close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

univerlife.kz/ru/referat/download?id=675

код для вставкиСкачать
Баяндама жұмысы
Тақырыбы: М.Вебердің «Протестанттық этика және капитализм рухы»
еңбегіндегі протестанттар мен католиктердің этикасына
салыстырмалы талдау.
Орындаған: Абдукаримова Ғ.
ФФ, «Жалпы тіл білімі және аударма теориясы» кафедрасы, АІ-21
Тақырыбы: М.Вебердің «Протестанттық этика және капитализм рухы»
еңбегіндегі протестанттар мен католиктердің этикасына
салыстырмалы талдау.
Мазмұны:
І. Кіріспе;
ІІ. Макс Вебер еңбектері;
ІІІ. «Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегіне талдау;
IV. Қорытынды.
І. Кіріспе
Қазіргі таңдағы экономиканың жоғарғы дәрежеде дамып, өзінің бастапқы
ұғымын кеңейтіп, өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр
саласы, қаражат-ақша айналасы, т.б. байланысты ұғымдардың барлығын
қамтуы берілген тақырыптың көкейкестілігін көрсетеді. Экономиканың
қарқынды дамып, қазіргі кездегі дәрежеге қалай жеткенін ұғыну үшін,
алдымен адам санасының ортағасырлардағы шіркеу орнатқан тәртіптердің
төңірегінен шығып, капиталдың алғашқы пайда болуын ескерген жөн.
Ғасырлар бойы адамзат тарихында сан алуан діни көзқарастар өмір сүріп
келді, соның ішінде Макс Вебер теориясының арқасында протестанттық
діннің алатын орны ерекше. Өзінің «Протестанттық этика және капитализм
рухы» атты еңбегінде ол ең маңызды діндерге салыстырмалы талдау жасап,
экономикалық шарттар, әлеуметтік факторлар және діни ұстанымдар
арасындағы
қарым-қатынастарды
талдап
көрсетті.
Макс
Вебер
протестанттарды капитализм рухын қалыптастырушылар ретінде көрсетті.
Оның аталған еңбегі алғаш рет 1905ж. Германияда жарық көрді және содан
бері қазіргі капитализмнің қалыптсауы жайлы талдау жұмыстарының
арасында ең үздігі болып саналады.
ІІ. Макс Вебердің еңбектері
Жалпы Макс Вебер еңбектерін 4 категорияға бөлуге болады:
1. Методологиялық зерттеулер, сыни және философиялық тұжырымдар.
Бұл еңбектер, негізінен, тарих пен әлеуметтанудың рухы, объектісі мен
методологиясына
қатысты.
Олар
ғылыми-зерттемелік
және
философиялық еңбектер.
2. Тарихи еңбектер: ерте замандарда ауыл шаруашылығындағы өндірістік
қатынастар, жалпы экономика тарихы (М.Вебер оқыған лекциялар
курсы, қайтыс болғаннан кейін баспаға шыққан), қазіргі Еуропа мен
Германияның кейбір айрықша мәселелері жайлы, мысалы Шығыс
Пруссияның экономикалық жағдайы немесе Германиядағы басшылар
мен поляк шаруаларының қарым-қатынастары жайлы еңбектер.
3. Дін жайлы әлеуметтік еңбектері «Протестанттық этика және
капитализм рухы» еңбегінен басталады, одан кейін М.Вебер маңызды
діндерге салыстырмалы талдау жасап, экономикалық жағдайлар,
әлеуметтік факторлар мен діни ұстанымдардың қатынастарын талдады.
4. М.Вебердің ең маңызды еңбегі болып саналатын «Шаруашылық және
қоғам» атты жалпы әлеуметтану бойынша трактаты өзі қайтыс
болғаннан кейін басылып шығарылды.
ІІІ. «Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегіне талдау
Макс Вебер аталған еңбегінде капиталистік жүйенің пайда болуын
Реформациямен байланыстырады, яғни христиан дінінде протестанттық
ағымның пайда болуы, олардың еңбекке және кәсіпкерлік қызметке ерекше
көңіл бөлуі. Протестанттық діни-этикалық комплекс, Макс Вебердің ойынша,
еңбексүйгіштіктің,
ұқыптылықтың,
шыншылдықтың,
есептіліктің
қалыптасуын қамтамасыз етеді. Макс Вебер Германия және басқа да Еуропа
елдерінің кәсіби статистикаларын негізге ала отырып, кәсіпкерлер мен
капитал иелерінің арасында, сондай-ақ, біліктілігі жоғары мамандар
арасында протестанттардың үлесі басым екенін айтады. «Неліктен
протестанттардың байлыққа деген құлшынысы жоғары?» деген сұраққа
Вебер бірнеше салмақты аргументтер келтіреді. Сол аргументтерге тоқталар
болсақ, капитал иелерінің арасында протестанттар үлесінің көптігі, бір
жағынан, олардың тарихи қалыптасқан жағдайларға байланысты
салыстырмалы түрде ауқатты жанұялардан шыққандығымен түсіндірілетін
болса, екінші жағынан, қай жерді алып қарасақ та, мейлі Баден бе, Бавария
ма, Венгрия ма, барлық жерде протестанттармен салыстырған да католиктер
көбіне жоғары білімге құлшынбай, орта білім алумен шектелген. Сондай ақ,
буржуазиялық кәсіпкерлікке дайындайтын оқу орындарында, католикабитуриенттердің үлесі аз болған, католиктер көбінесе гуманитарлық
дайындықты мектептерді таңдаған. Сонымен қатар, ірі өндірістік орындарда
біліктілігі жоғары мамандар арасында католиктер үлесі тым аз. Демек,
өндірістік орындар өзінің мамандар санын қолөнершілер үлесінен
толықтырып отырғанын ескерер болсақ, католиктер протестанттармен
салыстырғанда кәсіби шенін жоғарылатуға көп ұмтылмай, аталған қолөнер
саласында қалуды жөн көрген. Ал протестанттар керісінше, өз біліктілігін
үздіксіз дамыта отырып, басқарушылар құрамына енуге ұмтылған. Осыдан
келер қорытынды адамның жанұясы мен айналасындағы діни орта
қалыптастырған өзіндік психикасы мен қатаң тәртібі болашақта мамандық
таңдауы мен сол мамандықтағы қызметінің дамуында айтарлықтай рөл
ойнайды.
Католиктердің тақуалық мистикалық көзқарастары арқылы
идеализмге ұмтылуы нәтижесінде, оларды материалдық игіліктер аса
қызықтырмаған. Католиктер Құдайдың мейірі мен шапағатына қиын да
қиырлы ғұмыр кешу арқылы қол жеткізуге болатынына сенген.
Протестанттықтар католиктердің діни ұстанымдарын мойындамаған. Макс
Вебер еңбегінде «Не жақсы өмір сүру, не тыныш ұйықтау »( либо хорошо
есть, либо спокойно спать) деген халықтың нақыл сөзін негізге ала отырып
протестанттарды жақсы өмір сүруге ұмтылды деп сипаттаса, тыныш
ұйықтауды католиктердің таңдауы деп көрсетті.
IV. Қорытынды
Сонымен, автордың еңбегінде «капитализм рухы» деген ұғым бар.
«Капитализм рухы» дегенде біз нені түсінуіміз керек? Бір қарағаннан бұл
сөзге анықтама беру қиын, бұл қиындықтар зерттеу жұмыстарының қай
салада екендігіне де байланысты. Басқа сөзбен айтқанда бұл сөздің мәнін
кітапты толық оқып шыққанда ғана ұғынуға болады, және, менің ойымша,
ондай жағдайда да нәтиже осы сөздің нақты анықтамасы бола алмайды,
себебі ғылымның әр саласындағы зерттеулер әр түрлі тұжырымдамалар
жасайды, бұл берілген сөздің ұғыну аясы кеңдігін көрсетеді. Қорыта
айтқанда, капитализмнің ірге тасы діни көзқарастар негізінде қаланды және
даму барысында оған тәуелділігін жойды. Егер алғашында адам өзінің
мақсаттылығымен, құлшынысымен капитализмді қаласа, қазір ол қоғамның
әрбір мүшесінің ойлау әдісі мен өмір салтын қалыптастыратын тәуелсіз
механизмге айналды. Ол жайлы М.Вебер: «Пуритандар кәсіпқой болғысы
келді, ал біз сондай болуымыз міндет» деп жазады...
Пайдаланылған әдебиеттер:
М.Вебер «Протестанттық этика және капитализм рухы»
Документ
Категория
Филология
Просмотров
180
Размер файла
17 Кб
Теги
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа