close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 31 Жанаарка газеті

код для вставки
Аудан әкімінің
орынбасары
тағайындалды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» №148 Заңының 33 бабының 1 тармағы 4
тармақшасына және Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
Заңының 15 бабының 1 тармағына, 28 бабының 1
тармағына және 30 бабының 1 тармағына сәйкес:
Бауыржан Куандыкович Сериков міндетті арнайы
тексерістен өткенге дейін Жаңаарқа ауданы әкімі
орынбасарының міндетін атқарушы (санаты Е -1
(1-3) болып 2018 жылғы 24 шілдеден бастап
қабылдансын.
Ю.Бекқожин
Серіков Бауыржан
Куандықұлы
15-қаңтар 1966 жылы Шет ауданы, Үңірек ауылында дүниеге келген.
1988 жылы Мичурин совхоз-техникумын "Гидромелиорация, техник гидротехник" мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазтұтыну одағының
Қарағанды экономикалық университетін "Юриспруденция" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мамандығы - Техник-гидротехник, Экономика
саласын құқықтық реттеу, Заңгер.
Еңбек жолын 1986 жылы Жарық АТП мекемесінде автокөлік жүргізушісі болып бастаған.
1988 жылы Шет совхозының комбайын
жүргізушісі.
1995 жылы Шет совхозының №1 бөлімшесінде
қалаушы шебер.
2006 жылы "Мейіржан" шаруа қожалығының жетекшісі.
2006 жылы Қарағанды облысы Әділет Департаменті,
Жаңаарқа
ауданының
Әділет
басқармасының жетекші маманы.
2007 жылы Қарағанды облысы Әділет Деапртаменті,
Қарағанды
қаласы
Әділет
басқармасының маманы, Қарағанды облысы
Әділет Департаментінің тұрғындарды тіркеу
және құжат айналымын ұйымдастыру бөлімінің
жетекші маманы.
2013 жылы Шет ауданы, Жарық кентінің әкімі.
2017 жылы Шет ауданы С.Сейфуллин атындағы
кент әкімі қызметтерін атқарған.
№31 (98678), 28 шілде, 2018жыл
Жерлестер жүлдемен оралды
"Сарыарқа 2018"
Өткен аптада "Ақжол" тілеп, аудан болып шығарып салған спортшыларымыз "Сарыарқа 2018" дәстүрлі ХХХІІІ-ші ауыл
спортшыларының жазғы облыстық спартакиадасында жүлделі үштіктен
көрініп, ІІІ орынды иеленіп қайтты.
18-21-ші шілде аралығында Бұқар Жырау Қалқаманұлының 350
жылдық мерейтойына орай ұйымдастарылған Нұра ауданында өткен
жарысқа аудан командасын аудан әкімінің орынбасары Қанат
Қожықаев бастап барды. 3 күнге созылған жарыста 110 спортшымыз
жарыстың 18 түрінен бақтарын сынады. Аталған спартакиадаға
облысымыздың 9 ауданы қатысты. Атап айтар болсақ, Абай, Ақтоғай,
Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет, Ұлытау және біздің
Жаңаарқа ауданы. Мықтылар мен дүлділдер бас қосқан тартысты
бәсекеде жалпы командалық есепте 169 ұпаймен Абай ауданы І орын
алса, 155 ұпаймен жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі ІІ орынды Нұра
ауданы иеленді. Ал, ІІІ орынды 150 ұпаймен біздің жаңаарқалық спортшылар қанжығаларына байлады.
Спорттың әр түрінен команда боп сынға түсіп, спорттың жекелеген
түрінде бақтары жанып үздік үштіктен көрінген спортшыларымызды
атауды жөн көрдік.
Қазақ күресінен жауырыны жерге тимей, боз кілемде жұлдыздары
жанған палуандар осы жылы да үздік деп танылып, жалпы командалық
есепте І орынды иеленді. 60 кг салмақта Марғұлан Оспанов пен 100 кг салмақта Ақсұңқар Нүркеев І орынды иеленсе, 55 кг
салмақта Мақсат Аршабеков пен 66 кг салмақта Қайыр Мұхамедия ІІ орынды иеленді. Ал, 74 кг салмақта Нұрбек Төлеубаев, 82
кг салмақта Алмаз Мақажанов, 90 кг салмақта Нұрлан Қасымов, +100 кг
салмақта Ерболат Зекенов сынды палуандар ІІІ орынды иеленді.
Спортшылардың жаттықтырушылары Сұлтан Тынысбаев пен Ерболат
Қаракесеков.
Үстел теннисінен командалық есепте ІІ орын алды. Жаттықтырушы әрі
ойыншы Ермекбай Әбденбеков бастап барған командада Дәулетхан Жолдасов, Фатима Бестембекова, Арайлым Әбдірахманова сынды спортшылар
өнер көрсетті.
Жаттықтырушы Әбсамат Сәкенов қол күресін жауапты болып, осы спорт
түрінен барған Нәганбай Әлин, Иранбек Болатбек, Баянбек Қасымов сынды
білекті спортшылар командалық есепті ІІ орынды иеленді. Ал, ұлттық ойынымыз асық атудан Жұлдыз Өскембекова, Ербол Байжанов, жаттықтырушы
Нұртас Әлмағанбетовтер ІІІ орынды иеленді. Дойбыдан Қайрат Хасенов, Меруерт Ермекқызы, Диана Жұмағалиевалар және жаттықтырушы Самат Мейізбеков бастап барған команда ІІІ орыннан көрінді.
Ат спортына тоқталсақ, аламан бәйге, құнан жарыс және аударыспақтан ІІ
орынды иеленсе, топ бәйгеден ІІІ орын алып оза шауып, жүлделі үштіктен
көрінді.
Спорттың қалған 7 түрінен төмендегі нәтежеге қол жеткіздік. Олар: Кір
тасын көтеруден VI орын, шахматтан, тай жарысы мен волейболдан (ерлер)
IV орын, тоғызқұмалақ пен көкпардан V орын, волейболдан (қыздар) VI
орын, жазғы президенттік көпсайыстан, шағын футбол мен теңге ілуден VII
орын иеленді.
Осы сапарға спортшылармен бірге аттанып, жалпы командаға жауапты болған Алдан Қарабаевпен сұқбаттасқанда былай деді.
- Нұра ауданында өткен "Сарыарқа 2018" облыстық спартакиада өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл жарысқа жоғары
дайындықпен барған спортшыларымыз ауданымыздың үміті мен сенімін ақтау жолында барын салды. Жүлделі үштіктен көріну
біз үшін үлкен жетістік. Жеңіс үшін өнерлерін көрсеткен әр спортшыға алғысымыз өте зор. Бізбен бірге жарыстың басы-қасында
жүрген аудан әкімінің орынбасары Қанат Қожықаевқа, ат спортына жауапты болған Бейбіт Хасеновқа, Талдыбұлақ ауылының
әкімі Ғанибет Қамиевқа, С.Сейфуллин ауылының әкімі Нұртас Әбдіковке, М.Жұмажан атындағы ауылдық округінің әкімі Думан
Бүкірбаевқа және аудандық аурухана мен МАИ қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Келесі жылы да осы қалпымыздан таймай,
үздік үштіктен көрінуге жазсын.
Жеңістеріңіз құтты болсын жаңаарқалықтар!
Рахат Өмірбекқызы
28 шілде 2018 жыл
2
Жұмыс барысымен танысты
Жаз айлары басталысымен аудынымызда кезекті күрделі жөндеу жұмыстары басталатыны баршаға мәлім. Бүгінде екі мектеп, 1 балабақша, 4 ірі ғимараттың және
Жолкен Дүйсен орамында орналасқан екі қабатты 9 үйдің кәріз жүйесі жөндеу
жұмыстарынан өтіп, орталықтандырылған бір жүйеге қосылмақшы. Осы
атқарылып жатқан жұмыстармен аудан әкімі Юржан Бекқожин мен тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары
бөлімінің басшысы Жангелді Бөгенбаев жасалынып жатқан жұмыс барысымен
танысып қайтты. Қызу жүріп жатқан жұмыс 2018 жылдың қыркүйек айында
толығымен аяқталады екен.
Келесі кезекте 2,6 шақырымға созылып жатқан су жүйесімен танысты. Тартылып
жатқан ауыз су жүйесі 96 үйді қамтитын болады. Су жүйесіне облыстық бюджеттен 20 млн теңге қаражат бөлінген. Су құбырын тартып жатқан жұмыскерлермен
тілдескен аудан әкімі жұмыстарына сәттілік тілеп, белгіленген мерзімнен кідіртпей жұмысты аяқтауды тапсырды.
Бұдан соң, аудан әкімі Юржан Бекқожин және аудан әкімінің орынбасары
Бақытжан Мұқанов аудан шетінде орналасқан 16 пәтерлі екі қабатты 3 тұрғын
үйлердің құрылысына ат басын бұрды. 48 пәтерді қамтитын бұл пәтерлердің
құрылысы тез, әрі қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл құрылысқа республикалық бюджеттен 265 млн 187 мың теңге қаражат, облыстық
бюджеттен 54 млн 880 мың теңге қаражат бөлініп отыр. Құрылыстың іші-сыртын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысқан аудан әкімі құрылысшыларға барынша сапалы жұмыс
жасауын тапсырып, сақтық шараларын қатаң ұстауды айтып, құрылыстың белгіленген мерзімде аяқталуын талап етті.
Өз тілшімізден
Қашаннан аузынан Алласы түспеген қазақ жұрты өмірге шыр етіп мұсылман болып
келіп, Алланың бар екеніне шүбә келтірмей, жаратқанға жалбыранып күн кешкен.
Тарихтағы деректерде қай бағытта болмасын
қыспаққа
қысып, тізесін
батырған отаршыл
мемлекеттер
қазақтың имандылығын жүрегінен
өшіре алмаған. Бұл ұлтымыздың ділінің
мықтылығымен дінге беріктігінің айғағы.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, сабақтасып келе жатқан имандылық өткен кезеңдерде за
сын аудан әкімі Юржан Асанұлы мен ҚР Мұсылмандар діни басқармасы жанындағы
Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы, белгілі исламтанушы, доктор Ағыбайұлы
Ершат қажы қиып, жиналған қауым төрге
Жағымды жаңалық озды.
Мешіт алаңқайына жасалған дала
сахнасының
алдына
жиналған
көпшілік
алдымен
кіл
жүйріктер
топтасқан ақындар айтысын тамашалады. Айтысты аймағымыздың аймаңдай ұлы, тәңірі
таңдайына жыр сыйлаған айтыскер ақын Төлеген Жаманов жүргізді. Ақындар айтысына
республикалық, Халықаралық айтыстардың жүлдегерлері Өміржан Көпбосынов,
қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Шиелі ауданынан келген Мейірбек Сұлтанхан,
қарағандылық Дидар Қамиев пен Мақсат Аханов және Тараздық Аруна Керімбек қатысып,
керемет айтыстың үлгісін көрсетті. Ақындардың барлығына дархан көңілді ақтүбектіктер
бір–бір ат мінгізіп, Алғыс хат табыстады. Бабы келіскен баласына риза болған Ақтүбек
ауылының ақсақалы Төкен Кенжебаев ел–жұртының атынан Мұхтар Ниязовқа тағы бір ат
мінгізді.
Айтыс соңында марапаттау рәсімі өтті. Игілікті шараның басы қасында болып, мешіт
құрылысына қаржылай көмек беріп, атсалысқандарды Ақтүбек ауылдық округінің әкімі
Айдархан Аманбаев Алғыс хаттармен марапаттап, ауыл тұрғындарының атынан алғыс
білдірді.
120 намазхан сиятын жаңа мешітте жамағат бесін намазын оқып, арнайы қонақтарға
даярланған ақ дастарханнан дәм татты.
Палуандар мекені болған киелі ордада келесі кезек белдесуге берілді. Боз кілемдегі
күреске елуге тарта палуан қатысып, бақ сынасты. 60 кг салмақ бойынша Еренғайып
Қылыш 3 – орынды, Нариман Тұтқышев 2 –орынды, жүлделі 1 –орынды Мейірхан Мейрамов еншіледі.
Түйе палуандық белдесуде 3 -орын Шет ауданынан келген Ақжігіт Ораловқа, 2-орын
Қарқаралыдан келген Ерсін Мұхамеджановқа бұйырса,
жаңарқалық Асыл Бәрменов
бел жаздырмай Түйе палуан атанды.
Арнайы келіп, ауыл тойына атсалысқан аудандық мәдени сауық орталығының
қызметкерлері концерттік бағдарлама ұсынып, той көрігін қыздыра түсті.
Іңір байлана салтанатты шараның қорытындысы ретінде Республикаға танымал өнер
майталмандары, жарық жұлдыздар қатысқан Гала концерт болды. Бұл концертті Аманжол Әлтай жүргізді. Қазақстан өнер жұлдыздарының концерті, гала концертті ҚР Дарын
сыйлығының лауреаты танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева арнауымен ашты.
Жезтаңдай әншілер жерлесіміз Қарақат Әбілдина, Айгүл Қосанова, Айгүл Елшібаев, Алтынай
Жорабаева,
ағайынды Қайрат пен
Жақсыкелді Кемаловтар,
Ержан
Базарбеков,
Ақтүбектің
болашақ
жұлдыз
Аяулым
Қамажан өнер көрсетіп,
көпшіліктің
ыстық
ықыласына
бөленді.
Ауыл тұрғындарының
атынан
Ақтүбек
ауылының әкімі Айдархан
Аманбаев
қонақтардың
иығына
Жаңаарқаның бренд шапанын жауып, қаржылай
сыйақы
тапсырып,
Алғыс хатпен марапаттады. Белгілі меценат
Ақтүбектің
тумасы
Марал Қазыкенов жерлесіміз
Қарақат
Әбілдинаның астына ат
мінгізсе, ауыл ақсақалы Кенжеқара Қуанышов әртістерге ақ бата беріп, болашақ әнші
Аяулым Қамажанның жетегіне ат байлады.
Сый-сияпаты мен сән-салтанаты жарасып өткен шара мәресіне жетті. Қонақта ырза,
елде разы.
Қаймағы бұзылмаған қазақ ауылының қазыналы қарттары барда кежегесі кері кетпейтіні анық. Намысты ұлдары кешегі Мағжанша айтсақ арыстандай айбарлы жастары
Арыстан Сағындық, Біләлов Арыстан, Исабеков Мадияр, Қуанышов Мылтықбай, Орманов Ерлан, Сағынтаев Бекболат, Айжолов Балтабай, Кеңесов Жүсіп, Кәрібаев Нұргелді,
Қуанышев Құрмет, Әлмусин Досбол, Аманбаев Ерқанат, Аманұлы Арман, Кенжебаев
Мұқа, Түсіпов Тарғын, Тасубаев Сәнім, Алдан, Асыл барда әлі талай игілікті
шаралардың жүзеге асатынына зор сеніммен қайттық.
Өз тілшімізден
Мешіт имандылықтың ордасы
манына қарай жасырын күйінде жүргізіліп отырса, бүгінгі зайырлы қоғамда еркіндік
алып, ашық түрде жүргізіліп жатыр. Жаңа ғасыр көші имандылыққа жаппай бет бұрған
кезеңмен орын алуда. Жер-жерлерде мешіттер салынып, имамдар уағыз айтып, елді
ынтымақ пен бірлікке, ымырашылдыққа, имандылыққа шақыруда.
Өткен жылы Ақтүбек ауылының азаматтары жиналып, ауылға мешіт салуды қолға алғанын өздеріңізге
жеткізген аудандық газет бүгін сол
мешіттің ашылғанын сүйіншілемек.
Ырысы мен ынтымағы жарасып, бірлігі басқаларға үлгі болған Ақтүбек
ауылында бай дүйсенбіде ерекше той
өтті.
Жарнамасы
жарғақ
құлақтылардың барлығына жеткен
мешіттің ашылу салтанатына әрісі
Астана, Қарағанды, Жезқазған, Тараз
қалаларымен бірісі алыс-жақын ауылдар, Қаражал-Жәйрем аймағынан леклегімен
қонақтар
келіп,
ұйымдастырушылар ұсынған аққанат
алты қанат алты киіз үйге атбасын тіреді.
Шарапаты мол басқосудың шат-шадыман дүбірі шартарапқа шуақтай шашылып, тарап жатты.
Салтанатты жиынды осы өңірдің тумасы Жарұлла Ақышев ашып, жүргізді.
ҚР Мұсылмандар діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ
қажы Бекқожа мен Жаңаарқа ауданының имамы Асхат Қанайұлы құран оқып, дұғамен
мешіттің ашылуын бастап берді.
Ашылу салтанатында ҚР Мұсылмандар діни басқармасы жанындағы Халықаралық
қатынастар бөлімінің басшысы, белгілі исламтанушы, доктор Ершат қажы Оңғар, Жаңаарқа
ауданының әкімі Юржан Асанұлы, аудандық мәслихат хатшысы Қуат Анасұлы, Жаңаарқа
ауданының имамы Асхат Қанайұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино тарланы,
сахна сардары ақтүбектік Қайрат Кемалов, ауыл үлкені Сейпен ақсақал, алаштың айтулы
ақыны, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ф.ғ.д. профессор Аманжол Әлтай жиналғандарды
жаңа мешіттің бой көтеруімен құттықтады. Өз кезегінде Ершат қажы Оңғар мешітке және
оған атсалысқандарға Құран кәрім кітаптарын сыйға тартты.
Ауыл азаматтарының қолдауымен бой көтерген мешіттің ашылу салтанатының лента-
3
Өткен жылы біздің негізгі күшіміз Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бірілген тапсырмаларды сапалы атқаруға бағытталған болатын.
Бүгінгі күні біз Ұлт жоспарының алғашқы бағытының 15 қадамынан 13-ін сәтті іске
асырдық.
Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары,
мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамалар мен
мемлекеттік аппараттың одан әрі даму басымдылықтары айқындылды.
Басты бағыт – қалыптасқан кәсіби стратегиялық мемлекеттік қызметтен инновациялыққа
ауысу бойынша негізгі міндет.
Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауында атап өткендей, Қазақстанда табысты
жұмыс істеп келе жатқан сауда экономикасы моделі қалыптасты.
Өткен жылдан бастап «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына бастама берген Еліміздің
Үшінші жаңғыруы іске асырылуда.
Жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың
стратегиялық бағытын тиімді іске асыру нәтижесінде, жалпы ішкі өнім 4,1(төртте бір)
пайызға (2016 жылғы 1% салыстырғанда) өсуіне қол жеткіздік.
Оған сыбайлас жемқорлық шараларын қабылдау едәуір ықпал етті. Сыбайлас жемқорлық
деңгейінің төмендеуі мен жалпы ішкі өнімнің өсуі арасындағы байланыстыру халықаралық
валюта қорымен белгіленеді.
Сыбайлас жемқорлықтан еркін, құқықтық мемлекетке ауысу шеңберінде азаматтарды және
бизнесті сенімді құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің цифрлық саласына максималды жағымды әлеуметтік-экономикалық және
инвестициалық ахуалды қалыптастыру қажет.
***
Последовательно реализуя поручения Главы государства,мы сформировали профессионально-стратегический государственный аппарат.
Нашей следующей амбициозной задачей является переход к инновационной государственной службе, ключевая составляющая которой – качество человеческого капитала.
Совершенствуются подходы по отбору и найму госслужащих. Так, внедренапрактика обязательного написания эссе для управленческого блока.
Введены практико-ориентированные программы обучения в Академии государственного
управления, разработанные в партнерстве с топовыми ВУЗами мира. Создана единая система
обучения госслужащих с центром в Академии и ее филиалами в регионах. Реализуется проект
«Цифровая Академия».
С целью дальнейшей профессионализации и мотивации государственных служащих на базе
четырех органов в пилотном режиме апробируется система оплаты труда на основе факторнобалльной шкалы.
Уже сегодня в этих органах сотрудники получают за свою работу в среднем в два раза
больше, чем раньше. По результатам эффективности работы за год бонусы составят от 4 окладов и выше.
Мы перешли к активной фазе реализации данного направления. Уже сегодня промежуточные
итоги демонстрируют положительную кадровую динамику и рост конкуренции.
Отток кадров в трех пилотных органах (Агентство, Акиматы г.Астаны и Мангистауской
области) снизился в 2 раза, конкурсна одно место вырос в 3 раза.
А в Министерстве юстиции сменяемость сведена к минимуму и отмечается 2-кратный рост
приема сотрудников с зарубежным образованием, что увеличило на 6% количество служащих, владеющих английским языком.
Переход на новую систему оплаты труда запустил трансформационные процессы.
Многие из вас прекрасно знают принцип Парето, когда 80% всей работы в организации выполняют 20% сотрудников. Думаю, что это соотношение в какой-то мере справедливо и для
государственной службы.
Полгода назад преимущественно за счет вакансий мы оптимизировали штатную численность
центрального аппарата Агентства на 30%, в территориальных подразделениях – на 10%, этот
уровень планируется довести до 20%.Принятые меры на центральном уровне позволили дополнительно увеличить зарплаты сотрудников до 60%.
Хотел бы особо отметить, что сегодня тренд на оптимизацию задан лично Президентом.
Несмотря на проводимую оптимизацию, работа в Агентстве не остановилась, а стала ощутимо эффективней благодаря экономической мотивации. Теперь каждый ориентирован на
достижение конкретных результатов в кратчайшие сроки.
Создали Общий центр обслуживания по кадровому делопроизводству. Следующие шаги –
этоцентрализация госзакупок и юридической службы.
В результате сокращено 147 кадровых единиц. Ежегодная экономия составит свыше 432
миллиона тенге.
Сэкономленные средства руководители госорганов вправе использовать для повышения заработной платы работников за счет надбавок, направленных на стимулирование продуктивного и честного труда (ст. 53 Бюджетного кодекса).
В целом, на сегодня по стране в подведомственных организациях задействовано 1,5 млн. человек, с фондом оплаты труда в 2 трлн. тенге.В Правительстве прорабатывается вопрос по
их оптимизации и консолидации.
Применяемые меры вкупе позволят поэтапно перейти на новую систему оплаты труда путем
изыскания внутренних резервов.
Сейчас мы прорабатываем вопрос расширения права по оптимизации административных
расходов, а также штата и стоимости услуг подведомственных организаций.
Руководители будут обязаны обучить и трудоустроить высвобождаемых сотрудников.
***
В странах ОЭСР, помимо конкурентоспособной заработной платы служащим предоставляется солидный социальный пакет.
С целью повышения привлекательности государственного аппарата, как работодателя, нами
прорабатывается вопрос по усилению социального обеспечения служащих.
В настоящее время, изучается введение льготного жилищного и пенсионного обеспечения,
создания условий для оздоровления.
Нами в Алматинской области практически решен вопрос обеспечения жильем своих сотрудников. Завершается строительство 2 многоквартирных домов (60 квартир и 40 квартир).
В г.Астане и Акмолинской области дан старт аналогичным проектам. Другим регионам следует последовать примеру своих коллег.
Также необходимо активно использовать потенциал инициативы Главы государства«7-2025», которая предоставляет возможность приобретения жилья на льготных условиях.
Еще один проект Агентства – установление гибкого графика рабочего времени. Для сотрудников, имеющих детей, которых ежедневно необходимо отвозить в сады и школы, рабочий
день начинается в 9.30 утра.Также две трети служащих изъявили желание увеличить время
обеденного перерыва. Для них рабочий день заканчивается на полчаса позже – в 19.00 часов.
Подобные подходы применяются в других государственных органах (МИР). В случае положительной апробации проекта, он будет ретранслированна государственную службу.
28 шілде 2018 жыл
Выступление Председателя Агентства Республики Казахстан по делам
государственной службы и противодействию коррупции
Алика Шпекбаева на расширенном заседании коллегии госоргана, 20.07.2018г.
***
В контексте идеи Главы государства «Рухани жаңғыру» государственными служащими реализован ряд социальных проектов в рамках инициативы «добрых дел», о которых вы знаете.В
их основе, заложендевиз «наш долг – служение народу».
Я хотел бы акцентировать внимание на благотворительном забеге «Алға басу – движение
вперед». По всей стране государственные служащие направили более 11 миллионов тенге
фонду «Добровольноеобщество«Милосердие».
Деятельность проектной команды «Өзгерістерді өзіңнен баста» находится на особом контроле.
Коллеги, ежедневно выполняя свою работу помните, что вы, в первую очередь, служите народу.
Надо с душой относиться к делу!
***
Немаловажный приоритет – обеспечение качественного оказания услуг населению.
В целях построения сервисного государства продолжается масштабная автоматизациягосударственных услуг и интеграция баз данных госорганов.
Благодаря активной совместной работе с Правительством, интеграция с порталом «электронногоправительства» возрослана 15%за полугодие (в целом 27%,107 систем из более 400),
в то время как в течении предыдущих 10 лет (с 2008 года по 2017 год)она составила лишь
12%(50 систем).
В результате, сегодня 78% (73% в 2017 году) госуслуг оказываются в электронной форме и
через Госкорпорацию «Правительство для граждан», что привело к сокращению бытовой
коррупции в этой сфереболее чемна две трети.
Серьезный импульс этому придает государственная программа «Цифровой Казахстан». Наш
вклад в ее реализацию –дальнейшее форсирование перевода госуслуг в электронный формат.
Количество допускаемых нарушений государственными органами сократилось в 8 раз за
последние два года (с 800 тыс. в 2016 году до 100 тыс. в первом полугодии текущего года), в
том числе,более чем в 4 разанесоблюдения сроков оказания госуслуг(2016 год – 13,4 тыс.
фактов, 2017 год – 3,1 тыс. фактов).
В целях исключения коллизий интерпретации (между отдельными правовыми актами выявлено порядка 180 несоответствий, правила и регламентов, дублируют друг друга на 60%)
и упрощения процесса оказания госуслуг Агентством внесены конкретные предложения по
внедрениюединого стандарта госуслуги.Данный вопрос прорабатывается совместно с Министерством информации и коммуникаций.
***
Сегодня ключевую роль в обеспечении этики госслужащих играют Советы и уполномоченные по этике. Акцент в их деятельности полностью смещен на профилактику этических
нарушений,защиту прав и интересов государственных служащих и формирование позитивного морально-психологического климата.
Институт уполномоченных по этике доказал свою состоятельность. Это подтверждается
более чем десятикратным ростомколичества обращений вих адрес за последние два года (в
2016 году -445 граждан, в 2017 году -3461, в 1 полугодии 2018 года -6491).Количество проверок возросло на 40% в сравнении с прошлым годом с связи с увеличением количества обращений граждан. Это свидетельствует о повышении доверия населения, а также увеличении
доли граждан, готовых сообщить о неэтичном поведении госслужащих.
***
В свете поручений Главы государства продолжена системная работа по превенции коррупции. Запущенные в пилотном режиме новые инструменты её профилактики доказали свою
эффективность.
Внедрение проектного менеджмента в госуправлении стало своевременным решением
имеющихся проблем. Активно работают три проектных офиса, наработанный опыт будет
распространен на всю Республику.
Во главе угла – широкое вовлечение гражданского общества в противодействии коррупции,
защита прав граждан, предпринимателей и иностранных инвесторов.
Программа антикоррупционного сопровождения инвесторов вызвала позитивный резонанс
среди бизнес-сообщества.Мы наблюдаем значительный интерес крупных инвесторов и зарубежных экспертов.За неполный месяц с запуска инициативы, антикоррупционным сопровождением удалось охватить20 инвест-проектов на сумму более 750 миллиардов тенге.
Данную практику мы намерены внедрить во всех регионах страны. Таким образом, Агентство значительно увеличит свой вклад в экономическое развитие нашего государства и рост
ВВП.
Ни у кого не должно остаться иллюзий касательно решимости Агентства жестко пресекать
любые коррупционные проявления. В частности, это касается формирования в Казахстане
благоприятного бизнес-климата.
Даже малейшее незаконное вмешательство, затягивание сроков или иные бюрократические
«приемы» будут расцениваться как вызов действующей антикоррупционной политике. Личные интересы должностных лиц, принимающих управленческие решения, не могут и не
должны противоречить государственным.
Сегодня нами пересмотрены подходы к оценке результатов работы территориальных Департаментов в сфере превенции коррупции.Мы сместили ориентиры с процессов на достижение конкретных результатов.
Нам важно сколько людей мы смогли защитить от негативного воздействия коррупционных
проявлений, разрушая при этом наработанные преступные схемы.
Искоренение бытовой коррупции, как и прежде, остается одной из ключевых задач Агентства.
В ближайшее время в рамках проекта«Саналы ұрпақ» будут внедрены разработанные нами
антикоррупционные стандарты в высших учебных заведениях страны.
Все проводимые мероприятия осуществляются в тесном сотрудничестве с институтами
гражданского общества.Выстроенный сегодня диалог будет и дальше развиваться в конструктивном русле. Серьезное внимание уделяется проекту «Карта общественного контроля», направленного на обеспечение гражданского контроля за целевым использованием бюджетных
средств, в том числе на четвертом уровне бюджета.
Особую роль играют Специальные мониторинговые группы, ценностью которых являются
неравнодушные граждане. Они по праву заслужили доверие общества.
Необходимо сосредоточить усилия Агентства на реализациюрекомендаций Стамбульского
плана действий ОЭСР. В частности, криминализация обещания/предложения взятки, установление уголовной ответственности за незаконное обогащение посредством введения всеобщего декларирования расходов.
Мы должнывыработать твердый иммунитет и нулевую терпимость общества к коррупции
посредством развития духовно-нравственных устоев, в тоже самое время принимать меры
по повышению доверия граждан.
28 шілде 2018 жыл
4
Газеттің 80 жылдық мерейтойына орай газетің әр санында жарияланып жатқан
материалдардың арасынан корректор Қарашаш Салықова деген атқа жиі ұшырасам.
Ол кім екен деген ой мазалап жүргенде редакцияға қимылы ширақ, сөзі тиянақты бір
апай келді. Қолындағы сарғайған 1962 жылы 25 сәуірде жарық көрген №35 санды
газет. Бұл мерекелік газет екен. Газеттің 25 жылдығына арнайы шығарған газетте біраз
деректер бар екен. Құнды газетті көзінің қарашығындай сақтаған апайға риза болып
өткен өмір жолы туралы айтуға қолқа салдым.
-Қайтесің қарағым, мені ел ауруханадан таниды. Өзім мақтау сүймеймін. Барлық
ғұмырым ауруханамен тығыз байланыста өрбіді. Газетте 3 жыл жұмыс істедім. Оданда
осы жерде еңбек еткен азаматтар мен азаматшаларды жаза беріңдер.
-Апай сіз де жұмыс істепсіз. Оның үстіне қатені түзетуге атсалысыпсыз. Редакцияға
қалай келгеніңізді айтыңызшы?
-1960 жыл аудандағы В.И.Ленин атындағы мектепті бітіріп, Қарағанды медициналық
институтына оқуға барғаныммен жолым болмады. Үйге келгенімде әкем (Салықов
Жақып) мені аудандағы сотқа
жұмысқа
орналастырды.
Әкем
елге
танымал,
басшылық қызмет атқарған, ортасына сыйлы сол кездегі орыс
тілін жетік меңгерген жан болатын. Көзі қарақты әкем жұмыс істей жүріп Семейден
жоғарғы білім алып, осы аудандағы банкте басшы болып еңбек етті. Анам Балжан
Қасейнова екеуі отбасына үлгі болып, 7
баласының оқып-білім алуына атсалысып
жоғарғы білімді маман болуға ықпал етті.
Мен сол балалардың ортаншысымын. Алдымда аға-апаларым болса соңымда іні,
сіңілім бар.
Жастайымыздан
тәртіпті
санамызға құйған әке-шешеме алғысым
шексіз.
Сонымен соттағы жұмысымды редакцияға
ауыстыруға тура келді. Жас балаға соттағы
процесті түк қалдырмай қағазға түсіру оңай
емес еді. Соттағы жұмыстан шыққан соң
мені әкем редакцияға әкелді. Келсем басшы
орыс екен. Орынбасары яғни қазақ газетінің
басшысы Бұқпа Әшімов екен. Жұмысқа бірден қабылдады. Қолыма ұсынған мәтіннің
қатесін қарап айырып бергеніме риза
болған басшы сауаттылықтың газетке қажет
екенін айтып, жұмыстың оңай емес екендігін түсіндірді. Сол кездегі жұмыс қауырт
болатын. Барлық қызметкерлер еңбек адамдары еді. Қазіргідей техника дамыған емес жазу қаламмен, басу машинкамен, баспахана
қорғасын әріптермен осылай қызу қарқынмен қайнап жататын. Алдымен журналистер
мақала жазып, келген хаттарды қорытып, материал дайындайды. Редакция алқасы
материалдардың орналасуын талқылап, газеттің макетіне салатын. Оны баспахана тексеру үшін үлгі ретінде басып шығарып, корректорлар қатесін тексереміз. Кейде
мақалалардың орналасуы ауыстырылып жататын. Қатені әбден түзетіп, қайра шығарамыз.
Дайын газетті редактор тексереді де басуға әзірлі жайында бізге жібереді. Біз тағы бір
тексеріп, қолымызды қойып баспаға жібереміз. Бір газет басылып жатқанда екінші газетті әзірлеуге кірісетін едік. Улап-шулап түннің бір уағына дейін газет шыққанша
тыным таппайтынбыз.
Газеттің редакторы ауысып Ә.Бақтыбаев еңбек етті. Сол кісі келген соң газеттің 25
жылдығын атап өттік. Газетке материалдар жан-жақтан ағылып жататын. Сол кездегі
журналистер Жанат Итқарин, Бұқпа Әшімов, Қалиақпар Әбілдин, Сағынтай Әбішев,
ауыл тілшілері Қалимаш Шалова, Қамболовалар тоқтаусыз жазатын еді. Күлпаш Әбенова
терімші болатын. Дайын
газетті
баспагерлер
Темірғали Смағұлов пен
Сәбит
Байжұмановтар
басып шығаратын еді.
Міне,
солай
басталған
еңбек жолым 1964 жылға
дейін жалғасты. Әдеби орта
менің рухани байлығымды
өсірді. Сонымен бала жастан армандаған оқуыма
медициналық
училищеге
түсіп, газеттің жұмысынан
босадым. Бірақ
жаныма
жақын «Жаңаарқа» газеті
содан бергі менің тапжылмай оқитын басылымыма
айналды. Өміріме керекті
біраз азықты осы ортадан
игерген мен тәртіп пен
жауапкершіліктің
зор
үлгісін осы жерден бойыма
сіңірдім. Кейін ауруханаға
орналасқанымда да осы
жүйе темірқазығыма айналды.
Әкеңіз Сізді неге редакцияға әкелді екен?
-Біздің кезең теледидардың енді жарыққа шығып жатқан кезі. Қатарластарымыз кітап
құмар болып ержеттік. Қандай қызықты кітап оқысақ, бір-бірімізбен ой бөлісуге
асығатынбыз. Кітаптағы кейіпкерлер туралы пікірлесіп, ойталқы жасаушы едік. Әкем
газет-журналдың түр-түріне жазылады және соны ұқыпты оқып шығады. Мен де солай
қалыптастым. Газет келсе оны оқуға асығатын едім. Мүмкін әкем менің жақсы оқырман
екенімді бағамдап, жазу қолынан келеді деп ойлаған шығар.
Жалпы әкеміз біздің сауатты әрі жоғарғы білімді болуымызға көп үлес қосты.
Отбасымыздағы барлығымыз жоғарғы білім алдық. Апам Зина Каз сельхоз техника мекемесінде 40 жылдан астам бас есепші болса, Төкен денешынықтыру пәнінен дәріс
берді. Ол дайындаған балалар жүлделі орындардан көрініп, аудан абыройын
асқақтататын.
Ауруханадағы жылдарыңыз жайлы ой бөліссеңіз?
-Алдына мақсат қойған адам соған жетуге талпынады. Менің мақсатым дәрігер болып,
халыққа пайдам тисе деген ойдан туындады.
Жезқазғаннан оқуды аяқтап аудан орталығындағы
ауруханаға орналастым. Келген бетте маған бас мейірбикелік жұмысты ұсынды. Бастарттым. Себебі жаспын, жауапкершілігі зор жұмыс. Сонымен келе ота
жасау бөліміне (хирургия) мейірбике етіп жіберді.
Аурухананың іші науқастарға толы. Біздің бөлімшеде
30 төсек бар. Соның барлығында науқастар болатын.
Екі постыдағы екі мейірбике науқастарға жауап береміз. Тыным жоқ. Бір күні ота жасау бөліміне мейірбике етіп баратынымды айтып, Қарағандыға
Лохвитский (аты есімде жоқ) деген білімді хирургтен
жұмыс орнында тәжірибе жинақтауға жіберді. 1 ай үйренуіміз керек. Әлгі дәрігердің
талабы қатты, тәртібі қатаң. Қарамағындағы дәрігерлер мен мейірбикелер ол кісімен
бірге
ота
жасауға
жүрексінеді екен. Бір
апта өткенде дәрігер
екеуміз бірге ота жасауға
кірістік. Түсі суық. Құралсайманды айқайлап сұрайды. «Ине әпер»- дегеніне ине берсем,-«Мынау не сұмдық»деп баж ете қалды.
-Бұл құралды мен Жаңаарқадан әкелген жоқпын өздеріңіздікі. Осымен тігуге тура келеді дедім сабырмен.
- Мынау маған сөз қайтарады қазір инені лақтырып жіберемін - деді көз шарасынан
шығып.
-Сіз инені лақтырсаңыз
мен мына құрал-сайман
тұрған үстелді аударамын
да кетем-дедім мен де
қарап тұрмай.
-Ах,
мынаны
ай,-деп
булыққан дәрігер отасын
жасай берді.
Содан бастап қасына мені
алатынды шығарды. Екі
апта болғанда аудандық
ауруханаға ота жасауға мейірбике керек деген хабар
келгенде мені ұсынсын.
-Мен әлі екі апта окуым
керек деймін.
- Сен оқымай ақ біліп
тұрсың-деп
мерейімді
өсірген еді.
Келе ота жасайтын
бөлімнің
мейірбикесі
болып орналастым. 15 жыл
тапжылмай
жұмыс
атқарып білікті мамандар
хирург Салықов Саркен,
гинеколог
Қаңтарбекова
Мәриям,
Секен
Мұратбеков, Сейтжан Ержанов,
Төребай
Ә б і л қ а с ы м ұ л ы ,
Жезқазғанның хирургтары Мұқанов, Панин, Орынғалиевтармен бірге талай отаны бастан
өткерген едік. 1981 жылдан
1997
жылға
дейін
аурухананың бас мейірбикесі қызметін атқардым.
Аурухананың 7 бөлімінде
120- дан астам науқас бар
соның бәріне қажетті дәрідәрімек, тазалық, керекжарақ барлығына жауапты
болатынмын.
Сол
кездегі
ауданымыздың ауруханасында ұзақ
жылдар
басшылық қызмет атқарып,
ауданның
денсаулық
саласының алға жылжуына
зор
еңбек
сіңірген
Жұмашев
Шамшидин
Жұмашұлы білікті басшы,
білімді дәрігер еді. Аудан
хылқының
денсаулығын
жақсарту
мақсатында
қалтқысыз қызмет етті.
Жүрек ауруын ғана емес
науқастың жан-дүниесінің
барлығын тексеретін, жанжақты ерекше қабілетке ие жан еді. Сол кездегі еңбек еткен Роза Бакишева, Зәйра
Игенова, Мырзатай Дүйсенбаева, Каримов, Мәстура Кожбановна, Иманғали Жолдыбалин,
Жұмабай Шаяхметов, Таңсық Сейтқұловна т.б дәрігерлермен, Күмісай Акишевна, Рымжан Нүсіпова, Валентина Вайткова, Таня Оксаментова, Инна Гракова,Зоя Латыповна
сынды мейірбикелермен бірге еңбек еттік.
Социалистік жарыстардың екпіндісі, үздігі, еңбек ардагері, бірнеше мақтау қағаздары
мен Құрмет грамоталарының иегері, Еңбек ері медалінің иегері Қарашаш апайдың еңбек
кітапшасы «Жаңаарқа» газетінен басталып, аудандық ауруханадағы 40 жыл еңбек өтілімен
аяқталған.
-Иә, алғашқы еңбек жолымның бастауы «Жаңаарқа» газеті мен үшін құнды әрі ыстық.
Халықтың айнасы, бұқараның сенімді серігіне айналған газет оқырмандарымен журналистер қауымына тек жақсылықтар тілеймін. Мерейтой құтты болсын ағайын.
Салтанат Аманқызы
« Жаңаарқаның» корректоры – Қарашаш
5
Ескірмейтін естеліктер лентасы
Өмірімнің ең жарқын кездері «Жаңаарқа» газетінде өтті десем артық
айтпағаным. Мектеп бітіріп, теміржол саласында еңбек етіп
жүрген кезім, бірде апайым Бақыт
редакцияда фототілшінің орны бос
екенін айтып, жұмысқа шықырды.
Жастайымнан сурет түсіруге құмар
болатыным себеп болдыма апайдың
ұсынысын бірден қабыл алдым.
Ұмытпасам 1987 жыл болуы керек.
Сол кездегі бозбалалардың көбі бұл
саламен әуестенетін. Фотоаппарат
дегенді қолға ұстау, онымен сурет
түсіру
бұл
бір
үлкен
жетістік
еді.
Жаныңдағыларды сүретке түсіріп, пленканы
шығарып, одан суретті шығару үлкен жауапкершілікті жұмыс. Әрі бұл ыждахаттылық пен
сабырлықты талап етеді. Күн түспейтін бөлмеде,
қараңғы жерде сурет шығарумен айналысу елдің бәріне бірдей ұнай береді
дей алмаймын. Дегенмен менің сүйікті ісім болатын. Сонымен ертеңінде
редакцияға келдім. Редакция Б.Амалбеков мектебінің жанындағы жеке бір
ғимарат еді. Бірінші қабат баспахана да, екінші қабатта редакция орналасқан.
Сатыр-сұтыр машинканың дыбысы, еңбек ұжымының жанталасқан жұмысы
бір сөзбен айтқанда қайнап жатқан өмір. Аулада үлкен қойма (бокс) бар болатын. Оның іші толған рулон қағаз, станоктарға қажетті құрал сайман болатын. Апта сайын баспаханаға жүк көлігімен Жезқазғаннан қағаз келетін еді.
Редактор Амантай Нығатайұлы екен. Бірден жұмысқа қабылдады. Сол
уақытта жауапты хатшы Ұзекең, орыс газетінде Күлекең редактор екен. Кілең
сайдың тасындай осы саланың майталман мамандары сол кездегі мықты журналистер көшінің өкілдері Асекең, Қалекең, Өмекеңдермен бірге Ғалым Жайлыбай, Ләйлім Жақыпова, Ғабдулла Әлжаппаровтар еңбек етеді. Мен
Қашқынбай ағаның жанына еріп сурет түсіру машығын үйрене бастадым.
Әуесқойлығыма енді нақты фототілшілікті үйрену керек болды. Біздің түсіріп
жүргеніміз жай екен. Нағыз еңбек адамдарын жұмыс бабында, қимыл үстінде
түсіру оңай емес. Әр сәтті жіті бақылап, шүрітпені сын сәтінде басып
үлгеруің қажет. Қолыма «Киев-4» фотоаппаратын алғанымда шыны керек
қатты қуандым. Енді іздену керек болды. Ол уақытта бүгінгідей ғаламтор
жоқ. Қарағандыға суреттерді клейша яғни темірге айналдыруға барған сайын
фотоаппаратпен жұмыс жасау нұсқаулық кітаптарын алып, оқып зерделей бастадым.
Аптасына үш рет шығатын газеттің барлық суреттері Қашекең екеуміздің
мойнымызда. Кейде түсірген суреттерің клейшаға түскенде өзгеріп, адамның
бет әлпеті бұзылып жатады. Ондайда Қалағаң шыр-пыр болып «лови момент»-деп ренішін білдіретін. Қайра түсіреміз жарық (вспышка) қосып
түсірген суреттер көбіне жарамай жататын. Жиналыстар мен басқосулардың
көбінде жарықты қосуға тура келетін. Сол суреттерді шығарып, реттеу үлкен
бір жұмыс еді. Аптасына ауданның қарамағындағы ауылдарға іссапарға
шығамыз. Кейде қона жатып келеміз. Іссапарға кетіп бара жатқанда Ұзекең
:-Бір адамды бірнеше қырынан түсір
кейінде керек болады. Ауыл
еңбеккерлерінің барлығын түсіріп кел-деп шегелеп жіберетін. Сол тапсырманы орындап бір ауылдан бірнеше еңбек майталмандарын түсірген кадр дайындайтын едік.
Міне, солай ел аралап журналистермен қатар жүріп, еңбек майданында
өлшеусіз тер төккен еңбеккерлердің суреттерін түсіріп, газет бетіне салуға
атсалыстық. Сол суреттер арқылы тарихқа өшпес із салдық. Сол кездегі
қарбалас өмір сәттерін баяндаған сан суреттер сарғайған газеттерде құнды
дүние болып сақталуда.
Бұқаралық құралда еңбек етіп редакцияда жұмыс жасау өте бір қызыққа
толы кезең. Олай деуімнің басты себебі мұндағы журналистің барлығы жаны
жайсаң, жомарт жүректі, аузын ашса көмекейі көрінетін, зұлымдық пен
қаскөйлікті білмейтін жандар болатын. Олар қай мәселенің де жақсы жағын
көретін, соның сәулелі жағын суреттейтін кемшін тұстарын сын садағына
іліп өтіп, ескертпе жасайтын. Барлығы қолындағысын өзгеге ұсынатын,
көңіліне жақпаса әзілмен астарлайтын қасиетке ие еді. Сол кездегі
қызметкерлердің осы бір аңғал да пәк көңілдері мен дархандықтары мені
қайран қалдыратын. Біреудің жақсылығынан өздеріне қуат алатын десем
артық айтқаным емес. Өйткені олар жеңімпаздар мен үздіктер жайлы
жазғанда көңілдері тасып, марқайып, масаттанатын. Еңбек адамдарын
өзгелерге насихаттай жүріп, өздері де сондай болуға ұмтылатын еді. Олар
жұмыс бабымен іссапарларға шыққанда өзгеше түрленетін. Ауыл адамдарының
ақжарма көңілімен телегей теңіз пейілін көріп, дархан көңілді дала
сарбаздарының жұмысының ауыр болсада мүлтіксіз атқарылып жатқанын жарыса жазатын, содан ләззат алатын. Біз сол материалдардың ашыла түсуіне
сурет арқылы әр беретінбіз
Міне, солай астасып өрбіген «Жаңаарқадағы» жұмысым тоқыраулы кезеңде
тоқтады. Баспахананың жұмысы тоқтап, үлкен ғимаратты ұстап тұру қиынға
түсіп, жаңа орынға қоныс аудардық. Аптасына үш рет шығатын газет айына
1 рет шығатын кезең келді. Солай жұмыстың бабы кете бастағанда фототілшілік қызмет қысқарып, мен де жөніме кеттім. «Жаңаарқа» газеті арқылы
ел танып, жер көріп, жақсылармен жүздесіп жаңа бір кезеңді бастан өткерген
жанның бірі менмін. Олай дейтінім қиырдағы Польшаға жолдама арқылы
Атымтай досым екеуміз екі аптаға барып демалғанымызды қалай ұмытайын.
Бірімізді үздік журналист, екіншіміз алғыр фототілші деп сол жолдамаға
ұсынған редакциядағы ағаларымыздың бағасы бізді шынымен қанаттандырып
еді. Одан өзгеде облыс, аудан басшыларының Құрмет грамоталарына
ұсынылып, алдыңғы шептен орын алдық. «Жезқазған туы» газетінің жауапты
хатшысы Мақұлбек Рысдәулетовпен тығыз байланыста болдық. Ауданның
айшықты материалдары «Жезқазған туынан» орын алатын.
Он жылға тарта еңбек еткен киелі қара шаңырақ , «Жаңаарқа» газеті
ұмытылмас тәтті күндерімен менің мәңгі жадымда. Өнер саласындағы тарландармен табыстырып, озаттармен шабыстырған, еңбек майталмандарымен
таныстырған газеттің оқырманына берері көп.
Ауданның айнасына айналған сүйікті басылым «Жаңаарқа» газетіне толағай
табыс тілеймін.
Берік Алпысов
28 шілде 2018 жыл
Естілік жайлы естелік немесе өткен
күнде белгіл бар
Осынау қызығы мен шыжығы, сүйініші мен күйініші, бақ берген айы мен әттегенайы
бірге сүйретілген “тышқан тірліктің” ырғалаң да
жырғалаң жолында ащысы мен тұщысынан ауыз тигізген, елдің бәрін ғашық етіп сүйгізген, өрісті өмірдің
сықырлауық арбасына мініп, жалпылдап, бықсып, кейде
лапылдап, алпыс алтыны алқымдап, қарттықтың қоңыр
кешінде салқындап отырған жайымыз, шуақ шашқан
күніміз бен айымыз бар. Тәубе, шүкір, қанағат ету, ол
да бізге аманат.
Тілім шығып ес білгелі “күлкі” деген түлкібұлаң
бүлкілге басып, өтірік ойланып, желкемді қасып, әзіл-қалжыңымды
сахна-тойларда шашып, ақыры міне “күрең күздің пердесін ашып”,
жаңа дүниенің кнопкасын басып тұрғандаймын-ау... “Сынақ
ғұмырда” қиындыққа төзіп, әрбір адамға жасаған жақсылығыңның
ләззәтін сезіп жүргенге не жетсін?! Осы жерден тоқтай қалайын, айтайын дегенімді ұмыт
қалдырып, шығандап бара жатқан сияқтымын ғой...
Сөйтіп биыл, алты алашқа өнерімен де, байлығы мол тіршілігімен де танымал ауданымыздың
жаршысы болған “Жаңаарқа” газеті сексеннің сеңгіріне шығып, ел айнасы тендріне ие болып
отыр.
Осы орайда, жетпісінші жылдардың аяқ шеніне таман екі жылдай жұмыс атқарсам да (менің
бар ынтам, мүмкіншілігім өнер саласына бұрылғандығын айта кетсем болар) сол кезеңде
“естеліктің бесті атын” ерттеп мініп, ел игілігі үшін тер төккен ардагер азаматтар жайлы айта кетуді жөн санадым.
“Жаңаарқа” газетінің сол кездегі редакторы ақын, талантты журналист, қарымды қаламгер
Қалиақпар Әбілдин болатын. Орынбасарлары Өміртай Жақыпов, Күлшетай Түйебаева,
ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі жазушы Асан Жұмаділдин, жауапты хатшы Ұзақбай
Мұқышев, радиоға материал дайындап беруші Сайлау Бесбаев, есепші Бақыт Алпысова, фототілші
Ғалым Жылқыбаев және біздер (тілшілер) Серғазы Зекенов, Мағжан Садыханов және мен болатынбыз. Сол кездерде аптасына үш рет шығатын газетке материал табу, оны өз деңгейінде жазып
жарыққа шығару - білімділікті, ізденімпаздықты, еңбекшілдікті талап ететін аталмыш салада
жастарға бағыт-бағдар көрсетіп, жемісін беретін еңбекке тәрбиелеп, баулыған да сол жоғарыда
аталған зиялы азаматтар еді. Олардың еңбектер жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа айтылып отырса
игі.
Енді өз болмысым “Сатиралық” жанрға бейімділеу болғандықтан, бір-екі сәттегі айтылған әзілшыны аралас әңгімеге тоқтала кетейін.
Кезекті бір жиналыста тәжірибеде жүрген бозбала, фотографқа (аты-жөні есімде қалмапты)
Қалағам отырып:
-Әй бала! Сен мына суретте озат малшыны күрегіне сүйентіп түсіріпсің (күрекке сүйенген
малшының суреті қолында)
Ол байғұс “Менің еңбегімді жандырған осы күрек”- дегеннен гөрі, “мына бейнеттен қашан
құтылар екем”- деп тұрған сияқты ғой,- деді де, жамыраса күлген бізбен қосыла күлді.
Тағы бірде Қалкең:
-Мына Панаш өткен газетке кезекші болып, “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” деген айдарды
“Жұмыла көтерген жүк жеңіз” деп өзгертіп жазыпты.
Әріп қатесінің болмауына мән беріп, ұқыпты қадағалап, екі-үш қайтара тексеру керек ғой. Ал келесі газетте кешірім сұрап, түзетіп оқу керектігін жазыңдар,-деп жұмсақ қана сөйлегені есімде.
Қазіргі өзіміз оқып, біліп жүрген, адамдар бойынша, мінезіңде болуға тиісті дін қағидасының
көркемсабыр, кешірім қасиетінің сол кісілердің адами болмысынан табылғандығы, болашақ
ұрпаққа деген керемет үлгі, айтқан әрбір сөздері өсиет екен-ау.
Панаш Жүкенов
Аудан айнасынан алғаным көп, бергенім аз
Өткен күндердімді қайта жаңғыртып, есіме сонау ХХ ғасырдың
алпысыншы жылдарын қайта салған «Жаңаарқа» газетіндегі
мақалалар. Жаңа ғасырдың адамдары үшін біз тарихтан сыр шертетін көне көз қарияға айналдық. Аудан айнасы «Жаңаарқа»
газетінің 80 жылдық мерейтойына беріліп жатқан газеттегі
мақалалардағы менің есімімнің аталуы мені өткен шаққа шегіндіріп, сол кезеңдерге қайта оралтты.
Мына қазіргі “Жаңаарқа Жылу” мекемесі орналасқан жерде
бұрын редакция болатын. Баспахана спорт мектебінің алдында еді.
1964 жылы В.Ленин атындағы мектепті бітірдім. Ол кездің саясаты бойынша мектепті бітіріп, 1-2 жыл жұмыс істеген талапкерлерге жоғарғы оқуда жеңілдіктер қарастырылатын. Содан болар
мектеп бітіре сала көбіміз еңбек етуге талпынатынбыз. «Әке
балаға сыншы демекші»- мені әкем Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер Әбдіхалық
Қозыбайұлы алғаш жұмысқа редакцияға әкелді. Мүмкін әкем сол кездегі мен жастанып
жүріп оқитын «Мың бір түн», «Рүстем-Дастан», «Қазақ эпостары» кітаптарына қарап осыдан
бірдеме шығар деп ойлаған болуы керек. Сол кездегі редактор Әбікен Бақтыбаевқа әкеліп, ол
кісі мені жұмысқа қабылдады. Сонымен жұмыс күнім басталды. Атақтары ел аузында
жүрген жазушы ақындардың арасына тап келдім. Өзім де шимайлап өлең жазып қоямын.
Қалиақпар Әбілдин, Марал Хасенов, Сағынтай Әбішов, Зейнулла Көшкенов, Еркін Игенберлиндер қызу еңбек үстінде. Жазу үстеліне жабысып, мақалаларды жазатында отыратын. Біздің
міндет сол басылатын мақалалардың қатесін табу. Міне солай басталған жұмыс келесі жылға
дейін жалғасты. Менің газет үшін жасаған еңбегім зор емес. Дегенмен менің журналистер
ұжымынан алған тәлім-тәрбием жетерлік.
Әр газетті баспаға жіберерде жинала қалып, газеттегі мақаланы қарайтын, зерделеп, бір-бірінің
қате жерін айтып, түзететін ағалар кейде сөзге келіп қалатын еді. Бірақ, шәйі орамал кепкенше
тарқайтын, ашулары олардың бағасын биіктететін. Бір-бірінің арасындағы сыйластық, ізгілік
үлгі тұтатын үлкен қасиеттін. Жылға тарта араларында жүріп, біраз жайға қанықтым. Түйдектүйдек жыр шумақтарын жазатын Зейнулла Көшкеновтың өлеңдері керемет болатын. Соларға
еліктеп өзімде өлең жаздым. Ол газет бетіне жарияланды.
Бақыттымын күн ертең ақ жүреміз, Сайран салып Коммунизм таңында –деген шумақтары
есімде қалыпты. Сенбі күнгі газеттің санында әдебиет беті болатын. Көпшілігіміз осы бетті
асыға күтетін едік. Келесі жылы оқуға кетіп газеттен қол үздім. Басқа салада еңбек еттім.
Дегенмен алғашқы жұмыс орным «Жаңаарқа» газеті маған ыстық. Кейде ағайын-туыс, досжарандардың қызық қуанышында өлең жазатыным бар. Алланың сыйы болғанымен оның
ұшталып, ұшқындауына рухани ортаның әзер еткені жасырын емес. Жақсылардың жанында
өткен жылым менің өміріме өшпес із салғаны анық.
Бөлемес Әбдіхалықов
28 шілде 2018 жыл
6
« Атасу кент әкімінің аппараты» ММ,
«Жаңаарқа ауданының мәдениет және тіл дерді дамыту бөлімі»» ММ және «Екінші
Ертіс» орамы тұрғындарының
қатысуымен өткен қоғамдық жиналыстың
№ 2 ХАТТАМАСЫ
Атасу кенті
23 шілде 2018 жыл
Жиыналыс төрағасы: Атасу кентінің әкімі Р.Түсіпов
Хатшы: Атасу кенті әкімшілігінің бас маманы Б.Қалжанов
Жиынға қатысқандар: ауданның қоғамдық белсенді өкілдері, ардагерлер кеңесінің
мүшелері, “Нұр Отан” партиясының өкілдері, Атасу кенті әкімдігі қызметшілері, «Екінші
Ертіс» орамының тұрғындары. Барлығы 63 адам қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе:
1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысына сәйкес
көшелерге атау беру және оларды қайта атау мақсатында Атасу кентіндегі «Екінші
Ертіс» орамына Ұлы Отан соғысының ардагері Боранбай Бекбосыновтың есімін беру.
Атасу кенті әкімі Р.Түсіпов: Құрметті жиынға қатысушылар, Атасу кенті әкімдігіне келіп
түскен Ұлы Отан соғысының ардагері, «Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы» Боранбай
Бекбосыновтың есімін «Екінші Ертіс» орамына беру туралы өтінішті негізге ала отырыпжиынымызды бастаймыз. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
З. Ендаманов (кент тұрғыны, зейнеткер): Бекбосынов Боранбай Бекбосынұлы 1920 жылы
Атасу кентінде дүниге келген. Бұрынғы Ленин (қазіргі О.Жұмабеков) атындағы мектептің
жетінші сыныбын бітірген соң, Ақмоладағы педучилищеге түсіп, оны 1940 жылы үздік бітіріп бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек жолын бастайған. Сол жылы күз айында Совет
Армиясы қатарына шақырылады. Хабаровскідегі әскери бөлімде қатардағы атқыш-жауынгер, кейін осы қаладағы пехота училищесінің курсанты бола жүріп, Ұлы Отан соғысына
1942 жылдың басында аттанады.
Ұлы Жеңіс күніне дейін соғыс майданында болып, соғыс аяқталғаннан соң Жапон
соғысына қатысып, 1946 жылы елге оралды. Соғыстан соң әрі қарай бейбіт өмір жолын
тағыда әскери еңбекпен жалғастырды. 1946 жылы Жаңаарқа аудандық әскери комиссариатында аға лейтенант дәрежесінде 4-ші, кейін 1-ші бөлім бастығы болып бастап, Көкшетау,
Алматы, Талдықорған, Атырау облыстарында аудандық әскери қызметтерін абыроймен
атқарып, полковник әскери дәрежесіне дейін көтерілді. Бұл кісінің осындай ерен еңбектерін
еске ала отырып, Атасу кентіндегі бір көшені, оның ішінде ұрпақтары сұрап отырған
«Екінші Ертіс» орамына Б.Бекбосыновтың есімін беруді қолдаймын.
О.Бекбосынов (кент тұрғыны, Б.Бекбосыновтың туысқаны зейнеткер):«Екінші Ертіс»
орамының тұрғыны Б.Бекбосыновтың қажырлы еңбегін, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
ерліктерін айқындайтын материалдар мол. Олар БАҚ-та көптеп жарияланып отырды (материалдар қосылып беріліп отыр). Ал, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктерін «Қызыл
жұлдыз», «І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «Суворов» т.б. ордендері, 30-дан аса медальдары дәлелдеп тұр. Б.Бекбосыновтың өмір жолы ел үшін, болашақ ұрпақ үшін үлгі
боларлық. Кімге болса да ақыл-кеңес беріп, дұрыс жол сілтеп, ел ағасы бола білген адам.
Мен бұл кісінің есімін осы кенттегі “Екінші Ертіс орамына” беруді қолдаймын.
Ж.Кішенов (кент тұрғыны, зейнеткер): Бұл кісінің осындай ерен еңбектерін еске ала отырып, ұрпақтары сұрап отырған Атасу кентіндегі «Екінші Ертіс» орамын Б.Бекбосыновтың
есіміне беру орынды болар еді.
А.Сманов (кент тұрғыны): Ел үшін, болашақ ұрпақ үшін қажыр-қайратын аямай жұмсап,
атақ-даңққа бөленген адам. Жалпы, халыққа ешкімді алаламай жақсылық жасаған
Б.Бекбосыновтың есімін «Екінші Ертіс» орамына беруді қолдаймын.
А.Бозмағамбетова («Екінші Ертіс» орамының тұрғыны): “Екінші Ертіс орамына бұл кісінің
есімін беру алдағы уақытта үй құжаттарына байланысты мәселелер тудырмаса,
қарсылығым жоқ. Айтылған пікірлерді ескере отырып, Атасу кентіндегі «Екінші Ертіс»
орамына Ұлы Отан соғысының ардагері Боранбай Бекбосыновтың есімін беру мәселесін
қолдаймын.
Қорытынды:
Ауданның қоғамдық белсенді өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, “Нұр Отан”
партиясының өкілдері, Атасу кенті әкімдігі қызметшілері, «Екінші Ертіс» орамының
тұрғындарының қатысуымен өткен жиында Ұлы Отан соғысының ардагері, «Жаңаарқа
ауданының Құрметті азаматы» Боранбай Бекбосыновтың есімін «Екінші Ертіс» орамына
беруді бір ауыздан қолдап жүз пайыз (100%) дауыс берілді.
ШЕШІМ:
1.ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанындағы №13 Қаулысы негізінде Атасу кенті
тұрғындары мен «Екінші Ертіс» орамы тұрғындары «Екінші Ертіс» орамына Боранбай
Бекбосынұлы Бекбосыновтың есімін беруге бір ауыздан қолдап дауыс беріп, қол
қойғандарын ескере отырып, Атасу кентіндегі «Екінші Ертіс» орамын соғыс және еңбек ардагері Боранбай Бекбосынұлы Бекбосыновтың есімімен атау Қарағанды облыстық ономостика комиссиясынан сұралсын.
Жиналыс төрағасы:
Р.Түсіпов
Хатшысы:
Б.Қалжанов
Рухани жаңғыру
Туған елге мың тағзым
Туған жерге, оның
мәдениеті мен салтдәстүріне айрықша
ат салысу – шынайы
патриотизмнің белгісі. Елім, жерім деп
мақтану бір бөлек,
кіндік қаның тамған
өлкеге
деген
сүйіспеншілікті арттыру аса маңызды.
Туған жер – адам
өмірінде киелі орын
алады. Нақты осы
жер оның өткені
мен болашағын байланыстырады. Міне,
сондықтан
да
балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан
басталады. Туған жер, туған көше, туған қала немесе біз үшін туған кент.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының бір бөлігі осы
тақырыпқа арналды. Осы бағдарлама аясында атқарылып жатқан игі істер Қызылжар жалпы
орта білім беретін мектебінде орындалуда. Кішкентай ғана мектебіміздің көркейіп, дамуына
ат салысып, білім нәрімен сусындаған Қызылжар мектебіне түлектердің бастамасымен
атқарылып жатқан игі істер мен туған жерге деген сый-құрметті атап айтпасқа болмайды.
2016 жылы мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған түлектер дарбаза орнатса, 2017 жылы мектеп бітіргендеріне 10 жыл толғандар мектеп еденінің жаңаруына ат салысты. Биыл мектебімізден 10, 20, 40 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектеріміз арнайы келіп, өздерінің
бетондалған шарбақ қоршауын сыйға тартып, жылы лебіздерін білдірді. Түлектер
мектебіміздің көркейіп, өзгергенін атап айтып, мектеп басшысы Д.С.Жайлаубаевқа
алғыстарын білдірді.
Ж.Көпжасар
Шортанбай Қанайұлының
туғанына 200 жыл
Ер түріктің бесігі, түркі жұртының тұмары болған Түркістан жеріне қарасты Қарнақ
қыстағында 1818 жылы дүниеге келген Шортанбай Қанайұлы орта ғасыр
данышпандарының еңбектерімен сусындап, ақылды әрі зерек болып өскен. Ойшылдар Отанында оқып, мұсылмандық тағылым алған. Есейген кезде Түркістаннан Арқаға,
Қарқаралыға қарасты Жамантай төренің мекеніне, қоныс аударған. Біржан сал және Ақан
сері, Үкілі Ыбырай мен Мәди, Жанақ, Шөже, Орынбай, Кемпірбай, т.б. төкпе ақындардың
айтыстары, жыршы-жыраулардың толғау, жырлары өнерге құштар Шортанбай
ақындығының ұшталып, айшықтануына ықпал етті. Қазақтың киелі өлкесі Шортанбайды
тақуа етіп тәрбиелесе, қазақ өнерінің қан тамыры саналатын Арқа даласы оны тамаша ақын
етіп шығарды.
Шортанбай шығармалары XIX ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы іспетті. Ол туған елінің
ауыр тағдырын жырлап, көңілдегісін бүкпесіз айтқан, адамның мін-кемшілігін аяусыз
сынап, жөнге салуды мақсат етіп отырған. Академик-жазушы Сәбит Мұқанов
Шортанбайдың үш зары бар: «Зар заман», «Бала зары», «Өлер зары». Осы үш зарында да
ол халықтың басына түскен зарды, заманының зарын айтқан. Бұл үш зар – үш поэма және
сюжеттік жағынан біріне-бірі жалғас, бірінің мазмұнын бірі өрбітетін поэма: «Зар заманда»
Шортанбай қазақ халқының көтерілістерін патша үкіметі уақытша сөндіргеннен кейінгі
ауырлаған халді айтады; «Бала зарында» көтерілістен кейінгі ауырлаған халді айтады; «Өлер
зарында» Шортанбай өлім халінде жатып, өмірмен, елмен мақұлдасып, артында тірі қалып
бара жатқан жұрттан не тілейтіндігін баяндайды».
Шортанбай Қанайұлы көне түркі, араб поэзиясының қыры мен сырын еркін меңгеріп, игерген ақын екені даусыз. Шортанбай жыршы ғана емес, айтыскер ақын ретінде де топқа түседі.
Оның Шөже, Орынбай, Асан ақындармен айтыстары ғана бізге жеткен. Осылардың ішіндегі
көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық аңғаруға болады. Сонымен, ақынның қазақ поэзиясына қосқан үлесі зор. Ол – адамшылықты, кісілік қасиетті
насихаттаған ақын.
Қорыта келгенде, Шортанбай – баяғыны баяндап беруші емес, өз дәуірінің шындығын
нақты көрініспен, өлеңге өзіндік өрнекпен көшірген ірі дарын, ілгерідегі өлең дәстүрін дамытып, байытушы және заманға сай жаңа түске көшірген суреткер.
Г.Ө.Жақыпова, жоғарғы санатты архивист
Шетелдік қаржыландыру
Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық бөлімшелері шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік
ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақша және (немесе) өзге мүлік туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау
Шетелдік қаржыландыру бойынша мониторинг ҚР салық кодексінің 14 бабына 1-1 және 1-2 тармағы шетелдік қайнар көздерден келіп түсетін
қаржылық ағыстарды бақылау үрдісін жетілдіру және жариялылық мақсатында енгізілді. Салық кодексінің 14-бабы 1-1 және 1-2 тармақшасына
сәйкес салық органдарын хабардар ету міндеті жүктелді.
Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық бөлімшелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік
ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан олармен жасалған мәмілелері бойынша алған ақша және (немесе) өзгеде мүліктерді
мыныдай қызмет түріне:заңгерлік көмек көрсетуге, зерттеу жұмыстары мен сауалнама жүргізу, тарату, сараптау, көрсеткіштерді жариялау. Аталған
қызметтер бағыттары бойынша орналасқан/тқрғылықты жері мемлекеттік органдарына хабарлау тәртіптері мен мерзімдері айқындалды.
Салық органдарына шетелден қабылданған қаражат немесе өзге заттар жөнінде тиісті мәлімет тапсырудан келесі тұлғалар босатылады:
адвокаттар, нотариустар, дипломатиялық өкілдіктер, орта және мектепке дейінгі білім беретін мекемелер. Хабарлама формасы ҚР Қаржы
министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №553 бұйрықпен бекітілген. Хабарлама форматы – салықтық есептілік формасы. Ақпарлар тұлғаның келу
тәртібімен немесе электронды каналдар арқылы қабылданады Қабылданатын ақша сомасына шектеу жоқ. Салық органдарына шетелдік көздерден
қаржы немесе өзге зат қабылдаған тұлғалар туралы, өзге де ақпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz интернет
порталында жарияланады
Салық органдары шетелден қабылданған заттар ( ақша немесе мүлік ) жөнінде келісімшарт жасалғаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде хабарланады.
Есепті маусымнан кейінгі екінші айдың 15 жұлдызында қабылданған кірістер мен шығыстар туралы тиісті мәлімет тапсырылады. Тиісті мәліметтерді
уақытылы тапсырмаған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар» кодексінің 460-1 бабына сәйкес әкімшілік жазаға тарту қарастырылған.
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Сенім
телефон
"Ералиев ауылдық округі
әкімінің аппараты "мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік
қызметшілерді қызметтік арнамыс кодексін, мемлекеттік
қызмет,
сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтарды бұзған
фактілер жайын хабарлау үшін
2-95-39
сенім
телефоны
жұмыс істейді.
"Ералиев ауылдық округі
әкімінің аппараты " ММ
28 шілде 2018 жыл
7
ЕскЕ алу
Аяулы жар, ардақты ана, сүйікті әже болған Қапиза
Асқарқызының өмірден өткеніне 40 күн толып отыр. Әттең
Алланың жазғанына не шара?! Шаңырағымыздың шаттығы,
отбасымыздың ұйытқысы, балаларының қамқоршысы,
немерелерінің сүйікті әжесі алтын анамыз арамыздан
алыстағанымен, күні кешегідей үйге енердей, есікке елеңдеп
қараудамыз. Анамызға деген сағыныш күннен-күнге үдеп, оған
деген ыстық ықыласымыз дұға тілектерімізбен жыр болып
төгілуде.
Жан анашым мейірге толы, кең жүрегі,
Орындаушы едің біздің айтқан тілекті.
Сағынамыз анашым, сағыныш бізді жүдетті,
Сізді аңсаумен күндер менен ай өтті.
Жақсы сөздер айтылады ана есіміңе,
Тағдырдың мойын ұсындық шешіміне.
Анашым жатқан жерің жайлы болып,
Орыныңыз болсын жұмақ төрінде.
Сағына еске алушылар: балалары, немерелері
анамыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай 2-тамыз күні сағат 13:00-де
«Жаңаарқа» тойханасында арнайы ас беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ алу
Түгіскен ауылының тұрғыны болған аяулы ана, сүйікті әже
Төлеу Түйтебайқызының өмірден өткеніне 40 күн толып отыр.
Анамыз бар ғұмырының 40 жылын денсаулық саласына арнады.
Сағынамыз. Келіп қалардай елеңдейміз. Алланың әміріне,
тағдырдың жазуына шара бар ма? Топырағыңыз торқа, мекеніңіз
жұмақ болсын, Жан Ана!
Анашым қарызбыз біз ақ шашыңа,
Лайық көріп пейіштің қақпасына.
Жоқтығыңыз жанымызды жегедей жеп,
Бас иіп қалдымыз көк тасыңызға.
Жоқ деген сөзге енді сенемізбе,
Басқа салса қайғысын көреміз де.
Қимаймыз Ана сені қара жерге,
Қайтеміз Алла жазса көнемізде.
Сағына еске алушылар: балалары, немерелері, шөберелері
анамыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай 12-тамыз күні сағат 13:00-де
Түгіскен ауылының мешітінде арнайы ас беріліп, құран бағышталады
Итоги аудита по ремонту водоснабжения
Департаментом внутреннего государственного аудита по Карагандинской области проведен аудит соответствия по вопросу использования бюджетных средств на текущий ремонт и обслуживание систем водоснабжения объектов Бухар - Жырауского района.
В 2017 году ГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта
и автомобильных дорог Бухар - Жырауского района Карагандинской области» в лице Заказчика и КГП «Ботакара су қожалығы» в лице Исполнителя был заключен договор на
выполнение работ по текущему ремонту и обслуживанию систем водоснабжения на
общую сумму 24,0млн.тенге.
Проведенным аудитом выявлены финансовые нарушения на сумму 11,5 млн.тенге. Так,
КГП «Ботакара су қожалығы» работы по текущему ремонту и обслуживанию систем водоснабжения в 5-ти объектах фактически не проводились, в том числе:
-село Бухар-Жырау ул. Центральная №12 на сумму 600,0 тыс.тенге;
-поселок Ботакара, ул. Толеби, ул. Б. Момышулына сумму 6000,0 тыс.тенге;
-село Алгабас, ул. Центральная №16, Заречная №13 на сумму 900,0 тыс.тенге;
-поселок Ботакара, ул. Толе би на сумму 2000,0 тыс.тенге;
-Туздинский с/о, ст. Солонички, ул. Центральная на сумму 2000,0 тыс.тенге.
По материалам аудита департаментом государственных доходов по Карагандинской области возбуждено уголовное дело и ведется расследование.
Департамент внутреннего государственного
аудита по Карагандинской области
Құжаттарды жөнелтудің тәртібі
Шығыс хат – хабарларын және сот құжаттарын жөнелту тәртібі 2015 жылы 31-қазанда
қабылданған азаматтық процестік кодексінің 11 – тарауында белгіленген. Бұл заң нормасы
іске қатысатын адамдарға соттың хабарлаулары мен шақыруларын жөнелту туралы ережені
қамтиды.
Шығыс хат – хабарлары мен сот құжаттары сот өндірісінде қаралып жатқан іске қатысты
адамдардың өзінің істегі мәртебесі жайлы және өзіне қатыстылығы бар сот өндірісіндегі
істің мән-жайы, істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабардар болуын қамтамасыз
етеді. Өз кезегінде шығыс хат – хабарлары іске қатысатын адамдарға, сонымен қатар,
куәларға, сарапшыларға, мамандар мен аудармашыларға тапсырылғаны жөнінде хабарламасы бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат арқылы, хабарлау мен шақырудың
тіркелуі қамтамасыз етілетін басқа да байланыс құралдары арқылы хабарлануы немесе
шақырылуы мүмкін. Ақпараттық технологияны қолдану сот шығыс хат – хабарларын жолдауды жеңілдетіп әрі жедедетіп отырғаны айқын. Сот шығыс хат-хабарлараның шығыс
кеңсесінен ГЭХ (гибридті электронды хат), «Сот кабинеті», «ЭҚАБЖ», «Төрелік», АЖ
арқылы тараптарға жолданатыны сөзіміздің дәлелі. Сондай-ақ, олар қолма – қол да табысталады. ГЭХ арқылы сот шешімі, бұйрық, ұйғарым және апелляциялық (жеке) шағымдар,
тағы басқалар жіберіледі. ГЭХ арқылы 40 бетке дейін поштамен қабылданады, поштаға
электронды нұсқасы түсіп, ары қарай тараптарға жөнелтіледі. «Сот кабинетінде» тараптар
жүйенің қатысушысы болса, сот актілері жолданады. ЭҚАБЖ арқылы мемлекеттік мекемелерге, ал «Төрелік» АЖ арқылы сот арасындағы істер, хат – хабарламалар , сот жолдамалары
секілді және басқа да құжаттар жіберіледі. Сот шығыс хат-хабарламары қолма-қол да табысталып, журналға тіркеледі. Әр хат-хабарламаның сәйкестік журнал нөмірі бекітілген.
Құжаттарды жөнелту алушының ұялы байланыс нөміріне, пошталық немесе электронды
мекенжайына жөнелтіледі. Пошталық мекенжайына тапсырыс хат немесе жай хат нысанында жөнелтілуі мүмкін.
Ә.Рахымжанова, Жаңаарқа аудандық сот кеңсесінің бас маманы
ЕскЕ алу
Аққан жұлдыздай зулап өтіп жатқан уақыт-ай! Әулетіміздің
арқа сүйер тірегі, адал жар, қимас бауыр, асқар таудай әкеміз,
немерелерінің
сүйікті
атасы
Ақмолдин
Құрақбай
Қабденұлының ортамыздан кеткеніне бір жыл өте шығыпты.
Бір түннің ішінде, көзді ашып жұмуға келтірмей бірақ сәтте
жүрегімізді ойып, жауырынымызды жауратып, қабырғамызды
қайыстырып әкеміз арамыздан шарықтап кете барды.
Әкеміздің айтар ақылы, кез келген іске сабырлылығы, турасын
кесіп айтар мінезі жетпей орны үңірейіп, ойсырап тұр. Әкеміздің
жақсылықтары өшпейді, рухы біздің арамызда мәңгі жасайды
деп, сенеміз.
Қош, Әкежан, ендігі өмір мәңгілік,
Ұрпағыңа келе берсін таң күліп.
Асыл бейнең, жарқын жүзің сақталып,
Жүрегімізде жүреді әр кез жаңғырып.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Майра, бауырлары, ұлдары мен келіндері,
қыздары мен күйеубалалары, немерелері, жиендері
4-тамыз күні сағат 13.00-де Талдыбұлақ ауылында “ақниет” мейрамханасында
әкеміздің өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады. Осы құдайы асқа ағайын-туысты, құда-жекжатты, көрші-қолаңды,
жора-жолдастарын және де әкеміздің көзін көрген жамағатты шақырамыз
ЕскЕ алу
Ата-ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қамқоршысы, өмірдегі
асыл қазынасы. Өкінішке қарай, асқар таудай әкеміз бен аяулы анамыз арамыздан кеткеніне қабырғамыз қайыса отырып, біз үшін дүниедегі ең асыл жандарды еске алып, дұға
бағыштаймыз. Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин ауылының азаматтары болған әкеміз Есенов Сиазбек Үсенұлының өмірден өткеніне 1 жыл, ал анамыз Мұқабалина Үміткен
Мұқабалақызына 5 жыл болды.
Әкеміз- өмір жолында бас агроном, бөлімше меңгерушісі, еңбек ардагері, еліне сыйлы,
халқына қалаулы, өзінің әділдігімен, ақыл-парасаты мен адал еңбегімен ел құрметіне
бөленген азамат еді.
Анамыз - халқына қалтықсыз қызмет ете отырып, талай шәкіртті баулып, білім биігіне
көтерген ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері, отбасымыздың жылуы, жаны сұлу, жүрегі кең
жан еді.
Әкеміз бен анамыздың жандары жәннатта болып, таразылары сауапқа толы болса екен!...
Сағыныштан жүрек тулап алқынды,
Жылағаннан көз жасымыз сарқылды.
Заңына өмірдің қарсы тұра алмай,
Мәңгілікке жоғалттық екі бірдей алтынды.
Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда,
Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.
Өзімізді санаушы едік бақытты,
Екеуі де ортамызда болғанда.
Алла алды, өзі берген пәк жандарын,
Тілейміз біз жұмақтан орын болғанын.
Туыс, бауыр, достарынан сұраймыз,
Дұға оқып, әркез естеріне алғанын!
Рухтарына тағзым етіп, сағына еске алушылар: Асылзат-Мұрат, Азат-Бота, ГүлзатБолат, Азамат-Самал, Перизат, бауырлары және немерелері
4-тамыз күні сағат 13:00-де сәкен ауылының “ақбосаға” асханасында әкеміздің
өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, өмірінің соңына дейін білім
бөлімінде еңбек еткен Үміткер Әбілдәқызының өмірден
өткеніне бір жыл толып отыр. Тірі болғанда 22-тамыз күні 67
жасқа келер еді. Қимас бауыр, адал жар, сүйікті де ақылшы ана,
туған-туыс, жора-жолдастарына сыйлы болған. Қайран бауырымызды еске алып, сағыныш үні жүректі езіп, бұл жалғанмен қош
айтысып кеткеніне әлі күні сенбейміз, бірақ амал қанша... Орын
толмас сағыныш сыйлап кете берді. Жан бауырым! Өзің армандап, арманыңа жете алмай кеткен, армандарың орындалып,
Нұрсұлтаның қызыл диплом алып келіп бізді қуантып жатыр.
Өзіңді сағынып, еске алып, өзің жасамаған жасыңды, көре
алмаған қызығыңды соңыңда қалған үш балапаның көрсін деп
тілейміз. Тіршілігінде елдің көңілі қалмаса екен деп алып ұшатын, ақкөңіл жан
бауырымның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Қабіріңе Алланың нұры жаусын деп рухыңа тағзым етеміз.
Жан анам өмірімнің мәні едің,
Ағайын туыс-бауыр сәні едің.
Сағыныштан көңіліміз құлазиды,
Жақындарың еске алумен бүгін сені.
Жылға толы уақыт өтті қоштасқалы,
Мейірімге толы жүзің көз алдымда.
Жаратқан бір Алланың өз қалауы,
Жан анамды алып кеткен қасқағымда.
Ұзақ уақыт туған елге қызмет қылған,
Аяулы ана, адал жар, қимас бауыр.
Жалғыз ұлың оқуын аяқтады,
Қуанышты көрмегенің болды ауыр.
Адал жүріп, адал тұр деп үйреттің,
Өміріме ақылыңды ұран еттім.
Анашым әрбір сөзің жүрегімде,
Мәңгі есте қаласың Құдіреттім,деп Нұрсұлтан анасына деген сағынышын білдірді.
Сағынышпен еске алушылар: жолдасы, бауырлары, балалары, жиендері
анамыздың өмірден өткеніне 1жыл толуына орай 4-тамыз күні сағат 17.00-де
“сұлтан” мейрамханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Жастар қоғаммен бірге
Дархан даланың Ұлы жырауы
18-19-шілде күндері Бұқар Жырау ауданында Бұқар жырау Қалқаманұлының 350
жылдығы қарсаңында «Дархан даланың Ұлы жырауы» атты облыстық жастардың
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны аяулы анамыз, немерелерінің
сүйікті әжесі Қанатбаева Гаухар Тасболатқызын 22шілде күні 60 жасқа толған туған күнімен шын жүректен
құттықтаймыз. Анамызға деніне саулық, отбасына амандық,
бақ-береке тілейміз. Анамыз бала-шағасының қызығын көріп
ұзақ ғұмыр кешуіне тілектеспіз.
60 жас мерейтой құтты болсын,
Үйіңізге құт-береке ырыс қонсын.
Бала-шаға дос, туыс аман болып,
100-ге дейін жетіңізші көңіл толсын.
Әрқашан бақытыңыз ортаймасын,
Жүзіңізден ешқашан нұр таймасын.
Қуаныш шаттық ойнап жанұяда,
Шаңырақта тек қана той тойлансын.
Ақ тілекпен құттықтаушылар: балалары, немере-жиендері
Маман кеңесі
Менингиттің алдын алу шаралары
көшпелі форумы өтті.
Аталған форумға ауданымыздың атынан белсенді жастар, облыс әкімінің грант иегерлері
қатысты. Форум барысында облыстың түрлі өңірлерінен жиналған форум делегаттары
"Сарыарқа" еркін экономикалық аймақтың жұмысымен танысты. Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сапиев және ҚР Қоғамдық даму Министрлігі Жастар
саясаты департаментінің директоры Асxат Ораловтың қатысуымен Қарағанды облысы
әкімінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Форум делегаттарына арналған семинар-тренингтер және Бұқар жырау Қалқаманұлының кесенесіне,
мұражайына экскурссия ұйымдастырылды.
«Дархан даланың Ұлы жырауы» атты салтанатты шара барысында облыс әкімі Қошанов
Ерлан Жақанұлы ауданымыздың белсенді жасы, аудандық өнер мектебінің вокал мұғалімі
Кәдірбеков Нұрдәулет Сәрсенбайұлын Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, облыс
әкімінің грант иегерлері Батықова Жансая Елқұттықызы, Жұмабек Айсұлу
Сәрсенбекқызы, Әбдішев Мадияр Маратұлына 1 000 000 теңгенің сертификаттарын арнайы табыстады. Жалпы облыс бойынша 10 000 000 теңге бөлінген конкурста 3 000 000
теңгені ауданымыздың жас кәсіпкерлері ұтып алғаны ерекше қуанышқа бөлейді. Аталған
форум келесі жылы Ұлытау ауданында ұйымдастырылмақ.
Жастар ресурстық орталығы
Халық мүддесі үшін
жаңашылдықтар жасалуда
Еліміздің 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында қылмыстық
сот ісінің оңтайлы үлгісін жасау, нақты айтқанда, қылмыстық процесті жеңілдету мен тиімділігін арттыру, оның ішінде сотқа дейінгі іс жүргізу тәртібін оңайлату көзделген. Себебі,
қарапайым істер бойынша шешімдерді жылдам реттеу, олардың түсінікті, анық та
тұжырымды болуын уақыттың өзі талап етуде. Қазіргі таңда сот-құқықтық реформалар сәтті
жүзеге асуда деуге толық негіз бар. Мәселен, Қылмыстық және Қылмыстық – процестік кодекстерге өзгертулер мен толықтырулар жасалды. Қылмыстық – процестік кодексті алсақ,
оған «Бұйрықтық іс жүргізу» институты енгізілді. Ондағы өзгешеліктерге қысқаша тоқталар
болсақ, күдікті қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы өз кінәсінің қолда бар
дәлелдемелеріне дау айтпаса, сондай-ақ әрекеттері мен әрекетсіздігінің саралануына, келтірілген зиянның мөлшеріне келіссе және жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтың санкциясы негізгі жаза түрлерінің бірі ретінде айыппұлды көздесе, күдікті істі дәлелдемелерді
зерттемей, өздерін істі сотта қарауға қатыстырмай, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау
туралы өтінішхат мәлімдесе, жәбірленуші бұған келісім білдірсе, қылмыстық теріс
қылықтар, онша ауыр емес қылмыстар бойынша істер бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен
қаралады. Айта кетерлігі, кәмелетке толмаған немесе дене, психикалық кемістігі салдарынан
өзінің қорғалу құқығын өзі жүзеге асыра алмайтын адамға, әскери немесе құрметті атақтан,
сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден айыруға қатысты, кодексте көзделген тағы
да басқа жағдайларда бұйрықтық іс жүргізу тәртібі қолданылмайды.
Сотқа бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулымен бірге түскен істі судья үш күн
ішінде ұсынылған материалдар негізінде, сот отырысынсыз жеке – дара қарайды. Теріс
қылық бойынша іс жүргізу бұйрықтық іс жүргізу тәртібінің енуімен жеңілдетілгенін
тәжірибе көрсетуде. Қылмыстық – процестік заңнамадағы осындай жаңашылдықтар өз кезегінде өндіріс уақытын азайтып, сот ісі мен ісқағаздарды жүргізудегі созбалаңды жоюда.
Қылмыстық теріс қылықтар және онша емес қылмыстарды бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен
қараудың басты ерекшелігіне жәбірленуші, азаматтық талапкер мен жауапкердің келісімдерін жатқызуға болады.
Қылмыстық – процестік кодекстің жаңа нормалары қылмыстық құқықбұзушылық туралы
істердің тез арада шешімін табуына, соған қоса, айыппұл салу туралы сот үкімінің тез орындалуына ықпал етеді. Өйткені, бұйрық бойынша іс жүргізу сотталушының ықтиярымен
жүзеге асады. Мұндай игілікті өзгерістер сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының жұмысын
жеңілдетумен бірге, айқын қылмыстық істерді аз уақытта аяқтап, бұзылған құқықтарды тез
арада қалпына келтіреді. Ал, құқық қорғау мен сот органдары бар жігер – күші мен уақытын
күрделі қылмыстық істерге жұмсайды. Бұл ретте уақытпен қоса мемлекет қаражаты
үнемделеді. Заңдағы кез келген жаңашылдық қарапайым халық мүддесі үшін, яғни олардың
құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында жасалуда.
Сондықтан, осындай оң істерді БАҚ-тар арқылы насихаттап, халықтың құқықтық
сауатының артуына әсер ете білсек, болашақ көркейер еді.
А.О. Баубеков,
Жаңаарқа аудандық сотының судьясы
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАЛИНА САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИН 010340002761, БИК KZKОКZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “Казкоммерцбанк”
Менингит – ми қабығының қабынуы. Менингиттің бірнеше түрі бар: а)індеттік (вирустық),
б) іріңді және улы. Іріңді менингиттің өзі екі түрлі.
Алғашқысы – ми қабығының менингококк микробынан зардап шегуі. Соңғысы – адам
ағзасындағы инфекция ошағынан немесе бас сүйектің жарақаттануы салдарынан ми
қабығына инфекция түсуі. Жалпылай айтқанда, ауру бастапқы кезеңде екi түрге бөлiнедi.
Жедел және созылмалы болатын бұл аурудың ең күрделiсi мида iрiңдi түрде болатын
менингиальдық синдромы. Ми қабығының қабынуы көбіне суық тиюден, бактериялардан,
шешек (оспа, ветрянка), шықшыт безінің шошынуы (свинка), көкжөтел (коклюш) немесе
құлақтың қабынуы, тіс түбінің іріңдеуі сияқты бірнеше аурулардың асқынуынан, жұқпалы
аурулардан, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуынан, тазалық сақтамаудан, кейде
денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен пайда болады. Мәселен,
басқа, ми қабығына суық тигізіп алудың арты ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының
қабынуына әкеп соқтырады. Құрт ауруымен ауырған аналардан туған сәбилер де кей
жағдайда түберкулез менингитіне шалдығуы мүмкін. Түберкулез менингиті өте жай дамиды,
тіпті бірнеше күн мен аптаға созылады. Ал басқа түрлері тез өршиді, тіпті сағат, минут санап
өседі. Қоздырғыш жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде сілекей тамшылары арқылы таралады. Сөйтіп мұрынға, яғни кеңсірікке түскен менингококк бактериясы жұлынға, одан әрі
қан айналымы жүйесіне еніп кетеді, нәтижесінде дерт қоздырғышы күшейедi. Ми
қабығының қабынуының жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып есептеледі. Қыс көктем мезгілінде адамның иммунитеті азайып, ағза әлсіреп, түрлі ауруларға
төтеп бере алмайды. Ал көптеген жұқпалардың белсенділігі керісінше арта түседі. Менингитке апаруы мүмкін пневмококк және гемофильді инфекциялар Қазақстанның ұлттық екпе
күнтізбесіне кіреді. Менингококк жұқпасы антропонозды аурушандық яғни жұқпаның көзі
менингококкты жұқтырған адам болып табылады. Иммунитеті төмен адамдар үшін аса
қауіпті. Қоздырғыш ортаның әсеріне әлсіз келеді ағзадан тыс құрғақ жерде 22 градустан
төмен және 55 градустан жоғары температурада 5 минуттан кейін өліп қалады. Менингококк
тасымалдаушы жұқпаның ең көп кездесетін түрі,еш белгісіз өтеді. Мұндай диагноз
менингококктың мұрын мен жұтқыншақ сілемейінен бөлінуі тек бактериологиялық жолмен
анықталғанда ғана қойылады. Менингиттің белгілері: менингит үшін тән кенеттен басталуы:
күтпеген жерден катты бас ауыруы пайда болып, температурасы 39-40°С жетеді, лоқсиды,
құсу, даусы қарлығады, аузы құрғап, әлсірейді, көп шаршайды, жиі терлейді,бас-сүйек ішіндегі қан қысымы көтеріледі, өңі бозарып кетеді, бұлшық еттері тартыла бастайды; (дер кезінде емделмесе сал болып қалуы мүмкін).Мойынның қозғалуы қиындайды тамыр соғысы
жиілейді,тізесі толық жазылмауы мүмкін, 6-15 сағаттан кейін денеде қызғылт түсті бөртпе
дақтар пайда болады ( алайда бөртпе бiр күннiң iшiнде қайта жойылуы мүмкiн. Бұл микробтар қанға түскендігінің белгісі). Жарыққа қарай алмай, қатты дауыстан қорқады,
сандырақтай бастайды, тіпті есін жоғалтады. Бұл көбіне iрiңдi менингитте кездеседі. Бір
жасқа дейінгі баланың еңбегі томпайып көтеріледі. Іші өтуі мүмкін. Сырқатқа шалдыққан
бала ұйықтай береді. Менингиттің алдын алу шаралары: қызарып, дене қызуының көтерілуі,
бас ауруы, әлсіздік білінсе дәрігерге көріну қажет және дәрігердің барлық ұсыныстарын
орындаңыз. Салауатты өмір салтын ұстану. Сақтану үшін екпе ектіру қажет. Бірақ ол
баршаға міндетті емес. Әркімнің өз қалауына орай. Егер вакцина жасатқан жағдайда ол
адамның осы ауруға деген қорғаныштық қабілеті 10 жылға дейін сақталады. Демек, алдағы
онжылдықта ол кісі бұл аурумен ауырмайды деген сөз. Түрлі мәдени-бұқаралық ісшараларға, жүзу бассейндері, сауда-ойын-сауық орталықтарында ойын алаңдарына баруды
шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет. Ғимараттарды жиі желдетіп, ұйымдасқан ұжымдарда,
залалсыздандырғыш қоспаларды қосып ылғалды жинау жүргізу. Созылмалы инфекция
ошақтарына санация жүргізу маңызды, балалар жасында бұл жиі құлақ, мұрын, тамақ органдарына қатысты, сондықтан мүмкіндігінше аурудың алдын-алу мақсатында балаларды
оториноларинголог дәрігерге тұрақты апарып көрсету.
Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу қажет. Тоңу, ашығу, ұйқысыз, стресс және т. б.
аулақ болу. Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз болғандықтан бет пердені
бөлмеде тағып, далада тақпауға болады. Ауруды әрқашан емдегеннен алдын алған жеңіл
екендігін есте сақтау қажет!
С.Ж.Байболова,
«Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Көңіл айту
Аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және Ынтымақ
ЖОББ мектебінің ұжымы осы мектептің мұғалімі Тәжібекова Гүлім Аманкешқызына
жолдасы Жанболаттың
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1657 дана
Тапсырыс №31
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
24
Размер файла
29 462 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа