close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 45qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№45 (9881), 3 қараша, 2018жыл
Елбасы жолдауына үн қосамыз
Педагогтерді ұлықтаған жарқын жолдау
Ұстаздардың кәсіби мерекесімен тұспа-тұс
келген Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауын ұстаздар қауымы зор
ризашылықпен қабылдады. Жолдауда білім
саласына ерекше назар аударылды.
«Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші
тармағы білім беру саласындағы маңызды
мәселелерді қамтиды. Бес жыл ішінде білім,
ғылым, денсаулық сақтау салаларына
барлық көздерден жұмсалатын қаражатты
ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет делінген.
Жолдауда
«Назарбаев
Зияткерлік
мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі
мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін
реформалаудың қорытынды кезеңі болады»деп Елбасы ерекше назар аударды. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ үздік шетелдік тәжірибе саналып, шығармашылық
өңделетін негізгі алаң болып табылады.
Аудан мектептері бойынша біздің мектеп ең
бірінші болып НЗМ тәжірибесін трансляциялау алаңы болып, 2016-17 оқу жылында
мектеп әкімшілігі мен ұстаздар Қарағанды
қаласындағы НЗМ ұйымдастырған оқыту
семинарларына жыл бойы қатысып, 2017
жылдың маусым айында НЗМ тәжірибесін
тарату туралы сертификат алды. Ал 20172018 оқу жылы аудан бойынша бастау ретінде НЗМ тәжірибесін тарату мақсатында
мектеп базасында 13 пилоттық мектептер
үшін 5 семинар-тренингтер өткізілді. Олар:
«Жаңартылған бағдарлама – білім берудің
жаңа мазмұны», «Критериалды бағалаудың
ерекшеліктері», «Тәрбие мен оқытуды кірік-
тіру:
тәрбие
және
перспектива»,
«Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері» және жыл қорытындысы ретінде
«Жетістіктер шеруі – 2018» Форумы.
Семинарлар барысында баяндамалар, секция жұмыстары, тренингтер, ашық сабақтар
галереясы, ашық есік күндері, коучингтар,
онлайн-сабақтар өткізілді.
Облыс әкімінің бастамасымен Жезқазған
қаласында ұйымдастырылған «Ұлы дала
мұрагерлері»
Форумына
мектептің
оқушылары мен ұстаздары қатысып қайтты.
НЗМ әлеуметтік тәжірибелері негізінде «100
кітап» жобасы аясында Қ.Қайсеновтың
«Жау тылындағы бала» шығармасы желінде
театрландырылған қойылым, «TEDx» формасын көрсетіп, Қарағанды облысының
білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік
орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін
тапсырды. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін
қанаттандырып, өз мамандығына деген
сүйіспеншілігін арттыра түсетіні анық.
Жолдаудағы ең төменгі жалақыны 1,5 есеге
көбейтіп, 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін
көтеру туралы тапсырмасы халықтың
көңілінен шықты, өйткені ол мектептердің
әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерінің
жалақыларының едәуір өсуіне септігін тигізеді.
С.БиБоСынов,
Б.Амалбеков атындағы орта
мектеп директоры
Елбасы жолдауына үн қосамыз
жарқын бастамаға жетелейтін құжат
Биылғы Президентіміздің халыққа арнаған
Жолдауында қазақстандықтардың әл –
ауқатын арттыру мақсатында жалақыны
көтеру, бизнесті дамыту, экономиканы
көтеру, салықты қысқарту, білім жүйесін дамыту мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар халқымыздың денсаулығын
нығайту үшін спорттық орталықтар мен
алаңдардың салынуына назар салды.
Халқымыздың
денсаулығын
көтеру
мақсатында әр тұрғын үйдің алдарында
спорт
алаңдары
болу
қажет
деп
тұжырымдады Елбасымыз.
Президентіміз ауыл тірлігіне де көңіл бөле
отырып «Ауыл ел бесігі», «Өз жеріңді танып
біл» жобаларын ұсынды. Жобаны жүзеге
асыру, ауыл жастарының туып өскен жеріне
сүйіспеншілігін ояту, қамқорлық таныту. Әр
жасөспірімге туған жерінің қадір – қасиетін
бағалап, тарихын тереңінен зерттеп дәріптеу
өте маңызды.
Ақтүбек үлгілі кітапханасында кітапхана
активінің отырысында актив мүшелері
мәдени құндылықтарымызды насихаттау барысында атқарылатын жоспар құрылды.
Б.АнишЕвА,
Ақтүбек ауылы
ӨЗ ГАЗЕттЕРІҢІЗ «жАҢААРҚАҒА»
2019 жылҒА жАЗылыҢыЗДАР!
Құрметті аудан тұрғындары, газет оқырмандары! Өздеріңіздің сүйікті
басылымдарыңыз “жаңаарқа” газетіне 2019 жылға жазылу басталды. Аудан
аймағындағы жаңалықтың жаршысына айналған, сексен жылдық тарихы бар
сүйікті газеттеріңіз Сіздердің
көңілдеріңізден шығатынына сенімдіміз.
Халықтың игілігіне қызмет етуден танбайтын аудандық басылымның
өздеріңізбен алдағы жылда бірге болуы үшін газетке жазылудан кеш
қалмаңыздар.
Газетке аудандық почта торабынан жазыла аласыздар.
Заңды тұлғалар үшін индекс 16282
1 жылға 2496 теңге
жеке тұлғалар үшін индекс 66282
1 жылға 1992 теңге
Аудан әкімдігінде
Аппараттық кеңесте
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Юржан Бекқожиннің төрағалығымен, мекеме,
бөлім басшыларының қатысуымен осы аптадағы кезекті аппарат кеңесі өтті. Кеңесте
аудандық ветеринария бөлімінің ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы
аталмыш бөлімнің басшысы Дихан Жаркенов баяндама жасаса, аудандық тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жангелді Бөгенбаев жылу беру маусымының өту барысы туралы хабарлама жасады.
Күн тәртібіне қойылған мәселелерден кейін жиында басқа да әртүрлі мәселелер талқыланды.
Айта кетсек, аудан мектептерінің жылу жүйесі және білім ошақтарындағы жылу мәселесі
бойынша айтылып жатқан сын-ескертпелер туралы, экспортқа мал өткізу бойынша және
аудан аумағы бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары туралы
тақырыптар қозғалып, тиісті басшылар есеп берді. Жиын соңында аудан басшысы жауапты
бөлім, мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Мешіт жұмысымен танысты
Өткен аптада аудан әкімі
Юржан
Бекқожин
ауданымыздағы «Халық»
мешітіне арнайы барды.
Тағайындалғанына көп
уақыт
болмаса
да,
ауданымыздың дін саласында көптеген жақсы
жұмыс атқарып, ұлттық
салт-санамызбен ұштасып
жатқан
Ислам
діні
құндылықтарын жамағатқа
насихаттап келеді. Бас
имам Асхат Қанайұлы аудан әкімін қарсы алып, мешіттің іші-сыртында атқарылып жатқан
жұмыстар барысымен таныстырды.
«Халық» мешітінің жаңа құрылысы жөніндегі сызбасымен танысып, басталғалы тұрған
істі өз көзімен көріп қайтқан аудан әкімі оң бағасын берді.
Жақында мешітке жүрегі нұрға бөлеген бір кәсіпкер, әбден тозығы жеткен мешіттің сыртқы
қақпасы мен мешіттің алдыңғы қабатын жаңа кірпішпен қаптау үшін өз көмегін беріпті.
Бүгінде бұл жұмыс жасалып, кірпіштермен қапталу үстінде.
Сондай-ақ, мешіттің ішіне келер болсақ, «Алла үйі» жақында толығымен жаңа кілемдермен
жабдықталған екен. Бұл игі іске ауданның бірқатар, кәсіпкерлері ат салысып, мешіттің жаңа
жиһаздармен жабдықтау мақсатында сыйға тартып, сауапты іс жасапты. Қалың кілем
мешітіміздің ішіне ерекше сән беріп, мешіт жамағаттары, ақ сақалды аталарымыз
ризашылықтарын білдіріп, баталарын беруде.
-Ауданның бірқатар азаматтары, жамағатқа тарту ретінде мешітке жаңа кілем төсеп берді.
Бұл мешітіміздің көркемдігімен, тазалығына ерекше өң берумен қатар жамағаттардың намаз
оқуына да қолайлы болды"- деді, мешіттің бас имамы Асхат Қанайұлы.
Жаратқан иеміз асыл дініміз үшін жасаған әрбір салиқалы амалдарымызды өз құзырында
қабыл етіп, еселеп сауап жазсын!
Рахат АйтжАновА
Ауданда жаңа тағайындау
Аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің
орынбасарлары мен мекеме басшылары қатысқан
жиында аудан әкімі Юржан Бекқожин аудандағы
жаңа тағайындау туралы ресми түрде хабарлады.
Аудандық мәдениет және тілдерді басқару бөлімінің
басшысы лауазымына Медет Мұқажанов бекітілді.
Мұқажанов Медет Файзрахманұлы 1982 жылы 1
қарашада Жаңаарқа ауданы Ескене ауылында
дүниеге келген. Білімі жоғары, 2004 жыл әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетін архелогия
және этнология мамандығы бойынша бітіріп, 2006
жылы осы университетті археология және этнология магистрі біліктілігі бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында ҚР
Білім және ғылым министрлігі Әлкей Марғұлан
атындағы археология институтында лаборант болып бастап, аға лаборант, инженер
қызметтерін 2007 жылға дейін атқарған. 2008-2013 жылдар аралығында Атасу кенті әкімінің
аппаратында бас маманның міндетін атқарушы, бас маман болып жұмыс істеді. 2013 жылдан
бастап 2018 жылдың 3 қаңтарына дейін Ақтасты ауылдық округінің әкімі болып қызмет
атқарды. 2018 жылғы 25 қазаннан бастап «Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.
Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы
3 қараша 2018 жыл
2
Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы
Қорабай Есенов 70 жаста
Сонау 1970-1980-ші жылдары қазақ жастарының
бойтұмарына айналған қазақтан шыққан гитара падишасы,
өнерлі өлке Жаңаарқада туып өсіп, Қазақстанға «Тұңғыш гитарашы» деген атпен танылған әнші ағамыз, ҚР мәдениет
қайраткері, ауылшаруашылық саласы бойынша Президент
Н.Ә.Назарбаевтың «Құрмет» грамотасының иегері. ҚР-на
еңбегі сіңген қайраткер, Жаңаарқа ауданының «Құрметті азаматы» Қорабай Әбікенұлы Есенов 70 жасқа толды.
Сол дәуірдегі қолына гитара ұстаған жандардың жол
көрсетер темірқазығы, соңынан тұтас бір мектеп
қалыптастырған Қорабай Есеновтың мерейлі 70 жасқа толған
мерейтойын, яғни әншінің шығармашылық кеші Жезқазған,
Қарағанды қалаларында дүркіреп атап өтілді. Қарағандыда
өткен әнші ағаның кешіне облыс басшысы Ерлан Қошанов
арнайы келіп, ыстық ықыласын білдіріп, иығына шапан
жауып, Қорабай ағаға деген зор ілтипатын танытқан болатын.
Бүгін міне, әнші ағаның шығармашылық кеші өзі туған,
осы күнге дейін мекен етіп келе жатқан Жаңаарқасында кең
көлемде аталып өтті.
Киелі Жаңаарқа аспанын қазан айының 27-ші жұлдызы
күні ән-жырға бөлеген «Қатар жүрген күндерді
сыйлайықшы» атты Қорабай Есеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш аудандық мәдени-сауық
үйінде өтті.
Киелі сахна әлемінде өзіндік үні, өзіндік
сыры, өзіндік бояуы, ажары бар, сырлы да
әуенді дауысымен тыңдарманын елең еткізіп,
әсем үнімен тербеп жүрген дарынды
жерлесіміздің
шығармашылық
кешін
тамашалауға келген халық өте көп болды.
Залда ине шаншар орын болған жоқ.
Жаңаарқа жұртшылығымен қатар, дарынды
тұлғаның кешінде облыстың, сондай-ақ,
еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келген
мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы
қауым өкілдері, өнер майталмандары да
болды.
Аудандық кітапхана ұжымының дайындаған
Қорабай ағаның өнер жолы мен өмір
жолындағы жетістіктерін айшықтаған көрме
ұйымдастырылды.
Мерейтой шымылдығы «Жалғыз аққу»
әніне жасалған бейнероликпен түрілді. Суреттерден сыр шертілген бейнероликтен кейін,
Қорабай ағаның өнердегі ізбасарлары, 12
адамнан құралған гитарашы жандар сахна
төріне шығып, Қорабай ағаның төлқұжатына
айналған «Жас қалам» әнін орындады. Жырға
толы әдемі кешті ауданымыздың тумасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Жансая
Жарылғапов көркем сөзбен өрнектеп, жүргізіп отырды.
Үлкен қошеметпен, сахна төріне шақырылған
Қорабай аға, сырлы да сазды гитара аспабын
қолына алып, қоңыр үнімен ән шырқап, зал толы
көрермендерінің ыстық ықыласына бөленді.
Кеш барысында сүйікті аспабы гитарасына
қосылып, қоңыр дауысты әндерімен жұрт
жүрегінен орын алған, тұтас бір дәуірдің әншісі
болған Қорабай ағаның, жетпіс жасқа толғанын
құттықтауға, ақ-тілектерге легіне жол берілді.
Алғаш құттықтау сөз сөйлегендердің бірі - аудан
йынша кеш иесінің иығына шапан жауып, 70-ке келген мерейтойына арнап, «070» нөмірлі автокөліктің кілтін табыстады. Бұл сый-құрмет аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен
ауданның бірқатар ірі шаруа қожалықтары мен
кәсіпкерлерінің демеушілігімен көрсетіліп отыр.
Елімізге белгілі қоғам қайраткерлері құрмет-қошеметтерін
көрсетті.
Қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов, Жаңаарқа
ауданының «Құрметті азаматы» Мұхамедқасым Шәкенов,
«Ғасыр адамы» атанған белгілі профессор Темірғали
Көкетаев, Қазақстанның денсаулық сақтау саласының үздігі
Әбілкәкім Ақмұрзин құттықтап, шынайы ақ тілектерін
айтып, иығына шапан жауып, сый-сияпаттарын табыстады.
Қорабай ағаның өнердегі бауыры асқан өнерлі жан Табылды
Досымов жақын сырлас, дос болғанын бәрі білсе керек. Әнші
ағаның кешіне арнайы Атыраудан келген марқұм Табылды
Бекқожин.
-Жетпіс жастың жалынан ұстап, өмір белесінің биігіне
шыққан өзіңізді жерлестеріңіз туған жерінің кескін сөзді,
кесек бітімді талантты ұлы мен Құрметті азаматы деп танып,
аса жоғары бағалайды. Киелі де қасиетті
мекен Жаңаарқа жерінен талай өнер иелері қанат қақса, сол тау тұлғалы
жұлдыздардың
арасында
алмас
қылыштай жалтылдап, ерекше дауыс
ы р ғ а ғ ы м е н ,
қайталанбас үнімен
ең биік шыңға жеткен бірегей әншісіз.
Сіздің орындаған
әндеріңіз
бүгінгі
таңда
барша
жұрттың жүрегінен
берік орын алып,
қуаныш сыйлайтын
жан
серігіне
айналған.
Табиғи дарыныңыз
бен
қайталанбас
дауысыңызға
жерлестеріңіз
қашанда тәнті және
Сізді мақтан етіп,
ерекше
қадір
тұтады.
Бүгінгі кеште де
тыңдармандарыңыз
шырқаған
әндеріңізді тамсана тыңдайтыны сөзсіз.
Өнерде қашанда қанатыңыз талмай, халқымызға ұзақ
қызмет етіңіз. Өміріңіз бен өнеріңіз ғұмырлы болып,
отбасыңыздың аман-сау болуына шынайы пейілмен тілектеспін! - деді Юржан Асанұлы.
Аудан әкімінің ыстық ықыласынан кейін қазақи дәстүр бо-
Досымов атындағы республикалық қордың төрағасы, ақын
Бижан Қалмағанбетов пен гитарашы Табылды Досымовтың
ұлы – Абыл Досымов келді. Келген қонақтар халық алдында
өздерінің тілек ниеттерін білдіріп, сыйлықтарын беріп, ән
әкімі
Юржан
жолдады.
Сонымен қатар, тілектер легін, қазақ күресінің бапкері, ҚРна еңбек сіңірген жаттықтырушы Диқанбай Биткөзов, ауыл
шаруашылығы саласының ардагері Кембай Бисенбаев, еңбек
ардагері Жақия Кішенов сахна төріне шығып, жүрек жарды
лебіздерін білдірді.
Қорабай ағамен сағынып қауышқан, құлынтайдай бірге
өскен сыныптас жолдастары, еңбек ардагері Жеңіс Елеуов,
батыр ана Алданыш Төкенова сынды замандастары тілектерін білдіріп, сыныптасы, ауылшарушылық саласының
«Құрметі ардагері» Бейбіт Хасенов ән тарту етті. Қорабай
Есенов аға оқыған ауданымыздағы С.Сейфуллин атындағы
мектеп ұжымының атынан мектеп директоры Айтқожа
Тұрғынбеков құттықтауын оқып, сыйлық табыстап, иығына
шапан жапты.
Кеш барысында Қорабай ағаның өнер жолындағы інілері,
ҚР-ның еңбек сіңірген әртістері Ғалым Мұхамедин және
Серік Оспанов, Қорекеңнің соныңнан ерген шәкірті, күміс
көмей әнші-гитарашы
Сейіл Аяған, компазитор
Жағыппардың баласы Сәкен Әлімханов, әнші Гүлжан Есеновалар ән шырқаса, ақын Зағыппар Шәкентаев арнау өлеңін
оқып, көпшіліктің қошеметіне ие болды.
Кеш соңында халқының ыстық ықыласына бөленген
Қорабай ағаның «Жас қалам», «Қоштасу» сынды сыршыл
әндерін дүйім жұрт Қорекеңмен бірге шырқады. Қара гитарасы арқылы тыңдармандарының жүректерін жаулап, сезімдерін тербеткен, Қорабай аға кеш соңында тебірене сөйлеп,
барша жұртқа ризашылығын білдірді.
Рахат ӨМІРБЕкҚыЗы
кездесу соңы марапаттарға ұласты
26 қазан күні
№3 Орталық
сайлау округі
б о й ы н ш а
аудандық
мәслихат депутаты Н.Орынбасарова
өз
сайлау округі
бойынша сайлаушыларымен
есептік кездесу
өткізді. Кездесу
барысында депутат Н.Орынбасарова ағымдағы жылы өз
атқарған жұмыстары туралы баяндады. Сонымен
қоса
кездесуде
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың
биылғы
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:
табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты
Жолдауы бойынша «Нұр Отан» партиясы
Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының
орынбасары Ә.Аманжолов, «Дін және зайырлы мемлекет» мәселе бойынша Жаңаарқа
ауданының бас имамы, жастар ресурстық
орталығы
жанынан
құрылған,
дін
мәселелерін зерттеу секторының маманы
А.Қанайұлы қатысты. Сонымен бірге кездесу алдында аудан бойынша 500 оқушыдан
«Соңғы оқыған кітабың қандай?», «Қандай
кітап оқығың келеді?», «Кітапхана қай
жерде?» деген сұрақтармен сауалнама
жүргізіп, соның қорытындысымен аудандық
балалар
кітапханасынан
мамандар
қатыстырылып, «Бір ел-бір кітап» акциясы
туралы таныстырды. Кездесуге келген
тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдаған
депутат Н.Орынбасарова сайлаушылармен
3 қараша 2018 жыл
3
жеке
қабылдау
жүргізіп,
айтылған
ұсыныстарды назарға алып, көтерген
мәселелердің заң аясында оң шешімінің табылуына жұмыстар жасалып, тиесілі мекемелерге жеткізілетіндігін айтты.
Кездесу соңында депутат Н.Орынбасарова,
аудан көлемінде елді мекендерде тазалық іс
шараларын ұйымдастыру, үлгілі жұмыстар
мен бастамаларды ынталандыру жөніндегі
аудан әкімі Ю.Бекқожиннің пікірін қолдай
отырып, өз сайлау округі бойынша жыл
қорытындысында үйдің аумағын таза ұстау,
абаттандыру
жұмыстарына
белсенді
қатысқаны үшін марапаттады. «Ең таза үй»
алаңы номинация бойынша А.Сейдімбек
көшесінің 51 үйдің 2 подьезді, «Ең үздік
алаң» номинация бойынша «Ақ ерке»
балабақшасы, «Ең үлгілі, таза мекеме» номинация бойынша О.Жұмабеков атындағы
мектеп ұжымы Алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қоса «Ең үлгілі мекеме» номинация
бойынша 50.000 теңге
сертификатын О.Жұмабеков атындағы мектеп ұжымы жеңіп алды.
Аудандық мәслихат аппараты
Елбасы жолдауына үн қосамыз
Педагогтерге биік белес
Ю.Гагарин атындағы ЖОББ мектебінің басшылығы мен мұғалімдер ұжымы Елбасының
Жолдауын қызу талқылап, үлкен қолдау көрсетуде.
Тарих пәні мұғалімі Ж.Ж.Рыспекова Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының толық
нұсқасымен таныстырып, ұжым мүшелері Жолдауда аталған міндеттерді жан – жақты
талқылады. Жолдаудың «Тұрмыс сапасын арттыру» ІІ тармағын оқи келе мұғалімдердің
жалақысын көтеріп, жағдай жасалса, оқыту сапасын арттыруға, жастардың тәрбиелі болуына және жаңа инновацияларды игеріп, еліміздің көркейе түсуіне барын салып қызмет
ете түседі деген ойын білдіреді мектептегі білім саласының қызметкерлері. Сонымен қатар
тарих пәні мұғалімі Ә.Сүлейменова Жолдау барысындағы мектептердің білім беру сапасын
арттырып, Назарбаев мектептерімен теңестіру айтылды.
Олардың әдістемесін,
бағдарламаларын енгізуде мектебімізде де біраз жұмыстар атқарылып отыр. Білім беру сапасын жоғары деңгейге көтеру бүгінгі күннің талабы. Сондықтан Елбасының айтқандарын
қолдаймыз деп сөзін аяқтады.
Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп, тек соны тиімді пайдалануға күш салуымыз қажет деді отырысқа жиналған ұстаздар қауымы.
А.СМАйловА
РоСт БлАГоСоСтоЯниЯ кАЗАХСтАнЦЕв:
ПовышЕниЕ
ДоХоДов и кАЧЕСтвА жиЗни
12 октября под руководством заместителя
руководителя Департамента охраны общественного здоровья Карагандинской области Г.Кабдыкаримовой в Жанааркинском
районном управлении охраны общественного здоровья состоялось обсуждение
Посления Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева «Рост благосостояния казахстанцев:повышение доходов и качества
жизни».
В частности Г.Кабдыкаримовой было отмечено, что в своем обращении Глава государства четко определил направления
работы на ближайшую перспективу. Это повышение доходов и качества жизни. Особое
внимание Президент уделил внимение и вопросу качества медицинских услуг.
Также, глава государства поручил правительству и акимам, для того, чтобы каждый
казахстанец имел возможность заниматься
спортом и физкультурой, построить не
менее 100 физкультурно-оздоровательных
комплексов в новом году, а также эффективнее использовать имеющиеся спортивные
сооружения, особенно при школах, обустраивать дворы, парки, скверы для занятий
физкультурой.
Для сохранения здоровья всей нации исполнительной всласти поручено проводить
Рухани жаңғыру – ұлт болашағы
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ел дамуының
жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін рухани
жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Сананы
жаңғырту, ұлттық болмыстан айырылып қалмай, оны
әлемдік құндылықтармен үйлестіріп ел игілігіне жарату туралы өзекті мәселе көтерілген. Ұлттық болмыс біздің салт
дәстүрімізден,
мәдениетіміз
бен
рухани
құндылықтарымыздан басталады. Осы құндылықтарымызды байытып, заманымызга сай
дамытып қазіргі жастардың санасына сіңіру және ұрпақтан ұрпаққа мұра ету. Елбасымыз
рухани жаңғырудың құндылығының бірі ретінде бәсекеге қабілеттілікті атап айтты. Қазіргі
таңда жеке тұлға ғана емес тұтас халықтың өзі бәсекелестікті арттырса табысқа жетудің
мүмкіндігі мол. Бәсеке болған жерде сапалы кызмет, сапалы білім болады. Бәсекеге
қабілетті болу үшін қазіргі жастарымыздың білімді болуымен қатар дұрыс тәрбиелі болуы
керек. Әлемдік бәсекеге қабілеттілік арқылы ұлтымыздың экономикалық дамуы ғана емес
рухани әлемде де озық дамитыны сөзсіз
Болашаққа бағдар ретінде әрбір азамат осы бағытты өздерінің алға қойған мақсаттарымен
біріктіре отырып еліміздің интеллектуалдық дәрежесінің жоғарылауына үлес қосады.
Қорыта айтқанда рухани жаңғыру – адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы сана сезімінің
жаңа өзгерістерді қабылдай білуі тарихымыздың бүгіні мен жарқын болашағын біріктіретін
ұлтымыздың тұғырнамасы. Осы бағыттан ауытқымай Елбасымыздың болашаққа, келер
ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік белестерді бағындыратынымызға сенімдімін!
М.ҚоҢыРовА,
жаңаарқа аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы
Сыбайлас жемқорлық-қауіпті індет
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз.
Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда
жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi
мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл
салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – жемқорлық. Елiмiзде осы
мәселеге арнайы қабылданған заңдар да,
атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ
бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның
бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен
әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси
даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі
барлық елдердің қай-қайсысын да қатты
алаңдататыны анық.
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға
сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.
Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру,
бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс
- әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып
алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа
делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған
бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған
қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға,
жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін,
сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы
жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру
целостную политику по защите населения
от некачественных и опасных для здоровья
и жизни товаров и услуг. Контролировать
эту работу будет новый комитет по контролю качества и безопасности товаров и
услуг.
Кроме того, Главой государства было отмечено и по кардинальному повышению эффективности
деятельности
государственных органов, от снежении формализма и бюрократии в работе всех госорганов.
«Качество» должно стать новым стилем
жизни государственного служащего, а самосовершенствование – его главным принципом.
Госслужащие новой формации должны сократить дистанцию между государством и
обществом. Это предусматривает постоянную обратную связь, живое обсуждение
и разъяснение людям конкретных мер и результатов государственной политики.
В обсуждении также затрагивались вопросы по повышению комфортности проживания казахстанцев и задач по
дальнейшему повышению благосостояния
населения.
жанааркинское районное управление
охраны общественного здоровья
инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және
қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп
төндіретін құбылыс. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық
сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру
керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа
қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын
толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір
сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету,
қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты
мақсат болып табылады.
Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау
қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен
олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз
етеді.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің
бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі
басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп,
осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы
ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы
азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы РММ
3 қараша 2018 жыл
4
ҚоРАБАй САлҒАн ҚоҢыР Ән
Қорабай Есенов 70 жаста
Қорабай әншілік әлемінде зор құбылыс, қазақ сахнасында гитарамен қоса сан
тармақты жаңа әуез сырын ашқан жаңа буын, заманға сәйкес туған ерекше дара тұлға. ол, қазақтың тұңғыш гитаралы серісі.
кәкімбек Салықов
І, ІІ, ІІІ – Бүкілодақтық Халықтар
шығармашылығы фестивальдерінің лауреаты, «Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы», «Мәдениет қайраткері», Елбасының
«Құрмет грамотасының» иегері, «Қазақстан
Республикасының
еңбек
сіңірген
қайраткері», ғалым-агроном, бард-әнші
Қорабай Әбікенұлы Есенов 1948 жылы,
қазан айының 15-інде Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылында дүниеге келген. Әбікен
Есенұлы мен Зейне Оспанқызының тұла
бойы тұңғышы. «Анам мені туарда елден
қызғанып, қораның ішіне тығылып туса
керек, содан ырымшыл үлкендер есімімді
Қорабай қойыпты»,- дейді өзі.
Жеті жасында анасынан айрылып, аңырап
қалған бала-шағаның үлкені Қорабай сиыр
сауып, нан илеп, тезек теріп өзінен кейінгі
бауырларына қамқор болғанын біреу білсе,
біреу білмес. Тағдыр тәлкегі маңдайынан
сипамағанын,
осы
абыройға
өзінің
еңбекқорлығының арқасында жеткенін немерелеріне үнемі ақыл қылып айтып отырады.
Ал, Әбікен әкемізді көзім көрді, балуан
тұлғалы, «сырлы қасықтың сыры кетсе де,
сыны кетпейді»,- дегендей, өңінен әрі
таймаған қияқ мұрт, шоқша сақалды сымбатты қара-торы қарт болатын. Өзі шапқан
кішкене коңыр домбырасын шертіп, төрде
жантайып жатушы еді жарықтық. Алдына
барып, сәлем беріп, сан рет ән салып,
ақсақалдың әңгімесін тыңдап, аталық ақ батасын алғанмын.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон
пішер»,-дегендей Қорекең он саусағынан
өнер тамған әмбебап шебер. Жатын
бөлмесіне кірсеңіз қалың аппаратураны бір
пультке бағындырып қойғанын көруге болады. 1980 жылдары қолындағы жеті шекті
гитараның дауыс диапозонын кеңейту үшін
қосымша төменгі үш шекке қосарлап, шектер
таққанына куә болғанбыз. Сонымен қатар
Қорекең шебер, іскер ұйымдастырушы бола
білді.
Ауылшаруашылығын тыңайтқыштармен
өңдейтін «Сельхозхимия» өндірістік бірлестігінде бас директор, Жаңаарқа аудандық
астық жинау мекемесінде бас директоры
сияқты жауапты қызметтер атқарды. Қайта
құру үрдісі басталғанда нан қабылдау пункті
шаруашылығынан
шашау
шығартпай,
бидайға қосымша күнбағыс егіп, одан май
алып, төрт түрлі макорон сортын шығарып,
ұн тартып, наубайхана ашып, кәріптерге
ыстық нан жеткізіп беріп, аудан халықының
жыртығын бүтіндеді. Сол еңбегі жоғары
бағаланып, 1999 жылы, 14 желтоқсанда
Елбасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Қорекеңнің бірінші мақтанышы Алла берген дарыны мен өнері болса, ал, екінші
мақтанышы үйіндегі жұбайы, өзі тоғызыншы
сыныптан ғашық болған «бала махаббаты»
Галя Сәрсекеева жеңгеміз дер едім. Бар деп
таспайтын, жоқ деп саспайтын, сабырлы да
байсалды, сыныптың ең сұлу қызымен Целиноград ауылшаруашылық институтында
бірге оқып, соңғы курсында үйленген.
Дүниеге Ержан, Сәкен, Танагүл, Бану атты
балалар келді. Қазір бәрі де аяқтанған, олардан оншақты немере сүйіп отырған бақытты
шаңырақ.
Үйінен қонақ үзілмейтін
Қорабайдың қас-қабағына қарап, қонағын
күтіп, берген шайын етке бергісіз қыла білген
қара шаңырақтың анасы, текті жердің қызы
Галя жеңгеміз осындай ақжаулықты аяулы
әже.
Жалпы Жаңаарқа жері дүниеге Байдалы
би, Балабақсы, Шоң би тәрізді көріпкел, шешендерді, Сары Тоқа, Ықылас тәрізді
дәулескер күйшілерді, Өтебай, Төлебай,
Иманжүсіп тәрізді сал-серілерді, Бұралқы
Сейтқазин, Шабал Бейсекова, Игілік Омаров
секілді күміс көмей әншілерді берген киелі
де, шежірелі өлке. Сондықтан бала күннен
әкесінің домбырасын серік қылып, мектептің
домбыра оркестріне қатысып, ысылған
Қорабайға
(ЦСХИ)
1
курсында
ауылшаруашылық жұмысына келген Николай Литовченко деген украин жігітінен гитара үйрену қиынға соққан жоқ. Гитара
«ауруына» ұшырап Целиноградқа келісімен
алғашқы стипендиясына гитара сатып алады.
Осылайша 1966 жылы Жаңа жыл мерекесінің
алдында жаңа ән «Жас қалам» дүниеге келеді, оның сөзін курстасым бір жерден
көшіріп алған екен. Сөзі ғажап:
«Кездессең ұрлана қараймын,
Асаудай тулайды жас жүрек.
Мен сені жаныма балаймын,
Сен үшін менде бар бір тілек»,- деп
үзіліп тұрған лирика.
Кейінгі кезде бұл әннің мәтініне
«қожайындар» табылып, әр түрлі әңгіме
қозғалды,
бұл
жөнінде
Қорекең
республикалық «Айқын» газетіне берген жауабында «Мен кәсіби композитор емеспін, 60
жылдардың орта шенінде «көше әндерімен»
елге танылдым. Өмірімде өлең жазған адам
емеспін. (Галядан басқаға деп, күліп алды).
Бұл әндерді орындап жүргеніме 50 жылдан
асты, Содан бері іздесе қайда болған? Бұл
жазғышсымақтардың арзан пиары.
Өліп қалған авторлардың сүйегін
сырқыратудың өзі біріншіден
қазақи дәстүрімізге, екіншіден
журналистік этикаға жат. Мен
ешқашан сөзі менікі деген емеспін!»,- деген болатын. Мен
Қорекеңмен ағалы-інілі болғалы
жарты ғасыр болыпты осы жылдар
ішінде оның екі сөйлегенін болмаса
жалған айтқанын естімеппін. Достыққа адал,
мәрт, атымтай-жомарт азамат!
Студенттік өмірде талай қызықтар бола береді ғой, соның біріне тоқталайын: «Екінші
курста оқып жүргенде КВН-ға қатысып, тобымыз жеңіліп бара жатқан кезде
қысылғаннан тілімді бұрап «Где-то вдали,
плывут корабли»,- деп ән айтып институттың
намысын қорғап қалғанмын.
Сол жолы облыстық телеарна қызметкері
Иса Ғалиасқаров деген ағай мені шақырып
алып: Жақында Алматыда Целиноград
қаласының онкүндігі өтеді, екі-үш ән дайында, біз жазып көрейік»,- деді. Осылай телестудия менің орындауымда Нұрғисаның
«Әке туралы жыры» мен өзімнің «Жас
қалам», «Қоштасу» әндерімді жазып алды.
Осыдан кейін-ақ әндерім облыстан емес
Қазақ радиосы арқылы бүкіл республикаға
беріле бастады. Республиканың түпкіртүпкірінен менің атыма хаттар ағылып келе
бастады. Жаспын ғой бір күнде бәріне жауап
жаза алмайсың. Оған уақытым да жоқ. Бірге
оқитын құрдастарым менің сыртымнан шетінен Қорабай болып қыздармен танысып хат
алысып жүріпті...Міне осылай, Қазақ
радиосының арқасында елге бірден танылдым. Радиодан әнімді естігенде әкем ерекше
қуанып: «Баламнан еңбегім қайтты!»-деп
қатты риза болыпты.
Студент кезімде деканат арқылы композитор Нұрғиса Тілендиев ағамыз радиодан
«Әке туралы жырды» естіп, консерваторияға
шақырды. Әкеммен ақылдасып көріп едім,
«Нар баласы бақырмас болар»- деп тоқтатты.
Анамнан ерте айрылғанмын, ал, әкем бертінде 86 жасында қайтты.
Бұл 1986 жыл Қазақфильмнің дыбыс жазу
студиясы дүниеге келген ақын Кәкімбек
Салықов, сазгер Жағыпар Әлімханов және
орындаушы Қорабай Есеновтың үштігінде
туған жаңа ән«Досыңның көзін ұғарсың»:
« Көп жұлдыз көкте ай болмас,
Сәулесі жерге жетпейді.
Көрінбей кетсе кей жолдас,
Адал дос тастап кетпейді»,деп бірден жүрегіңді жаулап әкететін, әні де
сәтті шыққан шығарма.
Осы жолы Қорабай қазақ өнер тарихында
бірінші рет гитарамен орындалған әннің
үстіне домбыра үнін қосып жаңалық жасады,
әкесінен үйренген домбырашылық өнердің
қызығын осы жолы көрсетіп еді. Бұл тәсіл
музыка әлемінде үлкен сенсация тудырды.
Міне
осылай
алғашқы
күйтабағы «Қорабай Есенов ән шырқайды»
деген атпен Ташк е н т т е г і
Ташмұхаммедов
атындағы «Мелодия» грамплас т и н к а
заводынан 2000
данамен жалық
көрді.
Халықтың
сұрауы бойынша
бұл күйтабақ 5
рет
қайта
басылған болатын.
Қазақ
даласын
әнімен әлдилеген Қорабай үшін өміріндегі ең
ұмытылмас сәт, Табылды інісінің 2005 жылы
ағасын арайы Атасуға іздеп келіп сәлем
беруі. Табылдыны бұрын келіп көрмеген
Арқа жеріне ертіп әкелген Алматыдағы ақын
бауыры Ғалым Жайлыбай болатын. Табылды
інісі екеуі үш күн бойы қона жатып, сырласып, ән салысқан күндері кешегідей-ақ.
Кетерінде
Қорекең
ағасының
қарапайымдылығына, атақ пен шен
қумайтын
мәрттігіне,
өнерге
деген
адалдығына риза болған Табылды інісі:
- «Аға, Алла қаласа,мен сізді тағы іздеп
келемін. Сіздей аңыз адамды арнайы видиофильмге түсіріп алу керек. Өйткені, мың естігеннен бір көрген артық деген. Және енді сіз
мені іздеп Батысқа келіңіз, шаңырағымды
көріңіз. Ағам іздеп келді деп ақ түйенің
қарнын жарамын, Қореке!»,- деген.
- Ниетіңе рахмет! Міндетті түрде барамын,
айналайын! -деп екеуі вокзал
перронында
құшақтасып,
қоштасқан еді.
Келер жылы Табылды
сөзінде тұрып, ағасына телефон
шалып, қонаққа шақырды.
Күйкі тірліктен босай алмаған
Қорекең бұл шақыруды кейінге
шегеріп еді. Табылды інісінің
уәдесін орындауға неге асығып
жүргенін
қайдан
білсін
ағасы?!... Келесі жылы Атыраудан қаралы хабар келді.
Қорекеңнің құлағына әнші-бард
інісінің кетер күні айтқан:
«Атыңды сенің айтамын ән
қылып неге,
«Қозым-ау»
деші күлімдеп, Баяндай маған.
Тірлікті мынау, жаным-ау,
мәңгілік деме,
Ұйықтап
кетсем бір күні оянбай
қалам...», - деген әні келді. Айналайын-ай, өз тағдырын
айтқан екен ғой! Мен сонда Табылдымен соңғы рет қоштасып
тұрғанымды қайдан білейін деп
күрсінеді Қорекең. Уақыттың
тығыздығына
байланысты
Қорекең
інісінің
қабіріне
топырақ сала алмады. Есесіне
келер жылы Табылды еске алу
кешіне арнайы барып, басына
құран оқып, артындағыларға
ағалық
жүрекжарды
ақ тілегі мен әнін арнады. Атыраулықтар
Табыл ұстазым деп сыйлап өткен Қорекеңнің
табанын жерге тигізбей, құрмет көрсетті. Бұл
өрені мен
өнерін сыйлаған, өр мінез
батыстықтардың өнерпаз бен өнерге деген
құрметтері еді.
Осы жылдың қыркүйек айының 28 күні
Жезқазған қаласындағы «Халықтар достығы
үйінде» «Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері», бард-әнші Қорабай Есеновтың
70 жылдық мерейтойына орай «Сыр сандық»
атты шығармашылық кеші өтті. Арнайы
барып, қатысып, ән салдым. Залда ине шаншым жер болған жоқ. Халық Қорабайды
сағынған екен. Келесі концерті 17 қазан
Қарағанды қаласында жалғасып, 27 қазан
Жаңаарқа ауданында мәресіне жетті.
«Өнерде қанатың талмасын, әндерің әлемді
шарласын!» Қорабай аға!
Серік кӘРІБАйұлы
ҚоРАБАйҒА
Даласы бар қазақтың ән салғандай,
Үзіліп ару біткен тамсанғандай.
Ән кәусәр гитарадан төгілтесің,
Алашқа Жаңаарқадан жар салғандай.
Аққу ән әуелетіп аспанында,
Қазаққа мәлім болдың жас шағыңда.
Саз сауған гитарадан Қорабайдың,
Тұрғанын ел біледі бастауында.
Табылар қайың сауған қазығында,
Жүйткіген Жаңаарқаның жазығында.
Жеті шек гитараның дарабозы,
Ән-аққу батпасыншы нала мұңға.
Сәзімін оята алған сан қалқаның,
Еркесің, тентегісің әз ортаның.
Жетпісті желіп өтіп жүзге жеткін,
Мақтаны, сал-серісі Сарыарқаның.
Жүйріктей ауыздықпен аласұрған,
Алаштан ұл- қыздарың ән асырған.
Жерімнің байтақ жатқан пұшпағындай,
Айналдым Жаңаарқадай даласынан.
Марат шАйкин,
Ақой ауылы
5
жазира мекен, жоралы ел, текті топырақ жаңаарқа
жерінде қазақ өнеріндегі қайталанбас құбылыс Қорабай
Есеновтің 70 жылдық мерейтойы дүбірлеп өтті. Мұндай
келісті көркем кешті көрген де арманда, көрмеген де арманда! Алыс-жақыннан жиналған жұрт, алқалаған
ағайын арда мінез азаматына аяғынан тік тұрып құрмет
көрсетті, қызмет етті. туған халқының қапысыз
қошеметіне мағмұрланған Қорабай ағаның мерейі өз алдына, біз осы – қашаннан қалыптасқан өміршең
дәстүрінен айнымаған елдің елдігіне, атағы алысқа кеткен намысы мен мінезіне тағы бір тәнті болдық, тағзым
еттік. Әсер шексіз, әңгіме көп!.. «Сүйер ұлың болса, сен
сүй, сүйінерге жарар ол!» (Абай) деген. жасай беріңіз,
жақсы аға, жайсаң азамат! жасай бер, жан жаңаарқа!
P.S. кеш барысында Қ.Есеновтің 70 жылдығына
орай жазылған материалдар қатарында
жарық көрген мына мақаланы есімізге салушылар көп болды, сахна төрінен де айтылды,
сөз орайында сілтеме де жасалды. осы тойға
сонау Батыс өңірінен ат арылтып жеткен бір топ
делегацияны бастап келген аптал азамат, «табылды Досымов» атындағы республикалық қоғамдық
қордың директоры Бижан мырза Қуанышкерейұлы мен
табылдың ұлы Абыл бауырымыз арнайы ілтипат білдірді, ықылас танытты.
тұлға
есігінен екі гитара ойып шығарды. Атышулы әнші-гитарашы
інісі Бекен Оспанов пен ісмер-өнерпаз әрі үлкен суретші
Ғабиден Рақышев жез шылапшіннен дауылпаз жасап, радио
бөлшектерінен дауыс зорайтқыштар құрастырды. «Дала гүлі»
дүрілдеп кетті, жалпақ елдің аузына ілікті...» деген жолдар
бар.
Әлгінде айтқандай, ол кез біздің мектеп
табалдырығын енді аттаған, ақыл-есіміз енді
кіре бастаған бала кезіміз. Сол жез
шылапшынды төске салып
түзеп жатқан көрініс
жақсы
жа-
Қ
С
ы
л
ы
ұБ
дымда
қалыпты.
Содан кейін оны темір
істікке шаншып, болтпен бекітті. Дауылпаздың қалған бөліктерін
пионерлердің барабандарымен байытты. «Дала
гүлінің» алғашқы концерті де есімде. Алақандай ауыл
клубына адам сыймай кетіп еді. Біз, балалар сахнаның алдында қаз қатар тізіліп, тізерлеп отырып тамашаладық.
«Дала гүлінен» кейін мектептің жоғары класс оқушылары
ұйымдастырған «Жас түлек» деген ансамбль болды. Бір
сөзбен, Қорабай аға негізін салған көркемөнерпаздар ұжымы
ұзақ жылдар бойы желісін үзбей, сәтті жалғасын тапты. Ол
кезде ауылға теледидар келіп үлгермеген, есті-басты деген,
ертеңнен үміті бар жастардың кітап оқу, газет-журнал қарау,
хат жазудан басқа ермегі жоқ. Кешкілік бір уақыт доп тепсе,
түн баласы топ-топ болып жиналып алып, бір-бірінен гитара
3 қараша 2018 жыл
сияқты ұрып та, сабалап та ойнайды. Қорабайды гитарадан
қазақша үн шығарған бірінші адам деп есептеймін...» («Гитара қазаққа қалай келді?». «Ақ желкен» журналы, Тамыз,
2018 ж., №34).
Тағы бір айта кетерлік, бесенеден белгілі
жайт – еліміздегі гитарамен ән салатын өнер
шеберлерінің бәрі Қорабай Есеновті өздеріне
ұстаз санайды, пір тұтады. Олардың арасында небір тамаша таланттар, сазгерлер,
орындаушылар бар. Біразы Қорабай
ағаның есіміне, өнеріне қанықтығы болмаса, өзін
тіпті көрмеген де.
Осы орайда, ақиық ағасын «Қорабай – қазақтың гитара
падишасы» деп бағалаған ақтаңгер ақын, бір өзі бір мектеп
қалыптастырған дара дарын, бард әнші, өнер көгіне жасындай жарқ етіп шығып, жұлдыздай ағып түскен Табылды
Досымовтың Қорабай ағаны сонау Алматыдан Жаңаарқаға
арнайы іздеп келіп, сәлем беруінің өзі бір хикая. Деректі
дүние болсын, көркем дүние болсын жазуға сұранып тұрған
тақырып.
Ол сапардың барысы жайында аңызға бергісіз әңгімелер көп.
Соның бір үзігі мынау. Алыстан ат терлетіп келген інісін
Қорабай аға зор қошеметпен қарсы алыпты. Қонақасына
қойды місе тұтпай, келістіріп жылқы сойыпты. Сырлы
әңгіменің тиегі ағытылып, сыршыл гитара кезек сөз алып,
ғажайып бір кездесу болыпты. Содан түннің бір уағында
барлығы демалуға жатса керек.
Табылдыны Алматыдан, өзінің өтініші бойынша, Ғалым
аға, бүгінгі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі,
халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғ.Жайлыбай
бастап алып келген екен. Ғалекең шамалыдан соң
оянып кетіп қараса, қасында жатқан Табыл ұштыкүйлі жоқ дейді. Даладан, үйдің маңын байқайды,
үш іші болса болмаса, көрінбейді. Бойында
батыстың қаны бар қызу рухты қонақ түн ішінде
қайда кете қойды, бірдеңеге ұрынып қалды ма деп
қатты абыржиды. Сөйтсе, Табыл түкпір жақта
жатқан Қорабай ағаның жанына барып, жүзіне
үңіліп, алакөлеңке бөлмеде жым-жырт шоқиып
отыр дейді.
– Ой, мұның не? – дейді ғой Ғалекең абдырап.
– Тыныш, аға... Қараңызшы, Қорағаның ұйықтап
жатқанда да жүзінде нұр ойнап тұр емес пе?! Осы
қалпын да санама, жанарыма сіңіріп алайыншы...
Міне, бұл да болса, хас өнердің, оның шын
шеберлерінің бөлек болмысынан, айтуға тіл жетпейтін, тіл жетсе қадір-қасиетінен айрылатын текті мінезінен бір көрініс.
Қандай ән-әуенді болсын өзіндік өрнегіне салып,
тың тұрғыда орындайтын, өнерге қатысты барша
өзгерісті әлі күнге аса кірпияз қабылдайтын, соның
бәріне сері шатыс өткір сезіммен қарайтын
Қ.Есеновтің ғажайып өнері, сөз жоқ, қайталанбайтын
құбылыс. Қазақ байтағын қарапайым қоңыр даусымен
сандаған жылдардан бері үздіксіз әлдилеп келе жатқан сирек
дарынға деген ел құрметінің бір де бір толастамауы да, оның
өнерінің осындай өмірдің өзіндей шынайы, боямасыз, артық
әсерсіз, жанға жақындығының, жағымдылығының арқасы.
Алыс ауданда жатқан алып өнерпаздың ой-санасы қашанда
сергек, шабытты, наркескендей нұрлы рухқа толы. Арқалы
шабытына қоса, терең таным-білімі, зейін-зердесі шалқып
есіп, ілесіп отырады.
Қорыта айтқанда, Қорабай Есенов – халқымыздың аса
қазыналы ән өнерін, қадым замандардан қалыптасқан
дәстүрін, қанша дегенмен ұлттық өнерімізге тосын гитара тіліне түсіріп, түбірімен жаңа лепті тарихи тамырымен байланыстыра білген кемел дарын, кесек тұлға. Басқасын
айтпағанда, оның орындауындағы «Жас қалам» мен
«Қоштасу», қала берді «Сурет сыры», «Аққу әні»,
«Досыңның көзін ұғарсың», т.б. ән-әуендер енді ешкім
қайталап айта алмайтын өнер туындылары болып мәңгіге
қала береді.
жомарт оСПАн,
Қазақстан журналистер одағының мүшесі
СУРЕттЕ: Әнші, гитарашы Қорабай Есенов пен жанашыр бауырлары
Болмысы бөлек, бірегей дарын, қарағайға қарсы біткен
бұтақтай, сақи мінез, қажырлы қадір-қасиет иесі, Жаңаарқа
ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, әнші, гитарашы Қорабай аға Есенов те жетпіс атты желді биікке шығып қалыпты. Жарты ғасырға
жуық уақыттан бері өзінің ешкімге ұқсамайтын өзгеше
әлемімен, қазақтың сары даласындай сыршыл
әуендерімен барша бұқараны әдемі әсерге бөлеп келе
жатқан танымал тұлға турасында ертелі-кеш жазылған
дүниелер, баспасөз материалдары, теледидар, радио хабарлары шоғыр-шоғыр. Тіпті кітап та арналды
(Т.Әлжантегі. «Саусағынан саз сауған», Алматы: Үш
Қиян, 2012). Қазақ әншілерінің, ақын-жазушыларының,
өнер зерттеушілерінің оның шығармашылығына назар
аудармағандары кем де кем. Оларда аптал азаматтың
өмірі мен өнеріне қатысты барынша жазылды, айтылды
деп білеміз. Басқасын былай қойғанда, Қорабай ағаның
визиттік карточкасы іспетті «Жас қалам» әнінің шығу,
таралу тарихы туралы бірнеше мақалалар жарық көрді.
Қашаннан қазаны ортаймаған қазақ өнерінде тұтастай
бір мектеп қалыптастырған сырбаз өнерпаз туралы
толғамдар алдағы уақытта да әлі талай әңгіменің арқауы
болатыны кәміл.
Соның бір мысалы, «Орталықта» осы жылдың сарша
тамызының ортасында жарық көрген жезқазғандық
қаракөк қаламгер, ағаның рухани інілерінің бірі Базарбай
Әлеухановтың «Қазақтың Қорабайы» («Орталық Қазақстан»,
16.08.2018 ж.) атты эссесі болды білем. Өнер иесінің өмір,
еңбек жолымен қатар өрілген шығармашылық сонарына
еркін барлау жасалған толымды дүние азаматтың болмыс-бітімін барынша ашып қана қоймай, талай-талай жүректердің
қылын шерткендей екен... Ойды ой қозғайды. Сол үрдіспен
Қорабай ағаның өмір, өнербаянына қосымша ретінде, біз де
бір-екі жайтты айта кетуді жөн көрдік.
Мен де Базарбай аға шыққан қасиетті Қараағаш ауылының
түлегімін. Ағадан төрт-бес көйлек кейін тоздырған көкөрім
жастардың бірімін. Өзі айтатындай: ол кісілердің қыздарға
қырындап, комсомол болып қайрат көрсетіп жүрген бозбала
шағында біздер әлі оңы-солын танып үлгермеген ұр да жық
пионерлер едік... «Алдыңғы толқын ағалар» демекші, адам
алдындағы үлгі аларлық, арқа тұтар ағаларына қарап бой
түзейді, ой жинақтайды. Базарбай ағалар Әбілкәкім, Рүстем,
Қанат, Қорабай ағайларды қалай көрсе, біз де Мағжан,
Мұзафар, Базарбай, Атымтай ағаларды солай көріп өстік.
Жоғарыда аталған мақалада: «...Ендігі жерде ол (Қ.Есенов
– авт.) ауыл өнерпаздарын жанына ертіп, бұрынғыдан бетер
белсенділік танытты. «Дала гүлі» ансамблін ұйымдастырды...
Бір қызығы, ансамбльде кәсіби аспаптар болған жоқ. Ол кезде
гитара деген қат, қолға түсе бермейді. Амал нешік, Қорекең
Галя жеңгейдің жасауымен келген қоңыр шифоньердің екі
шертуді үйренісетін. Екінің бірінің десек те артық емес, шамалы болсын гитарадан сауаты болатын. Міне, осының бәрі
Қорабай ағаның алғашқы мектебі еді. Кейінде солардың арасынан мықты деген музыканттар көптеп шықты. Ауыл
өнерпаздары түрлі смотр, байқауларда жүлдегер, жеңімпаз
атанып жүрді.
Қорабай ағаның көпшілік біле бермейтін, назар аудара бермейтін бір қыры – гитараны басқаларға ұқсамайтын бөлек
бұраумен тартатындығы. Жалпы, гитараның құлақ күйі алты
бұрау, жеті бұрау деп екіге бөлінеді. Алты бүкіл әлемге
кеңінен тараған, барлық виртуоз гитарашыларға тән қасиет.
Ал жеті – сирек кездесетін, жеке дарындар ғана қолданатын
үрдіс. Мәселен, барша халық білетін бард әншілердің бәрі
осы жетімен ойнайды. Айталық, Окуджава, Визбор, Высоцкий, Ким т.б. Қазіргі таңда Розенбаум ғана ғой деймін.
Қорабай аға да өз әуендерін осы жетімен сүйемелдейді. Оның
ішінде, Қорабай аға сияқты жетінші ішекті іліп тартатын өнер
иесін өз басым күні бүгінге дейін көрген емеспін...
Осы тұрғыда гитараны ғылыми тұрғыда зерттеп, бірқатар
мақалалар жазған белгілі өнер шебері, актер, гитарашы
Қадырғали Көбентайдың мына бір пікірі айрықша назар аудартады: «...Бізде гитараны таза қазақша орындаушы –
Қорабай Есенов. Оны тыңдағанда, домбыра таба алмай, амалсыздан гитарамен ән айтып отырған қазақ елестейді.
Қорабайдың ерекшелігі сол – гитараны домбыраны тартқан
Мерейлі жасымда Жаңаарқамның жайсан жігіттері жанымды жадыратып, мерейімді тасытып, мәртебемді көтеріп,
желкенді жетпісімде желпіндіріп, құр атқа мінген қайратты
жастай көңілімді кемерінен жеткізе толқытып, шабытымды
шалқарынан асыра тасытты. Рахмет барша азаматтар мен
азаматшаларға! Мерейтойымды ұйымдастыруға мұрындық
болған аудан басшылары мен жаңаарқалықтарға!
Қасиетті топырақтан нәр алып, киелі өнердің сахнасының
саңлағына айналған азаматтар жетерлік. Олардың
әрқайсысы жеке тұлға. Бізден бұрынғы бабаларымыздың
салған ән-жыры, ғылым-білімі, даналығы мен даралығының
сүрлеуі даңғыл жолға айналып сайрап жатыр. Ұлт үшін,
қазақ елі үшін жасаған еңбектері ұшан-теңіз азаматтарымыз
қаншама? Біз соларды үлгі тұтып, өрелі істерін
жалғастырушылармыз.
Өнер Алланың берген сыйы. Сол өнердің өрісінде елге танылдым. Қоңыр дауысым қыр асып, қазақтың Қорабайына
айналдым. Жеті шекті гитараны серік еткеніме де талай жыл
болыпты. Сырласым, мұңдасым болған гитарама жетер басшыларының ақ боз атты көлденең тартып, сыйлық жааспап жоқ.
сауы бұл өнердің қасиеті мен қадірін білетін, сол өнерді сыйБиылғы мерейтойыма байланысты «Рухани Жаңғыру»
лайтын азаматтардың бар екендігінің куәсі. Дүйім жұрттың
бағдарламасы аясында Жезқазған мен
алдына тартылған
тосын сыйға (автокөлік) тосылып
қ қалғаным рас. Дегенмен, ән мен жырға бай Жаңаарқа жерін
Қарағанды
қаласында
ы
л
ы
ш
Риза
басқарып
отырған, өнер сүйер елдің ұрпағын
ұйымдастырып, кешіме тарту жасаған аудан басшысы
Юржан Асанұлына, сондай-ақ, демеушілік көрсеткен аудан
кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының иелеріне алғысым
ш ығ армаш ыл ық зор.
кештерім өтті. Ал, бүгінгі кештің
«Өзіңді өзің сыйласаң жат бойыңнан түңілер» деп бекер
мен үшін орны ерекше. Менің өнеріме табынып, айтылмаған. Өрісіңді кеңейтіп, өнеріңді бағалаған ел-жұртқа,
оны жалғастырушы іні-қарындастарымның бар екендігі өнер сүйер қауымға тек Алла жақсылықтарын нәсіп етсін.
өнердің өміршеңдігінің айғағы. Зал толы қатарлас құрбы Ауданымыз қарышты дамып келе жатқан еліміздің алдыңғы
мен орта буын және жастардың болуы бұл тыңдарманның қатарынан көріне берсін! Ақа мінер азаматтар аман болсын!
Қорабай ЕСЕнов,
жүрегіне әннің жетуі. Алтай мен Атырау арасын жайлаған
жаңаарқа ауданының “Құрметті азаматы”,
қазақ еліндегі менің өнеріме тәнті ағайынның осы залдан
ҚР мәдениет қайраткері, әнші-гитарашы
табылуы бұл өнерге деген құрметтің белгісі. Ал аудан
ел
ы
л
а
қ
Ал
к өп
м
ы
с
ге алғы
3 қараша 2018 жыл
6
жаңаарқа аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасының атқарып отырған
жұмыстары және алда тұрған міндеттері
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау
жүйесі туралы» 18.09.2009 жылғы № 193-IV Кодексін,
«Қазақстан
Республикасының
Кәсіпкерлік Кодексін» 29.10.2015 жылғы № 375V, «Техникалық регламенттер» Заңдарын және
де «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін басшылыққа ала отырып аудан аймағында
санитарлық-эпидемиологиялық
ахуалдың
қалыпты болуына бақылау жүргізеді.
Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің
жұмысының
негізгі
бағыты
қоғамның
денсаулығын
басқару,
медициналықсанитариялық алғашқы көмек ұйымдарының
мүдделі
мемлекеттік
органдармен
ведомствоаралық өзара іс-қимылының негізінде
сауаттандыру, консультациялар, саламатты өмір
салтын насихаттау, қолдау арқылы халықтың
денсаулығын, мінез-құлық дағдыларын қолдау
бағытында өзгерту болмақ.
Қоғамдық денсаулық қызметінің негізгі функциялары:1) халықтың хабардарлығын және оның
қоршаған ортаның түрлі факторларының, дұрыс
тамақтанбаудың және мінез-құлық қауіптерінің
зиянды әсерінің профилактикасы және оны
төмендету жөніндегі іс-шараларға тартылуын
арттыру; 2) инфекциялық және негізгі
инфекциялық емес ауруларды, оның ішінде
психикалық денсаулықтың ауытқуы мен
жарақаттанушылықты эпидемиологиялық мониторингтеуді қамтамасыз ету; 3) ел халқының
денсаулығын
сақтауға
және
нығайтуға
бағытталған сектораралық өзара іс-қимылды
қамтамасыз ету, үйлестіру және кеңейту; 4)
денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың және
басқа да құқықтық нормалардың сақталуын
бақылауды қамтамасыз ету; 5) өңірлік және
ұлттық деңгейде аурулардың дамуын ұзақ мерзімді модельдеу мен болжаудың халықаралық
жүйелерін енгізу болады.
Лауазымды тұлғалардың Басқарманың
қызметін регламенттейтін заңнаманың, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын
сақтауын қамтамасыз ету басты міндеті
болғандықтан, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
2018 жылғы жоспар шеңберінде жұмыстарды
жүзеге асыруда.
Басқарма ғимаратында жеке және заңды
тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік
орнатылған, басшының азаматтарды жеке
қабылдау кестесі бекітілген. Азаматтардың сенімін бекіту, қызметтің айқындығын, лауазымдық
өкілеттілігін асыра пайдалану фактісі және
лауазымдық тұлғаларының Әдеп кодексі, мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын бұзу,
азаматтардың құқықтарын бұзу, сыбайлас
жемқорлық фактілері жөніндегі халықтың
уақытында өтініш жасау мүмкіндігін арттыру
мақсатында және сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою
үшін «сенім телефонының» үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған.
Баскарма бойынша «Халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы
28 сәуірдегі № 217 бұйрығына сәйкес 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар: -Эпидемиялық
маңыздылығы жоғары объектінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы нормативтік
құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
беру; -Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру; -Мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға
және қадағалауға жататын эпидемиялық
маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық
және ауылдық елді мекендердің, курорттық
аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының
жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау
жоспарларына
санитариялықэпидемиологиялық қорытынды беру; -Тамақ
өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны
сақтау шарттарын келісу туралы санитариялықэпидемиологиялық қорытынды беру.
Басқарманың бақылауында 2018 жылы 359
нысан тұр. Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы
17
қарашадағы № 836 бұйрығына сәйкес мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға
және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы
бар объектілер тексеруге 187 объект жатады.
2018 жылы тексеру ерекше тәртіп бойынша кестеге сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Қоғамдық тамақтану және тамақ өнімдері саудасын көрсететін (мейрамханалар, кафе, асханалар,
дүкендер)
нысандар
ерекше
алаңдаушылық тудырады, олар өз қызметін
рұқсат беру құжаттарынсыз, қолданыстағы
заңнама талаптарын сақтамай жүзеге асырады.
Рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей
кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін ҚР Әқбткнің 463-бабына сәйкес, 15-тен 150 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Білім беру ұйымдарында балаларды сауықтыру
мақсатында темір және фолий қышқылының
тапшылығының алдын алу, тамақ дайындау
блоктарында жоғары және бірінші сұрыпты
фортификацияланған
ұнды
пайдалану,
инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде
ішек-асқазан жолы ауруларының, бауыр
ауруларының
алдын
алу,
балалардың
тамақтануында дәрумендік-минералды кешенмен байытылған тағам өнімдерін пайдалану туралы аудандық білім беру бөлімімен және жеке
кәсіпкерлермен тұрақты жұмыстар жүргізіледі.
Сонымен қатар, инфекциялық және
инфекциялық емес аурулар, оның ішінде
жоғарғы тыныс алу жолдары, туберкулез аурулары бойынша мақсатты индикаторларға қол
жеткізу үшін, балалардың ауру ерекшеліктерін
және жағдайларын ескере отырып емдік дене
шынықтыру, ауа күн ванналарын қабылдау ісшаралары ұйымдастырылған.
Басқарма және орталық аудандық ауруханасы
арасында «Профилактикалық екпеден бас тартуды алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары
туралы» бірлескен бұйрығы бекіліп, екпеден бас
тартқан ата-аналармен ақпараттық түсіндіру
жұмыстары жүргізіледі. Оларға екпенің
маңыздылығы, оның түрлі жұқпалы аурулардан
қорғануға, баланың иммунитетін көтеруге оң
әсері туралы пайдалы ақпараттар береді,
шариғатқа еш қайшылығы жоқ екендігін айтады.
Бұл бағытта жеке және жалпы кездесулер
ұйымдастырылып, аудан, ауылдарда семинар,
кездесулер өткізіліп келеді.
Паразитарлық жұқпалы аурулардың 2018
жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша ауданда
биттегендікпен
науқастанушылық
оқиғаларының, оның ішінде балалар мен
жасөспірімдер арасында жиілегенін ескертеді.
Бұл оқиғалардың барлығы науқастанушылық
жағдайларына байланысты стационарлық емге
жатқызылу кезінде тіркелген. Бұл дегеніміз
аудан бойынша қандайда бір науқастанушылық
жағдайларына байланысты жоспарлы түрде
стационарлық
емге
жіберілу
немесе
амбулаториялық көмекке жүгіну кезінде және
ұйымдасқан мекемелерге баратын (мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, жалпы және
кәсіптік білім беретін мекемелердің) медицина
қызметкерлері
тарапынан
биттегендікке
қаралмайтынын дәлелдейді немесе ҚР ДСМ
2018 жылғы 18 сәуірдегі № 175 бұйрығымен бекітілген Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық – эпидемияға қарсы және
санитариялық - профилактикалық іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың
орындалмайтынын ескертеді.
Ауданда жыл сайын тұрғындардың иттер мен
мысықтардан, оның ішінде қаңғыбас ит пен
мысықтардан зардап шегу оқиғалары азаймай
тұр. Осының сыртында қаншама адам,
дәрігерлерге қаралмағандықтан есепке алынбай
қалады. Кейбір жағдайларда тіпті дәрігерлерге
қаралып, құтыру ауруына қарсы екпе жасаудан
бас тартатын, болмаса екпенің толық жүргізілуін
аяқтамайтын жағдайлар жиі кездеседі. Адамдарды және жануарларды құтыру ауруынан
сақтандырудың бірден-бір шарасы – құтыру ауруына қарсы емдік егу (вакцинациялау) және
көшедегі қаңғыбас иттер мен мысықтарды
уақыттылы аулап жою болып табылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға
арналған
«Денсаулық»
мемлекеттік
бағдарламасының Іс-шаралар жоспарын және
2017-2019 жж. арналған «Қоғамдық денсаулық
сақтау қызметін (ҚДК) құру және сектораралық
қарым-қатынасты дамыту» жобасы бойынша
Жол картасын орындау мақсатында Басқармамен
«Қауіпсіз өнімді таңда», «Өз денсаулығын өз
қолында», «Таза қол», «Фортификацияланған
ұн», «Келер шаққа қадам» атты акциялары
өткізіліп тұрады.
жаңаарқа аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы
Қайырымдылық - қадірлі іс
Қайырымдылық — халқымыздың ең
ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа
— жан риза» дегендей, қатерлі дертке
шалдыққан, қамқорлыққа алынған
Филипова Екатерина, Тілеуханова
Аңсаған аудан тұрғындарына 50%-дық
жеңілдікпен қызмет көрсетіп, жиналған
қаржыны арнайы қойылған жәшікке
балалардың жанашыр қамқоршысы
болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 31
қазаны күні аудандық мәдениет үйінде
аудан әкімі Ю. Бекқожинның бастамасымен
және
жастар
ресурстық
орталығының
ұйымдастыруымен
«Жүректен жүрекке» жобасы аясында
«Мейрімді жүрек» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты қатерлі дертке
шалдыққан ауданымыздың кішкентай
тұрғыны Иванов Девидке көмек қолын
созу
болып
табылады.
Аталған
қайырымдылық акциясына тәтті тағам
әзірлеушілер: Шумбулова Дариға, Есенбаева Лаура, Мұхамедина Әйгерім, Рсалдин Ханислам, Шегиров Жанкелді,
Ерденбаева Айдана (әшекей бұйымдар),
«Бөбек» балалар дүкені, сән саласының
мамандары:
Шарипова
Зәуре,
Жаңағұлова Әйгерім, Тәжібаева Айдана,
салды.
Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлері,
«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
ММ-нің басшысы Медет Мұқажанов,
аудандық мәдениет үйінің меңгерушісі
Айгүл Исина, «Нұр Отан» партиясының
Жаңаарқа
аудандық
филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Әсет
Аманжоловтар да келіп, өз үлестерін
қосты .
Акция соныңда жастар ресурстық
орталығының директоры Ж.Сайлаубеков
жәшікке жиналған қаражатты қатерлі
дертке шалдыққан Девидтың әкесі Иванов Юрийдің қолына табыстады.
Кішкентай Девидке көмек қолын
созған
әрбір
азаматқа
үлкен
ризашылығымызды білдіре отырып,
жүрегі кең, мейрімді жандар ауданымызда әлі де осындай игі істерге атсалысады деген сенімдеміз.
«жаңаарқа ауданының жастар
ресурстық орталығы» кММ
Асыл сөз мәңгі жасайды
ХХ ғасырдың қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ұлттық әдебиетке мол
мұра, өшпес із қалдырған, асқақ идея ұсынып, халқымыздың рухани қазынасын
байытқан айтулы тұлғаларының бірі, қазақ поэзиясының Альбатросы - Сәкен
Сейфуллиннің мұрасын насихаттауға арналған шаралардың бірі- «Сәкен оқулары»
байқауы. Оқушыларға Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерін және прозасын меңгерту,
мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, шығармашылық
қабілетін, эстетикалық сезімін, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту, поэзияға
деген сүйіспеншілігін оятып, рухани құндылық негіздеріне тәрбиелеу барысында
Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен үлкен шара өтті. Бұл шара
дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп отырады.
Биыл да Сәкен оқуларына ауданымызға қарасты 23 мектептен үміткерлер қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрады.
«Асыл сөз мәңгі жасайды» бөлімінде қатысушылар ақынның поэзиялық және
прозалық шығармаларын жатқа оқыса, «Сәкеннің сырлы әндері» бөлімінде ақынның
әндерін нақышына келтіре орындады. Үшінші «Жыр жаздым шын жүректен»
кезеңінде ақындыққа бет бұрған жас талапкерлер Сәкенге арнау, сонымен бірге төл
туындыларының жинағын, БАҚ-та жарияланған шығармаларынан портфолио жасап
тапсырады.
Байқаудың «Асыл сөз мәңгі жасайды» бөлімі бойынша: І орын-З.Бодықова,
(Ақтайлақ НОМ), ІІ орын- А.Жуанышбаева (О.Әлібаев ат. ЖОББМ), С.Жұмабай
(Кенжебай-самай НОМ), ІІІ орын- Э.Шалабай (Бидайық ЖОББМ), Ә.Байдулат
(Жаңаарқа ЖОББМ). «Сәкеннің сырлы әндері» кезеңі бойынша: І орын- А.Тұрысбек
(Ынталы ЖОББМ), ІІ орын- А.Бекен (О.Жұмабеков ат. ЖОББМ), ІІІ орын- С.Салжанова (Б.Амалбеков ат. ЖОББМ), «Жыр жаздым шын жүректен» кезеңі бойынша:
І орын-З.Төлеухан (Талдыбұлақ ЖОББМ), ІІ орын- Е.Қаленов (Б.Амалбеков
ЖОББМ), М.Бекжан (№132 ЖОББМ), ІІІ орын- Г.Мұратова (Ақтау ЖОББМ),
А.Амангелді (Ж.Сәдуақасов ЖОББМ), Б.Мақыш (Кенжебай-самай НОМ).
Саналы ғұмырында ұлтының қамын жеп, қазақтың басқамен терезесі тең болуы
жолына арнаған дара тұлғаның Жаңаарқа топырағынан шыққанын әрқашан
мақтанышпен айтамыз. Сәкен поэзиясы көпқырлы. Ақын шығармашылығында
туған жердің сұлу табиғаты, Отанға деген сүйіспеншілік, ел тағдыры, өмір, достық,
жастық тақырыптары кеңінен орын алады. Осы асыл мұрасын жас ұрпақ санасына
сіңіру барысында бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Ә.МұХАМЕДинА,
АББ тәрбие жұмысы және қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша әдіскері
ЕскЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, ардақты әке,
қамқор жар, құрметті ата Уайысов топар Асқарұлы
тірі болғанда 5 қараша күні 60 жасқа толар еді.
Әкеміздің алмаған асулары, көрмеген қызықтары,
атпаған таңдары қалды. Артында жары, балалары, немере-жиендері қалды. Серілікті серік еткен, аузын
ашса көмейі көрінетін, досқа адал, інілік ізеттілігі жетерлік әкеміздің сағымдай болған ғұмыры қас қағым
сәтте үзілді.
Жан әке, қорған болған баршамызға,
Жоқтықты сезінбедік арқаңызда.
Сағындық, аңсап сізді әкетайым,
Орныңыз тұр үңірейіп ортамызда.
Іздегенмен жана әке таба алмаспыз.
Қол созсақ жетпейсіз ала алмаспыз.
Қарның тоймас қара жер арамыздан,
Қызық көрер шағында ала қаштың.
Еске алушылар: жұбайы- тазагүл, балалары, немерелері
ЕскЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, асыл жар, аяулы
ана жетібаева Ботагүл Қырғызбайқызының фәниден
бақиға озғанына 17 қараша күні 1 жыл толып отыр. Аяулы
жанның жарқын да, мейірімді жүзі, кімге болсада
бауырмалдық, қайырымдылық танытатын кішіпейілділігі
мәңгі есімізде. Ардақты да қамқор анамызды сағына еске
алып, жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннатта болсын
деп, рухына дұға бағыштаймыз.
Бір жыл өтті сіз жоқсыз арамызда,
Сағынамыз жиі еске аламыз да.
“Ана” деген ең биік, қастерлі есім,
Мәңгі бақи сақталар, санамызда.
Жайлы болсын жатқан мәңгі бесігің,
Періштелер ашсын жәннат есігін.
Балаларың, туғандарың ұмытпайды,
Жүректерде сақталады есімің.
Сағына еске алушылар: жолдасы-Мейіржан, балалары-Алтынбек-Мақпал, Ернар
17 қараша күні сағат 13.00-де “Жаңаарқа” мейрамханасында аяулы жанның өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Бокс
Жақанда Қарағанды қаласының
Н. Әбдіров атындағы спорт сарайында
бокстан 2003-2004 жылдары туған
жасөспірімдер арасында Қарағанды
облысының біріншілігі өтті. Осы байрақты
додаға қатысқан аудандық балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінің былғары
қолғап шеберлері тамаша жетістікке қол
жеткізді . Атап айтсақ 46 кг мен 70 кг
салмақ дарежесінде өнер көсеткен
Нұрболат Бөгдешев пен Нұрасыл Дахбай
алтын медальді жеңіп алса, 48кг салмақ
дәрежесінде Иван Кипоренко қола медальді
жеңіп алды. Қос шеберлеріміз Нұрболат пен
Нұрасыл
Қазақстан
Чемпионатында
Қарағанды облысының намысын қорғайды.
Сондай-ақ бокстан олипиада ойындарының
қола жүлдегері ҚР –ның еңбек сіңірген
спорт шебері Серік Елеуов Нұрболатты
жарыстың «Ең үздік техникалық боксшысы» номинациясымен арнайы марапаттады. Спортшыларды дайындаған бапкері
ҚР спорт шебері Шыңғыс Сәлкенұлы мен
Қайрат Хасенов.
Дзюдо
Қазақстанға танымал кәсіпкер «Аstana Motors» компаниясының президенті Нұрлан
Смағұловтың демеушілігімен Ақадыр кентінде «Аstana Motors» жүлдесі үшін 20032004 жылдары туған
жасөспірімдер
арасында дәстүрлі республикалық турнир
өтті. Осы жарысқа қатысқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің
тәрбиеленушісі С.Сейфуллин
ЖОББ
мектебінің оқушысы Азамат Қасымов
(42кг) финалда биылғы Қазақстан чемпионы атанған теміртаулық дзюдошы
Аман Нұржановты ұтып алтын медалмен
қоса, ақшалай тігілген жүлдені жеңіп алды.
Спортшыны дайындаған ҚР спорт шебері
Е.Қаракесеков.
Теміртау қаласында «Магнитка оттары»
атты ірі Халықаралық турнир өтті. Осы
жарысқа еліміздің 14 облысы, Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қоса
көршілес Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей
командаларының құрамалары қатысты. Осы
жарысқа қатысқан аудандық балалар мен
жасөспірімдер
спорт
мектебінің
тәрбиеленушісі Аман Еламан (90кг) жоғары
салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.
Спортшыны дайындаған ҚР спорт шебері
А.Сағындықов.
Астана қаласында 2004-2006 жылдары
туған кіші жасөспірімдер арасында
«ORDA» клуб жүлдесіне арналған
республикалық жарыс өтті.
Осы байрақты додаға
еліміздің әр аймағынан 600 ден
астам дзюдошылар бірнеше татамиде
белдесті. Ауданымыздың намысын
қорғаған балалар және жасөспірімдер
спорт мектебінің спортшыларының арасынан Ернұр Тайлақов (50 кг) алтын медальді
(жеке бапкері М.Қожин) жеңіп алса, Саламат Даулет (38 кг) қола медальді (бапкерлері Е.Қаракесеков пен Д.Оспанов) жеңіп
алды.
кіші футбол
Жақында «Модуль» спорт кешенінде
кіші футболдан жерлесіміз, мемлекет және
қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың
120 жылдығына орай. қоғам қайраткерін
еске алуға байланысты жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өткізілді.
Турнирге 8 команда қатысты. Кент әкімінің
міндеттін атқарушы Амангелді Түсіпов жарысты аша отырып, жас спортшыларға Жанайдар Сәдуақасовтың өнегелі өмірін
баяндап, үлгі алуға шақырып, өз еліміздің
патриоттары болып өсулеріне тілектестігін
білдірді.
Турнир қортындысы бойынша жүлделі Іорынды «Жанаарқа БЖСМ», ІІ-орынды
«Ақадыр БЖСМ», ІІІ-орынды Сәтпаев
қаласынан келген балғын спортшылар иеленді. «Үздік ойыншы» Берген Маратов
(Жаңаарқа), «Үздік қақпашы» Жарқынбек
Рысбеков (Жаңаарқа), Жігер Тіленберген
(Ақадыр) атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық
дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алдаберген Қарабаев облыстық
спорт басқармасының грамотасын, арнаулы
кубокты, және аудандық спорт бөлімінің
атынан бағалы сыйлықтар мен медалдар
тапсырды. Болашақта бұл турнир жыл
сайынғы дәстүрлі турнирге айналады.
*** *** ***
Жылдағы дәстүр бойынша футбол
маусымының жабылуына орай «Береке»
футбол клубының (жетекшісі Батырхан
Дүйсенбаев) жүлдесі сарапқа салынады. 2021 қазан күндері ұйымдастырылған турнирге 8 команда қатысты.
«Модуль» спорт кешенінде өткен жарыс,
қызықты да тартысты өтті. Турнир
қортындысында І-орынды «Береке», ІІорынды «Тұлпар», ІІІ-орынды «Мәдениет»
командалары иеленсе, А.Ертісбаев «Үздік
қақпашы», Н.Тынысбаев «Үздік қорғаушы»,
Р.Елекешов «Үздік ойыншы» атанды.
Жарысты аудандық жастар ресурстық
орталығы ұйымдастырса, жеке кәсіпкер
Батырхан Дүйсенбаев демеушілік жасады.
7
ЕскЕ алу
3 қараша 2018 жыл
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, ардақты да
қымбатты апамыз, жолдасына адал жар, үш балапанына
аяулы ана бола білген Мүталяпова Гаухар
Серікқызының фәниден бақиға озғанына 8 қараша күні
40 күн толып отыр.
Аяулы апамыз алдымыздағы асқар тауымыз, алыста
жүрсек тілеуқорымыз, қысылғанда ақыл айтар
ақылшымыз еді. Әкеміз бен анамыз өмірден ерте озғанда
апамыз барлық бауырларына бас болып, өз қамқорлығына
алған абзал жан еді.
Бала-шағасының, туған туыстың қамқоршысы болған
аяулы жанды сағынышпен еске аламыз. Жаны жәннатта,
орны жұмақта болсын жан АНА!
Туған-туыс, бауырдың тірегі едің,
Шаңырақтың шаттығы, жүрегі едің.
Жеткізем деп баршасын бауырлардың,
Амандықты Алладан тілеп едің.
Бірі едің аяулы ана асыл жанның,
Жүруші едің балалардың ойлап қамын.
Қимаймыз, қиналамыз сағыныштан,
Мәңгілікке көз жұма кете бардың.
Сағына еске алушылар: жолдасы, бауырлары, балалары
8 қараша күні сағат 13:00-де “сұлтан” мейрамханасында аяулы анамыздың
өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕскЕ алу
Ақтау ауылының тумасы, Жаңаарқа ауданының тұрғыны
болған, аса қадірлі де қымбатты, жаны жайсаң, ақ көңіл де
сүйкімді
бауырымыз
жетібаева
Ботагүл
Қырғызбайқызының өмірден озғанына жыл толады. Қос
қарашығындай болған ардақты ұлы мен қырмызы гүлі
қызының қызығына қанбай, өмірден мөлдіреген қалпында
өте берді. Өкпе-ренішін ешкімге сездірмей, жайраңдап
жүретін бауырымыздың жиын-тойдағы салатын әнін
сағындық. Ботамыздың орны ойсырап, жүректі сағыныш
сыздатады. Аяулы жанның жарқын бейнесі ешуақытта
ұмытылмайды.
Күн едің арай төккен маңайына,
Қысқа ғұмыр жазылды маңдайыңа.
Сағынып еске аламыз сені Бота,
Егіліп суретіңе қараймызда.
Өтіп жатыр өмірдің жаз-көктемі,
Біздер үшін күніміз ең көктегі.
Арамыздан кетсең де тым алысқа,
Жаңғырып тұр нұр бейнең көңілдегі.
Еске алушылар: аға-жеңгелері, апа-жезделері, іні-келіндері, бауырлары, жиендері
САлыҚ тӨлЕУшІлЕРДІҢ нАЗАРынА!
Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алған жеке тұлғалар жеке табыс салығы
мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (200.00 СЕН) өздігінен тапсыруы тиіс.
Өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу жөнінде азаматтық-құқықтық
шарттар бойынша табыстар алатын жеке тұлғалардың міндеттемелері бөлігіне «Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына түзетулер енгізілуіне байланысты, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс
алатын жеке тұлғаларға келесі ақпаратты білуі қажет.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 28) тармақшасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi – агент) – Қазақстан
Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары,
өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан
Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын,
мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға. Заңның 29бабының 1-тармағында егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі
мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын
тапсыратындығы белгіленген.
Салық кодексінің 355-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке табыс салығы және әлеуметтік
салық бойынша декларацияны салық агенті тұрған жердегі салық органдарына есепті
кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей: салық агенттері, оның ішінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері;
әлеуметтік төлем агенттері немесе төлеушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес өз пайдасына тапсырады.Осылайша, есепті тоқсан үшін кейінгі екінші
айдың 15-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын міндетті зейнетақы жарналарының, есептелген
(есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсете отырып, «Салық есептілігі
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12
ақпандағы № 166 бұйрығы мен бекітілген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (200.00 СЕН) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс таралатын жеке тұлғалар өздігінен тапсыруы тиіс.
Осыған байланысты, зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес міндеттемелер туындаған кезде азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалар мен алынған
табыстан міндетті зейнетақы жарналары 2018 жылдың 3 және (немесе) 4 тоқсандары үшін
олармен 200.00 СЕН-да көрсету қажет.
Көрсетілген салық төлеушілер 200.00 СЕН толтыру кезінде «Салық төлеушілердің санаты» 6 жолда: «Өз пайдасына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы» 200.00.004; «Өз пайдасына мәлімделетін табыс» 200.01.009 белгі қоймайтындығына
және жолды толтырмайтындығына назар аударамыз.Бұл ретте, аталған нысанның
форматтық-логикалық бақылау нәтижелері есепсіз серверге жіберілетін болады және хаттамада жазылған қателер хабарланды.
жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, құрметті де ардақты
әріптесіміз Ахметов Балтабайды 5 қараша күні 60
жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз.
Отбасының панасы, балаларының қамқоры болып
отырған ардақты азаматты мерейтойымен құттықтап,
ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз.
Құтты болсын 60 деген жасыңыз,
Жақсылық пен қуанышқа тасыңыз.
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Әлі талай асулардан асыңыз.
Үзілмесін өміріңнің жыр әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Жұмысыңның тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулесі боп шуағы.
тілек білдірушілер: жаңаарқа вагон қарау мекемесінің ұжымы
Құттықтаймыз!!!
Көктал ЖОББ мектебінің шаруашылық меңгерушісі
күлмағанбетова Сағат картайқызын 50 жасқа толған
мерейлі тойымен құттықтаймыз! Сізге мықты денсаулық,
қажымас күш-жігер тілейміз. Балаларыңыздың балғын
жүзінен күлкі кетпей, солардың қызығын көре беруге тілектеспіз! Бүгінгі мерейтой иесіне ыстық лебізімізді
мына төмендегідей жыр жолдары арқылы жеткізгенді
жөн көрдік.
50 деген жарты ғасыр бұл өмірде,
50 деген алтын той некеліге.
“Елу жылда – ел жаңа”- деген сөз бар,
Сол елуге өзің де келдің міне.
Қыздарың қиясына қонып жатыр,
Келін алып жылы суға қолың батыр.
Дүниеге келе берсін немерелер,
Алданыш қып солармен таңыңды атыр.
Құтты болсын мерей той, 50 жасың,
Әр уақытта домалап өрге тасың.
Қосағыңмен қоса ағарып, шөбере сүй,
Ешқашанда көңіліңді кір шалмасын.
Тілерім ашық аспан, жұлдызды түн,
Жылдан жылға жақсарып денсаулығың.
Немерелеріңнің қызығын қызықтай бер,
Атанып куәгері алтын тойдың.
шынайы құрметпен: аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің кәсіподақ
ұйымы және көктал жоББ ұжымы
Құттықтаймыз!!!
Құрметті де қадірлі, аяулы құдамыз, бір әулеттің
ақылшысы исаберлин Қабатай Мұқыжанұлы 8 қараша
күні 60 жасқа толады. Құдамызға зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз. Құдағиымыз
Ғалия
екеуіңіз
бала-шағаларыңыздың,
немерешөберелеріңіздің ортасында ұзақ ғұмыр кешіп, қызыққа
кенеле берулеріңізді Алла нәсіп етсін!
Құда біздің салмақты жаннан асқан,
Тоқсан ауыз сөз түйінін бір-ақ басқан.
Жасыңыз 100-ге жетсін кедергісіз,
Дәулетіңіз сай болсын асып-тасқан.
игі тілекпен: құда-құдағиларыңыз-МейірманБибіжан
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, ардақты отағасы,
қамқор әке, асыл жар, ардақты ата исаберлин Ғабдулла
(Қабатай) Мұқыжанұлын 8 қараша күні 60 жас толар
туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Әрдайым деніңіз сау, көңіліңіз шаттыққа, өміріңіз
бақытқа толы болып, алар асуларыңыз көп болсын.
Отбасының ыстық ықыласына бөленіп, ұл-қызыңыздың
жетістігіне марқайып, немере-жиендердің қызығына тоймай арамызда бақытты ғұмыр кеше беріңіз.
Жылдар өтіп 60 жасқа жеттіңіз,
Нұр-шұғыла айналаға төктіңіз.
Тіршіліктің ыстығы мен суығын,
Тартып талай асулардан өттіңіз.
Бәрімізге қымбат әркез басыңыз,
Құтты болсын мерейтойлық жасыңыз.
Деніңіз сау боп әрқашан,
Жүз жасқа да аман-есен жетіңіз.
Ізгі тілекпен: жұбайы-Ғалия, балалары-Ғалым-Айгерім, нұрлан-Айгерім, жиен
немерелері- Сайаділ, көркемай
“Аудандық “жаңаарқа” газеті редакциясы”
жшС басшысы - бас редактор
ЕРАлинА САлтАнАт АМАнҚыЗы
МЕншІк иЕСІ: аудандық ”жаңаарқа“ газеті жшС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
Иик KZ889261201186721004, Бин 010340002761, Бик KZKокZKX, коД 17,
Рнн 240400001948, Ао “казкоммерцбанк”
Құттықтаймыз!!!
Балаларының асқар таудай әкесі, жұбайына адал жар
болып отырған ардақты да қадірлі бауырымыз
жарылғапов иманғази (Ескендірбек) Қазкенұлын 10
қараша күні 60 жасқа толар мерей тойымен шын
жүректен құттықтаймыз. Жанұядағы әрбір өнегелі ісімен
бізге үлгі бола білген, сабырлы да, ақкөңіл бауырымызға
өмірдің бар жақсылығын, қуаныш, қызығын тілейміз.
Денің сау болып, ұзақ өмір сүре беруіңізге тілектеспіз.
Бәйтеректей мәуелі бұл шағыңда,
Кейінгіге төгіліп тұр шуағың да.
Жалғассын шуақты ғұмырың,
Сарқылмасын көретін қызығың да.
Мейірімін ұлы Алла төге берсін,
Бақ пен дәулет төріңді мекендесін.
Денсаулығың әрдайым мықты болып,
Шаңырағың шаттыққа тола берсін.
игі тілекпен: бауырлары-Ерғазы-Айгүл, Әділ-Бағдат, жеңіс-Сәуле, Аманғазы
және немере-жиендері
Құттықтаймыз!!!
Ералиев ауылдық округінің әкімі аппаратының жетекші
маманы, құрметті әріптесіміз жаханов Әбдіқасымды 6
қараша күні 60 жасқа толар туған күнімен құттықтаймыз.
Әкім аппаратында ұзақ жылдар қызмет етіп, салмақты мінезімен, білікті қабілетімен көпшілікке сыйлы
әріптесімізге шаңырағына құт-береке, деніне саулық,
еңбегіне табыс, мәнді де сәнді ғұмыр тілейміз.
Өмір дәурен жалғассын мәніменен,
Әр күніңіз өтсінші сәніменен.
Бақытты боп жүріңізші ортасында,
Жанұя, бала-шаға бәріменен.
Аман болып жанұямен басыңыз,
Алда талай асулардан асыңыз.
Құрмет пенен ықыласқа бөленген,
Құтты болсын 60 деген жасыңыз.
игі тілекпен: Ералиев ауылдық округіндегі барлық сала ұжымдары
Құттықтаймыз!!!
Ералиев ауылдық округінің тұрғыны, ауылдық округтің
кітапханасының үздік кітапханашысы, қадірлі әріптесіміз
төлеуова Қарлығашты 60 жасқа толған туған күнімен
құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,
отбасыңызға ырыс-береке, өміріңіз сыйластық пен
қуанышқа толы болып, алдағы мақсат мұраттарыңыздың
орындалып, ұрпақтарыңыздың қызық-қуанышына кенеліп, бейнетіңіздің зейнетін көре беруіңізге тілектеспіз.
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.
Жүзге жетіп баянды ғұмыр кешіп,
Арта берсін абырой, беделіңіз.
Тілейміз өзіңізге амандық,
Кездеспесін жолыңызда жамандық.
Алла берген бар нәсіпті теріңіз,
Бар қызығын бұл өмірдің көріңіз.
игі тілекпен: Ералиев ауылдық округіндегі барлық сала ұжымдары
Құттықтаймыз!!!
Сәкен ауылының тұрғындары,
ардақты бауыр, аяулы келін,
үлкенге ізетті, кішіге қамқор
болып жүрген Сапиянов
Мейрамды 60 жасқа,
ибишева Маралды 50
жасқа
толған
туған
күндерімен құттықтаймыз.
Мерейлі мерекелеріңізбен
құттықтай
отырып,
дендеріңізге саулық, ұзақ та
баянды
ғұмыр,
отбастарыңызға ырыс-береке тілейміз.
Құтты болсын қос мерейлі мереке,
Арта берсін ырыс-дәулет, береке.
Алда талай ғұмыр кешіп баянды,
Көріңіздер шөбере, шөпшек, бала ерке.
Қуаныш пен шаттық толып маңайға,
Болсын дейміз әр күндерің мереке.
игі тілекпен: Байзкен-Гүлнар, Манар, Серік-назгүл, Алпысбай-жангүл, ҚайратАйгүл, Қанат-Алтынтаң, тәуекел-Риза
Құрылтайшысы: жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1605 дана
Тапсырыс №45
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
14
Размер файла
6 634 Кб
Теги
45qxp
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа