close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 28 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
№28 (9678) 23-мамыр, 2015 жыл
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Ауыл шаруашылығы – салмақты сала
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің ауыл шарушылығын дамытуға жылма-жыл көңіл бөліп келеді. Осындай Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатының арқасында 2014 жыл ауыл шаруашылығы үшін
қолайлы жыл болып, облысымыз жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.
2015 жылдың 5 мамырында Елбасының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, онда Мемлекет
басшысы ұсынған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадамның
практикалық жайттары қарастырылған болатын. Аталған реформалардың әрқайсысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндеттер белгіледі. Олар - ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жекешелендіру,
тиімді пайдалану, салық жүйесін реформалау, электр энергетикасы саласындағы саясатты қайта қарау,
құрылыс саласына өзгерістер енгізу, индустрияландыру бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру, сондай-ақ, кедендік рәсімдер мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы сауда саясатын жетілдіру ісін бастаудың
маңыздылығына тоқталды.
Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария және табиғат пайдалану салалары облыс
экономикасының басым бағыты және негізгі салаларының бірі болып табылады. Осыған орай, 15-мамыр күні
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ғ.Ә.Әшімов ауданымызға арнайы келіп,семинар-кеңес өткізді. Аудан
әкімшілігінің мәжіліс залында өткен жиынға облыстық ауыл шаруашығы басқармасы басшысының орынбасары С.А.Апақашов, табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының басшысы Ш.Қ. Мамалинов,
облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы міндетін атқарушы Д.П.Терехов, жердің пайдаланылуы
мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы С.Ш.Ахметов, облыстық ветеринария басқарманың басшысы Қ.С. Тұрсынбеков, «Қазагрофинанс» акционерлік қоғамының жетекші маманы Н.С.Жұмабеков,
«Қазагроқаржы» АҚ директоры Б.Х.Дүйсенбаева, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының директоры Ө.Ш. Торғаев, Қарағанды «Қазагромаркетинг» филиалының директоры Б.Н. Омарханов, сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, кент, ауыл әкімдері және ауыл
шаруашылық, ветеринария, кәсіпкерлік сала мамандары, шаруа қожалықтарының басшылары, учаскелік полиция қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңесті ашқан аудан әкімі Ғ.И.Омаров жиынды жүргізу үшін сөз кезегін облыс әкімінің орынбасарына берді. Ғ.Ә.Әшімов жиынға қатысушыларға ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және табиғат пайдалану салалары бойынша үстіміздегі жылы жүзеге асырылатын жоспарларды белгілеп, осы салалардағы
шешуін табуды қажет ететін проблемалық мәселелерді талдауға жиналып отырғандарын айтып,күн тәртібімен
таныстырды.
Күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Ю.А.Бекқожин сөз алып, ауданда
атқарылып жатқан, жоспарланған жұмыстар жайлы баяндама жасады. Баяндамасында бүгінгі күні
ауданымыздың агроөнеркәсіптік кешенінде екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік, бір өндірістік кооператив,
735 шаруа қожалықтары жұмыс жасайтынын айтып,2015 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығының барлық
санаттары бойынша 2 млрд. 958 млн. 600 мың теңгенің өнімі өндірілгенін айтты. Сонымен қатар, шартты мал
басының 120502 басты құрайтынын және өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға өскенін хабарлады.
Келесі сөз кезегін алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.А.Апақашов бүгінгі таңда
ауыл шаруашылық саласына Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктерге тоқталды. Мал өнімдерін
өткізіп,азығын егіп, өсіргені үшін және ауыл шаруашылығына қажетті техника алып, қыстақтар мен жайылымдарды суландыру үшін берілетін субсидиялар туралы баян етті.
Сөз тізгінін жалғастырған табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Ш.Қ.Мамалинов өрт мәселесі туралы, өрттің алдын алу шаралары жайлы баяндады. Ауданымызда былтырғы
жылы өрттің көп болып, адам өміріне қауіп төнгендіктен, биыл осы мәселеге аса назар аударып, өрттің алдын
алу мақсатындағы жұмыстарды күшейту керек екенін айтты.Содан кейін мінбеге көтерілген облыстық ветеринария басқарманың басшысы Қ.С. Тұрсынбеков бүгінгі күні облыстық ветеринария басқармасының
құрылғанын айта келе, осы салаға байланысты жұмыстардың барлығы аталмыш басқарма арқылы
жүргізілетінін мәлімдеді.
Жиын барысында аудан тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.
Семинардан кейін облыстан келген қонақтар Ақтасты ауылдық округіне қарасты жеке кәсіпкер
С.Тайтөлеуовтың иелігіндегі балық шаруашылығының жұмысымен танысса, Қараағаш ауылдық округіндегі
орман шаруашылығына барып, орманшылармен жиналыс өткізді. Жиналыста өрттің алдын алу шаралары туралы, орманды үлкейту мақсатында ағаш отырғызудың көлемін өсіру туралы кеңестер берілді.
Содан кейін,индустриалдық картаға енгізілген Қараағаш ауылдық округіне қарасты «Қайрат -2» шаруа
қожалығына ат басын бұрды. Көшпелі жайылым негізінде 3000 бас малға арналған мал бордақылау алаңының
жұмысымен танысып, шаруашылық иесі Ж.Абеновпен жүздесіп, асыл тұқымды малды көбейту мақсатында
пікір алмасты.
Ауданымызға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары бастаған бір топ азаматтың берген кеңестері мен пікірлеріне ауыл тұрғындары мен шаруашылық иелерінің ризашылығы мол.Бүгінгі таңда ауылдың әлеуметтікэкономикалық жағдайын көтеру – еліміздің басты міндетіне айналып отыр. Ел болашағы үшін ауыл
шаруашылығын дамыту маңыздылығын қоғам санасымен сезінсе, биліктің түрлі бұтақтары, жергілікті
қауымдастықтар қазақстандық ауылды жандандырудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жолында
мақсатты қызмет етсе, осы мақсатқа жету тек уақыт мәселесі ғана болар еді.
Құрметті жаңаарқалықтар!
Өз газеттеріңіз, ауданымыздың айнасы «Жаңаарқаға»
жазылыңыздар!
Индекс: 16282
Заңды тұлғалар үшін:
1 айға – 175, 84 теңге
6 айға – 1055, 04 теңге
Индекс: 66282
Жеке тұлғалар үшін:
1 айға – 143, 84 теңге
6 айға – 863, 04 теңге.
Баспасөз қызметі
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
«100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ
ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағ¬дайларда ҰЛТТЫҢ
ДАМЫҒАН МЕМЛЕ¬КЕТТЕРДІҢ отыздығына КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ.
«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА,
КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН
жасап беретін болады.
Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН»
СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.
І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ
1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН
ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН
басталуы тиіс.
2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі
лауазымдық
өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы
тиіс.
3-қадам.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН
ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.
4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші рет
қабылданушылар үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СЫНАҚ МЕРЗІМІ (тиісінше үш
айдан кейін және алты
айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).
5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне
байланысты
ӨСІРУ.
6-қадам.ЕҢБЕКАҚЫНЫ НӘТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттік қызметкерлер үшін – жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік
органдар үшін – стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер
үшін – мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы,
инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін – интегралдық макроэкономикалық
индикаторлар.
7-қадам.Мемлекеттік қызметкерлердің ЛАУАЗЫМДЫҚ ҢБЕКАҚЫЛАРЫНА
ӨҢІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН қосу.
8-қадам.Ауыстырылатын мемлекеттік
қызметкерлерге лауазымдық
міндеттерін
атқару
кезеңінде
оларға
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕРУ.
9-қадам.МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ОҚЫТУ
ЖҮЙЕСІН ЗАҢДЫ
ТҮРДЕ БЕКІТУ – үш жылда бір рет олардың
кәсіби шеберлігін арттыру.
10-қадам.
МЕМЛЕКЕТТІК
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ
МАНСАПТЫҚ
ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН
КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗГЕ КӨШУ. «Б» корпусының
жоғары лауазымдарына
жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік
қызметкерлер қатарынан тек қана
конкурстық негізде жылжыту есебінен
меритократия қағидатын нығайту.
11-қадам. ШЕТЕЛДІК МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ, ЖЕКЕМЕНШІК СЕКТОРДЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН МАМАНДАРЫН,
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҰЙЫМДАРДЫҢ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ болып табылатын Қазақстан
Р е с п у бл и к а с ы н ы ң
азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге
асырылуы
мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік
қызметті ашық және бәсекеге қабілетті
жүйе етеді.
12-қадам. ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ.
Мемлекеттік
қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі
уәкілетті өкіл
лауазымын енгізу.
13-қадам. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге,
жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің құрылымында жемқорлық
құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын
алу және сауықтыру үшін
жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.
14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау
органдарының барлық
қызметкерлеріне
қатысты
МЕМЛЕКЕТТІК
ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ
қабылдау.
15-қадам.Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдан-ғаннан кейін ІС
БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН
өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің
жаңа жүйесін енгізу.
II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
16-қадам. АЗАМАТТАРДЫҢ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН
ЖЕҢІЛДЕТУ ҮШІН СОТ ЖҮЙЕСІ И Н С Т А Н Ц И Я Л А Р Ы Н
ОҢТАЙЛАНДЫРУ. БЕС САТЫЛЫ СОТ ЖҮЙЕСІНЕН (бірінші, апелляциялық,
кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) ҮШ САТЫЛЫ (бірінші,
апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу.
(жалғасы келесі бетте)
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
17-қадам. Судья лауазымына КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕУ ТЕТІКТЕРІН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫН ҚАТАЙТУ. Міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. К ә с і б и
үміткерлер
СОТдағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа
ТАРДА стипендия төленетін БІР ЖЫЛДЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін
судья БІР ЖЫЛДЫҚ СЫНАҚ МЕРЗІМІНЕН өтеді.
18-қадам. Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін СОТ ТӨРЕЛІГІ И Н С Т И керек. Аталмыш инТУТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНАН бөлінуі
ститут Жоғарғы Соттың жанында жұмыс істеп, қызмет бабындағы судьялардың біліктілігін тұрақты түрде
арттыруды қамтамасыз ететін болады.
19-қадам. СУДЬЯЛАРДЫҢ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІН КҮШЕЙТУ. СУДЬЯЛАРДЫҢ ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІН жасау, соның негізінде азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғарғы Сотының жанынан
құрылған арнайы СОТ АЛҚАСЫНА шағымдана алатын болуы керек.
20-қадам. БАРЛЫҚ СОТ ПРОЦЕСТЕРІНЕ БЕЙНЕ ЖӘНЕ ТАСПАҒА ЖАЗУ ШАРАЛАРЫН
міндетті
түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио
жазу
материалдарын
редакциялауға
мүмкіндігі болмауы тиіс.
21-қадам. Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде АЛҚА БИЛЕР СОТЫ МІНДЕТТІ
ТҮРДЕ ҚАТЫСТЫРЫЛАТЫН қылмыстық істердің категорияларын анықтау қажет.
22-қадам. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫН ШЕКТЕЙТІН БАРЛЫҚ
ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІЛІКТІ тергеу судьясына біртіндеп беруді ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
АРҚЫЛЫ СОТТА АЙЫПТАЛУШЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕРІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
23-қадам. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАУЛАР БОЙЫНША жеке СОТ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ құру. Жоғарғы Сотта
ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АЛҚАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
24-қадам. Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖДЫҚ
ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ.
25-қадам. Шетелдік және халықаралық соттардың ҮЗДІК СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША СОТ ІСТЕРІН
ЖҮРГІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЖОҒАРҒЫ СОТ ЖАНЫНАН БЕДЕЛДІ ШЕТЕЛДІК СУДЬЯЛАР МЕН
ЗАҢГЕРЛЕР қатысатын халықаралық кеңес құру. Кеңес қазақстандық сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша
Жоғарғы Сотқа кеңес беріп отырады.
даулар
26-қадам. Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық
жөніндегі соттарға ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫН қысқарту. Азаматтық іс жүргізу
кодексіне
тиісті
өзгертулер енгізу.
27-қадам. Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН БІРТІНДЕП ҚЫСҚАРТУ.
28-қадам. Полиция қызметкерлерін ІСКЕРЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ІРІКТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖАҚСАРТУ.
Кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және
қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізу.
29-қадам. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНЕ
ҚОСУ. Әрбір құқық қорғау қызметінің ведомстволық ерекшеліктеріне сәйкес бірыңғай қызмет ету ережесін
енгізу.
30-қадам. Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ
ҚЫЗМЕТІН құру. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық
қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушы- лыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау
полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын
жазып отыратын бейне-тіркегіштермен қамтамасыз етіледі.
31-қадам. Этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне ШАҒЫМДАНҒАН
АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ АРҚЫЛЫ
полицияның ашықтығын қамтамасыз ету. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІМЕН ӨКІЛЕТТІЛІГІ
ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТІЛЕТІН БОЛАДЫ.
32-қадам. «Қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде «ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ
БҰЗУ КАРТАСЫ» интернет-порталын құру. Бұл артада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған
барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл ҚОҒАМҒА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ
ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҚЫЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.
33-қадам. Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды
әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТТАРЫН ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОҢАЛТУДЫҢ КЕШЕНДІ СТРАТЕГИЯСЫН жасау.
34-қадам. МЕМЛЕКЕТ-ЖЕКЕМЕНШІК СЕРІКТЕСТІГІН ДАМЫТУ ШЕҢБЕРІНДЕ пенитенциярлық
инфрақұрылымды жаңғырту. Пенитенциярлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жекеменшік секторды
тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және халықаралық тәжірибені зерттеу.
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ
ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
35-қадам. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енАКТІЛЕРІНЕ өзгерістер енгізу.
гізу. ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЗАҢ
36-қадам. ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТҮРІН ӨЗГЕРТУГЕ РҰҚСАТ АЛУ ресімдерін
жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай
жатқан жерді алдағы уақытта ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒА БЕРУ.
37-қадам. Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру. ТН СЭҚ 6 белгісіндегі біркелкі тауарлар
тобы шеңберінде «0-5-12» моделі бойынша Бірыңғай кеден тарифі кедендік мөлшерлемесін қысқарту.
38-қадам. Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидатын енгізу. Электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт
және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту.
39-қадам. КЕДЕН ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан
аумағына кірген кезеңнен бастап оны
сатқанға дейін бақылауға алынады.
40-қадам. «ПОСТФАКТУМ» КЕДЕНДІК ТАЗАЛАУ РЕЖІМІН ЕНГІЗУ. Сыртқы экономикалық қызметке
қатысушы жекелеген санаттарға тауарларын жария еткенше тауарларын шығаруға мүмкіндік беру.
41-қадам. МҮЛІКТІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫ ЗАҢДАСТЫРУ РЕСІМДЕРІН ОҢАЙЛАТУ.
Қолданыстағы заңға
өзгертулер және толықтырулар енгізу.
42-қадам. 2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін КІРІСТІ
ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫ ЖАЛПЫ ЖАРИЯЛАУДЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ.
43-қадам. САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУДІҢ ОРТАЛЫҚ ЖЕЛІСІН ҚҰРУ.
Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады.
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ жүйесін енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін
тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта
тексерістен өтпейтін болады.
44-қадам. ЖАНАМА САЛЫҚ САЛУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ. Қосымша құн салығының орнына сатудан
салық алуды
енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу.
45-қадам. Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы ҚОЛДАНЫСТАҒЫ САЛЫҚ
РЕЖІМІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ.
46-қадам. Рұқсат алуды оңтайландыру. ҚҰРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ АЛУДЫҢ ҮШ САТЫЛЫ («30-20-10»)
қағидаты енгізіледі. Бірінші саты – архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін
30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші – эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау – 20 күнге дейін, үшінші
рұқсаттың өзі – 10 күн ішінде.
47-қадам. Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарынсараптамадан өткізуге байланысты МЕМЛЕКЕТТІК
МОНОПОЛИЯДАН БІРТІНДЕП БАС ТАРТУ. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру.
48-қадам. ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫН АНЫҚТАУДЫҢ РЕСУРСТЫҚ ӘДІСІН ЕНГІЗУ. Құрылыста
баға қалыптастырудың жаңа әдісін енгізу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының
қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға
мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етеді.
49-қадам. Кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЕСКІРГЕН НОРМАЛАРЫ МЕН
ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ОРНЫНА ЕУРОКОДТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ.
Жаңа
нормативтерді
қабылдау
инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық
мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге құрылыс саласындағы шетелдік қызмет нарығына
қазақстандық компаниялардың шығуына мүмкіндік береді.
50-қадам. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫН ҚАЙТАДАН ҚҰРУ, «БІРЫҢҒАЙ САТЫП АЛУШЫ» МОДЕЛІН ЕНГІЗУ. Бұл өңірлер арасындағы электр энергиясының әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді.
51-қадам. ӨҢІРЛІК ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ (ӨЭК) ІРІЛЕНДІРУ. Бұл энергиямен қамтамасыз
етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар
үшін электр энергиясының ақысын азайтады.
52-қадам. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ СЕКТОРЫНДА САЛАҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЖАҢА ТАРИФ САЯСАТЫН ЕНГІЗУ. Тариф құрылымын өзгерту. Тарифтерде 2 құрауыш ерекшеленеді:
күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісінің ауыспалы шығындарын жабу үшін пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленетін болады. Бұл «шығынды өтеу» әдісі бойынша
тарифтерді бекітетін қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік береді.
53-қадам. ЭЫДҰ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕСТЕНДІРУ МАҚСАТТАРЫНДА МОНОПОЛИЯМЕН
ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАРЫН ӨЗГЕРТУ. Қызметті жаңғырту еркін бәсекелесті дамытуға
бағытталуға тиіс.
2
23 мамыр 2015 жыл
54-қадам. КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҮШІН БИЗНЕС-ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫН
НЫҒАЙТУ. Жаңа институттың құрамына бизнестің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
55-қадам. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ ТАУАРЛАРЫ
Ү Ш І Н
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ ЕҢ КЕМІНДЕ 10 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯНЫ ТАРТУ. Халықаралық
экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру.
56-қадам. Экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» – халықаралық стратегиялық серіктестермен («Эйр Астана», «Теңіз-Шевройл», ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша) БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР құру. Шетелдерден жоғары білікті мамандар тарту үшін АҚШ, КАНАДА,
АВСТРАЛИЯ ҮЛГІСІ БОЙЫНША ҚОЛАЙЛЫ КӨШІ-ҚОН РЕЖІМІН қалыптастыру.
57-қадам. ТУРИСТІК КЛАСТЕРЛЕР ҚҰРУДА ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕСІ БАР стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.
58-қадам. ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ БІРЫҢҒАЙ
ОПЕРАТОР қалыптастыру үшін стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.
59-қадам. МОЙЫНДАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕРГОСЕРВИСТІК ШАРТТАР АРҚЫЛЫ ЭНЕРГИЯ
ҮНЕМДЕУ САЛАСЫНА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Олардың негізгі міндеті: жеке
шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жеке-меншік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден
қаржылай пайда табу.
60-қадам. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР
ТАРТУ. Негізгі міндет: үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі
экспортын қамтамасыз ету. Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық Fronterra
және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылды.
61-қадам. ЕТ ӨНДІРІСІ МЕН ӨҢДЕУДІ ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау.
62-қадам. Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын
қолдауға бағытталған «ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР» БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. Бизнескөшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.
63-қадам. ҒЫЛЫМДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ЕКІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ. НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТТЕ «АСТАНА БИЗНЕС КАМПУСТА» ҒЫЛЫМИ
ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ЗЕРТХАНАЛАР ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ. Олар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын
және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оларды коммерцияландыруға қызмет етеді.
Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін инновациялық технологиялар паркі жергілікті және шетелдік
жоғары технологиялы компанияларды тартатын болады.
64-қадам. ӨНДІРІСКЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ бар «Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң
әзірленеді. Ғылыми гранттармен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталады.
65-қадам. ҚАЗАҚСТАНДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚКӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ АҒЫМДАРҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТРАНСКОНТИ НЕНТАЛДЫҚ ДӘЛІЗ» МУЛЬТИМОДЕЛДІК КӨЛІК ДӘЛІЗІН ҚҰРУ
жөніндегі жобаны іске қосу. Ол Азиядан Еуропаға жүктер транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Көлік дәлізі: бірінші бағыт – Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясына және одан әрі Еуропаға өтеді.
Екінші бағыт – Қазақстан аумағы арқылы Қорғастан Ақтаупортына дейін, одан әрі Каспий теңізі мен Әзербайжан,
содан соң Грузия арқылы. Жобаға болашақта 2014 жылдың аяғында құрылған Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін тарту.
66-қадам. Халықаралық авиациялық хаб құру. Стратегиялық инвесторды тарту арқылы Алматы іргесінен
ӘЛЕМДІК СТАНДАРТҚА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ салынатын болады.
67-қадам. «ЭЙР АСТАНА» ӘУЕ ТАСЫМАЛДАУШЫ ЖӘНЕ «ҚТЖ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫН ІРІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРАТОР РЕТІНДЕ ДАМЫТУ. «Эйр Астана» халықаралық бағыттарға ыңғайластырылады
және әлемнің негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаңа бағыттар ашады. «Эйр
Астананың» дамуы «ҚТЖ»-ның баламалы маршруттарды дамыту жөніндегі жоспарымен үйлестіріледі, бұл
жүктерді жеткізу құнын екі еседен астам төмендетуге мүмкіндік береді.
68-қадам. Қазақстан арқылы әуе транзитінің тартымдылығын арттыру үшін ӘУЕ ТАСЫМАЛЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТИІМДІЛІГІН жақсарту. Азаматтық авиация комитетінің қызметі британ азаматтық авиациясы
мемлекеттік агенттігінің және ЕО авиация қауіпсіздігі агенттігінің үлгілеріне бағдарланатын болады.
69-қадам. Астананы зерттеушілерді, студенттерді, кәсіпкерлерді, барлық өңірлерден туристерді тартатын
ЕУРАЗИЯНЫҢ ІСКЕРЛІК, МӘДЕНИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ. Мұныменбірге қалада
әуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, қазіргі замандық халықаралық көліктік-логистикалық жүйе
құрылады.
70-қадам. ASTANA EXPO – 2017 инфрақұрылымдары арқауында АРНАУЛЫ МӘРТЕБЕ БЕРЕ ОТЫРЫП,
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН (АІҒС) ҚҰРУ. Қаржы орталығының ерекше заңды
мәртебесін Конституцияда бекіту. Орталықтың ТМД, сондай-ақ, Батыс және ОрталықАзияның барлық
өңірлерінің елдері үшін ҚАРЖЫ ХАБЫ ретінде қалыптастыру. ӨЗІНДІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ БАР ТӘУЕЛСІЗ
СОТ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ, ол ағылшындық құқық қағидаттарымен қызмет істейтін болады. Судьялар корпусы шетелдік мамандардан құрылады. БОЛАШАҚТА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ ХАБЫ ӘЛЕМНІҢ 20 АЛДЫҢҒЫ
ҚАТАРЛЫ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНУІ ТИІС.
71-қадам. Қаржы орталығының даму стратегиясын КАПИТАЛ НАРЫҚТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ
ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ мамандығына сәйкес әзірлеу. Элиталық қаржықызметінің жаңа түрлерін,
соның ішінде private banking активтерді басқару саласындағы қызметтерді дамыту. Орталыққа либералды салық
режімін енгізу. Офшорлық қаржылық орталық құрылуы мүмкін. Дубайдың үлгісі бойынша инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу.
72-қадам. Қаржы орталығы аумағында ресми тіл ретінде ағылшын тілін енгізу. Орталықтың дербес
заңдылықтары АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖАСАЛЫНУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ тиіс.
73-қадам. Қаржы орталығының халықаралық көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қаржы орталығының
ЖЕТЕКШІ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫМЕН ЖҮЙЕЛІ ЖӘНЕ ЖАЙЛЫ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ жүйесін құру.
74-қадам. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҚОРЫ ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРУДІҢ CRIRSCO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ арқылы жер қойнауларын пайдалану саласының мөлдірлігі мен болжамдылығын
арттыру.
75-қадам. Пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, КЕЛІСІМДЕР ЖАСАСУДЫҢ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛҒАН ӘДІСІН енгізу.
76-қадам. ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ
БЕРУДІ кезең-кезеңімен ЕНГІЗУ, функциялық сауаттылықты дамыту үшін
мектептегі оқыту стандарттарын
жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды
енгізу, табысты мектептерді ынталандыру
жүйесін құру.
77-қадам. Экономиканың алты негізгі саласы үшін ОН АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ КОЛЛЕДЖ БЕН ОН ЖОҒАРЫ
ОҚУ ОРНЫНДА
білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің
басқа оқу орындарына тарату.
78-қадам. Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-ЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
БАСҚАРУШЫЛЫҚ ДЕРБЕСТІГІН кезең-кезеңімен кеңейту. Коммерциялық емес
ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау.
79-қадам. Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен
көшу. Басты мақсаты – ДАЯРЛАНАТЫН КАДРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ
БІЛІМ БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ
ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ.
80 -қадам. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ. Мемлекет, жұмыс беруші
және азаматтың
ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық
орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру.
Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына
айналады.
81-қадам. ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ КОРПОРАТИВТІК
БАСҚАРУДЫ ЕНГІЗУ. Бәсекелестік есебінен қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында
әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру
– бәсеке есебінен медициналық ұйымдардың корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін
медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту.
82 қадам. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚАСЫНАН
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯНЫ ҚҰРУ. Басты мақсат:
медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу,
дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау).
83-қадам. Еңбек қатынастарын ырықтандыру. Жаңа ЕҢБЕК КОДЕКСІН әзірлеу.
84-қадам. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ОНЫҢ АТАУЛЫ СИПАТЫН КҮШЕЙТЕ ОТЫРЫП, ОҢТАЙЛАНДЫРУ.
Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті
азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу
бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.
(жалғасы келесі бетте)
23 мамыр 2015 жыл
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
3
IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК
85-қадам. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.
86-қадам. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ
ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ол қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық
қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. Бұл барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының
туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде)
және «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі
мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады.
87-қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру,
оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру қарастырылатын болады. Соның бірі –
«ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ
МАҚСАТ – ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ.
Порталға Қазақстан бойынша 3D бейне турлары, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және
қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар орналастырылады. Портал бір есептен елдің «сапарнама
карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды
хабарласу тұғырнамасына айналады.
88-қадам. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және
жүзеге асыру, ол «НҰРЛЫ ЖОЛ» инфрақұрылымдық даму, ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ екінші бесжылдығы
бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік,
ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың
(біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ
ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯЛАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын
жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық
мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.
89-қадам. «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің
қолданыстағы оқу бағдарламаларына МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕНГІЗУ.
90-қадам. Бес институттық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың ж а ң а
буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды
АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТУ ЖӘНЕ ІЛГЕРІЛЕТУ.
V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
91-қадам. Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАН НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА КӨШУ.
Тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі тиіс. РЕСІМДІК
СИПАТТАҒЫ БАРЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР МЕН АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТАРАТЫЛАТЫН БОЛАДЫ. М е м л е кеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі.
92-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЫҚШАМ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ. Жекелеген салалық
бағдарламалардың мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР
САНЫН ҚЫСҚАРТУ. САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ЖОСПАРЛАРЫ ЖОЙЫЛАДЫ. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР мен аумақтық даму бағдарламасын негізгі
мақсатты индикаторлар бөлігінде ҚАЙТА ПІШІНДЕУ.
93-қадам. АУДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІН енгізу.
Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін болады. Мемлекеттік органдардың
нәтижелілігін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма- жыл жүзеге асырылады. «Мемлекеттік аудит
және қаржылық бақылау туралы» Заң қабылдау. Есеп комитеті бірінші сыныпты әлемдік аудиторлық
компаниялардың модельдері бойынша жұмыс істейтін болады және ағымдық операциялық бақылаудан кетеді.
94-қадам. «Ашық үкіметті» енгізу. АҚПАРАТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ӘЗІРЛЕУ, ол мемлекеттік
органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген
ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді.
95-қадам. Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР ЖӘНЕ
АУМАҚТЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІ
ТУРАЛЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АШЫҚ БАЯНДАМАЛАР ЖАСАУЛАРЫН және олардың есептерін ресми вебсайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу.
96-қадам. ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫ мәліметтеріне ОНЛАЙН-қолжетімділікті қамтамасыз ету. Барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы
аудитінің нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің сапасын
қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп ЖАРИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ.
97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕР
ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ
ТӘН
ЕМЕС
ҚЫЗМЕТТЕРДІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАҒА және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес
және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі.
98-қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ
БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ. Облыс орталықтарында және республикалық
маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді.
99-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ӘКІМДЕР ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ
стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; юджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға
қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын;
бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ
ӨКІЛЕТТІКТЕРІ мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.
100-қадам. Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша МЕМЛЕКЕТТІК
ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ПРОВАЙДЕРІНЕ АЙНАЛАТЫН «АЗАМАТТАР ҮШІН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫН құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір
жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ БІР ЖЕРДЕН алатын болады.
Мемлекеттік қызметті САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ISO 9000 СЕРИЯСЫНА СӘЙКЕС халықаралық сертификаттау.
ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ
• Ел Президенті жанынан жедел түрде құрамы отандық және шетелдік сарапшылардан тұратын, БЕС ЖҰМЫС
ТОБЫНАН жасақталған жаңғырту жөніндегі ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ.
• Ұлттық комиссия БЕС ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМАНЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН
ОРЫНДАУДЫ КЕЛІСІЛГЕН БАСҚАРУ бойынша жүзеге асыруы тиіс. Ол мемлекет тік органдардың, бизнессектор мен азаматтық қоғамның өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді.
• Ұлттық комиссия ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАП, ІС-ҚИМЫЛ ДЫҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫН АЙҚЫНДАУЫ тиіс. Оның ұсыныстары ел Президенті тарапынан бекітілетін болады. Бекітілген шешімдерді орындау үшін жедел түрде ПАРЛАМЕНТ ТАРАПЫНАН ЗАҢДАР, ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚАУЛЫЛАР
ҚАБЫЛДАНАТЫН БОЛАДЫ.
• Министрлер мен әкімдердің шешуші бастамаларын тиімді жүзеге асырулары ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТАРАПЫНАН ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАТЫН болады.
• Ұлттық комиссия жанынан
БЕДЕЛДІ ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ҚАТАРЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС
жасақтау қажет. Аталған кеңес ұсынымдар жасап,
реформаларды орындау НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ТӘУЕЛСІЗ ЖҮЙЕЛІ МОНИТОРИНГІН жүзеге асыратын болады.
• Ұлттық комиссияның жұмыс органы етіп ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢСЕСІН айқындау қажет.
Хабарландыру
2015 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және шет ел мемлекеттерінің әскери оқу
орындарына үміткерлерді қабылдайды.
ҚР ҚМ Құрлық әскери институты, Алматы қаласы.
ҚР ҚМ Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты, Ақтөбе қаласы.
ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, Алматы қаласы.
ҚР ҚМ Ш.Уалиханов атындағы Кадет корпусы, Щучинск қаласы.
ҚР ҚМ С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жасұлан» республикалық мектебі, Астана қаласы, 7-сыныптан
қабылдайды.
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына үміткерлер қабылдайды.
А.Ф.Можайский атындағы әскери космостық академиясы, Санкт-Петербург қаласы.
Михайлов атындағы әскери артиллериялық академиясы, Санкт-Петербург қаласы.
Кузнецов атындағы әскери-теңіз академиясы, Санкт-Петербург қаласы.
Белорусь Республикасы.
Белорусь Республикасының Әскери академиясы, Минск қаласы.
Сұрақтармен Жаңаарқа ауданының Қорғаныс істері бөлімінің келісім-шарт бойынша әскери
қызмет бөлімшесіне хабарласуға болады. Транспорт орамы, №9 үй, тел.: 2 71 66.
Жаңаарқа ауданы аумағында өсімдіктерді қорғау
саласындағы атқарылған және алдағы уақытта
мәжеленіп отырған іс-шаралар
Ауылшаруашылығының егістік, шабындық, жайылым алқаптарын зиянкестерден, арамшөптермен өсімдік
ауруларынан қорғау – фитосанитариялық қызметтін басты міндеті болып табылатыны баршаға аян.
Жан-жақты жасалған маниторингтік зерттеулердің негізінде дұрыс қортынды жасап, қорғау шараларын
дұрыс ұйымдастырып, іс-шаралар жүргізудің арқасында астықтың шығымдылығын ұлғайтып, мал азығын
дайындауда мол жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Аталған зерттеу жұмыстарын Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдардың
әдістемелік орталығының аудандық бөлімшесі мамандары атқарып, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары қадағалайды.
Аса қауіпті зиянкестер бойынша: итальяндық прустың дернәсілдеріне көктемгі-жазғы зерттеулер жоспар
бойынша 180 000 га жерлерде жүргізілді, қоныстанған аумақ – 33,3 мың га, оның 30 000 га жерлеріне
химиялық өңдеулер жүргізілді. Қолданылған препараттар:Доклоприд,димирон. Қанаттанудан жұмыртқа
салу кезеңдеріне зерттеулер 250000 га жерлерде жүргізілді. Қоныстанған аумақ 135 300 га құрады. Жазда
ең ұстамды желдің бағыты итальяндық прустың қанаттанып ұшатын кездерінде оңтүстіктен соғып тұрды.
Соның салдарынан Қаражал қаласы Жайрем кенті, Жеңіс ауылдық округі бағытынан желмен жылжып
оңтүстік-батыстан бағыттап солтүстік-шығыс бағытымен ұшып Жаңаарқа ауданының Барлықтай дерлік
ауылдық округ жерлеріне таралды. Бірнеше жерге жұмыртқалады, жұмыртқалаған жерлері құмдақ жерде
орналасқан. Миграция кезінде итальяндық прустың сол уақыттағы жағдайын білуге алынған 50 дана еркек
және 50 дана ұрғашыларының үлгілерінен зертханалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде дене тұрқын
индекстік көрсеткіштер бойынша салыстырғанда 97%-ы үйірлі кезеңде, 2%-ы көшпелі кезеңде,
1%ы дара кезеңде екені анықталды. Итальяндық прустың даму көрсеткіші ең жоғары деңгейінде болды деп
болжанды. Оның бірінші көрсеткіші өсімталдығы жоғары шегінде болып тұр, әр зиянкестің
күбіршелерінде орташа есеппен алғанда 25 данадан 38 данаға дейін жұмыртқа бар екені анықталды. Өте
тиімді ауа райы өсімдіктердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызатындықтан, даланың қоректенетін
шөптері жаз айлары бойы жұмсақ, көк болып созаңқы уақыт тұрды. Сондықтан да итальяндық прустың
жұмыртқалау кезеңінде созаңқы болып ұрғашылары 3-4 күбірше тастады деп болжанды. Орташа есеппен
әр зиянкестің ұрғашысы 110 данадан 140 данаға дейін жұмыртқа салды деп болжамдануда. Миграция
уақытында байқалғаны жел бағытымен ұшқан кездерінде жеке дара зиянкестер ауытқыған желдің
бағытымен алған бағытында басқа аумақтарға тұрақтана шашылуда. Осы дәлелдердің нәтижесінде жеке
қалған дара зиянкестер бірнеше жылдан кейін тағы да жаңа ұрпақ тастап, көбейіп осындай жағдай
қайталанады деп болжамдануда. Итальяндық прустың табиғи жаулары (энтомофагтары), оның ішінде сарыала торғай бірге жылжып отырды. Сарыала торғайдың саны аз болғандықтан итальяндық прусқа көп
зиянын тигізе алмады. Шпанка мен нарывник әлсін-әлсін ғана зиян келтірді. Сондықтан 2015 жылға
112 100 га химиялық өндеу көлеміне болжам жасалынып отыр. Оның ішінде Атасу кенті және жергілікті
ауылдық жерлер аумағында әуе күшінен бөлек, жер бетімен де өңдеу жұмыстары жасалынуы жоспарланып
отыр. Аудан бойынша барлығы 1500 га егістік алқаптарында арамшөптердің таралуына жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 900 га алқаптың арамшөптің барлық түрімен ластанғаны анықталып отыр. Егістік
алқаптардың арамшөптер түрлерімен ластануы жылдан-жылға көбейіп келе жатқаны аудан ауыл
шаруашылық құрылымдарының ішкі қаржылық жағдайлары өте төмен, ұсақ шаруа қожалықтары
болғандықтан агротехникалық іс-шаралардың көктемгі күзгі отау жұмыстарын өз мәнінде атқара алмады.
Химиялық күрес шараларын агротехникалық мезгілдерде жүргізіп отырған «Ескене» және «Жанболат»
шаруа қожалықтары аудан бойынша таза егін алқаптарынан тұрақты егін жинауда. Өсімдіктерді қорғау
саласындағы жасалып жатқан барлық іс-шаралардың түпкілікті мақсаты – дәнді дақылдарды, көкөністерді,
мал азығы өнімдерін түрлі зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден тазартып, жалпы
фитосанитариялық кеңістікті қауіпсіз қалыпқа келтіру.
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы
Өсімдіктер карантині саласындағы
атқарылған шаралар
Қазақстан Республикасы өсімдіктер карантині жөніндегі заңнамалары мен ережелері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуінің мақсатында карантиндік қадағалау нысандарына, ауданнын карантиндік режимде тұрған шаруа құрылымдарына сауда саттық орындарына бақылау үнемі жүргізілуде.
«РФД және БӘО» ММ-сі аудандық филиалының мамандарының көктемгі ішінара бақылама зерттеу
жұмыстары бойынша жатаған (қызғылт) укекіреге 6 ауылдық округінің 17 шаруа қожалығында 5432 га
зерттелді. Қараағаш ауылдық округінде американдық ақ көбелекке 07 га, жұпсыз жібек көбелегіне 820 га
көктемгі-жазғы зерттеулер жүргізілді. С.Сейфуллин ауылдық округінде 60 га, Айнабұлақ ауылдық округінде 20 га барлығы 900 га көктемгі-жазғы зерттеулер жүргізілді.
Түгіскен ауылдық округінде жатаған (қызғылт) укекіреге мемлекеттік қордағы жерлерге 49000 га, С.Сейфуллин ауылдық округінде 22548,61 га, Қараағаш ауылдық округінің «Жанболат» ш/қ 369 га, барлығы
71917,61 га зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Қараағаш ауылдық округінің «Жанболат» ш/қ 369 га
карантиндік арамшөп жатаған (қызғылт) укекіремен залалданған, оның ішінде өңдеуге жататын жер
көлемі 1,5 га. С.Сейфуллин ауылдық округінде арамсояуларға 240 га, Ақтасты ауылдық округінде 250 га
барлығы 490 га зерттеу жүргізілді. Зерттеу актілері жасалып, зерттеу барысы қадағаланды.
«Фитосанитария» РМК ҚФ мамандарының күшімен республикалық қаражаты есебінен 2,45 га алқапқа
химиялық өңдеу «Cofftin» біреу және 2 ранцілік бүріккіштермен жүргізілді. ҚФ РМК«Фитосанитария»
техникалары жақсы жұмыс атқарды Биологиялық тиімділігі 92% және химиялық өңдеу сапалығының
актілері жасалды.
Укекіремен залалданған аумақтары қысқарған нақты шаруашылықтар Целинный а/о арнайы жер
қорларының жері, «Нұрсұлтан» ,«Қазақстан» «Ақбұлақ», «Достық» шаруа қожалықтарында байқалды.
- укекіремен залалданған алаңдарды сүре жерге қалдыру, айналдыра жырту жүргізілмеген немесе укекіре
куртиналары белгіленбегені жөніндегі карантинді қызметтің ұйғарымдарын орындамаған шаруашылықтар
болған жоқ.
Укекірені анықтауға зерттеу және оның химиялық өңдеуін өз есебінен өз күшімен жүргізген
шаруашылықтар «Ақбұлақ», «Нұрсұлтан», «Аққыз», «Достық», «Жантас», «Қарамола», «Бірлестік»,
«Серіктес», ,«Қазақстан», «Үлгілі», «Бекарыс» әсіресе «Нұрсұлтан» ш-қ жақсы нәтиже көрсетті.
Карантиндік нысандардың басқа түрлері бойынша аудандағы карантиндік өнімге жататын өнімдер сатылатын,сақталатын жерлерде бақылау жүргізіліп отырады және шыққан жағдайда үнемі оларды жою шаралары қабылданып отырады. Шаруашылық субъектілердің қойма жайларында тек қана әктеу жұмыстары
жүргізілді. Карантиндік шараларды жүргізу кезінде, оның ішінде карантин аймағында карантин режимін
сақтау бойынша карантиндік заңнамалардың талаптарын бұзған шаруашылықтар болған жоқ. Облыстық
аумақтық инспекциядан шығарылатын «Агрозоовет» хабаршысы газетіне «Карантиндік арамшөп,
жатаған(қызғылт укекіреге қарсы күрес шаралары туралы» атты мақала жарияланды. ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-бабы, 3 тармағының және ҚР аумағын карантиндік объектілерден және бөтен
текті турлерден қорғау жөніндегі Ережелерінің 40 тармағы 1 тармақшасының талаптарын орындау туралы
ауылшаруашылығы құрылымдарының жетекшілеріне хабарламалар іс-шаралар жоспары жіберілді.
Қаңтар айының аяғында аудан орталығының сауда орындарының кәсіпкерлерімен «Дөңгелек стол»
мәжілісі өткізілді. Жоғарыда аталған шаралардың орындалысы туралы апта сайын облыстық аумақтық
инспекциясына ақпарат жолданып отырады. Аудан бойынша фитосанитариялық қауіпсіздікті сақтау ҚР
«Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сәйкес алдағы уақытта да жалғасын таба береді.
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы
Сенім телефоны
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Жаңаарқа аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің,
мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының
нормаларын бұзған фактілері жөніндегі хабарлары үшін «Сенім телефоны» жұмыс атқаратындығын хабардар етеді.
«Сенім телефондары»:
Департамент
8 /7212/ 426386, Е-mail: karseu@mail.ru
Басқарма
8/71030/ 26948, Е-mail: ougsen@mail.ru
4
23 мамыр 2015 жыл
АЛТЫН ТАМЫРЛЫ АУЫЛ ЗИЯЛЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ
Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық
құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз.
Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс.
Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір
елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті.
Ауыл идеологиясы ұлт пен мемлекеттің идеологиясының мәйегі, күретамыры және өркендеу
түбірі болып келді. Сонау кеңестік дәуірдегі және бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның саяси элита
тарихына көз жүгіртсек, республиканың жоғары басшылық қызметкерлерінің 80-пайызы
ауылда еңбек еткендер екен. Елбасымыздан бастап барлық басшылар тобының басым бөлігі
ауылдан түлеп ұшқан. Бір сөзбен айқанда біздің саяси элитаның жарқын өкілдері ауылдан
шыққандығы көп жағдайды аңғартатыны сөзсіз.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап жаңа формациялық қалыпқа өту үдерісі
ауылға да түбегейлі өзгерістер әкелді.
Бүгінгі жаһандануға бет бұрған әлемде біз төл руханиятымызды дамытып, ауылды сақтау –
ел мен жерді сақтаудың ата-бабаларымыз көрсеткен дана жолы деп қабылдауымыз керек.
Уақыт соны көрсетуде.
Ес жиып, жоғымызды түгендегеннен кейін бұл мәселеге бүкіл қоғам болып қайта оралуымыз
да қазіргі заман талабынан туындап отыр. Әсіресе, халқымыздың бас көтерер сарқылмас қорын
түзген ауыл зиялылырының жағдайы бүгінгі күні қалай деген сауалға қатысты нақты жауап
беретін кез келді. Ақсақалдан балаға дейінгі ұрпақаралық байланысты қамтамасыз еткен тарихи тамырлар басқаша сипат ала бастады.
Қазіргі кезде қарқын ала бастаған жаһандық урбанизация ауылға да жетті. Ауылдан қалаға
халықтың жаппай көшу салдарынан буынаралық байланыстар үзіле бастады.
Ауыл тұрғындарының қатары әртүрлі себептерге байланысты қатты сейілді. Ондаған жылдар
бойы қалыптасқан ауыл зиялылығын құрған әлеуметтік топ түрлі факторлар себебі
нәтижесінде біртіндеп азайды.
Дегенмен, заман түзеліп, ауыл тұрғындарының құрамы сырттан көшіп келген қандастарымыз
арқылы қайта түзілуде. Түрлі елдерден немесе ішкі миграция үдерісі арқылы қайта түлей
бастаған ауылдың зиялы ортасының қалыптасуы едәуір уақытты қажет ететін үдеріс.
Қоғамдық жандандыру институттары ауылдың әлеуметтік мәселелерін жан-жақты зерттеулері
керек. Сол себепті ауылға жаңа серпін, тың тыныс беретін кез келді. Ауылды көтеру ісі – әр
қазақты қадірлеу деген ұлтық ұстанымды көрсетеді.
Әрбір қазақ өзінің өсіп-өніп шыққан ауылына игі қадамдар жасауды атамекенге деген перзенттік парызы іспетті іс санаған. Бұл біздің халықта ежелден келе жатқан жақсы дәстүр.
Ол дәстүр халқымызда19-ғасырдың соңы 20-ғасырдың басында жаңа мазмұнға ие болды.
Қазақ ауылдарындағы беделді әрі бай-қуатты адамдар өз қаржыларына дарынды балаларды
оқытып, ұлттық элитаның түзілуіне ерекше қызмет етті.
Міне, осындай ауыл үшін игілікті істі ұлт болып бірлесе атқаруға үн тастайық. Әсіресе, ауылдан шыққан ауқаттыларды ауыл балаларының арнаулы және жоғары оқу орындарынан ауылына қажет мамандықтар бойынша білім алуына жағдай жасауға жұмылдыру қажет деп
санаймын.
Қазақтың мәрт меценаттары әр заманда болған және бола да береді деген сенім зор. Шет елдерде ауылдық елді мекендерге қамқорлық көрсетудің озық тәжрибесі қалыптасқан. Мәселен,
Беларусь елінде әр ауылдың азаматтары біріге қаржы жинап өз ауылына қажет мамандарды
даярлап алуда.
Ал, көршілес Қытай елінде ауылға қажет мамандарды тарту мақсатында арзан баспана салу,
жеңілдікпен несие беру және оңтайлы салық жүйесі жақсы жолға қойылған. Үлгі алатын
өнегелі дүние.
Жаңа заманның жаңа талаптарына бейімделіп, кезкелген өзгерісті қабылдау үшін ең алдымен
ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды сақтай отырып, терең білім мен зерделі ғылымды
дамыту шарт. Бұл ретте еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтің тікелей бастамасымен Тәуелсіз Қазақстанда индустриялды-инновациялық
бағытта үлкен бағдарламалар қолға алынып, көптеген игі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бағытта, әсіресе ауылды дамытуға қатысты тың бастамалардың оң нәтиже бере
бастауы көңіл қуантады.
Елбасының ауылды көтеруге байланысты көтерген бастамаларын қоғамның барлық
деңгейінде жаңғыртып, халықтың санасына жеткізу парыз. Бүкіл қазақстандықтарды ауыл
проблемасына көңіл аударту арқылы мемлекеттік беріктігімізді де күшейте түсеміз. Ол үшін
«ауылдың өркендеуі - мемлекеттің өркендеуі» деген егіз ұғым екенін естен шығармағанымыз
абзал.Ғалым ретінде айтар болсам, біз елдің азық-түлік қауіпсіздігінің төркіні ауылда екенін
ұғынуға тиіспіз. Бұл ретте ауылдың жаһандық экономикалық үдеріске енгенін ескеруді бүгінгі
әлемдік экономикалық жағдай анық байқатты.
Ауылға өзгеріс пен жаңалықты әкелетін білім мен ғылым. Білім мекемелерінің түлектері жаңа
форматтағы ауылдың темірқазығына айналуы тиіс. Біз бұл істі бастап та қойдық.Елбасы тарапынан республика жастарына ауылдық квота мен ауылға қажет түрлі мамандықтарға оқу
гранттарының көптеп берілуі «Дипломмен – ауылға!» жобасын нақты қолдаудың қайталанбас
үлгісі деп қабылдаймыз. Өйткені, республика жастарына мектеп қабырғасында білім ала жүріп
өзінің болашақ мамандық алатын оқу орны мен ауылда қызмет істейтін мекемесіне дейін білуі
қамтылады.
Президенттің бұл бастамасы қоғамдағы жастардың ерте жастан әлеуметтенуін еліміз бойынша
алғашқы жүзеге асырушы жаңа үдеріске негіз болды.
Өз тәжірибемізге келсек, Қазақ ұлттық аграрлық университеті мемлекеттік саясат
ұстанымдарына сүйене отырып, Елбасы анықтап берген нақты стратегиялық бағыттармен
жұмыс істеп келеді.
Биыл 85 жылдық белесіне жеткен отандық аграрлық білім мен ғылымының қара шаңырағы,
ауыл шаруашылығының ең басты ғылыми даму тарихының негізін салушы, ұлтымыздың
аграрлық сала мамандарының ұстаханасы саналатын университетімізнегізінен ауыл экономикасын көтеруге қызмет ететін білікті кадрлар даярлайды.
Негізінен ауылдан шыққан жастар білім алатын университет түлектерінің басым бөлігі бүгінде
ауыл зиялылыры контингентін қалыптастыруға негіз бола жүріп, еліміздің түкпір-түкпірінде
еңбекке араласып, елге қызмет етуде.
Біздің мақсатымыз – ауыл-ауылдардан келген студенттерімізге тиісті білім беріп қана қоймай,
олардың Ел мен Жердің қасиетін бағалайтын, туған топырақтың қадірін біліп, ауылын
қадірлейтін және сол ауылдың зиялысына айналатын тұлға ретінде қалыптастыру.
Біз ауыл зиялыларын қалыптастыру ісі – ел іргесінің тірегін нығайту үшін жасалып келе
жатқан қадам екеніне айрықша назар салудамыз.
Мемлекеттің, ұлттың болашағы мен тірегі болатын білімді жастарды жұмыспен қамтамасыз
ету мәселесі Елбасы назарында болуы көп жағдайды аңғартады.
Ешбір елде жоқ «Дипломмен – ауылға!» атты жоба қазақ елінің алтын қазығы болған ауыл
үшін де, жастар үшін де тарихи ұсыныс болғаны анық.
Елбасымен қолдауымен2009 жылдан бастау алған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 30 000-нан астам жас маман ауылды жерде өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасыпты.
«Ауылдың амандығы – елдің амандығы» Н.Ә.НАЗАРБАЕВ
Олардың қатарында біздің университет түлектері да бар. Бұл –бағдарламаның дер уақытта
өмір сұранысына сай пайда болғанын көрсетеді. Бес жылдан астам уақыт ішінде осынша жас
азаматтардың ауылға әртүрлі қызметке баруы соның ерекше дәлелі.
«Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша қаланың ұл-қызын да ауылға жұмысқа тарту
мәселесі бүгінгі күннің талабы. Кеше қалада өсіп, білім алған жастардың бүгінгі ауылдың
тыныс-тіршілігімен, ондағы халықтың мінез-құлқымен де таныс болғаны абзал.
Өйткені, бұл сол жастардың болашақтағы атқаратын қызметтері барысында ескерулері тиіс
маңызды мәселелердің бірі болмақ. Ауыл халқымен етене жақын араласқан азаматтардың бойында біршама қазақы мінез-құлық қалыптасып, қазаққа тән қасиеттер пайда бола бастайды.
Ал ана тілін үйрену үшін ауыл таптырмас мектеп.
Бүгін әлемді жаппай жұмыссыздық дағдарысы жайлап отыр. Мәселен, статистикалық
мәліметтер Еуропаның Англиядан басқа барлық өңірлерінде 18 бен 35 жас аралығындағы
жұмыс істеуге қабілетті жастары жұмыссыз дегенді көрсетуде. Бұл дегеніміз ондағы халықтың
50 пайызы мүлдем жұмыссыз дегенді білдіреді.
Қазақстан осы дағдарыстың салдарын қаншама сәтті еңсере алды десек те, қауіптің ауылы
алыстап кетті деуге әлі ерте. Осындай жағдайда кеше ғана оқу орнын бітіріп, білім мен
тәжірибенің оң-солын енді ғана ажырата бастаған «тәжірбиесіз мамандарды» қалалық ұйым,
мекемелердің бірден қызметке алуға өте сирек.
Студент жастарға оқуын бітірген соң, дипломын ала сала бұрынғыдай қаладағы ұйым, мекемелерге жүгіре жөнелудің реті жоқ. Тіпті солай бола қалған күннің өзінде де жастарға қалада
тұрақтап қалу немесе тұрғын үй мәселесін шешу оңайға соқпайды. Ал ауылдық аймақтар білімі жоғары, көзқарасы кең, білікті мамандарға зәру.
Бұл әсіресе білім мен ауыл шаруашылығы саласына көбірек қатысты. Мектептер жас
мұғалімдермен біршама қамтылды. Ендігі кезекте білікті аграршы мамандардың, іскер
фермерлердің, озық технологияның игерген жастардың ауылға тартылуын мемлекет көмегімен
оңтайландыра түсу керек.
Мамандар тапшылығын көріп отырған ауылдарға еліміздің жоғары оқу орындарында білім
алған жастар барып қызмет етіп, орнығатын болса ел еңсесі бұдан да көтеріле түсетіні сөзсіз.
Ауылға барған жас маман тек кадр мәселесінің шешілуіне ғана ықпал етіп қоймай, ондағы
өзге де салаларға серпін береді. Қашанда жаңалыққа жаны құмар жастардың өзі қызмет еткен
салада да жаңа тың серпілістер жасайтынына сенім мол.
Бұдан жастар қызметке келген ұйым, мекемелердегі жұмыс сапасы да арта түсетіні сөзсіз.
Бірсөзбен айтқанда, жастардың ауылдың тіршілігімен, ондағы халықтың өмірімен таныс
болғаны дұрыс. Бүгінгі ауылда қызмет етіп жүрген жас ертеңелге қызмет ететін басшы болады.
Ол болашақ тірегі –зиялы қауым өкілі болып толысады.
Жастардың ауылға деген көзқарастарын өзгерту шараларын батыл іске асырсақ мәнісі зор
үлкен іс болмақ. Жастарды осы бағытта тәрбиелеуіміз ел үшін, қоғам үшін кезек күттірмейтін
керекті шаруа. Қазіргі қоғам осы бағытта не істеді және алдағы уақытта қандай деңгейдегі шаралар атқара алады? Қоғам болашақ зиялы орта үшін жауапкершілікті өзі алып, оны абыроймен
атқаруға жауапты.
Бүгінде біз әлемге өзімізді демократиялық жолмен дамып келе жатқан ашық, жариялы қоғам
деп мәлімдеп отырмыз.
Ауылда мемлекет жүргізіп отырған аграрлық сала, кәсіпкерлікті дамыту, білім, денсаулық
сақтау салаларындағы реформалардың жемісін көруге болады. Ал азаматтық қоғам, адам
құқықтары жөніндегі мәселелер ауылда әлі де болса қолдауды қажет ететінін ешкім де жоққа
шығара қоймас.
Осыған орай жоғары білім алған көзқарасы кең, көзі ашық азаматтар ауылға барса, ондағы
демократиялық құндылықтардың қалыптасуына біршама ықпал етеді.
Жаһанданған әлемнен өзінің айшықты орнын табу үшін мемлекетімізде заманауи идеялар мен
озық технологияларға баса мән беруілде. Осы орайда ауылдың да технологиялық жүйедегі
өндірісті қалыптастыру дүниесін игере алатынына көз жеткізудеміз.
Әсіресе, еліміздің ірі қалаларына қатысты агломерациялық мәселесін шешуде және оны
мықтап қалыптастыруда инновациялық технологияларды батыл енгізу нәтижесінде өркендеген
ауыл шаруашылығы ауылдық елді мекендерді қуаттандыра түсетіні сөзсіз.
Экономикалық диверсификация мәселесі де ауылға жат дүние емес. Оның аграрлық секторға
да қатыстылығын және ауыл үшін де тиімді жақтары бар екенін ескеруіміз керек.
Елбасы Қазақстанды жаңартудың түпкілікті мақсаты – барлық қазақстандықтардың әлауқатының, мәдениетінің, білімінің, ғылымның, денсаулығының жақсаруы екендігін үнемі бірінші кезекке қойып келеді.
Әсіресе ауылдың елдің жас буын өкілдерінің озық біліммен сусындап, жаңа технологияларды
игере алуына аса мән берілуде.
Осы халықтық саясат арқасында елдің әл-ауқаты адам танымастай өзгерді. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанды бүгінгі Қазақстанмен мүлдем салыстыра алмаймыз. Қазақстан тәуелсіздік
алған кезде әлем мемлекеттерінің арасына 140 орынды иеленсе, қазір бәсекеге қабілетті 50
елдің қатарына орнықты. Ендігі меже өркениетті 30 елдің санатына қосылу.
Қазақ халқының алтын тамыры – атамекен ауыл екенін әрбір қазақстандық жас жете түсінетін
уақыт келді. Ауылдағы жастарға, қаладан келетін жастарға және ауыл қайта көшіп
баратындарға ұзақмерзімді жаңаша экономикалық жағдай жасау бағдарламасын қоғам болып
ұсынуымыз керек.
Ол үшін білімін күшейтіп, мәдениетті қалыптастырып, көркіне көрік қосып және азаматтарына рух беру маңызды. Қазіргі ауылдың әл-ауқатын көтеру, оны нағыз іспен қолдайтын,
нақты көмек қолын созатын мемлекеттік іс – ол тың көзқарастағы жаңаша түзіліп,
қабылданатын«Ауылым–алтын бесігім» бағдарламасы болады деген сенімдемін.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей ауылды көркейту бір ғана ынтамен шешілмейді, осы салада
жүмыс істейтін әрбір адамнан ғылым жетістіктерін, оны өндірісте пайдалану тәжрибесін игеруді талап етеді. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген халық нақылы қалтқысыз.
Бүгінде Қазақстан халқының 43 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.
Олардың ішіндегі жартысына жуығы жастар. Осы орайда мемлекет беріп отырған оңтайлы
мүмкіндіктерді пайдалана отырып ауыл жастары заманға сай озық білім алып, жинақтаған мол
тәжірибелерін егемен еліміздің іргесін мықтауға, экономикамызға серпін беру ісін жандандыра
түсуіміз қажет.
Елбасының көрегендікпен ауыл проблемасын шешу жолдарын тікелей қолдауы және үнемі
бақылауда ұстауы мемлекетіміздің стратегиялық даму бағыттарының бірегей екенін байқатты.
Жақсының жақсылығын көріп, барды бағалай білсек, біздің алмайтын белес жоқ.
Қоғамымыздың өрелік көрсетер өрісі де осы болашақ «Ауылым-алтын бесігім» бағдарламасы
деген пікірдеміз.
ҚҰЛМАҒАНБЕТ АХМЕТОВ,
ОРЫНБАСАР ТӨРЕБЕКОВ,
ХАЙРУЛЛА ӘБЕУОВ,
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары
23 мамыр 2015 жыл
5
АДАМ. ҚОҒАМ. ЗАҢ.
ГАЗЕТТІҢ ЗАҢ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНА АРНАЛГАН БЕТІ
«Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа нөлдік
төзімділік»
атты жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілуде
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының аумағында 2015 жылдың мамыр айының 18-і мен
20-сы аралығында «Өндіру» жедел алдын алу шарасының өтуіне байланысты Қазақстан
Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі бойынша АІІБ-нің
қызметкерлерімен салынған әкімшілік айыппұлдарды өз еріктеріңізбен код-204106 төлеп,
Жаңаарқа ауданының ішкі істер бөліміне төленген квитанцияларды өткізіп, тапсыруларыңыз
қажет.
Себебі, ҚР ӘҚБК-ның баптарымен салынған әкімшілік айыппұлдарды өз еріктеріңізбен
төлемей Жаңаарқа АІІБ-не әкеліп ұсынбаған жағдайда ҚР ӘҚБК-ның 708 бабының талаптарына сай салынған әкімшілік айыппұлдарды жұмыс орындарыңыздан және тұрғылықты
мекенжайдарыңыздан мемлекетке төлету мақсатында аудандық мемлекеттік сот
орындаушыларға әкімшілік ісіңіз жолданатынын хабарлаймыз.
*** *** ***
Қарағанды облысының ІІД-нің ӘПБ-ның шығыс №5-1-4/8206 13.05.2015 жылғы нұсқауына
байланысты облыс аумағында 2015 жылдың мамыр айының 20-сы мен 22-сі аралығында
«Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік» атты іс-шара өткізіледі. Аталған ісшараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық жерлерде
қоғамдық тәртіпті сақтау, УПИ әкімшілік аумақтарында құқық бұзушылықтарды анықтау, сонымен қатар профилактикалық есепке тұлғаларды анықтап алу.
Жедел профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде профилактикалық есепте тұрған тұлғалар
тарапынан құқықбұзушылықтарды анықтау.
Жаңаарқа ауданының көлемінде ҚР ӘҚБК-нің 73, 434, 437, 440, 441, 449, 132, 442, ч2, 505,
608, 620 баптарын анықтау бойынша жұмыстар атқарылады.
Осының негізінде «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік» атты жедел
профилактикалық іс-шара өткізілу кезінде қылмыстардың алдын алу және құқықбұзушылыққа
жол бермеу үшін құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес
ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, бірлесіп жұмыс
атқару қажеттігі сұралады.
А.Д.БӨГЕНБАЕВ,
Жаңаарқа ауданының ІІБ-нің бастығы,
полиция подполковнигі
Назар аударыңыздар!
Жүргізуші теміржол бойындағы қозғалыс ережесін міндетті түрде мүлтіксіз сақтауы қажет.
Сигналдарды тыңдап, жол белгілеріне назар аударыңыз. Теміржол аумағында қозғалыс ережесін қатаң түрде сақтап, жаяу жүргіншілердің және жолаушылардың толық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету қажет.
Белгіленбеген жерлермен жүрмеңіздер, өміріңізге қауіпті болуы мүмкін. Жаяу жүргіншілерге
арналған жолдармен, өткелдермен ғана жүріңіздер.
Теміржол өтпесіне кіру жолында жүргізуші жол белгілерінің, бағдаршамдардың, таңбалаудың
талаптарын, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауын басшылыққа
алуға және бұдан басқа жақындап қалған поездың (локомотивтің, дрезинаның) жоқ екендігіне
көз жеткізуге міндетті.
Мынадай жағдайларда өтпелерге шығуға тийым салынады: шлагбаум жабық тұрғанда және
ол жабыла бастағанда (бағдаршамның сигналына қарамастан), бағдаршамның тиым салатын
сигналы кезінде (шлагбаумның орналасуына немесе оның бар екендігіне қарамастан), өтпе
бойынша кезекшінің тиым салатын сигналы кезінде (кезекші жүргізушіге кеудесін немесе
арқасын қарата тұрып жоғары көтерілген қолында жезл, қызыл фонарь немесе жалауша, не
екі жағына қолдарын созып), егер өтпенің арғы жағында жүргізушінің өтпеде аялдауға мәжбүр
ететін қозғалыс тоқтап тұрса, егер өтпеге көріну шегінде поезд (локомотив, дрезина) жақындап
қалса, бұдан басқа теміржол жолдарын теміржол өтпелерінен тыс жерден өтуге, қарама-қарсы
қозғалыс жол жолағына шығып, жол өтпесі алдында тұрған көлік құралын айналып өтуге,
шлагбаумды өздігінен ашуға, жол өтпесі арқылы ауылшаруашылығы, жол, құрылыс және
басқа машиналар мен механизмдерді көлік емес жағдайда алып шығуға, теміржол әкімшіліктехникалық бөлімше бастығының рұқсатынсыз жылдамдығы 8 км/сағ кем баяу жүретін машиналарды, сондай-ақ, трактор шана-сүйретпелер қозғалысына тиым салынады.
Өтпе арқылы қозғалысқа тиым салынған жағдайда жүргізуші тоқтау-сызығының, 2,5
белгісінің немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ болғанда теміржол өткелі шекарасында аялдауы тиіс. Өтпе үстінде амалсыздан аялдаған кезде жүргізуі дереу жолаушыларды
түсіруі және өтпені босатуы үшін шаралар қолдануы тиіс.
Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер теміржол өтпесінен өтерде міндетті түрде сақ
болыңыздар.
М.А.ЖОЛДЫБАЛИН,
Жаңаарқа ауданының ІІБ әкімшілік полициясы бөлімшесінің аға мемлекеттік
автоинсекторы, полиция майоры
Ата-аналар назарына!!!!!
Жасөспірім балалардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуде олардың жазатайым оқиғаларға
тап болмаулары ата-аналардың тікелей міндеті мен жауапкершілігі болып саналады. Мысалы: жыл басынан облысымыз бойынша кәмелетке толмаған 11 жасөспірім жазатайым
оқиғаларға тап болған ( оның 5-еуі қаза болған), 3- жасөспірім суға батып кеткен, 2жасөспірім жанып кеткен, 4-жасөспірім угар газымен уланған және 2- жасөспірім термикалық
күйікке шалдыққан. Осы оқиғаның барлығы ата-аналардың өз балаларына жауапсыздықпен
қарауы деп санауға болады.
Осындай кенеттен болған оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында өз балаларыңыздың
жеке қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуде , су қоймаларына ата-аналардың еріп жүруінсіз жібермеуді, және үй-жайларда қараусыз қалдырмауды ескертеміз.
Жаңаарқа АІІБ-нің әкімшілік полиция бөлімшесінің
кәмелетке толмаған ісі-жөніндегі тобы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Жаңаарқа аудандық сот ғимаратында 2015 жылдың 27-мамыр сағат 16.00-де сот төрағасы
міндетін атқарушы Баубеков Абай Отыншыұлының қабылдауымен жеке және басқа да
сұрақтармен Ашық есік күні өткізілетінін хабарлайды.
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз орталығы
Сыбайлас жемқорлыққа сермер семсер
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, құқықтық мемлекет құрудың негізгі алғышарттарын іске
асыра бастады. Қоғамдық қатынастардың демократиялық құндылықтары аясында реттелуін
қамтамасыз ету мақсатында өмірдің әр саласын қамтыған заңнамалық актілер қабылданды.
Соның бірі — тәуелсіз еліміз үшін маңызды рөл атқарған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы» Заңның қабылдануы еді.
Аталған заңнама қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мен оның алдын
алуға негіз болды. Бүгінгі таңда еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жаңа бір
деңгейге көтерілді.
Өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26
желтоқсандағы №986 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды. Аталмыш құжат – осы
маңызды мәселелер бойынша еліміздің қағидаттық ұстанымын білдіретін басты стратегиялық
бағдары ретінде мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының
негізі екенін айқындап берді.
Құжатта сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқартуға, мемлекет пен қоғам өмірінің
түрлі салаларында оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға қабілетті кешенді
шараларға басымдық беріліп отыр. Яғни, басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен
күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылды. Бұл жұмысты нәтижелі жүргізуде
құзыретті мекеме азаматтық қоғам институттарына иек артады. Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту үшін шенеуніктердің еңбекақысы мен әлеуметтік
жеңілдіктерін мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің кеңеюіне қарай, одан әрі кезеңкезеңімен жоғарылату көзделген. Сыбайлас жемқорлық көріністері үшін алғышарттың бірі
ретінде шенеуніктің азаматпен тікелей байланысының болуы да есепке алынады. Осыған байланысты бірқатар мемлекеттік міндеттерді мемлекеттік емес секторға – өзін-өзі реттейтін
ұйымдарға кезең-кезеңімен беру бойынша шаралар қабылданбақ.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың пәрменді тетігі – қоғамдық бақылау. Мұндай
бақылауды енгізу азаматтық қоғам институттарын жандандыруды ғана емес, тиісті
заңнамалық реттеуді де талап етеді. ҚР «Қоғамдық бақылау туралы», «Жария ақпаратқа
қолжетімділік туралы» Заңдарының қабылдануы азаматтық бақылауды ұйымдастыру мен
жүзеге асырудың базалық қағидаларын нормативтік-құқықтық бекіту арқылы алғашқы рет
оның біртұтас жүйесін құруға мүмкіндік берері cөзсіз.
Осы Стратегияда көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың
кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс. Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас
жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Осы тарапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы Тәртіптік
және Қоғамдық кеңестері жұмысын ерекше атап өтуге болады. Бүгінде облысымыздың мемлекеттік мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдары басшыларынан, ең белді қоғам
қайраткерлерінен тұратын кеңестер өлкеміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын
бақылау мәселелеріне өз шегінде қатысып, бұл қажырлы жұмыстың жүргізілу барысына бірталай ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізіп, халық мүддесін білікті білдіруде.
Дегенмен, қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа
қарсы шаралар тек ішінара нәтиже береді. Қарағанды облысындағы азаматтық қоғам институттарын тұрғындарда сыбайластық жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға
шақырамын. Қоғамдық кеңес жұмысына қатысу Сіздерге өлкеміздің әрбір тұрғынының сыбайлас жемқорлықпен жан аянбас күресіне қосатын үлесін жүзеге асыруға құқық береді.
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына,
ал Адалдық пен Әділдік мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
оқыту курстары барлық оқу орындарын, мемлекеттік органдар мен тұтастай алғанда барлық
азаматтық қоғамды қамтуы қажет. Бұл жұмысты азаматтардың мемлекеттік қызметтерді пайдалану, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін түсінікті және білікті жеткізетін
түрлі салалардың мамандарын тарта отырып, кәсіби негізде өткізген жөн. Дәстүрлі рухани
құндылықтар мен үздік халықаралық стандарттардың үйлесуі азаматтардың заңды мінезқұлқының канондарын жаңадан жасауға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлықты ұлттық
мәдениетке жат құбылыс ретінде түйсіну және қабылдау – қоғамымыздың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі.
ЕРЖАН ЫБЫРАЙЫМОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы
АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ АТА - АНАНЫҢ БОРЫШЫ
Осы бағытта Қарағанды облысының әділет Департаментінің бастығының бұйрығына сай 2015
жылдың 20 сәуірінен бастап 20 мамыр аралығында алимент өндіру жөніндегі атқару
құжаттарды орындау туралы акция өкізілуде. Акция барысында борышкерлердің жұмыс
орнын анықтап атқару құжаттарын бухгалтерияға жолдау, жұмыспен қамту орталығына
жұмыссыз әкелерді жұмысқа орналастыру шараларын ұйымдастыру, сот актілерін
орындамаған борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселерін
шешу, шетелге шығуға тыйым салу, дүние-мүліктерін тексеру жене борышкерлердің жүрген
жері белгісіз болған жағдайда борышкерді іздестіру шаралары атқарылуда.
Алимент өндіру жөніндегі атқару өндірістері бойынша қарыздар аз соммадан басталып, бірнеше миллиондаған тенгеге дейін жалғасады.
Сот орындаушыларға артылатын жүк жылдан жылға артып барады. Алимент өндіру
мақсатында борышкерлердің мекен-жайы бойынша дүние-мүлкін тексеру, қоғамдық қабылдау
жасау, арызға жауап беру бұл сот орындаушының атқарар жұмысының бір парасы ғана.
Өте көп жағдайда біздің өмірімізде үлкендер үшін балалар жапа шегеді.Бүгінгі таңда ауылдық
жерде борышкерлердің жұмысының болмауы сот орындаушылардың алименттерді өндіру сапасында қиындықтар тудырады.
Сот актілерін орындамаған борышкерлерге сот орындаушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа жолдауға құқылы.
Мысалы, Жаңаарқа аудандық сотының 28 сәуір 2015 жылғы қаулысына сай М.Мақыжановқа
қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы қабылданып, нәтижесінде М.Мақыжанов
ҚР ӘҚБК-нің 669 бабы бойынша кінәлі деп танылып 2 (екі) тәулікке әкімшілік қамауға
алынды.
Кейбір жағдайда әкімшілік айыппұл борышкерлерге айтарлықтай әсер етпейді, сол себепті
оларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 139 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке
тарту үшін аудандық ішкі істер бөліміне ұсыныс жолданады.
Ғ.Т.ОМАРОВ
Бөлім басшысы
аға сот орындаушы
КМК "Тазасу" мекемесіне ауыз суға қарыз
тұтынушылардың тізімі
№
Аты-жөні
1 Калмаганбетов Т.С.
2 Тусупов С.
3 Сагинтаев К.
4 Искакова Т.
5 Кенжебаев Б.
6 Смаханов М.
7 Сулейменов
8 Смаханов А.
9 Кабдуллин К.
10 Жылкибаев А.
11 Кайрамбеков Т.
12 Оспанов Б.
13 Абдишев С.
14 Сейфулгазина М.
15 Бижанова С
16 Оразбаева
17 Сембеков К
18 Калинина В
19 Искакова Т.
20 Калинин А
21 Калунина Т
22 Косимбеков К
23 Букенов Б
24 Кузнецов С
25 Байниязова Д
26 Калмаганбетов К
27 Зарудницкая М
28 Абжанова Г
29 Мукашева Н
30 Иген Б
31 Ахметова
32 Кожамжаров
33 Байжанов
34 Курманбеков А
35 Ерманова Т
36 Кожанов
37 Кожанов
38 Кадирсизова
39 Имашев
40 Жолдыбалин
41 Туткушев
42 Макишев Р
43 Рысмаганбетов Е
44 Сатаева Рахат
45 Адилханов Х
46 Мырзашев Жанат
47 Ломако
48 Дектеренко
49 Пазылов
50 Дюсембин
51 Майшин
52 Гнида
53 Елеусизова
54 Мукажанов
55 Абишев
56 Тасжанова
57 Мешкова Н
58 Кошмаганбетов
59 Доскенова
60 Молдабекова Г
61 Губарева Т
62 Тажибаев
63 Жарылгапова Г
64 Рахимов
65 Бурдаева Н
66 столовая "Жалгас"
БАРЛЫҒЫ
Көшесі
Нияз-батыр 7
Нияз-батыр 10
Нияз-батыр 13
Нияз-батыр 14
Нияз-батыр 15
Нияз-батыр 16
Нияз-батыр 25
Нияз-батыр 29
Нияз-батыр 33
Нияз-батыр 42-2
Нияз-батыр 59
Нияз-батыр 61
Нияз-батыр 78-1
Сейфуллина 22/60-3
Сейфуллина 28-2
Сейфуллина 12-1
Сейфуллина 72
Ералиева 17-8
Ералиева 22-6
Ералиева 22-17
Ералиева 22-23
Ералиева 23-1
Ералиева 23-3
Ералиева 24-20
Ералиева 25-3
Ералиева 29-7
Ералиева 3-1
Ералиева 18
Ералиева 30
Ералиева 27
Орманбаева 1
Орманбаева 4-1
Орманбаева 5
Орманбаева 8-1
Орманбаева 8-2
А.Оспанова 15
А.Оспанова 34-1
А.Оспанова 56-18
Атасу 6
Атасу 22
Атасу 35
Даулетбекова 69
Даулетбекова 113
Ш.Уалиханова 16-1
Ш.Уалиханова 19-1
Балабаксы 124-2
Транспортный кв 1-7
Транспортный кв 1-8
Транспортный кв 10-12
Транспортный кв 6-2
Транспортный кв 7-10
Транспортный кв 3-9
А.Байбосынова 30-1
А.Байбосынова 26-6
А.Байбосынова 26-1
А.Байбосынова 27-1
А.Байбосынова 29-8
Абая 65-1
Абая 26-14
Абая 24-17
Абая 24-18
Абая 24-20
Абая 45-7
Н.Абдирова 53-2
Н.Абдирова 21
Сейфуллина
Хабарландыру
Бағасы
11025
13384
16452
7528
25387
17500
16800
9215
12600
11550
28464
27650
27125
66950
17760
38256
25056
25880
17020
7400
23040
47466
34560
23040
43289
29750
16800
6825
6400
8400
11000
15750
9800
10800
33408
25200
29750
31080
37800
37100
35000
22400
21000
31500
31500
33600
16000
26340
24740
27203
42320
60600
14000
23040
11520
27280
50780
72960
15540
79110
45000
17760
17760
42000
14958
29400
1737571
Әскерге дейінгі жастармен үгіт-насихат жұмысын жүргізу үшін ҚР ҚМ Кеңес Одағының
екі мәрте батыры Т.Ж.Бигельдинов атындағы «Әуе Қорғаныс күштерінің әскери институты» РММ ҚР үкіметінің 2003 жылғы 10-шілдедегі №684 қаулысына сәйкес Ақтөбе
жоғары авиациялық училище базасында құрылғаны туралы хабарлайды.
Әуе қорғаныс күштері институты мынадай мамандықтар даярлығын жүзеге асырады:
-әуе кемелерін ұшақтарды пайдалану, ұшқыш-инженер;
-әуе кемелерін тікұшақтарды пайдалану, ұшқыш-инженер;
-әуе кемелерін көлік ұшақтарын пайдалану, ұшқыш-инженер;
-ұшу аппараттарының навигациясы, штурман-инженер;
-авиацияның ұшуын басқару;
-әуе кемелерін және қозғалтқыштарды техникалық пайдалану, инженер-механик;
-әуе кемелерін интегралданған жүйелері, инженер-электромеханик;
-авиациялық жабдықтарды техникалық пайдалану, инженер-электрик;
-авиациялық радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану, радиоинженер.
Институттың қабылдау комиссиясы өзінің жұмысын 10 шілде және 15 тамыз аралығында
жүзеге асырылады.
Институт курсанттарының міндетті әскери қызметте саналады және үлестің барлық
түрлерімен қамтамасыз етіледі.
Әуе қорғаныс күштері әскери инстиутын бітіргендерге «лейтенант» офицер атағы, кеуде
белгісі және жоғары оқу орнын бітіргені туралы белгіленген үлгіде диплом беріледі.
Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты болу құрметті және жауапты!
Мекенжайы: 030012, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, №39. Әуе қорғаныс
күштері әскери институты WWW.VISVO.mil.kz сайтында, факс: 8 7132 94 89 78, тел.:
8 7132 24 28 63.
Сұрақтармен Жаңаарқа аудандық қорғаныс істер бөлімінің шарт бойынша әскери
қызмет бөлімшесіне мына мекенжайға хабарласыңыздар: Транспорт орамы, №9 үй,
тел.: 2 71 66.
6
23 мамыр 2015 жыл
Байдалы би ауылының тұрғыны аяулы, батыр ана, зейнеткер, ел қадірлісі
Сәтбергенова Қарлығаш 27-мамыр күні 75 жасқа толады. Бүгінде 11
бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған аяулы анамызға
деніне саулық, басына амандық, бақ-береке тілеп, бала-шағаның
қызығын көріп, ұзақ ғұмыр кешуіне тілектеспіз.
Бүгінгі туған күніңіз құтты болсын,
Әрдайым жүзіңізге шуақ толсын.
Әкеміздің жоқтығын білдіртпеген,
Аяулы ана, асыл әже жүз жасаңыз.
Игі тілекпен құттықтаушылар: балалары: Мыңжан-Зәуреш,
Жаңылтай-Айдархан, Қыдырбай-Ләззат, Алмагүл-Нарбай,БіржанДәметер, Ержан-Анаргүл, Сейілжан-Рауан, Айнагүл-Айболат, Досжан-Мереке, Айгерім, Тасболат, немере, шөбере, жиендері.
Жаңаарқа ауданының тумасы, асыл жар, аяулы ана, ардақты әже Сүлейменова Рыскүл
Мүбәракқызын 15-мамыр күні зейнеткерлік 58 жасқа толған туған күнімен
құттықтаймыз. Аяулы анамызға деніне саулық, басына байлық, бақ-береке
тілеп, бала-шағаның қызығын көріп ұзақ ғұмыр кешуіне тілектеспіз.
58 жас мерейтой құтты болсын,
Үйіңізге құт-береке ырыс қонсын.
Бала-шаға, дос, туыс аман болып,
100-ге дейін жетіңізші көңіл толсын.
Әрқашан бақытыңыз ортаймасын,
Жүзіңізден ешқашан нұр таймасын.
Қуаныш шаттық ойнап жанұяда,
Шаңырақта тек қана той тойлансын.
Ақ тілекпен құттықтаушылар: жолдасы-Мейірхан, балаларыГүлім-Досан, Мұқағали-Жанар, Мақпал, Жадра-Дархан, немерелері- Фариза, Тахмина, Алихан, жиендері- Нұртуған, Нұрайым, Нұралы, Кеңесары,
Жансұлтан
Жарамсыз деп танылсын
Омаров Болат Жолтаевичтің атына берілген жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, банкомат
картасының жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
******
Жолдыбаев Қуат Жарылғасынұлының 2008 жылы берілген №ТМ 0064250 трактористмашинист куәлігінің жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
******
Ақтүбек а/о, Манадыр стансасындағы негізгі мектебіне берілген №0570857 кадастр №09104-027-384 тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт жоғалуына байланысты жарамсыз
деп танылсын
******
Исенов Нурислам Кайыржановичтің атына 22.07.1992 ж. берілген №58 жекешелендіру
келісім-шартының жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
******
Бикенова Назгүл Мұқанқызының атына берілген О.Әлібаев ОМ 2004-2005 оқу
жылындағы ОБ№1359409 білім аттестатының жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
******
Молдабаев Серик Таукеновичтің атына берілген №0256746 мұрагерлік куәлігі (№
мұрагерлік құжат 65-2008) жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
Сатылады
Орманбаева көшесіндегі №48-ші үй сатылады. Үй үлкен, дәретханасы бар, жөңдеу
жұмыстары жргізілген. 156 шаршы метрден тұратын үйде 2 үлкен жазғы ас үй, гараж, 2 ұра,
3 скважина, мотор бар. Бағасы келісім бойынша. 2-3 бөлмелі үйге айырбастауға да болды.
Хабарласу телефондары: 87716178454, 87770499894, 87019799596.
*******
Сары тоқа көшесінде орналасқан №17-ші үй сатылады. Үйде 4 бөлме, сан узел, бөлек от
жағатын орын, гараж, сарай, скважина, погреб бар. Бағасы келісім бойынша. Хабарласу телефондары: 2-72-16, 87784365685
*******
Ә.Оспанова №6А көшесіндегі жер үй сатылады. Жазғы ас үйі, гаражы, үлкен бау-бақшасы,
жер учаскесі бар. Хабарласу телефондары: 2-60-10, 8 701 426 06 23 немесе айырбас
мүмкіндіктері қарастырылады
******
Ескене ауылында (Талдыбұлақ) жаңа үй сатылады. Жазғы ас үйі, қорасы, араны бар. Хабарласу телефондары: 8 701 462 13 85, 8 702 370 64 40, 8 777 889 05 64
******
Ә.Оспанова көшесінде орналасқан №85/1 үй сатылады. Үй жылы, құрғақ. Үйде жертөле (погреб), телефон, су құбыры, жазғы ас үй, мал қора, екі сарай бар. Бағасы келісім бойынша. Хабарласу телефондары: 2-63-34, 8 701 829 26 24
******
С.Сейфуллин көшесі №58 үйдің №8 пәтері сатылады. Жалпы көлемі 54,3 ш.м. Вокзалға
қарама қарсы орналасқан. Жөндеу жұмыстары жасалған. Ас үй жиһазы және кейбір қажетті
жиһаздар да бар. «Отау ТВ» жұмыс істеп тұр. Хабарласу телефондары: 8 777 893 61 82,
2 65 39.
Сенім телефоны
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызметшілерді
қызметтік ар-намыс кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңдылықтарды бұзған фактілер жайын хабарлау үшін 2-71-80 номерлі сенім телефоны орнатылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
*******
“Жаңаарқа ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі” ММ қызметкерлерінің “ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі” қағидаларының сақталмауы жөнінде хабарлау
үшін 2-83-47 номерлі сенім телефоны орнатылғанын хабарлайды.
“Жаңаарқа ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі” ММ
16 мамыр 2015 жыл
Егін егетін шаруа қожалықтарының назарына!
7
Жаңаарқа ауданы бойынша дәнді дақылдарды себудің оңтайлы мерзімі Қарағанды өсімдік
шаруашылығы және селекция ғылыми –зерттеу институты ұсынған нұсқамасына сәйкес:
бидай егу мамыр айының 15-25 аралығы болып белгіленген арпа егу мамыр айының 25-30
аралығы болып белгіленген сұлы егу мамыр айының 25 мен маусымның 05 дейін белгіленген
Ауа райын ескере отырып, жауын-шашынның болуына байланысты ұсынған себу мерзімі 56 күнге кеш созылуы мүмкін.
Көпжылдық екпе шөптер егудің оңтайлы мерзімі мамыр айынан қыркүйек айына дейін созылуы мүмкін, жауын-шашынның болуына байланысты.
Майлы дақылдарды егу 20 мамырға дейін біту керек. Бір жылдық шөп және сүрлемдік
дақылдарды егу маусым айының 10 дейін біту керек. Картоп егу мамыр айының екінші және
үшінші он күндігінде себілу керек , ылғалдың көп болған жағдайында 10 маусымға дейін
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысында осы нұсқамада көрсетілген оңтайлы мерзімді
басшылыққа алуды сұраймыз.
Ауыл шаруашылығы бөлімі
Егін егетін шаруа қожалықтар назарына!
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс
пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп
өсіру шығындарының құнын арзандатуға субсидиялар алуға шаруашылықтардан өтінімдер
2015 жылдың 01 маусым мен 10 маусым аралығында қабылданады.
Ауыл шаруашылығы бөлімі
Сот жүйесіне жаңа технологиялардың енгізілуі
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сай «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкіметі» дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылдың 15-шілдесіндегі №337-ІV заңына сәйкес, 2012
жылғы 1-ақпанынан бастап аудандық және оған теңестірілген соттарда электрондық сот ісін
жүргізу тәртібінде электрондық талап-арыздарды, сот отырысының хаттамасын беру туралы
электрондық өтініштерді, сот отырысының хаттамасына электрондық түрде ескертулердің
қарауын енгізу, электрондық талап-арыздарды және басқа да электрондық құжаттарды
қабылдау және есепке алу тәртібі енгізілуде.
Азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және
түсінікті ету үшін электронды үкімет тұжырымдамасы әзірленді. Электронды үкімет құру ісі
билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет
болды.
Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен мемлекет пен азаматтар
арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі.
ҚР Жоғарғы соты «Электронды сот» жүйесін дамыту мақсатында соттарда электронды
құжаттарды қабылдауға ерекше назар аударылып отыр. Электрондық талап-арыз электрондық
үкімет порталы арқылы беріледі. Ол үшін арнайы үлгіні толтырып, жауапкердің тіркелген немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық сотты таңдап, арыз мазмұнын, істің
дәрежесін және мемлекеттік баж салығын көлемін көрсету керек. Талап қоюшы электрондық
құжат нысанына талап-арыздың және құжаттардың басқа да көшірмелерін қоса тіркеп, талапарызға өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын қояды да, сотқа жібереді.
Электрондық үкімет арқылы талап-арыз немесе басқа да құжаттарды өткізу азаматтардың
уақытты ұтымды пайдалана отырып, дер кезінде қажетті құжаттарды немесе басқа да
ақпараттарды алу мүмкіндігін арттырады. Сондықтан, аталған заңның тиісті дәрежеде орындалуына барлық мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар атсалысу қажет.
Г.Н.КАСЕНОВА,
Жаңаарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
Ұлағатты ұстаз
Ұстаз... оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақжарқын мінезді жылы
жүзді ұстаз бейнесі көрініп, қолыма қалам алғызды. Ол бейне қасиетті қара шаңырақ
Бидайық орта мектебін 1973 жылы бітіріп, Жезқазған педагогикалық училищесіне түсіп,
оны 1975 жылы бітіріп, Бидайық орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып оралған,
содан бері 40 жыл ұстаздық жолын бір мектепте, яғни өзі оқыған алтын ұясына арнаған
Рахимжанова Тишбала Имашқызы.
Ұстаз шәкіртінің білімін шыңдаушы білімнің биігіне қанат қағып, талай асуларды
бағындыру жолындағы демеушісі әрі қолдаушысы екені баршаға белгілі. Ендеше осындай
бағаға лайықты адам-Тишбала Имашқызы бар еңбегін күш-қуатын шәкірт бойына сіңірген
ұлағатты ұстаз. Биыл сол еңбегінің нәтижесі, жемісі, рахаты, яғни зейнеткерлікке шығып
отыр. Бар ғұмырын бала тәрбиесіне, білімді шәкірт, тәрбиелі азамат оқытуға арнаған Тиышбала Имашқызының еңбегі зор. Шәкірттерін құрыш болаттай шыңдап, талай додаларға қосып,
жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде көп жылдар еңбек атқарған, әлі де атқарып келе жатқан
үлгілі ұстаз. «Ұстаздардың ұстазы» десе де болады.
Ұстаздың бүкіл мақтанышы – шәкірттерінде , өзі шашқан ұрпақтарының өсіп-өнуінде десек
Тиышбала Имашқызы алдынан сан мыңдаған шәкірт түлеп ұшып, бүгінде еліміздің әр
түкпірінде еңбек етуде.
Тиышбала Имашқызының ана ретінде, ұлағатты ұстаз ретінде орны мен үшін өте ерекше. Себебі, өзімнің кенже балаларым, егіз ұл-қызым Мағжан мен Тоғжаныма алғаш қалам ұстатып,
әліппені оқытқан алғашқы ұстазы.
«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші
Тиышбала апайдың тәлімі, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін балаларыма сіңіргенінін
куәсімін. Бір мектепте қызмет істеп, бұл кісіден көп нәрсе үйреніп, тәжірибе жинақтағаныма
қуанамын.
Бүгінде балаларым алған білімдерінің жемісін көріп, жоғары оқу орнын үздік бітіріп,
Мағжаным Жаңаарқаның теміржол саласында болса, Тоғжаным Балқаш қалалық әкімдігінде
жетекші маман болып қызмет істеп жатыр.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді дана қазақ. Сандаған шәкірт тәрбиелеп,
еліміздің әр саласына сүбелі үлес қосып келе жатқан осындай ұстаздан білім алу біз үшін
үлкен мақтаныш. Тиышбала Имашқызы жолдасы Қанат ағай екеуі екі бала тәрбиелеп өсірген,
үлгілі отбасы. Балалары Гүлнәр мен Нұрлан біздің мектебіміздің үздік бітірген түлектері.
Гүлнәр мектепті ерекше аттестатқа бітіріп,мемлекеттік грантты жеңіп алып,ҚарМУ-дың экономика факультетін үздік дипломмен аяқтап, қазір ҚарМУ-де ұстаздық қызмет атқарып жатыр.
Отбасылы, жолдасы, екі баласы бар. Ұлы Нұрлан ҚарМУ-дің әлеуметтік педагог мамандығын
үздік бітіріп, Бидайық орта мектебінде әлеуметтік педагог болып еңбек етеді.
Тиышбала Имашқызы көп жылғы еңбегінің жемісі, яғни зейнеткерлікке шығуымен құттықтай
келе, бала-шағасының қызығына тоймай, зейнетінің рахатын көріп, бақытты ғұмыр кешуіне
тілектестік білдіреміз.
ҚОРЛАН СОВЕТҚЫЗЫ,
Бидайық орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары
ЕСКЕ АЛУ
Жаңаарқа ауданының тумасы, аяулы әке, үлкенге іні, кішіге аға 1944 жылы туған
Қазақстан Республикасының үздік мәдениет қайраткері және оқу ағарту ісінің үздігі, сазгер-күйші, еңбек ардагері Жақсылық Мағзұмұлының бақилық болғанына 1 жыл толды.
Аяулы бауырымыздың топырағы торқа, жаны жанатта, тәні рахатта болсын деп 2015
жылдың 10 маусымында «Диас» тойханасында сағат 13:00-де құдайы ас беріліп, дұға
бағышталады.
Еске алушылар: жұбайы – Әзиза, балалары: Балмұқан, Береке, Қуаныш, Салтанат,
Сәуле, ағасы – Қадір, жеңгесі – Гүлжахан, інісі – Қайрат.
Кеше
ғана
жүрексіне
мектептің
табалдырығын бірге аттап, білім нәрімен
бірге сусындаған біздердің мектептен түлеп
ұшқанымызға да 20 жыл уақыт өтіпті.
1995 жылдың 25-мамырында Ақтау орта
мектебі алтын
ұямыздан
ХХІ-ші
қарлығаштар болып 42 түлек қияға қанат
қаққан болатын. Жанай тауының бөктерінде
бірге өткізген балалық шақтың базарлы
сәттерін еске алып, бір-бірімізбен қайта
қауышар сәтте
ортамыздағы қос сыныптасымыздың болмауы бәріміздің де
жүрегімізге ауыр тиюде. Арада өткен аз уақытта сыныптас достарымыздан қапияда
айрылдық. Аяулы сыныптас достарымыз Хамзина Самал Қаппасқызы 2002 жылы
16 –сәуірінде қайтыс болса, Жарылғапов Ерғали Өміртайұлы 2009 жылы 10 –наурызда арамыздан алыстады. Өмірден алар үлестері көп еді. Әттең ажал құрығын
ерте салды. Сыныптастар арасындағы сан қызық пен қуанышқа толы шақтардың
куәсі болған қос кластасымыздың қазасы қабырғамызға батқанымен тағдырдың жазуына шара жоқ.
Бақұл болыңдар қимас жандар.
Кішкене мектеп, қыруар бала оқыдық,
Сендермен бірге партада біздер отырдық.
Құлыншақ сәттің санада қалып суреті,
Айрылып біздер сендерден достар тосылдық.
Ұмтылмас күндер, еске сан әлі алармыз,
Іздесек енді Сендерді қайдан табармыз,
Пейіште жаның шалқысын достар әрдайым,
Бағыштап құран, алақан енді жаярмыз.
Сағына еске алушылар: Ақтау орта мектебінің 1995 жылғы түлектері, 31 –
қарлығаштар
Ардақты ұл, қамқор бауыр, қимас жар, аяулы әке Аяшев Мақсат
Бұқпаұлының мәңгілік мекенге аттанғанына да 1-маусымда жыл толады. Аңқылдақ
ұл, аяулы бауырдың арамыздан алыстағаны жанымызды сыздатып, жанарымызға жас
үйіргенімен тағдырдың жазуына шара жоқ. Алар асу мен шығар белі алда болғанымен
ана өмірге аттанған арда ұлды сәт сайын сағынып еске аламыз. Оның мейірімді
жүзі жадымыздан мәңгі өшпейді.
Үлесің көп өмірден ала алмаған,
Олжаң да көп еді әлі сала алмаған.
Сағынып, қара жолға қарағанмен
Орның тұр ақ ордаңда оралмаған.
Сені ойлап жүрек сыздап, төгілер жас
Жалғасың аман болса құралар бас.
Сағынып , қол жаямыз дұға оқып,
Еске алып, жамиғатқа береміз ас.
Сағына еске алушылар: анасы-Гүлден, жары-Фарида, ұлы-Жалғас, бауырлары
Саят-Әсем, Жұлдыз-Кенже, Асхат-Салтанат, Әсем-Амантай, Айгерім, Сержан.
№189 разъездің тұрғыны, ардақты әке, сүйікті жар Бақтыбаев Ғабдулла
Сүлейменұлының қайтыс болғанына 6-маусым күні 40 күн толады. Тіршілігінде еліне
сыйлы, қайын жұртына қадірлі бола білген азаматты сағына еске аламыз.
Ақ көңіл азамат ең аңқылдаған,
Жігерлі жай отындай жарқылдаған.
Өзін жоқсын бірақ та жүректерде,
Мәңгілік үнің қалды сыңғырлаған.
Ерте сөнген шырағың,
Қапыда кеттің амал не
Пейіште болсын тұрағың.
Асыр сап ойнап жүріп кете бардың,
Асыл бейнең кетпейді мәңгі естен.
Еске алушылар: жұбайы – Қандыбала, енесі – Бөпежан, балалары: Гүлназ, Гүлден,
Мейіржан, Мереке, Ділназ, күйеубалалары: Бекболат, Болсын, келіні - Гүлнұр, жиендері - Қызғалдақ, Исламбек, Нұрахмет, Нұржамал, Аяулы, Сабина.
Әкеміздің қайтқанына 40 күн толуына орай 6-мамыр күні сағат 13:00-де №189 разъезде
құран бағышталып, құдайы ас беріледі.
Көңіл айту
Аудан әкімдігі еңбек ардагері, ардақты ана
Бәтила Ахметованың
қайтыс болуына байланысты марқұмның балаларына, бауырларына, туған-туыстарына
қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады
Аудан әкімдігі еңбек ардагері
*******
Ошақ Борсынбаевтың
қайтыс болуына байланасты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына
ортақтасып, көңіл айтады
Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл
"Ұлтаралық келісім – бейбітшілік нышаны"
2015 жылдың сәуірдің 22- ші жұлдызында С.Сейфуллин
атындағы орталықтандырылған кітапханада
аудандық
мұрағаттың
ұйымдастыруымен
Қазақстан
халқы
Ассамблеясының
20 жылдық
мерейтойына
арналған
"Ұлтаралық келісім – бейбітшілік нышаны" атты дөңгелек үстел
өтті. Мақсаты халқымызды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін,атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына
ұялату.
Дөңгелек үстелге халық мешітінің наибимамы Искаков Ерік,
«Іскер әйелдер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әрінова Дәмеш Әрінқызы,ішкі саясат
бөлімінің басшысы Р.А.Казимов,аудандық мұражайдың таныстырушы маманы Шубаев
Е.еңбек ардагері, Н.К.Крупская мектебінің неміс тілі мұғалімі О.Мұхамеджанов, жастармен
жұмыс жасау орталығының директоры М.З.Сердалинова аудандық кітапхананың қызмет
көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.Ахмедина, кітапханашылар Акимова Ж.Жакупова
Г.мұрағатшылар , Н.К.Крупская атындағы 6-сынып оқушылары (сынып жетекшісі Әрінова Д.)
.Мұрағатшы К. Жакупованың Ассамблеяның құрылу тарихы баяндамасы тыңдалды. Ассамблея туралы бейнеролик көрсетілді.
Мұрағатшылар өзбек, әзербайжан, украин, молдаван халықтарының салт –дәстүрлерін айтып
берді. Еңбек ардагері Н.К.Крупская атындағы орта мектебінің неміс тілі пәнінің мұғалімі
Орақбай Мұхамеджанов неміс халқының мәдениеті мен дәстүрі туралы баяндады. Аудандық
мұражай мекемесінің маманы Е.Шубаев мұражайдағы өткен іс- шаралар туралы баяндап берді.
Қоғамдық бірлестіктің Президенті ,іскер әйелдер ұйымының төрайымы Дәмеш Әрінқызы
іскер әйелдер ұйымы Ассамблеяға байланысты қандай жұмыстар ,жетістіктерге қол жеткізгендігі туралы тоқталды .Халық мешітінің наиб имамы мемлекеттердің орнықты дамуына
этникалық және діни жанжалдар мәселесіне тоқталды. Кітапханашылар кітәптар көрмесіне
шолу жасады.Жастармен жұмыс жасау орталығының директоры Сердалинова М.З.Ішкі саясат
бөлімінің басшысы Р.А.Казимов пікір алмасты. Дөңгелек үстел аяғынан Н.К.Крупская
атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушылар дайындаған концерт тамашаланды.
К.ЖАКУПОВА, мұрағатшы
Выражаем благодарность
Выражаем глубокую благодарность медицинскому персоналу хирургического отделения
ЦРБ заведующей отделением Акибаевой Оразгуль Абдикеновне, хирургу Аукешову Нурхату Каппасовичу, анестизиологу Смагулову Даурену Канатовичу, анестезистке Абишевой
Баян, медсестрам Куанышбековой Орынтай, Балмаганбетовой Толкын, Имантусуповой
Карлыгаш, Болатовой Меруерт, младшему медперсоналу Саможоновой Оксане, Аубакировой Айгуль, Дуйсеновой Гульмире за спасение жизни и выздоровление нашей мамы, бабушке, сестры А.И.Тановой. Желаем успехов в работе, здоровья, счастья и благополучия
во всем.
От семьи Моисейкиных, Дутых, Нурмагамбетовых, Спициных.
Спорт сүйер қауымның назарына!
Ескене ауылындағы Бәйгетөбеде 25-мамыр күні сағат 13.00-де аламан бәйге, құнан, тай
жарысы өтеді. Ұйымдастырушылар Ескене ауылынан шыққан азаматтар.
Ұйымдастырушылар алқасы
Новый порядок применения контрольно-кассовых
машин в Казахстане
Управление государственных доходов по Жанааркинскому району сообщает, что согласно
пункта 1 статьи 645 Налогового кодекса с 1 июля 2015 года вступает в силу норма, обязывающая налогоплательщиков, осуществляющих оптовую и (или) розничную реализацию бензина
(кроме авиационного), дизельного топлива, алкогольной продукции, применять контрольнокассовые машины (далее-ККМ) с функцией фиксации и (или) передачи данных.
В соответствии с Постановлением Правительства РК от 29.12.2014 года № 1393, оператором
фискальных данных (далее-ОФД), т.е. органом-обеспечивающим передачу сведений о денежных расчетах в оперативном режиме в органы налоговой службы по сетям коммуникаций общего пользования, определен АО «Казахтелеком».
В связи с чем, для перехода на новый порядок применения ККМ, необходимо:
1. Приобрести ККМ с функцией передачи данных в Центре технического обслуживания;
2. Скачать с портала ВЕБ-РЕСУРСА www.oofd.kz договор с ОФД, распечатать его, подписать
и заверить печатью;
3. Подать заявку и получить регистрационную карту ККМ в органах государственных доходов по месту осуществления деятельности;
4. После регистрации ККМ в органах государственных доходов, на вышеуказанном портале,
необходимо получить и авторизовать ККМ ID и токен;
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, 2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52, тілшілер бөлімі
2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
Жақсының аты өлмейді
Жан әке сені сағындым...
Әкем есіме түссе ішім удай ашып, жанарым
жасқа толып, жүрегім сыздап қоя береді. Әкеме
деген сағынышым әр сәт ойыма оралып,
маңайымдағы қарайған халықтың арсына елесі
болса да бір көрсем екен деп телміре қараймын.
Әр қараған сайын үмітім ақталмайды. Осындайда
әкелері
барларға
қарап, сағыныш сезімімді
қызғаныш оты амастырып, өзімді қоярға жер таппаймын. Шіркін әкем тірі болса ғой деген қиялыма
қанат бітіп, онымен іштей сырласып кете беремін.
Әкемді ойласам шәшім желбіреп, мойынынан
тасқып құшақтап, теңбілдің (ат) сауырына қойған
аяғымды бүкпестен шауып келе жатқаным,
сығырайған білте шамның жарығына үймелеп
әкемнің түрлендіріп оқыған қисаларын тыңдағаным, жайлауы жараса жамбылдықтарға
арқаның тау-тасын, қырат –белі мен туып өскен беделді адамдарын таныстырғанын,
әскердегі ағаларыма өлеңдете хат жаздырғаны тағы басқа да толып жатқан қызық
шақтары кино лентадай көз алдымнан сырғып өте береді.
Менің әкем Төлегенбаласы Аман 1942 жылдың 23-ақпанында өмірге келген. Өзінің
айтуы бойынша қошқар күйегінде туыпты бұл қазан мен қараша айының біреуі. Үйдің
кенжесі, қарашаңырақтың иесі болған әкем өте кішіпейіл еді. Қолынан келмейтін
нәрсесі болмайтын. Ағаш пен темірден түйін түйген шебер болса, теріні илеп,
қайыстан жүген мен қамшының түр-түрін өретін өрімші еді. Әкемнің қолынан шыққан
қамшы, жүген, тұсамыс, шідер, бәкі, өгіз мойынағаштары мен ат шаналар әкемді
танитындардың көбінде бар. Өмірінде кісінің бетін қайтармай үнемі қолынан келген
көмегін аямайтын әкемнің ұрысып, ұрып, бізді сөккенін естіген емеспін. Бірақ, қатты
ашуланғанда қабағынан ығатын едік. Отбасымыздағы алдыңғы үш бала атам
Төлегеннің баласы болса Дулат екеуміз әкемнің еншісіндеміз. Содан болар бізге
ешкім ұрысып, жұмсап, зекіп көрген емес. Не қаладық соны алып беретін қайран
әкемнің арқасында балалықтың бал шағын кешіп өттік. Әкем бізді еңбек етуге кішкене кезімізден үйретті. Кіп-кішкене болсақ та қызықтырып, қызықтап соңына ертіп
алатын. Сосын бізді сөйлетіп қойып, өзі бізге мағұрлана қарап жүретінтін. Аптап
ыстық пен алапат аязда әкемнің шаужайына жармасып, бірге жүрдік. Қой соңында
жүргенде де атының алдына алып, қисаларды айтып, ертегімен сусындатып өсірді.
Үйге келген бетте әкем жантайып жатса үстіне мініп алып, мотацикл ойнаушы едік.
Қос құлағын руль, мұрынын газ қылып, қарынынан теуіп-теуіп оталдырып, ал кеп
шапқылайтынбыз. Шіркін алаңсыз балалық шақ десейші. Әкеміз шаршадым демейтін.
–Өй иттің күшіктері дейтін де біздің ырқымызға көніп, мағұрланып жата беретін. Әр
жұмыстың қыр-сырын меңгерткен әкемнің арқасында біз үшін қыз-ұлдың жұмысының
арасы алшақтаған емес. Бәрі де ортақтай үй шаруасында дала жұмысында бірге
меңгердік. Одан еш зиян көрген емеспіз.
Өмірдің ащысы мен тұщсына мойымаған, бар болса тасымаған, жоқ кезінде
жасымаған, басына қанша іс түссе де жабықпаған, қолында барын елге берген әкемнің
ақ ордасының дастарханынан ас, үйінен қонақ арылған емес. Барын баршамен
бөлісетін әкем өзі айтқандай:-Сырдың суы сирағынан келмеген жанның нақ өзі еді.
Әттең өмірі қысқа болды. Еңбекпен жеткізген ұл-қызының аяқтанғанын көргенімен
олардың балаларының қызығын көре алмады. Бір-бірімен ылғи қалжыңдасып,
сыйластықтың әдемі үлгісін көрсететін анамызға деген ілтипаты мен құрметі зор болатын. Үнемі:-Ршу не дейді, ол біледі-деп анамыздың бағасын тірлігінде берген әкеміз
өз туыстарымен қатар қайын жұртына да қадірлітін. Балдыздарын қағытып, үнемі
ойнап жүретін.
Әкемнің қасиеттері ұшан теңіз. Оны тілмен жеткізу мүмкін емес. Әкемнің өзіне тән
жұпар иісін иіскеп, кең құшағына еніп, ойымызбен бөліспегелі де міне бес жыл
уақыт өтіпті. Біз оны қатты сағындық. Әр қайсымызға өзі еркелетіп қойған (Дәдә
Миша, Ләшкәбай, Дукш, Жанпана) аттарымыздың аталмағанына да міне ұзақ уақыт
бопты. Сағынған сайын сағымға айналған бейнесі самал боп есіп, кекілімізді
тарағанымен өзі жоқ. Әттең сол бір алтын уақыттар қайра кері өтсе ғой. Әкеме деген
бала махабатымды сәт сайын жеткізер едім. Өкінішті ...
Мамыр келді. Айнала көк жасыл көйлегін киіп, түрленіп, шыға келді. Тек менің
көңілім сол сағынышқа толы сарғайған қалпынан айығар емес.
САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
Жұмыстарына көңіл толады
Ауданның байырғы тұрғыны болғандықтан, аудан көлемінде болып жатқан игілікті істерге
қуанып, жақсы нәтижелі өзгерістерге шаттанып отырамын. Осындай қуанарлық өзгерістерді
аудандық аурухана мекемесі тарапынан да байқадым. Дәрігерлер қатары жас мамандармен
толықтырылған. 2014 жылдың наурыз айында мекемеге Күлмағанбетов Серік Әуезханұлы
басшылық қызметіне тағайындалған соң, жалпы тәжірибе дәрігері болып жас маман Смағұлов
Дәурен Қанатұлы, гинеколог болып Ерболаева Әсем менғалиқызы, терапевт болып Байдильдина
Ботакөз Назымбекқызы жұмысқа қабылданған. Ауруханада қалыпты атмосфера орнағаны
байқалады. Тәртіп күшейген, сыртқы ауладан кірер жерге шлагбаум орнатылып, бөтен
машиналардың аулуға кіруіне тийым салынған. Кесте бойынша күзет жұмысы ұйымдастырылып,
палаталарға белгіленген уақытта ғана кіру мәселесі жолға қойылған. Ауруханаға ағымдағы
жөндеу жұмыстары жүргізіліп, санитарлық-тазалық жағдайлары жақсарған. Тазалықты сақтауда
кіші медициналық қызметкерлер Тасжанова Қалимаш, Әкімжанова Әсем, Жұмашева
маржандардың жұмыстары көңілге қонымды, өз жұмыстарына ұқыпты, тиянақты қарайтындары
көрініп тұр. Терапия бөлімінде дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі байқалмайды. Дәрігердің белгілеген
дәрілерінің барлық түрлері бар. Бұрынғыдай «анау жоқ, мынау жоқ, дәріханадан барып алыңыз»
дегенді естімедік. Белгіленген дәрігерді уақытылы беріп, егіп отырған медбикелер Кәріпбекова
Айткамал, Балағазина Айнагүл, Жанбұланова Гүлнәр, Жүсіпбекова Оралдарға сыпайлығы,
қолдарының жеңілдігі үшін дән риза болдым.
Ауруханадағы басты жаңалық: барлық кабинеттерге, дәлізге бейнекамера қойылып, атқарылған
іс-әрекеттер қадағаланып отыратын болыпты. Ауылдық округтерге аптасына 3 рет ауданнан бекітілген дәрігерлер барып, қабылдау, емдеу жұмыстары ұйымдастырылған. Аудандық аурухана
арқылы науқастар порталға қойылып, облыстық, республикалық емдеу орындарынан
медициналық көмек алуға мүмкіндіктер бар. Осындай және тағы басқа игі істердің куәсі болған
соң, аурухана қызметкерлеріне газет бетінде ризашылығымды білдіргім келеді.
Ш.ШУДАНБЕКОВ зейнеткер, Орынбай ауылы
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1550 дана
Тапсырыс №28
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Другие
Просмотров
458
Размер файла
13 461 Кб
Теги
газета, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа