close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№10 qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№10 (9901), 16 ақпан, 2019 жыл
ЕрліккЕ дЕгЕн құрмЕт
толастамайды
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты іс-шаралар
әлі де жалғасып жатыр. Кезінде батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестерге
құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың борышы. Осы мақсатты ұстанған мәнді де, мағыналы үлкен
кеш 15-ақпан күні аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды.
Іс-шара Ауған соғысы ардагерлері құрметіне ашылған ескерткішке салтанатты түрде гүл
шоқтарын қоюдан басталды. Іле мәдениет
үйінде "Армысыздар,
қыран ерлер, ардагерлер!" атты ардагерлермен кездесу кеші
өткізілді.
Ауған
соғысы ардагерлерінің
және
жиналған
көрермен қауымның
алдында аудан әкімі
Юржан Бекқожин сөз сөйледі. Сөз соңы марапатқа ұласты. Облыс әкімінің Алғыс хатымен
Е.А.Тынысбаев және А.М.Сағиев марапатталды. Ал, мерекелік төсбелгісі, аудан әкімінің Алғыс
хаты және 100 мың теңгенің сертификаты Б.Д.Накиповқа, Б.С.Башкеновке, Ж.Қ.Текебаевқа,
О.Ә.Назаровқа, Қ.Ә.Баймырзаевқа, М.А.Крапивинге, Ғ.Ш.Смағұловқа, Қ.Н.Ысқақовқа,
Қ.Қ.Жылқыбаевқа, В.В.Ионовқа, Б.Ә.Қыдырбаевқа, Ә.М.Бекетаевқа, Қ.Ш.Әбілқасымовқа,
С.М.Орынбасаровқа, Д.Т.Далбаевқа, С.К.Әбішевке, Е.А.Досановқа салтанатты түрде тапсырылды.
арқа төріндЕ “арқа аруы”
анықталды
Ауданымызда мәдениет қайраткері Ләззат Жұмабекованың ұйымдастыруымен дәстүр
бойынша жалғасын тапқан «Арқа аруы-2019» аймақтық сұлулық байқауы өтіп, үздіктері
анықталды. Ажарына ақылы келіскен бойжеткендерді іріктеген сайыста жиырма бір
ару сынға түсті.
Қатысушыларға салмағы
55 килограммнан аспау,
бойы 170 сантиметрден
кем болмау, шашының
ұзын болуы және сахнада
өзін-өзі ұстай білу шарттары қойылған болатын.
Байқаудың
бірінші
кезеңінде бойжеткендер
ұлттық нақыштағы киімдерін көрсетті. Екінші айналымда жиырма бір ару
бір-бірлерінен
өнерлерімен ерекшеленуге тырысты. Арасында
осалы жоқ үміткерлер мәнерлеп өлең оқып, ән шырқап, мың бұрала би биледі. Бұдан
соң бәсі биік бәсекеде қыздар заманауи үлгідегі сән үлгілерін қазылар алқасының назарына ұсынды. Ақтық мәреде қатысушылар қарым-қабілетін байқатып, қазақтың салтдәстүрі мен Елбасының Жолдауына байланысты сұрақтарға мүдірмей жауап берді.
Байқауға қатысушы аруларға әділ баға беріп, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтау
үшін аудан әкімінің орынбасары Қанат Қожықаев, Қарағанды қаласындағы «Кеншілер»
мәдениет сарайының директоры Жаролла Ақышев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсет Аманжолов, айтыскер ақын Төлеген Жаманов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Медет Мұқажанов, аудандық
жастар ресурстық орталығының директоры Жалғасбек Сайлаубеков, мәдени-сауық
орталығының директоры Айгүл Исина, Қарағанды қаласында студенттер арасында өткен
«Арқа аруы- 2002» байқауының бас жүлдегері Меруерт Ыбышева, жеке кәсіпкер Айман
Тілеухановалар төрелік етті.
"Бірлік" қоғамдық ұйымының жетекшісі С.Орынбасаров сөз алып, ардагерлерге көрсетілген
ілтипат пен жасалған қамқорлық үшін аудан әкіміне шын көңілден ризашылығын білдірді.
Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, күмбірлеген күй төгілді. Жастық шағында жат
ел үшін от кешкен жерлестеріміздің ерлігі мен өжеттілігін паш етіп, жастарға берер үлгі-өнегесі
мол болған айтулы кештен көрермендер де үлкен әсер алып тарқасты.
салтанат БалтаБайқызы
Елбасы Жолдауын қолдаймыз
Жастар Елбасы Жолдауын қолдайды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған
Жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен
тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды. Елбасы Жолдауы бірден қолдау тауып, қоғамдық орталарда талқыланып жатыр.
Қазақстандықтар үшін 2018 жыл қай салада болмасын табысты жыл болғандығымен ерекшеленбек. Себебі бес
әлеуметтік бастаманың нәтижесінде жоғары оқу орындарына
2018 оқу жылында қосымша 20 мың грант бөлінгені белгілі.
1 қыркүйекте мемлекеттік гранттарға ие болып, студент
атанған жастардың қуанышында шек болмады. Халықаралық
саясатта да асығымыз алшысынан түсіп, еліміз тұңғыш рет
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2018 жылғы қаңтар айындағы төрағалығын
және осы жылға қызметін абыроймен атқарды.
Мемлекет басшысы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл бізге, яғни жастарға
берілген тарихи мүмкіндік. Себебі “Қазақстан-2050” стратегиясындағы алға қойған мақсатміндеттерді атқару біз сияқты жастардың қолында. Қазақстан халқы жастарының әлеуеті
жоғары. Оны мен өзім білім алып жатқан ортамдағы достарымның білімге деген зор ынта-жігері мен болашаққа деген ұмтылысынан білемін.
Елбасының жастарға артқан зор сенімі мен стратегиялық сенімін ақтауды мен әрбір жас
қазақстандықтың азаматтық борышы деп есептеймін. Жолдауды Елбасы: «Біз гранттардың
санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді. Жоғары оқу орнының табыстылығын
бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы
жоғары жұмысқа орналасуы», - деп қадап айтқан сөзінің маңызы зор. Жоғары оқу орнындағы
алған білімім мен тәжірибемді келешекте еліміздің дамуы мен табысты болашағына арнаймын.
арапбай дінИслам,
қарму студенті
«Арқа аруы-2019» аймақтық байқауында аруларымыздың сахнада өз-өздерін
ұстауында кемшіліктер кеткенімен қыздарымыз бар өнерлерін ортаға салды. Кешкілік
уақытта басталған байқау түн жарымға дейін созылғанымен арулардың қайсысының
бағы жанатынын байқастаған көрермен шаршағанына қарамай байқауды тамашалады.
Бір-бірімен бақ сынасқан арулардың бірі өнерден сүрінсе, бірі білімділігін байқата алмады. Қазақ халқының болмысын, инабаттылығы мен ибалылығын, ақылына көркі сай
екенін барынша көрсетуге тырысқан арулардың арасында байқау шартынан сүрінгендер
де кездесіп жатты.
Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлде және «Арқа аруы-2019» атағы Жаңаарқа
ауданының аруы Аружан Мәнжіге бұйырды. Оған ару тәжін өткен жылғы «Арқа аруы2018» байқауының бас жүлдегері Аяулым Қайырбек салтанатты түрде табыс етті. Сән
байқауында инабаттылығымен, өнерімен және әдемі келбетімен көзге түскен басқа арулар да жүлдесіз қалмады. I орынды Жәйрем кентінен келген Сандуғаш Сейілова мен
жаңаарқалық Жәния Рахметжанова өзара бөліссе, Жезқазған қаласының аруы Нұрайым
Игілік пен Жаңаарқаның намысын қорғаған Пакизат Төтеева ІІ орынды қанжығаларына
байлады. Ал, ІІІ орынды Сәтпаев қаласынан келген бойжеткен Аружан Жұматова мен
Шет ауданының аруы Айгерім Ахметжанова иеленсе, «Көрермен көзайымы» номинациясына абайлық Сара Нұржан ие болды. Бұрымдылар бәсекесінде дарынымен дараланып, сәнімен сүйсіндіргендерге қаржылай жүлделер табысталды. «Бас жүлдеге» - 150
000, І-орынға 60 000, ІІ орынға 40 000, ІІІ орынға 30 000, «Көрермен көзайымы» номинациясына 15 000 теңгелік сертификаттар және басқа номинанттарға да естелік
сыйлықтар табысталды.
мөлдір қасым
2
маңызы зор фестиваль
ХХІ ғасыр – робототехниканың заманы. Экономикамызды
ілгерілету үшін осы салаға терең ден қоюымыз керек. Робототехника – Қазақстанның білім беру мекемелерінде енгізіліп
жатқан
жаңа
бағыттардың
қатарында.
Бүгінде
республикамыздағы жүздеген мектеп пен жоғары оқу орнында өте бастаған бұл аралас пәннің құрамында бірқатар
қолданбалы пәндер бар. Болашақ робот құрастырушы математика мен физиканы, информатика мен сызуды, басқа да
бірқатар ғылым саласын міндетті түрде меңгеруі тиіс. Ал
өткен жылдан бастап оқығандары мен үйренгенін тәжірибе
жүзінде қолдануға мүмкіндік берілуі осы бір ерекше
мамандықтың қызығына бойлаған қазақстандық балалар
үшін аса маңызды қадам болды.
Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен еліміздегі
бірқатар білім беру мекемелері жаңа LEGO Education
жиынтықтарымен жабдықталып, оның көмегімен ойға алған
ең батыл жобаларды да жүзеге асыруға болады, атап
айтқанда, көптеген мүмкіндігі бар және бірқатар қызметті
атқаратын нағыз роботтардың үлгісін және бағдарламасын
жасауға болады. Бұл қызықты әрі болашағы зор бағытты дамыту бойынша алғашқы қадам ғана. Әрі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы
дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында: "Оқытудың
мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау
көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс.
Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен
жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет"-деген сөздерімен
алдымызға зор міндеттерді айқындап берді.
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ІІ аудандық
бағдарламалау және инновациялық технологиялардың
"Edurobot.zh" ("Жаңаарқа ауданының білім саласындағы ро-
боты") робот техникасы фестивалінің өткізілуі осы міндеттерді жүзеге асырудың айқын бір көрінісі болды. Ауқымды
жарыстың басты мақсаты роботтарды құрастыру және
бағдарламалау, инженерлік ғылым басқа да жаңашыл білім
беру технологиялары саласында талантты оқушыларды
анықтау және қолдау көрсету болды. Ең бастысы бұл фестиваль арқылы оқушылар, педагогтар, білім беру ұйымдары
басшыларының арасында жаңашыл білім беру технологиялары бойынша тәжірибе алмасу үшін қолайлы орта
құрылды.
Фестивальдің ашылу салтанатында алғашқы болып сөз
алған аудан әкімінің орынбасары Б.Қ.Серіков жалпы бұл
сайыстың
мәні
мен
маңыздылығына тоқталды. Келесі кезекте сөз алған
аудандық білім бөлімінің
бастығы
Т.Әштаев
қатысушыларға сәттілік тіледі.
Фестиваль бағдарламасында
"Мен және менің роботым"
сурет
көрмесі
ұйымдастырылды. Ол жерде
жалпы оқушылардың түрлі қолөнер туындылары қойылды.
Негізгі кезең 9 категория бойынша өткізілді, оған
ауданымыздың 17 мектебінен келген барлығы 17 команда
қатысты.
Роботтың
түртүрін
ж а с а ғ а н
оқушылар, өз
білімдері
арқылы темірге
жан беріп (темірге
«жан»
б
е
р
у
бағдарламаға
байланысты,
роботтың
әрекеттерін
логикалық дұрыс жасап шығару маңызды, олай болмаған
жағдайда робот жай ғана темір болып қала береді) жарысқа
шығарды. Сонымен, ауданда екінші рет өткен жарыстың
нәтижелері: «Шығармашылық «Smart SITY» санаты бойынша І орын Т.Аманкелді, А.Қартбай (Ынтымақ), ІІ орын
А.Тілеубай, А.Әлібекова (№132), ІІІ орын А.Қуандық,
Ғ.Әнуаров (Ақтау), «Зияткерлік СУМО» санаты І орын
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей
қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы
келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.
Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық
ұстанымын білдіретін еліміздің басты
стратегиялық
құжаты
мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясатының негізі болып табылады. Қазіргі заманда жемқорлықпен
күресу мемлекетіміздің өзекті мәселесі болып отыр.Мұның әлеуметтік
те,саяси да мәні зор.Себебі жең ұшынан жалғасу,бармақ басты сияқты
келеңсіз әрекеттердің соңы сыбайластыққа,тіпті ұйымдасқан
жемқорлыққа әкеп соғатыны қазіргі қоғамда аз кездесіп жатқан
жоқ.Елімізде нақты шешімі табылмай тұрған өзекті мәселенің бірегейі
– сыбайлас жемқорлық, көбінесе мемлекеттік қызмет саласында жүргендер арасынан орын алып отырғаны
жасырын емес. Сондықтан,Ұлт жоспарында 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегияның мақсат-міндеттері айқын көрсетілген.Бұл алдымен жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі
түрде алдын алуды және жоюды көздейді. Бұл орайда халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру,адамдардың
мемлекеттік органдардың өкілдеріне сенімділік дәрежесін біртіндеп қалыптастыру мәселесі күн тәртібіне
шықты.Пара алушы ғана емес,пара беруші де Заңға қарсы әрекет жасап түрғанын білуі тиіс. Біздің елімізде
қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады. Мемлекеттік қызмет
саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан
материалдық және материалдық емес игіліктер заңсыз алынады, оның нәтижесінде қоғам мүдделеріне нұқсан
келтіріледі және мемлекеттік биліктің беделі төмендейді. Сондықтан мемлекет қызметтік өкілеттіктерді
пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану пайдасыз және мүмкін емес болатын шараларды одан әрі қабылдап,
жағдайлар жасайды.Осындай маңызды шаралардың бірі мемлекеттік қызметшілердің тек қана кірістерін емес,
сондай-ақ шығыстарын да декларациялау. Бұдан әрі мұндай декларациялау бүкіл халыққа қолданылады, бұл
мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылықты сақтауға және ашықтықты қамтамасыз етуге оң ықпал етеді. Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту үшін шенеуніктердің еңбек ақысы мен әлеуметтік
жеңілдіктерін мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің кеңеюіне қарай одан әрі кезең-кезеңмен жоғарылату
көзделген. Мемлекеттік қызметшілердің сатылмайтындығы және олардың қызметінің ашықтығы – сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының табысты болуының негізі. ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа ААИ-сы
мекемесінде азаматтарды қабылдау,мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд ілініп, ҚР АШМ АӨК МИКнің және ОАИ-ның мекен жайы,сенім телефондары,электрондық адрестері жөнінде ақпараттық мәліметтер
ілініп қойылған. Азаматтарды жеке қабылдау әр жұмыс күні сағат 16-00 ден 17-00 ге дейін.Қызметшілердің
заңсыз іс-әрекетіне азаматтардың шағымдары мен ұсыныстары үшін арнайы жәшік орнатылған.Егер мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын бұзу фактілері
анықталатын болса оны жою жөнінде дер кезінде іс шаралар қолданылады.Инспекция қызметкерлерімен
құқықтық жалпылама оқыту сабақтары бекітілген кесте бойынша өткізіледі. Қазақстан Республикасының
өсімдіктер карантині,өсімдік қорғау ,асыл тұқымды мал шаруашылығы саласы бойынша заңнамасын
орындауға байланысты «Нұр Отан» партиясы, кәсіпкерлер және ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің
қатысуымен ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекециясында сыбайлас жемқорлыққа ісқимыл шаралары туралы жоспар бойынша дөңгелек стол өткізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін
жергілікті жерлерде дөңгелек стол, семинарлар өткізіліп отырады.
Инспекция бойынша 2-75-02 сенім телефоны жұмыс істейді ол БАҚ-да жарияланып тұрады.
Е.сыздыков,
«қр аШм аөк мИк Жаңаарқа ааИ» мм-нің басшысы
16 ақпан 2019 жыл
Ж.Қарсенбай, Р.Төлепбек (О.Жұмабеков); ІІ орын
Р.Қозыбаев, М.Төлеубай (№132), ІІІ орын Е.Шалғынбай,
Ж.Сұлтанқызы (Ю.Гагарин), «Кегельринг-квадро Х2» санаты І орын Н.Шомытов, М.Кәрібай (О.Жұмабеков), ІІ орын
Д.Сағымбаев, Қ.Көпжасаров (Б.Амалбеков), ІІІ орын
С.Мүбарак, И.Ибрагим (№132). «Сызықпен жүру» санаты І
орын А.Тілеубаева, С.Жақсылықова (О.Жұмабеков), ІІ орын
С.Наурызбай, Ж.Игілік (Ақтау), ІІІ орын А.Бүркітбайұлы,
А.Елдос (Талдыбұлақ). «Кегельринг» санаты І орын
Н.Айтмұханбет, А.Аманкелді (Жаңаарқа), ІІ орын
Ж.Жұмаділда, Н.Жұбаев (Ю.Гагарин), ІІІ орын Ж.Әбсаматов,
И.Мақажанов (О.Жұмабеков). «Роботтармен шоу» санаты І
орын М.Балташ, Ж.Жолкен (Б.Амалбеков), ІІ орын
А.Шалғынбай, А.Мұхамеджанова (Ақтау), ІІІ орын В.Федотенко, М.Дауылбек (Көктал). «Лабиринт» санаты І орын
Е.Аманбай, Д.Жақан (Жаңаарқа), ІІ орын Н.Ермек,
А.Әлмағанбетова (Ынтымақ), ІІІ орын А.Қарсенбай,
И.Мақажанов (О.Жұмабеков), «Сумо GRAND» санаты І орын
Д.Кәріпбеков, А.Мәнтенов (№132), ІІ орын Ж.Әбдірахмет,
Б.Қапбасов, (Ю.Гагарин), ІІІ орын А.Мұхтар, Ж.Ахмедия
(Б.Амалбеков), «STEM ROBOT MOUSE» санаты
Н.Құдайберген, Ә.Әнуар (Ақтау), Ә.Қадыр, Б.Уалихан
(Қызылжар).
Жарыс жеңімпаздары халықаралық деңгейде өтетін Ү
халықаралық робототехника фестивалі, бағдарламалау және
инновациялық технологиялар «RoboLand 2019» аудан намысын қорғайтын болады.
Айтулы жарыста робот техникасы және инженерлік
жүйелерді жобалау саласындағы білімі мен дағдыларын дамытуды көздейтін көрме де ұйымдастырылды. Дарынды жас
техниктер радио және робот техникасы, 3 д модельдеу, автомодельдеу салалары бойынша жасаған үлгілерін ұсынды.
Көрмеден І орынды Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ, ІІ
орынды Ақтау ЖОББМ, ІІІ орынды №132 ЖОББМ иеленді.
салтанат БалтаБайқызы
ынтымақтастық
меморандумына қол қойылды
Өткен жылдың
с о ң ы н д а
Ж а ң а а р қ а
ауданының соты
Кенжин
Жәкен
Еденұлы
мен
Ж а ң а а р қ а
ауданының әкімі
Бекқожин Юржан
А с а н ұ л ы
Қ а з а қ с т а н
Республикасының
заңнамасының аясында өздерінің
құзыреттерінің
шегінде, алдағы
уақытта бірлесе отырып, дауларды сот тәсілінен өзге де тәсілдермен және
баламалы жолдармен даралық, медиация арқылы шешуді кеңейту және дамыту, жетілдіру үшін қоғамда даулы мәселелердің дәрежесін төмендету, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті жақсарту мақсатында қолайлы құқықтық
ортаны құру мақсатында, өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
Меморандумда медиация тәсілін даулы мәселелерді шешу құралы ретінде
қолдану көзделген.
Бірлескен кеңестер, ғылыми-тәжірбиелік конференциялар және дауды баламалы тәсілдермен шешу үшін құқық қолдану тәжірибесін оқу және
түсіндіру бойынша семинарлар өткізу.
Дауларды медиация тәсілімен шешу барысында бірлесе әрекеттесу.
Соттағы медиация бойынша үйлестіруші судья медиаторларға әрекет етуші
заңнамаға сәйкес сотқа дейінгі тергеу органдарымен және соттармен
жолданған істерді қарау және істерді қарау орын-жайы бойынша қызмет
көрсету.
Бір-бірлерін медиация заңының өзгерістері болған жағдайда хабардар ету,
кеңес беру және оны қолдану бойынша түсіндіру қаралған.
Сонымен бірге бірлескен бағдарламалар жасау, бітістіру рәсімдерін
қолдану, өзекті сұрақтар бойынша іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, медиация
бойынша оқу іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру, медиация бойынша даужанжалдарды шешу тәсілі, үлгісі, әдісі жөнінде бірлескен тренингтер
өткізу, алқалармен жолдау, бөлу бойынша жұмыс тобымен бірлескен отырысын өткізу көзделген.
салтанат аманқызы
16 ақпан 2019 жыл
3
Инновация - дамуға арналған мүмкіндік
Инновация – бұл іздеуге,
жасауға және жаңа бұйым
түрлерін, технологияларын,
таратуға бағытталған қызмет.
Оның басқа да анықтамасы
бар. Иновация –бұл жаңалық
енгізудің жалпы процессі,
адамдардың
қажеттілігін
қанағаттандыру
үшін
қолданылатын және таратылатын жаңалық, қоғамның даму
әсеріне байланысты ауысып
отырады.
Ауданымыз да бүл үдерістен
тыс қалған емес. Себебі,
қазіргі заман талабына сай инновация болмаса, жаңашылдық болмайды, ал жаңашылдық болмаса алға қарай ілгерілеу жоқ деген сөз.
Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің және статистика басқармасының
ұйымдастыруымен өткізілген жиналыстың басты мақсаты да осы инновациялық үдерістің
жағдайын түсіндіру еді. Инновация, цифрландыру, аймақтық және әлеуметтік бағдарламаларды
дамыту департаментінің директоры Д.Карымов және осы мекеменің бас менеджері А.Өтешев,
аудандық статистика басқармасының маманы Б.Исабеков, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп
бөлімінің маманы А.Алпысов жүргізген жиналыста жаңашылдықтың ел дамуында алар орны
жөнінде кеңінен айтылды. Яғни, жаңашылдыққа ұмтылған мекемелер жұмыстары, тауар
өндіруде не болмаса қызмет көрсетуде болсын заман ағымына сай мүмкіндіктерді пайдалану
керектігі, үнемі жаңа технологияларды пайдалану қажеттілігі жөнінде айтылды.
өз тілшімізден
«Үздік жас маман-2019» сайысы
Елбасымыз: “Біз Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар
мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы
тиіс. Келесі жылды “Жастар жылы” деп жариялауды ұсынамын”,- деп айтып кеткен еді.
Биылғы Жастар жылына орай мектебімізде «Үздік жас мамандар-2019» сайысы өтті. Сайысқа
А.Дәркешова (биология), Ш.Жәкен (ағылшын тілі), М.Зарлық (дене шынықтыру), Г.Ұланқызы
(география), К.Дикоп (бастауыш), А.Блялова (орыс тілі), П.Көшкімбаева (қазақ тілі), Э.Тлеуханова (информатика), Қ.Қайыржанова (ағылшын тілі) сынды жас мамандар қатысты.
Мектеп директоры Махаббат Балабаеваның ізгі тілегімен басталған сайыста мамандар өздерін
таныстырып, өнерлерін көрсетіп, ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, мамандықтары үшін
мақтанатындарын жеткізді.
“Танысу” кезеңі бойынша қатысушылар көрерменге өзін—өзі таныстырып,
шығармашылықтың көрінісін айқындады. Барлығы осы турда өнерін, білімін көрсетуге тырысты. Бұл кезең сонымен қатар сайыста жағымды атмосфераның қалыптасып, ортаны ізгілендіруге ықпал етті. Сұрақ-жауап кезеңінде тапсырмалар қатысушылардың жалпы эрудициясы,
кәсібилігі, педагогикалық, психологиялық жағдаяттарды шешуі, сондай-ақ тұлғалық мәнді сапалары сияқты әртүрлі қырларын көрсетуге бағытталды. Шығармашылық кезеңінде өз ісінің
шеберлері, талантты мұғалімдеріміз сахнада өз өнерлерін аспапта ойнау, тамылжыта ән салу,
мың бұрала билеу, сахналық көрініс қою жалпы өнер көрсету түрлерін айшықты етіп көрсете
білді. Бұл мұғалімнің әртістік қасиетін танытқан кезең болды. Мұғалім үнемі халық алдында
тұратын танымал тұлға болғандықтан ол аудиторияны меңгере алуы, иландыра білуі, шабыттандыра алуы тиіс.
Сайыс мәреге жетіп, мектеп директоры мен орынбасарлары “Үздік жас маман-2019” сайысы
бойынша әділ қазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды жариялап марапаттады. Бас
жүлдені Қ.Қайыржанова, 1- орынды А.Блялова, 2-орынды К.Дикоп пен М.Зарлық, 3- орынды
Э. Тлеуханова, Г.Ұланқызы иеленді.
«Бұл ғасыр тек білімділердің заманы, оны игере алсаң ғана көштен қалмайсың. Білімді бол,
ұмтыл алға, жас маман» деген ұранмен жас мамандарға ақ жол тілемекпіз.
а.мИЯШЕва,
№132 ЖоББ мектебінің
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
ауданныҢ Барлық Жұмыс БЕруШілЕрінЕ
Ауданның жұмыс берушілері ай сайын «Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не немесе «Жаңаарқа ауданының Халықты жұмыспен
қамту орталығы» КММ-не 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №227 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының м.а. бекіткен
Ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша «Жасырын
жұмыссыздық жөніндегі мәлімет (қысқартылған және жұмыспен ішінара қамтылған
қызметкерлер, жалақы бойынша берешек жөнінде)» (статистикалық нысанның коды 7281201,
индекс 3-ЕН) келесі жағдайлардың бірі болған кезде тапсырылады;
-өндірісті толық тоқтату (жұмыстар мен қызметтерді орындауды тоқтату);
-толық емес жұмыс уақыты режиміне көшу (ішнара тоқтату, өндіріс көлемін қысқарту,
жұмыс режимін өзгерту);
-толық көлемдегі жұмыс, бірақ жоспарлау және штаттық құрамды қысқарту іске асырылған;
- жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болған кезде.
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады.
аңықтама телефоны 50005, 28040. «Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм-сі, «Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту
орталығы» кмм-нің мекен-жайы атасу кенті, тәуелсіздік даңғылы 5.
дЕвЯтый конкурс «сЕнім»
мы объединяем людей для обмена опытом и знаниями!
ТОО «МЦФЭР-Казахстан» совместно с комитетом труда, социальной защиты и миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, РГКП
«Республиканский научно-исследовательский институт по охране труда Министерства
труда и социальной защиты населения Республики Казахстан» при поддержке Федерации профсоюзов Республики Казахстан объявляет КОНКУРС по безопасности и охране
труда среди работодателей республики.
Прием заявок на конкурс – с 1 декабря 2018 года по 15 апреля 2019 года.
Участие в конкурсе осуществляется на безвозмездной основе.
Награждение победителей состоится в мае 2019 года в г.Астане.
конкурс проводится по трем номинациям:
1.«лучшая служба охраны труда» (і, іі, ііі места)
Деятельность службы охраны труда по обеспечению внутреннего контроля условий
труда, соблюдению установленных требований по безопасности и охране труда на рабочих местах и принятию незамедлительных мер по устранению выявленных нарушений.
2.«лучший инженер по охране труда» (і, іі, ііі места)
Деятельность инженера по охране труда, осуществляющего работы по обеспечению безопасности и охраны труда в структурных подразделениях организации.
3.«лучший технический инспектор по охране труда» (і, іі, ііі места)
Деятельность технического инспектора по охране труда, осуществляющего защиту прав
работников на охрану труда перед работодателем посредством общественного контроля
над соблюдением работодателем нормативных правовых актов по безопасности и охране
труда.
знатЬ, умЕтЬ, ПоБЕЖдатЬ!
Почему необходимо принять участие в конкурсе?
«СЕНІМ» - единственный конкурс в Казахстане для профессионалов в области охраны
труда.
Участие в конкурсе – практические шаги для подтверждения делового статуса, демонстрация компетентности и социальной ответственности перед сотрудниками и клиентами.
Информация о победителях конкурса публикуется на интернет-ресурсах организаторов
конкурса и в профессиональном печатном и электронном журнале «Охрана труда. Казахстан».
Участие в конкурсе предоставляет возможность установить полезные контакты.
Конкурс – это уникальный шанс показать эффективность работы специалистов по
охране труда вашего предприятия.
Конкурс проводится среди организаций всех форм собственности и индивидуальных
предпринимателей в целях повышения эффективности профилактики производственного травматизма и профессиональной заболеваемости работников предприятий, а также
стимулирования работодателей для создания безопасных условий труда работников.
5 шагов, чтобы стать участником конкурса?
1.Оформить подписку тем, кто пока ее не имеет на один из журналов: «Охрана труда.
Казахстан» или «Нормативные акты по безопасности и охране труда» (электронная весрия) либо получить доступ к электронной системе «ACTUALIS: Кадровое дело» в 20182019 годах.
2. Предоставить заполненную анкету-заявку, указать номинацию, фамилию, имя и отчество (при его наличии) номината. Для каждой номинации предсталяется отдельная
анкета - заявка.
3. Подготовить материалы и сведения для участия в конкурсе, касающиеся сферы безопасности и охраны труда на конкретном предприятии (инструкции, локальные документы, положения в формате Word, фотографии, презентации).
4. Написать статью, содержащую информацию о ваших методах и технологиях работы
в сфере охраны труда (3-5 стр., формат А 4, шрифт: Times New Roman 12).
5. Получить дополнительный балл, выполнив конкурсную работу на выбор:
А) подготовить материал на тему: «Экологическая безопасность предприятия»;
Б) сделать фоторепортаж на тему: «Охрана труда на моем предприятии»
Лучшие статьи и фотографии будут опубликованы в журнале «Охрана труда. Казахстан»
в 2019 году.
требования к материалам участника:
1.Участнику необходимо с 1 декабря 2018 года до 15 апреля 2019 года предоставить
конкурсной комиссии оформленные и подписанные руководителем предприятия-участника и ответственным исполнителем практические материалы о выполненных
мероприятиях по охране труда (отдельно по каждой номинации).
2. Практические материалы могут содержать описание:
-выполненных работ по внедрению системы управления охраной труда;
-новых безопасных технологий;
-процесса модернизации и обновления оборудования;
-организации работ по снижению опасных и вредных факторов на производстве;
-организации работ по социальному и обязательному страхованию работников от несчастных случаев.
Материалы принимаются на бумажном и электронном носителях.
Материалы следует подшить в папку, отдельно по номинациям, с указанием реквизитов
предприятия, фамилии, имени и отчества (при его наличии) исполнителя.
4.Статья (не опубликованная раннее в журнале «Охрана труда. Казахстан») может соответствовать одной из следующих рубрик: Обеспечение безопасности труда, Аттестация рабочих мест, Зеленая экономика, Промышленная безопасность, Охрана здоровья и
окружающей среды, Организация работы по охране труда, Расследование и учет несчастных случаев, Техническое регулирование безопасности, Обучение в системе охраны
труда, Управление охраной труда, Пожарная безопасность, Социальное партнерство,
Практикум специалиста по охране труда.
материалы и анкету-заявку на участие отправляйте по адресу: 050009, г.Алматы,
ул.Шевченко, уг.ул. Радостовца, 165б/72г, оф.712, Объединенная редакция «Охрана
труда, кадры и делопроизводство», тел.:+7(727) 323-62-08 (вн.117,118), факс:+7 (727)
323-62-12, e-mail:otk@mcfr.kz,head.kadry@mcfr.kz
всЕм раБотодатЕлЯм района
Работодатели района должны предоставлять ежемесячно в ГУ «Отдел занятости и социальных программ Жанааркинского района» либо в КГУ «Центр занятости населения Жанааркинского района» Статистическую форму ведомственного статистического наблюдения
утвержденным приказом и.о.Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года №227 «Сведения о скрытой
безработице (о сокращенных и частично занятых работниках, задолженности по заработной
плате)» (код статистической формы 7281201, индекс 3-ТН) при наличии одного из следующих
случаев:
-полной остановки производства (прекращения выполнения работ и услуг);
-перехода на режим неполного рабочего времени (частичная приостановка, сокращение
объема производства, изменения режима работы);
-работа в полном объеме, но планирующие и осуществившие сокращение штатного состава;
-наличии просроченной задолженности по заработной плате.
Статистическую форму можно получить на сайте www.stat.gov.kz.
телефон для справок 50005, 2-80-40. адрес гу «отдел занятости и социальных программ Жанааркинского района», кгу «Центр занятости населения Жанааркинского
района» пос.атасу, пр.тәуелсіздік 5.
4
16 ақпан 2019 жыл
БЕкітЕмін:
Жаңаарқа ауданының әкімі_____________Ю.а.Бекқожин
2019 жылғы әкімдердің есептері барысында айтылған тұрғындардың
ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-Шаралар
Ескертулерді/ұсыныстарды іске
асыру жөніндегі іс-шаралар мен
орындалу мерзімі
№
айтылған ескертулер/ұсыныстар (автор, мекенжай)
Жауапты
Ескерту
Мықтыбекова Нұргүл, Айнабұлақ а/о тұрғыны, қызметкер Айнабұлақ ауылының Мектептің шатырын жөндеу туралы Аудан әкімінің орынбасары Б.Мұқанов, білім бөлімі Т.Әштаев, Айнабұлақ а/о әкімі Ж.Адикамов
30.08.2019ж
(жинақтау)
1 мектебінің шатырын жөндеу туралы
Ильмеев Хайдар, Айнабұлақ а/о тұрғыны, қызметкерАйнабұлақ ауылының
Телефон желісін ауыстыру туралы Аудан әкімінің орынбасары Б.Мұқанов,«Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалы А.Разаков, келісім бо2 Орталық көшесінің телефон байланысының желілерін ауыстыру туралы
01.02.2019ж
йынша, Айнабұлақ а/о әкімі Ж.Адикамов. (жинақтау)
Нұрғалиев Байдулат, Жұмажанов а/о тұрғыны, қызметкерЖұмажанов ауылы
Мектептің жылу жүйесін жөндеу Аудан әкімінің орынбасары Б.Мұқанов, білім бөлімі Т.Әштаев, «Жаңаарқа-Жылу» КМК М.Әбілдинов,
3 мектебінің жылу жүйесін жөндеу туралы
туралы30.09.2019ж.
Жұмажанов а/о әкімі Д.Бүкірбаев. (жинақтау)
Достаев Нұркелді, Ақтау а/о тұрғыны, қызметкер Ақтау ауылының мектебіне жаңа Жаңа қазандық орнату туралы
Аудан әкімінің орынбасары Б.Серіков, білім бөлімі Т.Әштаев, «Жаңаарқа-Жылу» КМК М.Әбілдинов,
30.09.2019ж
Ақтау а/о әкімі А.Отарбаев. (жинақтау)
4 қазандығын орнату туралы
Танауов Берік, Ақтүбек а/о тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы,
зейнеткерАқтүбек ауылының екінші жартысындағы оқушыларды мектепке тасы- Оқушыларды мектепке тасымалдау
5 малдау мәселесі
Аудан әкімінің орынбасары Б.Серіков, білім бөлімі Т.Әштаев, Ақтүбек а/о әкімі Е.Орманов. (жинақтау).,
туралы 01.07.2019ж.
Арыстанов Мұқан, Ақтүбек а/о, Атасу ауылының тұрғыны, қызметкерАтасу
ауылының жолдың арғы бетіндегі кешкі мезгілде электр қуатының аздығы туралы Электр қуатын жөндеу туралы
Аудан әкімінің орынбасары Б.Серіков, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Ж.Бөгенбаев,
01.11.2019ж.
Ақтүбек а/о әкімі Е.Орманов. (жинақтау)
6 мәселесі
Тұрсынов Амангелді, Байдалы би а/о тұрғыны, зейнеткер Байдалы би ауылына
Аудан әкімінің орынбасары Б.Серіков, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Ж.Бөгенбаев, Байдалы би а/о әкімі Ж.Тажитов. (жинақтау)
7 КТП орнату туралы
КТП орнату туралы 01.11.2019ж.
Қожаев Сейтжан, Бидайық а/о, 69 рзд ауылының тұрғыны, зейнеткер 69 рзд ауылы Жылу қазандығын бөлек салу ту- Аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, білім бөліміТ.Әштаев, «Жаңаарқа-Жылу» КМК М.Әбілдинов М.,
8 мектебінің жылу қазандығын мектеп ғимаратынан бөлек салу туралы
ралы 30.09.2019ж.
Бидайық а/о әкімі Н.Жамауов. (жинақтау).,
Ибраева Бота, Атасу кенті, Байдалы би көшесінің тұрғыны Аралбай батыр
Бұрылыс жолға тас жол салу туАудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Ж.Бөгенбаев,
9 көшесінен Байдалы би көшесіне бұрылыс жолына тас жол салу туралы
ралы 30.07.2019ж.
Атасу кенті әкімі А.Түсіпов. (жинақтау)
Жарылғапов Ғазым, Атасу кенті, аграрлық колледжінің директоры көппәтерлі
Орталық кәріз жүйесіне қосуды
Аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Ж.Бөгенбаев,
аяқтау туралы 01.06.2019ж.
Атасу кенті әкімі А.Түсіпов.(жинақтау)
10 тұрғын үйлердің орталық кәріз жүйесіне қосуды аяқтау
Жакаева Динара, Атасу кенті, ШЧ мекемесінің қызметкері ШЧ мекемесінің Абай
11 көшесі, 48 шеберханасының жылу мәселесі
Жылу мәселесі туралы 30.09.2019ж
Акишев Мақсат, Атасу кенті, Н.Әбдіров көшесінің тұрғыны Н.Әбдіров көшесіне Жарық шамдар орнату туралы
12 жарық шамдар орнату туралы
30.08.2019ж.
Атасу кенті, Сары Тоқа көшесінің тұрғындары Сары Тоқа көшесіне жарық шамдар Жарық шамдар орнату туралы
30.08.2019ж.
13 орнату туралы
Автокөліктердің жүру
Рысмағанбетова Шарбан, Атасу кенті, А.Сейдімбек көшесінің тұрғыны
жылдамдығын тежеу белгісін қою
О.Жұмабеков ат ЖОББМ-нің жанына автокөліктердің жүру жылдамдығын тежеу және балалар жүретін жолды белгілеу туралы 01.05.2019ж.
14 бойынша жол белгілерін қою және балалар жүретін жолды белгілеу
Жакупбекова Нұргүл, Атасу кенті, Сейфуллин көшесінің тұрғыны Сейфулин
15 көшесіндегі тұрғын үйлердің жылу мәселесі
Жылу мәселесі туралы
30.09.2019ж.
Аханов Есен, Атасу кенті, І Ертіс орамының тұрғыны І-Ертіс орамына су құбырын Су құбырын тарту туралы
16 тарту туралы
30.10.2019ж
17 Камилов Мухиддин, Атасу кентінің тұрғыны, дәрігер дәрігер
Нұрсұлтанов Ерболат, Атасу кенті, Орманбаев көшесінің тұрғыны Орманбаев
18 көшесіне асфальт төсеу туралы
Аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Ж.Бөгенбаев,
«Жаңаарқа-Жылу» КМК М.Әбілдинов, Атасу кенті әкімі А.ТүсіповА. (жинақтау)
Аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Ж.Бөгенбаев,
Атасу кенті әкімі А.Түсіпов. (жинақтау)
Аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Ж.Бөгенбаев,
Атасу кенті әкімі А.Түсіпов. (жинақтау)
Аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Ж.Бөгенбаев,
Атасу кенті әкімі А.Түсіпов. (жинақтау)
Аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Ж.Бөгенбаев.,
«Жаңаарқа-Жылу» КМК М.Әбілдинов, Атасу кенті әкімі А.Түсіпов. (жинақтау)
Аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Ж.Бөгенбаев, «Тазасу» КМК Ж.Рыспеков, Атасу кенті әкімі А.Түсіпов. (жинақтау)
Аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, экономика және қаржы бөлімі А.Аманбаев, Атасу кенті әкімі
Несие алу туралы 30.04.2019ж.
А.Түсіпов. (жинақтау)
Аудан әкімінің орынбасары Қ.Қожықаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Ж.Бөгенбаев,
Асфальт төсеу туралы 01.07.2019ж Атасу кенті әкімі А.Түсіпов. (жинақтау)
ауған соғысына–30 жыл
ЕрліктЕрі Ел Жадында мӘҢгілік
Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толды.
Бұл майдан енді есейген бозбалаға бауырдың жақындығын, жүректің батылдығын, бейбіт
күннің қадірін білуге ұғындырды. Әрине, арада отыз жыл уақыт өтсе де отты жылдар салған
жүректегі сызат әлі жазыла қойған жоқ. 10 жылға созылған кескілескен соғысқа Қазақ жерінен 22269 адам қатысып, оның 761-і қаза тапты. Жалпы, Ауғанстанға интернационалдық борышын өтеуге Жаңаарқа ауданынан 60 адам барды. Сұрапыл соғыста 1985 жылы жерлесіміз
В.Трутько ерлікпен қаза тапты. Бүгінде ауданымызда марқұмның есіміне берілген көше және
өзі оқыған Ю.Гагарин атындағы орта мектепте ескерткіш тақта орнатылған.
Қазіргі таңда ауданда 19 Ауған соғысы ардагері бар. Олар: Ермек Тынысбаев, Сұлтанбек
Әбішев, Қами Әбілқасымов, Әбушахман Бекетаев, Бақытжан Башкенов, Көл Баймырзаев,
Қыдырбай Жылқыбаев, Владимир Ионов, Қыдырбай Ыскаков, Михаил Крапивин, Беделхан
Қыдырбаев, Сәкен Орынбасаров, Аманбай Сағиев, Жұмагелді Текебаев, Дәулетбай Далбаев,
Бек Нақыпов, Ғалым Смағұлов, Еркеш Досанов, Оралбай Назаров.
Бұл жандар Ауғанстан жеріндегі соғысқа аттанып, өмірін оқ пен оттың арасында өткізді.
Отан алдындағы борышын өтеп, елімізге аман-есен оралды. Өзінің интернационалистік борышын өтеген жандар, Ауған соғысының ардагерлері Әбішев Сұлтанбек Кеңесұлы мен
Орынбасаров Сәкен Мүңкебайұлы бүгінгі сұхбатымызға арқау болмақ.
-сұлтанбек аға, сұрапыл соғысқа аттанған
мезеттеріңізден бастап әңгіме қозғасаңыз?
-Жастық шағында жат ел үшін қан кешіп, Отан
үшін өз міндетіңді абыроймен атқару соғысқа
аттанған әр жауынгер үшін оңай болған жоқ.
В.И.Ленин атындағы мектепті бітіріп, СПТУ-ға
ауыл құрылыс шебері мамандығына оқуға түсіп,
аяқтаған соң ПМК-121 құрылыс мекемесінде
жұмыс істедім. 18 жасымда әскер қатарына
шақырылып, Түркіменстанның «Кушка» қаласына
кеттім. Қасымда жерлесім, сыныптасым Нұрсейіт
Мұқажанов деген азамат бар еді. Екеуміз әскерде
оқу-жаттығу кезінде бірге болдық. Содан 1988
жылы Ауғанстанға аттанарда екеуіміз екі бөліндік.
Сол жылдың мамыр айында «Құндыз» қаласындағы
№149 мотоатқыштар полкіне жіберді. 1989 жылы
Тәжікстандағы «Құрғантөбе» қаласында №1
бөлімшесінде рота старшинасы болдым. 1989
жылдың 30 желтоқсанында елге оралдым.
-қазіргі таңда ауған соғысы ардагерлеріне билік
тарапынан қандайда жеңілдіктер қарастырылған?
-2006 жылы менің төрағалығымен ауданымызда «Бірлік» атты қоғамдық ұйым құрдық. Ол
ұйымға Ауған соғысының ардагерлерімен қатар, Чернобыль, Парсы шығанағы, Арабияда
«Су-Эдский» каналының құрылысына қатысушылары т.б шекара асып, Отан алдындағы борышын өтеген жандар мүше болды. Ауған соғысының ардагерлеріне коммуналдық
қызметтер тегін десем болады. Жарыққа айына 100 квт тегін, көп қабатты үйде тұратын
жандарға жылу тегін, су мәселесіне келер болсақ, оған 50% жеңілдік қарастырылған. «Бірлік»
ұйымы аудан әкімшілігі мен «Нұр Отан» партиясымен бірлесе жұмыс жасайды. 2007-2008
жылы Ауған соғысының ардагері Ермек Тынысбаевты Башқұртстанның Уфа қаласына
барлығымыз жиналып, ем алуға жібердік. 2009 жылы 20 жылдықта Ресейдің Мәскеу
қаласында үлкен жиын болды. Оған №181 әскери бөлімнің жауынгерлері Аманбай Сағиев
пен Ермек Тынысбаев қатысты. Оларға ұйымның атынан қаржылай көмек бердік.
Санаториялық орындарға ем қабылдауға жолдама беріліп тұрады. Осындай үлкенді-кішілі
жағдайларға біздің ұйым өз көмегін барынша көрсетеді. Аудандағы түрлі іс-шараларға жауынгерлер шақырылып, кездесулер мен әскери патриоттық шараларға қатысып, жастардың
патриоттық сезімін оятып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге деген ынтасын арт-
тыру бағытында белсенді жұмыс жасап келеміз. Түрлі мерекелік іс-шараларда үнемі бас
қосып тұрамыз. 2006 жылдан бастап, «Бірлік» ұйымына төрағалық етіп, 2017 жылы
денсаулығыма байланысты төрағалықтан бас тарттым. Қазіргі кезде 2 жыл бойы Ауған
соғысының ардагері Сәкен Орынбасаров төрағалық жасап келеді.
-сәкен аға, «Бірлік» ұйымының қазіргі таңда
атқарып отырған жұмыстары жайлы айтып
берсеңіз?
-«Бірлік» қоғамдық бірлестік құрылғалы аудандық
ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, әскери қорғаныс
істер бөлімімен бірлесе отырып, жеткіншектермен,
жастармен түрлі кездесу өткіземіз. Әскерипатриоттық сайыстар ұйымдастырып, үздік
оқушыларды анықтаймыз. Сондай-ақ қоғамдық бірлестік қазіргі кезде аудан жастарының әскери борышын өтеуге деген ынтасын арттыру үшін түрлі
іс-шаралар өткізіп келеді. Биыл Кеңес әскерінің
Ауған жерінен шығарылғанына – 30 жыл толып
отыр. 30 жылдық шараны кең көлемде атап өту үшін
жыл басынан бастап дайындалып жатырмыз. Түрлі
баннерлар, басқа да Ауған ардагерлерінің ерлігін насихаттайтын үнпарақтар жасап жатырмыз. Сонымен қатар, барлық ардагерлермен бірігіп, аудандағы
аз қамтылған отбасыларға және ДЦП-мен ауырып
жатқан екі балаға қаржылай және заттай көмегімізді
көрсеттік.
-ауған жерінде болған кездеріңіз жайлы айтсаңыз?
-Мектепті аяқтап, Шымкент қаласындағы құрылыс институтына түстім. 1-ші курсты
аяқтаған шағымда әскер қатарына шақырылып, 1984 жылы Түркіменстанның Ашхабад
қаласында 4 ай оқу-жаттығуда болдым. Сол кезде Игорь Николаевич Плосконос деген Кеңес
Одағының батыры біздің батальонның командирі болды. Сол кісіден сабақ алып, 1984
жылдың қазан айында Джелалабад қаласына аттандық. Ауған жерінде БМТ жүргізушісі
болып, 1,5 жыл Отан алдындағы борышымды өтедім. 1986 жылы елге оралған соң, оқуымды
жалғастырдым. 1990-1996 жылдар аралығында Қызылорда облысының Арал қаласында
құрылысшы болып қызмет атқардым. Жаңаарқа ауданына 2000 жылы жұмыс бабымен ауысып келген болатынмын. Қазіргі кезде отбасылымын, екі ұлым бар. Бүгінде үлкен ұлым
Астана қаласындағы Н.Ә.Назарбаев атындағы университетті аяқтап, сол жоғары оқу орнында
ғылыми жобалар бөлімінде қызмет жасайды. Ал, кіші ұлым Қытай елінде медицина
университетінің соңғы курсын оқып жатыр. Жолдасым - Нұргүл Оқасқызы екеуміз жеке
кәсіпкерміз.
Отан алдындағы борышын адал атқарған жас сарбаздар үлкен соғыстың ортасынан табылды.
Оған қоса, мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, қаншамасы жарақатпен оралды. Бір
сөзбен айтқанда, оқ пен оттың ортасынан оралған ардагерлер үшін Ауғанстан жазылмас жан
жарасына айналды. Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толды.
Бүгінгі бейбіт еліміздегі тыныш заман мәңгілікке айналсын.
Жаратқан осы берекемізді арттырып, ынтымағымызды берік қылсын. Ардагер екенімізді
елеп, бізге әруақытта құрмет көрсетіп, патриоттық шаралардың төрінен табылып жатамыз.
Ол біз үшін үлкен құрмет, қошемет. Болашақ жастарды Отанды сүюге, елдіктің қадірін білуге
шақырамыз. Бейбіт күннің байрағы көк аспанымызда желбірей берсін!
- сұхбаттарыңызға үлкен рахмет! Батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен сіздер жайлы мақала жазып, оқырман қауымға таныстыру біздің борышымыз деп білеміз.
сұхбаттасқан: рахат өмірБЕкқызы
16 ақпан 2019 жыл
адвокат-ләззат оспанқызы
Қарбаласқан тірлікте түрлі жағдайлар болып жатады. Соның ішінде жазықсыз жазаланып, болмаса аңғалдығынан аузы күйіп жататындардың
есесі есебі түгелдердің еншісінде кетіп, жалған
ғұмырда жазаланып, темір тордың түнегіне
тоғытылып жататынына етіміз үйреніп бара
жатқандай. Бұрынғыдай «сотталды» дегенді
естігенде шошымайтын күйге жеткенбіз. «Аман
болса оралар»-деп басу айтатынымыз және бар.
Қазіргі таңда жаза басу мен жазалану қалыпты
жағдайға айналып бара жатыр. Өрімдей жастан
өркен жайған азаматтар мен азаматшаларға дейін
сотты болуы қоғамды алаңдатқанымен тоқтау
қойып, тосқауыл салуға шама жоқ. Бүлдіру,
бүліну, жазалану, жапа шегу толастар емес.
Соның салдарынан сотқа арызданушы мен
айыпталушының
қатары
сиремей,
жаза
өтеушілердің шоғыры азаймай отырғаны да
қоғамдағы үлкен дерттің бірі.
Жаза басқан
жанның кінәсін айқындап, саралап, бағалап, таразылайтын
сот
алқасының
алдында
айыпталушының кінәсіз екенін нақты дәлелдерді
келтіріп, ақтап жататын адвокаттар легі арамызда
бар екені белгілі. Сондай білікті адвокаттың бірі ауданымызда тұратын - Ләззат Оспанқызы.
Адвокат-жоғары заңдық білімі бар, адвокаттық қызметпен
айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі
болып табылатын және заңмен регламенттелетін адвокаттық
қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін
маман. Сот үдерісіндегі ең тәуелсіз маманның бірі – осы адвокат.
Осы орайда заң саласында жүріп, талай тағдырлы сәттерге
куә болып, сүйініш пен күйінішті қатар
сезініп,
қорғаушысын қалай да ақтап алуға барын салатын нәзік
жанды, 38 жыл еңбек өтілі бар, білікті әрі білімді, тәжірибесі
мол Ләззат Жуанышбаевамен тілдесуді жөн көрдік.
-Мен 1959 жылы 21 ақпанда Қараағаш ауылында дүниеге
келгенмін. Әкем Жуанышбаев Оспан химия-биология
пәнінен сабақ берген ұстаз. Ш.Ералиев ауылындағы мектепте ұзақ жылдар директор болып қызмет атқарған жан.
Оқу ағарту ісінің үздігі болған әкем аудандық «Қазақ тілі»
қоғамы
ұйымының белсенді мүшесі болып, селолық
советтің бірнеше дүркін депутаты және партия ұйымының
хатшысы болып еңбек етті. Қоғамдық жұмысқа белсене
араласқан әкем ел сыйлаған азамат болатын. Анам Жұпар
Қожамұратова үй шаруасындағы жан болғанымен балаларына
жақсы тәрбие беріп,
біздің азамат болып
қалыптасуымызға үлкен үлес қосқан болатын. Мен үйдің
үлкенімін. Тұңғыш бала ата-анаға серік қана емес, ол
соңынан ерген бауырларына үлгі болуы керек деген
қағидатты ұстанып, тәртіпті, үлгілі, үздік болуға кішкентай
күнімнен бағытталып, мектепті «Алтын» белгіге аяқтадым.
-заңгерлік мамандықты таңдауға не әсер етті?
-Мектепте 8 сынып оқып жүргенімізде әдебиет пәнінің
мұғалімі Мәннап Қаратаев қандай мамандық иесі болуды
қалайтынымызды сұрап, шығарма жазуға тапсырма берді.
Осы шығарма жайлы әкеме айтып едім, әкем маған заңгер
мамандығын таңдауға ұсыныс айтты. “Заңгер мамандығын
таңдасаң болашақта заңгер де, нотариус та, адвокат та, прокурор да, сот та бола аласың”,- деп кеңес беріп, менің ол
мамандық иесі болу қолымнан келетінін баса айтты. Осыдан
кейін бірден заңгер боламын деп шешім қабылдадым. Бұл
5
ойым ауытқымай 1976 жылы мектепті бітіргеннен кейін
Қарағанды Мемлекеттік университетінің заң факультетіне
оқуға түстім. Группамыздағы 25 баланың 13-і мектепті
“алтын” белгіге бітіргендер болатын. Жоғарғы оқу орынын
жақсы аяқтадық. Бірге оқыған қыз-жігіттер еліміздің әр
қаласында еңбек етуде. Соның ішінде ҚарМудың ректоры
Еркін Көбеев пен
бас
прокурор
Рашид Түсіпбеков
елімізге танымал
жандар.
1981
жылы оқуды бітірдік.
Ол
уақытта студенттерге еңбек етуге
жолдама береді.
Мені Жезқазған
о б л ы с ы н а
қарасты
өз
ауданымызға жіберді. Теорияны
оқып,
заңды
жаттағанымызбен
тәжірибесіз жас
маман
болып
жұмысқа келгенімде мені осы
жұмысқа баулыған жетекшім Ахметов Төлеген Түсіпұлы болатын. Өте білімді, өз ісінің шебері Төлеген Түсіпұлынан
бірәз тәлім мен тәрбие алдым. Менің адвокат болып
қалыптасуыма, өз ісімнің білгір маманы болуыма сол кісінің
үлесі зор. Міне, сол 1981 жылдан басталған адвокаттық
жұмысым әлі жалғасып келеді. Ойлап отырсам осы
жылдар арасында 18 сотпен бірлесе жұмыс атқарған
екенмін.
- заңгер
мамандығының ерекшеліктері
қандай? түйіні қиын, түйткілі көп мәселені шешуде қиналған сәттеріңіз болды ма?
-Әрбір адвокат-заңгер, бірақ әрбір заңгер адвокат
емес. Заңгер-құжаттармен жұмыс істеуге яғни келісім-шарт құрастырып, басқа келісімді бағалауға,
тауар белгісін тіркеу үшін өтініш рәсімдеуге, фирма
немесе ЖК тіркеуге көмектеседі. Сондай-ақ, заң бойынша міндеттеріңіз бен құқықтарыңызды
түсіндіріп, соттағы өкіліңіз болып, сізбен бірге
келіссөздерге барады.
Ал, адвокат – қосымша жауапкершілігі бар заңгер.
Адвокаттың міндеті –адамның құқығы мен мүддесін
қорғау. Егер адам қылмыс жасады деп тұтқындалса,
міндетті түрде адвокаты болуы қажет. Адвокатзаңгер тәрізді кез келген заңға қатысты сұраққа
жауап береді. Адвокаттың басты парызы – әділдік
үшін өз клиентінің құқығын қорғау. Оның жұмысы
әділдікті заңмен қорғауға негізделген. Құқық
мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап беретін
кәсіби, тәуелсіз маман.
Адвокат қылмыстық,
азаматтық немесе төрелік істерде қызмет көрсете
алады. Бірақ бұл бағыттардың әрқайсысында өз
ерекшеліктері бар. Қылмыстық істердің адвокаты
адам өлген, ұрлық, зорлық-зомбылық, экономикалық
қылмыс, жол апаты сияқты істермен айналысады.
Адвокаттың басты міндеті–қорғаушысының кінәсіз
екенін айғақтаушы дәлелдер арқылы нақтылау немесе оның жасаған қылмысы айғақталған жағдайда
жазасын жеңілдетуге атсалысып, көмек көрсету. Сотта
қаралатын істер ұзақ мерзімге созылуы мүмкін. Ал адвокат
іс сотқа жіберілмей тұрып, тергеу кезінен бастап іске араласа
алады. Адвокат мамандығы жоғары ақыл, парасаттылықты,
үлкен жауапкершілікті, қоғамдық іске қызығушылықты,
жылдамдылықты, шешендікті талап етеді. Ең бастысы, адвокат өз елінің заңын толықтай жақсы меңгеруі керек
Жұмыс болған соң оның қызығымен қиыншылығы
қатар жүреді. Осы 38 жыл аралығында ауданда
өткен қаншама сот процестерінде қорғаушы болып
қатысып, талай азаматтарға көмек қолымды создым.
Көбіне біліктілігіңнің арқасында прокурордың
таққан айыбын айғақты дәлелдерімізді көрсетіп,
айтып, жеңілдетіп ақтап жатамыз. Бұндай сәттер
болғанда әрине еңбегіңнің жемісін көріп қуанып
жатасың. Кейде үмітің ақталмай жатады. Онда
айыпталушының
сенімін
ақтамағаныңа
қапаланасың, қай жерде осал болдым екен деп ой
түбіне кетесің.
Осы еңбек өтілімде көп сот процестерінде
қорғаушымның сенімінен шықтым деп ойлаймын.
Ойлап отырсам қиналған сәттерімнен қуанған
сәттерім көп екен.
-адвокаттық қырыңызбен таныстық, отбасында қандай анасыз?
-Мен студент болып жүріп тұрмысқа шықтым.
Жолдасым Төлеухан Қызылбаев екеумізде жоғарғы
оқуда оқимыз. Сонда жүріп 1977 жылы отау құрдық.
Біздің алғашқы екі баламыз Гүлден мен Айдосты
ата-енелеріміз бағып, мектепке баратында бізге бірақ
берді. Атам Жарылхан Қызылбаев пен енем
Оңал
Оңғарованың отбасындағы он баланың үлкені Төлеухан
менің жарым. Төлеухан Болтай әжесінің баласы. Сол әжесі
біздің алаңсыз білім алуымызға жағдай жасап, шөберелерін
өзі бағып, бізге азамат етіп берді. Кейін Айжан мен Маржан
өмірге келді. Ұлым Айдос менің жолымды қуған. Ол
аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор қызметін
атқарса, келінім Гүлжазира ағылшын пәнінің ұстазы.
Гүлден, Айжан, Маржан әкелерінің жолын қуған бухгалтересепшілер. Аллаға шүкір бүгінде қыздарымызды қиясына
қондырып, жиен сүйсек, ұлымызды үйлендіріп, немере иіскеп отырмыз. Төлеухан аудандық «Тазасу» мекемесінде бас
есепші болып еңбек етеді.
Мен адами факторлармен жұмыс жасайтын болғаннан кейін
балаларымның тәртіпті, тәрбиелі болып өсуіне, адами
құндылықтарды жоғары бағалауларына көп көңіл бөлдім.
Заңға бағыну, өзіңнің құқығыңды білу бұл баршаға ортақ
міндет,-деген Ләззат Оспанқызымен әңгімемізді ұялы
телефонының дамылсыз шырылы бұзып, сұхбатымызды
аяқтадық. Телефон желісіндегі сан қоңыраудың жайдан
соғылмайтыны анық.
-Тағы не болып қалды екен?-деп асығыстық танытқан адвокат қорғаушыларының біріне: “күте тұрыңыз”,- деп жиналып кете барды.
Ләззат Жуанышбаева адвокаттық жұмысында бірнеше
мәрте ҚР адвокаттар Одағының, ҚР Әділет Министрлігінің,
Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының, Жаңаарқа
ауданы әкімі мен мәслихатының
Құрмет грамоталарын
алып, еңбегі бағаланған жан. Кеудесінде Қарағанды
облыстық адвокаттар алқасының төсбелгісі
мен ҚР
тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекелік медалі жарқырайды.
Ләззат Оспанқызының есімі Қарағанды облыстық адвокаттар
алқасының Құрмет тақтасында жазылған.
Өзгенің тағдырының тұңғиыққа батпауы үшін барын
салып, тәуекелге бас тігіп, білімділігін байқатып, білгірлігін
аңғартып, күрмеуі қиын мәселенің түйінін тарқатуға атсалысып жүрген қарапайым адвокаттың айттары:- адам баласы жазықсыз жапа шекпесе екен.
Көбіне адвокаттың қызметіне басына іс түскен адамдар
жүгінеді. Сондай жандардың жанашырына айналған Ләззат
Оспанқызы осы ақпан айында алпыс жасқа толады екен.
Мерейтойыңыз құтты болсын қорғаушы, Ләззат Оспанқызы!
Жұмысыңыздың жемісін көріп, отбасыңыз аман болып,
бақыттан бақытқа жете беріңіз.
салтанат аманқызы
6
16 ақпан 2019 жыл
Жасалған еңбегі, адамгершілігі ешқашан ұмытылмайды
Жалпы тұлға болып қалыптасудың және тұлға болғаныңды дәлелдеудің сан қырлы жолдары бар. акпупенова ардақ
диханбайқызы - өзінің ұстаздық жолында өзінің тұлғалық болмысын қалыптастыра білген адам. тек ұстаздық қана емес, адамгершілік, мәдениеттілік тұрғыда көп адамдарға үлгі бола білді. мүмкін бұл "ұстаз" деген ардақты мамандықтың болмысында
болу керек міндетті дүниелер шығар. ардақ диханбайқызы өзі өмірден өтсе де, сіңірген еңбегі, жасаған жақсылықтары ешқашан
өлмейді. Ғұмыры қысқа болса да, артына өшпес із қалдыра білді. төмендегі пікірлер мен көзқарастар осының айғағы.
ардақ мұғалім - ХХі ғасыр
мұғалімі" деген атқа лайық
с.Бибосынов, Б.амалбеков атындағы ЖоББм-нің
директоры:
-Қазіргі кезде ХХІ ғасыр мұғаліміне деген қойылар талап
өте жоғары. Балалар бүгінде мол ақпарат иесі. Сондықтан
ұстаздар қауымына дәріс беру де өте күрделі іс болып тұр.
Ал, Ардақ Диханбайқызын нағыз ХХІ ғасыр ұстазы деп
айта аламын. Бұл сөзді мен ол кісінінің көзі тірісінде айтатынмын. Үнемі өзін жинақы ұстайтын. Прогрессивті
көзқарасты болды. Өзгелердің пікіріне сыйластықпен
қарады. Жүйелі түрде өз-өзіне баға беріп, рефлекция
жасап отырды. Мәдениеті, эрудициясы жоғары,
эстетикалық, көркемдік талғамы бар еді. Саясатқа, білімге,
өнердегі жаңалықтарға қызығушылық танытатын. Оның
ұстаздық шеберлігі ана сүтімен берілгендей көрінетін. Білімін балаларға сіңіре білді, нәтижесін жарқыратып
көрсете де білді. Тынымсыз еңбек етіп, бір орында тұрып
қалмайтын. Оқушыларының шығармашылығымен қоса,
өзінің де өнерін дамытып отырды.
Ардақ мұғалімнің қолынан шыққан экспонаттар әлі күнге
дейін аудандық мұражайда сақтаулы тұр. Кезінде
Ардақтың бастамасымен мұражайда үлкен кездесу
өткізілген еді. Барлық мектептердің балалары жасаған
қолөнер бұйымдарын көрсетіп, қорғады, білгендерімен
бөлісті. Тәлімі мол, әсерлі отырыс болған.
Мына жаһандану заманында ұлттық құндылығымыздың
жұтылып кетпеуіне рухани байлығымыз қарсы тұрады.
Осы рухани құндылықты мен Ардақтың бойынан
көретінмін. Жұмысына деген адалдығы, жауапкершілігі
өте жоғары еді. Тіпті науқастанып жүрген кезінде де
жұмысын тоқтатқан емес.
Әлі есімде қалада бір сайыс өтетін болып, Ардақ әдетінше
қатысып келуге тілегін білдірді. Мен болсам: "Ардақ
денсаулығынды түзеп алсайшы, әлі талай сайыстарға
қатысарсың",-дегеніме болмай, "Балалардың көңілін
қимай тұрмын"-деп өтініп, ақыры барып, жүлделі орынмен оралған болатын. Адамға деген жанашырлығы керемет еді.
Қадірлі әріптестен ойда жоқта айырылып қалдық.
Әріптестері, оқушылары, ата-аналар бұл жағдайға қатты
қайғырдық. Ардақ мұғалімнің неше жыл атқарған
еңбектерінің нәтижесі біз үшін әрқашан үлгі-өнеге болып
қала береді.
талабы бала
кезінен білінді
тезекбаева алма диханбайқызы, апасы:
-Біз үйде алты қыз, бір ұл өстік. Ардақ аудан
басында 1-сыныпты қазақ тілінде бітірген
кезде, әкеміздің жұмысы Айнабұлақ ауылына
ауысып, отбасымызбен сол жерге көштік. Ол
ауылда мектеп орыс тілінде болғандықтан, 1сыныпқа қайта барды. Қиналған жоқ, тез
төселіп кетті. Ардақ бала кезінен зерек,
оқуда үздік болды. Бір тоға, момын
болғандықтан, көбіне өзімен өзі сабағын
оқып, көңіліне ұнайтын шаруалармен
айланысқанды ұнататын. Мектепті өте жақсы
көрсеткішпен аяқтап, Балқаш қаласына оқуға
түсті. Өзімен бірге сіңілісін де ала кетті. Өз
күшімен, еңбегімен, талабымен оқуын
тәмамдады.Уақыты келгенде отбасылы
болды. Барлық өмірін отбасы мен жұмысына
арнады. Мектептен тыс уақытта балаларға
уақыт бөлетін. Әсіресе, тұрмысы төмен отбасы балаларының өнерін ұштауға ерекше
ықылас бөлетін. Мұражай аралатып, қолы
қалт етсе шәкірттерін үйіне де шақырып алатын. Түрлі үйірмелер ашып, жұмысын жандандырды. Қолынан келмейтіні жоқ еді.
Ардақтың қолымен жасалған бұйымдарды
ауданымызға сырттан келген қонақтар да
қызығып,
тамашалайтын.
Қиялынан
туындаған ғажап дүниелерді таңдай қақпай
қарай алмайтынбыз.
Барлық нәрседен тек жақсылық көріп,
орайы келсе әзілге бұрып тұратын. Білімділігінен бөлек, логикалық ойлауы мықты болатын. Бос уақытында сканворд шешкенді
ұнататын.
Алланың ісіне қарсылық бар ма?!
Ардағымыздан, шамалы уақыттан соң Айымнан да айырылып қалдық. Өзекті өкініш
өртейді. Бұл өмірде жасаған сауапты істері
мол еді, пейіш төрінен орын бұйыртсын деп
дұға етеміз!
дарынды ұстаз, өнерлі маман
анамыз ғана емес,
сырлас досымыз да болды
қыздары Шолпанай мен Жұлдыз:
-Аяулы анамыздан айрылған кезде бір-ақ түнде мың күнге қартайып,
жүрегіміз қан жылап, орманымыз, қорғанымыздан айырылғандай күй
кештік. Анамыз сырымызды көзімізден ұғатын сырласымыз, жандүниемізді сөзсіз түсінетін досымыз да болып еді. Жүрегімізде жазылмас
жара, орны толмас қаяу қалды. Қатал тағдырдың тауқіметімен талай
таласқа түсіп «неге?» деген сұрақты көп қойдық. Анам өмірде көп
қиындық көргенімен өте жолы болғыш адам еді. Ойлаған ойларына,
жоспарлаған істеріне Алланың қалаумен және өзінің еңбекқорлығымен
оңай қол жеткізетін еді. Бұл жолы да Алланың анама төккен мейірімі екенін енді ғана түсініп, неге деген сұрағымызға жауап алып отырмыз. Осыдан бір жыл бұрын дәл осы уақытта анамыз еңбек еткен мектебінің
ұжымы анамызды еске алуға арналған көрме ұйымдастырып, дәл сол
Амалбеков атындағы мектеп мұражайынан арнайы орын бөлініп, сіңілім
Айым өз қолымен анамыздың бұрышын жасаған еді. Жолдасымнын
анасы, Алла берген екінші анам 100 шелпек пісіріп оқушыларға таратқан
болатын. Мейірімі шексіз Алла анама ерекше жаксы көретін бауыры
Серіктің, Дарханның, "сары балапаным" деп жаксы көретін Айбатының,
ең бастысы кенжесі, он саусағынан өнер тамған ботасының, жүрегінің
ішіндегі жүрекшесі, байлығы, мақтанышы Айымның дүниеден озатының
көрсетпейін деген екен ғой...
"Тас түскен жеріне ауыр" демекші, жан жарамызды жазар енді ем жоқ
шығар. Осы күні тұла бойымызды өртеп бара жатқан оттын жалынына
бірге күйіп-пісіп жүрген отбасыма, әсіресе енеме алғысым шексіз.
Басқасы басқа бірақ бауырдан айырылған өте қиын екен...
Ардақты жандардың жаны жаннатта, тәндері рахатта болсын дейміз!
Алланың рахымына бөленсін!
құдағиым емес, сіңілімдей болды
манап мусина, құдағиы:
-Тағдырдың жазуымен Ардақтың қызы Шолпанай келінім атанды. Азды-көпті
таныстығымыз екі жылдай жалғасыпты. Осы аралықта құдағиымның тек қана жақсы
қырларынан таныдым. Ардақ - тәрбиелі, салмақты, орнықты адам еді. Өсек айту, біреуді
жамандау, күндеушілік дегеннен ада еді. Артық мінезі жоқ, уақытының көбін жұмысына
арнайтын. Қолөнер бұйымдарын ерекше етіп жасайтын. Үнемі ізденіп, жаңашылдыққа
ұмтылып тұратын. Үйіне барған сайын бір жаңа бұйымға куә болып, қызықтап
қайтатынбыз. Қыздарының ішінде Айымнан да осы анасынан дарыған өнерді көретінбіз.
Жас болса да көп жетістіктерге жеткен еді. Биязылығы, кішіпейілдігі де осы анасынан
келген қасиет пе деймін. Өкінішке орай, ол да анасының соңынан кетті. Алланың ісіне
шара жоқ. Ардақ құдағиыммен екі рет қасиетті Қадір түнін бірге қарсы алып едік. Сол
кезде дінге қатты бет бұрып жүргенін байқадым. Сондықтан болар, шүкіршілігі мол еді.
Қандай жағдай болмасын: "Ничего страшного",-деген өмірлік ұстанымына айналған сөзі
болатын. Құдағиым емес, сіңілімдей болды деп айта аламын. Ардақтан айырылып
қалғанымызды білгенде көңіл опырылып, жүрегіміз сыздады. Жатқан жері жайлы,
топырағы торқа болғай!
Шәкірті үшін отқа түсуге даяр тұратын
көшкінбаева Ғалия, оқушысының анасы:
-Ардақ мұғалім біздің балаларды 5-сыныптан бастап алып, 11-сыныпқа дейін жетекшілік
етті. Бір жыл өткен соң өзі де өмірден өтіп кетті. Оқушыларына да, ата-аналарға да бұл
ауыр хабар оңай тиген жоқ. Сонша жылғы таныстығымыз туыстыққа айналғандай еді.
Сыныбындағы оқушыларының оншақтысы үздік оқыды, бүгінгі күні 8 бала грантта
оқиды. Тамаша көрсеткіш! Оқушыларын өз баласындай көретін, "оқушыларыммақтанышым!" деп үнемі айтып отыратын. Әлі есімде, ұлым Ескендір Қарағанды
қаласындағы Б.Бейсенов атындағы ішкі істер академиясының курсанты атанғанда Ардақ
мұғалім бөркін аспанға ата қуанған. Әр баласының кішкентай жеңістеріне, жетістіктеріне
ата-анасымен қосылып, балаша мәз болатын. Кей кездері баламызға сабақ үлгерімі жайында ұрсып алсақ, біздерге: "мен өзім түсіндіремін, неге ұрсасыз?",-деп шыр-пыр болушы еді. Оқушылары мектепті тәмамдап, жауапты сәт - ұлттық бірыңғай тест тапсыруға
кіргенде уайымдағанын көрсеңіз! Нәтиже шыққанша біздермен бірге толқыды.
Әр оқушысын атымен атамай "томпағым", "сары ұлым" деп еркелетіп отыратын. Атааналар жиналысын өткізген кезде де қалмай жиналатынбыз. Маңызды мәселелерді
талқылаған соң, өзара әңгімеге көшетінбіз. Ұйымдастырушылық қабілеті керемет еді. Сол
жиналыстан кештетіп бірақ қайтатынбыз. Тағы бір айта кететін жайт, балаларымыздың
сынып жетекшісі болған соң, жасыратыны жоқ ризалығымызды білдіріп, ата-аналар тарапынан сый жасағымыз келетін. Дүкеннен алып келген сыйымызды ешқашан
қабылдамайтын. Ал, оқушылары қолынан бір бұйым жасап берсе, ол оны бейне өмірдегі
ең қымбат затқа ие болғандай қуана-қуана алатын. Ардақ мұғалімнің осындай алтын
қасиеттерін айта берсе сөз жетпейді. Жадымызда тек жарқын сәттері ғана бар. Ардақты
оқушылары да, ата-аналар да тек жақсылықпен ғана еске аламыз.
мергенбаев Бауыржан, әріптесі:
-Менің жұмысым негізінен технология пәні бойынша бағыт-бағдар беру, осы пәннің мектептерде
берілуін қадағалау болды. Осы жұмысқа араласа
бастағаннан бастап, мұғалімдердің арасынан
Ардақ дарындылығымен бірден көзге түсті.
Жұмысына деген ынтасы мен адалдығы,
еңбекқорлығы мен ізденгіштігі оны өзгелерден даралап тұратын. Біздер осы технология пәнінің
мұғалімдерінің үздіктерін алға тартып, жетістіктерін паш ету мақсатында жиі-жиі семинарлар
ұйымдастырдық. Семинар барысында әр ұстаз
өзінің шығармашылық жұмыстарын қорғап, істәжірибелерімен алмасатын. Үздік нәтижелер алдымен аудан бойынша, кейін облыс көлемінде
таратылатын. Мұғалімдер арасынан осы Ардақтың
және Жұпар мұғалімдердің жұмыстары назарға
ілігіп, еңбектері кітапша (брошюра) болып жарық
көрді.
Бұл ағымдағы жұмыс барысы болса, Ардақ
мұнымен шектеліп қалмай, өз саласы бойынша
әрқашан ізденіс үстінде жүретін. Білген, көңілге
түйген ақпараттарымен бөлісетін.
Түрлі
деңгейдегі сайыстарда қарым-қабілетін сынауды
ұнататын. Сайысқа барып қатысу үшін көптеген
қағаз мәселелерін рәсімдеу, рұқсат алу секілді шараларды атқаруда көмегімді аяған емеспін. Себебі,
қандай жарыс болсын Ардақ жүлдесіз қайтқан
емес. Ал, бұл жетістіктер біз үшін мәртебе болды.
Жоспардан тыс шараларды көптеп ұйымдастырып,
оқушылардың уақытын пайдалы әрі тиімді өтуіне
ат салысатын. Үйірмелер жұмысын жүргізу
жөнінен көптеген мұғалімдерді әдістемелік бағытбағдар беру үшін Ардаққа жіберетінбіз. Өз
шығармашылығын дамыту, білімін жетілдіру
жұмыстарын үздіксіз жүретін. Дәстүрге айналған
"Сиқырлы саусақ" байқауында Б.Амалбеков
атындағы мектеп оқушылары үнемі алдыңғы
орыннан көрінетін. Бұл орайда Ардақтың еңбегі
зор. Осы салада жолын жалғастырған
шәкірттерінің осы күнге дейін жеткен жетістіктері
де мол. Осылай тыным таппайтын Ардақтың
бақилық болғанын естігенде сенер-сенбесімді білмедім. Ауыр қаза. Иманы серік болсын! Ардақ
мұғалімнің сіңірген еңбегін барлық әріптестері,
оқушылары бағалайды. Өшпес із қалдырды деген
осы болар.
көршілігіміз туыстыққа
жалғасқан еді
өксікбаева дәріжан, көршісі:
-Ардақпен 17 жылдай көрші болдық.
"Алыстағы туыстан, жанындағы көршің артық"
- демекші туысқандардай араласып едік.
Ардақтың болмысы ұстаз деген атқа лайық еді.
Сыпайлығы, ізеттілігі, мәдениеттілігі керемет
еді. Әсіресе бір әдемі күлкісі әлі көз алдымда.
Әйел адам ретінде қолынан келмейтін шаруа
жоқ еді. Қонақ шақырған кезде (ол уақытта
қазіргідей тапсырыс бере салу жоқ) барлық
тәтті-дәмді пісіруді, салат жасауды өз мойнына
алатын. Ерекше мәзірді өз қиялынан ойлап
шығаратын. Әрі тіл үйірер дәмді етіп әзірлейтін.
Тіпті өз үйіне бір нәрсе пісірсе, "ауыз тиіңіз"
деп міндетті түрде алып келетін.
Бірде немерем "Ханзада мен ханшайым" сайысына қатысатын болды. Оны естіп алған
Ардақ баламды бастан-аяқ түгел дайындады.
Киетін ерекше киім үлгісін жасап, айтатын
тақпағына дейін дайындап берді. Өз баласы
қатысатындай жанын салды. Нәтижесінде немерем І-орын иегері атанды. Игі іске осылайша бастамашы болып жүретін. Ардақтың осы асыл
қасиеттерін өз балаларыма да үлгі қылып отырамын.
Өмір болған соң түрлі жағдайлар орын алады.
Қандай жағдай болмасын ренжіп, қабақ шытпайтын. Ауырып жүрсе де қатты білдірмей
кетті. Жай ғана емделіп, қайтып келер деп едік.
Қайтейік... Алар орны ерекше еді, сол орны да
ерекше ойсырап қалды. Қазасын естігенде
қабырғам қатты қайысты. Мен білсем, жалпы
Ардақты танитын барлық адамдар қайғырды.
Ардақ жайында айтар болсам, әңгіме таусылмайды. Жақсылықтарын, болмысын жеткізуге
тіл жетпейді. Бірақ барлығы көңілде сайрап тұр.
Шіркін!!!
Айымды көргенде Ардақты
көргендей болатынмын. Оған да ұзақ ғұмыр жазылмапты. Өте өкінішті... Жандары жаннатта,
тәндері рахатта болсын! Алла қалған балашағасына ұзақ ғұмыр, денсаулық берсін!
16 ақпан 2019 жыл
атына заты сай еді
-Құлыным, қоңыр қозым, Алланның берген патшасы
тұра ғой,-деп еркелетін әжемнің дауысын естімегелі көп
болды. Үйіміздің сәнін кіргізіп, дәмді түрлі тамақты дайындап, жез самауырдан сыздақтата қою күрең шәйді
құйып отыратын келбетінің көз алдымнан көшкеніне де
біраз болды. Атам екеуінің ортасында алаңсыз өткен
балалығым, еркелігім тасып, әжемнің күн қақтаған
жеңсізіне оранып жүрген күндерімді қатты сағындым.
Сол шақтарға шегіндіріп, сол кездерге қайта оралтса дәл
солай әжемнің алдына жантайып, қызыққа толы
әңгімесін тыңдап, мейріміне бөленіп жатар едім. Әттең,
олай болмайтыны өкінішті.
Менің атам Жарулла Шайхин мен әжем Мереке
Сұлтанқызы осы ауданымызға танымал жандар. Атамды
ауданнан бөлек осы ауданға қарасты бүкіл ауыл таниды
десем өтірік айтпағаным. Үлкен-кіші атын атамай
«Жәке» деп сыйлап, төрден орын береді. Бұл атамның ел арасында сыйлылығының белгісі. Кеңестік кезеңде бел шешпей еңбекке араласқан атам, негізі түздің адамы. Сұлулыққа сүйсініп, тау мен тастан әдемілікті көретін, даладан жанына
қуат алатын атамның аңшылығы, құралайды көзге атар мергендігі бар. Бала кезімізден
бізді машинасына салып алып, тау-тасты аралатып, әр жердің атауына байланысты тарихи деректерді айтатын атам, нағыз даланың сүйікті перзенті.
Ал, әжем ошақтың отын маздатып, сапарлап жүрген отағасын жоқтатпай ұл-қызына
тәлім тәрбие беріп, мал-жанға ие болып, берекелі шаңырағының нағыз мерекесіне
айналған жан. Әжем жайлы ой қозғасам ол кісінің ақжарқын мінезі, қонақжайлылығы,
жүрген жерін думандатып жүретін ерекеше мінезі көз алдыма келеді. Әжем ортасына
сыйлы, мейрімді, қолы ашық, кісінің бетін қақпайтын, үнемі елге жанашырлықпен
қарайтын ерекше еді. Таныстарының қызығын бірге қызықтап, қайғысын бірге бөлісетін.
Жүрген жерін күлкіге қарық қылып, әзіл-қалжыңға кенелтетін. Әжем немере-жиендерін
өте жақсы көретін. Содан болар бәріміз әжемнің жанында болғанды қалайтынбыз. Әр
қайсымыздың қалауымызды орындап, не қаласақ соны пісіріп беретін еді. Үй толы
жанның барлығының көңілін табатын. Ақ жаулығы желбіреген әжем нағыз қайратты болатын. Әжемнің қолынан бәрі келетін. Барлық қыздарының, немерелерінің жасауын өзі
жасап тіккен ісмер, дәмді тағам әзірлейтін аспаз, үлкенге ізет жасайтын инабатты, кішіге
қамқорлық танытатын мейрімді, досқа берік, ұл-қызына үлгі болған кең пейіл жантын.
Отырған жерін үйіріп әкететін еді. Әжем барлық баласының, немере-жиендерінің
шөберелерінің туған күнін жатқа білетін, әрі бәрімізді туған күнімізбен алдымен
құттықтайтын да әжем еді. Көңілі дариядай әжемнің еркелеткен дауысын естігенде
барлығымыздың түйілген қабағымыз жазылып сала беретін. Әжем есіктен енгенде үйге
ерекше жылылық пен шуақ төгілетін. Сол шуаққа малынып, әжемнің аялы алақанында
өсіп, ер жеттік.
Әжеміз аман болып, арамызда болғанда ақпанның 23-і күні 80 жасқа толар еді.
Өкінішті. Біз сізді сағындық, әже. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын.
Үп етсе жел, кекілімді тарап, сыйпаса,
Әжем ғой деймін самал боп өпкен бетімнен.
Шуағын төккен күнді де сіз деймін, Әжетай,
Жылылық сыйлап, аспанға барып бекінген.
Қараңғы түнде жап-жарық айда өзіңсіз,
Жарық қылған «құлыным аман жүрсін»,- деп,
Себелеп жауған ақ жауын жаңбыр өзіңіз,
Қытықтап мені жүретін ылғи күлсін деп.
Қоршаған мені әлемнен іздеймін мен Сізді,
Гүл де, тау да, өзен де, бау да Өзіңіз,
Жадымда мәңгі жатталып қалды ұмтылмай,
Ақыл ғып айтқан, Әжетай, әрбір сөзіңіз.
нұржігіт аЯнБаласы
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, өскелең ұрпақ бойына білім
нәрін сеуіп, еселі еңбек сіңіріп жүрген білімді де білікті ұстаз,
№132 орта мектептің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары смағұлов Бауыржан Әбушахманұлын 19 ақпан
күні 60 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз. Ел
ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен
өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен
шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді
сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздің
үлесіңіз орасан зор.
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкіртінің бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
ізгі тілекпен: аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы
және №132 орта мектептің педагогикалық ұжымы
Құттықтаймыз!!!
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,
адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар
қауымына құрмет арта бермек. Дәл осындай құрметке
лайық О.Жұмабеков атындағы білім ордасын басқарып
отырған білікті басшы, ұлағатты ұстаз рахимов рысқали
серікбайұлын 6 ақпан күні 55 жасқа толған мерейтойымен
құттықтаймыз.
Сізге деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұрпақ
тәрбиелеудегі елеулі еңбегіңізбен мемлекеттің гүлденуі
жолындағы абыройлы істеріңізге толағай табыс тілейміз.
ізгі тілекпен: аудандық білім бөлімі, білім қызметкерлерінің
кәсіподақ ұйымы және о.Жұмабеков атындағы ЖоББм ұжымы
7
ЕскЕ алу
Сәкен ауылының тумасы болған, асқар таудай әкеміз, адал
жар, қамқор ата бола білген құсайын аманжолұлының
бақилық болғанына 23 ақпан күні 1 жыл толады.
Ардақты әкеміздің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын деп Алладан тілейміз.
Шуақ едің, нұр едің,
Ар жолынан аттамаған ұл едің.
Біз сенбейміз тоқтап қалды дегенге,
Сенің ыстық мейірімді жүрегің.
Жан әке, жан ұяңның тірегі едің,
Тірі болсаң жадырап жүрер едің.
Бауырларың сағынып орның толмай,
Тағдыр ғой, келмес сапар жүре бердің.
сағына еске алушылар: жұбайы-Бақыт, бауырлары, балалары, келіндері, немерелері
23 ақпан күні сағат 13.00-де сәкен ауылында “ақ босаға” тойханасында құдайы дәм
беріліп, құран бағышталады
БЕззалоговыЕ крЕдИты
от азиатского кредитного Фонда
Быстро, удоБно, БЕз комИссИй, на
лЮБыЕ ЦЕлИ
•Сумма кредита – от 100 000 тенге до 1 000 000
тенге
•Срок кредита – от 6 мес до 24 месяцев
•Быстрое оформление – решение в день обращения
•Документы – удостоверение личности (для пенсионеров-пенсионная книжка)
в связи с расширением ждем вас по новому
адресу п.атасу ул. абая д.19 (напротив школы им.с.сейфуллина).
контактные телефоны: 8 (71030) 2 71 94, нурсултан +7 771 266 57 00, акмарал +7
771 747 06 85, нурболат +7 707- 607-88-40
Құттықтаймыз!!!
Ералиев ауылының тұрғыны, ардақты атам қызылбайбаласы
Жарылханды 85 жасқа толар торқалы жасымен шын жүректен
құттықтаймын. Ардақты ата, Сіз бүгін Алланың берген
қуатының арқасында сексен бестің сеңгіріне аяқ артып отырсыз. Мен осы өмірге келерде Алла тағала сізге аян беріп:
“Өмірге шөберең, ер азамат келеді, сол баланың аты
“Нұрдәулет” болсын”- деп, сіз менің есімімді қойған болатынсыз. Мен сіздің жасаған жақсылықтарыңызға мәңгі
қарыздармын. Сізді берген баталарыңыз, айтқан әрбір ақылкеңестеріңіз мен үшін осы өмірде жақсы азамат болуыма
қосар үлесі көп екеніне мен сенімдімін. Сізге алғы күндерде
деніңіздің саулығын, өміріңіздің ұзақтығын тілейміз.
Жақсылықтар жаныңызға серік болсын. Мен сізді қатты жақсы
көремін.
Қадіріңіз арта берсін еленіп,
Берекелі мың бақытқа кенеліп.
Ортамызда қуанышқа әрқашан,
Жүріңізші әр күн сайын бөленіп.
Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,
Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.
Шаттықпенен көріп таңның арайын,
Жақсылықтың төге берсін талайын.
ізгі тілекпен: шөбересі нұрдәулет төлеуханбаласы
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, ардақты бауырымыз
Бекішев аманкеш Жанпейісұлын 16 ақпан күні 60 жасқа
толған жасымен шын жүректен құттықтаймыз. Айналаң
қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, мейірім мен
қамқорлыққа толы болсын. Аманкеш, Алланың берген
жасын жасап, қосағынмен қоса ағарып, немере-шөбере
сүйіп, әкеміздің туын тік ұстап, туған-туыстарға,
бауырларға қамқоршы, қорған бола беруіңе тілектеспіз.
Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңын арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын.
тілек білдірушілер: бауырлары мен жезделері
Жарамсыз деп танылсын
алиханов алдияр Бакытжановичтің атына берілген жеке басының куәлігі жоғалуына
байланысты жарамсыз деп танылсын
*** *** ***
нурабаев нурым нурхановичтің атына 2001 жылы Атасу орта мектебін бітіргендігі туралы берілген №0236479 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
*** *** ***
Ақтүбек ауылдық округі Жеңіс көшесі №8 үйдің тұрғыны кагибаева Батияштың атына
2017 жылы берілген б/н нысанды эксплуатациялау туралы акт және жердің мемлекеттік акт
жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
*** *** ***
соловьев Евгений михайловичтің атына 2004 жылы берілген №4 Атасу кент әкімінің
өкімі жоғалуына байланысты жарамсыз деп талынсын
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, аяулы ана, ардақты әже,
көңілі кең жүрегі мейірімге толы абзал жан сарсембекова Балжан Шәкенқызы 13 ақпан күні асқаралы 60 жасқа толды.
Өмір атты ұзақ та, соқпақ жолда мойымай, кезіккен
қиындықтарды балаларыңыз үшін қайрат тауып, қуанышты
сәттердің көп болатынына сендіңіз. Сіз бізге таудай
төзімділіктің, дархан даладай кеңдіктің, мейірімділік пен
қарапайымдылықтың дәнін септіңіз. Біз сізге басымыз
жерге тигенше иіліп, жүрегіміз тоқтап қалғанша “Ана” деп
сыйлап өтеміз. Бар байлығы балалары мен алтын асықтай
немерелерінен көретін анамызды мерейлі алпыс жасыңызбен
құттықтаймыз.
Анажан, көп көрдіңіз қасіретті,
Бұл күнде көзіңіздің жасы кепті.
“Артыңда бар оңалар” дегендейсің,
Жаратқан шапағатың шашып өтті.
Әкеміз Ахмедия бірақ көре алмады,
Ішінде кетіп еді көп арманы.
Аруағы әкеміздің ырза шығар,
Шаңырақтың құты мен берекесі.
ізгі тілекпен: балалары, келіндері, күйеубалалары, немерелері, жиендері
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, аяулы ана, адал жар, сүйікті
әже Жуанышбаева ләззат оспанқызын асқаралы 60 жас мерейтойымен құттықтаймыз. Аяулы анамызға ұзақ ғұмыр, зор
денсаулық, әкеміз Төлеухан екеуі өмірде бірге қартайып
бала-шағаның, немере-жиендерінің қызығын қызықтап
ағайын-туыстардың арасында қадірлі де ақылшы болып
жүре беруіңізге тілектеспіз.
Торқалы той 60 жас құтты болсын,
Денсаулық әрдайым мықты болсын.
Балалар мен ұрпағың аман болып,
Үйіңізге қуаныш пен бақыт толсын.
Талай жас қосылсын жасыңызға,
Жамандық түспесінші басыңызға.
Бақытты боп әрқашан осы өмірде,
Жақсы жандар жүрсінші жаныңызда.
Игі тілекпен: балалары гүлден, айдос-гүлжаз, айжан-Ерғали, маржан-айдын,
нұрдәулет және немерелері мен жиендері
Құттықтаймыз!!!
Қадірлі де сыйлас құдағиымыз Жуанышбаева ләззат
оспанқызы 21 ақпан күні 60 жасқа толып отыр.
Құдамыз Төлеухан екеуіңіз өмірлерінің мәніндей гүлдей
қыз өсірген, білдей ұл өсірген, балдай немере-жиендер
сүйіп, өмір сүруге, адам болуға тәрбиелеген ұлағатты атаанасыздар.
Құдағиымыз Ләззатқа өмірдің бар жақсылығын тілейміз.
Әмсе дені сау болып, Алланың берген жасын жанұясында
тойлай беруді нәсіп етсін деген тілегімізді білдіреміз.
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты да, шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Ашық болсын қашанда көк аспаныңыз,
Ғасыр болсын өмірде жасағаныңыз.
Жарқын күндер алдыңнан келе берсін,
Таусылмасын ешқашан асқақ әнің.
тілек білдірушілер: құда-құдағиы- Ғали-дидар
Құттықтаймыз!!!
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” - дей келе
өзінің алған білімін шәкірттеріне арнаған №132 жалпы орта
білім беретін мектебінің 2-Б сынып жетекшісі Бөстекова Фариза ісләмқызын 18 ақпан күнгі туылған күнімен шын
жүректен құттықтаймыз.
Деніңе саулық, отбасыңа амандық тілей отырып, еңбекте
жемісті болып, оқушыларыңыз тек биіктен көрініп, қуанта
берсін.
Бұл өмірде жансын мәңгі бағыңыз,
Арта берсін жылдан- жылға жасыңыз.
Алла қолдап орындалсын арманың,
Өмір-өзен ағынымен тасыңыз.
Игі тілекпен оқушыларыңыз: Бекназар, аида, Шұғыла, Фатима, гүлназ, анель,
айбар, аяулым, ділдә, нулифар, дияр, Ералы, айсұлтан, у.альбина, Элизовет,
айтолқын, қ.альбина, Бекзат, рахым, рахат, аделя, нұрислам, нұрсұлтан және
ата-аналары
“аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШс басшысы - бас редактор
ЕралИна салтанат аманқызы
мЕнШік ИЕсі: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШс
Мекен-жайымыз: 100500, қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, атасу кенті,
тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИк KZ276017171000000078, БИн 010340002761, БИк HSBKкZKX, кБЕ 16,
рнн 240400001948, ао “народный Банк казахстана”
Құттықтаймыз!!!
Аяулы анамыз, сүйікті әжеміз зейнеп Жұмашқызын 80
жасқа толуымен құттықтаймыз. Алла тағала анамызға деніне
саулық беріп, оқылған дұға тілектерін қабыл етіп, балашағасының қызық-қуанышын көре берсін.
80 жасың құтты болсын, асыл анам,
Қасиеттім, ақылшым, жеке дарам.
Анадай жанашыр сен таба алмассың,
Айналып шықсаңдағы барлық ғалам.
Омырауын ақ сүтін, нәрін берген,
Мәпелеп аялаған, бәрін берген.
“Құлыным, аман болсын, ержетсін”,-деп,
Ақ көңілден батасын, жанын берген.
Анаңнан жақын адам болмас сірә,
Қадірлеп, сыйламасың үлкен күнә.
Аяғының астында жұмақ барын,
Ұмыттырып жібермесін, заман мына.
Ешкімде дүние түбіне жеткен емес,
Анашым, басымдағы шырай бағым,
Өзімен ештеңе алып кеткен емес.
Сен бақытты анасың, мұңаймағын.
Анаңа қарайласып, қадірле сен,
Дүниедегі ең жақын асылыма,
Түсінбесең, сенің құның ештеңе емес.
Құрметпен, ақ жүректен жыр арнадым.
Барлық балаң көз алдыңда көрініп,
Бақытты ана екеніңді сезініп.
Жүре берші менің асыл анашым,
Арамыздан алыстама, бөленіп.
ізгі ниетпен: балалары, немерелері
Құттықтаймыз!!!
Адақты ана, қадірлі бауыр, сүйікті сіңілі, аяулы әке
Искакова Ғалия серікқызы15 ақпан күні асқаралы асу 60
жасқа толып отыр. Отбасына береке-байлық, деніне саулық
тілейміз. Немере-шөбере сүйіп, балалардың қызығын
қызықтап, шалқып-тасып жүре бер.
Алпыс деген асқар бел екен,
Таси берсін шаттығын мен берекең.
Арамызда күліп-ойнап жүз жаса,
Тарқамасын қызығын мен мерекең.
Бір жаратқан жар болып, қорғай жүрсін,
Ата-баба аруағы қолдай жүрсін.
Құда менен құдағи тату болып,
Бір-біріне сәлемін жолдай берсін.
Игі тілекпен: анасы -күлпан, бауырлары, келіндері, балалары,
сіңілері, күйеубалалары, жиендері, немерелері
Құттықтаймыз!!!
Қараағаш ауылының тумасы, қара шаңырақтың егесі доскенов
қажымұқан Шомытұлын 18-ақпан күні 40 жасқа толар мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Осы
қуанышты күні саған деннің саулығын, шаңырағыңа ырыс
байлығын, жүрегіңе мәңгі жастық жалынын, көңіліңе
сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы
тыңғылықты да тындырымды қалпыңнан талмай, табыстан
табысқа жете бер. Мейрамкүл екеуіңнің құрған
отбасыларыңда ынтымақ болып, бастарыңнан бақ таймасын! Көңілің ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында
қайғы-мұңды білмей, балалардың қызық қуанышына
тоймаңдар. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройың
әрдайым артып, аңсаған армандарыңның асуларына жете
беріңдер!
Өмір мәнін шын ұқ та,
Қырық жасқа толғаның,
Қиялға өрле қырықта,
Қырдан асып қалғаның.
Өсиетін бабалар
Арманыңды жалға мың,
Ешқашан да ұмытпа.
Бақ сыйласын алды күн.
Изгі ниетпен: ағасы - Әлмұхан (алеша), жеңгесі - айгүл және бауырларыЖарасқан, нұртілеу, нұршат, алихан
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданы, 117 разъездің тұрғыны, ардақты күйеубаламыз
қайрат (сексен) Бахытбергенұлын 20 ақпан күні 40 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз.
Қайратқа ашық аспан, қажымас қайрат тілейміз.
Өмір жасың ұзақ, денсаулығың мықты болсын.
Үзілмесін өміріңнің жыр әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Жұмысыңның тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулесі боп шуағы.
Тілейміз бұл өмірде бақыт саған,
Тілейміз талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда,
Көрейік сені, балам, заңғарлардан.
тілек білдірушілер: ата-енесі-мұрат-қымбат, балдыз-бажалары мөлдір-Жақай, айгүл-нұртуған, дәметкен, Жансая, рахман, аягөз
құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
газет қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1920 дана
Тапсырыс №10
Автор
zhanzbc
zhanzbc219   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
15
Размер файла
29 368 Кб
Теги
qxp
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа