close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 9 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
24
шығады
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы
сәуірден
Құрметті Ауған соғысының ардагерлері!
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 26 жыл толды.
Сіздерді осынау мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн - тек күнтізбедегі тарихи дата ғана емес, ең алдымен қаза болған сарбаздарды еске
алу күні.
1978 жылдың сәуір айында Ауғанстанда төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа
созылды. 1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға
жуық соғыс жүргізді.
Саясаттың салқын лебі тудырған сол соғысқа 22 мың 269 қазақстандық қатысқан. 1015
отандасымыз мүгедек болып оралып, 21 жауынгер хабар-ошарсыз кеткен, қаза тапқандар саны
900-ден асып жығылады. Бұл соғыс талай жанның жүрегін жылатып, талай жанның
қабырғасын қайыстырды, жарқылдаған жастардың жігерін жасытып, алақанына салып аялаған
армандарынан айырылған мыңдаған ата-аналардың көз жасына себепкер болды.
Сіздер, жауынгер жігіттеріміз, қазіргі кезде ауданымыздың түрлі салаларында еңбек етіп, егемен еліміздің дамуына үлес қосып, үлгілі отағасы болып жүрсіздер. Сіздер кәсіппен де,
шаруашылықпен де қызметтерде көрініп жүрсіздер. Ауған соғысының ардагерлеріне арналған
құрмет Ұлы Отан соғысына қатысушыларына арналған құрметтен кем түспейді, кем түспеуі
де тиіс. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында әлеуметтік салаға ерекше мән
беріп, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар нақты істермен
көрініс тауып келеді. Мұның барлығын Елбасының шынайы қамқорлығы деп түсінгеніміз
абзал.
Құрметті ардагерлер!
Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын,
жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз.
Сіздерге және отбасыларыңызға ізгіліктер мен игіліктер тілейміз! Табыстар мен сәттіліктер
мол болсын! Мереке құтты болсын!
Жаңаарқа ауданының әкімі
Ғ.Омаров
Мәслихат хатшысы
М.Әбдішев
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Жарқын болашаққа бастаған Жолдау
Түгіскен орта мектебінің ұжымында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол–болашаққа
бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын насихаттауға байланысты
жиын өтті. Жиналасты ашқан мектеп директоры Т.Әштаев Жолдаудың ел өміріндегі
маңыздылығы мен өміршеңдігіне тоқталды.
Тарих пәнінің мұғалімі С.Аяпбекова Жолдау туралы,
онда айтылған басым мақсаттар мен айқын мұраттар
жөнінде баяндама жасады. Ұстаздар қауымы баяндамада
атап көрсетілген жаңа мүмкіндіктер туралы өз ойларын
ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Биылғы Жолдаудың білім саласы қызметкерлері үшін де
ерекше орны бар. Әсіресе апатты жағдайлардағы мектептерді қайта жөндеуден өткізу, мектепке дейінгі мекемелер құрылысын жандандыру, арнайы білім берудің жаңғыртылуына мемлекет қорынан
қыруар қаржы бөлінетіндігі көңілге қуаныш ұялатады. Осылайша ұстаздардың ойы бір жерден
шығып, Жолдауда белгіленген міндеттерінің іске асуына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Л.ТАЙЖАНОВА,
Түгіскен орта мектебінің кітапханашысы
Кезекті аппараттық кеңес өтті
9-ақпан күні аудан әкімдігінде кезекті аппараттық кеңес өткізілді. Кеңесті аудан әкімі
Ғ.И.Омаров жүргізді.
Кеңестің күн тәртібінде «Жаңаарқа Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның атқарып
отырған жұмыстары туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша бірінші болып
«Жаңаарқа Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның директоры М.Әбілдинов баяндама жасады. Баяндама барысында «Жаңаарқа-Жылу» коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорыны 2008 жылдың 8-ші тамызында Жаңаарқа ауданының әкімшілігінің қаулысымен
құрылып, бүгінгі күні 100 пайыздық мемлекеттік үлеспен Жарғыға сәйкес қызмет атқарып
отырғанын айтты. Кәсіпорынның Жарғылық капиталы 2014 жылы 64 281 мың теңгені
құрапты.
Жарғыға сәйкес жұмыстарды атқару барысында 2014 жылдың қорытындысы бойынша
кәсіпорын 146 миллион 559 мың теңге табыс тауыпты. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 141 миллион
833 мың теңгені құраған, яғни биыл өткен жылмен салыстырғанда 4 миллион 726 мың теңгеге
артық. 2014 жылы өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығын көлемі 132
миллион 622 мың теңге. Әкімшілік шығын көлемі 9 миллион 807 мың теңге. 2014 жылдың
қорытындысы бойынша таза пайда 4 миллион 130 мың теңге болмақ, яғни бұл өткен жылғы
көрсеткіштен 1 миллион 007 мың теңгеге артық. Атасу кентінде 6 локалдық, 8 дербес жылу
қазандығы, селолық округтерде 23 дербес жылу қазандықтары жұмыс істейді.
Жылу беру маусымының орындалуы бойынша аудандық білім беру, дене шынықтыру және
спорт бөлімінің басшысы Е.Қуанышбеков, аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Т.Иксанов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ә.Бөгенбаев және аудандық
мәдени-сауық орталығының директоры А.Исина қысқаша хабарлама жасады.
Кеңес соңында туындаған мәселелер бойынша аудан басшысы мекеме басшыларына тиісті
тапсырмалар берді.
Баспасөз қызметі
№9 (9663) 14 ақпан,
2015 жыл
Ұлы Жеңіске 70 жыл
Ардагерлерге көмекші құрылғы табысталды
Биылғы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 жыл толуына орай Елбасының тапсырмасына
сәйкес елімізде түрлі шаралар ұйымдастырылуда.
Үкіметтің тікелей қолдауымен «Самұрық-Қазына» АҚ мен республикалық «Ардагерлер
ұйымы» қоғамдық бірлестігі 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу
қарсаңындағы дайындық жұмыстары аясында Әріптестік туралы меморандумға қол
қойды. Осы меморандум бойынша ардагерлерді қамқорлыққа алып, оларға қажетті қолдау
көрсету мақсатында жаңа акция іске асырылды.
Аталған акция аясында ардагерлерге дабыл түймесі таратылуда. Ардагерлерді аталған
дабыл құрылғысымен жабдықтауға тиісті қаржы бөлініп, Жеңістің 70 жылдық мерейтойы
қарсаңында Отан үшін от кешкен ардагерлерімізге осындай сый-көмек көрсетіліп отыр.
Ақпанның 3-ші жұлдызында аудан әкімі Ғабдрахман Игілікұлы Омаров пен аудандық
ардагерлер ұйымының төрағасы Әбеуов Қайролла ауданымыздағы Ұлы Отан соғысы
ардагерлерінің үйіне арнайы барып, дабыл түймелерін табыстады.
Дабыл түймесі – кәрілік жеңіп, күш-қуаты азайған қартаң адамдарға таптырмас көмекші
құрылғы.
Егер қария жалғыз қалғанда немесе көшеде келе жатып кенет сырқаттанып, өміріне
қандай да бір қауіп төнсе, осы құрылғыдағы «SOS» белгісі бар жедел шақыру түймешесін
басса болғаны, дабыл нүктесі бірден бірыңғай көмек орталығының ақпараттық базасына
келіп түседі.
Қондырғыдағы түймешені басқан кезде сол адамның қайда тұратыны, жасы қаншада
екендігі, қандай сырқатпен ауыратыны, тіпті жақын туыстарының телефон нөмірі
мониторға шыға келеді. Операторлар бірден шақыру жолдаған адаммен тілдесуге тырысады.
Құрылғы дауыс күшейткішімен қамтамасыз етілген. Жауап алу барысында түймешенің
байқаусызда басылып кетпегені анықталады. Ал егер шынымен де қондырғы иесінің
өміріне қауіп төнген болса, онда жедел жәрдемге, полицияға, басқа да органдарға немесе
туған-туысқандарына хабар беріледі. Осылайша, қарттарға дер кезінде көмек көрсетілетін
болады.
Бұл құрылғының тағы бір ерекшелігі – оны ұялы телофон ретінде де қолдануға болады.
Ішінде beeline нөмірлі SIM картасы бар. Телефонда бірлік таусылған уақытта да дабыл
түймесі жұмыс істей береді.
Құрылғының негізгі аппараты ардагердің үйіндегі телефонға немесе қалтафонға орнатылады. «SOS» деген белгісі бар екінші бөлігі білезік ретінде қолға немесе алқа іспетті
мойынға тағылады. Яғни адам қайда жүрсе де, өзімен бірге алып жүруге ыңғайлы.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына қамқорлық жасау - үкіметтің
үнемі назарда тұрған басты міндеттерінің бірі. Сұм соғысты басынан кешкен жандарға
көңіл бөлу тек үкіметтің ғана емес, еліміздің әрбір азаматының міндетіне айналуға тиіс.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл
Ассамблея жылына старт берілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
Жарлығымен
“2015
жыл Қазақстан халқы
Ассамблеясының
жыл”деп жарияланған
болатын. Осыған орай,
6-ақпан күні бүкіл елде
бір мезгілде «Қазақстан
х
а
л
қ
ы
Ассамблеясының жылына старт беру» салтан
а
т
т
ы
синхрондық-акциясымен барлық жыл бойы
өтетін іс-шараларға старт беретін күн болып белгілендіктен, ауданымызда осы күні сағат
11.00-де мәдени-сауық орталығының алдындағы алаңда осы шараларға старт берілді.
Мерекелік шараны аудан әкімі Омаров Ғабдрахман Игілікұлы құттықтау сөзімен ашты:
-Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық
келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана
алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты. Қазақстандықтардың
этникалық, әлеуметтік және діни ерекшеліктеріне қарамастан, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың толеранттылық пен қоғамдық келісімі бүгінде күллі әлемге үлгі болып отыр.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының жылымен» баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген дана сөз бар. Мемлекетіміздің абыройы артып, экономикалық дағдарыстарға бой алдырмай, күн санап халықтың әлеуметтік
жағдайының жақсаруы осынау бірлігіміздің арқасы. Бірлігіміздің арқасында қазақ елінің аты
төрткүл дүниеге таралып, Көк байрағы биікке желбіреді. Алдағы уақытта да қалыптасқан
елдік дәстүрімізді,
татулық
пен
ұйымшылдықты
сақтай отырып, биік
беле стерден
көрінейік. Айтулы
мерекеде әр отбасына,
баршаңызға
бақ-береке тілеймін!
Еліміз
аман,
жұртымыз тыныш,
тәуелсіздігіміз
тұғырлы болсын,- дей
келе, Қазақстан Ассамблеясы жылының
ашылуына
старт
берді.
Іле халықтар достастығын сипаттайтын, бейбітшіліктің символы ретінде аспанға
көгершіндер жіберілді. Содан кейін, сөз кезегін еңбек ардагері Посохина Лидия Степановна
алып, жаңаарқалықтарды мерекемен құттықтады. Шараны жалғастырған әр ұлт өкілдерінің
киімдерін киген бишілер тобы ортаға кезекпен шығып, әр ұлттың билерінен көрініс
ұсынды.Сонымен қатар, аудандық мәдени - сауық орталығының өнерпаздары ән-шашуларын
ұсынып, жиналған жұртшылықтың патриоттық сезімдерін арттыра түсті.
Шара барысында Жастармен жұмыс жасау орталығының ұйымдастыруымен №132 мектеп
оқушылары флеш моб көрсетіп, ерекше көңіл-күй сыйлады.
Баспасөз қызметі
О проведении легализации имущества
С 1-го сентября 2014 года вступил в силу Закон Республики Казахстан «Об амнистии граждан
Республики Казахстан, оралманов и лиц, имеющих вид на жительство в Республике Казахстан,
в связи с легализацией ими имущества». Данная акция дает уникальную возможность узаконения, в том числе и имущества, находящегося за пределами страны. При этом, основными
принципами легализации являются: во-первых, легализация проводится в целях сокращения
объемов теневой экономики и вовлечения в экономику страны дополнительных средств и имущества.
Во-вторых, легализованные деньги и имущество не признаются доходом для целей налогообложения, соответственно, не облагаются подоходным налогом.
В-третьих, субъекты легализации освобождаются от уголовной и административной ответственности по ряду статей. В целом легализации подлежит следующее имущество: 1) деньги;
2) ценные бумаги; 3) доля участия в уставном капитале юридического лица; 4) недвижимое
имущество, оформленное на другое лицо, право на которое или сделки по которому в соответствии с законодательством Республики Казахстан подлежат государственной регистрации;
5) здания (строения, сооружения), находящиеся на территории Республики Казахстан, соответствующие строительным нормам и правилам, а также целевому назначению занимаемого
земельного участка, принадлежащего субъекту легализации на праве собственности; 6) недвижимое имущество, находящееся за пределами территории Республики Казахстан.
Срок легализации имущества начинается 1 сентября 2014 года и заканчивается 31 декабря
2015 года. Срок подачи документов для предъявления имущества к легализации начинается 1
сентября 2014 года и заканчивается 30 ноября 2015 года.
Вместе с тем сообщаем, что легализацию имущества, находящегося за пределами территории
Казахстана, проводят территориальные органы государственных доходов по месту жительства
субъектов.
С начала акции в комиссию при управлении государственных доходов заявлений о легализации имущества, находящегося за пределами территории Республики Казахстан не поступало.
В комиссию по легализации имущества при местных исполнительных органов поступило 2
заявления на легализацию имущества, находящихся на территории Республики Казахстан. 1
заявление возвращено субъекту легализации. По 1 заявлению легализовано 3 нежилых объекта
на общую сумму 4 200 000 тенге.
Обращаем ваше внимание, что с реквизитами созданной комиссии при районном управлении
государственных доходов можно ознакомиться на сайте Управления «Разъяснения - Актуальные вопросы», график приема документов с 9.00 утра до 18 ч.30 мин. в рабочие дни.
Управление государственных доходов по Жанааркинскому району
2
Ардагерлерді ардақтайық
14 ақпан 2015 жыл
Тыл ардагерлері де құрметке лайық
Ұлы Отан соғысы осыдан 70 жыл бұрын аяқталғанымен
оның салған жарасы талай жүректе әлі де бар.
Балғын балалық шақтары осынау зұлмат жылдармен
тұспа-тұс келген жандар қаншама. Бірі қару көтеріп
соғысқа аттанса, енді бірі тылдағы еңбекті үлкендермен
бірге бөлісті.
Міне, ел басына түскен қиын-қыстау шақта тылда қара
жұмысқа жегілген кешегі бозбалалар мен бойжеткендер
бүгінде бір әулеттің ақ сақалды атасы, ақ жаулықты анасы,
шежірелі қазынасы.
Тыл және еңбек ардагері, Ш. Ералиев ауылының тұрғыны Шалова Қалимаш Әубәкірқызы
– сондай тыл ардагерлерінің бірі.
Қалимаш әжеміз 1933 жылы қазіргі Астанада дүниеге келген. Сұрапыл соғыс басталған
кезде буыны қатаймаған жас бала болатын.
Мақаламыздың кейіпкері - Қалимаш әже өткен кезең жайында бізге сыр ақтарып, сонау
қиын кезеңдерді ой елегінен өткізді:
-Қазір жасым 82-де. Кешегі сұм соғыстың зардабын тартқан адаммын. Миллиондаған
адамның өмірін қиып, бейбіт өмір сүріп жатқан қаншама отбасын бақытсыздыққа душар
еткен сол бір сұрапыл соғыс басталған кезде мен небәрі 8 жаста едім. Поштадан солдаттардан келген хаттарды үй-үйге таратамыз.
Таң сәріден дүкенге қара нанның кезегіне тұрып үйдегі бауырларыма нан әкеліп беремін.
Бидайды қуырып, талқан көже жасаймыз. Осылайша сұм соғыстың өрті балалық
шағымызды шарпыды, - дейді Қалимаш әжей, -жас деп ешкім қараған жоқ.
Өте қиын кезең болды. Бірақ еш мойыған емеспіз. Тынымсыз еңбектің арқасында ғана
жеңіске жетерімізді білдік.
Сондықтан, жас болсақ та “Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін” деген ұранмен еңбек етіп
жатқан ата-анамызға көмектестік.
Қалимаш әжей 1960 жылдан 1975 жылға дейін мәдениет қызметкері, клуб меңгерушісі,
кітапханашы болып қызмет істеген.
1975 -1990 жылдар аралығында Ералиев ауылында почта, байланыс бөлімінің меңгерушісі
болып содан зейнеткерлікке шыққан.
«Үздік мәдени-ағарту мекемесі» атағын алу жолындағы жарыстың нәтижесінде облыс бойынша «Үздік кітапханашы» атағын жеңіп алған.
В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай Қарағанды облыстық мәдениет
басқармасының республикалық байқауына белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
Жұмыс істей жүріп, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысқан. Көркемөнерпаздар
үйірмесінің белді мүшесі болған.
Бастауыш партия ұйымының хатшысы, мұсылман әйелдер қоғамының төрағасы болып
жұмыстар жүргізген. 1974-1990 жылдар аралығында облыстық партия конференцияларына,
әйелдер съезіне бірнеше рет делегат болып қатысқан.
Ауылдың өмірі, тыныс-тірлігі жайлы мақалаларды үзбей «Жаңаарқа» газетіне жариялап
отырған. Ауданымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, елдің әлеуметтікэкономикалық әлеуетінің арттыру бағытында қажырлы еңбек еткен, кейінгі жастарға үлгі
тұтар ана.
Тылдағы, бейбіт өмірдегі қызметіне орай Үкімет тарапынан берілген мақтау-марапаттар
– «Еңбек ардагері» медалі, Мәдениет министрлігінің «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен
марапатталып, мерейтойлық медальдар кеудесінде жарқырайды.
Қартайса да әншілік өнерін әлі тастаған жоқ. Қарағанды облысы, Қарағанды қаласының
өткізген «Менің жастық шағымның әндері» атты ән кешінде I орынға ие болғаны үшін дипломмен марапатталған.
Қалимаш әже жолдасы Құлымбетов Әлдигенмен аз ғана бірге өмір сүрді. Бес баланы
бағып-қағып, жеткізген бір өзі. Үш ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Бәрі үйлі-жайлы, отбасылары бар. Оқытты, тоқытты. Балаларын ешкімнен кем қылмай өсірді. Қазіргі таңда 23 немере, 18 шөберелерінің қызығын көріп отырған бақытты ана.
Сөз соңында Қалимаш әже:-Біз көрген қиындықты кейінгі ұрпақ көрмесін. Сұм соғысты
ешкімнің басына бермесін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, - деді.
Ж.ӘМІРАЛИНА, Ш. Ералиев ауылы
ПРИГЛАШЕМ НА ВАКЦИНАЦИЮ!
Жанааркинское районное управление по защите прав потребителей департамента по защите прав потребителей Карагандинской
области Комитета по защите прав потребителей Министерства национальной экономики
Республики Казахстан сообщает, что в области
с «16» по «28» февраля 2015года начата (проводится) дополнительная иммунизация против кори лиц в возрасте от 15 до 19 лет
включительно.
В ходе дополнительной иммунизации до 28
февраля текущего года планируется провести
вакцинацию против кори 1183 лиц указанного возраста.
Вакцинация будет проводиться в 20 прививочных (медицинских) пунктах района (в медицинских организаций, школ и средних учебных заведений).
Единственным эффективным способом защиты от кори является вакцинация.
Корь – острое инфекционное вирусное заболевание, протекающее с высокой температурой,
сыпью на теле, могут присоединяться кашель, головная боль. Характеризуется высокой контагиозностью, т.е при контакте с больным корью заболевают практически все лица, не привитые против кори.
Осложнения после перенесенной кори: отит, пневмония, энцефалиты, у переболевших корью
детей до 2-х лет через несколько лет может развиться панэнцефалит.
Вирус кори от больного здоровому человеку передается воздушно-капельным путем при
разговоре, кашле, чихании, посредством прямого и непрямого контакта с выделениями из носа
или гортани, заражение возможно после выхода инфицированного из помещения. Больной
корью опасен для окружающих за 4 дня до и в течение 4-х дней после появления сыпи.
Болезнь развивается в течение 7-18 дней после заражения.
По всем вопросам, касающимся проведения дополнительной иммунизации против кори,
обращаться в районное управление по защите прав потребителей по телефонам: 2 69 48, 2
74 33.
3
14 ақпан 2015 жыл
БЕКІТЕМІН:
Жаңаарқа ауданының әкімі
Ғ.И.Омаров
Жаңаарқа ауданының кент және ауылдық округтер әкімдерінің 2015 жылдың ақпан айында өткізген халықпен
есептік кездесулері барысында түсіп, бақылауға алынған өтініштер мен ұсыныстар
бойынша іс-шаралар жоспары
Рет
саны
1
Өтініштер мен ұсыныстардың мазмұны (өтінішкердің аты
жөні мен мекен жайы)
Айнабұлақ а/о тұрғыны Сұлтан Дүйсенбеков,
Ауылдың 5 шақырым кіре-беріс жол бойына мал туралы жол
белгісін орнату
Өтініштер мен ұсыныстар
Орындалу
бойынша іс-шаралар
мерзімі
Айнабұлақ ауылдық округі бойынша
Жол белгісін орнату
15.10.2015 ж.
Қараағаш ауылдық округі бойынша
3
Қараағаш а/о тұрғыны Қаныш Рсалдин,
Орман шаруашылығына тартылған электр желілерін балансқа Электр желілерінің балансы
туралы
31.12.2015 ж.
алуын қарастыру
С.Сейфуллин ауылдық округі бойынша
Сейфуллин а/о тұрғыны А. Қалдыбеков,
Ауыз су мәселесі
31.12.2015
Ауыз су мәселесі, электр қуатының бағасы туралы
4
Ақтау а/о тұрғыны Ұзақбай Оспанов,
Айшырақ елді мекен аралығындағы электр желісін жөндеу;
мал жүнін өңдеу мәселесі
5
Қызылжар кентінің тұрғыны Темірбай Байтұрсынов,
Қанғыбас иттер мен мысықтарды жою
2
6
Түгіскен а/о тұрғыны Қыдырәлі Сексенбаев,
Елді мекеннің картасын (сызбасын) сызу
7
Ералиев а/о тұрғыны Арзанкүл Қалмағанбетова,
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою
8
Актүбек а/о тұрғыны Шоқан Рахимов,
Елді мекендегі жайлымдық жер телімдерін кеңейту
9
10
11
12
13
14
15
М.Жұмажанов а/о тұрғыны Орал Сәтжанова,
Кесте бойынша білікті дәрігердің қабылдау жүргізуі;
тегін дәрі-дәрмектер тарату
Байдалы би а/о тұрғыны Мағауя Әбілжанов,
ФАП-қа жуынатын орын және дәретхана орнату
,
Бидайық а/ о тұрғыны Бибинұр Кейікова,
Кесте бойынша кәріз жүйесін тазалайтын арнайы көліктің
жүруін қамтамасыз ету
Бидайық а/ о тұрғыны Сырым Түсіпов,
Елді мекеннің мал жайлымын кеңейту;
жол бойына жол белгісін орнату
Ақтау ауылдық округі бойынша
мал жүнін өңдеу,
электр желісін жөндеу
Б.Мұқанов
Ж.Бөгенбаев, С.Шумбулов
Б.Мұқанов
А.Жылқыбаев, Ғ.Оспанов,
Ж.Бөгенбаев
Б.Мұқанов
Ж.Бөгенбаев, К.Кокин
31.12.2015 ж.
Б.Мұқанов
Қызылжар кенті бойынша
Қанғыбас иттер мен
мысықтарды жою
15.03.20153
Ю.Бекқожин
Түгіскен ауылдық округі бойынша
Елді мекеннің картасын (сызба31.12.2015 ж.
Ю.Бекқожин
сын) сызу
жыл бойы
Ералиев ауылдық округі бойынша
Иттер мен мысықтарды жою
15.03.2015 ж.
Ю.Бекқожин
Ақтүбек ауылдық округі бойынша
Жайлымдық жер телімдерін
кеңейту
Ю.Бекқожин
М.Жұмажанов ауылдық округі бойынша
Жоғары дәрежедегі дәрігердің
қажеттілігі;
тегін дәрі-дәрмектер тарату
Тұрақты
М.Жандәулетов
Байдалы би ауылдық округі бойынша
ФАП-қа жуынатын орын және
дәретхана орнату
1.06.2015 ж.
М.Жандәулетов
Бидайық ауылдық округі бойынша
Ұялы байланысын орнату,
кесте бойынша кәріз жүйесін
тазалайтын арнайы көліктің
Тұрақты
М.Жандәулетов
жүруін қамтамасыз ету
Жер мәселесі;
31.12.2015 ж.
жол бойына жол белгісін ор15.10.2015 ж.
нату
Атасу кенті бойынша
Атасу кентінің тұрғыны Жұмағали Мұсабеков,
Тұрғын үйлерді орталық
Сейфуллин көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлерді,
мұражайды, кіші бизнес нысандарын орталық қазандыққа қосу қазандыққа қосу
Атасу кентінің тұрғыны Айнүр Жақаева,
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша
Аудан әкімнің
жауапты орынбасары Орындалысына жауаптылар
«Дипломмен ауылға»
бағдарламасы бойынша
Атасу кентінің Сейфуллин көшесінің № 17, 19, 21 үйлерінің
тұрғындары,
С.Сейфуллин көшесінің № 17, 19, 21 көппәтерлі тұрғын үйлерін
орталық жылу жүйесіне қосу
Көппәтерлі тұрғын үйлерді
орталық жылу жүйесіне қосу
01.11.2015 ж.
31.12.2015 ж.
Өткен 2014 жылдың қорытындысы бойынша ауданда санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды
қалыптастыру мақсатында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Аудандық тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы жүргізген профилактикалық және індеттің алдын алу шараларының нәтижесінде дифтерия, столбняк, көк жөтел, полиомиелит инфекциялары аудан бойынша тіркелген жоқ, аудан
тұрғындары арасында жұқпалы аурулармен жаппай науқастану тіркелген жоқ. Инфекцияға қарсы егу
арқылы эпидемиологиялық жағдайды сақтау-мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау
органының негізгі басым міндеттерінің бірі. Аудан бойынша 2014 жылы иммундаумен қамту 95,4%-дан
100,0% құрайды. Ауыз сумен қамту мәселесі бойынша – «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес 2014 жылы
584 млн 83 мың теңге бөлінді. Осы бөлінген қаражатқа Ақтау, Бидайық, Ескене селолық округтерінде су
желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп іске қосылды. Нәтижесінде бүгінгі күні 13 елді
мекендер орталықтандырылған су құбыры таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Білім беру саласы бойынша аудан елді мекендеріндегі оқушылардың заман талабына сай мектепте оқуларына қол жеткізу
мақсатында жылдан жылға атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазіргі уақытта типті ғимаратта
орналасқан мектеп саны 17-ге жетті. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметі М.Жұмажанов
селосындағы мектеп ғимаратының санитарлық-техникалық жағдайы талапқа сай еместігін анықтап,
экономикалық сот арқылы жабуға шешім шығарып, осы елді мекенде жаңадан типті мектеп салу қажеттігін
дәлелдеді. Қазіргі уақытта типті мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлық мектеп компьютермен
қамтылған, 17 мектепте мультимедия кабинеті бар. Сонымен қатар білім беру саласында шешуін таппай
келе жатқан мәселе де жоқ емес. Мектептерді спорт құралдарымен қамтамасыз ету және дене шынықтыру
сабағын оқушылардың денсаулық тобына сәйкес өткізу ұйымдастырылмаған, мектеп асханаларында дайындалатын тағамдар ассортименті жеткіліксіз. Заңға сәйкес Жаңаарқа аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы аудан халқының сапалы және зиянсыз тағаммен қамтылуын үнемі
қадағалап отырады.Осындай жұмыс барысында 2014 жылы 3 объектіден сақтау мерзімі өтіп кеткен 17,0
кг тағам өнімдерін сатуға тиым салынып жоюға жіберілді. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және
тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметі аудандағы 330 объектінің жұмысын қадағалап отырады.
Қадағалау барысында санитарлық кемшіліктер анықталып, оны жою және ереже бұзушылықтарды болдырмау шаралары қатар жүргізіліп отырады. Осындай мақсатта 2014 жылы барлығы 31 нұсқау беріліп,
391698 теңге сомасында 90 айыппұл салынды, 2 іс сот органдарына жіберілді, санитарлық қызметтің
ұсынысымен 57 адам жұмыстан уақытша шеттетілді. Осы жылғы жоспарлы тексерістер барысында Ералиев селосындағы дәрігерлік амбулаторияның санитарлық-техникалық жағдайы талапқа сай еместігі
анықталып, амбулаторияның ем шара және профилактикалық егу кабинеттерін жабуға шешім шығарылып
ісі экономикалық сотқа жіберілді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдау мен әкімшілік кедергілерге жол бермеу бағытындағы жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады және осы мақсатта «бір терезе» қағидасына сәйкес арнайы бөлме бөлініп азаматтар мен
кәсіпкерлердің өтініштері, шағымдары бойынша жұмыс жүргізуге жағдай жасалынған. Жаңаарқа
Д.Ахметов, Р.Балкенов
Ш.Хамзе, Ө.Кенжетаев
Д.Ахметов, Е.Мамбетов
Ш.Хамзе, А.Амабаев
С.Күлмағанбетов,Д.Жаркенов
С.Күлмағанбетов, Ж.Тәжитов
Ж.Бөгенбаев, С.Баязитов
Ш.Хамзе, Ж.Бөгенбаев,С.Баязитов
М.Жандәулетов,
Б.Мұқанов
Ж.Бөгенбаев, Р.Түсіпов
М.Жандәулетов,
Б.Мұқанов
Ж.Бөгенбаев, Р.Түсіпов
МІНДЕТ - ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ
01.11.2015 ж.
Ж.Бөгенбаев,
Д.Ахметов,
М.Ибраев, А.Отарбаев
М.Жандәулетов,
Ю.Бекқожин
М.Жандәулетов
Орындалысы туралы
мәлімет
А.Жылқыбаев
аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы рұқсат беруді қажет ететін құжаттарды
уақытылы дайындау үшін айтарлықтай жұмыс атқарды. Басқармаға есеп беру жылы 107 азаматтар мен
жауапты тұлғалардың өтініштері түсті. Олардың 103 мемлекеттік қызмет көрсету үшін, ал 4-і шағым.
Өтініштердің барлығына жауап уақытында берілді. 2014 жылы МСЭҚКД басқармасының мемлекеттік
қызметкерлеріне азаматтар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Басқарма бойынша жүргізілетін жоспарлы
тексерістер бас прокуратураның сайтына ілінген, сондықтан кез келген нысан өзіне жоспарлы тексерістің
қай уақытта жүргізілетінін біліп отыруына болады. 2014 жылы 171 жоспарлы тексеріс жүргізілді. Бұдан
басқа жоспардан тыс тексерістер де жүргізіліп тұрады, мысалы: 2014 жылы 129 жоспардан тыс тексеріс
жүргізілді, оның 34% санитарлық қадағалау қызметінің бастамасы бойынша болса, 66% азаматтар мен
кәсіпкерлердің өздерінен түскен өтініштер бойынша жүргізілді.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы Комитет дайындаған тұтынушылардың құқықтарын қорғау аумағында жүргізілетін іс
шаралардың жоспарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерімен 6 семинар өткізді, мемлекеттік мекемелер мен
кәсіпкерлік субъектілер қатысқан 6 дөңгелек стол өткізді, жергілікті газетке 5 мақала берілді. Осы
өткізілген шаралар барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жүргізілетін іс
шаралардың бағыты, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет жасау үшін жағдайды жақсарту
жөніндегі түбегейлі шаралар туралы 27.02.2014 жылғы Президенттің №757 Жарлығы, мемлекеттік қызмет
көрсету барысында кездесетін мәселелер туралы айтылып талқыланды. Тұтынушылардан түсетін өтінішшағымдарды талқылағанда олардың басым көпшілігі «тағам өнімдерін сату», «қоғамдық тамақтану»,
«тұрмыстық қызмет көрсету», «көліктік қызмет көрсету», «медициналық қызмет көрсету» «байланыс
қызметі» салалары бойынша болатындығы анықталынды. Аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы жұқпалы аурулармен науқастануды азайту, кәсіпке байланысты ауруларды болдырмау, халықты
сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, басқарма мамандарының біліктілігін жетілдіруді жалғастыруды алға
қойған негізгі міндет етіп анықтай отырып, аумақта тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында салааралық үйлестіруді, реттеу, бақылауқадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін
қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың
сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және
қадағалауды жүзеге асырады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз
ету мәселелері бойынша, яғни халықты қауіпсіз, сапалы тағам өнімдерімен қамтамасыз ету үшін
жүргізілетін іс-шараларды аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы аудандық
әкімшілікпен, «Атамекен» жеке кәсіпкерлік ассоциясы филиалымен бірлесе отырып атқарады.
Ж.Х.БЕКОВА, Жаңаарқа ауданық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына 1-қосымша
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары
4
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы,
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте
көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) төлеу
тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бірінші көбейтілген тұқым – бірінші жылғы элиталық тұқымды көбейтуден алынған тұқым;
2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымы – генетикалық айырмашылығы бар аналық нысандарды будандастырудан
алынған және гетерозис нәтижесінде шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша ең үздік аналық нысаннан
асып түсетін өсімдіктердің тұқымдары.
3. Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын аттестатталған тұқым өсіру шаруашылықтары
(импорттауды қоспағанда) өсіреді және олар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген сорттарға және (немесе) будандарға жатуы тиіс.
4. Субсидиялар сомаларын және тұқымдар мен көшеттердің әрбір түрі бойынша субсидия алушылар тізімін айқындау
үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы
органының (бұдан әрі – аудан әкімдігі) шешімімен құрамына аудан әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері, облыстың (ауданның) мемлекеттік тұқым инспекторы, салалық қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік
палаталардың өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдігі (бұдан әрі –
облыс әкімдігі) қаулысының негізінде тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) облыс әкімдігінің
қаулысымен белгіленеді.
Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың әкімдіктері оларды субсидиялаудың
бекітілген көлемі шегінде қайта бөледі.
6. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісім бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен келесі жылдың
өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нор1-қосымшада
малары аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекітіледі, олар осы Қағидаларға
көрсетілген бірінші көбейтілген мен бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (пайдалану) нормаларынан 2
еседен артық айрықшаланбауы (үлкен және кіші жағына) тиіс.
7. Өтінім берілген субсидиялар көлемі тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомалардан
артық болған кезде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді.
2. Субсидия алушылар
8. Субсидиялар:
1) тұқым өсіру шаруашылықтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші көбейтілген және
бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына
сәйкес жақын және алыс шетелден және республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып
алуға;
2) тұқым өсіру шаруашылықтарының өзі өсірген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын
егіске пайдалануға;
3) оларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құны бойынша сату шартымен элиталық тұқым
өсіру шаруашылықтарының жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге жұмсалған шығындарын
ішінара өтеуге арналған.
3. Субсидия алу шарттары
9. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде
төленеді:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі,
күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып
алуын растайтын шот-фактуралардың көшірмелерін;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының
тұқымдарын сатып алу көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесін қоса беріп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша өтінім беруі.
Бұл ретте, химиялық әдіспен жалаңаштанған мақта тұқымын сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидия алу үшін бұған қоса осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тұқымын химиялық әдіспен
тазалауға арналған шарттардың, сонымен қатар мақта тұқымын химиялық жалаңаштау әдісі бойынша орындалған
жұмыстар актінің көшірмелерін өтінімге қоса береді;
2) облыс әкімдігі бекіткен ең төменгі нормаларға сәйкес жоспарланған сорт жаңартуды қамтамасыз ету үшін қажетті
көлемдерде бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тиісті жылы сатып алу.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші осы Қағидаларға
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды бірінші көбейтілген және (немесе) бірінші ұрпақ
будандарының тұқымдарын өзі сатып алған тұқым өсіру шаруашылығы арқылы төлеу туралы өтінім беруі мүмкін.
Мұндай жағдайда субсидиялар тұқым өсіру шаруашылығына төленеді. Егер тұқым өсіру шаруашылығы арқылы бірнеше
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімі берілген жағдайда, тұқым өсіру шаруашылығы бөлімге осы Қағидаларға
6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер тізілімін ұсынады.
10. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде
төленеді: 1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20 маусымға
дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде:
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының
тұқымдарын нақты өндіру көлемдері жөніндегі тізілімнің көшірмесін;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себілген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының
тұқымдары туралы актінің көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім
беруі;
2) тұқым өсіру шаруашылығының тиісті жылы бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын себуі.
11. Осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар өтініш беруші мынадай талаптарды
сақтаған жағдайда төленеді:
1) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының бөлімге тиісті жылғы 20 маусымға дейінгі мерзімде:
жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сатуды растайтын шот-фактуралардың көшірмелерін;
осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін
нақты сату көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға
10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беруі;
2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін облыстың, Астана және Алматы қалаларының ауыл
шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы) белгілеген шекті бағадан аспайтын баға бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сату.
4. Субсидияларды есептеу тәртібі
12. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген субсидиялар осы Қағидалардың 6тармағына сәйкес белгіленген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын алқап бірлігіне сатып
алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары шегінде есептеледі.
13. Осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілер іс жүзінде пайдаланған, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жеміс-жидек дақылдары
мен жүзімнің элиталық көшеттерінің көлемі үшін әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін көшеттердің әрбір
түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде субсидиялар мөлшеріне арзандатылған құн бойынша есептеледі.
Өткізілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттері бойынша әрбір элиталық тұқым өсіру
шаруашылығына арналған квоталарды облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы тұқым шаруашылығы саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.
14. Пайыздық арақатынаста субсидиялардың мөлшерлері:
1) сатып алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші көбейтілген тұқымдардың толық құнының 50 %ына дейін және сатып алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші ұрпақ будандары тұқымдарының толық
құнының 30 %-ына дейін болуға, бірақ осы бұйрықта бекітілген бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандары
тұқымдарының 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтерінен аспауға тиіс. Мақта тұқымдарын сатып алуға (тұқым
өсіру шаруашылығының пайдалануына) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу кезінде
1 тоннаға субсидиялар нормативі тұқымдарды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық жалаңаштау
әдісі) қарай айқындалады;
2) өткізілген элиталық көшеттердің толық құнының 40 %-ына дейін болуы, бірақ осы бұйрықта бекітілген элиталық
көшеттердің 1 данасына арналған субсидиялар нормативтерінен аспауға тиіс.
5. Субсидиялар төлеу тәртібі
15. Бөлім осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде және жыл сайын 20 мамырға дейін субсидиялар алуға құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер
қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсында
және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
16. Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 12 және 13қосымшаларға сәйкес тиісті нысан бойынша субсидия алушылар тізбесін (бұдан әрі – аудан бойынша тізбе), сондай-ақ
осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері олар арқылы берілген
тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімін (бұдан әрі – аудан бойынша тізілім) қалыптастырады және оларды аудан
әкімшілігіне бекітуге жолдайды.
17. Аудан әкімдігі аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бекітеді.
14 ақпан 2015 жыл
18. Бөлім аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде облыстың
ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынады.
19. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай кезекті іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) мыналарды:
осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшасында көрсетілген субсидияларды төлеу үшін – бірінші
көбейтілген, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын облыс бойынша сатып алу (тұқым өсіру шаруашылығының пайдалану) көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
осы Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидияларды төлеу үшін – облыс бойынша жемісжидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сату көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді осы Қағидаларға 16қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды және бекітеді;
2) облыс бойынша белгіленген жиынтық актілер бойынша және субсидиялардың белгіленген мөлшерлерінің негізінде
төлеуге жататын субсидиялардың көлемдерін анықтайды. Бұл ретте облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы облыс
бойынша жиынтық актілерді салыстырып тексеру нәтижесінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші
көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуды субсидиялауға өтінімдерді өздігінен беру және
осы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімді тұқым өсіру шаруашылықтары арқылы беру фактілері
анықталған жағдайда осы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомоске
қоспайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімі сол арқылы берілген тұқым өсіру шаруашылығын субсидиялар төлеуге
арналған жиынтық ведомоске қосудан бас тартылған жағдайда, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тұқым өсіру
шаруашылығына тұқымдардың нарықтық құны мен ол төлеген сома арасындағы айырманы төлейді.
Тұқым өсіру шаруашылықтарының бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тиесілі субсидияларды көрсетілген тұқым өсіру шаруашылықтарына төлеу туралы өтінімдер ұсынған басқа облыстың ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілеріне өткізу фактілері болған жағдайда, аумағында тұқым өсіру шаруашылықтары
орналасқан облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы облыс бойынша тұқым өсіру шаруашылықтарының субсидиялар
төлеуге жиынтық тізілімін осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды және субсидиялар төлеуге
арналған жиынтық ведомоске осы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қосуға жол бермеу мақсатында оны
аумағында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістік алқаптары орналасқан облыстың ауыл шаруашылығы
басқармасына жолдайды;
3) мынадай шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар төлеуге:
сатып алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының
тұқымдарына осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген элиталық көшеттерді өсіруге (әрбір элиталық тұқым өсіру
шаруашылығына белгіленген квота шегінде) осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомостерді қалыптастырады және бекітеді.
20. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті жиынтық ведомості бекіткеннен кейін он жұмыс күні ішінде
төлемдер жөніндегі жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоты қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда екі данада ұсынады, ал төлем шоттарын «ҚазынашылықКлиент» ақпараттық жүйесі бойынша өткізген кезде төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды.
6. Субсидиялау жөніндегі есептілік
21. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Министрлікке бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 15
шілдеден кешіктірмей, ал жылдың қорытындысы бойынша есептіден кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат ұсынады.
Тұқым шаруашылығын дамытуға берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат облыстар әкімдіктерінің интернет-ресурстарында осы Қағидаларға
20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына бір рет тиісті жылғы
31 желтоқсаннан кешіктірмей орналастырылады.
2015 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қажетті жанар
жағар маймен қамтамасыз ету үшін
ЖШС «Казмұнайгаз өнімдері» арқылы босатылады байланыс телефоны 8-7212-33-07-49
№
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
Ауылдық округі
Айнабұлақ
Айнабұлақ
Айнабұлақ
Айнабұлақ
Айнабұлақ
Қарагаш
Целинный
С.Сейфуллин
С.Сейфуллин
Байдалы би
Байдалы би
Байдалы би
Байдалы би
Байдалы би
Байдалы би
Байдалы би
Байдалы би
Байдалы би
Байдалы би
Байдалы би
Байдалы би
Байдалы би
Бидайық
24 Байдалы би
Барлығы
Шаруа
қожалығы
" Енбек "
" Асқар"
"Арай"
"Айнабулак"
"Данияр"
"Жанболат"
"Бірлестік"
"Тулпар"
"Зергер"
"Ескене"
"Шалекен"
"Мұратхан-2"
"Жарас"
"Нурхан"
"Жалғас"
"Турар"
"Қанат"
"Қолқанат"
"Мақсат"
"Мереке"
"Телжан"
"Дарибай"
"Жампейіс
МТС "Жанаарка"
Аты -жөні
А.Ускембаев
С.Саққұлақов
М.Сартбасов
А.Абюров
О.Жубанов
Р.Арфилова
К.Ахметов
И.Ахметжанов
А.Аманжолов
А.Төлеуов
О.Сатжанов
А.Омаров
Ж.Амангалиев
А.Жакупов
А.Амангалиев
Ж.Муханов
М.Оспанов
А.Жумагулова
Ф.Мукажанов
К.Кыпшақбаев
К.Ахмолдин
А.Дарбаев
Б.Жампейісов
Қажетті жанар жағар май
(тн)
25
1,1
3,5
15
9,4
120
2,8
9,2
3,5
25
4,6
1,1
1,5
1,4
1,4
7,6
2,3
3,5
2,3
1
1,1
1,1
4,6
40
288
Д.АХМЕТОВ, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы
Управление государственных доходов по
Жанааркинскому району
приглашает начинающих предпринимателей на
единый день консультаций
Комитетом государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан запланирована республиканская акция Единый день консультаций для начинающего предпринимателя.
В целях пропаганды налогового законодательства, повышения информированности налогоплательщиков по налоговым вопросам в том числе путем доведения до их сведения положений налогового законодательства изменений и дополнений и положительного отношения к
обязанности и пониманию «платить налоги», развития налоговой грамотности среди населения» а также повышения налоговой культуры среди налогоплательщиков Казахстана.
Управление государственных доходов по Жанааркинскому району сообщает о проведении
единого дня консультаций каждый четверг с 26 февраля 2015 года с 09.00 до 18.00 часов.
Всем желающим будет предоставлена возможность получит консультаций от специалистов
управления государственных доходов по Жанааркинскому району по следующим темам:
- регистрация индивидуальных предпринимателей;
- прекращение деятельности индивидуальных предпринимателей;
- применение контрольно кассовой машины и POS-терминалов;
- применение специальных налоговых режимов;
- порядок представление и заполнения форм налоговой отчетности;
- лицензирование отдельных видов деятельности;
- легализация имущества и капитала.
А также другие интересующие вас вопросы.
Место проведение акции :
Управление государственных доходов по Жанааркинскому району,
пр. Независимости № 4.каб 11.
Справки по телефону: 26076
14 ақпан 2015 жыл
5
АДАМ. ҚОҒАМ. ЗАҢ.
Новый этап в противодействии коррупции
Ата-аналардың құқықтары мен
рование уровня антикоррупционной кульміндеттерінің теңдігі
туры, развитие международного сотрудниче-
Противодействие коррупции является важнейшим стратегическим приоритетом государственной политики Казахстана.
В целях дальнейшего определения основных
направлений антикоррупционной политики
государства Президент Казахстана Нурсултан
Назарбаев своим Указом от 26 декабря 2014
года утвердил Антикоррупционную Стратегию республики на 2015-2025 годы.
Документ возводит коррупцию в ранг прямой угрозы национальной безопасности и нацеливает государство и общество на
объединение усилий в борьбе с этим негативным явлением.
Антикоррупционная политика Казахстана,
сформировавшаяся
за
годы
независимости,носит последовательный и целенаправленный характер. Залогом её успеха
является сильная политическая воля Президента страны Н.А. Назарбаева.
В 1998 году Казахстан одним из первых в
СНГ принял Закон «О борьбе с коррупцией»,
определивший цели, задачи, основные принципы и механизмы борьбы с этим социальным злом. В последующем была создана
обширная нормативно-правовая база в этой
сфере. В частности, по оценкам международных экспертов, антикоррупционное законодательство Казахстана является одним из самых
эффективных в мире.
Но, результаты реализованных ранее Государственных программ борьбы с коррупцией
показали целесообразность дальнейшего проведения последовательной работы по формированию
действенных
условий,
препятствующих дальнейшему развитию
коррупции.
Необходимо помнить, что коррупция искажает экономическую и финансовую среду ведения бизнеса, уменьшает эффективность
государственного управления, стимулы к инвестициям, сдерживает экономическое развитие, порождает социальное неравенство.
Президент Н.А. Назарбаев в своем Послании
народу Казахстана «Стратегия «Казахстан2050»: новый политический курс состоявшегося государства» особо остановился на
вопросах борьбы с коррупцией.
«Государство и общество должны единым
фронтом выступить против коррупции. Коррупция - не просто правонарушение. Она подрывает веру в эффективность государства и
является прямой угрозой национальной безопасности. Мы должны резко усилить борьбу
с коррупцией, в том числе посредством совершенствования антикоррупционного законодательства, чтобы достичь нашей конечной
цели - искоренить коррупцию как явление», подчеркнул Глава государства.
Обращение Президента РК стало мощным
импульсом для дальнейшего развития системы противодействия коррупции.
В Антикоррупционной Стратегии ведущая
роль в ближайшее десятилетие отводиться
комплексным мерам превентивного характера, способным коренным образом сократить уровень коррупции, искоренить
причины и условия, ее порождающие в разных сферах жизни государства и общества.
При этом внимание акцентировано на устранении предпосылок коррупции, а не на
борьбу с ее последствиями.
Важнейшей задачей на сегодня является продолжить формирование и реализацию
новой антикоррупционной стратегии.
Ключевые направления, основные подходы
и приоритетные меры стратегии – это противодействие коррупции в сфере государственной
службы,
внедрение
института
общественного контроля, противодействие
коррупции в квазигосударственном и частном
секторе, предупреждение коррупции в судебных и правоохранительных органах, форми-
ства по вопросам
противодействия
коррупции и мониторинг и оценка реализации стратегии.
Проблема коррупции не нова и по сей день
существует во многих странах, она различается лишь своими характерными проявлениями и масштабами. Подкуп чиновников,
использование служебных полномочий в корыстных целях являются наиболее распространенными ее видами, что является
фундаментальной задачей, которую нам всем
вместе необходимо решить.
На сегодняшний день в Казахстане ведется
активная работа по искоренению коррупции,
приобретающей все более системный характер.
Приняты комплексные меры по развитию
сферы государственных услуг и информатизации работы государственного аппарата, сокращающие прямые контакты чиновников с
гражданами и минимизирующие условия для
коррупционных явлений. Вместе с тем,государственные служащие, уличенные в совершении коррупционных деяний, невзирая на
занимаемые должности и ранги, несут ответственность по всей строгости закона. Таким
образом, успешно реализуется принцип неотвратимости наказания.
В Казахстане, помимо того, по примеру зарубежных стран, введено материальное поощрение граждан, сообщающих о фактах
коррупции. Напомню, жители Карагандинской области по ставшим известным им фактам коррупционных проявлений могут
обратиться по телефону (72-16-29 дежурная
часть межрайонного управления по делам государственной службы и противодействию
коррупции по Жезказганскому региону, а
также функционирует call centre 144). Этот
механизм показывает свою действенность, и
работа в данном направлении будет продолжена.
Предусмотренный Стратегией комплекс антикоррупционных мер должен сопровождаться широким участием общественности.
Ведь для эффективности противодействия
коррупции необходимо деятельное участие не
только уполномоченных государственных органов, но и гражданских общественных институтов.
Прежде всего, следует формировать в обществе стойкое неприятие коррупции. И, это
возможно только сообща, с привлечением
всех заинтересованных в этом сторон - государственной власти, гражданского общества
и частного сектора.
Внедрение общественного контроля, предусмотренного Антикоррупционной Стратегией будет служить действенным механизмом
профилактики коррупции.
Население должно знать, каким образом коррупция вредит обществу, какая ответственность предусматривается за совершение
коррупционных правонарушений. Таким образом, любой гражданин, прежде чем пойти
на преступление, задумается о своем будущем. Нетерпимое отношение к коррупции
должно стать гражданской позицией каждого,
а честность и неподкупность – нормой поведения.
В ближайшее время все учебные заведения,
государственные органы и гражданское общество в целом будут охвачены обучающими
антикоррупционными курсами. Именно осведомленность населения в данной сфере поможет достичь определенного результата.
Важно понимать, что без наличия у граждан
антикоррупционной культуры, стойкого иммунитета к коррупции, ее публичного порицания невозможно достижение желаемого
результата. Каждый казахстанец, каждая
семья должны понимать, что противодействие коррупции – дело всего общества. Вместе, сплотившись в едином порыве, мы
обязательно сможем победить.
Е.ЕСЕНОВ,
Управление по делам государственной
службы и противодействию
коррупции по Жезказганскому региону
Ата-аналардың өз балаларына қатысты тең құқықтары және тең мiндеттерi болады.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің
70-бабына сәйкес, ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті. Бала
тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани
дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.
Сонымен қатар, өзара келісу арқылы ата-аналар баланың тәрбиесі мен білім алуына
қатысты барлық мәселелерді баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере
отырып шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер болған кезде, бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылғандықтан, арнайы өкiлеттiктерсiз
кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары
мен мүдделерiн қорғай алады.
Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган
ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз
баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл
тағайындайды.
Тағы айта кететін жайт, егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған
не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің
75-бабына сәйкес, ата-аналар өз құқықтарынан мына жағдайларда айырылады, егер олар:
ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз
себептермен бас тартса;
өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;
балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық
жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса;
спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса.
Мұндай ата-аналық құқықтарынан айыру сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
Отбасылық қатынастарды реттейтін заңға сәйкес, ата-ана құқықтарынан айыру туралы
iстер ата-аналардың бiреуiнiң немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің, кәмелетке
толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың өтініштері, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.
Ата-ана құқықтарынан айырылған азаматтар өз баласымен туыстық фактiсiне негiзделген
барлық құқықтардан, оның iшiнде одан күтіп-бағу қаражатын алу, сондай-ақ балалары бар
азаматтар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен мемлекеттiк жәрдемақыны алу құқықтарынан
айрылуға әкеп соғады.
Сондықтан да, «Әкеден – ақыл, анадан – мейір» демекші, әрбір бала өзінің отбасының
толық болғанын қалайды. Өйткені, «Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана
болмас» -дейді дана халқымыз.
Қ.ИСАҚ, Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының бас маманының м.а.
Киік — киелі жануар
Киігіңіздің өзі оралдық, бетпақдалалық және
үстірттік болып үшке бөлінеді екен. Оны зерттеушілер біледі. Анығы — киік саны әлі де қауіпті
деңгейде тұрғандығы. Данышпан ғалымдар айтса,
киіктің азаюы тек Қазақстанның, оның ұлы
даласының ғана емес, әлемнің мәселесіне айналып
отыр: жан-жануардың әр алуан түрлері біртіндеп
құри берсе, адамзаттың да жүрімі тарылатыны рас.
Бірақ, киік алдымен бізге, біздің сарышұнағы да
азайып, құла түзге айналып бара жатқан
даламызға керек. Демек, бұл да қазақы мәселе.
Біздің өлкені негізінен бетпақдала киіктері мекендейді. Соңғы жылдары киіктерді
қорғаумен айналысатын үлкен мекемелер құрылды. Оларды қорғауға алғалы едәуір өсім
бар.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 ж. 10.11 №704 бұйрығына сәйкес, ҚР
аумағында 31.12. 2020 жылға дейін киіктерге аңшылық жасауға тыйым салынған
(ғылыми мақсатта пайдаланудан басқа).
Жаңаарқа ауданы ішкі істер бөлімінде заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, алдыналу іс-шаралар өткізу жұмыстарына байланысты Табиғат қорғау полиция тобы 2011
жылы ашылған болатын. Сонымен қатар, заңсыз аңшылықпен айналысқандарға ҚР
Қылмыстық Кодексінің 337 бабына сай қылмыстық іс қозғалады. Сонда да киелі
жануарларға мылтық кезейтіндер әлі де азаяр емес.
Бүгінде браконьерлер әбден әккіленіп, қуланып алған. Арам пиғылды ойларын жүзеге асыру
үшін күнілгері жоспар құрып, жан-жақты сайланып шығады. Соңғы үлгідегі техникалармен,
құрал-жабдықтармен, шетелдік жүрдек көліктермен қаруланған олар оңайлықпен ұстата
қоймайды. Браконьерлікпен күрестің қиындығы да осында болып отыр.
Браконьерлерге қарсы жазаны күшейтпесе, нәтижеге жету қиын. Браконьерлердің киікті
мүйізі үшін аулайтыны белгілі. Олар көбінесе мүйізі шаңырақтай киік текесін нысанаға
алады. Даланы қызыл қанға бояған қатыгездер көбіне киіктің басын ғана кесіп алып, денесін
лақтырып кетеді. Қытайда дәстүрлі медицина үшін киіктің мүйізіне дәрілік шикізат ретінде
сұраныс мықты.
Қаскөй браконьерлердің бөкендерді не үшін баудай түсіретінін осыдан-ақ бағамдай беріңіз.
Ақшаға құныққандар киіктің киесін ойлап жатқан жоқ. «Киіктің мүйізін сатып аламыз»
деген хабарландырулар қала көшелеріндегі аялдамалар мен бағаналарда әлі күнге дейін жапсырулы тұр. Мүйіз, әрине, киіктің текесінде ғана.
Демек, сол мүйіз үшін киіктің тұқымы құрып барады.Әңгімеміздің соңында айтарымыз
жануарларды жаппай қыра бермей, жанашырлықпен қарағанымыз дұрыс сияқты.
Киік — даланың киесі- деп қазақ халқы тегін айтпаса керек.
Ұ.А.ҚҰЛЫМБЕТОВ,
«Атасу кенті әкімі аппараты» ММ-сінің бас маманы
Маман кеңесі
ҚҰЖАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ ТУРАЛЫ
6
Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 20-бабы 3 тармағы, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген
Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесiнің негізінде, сонымен қатар «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсету стандарты » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28
қазандағы №1222, 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулдарының негіздерінде
көрсетіледі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі № 2 Қарағанды қаласындағы
қарттармен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне (пансионатқа)
әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдейді. Қызмет алушылардың келесідей
дәрежесі болуы тиіс: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға
теңестірілген адамдар, тыл ардагерлері, «Алтын алқа» және «Күміс Алқа» иегерлері,
жалғызбасты зейнеткермен мүгедектер.
Ол үшін қажетті құжаттар тапсыру керек:
1) қызмет алушының жазбаша өтініші ;
2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешімі
(жалғызбасты азаматтар үшін) ;
3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы
не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме
6) зейнеткерлік жастағы адам үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар
үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам
мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
8) белгіленген нысан бойынша медициналық карта;
Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік және мемлекеттік емес
қарттар үйлерінде және психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде
(ұйымдарда), әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдейді.
Өтініш мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешімі;
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы
не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
3) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
5) зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
6) белгіленген нысан бойынша медициналық карта;
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен
кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін
қызметті беруші тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған
адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
Аталған құжаттар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мекемесіне өткізіледі.
Ресімделген құжаттар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қажеттілік
тізіміне қосылады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге (ұйымдарға) мемлекеттік қызметті
көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартылады:
1)әлеуметтік қызмет көрсету үшін қабылдауға тұтынушыда медициналық қарсы
көрсетілімдердің болуы;
2) осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың бірінің болмауы;
3) көрінеу жалған құжаттама беру.
Толық ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен білуге болады.
Байланыс телефонымыз: 7-90-39,2-80-46.
Б.Ш.ИМАНУРОВА,
Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйден
әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі
Хабарландыру
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа
шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңгер консультант мамандығы бойынша 1 адам жұмысқа қабылдайды.
Қызметтік міндеттер: орман кодексі, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын
аймақтар заңдылығы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық,
қылмыстық кодекс, мемлекеттік сатып алу заңдарын жете білуі шарт.
Қойылатын талаптар: жоғарғы заңгерлік білім. Компьютерде Microsoft Office
бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Exspress, Internet Explorer жұмыс істей білу.
Жұмыс өтілі: Бір жылдан кем емес.
Азаматтық қызметке қабылдау жөнінде құрылған комиссия кандидаттармен әңгімелесу
жүргізеді.
Жұмыс орны: Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Лесхозная көшесі № 1
үй, телефон 8/71030/ 2 62 60.
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа
шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ассамблеяға арналған акция
Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына орай
Бидайық мәдениет үйінде салтанатты синхромдық акция
болып өтті. Салтанатты акцияны Бидайық ауылдық
округінің жетекші маманы М.Тілеуғабылов, халықты
құттықтау сөзімен ашып берді. Акция ауыл жастарының
өнерлерімен жалғасты, Ж.Құтжанов, патриоттық әндер
орындады."Грация" бишілер тобы жәңеде Н.Белгібекова,
Ж.Қозыбаева әр ұлттың билерін орындады. Акция
соңында
келген
конақтар
осы
акцияны
ұйымдастырушысы Э.Ким ризашылықтарын білдірді.
Н.АҚШОЛАҚОВА,
Бидайық ауылының кітапханашысы
Мәдениет жаңалықтары
14 ақпан 2015 жыл
«Зерде» ауыл төрінде
Бала кезімізде ауылдардан шалғайдағы жайлаулар мен
қыстақтардағы малшы қауымына ай сайын аудан басынан
автоклубтар келіп, киносын қойып, кітаптарын тарататын.
Өткен
ғасырдың
соңындағы
өзгерістердің
ықпалымен құрдымға кеткен автоклубтардың орынын
жаңа ғасырда «Зерде» бейнемобилі басты.
Сайдың тасындай іріктеліп, жинақталған қыз–жігіттерді ұйымдастырып, «Зерде» бейнемобиліне жетекшілік
ететін Гүлшара Оспанова жағымды жаңалықпен бөлісе,
ауылда да ауданда да жиналған көпшілікті әнмен әлдилеп,
жырмен тербетеді. Жаңа нысанның ашылу салтанаттары
мен ауылдардағы айтулы шараларда алдымен «Зерде»
бейнемобилінің автокөлігі жолға шығады. Барған жерде
көпшіліктің көңілін тауып, елмен етене болып, шараның бастанаяқ жүргізіп, сусаған жұртқа әнмен жырдан шашу шашады. Айта берсек атқарар
қызметтері көп. Олармен бірге ауылдарға әр саланың мамандары шығып, халықпен
кездесіп, мұң-мұқтаж, тілек-өтініштерін тыңдап қайтады.
Қой жылын Елбасының халыққа жолдаған Жолдауын насихаттаудан бастаған «Зерде»
тобы алдымен М.Жұмажанов ауылынан бастады. Ауыл тұрғындарымен жүздескен
зерделіктердің айтары көп. Әуелі «Ел бағыты-Нұрлы жол» кітап көрмесіне шолу жасалса, екінші «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауындағы басым бағыттарға
кеңінен тоқталды. Үшінші «Дені саудың жаны сау» бөлімінде қазіргі тұмауға қарсы
ақыл-кеңестер беріліп, скрингтік тексеріс туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілсе,
аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары А.Нығатайұлы
халықпен жүздесіп, ауылдағы партия өкілдеріне жаңа шыққан партиялық билеттерін
табыс етті.
Еліміздің жүрегі Астана десек оның алпыс екі тамырындағы жүйткіген қан - ауыл.
Елорда қазақтың шаңырағы болса оған шаншылған уық Қазақстандағы сансыз ауыл
екені бәрімізге мәлім. Қазақтың киелі өлкесі, салт-дәстүрмен, шежіресінің қайнар көзі,
құйма құлақ қариялардың таусылмас аңыздарының алып ортасы ауыл адамдарының
кең пейілімен дархан көңілінің өзі бір төбе. Шын жүректерімен соққан шапалақтары
щабыттарына –шаттық ұялатқан соң мәдениет қызметкерлері де көсіле түсті.
А.Сағындықов, А.Ақанбаев, Т.Ұлмағанбетов, М.Жаманов, Б.Қызыров, Ж.Ізтілеу, Г.Оспанова
шырқаған ән көпшіліктің көңілін көтерді. Ауыл тұрғындарының ақ батасын арқалаған
«Зерде» бейнемобилінің меңгерушісі Гүлшара Мұхатайқызымен кездесіп, тілдестік.
-Алланың пендесіне берер сыйы ерек. Жаратқанға әсем үн мен таңдайыма ән ұялатып,
талап пен талант бергеніне шүкіршілік етемін. Тағдырымда нәсібім әрі кәсібім болған
өнерім мені өрге жүздіріп келеді. Ақтоғай өлкесінің тумасымын. Шынашақтай кезімде–
ақ сахнаға шығып, өнер көрсеттім. Мектеп бітіре «Тоқырауын толқыны» ән-би ансамбілінің
құрамына қабылданып, еңбек жолымды бастадым. 1979 жылы аудандық жыл
қортындысында «Таңдаулы әнші» куәлігіне ие болып, сол кездегі облыс орталығы
Жезқазған қаласындағы «Ұлытау» ансамблінен арнайы шақырту алғанда таңданғаным әлі
есімде. Ата-анам өнер саласына жібергісі келмегенімен бой бермей облыс орталығына
келіп жаңа қызметке тұрдым. Міне, содан бергі аралықтағы өткен жылдарымның барлығы
өнер саласында екен. 2010 жылы «Зерде» бейнемобиліне көркемдік жетекші болып орналастым. 2013 жылдан бастап осы автоклубтың меңгерушісімін. Біздің негізгі бағытымыз
алыстағы елді мекендерді аралап, оларға мәдени қызмет көрсету болғандықтан жұмысымыз
жазда жанданады. Ауылдарда клуб жоқ болғандықтан далада өнер көрсетеміз. Елдің
ықыласына кенеліп, арқа-жарқа болып қауышып жатамыз. Ауыл деген береке-бірліктің
ордасы ғой, -дейді Гүлекең жымия.
-Жезқазғаннан Жаңаарқаға қалай келдіңіз? Отбасыңыз туралы айта отырсаңыз?
-Жаспыз. Үлбіреген шақ. Халықтың қошеметі. Махаббат. Өмірлік серігім өнер адамы,
Бекенмен Жезқазғанда танысып, Қараағашқа келін болып түстім. Жолдасым Бейсенбай
Оспанов
саз мектебін басқарса, мен мәдениет үйіне қызметке орналастым.
Шаңырағымызда алты бала өмірге келді. Ауылдағы таланттардың жарыққа шығуына атсалысып, сүбелі еңбек еттік. 1995 жылдары аудан орталығындағы «Назқоңыр» ансамбіліне
мүше болып, шақыртумен Бекен екеуміз қабылдандық. Бекен тума талант еді. Ол барлық
аспапты ұршықша иіріп, оранжировканы мықты жасайтын. Өзі басқарған «Ұлытау»
ансамблінің қалыптасуына, алға басуына тер төгіп, еңбек етті. Әттең арамыздан аққан
жұлдыздай ерте кетті. Содан бері міне 20 жыл осы мәдениет үйінде қызмет етудемін.
Бақытты шақ. Берекелі орда. Қимас жан. Ата-аналық міндет. Пенде пешенесіне жазғанын
көреді. Мен де ғұмыр бойы бірге боламыз деген жаннан аяқ асты айрылып қалдым.
Балаларымның ардақты әкесі, отбасымның тірегі, арқа сүйер азаматымның көз жұмғанына
көңілім сенбегенімен, өмір өз дегеніне көндірді, көндіктік. Бұрын тек аналық міндет болса,
Бекең қайтқан соң әкелік міндетті мойыныма асып, балаларымды ер жеткізуге қайраттана
кірістім.
Толыққанды
отбасының өзінде қаржы
жағынан қиындықтар кездесіп
жатады.
Жалғыз
жалақыға
қараған
бір
отбасының жоғын тауып,
қанағаттандыру
қиын
болғанымен, бағытым дұрыс
болғандықтан қиындықтарды
еңсеріп келемін. Әншілігіме,
бағдарламалар жүргізушілік,
дикторлығым қосылса андасанда шағын отырыстарды басқаратын асабалық өнерімде бар. Шүкір, мектеп бітірген
балаларымның барлығы жоғарғы оқу орынын тәмәмдады. Шынарым мен Динарам өскен
ұясынан ұшып, өз шаңырақтарын көтерді. Шынар мәдениет және тілдер бөлімінде есепші,
Динара Қарағанды қаласындағы КРЭК мекемесінде инженер. Жадыра мен Жаңагүл
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі, техникалық колледжінің
оқытушылары. Жадыра-магистрант. Қасымдағы қос құлынымның бірі - Дәмелі 10
сыныптың оқу озаты болса, кенжетайым Назым 8-сыныптың оқу озаты. Бар байлығым,
қызығым, қуанышым осы алты балапаным. Олар менің ар-ожданым, сенімді серігім.
-Алдағы жоспарларыңыз қандай?
-Жыл жаңа басталды. Біздің бірінші сапарымыз іргедегі ауылда болды. Ашылғанына
үш ай болған жаңа мәдениет үйінде өнер көрсеттік. Алда бізді ауданымызға қарасты
барлық ауылдық округтердің бөлімшелері, шағын қыстақтары күтіп тұр. Күн жылына
сапарға шығып, өз міндетімізді атқарамыз. Біз ауылдарда өнер көрсете жүріп, шалғайда
жатып ән шырқап, бұйығы тірлігін жасап жатқан таланттарды тауып, өнерін ұштаймыз.
Әр қанаттанып қалықтаған өнерпаз біздің мақтанышымыз.
-Сұхбатыңызға рахмет. Елдің тілегі, отбасыңыздың тірегі болған Сізге тек табыстар тілейміз. Өнеріңіз өрлей балаларыңыздың қызығын көріңіз.
САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
7
14 ақпан 2015 жыл
Сәкен ауылының тумасы, ауданымыздың ардақты азаматтарының бірі
Шаһизада Әбілдин 70 жасқа толып отыр. Ол жоғарғы оқу орнын бітірген соң туған ауылы С.Сейфуллин кеңшарында инженер, бас инженер қызметтерін атқарды. Тындырымды, алғыр жас
еңбекқорлығымен көзге түсіп, аудандық ауылшаруашылығы
басқармасының бас инженері, МТС-тің басшысы, С.Сейфуллин
кеңшарының директоры қызметтерін абыроймен атқара білді. Жекешелендіру кезінде аудан бойынша
шаруалар бірлестігін
басқарды.
Осылайша, ауданымыздың шаруашылығын өркендету жолында
көптеген жұмыстар тындырды. Зейнеткерлікке шыққан соң да қарап
жатпай, қоғамдық жұмыстарға араласты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің белсенді алқа мүшесі, аудан бойынша «Ақжол» партиясының
жетекшісі Шаһизада Әбілдинді торқалы тойымен құттықтай отырып, қажымас қайрат,
денсаулық, отбасына амандық тілейміз.
Аудандық ардагерлер кеңесі
Ардақты аға, қадірлі әке Тілеуғабылов Мейіржанды 13-ақпан күні
50 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз. Зор денсаулық,
ұзақ өмір, бақытты ғұмыр кешіп, әрдайым балаларының қызығын
көріп, ортамызда күліп-ойнап қартаймай жүре берсін деп тілейміз.
Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берсін кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
50 жастың құтты болсын белесі.
Тойыңыз әрқашан тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын.
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.
Ізгі тілекпен: анасы-Баян, бауырлары, нағашылары
Алатаудай ардақты әкеміз Ақыжанов Сапарғалиды 70 жасқа толған, сондай-ақ
аяулы анамыз Ақыжанова Дәметкенді 65 жасқа толған, гүлдей қыздар өсірген, білдей
ұлдар өсірген, балдай немере-жиендер сүйіп, өмір сүруге, адам болуға тәрбиелеген әке-шешемізді қос қуаныштарымен құттықтаймыз.
Әкетай - асқар тауымыз,
Анамыз - зәмзәм бұлақтай.
Алла өзі демеу болсын сіздерге,
Бақыт құсы самғасын сіздерге қарай.
Жан әке, жан ана жайнай беріңіздер,
Шалқытып шаңырақты шамшырақтай.
Жүз жасаңыздар, той әкеліп шаңыраққа,
Жарқырап отырыңыздар төрімізде.
Ізгі тілекпен: Гүлзира, Талғат-Мақпал, Дәурен-Жазира, Бекзат-Бағдат, БекназСандуғаш, немерелері: Жанерке, Жалғас, Санжар, Бексұлтан, Мөлдір, Аякөз,
Әнел, Ділназ, Жәния, Даниял
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, білікті ұстаз, оқу ісінің меңгерушісі, адал жар болып
жүрген біздің қадірлі де ардақты әріптесіміз Сыздықова Мәдина Айтбекқызын 50 жасқа
толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Деніне саулық, отбасына амандық,
шаңырағына шаттық, өмір атты айдында ғұмыр жасыңыз ғасырға дейін ұзап, қуанышың
ұзағынан болсын.
50 деген құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
Туған күнде нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз күліңіз.
Ізгі тілекпен: аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен кәсіподақ
кеңесі және Ю.Гагарин атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымы
ЕСКЕ АЛУ
Осы жылдың ақпан айының 21-жұлдызында ардақты ағамыз Тұңғышбай
Мұқатайұлы Асановтың бақилық болғанына 40 күн толғалы отыр. Саналы ғұмырын
Жаңаарқа ауданының, Бидайық ауылында өткізген Тұңғышбай Мұқатайұлы ұзақ жылдар
бойы бас мал дәрігері болып қызмет атқарды. Еліне абыройлы еңбек еткен қадірлі ағамыздың
артында ұл-қыздары, немерелері, аяулы жары қалды. Ағайынға адал, халқына сыйлы болған
ағамыздың рухына бас ие отырып, төмендегі жыр жолдарын бағыштаймыз.
Ғұмырында қалқатай деп, қалқам деп,
Өтіп едің бауырларға қалқан боп.
Халқың қалды күңіреніп артыңда,
Алып ұшты сені өзіңе шалқар көк...
Тұңғышы едің, әулетімнің тірегі,
Аппақ нұрдан жаралғандай жүрегі.
Сенің жарқын дидарыңды ұмытпай,
Ағайын-жұрт қадіріңді біледі.
Көп еді ғой... бұл өмірде арманың,
Іште кетті айтылмастан арда мұң...
Рухың сенің төрінде боп жұмақтың,
Жатқан жерің жайлы болсын, Ардағым!
Еске алушылар: Асан әулеті
Ақпанның 21 күні сағат 13.00-де Жаңаарқа ауданының «Аққу» мейрамханасында марқұм
ағамыздың қайтыс болғанына 40 күн толуына орай құран бағышталып, ас беріледі
Атасу кентінің тумасы, ардақты жан Өкімова Сара
Құсбекқызы арамызда болғанда 19-ақпанда 58 жасқа
толып, зейнетке шығар еді. Тағдырға не шара, бұл күнді
көру оның маңдайына жазылмапты. Ол әрдайым жанжағына жылуын шашып, кішіге ақылшы болып жүретін.
Ұрпақ тәрбиелеу жолында Ю.А.Гагарин атындағы орта
мектебінде өмірінің соңына дейін қызмет атқарды. Еңбегі
еленіп, «Аға мұғалім» атағына ие болды.
Сараның артында Жазирасы мен Айдыны қалды. Жазира
әкесінің туған жері Көкшетауға тұрмысқа шығып, 3 бала
тәрбиелеп отыр. Айдын ауданымыздың жылжымайтын
мүлікті тіркеу орталығының меңгерушісі қызметін атқарып, 2 баланың әкесі атанып отыр.
Ендігі жерде балаларына ғұмыр беріп, әке-шешесінің жасамаған жасын жасап, қызықты
ғұмыр кешсін деген тілегіміз бар.
Сара, сен әрдайым біздің жүрегіміздесің. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын.
Бұл өмір қойды сені сағым қылып,
Біздерді өз заңына бағындырып.
Күндер жылжып арада өтіп жатыр,
Өзіңді мәңгілікке сағындырып.
Ғұмыр, тірлік өлшеулі қысқа мына,
Түсірмесін десек те қыспағына
Жан сыздайды ауырып жүрегіміз
Басқа қолдан келетін шара бар ма?
Еске алушылар: аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен кәсіподақ
кеңесі және Ю.Гагарин атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымы
Жарамсыз деп танылсын
Шаймерденова Ақтолқын Кемелқызының атына берілген еңбек кітапшасы
жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
***///***///***
Жанаарқа ауданы Целинный селолық округі әкімінің 2004 жылғы 06-шы
тамыздағы №4 өкімі мен 09.08.2006 жылғы тіркелген кадастрлық №09-104-021-038,
жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін №С12-40 болып жазылған 31.07.2006
жылғы Абишев Амантайдың атына берілген жер АКТ-сінің жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
Әулетіміздің тірегі болған асқар таудай әкеміз
Қыдырәлі (Толя) Рахымбекұлы Бәшімовтың бұл
жалғаннан татар дәмі таусылғалы да 40 күннің жүзі болыпты. Әкеміздің балдәурен балалық шағы Ұлы Отан
соғысы жылдарымен тұстас келіп, қаршадай күнінен колхоз жұмысына жегіледі. Кәмелетке толар-толмас 16 жасында Жаңаарқа депосына келіп жұмысқа тұрған, ол
зейнеткерлікке шыққанша осы мекемеде табылжымастан
40 жыл еңбек етті. Әуелде паровоз, онан соң тепловоз машинисі болды. Өз мамандығын жетік меңгерген әкеміз I –
санатты машинист атанып, екінің біріне сеніп тапсырыла бермейтін жолаушылар поездін тасымалдады. Ерен еңбегі ескеріліп Кеңес Одағы
кезеңіндегі ең жоғары дәреже «СССР Құрметті теміржолшысы» атағын иемденді.
Өз ортасында беделі биік, абыройы асқақ болған әкеміз жастайынан спортты серік еткен
адам еді. Кезінде алдына жан салмайтын шаңғышы болғанын қатарластары қазір жыр
қылып айтады. Футбол, волейбол ойындарын да жоғары дәрежеде меңгерген еді. Содан
да болса керек ол кісі сексен жасында да өзін сергек сезінетін, еңсесі биік жүретін,
өмірінің соңына дейін еңбектен қалған емес, үй ауласындағы бақшаны баптап, қолынан
кетпені түскен жоқ.
Бүгінде асыл әкемізді сағынышпен еске алып, жатқан жерің жайлы, топырағың торқа
болсын деп тілейміз.
40 күн, әке, сені жерлегелі,
40 күн нұр жүзіңді көрмегелі.
Саған деген сағыныш сезімдері,
Мұң болып жүректерде тербеледі.
40 күн сенсіз таңның атқанына,
40 күн сенсіз күннің батқанына.
Артыңда ұл-қызыңды жабырқатып,
Жер – ана құшағында жатқаныңа.
Бүгінде бейнең көзден алыстады,
Сағыныш жүректі езіп жаныштады.
Ұрпағың өсіп-өнген кіндігіңнен
Рухына арнап дұға бағыштады.
Кетсең де көзден таса жүректесің,
Іздейміз күн артынан күн өткесін.
Иманың жолдас болып бақилықта,
Жаннатта жаныңды Алла жүдетпесін.
Еске алушылар: балалары мен немере – шөберелері, жиендері
21-ақпан күні сағат 13.00-де «Диас» мейрамханасында әкеміздің өмірден өткеніне
40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Көңіл айту
Аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және
Ынталы орта мектебінің педагогикалық ұжымы осы мектептің білім беру ісінің
үздігі, еңбек ардагері
Әбдірейімов Қазбектің
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына
қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
Акция аясында
«Қамқорлық» республикалық акциясы республикамыздың түкпір-түкпірінде өткізілуде.
Балаларға қамқорлықты басшылыққа ала отырып өткізіліп жатқан бұл акцияға
Айнабұлақ орта мектебі де атсалысуда. Мектеп ұжымындағы ұстаздар қауымы мен
ауыл тұрғындары акцияға қатысып қолдан келген көмектерін ұсынуда. Қамқорлық акциясы барысында мектеп оқушыларына оқу құралдары үлестірілді.
Қ.ҚАППАСОВА, әлеуметтік педагог
әрбие
ынша
аның
айып
енше
ң жеарова
ұмыс
алімі,
ұқық
халық
здары
иелік
КОВА
Дін - діңгегің
8
Мәуліт мерекесі
Жақында Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдың мәдениет үйінде ауыл мешітінің
имамы Б.Әбілдәнің және мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.ғ.с.) туылған айы мәуліт мейрамының құрметіне рухани кеш өтті.
Мәуліт мерекесіне ауыл ақсақалдары, мектеп мұғалімдері, мекемелердің ұжымдары,
жастар қатысты.
Рухани кешті ауданымызға белгілі өнерлі азамат Панаш Жүкенов жүргізді. Мереке
Ескене ауылының имамы М.Кәкімжановтың Құран оқуымен бастау алды. Осыдан
кейін алғашқы сөз кезегін алғандар аудандық орталық мешіттің бас имамы
Б.Нұрғалиев Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өмірбаяны туралы баяндама жасаса,
ауыл мешітінің имамы Б.Әбілдә мәуліт мерекесі жайында түсінік беріп, жиналған
қауымды мейрамдарымен құттықтады. Келесі кезекте сөз берілген ауылдық округ
әкімінің міндетін атқарушы Д.Жәркенов ауыл тұрғындарын мәуліт мерекесімен
құттықтап, отбасыларына амандық, елімізге бейбітшілік пен ынтымақ тіледі.
Кеш барысында аудандық мәдени-сауық орталығының өнер майталмандары Б.Оспанов, Б.Қызыров, Л.Жұмабекова, М.Жаманов, А.Сағындықовтар “Тәубеге келу”
атты көрерменге ой саларлықтай, тағылымы мол қойылым көрсетті. Ж.Сыздықов,
Б.Қызыров, Ф.Жәкішевтер мағынасы терең әндерімен кештің әрін кіргізді.
Кеш соңында ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Қ.Есжанов келген
қонақтарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
А.АЛПЫСОВ,
М.Жұмажанов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы
Спорттағы жетістіктер
«Шайбалы хоккейден» Кент әкімінің кубогі -2015
Ақпан айының алғашқы күндері Тәуелсіздік саябағында
шайбалы хоккейден «Кент әкімінің кубогі -2015» өткізілді.
Оған аудан мектептерінен 5 команда қатысты. Екі күнге
созылған тартысты өткен бәсекеде І орынды №132 ОМ
командасы, ІІ орынды О.Жұмабеков атындағы ОМ командасы, ІІІ орынды Ю.А.Гагарин атындағы ОМ командасы
жеңіп алды.
Қысқы президенттік көпсайыс
Жақында Қарағанды қаласында жалпы білім беретін мектеп
оқушылары арасында президенттік көпсайыстың қысқы
түрлері бойынша жарысқа Жаңаарқа құрама командасы
қатысты. Жарыс шаңғымен жүгіру 3000 м, 5000 м, мылтық ату,
кермеде тартылу, қолды бігіп-жазу түрлерінен өтті. Жарысқа
облысымыздың 8 ауданы қатысты. Әр командада 8 оқушыдан.
Жарыстың қорытындысы бойынша ІV-орынға ие болдық. І
орынды Абай ауданы, ІІ орынды Осакаровка ауданы, ІІІ орынды Бұхар Жырау
ауданы иеленді.
Конькиде жылдам сырғанау
Таяуда Тәуелсіздік саябағында конькиде жылдам сырғанаудан
оқушылар арасында спартакиада өтті. І орынды №132 ОМ, ІІ
орынды Н.К.Крупская ат.ОМ, ІІІ орынды О.Жұмабеков
атындағы .ОМ иеленді
Қазақ күресі
7-8-ақпан күндері Жезқазған қаласында 2000-2001 ж.т. арасында қазақ күресінен облыс біріншілігі өтті. Аудан намысын қорғаған палуандар төмендегідей нәтиже көрсетті. 50
кг Тынысбаев Н. І орын, 55 кг Тынысбаев С. І орын, 73 кг
Өскен Ж. ІІ орын, 38 кг Ғалымов Н. ІІІ орын, 46 кг Хамзин
Ж. ІІІ орын.
Аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Сатылады
Ералиев көшесіндегі №22 үйдің 13-ші пәтері сатылады. Пәтер 1 қабатта орналасқан,
3 бөлмелі, 2 балконы бар. Бағасы келісім бойынша. 87772994300.
Құрметті арулар!!!
Әлемдегі ең нәзік жандар аяулы аналар, қымбатты жеңгелер, қылықты қыздар
мен бойжеткендер күніне орай 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамына
5-7-наурыз күндері «Сәт» мейрамханасы керемет кештің сыйлы қонағы болуға
шақырады. Қыз-келіншектеріміздің мерейлі мерекесіне арналған кеш ән-жыр
мен әрленіп, бимен қошеметтеліп, ойын-сауық бағдарламаларымен өріледі. Сыйсияпаттар жасалынып, ақ дастархан жайылады. Тапсырыс беру 1-Наурызға
дейін қабылданады. Келіңіздер күтеміз.
Хабарласу телефондары: 2-73-90, 87085286766, 87027514346.
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, 2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52, тілшілер бөлімі
2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
14 ақпан 2015 жыл
Ел іші - өнер кеніші
Өнерлері бағаланды
Жақында «Бейбітшілік Әлемі»
халықаралық
қазақ
шығармашылық бірлестігінің
талантар академиясы Алматы
қаласында өткізген «Бала
өмірдің гүлі» атты балалар
мен
оқушылардың
республикалық фестиваліне
Қарағанды облысы атынан
қатысқан
Ғ.Жарылғапұлы
атындағы аграрлық колледжі
өнерпаздары
мен
О.
Жұмабеков атындағы орта
мектептің 6-сынып оқушысы
Қалкенова Ақниеттің өнер сайысында бақтары жанды.
«Дәстүрлі ән» жанры байқауында аграрлық колледж студенті Тілеуғабылов Арман
бас жүлдені иеленіп, талантымен көпшілікке тандай қақтырды.
С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» поэмасын бар мәнерімен, жан тебіренткен ерекше
нәзік сезіммен толғана жырлаған О.Жұмабеков атындағы орта мектептің 6- сынып
оқушысы А.Қалкенова «Көркемсөз» жанры бойынша тағайындалған бас жүлденің
иегері атанды.
«Көркемсөз» жанры бойынша сынға түсіп, белгілі ақын Қ.Смайылдың атақты
«Далалықтар» атты әсерлі әсем ырғақпен тамылжыта жырлаған аграрлық колледждің
студенті, аудандық, облыстық өнер байқауларының бірнеше мәрте жүлдегері Өсерхан
Жарқынның тілмарлық өнері бірінші орынға лайық деп бағаланды. Көркемсөз айту
шеберлігіне дайындап баптаған, колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі А.Оқасоваға алғыс сезімімізді білдіреміз. Спорт пен көркем өнердегі жетістіктерімен облыс көлеміне танымал аграрлық колледждің дарынды студенті Ром
Нұрсұлу «Би – Хореография» байқауының бірінші орын жүлдесінің жеңімпазы
болды.
Жүлдегерлеріміздің барлығы да республикалық фестивальдың «Алтын дипломымен» және бағалы сыйлықтармен марапатталып, көрермендер мен беделді
әділқазылар алқасының зор ризалығына ыстық ықыласының қошеметіне бөленді.
Үздік өнерімен облысымыздың мерейін асқақтатқан жас өнерпаздарға демеушілік
қамқорлығын жасаған Ғ.Жарылғапұлы атындағы аграрлық колледжінің директоры,
облыстық мәслихаттың депутаты Ғ.Жарылғапұлы мен жас таланттарға жетекшілік
етіп, фестивальға баптап апарған аграрлық колледждің ұстазы, әйгілі әнші
М.Қазеновке «Бейбітшілік Әлемі» халықаралық қазақ шығармашылық бірлестігінің
«Алғыс хаты» табыс етілді.
Өмірде де, өнерде де өркендерің өссін, өскелең өңірдің өнерлі өрендері!
Өз тілшімізден
ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!
ҚАЗАҚСТАНДА «ҚАУЫРТ ЖЕЛІ 114»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-КЕҢЕСШІЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Орталықтың негізгі міндеті - діни сауалдарға қатысты азаматтарға ақпарат және
кеңес беру. Сонымен қатар қажет жағдайда психологиялық көмек көрсету.
Орталық кеңес беру көмегі мен телефон қоңырауларын келесі жағдайларда
қабылдайды:
•Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға
мәжбүрлеген болса;
•Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың,
журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;
•Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі
келсе;
•Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен іс-шараларға қатысуды
ұсынған болса;
•Сізді діни бағыттағы күдікті жиындар мазалаған болса;
•Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не діни бағыттағы
ұйымдардың ықпалына түскен болса;
•Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге байланысты қиын жағдайларға
ұшыраған болса;
•Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен
көмегін қажет ететін болса.
Кеңес беру кәсіби заңгерлер, теологтар, дінтанушылар және психологтармен тәулік
бойы және дербес жүргізіледі.
ҚОҢЫРАУЛАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН НҮКТЕСІНЕН ТЕГІН
ҚАБЫЛДАНАДЫ.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Жаңаарқа ауданында «Дарын» білім беру орталығы жұмысын бастады. Бұл
орталықта 9, 10, 11 сынып оқушыларын барлық пәннен ҰБТ-ге (Ұлттық бірыңғай
тестілеу) жоғарғы санатты білікті ұстаздар дайындайды. Бұдан бөлек, жасына
шектеу қойылмастан ағылшын тілін үйренем деушілерге курс жасақталуда. Бұл
жерде базалық курс, ielts дайындау, toefl және әр үйренушімен жеке жұмыс жасау
мүмкіндігі бар. Телефон: 8 778 414 88 88, 8 702 132 33 11.
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1550 дана
Тапсырыс №9
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Другие
Просмотров
212
Размер файла
49 616 Кб
Теги
газета, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа