close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 43 Жанаарка газеті

код для вставкиСкачать
№43 (9879), 20 қазан, 2018жыл
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Басты мұрат: Халықтың табысын
арттырып, тұрмысын жақсарту
Еліміз егемендік алғалы үлкен-үлкен белестерден өтті. Қиыншылықтарға толы қыл
көпірлер де, жаһан жанарын жалт қаратқан
жетістіктеріміз де жетерлік. Әлемнің
дамыған 30 елінің қатарына қосылуды
мақсат еткен еліміз бүгінде болашаққа нық
қадам басу үстінде. Оған кеше ғана Елбасы,
партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті
халыққа арнаған Жолдауында берілген тапсырмалар айқын дәлел. Жолдаудың аты да
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:
табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп
бекерге қойылмаса керек:
«Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28
мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын»,
«Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін
275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп,
орта есеппен 35 пайызға өседі»
«Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап
салықтың негізгі сомасы төленген
жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай
отырып, шағын және орта бизнес үшін
«салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді
тапсырамын»
«Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен
шикізаттық емес экспортты қолдау
мақсатымен алдағы 3 жылда қосымша 500
миллиард теңге бөлуді тапсырамын»
«Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық
жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін
жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған
жөн.
Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы
мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде
100 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын»
«5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық
сақтау салаларына барлық көздерден
жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің
10 пайызына дейін жеткізу қажет».
«Білім алудың қолжетімділігін арттыру
мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және
апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған
өңірлер үшін
Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған
бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге
қарастыруды тапсырамын».
«Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы»
заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын»
«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек
көрсететін қызметкерлерді ынталандыру
үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа
тәсілдерін енгізген учаскелік медицина
қызметкерлерінің
жалақысын
кезеңкезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын».
«Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100
дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамын».
«2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік
қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа
көшірілуге тиіс».
«Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын».
«Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет.
Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі»
жобасының іске қосылуы септігін тигізеді.»
Бұл биылғы Жолдаудағы халық назарын
ерекше аудартып, талайдың көкейіне
қуаныш ұялатқан жағымды жаңалықтар
мен айқын бағыт-бағдарлар. Биылғы
маңызды құжат –
Елбасының халыққа
Жолдауының бір ерекшелігі дәстүрлі жыл
басындағы мерзімде емес, жыл аяқталар
тұста жарияланғанында. Бұл өз кезегінде
Елбасы тапсырмасын басшылыққа ала отырып, келер жылды үлкен қадаммен
бастауға мүмкіндік бермек. Ендігі тілек ел
игілігіне жарар ілкімді істер берекелі болсын дейміз.
Әсет АмАнЖолов,
«нұр отан» партиясының Жаңаарқа
аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Елбасы Жолдауы-ел қамы
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың
халыққа арнаған биылғы Жолдауының негізгі өзегі - барша қазақстандықтардың әлауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту.
Сондықтан да Елбасы Жолдауында
әлеуметтік мәселелерге айрықша мән берді.
Президент биылғы Жолдауында халықтың
әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс - тіршілігіне қажетті мәселелерді түгел қамтып
шықты. Оның ішінде қоғамдағы өзекті
мәселеге айналған ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ұстаздар қауымының мәртебесін
арттыру, мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінің жай-күйі жөніндегі тапсырмасы уақыт күттірмейтін жұмыс болатын.
Мен бұл тапсырманы зор ықыласпен қабыл
алдым. Партияның қоғамдық қабылдауына
келетін көптеген тұрғынның мәселесі - баспана. Бұл орайда Елбасының әкімдерге
халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын
үй құрылысын ұлғайтуды тапсыруы
халықтың негізгі мәселесінің оңтайлы шешілуіне ықпал ететіні сөзсіз. Елбасы үй
алатын азаматтардың бас ауруы – бастапқы
жарна екенін дөп басты. Сондықтан да жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішнара
субсидиялау мәселесін пысықтау қажет
екенін атап өтті. Елбасының 2019 жылдың
1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны
1,5 есе арттыруды міндеттеуі де қарапайым
халықтың қамы. Бұрын 28 мың алған
азаматтардың жалақысы енді 42 мыңға
дейін өсуі тиіс.
Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін
қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы
аса маңызды.
нұргүл орынБАсАровА,
Жаңаарқа ауданы мәслихатының
депутаты, «нұр отан» партиясының
депутаттық фракция мүшесі
Елбасы Жолдауы-елдің қолдауы
Өткен аптаның соңында аудан әкімі Юржан Бекқожиннің төрағалығымен
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты
биылғы Жолдауын
түсіндіру
мен
насихаттауға және
оны жүзеге асыруға
арналған
актив
жиыны өтті.
Аудан әкімдігінің
мәжіліс
залында
өткен
алқалы
жиында аудан басшысы
баяндама
жасап, басты құжат
аясында
өңір
а у м а ғ ы н д а
атқарылатын жоспарлы жұмыстар туралы xабарлады.
Юржан Асанұлы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдаудың
маңыздылығын атап өтіп, ондағы халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір
сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат,
тиімді сыртқы саясат және әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы секілді бес басымдыққа жекелей тоқталды. Елбасы Жолдауындағы міндеттер мен
талаптарды жұмыла орындауға барша жаңаарқалықтарды шақырып, ел дамуына елеулі
үлес қосу - әрбір қазақстандықтардың мерейлі міндеті екенін баса айтты.
Жиын барысындағы жарыссөз кезегінде аудандық мәслихат депутаты, Қарағанды облысы
кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Сәулет Рымбеков, аудандық
ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Төтеев, №132 жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұргүл Шамаева, аудандық орталық аурухананың терапевт дәрігері Меруерт Жиренбаева, жеке кәсіпкер Айсұлу Жұмабек, Ю.А.Гагарин
атындағы жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі, жастар көшбасшысы Еркебұлан Мергенбаев сөз алып, Жолдаудағы игі мақсаттарды зор ықылас пен қабылдағандарын жеткізіп,
өздерінің орамды ой-пікірлерін ортаға салды.
Актив жиынына аудандық мәслихат хатшысы мен депутаттары, ардагерлер, қоғамдық
кеңес өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері,
үкіметтік емес ұйым өкілдері, шағын және орта бизнес өкілдері, білім саласы, денсаулық,
мәдениет саласының қызметкерлері, спортшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері қатысты.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Елбасы Жолдауы - өмір сапасын
жоғарылатудың жаһандық стратегиясы
Қазақстан Президентінің Жолдауы – бұл
тарихи маңызды құжат қана емес, бұл ең алдымен тұрақты, дамыған мемлекет құру
жолындағы жүйелі жоспарлы бағдарлама.
Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа
Жолдауының еліміздің әрбір тұрғыны мен
мекеме-ұйымы үшін маңыздылығы жоғары
болмақ.
Елбасы Жолдауы – еліміз алғаш
тәуелсіздік алған жылдардан бастап
айқындаған даму бағытының нақты
жалғасы. Бірінші кезекте қай уақытта да,
әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық
беріліп келеді.
Бұл Жолдау өмір сапасын жоғарылатудың
жаһандық стратегиясын таныстырады. Бұл
кең ауқымды қамтыған тарихи құжаттың
дәл қазір, әлемде геосаяси және
экономикалық ахуал түйіні тарқатылмай
тұрғанда қабылдануы біз үшін үлкен шешім
болды. Сол арқылы Елбасы елді жаңа даму
деңгейіне көтеріп, халықты бір мақсатқа біріктіретін өзінің көрегендігін, тарихи
батылдығын байқатты.
Президент Жолдауының және бір маңызды
тұсы шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдауға басымдық беруі болды.
Г.ЖАқыповА,
Жаңаарқа ауданының мемлекеттік
архивінің жоғарғы санатты архивисі
20 қазан 2018 жыл
2
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы
25 ақпандағы №2/17 «Жаңаарқа ауданының
тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы
Атасу кенті
№33/237
25 қыркүйек 2018 жыл
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2018
жылғы 12 қазанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне
№4973 болып енгізілді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009
жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы»
қаулысына сәйкес, Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы №2/17 «Жаңаарқа
ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» (нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8-12-125 болып тіркелген, 2012 жылғы
7 сәуірдегі №16 (9489) «Жаңаарқа» газетінде жарияланған), шешіміне келесі өзгеріс пен
толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңаарқа ауданының
тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде: 1 - тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және
олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты
ұйымдастыру, сондай - ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді
қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды
тұлға;»; 18 - тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын: «18. Отбасы (азамат) (не нотариат
куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету
ережесін бекіту туралы» қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) бекітілген Тұрғын үй көмегін
көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды береді.»; мынадай мазмұндағы 18-1, 182, 18-3, 18-4, 18-5, 18-6, 18-7 және 18-8 тармақтармен толықтырылсын: «18-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін
тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына
тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.18-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету
туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі
Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз
жұмыс күнін құрайды. 18-3. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде
көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
18-4. Қаулымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағында көзделген
құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері
құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 18-5. «Электрондық үкімет» вебпорталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы
мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты
көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі. 18-6. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық
жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын
уәкілетті органға жібереді. 18-7. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған
сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің
(мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады
және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге
«электрондық үкімет» веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды
жібереді.18-8. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас
тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті
орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы
дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.».
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті XXХІІІ сессиясының төрағасы
Ж.рыспеков
Аудандық мәслихат хатшысы
К.Имантүсіпов
Жаңаарқа аудандық
мәслихатының шешімі
Жаңаарқа ауданы
бойынша жергілікті
қоғамдастық
жиналысының
регламентін
бекіту туралы
Атасу кенті №33/236 25 қыркүйек 2018 жыл
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2018
жылғы 15 қазанда нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізіліміне №4974 болып енгізілді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017
жылғы 7 тамыздағы №295 «Жергілікті
қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін
бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15630
тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудандық
мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңаарқа ауданы
бойынша
жергілікті
қоғамдастық
жиналысының регламенті бекітілсін.
2. Осы шешім халық саны екі мың адамнан
көп кенттер және ауылдық округтер үшін
оның алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі және халық саны екі
мың адам және одан аз кенттер және ауылдық
округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті XXХІІІ
сессиясының төрағасы
Ж.рыспеков
Аудандық мәслихат хатшысы
К.Имантүсіпов
решение Жанааркинского районного маслихата
о внесении изменения и дополнений в решение
Жанааркинского районного маслихата от
25 февраля 2012 года №2/17 «об утверждении
правил оказания жилищной помощи населению
Жанааркинского района»
поселок Атасу
№33/237
25 сентября 2018 года
Нормативно правовой акт зарегистрирован в реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов за №4973 12 октября 2018 года в департаменте Юстиции Карагандинской области
В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 16 апреля 1997 года
«О жилищных отношениях», постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года №2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи», Жанааркинский районный маслихат РЕШИЛ:
1. Внести в решение Жанааркинского районного маслихата от 25 февраля 2012 года №2/17
«Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Жанааркинского района»
(зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №812-125, опубликовано в газете «Жаңаарқа» от 7 апреля 2012 года №16 (9489)), следующие изменение и дополнения: в Правилах оказания жилищной помощи населению Жанааркинского
района, утвержденных указанным решением: пункт 1 дополнить подпунктом 1-1) следующего
содержания: «1-1) некоммерческое акционерное общество «Государственная корпорация
«Правительство для граждан» (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо,
созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных
услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по
приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу «одного окна», а также обеспечения оказания государственных услуг в
электронной форме;»; пункт 18 изложить в следующей редакции: «18. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию и/или посредством веб-портала
«электронного правительства» представляет документы согласно пункту 4 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года №2314 «Об утверждении Правил предоставления жилищной
помощи» (далее - Постановление).»; дополнить пунктами 18-1, 18-2, 18-3, 18-4, 18-5, 18-6,
18-7 и 18-8 следующего содержания: «18-1. Семья (гражданин) (либо его представитель по
нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию
или на веб-портал «электронного правительства» за назначением жилищной помощи один раз
в квартал. 18-2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта
документов от Государственной корпорации составляет восемь рабочих дней. 18-3. При
приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка
о приеме соответствующих документов.18-4. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 4 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных Постановлением, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе
в приеме документов.18-5. В случае обращения через веб-портал «электронного правительства», услугополучателю в «личный кабинет» направляются статус о принятии запроса на
оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения
результата государственной услуги. 18-6. Государственная корпорация принимает заявление
посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи. 18-7. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов,
представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной
доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих
дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством вебпортала «электронного правительства» либо Государственной корпорации. 18-8. Решение о
назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении
услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или «личный кабинет» в виде
электронного документа.».
2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня
его первого официального опубликования.
председатель ХХХІІІ очередной сессии районного маслихата
Ж.рыспеков
секретарь районного маслихата
К.Имантусупов
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі 33/236 шешімімен бекітілген
Жаңаарқа ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңаарқа ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының (бұдан
әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде №15630 болып тіркелген) әзірленді.
2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті
қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы
бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге
де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін
қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл
қызметінің мәселелері;4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті
өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті
маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі –
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.
3. Жиналыс регламенті Жаңаарқа аудандық мәслихатымен бекітіледі.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі
4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
кенттер және ауылдық округтер бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
кенттер мен ауылдық округтердің әкімі аппаратының кенттер мен ауылдық округтердің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі
басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
кенттер және ауылдық округтер бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
кенттер және ауылдық округтердің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің
жобаларын талқылау;
кенттер және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды өткізуге Жаңаарқа аудандық мәслихатына одан әрі ұсыну үшін кенттер және
ауылдық округтер әкімдерінің қызметіне Жаңаарқа ауданының әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;
кенттер және ауылдық округтер әкімдерін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын
тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.
5. Жиналысты кенттер және ауылдық округтер әкiмдері (бұдан әрі – әкім) дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – жиналыс
мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы
мүмкін.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.
6. Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге
дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі.
Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат
нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.
20 қазан 2018 жыл
3
7. Жиналысты шақыру алдында әкім аппараты жиналысқа қатысушы
мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін әкім немесе жиналысты шақыру
басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың
хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде
өтті деп есептеледі.
8. Жиналысты шақыруды әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы
мен хатшысы сайланады.
9.Жиналыстың күн тәртібін әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, тиісті
аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.Күн тәртібіне
өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе)
орындалуы туралы мәселелер қосылады.Жиналысты шақырудың күн тәртібі
оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.Жиналысты
шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі
дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
10. Жиналысты шақыруға олардың мәселелері онда қаралатын Жаңаарқа
аудандық мәслихатының депутаттары, Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының,
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке
тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ жиналысты шақыруға
бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатыса
алады.Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетіліп шақырылған адамдар
жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде
дауыс беруге қатыспайды.
11. Жиналыс шақыруларында баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде
сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға
сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген
уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе
шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен
сөз сөйлеу уақытын ұзартады.Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен
артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары,
түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады.
Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс
шақырылымында жарияланады.
Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің
дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.Жиналыстың соңында
жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін
уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.
3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау
тәртібі
12. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс
мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.Дауыстар тең болған
жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:1) жиналыстың өткізілетін
күні мен орны;2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;3) өзге де
қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда) көрсетілген тізімі;4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің
қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.Хаттамаға
жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде
әкіміне беріледі.
13. Жиналыста қабылданған шешімдерді әкім бес жұмыс күні мерзімінде
қарайды.Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін
білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер Регламенттің 2 тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.Әкімнің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені
жоғары тұрған әкім Жаңаарқа аудандық мәслихатының отырысында алдын ала
талқылаудан соң шешеді.
14. Әкім аппараты әкімнің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс
күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.
15. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды
адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және әкім
мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
16. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді әкім аппараты бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.
4-тарау. Жергілікті қоғамдыстық жиналысы шешімдерінің орындалуын
бақылау
17.Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты
адамдардың ақпараттары тыңдалады.
18.Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті
ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы Жаңаарқа ауданының
әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның
жоғары тұрған басшыларына жолдайды.
Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған
жағдайда, жиналыс Жаңаарқа ауданының әкімі немесе тиісті лауазымды
адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың
жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.
решение Жанааркинского районного
маслихата
поселок Атасу
№33/236
25 сентября 2018 года
об утверждении регламента собрания местного
сообщества
по Жанааркинскому району
Нормативно правовой акт зарегистрирован в реестре государственной
регистрации нормативных правовых актов за №4974 15 октября 2018 года
в департаменте Юстиции Карагандинской области
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О
местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от
7 августа 2017 года №295 «Об утверждении Типового регламента собрания
местного сообщества» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №15630), районный маслихат РЕШИЛ:
1. Утвердить прилагаемый регламент собрания местного сообщества по Жанааркинскому району.
2. Настоящее решение вводится в действие для поселков и сельских округов
с численностью населения более двух тысяч человек по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и для поселков и сельских округов с численностью населения две тысячи и менее
человек с 1 января 2020 года.
председатель ХХХІІІ очередной сессии районного маслихата
Ж.рыспЕКов
секретарь районного маслихата
К.ИмАнтусупов
утвержден решением Жанааркинского
районного маслихата от 25 сентября 2018 года №33/236
регламент собрания местного сообщества по
Жанааркинскому району
Глава 1. общие положения
1. Настоящий регламент собрания местного сообщества по Жанааркинскому району (далее – Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1
статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан»
(далее – Закон), приказом Министра национальной
экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017
года № 295 «Об утверждении Типового регламента
собрания местного сообщества» (зарегистрирован
в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №15630).
2.Основные понятия, которые используются в настоящем Регламенте:1) местное сообщество – совокупность
жителей
(членов
местного
сообщества), проживающих на территории соответствующей административно -территориальной
единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы; 2) собрание местного сообщества
(далее – собрание) – участие представителей местного сообщества, делегированных сходом местного
сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан; 3)
вопросы местного значения – вопросы деятельности города, поселка, сельского округа и села, не
входящего в состав сельских округов, регулирование которых в соответствии с Законом и иными законодательными актами Республики Казахстан
связано с обеспечением прав и законных интересов
большинства жителей соответствующей административно-территориальной единицы; 4) местное
самоуправление – деятельность, осуществляемая
населением непосредственно, а также через маслихаты и другие органы местного самоуправления,
направленная на самостоятельное решение вопросов местного значения под свою ответственность,
в порядке, определяемом Законом, иными нормативными правовыми актами; 5) член собрания
местного сообщества – представитель местного сообщества, делегированный сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного
значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан.
3.Регламент собрания утверждается Жанааркинским районным маслихатом.
Глава 2. порядок проведения созыва собрания
местного сообщества
4.Собрание проводится по текущим вопросам
местного значения:обсуждение и рассмотрение
проектов программных документов, программ развития местного сообщества; согласование проекта
бюджета поселков и сельских округов и отчета об
исполнении бюджета; согласование решений аппарата акима поселков и сельских округов по управлению коммунальной собственностью поселков и
сельских округов (коммунальной собственностью
местного самоуправления); образование комиссии
местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета; заслушивание и обсуждение отчета о результатах
проведенного мониторинга исполнения бюджета
поселков и сельских округов; согласование отчуждения коммунального имущества поселков и сельских округов; обсуждение актуальных вопросов
местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, затрагивающих права и свободы граждан; согласование представленных акимом
Жанааркинского района кандидатур на должность
акимов поселков и сельских округов для дальнейшего внесения в Жанааркинский районный маслихат для проведения выборов акимов поселков и
сельских округов; инициирование вопроса об освобождении от должности акимов поселков и сельских округов; внесение предложений по
назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного
бюджета
и
расположенных
на
соответствующих территориях; другие текущие вопросы местного сообщества.
5. Собрание может созываться акимами поселков
и сельских округов (далее - аким) самостоятельно
либо по инициативе не менее десяти процентов
членов собрания, делегированных сходом местного
сообщества (далее – члены собрания), но не реже
одного раза в квартал. Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются к акиму
с указанием повестки дня.Аким в течение трех рабочих дней рассматривает письменное обращение
и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.
6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не
позднее, чем за десять календарных дней до дня его
проведения через средства массовой информации
или иными способами.По вопросам, вносимым на
рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее,
чем за пять календарных дней до созыва собрания
представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде или в форме
электронного документа.
7. Перед началом созыва собрания аппаратом акима
проводится регистрация присутствующих членов
собрания, ее результаты оглашаются акимом или
уполномоченным им лицом перед началом созыва
собрания и заносятся в протокол собрания с указанием места и времени проведения созыва.Созыв
собрания считается состоявшимся при участии в
нем не менее половины членов собрания.
8. Созыв собрания открывается акимом или уполномоченным им лицом.Для ведения созыва собрания открытым голосованием избираются
председатель и секретарь собрания.
9. Повестка дня собрания формируется аппаратом
акима на основе предложений, вносимых членами
собрания, акимом соответствующей территории.В
повестку дня включаются вопросы о ходе и (или)
исполнения решений, принятых на предыдущих
созывах собрании.Повестка дня созыва собрания
может быть дополнена и изменена при ее обсуждении.Повестка дня созыва собрания утверждается
собранием.Голосование по каждому вопросу повестки дня проводится раздельно. Вопрос считается
внесенным в повестку дня, если за него проголосовало большинство присутствующих членов собрания.
10. На созыв собрания могут приглашаться депутаты Жанааркинского районного маслихата, представители аппарата акима Жанааркинского района,
государственных учреждений и предприятий, а
также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также
на созыве собрания могут присутствовать представители средств массовой информации и общественных объединений.Приглашенные лица,
указанные в части первой настоящего пункта, не
являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.
11. Регламент выступлений на созывах собрании
для докладов, содокладов, выступлений в прениях
и по порядку ведения созыва собрания определяется председателем. Докладчикам и содокладчикам отводится время для ответов на вопросы. В
случае если выступающий превысил отведенное
время, председатель собрания прерывает его выступление или с согласия большинства присутствующих на созыве членов собрания продлевает
время для выступления.Член собрания может выступить по одному и тому же вопросу не более двух
раз. Не считаются выступлениями в прениях обращения членов собрания, выступления для дачи пояснений и ответов на вопросы. Вопросы
докладчикам задаются в письменном или устном
виде. Письменные вопросы предоставляются председателю собрания и оглашаются на созыве собрании.Председатель собрания может объявлять
перерывы по собственной инициативе или по мотивированному предложению членов собрания.В
конце собрания отводится время для выступления
членов собрания с краткими заявлениями и сообщениями, прения по которым не открываются.
Глава 3. порядок принятия решений собранием местного сообщества
12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.В случае равенства
голосов председатель собрания пользуется правом
решающего голоса. Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:1) дата
и место проведения собрания;2) количество и список членов собрания;3)количество и список иных
присутствующих с указанием фамилии,имени, отчества (при его наличии); 4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря
собрания;5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в
течение двух рабочих дней передается акиму.
13. Решения, принятые собранием, рассматривается акимом в срок пяти рабочих дней.Аким вправе
выразить несогласие с решением собрания местного сообщества, которое разрешается путем повторного обсуждения вопросов, вызвавших такое
несогласие в порядке, предусмотренном Главой 2
Регламента.В случае невозможности разрешения
вопросов, вызвавших несогласие акимом, вопрос
разрешается вышестоящим акимом после его предварительного обсуждения на заседании Жанааркинского районного маслихата.
14. Результаты рассмотрения акимом решений собрания доводятся аппаратом акима до членов собрания в течение пяти рабочих дней.
15. Органы местного государственного управления
и самоуправления, должностные лица в пределах
полномочий обеспечивают исполнение решений,
принятых на созыве собрании и одобренных акимом.
16. Решения, принятые на созыве собрания, распространяются аппаратом акима через средства
массовой информации или иными способами.
Глава 4. Контроль за исполнением решений собрания местного сообщества
17. На собрании регулярно заслушиваются информации лиц ответственных за исполнение решений
собрания.
18. В случае неисполнения или некачественного
исполнения решений, соответствующая информация вносится в протокол, который председателем
собрания направляется акиму Жанааркинского района или вышестоящим руководителям должностных лиц ответственных за исполнение решений
собрания.
В случае повторного неисполнения или некачественного исполнения принятых решений, собрание инициирует вопрос об ответственности
должностных лиц перед акимом Жанааркинского
района или вышестоящим руководством соответствующих должностных лиц.
20 қазан 2018 жыл
4
қазақтың қоңыр үнді қорабайы немесе ән ғұмыр
Менің Қорабай ағамызбен жеке, жақын
таныстығымыз 2000-шы жылдардың бас кезінде басталған еді. 2001 жылы мен өзімнің
көкшетаулық інілерімнің басын біріктіріп
өзім мектебін бітіріп, өсіп-өнген Жаңаарқа
ауданы, Ескене ауылында мешіт салып беру
қамымен жүрген болатынмын. 2003 жылы
мешіт құрылысы аяқталып оның ашылу салтанатында жиылған халыққа, сырттан келген
қонақтарға
жаңаарқалық
әншілер
орындауындағы әндер жинағын тәбәрікшашу ретінде тарату үшін арнайы әндер
жинағын шығармақ болдық. Алдында 60
минуттық кассета болар деген жинағымыз
бір әншінің орындауындағы екі әнін ғана
кіргізгеннің өзінде 90 минуттық екі бірдей
кассетаны толтырды. Сөз реті келгенде айта
кетейін «Басынан Иманақтың ән ұшқандай!»
деген атаумен шыққан бұл жинақ
жаңаарқалық әншілердің орындауындағы
тұңғыш антологиялық әндер жинағы болып
шықты. Оған елге танымал И.Омаров,
Қ.Байбосынов, Ф.Тұтқабеков (күйші), М.Тілеуханов,
С.Үмбетбаев
(қобызшы),
Ғ.Мұхамедин, С.Оспанов, Б.Тілеуханов,
Ж.Кемалов, А.Нығызбаев, Қ.Әбілдина
бастаған 20-дан аса жаңаарқалық әншілердің
орындауындағы әндер топтастырылды.
Жинаққа
Қорабай
ағамыздың
орындауындағы
«Жас
қалам»
және
«Досыңның көзін ұғарсын» деген қос әні енгізілді.
Сол
кезден
аға-іні
болып
сыйластықпен басталған таныстығымыз кейіннен үлкен достыққа ұласып кеткен еді. (Биылғы жылы да «Рухани
жаңғыру» аясында Шет және
Жаңаарқа аудандарында жүргізілген
экспедициялық зерттеулер барысында
ағамыздың үйіне барып
Қорекеңнің орындауында 4 ән және
еш жерде жарық көрмеген 2 күйін
жазып алып Астанадағы ұлттық
мұражай қорына арнайы тапсырдық.
Әкесінен мирас болып қалған
Қорабай ағамыздың күйшілік өнері
кейінгі мақалаларға арқау болар
деген сенімдеміз).
Әрине, біздің
таныстығымыз сырттай болса да
бұдан да ертерек басталған еді. Ол
кезде Жаңаарқа өңірінде Республика
көлемінде таңылып келе жатқан жас
дарын иелері екеу болса соның бірі
дүлдүл әнші Қайрат Байбосынов,
екіншісі сырбаз да талғампаз әнші,
сырлы сазгер Қорабай Есенов болатын. Біз сол ағаларымызға қарап ой түзеп
қана қоймай бой да түзеп өскен едік. Сол бір
жалындаған жастығымызды Қадыр ақынның
өлеңімен түйіндесек:
«Қалшылдаған қысыңды қыс демедік,
Қысыңа да өзіміз үстем едік.
Күлсе күлсін кәрілер ол кезде біз,
Ұнау үшін қыздарға не істемедік», - деп кең
балақ шалбар (23-37 см.), балоновый куртка
киіп, шашымыз жалбырап желкемізге түсіп,
туфлимен (лакированный) қар кешкен
күндеріміз еске түседі. (Бір кездері «модаға»
айналған мұндай киімдердің болғанын
қазіргі жастар білмеуі де мүмкін. Бұл жолдарды қазіргі біздің тұстастарымыздың
жастық шағын бір еске алып қойсын деген
ниетпен жазып отырмын).
Алпысыншы жылдардың соңы мен жетпісінші жылдардың бас кезіндегі талай бозбала
жігіттердің Қорабайдың әндерін тыңдап ержетіп,
талай
ару
қыздарымыздың
Қорабайдың сазды әуендері арқылы бойжеткендері қазір самайларын ақ қырау шалған
ағаларымыз бен апайларымыздың күні
бүгінге дейін есінде болар. Осыдан 40-50
жыл бұрын қазір аға буын қатарына қосылып
отырған ұрпақтың (оның ішінде өзіміз де
бармыз)
жаңа
шыққан
әндерді
радиоқабылдағыштан тыңдамағаны кемдекем шығар-ау. Иә,сол кездерден бастап-ақ
иыққа түсіре шаш қою, қараңғы түсе көшеде
гитарамен қазақша ән айту үрдісі басталғанды.
Еліктеу дегеннен шығады, (жалпы қазақ
жақсылыққа еліктеуіш, әуес халық) жетпісінші жылдардың жастары біздер де
Дәуренбек Ескекбаев,
қр ұлттық мұражайының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты
жақсылық
үрдістерге
әуестеніп,
еліктеп өстік.
Әсіресе, сол
жылдары
«құлақтан
кіріп,
есті
а л ғ а н »
эстрадалық
әуендерге
(Қаракөз»,
« Д о с мұқасан» ансамбльдері
орындауында)
ілесіп
жержерлерде
қ ұ р ы л ы п
жатқан
ансамбльдерден қалыспай біз де аты дардай
«Ескене» (ол кезде «Дружба» совхозына
қарасты Ленин атындағы бөлімше болатын)
вокалды аспапты ансамбль құрған едік. Гитаралармыз негізінен қолдан жасалынған
өзіміздің «шығармашылық қол еңбегіміз» болатын. Репертуарымыздағы әндеріміз сол
кездері танымал болған әндер: «Той жыры»,
«Неге солай?» т.б. және әрине, онын ішінде
Қорбай ағамыздың орындауындағы әндер болушы еді.
Сексенінші жылдардың бас кезінде мен
Алматыдағы С.М.Киров атындағы (қазір Әл-
орындарымыздың бірі көршілес филология
(тіл-әдебиет) факультетінің жатақханасы.
Күнде қызу дискуссия, әдеби талдау. Кезек
әнге келеді. Ән әсеріне бөленген бір студент
тұрып, осы әнді бір түсінбей-ақ қойдым:
«жылжиды аққу айдында, жылжымайды немесе қалқиды, қалқымайды; сырғиды
сырғымайды... жылжитынын түсіндім, ал
бірақ жылжымайды деген не? Қарап тұрсам
расында да жылжымайтын сияқты ғой. Бірақ
жылжып бара жатады..». Араға тағы бір жерлес ақын қызымыз Қымбат Әбілдина (ол
кезде филфактың 3-курс студенті) түседі:
Фараби атында) мемлекеттік (қазір ұлттық)
университеттің тарих факультетінің студенті
едім (бір айырмашылығымыз Қорекең
жоғары оқу орнына мектеп бітіре сала оқуға
түсіп бітірген соң ауыл шаруашылығының
маманы ретінде жұмыс істесе мен керісінше
он жылдай ауыл шаруашылығында жұмыс
істеп барып оқуға түсуге мүмкіндік алдым).
Көктемнің жаңға жайлы, шуақты күндері болатын. Түске қарай бірінен соң біріне
жалғасқан лекциялар, семинар сабақтары
мен лабораториялық практикалардан шаршап Алатауды бөктерлей орналасқан
жатақханаларымызға ілби басып келе
жатқанымызда алдымыздан
еңсемізді
көтеріп, көңілімізді жадыратып, жүрекке нұр
сәулесін құйғандай болып радиодан керемет
бір әуендер төгілер еді. Бірден қалт тұра
қаламыз. Әдейі студенттердің көңіл күйлерін
тап басқандай екі әуен күнде қайталанып
төгіледі де тұрады. Кеудемізді мақтаныш сезімі кернейді: Бірі елге енді таныла бастаған
қарағандылық жерлес қарындасымыз, жас
әнші Мақпал Жүнісова. «Бақытым менің,
жақұтым менің, кел, кел, кел! Ғашығым
менің, асылым менің, сен, сен, сен!». Белгілі
лирик ақын И.Сапарбаевтың «Сағыныш
сазы» әні. Жүрек дүрсілдеп, көмейге жас
тығылады. Дүрмекке толы думаны басылмайтын ауылды еріксіз еске аласың. Екіншісі, өзіміздің жаңаарқалық сол кездің
өзінде-ақ бүкіл қазақ жастарының кумиріне
айналған Қорабай Есенов: «Жылжиды аққу
айдында, жылжымайды, Мұңаяды ол неге,
тұнжырайды? Сыңсып салған әніне тебіреніп, қамыс басы қамығып, су жылайды». Ай-
«мұны жазған нағыз ақын ғой. Тұнып тұрған
лирика, сондықтан да ол «жылжиды, жылжымайды; сырғиды, сырғымайды; керек
болса қалқиды қалқымайды..». Студенттер
томаға тұйық ойға батады, расында да тұнып
тұрған философия: «қатар жүрген күндерді
сыйлайықшы, біреу ерте біреу кеш бір
құлайды»... Шынында да Қорекең сыршыл,
талғампаз әнші. Оны Кәкімбек ағасы өлеңін
жазып, Жағыпар досы әнін жазған
«Досыңның көзін ұғарсың» деген өлең жолдарына зер салсаңыз да бірден ұғасыз,
түсінесіз.
«Көп жұлдыз көкте ай болмас,
Сәулесі жерге жетпейді.
Көрінбей кетсе кей жолдас,
Адал дос тастап кетпейді».
Немесе:
«Туыстың дос боп өтуі,
Некен-саяқ, неғайбыл.
Досыңның туыс етуін,
Өмірдің заңы санай біл».
Одан әрі:
«Жүрсең де қандай жұмақта,
Түссең де қанша сынаққа,
Досы жоқ өмір жұтпен тең,
Достықтың туын құлатпа!».
«Өлеңнің де естісі бар, есері бар» екенін жаттап өскен қазаққа бұл өлеңді талдап, дәріптеп
жатқанымыз артық болар, айтпағымыз
өлеңнін де киесі бар десек сол әнді орындайтын иесі де бар екенін мойындаймыз.
Сенбесеңіз қазір көкте жүзіп қалқып жүрген
«жұлдыздарға» осы әнді орындатып
көріңіздерші, әсері қандай болар екен.
Ішіңізден «әжептәуір ән еді-ау...» деп
тары жоқ бірбірімен жымдаса төгіліп
тұр. Бір сөз
қосып немесе
түзетсең
бүлдіресің,
қайта түзерің
неғайбіл...». Удуы бір басылм а й т ы н
с т уд е н т т і к
өмір. Түстен
кейін футбол,
волейбол
ойындарынан
шаршағаннан
кейінгі кешкі
бас
қосар
күйінеріңіз бек мүмкін. Шыны керек, кейінгі
аты шығып жүрген әншілеріміздің көбі әнді
нәшіне келтіріп айтуды ғана көздейді де,
әннің мәтініне мән бере бермейді. Әннің бір
шумағын немесе бірер сөзін өзгертіп айта
беру – бұл күнде әдеттегі шаруаға айналған.
Жоғарыдағы ойларымыздың жалғасы іспеттес пікірді жерлесіміз, қадірлі қарт қаламгер,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Ұзақбай Мұқышұлы ағамыз да Қорекеңнің
шырқаған орындаушылық шеберлігіне тәнті
болып облыстық газетке ішкі жан тебіренісін
былайша өрнектеп жеткізген екен: «Жан едім
өмірге еркін бойламаған, Күні ертең не боларын ойламаған. Шарықтап кетсем-дағы қанат
қағып, Өзіңдей қамқор адам қайда маған».
Әкеге деген сағыныш, ішкі толқу жүрек
түкпірінен шымырлап, бірден бірге
ынтықтыра түседі. Ащы айғай емес, қоңыр
әуен гитара үнімен астасып, сезімді билеп,
баурап ала жөнеледі. Тіптен, өң бойыңды
балқытып, қиялыңды тылсым дүниеге жетелейді. Әке үшін мақтаныш, оның алдындағы
перзенттік парыз, бәрі-бәрі осы ән әуені
ауқымына сыйып кеткендей. Жүрегің елжіреп, өзгеше бір күй кешесің... Бұл 1967
жылдың қоңыр күзі еді. Іс-сапармен сол кездегі ауданға қарасты «Қызылтау» кеңшары
клубының маңдайшасындағы радиодан осы
«Әке жырын» естіген сәттен көңіл-күйім
алабұртып, ән әуенімен тербелумен болдым.
Оның орындаушысы Жаңаарқаның тумасы,
жерлесім болғанымен жүзін көрмеппін. Енді
сол жігіттің өзгелердей емес,
өзіндік қолтаңбасы бөлек сым шектерін шертуіне, жүрек түкпіріндегі
асыл сөзімді, ішкі иірім мен
толқуын тыңдаушысына қаз дауысты қоңыр әуенімен жеткізуіне
ерекше тәнті болдым. Содан бері
қаншама жылдар өтсе де, қияқ
мұртты, қоңырқай, сұлу келбетті
Қорабайдың
гитарамен
сүйемелдеуіндегі әндерін тыңдай
бергім келеді, тыңдай бергім келеді.
Ойпырмай,
ақын
жүрегінің
бұлқынысын, тебіренісін әнші
Қорабай қалай тап басады» суреттеулерінен асқан баға болмас
(Орталық Қазақстан.-2002.-23 қазан
(№169/170). – 16 б.).
Серіліктің, өнердің қай түрі болса
да қазаққа жат емес. Жалпы біз
қазақ халқы ат қоюға, әсіре мақтауға
шеберміз. «Күй атасы Құрманғазы,
ән атасы Әміре деп жатамыз. Ал Қорабай
Есеновты «қазақи гитара өнерінің падишасы» десек болмас па? Ағамызды үлгі
тұтып, ұстаз санап қолына гитара алған
Нұрлан Өнербаев, Ерлан Белғозиев, Табылды
Досымов, Гүлмира Ақүрпекова,
Сейіл
Аяғанов сынды саңлақтарымыз сахнадан
көрініп жатса бұл да алдыңғы толқын
ағалардың кейінгі толқын інілеріне ерекше
бір серпін беріп жаңа жолға бастаған
ұстанымы болар. Гитараның да қазаққа жат
аспап еместігін тұңғыш рет жария қылған да
Қорабай ағамыз. Қарағанды облыстық
«Орталық Қазақстан» газетінде жарияланған
белгілі журналист Раушан Төленқызына берген сұхбатында: «...Ішекті аспаптардың қайқайсының да түп атасы – домбыра.
Классикалық ішекті аспаптардың бірден-бір
қазығы, классикалық үлгісі домбыра! Мен
домбыраны қалай жақсы көрсем, гитараға да
ықласым ауып, жаныма баладым. Гитара
ішкі дүниемде өзім тап баса алмайтын, тілмен жеткізуге келмейтін иірімдерді елеп-тербеп, әуенге айналдырады. Сондықтан, «бұл
аспап маған бөтен емес, қазақтың төл
аспабының бір түрі» деп бағалап, өзімді сол
ойға сендірдім. Көкейіме соны түйіп, мен гитараны домбыраша шерттім! Мен жетігенді
де жақсы көремін. Гитара сияқты, жетігенге
де жеті ішек тағылған. Шерткендегі әуені,
үні, құлақ күйін келтіру сияқты техникалық
тұстары өте ұқсас. Сондықтан, өз басым
гитараның арғы тегі жетіген деп білемін», деп көңілінің түпкірінде бұғып жатқан ойларын сыртқа шығарған екен.
5
Өзінің бұл өнер жолына қалай келгендігін әнші былай деп еске алады:
«...оқушы кезімде гитараны ұстап көрген жан емеспін, бірақ әкем Әбікен
домбыраның құлағында ойнайтын еді, күй тартатын. Әншіліктен де,
ақындықтан да құралақан емес-ті. Бірақ өмір бойы қарапайым теміржолшы,
паровоз машинисі болып еңбек етті. Содан жасымнан мен де домбыраға қол
созып, мектеп оркестірінде ойнап жүретінмін. Гитарамен ойда жоқта достастым. Институтқа
(Целиноград қаласындағы ауылшаруашылық
институтының агрономия факультеті) түскеннен кейін, бірінші курста сексен
студент ауыл шаруашылығы жұмысына бардық, сонда жатақханадағы екі
қатарлы кереуеттің жоғарғысында жататын Николай Литовченко деген
украин жігіті болды. Сол түнімен гитарасын сабалап ән айтады, таң атқанша
ұйқы бермейді, өзі әскерден келген, оқуға есейіп келіп түскен. Ақыры ұйқы
жоқ болған соң: «Коля, маған да гитара тартуды үйретші», - деп қолқа салдым. Гитараны екі-үш күнде игеріп алдым, домбыра тартқан кісіге қиындығы
шамалы екен. Николай: «Сен бұрыннан гитара тартатын шығарсың, сірә,
қалай тез үйрендің?» деп таң қалды. Мен сол күннен бастап гитара деген
ауруға ұшырап, күзде сол аспапты сатып алып тындым», - деп еске алады
(38-бет. Т.Әлжантегі. Саусағынан саз сауған. – Алматы: «Үш қиян», 2012. –
96 б.).
«Мен небары екі ән ғана жазған адаммын. Алғашқы әнім – «Жас қалам». Оны
он жеті жасымда шығардым. Бір күні бір курстасым сол әннің сөзін әкеп
берді, оқып отырсам, сөзі ғажап:
«Кездессең ұрлана қараймын,
Асаудай тулайды жас жүрек.
Мен сені жаныма балаймын,
Сен үшін менде бар бір тілек»...
Өлеңнің сөзі біздің жігіт бола бастаған албырт шақта бастан кешетін сезімді
дөп басып жеткізіп тұрғандай (бір атап өтерлігі жоғарыдағы пікіріміздін
дәлеліндей кейбіреулер осы әннің алғашқы жолын бұрмалап «кездессең
нұрлана қараймын» деп те орындап жүр – Д.Е.). Сөйтіп, 1966 жылы жаңа
жыл мерекесінің алдында ойда жоқта жаңа ән туды. Қолым қалт еткенде сол
әнді айтамын. Институтта атым шыға бастады», - еске алады.
«Жүректен шықпаған сөз жүрекке жетпейді» демекші Қорекең көрінген сөзге
ән жазып, сөзі келіспеген әндерді орындай да бермейді. Бұған көз жеткізу
үшін Қ. Есенов орындап жүрген әндерді шолып шықсаңыз да болады.
Әншінің сонау алпысыншы жылдардың орта кезінен бастап өткен ғасырдың
тоқсаныншы жылдар аралығындағы ширек ғасыр ішіндегі репертуарын алып
қарасаңыз олардын жалпы саны жиырма әннен аспайтындығына көз жеткізер
едіңіз. (Ал қазір кейбір әншілеріміз репертуарымда бес-алты жүздей әнім бар
десе де жеке концерттерін өткізген үлкен сахналарда сонын 20-30 дайын ғана
орындалып жүр). Бұл әншінің биік талғамының көрінісі. Аз жазса да саз
жазды. Бүкіл ғұмырында екі-ақ ән жазса да сол әндер бұқаралық сипат алып
халық әндері қатарында жүр (ел арасында жүз немесе екі жүз ән жаздым
деген сазгерлер баршылық, бірақ солардың көпшілігі халық назарынан тыс
қалған). Сан қуаламай сапасына мән берді. Содан да болар өлмес, өміршең
әндердің орындаушысына айналды. Қасымша айтсақ «өзіммен бірге өлмесін
өлеңім» деп ғұмыр кешті. Нәтижесінде ол әндер жарты ғасыр бойы әншімен
бірге жасап халық аузынан түспейтін «халық әндеріне» айналып жүре берді.
Әнші бақыты деген осы болар. Көңілінен шықпаған, жүрегі қаламаған әндер
Қорекеңнің қалыбына сыймайды. «Стандартты заманда стандартқа сыймай
жүрген адам» демекші өзіндік ерекше орындау стилімен жұрттың сүйіктісіне
айналған Қорабай Есенов те стандартты жеті нотаға сыймайтын әнші.
Сондықтан да болар ол бүкіл әншілік ғұмырында екі-ақ адаммен бірі «жезкиік ақын» атанған Кәкімбек Салықов ағасы болса екіншісі жерлес композитор, өмірлік замандас досы Жағыпар Әлімхановпен шығармашылық
байланыста болды. Яғни, ақын мен сазгердің шығармаларын бір қалыпқа
сыйдырып, өңдеп, өз стиліне сай өзгертіп бүгінгі тілмен айтқанда оранжировкасын да өзі жасап, түрлендіріп құлпыртып жіберетін. Қазақтың
дүниетаным пайымымен алып қарасақ олақ ұста бөренеден бір таяқ қана
жасап шығара алса, ал нағыз шебердің қолына түскен бөренеден небір
қолданысқа қажетті тұрмыстық заттар шығатыны кәдік. Әнші
орындауындағы әндер ғұмырының ұзақ болуы ошақтың үш бұтындай
өнердің үштағанының осылайша қабыса жымдасып, үндесіп жатқандығынан
да болар.
Қазақ даласы табиғатына сай ұл-қыздарына да сондай кеңдік, талант берген.
Сондықтан да болар арамызда кәсіби мамандығы тау-кен инженері бола
тұрып кейіннен ақын-жазушы немесе әнші-сазгер бола жүріп ғалым-зерттеуші болып жүргендер жеткілікті. Қорекеңнің де әу бастағы кәсіби
мамандығы агроном болды. Әрине, ол кезде бұл өміршең, заманына лайық
сұранысқа ие мамандықтардың бірі болатын. Институтты бітіргеннен бастап
бас агроном, ауданаралық база директоры, РАПО-ның бастығы, астық дайындау мекемесінің директоры, Ағадыр, Жаңаарқа, Шет аудандары аралық ауыл
шаруашылық химия бірлестігінің төрағасы бола жүріп те өнерден қол үзбей
қолынан гитарасын тастаған жоқ. Сол киелі өнерге деген адалдығының
қайтарымы да болар бүкіл саналы ғұмырын ел ішінде жүріп, ауыл
шаруашылық жұмыстармен өткізсе де атақ-дәреженің бәрін өнері үшін алған
сияқты. Елбасының қолынан алған «Құрмет грамотасы» (1999 жыл), «ҚР
еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» (2001 жылы), «ҚР Еңбек сіңірген
қайраткері» (2013 жылы), Жаңаарқа ауданының «Құрметті азаматы» т.б.
атақ-даңқы бола тұра Қорекең қарапайымдылығы мен кішіпейілділігінен бір
тайған емес. «Жоқ жомарт» деген, бұл күндері архаизімге айналған қазақи
пайымның бүгінгі иесі осы Қорекең сияқты. Өзінің өнерін сыйлағандарды
үлкен-кішілігіне қарамай асты-үстіне түсіп қой сойып қонақ қылуы, тіпті Табылды Досымов сияқты өнеріне тәнті болып табынған інілері сонау Атыраудан ат басын тіреп арнайы келіп жатқанда тай сойып қарсы алуы Қорекеңнің
бойына жарасатын қазақи мінез болып қалмақ. Десе де халқының құрметі
мен қошеметіне бөленіп жүрген әншінің концерттерін ұйымдастыру өте
сирек қолға алынуда. Жезқазған (1999 жылы) мен Астанадағы мәдениет
орталығында (2001 жылы) араға жылдар салып өткен шығармашылық кештерінен басқа ұйымдастырылған шаралар жоққа тән. «Жетпісінде де желіп
өтер» десек те жылдар жылжып, уақыт күтіп тұрмайды. Қорабайдың қоңыр
үнін сағынған замандастары жетерлік. Астана (20-жылдықты еске алмай-ақ),
Алматы, Қарағанды ғана емес еліміздің басқа да өңірлеріндегі 60-70
жылдардың сырлы саз-әуендері бойларын тербеткен (бүгінгінің жылауық
әндері емес) замандастарымызды бір сусатып, көңілдеріне шуақ шашып,
жастық шақтың жалынымен табыстырар күн қайда?
20 қазан 2018 жыл
Гитара падишасы
Өлең бұл жас, кәріге қарамайды,
Халқы өзі ең мықтысын бағалайды.
Жаңаарқаны ұйытқан тәтті әнімен,
Кім білмейді Есенов Қорабайды.
Жастық шақ өзін қанша аңсатқан ба,
Қарамай жылдар жылжып қанша аққанға.
Жүректен қайнап шығып жылы сезім,
Құдырет жатқан сынды саусақтарда.
Жақсы әуен көңілдерге шипа-дәрі,
Күйсандыққа төгіліп сыйса-дағы.
Ағамыздың даңқы асып тұрды сол кез,
Жанына серік еткен гитараны.
Қош көрмейсіз, білемін мақтағанды,
Демеңіз тәтті шақтар артта қалды.
Еңкейген қарт, айтады жас бала да,
Тамсанып әлі күнге «Жас қаламды».
Сырлы саз сен осындай биікпісің,
Қазақтың ұл-қыздарын ұйтты шын.
Ғашық болған жігіттер осы әнменен,
Жолыққанда қарсы алды сүйіктісін.
Шыққанда гитараның жағымды үні,
Байқар жұрт өте шебер, қарымдыны.
Ұмытпаған шығарсыз еліңізге,
Іздеп барып, танысқан Табылдыны.
Ол көрігіне тап болып ән-ұстаның,
Түзегендей тұлпардай шабыстарын.
Жыр ғып айтар әлі де қос мықтының,
Бір дастарқан басында табысқанын.
Ол жылдар сағыныш боп барады шын,
Жыр жазсам зулай түсер қаламұшым.
Ұйықтағанда отырыпты ол бас жағында,
Қорекеңнің бақылап демалысын.
Айта берсек жетерлік текті ісіңіз,
Бойда қуат, кемімей бек күшіңіз.
Құтты болсын ал, аға, босағадан,
Алтын күзде аттаған 70-іңіз!
Шапағын төгіп әркез таңдар асыл,
Еркелетіп сәбиін ән-баласын.
Жүріңіз ортамызда зор тұлға боп,
Қазақтың әнге бөлеп кең даласын!
Бижан қалмағанбетов,
Ақын
рухани жаңғыру
мектеп кітапханасында – жаңа технологиялар
ЮНЕСКОның бастамасымен 1999 жылдан бері
22 қазан – Халықаралық мектеп кітапханалар күні
болып көп елдерде аталып өтуде. Бірінші болып бұл
күнді
жариялаған
мектеп
кітапханалары
Ассоциациясының Президенті Бланш Вуллз. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты
нысаны – ұлттық сана мен рухты заманауи
жағдайларға
сәйкес
жетілдіру
арқылы
Қазақстанның әлемнің алдыңғы отыз елдің
қатарына қосылуына негізі бола алатын жаңа
ұрпақтың тұлғалық іргетасын қалыптастыру.
Жас жеткіншекті рухани байытып, білімін
кеңейтетін тек кітап болып табылады. Кітап оқу –
бұл тек бос уақытын қызықты өткізу ғана емес, сонымен бірге тұлға болып қалыптасуына орасан зор
көмегін тигізеді.
Кез-келген туындыны оқу арқылы адамның сөздік
қорын көбейтуге, интеллектін, есте сақтау, ойлау
қабілеттерін дамытуға және өз пікірін еркін жеткізуге болады. Бәсекеге қабілетті тұлға ғана елінің
дамуына
үлес
қоса
алады.
Сондықтан,
оқушылардың бойына түрлі дағдылардың
қалыптасуы өте маңызды. Атап айтқанда, кітапты
таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап
оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді
тұжырымының құдіретін түсіну мен түйсіну, алған
әсерлерді кейін өмірлік қажетіне жарата білу
маңызды. Бұл – әрбір адамның білігі мен білім ден-
гейін, пайымы мен парасатын, көреген кемел кісілігін ұдайы шынықтыра білудің озық та ұтқыр жолдарын айқындай алатын алғышарттарының бірі.
Осындай қабілеттердің дамуына мектеп
кітапханасының жұмысына Назарбаев Зияткерлік
мектебі кітапханасының заманауи әдіс-тәсілдерінің
көмегі орасан зор.
2015 жылы Қарағанды
қаласындағы НЗМ базасындағы кітапханашылар
семинарына қатысып, сертификат алдық. Осы заманауи әдіс-тәсілдерді
2016 жылдан бері өз
жұмысымызда кеңінен пайдаланып келеміз. «Ойын
технологиялар», «Кітап оқуда өрлеу» топтарға
бөлінетін бұл әдістер оқушылардың кітап оқуға
қызығушыларын арттырып, қойылған міндеттерге
назар аударуға көмектеседі. Әр бала жасап отырған
ісін жеңіл қабылдап, тапсырманы ықыласпен орындайды.
«Ойын технологиялары» әдіс-тәсілдеріне жататындар: пазлдармен жұмыс жасау, «Book Bingo»,
шығарманы суретпен құрастыру, «Кітаби жарысу»,
«Әдеби джем», «Кітаптың авторы мен атауын
табу», «Көлеңкелі проза», «Визуалдық материалды
оқу».
Ал «Кітап оқуда өрлеу» әдістеріне көпшілік
оқырманмен жұмыс жасайтын іс-шаралар жатады:
«READx» (оқырман өзінің сүйікті кітабымен
көпшілікті
таныстырып,
кітапқа
деген
қызығушылығын оятады), «Kewjrd Hexagon»
(түйінді сөздер арқылы шығарманың мазмұнын
ашу).
Осы
әдіс-тәсілдер
оқушылардың
шығармашылық, логикалық қабілетін, ой-өрісін,
сөз қорын – бір сөзбен айтқанда, рухани байлығын
дамытуда алар орны ерекше.
Кітап оқу – бұл текті кісілікке, кемел адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол
жеткізу бағытында құрыштай шыңдала түсудің айтулы көрсеткіші екені хақ.
Б.қуАнышБЕКовА,
Б.Амалбеков орта
мектебінің кітапхана меңгерушісі
Көлік басқарғанда қауіпіздікті сақтау басты міндет
Бүгінгі күн темір тұлпар тақымдаушылардың
көбеюімен
бірге
көлікке
қатысты
құқықбұзушылықтардың қатары да артып, өзекті
мәселеге айналып отыр. Бұл бейжай қарайтын
дүние
емес.
Себебі,
көліктегі
кейбір
құқықбұзушылықтар қасақана жасалады және аса
қауіпті болып саналады. Мұның өз кезегінде құқық
бұзушының ғана емес, басқа да азаматтардың өмірі
мен денсаулығына қауіп төндіретін айта кеткен жөн.
Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік рөліне ие
бола алмай немесе оны мас күйде айдаймын деп
жол жиегінде өз бетімен кетіп бара жатқан жаяу
жүргіншінің ажалына себепкер болып жататын мысалдар соның дәлелі.
Сондықтан да, көлік құралын мас күйде басқаруға
қатаң түрде тыйым салынған. Өйткені, алкоголь немесе есірткі тұтынған адам ағзасының маңызды
функциялары бұзылып, орындалуы тиіс реакцияларды орындауға қауқарсыз болып қалады. Ал,
осындай күйде темір тұлпарды тізгіндеу адам
өмірімен ойнағанмен, заң тіліндей айтсақ қылмыс
жасауға оқталумен бірдей.
Жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы
ғана емес, көлік құралын масаң күйдегі адамның
басқаруына беру де әкімшілік құқық бұзушылыққа
жатады және оған «Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы» кодекстің (әрі қарай ӘҚБтҚРҚ) 608-бабында жауапкершілік көзделген.
Әкімшілік жаза құқықбұзушылықты жасаған
тұлғаны заңнама талаптарын сақтауға және құқық
тәртібін құрметтеуге, өзгенің өміріне, құқығына
құрметпен
қарауға
тәрбиелеу
мақсатында
қолданылады. Сондықтан, әр азамат көлікті
басқарған уақытта өзінің, өзгенің қауіпсіздігіне жауапты екенін есте сақтауы тиіс.
Ә.рАХИмЖАновА,
Жаңаарқа аудандық сот кеңсесінің бас маманы
20 қазан 2018 жыл
пайғамбар атын иемденген Яхия ерекше
жан еді
Мен 1964 жылы белгілі бір жағдаймен
Қарағанды педагогикалық институттың 4- ші
курсынан
Алматы
ауылшаруашылық
институтының 2-ші курсына ауыстым. Пәтер
жалдап тұруыма тура келді. Ауылдас досым
Ертай Жәнібеков (халық шаруашылығы
институтының студенті) екеуміз тұратын
пәтер іздей бастадық. Бір күні Ертай мектепті
бірге бітірген жолдасы Яхия Хасенов деген
жігітті әкеп таныстырды. Үшеуміз бірге
тұратын болып келістік.
Менің таң қалғаным Яхия басқа қазақ жігіттеріне ұқсамайтын, түр-түсі бөлек жан
екен. Өңі сары жирен түсті. Әсіресе, көзі
ерекше. Көкпен - көк. Көк болғанда да адам
таңқаларлық. Қатты ашуланғанда, немесе бір
нәрсеге қуанғанда көзінің ішінде өте кішкентай шамшырақтардан ұшқын атқан сияқты
болып көрінетін.
Сонымен, бірге тұрып жаттық. Жастықтың,
студенттік өмірдің түрлі қызықтарын бастан
өткердік. Ертай екеуміз бұрыннан домбыра
тартатын едік. Мұны көріп Яхия домбыраға
құмартты. Мен домбыраның алғашқы
әліппесін үйретіп едім, өзі әрі қарай алып
кетті. Алып кеткенде қандай, домбыраға
қосылып ән айта бастады. Бірте-бірте халық
әндерінің небір қиын түрлерін келістіріп айтатын әнші болып шықты. Не керек, біздің
жолдастардың ішінен суыры-лып шығып,
жиын-тойда ән айтатын әншіміз Яхия (Яшка)
болатын.
Яхия сондай қарапайым жан еді.
Жолдастыққа адал, ер мінезді, қолы ашық,
қандай жағдайға болсын атсалысып жүретін.
Біз екеуміздің жағдайымыз ұқсас еді.
Екеуміздің де қартаң әке-шешеміз болды.
Яғни, кемпір-шалдың
еркетотайымыз.
Әкелеріміз малдарын сатып ақша жіберіп
тұратын. Сондықтан "ақшалы, бай" студент
болдық. Сырт киімдерден басқасын жуып
әуре болмай, жаңасын сатып алып киетінбіз.
Яхияның бала кезінде ұзын тұлымы (шашы)
болыпты. Бірге өскен жолдастарының айтуынша, балалар төбелескенде тұлымынан
тартып шалқасынан түсіреді екен. Бір
төбелестен соң ыза болған Яхия үйіне
жүгіріп барып шашын түбінен қиып алыпты
да, тұлымынан солай құтылыпты.
Яхия өте сері жігіт болды. Түр-түсі
қазақтың басқа жігіттерінен өзгеше
болғандықтан ба, өнерлі, әншілігінен бе,
әйтеуір оған қыздар үйір еді. Бірде мынадай
қызық жай болды. Яхия бір қызды қатты
ұнатып қалады да, оған арнап өлең
шығарады. Өзі ақынжанды, сезімтал жігіт
қой өлеңі ұзақ, жиырма шақты бетке ұласқан
әжептауір шығарма болып шығады. Сол
шығармасын маған көрсетуге ұялып (мен
олардан 3-4 жас үлкендігім бар) күздің қара
суығында, бір бөрененің түбінде, шамалы
жарықта Ертайға сынату үшін оқып береді
ғой. Өздері әбден тоңған, өлең ұзақ, бітпейді.
Ыза болған Ертай келген соң "айтам" деп
қорқытады, Яхия "айтпа" деп жалынады.
Ақыры таяудағы дүкенге жүгіріп екеуін
суықтан "емдеуге" тура келді. Сол
шығармасын маған көрсетпей кетті.
Жас кездегі өмір ерекше қызық қой. Қыз
дегеннен еске түседі, үшеуміздің бір қыз
үшін өліп қала жаздағанымыз бар. Ертайдың
бірге оқып, сөз байласқан Қытайдан көшіп
келген қызы бар еді. Сол қыздың үйіне
барып, құда түсіп, ата-анасының алдынан
өтпекші болдық. Тұратын ауылы Кеген ауданында, тау қуысында екен. Біз мінген автобус
асудан асқан соң сынып, тұрып қалды. Басқа
жолаушылар кейін қайтты. Біз болсақ жаяуақ жетеміз деп жүріп кеттік. Сөйтсек, онымыз бос әуре екен. Тауда күн суық, қар аралас
6
жаңбыр жауып тұр. Алматыдан шыққан
біздің киіміміз жеңіл. Әбден шаршап, бір-бірімізді сүйрелеп жүріп келеміз. Шаршағанда
ұйқы келеді екен, отыра қалсақ ұйықтап кетеміз. "Өліп қаламыз, бірдеңе қылып жүрейік"
деп бір-бірімізді оятып, алға жылжимыз.
Яхияның "мен болдым, өлсем де жүрмеймін"
деп жатып алатыны да бар. Қалжыңымыз да
қалмайды. "Бір қызға бола өлгеніміз ғой"
десем, Ертай "менікі жөн, сен екеуіңе не
жорық" дейді. "Артымызда қияда қалған үш
жігіт деген аңыз қалады" дейді Яшка. Ақыры,
жеттік-ау ауылға. Ауырып, әбден қалжыраған бізді қыздың үйі үш күн бойы күтті.
Барған шаруамыз оң шешіліп, бір жыл
әскерлік борышын өтеген соң қосылатын
болып қайттық. Бірақ, тағдыр ғой, еңбегіміз
зая кетті. Сол жылы ол қызды бір жігіт алып
қашып кетіпті.
Яхия екеуміз жақсы сыйластық. Ол мені
үлкен санап, аға деп сыйлады. Үнемі
"Ғалеке" деп отыратын. Мен де оны
көтермелеп, "Пайғамбарлардың ішіндегі
ерекшесі Яхияның атын тегін иемденбеген
біздің Яшка оңай жігіт емес, байқаңдар"
деуші едім. "Е, бәсе, Ғалеке, солай деп
қойыңызшы" деп ол да жігіттердің алдында
мағұрланатын. Тағы бірде "біздің Яшка нағыз
қазақ. Қазақтың арғы тегі Сақтар көк көз,
сары болған" дегенімде, "әне, көрдіңдер ме,
менің кім екенімді" деп жанындағыларға
қулана қарап, рахаттанатын.
Тағдырдың жазуымен Яхия екі рет үйленді.
Бірінші жұбайы Рахатпен қосылғанда бірнеше күн ұлан-асыр той тойлаған едік. Рахат
ерте өмірден озған соң, менің жұбайымның
құрбысы Әлфияға үйленіп тіпті жақын бола
түстік. Әлфия, Яхия ертерек кетсе де, Рахаттан қалған бір ұл мен өзінен туған бір қыз, екі
ұлды тәрбиелеп, ешкімнен кем қылмай
оқытып, үйлендіріп, бір-бір үй етіп,
немерелерінің ортасында бақытты өмір сүріп
отыр.
Яхия қызметінің көпшілігін көрші ауданда
атқарды. "Босаға", "Ақтау" кеңшарларында
бас экономист болып көп жыл еңбек етті.
Тек кейінгі жылдары Жаңаарқаға келіп
"Ақтастыда" бас экономист, директордың
орынбасары қызметтерін атқарды.
Бір күні Яхия қатты ауырып ауруханаға
түсті деген хабар келді. Естісімен бардым.
Қатты қуанды. Расында қалжыраңқырап
қалған екен. Біраз әңгімелестік. Әңгіме
үстінде ол:- "Ғалеке, көріп тұрсыз ғой, мен
кететін түрім бар, сіздер қалатын
болдыңыздар "- дегені. Мен де жұбату үшін
"Ой, Яшка, қайдағыны айтасың, біз де мәңгі
қалады деймісің? Өмір деген қас-қағым сәт
емес пе! Сен барған жерге біз де барамыз,
тоса бер, баяғыдай сайран саламыз"- дедім.
Сонда төсегінде жатқан Яхия басын көтеріп
отырды да -"Ой, Ғалекем-ай, бүйтпесең
Ғалеке боласың ба! Осында келгендер не
ақыл айтады, не түрімді көріп үндемей кетеді. Жаным енді рахаттана бастады, шыны
сол ғой. Рахмет, Ғалеке! Бақұл бол!" -дегені.
Көзімізге жас алып, екеуміз құшақтасып
қоштастық. Палатадан әзер шықтым. Ерекше
көк көзінен ұшқын атып Яшка қала берді.
Ертесіне 1998 жылдың 9-шы наурызында ол
бақилық болды.
Бұл өмірді Яхия серілікпен тамаша өткізді.
Тек балаларының қызығын көре алмай кетті.
Шерхан Мұртаза айтқандай "Бір кем дүние"
деген осы шығар.
Ғалым төтЕйұлы,
Яхияның жолдасы,
дос және ағасы
Алаяқтыққа алданып қалмаңыз!
Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігіне Ұлыбританиядағы қазақстандық
докторанттар қауымдастығынан Еуропадағы алаяқтық тәсімдер туралы ақпарат келіп түскен.
Тәсімге сәйкес алаяқтар «LinkedIn» әлеуметтік желісі арқылы қазақстандықтарға бәсекелі
жалақы, тұрғын үй, көлікті қамтитын Ұлыбританиядағы жұмыс орны туралы, сондай-ақ
Ұлыбританияға виза және жұмысқа рұқсат алуға қолдау көрсету туралы ұсыныс хаттар жібереді. Сонымен бірге, алаяқтар компанияның шотына жоғарыда аталған құжаттарды дайындау
үшін қажетті 1300-5000 фунт стерлинг көлеміндегі соманы аударуды сұрайды. Сенгіш
қазақстандықтар талап етілетін соманы (кейде қарыз қаражат есебінен) төлегеннен кейін
алаяқтар байланысқа шықпайды.
Осындай компаниялардың бірін қауымдастық тексеріп, оның британдық компания тізілімінде тіркелгенін, оның иесі испан азаматы екендігін және жарғылық капиталы тек 1000 фунт
стерлинг екендігін анықтады. Осылайша, аталған компания шетелдік қызметкерлерді жалдауға
және оларға жоғары жалақы мен әлеуметтік қамсыздандыруды қамтамасыз етуге қабілетсіз
болып табылады. ҚР СІМ қалыптасқан жағдайды және қазақстандықтарға қатысты алаяқтық
әрекеттердің күшеюіне алаңдайтынын мәлімдеп, мұндай әрекеттерді тоқтату үшін бірқатар
алдын алу және түсіндіру шараларын қабылдауды қисынды деп санайды.
қарағанды облысы Әділет департаменті
ЕсКЕ алу
Асқар таудай әке, асыл жар, сүйікті ата Хасенов
Яхияның бақилық болғанына биыл 20 жыл толып отыр.
Баршамызға қадірлі, ағайын-туыстың жанашыры болған
ардақты жанға деген сағынышымыз уақыт санап ұлғаюда.
«Жарқын жүзін бір көрсек, абзал дауысын бір естісек»,деген арманымыз, жанымызды сыздатып, жүрегіміз егіледі.
Марқұмды сағына да жабыға еске алып, жаны жәннатта,
тәні рахатта болғай деп дұға тілейміз.
Ғұмыр жасың қысқа болды бұл жалғанда,
Арамызда жүрсең егер арман бар ма.
Арыздасып, қоштаса алмай зар жыладық,
Айырылдық, амал қанша қапияда.
Иманың болсын жолдасын,
Бір Алла сені қолдасын.
Пейіштен болсын орының,
Ардақты біздің әкешім.
сағына еске алушылар: жұбайы, балалары, немерелері
25 қазан күні сағат 13.00-де ”сәт” мейрамханасында ардақты азаматымыздың
өмірден өткеніне 20 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕсКЕ алу
Ақтау ауылының тұрғыны, ардақты әже, аяулы ана
Ендаманқызы сәлиман төлегенкелінінің өмірден
озғанына ай толды. Жаны жайсаң анамыздың мейрімді
жүзі, ақыл-кеңесі, аялы алақаны біздің мәңгі есімізде.
Шаңырағымыздың тірегі әкеміз Өмірзақ пен анамыз
Сәлиман еліне елеулі, халқына қалаулы болғаны жандартын.
Өмірдің өткеріп талай соқпағын,
Алып жүрек ақырында тоқтадың.
Жанымызға қуат берген қос асыл,
Өздеріңді сағынышпен жоқтадым.
Жан едіңіз артқан елге қадірің,
Жарылқасын ана өмірде тәңірің.
Жаның ана жұмақ бақта тұрақтап,
Нұрға толсын маңайың мен қабірің.
сағына еске алушылар: балалары, немере жиендері
ЕсКЕ алу
Тағдыр-ай тым қаталсың, қатігезсің. Сенің алдыңда тағыда дәрменсізбіз. Бірақ
күнде аспаннан жай түскендей шаңырағымызды шайқалтып, есімізден айырып мына
жалғандағы ең сүйікті жандарды мәңгілікке ғайып етіп, қайғының қара бұлтын үйірдің.
Қос жанарымыздан жас парлай оларды қанша жоқтағанымызбен ортамызға елесін де
оралта алмай, әлі де келер деген үміттің жібін үзе алмай жүрміз. Теңіздей тулаған
тұңғиыққа аяулы ұл, бес балапанының ардақты әкесі, сүйікті бауыр, ізетті іні,
қадірменді аға Көшмағанбетов серік Диханбайұлы, аяулы сіңіліміз Ақпупенова
Айым Абдылхалымқызы, бауыр ет бала, болашағынан үлкен үміт күттірген періште
бала Айбат мақсатұлын батырып қайғыдан қабырғамыз қайысқанымен Алланың ісі
байғазы, көресің де көнесің. Арамыздан алыстаған інілеріміз бен бауырларымызды
жоқтағалы ай болды. Мәңгілік ұйқыға кеткен асылдарымыздың жатқан жерлері
жарық топырақтары мамық болсын.
Тосын жағдай, қара бұлт келіп төнді де,
Қимай жүрміз сендерді жоқ- өлдіге.
Амалым бар ма еріксіз көнем шара жоқ,
Тоқтады жүрек, Алладан бұйрық келді де.
Ардақты едіңдер біріңнен бірің асатын,
Бауыр едіңдер, сүйсініп құмар басатын.
Пейіште жандарың шалқысын енді асылдар,
Алладан тілеп, сендерге дұға жасадым.
сағына еске алушылар: ағайын-туыс, бауырлары
Бауырларымыз серік Диханбайұлы мен айым абдыхалымқызының өмірден
өткендеріне 40 күн толуларына орай 21 қазан күні сағат 13.00-де «сұлтан»
дәмханасында құдайы ас беріліп, құран бағышталады
внИмАнИЕ! внИмАнИЕ! внИмАнИЕ!
Юридическая компания осуществляет возврат незаконной комиссий за обслуживание
банковского займа (кредита) по действующим и погашенным кредитам.
Период взыскания с момента заключения договора по настоящее время (практически за
все года), со следующих банков: ФОРТЕ БАНК (АЛЬЯНС БАНК), ЕВРАЗИЙСКИЙ БАНК
(автокредитование), КАЗКОММЕРЦБАНК, АТФ БАНК, АЛЬФА БАНК.
При себе иметь удостоверение личности, договор, график погашения.
Адрес: г. Караганда, ул. Гоголя, 31/1, каб.5 (Бизнес Центр за тД «Заводъ»)
телефоны: 8-776-213-44-02, 8-702-635-39-36, 8-778-679-60-16,8-705-106-39-50
ЕсКЕ алу
7
Атасу стансасының тұрғыны, аяулы да сүйікті анамыз,
немерелерінің ардақты әжесі Үмбетова Бақтылы
сұлтанқызының өмірден өткеніне 28 қазан күні 40 күн
толады. Тағдырдың жазуына бағынбайтын пенде бар ма,
өкінішке орай ардақты да асыл жанды арамыздан алып
кетті. Жүрегіміз қимастық сезімге толып, екі көзге
мөлтілдеп жас келеді. Енді қолдан келері, құран оқып,
дұға бағыштау, марқұмды еске алып, есімін ардақтап
ұмытпау.
Жан едің құрмет тұтқан туыс-туғанға,
Жанардан қайғы-мұң боп жас тамады.
Жиналып ұрпақтарың, туыстарың,
Жаз бейнең жақсы ісіңді еске алады.
Бақиға кете бардың жол алдың да,
Санамыз соны ойласақ толар мұңға.
Жан ана, жанымыздан мәңгі өшпейсің,
Орның тұр үңірейіп төр алдында.
Еске алушылар: балалары-Асылхан-Айнұр, Жарасхан-мөлдір, Бақтияр-Ардақ,
медеу-Жазира, немерелері, туған-туысқандары
анамыздың қайтқанына 40 күн толуына байланысты 28 қазан күні сағат 13.00-де
атасу стансасында құран бағышталып, құдайы ас беріледі
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, сүйікті ұл, аяулы
аға, ардақты әке, асыл жар шалғынбайұлы Әбдіғазиз
2003 жылы 19 қазан күні кенеттен өмірден өтті.
Жаны жомарт, үлкенге іні, кішіге аға бола білген
аптал азамат тым ерте о дүниелік болды.
Бүгінде оның арамызда жоқтығына 15 жыл толып отыр.
Асыл жанның бейнесі мәңгі есімізде қалады.
15 жыл өтті асқар тауым құлағалы,
15 жыл өтті бауырын іздеп жылағалы.
Әр күніміз сағынышпен өткенімен,
Жүрегіміз әке деп соғады әлі.
Сағынып сені жылаймыз, еске аламыз,
Аллаға ғана, құлшылық етіп жүрерміз.
Қолдан келері, тілеріміз бақи-бақытын,
Күрсінер сірә, түнеріп тұр-ау күрең күз.
Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болсын деп тілейміз.
сағына еске алушылар: анасы-Бейбіт, жұбайы-лида, бауырлары, балалары, келіндері, немерелері
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тумасы, сүйікті бауыр, жанашыр
әке Жанатұлы саяттың мезгілсіз келген ажалдан бақиға
озғанына 28 қазан күні 1 жыл толады. Кеше ғана арамызда
жүрген, ақ жарқын, кеңпейіл, қамқор әке бола білген
ұлымыздың асыл бейнесін сағынышпен еске аламыз.
Біздің жадымызда, жүрегімізде асыл қасиеттері, жанының
жайсандығы, әзіл күлкісі көз алдымыздан, сағынышты
елесі мәңгі сақталады.
Қонақ болып келіп, ертерек көштің өмірден,
Ізгі қасиетің, жақсылығың өшпес көңілден.
Жаратқан ием өзі алды жақсы адамын,
Орының болсын енді жұмақ төрінен.
Соңында қалды ата-анан, бауырын, жарын, қыздрын,
Көтеріп келеді қаза мен қайғы ауырын.
Жаныңа медет, рухыңа тілеп жайлылық,
Құран бағыштап, қол жаямыз сағына.
сағына еске алушылар: әкесі-Жанат, анасы-Балкен, бауыры-Жазира-Алмат,
жұбайы-Әлия, балалары-Аяла, Айзере
28 қазан күні сағат 13.00-де Халық мешітінде ардақты ұлымыздың өмірден өткеніне
1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕсКЕ алу
Ардақты да қымбатты ұл, асыл жар, асқар таудай әке, қымбатты
бауыр бола білген тезекбаев Дархан ыбырахымұлының небары
37 жасында бабалар кеткен қайтпас сапарға аттанғанына 28
қазан күні 40 күн толып отыр.
Өмірден алғанынан көрі алары көп азаматымыздың
орындалмаған армандары, алынбаған асулары қалды.
Жалт етіп жоқ болған жарық жұлдыздай маңайына жылуын
шаша ғайып болған асыл жанның асқақ тұлғасы мәңгі жадымызда.
Таусылып ғайып кезде татар дәмі,
Таңдарың көп емес пе еді атар әлі.
Жалт етіп жоқ болдың ғой сағымға ұқсап,
Өмірдің таусылғандай сенсіз сәні.
Тағдырдың дауа бар ма шешіміне,
Кір келтірмей кеттің–ау есіміңе.
Иманың жолдас болып, жайың нұрлы,
Тербелсін жаның жәннат бесігінде
Еске алушылар: анасы, бауырлары, жұбайы, балалары, туған-туыстары
28 қазан күні сағат 13.00-де “сұлтан” мейрамханасында ардақты азаматымыздың өмірден
өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕсКЕ алу
20 қазан, 2018 жыл
Ақтүбек ауылының тұрғыны аяулы ана, қамқор әже,
ұлықты ұл, қылықты қыз өсірген ел анасына айналған
ардақты
жан тәжікүл нүркейқызының өмірден
озғанына жыл толды. Маңайына мейірім төгіп, ақылкеңесін аямайтын, ізгіліктің бастауы болған қамқор жан
анамыз бір әулеттің ғана емес ел анасы болып еді.
Қонақжайлылығы мен дархандығының арқасында алтын
ордасының белдеуінен ат, дастарханынан ас кетпей, берекелі шаңырағының шуағына айналды. Анамыздың аялы
алақанымен мейрімді жүзі көз алдымыздан кеткенімен
жүрегімізде мәңгі сақтаулы. Алла сізге жұмақ мекенін
бұйыртсын жан ана!
Ардақты жан шаңырағының тірегі,
Ұл-қызының амандығы еді тілеуі.
Елеулі болған еліні жайсаң жан ана,
Қадіріңді ағайын-туыс біледі.
Қамын ойлап ағайынның, жер көктің,
Өсіруге ұл-қызыңды тер төктің.
Жұмақ бағын тұрақ етіп жан ана
Жайлы болып жер бесігің тербетсін
сағына еске алушылар: балалары, немерелері, жиендері, шөберелері
анамыздың қайтыс болғанына жыл толуына орай 26 қазан күні сағат 12.00 де
ақтүбек ауылының мәдениет үйінде құран бағышталып, ас беріледі
ЕсКЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған қоңырұлы
Есенкелдінің өмірден өткеніне 26 қазан күні бір жыл толады. Марқұмды сағынып еске ала отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз.
Ауыр-ау адам қазасы,
Жазылмас оның жарасы.
Тағдырға қарсы тұрарлық,
Адамның бар ма шарасы.
Жыл да өтті сіз фәниден өткелі,
Жоқтап, көздің жасын төккелі.
Арманыңыз биік еді, көп еді,
Амал қанша ажал шіркін шектеді.
Көңіліңіз көлдей арысым,
Ақкөңіл едіңіз баладай.
Жоқты барға санаған,
Дара туған жан едіңіз.
Орныңыз қалды ойсырап,
Көңілім қалды құлазып.
Сіз барда болған мерекем,
Амалсыздан тарқады.
Тағдырға бар ма амалың,
Дауысын қайдан табамын?
Жанымды жеген қайғыдан,
Жыр жолдарын жазамын.
Бір жыл өтті-жылаумен,
Қаралы күнді санаумен.
Оқыста келіп қалар деп,
Есікке болдым қараумен.
Ғұмыр осы жоқты іздеумен күн өткен,
Жарық сәуле көрінеме түнектен.
Асқар таудай азамат ең білікті,
Өшер ме екен тіршілікте жүректен.
сағына еске алушылар: аяулы жары-Алма, балалары-Жанар, Жанэтта, Айым,
Ерлан, Ерасыл, немерелері-Арилана, Ерқанат, Ержан, мерей
26 қазан күні сағат 14.00-де “Жаңаарқа” мейрамханасында ардақты
азаматымыздың өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы ас беріліп, құран
бағышталады
ЕсКЕ алу
Ауылына сыйлы, құрдастарына құрметті,
туысқандарға
беделді
болған
теміржан
қуанышұлының 4 қараша күні өмірден озып
бақилық болғанына бір жыл толып отыр.
Бауырымыздың бейнесі әлі де көз алдымызда, тіршілігінде айтқан ақыл сөздері, ісі, жасаған еңбегі,
жақсылығы ұмытылар емес.
Айта жүрсін деді ме, әр бауырына ерекше көңіл
бөліп, қамқоршы, жанашыр болды. Шіркін, орны
толмас азаматымыз, анасына ақ көңіл бала, баласына арқа сүйер тірегі, бауырларына қимас бауыр
еді.
Амал не, Алланың ісіне бәріміз де көнеміз. Тек
қана дұға жасап, құран бағыштаймыз. Теміржанның жатқан жері жайлы, топырағы
торқа, жолдасы иман болсын.
Ешкімге аласы жоқ, бересі жоқ
Өсіп ед, туған елдің төресі боп.
Апырай, шыныменен кеткенің бе,
Қарғам-ау, өткен күннің елесі боп.
Есте әлі, ойнағаның, күлгенің де
Құлындай құлдыраңдап жүргенің де
Орының бөлек еді-ау, айналайын
Тірліктің балдай тәтті күндерінде.
Еске алушылар: анасы-Баян, баласы-Әсет, тлеуғабыловтар әулеті,
нағашылары, жиендері
Бауырымыздың өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай 1 қараша күні сағат
13.00-де «сәт» мейрамханасында құдайы ас беріліп, құран бағышталады. Осы
асқа бауырымызды танып білетін, ағайын-туыс, жора-жолдастарын
шақырамыз
ҚОңыр КүзДЕ ҚОраБай аға
ӘН КЕшіНЕ шаҚыраДы
Аты республикамызға таныс, жеті
шекті гитараны еркіне бағындырып,
қоңыр дауысымен тыңдарманын тәнті
етіп, еліктірген Қорабай Есенов ән кешіне шақырады.
Әншінің 70 жасқа толар мерейтойына
орай
ұйымдастырылған
концерт
Жезқазған, Қарағанды қалаларында
өтсе
Аудандық мәдени сауық орталығында
27 қазан күні өтетінін ескертеміз. Жерлесіміз, әнші ағаның ән кешінен қапы
қалмаңыздар. Асығыңыздар ағайын!
өмірзақты мерейтой туған күнімен құттықтаймыз.
Береке бірліктің ұйытқысы, туған-туыстың жанашыры,
абзал жанға зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз.
Жұбайы Айткеш екеуінің көрер қызықтары мен
қуаныштары көп болсын.
63 жас құтты болсын бауырым,
Қызықты боп өте берсін ғұмырың.
Шаңырағың толы болсын шаттыққа,
Өсіп-өнсін ұрпақтарың тамырың.
Игі тілекпен: нағашылары мұқыш әулеті
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, құдағиымыз Ләззатқа асыл
уважаемые жители
Жанааркинского района!
АЗИАтсКИй КрЕДИтный ФонД прЕДлАГАЕт
БЕЗЗАлоГовыЕ И ЗАлоГовыЕ КрЕДИты групповые и индивидуальные кредиты!
И принимает на работу талантливых людей!
Кредиты АКФ - это поддержка сельских жителей,
занимающихся разведением
скота, торговлей, производством, услугами и производственной деятельностью.
Мы выдадим Вам кредит
на разные цели:
•Закуп скота, сена и других
кормов, ремонт и построек
жилищ для скота и прочие
сельскохозяйственные цели
•Развитие бизнеса - закуп товара, сырья, оборудования
•Кредиты на ремонт и утепление дома, оплату обучения, покупку техники и прочие потребительские цели
•Потребительские кредиты
Преимущества кредитов АКФ:
•Отсутствие комиссионного сбора
•Предусмотрено снижение процентной ставки при получении повторного кредита
•Предложим индивидуальный (гибкий) график погашения
Соискателей приглашаем в команду профессионалов АКФ, которые разделяют наши ценности, готовых учиться и приобретать новые навыки, помогать жителям нашей страны
стать более состоятельными, успешными и счастливыми.
Став частью коллектива Азиатского Кредитного Фонда, вы сможете получить:
•Интересную и разнообразную работу
•Справедливую оплату труда
•Профессиональное общение
•Обучение и развитие навыков
•Возможности для самореализации
•Признание ваших достижений
•Создание успешной карьеры
•Участие в полезных проектах.
Открыта вакансия Аналитик по развитию бизнеса (Кредитный специалист)
Основные обязанности кандидата:
•Кредитование сельского населения
•Обслуживание клиентов, в соответствии со стандартами Компании;
•Достижение целей компании, выполнение планов продаж
Требования к кандидату:
•Высшее/средне-специальное экономическое образование;
•Опыт работы в продажах желателен;
•Клиенториентированность
•Владение казахским и русским языками
Место работы: Жанааркинский район, п. Атасу
Вы можете обращаться по адресу:п.Атасу, ул. Тәуелсіздік, д. 5\1, ориентир: здание ЕНПФ,
телефон: 8 (710-30) 2-80-47 , Нұрсұлтан +7 771 266 57 00, Ақмарал +7 771 747 06 85, головной офис: г. Алматы ул. Ауезова 60, офис 10.
Тел/факс: 8 (727) 250 61 90. E-mail: hr@acfund.kz Наш сайт: www.asiancreditfund.com
После обращения в офис аКФ по поводу работы, позвоните, пожалуйста, по нашей
горячей линии 5061 (бесплатно с мобильного телефона) и сообщите, что вы отправили свое резюме. Мы обязательно свяжемся и с вами!
Жарамсыз деп танылсын
Договор обмена жилого дома с правом собственности на земельный участок и квартиры
№ 5242053, 5242052 между т.Калушиной и Ж.Беккожиным в связи с утерей считать
недействительным
***
Құттықтаймыз!!!
Ауданымыздың тумасы жиен бауырымыз Боқанұлы
***
***
Утерянный ККМ марки “Миника 1102Ф” заводской номер 1405512, 2005 года выпуска,
книга учета наличных денег, книга товарных чеков выданное тоо “редакция газеты
“Жанаарка” считать недействительным
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
Жшс басшысы - бас редактор
ЕрАлИнА сАлтАнАт АмАнқыЗы
мЕншІК ИЕсІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті Жшс
Мекен-жайымыз: 100500, қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ889261201186721004, БИн 010340002761, БИК KZKоКZKX, КоД 17,
рнн 240400001948, Ао “Казкоммерцбанк”
жар, балаларына ардақты әке, немерелеріне сүйікті ата
болып отырған қадірлі құдамыз қызылбаев төлеухан
Жарылханұлын 29 қазан күні 60 жасқа толар туған
күнімен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ та
қызықты ғұмыр тілеп, бала-шағаңыздың қызығына тоймай
жүре беріңіз дейміз.
Мейірімін Ұлы Алла төге берсін,
Бақ пен дәулет төріңізге ене берсін.
Денсаулығыңыз әрдайым мықты болып,
Шаңырағыңызға тек шаттық келе берсін.
Өміріңізде болмасын қасірет сын,
Тірлігіңізді тәтті сайран асыр етсін.
Аллам өзі жаныңызға бақыт сыйлап,
Тағы бір алпысты нәсіп етсін.
Ізгі тілекпен:құда-құдағиы-Ғали-Дидар
Хабарландыру
«Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2018 жылы қазан айының 24-і күні сағат 11.00-де Қараағаш ауылының
мәдениет үйінде «ТҚҚ рұқсатнама және құқықтық белгілеу Қараағаш нысаны» бойынша тыңдау өткізеді.
Ақпарат телефоны: 8(71030)2-41-95
Хабарландыру
«Жаңаарқа ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2018 жылы қазан айының 23-і күні сағат 16.00-де Ақтүбек ауылының мәдениет
үйінде «Эммиссияға рұқсат алу және тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының
жұмыс жоспарын өңдеу Ақтүбек нысаны» бойынша тыңдау өткізеді.
Ақпарат телефоны: 8(71030) 2-53-44
Хабарландыру
«Жаңаарқа ауданының Ақтау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2018 жылы 25-і күні сағат 15.00-де Ақтау ауылының мәдениет үйінде «Ақтау ауылында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына арналған құрылыс жұмыстарын
жүргізу және жұмыс жобаларын өңдеу, қоршаған ортаға эммиссия жүргізуге рұқсат алу
үшін мемлекеттік сатып алу» нысаны бойынша тыңдау өткізеді.
Ақпарат телефоны: 8(71059) 5-30-61
Хабарландыру
«Жаңаарқа ауданының Қызылжар кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2018
жылы 26-сы күні сағат 15.00-де Қызылжар кентінің мәдениет үйінде «Қызылжар
кентінің тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының эммиссиясына рұқсат алу және
жұмыс жобасын әзірлеу» бойынша тыңдау өткізеді.
Ақпарат телефоны: 8(71030) 5-14-42
Хабарландыру
«Жаңаарқа ауданының С.Сейфуллин ауылдық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2018 жылы 23-і күні сағат 10.00-де С.Сейфуллин ауылының мәдениет үйінде
«Ынтымақ ауылының тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жұмыс жоспарын
өңдеу және рұқсат алу» бойынша тыңдау өткізеді.
Ақпарат телефоны: 8(71030) 2-43-55
Хабарландыру
1 қазан халықаралық қарттарды қорғау мейрамы қарсанында зейнетақы төлеу
орталығынын тізімі бойынша 75 жасқа толғандар және 75 жастан асқан қарт адамдарға
жеке шотттарына жергілікті бюджет есебінен бір реттік материалдық көмек көрсетілді.
8 қазан халықаралық мүгедектерді қорғау күні қарсанында І-ІІ-ІІІ топтағы мүгедектерге
және 16 жасқа дейін мүгедек балалардың қамқоршыларының жеке шоттарына жергілікті
бюджет есебінен бір реттік материалдық көмек көрсетілді.
Толық ақпаратты Тәуелсідік көшесі №5 үйде орналасқан жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен білуге болады, байланыс телефоны 7-90-39 Б.Иманурова, 50005 Г.Накипова
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” Жшс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1604 дана
Тапсырыс №43
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
16
Размер файла
31 229 Кб
Теги
газета, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа