close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Д.А. Қонаевтың мемлекеттік қызметі кезіндегі республиканың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі жетістіктері

код для вставкиСкачать
Мадалимова Л. Д.А. Қонаевтың мемлекеттік қызметі кезіндегі республиканың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі жетістіктері // Жалпы тарих және құқықтану мектепте, колледжде және ЖОО-да. - 2011. - № 4. - 30 - 32 б.
Д.А. Қонаевтың мемлекеттік
қызметі кезіндегі республиканың
әлеуметтік-экономикалық және
мәдеии өміріндегі жетістіктері
Л. МАДАЛИМОВА
«Сымбат» дизайн технология
академиясының оқытушысы
XX
ғасырдың
60-80-ші
жылдар
аралығында
Қазақстанның
әлеуметтікэкономикалық жағдайы толығымен өзгерді.
Д.А.Қонаев өте сауатты басшы бола
білді. Кез-келген мәселені шешуге
батылдық пен көрегендік танытты. Соғысқа
дейін экономика өзінің жаңа қадамын
бастады, сосын соғыс, ал соғыстан кейін
барлық ресурстар КСРО-ның Батыс және
Солтүстік-Батыс
бөлігіндегі
қираған
қалалар мен өнеркәсіп орындарын қалпына
келтіруге жұмсалды.
Қазақстан
мен
Орта
Азия
республикалары сол қалпында қала берді.
60-80
жылдар
аралығындағы
Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық
дамуы деңгейіне мына дәлелдер куә. Осы
кезеңдер ішінде республиканың ауыр
өнеркәсібі саласындағы ірі өнеркәсіп
орындары
жедел
қарқынмен
өсті:
Қарағанды — Теміртау, Павлодар —
Екібастұз, Жамбыл — Қаратау, Шымкент
— Кентау көмір кешендері құрылды.
Қазақстан елімізге орасан зор мөлшерде
болат, шойын, мыс, вольфрам, марганец,
молибден, корғасын, мырыш, алтын, т.б.
қазба байлықтарын тапсырды.
Қазақстанның үлесіне 69 пайыз мыс
қорыту, 70 пайыз қорғасын, 90 пайыз
марганец, 87 пайыз жәй фосфор өндіру
тиді. Көмір қазу 220 млн. тоннаға жетті.
Электр қуаты 78 млрд. киловатт-сағатқа
өсті. Екібастұздан Орталыққа жоғарғы
кернеулі электр жүйесі тартылды. Ауыр
өндірістін шапшаң қарқынымен бірге
жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамытуды
жеделдету мүмкіндігі туды.
Барлық аудан орталықары мен шеткі
шалғай ауыл-село мекендері. көптеген
ауыл
шаруашылығы
кәсіпорындары
автомобиль жолдарымен ұштастырылды.
Астық өнімі 29-30 млн. тоннаға, қой саны
35 млн-ға, жылқы 1 млн. 100 мынға, ірі
қара 7 млн-ға жеткізілді. Тың жерлер
астық, ет, сүт өндірісінің орталығына
айналды. Басқа облыстар да олардан
қалып қойған жоқ. Мәселен: Шымкент
облысының бір өзі ауыл шаруашылығының
14 түрінен өнім өндірді.
Жаңа қалалар бой көтеріп, көшелер
асфальтталып, ауыл-село көріктендіріліп,
сәнді де салтанатты мәдениет сарайлары,
оқу орындары салынып, ғылым, денсаулық
сақтау мекемелері жана техникалық
жабдықтармен жарақталды.
Елдің индустриалды-аграрлық дамуы,
жоғары технологияларды менгеру —
ғылым-білімнің алға басуымен тікелей
байланысты
болды.
Сондықтан
да,
Д.А.Қонаев ең бірінші Қазақстан Ғылым
Академиясының дамуына үлкен көңіл
бөліп, үнемі қадағалап отырды.
Мәскеулік
Ғылым
академиясының
бөлімшесі болып қалмай, қазақ ғылымының
көкжиегін кеңейтетін, әлемдік кеңістікке
шығаратын өзіндік қайнар болуын назарда
ұстады. Жәй ғана атаққа ие емес, шынайы
академик
болған
Д.А.Қонаев
қызметшілердің біріне былай деген екен:
«Ғылым Академиясын аяқтамадық. Алматыда
ғалымдар
үйін
салуды
аса
ыждаһаттылықпен ойластыру керек», —
деген. Бұл 70-ші жылдардың ортасы, бәрі
Мәскеудің рұқсатымен шешілетін, қаржы
тек Орталықтан бөлінетін қиын уақыт еді.
Қаржы бөлінуді айтпағанда, вагондап
арттырып жатқан мол металдың бірер
тоннасын
республиканың
қажетіне
Орталықтан сұрап алу қияметтің қиыны еді.
Димаш
Ахметұлының
қолдау
көрсетуімен
Алматыда
гуманитарлық
мәдени-ғылыми мақсаттағы объектілер
тұрғызылды. Республика бойынша бой
көтерген өндіріс орындары, өнеркәсіптік
объектілер
қаншама!
Сол
кезде
Д.А.Қонаев
территориялык-өндірістік
кешендер
құру
теориясын
негіздеп.
дамытты.
Ол
ойластырған
мүндай
кешендердің ең алғашқысы — Ертіс
бойындағы орасан энергетика жүйесі
Павлодар-Екібастұз
кешені.
Бұрынғы
Кеңестер Одағынла ол кезде бар болғаны
екі-Кузнецк (Сібір) және Донецк (Украина)
көмір бассейіні болған. Д.А.Қонаевтың
негіздеуімен, басшылығымен Қазақстанда
ірі энергетикалык көмір қоры бар
Екібастұз
және
Қарағанды
көмір
бассейіндері құрылды. Сөйтіп, Қазақстан
Одақтағы
көмір
базасына
айналды.
Техникалық-технологиялык жағынан ол
кісі өзі бас болып негіздеген айтулы
Жамбыл фосфор кешені жасалды.
Металлург
ретінле
Д.А.Қонаев
ерекше еңбек сіңіріп, Қазақ КСР Түсті
металлургия министрлігінің дүниеге келуін
айтуға болады. Өйткені, түсті металлургия
Қазақстанда ғана емес, өнеркәсібі дамыған
елдердің баршасында басқа салалар үшін
қаржы тартар көз болып табылады. Түсті
металлургия сонау өткен ғасырдың 20жылдарында жаңа министрліктер мен
авиация, космонавтика, машина жасау
сияқты өнеркәсіп салаларын құруға негіз
болды. Сондықтан, Д.А.Қонаев бірнеше рет
СОКП ОК-ның бюросында Қазақстанда
түсті металлургия министрлігін құрудың
қажеттілігін дәлелдеп бақты. Мұндай
министрлік тек Мәскеуде ғана еді.
Осындай табандылықтың нәтижесінде
түрлі-түсті металдың түр-түріне бай
КСРО сынды орасан алып елде екінші
министрлік
республикамызда
дүниеге
келді. Министрлік құрылған алғашқы
күннен бастап, өзінің нақты көмегін
аямаған ол өзі қызметтен кеткенше бұл
іске бас-көз болды. Түсті металлургияға
қатысты технологиялық мәселелердің
бәрін дерлік жақсы білетін Д.А. Қонаев
ғылыми-өндірістік
негізін
қалаған
Қазақстанның түсті металлургиясы әлемге
белгілі.
Д.А.Қонаевтың
республиканы
дамыған
аграрлы елге айналдыру
мақсатындағы еңбегі өз алдына бір төбе.
Тынды
игеру
кезінде
Ауыл
шаруашылығын
дамыту
мәселелері
төңірегінде ғалымдармен, мал және
өсімдік шаруашылығы мамандарымен
кездесіп, пікірлесіп отырды. Сол кездегі
ауыл
шаруашылығы
Ғылым
Академиясының
президенті
Медеубековпен жиі кездескен. Ауыл
шаруашылығын дамытудағы ол кісінің
ұстанған
бағыты
ауылдың
шағын
қалаларға ұқсас көрікті болуын, алыс елдімекендердегі халықтың әлеуметтік-тұрмыс
жағдайы мен көрсетілген кызмет түрлері
қаладағыдан кем болмауын көздеді.
Өткен ғасырдың 60-80-ші жылдары
еліміздің мәдениеті мен өнерінің ерекше
дамыған жұлдызды кезеңі болды. Осы
кездері Алматыда, облыстарда, аудандар
мен ауылдарда жаңа мәдениет ошақтары
ашылып,
театр
мен
концерттік
ұжымдардың бұрын болмаған жаңа түрлері
дүниеге
келді.
Өнерде
жас
таланттарымыздың
қатары
көбейіп,
ұлттық
өнеріміз
әлемдік
дәрежеге
көтерілді.
Бұл
жылдары
өнер
ұжымдарының қатарына — «Отырар сазы»
фольклорлық-этнографиялық
оркестрі,
қазактың тұңғыш циркі, «Гүлдер», «ДосМұқасан», «Сазген», «Шертер» сияқты бет
бейнелері өзгеше ансамбльдер келіп
қосылды.
Қарағандыда
симфония
оркестрі, Атырауда Дина Нүрпейісова
атындағы
халық
музыка
аспаптары
оркестрі құрылды. Талдықорған мен
Арқалықта қазақ театрлары, Теміртауда
оперетта және неміс театры, Шымкент
пен Ақтауда қуыршақ театрлары ашылды.
Осылайша,
республика
бойынша
көркемөнерпаздар үйірмелерінің саны
көбейіп, 300-ге тарта халық театрлары мен
ән-би ансамбльдері халыққа мәдени
қызмет көрсетті.
Бұл жылдары мәдениет мекемелерінің
материалдық-техникалық
базаларының
нығаюына баса көңіл аударылды. Оған
Алматыдағы Республика сарайы, Орталық
концерт залы, Әуезов және Лермонтов
атындағы театрлардың, Орталық тарихи
музей, Қастев атындағы көркем сурет
мұражайы, Ұлттық кітапхана, «Қазақстан»
қонақ үйі, «Медеу» спорт кешені, теміржол
вокзалы,
Неке
сарайы,
«Арасан»
ғимараттарының бой көтеруі айқын дәлел
бола алады. Оған қоса ондаған облыс
орталықтарында театр үйлері, аудандар мен
ауылдарда
мәдениет
үйлері
мен
кітапханалар салынды. Қазақстан үкіметі
тарапынан мәдениет саласына жыл сайын
қажетті қаражаттар бөлініп тұрды. Өнер
адамдары
әртістер,
драматургтер,
композиторлар мен суретшілерге, олардың
шығармашылық
өнерінің
шыңдалып
өркендеуіне лайықты жағдай жасалды.
Міне, осы және басқа да көптеген ісшаралар
—
Д.А.Қонаевтың
тікелей
қадағалап отыруының арқасында іске
асырылған жүмыстар.
Д.А.Қонаев республикадағы тарихимәдени ескерткіштерді жөндеп, жаңғырту
істеріне ерекше мән берді. Ол кісі жыл
сайын Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауй
кесенесіне барып мінәжат етіп, оны
қалпына келтіру жұмыстарына мұқият
көңіл бөлді. Осыған орай арнайы үкімет
қаулысымен Мәдениет министрлігінің
жанынан
«Казреставрация» құрылыс
мекемесі
ашылып,
оның
барлық
облыстарда бөлімшелері құрылды. Соның
нәтижесінде республика көлемінде мәдени
ескерткіштерді жөндеп, жаңғырту істері
жүйелі түрде қолға алынды.
Д.А. Қонаев жаңа өсіп келе жатқан жас
таланттарға ерекше қамқорлық жасайтын.
70-80-ші жылдары Қазақстанның ондаған
өнерпаз ұл-қыздары әлемдік аренаға
шығып, бірінен соң бірі халықаралық
конкурстарда жеңіске жетіп жатты.
Мәселен, классикалык өнер саласында Ә.
Дінішев, А. Мұсаходжаева, Ж. Әубәкірова, Г. Қадырбекова, Г. Мырзабекова,
апалы-сіңілі Нақыпбековалар, Р. Бапов, Р.
Байсейтова,
эстрада
өнерінде
Р.
Рымбаева, Н. Есқалиева, С. Шүкіров пен
С. Қабиғожина, ұлттық ән-күй өнерінде Қ.
Ахмедияров,
Қ.
Байбосынов,
Ғ.
Молдакәрімова, Ж. Кәрменов және
басқалары өздерінің асқан орындаушылық
шеберліктерімен
әлем
жұртшылығын
таңдандырды.
Міне, осылардың әрбір жеңістеріне
Д.А. Қонаев балаша қуанып, оларды жеке-
жеке қабылдап, хал-жағдайларын сұрап,
қажетті көмек көрсетіп, аталық қамкорлық
жасап отырды.
Д.А.Қонаев әлемдік өркениетті терең
біліп сезінетін, жеке өз басының мәдениет
деңгейі биік жақсы адам еді. Сол
жылдары Мәскеу мен Ленинград және
Кеңес Одағының қалаларынан Алматыға
белгілі театрлар мен концерттік ұжымдар
гастрольге көптеп келіп жүрді. Сонымен
қатар, одақтас республикалар арасында
өзара әдебиет, өнер күндері жиі өткізіліп
тұрды.
Осындай шаралардан кейін өнер
шеберлерінің
өкілдерін
өзі
үнемі
қабылдаған. Ол кісі өзі көрген театр
қойылымдары
мен
концерттік
бағдарламалардағы ойнаған әртістердің
ойнау шеберліктерінің қыры мен сырын,
спектакльдердің көркемдік дәрежесін, ол
туралы өзінің ой толғамдарын жеткізіп
отырды. Ол қазақтың ұлттық төл өнерін
өте жақсы білген. Ғасырлар бойы атаданбалаға мұра болып келе жатқан халық
өнерінің інжу маржандарынан ақынжыраулардың,
сал-серілердің,
әншікүйшілердің өнерінен мағлұматтары көп
болатын.
Д.А. Қонаев — мәдениет пен өнер
адамдарына ерекше ілтипатпен қараған
кісі. Өнер адамдарын үнемі қабылдап ақ
жарқын көңілмен әңгіме сүхбат құратын.
Олардың
өтініштерін
барынша
қанағаттандырып отыратын. Мысалы: сол
жылдары Алматының өзінде ғана жыл
сайын 50-60 пәтер бөлініп түрды.
Өнер
адамдары
құрметті
атақтар,
мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды.
Сол
кездері
300-ден
астам
адам
республиканың құрметті атақтары мен
грамоталарына ие болды.
Ерекше айта кететін бір жәйт
Қазақстанның он жеті көрнекті өнер
шеберлері КСРО Халық әртісі, Халық
суретшісі деген атақтар алды. Ондаған
жазушылар,
композиторлар,
әртістер
Кеңес
Одағының
Мемлекеттік
сыйлығының иегері болды. Ал, мәдениет
пен өнерге сіңірген ерекше ерен
еңбектері
үшін
бірнеше
өнер
қайраткерлеріне «Социалистік Еңбек Ері»
деген құрметті атақ берілді.
Д.А. Қонаевтың халық ағарту ісі мен
жоғары білім беру орнына да үлкен көңіл
бөлгенін
айта
кету
керек.
Халық
шаруашылығының барлық саласының
қарқынды дамуы — экономика, ғылым мен
мәдениет адамдарын даярлауды аса қажет
етті. Бұл өткір мәселені шешу үшін оның
инициативасымен ондаған жаңа оқу
орындары
ұйымдастырылды.
Республиканың халық ағарту ісінің деңгейі
үздіксіз көтерілумен болды.
Адами жағынан алып қарағанда, Д.А.
Қонаев жаратылысынан көрікті, кескін
келбетті, жүзінен нұр шашып тұрған ақ
жарқын адал, кішіпейіл адам болатын.
Оның мемлекеттік басшы қызметі кезіндегі
республиканың
экономикасын
және
мәдениетін өркендетудегі сан алуан
еңбектерін айтып жеткізу мүмкін емес. Ол
Қазақстан дамуындағы іс-шаралардың
нағыз жанашыры болды.
Мемлекет
және
қоғам
қайраткері
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қай кезеңде
болмасын, қазақ халқының тарихында үлкен
орын алатын қайраткер ретінде қала бермек.
Пайдаланылған әдебиетгер:
1. Сағымбеков Р. Қонаевтың қамқорлығы
// Түркістан, 2000, 10-16 қараша.
2. Қасымов А. Ұлттың рухани ұстазы. //
Елу жыл ел ағасы. Алматы., 2002 ж.
3. Еркімбеков Ж. Қазақ мәдениетінің
жанашыры //Жетісу, 2002, 12 ақпан.
4. Әшімов Б. Ұлтымыздың мақтанышы //
Елу жыл ел ағасы. Алматы, 2002.
5. Асқаров А. Ұлтымыздың мақтанышы.
//Дидар 2002. 12 қаңтар.
6. Байдосов 3. Дүниеден өтті бір алып //
Егемен Қазақстан. 2001. 18.05.
Документ
Категория
Статьи
Просмотров
1 216
Размер файла
62 Кб
Теги
Динмухамед Ахметович Кунаев
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа