close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Ауыл шаруашылығы, даму реферат [www.topreferat.com]

код для вставкиСкачать PDF 0,62 Mb Скачать doc 0,42 Mb
Кіріспе 

	Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн.  
     Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді"... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметте тиімділігінің төмен болуы обьективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды". Сондықтан аграрлық өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді. 
    Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс. Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі. 
    Осы дипломдық жұмысымда бәсекелестікке қабілетті экономиканың маңызды бір бөлігі - ауыл шаруашлығы саласының бәсекелестікке қабілеттілігін теориялық негіздемеге сүйене отырып, кәсіпорын мысалында көрсетуге тырыстым. 
     Дипломдық  жұмыстағы талдау материалдар аграрлық саланы зерттеуші Қалиев Г.Ә., Мәдиев Г., Сейтбеков Л.С., Баймұхамедова Г., Айтуганова Б., Тілеубергенова М.А. және тағы басқа ғалымдардың ғылыми еңбектеріне негізделінді. 
     Даярланған талдау материалдарының ерекшелігі бәсекелестікке қабілетті тауар шығару үшін болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі - құрылымдық өзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыз ету талаптарымен анықталады және ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі мал шаруашылығының өз ролін қамтамасыз ету, сонымен қатар, етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығын дамытуды қарастырады.


















I - тарау. Қазақстанның  ауылшаруашылығы  кешенінің даму         бағыттары.

1.1  Қазақстандағы ауыл шаруашылық  құрылымдарының  даму  бағыттары

     Аграрлық секторда ғылымға жеткілікті дәрежеде негізделмей жүргізілген реформалар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің құлдырауына алып келді, әсіресе мал шаруашылығы көбірек жапа шекті. Ауыл шаруашылығы саласының құрылымы, әсіресе ондағы өсімдік пен мал шаруашылығы қатынастары мүлдем өзгерді. Мәселен, 2002 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінде (1994 ж. бағамен) өсімдік шаруашылығы үлесіне 80% және мал шаруашылығы үлесіне небәрі 20% ғана тиесілі (1990 жылы 39% жэне 61% болған) болды. Мысалы, 1 шартты мал басына есептелген шартты саны азайып кеткен 1990 жылы 16,6 млн. бас болса, 2003 жылы 7,5 млн. басқа дейін немесе 55%-ға кеміген), ал мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 77%-ға азайған. Бұл жағдайда шаруашылық категориялары бойынша мал шаруашылығы саласында қайта бөлістіру өзгерді: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі біраз азайып кеткен ондағы мал басы саны және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де кеміген. Қазіргі кезеңде Батыс Қазақстан облысында республикадағы барлық мал басының 9,8% орналасқан (шартты басқа есептегенде). Одан да өзге ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жер көлемі аумағы да қысқарды. 1 кәсіпорынға орташа 2100 га жыртылған  жерден  және  5500  жайылым және шабындықтан келіп отыр.
     Ауыл шаруашылық кәсіпорындары негізінен астық өндірісіне мамандандырылған. Бұған қалыптасқан егістік алқаптарының құрылымы да ықпал етеді, басқаша айтқанда азық дақылдарына арналған аумақтар мал шаруашылығы саласының дамуына сәйкес емес, олар бар болғаны орташа есеппен 550-600 шартты  басты қамтамасыз ете алады. Мұндай фактор, шағын көлемдегі жер аумағы ретінде, ауыл шаруашылығы         кәсіпорындарындағы  шоғырландыру деңгейінің өте төмен екендігін анықтап отыр: 1 кәсіпорынға  орташа МІҚ 300 басқа дейін және қой мен ешкі 1500 басқа дейін. Осы жағдайда оның жартысынан астамы 30-35 бас МІҚ және 100-250 қой мен ешкі келеді.(1)
     Жалпы өнімдер көлемдері бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі бөлігі шағын көлемді өндіріспен сипатталады: орташа республика бойынша бұл көрсеткіш 1 шаруашылыққа 34 млн. теңгені құрайды.
     Тек солтүстік өңірде ғана аздап өзгешелеу - 1 шаруашылыққа жалпы өнім көлемі 64 млн. теңге құрайды. Бірақ мұндай жағдай астық өндіруші кәсіпорындар есебінен қалыптасып отырғандығын айтуға болады. Оңтүстік және батыс өлкелерде көбінесе жалпы өнім көлемдері бойынша, барынша ұсақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындары құрылып отыр, сондай-ақ жер көлемі, мал басы саны, жұмыскерлер саны да өте аз.
     Шаруа қожалықтары бойынша жыртылған жер аумағы негізгі массада орташа 10 га келеді, сонымен қатар мал шаруашылығы да өте ұсақ көлемде көрініс тапқан: МІҚ 20 басқа дейін және 110-ға дейін қой мен ешкі. Бұл жағдайда мал шаруашылығымен 10% ғана шаруашылық айналысады. Қалыптасқан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұсақ көлемді болып келуі жер көлемі бойынша да және мал басы бойынша да үздіксіз технологиялық процесті қалыпты жағдайда қамтамасыз ете алмайды, ол ақырында өңдіріс тиімділігінің төмендеуіне келіп жеткізеді. Бәсекеге қабілетті және экономикалық жағынан пайдалы шаруашылықты құру ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көлеміне айрықша талаптар қояды., оның өзі сол жергілікті аграрлық сектордың дамуына сәйкес болып келуі жөн.
     Ауыл шаруашылық кәсіпорындары көлемдерінде, жер аумағы бойынша үлкен айырмашылықтар байқалады, бір облыс ішіндегі өлкелерде ұтымды өндіріс ұйымдастыру барлық уақытта да дәлелденген болып саналмайды. Көп кездесе бермейтін ірі кәсіпорындармен қатар, онша көп болмаса да, өте шағын көлемдегілер де жиі кездеседі. Шағын кәсіпорындарға қарағанда ірі шаруашылықтардың басымдығы байқалады онда барлық өндіріс факторлары тиімді сәйкестік тапқан және көп пайдаланылады, және соның негізінде жақсы қорытындыларға жетуге мүмкіндік мол.
     Орташа және ірі тауарлы өндірістік қуаттары мен инфрақұрылымдары дамыған кәсіпорында қызмет етіп жатыр, ауыл шаруашылық өндірістік технологиясы жер көлемдері орташа және ірі және материалдық техникалық базалары ұтымды пайдалануға мүмкіндігі бар мал шаруашылығы объектілеріне ыңғайланған. Атап өтетін нәрсе, жақын болашақта орташа және ірі тауарлы өндірісі бар табиғи-экономикалық жағдайларға сәйкестілер тұрақты дами алады деуге болады.
     Орташа және ірі шаруашылықтардың басымдылықтары, жоғары деңгейлі мамандандыру, өндірісті шоғырландыру, рынок бойынша интеграциялау мүмкіндіктері сияқты факторлармен анықталды. Ірі және орташа кәсіпорын, әсіресе өсімдік шаруашылығы салаларында, шағынмен салыстырғанда басымдықты иеленеді. Оларда күрделі қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік бар, олар ғылыми- техникалық прогресске барынша икемді. Астық өндіруші кәсіпорын, егер жыртылған жері 15-18 мың га шамасында иеленген жағдайда өте жоғары пайдалылық деңгейін көрсетеді.
     Шаруашылық қызметінен алынатын таза табыстың негізгі массасын шағын кәсіпорындар тобы алады, мәселен ірінің үлесіне барлық кәсіпорынның 15,4% құрайды, барлық ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан алынған таза кірістің 72%-не келеді.
     Интенсификациялау деңгейінің көтерілу жағдайында ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемі, өндіріс күштерінің өсуі өзгермейтіндей болып қалмайды. Олар өздерінің өндіріс күштерінің әрбір нақты деңгейі шаруашылықтың интенсифтілік деңгейі және оны мамандандыру жағдайы үшін өздерінің оңтайлы шекараларын иеленеді.
     Әртүрлі ауыл шаруашылық салалары үшін, өндірістің түрлі экономикалық жағдайларының қызмет етуі жағдайында оңтайлы көлемдер шамалары бірдей емес. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемдері жалпылама емес, белгілі бір мамандандырылған өндіріске ыңғайластырылады. Мамандандыру өндірісті интенсификациялаумен тығыз байланысты, оның өзі бір тектес өнімдер өндірісінің оңтайлы шоғырлануын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның оңтайлы көлемдері белгілі бір шаруашылықтың мамандандырылуы және интенсифтілік жағдайында еңбек ресурстары саны бар болса, барлық негізгі өндіріс факторларын пайдалану жэне ең бір тиімді сәйкестікті қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының оңтайлы көлемдерінің критериі-бұл барлығынан бұрын жоғарғы өндірістің нәтижелері, жоғарғы еңбек өнімділігі және өндірістің рентабельдігін қамтамасыз етеді.
     Болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі құрылымдық өзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыздық талаптарымен анықталады, жэне ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі мал шаруашылығының өз ролін қамтамасыз ету, сонымен қатар етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы жылқы шаруашылығын қайта дамытуды қарастырады.
     
1. 2  Ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  экономикалық  тиімділігін  арттырудың  негіздері.

     Өндіріс тиімділігі - экономикалық категория. Ол - өндіргіш күштер мен өндірістік қарым - қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.
     Тиімділіктің басты мәселесі - нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне  мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.
     Тиімділік - ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар - ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық - құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі. Сондай - ақ ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми - техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну құнының сапасын жақсартады. Бәсекенің салыстырмалы еркін іс - әрекет жасаған кезінде өндірісті тиімді жүргізудін басты міндеттерін бір уақытта шешуге жол ашатын нарықтық тетік " механизм ", біріншіден, тауар өндірудің дәл сол мезгілде қоғамдық сұранымға сәйкестігін бағаласа "сандық және сапалық жағынан", екіншіден, қойылған міндеттерді тиімді жолмен шешу үшін өндіріске жаңа тәсілдерді енгізуді ынталандырумен бірге, бағаның өзгеруі мен ауытқуы, пайда, тағы басқадай құнды категориялар арқылы халық шаруашылығында өндірістік ресурстар мен тауарларды ағымды нарықтың сұранымына сәйкес бөлуге, экономиканың оңтайлы дамуына оң ықпал ете отырып,  экономиканың тиімділігін арттырады.
     Баға нарықтық экономика жағдайында әртүрлі тауарлар нарығының дамуына, солар арқылы жалпы қоғам көлемінде өндірістік ресурстар мен тауарларды бөлу арқылы қоғамдық өндірісті реттеуші рөлін атқарады. Мұндай жағдайда әрбір өндірістік   ресурстың   өзіне   тән   бағасы   болады   және   ол тауарлық баға сияқты белгіленген ресурстың сұранымы мен ұсынымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Осы бағаның құрылымы белгілі болғандықтан, мейлінше аз шығын жұмсай отырып, көп өнім өндіру үшін, соған лайықты өндірістік үдерісті таңдау мүмкіндігі туады.
     Жұмыс күшіне жоғары ақы төленген жағдайда өндіріс үдерісін техникалық   жарақтандыру  шаруашылықты  оңтайлы  жүргізуге ынталандырып, төмен  болған  жағдайда  өндіріс  үдерісінің еңбек сыйымдылығын уақытша тоқтатып қоюға ықпал ететіндіктен, өндірістік ресурстар бағасы тауар өндірушілерді арзан ресурстарды өндірістік үдеріске кеңінен қолдануға, ал қымбат ресурстарды үнемдеуге итермелейді. Бұл жағдайда тауардың бағасы қоғамда өндірістік ресурстарды бөлуге қалай әсер еткенін еске алады. Яғни бағаның калыптасуының нарықтық тетігі келешекте өндіріс тиімділігін арттырудың негізі болып табылмақ. Нарықтық бағаның қалыптасуы тетік көмегі арқылы өте тиімді шаруашылық шешімдерін жүзеге асыруға кең жол ашпақ .
     Кейбір кәсіпорындар шегінде мұндай ыңғайлы тандауға иек арту ірі шаруашылық кешендерінде өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттырудың шешуші факторы болмақ. Екінші сөзбен айтар болсақ, ,барлық табиғи ресурстарды толығымен пайдаланып, оған толық көлемде қол жеткізген жағдайда ғана экономика қалыптаспақ.. Осындай жағдайда экономика мәселелерінің маңызы анықталынады. Өйткені ресурстардың жеткіліксіз мөлшерде болуы өндірістің толық көлемде тауар өндіру мүмкіндігін шектейді. Мұндағы ең басты мәселе - ең алдымен қандай тауарлар өндіру қажет, ал қандай түрлерінің қажет еместігін шешіп алған жөн. Осыған байланысты өндірістің экономикалық өсуі, барлық табиғи ресурстардың толық игерілуі, экономикалык тиімділік, бағаның тұрақты деңгейі, өндірушінің экономикалық еркіндігі, тауарды әділеттілікпен бөлісу сиякты негізгі экономикалық мақсаттар қалыптасады.
     Агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін анықтау үшін, оның мақсатын, қоғамның         материалдық    жағдайының оңтайлануының және әлеуметтік  факторларды камтамасыз етуді ескеру керек. Нарықтық экономика  жағдайында  ауыл  шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің  мәселелері - бұл ең қажетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің  мәселесі. Бұл орайда өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін нарықтық экономика жағдайында маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларды ескермей, қарастыру мүмкін емес. Бұған өндіріс құралдарына меншік түрлерінің өзгеруі де жатады.
     Аграрлық саясаттың қазығы болып есептелінген ірі кәсіпорындарға иек арту негізінде дұрыс болатын. Мұндай өндіріс әсіресе өнеркәсіп технологияларды қолданып жұмыс істейтін мамандаңдырылған кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру мен табиғи, материалдық - техникалық еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Бірақта ірі өндірісті абсолюттеу, шағын және орта өндірісті, оның ішінде шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды елемеу республиканың ауыл шаруашылығына нұқсан келтірері хақ .
     Қазіргі кезде экономикалық қатынастар мен өндіріс жағдайының өзгеруіне байланысты нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы өңдірісінің экономикалық тиімділігін анықтау қажетті деңгейде дей алмаймыз. Бұл жағдай ең алдымен бағалаудың теориялық және әдістемелік аспектілерін нақтылауды кажет етеді.
     Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай дегенді. " ... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметті тиімділігінің төмен болуы объективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды". Сондықтан ауыл шруашылығындағы экономикалық ахуалды жан-жақты талдау қажет. Қазір реформалау үдерісіндегі ауыл шаруашылығы жағдайы мәнде деңгейде өзгерді.

1.3 Агроөнеркәсіп  кешенінің  экономикасы - реттеу  объектісі  ретінде

   Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және ол экономикалык, дағдарысты жою, тамақ және   жеңіл   өнеркәсіпті  дамыту,   саяси   және   әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөль атқарады. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлык, салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көіпу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету психологиясын жекеменшік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық емес, эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету "философиясы" назарға алынбады. Эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге дайын емес ортаға "секіріспен" ауыстырылды.
   Агроөнеркәсіп кёшенінің 1-ші және 3-ші сала кәсіпорындарының монополиялық жағдайында бағаны біржақтылы босату, жекешелендірудегі ұйымдық-экономикалық және хүқықтық ретсіздік, жергілікті жерлердегі өз бетімен кетушілік ұдайы өндіріс процесінің бүзылуына, қоғамдағы дағдарыстық жағдай мен әлеуметтік шиеленісудің күшеюіне алып келді. Мүның өзі аграрлық секторды нарық жағдайына бейімдеу тәжірибесін ескере отырып төмендегідей түжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
   -	аграрлық   сектордың   өндірістік-әлеуметтік  ерекшелігіне
қарай онда нарықтық механизмді ешқандай шектеусіз және
түзету енгізусіз "таза" күйінде пайдалану өндірістік потенциалды
қолдану тиімділігінің төмендеуін және әлеуметтік мәселелердің
шиеленісуін тудырады;
   - меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлері мен әдістерін өзгерту процесі бәсекелес нарықтық орта қүрудың алғы шарты ретінде мемлекеттің бағыттауы мен қолдауы нәтижесінде біртіндеп дамуы тиіс; сондықтан көпукладтылық, ұсақ тауарлы жеке және ірі өндірістің (ерікті кооперация негізінде) үйлесуі үзақ мерзімге сақталады;
   -	 аграрлық сектор нарықтық өзін-өзі реттеудің "бастапқы
алаңы" ретінде нарықтың дамуы үшін реттеу мен қолдаудың ерекше мемлекеттік саясаты енгізілетін эковомиканың бірінші саласы болуы қажет; оның мәні - әкімшілік емес, экономикалык, құралдарды (баға, салық, несие, т.б.) өзара байланысқан жүйе ретінде пайдалану болып табылады. Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы - мемлекет деңгейіндегі үлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдык, мүдделердің артықшылығын қамтамассыз ететін әртүрлі шектеулер бар. Мұндай хұқықты беру- мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланатын құрал. Ауыл тұрғындарын көбірек толғандыратын мәселе - жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатыны өз еңбегінен тускен нәтижеге иелік ету хұқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынғы тәжірибені, яғни алдымен ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет болды.
     Ауыл еңбеккерлері жерді сенімді пайдалану үшін республи-камыздың Ата заңымызға сәйкес жерді үзақ мерзімге жалга, немесе өмірлік мұрагерлікке беру өте тиімді екенін баса айту керек. Сондықтан жер туралы  заңда бұл процессті аяғына дейін жеткізу мәселесін қарастыру өте маңызды іс екені белгілі.
     Жер қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары: а) ауыл шаруашылығында өндірістің негізгі құралы ретінде жердің бағасын анықтау; ә) жердің сапасына қарай жер салығының мөлшерін белгілеу; б) ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді қорғау мен тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жузеге асыру, оның ішінде жердің құнарлылығының сақталуы мен жақсаруын бақылау. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің айырбасындағы біздер әуел баста жіберіп алған баға қайшылығы қүн заңын сақтамаудың, ал, нақтырақ айтқанда, ерікті баға белгілеудің қағидасын дүрыс пайдаланбаудың салдарынан болғанын өмір көрсетіп отыр. Ауылшаруашылық өнімінің бағасын реттеу жүйесі тұтынушылардың да, өндірушілердің де мүдделерін қорғауы керек, Нарықты тез арада азық-түлікпен толықтыру үшін агроөнеркәсіп кешенінің 2-ші саласында баға қүрылу процесі барынша ерікті болғаны тиімді. Бүл жағдайда аграрлық сектор үпіін өндіріс қүралдарын  шығаратын барлық монополист кәсіпорындар үшін (агроөнеркәсіп кешенінің І-ші саласы) келісім бағасының жоғарғы мөлпіерін мемлекет деңгейінде белгілеу керек те, ал 3-ші салада ауылшаруашылық ұйымдық құрылымы баға белгілеумен айналысқаны жөн болар еді.
 	Ауыл шаруашылығында экономикалық қарым - қатынастарды реттеу үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бүл жағдайда шикізатты өңдеп, дайын өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет. Кепілдіктік-сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп қайта құратын болсақ нарықтық баға құрылымын және ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің алатын пайдасын реттеуге жағдай жасалынады. Бүл операциялар, біріншіден, нарықтағы ұсынысты азайтады, екіншіден - фермерлерге несие беруге мумкіндік жасайды. Өйткені оның көлемі кепілдікке өткізілген ауылшаруашылық өнімінің мөлшерімен анықталады. Кепілдікті баға өндіруші қолданып отырған бағаның төменгі мөлшерін білдіреді.Пайда табудың ең төменгі қажетті мөлшерін қолдау үшін жәрдемақы деңгейін анықтау мақсатында мемлекет мақсатты бағаны белгілеуі тиіс. Сонда ол дайындаушы ұйымдар арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілері табысының құралу көздерін де реттейді. Осылайша бағаның құрылу процесін мем-лекеттіқ реттеу механизмі қалыптасар еді.
	Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесі әлі құрылмаған. Банк процентінің жоғарғы мөлшері ақша айналымын және өндірісті тұрақтандыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі мәселелердің бірі -бүл қаржы қорларының үнемі жетіспеуі және ауылға тиімді несие беру механизмінің жасалынбағандығы.
		Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын дайындаушы, өңдеуші, сатуіпы үйымдардың және жеңіл өнеркәсіп орындарының тауар өндірушілерімен форвардты, фьючерстік контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу операцияларын жүзеге асыруы қажет. Сонда тауар өндірушілер алдын-ала процентсіз несие алу мүмкіндігіне ие болады. Өйткені, форвардтық операциялар - бұл болашақтағы өнімді қазіргі сату бағасымен контрактілі өткізу де, фьючерстік оперциялар - белгілі бір көлемдегі, саладағы бола-шақтағы   өнімнің   контрактісін   болашақтағы   нарықтық   баға негізінде сату. Алдағы жылдың өнімін сату - бұл процентсіз несие алумен қатар ауылшаруашылық бағалы қағаздар нарқын құруға, түрақты сұраныс пен өнімді кепілдікті өткізуге, сатып алушылардың қаржы қорларын тиімді жұмсауына және инфляциялық процесстердің төмендеуіне мүмкіндік береді.
 	Агроөнеркәсіп кешенінің шаруашылык, жүргізуші субъектілеріне мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруы үшін 5 жылдық мөлшерге дейін узақ мерзімдік несие беру тиімді болар еді. Ол үшін мемлекеттің қаржы-несие саясатында мынадай талаптарды орындау қажет:
-  мемлекеттік  деңгейде   бекітілген  бағдарламаларға   сай
қаржы босату;
-  республикалық  және  жергілікті  бюджеттердің,   меншік
түріне байланыссыз кәсіп орындар қорларының, банктердің, дайындаушы және қызмет көрсетуші ұйымдардың ауылшаруашылығына жұмсалатын қаржыға үлестік қатысуы;
- 	жеңілдікті салық салу.
     Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы жағдайына сатылған өнімге уақтылы есеп 'айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан өзара есеп айырысудың бақылау мерзімін бекіту керек.
   Мемлекеттік салық саясатында ауыл шаруашылығына қатысты жеңілдікпен салық салу арқылы олардың ынталанды-рухы функциясын күшейту керек, Салық салудың негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана алу тиімді болар еді.
     Жер салығы, оның мөлшерінің экономикалық негізделуі аса төмен болғандықтан, жердің сапасы мен өнім бағасының өзгеруін тұрақты анықтап тұру қажеттігінен негізгі салыққа жанама толықтырушы ретінде қолданылуы мүмкін,
     Қазіргі жағдайда тұтастай республика ауылшаруашылық кәсіпорындары бойынша  салықтар  мен төлемдердің мөлшері жоғары болып отыр. Әртурлі  зерттеулер  мен шетел тәжірибелері көрсеткеніндей салықтар мен төлемдер жалпы табыстың 20-25%-тінен аспауы керек. 25-50%-тің салық. мөлшері тек жай ұдайы өндірісті қамтамасыз етеді, ал одан жоғары болса өндірістің қысқаруына әкеліп соғады.Аграрлық салада салық салу жүйесінен жол қорына, т.б. түрлі даму қорларына аудары-латын салықтар мен төлемдерді шығарып тастау жөн болар еді. 
     Мемлекеттің инвестициялық саясатына келетін болсақ, құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда шетел инвестицияла-рының маңызы зор. Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат, барлық меншік түріндегідей, кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының сапалық жақсаруын, өнімді өңдеу, сақтау және өткізу базаларының дамуын қамтамасыз етуі керек болады. Ал, әлеуметтік салада, бюджеттік қорлармен қатар, шетел инвестициялары да келесі бағыттарды қаржыландыру үшін аса қажет:
-  мемлекеттік маңызы бар табиғатты қорғау шаралары мен
мелиоративтік жұмыстар;
-  жолдардың, электр қуатын беру жүйелерінің, магистральды
газ және су құбырларының, телефон коммуникациясының, ка-
нализация жүйелерінің құрылысы;
   -	 ауылдың денсаулык, сақтау, білім беру, мәдениет, бала-
бақша (және қарттар үйі) объектілерінің құрылысы мен оларды
қамтамасыз ету;
   -	  жоғары білімді мамандар дайындау, күрделі ғылыми зертте-
улер жүргізу және т.б.
     Мемлекеттің ауыл шаруашылығына қатысты экспорт - импорт операцияларын реттеуінде негізгі мақсат  тұтыну нарығын то-лықтыру және әлеуметтік шиеленісушілікті жою. Бұл бағытта жақын шет елдермен бұрынғы өндірістік және сауда байланы-старын қалпына келтіру тиімді. Сондай-ақ алыс шет елдермен экономикалық байланысты дамытудың да мәні зор. Оның негізін сыртқа шығаратын внімдер құрайды: мал шаруашылығы бойынша - жөн, қай түрілері; егін шаруашылғында - астық, мақта, кейбір көкөніс түрлері. АЛ сырттан алынатындарына, бірінші кезекте, ауылшаруашылық кішігірім техникасы мен технологиялар жата-ды. Мүндай сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру-да мемлекеттің белсенді рөлі сөзсіз қажет. Өйткені мемлекеттік реггеусіз еліміздің зор табиғат байлығы пайдасыз болып, талан-таражға түсетіні белгілі. Екіншіден, сырттан әкелінетін өнімдерді қадағаламасақ ішкі тауар өндірушілердің мүддесіне зиян келтіріледі. Бүл жерде жалпы халықтың мүддесін қорғау мақсатында мемлекеттік реттеу шаралары батыл жүргізілуі тиіс.
     Аграрлық салада экономикалық реформаны жүзеге асыру, ең алдымен, басқару жүйесін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Мемлекеттік реттеу шараларын жүзеге асыру ісінде мемлекеттің және шаруа қожаларының функцияларын айқын ажыратудың мәні   зор Мемлекеттік  басқару  органдарының  функцияларын төмендегідей етіп қарастыруға болар еді:
     - агроөнеркәсіп кешенінің, дамуын бюджеттік қаржыландыру, баға, несие, салық, инвестицидлық және әлеуметтік саясат арқылы реттеу;
   -	 мемлекеттік  саясат  бағдарламалары  мен  ауылшаруашылығының өркендеу жоспарларын, нормативтік заң актілерін жасап дайындау;
-   мемлекеттік азық-түлік қорын қалыптастыру;
-   түбегейлі ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру;
-   ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу;
-   халықаралык, экономикалық байланыстарды" реттеу;
-   инсиекциялық бақылау;
-   жер қорын, өнімді стандарттау жүйесін басқару;
-   ветеринарлық бақылау.
     Жалпы аграрлық қатынастарды басқару жуйесіндегі міндет - олардың стихиялы түрде дамуына, тәртіпсіздік жайлаған, басқаруға келмейтін жағдайға жетуіне жол бермеу болып табылады.


























II - тарау  Батыс  Қазақстан  аумағындағы  ЖШС  қызметін  ұйымдастыру  және  жетілдіру

2.1 "Батыр" ЖШС-нің  қызметін  ұйымдастыру  жолдары.
      
         Жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Батыр" Қазақстан Республикасының  заңдылығы бойынша заңды тұлға болып табылады. Серіктестік құрылтайшысы болып ЖШС "Мирас" табылады. 
Серіктестік атауы: мемлекеттік тілде ЖШС "Батыр";                                                                                                                                                                                                                       
                            орыс  тілінде ТОО "Батыр"
  Серіктестіктің орналасу мекен  жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Мұнайшы көшесі. Серіктестіктің іс- әрекетінің мерзімі шектеусіз.  "Батыр" ЖШС-нің айналысатын іс- әрекетінің  негізгі түрлері болып: құрылыстық - монтаждық жұмыстар, материалдық - техникалық қамтамасыз ету, сауда және коммерциялық іс- әрекет, ізденіс - жобалау және эксперттік жұмыстар, құрылыстық материал, бұйым және құрастыру өндірісі, т.б. табылады. ЖШС "Батыр" лицензия негізінде жұмыс жасайды. Мемлекеттік лицензия № 001427, мемлекеттік тіркелуге тұру туралы куәлігі № 3507-1915-ЖШС.
     Серіктестіктің жарғылық капиталы 7730 мың теңге . Серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық т.б табылады. Серіктестіктің мүлкінде қатысушылардың үлесі жарғылық капиталдың 100 пайызын құрайды. Серіктестіктің жоғарғы органы болып ЖШС "Мирас" табылады. ЖШС "Мирас"- тың қатысушысы осы ЖШС "Батыр" іс- әрекетімен байланысты кез-келген сұрақтарды қабылдауға құқылы. Атқарушы органы болып - директор табылады. Серіктестік іс- әрекетінің нәтижесін, бухгалтерлік есебін, қаржылық және статистикалық есебін жүргізеді. Осы іс-әрекетінің нәтижесі бойынша алынған таза табысы серіктестік қатысушысының шешімімен бөлінеді. Серіктестіктің мүмкін болған зияндары резервтік қор есебінен жабылады. 
       "Батыр" ЖШС-нің іс- әрекетінен түскен табысы соңғы үшжылдық мәлімет бойынша жылдан-жылға төмендеген. Бұл іс- әрекеттерден түскен табыстары 1- кестеде көрсетілген.
                                                                                                  1 -  кесте

        Өнімді (жұмыс, қызмет) өндіруден түскен табыс көлемі мен құрылымы.

№
Іс-әрекет атауы
      2005 жыл
      2006 жыл
     2007 жыл


  мың           
  теңге
үлес салмағы      %
  мың   
  теңге 
үлес салмағы    %
  мың  
  теңге
үлес салмағы     %
1
Құрылыстық-монтаждық жұмыстан табыс



150419,2


          
   30,4



146533,5



   32,2



143488,8



    33,6
2
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету



111824,8



   22,6



106487,08



   23,4



104200,2



    24,4
3
Ізденіс- жобалау жұмысы 
     

  49480


      10


  38681,2


     8,5


  32028,7


      7,5
4
Сауда және коммерциялық іс-әрекет


102918,4


   20,8


 87374,02


   19,2


  83274,7


    19,5
5
Құрылыстық материал, бұйым және құрастыру өндірісі
  



  73725,2




   14,9




   68260,9




      15




61922,25




    14,5
6
Басқалай қызметтен табыс 


    6432,4
 

     1,3


     7736,2
 

     1,7
 

  2135,25


      0,5
∑
Барлығы
   494800
    100
    455073
    100
  427050
     100

     Ең негізгі көрсеткіш болып - өндірілген өнім (орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет) бойынша табыс көлемі мен құрылымы табылады.          1-кестеден  көріп тұрғанымыздай, іс-әрекеттерден түскен табыс құны төмендеу тенденциясы көрсетіп тұр.  ЖШС "Батырдың" құрылыстық-монтаждық жұмыстан табыс басқа іс-әрекеттерге қарағанда 33,6 пайыз жоғарғы үлес салмақты көрсетіп тұр. Яғни, оның барлық құны 2005 жылы 494800 мың теңгені құраса, 2007 жылы 427050 мың теңгені құрап тұр. Сондай-ақ, жылдан-жылға, кейбір іс-әрекеттен табыс көп түссе, кейбіреумен аз түскен. Мысалы, құрылыстық- монтаждық жұмыстан табыс жылдан-жылға төмендеген. Бірақ, басқа қызметтерге қарағанда ең үлкен үлесті осы іс-әрекет алып отыр. Басқа қызметтерде жылдан-жылға түскен табыс төмен. Бұл, әрине, өндірісте басты рөлді алатын негізгі құралдарға тығыз байланысты. Кәсіпорынның іс-әрекеті негізгі құралдарсыз қалыптасуы мүмкін емес "Батыр" ЖШС-нің негізгі құралдарының көлемі мен құрылымын 2 - кестеден көруге болады. 
 
                                    





 2 - кесте
"Батыр" ЖШС-нің   негізгі құралдарының көлемі мен құрылымы.

№
Негізгі құралдардың атауы
      2005 жыл
       2006 жыл
      2007 жыл


 мың   
 теңге
үлес салмағы
    %
 мың 
 теңге
үлес салмағы  
    %
 мың   
 теңге
үлес салмағы   
     %
1
Ғимараттар
   
   33322

      29,6

49704

     37,9
    53055
 
      36,7
2
Құрылыс
    
     3218
      
        2,9

4314

       3,3
      4193

         2,9
3
Беріліс құралдары

     2441

        2,2

3007

      2,3
      3325
 
        2,3
4
Машина құрал - жабдықтары
 

   31136


      27,7


48933


     37,3
    

56525
 

      39,1
5
Көлік құралдары

   12538

      11,1

18018

     13,7
    19661

       13,6
6
Шаруашылық инвентарь құралы


       485


        0,4


525


       0,4
        

578
 

        0,4
7
Өндірістік емес мақсаттағы нгізгі құрал
 


  29339



      26,1



6683
 


      5,1
      


7228



           5
∑
Барлық сомасы

 112479

       100

131184

      100
  144565
  
       100

          2-кестені қорытындылай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: негізгі құралдардың барлық құны 2005 жыл - 112479 мың теңгені құраса, 2007 жылы - 144565 мың теңгені құрады. Бұл, әрине, жаңа линиялы өнім өндірісі бойынша игеру және тұтынуға байланысты жылдан-жылға өсіп тұрғанын көреміз. ЖШС "Батырдың" негізгі құралдардың ішінен машина құрал-жабдықтардан табыс 39,1 пайыз жоғарғы көрсеткішті көрсетіп тұр. Үш жылдық негізгі құралдар құны мен үлесіне талдау жасасақ , көп жағдайда, өндірістік мақсаттағы құралдар құны 2006 жылда алатын үлесі басқа жылдарға қарағанда жоғары болып келеді де, 2005 жылы өндірістік емес мақсаттағы негізгі құрал құнының алатын үлесі жоғары. Анықталған кезең бойынша өндірістік емес мақсаттағы негізгі құралдар құны жылдан-жылға тез төмендеуін көруге болады. Оның себебі: кәсіпорынның алатын табысы көбіне өндірістік мақсатқа байланысты болғандықтан. Жалпы, табысты алу мақсатында, міндетті түрде қатарласып шығындар жүреді. Сондықтан да, қаржылық нәтижені құрмастан бұрын өндіріске кеткен шығындар құрамы мен көлемі қажет. Оны 3-кестеден көруге болады.                            

                                                                                                                     3 - кесте 
ЖШС "Батырдың" өндіріске кеткен шығындар құрамы мен көлемі.

№
Көрсеткіштер
      2005 жыл
      2006 жыл
      2007 жыл


  мың       
  теңге 


үлес салмағы
    %
  мың        
  теңге 
үлес салмағы
    %
  мың         
  теңге
үлес салмағы
    %
1
Материалдық шығындар:   

 396726

      83,3

 342056

      82,4

 335267

      82,1

а) шикізат, материал      

 282983



 267247


 248137


б) отын         
   29400

   13107

   10200


в) электр энергиясы    

   56698

   32674


   40110


г) жұмыс және қызмет 
   
   11057


   13204

   
   12600


д) көлік шығындары
   
   16588


   15824


   14020

2
Еңбекақы шығындары: 

   65720

      13,8

   63725

      15,8

   64236

      15,7

а) еңбекақы    
   52325

   50185

   49603


б)еңбекақыдан  аударым

   13396


   13540


   14633


3
Негізгі құралдардың тозуы


     3395


        0,7


     1975


        0,5


     2012


        0,5
4
Басқалай шығындар
  
   10272

        2,2

     7322

        1,8

     6808

        1,7

Барлық сомасы
                476113

       100  

 415078
 
       100

 408333

       100


     3 - кестеден көрініп тұрғандай, өндіріске кеткен шығындар құрылымы мен көлемі жылдан-жылға төмендеген. Бұл өндірістің құлдырауына байланысты болып келеді. Егер, шығынның барлық сомасы 2005 жылы 476113 мың теңгені құраса, ал 2007 жылы ол 408333 мың теңгені құраған. Яғни, оның номенклатурасы бойынша шығын құрамы да өзгерген. Нәтижесі бойынша, материалдық шығын құны төмендесе, еңбекақыға шығындар 2006 жылдан 2007 жылға барғанда аздап жоғарылап, 2005 жылы қайтадан көлемі төмендеп кеткен. Еңбекақы шығынының былай өзгермелі болуы еңбекақы қоры мөлшеріне байланысты.     
                                                                                                                4 -  кесте
ЖШС "Батырдың" өндірісінің көлемі. (мың теңге)

№
         Көрсеткіштер
  2005 жыл
   2006 жыл
  2007 жыл
1
Іс-әрекеттен алынған табыс
             494800
          455073
         427050
2
Негізгі құралдар құны       
               92479
          131184
         144565

а) өндірістік                          
               83140
          124501
         187200

б) өндірістік емес 
               29339
              6683
             7365
3
Жұмысшылар саны (адам)  
                 1033
              1005
             1200

Соның ішінде:              өндірістік персонал саны

                   523
                525



4
Еңбекақы қоры
               35668
            42313
           43401
5
Жылдың соңындағы жарғылық капитал мөлшері
                
                 7730
            
              7730
           
             7730

     4 - кесте бойынша ЖШС "Батырдың" іс-әрекеттен алған табысы жылдан-жылға төмендегенін көреміз. Бұл ауылшаруашылық өнімін өндіруші, жеке сектордан келіп түсетін өнім өндірісі қызметтер үшін негізгі шикізаттың аз болуынан. Бұл табыс жеке кәсіпкерлерден туындайтын конкуренция әсерінен де болады. Конкуренция жағдайында маңызды орынды жұмыстың сапасы алады. Ал, негізгі құралдардың құны жылдан-жылға өскенін көреміз. Бұл негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты. Жұмысшылар саны үш жылда көп өзгере қоймаған. Орташа айлық еңбекақы 2006 жылы 3014 теңгені құраса, 2007 жылы 2680 теңгені құрайды. Бұдан кәсіпорынның орташа еңбекақысы мемлекетпен кепілденген кіші еңбекақыға қарағанда 13 пайызға жоғары екенін байқаймыз. Міне, осыған сай еңбекақы қоры  2005 жылы 35668 мың теңгені құраса, 2007 жылы 43401 мың теңгені құрайтынын көруге болады.
      Серіктестік қатысушысының негізгі құқықтары:
1) Серіктестік іс-әрекетінен табыс алу;
2) Серіктестік іс-әрекеті туралы және құжаттары туралы ақпарат алу;
3) Жарғымен анықталған ретте серіктестік ісін басқаруға қатысу;
4) Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлік бөлігінің құнын серіктестік ликвидация жағдайында алуға құқылы.
       Серіктестік қатысушысы міндеттері: 
1) Құрылтайшы құжаттарын талап етуге,
2) Салымды мерзімінде, ретте, тәсілдер мөлшерінде құрылтайшы құжатымен қаралған ретте енгізуге;
3) Серіктестіктің коммерциялық құпиясы бар мәліметін жарияламауға міндетті.
       
2.2    ЖШС "Батырдың"  экономикалық  қызметін  жетілдіру  жолдары.
     
     Кәсіпорынның қаржы жұмысы -экономикалық қызметтің басты бөлімі болып табылады.
    Кәсіпорынның қаржы жұмысының негізгі мақсаты  ұлғаймалы  ұдайы өндіріс процессін қаржы ресурстармен қамтамасыз ету және бөлінген қаражаттың дұрыс пайдалануына бақылау жасау.
    Кәсіпорынның қаржы  жұмысының негізгі бөлімдері мынадай:
1. Қаржы жоспарлау. Бұл жерде  қаржылық жоспарының  баланстық жоспары, кіріс пен шығыс жоспары,  ақша қозғалысы жоспары,жасақталады. 
2. Жабдықтаушылармен  есеп айырсу. Бұл жерде  жабдықтаушылармен келісім-шарт жасақталып, олармен есеп айырсуды жүргізу барысындағы қажетті құжаттар  толтырылады.
3. Қаржы органдармен есептесу. Бұл жерде бюджетпен есеп айырысу бойынша, бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу  операциялары бойынша мәселелер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.
4. Айналым қаражаттары. Бұл жерде айналым қаражатын пайдалану тиімділігімен айналымдылығын үдету көтеру бойынша шаралар жасақталып жүргізіледі.
5. Несиелендіру. Мұнда несиені алу және қайтаруға байланысты есептеулер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.
6. Кассалық операциялар. Мұнда кәсіпорындағы қаржы жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, олардың қаржы жағдайына байланысты болады
      Кәсіпорынның есеп саясатын қалыптастыру  - бұл бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір тәсілін нақты бір шаруашылық жағдайында пайдаланудың тәртібін белгілеу.
       ЖШС "Батырдың" қаржылық және өндірістік есебін, салық есебі мен ішкі аудитін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының заңдылығын есепке алады. Оларға жататындар: Қазақстан Республикасының  "бухгалтерлік есеп туралы", "салық кодексі", "аудиторлық  қызметі туралы", "бухгалтерлік есеп стандарты" , тағы да басқа заңдылық нормативтік актілерді  жатқызуға  болады.
      ЖШС "Батырда" бухгалтерлік есеп жұмыстары енді ғана компьютерлендіруге көшіріліп жатыр. Қаржы есебі қаржылық көрсеткіштерді өлшеумен байланысты олардың элементтері:  табыс пен шығыстар болып табылады.Өнімді сатудан түскен түсімнен, олардың өндірістік өзіндік құнынан кезең шығындарын шегерген соң, қалған айырмасы табыс (зиян) болып есептеледі.
      Өндірістік мақсаттағы негізгі құралға өндірістік емес негізгі құралға қарағанда алатын үлесі бірнеше есе жоғары. Ең көпүлесті алатын негізгі құралдар болып - көлік құралдары мен машина және құрал - жабдықтар табылады, ал ең аз үлесін басқалай негізгі құралдары алып отыр 
      Кәсіпорында қаржылық жұмыс бойынша жасалған үлкен кқзқараспен  қарастырылады. Осы қаралған жұмыстың барлығы кәсіпорынның қаржылық жағдайына байланысты болады. 
     Қаржы жұмысының негізгі тапсырмасы болып табыстың жоғарлау жолдарын іздестіру  және рентабельділігінің жоғарлауы, салымдар және  басқа да шаруашылық кәсіптер, қаржылық органдардың алдындағы міндеттерді уақытында және толық орындау , сонымен қатар қаржы органдарының банктің жабдықтаушылардың, жұмысшылардың еңбекақы бойынша міндетті түрде уақытылы және толық орындау міндеті, мекемелер есебінен рационалдық басқару, басқару мен және тұлғалармен, қолданылған, алынған құралдар қаржылық реттеу және несиелендіру толық белгілеу, айналым қорларын сақтандыруды қамтамасыз ету және олардың қолданылу әсері, кассалық және қаржылық және қаржылық операцияларды ереже бойынша қалыптастыру.
         ЖШС "Батырдың" шаруашылық іс-әрекетінің соңғы мақсатты нәтижесі болып пайда табылады. Салық және өзге де төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорынның таза пайдасы қалыптасады. Осылардың үш жылдағы мөлшерін білу үшін қаржылық нәтижесінен 5-кестеден көре аламыз. Сонымен ең соңғы көрсеткіш - ЖШС "Батырдың" қаржылық нәтижесіне тоқталайық.
                                                                                                                      
5 - кесте
ЖШС "Батырдың" қаржылық нәтижесі. (мың теңге)

№
       Көрсеткіштер
  2005 жыл
 2006 жыл
   2007 жыл
1
Өнімді өндіруден түскен табыс (сатудан)
         
          438613
       
        437613
        
         328502
2
Өндірілген өнімнің өзіндік құны

          417823

        356830

         247849
3
Өнімді сатудан түскен таза табыс

       368434,9

     367594,9

      275941,7
4
Жалпы табыс
            20790
          80783
           80653
5
Жиынтық табыс
           49388
       10764,9
        28092,7
6
Кезең шығындары          
            37756
          80616
           79755

Соның ішінде: жалпы және әкімшілік шығындар

              8370

          25556

           31904
7
Өндіру шығындары
            22276
          54031
           47196
8
Пайыздық шығындар
                -
            1029
               655
9
Негізгі іс-әрекеттен алынған кіріс (зиян)

           -16966

              167

               898
10
Негізгі емес іс-әрекеттен алынған кіріс (зиян)

            41560

               -

              -866
11
Салық салуға дейінгі кәдімгі іс-әрекеттен кіріс (зиян)

            31704

              167

                 32
12
Корпоративтік табысқа салық
              9511
             50,1
                9,6
13
Салық салудан кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен кіріс (зиян)

         22192,8

           116,9

              22,4
14
Төтенше жағдайлардан алынған кіріс

                -

              -

             -
15
Таза кіріс, пайда
         22192,8
           116,9
              22,4

      Өнімді өндіруден түскен табыс жылдан-жылға өсетінін көреміз. Жалпы табысын табу үшін: Жалпы табыс = өнімді өндіруден түскен табыс - өндірілген өнімнің өзіндік құны. Ал, өнімді сатудан түскен таза табысты анықтау үшін әуелі өнімді өндіруден түскен табыстан ҚҚС ұстаймыз. Яғни, 438613*15% = 70178 мың теңге, содан соң өнімді сатудан түскен таза табыс = 438613 - 70178 = 368434,9 теңгеге тең. Жиынтық табысты анықтау үшін = өнімді сатудан түскен таза табыс - өнімнің өзіндік құны = 368434,9 - 417823 = - 49388 мың теңгеге тең. Негізгі іс-әрекеттен алынған кіріс немесе зиянды жабу үшін = жалпы табыс - кезең шығындары = 20790 - 37756 = - 16966 мың теңгеге тең. Салық салуға дейінгі кәдімгі іс-әрекеттен алынған табысты анықтау үшін = негізгі іс-әрекеттен алынған кіріс + негізгі емес іс-әрекеттен алынған кіріс = - 16966 + 41560 = 31704 мың теңге. Корпоративтік табысқа салықты анықтаймыз  31704*30% = 9511 мың теңге. Салық салудан кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен алынған кіріс (зиянды) табу үшін 31704 - 9511 = 22192,8 мың теңгені құрады. Таза кіріс немесе пайданы табу үшін салық салудан кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен кіріс - төтенше жағдайлардан алынатын кіріс = 22192,8-0 = 22192,8 мың теңге. 
     Таза кірістің бір бөлігі резервтік капиталды қалыптастыруға және толықтыруға аударылады. Сондай-ақ , таза пайда немесе кіріс өткен жылда шыққан зиянды жабуға жұмсалады.

    2.3 Облыстың агроөнеркәсіп кешені экономикасының қазіргі жағдайы
    
    Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені аймақ экономикасының біршама ірі және маңызды секторларының бірі болып табылады. Оның негізін  жалпы аймақтық өнім құнында үлесі 6,2 % болатын ауыл шаруашылығы құрайды.
    Облыстың ауыл шаруашылығы бидай, арпа, қара бидай, тары, сиыр еті, қой еті және жылқы етін өндіруге мамандануда. Жалпы өнім құрылымында дәнді дақылдар - 28,5%-ды, ет - 32,4%, сүт - 17,4%, картоп - 2,7%, көкөніс - 2,1%, жұмыртқа -1,2%, жүн - 0,7%, майлы дақылдар - 0,4%, бақша дақылдары - 0,4%,  жеміс-жидек - 0,5%, басқа  өнімдер - 13,7%-дан келеді. 
    Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында экономикалық өсу байқалады. 2000 жылмен салыстырғанда біршама жоғары қарқын 2002 жылы - 19,8%, 2003 жылы - 24,2% байқалынды,  2004 жылы  ауыл шаруашылығының даму қарқыны 11,8% -ға төмендеді, ал 2005 жылы 3,3% күтілуде (1 диаграмма). 
    
    

                                                                                                      1 -  диаграмма
    
       
    Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 2000 жылға салыстырмалы бағамен  % -бен  физикалық көлем индексі
    
      

     
    
    
    
    
    
    
    Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің экономикасы мен қаржылық жағдайының нығаюы ең алдымен, Аймақтық аграрлық азық-түлік бағдарламасы шараларын орындау есебінен  жүзеге асқандығын ескере кету керек. 2003 - 2005 жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 7,4 млрд. теңгеден астам, соның ішінде республикалық бюджет қаржысы есебінен - 5,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 0,7 млрд. теңге, басқа көздерден - 1,6 млрд. теңге бағытталды. 
    Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін көктемгі-далалық және егін жинау жұмыстарын несиелендіру бойынша мемлекеттік қолдау, жану-жағу материалдар, минералды тыңайтқыштар, жоғары репродукциялы тұқым құнын субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егіс алқаптарын жылдан жылға өсірулеріне мүмкіндік берді.  
    2005 жылы дәнді дақылдар алқабы 2000 жылмен салыстырғанда 81,9% -ға өсіп, 701,7 мың гектарды алды. Астықтың жалпы түсімінің 2001-2004 жылдарда орташа алғанда көлемі 492,5 мың тонна немесе 2000 жылмен салыстырғанда 62,6 % -ға артты.   
    Сонымен қатар, астық өндірісі тұрақсыз қалпында қалуда, дәнді дақылдардың өнімділігі ауа-райы жағдайларына байланысты жыл сайын күрт құбылып, 2002 жылы - 9,2 ц/гектарды, 2003 жылы - 10,1 ц/гектарды, 2004 жылы - 5,7 ц/гектарды, 2005 жылы - 4,0 ц/гектарды құрады.   
    Мал шаруашылығында шошқаны қоспағанда, мал басы мен құстардың тұрақты өсу тенденциясы байқалады. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы - 6,3 %-ға, қой мен ешкі - 5,5% -ға, жылқы - 2,7% -ға, құс - 49,4% -ға өсті. Жемдік астықтың қымбаттауына байланысты шошқа басы - 21,5% -ға кеміді. 
    Ірі қара малдың республика бойынша жалпы мал басы санындағы үлес салмағы - 7,9 % -ды, шошқа - 2,1% -ды, қой мен ешкі - 5% -ды, жылқы - 4,5% -ды, түйе - 2,8 % -ды, құс - 3,4% -ды құрайды. 
    Жүнді тұқымды қой басының қысқаруымен байланысты жүн өнімін азаюын қоспағанда, соңғы үш жылда мал шаруашылығының өнімі өсіп келеді. 2004 жылы шаруашылықтардың барлық санаттарында 66,0 мың тонна ет немесе 2003 жылдың деңгейінен - 103,6%, сиыр сүті - 208,8 мың тонна (103,5%), жұмыртқа - 52 млн. дана (128,9%), қой жүні - 1434 тонны (82%) өндірілді.
    Соңғы он жылдықта ауыл шаруашылығы өндірісінде мал шаруашылығы үлесінің 1994 жылы 35 %-дан 2004 жылы 57% -ға дейін артуымен құрылымдық ілгерілеушіліктер болды (2 диаграмма).
    
    
    
    
    
                                                                                                      2 -  диаграмма
      
    Өндіріс салалары бойынша ауыл шаруашылығының
    жалпы өнім құрылымы, %-бен.
    
    
    
    
    				                                                   
               
    
    
    
    
    
    
    
    
	 
	Өсімдік шаруашылығының үлес салмағы 1994 жылы 65%-дан және 1999 жылы 10% -ға шиеленіскен жағдайға дейін жетті. Бұндай құрылымдық жылжу 1995 - 1999 жылдары (1995, 1996, 1998, 1999 жж.) жиі құрғақшылық салдарынан болды, мал шаруашылығына қарағанда өсімдік шаруашылығының құлдырауы айтарлықтай жылдам жүрді. Астық өндірісін мемлекеттік қолдау өндіріс көлемі мен өсімдік шаруашылығы үлесін 2003 жылы 48%-ға дейін өсіруге мүмкіндік берді, 2004 жылы ол  43%-ға дейін қысқарды, 2005 жылы төмен өнімділікке байланысты одан әрі 30%-ға дейін төмендеу күтілуде. 
    2007 жылғы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінде 4,2 мың шаруа (фермерлік) қожалықтарын, 352 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен 100 мың тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтарын қосқанда 4,6 мыңдай ауыл шаруашылығы құрылымдары есепте бар.  
    Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірушілерінің құрылымын талдау, АӨК-дегі қоғамдық өндіріс дағдарысы ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінде шаруа қожалықтары мен тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтарының үлес салмағының өсуіне алып келгендігін көрсетіп отыр (3 диаграмма).


                                                                                                      3 - диаграмма
    
Шаруашылықтар санаттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімі құрылымы
2005 ж.


    	
    





                                                                

                                                                

                                                         1995 ж.
      
    
    
    
    
    

    
    
    
    
    Жалпы өнім құрылымында тұрғындар шаруашылықтарының үлесі - 1995 жылы 32%-дан 2005 жылы 65%-ға дейін, шаруа қожалықтары үлесі - 2%-дан 23%-ға дейін артты. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлес салмағы 66%-дан 12%-ға дейін қысқарды. 
    Негізгі өндірушілер ұсақ тауарлы тұрғындардың жеке шаруашылықтары болып отыр. Олар ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінен  87% ет, 93% сүт, 75% жұмыртқа, 80%-дай жүн, 86% картоп, 82% көкөніс, 71% бақша өнімдерін өндіреді. 
    Облыстың қазіргі ауыл шаруашылығы экономикасы жағдайы өндірістің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігімен сипатталады. Талдау көрсеткендей, салғырт даму мен төмен тиімділік жағдайының негізгі факторлары: 
    - аграрлық бизнестің экономикалық активті субъектілерін қалыптастыру үдерісінің аяқталмауы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінде орта және ірі шаруашылықтардың үлесі үлкен емес және 10%-дан артық құрамайды. Ұсақ тауарлы және табиғи өндірістің (тұрғындар шаруашылықтары) басым болуы облыстың аграрлық секторын дамытуда теріс көрініс табады: өндіріске ғылыми-техникалық ілгерілеу жетістіктерін енгізу, өндірістік үдерістерді интенсификациялау мен механизациялау мүмкіндіктері шектеледі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына бақылау төмендейді. 
    - аграрлық салада рыноктік ортаның төмендеуі және рыноктік конъюктураның күрт құбылуы 
     Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің рентабельділігі экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда үлкен емес және жекелеген жылдары ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі шығынды болады (6 кесте).
    
    6 - кесте 
    2004-2007 жылдардағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының рентабельдік деңгейі  (%-бен)
    

2004ж.
2005 ж.
2006ж.
2007ж.
ауылшаруашылығы кәсіпорындарының рентабельдігі
2,4
0,3
16,8
-0,7
 о.і.  өсімдік шаруашылығы 
5,5
- 0,2
26,7
4,7
        мал шаруашылығы 
- 12,7
2,8
-1,0
- 4,5
      
    Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өнімдердің баға диспаритетінің өсуі жалғасуда, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің инвестициялық мүмкіндіктері мен рентабельдік деңгейін одан әрі төмендетеді.   
    -  қор мүмкіндігінің нашарлауы және ауыл шаруашылығы салаларының технологиялық артта қалуы. Білікті басқарушы және жұмысшы кадрлармен қамтамасыздығының нашарлауы жалғасуда.
    Ауыл шаруашылығы айналымынан 8 млн. га жер, соның ішінде 50 мың га суармалы жер шығарылды. Топырақтың табиғи құнарлығының төмендеуі байқалуда, үнемі қайталанып отырған құрғақшылық егін шаруашылығының тәуекелдігін арттырып отыр. Ауыл шаруашылығы машиналарының негізгі түрлерінің ескіруі 75-80%-ға жетті, мишина-трактор паркін жаңартпайтын болсақ,  2010 жылы өңделетін егіс алқабының төрттен бірі қысқаруы мүмкін.
    	2007 жылы жалпы қайта өңдеу салалары бойынша азықтық өнімдер өндірісі көлемінің өсуі тенденциясы сақталуда. Тағам өнімдерінің физикалық көлемінің өсу индексі 2006 жылға қарағанда  3,7 %-ды құрады (4 диаграмма).

4 - диаграмма
    Тағам өнеркәсібінің өткен жылдардағы
    физикалық көлем индексі (%-бен)

    
    
    

	





	2007 жылы 9,1 млрд. теңгеге тағам өнімдері өндірілді, бұл өңделінетін өнеркәсіп құрылымының  33,0%-ын және   жалпы аймақтық өнімнің 3,5 %-ын құрады. 
    Ұн  өндіру саласында 81,9 мың тонна ұн шығарылды, бұл 2006 жылдан 7,8%-ға көп, нан пісіру 7184 тоннаны немесе 0,8%-ға, кондитерлік бұйымдар шығару 33,0%-ға өсті, макарон бұйымдарын жасау 1,2 мың тоннаны құрады немесе 33,5%-ға азайды. 
    Ет саласында ет және ет өнімдері өндірісі 1805 тоннаны құрады немесе 2006 жылдан   4%-ға көп, 692 тонна шұжық бұйымдары (10,9%-ға көп) шығарылды, ет консервілерін жасау 11,9%-ға өсті.
    Сүт саласында ірімшік және сүзбе өндірісі 559 тоннаға өсті немесе 2006 жылға қарағанда 19,1%-ға көп, сонымен бірге сары май өндірісі 2 есеге, майонез 31%-ға, сүт өнімдері 13,8 %-ға, балмұздақ 15%-ға азайды (5 диаграмма).

5 - диаграмма
    
    2002-2004 жылдарда азық-түлік тауарларын өндіру көлемінің динамикасы (тонна)
    
      
    
    Жалпы алғанда, өндірістің өсуіне қарамастан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі жоғары емес: астық - 24%, ет - 14,5%, сүт - 5,8%, көкініс пен жеміс 1%-дан да аз.  Еттің, сүттің, көкініс пен жемістің негізгі көлемі азық-түлік рыноктарында шикі және өңделмеген күйінде өткізіледі. 
    Сонымен бірге, облыстың азық-түлік рыноктарында шетелдік өндірушілер тарапынан бәсекелестік жылдан-жылға өсіп келеді. 2005 жылдың қаңтар - желтоқсаны аралығында облысқа 3,2 мың тоннадан астам импортты ет өнімдері, сүт өнімдері 2,3 мың тонна, майлар мен өсімдік майы - 3,1 тонна, астықтан өңделген тағам өнімдері: ұн - 3,1 мың тонна, майонез - 0,4 мың тонна, балмұздақ - 0,5 мың тонна келіп түсті (7 кесте).  

    7 -  кесте 
    2004 жылы негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілу
    (мың тонна)
     
    Аграрлық сектор тұрғындарды өз өндірісі есебінен нан өнімдерімен, ет, сүтпен толықтай, картоппен - 65%, көкөніспен - 86%, жұмыртқамен - 90%-ға қамтамасыз етеді. 


III-Тарау. Қазақстандағы ауылшаруашылығы кешендерінің қызметін жетілдірудегі стратегиялық бағыттар.

     3.1 АӨК салаларын ғылыми қамтамасыз ету және инновциялық өңдеулерді енгізу
      
     Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсуіне қол жеткізу, облыстың аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыру тек өндіріске ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін (инновоцияларды) енгізу негізінде ғана мүмкін. 
     АӨК-дегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық дамуларды мақсатты қолдау, сондай-ақ, облыстың  ғылыми мекемелерін Бағдарламаны жүзеге асырушы белсенді қатысушыларға және АӨК ұйымдарымен тең құқылы қарым-қатынас субъектілеріне айналдыру жағдайында ғылыми техникалық ілгерілеу (ҒТІ) жетістіктерін үзіліссіз үдерісте енгізуге қол жеткізу мүмкін.
     Облыстың аграрлық ғылымы Жәңгір хан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетімен және өндіріске енгізген жағдайда облыстың аграрлық сектор экономикасын сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, перспективалы зеттеулері бар Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясымен ұсынылды. 
     Осылай, Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы Н.М.Тулайков атындағы Самара АШҒЗИ-мен бірігіп, Альбидум - 653 және Лютесценс -29 жұмсақ бидайларын будандастырудан дара таңдау әдісімен алынған Волгоуральская жаздық бидайының жаңа перспективалы сорты шығарды. Өнімділігі жағынан сорт Саратовская-42 стандартынан асады, онымен салыстырғанда тозаңды қаракүйе мен бидайдың қоңыр татына, құрғақшылыққа төзімді,  жалпы нан пісіру бағасы -  4,8 балл. Сорт 2004 жылдан бастап аудандастырылған және ағымдағы жылы олар 10 мың га алқапқа егілді. Келесі аудандастырулар үшін  Жайық - 1 арпасы, Тұран 150 СВ және Тұран 170 СВ жүгерісі, Мерей еркекшөбі мемлекеттік сорт сынауынан өтеді. Станцияларда еркекшөптің жергілікті селекциясының сорттарын шығару жөніндегі жұмыстар жалғасуда, дәнді дақылдар сорттарын сынау жүргізіледі, дәнді дақылдарды (сафлор, рапс) және көп жылдық шөптерді өсіру технологиялары жасалынды.  
     Өндіріске енгізу мақсатында: дәнді дақылдарды өсірудің ылғал қор сақтау технологияларын қолдану, құрғақ дала аймағы жағдайында тұрақты ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз ететін далалық ауыспалы егістердің түрлі схемаларының тиімділігі, картоптың жеке түрінің тұқым шаруашылығы, көшетсіз дақылдар негізінде интеркалярлы қоспалармен алма көшеттерін өсіру мүмкіндігі, көшім жылқысы тұқымын сақтау және жетілдіру, қала шетіндегі аймақтарда сүт өндірісі технологиясын жасау және жетілдіру, герефорд тұқымдарының асыл тұқымды және тауарлы өнімі үйретілуде. 
     Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің инновациялық-консалтингілік орталығы емдеу-сауықтыру шараларының диагностикасына, ұйымдастыруға және өткізуге, ауыл шаруашылығы малдарының селекциялық-асыл тұқымды жоспарын құрастыруға ғылыми-практикалық көмек көрсетеді, орталықта селекция және тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантині, ветеринарлар дайындау және қайта дайындау бойынша біліктілігін арттыру курстары жүргізіледі.   
     Проблемалар:
     Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын ғылыми қамтамасыз етуде проблемалар бар, оларға жататындар: агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми зерттеу тәжірибелік құрастыру жұмыстарын қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіз болуы, ғылыми-зерттеу ұйымдарының нашар материалды-техникалық базасы, ғылыми мекемелердің төмен инновациялық қызметі. 
     Бұндай өзара әрекетті ұйымдастыру және қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қажетті көмек жоқ. 
     Шаралар:
     Бағдарлама 2006-2010 жылдар аралығындағы кезеңде төмендегідей негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдаудың бірқатар шаралары жүзеге асырылатындығынан шығып отыр: 
     дамыған елдер деңгейіне жетуге аграрлық ғылымды қаржыландыруды кезеңмен арттыру;  
     бастапқы зеттеулерден бастап және ғылыми-технологиялық зерттеулерді өнеркәсіптік жүзеге асырумен, соның ішінде, өндіріске ғылыми зерттеулерді енгізу механизмін жасаумен аяқталатын ғылыми-инновациялық үдерістің барлық тізбегін нақты институциональды қамтамасыз ету; 
     агроөнеркәсіптік өндірістің шешуші бағыттарына зерттеулерді шоғырландыру, еліміздің әлеуметтік -экономикалық дамуына және әлемдік ғылым дамуының тенденцияларына сәйкес,     
      АӨК-нің басым бағыттары бойынша берік және қолданбалы зерттеу бағдарламаларын қалыптастыру және жүзеге асыру; 

    3.2   АӨК-ін кадрлық қамтамасыз ету
    
    Қазіргі уақытта АӨК-нің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын барлық деңгейдегі білікті мамандармен қамтамасыз ету жағдайы өте қиын болып отыр, бұл өндіріске қойылып отырған, дайындау деңгейі қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін,  АӨК-ді басқару кадрларымен және мамандарымен қамтамасыз ету қажеттігін қояды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            
    Облыстың 4046 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ішінде тек 440-ы ғана білікті кадрлармен қамтамасыз етілген, оларда 1006 маман жұмыс жасайды, соның ішінде 342 агроном, 328 мал дәрігері, 36 инженер-механиктер бар. 
    Облыстың АӨК үшін кадрлар мен мамандарды дайындаумен 12 кәсіптік мектеп, 2 колледж және 1 жоғары оқу орны (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) айналысады. Оларда 3210, оның ішінде кәсіптік мектептерде - 2479, колледждерде - 731 адам оқытылады. Оқыту ауыл шаруашылығы профилінің 30 мамандығы мен 21 кәсібі бойынша жүргізіледі.  
    Проблемалар:
    Ауылдық кәсіптік мектептердің оқыту-материалдық базасы нашар, оқыту мектептерінде оқулықтар (оқулықтар мен методикалық құралдар), жаңа технологияларды пайдалану және практикалық дайындықтан өту үшін базалық кәсіпорындар жоқ деп айтуға болады. 
    Оқу орындарына 12700 га ауыл шаруашылығы жерлері бекітілген, оның 4900 га егістік және 7800 га пішендіктер мен жайылымдар, әр түрлі үлгідегі 59 тракторлар, 36 автокөліктер мен 12 комбайндар бар. 
    Қазіргі ауыл шаруашылығы машиналары мен техникаларының паркі ескірген, кәсіптік мектептердің (лицейлер) қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникаларымен нашар жабдықталуы жастарды аграрлық профилдің мамандықтары мен жұмысшы кәсіптерін игеруге тартудың тежеуші факторы болып табылады. 
    Шаралар:
    Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың Тұжырымдамасына сәйкес АӨК қажеттілігін қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін, төмендегідей мамандықтар бойынша білікті мамандармен қамтамасыз ету жоспарлануда: 
    жоғары білімді: ауыл шаруашылығы өндірісінің инженер-механигі, агротехникалық сервис инженер-механигі, инженер-гидротехник, инженер-технолог (ет, сүт, астықты өңдеу бойынша, тері, макорон, кондитер бұйымдарын  өңдеу бойынша), азық-түлік өнімдерінің инженер-механигі, агроном-тұқымшы және т.б.
    орта кәсіптік білімді: ауыл шаруашылығы техникасының қызмет көрсету және жөндеу бойынша техник-механигі, ауыл шаруашылығы өндірісін механизациялау бойынша техник-механигі, техник-электрик, техник-гидромелиоратор,  азық-түлік өнімдерінің технологы (ет, сүт өнімдерінің, көкөніс консервілерінің, астықты өңдеу бойынша, тері, макорон, кондитер бұйымдарын  өңдеу бойынша, өсімдік майы өндірісі бойынша) және т.б. Барлығы 232 арнайы орта білімді мамандарды дайындау жоспарлануда. Сондай-ақ Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кірер алдында өнімді стандарттау және сертификациялау бойынша мамандарды дайындау жоспарлануда. Барлығы 803, оның ішінде 2006 жылы - 214, 2007 жылы - 151, 2008-2010 жылдары  -  146 мамандарды дайындау жоспарлануда. 
    Жұмысшы кадрларды дайындау мақсатында Бағдарламада 2006-2007 жылдары Бөкейорда және Қаратөбе аудандарында 2 жаңа кәсіптік мектеп ашу, ауыл шаруашылығы профиліндегі жұмысшы кадрларды дайындайтын кәсіптік мектептерге жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын, машиналар мен жабдықтарын сатып алуға қаржы бөлу қарастырылуда. 
    Бағдарлама шараларында барлық деңгейдегі аграрлық білім беретін мекемелерде оқытудың  мерзімділігі мен агроөнеркәсіптік кешен қажеттілігін ескере отырып, басшы жұмысшыларды, мамандар мен жұмысшы кадрларды кәсіби қайта дайындау көлемін ұлғайту және біліктілігін арттыру қарастырылуда. Жыл сайын 900-ден аз емес кадрлардың біліктілін арттыру жоспарлануда.
    
3.3  Облыстың агроөнеркәсіптік  кешенін  қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
    
    Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту және осы Бағдарламада қарастырылған мақсаттарға жету  тек бағдарлама шараларын белгіленген көлемде қаржыландыру жағдайында ғана мүмкін.  Барлық мүмкін көздерден қаржы тартып алмай, ауыл шаруашылығы мекемелерін ұзақ мерзімді және орташа мерзімді несиелендіру үшін жағдайлар жасап алмай, аграрлық өндіріске ғылыми-негізделген технологиялар мен инновацияларды енгізу мүмкін емес (45 кесте).  
    
    45 кесте
Бағдарламаның  іс-шараларын қаржыландыру көлемі 

№
Іс - шара
Болжалған шығыстар (млн. теңге)
Қаржыландыру көздері


2006
2007
2008
2009
2010

1
АӨК субъектілері үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу жөнінде ауыл шаруашылығы техникасы, технологиялық жабдық, арнайы техника, жабдық лизингісін ұйымдастыру 
530
540
550
560
570
Республикалық бюджет


57,2
117,2
124,3
131,1
165,2
Басқа көздерден
2
Кең ауқымды егістік және жинау техникасын шығару үшін инвестициялар тарту 
330




Басқа көздерден
3
Ауылдық кәсіптік мектептер мен лицейлер үшін қазіргі заманғы техника және жабдықтар сатып алу



40
40
Облыстық бюджет
4
Көктемгі далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті тауарлы- материалдық құндылықтардың  (ЖЖМ) құнын субсидиялау
150,9
150,9
150,9
150,9
150,9
Республикалық бюджет трансферттер
5
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту (бірегей және элиттік тұқымдар)
15,4
15,4
15,4
15,4
15,4
Республикалық бюджет трансферттер

6
Отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сатылған тұқымдардың 1  репродукциясының құнын ішінара арзандату
-
-
-
40,8
43
Облыстық бюджет
7
Өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын көтеруді қолдау (минералды тыңайтқыштарды субсидиялау) 
9,0
9,2
9,4
9,8
10
Республикалық бюджет трансферттер

8
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау
39,9
40,3
40,7
41,1
41,5
Республикалық бюджет трансферттер

9
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау 
23,6
25,2
25,2
30
30
Республикалық бюджет трансферттер
10
Жерлерді агрохимиялық зерттеу жүргізу
9,0
9,0
9,0
9,0
9,0
Республикалық бюджет
11
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау 
3,8
3,8
3,8
3,8
3,8
Республикалық бюджет
12
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау (жоғары классты асыл тұқымды малдарын сатып алуды, ұстауды ұйымдастыру және өндірісті кеңейтуге өсімтал төлін өсіру)
28,1
29,8
31,6
33,5
35,5
Облыстық бюджет
13
Сүт-тауарлы фермаларын құруға несие бөлу 
48,5
98
97
150
200
Облыстық бюджет
14
Мемлекеттік қолдан ұрықтандыру пункттерінің қызметін ұйымдастыру 
-
-
-
26,4
31,7
Облыстық бюджет
15
Жануарлар мен құстардың ауруларын диагностикалық зерттеулер жөнінде іс- шараларды орындау
21,2
22,2
23,4
24,5
25,7
Республикалық бюджет
16
Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының аса қауіпті ауруларына қарсы күрес жөніндегі эпизотикалық қарсы іс - шараларды орындау
71
74,6
78,2
82,2
86,3
Республикалық бюджет
17
Мемлекеттік мал сою пункттерін (алаңдарын) ашу 
39
39
39
39
39
Республикалық бюджет
18
Мемлекеттік мал қорымдарын ұйымдастыру 
45
45
45
45
45
Аудандық
бюджет

№
Іс - шара
Болжалған шығыстар (млн. теңге)
Қаржыландыру көздері


2006
2007
2008
2009
2010

19
Отандық тауар өндірушілеріне арзандатылған тұқым улағыштар мен гербицидтер сатып алуға мемлекеттік қолдау көрсету
2,4
2,4
2,4
2,4
2,4
Республикалық бюджет
20
Аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күрес жүргізу
192,9
218
215,8
215,8
215,8
Республикалық бюджет
21
Зиянды және аса қауіпті организмдердің дамуы мен таралуына бақылау жүргізу 
52,6
62,5
57,5
57,5
57,5
Республикалық бюджет
22
Карантиндік зиянкестердің өсімдіктер ауруларының және арам шөптердің таралу ошақтарын табу, оқшауландыру және жою жөнінде іс-шараларды жүргізу 
23,5
24,3
24,3
24,3
24,3
Республикалық бюджет
23
Арнайы қоймалар (қорымдар) салу және тыйым салынған әрі қажетке жарамсыз пестицидтерді, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтерден босаған құтыларды көмуді ұйымдастыру
-
-
-
6,0
6,0
 Облыстық бюджет
24
Тұқымдық және отырғызылатын материалдың сорттық және егістік сапасының сараптамасын жүргізу 
5,2
5,2
5,2
5,2
5,2
Республикалық бюджет
25
Астық қабылдау кәсіпорындарында астық қабылдау кезінде бақылау сынамаларының сараптамасын ұйымдастыру
-
-
-
4,2
4,2
Облыстық бюджет
26
Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігіне карай өндірісті сертификаттауға бағыттылған ауыл шаруашылығы өнімін кайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың шығыстарын ішінара субсидиялау
3,2
16,0
24,0
24,0
24,0
Республикалық бюджет
27
Коммуналдық ауыл шаруашылық рыногының жарғылық капиталын қалыптастыруға 
-
-
-
10
10
 Орал қаласы 
бюджеті
28
"Мал өнімдері корпорациясы" арқылы дайындау инфрақұрылымын құру жолымен мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өндеуді және сатуды қолдау 
100
100
100
100
100
Республикалық бюджет
29
Картоп - көкөніс қоймаларын қайта жаңарту
1,5
2,0
3,0
3,0
3,0
Облыстық бюджет
30
"Аграрлық кредиттік корпорациясы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы ауылдық несие серіктестіктерінің желісін кеңейту және оларға кредит беру
800
900
950
1000
1050
Республикалық бюджет
31
Ауыл кәсіпкерлігін қолдау және шағын кредит беру жолымен ауыл халқының табысын арттыру
60
70
80
90
100
Республикалық бюджет
32
Қайта өңдеу кәсіпорындарының айналымдағы қаражаттын толықтыруға екінші деңгейдегі банк кредит ресурстарын тарту
250
300
350
400
450
Басқа көздерден
33
Ауыл шаруашылғы тауар өндірушілерін көктемгі - далалық және егін жинау жұмыстарын жүргізуі кезінде негізгі және айналымдағы қаражатты сатып алуға  несиелендіру
300
350
400


Республикалық бюджет
34
Агроөнеркәсіп субъекталарын несиелендіру кезінде сыйақы ставкасын өтеу
-
-
-
61
61
 Облыстық бюджет
35
Жәрмеңке-көрме іс- шараларын өткізуді ұйымдастыру
-
-
-
2,0
2,0
Облыстық бюджет
36
Ет өңдеу кәсіпорнын құру



370

Басқа көздерден
37
Сүт өндеу зауытын құру


450


Басқа көздерден

Жиыны 


450
370



Барлығы
3212,9
3270,0
3905,1
3807,9
3657,4


с.і  республикалық  бюджет
2452,6
2678,0
2804,2
2484,9
2560,8


      жергілікті бюджет
78,1
129,8
131,6
366,9
426,4


      аудандық және Орал қаласы бюджеттері
45
45
45
55
55


      басқа  көздер
637,2
417,2
924,3
901,1
615,2

     
              Бағдарлама шараларын жүзеге асыру үшін жалпы қажетті қаржы 17853,3 млн. теңгені құрайды. Бағдарламаны қаржыландыру құрылымында ең үлкен үлес салмақты республикалық бюджет қаржысы - 12980,5 млн.теңге (72,7%), жергілікті бюджет - 1377,8 млн.теңге (7,7 %), басқа көздер - 3495,0 млн. теңге (19,6 %) алады. 
    
    




Бағдарлама аясындағы қаржыландыру құрылымы төмендегідей (6диаграмма).
       
                                                                                                           6 - диаграмма
     
    
    
    
    
    
    


        Республикалық бюджет есебінен қаржыландыру
    2006-2010 жылдары облыстың АӨК дамытуға республикалық бюджеттен тартылатын қаржы-12980,5 млн. теңгені құрайды. Қаржы ресурстары: агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қайта жабдықтауға - 2750,0 млн. теңге, өсімдік шаруашылығын тұрақты дамытуға - 322,4 млн. теңге, мал шаруашылығын дамытуға - 203,5 млн. теңге, ветеринарлық қауіпсіздікке - 704,3 млн, теңге, фитосанитарлық қауіпсіздікке - 1478,6 млн. теңге, өнім сапасын бақылауға - 117,2 млн. теңге, ауыл шаруашылығы өнімін өткізу инфрақұрылымын дамытуға - 500 млн. теңге, АӨК қаржылық инфрақұрылымына - 6904,5 млн. теңге бағытталынатын болады. 
    Жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру
    2006-2010 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджет қаржысынан 1377,8 млн. теңге бөлінетін болады, оның ішінде бірінші репродукциялы тұқым бағасының бір бөлігін арзандатуға - 83,8 млн. теңге,  асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға - 158,8 млн. теңге, сүт-тауарлы фермаларын ұйымдастыруға - 593,5 млн. теңге, қолдан ұрықтандыруға - 58,1 млн. теңге, кәсіптік мектептердің материалды-техникалық базасын нығайтуға - 80 млн. теңге, АҚК астық қабылдау кезінде бақылау сынамаларын сараптауды ұйымдастыруға - 8,4 млн. теңге, көкөніс қоймаларын қайта жаңартуға -  12,5 млн. теңге несие, көктемгі- далалық және егін жинау жұмыстарын несиелендіру кезінде сыйақы ставкасын өтеуге - 122 млн. теңге, көрме-жәрмеңке шараларын өткізуге -4,0 млн. теңге, арнайы қоймаларды (қорымдарды) салуға және тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді, және олардан босаған құтыларды ұйымдастыруға-12,0 млн. теңге бө лу жоспарлануда. 
    225 млн. теңге сомасындағы аудандық бюджет қаржысы мал қорымдарын ұйымдастыруға, бұдан басқа Орал қаласы бюджетінен - 20 млн. теңге коммуналды ауыл шаруашылығы  рыногын жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталынатын болады. 
    Басқа көздерден қаржыландыру
    2006-2010 жылдары Бағдарлама шеңберінде басқа көздерден 3495,0 млн. теңге көлемінде несие тарту көзделіп отыр.
    Бұл қаржылардың ішінде техника және технологиялық жабдықтар сатып алу лизингісі 595 млн.теңгені, қайта өндеу кәсіпорындарының айналымдағы қаражатты толықтыруға коммерциялық банктер несиелері - 1750 млн.теңгені, ауыл шаруашылығы техникаларын шығару бойынша инновациалық жобаларды жүзеге асыруға инвестиция - 330 млн.теңгені, ет өндеу кәсіпорынның және сүт зауыты құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға несие - 820 млн. теңгені құрайды




     Қорытынды  және  ұсыныстар 
     Жалпы өнімдер көлемі бойынша, республикадағы ауыл шаруашылық кәсіпорыңдары шағын көлемді өндіріспен сипатталады. Нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі қажетті деңгейде емес, сондықтан бұл саланың экономикалық ахуалы үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді.
   "Батыр" ЖШС-нің айналысатын іс- әрекетінің  негізгі түрлері болып: құрылыстық - монтаждық жұмыстар, материалдық - техникалық қамтамасыз ету, сауда және коммерциялық іс- әрекет, ізденіс - жобалау және эксперттік жұмыстар, құрылыстық материал, бұйым және құрастыру өндірісі, т.б. табылады. 
     Серіктестіктің жарғылық капиталы 7730 мың теңге. Серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық т.б табылады. Серіктестіктің мүлкінде қатысушылардың үлесі жарғылық капиталдың 100 пайызын құрайды. 
     3 - кестеден көрініп тұрғандай, өндіріске кеткен шығындар құрылымы мен көлемі жылдан-жылға төмендеген. Бұл өндірістің құлдырауына байланысты болып келеді. Егер, шығынның барлық сомасы 2003 жылы 476113 мың теңгені құраса, ал 2005 жылы ол 408333 мың теңгені құраған. Яғни, оның номенклатурасы бойынша шығын құрамы да өзгерген. Нәтижесі бойынша, материалдық шығын құны төмендесе, еңбекақыға шығындар 2004 жылдан 2005 жылға барғанда аздап жоғарылап, 2003 жылы қайтадан көлемі төмендеп кеткен. Еңбекақы шығынының былай өзгермелі болуы еңбекақы қоры мөлшеріне байланысты.
     Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі мемлекеттік шараларды іске асыру жобалары жасалды. Қазіргі кезде АӨК өрісінде 2000 астам стандарттар және техникалық жағдайлар қызмет еткенімен, олардың 80% астамы 2005 жылдан бұрын қабылданғандар, 
     
     3000 нормативтік актілер қазіргі талаптарға сай емес, олар қайта қарауды талап етеді.
     Техникалық сервисті сенімді әрі сапалы ұйымдастыру үшін мыналар қажет: техникалық құралдар рыногы, қызмет көрсету рыногы, ұсыным мен сұранымға толық тәуелділікті қамту, қызмет көрсету сапасына ұйымдық - экономикалық және құқықтық кепілдік.
     Сервистік жұмысты  ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өздері немесе арнаулы жөндеу кәсіпорындары және даярлаушы-зауыттарда атқаратын болады.
	Өсімдік шаруашылығының үлес салмағы 1994 жылы 65%-дан және 1999 жылы 10% -ға шиеленіскен жағдайға дейін жетті. Бұндай құрылымдық жылжу 1995 - 1999 жылдары (1995, 1996, 1998, 1999 жж.) жиі құрғақшылық салдарынан болды, мал шаруашылығына қарағанда өсімдік шаруашылығының құлдырауы айтарлықтай жылдам жүрді. Астық өндірісін мемлекеттік қолдау өндіріс көлемі мен өсімдік шаруашылығы үлесін 2003 жылы 48%-ға дейін өсіруге мүмкіндік берді, 2004 жылы ол  43%-ға дейін қысқарды, 2005 жылы төмен өнімділікке байланысты одан әрі 30%-ға дейін төмендеу күтілуде. 
     Дегенмен, кейбір болжамдар бойынша, егер тамақ өнеркәсібі ірі отандық және шетелдік инвестициялар обьектілеріне көкөніс пен жеміс-жидектер өнеркәсіптік түрге арналып, жаңа және модернизацияланған кәсіпорындар тарапынан өңделуге түсуі артатыны анық.
     АӨК жүйесінде мәліметте жинаудың арнаулы сапасы ретінде стратегиялық маркетингтік талдау жүзеге асырылатын болады.



     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.  Назарбаев Н.А. Стратегия-2030.- М.,1997 г.
2.  Программа развития сельскохозяйственного производства на 2000-2002 годы. Республиканское совещание работников агропромышленного комплекса (8 февраля 2000 г., г.Астана). // Панорама № 6.- 11 февраля 2000 г.
3.  Айтуганов  Б.   Развитие  агропромышленного  комплекса. -
     Транзитная экономика, 1998 г.
4.  Баймухамедова Г. Сущность, содержание и функции рынка, средств производства и услуг в условиях рыночной экономики.// Вестник с-х науки Казахстана № 8.- 2003 г.
5.  Баймуратов  У.Б.  Национальное  экономическая  система.-Алматы: Ғылым, 2000 ж.
6.  Гиззатова А.И. Дифференцияция регионов Казахстана по уровню   беспеченности   продовольственными  ресурсами.-М.: НИИЭСХ, 2002 г.
7.   Калиев Г.А. Законодательное обеспечение развития АПК в Казахстане. // Вестник с/х науки Казахстана № 5.- 2003 г.
8.  Сейтбеков Л.С. Приоритеты научно-технической политики АПК Казахстана. // Вестник с-х науки Казахстана №10.-2003 г.
9.  Мадиев Г. Тенденции развития сельхоз формирований. // Вестник с-х науки Казахстана №3.- 2004 г.
10 .Тлеубергенова А. Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы экономикасында қазіргі кезде қалыптасқан проблемалар. Актуальные проблемы экономики Западного Казахстана. АПК и социальная сфера в условиях рынка: Тезисы международной научно-практической конференций. - Орал: ЗКГУ,2001г.
11.Шомкекова Б. Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері. // Қаржы-қаражат № 8-9.- 1999 ж.
12.Регионы Казахстана, 2002. Статистический сборник/Под ред. А.А.Смайлова.- Алматы, 2002 г.
1З.Казахстан и его регионы. // Ежеквартальный журнал №1.-2003.Г.
14. А.Б. Оспанов. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электендіру  ғылыми-зерттеу институтының еліміздің агроинженерлік ғылымын дамытудағы ролі.// Жаршы 2003 ж №10.
15.Л.С.Сейтпеков Қазақстан агроөндірістік кешенін ғылыми- техникалық қамтамассыздандырудың басты бағыттары.// Жаршы 2003 ж №9.
16.А.К.Күрішбаев. Қазақстан Республикасындағы астық өндірісінің жай-күйі және проблемалары.//Жаршы 2003 ж №11.
17. А.А. Колашников, М.М. Мүсекенов. Ауыл шаруашылықтың қазіргі жағдайда егін суару ресурстарын үнемдеу. // Жаршы 2004 ж. № 8
18. А. Мұқашев. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың ілімдік негіздері.2003 ж. №5.
19. Н. Я. Коваленко. Экономика сельского хозяйства. Курс лекций  Москва 1998 г.
20. Казахстан и его регионы.// Ежеквартальный журнал № 1-2003 г
21. М. Н. Малыш. // Аграрная экономика. Учебник. Санк-Петербург 2002 г.
22. Н. А. Попов. Экономика сельского хозяйства. Учебник. Москва 1999 г.
23. Қ. Е. Құбаев, Ж. О. Ихданов, А. Ш. Кәрібай. Аграрлық сектор экономикасы мемлекеттік реттеу мәселелері. (Оқу құралы) Алматы "Экономика" 1997 ж.
24. Ескараев. О. К. " Агропромышленная интеграция: проблемы, перестройка". Алматы, " Кайнар", 1998 г.
25. Еспаев. С. С. "Углубление аграрной реформы: проблемы, пути и механизм реализаций", КазГосИНТИ Алматы 1995 г.
26. Қ. Р. Президентінің Жарлығы, заң күші бар "Жер туаралы" // Егемен Қазақстан, 11 қаңтар 1996 ж.
27. Медеубеков Қ. Ұ. "Қазақстан агроөнеркәсібі: экономикасын ұйымдастыру және басқару". Қайнар, Алматы, 1990 ж. 





Автор
alpysbaev_aman
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
5 242
Размер файла
432 Кб
Теги
com, www, шаруашылы, реферат, даму, ауыл, topreferat
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа