close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Астана әуежайы реферат [www.topreferat.com]

код для вставкиСкачать
Астана әуежайының болақшақтағы даму перспективалары
ТМД аумағында теңдесі жоқ Астана әуе айлағының болашағы зор. Аумағы 24 мың шаршы
шақырым, өткізу жылдамдығы – сағатына 750 адам, жолаушыларды тіркеуден бастап,
олардың жүгін тексеру, бүкіл терминалдың қауіпсіздігін бақылауға дейінгі барлық
міндеттерді атқаратын операциялық жүйе, жаңа ұшу-қону жолдары – осының бәрі әуе
лайнерінің барлық түрлеріне қызмет көрсетіп, шетелдік және отандық жолаушы, жүк
ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді. Бес қабатты терминал 24 тіркеу үстелімен, алты
телескопты траппен, қол жүгін жүз пайыз сканерлеу арқылы тексеретін
автоматтандырылған жүйемен жабдықталған. Терминалдың басты ерекшелігі – тіркеу
барысында және ұшып келгенде жолаушыларды тексерудегі шапшаңдығы. Транзиттік
жолаушылар үшін ыңғайлы қонақүй, мейрамханалар, дүкендер, бейнезал бар, бұған қоса
діни рәсімдерді орындауға, балалы аналарға арналған екі бөлмемен жабдықталған.
Алматы әуежайының болақшақтағы даму перспективалары
2010 жылы әуежайды жетілдіру мен құрылысының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін,
оның жіберу қабілеттілігі жылына 2 миллион жолаушыны құрайды, 2014 жылы екінші
кезеңі іске асқаннан соң – 4 миллионды, ал 2020 жылға қарай – 6 миллионды құрайды.
Жобаның бірінші кезектегі бағасы 100 миллион долларға бағаланып отыр.
Терминалдың жобалаушысы болып француздың ADPi компаниясы табылады.
Жаңа терминал аумағының маңында “Әуежай Сити” инфрақұрылымдық кешені
салынады деп күтілуде. Ол Marriot жүйесіндегі қонақ үйді, конференц-холлды, бизнесорталықты, экспо-орталықты, шоппинг-орталықты, кинотеатрларды және басқа да
нысандарды қамтитын болады.
Әрекет етуші Алматы әуежай терминалы болашақта, жаңа терминалдың құрылысы
аяқталған соң тек республикалық ішкі әуерейстерін қамтамасыз ететін болады. Ол
пайдалануға 2003 жылы берілген болатын. Оның жолаушыларды жіберу қабілеті жылына
2,5 млн. құрайды, көлемі – 29 мың шаршы метр. Транспорт және коммуникация
Министрлігінің мәліметі бойынша, Алматы әуежайына жолаушылар ағыны көлемінің
жартысы және 68 пайыз жүк ағыны тура келеді.
2006 жылы Алматы әуежайының жолаушылар ағыны 2015565 адамды құраған, 2005
жылмен салыстырғанда ол 21,2 пайызға ұлғайғанын көрсетеді. Ал жүк тасымалының
ағыны 59219 тоннаға немесе 38 пайызға көп болып отыр.
Автор
alpysbaev_aman
Документ
Категория
История и археология
Просмотров
185
Размер файла
24 Кб
Теги
com, реферат, уежайы, www, topreferat, астана
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа