close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№17qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№17qxp_Жанаарка газеті 05.04.2019 15:52 Страница 1
№17 (9909), 6 сәуір, 2019 жыл
астана атауының нұр-сұлтанға
ауысуы стратегиялық маңызды
қадам
Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа астана салу жөніндегі идеяны 1994 жылы айтқан болатын. Ол кезде елдің көпшілігі бұл идеяға сенімсіздік білдірген еді. 1997 жылы идея
іске асып астанамыз Алматыдан Ақмолаға ауысқан кезде де көпшілігі «ертең
Алматыға қайта ораламыз ба?» деген көңіл-күймен келгені де жасырын емес.
Тіпті, бұл идеяға министрлер де сенімсіздік танытқаны рас. Идея іске асып, Астанамыз гүлденген қалаға айналып шыға келді. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары
қол жеткізген ірі жетістіктерінің бірі осы, яғни Тұңғыш Президенттің идеясы.
Астана арқаның төріне ауысқанда ондағы тұрғындар санының үш жүз мыңға да
жетпегенін айтқан ол 21 жыл ішінде қала халқының саны үш есеге өсіп миллионға
жеткенін тілге тиек етті. Саяси-экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық
дамудың флагманына айналған ел орталығы Қазақстанның түкпір-түкпірінен интеллектуал адамдарды өзіне тартты.
Бұл стратегиялық жағынан өте маңызды қадам болды. Тұрғын санымен қатар
қаланың ішкі өнімі де өсті. Ал, ғылыми және мәдени әлеуеттің еселеп өскені
соншалық оны 1997 жылмен мүлдем салыстыруға келмей қалды. Астана қазақтың
ғана емес әлемнің астанасына айнала білді.
Атап айтсақ, мұнда көптеген әлемдік саяси және экономикалық шаралар өтті. Ең
басты стратегиялық қадам деп Астананың көшірілуі арқылы қазақ елі тұтастығының
сақталып қалуын айтуға болады. Ел тұрғындары оңтүстік аймақтардан солтүстікке
қарай қоныстана бастады.
Осының арқасында солтүстік облыстардағы халық саны да өсті. Астана атауының
Нұр-Сұлтанға ауысуы, бірінші кезекте ел халқының Тұңғыш Президентке деген
алғысы, екіншіден бұл үрдіс арқылы Елбасы салған сара жолдың әрі қарай да
жалғасын табатынын алға тартты.
Біз бұдан Тұңғыш Президентіміздің осыған дейін жүргізген саяси бағытының
сақталатынын түсінеміз. Біз үшін бұл өте қажет. Өйткені қазіргі уақытта көптеген
сыртқы саяси күштер бізді алған бағытымыздан тайдыруға тырысуда.
Бұл жерде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты өте орынды. Сонымен қатар,
Елордамыздың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілуі филологиялық тұрғыдан да
орынды. Астана ұғымы жалпылама ұғым. Қай елдің болмасын астанасының белгілі
бір атауы бар. Сондықтан бізге астанамызға осындай атаудың берілгені өте орынды
болды.
Г. ЖақыпОва,
Жаңаарқа ауданының мемлекеттік архивінің архивисі
Тазалық-2019
Кент және ауылдық елді мекендерді және
мекеме аулаларын абаттандыру, санитарлық
тазалау және көгалдандыру бойынша
көктемгі екі айлықты өткізу
Аудан тұрғындарының тіршілік ету өмір жайлылығын қамтамасыз ету және сыртқы
бейнені жақсарту үшін, 2019 жылдың 1 сәуір мен 10 маусым айлары аралығында
Жаңаарқа ауданының кенттері мен елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазалау
және көгалдандыру бойынша көктемгі екі айлық (әрі қарай – екі айлық) жарияланды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде Сіздерге:
1.ҚР заңнама шеңберінде ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 10 маусым айлары
аралығында екі айлықтың өткізілуін ұйымдастырып, кәсіпорындардың еңбек ұжымы
мен барлық үлгідегі меншік түрлерін тарту және 5 сәуіріге дейін екі айлықты өткізу
жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеп, тапсыру қажет. Басты назар халықтың жаппай
жиналатын, саябақ, спорт кешендері, кәсіпорындарға, ұйымдарға және тұрғын
үйлерге тиесілі жерлерді абаттандыруға, жарықтандыруға, көгалдандыруға аударылуы тиіс.
2. Екі айлықтың жүргізілуі кезінде ағымдағы жылдың 27 сәуір және 18 мамыр
күндері жалпы облыстық сенбіліктің өткізілуін ұйымдастырып, қорытындысы бойынша жасалған жұмыстар туралы есептер, соның ішінде фото ақпараттар тапсырылуы қажет.
3. Апта сайын «Таза бейсенбі» санитарлық күні өткізілсін.
4. Апта сайын жұма күні өтпелі қорытындымен қосымшадағы үлгіге сәйкес екі
айлықтың жүргізілу барысы туралы ақпарат ұсынылсын.
5. Екі айлықтың жүргізілуі туралы қорытынды ақпарат 2019 жылдың 31 мамыр
айына дейін тапсырылсын.
6. Көктемгі екі айлықтың нәтижесі бойынша ең таза аула, мықты біріккен меншік
иелері, жақсы абаттандырылған кіші орта бизнес нысаны және т.б. бойынша конкурс
ұйымдастырылып, БАҚ қызметтерінде жариялансын.
7. Айлықты жүргізу шеңберінде сұралған ақпаратты «Жаңаарқа ауданы ТКШ, ЖК
және АЖ бөліміне» ММ жолдау қажет.
Байланыс телефоны: +7 (71030) 2-83-85; Бөлімнің электронды мекенжайы:
zhanaarka_jkh@inbox.ru
елбасының еңбегі ерен
2019 жылдың 19 наурыз күні барлық Қазақстан
үшін тарихи күн – ұлы тұлғаның өз өкілеттігін
тоқтатқан сәтіне куә болдық. Нұрсұлтан
Әбішұлы басқарған 30 жыл уақыт ішінде
тәуелсіз еліміз талай қиыншылықтар мен
қуанышты сәттерді басынан кешті. Осы уақыт
аралығында еліміздің даму жолындағы қарқыны
еш бәсеңдемеді. Бұл – Нұрсұлтан Әбішұлының
көрегендігі мен, салиқалы саясатының арқасы
деп түсінемін. Тәуелсіз Қазақстанның ұрпағы
ретінде Ұлт көшбасшысының елімізге сіңірген
ұшан-теңіз еңбегі үшін алғысым шексіз. Сол
еңбектің, даналықтың арқасында еліміз бүгінгі
таңда аспаны ашық, бейбіт елде өмір сүріп
жатыр. Сонау қиын-қыстау заманнан шығып,
қазақтың сара жолын салып, осындай дәрежеге
жеткізу әр адамның қолынан келмейді. Ұлт
көшбасшымыз ел тізгінін ұстаған сәттен
мемлекеттің ертеңі, «Мәңгілік ел» идеясының
негізі мен еліміздің болашағы жастар деп, бізге
үлкен сенім артып, әрдайым мол мүмкіндіктерге
жол ашты. Бірнеше жылдар ішінде ел болам
деген, елдің тірегі мен болам деген жастар үшін
қаншама бағдарламалар жүзеге асырылды.
Болашағы жарқын бейбіт елдің жас азаматы ретінде бізге – жастарға жасалып жатқан мол
мүмкіндіктерге ризашылығымды білдіре отырып, бізге артылған сенімді ақтауға бар
күшімізді саламыз дегім келеді.
аңсаған ТОқсанБаев,
Жаңаарқа ауданы “Жайдарман”
филиалының директоры
Рухани жаңғыру
Озық елдің басты қаруы-білім
Мен, еліміздің
бір тұлғасы
ретінде заман
талабына сай
к ө ш т е н
қалмай соңғы
жаңалықтарға
көз жүгіртіп,
назардан тыс
қалдырмауға
тырысамын. Елбасымыздың осы жылғы еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық
бағдары қарапайым азамат түсінетін, баршаға
ұғынықты, бай әрі ықшам тілмен жеткізілген.
Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау
аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына
кіру болып табылады. “Рухани жаңғыру”
бағдарламасының білім саласына қатысты тұсы
– келешек ұрпақты кемел білімге сусындататын
үлкен мүмкіндік. «Білекті бірді, білімді мыңды
жығады» деген қазақ мақалының мән – маңызы
ешқашан кемімек емес. Керісінше, уақыт өтіп,
заман өзгерген сайын халық нақылының
құндылығы артып келе жатыр. Өйткені алдағы
дәуір – нағыз білімділердің дәуірі болмақ. Қазір
бәсекеден тыс қалған бірде - бір сала жоқ. Ал
барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп
өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына
тәуелді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын
– соңды ешбір дәуірде мұншама жедел
өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атауды ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ
бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым
қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны
түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет
шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең
алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып
отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты
факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.
Жастарымыз басымдық беретін межелердің
қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы
шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді
бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Иә, үрейлі көрінуі мүмкін, бірақ алдағы санаулы
жыл ішінде бүгінгі қолданыстағы кәсіп
түрлерінің тең жартысы қажетсіз болып қалары
анық. Бұл мыңдаған адамға табыс көзінен айрылу қауіпін тудырады. Мұндай қатер келешегін күні бұрын болжай білген мемлекеттер үшін
ғана қауіпсіз. Жеткен жетістігіне тоғаймай, тың
бағыт, жаңа бағдар таба білген елдер ғана осы
сындарлы
кезеңнен
сүрінбей
өтеді.
Жаңашылдығы: Елбасы Жолдауына мен де,
тәрбиеші, ұстаз ретінде өз үлесімді қосу
мақсатында білім жолындағы тың идеяларды іздеймін. Біздің ең биік мақсатымыз келешегі
кемел білімді ұрпақ тәрбиелеу. Бала бойына сапалы білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру –
тәрбиешінің алдына қойған басты мақсаты деп
білемін. Әр үйдің үміті болған кішкентай
бүлдіршіндерді отансүйгіштікке, ұлттық салт –
дәстүрімізді құрметтеуге, өлкеміздің табиғатын
қорғауға қалыптастыру мектепалды даярлық
табалдырығынан
бастау
алуы
қажет.
Елбасымыздың алға қойған міндеттерінің бірі
білім беру саласында ауқымды өлкетану
жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға
және елді мекендерді абаттандыруға баса мән
беруді көздеген. Мен осы бағытта өз тобымдағы
балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру
бағытын қосымша жоспар жасақтау арқылы алдыма мақсат қойып алдым. Менің міндетім балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге,
өсімдіктер
мен
жануарлар
дүниесін
қамқорлыққа алуға баулу арқылы, мектепалды
даярлықта табиғат жөнінде қарапайым білім
беріп, осының негізінде тірі және өлі
табиғаттағы құбылыстар туралы нақты жалпылама түсінік қалыптастыру болды. Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында ең алдымен
экология оқу қызметі мен пәнаралық байланыс
ұйымдастырдым, ертеңгілік жаттығуларды, оқу
қызметтерін табиғат аясында өткізу арқылы
табиғаттың әсемдігін сезіндіріп, оны қорғауға
тәрбиелеу. Сонымен қатар сыныбымның
бұрышындағы бөлме өсімдіктеріне қамқорлық
жұмыстарын ұйымдастыру арқылы балаларды
еңбекке тәрбиелеймін. Балаларға экологиялық
сапалы білім беруге арнайы жағдай жасау негізінде бейнелеу пәні жетекшісімен бірлесіп, жас
эколог үйірмесі жоспарын жасақтап жатырмын.
Барлық
топтар
арасында
көрмелер
ұйымдастыру жоспарымда тұр. Мектепалды
даярлық арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында «Құстарға қамқор болайық»
тақырыбындағы экологиялық акцияны жоспарлап отырмын.
М.ТаМаБеКОва,
№132 ЖОББМ даярлық
сыныбының мұғалімі
№17qxp_Жанаарка газеті 05.04.2019 15:52 Страница 2
сананыҢ ТӨҢКеРІсІ қаЖеТ
6 сәуір 2019 жыл
2
Аталмыш мақалаға «САНАНЫҢ ТӨҢКЕРІСІ ҚАЖЕТ» атты тақырып алуымның өзіндік себеп-салдары,
әрі үлкен психологиялық астар бар. Неге десеңіздер, келесі мән-жайларға назар салсақ. Алдымен, Елбасы
Н.Назарбаев өзінің «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты
халыққа Жолдауында «Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы
кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс»- деп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды нұсқаға көшіру қажеттілігіне ерекше назар аударған болатын. Ендеше, Жолдаудағы межеге жету
үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жаппай электронды нұсқаға көшіру қажет. Бұл жай ғана айтылған
сөз емес, бұның артында қарапайым сіз бен біз секілді қызмет алушыларға түсініксіз, күрделі жұмыс процессі.
Мысалы, аймағымыздың жергілікті атқарушы органдарымен 2016 жылы 5 159 648 мемлекеттік қызметтер
көрсетілсе, оның 3 567 925 немесе 69 пайызы, 2017 жылы 5 727 504 мемлекеттік қызметтер көрсетілсе, оның
3 594 578 немесе 74 пайызы, 2018 жылы 7 537 378 мемлекеттік қызметтер көрсетілсе, оның 5 867 919 немесе
78 пайызы электронды нұсқада көрсетілген немесе облыстың тұрғындары яғни қызмет алушылары электронды нұсқада қызмет алған. Бұл орайда, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) ұйытқы болып,
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Қарағанды облысы бойынша филиалының қолдауымен облыстағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан
жүргізілген біршама қарқынды жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылмен салыстырғанда, соңғы үш жылда
электронды нұсқада берілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 69 пайыздан 78 пайызға, яғни 9 пайызға артып
отыр. Әрине көңілге қонымды нәтиже. Алайда, әлі де болса аймақ тұрғындары мемлекеттік қызметтерді
қағаз түрінде немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару арқылы алуды үйреншікті әдетке айналдыруда. Департаментпен соңғы үш жылда ауыз толтырып айтарлықтай, аймақ тұрғындарын мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерді электронды нұсқада алуға бағытталған үгіт-насихат, үйрету, оқыту және тағысын
тағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Әлі де болса, сол шаралар тұрақты түрде өз жалғасын осы жылы да тауып
келеді. Анықтама үшін: Ағымдағы жылдың 7 ақпанында облыс орталығындағы «Достық үйінде» белсенді
ұзақ өмір сүруге бағытталған республикадағы алғашқы орталық ашылды. Жаңа орталықта мәдени-рухани
клубтар, қазақ, ағылшын тілдерін оқыту сабақтары, кітапхана, компьютерлік сыныптар жұмыс істейді.
Зейнеткерлердің денсаулығын нығайту мақсатында фитнес залы да бар. Мұнда қазыналы қариялар кез келген
уақытта бас қосып, уақыттарын тиімді өткізе алады. Департаменттің тікелей ұйымдастыруымен әрі
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Қарағанды облысы бойынша филиалының қолдауымен соңғысының қызметкерлері тарапынан 26.02.2018 ж.
бастап бір айдың көлемінде, аптасына екі мәрте (сейсенбі, бейсенбі күндері) аймақтағы зейнеткерлерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға
үйретуде. Осылайша, еңбегінің зейнетін көріп отырған зейнеткерлер қоғамда болып жатқан өзгерістермен
жаңа бастамалардан құр қол қалмай, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының дамуына да өз үлестерін қосуда.
Дей тұра, келесі бір мысалға тоқталуды жөн санаймын. Дұрыс па әлде бұрыс па? Оған оқырмандар өздеріңіз
тиісті бағасын бере жатарсыздар. Мысалы, елу жасты еңсерген кейбір қызмет алушылармен тікелей
жүздескенде, олардың айтатыны. «-Үйімде интернет желісіне қосылған компьютерім бар, қысқасы
электрондық форматта мемлекеттік қызметті, әр түрлі анықтамаларды үйден алуға толық мүкміндігім бар,
алуды да білем, алып та жүрмін» - дейді. Бірақ, сол анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан
немесе мемлекеттік мекемеге барып алсам, сол жерден алынған анықтама заңдырақ деп санайды. Сондықтан
болар, бізге әуел бастан сананың түбегейлі төңкерісі керек ау шамасы. Елбасының Жолдауымен көзделген
межеге жету үшін, осы мақаланы оқып отырған әр оқырман қауым, өзгерістерді өзімізден бастасақ, сананың
төңкерісі дегеніміз осы емес па?
Егерде, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта яғни үйде, жұмыста отырып «электрондық
үкіметтің» веб-порталы арқылы алатын болсақ, алтын уақытымызбен қоса қаражатымызды да үнемдер едік.
Ол өз- өзімен былай тұрсын, ең бастысы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін де түбегейлі жоймасақ та жоюға
бағытталған бір қадам болар еді. Шамасы бізге мінез керек. Олай дейтінім, француздың әйгілі әртісі Ален
Делоннан біреу «Сіздің мінезіңіз шатақ адам екенсіз дегенде, - Ол, ең бастысы сол мінез менде бар ғой деген»
- екен. Сондай-ақ, Әлихан Бөкейхан өз заманында, келмеске кеткен кеңес дәуірінің сермеген қылышынан қан
тамған саясатымен күресе жүріп, халқына қызмет қылудан жалыққан емес. Керісінше, «Халқына қызмет
көрсету – білімнен емес мінезден» - деп, соңынан ергендерге жол сілтеді, қол бұлғады. Ендеше, Біздің міндет
– халыққа қызмет болса, Сіздердікі, құрметті оқырман - «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу.
Ж.сӘРсенОв,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қарағанды
облысы бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы
Әкімдікте маңызды бас қосу
26-наурыз күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өсімдіктерді қорғау
мен өсімдіктер карантині салалары бойынша өткізетін маусымдық шараларды ұйымдастыру және асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері
жөнінде семинар-кеңес өтті. Семинарға Жаңаарқа ауданы әкімінің орын-
басары Серіков Бауыржан Қуандықұлы, ҚР ауылшаруашылығы министірлігі агрөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды
облысының аумақтық инспекция басшысы Әбәқанов Әзілхан Мейрамұлы,
өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі
мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Әрінов Қайырғали Адайұлы,
Қарағанды облыстық карантиндік зертхана директоры Аман Көмек,
Қарағанды облысының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы Аброев Жанат Нұрнәбиұлы, өсімдіктерді қорғау
жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімінінің басшысы Ахатов Қанат
Ізтолеуұлы, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің
Қарағанды облыстық филиалының басшысы Мұхамеджанов Қайрат
Хасенұлы,Ұлытау ауданы бойынша аумақтық инспекция басшысы Григоривич Светлана Владимировна, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» Ұлытау аудандық
филиалының басшысы Бегаев Марғұлан Төлеуұлы, Жезқазған аумақтық инспекция басшысы Ахметов Абзал Мәжитұлы, Қаражал аумақтық инспекция
басшысы Әлмағамбетов Қаныш Мұхтарұлы, Сәтпаев аумақтық инспекция
басшысы Қалманбаев Әділжан Құрметұлы және де басқа да мамандар
қатысты. Жиынды әкім орынбасары Бауыржан Қуандықұлы ашып, әрі қарай
Әзілхан Мейрамұлы жүргізді. Семинарға қатысқан Жаңаарқа, Ұлытау аудандары мен Жезқазған, Сатпаев, Қаражал қалаларының басшылары мен
мамандары 2018 жылғы жоспардың орындалысына талдау жасап, 2019
жылы іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша өсімдіктерді
қорғау мен өсімдіктер карантині салалары бойынша маусымдық шараларды
ұйымдастыру және асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері жайында
сөз қозғады. Қарағанды облыстық карантиндік зертханасының директоры
К.Аман 2018 жылы зертханада атқарылған жұмыстарға сараптама жасап,
ағымдағы жылда атқарылатын жұмыстар мен негізгі міндеттер туралы
айтты. Сондай-ақ, «РФДжБӘО» РММ ҚОФ басшысы Қ.Мұхамеджанов
ҚР АШМ АӨК МИК «Республиалық фитосанитарлық диагностика және
болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қарағанды облыстық филиалының
2018 жылғы жұмыс қорытындысына тоқталып, 2019 жылғы негізгі міндеттері туралы мәлімдеме жасады.
аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
прокуратура еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермейді
14-наурыз күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан
прокуроры Асылхан Әділхановтың төрағалығымен аудан
прокуратурасының 2019 жылдың 1-тоқсанына арналған жоспарлы ведомствоаралық жиналысы өткізілді.
Ведомствоаралық жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары,
аудандық полиция бөлімінің басшылық құрамы, кент және
ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті полиция қызметі
бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары және шаруа
қожалықтарының басшылары қатысты.
Жиналыста аудан прокуратурасының аға прокуроры Д.Омарова және аудандық полиция бөлімінің бастығы С.Сағынтаев
баяндамалар жасады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Ата
Заңымыздың 17-бабының 1,2-тармағына сәйкес адамның
қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған
зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе
адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай не жазалауға болмайды. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп
түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың
үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс
жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен
жолының бойындағы «Шотан» өзенінің су ағарын тазалау барысында белгісіз ер адамның мәйітін тапқан.
Облыстық полиция департаментінің криминалистері
мәйітке қарау жүргізу кезінде, сол жақ 7-8 қабырғаларының
арасына 1 рет пышақ тәрізді үшкір зат тығылғаны
анықталған, мәйіттің қалтасынан шөп қалдықтары табылған,
яғни шаруа қожалығының малшысы болғанға ұқсайды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен
(адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергептексеру амалдары жүргізілуде. Ведомствоаралық жиналыста
жұмыскерлері арасында қылмыстық құқық бұзушылық орын
алған шаруа қожалықтарының басшылары есеп берді.
тазалық талаптарына сай еңбек ету
жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз
сыйақы
алуына,
сондай-ақ
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға
құқығы бар.
Алайда,
соңғы
кезде
шаруақожалықтарындағы жұмыскерлердің
құқықтарына нұқсан келтіру қылмыстары
орын алуда. Атап айтқанда, 2018 жылы
Жаңаарқа ауданының Целинный ауылдық
округіне қарасты 2-ші бөлімшедегі А.Габдулалиннің
шаруақожалығында 2 адамды өлтіру дерегі орын алып,
сот үкімімен қылмыскерлер 18, 19 жылға бас
бостандықтарынан айырылды. Қараағаш ауылдық
округіне қарасты «Жұғы» қыстағында 2 жұмыскер
ішімдік ішіп, сол шаруақожалығының бір жұмыскері
екінші жұмыскерді өлтіріп, сот үкімімен 10 жылға бас
бостандығынан айырылды. Айнабұлақ округіне қарасты
«Ерсін» шаруа қожалығында жұмыскерлер ішімдік ішіп,
жұмыскерлер арасында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысы орын алып, сот үкімі шыққан.
Одан басқа, Ақтау ауылдық округіне қарасты шаруа
қожалығында жұмыскерді заңсыз жұмысқа тартып, құлдықта
ұстаған. Осы дерек бойынша 3 қылмыскер 5 жылдан бас
бостандығынан айыру жазаларына сотталған. Сонымен
қатар, 2019 жылы ДЭУ-42 мекемесінің жұмыскерлері
республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар» тас
Жиналыс нәтижесі бойынша аудан прокуроры кент және
ауылдық округтердің әкімдеріне учаскелік полиция иснпекторларымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 15-ші
сәуірінен бастап 15-мамыры мерзімі ішінде аймақтарындағы
шаруа қожалықтарды аралау жұмыстарын жүргізіп, қиындық
туғызатын сұрақтар мен қылмысқа бейім тұлғаларды
анықтап, талдау жасауды тапсырды.
Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директорына шаруақожалықтарымен жұмыскерлер арасында еңбек
шарттарын жасату тапсырылды.
Аудан прокурорының 2017 жылдың 4-шілдесіндегі өкімімен
құрылған арнайы жұмыс тобын қайта жаңғырту туралы тапсырма берілді. Сонымен қатар, жиналыс хаттамасы
рәсімделіп, орындау үшін мүдделі жақтарға жолданып,
хаттаманың орындалуы аудан прокурорының жеке
бақылауына алынды.
Жаңаарқа ауданының прокуратурасы
№17qxp_Жанаарка газеті 05.04.2019 15:52 Страница 3
6 сәуір 2019 жыл
3
қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «5» наурызындағы № 181қаулысымен бекітілген
«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын өткізу
қаҒИдаЛаРы
1. Жалпы ережелер
1. «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен
некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс жылдың басында жарияланады және «Қазақстан
Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20
қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес Отбасы күніне орай
қорытындыланады.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты
нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған
балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
2. Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі– үміткерлер) қатысады.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық
нысанда өткізіледі.
3. Конкурстың жеңімпаз отбасы жалпыға ортақ интерактивті
дауыс беру негізінде айқындалады.
4.Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы,
шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
5. Мыналар:
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым
салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері
бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа
қатыса алмайды.
2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
6. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы
көлік және коммуникация министрлігінің
жәрдемдесуімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Конкурсты ұйымдастырушылар «Мерейлі отбасы» ұлттық
конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты
үйлестіру мақсатында конкурсты дайындау және өткізу
жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрады.
7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру наурыздың 1 – 31
аралығында республикалық, өңірлік және қалалық бұқаралық
ақпарат құралдарында орналастырылады.
8. Конкурс үш кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық
(қалалық), екінші – өңірлік, үшінші – ұлттық.
9. Жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейдегі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын
айқындау бойынша өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялар
құрады, сондай-ақ комиссия туралы ережені және іріктеу критерийлерін бекітеді.
10. Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Қағидаларға қосымшаға
сәйкес нысан бойынша) аудандық (қалалық) комиссияға жылсайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке
жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай
құжаттармен бірге беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың)
жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері,
балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті
уәкілетті
органның
кәмелетке
толмаған
балаға
қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс
болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса;
5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің,
белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың,
ата-аналардың
(қорғаншылардың,
қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және
мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8)отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық,
зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын
құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер
ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық)
комиссияның төрағасы куәландырады.
11. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған
үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
12. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар
қайтарылмайды.
13. Ұйымдастырушылар:
1) барлық үміткерлерге тең жағдайды;
2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың жасырын болуын;
3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің ресми жарияланатын күнінен бұрын таралып кетпеуін қамтамасыз етеді.
14. Аудандық (қалалық) комиссия алынған ақпаратты
жан-жақты тексергеннен кейін аудандар (қалалар)
әкімдерімен келісілген төрт қатысушының (отбасының)
конкурстық материалдарын 10 мамырға дейін облыстық
комиссияларға жібереді.
15. Өңірлік комиссиялар бір үздік отбасын іріктеп алады,
қажет болған жағдайда ұсынылған материалдарға қосымша
тексеру жүргізіп, Астана, Алматы қалаларының және
облыстардың әкімдерімен келісілген өз шешімдерін осы
Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен бірге, жыл сайын 30 мамырға дейін «Мерейлі отбасы»
ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі
комиссияға (бұдан әрі – комиссия) жібереді.
16. Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;
4) балаларының жетістіктері;
5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері;
6) өздерінің шыққан тегін білуі (шежіре – ру тарихы);
7) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта
бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
8) отбасының дарындары;
9) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос
уақыты және т.б.);
10) отбасының қоғамдағы беделі.
17. Комиссия өңірлік комиссиялардың ұсыныстарын
алқалы түрде қарағаннан кейін 10 күн ішінде лауреат
атағына үміткер отбасылар туралы бағдарламалар циклын
әзірлеу үшін материалдарды ұлттық телеарнаға жолдайды.
18. Конкурстың қатысушы отбасыларын марапаттау рәсімі
жыл сайын салтанатты түрде өткізіледі.
19. Конкурс лауреаты атағын қайталап беруге жол берілмейді.
3. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері
20.Ұйымдастыру
комитеті
ұйымдастырушылық,
техникалық, қаржылық, шығармашылық мәселелерді, ісқимылдарды немесе конкурсты дайындау және өткізу бойынша жұмыс бағыттарын келісу мәселелерін пысықтайды,
сондай-ақ ұйымдастыру комитеті мүшелерінің ұсыныстарын,
қоғамдық бастамаларды қарайды.
Ұйымдастыру комитетінің міндеттеріне мыналар жатады:
1)конкурстың басталуы туралы көпшілікке жариялау;
2)конкурстың іріктеу айналымына дайындық және оны
өткізу бойынша ұйымдастыру жұмысын үйлестіру;
3)конкурстың имидждік жарнамалық науқанын бекіту;
4)БАҚ-пен жұмыс;
5)конкурс бағдарламасына өзгерістер енгізу;
6)конкурстың финалдық айналымына қатысуға өтінімдерді
жинау, өтінімдерді рәсімдеу мен берілуінің конкурс талаптары мен шарттарына сәйкестігін тексеру;
7)алдын ала қарау үшін өтінімдерді өңдеу;
Онлайн БКМ
Жаңаарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, ҚР
Қаржы министрлігінің 27.11.2018 жылғы «Салық
төлеушілер
Қазақстан
Республикасының
аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай
есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және
(немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» №1029 бұйрығымен 2019 жыл
аралығында онлайн-БКМ қолдану міндеті туындайтын қызмет түрлері ұлғайтылатынына назар
аударады.
Атап айтқанда, 2019 жылдың әр тоқсаны сайын
онлайн БКМ қолдануға 633
Қызмет түрлері қосылады:
2019 жылғы 1 сәуірден бастап – 323 қызмет
түріне;
2019 жылғы 1 шілдеден бастап – 86 қызмет
түріне;
2019 жылғы 1 қазаннан бастап – 224 қызмет
түріне.
Онлайн-БКМ қолдану бойынша ережелерi
қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан, салық
режиміндегі патент 01.01.2020 ж. дейін және кім
асырады расчет бойынша қолма – қол ақшасыз толейді төлеушілер қолданылмайды.
Жаңаарқа ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы
8)конкурстың қазылар алқасының құрамын құру және оның
қызметін үйлестіру;
9)конкурстың финалдық айналымын, конкурс номинанттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімін бақылау,
ұйымдастыру және өткізу.
___________________
Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның
қолдауымен өтетін «Мерейлі отбасы - 2019» Ұлттық конкурсы аудандық кезеңінің ұйымдастырушы аудан әкімдігі
жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық
саясат жөніндегі комиссия және аудандық ішкі саясат бөлімі.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар қажетті құжаттар
қосымшасымен бірге арнайы үлгіде 2019 жылының 15
сәуіріне дейін аудандық комиссияға тапсырылады (Жаңаарқа
ауданының ішкі саясат бөлімі). Байланыс телефоны: 2-83-82
Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Қағидаларға қосымшаға
сәйкес нысан бойынша) аудандық комиссияға конкурстың
басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір
ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың)
жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері,
балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті
уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға
қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі(бар болса);
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс
болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса;
5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің,
белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың,
ата-аналардың
(қорғаншылардың,
қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және
мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы,
шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін
куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
Аудандық
комиссияға
ұсынылатын
құжаттардың
көшірмелерін үміткерлер берген түпнұсқалар негізінде
үміткерді (отбасыны) ұсынған мекеме басшысы
куәландырады.
Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне
қатысуға арналған өтінім
Отағасының (әкесінің немесе анасының) деректері:
1.Т.А.Ә.
2.Жасы ___________________ Жынысы
3.Білімі
4.Жұмысы
5.Тұрғылықты мекені
6.Отбасы құрамы туралы мәліметтер
7.Отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) немен жақсы
атағы шыққан
8.Наградаларының, марапаттарының болуы мен түрлері
9.Отбасының әрбір мүшесінің деректері:
10. Т.А.Ә.
11.Жасы
12.Білімі
13.Жұмысы
14.Тұрғылықты жері (мекенжайы және тел.)
15. Отбасы түрі (2-, 3-, 4-ұрпақжәне т.с.с.)
16.Отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
17. Ата-ананың қандай қасиеті тәрбиеге негіз болды
18.Отбасында қандай отбасылық дәстүрлер сақталған
19.Отбасылық қатынастар қандай қағидаттарға сүйенеді
20.Ұстаздардың, педагогтердің, тәрбиешілердің ықпалы
21.Отбасы өмірінен қызықты оқиғалар
22.Отбасылық фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)
Қолы
Күні
_____________________________________
сенім
телефоны
«Жаңаарқа ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінде
сенім телефоны жұмыс істейді. Сіз Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп
қағидалары), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мемлекеттік қызмет
туралы» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан
Республикасының заң нормаларының бұзылу фактілері туралы ақпаратты 2-8347 телефоны бойынша хабарлай аласыздар.
«Жаңаарқа ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ
*** *** ***
«ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдылықтарын бұзған фактілері жайын хабарлау үшін 2-75-02 сенім телефоны жұмыс істейді.
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекция мемлекеттік мекемесі
№17qxp_Жанаарка газеті 05.04.2019 15:52 Страница 4
6 сәуір 2019 жыл
4
Газет оқырманымен құнды. Ауданымызға қарасты елді
мекендердің тұрғындарымен бірге сырттағы ағайындардың
«Жаңаарқа» газетіне жазылатыны бұл ұлттық рухтың
мықтылығы мен патриоттықтың белгісі. Біздің газетке
Қарағанды қаласынан біраз отбасы жазылса, іргедегі
Қаражал қаласынан 1 оқырманымыз бар. Газетіміздің 80
жылдық мерейтойына байланысты өткен ғасырдағы газеттерді саралап, деректер жинағанымызда Дружба совхозы
мен Ақтау совхозының жетістіктерін аудандық газетке үнемі
жазып тұрған Сатанов Рақымжан ағаның есімін әр газеттен
жиі көз шалды. Ауданымыздың іргесіндегі Дружба
совхозының (Байдалы би ауылы) тумасы Рақымжан аға
бүгінде Қаражал қаласының тұрғыны.
Қаражалға баратын жалғыз газеттің иесі Рақаңды мен мектеп қабырғасынан танимын. Газеттегі жарияланған
мақалаларды қалт жібермей қадағалап, қоңырау шалып,
өзінің оқырмандық пікірін білдіріп жүретін Рақымжан
ағамен бір жиында кездесіп, аудан газетін өзінің серігіне
айналдырған ағамызбен әңгімелесіп, Рақаң газеттің «Біздің
сұхбат» айдарының қонағы болды.
-«Жаңаарқа» газеті менің мектеп кезімнен оқитын серігім.
Мектеп қабырғасында жүргенде мектепте өткен іс-шаралар
туралы жазсам, кейін ауылдағы
игі бастамалар, әр
науқандағы жеткен жетістіктер жайлы ой қозғадым. Менің
60 жылдай серігіме айналған аудандық газетті Қаражалда
тұрсам да жазылып, алып тұрамын,-деген Рақаңнан өмір
жолдары жайлы айтуын өтіндік.
-Мен өмірге сонау 1949 жылдың 15 наурызында Ақтүбек
ауылында келіппін. Ол уақытта қыс қатты болатын. Ақ түтек
боран үдіре соғып, елді әбігерге салады екен. Халықтың «наурыз тумай қысқа жарымайсың»-деуінің басты себебі де осы
болу керек. Мен туған күні де дала алайтүлей боран болып,
анам Кенжесара
көршілерге хабар жібергенімен ауыл
әйелдері:
«Ақтүтек боранда адасып
өлерміз, Кенжесара тағы да қыз табар»,-деп
келе қоймапты. Менің алдымда анам 5-6
қыз баланы өмірге әкелген екен. Толғақ
қысып жанұшырған анамның халін естіген
ауылдағы
Асылайым анамыз боранға
қарамай «обал болар»,-деп келіп, дүниеге
мен келіппін. Мен отбасындағы жалғыз ер
баламын. Бар мейірім маған төгіліп,
алаңсыз балалықты бастан кешірдім. 1956
жылы Ақтүбек ауылындағы мектептің
табалдырығын аттадым. Сейт Кәрібаев
мұғалімнен әріп танып, жазу, сызуды
үйренсем, 1957 жылы Атасу негізгі мектебіне 2 сыныпқа барып, оны 1964 жылы
бітірдім. Жоғарғы 9-10 сыныптарды аудан
орталығындағы В.Ленин атындағы мектепке келіп
Б.Меңтаев,
Ж.Көпбаев,
Б.Көшенов,
Н.Қожабековалармен бірге оқыдым. Сол кездегі сынып жетекшіміз Ақборық Кәдірбекова болды. Е.Оразалин, Д.Искаков, Қ.Қасымбеков, Б.Өскембеков, З.Омарова, Қ.Матин,
Т.Дәкенов сынды білікті ұстаздардан дәріс алдық. Бір жыл
ауылда жастар бригадасының сапында механизатор болып
еңбекке араластым. Сол кездегі кеңшардың қыруар шаруасына ауыл жастары тартылатын. Барлық жұмысқа тартынбай араласып, ауылдың өркендеуіне атсалыстық. Келесі
жылы арман қуып Қазақ педагогикалық институтына түсіп,
оны 1971 жылы ойдағыдай аяқтап, Дружба совхозындағы
(Байдалы би ауылдық округі) орта мектепке мұғалім болып
орналастым. 9 ай бойы балаларға сабақ беріп, мектептің
жұмысынан бас алмасам, жаз бойғы демалысымда ауылдың
шаруашылығына араластым. Шөп шабу, оны тасу, жүгері
ору сияқты жұмыстарды 20 жыл бойы атқарысып, науқан
кезіндегі еселі еңбегім бағаланып, бірнеше рет Мақтау
№п/п
ел сыйлаған азамат
қағаздарымен, ақшалай-заттай сыйлықтармен марапатталып,
үздіктер қатарынан орын алдым. Жас маманның еңбегін үлгі
ету мақсатында Ақселеу Сейдімбек бастап, тілшілер қостап
«Лениншіл жас», «Орталық Қазақстан», «Жаңаарқа» газеттерінде мен жайлы көлемді мақалалар жарияланды.
1984 жылы ауданнан кәсіподақ комитетінің төрағасы
болып Рақымжан аға Ақтау ауылының шетіндегі Ақтөбе
көшесіндегі жаңа үйге көшіп келді. Ақжарқын басшы
ауылдың байырғы тұрғынындай елмен етене араласып кете
барды. Жары Қарлығаш апай Ақтау орта мектебінде география пәнінен сабақ берсе, үпір-шүпір төрт баласының
үлкендері Жанат пен Марат мектепке, қос қызы Айнұр мен
Гүлнұр балабақшаға барды.
Ауылдың жас кәрісін
ұйымдастырып, жаңа бастамалардың басы-қасында жүретін
Ракең ауылдағы атқарылатын іс-шаралардың ұйытқысы
болды. Жастарды қолдауға көңіл бөлетін басшының тың
идеяларын ауыл жастары бірауыздан қабылдап жүзеге асырып жататын. Кәсіподақтың жұмысы елдің әл-ауқатын
көтеріп, тұрмыс жағдайын бақылауда ұстап, мерекелік демалыстарын ұйымдастыру болса, Ракең ауылшаруашылық
саласына да атсалысып, науқан кезінде дамыл таппай елдің
ортасында жүрді. Ақтау ауылында 1-мамыр, 7-қараша
күндері алғаш рет мерекелік парадты ұйымдастырғаны
есімде. Сонымен бірге 1989-1990 жылдары Ақтау ауылында
Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өткен еді. Ұлттық
спорт түрлері, қазақы салт-дәстүр, әжелер сайысы, айтыс
барлығы бір-бірімен астасып, ауылымыз сән-салтанаты
жарасқан мейрамды тамашалаған болатын. Науқан кезінде
ауыл өнерпаздарын ұйымдастырып, көлікпен қамтып,
шалғайда жатқан шөпшілер бригадасына, қой бағатын жастар бригадаларына, сахманға, қырқыншылар мен
қырманшыларға барып, өнер көрсеткендері жадымызда.
Елдің көз алдында өткен басшылық қызметіне нұқсан кел-
атасу кентіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің
тұрғындарымен 2019 жылғы кездесу кестесі
1 Ж.Садуакасов №39
атауы
2 Сарытоқа №38,39
3 Жамбыл №36
4 Ә.Оспанова №2
5 Ж.Дүйсенов орамы №1,2,3,5,7,9
6 Тәуелсіздік даңғылы №26,28
7 С.Сейфуллин даңғылы №17,19,21,24
8 Абай №24,26, Ералиев №23,25
9 А.Сейдімбек №30
10 А.Сейдімбек №39
11 Абай №20,22
12 Ералиев №17,19,21
13 Ералиев №22,24,
14 А.Байбосынов №26/а,26,27,28,29,29/1,29/2
15 А.Байбосынов №30/а,31,32,33,34,35
Өтетін күндері
08.04.2019 сағ 17:30
09.04.2019сағ 17:30
10.04.2019сағ 17:30
11.04.2019сағ 17:30
12.04.2019сағ 17:30
13.04.2019сағ 11:00
15.04.2019 сағ 17:30
16.04.2019сағ 17:30
17.04.2019 сағ 17:30
18.04.2019 сағ 17:30
19.04.2019 сағ 17:30
20.04.2019 сағ 11:00
22.04.2019 сағ 17:30
23.04.2019 сағ 17:30
16 Абай №54
24.04.2019 сағ 17:30
18 Ә.Оспанова №56
26.04.2019 сағ 17:30
17 Абай №51,53,
19 Абай №50
20 Транспорт орамы №1,2,14
21 Транспорт орамы №3,4,5
22 Транспорт орамы №6,7,8
23 Транспорт орамы №9,10,11
24 Транспорт орамы №12,13
25 А.Сейдімбек №53,51,55
26 А.Сейдімбек №57,57/1,59
27 С.Сейфуллин даңғылы №55/а,58
28 С.Сейфуллин даңғылы №60, Абай №35
29 С.Сейфуллин даңғылы №61,62
30 С.Сейфуллин даңғылы №64 Абай №45
31 С.Сейфуллин дыңғылы №65,66,67
Жақсының жүзі жарқын
тірмей 1989 жылы Ақтау селолық советінің атқару
комитетінің төрағасы, 1992 жылы Ақтау кеңшарының
директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болып
тағайындалып, еңбек етті.
Мектеп қабырғасында ұстаздық қызмет еткен Қарлығаш
Иманова басқан ізі білінбейтін өте сабырлы жан болатын.
Тәрбиенің негізі анадан басталса Рақымжан ағаның ұлқызының бойындағы жақсы қасиет пен ұстамдылық, өз
жұмыстарына деген құрмет пен сенім отбасынан қаланғаны
анық. Білімді, білікті, елмен етене, халықпен тығыз байланыста жұмыс жасап үйренген отағасы мен оқушыларға тек
жақсы қасиеттерді сіңіруге барын салған отанасының
тәрбиесіне қанып өскен ұрпақ өздеріне жол сілтеген атаананың бағытынан тайған емес. Жанат Қаражал қалалық
мәслихаттың аппарат басшысы, Марат Қаражал қалалық
кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық бөлімінің басшысы,
Айнұр Қарағанды қаласында мұғалім психолог, Гұлнұр
Қаражал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Гүлмира
Қаражал қалалық ХҚК орталығында қызметкер.
-Рақымжан аға, сіздің ақтауда өткен өміріңіз жайлы
білемін қаражал қаласына қашан қоныс аудардыңыз?
-Бұрынғы жүйе бұзылып, ел не істерін білмей қалған
тоқсаныншы жылдары ауыл қорындағы малдар мен техникалар бөліске түсіп, ел жұмыссыз қалды. Жекешелендіру
науқаны басталды. Осы тұста балалардың алды студент
болып қалада оқитын. Ауылға қатынау қиын кезең басталды.
Жұмыс жоқ. Қарлығаш мектепте мен жұмыссыз қалдым.
Мектеп бітіре сала еңбекке араласқан біздерге қарап отыру
деген ауыр болды. Жан-жақтағы дос-тамырлар әртүрлі
жұмыс ұсынды. Сонымен Қаражалдың аумағында
орналасқан жанар-жағармай сататын орталыққа басшы
болып салт жұмысымды бастадым. Не
нәрсенің болмасын жоққа айналып, малдың
бағасы күрт түсіп, жалақылар кешігіп
жатқан кез. Студент балаларымның Ақтауға
келіп-кетуі мұң болып, демалыс уақыттары
жолда өтіп жатты. 1998 жылы Қаражал
қаласындағы №1 мектепке тарих пәнінен
ұстаз
болып
орналастым.
Ауылды
қимағанмен болмас осы жылы Қаражалға
көш түзедік. 2001 жылы қалалық білім
басқармасының ұйғарымымен Ақтай елді
мекеніндегі №6 орта мектепке директор
болып тағайындалдым Осы мектепті 11 жыл
басқарып, 2012 жылы зейнеткерлікке
шықтым. Ақтай елді мекенінде тұрғанымда
алтындай балаларымның анасы, ошағымның
ұйытқысы, жарым Қарлығашты мәңгілік
сапарға шығарып салдым. Жұбайыңнан айрылу өте ауыр қайғы екенін басына
түскендер біледі. Сөйтіп тағдырдың жазуына
мойынсұнып, сыйластықты серік етіп, қуаныш пен ренішті
бірге бөлісетін Сәуле Рамазанқызымен бас қостым. Міне, балалардан көрген немере-жиендерді қызықтап, қарттықтың
ауылына ат шалдырдық, бұдан артық бақыт бар ма?,- деген
Рақаң өткен өміріне өкінбейтінін баса айтты.
Рақаң газетке мақала жазғанынан бөлек қағытпа қалжың
айтып, жеңгелеріне өлең арнайтыны бар екен. Өз жұмысына
ұқыпты қарайтын Рақаңның қолындағы қалың папкадағы
тарихты тізбелеген суреттер мен мақалалар, газет
қиындылары мен өлеңдері соның айғағы. Бар ғұмырын
еңбекке арнап, елдің әлеуетін артыруға атсалысқан,
қарапайымдылығынан танбай, қайырымды шараның ортасында жүрген Рақаң жайлы әріптестері де қатарластары да,
ауылдастары да жақсы пікірде. Жетпістің желкенін көтеріп,
әдепті ұрпақ тәрбиелеген Рақаңа ғұмырлы болып, әдемі
қартюды Алла нәсіп етсін дейміз.
салтанат аМанқызы
25.04.2019 сағ 17:30
27.04.2019 сағ 11:00
29.04.2019 сағ 17:30
30.04.2019 сағ 17:30
2.05.2019 сағ 17:30
3.05.2019 сағ 17:30
4.05.2019 сағ 11:00
6.05.2019 сағ 17:30
8.05.2019 сағ 17:30
10.05.2019 сағ 17:30
11.05.2019 сағ 11:00
13.05.2019 сағ 17:30
14.05.2019 сағ 17:30
15.05.2019 сағ 17:30
Жиындардың күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1.Пәтер иелерінің кооперативін құру.
2.Көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау.
3.Көпқабатты үйлерді модернизация бағдарламасын енгізі.
4. Көпқабатты тұрғын үйлерді көктемгі 2 айлығына арналға сенбілік тазалығы бойынша.
Атасу кентінің жоғарыда көрсетілген көше тұрғындарын өз үйлерінің ауласында өткізілетін жиынға бір кісідей қатысуға
шақырамыз.
«Жаңаарқа ауданының тұрғын үй инспекция бөлімі»ММ
Ризашылық
азаматартарға мың алғыс
Байдалы би ауылындағы Атасу ЖОББ мектебінің
ұжымы мектебімізге демеушілік жасап, көмек қолын
созған ауылымызда туып, ауылдағы мектепте білім
алған Игенбеков Шәйкен ағаның балалары Ерлан
мен Жасұланға алғыс білдіреді.
Игенбеков
Шәйкен 1938 жылы туған. Алматыдағы тау кен институтын бітіріп, Атырау аймағында экспедиция
басшысы болып қызмет еткен Шәйкен ақсақал ел
экономикасының өсуіне өзіндік үлес қосқан жан.
1994 жылы өмірден озған Шәйкен ақсақалдың балалары әкеміз оқыған мектеп деп мектебіміздің кіре
берісіне қоятын мемлекеттік рәміздер, Акт залының
терезелері мен сахнасына перде, 20 оқушыға ұлттық
киім, құмыраға отырызылған бірнеше бөлме
гүлдерін сыйға тартты. Қомақты қаражатты жұмсап
мектепке сый жасаған ағайынды кәсіпкерлерге ауыл
тұрғындарының атынан алғысымыз шексіз.
Мектепке қамқорлық бұл болашақ иелеріне
жасалған көмек. Олай болса азаматтық танытып, әке
рухын асқақтата, қолдау жасаған азаматтарға Алла
бақ береке толайым табыстарды нәсіп етсін.
Кәсіптеріне береке беріп, ырыс-дәулеті таси берсін.
Ж.сеМБИн,
атасу ЖОББМ директоры
№17qxp_Жанаарка газеті 05.04.2019 15:52 Страница 5
6 сәуір 2019 жыл
Жас математиктер жеңіс тұғырында
5
"Юникидс"
халықаралық мектебі
жайында көпшіліктің
білетіні
даусыз.
Әсіресе, бұл айырықша
білім беру орталығы
ауданымызда ашылғалы
б
е
р
і
оқушыларымыздың
жеткен жетістіктері айтарлықтай мол. Ұлыстың Ұлы күн
қарсаңында Өзбекстан мемлекетінің Ташкент қаласында
өткізілген әлемдік олимпиадада Жанайдарова Малика
Нұрланқызы топ жарып, 1-орын алды. Менталды арифметика бойынша бақ сынасқан 10-11 жастағы балалар арасында небәрі 8 жасар Маликаның алдыңғы орыннан көрінуі біздің мектептің мақтанышпен айтар үлкен жеңісі болды. Бір жыл бұрын Малика
Қырғызстан мемлекетінің Ыстық көл қаласында ұйымдастырылған халықаралық олимпиадаға
қатысып, 1 орынды қанжығалап, абыроймен оралған еді. Тура осы сайыста Ермекбай Еркеназ
оқушымыз 2-орынды иеленді. Мектеп жетістігі бұл ғана емес. 26-наурыз күні Нұр-Сұлтан
қаласында қала әкімінің кубогы үшін өткізілген республикалық олимпиадада 3 бірдей оқушымыз
3-орынды иеленді. Олар: Талғат Әлима (5 жас), Еділ (10 жас) және Хан (7 жас) Орманалиевтер.
Осы орайда шәкірттерді біліммен қаруландырып отырған білікті ұстаз деп Игенбекова Айжанның
есімін атап өткім келіп отыр. Өзім, яғни Қыдырәлі Аяулым, мектебіміздің оқушыларының әр жеткен биігіне тамсанатын әрі сүйсінетін, күш-қуатымды осы балалардың білімін толықтыруға
жұмсап жүрген ұстаздардың бірімін. Біз үшін әрі шәкірттің жеңісі - ол еңбегіміздің жемісі.
аяулым қыдырәлі,
"Юникидс" мектебінің ұстазы
2019 жылдың 1қаңтарынан бастап ЭШФ
көшірмесі бойынша міндеттер
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2019 жылдың 1
қаңтарынан бастап Салық кодексінің 412 бабына сәйкес, тауарлар, жұмыс, қызмет
өндірісі барысында салық төлеушілердің келесі санатында ЭШФ көшірмесі бойынша міндет болатындығын естеріңізге салады: 1. ҚҚС төлеушілері. 2. ҚҚС
төлеушілері болып табылмайтын комиссионерлер. 3. ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын экспедиторлар. 4.Импорттық тауарлар өндірісі жағдайындағы салық
төлеушілер.
Шот-фактура электронды түрде немесе қағаз тасымалдаушы арықылы көшіріледі.
Электронды түрдегі шот-фактура электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінде
көшіріледі және салық төлеушілнің электронды цифрлық қолтаңбасымен бекітіледі.
Электронды цифрлық қолтаңбаны алу үшін – ЭШФ АЖ және аутентификация үшін
Ұлттық куәландыратын орталық сертификатына, сонымен қатар ЭШФ қол қою
үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. Осы туралы сертификаттарды
алу бойынша толық нұсқаулық ҚР ҰКО ресми сайтында жарияланған: -жеке
тұлғаларға
арналған
сертификат
алу
бойынша
нұсқаулық:
http://pki.gov.kz/index.php/ru/fizicheskie-litsa; -заңды тұлғаларға арналған сертификат
алу бойынша нұсқаулық: http://pki.gov.kz/index.php/ru/yuridicheskie-litsa.
Қағаз тасымалдаушыдағы шот-фактура көшірмесі салық төлеушіде тұрғылықты
жері бойынша жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісі болмаған жағдайда
немесе ЭШФ АЖ техникалық қателіктің болуына байланысты жүргізіледі.
Техникалық қателікті қалпына келтіргеннен кейін ҚР ЭШФ-ға көшірілген ЭШФ
тіркеу үшін он бес күнтізбелік күн беріледі.
ЭШФ АЖ жұмысты бастау және тіркелу үшін сілтеме бойынша кіру қажет:
http://esf.gov.kz:8443/esf-web/login.
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы
Тауарлармен электронды сауда, тіркеу есебіне
қою, салықтық жеңілдіктерді алу
Салық кодексінің 88-бабы 1 - тармағының 10 – тармақшасына сәйкес, жекелеген
қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.Тауарлармен электрондық сауда - ақпараттық технологиялар арқылы интернеттегі дүкен
арқылы немесе интернет-сайт арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың тауарларды сатуы үшін қатар келесі шарттарды сақтайтын кәсіпкерлік қызмет: - тауарларды сату бойынша келісім шарттарды ұйымдастыру электронды түрде жүзеге
асырылады;
- тауарлар төлемі банктік аударым арқылы жүзеге асырылады;
- тауарларды сатып алушыға жеке меншікті жеткізу қызметінің болуы немесе жүк
тасымалдайтын, курьерлік және (немесе) почта қызметін жүзеге асыратын
тұлғалармен келісім шарттардың болуы.
Қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу үшін
- тауарларды электрондық коммерциялау қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама негізінде жүзеге асырылады. Салық кодексінің 293 – бабының 3 – тармағына сәйкес,
тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң
302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет
жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс
бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық
кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері
қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде, салық төлеуші осы баптың ережелерін
қолдануға құқылы емес.
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы мен сәкен
сейфуллиннің 125 жылдығына арналған
ЭМБЛеМаныҢ сипаттамасы
Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы мен
Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына
арналған эмблема ауданның 80 жылдығына
байланысты даярланған арнайы таңба негізінде даярланды. Авторы: аудандық мәденисауық орталығының суретшісі, Жаңаарқа
ауданы таңбасының авторы - Сәдуов Мақсат
Төлеуханұлы.
Сипаттамасы: Сәкен Сейфуллин бейнесі –
тарихи тұлға, қоғам және мемлекет
қайраткері, ақын, жазушы, сұлулық символына айналған әйгілі жерлесімізді ұлықтау
мақсатында орналастырылған. Шаңырақ элементі
әлемнің
біртұтастығын,
ауданымыздағы достықтың, мейрімділіктің
және бірліктің белгісін білдіреді. Киіз үй
мемлекеттің бастау алар отбасы ошағын,
аудан халқының мейірбандығы мен қонақжайлылығын білдіреді. Тау мен кең дала
ауданымыздың табиғи ерекшеліктерін көрсетеді. Бір жағынан кең дала – даналықтың,
тау – даралықтың белгісі. Көгілдір аспан – егемендік пен тәуелсіздікті бейнелейді.
Көгілдір түс – бірігу идеясын, бейбітшілік пен ынтымақтастықты сипаттайды. Көк –
қазақ ұғымында аспанды білдіреді. Ашық аспан қашанда халық ұғымында жарқын
болашақты елестетеді. Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адалдық, тазалық,
үміт секілді адам бойындағы қасиеттерге сәйкес келеді. Таңбаны шеңбер бойымен және
ортасында көркемдеп тұрған оюлар мен таңбаның екі жағындағы бидай масақтарының
да білдірер ұғымы мол. Ою – ежелден келе жатқан халқымыздың төлтума өнерін және
ерекшелігін көрсетеді. Сонымен қатар, ою-өрнек – салт-дәстүріміз бен әдет
ғұрпымыздың көрінісі. Бидай – қазақ халқының қастер тұтатын асы. Сондықтан да
бидай – молшылықтың, байлықтың, қажырлы еңбектің белгісі ретінде аудан
шаруашылығының үлкен саласын айғақтайды.
Эмблемада паровоздың суреті орналастырылуы, оның ішінде Сәкен Сейфуллин
бейнесінің кеуде тұсына қойылуы атақты жерлесіміздің 1935 жылдары арқа жерінде
теміржол тарту алғаш жоспарланғанда теміржолдың қазіргі Жаңаарқа ауданы
аумағынан өтуіне ықпал еткен тұлға, яғни, идея авторы екендігін еске салады. Осы теміржол кейіннен тоқсан жолдың торабы болып қана қоймай, аудан экономикасының
негізгі күретамырына айналды. Сәкен Сейфуллин мен аудан мерейтойларына қатысты
эмблеманың біріктірілуі Сәкен мен Жаңаарқа ұғымының егіз мағына екенін білдіреді.
1928 жылы күзде Асанқайғы атымен құрылған ауданымызға 1929 жылы «Жаңаарқа»
деп атау берген де Сәкен бабамыз.
Таңба авторы – Мақсат Төлеуханұлы
Өмірі өнегелі, өнері өзгеше, қасиетті
Жаңаарқа өлкесі, республика, облыс
көлемінде аты абыроймен аталатын
ырыс-құт дарыған киелі мекен. Өзінің
тағылымды тарихымен таңғалдыратын
осынау өнегелі ауданның өзіндік дербес
таңбасын салу қазіргі уақыттың негізгі
талабы.
Сол себептен де биыл аудан боп
құрылғанына 90 жыл толуына орай,
аудандық «Жаңаарқа» газетінің 2018
жылғы №48 санында Жаңаарқа
ауданының таңбасын жасауға байқау
жарияланған болатын. Сол байқауға
Жезқазған, Қарағанды сынды ірі
қалалардың үміткерлерімен қатар ауданымыздан да, барлығы 10-нан астам
қатысушылар қатысты. Байқау аясында
құрылған комиссия шешімімен үздік деп танылған жобаның авторы – Сәдуов Мақсат Төлеуханұлы.
Мақсат – Талдыбұлақ ауылының тумасы. 1993 жылы Талдыбұлақ орта мектебінің табалдырығын
аттап, 7 сыныптан бастап, Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған «Дарын» жасөспірімдер
мектебіне ауысып, аталмыш мектепті ойдағыдай аяқтап шығады. Содан 2004 жылы Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кәсіби көркем өнер факультетіне оқуға түседі. Бұл
ордалы үлкен білім шаңырағында әр түрлі деңгейде ұйымдастырылған сурет байқауларынан жүлдегер
атанып, университет мақтанышына айналады. 2008 жылы тәлім алған оқу орнын тәмәмдап, мамандық
иесі атанады. Сол жылдан бастап ауданымыздағы мәдениет үйіне суретші-декоратор қызметін атқарып
келеді.
-Алдымен Мақсат, сізді ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына арналған арнайы таңбасын
жасауда «үздік» деп танылғаныңызбен құттықтаймыз! Осыдан 10 жыл бұрын 80 жылдық мерейтойда сіздің жасаған таңбаңыз басты белгі ретінде таңдалғанын білеміз. Сіздің бұл жасап
отырған дүниеңіз аудан тарихы жолында үлкен құнды туынды болып саналады. Бейнелеген кескіндері өте ерекше екен.
- Ия, таңбада әр-бір кескіндеменің өзіндік бір мәні-мағынасы бар. Осыған ерекше мән бердім. Әр
істі қолға алмас бұрын ойша сурет салып аламын. Көп ойлап жүріп, қағаз бетіне түсіре бастаймын.
Бұл таңбаны жасағанда да 10-шақты үлгіні ойлап тауып, соңынан осыған тоқталып, осы нұсқаны
өткіздім. Комиссия мүшелерінің шешімімен үздік таңба деп менікін жариялағанда қуанышымда шек
болмады. Осымен екінші мәрте аудан тарихына үлес қосып, ауданымыз үшін қызмет жасап
жатқанымды мақтанышпен айта аламын. Байқауға ауданымыздан ғана емес басқа да қалалардан
үміткерлер қатысып бақ сынысты. Олардың ішінде тәжірбесі мол, үлкен жастағы азаматтар да
қатысты. Салыстыра келе менің жасаған дүниемді таңдап, аудан жастарына аудан өміріне өз үлесін
қосуға мүмкіндік беріп отырған аудан әкімшілігі мен аудан басшыларына алғыс айтамын.
- 2008 жылы жоғары оқу орнын аяқтаған соң, аудандық мәдениет үйінде қызмет атқарып келе
жатырсыз. Білікті, белсенді мамандарының бірісіз.
- Жас маман болып, жұмысқа орналасқаннан бастап, бұл үлкен орда мені бірден бауырына басты.
Маңайымның бәрі өнер азаматтары болғандықтан, тез үйренісіп кеттім. Ұжым өте ұйымшыл, қандай
мереке болмасын барлығымыз бір адамдай бірлесе жұмыс атқаруға кірісіп кетеміз. Өз ісінің мамандары, өнерлі жандардан құралғандықтан, әр жиынымыз мерекеге, ән мен жырға, қалжың мен әзілге
толы болады. Өз үйімізге айналған бұл ұжымнан өз жарымды да кездестіріп, отбасын құрдым.
Жарымның есімі – Айдана. Осы аудандық мәдениет үйінде әдіскер қызметін атқарады. Екі ұлым бар.
Айдана екеуіміздің жұмысымыз бір жерде болғандықтан, жұмысымызға асыға барамыз.
Қызметкерлердің барлығы да туғандарымыздай болып кеткен. Біріміздің жұмысымызға барлығымызда
ат салысып, қолдау көрсетуге дайын тұрамыз. Менің басты жұмысым, қоюшы-суретші болғандықтан
сахна безендіру, афишаларды әдемілеп жазу, әрлеу сынды жұмыстарды жасап келемін. Өз жұмысым
өзіме қатты ұнайды.
-сұхбатыңызға рахмет. Әдемі туындылардың иесі атанып жүре беріңіз. Жұмысыңызға сәттілік
тілейміз.
сұхбаттасқан Рахат аЙТЖанОва
№17qxp_Жанаарка газеті 05.04.2019 15:52 Страница 6
6
еуропалық иммундау аптасы өтеді
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жаңаарқа аудандық қоғамдық
денсаулықты сақтау басқармасы 2019 жылғы сәуірдің 24-і мен 30-ы аралығында Еуропалық
иммундау аптасы өткізілуі жоспарланғанын хабарлайды.
«Алдын алу. Қорғау. Иммундау!» ұранымен өткізілетін 2019 жылғы ЕИА мақсаты – барлық
жастағы адамдарды аурулардан қорғауға жәрдемдесу, адам өмірінің барлық кезеңдерінде
вакцинациялаудың пайдасы жөнінде халықты және медицина қауымын, оның ішінде
денсаулық сақтау қызметкерлеріне вакцинациялаудың маңыздылығы туралы хабардар ету.
2019 жылғы Еуропалық иммундау аптасының шаралары мынадай мақсаттарды іске
асыруға бағытталатын болады:
- вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдардың денсаулығын ұжымдық иммунитет көмегі арқылы қорғау үшін вакциналар әрекет ететіні туралы хабардар болуды арттыру;
- жасөспірімдерге, ата-аналарға және денсаулық саласындағы мамандарға вакцинациялау
пайдасына иммундау жөніндегі дәлелді ақпарат негізінде саналы таңдау жасау қажеттігі туралы еске салу және ғылыми негізделген ақпаратты тарату;
- ата-аналарды олардың отбасы мүшелерінің, өздерін қорғау үшін де, басқа адамдарды да
қорғау үшін уақтылы иммундау өтудің, яғни жалпы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы
хабардар ету;
- вакцинациялауға сұранысты қолдау мақсатында денсаулық сақтау органдарының және
денсаулық сақтау қызметкерлерінің вакциналар туралы хабардар болуын арттыруға
ұмтылуын ынталандыру.
Жаңаарқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
ОБЪЯвЛенИе!
Объявляем о проведении общего собрания участников ТОО «КТ «Жанаарка», который
состоится 6 мая 2019 года в 11.00 часов, по адресу пос. Атасу, пр. Независимости 22, 2этаж, актовый зал здания РУПС (Каз.почты) на котором будут рассматриваться следующие вопросы повестки дня:
Рассматриваемые вопросы:
повестка дня:
1.Об одобрении увеличения в АО «Аграрная кредитная корпорация» кредитной линии
для последующего финансирования участников ТОО «КТ«Жанаарка».
2.Об одобрении предоставления в залог АО «Аграрная кредитная корпорация» в качестве
обеспечения исполнения обязательств ТОО «Кредитное товарищество «Жанаарка» перед
АО «Аграрная кредитная корпорация», с правом без акцептного списания денежных
средств со всех счетов ТОО «Кредитное товарищество «Жанаарка» открытых в Банках
второго уровня и внесудебной реализации следующего имущества:
- Денежные средства, размещенные на условном счете в АО «Нурбанк»;
–Автотранспорт.
3.Об одобрении наделения полномочиями Председателя Правления ТОО «Кредитное Товарищество «Жанаарка» – Рымбекова Саулета на подписание рамочного соглашения, договора займа, кредитного договора, договоров залога, гарантии, дополнительных
соглашений к ним и иных документов, необходимых для открытия кредитной линии, и
внесения изменений в уже открытые кредитные линии от имени ТОО «Кредитное товарищество «Жанаарка».
4.Утверждение внутренних нормативных документов ТОО «КТ «Жанаарка».
«Бекітемін»
«Жаңааарқа аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы
______________с.Баязитов
25 наурыз 2019 ж
Жаңаарқа ауданы көлеміндегі жеке және заңды
тұлғалардың ауылшаруашылық техникаларының
2019 жылға техникалық байқаудан өту кестесі
№
Округтардың аты
1 С.Сейфуллин
науқандық мезгіл атыКөктемгі егіс алдында
2 Байдалы би
Байқаудан өту күндері
8 -9 сәуір
1 -12 сәуір
3 Талдыбұлақ
15-16 сәуір
4 Бидайық
18 - 19 сәуір
5 Айнабұлақ
6 Қараағаш
Шөп шабу алдында
1 Ақтау
22 -23 сәуір
25 -26 сәуір
6 -7 мамыр
2 Түгіскен, «Жеңіс» ЖШС
9-10 мамыр
4 Байдалы би
16-17 мамыр
3 Ералиев
13-14 мамыр
5 С.Сейфуллин
20-21 мамыр
6 М.Жұмажанов
23-24 мамыр
7 Талдыбұлақ
27- 28 мамыр
8 Бидайық
30-31 мамыр
9 Қараағаш
3-4 маусым
10 Айнабұлақ
6-7 маусым
11 Ақтүбек
12 Целинный
егін ору алдында
1 С.Сейфуллин
2 Байдалы би
10-11 маусым
13-14 маусым
2-3 шілде
4-5 шілде
3 Талдыбұлақ
9-10 шілде
4 Айнабұлақ
11-12 шілде
5 Бидайық
6 Қараағаш
Жыл басынан
1 Атасу кенті
2 Қызылжар кенті
3 Өздігінен келетін тұлғалар
Бас маман инженер-инспектор
15 шілде
18-19 шілде
жыл бойы
жыл бойы
жыл бойы
Б.Мүскінов
6 сәуір 2019 жыл
Тұмса табиғат төлдері!
Қазақ халқы саятшылықты, аңшылықты ежелден дәстүрлі өнер ретінде сақтап, дамытып
келген. Бабаларымыз жазықсыз аңның қанын төгу үшін емес, сейіл ретінде тіпті бір заманда
талғажау тамақ, күн көріс қылған. Аң терілерін бағалап, киім қылып кигені де аңық.
Аңшылық туралы: «Қақпаншы жатып алады, ит жүгіртіп, құс салған қызыққа батып алады»
- деп әсіреліп, мәнерлеп айтуы да тегін емес. Демек, аңшылықтында өзіндік рахаты мен
адам көкірегіне ұялатар жылулығы бар. Көктемде күн жылынып, күн ұзарады, құстар жылы
жақтан қайтадан ұшып келеді. Табиғатта жандана бастайды. Бұл мезгілде аң – құстардың
мекендеген орындарынан үркітіп, қорқытпай, қайта қамқорлық танытып барынша жағдай
жасау қажет. Құстын ұясын бұзбау, жұмыртқасын сындырмау, балапандарды жәбірлемеу
керек екенін де есте сақтаған жөн. Себебі құстардың табиғатқа пайдасы зор, оның өсіп
көбеюіне қиянат етпеу керек. Қазір еріккеннің ермегі етіп жер талғамайтын көлік, неше
түрлі ататын қарулармен құс атып, аң аулайды, оның обал сауабын ешкім ойламайды да.
«Бөрінің тәңірі, аңның киесі бар» деген бар ғой. Аң аулау маусымы жыл сайын белгілеген
нормаларға сай жүзеге асырылады. Аң аулау барысында экологиялық және жануарлар
әлемін қорғау мен оның көбеюіне қатысты нормалар сақталу керек. Жануарлардың өмір
сүру ортасына зиян келтіруі керек және аңшылар атуға тыйым салынған аңдарды ауламауы
және ерекше қорғалатын қорықта аң – құс атуға болмайтының білуге тиіс. Біздің әкімшілік
– аумақтық мемлекет қарауына енетін 6800 шаршы метр аумақта аң – құс аулауға мүлдем
тыйым салынған, ерекше қорғалатын қорық екені белгілі.
н.ШаКенОв,
«Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы»
КММ – нің аңшылық маманы
назар аударыңыздар, аКЦИЯ!
«Заңсыз сақталған атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті
түрде өтемді тапсыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ішкі істер
министірінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген Республика
аумағында 2019 жылдың сәуір айынан 10 күнінен бастап халықтан заңсыз сақталудағы атыс
қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциясы басталады.
Атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды тапсыру жөніндегі сұрақтар бойынша,
Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне хабарласуларыңызға болады.
Жаңаарқа ауданының полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы
мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық
бұзыушылықтардың алдын-алу мақсатында іс-шаралар өткізеді. Акция аяқталғаннан кейін
ерікті түрде өткізілген қару-жарақ, Қазақстан Республикасы ішкі істер министірінің 2015
жылғы 15 ақпандағы № 150 бұйрығы талаптарына сәйкес өтеусіз негізде қабылдау жүзеге
асырылады. Хабарласу телефоны: 2-64-70
Б.нҰРШИн,
және қызметтік қару айналымын бақылау тобы инспекторы
уважаемые жители Жанааркинского района!
азИаТсКИЙ КРедИТныЙ ФОнд пРедЛаГаеТ
БеззаЛОГОвые И заЛОГОвые КРедИТы - групповые и
индивидуальные кредиты! И принимает на работу
талантливых людей!
Кредиты АКФ - это поддержка сельских жителей,
занимающихся разведением скота, торговлей, производством, услугами и производственной деятельностью.
Мы выдадим вам кредит на разные цели:
•Закуп скота, сена и других кормов, ремонт и построек жилищ для скота и прочие сельскохозяйственные цели
•Развитие бизнеса - закуп товара, сырья, оборудования
•Кредиты на ремонт и утепление дома, оплату обучения, покупку техники и прочие потребительские цели
•Потребительские кредиты
преимущества кредитов аКФ:
•Отсутствие комиссионного сбора
•Предусмотрено снижение процентной ставки при получении повторного кредита
•Предложим индивидуальный (гибкий) график погашения
Соискателей приглашаем в команду профессионалов АКФ, которые разделяют наши ценности, готовых учиться и приобретать новые навыки, помогать жителям нашей страны
стать более состоятельными, успешными и счастливыми.
став частью коллектива азиатского Кредитного Фонда, вы сможете получить:
•Интересную и разнообразную работу
•Справедливую оплату труда
•Профессиональное общение
•Обучение и развитие навыков
•Возможности для самореализации
•Признание ваших достижений
•Создание успешной карьеры
•Участие в полезных проектах.
Открыта вакансия аналитик по развитию бизнеса (Кредитный специалист)
Основные обязанности кандидата:
•Кредитование сельского населения
•Обслуживание клиентов, в соответствии со стандартами Компании;
•Достижение целей компании, выполнение планов продаж
Требования к кандидату:
•Высшее/средне-специальное экономическое образование;
•Опыт работы в продажах желателен;
•Клиенториентированность
•Владение казахским и русским языками
Место работы: Жанааркинский район, п. атасу
вы можете обращаться по адресу:
п.Атасу, ул. Абая 19, ориентир: школа С.Сейфуллина, телефон: 8 (710-30) 2-71-94 ,
Нұрсұлтан +7 771 266 57 00. головной офис: г. Алматы ул. Ауезова 60, офис 10. Тел/факс:
8 (727) 250 61 90. E-mail: hr@acfund.kz. Наш сайт: www.asiancreditfund.com
После обращения в офис АКФ по поводу работы, позвоните, пожалуйста, по нашей
горячей линии 5061 (бесплатно с мобильного телефона) и сообщите, что вы отправили свое резюме. Мы обязательно свяжемся и с вами!
№17qxp_Жанаарка газеті 05.04.2019 15:52 Страница 7
6 сәуір 2019 жыл
ЕСКЕ Алу
Жезқазған қаласының тұрғыны, Байдалы би ауылының
тумасы болған қалмағанбетов Бекетай (Бекболат)
абибуллаұлы рухына бағыштаймыз. Бұл өмірден қайтпас
сапарға биылғы жылдың 23 наурыз күні небары 59 жасында аттанды. Қадірлі бауырымыз, балаларының ардақты
әкесі, жұбайына адал жар бола білді. Жатқан жеріңіз
жайлы, топырағыңыз торқа болсын, жан Аға!
Өкінішке орай ардақты да асыл жанды арамыздан ерте
алды. Жүрегіміз қимастық сезімге толып, екі көзге
мөлтілдеп жас келеді. Әке-шешеден ерте айырылған соң
бауырларына ештеңеден кемдік көрсетпей, “қанаттыға
қақтырмай”, тәрбиелеп өсіріп жеткізді.
Ағажан, шаңыраққа болдың пана,
Тағдырдың жазғанына бар ма шара?!
Жан едің кең пейілді жеке-дара,
Сәні боп ортамыздың жүруші едің,
Асыл жан, кең жүректі жеке - дара.
Салмақты едің, сабырлы едің, төзімді,
Ұмытпаймыз дауысыңды, сөзіңді.
Әруағыңа құран оқып бас иіп,
Елжіреумен еске аламыз өзіңді.
Алланың нұры жауып, иманды боп,
Есіміңді құрметпен еске аламыз.
Еске алып, сағынышпен жабығамыз,
Бақиға өтіп кеткен жан ағамды.
Ағажан, топырағың торқа болсын,
Жатқан жері жәннатта жұмақ болсын.
Барлық бауырларының атынан рухына тағзым етіп, еске алушылар: інісі-ерболат,
келіні- айман, ерболаттың балалары
ЕСКЕ Алу
Ақтау ауылының тұрғыны болған, отбасының қорғаны,
ардақты әкеміз, адал жар Жалмағанбетов Орынбай
ахметұлының өмірден озғанына 8 сәуір күні 30 жыл толады.
Бүгін біз ардақты әкемізді сағына еске алып, жатқан жері
жайлы, топырағы торқа болсын деп, қол жайып, рухына
дұға бағыштаймыз.
Бәйтеректей әулетке сая болған,
Бәрімізден мейрімін аямаған.
Жәннатта жаның болып, рухың биік,
Өзіңдей қайда бізге ардақты адам.
Бізге үлгі жүріп өткен жолдарыңыз,
Арқа сүйер әке - біздің қорғанымыз.
Бағынамыз бір Алланың дегеніне,
Әрдайым қолдап жүрсін әруағыңыз.
сағына еске алушылар: жұбайы-нәзипа, ұлдары, қыздары, келіндері,
күйеубалалары, немерелері, жиендері, шөберелері
ЕСКЕ Алу
Бидайық ауылының тұрғыны болған, ардақты әке,
немерелерінің сүйікті атасы
Жәмпейісов қияқ
Шағырұлының өмірден озғанына 13 сәуір күні 40 күн толады. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа, жаныңыз
жәннатта болсын дейміз.
Ағайынның сыйлап өткен ұлы едің,
Жаны жайсаң жақсылардың бірі едің.
Қайырымсыз ажал сені бір күнде,
Алып кетті арамызда жүр едің.
Сағынамыз еске алып қашанда,
Дауа бар ма бұл өмірде ажалға.
Дұға оқып, Алладан тілек тілеп,
Толсын дейміз қабірің шуақ-нұрға.
еске алушылар: балалары, туған-туысқандары
13 сәуір күні сағат 13.00-де Бидайық ауылының “амангелді” тойханасында
әкеміздің өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
ЕСКЕ Алу
Ардақты ата, қамқор
әкеміз Ментаев Боранбай
құсайынұлының өмірден озғанына 14 сәуір күні 40 күн
тоалды.
Әкеміздің жарқын бейнесі, көрсеткен үлгі-өнегесі, адамға
деген жанашырлығы жадымызда мәңгі сақталады.
Әкеміздің жаны жәннатта, тәні рахатта болғай.
Асыл ең, ардақты едің, ақ қөңіл ең,
Әкешім сенің орның бөлек екен.
Тағдырдың жазуына амал бар ма?
Аллаға да жақсы адам керек екен.
Тағдырдың жазғанына бар ма шара?
Жан едің кең пейілді жеке дара.
Ұлық Алла алдыңнан жарылқасын,
Жұмақтың төрінде бол, асыл Әке!
сағына еске алушылар: балалары, немерелері, жиендері
14 сәуір күні сағат 13.00-де “Сұлтан” мейрамханасында әкеміздің өмірден өткеніне
40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
7
ЕСКЕ Алу
Ескене ауылының тумасы аманжол аманғалиевтың
фәниден бақиға озғанына бір жыл болады. Аллаға шүкір,
әкеміз сегіз баласының өз жолымен қанаттанып ұшқанын,
шаңырақтарын тіктеп, маздатып от жаққандарын көріп
марқайып, немерелерін қызықтап өтті өмірден. Біз ананың
аялы алақанымен, әкенің мейірімді шуағымен алаңсыз өсіп,
ержеттік. «Әке — асқар тау, ана ағып жатқан бұлақ, бала —
жағасындағы құрақ» демекші, әкеміз барда мамыражай
қалыппен жайқалып, аса көп жайларға мән бермеген екенбіз. Ойлап отырсақ, жел жағымыздағы панамыздан
айрылғанымызды енді жете сезіндік.
Ұлы Отан соғысы басталған жылдан соң өмірге келген
әкеміз сұрапыл заманның қиындықтарын көп көрген екен.
Әкесі майдан даласында опат болып, шиеттей кезінде жетім
қалады. Ағайын-туыстың аялы қамқорлығының арқасында жетіліп, адам болғанын жиі
айтатын. Бір әулеттің үзілуге шақ қалған бұтағын жалғап, ұрпақ сабақтастығын
жалғастырды. «Асылды соға берсең жетіледі, жасықты соға берсең кетіледі»,- деп
халқымыз айтқандай, қиындықтан кетілген жоқ. Ширығып жетілді. Совхоз
шаруашылығының саласында көп жыл еңбек етіп, абыройға бөленді. Балаларына
техниканың сырын, шаруаның қырын жалықпай үйретті. Өмір жолына бейімдеді.
Әдептілікке, адал еңбекке баулыды.
Ақ пейілді кіршіксіз жан едің де,
Жамандыққа жат едің және мүлде.
Алла сіздің шалқытсын рухыңызды,
Жақсылармен жәннаттың әлемінде.
еске алушылар: жұбайы — Жаңыл, балалары-Жарболат, айтбек, ардақ және немерелері
Әкеміздің өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай 13 сәуір күні сағат 13.00-де
Талдыбұлақ ауылындағы «Ақниет» тойханасында құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
ЕСКЕ Алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған ардақты әке, немерелері мен шөберелерінің аяулы атасы болған Боранбай
Тәжікенұлының бақиға озғанына бір жыл толды.
Жанымызға жақын аяулы әкемізді бүгінде сағынышпен
еске алып, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын деп
тілейміз. Алла тағала сізге жәннаттан орын беріп, иман
байлығын сыйласын.
Бір жыл өтті сіз жоқсыз арамызда,
Сағынамыз жиі еске аламыз да.
Әке деген ең биік қастерлі есім,
Мәңгі бақи сақталар санамызда.
Әкешім - асқар тауым берекем,
Сенсіз өтпеуші еді мерекем.
Сағындық әке, жымиып күлгеніңді,
Сағындық ортамызда жүргеніңді.
Алла жазды тағдырға әркім бағынады,
Әке, сізді ұрпақтарың сағынады.
Біз есейіп әр тарапта жүрсектағы,
Асыл бейнең біздің әлі есімізде.
сағына еске алушылар: балалары, келіндері, немерелері, шөберелері, жиендері
және Тәжікеновтер әулеті
Әкеміздің өмірден өткеніне бір жыл толуына орай “Жаңаарқа” тойханасында 13
сәуір күні сағат 13.00-де құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСКЕ Алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, адал жар, ардақты
әке, немере-жиендерінің қамқор да сүйікті атасы
сыздықов Жанұзақ (Жәкібай) айтбекұлының фәниден
бақиға озғанына 14 сәуір күні 1 жыл толады. Мінезі дархан
даладай, жаны жомарт баладай, өте ақ көңіл, туыстарына
өте мейірімді еді. Ақ көңілімен жан-жағына шуақ шашып,
жарқылдап жүретін. Өмірден өте ерте кеткені
қабырғамызды қайыстырып, жүрегімізге жазылмас жара
салып, ұмытылмас мұңға батырды. Ардақты әкемізді
қимастықпен еске алып, көрмеген көшесі жарық, жатқан
жері мамық болсын деп Алладан тілейміз.
Алыстадың енді Әке оралмайсың,
Қызығында ұл-қыздың бола алмайсың.
Сағынышпен көз жасты төккенменен,
Тұғырыңа үйдегі қона алмайсың.
Сәт сайын еске алып сағынамыз,
Тағдырға іштей налып жабығамыз.
Күн сайын шын ниеттен дұға арнап,
Салғанына Алланың бағынамыз.
сағына еске алушылар: жұбайы- Күләш, балалары-Жайық-Индира, Жадыранұрбек, Руслан-анар, абылай-сәни, құндыз, нұралы, нұржан, немерелері, жиендері
14 сәуір күні сағат 13.00-де “Сәт” мейрамханасында әкеміздің өмірден өткеніне 1
жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Көңіл айту
Аудандық ақсақалдар кеңесі Ақтүбек ауылдық округі Өркендеу ауылының қадірменді
ақсақалы, еңбек ардагері
еРМеКБаев ОРаЛБаЙдыҢ
қайтыс болуына байланысты отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл
айтады
№17qxp_Жанаарка газеті 05.04.2019 15:52 Страница 8
Құттықтаймыз!!!
Құттықтаймыз!!!
Ауданымыздың тұрғыны, қатар жүрген
досымыз,
қызық-қуанышымызды,
қайғымызды бірге бөліскен құрбымыз,
ошағының алтын діңгегі қалимолдаева
Роза Әбдірахманқызын мерейлі туған
күнімен құттықтаймыз. Жарына сенімді
серік болып, ұл-қыз өсіріп, немере-жиен
сүйген абзал ананың мерейтойы құтты
болсын.
Жапырақ жайған алып
бәйтеректің мәуелі жемісі көп болып, ұлқызынан тараған
балапандарының
қызығын көріп, ұзақ ғұмыр жасауды
Аллам нәсіп етсін.
Жаңаарқа ауданының тұрғындары қадірлі де құрметті
құдамыз Олжабай Бекбосынұлын 10 сәуір күні 80
жасқа және құдағиымыз Әтіркүл Бекмамырқызын
12 сәуір күні 77 жасқа толуларымен шын жүректен
құттықтаймыз. Құда-құдағиымызды мерейлі тойымен
құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат,
балаларыңыздың қызығына тоймай, жүздеріңіз нұрға,
көңілдеріңіз шаттыққа, қуанышқа тола берсін.
Құтты болсын сіздердің туған күндеріңіз,
Жарқыраңыздар, күндей болып күліңіздер.
Ақ тілектер жарып шыққан жүректі,
Жырдан болсын сіздерге сыйлар гүліміз.
Көлдей көңіл тілейміз таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Баянды бақыт болсын өмірлеріңізде,
Ешқашан көңілді кір шалмайтын.
Ізгі тілекпен: құда-құдағиы-Жақия-Шолпан, Капиталина андреевна, балалары сәтбек-дана, жиендері-Әлихан, ақмарал
Құтты болсын мерейтойың, алған биік белесің,
Балалардың қамын ойлап, еңбектеніп келесің.
Денің сау боп, арамызда ұзақ ғұмыр жасашы,
Аман болсаң шөбере мен шөпшек тойын көресің.
Өткен күндер, естеліктер, өшпейді естен жаңғырып,
Шуақ шашқан ата берсін алдыңыздан таң күліп.
Бауырымыз бүтін болсын, қатарымыз сиремей,
Бақытты өмір сыйға тартсын жаратқаным мәңгілік.
Игі тілекпен: Жаролла, сәбит-Гүлбаршын, қорлан, Тойбала,
Шәкира, Көкен, Үнзилә, Тиыштық, Күләш, дәния
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, сүйікті ұл, қамқор аға,
арқа сүйер әке Кішенов сәтбек Жақияұлын 11 сәуір
күні 50 жас
толатын мерейлі туған күнімен
құттықтаймыз. Сонымен қатар инабатты келін, аяулы
ана, қымбатты жеңге дана Олжабайқызымен отау
құрып, шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толып отыр.
Қызықты күндерді қатар өткізіп, бірге жүрген қымбатты
жандарға дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтың
қос тіреуі болып, бала-шаға қызығын көріп, аман есен
жүре берулерін тілейміз.
Құтты болсын мерейтойың мерекең,
Арта берсін бақ пен дәулет берекең.
Ұл-қызың өсіп-өніп, өркендеп,
Жайылсыншы кеңге енді керегең.
Алда тоссын белестер мен көш ілгер,
Әр жылменен қуаттанып жүріңдер.
Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз,
Қол ұстасып, бірге ғұмыр кешіңдер.
Ізгі тілекпен: ата-анасы-Жақия-Шолпан, жезде-апасы-Жолдыбек-Шолпан, қарындастарыайжан, Руслан-диана, Карина, қанат-Гүлжан, балалары -Әлихан, ақмарал
Ата-әжемнің шарапаты
Бойы сұнғақ, ойы шалғақ,
Жаны жомарт, кең пейілді.
Мейірімді жаны жайсаң, рухы биік,
Ол менің Әбіш атам.
Тумаса да туғаныңдай әлпештеп,
Зура менен Серікті.
Өз қызыннан кем көрмей,
Еркелетіп өсірген.
От басының тәрбиесін,
Құлағына сіңірген.
Барған жерін өсіп-өнер алтын ұя,
Қуаныштың ошағы деп.
Қанаттыға қақтырмай,
Тұмсықтыға шоқтырмай.
Злиша мен Зураны,
Ұясына қондырған.
Амандығын білемін деп қыздарының,
Бірге туған Әбіш, Сары,
Келуші еді ат терлетіп,
Құрт, ірімшік, май арқалап.
Қүн шуақта,
Құдығына түсіріп немересін.
Кешке дейін, тазарту мен әлек болған,
Міне осындай менің атам.
Дін жолында сауаты мол,
Ел ішінде «пірәдәр» деп аталған.
Екі дүниенің,
Адалдығын қалаған.
Әдет-ғұрып,
Салт-сананы.
Ата дәстүр түрінде,
Берік ұстап беріп кетті немереге.
“Бал Зурам”деп еркелетті шешемді,
Асыл туған анадан,
Есте қалды мәңгілік,
Құрметімен анамның.
айтбек Рымбекұлы ӘЛІпОв
продаю
Продаю 3 комнатный дом, площадью 120 м2. В доме
имеется ванна, центральная канализация. Огород 6
соток. Имеется сарай, гараж, хоз постройки. Дом на
твердом топливе.Цена дома – 9 000 000 тенге. Возможен торг. Дом находится в г. Караганда, ( город пр.
Кольцевой).
Обращаться по телефонам: 87070343737, (87212)4430-35
Жарамсыз деп танылсын
М.Жұмажанов атындағы ауылдық округі С.Сейфуллин көшесі № 17/2 үйдің иесі Омаров Кайыртай
Каратаевичтің атына 2006 жылы берілген жер теліміне
жеке меншік иелігі растайтын №С1-53 актісі, 2018
жылы берілген №193 сатып алу келісім шарты
жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
“аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШс басшысы - бас редактор
еРаЛИна саЛТанаТ аМанқызы
МенШІК ИесІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШс
Мекен-жайымыз: 100500, қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ276017171000000078, БИн 010340002761, БИК HSBKКZKX, КБе 16,
Рнн 240400001948, аО “народный Банк Казахстана”
Құттықтаймыз!!!
Ардақты құдамыз алпысбаев алтынхан Тайкенұлын 7 сәуір күні 60 жасқа толуымен құттықтаймыз. Құдамызға деніне
саулық тілеп, құдағиымыз Бибіғайша екеуі
мәуелі ұрпақтарының қызығын қызықтап,
ұзақ ғұмыр сүрулеріне тілектестік білдіреміз.
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты болып шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Мереке күні нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Ізгі тілекпен: құда-құдағиы-уәлихан-Рысты, Шералы-Гүлден,
Меруерт, Расул
динамично развивающейся
«Микрофинансовой
организации «азиатский Кредитный Фонд»
требуются сотрудники!
чить:
Мы приглашаем в команду АКФ профессионалов, которые разделяют наши
ценности, готовых учиться и приобретать новые навыки, помогать жителям
нашей страны стать более состоятельными, успешными и счастливыми.
став частью коллектива азиатского
Кредитного Фонда, вы сможете полу-
Интересную и разнообразную работу
Справедливую оплату труда
Профессиональное общение
Обучение и развитие навыков
Возможности для самореализации
Признание ваших достижений
Создание успешной карьеры
Участие в полезных проектах.
Открыта вакансия
Кассир
Требования:
•Средне-специальное/высшее образование
•Опыт работы в должности кассира не менее 1-го года (желательно)
•Знание 1С бухгалтерии (желательно)
•Знание кассовой дисциплины
•Отличное знание ПК, казахского и русского языков
•Умение работать в команде
•Честность, аккуратность, инициативность и трудолюбие
Место работы:
Карагандинская область, Жанааркинский район, п. Атасу.
вы можете прислать или принести свое резюме по адресу:
п. Атасу, ул. Абая 19,
ориентир: на против сш им:С.Сейфуллина. телефон/факс: 8 (71030) 2 71 94. cот:
+7 771 266 57 00 или в головной офис: г. Алматы ул. Ауезова 60, офис 10 Тел/факс:
8 (727) 250 61 90. E-mail: hr@acfund.kz Наш сайт: www.asiancreditfund.com. После
обращения в офис АКФ по поводу работы, позвоните, пожалуйста, по нашей горячей линии 5061 (бесплатно с мобильного телефона) и сообщите, что вы отправили свое резюме. Мы обязательно свяжемся и с вами!
құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1905 дана
Тапсырыс №17
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
17
Размер файла
4 341 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа