ау, әкешім,
Жымиып бір күлгеніңді сағындық.
Тәубе дейміз, ұрпағың бар артыңда,
Жалғайтұғын қазағымның салтын да.
Жан-әке, есімізде қаласың,
Күлімдеген, жадыраған қалпыңда.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Дәметжан, балалары МәдиАйдана, Қарлығаш-Ерден, Диас, немересі-Айару
17-маусым күні сағат 13.00-де “сұлтан” мейрамханасында
ардақты азаматымыздың өмірден өткеніне 1 жыл толуына
орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Ауданымыздың тумалары, 1958 жылы №1-ші В.И.Ленин
атындағы қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап,
білім бастауына ден қойған оқушылар 1968 жылы
жұптары жазылмай қияға қанат қақты. Арман жетегі
мен алға қойған мақсаттарына жету үшін жоғарғы оқу
орындарына түсіп, еңбек етіп, қоғамның белді бір
мүшелеріне айналды.
Мектептегі ұмтылмас сәттің куәгерлері болған достарымыз бен сыныптастарымыз балалықтың балғын
шағын бірге өткізіп, құлын-тайдай тебісіп, ұядан
ұшқан едік. Арада өткен жарты ғасыр уақытта базарлы кезеңді бірге өткізген сыныптас-достарымыздың
қатарлары сирегені көңілімізге қаяу салуда. Олар: Үкібаев Мақсұт, Тәттімбеков Уәлихан, Адақов
Бөкен, Төлеуов Ысқақ, Шаңгереев Төлеген, Шауғымбеков Ерасыл, Сәрсембаев Орынбай, Есенбеков
Амантай, Әбжанова Зура, Сейтенов Әбдіғали.
Өмір көгінде қалықтай ұшқан қарлығаштар арасынан аққан жұлдыздай болып мәңгілікке қош айтысқан
достарымыздың соңында ата-аналары, аяулы жарлары, балалары, ұрпақтары қалды. Бір сыныптың ауасымен тыныстап, бірге ой бөліскен сүйікті достарымызды сағына еске аламыз. Олар біздің жүрегімізде
сол бала қалпында мәңгіге сақталады.
Он жыл бірге жолдас болдық, сырластық,
Балалықтың балғын белін бірге астық.
Біз Сендерді еске аламыз жан достар,
Көңілде бар сағыныш пен қимастық.
Туған жердің түлектері баптаған,
Ел үмітін бір кісідей ақтаған.
Бос тұрғанмен кездесуде орының,
Жүректерде есімдерің сақталған.
Сағына еске алушылар: №1-ші В.И.Ленин атындағы қазақ орта мектебінің 1968 жылғы бітірген
10 “А” сынып түлектері
Көңіл айту
Аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Бидайық жалпы орта білім беретін
мектебінің ұжымы осы мектептің кіші кызметкері Тышканкөзов Амангелдіге аяулы апасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады
7
Рухани жаңғыру
Ұстазы жақсының – ұстамы
жақсы
Әрбір мемлекеттің болашағы - ол жастардың
қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар
–
бүгінгі
жастар.
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы -білімді
ұрпақ қолында» дегені жарқын істерге апарар
жолды меңзеп тұрғандай. Расында, бүгінгі жас
– ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті емес
пе? Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге
қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса
маңызды фактор.
Бүгінде жан-жақты білім аламын деген
жастарға мемлекет барынша жағдай жасауда.
Жас жеткіншектердің білімі мен қабілетін
дамытуға көп мүмкіндіктер бар. Мәселен, кезкелген
дарынды
оқушы
облыстық,
республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға
қатысу арқылы өз білімін, қабілетін таныта
алады. Сондай мүмкіндікке ие болып, өзінің
ерекше
қабілетін
көрсетіп
жүрген
оқушылардың бірі – О.Жұмабеков атындағы
жалпы орта білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы Әлібек Бабасов. Үздік оқушы
облыстық пән олимпиадаларында алдыңғы қатардағы орындардан көрініп жүрсе, таяуда
математика пәні бойынша Қарағанды қаласында өткен Н.Қайырбеков атындағы оныншы
аймақтық олимпиадада да үздік деп танылды. Сондай-ақ, талант иесі жақында облыстық
білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ауданымызда
Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге
асыру шеңберінде өткен тарихшы-өлкетанушы, Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы
Далбай Ізтілеуовтің мұраларын зерделеуге арналған «Рухани жаңғыру: тарих және тұлға
тағылымы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда өзінің ұлы
нағашысы Алдан Смайл туралы жазған дерегін қорғап, жүлделі орынға ие болды. Жас
қаламгердің еңбегі «Рухани жаңғыру: тарих және тұлға тағылымы» атты кітапқа енгізілді.
Ортa буынғa aяқ бaсқaн Әлібектің сынып жетекшісі – Дана Бимендина.
«Бaлa жүрегі – кішкентaй күй сaндық. Сол сaндықтың кілтін тaпсaң ғaнa aшылaды.
Мұғaлімнің қолындa әр кез сол кілт тұру керек», – деп Мұхтар Шaхaнов aйтқaндaй, Дана
Жанайдарқызы әр бaлaның жүрегіне жол тaуып, бойындaғы дaрынын aшуғa үлес қосып
отырғaн ұстаз. Әлібекті
мектепішілік, aудaндық сaйыстaрғa, олимпиaдaларғa
қaтыстырып, білімін шыңдaуға зор үлесін қосудағы еңбегін айтып өткеніміз жөн болар.
Жалпы, мектеп – бaлaлaрдың екінші үйі болсa, aл ұстaздaр – екінші aнaсы. Яғни,
баланың кіршіксіз сaнaсынa aдaлдық, мейірімділік, бaуырмaлдық нұрын сеуіп, біліммен
сусындaту мұғaлімдердің еншісінде. Ендеше, өзінің ұстаздық парызын адал атқарып
жүрген Оразалы Жұмабеков атындағы тірек мектебінің бастауыш сынып мұғаліміне зор
ризашылығымызды білдіріп, еңбегіне жеміс тілейік!
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
СЕНІМ ТЕЛЕФОН
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің 30.11.2009 жылғы №450
бұйрығына сәйкес, есептен жасырылған қылмыстың алдын алу және болдырмау
мақсатында, Жаңаарқа ауданының ішкі істер бөлімінің кадр тобында 2-60-45 сенім
телефоны орнатылғанын хабарлаймыз.
Жаңаарқа ауданының ішкі істер бөлімі
Мүгедектерді шипажайкурорттық емдеумен қамтамасыз
ету үшін оларға құжаттарды
рәсімдеу
Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасында мүгедектердi
әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
13 сәуiрдегi Заңдарына , «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 каулысына және осы қаулысымен бекітілген
мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi
ұсыну ережесiнің негіздерінде көрсетіледі.
Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi
атқарушы органдар мүгедектер мен мүгедек балаларға мүгедектi
оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық жолдама (бұдан әрi - жолдама) беру арқылы жүзеге асырады.
Мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуге арналған құжаттарын ресiмдеудi және есепке алуды аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi жүргiзедi.
Өтiнiшке мынадай құжаттар: 1) өтiнiш берушiнiң жеке басын
куәландыратын құжаттың көшiрмесi; 2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы анықтама; 3) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық картаның көшiрмесi; 4) мүгедектiгi
белгілеу туралы анықтамадан үзiндi көшiрме; 5) мүгедектi
оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрме; 6) мүгедек-балалар үшiн - баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi және оның
заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшiн қажеттi
құжаттарды салыстыру үшiн түпнұсқалар мен көшiрмелер түрiнде
берiледi. Салыстырудан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады. Хабарласу мекенжайы: Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы №1, телефон: 50005
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
9 мауыс 2018 жыл
еске алу
Байдалы би ауылының тумасы анамыз Зейнегүл
Тишмағанбетқызының дүниеден озғанына маусымның 22
күні бір жыл толады. Әкеміз қайтыс болғанда 42 жаста қалған
анамыз он баланы аяқтандырып, ержеткізді. Жапырағын
жайған алып бәйтеректей болған анамыз туған-туыс, бауырларына, балаларына қамқор болды. Әрқайсымыздың сәт
сайын жағдайымызд ойлап, мейірім шуағын төгіп,
маңдайымыздан сыйпайтын аялы алақаныңды сағындық.
Амал қанша жүрегіміз сыздап анамызды сағынғанымен, өмір
заңына бағынамыз.
Аяулы анамызды сағына еске алып, Алладан топырағы торқа,
жатқан жері жайлы, жұмақтан орын алсын деп дұға қыламыз.
Сағына еске алушылар: балалары, немере-шөберелері
21-маусым күні сағат 13.00-де “сәт” мейрамханасында
анамыздың қайтыс болғанына 1 жыл толуына орай ас беріліп, құран бағышталады
еске алу
Ақтау ауылының тумасы, аяулы ұл, қимас бауыр, сүйікті
жар, ардақты әке Арунов Мұрат Әнуарұлының өмірден
өткеніне 20 жыл уақыт болды. Шаңырағының тірегі,
ағайын-туыстың тілеуі болған әкеміз Мұрат өз ісінің білгірі,
бауырмал, жанашыр жан еді. Жалынды шағында бабалар
көшіне ілескен әкеміз балаларының қызығын көре алмады.
Ағайын-туысқа қамқор, достарына сыйлы асқартау әкеміз
аман болғанда ердің жасы елуге толар еді. Әттең... Тұрлаусыз
дүние арман мақсаттарына жеткізбей, мәңгілік мекеніне
алды. Әкеміздің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
Өмірге өткен күннен сыр ақтардым,
Рухыңмен үндестім де қуаттандым.
Бірге жүру жазбапты екеумізге,
Сыйласын жаратқаным жұмақ бағын.
Әке деген алып тұлға, оны кімдер сағынбас,
Іздегенмен өміріңде, орны бөлек табылмас.
Өмір заңы қатал әркез, бұза алмайды оны ешкім,
Жанымызға сағыныш пен мұң сыйлаған арылмас.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Аманкүл, балалары-Қанат-Толғанай, ӘбдірахманДидар, Іңкәр-Ерзат, немерелері
әкеміздің қайтыс болғанына 20 жыл толуына орай 17-маусым күні сағат 13.00 де
ақтау ауылында құран бағыштап ас береміз. әкеміздің сыйлас дос-жолдастарын,
ағайын-туыс, бауырларды асқа шақырамыз
Жарамсыз деп танылсын
Ералиев ауылдық округі, Мектеп көшесі №5-2 үйдің иесі Ныгызбаев Сайлау
Жаксылыковичтің атына 2007 жылы берілген №6881 жылжымайтын мүлікке легализация шешімі, № С8-347 жер учаскесінің жеке меншік иелігінің құқығын беретін акт, №6882 жылжымайтын мүлікке легализация шешімі, № Б/Н құрылыстың аяқталуы жөніндегі қабылдау
комиссиясының акті жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
***
***
***
***
***
***
С.Сейфуллин даңғылы №19-1 үйдің иесі Жетибаева Каукаршаштың (Гаухар) атына 1993
жылы берілген жекешелендіру келісім шарты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
“Шынболат” ШҚ-ның иесі Сүлейменов Қалдыбай Мүбараковичтің атына берілген ШҚ
мөрінің жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
Маман кеңесі
Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану
керек?
Жаңаарқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы менингиттің эпидемиологиялық кезеніне байланысты
хабарлайды.
Менингит – бұл жұқпалы сырқаттанушылық, жұлын және бас миының қабынуы. Сырқаттану кезінде бас миының
жасушалары зақымданбайды, қабыну процесі сырттан дамиды. Сырқаттанушылық сирек кездеседі, бірақ өте ауыр
өтеді.
Инкубациялық кезең 2 - 10 күн аралығында созылады. Ауру басталғанда науқастың дене қызуы көтеріледі, басы
ауырады, құсады. Ал бір жасқа дейінгі балалардың іші өтуі де мүмкін. Былай қарағанда бұл белгілері тұмауға
ұқсайды. Сондықтан көп адам ауруды асқындырып алып жатады. Үйде, өзіндік жолмен емделеді, тәуіпке барады немесе мүлдем басқа дәрілік препараттарды қабылдайды. Тағы бір жәйт, ауру балаларға үйір келеді. Себебі олардың
иммундық жүйесі толығымен қалыптаспаған. Сондықтан қоздырғыштар бала ағзасына тез жұғады. Жоғарыда
айтылғандай, ауруды бірден анықтау мүмкін емес. Жасырын түрде өрбитін ауруды кей ата-аналар баласының тіс жаруымен байланыстырып жатады. Баланың құсуы мен мазасыздануы, үнемі жылай беруі тіс жарған кездегі белгілерге
ұқсағанымен, олай болмауы да мүмкін.
Жас ерекшеліктеріне қарамастан науқастарды ауруханада емдейді. Арнайы, кешенді - антибиотик, вирусқа қарсы
дәрілік заттардан тұратын ем жүргізіледі. Ауыр жағдайда реанимациялық ем шаралар жүргізілуі мүмкін. Менингит
толық жазылады. Емнің нәтижелілігі ауруханаға уақытылы жатумен және емнің тағайындалуына байланысты.
Сол үшін менингитті ауырмай тұрып алдын алған жөн. Ол үшін:
Біріншіден, бір жыл немесе одан да кішкентай балалар үшін ішуге бөтелкедегі немесе қайнатылған су берген жөн.
Өйткені суда көптеген бактериялар мен вирустар болуы мүмкін.
Екіншіден, тұрып қалған су объектілерінде балаларды шомылдырмау қажет: көлдер, су қоймалары және басқа да
орындар. Мұндай орындар – бактериялардың сүйікті мекені.
Үшіншіден, азық-түлікке назар аударыңыз. Жеміс-жидек пен көкөністерді пайдаланудан бұрын тазалап жуу қажет.
Ет және балықты мұқият пісіріңіз.
Төртіншіден, жеке бас гигиенасын сақтау маңызды. Көшеден келгенде, дәретханадан соң, кем дегенде, 20 секунд
қолыңызды сабындап жуу керек. Балалардың қолын мұқият жуу қажет.
Бесіншіден, өзіңіздің және балаңыздың иммунитетін күшейтіңіз. Дәрумендер қабылдап, таза ауада серуендеңіз. Сондай-ақ тамақтануына көңіл бөліңіз, ол қауіпсіз және пайдалы болсын.
Осы нұсқауларды орындаған жағдайда менингиттің алдын алуға болады.
Аудандық денсаулық сақтау басқармасы
Бәрекелді!!!
Ақындар тобын жарған - Мирас
Талдыбұлақ орта мектебінің оқушысы, бауырымыз
Мирас Құрақбай 4-5-мамыр күндері Алматы
қаласында өткен Республикалық “Ұлы дала дарындары” атты телевизиалық байқауға қатысып “Жас
ақын” номинациясы бойынша Алтын жүлде иеленген
болатын.
2-маусым күні Қарағанды қаласында бесінші рет өткен
“Тұлға” халықаралық фестивалінде “Көркем сөз” номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болып барлық бауырларын қуанышқа бөлеп жатыр.
Осы бауырымыз Мирасты барлық байқауларға апарып,
бас жүлделерге жетуіне көп еңбек сіңіріп жүрген анамыз Майраға айтар алғысымыз шексіз.
Мирас бауырымызға зор денсаулық тілеп, оқуын үздік
оқып, алда бағындырар асулары көп болып, барған
барлық байқаулардан тек қана бас жүлделер әкелуіне тілектеспіз.
Игі тілекпен: аға-жеңгелері, апа-жезделері, бауырлары
қҰттықтаЙмыЗ!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, отбасының тірегі, асқар
таудай әкеміз, анамыздың асыл жары, немерелерінің
сүйікті атасы Ержанов Серік Ерубайұлын Пайғамбар
жасы 63 жасқа толған туған күнімен және зейнеткерлікке
шығуымен құттықтаймыз. Береке-бірліктің ұйытқысы,
туған-туыстың жанашыры абзал жанды мерейтойымен
құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз. Көрер
қызығыңыз бен қуанышыңыз көп болсын.
Өмірдің бал базары таусылмасын,
Айналаң той-думанмен жарқылдасын.
Бала-шаға, немерелер аман болып,
Ырыс-құт ақ бұлақтай сарқылмасың.
Қосылсын тағы көп жас жасыңызға,
Тілейміз бар жақсыны басыңызға.
Тойлай бер ұрпағыңның қызықтарын,
Жүріңіз өмір бойы қасымызда.
Игі тілекпен: жұбайы – Мәрияш, балалары-Мұрат-Әсем, Алтай-Эльмира, Мейрам-Жадыра, Ұлан-Айдана, немерелері-Аружан, Аяжан, Әлинұр, Арнұр, Ализа,
Айнара, Аяла, Әділхан
Басқаның жанының бағбаны
Дәрігер-бұл жауапкершілігі жоғары,
өзгенің қамын жеп, басқаның денсаулығы
үшін шыбын жанын шүберекке түйіп,
дұрыс та нақты шешім қабылдай алатын
мамандық иелері. Дәрігер бұл-ажалмен арпалысып, өліммен бетпе-бет келетін, тез
шешім
қабылдап, жаңылысуды жаны
сүймейтін, жаны нәзік, сөзі майда, мінезі
қатал, жүрегі мейірімге толы жандар.
-«Жүзің жылы екен, майда да жылы сөзің
жаныма жағып, ауырып тұрған жеріме дөп
тиіп, науқасымды сылып алып тастағандай
болдың, өркенің өссін қарағым»,-деп айналып-толғанған апа ақ халатты абзал жанға
аналық ақ пейілімен алғыс жаудырып
жатыр. Есік сыртында тұрған біздің де
дәрігермен бірге мерейіміз өсіп, оны
көруге асықтық. Ұзын бойлы жүзі
қуаныштан бал-бұл жанған дәрігер палатадан шықты да келесі палатаға еніп
кетті.
-Дәрігер болған қандай жақсы, алғаның алғыс, естігенің мақтау, көргенің сый-құрметдеймін іштей. Манағыдай емес жүзі сынық, қуаныштың табын мұң басқан жас маман
бізбен сұлық амандасты да мейірбикені шақырып, кезекті тапсырмасын беріп, дереу
орындау керек екенін тапсырып, бізге ишарат жасады.
Томсырайып отырған дәрігерге қарап не дерімді білмей:
-Дәрігер болу бала жастан арманыңыз ба еді?-дедім.
-Әрине кішкентай күнімнен қуыршаққа
сіріңкенің шиымен екпе жасап, дәрігер
болуды армандағанмын. Көрші балалармен ойнағанда үнемі мойныма қолдан
жасаған тыңдайтын құрылғымды алып:
-”Мен дәрігермін”-деп достарымды емдеумен айналысатын едім. Мектепте
жүргенде анам сырқаттанып, бұл арманымды ұштай түсті. Қайтсемде дәрігер
болып анашыма септігімді тигіземін
дейтінмін. Ақыры арманыма жетіп,
дәрігер
болдым-деген
аудандық
аурухананың терапевт бөлімшесінің
дәрігері Алданова Шәмшат Дулатқызы
алаңдап отырғанынан аңғартып алды.
-Айып етпеңіз, мен қазір,- деген дәрігер
соңғы палатаға қарай жылдамдата
басып жүре берді.
Шәмшат Дулатқызы негізі оңтүстіктің
тумасы. Әйгілі ақ алтын мақтаның отаны
Мақтарал ауданының
қызы. Әкесі
Дулат өнер жолындағы жан, анасы Назира балаларына қамқор болып үй шаруасымен
айналысады. Алдында екі апа бір ағасы бар, Шәмшат үйдің кенжесі екен.
-Медицина саласын таңдап, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетіне 2006
жылы оқуға түстім. Грант иегерімін. Жалпы біздің оңтүстік өлкесі қазақтардың көп
шоғырланған аумағы. Салт-дәстүрді қатаң сақтайтын, қазақи тәрбиесі басым аудан. Содан
болар алғаш Қарағандыға табан тірегенімде өзгешелікті бірден байқадым. Әсіресе ыстық
өлкеден қысы аязды, көктемі кеш шығып, күзі ерте түсетін, жазы салқын өлкенің климатына бейімделу ауыр соқты. Тілдегі диалекті де бірден аңғарылатын. Өзім таңдаған
мамандық болғаннан кейін бар ынтаны оқуға салдым. 2012 жылы ауданымызға қарасты
Сәкен ауылының азаматы Әлиманов Еркебұланға тұрмысқа шықтым. 2013 жылдан осы
аудандық ауруханада жұмыс істеймін.
-Сіз «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жеңілдіктерін алдыңыз ба?
-Әрине, Елбасымыз ұлтымыздың, еліміздің озық елдердің сапынан көрінуі үшін қаншама
бағдарламаларды өмірге әкелді. Ел болашағы жастардың сапалы білім алып, білімді де
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛИНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Кәсіби мереке
білікті маман болып халыққа қызмет жасауы үшін жағдай жасады. Қазір ауылдар
мен аудандардың барлығындағы жас мамандар осы бағдарламалардың жемісін көріп,
елге септігін тигізуде. Мен де «Дипломен
ауылға»
бағдарламасының
шарапатын
көрдім. Келе қайтарымсыз қаржыға қол
жеткіздім. Аудан орталығынан өзім қалаған
үйді жеңілдетілген несие арқылы сатып
алдым. Жұмысым бар, еңбекақым жақсы.
-Жас мамансыз, дәрігер сын сағаты сәт сайын соғатын, міндеті ауыр мамандық
деп ойлаймын. Қиналған сәттеріңіз, дәрігер болғаныңызға өкінген сәттеріңіз болды
ма?
-Иә, дәрігерлер қателесуге құқы жоқ жандар. Қателігің адам жанымен, өмірмен
ойнағаның. Сондықтан біздің мамандық «жеті рет өлшеп, бір рет кес» мақалының негізіне
сыятын мамандық. Оқу, іздену, оны күнделікті өмірде салыстыру, науқастардың жағдайын
жіті бақылау бұл айтуға оңай болғанымен жеңіл емес. Алдымыздағы әрбір науқастың
құлан таза сауығуына септігіміз тисе мерейіміз өседі. Науқастардың біреуі нашарласа
жанымызды қоярға жер таппаймыз. Осы бөлімде Нұргүл Омарова екеуміз қатар еңбек
еттік. Бұл терапия саласындағы науқастар адам ағзасының әр саласына қарай бірнеше
салаға бөлінеді. Нұргүл жүрегі ауыратын науқастарды қарады. Менің салама қарай қан
қысымы көтеріліп, миына қан құйылған науқас түсіп, соны өлімнен арашалай алмағаным
есімнен еш кеткен емес. Науқастың көз алдымда өмірден өткені жаныма қатты батты,
сол күні дәрігер болғаныма өкіндім. Өз-өзіме “неге?”-деген сұрақты мың мәрте қойып
жауап таппай, ақтала алмай ар алдында арпалысып, күйзелген болатынмын.
-Аурухана, терапия бөлімі жайлы, науқастар жайлы не айтасыз?
-Ауданымыз үлкен. Халық саны көп болғандықтан біздегі 20 төсектік терапия
бөлімшесі тарлық етеді. Науқастар
көп. Барлығының денсаулығын күту
үшін жатып ем алғысы келеді. Бірақ
бізде ондай мүмкіншілік жоқ. Осы
төсектердің өзі тарлық етеді. Бүгінгі
медицинаның бағыты аурудың алдын
алу яғни
науқастарды
ауруға
шалдықтырмай бастапқы сәтінен бастап
ауруханаға жеткізбей емдеу.
Бірақ көбіне науқастар үйден ем-дом
жасаймыз деп ауруын асқындырып
алып жатады. Ал бізде орын жоқ.
Ағзалары тозған үлкен кісілердің
көбі жатып ем алғанды қалайды. Терапия бөлімшесі талапқа сай қызмет
етеді. Мейірбикелер дер кезінде емдомын жасап, тез сауығуларына атсалысады. Соңғы уақытта байқағаным
ауру түрлері жылдан-жылға жасарып
келеді. Бұрын қан қысымымен 50-ден
асқан адамдар ауырса, қазір жастарда
кездесе береді. Бүйрек, бауыр, буын ауырулары да жасарған. Технология күн-күн сайын
қарышты дамып келе жатқанда адамның қол еңбегі, қозғалысы азайды, бұл ағзаға кері
әсерін тигізуде. Тамақтану мен экологиялық жағдайда әсер етуде. Қалай десекте адам
ағзасы түрлі вирустарды жылдам қабылдайтын болып келеді.
Жалпы өзім еңбек жолымды ауданнан бастағаныма өте қуаныштымын. Талап бар жерде
жауапкершілік болатыны анық. Міндеттелген жұмысыңды бақылайтын басшылар мен
еңбегіңді бағалайтын науқастар арасында жүріп тәжірибе жинақтадым. Өзімді дәрігер сезіндірген аудандық аурухана ұжымы ауызбіршілік пен ынтымақтың ырысты ордасы
десем болады. Жас мамандарға айтарым ауылдық жерде еңбек ету өзіңді жан-жақты
дайындау, еңбекте шыңдалу.
Мерейлі мерекеміз қарсаңында барлық ақ халатты әріптестерімді құттықтап, толайым
табыс пен еңбекте жеміс тілеймін-деген Шәмшат:-мені науқастарым күтіп отыр,- деп
асығыс орнынан тұра берді. Емің шипалы болсын Шәмшат.
Салтанат Аманқызы
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” Жшс баспаханасында басылады: қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
офсеттік басылым
индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
таралымы 1618 дана
тапсырыс №24
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
22
Размер файла
21 969 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа