close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№18qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№18qxp_Жанаарка газеті 12.04.2019 16:06 Страница 1
№18 (9910), 13 сәуір, 2019 жыл
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
Қымбатты Отандастар!
Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс
сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім
қабылдадым. Мен бұл жауапты
шешім
бойынша
Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен
ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық
Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен
кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте
маңызды әрі қажетті қадам. Біз
Елбасымыздың арқасында тәуелсіз,
қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан
халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және
белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда тарихи
кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен
ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және
құрметпен қабылдады. Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң сезінемін. Президент лауазымына кіріскеннен бастап өңірлерді аралап жүрмін. Халықтың көңіл-күйін жақсы
білемін. Зиялы қауыммен, еңбек ұжымдарымен, бизнес өкілдерімен, инвесторлармен, халықаралық тұлғалармен кездестім. Біз Елбасының сара
жолымен жүреміз. Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары
құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы Президент
сайлауы осыған дәлел болуы керек. Сондықтан, елдегі қоғамдық-саяси
келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық
мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет.
Оның үстіне, әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың
қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін. Ішкі және сыртқы саясаттағы
сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік
бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек. Ол
үшін аталған тағдырлы шешімді қабылдадым. Мұндай шешім тек
халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет. Қазақстан –
демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады.
Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне
кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге сенемін.
Қадірлі Отандастар!
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді»
дейді дана халқымыз. Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр
азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты!
Егіс науқанына дайындық барысы пысықталды
Егіншілік шаруашылығы
Қазақстан агросекторының ірі саласы. Ауылшаруашылығындағы
жалпы өнімнің басым бөлігі осы
салаға тиесілі. Сондықтан жыл
сайын осы көктем мезгілінде егін
егу жұмыстарын сауатты әрі
жүйелі түрде жүргізу арнайы
мамандарға
жауапкершілік
жүктейді.
6-сәуір күні көктемгі егіс
науқанына
дайындық
мәселелерін талқылаған ауқымды
жиналыс болып өтті. Жиынға
облыс әкімінің орынбасары Серік
Шайдаров арнайы келіп қатысты.
Сондай-ақ, облыстың басқарма
басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудан ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері, ҚР
АШМ аумақтық инспекция, «ҚазАгро» холдингінің облыстық филиал басшылары, «Казгидромет» және
ауылшаруашылығы тауар өндірушілері шақырылды.
Күн тәртібінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы және оны уақтылы жүргізу мәселесін
қарастырған семинар кеңесті облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров ашып, жүргізіп отырды. Серік Шайдаров өз сөзінде өткен жыл облыс диқандары үшін өте қолайлы болғанын айтып өтті. Биыл да көктемгі дала
жұмыстарына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде, өткір мәселе жоқ, тұқым, жанар-жағар май және
қаржыландыру мәселелері шешілгендігін айтып өтті. Алайда, аймақтарда, жекелеген шаруашылықтарда шешімін
таппаған мәселелер болса, бүгін талқылап шешетіндігін жеткізді. Келесі кезекте Қарағанды облысы
ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Апакашов Сағынжанға сөз берілді. Басқарма басшысы облыс бойынша егін егу жоспарын айтып өтіп, аудан көлемінде межеленген жоспарға тоқталып өткеннен кейін Жаңаарқа
ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Серіков сөз алды.
-Үстіміздегі жылы барлығы 12000 гектар жерге егін егу жоспарланған, оның ішінде: бидай-2500 гектар, арпа9250 гектар, сұлы-250 гектар. Сонымен қатар 3200 гектар жерге көп жылдық шөп (житняк) егу, шаруа
қожалықтарымен 28 гектар жерге картоп, 1 гектар жерге көкөніс егу жоспарланып отыр,-деді Бауыржан Серіков
өз сөзінде.
Келесі кезекте Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Оспанов, Шет ауданы әкімінің орынбасары Мақсат
Жумкин өз аудандары бойынша қысқаша биылғы жылғы егіс науқанына тоқталды. Зиянкестермен аурулардың
таралуын болжамдау және олармен күресу шаралары туралы ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық
аумақтық инспекциясы басшысыӘзілхан Абақанов айтып өтті. «А.Ф.Христенко атындағы Қарағанды
ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС директоры: Бауыржан Қалымов және Қарағанды облыстық РМК
«КАЗГИДРОМЕТ» директорының міндетін атқарушы Нұрлан Шахарбаев облыс бойынша ауа райының қолайлы
және қолайсыз мерзімдерін атап өтті. «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ директоры Бауыржан Баймұқаш,
«Казагрофинанс» АҚ директорының орынбасары Бисара Дүйсембаева, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау
қоры» АҚ директоры Асқарбек Мақсұмхан ауылшаруашылығын қолдау үшін бөлінетін несие жайында толықтай
мәлімет беріп, әр бағдарлама бойынша берілетін қаражат сомасы, мерзімі, қажет құжаттар, қойылатын шарттар
мен сұраныстар жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Салтанат МҮСкіНОвА
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Сәуір айының 10-күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Юржан Бекқожиннің
төрағалық етуімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Аталмыш жиынға комиссия мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары,
мемлекеттік орган басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі қаралған бірінші мәселе "Жаңаарқа ауданының орталық ауруханасы"
КМҚК Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стратегиясын іске асыру аясында атқарып жатқан жұмысы туралы орталық аурухана
директоры
Серік
Күлмағанбетов хабарлама
жасады.
Хабарламашы өз сөзінде мекеме ұжымында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Орын алған заңсыздықтарға қолданылған қатаң
шараларды тілге тиек етіп, болашақта мұндай
олқылықтардың қайталанбауы үшін іс жүзіне асқан жаңа
мүмкіндіктер жөнінде түсініктеме берді. Мәселен, бүгінгі
күні еңбекке уақытша жарамсыздық қағазын алу,
медициналық тексерістер өткендігі туралы анықтама алу
жұмыстары өзгеріске ұшыраған. "Дамумед" бағдарламасы
бұл шаруаның барынша заңды түрде болуын қамтамасыз
етеді.
Хабарламадан соң аудан әкімі аурухана басшысына өткен
жылы және осы жылдың І тоқсанында түскен шағымның
санын, тегін дәрі-дәрмек берілу жұмыстары жайында бірқатар сұрақтар қойды. Келесі кезекте Жаңаарқа ауданының тұрғын
үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегиясын іске асыру аясында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде бөлім басшысы Жангелді Бөгенбаев баяндама жасады.
Хабарламаны назарға алған аудан әкімі, бөлім басшысына көрсетілетін мемлекеттік қызметті уақытылы, мерзімдерін бұзбай
орындауды тапсырып, құқық бұзушылыққа жол бермеуді қатаң ескертті.
Салтанат БАлТАБАйҚызы
Қазақстан Республикасы
Президентінің
кезектен тыс сайлауын
тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің
2019 жылғы 9 сәуірдегі № 18 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 31-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен
өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдықтехникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі
қажетті шараларды қабылдасын.
4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент
қалаларының әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз
етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру
мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 9 сәуір №18
№18qxp_Жанаарка газеті 12.04.2019 16:06 Страница 2
Сыбайлас жемқорлықпен
күрес жүргізу шаралары
аудан әкімдігінің
бақылауында
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері экономиканың
көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың
ең басты қауіп-қатерлердің бірі. Сондықтан оны болдырмау,
алдын алу мақсатында аудан әкімдігімен көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен
қылмыстарға жол бермеу, жемқорлықтың алдын алу
мақсатында Үкімет және облыс әкімдігінің тарапынан
бағдарламалар әзірленіп, жергілікті атқарушы органдардың
қаралуына және орындалуына жолданған. Қазақстан
Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету
стратегиясының орындалуы аудан әкімдігінің ерекше
бақылауында.
Аудан әкімінің аппараты стратегияны іске асыру
мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары қабылданған, сонымен қоса іс-шаралар жоспарын ақпараттандыру бойынша
жыл сайын медиа-жоспар әзірленіп бекітіледі.
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда түсіндіру
жұмыстары жүргізіледі, осы мақсатта аудан әкімінің
16.10.2017 жылғы №57нқ өкімімен мобильді топ құрылып,
топтың кестесі бекітілген. Кесте бойынша 2018 жылы топ
мүшелері 12 елді мекендерге
барып, түсіндірме
жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда ауданымыз бойынша сыбайлас жемқорлыққа
қарсы тақырыпта 6 баннер орнатылған. Алдағы уақытта
оларды тағы көбейту мәселелері қарастырылуда. Жаңаарқа
ауданының коммуналдық иелігінде 29 қызметтік
автокөліктер бар, қызметтік автокөліктерге мемлекеттік
мүлік мәртебесін дәлелдейтін ерекше белгілер мен айырым
белгілері орнатылған. Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшыларына жұмыстан тыс уақытта
қызметтік автокөліктер пайдалануға тыйым салынған. Ауданнан тыс, іс-сапарға шығар алдында мекемелердің басшылары аудан әкімінің аппаратына іс-сапарға баратыны
жөнінде хабарлама беріп, рұқсат алады.
Рұқсат беру құжаты келесі жағдайда беріледі:
ауылшаруашылық мақсатта өткізілетін «Ауыл береке»
жәрмеңкесіне, облыстық, аудандық спартакиадаға, мәдениспорттық шараларға, республика, облыс деңгейінде өтетін
мемлекеттік мерекелік шараларға қатысуға.
Аудандық «Жаңаарқа» газетінің «Адам.Қоғам.Заң», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» айдарымен құқық қорғау
және мемлекеттік органдардың басшылары мен мемлекеттік қызметшілердің, қоғамдық ұйымдардың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу тақырыбында 2018
жылы 37 мақала, 26 мемлекеттік мекемелердің сенім телефондары жарияланса, 2019 жылдың 1 тоқсанында 8 мақала,
9 мемлекеттік мекемелердің сенім телефондары
жарияланған.
Аудан әкімі жанында құрылған сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жүргізу комиссиясының отырысы тоқсан
сайын өткізіледі. 2018 жылы комиссияның 4 отырыстары
өткізілсе, 2019 жылы комиссияның кезекті отырысы наурыз
айының 28 күні өткізілді. Комиссия отырысында қаралатын
мәселелер: жер қатынастарын реттеу, қала құрылыс, мемлекеттік сатып алулар, тұрғын үй қатынастары, субсидия
бөлу т.б. жұмыстары, өтініштердің қарау барысында
атқарылған шаралар жөніндегі мәселелер қаралып, аудан
әкімінің берген тапсырмалары бақылауға алынып, тиісті
жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы
және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу заңнамасына
сәйкес, қызмет бабында мекемелерге сыйлықтар берілген
жағдайда, оларды дереу арнайы қорға өткізу туралы барлық
мемлекеттік қызметкерлер ескертілген, және ондай фактілер аудан әкімдігінде орын алған жоқ. Әкімдік
ғимаратының кіре берісте стендтер, брошюролар, буклеттер және тағы басқалар түрінде ақпараттық-анықтамалық
материалдар орнатылған.
Аудан әкімінің 2017 жылдың 26 маусымдағы №41
өкімімен «Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
бекітілген.
Сыбайлас
жемқорлық
құқық
бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға ықпал ететін
әрекеттер үшін қатаң жазаланатыны жөнінде әрбір мемлекеттік қызметшілермен келісімдер жасалынған.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының аясында мемлекеттік әкімшілік бос лауазым орнына конкурстық процедулар kyzmet.kz және Жаңаарқа ауданы әкімінің сайтына
жарияланып, 2018 жылы 15 - конкурс өткізіліп, 22 адам
мемлекеттік қызметке қабылданды, 4 адам жоғарлау сатымен ауыстырылды.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізге ала отырып, мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі тоқсан
сайын өткізіледі. Ағымдағы жылдың ақпан айында аудан
әкімі аппаратының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен
Халыққа қызмет көрсету жәрмеңкесі аудандық мәдениет
үйінде өткізілді. Жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік
қызметшілерді қазіргі кезде электронды жүйе бойынша
көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерімен таныстырып,
оларға электронды қолтаңбаны қолдану тәртібі
түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны
іске асыру және оның орындалуы аудан әкімдігінің
тұрақты бақылауында.
Ю.БЕкҚОЖиН,
аудан әкімі
13 сәуір 2019 жыл
2
Тазалық жұмыстары жалғасады
Сенбілік - 2019
Сәуірдің 6-сы күні аудандымызда жалпы аудандық сенбілік
өткізілді. Тазалық жұмыстарына бір кісідей ат салысқан мекеме ұжымдары осы күні таңертеңмен жазғы сахна алаңына
жиналды. Шарада аудан әкімі Юржан Бекқожин сөз сөйлеп,
тұрғындарды тазалық айлығына белсенді атсалысуға
шақырды. Еңбек ардагері Бейбіт Хасенов, жастар атынан
Асхат Қапбасов сөз алды. Мәдени-сауық орталығының
өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, жиынға
қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Атасу кентінің
әкімі Аманкелді Түсіпов аудан басшысына сенбілікке
дайындығы жөнінде мәлімет беріп, аудан әкімі тазалық
айлығының басталуына рұқсат берді.
Сенбілікке 92 ұжым, 900-ден астам адам, әртүрлі деңгейдегі
9 техника қатысты. Сенбілік барысында 800,0 га жуық
аумақ арамшөп пен қоқыстан тазартылды. Осымен қатар
50 түп ағаш бұтақталды. 150 түп ағаш пен 600 метр бордюр әктелді. С.Сейфуллин даңғылындағы автокөлік жолы құмнан
тазартылды. Атасу кенті әкімдігінің қызметшілері учаскелік полиция инспекторларымен бірге кент ішінде тазалыққа
байланысты 60 тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Жалпы бұл көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық
тазалық сақтау жұмыстары аудан көлемінде «таза бейсенбі», «таза сенбіліктерге ретінде екі ай бойы жалғасатын болады. 18мамыр және 27 мамыр күндері жалпы облыстық сенбілік өткізіледі.
Өз тілшімізден
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Алик Шпекбаев
Жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс
Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік - тек
сөздер ғана емес. Бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның
басты құндылықтары. Қылмыстық шаралар маңызды, бірақ
проблеманы түбегейлі шешуді қамтамасыз етпейді. Тіпті өлім
жазасы шенеуніктердің пара алуын әлі де тоқтатпаған
Қытайдың мысалы осыған дәлел. Бүкіл қоғамның ауқымында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру - бұл
ұзақ мерзімді процесс. Бірақ жеке деңгейде әрқайсымыз оны
өте тез жасай аламыз. Ең бастысы - ниет пен ерік. Азаматтық
қоғам анағұрлым ашық және белсендірек бола бастады. Мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестермен бірге
арнайы мониторингтік топтар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосуда. Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасау
бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ыңғайлы фронткеңселері бар сервистік әкімдіктер ашылуда. Форматында 180нен астам мемлекеттік мекеме жұмыс істейтін open space
енгізілуде. Жақында ғана оны Шымкент қаласының әкімдігі
де жасады. Кім біледі, мүмкін, бұл әкімдіктер үшін жаңа
челлендждің басы болар. Біз әзірлеген «Digital Agent» және
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» it-өнімдері
Қазақстандағы кез келген адамға мемлекеттік сервисті
жақсартуға және ұялы телефон арқылы бюджеттің
шығыстарын, құрылыс сапасын, жолдар жөндеуін бақылауға
теңдесі жоқ мүмкіндік береді. Бизнес-қоғамдастық та
айтарлықтай дамып келеді. Бизнесті және инвестицияларды
қорғауға арналған Protecting Business and Investments жоба
шеңберінде бізбен 300-ден астам компания жұмыс істейді.
Олар парасыз – адал бизнесті жүргізуге өзіне міндеттеме алды.
Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
көзқарасты дамыту үшін еліміздегі барлық мектептерде «Адал
ұрпақ» клубтары ашылды. Колледждер мен жоғарғы оқу
орындары деңгейінде академиялық адалдық қағидаларын
және олардың қызметінің ашықтығын нығайтуға бағытталған
«Саналы ұрпақ» жобасы іске асырылуда. Мемлекеттік
қызметшілердің санасын трансформациялау мақсатында мемлекеттік басқару академиясы ауыл және аудан әкімдерінің
көпшілігін жобаларды басқару, тиімді коммуникациялар, этика
және адалдыққа үйретті. Сондықтан, біз олардың жұмысының
ашықтығы мен клиентке бағдарлануының нақты ұлғаюын
күтеміз. Адал қоғамды құру шағын істерден басталады.
Солардың бірі сатушылары жоқ адалдық дүкендерінің ашылуы болды. Жарты жылдың өзінде «Адалдық дүкені»
орындарының 3700-ден астамы ашылды: мемлекеттік органдарда, жоғарғы оқу орындарында, мектептерде, соттарда, тіпті
полицияда. Сатып алушыларға кедергісіз қызмет көрсетуді
ашып жатқан «Рамстор» және «Магнум» сияқты танымал супермаркеттер желілерінің біздің идеямызды қолдауы
қуантады. Әрине сіздер Алматы метросындағы адалдық турникеті туралы да естіген шығарсыздар. Бұл бастама күшейе
түсуде. Оң өзгерістер, сіздер көріп отырғандай, бар. Жеке жобалар мен іс-шаралар ауқымды емес көрінуі мүмкін, алайда
бірге олар ортаны және қоғамдық сананы өзгертетін пазлды
құрайды. Біздің барлық бастамаларымыз Мемлекет басшысы
әділ атап өткендей сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
мемлекеттің ғана емес, барлық азаматтардың міндеті деген
ұғымды әрбір қазақстандықтың сана-сезіміне жеткізуге
бағытталған. Достар, біз Тұңғыш Президенттің тапсырмасына
сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» республикалық
жобасын Adaldyq alańy жүзеге асырудамыз. Мемлекеттік
қызметтің сапасын жақсартқысы және тұрмыстық сыбайлас
жемқорлықты жойғысы келген кез келген ынтасы бар адам
оған қосыла алады. Тек сіздердің белсенді қолдауларыңызбен
ғана жоба жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысқа айналады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы
Сәрсенов Жандос Шералыұлы
Ақиқаттың айнасы – «Адалдық алаңы»
Ұлттың өзгелермен терезесі теңелуі үшін оның ұлттық сана
деңгейі көтерілуі шарт. Ұлттық мүдде, ұлттық намыс дегеннен жоғары тұратын ұғым болмайтыны баршамызға белгілі.
Жалпы ұят жетілмей, қараңғылық тұманы басып тұрғанда,
таланттылардың көбін сол тоғышарлық құрдымы тартып кетеді. Ал қазақ халқы болса бағы заманнан бері адалдықты,
әділдікті, шындықты ту етіп көтерген. Кез-келген зұлымдық
пен әділетсіздікті ушықтырмай бір ғана қара қылды қақ жарар
салмақты сөзбен басып отырған. Қазақ халқының даналығы
да, даралығы да осында. Өкінішке орай, заманның зұлмат
көшіне бірауыздан төтеп бере алмай, бәйгеден есек озып, қара
сөзден өсек озған бұл қоғам түбегейлі өзгеріп кетті. Адам баласы ұсақталып, ұлттық мүдде, ұлттық құндылық деген ұлы
ұғымдар өз мәнін жоғалтқандай.
Адамды адам ететін басты қасиет – «сана» сезімі мүлдем
бұғатталды. Осы сананың саяздығынан да адалдықты
алауыздық, әділдікті алаяқтық алмастырып, жеу, ұрлау,
жымқыру деген құбылыстар ұлтымызды артқа тартып отыр.
Адамға жақсылық жасау жанына жат, жамандыққа келгенде
жанып түсетін жемқор, парақор, санасыз сотқарлардың сиремей жатқаны да осы себептен.
Дегенмен, арсыздық, санасыздықты түбегейлі жоймасақ та,
оны болдырмауға, алдын алу жолында егемен елімізде барлық
жағдай жасалған. Мемлекетіміздің басты межесі де, осы
санасыздықтың салдары болып табылатын жемқорлық
ұғымын жойып, әділетті қоғам ретінде дамыған елдердің
көшін бастау. Ал, әділетті қоғам болу үшін, оның әрбір
мүшесінің көкірек көзі ашық, жақсылыққа құштар, жаны ізгі
болуға тиіс. Бұған қатысты ұлы данамыз Абай: «Атымды адам
қойған соң, қайтіп надан болайын» - деп кесіп айтып кеткен.
Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, әділеттің орнауы
– адамдардың ұятына, әділдігіне, мейірбандығына, ар
тазалығына байланысты болмақ.
Осындай ұлы ойшылымыз болған хылқымыз ендігі кезекте
баба мұратын сақтап, Мәңгілік ел болуға ұмтылуымыз міндет.
Өз кезегінде Мәңгілік ел болуға парақорлық іспетті індет кедергі болары айдан анық. Әрине, ешбір дамыған мемлекет
жемқорлықты түп-тамырымен жоя алмаған, алайда, оған
ықпыл етер себеп-салдардың алдын алу кез-келген елдің, кезкелген қоғамның қолынан келеді деп ойлаймын.
Осы орайда, адалдық пен әділдіктің ұйытқысы болған
агенттіктің бастауымен іске қосылған «Адалдық алаңы» атты
үлкен жоба жүзеге асырылуда. Жобаның басты міндеті
«тұрмыстық» жемқорлықты жойып, қарапайым халықтың
алаңсыз өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Жоба аясында,
еліміздің барлық саласында бірқатар іс-шаралар атқарылып,
азғантай уақыт ішінде халық арасында оң бағасын алып
үлгерді.
«Адалдық алаңы» жобасының бір ерекшелігі, еліміздегі
жаңа ілім, жаңа ұғым, басқарудың жаңа құралы «жобалық менеджмент» саласының қолданылуында. Яғни, белгіленген
мерзім ішінде, көздеген мақсатқа қол жеткізу. Ал, мақсат
анық, бағдар айқын, ол жемқорлықтың алдын алып, сананы
өзгерту, ояту. Жоба ең алдымен, адамның санасына сәуле
түсіріп, адамды, қоғамды түзетуге бағытталған. Сондықтан,
адалдық, әділдік жолындағы басты құндылығымыз – қоғам,
ал қоғамды өзгертер күш–білім мен адал еңбек. Демек,
еңбекке немқұрайлы қараушылыққа, жалқаулыққа, қоғамды
жұтатып, тоқыраушылыққа ұшырататын әлеуметтік
жүдеулікке әкеліп соқтыратын алаяқтық пен жемқорлыққа
қарсы бір ағзадай қоғам болып төтеп беру ауадай қажет-ақ.
«Еңбек жоқ, қарекет жоқ, қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді
тентіремей» - заманына қайта оралмас үшін алауыздық пен
әділетсіздікке ұйытқы болған жемқорлық зұлымдығына
қарсы бірлесіп әрекет етейік. Тегінде ақыл, ғылым, мінез, ар,
адалдық сынды құндылықтарға ие адам ғана қоғам көшін бастайды.
№18qxp_Жанаарка газеті 12.04.2019 16:06 Страница 3
13 сәуір 2019 жыл
3
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148-II заңына
сәйкес, 2019 жылы 4 сәуірде өткен сайлау нәтижесін аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Сайлау - 2019
Маңызы зор сайлау болмақ
Қараағаш ауылдық округі әкімі болып сайланды: Бақышов дулат Ерғалиұлы – 1984 жылы
Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылында туған, ұлты қазақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
2019 жыл 9 маусымға белгіленген Қазақстан
Республикасы Президентінің сайлауы жөніндегі аумақтық
сайлау комиссиясының құрамы және орналасқан жері
туралы ХАБАРлАМА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық
Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Жаңаарқа ауданының сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және орналасқан жері жөнінде
хабарлайды:
№
п/п
1.
Аумақтық сайлау
комиссиясының
орналасқан жері
Телефон, факс
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы
Жаңаарқа ауданы бойынша аумақтық сайлау комиссиясы
Төраға - Акишев Нұрлан Әліпұлы
Төраға орынбасары – Икенов Азамат Аманкелдіұлы,
хатшы – Мұқатаев Мейрам Ахатұлы
Комиссия мүшелері:Шамаева Нұргүл Ноғайқызы, Клепп Зоя
100500, Жаңаарқа
Александровна, Байтуғанова Қарашаш Төлеуқызы, Шабдаауданы, Атасу кенті,
ров Берген Боранбайұлы.
Тәуелсіздік даңғылы 5. Код 8-71030 тел.: 2-67-95, 2-62-32
Жаңаарқа аудандық мәслихатының
шешімі
Атасу кенті
№40/284
4 сәуір 2019 жыл
Жаңаарқа ауданының Қоғамдық кеңесінің жаңа
құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9 бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы №51/355
«Жаңаарқа ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамы туралы» шешімінің және
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі №16/129
«Жаңаарқа ауданының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын бекіту туралы»
шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Н.Орынбасарова,
аудандық мәслихаттың кезектен тыс Xі сессиясының төрағасы
Қ.А.имантүсіпов,
аудандық мәслихат хатшысы
Жаңаарқа аудандық мәслихаттының 2019 жылғы 4
сәуірдегі Xі сессиясының №40/284 шешіміне қосымша
Жаңаарқа аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамы
1. Арыстанғали Кенжеболат Әкімұлы
- Қоғамдық кеңес төрағасы
2. Шайдарова Саягүл Төреқұлқызы
- Қоғамдық кеңес хатшысы
3. Серіков Бауыржан Қуандықұлы
4. Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлы
5. Түсіпов Амангелді Бақышұлы
6. Ибраева Шолпан Қалуқызы
7. Сайлаубеков Жалғасбек Жәнібекұлы
8. Сәтжанов Хамзе Сәтжанұлы
9. Боқанов Өмірзақ Боқанұлы
10. Халилин Қылыш
11. Әбілжанов Мағауия
12. Азбаев Мұқамедқали
13. Әбеуов Қайрулла
14. Шуданбеков Шален
15. Тахауиева Зәмзагүл Сағатқызы
16. Жаханов Дүйсен
17. Дүйсенбин Серік Әукенұлы
18. Қуанышов Ермек
19. Оспанов Бекен Рамазанұлы
20. Асанов Дүйсенбай Ермекбайұлы
21. Қожанов Сейітжан Мұхиұлы
22. Тишмағанбетов Аманбай
23. Үйсінбаев Нұрлан Орынбайұлы
24. Бердалин Диас
9-сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан халқына Үндеу жариялады. Халқымыз үшін маңызды қадам жасаларда
Президенттің қазақстандықтарға Үндеу жолдайтынын жақсы білеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 9 маусым күні кезектен тыс Президент
сайлауы өтетінін хабарлады. Осы күнге дейін ел басшыларының бірде бір маңызды
шешімі теріс нәтиже берген емес. Бұл жолғы шешім де ел өміріне көптеген
жақсылықтар әкелетін, әбден кесіп-пішілген тоқтам екендігіне сенім мол.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мемлекетіміздің Тәуелсіздік алған
уақыттағы жеткен жетістіктерін алға тартып, алдағы сайлауға бір кісідей атсалуға
шақырды. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел саясаты
арқасында еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Елбасымыз қалыптасқан жағдайға
қай жағынан да сын көзімен үңіліп, байыпты талдап, қажетті деген іс-шараларды
қабылдап, әр бастама халықтың игілігіне қызмет жасауын үнемі бақылауда ұстап
келді. Қазіргі заман талабы мен мүмкіндіктеріне сай, денсаулық, білім, көлік және
байланыс, ұлттық қауіпсіздік, ауыл проблемалары, экономика, сонымен қатар, алға
жылжуымыздың басты шарты – қоғамымыздың биік мақсаттарға қол жеткізуі үшін
халықтың біртұтастығы ауадай қажет. Біз қазіргі таңда ұлы өзгерістер мен жаһандану
кезеңінде өмір сүрудеміз. Енді халқымыздың көшбасшысы атанатын азамат та елінің
ертеңі мен халқының келешегін жеке басының тағдырынан жоғары қоятын үлкен
жүректі азамат болады деп сенемін. Еліміздің бүгінгі амандығы, әлеуметтік
жағдайының дұрыстығы, еш алаңсыз бейбіт аспан астында ғұмыр кешуі –
Елбасының сұңғыла нәтижесі болса, ертеңгі күні осы жарқын болашаққа апаратын
сара жолымызды жалғастырар парасатты, зиялы, білімді, қайратты азамат келеді деп
ойлаймыз.
М.ӘБілдиНОв,
аудандық мәслихат депутаты
Сайлау-2019
Ел ертеңіне сенім ұялататын шешім
Мемлекет басшысының биылғы 9 маусымда ел Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы
шешімі қолдауға әбден лайық. Мен бұл жаңалықты қуанышпен қабылдадым. Халықтың ел ертеңіне
деген сенімін арттыра түсетіні де анық. Қазақстан дүниежүзіндегі ең озық дамыған отыз мемлекеттің
біріне айналуға бет бұрып, ден қойғаны баршамызға мәлім. Ол үшін еліміз әлемдегі қарқынды өзгерген
жағдайларға жылдам, әрі ұтымды бейімделуі керек. Демек, дамуымызға тың серпіліс, қуатты ел болып
қалыптасуымызға даңғыл жол ашады.
Ата заңымызда: «Қазақстан Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның
мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышан-символы әрі кепілі»
деп айқын жазылған.
Олай болса, бұл маңызды іске баршамыз жауапкершілікпен қарап, халық өзі сайлаған Президентінің
қолына ел тізгінін табыстайтынына нық сенімдімін. Сонда ғана қазақ елі келешегіміздің кемел,
бірлігіміздің бекем, ертеңіміздің нұрлы екенін тағы бір айғақтай түседі. Басқару ісіне барынша
шыңдалған, мол тәжірибе жинақтаған, елдің даму бағытын дұрыс болжай алатын, ел тыныштығын
сақтай білетін, бастысы ұлт мүддесін жадынан шығармайтын тұлғаны таңдап алуымыз қажет.
Н.ШАМАЕвА
№132 ЖОББМ мұғалімі, белсенді блогер
Тазалық - 2019
Айыппұл салынбасын десеңіз, аулаңызды таза
ұстаңыз
Жалпы аудандық сенбілік аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті
қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Әр күн, әр ай тазалық күні, тазалық
айы болуы тиіс. Жаңаарқа ауданының тазалығы бұл ретте айлық шаралармен шектеліп қалмауы керек.
Әрбір өзін, отбасын сыйлайтын адам тазалық жұмыстарын жылдың барлық мезгілінде жүргізеді.
Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың аудан тазалығына қосқан
үлесі. Үйінің, ауланың тазалығы сын көтермейтін тұрғындарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505- бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін екендігін ескертеміз. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны белгілі.
Жаңаарқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Хабарландыру
«Жаңаарқа ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік
жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылы мамыр айының 10 күні сағат 10.00-де Орынбай елді
мекенінің мәдениет үйінің мәжіліс залында «Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Орынбай елді
мекенінің су желілерін қайта қалпына келтіру жобасын түзету» нысаны бойынша тыңдау өткізеді.
Ақпарат телефоны: 8(71030)2-70-88., 2-83-85.
Объявление
10 мая 2019 года, в 10.00 часов, в актовом зале здания дома культуры села Орынбай состоится общественное слушание по объекту: «Корректировка реконструкции водопроводных сетей с.Орынбай Жанааркинского
района
Карагандинской
области».
Слушание
проводит
ГУ
«Отдел
жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Жанааркинского района».
Телефон для справок: 8(71030)2-70-88., 2-83-85.
Пара беру-сыбайлас жемқорлыққа жол беру
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіпөркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда
болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан
келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң
талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр
салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық
дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың
жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне
нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық
құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен
күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар
жүргізуі тиіс. Мемлекеттің органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де
қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындаулын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық
бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім
деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық
бұзушылыққа
немқұрайлылық
танытуы,
кәсіби
әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін
тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын
тереңдете түседі.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты,
таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық
ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың
қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл
дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол
үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұиылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі
үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың
арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын
және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен
қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Г.МұХАМЕдЖАНОв,
«ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жаңаарқа аудандық
аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басмемлекетті ветеринариялықсанитариялық инспекторы
№18qxp_Жанаарка газеті 12.04.2019 16:06 Страница 4
Жастар жылында жұмылып
жасар жұмыс көп
Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаев
өткен
жылдың
соңында
2019 жылды – “Жастар жылы”- деп бекітіп, баршамызды бір
қуантып еді. Сол
қуаныштың алғашқы
қадамы ретінде 23 қаңтар күні білімді, белсенді,
елін-жерін сүйген, Отанына қызмет етіп жүрген
жастардың
қатысуымен
«Тәуелсіздік
ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанаты болып өткен еді. Астанада ЭКСПО-2017
«Нұр әлем» көрме кешенінің павильонында ұйымдастырылған жиынға
Қазақстанның нағыз белсенді, табысты, еңбекқор жастары қатысты. Маңызы зор
рәсімге біздің ауданымыздың атынан «Фархат» шаруа қожалығының иесі Боранбаев Наурызбай Боранбайұлы қатысып келген еді. Наурызбай 26 жаста ғана болса
да шаруа қожалығының жұмысын жүргізіп, жеке кәсібін дөңгелетіп отырған белсенді әрі жігерлі жастардың бірі. Шаруашылығында төрт түліктің барлығы да
өсіріледі. Елбасының өзі қатысқан ауқымды жиынға бару мүмкіндігі аудан
жастарының ішінен Наурызбай Боранбайұлына бұйырған екен.
Еліміздің жалынды жастарының басын қосқан маңызды жиыннан алған әсері,
көңілге түйген ойлары жайында сұрап-білу үшін Наурызбайды сөзге тартқан едік.
-Бұл мен үшін үлкен мәртебе болды және аталған шарадан ерекеше әсер мен
жігер алып қайттым. Кездесу жоғары деңгейде өтті, түрлі саладағы жетістіктен
көрініп жүрген жастар өз ойларымен бөлісті, Елбасының жігерлі сөздерін, ақылын
тыңдады.
Жастар – барлық прогресстің қозғаушы күші, еліміздің әлемдік аренада бәсекеге
қабілеттілігінің басты факторы, ұлы даланың дәстүрі мен салтын келер ұрпаққа
жеткізер болашағы. Осы жөнінде Елбасы өз сөзінде: «Қазақстанның болашағы
сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге
байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты
өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра
алу үшін атқарылып жатыр», – деп атап өтті. Осы тұста, баршамыздың көкейімізде
«Қазіргі жастарды не мазалайды? Жастардың қандай қажеттіліктері бар?» деген
сұрақ пайда болғаны хақ. Әрине, барша жасты сапалы білім беру жүйесі,
қолжетімді жоғары білім, қолына диплом алған жас мамандарды жұмыспен қамту,
жас отбасыларды тұрғын үй мәселесі сияқты сұрақтар толғандырады. Бүгінде әр
жас азамат қоғамда өз орнын тауып кету үшін тырмысып жүргенінің куәсіміз. Бұл
жиында ҚР Президентінің ірі қалалардағы жас отбасылардың тұрғын үй проблемалары, еңбек нарығына шығатын жастардың санын арттыру, қажет мамандықтар
бойынша кадрлар даярлау, қашықтан оқыту мүмкіндігін жоғарылату, отбасы институтын қалыптастыру сынды көтерген мәселелері мен үкіметке берген тапсырмалары қазақ жастарының жүректеріне үміт отын сыйлады.
Жайнаған Жаңаарқамыздың белсенді жастарының бірі ретінде айтарым, Елбасы
Жастар жылында оң нәтижеге жету үшін тек үкіметке ғана тапсырма беріп қоймай,
жастардың өздеріне үміт артып, сенім білдірді. Өмір сүріп жатқан өз ортамызды
өзіміз қалыптастыру, азаматтық қоғам орнатуда белсенділік таныту еліміздің әр
азаматтының қасиеттті борышы, міндеті. Жастар жылында жұмылып жасар
жұмыс көп!,-деді Наурызбай Боранбайұлы өз сөзінде.
Олай болса, барша Қазақстан жастарына, аудан жастарына тек сәттілік тілейміз!
Салтанат БАлТАБАйҚызы
4
13 сәуір 2019 жыл
күміс көмей, жез таңдай
...Сыр сандықты ашып қара, ашып қара сырласым
Сым пернені басып қара, басып қара жырласын...
С.Сейфуллин
Қазақ халқының басынан өтпеген зұлмат
кемде-кем. Соның бәрінен асып түскені
тоталитарлық саясаттың өткен ғасырдың 30
жылдарындағы зардабы болды. Ауданымызда
осы солақай саясаттың құрбаны, қазақтың асыл
ұлдарының бірі – сұңқар ақын жерлесіміз Сәкен
Сейфуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қою
рәсімі өтті. Бұл шара осы күні өткізілген
С.Сейфуллиннің
125
жылдығына
орай
ұйымдастырылған «Сәкен серілері» атты
облыстық дәстүрлі әншілер байқауының бастамасы еді. Облысымыздың түпкір-түпкірінен жиналған күміс көмей әншілер ауданымыздың өнер сүйер
қауымның құлақ құрышын қандырды. Байқаудың ұйымдастырушысы әдістемелік бөлімінің
меңгерушісі, Бүкілодақтық байқаулардың лауреаты, дәстүрлі әнші-термеші Бижамал Нұрғалиева.
Қоғам және мемлекет қайраткері, жыр сұңқары, қазақ әдебиеті мен ұлт руханиятының жанашыры, композитор Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин атындағы «Сәкен серілері» облыстық дәстүрлі әншілер байқауы
алғаш шымылдығын ауданымызда ашып отыр. Бүгінде жыр сұңқарының ізін басып, дәстүрлі әндерді
орындаушы әншілер қазақ өнерінің бұл түрін қайта жаңғыртуда. Сайысқа облысымыздың әр жерінен
жиналған 15 әнші қатысып, бәсекеге түсіп, өзара кім мықтыны
анықтады. Екі кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар алты
ән орындады. Қатысушылар бірінші кезеңде С.Сейфуллиннің
«Тау ішінде» әнін, халық әнін және халық композиторларың
әнін орындаса, ал екінші кезеңде С.Сейфуллиннің әндерінен бір
ән, қалған екі ән халық әндері мен халық композиторларының
әндерін орындауы шарт болды.
«Сәкен серілері» байқауына арнайы
өнерпаз ініқарындастарын қолдауға ҚР Еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі
әннің жанашыры, профессор Қайрат Байбосынов, ҚР еңбек
сіңірген қайраткері, дәстүрлі ән кафедрасының профессоры
Айтбай Нығызбаев, ҚР Еңбек сіңірген әртісі
Ғалым
Мұхамедин, ҚР еңбек сіңірген әртісі Жақсыкелді Кемалов, ҚР
Еңбек сіңірген әртісі Серік Оспанов, сонымен қатар Қарағанды
облысының
мәдениет,
архивтер
және
құжаттама
басқармасының басшысы Е.Ағымбаев арнайы келіп, қатысып, қазылық етті.
«Дәстүрлі ән–қазақ халқының сарқылмас қазынасы. Аталмыш байқауға ұлттық құндылығымыздың
насихатталуына үлес қосып, серпін берсем деген үмітпен келдім»,-деді Қайрат Байбосынов өз сөзінде.
Мәдени-шара қорытындысы бойынша ұлттық өнерімізді ұлықтаған үздік өнерпаздар анықталып,
ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлде Ш.Сәрсенбай (Қарқаралы), І-орын Д.Сағатов
(Жаңаарқа), ІІ-орын Г.Галлямова (Балқаш), ІІІ-орын А.Қаратаева (Жезқазған) иеленді. Сонымен қатар
Игілік Омаров атындағы арнайы жүлде А.Адамбаевқа (Абай), Қайрат Байбосынов атындағы арнайы
жүлде Е.Көшеновке (Жаңаарқа), Ақселеу Сейдімбеков атындағы арнайы жүлде А.Дәулетбекке (Шет),
Сенбі
Мұхамедин
атындағы арнайы жүлде
Ж.Боранбаевқа
(Жаңаарқа)
бұйырды.
Өрелі өнерді серік еткен
өнерпаздарға елге танымал өнер жұлдыздары
“өнерлерің өрге жүзсін”,деген баталарын беріп
тарқасты.
Мөлдір ҚАСыМ
Тарихы терең білім ордасы
Зерделі білім мен
тағылымды тәрбиенің
бесігі О.Жұмабеков
атындағы мектебі мен
жадырап,
жарқыраған
Жаңаарқамызға - 90 жыл.
Мектептің құрылғанына
2018-2019 оқу жылы 90
жыл толады. Мектеп тарихы 1928 жылы Ақтау мекеніндегі Жартас
жеті
жылдық мектебінен басталады. Мектептің алғашқы
директоры Төлеу Жұмақанов, оқу ісінің меңгерушісі Оразалы Жұмабеков.1929 жылы Жартас мектебі аудан
орталығына көшіріліп, В.И.Ленин атындағы қазақ орта мектебі, 1993 жылы №1 қазақ орта мектебі болып өзгертіліп,
2003 жылы 1930-1933 жылдары мектеп директоры болған
О.Жұмабеков есімі берілді. Мектептің алғашқы ұстаздары:
ТөлеуЖұмақанов, Хасен Мұстафин, Құсайын Жалмағанбетов
қазақ, орыс тілдерінен, Өмірбек Құсбеков, Молдарахым Сабазов
физика мен математикадан, химиядан Мұқан
Тұрысбековтер сабақ берсе, Хасен Құлманов, Аққыз Омарова
бастауыш сынып мұғалімдері. Туған жері, елі үшін Ұлы
Отан соғысы жылдары ерлік жасап, жеңіспен оралған майдангер ұстаздарымыз: Б.Мамыраев, Т.Далбаев, Д.Ізтөлеуов,
С.Бармұхаметов, Ә.Смағұлов, майдан даласын жастанып,
мәңгі мекені еткен ардагер ұстаздар: М.Шауғынбеков, М.Сапиянов, Ө.Қожантаев, М.Шәуенов, Х.Қосмағанбетов, Б.Балауытов, М.Алпысов, Т.Сасықов, Р.Сәтеков, Т.Исаберлин,
К.Сәдуақасов, Е.Құттыбаев, Ж.Тоқбаев.
Қара шаңырақты әр жылдары басқарғандар: Т.Жұмақанов
(1920-1930), О.Жұмабеков (1930-1933), Д.Жолқанов(19331934), М.Шауғымбеков (1935-1937), У.Әубәкіров (1938-1939),
К.Сәдуақасов (1940-1942), С.Жанпейісов (1943-1946),
Б.Амалбеков (1946-1953), С.Жанпейісов (1953-1962), Е.Оразалин (1962-1966), М.Әбсаматов (1966-1968), С.Ахметжанова
(1968-1974), М.Тайтөлеуов (1974-1992), Т.Дакинов (1992-
1996), Б.Бекова (1996-2010), А.Тұрғынбеков (2010-2014),
Р.Рахимов. 1950-1990 жылдары мектепке еңбегі сіңген
ұстаздар: Ә.Қасмедин, Б.Өскенбеков, Б.Амалбеков,
Б.Өтешов, С.Ахметжанова, Х.Сейдімбеков, Қ.Қасымбеков,
Е.Оразалин, Г.Жұмабекова,
А.Бакиров, Т.Алпысбаев,
Д.Ысқақов, З.Бралина, К.Оралбаева, Ә.Смағұлов, З.Омарова
М.Әбсаматов, Б.Жәкешова, Б.Рахымжанова, Д.Саина, М.Спатаева, Х.Жаманов, Ж.Қуанышева, Т.Кенжеғұлов, Ш.Бекішев,
А.Кәдірбекова, С.Зейденова, З.Тұрсынбекова, М.Тойымбаев,
Б.Тұрғынбекова, Е.Көкенова, Р.Аманбаева, Е.Оспанов,
С.Кәкенова, Б.Жаханбетова, Қ.Матин, М.Тайтөлеуов,
Ф.Шакенов,
Ж.Балтабаева,
О.Мұхамеджанова,
К.Жұмабекова, Ү.Мұхамедина, Б.Далбаева, З.Ахметова,
С.Төкенова, Е.Дүйсенбинова, Н.Қожабекова, Ә.Тойжықова,
Р.Ахметжанова, К.Қуанышева, Б.Бекова, Н.Жобаева, Н.Сейсенбекова К.Тиышмағанбетова, К.Аханова, А.Смағұлова,
Р.Мағзұмова, Б.Тойшыбекова, Қ.Көпжасарова, Ш.Үрпекова.
Аудан өркендеуіне ерекше еңбек сіңірген тұлғалар,
ғылымның әр саласын терең зерттеген мектеп түлектері:
Серік Қирабаев – филология ғылымының докторы, ҚР ҰҒАның академигі; Ақселеу Сейдімбеков- филология
ғылымының докторы, профессор; Салтанат Ізтөлеуова –
Шәкәрім атындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымының докторы; Хангелді Әбжановтарих ғылымының докторы, Еуразия университетінің
оқытушысы; Махмұт Ақбиев- техника ғылымының докторы,
профессор; Ғани Мұсылманбеков- медицина ғылымының
докторы, профессор; Мұхамедия Тебенов- Қарағанды медицина академиясының аға оқытушысы, медицина ғылымының
кандидаты; Сәрсен Аяжанов- экономика ғылымының кандидаты, профессор; Көбен Әбжанов- заң ғылымдарының докторы, профессор; Қайрат Байбосынов- әнші, Өнер
академиясының оқытушысы, профессор; Аман Сыздықовактер, режиссер;
Әдебиетшілер Хамит Жаманов, Асан Жұмаділдин,
Қалиақпар Әбілдин, Сәбит Бексейіт, Төкен Әлжантегі,
Жақан Смақов.
Алдыңғы толқын ағалар, даналықтың дәнін сеуіп,
адамгершілік үлгісін ту еткен қайталанбас дара тұлғалар
қара шаңырақты орнатып, алғашқы қалыптастырушылар еді.
Қазіргі күнде ауданға еселі еңбегімен танымал ұстаздар
мектеп көшін алға жылжытып келеді. Олар: мектеп директоры Рахимов Рысқали Серікбайұлы, әр жылдары болған оқу
ісінің меңгерушілері Байтуғанова Қарашаш Төлеуқызы,
Сәдуақасова Ақтоты Алпанқызы, Борамабаева Дәмелі
Сламбековқызы, Ібішева Қарашаш Ібішқызы, Борамбаева
Шолпан Сламбекқызы,
ұстаздар Бөгенбаев Тілектес
Диханбайұлы, Жарылғапова Мария Ибаділдақызы,
Ж.Әлімжанова, Б.Алпысова, А.Жапсарбаева, Б.Ибраева,
З.Қуанышбаева, Б.Көшмағанбетов, А.Базарбаева, Г.Оспанова,
Б.Мұңсызбаева, Б.Тынысбаева, Т.Исина, Г.Кенжеғұлова,
Ж.Сыздықова, Ж.Арконова, М.Алпысбаев, Ж.Төкенов,
Е.Тайтөлеуов,
А.Кадрина,
Р.Исатаева,
Л.Беспаева,
Ж.Әубәкірова, Н.Мақшиев, А.Рақымбекова, А.Бейсембаева,
К.Ахатова,
Б.Әкібаева,
Қ.Қасмедина,
Қ.Мекебаев,
С.Сәдуақасова, Ж.Сақауова, Л.Байділдина, Т.Мұсабекова,
Д.Мағзұмова, Э.Әкімова, М.Зейденов, Г.Құсайынова,
А.Әбдіғазымова, Л.Забикова, Ж.Жолдасбаева және кейінгі
толқын жастар еңбек етуде.
Мектеп – ел басқаратын, жер-суға ие бола алатын, рухани
бай, сергек, жасампаз жандарды түлететін ұя. Заман
ағысында, өзгермелі-өзгерісті дүниеде шешім қабылдай алатын дара тұлға даярлайтын орын. Білім алушылар мен
әріптестерді айбатсыз елете, міндетсіз сыйлата білетін, айыптан адал, ізгілікке құштар мамандық иесі қызмет ететін мекеме. «Артымызға қарай отырып, алдыға жылжимыз»,дегендей, үлкендердің үлгісі бүгінгілеріміздің сүбелі үлесі
болуы тиіс.
Ж.Сақауова,
О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ мұғалімі
№18qxp_Жанаарка газеті 12.04.2019 16:06 Страница 5
13 сәуір 2019 жыл
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
электронды түрде алу – заман талабы
Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу – қазіргі заман талабының бір тетігіне айналды. Бүгінгі күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті алмайтын, бұл қызметтермен мүлде
кездеспейтін адам жоқ. Себебі адамның дүниеге келуінен бастап туу туралы куәлік алуы,
балабақшаның кезегіне тұруы, емханаға тіркелуі, мектепке баруы, оқуға түсуі, жұмысқа орналасу барысында тест тапсыруы, зейнетке шығуына байланысты төлемдерді рәсімдеуі шаралары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда
мемлекеттік қызметтердің 741 түрі көрсетіледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013
жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
тізілімі), оның ішінде «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер саны
жылдан жылға оңтайландырылып, құрылған сәтінен бастап 331-ден 454 өскендігін атап өту
қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауындағы
талаптарды орындау және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасындағы көрсеткіштерге жету
мақсатында 2018 жылы департаментпен 1500 жуық түсіндірме жұмыстары облыстың
барлық қала/аудандарының тұрғындарының қамтылуымен жүргізілді. Аталмыш шараның
нәтижесі – электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер үлесі 6,6% артқандығы. Атап
айтқанда, электронды түрде қызметтер саны 2017 жылы көрсетілген 8 380 720 қызметтердің
72,4% (6 060 374) болса, 2018 жылы 10 656 109 қызметтердің 79% (8 431 923) құрып отыр.
Мұндай шаралар Департаментпен үнемі жүргізіледі. Жалпы, халық үшін электронды түрде
қызмет алудың тиімділігі көп. Біріншіден, азаматтар мемлекеттік мекемеге бармайды, кезек
күтпейді, яғни уақытын үнемдейді, екіншіден, кез-келген уақытта 24 сағат бойы қол жетімді
«электронды үкімет» порталы арқылы қажетті анықтамалар алуға, кезектілікті көруге және
де өтініш беруге мүмкіндік бар.
Мысалы, кең сұранысқа ие 24 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұялы телефонға
«mgov» мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы және де 18 қызметтерді «Telegram» мобильдік қосымшасындағы «EgovKzBot» арқылы алуға болады. Еш мекемеге бармай,
қолымыздағы смартфонды пайдалана отырып, қажетті құжаттарды ала аламыз.
Сондай-ақ, аталмыш қосымшалардың тағы бір ерекшелігі - ХҚКО-да кезекті брондау.
Қазіргі қарқынды замандағы ең асыл валюта – уақытымызды тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді. Ақпараттық заманның адамзат үшін тиімді тұсы – мемлекет пен қо¬ғам арасындағы
байланыс¬ты одан әрі жақындастыруында.
Ал, Сіз көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бірден бағалай алатындығыңыз туралы
білесіз бе? Ұялы телефонға «Digital Agent» мобильдік қосымшасын жүктеу арқылы, тіркеуден өтіп, көрсетілген қызметтің сапасына баға беруге болады. Бұл мобильдік
қосымшаның ерекшелігі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалау мүмкіндігі және де әр қызмет алушымен кері байланыс болып табылады.
Әр қойылған баға бойынша департамент қызметшілері өз құзыреті шегінде әрекет етеді,
қысқа уақыт ішінде мәселелі сұрақтарын қарап, шешу жолдарын қарастырады. Бүгінгі күні
аталмыш қосымша арқылы облыс бойынша 2260 адаммен бағалау жүргізілді, олардың 19
мәселелі сұрақтармен жүгінді, департамент тарапынан баға берген тұлғалармен байланыса
отырып, мәселелі сұрақтары 15 минуттан аспайтын мерзім ішінде шешілді.
Жоғарыдағының негізінде, халық мүддесі үшін мемлекет тарапынан жасалған барлық
жағдайларды қолдану, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мобильдік
қосымшалар арқылы және электронды түрде алуға, сонымен қатар, көрсетілген қызметтің
сапасын бағалау мақсатында «Digital Agent» мобильдік қосымшасын қолдануға шақырамын.
А.АлыБЕкОвА,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
5
Елмен етене, ауылдастарымен бірге
Апат аяқ астынан. 27 наурыз
күні
көктемгі
қардың суының
күрт еруінен және
таудан
аққан
қатты ағын судың
әсерінен бірнеше
үйге су кіру қауіпі
төнді. Ауыл әкімі
Н ұ р т а с
Әбдіковтың алдын
алу және жедел
ұйымдастыру ісәрекетінің
арқасында техникалар жұмылдырылып, су басу қауіпінің
алдын алып, судан үй-қораны аман алып
қалдық. Ауыл әкімі Нұртас Ғазизұлының
тез арада жасаған жұмыстары үшін ауыл
тұрғындары атынан алғыс айтамын.
Сондай-ақ жақында Қарағанды қаласында
"Roboland 2019" V халықаралық роботехника, бағдарламалау және жаңашыл технологиялар фестивалінде "Smart sity"
шығармашылық категориясы бойынша
сайыс өткізілген болатын. Байрақты
бәсекеде Италия, Ресей, Өзбекстан, Армения және Қазақстанның барлық өңірлерінен
үздіктер бағын сынады. Біздің ауылдың
Ынтымақ ЖОББМ оқушылары, менің неме-
релерім Аманкелді Еңілік пен
Аманкелді
Тоғжан жүлделі І
орынды иеленді.
Жетекшісі
Жаманғарина
Н ә з и р а
Кәрсенбайқызы.
Күллі еліміздің
намысын абыроймен қорғаған
оқушыларды
және жетекшісін
ауыл
әкімі
Н.Әбдіков арнайы қабылдап, құттықтады. Балаларыма
Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырып,
болашақта әлі де талай жетістіктерге жетуіне тілектестігін білдірді.
Әрқашан "Әкім бол, халқыңа жақын бол"
қағидасын ұстанған ауыл әкімі Нұртас
Әбдіковке ауыл тұрғындары атынан
алғысымды білдіріп және өз аналық
көңіліммен үлкен рахметімді айтамын.
Еңбегің жемісті болып, абыройың арта берсін деймін.
Р.АСАНОвА,
С.Сейфуллин ауылдық
округінің тұрғыны
дарынын дәлелдеген - Аяулым
Бәрекелді
Қарағанды қаласында өткен “Сарыарқа дарыны”
қосымша білім беру аймақтық ғылымипрактикалық орталығының ұйымдастыруымен балалар музыка мектептері, өнер мектептерінің
білім алушылар арасындағы 52 республикалық
фестиваль-байқауында Жаңаарқа аудандық балалар өнер мектебінің оқушысы Тәжібай Аяулым
Ризабекқызы ІІІ орынға ие болып, 5000 теңгелік
сертификатқа ие болды. Ұстазы Балапанова
Жұлдыз Жарылғасынқызы, концертмейстері Ахметова Бағдат Ақатайқызы.
Бәсекелі бәйгеде бағын сынап, биіктерді
бағындыра бер демекпіз.
Нұргүл ОРыНБЕкОвА,
өнер мектебінің оқу ісінің меңгерушісі
Ақеркеге алты жыл
“ҚазТрансОйл” АҚ демеушілігімен “Балапан”
бағдарламасы аясында, ауданымызда 2013 жылдың сәуір
айында бой көтерген «Ақерке» бөбекжайына алты жыл
толды. Болашағымыздың ертеңі, бүлдіршіндердің балалық
мекені барлық техникалық құралдармен жабдықталып,
бүгінгі заман талабына сай. Ұлы дала ұрпақтарының
Мәңгілік еліміздің болашағын жарық етері осындай – игі істерден көрінері сөзсіз. Бұл – келешегіміздің кемел болуы
жолындағы үлкен қадамдар.
Тәрбиеші болу- шеберлікті, икемділікті, жан-жақты білімділікті, ерекше мейірімділікті, шыдамдылықты, жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Балалардың ой-өрісін дамытуға,
олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан зор.
Бөбекжайдың барлық қызметкерлері де балаларға білім мен
тәрбие беру саласында аянбай қызмет етіп келеді. Салтанатты
шараға Нұр-Сұлтан қаласынан белгілі журналист Индира
Әділбекова мен аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскері Ү.Тоқбергенова келіп қатысып, бөбекжайдың ішін
аралады. Мерекелік шарада бөбекжайдың директоры Г.Әбенова құттықтау сөз сөйлеп, әннен шашу шашылып, көрермендер риза болды.
Мөлдір ҚАСыМ
Мылтық атудан жеңімпаз атанды
Қарағанды қаласында
өткен
«Қазақстандық салалық білім және
ғылым
қызметкерлері
кәсіподағы
Қарағанды
облыстық
ұйымының
қоғамдық бірлестігі», «Әскери спорт
клубтарының
федерациясы»
ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына
27 жыл толуына, Ұлы Отан соғысының
жеңісіне 74 жыл және Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 30
жыл толуына арналған АӘД пәні
оқытушылары арасында
14-ші
дәстүрлі аймақтық төрт сайысқа
Жаңаарқа ауданынан үш алғашқы әскери
дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.
Олар Еркебұлан Өміртаев №132 ЖОББМ,
Қайрат Аманжолов Жанаарқа ЖОББМ,
Дархан Сақабай Қызылжар ЖОББМ
пневматикалық винтовкадан оқ атудан
жалпы есеп бойынша Жаңаарқа командасы
1 орынмен марапатталды. Ал, жекелей
пневматикалық винтовкадан оқ атудан
өзінің мерген екенін дәлелдеген Еркебұлан
Өміртаев №132 ЖОББ мектебінің мұғалімі
1 орынды жеңіп алды. Осындай
шәкірттеріне
үлгі
болып
жүрген
мұғалімдердің еңбектеріне шығармашылық
табыс тілейміз. Жеңістерің құтты болсын,
алар асуларың таусылмасын деп тілейміз.
У.ЖАңАБАЕв,
аудандық білім бөлімінің әдіскері
СЕНіМ ТЕлЕФОНы
«Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі»
ММ қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
заңдылықтарды бұзған фактілері жөнінде хабарлау үшін
2-62-64 номерлі сенім телефоны жұмыс істеп тұрғанын
хабарлаймыз.
Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы
бөлімі ММ
***
***
***
«Атасу кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілерді қызметтік ар-намыс кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы курес туралы заңдылықтарды бұзған фактілер
жайын хабарлау үшін 2-69-80 нөмірлі сенім телефоны
жұмыс істейді.
«Атасу кенті әкімінің аппараты» ММ
№18qxp_Жанаарка газеті 12.04.2019 16:06 Страница 6
6
Жақсының аты өлмейді
Жарқын бейнесі ұмытылмайды
Адам өмірінде ерекше орын алатын жандар болады.
Ол жақын туысқаның болуы да міндетті емес. Кісі
бойындағы қарапайымдылық, бауырмалдылық,
парасаттылық адамды баурап алатын қасиеттер емес
пе? Міне, осы жіпке тізсе таусылмас қасиеттерге ие
адамның бірі, асыл жездем - Қалыбек Сәдуақасұлы
еді. "Асыл" дейтін жөнім бар. Бар жақсылық осы
кісінің бойында жинақталғандай көрінетін. Қашан
болмасын ізгі ниетімен елпілдеп, балаша құрақ ұшып
тұратын.
Жездемізді барлығымыз "Қақаң", үлкендер жағы
"Қалкен" дейтінбіз. Апамыз Бәтима Мұздыбайқызы
екеуі құрған берекелі шаңырақта бес бала дүниеге
келді. Балалары Шынар, Динара, Жұмағали,
Айжарқын, Жанболаттарды оқытып, тоқытып,
аяқтандырды. Оқыста жол апатынан көз жұмған келіні Нұргүлден қалған немересі Жансұлтанды бауырына басып өсірді. Жансұлтан Жанболаттың ұлы
болғанымен, турасында осы үйдің кенжесі секілді болып ер жетті.
Ол кісінің тағы бір қасиеті өзінің болсын, өзгенің болсын балаларының атын атамай еркелетіп, басқаша атап, әр балаға бір–бір ат қойып қойған. Көзі тірісінде ол кісінің бір қабақ
шытып, ренжігенін көрген емеспін. Тіпті көңілі қаяулы болса да, жүзінен жайдарылықтың
табы есіп тұратын. Жан дүниесі нұрлы келбетіндей тап-таза, арда азамат еді.
Отбасы болған соң түрлі жиындар болмай тұрмайды. Тіршілік болған соң, тойымыз бар,
қазамыз бар дегендей. Әр әулеттің осындай уақыттарда "еріксіз сайланып" қойған "асабалары" болады.
Қақаң осы басқосуларда, әсіресе қаза болып жатқан отбасының қасынан табылып,
ақылшымыз-ұйымдастырушымыз болатын. Қазақ болғандықтан жасалатын жөнжоралғылар, сойылатын малдары, сақталатын дәстүрлері мол. Бұл кісі осындай сәттерде
барлық ұсақ-түйекке мән беріп, барлығын ұйымдастырып, қажетті отынды, ет асатын
тайқазандарды қайдан алып, қай жерге орнатуына дейін қадағалап, тігісін жатқызатын.
Бір нәрсені білмей, ақсап жатсақ жездеміз жөн сілтейтін. Қаза болған үйдің басынан бастап
барлық жоралғылардың сақталуын қадағалап, ақыр соңы қонақасының дұрыс өткізілуіне
де атсалысатын. Тіпті келген адамдардың жайғасуын, ас-судың уақытында ұсынылуын реттеу Қақаңның мойнына жүктелетін. Бұл жұмыстар ол кісіге келісімсіз-ақ артылатын міндет
болатын.
Қадірлі жездем Қақаң биылғы жылдың қаңтар айының 20-сында 70 жасқа толған болатын.
Өмірінің ұзақ жылдарын аудан орталығындағы мұнай айдау стансасында абыройлы еңбек
етіп, сол жерден еңбек демалысына шықты.
Қақан 13 наурыз күні мезгілсіз дүниеден өтті. Жер бесікке бөленген жездемізді жұрт
күңіреніп, соңғы сапарына шығарып салды. Көзі тірісінде бөленген құрметі болар, жерлеу
рәсіміне келген халықта есеп болған жоқ. Ағайын-туғаннан бөлек, дос-жарандар, көршіқолаң, жездеміздің шарапатын көрген адамдардың барлығының көңілі қаралы болды.
Қақан өзі текті атадан тараған, асылдың сынығандай болатын. Өзіне жарасымды мінезімен бақиға аттанып кетті.
Жатқан жеріңіз жайлы болып, жұмақ төрінен орын алуыңызды Алла тағала нәсіп етсін!
Қош, асыл жезде, қош, асыл адам!
Әсел СұлТАНҚызы
Сегіз қырлы, бір сырлы- Сәкен Сейфуллин
кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды.
С.Сейфуллин
Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын
–жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға
тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде
қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана
жазған талай дана адамдар болды. Өмірге жұлдыз болып
келетін, халықтың еркесі, халық жүгін көтеретін дара адамдар, дарынды жандар аз-ақ. Бірақ қазақ әдебиеті поэзия
әлемінде әлемдік деңгеймен, алыстырғанда 20-сыншы
ғасырда кенже қалған емес. Керісінше өзінше жаңа қырымен
дами бастады. Қандай марғасқа, жаны жайсаң адамдар өмір
сүрді сол кезеңде. Айтайын дегенім, әр адамның өз келбеті,өз
жан- дүниесі болады. Егер ақынға сезім мен сұлулықты, қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады. Қазақтың маңдайына біткен
Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын.
Міне, биыл Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толып отыр. Ақынның 125
жылдығын барша қазақстандықтар тойлағалы жатыр. Оның ішінде Жаңаарқа ауданы да
үлкен шараға дайындық үстінде.
Сәкен Сейфуллин–сегіз қырлы, бір сырлы. Себебі жерлес ақынымыз әдебиеттің үш жанрында қалам тербеген. Сәкенді біз, ақын, жазушы, драмашы, сазгер, қоғам қайраткері дейміз. Поэзия, проза, драматургия саласында біраз еңбектерін қалдырды. Тарихқа оралсақ,
Сәкен Сейфуллиннің арқасында 1923 жылы 22 қарашада қазақ тіліне мемлекеттік дәреже
беріп, 1924 жылдың 1шілдесінен бастап Қазақстан көлемінде болыстық, уездік,
губерниялық мекемелерде кеңсе ісі қазақ тілінде жүргізілетін болды. Тарихи тұрғыдан,
қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе алып берген Сәкен Сейфуллин екенін ұмытпайық. Өйткені
қазақтың арғы-бергі тарихында мәселені Сәкендей мемлекеттік деңгейде қойған қазақ
қайраткерлері болған емес. Ұлы Ахмет Байтұрсынұлының көкейінде болғанымен, мәселені
1923 жылдың сәуірінде Халық Комиссарлары Советі кеңесінен бастап, 9 маусымда «Кеңсе
істерін қазақ тілінде жүргізу керек» деп жиын –жиналыста сөйлеп, сегіз сұхбат, мақала,
ашық хат жазған, 22 қарашада декрет қабылдату үшін қаншама күш-жігер жұмсап, әрекетқимыл жасаған –Сәкен ақын ғана.
Шығармамды қорытындылай келе, көзі тірісінде аты аңызға айналып, халықтың
мақтанышы болған Сырбай Мәуленовтың өлең жолымен аяқтаймын:
Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сия алмайтын.
Қазақты көргің келсе,міне, осы деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.
Алдажан Аяулым,
Бидайық ЖОББ мектебінің 11-сынып оқушысы
13 сәуір 2019 жыл
Жасындай жарқ еткен ғұмыр
Алақандай ауылда ала допты бірге тебісіп, қара тайға
қатар жайғасқан, ақ шаңдақ көшеде жалаң аяқ қатар
жарысқан, қайран досым! Алапат дауылды ескермей,
Атасудың тереңіне сүңгіп, ақ тұңғиық гүлін үзіп,
құрбы қызға қатар сыйлаған, құрдасым! Бозбала
болып бой түзеп, қара шәшімізді күзеп, әскерге қатар
кетіп, бірге ант қабылдап, солдат атанған, қимас
досым! Қара жұмысқа жегіліп, жігіттіктен жетіліп,
сыңарымызға сөз салып, шаңырағымызды көтеріп, әке
атанып, қуанышымызды қатар бөліскен жан жолдасым, Нұржан!
Айдың күннің аманында, бұлтсыз аспанда жай
соқтырған сенің қазаң жан-дүниемді астан-кестен
етіп, қопарып кете барды. Санамда жаңғырған
«Нұржан қайтыс болды»,-деген сөз жанарым мен жанымды жасқа қатар шылады. Қайран досым, Нұржан
ай! Сен екеуміз бір сыныпта тел өскен, бар қызық пен
қуанышты бірге бөліскенбіз. Кішағаның қабағынан
жасқанбай, Қамаш шешемізге «қазір келеміз»-деп таңға дейін үй қарасын көрмей кетіп,
шала ұйықтап, қарап қалған жұмысты бірге атқарған күндер ең тәтті шақтар екен. Бір
жылдағы қоңыр күздің қос төлі екеуміз сыныбымыздың үлкеніміз. Сенің осы күнге дейінгі бар өмірің менің көз алдымда өтті. Сен екеуміздің арамызда жасырынған сыр, қалыс
қалған құпия жоқ. Екеуміз егіз қозыдай тел өсіп, қуанышымызды бірге бөлістік.
Сен-жігерлі, намысшыл, өршіл, мәрт едің. Қолың тиген техника ақауынан айығып, зуылдап кететінін ел біледі. Шеберлігің бір басқа. Тығырықтан жол табатын, жылдам шешім
қабылдайтын мінезің өзгелерден оқшаулайтын өзіңді. Ешқашан мойымайтын, келер күннен
жақсылық күтетін, алдағы күнге сенімің зор еді. Өмірде кездескен барлық қиыншылықтарға
қасқайып қарсы тұрып, өзіңнің мықты екеніңді көрсете білдің. Ашу шақырмай, не нәрсені
де байыппен қабылдап, шешімді шорт қабылдайтыныңа қайран қалатын едім. Кімге болсын
көмек қолыңды созуға әзір тұратын ақкөңіл, аңғал мінезің, қалжыңға айналдыратын
қылжақбастығың, бар баланы өзіңе тартар балажандығың бір басқа.
Отбасыңда
алдыңғыларға
ізетті іні болып, айтқандарын жерге тастамай құрдай жорғаласаң,
соңыңдағы іні-қарындастарыңа қамқор аға болдың. Жиендеріңді хан көтеріп, бетінен
қақпай, нағашылығыңа сына қақтырмадың. Сары қызың, жарың Айнұрыңның қабағына
кірбің ұялатпай, досы-әрі сырласы, табысқор отағасы болдың. Балаларыңның арқа сүйер
айбыны, ақыл айтар кеңесшісі, қамқоры едің. Қайын жұртыңа адалынан кездескен
күйеубала, балдыздарыңа қадірлі жезде болдың. Мына өмірдегі үш жұртыңа да сыйлы,
қадірменді болып күн кешкен қайран досым, нағыз қызық көрер кезіңде, ағалықтың ауылына аяқ басып, аталыққа қадам жасар шағыңда ғайып болғаның не еткенің? Сенің
алынбаған қамалың, шықпаған биігің, көрер қызығың алда емес пе еді. Мейрамбегіңді
үйлендіріп, Тоқтарыңды тойлап, Еркеназыңның жетістігіне шаттанып, Нұрисламның
қызығымен мақтанатын шағың алда болатын. Сені жоқтап, ұлардай шулаған ағайын-тума
жақындарыңның, достарың мен әріптестеріңнің, балаларыңның күңіренген дауысы сайсүйегімізді сырқыратқанмен, қолдан келер шара жоқ. Алла сары қызың мен отбасыңа сабыр
берсін.
Бақұл бол, досым, бауырым. Сен мәңгі тірісің. Жаның жәннатта шалқып, рухың көкте
қалықтасын. Көрмеген көшең жарық, топырағың мамық болсын.
Қаралы хабар жетті де, есеңгіретті, жылатты,
Дауыл соғып алапат, жайқалған нуды сұлатты.
Амалым бар ма қайтейін, жарлық келіп Алладан,
Жайқалып тұрған мәуелі бәйтерегімді құлатты.
Морт сынды қалай білмеймін, діңі берек емес пе?
Тілдескеніммен кешкілік, келе алмай кетті ау кеңеске.
«Жақсымын»- деген сөзіне малданып қапы қалдық ау,
Алып кетті жаратқан, сүйген ұлын келмеске.
Ақ жүрек досым айбаттым! Айрылдық сенен осылай,
Кеткеніңе сене алмаймын ортамызға қосылмай.
«Әкелеп»,- қалды ұл қызың, жарың, туыс, бауырың,
Бақұл болшы, бауырым, өмірдің заңы осындай.
Түлкібай ӘБілҚАйыРұлы,
Ақтау ауылы
ұлы даланың жеті қыры
“Жеті қыр” - Отан тарихының тірегі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»
атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақалада Отанымыз Қазақстанның, яғни ұлы даламыздың
жеті мақтанышы туралы айтылады.
Олар: атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі
әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстанның алма мен қызғалдағы. Ұлы даланың жеті
қыры да біздің Отанымыздың тарихының тірегі, бастауы болып табылады.
Осы жеті мақтанышымыздың барлығының Отаны киелі-Қазақстан. «Ұлы даланың жеті
қыры» атты мақалада Елбасымыз тарихи сананы жаңғырту үшін тың ұсынысты алға тартып, біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгін және болашағының іргелі
негіздеріне тікелей қатысты екенін айтып өтті.
Сонымен еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол
ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды.
Бірақ бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі
құжаттар, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде
өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатқанын айтады.
Сондықтан да ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық
және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025»
жеті жылдық бағдарламасын жасау идеясын қолдайтындығын айтты.
Менің ойымша, бұл жоба жүзеге асырылса біздің еліміздің тарихын бүкіл шет мемлекеттерде танып отырады. Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс. Сондықтан да архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа
қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет. Қазіргі
таңда әр оқушы, әр қазақстандық азамат өз тарихына деген мақтаныш сезімінде болу керек.
Елбасының осы Жолдауынан қорытқан пікірім егер халқымыз өз тарихын жақсы біліп,
бағалап оны мақтан тұтса, Отанымыздың болашағы зор болады және алға ұмтылуға жігер
береді.
А.НҮРкЕЕвА,
Айнабұлақ негізгі орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
№18qxp_Жанаарка газеті 12.04.2019 16:06 Страница 7
13 сәуір 2019 жыл
ЕскЕ алу
Ардақты бауыр, асқар таудай әке, адал жар болған
Қонақбаев Жұмақан Оспанұлының дүниеден бақиға
озғанына 12 сәуір күні 1 жыл толды. Тіршілігінде ақ көңіл
мінезі, туған-туысқа бауырмал, жолдастарына сыйлы болған
мейірімді азаматымыздың қабірі жарық, топырағы мамық
болсын.
Жасау жоқ қой кімге болсын мәңгілік,
Туу бар да, өлім бар ол заңдылық.
Амал қанша тағдырдың мына ісіне,
Біздер үшін рухың тірі мәңгілік.
Сол бір күндер есімізде өзің болған,
Бір мезетте сырт айналды дүние жалған.
Жоқтауменен өтті ғой неше айлар,
Алыс жылдар келмейді енді алдан.
Сағына еске алушылар: ағасы-Ермек-Мұңылық, жұбайы -Айгүл, ұлы-Нұрболат
ЕскЕ алу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған ардақты құдамыз,
балаларының асқар таудай әкесі, немерелерінің ардақты
атасы Қонақбаев Жұмақан Оспанұлының фәни
жалғаннан бақиға озғанына 12 сәуір күні 1 жыл толды.
Құдамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны
жәннатта болғай.
Құдайдың берген қазасы,
Адамның бар ма шарасы.
Ойсырап қалды-ау орныңыз,
Жазылар ма екен жарасы.
Не амал тағдыр салған шараға,
Бір жыл өтті жоқсыз сіз де арада.
Дүниенің кімдер жеткен шегіне,
Сыймадыңыз сізде фәни өмірге
Еске алушылар: құдасы-Аманкеш, күйеубаласы мен қызы-Нұрлысая-Гүлжан, жиендері Махди, Шахнияз, Айбибі
«контрафакт» республикалық акциясы
«Зияткерлік меншікті қорғау» Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге
қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігі халықты кеңінен қамту және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды
қорғау мәселелеріне құқық иеленушілерді тарту үшін 2019 жылдың 6-17 мамыры
аралығында республикалық «Контрафакт» акциясын өткізуді жоспарлап отыр.
Жоғарыда аталған акция шеңберінде: 1) 2019 жылдың 10 сәуір мен 3 мамыр аралығында
республикалық конкурстың «Ең үздік қысқа бейнеролик (vine) «Контрафактке жол бермеу»
жастар арасында 16-дан 29 жасқа дейін; 2) 2019 жылдың 10 сәуір мен 3 мамыр аралығында
14-16 жас аралығындағы балалар арасында «Зияткерлік меншік және мемлекет-2050» атты
үздік эссеге республикалық конкурс;
Толық ақпаратты, конкурс ережелері туралы мәліметті Қарағанды облысы әділет
департаментінің сайтынан http://www.krg.adilet.gov.kz және (7212) 420534, 426561,
87019599669 номерлері арқылы алуға болады.Конкурсқа қатысушылар өз жұмысын ar.abikeev@adilet.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұрайды.
Жаңаарқа ауданының Әділет басқармасы
Жұмыс берушілер мен жұмыс
іздеушілердің назарына!
Халықты жұмыспен қамту орталығы жаңа
бағытта жұмыс істеу барысында бос жұмыс
орындары және азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша электрондық еңбек биржа порталын
пайдалануды
ұсынады.
WWW.ENBEK.KZ
Қызметкерлерді іздеу
электрондық еңбек биржасы:
-Бұл ыңғайлы, тез және тегін!
Біздің орталықтың мамандары жұмысқа орналасу және оқыту мәселелері бойынша кеңес
беріп, көмек көрсетеді және сіздерді келесі
мекен-жай бойынша күтеді: Тәуелсіздік даңғылы
5, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММсі, тел.: 8(710-30)2-80-40, 2-68-64. Эл.мекен-жай:
janaarka_centr@mail.ru
зЕМЕлЬНыЕ УЧАСТки длЯ ГОСНУЖд БУдУТ
изыМАТЬ ПО РыНОЧНОй СТОиМОСТи
21 января 2019 года Президент подписал Закон по вопросам усиления защиты права собственности, арбитража, оптимизации судебной нагрузки и дальнейшей гуманизации уголовного законодательства, создающий условия для обеспечения равноценного возмещения при
изъятии земельных участков для государственных нужд. Согласно Закону теперь земельные
участки для госнужд будут изыматься по рыночной стоимости независимо от оснований
возникновения прав на земельный участок. Отметим, что в настоящее время стоимость изымаемого участка определяется по кадастровой цене либо стоимости, предусмотренной в
гражданско-правовом договоре или решении суда. Как правило, эти цены не соответствуют
уровню рыночных цен на земельные участки. Кроме того, законодательно закрепляется,
что расходы, связанные с предоставлением равноценного земельного участка собственнику
взамен изъятого у него в пользу государства участка, несут акиматы.
Таким образом, поправки нацелены на то, чтобы граждане получали справедливое возмещение за изымаемые земельные участки. В этих целях внесены соответствующие поправки
в Земельный кодекс и Закон «О государственном имуществе».
Управление юстиции Жанааркинского района
7
ЕскЕ алу
Отбасымыздың тірегі, ел-жұртына сыйлы, ағайын-туысқа
қадірлі болған асқар таудай әкеміз, құрметті аға, асыл жар,
немерелерінің қамқор атасы Қалыбек Сәдуақасұлының
мезгілсіз өмірден өткеніне 19 сәуір күні 40 күн толады.
Әкеміз бірбеткей, турашыл, әр ісі мен жұмысына тиянақты,
бір сөзді жүзі жарқын жан еді. Өзінің турашыл, ашық мінезімен елге қадірлі, сыйлы жан еді. Әр нәрсенің байыбын білетін ардақты әкеміздің орны төрімізде ойсырап тұр.
Өкініші мен арманы көп жалғанның жазуына бар ма шара?!
Сағыныш пен аңсауға толы күндерді арамыздан алыстаған
асылымыздың жарқын бейнесін жадымыздан өшірмей,
мәңгі жүрегімізде сақтаймыз. Әкеміздің жаны жәннатта,
тәні рахатта болсын.
Сендей жанды қалайша қия аламыз,
Қайтіп қана аққан жасты тия аламыз.
Бір Алладан медет тілеп, дұға жасап,
Рухың үшін жалбарынып, қол жаямыз.
Жаны жайсаң жан едің ғой, жанымызда,
Сенсіз батып, атты ғой 40 күн таңымыз да.
Жаратқаннан жалбарынып тілейміз біз,
Қабыл болғай деп бағыштаған дұғамыз да.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Бәтима, бауырлары, балалары, немерелері, жиендері
19 сәуір күні сағат 14.00-де “сәт” мейрамханасында ардақты әкеміздің өмірден
өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Жанашырлыққа – жан риза
2-сәуір – Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Осы орайда, аутизмге
шалдыққан бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын қолдауға бағытталған ауқымды шаралар бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Бүгінгі таңда дүниежүзінде аталған
аурумен ауыратын адамдардың қатары көбейіп отыр. Мамандар, әсіресе балалардың арасында аутизм дертінің кең таралуына алаңдаулы. Дүниежүзілік сақтау ұйымының
мәліметінше, әлемдегі әрбір 160 баланың біреуі аутизм
ауытқуларымен дүниеге келеді екен.
Осындай іс-шаралардың бірі «Жылы жүрек» атты акция
ауданымыздағы музыка мектебінде өтті. Акцияның негізгі
мақсаты – аутизм дертіне шалдыққан балалардың қоғаммен
бірге екенін көрсету. Онда ерекше қолдауды қажет ететін балалар ән айтып, өлең оқып күндерін күндегіден ерек өткізді.
Акция барысында білім бөлімінің
психологиялықпедагогикалық түзету кабинеті директоры Ж.Сарбасова мен
«Инклюзивті балаларды
дамыту
орталығының»
директоры А.Болатбекова
сөз
сөйлеп,
аутизм
спектріндегі балалар жайлы айта
кетті.
Қайырымдылық –
халқымыздың ең
ізгі қасиеттерінің
бірі.
Аутизмге
шалдыққан
балалардың жанашыр қамқоршысы
болып,
аялы
алақанын тосып,
жүрек
жылуын
ұсыну, сауабы мол
іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Мөлдір ҚАСыМ
Сот залынан
Бала тәрбиесіне көңіл бөлейік
Жаңаарқа аудандық сотында құқық бұзушы М.-ға қатысты Қазақстан Республикасы
ӘҚБтК-нің 127 бабының 1 бөлігімен (Ата – ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы) көзделген әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы М. іс құжаттарына сәйкес, 20 наурыз 2019 жылға дейін, М-ның 2006 жылы
туған кәмелетке жасы толмаған баласы К. 2018-2019 оқу жылдарында 36 күн мектепке себепсіз бармай, сабақтарын босатқанын, яғни М. тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі атааналардың міндеттерін орындамаған.
Сотта М. өзіне тағылған құқық бұзушылық кінәсін мойындап, баласы К-ның мектепке себепсіз бармай, ата-ана ретінде баласын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндетін
атқармағандығын, енді бұндай жағдай қайталанбайтынын, өзінің бала тәрбиесін қолға алатынын айтып, қатаң жаза қолданбауды сұрады.
Сот әкімшілік жаза тағайындау кезінде, құқық бұзушы М-ның отбасылық жағдайына, істеген ісіне өкінетініне қарап оның жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайды ескере отырып, М-ға Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп
танылып, оның тарапына мемлекет пайдасына 12 373 (он екі мың үш жүз жетпіс үш) теңге
мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондықтан да көз алдыңыздағы баланы қадағалау қажет. Бала тәрбиесіне көңіл бөлмей,
қалтаңыздан мемлекетке айыппұл төлеп жүрмеңіз. Бүгінгі бала, ертеңгі болашақ, келешек
ұрпағыңыз.
Ол Сіздің балаңыз болғанымен мемлекеттіміздің азаматы екенін ұмытпау керектігін ескертемін. Заң талабын орындау әрбіріміздің міндетіміз!
А.Рахымжанова,
Жаңаарқа аудандық сот кеңсесінің бас маманы
о
б
о
ау
ег
ал
Қ
эн
қо
Қ
ар
са
Қ
№18qxp_Жанаарка газеті 12.04.2019 16:06 Страница 8
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны,
әулеттің үлкені, ардақты да
қамқор аға,
адал жар,
немерелерінің сүйікті атасы,
асқар таудай әкеміз Арыстанов
Жанат Ахметжанұлы 12 сәуір
күні Пайғамбар жасы 63 жасқа
толды.
Сондай-ақ
анамыз
Бағила
Жәкенқызымен
шаңырақ
көтеріп,
отау
құрғандарына 40 жыл толып
отыр. Әкеміз бен анамыз екеуі
ұлды ұяға, қызды қияға қондырып
немере сүйіп отырған ордалы отбасы. Қос қуаныш әулетіміздің бағын еселеп, ғұмыр
жастарыңыз ұзақ болсын.
Әкем менің, асқар тауым шынарым,
Асыл анам мөлдір тұнық бұлағым.
Өздеріңді қуанышпен құттықтап,
Ұрпақтарың шырқап жатыр жыр әнін.
Өмірлеріңіз арайлансын шуақты күн мен нұрға,
Ақ тілекпен жетіңіздер армандарға.
Жақсылықтың бөленіп шапағатына,
Көңілдеріңіз самғасын асқарларға.
ізгі тілекпен: балалары, немерелері, туған-туысқандары
ОБЪЯвлЕНиЕ!
Объявляем о проведении общего собрания участников ТОО «КТ «Жанаарка», который состоится 15 мая 2019 года в 10.00 часов, по адресу пос. Атасу, пр. Независимости 22, 2-этаж,
актовый зал здания РУПС (Каз.почты) на котором будут рассматриваться следующие вопросы повестки дня:
Рассматриваемые вопросы:
Повестка дня:
1.Изменение в составе учредителей ТОО «КТ «Жанаарка» (вход учредителей).
2.Изменение уставного капитала ТОО «КТ «Жанаарка».
3.Утверждение приложения к Уставу.
4.Перерегистрация в АО «Центральный депозитарий ценных бумаг».
5.Распределение прибыли ТОО «КТ «Жанаарка».
Уважаемые жители Жанааркинского района!
АзиАТСкий кРЕдиТНый ФОНд ПРЕдлАГАЕТ
БЕззАлОГОвыЕ и зАлОГОвыЕ кРЕдиТы - групповые и
индивидуальные кредиты! и принимает на работу
талантливых людей!
Кредиты АКФ - это поддержка сельских жителей, занимающихся разведением скота, торговлей, производством, услугами и производственной деятельностью.
Мы выдадим вам кредит на разные цели:
•Закуп скота, сена и других кормов, ремонт и построек
жилищ для скота и прочие сельскохозяйственные цели
•Развитие бизнеса - закуп товара, сырья, оборудова-
ния
•Кредиты на ремонт и утепление дома, оплату обучения, покупку техники и прочие потребительские цели
•Потребительские кредиты
Преимущества кредитов АкФ:
•Отсутствие комиссионного сбора
•Предусмотрено снижение процентной ставки при получении повторного кредита
•Предложим индивидуальный (гибкий) график погашения
Соискателей приглашаем в команду профессионалов АКФ, которые разделяют наши ценности, готовых учиться и приобретать новые навыки, помогать жителям нашей страны
стать более состоятельными, успешными и счастливыми.
Став частью коллектива Азиатского кредитного Фонда, вы сможете получить:
•Интересную и разнообразную работу
•Справедливую оплату труда
•Профессиональное общение
•Обучение и развитие навыков
•Возможности для самореализации
•Признание ваших достижений
•Создание успешной карьеры
•Участие в полезных проектах.
Открыта вакансия Аналитик по развитию бизнеса (кредитный специалист)
Основные обязанности кандидата:
•Кредитование сельского населения
•Обслуживание клиентов, в соответствии со стандартами Компании;
•Достижение целей компании, выполнение планов продаж
Требования к кандидату:
•Высшее/средне-специальное экономическое образование;
•Опыт работы в продажах желателен;
•Клиенториентированность
•Владение казахским и русским языками
Место работы: Жанааркинский район, п. Атасу
вы можете обращаться по адресу:
п.Атасу, ул. Абая 19, ориентир: школа С.Сейфуллина, телефон: 8 (710-30) 2-71-94 ,
Нұрсұлтан +7 771 266 57 00. головной офис: г. Алматы ул. Ауезова 60, офис 10. Тел/факс:
8 (727) 250 61 90. E-mail: hr@acfund.kz. Наш сайт: www.asiancreditfund.com
После обращения в офис акФ по поводу работы, позвоните, пожалуйста, по нашей
горячей линии 5061 (бесплатно с мобильного телефона) и сообщите, что вы отправили свое резюме. Мы обязательно свяжемся и с вами!
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАлиНА САлТАНАТ АМАНҚызы
МЕНШік иЕСі: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
Иик KZ276017171000000078, БиН 010340002761, Бик HSBKкZKX, кБЕ 16,
РНН 240400001948, АО “Народный Банк казахстана”
Құттықтаймыз!!!
Ардақты әке , қамқор атамыз
Садулов Оразалы Әбілдаұлын
14 сәуір күні 63 жасқа толуымен
құттықтаймыз. Сізге тілейтініміз зор денсаулық, қажымас
қайрат,
балаларыңыз
бен
немерелеріңіздің қызығына тоймай, жүздеріңіз нұрға, көңіліңіз
шаттыққа, қуанышқа тола берсін. Міне бүгін зейнеткерлік
жасқа аман-есен келіп жеттіңіз,
біздің ортамызда күліп-ойнап,
шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп
анамыз Гүлнармен қолтықтасып ұзақ ғұмыр кеше беріңіз. Бақыттың базарында,
Алланың назарында болыңыз. Біз сізбен мақтанамыз, марқаямыз.
Ең тамаша сөз бұл өмірде “Әке” деген,
Суыққа бір малдырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Әкешім, жүреміз біз бір өзіңді мақтан тұтып,
Жетеді жақсы ісің жұрт танырлық.
Жүзге жетіп жүзін жарқын, денің сау боп,
Оны да аман-есен қарсы алайық.
ізгі тілекпен: балалары- Азамат-ләйлә, Жасұлан-динара, Манас-Ақмарал және
немерелері
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, адал жар, сүйікті әже,
ардақты да аяулы анамыз Балтабаева зейнегүл
диқанбайқызы 15 сәуір асқаралы 60 жасқа толар мерейтойымен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,
ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз. Осы күні
жан мен жүректі шаттыққа бөлейтін асқақ сезім, таусылмас қуанышқа кенеліңіз. Әлі талай мерейлі жасқа толып,
бақыт пен берекеге бөлене беріңіз.
Құтты болсын, алпыс деген жасыңыз,
Жақсылық пен қуаныштан тасыңыз.
Немерелер қызығына кенеліп,
Әлі талай асулардан асыңыз.
Деніңіз сау, аман болсын басыңыз,
Тек жоғары домаласын тасыңыз.
Ел-жұртының ортасында аман-сау,
Күліп-ойнап, жүзге келсін жасыңыз.
Құттықтаушылар: жолдасы-Тілектес, балалары-Бақыт-Нұрлан, Бекзат-Ерлан,
Жанкелді-лаура, Ханкелді, немересі- Сана, жиендері-Айша, Омар, Баһадүр,
Әйгерім, Шұғыла, Нұрбек
динамично развивающейся
«Микрофинансовой
организации «Азиатский кредитный Фонд»
требуются сотрудники!
Мы приглашаем в команду АКФ профессионалов, которые разделяют наши ценности, готовых
учиться и приобретать новые навыки, помогать
жителям нашей страны стать более состоятельными, успешными и счастливыми.
Став частью коллектива Азиатского кредитного Фонда, вы сможете получить:
Интересную и разнообразную работу
Справедливую оплату труда
Профессиональное общение
Обучение и развитие навыков
Возможности для самореализации
Признание ваших достижений
Создание успешной карьеры
Участие в полезных проектах.
Открыта вакансия
Кассир
Требования:
•Средне-специальное/высшее образование
•Опыт работы в должности кассира не менее 1-го года (желательно)
•Знание 1С бухгалтерии (желательно)
•Знание кассовой дисциплины
•Отличное знание ПК, казахского и русского языков
•Умение работать в команде
•Честность, аккуратность, инициативность и трудолюбие
Место работы:
Карагандинская область, Жанааркинский район, п. Атасу.
вы можете прислать или принести свое резюме по адресу:
п. Атасу, ул. Абая 19,
ориентир: на против сш им:С.Сейфуллина. телефон/факс: 8 (71030) 2 71 94. cот: +7 771 266
57 00 или в головной офис: г. Алматы ул. Ауезова 60, офис 10 Тел/факс: 8 (727) 250 61 90.
E-mail: hr@acfund.kz Наш сайт: www.asiancreditfund.com. После обращения в офис АКФ
по поводу работы, позвоните, пожалуйста, по нашей горячей линии 5061 (бесплатно с мобильного телефона) и сообщите, что вы отправили свое резюме. Мы обязательно свяжемся
и с вами!
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “арко” ЖШс баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
көлемі бір баспа табақ
аптасына бір рет шығады
Таралымы 1905 дана
Тапсырыс №18
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
9
Размер файла
4 380 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа