close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 4-5 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына керектің үлкені-газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
№4-5 (9658-9659)24-қаңтар, 2015 жыл
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Ұлы Жеңіске 70 жыл
Елбасының сыйлығы ардагерге тапсырылды
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына қадам
басқан шақта жаңа жылдың құрметіне
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ардагерлерге көңіл бөліп, арнайы құттықтау хаттарын жолдады.
Мемлекет басшысының сыйлығын
аудан әкімі ауданымыздағы екі ардагерлерге табыстаған болатын. Жаңа
жыл
қарсаңында
денсаулығын
жақсарту мақсатында Көкшеде демалыста
болған П.Тарада
ауданға
оралды.
22-қаңтар күні Елбасының ардагерлерге деген аманатын жеткізген
аудан басшысы Ғ.Омаров ардагерді құттықтап, деніне саулық тіледі.
Кешегі елбасына түскен ауыр жылдары Отан үшін от кешкен ардагерлерге деген
құрмет пен ізет баршамызға міндет екенін жеткізген аудан басшысы ардагерлердің
жағдайын біліп, оларға қолдау көрсету жылдың әр күнінде жүзеге асатынын айтып,
ардагерге алдағы 70 жылдық мерекесінде сапта болуына тілек білдірді.
ЕҢБЕК МИГРАЦИЯСЫ
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму вице-министрі С.Жақыпованың қатысуымен «ЕАЭО. Перспективалары және жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында брифинг өтті. С.Жақыпова БАҚ
өкілдерін ЕАЭО қатысушы мемлекеттерде жұмыс күшінің қозғалысын реттейтін
заңнамалық нормалармен және еңбеккер-мигранттарға берілетін кепілдіктер туралы хабардар етті. Вице-министр 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтер, тауарлар және
капиталдың, сондай-ақ жұмыс күштерінің еркін қозғалысына жағдай туғызатын
Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шарт (бұдан әрі - Келісім-шарт) күшіне
енгенін айтты. Келісім-шарт жұмыс жағдайларына; жасырын миграция ағындарын
төмендетуге; ЕАЭО шеңберінде әлеуметтік-экономикалық интеграция үрдістерін
тереңдетуге байланысты қатысушы мемлекеттердің азаматтарының тең құқықтарын іске
асыруға мүмкіндік туғызатынын хабарлады. Ерекше атап өтсек, Келісім-шарттың «Еңбек
миграциясы» деген XXVI тарауында келесі жағдайлар қарастырылған: Жұмысқа
орналасқан мемлекет аумағында еңбеккердің және оның отбасы мүшелерінің уақытша
мекендеуі (тұруы) жұмыс берушімен және (қызметтер) жұмыс тапсырушымен жасалған
еңбек және азаматтық-құқықтық шарт қолданысының мерзімімен белгіленеді. Мезгілінен бұрын шарттың бұзылуы жағдайында келген күніне 90 тәулік өткеннен кейін
еңбеккер-мигрант жұмысқа орналасқан мемлекет аумағынан шықпай-ақ 15 күн ішінде
жаңа еңбек және азаматтық – құқықтық шарт жасауға құқығы бар. Сондай-ақ, ішкі еңбек
нарығын қорғау мақсатында елдер белгілеген жұмысқа рұқсат алу рәсімдері алып тасталды.Келісім-шарт еңбеккер мигранттарын және олардың отбасы мүшелерін жұмысқа
орналасқан мемлекет аумағына кірген күнінен бастап 30 тәулік ішінде тіркеуден (келген
жерінде тіркеуге отырудан) босатады. Басқа мемлекет аумағына кіргеніне 30 тәуліктен
асқан жағдайда келген мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелуге (есепке тұруға) міндетті. Еңбеккер-мигранттарды әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру)
жұмысқа орналасқан мемлекеттің заңнамасына сай іске асырылады. 2015 жылғы 1
қаңтардан бастап жұмыс істейтін азаматтардың еңбек (сақтандыру) өтілі әлеуметтік
қамсыздандыру мақсатында жалпы еңбек өтіліне қосылатын болады. Еңбеккер мен оның
отбасы мүшелерін зейнетақымен қамтамасыз ету тұрақты тұратын мемлекеттің
заңнамасына, сондай-ақ, ұйымға мүше-мемлекеттер арасындағы жекеленген
халықаралық келісім-шарттарға сай реттеледі. 2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық
экономикалық одағы Кеңесінің шешімімен «Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы
ынтымақтастық туралы халықаралық келісім-шарт жобасының тұжырамдамасы»
мақұлданып, аталған құжат жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Еңбеккер-мигранттар мен олардың отбасы мүшелері жедел медициналық көмек (шұғыл және жедел
түрінде) және өзге де медициналық жәрдем алуға құқылы. Жұмыс істейтін мемлекет
аумағында еңбеккер-мигрантпен бірге тұратын балалары сол елдің заңнамасына сәйкес
мектепке дейінгі мекемелерге баруға құқылы. Еске сала кетейік, 2014 жылы шетелдерден
жұмыс күшін тартуға квота көлемі республиканың экономикалық белсенді тұрғынына
шаққанда 0,7% (63 мың адам) көлемінде белгіленген еді. 2014 жылғы 1 желтоқсандағы
жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар шешімімен Қазақстан аумағында 29462
шетел азаматы еңбек етті. Шетелдерден жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер саны
– 2577. Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі үлесі келесі салаларға тиесілі:
құрылыс – 11,4 мың адам (44,4%);тау кен өндіру кәсіпорындары – 3,4 мың адам
(13,4%);өңдеу өндірісі – 1,4 мың адам (5,4%).2015 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға
квота көлемі де республиканың экономикалық белсенді тұрғынына шаққанда 0,7% (63,9
мың адам) көлемінде белгіленді.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі, тел.
743500, 743241, www.mzsr.gov.kz, e-mail: press_mzsr@mail.ru; m.press@mzsr.gov.kz
Аудан әкімінің тұрғын халықпен есептік кездесулерін өткізудің
Рет
саны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
ЖЕЛІЛІК КЕСТЕСІ
Есептік кездесудің өтетін
күні және уақыты
Қызылжар кенті
26.01.2015 ж сағ 11.00
Түгіскен ауылдық округі
26.01.2015 ж сағ 15.00
Ералиев ауылдық округі
28.01.2015 ж сағ 11.00
Ақтүбек ауылдық округі
28.01.2015 ж сағ 15.30
М.Жұмажанов ауылдық округі
30.01.2015 ж сағ 11.00
Байдалы би ауылдық округі
30.01.2015 ж сағ 15.00
Целинный ауылдық округі
2.02.2015 ж сағ 11.00
Бидайық ауылдық округі
2.02.2015 ж сағ 15.00
Есептік кездесудің өтетін жері
Атасу кенті
Атасу кенті
3.02.2015 ж сағ. 11.00
06.02.2015 сағ. 11.00
Есептік кездесуді
өткізетін орын
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Н.Крупская
ат. орта мектеп
Мәдени-сауық
орталығы
ЖАҢААРҚА АУДАНЫ БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРДЫҢ
ҰСЫНЫСТАР МЕН ЕСКЕРТУЛЕР ЖАЗЫЛҒАН ХАТТАРЫН
САЛАТЫН ЖӘШІКТЕР ҚОЙЫЛҒАН ОРЫНДАР
Рет саны
1
2
3
5
6
7
8
10
11
Тұрғын халықтан түскен ұсыныстар мен ескертулерге
арналған жәшіктердің елді-мекенде орналасқан жері
Аудан әкімдігі, Атасу кенті әкімдігі, С.Сейфуллин атындағы
аудандық кітапхана, халыққа қызмет көрсету орталығының
Атасу кенті
ғимараты, аудандық пошта торабының ғимараты, аудандық
аурухана, №28 жол дистанциясы, локомотив депосы.
Қызылжар кенті
Орта мектеп ғимараты, пошта ғимараты
Ақтүбек ауылы – мектеп ғимараты, Өркендеу елді мекені –
Ақтүбек ауылдық
мектеп ғимараты, Атасу станциясы – мектеп ғимараты, Маокругі
надыр станциясы – мектеп ғимараты
Бидайық ауылдық
Оросительное ауылы - мектеп ғимараты, №69 разъез –
округі
станса ғимараты, Ақтайлақ елді мекен – мектеп ғимараты
Байдалы би ауылдық
Атасу ауылы – клуб ғимараты, №117 разъезд – станция
округі
ғимараты, Ескене елді мекені – клуб ғимараты
Ералиев ауылдық
Ералиев ауылы – мектеп ғимараты, №189 разъез – мектеп
округі
ғимараты, Жомарт стансасы – мектеп ғимараты
М.Жұмажанов
М.Жұмажанов атындағы ауыл – мектеп ғимараты, Байғұл
ауылдық округі
елді мекені – мектеп ғимараты
Түгіскен ауылдық Түгіскен ауылы - мектеп ғимараты, Кенжебай-Самай елді меокругі
кені – мектеп ғимараты
Целинный ауылдық
Орынбай ауылы - мектеп ғимараты, клуб ғимараты,
округі
Бидайық-2 елді мекені – мектеп ғимараты
Елді-мекен атауы
ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!
Аудан әкімінің, кент және ауылдық округтері әкімдерінің тұрғындармен есепті
кездесулерінің өтулеріне орай, әр тұрғынның жергілікті атқарушы органдардың
жұмыстарына байланысты ұсыныстары мен тілектерін, өтініштерін ортаға салып
хабарласуы үшін аудан әкімдігінде, барлық ауылдық округтерде арнайы тікелей
телефондар жұмыс істейді.
Ғ.Омаров
Ю.Бекқожин
Б.Мұқанов
Р.Түсіпов
Д. Жаркенов
А.Аманбаев
С.Баязитов
Ж.Тажитов
Е.Мамбетов
Ө.Кенжетаев
М.Сәдуақасов
ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ:
- аудан әкімі
- аудан әкімінің орынбасары
- аудан әкімінің орынбасары
- Атасу кентінің әкімі
- М.Жұмажанов ауылдық округінің әкімі м.а
- Ақтүбек ауылдық округінің әкімі
- Бидайық ауылдық округінің әкімі
- Байдалы би ауылдық округінің әкімі
- Ералиев ауылдық округінің әкімі
- Түгіскен ауылдық округінің әкімі
- Целинный ауылдық округінің әкімі
2-61-01
2-66-59
2-88-73
2-69-80
5-05-16
2-53-79
2-47-05
2-45-00
29539, 29613
2-34-46
2-37-61
Аудан әкімі жұмыс отырысын өткізді
14-қаңтар күні аудан әкімі Ғабдрахман Игілікұлы Омаров «Арман-100» ЖШС директоры
Н.Б.Сауранбаев, осы мекеме директорының бірінші орынбасары Г.В.Савуляк, аудан
әкімінің кеңесшісі Б.Қасенов және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Ибраевтың
қатысуларымен жұмыс отырысын өткізді. Отырыс барысында «Арман-100» ЖШС директоры Н.Б.Сауранбаев «Батыс Қамыс» кен орнында атқарылып жатқан жұмыстар
жөнінде және кен орынының бірқалыпты жұмыс істеп тұрғаны туралы хабарлама жасады. Мекеме 2014 жылды бірінші рет табысты аяқтағандығы жайлы, сонымен қатар,
биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында кен орнында салынып жатқан кен байыту
фабрикасының іске қосылып, дайын өнімді Тараз металлургия зауытына жіберетіндіктері
жөнінде хабардар етті. Жиын соңында аудан басшысы ауданымыздың экономикасының
дамуына, әлеуметтік салалардың өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Арман-100» ЖШС директоры Сауранбаев Нұрлан Батырғалиұлын аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Ауыл әкімдерінің есебі
Атқарылған жұмыстар бағаланып, атқарылар
жұмыстар сараланды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің
халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
2013 жылғы 15 тамызындағы №615 Жарлығына
сәйкес атқарушы органдардың халық алдындағы
жауапкершілігін арттыру және халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тарту
мақсатында кенттер және ауылдық округтер
әкімдері халыққа есеп беру кездесулерін 2015
жылдың қаңтар айының 14-нен бастап кеткен
болатын.
19-23 қаңтар
аралығында
ауданымызға қарасты бес ауыл Айнабұлақ,
Қараағаш, Ақтасты, С.Сейфуллин,
Ақтау
селолық округінде есептік кездесу өтті. Бұл кездесуге аудан әкімі Ғ.И.Омаров, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары, ауыл
тұрғындары қатысты. Есептік кездесулерді ашып, жүргізген аудан әкімі Мемлекет басшысының
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына жан-жақты
тоқталып, берілген тапсырмалардың іске асырылу жолдарын да айтып өтті. Сондай-ақ, өткен
жылғы кездесулерде ауыл тұрғындарынан түскен ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша
атқарылған іс-шаралар туралы, аймақтарда жүргізіліп жатқан реформалардың жүзеге асырылуы туралы баяндаған аудан басшысы жалпы ауданымыздағы жылқы жылы атқарылған іс-шаралар мен
жеткен жетістіктер туралы хабарлап, алдағы жылы атқарылатын шаралар туралы ой бөлісті.Мұнан
соң, сөз кезегін алған ауыл әкімдері 2014 жылы өз округтерінде жүзеге асырылған жұмыстар туралы баяндап берді. (Кент және ауылдық округ әкімдерінің есебі аудандық газетте жарияланған)
Ауыл әкімдерінің есебін тыңдай отырып, бір жыл ішінде көптеген жұмыстардың атқарылғанына
көз жеткіземіз.
Мәселен, Қараағаш ауылына қарасты «Кайрат - 2» шаруа қожалығында 2012 - 2015 жылдар
аралығында жалпы соммасы 900 млн теңгеге малды, ірі – қара, жылқы, ешкі – қой малдарын жайылымда жайылу негізінде дамыту, «Жанболат» шаруа қожалығында 2013 - 2016 жылдарға, жалпы сомасы 620 млн. теңгеге инвестициялық жоба іске асырылуы жоспарлануда.
«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасының І – ші бағыты «Инфрақұрылымды және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша Атасу кенті мен Қараағаш ауылыдық округінің арсындағы 27 шақырым грейдер жолына асфальт төсеу үшін бюджеттен өткен жылы 281 млн 300 мың теңге бөлініп, жолдың 13,700 км
асфальтпен төселді. Жолдың қалған 14 шақырымына 2014 жылы Республикалық бюджеттен 299,8
млн теңге, облыстық бюджеттен 33,3 млн теңге бөлініп, қазан айында жол толығымен аяқталып, халық
игілігіне пайдалануға берілді. Орман шаруашылығы елді мекенінде бастауыш мектепке ағымдағы
жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ал, Ақтау ауылында 173 млн. теңгеге «Ақбұлақ» ауыз су бағдарламасы бойынша су тартылып, су
құбырлары барлық
үйлерге
кіргізілді.
Демеушілердің қаражатына жарамсыз болып
қалған бұрынғы дүкен мен қонақ үйдің
ғимараттары күрделі жөндеуден өткізіліп,
әкімшілік және тұрмыстық қызмет орталығы
болып қайта пайдалануға берілді.
С.Сейфуллин ауылындағы Ынтымақ орта
мектебінің жылу қазандығы демеушілік жолмен күрделі жөндеуден өтіп, биыл мектеп
оқушылары мен ұстаздары жылы кабинеттерде оқып жатыр.
Ауыл әкімдері биылғы жылы да ауыл
халқының жағдайын жақсарту мақсатында
көптеген жұмыстардың жүзеге асырылатынын
айтты. Аудан әкімі Ғ.И.Омаров тұрғындар тарапынан жазбаша және жиын үстінде ауызша айтылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауап беріп,
олардың дер кезінде орындалуын тиісті мекеме басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырды.
Аталған ауылдарда өткен жиындарға қатысқан ауыл тұрғындары бұрынғыдан жағдайдың көп
жақсарғандығын, өздеріне қажетті тұрмыстық –әлеуметтік көмектердің дер кезінде көрсетілетініне
ризашылықтарын білдірісті. Ауыл халқының жағдайын ойластырып, үкімет тарапынан қажетті
салаларға жеткілікті қаражат бөлгізіп отырған Елбасына, берілген тапсырманың уақытылы орындалуын қадағалап, іске асырып отырған аудан әкіміне алғыс айтты.
Өз тілшімізден
Қазақстан халқы ассамблеясына - 20 жыл
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан
Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы
жанындағы консультативті-кеңесші орган болып тіркелді. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын
алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған
Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған,
тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты
дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық
диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық
қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге
мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың
этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар
ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы
әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел
Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін
айқындайды.Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып,
республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.Ассамблея
қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық
және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай
кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.Бүгінде республикада Қазақстан
этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени
бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15
тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар, 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай
өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22
этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін
оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер
ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және
неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа
кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі
мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет
этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа
кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар
мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады.
К.Ө.Жақыпова,
аудандық мұрағаттың мұрағатшысы
2
24 қаңтар 2015 жыл
Мемлекеттік сатып алу мәселесі талқыланды
15-қаңтар күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында 2014 жылғы мемлекеттік сатып алу қорытындысы және
2015 жылғы жоспары туралы семинар-кеңес өтті. Жиналысты аудан әкімі Ғабдрахман Игілікұлы Омаров
ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары және
мемлекеттік органдардың есепшілері қатысты.
Күн тәртібіне 2014 жылғы мемлекеттік сатып алу қорытындысы және 2015 жылғы жоспары туралы мәселе
қойылды. Аталған мәселе бойынша алғаш болып аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
А.Жылқыбаев баяндама жасады. Баяндама барысында 2014 жылы тауар, жұмыс, қызмет түрлерін мемлекеттік сатып алуға 2048228,0 мың теңге, оның 1088433,0 мың теңгесі конкурстық тәсілмен, 504643,0 мың
теңгесі бір көзден сатып алу бойынша, 320238,0 мың теңгесі баға ұсыныстарын салыстыру арқылы және
Заң талаптарын қолданбай 134914,0 мың теңге жұмсалғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, жарияланған
ашық конкурстар жайлы және осы конкурстардың қорытындысы бойынша үнемделген қаржы туралы
айтып өтті.
2015 жылдың бекітілген бюджетінде мемлекеттік сатып алуларға бөлінген қаржының көлемімен таныстырып, мемлекеттік сатып алулар номенклатурасына сәйкес 548765,0 мың теңгеге 12 конкурс жарияланатынын хабарлады. Сөзінің соңында, 2015 жылға арналған мемлекеттік сатып алу номенклатурасын
республикалық веб-порталға 15-қаңтарға дейін орналастыру керек екенін ескертті.
Келесі болып сөз алған Атасу кенті әкімінің орынбасары М.Қуанышбеков Атасу кенті әкімі аппараты
бойынша мемлекеттік сатып алулар саласында 2014 жылғы атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат берді.
Кентті дамыту мақсатында 2014-2016 жылдарға арналған кешенді даму жоспары жасалып бекітілгенін
айтып, жоспарға сәйкес 2014 жылдың басында кентті дамыту бағытындағы 4 бюджеттік бағдарламалар
бойынша қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілгенін мәлімдеді. Атап айтатын болсақ,
елді мекен көшелерін жарықтандыру жұмыстары, кенттің көше жолдарын орташа жөндеу, кентті абаттандыру және көгалдандыру, елді мекеннің санитарлық ахуалын қамтамасыз ету сияқты бағдарламалар
аясында жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.
Содан кейін, аудандық білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Қуанышбеков,
аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ш.Хамзе, аудандық мәдени-сауық орталығының директоры А.Исина, демалыс саябақтары және стадионды басқару КМҚК директоры А.Бекишовтар өз
салаларындағы күн тәртібіндегі мәселе бойынша қысқаша есеп берді.
Ұсынылған мәселе толық қаралып болған соң, Ғ.И.Омаров жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
«Нұрлы Жол» – қоғамның басты құжаты
Жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы біздің бүгінгі
өміріміздің мазмұнды айнасындай болып, тұрмысымызбен үндесіп,
қоғамның ең басты құжаты, ең ықпалды жетекші күші сапасында
қалыптасты. Сондықтан да, ел оның жариялануын әрқашан күтеді, әрі
Жолдау жобаларымен өз үміттерін жалғастырады. Бас құжаттың
шақырылуына бір кісідей жұмылып, тұтас рух қозғалысына ұласады.
Оның дәлелі – жер-жерде, ұжымдарда, адамдар арасында Жолдау жобалары мен тұжырымдарының жаппай талқылануы, күн сайын бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияланып жатқан жүздеген, мыңдаған пікірлер мен ұсыныстар тасқыны.
Оның дәлелі – халықтың жасампаздыққа жұмылып, жыл сайын игеріліп, ел еңсесін көтеріп
жүрген жаңа жұмыс орындары, бой көтеріп, өнім беріп жатқан жаңа өндіріс технологиялары,
сән-салтанаты түзеліп, өрісі кеңіп, өркендеуге бет алған ел тұрмысы.
«Нұрлы Жол» -экономикалық стратегиялық дамудың қазақстандық жолының айқын көрінісі.
Ол әр қазақтың көкірегінде, санасында, қанындағы ата-бабалардың жалғасып жатқан ұлы арманы. Сондықтан да, Президент Жолдауының осылай аталуы әрі түсінікті әрі ұлттың ұжданын
көтеріп тұр. Осы Жолдауды түсіндіру және ақпараттық сүйемелдеу мақсатында Жаңаарқа
ауданының әділет басқармасымен ақпараттық- насихат тобы құрылған.
Ақпараттық-насихат тобы алдын-ала жасалынған жұмыс жоспарына сәйкес, елді мекендерге
шығып, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстарын атқаруда.
Бұл шараның басты мақсаты: аудан көлемінде тұрып жатқан азаматтарға Жолдаудың негізгі
қағидаларын түсіндіріп, оларды жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысуға және жаңадан
қабылданған заңдарды, оның ішінде 2015 жылдың 1қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа
Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстердің
негізгі талаптарын ұғындыру.
Жиынға қатысқан азаматтардың көпшілігінің сұрақтары негізінен, қылмыстық және
әкімшілік жауапкершілік,мал ұрлығы,жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын
мүліктерінің құжаттарын қалай рәсімдеу, оларды мемлекеттік тіркеу мәселесі, халықты
құжаттандыру, азаматтық хал актілерін реттеу (аты, жөніне өзгерістер енгізу, туу туралы
куәліктер алу тәртібі және т.б.), жер телімдерін рәсімдеу, сәулеттендіру және қала құрылысы,
білім, денсаулық сақтау туралы заңнамалар, нотариалдық іс-әрекеттер жүргізу тәртібі, еңбек
даулары және экология мәселелері жайында болып келеді.
Осы шара аясында жұртшылыққа өздерінің толғандырып жүрген сұрақтары бойынша
құқықтық және заң бойынша кеңес беріледі. Аталған жұмыс өз жалғасын таба береді.
«Нұрлы Жол» - қазақтың арманы, Мәңгілік Елге жеткізер жол. «Нұрлы Жол» жаңа дәуірдегі
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздіктің ақ таңында ұзақ сапар, жасампаз жорыққа шыққан жарқын
жолы. Әрбір азамат осы жорықтың бел ортасында жүрсе біз мықты ел боларымыз хақ.
Ә.Әбдіразақов,
Жаңаарқа ауданының
Әділет басқармасының басшысы
Отбасын нығайту-тұрақтылық кепілі
2015 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның
төрайымы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық режимде Астана, Алматы қалалары мен облыстар
әкімдерінің орынбасарларымен – әкімдер жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат
жөніндегі комиссиялар төрағаларымен кеңес өтті. Гүлшара Әбдіқалықова кеңеске қатысушыларға Ұлттық комиссия
төрайымының екі орынбасары – Парламент Мәжілісінің депутаты Е.И.Тарасенконы; Орталық сайлау
комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлейменді таныстырды. Кеңесте Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол»
Жолдауының негізгі ережелерін іске асыруға арналған 2015 жылдың негізгі бағыттары белгіленді. Г.Н. Әбдіқалықова
Ұлттық комиссия ағымдағы жылғы жұмысын өңірлік дамуға барынша екпін салатынын атап өтті. Ұлттық комиссия
мен өңірлік комиссиялардың алдында үйлесімді әрі сапалы бірлескен жұмысты талап ететін маңызы зор міндеттер
тұр. Мемлекеттік хатшы кеңеске қатысушылардың назарын әйелдердің жұмыспен қамтылуы, бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсету мәселелеріне аударды. Гүлшара Әбдіқалықова:
«Еңбекке қабілетті және жұмыс істеуге мүмкіндігі бар бірде-бір әйел жұмыссыз қалмауға тиіс!» деп атап өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында, барша Қазақстан халқының бірлігі жылында отбасын нығайту жұмысы
Ұлттық комиссияның негізгі міндеттерінің біріне айналуға тиіс. Бұл жерде неке және отбасы институтын
нығайтудың, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен сақтаудың айқын дәлелі болып табылатын «Мерейлі Отбасы»
ұлттық конкурсы маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік хатшы: «Отбасыны нығайту – қоғамдағы тұрақтылықтың,
яғни елдегі татулық пен келісімнің кепілі!» деп атап өтті. Г.Н. Әбдіқалықова Ассамблея жылы, Қазақстан
Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы аясында өтетін барлық
кәсіби мерекелерді, қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды «Біздің күшіміз – бірлікте!» бірыңғай ұранды қолдана отырып өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Мемлекеттік хатшы өңірлер әкімдерінің орынбасарларына Жеңістің 70
жылдығын мерекелеу аясында Президенттің Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қолдау көрсету жөніндегі бастамаларын іске асыруды қамтамасыз етуді, соның ішінде әйелдерден шыққан соғың ардагерлерінің, майдангерлер
әйелдерінің, тылдағы еңбекші әйелдердің сіңірген еңбектерін атап өтуді тапсырды. Бұдан кейін Ұлттық комиссия
төрайымының орынбасарлары сөз сөйлеп, үйлестіретін бағыттары бойынша өзекті міндеттерге тоқталды.
Селекторлық кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова бірқатар нақты тапсырмалар
берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат
жөніндегі ұлттық комиссияның хатшылығы
Анықтама телефондары: 745967, 745965
3
Жаңаарқа ауданының әкімі Ғ.И.Омаровтың 2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының
орындалысы және 2015 жылы алда тұрған міндеттері туралы есебі
2014 жыл барша Қазақстандықтар үшін табысты да берекелі
жыл болып, мемлекетіміз экономикада, саяси жүйеде,
әлеуметтік секторда маңызды табыстарға қол жеткізді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан
халқына жолдауында «Қазақстан -2050» Стратегиясында
баяндалған елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту
жөніндегі ауқымды жоспарларды жүзеге асырудың нақты
сұлбалары мен кезеңдері көрсетілді. Онда қойылған міндеттер, үстіміздегі ғасырдың ортасына қарай республикамызды
әлемнің дамыған 30 елдің қатарына қосылуды қамтамасыз
етуге қажетті жағдай жасау үшін барлық қоғам мен
мемлекетіміздің белсенді қызметінің жаңа кезеңдерін белгіледі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалы
жаңа кезеңіне шығуы, республикамыздың соңғы он
жылдықта жүзеге асырған жетістіктерінің нәтижесі екені
анық. Кейінгі жылдары елімізде саяси бағыттар айқындалып,
қоғамымыздағы демократиялық процесстердің кеңінен дамуына жол ашылды.
Елбасымыздың «Жергілікті атқарушы органдар
басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халық
алдында биыл он бірінші жыл қатарынан есеп беруде. Осы
кездесулерде халық тарапынан қөтерілген көптеген
мәселелер мен ұсыныстар ауданның әлеуметтікэкономикалық даму бағдарламаларына сәйкес шешіліп келеді. Елбасының Жарлығына сәйкес, өткен жылы аудандық
маслихат сессияларында аудан әкімі 2 рет есеп берді.
Былтырғы 2014 жылы барлық деңгейдегі әкімдер 14 қаңтар
мен 14 ақпан айлары аралығындағы екі кент және 12 ауылдық
округте барлығы 38 есептік кедесулер өткізілді. Оған 5016
адамның қатысуы қамтамасыз етілді. Осы есептік кездесулер
барысында 139 адам сөз сөйлеп, 123 ұсыныс- тілектерін айтылды. Сонымен қатар өткен жылы аудан әкімдігіне жазбаша
берілген 432 өтініштердің 95 пайызы және ауызша айтылған
120 өтініштердің 100 пайызы орындалды.
Аудан әкімшілігінде арыз шағымдармен жұмыс істеу
мәселесі үнемі бақылауда болып, аппараттық кеңестер отырысында айына бір рет талқыланып отырды. Бұл ұсыныстар
мен тілектердің негізі –кенттегі тұрғын үй қорын ұстап пайдалану,абаттандыру,тазалық,көгалдандыру мәселелері, мал
бағылымы, тұрғын үйге жер бөлу,электр,су құбырларын
жөндеу т.б өтініш –ұсыныстар мәселелері қаралып өз шешімін тапты.
Аудандық мәслихаттың 2010 жылдың 22 желтоқсанында
өткен сессиясында бекітілген Жаңаарқа ауданының 20102015 жылдарға даму бағдарламасының орындалысы есепті
мерзімде тұрақты түрде бақылауда болып, аудан әкімінің
аппараттық кеңестерінде, аудан әкімдігі мәжілістерінде талкыланып отырды. Есептік кезеңде Елбасы, Үкмет
тапсырмаларының орындалуы үнемі қадағалауымызда болады.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамыту
мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, 2014 жылдың
қорытындысы бойынша Жаңаарқа ауданы бойынша жалпы
өнеркәсіптік өнім көлемі 9553,7 млн.теңгені құрады.
Өнеркәсіп саласындағы 8 мекеме бойынша 2015 жылдың 1
– қаңтарына өндірілген өнім көлемі 7808,9 млн теңгені құрап,
2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 124,7%-ға
орындалды. Жылдан жылға аудан бюджетінің кіріс жағының
көлемі жылдан жылға артып келеді. Атап айтқанда 2015
жылдың 1-қаңтар айына салықтық және басқадай түсімдер
1371,1 млн. тенгені құрап былтырғы жылдың осы мерзімімен
салыстырғанда 101,9%-ға орындалды. Оның ішінде: жергілікті бюджеттің орындалысы 893,5 млн тенгеге жетіп 2013
жылдың сәйкес мерзімге 108,1%-ға орындалды. «Арман
100» ЖШС 2015 жылдың 1-қаңтар айына марганец
концентратының өндіру көлемі 733,2 млн.теңгені құрап, 2013
жылдың салыстырмалы кезеңімен 75,3%-ға орындалды.«Казхром» АҚ бойынша 2014 жылдың 12 айына марганец концентраты – 2213,3 млн.теңге көлемінде орындалып, өткен
жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 120,2%-ды (2013
жылдың 12 айы -1841,9 млн.теңге) құрады.Марганец рудасы
бойынша 2015 жылдың 1 қаңтар айына -200,2 мың тонна немесе 14,1%-ға кем (2013 жылдың 12 айына-235,2 мың тонна).
«Кентөбе» ЖШС ағымдағы жылдың қазан айына барит рудасы 60,0 мың тонна (159,0 млн.тенге) көлемінде орындалады. Өңдеу өнеркәсібі «Атасу Сервис» ЖСШ 2015 жылдың
1-қаңтар айына 187,5 млн тенгеге, немесе 2013 жылмен
салыстырғанда 109,8%-ға артық орындалды. КМК Тазасу
мекемесі бойынша 2015 жылдың 1 – қаңтар айына 88,0 млн
теңгеге (587,5 мың куб/ м) немесе 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 21,9%-ға артық орындалды. «Жана-
арка-Жылу» КМК көрсетілген тарату қызметтер мен
атқарылған жұмыстар 113,5 млн тенгеге (38,6 мың Г/Кал)
орындалып 22,8%-ға артық орындалды. Жезказган Энер
осбыт ЖШС- 727,3 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың салыстырмалы кезеңіне 25,8% артық орындалды. Бүгінгі күні
ауданымыздың агроөнеркәсіптік кешенінде екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік, бір өндірістік кооператив, сонымен
қатар 735 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды. 2014
жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша 11млрд. 074 млн. теңгенің өнімі өндіріліп
отыр. Физикалық көлемнің индексі 105,5 пайызды құрады.
2015 жылдың 1-ші қаңтарына шаруашылықтардың барлық
санаттары бойынша ірі қара малдары 51923 басқа, қой-ешкі
140739 басқа, жылқы 43934 басқа, түйе 149 басқа, шошқа 111
басқа, құс 32387 басқа жетіп отыр. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту келесі іс шараларды жүзеге асыру арқылы
атқарылуда, атап айтқанда егістік көлемін әртараптандыру
арқылы біздің аудан негізінен мал шаруашылығын дамыту
аймағына жататындықтан азық – түлік қауіпсіздігінің берік
қорын жасау мақсатында егін көлемін қысқартып және
тыңайған жерлерді игеру арқылы екпе шөптің, жемдік
азықтың (арпа), майлы дақылдардың көлемін жылма жыл
ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Осы
мақсатта өткен жылы 3288 гектарға көп жылдық шөп (житняк) егілсе, үстіміздегі жылы 4000 мың гектарға егу жоспарлануда.Өнімнің шығымдылығын арттыру мақсатында
ылғал сақтау технологиясын егістік жерге қолдану көлемін
2300 гектардан 2600 гектарға ұлғайту көзделсе, бұл жоспар
толығымен орындалды. 2500 гектарға майлы дақылдар егілді.
Сол сияқты 7700 га алқаптан егін орылып, егіннің түсімі
орта есеппен әр гектардан 9,1 центнерден айналып, барлығы
7000 тонна астық жиналды. Майлы дақылдардан жиналған
өнім көлемі 1000 тонны құрады. Сонымен қатар 25 гектар
алқапқа отырғызылған жержұмырдан 375 тонна өнім жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына
үстіміздегі жылға 40 тонна көлемінде көп жылдық екпе
шөпке (житняк), сонымен қатар тұқымды жаңарту
мақсатында 300 тонна тұқымдық бидайға, 150 тонна арпа
тұқымына, 10 тонна сұлы тұқымына сұраныс берілді. Сол
сияқты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан қысқы
мал азығына тұрақтандыру қоры арқылы арзандатылған
бағамен бөлінген 1913 тонна кебектің бүгінгі күнге 610 тоннасы тасмалданып отыр. Қыс айларына жоспарланған 130
000 тонна шөп толығымен дайындалып, тасып алынды.
Заманауи инновациялық технологияларды қолдану. Тамшылатып суару әдісімен көкеніс егу 2015 жылға 10 гектар
алқапқа жоспарлануда, келешекте 40 гектарға дейін ұлғайту
көзделіп отыр. Астық өндіретін ылғалқорүнемдеу технологиясын енгізген алқап үстіміздегі жылы 2600 гектарға пайданылса, алдағы жылдары бұл алқап 3400 гектарды
құрамақшы. Ауыл тұрғындарын көкөніс өнімдерімен
қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкер «Жанғозин Т»
тамшылатып суару технологиясын пайдалану арқылы 2015
жылы 0,25 гектар жерге көкөніс өнімдерінің түрлерін
(қызанақ, қияр) егіп, осы әдіспен егудің алқабын 1 гектарға
дейін жеткізуді жоспарлап отыр. 2015 жылы ауданымызда
мал азығын дайындайтын МТС
“Жаңаарқа„ орталығын
құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қаржыландыру көздері
“ТИТЭК„ ЖШС 42 млн. теңге. “КазМит„ ЖШС 40 млн
теңге. МТС –тың мақсаты азықтық дақылдарды өсіру,
көктемгі дала және жиын - терім жұмыстарын жүргізуге
қызмет көрсету болып табылады. Сонымен қатар
ауданымыздың Ескене ауылында органикалық қалдықтарды
өңдеу арқылы электр жарығын өңдіру мақсатында
қуаттылығы 250 Квт Биогаз қондырғысын орнату үшін
ЖШС “ТИТЭК Ескене инвестициялық жобасы әзірленуде.
Қаржыландыру көздері; Жеке меншік инвестиция “ТИТЭК
Ескене„ 32 %, АҚ «ҚазАгроқаржы» 43%, АҚ әлеуметтік
кәсіпкерлік корпорацисы « Сары Арқа» – 24,2%.Жобаның
құны 388 915 766 теңге. Осы қондырғыны іске қосу арқылы
Ескене ауылын жылу энергиясымен қамтамасыз ету
сұрақтары жартылай шешілетін болады .
Техниканы жарақтандыру мәселесіде ұдайы назарымызда.
2014 жылы аудан бойынша барлығы 151 млн. теңгеге 44 бірлік әр түрлі маркалы тракторлар алынды. Оның ішінде
КазАгроҚаржы АҚ арқылы лизинг негізінде 104 млн теңгеге
33 бірілк МТЗ тракторлары алынса, өз қаражаттары есебінен
47 млн. теңгеге 11 бірлік тракторлар алынды.2014 жылы
Агроөнеркәсіп кешені субьектілерін мемлекеттік қаржылай
қолдау бағдарламасы аясында, Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған
шығындарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша 17
шаруа қожалықтарына 29 млн.726 мың теңге көлемінде
инвестициялық субсидия төленді. Бұл субсидия негізінен 100
бас аналық ірі қара малдары, немесе 100 бас аналық
жылқылары бар, сол сияқты 50 басқа арналған тауарлық сүт
фермалары бар шаруа қожалықтарына өткен жылы «Казагрофинанс» акционерлік қоғамы арқылы лизингіге алған
жаңа техникаларының құнының 50 пайызына төленіп отыр.
2014 жылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту»,
бағдарламасының аясында
ауданымыздың шаруа
қожалықтарынан 381 млн. теңгеге, сол сияқты осы
бағдарламаның негізінде «Мал шаруашылығы өнімділігін
және өнім сапасын арттыру» бойынша 274 млн. теңгеге субсидия төлеу үшін құжаттар қабылданып, облыстық ауыл
шаруашылығы басқармасына ұсынылды. Инвестициялық
жоба бойынша өткен жылы индустриалдық картаға енгізілген Ескене шаруа қожалығының 2000 басқа арналған, сол
сияқты «Қайрат – 2» шаруа қожалығының 3000 басқа
арналған мал бордақылау алаңының құрлысы аяқталып,
пайдалануға берілді. Қазіргі кезде Қараағаш селолық округіне қарасты «Жанболат» шаруа қожалығының 2000 басқа
арналған мал бордақылау алаңын салу және репродуктор
шаруашылық құру үшін аумақтық индустриалды картаға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылы Сыбаға
бағдарламасының аясында ауданымыздың 9 ш/қ «Жаңаарқа»
несие серіктестігі арқылы 61 млн. теңгеге несие алып, оған
293 бас аналық ірі қара малымен 19 асыл тұқымды бұқалар
алды. Сол сияқты «Алтын асық » бағдарламасы негізінде 1
шаруа қожалығы 3 млн. теңгеге 110 бас, тұсақ қойлармен 6
бас асыл тұқымды қошқарлар алды. Сонымен қатар «Құлан
» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы 33 млн. 250 мың
теңгеге 116 бас жас биелермен, 10 бас асыл тұқымды
айғырлар алынып, ірі қара малының тұқымын түрлендіру
мақсатында шаруа қожалықтары 30 сиырға шаққанда бір
асыл тұқымды бұқамен толықтай 100 пайызға қамтамасыз
етілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижиесінде аудан бойынша ірі қара малдарының үлес салмағы 3,1 пайызға,
жылқы малдарының үлес салмағы 5 пайызға және қой
малдарының үлес салмағы 12,4 пайызға жетті. Аудан бойынша эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін 2014
жылға бөлінген 77 млн. теңгенің көлеміндегі қаражат
толығымен игерілді. Мал түрлері бойынша дауалау және
диагностикалық зерттеулер бойынща жылдық жоспар 100
пайызға орындалды. Сол сияқты жоспарға сәйкес бірдейлендіруге тиісті 18837 бас ірі қара, 69321 бас қой-ешкі, 13875
бас жылқы, 26 бас түйе, 46 бас шошқа бірдейлендіріп,
мәліметтер қорына енгізілді. 2014 жылы жоспар бойынша
бөлінуге жататын 57 мың га жер телімінің орнына жалпы
көлемі – 187078 га жер телімдері 2 конкурс арқылы бөлініп,
атқарылған жұмыс нәтижесі 328 пайызға орындалды. Оның
ішінде:
2014
жылдың
10
ақпанда
Қазақстан
Республикасының Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес ауыл
шаруашылық мақсаттағы жер телімдерін бөлу жөнінде Байдалы би, Бидайық, М.Жұмажанов және С.Сейфуллин
ауылдық округтері бойынша конкурс өткен. Бөлімге 398
конкурстық өтініш түскен. 80 жер пайдаланушыларға - 152
жер телімдері жалпы көлемі - 68 мың 935 гектар жер телімдері бөлінді. 2014 жылдың 28 шілдесінде өткізілген конкрус
бойынша бөлімге 338 өтініш түскен. Айнабұлақ, Қараағаш,
Ақтау, Түгіскен ауылдық округтеріндегі босалқы және арнайы жер қорына қайтарылған жалпы көлемі-118143 гектар
құрайтын, (оның ішінде 2515 гектар егістік, 1014 гектар
шабындық, 110920 гектар жайылым),145 жер телімдеріне 54
жер пайдаланушыларға, оның ішінде 18 - жаңадан құрылған
шаруа қожалықтарына, конкурс арқылы өтеулі ұзақ мерзімді
жер пайдалану құқығы берілді. Жеке кәсіпкерлік саласы бойынша ауданымыз бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 12 айда - 1470, бұл 2013 жылмен
салыстырғанда 113,6% көтеріліп отыр. (2013 ж. саны 1294).
2014 жылы ашылған шағын кәсіпкерлік нысандар: 1-асхана
, 2-кафе, 1-шаштараз, 5- дүкен, 1-монша ашылып іске
қосылды. 2015 жылы ашылатын шағын кәсіпкерлік нысандар: 1 - кафе, 1 – кафе қонақ үймен, 1-кондитерлік цех, 1- сүт
цехы, 1 – тойхана, 1 – дүкен халыққа өз қызметтерін көрсетіп
отыр. Шағын және орта бизнес субъектлерінде жұмыспен
қамтылғандар:Үстіміздегі жылдың 12 айында шағын және
орта бизнес субъектлерінде жұмыспен қамтылғандар 4221
адам, 2013 жылдың 12 айымен салыстырғанда – 106,4%,
артып отыр (2013ж.-3966 адам) «Бизнестің жол картасы
2020» бағдарламасының басты мақсаты Қазіргі тұрақты
жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында
өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін
қамтамасыз ету болып табылады. Бұл бағдарлама төрт
бағыттан тұрады. Бірінші бағыт «жаңа бизнес-бастамаларды
қолдау», екінші бағыт «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру»,
үшінші бағыт «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін
төмендету», төртінші бағыт «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту».
«Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау
механизмі» аясында үстіміздегі жылда жүзеге асырылған 1жоба. Мирас және К ЖК жетекшісі Қырбасова Майра.
Сауықтыру орталығын да тіс емдеу қызметтерін көрсету.
Жүзеге асыру орны Атасу кенті. Қажет ететін қаражат көлемі
12,5 млн. теңгені құрайды. Жер көлемі жеке меншігінде.
Облыстық Үйлестіру кеңесінде жоба қолдау тапты.
Қарағанды қаласындағы екінші деңгейдегі Еуразиялық банкісімен келісім бар. Қазіргі уақытта аталған жоба «Даму
кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кепілдік бойынша қаралып,
қолдау берілді.
2015 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктерге аудан бойынша 8 жоба
ұсынылады. Қазіргі таңда жобалар қаралу үстінде. Бизнесін
жаңадан ашатын кәсіпкерлерге қаржылай грантпен қолдау
көрсету механизмі бойынша облыс әкімінің гранты - 3,0 млн
теңгеге дейін. Қазіргі таңда «Жаңадан ашылған кәсіпкерлерге
қолдау көрсету механизмі» бойынша шілде айында жобаларымызды облыстық үйлестіру кеңесінің қаралуына ұсындық
(жалғасы келесі бетте)
4
Жаңаарқа ауданының әкімі Ғ.И.Омаровтың 2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының
орындалысы және 2015 жылы алда тұрған міндеттері туралы есебі
Қазіргі таңда «Жаңадан ашылған кәсіпкерлерге қолдау
көрсету механизмі» бойынша шілде айында жобаларымызды
облыстық үйлестіру кеңесінің қаралуына
ұсындық.
Ұсынылған жобалардың ішінде облыстық Үйлестіру кеңесі
шешімі бойынша Аманқұлова Гүлшаттың полистерол бетон
шығару цех жобасын қолдады. Жоба құны - 3,0 млн теңге.
Бүгінгі күні берілетін гранттың игеру жоспарын дайындап
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамына
ұсынылды. 2014 жылдың желтоқсан айында облыс әкімінің
гранты берілді. Алдағы уақытта осындай жаңаша бағытта өз
ісін ашам деуші кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттарға
қатысуға жұмыстар жүргізілуде.
«Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту» төртінші бағыты бойынша
«Жаңадан ашылған кәсіпкерлерге қолдау көрсету механизмі»
бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-мы «БизнесКеңесші» атты жобасы бойынша ауданымыздың болашақ жеке
кәсіпкерлеріне және жеке тұлғаларға облыстық кезеңдік қысқа
мерзімді тегін оқу тренингісі бойынша ауданымызда 2014
жылдың сәуір, маусым және қыркүйек айларында 2 күндік
оқуды 87 адам оқып білімдерін жетілдіріп сертификаттар
табыс етілді.
«Жүріп тұрған бизнеске сервистік қолдау көрсету механизмі» бойынша сервистік қолдау аясында ауданнан
«Жәркешова» ЖШС (басшысы Жәркешова Г.И.) мен «Данияр» шаруа қожалығы (басшысы Орынбасарова Н.О.) енгізілді. 2011 жылы
Орынбасарова Нұргүл Оқасқызы
Германиядан арнайы келген өкілдермен тәжірибие алмасты.
Алдағы уақытта аталған механизм бойынша өтінімдер
қабылдануда.
«Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту механизмі» бойынша бірінші «Назарбаев Университеті» базасында 2012 жылы үш күндік шағын және орта бизнестің
топ-менеджмент бизнес-курсына жеке кәсіпкер Арфилова
Раушан қатысып оған сертификат берілсе, 2014 жылдың сәуір
айында «Алтын дән» ауылдық тұтыну кооперативінің басшысы Жарылғапов Ерғазы Ғазымұлына сертификат берілді.
Екінші «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша «Қайрат-2»
шаруа қожалығының бас менеджері Қадіркей Нұрлан және
«Жеңіс Асыл тұқымдық зауыты» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің коммерциялық сұрақтар бойынша бастығының
орынбасары Смағұлов Елдос Жандосұлы 2012 жылы Астана
қаласында жобаны қорғап сертификат табыс етілді. 2014
жылдың қазан айнының 24 күні Аудан әкімінің тапсырмасына
сәйкес бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімшілігінің
мәжіліс залында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
аясында кеңейтілген жиналыс өткізілді. Жиналысқа кент және
ауылдық округтің тұрғындары, кәсіпкерлер, шаруа қожалық
жетекшілері қатысты. «Техно Лизинг» ЖШС, «ЦентрКредит
банк», «Халық банктің өкілдері «Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
жолдары туралы ауданымыздың кәсіпкерлеріне және жеке
тұлғаларға мғлұмат беріп жеке қабылдаулар жүргізді.
Әлеуметтік сала бойынша 2014 жылдың 1 қаңтар айына
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесіне - 825 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп,
720 адам тұрақты жұмысқа тұрғызылды.
Жыл басынан жұмыссыздар есебінен қоғамдық жұмысқа 642 адам тартылды, жоспар бойынша – 600 адам, оның ішінде
жастар саны -284 адам, осы бағдарламаға жергілікті бюджет
есебінен бір жылға 29949,0 мың теңге бөлініп, 29948,6 мың
теңге игерілді.
Өз ісін ашуға және өз-өздерін жұмыспен қамтулары үшін 28
жұмыссыз азаматқа материалдық көмек көрсетілді.
Материалдық көмекке жергілікті бюджеттен бір жылға 2083,0
мың теңге бөлініп, 2074,2 мың теңге игерілді Осы
азаматтардың ішінен 24 адам өз істерін ашып Жаңаарқа
ауданы бойынша салық басқармасына жеке кәсіпкер ретінде
тіркелді.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша
«Жаңаарқа жылу» КМК, «Тазасу» КМК-нына нысаналы топқа
жататын 15 жұмыссыз азамат, 6 ай уақытша жұмысқа жолданды. Жергілікті бюджеттен бір жылға 1198,0 мың теңге
бөлініп, 1114,3 мың теңге игерілді.2014 жылдың 1 шілде айынан орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген 11 жас
жұмыссыз түлектер жастар тәжірибесіне жолданды.
Жергілікті бюджеттен бір жылға 1529,0 мың теңге бөлініп,
1588,3 мың теңге игерілді. Кәсіби даярлау, қайта даярлауға
жұмыссыз есебінен жыл басынан 40 адам жолданды. Жергілікті бюджет есебінен кәсіби даярлау оқуларына 2161,0 мың
теңге бөлініп, 1400,0 мың теңге игерілді. Сонымен қатар жыл
басынан 5 рет бос жұмыс орындар жәрменкесі
ұйымдастырылды. 2014 жылдың 27 ақпан айында ауданның
21 жұмыс берушілері, 70 бос жұмыс орындарын ұсынып,
жәрмеңкеге 95 жұмыссыз азамат қатысты., оның ішінде 16-29
жас аралығындағы жастар 47 адам қатысып, 12 адам тұрақты
жұмысқа жолдама алды.
2014 жылдың бірнеше рет аудандық мәдениет үйінде
мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасының барлық бағыттары
бойынша кеңес берілді. 2014 жылға атаулы әлеуметтік
көмекке жергілікті бюджеттен 15983 мың теңге,
республикалық бюджетен 13912 мың теңге қарастырылды.
Аудандық Маслихат №34/224 10.09.2014 жылғы сессиясымен
жергілікті бюджетке 11000,0 мың теңге қайтарылды, 4983,0
мың теңге игеріледі. Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек
алуға 212 отбасы өтініш берді, оның ішінде 968 адамға
тағайындалып 15895,0 мың.теңге толық төленді. 118 отбасы,
оның ішінде 618 адам жиынтық табысы кедейшілік шегінен
асуына байланысты, 10 отбасы жиынтық табысын
жасырғандақтан атаулы әлеуметтік көмек тағайындалудан бас
тартылды. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 ж. 3 отбасы
оның ішінде 7 адамға көбейді, төлем көлемі 1917,0 мың
теңгеге артты. Себебі кедейшілік деңгейінің өсуіне байланысты, төлемақы мен адам саны артты.
Азық-түлік тауарларының қымбаттауына байланысты жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
материалдық көмек көрсетілді. Биылғы жылдың 12 айында
968 адамға 18562,0 мың теңге төленді. 2014 жылды 2013 жылмен салыстырғанда 42 отбасы, оның ішінде 121 адам азайды,
төлем ақысы 1335,1мың теңгеге артты. Ұлы Отан соғысының
Жеңіс күнін атап өту қарсанында 3 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 50,0 мың тенгеден, 203 адамға 5,0 мың теңгеден,
жалпы 206 адамға 1165,0 мың теңге төленді.
2014 жылдың 15 ақпан Ауғанстаннан кеңес әскерінің
шығарылуының 25 жылдық мерей тойы қарсанында 18 Ауған
соғысының ардагерлеріне 25,0 мың теңгеден барлығы 450,0
мың теңге бір реттік материалдық көмек көрсетілді. 1 маусым
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсанында Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының базасы бойынша тіркеуде
тұрған 151 балаға 3000 теңгеден, барлығы 453,0 мың теңге.1
Қазан Қарттар күніне орай 75 жасқа келген 742 азаматтарға
2,0 мың теңгеден бірреттік материалдық көмек
көрсетілді.Барлығы 1484,0 мың теңге төленді.
8 Қазан Мүгедектер күні қарсанында 1266 - 1,2,3 топ
мүгедектеріне 3,0 мың теңгеден, барлығы 3798,0 мың теңге
бірреттік жергілікті бюджет есебінен материалдық көмек
көрсетілді.
Қарағанды қаласындағы №2 Зейнеткерлер мен мүгедектерге
арналған пансионатқа, «Дискавери-Боровое» 18 адамға шипажайына жолдама алып денсаулықтарын сауықтырды.
2014 жылдың 30 желтоқсан айына аз қамтылғандар 137 отбасы оның ішінде 557 адам есепте тіркелген. 2014 жылдың
12 айында мемлекеттік емес көздерден 175 азқамтылған отбасына 653,0 мың теңгеге материалдық (азық-түлік) көмек
көрсетілді.
Жаңа жыл қарсанында 3 ҰОС ардагерлерінің үйлеріне
барып, жаңа жыл мерекесімен құтттықтап сыйлықтар (азықтүлік жиынтығын ) тапсырылды. Туберкулез ауруына
шалдыққан 50 азаматқа 2778,0 мың теңге материалдық көмек
көрсетілді.Аз қамтылған 22 отбасына « Отау ТВ » ұлттық телеарна орнатуға 509,0 мың теңге материалдық көмек
көрсетілді.
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар
мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес 1215 адамға 9720,0 мың теңге төленді.
2015 жылға бекітілген болжау бойынша ауданның әл жуаз
халқын әл-ауқатын көтеру, белсенді жұмысқа орналастыру,
жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын дамыту,
мал басын өсіру, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар өсуіне
байланысты кедейшілік деңгейін 2013 жылдан 2015 жылға
дейін 3,8 пайыздан 3,4 пайызға дейін төмендетуін жоспарланып отыр.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» І бағыты бойынша
«Инфрақұрылымды және тұрғын үй - коммуналдық
шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды
қамтамасыз ету» үшін 2014 жылы Ынталы селосының 14
шақырым жолын жөндеу жұмыстарына 333 млн. 525 мың
тенге бөлініп, 39 жаңа жұмыс орындары ашылды, бөлінген
қаражат 100 пайыз игерілді.
Екінші бағыт - Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс
орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту: 2014 жылы
кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу мақсатында жоспар бойынша 26 адамға 78 млн. тенге қаражат бөлініп, 37 адам 80
млн. 900 мың теңге несие алды. Орындалуы 103,7 %.
Үшінші бағыт - Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде
оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға
жәрдемдесу бойынша 2014 жылы 4 млн 648 мың тенге
бөлінді. Қайта даярлау курстарына 4 млн. 699 мың тенге
бөлініп, «Аспаз» мамандығы бойынша 3 адам оқытылып,
тұрақты жұмысқа тұрғызылды.Әлеуметтік жұмыс орындарына 10 адамға 2,280 мың тенге бөлініп, толығымен игерілді.
Жастар тәжірибесіне 10 адамға 1,911 мың тенге бөлініп,
толығымен игерілді. 17.01.2014 жылы Қарағанды облысының
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеумететтік
бағдарламалар басқармасымен аудан әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа тұрғызу үшін жасалған келісімі
бойынша Жаңаарқа ауданы көлемінде 2 адамды жастар
тәжірибесіне жолдау жоспарланған, жоспар 100 пайыз орындалды.
Білім беру саласына байланысты Аудан бойынша білім беру
саласында 799 мұғалі 5371 оқушыға білім берілуде. 2014
жылға аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт
бөліміне қаралған қаржының 1938821 мың теңгесі игерілді.
2014 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 30 миллион 616
мың теңгеге Бидайық ОМ, Қараағаш БМ, Ынтымақ ОМ,
Ю.А.Гагарин, О.Жұмабеков атындағы ОМ ағымдық жөндеу
жұмыстары орындалса, кен пайдаланушы «ENRC Kazakhstan»
(ЕНРСИ Казахстан) корпорациясымен жасалған меморандум
негізінде Түгіскен және Ынтымақ орта мектептеріне 48 миллион теңгеге ағымдық, қайта жабдықтау жөндеу жұмыстары
жүргізіліп, Түгіскен ОМ бастауыш сыныптар үшін құрылысы
аяқталмаған мектеп үйі пайдалануға берілді.
Сондай-ақ Қызылжар ОМ, Атасу ОМ, Ақтүбек ОМ мектептеріне шатырлары айырбасталса, Айнабұлақ ОМ-не жылу
қазандығы ауыстырылды. 2014 жылдың маусым-тамыз айларында 19 миллион 602 мың теңге жергілікті бюджет
қаржысына «Ертөстік», «Балдырған» және «Қарлығаш»
балабақшаларында ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданның 26 мектебінде асхана жүйесімен ыстық тамақты
ұйымдастырып
3 мектепте буфеттік аспен қамтуды
ұйымдастырылды. 1-2 сыныптардан 1270 оқушы және
әлеуметтік көмекке мұқтаж 493 оқушы тегін тамақтанады. Ол
үшін жергілікті бюджеттен 2014 жылға 59 миллион теңге
қаралып, 9 айда 26 миллион 875 мың теңгесі игерілді.
Мектептен қашық тұратын оқушыларды тасымалдау мәселесі
толығымен шешілген. Аудан бойынша 6 білім мекемесінде
оқушыларды мекен-жайын ескере отырып, мектепке тегін
жеткізіп, үйіне апару ұйымдастырылған. Барлығы 103 оқушы
тасымалдануда.
Биылғы жылы дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы
өтті. «Мектепке жол» акциясында барлығы 1567 балаға
14554,0 мың теңгеге қамқорлық
көмек көрсетілді.
Меценаттардың және мекемелердің, ұйымдардың көмегімен
961 балаға 8954,0 мың теңгеге көмек берілді. Бюджеттік
қыржының есебінен 606 бала 5600,0 мың теңгеге жәрдем
алды. Биылғы оқу жылында оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендерге, оқу құралдарына және басқа да қосымша
әдебиеттерге, оның ішінде электрондық жеткізгіштерге жергілікті бюджеттен 2703000 теңге бөлінді. Биылғы оқу жылында 3, 5, 10 сыныптардың оқушылары оқулықтармен 100
пайыз қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 1,2,4,6,7,8,11 сыныптар және мектепалды сыныптар үшін мектептердің сұранысы
бойынша оқулықтар алынды.
Жаңаарқа ауданы бойынша мектептер 100 пайыз
оқулықтармен қамтамасыз етілді. Аудан бойынша 2014 жылы
білім мекемелерінің кең жолақты Интернет жүйесіне
қолжетімділігі 90%. Компьютер саны 2013 жылы-917 болса,
биылғы оқу жылында 1084, бір компьютер келетін оқушылар
саны 4,9 болып отыр.
Аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің
www.zhanaarka-edu.gov.kz Web-порталы ашылған. Оn-line режиміндегі республикалық, облыстық және аудандық
деңгейдегі интерактивті сабақтар 17 мектепте өткізіледі.
2014-2015 оқу жылында 37 жас маман жұмысқа қабылданды.
Оларға мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілетін болады.
Аудан бойынша спорттың бұқаралық түрлерін дамытып
жастардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуларына қамқорлық жасалуда.
Оқушылар арасындағы жыл сайынғы өткізілетін облыстық
спартакиадада аудан оқушы-спортшылары жоғарғы жетістіктерге жетіп келеді. Қазақ күресінен, Үстел теннисінен жүлделі
І орынды, Президенттік көпсайыстан, Баскетболдан, Волейболдан жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Республикалық жарыстарда да аудан спортшыларының мерейлері үстем болуда.
Республикалық «КокаКола –Былғары доп-2014» турнирінде
аудан оқушыларынан құралған команда І орынды иемденсе,
жасөспірімдер арасындағы Республикалық спартакиада да
осы құрамдағы футболшылар облыс намысын қорғап жүлделі
ІІІ орынмен оралды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жүлдесі
үшін өткізілген «Қазақстан Барысы» турнирінде А.Барменов
күміс белбеу иегері атанып, үлкен жетістікке жетті. Түркия
мемлекетінде ережесіз жекпе-жек спорт (панкратион) түрінен
өткен Әлем біріншілігінде Арман Дамылов І орын алды.
(Қазіргі кезде Қарағанды қаласындағы ІІА-ның ІІ курс курсанты). Аудан халқының әлеуметтік-экономикалық даму
қарқынын көтеру мақсатында біршама жұмыстар жүруде. Кейінгі жылдары түрлі әлеуметтік нысандар, спорт алаңшалары
және жаңа мектептер салынуда.
Аудан тұрғындарының өз денсаулығын нығайту,
салауаттылық өмір салтын қалыптастыру мақсатында
жүргізілетін жұмыстарға кент орталығында спорттық
нысандардың өз мәнінде жұмыс істеуі зор мүмкіндіктер
туғызуда, сонымен бірге 8 селолық округте ат спортына байланысты «Атшабар» алаңдары жасалынып, ауыл жастары
көкпар, тенге ілу және аударыспақ түрлерімен айналысуда.
Ауданымызда ат спорты түрлерімен айналысатын үйірме
ашылды.
2014 жылы кент орталығындағы С.Сейфуллин орта
мектебінің жанына және Байдалы би, Ақтүбек, Түгіскен
ауылдық аймағында көпфункционалды хоккей корттары жасалынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта аудандық білім
беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің алдында
төмендегідей міндеттер мен мақсаттар тұр. Жаңа оқу жылынан бастап (2014-2015 о.ж.) аудан мектептеріндегі білім беру
және тәрбие жұмыстары үрдісін одан әрі нығайту. ҰБТ тапсыруды басты назарда ұстай отырып, өткен оқу жылындағы
жіберілген кемшіліктер бойынша жұмыстар жүргізу және сапалы жетістіктерге қол жеткізу. Оқушылардың білім сапасын
арттыру. Функционалдық сауаттылығын көтеру. Мектептердің
материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту.
Пән мұғалімдерінің әсіресе математика, физика, химия
пәндерінің берілісін және білім сапасының көтерілуіне тиісінше ықпалдар ету бағыттары бойынша жұмыстар жүргізу.
(жалғасы келесі бетте)
5
Жаңаарқа ауданының әкімі Ғ.И.Омаровтың 2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының
орындалысы және 2015 жылы алда тұрған міндеттері туралы есебі
Мектеп басшылары мен пән мұғалімдерінің біліктіліктерін
көтеру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру. Инклюзивті
білім беруге жағдай жасау.Алдағы уақытта да аудандық білім
беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік
стандарттың талабына сәйкес оқушылардың ғылым негіздерінен білім сапасын, олардың шығармашылқпен еңбек ету
қабілеттерін
арттыру
бағытындағы
жұмыстарын
жалғастыратын болады. Медицина
саласы бойынша
Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы Қазақстан Республикасы Президентінің 29.11.2010ж № 1113 Жарлығымен бектілген
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған « Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
және Қазақстан республикасының халқына медициналық
көмек көрсету бағытында жұмыс атқаруда.
Аудан тұрғындарына медициналық көмек орталық ауруханамен, кеңестік-диагностикалық емхана, 5 дәрігерлік амбулаториясымен,4
ФАП
және 18 МП – термен
көрсетіледі.Орталық аудандық аурухана 58 төсек орындық,
онда 5 бөлімше бар, 20 төсектік күндізгі стационар жұмыс
істейді. Бөлімшелердің барлығы Бірыңғай ұлттық денсаулық
сақтау
жүйесінде
жұмыс
атқарады. Кеңестікдиагностикалық емхана аусымына 250 адам қабылдайды.
Ауруларға дәрігерлік көмек көрсету түрлерінің көлемі 22-ке
өсті . 2014 жылдан бастап медицина саласында өзгерістер
болды. Ол бұрынғы учаскелік дәрігерлердің орнына-жалпы
тәжірбиелік әдістеме бойынша көмек көрсетіледі. Яғни аудан
турғындарына 8-жалпы тәжірбиелік әдістеме бойынша білімін
жетілдірілген дәрігерлер,ауылдар бойынша -5 дәрігер ( ВОП)
көмек көрсетеді. 2014 жылдың 1 тоқсанынан бастап Бірыңғай
Ұлттық Денсаулық Сақтау жүйесінің ІІ кезеңі, яғни
амбулаториялық-емханалық көмек порталы іске қосылды.
Алғашқы медициналық санитарлық көмек ету мекемелерінің
жоспарлы түрде жіберілген жолдамалары бойынша
тұрғындарға кеңестік-диагностикалық қызмет көрсетудің қол
жетімділігін қамтамасыз ету және жедел жағдайда ережелерді сақтап, яғни алғашқы медициналық санитарлық көмек
ету мекемелері берген жолдама аясында кеңестікдиагностикалық қызмет көрсетуге негізсіз жолдануына жол
бермеу. Тұрғындар үшін тегін медициналық көмекке кепілдік
берілетін көлемде кеңестік-диагностикалық қызметін алу
үшін
белгіленген
ережелерді
сақтау
қажет.
Жедел көрсетілімсіз өз бетімен қаралғанда
кеңестікдиагностикалық қызмет көрсетудің түрлері ақылы түрде болады. Жоғарыда аталған қағидаға сәйкес аудандық орталық
аурухана 2014 жылға төмендегі облыстық және қалалық
кеңестік-диагностикалық емханалармен келісім шартқа отырды.
Облыстық
клиникалық
ауруханасының
емханасы,облыстық
диагностикалық
орталықтың
диагностикалық
зерттеулері,облыстық
жақ-сүйек
ауруханасының емханасы,облыстық балалар клиникалық
ауруханасының
емханасы,облыстық
кардиохирургия
орталығының емханасы,облыстық перинаталды орталығы,
облыстық дермато-венерология диспансерінің емханасы,Х
.Мақажанов атындағы травматология-ортопедия клиникасы,
«Мерей» жеке меншік клиникасы,Жезқазған қаласының емх а н а с ы , « О л и м п » л а б о р а т о р и я с ы .
Адандық орталық аурухана басшылығы жолдама алған
тұрғындардың кеңестік-диагностикалық қызмет алуын
қадағалап, тұрғындарға көрсеткен қызметі үшін аты аталған
емханаларға белгіленген тариф бойынша ай сайын қаржы
аударып отырады. Дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету блогі
Емханадағы диспансерлік есепте тұратын ауруларға, тегін
берілетін дәрі-дәрмектерге бөлінген қаржы 22873936,47 оның
12 айда игерілгені –22873936,47. Жоғарыда аталған
бағдарламаға сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық
көмек көрсету қызметіне басым бағытта назар аударылуда.
Селолық дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік – акушерлік
пунктер және медициналық пунктер медициналық
жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен ойдағыдай қамтамасыз етілуде. Аудан тұрғындарына нақты медициналық тұрғыда
көмек көрсету барысында телемедицинаның маңызы зор.
Ауруларға телемост арқылы кеңес жасалу үшін, «Поликом»
телеқондырғысы орнатылып,жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар аудан тұрғындарына қазіргі заман талабына сай
реографиялық, спирография, велоэргометрия, ЭХО ЭГ,
ЭФГДС және ректоскопиялық тексерістер жүргізіледі. Жылдан- жылға тұрғындардың флюрографиялық бақылаудан
өткізіліуі жақсарып келеді, соның салдарынан ауруларды
анықтап, емдеу дер кезінде қолға алынып отыр. Қатерлі ісікпен ауырғандар саны былтырғы жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 9 ауруға азайды. Медицина саласы бойынша
алда біршама атқарылатын жұмыстар жоспарға қойылып
отыр. Атап айтқанда ана өлімін болдырмау және балалар
өлімінің деңгейін азайту, туберкулез
ауруын азайту
мақсатында және асқынған түрін болдырмау үшін
тұрғындарды флюрографиялық тексерістен өткізу, скрининг
бойынша профилактикалық тексеруден өткізу. Сонымен қатар
кадрлармен толық қамтамасыз ету, атап айтқанда жетіспейтін
дәрігерлер: окулист, эндокринолог, рентгенолог, хирург, дерматолог.Материалдық-техникалық
кұрал-жабдықтармен
қамтамасыз етуді 90 пайызға жеткізу.
2015 жылға Тугіскен, Ералиев ауылдарына казіргі заман
талабына сай типтік емхана салу максатында кажетті
кұжаттар жасалынып облыстық денсаулық сақтау
басқармасына жіберілді. Аудан тыныштығының негізгі кепілі
болып саналатын қоғамдық тәртіпті қамтамсыз ету саласында
2014 жылдың 12 ай аралығында аудан аумағында қылмыстың
тіркелуі -11,7 пайызға, яғни 222-ден 196-ға төмендеген.
Былтырғы жылмен салыстырғанда 12-ден 8-ге -33,3 пайызға
ауыр және аса ауыр қылмыстар саны төмендеп, қылмыстың
ашылу пайызы 61,5 %-дан 66,7%-ға жоғарлаған. мОның
ішінде ауыр қылмыстар саны 12-ден 7-ге төмендеп,
қылмыстың ашылу пайызы 61,5 %-дан 62,5%-ға жоғарлаған.
Аса ауыр қылмыстар саны 0-ден 1-ге жоғарлап, қылмыстың
ашылу пайызы 100 % құраған. 2595 анықталған әкімшілік
құқық бұзушылықтар бойынша 10 915 674 тенге мөлшерінде
айыппұл салынып, оның 5 875 088 тенге өндірілген,
айыппұлдарды өндіру пайызы 53,8 пайыз құраған. Сондайақ, 2014 жылдың 12 ай аралығында аудан аумағында
былтырғы жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының
тіркелу саны 29-дан 27-ге /-6,9 пайызға/ төмендеген, қаза
тапқандардың саны 9-дан 7-ге /-22,2 пайызға/ төмендеген, әртүрлі дене-жарақатын алған тұлғалардың саны 31-ден 30-ға /3,2 пайызға/ төмендеген. Аталған уақытта, жол-патрульдық
полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін 1073
әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Елбасы Н.Ә Назарбаев өз Жолдауында мемлекеттік міндеті –
азаматтардың іскерлік белсенділігін жүзеге асыруына барынша мүмкіндік туғызу екенін, осы мақсатта ұлттық
құқықтық жүйені жаңартудың кезекті кезеңін бастау керектігіне аса мән берді. «Елу жылда ел жаңа» демекші заңнамалық
базаның заманға қарай жетілуі, өзгеруі заңдылық іс. Бұл
мақсатта мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
жолдауын жүзеге асыру бойынша Қылмыстық, қылмыстықпроцес, әкімшілік кодексі, жол қауыпсіздік ережесі әзірленіп,
Президентіміздің қол қоюымен өмірге жолдама алып, 2015
жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.Алдағы
уақытта құқық бұзушылықтың алдын-алу шараларын
жақсарту мақсатында тұрғын халықты кеңінен тартып, ішкі
істер саласы бойынша қылмыстың ашылу көрсеткіштерін
және іздестіру шараларын ширату, қылмыстардың алдын –алу
бойынша бағдарламалар әзірлеу, учаскелік полиция
қызметкерлерінің
халық
алдында
есеп
беруін
жалғастыру,аудандық жол полиция қызметкерлеріне аудан,
ауыл аралық жолдарды және көшедегі жол қатынаасын
бақылауды күшейту және жол көлік оқиғаларын алдын алу
мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар
ауданымызда қылмыстылықтың алдын –алу, қоғамдық
тәртіпті нығайту мақсатында барлық қоғамдық ұйымдарды,
ауылдық жерлерде ақсақалдар алқасын, мұғалімдер, аудан
ауыл жастарымен бірлесе атсалысуымыз қажет. Ауданымызда
«Қол жетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге
асыру өз жалғасын табуда. Мемлекеттік бағдарлама бойынша
Атасу кентінің солтүстік-шығысы, «Жаңа-Нұр» тұрғын алабынан 16 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Үй құрылысы 2014 жылдың мамыр айында басталып 2015
жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған. Үй құрылысына
2014 жылға жалпы 54,730 млн. теңге қаражат бөлінді. Оның
49,257 млн. теңгесі республикалық бюджеттен , 5,473 млн
теңге жергілікті бюджеттен. Тапсырысшы- «Жаңаарқа
ауданының құрылыс бөлімі». Бас мердігер – «Ниаз» ЖШС
Жаңаарқа ауданы Ынтымақ ауылы «Жасұлан» шаруа
қожалығы. Үйдің мердігерлік келісім-шарт бойынша құны
76,952 млн теңге. Бүгінгі күнге үйдің негізгі қабырғалары
көтеріліп, плиталары жабылып, сыртқы қасбеті сары және ақ
түсті силикат кірпішпен тысталуда. Бүгінгі күнге 54,730 млн
теңге игерілді. Үй құрылысы 2015 жылы өз жалғасын табады.
Атасу кенті, А.Сейдімбеков көшесі,№57, 57/1 16 және 8
пәтерлі үйлердің сыртқы инженерлік жүйлерін тарту және
ауласын абаттандыру жобасы бойынша бөлінген 15,0 млн
теңге қаражат толық игеріліп, нысан тамыз айында
пайдалануға берілді.
Атасу кетінің Жаңа Нұр тұрғын үй алабынан екі 16 және екі
8 пәтерлі үйлерге ИКИ тартуға облыстық құрылыс
басқармасымен электронды конкурс өткізіліп, конкурс
жеңімпазы «СК-Альтаир »ЖШС-мен 120,3 млн тг мердігерлік
келісім шарт жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге 900 метр су құбыры, 500 метр кәріз құбыры тартылып, жылу қазандығының каркасы тұрғызылды және
құрылыс материалдары мен бұйымдары жеткізілген. Жалпы
орындалған жұмыстар мен жеткізілген материалдар құны 85
млн теңгені құрады. Келісім-шартқа сәйкес құрылысты аяқтау
мерзімі 2015 жылдың желтоқсан айы. Құрылысқа 2014 жылы
бөлінген 16,740 млн теңге толық игерілді. 2015 жылға Атасу
кентінен мемлекеттік бағдарламаға сәйкес РБ және ЖБ
қаражаты есебінен 16 және 8 пәтерлі жалдамалы тұрғын үйлер
құрылысына және Атасу кенті Әбіл Байбосынов көшесіндегі
көп пәтерлі тұрғын үйлердің ауласын абаттандыруға қаражат
қарастырылып отыр. Жобалау жұмыстары бойынша 2016
жылға 16 және 8 пәтерлі үйлердің, 2015-2016 жылдарға Атасу
кентінің солтүстігі Жаңа Нұр тұрғын үй алабынан 75 жеке
тұрғын үй салынатын жер учаскесіне инженерлік
инфрақұрылым жобалары мемлекеттік сараптамадан
өткізілуде және 2014 жылға көп пәтерлі үйлерге инженерлік
инфрақұрылым тартуға жоба әзірлетуге тапсырыс беріліп
ТОО «СтройТех-АСД» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып,
жоба әзірленуде. Жобалар бекітілгеннен кейін бюджеттік
өтіштер берілетін болады. 2015 жылға бір 8 пәтерлі, үш 16
пәтерлі және 320 орындық бала бақша жобалау-сметалық
құжаттамаларын қабыстыруға (Привязка ПСД) аудандық бюджет есебінен 9,6 млн теңге қаражат бөлінді. Жыл аяғында
құрылыс жұмыстарының көлемі 2013 жылмен салыстырғанда
2014 жылы 106 пайыз артық орындауды болжап отырмыз.
ЖКХ Қарағанды облыстық маслихаттың 2013 жылдың 14
наурыздағы XII сессиясының №129 шешімімен бекітілген,
Қарағанды облысындағы жылу маусымына дайындық және
оны өткізу Қағидасына және аудан әкімдігінің 16 сәуірдегі
2014 жылғы № 31/01 қаулысымен 2014-2015 жылғы жылу
беру маусымына дайындық іс-шаралары бекітілген. № 1
локалдық қазандығы бойынша аудандық бюджеттен 11 млн
981 мың.теңге қаражат қарастырылған. Су жүйесі бойынш
барлық су желілерінің ұзындығы 220 шақырым, оның ішінде
2014-2015 жылы жылу беру маусымына дайындық іс-шаралары бойынша 2,2 шақырымына аудандық бюджеттен 26 млн
900 мың.теңгеге ағымдық жөндеу жұмыстары жоспарланып
толығымен аяқталды, сонымен қатар «Тазасу» КМК-на
қарасты қосымша су желілерін жөндеу жұмыстары бойынша
2000 м3 су резервуарына бүгінгі күнге 100, 150, 200 диаметрлі
задвижкалар айырбасталды, 100 кВа КТП айырбасталып, іске
қосылды.Атасу кентіндегі 1000 м3 су резервуарының 2 дана
насостары айырбасталды. Кәріз жүйесінің кәріз су айдау станциясында фикалдық насостар айырбасталды.20 дана су
құдықтарының қақпақтары орнатылды,К.Абжанов көшесіне
халықтың өтінішіне орай 800 метр су тартылды. Ақтүбек елді
мекеніндегі су насосына баратын 0,4 кВольттық ауа желсінің
200 метірі айырбасталды. Ералиев елді мекеніндегі су насосына баратын 0,4 кВольттық ауа желсінің 400 метірі айырбасталды.Түгіскен елді мекеніндегі су скважинасының насосы
айырбасталды ЭЦП 6/10 айырбасталды. Кәріз су тазарту
станциясының жылу желісі толығымен айырбасталып, бүгінгі
күнге іске қосылды. Электр желілері бойынша ауданымыз і
783 шақырым, оның ішінде 10 кВольттық электр желілері 580
шақырым, 0,4 кВольт электр желілері 203 шақырымды
құрайды. Подстанциялар саны 12 дана. Барлық электр желілерімен подстанциялары «Сакен және компания» ЖШС-нің
иелігінде,соның ішінде 2014-2015 жылы жылу беру маусымына дайындық іс-шаралары бойынша 507 шақырымына
және 6 подстанцияларға өз қаражат есебінен 2 млн.теңгеге
ағымдық жөндеу жұмыстары жоспарланып толығымен
аяқталды. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2014 жылы
Республикалық бюджеттен 467,266 млн.теңге, облыстық бюджеттен 116,817 млн.теңге бөлінді. Осы бөлінген қаражатқа
Ақтау, Бидайық, Ескене елді мекендерінің су желілерін қайта
қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Ескенеде – 8,5 шақырым, су желісі толығымен тартылдылып,
барлық үйлер суға қосылды. Мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданды. Ақтау-8,7 шақырым және Бидайық – 13.9
шақырым, су желісі толығымен тартылдылып, барлық үйлерге
су қосылды. Мемлекеттік қабылдау комиссиясымен
қабылданды. «Қайнар бұлақ» бағдарламасы бойынша 2014
жылы аудандық бюджеттен 10,0 млн.теңге,Ескене елді
мекенінің Талдыбұлақ бөлімшесінің тұрғын үйлерін таза ауыз
сумен қамтамасыз етіп, ішкі су желілерін тарту жұмыстары
жүргізілді. Жаңаарқа ауданының елді мекендерін "Өңірлерді
дамыту" бағдарламасы негізінде Республикалық бюджеттен
29,922 млн.теңге бөлініп төмендегідей жұмыстар
атқарылды.13,599 млн.теңгеге Атасу кентінің Садвакасова
және Ахметжанова көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын
жүргізу, мердігер «Жаңаарқа 2006» ЖШС Беков А.Х бүгінгі
күнге толығымен аяқталды.13,792 млн.теңгеге Қызылжар
кенті, Ынтымақ, Түгүскен, Ынталы, Бидайық, Атасу,
М.Жұмажанов, Ералиев, Орынбай және Ақтау елді
мекендерінің көшелеріне жарық шамдарын орнату
жұмыстары толығымен аяқталды, мердігері «Исаберлин Г»
ЖК. 236,0 мың.теңгеге Актасты елді мекенінің Бейбітшілік
көшесін көгалдандыру.448,0 мың.теңгеге Айнабұлақ елді
мекенінің Достық көшесін абаттандыру,1,847 млн.теңгеге
Ақтүбек елді мекеніне балалар ойын аланың орнату
жұмыстары,аталған жұмыстар толығымен аяқталды. Аудан
көлемі бойынша автокөлік жолдарын орташа жөндеу және
күтіп ұстау жұмыстары аудан бойынша жалпы ұзындығы
989,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде:361 шақырым
республикалық маңызы бар жолдар, 421 шақырым облыстық
маңызы бар жолдар, 154.1 шақырым аудандық маңызы бар
жолдар,53,2
шақырым
Атасу
кентінің
ішкі
жолдар.Республикалық маңызы бар жолдарды аудынымыз бойынша № 43 ЖПБ мекемесі қызмет жасайды. «Қызылорда –
Павлодар» 584-774 шақырым және «Жайрем – Каражал –
Атасу» 0,83-118-179 шақырым жолдарын күтіп ұстау
жұмыстарына 77 млн 536 мың 272 теңге қаралып, қазіргі
таңда толығымен игерілді. Облыстық маңызы бар «Қарағанды
– Самарка – Атасу – Айнабулак» IV санаты бойынша 61-204
және «Астана – Қорғалжын – Баршина – Шұбаркөл –
Қызылжар» 195 – 292 шақырым жолдарды күтіп ұстауға
облыстық бюджеттен бөлінген 9 млн 460 мың.теңгенің, бүгінгі
күні 9 млн 460 мың.теңгесі игерілді.
"Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасы аясында Жаңаарқа
ауданының Қараағаш ауылдық округінің Ынталы елді мекеніне 27 шақырым аудандық маңызы бар кіре беріс 13
шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге
«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында
республикалық бюджеттен
282 млн 671 мың теңгеге жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні
14 шақырым жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталды.
Аудандық бюджеттен Қызылжар кентінің ішкі 0,9 км жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына – 10,0 млн.теңгеге бөлініп
жөндеу жұмыстары шілде айында аяқталды Мердігері
«Жаңаарқа-2006» ЖШС.
(жалғасы келесі бетте)
6
Жаңаарқа ауданының әкімі Ғ.И.Омаровтың 2014 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының
орындалысы және 2015 жылы алда тұрған міндеттері туралы есебі
46 млн 177 мың.теңгеге Атасу кентінің Байғозы батыр
көшесі – 2,054 км, Т.Игликов көшесі – 0,946 км, орташа
жөндеу жұмыстары жүргізілді. мердігері «Жаңаарқа-2006»
ЖШС. Аудандық бюджеттен бөлінген 12 млн 188
мың.теңгенің аудандық маңызы бар 154,1 шақырым жолды
күтіп ұстау жұмыстарына, толығымен игерілді.
Атасу кентінің ішкі жолдарын күтіп ұстауға 7 млн 212 мың
теңге бөлінді, жұмыстарды жүргізуші «Жаңаарқа Көркем»
ЖШС. Ауылдық округ әкімі аппараттарына елді мекендердің
ішкі жолдарын қысқы қардан тазарту жұмыстарына аудандық
бюджеттен 2 млн 700 мың.теңге бөлінді. Жол қауіпсіздігін
сақтау мақсатында аудандық бюджеттен 600 мың теңгеге 60
жол белгілері орнатылады. Қыс мезгілінде аудан бойынша
қолданатын техника толығымен дайын, атап айтсақ:
«Жаңаарқа 2006» ЖШС-да – 24 техника, жанар жағар май
қоры – 4 тонна бензин, 10 тонна дизельдік отын. № 43 ЖПБ
мекемесі бойынша – 10 техника, жанар жағар май қоры – 25
тонна бензин, 35 тонна дизельдік отын. «Жаңаарқа Көркем»
ЖШС-да – 7 техника. 2015 жылға облыстық жолаушылар
көлігі және атокөлік жолдары басқармасына аудандық маңызы
бар 54 шақырым жолдарға ШПО жұмыстарына, 224 млн 172
мың 120 теңгеге бюжеттік сұраныс берілді, атап айтсақ:
Орынбай елді мекеніне 18 шақырым кіреберіс жолы 74 720
160 теңге; Ералиев елді мекеніне 11 шақырым кіреберіс жолы
45 665 550 теңге; Ынтымақ елді мекеніне 25 шақырым кіреберіс жолы 103 786 410 теңге.
Аудан әкімінің 2014-2015 жылдарға қысқы жылу беру
мерзімінің басталуы туралы 2014 жылғы 29 қыркүйектегі №
59 нқ өкіміне сәйкес 1 қазан күні 7 локалдық жылу
қазандықтарына және 50 дербес жылу қазандықтарына жылу
толығымен берілді. Жылумен қамтамасыз етілетін көп
қабатты тұрғын үйлер, барлығы 82 үйді құрайды, оның ішінде
65 үй орталықтандырылған жылумен қамтылған болса,
биылғы жылы Садвакасов көшесіндегі 35, 37, 39 үш көп
қабатты тұрғын үйлері орталықтандырылған жылуға қосылып
бүгінгі күнге 68 үйге көбейді, ал 10 үй пешпен жағылады,
яғни 3 үйге азайды. Қалған 4 үй дербес жылу қазандығымен
жылытылады.Аудан бойынша барлығы 13389 тонна көмір
қажет, оның ішінде бюджеттік көмір 5389 тонна.Қыс мезгілінде аудан бойынша қолданатын техника толығымен дайындалды. Коммуналдық төлемдер бүгінгі күнге толық көлемде
төленуде.
2014 жылы кентті дамыту бағдарламалары бойынша
атқарылған жұмыстардың көлемі мен түрлері биылғы жылға
аудандық бюджеттен кент әкімі аппаратына 4 бюджеттік
бағдарламалар әкімгері ретінде төмендегідей қаржы бөлініп,
тиісті жұмыстарды ұйымдастыру жүктеліп отыр. Онда кент
көше жарықшамдары желілерінің жұмысын қамтамасыз ету
жұмыстарына 8,52 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл жұмыстар
бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстар өткізіліп ,бүгінгі
күні жұмыстар жүргізіліп жатыр .
Аталған специфика бойынша үнемделген 2130,0мың теңгеге
1 төмендеткіш трансформатор, сынапқұрамдас заттарды залалсыздандыру контейнері , 29 энергия үнемдейтін диодтық
шам сатып алынып, 1 Ертіс орамы көшесінде 400 метр көше
бойына шамшырақтар орнатылды.Кенттің ішкі жолдарын дамыту, олардың қызметін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша бөлінген 53,389 млн теңгеге 4 көшеде жалпы
ұзындығы 4,18км автокөлік жолдарының табаны тегістеліп
бекітілді, бұл көшелердің ішінде Ә.Оспанова , Н.Ахметжанов
,Ш.Уалиханов , Орманбаев көшелері бар . Екі көшеде жалпы
ұзындығы 1,9км автожолға асфальт төселді ,бұл көшелер:
Байғозы батыр және Т.Игіліков көшелері.
«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында
республикалық бюджеттен бөлінген 13,6 млн теңгеге
Ж.Сәдуақасов және Н.Ахметжанов көшелерінде де асфальт
төселгенін айта кеткен жөн. Ал, көшелерді жыл бойында
қардан ,қоқыстан, құмнан тазарту ,басқа да абаттық тазалық
жұмыстарын атқаруға 7,212 млн теңге қаржы қарастырылып
толық игерілді. Елді мекенді абаттандыру және
көгалдандыру»мемлекеттік
бағдарламасы
бойынша
2014жылға барлығы 103,979 млн теңге қаржы бөлініп ,бұл
қаржыға абаттық және көгалдандыру жұмыстарының 18 түрі
атқарылып отыр. Бұлардың ішінде көлемді және
маңыздыларына тоқталсақ, олар: С.Сейфуллин даңғылындағы
орталық алаң көпшілік демалатын мәдени орын ретінде абаттандырылды. Қарағанды қаласынан кіре берісте шамдармен
безендіріліп, гранит таспен көмкеріліп, арка орнатылды.
Тәуелсіздік даңғылы бойында «Мәңгілік ел» аллеясы бой
көтерді.
Кенттің орталық көшелерінде (С.Сейфуллин,Абай көшелері).
қар мен жауын суларының жиналатын тұстарына 8 дренаж
құдықтары орнату жұмыстары жүргізілді.Темір жол вокзалына қарсы беттегі скверді абаттандыру жұмыстары
жүргізіліп ақылы дәретхана, сауда қатары, орындықтар мен
урналар орнатылды.Қарағанды қаласына шығатын жолдың
қапталында орналасқан «Қонақ кәде» скверін жарақтандыру
жұмыстары атқарылып декоративтік кигіз үй, брусчатка,
орындықтар мен урналар, сыртқы дәретхана, автотұрақ, сауда
орыны және түнгі жарықтандыру желісі мен шамшырақтар
орнатылды. Көппәтерлі үйлердің аулаларына балалардың
ойын алаңдарын орнату жұмыстарына жүргізіліп, Транспорт орамы, Жамбыл, 1 Ертіс орамы және Ә.Оспанов
көшелерінде 5 балалар ойын аланы орнатылды. Абай
көшесіне декоративтік қоршауларды орнату жұмыстары
жүргізіліп, ұзындығы 824 метр декоративтік қоршау орнатылды. Балалар ойнайтын аланды жөндеу жұмыстары
жүргізіліп, көппәтерлі үйлердің аулаларында орналасқан 16
балалар ойын алаңдары жөндеуден өткізілді.Көшелерді мерекелік және ақпараттық безендіру жұмыстары жоспарға сәйкес
атқарылып бөлінген қаржы толығымен игерілді.
Мұнан басқа жоспарда көгалдандыру жұмыстары, орталық
көшелерде қоқыс урналарын орнату, көшеде шұңқыр жөндеу
жұмыстары көше қозғалысы белгілерін жөндеу, қалпына келтіру,бетондау, сынған бордюрлерді айырбастау сияқты
жұмыстар атқарылды .Елді мекеннің санитарлық ахуалын
қамтамасыз ету жұмыстары бағдарламасы бойынша бөлінген
4,3 млн теңгеге жұмыстың
түрі, атап айтсақ: сыртқы
тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын күтіп ұстау, кенттегі
иесіз қоқыстарды жою жұмыстарын атқару жоспарланып, бұл
жұмыстар да толығымен орындалды. Мұнан басқа балаларды
мектепке дейін және кейін қарай тегін апару жұмыстары
ұйымдастырылып жыл аяғына дейін атқарылды. Алдағы
уақытта да жоспардағы жұмыстарды толық атқарып шығуға
күш сала бермекпіз.
Мәдени-сауық орталығының ағымдық жөндеу жұмыстарына
-6908,6 қаражат бөлініп, игерілді, атап айтқанда Түгіскен
мәдениет үйінің ағымдық жөндеу жұмыстарына 5028,6 теңге
бөлініп, мердігер ТОО «Райс КZ»Көбжасаров Мадияр жөндеу
жұмыстарын жасады, Мәдени-сауық орталығы алдындағы
фантанға 800,0 теңгеге ИП «Искаков» мердігері жөндеу
жұмыстарын жасады. Қызылжар кентіндегі мәдениет үйіндегі
жылу қазандығына 120,0 теңгеге ИП «Искаков» мердігері
жөндеу жұмыстарын жасаса, сылап- сырлау жұмыстарына
700,0 мың теңгеге ИП «Продик» мердігері жөндеу
жұмыстарын жасады. Айнабұлақ ауылдық округ мәдениет
үйіндегі жылу қазандығына 260,0 мың теңгеге КГП
«Жаңаарқа жылу» мекемесі жөндеу жұмыстарын жасады.
2014 жылы облыстық, республикалық, халықаралық
байқауларға және фестивальдарға қатысқан өнерпаз жүлделі
орындарға ие болды.
Биыл Жаңаарқа өңірі үшін ерекше жыл, алаш арыстарының
ардақтысы, ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің
туғанына 120 жыл толуына орай, ауданымыздың 85жылдығы,
дәстүрлі әнші, сазгер Игілік Омаровтың 80 жылдығына арнап
арнайы іс-шаралар жоспары жасалынып біршама жұмыстар
атқарылды.Сонымен қатар еліміздің халқымызға танымал
өнер қайраткерлері . Индира Расылхан, Әсет Әбу концерт, Ахмедия Есмұхановтың шығармашылық концертттері,
«Думандатайық ағайын» атты әзіл сықақ кеші, «Құстар біздің
досымыз» атты әдеби-сазды бағдарлама, аудандық XIII Жас
жол инспекциясының ашылуы, Тыл ардагерлерімен кездесу
кеші, ҚР Қарулы Күштерінің 22 жылдық мерекесіне арналған
мәдени шаралар өткізілді. Атаулы күндер ішкі істер бөлімі
қызметкелерін, дәрігерлердің, телеком қызметкерлерін, почта
қызметкерлерін, «Жаңаарқа» газеті қызметкерлерінің
мәдениет қызметкерлерін, кәсіби мерекелерімен құттықтап
арнайы кештер ұйымдастырылды.
Мәдени сауық орталық, 14- клуб, 25- кітапхана, 2- саябақ,
2- бейне мобиль қызмет атқарады. Аудандық мәдени-сауық
орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту
мақсатында Жаңаарқа аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 24 кітапханасының 17-сі компьютермен
қамтамасыз етілген, оның ішінде 10 кітапхана интернет
жүйесіне қосылды. Өткен 2014 жылы атқарылған істеріміз ізгілікті, табыстарымыз тыңғылықты болды. Дегенмен,
атқарылған жұмыстармен қатар, аудан экономикасын нығайту,
халықтың тұрмыс жағдайын жақстарту, елді мекендерді
көркейту бағытында алдымызда бірнеше маңызды мәселелер
тұр.
Елбасының дер кезінде қабылдаған шешімдері мен ел алдына қоя білген айқын бағыт бағдарының нәтижесінде сонау
1998 жылы қабылданған Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі Стратегиясында қойылған басты мақсаттар орындалып,
жыл аяғында Мемлекет басшысы, тарихи маңызы бар
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын жариялады. Әрине, жеткен жетістіктермен тоқтауға болмайды.
Сол үшін Елбасымыз Қазақстан халқына өркениеттің
шыңына жетуді мақ¬сат ететін және оның жолдары нақты
белгіленген маңызды Жолдауын жария етіп отыр. Бұл – тек
болашағын болжай білетін, кемел ойдың иесі, сонымен бірге,
еліне, халқына шынайы қамқорлық, жанашырлық жасай білетін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты әлемдік
саясаткердің, дана басшының, тарихи тұлғаның ғана қолынан
келетін ғаламат ұлы іс. Сондықтан, тәуелсіз Қазақстанның
тағы бір тарихи дәуірі басталды деуге болады.
Биылғы Жолдаудың жөні бөлек, маңызы ерекше. Бұл
құжатта Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспары ұсынылды.
Жолдауда атап көрсетілгендей, алдағы 15-17 жыл
Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі»
болмақ. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына
кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді
басымдықтары белгіленген. Жеті басым бағыттар бойынша
Елбасы бірқатар мәселелердің шешілуін қадап айтты.
Бірінші. Әрбір келесі бесжылдықтың нақты нәтижесі
экономиканың жаңа салаларын қалыптастыру. Бірінші
бесжылдық аясында автомобиль және авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісін кеңейтіп,
сыртқы нарықтарға шығару. Мемлекет жұмысының негізгі
бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті
дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ.
Екінші. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық
бағытқа түсіру. «Бұл, - Елбасы айтқандай, - біздің дәстүрлі са-
ламыз». Азық-түлікке деген қажеттілік арта беріп, бұл
секторға инвестиция көбірек салынатын болады. Сондықтан
бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты
кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі
жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы
өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті
үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек.
Үшінші. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен
Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Ғылымды
қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған
елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар
қажеттігіне тоқталды.
Төртінші. Көлік инфрақұрылымы – индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе.
Қазақстанның қатынас жолдары оның Еуропа мен Азия,
Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан
маңызды мәнге ие. Елде жолдар желісін жасау үшін «Астана
– Қарағанды – Алматы», «Астана – Павлодар – Өскемен»,
«Алматы – Қапшағай – Өскемен» автожолдары салына басталды. Ұзындығы 1200 шақырым болатын Жезқазған –
Шалқар – Бейнеу жаңа теміржолы салынып жатыр. Ол
орталықтың көптеген аудандарына жан бітіріп, елдің шығысы
мен батысын тікелей байланыстырады. Бұл орасан құрылыс
2015 жылы аяқталады. Бұл магистраль Каспий мен Кавказ
арқылы Еуропаға шығуға мүмкіндік беретін болады.
Бесінші. Шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы
Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың
басты құралы. Экономикамызда шағын және орта бизнестің
үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола
түсетіні айқын.
Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек
қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке
меншік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді
шешімдер қажеттігі айтылды. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керектігі тапсырылды. Елбасы айтқандай: «Шағын бизнес
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға және
шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар
төңірегінде дамуға тиіс».
Алтыншы. Біздің болашаққа барар жолымыз
қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер
жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз –
белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар.
Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда
бізді ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын Елбасы нақты айтты.
2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді
Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу
керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін
білуге тиіс. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және
кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру,
келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік
кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажеттігін тапсырды.
Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы
медициналық-санитарлық көмекті дамыту.
Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және
қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі –
медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты
болу керек. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу,
жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың
негізі екеніне тағы бір тоқталып кетті. Жалпықазақстандық
мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн.
Мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу
қажеттігін тапсырды. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта
қарастыруды,
Үкіметке
азаматтық
қызметшілер
еңбекақысының жаңа үлгісін әзірлеуді және 2015 жылғы 1
шілдеден бастап енгізуді тапсырды. Ол қызметкерлердің
еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында – 28, білім беру
саласында – 29, әлеуметтік қорғау саласында 40 пайызға дейін
арттыруды қамтамасыз ететінін айтты. Мүмкіндігі шектеулі
азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігіне ерекше
тоқталды. Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына
байланысты әлеуметтік жәрдемақы көлемі 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттырырылатын болады.
Жетінші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіруге
тиіс. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде
адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары
құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Қазақ елін кемел
болашаққа жетелейтін осы құжатпен барша Қазақстандықтар
2015 жылды бастап отыр. Мемлекетіміздің әлеуметтікэкономикалық және рухани қайта құру процесінде Елбасы
ұсынған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы ерекше орын алады.
Оған еліміздің бірлікте, тұрақтылықта, келісімде, бейбіт те
орнықты дамуының негізі болып табылатын басты қоғамдық
құндылықтар кіргізілген.
Қойылған
жоспарларды іске асыру үшін біздің бар
әлеуетімізді, мүкіндігіміз бен қаражатты жұмылдыру және
экономиканың лайыкты даму деңгейін қамтамасыз ету, аудан
халқының сапалы өмірін арттыру – бүгінгі күннің ең зор да
жауапты міндеті. Алға қойылған жоспарларды іске асыруда,
Сіздерге күш-жігер, мақсатқа жетуде алар асуымыз биік,
жетер жетістігіміз мол болуын тілеймін.
24 қаңтар 2015 жыл
Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасарлары Нұржан
Әльтаев және Гүлнар Құрбанбаеваның қатысуымен брифинг өтті. 2015 жылдың 1 қаңтарынан
бастап заңдық күшіне енген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды
түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы
түсіндіріліп, бизнесті қаржылық емес қолдау саласындағы атқарылып отырған жұмыстар
жайында сөз қозғалды. Заңға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерне қатысты мемлекеттік
бақылау және қадағалау 4 топқа бөлінеді.
1) өздеріне қатысты жоспарлы тексерулер жүргізілетін субъектілер. Бұл топқа қауіпті болып
табылатын қызмет түрімен айналысатын (атом энергиясы, қару-жарақ айналымы, улы
заттардың, радиоактивті материалдар мен заттардың айналысы саласы, эпидемиялық маңызды
нысандар және т.б. осындай дәрежедегі салалар), өздеріне қатысты тәуекел дәрежесін бағалау
негізінде тексерудің ерекше тәртібі (жоспарлы тексерулер), жоспардан тыс тексерулер және
бақылау мен қадағалаудың басқа да түрлері қолданылатын субъектілер жатады;
2) өздеріне қатысты ішінара (жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептеме талдауы),
жоспардан тыс тексерулер және тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде бақылау мен
қадағалаудың басқа да формалары қолданылатын тексеруге жататын субъектілер (нысандар);
3) өздеріне қатысты келесі негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін субъектілер жатады: анықталған бұзуларды жою туралы ұйғарымның орындалуын бақылау; жеке
және заңды тұлғалардың өтініштері; адам денсаулығына, өміріне, қоршаған ортаға және жеке
және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян тигізу қаупі туралы немесе
нақты зиян тигізгені деректері бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары; басқа да
мемлекеттік органдардың өтініштері.
4) өздеріне қатысты тексерулер жүргізілместен бақылаудың және қадағалаудың басқа формалары ғана жүргізілетін тексерілетін субъектілер (нысандар) жатады.
Орындалмауы нәтижесінде жағымсыз оқиғалардың туындауына тікелей қауіп алып келмейтін
талаптар, сондай-ақ екінші дәрежелі талаптар заңнамалық актілерден алынып тасталды. 5228
талаптың 1810 қысқартылды, немесе жалпы талаптар санының 34,6% қысқартылды.
35 рұқсат құжаттары алынып тасталды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда ҚР
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған нормаларды жою
нысанында заңнамаға ревизия жасады. Ревизия нәтижесі бойынша ҰПК әзірлеуімен Заңға
100-ден астам түзетулер енгізілді. Сондай-ақ қазіргі уақытта заңға қосымша актілерге 70-ке
жуық өзгертулер қарастырылуда.
Жер телімдерінің мақсатты пайдалануын өзгерту рәсімдері оңтайландырылды. Сондай-ақ
кәсіпкерлікті тарату рәсімдері жеңілдетілді. Атап айтқанда, қызметін тоқтататын салық
төлеуші салық органының тексерулері арқылы немесе аудиторлық ұйымның толтырылған
қорытындысы арқылы кәсіпорынды тарату жолдарын таңдауға құқылы.
Заңға сәйкес кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті орган институты енгізіледі.
Бизнес-омбудсмен ҚР ҰКП Басқармасының ұсынысымен, төрт жылдық мерзімге ҚР ҰКП
Төралқасы тағайындайды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының уәкілеті бірқатар қызметтермен
толықтырылды: Кедендік одақ тауары және шет ел тауарының статусын анықтау бойынша,
«Алтын сапа» байқауын өткізу, әлеуетті кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық емес қолдаудың
операторы ретінде қатысу мүмкіндігін белгілеу және т.б.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлерде кәсіпкерлерді қолдаудың қолданыстағы жүйесін жетілдіруді ұсынады. Бұл ретте, бизнес жобалардың толыққанды мақұлдануынан бастап қаржы
алуына дейін қолдау көрсете отырып, бизнесті қолдаудың барлық инструменттерін ұсынуда
«ортақ терезе» ретінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарын (КҚО) анықтау болып
отыр. Сондай-ақ, ҰКП және «Даму» қоры арасында өзара тиімді ынтымақтастық негізінде
шағын және орта кәсіпкерлік құзіретін арттыру арқылы кәсіпкерлік әлеуетін күшейту
мақсатында 2014 жылдың 30 желтоқсанында Кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржылық емес қолдау көрсету шаралары аясында өзара әрекеттестік
жөніндегі келісімге қол қойылды.
Толық ақпарат алу үшін ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаментіне хабарласуға болады: 8 (7172) 91-93-67, pr@palata.kz
Дің-діңгегім
Мәуліт мерекесі өтті
Қаңтар айының 16 күні мәдениет үйінде халық
мешітінің ұйымдастыруымен
адамзаттың
ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)
туылған айының құрметіне мәулід рухани кеші
өтті. Мәуліт мерекесіне аудан ақсақалдары, мектеп мұғалімдері, аудандағы екі мешітінің
жамағаты, жасөсіпірмдер. Рухани кешті
жүргізген қолында Құраны, жүрегінде иманы
бар Панаш Жүкенов. Мереке Қазақстандағы
жалғыз діни жоғарғы орынының 3 курс студенті
Нұрсұлтанның тебіреніп Құран оқуымен басталды. Одан кейін алғашқы сөз кезегі ауданның
орталық мешітінің бас имамы Б.Нұрғалиевке
берілді. Бас имам кеш қонақтарын мәуліт мерекесімен құттықтағаннан кейін мәуліт сөзіне қысқаша
түсінік беріп өтті. Бас имамның баяндамасынан кейін әнші, мәдениет қайраткері Ж.Сыздықов,
П.Жүкеновтің сөзіне жазылған Ғұмырдария әнін шырқады. Рухани кештің қонақтарына аудандық мәденисауық орталығының өнер майталмандары Бейсенбай, Балтабай, Ләззат, Медет, Абзалдар тәубаға келу
қойылымын өте жоғары сапада орындап шықты. Нақышына келтіре орындалған көріністен
көрермендердің көпшілігі көздеріне жас алды. Осыдан кейін сахнаға М.Пазылов тәубеге келу әнімен
шықты. Қасиет бауырымыз «Қосбасар» күйін орындап көрермендер ықыласына бөленді. Ауданымыздың
діни қайраткері, Орынбай ауылының бас имамы Хайрулла ағамыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмірбаяны туралы
баяндама оқыды. Абайдың Өлсем орным қара жер сыз болмай ма әнін Айдана орындады. Кешті Айдын
мен Фархат Аллаға шүкір әнімен аяқтады.
Халық мешітінің баспасөз қызметі
Ауылым - алтын бесігім
ҚОЛДАУ БАР, МҮМКІНДІК МОЛ
Жылқы жылы ауылымызда сүбелі істер мен ауқымды жобалар іске асырылды. Осыған дәлел
ретінде өздеріңіз білетіндей республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа «Ақбұлақ»
бағдарламасы аясында ауылымызға жаңа ауыз су құбырлары тартылып, әр үй иелерінің өз
қаражаттарына су құбыры пәтерлеріне тартылып берілді. Ауылымыздың кескін-келбетін көркейту
мақсатында да біршама істер атқарылды. Демеушілердің қаражатына жарамсыз болып қалған
бұрынғы дүкен мен қонақ үйдің ғимараттары күрделі жөндеуден өткізіліп, әкімшілік және
тұрмыстық қызмет орталығы болып қайта пайдалануға берілді. Бұл істердің ойдағыдай жоғары
деңгейде атқарылуына және қаражаттардың уақтылы бөлінуіне ықпал еткен аудан әкімі
Ғ.И.Омаров екенін ауылымыздың әрбір тұрғыны жақсы біледі. Аудан әкіміне айтар алғысымыз
шексіз. Ауылымызда көптеген жаңа игі істер атқарылып жатыр. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту қарқыны күшейіп келеді. Бұл да жаңадан жұмыс орындарының ашылуына оң ықпалын тигізер
игі іс десек артық айтқандық болмас. Алдағы уақытта да аудан әкімінің шалғайда жатқан біздің
ауылымызға деген ықыласы артқан үстіне артса екен, енді жолымыздың жөндеуден өтуіне
қолқабысын тигізіп, индустриалды-инновациялық нысандардың бой көтеруіне оң ықпалын жасаса
нұр үстіне нұр болары даусыз. Әрине оған ауыл халқының әлеуеті де жетіп отыр.
АХМЕТОВА АЙГҮЛ , Ақтау орта мектебінің мұғалімі,
7
Ұлы Жеңіске 70 жыл
Сағына еске аламыз
Ботабай Мамыраев аудан орталығындағы Жаңаталап ауылының тумасы.
Қарағанды педагогикалық институтының тарих факультетінің түлегі. 1940
жылдың қаңтар айынан бастап Фин соғысына қатысса, 1941 жылы Ұлы Отан
соғысына қатысады. 1943 жылдан бастап 577 артиллериялық атқыштар
полкінің құрамында болған. Парашютпен 136 рет секірген. Ленинградты
қорғаған әскерлердің құрамында болған. 1945 жылы Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысқан.
Соғыс уақытында жауынгерлік ерліктері үшін 1942 жылы «Ерлігі үшін» медалімен, 1943 жылы «Қызыл Жұлдыз» орденімен, Сталинград, Прага, Ленинград, Будапешт қалаларын азат еткені үшін медальдарымен, 1945 жылы
«Берлинді алғаны үшін» медалімен марапатталған. Отан соғысының І
дәрежелі орденімен, Ұлы Отан соғысының 20, 30, 40, 50 жылдық мерекелік
медальдарымен марапатталған.
1953 жылы туған жеріне оралып, зейнеткерлікке шыққанға дейін В.И.Ленин атындағы № 1 қазақ орта
мектебінде әскери жетекші болып қызмет атқарды. Ол кісінің өз ісіне берілгендігі, ұқыптылығы, сабақ
берісі ерекше еді.
Ботабай ағай сабақ беретін күні сыныптағы ер балалар шаштарын алып, шалбарларына қыр салып
өтектеп келіп, 24 оқушының бәрі сапқа тұратынбыз. Ол кезде оқушылар өтірік айтып, дәрігерден ауырдым деп анықтама алмайтын. Ботабай мұғаліміміз сыныпқа кірген бетте бәріміз тұрып амандасамыз.
Дәптерлерімізді тексеріп, күнделікті сабақты тақтаға жазып, оқушының тең жартысынан сабақ сұрайтын.
Ол кезде жас шағы, тез, жылдам болатын. Мұғалімнің киім киісі де ер балаларға өте тартымды болатын.
Мектеп алдында ол кезде тирда мылтықпен атқызып үйрететін. Мектепте кабинетінің шкафында
құлыптаулы екі мылтық болатын, оны мұғалім өзі иығына салып алып келетін.
Сол жылдары мектепте 10-шы оқитын 3 сыныпта 75-тен астам оқушы әскери дайындық пәнінің
мұғалімін әрқашанда үлгі тұтушы еді.
Оқушылар арасындағы жүргізілген тәрбие жұмысының нәтижесі жоғары бағаланып, халықаралық жастар күні мерекесіне белсене қатысып, жастар арасында білім-өнер, салауатты өмір салтын насихаттап,
облыстық, аудандық білім бөлімінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталған.
Аяулы ұстазымызды біздер, шәкірттері, әлі күнге сағына еске аламыз.
Б.ҮКЕНҚЫЗЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты
бірлесе атқарған тиімді
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы саяси кеңейтілген отырысында қабылданған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған партиялық
бағдарламасы аясындағы жұмысты күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
- Өткен жылдар ішінде елімізде парақорлықтың тамырын жою тұрғысынан алғанда біраз
жұмыс атқарылды.
Атап айтқанда, заңға өзгерістер енгізу, шенеуніктер мен кәсіпкерлер арасындағы байланысты азайту арқылы сыбайлас жемқорлықпен күрес
жұмыстары қатайды. Лауазымы мен еңбегіне
қарамастан, барлығын да жауапқа тартатын заң
қолданысқа енді. Жалпы бұл бағытта белсенді жұмыс
жүргізілуде, оның нәтижесі көрініп тұрғандықтан,
қоғам тарапынан оң баға беріліп отыр, -деді
Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, біздің республика ТМД-да бірінші
болып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»
Заңды қабылдағанын атап өтті. Осы жоспарға сәйкес
біздің мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, олардың
қызметіне заңсыз араласуды болдырмауды қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттік
қызметшілердің коммерциялық құрылымдардың мүддесін сүйемелдеу фактілеріне жол бермеуге бағытталған негізгі шаралар тексеру актілерін қатаң бақылау арқылы қамтамасыз етіледі. Азаматтарды жеке қабылдау жұмыс күні әр аптада сағат 16-00-ден 17-00 дейін
жүргізіледі. Мекемеде азаматтарды қабылдау орынында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша стенд ілініп, ҚР АШМ АӨК МИК-нің және ОАИ-ның мекен-жайы, сенім телефондары, электрондық адрестері жөнінде ақпараттық мәліметтер бар.
Қызметкерлердің заңсыз іс-әрекетіне азаматтардың шағымдар мен ұсыныстары үшін арнайы
жәшік орнатылған. Егер мемлекеттік қызметкерлер тарапынан Ар-намыс Кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын бұзу фактілері туралы азаматтардың
өтініштері тіркелген жағдайда, оған талдау жүргізіліп, фактілер анықталатын болса, онда оны
жою жөнінде дер кезінде шаралар қолданылады. Инспекция қызметкерлерімен құқықтық
жалпылама оқу бойынша сабақтар бекітілген кесте бойынша өткізіледі.
«Нұр Отан» партиясы, Прокуратура, Қаржы полициясы, «Жаңаарақа» газеті өкілдерінің
қатысуымен АӨК қолданылатын заң талаптарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу жөнінде дөңгелек үстел өткізіледі. Қазақстан Республикасының және Кеден
одағының заңнамасын бизнестің қатысуымен өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині,
астық инспекциясы мен асыл тұқымды мал шаруашылығы салаларында сыбайлас
жемқорлықты болдырмау жөнінде талқылауды жергілікті жерлерге шығып кеңес өткізіліп
отыр. Инспекция бойынша сенім телефоны 2-75-02 жұмыс істейді, ол жөнінде БАҚ-да жарияланып тұрады.
Е.С.СЫЗДЫҚОВ,
«ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциякомитетінің Жаңаарқа аудандық аумақтық
инспекциясы» ММ-нің басшысы
Даму жоспары талқыланды
Жақында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова БҰҰ Даму
Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивенн Туллмен кездесті.Кездесуге БҰҰ
Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтенгерел,
Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының
орынбасарлары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.И.Тарасенко және Орталық сайлау
комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.Гүлшара Әбдіқалықова тараптар арасында
қол жеткізілген өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ БҰҰ Даму
Бағдарламасының Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерісіне қосқан елеулі
үлесін атап өтті. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы белгілеген «Қазақстан-2050» стратегиясы және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясаты міндеттерін
орындау аясында еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуының кең ауқымды мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады. Мемлекеттік хатшы Г.Н.
Әбдіқалықова Инфрақұрылымдық даму жоспарының шеңберінде Қазақстанның әлеуметтік
инфрақұрылымын дамыту жөніндегі өзара тығыз іс-қимылдың, оның ішінде барлық
инфрақұрылымдық жобаларға әйелдерді белсенді тартудың айрықша маңыздылығын атап
көрсетті. Тараптар алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықты ескертуге, сондай-ақ қоғамның рухани-адамгершілік дамуына бағытталған алдын алу шаралары бойынша ынтымақтастықты
нығайтуға уағдаласты.
8
Адам. Қоғам. Заң
Аудандық соттың жыл қорытындысы
2014 жылдың 12 айындағы статистикалық есебіне сай 49 қылмыстық іс /63 тұлға/ қылмыстық іс түсіп
оның ішінде 43 қылмыстық іс /50 тұлғаға/ қаралды. Азаматтық істер бойынша 545 арыздар түсіп оның
ішінде 501 қаралса, 5-уі қалдық болып қалдырылды. Әкімшілік істер бойынша 632 әкімшілік іс түсіп,
614 қаралды яғни 572 әкімшілік іс бойынша әкімшілік жаза қолданылса, 42 әкімшілік іс қысқартылып,
18 әкімшілік іс қайтарылды. 2014 жылдың 12 айында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық істер»
және «Экономикалық қылмыстарға» қатысты қылмыстық істер түспеген. Жаңаарқа аудандық сотында
әуре – сарсаңға түскен істер және 3,6 айдан астам кейінге қалдырылған, тоқтатылған қылмыстық,
азаматтық, әкімшілік істер болған жоқ. Сонымен қатар сот өндірісінде 5 және одан да көп кейінге
қалдырылған істер болған жоқ. 2014 жылдың 12 айында медиация тәртібімен 7 қылмыстық іс қаралып,
жәбірленушімен ымыраға келіп, татуласуларына байланысты, яғни медиация тәртібімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67 бабының 1 бөліміне сай өндірісімен қысқартылған. 2014 жылдың
12 айында апелляциялық және кассациялық тәртіппен аудандық соттың қылмыстық істері қаралмаған
және қаралған қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығарылмаған. Жалпы аудандық сот судьяларымен қылмыстық істерді қарау кезінде материалдық және іс жүргізу заңдылықтары, нормалары
қатаң сақталады және қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексінің принциптері сақталады. 2014
жылдың 12 айында атқарылған іс- шаралар қанағаттанарлық жағдайда жүзеге асырылуда. Жаңаарқа
аудандық сотымен 2014 жылдың 12 айында қаралған азаматтық істер бойынша 14 сот шешімдері бойынша апелляциялық шағым, наразылықтар келтіріліп, оның ішінде 2 азаматтық іс бойынша
шығарылған сот шешімі өзгертіліп, 10 сот шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым, наразылықтары
қанағаттандырусыз қалдырылған, 1 азаматтық іс бойынша шығарылған сот шешімі апелляциялық сот
алқасында бұзылды, 1 азаматтық іс апелляциялық сот алқасына жолданып, қаралу үстінде. 2014 жылдың
12 айында қаралған 2 әкімшілік істер бойынша апелляциялық наразылықтар келтіріліп, әкімшілік іс
бойынша 2 сот қаулылары өзгертілді. Сот өндірісіне түскен істер автоматты түрде бөлінді. 2014 жыл
басынан құрылған жұмыс жоспары бойынша аудандық сотта біршама іс- шаралар жүргізілді. Атап айтатын болсақ, жыл басынан аудандық соттың жұмыс жоспары, мемлекеттік тілдің қолдану аясын
кеңейту жөнінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар жоспары, сот ұжымымен өткізілетін
семинарлық сабақ жоспарлары құрылып жоспарлар бойынша бүгінгі күнге дейін бірнеше жұмыстар
атқарылды, атап айтқанда қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар зерделенді, бұқаралық ақпарат құралдарына аудандық сотпен қаралған істер және атқарылған іс- шаралар
жөніндегі жарияланымдар жарық көрді, заңнамадағы жаңалықтар жайында яғни сот кітапханасының
жұмысының ұйымдастырылуы: бақылау кодекстарының, ҚР ЖС-ның нормативтік қаулылары мен да
құқықтық актілерінің, соттарда «Қазақстан Республикасының Заңнамасы» электрондық базаның болуы
сияқты тақырыптарға үнемі семинарлық сабақтар өткізіліп отырылады. Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамаларына келтірілген өзгерістерін қадағалауды жүзеге асыру жолға қойылып,
аудандық сотта ай сайын ашық есік күндерінің өткізілуі ұйымдастырылуда. 2014 жылға құрылған
жоспарға сәйкес, «Медиация туралы заң- билер билігінің жалғасы» атты тақырыпта, « Сыбайлас
жемқорлықпен күрес- баршамыздың міндетіміз» атты тақырыпта сот қызметкерлермен, адвокаттармен,
Жаңаарқа аумақтық бөлімінің сот орындаушыларымен дөңгелек столдар өткізілді, «Қолданыстағы
заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар», «Мемлекеттік тіл- менің тілім», Сот құжаттары
мен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жөніндегі көмекші құралмен сот қызметкерлерімен таныстыру мақсатында семинарлық сабақтар өткізілді. Бұқаралық ақапарт құралдарына мақалалар жарияланып, әр апта сайын аудандағы, соттағы жаңалықтар, ақпараттар Жаңаарқа аудандық сотының сайтына
салынып, сайт беттері жаңартылып отырылады. Қазіргі уақытта сайт өз деңгейде жүзеге асырылуда.
Аудандық сотқа 2014 жылдың 12 айында судьялар мен кеңсе мамандарының атына шағым, арыз келіп
түскен жоқ. Судьялар тарапынан істерді қарау кезінде себепсіз кейінге қалдыру, олқылықтары және
заң бұзушылықтар болған жоқ. Соттың Интернет-ресурстарына облыстық соттардың Web-сайттарында
ақпарат орналастырып, олар қазіргі заманғы талаптарға сай болуға және тиісінше жұмыс істеуі үшін
қолда бар шаралар қабылдануда және сайттардың қызметін тұрақты түрде ақпараттық өнделуі
қамтамасыз етілді.
Б.С.СЕРГАЛИЕВ,
Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы
Жезқазған көлік прокуратурасының жылдық жұмыс
қорытындысы
Жезқазған көлік прокуратурасының өткен жылғы жұмысы аймақтағы көлікті қадағалаудың тиімділігін
арттыруға бағытталды. Жұмыс барысында азаматтардың, жеке кәсіпкерлік субьектілерінің
конституциялық құқықтарын, мемлекет пен қоғамның заңды мүдделерін қорғау, көлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге басымдықтар берілді. Осыған орай, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтың
сақталуын қадағалауда 1159 заң бұзушылық анықталып, 57 прокурорлық қадағалау актісі жасалды.
Қадағалау шаралары нәтижесінде 3 заңсыздық актісі күшін жойды және өзгертілді, 112 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың еліміздің Ата Заңы кепілдік берген құқықтарының сақталуына
аса қатты назар аударылды, тексерулер нәтижесінде теміржол кәсіпорындарының 118 жұмыскерінің
жалпы сомасы 7 млн. теңгеден аса қаржысы өндірілді. Қадағалау органдарының азаматтық қоғаммен байланысы арта түскені жұмыстың тиімділігін арттыра түскенін айрықша атап өткен дұрыс. "Нұр Отан"
партиясының филиалдарымен, аймақтық кәсіпкерлер қауымдастығымен және қоғамдық бірлестіктермен
тығыз байланыс орнатылды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасын тапты.
Құқық қорғау және бақылаушы органдардың кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз және негізсіз
тексерістерінің алдын алатын, жол бермейтін жедел топ жұмыс істейді. Теміржол қозғалысының
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданды. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде
магистральді теміржол жүйесінің 2 учаскесін, сондай-ақ, мамандандырылған теміржол қозғалыс
составының 3 бірлігінің пайдалануы тоқталды. Экологиялық заңдылықтардың сақталуы да назардан тыс
қалмады. Осы мақсатпен ұлттық компаниялардың филиалдарына жүргізілген тексерістер көптеген құқық
бұзушылықтарды анықтады. Мысалы, қазіргі уақытта мемлекеттік уәкілетті орган тарапынан қоршаған
ортаға тигізген залалдан мемлекетке 470 млн. теңге шығын келтірілген заң бұзушылықты жою туралы
мәселе қарастырылуда. Салық және кедендік заңдылықтардың да қолданылуында да құқық бұзушылықтар
анықталды. Алматы және Ақтөбе облыстарыынң Салық департаментеріне 17 млн-нан аса теңгені мемлкеттік бюджетке өндіріп алу жөнінде қадағалау актілері жасалды. Қазір бұлар қаралу үстінде. Прокуратура "Компания "Жол Жөндеуші" ЖШС уағдаласушы тараптарының салық заңдылығының сақталуына
сараптама жүргізілді. "Компания "Жол Жөндеуші" ЖШС және "Базис" құрылыс компаниясы" ЖШС
уағдаласушы тараптарынан салық айналымдарының төмендетілгені анықталды. Мысалы,
прокуратураның талап етуімен тексеріс жүргізген Қарағанды облыстық салық департаменті 2013 жылғы
есеп бойынша "Базис" құрылыс компаниясы" ЖШС мен "Тілек-2030" ЖШС арасындағы айналымдағы
айырмашылық 4,1 млн. теңге, ал, мұның 499,3 мың теңгесі қосымша құн салығы, құрады. Анықталған
құқық бұзушылықтар бойынша прокуратура Қарағанды облыстық салық департаментіне құқық
бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жасады, нәтижесінде мемлекет есебіне 7 млн. теңге өндірілді.
Қазіргі кезде Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті арқылы прокуратураның
ұсынысы бойынша "Компания "Жол Жөндеуші" ЖШС және "Базис" құрылыс компаниясы" ЖШС
уағдаласушы тараптарының 332 млн-нан аса теңге мөлшеріндегі қосымша құн салығын өндіру
қарастырылуда. Көлік прокуратурасы ағымдағы жылы да заңдылықты сақтау және қадағлау тиімділігін
арттыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіріп, жалғастыратын болады.
Жезқазған көлік прокуратурасы
Сенім телефоны
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің
ҚР «Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі» қағидаларының сақталмауы немесе орындалмауы жөнінде хабарлау үшін 2-75-00 сенім телефоны орнатылғандығын хабарлайды.
«Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы» РММ
*** *** ***
КМҚК «Ақерке» бөбек-жайы» қызметкерлерінің қызметтік этиканы сақтамағаны немесе
орындамағаны жөнінде хабарлау үшін 2-67-09 сенім телефоны орнатылғандығын хабарлайды.
Ақерке» бөбек-жайы» КМҚК
24 қаңтар 2015 жыл
Аудандық прокуратураның жыл қорытындысы
Жаңаарқа аудандық прокуратурасымен қадағалау жұмыстары ҚР Бас прокуратурасының, облыс
прокуратурасының тапсырмалары, алқа отырыстары мен жедел кеңестер хаттамаларын және де құрылған
жоспар талаптарын орындау негізінде жүзеге асырылды. 2014 жылы аудан көлеміндегі заңдылықты
нығайтуға бағытталған аудан прокуратурасының жүргізген жұмысының қорытындысы бойынша төмендегі
көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша әрбір мемлекеттік органдар немесе сот
органы тарапынан салынған айыппұлдарды уақытылы өндіру заңдылығы аудан прокуратурасының үнемі
бақылауында. Бұл орайда, прокурорлық пайымдау актілері бойынша мемлекет пайдасына 864 267 тенге болатын айыппұлдар өндірілді.
2014 жылы аудан прокуратурасы тарапынан тиісті шаралар қолданумен 57 жасөспірімдердің құқықтары,
оның ішінде 23 кәмелеттік жасқа толмаған жетім балалардың конституциялық құқықтары қорғалды. Дәлірек
айтсақ, Жаңаарқа аудан прокуратурасымен 2013 жылы және 2014 жылдың басқы 2 айында жасөспірімдердің
өз-өзіне қол жұмсау және олармен құқықбұзушылық жасау деректерін алдын алу мақсатында, аудандық білім
бөлімінде, аудандық әкімдікте және аудандық ішкі істер бөлімінде тексеріс жүргізіліп, аталған салаға қатысты
анықталған заңбұзушылықтар бойынша, Жаңаарқа ауданы білім бөліміне, аудандық әкімдікке және аудандық
ішкі істер бөліміне заңбұзушылықты жою туралы ұсыныстар келтіріліп заңбұзушылықтар жойылды.
Нәтижесінде, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтары қорғалып, заңбұзушылықтарға жол берген
11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.
Бұлармен қоса, Жаңаарқа аудан прокуратурасымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді бөлу
барысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге деген құқықтарының
сақталуына тексеріс жүргізілді. «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» Заңның /Бұдан
әрі балалар құқығы туралы Заң/ 14-ші бабына сәйкес, әрбiр баланың Қазақстан Республикасы тұрғын үй
заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар. Бала құқығы туралы Заңның 29 бабының 5-ші тармағына
сәйкес, ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айрылған жетiм балаларға және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға
мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуі тиіс. Дегенімен, жетім балалардың, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдерінің әрекетсіздігі салдарынан тұрғын үйге мұқтаж жетім
және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге деген конституциялық құқықтары
бұзылған. Яғни, тексеріс барысында Жаңаарқа ауданы бойынша қазіргі таңда жетім және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған баспанаға мұқтаж 33 балалар осы күнге дейін тұрғын үй тізіміне алынбағаны
анықталды.
Сол себепті, аудан прокуратурасы тарапынан Жаңаарқа аудан әкімнің атына заңбұзушылықты жою туралы
ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде, аталған заңбұзушылықтар жойылып, жетім балалардың тұрғын үйге деген
конституциялық құқықтары қорғалып қалыпқа келтірілді. Сонымен бірге прокурорлық пайымдау актілері
бойынша мемлекет пайдасына 26 477 444 /өткен жылы 1 310 000 тенге/ теңге өндіріліп, салық қызметі
органының 1 жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 2014 жылдың 12 айында
Жаңаарқа ауданы прокуратурасымен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.02.2009 жылы қабылданған №183 санды Қаулысының орындалу заңдылығына
тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, аталған сала бойынша бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілгені
анықталып, аудан прокуратурасы тарапынан Жаңаарқа аудан әкімінің атына заңбұзушылықты жою туралы
ұсыныс енгізілді. Аталған Ереже талаптарын сақтамай, ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»
Заңының 12 бабы 1-ші бөлім 8-ші тармағындағы талаптарды бұзуға жол берген жауапты мекеменің лауазымды тұлғасына Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының 12 бабы 2ші бөлімі негізінде қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Бұдан басқа, кәсіпкерлік құқығын қорғау және аталған сала бойынша заңдылықтың сақталуы аудан
прокуратурасының басты назарында. Аудан прокуратурасында кәсіпкерлік құқығын қорғау мәселесіне
қатысты құрылған мобильдік топ өз жұмысын жүзеге асыруда, 2014 жылы 2 мәрте аудан бойынша бұқаралық
ақпарат құралы «Жаңаарқа» газеті арқылы жергілікті халыққа мобильдік топтың жұмыс атқарып жатқандығы
туралы жарияланған. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентімен орта және шағын бизнес субъектілерін тексеруге тиым салынғандығы жайлы мақала аудандық бұқаралық ақпарат құралы «Жаңаарқа» газетінде жарық көрді. Аудан прокуратурасымен бұдан басқа да көкейкесті саналатын басты бағыттар
бойынша да нәтижелі тексерістер жүргізілді. Мәселен, мүліктерді тіркеуге байланысты 1 тексеріс жүргізіліп,
аудан прокурорының ұсынысы негізінде 1 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған, сондай-ақ, жергілікті
бюджеттің мақсатты жұмсалуына қатысты 1 тексеріс жүргізіліп, наразылық арқылы аудан әкімінің 1 қаулысы
бұзылды және аталған сала бойынша 1 заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс еңгізілді. Әлеуметтік сала бойынша жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша, еңбек қатынастарына қатысты жол берілген
заңбұзыушылықтарды жою туралы аудандық білім бөліміне келтірілген 1 наразылық қанағаттандырылып,
1 қызметкердің құқығы қорғалды. Мемлекеттік сатып алулар бойынша 1 тексеріс жүргізілген, нәтижесінде
2 заңбұзушылықтар анықталып, 3 кінәлі жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған. Тұрғын
үй қатынастарына қатысты 3 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде аудан әкімдігіне 3 заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс келтірілген, анықталған 24 заңбұзушылықтардың 22-і жойылған 3 лауазымды тұлға тәртіптік
жауапкершіліктерге тартылған. Денсаулық сақтау саласы бойынша 1 тексеріс жүргізіліп, прокурорлық пайымдау шарасы арқылы 2 жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған. Жалпы 2014 жылдың
12 айында әлеуметтік-экономикалық салаға аса көңіл бөлініп аудан прокуратурасымен 36 тексеріс жүргізілді.
Нәтижесінде, 295 заңбұзушылық деректері анықталды. 42 наразылық негізінде заңға қайшы 42 актілер
бұзылды, оның ішінде аудан әкімдігінің 2 актісі болған. Мемлекеттік органдарға 36 ұсыныстар енгізіліп, 60
лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 20 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 58
кәмелетке толмаған жасөспірімдердің және 6 азаматтардың бұзылған құқықтары қорғалды, оның ішінде 23
жетім балалардың конституциялық құқықтары қорғалды. 33 жұмысшылардың еңбек қауапсіздіктеріне
қатысты конституциялық құқықтары қорғалып, 25.741 тенгеге жұмыскердің жалақысы өндірілген. Жалпы
98 азаматтардың бұзылған құқықтары қорғалған.
Сотқа дейінгі өндірістің заңдылығын қадағалау саласы бойынша.
Есепке алу- тіркеу тәртібін қадағалауды нығайту мақсатында, өткен мерзімде аудан прокуратурасымен
аудандық ІІБ-мен есептен жасырылған 6 қылмыс дерегі анықталып, қылмыстық істер қозғалды. 2014 жылы
аудандық ІІБ-не жалпы 18 заңбұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгізіліп, 17 полиция қызметкері
тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды. Қылмыстық істер бойынша 53 нұсқаулар беріліп, орындалған.
Қылмыстық істерді тоқтату немесе қысқарту шешімдерінің заңдылығын тексеру аудан прокуратурасымен
назардан тыс қалдырылған жоқ. 2014 жылдың 12 ай мерзімі ішінде 5 қылмыстық істерді тоқтату қаулылары
бұзылған және де 2 қылмыстық істі қысқарту туралы шешімдер бұзылған, нәтижесімен қылмыстық іс сот
қарауына жолданылған. Қылмыстық, азаматтық істер бойынша қабылданған сот қаулыларының, сонымен
қатар атқарушылық өндіріс істерінің жүргізілу заңдылығына қадағалау салалары бойынша. Жаңаарқа аудан
прокуратурасымен 204 жылдың 12 айында Жаңаарқа аудандық соттарымен қаралған қылмыстық істерге
жаза тағайындау тәжірибесі жөнінде талдау жасалды. Жалпы, 2014 жылдың 12 айында аудандық сотпен
барлығы 41 тұлғаға қатысты 35 қылмыстық іс қаралған, бұның ішінде үкім шығарумен 8 іс 12 тұлғаға
қатысты қаралған, бұл істер бойынша үкімдердің барлығы заңды күштеріне енген. Барлық үкімдер
қолданыстағы заңдар аясында қабылдануда. Негізінен істер ҚР-сы ҚК-нің 67 бабының негізінде, жақтардың
татуласуына, жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтыруға байланысты қысқартылып, сотталушылар
қылмыстық жауаптардан босатылған.
2014 жылдың 12 айында аудандық сотта прокурор қатысқан міндетті санатқа жататын 28 азаматтық істер
қаралып, 24 талап-арыздар қанағаттандырылып, 4 талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған. Бұл істердің
барлығына прокурор қатысқан. 2014 жылы аудан прокуратурасымен 18 тексеріс жүргізіліп, 9 ұсыныс, 3
наразылық, 10 ұйғарым, 2 тәртіптік өндіріс ісі қозғалып, 6 мәрте кінәлі тұлғалар /сот орындаушылары/
тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған. Прокурорлық пайымдау актілері негізінде 3 204 952 тенге
өндірілген. Оның ішінде, мемлекет пайдасына 1 865 852 тенге нақты орындалған. Жалпы, прокурорлық пайымдау актілері негізінде 46 атқару өндірісі нақты орындалды. Азаматтарды қабылдау, жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау жұмыстары прокурорлық қызметтің басты бағыттарының бірі болып саналады. Аудандық прокуратурамен 146 азаматтардың өтініштері қаралып, оның 76 арыз-өтініштер шешілді.
Өтініштерді қанағаттандырусыз қалдыру биылғы жылы 1, заңды түсіндіру 75. Өтініштердің басым көпшілігі
мал ұрлығы, өздерінің атынан бөтендердің заңсыз несие алуы, жол-көлік оқиғасына байланысты және еңбек,
әкімшілік жауапкершілік, тұрғын үй, жер қатынастары туралы заңнамалардың қолданылуына қатысты келіп
түскен. Аудан прокурорының жеке қабылдауынан 115 азаматтардың арыз-шағымдары қабылданған. Жалпы,
Жаңаарқа аудандық прокуратурасы тарапынан прокурорлық қадағалаудың барлық саласы бойынша қажетті
жұмыстар одан әрі де өзінің жалғасын табатын болады. Сондықтанда, алдағы кезеңдерде сапалы әрі жүйелі
прокурорлық қадағалау жұмыстарын жүзеге асырамыз деген сенімді пікір білдіргім келеді.
А. АЙТБЕКОВ,
Жаңаарқа ауданының прокуроры
әділет кеңесшісі
24 қаңтар 2015 жыл
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
Атасу кенті
№38/253
23 желтоқсан 2014 жыл
«2015 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу
және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына көтерме жәрдемақы
және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие түрінде әлеуметтік қолдау
шараларын ұсыну туралы»
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2015 жылғы 14
қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде №2922
болып енгізілді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»
Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге
жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және
ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2015 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен
мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомада көтермелі
жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, бюджеттік несие
түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы, кезекті XXXVIII сессияның төрағасы
М.Абдишев
вІСІЛДІ:
«Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Жылқыбаев
23 желтоқсан 2014 жыл
Решения Жанааркинского районного маслихата
поселок Атасу
№38/253
23 декабря 2014 года
«О предоставлении мер социальной поддержки в виде
подъемного пособия и кредита для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты
Жанааркинского района в 2015 году»
Нормативно правовой акт зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных
правовых актов за №2922 от 14 января 2015 года в департаменте Юстиции Карагандинской области
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном
управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005
года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года №183 «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения,
образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим
для работы и проживания в сельские населенные пункты», районный маслихат РЕШИЛ:
1. Предоставить специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта
и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты
Жанааркинского района в 2015 году подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному
расчетному показателю на момент подачи заявления и социальную поддержку для приобретения или
строительства жилья в виде бюджетного кредита в сумме заявленной специалистом, но не превышающей
одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя на момент подачи заявления.
2. Настоящее решение вводится в действие со дня официального опубликования.
Секретарь районного маслихата, председатель XXXVIII очередной сессии
М.Абдишев
СОГЛАСОВАНО:
Руководитель государственного учреждения
«Отдел экономики и финансов Жанааркинского района»
А.Жылкибаев
23 декабря 2014 года
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
Атасу кенті
№ 38/255
23 желтоқсан 2014 жыл
«Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын
сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы»
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2015 жылғы 14
қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2921
болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»
Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
1. Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет
қаражаты есебінен отын сатып алу үшін статистика органдарының мәліметтері бойынша 1 (бір) тонна
көмірдің бағасы мөлшерінде жылына біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы, кезекті XXXVIII сессияның төрағасы
КЕЛІСІЛДІ:
«Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
23 желтоқсан 2014 жыл
М.Абдишев
Ш. Ибраева
Решения Жанааркинского районного маслихата
поселок Атасу
№ 38/255
23 декабря 2014 года
«О внесении изменения в решение 27 сессии Жанааркинского районного
маслихата от 20 марта 2014 года №27/174 «Об утверждении Правил
оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня
отдельных категорий нуждающихся граждан»»
Нормативно правовой акт зарегистрировано в Реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов за №2921 от 14 января 2015 года в департаменте Юстиции Карагандинской области
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном
управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005
года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», районный маслихат РЕШИЛ:
1. Предоставить из средств бюджета специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных
пунктах Жанааркинского района, единовременную социальную помощь на приобретение топлива в размере стоимости 1 (одной) тонны угля в год по сведениям органов статистики.
2. Настоящее решение вводится в действие со дня официального опубликования.
Секретарь районного маслихата, председатель XXXVIII очередной сессии
М.Абдишев
СОГЛАСОВАНО:
Руководитель государственного учреждения
«Отдел занятости и социальных программ Жанааркинского района»
Ш.Ибраева
23 декабря 2014 года
9
Басты мақсат – төтенше жағдайлардың алдын алу
2009 жылдан бері Жаңаарқа ауданының аймағында жер қойнауынан ашық әдіспен көмір өндіріп келе
жатқан «Сарыарқа ENERGY» ЖШС-не қарасты Жалын көмір кешені орналасқанын Республика
көлемінде білмейтін азаматтар кем де кем болар. Өнеркәсіптің жылдық өнімі 1500000 тоннаға жетіп,
жыл өткен сайын өнімі мен технологиясын заман талабына сай дамытып келеді. Ашық әдіспен көмір
өндіретін өндіріс кешенінде аудан, облыс тұрғындарымен қатар еліміздің әрбір түпкірінен келген түрлі
сала мамандары қызмет істейді.
Өндіріс басшыларының басты мақсаттарының бірі жұмыс орынында төтенше жағдайларды болдырмау.
Ашылғанына 4-5 жыл ғана болса да өндіріс аймағында жұмысшылардың ауыр жарақат алуы мен
қайғылы жағдайларға ұшырау фактілері тіркелген емес. Бұған себеп мекеме басшыларының өндіріс
қауіпсіздігіне жете назар аударуы болып табылады. Мекеме үшін осы өндірісте жұмыскерлердің
денсаулығы мен тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндеттер.
Төтенше жағдайларды болдырмаудың алдын алу мақсатында осы өндіріс аумағында Қаражал қалалық
әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағына қарасты Жалын әскериленген авариялық-құтқару бекетінің
қызметкерлері жұмыс жасайды. Жалын ӘАҚБ қызметкерлерінің де басты міндеттері өндіріс аймағында
өрт оқиғасы мен өндірістік қауіптердің алдын алу және осындай жағдайлар орын алған кезде оны
ауыздықтап адам өмірі мен құнды материалдарды құтқарып қалу. Өндірістік қауіпсіздік пен өртке қарсы
талаптарды орындап жүру арқылы, әрбір жұмыскер өз отбасына аман есен оралатыны анық. Бұл әрбір
басшының ғана емес Үкіметіміздің алға қойып отырған басты шарттарының бірі.
Осындай тынымсыз іс-шараларды уақытылы жүргізудің салдарынан 2014 жылды Жалын әскериленген
авариялық-құтқару бекетінің қызметкерлері жақсы жетістікпен аяқтап шықты. ТЖ алдын алуда Жалын
ӘАҚБ басшылары М.Семак, Г.Такешев, бөлім командирлері С.Бұхарбаев, Ғ.Күзенбаев, құтқарушылар
А.Балабеков, А.Жамбаев, А.Қозыбағаров, жүргізуші М.Қызыров және тағы басқа қызметкерлердің
аянбай еңбек етіп жүргендерін айта кетпеске болмас. Қандай апат болмасын алдын ала айтып келмейтін
бәрімізге аян, сол сәттерде осы азаматтарға артылатын жүктер жеңіл емес. Осыны біле тұра өз
жұмыстарын жетік біліп, құтқарушы деген қызметке сай болу, екінің бірінің қолынан келе беретін
мамандық емес.
Аудан көлеміндегі өндірістерді қызмет істейтін әрбір азаматқа айтарымыз қай жерде жүрсеңіз де ТЖ
қарсы талаптарды сақтап, естен шығармай жүргендеріңіз жөн дегіміз келеді.
Ғ.КҮЗЕНБАЕВ,
Қаражал қалалық ӘТКҚЖ Жалын ӘАҚБ бөлім командирі
Жеңілдіктері бар адамдарға анықтамалар беру
«Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты ҚР Үкіметінің 2014
жылғы 11 наурыздағы № 219 қаулысымен бекітілді. ХҚКО-на өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды
қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):1) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде
– 5 (бес) минут;
2) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған кезде – 1 (бір) жұмыс күні. Жергілікті әскери басқару органында (ЖӘБО) анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзімі 30 (отыз) жұмыс күніне
дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, сұрау салынған
ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды. Жақын шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан
ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтама беру мерзімі 180 (жүз сексен) жұмыс күніне дейін ұзартылады.Порталға
жүгінген кезде мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болса – 5 (бес) минут. Қызметті алушы (не сенімхат
бойынша оның өкілі) ХҚКО-на өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініш; жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру
үшін).Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық
цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы
Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар
беру болып табылады.
«ХҚКО» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының Жаңаарқа ауданындағы бөлімі
Вода-источник здоровья населения
Из Послания Президента Республики Казахстан
«Новое десятилетие-новый экономический
подъем-новые возможности Казахстана» и в соответствии со Стратегическим планом развития Республики Казахстан до 2020 года, утвержден-ным
Указом Президента Республики Казахстан от 1
февраля 2010года № 922 и в целях его реализации
по поручению президента АО «НК»КТЖ» разработана отраслевая программа по модернизации,
реконструкции и обновлению основных средств
объектов водоснабжения и канализации на железнодорожном транспорте «Мөлдір бұлақ» на 20122016 годы» (далее-Программа). Основой целью
Программы является обеспечения населения на
транспорте доброкачественной питьевой водой.
Несмотря на определенные улучшения в обеспечении питьевой водой, на сегодняшний день предприятия и работники железнодорожного
транспорта все еще недостаточно обеспечены
водой в полном объеме. В этой связи, Программа
предусматривает обеспечение эффективной и рентабельной деятельности эксплуатационных предприятий
и
организаций,
развитие
водохозяйственного сектора, максимальное использование подземных вод для водообеспечения
предприятий и работников железнодорожного
транспорта.Одним из системных подходов при
реализации Программы предусмотрено организация должного взаимодействия и кординации действий между АО «НК»КТЖ», филиала АО
«НК»КТЖ»-«Дирекция магистральной сети», АО
«Темиржолсу» и местными исполнительными органами. Источниками и объемы финансирования
Программы осуществляется с 2012 по 2016годы за
счет средств АО «НК»КТЖ», и филиала АО
«НК»КТЖ»-«Дирекция магистральной сети»,
собственных средств структурных подразделений
АО«Темиржолсу», различных местных и республиканских программ. Водопроводные сети и сооружения,
в
подавляющем
большинстве
45-70-хг.г.постройки прошлого века и в силу различных причин практически не проводились работы по капитальному, а ограничивались лишь
текущим ремонтом. Вследствие чего, в свое время
был накоплен значительный, более 70-ти % износ
основных средств. Понимая важность качественного и стабильного водообеспечения предприятий
и работников железнодорожного транспорта, необходимо было проведение капитального ремонта,
модернизации, реконструкции и обновление основных средств.Санитарно-технические состояния большинство объектов централизованного и
нецентрализованного водоснабжения находились
в неудовлетворительном состоянии. В основном
из –за изношенности систем водоснабжения и его
аварийного состояния проведения капитального
ремонта требовался на водопроводах ст. Каражал,
Кзылжар, Актай, а также 9 грунтовых и 6 сливных
колодцах.
Следуя Программе по станциям и разъездам Жанааркинского участка из 11 водопроводов ТОО
«Теміржолсу-Караганды» на 2-х водопроводах за
2012 год были проведены капитальный ремонт
здании и санитарно защитной зоны на ст. Кзылжар, ст.Теректы, а также в связи с изношенностью
имеющейся техники были преобретены транспортные средства. В 2013 году проведены работы
по реконструкции водопровода на ст. Каражал Карагандинской области относящегося к филиалу
АО «НК»КТЖ» - «Жана-Аркинская дистанция
пути» и 9 грунтовых колодцев ТОО «ТемиржолсуКараганды», где подрядной организациейТОО
«Темиржолсу-Караганды»с полной замены частей
водпроводной сети и грунтовых колодцев. Во втором полугодии 2014 года проведен капитальный
ремонт водопроводных сетей на ст.Атасу, ст.Женис
и на ст.Теректы. На объектах водоснабжения проводились замена трубопроводов на современные
полиэтиленовые трубы с использованием запорной арматуры с прорезиновыми дисками с соответствующей заменой железнобетонных колодцев
на колодцы из полимерных труб. На водонапорных башнях проведена замена металлических емкостей, труб и запорно-регулирующей арматуры в
связи с отсутствием вводов в дома используются
водоразборные колонки. С целью улучшения благоустройства в домах железнодорожников будет
производиться замена внутриквартальных сетей с
условием подачи воды в квартиры (дома), с установкой индивидуальных приборов учета воды. По
улучшению качества добываемой воды будет проводится монтаж современных установок обеззараживания и опреснения (дельфин,Тазасу,БВ и т.д.).
А так же предусматривается капитальный ремонт
сливных колодцев. Запланированы поэтапный капитальный ремонт зданий и сооружений, ремонт
водонапорных сетей на ст.Женис, ст.Туемойнак,
ст.Манадырь до 2016 года. Вместе с тем, в по данной Программе в 2014 году для обеспечения населения централизованной питьевой
водой
Управлением были рассмотрены проектно-сметные документации на бурения новых скважин на
малых станциях и разъездов, в части запланировано в 117 разъезде,28 км и 60 км. Несмотря на
определенные позитивные результаты реализации
Программы, проблема обеспечения водой населения до настоящего времени сохраняется. Мероприятия
по
улучшению
обеспеченности
железнодорожного населения качественной питьевой водой должны быть доведены до должного
уровня.
М.Д.БРИМЖАНОВА,
Руководитель Жана-Аркинского
отделенческого управления
по защите прав потребителей на транспорте
10
Қаңтардың 15-і күні әулетінің киесі, ауылымыздың ардақты анасы
Искакова Сара Түсіпқызы сексен жасқа келді. Құтты орданың бақыты
мен ортаймас қызық-қуанышындай қарт анамыз қасиетті Түгіскен
топырағында 1935 жылы дүниеге келген. Аяулы ана ұзақ жыл
ұстаздық білім берген, «Алтын алқа» иегері, жары, елімізге танымал
сазгер әнші Игілік Омаров екеуі 10 бала тәрбиелеп, олардан 26 немере, 10 шөбере сүйіп отыр. Ортамызда ойнап-күліп жүргенінің өзі
жайдары жарастықты паш етіп, әйгілердей. Жүзінен күлкі, көкейінен
қуаныштың нұры есе берсін. Шаттық құшағында тербеліп, сексеннің
сеңгірінен өтіп, тоқсанның тобығынан ұстап, жүзді жөргемдесін.
Немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің қызығына тоймай, жүре беріңіз
Қуаныштың құт бесігін тербесіп,
Сізбен бақ қой ғұмыр сұлу селбесіп.
Бүгін міне, ғибратты бір ғұмыр,
Сексен жастың сеңгіріне келді есіп.
Ада болып азадан да, назадан,
Маңайында маздай берсін ғазал-ән
Әулетінің иесі мен киесіСен, мың жаса, Ән-Ана!
Алла берген еншіңе кім таласар,
Бүгін ескі кешегің.
Сіздей жанға сондықтан да жарасар,
Берсе-дағы ғазиз жастың нешеуін.
Ізгі ниетпен: Түгіскен ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымы мен ақсақалдар
алқасы
Бізді өмірге әкеліп, жүрегінің жылуын сыйлаған аяулы анамыз Сара Түсіпқызы Омаркеліні
80 жасқа толып отыр. Ана үшін әр баланың орны бөлек. Дүниеге келген 10 баланы бір-бірінен алаламай, жетістігіне бірге қуанып, қателігін ақылмен түзеп, адалдық пен адамдыққа
тәрбиелеген сүйікті анамыздың еңбегі біз үшін ерекше. Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін
беріп мәпелеген, бір ұяның балапандарының қанатын қатайтып қияға ұшырған асыл
жанның үмітін ақтау біздің өмірлік парызымыз. Сексенге келсе де әлі күнге әулеттің
бағдаршамы, түп қазығы болып отырған анамызға мықты денсаулық, шаттықты ғұмыр тілейміз.
Ақыл беріп сабырмен баяу ғана,
Бізді ойладың ұйқыда, ояуда да.
Түзу жолды көрсетіп бағыт берген,
Орның бөлек біз үшін, аяулы Ана!
Алда әлі қуаныш көре берер,
Орындалып Сіз берген өнегелер.
Айналаңда жайқалған жапырақтай,
Әжелеген немере-шөберелер.
Санамызды әлдимен тербетті өлең,
Талай іс бар өзіңіз міндеттеген.
Сеңгірінде сексеннің тұрсың бүгін,
Қуанамыз бас иіп құрметпенен.
Құттықтаушылар: ұлдары мен келіндері, қыздары мен күйеубалалары, немерешөберелері
О.Жұмабеков атындағы орта мектептің ұстазы, әріптесіміз
Алпысова Бейбіт Дәулетбайқызының 55 жасқа толған туған күнімен
құттықтаймыз! Ардақты әріптесімізге мықты денсаулық, ашық
аспан, еңбегіне жеміс, отбасына амандық және бақытты ғұмыр тілейміз.
Құтты болсын сіздің туған күніңіз,
Жарқыраңыз, күндей болып күліңіз.
Ақ тілектер жарып шыққан жүректі,
Жырдан болсын сізге сыйлар гүліміз!
Ізгі тілекпен: аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт
бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және
О.Жұмабеков атындағы орта мектеп ұжымы
Анасының сүйікті қызы, қадірлі де қымбатты бауырымыз Смағұлова
Бейбіт Төлеуханқызын 27-қаңтар күні 50 жасқа толар туған күнімен
шын жүректен құттықтаймыз. Шаңырағының ұйытқысы,
балаларының қамқоры болып отырған бауырымызды құттықтай келе
деніне саулық, қажымас қайрат, бақытты да баянды ұзақ ғұмыр
тілейміз.
Жылдар өтіп елуге де келдіңіз,
Нұр, шұғыла айналаға төктіңіз.
Тіршіліктің суығы мен ыстығын,
Тартып талай асулардан өттіңіз.
Бұл күні думанды той қалықтасын,
Мерейтойда қабағың еш жабықпасын.
Шаттық тұңған көңілің күмбір күймен,
Ән-жырменен тербеліп шарықтасын.
Ақ тілекпен: анасы-Мәрим, бауырлары –Әбсаләм-Бақыт, Дулат-Сәуле, Тілеухор,
Бибігүл-Рамазан, Алтынгүл-Съез, Манара-Сәкен
Біліктілігі мен іскерлікті орайлы ұштастыра отырып, білім беру ісіне сүбелі үлестерін
аянбай қосып жатқан Жаңаарқа негізгі мектебінің ұстаздары қаңтар айының 30-да
Қаңатбаева Бәтима Тасболатқызы елеулі 50 жасқа келсе, 31-де Ақбөпеева Гүлнұр
Байдалықызы ордалы 30 жасқа толып отыр.
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте
болуларыңызды тілейміз.
Тілек білдірушілер: аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен
кәсіподақ кеңесі және Жаңаарқа негізгі мектебінің педагогикалық ұжымы
24 қаңтар 2015 жыл
Жаңаарқа тұрғыны асқар таудай әкеміз, асыл жар Өтеуов Жағыпар 2
ақпан күні 70 жасқа толады. Осыған орай біз сізді жан жүрегімізбен
жарқылдай қуана отырып құттықтап, мерекелі мерейтой күні Сізге
денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер
қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем,
қадір-қасиетіңіз зор болсын.
Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
Жетпіс жастың құтты болсын белесі.
Бұл 70 жас – қарттық жас емес, қазына жас,
Бала мен немеренің назына мас.
Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,
Басыңыздан ешқашан ажырамас.
Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін.
Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,
Қылығына қуанып шөберенің.
Ізгі тілекпен: жұбайы – Әдиша, балалары Айзат-Мұханбетжан, Алтын-Жасұлан, Эльмира-Талғат, Айнұр-Думан, Бибінұр-Саят, Зәуреш және немерелері
Ағайынға қадірлі, туған-туыстары мен отбасының арқа сүйер тірегі,
Жаңаарқа белгі беру және байланыс дистанциясының директоры Кобдыков Нұрхан Әрінбекұлын 26-қаңтар күні 50 жасқа толар мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ
ғұмыр, қажымас қайрат, шуақты күндер, көкейкесті мұратмақсаттарыңыздың орындала беруіне тілектеспіз.
Сарыарқадай көңілі дархан,
Құрмет тұтады қашанда ортаң.
Әлі талай асулардан асып,
Қуаныш әкелсін арайлы әр таң.
Деніңіз сау, аман болсын басыңыз,
Тек жоғары домаласын тасыңыз.
Ел-жұртыңның ортасында аман-сау,
Күліп-ойнап, жүзге келсін жасыңыз.
Ізгі тілекпен: ШЧ-22 дистанция ұжымы мен кәсіподақ төрайымы
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам
бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы
ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын
осы салаға арнаған, Жаңаарқа негізгі мектебінің ұлағатты ұстазы
Айтжанова Гүлнар Түлікқызы осы айдың 27 жұлдызында 58
жасқа толып отыр.
Гүлнар Түлікқызы шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл
мінезді, жүрегі батыр, жаны жомарт, ойы өткір ұстаз. Осындай бар
жақсылықты бойына сыйдырған ұстазымызға өмірдің бар жақсылығын
тілей отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз:
Ел үшін еттің еңбек, аянбадың,
Сол жолдың бар бақытын баяндадың.
Жарқырап, ұл-қыздарың – жұлдыздарың,
58 жасқа аялдадың.
Үзілмесін өміріңнің жыр-әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.
Бағың тасып, мол-дәулетің өрлесін,
Бір бақытты құдайым көп көрмесін.
Сізге деген сырлы жырды ақтардық,
Қуанышпен басып жүрек пернесін.
Ізгі тілекпен: аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен кәсіподақ
кеңесі және Жаңаарқа негізгі мектебінің педагогикалық ұжымы
Қадірлі келін, қымбатты асыл жар, балалардың аяулы анасы, немережиендердің сүйікті әжесі болып отырған Айтжанова Гүлнар
Түлікқызын зейнеткерлік жас 58 жасқа толар туған күнімен шын
жүректен құттықтаймыз. Үйінің берекесін, ұйытқысын кіргізіп
отырған ананы бүгінгі мерейтойымен құттықтап, қажымас қайрат,
зор денсаулық, әлемдегі бар жақсылықты тілейміз.
Құтты болсын бүгінгі туған күніңіз,
Қуаныштың кемерінен тасыңыз.
Әрқашанда мықты болып денсаулық,
Қажымастан жүзден әрі асыңыз.
Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,
Тұрсын алдан арайланып таң күліп.
Бақыт болсын әрқашанда жолығар,
Шаттығыңыз тау суындай молығар.
Құттықтаушылар: енесі-Кәмилә, жолдасы-Шүкіржан, балалары-Қайыржан-Айгерім,
Гүлжан-Асылхан, Ерлан-Әлия, немерелері-Сержан, Санжар, Сабина, Медина,
Мұстафа, жиендері-Дарина, Дарын
Жақында Қарағанды облысында өткен облыстық оқушылардың пән олимпиадасында
оқушыларымыз білімдерін сынап, жүлделі оралды. Олар: Қуанышбеков Мейіржан (ІІ – орын) физика пәні, мұғалімі Қ.Б. Шыңғысбаева, Төкешова Мархаббат (ІІІ – орын) қазақ тілі пәні, мұғалімі
Г.И.Достаева, Дадашева Анастасия (ІІІ-орын) орыс тілі пәні, мұғалімі Н.В.Зайченко, Ермекова
Аңсаған (ІІІ-орын) математика пәні, мұғалімі Б.М.Алимханова, Қарамырзаева Фариза (ІІІ-орын)
физика пәні, мұғалімі Ш.У.Сейдуалина.
Аудан арасында № 132 орта мектебі І орынға ие болды. Осы аталған ұстаздарды,оқушыларды жетістіктерімен құттықтай отырып, еңбектерінің жемісті бола беруіне тілектеспіз.
Тілек білдірушілер: аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен кәсіподақ
кеңесі және № 132 орта мектеп ұжымы
24 қаңтар 2015 жыл
11
Еске алу
Жаңаарқа ауданының тұрғындары болған
шаңырақ иесі, ардақты азамат, бірімізге
қымбатты бауыр, сүйікті де инабатты келін,
балаларының асқар таудай әкесі мен аяулы анасы
бола білген Рахымбеков Жоламан мен
Құрақбаева Насиха тірі болғанда биыл 60 жасқа
толар еді. Амал не, Алланың жазуына шара бар
ма?! Ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенелер,
бақытқа бөленер шақта бұл жалғанды тастап кете
бардыңдар.жүрегіміз
қынжылмай
қайтсін,
құттықтау жазу орнына еске алу жазып отырмыз. Не деген қиын еді?! Не деген қиын еді?!
Адамға ата-анасынан, бауырынан айырылғаннан ауыр азап жоқ екен.күн өткен сайын сіздерге деген сағынышымыз ұлғая түседі.
Атпай қалғандай таңымыз,
Бастан тайғандай бағымыз.
Бірге жүрердей көруші ек,
Бөлек екен ғой жанымыз.
Көзкөрмес кеттіңдер жыраққа,
Өзгермес көңіл бірақ та.
Бақұл бол әке-ана аяулы,
Орындарыңыз болсын жұмақта.
Сағына еске алушылар: Жүнісов Қазбектің отбасы, балалары, бауырлары Бәтима,
Гүлнар
КӨҢІЛ АЙТУ
Аудан әкімінің аппараты еңбек ардагері Ахметов Аманкеге
сүйікті ұлы Тоқтардың
кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады
*** *** ***
Аудан әкімінің аппараты Бидайық ауылында ұзақ жылдар мал дәрігері қызметін атқарған
Тұңғышбай Асановтың
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, ағайын-туыстарына қайғыларына
ортақтасып, көңіл айтады
*** *** ***
Ардагерлер ұйымының ұжымы алқа мүшесі Ахметов Аманкеге
баласы Ахметов Тоқтардың
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Бидайық ауылдық округ әкімінің аппаратты, ауылдық кітапхана ұжымы, мәдениет үйі,ФАП
ұжымы мен ауылдастары ауыл тұрғыны, еңбек ардагері
Асанов Тұңғышбай Мұқатайұлының
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту
орталығының ұжымы осы мекеменің директоры Тоқанова Венера Ералықызына
қайын атасы Бәшімов Қыдырәлі Рахымбекұлының
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*** *** ***
Аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және
О.Жұмабеков атындағы орта мектеп ұжымы осы мектептің психологы Мұнсызбаева Бибісара Досымқызына
жолдасы Ахметов Тоқтарбай Амангелдіұлының
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
*** *** ***
Аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және
С.Сейфуллин атындағы орта мектеп ұжымы осы мектептің ұстазы Айнаш Айтбаеваға
ардақты әкесі Әбілданың
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Ауылдық жерге келген мамандарға
әлеуметтік көмек
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 18 ақпанындағы «Ауылдық елді мекендерге
тұрып жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы» №183қаулысымен жас мамандарға жетпіс айлық көрсеткіш көлемінде бір реттік
жәрдем ақы және тұрғын үй алуға мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын
мөлшерде бюджеттік несие алуға ауылдық елді мекендерге тұрып жұмыс істеуге келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі жанынан тұрақты қызмет ететін комиссия
құрылған.
Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмекті алу үшін жас маман өтініш, жеке басын
күәландыратын құжаттың, еңбек кітапшасының, (жаңа жұмыс орында кадр қызметімен
расталған) тұрақты жерінен берілетін анықтаманың және білімі туралы дипломының
көшірмелерін комиссияның жұмыс органына ұсыну қажет. Құжаттарды қабылдайтын «Экономика және қаржы бөлімі». Мекен-жайы:Тәуелсіздік 2 көшесі , телефон: 2-67-63
Жерлестеріміздің жеңісі
Спорт
Қаңтардың күні Қарағанды қаласында дзюдо күресінен өткен 1995-1996 ж.т. жастар арасында
Қарағанды облысының чемпионатында Зекен Ерболат +100 кг салмақ дәрежесінде І орынды
иеленді.
13.01-14.01.2015ж. күні Қарағанды қаласында дзюдо күресінен өткен 1998-1999 ж.т. жастар
арасында Қарағанды облысының чемпионатында аудан құрамасы төмендегідей нәтиже көрсетті.
Серік А. 73 кг І орын, Сембин Н. 55 кг ІІІ орын, Сағындық О. 48 кг ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаз спортшылар аудандық БЖСМ-де жаттығады.
Аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Білім
Облыстық пән олимпиадасы мәреге жетті
2014 жылдың 10,11 қаңтарда О.Жұмабеков атындағы орта мектебінде жалпы оқу пәндері бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі /аудандық/ өткен болатын. Олимпиаданың
ашылу салтанатында аудандық білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Қуанышбеков Ермек Зейноллаұлы қатысушыларды құттықтап, былтырғы олимпиада
қорытындысы бойынша облыстық кезеңнен орын алған жүлдегерлерге, оларды дайындаған
мұғалімдерге бағалы сыйлықтар тапсырды. Олимпиадаға 23 мектептен 321 оқушы қатысып,
өз бақтарын сынады. Нәтижесінде 175 оқушы жүлделі орындарға ие болды, қазылар
алқасының шешімімен 27 оқушының жұмысы облыстық сараптау комиссиясының қарауына
жіберіліп, бұл жұмыстар облыстық сараптау комиссиясының іріктеуінен өтіп, 25 оқушы
қаңтардың 9,10 облыстық олимпиадада бақтарын сынап келді. Нәтижесі төмендегідей болды
ІІ орын физика пәнінен М.Қуанышбеков /№132 ОМ 9 сынып оқушысы, мұғалімі Қ.
Шыңғысбаева/, ІІ орын география пәнінен Б.Мағрупжанов /Ақтүбек ОМ 9 сынып оқушысы,
мұғалімі Н.Балтабаев/, ІІІ орын қазақ тілі пәнінен Н.Ғалымов /Талдыбұлақ ОМ 9 сынып
оқушысы,мұғалімі Н.Тоқбергенова /, ІІІ орын қазақстан тарихы пәнінен Д.Сапар /Н.Крупская
атындағы ОМ 10 сынып оқушысы, мұғалімі Г.Абдрахманова, ІІІ орын қазақстан тарихы
пәнінен Қ.Айтбекова/ Ю.Гагарин атындағы ОМ 10 сынып оқушысы, мұғалімі Ж.Рыспекова/,
ІІІ орын география пәнінен П.Көшкенова /О.Жұмабеков ОМ 10 сынып оқушысы, мұғалімі
Л.Беспаева/, ІІІ орын география пәнінен Ж.Рашатова /Н.Крупская ат.ОМ 11 сынып оқушысы,
мұғалімі яып оқушысы, мұғалімі Н.Зайченко/, ІІІ орын қазақ тілі пәнінен М.Тукешова /№132
ОМ 10 сынып оқушысы, мұғалімі Г.Достаева/, ІІІ орын биология пәнінен Г.Төлеубаева /Ынталы ОМ 10 сынып оқушысы, мұғалімі Г.Шакенова/, ІІІ орын биология пәнінен Ж.Сартбек
/О.Жұмабеков ОМ 11 сынып оқушысы, мұғалімі Н.Мақшиев/, ІІІ орын химия пәнінен 11
сынып оқушысы Қ.Қоңыртаева /Қызылжар ОМ 11 сынып оқушысы, мұғалімі Л.Жакупбекова/,
ІІІ орын информатика пәнінен А.Бекпаева /О.Жұмабеков ат.ОМ 10 сынып оқушысы, мұғалімі
А.Кадрина/, ІІІ орын физика пәнінен Ф.Қарамырзаева /№132 ОМ 11 сынып оқушысы, мұғалімі
Ш.Сейдуалина/, ІІІ орын математика пәнінен А.Ермекова /№132 ОМ 9 сынып оқушысы,
мұғалімі Б.Әлімханова/, ІІІ орын математика пәнінен Д.Нақыпова /О.Жұмабеков ат.ОМ
оқушысы, мұғалімі А.Кадрина/. Қарағанды облысының білім басқармасымен «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндерден
республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне оқушыны дайындағаны үшін №132 ОМ физика пәні мұғалімі Қ.Б.Шыңғысбаеваға Алғыс хат тапсырды. Жаңаарқа ауданының командасы
жалпы командалық есепте облыста ІІ орынға ие болып, «Ең үздік олимпиадалық команда 2015» ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ш.С.Борамбаева,
Әдістемелік кабинет меңгерушісі
Медицина
Круглый стол по оказанию медицинских услуг в районе
9 января текущего года во исполнение поручения заместителя председателя Комитета по защите прав потребителей М.Толеутай от 10 декабря 2014 года под председательством руководителя отдела санитарно – эпидемиологического надзора Жанааркинского районного
управления по защите прав потребителей М.О.Мукушевой в центральной районной больнице
был проведен круглый стол по оказанию медицинских услуг в районе.
В круглом столе присутствовали заместитель председателя партии «Нур Отан» Жанааркинского района А.Ныгатайулы, руководитель районного аппарата маслихата К.Матин, директор
ЦРБ С.Кульмаганбетов и работники медицинского учреждения.
В ходе круглого стола разбирались актуальные вопросы в сфере медицинской услуги, а именно
по проблемам здравоохранения и предложения по их решению, неправильная постановка диагноза и назначение лечения, нарушение прав в предоставлении гарантированных государством бесплатных услуг и лекарств (ГОБМП), высокая стоимость лекарственных препаратов,
огромные очереди в медицинских учреждениях, не соблюдение норм площади в больничных
палатах на 1 койку-место, отказ от госпитализации больного в больницу (стационар), выдача
недостоверных анализов.
Было сказано о заключении на сегодняшний день между партии «Нур Отан» и Жанааркинским
районным управлением по защите прав потребителей меморандума и в данное время работа
ведется согласно меморандума.
Директором ЦРБ С.А.Кульмаганбетовым было сказано о проведений ремонтных работ по
освобождению первого этажа для размещения полностью ВОП и для узких специалистов в
районной больнице. В результате создадим условия для облегчения получения медицинских
услуг квалифицированных специалистов.
Со стороны партии «Нур Отан», районного аппарата маслихата было сказано о проведении
широкой разъяснительной работы среди населения района по защите прав потребителей и о
решении финансирования для проведения ремонтных работ в центральной районной больнице.
На сегодняшний день постоянно проводится разъяснительная работа по разъяснению прав потребителей.
В конце круглого стола директор ЦРБ поблагодарил организаторов круглого стола работников
управления по защите прав потребителей и участников за проведения круглого стола.
«Жанааркинское районное управление по защите прав потребителей» РГУ
ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫЛСЫН
Нияз Батыр көшесі № 76-1 үйдің иелері Сагимбеков Берен Муханович пен Сагимбекова Ляззат
Какишевнаның атына 24.12.1993 жылы берілген № 2009 жекешелендіру шарты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
***
*** ***
Файзулла Абдрахмановтың атына берілген LADA-21214 жеңіл автокөлігінің 171 ЕТА09 номері
жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
Прошу вернуть за вознаграждение!
Утерянный договор купли-продажи квартиры № 9581 от 25.08.2005 года, технический паспорт квартиры от
01.09.2005 года на имя Майбасовой Д.А прошу вернуть за вознаграждение! Звонить по телефонам: 87014408969.
Жақсының аты өлмейді
Еліне ән сыйлаған, жыр сыйлаған
12
Жаңаарқа газетінің 2009 жылғы санында «Арманда кеткен қайран, Қасымхан...» атты мақалам басылып шыққан. «Жаңаарқа» ауданының 80 жылдығына байланысты осы ауданнан шыққан, осы ауданның
мектебінде оқыған, сазгер, ақын, актер Асанов Қасымханның өмірбаянымен, шығармашылығымен,
аудан оқырмандарына таныстыру мақсатында жазылған.
Қасымханның шығармашылығы толықтай талқыланған. Осыған байланысты және Қасекеннің
кітабінің шығуына байланысты көлемді мақала жазуыма тура келді. 2011 жылғы қараша айында
Қасекеннің «Қарамашы, қадамашы көзіңді» атты кітабы баспадан басылып шықты. 2012 жылы 25ақпанда Асанов Қасымхан 75 жасқа толды. Сол мерейтойда кітабі оқырман қауымға таныстырылды.
Мерейтойды ұйымдастырушы Топар кентінде тұратын баласы Ержан Қасымханұлы Асанов. Ауру себепті мен ол кешке қатыса алмадым. Ержан маған Қасекеңнің бір кітабын беріп жіберіпті. Сол кітап
туралы азды-көпті пікір білдіргім келді. Жаңаарқа жұртшылығының қолына ол кітаптың тие бермейтіндігі белгілі және кітапппен оқырман қауымды таныстыруды өзіме мақсат тұттым.
Жалпы кітап баспадан жақсы шыққан. Қасымханның 25 әні жазылған. Көлемі 190 бет. Егер әндердің
нотасы берілсе, кітап бір том болатын. Кітапта Қасымханның әр кезде шығарған өлеңдері (әндерінен
басқа) жарияланған. Біраз адамдардың естеліктері, эсселері, рецензиялары берілген. Мысалы «Қайран
жастық шағымыз» атты туысы, құрдасы, ауылдасы, медицина ғылымының докторы, профессор Өкен
Ахметбекұлы Аманбектегінің жазған естелігі сәтті шыққан. Бал-балауса жастық шақ, өскен орта,
оқыған мектеп, жігіттік албырт шақ, тағы басқа жақсы суреттелген. «Ана Жартасын ән-жырмен
аялаған» атты Қасымханның аталас жақын қарындасы Бақыт Ахметбекқызының жазған мақаласы бүкіл
Қаражартас ауылының айнасы, бетпердесі- деп атауға әбден лайықты.
Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі – Кәрім Сауғабайдың «Қайдасың қайран Қасымхан?»
атты естелігі боямасыз шынайы, адал, сыншыл жүрегімен жазылған. Қасымханның 1992 жылғы жайкүйі (болмысы), жан-ұя жағдайы шын мәнінде мақалада жазылғандай болатын. Шындығын айту керек,
бірақ Қасыханның Кәрім жазғандай шығармашылығы да өз мәнінде жазылған.Қазақстан журналистер
одағының мүшесі Әлімжан Құтжанұлының 2009 жылғы «Сана» газетінде басылған «Осы жұрт
Қасымханды біле ме екен?» деген мақаласы туралы бірдене деп пікір айту орынсыз. Әлімжан Өспен
кеңшары Айғыржал бөлімшесінің азаматы. Әкесі Жақанов Құтжан (20 шақты жыл) Айғыржал
бөлімшесін басқарған өте тілді, әдебиетші, тарихшы, шежіреші адам еді. Орыс тілінде шебер сөйлейтін.
Қасымхан, біріншіден ақын. Кітапта әндерін есептемегенде (әннің сөзін де жазады), 200 (екі жүз)
шумаққа тарта өлеңі жарияланған. Мысалы, «Көктем ойлары», «Жалғыз қайық», «Гүлсезім»,
«Сағыныш», «Жүрек», «Үзік ойлар», «Мақпал», «Ақша», «Біреулерге», «Әр кезде жазылған шумақтар»,
«Жұбайы Әсияны жоқтау», «Балалары Ерлан, Саянды жоқтау», «Ауылым» тағы басқа. Барлық
өлеңдерін тізіп шығу мүмкін емес.
Екіншіден, Қасымхан композитор (сазгер). Әуесқой емес, нағыз композитордың өзі. Ауыл жастарының
айтып жүрген әндерінен басқа, төмендегідей әндерінің бар екендігін кітаптан білдік. «Тұрдың мүлгіп
құшағында қиялдың» (сөзі Марқат Исиндікі), «Балбұлым» (ол да Исиндікі), «Мұғалімдер әні» (сөзі
Шона Смақанұлынікі), «Қарағанды вальсі» (сөзі Сайлаухан Нәкеновтікі), «Сенім», «Гүлзира» (сөзі
Құдаш Мұқановтікі), «Қарагөз» (сөзі Оспанхан Әубәкіровтікі), сөзінде, әнінде өзі жазған өлеңдері.
«Қарамашы, қадамашы көзіңді», «Шарбанға», «Сағынам», «Жайлау таңы», «Қаражартас», «Сарысу
әуені», «Күлкенге», «Сәкенге», «Сымбаттым-ай, сырғақтым-ай», «Бақыт кілті», «Сарыарқа», «Астана
– Астанам» тағы басқа. Барлығы 25 ән. Қасымханды нағыз композитор деп атауға болады.
Үшіншіден, Қасымхан өте шебер актер. 1961 жылы Алматы консерваториясының актерлік факультетін
бітіріп, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрына жұмысқа орналасқан. Сонда 24 жаста екен. Ол
уақыттарда қазақ театры, киносы, жазушылар одағы, жалпы қазақ өнерінің аты әйгілі болып тұрған
уақыты. Қысқаша айтқанда, қазақ өнерінің өрлеу уақыты. Қазақ драма театрында Қалибек Қуанышбаев,
Серке Қожамқұлов, Бикен Римова, Қапан Бадыров, Мүлік Сүртібаев, Елубай Өмірзақов тағы басқа
қазақ тетр өнерінің алыптары бірге еңбек еткен. Қасымханның театрға келіп, солармен еңбек етуі үлкен
мәселе. Жастардың ішінен іріктелген тек қана таланттар еңбек ететін жер. Кітапта, Қасекеннің сол
атақты актерлермен бірге түскен суреті бейнеленген, тапырмайтын сирек кезігетін бейне. Қазақ театр
өнерінің алыптарынан алған тәжірибесін ол Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы драма театрына келгенде көп істер атқарды, бірнеше атақты актерлермен жұмыс істеді. Мысалы, Әнуар
Молдабеков, Ыдырыс Ноғайбаев, Фарида Шарипова, Есмұқан Обаев, Есболған Жайсанбаев тағы
басқалары еңбек етті. Сол уақытта Қасекең «Шұғаның белгісі», «30 тиын штраф» тағы басқа
спектакльдердің музыкасын жазған. Театрдың жұмысына белсене араласып, өркендеуіне үлкен үлес
қосқан.
Кейінгі жылдары Қарағанды облысы радиосының музыкалық редакторы болып абыройлы жұмыс істеді. Облыстық совпрофта жауапты қызметте болды. Жезқазған облысы Халық шығармашылығы
үйінде директор болды. Еркіндікте тұратын әнші, сері Төлегенов Қоңыр жастайынан Қасекеңнің әнін
айтып өскен жігіт. 1970 жылдардың аяғында Қоңыр Алматы қаласына барып, Қазақ радиосының
қорына Қасекеңнің үш әнін «Шарбанға», «Қарамашы, қадамашы көзіңді», «Сағынам» атты үш әнін
жаздырған. Сол уақытта Қазақ радиосының музыкалық бөлімін атақты композитор Ілья Жақанов
басқарады екен. Қоңырдың орындауында «Шарбанға» деген әнді естігенді Ілья Жақанов өте тебіреністе
болыпты. «Осы әнді шығарған қайран Қасымханнан айналып кетпейсің бе... Осы әнмен-ақ Қасымханды
сазгер деп тану керек қой. Шәмші сияқты бұл да сазгер атанбай, композиторлар одағы мүшесі бола
алмай қорлықта өтетін шығар»,-депті.
Қорыта айтқанда , Қасымхан Асановтың тамаша әндері елімен бірге жасай береді. Ол туралы әлі
талай естеліктер жазыларына сенімдіміз.
М.СЕМБЕКҰЛЫ, зейнеткер-ұстаз
Жасыл практиктердің ЭКСПО-2017-ге қосар үлесі
Бүгінгі таңда «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы өзінің
жобалары, жұмысы арқылы еліміздің азаматтарын «жасыл экономика» саласындағы кең
ауқымды реформаға белсенді араласуға жұмылдыруда.
Атап айтсақ, 2013-2014 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесіп Қазақстанның түпкір-түпкірінде бірнеше пилоттық жасыл жобалар жүзеге асырылған
болатын. Мысалы, Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар мектептерінде энерготиімді жарықтандыру жобасы іске асырылды, Астана қаласы жанындағы Пригородный елді мекеніндегі бала бақшаға күн коллекторы орнатылды және тағы осындай көптеген
жобалар жүзеге асырылды.
Бұдан басқа, Коалицияға 2014 жылы Жаһандық Экологиялық Қордың Кіші гранттар
бағдарламасы «Сенім белгісін» тапсырып, өз қорындағы сәтті жүзеге асырылған энерготиімді,
жасыл технологияларға негізделген жобалардың тәжірибесін таратуды тапсырды.
Сондықтан, қазіргі таңда Коалиция қорында 30-дан аса ең үздік жасыл практиктер
жинақталған. Солардың негізінде «Арнасай – жасыл алқап» жобасы қолға алынып отыр. Жоба
арқасында Арнасай ауылында ең үздік, тиімді әрі қолжетімді жасыл технологиялар бір
демоалаңға жинақталатын болады.
Коалиция еліміздің барлық бизнес құрылымдары мекемелерін осы жинақталған үздік жасыл
практиктер тәжірибесін зерделей, мысал ретінде алып, өздері де жасыл технологияларды енгізу жобаларын қолға алуға шақырады.
2015 жылы Коалиция биовегетарий құрылысын, бірнеше қонақ күту үйлерін ашуды, тауарлар
мен ғимараттарға экомаркировка жасауды қолға алмақшы.
Қосымша ақпарат үшін greenkaz.kz@gmail.com, 8 7172 999 408, 999 407, 8 705 147 1889, 8701
954 1579, немесе www.greenkaz.org
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, 2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52, тілшілер бөлімі
2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
24 қаңтар 2015 жыл
Ұстаздық еткен жалықпас...
Жүректерге білім құйған, нұр құйған
«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және
аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да
аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ
және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне…
жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек
болуы керек»,-деген екен Әл-Фараби. Осыдан мың жыл бұрын айтылған осы бір сөз әлі де
өміршеңдік маңызын жоймағаны мені таң қалдырады.Дәл осы сипаттамаға сай келетін мектебімізде мұғалімдер жетерлік.
Біздің бүгінгі әңгімеміз аяулы ұстазымыз Секер Жарылғапқызы Рахметова туралы болмақ.
Рахметова Секер 1956 жылы 13 желтоқсанда Ақтау ауылында дүниеге келіп, 1964 жылы
Айдаһарлы бастауыш мектебіне 1 сыныпқа оқуға барады. Алғашқы ұстазы Текебаев Сымат
ағай өнерге баулыды. Жастайынан өнерге жақын болып, он жасында домбыра тартып, 13 жасында сырнай (гармонь ) үйренді. Мектеп қабырғасында жүргенде аудандық, облыстық домбырашылар сайысына қатысты.
1974 жылы Ақтау орта мектебінен онжылдықты бітіріп,сол жылы күзде құрылған «Ақтау
қызғалдақтары» комсомол-жастар бригадасының комсоргі ретінде Төлеуов Қыдырбайдың
тәлімгерлігімен еңбек етті. КПСС қатарына өтіп, ауылдық кеңестің депутаты және «Коммунистік еңбектің екпіндісі» белгісімен марапатталды.
1979 жылы Отарбаев Ахметжанмен отбасын құрып, 4 бала тәрбиелеп өсірді. 1980 жылдан
бастап Ақтау орта мектебінде мұғалім болып жұмыс атқара жүріп, сырттай Жезқазған
педагогикалық институтының география факультетінде оқып, 1985 жылы аяқтады. Мектепте
мұғалімдікпен қоса кітапханашы қызметін қоса атқарып жүріп, үнемі поэзия кештерін, диспут,
конференция, сырласу, ой-талқы, т.б. әсерлі, қызықты кештердің өтуіне мұрындық болып
жүреді. Осы еңбегінің нәтижесі бағаланып аудандық оқу бөлімінің «Үздік кітапханашы»
атағына ие болып, Құрмет Грамотасымен марапатталды. Өзінің өнерсүйгіш қасиетіне байланысты ауыл мәдениет үйінде ұйымдастырылған ауыл жастарының көркемөнерпаздар
үйірмесінің белсенді мүшесі ретінде де танылды. Сонымен қатар жас бүлдіршіндердің де өнер
айдынына қанат қағуына баули отырып, түрлі тақырыптарда қызықты ән кештерінің
ұйымдастырушысы болды. Соның жарқын үлгісі ретінде атақты композитор Шәмші
Қалдаяқовтың 70-ке толған мерейтойына орай «Шіркін, Шәмші!» атты әдеби-сазды
бағдарламасын биік деңгейде мектеп мұғалімдерімен бірге ұйымдастырып өткізді. Ұлы
Жеңістің 60-жылдығына байланысты аудан мектептерінің арасында өткен байқауда мектеп
ұжымының шығармашылық әдеби-сазды көріністер жарысында үшінші орын алуына септігін
тигізген де Секер апайдың көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеті. Оқушылардың
да аудандық «Жаңа есімдер», «Еркетай» байқауларында 2-орын, «Ғұмыр-дария», «Ақ
көгершін» республикалық байқауларынан да жүлделі орын алуы Секер мұғалімнің сіңірген
еңбегінің жемісі деп айтуға негіз бар. Мол тәжірибесінің арқасында сол еңбектері еленіп,
Республикалық, аудандық баспасөз беттерінде де мақалаларымен елге танымал тұлға. Атап
айтсақ, аудандық «Жаңаарқа» газетінде «Тау еркесі тұғырға қонды», «Ұлағатты ұстаз» атты
мақалалары жарық көрсе, Республикалық «Ашық сабақтар» журналының 2011 жылғы №6 санында «Бізді қоршаған орта», 2012 жылғы №2 санында «Ай-жердің серігі» атты географиядан
өткізген ашық сабақтары жарық көрді. Осы еңбектері ескеріле келе 2006 жылы аудандық білім
бөлімінің, 2010 жылы Қарағанды облыстық білім департаментінің «Құрмет Грамоталарымен»
марапатталды.
Оң жағына оң отау, сол жағына сол отауын құрып отырған бақытты ана. Балаларының бәрі
өз отбасын құрған, жоғары білімді азаматтар: Теміржан мен Гүлнар Қарағандыда болса, Динара - Қаражалда, Дидары - ауылда. Ата-анасынан көрген үлгіден таймай, еңбекқорлығымен
өмірде өз орнын тапқан жандар.
Мектебімізде 2011 жылы телеарна кешені іске қосылғалы бері ауылымыздың бетке ұстар
азаматтары туралы деректер беру, сол кісілермен сыр-сұхбат өткізу жақсы дәстүрге айналды.
Бұған дейін алғашқы рет мектебіміздің маңдай алды ұстаздарының бірі, география пәнінің
мұғалімі Гауһар Әбдіғазиқызы Жанабекованың зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты,
одан кейін ардагер ұстаздар Сағынжан Берлібаев, Садықова Рымтай, Әбдіқадыров Жаролла,
ҚР Білім беру ісінің үздігі Төребекова Зекен , Еңбек Ері Шалғынбай Ынтықбаевтар туралы
өткен болатын. Биылғы Жаңа қой жылының табалдырықтан аттаған сәтінен үлкен талғамы
биік шаралардың басы болып сыр-сұхбат өткізілді. Оны ұйымдастырушы мектеп телеарна кешені болса, режиссері Ахметова Айгүл Көшенқызы, операторы Арунова Аманкүл Хашауқызы,
сценарисі Түсіпбекова Әйгерім Еркінқызы, монтаждаушы Игілікова Айсұлу Мағауияқызы.
Деректі кино екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Отбасылық сыр-сұхбат» Секер апайдың
жолдасы ауыл әкімі Отарбаев Ахметжан Еренғайыпұлының отбасында өтті.Екінші бөлімі
қаңтар айының үші күні сағат 11-де мектеп ғимаратының мәжіліс залында өтті. Былтыр мектепті бітіргеніне 40 жыл толуына байланысты түлектер жиналып өз мектебіне тартутаралғысымен келіп, қуантып кеткен бірге оқыған сыныптастары да жиналып, комсомол
жастар бригадасының тәлімгерлері Төлеуов Қыдырбай мен Әтіш тәтелер де келіп, ортаны толтырды. Шәкірттері әндерін айтып,жыр- арнауларын жолдады.
«Сыр сұхбат» кездесуінің кейіпкері - шәкірттердің шуақ шашқан күніндей ардақты жан,
мұғалім атты қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағаннан бастап, сан
мыңдаған жас ұрпақтың болашақ пен жалғастырар алтын көпіріне айналған Ақтау орта мектебінде 35 жыл еңбек етіп келе жатқан ұстаз Рахметова Секер мұғалім, тыңдарманы – сыныптастары, тәлімгер, шәкірттерімен бірге мектеп түлектері қазіргі студенттер және әріптес
ұстаздар қауымы. Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын
білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иесі Секер
апайдың еңбек жолы көпке үлгі -өнеге. Осындай тағылымды, мазмұнды кештердің қазіргі
жас ұрпаққа ұстаздық еңбектің ауыр да қызықты еңбегінің мәнін ашып, мұғалімдерге деген
құрметін , осы мамандыққа қызығушылығын оятуға септігі тиері анық.
Секер мұғалім де - әнші, өнерді биік бағалайды. Ол аналарынан, ұстаздарынан көрген
үлгінің белгісі болар. Кез келген адамның алдына қойған мақсатына сабырлықпен,
табандылықпен, ақылдылықпен, қиындыққа мойымай, еңбек ету арқылы жетуге
болатындығына көз жеткізе ақыл-кеңес беруде пайдалы деп саналып отырған бұл кездесудің
арнайы қонағы, ұстаздардың ұстазы Секер апайға көп алғыс білдіреміз. Зор денсаулық, мол
бақыт, шаңырағыңызға ырыс-байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге
сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды
қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан
бақ таймасын. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдыныңда қайғы-мұңды білмей,
қосағыңыз Ахат мұғаліммен қоса ағарып, бірге еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туғантуыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, балаларыңыздың рахатын көріп, аңсаған
арманыңыздың асуларыңа жете беріңіз.
Әзиза Томабаева, Ақтау орта мектебінің 10-сынып оқушысы
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1530 дана
Тапсырыс №4-5
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Другие
Просмотров
600
Размер файла
20 028 Кб
Теги
газета, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа