close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№25qxp Жанаарка газеті

код для вставки
№25qxp_Жанаарка газеті 31.05.2019 15:47 Страница 1
№25 (9917), 1 маусым, 2019 жыл
сайлаушылар назарына!
2019 жылдың 9- маусымында Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы
өтеді. Сайлау таңғы 7:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-де аяқталады.
Өз тандауыңызды жасап, сайлау учаскелеріне келіңіздер!
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Құрметті балғындар!
Қадірлі ата-аналар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені
белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат
дүние жоқ! Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Дүниеде баланың ушуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес»,-дегені
есімізде. Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда.
Маусым айының алғашқы күнін балалар мерекемен қарсы алады. Олардың
тыныштығы мен болашағын бүкіл әлем болып қорғалатын күн ретінде мерекелейді. Мамыражай тіршіліктің саясында бүр жарып, гүлдеп, өсіп келе жатқан жас
қазақстандықтардың келешегінің жарқын болуы үшін елімізде біраз жұмыстар
жүргізілуде. Олардың білім алуы мен мүмкіндігін таныту үшін жасалуға тиісті
жағдайлар да жүзеге асып жатыр деп сеніммен айтамыз.
Құрметті балауса балғындар!
Қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары
болуларыңызға тілектеспіз! Ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Адал
достарыңның ортасы толып, жазғы демалыстарыңның көңілді және қызықты
өтуіне тілектеспіз!
Мереке құтты болсын!
Юржан бЕкҚОЖИН,
Жаңаарқа ауданының әкімі
Қуат ИМАНТүсІпОВ,
аудандық мәслихат хатшысы
Мамырдың 25ші жұлдызы мектеп
өміріндегі
ерекше
күн.
Қызығы
мен
қиыншылығы мол, әр оқу жылы
ҚҰРМЕТТІ АУДАН
ТҰРҒЫНДАРЫ!
2019 жылдың 9-маусымында Қазақстан
Республикасының Президентін сайлау өтеді.
Сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларыңызды
жасаңыздар. Өз болашақтарыңыз – өз
қолдарыңызда. Сіздердің дауыстарыңыз ел үшін
маңызды. Өзіңізді сайлаушылар тізімінен https://ekrg.gov.kz/ сайтынан тексеріп көріңіздер.
Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер дүниеге келіп, Елбасының Жарлығымен 4маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды. Бұл күн – ақталған үміт күні
болып біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды.
Рәміздеріміз тек егемендіктің нышаны ғана емес, патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік сияқты
рухани құндылықтарды ұлықтаудың шынайы үлгісі.
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын,
ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін
ерекше құнды белгілер»,-деп рәміздердің ел өміріндегі маңызын сипаттаған болатын.
Біз – қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру,
қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт.
Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан-ұрпаққа табыстайтын боламыз. Ендеше әрдайым
бар болайық, бір болайық, ата-баба армандаған азат елімізбен жарқын болашаққа бірге барайық.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді
демеп, игі істерімізді қолдай берсін!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, Туымыздың мәртебесі биік болсын!
Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!
Юржан бЕкҚОЖИН,
Қуат ИМАНТүсІпОВ,
сәТ сАпАР сАҒАН, ЖАс ТүЛЕк!
қайталанбас тарихқа толы. Оқушылар
сыныптан сыныпқа көшіп, асыға
күткен жазғы демалысқа шығарып салатын соңғы қоңырау. Бұл күні
өздерінің алғашқы оқуын табысты
аяқтап
отырған
1
сыныптың
оқушыларына ерекше және соңғы
қоңырау мерекесіне соңғы рет жиналып отырған мектеп түлектері үшін
мәңгі есте қалар күн. Кеше ғана
тұлымы желбіреп, жүректері лүпілдеп,
мектеп қабырғасын имене аттаған ұлқыздарымыз алтын ұя мектебімен
қоштасып, қияға қанат қағады. Жас
түлектерге балалықтың базары болған
мектебімен, білім мен тәрбиенің нұрын
күміс қоңырау үнімен қоштасу бір
жағынан қуанышты, екінші жағынан
қимастық сезім тудырады.
Ауданымыздағы Сәкен Сейфуллин
атындағы мектепте «Сыңғырла, соңғы
коңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
Мектептің алдыңғы алаңы мерекеге сай
әсем безендіріліп, музыкамен әрленіп,
жиын
салтанатты
түрде
көк
туымыздың ортаға алынып, мемлекеттік Әнұранның шырқалғанымен басталды.
Салтанатты басқосуда аудан әкімі
Юржан Бекқожин, мектептің директоры
Айтқожа
Тұрғынбеков,
9-июня 2019 года состоятся выборы Президента Республики Казахстан.
Придите на избирательные участки и сделайте
свой выбор. Ваше будущее - в ваших руках. Ваш
голос важен для страны!Проверьте себя в списках
избирателей на https://e-krg.gov.kz/
Құрметті қауым! Қадірлі қонақтар!
ЖАс ТүЛЕк-2019 а
сепкен ұстаздарымен, сыңғырлаған
УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ
РАЙОНА !
түлектердің
т
а
аналарының
атынан Баян
Қосмағанбетова және ұстаздар атынан
Ғазиза Иманбаева
құттықтау
сөз
сөйлеп,
жас
түлектерге ақ жол
тілеп,
сәт-сапар
айтты.
Мектеп түлектері
өздерін
білім
нәрімен сусындатқан
ұстаздарына деген
алғыстарын білдіріп,
өлең
оқып,
ән
шырқады. Мектеп
табалдырығын енді
аттаған
1-сынып
оқушылары аға-апаларына жоғарғы оқу
орындарының студенттері
атанып,
жақсы маман болуларына ізгі тілектерін білдірді.
Бұл күн жас түлектер үшін мектеп
қабырғасындағы соңғы күн, соңғы
сәттегі соңғы қоңырау соғылып,
болашақтың есігі айқара ашылды. 1
сынып оқушысы Мейіржан Батырхан
мен 11 сынып оқушысы Саяжан
Қызбалина соңғы қоңырауды соқты.
Жиын соңында шараға жиналғандар
түлектерге барлық алған білімнің
нәтижесін көрсететін білім сынағынан
сүрінбей өтулеріне тілекші екендіктерін айтып, мектеп түлектерімен естелік
суретке түсіп, арқа-жарқа болып, ақ
жол тілеп жатты.
Рахат ӨМІРбЕкҚЫзЫ
Жаңаарқа ауданының әкімі
аудандық мәслихат хатшысы
Мемлекеттік нышандар тәуелсіздігіміздің
басты белгісі
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның
ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік Ту, мемлекеттік Елтаңба және мемлекеттік Әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Ту– мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін
басты рәміздерінің бірі. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Елтаңба–мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.
Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін
символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың
мирастық ерекшелік белгісін білдіреді
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми
түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер
Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Әнұран
ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі
мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік
Әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
2006 жылы жаңа мемлекеттік Әнұран қабылданды.
Әнұранның жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының
бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006
жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында
«Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету
енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік Әнұранын бекітті.
№25qxp_Жанаарка газеті 31.05.2019 15:47 Страница 2
Жастар кеңесі жаңа
ұсыныстарға толы болды
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің
жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті. Аудан әкімі Юржан Бекқожиннің
төрағалығымен өткен кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары
мен бөлім басшылары және ауданның белсенді жастары
қатысты.
Аудан басшысы Юржан Асанұлы жастар жылындағы екінші кездесуді жастарға
деген жылы лебізімен бастады. Болашақ елдің беделін асқақтатып, тәуелсіздігін
тұғырлы ететін жастарға артатын сенім зор екеніне де тоқталып өтті. Аудан
көлемінде жастардың жұмыспен қамтылуы, жеке кәсібін ашуға ынталандыру, демалыстарын көңілді өткізуге жағдай жасалғаны да айтылып өтті. Жалынды жастардың
бойындағы күш қайраттары қандай да болмасын қамалды алатынын алға тартқан
аудан басшысы жастарға еркін отырып, көкейлеріндегі ұсыныс пікірлерін ашық ортаға
салуға шақырды.
Ауданымызда жастардың атқарған жұмыстары жайлы баяндаған жастар ресурстық
орталығының басшысы Жалғасбек Жәнібекұлы алға қойған жастардың мақсаттары
жайлы ой бөлісті.
Кеңестің екінші кезеңі ашық сұхбат алаңына айналды. Жастар аудан басшысына
сұрақтар қоя бастады. Бидайық ауылдық округінің кітапханашысы Жұлдыз Қозыбаева
Бидайық ауылының жастарының спортағы жетістіктерін мақтанышпен жеткізіп, ауылдарына футбол алаңы салынса деген ойын жеткізді. С.Сейфуллин ауылынан келген
Айдын Ысқақов жастарды салауатты өмірге тәрбиелеуге алдымен спорт алаңдарының
керек екенін айтып, волейбол алаңы салынса деген өтінішін білдірді. Еріктілер
лигасының мүшесі, Ю.Гагарин атындағы мектептің оқушысы Шұғыла Қалмағанбетова
ауданымызда жастар жиналатын орынның жоқтығын айтып, жастар сарайы мен кинозал
салынса десе, Тілек Сәлкебаев заман талабына сай жас бизнесмендерді дайындау үшін
бизнестренингтер мен дәрістер ауылдық жерлерде өткізілсе деді. Толсын Бергенов
ұлы даланың жеті қырының бірі ат спортын дамытуды күшейтіп, топ құрылса десе,
Асхат Қайратұлы тарихи жәдігерлерімізді танып-білу үшін туған жер төсіндегі тарихи
мекендерге экспедиция жасау үшін көлікпен қамтамасыз етуді өтінді. Қараағаш
ауылдық округінен келген, аудан әкімінің грантының иегері, құс өсірумен айналысып
жүрген жас кәсіпкер алдағы жоспарын айтып, болашақта қол күресін дамытатын
орталық ашылса десе, тоғызқұмалақ ойынының жүлдегері Ділназ Балақазина ұлттық
ойындарымызды жандандыруға және сыртта болатын жарыстарға баратын қаражат
бөлінсе деді. Айғаным Серікбай Ю.Гагарин мектебіне спортзал керек десе, Қуаныш
Төлеутай жоғарғы оқу орындарының мамандары мамандық таңдауға ықпал етіп,
түсіндірме жұмыстарын жүргізсе деді. О.Жұмабеков мектебінің ұстазы, “Дипломмен
ауылға” бағдарламасының иесі Рауан Нұрғалиев аудан жастарына өз туған жерлерінің
өркендеуіне үлес қосып, ауыл мен ауданды гүлдендіруге атсалысулары керек екендіктеріне тоқталды. “Дипломмен ауылға” бағдарламасының жақсы қырларын айтып
берді. Аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Сәулет Рымбеков жастарға
жасалынған жеңілдіктер жайлы баяндап, оқып, білім алып, кәсіптерін ашып, өздерінөздері қамтамасыз ете алатын бизнесменге айналуларына тілек қосты.
Жастармен болған сұхбат барысында аудан басшысы жауап беріп, алдағы уақытта
талап-тілектерінің жүзеге асатынын айтып өтті. Кеңес соңында жастар аудан басшыларымен естелік суретке түсті.
Өз тілшімізден
1 маусым 2019 жыл
2
Жаңаарқа ауданының құрылғанына 90 жыл
Ағаш отырғызу - атадан
қалған мираc
Шежіреге бай, сан ғасырдан сыр шертер қасиетті, киелі өңірдің
бірі -Жаңаарқа жері. Шұрайлы да шырайлы Жаңаарқа өлкесі даралар мен даналардың киелі ордасы, алтын бесігі, ата мекені.
Бұл қасиетті топырақ ғасырды бойлап тарихтың талай құпиясын
сақтаған, бүгінгі күндері даласы ән мен жырға айналған, берекелі
еңбек өрбіткен өңір. Биыл аудан болып құрылғанына 90 жыл толуын атап өткелі отыр. Бұл мерейлі дата, қоғам қайраткері, жерлес бабамыз – Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Қасиетті мекен Жаңаарқа өлкесінің 90 жылдығына арнап, жыл басынан бері 90 игі іс-шараларды өткізіп жатыр. Сол игі бастамаларлың бірі – ағаш отырғызу.
Талай
тарлан
тұлғаларды,
алтын
айдарлы азаматтарды
түлетіп ұшырған текті
топырақтан
шыққан
жерлесіміз, журналист,
облыстық "ORTALYQ
Q A Z A Q S TA N "
газетінің
бас
редакторының бірінші
орынбасары
Ерсін
Кәрібайұлы Мұсабеков
өз қаражаты есебінен 90
қарағай
тал
түбін
ауданымызға
сыйға
тартты. 25 мамыр күні
сыйға
тартылған
ағаштарды отырғызуға аудан әкімі Юржан Асанұлы бастаған мекеме басшылары, аудан жастары, аудан тұрғындары және Сәкен бабамыздың руластары
Тоқа азаматтары жиналды.
Алғаш игі бастамаға өз тілегін айтқан Юржан Асанұлы еліне,
жеріне деген қамқорлық пен жақсылық жасап жатқан Ерсін
Кәрібайұлына аудан тұрғындарының атынан ризашылығын
айтып, болашақта бұл жер сәні мен сәулетті жарасқан үлкен демалыс орны болатынына сеніммен қарайтынын айтты. Келесі
тілек сөздер легін, Тоқа руының ақсақалы Наурызбай
Қуанышбеков, ауылдың ардақты ақсақалы Берген қажы
Қожамұратов, ҚР оқу ісінің үздігі, ұстаз Рабиға Нұрланова және
Ерсін ағаның досы Ерболат Мәмбетовтар жалғады.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын...» бұл бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, туған жерінің көркеюіне үлес қосу - әрбір азаматтың борышы. Игі іске белсенділігін
танытып, туған жерді жасыл алқапқа айналдыруды мақсат тұтқан ел азаматтары, жиналған
жұртшылық жас көшеттерді қаз-қатар отырғызып шықты.
Хадисте «Бір адам бір ағаш отырғызса, амал дәптеріне отырғызылған ағашының жемісіндей
сауап жазылады» делінген, олай болса қасиетті Рамазан айында игі іс шараға ат
салысқандардың әр іс мол сауапқа себеп болсын демекпіз.
Рахат АЙТЖАНОВА
Облыстық штаб кездесуі болып өтті
9-маусым күні өтетін Қазақстан
Республикасының Президентін сайлау
науқанына дайындық және Президентке
үміткерлерді қолдау, ақпараттық-насихаттық жұмыстары жер
жерлерде зор қарқынмен жүзеге асуда.
Осы орайда, ҚР Президентігіне кандидат
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары
бойынша бірқатар облыстық қоғамдық штаб
мүшелері ауданымызға арнайы іссапармен
келіп, бекітілген жоспарға сәйкес шараларды
атқарды.
Құрамында «Nur Otan» партиясы Қарағанды
облыстық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары, медицина ғылымының докторы
Оспанова Қадиша Базарбайқызы, «Nur Otan»
партиясы Қарағанды облыстық филиалының
Саяси
кеңесінің
мүшесі,
медицина
ғылымының доценті Нұрбеков Аманжол
Нұрбекұлы және «Nur Otan» партиясының
белсенді партия мүшесі, Қарағанды облыстық балалар
құқықтарын қорғау кеңесінің мүшесі Албақай Айдын
Жанатұлы енген штаб мүшелері бірінші кезекте Алғабас
ауылындағы «Диана» шаруа қожалығының басшысы А.Ромкинмен кездесіп, шаруа қожалығының жұмыстарымен танысып, ұсыныс-тілектерін назарға алды.
Одан кейін «Есіктен – есікке» акциясы аясында штаб
мүшелері аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым
Төтеев пен еңбек ардагері Амангелді Әбжанов
ағаларымыздың үйлеріне арнайы барып, дидарласып қайтты.
Амангелді аға қонақтарды есімі елге таныс Тәуекел
Мұздыбаев, Тұрсынбек Ақтаев, Қорғамбек Оразбаев секілді
еңбек ардагерлерімен бірге қарсы алды.
Аудан тұрғындарымен кездесу аудандық мәдениет үйінде
болып өтті. Облыстық штаб мүшелерімен кездесуге
облыстық мәслихат депутаты, партия ардагері, аудандық
штаб жетекшісі Жарылғапов Ғазым Жарылғапұлы, аудандық
штаб мүшесі, аудандық мәслихат хатшысы Имантүсіпов Қуат
Анасұлы, аудандық штаб мүшелері, кандидаттың сенім біл-
дірген өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары,
ардагерлер, «Жас Отан» Жастар қанатының
өкілдері, еріктілер, белсенді партия мүшелері
мен екі жүзден астам аудан тұрғындары қатысты.
«Nur Otan» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы
төрағасының
бірінші
орынбасары
Ә.Аманжоловтың жүргізуімен өткен жиында
сөз алған облыстық штаб мүшелерінен кейін
аудандық қоғамдық штаб төрағасы
Ғ.Жарылғапов, сенім білдірілген өкілдер
аудандық мәслихат депутаты С.Рымбеков
пен Б.Амалбеков атындағы мектеп ұстазы
Д.Әрінова тұрғындарға кеңнен түсіндіру
бағытында баяндама жасады. Шара барысында «Бірге» жалпы ұлттық акциясы жүзеге
асырылып, келушілер тарапынан ұсыныс-тілектер арнайы парақтарға толтырылып
жинақталды.
Жиыннан кейін облыстық қоғамдық штаб
мүшелері партияның аудандық филиалында
қоғамдық қабылдау жүргізді. Қоғамдық қабылдауға келген
азаматтар жеке кәсібін ашу, мемлекеттік бағдарлама аясында
тұрғын үйге қол жеткізу, көп балалы жандарға арналған
атаулы әлеуметтік жәрдемақы алу аясында қойған
сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, қабылдауға келген
жандар арасында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат пен
зор қолдауларға өз ризашылығын білдірушілер де болды.
«Nur Otan» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы
№25qxp_Жанаарка газеті 31.05.2019 15:47 Страница 3
1 маусым 2019 жыл
3
Жаңаарқа халқы
үшін
биылғы
жылдың шоқтығы
биік, маңызы зор.
Қазақтың біртуар
ұлы, атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды
драматург, білікті ұстаз, мемлекет
қайраткері,
Қазақстанның
қазақ
әдебиетінің
негізін
қалаушылардың бірі - Сәкен
Сейфуллиннің туғанына 125 жыл әрі ауданымыздың
құрылғанына 90 жыл толып отыр. Мұндай мерейлі күндер
тоғысқан сәтте атқарылар шаралар да молынан болмақ. Аудан
басшылығы тарапынан түрлі игілікті жұмыстар жасалып,
тұрғындар тарапынан қызу
қолдау тауып отырған жайы
бар.
Осындай бір ізгі шараның
бірі - «Сәкен туған –
Жаңаарқа»
атты
ұ ж ы м д а р д ы ң
шығармашылық фестивалі.
Бұл мекеме, ұжым, ауылдық
округ көркемөнерпаздары
арасындағы шығармашылық
шара
болғанымен,
фестивалдің
ойдағыдай
ұйымдастырылуына тікелей
жауапты әрине мәдениет үйінің қызметкерлері. 9 сәуір күні
биылғы жылы Сакен Сейфуллиннің 125 жылдығы мен
Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына арналған «Үкілі
домбыра» халық әндері мен термешілер байқауы,
«Жәдігер» күйшілер байқауы, «Жас қанат – 2019» жас
әншілер байқауы, «Ботақан», «Балдаурен», «Жас талант» балалардың өнер байқаулары, «Жырлайды жүрек»
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден және
ақынның өлеңдерін оқудан аудандық, облыстық деңгейде
«Ханзадалар мен ханшайымдар әлемінің» 10 жылдығына
арналған «Ханзадалар мен ханшайымдар әлемі» атты балалар
Жаңаарқа ауданына - 90 жыл
Мерейлі мерекелер тоғысында
кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Жалпы қазіргі
аудандық мәдениет саласының жағдайы қалай?
-Ауданымыз бойынша қазіргі таңда 1 мәдени-сауық
орталығы, 1 «Зерде» бейнемобилі, барлығы14 ауылдық
мәдениет үйлері халыққа қызмет көрсетуде.
Мәдени – сауық орталығында екі "ҚР
Мәдениет қайраткерлері", С.Ысқақов»
атындағы халық театры, «Назқоңыр»
фольклорлы – этнографиялық халықтық
ансамблі, «Балдәурен» үлгілі бишілер ансамблі халықтық атағы бар үш ұжым, сондай-ақ
облыстық,
республикалық,
халықаралық байқаулардың лауреаттары
жұмыс атқарады. Бүгінгі таңда мәдениет
ошақтарында 65 үйірме жұмыс істейді,
оған 1059 өнерпаз қатысады.
- үстіміздегі жылы ұжымыңыздың
жеткен
жетістіктері
және
үздік
қызметкерлеріңіз жайында айтып өтсеңіз.
-Халықаралық «Ұлы дала әуені» байқауында «Алақай»
қуыршақ театры бас жүлдені иеленді, халықаралық «Жас
қанат жастар», республикалық «Жұлдыз болғың келсе» балалар байқауларына шәкірттер дайындағаны үшін жетекшісі
Айман Айтжанова марапатталды.
«Ұлы дала әуені» халықаралық фестиваль-конкурсында
«Балдәурен» үлгілі бишілер тобы бас жүлдемен марапатталды. Халықаралық би күніне арналған облыстық «Би
басталған керуен көш әлі де жалғасып жатыр. Осы фестиваль
жайында толығырақ мәлімет алу үшін мәдениет үйінің басшысы Исина Айгүл Үмбетжанқызымен әңгімелескен едік.
Сұхбатымызда
бұдан
бөлек
21-мамыр
мәдениет
қызметкерлерінің күніне орай, сала қызметкерлерінің жеткен
жетістіктері, болашаққа құрған жоспарлары жайында да айтылып өтті.
-Айгүл үмбетжанқызы, биылғы мерейлі мерекелер
тоғысы баршамызға ортақ. Қай сала болмасын жағымды
шараларын сәкен бабамыздың 125 жылдығына және
ауданымыздың 90 жылдығына арнап жатыр. Өнер адамдары ретінде бұл жолы сіздерге жүктелер міндеттің
салмағы ауыр. соның бірі мәнді де мәнерлі «сәкен туған
– Жаңаарқа" фестивалін өткізу сіздердің еншілеріңізге
бұйырған екен.
- Қоғам, мемлекет қайраткері, дауылпаз ақын, жыр сұңқары,
қазақ әдебиеті мен ұлт руханиятының жанашыры, көрнекті
мемлекет қайраткері, композитор Сәкен Сейфуллиннің 125
жылдығына және Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына
арналған «Сәкен туған – Жаңаарқа» атты ауданымыздың мекеме, ұжым, ауылдық округтерінің көркемөнерпаздары
арасындағы шығармашылық фестиваль 9 сәуір күні өз
шымылдығын ашты. Фестивальде жанр алуандығы мен жас
ерекшеліктері ескеріледі. Өнерпаздар театрландыру элементтері бар концерттік бағдарлама, ауданның тарихын, рухани
және мәдени мұрасын көрсететін тақырыптық бағыт-бағдары
әлемі» байқауына қатысып, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың
ұлттық би өнерін дамытып, шәкірт тәрбиелeу жолында
қосқан үлесі үшін жетекшісі Гүлдана Меңдібаева “Алғыс хатпен” марапатталды. Республикалық «Кубок трех богатырей»
атты би турнирінде «Балдәурен» үлгілі бишілер 12-14 жас
аралығы тобы екі биі орындап,
нәтижесінде І орын және ІІ орынды
еншіледі. Осы сайыста «Тұмар» би
тобы 8-11 жас аралығында ІІІ
орынды иеленді.
Халықаралық би күніне арналған
облыстық «Би әлемі» байқауына
қатысып, көркемөнерпаз би ансамбльдері
арасында
5-8
жас
аралығында ІІ – орын және лауреат
атағына ие болған «Тұмар» би
ұжымы марапатталады.
Биылғы жылы С.Ысқақов атындағы халық театрының режиссері Бейсенбай Оспанов Облыс әкімінің «Жылдың үздік
театр режиссері» номинациясы бойынша марапатталды.
Сондай-ақ, Жаңаарқа ауданы С.Ысқақов атындағы халық театрын Е.Төлеутайдың екі актылы «Жеңгетай» комедиясымен
Қарағанды облысының атынан Атырау өңіріндегі 26-29 сәуір
күндері өтетін республикалық Халық театрлары фестиваліне
қатысты.
бар концерттік бағдарламалар ұсынуда.
Қазіргі күнге дейін ауданның мектептері, балабақша
ұжымдары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық
саябақтар мен стадионды басқару жүйесі, аудандық өлкетану
мұражайы, орталықтандылырылған кітапхана жүйесі,
мұрағат, спорт және денешынықтыру бөлімі, аудандық аурухана, Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы, Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі фестивалге қатысты.
Барлығы 33 мекеме өздерінің туған жеріне деген ән – жыр
шашуларын арнайды.
Ауылдық округтер бір – бірімен тәжірибе алу мақсатында
алдын – ала құрылған кесте бойынша бір ауылдық округтің
концерттік бағдарламасын келесі бір ауылдық округтерде
қойылу үстінде. Концерттік бағдарламаны Ынтымақ,
Талдыбұлақ, Бидайық, Байдалы би ауылдық округтері өз
деңгейлерінде қойды.
-21 мамыр - мәдениет қызметкерлері күні аталып өтті.
Республикалық «Ұлы дала дарыны», «Фестиваль детской
песни – Астана», «Жас қанат жастар – 2018» байқауларға,
халықаралық «Гармония», «Ұлы дала әуені» байқауларына
«Эстрада вокал» номинациясы
бойынша шәкірттер
дайындағаны үшін Әйгерім Әбікеева марапатталды.
Мәдени-сауық орталығының суретші-декораторы Мақсат
Сәдуов Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы мен
С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған эмбеламаның авторы атанды. Таңба автордың 80 жылдыққа байланысты
дайындаған алғашқы таңбасының негізінде суреті салынып
барлық ауданға қолданысқа берілді.
-Аудан көлеміндегі қандай шараның болмасын сән салтанатын жарастырып, ән мен жырмен көмкеріп мәнін
кіргізетін сіздерсіздер. бекітілген мемлекеттік мерекелерден бөлек тағы қандай шаралар ұйымдастырдыңыздар?
-Мәдени – сауық орталығында балалар мен жасөспірімдер
бөлімінің меңгерушісі Айман Айтжанованың жетекшілігімен
байқаулар жоғары деңгейде өтті.
Тұңғыш Елбасының халыққа Жолдауында 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Осыған орай мәдени-сауық
орталығында жастарға арналған мәдени іс-шаралар жоспар
бойынша өткізіліп келеді. «Жастар жылы – жаңғыру жолы»
атты Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Шараға аудан
өнерпаздары, жас кәсіпкерлер, «Дипломмен ауылға»
бағдарламасының иегерлері, «Жасыл ел» сарбаздары
қатысты.
Үш рет «Арқа аруы-2019» облыстық сұлулық
байқауы өтті. Байқауға әртүрлі қала мен аудандардан
18 ару қатысып, 4 кезең бойынша бақ сынасты.
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді. Байқаудың
ұйымдастырушысы: Көркемдік жетекші - Ләззат
Жұмабекова.
Аудандық «Жас қанат – 2019» 16-29 жас
аралығындағы жас әншілердің облысқа іріктеу
байқауы өткізілді. Облыстағы «Жас қанат» байқауына
аудандық байқаудың жеңімпаздары – Бидайық ауылынан Бақберген Марғұлан мен Қызылжар ауылынан
Асылхан Алтынбеков қатысты.
Ауданымызда тұрақты түрде КТА ойындарының мүшесі
Аңсаған Тоқсанбаевтың ұйымдастыруымен «Жайдарман»,
«Жалындаған жастық шақ» ойындары өткізіледі. Сайысқа
ауылдық және аудандық әзілкештер қатысады.
Күлкі күніне арналған «Күлкі – денсаулық мүлкі» атты
жастарға арналған шоу бағдарлама ұйымдастырылды.
Мәдени-сауық орталығында Сәкен (Сәдуақас)
Сейфуллиннің 125 жылдығына, Жаңаарқа ауданының 90
жылдығына арналған облыстық «Сәкен Серілері» дәстүрлі
әншілер байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы:
әдістемелік бөлім меңгерушісі, Бүкілодақтық байқаулардың
лауреаты, дәстүрлі әнші-термеші Бижамал Нұрғалиева.
Байқауға республикаға танымал Қайрат Байбосынов, Ғалым
Мұхаммедин, Айтбек Нығызбаев, Серік Оспанов сынды өнер
майталмандары қазылық етті. Байқауға 15 қатысушы
қатысты, әр қатысушы екі кезеңде 6 әннен орындады. Әр
қатысушыға – ақшалай және бағалы сыйлықтар,
Қ.Байбосыновтың «Сыр сандық» қазақ әндерінің антологиясы кітабы берілді.
Наурыз – шілде айларының аралығында облыстық «Жыр
сұңқары» жас ақындардың мүшайрасы өтіп жатыр.
Байқаудың қорытындысы Жаңаарқа ауданының – 90 жылдық
мерейтойында жарияланады.
Мәдени – сауық орталығында әр мемлекеттік мереке
күндеріне орай салтанатты шаралар міндетті түрде
ұйымдастырылады. Барлық мемлекеттік мерекелердің
ұйымдастырушысы, директордың шығармашылық жөніндегі
орынбасары - Сәуле Әбідинова.
Жыл соңына дейін белгіленген жоспар бойынша
ауданымыздың 90 жылдығына және С.Сейфуллин 125
жылдығына арналған, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
бағдарламалық мақаласының аясында мәдени іс-шаралар,
акциялар, шоу бағдарламалар өткізіледі, мерекелік
театрландырылған қойылымдар мен концерттер қойылады.
-Еңбектеріңіз жемісті болсын! әңгімеңізге рахмет!
Газетіміз беттеліп, қатталып, баспаға дайын болған сәтінде
Атырау қаласынан сүйінші хабар жетті. Қарағанды облысының
атынан Атырау өңіріндегі республикалық Халық театрлары фестиваліне “Жеңгетай” комедиясымен қатысқан ұжым “Үздік
әйел адам бейнесін сомдағаны үшін” марапатқа ие болыпты.
Өнер қанжығасы майлана берсін дейміз өнерпаздарға!
салтанат бАЛТАбАЙҚЫзЫ
№25qxp_Жанаарка газеті 31.05.2019 15:47 Страница 4
4
сАЙЛАУШЫЛАР НАзАРЫНА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Қазақстан Республикасының
конституциялық заңының 38 бабы 2
тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы
президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау
учаскелеріндегі дауыс беру уақыты мен орнын хабарлайды:
сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.
сайлау өтетін орын: Атасу кенті, А.Оспанова көшесі 43,
бименде Амалбеков атындағы жалпы орта білім беретін
мектебінің ғимараты,№537 сайлау учаскесі, сағат 7:00 ден
20:00 дейін.
І-Ертіс орамының № 1-ші үйінен № 18-ші үйіне дейін;
Б.Күжікенов көшесінің № 1-ші үйінен № 18-ші үйіне дейін;
Жамбыл көшесінің № 1- ші үйден № 38-ші үйге дейін;
Ж.Сәдуақасов көшесінің № 1-ші үйден № 55-ші үйге дейін;
Сары Тоқа көшесінің № 1-ші үйінен № 44-ші үйіне дейін;
Ж.Дүйсенов атындағы орамының № 1-ші үйден аяғына дейін;
Ә.Оспанова көшесінің № 1-ші үйден № 41-ші үйге дейін;
Ж.Садықбеков көшесінің № 1-ші үйінен № 54-ші үйіне дейін;
А.Сейдімбек көшесінің № 1-ші үйден № 30-шы үйге дейін;
Атасу көшесінің № 1-ші үйінен № 49-шы үйіне дейін;
К.Әбжанов көшесінің № 1-ші үйден № 30-шы үйге дейін.
сайлау өтетін орын: Атасу кенті, с.сейфуллин даңғылы
13, мәдени-сауық орталығының ғимараты, №538 сайлау
учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
К.Әбжанов көшесінің № 1-ші үйінен № 7-ші үйіне дейін;
Қ.Асанов көшесінің № 1-ші үйінен № 14-ші үйіне дейін;
Жамбыл көшесінің№ 39-шы үйден № 132-ші үйге дейін;
Б.Күжікенов көшесінің № 19-шы үйден № 49-шы үйге дейін;
Ж.Сәдуақасов көшесінің № 56-шы үйден № 118а үйге дейін;
Сарысу көшесінің № 1-ші үйінен № 105-ші үйіне дейін;
Достық көшесінің № 1-ші үйінен № 92-ші үйіне дейін;
Б.Майлин көшесінің № 1-ші үйінен № 64-ші үйіне дейін.
сайлау өтетін орын:Атасу кенті, А.сейдімбек көшесі 60,
О.Жұмабеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
базасындағы Тірек мектебінің (ресурстық орталық)
ғимараты, №539 сайлау учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00
дейін.
Ә.Оспанова көшесінің № 42-ші үйден № 87-ші үйге дейін;
А.Сейдімбек көшесінің № 31-ші үйден № 123-ші үйге дейін;
К.Әбжанов көшесінің № 31-ші үйден № 154-ші үйге дейін;
Балабақсы көшесінің № 1-ші үйінен № 137-ші үйіне дейін.
сайлау өтетін орын: Атасу кенті, C.сейфуллин даңғылы
23, C.сейфуллин атындағы аудандық кітапхана
ғимараты, № 540 сайлау учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00
дейін.
Қараағаш көшесінің № 1-ші үйінен № 26-шы үйіне дейін;
Тәуелсіздік даңғылының № 1-ші үйінен № 63-ші үйіне дейін;
Н.Ахметжанов көшесінің № 1-ші үйінен № 55-ші үйіне дейін;
Ш.Уәлиханов көшесінің № 1-ші үйінен № 63-ші үйіне дейін;
С.Сейфуллин даңғылының № 1-ші үйден № 36-шы үйге
дейін; Бірлік көшесінің № 1-ші үйінен № 29-шы үйіне дейін;
Палуан Мұхаметжан көшесінің № 1-ші үйінен № 46-шы
үйіне дейін; Бейбітшілік көшесінің № 1-ші үйінен № 14-ші
үйіне дейін; В.Трутько көшесінің № 1-ші үйінен №26-шы
үйіне дейін; Пушкина көшесінің № 1-ші үйінен № 35-ші
үйіне дейін; Саябақ көшесінің № 1-ші үйінен № 43-ші үйіне
дейін.
сайлау өтетін орын: Атасу кенті, Абай көшесі 23, с.сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
ғимараты, № 541 сайлау учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00
дейін.
А.Дәулетбеков көшесінің № 1-ші үйінен № 113-ші үйіне
дейін; Ералиев көшесінің № 1-ші үйінен № 36-шы үйіне
дейін; Абай көшесінің № 1-ші үйінен № 77-ші үйіне дейін;
Байдалы би көшесінің № 1-ші үйінен № 34-ші үйіне дейін;
С.Сейфуллин даңғылының № 37-ші үйден № 92-ші үйге
дейін; А.Байбосынов көшесінің № 1-ші үйінен № 35-ші үйіне
дейін; Аралбай батыр көшесінің № 1-ші үйден аяғына дейін.
сайлау өтетін орын: Атасу кенті, Т.смайлов көшесі 39,
локомотивті депо ғимараты,№ 542 сайлау учаскесі, сағат
7:00 ден 20:00 дейін.
Т.Смайлов көшесінің № 1-ші үйінен № 39-шы үйіне дейін;
Байғозы батыр көшесінің № 1-ші үйінен № 133-ші үйіне
дейін; Н.Әбдіров көшесінің № 1-ші үйінен № 53-ші үйіне
дейін; И.Тұтқабеков көшесінің № 1-ші үйінен № 40-шы үйіне
дейін; Сарыарқа орамының № 1-ші үйінен № 14-ші үйіне
дейін; Боранбай Бекбосынов көшесінің № 1-ші үйінен № 10шы үйіне дейін; Шоң Телғозы көшесінің № 1-ші үйінен №
73-ші үйіне дейін; Нияз Батыр көшесінің № 1-ші үйінен №
84-ші үйіне дейін; Орманбаев көшесінің №1-ші үйінен №106шы үйіне дейін.
сайлау өтетін орын: Қызылжар кенті, Жеңіс 40
жылдығы атындағы көшесі 1, клуб ғимараты, № 543 сайлау учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Қызылжар кенті, №263, №280 шақырымдығы разъездері
сайлау өтетін орын: М.Жұмажанов ауылы, С.Сейфуллин
көшесі 21, Жаңаарқа жалпы орта білім беретін мектебінің
ғимараты,№ 544 сайлау учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
М.Жұмажанов, Күйгенбаз ауылдары
сайлау өтетін орын: байғұл стансасы, байғұл көшесі 6,
бастауыш мектебінің ғимараты, №545 сайлау учаскесі,
сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Байғұл станциясы, №40 шақырымдағы разъезі
сайлау өтетін орын: Ақтасты ауылы, бейбітшілік
көшесі 13, бұрынғы әкімшілік ғимараты, № 546 сайлау
учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Ақтасты елді мекені, бұрынғы №1 совхоз үйлері
сайлау өтетін орын: Ақтүбек ауылы, бәйтерек көшесі
1, ауылдық клубының ғимараты,№ 547 сайлау учаскесі,
сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Актүбек, Сарысу ауылдары
сайлау өтетін орын: Өркендеу ауылы, Мектеп көшесі 1,
бұрынғы бастауыш мектебінің ғимараты,№ 548 сайлау
учаскесі,сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Өркендеу ауылы
сайлау өтетін орын: орталығы: Манадыр стансасы,
Тың көшесі 58, № 144 негізгі орта мектебінің ғимараты,
№ 549 сайлау учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Манадыр станциясы, №152, №163 шақырымдағы разъездері
сайлау өтетін орын: Атасу стансасы, бейбітшілік
көшесі 50, №135 негізгі орта мектеп ғимараты, № 550 сайлау учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Атасу станциясы, №128 шақырымдағы разъезді
сайлау өтетін орын: Айнабұлақ ауылы, Достық көшесі
7, ауылдық клубының ғимараты, № 551 сайлау учаскесі,
сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
1 маусым 2019 жыл
Айнабұлақ, Белқараған ауылдары
сайлау өтетін орын: Ақтау ауылы,
Тәуелсіздік көшесі 1, жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты, № 552 сайлау
учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Ақтау, Қылыш, Айшырақ ауылдары
сайлау өтетін орын: бидайық ауылы, Тәуелсіздік көшесі
15, ауылдық клубының ғимараты, № 553 сайлау учаскесі,
сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Бидайық, Қарамола ауылдары, №69шақырым разъезі
сайлау өтетін орын: Ақтайлақ ауылы, Ұландар көшесі
2, негізгі орта мектебінің ғимараты, № 554 сайлау учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Ақтайлақ ауылы
сайлау өтетін орын: Атасу ауылы, Достық көшесі 1,
ауылдық клубының ғимараты,№ 555 сайлау учаскесі,
сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Атасу ауылы, №105, №117 шақырымдағы разъездері
сайлау өтетін орын: Талдыбұлақ ауылы, бейбітшілік
көшесі 39, жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты,
№ 556 сайлау учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Талдыбұлақ ауылы
сайлау өтетін орын: Ералиев ауылы, Орталық көшесі
13, ауылдық клубының ғимараты, № 557 сайлау учаскесі,
сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Ералиев, Аралтөбе, Кезең ауылдары
сайлау өтетін орын: №189 шақырымдағы разьезі, №140
негізгі орта мектебінің ғимараты, № 558 сайлау учаскесі,
сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
№201 шақырымдағы разъезі, Жомарт станциясы, №189
шақырымдағы разъезі, Ақбастау ауылы
сайлау өтетін орын: Ынталы ауылы, Төлебай сал
көшесі 1, ауылдық клубының ғимараты, № 559 сайлау
учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Ынталы, Жартас, Қараағаш орман шаруашылығы ауылдары
сайлау өтетін орын: Ынтымақ ауылы, саябақ көшесі
15, ауылдық клубының ғимараты, № 560 сайлау учаскесі,
сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Ынтымақ, Бестоған, Қызылағаш ауылдары
сайлау өтетін орын: Жаңаталап ауылы, бұрынғы бастауыш мектебінің ғимараты, № 561 сайлау учаскесі,
сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Жаңаталап аылы
сайлау өтетін орын: Алғабас ауылы, бұрынғы бастауыш мектебінің ғимараты, № 562 сайлау учаскесі, сағат
7:00 ден 20:00 дейін.
Алғабас ауылы
сайлау өтетін орын: Түгіскен ауылы, Ы.Жұмабеков
атындағы көшесі 49, ауылдық клубының ғимараты, №
563 сайлау учаскесі, сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Түгіскен ауылы, №214, 239 шақырымдағы разъездері
сайлау өтетін орын: кенжебай-самай ауылы, негізгі
орта мектебінің ғимараты, № 564 сайлау учаскесі, сағат
7:00 ден 20:00 дейін.
Кенжебай-Самай ауылы.
сайлау өтетін орын: Орынбай ауылы, Мектеп көшесі
7, ауылдық клубының ғимараты,№ 565 сайлау учаскесі,
сағат 7:00 ден 20:00 дейін.
Орынбай, Ақшағат, Бидайық-2 ауылдары
Жаңаарқа аудандық сайлау комиссиясы
Д Ү Б І РЛ І Ж А Р Ы С Ө Т К І З І Л Д І
Жаңаарқа
ауданының ардагерлер
ұйымы,
Талдыбұлақ ауылдық
округінде
мамыр
айының
25
жұлдызында ақын,
қоғам
қайраткері,
жерлесіміз
Сәкен
Сейфуллиннің 125
ж ы л д ы ғ ы н а ,
Жаңаарқа ауданына
90 жыл толуына байланысты ұлттық ат спорты аударыспақ
түрінен Қазақстан Республикасының жеңімпаздары Матай
Спатаев және марқұм Қаршыға Төлеповтың атындағы
аудандық ашық турнирді ұйымдастырып өткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Қанат Қожықаев, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ғалым Төтеев, ҚР мәдениет
қайраткері Ғалым Мұхамедин той иелерін,
спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
70 кг салмақ бойынша Шет ауданының
палуаны, аударыспақтан спорт шебері
Азамат Біләлов 1 орын, жаңаарқалық
Дәулет Құрақбай 2 орын, Шет ауданынан
келген Ақжол Советов 3 орын алды.
70 кг жоғары салмақта жаңаарқалық үш
палуан Жанбота Жүсіпов 1 орын, Бүркіт
Нұрғалиев 2 орын, Марғұлан Нұрғалиев 3
орынға ие болды. Спортшылардың
үшеуіде ұлттық спорт түрінен спорт шеберлігіне үміткер палуандар. Матай Спатаев және марқұм Қаршыға Төлеповтың
балалары, туысқандары тағайындаған жүлдені бірінші орын
алған спортшыларға 100 мың
теңгеден, 2 орын алған палуандарға
50 мың теңгеден, 3 орын алған
спортшыларға 30 мың теңгеден
ақшалай сыйлық, диплом, медальдар берілді.
Сонымен қоса, сол күні
окушылардың соңғы қоңырау мерекесіне байланысты Талдыбұлақ
ауылының бұдан 10-20 жыл бұрын
мектеп бітірген жастары тай, құнан,
аламан бәйге, көкпар жарыстарын
өткізуге демеушілік жасады. Орталарынан қаражат шығарып, жеңімпаздарға бағалы
сыйлықтар, дипломдар берді.
Жарысқа қосылған 18 тайдан 1 орынды Новостройка елді
мекенінен келген Сарсекеев Арманнның, 2 орынды Шет
ауданы Көктіңкөлі
ауылынан
Мақажанов Мараттың, 3 орынды
Еркіндік ауылының атбапкері
Қоңырбаев Сүйіндіктің тайлары алды.
Құнан жарысына 22 сәйгүлік қатынасты. 1 орынды
жаңаарқалық ЖетпісТұтқабековтің, 2 орынды Заречный
ауылынан келген “Сабиток” атты ат бапкерінің тұлпары, 3
орынды Талдыбұлақтық Темірхан Тоқбергеновтың аты алды.
Көкпар ойнына 6 команда
қатынасып,
1 орынды Батық
ауылының көкпаршылары, 2 орынды
Жаңаарқа ауданының “Жеке батыр”
командасы, 3 орынды Талдыбұлақ
ауылының көкпаршылары ие болды.
Коммерциялық тұрғыда өткен
аламан
бәйгеде
Көктіңкөлі
ауылының
атбегісі
Гуреев
Төлегеннің тұлпары 1 орынға ие
болды.
б.ҚАсЕНОВ,
ҚР «Құрметті спорт қызметкері»
№25qxp_Жанаарка газеті 31.05.2019 15:47 Страница 5
1 маусым 2019 жыл
5
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Тарихтан тағылым – өткенге тағзым
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы
сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғынсүргін құрбандарын ақтау туралы»
Қ а з а қ с т а н
Республикасының Заңы
қабылданады.
31 мамыр – саяси
қ у ғ ы н - с ү р г і н
құрбандарын еске алу
күні. Бұл күн қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін
күн. Бүгінгі ұрпақтың
борышы – осы жылдары
жазықсыз құрбан болған
азаматтардың
есімін
ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.
Осы тұста, атаулы күннің қадірін
арттырған рухани еске алу шарасы ауданымыздағы «Ашаршылық пен қуғын-сүргін
құрбандарына» арналған ескерткіш тақта алдында өрбіді. Әуелі қуғын –сүргінге ұшыраған
жазықсыз жандардың рухына құран бағышталды. Одан әрі мәдениет үйінің өнерпаздары
Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана алдында зұлмат жылдары
құрбандарды еске алу кешін өткізді. Еске алу шарасының шымылдығын түрген аудан әкімінің
орынбасары Серіков Бауыржан Қуандықұлы:
-Бүгінгі жаппай саяси репрессияның құрбаны болған адамдарды еске алу шарасы Қазақстан
тарихының трагедиялық беттерін еске түсіруге мүмкіндік береді. Біздің алдымызда тарихи
естеліктер феноменін
сақтау міндеті тұр.
Себебі, тарихи дерекке көз жүгіртсек,
қазақ даласы бойынша 100 мыңнан
астам
адам
қуғындалып, 25 мыңы
атылды. Миллионға
жуық қазақ туған
жерін тастап, босып
кетуге мәжбүр болды.
Азаттықтың
ақ
таңымен ақтаңдақ жылдардың құрбаны боп, «халық жауы» атанып кеткен арыстарды ақтау,
арашалау дәуірі басталды. Біз бүгінгі өміріміз үшін елінің бірлігі мен болашағы үшін
күрескен, тар жол, тайғақ кешкен қайсар бабаларды ешқашан ұмытпауымыз қажет, – деді.
Өткен ғасырдың қасіретті кезеңдерін енді ешқашан қайталамау үшін біз бұл жетістіктерді
бағалай білуге тиіспіз.
Мәжит пен жұбайы Әминадан (жалғасы)
Орынбек, Амангелді, Төлеген
деген ер балалар, Рымжан, София
атты қыз балалар туған.
Рымжан Мәжитқызы – биология ғылымының кандидаты.
Алматының зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітіріп, сол институттың доценті, кафедра меңгерушісі
қызметтерін атқарды. С.Сейфуллин атындағы мәдени-ағарту,
мейірімділік қорының төрайымы. 60-тан астам ғылыми
еңбектердің, екі анықтамалық монографияның, бірнеше
ғылыми-өндірістік нұсқаулық кітапшалар, оқу-әдістемелік
құралдардың авторы.
София - ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Сәкен Орынбекұлы Сейфуллин «Фуд Мастер»
компаниясының бас директоры, «Альянс Полис» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Сеймар Альянс Қаржы Корпорациясы» АҚ-ның басқарма бастығы, ҚР шахмат
федерациясының
құрметті
президенті,
Алматы
технологиялық университетінің құрметті профессоры болды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Сейфолланың Жамал дүниеден өткеннен кейін алған әйелі
Сәлимадан Сапар атты ұл туады. Сапардан тоғыз ұл-қыз бар.
Сейфолла ауылы әрдайым ойын-сауықтың, қызық-думанның
ортасы, Арқаға аты әйгілі өнерпаздардың соқпай кетпейтін
жері болған. Сейфолланың өзі де сауықшыл, домбыра мен
гармонда бірдей ойнап, ән салатын сері адам болыпты.
Сейфолланың «Қос шертпе» атты күйін Созақтың Құлтас
деген күйшісі ел аралап жүріп үйренген. Кейіннен інісі Файзолла Үрмізов дейтін күйшіге үйреткен.
Сәкен бір әңгімесінде былай дейді: «Әкем саятшы, аң
аулағыш, домбырашы, ақ жарқын жайдары адам. Шешем
әңгімені жақсы айтушы еді. Кешке жақын әкем аң аулап келгенде от басында отырып әңгімелесетін едік. Әңгімеде
аңшылық жайын айтып, оның ақырын домбыраның зарлы
күйімен бітіретін. Әкем мен шешемнің үлгісі бойынша ел
аузындағы әңгіме, қызықты ертегілерге мен де бой ұрып
қиялды жүгіртуші едім».
Сәкеннің әкесі Жаңаарқа ауданы Киров атындағы колхоздың
мүшесі Сейфолла Оспанов 1937 жылы 8 желтоқсанда ІІХК
(НКВД) үштігінің шешімімен айыпталып, ақпан айында
атылған. Онымен бірге 8 желтоқсан күні жаңаарқалық жерлестері: №4 ауылкеңестің төрағасы қайып Аязбеков, №3 ауыл
кеңестің төрағасы Көшкімбай Есембаев, Жаңаарқа ауданы
байланыс бөлімінің меңгерушісі Мәдікен Жартыбаев,
аупарткомның насихатшысы Мүрсәлім Ысқақов, Жанайдар
Сәдуақасовтың әкесі Сәдуақас Жалмақанов, ақын Өксікбай
Матышев, ТОЗ төрағасы Әлмұса Сырттанбаев, қатардағы
колхозшылар: Мәжібек Сырттанбаев, Мәнсұр Әужанов,
Жарұлла Мақанов, Молдаәкім Берғожин, Есжан Мәлтіков,
Түсіп Тоқсанбаев, Жұмаділдә Шалқарбеков,
артель
Тас қараңғы тастан
қаланған
абақтыдан таңның
нұры білінгенше
қашып шығу... Бар
мақсат сол. Қу тіршілік үшін таңға дейінгі
жанталас
деміктіріп тастады
мені. Тек өз жаның
емес,
сенің
мойныңда әкеңнің
жаны тағы бар.
Әйтеуір қазып біттім-ау, қолым қанға
малынған:- “Әке, жүр кеттік”,-дедім. “Қаусаған шалды қайда
апарасың, балам. Болашақ сенікі, бердім батамды”,- деді ол
нұры кеткен көзімен қимастан. Содан артыма қарай-қарай
қаша бердім. Қайда барам? Кімге барам? Белгісіз. Әйтеуір
қашып келемін. Бұл қашудың себебі Кеңес үкіметінің
мойынға іліп берген “халық жауы” деген жаласы. “Сағат
9:00-де атылсын!” деген үкімі тағы бар. Содан не керек
қашып келемін. Қарамоланың абақтысынан қашқаннан
Иманақтың бойымен қаша бердім. Артымда бір топ Кеңес
үкіметінің әскері, қолдарында тапанша, жандарында бір-бір
неміс иті (овчарка). Артымнан жауған оқтан қорғану үшін
шахмат жүрісі бойынша секіре жүгіріп “қашып құтылдымау” деген кезде үйретілген неміс иттерін жіберді. Тақалған
иттің аузын керіп, тастай бердім. Жаныңды шүберекке түйіп,
жаның
үшін күресу қиыннын қиыны. Сөйтіп
жаналғыштардан құтылып өр-кеудемді кернеген мұңды
шығару үшін барымды шығарып, айқайлап алдым. Жалаң
аяқ, жұтаң киім, қарыным аш. Қасыңда әлпештеген анаң,
асқар тау әкең, жанашыр бауырың болмағаны жанға батады.
Жапан далада жалғыз басың. Жүре келе алыстан бір отар
қойдың қарасы көрінді. Соңғы күшімді жиып, қойды қуа
жөнелдім. Қолыма бір тұсақтың сирағы ілініп, алып
соқтым. Қолымда не пышағым жоқ. Аузымды
қойдың құйрығына салып, жұлып алдым. Шайнап
жесем ас болмас деп, ары қарай сорып кете бардым.
Жолдағы қазақ ауылдары қашқан адам көрсе
зәрелері ұшады. Қол ұшын созған адамға “халық
жауы” деген жаланың жабылуы ләзде-ақ. Содан не
керек, Қарамоладан шыққаннан жаяу Алтай
өңірінен (Алтайский край) бірақ шықтым. Барар
жер, басар тау қалмағаннан кейін Алтайдан Ақмола
губерниясына келіп өз еркіммен берілдім. Өз еркіммен берілгеннен кейін мені ату жазасына кеспей Сахалинге жер аударып жіберді. Бұл жерге параход 7
жылда бір рет қана келеді. Сол жерде орыс қызына
үйлендім. Туған жерге тез оралу үшін бақандай 7
жыл мылқау болуға тура келді. Ас үйде отын тасу,
от жағу сияқты жұмыстарды атқардым. Орманға отынға
барғанда сөйлеп-сөйлеп алатынмын. Осылайша Сібірдің
ызғарлы мұңға батқан күндері өте берді. 7 жыл дегенде келген параходты көріп, қуанғанымнан “Аллаға мың да бір
шүкір!”,-деп айғайлап жібердім. Соны естіп қойған ақ құлақ
әйел өтірік мылқау болғанымды айтып қойып, сол параходпен 7 жылға Магаданға каторгаға айдап жіберді. Ол жақта
көрген қиыншылығым аз емес. Қиыншылық пен қатар
зорлық-зомбылыққа төзе алмайтынымызды білген 15 шақты
жігіт қашуға бел будық. Түн бата аяқ алысы саябырлап, ел
ұйқыға кеткен кезде қоңыржай ендіктің солтүстігіндегі
қылқан жапырақты қалың орманмен қаша жөнелдік.
Қолымызда не карта жоқ, дайындап алған суық қаружарағымыз бар. Жолымызда жолыққан қиыншылықтарға
төзіп, жол білмейміз бір жерде айналып жүре бергенбіз. Ит
құсқа жем болғанша деп артқа қайттық. 7 жыл өтіп туған елге
оралдым. Жеріме келіп отбасын құрдым. Бәрі бітті-ау,
Мөлдір ЕРсАЙЫНҚЫзЫ
жұмысшысы Беспек Рымбеков, теміржол жұмысшысы
Ерубай Өтебаев барлығы 18
адам өлім жазасына кесілген.
Қарлаг тұтқындарын ату жазасына кесу үкімі төмендегідей
тәртіппен орындалып жүрген. Лагердің орталығы Долинка
кентіндегі Қарлаг басқармасының ғимаратына таяу І оперчекистік бөлімнің жертөлесіне өлім жазасына кесілгендерді
қамайтын болған. Үкім шықсымен сол түнде оларды қазіргі
Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте
сақтау мұражайынан 3-4 км жердегі күні бұрын басқа
тұтқындардың қолымен қазылып, дайындалған терең ұраға
алып барып, тізерлеп отырғызып, желкесінен пистолетпен
атып, шұңқырға құлатып отырған. Әрбір шұңқырға 3
қатардан 15 өлікті көмген. Сейфолла мен оның жерлестері де
Долинка кентінің төңірегіндегі қамауда болғандарға арналған
4 қорымның бірінде жерленген болуы керек.
Біздің пікірімізше, Қарлаг тұтқындары көмілген осы
қорымдар қоршалып, естелік тақталар қойылса дұрыс болар
еді. Аталған 4 қорымның тым болмаса біреуін шартты түрде
белгілеп, шарбақ орнатса, оларды есте тұту үшін
облысымыздың әрбір әкімдігі өз ауданынан атылған саяси
тұтқындардың аты-жөндері жазылған стелалар тұрғызса
сауап болар еді. Бұл қорымдар болашақта ұрпақтары тәу етіп
барып, дұға оқып қайтатын киелі орынға айналар еді.
Ібірахым ІсЛәМҰЛЫ,
өлкетанушы
Репрессия құрбаны - сейфолла Оспанұлы
Азапты күндерді артқа тастаған
бақытты күндерім мені қарсы ал дегенімде тағы да бір
бәленін барын сезбеппін. Халықтық ішкі істер
комиссариаттың шешімімен (НКВД) "В тылу врага" деп 13
жастағы қыз баланы жұмыс істемеген үшін Красноярскқа
жер аудармақшы болып, оның НКВД-да туысы істеп, орнына
"Мына Түгелбек Магаданнан да, Сахалиннен де аман келгенде бұл оған түк те емес", - деп әйел бала-шағаммен
Красноярскқа 8 жылға жер аударып жіберді. Ол жақта 8
жыл емес, 6 жыл болып еліме оралдым.
P.S. Өткен ғасыр қазақ халқы үшін ауыр нәубет пен
қасіреттерді, «екінші ақтабан шұбырындыны» кешу
ғасыры болды. Тарих қатпарларында қаншама
жазықсыз төгілген көз жас пен аққан қан қалды. Қазақ
халқы не көрмеген дейсіз. сан ғасырда сан қиыншылық.
бүгінгі күн, ертеңгі тарих. Міне анамнан үлкен әкесі
Түгелбек Қимадиұлы туралы естіген естелігім осы. бұл
тек бір тарауы ғана десем болады. болашақта кітап жазсам деген арманым бар.
Мөлдір ҚАсЫМ
№25qxp_Жанаарка газеті 31.05.2019 15:47 Страница 6
1 маусым 2019 жыл
6
Жетістіктер азаймасын, жігерлі жас!
Аймағының атын шартарапқа әйгілеп, абыройын арттырып жатқан жастар
ауданымызда жетерлік. Олардың есімдерін атағанда әрбір жаңаарқалықтың
кеудесін қуаныш кернеп, еріксіз мақтаныш сезімі оянады.
Төлеубаев Құдайберген жас та болса спорт саласында көп жетістіктерді
бағындырған спортшы. Қараағаш ауылының киелі топырағында кіндік қаны
тамса да, білімді осы аудан басындағы В.И.Ленин атындағы (қазіргі
О.Жұмабеков) мектептен алады.
-Ең алғаш күреске атам өзі мені жетектеп алып келгені есімде. Немересінің
нағыз ер жігіт болып тәрбиеленгенін
қалаған болу керек,-дейді Құдайберген балалық шағына шегініс
жасап.
Ең алғашқы күреске деген қызығушылық бірте-бірте осылайша
Құдайбергеннің өмірінің маңызды бір бөлшегіне айналады.
Мектептің 9-сыныбын аяқтаған соң, Қарағанды қаласына оқуға
түседі. Мамандығы спорттан алшақ жатса да, жас жігіттің
көңілі спортқа ауа береді. Алдағы уақытта қызығушылығын
кәсіби мамандыққа айналдыру үшін Қарағанды мемлекеттік
университетінің дене шынықтыру бөлімінде білімін
шыңдайды.
-Басында күреске ынтам болса да, кейіннен аралас жекпе
жекке ден қойдым. Әрине, спорт жолы оңай емес. Үздіксіз, дамылсыз еңбек ету қажет. Сонда ғана нәтижесін көресің. Жетістіктер қуатыңа қуат қосып, ерекше қайрат береді, ал
жеңілістер жігеріңді шыңдап, намысыңды қайрай түседі. Бұл
жолда менің өнерімді бағалап, үнемі қолдау білдіріп жүретін
басшыларыма алғысымды білдіремін,-дейді жас спортшы өз
сөзінде. Бүгінгі күні Құдайберген Қарағанды қаласындағы жылдам қимылдайтын жасақта қызмет етеді. Аты айтып тұрғандай бұл
жерде тек сайдың тасындай іріктелген, таңдаулы ер жігіттер жұмыс
жасайды. Негізі Құдайберген еңбек жолын МАИ бөлімінде бастаған. Жас жітіттің бойындағы ерекше
қабілетін байқаған басшылық оны жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөліміне ауыстырады.
Құдайберген Қарағанды облысы аймағынан бөлек әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүр. Түйдек-түйдек
жеңістер де жетерлік. Аралас жекпе жектен (ММА) Қазақстан чемпионы, Еуропа ашық
чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның жүлдегері, "Достық" әлем кубогының жүлдегері, жекпежек сайысынан Азия чемпионы, Жоғарғы бас қолбасшы кубогының чемпионы, әскери самбодан әлем
чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанған. Бұдан бөлек Астана
қаласының 20 жылдығына арналған ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының кубогінде ерлер мен әйелдер
арасындағы жекпе жек сайысы бойынша ІІ халықаралық турнирінде 85 салмақ дәрежесінде І орын,
Қарағанды қаласында әскери самбодан өткен чемпионатта 90 кг салмақта І орын, Кеңес әскерінің Ауған
жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай өткен чемпионатта ІІ орын, кикбоксингтен Қарағанды
қаласындағы чемпионатта І орын, қазақ күресінен "Сарыарқа алыбы" атты турниріне іріктеу жарысында абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша І орын, тағы-тағы жетерлік. Бұл жетістіктер тізімін әлі де
жалғастыра беруге болады. Бірақ, ең негізгі дегендерін атап өткенді жөн көрдік. Қарағанды қаласында
әр атаулы даталарға орай ұйымдастырылатын жарыстардың барлығына дерлік Құдайберген қатысып
бақты. Бағы мен бабы қатар шапқан спортшы жігіт есесін ешқашан жіберген емес. Үнемі алдыңғы
шепте. Өзі қызмет ететін орны да Құдайбергеннің талабын бағалап, көтермелеп отырады. Реті келгенде
алғыс айтып, марапаттаулардан кенде қылған емес.
-Жалпы елімізде жастарға деген қамқорлығы ерекше. Оның үстіне биылғы жыл Елбасымыздың бастауымен "Жастар жылы" деп жарияланды. Өз шаруаңды ашып, сүйікті ісіңмен айналысамын десең
де мүмкіндік мол. Тек еңбектенсең болды. Елімізді өрге сүйрейтін де жастардың бойындағы осы
отансүйгіштік пен еңбекқорлық, жігер мен талап.
-Байрақты сайыстарда жеңіс тұғырына көтеріліп, көк Ту биікке көтерілгенде кеудемді ерекше бір
қуаныш кернейді. Өз елім, жерім үшін қосып жатқан үлесімді сезіну мен үшін үлкен бақыт,-дейді
Құдайберген өз сөзінде.
Құдайбергеннің жетістіктер қоржыны әлі де молая беруін тілейміз! Шығар шыңдар биіктей берсін,
жігерлі жас!
салтанат бАЛТАбАЙҚЫзЫ
Рухани жаңғыру
Тіл жанашыры ауданымызға келді
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық
мақаласындағы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшуді насихаттау,
латын әліпбиі және оның оқу әдістемелік талданымын түсіндіру және латын
негізді жаңа қазақ әліпбиіне көшудің кезеңдері мен жаңа әліпбиді меңгертудегі
ІТ жобаларды пайдалануды түсіндіру мақсатында аудандық мәдениет үйінде
тренинг өтті. Шараға ауданның мемлекеттік мекеме, мемлекеттік қызмет
көрсететін ұйымдар мен кәсіпорын басшылары мен мамандары, білім беру
саласының қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, аудан тұрғындарына жаңа
әліпбиге қатысты жан-жақты мағлұмат беруге келген «Үш байлық» қоғамдық
бірлестігінің бас директоры, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық
ғылыми-практикалық орталығы бас директорының кеңесшісі, қоғам қайраткері
Оразкүл Асанғазы, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма
жанындағы Ресурстық тіл орталығының директоры Гүлнәз Серікқызы
Мұстағұлова, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің әдіскері Айшат
Уәлиолдақызы Ғаббасова арнайы ауданымызға ат басын тіреді.
Семинар – тренингті тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы ашып жүргізіп отырды.
Сөз басын рухты, жалынды
ұранмен бастаған Оразкүл Асанғазықызы
жиналғандарға тіл қасиетін ұғындыру мақсатында өзінің жүрегінен шыққан
жалынды идеялар мен терең ойларды ортаға салды.
Сонымен қатар, Гүлнәз Серікқызы «Латын негізді әліпбиді меңгерейік»
тақырыбында тренинг жүргізді, латын әліпбиінің мақұлданған емлесімен таныстырып, семинарға қатысушылармен тікелей жұмыс жасады. Ойын түрінде
өрбіген тренингтің халыққа берері мол болды.
Оразкүл апайдың ұлтқа деген сүйіспеншілігі көпке үлгі болды. «Кез келген
ұлттың рухы мықты болса, тілі де мықты болады. Тіл деген - ұлттың жаны,
рухы. Ұлттық қасиет ұлттың тілінде сақталады. Ең бай тіл бірінші - араб тілі,
екінші – ағылшын тілі болса, үшінші – қазақ тілі. Қазақ тілі әрі мемлекеттік,
әрі анаңның тілі. Рухым жаңдансын десең, алатын биік мақсатқа жетемін десең
барлық іс-тірлігімізді мемлекеттік тілде жасау керекпіз» - деп айтып өтті.
Кездесу барысында сондай-ақ, ұлтын ұлықтаған азамат жастарды өз елінжерін сүюге, мемлекеттік тілде әрқашан сөйлеуге шақырды.
Әрбір жасқа рух беріп, отбасының маңыздылығын жастарға ұғындырған бұл
кездесу талайға рухани байлық сыйлағаны анық. Оны тапжылмай ұйып тыңдап
отырған жұрттардан-ақ, байқауға болады.
Осындай нағыз қазақ үшін еңбек етіп келе жаткан азаматтарымызбен
азаматшаларымыздың насихатын естіп, жалынды кездесулерден нәр алу - рухани жаңғыру барысында ұрпақтан ұрпаққа берер аманат екендігі сөзсіз.
Рахат ӨМІРбЕкҚЫзЫ
сәйгүліктер бапкері - Жолдыбай кенжеғұлов
Ат бәйгесі- талмай
шабатын
жүйрік
аттардың аламаны.
Тұлпар
өсіріп,
мәпелей
білген
еліміздің
атақты
жылқы өсірушілері
мен ат бапкерлерінің
еңбектері елімізде өте
жоғары бағаланады.
Жүйрік ат дайындайтын атбегілер, шабандоздар тұлпармен шабудың асқан өнерін
көрсетеді.
Егемендік алғаннан бастап, тарихымыздың ақтандақтарын
қалпына келтірудің бір көрінісі ата-баба аруағына ас беру,
көрнекті тұлғалардың мүшел тойларын өткізу.
Сондай тұлғалардың бірі, Жаңаарқа елінің тумасы, Қазақстан
Республикасының ұлттық спортының ардагері, «Алтын
тұлпар» атты республикалық турнир аясында өткен «Ат сыншылары» байқауында “Күреңбай сыншы” атындағы жүлде
иесі, ат бапкері Кенжеғұлов Жолдыбай ағамыз. Ақсақал биыл
80 жасқа толып отыр.
Жолдекеңнің атын шығарған, тойларда бәйгенің алдын бермейтін Түгіскеннің Жиделі торысы. Өз заманында бұл тұлпар
бәйгенің алдын берген емес.
Жылда өтетін облыстық, аудандық спартакиадаларда, ат
бәйгесі болған тойларда Жолдыбай ағайдың бәйгеге
дайындаған тұлпарларын жарысқа қосып жүрдік. Жүйрік аттарды баптау, күту, жарысқа дайындау жөнінде пікірлесіп
тұрдық. Бәйге аттарды баптау оңай жұмыс емес, әр кімнің
қолынан келе бермейтін іс. Ат ұстап, жылқының қыр-сырын
білмеген, күнделікті атқа мініп, тақымын шынықтырып,
қажырлық
танытпаған
тұлға бәйге дайындай алмайды.
Бапкер адам өзінің еңбегін
зая кетірмей, уақытты
босқа өткізбеу үшін, баптап
жүрген атының келешегіне
үміт күттіретіндей көңілді
күйде болуы керек. Ол
үшін аттың ата-тегін,
құлынның шыққан тегін
зерттеп,
селекциялық
жұмыстармен айналысқаны
абзал.
Бәйге ат болатын
жылқының өзіне тән дене
бітімінде, тұлғасында, бас сүйегінен бастап тұяғына дейін
ерекшеліктері болады- деп Жолдекең ақсақал өзінің көп жыл
бойы жинақтаған тәжірибесін еліміздің ұлттық ат спортын
дамытуға ыңғайын беріп жүрген жастарға айтып отырады.
Бірде Жолдекең автокөлікпен Қарағанды қаласына
бармақшы болып жолға шығады. Жолдағы бір ауылдың
маңайында мал бағып жүрген бала, астындағы атымен
Жолдекеңнің көлігімен қатарласып шабады. Ақсақал атқа
мән беріп, ерекше көңіл бөліп, рөлдегі баласына: “Мына
жылқының шабысы бөлек екен, дене тұлғасы да келісті
жылдамдығын байқайық”,- дейді. Сол ат өзіне ұнап, қаладағы
шаруаларын бітіргеннен кейін қайтып келіп, саудаласып,
бағасына келісіп атты сатып алады. Ат бапкерінің қолына
түскен ат кейін тұлпар болып, тойларды жүлделі орындарға
ие болды. Жарыста ат үстіндегі шабандоздың да атқаратын
қызметінің жауапты екені белгілі. Бәйге аттарын жас балаша
мәпелеп, күтіп, жарыстарға дайындап,
қатынастырып, еңбек нәтижелерін
көріп жұрген Жолдекеңнің шәкірттері,
ат бапкерлері аз емес. Атбегі,
Жолдекеңнің
нағашысы
Қожахметов
Қинаштың
«Көкбастау» атты тұлпары «Дария» стансасының 80
жылдығында тігілген бас бәйгені, Қарқаралыда Қазақ батыры, ұшқыш Тоқтар Әубәкіровтің тойында тігілген бас
бәйге жеңіп, жеңіл автокөлікті ұтты. Астана қаласында
өткен 41 шақырымдық «Алтын тұлпар» ат жарысында
бәйгеге қатынасқан 85 аттың ішінде «Бақторы» атты
Жолдекеңнің аттарының тумасы мәре сызығынан екінші
өтіп, жүлделі екінші орынға ие болды.
Түгіскен ауылының ат бапкерлері Талғат Әбдікәрімов,
Ғалымжан Бекетовтың сәйгүліктері, Талдыбұлақ ауылынан
Әмен Сыпатаев, Темірхан Тоқбергенов, Елубай
Тұтқабековтың,
Бидайықтан
Манат Аманжанов,
Нұрсұлтан Құлмановтың, Атасу кентінен Қаржаубай Абзалов, Амангелді Ержанов, Әтән Ахметовтың тағы басқа ат
бегілердің тұлпарлары жарыстарда жүлделі орындарға ие
болып, аудан намысын қорғап жүр.
Ауданның тоғыз спортшысы ұлттық спорт түрлерінен спорт
шеберлігіне үміткер нормативін орындады.Жолдыбай ағамыз
көпті көрген, мол тәжірибе жинақтаған, көргенін, естігенін
ұмытпайтын ел ішінде сыйлы, беделді тұлға. Ақын, қоғам
қайраткері, жерлесіміз С.Сейфуллиннің 125 жылдығына,
Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына және өзінің 80
жылдығына орай 2019 жылдың маусым айының 15
жұлдызында сағат 15-00 те Атасу кентіндегі Қарауылтөбе
ұлттық спорт алаңында аламан бәйгеден жарыс өткізеді.
7 орынға бәйге беріледі. Бас бәйге - автокөлік.
Жолдыбай ағамыздың мерейтойы құтты болсын. Деніне
саулық, отбасына амандық тілейміз.
бейбіт ҚАсЕНОВ,
ҚР «Құрметті спорт қызметкері»
№25qxp_Жанаарка газеті 31.05.2019 15:47 Страница 7
1 маусым 2019 жыл
ЕСКЕ АЛу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, шаңырағымыздың
ұйытқысы, ардақты анамыз, асыл әже АсҚАРОВА
кАпИзАНЫң арамыздан алыстағанына жыл болды.
Балаларына аналық мейірімін төгіп, бар жақсылығын
аямаған анамыздың орны пейіште болып, жатқан жері
нұрға толсын деп тілейміз.
Жаны жайсаң жан едің,
Отбасымыздың сәні едің.
Сағындық қой жан-ана,
Өмірдің мәні сен едің.
Жұмақта мекен еткейсің,
Пейіш төріне жеткейсің.
Өмірден мәңгі кеткенмен,
Көңілден мүлде кетпейсің.
сағына еске алушылар: балалары, немерелері.
6 маусым күні сағат 13.00-де “Сұлтан» мейрамханасында анамыздың өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСКЕ АЛу
Өмір-өзен адам тағдырын уақыт өзі бір арнаға салып, пешенеге жазылуына қарай жүргізілетіні табиғат заңдылығы.
Түгіскен ауылының тумасы, жайдарлы мінезімен жанымызды баурап, әулетіміздің жанашыры, балалары мен
туған-туысқа қамқоршы бола білген ардақты ұлымыз
сАЛЫҚОВ бАУЫРЖАН АЙТбАЙҰЛЫНЫң дүниеден
өткеніне жыл толып отыр.
Ардақты жанды қара жерге қимасақ та, тағдырдың
жазғанына бағынбасқа лаж жоқ. Бүгінгі күні асыл азаматымызды сағынышпен еске алып, жатқан жері жайлы,
топырағы торқа болсын дейміз.
Жылжып міне, қыс та өтті ызғарлы,
Жаз да келді жүрегімізде мұз қалды.
Сағынамыз, сарғаямыз жүреміз,
Басқа салса, көнерміз не етерміз.
Еске алсақ жас келеді жанарларға,
Тағдырдың салғанына амал бар ма?
Жүректерде мәңгі бейнең сақталады,
Жұмақтан мекен берсін саған Алла!
сағынып еске алушылар: анасы - Қаратай, жұбайы - Ғайша, бауырлары: бануРахметолла, бақытгүл-серік, Айнагүл-Қынап, Ерболат-Жадыра, Ербол-Маржан,
Еркебұлан, Ерасыл, Нұрасыл, балалары: Нұргүл-Дәурен, Темірлан.
Марқұмның дүниеден өткеніне 1 жыл толуына орай 6-маусым сағат 13:00-де
"Жәйрем" тойханасында ас беріліп, құран бағышталады
Алғыс айтамын
Өлім мен өмір қатар жүретіні ақиқат. Әулетіміздің ұйытқысы, арқа сүйер асылымыз, жан
анамыз Хасенова Зылиша мәңгілікке көз жұмып, отбасымызбен қабырғамыз қайысты.
Осындай қиын сәттерде демеу болып, қолдан келген көмегін аямайтын азаматтардың
арқасында қайғы бұлты сейілгендей болатыны шындық.
Осы орайда, аудан әкімшілігі мен аудандық мәслихат ұжымдарына, ардагерлер кеңесіне,
мекеме басшылары мен қызметкерлеріне, ағайын-туысқа үлкен алғысымды білдіремін!
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, бірлігіміз бен жанашырлығымыз арта берсін.
бейбіт ҚАсЕНОВ,
еңбек ардагері
считать недействительным
В связи с утерей кассовой машинки марки Миника 1102Ф, заводской номер 1422893,номер
паспорта 1422893 2005 года выпуска считать недействительным
***
***
***
***
***
***
В связи с утерей кассовой машинки марки ПОРТ-50 ФKZ (версия В.18.41), заводской номер
010000017756,номер паспорта 010000017756, 2013 года выпуска на имя Альжанова
Қуаныша Атымтаевича считать недействительным
Ш.Уәлиханов көшесі №43 үй 2 пәтердің иесі Құралай Асанованың атына 2007 жылы берілген №5159, 5161 легализация шешімдері жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
Вниманию населения!
Согласно о проводимой работе по приему в гражданство в упрощенном порядке этнических казахов с просроченным статусом «оралман», таких всего 6 зарегитрированных иностранных граждан других государств постоянно проживающих на территории
Жанааркинского района все из них оповещены также дано объявление в местную газету о
данной проводимой работе по области, о том что в соответствии с поручением Главы Государства от 16.03.2019года, этническим казахам продлен статус «оралман» до 31.12.2019года
независимо от сроков истечения, по Карагандинской области для обращения получения статус оралман обращятся в ГУ «Управление координации занятости и социальных программ
Карагандинской области по адресу г.Караганда ул. Ерубаева дом 47/3».
Г.АхМЕДЖАНОВ,
заместитель начальника Оп Жанааркинского района, подполковник полиции
сЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
«ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы» ММ-нің мемлекеттік
қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы заңдылықтарын бұзған фактілері жайын хабарлау үшін 2-75-02 сенім телефоны
жұмыс істейді.
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекция мемлекеттік мекемесі
7
ЕСКЕ АЛу
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, аяулы да ардақты анамыз,
сүйікті де мейірімді әжеміз болған ЖАМАНТАЙ
ҚУАНЫШбЕкҚЫзЫНЫң өмірден өткеніне 8 маусым
күні 1 жыл толады.
Анамыз тіршілігінде қайсар да қайырымды, ізгілік пен
мейірімге толы жан дүниесімен баурап алатын ерекше жан
еді. Үлкенді сыйлайтын, кішіні білгеніне үйретуден
жалықпайтын айрықша жаралған тұлғасы мәңгі есімізде.
Анамызды сағына еске ала отырып, ақылшы анамызға
жатқан жері мамық, жаны жәннатта болсын деп Алладан
тілейміз.
Асыл едің, ардақты едің, жан ана,
Еске аламыз сағынышпен сені, ана.
Бізге деген адал ниет жүрегің,
Сақталады мәңгі бақи есімізде.
Ұрпағыңмен жалғасар өмір жырың,
Жадымызда жатталар өсиет, сырың.
Бақилықта бір Алла қамқор болып,
Өзіңе сыйласын пейіш нұрын.
сағына еске алушылар: балалары- бақыт, бақытжан-Ләззат, Жұмағали-Шолпан,
біржан-бағлан, Инеш, Арман, Алдаберген-Айман, сабыржан-Назгүл, АманжанМейрамкүл, Маржан, немерелері, жиендері,шөберелері
8 маусым күні сағат 13.00-де “Жаңаарқа” мейрамханасында сағат 13.00-де аяулы
анамыздың өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран
бағышталады
ЕСКЕ АЛу
Жаңаарқа ауданының тумасы, адал жар, аяулы ана,
сүйікті
әже
зЕЙНУЛЛИНА
РЫсбАЛА
кӨкІҚЫзЫНЫң мәңгілік сапарға аттанғанына 9 маусым күні 40 күн толады.
Анамыз мейірімге толы жүрегінен бізге жылу шашып,
ағайын туысқа сыйлы бола білді.
Анамыздың жатқан жері жарық, топырағы мамық, жаны
жәннатта болғай деп дұға тілейміз.
Жан ана ұл-қызының тірегі едің,
Тірі болсан жарқырап жүрер едің.
Болмасаңда бүгін біздің арамызда,
Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.
Жадырағаң қалпыңмен есте қалдың,
Ардақтысы едің ғой туыс пен жардың.
Жарқын бейнең өшпейді ешқашанда,
Жадында жаңғырады туғандардың.
сағына еске алушылар: жолдасы-Амангелді, балалары - әсел, Марат-Дәмелі,
Мұрат-әсем, немерелері Қуаныш, Асылбек, Ақбота, Ділназ, Ақерке, Рахман, Айбатыр
9 маусым күні сағат 13.00-де “Сұлтан” мейрамханасында анамыздың өмірден
өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
АДАМ. ҚОҒАМ. зАң
АЛИМЕНТТІ ӨНДІРІп АЛУ ТәРТІбІ
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 139 бабының талабына сай, алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға
олардың ата-аналарынан алиментті мынадай мөлшерде; бір балаға- ата-анасының
табысының және өзге де кірісінің –төрттен бір бөлігін, екі балаға-үштен бір бөлігін; үш не
одан көп балаға –тең жартысын өндіріп алады. Бұл үлестердің мөлшерін тараптардың
материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды
ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.
Егер алимент өндіру туралы келісім болмаған кезде алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе,
сот кез келген тараптың талап етуі бойынша белгіленген алимент мөлшерін өзгертуге немесе
алимент төлеуге міндетті адамды оны төлеуден босатуға құқылы.
Алимент мөлшері өзгертілген немесе оны төлеуден босатылған кезде сот тараптардың
назар аударарлық өзге де мүддесін ескеруге құқылы.
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының
мәртебесі туралы» Заңының 95 бабының тараптарына сай, бір немесе бірнеше атқарушылық
құжаттар бойынша борышкердің жалақысынан немесе өзге де табыс түрлерінен өндіріліп
алынған жағдайда, борышкер жалақысының немесе өзге де табысының кемінде елу пайызы
сақталуға тиіс.
Сот орындаушысы борышкердiң жалақысынан және басқа да табыстарынан ақшаның
дұрыс және уақтылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндiрiп алушыға уақытында
жiберiлуiне бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға мiндеттi.
Алимент төлеуші борышкер жұмыссыз немесе оның жалақысын және өзге де табысын
растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу
кезiнде Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшерiн негізге ала отырып
айқындалады.
Борышкер алимент төлемдерін 3 айдан астам уақыт төлемеген кезде сот орындаушысы
берешекті анықтау туралы қаулы шығарып, заңға сәйкес өндіріп алуға болмайтын мүліктен
басқа борышкердің мүлкін, оның ішінде бірлескен мүліктегі оның үлесін өндіріп алу шараларын қабылдайды, сонымен қатар борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуға
уақытша шектеу қою туралы қаулыны сотқа санкциялауға жібереді, борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың
қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді.
Сонымен қатар борышкерге қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту
мәселелері қарастырылады.
Ғ.ОМАРОВ,
бөлім басшысы, аға сот орындаушы
№25qxp_Жанаарка газеті 31.05.2019 15:47 Страница 8
Тұрғындар назарына!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919
қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті
дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» ІІ бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» үшін шағын несие аламын деуші азаматтар үшін
төмендегі шарттар ұсынылуда:
−Микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін;
−Микрокредиттің ең жоғарғы сомасы – 8000АЕК, яғни 18 млн теңгеге дейін;
−Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%дан артық емес;
−Кредит берушінің шешімі бойынша қарыз алушыға негізгі берешегі мен
сыйақысын өтеу бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен
артық емес кезеңге жеңілдік ұсынылады;
−Қатысушының микрокредит алуы үшін міндетті салық заңнамасына сәйкес
оның салық органдарына тіркелуі болып табылады;
−Микрокредиттердің мерзімі мен сомасы микроқаржы ұйымы мен «Ауыл
шаруашылығының қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның кредиттік өнімдерімен бекітілетін бағдарламаға қатысушылардың қызмет бағыттарына сәйкес анықталады.
Қосымша ақпарттар үшін мына мекен-жайға хабарласуларыңызды
сұраймыз: Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 5, «халықты жұмыспен қамту
орталығы», тел:8(710-30)2-80-40, 2-68-64.
Эл.мекен-жай: janaarka_centr@mail.ru
Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы
2019 жылғы 24 мамырында «Жаңаарқа аудандық
мәслихатының 2019 жылғы 4-сәуіріндегі XI
сессиясының №40/284 шешіміне» сәйкес
құрылған қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Отырысты Жаңаарқа ауданының қоғамдық
кеңесінің төрағасы Арыстанғали Кенжеболат
Әкімұлы ашып, қоғамдық кеңес мүшелерімен
«Жаңаарқа ауданды қоғамдық кеңесінде құрылған
комиссия, комиссия төрағасы және оның
мүшелерін бекіту», «Қоғамдық кеңестің жылдық
жоспарын қарау, талдау, бекітуге ұсыну»,
«Қоғамдық кеңестің мүшелігінен шығу, кіру
тәртібі», «Әкімдіктен және мемлекеттік органдардан келіп түскен құжаттарға тиімді және
уақытылы сын-пікір, қорытынды, анықтама беру,
сараптама жасау» мәселері талқыланды.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша қоғамдық
кеңес мүшелері өз ой-пікірлерімен бөлісіп, шешімдер қабылданды. Жылдық жоспар бекітілді,
комиссия құрамдарына өзгерістер еңгізіліп,
төрағалары қайра тағайындалды.
Атап айтсақ, аудандық қоғамдық кеңесінің бюджет және әлеуметтік мәселелері жөніндегі
комиссиясының төрағасы болып - Өмірзақ
Боқанов; аудандық қоғамдық кеңесінің қоғамдық
бақылау жөніндегі комиссиясының төрағасы
болып - Қылыш Халилин; ауданының қоғамдық
кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
және құқық қорғау мәселелері жөніндегі
комиссиясының төрайымы болып - Зәмзәгүл Такауиева тағайындалды.
Құрылған комиссия өзіне қарасты аудан
тұрғындары мен мекемелер тарапынан түсетін
хаттар, арыз–шағымдар мен ұсыныстарды
Жаңаарқа ауданы Тәуелсіздік көшесі 2 мекенжайы бойынша сағат 10.00-нан 13.00-ге дейін
және 15.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықта
қабылдайды. Байланыс телефоны: 8-71030-5-0164, 8 747 626 74 95.
с.ШАЙДАРОВА,
қоғамдық кеңес хатшысы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 14
бабының 2 тармағында
«Ешкім де тегіне,
әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни
көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайларға байланысты кемсітуге болмайды» деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік
стратегиясы ер азаматтар мен әйел адамдардың
билік құрылымдарындағы қызметті тең басқаруға,
экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді
қамтамасыз етуге, бизнесті дамытуға, қызмет бабында көтерілуге және отбасында құқықтар мен
міндеттерді бірдей жүзеге асыруға бағытталған.
Қазақстанның 2030 жылға дейін даму
стратегиясының, Қазақстандағы әйелдердің
жағдайын жақсарту бойынша ұлттық әрекеттер
жоспарының, әйелдерге қатысты кемсітудің бүкіл
түрлерін жою туралы БҰҰ Конвенциясының және
басқа
да
құжаттардың
негізінде
әзірленген,
әйелдерді
зорлықзомбылықтан қорғау сұрақтарына ерекше
назар бөлініп келеді. Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер
мен ерлердiң билiк құрылымдарында
теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу,
Мы приглашаем в команду АКФ профессионалов, которые разделяют наши ценности, готовых учиться и приобретать новые навыки, помогать жителям нашей страны
стать более состоятельными, успешными и счастливыми.
экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең
мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында
құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн
жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша
зорлықтан еркiн болу жатқызылады. Гендерлік
теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге
саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайырлы және
құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан
әйелдерінің үлесіне баға жетпейді, себебі,
балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік
әйелдердің мойнында. Сонымен қатар олар
өмірлік маңызды салаларды еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін
қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы
туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан
жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандықбұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.
Демек, Қазақстан Республикасының гендерлік
саясатын жүзеге асыру үшін қоғамдың өмірдің
барлық саласында ерлер мен әйелдердің теңдігін
көздейтін қоғамдық сана қалыптастыру қажет.
к.АЛпЫсОВА,
Жаңаарқа аудандық сотының бас маманы
к вниманию населения!
По программе развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 – 2021 годы утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года №919 для желающих получить
микрокредиты предоставляются следующие условия по ІІ направлению «Развитие массового предпринимательства»:
−Срок микрокредита – до 5 лет;
−Срок микрокредита для проектов в сфере животноводства и создания сельскохозяйственных кооперативов – до 7 лет;
−Максимальная сумма микрокредита – до 8000 МРП, то есть до 18млн тенге;
−Годовая эффективная ставка вознограждения по микрокредиту – не более 6%
годовых;
−По решению кредитора заемщику предоставляется льготный период по погашению основного долга и вознаграждения не более одной трети продолжительности срока микрокредитования;
−Обязательным условием для получения микрокредита участником является его
регистрация в налоговых органах в соответствии с налоговым законодательством;
−Сроки и суммы микрокредитов определяется в соответствии с направлением
деятельности участники Программы кредитными продуктами, утверждаемыми
организацией микрокредитовании и АО «Фонд финансовой поддержки сельского
хозяйства».
Для дополнительной информации просим обратиться по адрессу: поселек
Атасу, пр. Тәуелсіздік 5, «Центр занятости населения» тел.: 8(710-30)2-80-40,
2-68-64. Эл.адрес: janaarka_centr@mail.ru
Динамично развивающейся
«Микрофинансовой организации «Азиатский
кредитный Фонд» требуются сотрудники!
став частью коллектива Азиатского
кредитного Фонда, вы сможете
получить:
Профессиональное общение
Обучение и развитие навыков
Возможности для самореализации
Признание ваших достижений
Создание успешной карьеры
Участие в полезных проектах.
Кассир
Интересную и разнообразную работу
Справедливую оплату труда
Открыта вакансия
кРЕДИТЫ НА РЕМОНТ И сТРОИТЕЛЬсТВО
От Азиатского кредитного Фонда
бЫсТРО, УДОбНО, бЕз кОМИссИЙ
до 20 000 000 тенге
До 60 месяцев
Мы ждем вас! Наш адрес: п.Атасу,
ул.Абая, 19, Контактный телефон:
8(71030) 2-71-94,
+7 771 266-57-00 (Нурсултан)
+7 771 747-06-85 (Акмарал),
+7 771 790-62-29 (Ардак)
Уважаемые жители Жанааркинского района!
АзИАТскИЙ кРЕДИТНЫЙ ФОНД предлагает
бЕззАЛОГОВЫЕ И зАЛОГОВЫЕ кРЕДИТЫ
Требования:
•Средне-специальное/высшее образование
•Опыт работы в должности кассира не менее 1-го года (желательно)
•Знание 1С бухгалтерии (желательно)
•Знание кассовой дисциплины
•Отличное знание ПК, казахского и русского языков
•Умение работать в команде
•Честность, аккуратность, инициативность и трудолюбие
Гендерлік саясат- қоғамдық
өмірдің теңдігі
•Групповой кредит (группа от 3 до 10 человек)
Место работы:
Место работы: карагандинская область, Жанааркинский район, п. Атасу.
Вы можете прислать или принести свое резюме по адресу: п. Атасу, ул. Абая 19, ориентир: на против сш им:С.Сейфуллина. телефон/факс: 8 (71030) 2 71 94. cот: +7 771 266 57
00 или в головной офис: г. Алматы ул. Ауезова 60, офис 10. Тел/факс: 8 (727) 250 61 90. Email: hr@acfund.kz. Наш сайт: www.asiancreditfund.com
после обращения в офис АкФ по поводу работы, позвоните, пожалуйста, по нашей
горячей линии 5061 (бесплатно с мобильного телефона) и сообщите, что вы отправили свое резюме. Мы обязательно свяжемся и с вами!
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШс басшысы - бас редактор
ЕРАЛИНА сАЛТАНАТ АМАНҚЫзЫ
МЕНШІк ИЕсІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШс
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИк KZ276017171000000078, бИН 010340002761, бИк HSBKкZKX, кбЕ 16,
РНН 240400001948, АО “Народный банк казахстана”
до 1 000 000 тенге на каждого участника
•Индивидуальный беззалоговый кредит – до 1
000 000 тенге
•Залоговый кредит – до 20 000 000 тенге
Преимущества кредитов АКФ:
•Отсутствие комиссионного сбора
•Быстрое рассмотрение!
•Снижение процентной ставки
•Индивидуальный (гибкий) график погашения
Наш адрес: п.Атасу, ул.Абая, 19. контактные телефоны: тел. 8 (710-30) 2-71-94
Нурсултан + 7 771 266 57 00, Акмарал + 7 771 747 06 85
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1908 дана
Тапсырыс №25
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
13
Размер файла
6 216 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа