close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 31 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
1-МАУСЫМ - Халықаралық балаларды қорғау күні
БӘРІ ДЕ БАЛАЛАР ҮШІН
Жайма шуақ жаздың алғашқы күнімен келіп жететін балаларды қорғау күні ертеден келе
жатқан халықаралық мерекелердің бірі.
Барша әлем халқы бұл мейрамды 1950 жылдан бері атап өтеді. Еліміздің ертеңі балалар мерекесіне орай ауданымызда «Бақытты балалық» атты үлкен шара ұйымдастырылды.
Өздерінің төл мерекесіне жиналған балалар әуелі мәдениет үйінде өздігінен аяттарды жатқа
айтатын, музыкалық аспаптарды еркін меңгеретін, математикалық есептерді шығаруда алдына
жан салмайтын ерекше дарынды Ю.Гагарин атындағы мектептің 3-ші сынып оқушысы Ернар
Біләлов туралы “Жүректен жүрекке” атты киноны тамашалады.
Мұнан соң балаларды аудандық педагогикалық және психологиялық түзету кабинетінің директоры Ж.Сарбасова құттықтап, осы мекеменің оқушыларының қолдан жасаған бұйымдары
сыйлық ретінде таратылды. Ескене ауылынан келген кішкентай Мирас Құрақбайұлы және
№132 орта мектебінің оқушысы Ионова әннен шашу шашты.
Мәдени шараның негізгі бөлігі далалық сахнада жалғасып, жас бүлдіршіндерді аудан әкімінің
орынбасары М.Жандәулетов құттықтады. Келесі кезекте әртүрлі ойындардан
ұйымдастырылған байқаудан жарыс басталды.
Бұл жерде ән байқауын ұйымдастырған Н.Крупская мектебі ұжымының, сурет салудан Ю.Гагарин мектебінің, “Көңілді старт” ойыны бойынша №132 мектептің, асық ойыны бойынша
О.Жұмабеков мектебінің, көркем сөз оқудан Н.Крупская мектебінің, велосипед жарысынан
С.Сейфуллин мектебінің, би кешін ұйымдастырған кітапхана ұжымының еңбектерін атап
өткен орынды. Аталған байқаулардың жеңімпаздары әртүрлі сыйлықтармен марапатталды.
Балалар күніне орай мүмкіндігі шектеулі балаларға аудандық бюджеттен 151 баланың
шотына үш мың теңгеден аударылса, 30 балаға арнайы тағам түрлерінен топтастырылған
пакеттер ұсынылды.
Осы мерекеге орай балалардың көңіл күйін көтеретін ойын алаңдары орналастырылып,
жарыстар ұйымдастырылса, тәтті-дәмдімен бірге балмұздақтар мен ойыншықтар сатылатын сөрелер қойылды.
Еліміздің болашағы балаларға арналған концерттік бағдарламада кішкентай өнерпаздар
ән шырқап би биледі.
МӨЛДІР ҚАСЫМ
С. Сейфуллин
№31 (9681) 6-маусым, 2015 жыл
4-МАУСЫМ - ҚР Мемлекеттік рәміздері күні
ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ
ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына
23 жыл толған мерейлі мерекесі “Еркіндік пен
елдігіміздің тұтқасы” атты атаумен жоғары
дәрежеде аталып өтті. Тәуелсіздік алаңына мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері,
еңбек ардагерлері, жастар өкілдері, аудан
тұрғындары
көптеп
жиналды.
Шараны
қызықтаушылар Атасу кентінің барлық
көшелерін аралап өткен автокөліктер мен велосипедшілер шеруін қуана қарсы алды. Ортаға
Мемлекеттік Ту әкелініп, Әнұран орындалды.
Мерекеге жиналған көпшілікті құттықтаған
аудан әкімі Ғ.И.Омаров: “Мемлекеттік рәміздерге
деген құрмет – Елге, Жерге және Отанға деген құрмет болып танылатыны анық. “Тәуелсіздік
– алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі бар. Оның біріншісі –көк
байрақ, екіншісі – Елтаңба,
үшіншісі
–
Әнұран,
төртіншісі – қазақ тілі”,- деп
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев айтқандай, елім,
жерім дейтін ұрпақтың намысын оятып, жүрегіне
патриоттық сезім ұялататын
да – осы рәміздеріміз. Біз
болашақта бұдан да бай,
қуатты
елде
өмір
сүретінімізге сенімдіміз. Ендеше - бәріміздің жүрегіміз
Отан деп соғып, Тәуелсіздік
Туы халқымыздың еркіндігін
паш етіп желбірей берсін.
«Менің Қазақстаным» атты
ұлы Әнұран әрбір қазақстандықты бірлік пен татулыққа үндей берсін”,-деген тілегін білдірді.
Кезек марапаттауларға беріліп, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлануындағы аудандыққоғамдық штабының белсенді мүшелері Ғ.Жарылғапов, З.Аманов, Б.Бекежанова, М.Хишауов,
Б.Нүркенов,
Д.Әрінова,
Е.Асанбаев,
О.Кәрімбеков, Н.Беков, М.Сердалинова
аудан әкімінің қолынан ҚР Президентінің
Алғыс хатын алды.
Жақында Қытай елінде өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола
медальды жеңіп алған боксшы қызымыз
Алтын Мұқышбекова аудан әкімінің Алғыс
хатына және бағалы сыйлыққа ие болды.
Сондай-ақ,
Алтынның
алғашқы
жаттықтырушысы Кіштаев Қанатқа да
сыйлық тапсырылды.
“Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов” естелік белгісі медалімен аудан әкімі
Ғ.Омаров, қорғаныс істер жөніндегі бөлім
бастығы Ә.Биғарашев, бөлім бастығының
орынбасары Е.Қарабалин, әскерге шақыру
бөлімше бастығы Б.Шерматов, ауған
соғысының ардагерлері Д.Далбаев, Қ.Жылқыбаев, М.Крапивин, Е.Тынысбаев, Қ.Әбілқасымов,
О.Назаров, ардагер-ұстаз О.Мұхамеджанов, алғашқы әскери пән мұғалімдері: А.Ауданбаев
(С.Сейфуллин ОМ), Д.Төлеубаев (Ю.Гагарин ОМ), А.Сейітжанов (Н.Крупская ОМ),
Ж.Төкенов (О.Жұмабеков ОМ), Е.Өміртаев (№132 ОМ), Қ.Нұрабаев (Атасу ОМ),
Қ.Жалмағанбетов (Бидайық ОМ), Т.Қабыкенұлы (Талдыбұлақ ОМ), А.Аумағамбетов (Ынталы
ОМ), М.Анафин (Ақтүбек ОМ) марапатталды.
Жаңадан қызметке тағайындалған
мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің бас маманы М.Қанапин
және
Атасу
кенті
әкімі
аппаратының
бас
маманы
Е.Әбдірашитов салтанатты түрде
ант қабылдады. Мәдени шараны
мәдени-сауық
орталығының
өнерпаздары
тақырыптық
әндермен көркемдеп отырды.
САЛТАНАТ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулысы
Атасу кенті
№41/01
2
26 мамыр 2015 жыл
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік
құқықтық актілердің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы»
Заңының 40 бабына сәйкес және аудан әкімі аппараты жанындағы сараптау ревизиялық
тобының қорытындысын қарай келе, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса берілген қосымшада көрсетілген Жаңаарқа ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік
құқықтық актілердің күші жойылсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы
Қ.Ш.Қожықаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі
Ғ.Омаров
6-маусым 2015 жыл
31-МАМЫР - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Қазақ тарихында мәңгі ұмытылмастай болып есте қалатын жылдардың ішіндегі жанды
күйзелтіп, көкіректі шерге толтыратын жылдар бұл ХІХ ғасырдың басындағы алапат
ашаршылық пен зиялы қауымды қапасқа қамаған репрессия жылдары. Ұланғайыр далада
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы
№41/01 қаулысына қосымша
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік
құқықтық актілердің тізімі
1.Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қантардағы «2014 жылға қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы» №05/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу
Тізілімінде №2532 болып тіркелген, «Жаңаарқа» газетінің 2014 жылғы 12 ақпандағы №7-8
(9601-9602) санында жарияланған)
2. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 ақпандағы «Ауданда 2014 жылға халықтың
нысаналы топтары және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша қосымша шаралар туралы» №17/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2564 болып тіркелген, «Жаңаарқа» газетінің 2014 жылғы 19
сәуірдегі №17 (9611) санында жарияланған)
Постановление акимата Жанааркинского района
пос.Атасу
№41/01
26 мая 2015 года
О признании утратившим силу некоторых
нормативных правовых актов акимата
Жанааркинского района
В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном
государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 40 Закона
Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах» и заключения
ревизионной группы при аппарате акима района, акимат Жанааркинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Признать утратившим силу некоторых нормативных правовых актов акимата Жанааркинского района согласно приложения.
2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата
акима района Кожыкаева К.Ш.
Аким района
Г.Омаров
Приложение к постановлению акимата
Жанааркинского района от 26 мая 2015 года №41/01
Перечень некоторых нормативных правовых актов
акимата Жанааркинского района
1. Постановление акимата Жанааркинского района от 17 января 2014 года «Об организации
общественных работ на 2014 год» за №05/01 (зарегистрировано в Реестре государственной
регистрации нормативных правовых актов №2532, опубликовано 12 февраля 2014 года в газете
«Жаңаарқа» за №7-8 (9601-9602));
2. Постановление акимата Жанааркинского района от 26 февраля 2014 года «О целевых группах населения и дополнительных мерах по содействию их занятости и социальной защите в
районе на 2014 год» за №17/01 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №2564, опубликовано 19 апреля 2014 года в газете «Жаңаарқа» за
№17 (9611));
1-МАУСЫМ - Халықаралық балаларды қорғау күні
Ауылдарда мерекеленді
Айнабұлақ ауылдық округінде
Айнабұлақ орта мектебінде балаларға арналған «Бақытты балалық шақ» атты іс-шара
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Д. Нуркеева мен мәдениет үйінің
меңгерушісі Қ.М. Адикамовтың ұйымдастыруымен өтті. Іс-шара ауыл әкімі
С.Қ.Шумбуловтың құттықтау сөзімен басталды. Мектеп оқушылары мен кішкентай
бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, жиналған қауымды өз өнерлерімен таң қалдырды.
Іс-шара балаларға арналған әртүрлі ойындармен, сайыстармен жалғасын тапты.
Сонымен қатар, Айнабұлақ орта мектебі жанынан «Балауса» атты жазғы лагерінің ашылу
салтанаты өтті. Жазғы лагерьде жағдайы азқамтылған, қамқорлықтағы және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар қамтылды.
Т.Б.СЕРІКБАЕВА
Қызылжар кентінде
Қызылжар кентінде «Біз – бақытты баламыз» атты мерекелік концерт өтті. Бұлтсыз күн,
ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,
олардың жүректерін қайғы- мұң шалмаса екен деген тілекпен ұйымдастырылған бұл концертті кент әкімі Р.Балкенов кішкентай бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтау сөзімен
ашты.
Мектеп ұжымы ұйымдастырған мерекелік концерт барысында балабақша бүлдіршіндері,
мектеп оқушылары әсем ән салып, би билеп, тақпақтар айтты.
Концертті тамашалауға кент тұрғындары, мекеме ұжымдары, балалар келіп,
бүлдіршіндердің өнеріне тәнті болды.
А.Ә.СЫЗДЫҚ
Атасу стансасында
Балалар күніне арналған мерекелік жиын маусым айының алғашқы күні №135 негізгі мектебінде Қ.Асқарова мен Ж.Достаеваның ұйымдастыруымен жоғары дәрежеде өткізілді.
Алғашқы сөзді мектеп директоры Б.Шәкетайұлы алып, айтулы мерекемен балалар мен атааналарды құттықтап, оқушылардың жазғы демалысына жасалатын жағдайлар туралы айтып
өтті.
Ауыл тұрғындары да өз ойларын ортаға салып, мұғалімдерге ризашылықтарын білдірді.
Содан соң балаларға арналған мерекелік концерт лайықты жалғасын тапты.
П.ЖҮКЕНОВ
төрт түлігін бағып жай жатқан елді ұйымдастырып, біріктіреміз деп басталған саясат
салқыны ақыры қорадағы малды құртып, қолдан аштыққа ұрындырды. Соның салдарынан жан сауғалай көшкен жұрт ақтабан шұбырынды болып үдере көшті. Аштыққа
ұрынған халықтың қынадай қырылғанына өткен ғасыр куә. Қасіреттен құтылып, есін
енді жиып келе жатқан елдің арасындағы атқамінер, елдің сөзін сөйлейтін азаматтар
шеттетіліп халық жауына айналды. Олардың туған-туысқандарын да осы өрт шарпыды.
Абақтыға қамалды, айдалды, атылды.
Ұлтымыздың ұмытуға хақы жоқ жылдарындағы аяусыз жапа шеккен жандарды еске алу
үшін аудан тұрғындары алдымен ашаршылық жылы қаза болғандар жерленген зират
басына келіп, тағзым етіп, құран бағыштады. Осы зират маңын абаттандыру мен қоршауға
және құрбандарға ескерткіш тақта орнату мақсатында аудандық бюджеттен қаражат
бөлініп, алдағы айларда жұмыс басталатынын айта кеткен жөн.
Жиналған көпшілік
қазақ елінің мақтанышы, ауданымыздың тумасы, сұңқар ақын
С.Сейфуллиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, еске алды. Аудандық С.Сейфуллин
атындағы орталық кітапханада осы күнге арнайы дайындалған дастархан басына
жиналған ақсақалдар, азапты жылдары құрбан болған жандардың рухына құран
бағыштады.
САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
Қош бол, сүйікті бақшамыз
25-мамырда барлық мектептерде «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы
өтсе,
балабақшаларда «Қош бол сүйікті бақшамыз» атты шаралар ұйымдастырылды. Кіпкішкене бөбек күйінде балабақшаға келіп, тәрбиешілердің тәлім-тәрбиесін көріп, оң -солын
таныған алты жасар өрендер алғашқы тәрбие бесігі бақшаларымен қимай қоштасты.
«Балдырған» балабақшасының жұмыс өтілі сегіз жыл болғанымен бұл бақшадан кіл
жүйріктер мен үздіктер, өнерлілер мен өрелілер, әншілер мен бишілер қанат қағуда.
Оларды жан-жақты тәрбиелеуде бар күш-жігерлерін жұмсайтын тәрбиеші мамандардың
ерен еңбегінің нәтижесіне куә болуға біз де асықтық.
Салтанатына сай етіп сәнделген акт залындағы көрермендер алдына әр баланың жеке
тұлға ретінде шақырып, таныстырған, жиырма жылдан астам бөбек тәрбиесімен
айналысқан қос тәрбиеші Раушан Игенова мен Гүлмира Дәрібаева да қатты толқуда.
Кеше ғана енді қаз-қаз басып, жөргекте келген ұл мен қыз бүгін міне бал көйлектерін
киіп, шаштарын сәндеп, қыры сынған костюм-шалбарларымен галстуктарын тағынып,
мектепке баруға асығып-ақ тұр.
Ертеңгілік барысында орманнан аюдың тапсырмасын шеше алмай балалардан көмек
сұрай келген ертегі кейіпкері Машаға балалар ұйымшылдықпен атсалысып, көмек
қолдарын созды. Олар есепке жүйрік екендерін, ағылшын тілі мен орыс тілін
меңгергендерін, ән айту мен би билеуден өлең оқудан да алдарына жан салмайтынын
байқатты. Осы тұста балаларға жан жақты тәрбие беріп, олардың күн санап алғыр да
білімді болуларына өз үлестерін қосқан меңгеруші Р.Смағұлова, әдіскер С.Наурызбекова,
тіл мамандары М.Ибрагимова, Н.Жакупбекова (ағылшын), Қ.Алшынбаева (орыс), саз жетекшісі А.Әселова, би жетекшісі А.Ахметжановалар мен тәрбиешілердің еңбегін атап
өткен жөн. Әр ұлттық биін нақышына келтіре билеген ұл-қыз логикалық сұрақтарға,
ойындарға белсене араласты. Сабаққа салғырт, тентектігі басым Қожаның өзі балалардың
өнерінен кейін сабаққа барып, дұрыс тәлім алайын деген ойға келіп, мектепке асықты.
Ал, медбике Баян Кәрімова балалардың денсаулығы жақсы екенін айтып, сәттілік тіледі.
Ертеңгілік соңын түйіндеген тәрбиешілер Гүлмира мен Раушан топтағы әр баланың жетістігін мақтан етіп, еліміздің ертеңдерін тәрбиелеп отырған әр ата-анаға алғыстарын
білдіріп, мектепке барғалы отырған бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, жақсы тәлім мен
тәрбиелері үшін мадақтамалар ұсынды. Осы бақшаның түлектері, мектептің үздік
оқушылары арнайы келіп балалармен жетістіктерін бөлісті. Қанат қаққалы отырған
бөбектер болса осы балабақшаның әр қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, гүл
шоқтарын ұсынды. Ақ көрпе мен тәтті тағам дайындайтын апайларын да ұмытқан жоқ.
Кешегі бөбек бүгінгі алты жасар алғыр балапандарын ұшырғалы отырған қос тәрбиеші
жанарларын жасқа шылап, балаларымен қимай қоштасса, ата-аналар атынан Мәдидің
атасы Молдазайым ақсақал мен Мұхамедқасымның әжесі Рыскүл апай балаларға ақ бата
тілеп, оқуда озат болуларына тілектерін білдірді. Осы мекемеден құрметті демалысқа
шыққан, балалардың алғашқы тәлімгері зейнеткер апай Базаркүл Нүркенова ертеңгіліктің
тамаша өткенін айта келе әріптестеріне творчествалық табыс тілесе бүлдіршіндерге өмір
белестерін бағындырар зор денсаулық, талап, жігер тіледі. «Балдырған» балабақшасының
меңгерушісі Райхан Темірбайқызы: «Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей» деп
дана халқымыз айтқандай біздің міндет болашақтың иелеріне дұрыс тәрбие беріп,
жарқын болашаққа жол сілтеу. Біз бұл үрдістің биігінен көрініп жүрміз, оған
балаларымыздың жетістіктері куә. Болашақта да осы межеден түспей қарыштай беретінімізге сенімдіміз. Балаларыңыздың қызықтары мен жетістіктерінің бастауы болған біздің
ұжымға айтар алғысым мол”,-деді. Ата-аналар болса балаларын тәрбиелеген бақша
қызметкерлеріне тосын сый флешмоб жасады. Ертеңгілік соңы суретке түсумен ұласты.
Өз тілшімізден
3
6-маусым 2015 жыл
15-маусым - медицина қызметкерлері күні
Бір отбасында екі дәрігер
Оны аудандық аурухана ұжымы құрмет тұтады.
Әріптестері «өзіміздің Талғат» десе, үлкендер де кішіпейілдігіне әркез алғыстарын айтады. Шынында да
оның өз ұжымының ыстық ықыласына бөленуі
орынды. Өз ісіне тиянақты, ізденгіш те табанды жас
мамандығын мақтаныш етіп, ақ халатына дақ
түсірмеуді, көңілдердің де кіршіксіз таза болуына
баса назар аударып отырады. Кімге болса да өз
жүрегінің жылуын бөліп беріп, қолдан келген көмегін
көрсетуге даяр тұрады. Осы қасиеттер оны өз ортасына сыйлы да сіңімді етіп, құрметті сенімге бөледі.
№132 орта мектепті ойдағыдай аяқтағанда ақ халатты
абзал жандар қатарында болуды армандайды.
Қызылорда медицина училищесінің тіс дәрігері
мамандығын үздік дипломмен 1990 жылы бітіріп,
жолдамамен ауданға келді. 1990-1992 жылдары Саратов қаласында әскери борышын өтеді. Одан соң, 1996
жылға дейін аудан орталығында тіс дәрігері маманы
болып еңбек етті.
Сол жылы өзім аудандық ауруханаға барғанымда тіс дәрігері кабинетінің алдында отырған
қарт кісінің айтқан әңгімесі әлі есімде. «Үстіңгі екі тісім ауырып, ұйқыдан да, тамақ ішуден
де қалдым. Дәрігерге көрсетейін деп келіп едім»-деді. Талғат лезде емдеп жазып берді.
«Қолының жұмсақтығына мінезі де сай екен. Мінсіз қызметіне шын жүректен ризамын»,- деді
қарт.
Талғат 1996 жылы Қарағанды қаласындағы медициналық институтына құжаттарын қайта тапсырып, емдеу факультетіне оқуға түсті. 2002 жылы туған ауылына дәрігер-хирург
мамандығын бітіріп келді.
Бір күні Талғат ауруханадан таң біліне шықты. Таңғы салқын көңіл-күйін көтеріп, ерекше
күйге бөледі. Мүлгіген тыныштықты тек торғайдың, тынымсыз шырылы ғана бұзып,
маңайдағы тіршіліктің тынысын сездіргендей. Саф ауа жанға жайлы, ойды да, бойды да сергітіп жібергендей. Алға қарай нық басып, жігерлі адымдай түскен ол үйіне баратын тіке жолға
түсті. Аурухана жанындағы қарсы көшенің екі қабатты үйден «жаяуға онша қашықтығы жоқ
екен ғой» деп ойлаған ол әлгінде осыдан 20-25 минут бұрын өзінің осы жолмен ауруханаға
асыға жеткенін есіне алды. Сонда санаулы қадам жердің өзі ұзақ сияқты көрінген. Ауруханаға
жеткенше асыққан. Оның себебі де бар еді. Түн ортасы енді ауа бергенде төрдегі телефон шыр
ете түсті. Телефон көтерген Талғат ар жақтан перзентханаға ауыр халде жүкті әйел түскенін,
оған ота жасамай болмайды деген әріптесінің дауысын естіп, сөзге келместен дереу жететін
айтты. Жағдайдың қиындығы да сол шұғыл отасыз болмайды екен. Әйтпесе, ананың да
баланың да өмірі қыл үстінде. Тәуекел деп іске кірісіп те кетті. Өмір мен өлім беттескен сан
сәтті бастан кешірген Талғат бұл жолы қатты қиналайын деді. Бірақ саспады. Сан жылғы
тәжірибесін таразыға тарта тұрып, бұл жолы да жеңіп шықты. Ана ажал тырнағынан аман
қалды. Өмірге жас нәресте келді. Ота бөлмесінен шыққанда әріптестері де ананың туған-туыстары да оны ризашылықпен «өркеннің өссін!», «рахмет, дәрігер!» деп алғыстарын жаудырып,
қарсы алды. Қуаныштан балбұл жанып, нұрланған жүзі бұрынғыдан да мерейлене түскен
дәрігер де сөз орайында «нәрестенің бауы берік болсын. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Біздікі міндетке мінсіз болу» деп жайлап жауап беріп, өз бөлмесіне қарай өте берген. Соның
бәріне енді міне бір минут та болмағандай шаршағанын да ұмытып кетті. Өз үйіне жеткенше
ой елегінен соның бәрін өткізген Талғат, есікті ашқан жұбайы Әсел Берікқызының: «қалай
сәтті аяқталды ма?»,- деген сауалына жайдары қалпында: «бәрі де ойдағыдай. Өмірге тағы бір
батыр келді. Сәрі, өзі күшті болар. Дауысы бүкіл аурухананың ішін кернеп кетті»,- деп
күлімдеп жауап берді.
Әселдің де өзіне қуана қарап тұрғанын сол сәтте аңғарғандай. «Алаңдайтын ештеңе жоқ, тез
шайыңды дайындап жібер. Енді бірер сағаттан соң қызметке баратын уақыт та болып
қалады»,- деп қол сағатына көз жүгіртіп, төрге қарай оза берді. Талғаттың көңілді келгеніненақ отаның сәтті аяқталғанын сезген Әсел өзі де балалар дәрігері болғандықтан ба, оның ішкі
қуанышын аңғарып тұр.
Екеуінің де осы бір қиын да қызықты ең бастысы ел үшін қажетті мамандықты дәрігерлікті
таңдауда қаталеспегендеріне бұл жолы да қуанып сала берді. Сонау студент кезгі балғын үміт,
ақ халат киіп адам жанына араша тұрар сәтті аңсаған арманға екеуі де бүгінде абыройлы
еңбекпен жетті. Екеуі де көпшіліктің құрметіне бөленді. Емі дәру, сөзі шипа дәрігерлер
қатарында. Майшин Талғат пен Әсел Шүкірованың есімдері лайықты аталып жүр. Бірі аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, бірі – балалар дәрігері. Өз істерінің ғана
емес, тұтас бір ұжымның табысы үшін тер төгеді. Бүлдіршіндері Сұңғат, Ақниеттер
О.Жұмабеков атындағы мектептің оқушылары. Ақниет облыстық ой жарысының лауреаты.
Ал, Манас болса әлі үйде тәрбиеленуде.
Ақ халаттай аппақ, кіршіксіз көңілдерін көпшілікке ұсынған қос дәрігердің алдағы мақсаттары
да айқын. Ол қашанда адам денсаулығын сақтау ісінде қалт кетпей, қалтқысыз қызмет көрсету.
Олардың атына айтылған «ақ халаттарыңа дақ түспесін, абыройлы жандар» деген тілекті
ауылдастарының аузынан жиі естуге болады. Оған әрине бізде қосыла отырып, мәртебелерің
биіктей берсін дегенді айтсақ артық емес. Алғысқа лайық абыройлы жандардың халық
денсаулығын сақтау ісіне қосар үлесі әлі мол. Қос дәрігер «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
БАҒИЛА ЫСҚАҚОВА
31-МАМЫР - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Ауылдарда өткізілген іс-шаралар
Целинный ауылдық округінде
Целинный ауылдық округі жерінде ертеде КАРЛАГ-тың 3-ші бөлімшесі орналасқан. 1965
жылы кеңшар құрылғанда, кеңшар халқын сол адамдар құраған. Әрине қазір ол адамдар
арамызда жоқ, бірақ олардың ұрпақтары, балалары, немерелері ауылда тұрады. Сонымен
қатар саяси қуғын-сүргінге ұшыраған неміс, татар, башқұрт, ұлтттарының ұрпақтары
баршылық. 31-мамыр күні ауыл халқының қатысуымен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
ерекше аталып өтеді. Биыл да осы күнге байланысты Көктал орта мектебінде құғынсүргінге ұшыраған неміс халқының өкілі А.Тевспен, башқұрт халқының өкілі Т.Ахмировамен кездесулер өтті. Олар оқушыларға ата-аналарының Қазақстанға не себепті, қалай
келгендіктері туралы әңгімелеп берді. Ауылдың және мектеп кітапханаларында тақырыпқа
сай кітап көрмелері өткізілді.
Е.МОЛДАБЕКОВ
Қараағаш ауылдық округінде
Ауылда қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі болып өтті. Оған ауыл әкімі Ғ.Оспанов
және мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары, барлық тұрғындар түгел қатысты. Ауыл әкімі
Ғ.Оспанов сөз сөйледі. Әкімшіліктің ұйымдастыруымен ауыл тұрғыны Әлеуханов Төлеген
мал сойып, ауыл мешітінде ас беріліп, ата-бабаларымызға арналып дұға бағышталды.
Өз тілшімізден
Ынтымақ ауылдық округінде
31-мамыр күні Ынтымақ ауылының кітапханасында «Жазықсыз жапа шеккендер» атты
кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы К.Құмарханова саяси қуғын-сүргіннің
құрбандары болған жайлы оқырмандарға баяндамасын оқыды. Ауылымыздың орталық
саябағындағы Сәкен Сейфулиннің ескерткішіне ауыл әкімшілігінің қызметкерлері гүл
шоқтарын қойып, тағзым етті. Ауыл мешітінде боздақтардың аруағына құран бағышталды.
Н.ТУҒАНБАЕВА
Ералиев ауылдық округінде
31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Азаттық таңын
аңсаған Алаш арыстары» атты іс-шара өтті. Мал сойылып, ет асылып мәдениет үйіне 4
үстел жасалды. Ауыл қарттары, ауыл имамы шақырылып, құрбандарға құран бағышталды.
Ауылымыздың О.Әлібаев мектебінің тарих пәнінің ұстазы Қиғанбекова Мәкила қуғынсүргін кезінде болған қиын жағдайларды айтып, репрессияға ұшыраған ауылымыздың
адамдарының есімін атады. Мәдениет үйінің меңгерушісі Көпбосынов Жалын домбырамен
ән шыркады. Мектеп оқушылары да ат салысып, хормен өлең айтты. Іс-шара кітап
көрмесімен аяқталды. Келген қонақтарымыз алғыстарын айтып, рахметін білдірді.
Н.БАШЕНОВА
Айнабұлақ ауылдық округінде
Айнабұлақ мәдениет үйінде 31-мамыр күні - аштық пен саяси қуғын-сүргінге
ұшырағандарды еске алуға байланысты тарих пәнінің мұғалімі Әбдікәрімова Зәмзәгүлдің
ұйымдастыруымен «Заман-керуен» атты жиын өткізілді. Жиында ауылдық округ әкімі
Шумбулов Саят Қабдоллаұлы баяндама оқыды. Ауыл ақсақалдары сөз алып нәубеттің
халыққа әкелген қиыншылықтары туралы ойларымен бөлісті. Жиын соңынан құрбандарға
арналып құран бағышталды.
А.НУРКЕЕВА
Бидайық ауылдық округінде
Бидайық ауылдық округінің мектептерінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
мақсатында мұғалімдер жоғарғы сынып оқушыларына ХХ ғасырда орын алған
тоталитарлық жүйенің зұлматын түсіндіретін дәрістер өткізді. Сотталғандар арасында дарынды адамдардың көп болғаны туралы деректер келтірілді. Бидайық ауылындағы кітапханада 31 –мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған кітап көрмесі
өткізіліп, басқа да материалдармен таныстырылды. Оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Бидайықтың тарихы туралы деректер келтірілді, осы шаруашылықты құрғанда бас
еркінен айырылған адамдардың күшімен суармалы жерлер игеріліп екі тоған салынып, картоп, көкөніс өндіруге, асыл тұқымды мал шаруашылығын өркендетудегі еңбектері туралы
қысқаша хабарлама жасалды.
Қазіргі кезде көп ұлтты республикамызда тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етіп жатқан
халықымыздың біртұтастығы әңгімеге арқау етілді.
Ж.ЖАКИЯНОВА
М.Жұмажанов атындағы ауылдық округте
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 29мамыр күні ауыл әкімдігінде мекеме қызметкерлерінің, ауыл ақсақалдарының және ауыл
жастарының қатысуымен «Сталиндік репрессия құрбандары» атты тақырыпта дөңгелек
үстел отырысы өткізілді.
Аталмыш шараны ауыл әкімінің міндетін атқарушы Д.Жаркенов ашып, саяси қуғынсүргінге ұшырағандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жариялады.
Осыдан кейін ауыл кітапханашысы Д.Қайырованың баяндамасы тыңдалды. Келесі кезекте
«Ашаршылық» атты тарихи деректерге толы деректі фильм жиынға қатысушылар назарына
ұсынылды.
Сонымен қатар ауылдық кітапханада «Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыбында кітап
көрмесі өтті. Ауыл мешітінде сол бір озбыр саясаттың кесірінен қаза болған боздақтардың
рухына дұға бағышталды.
А.АЛПЫСОВ
МЕКТЕП ӨМІРІ
“ЖЫЛ ТАЛАНТТАРЫ” ШЕРУІ
Мамырдың шуақты соңғы күндерінде Н.К.Крупская атындағы орта мектепте дәстүрлі «Жыл
таланттары» шеруі жоғары дәрежеде өтті. Бұл шараның мақсаты-жыл жетістіктерін анықтап,
кәсіби шығармашыл ұстаздарға қолдау көрсету.
Кеш ерекшелігі - «Көгілдір от» аясында ұстаздардың жыл бойы жемісті еңбектері шығарылып,
шығармашылық шыңына жеткен оқытушылар барлық ұжым алдында марапатталды.
«Кәсіби қызметінің үздік маманы» номинациясында аудандық,облыстық олимпиадаларда
жүлделі орын алған,ғылыми жұмыстар байқауларының жетекшілері және кәсіби сайыстардың
жеңімпаздары марапатталды. Олар: Н.Болатбаева, Г.Әбдірахманова, С.Ахмедина, Б.Смағұлова,
Н.Сухарева, М.Рақыжанова, Ж.Омарова т.б. ұстаздар.
Кәсіби ерекшелігімен көзге түскен жылдың үздік ұстаздары марапатталды,оның ішінде:
«Үздік сабақ» номинациясында жоғары санатты ұстаздар Төребекова Ә.,Текебаев Е., «Үздік
коучинг» -информатика пәні мұғалімі С.Өскембекова «Үздік сабақ жоспары» - Н.Сухарева
«Үздік пән бірлестігі» болып орыс тілі және әдебиет бірлестігі, «Үздік құжаттар» бойынша
М.Әлина, «Бұқаралық ақпарат құралдармен тығыз байланыс үшін» Б.Қуанышбекова.
Бұл шерудің бір ерекшелігі - «Ең салмақты, ең жауапты ұстаз», «Үздіксіз білім көтерген
ұстаз» атты номинацияларымен толықтырылды.
Марапаттау рәсімі әр пән бірлестігінің қойылымдарымен шараны жандандыра түсті. Мысалы,
бастауыш сынып бірлестігі жыл бойы жетістіктері есебін ертегімен жеткізсе, қазақ тілі және
әдебиет бірлестігі - әдеби қойылыммен, математика және физика бірлестігі - бейнебаян ретінде,
тарих пәні бірлестігі шежіремен тарқатса, технология пәні бірлестігі өз есебін көрме ретінде
көпшілікті таныстырды.
2014-15 оқу жылы бойынша бірнеше жетістіктерге қол жеткізген мектепшілік «Жыл мұғалімі2015» атағына география және технология пәні мұғалімі Н.Сухарева ие болды.
Шеру соңында мектеп директоры С.Бибосынов ұстаздарды құттықтап, болашақта биік
шығармашылыққа жете берулеріне және кәсіби деңгейлерінің ұшталуына жақсы тілек білдірді.
Б.ҚУАНЫШБЕКОВА
МАМАН КЕҢЕСІ
4
І топ мүгедектеріне жеке көмекшінің қызмет көрсетуі
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке
көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету туралы.
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке
көмекшінің қызметтерін көрсету ережесі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді
әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына
сәйкес әзірленді және жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп -тұруы қиын бірінші топтағы
мүгедектер үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды. Жеке
көмекшінің әлеуметтік қызметтері жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге
көрсетіледі.
Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін алу үшін жүріп тұруы
қиын бірінші топтағы мүгедектер мынадай құжаттарды:
1.Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмені;
2.Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты;
3.Мүгедектік туралы анықтаманы қоса беріп, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөліміне өтініш жазады.
Құжаттар салыстырылып тексеру үшін түпнұсқаларымен және көшірмелерімен беріледі, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты, оларды
қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілетін растама бере отырып, өтініш иесіне
қайтарылады.
Өзі барып өтініш жасау мүмкін болмаған жағдайда, мүгедек нотариалды түрде куәландыруды
талап етпейтін сенімхат негізінде жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының әлеуметтік
қызметтерін көрсету туралы өтінішті жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Мүгедектерді шипажай-курорттық емдеумен
қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу
Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңдарына , «Мүгедектердi оңалтудың
кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2005 жылғы 20 шілдедегі №
754 каулысына, және осы қаулысымен бекітілген мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесiнің негіздерінде көрсетіледі.
Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектер
мен мүгедек балаларға мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийкурорттық жолдама (бұдан әрi - жолдама) беру арқылы жүзеге асырады.
Жолдамаларды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес
мемлекеттiк тапсырыс қаражаты есебiнен сатып алады.
Мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуге арналған
құжаттарын ресiмдеудi және есепке алуды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi жүргiзедi.
Өтiнiш берудiң тәртiбi.
Мүгедектер, не олардың жазбаша келiсiмiмен басқа адам, сондай-ақ мүгедек балалардың
заңды өкiлдерi белгiленген нысандағы өтiнiштi бередi.
Өтiнiшке мынадай құжаттар:
1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) мүгедек-балалар үшiн - баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi және оның заңды өкiлiнiң
жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
3) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық картаның көшiрмесi;
4) тұрғындар есебiнiң кiтабы;
5) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндi көшiрме мен мүгедектi оңалтудың жеке
бағдарламасынан үзiндi көшiрме;
6) мүгедектiң жазбаша келiсiмiмен басқа адам өтiнiш бергенде - оның жеке басын
куәландыратын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi.
Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшiн қажеттi құжаттарды салыстыру үшiн
түпнұсқалар мен көшiрмелер түрiнде берiледi. Салыстырудан кейiн құжаттардың
түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтiнiш берген, оларға мүгедектi
оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделу ұсынылған мүгедектер
мен мүгедек балалардың тiзiмiн қалыптастырады.
Облыстық басқарма ұсынылған тiзiмдерге сәйкес жолдамаларды аудандар арасында мақсаты
бойынша пайдалану үшiн бөледi.
Жолдаманы санаторий-курорттық емделуге құқығы бар адамның қолына не оның жазбаша
келiсiмi бойынша өтiнiште көрсетiлген басқа адамға бередi.
Мүгедек балаға жолдама оның заңды өкiлiнiң қолына берiледi.
Жолдаманы белгiлi бiр себептермен (қайтыс болу, сырқаттану және т.б.) пайдалануға
мүмкiндiк болмаған жағдайда, ол қайтарылуы және кезектiлiк тәртiбiмен басқа адамға берiлуi
тиiс.
Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, берiлген жолдама
мүмкiндiгiнше келу кестесiне сәйкес басқа кезеңнiң жолдамасына, бiрақ ауыстырылуға тиiс
жолдамада көрсетiлген келу басталғанға дейiн үш күннен кешiктiрiлмей ауыстырылуы мүмкiн.
Жолдамалар күнтiзбелiк жылда бiр рет, белгiлеген мерзiмге берiледi.
Хабарласу мекенжайы: Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы №5, 3 ішкі үй жай, телефондар: 280-46, 7-90-39
Б. ИМАНУРОВА
қарттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік
көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі
Түзету
«Жаңаарқа» газетінің 2015 жылғы 30 мамырдағы №29-30 санындағы 9 бетіндегі жарияланған
«Жаңаарқа ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлерінің декларацияда көрсетілген
табыс және мүлік туралы мәліметі» хабарламасының 1 бағанасындағы Омаров Ғабдрахман
Игілікұлының табысы 53077777 орнына «5307777» болып дұрыс оқылсын.
Жеке мәліметтерін басу кезінде жіберілген қателік үшін газет оқырмандарынан және
Жаңаарқа ауданының әкімі Омаров Ғабдрахман Игілікұлынан кешірім сұраймыз.
Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының
кадрлық қызмет бөлімі
6-маусым 2015 жыл
Ел мүддесі жолында
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Модернизация бойынша ұлттық комиссияның бірінші отырысында бес институтционалдық реформаны жүзеге
асыру мақсатында 100 нақты қадам ұсынған болатын.
Аталған жаңа тарихи құжатта Елбасы өркениеттер мен
мәдениеттер тоғысында орналасқан қазақстандық елдің
дамуының тың бағытын айқындап, болашағымызды жаңа
сатыға көтеру үшін бес институтционалдық реформа жариялады. Атап айтқанда кәсіби мемлекеттік аппарат құру,
заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустриаландыру
және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. Ең бастысы ұсынылған жаңа идеялар, жобалар және бастамалар еліміздегі инфрақұрылымдық
дамуға, тұрғын үй шарушылығын жаңғыртуға айрықша көңіл бөліп, барлық азаматтардың
әл-ауқатын арттыруға ықпал етіп, экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтылыққа және
болжамдыққа кепілдік беретін ахуал қалыптастыратыны сөзсіз. Осыған орай таяуда Астанада
өткен VІІІ экономикалық форумда әлемге танымал бизнес өкілдері Қазақстан әлемдік
дағдарыстарға қарамастан, бүгінгі күнге дейін экономикалық өсімді, тұрақтылық пен бейбіт
өмірді сақтап, Шығыс пен Батыстың ортасында алтын көпір болып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы, партия төрағасы мемлекетімізді дамыған елдердің үздік отыздығының
қатарына қосатын мақсатқа жету үшін қоғамның барлық саласын одан әрі жетілдіру бойынша
нақты іс-шаралар қамтылған, ел мүддесімен ұштасқан, нақты істерге бағытталған Ұлт жоспарын айқындап берді. Соның ішінде маңызды идеяларының бірі жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық қеңестердің рөлдерін күшейту, мемлекеттік органдардың халыққа есеп
беруі, халыққа адал қызмет етуі. «Тірлік басқа болса да, тілек бір, бармақ басқа болса да, білек
бір» дегендей, жергілікті жерлердегі мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ететін
атқарушы органдар мен халық сайлайтын және халықтың еркін білдіретін халық
қалаулыларының алдындағы мақсат ортақ – халыққа аянбай еңбек ету. Осы ізгі мақсаттарды
жүзеге асыруда халық аманатын арқалаған мәслихат депутаттарына да үлкен жауапкершілік
жүктелгені анық. Бұл тұрғыда өзімнің басты мақсатым – халық игілігіне аянбай еңбек ету.
Бірнеше жыл өзім басқаратын «Жаңаарқа-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны аудан
әкімдігінің қолдауымен жылу беру маусымында сапалы жұмыстар атқаруда. Оған дәлел аудан
тұрғындарының кездесулерімен жиындарда, сонымен қоса жергілікті «Жаңаарқа» газеті
арқылы мекеме қызметкерлеріне алғысын білдіруі. Бүгінгі күні кәсіпорынның алдағы жылғы
жылу беру маусымына дайындығы ойдағыдай жүргізіліп отыр. №4 Абай сайлау округінің
депутаты және аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау
бойынша тұрақты комиссиясы мен фракция мүшесі ретінде «Тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығын жаңғыртудың» бағдарламасы аясында аудан халқын, тұрғын үй және
әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарды сапалы ауыз су және жылумен қамтамасыз ету
мақсатында бюджеттен қаржы бөлуге ықпал жасадым. Сонымен қоса “Жалын” көмір бассейнімен аудан әкімдігінің қол қойған меморандумы арқасында кәсіпорын Ералиев ауылына
монша ғимаратын салып жатыр. Атасу кентінің Тәуелсіздік көшесінде жаңа жылу
қазандығын кәсіпорын өз қаражаты есебінен салып берді. Ауданымыздағы жастарды қолдау
мақсатында облыс орталығындағы С.Сейфуллин драма театрында өткен көңілділермен
тапқырлар сайысына қатысу үшін ауданның «Жаңаарқа» жастар құрама командасына
қаржылай демеушілік көмек көрсеттім. Жыл сайын аудан орталығындағы Н.К.Крупская
атындағы орта мектептің мұғалімдері мен оқушыларына облыстық, аудандық деңгейде өтетін
іс-шараларға қатысу үшін қол ұшын беремін. «Кедергісіз келешек» акциясы аясында мүмкіндігі
шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастырып, Атасу кентінің көшелерін сәулеттендіру,
көгалдандыру жұмыстарына өз үлесімдізді қосып отырамыз. «Мектепке жол» акциясы аясында
аз қамтылған отбасыларына демеушілік көмегін бердім. Ауданда өткізілетін әр түрлі көпшілік
мәдени, спорттық шараларға, саяси және ұлттық мерекелерде демеушілік жасап, барынша өз
үлесімдізді қосуға ұмтыламыз. Сайлаушылардың өтініш-талаптарын орындау үшін тиісті
құзырлы органдарға мәслихат депутаттары, фракция мүшелері депутаттық сауалдар
жолдауға құқылы. Мысалы, биылғы жылы аудандық ардагерлер кеңесі мүшелерінің
ұсыныстары бойынша аудан тұрғындары мен басқа тұтынушыларға электр қуатының
тарифтерінің жоғарылауына байланысты «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС пен ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің
Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшыларына аудандық мәслихат депутаты ретінде депутаттық сауалнама жолдадым. Нәтижесінде тұтынушыларға белгіленген электр
қуатының тарифтері қайта қаралуда. Алдағы уақытта да аудандық мәслихат депутаты ретінде
аудан өміріне белсенділікпен араласып, ауданымыздың әлеметтік-экономикалық дамуына,
Елбасының Мәнгілік Ел болу үшін халықтың алдында жария еткен бес ұлттық
институтционалдық реформаны жүзеге асыруға өз үлесімді қосу, халық үмітін ақтау басты
міндетім деп білемін.
М.ӘБІЛДИНОВ, аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәлихаттың «Нұр Отан» партиясы тобының мүшесі, «Жаңаарқа-Жылу» КМК-ның директоры
Авторлық құқықтың қолдану аясы
Тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл толса да, біз әлі күнге дейін авторлық құқыққа ден қоя алмай
келеміз. Елімізде, оның ішінде Сарыарқаның төсінде әнші, сазгерден көп тараған мамандық жоқ.
Бірақ әншілеріміз, сазгерлеріміз ұмытпауы керек бір нәрсе бар. Ол, туындыны құқықтық қорғау.
Мейлі ол ән болсын, әннің сөзі болсын. Өйткені әр адам өзінің еңбегін бағалауы керек. Қазіргі
уақытта шет елдің әншілері неге тез танымал болып шығады дейсіздер, өйткені олар өнерді бағалап
өздерін танымал қылуға тырысады. Біздің мақсатымыз танымал болу емес әрине, тек өз өнерімізді,
мәдениетімізді дамыған елдермен теңесе отырып бөлісу. Сонда ғана біз елдігімізді нығайтуға біршама үлес қосқан болар едік. Ол үшін бізге туындыларымызды мемлекеттік тіркеуден өтіп авторлық
құқық алу керек. Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне
қарай туындайды. Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор немесе
құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр
данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады: Олар: қоршауға алынған
"С"
әрпi,
айрықша
авторлық
құқықтар
иесiнiң
есiмi
(атауы)
және
туындының алғаш жарияланған жылы. Авторлық құқық - мақсаты, мазмұны және маңызына
қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Олар: әдеби, драмалық және музыкалық-драмалық, сценарий, хореография
және пантомима, мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыка, дыбыс-бейнежазу, кескiндеме, мүсiндеме,
графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да, қолданбалы өнер, сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ
өнерi, суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған, карталар,
жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты
үш өлшемдi туындылар және ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар. Авторға туындыны кез-келген нысанда және кез-келген әдіспен пайдалануға айрықша құқықтар берілген. Сондықтан да автор
мүліктік құқықтың туындысын пайдалану кезінде үшінші тұлғалардың мынадай жағдайларды
жүзеге асыруына рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы: Туындыны қайта жаңғыртуға,
туындының түпнұсқасын немесе даналарын таратуға, туындыны көпшілік алдында көрсетуге –
орындауына, эфирге – кабельге жалпыға бірдей хабарлауға, туындыны аударуға, туындыны қайта
жасауға және аранжировкалауына немесе басқаша түрде өңдеуіне. Егер де авторлық құқығыңызды
балаларыңызға немсе немерелеріңізге мұра әрі өсиет ретінде қалдырам десеңіз уәкілетті органына
хабарласып, өтініш білдірсеңіз болғаны. Содан соң уәкілетті орган ҚР «Авторлық құқық және
сабақтас құқықтар туралы» Заңымен сіздерге қызмет көрсетуге дайын. Қорғалған еңбектеріңіздің
жемісін жеп, әрі қарай туындылардың авторы болуларыңызға біз тілектеспіз.
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы
6-маусым 2015 жыл
5
ЖАҢА КІТАП
Жетпіске жігіт болып жеткен қаламгер
Сайын Омар тумысында шығармашылықты тұрақты
кәсіп еткен де, нақты бір әдебиет тұлғаларының
шығармаларына еліктеген де емес. Қазақ халқы
тарихындағы ХХ ғасырдағы 1932-1933 жылдардағы қазақ
халқына орны толмас қасірет әкелген ашаршылықтан,
1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргіннен кейін іле-шала
басталған әлемдік тарихтағы ең қанқұйлы екінші
дүниежүзілік соғыс біткен бойда дүниеге келген
қаламгердің балалық шағы қаймағы бұзылмаған қазақ
ауылында өтті. Арғы аталары тарихымыздағы айырықша
тұлға - Нияз батыр, Арқа жұртына әділдігімен,
даналығымен, шешендігімен әйгілі Байдалы би,
дәулескер күйші Сайдалы Сары Тоқа, Сүгірәлі, Қабай,
Бақыбек батыр, Қанжығалы Бөгенбай батырдың үзеңгілес
болған Мінәсіп, Тұтқыш, Бекбау батыр, Досан, Қосуақ,
Тасан, Омар сияқты халқымызға танымал тұлғалар.
Олар туралы Иманберлі, Иманбай, Ахмедия сияқты тұнып тұрған шежіре ақсақалдардың тарихитәрбиелік тағылымы бар әңгіме-естеліктерін, олардың басынан өткен әзіл-қалжыңға толы хикаяларын естіп, Нұрхан әкесінің қайталанбас күлкілі мінез-құлықтары мен өмірдегі тірліктерін көріп
өскен Сәкең отау иесі он үшке толғанда, яғни 1957-1958 жылдары ғана қызыл қырғынның құрбаны
болған қазақтың үш бәйтерегі - Сәкен, Ілияс, Бейімбет енді ғана ақталып жатқан. Жоғарыда аталған
зобалаңдардан кейін рухани жұтап қалған халқымыз аяулы перзенттерінің шығармаларын таласатармаса, жата-жастана, күндіз-түні бірнеше рет қайталап оқыды. Осындай оқырмандар санатына
жастайынан қосылған халқымыздың тарихындағы айырықша рухани серпілісті көрген қаламгердің
жан-дүниесі түлеп сала берді.
Әкесі Нұрлан бір ұлттың тарихындағы ғана емес, бүкіләлемдік тарихтағы жантүршігерлік санаулы
нәубеттің бүкіл тауқыметін көтерген, көтеріп қана қоймай жүздеген
адамдардың өмірін сақтап, тіпті ұлт ретінде жойылу қатері төнген
халқымыздың қысқа уақытта аяғынан тұрып, өсіп-өнуіне өлшеусіз үлес қосқан
асыл азамат.
Сәкеңнің философиялық ой-өрісінің кең, шығармашылыққа бейім әрі
ақынжанды, өмірдің кез келген қалтарыстарына өзіндік пікірінің болуына,
шартарапқа шарқ ұрған болмыстың бұлтарыстарын ретке келтіріп, ортақ
арнаға салуға, әркімнің жетегінде жүре бермей, ақиқаттың қиын жолын тынымсыз іздеуіне нағашы жұртының ықпалы да орасан зор еді.
Шешесі Шәрбәннің әкесі Елғұтты Шойынбаев ақ пен қызылдың өзарасында
қырқысып, халқымыздың басына талай зұлматтарды әкелген, қазақ жерін
ойран-асыр еткен , толассыз соғыс болған заман талайлардың өмірін қиып,
шаңырақтарын шайқалтқан заманда Алсай болысының болысы болған.
Жалғыз баласы Шаһизада екінші дүнижүзілік соғыста шейіт болған. Ал өз
нағашылары Көшек Сайманов, Әбіш, Шөкетай үшеуі де сол нағашы атасының
немерелері. Көшек Сайманов заманында Сәкен Сейфуллинмен Омбы гимназиясында бірге оқыған. Ал Сәкеннің шешесі Жамал Тшамбай ақсақалдан
туады. Көрнекті ғалым, майталман аудармашы, қажырлы жазушы, сарабдал
зерттеуші, әккі журналист, таңдай қақтырар шешен, көсемсөз шебері, «халық
жауы» деген атаумен итжеккенге он жеті жыл айдауда болып қайтқан Сәйділ
Талжанов та осындай текті тұқымның жиені болып келеді.
Сәйділ Тайжановтың «халық жауы» болуы үшін оның Сәкен ағасына туыстық,
жерлестік жағынан ғана жақындығының өзі ғана себеп болғандығын айтып
жатудың өзі артық болар.
Осындай тектілер тұқымынан шығып, құнарлы топырақта өсіп, ер жеткен Сайын Омар да рухани
әлемдегі өз сыбағасынан құр қалмай, өмірдің қазығы әрі асыл қазынасы – білім деп танып, есейе
келе, әсіресе институт қабырғасында жүргенде оған айрықша құлшыныспен, елден ерек ден қойды.
Өзі агрономдық мамандықты оқып жүре, басқа салаға, тереңде жатқан рухани қатпарларға үңілді.
Онымен қоймай, соны пікірлерге жар етіп, тосыннан шыққан тұжырымдарға мейлінше құштарлық
танытты. Әлем әдебиетінің туындыларынан сусындады. Осы бір асыл қазыналар арасынан іздегенін
тапса, әжесінің сандығының түбінен шығатын тәттісіндей тамсанды. Әліпбиімен және алғашқы
әпсанасынан жадына түйер дүние көбейді...
Сайын Омар қай жерде жүрсе де халықтың әдебиеті мен мәдениеті, өнері, салт-дәстүрлерін насихаттау, жас ұрпақтың ата-бабаларымыздың ұлы қасиеттерін сіңіріп, адал патриот болып қалыптасуы
жолында, халқымыздың асыл перзенттерінің мерейтойлары сияқты шараларға ұйытқы болып
жүреді. Ауданымыздың мәдени, рухани өміріне жасаған еңбегі де орамды әрі іргелі болатын.
Жаңаарқаның белгілі азаматы, ел ағасы Әбілғазы Күленов, оның әкесі Күлен Түлкібайұлының
ұрпақтарына тапсырып кеткен араб харпімен жарты ғасыр бойы тізген шежіресін тұп-тұқиянынан
бергі тегіміздің төлқұжатын інісі Хакім жүйеге түсірсе, өзі осы бір асыл мұраны біздерге жеткізу
жолдарында тер төгіп, маржандай асыл әріптерді елге тарту еткен аталы сыйдың басы-қасында
жүрді.
Семей өңіріндегі Жидебайға, ұлы Абайдың басына, Ертіс бойын жағалай Кереку мен Баянауылдан
шыққан қазақтың асыл тұлғаларына ұлын ертіп барып, бас иіп, тәу етуі де оның рухани қарымының
кең екендігін айғақтап тұр.
Институт қабырғасында оқып жүрген кезінде рухани қатпарларға үңіледі. Әлем әдебиетінің туындыларынан сусындады.
Әлем әдебиеті мен шығыс шайырларының тұнығынан мол сусындап, сөз өнеріне іштей
дайындықпен келген қаламгерлердің бірі – Сайын Омар.
Әр суреткердің өзінше өрнегі, сөз саптауы, ойлау жүйесі болады. Осы тұрғыда жазушының «Менің
қарлығаштарым» әңгімесінде оқушысын күрделі ойлап, байсалды баяндауға баулитындай әсер
қалдырады. Адамдар бұл дүниенің қонағы, енер есік пен шығар есік бар, ал туған жердің топырағы
мен оның шексіз аспанында еркін қалықтаған қарлығаштардың өзінен кейінгілердің де асыл
мұрасына айналуын ойла, алаған қолыңмен бере біл, күт, аяла, қамын же деген мәңгілік шындықты
шегелей түседі. Жаңаарқаның осы бір алақандай киелі жеріндегі қарлығаштың да нағыз қазақ екендігіне әрі қазақша ән салатындығына шүбәсіз сенесің, оның балапандары үшін жанқиярлық еңбегіне
сүйсінесің.
Талғау, екшеу, объективтік шындық пен мінездің байланысын сәйкес алу жолындағы «сүзгілер»
бұл әңгімеге тән. Мұнда іргелі оқиғалар, жүйелі тартыстар жоқ. Шығарманың негізіне бас кейіпкер
болып адалдық пен еңбек жаршысы, аспан әлемінің тұрғыны қарлығаш алынған.
Жазушының қаламынан туған «Емтихан», «Бесбұрыш», «Қиялдағы қасірет», «Иә, осы екен ғой!»,
«Құр, құр жануар!», «Тағдырдың күші», «Айдох», «Калбит» әңгімелерінде кейіпкерлері көбіне-көп
осынау өзгермелі заманның жел өтінде, шаш етек шаруа басында жүрген, жейдесінен жүрегі
көрінген, ақ көңіл мінезбен сомдалып жатады. Ел тіршілігін көз алдыңызға сурет салғандай елестетіп қана қоймайды, оны елжіретіп жақсы көруге шақырады. Қазақ бойында тек жерге қараған
момындық емес, беттесіп, белдесіп өтер қайсарлық мол деген ой бейне қамшының өріміндей жымдасып өтіп жатады. Сол адамдардың болмыс бейнесі арқылы өзінің өскен топырағына, туған
топырағына өнегесін алған адамдарына перзенттік тәубашылығын танытуымен құнды. Әдебиетті
замандас тұлғасы деген тақырып – күрделі терең зерттеуді, бүкіл жанрдың даму бағыттарын ,ізденістерін ескере отырып, сипаттауды қажет ететін тақырып. Қоғам өміріндегі рухани өзгерістерді,
жаңаруларды, аңсарларды жете танып, оның қалтарыс-бұлтарыстарындағы адами жат
құбылыстарды дөп басып көрсете білу үшін жазушы заманның зияткерлік биігіне көтерілуі тиіс.
Сайын Омар осы үдерістер талабынан шыға білген. Өз кейіпкерлерін замана желімен үндестіре, сарындастыра суреттеу, әдеби бейнені образ деңгейіне көтере жазу, мінез табиғатына тереңдеп үңілу
де екінің бірінің қолынан келе беретін іс емес. Сарырқаны желдей есіп, еркін жайлаған, ешкімге
есесін жібермеген, ешкімнің ала жібін аттамаған кең қолтық қайсар қазақтың арғы аңғарын
аңғартуға талпынушылық бар. Өткен өмір мен бүгінгі күннің ара жігін ажыратуға деген құлшыныс
сезіледі.
Қаламгердің барлық әңгімелерінің желісінен көркемдік нышандармен қатар тұтас бір өңір
тіршілігінің өзіне тән ерекшеліктерін байқаймыз. Оның осы бір айшықты тәсіл арқылы жазған
шығармаларының жанрын Жаңаарқаның әдеби көркем дерекнамасы деп айтуға толық негіз бар деп
кесімді түрде айта аламыз.
Айырықша атап өтерлік тағы бір жайт, жазушының қай шағырмасында болмасын, адамгершілік
мәселесін бүгінгі уақыттағы адамдар тұрмысының көкейкесті мәселелерімен шебер ұштастырғанын,
адамдардың бір-біріне ұқсамайтын мінез-құлықтарының қалыптарын көреміз.
Жалпы әдебиетте хайуанаттар тақырыбы Джек Лондонның «Ақ азу» романынан бастау алады.
Қазақ әдебиетінде осы тақырыпта алғаш рет қалам тербеген Мұхтар Әуезов. Оның әйгілі «Көксерек»
повесінің желісінде көркем фильм түсірілді. Хайуанаттар өміріне көбірек ден қойған қаламгер –
Мұхтар Мағауин. Оның «Жүйрік», «Тазының өлімі» әңгімелері мен «Шақан шері» повесі оқырман
қауымға кеңірек танымал.
Қаламгердің осындай күрделі тақырыпқа арналған «Қасқырдың кегі» әңгімесінен базбір өзгеше
өміршең әуенді, Ғ.Мүсіреповке тән этнографиялық бояулар және адам мен қасқырдың қарымқатынасы арқылы бұл дүниенің қатыгездік сипатын байқағандай боламыз. Осы әңгімесі арқылы келелі сөзді табиғат пен адам қарым-қатынасының маңызды мәселелеріне арнайды. Бұл әңгімедегі
сюжет желісі мен баяндау тәсілі жоғарыда аталған көркемсөз майталмандарының қолтаңбаларынан
мүлдем өзгеше.
«Тағдырға қол сұқпа», «Пенде, абайла», «Бауыр үшін жан пида!», «Астамшылдық», «Контейнер»
әңгімелерінде ауыл тақырыбына ден қоюы оның өткен күнді көксеуінен емес, келер күннің қамын
жеуден, қатыгездік, арамдық, дүниқоңыздық, қанағатсыздық сияқты жаман қасиеттерден арылайық,
арсыз қадамдарды жасамайық, өткеніміздің өкінішінен сақтана білейік, асыл қасиеттерді қастерлейік
деген игі ниеттен туған. Өз болмысын, табиғатын, жан-дүниесін пендешілік күйкі мақсаттан арылта
жүруге осынау қара сөздің киесі құтқарды деп сенеді.
Әдебиетіміздің тарихында орыс тілінде жазған Б.Момышұлы, Ә.Әлімжанов,
О.Сүлейменов, Ш.Әлімбаев, Т.Шаханов, С.Санбаев, Б.Бақбергенов,
Б.Қанапиянов сияқты бірқыдыру ақын-жазушылар бар. Олардың орыс тілінде жазған шығармаларына әйгілі орыс жазушылары мен сыншылары осы
қаламгерлердің орыс тілін орыстардан артық білуімен қатар оны
байытқандығы туралы тамсана айтатын. Ал Сайын Омардың балалық
шағының біраз уақыты тың игеру кезінде қызыл империяның құйтырқы
қоныстандыру саясаты салдарынан тұрғындарынан санының басым
көпшілігін славян тілділер құраған Осакаровка кентінде өтті, сол жердегі
орыс мектебінде оқыды. Кеңес өкіметі тың астанасы еткен Целиноградта
оқып жүргенде адам миын улайтын идеологиялық пәндерден әбден мезі
болған Сәкең жан жұмағын әлемдік философия мен әдебиеттен тапты. Ол
кезде тіпті шығыстың жеті жұлдызының шығармалары ұлттық тілдерге
аударылмаған еді. Осындай інжу-маржанды ана сүтімен дарыған, сиқырлы
да сазды қазақи әлемімен қабылдаған болашақ қаламгер кейіннен осы
үрдісті өзінің шығармашылық зертханасында ұтымды пайдаланды. Оның
орыс тілінде жазылған «Легкая форма», «Любовь...ради покоя!», «Прекрасны дни влюбленных» әңгімелерінен қазақи иіс пен ұлттық бояу аңқып
тұрады. Қос тілді қоса меңгеріп, екі тілде де суреттеу реңкін тепе-тең ұстау
– бұл өте сирек құбылыс.
«Ойлар, ойлар, ойлар» атты толғаныстарында халықтың ғасырлар бойы
қалыптасқан салт-санасындағы жақұт тасындай тозбас, өңін бермес асыл
қасиеттердің астарын ашып жазуға бейім екендігін көрсетеді. Сондықтан да
оның сөз өрнегі баяғы шешендердің қоңыр кеңесіндей мағыналы да астарлы,
кейде әдейі күрделендіріліп, қиындатып жазады. Өткеннің өнегесін тәптіштейді. Бұл толғаныстар
қаламгердің өмір құбылыстардың философиялық тұрғыда зерделеуге ұмтылысынан туындаған.
Осындай барлау-бақылау барысында кез келген қаламгер әдеби үдеріске ықпал ету үшін, басқаша
айтқанда, бұрын-сонды жазылмаған тақырыпқа ат ізін салып, жұрт назарын аудару үшін барын салады.
«Жаңаарқа әзілдері» топтамасында ел ішіндегі халқымызға тән әзіл-қалжың, ағалары мен
замандастарының басынан өткен күлкілі оқиғалар және дүйім жұртқа белгілі қыршаңқы да қуақы
тілімен, әртістік дарынымен, адам сенбес қитұрқы әрекеттерімен белгілі, керемет дарыны үшін
«Жынды Әбен» атанған комедия саңылағының басынан өткен небір қилы күлкілі хикаялар ойнақы
да жеңіл машықпен суреттелген.
«Тотаң туралы» мақаласында қазақ күй өнерінің ақиығы жөнінде белгілі деректерді жадағай тізбелеуден бойын аулақ салып, кәсіби музыкалық зерттеуші тұрғысындағы қабілетін ашып көрсеткен,
оған философиялық мән береді. Оның сөз қолданысы баяу ағысты, әрі жылы, әрі нәрлі.
Қазіргі жаһандану кезіндегі асығыс әрі жанкүйттеу және повесть, роман, поэма, іргелі зерттеулер
түгілі газет-журналдар оқылмайтын заманда өлең әліміне қол созу үлкен ерлікпен барабар.
Поэзияны ең ежелгі өнер деп атайды. Оның ғұмыр жасын анықтау өте қиын. Поэзия жан дірілі,
сезім сыңғыры. Абыз Абайдың «сылдырап өңкей келісім», «туғанда дүние есігін ашады өлең» деген
бір жолы өлең-жырлың қасиеті мен киесін аңғартса керек.
Ақтаудың қос шоқысы туған өлкең,
Арқаның сыры көп киелі жері,
Асыл ерім, келді деп «ғасыр» жасқа,
Шаттанады елі, белің, шөбі, желі!деп әкесі Нұрланға арналған жыр шумағында күннің сарғылт шуағына бөленген Сарыарқаның
сайын даласындай, Сарысуы мен иірімді Көкталындай, Ақтау, Ортау, Қызылтауындай әдемі әлем
жасайды.
Қайраттан,
Қажырлан сестеніп,
Өршітіп көңілді.
Жанталас
Берілме ездікке,
Ширатып өзіңді
Өрмеле биікке!
Өршітіп көңілді.
Жалпы аз жазса да, саз жазатын ақын жырлары жақсылықты, ізгілікті, тазалық пен адалдықты
аңсаудан тұрады. Өмірде өзі қандай қарапайым болса, өлеңі де сондай қарапайым, табиғи,
жасандылықтан ада.
Бұл қаламгер үшін ең басты қасиет – кең толғап қорыта жинақтай сөйлеу. Жырлары ағып жатқан
кәусар бұлақтай, жүрегі махаббаттың қайнарындай, сөздері даналардың ойларындай, өткір алмас
айбарындай нағыз бақыттың, шын махаббаттың, үлкен сезімнің, не жомарттық пен тоғышарлықтың
кереғарлығын үнемі айқындай түсіп көрсетіп отырып, шебер де шешен суреттеу оңай емес.
Оның жазу машығы адам табиғатының жұмбақ сырын, арғы төркінін ашуға әу бастан-ақ
қалыптасқан. Қаламгердің табандылығына тәнті бола отырып, оның бүгінгі рухани
құндылықтардың халық жадысына тоқылуы жолындағы ауыр жүкті хал-қадірінше көтеріп жүрген
абыройлы борышын қуана құптаймыз.
Ақ жарқын, жаны жомарт, құлашы кең, ақынжанды қаламгердің кең тынысты рухани әлемі жалындап сөйлеп тұр.
НӘБИБҰЛЛА ЖҮНІСБАЙ
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, қадірлі де құрметті ағажеңгеміз Башенов Қайыр Иманмұсаұлы және Көпбаева
Құралай Топайқызы 7-маусым күні асқарлы 60 жасқа
толып отыр. "Алпыс - тал түс" дейді қазақ. Аға-жеңгеліктің
ардақты асуынан келіп, ақсақалдықтың мерейлі кезеңіне
көтерілген сіздер, отбасының алтын қазығына
айналдыңыздар. Бұл күнде сіздер ұлды ұяға, қыздарды
қияға қондырып, немере сүйіп отырсыздар. Туғантуысқанға жанашыр, отбасының қорғаны болған сіздерге
мерейлі қуаныштарыңызға ортақтасып, ұзақ ғұмыр, зор
денсаулық тілеп, бала-шағаларыңыздың, немерешөберелеріңіздің қызығына тоймай, шаттықты, бақытты,
қуанышқа толы күндеріңіз көп болсын, жүздеріңізден ешқашан нұр таймасын,
шаңырақтарыңызда тек той тойлансын дегіміз келеді! Арамызда ақыл-кеңесшіміз болып,
бірге қартайып жүзге жетіңіздер!
Ізгі ниетпен: Қанат-Ләззат, Азамат, Марат, Қанағат, Әсемай
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, шаңырағымыздың бас иесі,
балаларының асқар таудай сүйеніші, немерелерінің абыздай
ардақты атасы Ержанов Серік Ерубайұлы 60 жасқа толып
отыр. Осынау мерейлі белесінде отағасына, әкемізге әрі
атамызға шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей тірегі
болып жүре беріңіз дейміз. Деніңіз сау, тірлігіңіз қуаныш пен
қызыққа толы болсын деп тілейміз.
Құтты болсын 60 жастың белесі,
Тоқтамасын өмір көштің кемесі.
Жамбылдайын 100 жасыңызды көрейік,
Мерейтойлар тойланумен келесі,-деген шынайы ақ тілегімізді өзіңізге осынау атаулы
күніңізге арнағымыз келеді.
Ақ тілекпен құттықтаушылар: жұбайы – Мәрияш, балалары – Мұрат-Әсем, АлтайЭльмира, Мейрам-Жадыра, Айдана, немере-жиендері – Аружан, Әлиза, Аяжан,
Әлинұр, Айнара, Арнұр, Аяла.
Отбасымыздың қуанышы Бағдат Нариманқызы !
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 50 жасқа толу
мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сонымен қатар немересі Сәнімнің бірінші сыныпқа баруына
құтты болсын айтамыз.
Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,
Тіршілікте сәттіліктер қолдасын,
Жанұямен мақтанамыз қашанда,
Арамызда сіздей бауыр болғасын.
Кең пейілді, ақ жүрек адал жансыз.
Ардақты Ана, сүйікті Апа атанғансыз.
Туылған күнімен отбасым құттықтайды,
Еңбегіңізді сіздің ешқашан ұмытпайды!
Тілек білдіруші: әке-шешесі - Нариман-Сәулетай, бауырлары, келіндері, күйеу балалары, балалары - Жарас-Мөлдір, Олжас, немерелері - Сәнім, Әмина.
Құрметті әріптес, сыйлы құрбы, адал жар, аяулы ана Смайлова
Жұмабике Съезқызын 45 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!!!
Ардақты әріптесімізге зор денсаулық, отбасына бақ-береке, бақытты
ғұмыр, еңбекте шығармашылық табыстар тілейміз. Шаңырағыңа
шаттық ұялап, босағаңнан қызық-қуаныш кетпесін!
Алда талай асуың бар жүретін,
Шежіре боп қалсын сенің өткенің.
Мерейтойда құрбы-құрдас, әріптес,
Құттықтайды бәрі қосып бастарын.
Қызық, шаттық жақсылықты көре бер,
Жүртшылықтың алғысын тек тере.
Беделдесін, құрметті боп қашанда,
Ардақты боп жүре бергін ортада.
Ізгі тілекпен: Сәкен Сейфуллин атындағы аудандық кітапхана ұжымы
Жаңаарқа ауданының тумасы Сартбек Жалғас Балғазыұлын мектеп
бітіруімен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,
бақыт пен сәттілік тілейміз.
Алдыңда ақ жол болсын,
Істерің сәтті жүрсін.
Күндерің ашық болып,
Ғұмырың мәнді болсын.
Үлгілісің бауырға,
Қамқоршысың баршаға.
Ата-ана мен туыстың,
Ақтай бер сен үмітін.
Қиындыққа мойымай,
Алға бассың қадамың.
Мақсат пенен белеске,
Самғай берсін қанатың.
Ізгі тілекпен: нағашылары - апасы - Баян, Бақытжан-Самал, Мейіржан-Зайра, Рзаш,
Теміржан, Сика, Әлімжан-Айнұр, Асхат, Ахат, Асылхан, Гүлмира, Анар, Айжан,
Нұрым, Шырын, Әсет, Нұрасыл
6
МАМАН КЕҢЕСІ
6-маусым 2015 жыл
Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – жіті басталуымен, екі толқынды қызбамен,
жалпы уыттану және терінің, ішкі органдардың қанталауымен және өлім-жітімінің
жоғарылығымен сипатталатын табиғи ошақты жоғары контагиозды арбовирусты аса қауіпті
инфекция. Алғашқы клиникалық сипаттама 1944 жылы Батыс Қырым аумағында 200 адамды
қамтыған ірі белең алу кезінде жасалды. Қоздырғышты 1945 жылы Чумаков Қырымда шөп
жинау кезінде сырқаттанып қалған науқас солдаттар мен қоныс аударушыларды зерттеу барысында анықтады. 1956 жылы Конгода осыған ұқсас сырқат анықталды. Вирусты зерттеу
нәтижелері оның Қырымда табылған вируспен толық сәйкес келетінін көрсетті, сол себепті
бұл сырқат Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы деген атауға ие болды.
Қоздырғыштың табиғи резервуары – кеміргіштер, ірі және ұсақ мүйізді мал, құстар,
сүтқоректілердің жабайы түрлері, сондай-ақ вирусты жұмыртқа арқылы тұқымына беруге
қабілетті және өмір бойы вирус тасымалдаушылар болып табылатын кенелер.
Инфекция көзі – сырқат адам немесе инфекция жұқтырған жануар. Вирус кене шаққанда немесе егуге және қан алуға байланысты медициналық емшаралар жүргізу кезінде беріледі. Негізгі тасымалдаушылар – кенелер. Инфекцияның таралу ауқымы өте кең: Африка (Конго,
Кения, Уганда, Нигерия және басқалары), Еуропа (Болгария, бұрынғы Югославия, Дағыстан,
Қалмақия, Украинаның оңтүстігі, Қырым), Ресей (Краснодар, Ставрополь өлкелері, Астрахань,
Волгаград облыстары), Азия (Қытай, Пәкістан). Қазақстан Республикасында КҚГЛ сырқаты
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорад облыстарында тіркеледі. Берілу жолдары:
трансмиссивті (кене шаққанда), байланысты (жануарлармен, науқас адамдармен, қан және
өзге де секреттер арқылы, жиі кездесетіні ауруханаішілік жұқтыру). Патогенез толық зерттелмеген. Инфекция қақпалары кене шаққан жер немесе науқас адамның қаны тиген терінің
зақымдалған жері (ауруханаішілік жұқтыру кезінде). Шаққан жерде өзгерістер айқын
көрінбейді. Вирус қанға кіріп, ретикулоэндотелиалды жүйе жасушаларында жинақталады.
Сырқаттың екінші сатысында, вирустың қанға жаппай бөлінуі байқалғанда, жалпы ауыр уыттану байқалады, тамырлар эндотелиялары зақымдалады, олардың өткізгіштігі артады,
геморррагиялық диатез (терінің, шырышты қабықшаның, ішкі органдардың қанталауы) дамиды. Сырқаттану жағдайларының 80%-ті негізінен 20 жастан 60 жасқа дейінгілер. Клиникасы. КҚГҚ-ның инкубациялық кезеңі (бұл жұқтырғаннан бастап аурудың алғашқы белгілері
көрінгенге дейінгі уақыт) кене шаққанда 1-3күн (көп дегенде 9 күн), инфекция жұқтырған тіндермен/сырқаттың қанымен байланысқа түскен кезде 5-6 күн (көп дегенде 14 күн). Ауру жіті
басталады. Алғашқы сатысында дене қызуы 39-40 градусқа, тіпті одан да жоғарылайды,
бастың ауыруы, қалтырау, кейде өте қатты, беттің, шырышты қабықшаның қызаруы басталады. Организмнің жалпы уыттану белгілері пайда болады (әлсіздіктің күшеюі,
бұлшықеттердің, буындардың ауыруы, жүрегі айну, құсу). 2-4 күннен кейін сырқаттың екінші
геморрагиялық сатысы басталады. Науқастың жай-күйі күрт төмендейді. Бөртпе, таңба, гематома түріндегі терінің және шырышты қабықшаның қанталауы пайда болады. Мұрыннан, жатырдан қан кетуі мүмкін. Іштің, бауырдың ауыруы, іш өту, құсу басталады, сары ауру,
науқастардың 50%-тінде бауырдың үлкеюі мүмкін. Сырқаттың бұл кезеңінде миға қан
құйылуы, өкпенің ісінуі мүмкін. Сырқат 10-12 күнге созылады, алайда науқастар 1-2 ай бойы
қатты жүдеу күйде қалады. Кейде бастапқы белгілері жіті респираторлық инфекциялармен
ұқсас болатындықтан, екінші сатысы жеңіл өтіп, сырқат байқалмай қалады. Сырқаттың
ушығуы ретінде сепсис, өкпенің қабынуы, ошақтық пневмония, жіті бүйректік жетіспеушілік,
отит, тромбофлебит байқалуы мүмкін. Өлім-жітім 2%-тен 50%-ке дейін. Науқастарды міндетті
түрде инфекциялық аурухананың инфекциялық бөлімшесінің боксына оқшаулайды. Иммунитет. Адамның вирусты табиғи қабылдағыштығы жоғары. Жазылғаннан кейін 1-2 жылға
сақталатын иммунитет қалады.
Профилактика және күресу шаралары. Жұқтыруды болдырмау үшін, негізгі күшті
сырқатты тасығыштарға жұмсайды. Мал ұсталатын үй-жайларға дезинфекция жүргізіледі,
табиғи ошақ аумағындағы жайылымға мал жаюға тыйым салынады. Конго-Қырым қызбасы
бойынша эндемиялық аумаққа эпидмаусымда (сәуір-мамыр) шығуға жиналған адамдар дербес
қорғаныш киімін пайдаланған жөн, жатын қаптары мен шатырларды репелленттермен өңдеу
қажет. Кене шаққан кезде тез арада емдеу-профилактикалық мекемелерге медициналық көмек
алуға жүгіну керек.
О.Ш.БАЙЗАҚОВА, Жаңаарқа аудандық
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасының жетекші маманы
ӨРТ - ТІЛСІЗ ЖАУ
Дала өрттерінен сақ болайық!
Биылғы жаз айларының бұрынғы жыл мезгіліне қарағанда шамадан тыс ыстық болып, ми
қайнатқан аптапқа айналуы адамдардың денсаулығына әсер етіп қана қоймауы мүмкін,
көптеген жерлерде тілсіз жаудың бой көтеруіне түрткі болады.Әсіресе шабындық пен
жайылымдық жерлерде дала өрттерінің туындауына әсер ететін осынау табиғаттың күрт
құбылмалы мінезі, ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген ауыл азаматтарына қарасты шаруа қожалықтары мен мал бағатын тұрғындардың еңбегін еш, тұзын сор
етері хақ. Ендеше, біз одан ащы сабақ ала отырып, өз өлкемізде мұндай өкінішті жағдайлар
болмауы үшін батыл күрес жүргізуіміз керек. Өрт оқиғаларының көпшілігі аптап ыстықтан
басқа, табиғат аясына серуенге шыққан демалушылар мен аңшылардың кінәсінен де орын
алып жататындығын биылғы тәжірибе көрсетіп отыр. Ондай саятқұмарлар ауданымызда да
көптеп кездеседі. Өткен жылдардағыдай емес, Сарысу өзенінің молынан тасып, өзен-көл
арналарының сумен толығуы далалық жерлерге демалушылардың көптеп шығуына себепші
болады. Аңшылықты айтпағанның өзінде тоғандардан балық аулаушы әуесқой балықшылар
дегбір таппай жүр. Оның үстіне егін-шөп, жайылымдардағы сай-салалардағы көкорай шөптің
бітік шығуы демалушылардың таза ауада тынығуға деген қызығушылығын оята түсті.
Өкінішке орай, табиғат аясына шыққан жандардың дала өртінің туындауына айтарлықтай
қатер төндіріп отырғандығын жасыруға болмайды. Олардың басым бөлігінің тоқтаған жерлерінде міндетті түрде от жағып, кейін оны толық сөндіріп кетпейтіндігі байқалуда. Ал мұның
арты дала өрттерінің бой көтеру қаупінің артуына, осылайша жыңғыл тоғайлардың, шабындық
пен жайылымдардың тілсіз жаудың тырнағына ілігуіне мұрындық болмақ. Бұл, сөз жоқ,
табиғат байлығының бір мезетте күлінің көкке ұшуына әкеп соқтырады. Сондықтан аудан,
қала тұрғындары далаға саяхатқа шыққанда немесе әуесқой аңшылық, балықшылық кәсіппен
айналысқанда, өзен-көл жағалауына шомылуға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерін естен
шығармағаны абзал. Көп ретте мұндай жандардың от жағып, табиғат аясында ас пісіріп ішкенді жақсы көретіндігін білеміз. Ондай жағдайда тұтатқан алауды соңынан мұқият сөндіріп,
орнын ұқыптылықпен тазалап кеткен жөн. Бұл, бір жағынан, дала өртінің пайда болмауына,
екіншіден, табиғат тазалығының сақталуына септігін тигізеді. Дала өрті табиғаттың тынысын
тарылтады. Ортақ байлықты сақтау, оны кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдыру бүгінгі аға
буынның басты міндеті. Өйткені өрт-табиғаттың тынысын тарылтатын тілсіз жау.
Жаңаарқа ауданы ТЖБ-ң алдын-алу
және жою комиссиясы
6-маусым 2015 жыл
ТАЛАПКЕР - 2015
Аграрлық салаға мамандар қажет
7
Университет тарихы ел экономикасының дамуымен және мемлекетіміздің қалыптасуымен
тығыз байланысты. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
университеттің жоғары ғылыми әлеуеті және кәсіби білікті мамандар даярлаудағы жетістіктері
ескеріліп, университетке ұлттық жоғары оқу орны ерекше мәртебесі берілді. Биылғы, 2015
жылы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті өзінің 85-жылдық мерейтойын атап өтеді.
Университеттің негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті аграрлық секторды дамыту үшін жоғары
білікті мамандарды даярлау, сондай-ақ әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ену жағдайында
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауға сәйкес жүйелі түрде
жұмыстар жүргізу.
Университет студенттері, магистранттары, докторанттары және қызметкерлері әлемнің
алдыңғы қатарлы университеттерінде, ғылыми-зерттеу орталықтарында және үздік зертханаларда біліктілігін арттыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік алды.
Бүгінгі таңда университеттің студент-жастары арасында қомақты жұмыстар өткізілуде. Үздік
студенттеріміз республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми конференциялар мен
олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленуде.
Университеттің басты басымдылықтары - жоғары білімді, әрі білікті мамандар даярлау және
өз Отанымыздың патриоттарын тәрбиелеу.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім
беру мемлекеттік стандарттарының барлық талаптарына сай 2014 жылы халықаралық аккредиттеуден, ал 2015 жылы аттестаттаудан және 2012 жылы № 12.0082.026 ISO 9001:2008 стандартына сәйкес деп танылды.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті аграрлық салаға қажетті мамандар даярлайды:
- бакалавриатта (біліктілігі – бакалавр, оқу мерзімі 4 жыл) - 40 мамандық бойынша;
- арнаулы жоғары білім (біліктілігі – маман, оқу мерзімі 5 жыл) - 2 мамандық бойынша;
- магистратура (академиялық дәрежесі – магистр, оқу мерзімі 2 жыл) - 39 мамандық бойынша;
- PhD докторантура бойынша (ғылыми дәрежесі – доктор PhD, оқу мерзімі 3 жыл) - 16
мамандық бойынша.
Орта кәсіптік арнайы білімі бар талапкерлер (колледжден кейін) мамандықтарына сәйкес,
мемлекеттік грантқа немесе ақылы келісім-шарт бойынша оқуға түсіп, 3 жылда жоғары білімді
бакалавр дәрежесіне ие бола алады. Ал жоғары білімі бар мамандар таңдаған мамандығы бойынша сырттай оқу арқылы 2 жыл ішінде ақылы келісім-шарт негізінде екінші жоғары білім
дәрежесін ала алады.
Сырттай оқу бөліміне жоғары білімі бар мамандар және мамандықтары сәйкес келетін, орта
кәсіптік арнайы білімі бар (колледж) талапкерлер ғана қабылданады.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің әскери кафедрасы ҚР қарулы күштер қатарына
қажетті запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасына сәйкес төрт әскери есеп
мамандықтары бойынша студенттерге білім береді.
Жоғары білімі немесе бакалавр академиялық дәрежесі бар азаматтарға 39 мамандыққа конкурс
бойынша магистратураға қабылдау жүргізіледі. Оқу мерзімі - 2 жыл. Магистратураға түсу емтихандары тамыз айының 01-20 аралығында жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 09 шілде 2013 ж. № 698 Қаулысына сәйкес ҚазҰАУ-нің «Білім» (5В012000),
«Ауыл шаруашылығы ғылымдары» (5В080100 - 5В081200) және «Ветеринария» (5В120100 5В120200) мамандықтары бойынша мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижелері кемінде 60 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл, ал қалған
пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет.
Ауылдың мұқтажын ескере отырып және ауыл жастарының қоғамдағы әлеуметтік жағдайын
арттыру мақсатында, барлық облыс және аудан орталықтарында кеңес беру және құжат
қабылдау пункттері ашылады. Бұл пункттерде кешендік тест (КТ) тапсыруға және
Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына (ЖОО) түсетін талапкерлерден мемлекеттік
білім гранты конкурсына қатысу үшін маусымның 20-нан шілденің 9 аралығында құжаттар
қабылдайды.
Құрметті ТАЛАПКЕРЛЕР, 85 жылдық тарихы бар университет ұжымының атынан Сіздерді
ҰБТ(КТ)-ны сәтті тапсыруға тілек білдіремін және білікті де білімді маман болып, еліміздің
ауыл шаруашылығын өркендетуге сүбелі үлестеріңізді қосасыздар деп ойлаймын.
Жаңа ашылған табиғат мүйісі
Ақтау орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілгеннен бері мектеп ұжымы өзінің
креативтілігімен, уақытпен бірге алға қадам басқан жаңалықтың жаршысы болуымен таң
қалдырып келеді.
Ең алдымен мұражай , одан кейін телеарна, субұрқақ, сауықтыру кешені іске қосылса, енді
«Табиғат мүйісі» кешені ашылды. Әрине мұның бәрі негізсіз емес, еліміздің «Қазақстан2050» стратегиясының ауқымында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес, мектеп базасында оқу-зертханалық кешенін жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар.
«Табиғат мүйісі» оқу-зертханалық кешені өз ауқымында үш саланы қамтиды: бірінші ашық
су бассейнінде аквариумдық және жергілікті балықтарды өсіру; екінші арнайы торда тоты құс
өсіру; үшінші бөлме гүлдерін өсіру және күту шаралары.
«Барлығы бала үшін» деген ұранды ту еткен бұл кешеннің оқушымен жұмыс жасау істәжірибесі үш бағытта жүргізіледі. Бірінші, оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып,
қоршаған ортаға сүйіспеншілігін дамыту, экологиялық сауаттылығын жетілдіру бағытында
көрме залы ретінде пайдаланады. Екінші, ҚР Білім және Ғылым министрінің 2013 жылғы 3
сәуірдегі №115 бұйрығы бойынша бекіген оқу бағдарламасы негізінде биология пәні бойынша
оқушылардың ғылыми ізденгіштік қабілетін арттыру мақсатында зертханалық жұмыстарын
жүргізеді. Мектептің «Зерде» ғылыми қоғамы негізінде ғылыми жоба жазу мүмкіндіктері де
қарастырылады. Үшінші, оқушылардың психологиялық күйзелісінің алдын-алу бағытында
бос уақытын тиімді пайдалану үшін балықтар тіршілігін қадағалау, бөлме гүлдерін өсіру,
тазалық сақтау және күту жұмыстарын жүргізу санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға
сай жүргізеді.
Сондай-ақ күнделікті өмірде мазасыздық, күйзеліс жағдайынан арылудың ұтымды жолы да
осы мүйіс арқылы жүзеге асатынына шүбә келтірмеуге болады. Аквариумдағы балықтар
жүйкені тыныштандырып, қан қысымы жоғары, жүйкесі жұқарған, қаназдық, жоғары тыныс
және қолқа жолдары ауыратын, демікпесі бар балаларға жарты сағаттай бақылаған жағдайда
шипа беретіні жөнінде ақпарат бар. Бұл мектептің дизайнын әрлеуде де өзіндік шешуші рөл
атқарады.
Қиял мен фантазияға бейімі бар балалардың өз арманын айтып, ішкі сырымен бөлісіп,
эмоционалдық сезімге бөленуіне әсер ету арқылы шығармашылық қабілеттерінің (сурет салу,
өлең, әңгіме, очерктер жазу) кеңеюіне жағдай жасалады.
Мектеп қамқоршылық кеңесінің демеушілігімен салынған бұл кешен оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында алдағы уақытта өз жұмысын тиімді
бағытта жалғастыра береді деген ойдамыз. Осы кешенді салу барысында ерікті түрде ерекше
күш-қайрат көрсеткен мектеп қызметкерлеріне және өз техникасымен көмектескен шаруа
қожалық иелері Омаров Әбу мен Күлмағанбетов Нарбайға, мектеп директоры Арунов Мақсат
және педагогикалық ұжым атынан алғысымыз шексіз.
А.К.АХМЕТОВА, Ақтау орта мектебінің мұғалімі
ЕСКЕ АЛУ
Ардақты әке, қамқор жар, ардақты ата Жүсіпов Алпысбай
Бостанұлының еркелетіп, айналып-толғанғанын естімегелі міне
ай толды. Қамқоршы панамыз әкеміз небары 53 жасында өмірден
өтті. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында тек жақсылық
ойлап, біздің қамымызбен жүрген ардақты жанның арамыздан
мәңгіге кеткеніне әлі де сенер емеспіз.
Сұм өмір қайыстырып қабырғаны,
Бейнең жүр сағыныш боп сағымда әлі.
Жүргенде әлек өмір әуресімен,
Бір демде әзиз жүрек дамылдады.
Әкешім-ау топырағың торқа болып,
Пейіште нұрландырсын жаныңды Алла,
Рухыңа құран арнап ұрпағың жүр,
Жаратқан жазуына әмір бар ма?
Сағына еске алушылар: жұбайы-Дәмен, балалары-Нұржан-Сәуле, Ержан-Салтанат,
Жанболат-Лаура, немерелері-Жансұлтан, Жангүл, Жанель, Айым.
Әкеміздің қайтыс болғанына 40 күн толуына орай 11-маусым күні сағат 13.00 де
«Аққу» мейрамханасында құран бағышталып, дәм беріледі.
Ауданымыздың тұрғыны сүйікті ұл, ардақты аға, қамқор
бауыр Тайжанов Дәулетбай Қаппарханұлының өмірден
өткеніне жыл толды. Аңқылдаған аңғал жанның арамызда
болмағаны жанымызға батып, көңілімізді құлазытқанымен
Алланың ісіне шек бар ма? Алар асу мен шығар белесі алда еді.
Әттең ғұмыры қысқа болды. Бақұл бол қимас жан.
Сіз кеткелі көңіліміз қаралы,
Алыстатты айлар мына араны.
Келер ме деп арамызға қайырадан,
Жан анаңыз қара жолға қарайды.
Бата алмай келер күннің қызығына,
Жылынбай атар таңның қызуына.
Мойынсұнып , еске аламыз біз сізді
Қарсы тұрмай Алланың жазуына.
Сағына еске алушылар: анасы- Рымжан, Кадриндар әулеті.
Марқұмның қайтыс болғанына жыл толуына орай 14-маусым күні сағат 13.00
де «Диас» мейрамханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады.
Көңіл айту
Аудан әкімдігі аппараты тыл және еңбек ардагері
Мұқатай Рақымжанұлының
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
*****
Аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі тыл және еңбек ардагері
Мұқатай Рақымжанұлының
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
*****
Аудандық аурухана және кәсіподақ ұжымы мейірбике Сейфулғазина Еркінге
анасы Тиыштықтың
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*****
Аудандық білім беру бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Ынтымақ орта мектебінің ұжымы
еңбек ардагері, зейнеткер-ұстаз Смайлова Майдагүлге
жолдасы Смайлов Мәжиттің
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*****
Аудандық білім беру бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Ынталы орта мектебі ұжымы осы
мектептің директоры Мадина Смайловаға және Ю.Гагарин мектебінің тәлімгері
Анар Смайловаға
ардақты әкелері Мәжиттің
қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
*****
Жаңаарқа аудандық ішкі істер бөлімі мен ішкі істер бөліміне қарасты ардагерлер ұжымы
осы бөлім ардагері Зарлық Ендаманұлына
сүйікті жары Мәкіш Әбсаламқызының
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ - 2015
Сенбілік қарқынды өтті
Адам денсаулығы – қоғам байлығы.Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды
айтқан.Отанымыздың келешегінің көркеюі-салауатты өмір салтын сақтауда.
Осы орайда, Түгіскен ауылында ауыл әкімінің өкімімен 6-шы сәуірден - 29-шы мамыр
аралығында екі айлық сенбілік өткізілді. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері мен
жұмыскерлері, мектеп ұжымы жұмыла ат салысты. Көше бойлары қоқыстан тазартылып,
ағаштар әктелді.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай сонау сұрапыл соғыс жылдары майданға кеткен
азаматтардың орнын жоқтатпай, еңбек етіп, жеңісті жақындатуға аз да болса үлестерін қосқан
тыл еңбеккерлері де елеусіз қалған жоқ. Ол кісілердің үйлеріне мектеп оқушылары бөлініп,
тұрғын үйлерінің ауласын тазартып көмек көрсетті. Ата-әжелеріміз ақ батасын берді.
Сонымен қатар,Түгіскен орта мектебінің ауласына бірнеше гүлзар жасалып, субұрқақ орнатылды. Ауылымыздың көркейіп келе жатқанына халқымыз қуанышпен қарады. Себебі келешекте өсіп келе жатқан, жас жеткіншектерге салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты
аялауға үйретеді.
«Ауылына қарап азаматын таны» деген қазақ халқының ұлағатты сөзін ұстана отырып ,екі
айлық сенбілік қарқынды өтті деп айтуға болады. Табиғатты әрқашан аялайық!
К.ШОТАНОВА,
Түгіскен ауылының тұрғыны
Доступное финансирование в поселке Атасу
27 мая 2015 года в Карагандинском филиале KMF состоялось открытие нового субофиса в Жана-Аркинском районе в поселке Атасу. На
открытие были приглашены представители местной исполнительной
власти аким поселка Р.Тусупов. представители отдела предпринимательства района, партнеры, клиенты, а так же местные жители поселка Атасу.
Директор Карагандинского филиала Турсумбаев Жандос Жумажанович открыл мероприятие словами приветствия, познакомив присутствующих
гостей
с
новым
менеджером
субофиса
Кулмагамбетовым Аблаем. Также слова напутствия и теплые пожелания выразила аким поселка Р.Тусупов.
В честь открытия первого суб офиса в поселке Атасу первый клиент и директор филиала KMF торжественно под аплодисменты гостей разрезали красную ленту, чем ознаменовали открытие нового
отделения.
В тот день жители поселка получили первую выдачу кредита, и тем самым стали первыми клиентами
KMF в данной местности.На сегодняшний день KMF является единственной финансовой организацией, предоставляющей услуги в поселке. Таким образом, жители поселка Атасу получают доступ к
стабильному финансированию, как бизнес, так и потребительских нужд. Новое отделение даст возможность предпринимателям и жителям поселка, поддерживать и развивать свой бизнес, а также решать срочные дела, требующие
финансовой поддержки.
KMF работает на рынке микрофинансирования с 1997 года. Компания
обладает
широкой
филиальной сетью, которая насчитывает 18 филиалов в крупных городах РК и 77 отделений, из
которых 67 находятся в сельской
местности. KMF уделяет особое
внимание доступности продуктов
жителям отдаленных уголков
страны.
Адрес отделения в поселке
Атасу, ул. Сакена Сейфуллина,20.
Приглашем на работу
Вновь открывающемся салону красоты требуется на работу мастера по
следующим специальностям: мастер-универсал, мужской мастер, мастер
маникюра и педикюра. Тел.: 87085428033, 87071968382.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Маусым айының 26-сы күні ауыл
спортшыларының спартакиадасы аясында ат спорты түрлерінен (аламан
бәйге, құнан жарыс, тай жарыс, тоқ
жарыс, теңге алу, көкпар, аударыспақ)
аудандық жарыс өтеді.
Басталуы сағат 9.00-де. Өтетін
жері: Қарауылтөбе
Денешынықтыру және
спорт бөлімі
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, 2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52, тілшілер бөлімі
2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
Маңызға толы мұғалімдер семинары
Қызылжар орта мектебінде «Оқушының білім сапасын көтеруге бағытталған
мұғалімнің кәсіби шеберлігі және инновациялық ізденіс» атты аудандық технология
пәні мұғалімдерінің семинары өтті.
Мектептің мәжіліс залында бағдарлама бойынша семинардың ашылуы болып, мектеп
директоры Д.С.Жайлаубаев мектептің жалпы тыныс-тіршілігі, оқу жылындағы жетістіктер, өтіп жатқан семинардың мән-маңызы, мақсаты жайында баяндама жасады. Баяндама жасалу барысында интербелсенді тақта арқылы арнайы дайындалған
презентация көрсетіліп тұрды.
Теориялық бөлімде мектеп психологы А.Б.Қасенованың жетекшілігімен 9-10 сыныптар арасында «Кәсіптік бағдар, мамандық таңдау» атты психологиялық тренингі,
«Жаңашыл ұстаз – жаңалық жаршысы» атты Ж.Д.Исмаилованың шығармашылық істәжірибе алмасуы, технология пәні бойынша «Қазақтың ұлттық бұйымы бесік жасау
технологиясы» деген тақырыпта 8-сыныппен мектеп директоры Д.С. Жайлаубаевтың
ашық сабағы, «Сәукеле тігу» тақырыбында А.С.Қазбекованың ашық сабағы,
У.Жаңабаевтың (Ынтымақ ОМ) «Технология пәні бойынша күнтізбелік жоспарды жаңа
бағдарламаға сәйкес құру» тақырыбындағы баяндамасы, Ж.Д.Исмаилованың
«Түйіндеп кілемше тоқу технологиясы» тақырыбындағы 8-сыныптың қыз балаларымен ашық сабағы, Б.Шабдаровтың (Н.Крупская ОМ) «Әуе жолы көлігін модельдеу
технологиясы» тақырыбында өз іс-тәжірибесі ортаға салынып, тыңдалды.
Сабаққа қатысқан мұғалімдер алған әсерлерін, сабақтың жоғары деңгейде өткенін,
жұмыстардың өз мәнінде жасалғанын, үш мақсаттың қамтылғанын айтып, сабаққа
жақсы бағаларын берді.
Жаңаарқа аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Б.Қ. Мергенбаев семинар соңында
қорытынды жиналыс ашып, жиынға қатысушыларға күн тәртібіндегі Қызылжар орта
мектебінің аудандық технология пәні мұғалімдері семинарының өтілу барысы туралы
қорытынды жасап, семинар көздеген мақсатына жеткендігін айтты. Семинарға келген
мұғалімдер де осы қорытынды пікірді бірауыздан мақұлдап, мектеп ұжымына
шығармашылық табыстар тіледі. Семинар соңы мектеп оқушыларынан құралған
көркемөнерпаздар үйірмесінің әдеби- сазды, әсерлі кешімен аяқталды.
А.М.СҮЛЕЙМЕНОВ,
Қызылжар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Оқу-жаттығу өтті
Өрт маусымы уақытының басталуына байланысты 19-мамыр күні ауданымыздың орманды алқабы Қараағаш орманшылығында орманды өрттен қорғау жөнінде бірлескен
оқу-жаттығу өткізілді. Аталған шараға “Жаңаарқа аудандық төтенше жағдайлар бөлімі”,
“№50 өрт сөндіру және авариялық құтқару-жұмылдыру қызметі” мемлекеттік мекемесі
және “Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі қатысты. Жаттығуға ЗИЛ-433362 өрт сөндіру автомашинасы, АЦ-2,5-40 ГАЗ (33086), беларусь-1221 соқасымен, МТЗ-82, мекеменің баланс
есебіндегі жеңіл автомашиналар барлығы 39 адам қатысты. Жаттығудың мақсаты - өрт
шыққан жағдайда өртті оперативті түрде сөндіру және орман шаруашылығы мекемесінің
өрт болған жағдайда іс-әрекеттерін тексеру, орман өртін сөндіру стансасындағы техникалар мен өрт сөндіру құрал-жабдықтарының өрт сөндіруге жарамдылығын қадағалау.
Өрт маусымы уақыты басталысымен “Орман өртін сөндіру” негізінде өткен оқу
жаттығуды бақылаған аудандық төтенше жағдайлар қызметі жақсы деген баға берді.
Ж.О.КӘДІРСІЗОВ,
“Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі
Жаңаарқа шаруашылығы”
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
орманды қорғау және күзету жөніндегі инженері
САТЫЛАДЫ
1993 жылы шыққан ЗИЛ ММ3-554 көлігі сатылады. Автокөлік жарамды жағдайда.
Семіз сиырлар және жылқылар сатылады.
Телефон: 24-72-2, 5-05-06, 8 702 668 90 19
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1550 дана
Тапсырыс №31
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Другие
Просмотров
312
Размер файла
14 000 Кб
Теги
газета, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа