close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 50qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№50 (9886), 8 желтоқсан, 2018жыл
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні
Ұлт көшбасшысын ұлықтау – ел мерейі
Тәуелсіздікке ие болған жылдар ішінде республика
Президентінің жетекшілігімен ауқымды экономикалық,
саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды.
Елбасының салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ
елінің шекарасы айқындалып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз,
дініміз, діліміз қайта оралды. Қазақстан тұрақтылықпен
өркендеп, дамудың үлгісіне айналды. Төрткүл дүниеге терезесі тең ел ретінде танылды. Өтпелі заманның қиындықтары
мен сынақтары кезеңінде саяси және экономикалықәлеуметтік сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолына шығуына мемлекет басшысының
жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясаттағы
көрегендігі басты рөл атқарғаны айдан анық. Осылайша 2012
жылдың 1 желтоқсанын барша қазақстандықтар - Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президент күні деп атап өтеді.
Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне
арналған «Ұлт көшбасшысы – Елбасы» атты салтанатты
жиын болып өтті. Оған аудан басшылары, мемлекеттік
қызметкерлер, еңбек ардагерлері, жастар және аудан
тұрғындары қатысты.
Мерекелік іс-шара басталмас бұрын, аудан басшылары
аудандық кітаіпхана ұжымының Тұңғыш Президент күніне
орай, ұйымдастырған кітап
көрмесін
тамашалады.
Көрмеде Елбасымыздың
жүріп өткен жолынан сыр
шертетін деректер және осы
күнге дейін шығарған кітаптары қойылды.
Салтанатты
шараның
шымылдығы
Қазақстан
Республикасының
Әнұранының шырқалуымен
түрілді. Сахна төрінде
орналасқан үлкен экранда
латын қарпімен жазылған
Әнұранның мәтінін барша
жұрт ілесе оқып, орындап
шықты.
Келесі кезекте аудан әкімі
Юржан
Бекқожин
жұртшылықты мерекемен
құттықтап, Елбасының батыл бастамалары мен “Ұлы
даланың жеті қыры” мақаласы жөнінде сөз қозғады.
-Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінде
Қазақстан Елбасымыздың сарабдал саясатының нәтижесінде
бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен татулықтың мекеніне
айналды. Ұлт көшбасшысының көрегендігі мен саяси
қайраткерлігін бүкіл ел біледі және құрметтейді. Міне, елдің
ыстық ықыласының нәтижесінде бірнеше жылдан бері
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні аталып
өтіп жүр. Бұл ел перзентіне, Ұлт
көшбасшысына берілген әділ баға және
лайықты құрмет!-деді.
Бұдан кейін аудан әкімі Юржан
Бекқожин бір топ аудан тұрғындарын
салтанатты түрде марапаттады. Атап
айтсақ,
Қазақстан
Республикасы
Президентінің 2018 жылғы 4 қазандағы
№ 765 Жарлығы бойынша Бидайық
ауылдық округінің тұрғыны, көп балалы
ана
Бану Қарғалтаева - «Алтын
алқамен», Ақтүбек ауылдық округінің
тұрғыны, көп балалы ана Зәмзәгүл
Нұрпейсова - «Күміс
алқамен» марапатталды.
Облыстың әлеуметтік–
кономикалық дамуына
елеулі үлес қосып,
қоғамдық өмірге белсенді араласқаны үшін
облыс әкімінің Құрмет
грамотасымен
аудандық
орталық
аурухананың жұқпалы аурулар бөлімнің бас
дәрігері - Амангелді Төлеубаев пен аудандық
төтенше жағдайлар мемлекеттік мекемесінің
бастығы Аян Сүлейменов, облыстың,
ауданның қоғамдық өміріне белсенді
араласқаны үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен Жезқазған индустриалдық –
гуманитарлық колледж директоры Зәмзәгүл
Тақауиева марапатталды.
Биылғы жылдың 16-шы қарашасында
Елордамыз
Астана
қаласында
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар ұйымы мен
ҚР
инвестиция
және
Даму
Министірлігінің
ұйымдастыруымен «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасын
жүзеге асыру
бағытында халқаралық байқау
ұйымдастырылған болатын. Осы байқау шеңберінде
ауданданымыздың тұрғын үй инспекция бөлімінің тікелей
басқаруымен Атасу кентіндегі бірнеше көп қабатты тұрғын
үйлер күрделі жөндеуден өткізілді. Күрделі жөндеу тікелей
аудан халқының қолдауымен жүргізіліп, аталмыш конкурсқа
бірнеше жөндеуден өткен үйлердің фотосуреттері ұсынылды.
Республика бойынша ұсынылған барлық көпқабатты
үйлердің ішінде біздің Жаңаарқа ауданы жеңімпаз атанып,
мерейіміз үстем болып отыр. Ең үздік болып табылған Атасу кентінде орналасқан Сәдуақасов көшесіндегі №39шы тұрғын үйі. Жеңімпаз тұрғын үйдің жөндеу
жұмыстарына тұрғындарды ұйымдастыра жүріп, игі іске
асқан белсенділікпен атсалысқан аталмыш үйдің тұрғыны
Берен Садуақасов конкустың жеңіпазы ретінде марапатталды.
Ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуына елеулі үлес
қосып, кәсіби біліктілігі мен қажырлы еңбектері үшін ІІІ
дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен аудандық тұрғын үй
инспекциясының басшысы Тоқсан Бабасов, аудан әкімінің
Құрмет грамотасымен аудандық «Халық банкі» директоры
Жанар Қошеметова, «Казпошта» АҚ директоры Айман Тажитова, О.Жұмабеков орта мектебінің директоры, депутат
Рысқали Рахимов, жеке кәсіпкер Думан Әбжанов, жеке
кәсіпкер Нұржан Шабанов марапатталса, аудан әкімінің
Алғыс хатымен Ералиев ауылдық округіне қарасты орта
мектебінің ұстазы Еркебұлан Әбеуов пен Бидайық ауылдық
округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Гүлзат Қарабалина мара-
патталды.
Сонымен қатар, ХV- республикалық «Ақ көгершін» балалар
шығармашылығы фестиваль байқауында «Балдәурен» үлгілі
бишілер тобы 3–дәрежелі дипломант атанған болатын.
«Балдәурен» үлгілі бишілер тобы мен жетекшісі – Гүлдана
Меңдібаеваны аудан әкімі сахна төрінде салтанатты түрде
марапаттап, естелік сыйлықтарды табыс етті.
Республика бойынша
самбо
күресінен
жасөспірімдер арасындағы
жарыстарда үлкен жетістіктерге
жетіп,
аудан
спортының
дамуына
қосқан үлесі үшін Гүлназ
Зекен марапатталды.
«Рухани
жаңғыру»
бағдарламасы
мен
Астананың 20 жылдығы
және Мағжан Жұмабаевтың
125 жылдық мерейтойы аясында Жаңаарқа ауданының
әкімінің
қолдауымен,
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің
ұйымдастыруымен «Мен
қазақша
сөйлеймін»
байқауы өткен болатын.
Сол байқауда жеңіске жеткен, яғни І орын Г.Жақыпова, ІІ
орын А.Әдиева, ІІІ орын Г.Төребаевалар салтанатты түрде
сахна төріне шақырылып, ұйымдастырушылар естелік
сыйлықтар табыстады.
Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының үлкен концертіне ұласты.
Рахат А йТжАновА
8 желтоқсан 2018 жыл
2
Көшпелі форум аудан орталығында
6-желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс
залында «Қазақстан фермерлер одағының»
көшпелі форумы өтті. Оған облыс әкімінің
орынбасары Серік Шайдаров, «Қазақстан
фермерлер одағы Республикалық қоғамдық
ұйымы» төрағасының орынбасары Жақып
Өмірзақов, облыс әкімінің аппаратының
агроөнеркәсіп комплексін дамыту бөлімінің
басшысы
Арман Лямбеков, облыстық
ауылшаруашылық басқармасының басшысы
Сағынжан Апакашов, «Қазақстан фермерлер
одағы ұйымы» Қарағанды облыстық
филиалының төрағасы Игорь Жабяк,
облыстық ветеринария басқармасының басшысы
Қайырбек
Тұрсынбеков,
«Казагроқаржы» АҚ ҚФ директоры Данияр
Тоғызбаев, «Ауылшаруашылық саласын
қаржылай қолдау қоры» АҚ ҚФ директоры
Өмірзақ
Торғаев,
аграрлық
несие
корпорациясының директоры Бауыржан
Баймұқаш, аудан әкімі Юржан Бекқожин,
аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Серіков, Шет ауданының әкімінің орынбасары
Мақсат Жумкин, Шет ауданының ветеринария бөлімінің басшысы Амангелді Рахымжанов,
Ақтоғай
ауданының
әкімінің
орынбасары Қайрат Нөкеш, Ақтоғай
ауданының ауылшаруашылық бөлімінің бас-
шысы Нұрланбек Жанбергенов,
Ұлытау ауданының
әкімінің орынбасары Мақсұт
Оспанов, Ұлытау ауданының
жер қатынастар бөлімінің басшысы Аманжол Мырзабеков
және осы төрт ауданның фермерлері мен ауданымыздың
мекеме басшылары қатысты.
Көшпелі форум
облыс
әкімінің орынбасары Серік
Ж а м а н қ ұ л ұ л ы н ы ң
төрағалығымен өтіп, облыс
көлеміндегі ауылшаруашылық
саласындағы жаңалықтарды
баяндап, бүгінгі форумның
негізгі мақсатымен
таныстырды. Келесі кезекте сөз
алған «Қазақстан фермерлер
одағы Республикалық қоғамдық
ұйымы» төрағасының орынбасары Жақып Мейірханұлы
бүгінгі атқарылып отырған жұмыстарға
тоқталып, бірлесе жұмыс атқару керектігін,
әр ауданда аудандық фермерлер одағы
құрылу керектігін атап өтті.
Аудан әкімі Юржан Асанұлы соңғы
ұсынысқа байланысты ауданда жиналыс
жаңаарқа аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХVІ сессиясы төрағасының
шешімі
Атасу кенті
8 желтоқсан 2018 жыл
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХХVІ сессиясы 2018 жылғы 20 желтоқсан күні сағат 11.00-де шақырылсын
(аудандық әкімдігінің мәжіліс залында, Тәуелсіздік даңғылы,5).
Р.РАХимов,
сессия төрағасы
ХАБАРЛАмА
2018 жылғы 20 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVІ сессиясының
қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
2. Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының атқарып отырған
жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы.
3. Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысының есебі.
4. Әртүрлі мәселелер.
Қ.имАнТүсІПов,
аудандық мәслихат хатшысы
Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті
Өткен аптада ауыл әкімдерінің сайлау шарасы ұйымшылдықпен өткізілді. Ертемен аудан
әкімдігінің мәжіліс залына аудандық мәслихаттың барлық депутаттары, толық құрамда
аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері және БАҚ өкілдері жиналып, ауыл әкімдерін
сайлауға қатысты.
Қоғамдық саяси маңызы зор сайлау науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сайлау
орнына дауыс беретін арнайы үш кабина қойылып, үгіт-насихаттық құралдарын ілуге
арналған ақпараттық тақтамен қамтамасыз етілді.
Жаңаарқа ауданының мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіповтің төрағалық етуімен сайлау
ашық деп жарияланып, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Одан соң
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әкішев әкімдерді сайлау
жөнінде дауыс берудің тәртібімен жиналғандарды хабардар етті. Сайлаудың ережелерін
түсіндірген соң ел мен жерді басқаруға лайықты лауазым иелерінің тағдырын шешер жауапты сәт басталып кетті.
Ауданымыздағы 12 депутаттың 11-і өз дауыстарын беріп, лайықты әкімдер таңдалды.
Мұнан соң өз жұмысына кіріскен комиссия мүшелері әкімдікке сайланған кандидаттардың
жинаған дауыстарын таразылап берді. Халық қалаулыларының таңдауымен Атасу кентіне
Амангелді Бақышұлы Түсіпов, Ақтүбек ауылдық округіне Ерлан Серікұлы Орманов және
Бидайық ауылдық округіне Нұржан Кәдірбайұлы Жамауов әкім болып сайланды.
Сонымен, әкімдер сайлауы жоғары дәрежеде өткізіліп, өз мәресіне жетті. Жаңадан сайланған
әкімдердің алдағы қызметіне сәттілік тілейміз.
н.ШАмАевА,
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі
өтіп, аудандық фермерлер одағын құру
жөніндегі ұсынысқа аудан тарапынан
ауылдық округ өкілдері тартылып, кеңеске
мүше болатын адамдар тізімі бекітілгенін
баяндап,
ауылшаруашылық
кеңесінің
мүшелерімен таныстырды.
Көшпелі форумда «Қазақстан фермерлер
одағы ұйымы» Қарағанды облыстық
филиалының төрағасы Игорь Жабяк сөз
алып, өзге мемлекеттерде болып, ол
жақтағы озық технологиялардан біздің
үйренеріміз көп болса, олардың да біздің
елмен
тәжірибе
алмасып,
үйренер
тұстарының жетерлік екенін баяндады. Озық
елдердегі жетістіктерге жету үшін бірлесе
жұмыс атқарып, шығынды азайтып, өнімді
жақсарту керектігі заманның талабы екенін
баса айтты. Шетелге біз ет пен дәнді
дақылдарды экспорттауға жұмыс жасап,
олардың сапалы болуына қол жеткізуіміз керектігіне тоқталды.
Көшпелі
форум
барысында
ауданымыздың мәслихат депутаты, фермер
Нұргүл Орынбасарова фермерлік саладағы
қолбайлау болып тұрған мәселе бойынша
облыс басшыларына сұрақ қойды.
-Қалтадағы қаржыға алынатын малдың
жоқтығы, шекара асып сырт мемлекетке
барғанымен карантиннің кесірінен малды
шығара алмау үлкен мәселе болып тұр, осы
шешімін
табады ма?-деген
сұраққа
облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қайырбек Тұрсынбеков:
-Иә, сырт мемлекеттерден малды елімізге
кіргізуге кедергілер бар екені рас. Тіпті мал
өткізуде олқылықтарға жол беріліп, ауызы
күйіп жатқандарда кездеседі. Дегенмен бұл
жол мемлекет тарапынан қолға алынып,
алдағы уақытта кедергілердің түйіні шешіледі деген ойдамыз деді.
-Жалпы сырттан мал аларда біздің фермерлеріміз шығынға ұшырап жатады. Әр
фермер жеке-жеке барамын деп небір
тосқауылдарға тап болып, болмаса бағаның
тұрақсыздығынан запа шегетіні бар. Бұл
ретте арнайы құрылған операторлармен хабарласып, бірлесе жұмыс атқарған жөндеген Серік Шайдаров фермерлерге мал
сатып
алудың
оңтайлы
жолын
қарастыруды ұсынды.
Көшпелі форумда бүгінгі күннің ең өзекті
деген
мәселелер
қаралып,
ауылшаруашылық саласының мамандары
мен фермерлер, шаруақожалықтардың иелері өз сұрақтарына тұщымды жауап алды.
салтанат Аманқызы
Гемодиализ орталығы ашылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында Жаңаарқа ауданында қуанышты жағдай орын алды.
Аудандық орталықтандырылған ауруханада
гемодиализ (жасанды бүйрек) орталығы
ашылды.
Аурухана жанындағы ем орталығының салтанатты ашылуына аудан әкімі Юржан
Бекқожин арнайы қатысып, құттықтау-тілегін жеткізді. Шексіз қуанышын білдірген
аудан басшысы жаңа ем орнының лентасын
қиды.
Мемлекеттік жеке серіктестік негізінде
ашылып отырған орталықтың инвесторы
бүкіл
ел
бойынша
гемодиализ
клиникаларының желісіне ие «B.B.NURA»
ЖШС болып табылады. Орталықтың құны
шамамен 60 миллион теңгені құрайды.
Осы уақытқа дейін ауданның көптеген
тұрғындары гемодиализ қызметтерін облыс
орталығынан алып келді. Аудан көлемінде
медициналық көмектің осы түрі тұрақты
сұранысқа ие болғандықтан, орталық ашу
қажеттілігі пайда болып отыр.
Бұдан былай аудан тұрғындары сыртқа
шықпай-ақ, гемодиализ қызметтерін аудан
орталығынан ала алатын болады. Бұл
орталықтағы
ерте
жасалған
диагностика мен уақытылы
тағайындалған ем –
науқастардың сауығу
мүмкіндігін арттырады және олардың
өмір сүру сапасын
жақсартады.
Қазіргі таңда
орталықта екі жасанды бүйрек аппараты бар. Олардың
біреуі гепатит сияқты
аурулармен ауыратын
науқастарға арналған.
Тағы біреуі резервте тұрса, қалған екеуі
толық қуатта жұмыс істеп тұр. Жаңаарқа гемодиализ орталығында нефролог дәрігер,
реаниматолог және екі медбике мен санитар
жұмыс істейді. Олар күніне төрт процедура
өткізеді. Жабдықтың қуаттылығы күніне 6
ем алушыны қабылдауға мүмкіндік береді.
Орталық заманауи жоғары технологиялы
құрылғылармен
жабдықталған.
Әр
науқастың бір процедурасына 26 250 теңге
көлеміндегі қаражат қарастырылған. Бұл
соммаға ем алушының орталыққа келуі мен
үйіне қайтуының қамтамасыз етілуі,
тамақтануы және гемодиализ қызметтері кіреді. Шамамен бір айда бір науқасқа мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмсалатын
қаражат 300 мың теңгеден асады екен.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
8 желтоқсан 2018 жыл
3
саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына
жаңаарқа аудандық мәслихатының аудандық аумақтық және учаскелік сайлау
комиссияларының жаңа құрамдарын құру туралы ХАБАРЛАмАсЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық
занының 10 және 19 баптарына сәйкес, сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімінің
аяқталуына байланысты, Жаңаарқа аудандық мәслихаты саяси партиялардың ұсыныстары
негізінде аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын құру туралы
хабарлайды. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі - бес жыл.
Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына
қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Әрбір саяси партия тиісті
сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған
жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары
тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және
қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2018
жылғы_30 қарашадан бастап _20__желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады: 1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар
туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер; 2) тиiстi сайлау комиссияларының
құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе
олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме; 3)саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттардың сайлау
комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша
өтініштері.
жаңаарқа аудандық мәслихаты мынадай сайлау комиссияларын
құрады: 1.жаңаарқа аудандық аумақтық сайлау комиссиясы:
№р/
б Сайлау округінің атауы мен нөмірі Мекен-жайы
1
1
2
Аудандық аумақтық сайлау комис- Атасу кенті,
сиясы
Тәуелсіздік даңғылы,5
Орналасқан жері
Аудан әкімдігінің
ғимараты
Сайлау
комиссия мүшелерінің
саны
Сайлау округінің
атауы мен нөмірі
№ 537 сайлау
учаскесі
№ 538 сайлау
учаскесі
№ 539 сайлау
учаскесі
№ 540 сайлау
4 учаскесі
№ 541 сайлау
5 учаскесі
№ 542 сайлау
6 учаскесі
7 № 543 сайлау
учаскесі
№544 сайлау
8 учаскесі
№ 545 сайлау
9 учаскесі
№ 546 сайлау
10 учаскесі
№ 547 сайлау
11 учаскесі
№ 548 сайлау
12 учаскесі
№ 549 сайлау
13 учаскесі
№550 сайлау
14 учаскесі
№ 551 сайлау
15 учаскесі
№ 552 сайлау
16 учаскесі
№ 553 сайлау
17 учаскесі
№554 сайлау
18 учаскесі
№555 сайлау
19 учаскесі
№556 сайлау
20 учаскесі
№ 557сайлау
21 учаскесі
№ 558 сайлау
22 учаскесі
№ 559 сайлау
23 учаскесі
№560 сайлау
24 учаскесі
№ 561 сайлау
25 учаскесі
№ 562 сайлау
26 учаскесі
№ 563 сайлау
27 учаскесі
№564 сайлау
28 учаскесі
№565 сайлау
29 учаскесі
3
р/б
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Мекен-жайы
Орналасқан жері
Б.Амалбеков атындағы орта білім беретін
Атасу кенті,Ә.Оспанов көшесі,43 мектебінің ғимараты
Атасу кенті,С.Сейфуллин
даңғылы,13
Мәдени-сауық орталығының ғимараты
О.Жұмабеков атындағы орта білім беретін
Атасу кенті, А.Сейдімбек
мектебі базасындағы Тірек мектебінің
көшесі,60
(ресурстық орталық) ғимараты
Атасу кенті,С.Сейфуллин
С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапхана
даңғылы 23
ғимараты
С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты
Атасу кенті,Абай көшесі,23
Атасу кенті,Т.Смайлов көшесі 39 Локомотивті депо ғимараты
Қызылжар кенті, Жеңіс 40
Клуб ғимараты
жылдығы атындағы көшесі 1
М.Жұмажанов ауылы,С.Сейфул- Жаңаарқа жалпы орта білім беретін мектебінің
лин к-сі 21
ғимараты
Байғұл стансасы, Байғұл көшесі 6
Ақтасты ауылы,
Бейбітшілік көшесі 13
Ақтүбек ауылы,
Бәйтерек көшесі 1
Өркендеу ауылы,
Мектеп көшесі 1
Манадыр стансасы,
Тың көшесі 58
Атасу стансасы,
Бейбітшілік көшесі 50
Айнабұлақ ауылы,
Достық көшесі 7
Ақтау ауылы,
Тәуелсіздік көшесі 1
Бидайық ауылы,
Тәуелсіздік көшесі 15
Ақтайлақ ауылы,
Ұландар көшесі 2
Атасу ауылы,
Достық көшесі 1
Талдыбұлақ ауылы,
Бейбітшілік көшесі 39
Ералиев ауылы,
Орталық көшесі 13
№189 шақырымлағы разьезі
Ынталы ауылы,
Төлебай сал көшесі 1
Ынтымақ ауылы,
Саябақ көшесі 15
Жанаталап ауылы
Алғабас ауылы
Түгіскен ауылы, Ы.Жұмабеков
көшесі 49
Кенжебай-Самай ауылы
Бастауыш мектебінің ғимараты
Бұрынғы әкімшілік ғимараты
Сайлау
комиссия
мүшелері
нің саны
7
7
7
7
7
7
7
7
5
5
Ауылдық клубының ғимараты
Бұрынғы бастауыш мектебінің ғимараты
№144 негізгі орта мектебінің ғимараты
№135 негізгі орта мектеп ғимараты
Ауылдық клубының ғимараты
Жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты
7
5
5
5
5
7
Ауылдық клубының ғимараты
7
Ауылдық клубының ғимараты
7
Негізгі орта мектебінің ғимараты
5
Жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты
Ауылдық клубының ғимараты
№140 негізгі орта мектебінің ғимараты
Ауылдық клубының ғимараты
Ауылдық клубының ғимараты
Бұрыңғы бастауыш мектебінің ғимараты
Бұрынғы бастауыш мектебінің ғимараты
Ауылдық клубының ғимараты
Негізгі орта мектебінің ғимараты
Орынбай ауылы, Мектеп көшесі 7 Ауылдық клубының ғимараты
7
7
5
7
7
5
5
7
5
5
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер _________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Жақын туысқандарының (болған кезде) тегі, аты, әкесінің аты
Ұсынымдарға 6-қосымша
_________________________Мәслихаты
(әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)
__________________________________________________________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)
сайлау комиссиялары құрамына
кандидатураларды
ұсыну бойынша
________________________________________________________________
(саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің жарғылық
атауы және орналасқан жері)
7
2. Учаскелік сайлау комиссиялары: (29 комиссия)
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері
мәслихат сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам
Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат
орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол
ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап
алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен
апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре
алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы
және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген
орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2018 жылғы _15__
желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс
сағат 13: 00-ден 14: 00-ге дейін.
Жаңаарқа аудандық мәслихаттың мекен-жайы: Қарағанды обл., Жаңаарқа ауданы, Атасу
кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 4. Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы Қуат Анасұлы
Имантүсіпов. Материалдарды жинауға жауапты: Гүлден Қойшыбайқызы Қорабаева –
аудандық мәслихат аппаратының бас маманы, жұмыс тел. 2-65-74, каб.13. электрондық
пошта мекенжайы maslihat-zhanaarka@mail.ru. Хабарлама 30 қараша 2018 жылы аудандық
мәслихаттың сайтына жарияланды.
ескерту
әкесі
анасы
ұлы
қызы
ағасы
әпкесі
атасы
әжесі
немересі
жұбайы (зайыбы)
саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің,
олардың құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы
Уча
ске
нөмі
№ рб рі
1
2
Білімі
Туған
(жоғар
кезі
ы, арӘкесі
(күні,
наулы
нің
айы, жы- Ұлты орта,
орта)
Тегі Аты аты жсн жылы) нысы *
3
4
5
6
7
8
9
10
Лауазымы,
ма
ман жұм қызме
дығ ыс т телеы орны фоны
11 12
13
үй мекенжайы,
пәтер,
телефон
Аумақтық сайлау комиссиясы
14
Қай партиядан,
Партия
сайлау
қоғамдық бірлемүшесі комиссиял
стіктен немесе болып та- арындағы
жоғары тұрған былады ма жұмыс
сайлау комиссия- (атауын тәжірибесі
сынан ұсынылған көрсету)*
, жыл
15
16
17
Учаскелік сайлау комиссиялары
1
2
3
саяси партия, өзге қоғамдық бірлестікнемесе жоғары
тұрған сайлау комиссиясының басшысы _________________
___________________
мо
ескертпе:
1.ҚР Конституциясының 19 бабына сәйкес ҚР-ның әрбір азаматы өзінің ұлтын және қай партияға жататынын немесе көрсетпеуге құқылы (9 және 16 бағандар)
2.Ақпарат электрондық нысанда және қағаз форматта тиісті мәслихатқа жіберілді. Қағаз форматтағы
мәліметтер тиісті жоғарыда аталған ұйымның мөрімен куәландырылады.
Орын:
Телефон:
Ұсынымдарға 7-қосымша
Нысан
_________________________
(мәслихаттың толық атауы)
хатшысына
__________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,
____________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(қызметтік, пәтер, ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,____________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
________________________________________________________________ ұсынылған
(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының
атауы)
Қазақстан Республикасының азаматы,
__________________________________________________ жұмысына қатысуға келісімімді
беремін
(сайлау комиссиясының атауы)
Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ___________________________________________
( ия, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихат депутаты, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі
немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған
сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
«____»____________201__ жыл
____________(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Тегі,аты,әкесініңаты ___________________________________________
(аты мен әкесінің аты (болған кезде) толық көрсетіледі)
Туған кезі «____» _______________ 19 _____ жыл
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)_________________________________
Ұлты _______________________________
Партиядағы мүшелігі__________________________________________
Білімі
__________________________
Мамандығы _________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі__________________________
Атқаратын қызметі_____________________________
Жеке куәліктің деректері ________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан
жақын туыстарым туралы мәліметті қоса тіркеймін.
Ескертпе:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай
партияға жататыны кандидаттың қалауынша көрсетіледі. ** Сайлау комиссияларының
құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған
балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары,
аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
8 желтоқсан 2018 жыл
4
Латын кәріпіне көшу заман талабы
емле ережесі және ескертпелер:
•ю әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін ıýәріп тіркесімен: aıý, oıý; Iýpiter, Iýrmala; kaıýta, ал дауыссыз дыбыстан, айыру
белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін ú әрпімен таңбаланады: parashút, absalút,
glúkoza, debút, prodúser, lúks, salút, valúta, búdjet, búrokratıa, sújet, búleten; fúchers, kompúter,
tútor, konúktýra, konúktıvıt. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады.
е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған ю орнына у́жазылады: qıý, kıý, dıý.
•я әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында, дауысты дыбыстан
кейін, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін ıa әріп тіркесі арқылы: ıaǵnı,
qoıan; Iаlta; soıa, ıdеıa; gıperıadro, sýbıadro; alıаns, konıak, ал дауыссыз дыбыстан кейін а́
арқылы таңбаланады: akýmýlа́tor, mýláj, zarа́d, kalkýlа́tor. Қосымша соңғы буынның
үндесіміне сәйкес жалғанады.
е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады: qıar, sıa, Túrkıa, jarıa.
•Сөз ортасындағы қайталама сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу дыбыстарын
білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылады: patıson, komısar, resor, profesor, prosesor, asonans, dısonans, dısıdent; gramatıka, komýna, ımýnogen, ımıgrant, programıs, mamologıa.
е с к е р т у. Сөз мағынасы өзгеретін жағдайда сс, мм, лл, тт, нн, бб, рр, пп, дд, кк әріптері
сақталып жазылады: esse, massa; sammıt, ballada, mıllıgram; getto, nettо; tonna, vanna.
•дж әріп тіркесі бар сөздерде д әрпі түсіріліп, қосымшалар үндестік заңы бойынша жазылады: menejer (-diń, -i, -ge, -ler), jınsy (-nyń, -sy, -ǵa, -lar), jentіlmen (-niń, -i, -ge, -der).
е с к е р т у. -дж әріп тіркесінің арасынан буын жігі өтетін және сөз мағынасы өзгеретін
жағдайда d әрпі сақталып жазылады: búdjet, lodjy.
•Сөз соңындағы -нг әріп тіркесі ńәрпімен жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес
жалғанады: parkıń(-niń, -ge, -i, -der), boýlıń(-niń, -ge, -i, -der), brıfıń(-niń, -ge, -i, -der), reıtıń
(-niń, -ge, -i, -der).
•ц әрпі және сц әріп тіркесі s әрпі арқылы жазылады: sırk, sıfr, sılındr, sırkýl; desımetr,
medısına, proporsıonal, abzas, kvars, konstıtýsıa, korporasıa, seh; senarı, sıofıt, abses, absısa,
plebısıt.
Men qazaqsha sóıleımin
Jańaarqa aýdanynyń ortalyqtandyrylǵan kitaphanalar júıesinde 27.11.2018 j. saǵat 15.00-de
mádenıet jáne tilderdi damytý bóliminiń uıymdastyrýymen "Men qazaqsha sóıleımin" jalpy
respýblıkalyq aksıa aıasynda prozashylar baıqaýy ótti. Baıqaýdyń maqsaty: qoǵamda memlekettik
tildiń mártebesin kóterý, qazaqsha sóılesý mádenıetin arttyrý, memlekettik tildiń qoldanylý aıasyn
keńeıtý, memlekettik tildi úırenýge qyzyqtyrý, tildi meńgergen ózge ult ókilderin qoldaý.
Baıqaý qorytyndysy boıynsha 1-oryndy O.Jumabekov atyndaǵy JOBBM bazasyndaǵy Tirek
mektebiniń 9V synyp oqýshysy Qojanova Erkejan, 2-oryndy Aqtaý JOBBM 9-synyp oqýshysy
Jarylǵapova Almıra, 3-oryndy №132 JOBBM 11-synyp oqýshysy Muhtarova Gúlnur ıelendi.
Shyǵarmalarymen erekshelengen ózge de qatysýshylar bólimniń alǵys hatymen marapattaldy.
Baıqaýǵa usynylǵan shyǵarmalardyń ishindegi ózge ult ókilin qazaqsha sóılettire bilgen, ulty
basqa bolsa da, tili qazaq ekendigin beıneli sózben ádemi sýret jasap, kóz aldymyzǵa alyp kelgen
týyndy avtoryna qoshemetimiz bólek.
Aǵylshyn sertıfıkattary tabystaldy
«Qazaqstan Respýblıkasynda Tilderdi
damytý men qoldanýdyń 2011-2020jyldarǵa
arnalǵan
memlekettik
baǵdarlamasyn» júzege asyrý aıasynda
mádenıet jáne tilderdi damytý bóliminiń
uıymdastyrýymen úsh aıǵa sozylǵan
tegin aǵylshyn kýrsy ótkizilgen bolatyn.
Búginde kýrsqa qatysýshylar A1 (beginner) deńgeıin meńgerip shyqty. Olar
álipbıden bastap, ár áriptiń barlyq
býynda qalaı oqylatynyn, sandardy, aı
ataýlaryn, apta kúnderin, suraq qoıýdy,
dıalog qurýdy úırenip, osy shaqta,ótken shaqta, keler shaqtaǵy sóılemderdiń ara-jigin ajyrata alatyn,
óz oıyn aǵylshyn tilinde jetkize alatyn dárejege jetti. Oqý barysynda kýrsqa qatysýshylar aǵylshyn
tili alfavıtin, gramatıkasyn, fonetıkasyn oqyp meńgerdi. Aǵylshyn tilin úırenýshiler mátindi oqyp,
erkin sóıleýge qalyptasty. Kýrstyń qatysýshylaryna sózdik qoryn baıytatyn, oılaý qabiletin damytatyn aǵylshyn tilindegi oıyndar qoldanyldy.
Aǵylshyn tilin meńgergenin rastaıtyn sertıfıkatqa qol jetkizý úshin barlyq qatysýshylar 16-qazan
kúni test tapsyryp, úsh aıǵy eńbektiń nátıjesin joǵary deńgeıde kórsetti.
Qatysýshylar aǵylshyn tiliniń qyr-syryn úıretip, tildi meńgerýde úlken eńbek etken ustaz Qazybekova Tolǵanaı Muhamedqalıqyzyna zor alǵystaryn aıtty.
Kýrs oqyǵandar 2018-jyldyń 27-qarashasynda A1 (beginner) deńgeıin meńgergenin rastaıtyn
sertıfıkatqa qol jetkizdi. Aýdan turǵyndarynyń aǵylshyn tilin bilýge degen qyzyǵýshylyqtarynyń
artqany sonshalyq, kelesi jyly kelesi deńgeıdi meńgerýge qushtar ekenderin jetkizdi.
«Qaztest» sertıfıkattaryn tabystady
2018-jyldyń qyrkúıek aıynda «Qazaqstan Respýblıkasynyń tilderdi damytý men qoldanýdyń
2011-2020-jyldarǵa arnalǵan memlekettik baǵdarlamasyn» oryndaý aıasyndaǵy «Qaztest» júıesi
boıynsha testileý synaǵy Qazaqstan Respýblıkasy Вilim jáne ǵylym mınıstrliginiń ulttyq testileý
ortalyǵy arqyly júrgizilgen bolatyn.
«Qaztest» júıesi negizinde uıymdastyrylǵan testileý qorytyndysy boıynsha 9 adamǵa V1 (orta)
deńgeıli nátıje kórsetkeni úshin S.Seıfýllın atyndaǵy ortalyq kitaphanada mádenıet jáne tilderdi
damytý bólimi basshysynyń mindetin atqarýshy Medet Muqajanov sertıfıkattar tabystady. Medet
Muqajanov bul testileý kásibı bilim-biliktilikti arttyrýǵa, memlekettik til mártebesin kóterýge zor
yqpal etetinin aıtyp ótti.
Tuńǵysh Prezıdent kúni toılandy
2018-jyldyń 30-qarashasynda mádenıet úıinde 1-jeltoqsan - Qazaqstan Respýblıkasynyń Tuńǵysh
Prezıdenti kúnine oraı sahnalyq kórinisimen ajarlana túsken ádemi qoıylymdy-keshtiń, ásem ánmen
órnektelgen merekelik konserttiń kýási - jańaarqalyqtar boldy.
Osy keshte mádenıet jáne tilderdi damytý bóliminiń uıymdastyrýymen «Іnstagram» áleýmettik
jelisinde ótken «Men qazaqsha sóıleımin!» baıqaýynyń qorytyndysy shyǵarylyp, júldegerlerdi
tabystaý rásimi ótti.
Aýdan ákimi Bekqojın Iýrjan Asanuly jeńimpazdarǵa alǵys hattar men arnaıy syılyqtar tabystady.
1-oryndy Gúlmaıra Jakýpova (planshet), 2-oryndy Ásel Adıeva (uıaly telefon), 3-oryndy Gúlnar
Týrebaeva (qalta qýattaǵysh) ıelendi.
Salıqaly sózi men syndarly saıasatyn ushtastyra bilgen ult kóshbasshysynyń adastyrmas jolymen
kele jatqan qazaqstandyqtardyń alar asýlary, shyǵar shyńdary, baǵyndyrar belesteri kóp bolady
dep senemiz.
Latynsha jazyp daǵdylanamyz
2018-jyldyń qyrkúıek aıynan bastap mádenıet jáne tilderdi damytý bóliminiń uıymdastyrýymen
aýdan turǵyndaryn latynsha saýattandyrý maqsatynda túsindirý jumystary men trenıńter júrgizilýde.
Aǵymdaǵy jyldyń 8qarashasynda saǵat 15.00-de
Jańaarqa aýdanynyń «Mádenıet
jáne tilderdi damytý bólimi»
MM-niń
uıymdastyrýymen
Jańaarqa aýdanynyń aýrýhana
konferensıa zalynda qazaq
álipbıin latyn grafıkasyna
kóshirý máselesi boıynsha
«Latynsha jazyp daǵdylanamyz»
atty trenıń barysynda túsindirý
jumystary júrgizildi. Sharaǵa
aýrýhana qyzmetkerleri, onyń
ishinde
dárigerler
men
medbıkeler qatysty.
Sharany Jańaarqa aýdany
«Mádenıet jáne tilderdi damytý
bólimi» MM-niń bas mamany
Marǵulan Qanapın ashyp, latyn
grafıkasyna
kóshýdiń
mańyzdylyǵyn atap ótti. Latyn
isine kóshý isi boıynsha bólimniń ádiskeri Ásıa Ryshken aýrýhana qyzmetkerlerin álipbıdiń jańa
nusqasymen tanystyryp, emledegi jańa ózgeristerge sholý jasap ótti. Emle erejesinde kezdesetin
eskertpelerge de jeke-jeke toqtalyp, qoıylǵan suraqtarǵa jaýap berdi.
Trenıń barysynda qatysýshylar óz esimderin latynsha jazýdan bastap, medısına salasynda
qoldanylatyn kásibı sózderdi latynsha jazyp úırendi. Latyn qarpinde berilgen mátinder oqyp
daǵdylandy.
Aǵymdaǵy jyldyń 23-qarashasynda saǵat 15.00-de Jańaarqa aýdanynyń «Mádenıet jáne tilderdi
damytý bólimi» MM-niń uıymdastyrýymen Jańaarqa aýdanynyń ortalyqtandyrylǵan kitaphanalar
júıesinde qazaq álipbıin latyn grafıkasyna kóshirý máselesi boıynsha «Latynsha jazyp
daǵdylanamyz» atty trenıń barysynda túsindirý jumystary júrgizildi.
Trenıńti bólimniń latyn álipbıine kóshý isi boıynsha ádiskeri Ásıa Ryshken júrgizdi. İsshara
barysynda kitaphanashylar tarapynan tolassyz suraqtardyń qoıylýy latyn qarpine kóshý máselesine
degen qyzyǵýshylyqtyń joǵary ekendigin kórsetti. Jańa álipbımen óz esimderin jazýdan bastaǵan
qatysýshylar ınterbelsendi taqtada berilgen mátindi jarysa oqyp, tapsyrmalardy oryndaýda
kezdesken qatelermen jumys jasady.
Kitaphana ujymy jańa álipbıdi jarqyn júzben qarsy alyp, jańalyqqa beıjaı qaramaıtyndaryn ispen
kórsetti.
2018-jyldyń 27-qarashasynda bólimniń bas mamany Marǵulan Qanapın men ádisker Ásıa
Ryshken Ǵ.Jarylǵapov atyndaǵy agrarlyq kolej stýdentterimen kezdesti. Álipbıdegi ózgeristerge
erekshe kóńil bólip, eki oıly suraqtarǵa jaýap izdegen stýdentter latyn álipbıiniń júıesine ene bildi.
Shara barysynda túrli tapsyrmalar oryndalyp, qatemen jumys jasaldy.
28-qarashada bólim qyzmetkerleri JIGK kolej ustazdarymen bas qosty. Qazaq álipbıindegi tól
dybystardyń ózgeriske túsip, jańa nusqada berilýi tańsyq dúnıe bolǵandyqtan, ár aıtylǵan aqparatty
jiti baqylap otyrdy. Ádisker emle erejesindegi eskertpelerge erekshe toqtalyp ótip, mysaldar keltirdi.
Jazýda qınalǵanymen, oqý barysynda qıyndyqqa tap bolmaǵan ustazdar qaýymy latyn álipbıin tezaq meńgerip alatyndaryn jetkizdi.
29-qarashada ishki ister bóliminiń qyzmetkerleri latyn álipbıimen tanysty. Bólimniń ádiskeri Ásıa
Ryshken İİB qyzmetkerlerine 32 áripten turatyn jańa álipbımen óz esimderin jazýdy usyndy. Jańa
álipbıdegi jańalyqqa úrke qaramaı, ózgeriske túsken qaripter arqyly esimderin jazýdan bastaǵan
qatysýshylardyń kózi de, qoly da jattyqty. Qosymsha sabaq ótkizýdi suraǵan qatysýshylar latyn
álipbıin tolyq meńgerýge daıyn ekenderin jetkizdi.
2018-jyldyń 30-qarashasynda bólim qyzmetkerleri bilim bóliminiń qyzmetkerleri, onyń ishinde
ustazdarmen latyn tóńireginde bas qosty.
Ustazdar qaýymy, ásirese, ereje máselesine kelgende qyzý talqyǵa tústi. Emle erejesindegi eskertpelerge basa nazar aýdarylyp, árbir eskertpe mysalmen túsindirildi. Tapsyrmalar oryndalyp,
túrli pikir ortaǵa salyndy. Shara sońynda paıdaly aqparatpen tanysqan ustazdar ár mektepte
túsindirý jumystaryn júrgizetinderin aıtyp ótti.
Latynsha
jazyp bastady
J a ń a a r q a
aýdanynyń Atasý
kentinde
"Jarnamalar saýattylyǵy"
aksıasy jalǵasýda.
Aýdandaǵy saýda
nysandary mádenıet
jáne tilderdi damytý
bólimimen kelise
otyryp, latynsha jarnama jaza bastady.
Tilimiz ulttyq kıimmen
ulyqtaldy
Jańaarqa aýdany mádenıet jáne
tilderdi damytý bóliminiń ádiskerleri «Men qazaqsha sóıleımin» jáne
«Jarnamalarǵa
saýattylyq»
aksıalaryn ulttyq kıimmen júrgizdi.
Aksıaǵa qyzyǵýshylyqpen qaraǵan
kent turǵyndary ulttyq naqyshta
kıingen ádiskerlermen sýretke
túsip, qoldaý kórsetti. Ulttyq kıimdi
erekshe yqylaspen qabyldaǵan jurtshylyq tilimizdi damytýǵa atsalysatyndaryn jetkizdi.
Usynystar usyndy
Mádenıet jáne tilderdi damytý
bóliminiń
uıymdastyrýymen
ortalyqtandyrylǵan
kitaphanalar
júıesiniń zalynda «Men qazaqsha
sóıleımin»
stend
ornatylyp,
qatysýshylar tarapynan túrli pikirler
jınaqtaldy. Tildiń qoldanylýy aıasyn
keńeıtý úshin, qazaqsha sóılesý
mádenıetin arttyrý úshin ne isteý
kerek? degen suraqtar tóńireginde
birshama oı-pikirler jazylyp, ortaǵa
salyndy. Qatysýshylar osyndaı issharalar ári qaraı jalǵasyn tapsa
degen nıet bildirdi.
8 желтоқсан 2018 жыл
5
Ұлы даланың жеті қыры жіті талқыланды
Өткен аптада аудан
әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық
келісім
кеңесінің
IV
тоқсандағы отырысы өтті.
Аталған кеңес отырысын
«Нұр Отан» партиясының
аудандық
филиалы
төрағасының
бірінші
орынбасары,
аудандық
Қоғамдық
келісім
кеңесінің төрағасы Әсет
Аманжолов
ашып
жүргізді.
Аудандық
қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері, мекеме басшылары, жастар көшбасшылары қатысқан
кеңес отырысында мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы және
аудандық кеңестің 2019 жылғы жоспары талқыланды. Еркін форматта өткен жиын барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
Өз тілшімізден
Ұлттық құндылықтарымыз ұмытылмайды
Елбасының «Ұлы даланың жеті
қыры» атты мақаласын талқылау бойынша кездесулер жалғасын табуда.
Кезекті
кездесу
О.Жұмабеков
атындағы
ЖОББ
мектебінде
жоғарғы сынып оқушыларымен өтті.
Мектеп директоры Р.Рахимов
оқушыларға кездесу мақсатын айта
кетіп, қонақтармен таныстырды.
Сөз кезегін алған «Нұр Отан» партиясы
аудандық
филиалы
төрағасының бірінші орынбасары
Ә.Аманжолов мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
мақаласы маңызды мәнге ие екендігін және «Рухани жаңғыру»
бағдарламасын жалғастыру үшін
негіз болатын маңызды оқиға болып табылатындығын атап өтті.
С.Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының маманы Е.Шубаев аталған
мақаланың және рухани дамудың өскелең ұрпақ арасындағы маңыздылығы мен өзектілігіне
тоқталды.
Жас кәсіпкер А.Жартыбаев жастарға бизнесті дамытудың түрлі тәсілдерін үйретіп, кездескен қиындықтарды жеңу жолдарын көрсетіп, алға дұрыс мақсат қоя білу турасындағы
кеңесін айтты.
Өз тілшімізден
ит қаңғыбас болса- қауіптінің өзі
Алдымен қаңғыбас, бос жүрген иттер қайдан шығады десек, ол жануарлар иесінің дұрыс
қарамауынан, итті бос жіберуінен, жауапсыздық салдарынан. Ит иелері өздеріне жауапкершілікті ала білгендері жөн. 1 емес 3 итке дейін асырап, уақытылы ас-суын бермей, соңынан
оларға тіпті қарамай, бос қаңғытып жібереді. Тағы бір назар аударатын жайт, иттер жылына
екі рет күшіктейді. Сонда олар жылына 8-10 күшікке дейін көбейтеді екен. Қаңғыбас
иттердің саны да осындай жағдайдан кейін өсе түседі. Итті күшігімен тұрғын үйлер
жанындағы қоқыс жәшіктердің жанына тастап кететіндер де баршылық. Күшіктердің еркегін асырап алып, ұрғашысын қаңғытып жібереді. Ол күшік қоқыс аралап жүріп өсіп,
қаңғыбас иттер қатарына қосылады.
2013 жылы 12-желтоқсанда Қарағанды облыстық мәслихатының XXII сессиясының №245
шешімімен, «Қарағанды облысының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау
Қағидалары» бекітілген.
Тұрғындар өз жауапкершілігіне алған иттер мен мысықтарды «Жаңаарқа аудандық
Ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына тіркеп, есепке қоюға
міндетті. Есепке алынғаннан кейін әрбір ит пен мысыққа ветеринариялық паспорт беріледі.
Тіркеу барысында жануар иесі Қағида талаптарымен таныстырылады. Тіркеу кітабына қол
қоюмен куәландырылады. Үй жануарларын күтіп-бағудың Қағидасының иттер мен
мысықтарды ұстау туралы тарауында мына жолдар келтірілген. Санитариялық-гигиеналық,
зоогигиеналық талаптар және осы ережелер сақталған кезде иттер мен мысықтарды келесі
жерлерде: бір жанұя орналасқан тұрғын жайларда, бірнеше жанұя тұратын тұрғын жайларда
тұрғындардың жазбаша келісімімен тек өзінің тұрғын жай ауқымында рұқсат етіледі. Тіркелмеген (есепке алынбаған) егуден өтпеген иттер мен мысықтарды асырауға, иттер мен
мысықтарды көпшілік пайдаланатын орындарда (ас үйлер, дәліздер, баспалдақ бөлігі,
жертөлелер, балкондар, т.б, үй жанындағы аумақтарда, жатақхана дәліздерінде) ұстауға жол
берілмейді, – деп көрсетілген.
Иттер мен мысықтарды серуендету барысында иелері иттерді тұмылдырықпен және
мойын жіппен, айналасындағыларға ешқандай мазасыздық, кедергі келтірмейтіндей етіп,
ертіп жүруге және серуенге шығаруға болады.
Сондай-ақ иттерді балалардан аулағырақ ұстау керек. Спорт алаңдарында, емдеу мекемелерінде, саябақтарда, көпшілік шомылатын жерлерде, су айдындары мен бөгеттерде
шомылдыруға тыйым салынады. Қоғамдық жерлерде иелері байлаулы күйінде
қалдырғандардан басқа иттер қараусыз болып саналады. «Итім тіркеулі» деп бос жіберіп
қоюға болмайды. Қараусыз жүрген иттер қаңғыбас ит ретінде аулануға жатады.
Үстіміздегі 2018 жылдың басынан бері «Жаңаарқа аудандық Ветеринариялық станция»
КМК-ның арнайы мамандандырылған бригадасы қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын
үздіксіз жүргізіп келе жатыр. Бүгінгі күнге дейін рұқсат етілген арнайы пневматикалық қару
арқылы жансыздандыратын дәрімен 257-бас қаңғыбас ит ауланды.
Осыған қарамастан тұрғындардың тарапынан Атасу кентінің әкімдігіне қаңғыбас иттер
балаларға, жаяу жүргіншілерге тыныштық бермейді деген шағымдар жиі түседі.
Осымен қатар ит қабу фактілері де тіркелген. Кейбір адамдар қапқан иттің иесін таба алмайды, кейбірі иесін танитындықтан әдейі айтпайды. Мұндай жағдай болатын болса, ит
иесі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Ит ұстайтын тұрғындардың жауапкершілікті дұрыс түсінулері керек.
Әсіресе асыраудағы итін бос жібермей, қарғыбаумен байлауда ұстауды тағы бір еске
салғымыз келеді.
Әрине, ит ұстаушы азаматтардың сана-сезімі, өзгелерге деген құрметі артқан кезде
мақұлық хайуаннан зардап шегушілер болмас еді. Қаңғыбас иттер де азаяр еді.
«Атасу кенті әкімінің аппараты» мм-сі
елбасы – ел тірегі
1 желтоқсан
Тұңғыш Президент күніне орай ауданымыздың «Балдырған»
балабақшасының «Болашақ» тобында «Елбасы – ел тірегі» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Аталған шараны осы топтың Рыскүл, Динара, Гүлжазира апайлары ұйымдастырды.
Ашық тәрбие сағатының мақсаты - бөбектердің Отан сүйгіштігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» екенін түсіндіру. Қазақстан
Республикасының Президентінің өмір баянымен таныстыру. Ел Президентіне деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Шара барысында Елбасымыз, Елордамыз Астана-жас қала, бас қала туралы слайдтар
көрсетті. Сонымен қатар, тәрбиеші апайлар балаларға қазақ халқының Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен
жерлері туралы мағлұматтар берді. Ал, бүлдіршіндер болса, Елбасы жайлы тақпақтары мен
әндерін шырқап, мың бұрала билерін биледі. Ой өрісін дамыту үшін түрлі қызықты тапсырмаларды да орындады.
Балабақша басшысы Райхан Темірбайқызы шара соңында Отанын, халқын сүюге,
патриоттық сезімге тәрбиелеу жолында шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік
сезімін ояту үшін осындай шара ұйымдастырушыларына ризашылығын білдіріп,
бөбектердің өнерін бағалап, ата-аналарды мерекемен құттықтады.
сабина сайлаубай,
№132 жоББм-нің 6-сынып оқушысы
елін сүйген - елбасы
«Ақерке» бөбекжайының «Балдәурен» тобында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті мемлекеттік мерекесіне орай бірнеше іс-шара өтті.
«Елін сүйген –
Елбасы»
атты
тәрбие сағатына
тәрбиешілер, балалар және атааналар қатысты.
Шараны топтың
тәрбиешілері
Т. Б а л к е н о в а ,
Г.Шакентевалар
ұйымдастырды.
Мерекеге
сай
безендірген
сахнаға «Егемен
елдің - кемеңгер
көшбасшысы»
атты
көрме
ұйымдастырды.
Тәрбиешілер
к ө р м е г е
қойылған кітаптармен таныстырып Елбасымыздың өмір жолынан үзінділер келтіріп,
кемеңгер көшбасшының саясатын насихаттап, балалардың санасына патриоттық сезімін
ұялату мақсатында әңгімелеп берді. Бұдан соң, балалар да өз өнерлерін ортаға салып, ән
мен жырдан шашу шашты.
Соңынан бөбек-жай меңгерушісі Г.Әбенова ата-аналар мен тәрбиешілерді және балаларды
мерекелерімен құттықтап, жүрек жарды тілегін білдірді. Ата-аналар тарапынан да құттықтау
сөз сөйлеп, балалардың көрсеткен өнерлеріне тәнті болып, ризашылықтарын білдірді.
Өз тілшімізден
елбасы жолдауына үн қосамыз
Білімді ұрпақ – ел болашағы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы
дәстүрлі түрде Қазақстан халықтарына арнайтын Жолдауы ел дамуының басты
бағдары болып табылады. Жолдауда әр жыл
сайын атқарылатын нақты іс-шаралардың
тізбесі жасалып, елдің экономикалық,
әлеуметтік, рухани өркениеті мен медицина,
білім беру т.б. салаларының дамуына
қажетті басымдықтар міндетті түрде аталып
өтеді. Елбасының «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын
арттыру» деп аталған биылғы жылғы Жолдауында да көптеген мәселелер қозғалып, әр
сала
бойынша
нақты
тапсырмалар
ұсынылды.
Әдеттегідей білім беру саласындағы өзекті
мәселелер де назардан қағыс қалмады. Біздерді, яғни ұстаздар қауымын, қуантатын
жаңалықтар легі де орын алды. Атап айтар
болсақ, «Келесі жылы «Педагог мәртебесі
туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет»,деген Елбасы бұл құжаттың мұғалімдердің
жүктемесін азайтуға, жөнсіз тексерістер мен
мұғалімдердің міндетінен тыс қызметтерден
арашалайтындығын тілге тиек етті. Бұл игілікті істің жүзеге асуы ұстаздар қауымына
қуаныш сыйлайтыны анық. Әр уақытта адал
еңбектің бағаланғаны көңілге қуаныш
ұялатады. Алдағы жылы мұғалімдер
еңбекақысын көтеруге байланысты берілген
нұсқау да білім саласы қызметкерлерін бір
серпілтіп тастады.
Жолдауда көрсетілген білім саласына
қатысты мәселенің бастысы – әдеттегідей,
білім сапасына байланысты. Елбасы мемлекеттік мектептер үшін Назарбаев зияткерлік
мектептерінің
оқыту
жүйесі
мен
әдістемесінің бірыңғай стандарт болуы
қажеттігін және бұл істің білім беру саласын
реформалаудағы қорытынды іс екендігін
баса айтты. Елбасы аталған мәселе
төңірегінде біршама тапсырмалар ұсынып,
білім берудің және оны бағалаудың
халықаралық стандартқа сай болуы
қажеттігін ескертті. Алдыңғы қатарлы
дамыған елдердің санатына қосылудың
алғашқы шарты – білім беру саласына тікелей байланысты. Еліміздің заңғар жазушысы
М.О.Әуезов айтқандай, «Адам мен адамды
теңестіретін нәрсе - білім».
м.БАЛАБАевА,
№ 132 жоББм директоры
8 желтоқсан 2018 жыл
6
ӘЛіпов Айтбек РымбекұЛы
Жаңаарқа ауданында 28 тамызда 1963 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді экономист, заңгер. Экономика
ғылымының кандидаты. Жиырмадан астам ғылыми еңбектердің авторы. еңбек жолын 1986 жылы
Жаңаарқа аудандық қаржы бөлімінде бастаған. 1996 жылдан бастап Қаржы, кеден, мәдениет және
ақпарат, кіріс министрлігінде басшылық қызметтер атқарған. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республиксы парламенті мәжілісінің Қаржы бюджет комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін
атқарады. отбасылы екі қызы, үш ұлы бар. олар: Айгүлім, Айгерім, Рамазан, Райымбек, Нұрдәулет.
Ана өмір гүлі
Сен алғаш маған “ана” деп сөйлеуді үйреттің,
Мейірімді жүрегіңмен.
Сен маған “тәй-тәй” басып жүруді үйреттің,
Болашаққа бағыт беріп.
Сен маған күлуді үйреттің,
Қуанышқа бөлеп мені.
Сен маған жамандықтан жиіркенуді үйреттің,
Жақсылыққа куә бол деп.
Ақ сүт беріп аялап,
Мейрімділікке үйреттің.
Түн үйқыңды бөліп талай,
Тәтті ұйқыныүйреттің.
Өзің барда, өзің бар деп қуандым,
Өзің жоқта сағыныштан жыладым.
Алыс кетіп бұл күнде,
Ана мейрімін сағындым.
Ер жетсемде есейіп,
Есім кетеді бұл күнде.
Сен есіме түскенде,
Тұла бойым шымырлап.
Бүлк-бүлк етіп бауырым,
Ана үнін сезгендей.
Қайта айналып келгендей,
Елжіретеді жүректі.
Осы күнге жетізген,
Жанарды қалай ұмыта алам.
Күн нұрындай шуақ шашқан,
Құшағыңды қалай ұмыта алам.
Алыс кетсем абыржып,
Амандықты тілейтін.
Ауырғанда уайым жұтып,
Айығуды тілейтін.
Бар жақсылық бойымдағы,
Ақ сүтіңнен тараған.
Сені ұмыту балаңа,
Мүмкін емес анашым.
Сондықтан да, аналар,
Мәңгі әсем гүл болып қалыңдар.
Тіршіліктің гүліне,
Жарық сәуле шашыңдар.
сұлулығын табиғаттың сезесің бе?
Әсемдігін табиғаттың сезбеппін,
Сезсем дағы оң бағалай білмеппін.
Зымыраған күндерімен ілесем деп,
Қадірін де сұлулықтың білмеппін.
Күздің қара суығын елестетіп,
Қоңыр күздің сұлулығын сезбеппін.
Жапырақтың сарғайғанын сезсем де,
Сұлулықтың кереметін сезбеппін.
Қыстың қаһар аязын елестетіп,
Жауған қардың әсемдігін сезбеппін.
Боранның да ұйытқығанын сезсем де,
Әсем сазды құдіретін білмеппін.
Өмір өзен арнасы мен тоғысқан,
Өмір өзен толқынымен жарысқан.
Өмір өзен ағып жатқан тоқтаусыз,
Өмір өзен өтіп жатқан білінбей.
Өмір ғажап, атып жатқан әр таңың.
Өмір ғажап, өтіп жатқан әр күнің.
Өмір өзен қос жағадан тұратың,
Өмір кейде нәзік гүлдей солатын.
Өмір деген қуанышты күндерін,
Өмір деген
өкінішті
сәттерің.
Өмір деген ағып түскен
жұлдыздай,
Қайта айналып келмейтін.
Өмір сен де тәкапарсың, қаталсың,
Біреулерге сынақ отын жағасың.
Көз аштырмай қайғы-мұңға
Сен үйреттің сұлулықты, сезімді,
Ғашық бола білуді.
Жүрегіңе біліне ме, тыңдашы,
Сені аңсаған жүректі.
Бүгін міне самал желдің желпуінен оянам.
Сен аялап келді екен деп жаныма.
Жапырақтың сылдырынан оянам,
Сенің сылдыр күлкін бе деп бұл сәтті
Сен үйреттін сұлулықты, сезімді,
Ғашық бола білуді.
Жүрегіңе біліне ме, тыңдашы,
Сені аңсаған жүректі.
бөлейсің,
Біреулерге бақыт отын шашасың.
Өмір кейде тұнып тұрған теңіз ғой,
Өмір кейде алай-түлей дауыл ғой.
Буырқанса бұлқынса,
Жағалауда қалдырар.
Өмір деген махаббат,
Қос жүректен
тұратын
Өмір деген кемеде,
Жүзе білсін қалықтап.
Өмір деген сырға толы,
Мұңға толы ғажап әлем.
Өмір деген тендесі жоқ құдіреттің
сыйлығы,
Сондықтан да мен өмірді сүйіп
өтем.
ӨЗен
–
Р
І
Өм
Ғашық жүрек не
дейсің...
Ғашықтық құмарлықпен егіз екен,
Құмарлық бір нәпсі үшін керек екен.
Ләззатын құмарлықтың татсаң егер,
Сенен артық жан жоқ деп қалады екен.
Ғашықтықтың шынары осы емеспе,
Көңіліңнің рақаты сен болған соң.
Ойламайын десем де ойлатады,
Албырт сезім өртіне бөленгенде.
Ой не деген керемет деп қаласың,
Жетегіне ілінсең ғашықтықтың.
Жетелейді нәзік сезім өзімен,
Менсінбей-ақ дүниенің өзге бақыт, шаттығын.
Ғашық көңіл айдынында қалықтап,
Құмарланып іздейсің де тұрасың.
Шыр айналып дегеніне көнесің,
Ішкі сезім билегенсін көңілді.
Өзіңді мен құштарлықпен қиялдадым,
“Жаным” деп жүрегімнен жыр арнадым.
Өмір деген өте шығар өткінші,
Аз ғұмырда тарқатшы құмар бағын.
Бұны бәлкім білер мекен біреулер,
Махабаттың аспаны,
мың жұлдыздың ішінде, бір жұлдыздан тұрарын.
Ғашықтықтың жанары,
Қос жүректе боларын.
Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері,
Ғашық болу келсе кімнің қолынан.
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Сондықтанда ғашықтықпен өткен күндер бағалы.
Білуші едім өзіңді жас күніңен,
Сенің көзің қара да емес, қонырда емес, көк те емес.
Сенің жүзің, келбетің,қыпша белді, бойшаң да емес,
Біле білсең сол көздердің оты да ғажап емес.
Бүгін міне аң таң болдым алғаш көріп жүзіңді,
Есейіпсің көрікті, қылықты боп.
Қарамайын десемде отты көзің,
Үн қатқандай болады шуағымен.
Бірақ маған сол жанар нұрдай болды,
Есім кетіп, өртенгем сағыныштан.
Сол бір ғажап әлемге үңілем деп,
Абайсызда құлап кеттім ішіне.
Аласұрған күйімді сезесің бе,
Бұл недеген керемет, ғажап дүние.
Тауы, тасы ғажайып, орман- шөлі,
Сусыныңды қандырар бұлақ суы.
Бұл не деген табиғат бүлінбеген,
Бау-бақшасы жетіліп, жұпар исі аңқыған.
Тұла бойды тамсантқан,
Апортының дәмін ай.
Күн шуақтан қалжырап келгенде,
Жан рахатын сездірер,
Әке деген асқар тауың
білесің бе?
Әке деген асқар тауың білесің бе,
Әке деген асқар шыңың сезесің бе.
Әке деген аққан бұлақ нәр беретін,
Әке деген жол көрсетер ақылшың.
Әке деген бар жылуды жинап алған,
Ай мен күн.
Әкең барда қанат бітіп,
Құс сияқты самғайсың.
Әкең барда көз салмайсың әріге,
Әр нәрсенің байыбына бармайсың.
Әкең барда асқар таусың,
Әкең барда алынбайтын қамалсың.
Әке деген бойыңдағы күш-жігер,
Әке деген сүрінгенде тірегің.
Әке деген айбатың,
Әке деген қиындықта қорғаның.
Әке деген асқар тау,
Әке деген сырласың.
Әке деген асыл тұлға болған соң,
Бәйтерекке теңедім.
Сол бір күні көктемнің,
Күні жетіп,
Сол бәйтерек опырылып,
Құлап түсті орнынан.
Қайғы кернеп,
Дүние тоқтап қалғандай.
Алай-түлей дауыл болды көкіректе,
Сенің жоғың қабырғама баттыда.
Енді міне сен жоқта,
Арқа тұтар әкешім,
Асқар тауым шағылып,
Күш-қуатым сарқылды.
Қиындықта іс түссе,
Жол көрсетер ақылшым,
Жанға демеу болатын,
Сенің жоғың сезілді.
Енді міне түсінем,
Сен бардағы еркелік.
Еркелікке бой беріп,
Жасағаным қателік.
Кезі-кезі келгенде тасып та алам,
Сен есіме түскенде жасып қалам.
Құс сияқты самғағым келсе дағы,
Қанатымның қайырылғанын сезіп тұрам.
Әке сенің жоғыңды білдірмейм деп,
Туысқанға мейрімімді шашып тұрам.
Сонда дағы білінер сенің орның,
Басқаларға сездірмей тұрсам дағы.
Енді бүгін түсінем,
Анамды мен.
Аспан көкке жеткізген,
Әке есімін.
Ой жүгіртіп қарасам,
Өткенге мен.
Тамаша өмір сүріпсін,
Асыл жанды жар қылып.
Көк Волгаға мініп ап,
Сайран ғұмыр кешіпсің.
Алғашқы боп Меккеден,
Қажы болып келгенсің.
Сексен екі жасында жас ақ әке,
Шүкіршілік етейік бір Аллаға.
Шаңырағың ұлғайып, бой көтеріп.
Өсіп жатыр бұл күнде ұрпақтарың.
Жаққан отың жанып тұр,
Сөнбейтіндей.
Өшпейтіндей артыңда,
Із қалдырдың.
Құздан құлап ағатын,
Сарқырама суы бар.
Бұл ғажайып әлемде,
Жан рақатын шақырар,
Тұла бойды балқытар,
Ыстық көлі тағы бар.
Жер астында бүлк-бүлк етіп,
Арнасынан аспаған.
Қайнар көзі ашылмаған,
Жанартауы тағы бар.
Бұл не деген ғажап әлем,
Жер анадан тараған.
Қызықтағың келеді,
Терең зерттеп ой-қырын, орман-шөлін.
Бұл әлемді біле бермес біреулер,
Білсе дағы жетік білмес сезініп.
Ләззатына бөленіп,
Елжіреген сезімнің.
Бұл ғажайып өмірдің,
Ашылмаған сыры бар.
Сондықтанда әрдайым,
Мәңгі өлмейтін махаббаттың құны бар.
езім
с
ы
л
р
нұ
еске
АЛу
Ақтүбек ауылының тұрғыны ардақты әке, сүйікті ата,
ағайын -туыс, құда жекжаттарына қадірлі болған
Кадин Зекеннің фәниден бақиға озғанына 1 жыл
толды. Әкеміз өлген жоқ, оны еске алатын ұрпағы
барда. Үйге катарлары келсе немерелері “атамды
сағындым” деп жылайды. Ардақты әкеміз ұлықты ұл,
қылықты қыз сегіз баланы тәрбиелеп өмір көшіне ілестірді. Жанұямыздың алтын діңгегі әкеміз тірі
болғанда биыл 77 жасқа толар еді. Акылды, салмақты
да сабырлы жан әкемізді сағына еске аламыз.
Әке, сен елесімде, түсімдесің,
Салмақты қою қара қасты пішіндесің.
Ізгілікпен жол салдың бәрімізге,
Ұл –қызынның үнемі есіндесің.
Өзіңді әлі талай сағынамыз,
Тағдырдың жазғанына бағынамыз.
Амал қанша тағдырдың шешіміне,
Тербелсін жаның жәнаттың бесігінде.
еске алушылар: бауыры сембай-Күлкеш, балалары еркін-Анар, ерболмәдина, Ләззат, Рахат, Алтын-Қайыркен, Гаухар-Өміртай, жамбы-серікбол,
меруерт-Тұрағұл, Гүлбаршын-Данияр, жансая, ерғанат, ермұрат, ерболат,
нұрболат, Інжу, Іңкар
16-желтоқсан күні сағ 14.00-де Ақтүбек ауылының мәдениет үйінде әкеміздің
дүниеден өткеніне 1жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
7
Аяулы
да,
ардақты
анамыз
жақсылықова
Рымкүл
жаңабайқызының бұл өмірден бақилық болғанына 21 желтоқсан
күні 40 күн толады. Асыл жанды анамыз шаңырақ ұйтқысы бола білген, туған –туыс, бауырларына сыйлы, жүрегі кең, мейірімі мол жан
еді. Қонақжайлылығы ерекше, дастарханынан ас кетпеген, қуанышы
мен қызығын көрші-қолаң, туған-туыспен бөлісе білген. Ардақты ана,
ақылшы ана, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты, айналасындағыларға
кеңпейілді, ақкөңіл адам болғанын анамызды білетіндердің бәрі есіне
жиі түсіреді. Отбасына тірек болған анамызды сағынышпен еске ала
отырып, жатқан жері жайлы, қабірі қамқа, топырағы торқа, тәні рахатта,
жаны жәннатта болсын деп тілейміз. Аяулы анамызға Алланың нұры,
Пайғамбардың шапағаты жаусын.
Қырық күн болды ЖАН АНА,
Көңіліміз жабырқап, өзіңді жоқтағалы.
Кеудемізде қайғының ізі қалды,
Сағынышпен ұрпағың еске алады.
ермаxанқызының өмірден өтіп, бақилық болғанына 8-желтоқсанда қырық күн
толады. Әр ісін сағынышпен еске алып, қол жайып дұға тілегеннен басқа қолдан
келер қайран жоқ.
Отындай атқан таңның арайының,
Бауырым деп сипап әр кез басымыздан, Жақынға ем болып ед талай үнің.
Қорған боп қолдаушы едің жасымыздан. Соңыңда ұл қыздарың жылап қалды,
Өмірге жаны құштар жаным апам,
Артыңда жылап қалды ағайының...
Сенің де кеткенің бе қасымыздан?
Жақынға жақсылықпен атың аңыз,
Мейірім жолдап әр кез тұнық нұрдан,
Жылындық қаншама рет отыңа біз.
Жан едің жамандықты ұмыттырған...
Алланың жазғанына амал қанша,
Жағдайын сұрап әрбір жақынының,
Қол жайып, дұға тілеп отырамыз...
Әрдайым қалымызды біліп тұрған...
Мейірім гүлін егіп бағыңызға,
Ақ жүрек, жайлы мінез, көңіл нұрың,
Өттіңіз дақ түсірмей арыңызға.
Барлығы түседі еске соның бүгін.
Торқа боп топырағың,
Ешқашан ренжітпеген бір адамды,
Жаратушы
Жаныңның кеңдігі ғой момындығың.
жәннаттың төрін берсін жаныңызға.
еске АЛу
Қадірлі де ардақты әкеміз, немерелерінің қамқор
атасы, отбасының панасы, берекесі болған
Көктал елді мекенінің
тұрғыны, жарылғап
Б а қ т и я р
жанайдарұлының
фәни жалғаннан бақиға
озғанына
желтоқсан
айының
22-ші
жұлдызында 40 күн толады. Ақкөңіл, жүрегі
адал, мейірімін күн
нұрындай жан-жағына
сепкен әкеміздің бейнесі
мәңгі көз алдымызда. Әкеміздің орны ойсырап,
қабырғамыз қайысып, жүрегіміз қайғыдан қан жылайды. Келмеске кеткеніне әлі де сенгіміз келмейді.
40 күн өтті ортамыздан сіз кеткелі,
Көздің жасын көл қылып селдеткелі.
Бір өзің ең ақылшымыз, панамыз да,
Сыйлы едің ел-жұртына, жан-жағыңа.
Тағдырдың салғанына шара бар ма?
Жылаймыз, мұңаямыз, көнеміз де.
Сағынып еске аламыз, дұға оқытып,
Әруағыңыз риза болсыншы, қабыл болып.
еске алушылар:жұбайы-Құралай, балалары, келіндері, күйеубалалары, немерелері
22 желтоқсан күні сағат 13.00-де «сұлтан» мейрамханасында әкеміздің қайтыс болғанына 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
еске АЛу
Жаңаарқа ауданының
тұрғыны болған, асыл
жар, ардақты әке,
сүйікті ата Дыбысов
мейіржанның
өмірден
озғанына
желтоқсан айының 16шы жұлдызында 1
жыл толады. Аяулы
жанның әруағына дұға
бағыштай
отырып,
жатқан жерің жайлы,
топырағың
торқа,
жаның жәннатта, тәнің
рахатта болсын деп сағына еске аламыз.
Әкешім шаңыраққа болдың пана,
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,
Сағындық әке сізді баршамызда.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен балалары еске алады.
Өзіңізбен өткізген әрбір күндер,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
сағына еске алушылар: жұбайы – мәдина, балалары, немерелері
16 желтоқсан күні сағат 13.00-де «Жаңаарқа» мейрамханасында әкеміздің өмірден өткеніне 1 жыл
толуына орай құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
еске АЛу
Қайран Анам, жарқын бейнең,
Жадымызда мәңгілік сақталады.
Қабіріңе Алланың нұры жауып,
Жұмақ болсын мекенің.
сағына еске алушылар: балалары, бауырлары, немерелері, жиендері
Анамыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай 22 желтоқсан күні сағат 13.00-де
«Жаңаарқа» мейрамханасында құдайы ас беріліп, құран бағышталады
еске АЛу
Жан-жағын мейірімге бөлеп, жылуын төге жүрер аяулы жан Тиіштай
еске алушылар: отбасы және бауырлары
еске АЛу
8 желтоқсан, 2018 жыл
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған сүйікті әже, аяулы анамыз Асанқызы
(мәндия) мәрияның фәни жалғаннан бақи дүниеге аттанғанына айдын жүзі болды.
Еліне елеулі, халқына қалаулы болған анамыздың мейірімді жүзі көңілімізден өшер
емес. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын Жан Ана.
Мәңгі бақи кетті қайран Анамыз,
Ортамызда жүретұғын қарық қып,
Ақылшымыз, қамқоршымыз, панамыз.
Жылы жүзін, бір көруге зарықтық.
Бет-бейнесі көз алдында елес боп,
Ақ сүтіңді өтемесек кеш, Ана,
Сағыныштан сарғайғандай санамыз.
Жаратушы жарылқасын, жарықтық.
Бізге өмірді, мол бақытты сыйладың,
Біздер үшін тергенімен-жиғанын.
Ұлы Алла бет алдынан оңғарсын,
Жұмақ-жайдан нұрын шашсын иманның.
сағына еске алушылар: балалары, немерелері, бауырлары
20 желтоқсан күні сағат 13.00-де “сұлтан” мейрамханасында анамыздың өмірден
өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ескеАрдақты
АЛу
ана, сүйікті де қамқор
әжеміз орынбекова Кәмилә
орынбекқызының
дүниеден
өткеніне 14 желтоқсан күні 40 күн
толады. Өмірде орны бөлек асыл
анамыздың нұр тұнған жарқын жүзі
көз
алдымыздан
кетсе
де,
жүрегімізден еш уақытта кетпек
емес. Амал не, Алла ісі байғазы
деген, жатқан жері жайлы,
топырағы торқа болып, жаны пейіште болсын деп рухына арнап
дұға бағыштаймыз.
Өмірден өтіп кетті ел анасы,
Ана, ол-қасиеттің баламасы.
Пейіштен төр бұйырсын әкеге де,
Ардақты болған еді ел ағасы.
Шүкіржан дара өскен балаң еді,
Қайыржан, Ерлан, Гүлжан тарап еді.
Тектіден текті туып, ұрпақтардың,
Тартқан ғой өзіңізге жан әлемі.
Айналған сағынышқа сағым нұрсың,
Жүр, міне, шөберелер, бағың- бұл шын.
Рухыңа тәу етеді ұрпақтарың,
Дұғасын жалғыз Аллам қабыл қылсын.
сағына еске алушылар: баласы-Шүкіржан-Гүлнәр, немерелері-Қайыржан-Әйгерім, Гүлжан-Асылхан, ерлан-Әлия,
шөберелері, туған-туысқандары
Анамыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай 14
желтоқсан күні сағат 14.00-де «сәт» мейрамханасында
құдайы ас беріліп, құран бағышталады
еске АЛу
Байдалы би ауылының тұрғыны
болған,
отбасының
мәуелі
бәйтерегі, асқар таудай әкеміз,
ардақты ата имашев Амангелді
мұқажанұлының
мәңгілік
сапарға
аттанғанына
15
желтоқсан күні 1 жыл толып
отыр. Әкеміздің жатқан жері
жайлы, топырағы торқа болып,
жаны пейіште болсын деп рухына арнап дұға бағыштаймыз.
Жан әке, жоқсын бүгін арамызда,
Сақталасың мәңгілік санамызда.
Сағына еске аламыз, әке, сізді,
Желеп–жебеп жүргейсің бәрімізді.
Бір жыл өтті, асыл әке сіз кеткелі,
Жүректің қайғы-мұңнан жас төккелі.
Күнде аңсап біз өзіңді еске аламыз,
Көнеміз тағдыр салған талқыға біз.
сағына еске алушылар: балалары, немерелері, жиендері,
туған-туысқандары
15 желтоқсан күні сағат 13.00-де байдалы би ауылының
мәдениет үйінде әкеміздің өмірден өткеніне 1 жыл толуына
орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Көңіл айту
Аудандық білім бөлімі, білім бөлімінің кәсіподақ ұйымы мен
№132 ЖОББ мектебінің педагогикалық ұжымы осы мектептің
әлеуметтік педагогы Адикамова Перизат Мұратқызына
енесІнІң
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
считать недействительным
Договор приватизации № 657 от 29.01.1993 года выданный на имя
салащенко владимира михайловича в связи с утерей считать недействительным
Құттықтаймыз!!!
Алғабас ауылының тұрғындары асқар таудай
сайрам
әкеміз,
қамқор
ата
Ұлмағанбетұлы 75 жасқа, қамқоршы
жан анамыз, сүйікті әже Ағайша
ержанқызын 70 жасқа толуларымен құттықтаймыз. Ата-анамыздың
қол ұстасып
бір
шаңырақ
көртергендеріне
55 жыл толып
отыр. Отбасында ұл мен қыз
тәрбиелеген ата-анамызға балалық махаббатымызбен айтар алғысымыз шексіз. Алдағы ғұмырларында ұзақ жасап,
ортамыздың сәні болып, немере-шөберелерінің
қызығын көрулерін Алла нәсіп етсін дейміз.
Құтты болсын мерейтойы ата-ананың ардақты,
Келін сүйіп, қыз ұзатқан жақындатып жан-жақты.
Ұзақ жасап, бақытты өмір сүріңіздер асылдар,
Немере мен шөберенің тойын тойлап салмақты.
Тарқамасын базарлы той шаңырақтың шаттығы,
Балаларың, ұрпақтарың ғұмырыңңның ақ гүлі.
Алла жазып немене сүйіп, жүз жасаңыз ауырмай,
Тербетсінші сіздерді шөпшектердің тәтті үні.
игі тілекпен: балалары-Әлихан-марал, Өмірхан-Замзагүл, Өміржан-жаңагүл,
сайлау-Анар, саябырхан-нұрлыгүл, саягүл-Біржан, немерелері-Арман-Гүлнұр,
Гүлсая-Әлібек, Әсия-Қуаныш, саяжан, Айбат, Алмат, Гүлназ, Арай, Әйгерім,
еркебұлан, жиендері-сағи, мирас, Гүлімай және шөберелері
Құттықтаймыз!!!
Ардақты да сүйікті кенже балам, қамқор да қадірлі бауырымыз, отбасының арқауы, жан жарының тірегі, балапандарының
Шамкенов
Қайыркен
асқар
таудай
әкесі
ескермесұлын 15 желтоқсан күні 40 жасқа толар мерейтойымен-туған күнімен құттықтаймыз.
Айтулы қуанышты күнде зор денсаулық, еңбегіне табыс,
шаңырағыңа ырыс пен байлық, отбасыңа ынтымақ пен
бақыт, дастарханыңа құт-береке тілейміз.
Балапандарыңның қызығын көріп, туған-туыс пен досжаран ортасында мәртебең биік, абыройың асқақ болып,
аңсаған арман асуларыңа жете беруіңе тілектеспіз.
Қырық жас – қамал алар ердің жасы,
Толықты жылдан-жылға парасатың,
Шаруаңды үй мен түзде бірдей ұстап,
Әкенің орындадың аманатын.
Болса да өзгелерден кішілігің,
Тілейміз отбасыңа тұрмыс сәнін,
Өзгеше пайымдауың, түсінігің.
Арайлап шыққан күннің әрбір таңын.
Аяулы жарың Дана, балалармен
Шалқарлы шаңырағыңа шаттық толып,
Үйінің ажарланды іші бүгін.
Кеңейіп, кемелденсін әр тарабың!
Ізгі ниетпен, ақ тілекпен: анасы- Райхан, нағашысы -Шынар-сәуле, аға-жеңгелері,
апа-жезделері, іні-келіндері, бауырлары, жиендері
Хабарландыру
Аудан әкімі Ю.А.Бекқожинмен жеке кәсіпкер “Әділ +А” жетекшісі А.Байғожиннің
арасындағы меморандумға сәйкес Байғозы Батыр көшесі № 129/1 орналасқан теміржол
тұйығында 1 тонна Шұбар көл көмірінің бағасы 10300 теңге болып белгіленді.
Аудан әкімдігі
АЗиАТсКий КРеДиТнЫй ФонД
предлагает
Быстрые кредиты до 500 000 тенге!
Кредиты для работающих и для пенсионеров (по возрасту)
Мы выдадим Вам кредит на разные цели
Преимущества кредитов АКФ:
•Требуется только один документ (удостоверение личности, пенсионная книжка для пенсионеров)
•Отсутствие комиссионного сбора
•Без ограничения возраста заемщиков (от 21 года)
•Быстрое рассмотрение заявки на кредит! Мы ценим Ваше время!
наш адрес: п.Атасу, ул. Тауелсиздик, д. 5\1.
Контактные телефоны: тел. 8 (71030) 2-80-47
нурсултан + 7 771 266 57 00,
Акмарал
+ 7 771 747 06 85
ӨЗ ГАЗеТТеРІңІЗ «жАңААРҚАҒА» 2019
жЫЛҒА жАЗЫЛЫңЫЗДАР!
Құрметті аудан тұрғындары, газет оқырмандары! Өздеріңіздің сүйікті
басылымдарыңыз “жаңаарқа” газетіне 2019 жылға жазылу басталды. Аудан
аймағындағы жаңалықтың жаршысына айналған, сексен жылдық тарихы бар
сүйікті газеттеріңіз сіздердің көңілдеріңізден шығатынына сенімдіміз. Халықтың
игілігіне қызмет етуден танбайтын аудандық басылымның өздеріңізбен алдағы
жылда бірге болуы үшін газетке жазылудан кеш қалмаңыздар.
Газетке аудандық почта торабынан жазыла аласыздар.
Заңды тұлғалар үшін индекс 16282
1 жылға 2496 теңге
жеке тұлғалар үшін индекс 66282
1 жылға 1992 теңге
“Аудандық “жаңаарқа” газеті редакциясы”
жШс басшысы - бас редактор
еРАЛинА сАЛТАнАТ АмАнҚЫЗЫ
менШІК иесІ: аудандық ”жаңаарқа“ газеті жШс
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИиК KZ276017171000000078, Бин 010340002761, БиК HSBKКZKX, КБе 16,
Рнн 240400001948, Ао “народный Банк Казахстана”
Құттықтаймыз!!!
Асыл жар, ардақты әке, немерелерінің сүйікті атасы Рысқали
Тайкенұлы бүгінде 70 жастың жатасына шығып отыр. Арқа
сүйер тірегіміз, абыройлы азаматты туған күнімен шын
жүректен құттықтаймыз. Алла тағала ғұмырыңызды ұзақ
қылып, бала-шағаларыңыздың қызық қуанышына бөлене
беруіңізді нәсіп етсін. Жан анамыз Бақытпен қол ұстасып,
жарасымды жұп болып ұзақ өмір сүруіңізге шын көңілмен
тілектеспіз.
Мерекең бүгін, Әкешім, оны білесің,
Аялап бізді емен де жарқын күлесің.
Өмірде мынау азамат болып жетілсек,
Осыған сенің орасан екен үлесің.
Мерейлі тоймен құттықтап, әке, өзіңді,
Жадымда жаттап өнеге. ақыл сөзіңді.
Балалық балғын сезіммен саған тілейміз,
Қажымас қайрат, мұқалмас жігер, төзімді.
Жаныңда жүріп өзіңмен бақыт табам мен,
Жыр жаздым, әке, сырласып қағаз қаламмен.
Зор бақыт және жүз жылдық ғұмыр тілейміз,
Жазылмай жұбың жүргейсің бірге анаммен.
Ақ пейіл жүрекжарды тілекпен: жұбайы-Бақыт, балалары-салтанат-Әсет,
Перизат-нұрлан, Бекзат, самал, Ақмарал-Алмаз, немерелері-Ақжан, АрайАрайлым, Азамат, Аружан, Ақбота, Ботагөз, Айзере, Афият
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны отбасының ұйытқысы, қадірлі де
ардақты бажа, балдыздарының құрметті жездесі Төкен
Базарбайұлын 9 желтоқсан күні 70 жасқа толар туған
күнімен құттықтаймыз. Бажамызға дүниедегі бар
жақсылықты, мықты денсаулықты, ұзақ та бақытты ғұмыр
тілейміз. Тілеген арман, ойлаған мақсаттарыңызға жетіп,
талай мерейтойларды еңсеруге жазсын.
Мерейтойдың жалғасы бақыт болсын,
Айнала нұр, ортаға шаттық толсын.
Мерейлі, мейірімді сіздей жанға,
Алланың несібесі, бағы қонсын.
Денсаулық қуат берсін қартаймайтын,
Шаңыраққа шаттық берсін ортаймайтын.
Әрдайым абыройыңыз арта берсін,
Жасыңызға жас қосылсын, біз тойлайтын.
игі тілекпен: бажалары Ғабдулла-Бибіғайша, есен-Гүлғайша, БалтабайАлмагүл, Бауыржан-Айнагүл, сұңғат-Анаргүл, балдыздары- Қайрулла-Алма, журналбек-Анар
Қарағанды облысында инвесторлар
мен кәсіпкерлерге
көмектесуде
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен
Қарағанды
облысы
бойынша
инвесторлардың
құқығын
қорғауға
бағытталған «PROTECTING BUSINESS
AND INVESTMENTS» инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу»
жобасы іске асырылуда.
Аталмыш жоба инвесторларды және
барлық бизнес қауымдастықты әкімшілік
қысымнан және сыбайлас жемқорлықтың
кез
келген
көрінісінен
қорғауға
бағытталған. Бұл сыбайлас жемқорлыққа
қарсы алдыңғы превентивтік тетіктерді
қолдану арқылы жұмыс жасайтын
инвестициялық қолайлы климатты нығайту
бойынша түбегейлі жаңа жоба. Жобаның
жүзеге
асырылуының
бастапқы
кезеңдерінен бастап мемлекеттік институттармен әрекеттесуде қиыншылықтарға тап
болған әрбір инвестор мен кәсіпкерлерге
қолдау көрсетіледі.
Инвестор мен
кәсіпкердің мемлекеттік билік институттарымен ашық және қарқынды өзара ісқимылын қамтамасыз ете отыра, оған
қатысты заңсыз әрекеттерді болдырмау
Жобаның басты мақсаты болып табылады.
«Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа
қарсы сүйемелдеу» жобасы аясында бизнесқауымдастық пен инвесторлар қызметіне
заңсыз араласудан қорғау үшін барлық
қажетті жағдайлар жасалатын болады. Ал
инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін жалғыз
талап – адал және ашық бизнес жүргізу.
Барлық сұрақтар бойынша ақпаратты
Департаменттің келесі нөміріне хабарласу арқылы білуге болады: 8775-664-7997, 8-702-412-29-06.
Құрылтайшысы: жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
в Карагандинской
области помогают
инвесторам и
предпринимателям
Департамент Агентства Республики Казахстан по делам госслужбы и противодействию коррупции по Карагандинской
области реализует Проект по антикоррупционному сопровождению инвесторов и
предпринимателей Карагандинской области
«Protecting business and investments».
Данный Проект подразумевает защиту инвесторов и предпринимателей от административного давления и любых проявлений
коррупции. Это принципиально новый проект по укреплению благоприятного инвестиционного климата, используя передовые
превентивные механизмы противодействия
коррупции.
В рамках Проекта будет оказано содействие каждому инвестору и предпринимателю, который испытывает трудности при
взаимодействии с государственными институтами, начиная с самых первых этапов реализации проекта. Не позволить созданию
противоправных действий в отношении инвестора и предпринимателя, обеспечив прозрачное и эффективное его взаимодействие
с институтами государственной власти. Это
и есть главная цель реализуемого Проекта.
В рамках Проекта будут созданы все необходимые условия для защиты от незаконного вмешательства в деятельность
бизнес-сообщества и инвесторов. В свою
очередь единственным требованием для инвестора и предпринимателя является обязательство вести честный
и прозрачный бизнес.
По всем интересующим вопросам просим обращаться в Департамент по номеру 8775-664-79-97, 8-702-412-29-06.
Газет “Арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
таралымы 1600 дана
тапсырыс №50
Автор
zhanzbc
zhanzbc219   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
6
Размер файла
34 550 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа