close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Kaz-KalilaKojaninXikaialari

код для вставкиСкачать
Доқтырхан Тұрлыбек
Қалила Қожаның хикаялары
Алматы «Гауһар» 2002
«Қалила Қожаның хикаялары»
кітабына қамшы сөз. ...
Мүмкін алғы сөз...
«Өзіне-өзі күле алған адамды жарты құдай десе де болады» - депті неміс халқының
ұлы перзенті, театр реформаторы Бертольд Брехт. Алла Тағаланың сүйкімі ауған, ерекше
назары түскен қазақ деген халыққа өзіне-өзі күлу жазбаған сияқты. Біз терімізден
мықтымыз, басымыздан сөз асырмаймыз, бірімізге-біріміз төбемізден қарап шіренгенде
шапанымызға сыймаймыз, қақырата тігісін сөгеміз.
Мысқылдың «майын езіп ішкен» Михаил Зощенко да екі дүниеде қазақтай әзілқой
халық аз!» депті! «Әзілің жарасса – атаңмен ойна» дейді сол қазақ. Бұл абайла дегені.
Жөнді жосықсыз жыртақтаған шал-шауқандарға ала көзін атып, «Бояушы, бояушы
дегенде сақалын бояпты» деп тағы тиып тастап отырған. Орынсыз әзілге араласып,
қарабайыр қалжың айтқан әдебі мен ақылы аз жігітті «ойнай білмеген бала анасының
етегін көтереді» деп қара жерге қағып жіберген... немесе «түйенің мойыны жаман,
шаланың ойыны жаман» деп қарадай жерге қаратып, бейшара күйге түсірген. Ал, осынша
тиымдар мен қақпақтардан сөзге ілікпей, бәлеге жолықпай аман өтіп, әзілдің ауылына
қонып көр!
Қалила осы тосқауылдардан жаңбыр-жаңбырдың арасымен әзілінің әдебіне су
тигізбей аман өтетін әпендінің өзі екен. өйткені әпенделер адал болады, аңғал болады,
арам болмайды. «Мен тұрғанда сен кімсің» деп шіренбейді. Соған қарағанда Қалиланы
қоршағандардың бәрі де Қожанәсір-ау. Қожекең де жақсы адам ғой...
Айтпақшы, өзіне-өзі күле алмаған жалғыз қазақ әзірге сол кісі-ау!
Әзіл-қалжыңды, әсілі, ұққанға айтқан бақыт қой. Қалила қарапайым тағдырына
налып, запыран шашпай, парасат шашады. Кәрім болмаса кино түсірер ме еді, Шерағаң
болмаса үйсіз әлі жүрер еді, Нәкең /әкесі/ «атаңанәлет» демесе Нева жағалауында қалып
қояр еді, марқұм мұса ағасы болмаса шіреніп шемішке сата берер еді, бірақ Қалила болып
қалар еді. Тіпті осыларды көз-моншақтай тізіп, көз майын тауысып, тәп-тәуір дүние
жасаған Доқтырхан да Қалила Қожаны өмірге ғашықтығынан, жан-жағына нұр себетін,
әдейі істемейтін әдемі, әдепті әзілдерінен ажырата алмас еді. Қалила қарабайыр емес,
қарапайым. Байлығы – осы. «Тоқсан ауыз сөдің тобықтай түйіні бар» демекші, жақсы
кітап.
Оқыңыз, өкінбейсіз.
Тұңғышбай ӘЛ-ТАРАЗИ,
Қазақстан
Республикасы
Мемлекеттік
сыйлығының
лауреаты
«Алай» базарындағы айқай
Алтыншы сыныпты бітіріп, жазғы каникулға шыққан Қалила әкесі Нематулланың
үш бірдей бауыры тұратын Ташкентке қыдырып барады. Еңбектеген баласынан еңкейген
қариясына дейін дихандықты кәсіп еткен туысқандары көкөніс өсіріп, оны базаррға
апарып сатумен шұғылданады екен. Қалила бірде ибадулла көкесімен Алай базарына
барады. Бір күн өтеді, екі күн өтеді, жеті жәшік қызанақтың мұрты бұзылатын емес.
өйткені бүкіл базар бойынша қызанақтың бағасы қымбат – бір килосы бақандай үш сом!
Бірауыздан келісіп алғандай ешкім бір тиынға болса да арзан сататын түрі жоқ. Баға
жоғары болған соң алушы да аз.
Қалиланың «өзбек» көкесі ұзын бойлы, кербездене жай сөйлейтін кісі.
- Қалила, мына затқа ықтият бол,- деді ыстықтан шөл қысқан Ибадулла. – мен
шайханаға барып, көк шай ішіп келейін.
Туысқаны шайхана ішіне кіріп кеткенде Қалила бар дауысымен айқай салды:
Кому помидор?!
Там три, там три,
А у меня – не три.
Подходи, посмотри!
Ерсілі-қарсылы өтіп жатқан халық жар салып, айқайлап отырған балаға
еріксіз назар аударып, қызанақ сатып алу үшін асыға-аптыға кезекке тұра бастады.
Базардағы бағаны бес тиынға төмендеткені сол-ақ екен, Қалиланың саудасы
арбаның дөңгелегіндей зырылдай жөнелді.
Көк шайын ішіп, шөлін қандырған Ибадулла бос жәшіктерді көріп таң қалды.
- Ойпырмай, шын ба, өтірік пе! Балам-ау шай қайнатым уақыттың ішінде бар
помидорды қалай сатып үлгердің?
- Қалауын тапса – қар жанады, көке!
Мұрнының үсті тершіген Қалила өзінше маңғазданып, қағаз жәшіктегі шытырлаған
ақшаны асығыс санай бастады.
Фортешкеден қонған бақ
Жаңақорғандағы Омаровтардың қара шаңырағы Сырдария көшесіндегі Инаятулла
Қожаның үйі болатын. Каникул кезінде Інекең Қалила және онымен тетелес
Ахметханды шөкелетіп отырғызып қойып, құран жаттатырып, тілдерін сындыратын.
Ыждағатты Ахметхан озып кеткен. Түсініксіз араб тілі Қалиланың құлағына кірмей-ақ
қойған. Оның үстіне, Сыр бойындағы шілденің ми қайнатар ыстығын қосыңыз.
Бәрінен де, орталық кинотеатрда болып жатқан киноларды айтсаңшы! Кіру бағасы
бес-ақ тиын! Құранды қолына ұстап жаттағанмен бозбала Қалиланың көз алдында –
тек кино! Өнердің осы түріне ғашық! Аңдып отырып, атасы қалғып кеткен кезде
фортешкеден зып беріп, кинотеатрға зытады. Мал қалады жайына...
Кешке шешесі Хадиша Бибіден не әкесі Нематулладан таяқ жеп, ұйықтайды...
Түсіне сиқырлы кино кіреді, өзі кино түсіріп жүреді. Осылайша жастық шағы зымырап
өткен Қалила Ленинградқа оқуға аттанар алдында Инаятулла атасынан бата алуға
барады. Әппақ сақалы омырауын жапқан Инаятулла атасы тізесіндегі құран кітабын
сыйпап, жай сөйлейтін әдетімен әңгімесін бастайды.
- Шыраққаным, Қалила! Ата-бабаңнан мұра болған құранға тілің илікпеді... Оған
ренжімеймін де, өйткені сонау сенің жетінші атаң – үш жүзге пір болған Айқожа Ишан
көз жұмарында он бір ұлын түгел шақырып: «Құпия болған үш өнерім ішімде кетіп
барады. Имандықтың жолында құрбандыққа шалынған үш өнерімнің алғашқысы
ұсталық еді. Бірақ, қолыма балға мен көрік ұстай алмады. Екінші өнерім – палуандық
болатын. Белімді ешкімге ұстатпадым. Үшінші өнерім ақындық еді, шариғаттан
басқаға мұршам келмеді, - деп жүректегі өкінішін айтып о дүниеге аттанған екен,
жарықтық. Бұхарадағы Мир-Араб медресесінде тәлім алып, Ауғанстандағы Балх
шаһарында атақты пірдің шәкірті болған Айқожа бабаңда кеткен бір қасиет саған
қонғалы тұрған шығар, кім біледі?!»
Сәл үнсіз қалған атасы немересіне жүзі нұрланып, мейірлене көз тастады.
- Пәтшағар, терезенің фортешкесінен талай қашып едің, сол кино ғой сені тартып
тұрған... Ахметхан сияқты Бұхараның медресесіне түсірер едім, көнбедің ғой,
жүгермек. Бара ғой, бағың ашылсын!
Қария аса таяғына сүйеніп, орнынан тұрды. Немересінің басынан сипап,
маңдайынан иіскеді. Ертесіне Қалила Әлжан досымен бірге Ленинградқа оқуға
аттанып кетті. Поезда кетіп бара жатып, түс көрді. Асқар таудың биігінде кино түсіріп
жүр екен...
Мен де сөйткен болар едім...
Қалиланың жасырақ кезінде арман қуып, сонау Нева жағасындағы Ленинград
мәдени-ағарту училищесінде оқығаны бар. Екінші курста оқып жүргенде Қалекең аяқ-
қолы балғадай Инна деген орыстың көккөз сұлу қызымен танысып, өлердей ғашық
болып қалса керек.
Ленинградтың бір ақ түнінде ол Иннаны өзі тұратын жатақханаға шақырып, екеуі
оңашада әңгіме-дүкен құрысып отырады. Олар өнер, әдебиет, кино, туралы әңгіме
қозғап Инна Пушкин, Тургенев туралы әңгіменің майын ағызса, біздің Қалекең де
өзінің қара-жаяу еместігін байқатып, әлем кино шеберлері Тарковский, Фелинни
жайлы тілі жеткенше әңгімелеп береді. Жаңадан танысқан қос ғашық білгендері мен
көргендерін түгел айтып, сөздері де таусыла бастайды, жеті жүз грамдық қызыл шарап
та сарқыла бастайды. Ал Ленинградтың ақ түні болса орта белден ауып барады.
Бүгінгі кештің мақсаты – білім толықтыру емес, гәп басқада, оны екеуі де іштей
сезіп отыр. Қалиланың шоқша жайнаған көзі қанша қарамайын десе де дәл қарсы
алдында отырған Иннаның әңгелектей домаланған кеудесіне қайта-қайта түсе береді.
Ұнатқан осы екен деп бас салып құшақтап сүйіп алайын десе асман түстес көздері
мөлдіреп, аққұба жүзі үлбіреп, айда толықсып отырған бойжеткенді шошытып аламын
ба деп жүрексініп, өз ойынан қашқақтай береді. Сүймейін десе, айдаладағы құмды
далада шөл қысқан жолаушыдай тілі аузына сыймай барады.
- Инна, дейді орнай қалған үнсіздікті бұзып, - сен бір сәтке көз алдыңа елестетіп
көрші. Құмды сахара. Күн жанып тұр, аспан айналып жерге түскендей. Сол сусыған
құммен бір адам келеді. Өзін әбден шөл қысқан, әрі аш. Кенет ол бір алма тауып
алады. әлгі алманы бас салып жей салайын десе, оған тоя қоймайды, жемейін десе
айдалада өліп қалғалы тұр. Аш адам не істерін білмей басы қатады.
- Әлгі аш адам қызық екен, - деді Инна орнынан тұрып, Қалиланың жанына
жақынырақ отырып жатып.- Мен болсам алманың жартысын жеп, жартысын ертеңге
қалдырған болар едім...
- Міне, міне, дәл таптың, - депті Қалила жерден жеті қоян тапқандай қуанып кетті.
Мен де көп ойланбастан сөйткен болар едім... – Тілі аузына сыймай шөлдеңкіреп
отырған жігіт осы сәтті пайдаланып құшағаны құлағалы отырған қыздың оймақтай
аузынан құшырланып алып сүйіп алыпты.
Пожалуйста, извените...
Бір күні Қалила ұстазынан өнер адамының түрі мен сымбатын, ішкі жан дүниесін
бейнелейтін көркем фотосурет түсіру туралы тапсырма алады. Құласам нардың өзінен
құлайын деп ой түйген студент Ленинградтағы Киров атындағы опера және балет
театрының ең атақты, ең сұлу балеринасын таңдап алса керек.
«Аққулар көлі» балетінде басты рөлді ойнайтын, көркіне қырық еркек ғашық
болатын балеринаны фотосуретке түсірмек болып, Қалила опера және балет театрына
жинала бастайды.
- Қалила, сен анау-мынау емес, атақты Пушкиннің өзі отырып, өнер тамашалаған
үлкен шаңыраққа кетіп барасың, бәрімізді ұятқа қалдырып жүрме, - дейді жерлесі
Ержан ақыл айтып.
- Ленинградтағы ең мықты деген өнер саңлағын суретке түсірмексің. Олпы-солпы
болып барғаның жарамас, - дейді түбі түскен шелектей даңғырлап қалған ақкөңіл
Қалжан, - менің жаңа джинсиімді киіп ал, үстіңдегі көйлегің оңып кетіпті, Ержанның
кеше ғана алған темір түймелі шетелдік көйлегін кигенің дұрыс. Аяғыңдағы топлиың
да әбден ескіріп бітіпті ғой. Ержан, әлгі американдық кроссовкаң қайда, көп қыйнамай
Қалилаға бер.
- Әлгі әйел біткеннің сұлуы балерина сені түйе мінген қазақ деп жүрмесін, - дейді
әңгімеге Әлжан араласып, - өзіңді биік ұста, мәдениетті бол. Сөйлескенде: пожалуйста,
извените, будьте добры деген сөздерді ұмытпа.
Балет аяқталған соң, атақты балерина алдын-ала келісілген уәде бойынша біздің
Қалиланы өз бөлмесінде күтіп алады. Ол шынында айдын көлде қалқып жүзіп жүрген
көгілдір аққудай сұлу екен. Фотоаппаратын қолына алған студент өз жұмысына шұғыл
кірісіп кетеді. Сезімтал жанды балерина оның ойын қағып алады да, екі қолын
аққудың қанатындай жайып жіберіп, бір аяғын көтеріп, ұшуға ыңғайланған кербез
құстай бола қалады. Бәрі келісіп тұр, нағыз ертегі, сұлулық пен сымбат Қалиланы
сиқырлап тастағандай. Қалила тамсанып-тамсанып қойып, сартылдатып суретке түсіре
бастайды. Сырт қараған көзге барлығы да дұрыс секілді. Тұлғасында мін жоқ, бірақ
балеринаның сұлу жүзі бір қырынан көрініп, тасаланып, анық көрінбесе керек.
- Извинете, пожалуйста, будьте добры, - депті сонда Қалила, - поверните немного
морду...
Ленинградтан келген тілші
Оқуын бітіруге жақын қалғанда Қалила өзінің туған жері Жаңақорған ауданына
практикаға келеді. Бір күні ауыл көріністерін түсіріп алмақ оймен «Өзгент» совхозына
тартып кетеді.
Дәл осы кезде шаруашылықта күріш ору науқаны басталып, жұмыс қызып,
дүрілдеп жатса керек. Ленинградтан келген студенттің басында сол кезде өте сирек
кездесетін күнқағары бар кепка, бұтында тыртиған шетелдік джинси шалбары,
иығында фотокамера салған былғары дорба. Ол автобустан шікірейіп түсіп, бірден
совхоз қырманына тартады.
Тау-тау болып үйіліп жатқан күмістей ақ күріш. Алқаптың мол өнімін тазалап
жатқан қыз-күлкілері жарқын, қимылдары ширақ. Қырманның дәл ортасында кілең
папка қолтықтап, қылқына галстук таққан бір топ бастықсымақтар Қалиланың сәлемін
онша елемесе керек. Шалқайғанға шалқайып, еңкейгенге еңкейіп үйренген Қалекең де
қырсығып. өндірте жұмыс істеп жатқан қыз-келіншектерді жатып та, тұрып та
сыртылдатып суретке түсіре бастайды. Мына жігіттің тегін адам еместігін аңғарып
қалған шаруашылықтың атқамінерлері орталарындағы жастау біреуін Қалилаға
жүгіртеді.
- Ғапу етіңіз, - дейді комсорг сызылып,- Сіз қай газеттенсіз, мүмкін біздің
тарапымыздан бір көмек керек болар?
Қалила болса оған адам екен деп қарамай:
- Не мешать. Ленинград! – деп қолын бір-ақ сілтейді.
Ленинград деген сөзді естіген жігіт шошып кетіп, өзін тағатсыздана күтіп тұрған
бастықтарға тұра кеп жүгіреді. Совхоздың директоры, партком хатшысы бастаған топ
практикант студенттің жанына келіп, шетінен шұрқырап амандық-саулық сұрайды.
-Шырағым, естіп жатырмыз, ат шаршатып, алыстан келіпсің. Алдын-ала ескертіп
қоймадың ба, қанша жұмысбасты болсақ та күтіп алуға жарайтын едік қой, қарағым.
Жұмыс қайда қашар дейсің, онсыз да жол соғып шаршап қалған боларсың, біраз
деміңді алып, сусын іш,-дейді директор жайылып жастық, иіліп төсек болып.
- Қолтықты кеңге тастап, қонақ болатындай нағашымның үйіне келген жоқпын, дейді Қалила, - уақыт аз, күннің қызарып батып бара жатқан фонында бір-бірінің
артынан тізіліп біркелкі келе жатқан оншақты комбайнның суретін түсіріп алуым
керек.
- Інішек-ау, не деп тұрсың? Күріштің танабы шағын болады емес пе? Оған
бақандай он комбайын қайдан сыйсын? Бұл шеті мен о шеті көрінбейтін Қостанайдың
астықты алқабы емес, шырағым, - дейді партком хатшысы қарсы дау айтып.
- Ол жағында менің шаруам жоқ, маған берілген тапсырма сондай, - дейді
Қалила
айтқан бетінен қайтпай.
- Ауылымызға сонау Ленинградтан күнде қонақ келіп жатқан жоқ. Құрмаштың
күріш танабы үлкен. Соған он комбайынды қатар қойыңдар. Інішек өзі ойлағандай етіп
суретке түсіріп алсын, - деп директор шұғыл тапсырма береді.
Директордың айтқаны – заң. Аяқ астынан бүкіл совхоз әбігерге түседі. Кеш түсіп,
күн ұясына қонақтанғанда Қалила бар шаруасын бітіріп, Қалила бар шаруасын бітіріп,
директордың судай жаңа «Уазигімен» орталыққа қайтып келе жатады.
- Шырағым, бұл түсірген суреттеріңді қай газеттен көретін боламыз? – дейді
директор жол үстінде.
- Газеті несі, - дейді Қалила жайбарақат. – Мен практикаға келген студентпін.
Директордың үстіне найзағай түскендей отырған орнынан ыршып кетеді.
- Тоқтат машинаны! – дейді ол жазықсыз шопырға айқайлап. «Уазик» жолдың
майлы топырағын бұрқ еткізіп шиқ етіп тоқтай береді.
- Шық мәшинеден!
Қалила доптай домаланып, мәшинеден асығыс түсе береді. Директор мінген
«Уазик» жын қуып бара жатқандай тұрған орнынан ытқи жөнеледі. Қалила болса
джинси шалбарының балағын түріп, бір иығына фотоаппаратын салған былғары
дорбасын асып, енді бір иығына Әлжан досы сыйлаған американдық кроссовкасын
асып, жолды қою шаңын бұрқылдатып, аудан орталығына қарай әндете тартып кетсе
керек.
Қалила қалай сантехник болды?
Қалила Ленинградтағы мәдени-ағарту училищесін бітірген соң осы атты жоғары оқу
орнына түседі. Студенттің азын-аулақ алатын степендиясы қайбір жыртықты жамасын.
Оның үстіне жалдап тұрып жатқан пәтердің де бағасы удай қымбат.
- Қалила, - дейді бір күні Яхия досы, - сабақтан соң бос уақытың жетіп артылады.
Мүмкін жеңіл-желпі бір жұмыс тауып аларсың. Ептеп материядық жағдайыңды жөндеп
алар едің, сондай-ақ пәтер алып қалуың да ғажап емес.
Досының ақылымен Қалила көп созбастан үлкен қаладағы бір тұрғын үй пайдалану
учаскесіне сантехник болып жұмысқа орналасып алады. Алғашқы айларда жас сантехник
ретінде ол майлығы мен шайлығы жоқ, тырнақ астынан кір іздейтін пәтер иелеріне барып
жүреді.
Омаров бірде түскен тапсырыс бойынша Ленинградтың дәл ортасындағы пәтердің
қоңырауын басады. Темірмен шынжырлап тастаған зілдей есікті түйенің жарты етіндей
орыс ағайын ашажы. Бірнеше бөлмеден тұратын бай пәтері ханның сарайындай болып
шықты, екі бірдей ваннасы бар. Құдай атқанда, соның бірінен су ақпай, жұмыс істемей
қалыпты. Сантехник істен шыққан тетікті әрі-бері айналдырып көрді, жаңасын алмаса
болмайды. Оның үстіне ол шетелде жасалған бөлшек, Ленинград тұрмақ Мәскеудің өзінде
табыла бермейді.
- Жаңасын аламас болмайды, ал мынандай тетік менде жоқ, - дейді Қалила
саймандарын жинастырып жатып.
- Сен сантехниксің, жөндеу – міндетің. әйтпесе бастығыңа айтып жұмыстан
қудырамын, - дейді пәтер иесі бәле іздеп, - бұл азиаттардың қолынан қой бағу ғана
келеді.
- Әй, буржуи, - дейді Қалила, -Революция бесігі Ленинградта тұрғаныңды есіңнен
шығарма. Байқаймын, мызғымас халықтар достығына сына қаққың келді. Бүйте
берсең, басқа жерде сөйлесуіміз мүмкін, абайлағаның жөн болар. Бес бөлмелі пәтерде
тайыншадай итің екеуің ғана тұрып жатыр екенсің. Айтпақшы, екі бірдей ваннаның
керегі не, итің екеуіңе біреуі де молынан жетіп жатыр. Маған десең Смолныйдағы
Ленсоветке бар. Әлгі тетікті таппай ваннаңды мен түгіл құдайдың өзі де жөндей
алмады, түсіндің бе?!
Өзінің тым артық кеткенін сезген үй иесі тілін тістей қойып, сантехниктен кешірім
сұрайды.
Арада бір жыл өткен соң қазақстандық студент Ленинградтық айдарынан жел ескен
сантехниктің бірі болып, жақсы жұмыс істегені үшін бір бөлмелі коммуналдық пәтер
алып, өзі де, достары да жарып қалады. Әкесі: «Шошқаның баласы, есің барда еліңді тап»
деп ұрсып хат жазбағанда Қалиланың Ленинградта осы күнге дейін жүре беруі ғажап
болмас еді. Әрине, келгені жақсы болды. Деректі киноның майын ішкен мұндай мықты
режиссерді қайдан табар едік.
Қалекеңнің әкесі Нематулла ақсақалға рахмет!
«Шошқаның ғана баласы...»
Ленинградта қызмет атқарып жүрген Қалила шаруабасты болып, туған ауылы
Жаңақорғанға үш-төрт жылдай ат басын бұрмай кетеді. Бір күні әкесінен хат келді. Онда:
«Иттің ғана баласы, шошқаның баласы, туған жерден безіп саған не болды? Сен
жүрсің Неваның жағасында гуляттап, ал мұнда шешең жүр сағынып, жылап, еңіреп. «Өзге
елге сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген. Әлде, сен Брежневтен артықсың ба? Ол
патша болса да, Украинасына жылда барып тұрады. Көп қыйқаңды қойып, демалысыңды
ал да елге кел. Келмей көр, Ленинградқа барып, көзіңе көк шыбын үймелетіп, сабап-сабап
өзім әкелемін! Өй, шошқаның ғана баласы, анау кәуектей басыңда тауықтың миындай ми
болса мұрнымды кесіп беремін...» деп жер-жебіріне жеткізіп жазған.
Әкесінің түгін қалдырмай боқтап жазған хатынан соң, онсыз да елді сағынып жүрген
Қалила жолға жиналып, ертесіне-ақ пойызға отырады. Жүрдек пойыз Жаңақорғанға
жайлап тоқтағанда Қалекең перронда өзін тағатсыздана күтіп тұрған әкесі мен жақын
туысын бірден тани кетті. Олар, әрине, басында күнқағары бар кепка, бұтына қысқа
шортик, аяғына крассовка киіп, рюкзак асынған Қалиланы бірден тани қоймады. Жүрген
көп жолаушылардың бірі болар деп, туған баласының сәлеміне де онша мән бермесе
керек.
- Бұл иттің баласы биыл да келмейтін болды, - деді әкесі күйіп-пісіп, - құйрығына
пістенің майын қайнатып құйсаң да адам болмайын деді бұл. Шошқаның ғана баласын
қайтсем екен,а?!
- Нәке, түк көрмес, түйені де көрмес деген рас екен. Адам болмайын деген балаңыз
жаныңызда тұр емес пе? Сәлем берсем алмайсыз, сөйте тұра мені жата кеп боқтайсыз,
- деді Қалила әкесіне әзілдеп. Сонда ғана барып Нәкең дәл қасында тұрған баласын
таныды.
- Ау, шынымен-ақ Қалиласың ба, - деді таңғалып, - пошымың не болып кеткен?
Киімің құрып қалғандай, бұтыңа не киіп алғансың?
- Көке, бұл шортик. Күн ыстықта Ленинградта халық осылай киінеді. Мода!
- Бүйткен модаң құрысын, - деді әкесі зілсіз ашуланып, - жүр дүкенге барайық, ит
болсаң да, шошқа болсаң да өзімнің ұлым екенің рас, бір шалбар сатып алып берейін.
И, жаман неме, кел маңдайыңнан бір иіскейін, шошқаның ғана баласы...
Арада екі-үш ай өткен соң Ленинградта дәстүрлі «Ақ түн - 1982» кинофестивалі өтіп,
бақандай 88 қысқаметражды туындының арасында кинорежиссер Қалила Омаровтың
«Кісен ашқан» («Воплощение») деректі фильмінің шоқтығы биік болып, Бас жүлдені
жеңіп алады.
Інісінің бұл үлкен шығармашылық табысына Жаубасар балаша қуанады.
Бүгіннен бастап, тәуліктің кез-келген уақытында шеберханамның есігін
бұзып кіруге рұқсат беремін, - дейді Жаубасар ағасы Қалиланың арқасынан қағып,тек әлгі
шоколад түсті сұлу бикештерді ұмытып кетіп жүрме, ерте кел, бауырым...
«Хайл Гитлер»
Ленинград қаласында 1982 жылы «Кісен ашқан» атты дипломдық фильмін беске
қорғап, дүркіреп тұрған бір ресторанда банкет жасап жатқан Қалила елден бұрын
қызыңқырап қалады. Қызды-қыздымен орыс ағайындарының қыздары аз болғандай,
шетелдік бикештерді биге шақыра бастайды. Қалқып жүрген Қалиланың қолына орысша
бір ауыз сөз білмейтін, үріп ауызға салғандай әдемі «иностранка» түседі. Үлкен көздері
көкпеңбек, қыпша белі үзіліп кетейін деп тұрған сұлуды имене құшақтаған Қалила:
− Париж? – дейді екі езуі екі құлағына жетіп.
Күндей күлімдеген келіншек басын шайқайды.
− Лондон?
Шетелдік сұлу жоқ-жоқ дегендей тағы басын шайқайды.
«Енді қайдансың періштем?» деген сөздерді айта алмай, Қалила үнсіз телміреді.
Сайрап кеп берейін десе тілі құрғыр байланып тұр.
Сұлу келіншекте жазық жоқ, құшағындағы жігіт жауап бергісі-ақ келеді, бірақ құдай
атқанда бір ауыз орысша білмейді.
- Мюнхен, Мюнхен, - дейді ол биазы сөйлеп, қай елден келгендігін білдіріп.
- О, Германия, - деп қуанып кеткен Қалила сол жерде бар білетін немісшесін шелекке
құйған айран сияқты ақтара салады:
- Хайл Гитлер... Хенде хох... Шнел, шнел!...
Сұлу келіншек азиялық жас жігіттің иығына асылған қолдарын жалма-жан жұлып
алып, түрі боп-боз бола тұра кеп қашады. Ал, Қалила болса «халықаралық қатынастың
шиеленісуіне» кінәлі болғаны үшін КГБ-ның қызметкерлеріне үш сағат бойы жауап беріп,
түсініктеме жазып, әрең құтылыпты.
«Адай» күйі қалайша араша болды?
Өзінің дипломдық фильміне тақырып іздеп басы қатып жүрген Қалила бірде Репин
атындағы Ресей императорлық сурет академиясына бас сұғады. Болашақ кинорежиссердің
көзі дауылпаз күйші Құрманғазының мүсініне түсіп, жылан арбаған торғайдай қалшиады
да қалады.
Аты-жөні белгісіз скульптор күйшінің абақтыдан қашып шығып, қолындағы
шынжыр бұғауын үзіп, киелі домбырасын енді шерте бастаған сәтін шебер мүсіндепті.
Туған елден жыраұта жүрген Қалиланың тұла бойы шымырлап кетті, көз алдына қазақтың
кең байтақ даласы елестеп, құлағына айбынды күйдің құдіретті үні естілгендей болды.
Сұрастырып жүріп, талантымен тәнті еткен дарын иесінің аты-жөнін жүрегіне жаттап
алған болатын. Қарағандылық жерлесі сурет академиясының студенті болып шықты, атыжөні Жаубасар Қалиев екен. Көптен іздегені дәл алдынан шықты. Қалила өзінің
дипломдық жұмысына тақырып тапқанына қуанып кетті, ертесіне-ақ білегін сыбанып,
«Кісен ашқанды» түсіруге кірісті.
Көп ұзамай-ақ Ленинградтық досы Ержан Абдуллаев скульптор жерлесімен
таныстырып, Жаубасар мен Қалила ағалы-інілі жандардай жарасып кетті. Жаубасардың
шеберханасына қай мезгілде кірсең де үнтаспаға жазылып алынған «Адай» мен
«Сарыарқа» күйі ойнап тұрады. Естіген құлаққа әсіресе «Адайдың» құдіреті ерекше.
Айбынды, тас-талқан асау сезімдер, тұла бойыңды еріксіз билеп ала жөнеледі. Қалиланың
бір аңғарғаны: «Адай» күйі мен Жаубасардың мінезінде кейбір ұқсастықтар бар. өзінен
бір мүшел жас үлкен болып келетін ағасы қызу мінезді, жауға жалғыз қарсы шабатын
нағыз батыр жігіт. Қатты ашуланғанда тоқпақтай жұдырығын ала жүгіретін жүрек
жұтқанның өзі. Бірде Жаубасар сыраның кезегінде тұрып, екі-үш кавказдық жігітпен иық
тіресіп, шекісіп қалды. Жалғыз екенмін деп, қаймыққан жоқ. Мысы басты ма, әлгі
«батырлар» жым болды.
Қалила аузын ашса көмекейі көрінетін ағасы Жабасарды жаны қалмай
құрметтейтін, адуынды мінезінен іштей сескеніп те жүретін...
Қалила бірде Нева проспектісінде серуендеп жүріп, екі шетелдік қызбен танысады.
Бразилия елінен келген қос бикештің сұлулығына Қалила қайран қалды. Екеуі де
қараторының әдемісі, құлыншақтай сымбатты денелеріе қарамасына қоймайды. Ал,
танадай көздері көз емес – нағыз жалын атқан от. Қос сұлудың былдырлаған тілдерін
түсініп жатқаны шамалы, бірақ, Қалиланың бір аңғарғаны – екеуі де әрі кет емес. Екі
бикештің қыпша белінен ұстаған біздің батырдың басы шыр айналып, жаны балқып жүре
берді. Не істеу керек? Нар тәуекел деп, Ержан досының пәтеріне тартып кетейін десе,
құрдасының келіншегі Жаннадан қорқады.
Екі езуі құлағына жетіп, мәз-мейрам болған Қалила көп ойланбастан асығыс такси
ұстап, Василевский аралығындағы Жаубасар ағасының шеберханасынан бір-ақ шығады.
Тәуліктің кез-келген уақытында табыла кететін Жаубасар бұһүгін үшті-күйлі жоқ. Терезе
қап-қараңғы, есікте құлып. Жайшылықта біреудің ала жібін аттамайтын Қалила есікті
бұзып, ішке кіруге мәжбүр болады. Шарап ішіледі, жалынды жүрек-жарды сөздер
айтылады, Қалила өзін нағыз қор қыздарының ортасында отырғандай бақытты сәттерді
бастан кешіріп, махаббаттың буына мас болды.
Кенет, есік тарсылдап қоя береді, екпіні қатты. Жаубасардың үлкен жұдырығын көз
алдына елестеткен Қалила одан аман-есен құтылудың амалын ойластырып, апыл-ғұпыл
үнтаспаны қосады. Сол-ақ екен «Адай» күйі құйындата жөнеліп, жартылай жалаңаш екі
сұлуды құшақтаған Қалила аспанға шаншылған бір жойқын биді бастап кеп жібереді.
Мұндайды күтпеген Жаубасар ашуға булыққан күйі состиып есік алдында тұрып қалса
керек.
Дауылпаз күйдің сүйемелдеуімен құйын-биді күшйеткен үшеуі шеберхана иесінің
дәл қарсы алдына жалп етіп құлай отырып, тізерлеген күйлері мойындарын ұсынады...
- Әй, жүгермек, тұр орныңнан! Қыздарды да көтер! Сендерге анау-мынау емес,
«Адай» күйінің өзі араша сұрап тұрған соң мен не істеймін?! – деп райынан қайтқан
Жаубасар амалсыздан мырс етіп күліп жібереді.
«Нәкең жіберді...»
Болашақ киногер Қалила Жаңақорғандағы орта мектепті бітірген соң әкесі
Нематулланың сөзімен айтқанда біршама уақыт ит қуып, бос жүріп қалады.
- Әй, данышпан, - дейді әкесі, - босқа сандалғанша автобаздың жанындағы
шопыр даярлайтын курсқа түсіп ал, тақияңа тар келмес.
Қалила ертесінде автобазға келсе, тегін оқытатын курстың тізімі бітіп қалған болып
шықты. Өз-өзіне сенімді Қалила бұған онша сасқалақтай қоймайды.
- Мені тегін оқытатын курсқа алмасаңыздар болмайды, - дейді ол нық сөйлеп.
- Мен не деймін, домбырам не дейді, ойбай-ай қадалған жеріңнен қан
алатын бәлесің ғой. Саған айттым емес пе, курс толып қалды, - дейді курс бастығы Ораз
Ақынбеков ат тонын ала қашып.
- Онда менің шаруам жоқ. Мені Нәкең жіберді.
Курстың бастығы стол үстінде ашылып жатқан журнал мен дәл қарсы алдынан
қаққан қазықтай қалшиып тұрған балаға кезек-кезек қарап: «Атың кім?» - дейді қолына
қалам сабын алып жатып.
- Қалила, - дейді болашақ шопыр тақ-тақ етіп. Арада бір апта өте шығады.
Бір күні әлгі бастығы Қалиланы өзіне шақырып алады.
- Қалила, - дейді ол, - курс тыңдаушыларын мұқият тексеріп шықтық. Бірақ,
біздің ауданда Нәкең дейтін бастық атаулы жоқ болып шықты. Сені қай Нәкең жіберді
осы, соны айтшы, қарағым.
- Мені аудандық қолхозда шопыр болып істейтін Нематулла Омаров
жіберді. Ол менің туған әкем. Ол кісіні Нәкең демей не дейін, - дейді Қалила жайбарақат.
- Әй, қу бала сөз тауып кеттің, - деп мырс етіп күліпті курс бастығы, - Иә,
Нәкең жіберсе амал бар ма, бар, оқуыңды оқи бер.
Күлме досқа, келер басқа...
Ленинградтан келген Қалиланы әке-шешесі үйлендірмек болады.
Жасы болса жиырма жетіден асып барады. Баламыздың сүр бойдақ болып
жүрісі болса мынау, дейді әкесі, - бұған келіншек әперіп, аяғына тұсау салмаса болатын
емес.
Жамал деген пысық апасы ертесіне-ақ бауырын ертіп алып, қыз айттыруға
шығады. Қалиланы өзі қатарлы бір қызбен таныстырады. Бойжеткен де, оның әке-шешесі
де Ленинградтан келген жігітті бірден ұнатып қалса керек. Қанша дегенмен өмір көріп,
оңы мен соңын таныған, анау-мынау емес, Нева қаласындағы үлкен өнер ордасынан білім
алып, қызмет атқарған білдей азамат. Төбе шашының сәл селдірлей бастағаны болмаса,
құдайға шүкір, түр-келбеті де ешкімнен кем емес. Бірақ, Қалила мырзаның қиялында
басқа бір қыз болып, қарсы алдында мөлдіреп отырған қарындасты айтарлықтай ұната
қоймайды. Әрине, бұл туралы лақ еткізіп айта салуға және болмайды, нәзік дипломатия
керек.
- Қарындас, - дейді Қалила жайлап, - сізбен танысқаныма өте
қуаныштымын, тамаша қыз екенсіз... Заманымыз бір, сіз дұрыс түсініңіз, әке-шешем мені
зорлап үйлендіргелі отыр. Лениградта күтіп отырған қалыңдығым бар еді. Әрине, қыздың
жолы жіңішке, біреулер сұрап жатса «мен ұнатпадым» деп айта жатарсыз. Жүрекке әмір
жүрмейді, қыз байқұс жігітті ұнатып отырса да ағасының айтқанына лажысыз ғана көніп,
көзі жаутаңдап қала береді.
- Сызылып қалған әдемі-ақ қыз екен. өкінішке орай, сүйген жігіті бар болып
шықты, - дейді Қалила өтірік өкінген болып.
Жамал інісін дедектетіп ертіп, тағы да үш-төрт қызды айттырып көреді. Бірақ, олар
да алдын-ала жасалған «сценарий» бойынша күйеу жігітке «көнбей» қояды. Жаңақорған
жақтан еш нәтиже шықпаған соң Жамал Қалиланы жетектеп Жетісайға алып барады.
Айттырып барған қызы онекіде бір гүлі ашылмаған, аршыған жұмыртқадай аппақ, сүпсүйкімді бойжеткен болып шығып, Қалилаға бірден ұнап қалды. Қанша дегенмен
Ленинград көрген жігіт қой, сұлу бойжеткенді шыр-көбелек айналдырды. Құдай атқанда
қыз оған көнбей қойды.
- Аға, дейді ол жайлап, - соқыр емеспін, көріп отырмын, жігіттің сұлтаны
сіздей-ақ болар. Бірақ, жүрекке әмір жүрмейді, менің ұнатып жүрген жігітім бар еді. Атаанам да өзіңізді ұнатып отыр, айыпқа бұйырмаңыз, сізден бір үлкен өтінішім бар, біреуміреу сұрай қалса, ұнатпаған ыңғай таныта салыңыз, мен-ақ жаман атты болайын.
- Қалқам-ау, айтқаныңа көнбей қайда барамын, - дейді Қалила бір қызарып,
бір бозарып, - күлме досқа, келер басқа деген осы... Өзім қазған шұңқырға өзім түсіп
отырмын, қарындас...
«Енем босанып жатыр...»
Қалиланың ауылға келіп, жолы болмады. Көп қыздың ішінен өлердей ұнатып қалған
әлгі бойжеткен өзінше қылымсып көнбей қойды. Жуық арада Ленинградқа қайтып кететін
түрі және жоқ. «Енді ешқайда да бармайсың, шет жерде қаңғығаның жетеді» деп әкесі бар
құжаттарын тығып тастаған болатын. Қалила ата-анасынан асып қайда барады, тулаптулап аудан орталығындағы Мәдениет үйіне қатардағы фототүсіруші болып жұмысқа
орналасты. Қанша айтқанмен Ленинградтың мектебі мықты ғой. Қалиланың атағы бір
айға жетер-жетпес уақыттың ішінде бүкіл ауданға дүркіреп, айдарынан жел есіп,
әріптестерінің көбісі шаңына да ілесе алмай қалады.
Жұрт біткен жаңадан келген фотографқа суретке түскісі келеді. Өзінің пошымы да,
киім киісі де өзгеше: басында баяғы Әлжан досы берген күн қағары бар американдық
кепка, бұтында әбден жуа-жуа ағарып кеткен дженси, аяғында кросовка. Сөйтіп жүргенде
ауданда күріш орағы басталып кетіп, Жаңақорғанның дәл іргесіндегі совхозға
Қызылордадағы тігіншілер даярлайтынучилищеде бақандай қырық қыз қолқабыс жасауға
келді.
Солардың арасындағы монтиған әдемі қыз Қалилаға бірден ұнап қалып, сүр бойдақ
досымыз Рыскүлмен танысқан күннің ертесіне-ақ үстіндегі халатымен алып қашып келіп,
той жасап та үлгерді.
Бірде аудандық ауруханада болып, сурет түсірген Қалекең үйіне кештеу оралды.
- Балам, туған енең босанып, перзентханаға түсіп жатыр. Келін екеуміз
кешкісін барып қайттық, - дейді Қадиша-Бибі шай үстінде, - Рыскүл тамақ дайындап
қояды, таңертең кіріп шық, әйтпесе ұят болып жүрер.
Таңертең дайындап қойған тамақты алып, перзентханаға бет алады.кіреберістен
оны қыз-келіншектер бірден танып шулап қоя береді.
- Сәлеметсіз бе, фотограф аға? Кешегі түсірген суретті әкелдіңіз бе?
- Жоқ, - дейді Қалила, - мен перзентханаға келе жатырмын.
- Келіншек алғаныңыз кеше ғана емес пе еді, - дейді қыз-қырқындар әзілдеп, мұнда тоғыз ай, тоғыз күн дегенде келеді. Ал, сіз болсаңыз, бір айт өтпей жатып-ақ
келіншегіңізді перзентханаға жібересіз. Мықьы екенсіз өзіңіз.
- Жұрттың әйелі босанса, менің енем босанып жатыр, - дейді Қалила айқай салып, сол енеме тамақ әкеле жатырмын. Шоу, қыздар, суреттеріңді ертең әкеліп беремін.
- Мынау түбі түскен шелек сияқты даңғырлап қалған күйеу балам мені бала туды
деп бүкіл әлемге жариялады-ау, - депті осының бәрін ашық терезеден көріп тұрған енесі
Сайлау бетін басып, - біреуің барып, әкелген тамағын ала салыңдар, мен көрінбей-ақ
қояйын, ұят-ай!
Қалила мен Ләззат
Қарғаның миы айналатын ыстық аптаптың өзінде ен даладағы қойшыға дейін
қылқындырып галстук таққызған кеңестік мәдениетің қаймағы бұзылмаған Жаңақорғанда
80-жылдардың ортасында бүкіл елді дүр сілкіндірген екі оқиға болды.
Сонау Нева жағалауындағы аузы алты қарыс Ленинградтан оқу бітіріп, дырдай
замат атанған Қалиланың жүрдек поездан «жалаңбұт» түсуі, яғни тұңғыш рет шортик киіп
келуі жұртты таң-тамаша қалдырып, оның есімі Жаңақорғанның «Гиннес» кітабына
жазылды. Арада бір ай өтпей жатып Жаңақорғанның теміржол бекетіне Мәскеуден
Алматыға бет алған жүрдек пойыз жайлап тоқтап, ерекше киінген қазақтың бір бойжеткен
қызы түсе берді. Киетін киім атаулы құрып қалғандай кәдімгі алты айлық сәби киетін
«ползунка» киіп алыпты.
Шымкенттен ауданға арнайы жолдамамен қызметке келген суретші Ләззат
Сержанованың модадағы бұл жаңалығы Қалиланың шортик киіп келгенінен де асып түсті.
Бүкіл Жаңақорғанда гу-гу әңгіме. Керемет бір кинокомедия көргендей үлкеннің де,
кішінің де езуінде күлкі. Бірақ, оны елеп жатқан «шортик» пен «ползунка» жоқ. Қалила
аудандық Мәдениет үйіндегі «Кинофото» үйірмесінде жетекшілік етсе, Ләззат Пионерлер
үйіндегі «Қуыршақ театры» үйірмесін басқарады. «Балықшы балықшыны алыстан
таниды» демекші, екеуі көп ұзамай-ақ танысып, нағыз Пикассо-Фелинни болып шыға
келді.
Бір күні Жаңақорған теміржол бекетінен жаңа кафе ашылатын болып, оның үлкен
қабырғасындағы суретті Қалиланың Ленинградта бірге оқыған досы Қалжан салатын
болды. Досы аудан орталығындағы бір орта мектепте еңбек пәнінен сабақ береді, қолы
қалт етіп босай қалса, осыдай «халтураны» тауып, күректеп ақша табатын пысықтығы бар.
- Қалжан, аман болсақ сен мұндай «туындылардың» талайын табасың. Мына
жұмысты Ләззатқа бер. Қанша дегенмен өзіміздің қыз, қаржы жағынан қысылып жүр, дейді Қалил досына қызыл шарап құйып жатып. – осы өтінішімді жерге тастама.
Кәдімгідей қызып отырған Қалжан Ленинградта небір қызық жылдарын бірге өткізген
досының көңілін қимай келісімін береді.
- Жұрт демалатын көпшілік орын екен. Адам Ата мен Хауа анамыздың өміріне
арналған триптих салып берейін, - дейді бұл ұсынысқа жас балаша қуанған Ләззат.
Қалжан мен Қалила шелек-шелек майлы бояулар жеткізіп, жас суретші өзінің ұлы
туындысын жасауға шұғыл кірісіп кетеді.
Есігін ішінен тарс жауып алған Ләззат кафенің бүкіл қабырғасын алып жатқан
суретін он күннің ішінде аяқтап шығып, жеңіл дем алғандай болды. Майлы бояумен
салынған сурет Қалилаға да, Қалжанға да ұнайды. Жас суретші мәз-мейрам. Амандық
болса, ертең кафе салтанатты түрде ашылып, оның лентасын аудандық партия комитетінің
бірініші хатшысы қимақшы.
Кешқұрым аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы бастаған
бір топ бастықтар суретті көріп, естерінен танып қала жаздайды.
Кафенің бүкіл үлкен қабырғасында анадан жаңа туғандай тыржалаңаш еркек пен
әйел бір-бірін қуып жүр.
-Бұларың кім? – дейді есін әрең жинаған хатшы.
-Адам ата мен Хауа ана ғой, махаббат құрып жүрген, - дейді Ләззат жайбарақат.
... Ертесіне қызыл лента қиылып, кафе ашылды. Ләззаттың он тәулік бойы салған
суретінің ізі де қалмаған. Бүкіл қабырғаға қойшы мен егіншінің суреті салынып, оның
астына «КПСС ХХVІ съезінің тарихи шешімдерін жүзеге асырайық!» деген ұранды сөздер
жазылыпты.
Мұндай жаңалық күтпеген Қалжан мен Қалила Ләззатты жұбатып, үшеуі бір
шөлмек қызыл шарапты қылдай бөліп ішіп отырады.
- Еңбегім ақталмады деп ренжіме, - дейді екі дос суретші қызға кезек-кезек
жалтақтап. Мәскеу мен Жаңақорғанның арасы жер мен көктей. Олар түсінгенше қайда...
Әлі бір ғасыр уақыт керек.
- Несіне ренжимін,- деді Ләззат күлімдеп. – Студент кезімде жасған эскизімнің
үлкен полотнода қалай көрінетіндігін үш тәулік бойы тамашаладым. Суретші үшін одан
асқан бақыт бар ма?!
- Шын айтып тұрсың ба? – деді Қалила орнына ұшып тұрып.
-Честно пионерский! – Жас балаша қуанған Қалила Ләззаттың оймақтай ыстық
еріндерінен сүйіп-сүйіп алды.
Башпай
Қалиланың Жаңақорғандағы Мәдениет үйінде дүркіреп қызмет етіп тұрған кезі.
Аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі бойы бір тұтам, қырсықтығы қырық тұтам
Әбілтай Сүлейменов. Жылтыраған қасқа басын жеті тал шашымен жасырған, өзінен
лауазымы төмендерге кісімси қарап, саусақтарының ұшын ұстатар-ұстатпастан ала
қашатын қызық адам. Алғашқыда қолын ала жүгірген Қалила бір-екі рет күйген соң,
ернінің ұшымен ған амандасып, тікелей бастығына онша ұнамай жүреді.
Қайта құрудың қайнап тұрған шағы. Алатын жалақысы екі-үш ай кешігіп,
Қалиланың мазасы болмай, бастығының кабинетіне ай-шай жоқ баса-көктеп кіріп барады.
Көз қиығын салмастан терезеге қараған Әбілтай:
-Сөйле, - дейді.
-Айлығымды беріңіз,- дейді Қалила әңгіменің тоқ етерін айтып.Ақша жоқ болса,
немді беремін, - дейді бастығы сызданып, - сен жұрттан артық емессің, жалақыңды жеп
қоймаймыз, ел құсап сен де күт.
Кеше ғана бастық пен бас бухгалтердің орталық универмагтан таптыра бермейтін
бір зат алғандарын жақсы білетін Қалила:
-Өздеріңіз дегенде ақша жарықтық табыла кетеді, біз де ай қарап, жұлдыз санап
отырған жоқпыз, біздің де аузымыз бен жұлыны бүлкілдеген кеңірдегіміз бар, - дейді
алған беттен қайтпай.
-Ақша жоқ дедім ғой саған? – дейді бастық ашуға басып, - өзің қадалған жеріңнен
қан алатын бәлелі біреу екенсің. Айттым ғой, жаңа – күт.
- Күтуін мен күтер едім, - дейді Қалила жайбарақат,- бірақ бір кісі күте қоймас.
Жаңадан бері әңгімені селқос тыңдап тұрған Әбілтай селк ете қалады.
- Ол қай кісі? – дейді бастық, мына қызыл көз пәле біреуді ертіп әкеп тұр ма, - деп
қауіптеніп.
Қалила аудандық мәдениет бөлімі меңгерушісінің жылтыраған столына аяғын сарт
еткізіп қойып, туфлиінің жыртық ұшынан қылтиып шығып тұрған башпайын жылт-жылт
еткізіп:
- Күтпейтін кісі – осы, - дейді. Жынданып кетуге сәл-ақ қалған бастық жалма-жан
телефонға жармасады.
- Алло, алло, бұл бухгалтерия ма? Тұрсын Алмасовна, қайдан тапсаң одан тап,
Омаровтың дәл қазір айлығын тауып бер. әйтпесе, жындыханаға не мен түсемін, не ол
түседі, - деп телефон қалақшасын тастай береді.
Мұртты «келін»
Ленинградтан ауылға каникулға келген Қалила дүркіреп өтіп жатқан тойдың
үстінен түседі. Халық ақыны Манап Көкеновтың бақандай қырық жыл шопыры болған
Тоқпан Қаюпов үлкен баласывн үйлендіріп жатыр екен. Күйеу бала – Абибулла
Қалиланың кішкентайдан бірге тай-құлындай тебісіп өскен түйдей құрдасы. Той қызып,
келіннің бетін ашу жақындап қалған.
Аршыған жұмыртқадай аппақ, көздері мөлдіреген қалалық қалыңдық Роза
шымылдықтың ішінде тізе жазып отыра алмай қатты қиналады. Ауыл жігіттерінен
қымсынған жас келін қала көрген Қалиланы жақын тартып:
-Қалила, аяқтарым серейіп қалды, аз уақыт болса да ауыстыршы, өлетін болдым,деп жағдайын айтады.
-Әлі беті ашыла қоймаған сұлудың өтінішін орындаудан асқан артық бақыт бар
ма? Қалекең көп ойланбастан шымылдық ішінде отырған келінді алмастырып қояды. Мен
ұрлыққа шыққанда ай жарық бодлды демекші осы сәтте көрімдік сұрап, шымылдық
сыртын торыған жұртың бәрін риза еткен бір әйел келін отырған жерге екпіндетіп кіріп
келеді.
-Келген қадамың құтты болсын, айналайын! Нұрым, бағым, қуанышым бол! – деп
жаңа түскен келінге жақындамақ болып еді, ол теріс қарап қашқақтай береді.
-Айналайын, ұялма, бетіңді бір көрсетсең болып жатыр. Мен анау-мынау емес, ең
жақының боламын, алтыным. Абибулланың туған әпкесімін, жаным! Қуаныштан есім
шығып, сонау Кентаудан келіп отырмын, кәне бетіңді аша ғой, қалқам! – деп «келіннің»
орамалын тартып кеп қалды. Кенет ыржиған аузының үстін қара мұрт басып кеткен
«келінді» көріп, «о, көтек!» деп шалқасынан құлайды. Басындағы ақ орамалды жалма-жан
тастай беріп, отырған елді қаға-маға Қалила сыртқа тұра кеп қашады...
«Жыламашы, бауырым, жыламашы»
Роза келіннің беті ашылып, үлкен той басталды. Сонау Нева жағалауынан келгені
ескеріліп, Манап ақын бастаған қонақтарға қызмет көрсету Қалилаға сеніп тапсырылады.
Қалекеңнің негізгі міндеті – меймандарға ас лғызу, оларды қолпаштап-мақтау, арақ-шарап
құю.
Төрде – Манап, оның жанында «Ақ Баян» әнінің авторы, белгілі сазгер Бексұлтан
Байкенжеев орын алыпты. Қалиланың немере ағасы Әмір Мәжитов та осында. Өңшең
ығай мен сығайлар отырған дастархан басында алуан-алуан тақырып қозғалып, әңгімедүкен қыза түседі. Абылайханнан басталған әңгіме Кенесарыға жетіп, Жаңақорғанға
қатысы бар Сыздық төрелер тағдыры сөз болады.
Майлықожа ақын, Кенжеқожа және Құтбай мен Нартайдың өмірінен құйқылжыта
сыр ақтарған Манап ақынның әрбір сөзін естіген сайын Қалиланың екі көзі оттай жайнап,
аузы бір ашылып, бір жабылып, алға ентелеп, құлағын түре түседі. Қонақтарға арақ-шарап
құйған сайын өзінің «сыбағасын» да ұмытпай, кәдімгідей қызыңқырап қалады. Оның
үстіне, мына жүрек шымырлатар әңгімелер көңілін босатып, Қалила «Қайран,
бауырларым-ай» деп еңіреп жылап жібереді. Отырғандар бұған не болып қалды деп
ақтарыла қарап қалған. Қалила болса әкесі өлгендей өгіздей өкіріп жылауын қояр емес.
Ленинградтық студенттің немере ағасы - Әмір кіндік тұсына бойы әрең жететін інісін
құшақтап:
- Жыламашы, бауырым, жыламашы, - деп жұбатып, өзі де жылап жіберуге шақ
жүр... Қалила болса әлі де ботадай боздап отыр.
- Мен неге кеш тудым? Бүкіл тарих өтіп кетіпті ғой. Мен оны сонау Ресейден іздеп
жүрсем, тарихтың көкесі осында екен-ау, көке-е? Енді мына заманда ештеңені де
өзгертуге болмайды, неге ғана кеш тудым, көке-е? – деп Қалила борша-боршасы шығып
жылауын жалғастыруда.
- Әй, жүгірмек, болды енді, босқа еңіреп, боздай берме! Маңдайыңа жазылса,
тарихтың көкесі әлі алда, бұйырса көрерсің, - деп Манап ақын Қалиланы жұбатып,
жылағанын әрең тоқтатыпты.
Отчет
«Қазақтелефильм» студиясына оператордың ассистенті болып жұмысқа орналасқан
Қалиланың жұлдызы оңынан туып, кинооператор Анатолий Федулов ештеңемен ісі жоқ
мейірімді, ақкөңіл жан болып шықты.
- Жұмыс жоқта сені ары-бері несіне салпақтата берейңн, қазір боссың, келесі аптад
сьемкаға келсең болды, - дейді рұқсат беріп.
Әйелі мен бала-шағасын ауылға жіберіп, бойдақтық жасап жүрген Қалила шешесі егіз
ұл тапқандай қатты қуанады. Бірақ, мәз болып секіруге әлі ерте екен.
Түсіріп жатқан фильмінің директоры Оля Ибраева әйел болса джа аюдай ақырып
қалған нағыз ұрда-жықтың өзі болып шықты.
- Мен ештеңе білмеймін. Күнде таңертең келіп, маған отчет жасап тұрасың,- дейді
түйеден түскендей дүңк еткізіп.
- Қап, мынаның қорлығын-ай! – ден қынжылған Қалила Мұстафа досын ертіп алып,
қаланың ортасындағы Гвардейский көшесіедегі құлайын деп тұрған жалдамалы пәтеріне
көңілсіз бет алды.
Ертесіне таң атпастан жұмысына келген Қалила қалғып-мүлгіп отырған қарауылды
оятып:
- Оля Ибраеваны көрдің бе? – деп сұрайды. Қарауыл болса, мына жігіт таң атпай
жатып, жын ұрып кеткеннен сау ма дегендей, көзін уқалап, біресе тысқа, біресе
сыртылдап тұрған сағатқа қарайды. Бес жүзе тарта қызметкері бар шығармашылық
ұжымның бүкіл есігін қағып шыққан Қалила Оляны іздеп жүрген болып,
«Қазақтелефильм» студиясының бас директоры Кәрім Танаевқа да кіріп шығады.
Ұйқысын қандырып, кофесін ішіп, асықпай түскі тамаққа қарай жұмысқа келе жатқан
Оляның алдынан қарауыл сүйінші сұрағандай жүгіріп шығады.
- Оля, қайда жүрсің? Сені Қалила таң атпай жатып таусылып іздеп келді. Суыт
жүрісіне қарағанда өте бір тығыз жұмыс бар ғой деймін, - деді ол аптығып.
- Қалиланы көрдің бе? Жаңа ғана сені табанынан таусылып іздеп жүр еді ғой, - дейді
кез-келген қызметкер Олядан сүйінші сұрағандай.
Студияға кіреберісте езуіндегі темекісін әкесінің құны қалғандай үстін-үстіне сорып
тұрған фильм директорын Кәрім Танаев шақырады.
- Оля, сені Қалила шарқ ұрып, іздеп жүр, - дейді ол. Жайшылық па, әйтеуір?
Түске дейін бір кабиенетке кіріп ұйөысын қандырған Қалила дәлізге шыққанда
Олямен маңдай соғыстырып ала жаздайды.
- Әй, Омаров, ты мне надаело, - деп дүрсе қоя береді Оля.
- Қызық екенсіз, өзіңіз емес пе, күнде келіп, отчет бер деген, - дейді Қалила
аңқаусып.
- Бүйткен отчетың құрысын снің! Бар, құры! Федулов айтқан күні келерсің, - дейді
Оля қолын бірақ сілтеп.
«Эдуард - Еденбай»
«Қазақтелефильм» студиясында оператордың ассистенті болып томпаңдап қызмет
атқарып жүрген Қалиланы Мәскеудің «ВГИК»-ін тәмамдаған оператор Эдуард
Боярский өзіне көмекшілікке шақырады. Маңғаз мінезді Боярский қаба сақалын
сиапалап:
- Менің аты-жөнім – Эдуард Федорович Боярский, - деп өзін таныстыра бастайды. Ал, жас достым, сенің атың кім болады?
-
Қалила.
Қалай, қалай? Өзі тым қиын есім екен.
Еш қиындығы жоқ. Қалила Нематовичпін.
Ка... ка... Олай болса, мен сені Коля деп атайын. Кәне, Коля, жарқыным, штативті
әкеле қойшы.
Құп болады, Еденбай Федорович, - деп Қалила кинокамера қоятын штативті
әкелуге бет алады.
Тоқтай тұршы, жарқыным, мені қалай-қалай атадың? – дейді оператор таң қалып.
Еденбай Федорович...
Сонда Еденбай деген сөз не ұғым білдіреді?
Еден – пол, значить сіз Полобай Федоровичсіз, - дейді Қалила болашақ бастығына
орысша түсіндіріп.
Құлаққа бір түрлі ерсі естіледі екен, - дейді Боярский басын шайқап. – Қымбатты,
Қалила Нематович, әрқайсымыз азан шақырып қойған аты-жөінмізде қалғанымыз
жөн болар. Құлаққа тұрпайылау естілетін мына есімді ешкім естімей-ақ қойсын.
Мұны саған деген өтініш деп түсін.
«Осылай жыла дедім бе саған...»
Талдықорған өңіріндегі Матай деген жерде Оралхан Бөкеевтің повесінің желісі
бойынша «Дархан» атты көркемсуретті фильм түсіріліп жатты. Басты ролде ойнайтын
Нұрмахан Жантурин мен Нұржұман Ықтымбаев. Режиссер Ырымбек Әлиев пен бас
оператор Федор Аранышев басқаратын шығармашылық топтың саны отыздан асып
жығылады.
Матай мен аудан орталығының арасы отыз шақырым жер. Кезекті съемка
аяқталып, болашақ фильмді жасаушылар аудан орталығындағы қонақ үйге жинала
бастайды.осы кезде Жантурин, Ықтымбаев және режиссер мен бас оператор бөлектене
бастайды. Өйткені, совхоз бастығының үйінде қой сойылып, оның еті қазанда бүлкбүлк етіп қайнап жатқан болатын.
-Қалила, - дейді бас режиссер жас операторға бұрылып. – Сен шығармашылық
топты бастап, қонақ үйге қайта бер, біз кешірек келеміз.
Түннің бір уағында темекі шегуге шыққан Қалила ұзын коридордың бір бұрышында
тісін шұқып тұрған Нұржұман ағасын көреді.
-Нұреке, - дейді Қалила оған жақындай түсіп, - ағадан сыбаға деген болмаушы ма
еді?
-Шырағым-ау, жыламаған балаға кім емшек берген? Сыбағаны ет асып жатқан
жерден сұрау керек еді, - дейді Ықтымбаев жайбарақат.
Келесі күні кезекті эпизодтың бірі ауылдық кеңестің төрағасының үйінде
түсіріледі. Қалила бастықтар көзден таса бола бергенде пленкасы жоқ камерамен
үйдегі биенің сабасындай жеңгейді отырғызып та, тұрғызып та түсіріп, оны мәз етіп
қояды. Күндегі әдеті бойынша сойылған қойдың етін оңаша жемек болған «төрттік»
бүгінде топтан жайлап бөліне бастайды. Олар ауылдың шетіне шығып, серуендеп
жүргенде Қалила қазан басында жүрген таныс жеңгесіне жүгіріп келеді.
-Жеңгей, - дейді ол, - аяқ астынана аудан орталығына жүретін болып қалдық.
Бастықтарымыз аудан орталығында болатын түнгі съемканы жоспарлап қойыпты.
-Ойбай-ай, қайным-ау, мынау пісіп тұрған қойдың етін қайтеміз? - дейді әйел
оператордың көмекшісінің сөзіне сеніп.
-Піскен етке жейтін ауыз табылады, жеңгей. Сыбағамызды алып кетейік, - дейді
Қалила ішіне бір қойдың еті сиып кететін кинопленкка салатын ыдысты тоса беріп...
Түн ауа Қалила темекі шекпек болып, тісін шұқылап, қонақ үйдің ұзын коридорына
шыққанда бұрышта шылым тартып тұрған Нұржұман ағасымен ұшырасып қалады.
-Әй, жүгірмек, - депті сонда Ықтымбаев, - жыла дегенде сошама қатты еңіре деп пе
едім саған. Бір қазан етті төңкеріп әкетіп қалғаның қалай?
«Шешеңді ұрайын»
1988 жылдың қарға миы айналатын шілдесінде Жаңақорған ауданындағы «Сопаздың
сазы» деп аталатын алқапта халық ақыны Манап Көкеновтың 60 жылдық мерейторйы
өтетін болып, өңшең сен ат мен тұрайын дейтін мүйіздері қарағайдай-қарағайдай қаламгер
ақындармен бірге «Конвас» кинокамерасын құшақтап «Қазақтелефильмде» еңбек жолын
жаңадан бастаған кинооператордың ассистенті Қалила Омаров та келеді.
Ақындар айтысы басталып, тойдың нағыз қызған шағы болса керек. Басшыларынан
алғашқы өзіндік тапсырма алған Қалила зілдей кинокамерасын штативіне қондырып алып,
тосын кадрларды түсіріп алуға құлшына кірісіп кетеді. Бірақ, кинооператордың соңынан
тойға келген бүкіл бала-шаға бір елі қалар емес. Балалардың тірі кинооператор мен
кәдімгі кинокамераны көрулері осы болса не істейсің!
Қалила қайда бұрылса, олар да сонда жүгіреді. Оның үстіне, Сырдың ыстық аптабы
айналаны қуырып әкетіп барады. Шыжыған күнге балықтай қақталып, қара терге түскен
Қалила көзіне құйылған ащы дымқылды сүртіп тастап, бір әдемі кадрды аңдып, енді
түсіре бергенде әлде біреу:
-Қалила! Қалила! – деп иығынан жұлқылап тарта бастады.
-Бұл кім ерігіп жүрген? – деп артына бұрылған кинооператор қайнаған
самаурындай бұрқ ете қалды, - әй, жұмыс істеуге мұрша бересіңдер ме осы?
Артына бұрылған ол бір топ құрдастарын суретке түсетіндей етіп тізіп қойып, жез
мұрты едірейіп, әлденеге мәз болып тұрған туған әкесі Нематулланы көреді.
- Әй, Қалила, кәне бізді түсір! – деп әкесі әмір ете сөйлеп, құрдастарының жанына
жайғаса бастады.
«Ит ашуын тырнадан алады» демекші, онсыз да жарылуға шақ тұрған кинооператор
әкесіне бас салады:
- Әй, Нематулла, сен Омардың баласы болсаң, мен Омардың немересімін! Оның
үстіне, анау-мынау емес, «Қазақтелефильмнің» арнайы тапсырмасымен келген
кинооператор Қалила Омаров боламын. Сондықтан да маған бұйрық беруге правоң
жоқ! Анау шалдарыңды ал да, айтыс көр! – деп жаңа ғана жоғалтып алған әдемі
кадрді жалма-жан іздей бастайды.
- Мына шешеңді ұрайын, не деп кетті? – дейді Нематулла не күлерін, не ашуланарын
білмей, - киноға түсіретін түрі бар ма бізді?
«Алматылық режиссер қайда?»
Амандық болса, бүгін режиссер Қалила Омаров шығармашылық жолсапарға
аттанып, өзінің алғашқы тырнақалды деректі кинофильмі «Тәушенді» түсіруді
бастамақ. Доптай домаланып жүріп, тиісті шаруаны жалғыз өзі-ақ бітіріп тастап,
әріптестеріне ыржия күліп, көңілді көрінуге тырысқанмен, іштей әлденеге қобалжып
жүр. Дүлдүл ақын Тәушен Әбуова туралы фильм Сыр өңірінде, оның ішінде
Жаңақорған ауданында түсірілмекші. Ал Жаңақорған – Қалиланың туған ауылы.
Үлкен-кіші тұрмақ, жүгірген күшікке дейін оны жақсы таниды. «Ауылдағының аузы
сасық» демекші, аудан басшылары «Бұл кім десек, өзіміздің бала екен ғой» деп онша
елей бермеулері де ғажап емес.
«Қазақтелефильмнің» бас директоры Кәрім Танаев Қалиламен дәліз ішінде бетпебет кездесіп қалады.
-Ау, батыр, жолға жиналып жатырсың ба? Өзің бір түрлі көңілсізсің ғой. Кино
түсірмей жатып, мұрныңның салбырап кеткеніне жол болсын? – деп қалжыңдай үн
қатқан Кәрекең Қалиланың іштей абыржып жүргенін айтпай-ақ түсіне қойды.
-Кәне, менімен бірге кабинетке жүре қойшы, - деп директор режиссерді
жетектегендей болып, ішке кірді. Сонан соң, телефон сандарын асығыс тере бастады.
-Оқа! Қалыңыз қалай? Біздің Қалила Омаров деген режиссеріміз сіздерге барып,
Тәушен ақын туралы деректі кино түсірмекші. Алғашқы сапары еді, сол балаға өзіңіз
көз қырын сал жүрсеңіз! – Телефон тұтқасын орнына қойып жатқан Кәрім Қалилаға
күлімдей қарады.
-Ал, жас достым, бар проблема шешілді. Сені облыстық партия комитетінің
хатшысы Оңалбек Сәпиев қамқорлыққа алмақ. Мұрныңды жоғары көтер, батыр! Тек
алға!
Жолшыбай Шымкенттегі шаруаларын тап-тұйнақтай еткен Қалила Тәушенмен
Жаңақорғанға аман-есен жетіп, болашақ кейіпкерін қонақ үйдің ең мықты үлкен
нөмеріне орналастырып жатты. Кішкентай ауылда тосын хабар-ошар тез тарайды емес
пе? «Алматыдан кинорежиссер келіпті!» деген сөзді естісімен аудандық партия
комитетінің бірінші хатшысы Қоянбай Қалмырзаев пен аудандық мәдениет бөлімінің
меңгерушісі Әбілтай Сүлейменов асығып-аптығып қонақ үйге жетіп келді. Кіреберісте
жолыққан Қалиланың сәлеміне көңіл аудармай алға ентелеген екі дөкей нөмерден
Тәушен кемпірді ғана көреді.
-Астанадан келген режиссер қайда? – дейді екі басшы жарыса сөйлеп.
«Көрмес, түйені де көрмес» деген осы екен-ау. Астанадан келген режиссердің
сәлемін де алуға жарамай өзін қаға-маға бері қарай өтпедіңдер ме? Әне тұр іздеген
режиссерің? – деп Тәушен ыржия күліп тұрған Қалиланы көрсетеді.
Бұлай боларын білмеген аудан басшылары бір бозрып, бір қызарып нөмерден шыға
береді.
... Арада бір сағат өткен соң аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы арнайы
қызметкерін жіберіп, режиссер Қалила Омаров бастаған шығармашылық топты түк
болмағандай қалбақтап қарсы алады.
«Тәушенді» ойдағыдай түсіріп біткен Қалила Жаңақорғаннан Қалила емес, Қалекең
болып аттанды...
«Тым ұзақ қой...»
Республика Сарайында ақындардың айтысы жүріп жатады. Басына қара тақия киіп,
жез мұрты едірейген Қалила фоие ішінде белгілі ғалым Рымғали Нұрғалиевпен қарсы
ұшырасып, жылы қабақпен амандасады.
- Режиссер Қалила Омаров сенсің бе, - дейді ол інісінің қолын алып, - «Тәушенді»
көрдім. Маған өте ұнады. Бос жылтырақ дүниеден қашып, халық көптен күтіп жүрген
кәусары мол, танымдылығы терең туынды жасапсың. Жарайсың бауырым! Алған
бетіңнен қайтпай, дәл осындай жиырма кино түсірсең, қазақ киносының нағыз
классигі болғалы тұрсың.
-Рахмет, аға! Бірақ ол тым ұзақ қой, - дейді Қалила, классик болсам ертерек
болмаймын ба?!
Қызға бағынған аккумулятор
- Бояп, опалап, әдемілемедің бе? Мынауың күнде өзіміз көріп жүрген кәдімгі Тәушен
ғой. От басы, ошақ қасындағы қаз-қалпы, - деп айтыс ақыны Әселхан айтпақшы,
кинорежиссер Қалила Омаровтың алғашқы туындысы – «Тәушен» бүкіл зиялы қауымды
елең еткізіп, қарама-қайшы пікірталас туғызғаны рас. Мәскеуден бүкіл Кеңестер Одағы
екі рет, Қазақстанда әр ай сайын екі-үш көрсетілген туындысына жас балаша қуанып,
малақайын аспанға лақтырып жүрген Қалиланы бірде «Қазақтелефильмнің» бас
директоры Кәрім Танаев өзіне шақырып алады:
- Қарағым, мені алғашқы қадамдарың қуантып тастады. «Тәушенің» құтты болсын! Иә,
мақтаудан кенде емессің, бірақ тым масаттанып кетуден сақ бол, ол өнер адамына онша
абырой әпермейді. Кез келген режиссердің бірінші фильмінде кездейсоқтық жағдайлар
көп болатындығы да өтірік емес. Өнер адамының нағыз шығармашылық бет-пердесін –
екінші туындысы көрсетеді. Дос бар, дұшпан бар, нағыз сыналатын тұсың – осы сәт, - деп
Кәрекең жас режиссерге халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың портретін сомдауды
ұсынды. Қазақ – орыс мәдениеті мен әдебиетінің арасына алтын көпір болған үлкен тұлға
– Ыбырай Алтынсариннің бәйбішесі – Айғаныс әжейдің тізесіне отырып, еркелеген
Мәриям ақын көргені де, көңілге тоқығаны да көп сұңғыла қария еді ғой...
Қалила алтынның сынығындай осы бір асыл жанмен тез тіл табысып, болашқ деректі
фильмін түсіруге білек сыбанып кірісіп кетті. Сырт көзге бәрі де ойдағыдай көрінгенмен
режиссер өз ісіне іштей қанағттанбай жүр. Ақынның шын жансарайын ашудың кілтін әлі
де таба алмай жүргенін ол іштей сезеді. Түсірілген кадрлардың табиғи болмысқа, табғи
шындыққа жанаспауы да содан.
- Мәриям апай, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллинді көрдіңіз.
Биаға, Сәкен ағаларыңыздың мейір-шапағатына бөленждіңіз. Осы Сізде арман бар ма? –
деп бірде Қалила ақынға тосын сұрақ қояды. Алдын-ала келісім бойынша бұл сәтті
кинооператор Мұстафа Өсеров «Конвос» кинокамерасымен байқатпай түсіріп отырады.
- Өткен өміріме ризамын! Небір тұлпардың тұяғы, алтынның сынығы болған зиялы
жандармен дәмдес, сырлас болғанымды үлкен бақыт санаймын! Ақынын әлпештеген
халқыма мың да бір рахмет! Тек бір ғана арманым бар. Мына төрімнен көрім жақын
болып отырған шағымда, сонау тобыл жағасындағы кіндік қаным тамған Мезгілді көріп,
ақ қайындарын құшақтасам ғой, шіркін!!! – деп Мәриям Хакімжанова ағынан жарылып,
тамсана көкке қарайды.
- Болды, болды! Стоп! Мұстафа! – деп айқайлайды режиссер, - фильмнің басы бар.
Кеттік Қостанайға! Бір символ кадр түсірсек жетіп жатыр.
1990 жылдың қақаған қаңтарының бір күні Қалила бастаған кинотүсірушілер тобы
Қостанай облысынан бір –ақ шығады. Мұзға құрсауланған тобыл. Қарға тұншыққан ақ
қайыңдар. Айнала аппақ. Міне, Мәриям ақын бір көруді армандаған қасиетті жер – Мезгіл
осы. Табиғаттың тіл жетпес сұлулығына Қалила мен Мұстафа сұқтана қарап қалған. Қазақ
қыздарының арасында тұңғыш кинооператор болсам деп армандап жүрген студия
директорының хатшысы Сандуғаш Дүйсенбаева мен сценарий авторы Гүлжахан
Қасымжанова қыстың айшықты көріністеріне жас балаша мәз-мәйрам болып келеді.
Оқшауланып тұрған бір шоғыр аққайыңды автобустың әйнегінен аңғарып қалған Қалила:
-Таптым, таптым, деп шешесі егіз ұл туғандай айқай салады. – Мұстафа, қарашы, анау
биік әсем аққайыңның ұшар басындағы ұяны көрдің бе? Мәриям апайдың арман құшқан
көз жанарын осы ұяға қаратып, «Атамекен» деп фильмнің бас титрін береміз.
Жол жүріп әбден шаршаған шығармашылық топ автобустан опыр-топыр түсіп, әлгі
көріністі түсіруге дайындала бастайды. Белуардан келетін қарды кешіп, құс ұясы
салынған қайыңға әрең жеткенде кинокамераның акумуляторы суыққа қатып қалған
болып шықты. Кинооператор Мұстафа қайтадан қарды малтып, автобустың моторына
акумуляторды қыздырып алып, қайта жетем дегенше әлгі қырсық зат қайтадан қатып
үлгеріп, кинокамера жұмыс істемейді.
«Қырсыққанда қымыран іриді» деген осы, көзделген жұмыс жүрмей, бұл көрініс үш
рет қайталанады. Мұстафа енді не істерін білмей басы қатып тұрғанда Қалекеңе бір идея
сап ете қалып: «Сандуғаш! Төсіңді аш» деп тоңып, қалтырап тұрған ассистент қызға тұра
ұмтылады. Аузы ашылып қалған жас қыздың есін жинатпай режиссер сыртқы киімінің
омырау түймелерін асығыс ағытып, зілдей ауыр, әрі суық акумуляторды қонжитып, қайта
түймелеп:
-Алға, съемкіге! – деп бұйрық береді.
... Ақын Марям Хакімжнованың кіндік қаны тамған жер – Мезгілдегі аққайыңның ұшар
басындағы ұя осылайша кино кадрларға түсіріледі.
- Жарайсың, - депті сонда Қалила алқынып әрең тұрған Сандуғаштың арқасынан
қағып, - сенің қойның мотордан да ыстық екен.
«Төрден орын берейік...»
Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романының желісі
бойынша жасаған деректі фильмінің тұсаукесері ойдағыдай өтіп, оның арты шағын
банкетке айналып кетеді. «Қазақтелефильм» студиясынан шыққанда айтулы туындының
режиссері Қалила Омаров кәдімгідей қызу болатын. Ол автобус аялдамасына келіп,
үздіксіз ерсілі-қарсылы ағылып жатқан мәшинелердің бірін тоқтатпақ болып, теңселген
күйі қол көтеріп тұрады. Көп ұзамай-ақ оның дәл жанына көк темір қорапты «Уазик
екпіндетіп келіп тоқтай қалады.
-Бауырым, - дейді Қалила тілі күрмеліп, - үйіме жеткізіп тасташы, екі жағына
бірдей төлейін, россия рублі де бар, доллар да табылады.
-Көкесі, біз сізді баратын жеріңізге тегін-ақ апарып тастаймыз, - дейді милиционер
жігіт мәшинеден түсіп жатып. Қалила сонда ғана оның қызыл жағалы ағайын екендігін
байқап қалып, қашпақ болғанда, «бауыры» білегінен шап беріп ұстап, қолын қайырып,
«Уазиктің» артқы есігін ашып, бір топ маскүнемдердің ортасына итере салады. Сол
зуылдағаннан зуылдап оытырп, Омаров алматының Сейфуллин мен Ташкент көшелерінің
қиылысындағы айықтырғыш орнынан бірақ шығады.
-Жігіттер, - дейді ол темір есікті тепкілеп. – Сендер тапқан екенсіңдер қамайтын
адамды. Мен режиссермін, біле білсеңдер бүгін ғана «Махаббат қызық мол жылдар» деген
киномды тапсырдым, между прочим.
- Әй, данышпан, - дейді оған жақындаған милиционер,- режиссер екеніңді білдік,
енді өзіңнің қандай рудан екеніңді айтарсың, мүмкін туысқан болармыз.
- Руымды білгің келсе – Қожамын!
- Әй, Қожа, - дейді қызыл жағалы ағайын, - өзің нағыз ақсүйек екенсің, сені
бақыртып-шақыртып кілең қаралардың жанында тастағанымыз жарамас. Саған төр
жақтан орын беріп, жеке камераға қамайық.
«Мұстафа қашан үйленеді?»
Қалила өзінің «Нәубет» деп аталатын фильмін түсіруге Түлкібас ауданындағы
Састөбе ауылына барады. Кинооператор мұстафаның 104 жастағы әжесі осында тұратын.
- Мұстафа, - дейді Қалила, - әжең көп дәуірді бастан кешірген жан, аштықты өз
көзімен көрген кісі, білгені мен көргенін түсіріп алайық. Әрине, жүзден асқан кейуана
бірді айтып, бірді бастап кетуі мүмкін. Бір метр кинопленканың 3 доллар тұратындығын
менен жақсы білесің, сондықтан да лны үнемдеген жөн. Сені көрген әжең әр нәрсені бір
айтып, басымызды қатыруы мүмкін. Сондықтан да камерамен жұмыс істей бастағанда
көрпенің жамылғысын бүркеніп, әжеңе көрінбеуге тырыс.
-Мотор! – деп команда беріліп, «Конвас» камерасы іске қосылады.
- Орынкүл әже, - дейді Қалилак микрофонды ыңғайлап, - сіз Николай заманының
куәгерісіз. Аштықты да көрдіңіз, сол туралы айтып берсеңіз.
- Шырағым, аштық болды ғой, бірақ мен қиындық көрген жоқпын... өзім шіріген
байдың қызы болып тұрып, қайдан ашыға қоярмын, - деп әжей бастаған әңгімесін басқа
арнаға бұрып жіберді. – Жаңағы мұстафа қайда кетті. Ол жүгермек келінді қашан
әкелмек? Мен өлгенде әкеле ме?
- Мұстафа қайда қашар дейсіз, үйленеді ғой. әже ашаршылық жайлы айтып беріңізші, дейді Қалила босқа кетіп жатқан пленканы ойлағанда іші тұздай ашып.
- Аштық, аштық. – деп тақылдамашы сен бала! Ол туралы айттым ғой жаңа. әлгі
Мұстафа қайда? Өзінің қатын алатын ойы бар ма? – дейді ақ кимешекті әже Қалилаға
жақтырмай қарап.
- Стоп, - дейді жарылуға шақ отырған Қалила айқайға басып. - Әй, Мұстафа, сен
қашан ғана үйленесің осы! Сен үйленбей мына әжеңнің аштық туралы айтатын түрі жоқ....
Жаяу Мұса және оның серігі
1992 жылдың күзінде «Қазақтелефильм» студиясына Әбжан Жақсыбеков директор
болып келіп, айрандай ұйып отырған шығармашылық ұжымның берекесі қаша бастады.
Бас директор Мұса Рахманбердиев, режиссер Қалила Омаров және бірнеше жігіт
арыздарын жазып, жұмыстан босанып кетеді. Бірақ, «битке өкпелеп, тоныңды отқа
тастамайсың». Тірі адам тірлігін жасайды, бір-екі ай жұмыссыз жатқан Қалила бір тірлік
жасамаққа бел байлайды.
- Саған екі күнде бір жәшік темекі беріп тұрайын, - деді бір танысы, - соны сат.
Маған бір жәшік темекенің өзіндік пұлын берсең жарап жатыр. Үстіндегі пайдасының
қызығын өзің көр.
Ертесіне Қалила танысы берген бір жәшік темекіні алып, жеміс-жидек зауытының
жанындағы аялдамаға шығады. Үш күннен соң адам көрге де үйренеді деген рас екен.
Алғашында ептеп ыңғайсызданған Омаров бара-бара темекі сатудың ұңғылы мен
шұңғылын әбден меңгеріп алады. Оның үстіне темекі атаулының қат кезі, бұрынғы
кинорежиссердің қолы жүріп, бала- шағасын асырауға жарап қалады.
- Темекі алыңыздар, темекі алыңыздар, өте сапалы, өзі арзан, - деп айқайлап тұрған
Қалила біреудің өзіне қадала қарап тұрғанын сезіп жалт бұрылса, бұрынғы бас редакторы
Мұса оған таңқала қарап тұр екен. Үлкен көздерінен мейірімділік пен жанашырлық сезімі
айқын аңғарылып, өз-өзіне сенбегендей басын шайқап-шайқап қояды.
- Қалила, көше кезіп, темекі сатып саған соншама не болды? – деді ол ешкім естіп
қоймасын дегендей сыбырлап.
-Мүсеке, не десем екен? Күнкөрістің қамы ғой. Оның үстіне қызым ауырып қалып,
дәрі-дәрмек керек дегендей,- дейді Қалила жерден көзін алмай міңгірлеп. Үш сағаттан соң
мұса темекі сатып тұрған Қалилаға қайта соқты.
- Қалила, - деді Мұса, - білесің, өзім де жұмыссыз жүрмін, мынау бір керегі болар
деп сарымайдай сақтап жүрген пұлым еді, жағдайың келсе кейін қайтара жатарсың,
қызыңа жарат, - деп бір бума ақшаны ұсына берді. Мұса асығып кетіп қалған соң Қалила
бұрынғы бастығы берген ақшаны санай бастады. Бақандай 5000 сом екен. Ал, сол кезде
білдей режиссердің айлық табысы 250 сом болатын.
Арада екі ай өтпей жатып, Мұса «Қазақтелефильмнің» Бас директоры болып
тағайындалып, Қалила бұрынғы қызметіне қайта оралды. Бұлбұлдан гөрі кейде қарғаның
жолы болғыштығына бүгінде таңқалмайтын болдық емес пе? 1994 жылдың жазында
ойламаған жерден «Қазақстан» теледидар және радиохабарларын тарату компаниясының
президенті болып Ләйлә Бекетова ханым тағайындалып, Шерхан Мұртаза отставкаға
кеткен соң бір топ қазақи жігіттер қызметтен тағы да шеттей бастады. Солардың арасында
Мұса мен Қалила да бар еді.
«Қазақтелефильмнің» бас директоры қызмет орны мен жеңіл мәшинесін тапсырып,
Қалила екеуі жаяулатып Абай көшесіне түседі. Дәл осы кезде күн көзі қарауытып,
сіркіреп жаңбыр жауып тұрады. Онсыз да көңіл-күйлері болмай тұрған Мұса мен
Қалиланың дәл жандарынан бір шетелдік жеңіл мәшине зу етіп өте шығып, үсті-бастарын
малмандай етеді. Жын қуғандай болып өте шыққан «иномарканың» жүргізушісін Қалила
танып үлгереді.
- Қап, мына иттің қорлығы-ай! – дейді ол,- Бір кездерде менің ассистентім еді.
Қарашы шіренуін! Общым, Мұсеке, сіз адам емес екенсіз.
Мұса мынаны жын ұрып кеткен бе деп жанында тұрған серігіне мұрты едірейе қарайды:
- Әй, сен не деп сандалып тұрсың?
- Сіздің сөзіңізге еремін деп, әжептәуір басталған бизнесімді тастап, киноға келдім.
Енді жаяулатып, кім көрінгеннің шалшығын үстімізге шашқызып, тұрысымыз
мынау! Баяғы өзіңіз берген 5000 сомды айналдырып әлдеқашан мынандай деген мәшине
сатып алар едім. Көлік болғанда, әрине, сіз екеуміз дәл осылай тұрмаған болар едік.
Үйіңізге әлдеқашан жеткізіп, Қалдыкүл жеңгемнің шайын рахаттанып ішіп отырған болар
едіңіз.
-Тәйірі, солда сөз болып па, - дейді Мұса, - мәшине деген темір, сынса көрінген
жерде қалып қояды. Ал, сен болсаң Мағжан мен Міржақыптарды тірілітіп, өлмейтін
кинотуынды жасадың. Мұндай бақытқа кез-келген жігіт ие бола бермейді. Біреулерге
жаяу жүру қорқынышты шығар, біз оған әбден үйренгенбіз, бауырым.
Осы кезде № 5-ші троллейбус шиқ етіп тоқтай қалады. Екеуі көппен бірге таласа-тармаса
қоғамдық көлікке ұмтыла береді...
«Сен жығылмашы, бауырым...»
Баяғы Мұса берген 5000 сомды айналдырып бизнес жасап жүрген Қалиланың
жанына судай жаңа «Джип» тоқтай қалып, Ленинградта бірге оқыған досы Әлжан түсе
берді.
-Ау, Қалила, досым, мұның не? Кино қайда? – деді ол амандық жоқ, саулық жоқ.
-Кино да жоқ, ақша да жоқ, бала-шағаның нәпақасын осылайша тауып жүрмін, деді Қалила алақанын жайып.
-Жоқ, болмайды, сен кино түсір. Бір кино қанша тұрады, мен-ақ төлейін!
Сөйтіп, «Оина» казиносының директоры Әлжан Абдуллов ойламаған жерден
атақты палуан Дәулет Тұрлыханов туралы деректі фильм түсіруге демеуші болады.
Қалила кинооператор досы Мұстафаны ертіп, Тұрлыхановтар әулетіне еріп, Жарма
қайдасың деп тартып кетеді. Қазақтың көк байрағын дүниенің төрт бұрышында
желбіретіп, атақ-абыройын асқақтатқан Дәулет палуанды, оның әкесі Болатты, бауыры
Қуатты Семей жұртшылығы хан көтеріп, жандары қалмай күтеді.
Дастархан болған соң «көк мойын» жарықтықтың қатар жүретіндігі жақсы белгілі
ғой. Бір-екі отырыстан соң сәл қызыңқырап қалған Қалила Дәулет замандасының белінен
құшақтап, көтеріп, салмағын шамалаған соң «күресемін де, күресемін» деп «шатақ»
шығарады.
-Ойбай, көкесі қойыңыз. Сізден жығылып қалып, елге масқара болатын жағдайым
жоқ,- деп Дәулет әзіл-қалжыңға жеңдіріп, Қалила ағасынан әрең құтылады. Жармаға
жеткен соң деректі фильмді түсіру басталып, бұлшық еттері ойнақшыған атақты палуан
спорт залындағы кілемде дене қыздырып жатады. Кенет Дәулеттің де балалығы ұстап
кетіп, қажетті көріністерін кинооператорға түсіртіп, ары-бері жүгіріп жүрген Қалилаға:
- Өткен жолы күресемін деп едің, кел белдессек-белдесейік,- деп тұра кеп
ұмтылады.
-Көкем-ау, сенімен күресіп, өле алмай жүрмін бе? – деп режиссер тұра кеп қашады.
Дәулеттің қолында Қалиланың бәтеңкесінің бауы қалып қалады.
... Түсірген киносы сәтті шығып, шын жүректен разы болған Дәулет режиссер ағасына
бейнекамера сыйлады.
Алматының спорт залдарының бірінде Дәулет Қалиламен кездесіп қалады.
-Көке, кел, күресейік, - дейді ол қалжыңдап, - азар болса бір жығылармын.
-Жоқ, - дейді Қалила күліп, - менің бір тұрып, бір жығылып жүргенім жетеді.
Ешқашан да сен жығылмашы, бауырым!
Ерекше «әдет-ғұрып»
Қазақ халқының тарихы мен әдеп-ғұрпын зерттемек болып, тілді өзінше үйренген
американдық ғалым қыз бірде Алматыға келіп, бір кездесуде режиссер Қалила Омаровпен
танысады.
- Нағыз қазақты білгің келсе Қызылордаға жүр, - дейді Қалила, - әлі қаймағы
бұзылмаған тілімізді өз салт-дәстүрімізді өз көзіңмен көресің. Виза жағына алаңдама,
бәрін өзім жайғастырамын.
Ертесіне Қызылордадағы облыстық Суретшілер одағының төрағасы болып қызмет
атақаратын Қайырбай деген ағасына:
- Қайырке, бір деректі кинофильм түсіру үшін елге келмекшімін. Жанымда бір топ
жолдастарым және сонау Америкадан келген ғалым қыз болады. Біздің салт –дәстүрімізді
зерттеп жүрген шетелдік қызды жақсылап тұрып күтіп жіберейік, - деп алдын-ала ескертіп
қояды.
Қызылордалық ағайындар бұл топты жақсылап қарсы алып, құрметті қонақ етіп
күтеді. Бір топ жігіттер қонақ үйіне кетіп, Қалила мен Пола үйде қалады да, екеуі аула
ішінде бой жазып серуендеп жүреді.
- Қалила мен пола біздің үйде қонады. Екеуіне жақсылап тұрып төсек салып бер.
Ұзақ жолдан шаршап келді, демалсын, - дейді Қайырбай келіншегіне. Оны басқаша
түсінген әйелі үлкен залдың төріне екі кісіге арнап үлкен төсек салып қояды. Залдың ішіне
кірген қонақ қыз бірге салынған төсекті көріп, кілт тоқтап қалады.
- Біздің халқымыздың дәстүрі бойынша ең сыйлы ер кісі мен ең сұлу, әрі жас қызға
төсекті бірге салады. Осындай құрметке екеуміз ие болдық. Бірге жатпасаң – салт пен
дәстүрді бұзғанымыз, -дейді Қалила қалжыңдап, отқа май құя түсіп.
-ағай, менің сөз байласып қойған жігітім бар. Ол кәзір Жапонияда жолсапарда жүр, - дейді
Пола көздері мөлт-мөлт етіп.
- Сенің жігітің болса, менің Алматыда әйелім, үш-төрт балам бар. Бірақ, әдетғұрыпты қалай силамаймыз? Үй иесі бізге жата кеп өкпелейді, - дейді Қалила қара бұлтты
төндіріп. Құлақ естімеген мына тұрпайылау дәстүрге еріксіз мойынсұнған американдық
бойжеткен әрі-сәрі болып, шешіне бастайды. «Суға кеткен тал қармайды» демекші, сол
кезде төсек салған жеңгей бөлме ішіне бас сұғады.
- Апай, - дейді Пола ақталғандай. – Қалила мені мына төсекке бірге жат деп жатыр.
Салт-дәстүрлеріңіз солай екен.
Қайырбайдың әйелі жартылай шешініп тұрған Полаға, палуандар күресетін
кілемдей болып созылып жатқан төсекке кезек-кезек қарап: «Не сонда, сендер не
емессіңдер ме?» дейді таңқалып.
- Жоқ, жоқ, -деп пола шошып кетеді.
- Ондай дәстүрді естіген құлағым керең болсын, - дейді жеңгей, - мына
жүгермектің ойдан шығарып тұрғаны ғой. Бұлардың өзі де құрысын, сөзі де құрысын, деп Поланың білегінен ұстап, жетектеген күйі залдан шығып кетеді...
Пола осы оқиғаны ұзақ уақыт бойы ішек-сілесі қатып Америкада айтып жүріпті.
Тор сөмкедегі арақ
Қалила Омаровтың атақты «Барып қайт, балам, ауылға» фильмінің алғашқы
қойылымы Кино үйінде өтетін болып, режиссер оған бірнеше таныс тілшілерді
шақырады. Құрғақ қасық ауыз жарытпайтындығын білетін ол бұған көптен
дайындалып, сол кезде талонмен беріліп қат болып тұрған үш-төрт бөтелке арақты
сары майдай сақтап жүрген болатын.
- Мұстафа, - дейді ол, - мен Кино үйіне бара берейін. Үйдегі тор сөмкеде үш шиша
қыл мойын тұр, қазір Рыскүл бауырсақ пісіріп жатыр. Сол заттарды алған соң Орталық
базарға міндетті түрде соғып, тіске басатын бірдеңелер ал. Премъераға таныс үш-төрт
таныс үш-төрт журналист келмек. Фильм біткен соң менің жаныма кел, екеуміз
тездетіп шағын дастархан ұйымдастырып жіберейік.
... Фильмнің алғашқы қойылымы аяқталғанда режиссерді таныстары жан-жақтан
қоршап алды, туындыға жылы лебіз білдіріп, өз пікірлерін таласа-тармаса айтып
жатыр. Құшағы гүлге толған Қалила мырза бірнәрсеге қатты алаңдап, мазасызданып
тұр. Базарға жіберген Мұстафа аспанға ұшып кетті ме, жоқ жеті қабат жердің астына
түсіп кетті ме, ұшты-қилы жоқ. Тілші ағайындар «Әй, Қалила мырза, уәде қайда?
Бірдеңең бар ма?» дегендей режиссерге қарайды, ал ол болса жалтақ-жалтақ етіп,
үлкен есікке қарайды. Не істерін білмей әрі-сәрі болып тұрғанда асығып-аптығып
Мұстафа кіріп келді. Қалиланың көзі бірден тор сөмкеге түсті: оның ішінде бар болған
тіске басар бар.
- Ойбай-ау, мыналардың серіктері қайда кеткен? – деді Қалиланың жаны шығып
кете жаздап.
- Менің кінәм жоқ, - деді оператор досына қипақтап, - өзің айтқан үш бөтелке арақ
пен бауырсақты алып, сонан-соң базарға соқтым. Кино үйіне кіреберісте Мейірман
Нұрекеев екі-үш жолдасымен қарсы ұшырса кетті.
- Менің інілерім шетінен молодец, - деді ол ашық-жарқын амандачсып, - не ойлап
тұрғаныңды айтпай-ақ түсінеді... Аржағын айтпасаң да ішің сезіп тұр ғой... Қалғаны
осы...
- Жігіттер,тойдан-тобықтай деген, - деді Қалила, - бұйырғаны осы болды, тағы
біреулер қағып алып кетпей тұрғанда мынаның көзін құртайық.
- Жоққа жүйрік жетпейді, - деп Роман Тоқбергенов бастаған тілші ағайындар
Қалила мен Мұстафаның соңынан ере берді...
Бір «Камаз» картошкі
Қалиланың Алматыдағы Жандосов пен морис Тореза көшелерінің қиылысындағы
Қазақ теледидарының «Экран» жатақханасынан жеке пәтер алып, ауылдан жұбайы мен
бала-шағасын әкелдіріп, мәре-сәре болып жатқан кезі. Мұндайда пейілі дархан қазақ
қалай ғана тыныш жатсын, ел жақтағы қайын атасы Ергеш пен енесі Сайлау сонау
Жаңақорғаннан бір қой мен бір қап картошкасын арқалап, балаларына құтты болсын
айтып, келіп жатады. Көптен бері дәл осындай молшылық көрмеген, бір жағынан үлкен
кісілердің пейілдеріне риза болған Қалила жұмыс аяғына таман белгілі кинорежиссер
Аяған Шәжімбаев екеуі ептеп жүз грамдатып келе жатады. Бесінші қабатттағы Қалиланың
пәтерінің төменгі жағында пырдай болып шашылып жатқан аппақ-аппақ картошкілерді
көргенде, екі дос таң қалады. Әсіресе, Қалекең басын шайқай береді. Өйткені, қайын
атасы мен енесі әкелген картоптан айнымайды екен жарықтықтар. Олар пәтерге кіргенде
көздері үлкен бөлменің екі бұрышында сүмірейіп тұрған Қуаныш пен Мұхтарға еріксіз
түседі. Екеуінің көздері жәутеңдеп, мамаларының қолындағы оқтауға қарайды.
- Қой, Рыскүл, ашуыңды бас енді, баланың аты бала емес пе? – деп әкесі қызына
басу айтып жатыр. – Керек болса, бір емес, екі қап картошка әкеліп берейін. Болмашы
нәрсеге жиендерімді жазалама!
Шай үстінде мән-жайға қанық болған екі режиссердің ішектері қатқанша күліп,
шашалып қала жаздайды.
Рыскүл әке-шешесімен жақын маңайдағы базарға кетіп, Қуаныш пен Мұқтар екеуі
үйде оңаша қалады. Екеуінің іші пысқан соң балконға шығып, мойындарын қылтитып көз
тастайды. Үлкен сұр үйдің жанынан қазағы бар, орысы бар үздіксіз өтіп жатыр. Нематулла
атасы мен Қалила көкесінің үйретуінше үлкен адамдарға сәлем беру шарт.
- Ассалаумағалейкум, - дейді Қуаныш пен Мұхтар қосарланып амандасып. Бірақ
олардың сәлемін елеп жатқан ешкім жоқ.
- Ассалаумағалейкум, - дейді олар тағы қосарлана айқайласып. Үйдің жанынан өтіп
жатқан адамдар болса, ауыздарына су толтырып алғандай үндемейді. Мұндай «қиянатқа»
шыдай алмаған ауылдың екі баласы амандасуға жарамағандардың желкелерінен
картошкамен атқылай бастайды...
Қуаныш пен Мұқтардың жасаған «ерлігіне» әбден разы болған Аяған екеуін екі
тізесіне отырғызып, кәмпит беріп, маңдайларынан сүйеді.
- Қалила мырза, бір «Камаз» картошканы қайдан табамыз? – дейді Аяған әріптесіне
бұрылып:
- Аяке-ау, оны қайтеміз? – дейді Қалиланың көзі бақырайып.
- Мына үйде тұратын көршілеріңді амандасуға үйретуге Қуаныш пен Мұқтарға бірекі қап картошка түк те болмайды, - дейді Аяған жас балаша мәз болып, - ал бір «Камаз»
картошкі әбден жетіп қалуы ықтимал...
Өзім ғой...
Қалила туған ауылы Жаңақорғанға барған сайын баяғыда өзі қызмет атқарған
Мәдениет үйіне міндетті түрде соғып кететіні бар. Елге барған бір сапарында
«Апатайым, анашым» әнінің авторы, белгілі сазгер Сауран Елеуов пен ескі танысы
Мәдениет Тотаев кездесе кетіп, үшеуі тай-құлындай шұрқырасып қалады. Бұл екі
жолдасының да орны ерекше бөлек, нағыз сері мен перінің өздері, әзіл-қалжың десе
қамшы салдырмайды. Болашақ келіншегі Рыскүлмен таныстырып, бірге алып қашқан
жігіттердің бірі - осы Мәдениет болатын. Сауран болса, сызылып келін болып түскен
жұбайының бетін ашып берді.
- О, Қалеке, Алматыда белгілі кинорежиссер болып, атақ-даңқың жер жарып тұр.
Біз оған қуанамыз, басымыздағы малақайымызды аспанға лақтырып, Қалил біздің
жолдасымыз деп жата кеп мақтнмыз. Қайда жүрсең де аман бол, әйтеуір. Айтпақшы,
Рыскүлдің жағдайы қалай? Балаларың нешеу болды? – деп Сауран мен Мәдениет
жарыса қал-жағдай сұрап жатыр.
- Қарындастарыңның жағдайы – бес! Балаларымды сұрасаңдар - өзімдікі төртеу,
әйелдікі бесеу болды, - дейді Қалила ыржиып.
- Әй, жүгірмек, сонда қалай? Бесінші бала қайдан? – дейді Мәдениет таңқалып.
- Бесінші - өзім ғой, Мәдениет, - дейді Қалила күліп. Қарындастарың тапқан
ақшамды кешке қарай «ревизия» жасап, сыпырып алады. Ал, таңертең жұмысқа
кетерімде: «Мә, мынау жолпұлың мен түскі тамағыңа» деп болмашы ғана тиын-тебен
береді. Сол қыпшақтың кішкентай қызының бесінші баласы болмағанда, енді кім
боламын?
«Ноу проблем»
Грецияның астанасы Афинада өткен грек-рим күресінің әлем біріншілігіне атақты
палуан Дәулет Тұрлыханов Қалила бауырын да ерте барады. Белгілі фототілші Деңдербай
Егізов пен Қалила Омаров Эгей теңізінің жағасындағы «Пальмара Бич» қонақ үйінде бір
бөлмеде тұрып, ақкөңіл ағасымен етене жақындасып, бір-бірімен ағылшынша сөйлесетін
халге жетіп қалады. Деректі кинофильм түсіруден қолы қалт етіп босай қалған режиссер
інісін сыра алып келуге жұмсайды.
- Мистер Умаров, - деп бастайды Дәкең.
- Аимсори мистер Егиз- о-в, - деп Қалекең тік тұрады.
- Ту, Ви мистер Умаров?
- Ноу проблем, - деп Қалила арзан сыра сатылатын теңіз жағалауындағв таныс
дүкеншікке жүгіре бет алады.
Осындай бір «Ту Ви» сапарынан кері оралып келе жатқан Қалиланы шайтан түртіп,
көңілі айрандай бұзылады. Жерорта теңізінің күзгі мамыржай ауа-райы ма, әлде бүгінгі
қазақстандық палуан Мхитар Манукянның тамаша жеңісіне масаттанды ма, әйтеуір
Омаров қонақ үйге асықпай, жағажайдағы жүрген жап-жалаңаш қыз-келіншектерді аралап
кетеді. Сұлулығы бір-бірінен өтетін шетелдік бикештермен сырласып, қуанышын
бөліскісі-ақ келеді, бірақ әшейінде сайрап қоя беретін тіл құрғыр мылқау. Әрі-сәрі боп
тұрған режиссер өзіне жылыұшырай қараған сұлу жанарды байқап, жалт бұрылады. Бота
тірсек, аққұба келіншек, құрдасы Мұстафа айтпақшы, нағыз бет біткеннің «қатқанскийі»
екен. Мұндайда Қалила қарап тұра ма, көздері күлімсіреп қаракөк теңізді нұсқап:
- О’кэй! – деп сөзін бастайды.
О’кэйдің ишарасын аңғарған әйел әнтек жымияды. Шетелдік сұлу бикештің ары
кет еместігін байқаған Қалила батылдана түсті.
- Аимсори, экскюзми, - деп келіншекке бір табан жақындай түскенімен, ары қарай
ағылшынша білетін сөзі таусылып қалып, біресе жирен мұртын, біресе сирей бастаған
маңдай шашын сипай берсе керек. Бірақ, ұялған тек тұрмас демекші, Қалекең өзін
келіншекке таныстырмақшы болады. Ол өзін көрсетіп:
- Mage in CALILA, - дейді де кішігірім дарбыздай тырсылдатып тұрған келіншектің
кеуде жағын нұсқап:
- Mage in? – деп қарсы сұрақ қояды.
Қалиланың мына сөздеріне бикеш таңырқап, көздері бақырайғаны болмаса, өз атын
айтар түрі жоқ. Оның екі көзінің атыздай болатындығы заңды еді. Өйткені, бейтаныс жігіт
әлдеқандай қылып, көйлегін көрсетіп, «Қалилада жасалған» деп өзінше мәз болады. Басқа
зат құрып қалғандай әйелдің кеуде жапқышын қайда жасалған деп қызармай-бозармай
сұрап тұр.
Теңіз жағасындағы осы бір сәт ұзақ болып көрініп, Қалила тұрған орнында
қипақтай береді. «Мен бар болғаны өзімді таныстырып, келіншектің есімін сұрадым емес
пе? Онда тұрған не бар? Келіншек менен неге үркіп тұр, әлде бірдеңе бүлдірдім бе?» деп
іштей мазасызданған Қалиланың мұрнының ұшы терлеп қоя береді.
Сұлу бикеш сәлден соң ағылшынша үн қатты:
- Мен мұндай елді білмейді екенмін, айыпқа бұйырмаңыз.
Алақанын жайған келіншек құмның үстіне шалқасынан жата кетіп, осымен әңгіме
бітті дегендей, күнқағар қалпағын сұлу жүзіне жаба салды.
Әрине, Қалекең бикештің шетелше былдырлаған сөздерін түсінген жоқ. Сұлу
келіншектің таныспай қойғанына Қалила іштей ренжіп тұрса да, сыр бермеген болды.
- О’кэй, - деді ол қолын көтеріп, - Ноу, проблем.
Құпия
Дәулет Тұрлыханов бастаған қазақс тандық спорт делегециясы Афинадан Миланға
ұшып келді. Осы елден Амстердам қаласына сапар шегуге әлі ерте. Іші пысқан Қалила
бас-аяңы атшаптырым келетін аэропорттың ішін аралап көрмек болады. Кім салса да
келістіріп-ақ салған екен, кішігірім қала дерсің.
Ұлы сөзде ұят жоқ, бір кезде Қалекеңді дәрет қысып, зыр жүгіреді. Шығаберісте
ішке кіргендердің бәрі қолдарын жуып жатыр. Бір қызығы – суды ағызу үшін шүмекті
ағытып әуре болмайсың, қолыңды созсаң судың өзі ағады, қолыңды тартып алсаң,
аққанын қоя салады. Қолын жақсылап жуып алған Қалила бұл техниканың құпиясын
білмек болып, шүмектің астына басын сұғып, әрі-бері қарайды. Бірақ, ештеңені көріптүсініп үлгермей бет-аузы, үсті-басы малмаңдай су болады. Кенет біреу жеңінен
тартқандай болып жалт қараса, Деңдербай ағасы күлімсірей қарап тұр екен.
- Мистер, Умаров, - дейді күліп, - үстіңе не болған, судың астынан шыққандайсың
ғой?
- Ноу, проблем, - дейді Қалила жайбарақат. – Жасырақ кезімде Ленинградта
сантехник болып істегенім бар еді. Мына буржуйлардың қолжуғыштары мықты екен.
Құпиясын біліп алайын деп жатқаным ғой. Біздің Нематулла шалға дәрет алу үшін
таптырмайьын зат екен өзі...
«Құдайдың мұнысына да шүкір...»
«Қазақтелефильмнің» тас-талқаны шығып, тарап кеткен соң Қалила «Алатау»
ұлттық телеарнасына бас режиссер болып орналасып, қызмет атқарып жатады. Бірде
белгілі әнші Гүлмайдан Сүндетова келіп, өзінің бейнеклиптерін жасамақ болады. Ол бір
топ редакция қызметкерлерімен әңгіме-дүкен құрып отырғанда үлкен бөлменің ішіне
Қалила кіріп, әнші қарындасына ізетпен сәлем береді.
- Міне, біздің бас режиссеріміз де келіп қалды, - дейді қызметкердің бірі, Гүлмайдан, танысып қой, жаңа ғана құлағын шуылдатқан белгілі кинорежиссер Қалила
Омаров осы кісі болады.
- Жоқ, жоқ, - депті сонда Гүлмайдан без-без етіп, - Мен Қалила Омаровты білемін,
ол кісімен танысқан жағдайым бар, ұзын бойлы, сымбатты жігіт. Ал, мына біреу төбе
шашы селдіреп қалған таз ғой, - деп лақ еткізеді.
- Құдайдың мұнысы да шүкір, - дейді сонда Қалила, - жігіттер, сұлу қыздармен
менің атымды атап танысып жатса – менің де жаман болмағаным.
Спонсор
Бірде Қалила баяғыда Шерхан Мұртаза алып берген екі бқлмелі пәтерінде көңілкүйі болмай, бір апта бойы ешқайда шықпай бүк түсіп алып жатады. Былай тартсаң арба
сынады, енді былай тартсаң өгіз өледі, жұмыс болса жүрмей тұр. Байқайды, соңғы кезде
бөгде тұрмақ, өз әйелі мен бала-шағасына сүйкімсіз болып барады.
Қалила біраздан бері үнсіз тұрған телевизорды іске қосқанда көркемсуретті фильм
жүріп жатыр екен. Бас кейіпкер дворян жанұясынан шыққан ақсүйек әйелдің тағдырын
Қалила өзіне ұқсатады.бір кездерде дәулеті шалқыған Надежда ойламаған жерден
кедейлікке ұшырап, қаржыдан қатты қысылып қалады. Амалдың жоқтығынан шіріген бір
бай танысына көмек беруін өтініп, хат жазып, әлгі мырзаға қызметкерін жібереді. Дүниеге
өзі тойса да көзі тоймайтын купец аузын қу шөппен сүртіп қызметкерді құры қол
шығарып салады.
- Кезінде ол оңбағанды батпаққа батып бара жатқан жерінен суырып алып, адам
қатарына қосып едім, - дейді ақсүйек әйел налып. – Қиын жағдайымды біле тұрып,
саусағын қимылдатуға жарамағаны ма?
Киноны көріп, көңілі босап кеткен Қалила Ленинградта өткен қызықты студенттік
жылдарын, адал да, аңғал достарын сағына есіне алады. Бәрі қара суды бөліп ішіп, қатқан
қара нанды тең бөлісіп жеп, баяғы өзі қосымша сантехник болып жұмыс істеп жүргенде
алған бір бөлмелі пәтерінде опыр-топыр болып жатушы еді. Құдайға шүкір, бүгінде
Әлжан Абдуллаев, Жанболат Сәрсенов, Қайназар Саманов деген достарыңның айдарынан
жел есіп, Алматыда атақтары дүркіреп тұр. Шеттерінен мықты бизнесмен, былайша
айтқанда «крутой» жігіттер. Өнерді, оның ішінде жолы болмағыр киноны таңдап алған
өзінің жағдайы болса мынау. Басқасын айтпағанның өзінде, Мемлекеттік сыйлыққа
ұсынылып жатқан туындыларын таныстыратын кішкентай ғана кітапша шығаруға қаржы
жоқ болып, қолын байлап отыр.
Ертесіне көп ойланбастан бал қосқан спирттік ішімдіктер шығаратын «Әділ»
компаниясының президенті Жанболат Сәрсеновқа барады. Мекеменің аты затына сай
болып шықты, жақында ғана европалық күрделі жөндеуден өткені көрініп тұр. Қымбатқымбат жиһаз, сартылдаған компьютерлер, бота тірсек сұлу хатшы қыз. Обалы не керек,
Жанболат студенттік кездегі досын отырған орнынан ұшып тұрып қарсы алды. Екеуі шай
ішіп, өткен-кеткенді еске алып отырғанда теледидардан Мұқағали Мақатаев туралы хабар
беріле бастайды.
- Қайран Мұқаң өлеңдерін бастыра алмай жүргенде мынау шуылдақтардың бірі де
саусақ қимылдатуға жарамаған еді, енді ұлы ақынның жан достары бола қалыпты. Мен
өліп қалғанда сендер де өстер ме екенсіңдер? – дейді Қалила досына қарап, беретіндеріғді көзім тірі тұрғанда берсеңдерші.
- Ол не дегенің, - дейді Жанболат қалбалақтап, - ондай доссымақтардан бетімізді
аулақ қылсын, саған қол үшін бермесек, мұнда несіне отырмыз? Айтпақшы, жаңа айтқан
кітапшаңды бастыру үшін қанша қаржы керек? Счетің бар ма?
Қалила алдын-ала дайындап қойған қағазын ұсына қойды. Жанболат бас бухгалтерді
шақырып: «Мынаны бүгіннен қалдырмай аударып жіберіңіз» деп тапсырма береді.
- Тоқтай тұршы, - дейді Қалила Жанболаттың сөзін бөліп, - счетқа ең төмен бағаны
жазып едім, тағы қосайын.
- Тез алып кетіңіз, - дейді президент қызметкеріне күле қарап, - Қалила досым тағы
да бірдеңкені шығармай тұрғанда...
«Самопал» Қожа
«Хабарда» дубляж режиссері болып қызмет атқарып жүрген Қалила «Лейтенант
Қожақ» киносериялын қазақ тіліне аударуға шұғыл кірісіп, туындының дыбысын жазуға
белгілі актерлер Шолпан Сіргебаева мен Болат Әбділмановты шақырады. Бұрын бірін-бірі
сырттай танитын Қалила мен Болат тез тіл табысып, көңілдері мен әзілдері жарасқан
жолдас-жора болып кетеді.
Бір күні Болат Қалила досын үйіне қонаққа шақырады. Белгілі режиссер келеді
деген соң Болаттың әйелі Айгүл кәдімгідей әбігерге түсіп, қайта-қайта үйін жинап, ет
асып, дастархан үстін гүл-гүл жайнатып тастайды.
Дегенмен жүрегі әлденеге әлі толқулы, көңілінде сәл-сәл мазасыздық бар.
- Болатжан, - дейді Айгүл абыржып жүргенін байқатып, - Сенің атағы жер жарған
қонағың біздің қабырға жиһазы жоқ пәтерімізді менсінбей жүрмей ме?
- Қайдам, ол Қожаның не дейтінін, - деп жорта сөйлеген күйеуі онсыз да лапылдап
тұрған отқа май құя түседі.
Осы кезде қоңырау шылдырып қоя беріп, есікті асығыс ашқан Айгүл босағада
сілейіп тұрып қалады.
Шибарқыт кепкасын мыжырайтып киген, жирен мұрты едірейген бір сары орыс:
«Сантехника взывали?» деп әкесінің үйіне келгендей еркін кіріп келе жатыр.
Қадірлі қонағын күтіп онсызда әбігерге түсіп жүрген Айгүл:
- Нет! Никакой сантехника ненадо, - деп жолын кескестеп, есікт тарс жабуға
айналады. Айқай шуды құлағы шалған Болат кішкентай Иманғалиын мойнына мінгізген
күйі дәлізге шығады.
- Әй, ақ көңіл Айгүлім-ай? Мына қуып шыққалы жатқан сары орысың – қазақтың
атақты кинорежиссері Қалила Омаровтың өзі ғой, - дейді, Болат жарқылдай күліп.
Ұяттан алма беті өрттей қызарған Айгүл «сантехниктен» кешірім сұрап, бетін басқан күйі
ас бөлмеге жүгіре басталады.
- Қалеке, - дейді Болат Қалиланы төрге шақырып, - Сен «самопал қожа» емессің бе
осы? Еш болмаса басыңнан тақияңды тастамай жүрмейсің бе?
Ауыз тиу
Ақ құбашаның әдемісі, қара көздері мөлдіреген Айгүл Болатқа шекесі торсықтай
Ақнұр есімді ұл туып беріп, Бәкең оны бір ай бойы «жуады». Бірде ол «Хабардан» шығып
келе жатып, Қалиламен қарсы ұшырасып қалады.
- Көршілер келеді деп, Айгүл қазан асып жатыр еді. Қожеке, кеттік біздің үйге, деп Болат жолдасын ай-шай жоқ мәшинесіне қарай сүйрелей жөнеледі.
- Бөке, рахмет! Ақнұрдың дүниеге келгенін армансыз ақ жудық қой, - дейді Қалила
қарсыласып, - Оның үстіне кәзір бір тойды түсіруге кетуім керек еді. Қолым тимейді.
- Тойыңа үлгересің. Екі минуттың арысы не, берісі не. Пісіп тұрған еттен ауыз
тисең болды, - деп Болат досын иномаркасына зорлағандай етіп отырғызып, «Ақсайға»
қарай тартып кетеді.
- Айгүл-жан! Мына «самопал» Қожа съемкаға асығып барады екен, - дейді Болат
үйге кіре айқайлай сөйлеп. Қамыр жаймасаң жаймай-ақ қой. Піскен еттен әкел, осы ас
үйде отырып-ақ ауыз тисін.
Айгүл зыр жүгіріп, бабымен пісіп табаққа салынған етті Қалиланың алдына қоя
береді. Асығып отырған Қалила дәмнен ауыз тиеді. Ол келінге рахметін айтып орнына
тұра бермек болғанда бір бөтелке арағын құшақтаған Болат ішке кіреді.
- Қалеке, мына жарықтық анау-мынау емес, Қытайдың «жүн-жүн» арағы. Марфуға
Айтқожина апайым көрші мемлекеттен бізге арнайы әкеліпті. Аузыңның салымы бар
екен, дәмін татып көр, - деп досына бір стакан арақ құяды.
Ауыз тигеннің көкесі осыдан басталады. Осы шаңырақты қуанышқа бөлеген Ақнұр
үшін, шекесі торсықтай ұлды тудырған ер Болат үшін дүркін-дүркін тост көтеріледі.
Осылайша шайқап отырып, «жүн-жүн» арағы бітеді, піскен ет те бітеді. Съемкаға
асығып отырған режиссер де өз жөніне кетеді.
Кешқұрым арнайы шақырылған көршісі Болаттың үйіне бас сұғады. Бір қыл
мойынды бұрап ашып жатқан үй иесі:
- Айгүлжан, етіңді әкеле бер, жақсылап тұрып бір тост көтерейік, - дейді көңілдене
сөйлеп.
Ұяттан екі беті қып-қызыл болып кеткен Айгүл төмен қарай береді:
- Болатжан-ау? Ет жоқ. Оның бәрін жаңа асығып тұрған режиссер түрегеп тұрып
жеп кеткен жоқ па? – дейді жерден көзін алмай.
Мән-жайға енді түсінген Болат рахаттанып күліп алады.
-Әй, ақ көңілім-ай? Бір асым етті бір адамға лақ еткізіп бере салған екенсің ғой.
Еттің бәрін Қожа жеп кетсе де, сорпасы қалған шығар. Ендеше, әкел сорпаны! Біз
сонымен-ақ арақ іше береміз...
Қалиланың қызы
Режиссер досымның қызы бар, әкесінен бір аумайды, аузынан түсе қалғандай. Тілі
де қызық, бірдеңе айтса түбін түсіреді. Сол Айша-Бибі төрт жасар кезінде әкешешесіне еріп, Жаңақорғанға барады. Бұл кезде Қалиланың туған балдызы
ұзатылатын болып, құда-құдағилар, күйеу бала келіп жатқан болатын. Қонақтарды
күтетін дастархан дайын болғанда Айша-Бибі бір топ меймандардың жанынан
тұлымшағы желбіреп, жүгіріп келеді.
- Құдалар, ішке кіріңіздер. Шоколадты дастарханға қойды, - дейді ол бас құданың
қолын тартқыштап. Баланың тілі бал, көңілі жаңа жауған қардай тап-таза. Тұрған
халық күлкіге қарық болып, дастарханға қарай бет алды.
Алтын Жамбыл облысындағы Кеңес деген ауылға келін болып түсіп, тойдан соң
жуалылықтар бір шеті Алматыдан, енді бір шеті Қызылордадан келген құдажекжаттарды бір үйде арнайы қонақ етіп күтеді.
- Ортамызда кіп-кішкентай болғанымен ең сыйлы құдашамыз отыр, - дейді
Алтынның қайын атасы Бекасыл қария бұл өзі бір жақсы бала, шоколад же, жүзім мен
алма же, айналайын!
- Же, же, - деп қоймайсыздар, құдалар. Не, сіздердің ауылда қант жоқ па? – дейді
Қалиланың қызы.
- Абыр-сабыр болып жүріп, дастарханға қнт қойғанды ұмытып кетіптік, - дейді бас
құдағи Ту, кішкентай құдашадан ұят болды-ау!
Жақында Қалиланың үйіне бара қалдым. Дастархан жайылып, оның бір шетінен
қыл мойын жарықтық орын алды.
- Қалила, білесің ғой, мен ішпеймін, - дедім арақ құйылған стаканды кейін
ысырып, - бүйрегім ауырады.
- Ештеңе етпейді, аға! Кәне, жүз грамнан тартып-тартып жіберейік, - деді Қалила
мені қыстап.
- Папа, - деді осы кезде дастархан басында монтиып қана отырған Айша-Бибі сөзге
араласып, - арақ ішпейтін адамды іш, іш деп зорлауға болмайды, төсектен құлап жатса,
көтеріп салатын жағдайым жоқ...
Қызғаныш
Мұса Рахманбердиев Жамбылға қызметке ауысып
кетті
де, мен
«Қазақтелефильмнің» Бас директоры болып тағайындалдым. Қалила Омаров бізде
режиссер болып қызмет атқарды.
Бір күні актер Сәбит Оразбаевтың 60 жылдығына орай шақыру билеті келді. Ол
Қалила екеуміздің атымызға келіпті. Ойымда ештеңе жоқ, әдемі конвертке салынған
жылтырақ шақыру билетті үйге әкеліп, журнал столына тастай салғанмын. Душ
қабылдап, залға кірсем, келіншегім сазарып отыр.
- Қалила деген кім? – деді ол маған ала көзімен қарап.
- Бізде істейді, режиссер.
- Ә, түсінікті болды, - деді әйелім көзі жасаурап, - тойға барам деңдер, ұятсыздар.
- Сен, не деп тұрсың, - дедім мен күлкім кеп. – Қалила әйел емес, еркек.
- Енді аяқ астынан еркек болып қалды де? Қалай-қалай соғасың өтірікті, - деп құдай
қосқан қосағым бұлқан-талқан болып, бөлмеден шығып кетіп, көз жасын сығып-сығып
алды. Осы оқиғадан соң екеуміз екі-үш күн қырғи қабақ болып жүрдік. Үшінші күні
үйге кештетіп келсем, келіншегімнің жүзі жайдары, ашық-жарқын қарсы алды.
- Жаңа Қалила телефон соқты, - деді ол әлденеге мәз болып күліп. – Сәбит
Оразбаевтың юбелейіне алатын сыйлықты алып қойыпты. Еркекке де осылайша ат қоя
ма екен, қазақтар қызық осы.
- Сол күні қаймақ қатқан қою шай ішіп адам болып қалдым.
«Құдай басқа салмасын...»
Соңғы кездері Қалила кілең қыз-келіншектер жұмыс істейтін бір мекемеде
қосымша қызмет атқарады. Қалекеңнің бір аңғарғаны: жарықтық әйел халқы деген жұмыс
үстінде шай ішуден, гу-гу өсек-әңгіме айтудан алдарына жан салмайды екен. Кілең
арпаның ішінде өскен бидай сияқты жалғыз еркектен алғашқы кездері ептеп болса да
қымсынғандары рас. Бірақ, небәрі бір аптаның ішінде орталарындағы Қалиланың баржоғы ұмытылып, қыз-келіншек біткен әңгіменің түр-түрін еркін көсілетін болды.
Айналайын, Алла тағаланың сүйікті пендесі – еркектің аты еркек қой, көп жағдайда
Қалила аузы-аузына жұқпай өсектің түр-түрін алаңсыз соғып отырған «құрбыларының»
«соңғы жаңалықтарын» жүре тыңдайды. Дегенмен, менің досым да ет пен сүйектен
жаралған жұмыр басты пенде емес пе, өте қызық-ау дегендеріне құлақ түрмеске лажы
жоқ.
- Таңертеңнен кешке дейін компьютердің құлғында ойнағандықтан болар, - деді
кербез келіншек бірде бір қысыр әңгімені бастап, -түнде төсекте қатар жататын ұйқыоғар
маубас күйеуіме қолым тиіп кетсе саусақтарым «клавиш» басатын болып жүр. Ал байым
болса, соңғы кезде жынданғаннан саумысың? – деп ренжитінді шығарды.
- Ол бейбақ қайта қунсын, - деді әңгімеге тосын араласқан Қалила.
- Неге? – дейді әлгі келіншек өзінше таңқалып.
- Байың сауыншы емес, компьютерші қатын алғаны дұрыс болған, - дейді Қалила
басын шайқап. – ондай болмаған жағдайда байқұстың жағдайы бұдан да мүшкіл болар еді.
Құдай басқа салмасын...
Сержант және Қалила
Алматының үлкен көшелерінің бірінде жолдасын күтіп тұрған Қалиланың көзіне
ерсілі-қарсылы өтіп жатқан әр түрлі мәшинелерді тоқтатып, өзінше жол тәртібін
реттеп жүрген бойы бір тұтам, қарны қабақтай жол полициясы сержантына еріксіз
түсе берді. Өткен-кеткен мәшинелерді реті келсе де, келмесе де тоқтатып, өзінше
шіреніп, тексерген болып, жүргізушілерден ең шықпады дегенде кола сусынның
бөтелкесіне жанармай құйып алып жатқан «гаишникке» режиссер қайран қалып,
басын шайқайды. Бір ғажабы: бұл ағайын шетінен жұтынып тұрған шетелдік «крутой»
мәшинелерді тоқтатпай, өзінше честь беріп, әлденеге ыржиып күліп мәз болады.
Ұстайтындары: шетінен «кәрі-құртаң» мәшинелер, жүргізушілерге түксие қараған
сержанттың қабағынан қар жауғандай, өзі қолындағы ала таяғын бұлтаңдатып, екі
аяғын талтайтып, шіренгенді жақсылап үйреніп алыпты.
Жол полициясы жүк артқан бір «КамАЗ»-ды тоқтатып, «шаңын қағып» жатқанда,
жанынан үстіне қара табыт пен қара венок тиеген ескі «Запорожец» өте береді.
- Бауырым, айырылып қалдың ғой, - дейді Қалила оған жақын келіп, - қарашы, анау
жаман «Запорожец» жол тәртібін бұзып, қайқайып кетіп барады.
- «КамАЗ»-бенбар «шаруасын» бітірген сержант қорбаңдап жүгіріп, үсті-үстіне
ысқырып, әлгі ескі мәшинені тоқтата береді. Табыт арқалаған «Запорожецті» шығарып
салған инспектор:
- Өзіңіз әжептәуір кісіге ұқсайсыз, мұныңыз ұят емес пе? – дейді бейтаныс жанға
өкпелеп.
- Әй, шырағым, бекер жасадың, - дейді Қалила түк болмағандай, - табытты бекер
алып қалмадың, - қажетіңе жарайтын дүние еді ғой...
Қолтаңба
Аюдай қорбаңдағаны болмаса, режиссер досымыз өте нәзік жан. Сәл суық тисе
пысқырып, түшкіріп, мұрттай ұшып, аурып қалатыны бар. Мұндайда Қалиланың ыңқылы
мен сыңқылын, еркелігін көтеретін Рыскүл келініміз. Бір күні аяқ асты сол келіннің өзі
тұмауратып жатып қалады.
-Қалила, күні бойы мазам болмады, - болмады, - деді ол жұмыстан оралған күйеуіне, банкіні қыздырып арқама қойып берші. Мүмкін ем қонып тұрып кетермін.
Ес білгелі бері стакан атаулымен ғана бауырласқан Қалекең банкіні қалай қыздырып
қоярын білмей, кәдімгідей сасқалақтайды. Бірақ, күнде қойнында жатқан әйелінің айтқан
өтінішін орындамаса және болмайды. Қалила нар тәуекел деп, отқа жақсылап тұрып
қыздырған банкіні қолының күйетініне қарамастан, бәйбішесінің жауырынына басып кеп
қалады. Көзі кіртиіп қозғала алмай жатқан әйелі ойбайлаған күйі жатқан жерінен атып
тұрады.
Арада екі-үш күн өтіп, Қожанасыр досымыз өзінің «емшілігі» туралы ұмытып та
кетеді. Бітпейтін махаббат мерияларының кезекті бірн ауызы ашылып, көзі жұмылып
көріп отырған Рыскүлді еркелетіп, арқасынан сипап отырған Қалиланың алақанына әлде
бір дақтың орны анық сезіледі.
- Бұл не? – дейді Қалила сезіктеніп, - сенің арқаңды біреу оңдырмай тырнап алыпты
ғой.
- Білмеймін, - дейді Рыскүл. – Не болса, соны айтпай кино көрсетші.
- Білмегені қалай? Арқаңда быттиып тырнақтың ізі түседі. Ал сен білмейсің, -дейді
Қалила тұтығып.
- Ұйқысырап отырып, тырнап алыппын, - деп Рыскүл қызғаныштан жарылғалы
отырған Қалекеңді әрең дегенде сабасына түсіреді. Бірақ, күдікті дақ Қалиланың есінен
кетпей-ақ қояды. Кешкісін ванна қабылдап жатып, өз жауырына «ұйқысырап» дақ
түсірейін десе қолы жетпейді. Көз алдына небір эротикалық суреттер елестеп кеткен
досымыздың екі көзі қанталап, Отеллодай ашуға булығып, ваннадан атып тұрады.
- Әй, қатын, тез бері кел! – дейді жан дауысы шығып.
- Не болды, бір жеріңді ыстық суға күйдіріп алғаннан саумысың? – дейді Рыскүл
ваннаның ішіне жүгіріп кіріп.
- Күйдіргеннің көкесін көрсетейін мен саған! Кәне, арқаңды «ұйқысырап» тырнашы. –
Ештеңеге түсінбеген жұбайы арқасын тырнамақшы болады. Бірақ жауырынына қолы
жетпейді.
- Ә, қолың жетпей ме? Кіне, қалай болды, шындықты айт, - дейді Қалила атан түйеше
бұрқылдап.
- Білмеймін, әйтеуір арқа тұсым ашып ауырады, - дейді келіншегі ештеңені есіне түсіре
алмай.
- Ашығанның көкесін енді көресің! Қәне, жаның барда көйлегіңді шеш! – еп шу
қысқан отағасы бір қызарды, бір бозарды.
- Әйелі көйлегін жоғары көтеріп, арқасын тосқанда Қалиланың қырағы көздері дөпдөңгелек жараға түседі. «Отелло» Рыскүл ауырып қалғанда қалайша банкіні қыздырып,
арқасына қойғанын есіне түсіріп, қуанып кетеді.
- Рыскүлжан-ау, мынау менің өз қолтаңбам ғой. Өткен жолы арқаңа банкі қойғаным
есіңде ме? Оны бірден неге айтпадың? – дейді Қалила мәз болып. – Неге сілейіп тұрсың,
көйлегіңді түсір, балалар келіп қалса ұят болады.
Бір таныстықтың тарихы
Бір фильмнен соң бір фильмі шығып, режиссер Омаровтың түкірігі жерге түспей
тұрған кезінде шығармашылық сапармен Тараз қаласына атбасын бұрады. Баяғыда
Ленинградта бірге оқыған досы Якупты жер көр, ел көр деп, өзімен бірге ерте кеткен
болатын. Болашақ деректі фильм түсірудің шаруасымен екі-үш күн шапқылаған
шығармашылық топ амандық болса ертең кешкісін жүрдек пойызбен Алматыға қайтып
кетпекші.
- Қалила мен Якуп 2000 жылдық тарихы бар көне қаланы аралап көрмек ниетпен
орталық саяжайға бет алады. Сағаттың тілі кешкі сегізден асып жығылса да шілденің
ыстығы әлі қайта қоймаған. Үйден қырық қадам ұзап шықса еркек біткен бойдақ емес пе,
Қалиланың шегір көздері қалалық саябақты жалғыздан-жалғыз аралап, қыдырып жүрген
еліктің лағындай сұлу қызға еріксіз түсіп, шалшық судағы балықтай бұлғақтайды да
қалады. Әлгі бейтаныс бикешке қырғидай тиісіп, бас салып танысқысы келіп-ақ тұр,
бірақ, іші құрғыр сезеді, ондай номер бұл жолы өте қоймайды. Кенет, қиялы жүйрік
режиссер досымыздың басына бір керемет ой сап етіп, жерден жеті қоян тапқандай
қуанып кетеді.
- Якуп, - дейді ол жанында еш алаңсыз келе жатқан досының көйлегінен тартқыштап, дос екенің, Ленинградта бақандай бес жыл оқығаны рас қой?
- Иә, рас, - дейді ештеңенің мәнісіне түсіне қоймаған серігі басын изеп.
- Сабақтан соң сантехник болып жұмыс істеп, бір бөлмелі пәтер алғанымды әлі
ұмытпаған боларсың. Сол пәтерде үш жыл бойы көк тиын төлемей тегін тұрғаның рас
қой?
- Рас, рас.
- Ендеше, соның бәрін ақтайтын кезің енді келіп тұр, - деді Қалекең Якупты тоқтатып,
- анау ағаш орындықта жападан жалғыз отырған перизатты көрдің бе? Мұстафа досым
айтпақшы, нағыз бет біткеннің сұлуы екен. Сол сұлумен дәл қазір таныспасам, лапылдап
жанып кететін түрім бар. ол екеумізді аңғара қойған жоқ. Өзіңше «крутой» болып, батыл
сөйле, анау-мынау емес, Ленинград көрген жігіт емессің бе? Ар жағын өзің де ішің сезіп
отыр ғой, мен жандарыңнан өтіп бара жатып, қызды қорғаған болайын. Мен бас
салғанда,сүмірейіп тұрмайтын бол, қарсылық көрсет, сонда бәрі ойдағыдай болады.
-Ту, сенің де ойлап таппайтының жоқ, - деді Якуп ыржиып күліп, - мойнымдағы
достыұ парызды орындамасам болмайды. Мен көндім.
Екі қолын қалтасына салып шікірейген Якуп ай-шай жоқ, бейтаныс қыздың жанына
жалп етіп отыра кетті.
-Сәлем! Өзің үріп ауызға салардай қатқанский қыз екенсің. Давай, танысып
қояйық. Менің атым – Якуп! – дейді ол гүр етіп.
Өзі де, сөзі де түйеден түскендей бейтаныс жігітке үрке қараған сұлу бикеш
отырған орнынан тұра бермекші болып еді, Якуп қолынан дөрекілеу тартып қайта
отырғызды.
- Не, өзің? Еркекті бірінші рет көріп тұрғаннан саумысың? Қасқыр емеспін, жеп
қоймаймын. «Танысайық» - дедім ғой саған! - деп Якуп жас қыздың үзіліп кеткелі тұрған
құмырсқа беліне қол жүгіртеді.
- Тартыңыз, қолыңызды! Өзәіәз барып тұрған ұятсыз жан екенсіз! – дейді қыз
ашуланып. Олардың дәл жанынан өтіп бара жатқан Қалила мына «бейбастыққа» шыдай
алмай, жалт бұрылады.
- Бұл не деген оңбағандық? – дейді Қалекеңнің жез мұрты едірейіп, - он екіде бір
гүлі ашылмаған қыз балаға неге қолыңды сумаңдатасың. Қане, жібер!
- Әй, қасқабас! Менде шаруаң болмасын. Мұрның бет болмай тұрғанда табаныңды
жалтыраптып тайып тұр, - деп «крутой» жігіт орнынан ұшып тұрады.
- Тапқан екенсің, қорқатын адамды! Әкеңнің кім екенін танытайын саған!- деп
Қалила досын іштен «түйіп-түйіп» жібереді. «Ойыннан от шықты» деген осы, қолы тым
қаттырақ тиіп кеткен болу керек, Якуп кескен теректей гүрс етіп, арықтағы ағып жатқан
суға шалқасынан құлап түседі. Бейтаныс қыз баж етіп, адамдар жиналып, әшейңнде
таптырмайтын қызыл жағалы ағайындар атойлап келіп жетеді...
Сөйтіп, ойламаған жерден Қалиланың сұлу бикешпен таныспақ болған жоспары
осылайша көкке ұшыпты. «Байтал түгіл бас қайғы» болып, сұлу бикеш жайына қалса
керек. Досымыз құлаш-құлаш түсініктеме жазып, өзінен таяқ жеген «крутой жігіттен»
қайта-қайта кешірім сұрап, қызыл жағалы көкелеріне жалынып-жалбарынып, шай-пұл
беріп, қалалық ішкі істер бөлімінен таңға жуық әрең босаныпты.
Осы оқиғадан соң Қалила қыздарға қырғидай тиісіп, жата кеп танысқанды мүлдем
доғарып кетіпті деп естідік. Дұрыс қой, «батырға да жан керек».
Шыңғыстың «жеті атасы»
«Хабар» агенттігінің аударма бөлімінде режиссер болып қызмет атқаратын Қалила
Омаров шығармашылық топпен табысып, етене жақын болып кетеді. Әсіресе, белгілі
актриса Шолпан Сіргебаеваға деген құрмет сезімі ерекше. Шолпан жеңгесі кейбір
кездерде кішкентай ұлы Шыңғысты жұмысына ерте келеді. Шыңғыс өте сүйкімді бала, өзі
ақжарқын, жатсыну дегенді білмейді. Әсіресе, оны Қалила ерекше жақсы көріп, терезесі
тең адамша сөйлеседі, екеуі кәдімгідей «дос».
Бір күні Шолпанның үйінде бір қуаныш болып, үлкен дастархан жасалып, қонақ
күтіледі.
- Ал, Шыңғыс бауырым, өзің қазақша білесің бе? – дейді балажан қонақтың бірі
сүйкімді Шыңғысты сөзге тартып.
- Білемін, аға.
- Әкесі – Мемлекеттің жасөспірімдер театрының бас режиссері Нұрқанат
Жақыпбаев, ал анасы белгілі актриса Шолпан Сіргебаева болса, Шыңғыс қалайша қазақша
білмейді. Әрине, біледі, - деп Қалила әңгімеге араласып, кішкентай досын қоштайды.
- Ана тіліңде сөйлегенің – үлкен азамат блолғаның, - дейді әлгі қонақ. – Шыңғыс
жеті атасын да білетін болар. Кәне, айта қойшы.
- Үлкен атам – Албан, - дейді Шыңғыс тілі былдырлап. – Одан Жақыпбай, содан
кейін Нұрқанат, сосын өзім – Шыңғыс тоқтап қалды.
- Төртеу-ақ қой. Қалғаны қайда? – дейді әлгі кісі баланың тілін әуес көріп.
Кішкентай Шыңғыс онша сасқалақтай қоймады.
-Қалила, сосын Омаров, одан кейін «Хабар», - деп аталарын жетіге толтырып
беріпті.
«Монтаж ба, шантаж ба?»
Қалиланың жақсы танысы сіулетші Нұржеке Ахмадиев қазақтың тұңғыш
ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың 50 жылдығын бейнетаспаға түсіріп беруін өтініп, батыр
ағасымен таныстырады.
-Қалила, Нұржеке өзінің мақтауыңды бір адамдай-ақ жеткіздім. Күнде елуге толып
жатқан жоқпын. Жақсылап түсіріп бер, өмірімнің бір жақсы ескерткіші болсын. Кино
өнерінен аздап болса да хабарым бар. Қысқартып, монтаждап дегендей, әдемілеп берсең
шексіз риза боламын, - деп Тоқаң тістерін ақсита күліп, режиссер інісінің арқасынан
қағады.
Тоқтар Әубәкіровтың 50 жылдық тойы Медеудегі үлкен мейрамханада өтетін
болып, қонақтар ағылып келе бастайды. Көрнекті өнер шебері Дүйсен Қайсеновтің әзілге
жүйрік, сөзге шешен адам екендігін Қалила бұрын да естіп жүретін. Үш жүзден астам
қонақты Дүйсекең өзіне үйіріп алып, тойды шыркөбелек айналдырып бастап кетті.
Бибігүл Төлегенова бастаған өнер жұлдыздары тойға салтанат пен көрік қосып, айналасын
ажарландыра түскен.
Сонау Мәскеуден келген ғарышкер достарын көргенде Тоқтар ерекше бір
қуанышқа бөленіп, сағымдайбұлдырап, бірте-бірте алыстап бара жатқан жастық шағын
есіне алып, жүрегі елжіреп жүре берді. Тәжірибелі кинооператор осы жүрек тебірентер
сәтті қалт жібермей стоп кадр арқылы түсіріп алады. Сонан соң Қалиланың объективті
«Сакс Хорус» деп аталатын скрипкашылар тобында өнер көрсетіп тұрған сұлулығы пері
қызынан асып түсетін Жәмилә Серкебаеваға жылжып, аяғының ұшынан бастап, оқтаудай
түзу балтырларын, жұмырлана менмұндалар тұрған сұлу бөксесіне дейін түсіріп алады.
Бейнекамера жартылай жалаңаш, тепсініп тұран анарларын нысанаға алғанда
кинооператор Тоқтардың мәскеулік достарына елжірей қарап тұрған стоп-кадрын шығара
қояды.
Өз ісіне әбден беріліп кеткен Қалила мұнымен де қанағаттанбай, фигура жағынан
шымкенттік айтыс ақыны Әселханнан кем түспейтін Тоқтар Әубәкіровтың құдай қосқан
жарын жанталаса іздейді. Ақ сазандай жеңгеміз бұл кезде дастархан мәзірінің әуресімен
асхана жақта жүрген болатын. Ол тойға қызмет жасап жатқан аспаз
ағайындарменбірдеңеге келісе алмай, екі бүйірін таянып, өз пікірін дәлелдеп жатқанда
Қалила осы көріністерді тез түсіріп алып, жоғарыдағы дайын кадоларға қосып, монтаждап
кеп жібереді.
Кино өнерінің кәсіби тілімен айтқанда осының бәрі керемет көріністер еді.
Скрипкашы қыз айналасын сұлулықпен сиқырлап, қобызын құйқылжыта ойнайды, көздің
жауын алатын қос алма дір-дір етіп, ғарышкер ағамыз бүкіл дүниені ұмытып, елжірей
қарай қалыпты. Тоқтардың үйіндегі жеңгеміз болса қаһарлы, екі бүйірін таянып, батыр
күйеуінің «әкесін» танытып тұр. Арада екі- үш ай өткен соң Қалила Тоқтар Әубәкіровпен
Сыртқы істер министрлігіндегі бір басқосуда кездесіп қалады.
- Ну, ты даешь, Калила, - дейді Тоқтар кеңк-кеңк күліп: - Это же не монтаж, а
целый шантаж.
- Аға, өзіңіз емес пе, «қысқартып, әдемілеп монтаж жасап бер» деген, - дейді
Қалила ыңғайсызданғаннан бір орнында тыпыршып. Ғарышкер күректей алақандарымен
інісінің арқасынан қағып:
- Қалила, тамаша жасапсың, кино әлемінен аздап болса да хабарым бар ғой. Үйдегі
жеңгеңнің алғашқыда ептеп бұртиғаны рас. Кейігһн ол да түсінді, - деп құлағынан
сыбырлай үн қатты. Өзіне шын көңілімен риза болып, мейірбандықтың жылы шуағын
төккен Тоқтардың жүзіне қараған Қалиланың жүрегі елжіреп қоя берді...
Қалиланың «айыбы»
«Жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар» демекші, 1996 жылғы Мемлекеттік сыйлыққа
кино өнері бойынша бір топ үміткерлер өз туындыларын ұсынды. Олардың арасында
Желтоқсан туралы ой қозғайтын «Аллажар» фильмінің режиссері Қалдыбай Әбенов,
әлемдік киноға өзінің қолтаңбасын мойындатқан атышулы Сатыбалды Нарымбетов те бар.
Қалила Омаров өзінің тәуелсіздік туралы топтамасын ұсынып, үлкен өнер додасын
қыздыра түседі.
Екінші айналымға шыққан Сатыбалды мен Қалила бірде Кино үйінде қарсы
ұшырасып қалады. Әріптесімен амандасқан Қалила:
- Аға, «Көзімнің қарасы» фильміңізді көрдім,маған өте ұнады, - дейді ағынан
жарылып.
- Ұнаса қайтейін,- дейді шаршаңқы жүзді Сатыбалды.
- Сіз Кәрім Танаевтың досы болсаңыз, мен ол кісінің шәкірті едім, - дейді Қалила
Нарымбетовке жақындай түсіп.
Темекісін үсті-үстіне сорғыштаған Сатыбалды ағасы болса үндемейді. Алаш
арманын арқалаған алты деректі фильміне үлкен үміт артқан Қалилаосы кездесуден кейін
үлкен ойға қалып, ертесіне Үкімет үйінің есігін қағып, «Прошу снять мою кандидатуру с
дальнейшего участия в конкурсе на соискание Государственной премии.
Как кинодокументалист исследующий историю народа Казахстана, считаю своим
моральным долгом художника и гражданина воздержаться от сойскания Госпремии при
виде другого талантливого и беспорного претендента, каковым является автор
кинофильма «Көзімнің қарасы» Сатыбалды Нарымбетов, внесший заметный вклад в
мировое киноискуство. 2 декабря, 1996 года» деген өтіншін Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығы жөніндегі комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетовтың алдына тастап
кетеді.
Атақ үшін бір-біріне шатақ іздеген талайларды көріп жүрген Иманғали Қалиланың
режиссерлігіне қалай тәнті болса, енді азаматтығына да солай сүйсініп қала береді.
... Сол күні кешке бейхабар отырған Сатыбалдының есігі үсті-үстіне қатты
қағылады. Мезгілсіз келген қонақты кім жақтыра қойсын. Нарымбетов пәтерінің есігін
ықылассыз ашып, бір қолында арағы, бір қолында парағы бар Қалила Омаровты көріп
таңқалады.
- Тыныштық па?- дейді ол абдырып.
Түннің бір уағында біреудің пәтеріне баса-көктеп кіріп, мазасын алдым деп
қысылып-қымтырылып тұрған Қалила жоқ, екі езуі екі құлағында.
- Саке, «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген сөз бар. Кәрім аға менің
өнердегі әкем еді. Мынау Иманғали Тасмағамбетовке берген парағым, яғни Мемлекеттік
сыйлықтың «додасынан» ары қарай бас тарту жөніндегі парағым, ал мынау осы
«айыбымды» жуған арағым, - дейді ыржиып.
Әріптес інісінің үлкен ізеттілігіне шын жүректен риза болған Сатыбалды
Нарымбетов кәдімгідей абдырап: «Жоғары шық, айналайын, тқрлет айналайын», - дей
беріпті...
«Қалай қызғанам?...»
Әдептілік, ұялу деген сезімдер нағыз қазақ қызына ана сүтімен сіңген құбылыс.
Қалила досымыздың мақтауын асырып, жаманын жасырып жүрген келініміз сондай
инабатты жандардың бірі. Сүйіскен, төсекте жатқан көріністерді кинодан көрген сайын
бетін басқан Рыскүл:
- Үйбай-ай! Мына беттерімен киноға қалай түседі? Ұялмай ма? Жоқ, бұлар ерлізайыпты жандар болар, әйтпесе, мүмкін емес қой, - деп отырады.
Бірде Омаровтар отбасы режиссер Аманжол Айтуаровтың «Прикосновение» атты
көркемсуретті фильмін көріп отырады. Фильмінің бас кейіпкері соқыр қыздың ролін
ойнайтын Дана Қайырбекова мен оның күйеуі, осы фильмінің дыбыс режиссері Асқар
Ахметов Омаровтармен туғандай болып, жиіжиі араласып тұратын жақын достары болып
келеді. Жоғарыда аталған фильмде соқыр қыз роліндегі Дананы зорлайтын көріністер бар.
Оны көрген Рыскүл шошып кетеді.
- Дана мына киноға қалай түсіп жүр? Асқардан ұялмай ма, өзінде намыс бар ма,
жоқ па? – деп қараптан-қарап отырып күйіп-піседі. – Бүйткен киносы құрысын, бұлайша
тапқан ақшасы құрысын!
- Бұған несіне ашуланасың?- дейді кино түсірудің «кухнясын» жақсы білетін
Қалила күліп. –
Айтпақшы, ертең Балтабайдың үйінде бас қосамыз. Дана мен Асқар да келеді. Өздерінен
сұрарсың.
Ертесіне ескі достар «Қазақтелефильм» киностудиясының режиссері Балтабай
Иманбаевтың берекелі дастарханында бас қосып, әңгіме-дүкен қыза түседі.
Рыскүлдің көз алдынан кешегі кино көріністері көлбеңдеп кетер емес.
- Дана, кеше телебізірден сен түскен киноны көрдім. Шынымды айтсам, қатты
ұялдым. Мұндай әдепсізкиноға қалай түсіп жүрсің? – дедйді жанындағы құрбысына
бұрылып.
Нәзік, ибалы Дана жымияды да қояды. Қанағаттанарлық жауап ала алмаған
Қалиланың үйіндегі келін енді Асқардың өзіне шүйіледі.
- Асқар! Өзіңді намысы бар, өр кеуделі жігіт деп санаушы едім. Данаға әлгі оңбаған
киноға түсуге қалайша рұқсат бердің? Үріп ауызға салардай осындай әдемі келіншегіңді
қалайша ғана қызғанбайсың?
- Рыскүл-ау, Дананы қалай қызғанам? – дейді Асқар түк болмағандай алақанын
жайып. –Оны «зорлап» бұл ыңырсып жатқанда өзім жанында микрафон ұстап, дыбысын
жазып тұрдым емес пе?
Шынашақ
Абай мен Саин көшелерінің қиылысындағы Шерхан Мұртаза алып берген үлкен
сұр үйде қазақ теледидарының небір жұлдыздары тұратындығын біраз жұрт жақсы біледі.
Бірле тележурналист Бейбіт Құсанбек пен Қалила бір қуанышты жағдайды «жуып» біраз
сілтеңкіреп жіберсе керек. Есік алдындағы үлкен жолға сыймай, бір-бірімен қайта-қайта
қоштасып тұрғанда екеуінің дәл жанынан өтіп бара жатқан әлдекім:
- Жолдан былай тұрмайсыңдар ма? – деп гүж етеді.
- Саған жол жетпесе айналып өйтпейсің бе?
Қызып, кәдімгідей бұлғақтап тұрған Бейбіт оған тиісе кетеді. Әлгі бейтаныс адам
оның көкірегінен итереді. Бейбіт оған жұдырығын ала жүгіріп, қарсыласын жолдың
шетіндегі арыққа ұшырып түсіреді. Ол аз дегендей Қалила да ұмтылады. Осының, бәрін
төртінші қабаттағы пәтерінің балконынан «тамашалап» тұрған Қалиланың тікелей
бастығы «Қазақтелефильмнің» бас директоры Мұса Рахманбердиев әйелін шақырып:
- Қалдан, қарашы! Қалила нағыз аристократтың өзі. Жанындағы Қаракерей
Қабанбайдың ұрпағы Бейбіт анау біреуді бір-ақ ұрып сұлатып салды. Ал, біздің Омаров
шынашағының ұшымен «сес» көрсетіп, айналасын қырып барады. Қайран, Қалила, қанша
дегенмен Ленинград кқрген сабаз ғой...
Кей-кейде Қалиланың Мұса ағасының есігін мезгілсіз қағып, жеңгесінен жетпей
тұрған «сыбағасын» сұрайтын әдеті бар. Былқылдап, Сырдың суы сирағынан келмей
тұрған қайнысын Қалдыкүл жақтыра қоймайды.
- Онсыз да тойып алыпсың. Әркімнен бір арақ сұрамай, үйіңе бар. Келіннен
ұялмайсың ба? – деп сұраған затын бермей жатса, Мұса жарықтық:
- Қалдан-ау, Қалиланың сұраған заты алтыннан қымбат емес шығар. Тыққанпыққандарыңды шығарсаңшы. Бұл «аристократ» ашуланып, шынашағын шүйірсе
құлайтын арық іздеп әуре боламыз, - деп жымиып күлетін.
...Опасыз сұм дүние... Сөйткен Мұса да, Қалдыкүл де елуге жетпей бұ дүниеден
өтіп кетті. Бүгін Қалила біреудің иттігіне қатты ашуланып, баяғы Бейбіт досы құсап, әлгі
оңбағанды сабап тастағысы келеді. Бірақ, ашуын ақылға жеңгізіп, сабасынан түседі. Осы
сәтте тас болып түйілген жұдырығына көзі түсіп кетіп, өзінен-өзі күлкісі келді.
Жұдырығы түйілгенмен шынашағы жиналмай сол қалпында қалады екен. Мұса ағасының
сөздері есіне түсіп, төртінші қатардағы пәтердің балконына қарады. Балкон бос екен...
Қалиланың жүрегі сағыныштан шымырлап қоя берді...
«Хабарландыру бойынша...»
Қазақ спорт тақырыбының қаламы жүйрік журналисі Қыдырбек Рысбекұлы мен
Қалила Омаров, Дәулет Тұрлыханов бастаған талай игі істердің басы-қасында бірге
болып, жолдас-жора болып, әзіл-қалжыңдары жарасқан жандар. Семей өңіріне шыққан бір
сапарда Қыдырбектің жанына белгілі фототілші Зейнел Үйсіебаев қосылып, екеулеп
Қалиланың «қақпасына» қалжыңның талай-талай «голын» салып тастайды. Әзіл-қалжыңға
онша икемі жоқ Омаров ыржия күліп, үндемей құтылады. Бірде Алматының көк
базарында Қалила мен Зейнел ұшырасып қалады.
- Міне, екі ай болды, айлық жоқ. Бүгін Бас редактордың қалтасындағы бес жүз
теңгесін зорлағандай болып алып, базарға келген бетім, - дейді Зейнел жағдайын айтып.
- Зеке! Мұныңыз жарамайды. Сәздей кәсіпқой фотосуретші нәпақа таппай жүр
дегенге кім сенеді? – деп Қалила ағасын жетектеген күйі базардың дәл қасындағы «Из
руки в руки» газетінің редакциясынан бір—ақ шығарады. Өз қалтасынан бес жүз теңге
төлеген Қалила:
- Зеке, құдай қаласа, енді бір ай бойы хабарландыру бойынша жұмыс істейтін
боласыз, - деп ағасын бизнестің жаңа түріне енгізіп кете барады. Бір күні «Хабар»
агенттігінде қыз-келіншектермен әзілдесіп, әңгіме-дүкен құрып отырған Омаровтың есіне
«бизнесмен» ағасы түсіп, орысшалап телефон соғады.
- Алло, алло, бұл хабарландыру бойынша еді.
Қазір, қазір қожайынға берейін, - дейді телефонды көтерген әйел. Көп ұзамай-ақ
тұтқаны Зейнелдің өзі алады.
- Иә, мен сізді тыңдап тұрмын.
- Маған кәсіпқой фотограф қажет еді, - дейді Қалила даусын өзгерте сөйлеп.
- Фотомен шұғылданғаныма біраз жыл болды. Не түсіру керек еді, соны айтыңыз.
- Сіздің ставкаңыз қанша? Доллармен қанша деп тұрғаным ғой.
-Ең бірінші не түсіретінімді біліп алайын да.
- Өзің үлкен форматта шығара аласың ба?
- Иә,
- Олай болса, сұлу келіншектердің тыр жалаңаш бейнесін сомдауға қанша
сұрайсың?
Өмірінде мұндай заказды жасап көрмеген Зейнел тілі байланып үндемейді.
- Қанша доллар? Ставкаңызды айтсаңызшы, - деп «заказ» беруші тықсырып алып
барады. Трубканың ар жағындағы Зәкең тағы да үнсіз қалады.
- Әй, көке! Неден ұялып, бетіңнен моншағың үзіліп түсіп тұр. Жүз немесе екі жүз
деп нақтылап айтпайсың ба, - дейді шыдамы таусылған Қалила қазақшаға көшіп. Зейнел
бизнеске «баулымақ» болған інісінің даусын танып:
- Әй, Қалила, бұл сенбісің? Жүгірмек-ау, менен ұялмасаң да дырдай атағы бар өз
басыңнан ұялмайсың ба? Біреу тойып секіреді,біреу тоңып секіреді демекші, мынау қай
мазағың? – деп бағанадан бері орысшасы құрғыр жетіспей тұншығып тұрған ағасы інісін
жерге апарып салып, трубканы тастай салады.
Әзілдеймін деп Зейнел ағасын оңдырмай ренжітіп алып, көптен бері көріне алмай
жүрген Қалила сырза бүгінде Астанадағы Қыдырбектің келуін күтіп жүрген көрінеді.
Ала таяқтың буы
Жаңақорған аудандық Мәдениет үйінде фотограф болып қызмет атқарып жүрген
Қалила бірде бір досымен қаңғалақтап жүріп, туыс болып келетін ағайынының
шаңырағына бас сұғады. Ауданның біраз бетке шығар қаймағы осында түстеніп отыр
екен. Дастархан басындағы қонақтармен қол беріп жағалай амандасып келе жатқан
Қалилаға олар орындарынан тұрмаса да, қолдарын созыңқырап, жылы шырай көрсетеді.
Бір өзі бүкіл төрді алып, ұзынан-ұзын сұлап, жастыққа жантиып жатқан түсі суық, қабағы
қалың кісі міз бақпастан елеусіз ғана қолының ұшын соза салады. «Сыйға – сый, сыраға –
бал» демекші, Қалила оған да дәл солай «жауап» беріп, сырғып өте шығады. Шай ішіліп,
бәрі тысқа шығады.
- Қалила, ГАИ-дың бастығына қолыңның ұшымен ғана сәлем бергенің қалай? –
дейді Жаңақорғанның «халық әртісі» Қалтай Арқабаев сыбырлап, - ол аудандағы үлкен
дөкейлердің бірі ғой.
- Шопыр біткенді зар жылататын жаңа ГАИ-дың бастығы осы ма? – дейді Қалила
мұртын сипап, - бұл қандай ауру жан десем, ала таяқтың буы екен ғой оны сұлатып
тастаған.
Арада біраз уақыт өткен соң Қалила Вако деген досымен моншаға бара қалады.
Шылапшын көтерген өңшең тыржалаңаш еркектер анекдот айтып, өздерінше мәз-мейрам
болып қарқ-қарқ күліседі. Қалиланың көзі үлкен моншаның бір бұрышында оңаша
жуынып, арқасын ысқылатуға адам таппай қипалақтап отырған егде жанға еріксіз түседі.
Ойында ештеңе жоқ Қалила оны аяп, арқасын ысқылап бере салады.
- Жоқ жерде жүрегіңнің елжірей қалатыны-ай осы сенің, - дейді Вако жақтырмай, ол оңбағанға неге көмектестің?
- Оңбағаны қалай? – дейді Қалила таңқалып, - өзімен-өзі отырған қазақтың бірі ғой.
- Тапқан екенсің қой аузынан шөп алмайтын момынды. Шопыр болғаныңда ол
сенің де көзіңе көк шыбын үймелетер еді. ГАИ-дың бұрынғы бастығы. Елді қан қақсатқан
Тәжен деген осы.
- Әлде байқұс-ай,- депті сонда Қалила, - бұрын ала таяқтың буына мас еді, шопыр
біткенге қас еді, сол ала таяқ өзін оңдырмай ұрып отыр екен ғлй Тәженнің дымы құрып...
Әкесіне тартқан бала
Қалиланың туған қайнысы Бақыт түбі түскен шелектей даңғырлап қалған ақкөңіл
жігіт. Бірде жездесі оны сурет шығаратын фотоқағаз алып келуге жұмсайды.
- Бақыт, қағаздарды жақсылап қарап ал, «самопал» болып жүрмесін, - деді Қалила
әскер қатарынан оралса да әлі аңқаулығы басым қайнысына берген тапсырмасын
нақтылай түсіп. – Айтпақшы, шыққан мерзімін тексеруді ұмыьпа.
Обалы не керек, Бақыт жездесі айтқан фотоқағазды көп күттірмей әкеліп, аузы ашылған
конвертті ұсына берді. Ашық-шашық қағазға таңырқай қараған Қалила:
- Мынаған не болған?
- Жезде, фотоқағаздарды жақсылап қарап ал деген өзіңі емес пе? – дейді Бақыт түк
болмағандай. – Мұхит екеуміз дүкеннен шығысымен-ақ конверттің ішін ашып, мұқият
санадық. Сыртында жазылған 20 дана қағаз бар екен. Әдемі, аппақ, көресіз бе?
- Ту, Бақыт-ай! Бәрін бүлдірген екенсің ғой. Фотоқағаздарды тек қараңғы бөлмеде
ашу керектігін, әйтпесе күйіп кетіп, жарамсыз болып қалатындығын мектептің оқушысы
да жақсы біледі емес пе? – дейді Қалила не ұрысарын, не ренжірін білмей.
- Ашуыңды бас, - дейді Қалиланың жанында сыра ішіп отырған кинооператор
Мұстафа Өсеров, - қайның да өзіңе тартқан нағыз Қожанасыр екендігін енді білдің бе?
Сурет жайын қалып, сол күні Қалила мен Мұстафа Шымкентке жолсапарға
аттанады. Екеуі жолшыбай Састөбеге соғып, Мұстафаның әкесі Балтабек ақсақалға сәлем
береді. Шай ішіп болған соң Мұстафаның туған інісі Мұқан өзінше пысықсынып, аула
ішінде өсіп тұрған үлкен ағаштың қисық бұтағын кесіп тастамақ болды.
- Балам, сатыға мініп тұрып арала, - деген әкесінің ақылына құлақ аспаған Мұқан
ағашқа өрмелеп шығып, өзі кеспек болған қисық жуан бұтаққа мініп алып, аралауға
кірісіп кетеді. Бір кезде жердің шаңын бұрқ еткізіп бұтақ та құлайды, аяғы серең етіп
Мұқан да құлайды. Қиралаңдап әрнң тұрып жатқан баласына Батырбек ақсақал:
«Шошқаның ғана баласы, не өзің білмейсің, не білгеннің тілін алмайсың, анау кәуек
басыңда тауықтың миындай ми жоқ», - деп жатакеп ашуланады.
- Әй, шал, ашуыңды бас,- дейді кемпірі араға түсіп, - онсыз да миы айналып тұрған
баланы мазалап қайтесің? Өзіңе тартқан балаң емес пе? Шаш қойып, мондалиніңді
шіңкілдетіп, маған қырыңдап жүргенде жасаған қожанасырлығыңды әлі ұмытпаған
боларсың?
- Әй, кемпір, сен де қайдағы бір ұмытылып кеткен жайды еске сала береді екенсің, дейді қара шал кемпірін жақтырмай.
- Біздің үйдің ауласындағы түбі шірік ағашты шауып тастаймын деп жап-жаңа
шатырды быт-шыт қылғаныңды басқа ұмытса да мен ұмытқан жоқпын, - дейді кемпірі
күліп, - Оған қарағанда баламның бүлдіргені түк те емес, балаға ұрса берме!
Нағыз ауылға тән, еш боямсыз күлкілі оқиғаны өз көзімен көріп, өз құлағымен
естіп тұрған режиссер Қалила Омаров мырс етіп күліп жібереді:
- Ата, -дейді ол Батырбек ақсақалға жақындап, - ашуыңызды басыңыз, өзі мінген
бұтақты аралаған Мұстафаның Қожанасыр інісі қайдан шықты деп енді таңқалмайтын
болдым. Бұл жігіт өзіңізге тартқан бала болып шықты.
Сыбаға
1988 жылы «Қазақтелефильм» студиясында Оралхан Бөкеевтің шығармасының
желісі бойынша кинорежиссер Рымбек Әлпиев «Дархан» атты көркемсуретті фильмін
түсіріп жатты. Басты рөлде – атақты Нұрмахан Жантөриннің өзі. Сол жылы шілде қатты
ыстық болып, Алматының іші мүлдем қапырық болатын. Бірде шығармашылық топ
қаланың сыртынан кешірек оралды.
- Нұрмахан аға! – деді режиссердің көмекшісі Тана Тайпина тақ-тақ етіп. – Мен
сағат 10.00-де бүкіл топты жинап, Рахат ініңіздің «КАВЗ» автобусымен сіздің үйдің
алдына келемін. Бізді сыртта күтіңіз.
Шығармашылықпен айналысатын ағайындардың айтқан уақытта жиналуы сирек
болатын оқиға. Олар ырғалып-жырғалып жолға шыққанша сағаттың тілі он екіні көрсетті.
Түске таяу ыңыранған ескі автобус Жантөрин тұратын үйдің алдына тоқтап, жүргізуші
Рахат көліктің есігін үн-түнсіз аша береді. Көзі қызарып, ашуға булыққан Нұрмахан ішке
еніп, алдыңғы орындықтардың біріне сылқ етіп отыра кетті. Қолындағы тор дорбасына
салған бес-алты «Жигули» сырасы бір-біріне соғылып сыңғыр-сыңғыр етті. Автобус
орынан ауыр қозғалды, ешкімде үн жоқ. Бүгін «айыпты» болып қалғандардың арасында
кинооператордың ассистенті Қалила Омаров та бар. Үлкен ағадан ұят болды-ау деп ол да
іштей қипалақтап, ыңғайсызданып отыр.
Ыңылдаған «КАВЗ» әуенін Нұрмахан Жантөрин бұзды.
- Әй, Қалила, мұнда келіп отыр!
Қалила орнынан ұшып тұрып, Жантөриннің жанына жайғасты. Актер әлгі сыраның бір
бөтелкесін ашып, Омаровқа ұсынды.
- Іш мынаны!
Қалила бөтелкені аузына тосып, қылқылдатып жұта бастады.
- Ішің ауырған жоқ па, Қалила?
- Жоқ.
- Шыныңды айт, сыра ашымап па?
- Нағыз бабында екен.
- Олай болса әкел бері, мен де ішейін,- деп Нұрмахан Қалиланың қолындағы бөтелкені
жұлып алды. – Әй, жүгермек, бәрін ішіп қойыпсың ғой.
Нүрекеңнің қуақы, зілсіз шыққан үнін естіген шығармашылық топ жадырап сала берді.
Бұлттың арасынан жарқ етік күн шыққандай болды. Үлкені бар, кішісі бар: «Аға, аға, бізге
де сыбаға» деп ұлы актерді жан-жақтан қоршап алды. Жаңадан бері тымырайып келе
жатқан Рахат та көңілденіп, автобустың жылдамдығын арттырып, сары автобус тепеңдеп,
желмен жарыса жөнелді...
«Қара есектің аруағынан қорқамын»
Баяғыдай түсіретін көл-көсір кино жоқ. Заманға өкпелесең тағы болмайды, балашағаң аш-жалаңаш қалады. Бүгінде қолы қимылдағанның аузы қимылдайтын болды.
Сондықтан да «есектің құйрығын жусаң да...» ақша табуың керек. Қалиланың да кейкейде біреулердің той-томалағын бейнетаспаға түсіріп, нәпақа табатыны бар. ол бірде
«Достық» мейрамханасында бір отбасының қуанышын бейнетаспаға түсіріп жатады. Той
көріністерінің сәтті түсуі музыканттарға тікелей байланысты екендігін біз көп жағдайда
аңғара бермейміз. Тойдың қуанышты, салтанатты тұстары музыка сазына сай келіп,
үндесіп жатса, түсірген бейнетаспаң ажарланып, түрленіп шыға келеді. Қалила бүгінгі
музыкант жігітпен тіл табыса алмай-ақ қойды. Ана тілінен жұрдай нағыз қырттың өзі
екен.
- Қажетті эпизодтарды түсіріп біткенше, музыкаңды ойнай тұршы, - деген
режиссердің өтінішін баяу, самарқау қабылдайды.
- Сен, мәмбет, еще меня будешь учить, - деп міңгірлеп, Қалиланың айтқанына
амалсыз көнеді. Қалғып-мүлгіп жүрген музыкант той біткенде ұйқысынан шырт
оянғандай болып, құрал-саймандарын асығыс жинастыра бастады.
- Менің Инаятулла атамның ауыл арасында мінетін қара есегі болушы еді, - деді
Қалила саймандарын апыл-ғұпыл жинап жатқан музыкант жігітке әңгіме айтып: - Сол
есекпен бір жаққа жол жүру нағыз азап болатын. Қанша қамшылап ұрып жатсаң да
аяқтарын алға қарай әрең басатын еді. Бір қызығы, сол есектің басын үйге қарай бұрсаң
болды, шаба жөнелетін. Арада оншақты минут өткен соң әлгі музыкант жүгіріп келген
бойда Қалиланың жағасына жармасады.
- Сонда сен мені есекпен салыстырып тұрсың ғой, - дейді ол қалшылдап.
- Е, жоға, - дейді Қалила күліп, -сені есекпен салыстырып жынды дейсің бе? Ол
қара есектің аруағынан қорқамын.
- А что такой аруак?- дейді музыкант түсінбей.
- Я русский перевод не знаю, - деп Қалила әлгі қызыл көз бәледен әрең құтылса
керек.
Түнгі сұлу
Баяғыда жасырақ кезінде Ленинградта оқып жүргенде Кашарян деген армян досы
Қалиланы бір керемет мейрамханаға алып барғаны бар. Екі дос біраз жүздесіп, әңгімедүкен құрып тысқа шыққанда кеш кәдімгідей қарайып қалған шақ болатын. Әртүрлі
электр шамдары жарқырап, Нева жағасындағы кешкі қала бұрынғысынан да сұлуланып,
ажарланып кеткендей.
- Қалила, қарашы! Мен ұлы орыс халқына өте ризамын! Кішкентай ғана «Кавказ»
ресторанының жан-жағына қандай керемет қала салып алған! – деп армян жігітінің
сондағы тамсанғаны Омаровтың әлі есінде.
Сол досы айтпақшы, Қалила Алматының «түнгі көбелектеріне» керемет риза. Олар
Абай мен Саин көшелерінің маңайын оңтүстік астананың «атақты» жерінің біріне
айналдырып жіберді. Бүгінде бұл маңайды орыс пен кәрісің де, ағылшын мен немісің де,
араб пен негрің де жақсы біледі.
Қалила жақында Жаңақорғанға барып, жасы 80-ге жақындап қалған туысына сәлем
беріп шықты.
- Ат-көлігің аман-есен бе, шырағым? – деп қарт інісінің ізеттілігіне риза болып
қалды. – Шерхан Мұртазаның арқасында теледидардың маңайында жірген біраз қазақ
пәтер алды деп естіп, қуанып жатырмыз. Солардың арасында өзің де бар екенсің.
Алматыға бармағалы көп болды, мүлдем өзгеріп кеткен болар? Айтпақшы, үйді қай
маңайдан алдың?
- Абай мен Саин көшелерінің қиылысында.
- Ә, білем, әлгі өңшең қыздар жиналып, жын-ойнақ салатын жер екен ғой, - деп
қария ақ сақалын сипады, - дұрыс, әйтеуір аман болыңдар, айналайындар, заман
бұзылды...
Қыстың бір күні Қалила жұмыс орнынан кештетіп келген болатын. Аяқ киімін енді
шешпекші болғанда ас үйден құдай қосқан жан-жары Рыскүл майысып шықты.
- Сәуленің папасы, шешінбей тұрғаныңда дүкеннен екі қалта шикі тұшпара әкеле
салшы, - деп өтініш айтты.
Қалила сөзге келместен томпаңдап дүкен жаққа жүгірді. Кеш кәдімгідей
шыңылтыр аяз екен. Азық-түлік дүкенінен жаңағы жұбайы айтқан затты алып, Саин
көшесінен өте беріп еді, кенет біреу арт жағынан «ағашка» деп биязы үн қатты. Қалила
жалт қарады, дәл жанында бет-аузын әдемілеп бояп алған бір қыз тұр.
- Ағашка, пельмени хочу, - деді әлгі бойжеткен айқара ашылған шубасынан аппақ
сандарынан жарқ еткізіп.
- Вас тоже хочу, - деп тілден айрылған Қалилаға жақындай түсті.
Біресе қолындағы тұшпараға, біресе балконнан бәрін көріп тұрған бәйбішесіне көз
тастаған Қалила:
- Уже поздно... – деді
- Почему ағашка? – деп әлгі түнгі көбелек оның жолын кес-кестеп тұрып алды.
- Вон байбише с октауаом, хочешь иметь нокдаун, - деді Қалила орысша-қазақша
тақпақтатып.
- Понятно, ағашка, пока, чау, - деп түнгі «сұлу» аялдама жаққа бет алды.
Кенже қыз
Қалиланың ең кенжесі Сәуле ерке болғанымен ақылды әре елгезек бала. Кіпкішкентай болып алып, керемет бауырмал. Ауызба-ауыз өлең шығаратын ептеп ақындығы
да бар.
Сәуленің сынып жетекшісі Нұргүл Қыдырова бірде шәкіртіне тіл туралы мақалмәтел жинап келіңдер деп тапсырма береді. Кенже қыз еркелігіне басып, бар салмақты
әкесіне артпақшы болады.
- Сәуле, - дейді Қалила қызына жөн айтып. Мұндай нәрселерді өз еңбегіңмен
жазған дұрыс болады.
Сәуле ары ойланып, бері ойланып:
Тілсіз ел болмас,
Елсіз тіл болмас,
Сүйексіз ет болмас,
- деген шатпақтарын қағазға түсіреді.
Бірде жұмыстан шаршап келген Қалила диванда газет оқып отырады. Сәуле өзімен-өзі
болып бөлме ішінде ыңылдап өлең айтып жүр.
Мамам менің базарда,
Папам менің «Хабарда»
Қызының әлгі өлеңдеріне еріксіз құлақ түрген Қалила оны іле-шала жалғастырып
әкетеді:
Кешке дейін қарын аш,
Тамақ береді жатарда.
Осыдан соң көп ұзамай-ақ Омаров әйелін базардан шығарып, бала-шағасының да,
өзінің де жағдайын жасайды. Ал, Сәуленің қуанышында шек жоқ. Ол бүгінде:
«Қоянның жүн құлағы,
Мамам күн бұлағы!» деп әндетеді.Көңілдестен туған...
Бірде «Хабар» агенттігінің бесінші қабатындағы буфетте Қайнар Олжай, Нұртілеу
Иманғалиұлы, Серік Жанболат бастаған бір топ журналистер шай ішіп, әңгіме-дүкен
құрып отырады. Осы сәтте доптай домаланып ішке Қалила Омаров кіреді.
- Кімді айтсаң, сол келеді, деген осы, - дейді Нұртілеу, - Қалила, жоғары шық. Кеше
ғана телевизордан көрсетілген «Кісен ашқан Құрманғазы» фильміңді әңгімелеп отыр едік.
Фильмінің аты сенікі болғанмен, заты рнша келіңкірей бермейді.
- Нұреке, аузы бітпеген жараға тұз сепкендей болдыңыз ғой. Көңілдестен туған
баланың әкесінің атын сұрап қайтесіз?
- Жаңа айттым емес пе, бұл Қалиланың монтажы емес деп, - Нұртілеу үлкен бір
жаңалық ашқандай отырған орнында қомпаңдап қойды, - бәсе, Омаровтың қолтаңбасын
білемін ғой мен!
- Құдай ұрғанда, менің қолтаңбам «юбилейлік» кино түсіру келмейтін болып
шықты. Маған үлкен сенім артқан Дүйсен Қайсенов пен Сергей Азимовқа қарауға бет
жоқ. Киноны бес рет монтаждауға тура келді. Ақыры болмаған соңы «Кісен ашқан
Құрманғазының» «әкесі» Бақыт Қайырбеков болды, - деді Қалила ыржиып, - көңілдестен
туған бала деген осы...
«Жаңа» Мұхтар
Қалила Омаров қаладағы екі бөлмелік шағын пәтерде тұрса да қазақтың санын
көбейту жөнінен ешкімнен қалыса бермейді. Құндыздай-құндыздай екі қызы, шекелері
торсықтай-торсықтай қос ұлы бар. Сол ұлдың бірінің аты – Мұхтар, өзі төртінші сыныпта
оқиды.
- Көке, қазақта ең атақты адам кім? – дейді бірде Мұхтар әкесіне тосын сауал
қойып.
- Абай, - дейді әкесі жауап беріп.
- Одан кейін?
- Абайдан соң Мұхтар Әуезов болар, - дейді Қалила.
- Көке, сонда Мұхтар не істеді?
- Ол «Абай жолы» романын жазды. Сол арқылы дүние жүзі Абайды таныды. Ал
Абай арқылы көптеген халық қазақ деген елді біледі. Міне, осыдан асқан бақыт бар ма?! –
дейді режиссер ұлына мән-жайды түсіндіріп.
Арада біраз күн сырғып өтеді. Соңғы кезде Мұхтар едендегі түкті кілемге
етпетімен жата қалып бірдеңені шұқшиып жазатынды шығарып жүр. Әкесі оның аңғарса
да байқамаған болады. Бір күні кешке Мұхтардың өзі әкесінің жанына келді.
- Көке, мен Мұхтар Әуезовке ұқсап. «Абай жолын» қайта жазып жатырмын, - деді
ол маңғаздана сөйлеп.
- Ойбай-ау, ол романды Мұхтар атаң әдемілеп жазып қойды емес пе?
- Көке, қарашы. Мына жерде Мұхтар Әуезов: «Абайға төрт адам қонаққа келді» деп
жазыпты деді баласы «Ана тілі» оқулығындағы ұлы классиктің үзіндісін көрсетіп. –
Меніңше, келген қонақтығ саны тыс көп. Мен «Абайға үш адам қонаққа келді», - деп
жаздым.
- Айналайын, балам, - деді телевизор көріп отырған Қалила орнынан тұрып, басқаларды қайта жазып шықсаң, қарсылығым жоқ. Тек, Мұхтар Әуезовке тиіспеші...
Гүл, мұз және Саиндағы қыз
Сәуірдің соңғы тәуліктерінің бірінде ойламаған жерден Алматыда ауа райы
бқзылып, жайқалып өсіп тұрған қызғалдақтарды қар мен мұз басып қалмасы бар ма!
Өмірдің өзінен образ іздеп үйреніп қалған Қалила Омаров таң атысымен жылы киініп,
фотоаппаратын қамдап, көшеге шығады. Оның басты мақсаты – Абай және Саин
көшелерінің қиылысында күні-түні кезіп жүретін жеңіл жүрісті қыз-келіншектерді
мезгілсіз солған қызғалдақтарға теңеп, образды бір сурет түсіру.
Күн шуағы жылт етуі мұң екен, діріл қаққан қызғалдақтардан мөлдір тамшылар
сырт-сырт етіп тама бастады. «Қырсыққанда қымыран іриді» демекші, әншейінде қаптап
жүретін «сұлулар» бүгн көрінетін емес. Кілең теледидар мен радио журналистері тұратын
үлкен сұр бетон үйден жұмысқа жиналған таныстары шыға бастады.
- Әй, жүгермек! Тасада неге тығылып тұрсың? – деген әйел даусынан Қалила селк
ете қалды. Теледидарда қызмет атқаратын Абдолла Сүлейменнің үйіндегі жеңгесі
екендігін таныған фотографтың жүрегі орнына түскендей болды. Қайнысының қолындағы
фотокамераны көрген Сәуле күлім қағып сала берді.
- Әй, жүгірмек! Мені суретке түсірші!
- Құп болады, жеңгей, -деді Қалила келісіп, - тек, жолдың шетіне барып тұра
қалсаңыз. – Боз кілемге шықса түйе палуандармен салмақтас келетін жеңгесі қайнысының
айтқан жеріне барып қалшиып тұра қалды. Бірақ, анау айтқандай образ жоқ. Қалила айқай
салды.
- Ойбай, жеңеше! Далиып маған қарамай, әдемі юбканың тілігін ашыңқырап,
«клиентке» қарасаңшы!
- Бәсе, бұл неғып суретке түсіргіш болып қалды десем. Ә, жүгірмек, сені ме! – деді
мән-жайға енді түсінген Сәуле саусағын безеп, - үйдегі келінге айтып жаныңды
шығармасам ба сенің!
Осы кезе құдай айдап, қара юбкасы тізесіне жетпейтін бір бикеш келіп, ақ
сандарын жарқыратып тұра қалды. Қалиланың іздегены осы, сартылдатып суретке түсіре
бастады.
«Жұмысқа» қызығып кеткені соншалық, біреудің түрткенін әрең аңғарды. Жалт
қараса, құдай қосқан жұбайы Рыскүл екен.
- Сенің де шығармайтының жоқ. Жезөкшелердің фототілшісі болып жұмысқа
орналасып алғаннан саумысың? Кәне, жүр үйге!
Қалила қарсыласпастан әйелінің соңынан томпаңдап ере береді.
- Қалеке!
Қалила таныс дауысқа жалт қарады. Көлік күтіп тұрған көршісі Бейбіт Құсанбек екен.
- «Искусство требует жертв» деген осы, досым.
Қалила жауап орнына ыржиып күліп, үйіне қарай бет алды.
Арман
«Хабардың» іші атшаптырым сарай, ішінде еш дуалы жоқ, жарқыраған аквариум
кабинеттер. Бұл мекеме небір сұлу қыз-келіншектердің ордасы, бірінен бірі өтеді. Әсіресе,
№ 4-ші хабарлар монтаждау, дыбыстандыру бөлмесіндегі қыздарды айтсаңшы! Қалила
бұл бөлмеге жұмыс бабымен күнде кіреді. Байсалды Баян, күлімдеген Гауһар, сүйкімді
Саида, әуесқой Маржан осында қызмет атқарады. Төртеуі де бойдақ, төртеуі де бет
біткеннің сұлуы. Төртеуі де әзіл-қалжың десе қамшы салдырмайды. Кейде Қалиламен де
әзілдесетіндері бар. Бөлме төріндегі шарайнаға қарап, сәнденіп тұрған әуесқой Маржан
тарана бастады. Түрлі-түсті среті басылған алқа-пропускісі мен мұндалап, тепкілеп тұрған
қос алмасының ортасында дір-дір етіп, қарамасыңа қоймайды. Қалиланың көз қиығымен
қарап отырғанын байқаған Маржан ағасын сөзге тарта бастады.
- Аға! Сіз қашан штатқа өтесіз? Мойныңызға мынандай алқа қашан тағасыз?
Қалила естімеген болып, алдында жатқан қағаздарын реттей бастады. Маржан болса
тықақтап қояр емес.
- Қалила аға! Сіздің «Хабарда» істегеніңізге қанша уақыт болды?
- Үш жылдан асты.
- Маржан, - дейді Қалила бойжеткенге қарсы сауал қойып, - сенің «Хабарға»
келгеніңе қанша уақыт болды?
- Бес жыл.
- Айға қарап, жұлдыз санап өстіп жүре бересің бе? Жөні түзу бір жігітке тиіп
алмаймысың. Неге жанына еріп жүрмейсің?
- Ондай жігіт қайда? Арман ғой, - деді Маржан күліп.
- Міне, саған күйеуге шығу қандай арман болса, мен үшін «Хабарға» штатқа өту де
сондай арман болып тұр, - дейді Қалила қос алақанын жайып.
«Уәде қайда?»
Қалила досымыздың мектепте жақсы оқығаны шамалы болса керек. Бірақ, оның
есесіне бесінші сыныптан бастап қолынан көркем әдебиет туындылары бір түспепті.
Басқасын былай қойғанда «Мың бір түннің» өзін алтыншы сыныпта оқып жүргенде-ақ
тауысып тастаса керек.
Бірде оның қолына Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты
романы түсе кетеді. Қызық кітап екен, Ербол мен Меңтайдың шынайы махаббаты
Қалиланы бірден елітіп әкетеді. Онсыз да үлгере алмай жүрген пәндері жайына қалады.
Оқушы баланың есіл дерті әлгі романда. Жата қап сабақ үстінде оқиды, одан қала берсе ел
қалың ұйқыға кеткенде жарықты жарқыратып қойып оқиды.
Бірде Нематулла жұмыстан кеш оралса, балсаы жататын бөлменің жарығы әлі сөне
қоймаған екен. Әкесінің аяқ сыбдырын естіген Қалила тез электр шамын өшіре ұойып,
өтірік ұйықтаған болып жата кетеді. Біршама уақыт өткен соң Нәкең су ішкісі келіп
оянып, дәлізге шықса, бөлменің жарығы жанып тұр. Аяғын мысықша басып, білдіртпей
келіп, есікті ашып қалса Қалиланың қолында қалың кітап. Әзілхан Нұршайықовтың
«Махаббат қызық мол жылдары».
- Махаббат сенің не теңің? Сабағыңды дұрыс оқи алмай жүріп, - деп ұрысқан күйі
Нәкең жарықты өшіргенімен қоймай, электр қондырғысының тоқ беретін тетігін бұрап,
қалтасына салып алады.
- Әкесі ұйықтады-ау деген кезде, қайта тұрған Қалила жарықты жаға алмайды.
Мұндай қиындықтың болтындығыны алдын-ала сезген ол кітап оқудың басқаша жолын
қарастырып қойған болатын-ды. Жермай құйылған консерві құтысынан жасалған білтелі
шамды жағып, көрпе астында тығылып, Ербол мен Меңтайдың хикаясына қайта еніп
кетеді. Түннің ортасында мүңкіп алып бара жатқан жағымсыз иістен оянып кеткен үй-іші
әбігерге түседі. Май шамын жылдам өшіре қойған Қалекең қайтадан «өтірік» ұйықтап
қалады.
- Әй, Қалила! Тез оян! Сен ешқандай иіс сеізп тұрған жоқсың ба? – дейді көйлекдамбалы ағараңдаған Нематулла ентіге сөйлеп.
- Жоқ, көке! – деп түк болмағандай Қалила басын көтере береді. Нәкең бет-аузы
күйелеш-күйелеш баласының көрпесін үстінен жұлып алады. Қолында баяғы
«Махаббат...» кітабы мен май шамы. Әрине, сол түн Қалила әкесінен жақсылап тұрып
таяқ жейді. Өз үйін өртеп жібере жаздаған «жүгермек» ертесіне мектепте де тиісті
«сыбағасын» алды. Оған өзінің де ептеп кінәсі бар, әдебиет пен тарихтан басқа пәндерді
сабақ деп санамайды. Оның үстіне сынып ішінде тыныш отырмайтын, мұғаліммен сөз
жарыстырып, аузы бір тынбайтын нағыз «бәдіктің» өзі.
Бүгінде сол әдетіне басып, химия, шет тілдер пәнінде сабақ жүргізбей қойды. Олар
жылап-сықтап сынып жетекшісі Дина апайға шағымданып барса керек. Мешкей деген ат
кімге жақсын, мұғалима Дина бетімен кеткен оқушыны бұрышқа тұрғызып қойып, шаңын
қағып-қағып алады:
- Әй, Омаров, - дейді Дина ашуланып. – Сен осы қайдан шыққан данышпансың?
Ата-бабаларың шетінен мешіт ұстаған имам-молдалар. Әкең болса комхоздың маңдай
алды, ел сыйлайтын шопыры. Сен кімге ұқсап кеткенсің? Саған айт пе, айтпа не, сен адам
болсаң, мұрнымды кесіп берер едім...
Уақыт зымырап өтіп, содан бері ширек ғасыр өте шығыпты. Сырдың да суы
тартылып, қайта көбейді.
... Сол бір түні әкесінен таячқ жеп оқып бітірген «Махаббат қызық мол жылдар»
романының авторы, көрнекті жазушы Әзілхан Нұршайықовтың өзімен тағдыр
табыстырып, режиссер Қалила Омаров осы аттас деректі фильмін де түсіріп үлгереді.
Жақында ғана туған елі – Жаңақорғанға барған бір сапарында Қалила баяғы сынып
жетекшісі Дина Абытова апайымен дастархандас болып қалды. Бір кездердегі
сылқылдаған келіншектің самайын ақ қырау шалып, әжім жолдары көбейе түсіпті.
- Айналайын, Қалила, амансың ба? «Көрінген таудың алыстығы жоқ» деген міне,
осы, көріп те, оқып та жүрміз. Киноларың маған сондай ұнайды. Анау-мынау емес,
Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып жатырсың. Төбеміз көкке сәл-ақ жетпей қалды біздің, деп ұстаз шәкіртінің бетінен сүйді.
- Апай, - деді Қалила бұрынғы сынып жетекшісіне қулана қарап, - осы
туындыларды жасаған режиссерді адам деп санайсыз ба?
- Шырағым-ау! Қазақтың қанша ақтаңдақ тарихын ашып, тірілттің. Нағыз адам,
азамат деп сені айтуға болады!
Осы сәтте біздің Қалекең адам ойламайтын қылық көрсетеді... «Стоп» деп
айқайлаған күйі бұрынғы мұғаліміне тап береді.
- Дина, апай, баяғы 6 «а» сыныбында берген уәде қайда? Сол уәдені орындап,
мұрныңызды кесіп беріңіз.
Мынаны жын ұрып кеткеннен сау ма дегендей отырғандар үрпиісіп қалады.
- Әй, шырағым-ай, әлі ұмытпаған екенсің ғой. Сені адам болсын деп қайрағаным
ғой. Одан жаман болған жоқсығ. Көзіңде бір от барын сол кезде-ақ сезетінбіз. Сенім
ақталды, ел білетін азамат болдың, айналайын, - деп шөкімдей кішкентай ұстаз еңгезердей
шәкіртінің маңдайынан сүйді.
Баласын мақтағанды кім жек көрсін, төрде отырған Нематулла Қожа мен Хадиша
Бибі ризашылық сезіммен Қалилаға қарады. Істің мән-жайына енді ғана түсінген
дастархандас ағайындар қарқ-қарқ күлісіп, мәз болып тысқа шықты. Түнгі аспан шайдай
ашық екен. Қияқтанып ай туыпты, көк жүзінде жұлдыздар жымыңдайды...
Түйін немесе Қалила туралы салиқалы әңгіме
Қазақтың деректі киносында өзіндік қолтаңбасы, ізденісі бар Қалила Омаровты
жақсы білемін.
Аузын ашса көмекейі көрінеді, қолынан келсе жақсылық атаулыға ұмтылады, ол
үшін біреудің табысы мен жетістігін қызғану немесе көре алмау мүлдем жат қылық.
Көршісінің тайы озса, басындағы тақиясын аспанға лақтырып, шын жүректен қуанатын
адам Қалиладай-ақ болар. Інімнің астындағы жалғыз атын жолдасына ойланбастан-ақ
тастап жүре беретін мырзалығы да бар.
Қалекең кейде Қожанасыр атасынан аумай қалады. Әдейі күлдірейін демейді, бәрі
табиғи, бәрі шындық. Өздеңіз оқыған Қалила Қожа туралы хикаялар табиғатында
талантты інімнің кәдімгі өмірі.
Қалиланың бойындағы асыл қасиеттердің бірі: өнерге адал, ол үшін отқа да, суға да
түседі.
Мың өліп, мың тірілген қазағының жоғын іздейді, асыл маржанын іздейді. Елім деп
еңіреген небір тұлғаларды «тірілтіп» қайта өмірге әкеліп жүр, ардақ тұтқан халқымен
қауыштырып жүр. Осының бәрі өз халқын сүйгендіктен, білімділіктен, тектіліктен шығып
жатыр.
Үш жүздің пірі болған Айқожа ишан Қалиланың жетінші атасы болып келеді. 17781858 жылдардың арасында өмір сүрген атақты Қажы жас кезінде Бұхараның Мир-Араб
медресесін бітірген соң білімін Ауғаныстандағы атағы жер жарған Балх медресесінде
жалғасытарды. Ишан өмір бойы илсам дінін уағыздап, жас жеткіншектерге дәріс береді.
Атақты қожаның 11 баласы да әке жолын қуып, Сыр өңіріндегі ірі-ірі ру мен тайпалардың
дінбасы болады, мешіттер ашады, балалар оқытады. Қазан төңкерісіне дейін Жаңақорған
маңындағы Айқожа медресе-мешітінде 450-ге жуық шәкірт білім алыпты. Осы мешітте
Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың әкесі Мұхамеджан қожа да
дәріс берген.
Өзінің бабалары мен аталары туралы Қалиланың талай-талай тебірене әңгімелегені
бар. бірде режиссер ініміз екеуміз Тараз жеріне сапарға аттандық. Басты мақсатымыз –
қыршын кеткен талантты жазушы Мұса Рахманбердиев туралы деректі фильм жасау.
Жол ұзақ, әңгіме көп.
Айқожа ишан іргесін қалаған еңселі мешітті 1927 жылы Қызыл большевиктер мал
қораға айналдырып, Түркістан мен Жаңақорған аралығындағы 250-дей қожа-молданы«Халық жауы» деп тұтқындап, атқанын атыпты, қалғанын Сәбәрге айдапты. Соның
төртеуі ғана тірі оралыпты.
- Адам айтқысыз қырғында аман қалған екі адамды көрдім, олардан тәлім-тәрбие алдым.
Олар Әззам Ишан мен жасы 104-ке келіп қайтыс болған Уахас қожа еді. Енді біраз
қожалар Тәжікстанға барып паналап, Ауғанстанға өтіп кетсе керек, - дейді Қалила
бабалары мен аталарының тағдырын тілге тиек етіп. Інімнің жүрек жарды сырын естіп пен
толғанып келемін.
Айқожа ишанның Ремет атты баласынан туған Омар сәйгүліктің құлағында
ойнаған, шымыр денелі ержүрек жігіт болып өсіпті. Жергілікті халық піріміздің тірі
көздері ғой деп қастерлеп, Омар мен оның бала-шағысан Әмудария арқылы Ауғанстанға
өткізіп жіберуге қол ұшын бермек болады. Ұрпағының болашағы мен келешегін арыдан
ойлаған Омар бөтен елге өтейін деп тұрған жерінен райынан қайтады.
- Кіндік қанымыз тамған туған жерімізден безіп, өзге жерден баянды бақыт
таппаспыз. Неде болса көппен бірге көрейік, - деп, - ол атбасын кері бұрады. Ұзақ жылдар
бойы Самарқанды паналайды. Сталин өлген соң Омардың баласы Уаида қожа Ташкенттің
маңындағы Алмазарға жақандайды. Уаида қожа өзінің үрім-бұтағымен шағын болса да су
ағысы қатты, жойқын болып келетін Жонарықтың бойындағы төртінші ауылдың
тұсындағы үлкен төбеде біраз жыл мекендепті. Сол төбенің етегінде көне кепелердің
жұрты болатын. Қуғын-сүргін көріп, ашаршылықта ауып келген қазақтарға пана болған
киелі-қасиетті жер еді. Бүгінде баяғы төбе жоқ, тек шошқа тікен ғана баяғыша қаптап өсіп
тұр.
- 1957- жылдың 4мамырында анам Хадишаның толғағы ұстайды, қайын атасы
Уайдидан ұялып, жоғарыда аталған кепелердің біріне жүгіріпті. Сол киелі кепелердің
бірінде мені аман-есен босанып, кіндік қаным шошқа тікенге тамыпты, шыр етіп іңгәлаған
дауысым сарқырап ағып жатқан өзеннің гүріліне ұласыпты.
Доп-домалақ толықтығым сонша, жеті айлығымда да дұрыс отыра алмасам керек. Уайда
атам жан-жағыма төрт жастық тіреп қойса да бір жағыма ауып, қисайып жата береді
екенмін.
- Мына, менің «Ленинбас» Қалилама ешқайсың жете алмайсың. Көресіңдер әлі,
атасының атын осы балам шығарады, - дейді екен жарықтық.
Уайда атам төбенің үстіне шығып, батып бара жатқан күннің қызыл шоғына,
алыстағы батысқа көзі талғанша қарайды екен, алыста қалған туған жерге деген жүрек
сағынышын осылайша басады екен атам. Өкінішке орай, туған жердің бір уыс топырағы
ол кісіге бұйырмады. Атам алмазарда дүниеден өтті. Менің әкем Нематулла Жаңақорғанға
кейінірек көшіп келіпті, - дейді Қалила жүрекжарды әңгімесін жалғастырып.
Екеуміз жеңіл мәшинеден түсіп, жолдың жиегіндегі төбеге шықтық. Кеш түскен
шақ еді, самал жел соғып, қауыз жарған дала қызғалдақтары діріл қағады. Айналасын
қызыл алауға бөлеп, күн ұясына батып барады. Жаздың осы бір тамылжыған сұлу
көрінісіне сұқтана көз тігіп Қалила екеуміз де үнсіз қалдық. Айнала тым-тырыс, тек
шегірткенің шырылдағаны естіледі...
Мазмұны
«Қалила Қожаның хикаялары» кітабына қамшы сөз!... Мүмкін алғы сөз…...........................3
«Алай» базарындағы айқай...........................................................................................................5
Фортешкеден қонған бақ...............................................................................................................6
Мен де сөйткен болар едім...........................................................................................................7
Пожалуйста, извените...................................................................................................................9
Ленинградтан келген тілші.........................................................................................................10
Қалила қалай сантехник болды..................................................................................................12
Шошқаның ғана баласы..............................................................................................................14
Хайл Гитлер...............................................................................................................................16
«Адай» күйі қалай араша болды?...............................................................................................17
«Нәкең жіберді...»........................................................................................................................19
Күлме досқа, келер басқа............................................................................................................20
«Енем босанып жатыр...»...........................................................................................................22
Қалила мен Ләззат.......................................................................................................................24
Башпай........................................................................................................................................26
Мұртты «келін».........................................................................................................................27
«Жыламашы, бауырым, жыламашы...»...................................................................................29
Отчет.............................................................................................................................................30
Едуард – Еденбай........................................................................................................................31
Осылай жылай дедім бе саған?..................................................................................................32
«Шешеңді ұрайын»....................................................................................................................34
«Алматылық режиссер қайла?».................................................................................................35
«Тым ұзақ қой...».........................................................................................................................37
Қызға бағынған аккумолятор.....................................................................................................37
«Төрден орын берейік»...............................................................................................................40
«Мұстафа қашан үйленеді?»....................................................................................................41
Жаяу Мұса және оның серігі......................................................................................................42
«Сен жығылмашы, бауырым...»...............................................................................................45
«Ерекше әдет-ғұрып».................................................................................................................46
Тор сөмкедегі арақ.......................................................................................................................48
Бір «Камаз» картошкі..................................................................................................................49
Өзім ғой......................................................................................................................................51
«Ноу, проблем...».......................................................................................................................52
Құпия..........................................................................................................................................54
Құдайдың мүнысына да шүкір.................................................................................................55
Спонсор.......................................................................................................................................55
«Самопал» Қожа.........................................................................................................................57
Ауыз тиу......................................................................................................................................58
Қалиланың қызы..........................................................................................................................60
Қызғаныш...................................................................................................................................61
«Құдай басқа салмасын»...........................................................................................................62
Сержант пен Қалила..................................................................................................................63
Қолтаңба.....................................................................................................................................64
Бір таныстықтың тарихы..........................................................................................................66
Шыңғыстың жеті атасы..............................................................................................................68
«Монтаж ба, шантаж ба?»...........................................................................................................69
Қалиланың «айыбы»....................................................................................................................71
«Қалай қызғанам?».....................................................................................................................73
Шынашақ......................................................................................................................................75
«Хабарландыру бойынша».........................................................................................................76
Ала таяқтың буы..........................................................................................................................78
Әкесіне тартқан бала...................................................................................................................79
Сыбаға...........................................................................................................................................81
«Қара есектің аруағынан қорқамын...........................................................................................83
Түнгі сұлу.....................................................................................................................................84
Кенже қыз...................................................................................................................................86
Көңілдестен туған.......................................................................................................................87
«Жаңа» Мұхтар............................................................................................................................87
Гүл, мұз және Саиндағы қыз......................................................................................................89
Арман............................................................................................................................................90
Уәде қайда?...................................................................................................................................91
Түйін немесе Қалила туралы салиқалы әңгіме.........................................................................94
Автор
UMK-
Документ
Категория
Филология
Просмотров
1 332
Размер файла
400 Кб
Теги
kaz, kalilakojaninxikaialari
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа