close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№ 53qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№53 (9889), 29 желтоқсан, 2018жыл
Төрлет, 2019 Жаңа Жыл!!!
Құрметті Жаңаарқа
ауданының
тұрғындары мен аудан
қонақтары!
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан тарихына жаңа жарқын беттер қосқан 2018 жыл да аяқталуға жақын
қалды.
Өтіп бара жатқан Ит жылы ауданымыз үшін берекелі де жемісті болды. Алдағы
2019 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ.
Келер жылға қойған мақсат-міндетіміз де аз емес.
Жаңа жыл жүріп өткен бір жылға баға беріп, тың қадам жасайтын, рухани серпін
беретін, жақсылыққа ұмтылдыратын, жарқын өмірге жол сілтейтін мереке.
Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп»,- деген даналық сөз
бар. Біз қашан да өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз.
Құрметті жерлестер!
Аудан тұрғындарының ынтымағы мен бірлігінің және еңбекке деген құштарлығының арқасында
өңіріміздің дәулеті мен сәулеті артып, әл-ауқатымыз жылдан-жылға жақсаруда. Ел қуатты болмай, бақ
тұрақты болмайды. Халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамытуға арналған шаралар
жалғасын табады. Біз енді Тәуелсіз еліміз үшін жаңа 28 жылдықтың жарқын парағын ашамыз.
Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын! Баршаңызға зор
денсаулық, мол бақыт, елімізге бүгінгіден де биік жетістіктер тілейміз! Жаңа жыл құтты болсын!
Ю.А.Бекқожин,
Қ.А.Имантүсіпов,
аудан әкімі
аудандық мәслихатының хатшысы
Құмай тазы жылы жемісті жыл
болды
2016 жылдың соңында ауданымызға жаңа басшы тағайындалып, ит жылын
аудан әкімі Юржан Асанұлы Бекқожинмен бірге қарсы алдық. «Туған ай
тураған ет»- дегендей 12 айды тудырып, жылдың соңғы айының соңғы
күндерін өткеріп жатырмыз.
Қашаннан қазақтың сенімді серігі болған ит жылы елге жағымды жыл болды.
Табиғаттың тылсым құбылыстарына кезікпей, апатты жағдайлар орын алмай,
елдігімізге іріткі түспей, ауызбіршілігімізге сына қағылмай ырысымыз тасып,
көңіліміз жайланған берекелі жыл болды.
Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында еліміз гүлденіп, экономикамыз ілгерлеп келеді. Тұрақтылық пен бейбітшілік, ынтымақтастық пен ұлы
достық негізі болған еліміз әлем назарын өзіне аударды. Республикамыз да,
облысымыз да кешенді жобалар іске асып, елдің ілгерлеуіне өзіндік үлес
қосылды.
Ит жылы біздің ауданымызда да көп жұмыстар атқарылды. Ауданымыз
көркіне көрік қосып, көше бойының жолдары жөнделіп, бағаналарға аспашамдар ілініп, жарықтандырылып, граниттан бордюрлар салынып, қоршаулар
жөнделді. Аудан іргесіндегі Павлодар-Қызылорда тас жолының бойында
жаңадан бой түзеген «Жаңа Нұр» ықшам ауданынан салынған екі үй
пайдалануға беріліп, 24 отбасы қоныс тойын тойлады. Байдалы би ауылдық
округіне қарасты Талдыбұлақ елді мекені жеке ауылдық округ болып бөлініп,
өз жұмыстарын бастады. Ел болашағы жастардың қолында десек сол
жастардың құрметіне ауданымызда алғашқы рет «Түлектер аллеясы» ашылып,
алғашқы көшеттер отырғызылды. Балалар ойын алаңдарынан бөлек «Еркетай» бөбекжайы кішкентай бүлдіршіндерге есігін ашты. Ауданымыздағы
дәрігерлер қауымына арналған үйдің кілті табысталса, Түгіскенде жаңа амбулатория іске қосылып, аудандық ауруханаға келушілерге қызмет ететін дәмхана
ашылды. Ауданның торқалы тоқсан жылдығына тарту ретінде «Мәңгілік ел»
саябағы жалғасын тапты. Ақтүбек ауылында жаңа мешіт ашылса, Ақтайлақ
елді мекеніне ауызсу тартылды. Түгіскен ауылдық округінде жаңа тойхана
жұмысын бастаса, Ақтау ауылында бассейн іске қосылды.
Аудан орталығымен барлық ауылдық округтерде демеушілердің, түлектердің
көмегімен «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасы аясында абаттандыру
жұмыстары жүргізіліп, ауылдарына байланысты белгілер орнатылды.
Жаңаарқа ауданының ІІБ тіркеу-емтихан бөлімшесі, «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде ашылды
25-желтоқсан күні ауданымызға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және
с ы б а й л а с
жемқорлыққа
қарсы
іс-қимыл
агенттігінің
Қарағанды облысы
бойынша департаменті басшысының
орынбасары Берік
Ахметов жұмыс сапарымен
келді.
Сапар барысында
аудан әкімі Юржан
Бекқожинмен бірге
аудандық халыққа
қызмет
көрсету
орталығына
ау ы с т ы р ы л ғ а н
облысымыздың филиалы - ІІБ тіркеуемтихан бөлімшесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының
жұмысымен танысты.
Жаңаарқа ауданының ІІБ тіркеу-емтихан бөлімшесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Жаңаарқа аудандық
халыққа қызмет көрсету бөліміне департаменттің бастамасы бойынша ауыстырылып отыр.
Ендігі кезекте «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік
құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру» және
«Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызметтері халыққа мамандандырылған ХҚКО
қағидаты бойынша көрсетілетін болады. Бұл - өз кезегінде, жоғарыда аталған мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар,
Берік Ахметов аудан
әкімдігінде
ауданның мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, мемлекеттік
қызмет
саласындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы
заңнамалар
және Әдеп кодексі
т а л ап т а р ы н
түсіндіру бойынша
семинар-жиналыс
өткізді. Семинар барысында аудан әкімі
аппаратының басшысы
Алмаз
Әбдіғожин мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
заңнамалар талаптарының және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша ауданда
атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
29 желтоқсан 2018 жыл
2
Жаңаарқа ауданы әкімінің шешімі
Атасу кенті
№1
4 желтоқсан 2018 жыл
Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
шақыру учаскесіне 2002 жылы туған ер жынысты
азаматтарды тіркеуді өткізу туралы
(Қарағанды облысы Әділет Департаментінде нормативтік
құқықтық Акт 2018 жылдың 20 желтоқсанында нормативтік құқықтық актілер
кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5079 болып тіркелді)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына,
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери
қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2002 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу,
оларды әскери есепке алу, олардың санын, жалпы білім деңгейі мен мамандығының
дәрежелерін белгілеу, шақырылушылардың дене шынықтыру дайындығының деңгейін
анықтау мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2002
жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2019 жылдың қаңтарынан наурызына дейін
ұйымдастырылсын.
2. Жаңаарқа ауданының ауылдық округтер және кент әкімдері жасөспірімдердің Жаңаарқа
ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына ұйымдастырған
түрде және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім
Ю. Бекқожин
Решение акима Жанааркинского района
пос. Атасу
№1
О проведении приписки граждан мужского пола, 2002 года
рождения к призывному участку отдела по делам обороны
Жанааркинского района
(Нормативный правовой акт зарегистрирован в Реестре
нормативных правовых актов за №5079 от 20 декабря 2018 года
в Департаменте юстиции карагандинской области )
В соответствии со статьей 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О
местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом
Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих», в целях проведения приписки граждан 2002 года рождения к призывному участку
отдела по делам обороны Жанааркинского района, принятия их на воинский учет, определения их количества, степени общеобразовательного уровня и специальности,
определения уровня физической подготовки призывников, аким Жанааркинского района
РЕШИЛ:
1. Организовать приписку граждан мужского пола, 2002 года рождения к призывному
участку отдела по делам обороны Жанааркинского района с января по март 2019 года.
2. Акимам сельских округов и поселков Жанааркинского района обеспечить организованную и обязательную явку юношей на комиссию в призывной участок отдела по делам обороны Жанааркинского района.
3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после
дня его первого официального опубликования.
Аким
Ю. Беккожин
Келер жылдан үміт көп
«Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп»,- демекші ит жылын тәмәмдап, доңыз
жылына да қадам басқалы отырмыз. Тағы бір жылды артта қалдырып, тарих еншісіне
тапсырдық. Өткен жыл еліміз үшін жетістіктерге толы болды десек артық айтқанымыз
емес. Тарихта алтын әріппен жазылатын, Қазақстанның астанасы – «Астанаға 20 жыл»
толды деп марқая айта аламыз. Ал, ауданымызда ше? Ауданымызда жаңа кәсіпорындар
бой көтеріп, жұмыссыз азаматтар жұмыс тапты. Өндірілген өнімдер базар бағасының
тұрақтауына себепші болды.
Жылды қорытындылап, мекемелердің атқарылған жұмыстарын сараптай келе,
бірқатар мекемелер үшін жылдың сәтті өткенін байқай аламыз.
2018 жылда атқарылған жұмыстарға, жетістіктерге тоқтала кетіп, келе жатқын жаңа
жылмен аудан тұрғындарын құттықтау мақсатында төмендегі мекеме басшыларына
сауалнама жүргізген болатынбыз. Әр мекеме айшықты оқиғаларын айтып, жетістіктерін тізбектеді.
Әсет Жұмажанұлы Аманжолов, «Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары
- Барлықтарыңызды «Нұр Отан» партиясы атынан келіп жеткен жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Қай салада болмасын жаңғыру, жаңару жұмыстары ерекше
қарқынға ие болған жылда «Нұр Отан» партиясы үшін де
тың жаңалықтар орын алды. Партия Төрағасы, Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында
өзінің жұмыс істеу форматын өзгерткен партиямыз бірінші кезекте бастауыш партия ұйымдарының белсенділігін арттыру, елімізде жүзеге асырылып жатқан барлық
саланы цифрландыру үрдісіне серпін беру, білікті мамандар мен білімді жастарды тарта отырып, кадрлық резервті қалыптастыру, депутаттық фракция жұмысын
жандандыру, белсенді партия мүшелері базасын
қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға баса назар аударды.
Сондай ақ, электронды партия құру аясында тұрғындар өтінішін
тіркеу, ішкі құжат айналымы, партия мүшелерін тіркеу бағдарламалары жаңартылып, тиісті
базалар жетілдірілді. Партия жұмысына ерекше екпін берген шараның бірі партиялық бастамашыл жобалары, оның ішінде 10 стратегиялық жобалардың қолға алынып, барлық
аймақтарда жүзеге асырыла бастауы. Осы бағыттардағы жұмыстарды аймағымызда іске
асыру үшін «Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы да нәтижелі жұмыстар
жүргізді. Оның басты көрсеткіші ретінде Партия төрағасының сындарлы саясаты мен
партияның мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға үлес қосып, халық арасында ақпараттық
жұмысты жүргізуге белсене атсалысқаны үшін облысымыздағы партия филиалдары ішінде
Жаңаарқа аудандық филиалының атқарған жұмысы “Үздік” деп танылып, Партия
Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың Құрмет грамотасына ие болғанымызды
мақтанышпен айта аламыз. Бұл тек қана бізге ғана емес, ауданымыздағы барлық
партияластарымызға берілген жоғары баға. Сондықтан да, бізге әрдайым қолдау көрсетіп,
партия жұмысын жүргізуге зор мүмкіндік беріп отырған аудан әкім, аудандық партия филиалы
төрағасы Ю.А.Бекқожинге, партия ардагерлері мен партия белсенділеріне үлкен
алғысымызды білдіреміз!
Келер жылымыз Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы, Жаңаарқа ауданының құрылуының 90
жылдығы секілді мерейтойға толы жыл болуымен ерекшеленбек. Сонымен қатар, «Нұр Отан»
партиясының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осындай мерейлі мерекелеріміз көп болсын!
Еліміз даму даңғылынан таймай, тыныштығымыздың тұғыры берік болсын! Жаңа жыл әр
шаңыраққа құт-береке, қуаныш әкелсін!
Әбдіқадыр Қаураұлы Әбдіразақов, Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасының басшысы
Аудандық Әділет басқармасымен қолданыстағы заңнамаларды насихаттау негізінде жергілікті құқық қорғау және атқарушы
органдардың, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің
және басқа да мемлекеттік емес кәсіпорындардың өкілдерінің
қатысуымен 52 семинар-кеңестер және 39 рет дөңгелек үстел
өткізілсе, ҚР заңнамалары бойынша 122 дәрістер оқылды.
Ауылдық округтерде халық өкілдері қатысуымен 13 рет
жиын ұйымдастырылды. Елбасының Қазақстан халқына
Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық–насихат тобы
құрылып, халықпен көптеген кездесулер өткізді.
Мекемелер мен заңды тұлғалар арасында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізілді. 2018 жылдың екінші жарты
жылдығынан бастап «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік емес корпорациясына берілді.
-Құрметті жерлестер! Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен
құттықтаймын! Жаңа
2019 жылда жағымды жаңалықтыр мен толағай
табыс мол болсын. Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып,
отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін. Жаңа 2019 жыл мерекелі, берекелі болып,
мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспін.
20 декабря 2018 года
Тілеш Бейсенбайұлы Әштаев, Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің басшысы
- Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы қол жеткізген жетістіктері көп. Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында 107 ПИК
мультимедиялық құрал жабдықтарымен 28 мектеп қамтамасыз
етілді. Робототехника зертханасымен 2017 жылы 9 мектеп, 2018
жылы 7 мектеп қамтамасыз етілді. Цифрлік сауаттылығын арттыру мақсатында 10 IT-сынып кабинеті және STEM зертханасы ашылды.
Барлық мектептердің республикалық, халықаралық,
облыстық, аудандық байқаулар мен олимпиадалардан алған
жетістіктерінде шек жоқ. Білім сапасы басты назарда
болғандықтан, ұстаздар қауымы білім жолында аянбай еңбек
етіп келді. Білім нәрін берген шәкіртің оза шапса, ұстаз үшін
одан асқан жетістік те жоқ. Сондықтан жүлдегер болып келген
әр шәкірттің жеңісі – ол біздің де жеңіс.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту
үдерісінің тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектептер соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті.
Осы ретте 2018 жылдың қараша айында Қарағанды облысының білім беру саласындағы
қызметкерлерінің құрамында Финляндия мемлекетіне барып, іс-тәжірибе алмасудың сәті
түсті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық білім бөлімінде «Мектеп мерейі» жобасы
жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында Ынтымақ ЖОББМ, О.Әлібаев ат. ЖОББМ, Көктал
ЖОББМ, Ю.Гагарин ат. ЖОББМ, Ж.Сәдуақасов ат. ЖОББМ мұражай ашылды. Бұл жобаның
жалғасын алдағы жылдары орындалады.
-Барша жаңаарқалықтар мен ұстаздар қауымы сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!
Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!
Зәмзәм Мияшұлы Аманов, С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа
аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы
- Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихиөлкетану музейі Жаңаарқа елінің, жерінің тарихын жан – жақты
зерттеп, елдің тіршілігіне байланысты қол өнер дүниелерін,
түрлі заттарды жинақтап сақтап, ел игілігіне – болашақ
ұрпаққа үлгі өнеге ретінде көрсететін мекеме. Ұлы адамдар
өмірін, олардың әдебиет пен мәдениетте қалдырған іздерін,
шексіз ерліктерін, данышпандықтарын жұртқа жария ету
мақсатынды қызмет жасайды. Әр ай сайын мектеп ұстаздары
мен мұғалімдерімен кездесулер өткізіп, ұлттық сананы
жаңғырту мақсатында қызметтер атқарып жатырмыз. Биыл
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің 80-жылдығы аясында Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған
«Тарих беттері сыр шертеді» атты музей мерекесіне қатысқанымыз
үшін және Қарағанды облысы музей ісінің дамуына қосқан үлесіміз
үшін «Құрмет» грамотасымен, «Жаңғырық» интеллектуалдық сайысына қатысып мемлекеттік тілді насихаттауда «Үздік» деп танылып, «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Қарағанды облыстық филиалының дипломымен марапатталдық.
-Құрметті жерлестер! Сіздерді Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа
2019 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа
бастамаларға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Алға
қойған барлық мақсаттарыңыз орындалсын.
Анар Серікбайқызы Ілиясова, Жаңаарқа ауданы әкімі
аппаратының АХАТ қызметінің басшысы
- Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл көптеген жұмыстар
атқарылып, жақсы нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. 2018
жылы тіркелген туу туралы актілік жазба саны 595, электронды үкіметтік порталы бойынша 74 өтініш түсті, 2017
жылмен салыстырғанда 15 жазбаға көбейді. Бұл аудан
халқының демографиясының өскендігін байқатып отыр.
Ал, неке қию мәселесіне келер болсақ, 2018 жылы тіркелген актілік жазба саны 220, электронды үкімет порталы бойынша 110 өтініш түсті, 2017 жылмен
салыстырғанда 37 жазбаға көбейіп отыр. Жалпы жыл
өткен сайын, бұл көрсеткіштер жоғарылап келеді.
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін.
Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты
оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір,
тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін. Жаңа жыл құтты болсын!
Дайындаған Рахат ӨМІРБекҚыЗы
3
29 желтоқсан 2018 жыл
Жастар қоғаммен бірге
ел болашағы жастардың қолында
Ал, балға қатысушы жастарымыз Айсұлу Сәрсенбекқызының дайындауымен қойылған «Вен
вальсі», «Аргентиналық танго», «Заманауи би» сиякты түрлі бағытта би билеп, бар өнерлерін
ортаға салды. Себебі қойылған талаптардың бастысы жастардың би билеу өнерлеріне баға
беру болатын.
Барша жастарымыз бен қонақтарымыз асыға күткен керемет сәтте келіп жетті. «Жастар
ресурстық орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің директоры Сайлаубеков
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауымен алдағы 2019 «Жастар жылы»
болып жарияланды. Себебі мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар
буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білімі мен білік сапасына, олардың ұмтылысы
мен ынтасына, мәдениеті мен тәрбиесіне байланысты. Сондықтан жастардың тәрбиесіне барынша көбірек мән беріп, оларға қажетінше уақыт бөлу, бос уақыттарын қамтып, түрлі
бағыттағы шараларға тарту маңызды.
Осындай маңызды әрі ауқымды шаралардың қатарынан 21 желтоқсан күні ауданымыздың
«Алима» мейрамханасында аудан әкімі Бекқожин Юржан Асанұлының қолдауымен, «Жастар
ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Ел
болашағы – жастардың қолында» атты жастар балын атап өтуге болады.
Асхат Қаппасов пен Жансая Әлжанованың жүргізуі
мен өткен кеш үш тілді
қамтыды. Шараның басты
мақсаты жастар арасындағы қарым-қатынасты
нығайту, бозбалалар мен
бойжеткендердің бойына
сымбаттылық пен инабат тылықты
сіңіріп,
оң
тәрбие беру. Сонымен
қатар әр сала бойынша
жыл үздіктерін анықтай
отырып, жастар арасынан
2018 жылдың ханзадасы
мен ханшайымын таңдау.
Аталмыш кеш жастар
орталығының жыл соңында өткізген ауқымды,
есептік шарасы.
Шара басында аудан әкімі
сөз сөйлеп, жастарды алда
келе жатқан мерекелердің
бастауы жаңа жылмен
құттықтап, әр сала бойынша үздік деп танылған
бірқатар жастарды марапаттап өтті. Атап айтатын болсақ «Жылдың ең үздік жас спортшысы»
номинациясымен Айдос Ғалымов, «Жылдың ең үздік жас өнерпазы» номинациясымен Жангелді Шегіров, «Жылдың ең үздік жас ұстазы» номинациясымен Еркебұлан Мергенбаев,
«Жылдың ең үздік жас медицина қызметкері» номинациясымен Азиза Қазақбаева, «Жылдың
ең үздік жас мемлекеттік қызметкері» номинациясымен Жансерік Нұржанбаев, “Жылдың ең
үздік жас кәсіпкері» номинациясымен Асылбек Сәрсенов, «Жылдың үздік жас полиция
қызметкері» номинациясымен Айдын Сағындықұлы марапатталды.
Балға қатысушы жастарымызға қолдау көрсетіп, арнайы келген Ербота Ұзақбаев, Тармар
Наббат Дуадақбаева, Аяна Шөмішбай, Рысты Рахымжан, Мұхамедқасым Әлкенов және Мартбек Әбілқасым сияқты, жаста болса талай байқауларда жеңіске жетіп, өз орталарында беделді
әнші атанған ауданымыздың жас өнерпаздары кешті жандандырса, «Фариза» және «Shedowdens» би топтарының биден шашқан шашулары көңілді кештің көркін аша түсті. Кеш барысында қонақтарға ауданымыздың танымал шоумендері Дәурен Ізтілеуов пен Аңсаған
Тоқсанбаев лоторея ойындарын ойнатып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыстады. Кеш
барысында түрлі шоу бағдарламар ойнатып, барша қонақтарды күлкіге көмкеріп, керемет
көңіл-күй сыйлады.
Жалғасбек Жәнібекұлы аудан әкімі Бекқожин Юржан Асанұлына Елбасымыздың салиқалы
саясатын ұстанып, жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп жүргені үшін барша Жаңаарқа
жастарының атынан алғыс білдіре отырып, бір ай бүрын әлеуметтік желі арқылы қатаң талаптармен жарияланған
байқау
нәтижелеріне
сүйене
келе,
барлық
қойылған
талаптарды
толыққанды орындап және
би өнерімен үздік нәтиже
көрсетіп,
барша
көрерменді тәнті еткен
Жәкен Сәнімді «Ханзада
2018», Жақия Ақмаралды
«Ханшайым 2018» деп жариялады.
Сонымен қатар, кештің
басты кейіпкерлері ханзадалар мен ханшайымдарымызды бір ай көлемінде
қажырлы
еңбекпен
дайындаған
хореограф
Айсұлу Сәрсенбекқызы
сөз сөйлеп, «Үздік биші
жұп» номинациясымен
Сағат Батырлан және Айтбаева Аружанды марапаттады.
Номинация иегерлеріне
салтанатты түрде грамоталар мен сыйлықтар табысталды, ленталар тағылып, ханшайымдарға тәжі кигізілді.
Кеш соңында Атасу кентінің әкімі Амангелді Бақышұлы Түсіпов мен «Нұр Отан»
партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсет
Жұмажанұлы Аманжолов кештің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, зор еңбек көрсеткен
белсенді жастарымыз Дәурен Ізтілеуов, Фариза Сыздықова, Шұға Советова, Ардана
Құсбекова, Әділбек Мамыраев, Айсұлу Жұмабекова, Тармар–Наббат Дуадақбаеваны марапаттады. Барлық марапат иелеріне арнайы естелік сыйлықтар табысталды. Кеш соңы
жастарға арналған би кешімен жалғасын тапты.
Әдемі кеш барша жастар мен қонақтарға жақсы әсер қалдырып, көтеріңкі көңіл - күй сыйлады.
П. МАғАуИяҚыЗы
«Жаңаарқа ауданының жастар ресурстық орталығы» кММ-сінің маманы
29 желтоқсан 2018 жыл
4
кітапхана- рухани байлық ордасы
Жаңаарқа ауданының орталығында орналасқан киелі мекен
білім мен парасат ордасы кітапхананың құрылғанына биыл
75 жыл толып отыр. Сонау 1930- шы жылдары «Қызыл Отау»
ұйымдастыру жұмыстары қолға алынып 1943 жылы кітапхана құрылды.
Осы кезде аудандық кітапхананың ашылуына Қадиша
Әубәкірова, Әлкен Оспанова, Рашид Мақсұтов, Асан Есеновтер көп еңбек сіңірсе, кітапхана жұмысын ұйымдастырып
жүргізген Қайша Қасымова (1943-1950жж.), Ғайша
Жосқанова (1946), Балғатай Өтешов (1951-1955жж), Рымтай
Шагировалардың еңбектері орасан зор. 1943 жылы аудандық
кітапхананың кітап қоры 800 дана болса, қазіргі кезде кітапхана қоры 226007 данаға көбейді, оның ішінде мемлекеттік
тілдегі кітап қоры – 153704 дана. Кітапхананы Роза
Қалимолдаева (1969-1992жж), Клара Уатаева (1992 1997жж), Гауһар Жарылғапова (1997-2011жж), Ғалия Исаберлина (2011-2018жж) басқарды. 2018 жылдың ақпан
айынан бастап Өскенбаева Шынар Түлкібайқызы кітапхана
директоры болып тағайындалды.
Жезқазған облысы бойынша алғашқы болып 1978 жылы
аудандық кітапхана
орталықтандырылған
кітапхана
жүйесіне айналып, мәдениет министірлігі бекіткен «Ережеге» сәйкес жұмысын жүргізді. Алға қойған міндеттерді
жүзеге асыруда нақты жолдарының бірі кітапханалардың
қоры мен каталогтарын кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестесін көшіру болып табылды. Бұл кестеге кітапханашылар баспасөз шығармаларының білім жүйелері бойынша
мазмұнын ашып, оларды ғылыми
негізделген ретті
қатарларымен көрсету арқылы оқырманның кітап қорын пайдалануын барынша жеңілдетуге қол жеткізеді. Заман талабына
сай
кітапхана жүйелерінің барлығы
компьютерлендіріле бастады. ОКЖ бойынша 2008 жылы 25
компьютер болса, 2012 жылы 50 компьютер, 2016 жылы 27
компьютермен толығып, қазіргі кезде компьютер саны 77-ге
жетті. ОКЖ бойынша барлық кітапхана компьютермен
қамтамасыз етіліп, РАБИС бағдарламасымен жұмыс жасайды. 10 кітапхана интернет желісіне қосылған. 19 кітапхана
телефон байланысымен қамтамасыз етілген.
2008 жылы Қызылжар кентінің, Байдалы би, С.Сейфуллин,
Целинный, Қараағаш ауылдық кітапханаларына «Үлгілі кітапхана» мәртебесі берілді.
2012 жылы пайдаланушылардың талабын онлайн түрде
орындау мақсатында ОКЖ сайты http://zhanlib.kz wев-сайты
ашылды. Интернет залы құрылды. Бұл сайтта пайдаланушылар үшін түрлі қызметтер мен ақпараттар ұсынылған: ОКЖ
кітапханалары туралы ақпарат, ауданымыздың тарихы, дара
тұлғалары, жерлес ақын-жазушыларымыздың өмірі мен
шығармашылығы туралы ақпарат;
жаңадан түскен кітаптар мен мерзімді басылымдар, сандық
нұсқаға түсірілген құжаттар, аудандық «Жаңаарқа» газетінің
онлайн нұсқасы; виртуалды онлайн-анықтамалық қызметтері
бар. Ғаламтор арқылы әр түрлі тақырыпта басқа аудандармен онлайн-конференция өткізіліп тұрады. Кітапхана стратегиясы мен тактикасын дамытудың басты құралы жаңа
ақпараттық технологиялар болып табылады. Аудан және
ауыл кітапханашыларына жаңа технологияны меңгерту барысында
«Кітапхана
жаңалықтары»
слайд-дәріс;
кітапханашыларға жаңаша озық технологиямен жұмыс істеуді ұйымдастыруда кеңес, «Виртуалды кітап көрмесі»
флеш-семинары, «Кітапханалық жұмысты жаңа технологиямен сабақтастыру»,
«Кітапхана
сайтын
жаңғырту», «Заманауи
кітапханалардың
жаңаша даму векторлары», «Электрондық
ресурстар
арқылы
кітапханалық қызмет
көрсету», «Кітапхана
ісінде жаңа технологияларды қолдану»,
«Электронды үкімет»
құқықтық
ақпарат
орталығы, «Ауылдағы
инновациялық
бағдарламалар»
тақырыптарында семинарлар өткізілді.
«Rabis. Power Point.
Publisher. Finreader. 3D кітап жасау, QR-Reader
бағдарламаларын үйрену бойынша тәжірибелік-тренингтік
сабақтар жүргізілді. Елбасының «Цифрлық Қазақстан»
бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда кітапханамызда жерлес
ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан 117 кітап
сандық құжатқа түсіріліп, әлемдік жүйеде ОКЖ http://zhanlib.kz сайтына кіргізілді, барлығы 35777 библиографиялық
жазба толық базалық деректері түсірілді.
2016 жылы аудандық жасөспірімдер кітапханасы және
Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасы жаңа ғимаратқа
көшірілді. ОКЖ бойынша 20 кітапхана аудан және ауыл
тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуде. Кітапханада
74 қызметкер жұмыс істейді. ОКЖ бойынша 9 үлгілі кітапхана бар. Аудан басында орналасқан С.Сейфуллин атындағы
кітапханасы, жасөспірімдер кітапханасы,
Б.Өтешов
атындағы балалар кітапханасы және 17 ауылдық кітапхана:
Қызылжар кенті, Ақтүбек а/о, Байдалы би, С.Сейфуллин,
Бидайық, Целинный, Қараағаш ауылдық округтерінің үлгілі
кітапханалары мен Ақтау, Айнабұлақ, Ералиев, Түгіскен,
Талдыбұлақ, М.Жұмажанов ауылдық округінің кітапханалары, Байғұл, Мыңадыр, Ақтайлақ ауылдарының кітапханасы, Орман шаруашылығы елді-мекенінің кітапханасы
Парасат пен білім ордасына – 75 жыл
қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар аудандық кітапханаларды дамыту және
әдістемелік бөлімі, ақпараттық-библиографиялық бөлімі,
оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, кітап қорын өңдеу
және толықтыру бөлімі электронды қызмет көрсету бөлімі,
бірыңғай кітап қоры кабинеті, стационардан тыс қызмет
көрсету бойынша жұмыстар жүргізуде.
Жалпы оқырман сұранымына жауап беретін ақпараттық
орталық ретінде кітапхананың алар орны ерекше. ОКЖ-нің
кітап қоры жүйелі түрде жаңа әдебиеттермен: кітаптар, журналдар, ақпараттық басылымдармен толықтырылып отырады. Қазір жүйе бойынша 20 кітапхананың кітап қоры 226
мыңнан асып, (оның ішінде қазақ тілінде 153704) оны 17 000нан астам оқырман пайдаланады. Жыл сайын 345 мыңға
жуық кітап өз оқырманын тауып, кітапханаға келушілер саны
139 мың оқырманды құрап отыр. Жылына кітапхана 775
тарта мерзімді басылымдарды жаздырып алады.
2018 жылы Жаңаарқа ауданының ОКЖ-нің бөлім
меңгерушілері Н.Гоголь атындағы облыстық ғылымиәмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген
«Орталық аудандық кітапхана – аудандағы кітапхана
жүйесінің жетекшісі» атты облыстық жобалар байқауына
қатысып, аудандық орталық кітапханасы дипломмен,
оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ахмедина Гүлжан Сайлаубайқызы «Жаңа үлгілерді іздестіру мен
іске асыру тәжірибесі» тақырыбында жазған жобасы
Қарағанды
облыстық
архивтер
және
құжаттама
басқармасының дипломымен және бөлім меңгерушілері
Алғыс хатпен марапатталды.
Аудандық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани
жаңғыру» жобасы аясында «Өлкенің шығармашылық
әлеуеті» жұмыстары жүргізілмек. Жоба мақсаты:
оқырмандарды жас ұрпақты туған халқының тілі мен
әдебиетіне деген танымдық қызығушылығын арттыру,
мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына
айналған тұлғалар туралы білімдерін кеңейту, өскен өңіріне,
туған жеріне деген сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке
тәрбиелеу болып табылады. 2018 жылдан бастап «Шапағат»
жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Шапағат» жобасы
– әлеуметтік қорғаусыз қалған мүмкіндігі шектеулі балаларға
қызмет етуге бағытталған. 2019 жылы келесі жобалар жүзеге
асырылмақ: «Кітапханашылардың кәсіби білімін жетілдіру»
жобасы, жобаның мақсаты: Кітапханашыларға жаңаша
жұмыс түрлерін және әдістерін оқыту-үйрету арқылы
әлеуметтік ортада болып жатқан өзгерістерге бейімдеу. 2019
жыл “Жастар жылы” болып жариялануына байланысты «Зерделі жастар» бұл жоба жастар арасында кітаптарды насихаттау және жастар қауымын кітап оқуға шақыруды, аудан және
ауыл жастарының мәдени ақпараттық қажеттілігін қолдай отырып, көлемді әрі мәнді ақпараттарға қол жеткізулеріне
жағдай жасауды көздейді.
Қазіргі кезде ОКЖ бойынша
қызығушылық клубтары мен үйірмелер жұмысы
жандандырылған. Атап айтқанда аудандық кітапханада жас
кітапханашылардан құралған «Даму» клубы, «Арай» ашық
сырласу клубы, жасөспірімдер кітапханасында «Маржан»
жастар клубы, Б.Өтешов атындағы кітапханада «Отбасымен
оқимыз», «Шебер қолдар», «Атамекен», ауылдық кітапханаларда: Ақтүбек ауылында «Салт-дәстүрлер» клубы, «Жас
толқын жырлайды» қызығушылық клубы (балаларға
арналған), Бидайық ауылында «Денсаулығымыз байлығымыз», Ш.Ералиев ауылында «Қазақтың салтдәстүрлері», «Жас отау» қызығушылық клубтары, С.Сейфуллин ауылында «Бір кесе шәй үстінде» отбасылық клубы,
Байдалы би ауылында «Шеберлік» қолданбалы қолөнер
үйірмесі жұмыс істейді. Клубтар, үйірмелер ұйымдастыру
арқылы оқырмандарымыздың білімін ой-өрісін байытуға, рухани көтеріп, қиялына қанат бітіретін әдебиеттермен
қауыштырып оларды тәрбиелеуде елеулі жұмыстар
жүргізілуде.
Кітапханашылардың жетістіктері жетерлік. Облыс
көлемінде ұйымдастырылған «Ауыл энциклопедиясы»
байқауына С.Сейфуллин, Бидайық, Ақтау, Целинный
ауылдық кітапханалары қатысып жүлделі орынды иеленіп,
бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Кітап, мәдениет, төзімділік» атты жоба аясында «Асыл
қазына – алтын ұрпаққа» жобасы үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Байдалы би ауылының кітапханашысы
Амансарина Бақытжамал «Жылдың үздік кітапханашысы»
номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімінің дипломымен марапатталды. ОКЖ әдістемелік бөлім меңгерушісі
Қызылбаева Зәуре «Жылдың үздік кітапханашысы» номинациясы бойынша Қарағанды облысының мәдениет
басқармасының дипломымен марапатталды. Ш.Ералиев
ауылының кітапханашысы Төлеуова Қарлығаш Дәріғұлқызы
«Жылдың үздік кітапханашысы» атағына ие болып,
Қарағанды облысы әкімінің дипломымен марапатталды.
ОКЖ директоры Исаберлина Ғалия Мәжікенқызы Қазақстан
Республикасының Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің
үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Кітапхананың бас есепшісі М.У.Сейдуалина ауыл-шаруашылығы қызметкерлерінің
салалық кәсіптік одағының III дәрежелі «Еңбек даңқы» төс
белгісімен марапатталды. Ең үздік виртуалды көрме «Менің
өлкем – менің мақтанышым» номинациясы бойынша жас
маман библиографиялық бөлімнің кітапханашысы Г.Бергенова марапатталды. Ақпараттық-библиографиялық бөлім
меңгерушісі Оралбаева Ақбөпе Жаңа Қазақстанды қоғам
құру ісіндегі облыстық қоғамдық-саяси өміріне белсенді
қатысқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Қарағанды жастарының арасындағы
облыстық ХIІ Абай оқулары «Абай тағылымы – халық
даналығы» атты сайысына 16 оқырман қатысты: бас жүлде:
Қайруллина Динара, 2 орынды: Төлеуғали Әлия иеленді. 8
қатысушы Алғыс хатпен марапатталды.
Кітапхана тарихы мен жетістіктері – ол тек қана мерзімдер
мен көрсеткіштер ғана емес, сонымен бірге кітапханада ұзақ
жылдар бойы еңбек еткен адамдар. Олар кітапхананы
басқарған Р.Қалимолдаева, К.Уатаева, Г.Жарылғапова, Ғ.Исаберлина және кітапхана қызметкерлері Т.Ысқақова, Ұ.Алшынбекова, Ж.Айнабекова, Б.Шарипова, Л,Әбсаматова,
К.Бейбітова, Б.Мақажанова, Ж.Кәрібаева, А.Жандәулетова,
З.Қызылбаева, С.Шайхина, М.Ахметова, С.Акимова,
К.Құмарханова, Г.Сиязова, Л.Райымбаева, Г.Оспанова,
Р.Сағынтаевалар, сонымен қатар, кітапхана саласында
үздіксіз ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан Ш.Иманбаева,
Қ.Төлеуова, Б.Бұлқайырова, А.Оралбаева, Ж.Нығманова,
Г.Ахмедина, Ж.Смайылова, Р.Серікбаева, С.Нығманова.
Кітапхананың жетістіктері бүкіл ұжымның жемісті еңбегісіз
мүмкін болмас еді. Аудандық орталықтандырылған кітапханада осы ұжымның жұмысын жүргізуге атсалысып отырған
жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Ғ.Исаберлина,
Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасының меңгерушісі
Г.Жақыпова,
ақпараттық-библиографиялық
бөлімінің
меңгерушісі А.Оралбаева, кітап қорын толықтыру және
әдебиеттерді өңдеу бөлімінің меңгерушісі Ж.Смаилова,
оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.Ахмедина,
электронды
қызмет
көрсету
бөлімінің меңгерушісі
Г.Аманбаева.
Кітапхана саласының
жаңа бағытта дамуына
өзіндік үлесін қосып
жүрген жас мамандар:
А.Жаншораева,
Г. А м а н б а е в а ,
Г. Жа қ ы п о в а ,
С . Б а қ ы ш е ва ,
Қ.Әлиева, Ш.Оспан
о
в
а
,
И.Әлмағанбетова,
Г.Көпбаева,
Н.Ибраева,
Н.Естаева,
Г. Ж ұ м а с е й і т о в а ,
Ж . Ә д і л о в а ,
Б.Сәтбаева, А.Агимова, Р.Қожамберлина, Н.Садуов, т.б.
Ауыл кітапханашыларының арасында да осы салаға еңбегі
сіңген кітапханашылар да жетерлік. Атап айтқанда: Ш.Ералиев ауылының кітапханашысы Қ.Төлеуова, Қараағаш
ауылдық кітапханашылары Б.Бұлқайырова, Ж.Есқараева,
Орынбай ауылдық кітапханашысы А.Дүйсенбекова, Байдалы
би ауылының кітапханашылары С.Кеншімова, А.Ботбаева,
А.Амансарина, Қызылжар кентінің кітапханашысы
Ж.Әбдіқалықова, С.Сейфуллин ауылының кітапханашылары
Г.Ақатова, М.Ысқақовалар, Бидайық ауылдық кітапханашылары Н.Ақшолақова, А.Самаева, Талдыбұлақ ауылының кітапханашысы А.Асанбаева.
Ғасырлардан-ғасырларға, ұрпақтан-ұрпаққа кітаптарды жеткізуші кітапханашылар еңбегі туған еліміздің игілігі
жолындағы қызметімізде шығармашылық табыстарға жете
берсін! 75 жылдық тарихы бар кітапханамыз оқырманға толы
болсын! Елімізде бейбітшілік болып, рухани байлығымыз
арта берсін!
Г.Төребаева
Жаңаарқа ауданының
ОкЖ-нің кітапханаларды дамыту және
әдістемелік бөлім меңгерушісі
5
29 желтоқсан 2018 жыл
Қарағанды облысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының Жаңаарқа
аудандық филиалы жүзден жүйрік шығып, топ жарды
Туған жер алтын бесік. Кіндік қанымыз тамған алтын
бесігіміздің замана көшінен қалмай дамуы, жаңарып жайнауы
ел тұтқасын ұстаған Елбасыны да бей-жай қалдырмай, үдіре
көшіп, құлазып қалған ауылды өркендету керектігін қолға алды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халыққа өз туған
жеріңе туыңды тік дегені Елбасының ұлтымыздың негізі, салтдәстүрмен, қазақи тәлім-тәрбиенің қайнар көзі ауылды
өркендетіп, ауылдан бастау ал дегені. Жұмыссыздық жайлап,
аумалы-төкпелі кезеңді бастан өткерген ауылдағы ағайынның
«өндірісі бар жерде-өмір бар»,-деп қалаға жөнкіле көшкені
бәрімізге аян. 1990 жылдың соңы, жаңа ғасырдың басы кешегі
бірі жұмысқа барып, бірі жұмыстан қайтып азан-қазан болып
жататын ауылдың базары тарқап, бағы тайған сәтпен тұспа-тұс
келді. Ауылды қимағаны алдындағы малын күйттеп, барға
қанағат етіп, қалаға кеткен ұл-қыздың тілеуін тілеп қала берді.
Соңғы жылдары сүреңсіз тірлікке жан бітіп, ел еңсесін тіктеп,
ауыл-ауылдарда қираған үйлердің орнына жаңадан үйлер
тұрғызылып, жаңа бір дәуір басталды.
«Шағын бизнесті дамытып, қолдау таныту керек»-деп дабыл
қақан Елбасының жаңа бағдарламалары құлдырап жатқан
ауылдардың бойына қан жүгіртіп, күре тамырына айналды. Тұралап жатқан ауылдағы әр
азаматтың қолына қаржы ұстатып, өз ісін ашуға мұрындық болған бұл бастама «Бизнес бастау» жобасы еді.
Ауыл-ауылды аралап, ел арасында жүргенде әкелеріміз бен аналарымыздан көп еститіні-
міз:-”Айналайын, ана аудандағы поштаның үстінде бір мекеме ашылыпты, өздері оқытып,
өздері несие беріп, жұмыс істеуіңе ықпал етеді екен. Сол қандай мекеме, өздері шынымен
пайызы төмен несие бере ме?”,-деген сауалдар жиі қойылады. Тосын сұраққа тосылмай білгенімізді айтып жатамыз дегенмен аудан кәсіпкерлерінің барлығына таныс Қарағанды
облысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жаңаарқа аудандық филиалының
төрағасы Рымбеков Сәулет Рымбекұлымен тілдесуді жөн санадық.
Ертемен барып,
есігін қаққан бізге
басын изеп ишарат
білдірген Сәукең
о р ы н д ы қ т ы
нұсқады. Онлайн
р е ж и м д е
селекторлық жиналыс өтіп жатыр
екен. Жиын барысында
биылғы
жылы Республика
көлемінде «БизнесБ а с т а у »
бағдарламасы аясында Қарағанды
облысы І орынға
табан
тірепті.
Қ у а н ы ш т ы
жағдайға
қол
шапалақтап құрмет
көрсеткен жиынға
қатысушыларға
жиын
төрағасы
Қарағанды облысы
“Ат амекен”
кәсіпкерлер
палатасының директоры Ернар Күлпейсов алдыңғы саптан көрінулеріне әсіресе Жаңаарқа ауданының үлесінің
зор екенін баса айтып, Сәулет Рымбекұлына рақметін жеткізді. Бұдан кейін сандарды
сөйлеткен төраға біздің ауданның жоспарды артығымен орындап, облыс көлемінде І орын
алғанын жеткізді.
Жағымды жаңалыққа ортақтасып, біз де өз жұмысымызды бастадық.
-«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы республикамыздың әр аймағында 2014 жылдың
қаңтарынан бастап құрыла бастады. Біздің ауданда бұл мекеме 2014 жылдың қарашасында
құрылды. Жыл соңында құрылғанымен біз сол жылдың өзінде өзгелерге үлгі бола білдік.
Келесі 2015 жылдан бастап жүйелі жұмыс жасауымыздың арқасында облыстық рейтингілік
көрсеткіш бойынша алдыңғы қатардан, яғни бірінші, екінші орындардан көрініп жүрміз.
-Бұл сала немен айналысады? Мамандарыңыз
жайлы айтсаңыз?
-Біздің сала негізінен бизнес ашуға, өз ісін тиімді
әрі сапалы жүргізуге оқытып, үйретеді. Аты айтып
тұрғандай бизнесті бастау алғышарттарымен толық таныстырып, өз ісін ашамын деушілерге
қолдау
көрсетеді. Біз алдымен оқытамыз. 200 сағат білім алатын әр адамға стипендия төленеді. 80 сағат теориядан білім алса, 120 сағат тәжірибе жинақтап, білімін
жетілдіреді. Осыдан кейін өз ісін ашуға қолдау танытып, несие алуға ықпал етеміз. Біздегі әр маман
келушілердің
көңілінен
шығып,
олардың
жұмыстарының оңтайлы болуына мүмкіндік жасайды.
Бизнесті жүргізудің қыр-сырын таныстырып, кіріс пен
шығыс көлемін үйлестіруді яғни бизнестегі есеп-қисап
жасауды да үйретеміз.
Соңғы екі жыл бойынша облысымызға қарасты 18
қала мен аудандардың филиалдарының арасында бизнесті жүргізуді жеңілдету номинациясы бойынша І
орын алдық. Бұл жеңіс
аудандық кәсіпкерлер
палатасындағы мамандар яғни менеджер-кеңесшілер мен «Бизнес бастау» бөлімдерінің бизнес тренерлері мен бизнес-кординаторларының жемісі. Атап айтсам кеңесші-менеджерлер
Б.Мырзашев, М.Әбишева, бизнес-тренер А.Жартыбаев, бизнес-кординаторы Л.Алпысбаева.
Осы мамандардың өз жұмыстарына жауаптылығының әрі бизнес жобасын жақсылап
түсіндірулерінің арқасында жетістіктерге жеттік. Биылғы жылы біздің
мамандардың жобаларға ілеспе көмек көрсетуі арқылы ауылшаруашылық қаржы
қолдау қоры арқылы 83 жоба бойынша 309 млн теңге, аграрлық несие
корпарациясының «Жаңаарқа несие серіктестігі» арқылы 78 жоба бойынша 700
млн теңге несие алуға ықпал етілді. Бұл нәтижеге қол жеткізуде біздің мамандар
З.Хафарова, Ж.Әбжанов, Қ.Асамиданов,
Е.Жаппарқұлов, А.Рымбеков,
А.Мұсабекова, Б.Тұтқышева, А.Баспақова, Қ.Сембековалардың үлесі зор. Сонымен бірге соңғы жылдары бизнес саласында жастарды қолдау жақсы жолға
қойылды. Аудан әкімінің гранты жарияланып, жастар өз жобаларын ұсынып,
аудан әкімі тағайындаған грантқа қол жеткізуде. Биылғы жылы бұл жобаға 4
млн теңге бөлініп, 24 жас қатысып, 8 жас кәсіпкер грант иегері атанды.
Ауданымызда өз кәсібін жүргізіп отырған қанша кәсіпкер бар?
-Біздің аудан бойынша 2045 субъекті тіркелген болса оның 778 шаруа қожалық
иелері, 21-і заңды тұлға болса қалғандары жеке тұлғалар. Яғни 1246 жеке кәсіпкер
бар.
Биылғы жылы біздің орталықтан 204 адам дәріс алса, соның жүзден артығы өз
істерін ашып, өз жұмысын бастап, игілігін көре бастады. Бізден ауданымызға
қарасты барлық елді мекенде тұратын азаматтар мен азаматшалар несие ала
алады. Олар ауылдарға қажетті наубайхана, шаштараз, шағын дүкендер мен киім
тігетін орталықтар, бет күтімін жасайтын орындар мен тырнақ әрлеп, қас -кірпік
жасайтын орындар, монша, сауна, мал бордақылау алаңдарын ашуға несие алуда.
-Ақша жүрген жерде әңгіме көп, несие алушыларыңыздың арасында шаруасы жүрмей қарызын қайтара алмай жүргендер бар ма?
-Заман түзелді. Адам жауапкершілікті сезіне бастады. Бұрынғыдай емес қазір
несиелерін қайтара алмайтындар кездеспейді, тек төлемді уақытынан кешіктіретіндер бар.
Ит жылы толайым табыстарға толы жыл болды. еңбегіміз жанып, көшбасшылар сапында
тұрмыз. Қаржы жүрген жерде қауіп бар. Бұл жер тамыр-таныс пен ағайын-туыс, досжолдасқа бүйрегі бұратын, адамдарды алалайтын мекеме емес. Біз үшін ауданның әр азаматы
туғанымыз, жақынымыз. Олардың барлығы бірдей. Біз сол жақынымызға жәрдем беру
арқылы ауданымыздың өркендеуіне үлес қосудамыз. Әр кәсіпкердің шаруасы жүрсе, ол сол
ауылға
пайда
әкеледі, бюджетінің
б ү й р е г і н і ң
бұлтыйуына атсалысады. Сондықтан біз
өз жұмысымды ашам
деген әр азаматқа
қолдау
танытып,
көмек береміз. Сол
арқылы
аудан
экономикасының ілгерлеуіне
қызмет
етеміз-деген Сәулет
Рымбекұлы
жыл
соңындағы қаурыт
жұмысына
кірісіп
кетті.
«Тек қана алға!»деген
ұранды
ұстанған қазақ елі
қарышты
қадам
жасап келеді. Әлем
назарына
іліккен
қазақ
елінің
өркендеуіне Сіз бен
Біз бірлесе атсалысудамыз.
Кешегі
кезеңде совхоздың
төрт түлігі жайлаған өңірде бір кездері мал қарасы көрінбесе қазір төрт түлік төскейге өріп,
мал басы артып келеді. Ауылдан көшкендер қайра кері бұрылып, ел арасына қоныстанып
жатыр. Бұның барлығы ауылды көтеруге арналған Елбасының бағдарламаларының
нәтижесі. Болашағының баянды болуы үшін тырманып жатқан ауыл азаматтарын оқытып,
үйретіп, қолына қаржы ұстатып жатқан бұл мекеменің жетістігі жетерлік екен. 4 жылда
қыруар еңбек жасаған мекеме алдағы жылдары да көштің басында болатынына сенімді.
Лайым солай болғай. Сананы тұрмыс, тұрмысты қаржы билеген заманда қалтамыз қалыңдай
берсін. Сол қаржыны тиімді пайдаланып, елдің өркендеуіне үлес қоса берейік.
Салтанат АМАНҚыЗы
29 желтоқсан 2018 жыл
6
Результаты аудита финансовой отчетности в подведомственных учреждениях МЗ Рк
карагандинской области
Департаментом внутреннего государственного аудита по Карагандинской области в соответствии с поручением Комитета внутреннего государственного аудита проведен внутренний государственный аудит финансовой отчетности в Департаменте Комитета охраны
общественного здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан по Карагандинской области и в Департаменте Комитета фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан по Карагандинской области за период 2016-2017 годы, где установлены
нарушения на общую сумму 18445,0 тыс.тенге, из них за 2016 год–1689,8 тыс.тенге и 2017
год–16755,2 тыс.тенге, в том числе финансовые нарушения-3608,9 тыс.тенге, из них за 2016
год-1689,8 тыс.тенге и 2017 год-1919,1 тыс.тенге и нарушения процедурного характера за
2017 год 14836,1тыс.тенге.
По итогам государственного аудита подлежит возмещению в доход республиканского бюджета -727,7 тыс.тенге (за 2016 год-161,4 тыс.тенге и 2017 год-566,3 тыс.тенге), восстановлению -2881,2 тыс.тенге (за 2016 год-1528,4 тыс.тенге и 2017год-1352,8 тыс.тенге).
В отношении должностного лица Департамента Комитета охраны общественного здоровья
по Карагандинской области составлен протокол административного нарушения по п.2 части
1 статьи 238 КоАП РК, по которому предусмотрен административный штраф в размере 50
месячных расчетных показателей.
Принятыми мерами финансового контроля направлено предписание на устранение выявленных нарушений и о рассмотрении ответственности лиц, их допустивших, материалы
аудита РГУ «Департамент Комитета фармации Министерства здравоохранения Республики
Казахстан по Карагандинской области» для принятия процессуального решения переданы
в ДГД Карагандинской области. Так, в РГУ «Департамент Комитета охраны общественного
здоровья Министерства здравоохранения Республики Казахстан по Карагандинской области»
установлены следующие нарушения:
- за 2017 год установлены факты совершения гражданско-правовых сделок (приобретение
товаров) до вступления договоров в законную силу по поставке бензина марки АИ-92 ТОО
«ГазОйлПром» в 2-х случаях на общую сумму 13081,8тыс.тенге;
- не ведется «Книга учета обязательных пенсионных взносов» в Накопительный пенсионный фонд приложение №64 (ф.451), «Карточка- справка (Лицевой счет)» приложение 50
(ф.417);
- в 2017 в 6-ти случаях допущена излишняя оплата командировочных расходов за проживание (найм помещения) в сумме 30,0 тыс.тенге;
- допущено излишнее списание бензина сверх установленного норматива на общую сумму
61,6 тыс.тенге, из них в 2016 году в количестве 270 л. на сумму 33,0 тыс.тенге и в 2017 году
202л. на сумме 28,6 тыс.тенге;
- в 2017 году программное обеспечение оприходовано на бухгалтерский счет 2360 «Машины и оборудование» на сумму 1714,3 тыс.тенге, тогда как следовало отнести на счет 2711
«Программное обеспечение».
- по 17-ти серверам, которые не были установлены и не использованы по прямому назначению начислено амортизация на общую сумму 2 231,1 тыс.тенге, из них за 2016 год -1 487,4
тыс.тенге и 2017 год -743,7 тыс.тенге, тем самым, в системе бухгалтерского учета при составлении бухгалтерского баланса не обеспечено достоверное отражение хозяйственных
операций.
Вышеуказанные действия повлияли на достоверность финансовой отчетности за 20162017 г.г. и явились причиной ее искажения.
По результатам аудита в отношении должностного лица составлен протокол административного правонарушения по пункту 2 части1 статьи 238 КоАП РК. В РГУ «Департамент Комитета фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан по Карагандинской
области» установлены следующие нарушения:
-неверно даны бухгалтерские проводки в сумме 504,9тыс.тенге, а именно:по состоянию
на 01.01.2018 года по данным бухгалтерского учета по строке 021 баланса на счете 1410
«Краткосрочные авансы выданные» числится дебиторская задолженность поставщика в
сумме 504,9 тыс.тенге, которую следовало зачислить на счет 1290 «Резерв по сомнительной
дебиторской задолженности. При возникшей просрочки оплаты более 1 года следовало создать резерв в размере 100% от суммы задолженности.
-в апреле 2017 года в 1-м случае излишне начислено пособие по временной нетрудоспособности в сумме 3,2 тыс.тенге;
- в апреле 2017 г.в 1-м случае допущена недоплата заработной платы в сумме 3,6 тыс.тенге;
- допущено необоснованное перечисление на карточный счет премии на общую сумму
622,5 тыс.тенге(в 2016г. -128,4 тыс.тенге, в 2017г.-494,1 тыс. тенге);
- в 2017 году допущена излишняя оплата командировочных расходов за проживание и проезд в сумме10,4 тыс.тенге;
- не правильно даны бухгалтерское проводки по приобретенным стендам наглядной агитации и катриджей в общей сумме 181,6тыс.тенге (за 2016 г. - 41,0 тыс.тенге и 2017г. -140,6
тыс.тенге).
к.кеРНейБекОв,
Руководитель отдела аудита финансовой отчетности
ДвГА по карагандинской области
Қазан Жолдауы – «Қара қазанды қайнатып,
нұрлы ақылды сайрататын» Жолдау
Біз-болашағымыздың жарқын,
ерлеріміздің еркін, перзенттеріміздің
парасатты, тұлғаларымыздың тарпаң
болуын қалайтын ұлтпыз. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»,- деп
оралымды ой мен сонарлы сөзге есік
ашқан елміз.
Ұлттық менталитетіміз басқаға құл
болудан ада, жастарымыздың жат елге
жалшы
болуын
ар
көретін,
намысшылдықты насихаттаған, жігерімізді жалынға жаныған ержүрек
халықпыз.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы ұлан-ғайыр, кең-байтақ жерімізді сыртқы жаулардан ақ
найзаның ұшымен, сом білектің күшімен, төккен тері, аққан қанымен қорғап,
сақтапартындағы ұрпағы біздерге қалдырды. Сол үкілеген үмітті ақтап, артқан сеніміне селкеу түсірмей, өз жерімізге өзіміз ие болатын шаққа келдік. Өзіміздің қонақжай қалпымызды,
сауықшыл салтымызды сақтай отырып, «мың өліп, мың тіріліп», қиян-кескі ұрыспен,
тәуекелшіл тайталаспен қол жеткізген тәуелсіздігімізден айрылмай, дарқан діл, жомарт
жан, кеңпейіл көңілімізбен өзге ұлт өкілдерімен иығымыз жоғары, тереземіз тең болуын
қамтамасыз етуіміз керек.
Қазір -сапалы білім салтанат құрған инновациялар ғасыры. Осы ретте бүлдіршіндердің
осы бағытта дамуын қолдау - ұстаздардың міндеті.
Елбасы биылғы Жолдауын жылдағыдан ерекше, қазан айының бесінші жұлдызында нақ
мұғалімдер мерекесі қарсаңында Жолдауының өзінде педагог мәртебесін көтерудің жолдарын қарастыруды көздегенін меңзейді. Бұған барлық ұстаздар қауымы керемет қуанышпен
қарсы алып, үлкен үміт артады.
Кемеңгер ақынымыз Абай: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан»,- деп тегін
айтпаған. Елбасымыз: «Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады»,- дегені бәрімізге мәлім.
Ал білімнің іргетасы мектеп қабырғасынан қаланатыны бесенеден белгілі. Барлық
мамандық иелері ұстаз алдын көреді. Өр тұлғалы өркенімізді өксітпей,өремізді өркендетіп,
өскелең өскінді өркөңілді өрендікке өрлету өнегелі ұстаздардың қолында
«Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер
үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс.
Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс»,- деп атап
көрсетті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында.
Сондықтан, Жолдаудың ұстаздар қауымына артар жауапкершілігі де аса зор екені - айтпаса
да түсінікті жайт.
«Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау қажеттігін атап айтуы - көптің көкейіндегісін
дөп басқаны.
Мектебімізде осының жарқын үлгісіндей көптеген жұмыстар жүргізілуде. Бұрыннан
«Мұражай», «Мектеп телеарнасы» ІТ алаңы, «Табиғат мүйісі», «Ақылды жылыжай» тәрізді
оқушылардың жан-жақты іскерлік қабілетін арттыру жолында жұмыс жасайтын оқуөндірістік кешендері жұмыс атқарып келсе, енді биылғы оқу жылында «Жүзу бассейні» іске
қосылды.
Жас буынның шығармашылығын дамыту мақсатында «Балауса», «Жас дәурен», «Жас
қалам» шығармашылық топтары жұмыс атқарса, енді «Ақтау ақшамы» мектепішілік оқуәдістемелік журналы іске қосылды. Осындай жарқын істермен мектебіміз өз жұмысын
елбасы Жолдауына үн қосамыз
өркендетіп, алға басып келеді.
Жолдау көңілімізді көркейтіп,болашағымыздың жарқындығына, ертеңгі күнге деген сенімімізді арттыра түсті.
«2019 жыл – Жастар жылы» - деп жариялануының өзінде, жастарға артар зор міндет тұр.
Жастар – Қазақстанның болашағы, қоғамның қозғаушы күші.
Қазіргі жас мамандар – жаңа ІТ біліммен қаруланған әлемдік бәсекеге қабілетті
күрескерлер.
«Туған жерге туыңды тік» бағдарламасы бойынша осы жылы ауыл әкімшілігінің алдына
ауыл жастары, нақтылап айтсақ, мектептің 43-қарлығаштары латын әліпбиімен «JAN
AQTAY’» («Жан жүрегім - Ақтау») лайтбоксын (үлкен жарықты әріптер категориясы бойынша) орнатты.
Жалпы мектеп түлектерінің сыйлығы - бұрыннан келе жатқан дәстүр. Кейінгі кездері бұл
- үлкен резонанс тудырып отырған оқиға ретінде халық көңіліне қуаныш ұялатуда. 40қарлығаштар мектеп алдына «Жанұялы елік» ескерткішін орнатса, 41 –қарлығаштар
«Ақылды жылыжай» орнатуға қаржылық мүмкіндік жасады. 42-қарлығаштар мектеп кітапханасына «Бабалар сөзі» 100 томдық жинағын сыйға тартты.
Алдағы уақытта да осындай көлемді сыйлықтар ауыл көркін еселей түсетініне шүбә жоқ.
Сондай-ақ, тағы бір қуанатын нәрсе шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында
мемлекеттік қаржыландыру жұмысының да айы оңынан туып келеді.
Бүгінгі таңда ауылымызда жұмыссыз жүрген 14 тұлға жеке кәсіпкер ретінде «Атамекен»
кәсіпкерлік палатасының қолдауымен мемлекет есебінен қаржыландырылып, істері жүріп
жатыр.
Бұл - Қазақстан үкіметінің ауыл халқының әл-ауқатын арттыруда жасап жатқан ілкімді
шаруасы екенінің дәлелі.
Ендігі міндет - сол құйылған қаржыны дұрыс игеріп, бұрынғы соқпақпен жүре бермей,
«кластерлік» жолға түсу, яғни «ақылды ферма» құру.
Қазіргі кәсіпкерлер – іскер, білімді, білікті, жаңалыққа құштар, өзін ғана емес, бүтін
халықты байытып, қамтамасыз етуге қауқарлы болуға күш салуы керек.
Елбасымыздың көздеп отырғаны да - осы жағдай. Яғни, әлемнің озық технологиясына
қол созу арқылы, кәсіби біліктілігімізді арттыру – басты меже.
Бұған дейін Жолдау айтылатын, іс өз жөнімен жүзеге асып жататын.
Осы Жолдаудың жөні бөлек екенінің дәлелі – осы қолға алынған реформалардың жүзеге
асырылуының деңгейін арттыру мақсатында «Ұлттық модернизация» комитеті құрылмақ.
Бұл комитет халықпен тығыз байланыста болып, әлсіз тұстарын елеп-екшеп, айқындап,
ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау, сауда-логистика инфрақұрылымын дамыту, электронды сауданы жүзеге асыру тәрізді, елімізде кемшін түсіп жатқан тұстарын жетілдіріп,
жүзеге асыруға мұрындық болатынына сеніміміз мол.
Қорыта айтқанда, биылғы Жолдау жаңашылдыққа толы сипатта болды.
Халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру бойынша барлық сұраныс пен
қажеттіліктерді шешу жолдары кешенді түрде көрсетілген.
Жаңа Жолдау - жалпы жұртты жаңаруға, жинақылыққа, жетістікке жігерлендіруші,
жаһандық жаңашылдыққа жетелеуші жүйелі жоспар.
Халықта: «Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады »,- деген қанатты сөз бар, ағайын.
Қазанымыз қайнап тұрсын, ақылымыз сайрап тұрсын!
Барша қазақстандықтар, ұстаздар қауымы, жастар Елбасы тапсырмасын жұмыла
атқарамыз деп сенеміз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл!
А.АХМеТОвА,
Ақтау ЖОББ мектебінің мұғалімі
Алғыс айтамыз
Өтініш айтылды, жұмыс орындалды
Байдалы би ауылдық округінің ауылындағы үш қабатты мектеп үйі 1990 жылдардың басында салынып, халық игілігіне 1991 жылы берілген. Бұл сол кезеңдегі Кеңестік
үкіметтің ыдырап, тәуелсіз мемлекетіміздің құрылған жылымен тұспа-тұс келген уақыт.
Сол кезеңдегі қиын жылдары мектептің жаңадан ашылғанына қуанған ауыл
тұрғындарының көңілі суық түскенде сап тиылған еді. Мектептің жылу қазандықтарына
күні-түні от жаққанымен жаңа мектептің жылуы дұрыс болмай, суық түссе балалар
сырт киімін шешпей сабақ оқитын жағдайға жетті. Бұл жағдай содан бергі әр жылда
қайталанып отырды. Жыл сайын аудан басшыларының алдында ауыл тұрғындары осы
мәселені қозғағанымен қаржы қолбайлау болып, шешімін таппай келе жатқан еді.
Биылғы жылдың қаңтарында өткен аудан әкімінің есеп беру жиынында осы сұрақты тағы
көтерген болатынбыз. Аудан басшысы Юржан Бекқожин сол жиында биыл мектебімізде
жылыту жұмыстары мен жөндеу жұмыстарын жүргізетінін айтқан болатын. Жаз айында
мектепке келген жөндеу жұмыстарын жасайтын мамандарды көргенімізбен көңілімізден
жылу қалай болар екен деген күдіктің болғаны анық.
Жаңа жыл қарсаңында мектептегі балаларымыз бен немерлеріміздің ертеңгілігіне барып,
ұядай жылы мектепті көріп, шынымен қуанып қалдық. Айтқанында тұрып азаматтық танытып, жөндеу көрмеген мектебімізге жөндеу жұмыстарын жасауға, сонымен бірге
мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлген аудан басшысы Юржан
Асанұлы мен қазандықтар мен жылу жүйесінің жұмыстарын жасаған «Жаңаарқа Жылу»
мекемесінің басшысы Мейіржан Әбілдиновке ауыл тұрғындарының атынан алғыс білдіреміз. Ауылдың жай-күйіне алаңдап, аудан басшыларынан қолдау сұрап, жұмысын
ықтиятты атқаратын ауыл әкімі Жанат Зарубайұлына да алғысымыз мол.
Ел қамын ойлайтын басшылар бар да көңіл тоқ. Ауыл ажарының көріктенуі аудан басшыларынан қолдау тапқанда ғана жүзеге асады. Өткен жылға өкпеміз жоқ, жаңа жыл
жағымды жаңғалыққа толы болғай. Ел басқарып отырған азаматтарға Алла күш қуат,
қажыр мен қайрат, зор денсаулық берсін дейміз.
Мағауия Әбілжанов, Байдалы би ауылының тұрғындарының атынан
Дін-діңгегім
Дін саласындағы өзгертулер мен толықтырулар
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ҚР 20172020 жылдарға арналған дін саласындағы
мемлекеттік
саясат
туралы
тұжырымдамасын
бекітіп,
Үкіметке
қабылданған құжатты жүзеге асыру бойынша үш айлық мерзімге іс-шаралар жоспарын құруды тапсырды.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты
ұтымды жүзеге асыру үшін үкімет пен
азаматтық қоғам өкілдерінің әріптестігін
арттыру, азаматтарды діни сауаттылығын
жоғарылату, ақпараттық қызметті күшейту,
деструктивті
ағымдардың
жұмысына
тосқауыл қою - Үкімет жасайтын жоспарға
енетін шаралардың негізгі бағыттары.
Бүгінде елімізде 18 конфессия мен 3658 діни
бірлестік тіркелген. Сондай-ақ, Қазақстанда
2550 мешіт пен өзге дін ғибатарханалары
жұмыс істейді.Бірінші басымдық заңнаманы жетілдіру мен мемлекеті және
діни бірлестіктер арасындағы өзара ісқимылды реттеу. Екінші - мемлекет
дамуындағы
зайырлық
принциптерін
нығайту. Құжатта «Мемлекеттің зайырлы
құрылысы - Қазақстан халқының маңызды
тарихи жетістігі»,- делінген. Тұжырымдама
ар-ождан бостандығына және діни сеніміне
деген азаматтардың құқықтарын, діни
бірлестіктердің толымды қызмет атқаруын
және ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің
конституциялық
негіздерін
жоюға,
халықтың белгілі бір топтарының радикалдануына алып келетін деструктивті діни
ағымдарға жол бермеуді қамтамасыз етеді.
Үшінші басымдық ретінде діни экстремизм
мен деструктивті діни ағымдардың ісәрекетіне қарсы тұру жүйесін дамыту
анықталған. Терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресте деструктивті діни
идеологияға азаматтардың иммунитетін
қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Бұл
мақсатта
ақпараттық-түсіндірме
жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдардың
өкілдерін,
мәдениет
және
спорт
қайраткерлерін белсенді атсалысуға тарту
қарастырылған. Аталған құжат дін
саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік
және
жергілікті
атқарушы
органдардың,
азаматтық
қоғам
институттарының құзыреті мен жауапкершілік аясын нақтылайды. Білім беру, мәдениет,
спорт, БАҚ, денсаулық сақтау, отбасы және
неке институттары сияқты барлық салаларда
кешенді жұмыс жүргізу қарастырылған.
Көрсетілген басымдықтарды жүзеге асыру
2020 жылға дейін жүргізіледі, оның
нәтижесі ретінде қоғамдық санада зайырлық
принциптерін нығайту, қоғамда діни
қатынастар саласында радикалды және экстремистік көріністермен байланысты кез
келген іс-қимылға мүлде төзбеушілікке қол
жеткізу күтіледі. Тұжырымдаманы іске
асыру ҚР Конституциясының негізгі
құндылықтары мен қағидаттарын жаңа геосаяси ахуал мен ұлттық қауіпсіздіктің ішкі
және сыртқы сын-тегеуріндеріне уақтылы
ден қою тұрғысынан одан әрі жүзеге
асыруға ықпал ететін болады.
Аудандық ішкі саясат бөлімі
Дін -діңгегім
Зайырлы мемлекеттің алғы шарттары
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген.
Конституциялық негіздегі «зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде
дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын
қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмайтынын білдіреді. Яғни
зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің діни емес,
құқықтық қағидаттармен басқарылуы. «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи
таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін
үзілді-кесілді мойындамаймыз. Жастарды радикалды діни ағымдардан қорғауымыз
қажеттігіне сенімдімін. Сондықтан, Қазақстанның діни қайраткерлері бұл жолда жұмыс
атқарады деп ойлаймын» деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Дін мемлекеттен бөлінгенімен,
халықтың болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен бөлінбейді. «Зайырлылық» ұғымы мемлекеттің
дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екендігін, діни сенім бостандығының
қамтамасыз етілетіндігін танытады. Мемлекет пен діннің арақатынасындағы жанды байланыстар зайырлы және рухани-діни құндылықтардың арақатынасы негізінде орныққан.
Дін – мемлекеттік саясаттағы және қоғам азаматтарының рухани өмірі мен мәдениетіндегі
маңызды факторлардың бірі. Адам мен қоғам өмірінде ерекше орын алатын дін рухани
мәдениеттің қалыптасу үдерісінде негізгі функцияларды атқарады, мәдениеттер мен
өркениеттердің дамуына ықпал етеді. Дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру
мәнері, моральдық нормалар, қарым-қатынас әдебі, рухани қағидалар жүйесі. Қазақстан
Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының 3-бабының 5тармағында «Азаматтардың дінге көзқарасына байланысты олардың азаматтық
құқықтарының бұзылуына, діни қызметіне заңсыз кедергі келтіруге немесе олардың діни
сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар
мен орындарды қорлауға жол берілмейді» деп атап көрсетілген. Өз кезегінде дiни сенiм
бостандығының сақталуын бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының
атқарушы өкiмет органдары, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдары заңдарда
белгiленген өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
Арқа-ақпарат
7
29 желтоқсан, 2018 жыл
ЕсКЕ алу
Астрахань қаласының тумасы, киелі Жаңаарқаның инабатты
да ибалы келіні болған, ошағының оты, отбасының
ұйытқысы, ардақты ана, сүйікті әже Әлиева Айман
Тарғынқызының арамыздан алыстап, мәңгі өміріне аттанды. Өз шаңырағына шуақ болып төгіліп, арай болып
аялап, мамықтай жұмсақ алақанымен мәпелеп, жомарт
жүрегіне бөлеп тербеткен аяулы жанның жомартта мейрімге толы жүрегі соғуын тоқтатты. Анамыздан айрылған
күннен бергі аралықта сағаттың сыртылымен сырғып 40
күн өтті. Аяулы әжелерін іздеген немерелер мен сүйікті
анадан айрылған балалардың сағынышы үдей түсуде. Сіз
мәңгі бізбен біргесіз жана ана.
Жан ана шуақ шашқан маңайына,
Ізетті жан едіңіз ағайынға.
Өзіңді іздеп жаным шырқырайды,
Көңілім құлазиды қараймында .
Іздегенмен жана ана таба алмаспын.
Қолым созсам жетпейсіз ала алмаспын.
Қарны тоймас қара жер арамыздан
Қызық көрер шағында ала қаштың.
еске алушылар: балалары, немерелері
аяулы анамыздың қайтыс болуына 40 күн толуына орай 2019 жылдың 5
қаңтар күні сағат 13.00-де “Жаңаарқа” мейрамханасында қүдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
ОБЪявЛеНИе!
Объявляем о проведении общего собрания участников ТОО «КТ «Жанаарка», который состоится 30 января 2019 года в 10.00 часов, по адресу пос. Атасу, пр. Независимости 22, 2этаж, актовый зал здания РУПС (Каз.почты) на котором будут рассматриваться следующие
вопросы повестки дня:
Рассматриваемые вопросы:
Повестка дня:
1.Ознакомление присутствующих с отчетом аудиторской проверки КТ.
2.Утверждение внутренних нормативных документов ТОО «КТ «Жанаарка» на 2019 год.
3.Утверждение плана работы Правления ТОО «КТ «Жанаарка» за 2019 год.
4.Утверждение бюджета и штатного расписания КТ на 2019 год.
5.Утверждение отчета Председателя Правления о проделанной работе за 2018 год.
6.Утверждение заключения ревизора по результатам проверки финансово-хозяйственной
деятельности КТ за 2018 год.
7.Утверждение годовой финансовой отчетности за 2018 год.
8.Утвердить суточный расход по командировкам сотрудников КТ.
9.Об увеличении в АО «Аграрная кредитная корпорация» кредитной линии для последующего финансирования участников КТ.
10.Одобрение пополнения депозитного счета АО «Нурбанк».
11.О предоставлении в залог АО «Аграрная кредитная корпорация» в качестве обеспечения
исполнения обязательств ТОО «Кредитное товарищество «Жанаарка» перед АО «Аграрная
кредитная корпорация», с правом без акцептного списания денежных средств со всех счетов
ТОО «Кредитное товарищество «Жанаарка» открытых в Банках второго уровня и внесудебной реализации следующего имущества:
- Денежные средства, размещенные на условном счете в АО «Нурбанк»;
–Автотранспорт.
12.О предоставлении в залог АО «Аграрная кредитная корпорация» денежных средств, размещенных в БВУ в размере 25% от суммы уставного капитала товарищества и залогового
имущества участников товарищества в качестве обеспечения исполнения обязательств ТОО
«Кредитное товарищество «Жанаарка» перед АО «Аграрная кредитная корпорация», с предоставлением права на внесудебную реализацию.
13.О предоставлении согласия АО «Аграрная кредитная корпорация» на предоставление
информации о Кредитном товариществе, касающейся полученных в рамках запрашиваемой
кредитной линии Кредитным товариществами индивидуальных займов/траншей, и исполнения обязательств по ним, подтверждения целевого использования и/или освоения, оплаты
вознаграждения и основного долга уполномоченным органам в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, а также АО «Холдинг «КазАгро».
14.О наделении полномочиями Председателя Правления ТОО «Кредитное Товарищество
«Жанаарка» – Рымбекова Саулета на подписание рамочного соглашения, договора займа,
кредитного договора, договоров залога, гарантии, дополнительных соглашений к ним и
иных документов, необходимых для открытия кредитной линии, и внесения изменений в
уже открытые кредитные линии от имени ТОО «Кредитное товарищество «Жанаарка», а
также приложения к Уставу и Учредительному договору от имени всех участников ТОО
«Кредитное Товарищество «Жанаарка»
15.О распределении и перераспределении лимита кредитования между участниками ТОО
«Кредитное товарищество «Жанаарка».
16.Изменение в составе учредителей ТОО «КТ «Жанаарка» (Вход и выход учредителей).
17.Изменения уставного капитала ТОО «КТ «Жанаарка».
18.Утверждение приложения к Уставу и Учредительному договору.
19.Перерегистрация в АО «Единый регистратор ценных бумаг».
Қоғамдық орынды ластау тиылмай тұр
Сот залынан
Жаңаарқа аудандық сотына азамат А.
қараша айында 2018 жылы Қарағанды
қаласында автовокзал маңайында қоғамдық
орнында тұрып, қоғамдық тәртіпті бұзып,
тұрған жерінде, яғни белгіленбеген орында
темекі қалдығын жерге тастай салып, ортақ
пайдалану орның ластап, ұсақ бұзақылық
жасаған жөнінде әкімшілік іс түсті. Сот
мәжілісінде А. өзіне тағылған құқық
бұзушылық кінәсін толықтай мойындап, ол
жөнінде өкініш білдіретінін, бұрын жауапкершілікке тартылмағанын оның жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай деп ескеріп,
сот азамат А-ны Қазақстан Республикасы
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің 434-бабының 1 бөлігімен кінәлі
деп танылсын, А-ға мемлекет пайдасына
8417 (сегіз мың төрт жүз оң жеті ) теңге
мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынсын –
деп қаулы етті. Қаулы заңды күшіне енген
жоқ. Қоғамдық орынды таза ұстау жөнінде
қанша бұқаралық ақпараттарда насихат
жұмыстары жүргізілсе де қоғамымызды ластау тиылмай тұр. Отан үшін, қоғамның
тазалығы үшін, болашақ ұрпақ үшін
тәртіппен жан-жағымызды таза ұстайық,
ағайын!
Ә.С.Рахимжанова,
Жаңаарқа аудандық сотының бас маманы
МАМАН кеҢеСІ
Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек беру барысын
бақылаудың жаңа жүйесі іске қосылады
Қазақстанда
тегін дәрі-дәрмек
беру барысын
б а қ ы л ауд ы ң
жаңа түрі пайда
болмақ.
Жыл
соңында
іске
қосылатын бұл
жоба кепілдендірілген
тегін
медициналық
к ө м е к
шеңберінде
көрсетілетін
қызметтерге ақы
төлеу процесін жетілдіруді көздейді.
«2018 жылдың басында медициналық
сақтандыру қоры кепілдендірілген тегін
көмек пакеті шеңберінде берілетін дәрідәрмек пен медицина бұйымдарына ақы
төлеу тәртібін өзгертті. Яғни, бұрын дәрідәрмек пен медициналық мақсаттағы
бұйымдар ақысы дәрігер жазған рецепт бойынша төленіп келген болса, биылдан бастап дәрі қолма-қол берілген рецептілерге
ғана төленеді. Атап айтқанда, пациент дәріні
алған кезде тиісті құжаттарға қол қояды.
Содан кейін төлем туралы мәлімет «Дәрідәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық
жүйесіне енгізіледі. Ендігі кезеңде бақылау
жүйесіне пациенттердің өздерін тарту
көзделген. Бүгін Қор осы жүйені нобайлы
жоба ретінде іске қосып отыр», - деп
түсіндірді МСҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Фазыл Копобаев.
Дәлірек айтсақ, Денсаулық сақтау министрлігі, МСҚ мен «СК-Фармация» ЖШС
бірлесіп SMS-хабарлама жүйесін іске қосты.
Жоба
шеңберінде
пациенттерге
12
желтоқсаннан 2018 жылдың соңына дейін
SMS-хабарлама жіберу көзделген. Хабарлама биылғы қараша-желтоқсан айларында
тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттерге жіберіледі. Жоспар бойынша, хабарлама рецептілерде көрсетілген 3 млн
нөмірге түсуі тиіс.
Хабарламада дәрі-дәрмектің берілген күні
мен атауы көрсетіледі. Егер пациент препараттарды
алмаған
болса,
SMSхабарламағажауап ретінде «0» цифрын
жолдайды немесе «СК-Фармация» ЖШСнің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалуға
болады.
Әлбетте, пациенттердің амбулаторлық кар-
таларында
көрсетілген тел е ф о н
нөмірлері қате
болуы мүмкін.
Сол
себепті
SMS-хабарламаны бәріне
барады
деу
қ и ы н .
Сондықтан
« С К Фармацияның»
байланыс
орталығына
шағымдануға болатынын еске саламыз.
Алынған мәліметтер сарапталып, әр факті
жеке-жеке тексеріледі. Анықталған заң
бұзушылықтар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетіне жолданады.
Хабарлама нәтижесі мен ақпараттық
жүйедегі мәліметтер арасында айтарлықтай
алшақтық табылып жатса, жоба мерзімі
ұзартылады. Сонымен қатар, болашақта ол
кепілдендірілген тегін медициналық көмек
шеңберінде көрсетілетін өзге де қызметтерге
қолданылуы мүмкін.
«МСҚ
республикалық
бюджеттен
қаржыландырылатын тегін медициналық
көмек (ТМКК) пакетінің және жұмыс берушілер, азаматтар мен мемлекет жарнасы есебінен
қаржыландырылатын
міндетті
әлеуметтік
медициналық
сақтандыру
(МӘМС) пакетінің операторы. ТМККК пакеті шеңберінде көрсетілген қызмет ақысын
биылғы жылдың басынан бастап Қор төлеп
келеді. Ал, МӘМС пакеті бойынша қызмет
көрсету 2020 жылы басталмақ» - деп
түсіндірді Фазыл Клпобаев.
Дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы
бұйымдарды «СК-Фармация» ЖШС сатып
алады (МСҚ-мен арадағы келісімшарттан
түскен қаржы есебінен). «СК-Фармация»
дәрі мен медициналық бұйымдарды келісімшарт бекіткен медицина ұйымдарынан
түскен өтініштер негізінде сатып алады.
2018 жылы МСҚ мен «СК-Фармация»
ЖШС арасында 101,9 млрд теңгеге контракт
бекітілген болатын. Биылғы жылдың 5
желтоқсанына дейін елдегі медицина
ұйымдары 79 млрд теңгеге рецепт жазып
берген. Соның ішінде, 73,1 млрд теңгенің
дәрісі пациенттер қолына тиген.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сақтық
пен қауіпсіздік шараларын естен
шығармайық
Тыйым салынуына қарамастан пиротехникалық бұйымдар ауданымыздың дүкендерінде
алуан түрлі үлкен ассортиментпен сатылады. Соған байланысты пиротехникалық
бұйымдардыңсапасыздығынан көбінесе балалар зиян шегеді.
Біріншіден, ата-аналар балаларына осындай қауіпті ойыншықтарды сатып алмағаны жөн.
Пиротехниканы қолдануды білмеген жағдайда олар апатқа әкеп соқтырады.Сонымен қатар
мектепке дейінгі және білім беру мекемелеріндегі жаңа жылдық шараларды
ұйымдастырушылар және әр тұрғын өзінің үйінде жаңа жылдық шыршаны безендірген
кезде өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын сақтаған жөн.
Қауіпсіздік ережелері келесідегідей:
Фейерверктерді үйде қолдан жасауға болмайды.
Пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы дүкендерде және сәйкес сертификаты бар
жағдайда ғана сатуға болады.
Корпусының бүлінуі немесе деформациясы бар бұйымдарды сатып алуға болмайды.
Сатушыдан бұйымды қалай қолданылатыны туралы толық нұсқау алу керек. Қалай
жағатынын және қайда бағыттайтынын алдын-ала білу керек. Егер сіздің тәжірибеңіз аз
болса, бұйымдардың қарапайым түрін алған жөн.
Зымыранды пиротехникалық бұйымдарды қолдан, терезеден, балконнан ұшыруға болмайды.
Білтені жағу алдында бұйымның қай жағы үсті және қай жерден жанған заттар шығатынын
анық білу қажет. Тіпті ойнап та фейерверкті адамдарға қарай бағыттауға болмайды.
Егер зымыран атылмай құлап қалса, барлығының соған қарай жүгірудің қажеті жоқ және
қолға алып ішіне қарауға болмайды.
Салютты атып бітірген соң жанып бітпеген заттарды сөндіру керек.
Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлар жөніндегікомиссиясы
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
еРАЛИНА САЛТАНАТ АМАНҚыЗы
МеНШІк ИеСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИк KZ276017171000000078, БИН 010340002761, БИк HSBKкZKX, кБе 16,
РНН 240400001948, АО “Народный Банк казахстана”
Құттықтаймыз!!!
Ауданымыздың тұрғыны, асқар таудай әкеміз, адал жар
елтайды 1 қаңтар күні 50 жасқа толар туған күнімен
құттықтаймыз.
Өмір белесіндегі әр қадамына гүл бітіп, шаңырағына
шаттық ұя салып, қуанышты күндері көп болғай.
Денсаулығы мықты, ғұмыры ұзақ болып, балаларының
қызығын көруді Алла нәсіп етсін.
Құтты болсын туған күнің мерекең,
Таси берсін ырыс пенен берекең.
Ортаймасын ешқашан да көңілің,
Қызықты да ұзақ болсын өмірің.
Басыңнан бақыт құсы кетпесін,
Қуаныш пен шаттық сізге көп келсін.
Мерейің әрқашан да биік болып,
Ұрпақтарың гүлдей жайнап көктесін.
Тілек білдірушілер: жұбайы-Шолпан, балалары-Әсел-Азамат, Дастан,
немересі-Азиза
Адам.Қоғам.Заң.
Жерлерді заңсыз иемденуге жол берілмейді
Жаңаарқа аудандық прокуратурасының 2018 жылдың
4 тоқсанына арналған жоспарлы ведомствоаралық жиналысы, аудан прокуроры А.Қ. Әділхановтың
төрағалығымен 27 желтоқсан 2018 жылы Жаңаарқа
аудандық әкімдігінің ғимаратында «Жер заңнамасының
сақталуы және 2016 жылы жерлерді заңсыз иемденіп
алу деректері бойынша өткізілген ведомствоаралық жиналыс хаттамасының орындалуы» тақырыбында
өткізілді.
Аталған
жиналысқа аудан әкімі, аудандық
маслихаттың хатшысы, «Нұр Отан» партиясының бірінші хатшысы, аудандық полиция бөлімінің бастығы,
мемлекеттік кірістер Басқармасының басшысы,
аудандық ветеринариялық станцияның директоры, ауыл
шаруашылық, жер қатынастары бөлімдерінің басшылары,кент, ауылдық округтердің әкімдері мен учаскелік
полиция инспекторлары және ветеринариялық пунк меңгерушілеріқатысты.
Сонымен қатар, жиналыста аудан прокуратурасымен жер заңнамасының сақталуына
жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша прокурорлық пайымдау актісімен 18 тұлға тәртіптік
ж ау а п ке р ш і л і к ке
тартылғаны, Атасу
кенті әкімінің жер
беру туралы 4 өкімі
бұзылғаны, пайдаланылмай жатқан 19 жайылым және 4 егістік
жерлер (жалпы көлемі
15791,5га) 30 522 125
теңгеге
жер
пайдаланушылардың
өз еріктерімен мемлекетке қайтарылғаны
талқыланды.
Қазіргі таңда, жер
заңнамасының
сақталуы, жер телімдерін өз бетінше иемдену өзекті әрі маңызды болғандықтан, осы тақырып ведомствоаралық
жиналыста талқыланып, жалпы аудан бойынша талдау жасалынып, проблемалық сұрақтар
көтерілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша, хаттама толтырылып және тапсырмалар беріліп орындау үшін аудан әкімдігіне жолданылды.
Жаңаарқа ауданының прокуратурасы
БеЗЗАЛОГОвые кРеДИТы
ДЛя ПеНСИОНеРОв
От Азиатского кредитного Фонда
БыСТРО, уДОБНО, БеЗ кОМИССИй,
НА ЛЮБые ЦеЛИ
Нурсултан + 7 771 266 57 00, Акмарал+7 771 7470685
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
•Сумма кредита – до 500 000
тенге
•Срок кредита – до 18 месяцев
•Быстрое оформление – решение
в день обращения
•Документы – удостоверение личности и пенсионная книжка
Мы ждем вас!
Наш адрес: п.Атасу, ул.Тауелсиздик, 5\1,контактныйтелефон: тел. 8 (710-30)2-80-47,
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1600 дана
Тапсырыс №53
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
15
Размер файла
52 418 Кб
Теги
53qxp
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа