close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 32 - копия Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Құрметті мұсылман қауымы!
Әлем мұсылмандары мүбәрәк Рамазанда Алланың рақымына бөленуді үміт етіп, сауабы
мол ізгі амалдарды атқаруға ниетті. Сіздерді бір ай бойы жалғасатын ұлық Рамазан айының
келуімен құттықтаймыз! Алланың рақымы мен кешіріміне бөлейтін, әр игі амал еселеніп
жазылатын Рамазанды асыға күткен баршамызға бұл қасиетті ай құтты болсын!
Рамазан - рухани жаңару айы. Жерді мекен еткен аң мен құстың, барлық тіршілік иесінің
жыл мезгілдерінде жаңару, түлеу, өзгеру үдерісінен өтетіні белгілі. Ал, Алланың адам баласына берген шексіз нығметі, теңдессіз сыйы саналған ораза – күнәға бетпе-бет келуден
сақтайтын, жан дүниемізді, мінез-құлқымызды жақсылыққа тәрбиелейтін, рухани түлеп
шығатын құлшылық.
Әлемнің барша мұсылмандары мүбәрәк Рамазан айында өздерінің санасы мен жүрегін
жаман ой, жат пиғылдан арылтады. Ораза айт иманды күшейтіп, азаматтарымызды
қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге,
қонақжайлылық пен жомарттық көрсетуге жігерлендіреді.
Халқымыз ислам татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні
екенін әрдайым өз ісімен көрсетіп келеді. Ораза айт мейрамы елімізде мұсылмандарды ғана
емес, барша қазақстандықтарды біріктіреді.
Қазақстан халқы өз жеріне деген зор сүйіспеншіліктігімен, даналығымен,
еңбекқорлығымен, үлкенге құрметімен, айналасына қамқорлығымен ерекшеленеді.
Тәуелсіз еліміз өзінің бай рухани мұрасын, қайталанбас тарихи, мәдени және діни
дәстүрлерін орынды мақтан тұтады.
Осынау қастерлі күнде сіздерге күш-жігер, жарқын көңіл, табыс, зор денсаулық және бақбереке тілейміз. Ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болғай! Рамазан айында
жасаған игі істеріңіз сауаптан жазылып, Алла тағала елімізге, жерімізге берекесін, мол
ризығын жаудырғай! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем
болғай!
Жаңаарқа ауданының әкімі
Мәслихат хатшысы
Ғ.Омаров
М.Әбдішев
ЖАҢАРУ ЖОЛЫ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған
кезекті Жолдауын сарапшылар еліміздің әлеуметтік дамуына тың серпін беретін маңызды құжат деп бағаланды.
Қаржылық қиындықтар өз алдына, саяси және геосаяси
жағдай ушығып тұрған, әрбір ел өзінің ішкі тұтастығын
сақтап қалғысы келетін қазіргі кезде кімде болса өзінің
бары мен жоғын түгендейді. Елбасының Қазақстан
халқына Жолдауы дәл сондай тарихи күрделі кезеңде жарияланды. Мұны әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың
барлық сұрақтарына жауап іздей отырып, күрделі
кезеңнен елді аман-есен алып шығудың алғышарттарын қарастырған Жолдау десек,
қателеспейміз.
Қазіргі жаһандану жағдайында Қазақстанды әлемнен бөліп алып қарай алмаймыз. Дегенмен,
Қазақстан өзін-өзі қорғау менталитеті деңгейіне жеткен ел ретінде танылып келеді. Соның ең
басты нышаны бірнеше жыл бұрын осындай қаржы қиындықтарының қарсаңында Елбасы
Ұлттық қор құру туралы тапсырма берді. Сол кездерде «Ұлттық қордың бізге қажеті жоқ.
Мына араб елдері секілді халыққа бөліп бермейміз бе?» деген пікірлер айтылды. Әрине, ол
кезде ел әлі түсіне қоймаған кез, дәл қазіргі мұнайдың бағасы төмендеп, халықаралық
нарықтың жағдайы алашұбар болып жатқан кезеңде ішкі экономикалық тұтастығымызды,
саяси-әлеуметтік жағдайларымызды сақтап қалуға бірден-бір мүмкіндік беретін осы Ұлттық
қордың қаржысы. Енді қордағы қаржыны негізге ала отырып, елді еңбекпен қамтамасыз ету,
байтақ еліміздің ішкі байланысын әрі қарай арттыру қажет.
Соған орай, Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының басшысы Ә.Әбдіразақов
ауданымыздың Сейфуллин, Ақтау, Ералиев, Қараағаш және Бидайық ауылдық округтерінде
ауыл әкімдері және ауыл тұрғындары қатысуымен, Президенттің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" Жолдауын насихаттау үшін жиындар өткізді.
Жолдауда Елбасы жол құрылысына баса мән беріп отыр. “Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып
отырған. Қазақ елі – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақты алып жатыр. Еліміздегі жол қатынасын дамыту арқылы экономикамыз бен мәдениетімізді және абыройымызды
арттыруға мүмкіндік аламыз. Себебі, ол біріншіден жұмыссыздықты жоюға көмектессе, екіншіден, қалалар бір-бірімен сауда-саттық жасасып, барыс-келістер күшейеді”-делінген Жолдауда. Осылайша, алысты жақындату арқылы Президентіміз бірнеше мәселенің шешілуін
қарастырды. Ұлттық қордың арқасында үлкен экономикалық біртұтас саясат жүзеге аса
бастамақ. Оның ішінде, ішкі бірлігіміз бен ынтымағымызды сақтап қалуға жұмыс жасауымыз
керек. Ел алдында берген уәдені орындау, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын
жақсарту бағытындағы туындайтын мәселелердің шешімін мейлінше тез арада шешуге міндеттіміз. Әр жыл сайынғы Елбасы Жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен,
еліміздің жаңғыруына-жаңаруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен
ерекше. Өйткені Перзидент Жолдауы еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат болып, әр
адамның ертеңгі күніне үлкен әрі нақты сенім ұялатады.
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы
С. Сейфуллин
№32 (9682) 13-маусым, 2015 жыл
Құрметті денсаулық сақтау саласының
қызметкерлері!
Кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен құттықтауымызды қабыл
алыңыздар.
Сіздердің мамандықтарыңыз – ең құрметті әрі ізгілікті мамандықтардың бірі. Сіздер
өздеріңізді игі іске – денсаулық қамқорлығына арнадыңыздар, адамдарға азап пен ауруды
жеңуге көмектесесіздер.
Сіздер біздің медицинаның жарқын дәстүрлерін сақтап, жаңғыртасыздар және ілгері техникаларды, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін игеріп, тәжірибеде тыңғылықты
қолданасыздар.
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан сіздердің мамандық
мәртебесін арттыру мен еңбек жағдайларыңыздың жақсаруы үшін барлығы жасалуда. Ал,
ұлт денсаулығы, денсаулық сақтау саласы жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету
сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды.
Осының барлығы қазақстандықтардың өмір сүруін ұзартуды, туу көрсеткішін арттыруды,
өлім көрсеткішін төмендетуді қамтамасыз етеді.
Еңбектеріңізге деген адалдық пен өнегелі ұстанымдарыңыз жақсылыққа,
қайырымдылыққа бастап, аурудың алдын алуға және салауатты өмір салтын нығайтуға сеп
боларына сенімдіміз.
Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық тілейміз! Өмірлік мақсаттарыңыз
орындалып, отбасыларыңызда бақыт, береке-бірлік және амандық болсын!
Жаңаарқа ауданының әкімі
Мәслихат хатшысы
Ғ.Омаров
М.Әбдішев
Тиімді жоба іске қосылды
Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстан -2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол», 5
халықтық реформа, «Мәңгілік ел» және жаңа индустриаландыру бағдарламасы
қабылданып, халық оның жақсы жемісін көре бастады.
Аталған ұзақ мерзімді бағдарламалар арқасында Үкіметіміздің алдағы істейтін жұмыстары
сараланды.
Елбасымыз 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «Мемлекеттік
құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын бекітті.
«100 қадам» - бұл біздің жахандық және ішкі сын-қатерлерге қарсы тұра отырып, жаңа
тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Осы
жоспарды орындауда ауыл шаруашылығы саласын дамытудың да маңызы зор. Ауыл
шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды.
Осыған орай, аудан экономикасын дамыту мақсатында көптеген игі істер - түрлі жобалар
іске асырылуда.
Сондай халық игілігіне қызмет етуге, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған
жобаның бірі - мал азығын дайындайтын «МТС Жаңаарқа» орталығы. Казагро ұлттық
басқару холдингінің қолдауымен «Казагроқаржы» акционерлік қоғамы арқылы «Казмет»
(49%), «Титек» (51%) ЖШС-нің қатысуымен лизингі негізінде 145 млн. теңгеге мал азығын
дайындауға арналған орталықтың бүгінгі күні қажетті техникалары ауданымызға жеткізіліп
отыр.
Өткен аптада аудан әкімі Ғабдрахман Игілікұлы Омаров бастаған аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және шаруа қожалықтарының
өкілдері Ескене ауылдық округіне барып, «МТС Жаңаарқа» жобасының іске қосылуының
куәгері болды.
Осындай бастамаға қолдау көрсеткен аудан басшысы жобаны іске асыруға мұрындық
болып отырған «Титек» ЖШС-нің бас директоры Бодяйкина Инна Александровна мен
«Ескене» шаруа қожалығының басшысы Төлеуов Әбүйірхан Төлеуұлына зор алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сөз тізгінін жалғаған Бодяйкина Инна Александровна мен Төлеуов Әбүйірхан Төлеуұлы
мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған жеңілдіктеріне тоқтала келе, облыс басшылығы
мен аудан әкімшілігінің көрсетіп отырған қолдауына ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар, «МТС Жаңаарқа» ЖШС-нің директоры Нұрғалиев Ануар Қайратұлы
орталық жұмысының мақсат-міндетімен жан-жақты таныстырып өтті.
МТС-тың мақсаты азықтық дақылдарды өндіру, көктемгі дала және күзгі жиын-терім
жұмыстарын жүргізуге қызмет түрлерін көрсету болып табылады.
Осы мақсатта Айнабұлақ ауылдық округінен жалға ұзақ мерзімге пайдалану үшін
конкурстық негізде 3305 га көлемінде жер бөлініп берілді.
Сонымен қатар, «МТС Жаңаарқа» алдын ала жасаған келісім-шартқа сәйкес үстіміздегі
жылы көктем және жаз кездерінде шаруа қожалықтарының 3200 гектар жерін өңдеуді, 1900
гектар жерге әртүрлі дақылдар мен көпжылдық шөптер егуді, 1000 гектар жерді гербицидпен улауды, 1000 гектар жерге тыңайтқыш шашуды жоспарлап отыр.
Баспасөз қызметі
Адам
жанының
Дәрігер - жүгі ауыр, жауапкершілігі зор, қызығынан күдігі басым,
тәуекелге бас тігер сәті көп мамандықтың иегері. Дәрігер-өліммен
бетпе-бет келетін, жарық күн үшін жанталасқан жанның жанынан
табылып, қолын созып, құтқарушысы болатын абзал жан. Дәрігер
- мадақтауды сүймейтін, жағымпаздықты білмейтін, адамзатты бірбірінен айырып бөлмейтін, қызметін бұлдамайтын, қолақысын
сұрамайтын, еңбегін елі білетін ақ жарқын жандар.
Ауданымызда осындай қадір мен қасиетке ие мамандық иелері
2
арашасы - абзал
жандар
сіздер мен біздердің жанға сауға сұрап барар жандардың нақ өзі.
Ертемен басталатын тынымсыз жұмыстары оларды бір күннің
ішінде сан адаммен жүздестіріп, кездестіріп, өзінің біліктілігі мен
білімділігіне жүгіндіреді. Алдына келген әр адамға ақ жарқын
көңіл мен қарап, көмегін аямайтын ақ халатты жандардың маусым
айында төл мерекелері. Айтулы мерекелерімен құттықтап біз де
бардық. Әдеттегідей абыр-сабыр. Бірі ем-домын алып риза
көңілмен шығып жатса, бірі ыңқыл-сыңқылы көбейіп, көмек
Алдымен іңгәләй өмірге келетін нәрестеден өмір басталатынын бағамдап әйелдер босанатын
бөлімге тоқтадық. Жаңа туған бөпенің «өмірге мен келдім» деген ащы айқайы мен аурухананың
өзіне тән дәрі иісі бізді жылы қабылдады. Қос адамның өмірінің арашашысы болатын акушерлер
мен дәрігерлердің өмірі үнемі қыл үстінде. Айы-күні жеткен анамен бірге қиналатын осы бөлімнің
дәрігерлерінен бастап кіші мейірбикелеріне дейін құрметке лайық. Өйткені олар Алланың сыйының
дүниеге аман келуіне атсалысып, көмек көрсетеді. Дүниеге шыр етіп келген әр бөпе олардың өз
баласындай, анамен бірге шаттыққа кенеліп, ананың денсаулығының қалыпты болуын назардан
тыс етпей қадағалайтын да солар.
Бұл бөлімнің дәрігері Күлмағанбетова Роза Жақанқызы дәрігерлік сатыны медбикеліктен бастаған
жан. Жезқазқан қаласындағы медучилищенің түлегінің алғашқы еңбек жолы 1969 жылы Ортау
совхозынан басталыпты. Қарағанды қаласындағы Михайловка шағын ауданындағы облыстық
әйелдер босанатын ауруханада еңбегін жалғастырған Роза Жақанқызы отбасылық жағдайға байланысты 1975 жылы (келіні ауырып) Өспенге келіп осында бес жыл еңбек етеді. Мол тәжірибе
жинап, әйелдердің босануының қыр-сырына қанығып, қыз-келіншектердің науқастарының түртүрімен бетпе-бет келген дәрігерді “мен неге дәрігер болмаймын?” деген сұрақ мазалайды да, 1980
жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына түседі де, оны 1986 жылы тәмәмдайды.
Үлкен еңбек өтілі бар акушер енді Қ.Сәтпаев қаласына жас дәрігер болып аттанады. Жолдасы
Кабулов Шайхислам Майбекұлы хирург, медициналық институттың кафедра меңгерушісі, доцент,
студенттер мен жас мамандарға дәріс беретіндіктен Қ.Сәтпаев қаласынан Теміртау қаласындағы
ауруханаға дәрігер болып ауысады. Содан бергі аралықта еңбектен қол үзбеген, тәжірибе
жинақтаған Роза Жақанқызының біздің ауданымызда еңбек еткеніне жылдан асты.
-Мен негізінен дәрігерлер отбасында тәрбиеленіп, ер жеттім. Біздің отбасын дәрігерлер
шоғырланған отбасы деп мақтана айта аламын. Отбасындағы тәрбие бала психалогиясына әсер
етеді емес пе, содан болар бала кезімнен-ақ дәрігер болуды көздедім. Сол мақсатыма жеттім.
Ал, жұмысқа келсек аудан тұрғындарымен таныс-білістігіміз артып келеді. Әр аймақтың
тұрғындарының мінез-құлқы мен танымы әртүрлі. Осы ауданның халқы өте жақсы. Олардың ойөрісі жүйрік, айтқаныңды ұғып жасайтын, ем-домыңды мезгілінде қабылдап, нәтижесін көруге
атсалысады. Басқа ауылдардағыдай денсаулыққа салғырттық жоқ.
Өткен күндер мен жетпісінші, сексенінші жылдардағы ана мен баланың денсаулығын бүгінгі
күндегі аналармен салыстыруға тіптен келмейді. Медицина қарышты дамыған кезде
аналарымыздың денсаулығы алаңдатарлық. Әрине экологияның әсері бар болғанымен қыздарымыз
денсаулығын бала жастан күткені абзал. Сәнді киіну қажет, дегенмен қыздарымыздың тым ашықшашық жүруі бала жастан-ақ түрлі ауруларға шалдығуына әкеп соғады. Оның үстіне әйелдер
дәрігеріне тек тұрмыс құрғандар ғана барады деген ой санамызда сақталып қалған. Сондықтан
қыздарымыз әйелдер дәрігеріне келіп көрінбейді де, тұрмыс құрғаннан кейін аурулары анықталып
жатады. Ол кезде кеш болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда әйелдер ауруларының түр-түрі
анықталуда. Скрининг пен күнделікті тексерістерден миома, жатыр кистасы, эрозиялар мен
қабыну, жатыр мойнының қатерлі ісігі анықталды. Біздің міндет науқасқа шалдыққан жандарды
анықтау, оларды емдеу, сауықтандыру.
Әйелдер босанатын бөлімде еңбек өтілдері 30 жылдан асқан, тәжірибелері жоғары акушерлер
Зәуреш Өскенова, Анар Әбдіқалықова, Раушан Смағұлова, Балагүл Төлеуова мен кіші мейірбикелер
Раушан Айтбаева, Сәуле Батырханова, Наташа Скинтян еңбек етеді.
Отбасымызда жолдасым екеуміз де осы саланың маманымыз. Ұлымыз Серік әке жолын қуғысы
келді. Бірақ ата-анасының тілегі бойынша Болашақ университетінің экономика факультетін
аяқтап, бүгін авиакомпанияның қызметкері болып отыр.
Әрине біздің жұмыс оңай емес. Жауапкершілікті талап ететін, халық үшін қызмет ететін
әріптестерімнің бәрін мерекемен құттықтап, отбасыларына қуаныш, денсаулық, шыдамдылық
және творчествалық табыс тілеймін. Ел алғысына бөлене беріңіздер, аяулы әріптестер.
Осы бөлімдегі акушер Зәуреш Өскеновада Жезқазған медициналық училищесінің түлегі. Отыз
жыл бойы осы жерде еңбек еткен, екі баланың анасы Зәурештің жары Жан да медицина саласының
маманы, тіс дәрігері.
Балалар бөлімінде кіршіксіз ақ халатындай ақ пейілі жүзінен көрінген Алмагүл Мұқанқызы
әдеттегідей әр бөлмедегі бөбектердің жай-күйімен танысып, тексеріс жүргізіп жатыр екен.
Мүнтаздай таза балалар бөлімінің тыныштығын тек балалардың екпе жасайтын медбикелерді
көріп жылағандары ғана бұзып тұр.
-Мен, үлкен отбасының тұңғыш баласымын. Әкем Мұқан Базарбекұлы мемлекеттік қызметте
болған елге сыйлы жан. Басшылық қызметтерде болып ауданымыздың өркендеп алға басуына
атсалысқан еңбек ардагері. Анам Тойбала Төкенқызы аудандық типографияда еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан жан. Екеуі де еңбек ардагерлері. Ұл-қызының білімді болып өсуіне бар
қамқорлықты жасап, жоғары білімді болуларына атсалысқан ата-ана алдындағы біздің борышымыз жетерлік. Үйдің үлкені болғандықтан тұңғыш баланың жауапкершілігі көп. Біздің отбасымыз үлкен болғандықтан артымнан ергендерге қарау, олардың сабағын қадағалау менің
мойнымдатын. Кішкене болған соң бауырларым қайта-қайта ауырып қалатын. Сондағы анамның
13-маусым 2015 жыл
арамызда
көрсетіңіздер деп ішке ентелеуде. Аурухананың күндегі кейіпі осы.
Дәрігерлерімізге мерейтойларына байланысты сұрақтар қойып, біраз
әңгімеге тартқан едік.
?) - Адам жанының арашашысы болу бала жастан арманыңыз
ба еді? Дәрігерлік мамандықты қалай таңдадыңыз. Бүгінгі
қызметіңіз туралы айта өтсеңіз?
?) -Отбасыларыңызда сіздің жолыңызды қуған ізбасарларыңыз
бар ма? Әріптестеріңізге не айтар едіңіз?
шыр-пыр болып оларды емдеуге кірісетіні әлі көз алдымда. Содан болар кішкене күнімдегі алдыма
қойған мақсатым жылдамырақ ер жетіп, дәрігер болып, бауырларымды емдеу болатын. Осы
арманның жетегінде жүріп, 1978 жылы Н.Крупская атындағы мектепті «Күміс белгімен» аяқтап,
Қарағанды мемлекеттік медицина институтының студенті атандым. 1984 жылы оны жақсы
аяқтап, Жезқазған қаласындағы облыстық ауруханаға дәрігер болып жұмысқа тұрдым. 1986
жылы осы аудандық ауруханаға орналастым. Тоқырау заманында күн көрістің қамымен әртарапқа
шашыраған уақытта да мен мамандығымды ауыстырмай осы ауруханада қалдым. Бұл
мамандығыма деген сүйіспеншіліктен болар. Содан бергі отыз жылға тарта уақытта мол
тәжірибе жинап, біраз баспалдақтан өттім. Соңғы он жылда осы балалар бөлімінің дәрігерімін
және өмірге келген нәрестелердің денсаулығын бақылаймын. Біздің мақсат науқас балалардың
денсаулығының түзелуіне атсалысу. Соларды айықтыруға күш жұмсау. Бала деген көз қуаныш.
Олардың жаны нәзік, жүрегі пәк. Бала жақсылыққа жақсылықты жылдам қайыратын періштелер. Ызыңдап, сұлық келген сан бала ем-дом жасалғаннан кейін басын көтерген бетте жалпылдап, елпелектеп қалады. Міне, бізге деген кішкене жүректердің алғысы.
Жүктілік кезінде
құрсақтағы баланы УДЗ аппаратымен тексеріп, ауытқулар болса дереу қолға алып жатады.
Соның көмегі болар өмірге келіп жатқан балалардың дені сау. Дегенмен соңғы жылдары аналардың
денсаулығы қалыпты емес екені анықталуда. Бұл экология мен құнарсыз тағамның кесірінен
болуы мүмкін.
10 төсектік балалар бөлімінде 0 жастан 14 жас аралығындағы балалар ем алады. Бұрынғы
жылдармен салыстырғанда қазір жағдайымыз оңалып келеді. Бөлімге жөндеу жұмыстары
жүргізілген, ыдыс-аяқ, төсек-орын, компьютермен қамтамасыз етілген. Облыстағы мамандармен
дереу хабарласатын телемедицина орнатылған. Болашақта жақсы құрылғылар алынады деген
үмітіміз бар.
Бүгінгі таңда біздің бөлімде медбикелер К.Смайлова, Ж.Әльмусина, Н.Жұмашева, С.Оспанова,
кіші мейірбикелер М.Карина, Б.Қуанышбекова, Г.Шоқабаева, Р.Малыбаева еңбек етеді. Науқас
бөбектердің аяғынан тік тұруына біздің бөлімнің қызметкерлерінің бәрі де атсалысып, көмек
қолдарын созады.
-Отбасыларыңызда сіздің жолыңызды қуған ізбасарларыңыз бар ма? Әріптестеріңізге не айтар
едіңіз?
-Сіңілім Мұқан Тоғжан Серікқызы Астана қаласындағы Н.Назарбаев университетінің медицина
факультетінің студенті. Бала кезінен менің соңымнан қалмай ауруханаға еріп келіп, ем-дом
жасағанды қызықтайтын сіңіліме мен көп әсер еткен болуым керек. Кішкене кезінен дәрігер
болуға бейімделген болатын.
Қызым Мұқан Гүлден Сүлейман Демерель Университетінің түлегі. Қаржыгер. Астана қаласындағы
БТА банкте қызмет істейді.
Келе жатқан мерекемен барша ақ халатты жандарды құттықтаймын. Сіздердің өлшеусіз
еңбектеріңізге тек өсу мен өрлеу, сәттіліктер тілей отырып, бағаларыңызды білетін халықтан тек алғыс алып,
мұраттарыңызға жетіңіздер деймін.
Жалпы тәжірибелік дәрігерлік амбулаторияда. Аудан
тұрғындарының ауырып қалғанын естіген бетте зыр
қағып үй-үйді аралап, көмек көрсетуге асығатын медбикелер мен дәрігерлер әр жалпы тәжірибелік дәрігерлік
амбулаторияда жетерлік. Қай бөлімшенің жұмысы мен
таныссаңыз да қауырт. Бірі балаларды екпеге шақырып,
науқастарға ем-дом жасауға асықса, бірі келген
науқастарды қабылдап, жай-күйімен танысуда.
Осындай
жандардың
бірі - Әбілдина
Зураш
Жағыппарқызы. Көкшетау өңірінің тумасы Жаманшұбар
ауылындағы мектепті бітіріп, 1971 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, 1977
ж
ы
л
ы
тәмәмдап,
ауданымызға балалар дәрігері болып келген апай содан
бергі аралықта ауданымыздағы әр баланы қалтқысыз
қарап, тұрғындарға қызмет етуде. Балалары Қайрат әскери қызметкер, Ғалия - экономист, Думан - салық маманы, Гүлзада - теміржол саласының қызметкері.
Жезқазғанның тумасы Торғаева Жазира Сағиқызы
Қарағанды медициналық академиясының 2007 жылғы
түлегі. Оқуды бітіріп Жезқазған қаласында еңбек жолын
бастап, 2010 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы
бойынша Түгіскен ауылдық округіне дәрігер болып орналасады. Түгіскен-Қызылжар жалпы тәжірибелік дәрігерлік
амбулаторияның дәрігері Жазира Сағиқызы:-Менің дәрігер
болуыма әкем ықпал етті. Ералиев ауылының келінімін.
Қазір Түгіскенде тұрамыз. Екі баламыз бар. «Дипломмен
ауылға» бағдарламасының көмектеріне қол жеткіздім.
Ауылда дәрігер болып үлкен мектептен өтіп жатырмын. Болашақта білікті маман болатыныма сенімдімін.
Медбикелер. Жалпы
тәжірибелік
дәрігерлік
амбулаториядағы учаскелік медбикелер Ұрқия Сағынтаева
мен Зейнеп Жакыпова Жезқазған медициналық
училищесінің түлектері. Ұрқия 1991 жылы диплом алып
ауданымыздағы ауруханаға учаскелік медбике болып
орналасқан. 24 жылдан бері бір орында тапжылмай
еңбек етіп келе жатқан Ұрқия үш баланың анасы.
–Біз қазір жан-жақты болып келеміз. Жалпы
тәжірибелік
дәрігерлік
амбулаториядағы біздің бөлімшенің өзінде 567 бала бар. 1
жасқа дейінгі нәрестелер 59 бала. Басты міндет
қарамағымыздағы балаларға уақытылы екпелерін салып,
тосыннан келер аурулардың алдын алу.
Зейнеп Тұрабайқызы 1988 жылы училищені бітіріп, Ақтау
совхозының №4 бөлімшесіне фельдшер болып жұмысқа орналасады. Осы ауылдың тұрғыны Ислам Қасымұлымен
шаңырақ көтеріп, төрт баланы өмірге әкеледі. Кейін совхоз
тарап, 2005 жылы аудандық ауруханаға медбике болып
орналасады.
-Бөлімшеге қарасты барлық ата-ана мен балаларды танимыз. Біздің бөлімшеде 14 жасқа дейінгі балалар саны 506, нәрестелер -35. Жылдан-жылға бала
туу көрсеткіші өсіп келеді. Сол бөбектеріміз аман –есен ер жетсін деп еңбектенудеміз-дейді Зейнеп. Еңбектеріңіз жансын деп біз де қоштастық
САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
13-маусым 2015 жыл
3
Қазақстан Республикасы Жер кодексіне өзгеріс
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік
қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Жер кодексіне (бұдан әрі-Кодекс)
өзгерістер енгізілді.
Аталған Заңмен басты өзерістер ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер
учаскесін пайдаланбау жағдайларына түсінік және оларды мәжбүрлеп алып қою тәртібі, бүгінгі
мақала осы тақырыпқа арналады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге өзінің сапасына қарай ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіруге жарамды, ауыл шаруашылық мақсатында жұмыс жүргізуге берілген жерлер
жатады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары
мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан
жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының
алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады.
«Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірден бір құзіретіне пайдаланылмай жатқан не Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару жатады.
Кодекстің 92 бабы 3 тармағына енгізілген өзгерістерге байланысты, егер ауыл шаруашылығы
өндiрiсiн, оның ішінде, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап бесжылдық кезеңде жалпы алғанда екі
жыл мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң
94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
Жер учаскесін еңсерілмейтін күш салдарынан мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған
уақыт бұл кезеңдерге кiрмейдi.
Аталған баптын 4 тармағына сайкес, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер
учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау жағдайларына,
Егістікте – жер учаскесін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін өңдеу жөніндегі
жұмыстардың жүргізілмеуі;
Шабындықтарда – екі жылдан астам жер учаскесінде шөп шабудың жүргізілмеуі, оны
арамшөптердің, бұталардың, шіліктердің басып кетуі және шөп бітіктігі жұтаңдануының өзге
де белгілерінің болуы;
Жайылымдарда – жаю үшін ауыл шаруашылығы малының болмауы не оның агроөнеркәсіптік
кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген, жайылымның жалпы алаңы
жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырмадан аз пайызын құрайтын мөлшерде
болуы және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы;
Көпжылдық екпелерде – егісті күтіп өсіру, жинау жұмыстарының жүргізілмеуі және есептен
шығарылған көпжылдық екпелердің тамырларының алынбауы жатады.
Осымен қатар 5 тармақта, мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне олар жиырма бір жасқа толғанға дейін
қолданылмайтындығы көрсетілген.
Осымен қатар Кодекстің 93 бабымен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып
пайдаланылған жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып
қою тәртібі бекітілді.
Жер учаскесін немесе оның бір бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып
пайдалану Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 338
бабына сәйкес келесідегідей жауапкершілікті көздейді:
Жеке тұлғаларға ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл,
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе комерциялық емес ұйымдарға 40 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл,
Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл,
Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне немесе комерциялық емес ұйымдарға 200 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл.
Кодекстің 93 бабы 3 тармағына сәйкес, жер учаскесін Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұза отырып пайдалану жағдайларына келесілер жатады:
1) жер учаскесін немесе оның бір бөлігін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау;
2) жер учаскесін немесе оның бір бөлігін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды
пайдалану қағидаларында айқындалған талаптарды бұза отырып пайдалану;
3) осы Кодекстің 99-бабында белгіленген талаптарды сақтамау (Жер учаскелерiнiң меншiк
иелерi мен жер пайдаланушылар инженерлiк тұрғыда әзiрленген суармалы жерде дақылдарды
кезектестiрудiң белгiленген схемасын ұстануға, қажеттi мелиорациялық және қалпына келтiру
жұмыстарын жүргiзуге, соның iшiнде учаскеде бар суландыру және тоспа-кәрiз жүйелерiн тиiсiнше тәртiппен күтiп-ұстауға мiндеттi.)
4) жер учаскесін экологиялық жағдайды едәуір нашарлатуға әкеп соғатындай етіп пайдалану
жатады.
Осымен қатар,аталған баптын 5 тармағына сәкес, еңсерілмейтін күштің салдарынан туындаған
жағдайларды қоспағанда, жер учаскесін немесе оның бір бөлігін пайдалану ауыл
шаруашылығы жері құнарлылығының анағұрлым төмендеуіне не экологиялық жағдайдың
едәуір нашарлауына әкеп соққан жағдайларда, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекетке залалды
өтеуге міндетті.
Кодекстің 94 бабы талаптарына сәйкес мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн мәжбүрлеп алып
қою тәртібі бойынша келесідей жүргізіледі:
Жоғарыдағы баптың 1 тармағына сәйкес, жер учаскелерінің меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделгендей
мәжбүрлеп алып қою жер учаскесі орналасқан жер бойынша жердің пайдаланылуы мен
қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың (Қарағанды облысының
жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы) талап арызы бойынша сот
тәртібімен жүргiзiледi.
Жер учаскелерінің меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін осы
Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделгендей мәжбүрлеп алып қою жер учаскесі орналасқан
жер бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын
органдардың талап арызы бойынша сот тәртібімен жүргiзiледi.
Кепілге алынған жер учаскелерін осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделген негіздер
бойынша мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берілген жағдайда, кепіл ұстаушы мұндай
жер учаскелерін алып қою рәсімінің басталғаны туралы хабардар етілуге тиіс.
Кепіл ұстаушыға хабарламаны сотқа талап арыз берген, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын тиісті орган жіберетіндігі көрсетілген.
Жоғарыдағы баптың 2 тармағы талаптарына сай, осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында
көзделген жағдайда жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін және жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде және
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану
үшін жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға берілген нұсқаманың мерзімі
өткеннен кейін беріледі.
Жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде шаралар қолдану үшін мерзім - бір жыл,
ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде - жер учаскесін
мақсаты бойынша пайдаланбау не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі
анықталған кезден бастап үш ай болып белгіленеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттілігі туралы нұсқама жер
учаскесіне құқық ауыртпалығы ретінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады.
Осы баптың 3 тармағы бойынша, жер учаскесі осы Кодекстің 92 және 93-баптарында
көрсетілген негіздер бойынша сот шешімімен жер учаскесінің меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған жағдайда, жер учаскесіне меншік құқығы немесе
жер пайдалану құқығы (мемлекеттен сатып алынған, жер учаскесiне жалдау құқықтарына
қатысты) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында және Қазақстан
Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы
заңнамасында белгіленген тәртіппен сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатылады.
Өтеусіз негізде берілген жер учаскесі осы Кодекстің 92-бабында көрсетілген негіздер бойынша
сот шешімімен меншік иесінен мәжбүрлеп алып қойылған жағдайда, осы жер учаскесі жер
учаскесінің меншік иесіне құнын өтеместен одан әрі қайта бөлу үшін арнайы жер қорына алынады.
Бұл ретте мұндай меншік иесінің (алып қойылған жер учаскесі осы Кодекстің 9-бабы 3тармағы 2) тармақшасының негізінде берілген жағдайда) осы Кодекстің 96-1-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, жер учаскесін осы мақсаттар үшін өтеусіз негізде қайтадан
алуға құқығы бар екендігі аталған баптың 4 тармағымен көрсетілген.
Жоғарыдағы баптың 5 тармағы талаптарына сәйкес, жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою
шығыстары шегерiлгеннен кейін және орындалуы жер учаскесінің және жер пайдалану
құқығының кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша талаптар мөлшерінде кепіл
ұстаушыға төленгеннен кейін түскен сома жер учаскесінің бұрынғы меншiк иесiне немесе жер
пайдаланушыға төленедi.
Бiр жыл iшiнде кемiнде үш сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізілгеннен кейiн мұндай
жер учаскесiн немесе оған жер пайдалану құқығын өткізу мүмкiн болмаған кезде жер учаскесi
сот шешiмiмен арнайы жер қорына алынады.
Осымен қатар баптың 6 тармағымен, жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы заңды күшіне
енген сот шешімі жер учаскесі мәжбүрлеп алып қойылған тұлғаны жер учаскелері мәжбүрлеп
алып қойылған тұлғалардың тиісті тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.».
Және де Кодекстің 96-1 бабы талаптарына сәйкес, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған
тұлғалардың тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы ұсынатын ақпараттың негізінде орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Осы баптың 4 тармының талаптарына сай, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған
тұлғалардың тізіліміндегі жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беруге жол берілмейді.
Жер кодесіне енгізілген өзгерістерге сай, жер экономикалық тұрғыда тиімді және экологиялық
сауатты пайдаланылады деген үлкен үміттер күтіледі. Жер заңнмасына енгізілген жаңа
өгерістерге сай жерге деген қатынастың қаншалықты ұқыпты және тиімді болатындығын
уақыт көрсетеді.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуынбақылау мәселелері бойынша қосымша ақпарат алу,
сондай-ақ жер заңдарының нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін Қарағанды
облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына келесі мекен-жай
бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Пассажирская көш.,15; тел./факс 47-58-59.
Кітап – асыл қазына
Байдалы би ауылы, Атасу орта мектебінде кітап күні мерекесіне арналған
кітапханалық іс-шара өтті. Бағдарлама бойынша 7-сынып оқушысы Д.Кеңпейілдің
«Кітап – асыл қазына» тақырыбында жасалған презентациясынан оқушылар
кітаптың шығу тарихы мен әйгілі кітапханалар туралы мағлұмат алды. Ә.Ахметова
қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих – сыр шертеді» кітап
көрмесімен таныстырып, оқушыларға қазақ хандығының тарихынан мәлімет беретін кітаптарды көрсетіп, ол кітаптардың қысқаша мазмұнын баяндап берді. Көрмедегі кітаптардың ішіндегі «Байдалы
би және Абылай ханның қамқа тоны» кітабынан Байдалы би мен Айғаным жайында үзінді аланып, сахналық
қойылым қойылды. 8-сынып оқушысы Т.Бодықов Байдалы биді сомдаса, А.Омарова Айғаным ханымды өз мәнінде
нақышына келтіріп ойнай білді. 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен қойылған бұл көрініске Асылан, Сағи,
Мұхтар, Ғалия, Мәдина, Әлия, Нұрислам, Нояндар да атсалыса қатысты. Қойылым өте тартымды өтті, сахна қазақтың
қара киіз үймен безендіріліп, дастарханы жайылып, нағыз байдың үйінің көрінісін бейнеледі. Қойылым соңында кітапханашы апай оқушыларға алғысын білдіріп, мектеп кітапханасына балаларға арналған екі кітап сыйлайтындығын
айтты. Осындай мәнді іс-шара ұйымдастыруда мектеп ұстаздарының еңбегі елеулі, соның ішінде кітапханашы Төлеш
апайға үлкен алғыс айтамыз.
М.АХМЕДИЕВ,
А.БАЗАРБАЕВ,
Атасу орта мектебінің оқушылары
«Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен
қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Аула клубы ашылды
Атасу кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен А.Сейдімбек көшесі №57
көппәтерлі үйдің жертөлесінен жалпы аумағы 150,0 ш.м. болатын екі
бөлме толық жөндеуден өтіп, аулалық спорт клубы ашылған болатын.
Кент аумағындағы халықты оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді
бұқаралық спортқа тарту мақсатындағы шаралардың бірі ретінде осы
жылдың 27-мамыр күні Атасу кенті әкімдігі мен Жаңаарқа аудандық
денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жастар мен
жасөспірімдер арасында үстел теннисінен жекелей бірінішілік өтті.
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы аясында өткен бірінішілікке жастар мен жасөспірімдердің жұмыла қатысып, белсенділік көрсетуі - салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында жасалып жатқан игі істер
жас ұрпақтың денсаулығын нығайту арқылы білімі мен машықтарын
қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.
Біріншілікті ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан Жаңаарқа аудандық
денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Қарабаевқа, мамандары Ф.Бестенбековаға, Е.Байжановқа, А.Сәкеновке, О.Жұмабеков
атындағы орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Д.Ізтелеуовке алғыс айтамыз. Біріншілік жеңімпаздары Атасу кенті әкімінің
жүлдесімен және мақтау грамоталарымен марапатталды.
А.ҚҰЛЫМБЕТОВ,
Атасу кенті әкімі аппаратының бас маманы
4
Ғылымға бет түзеген жас буынға қанат бітірген...
13-маусым 2015 жыл
Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде 2015 жылдың 17-сәуірінде «Нұрлы жол
– болашаққа бастар жол» - Қазақстан Ұлттық идеясының мазғымас діңгегі» атты
республикалық ғылыми-теориялық конференциясы болып өтті.
Еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуының жедел қарқынмен қарыштауына байланысты заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті
жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына үлкен
міндеттер жүктеліп отырғаны баршамызға мәлім.
Осыған орай, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі мен кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беруді
жаңғырту департаменті, Қарағанды облысының білім басқармасының бірлесе
ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді.
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары бір кісідей
қуана құптаған шараның ерекшелігі сонда – республикалық деңгейде алғаш рет біздің
аймағымыздағы ордалы оқу орны – Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінде
өткізілуінде.
Осындай ауқымды шараның өткізілуі үшін таңдаудың Жезқазған индустриалдықгуманитарлық колледжіне түсуі де кездейсоқтық емес.
Бүгінгі таңда кәсіби құзыретті мамандар даярлауда айшықты із қалдырып келе жатқан
Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті,
әлемдік білім кеңістігінде еркін самғауда ақпараттық технология мен терең кәсіби білімді
меңгерген мамандар даярлауды өздерінің басты ұстанымы етіп келеді.
Әрине, тың бастамаларға соны үн қоса білетін оқу орнының қол жеткен жетістіктері істердің
жанашыры, небір жаңашыл бастаманың иегері, білікті басшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тілеужанова Марал Кәрібайқызының ілкімді іскерлігі мен өзі басқарып отырған
педагогикалық ұдымының қажырлы еңбегінің көрінісі екенін неге айтпасқа?!
Сондықтан да, елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген,
кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда өзіндік орны бар Жезқазған индустриалдықгуманитарлық колледжіндегі болып жатқан «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - Қазақстан
Ұлттық идеясының мызғымас діңгегі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияға
ерекше ықылас танылытып, еліміздің түкпір-түкпірінен 143 баяндама келіп түсті. Конференция
ережесіне сәйкес баяндамалардың тақырыбы да сан алуан. Сайып келгенде, барлық
баяндамалардың түп қазығы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұры жол –
болашаққа бастар жол!» атты Қазақстан халқына Жолдауы болды.
Астана, Алматы қалалары, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысы, Көкшетау және Батыс
Қазақстан облысы, сонымен бірге, өзіміздің Қарағанды облысы белсенділік танытқан «Нұрлы
жол – болашаққа бастар жол» - Қазақстан Ұлттық идеясының мызғымас діңгегі» атты
республикалық ғылыми-теориялық конференциясының көздеген мақсаты – Елбасы Жолдауында көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асырудағы инновация мен негізгі перспективаларды айқындау, өзара талқылау мен оны жүзеге асыру жолдарын қарастыру болды.
Осыған орай, аталмыш конференция Елбасы Жолдауында көтерілген мәселелер мен алға
қойылған мақсаттарды шешудегі ұстанымдарды нақтылау мен өскелең ұрпақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарта отырып, оларды жаңашылдыққа үндеу, кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыра отырып, өзіндік жұмыс мақыштарын жетілдіру міндеттерін алға тартты.
Ерекше айтарлық жайт, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің директоры
М.К.Тілеужанованың редакциялығымен жарыққа шаққан конференция материалдарының
жинағына Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік Кітаптар палатасының халықаралық
ISBN таралымы рұқсаты біріліп, барлық қатысушылардың баяндамалары жинаққа енді.
Егемен еліміздің тұрақты дамуына септігін тигізер, мемлекетіміздің жарқын болашағын
көздейтін бұл Жолдаудағы Қазақстанның болашағы жолындағы басым бағыттардың
нақтыланатынын конференциямызға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
мен Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғырту департаментінен
арнайы келген өкілдері мен өңіріміздің құрметті азаматтары, сондай-ақ, Сарыарқа аймағына
танымал ғылым және қоғам қайраткерлері, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық
колледжінің әлеуметтік серіктестері мен Жезқазған, Сәтпаев қалалары ішкі саясат бөлімінің
жастар бастамалары және тағы басқа өлкемізге танымал азаматтар өздерінің жүрекжарды ле-
біздері мен ұсыныстарын білдірді.
Конференцияға еліміздің түкпір-түкпірен арнайы келіп қатысқан, сонымен қатар, өзіміздің
Қарағанды облысы мен Жезқазған, Сәтпаев, Жәйрем қаласындағы техникалық және кәсіптік
орта оқу орны студенттерінің баяндамалары ғылыми тұрғыда жоғары деңгейді танытты.
Пленарлық отырыста өзінің өрелі ойларымен, тың пікірі арқылы тыңдарман қауымның жүрегін
баурап алған Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті Қошымов
Наурызбектің «Біздің ұлттық идеямыз – Мәңгілік ел мен Нұрлы жол» тақырыбындағы баяндамасын ерекше айтпасқа бомайды. Білім алушы өзінің ғылыми жұмысына нұрлы жолда өзінің
жасампаздығымен танылар Мәңгілік елдің жастарының өз білімімен, жаңашылдыққа деген
құштарлығымен осы мұратқа лайық болуғы тиіс екенін дәлелдей алды.
Қазіргі қоғамымыздағы көкейкесті мәселелерді қозғай білген бес түрлі бағыттағы ғылыми
жұмыстардың қай-қайсысын алсақ та,мақтап-марапаттауға әбден тұрарлық. Ұлы мұраттардың
нұрлы жолындағы Мәңгілік Елді секциялық отырыстың бірінші бағыты етіп ұстанған студенттеріміз Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуындағы тың бастамалар мен бағыттарды
өздерінің баяндамаларына арқау етті.
Әлбетте, секциялық отырыста талқыланған әрбір бағыт бойынша баяндамалардың қозғайтын
ойы тың, ғылыми жобалары серпінді болды.
Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытудың кешенді жоспары, индустриялық
және энергетикалық инфрақұрылымдарды дамытудағы мақсаттарымызды тілге тиек еткен Алматы индустриалды колледжінің студенті Налибай Арай өзінің «Республикалық маңызы бар
жолдарды қайта өңдеу» атты ғылыми жұмысында егжей-тегжейлі мәнін аша білсе, Қызылорда
гуманитарлық колледжінің білім алушысы Жүсіпназар Айдана да «Үйлену салтына байланысты әдет-ғұрып, жол-жоралғылардың ұлттық дүниетанымға байланысы» тақырыбы бойынша
ұлтық құндылықтарымыз, тіл, дін мен діл, өнер, тарих, рух пен мәдение мұралар жайлы келелі
ой қозғай білді.
Секцияның екінші бағыты бойынша Нұрлы жолдағы басым бағыттарды, ел дамуындағы
инновациялық жобалар мен жаңашылдықты тілге тиек еткен Көкшетау құрылыс-техникалық
колледжінің студенті Черняков Сергей өз жұмысында биогазды энергия көзі ретінде пайдалану
жайын сәтті қорғау барысында білім алушылардың ерекше ықыласына ие болды.
«Келешекте Ұлытау өңірі туризм орталығына, ата-баба аруағына тағзым ететін орынға айналады»,- деген Елбасымыздың сөзін ұстанған ЖИГК студенті Қасқабаев Шыңғыс «Туризм –
болашақ бастауы» баяндамасы Ұлытау өңірінде алдағы уақытта ұлттық саябақ
салынатындығын , бұл өңірдің болашағы зор екенін тыңдармандардың зердесіне жеткізе білді.
Қоғамымызда еш уақытта өзінің мән-маңызын жоймайтын «Ғылым мен білім – Мәңгілік елдің
межелі құндылығы» бағыты бойынша жасалған баяндамалардың барлығында да білім, ғылым
мен оқытудың жаңаша технологияларды жөнінде жаңашыл ізденістер мен соны идеялардың
куәсі болдық. Еліміздің түкпір-түкпірінен бұл тақырыпқа өзіндік үнін қоса білген жас
өрендердің жұмыстарының қай-қайсысын алсақ та, бір-бірінен кемшін түскен жоқ.
«Нұрлы жол: креативті жастар, ұлттық құндылық» бағыты бойынша да көптеген маңызды
баяндамалардың халқымыздың өнер, әдет-ғұрып және салт-дәстүрлер жайында өзекті ой
қозғағанын айтпай кетуге болмас. Соның бірі, әрі бірегейі ретінде Қарағанды политехникалық
колледжінің білім алушысы Ермаханова Махаббаттың «Пікірсайыс арқылы студенттердің бойында коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамасы
тыңдармандардың қызығушылығын арттырып, осы мәселелер төңірегіндегі қызу талқылауға
ұласты.
Осылайша, республикалық ғылыми-теориялық конференция қатысушыларды, яғни, өскелең
ұрпақ өздерінің әлеміне нық беті бұрғандығын нақты дәлелдеді. Оған куә – конференция барысында қозғалған тақырыптардың өзектілігі мен жаңашылдығы.
Республикалық ғылыми-теориялық конференция Мәңгілік ел жастарының елжандылық рухын
көтеріп қана қоймай, олардың одан әрі ғылымға бет түзеуіне жол ашары сөзсіз. Ең бастысы,
қазіргі заман жастары – азуын айға білеген адуынды мемлекеттермен терезесі тең, егемен елдің
еркін ұландары екендіктерін терең ұғына білетін қоғамымыздың үлкен қозғаушы күші деп білемін.
ШАҒАТАЕВА БЕЙСЕНКҮЛ ҰЛҒАСБАЙҚЫЗЫ
Биыл барша қазақстандықтар үшін мерекелі де берекелі
маңызы өте зор жыл. Ел бірлігі, берекесі үшін атаданбалаға мирас болып келе жатқан Ұлы Бірліктің жылы
Ассамблея жылы, төртеуі түгел болып Мәңгілік Ел
болуға бағытталған еліміздің хандығына - 550 жыл! Ұлы
Ерлік пен Өрліктің куәсі – Ұлы Жеңіске -70 жыл!
Алқалы Билерден бастау алған Ата Заңға – 20 жыл!
Көсемсөздің патшасы Абайдың туғанына 170 жыл. Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» – Болашаққа бастар
жол» Жолдауында мәдени-тарихи маңызы бар
оқиғаларды мерекелеу туралы ерекше айтылған болатын. Оларды жоғары деңгейде атап өту туралы тапсырма бердi. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Жаңаарқа ауданының
орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің барлық кітапханаларында әртүрлі тақырыпта
кітап көрмелері, әңгіме-шолу тағы басқа іс шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Жақында
ОКЖ кітапханашылары бірлесіп, «Мәңгілік ел – мәңгі жаса!» тақырыбында әдеби-танымдық
музыкалық кеш өткізді. Кешті жүргізушілер әдістемелік бөлім меңгерушісі Г.Төребаева мен
әдіскер А.Жаншораева ашты. Бұл іс шара биылғы жылғы айтулы даталы мерекелерге арналды.
Қазақ хандығының 550жылдығына арналған І-топтамасында аудандық балалар
кітапханасының қызметкерлері М.Ахметова, Ш.Иманбаева, С.Ныгманова, Г.Сарыбаевалар
дайындаған Қазақ хандығының құрылу тарихына шолу жасап, белсенді оқырмандары
О.Жұмабеков атындағы мектептің оқушылары Ж.Нұрлан, Қ.Төлеутаев, А.Амантай, Е.Аманбаев, Е.Жарылгапов, А.Какенов, Д.Сағынтай, Қазақ хандығының құрылуы ішкі феодалдық
талас-тартысты тоқтатқан, ел ішінде тыныштық орнап, мамыражай заман келіп, Қазақ
хандығының іргесі бекіп күш-қуаты мен беделі арту кезеңін көрініс ретінде көрсетіп,
тақырыпты аша білді. Ұлттық киім киген қыздар Н.Сарсенбекова, А.Байбәкір, Ү.Дәулетова
шашу шашып, сахнада күй орындалды да қыздар би биледі. Ортаға қолдарына көк ту ұстап
барлық қатысушылармен бірге аграрлық колледж ұстазы Марат Қазенов шығып Бекболат
Тілеухановтың «Елім менің» әнін орындап көрермендерді бір серпілтті.
ІІ-топтама Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналды. Әскери киім киген кітапхана қызметкерлері С.Шайхина, Ж.Нығманова, З.Сагинтаева, Н.Естаева, А.Ботбаева,
Н.Смагулова, Н.Қасымбекова, Н.Матиндер «Елін сақтап қалды ерлер... тақырыбында
қойылым көрсетті. Әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы
Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ
емес. Ұлы Отан соғысына қатысып ел қорғаған жерлестерімізді Кеңес Одағының батыры
атағын алған Амантай Дәулетбеков, Хамит Садуов аталарымызбен қоса соғыстан оралмаған
ардагер аталарымызды құрметпен еске алып, осы 70 жылдық мерейтойға аман-есен жеткен
Зейнулла Қуанышбеков, Николай Павлович Седусов, Петр Тимофеевич Тарада Жеңіс туын
желбіретуге қосқан зор үлестері туралы айтылды. «Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды» жас
ұрпақтарға Отансүйгіштікке тәрбиелеуде қойылымның тәрбиелік мәні өте жоғары деңгейде
болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына арналған ІІІ-топтама «Ата
Заң – ел тірегі» деп аталды. Осыдан 20 жыл бұрын, 1995 жылы 30-тамызда Қазақстан халқы
тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан
еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын
алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына,
дамудың қайнар бастауына айналды. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие,
тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады.
Осы орайда кітапхана қызметкерлері А.Оралбаева, Ж.Смайылова, З.Сағынтаева, Г.Бергенова,
С.Бақышева М.Түсіпбаевалар қойылым көрсетті. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына
бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық
борышын орындауы екенін көрермен-оқырмандарға қойылым арқылы заңнан ақпарат берілді.
Іс шара «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» тақырыбымен жалғасып, «Діні басқа, тілі
басқа, тілегі бір» бір шаңырақ астында жиналған ұлт-ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы,
байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге
сенім, көңілдерге қуаныш ұялататынын кітапханашылар Г.Ахмедина, Г.Жакупова, Ж.Акимова,
Г.Минтаева, Ж.Адилова, К.Коппаевалар және тағы басқалар өздерінің әр ұлттың халықтық
дәстүрін насихаттады.
ОКЖ-нің кітапханашылары А.Жаншораева, К.Коппаева, Г.Сарыбаева «Бір халық, бір ел, бір
тағдыр» атты биімен ортаға шығып әр ұлттың қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, татар, өзбек, поляк
билерін нақышына келтіріп билеп, әдеби-танымдық музыкалық кешті әрлендіре түсті. Кеш
соңы кітапхананың жастары ұйымдастырған флешмобпен аяқталды.
Бұл іс шараға мәдениет үйінің қызметкерлеріне Г.Оспанова, Жарас Ізтөлеуов, Абзал, Медет
біздің іс шарамызды өздерінің әсем әндерімен толықтыра түскені үшін ризашылығымызды
білдіреміз.
«Мәңгілік ел – Мәңгі жаса!» әдеби-танымдық музыкалық кеші
Жаңаарқа ауданының ОКЖ бойынша
Әдістемелік бөлім
13-маусым 2015 жыл
5
Ірі азық дайындау және астық жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы
Жем дайындау және егін жинау кезінде ауыл шаруашылық өндірісі объектілерінде өртті болдырмау үшін келесі өртке қарсы шараларды орындау қажет:
І.Дала жұмыстарына дайындалу кезінде
1.Жем дайындау және егін жинаудың алдында
а) жинау машиналарды және агрегаттарды өртке қарсы дайындау, механизаторларға өртке
қарсы нұсқау беруді ұйымдастыру және жем дайындау және егін жинау кезінде өрт қауіпсіздігі
ережелерін сақтау үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорынның басшысы жауапты адамдарды
тағайындау керек;
б) жем дайындау және егін жинауға қатысатын трактористтер, комбайнерлер, олардың
көмекшілері және басқа механизаторлар арнайы бағдарлама бойынша өртке қарсы нұсқауды
өту керек;
в) егін жинау жұмыстарына бөлінген адамдар да өрт қаупсіздігінің негізгі шаралары бойынша
нұсқау алу керек;
г) егін піскен кезінде егістікті күзету үшін шолғыншылар және егістік қызметкерлер болу
керек;
д) егін массивтеріне және пішендік қоныстарға жинау машиналарын және тракторларды
шығару алдында оларды жөн ұшқын сөндірушілермен жабдықтау керек, жем тасымалдайтын
автокөліктерді алдыңғы буферға шығарылған заводта жасалған жөн сөндіргіштермен
жабдықтау керек;
е) жинау агрегаттарды және егін жинау жұмыстарына лайықталған ауыл шаруашылық техниканы бірінші өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау керек (2 өрт сөндіргіш, 2 күрек, 2
сыпырғыш, өлшемі 1,5х1,5м киіз немесе брезент);
ж) жинау жұмыстарына техниканың өртке қарсы жағынан дайындығы әр ауылшаруашылық
кәсіпорында құрылатын арнайы комиссиялармен тексерілу керек;
з) өрт сөндіру көліктерінің, мотопомпалардың және өрт сөндіруге лайықталған техниканың
техникалық жағдайын тексеріп, оларды жанармай-майлайтын материалдар қорымен
жабдықтау керек; ЕӨСҚ жауынгерлік есептерді толықтыру және жүргізушілердің тәулік бойы
кезекшілігін қамтамасыз ету қажет.
ІІ. Дала қостары орналасқан орындарда
1. Уақытша дала қостарын егін массивтеріне, мехқырмандарына, маяларға және т.б. 100 метрден жақын орналастырмау керек. Дала қостарына, жанармай қоймаларына және көліктердің
уақытша далалық тұрақтарына белгіленген алаңдарда ені 4 метрден кем емес жол жыртылады.
2. Дала қостарын өрт сөндіру үшін су қорымен, өрт сөндіргіштерімен, күректермен және
сыпырғыштармен қамтамасыз ету керек.
3. Асхана ошақтарын әртүрлі салуларға 30 метрден жақын емес және егін массивтеріне 100
метрден жақын емес орналастыру қажет. Осы ошақтарды ені 6 метрден кем емес жыртылған
жолмен қоршау керек.
4. Егін массивтерінде және оның жанында ашық отты пайдаланатын жұмыстарға, темекі
тартуға рұқсат етпеу керек.
5. Дала қостарында, қырмандарда және пішен мен сабан маялайтын учаскелерінде темекі
тартуға жабдықталған “Темекі тартатын орын” деген жазуымен орындар бөліну керек.
ІІІ. Жемді дайындау, тасымалдау және сақтау кезінде
1.Пішен сарайларды өзендердің, тоғандардың жанында, ғимараттардан, автожолдардан 100
метрден кем емес және электр өткізгіш жолдарынан 30 метрден кем емес ара қашықтықта,
шөптен және жемнің қалдықтарынан тазартылған стационарлық алаңдарда орналастыру қажет.
2.Пішен сарайларды маялардан 15 метрден кем емес ара қашықтықта 6 метр қорғау жолын
жырту керек. Бөлек маяларда маялардың негізінен ара қашықтығы 10 метр қорғау жолдары
болу керек. Пішен сарайларды қоршаумен (шарбақпен немесе терең ормен), периметр бойынша электр жарығымен және сенімді тәулік бойы күзетпен қамтамасыз ету керек.
3.Әр маяға 250 тонна пішен (сабан) салады және оларды бір-бірінен 50 метрден кем емес орналастыру керек.
4.Пішен сарайындағы әр маяны, 30-50 шелек суы бар сыйымдылықтағы екі өрт сөндіргішпен,
екі шелекпен және айырмен, күрекпен қамтамасыз ету керек. Барлық өрт сөндіру құралдарды
пішен сарайының аймағында 2-3 жерде орналастыру керек.
5. Қозғалтқыш қолдануымен жемді дайындау және маялау кезінде:
а) пішеннің (сабаннның) қозғалтқыштың түтін шығаратын коллекторына түсу мүмкіндігін болдырмау, ол үшін қалқандарды және т.б. орналастыру;
б) шкивтердің және тез айналатын біліктердің жағдайын жүйелі байқау керек, қайыс
берілістердің батып қалуын және сабан, пішеннің оралуын болдырмау;
в) пішен маялағыштардың қозғалтқыштарын күнде жиналатын майдан және пішеннен тазарту.
6. Пішен сарайының аймағында өрт болған жағдайда дабыл беру және ЕӨСҚ мүшелерін
жинау үшін қарапайым дыбыс сигналдарын орнату керек.
7. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде көліктің шанағына жем тиеуге тыйым салу. Жем
қоймаларынан шығуды тек көліктің тұрған жерін және шығару құбырының жанындағы пішенді (сабан) жинау орнын тексерген соң рұқсат ету.
8.Ылғалдылығы жоғары пішен маяларына температуралық бақылау жүргізу және
температураның жоғарылауын болдырмау.
9. Жем қоймаларын найзағайдан қорғайтын құралдармен жабдықтау.
10. Пішен және сабан маялардың жанында ашық отты қолдану жұмыстарын және темекі шегуге тыйым салу.
IV. Егін жинау кезінде
1. Темір жол және тас жол жанындағы жолдарда масақ дақылдарын егуге тыйым салу. Бұл
жолдарда шабылған шөпті егін массивтеріне 30 метрден кем емес ара қашықтықта шөмелерге
жиыстырып қою керек. Темір жол, тас жолдардың, орман массивтердің және дала жолдарының
бойындағы егін массивтердің енін кемінде 6 метр жолмен жырту керек. Комбайндардың
жұмысы алдында егін массивтердің периметрі бойынша терең дискілеуін өткізу, егіс даласын
учаскелерге бөліп, торлардың араларында комбайнның бір күндік өңдеуінен көп емес алаңында
енін кемінде 6 метрдей жолды жырту керек. Егін өтетін дала жолдарды жауып, егіннің пісу
және жинау уақытында егін массивтерінен кез келген көліктің жүруіне тыйым салынады.
2. Егістерде орылған егістің, жем қалдықтарын жағуға, алаулар жағуға тыйым салу.
3. Жинап жатқан егін массивтердің жанында өрт болу жағдайына трактор мен соқа дайындап
қою керек.
4. Қозғалтқыштың радиаторындағы шаңды пайдаланған газдардың көмегімен тазартуды егін
массивтерінен тыс жерде өткізу.
5. Жинау машиналардағы подшипниктерді және басқа қажалатын бөлшектерді майлауды,
битер біліктерін, тасымалдағыштардың сабан тығыздауыштарын және комбайнның басқа айналатын бөлшектері мен түйіндерін оратылып қалған сабаннан тазартуды уақытында өткізу.
6. Жинау машиналардың шнектерін және тасымалдағыштарын жемнен және сабаннан жүйелі
тазарту.
7.Тракторларға, комбайндарға және басқа көліктерге жанармайды тек сөндірілген
қозғалтқышта жанармай құюшы құю керек, көліктерге түнгі уақытта жанармай құюына, жанармай құю кезінде темекі шегуге және ашық отты қолдануға тыйым салу.
8. Жинау машиналарды және агрегаттарды жөндеуді және қоюды егін массивтерінен 30 метрден кем емес ара қашықта жүргізу қажет. Жөндеу және тұру орнын ені 6 метрден кем емес
жолмен жыртады.
9. Комбайндарды аптасына кемінде екі рет жуу қажет.
V. Жем қоймаларда және жем кептіргіштерде
1. Жылда егінді жинау алдында жем қоймалардың жем кептіргіштердің өртке қарсы жағдайын
арнайы коммисиямен тексеру керек. Комиссиямен анықталған ақауларды жемді қабылдау және
кептіру алдында жою керек.
2. Жем қоймаларды бөлек тұрған ғимараттарда орналастыру. Жем қоймалардың қақпалары
сыртқа ашылатындай болу керек. Шығатын жерлерді үйіп тастауға тыйым салу.
3. Ғимараттың өртке қарсы қабырғалардағы ойықтарды өртке қарсы есіктермен қорғап, ал бір
тасымалдағыштан екінші тасымалдағышка жем лақтыру орындарында қорғаныс құралдарын
орнату (мысалы, өртке қарсы клапандар).
4. Жем қоймаларындағы электр сымдар болат құбырларда немесе ашық айырғыш заттардағы
ПР-500 сымынан орындалуы керек, ал электр шырақтар шаң өткізбейтіндей орнатылу керек.
Жылжымалы машина және механизмдерді қосуға арналған іске қосқыш және сақтандырғыш
қондырғыларын, штепсель розеткаларын жем қоймасының сыртқы жанбайтын қабырғасына
немесе бөлек тұрған тірекке орналастыру керек.
5. Стационарлық жем кептіргіштерді жем қоймаларынан жанбайтын бітеу қабырғамен бөлу.
Бұл қабырғада технологиялық ойықтарды құрған кезде оларды өртке қарсы қорғау
қондырғылармен жабдықтау керек. Жем қоймалардың және жылжымалы кептіру
агрегаттардың ара қашықтығы 10 метрден кем болмау керек.
6. Кептіргіштердің оттығын ұшқындардың шығуын болдырмайтындай орындау керек. Түтін
құбырларын ұшқын сөндіргіштермен жабдықтау, ал олардың жанғыш материалдардан өтетін
жерлерінде өртке қарсы бөлгіштерді құру. Тек заводта жасалған сұйық отынмен жұмыс істейтін кептіргіш агрегеттардың отын өткізгіштерін және басқа арматурасын құру, отынның ағып
кетуін болдырмау. От жағатын бөлмелердегі еденді жанбайтын материалдардан жасау керек.
Отын және май төккен жағдайда оны шұғыл құм немесе үгіндінің көмегімен жинау керек.
Қолданған құмды және үгіндіні бөлмелерден тыс жерде орналасқан арнайы қақпағы бар
жәшіктерге жинау керек.
7. Сұйық отынмен жұмыс істейтін кептіргіш агрегаттарды оттықта шырақ сөнген кезде, форсунка алдында температураның жоғарылауы және қысымның төмендеуі кезінде отын беруді
сөндіруін қамтамасыз ететін жылу таратқыштың және қауіпсіздік автоматикасының температурасын бақылайтын құралдармен жабдықтау.
8. Жабдықтармен жұмыс істеуге агрегаттардың құрылысын және қолдану ережелерін білетін,
сонымен бірге өрт сөндіру-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқыған және осы
агрегаттарда жұмыс істеуге рұқсат беретін мамандырылған куәліктері бар адамдарды жіберу.
9. Қоймаларды үймемен толтырған кезде үйменің үстінен жабындының жанғыш конструкцияларына, шырақтарға және электр сымдарына дейінгі ара қашықтық 0,5 м кем болмау керек.
10. Жем қоймаларын қолдану кезінде тыйым салынады:
а) жеммен бірге өрт қауіпті заттарды, сонымен қатар қандай да бір жабдықтарды сақтауға;
б) қойма бөлмелердің ішінде ішкі жану қозғалтқышты жем тазалағыш және басқа машиналарды қолдануға;
в) бұзылған жылжымалы және стационарлы механизмдерде жұмыс істеуге және жұмыс істеп
тұрған механизмдерді қараусыз қалдыруға;
г) қойманың екі жағындағы қақпалары жабылған жағдайда жылжымалы механизмдерде
жұмыс істеуге;
д) жем қоймалары бөлмелері аймағының өрт қауіпсіздігіне сай келмейтін электр
қозғалтқыштарын, электр шырақтарын және басқа жабдықтарды қолдануға;
е) тасымалдағыш таспаның деңгейінен жоғары жемді төгуге және таспаның тасымалдағыш
конструкцияларына үйкелуіне жол беруге.
11. Қатты отынды жанар және оңай жанғыш сұйықтықтар арқылы жағуға тыйым салу. Кептіргіштегі артық отын қоры тәулік қажеттілігінен көп болмау керек. Сұйық отында жұмыс істейтін кептіргіш агрегаттардың отынын жағуды тек электр жандырғыш жүйесінен жүргізу.
12. Кептіруге түсетін жемді топаннан және басқа қоқыстан тазарту. Кептіргіштің жұмыс істеу
уақытында әр екі сағат сайын сынаманы сараптау арқылы жемнің температурасына бақылау
жүргізу. Жемді шекті мәндерден жоғары қыздыру кезінде жылу таратқыштың температурасын
төмендету. Шахталық және жалюз типті кептіргіштердің жұмыс істеу уақытында кептіргіш
камераны жеммен толтырғанда, кептіргіш қороптардың немесе жалюзилардың үстіндегі жем
қабатының қалыңдығы 0,4 м кем болмау керек. Жемнің өздігінен жану жағдайында агрегатты
тоқтатып, жемнің салқындауы үшін және өздігінен жанған учаскелерді алу үшін оны түсіреді.
13. Кептіргіш жұмысының әр тәулігі өткен соң, арту-түсіру механизмдерді жемнен және
шаңнан тазарту. Механизмдердің подшипниктерін және басқа бөлшектерін қолдану бойынша
нұсқауына сәйкес жүйелі майлау.
14. Агрегаттардың жұмысын бақылап отыратын қызметшілердің ғимаратта немесе кептіргіш
бөлмесінде тапжылмай отыруына бақылау орнату.
15. Қоймалардағы жемді желдету кезінде желдеткіштердің жанғыш қабырғалардан ара
қашықтығы 2,5 м кем болмау керек. Ауа өткізгіштерді жанбайтын материалдан жасау. Электрді
іске қосқыш аппаратураны қоршаған ортаға сәйкес орнату және бөлек тұрған тірекке
қоймалардан 5 м кем емес ара қашықтықта орналастыру керек. Электр сымдарды (кабельді)
жерге орнал астыру.
Біз Байдалы би ауылының 7-сынып оқушыларымыз. Мектепте қосымша өлкетану сабағын
оқимыз. Өлкетану пәнінің мұғалімі - Т.Тебекова. Біз өлкетану сабағында өзіміздің туған
жеріміздің түпкі тарихын өттік.
Бір күні мұғалім бізді сыныбымызбен Жаңаарқа ауданына мұражайға алып барды. Ол жердің
таныстырушысы бізді жылы жүзбен қарсы алды.
Алдымен бізді қазақтың киіз үйімен, оның ішіндегі жабдықтармен, ұлттық дәстүрмен таныстырды. Тарихтан көптеген мәлімет берді. Біз келесі бөлмеден өзіміздің туған жерімізден
шыққан С.Сейфуллин, А.Сейдімбеков сияқты атақты да дарынды тұлғалардың өмірі, халқына
қалдырған еңбегі жайлы мәлімет алдық. Сол сияқты Жаңаарқа ауданының аты шыққан
мұғалімдері, әншілері, соғыс ардагерлерінің суреттері мен қолданған заттарын көрдік.
Сонымен қоса С.Сейфуллин атындағы кітапхана да бардық. Оның ішінде көптеген тақырыпқа
кітап көрмелері бар екен. Біз оқу залына кірдік. Ол жерде оқушылар кітап оқып отыр екен.
Сонымен саяхатымыз аяқталып, біз өте жақсы көңіл-күймен ауылға оралдық.
Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайларды алдын алу және жою коммисиясы
Мұражайға саяхат
АХМЕТОВ МҰХТАР,
АХМЕТОВА ӘЛИЯ,
Атасу орта мектебінің 7-сынып оқушылары
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бидайық ауылының тұрғыны, аяулы ана, асыл әже Айтжановтар әулетінің
ұйытқысы, панасы Рысбала анамызды 19-маусым күні 80 жасқа
толып отырған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Деніңізге саулық, отбасыңызға береке-бірлік, ғұмырыңыздың ұзақ
болуына тілектеспіз. Немерелер мен шөберелердің қызығын
көріңіз.
Ұрпағыңа таудай болған панамыз,
80 жасқа келді бүгін анамыз.
Қуанышпен ақ тілекті арнап біз,
Жырдан шашу мерейтойға шашамыз.
80 жаста нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Бала-шаға қызығына бөленіп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Құттықтаушылар: балалары, немерелері, жиендері, шөберелері
Құрметті досымыз Сайын Нұрланұлы! Мерейтойың құтты болсын!
Асқарлы алпысты артқа тастап, жетпістің жайлауына қоныстанғанын
құтты болсын. Алла жар болып сексеннің сеңбіріне ат шалдырып,
торқалы тоқсанды өмірлік серігің Банумен, немере-шөбереңмен
тойлауды бір Тәңірі өзі нәсіп етсін дей отырып, осы бір-екі өлең
шумағын өзіңе арнаймыз.
70 жастың ауылына келіп бүгін,
Төбеңізден күлімдер көрікті күн.
Тізгінін шаңырақтың мығым ұстап,
Арқалаумен келесің сенім жүгін.
Жұлдызың жалғассын ғасырларға,
Асқар тау, ардақты жан, асыл тұлға.
Мерейтой құтты болсын, бақ дарысын,
Өмірің толы болсын шуақ нұрға.
Ізгі ниетпен ардагерлер ұйымынан дос-жолдастарың - Әбетбай, Аманкелді, Асхат,
Есен, Қорабай, Төлепберген, Қошкен, Жұмағали
Жаңаарқа ауданының тұрғыны қадірменді құдамыз
Ержанов Серік Ерубайұлы 60 жасқа толып отыр. Сізге
зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілей отырып, өмір
жасыңыз ұзақ болып, отбасы ортасында бала-шағаның тек
қана қуанышына бөленіп, еңбегіңіздің зейнетін көріп жүре
беріңіз дейміз.
Болсын тек қиындықсыз болашағың,
Арайланған ақ таңдай жансын бағың.
Шын ниет көңіліңмен қабыл алғын,
Ақ тілегін жолдаған құдалардың.
Қабыл болсын барша тілек қалаған,
Қуаныш, қызық көре бер бала-шағадан.
Зор денсаулық, ғұмыр қуат берсін.
Деп тілейміз құдамызға Алладан!
Игі тілекпен: құдалары - Наурызбай-Раушан, балалары
Жаңаарқа ауданының тұрғыны аяулы да сүйікті анамыз
Бағдат Нариманқызы 8 маусым күні 50 жасқа толған
туған күнімен және немересі Сәнімді 1 қыркүйек мектеп
табалдырығын аттаған мерейтойларымен шын жүректен
құттықтаймыз.
Анамызға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақыт, немересі Сәнімге ақ жол, білікті
білім тілейміз.
Елу жасқа толыпсың анам бүгін,
Түрлендірсің ақ тілек өмір гүлін.
Құтты болсын дүниеге есік ашып,
Алғаш рет сәби боп келген күнің.
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.
Жүзге жетіп баянды ғұмыр кешіп,
Арта берсін абырой-беделіңіз.
Ізгі тілекпен: балалары:Жарас – Мөлдір, Олжас, немересі Аминә
Атасының күні, әжесінің гүлі, анасының сезімі мен сыры балдай
тәтті Аңсар Әдіханды туған күнімен құттықтаймыз. Шуақты күннің
шұғыласынан қуат алып, келешегінен зор үміт күттіретін, жасынан зерек болып өсіп келе жатқан кішкене күніміздің өмірі
келісті болып, алар асуы мен шығар белі көп болсын. Маңдайы
жарқырап, биіктерді бағындырып, елінің айтулы азаматы болуына тілектеспіз.
Өс күнім! Өрісті болсын белесің,
Шұғыла болып шашылып, күндей күліп келесің,
Көрмесең де әкеңді, азамат боп айтулы,
Бағындырып баршаны мұратыңа жетерсің.
Алла берген талап пен зеректігіңе сүйеніп,
Таңғалдырып баршаны асулардан өтерсің,
Ашық болсын әр күнің, басыңа қонсын бақ құсы,
Қақ қанатты қаймықпай анасының ақ құсы.
Ұзақ болып ғұмырың, жүз жас жасашы боташым,
Аман болшы әрдайым ата-әженің тәттісі.
Ақ тілекпен: атасы-Боранбай, әжесі-Жанат, Жанбота- Махаббат, Арайбағым, Баян,
Нүрислам, Рзықия-Қабікен, Балжан- Амандық, Жансерік-Айгүл, Ғалымжан-Әсел,
Саян-Гауһар.
6
13-маусым 2015 жыл
РӘМІЗДЕР КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ
Ералиев ауылдық округінде
ҚР Рәміздері күніне орай Ералиев ауылының мәдениет үйінде "Туым - тұғырым, Елтаңбам елдігім, Әнұраным - айбыным" атты әдеби сазды кеш өтті. Сонымен қатар "Ел рәміздері - ел
рухы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне кітапханашы Қ.Төлеуова
библиографиялық шолу жасады. Қазақстан Республикасының Әнұранымен мерекелік
жиынымыздың ашылуы болды. Ауылдық әкімдік аппараттың жетекші маманы Ә.Жақанов
халықты бүгінгі мерекесімен құттықтап, өз лебізін білдірді. Ел ағасы, зейнеткер М.Әзбаевтың
құттықтауымен жалғасты. Ауылымыздың жастары ән шырқап, күй тартып, мың бұралған бишілер би биледі. Ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, мерекелік кештің соңы жастар биімен аяқталды.
Ә.НҰРТАЗА
Ақтүбек ауылдық округінде
Ауылда "Рәміздер - мақтанышым" атты таңертеңгілік өткізілді. Өтетін орын мерекеге сай безендіріліп, тақырыптық лозунгтер ілінді. Кітапханада "Ел рәміздерін сақтайық", "Рәміздер елдің тірегі" атты көрмелер ұйымдастырылды. 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен өткен
шараны С.Зейнуллина ұйымдастырды. Әнұран ойналғаннан кейін, ертеңгілікті ауылдық округ
әкімі аппаратының жетекші маманы Н.Нұржанбаева, мектеп тәлімгері А.Исабекова құттықтау
сөздерімен ашты. Б.Мұқыжанов ҚР Рәміздері туралы баяндама жасады. Оқушылар Н.Сайлаубай, Ф.Болат, Е.Кагибаев, І.Зекен, Ж.Кәрім өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылардың
танымдылығын арттыру мақсатында командалық жарыс өткізіліп, 4-сынып оқушылары
жеңіске жетті.
Н.НҰРЖАНБАЕВА
Целинный ауылдық округінде
Ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастарылған "Рәміздерді құрметтейік" атты шараға барлық
ауыл тұрғындары қатысты. Ауыл әкімі М.Сәдуақасовтың құттықтау сөзінен кейін, Ш.Шуданбеков еліміздің рәміздері жайында баяндама жасады. Кітапханада тақырыптық көрмелер
ұйымдастырылды. Ауылдың өнерлі жастары патриоттық әндер шырқап, мәнерлеп өлең оқыды.
Е.МОЛДАБЕКОВ
М.Жұмажанов ауылдық округінде
Рәміздер күніне орай Жаңаарқа негізгі мектебінде «Рәміздерім мақтанышым» атты ертеңгілік
өтті.
Салтанатты шараның шымылдығы Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.Сейфуллина оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен
құттықтап, мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар
екендігін, сондықтан да рәміздерге лайықты құрметпен қарау қажеттілігін тілге тиек етті.
Мектеп оқушылары би билеп, патриоттық тақырыптағы әндер айтып, танымдық сайысқа
қатысып мемлекеттік рәміздерімізді жақсы тани білетіндіктерін көрсетті.
Сонымен қатар айтулы мерекеге орай ауылдық мәдениет үйінде оқушылар арасындағы сурет
салу байқауы, ауыл кітапханасында «Ел рәміздері - ел рухы» тақырыбында кітап көрмесі
өткізілді.
А.АЛПЫСОВ
Жаңаарқа ауданы Атасу кенті әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлерінің декларацияда көрсетілген
табыс және мүлік туралы мәлімет
№
Тегі, аты - жөні
Лауызымы
Атасу
1 Тусупов Рахманберлі әкімі
кентінің
Табысы
1728881 тг. Атасу кенті Жамбыл к-сі №68 үй
Атасу
кенті
Қуанышбеков Мейрам әкімінің орынба2 Наурызбаевич
1395576 тг.
сары
Атасу
кенті
Ускембаева Айша
аппаратының
3 Тилеугабыловна
888991 тг.
бас маманы
Атасу
кенті
Саукимбеков Рымжан а п п а р а т ы н ы ң
бас маманы
4 Ахмедиевич
5
6
7
8
9
872389 тг.
Атасу
кенті
аппаратының
Кадрина
Асылғаз с е к т о р
1032699 тг.
Байкожақызы
меңгерушісі
Атасу
кенті
Алпысова
Перизат а п п а р а т ы н ы ң
Даулетбаевна
бас маманы
836196 тг.
Атасу
кенті
Кулумбетов Узак
аппаратының
779555 тг.
Абдикаримович
бас маманы
Атасу
кенті
Асылбеков Сатикен а п п а р а т ы н ы ң
959554 тг.
бас маманы
Асылбекович
Кулумбетов
Атасу
кенті
Амангелды
аппаратының
Алдигенович
бас маманы
449987 тг.
Бибосын
Оралхан
10 Сұлтанұлы
Атасу
кенті
аппаратының
жетекші маманы
Атасу
кенті
аппаратының
бас маманы
Атасу
кенті
Зекенов Тлек
аппаратының
12 Рахатович
жетекші маманы
Атасу
кенті
Батталов
Алданыш а п п а р а т ы н ы ң
13 Асетович
жетекші маманы
Атасу
кенті
Оспанов
Бауыржан а п п а р а т ы н ы ң
14 Нажитович
жетекші маманы
Атасу
кенті
Абдрашитов
Елдос а п п а р а т ы н ы ң
15 Кайратович
бас маманы
Ибраев Олжас
11 Омирзакович
Мүлігі
Атасу кенті Даулетбеков к-сі №90 үй,
автокөлік LADA 21214-187 мем.тіркеу нөмірі
773CZA09, Volkswagen Golf мем. нөмірі
212BYA09.
Атасу кенті Ш. Уалиханов к-сі №9а үй 2
пәтер.
Атасу кенті Ж.Садвакасов к-сі №23 үй,
автокөлік Volkswagen Vento мем.тіркеу нөмірі
M587SLM
Атасу кенті Сарысу к-сі №30 үй 1 пәтер,
автокөлік Audi 80 мем.тіркеу нөмірі
M981SKM.
Атасу кенті Бала бақсы к-сі №102 үй,
автокөлік Toyota Carina мем.тіркеу нөмірі
M731DCN
-
598214 тг.
-
652766 тг.
Атасу кенті Тәуелсіздік даңғылы №9 үй 1
пәтер
553517 тг.
-
351329 тг.
-
96094 тг.
Автокөлік Ssang Yong Kyron, мем. тіркеу
нөмірі 939BRA09
175000 тг.
Автокөлік Audi
M750KXN.
A6
мем.тіркеу
нөмірі
13-маусым 2015 жыл
7
ХАБАРЛАМА
Мемлекет тарапынан ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, «Агро
бизнес - 2020», «Кәсіпкерлік» бағдарламаларын түсіндіру мақсатында Жаңаарқа ауданының
«Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мен аудандық кәсіпкерлер палатасы ауыл аймақтардағы
жеке кәсіпкерлер субъектілері мен жеке тұлғаларды кеңес отырысына шақырады.
Бекітілген кестеге сәйкес кент және ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
К Е Л І С І М М Е Н:
Жаңаарқа ауданының
кәсіпкерлік палатасының директоры С.Рымбеков
«09» маусым 2015 ж.
Б Е К І Т Е М І Н:
Аудан әкімінің орынбасары
Ю.Бекқожин
«09 » маусым 2015 ж.
«Мемлекеттік бағдарламалар» бойынша кент және ауылдық
округтерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу
к е с т е с і:
№ р/с
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Кент және
ауылдық округ
атаулары
М.Жұмажанов
Байдалы би
Ералиев
Ақтүбек
Қызылжар кенті
Түгіскен
Айнабұлақ
Қарағаш
Ақтау
Бидайық
Целинный
С.Сейфуллин
Ақтасты
Өткізілу күні
Сағ:11 00
Сағ:15 00
16 маусым
Сағ:11 00
Сағ:16 00
17 маусым
Сағ:11 00
Сағ:15 00
24 маусым
Сағ:11.00
Сағ:15 00
30 маусым
Сағ:11 00
7 шілде
Сағ:11 00
Сағ:15 00
8 шілде
Сағ:11.00
Сағ: 15.00
9 шілде
Жауапты тұлғалар.
(Кент және ауылдық округ
әкімдері)
м.а Д. Жаркенов
Ж.Тажитов
Е.Мамбетов
А.Аманбаев
Р. Балкенов
Ө.Кенжетаев
С.Шумбулов
Ғ.Оспанов
А.Отарбаев
С.Баязитов
М.Садвакасов
К.Кокин
М.Мукажанов
Жаңаарқа ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі
ӨРТ - ТІЛСІЗ ЖАУ
Тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі өрт
қауіпсіздігі
Сұйытылған газдар жарылғыш шегі төмен, газ-ауа қоспасының тұтану қабілеті бар газ болып
келеді. Сұйытылған газдардың бөлмелерде немесе ашық алаңдарда бақылаусыз жануы адам
өміріне қауіпті және салулардың бұзылуына келтіретін өртке себеп болу мүмкін.
Жеке қондырғы деп 2 баллонан көп емес бір және екі қабатты ғимараттарды газбен
жабдықтайтын газ шығыны көп емес қондырғы саналады.
Сұйытылған газы бар баллондарды бөлмеден тыс жерге де, ішіне де орналастыруға болады.
Баллонды тек кез келген газ шаруашылығында абонент болып тіркелген және газды плитаның
соңғы тексерісі туралы жазуы бар абоненттік кітапшасы бар тұрғын сатып алуға болады.
Сұйытылған газ қондырғыларын қауіпсіз орналастыру үшін қажет:
• тек жөн құралдарды қолдану және оларды тазалықта ұстау;
• қараусыз және түн уақытына жағылған газ құралдарын тастамау;
• газ құралдарын қолданған соң құралдағы шүмекті және баллондағы вентильді жабу;
• бөлменің ауасын жүйелі тазарту;
• газ құбырларына жіп байламау, баллондарға және газды плиталарына өту жолдарын бөгеп
тастамау;
• газ шығуын айқындау кезде отты қолданбау, ол үшін тек қана сабын ерітіндісін қолдану;
• баллондарды жолаушы көліктерден, жеке үйлерден және кездейсоқ қоймалардан сатып
алмау;
• егер баллонды орналастыру кезінде газдың шығуы айқындалса немесе басқа жөнсіздіктер
анықталса, онда ол баллонды тұтынушыға орналастыруға болмайды;
• баллонды сатып алған кезде газ шаруашылығының атауы, баллонның нөмірін, газы бар
баллонның салмағы, баллонды әкелген көліктің нөмірі көрсетілген чек немесе талон талап
ету керек.
Егер баллонның төлқұжат кестесі болмаса, кезеңді куәландыру мезгілі өтіп кетсе, 5%-тен көп
бояудың қорғау қабаты бұзылған болса, атмосфералық тоттану, вентиль маховигінің бұзылуы
немесе жоқтығы, жарықшақтардың, батқандардың болуы, газдың шығуы, “пропан” жазуының
жоқтығы баллонның ақау екенін анықтайды.
Жаңаарқа ауданы ТЖБ-ң алдын-алу
және жою комиссиясы
Хабарландыру
Жаңаарқа аудандық сот ғимаратында 2015 жылдың 17 маусым күні сағат 16.00-де сот
төрағасы Сергалиев Бағдат Советұлының қабылдауымен жеке және басқа да сұрақтармен
«Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлайды.
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз орталығы
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
«Жаңаарқа ауданы әкімі аппараты» ММ қызметкерлерінің ҚР «Мемлекеттік қызметшілерінің
Ар-намыс Кодексі» қағидаларының сақталмауы немесе орындалмауы жөнінде хабарлау үшін
2-76-51 номерлі сенім телефоны орнатылғандығын хабарлайды.
«Жаңаарқа ауданы әкімі аппараты» ММ
*** *** ***
«Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлерінің
ҚР «Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі» қағидаларының сақталмауы немесе
орындалмауы жөнінде хабарлау үшін 2-80-12 сенім телефоны орнатылғандығын хабарлайды.
«Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ
*** *** ***
«Жаңаарқа ауданының ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлерінің ҚР «Ар- намыс кодексін,
мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтарды бұзған фактілер жайын хабарлау үшін 6-46-63 нөмірлі сенім телефоны орнатылғандығын хабарлайды.
«Жаңаарқа ауданының ветеринария бөлімі» ММ
Хабарландыру
"Жаңаарқа Жылу" КМК бағасы 120 теңгеден құйылған кірпіш сатады. Тасымалдау бағасы
Атасу кенті ішінде 2000 теңге.
"Жаңаарқа Жылу" КМК
БОҚАЕВ НАЗЫМБЕК МҰХАМЕТЖАНҰЛЫ
2015 жылдың 5 маусымы күні 62 жасқа қараған шағында
еңбегімен ел құрметіне бөленіп, досқа адал, ағайынға қамқор,
бауырға қорған бола білген Назымбек Боқаев өмірден озды.
Боқаев Назымбек Мұхаметжанұлы 1953 жылы 24 қараша күні
Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 1975 жылы Қазақ
педагогикалық институтын бітіріп, Н.Крупская атындағы орта мектепте еңбек жолын бастаған. 1975-1977 жылдар аралығында
Жаңаарқа аудандық комсомол комитетінің І хатшысы, 1977 -1980
жылдар аралығында Жезқазған облыстық комсомол комитетінің І
хатшысы болды. 1981 жылы Мәскеу қаласында Жоғарғы Комсомол
мектебін бітірген. 1981-1983 жылдары Жастар Одағының Орталық
комитетінде жауапты қызметтер атқарған. 1983-1986 жылдар
аралығында Алматы қаласында Пионерлер сарайының бас директоры, 1986-1992 жылдар
аралығында Қазақстан Жазушылар Одағында жұмыс атқарған. 1992-1999 жылдары Алматы
қаласының әкімшілігінде ішкі саясат басқармасын басқарды.
Бүкіл саналы ғұмырын қоғамға мінсіз қызмет етіп, білімге, тіл мен ділге, мәдениет пен
әдебиетке арнап, артынан өлмейтұғын сөз қалдырған Назымбек Мұхаметжанұлының өнегелі
өмірі, өлшеусіз еңбегі мен жарқын бейнесі жадымызда мәңгілік сақталады.
Топырағыңыз торқа, жаныңыз жәнатта, рухыңыз пейіште болсын, қадірлі аға!
Ғ.Омаров, М.Әбдішев, М.Жандәулетов, Ю.Бекқожин, Б.Мұқанов, Қ.Қожықаев,
Р.Түсіпов, А.Бөгенбаев, А.Жылқыбаев, Ғ.Жарылғапов, Қ.Әбеуов
ЕСКЕ АЛУ
Ақтау ауылының тұрғыны болған, адал жар, аяулы ана болған
Құрманғалиқызы Раузаның өмірден өткеніне осы жылдың 6
шілдесінде жыл толады. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа
болсын дейміз.
Түгел еді асығым жарым барда,
Қарамайтын кез тұғын орға-жарға.
Ажал деген бар екен кім біліпті,
Алып тынды бір сәтте амал бар ма.
Білмеппін-ау жоқ-барды жарым барда,
Есті жиып келемін әрең, зорға.
Қолда барда алтынның қадірі жоқ.
Уайымсыз, киім көк, тамақ молда.
Сағына еске алушылар: жолдасы - Шапау, балалары - Жазира-Бекзат, жиендері Нұртілек, Айзада, Жастілек
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған аяулы ұлымыз, жан
бауырымыз, ізгі тұтар ағамыз Жарылғапов Талғат Ерболатұлы
тірі болғанда 7-маусым күні 30 жасқа толар еді. Небәрі 27 жасында
қара жолдан жан тапсырған ағамызды бүгінгі таңда сағына еске
аламыз. Ағайын-туыстың, достарының ортасында көңілді
жүретін, ән десе ән шырқап, күй десе күй тартып сегіз қырлы, бір
сырлы болған ұлымыздың жаны жәннатта, топырағы торқа
болғай!
Ағажан шаңыраққа болдың пана,
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсың бүгін ортамызда,
Сағындық, аға, сізді баршамызда.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңмен өткен күндер,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Сағына еске алушылар: ата-анасы - Ерболат-Зайда, Бекболат-Гүлден, АрайлымМұратбек, өлең шумақтарын арнаған қарындасы - Гүләйім және бауырлары - Наурызбек, Баянды, Бағым, Әмір.
Көңіл айту
Целинный ауылдық округі әкімшілігінің аппараты "Ауа" шаруа қожалығының жетекшісі
Қаппасов Берікболдың
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына
қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады
*******
"Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің ұжымы Орман өртін сөндіру стансасының басшысы
Санат Түсіповке
анасы Ысқаққызы Рабиғаның
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Жарамсыз деп саналсын
Шакенов Мұсайыптың атына берілген жеке басының куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
*****
Акибаева Манара Нуралиевнаның атына 2003-2004 жылы Н.Курупская атындағы орта
мектепті бітіргендігі жөніндегі №ОБ 1177551 берілген білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
Сатылады
Сары-Тоқа көшесінде №3 жеке тұрғын үй сатылады. Үй 5 бөлмелі, ішінде дәретхана, моншасы бар, тұрмыстық жылу жүйесі тартылған. Сыртында жазғы ас үй, гараж, мал қора, баубақшасы т.б. орналасқан. Жері 20 соток, үш су құбыры бар. Бағасы келісім бойынша. Тел:
2-76-92, 8-701-902-74-24, 8-701-304-31-36.
Мамандығы мақтанышы
Ауыра қалған сәтте алдымен келетін жағымды мекен
болғандықтан ауруханадағы апайлар мен ағайлар біздің
жақын адамдарымыз болып кеткен. Қай жеріміз ауырып
тұрғанын тәптіштеп жеткізгеннен кейін, оқығаны мен
тәжірибе жинаған жылдардағы шеберлігін саралап, дигноздарын қойып, дәрі-дәрмегімен ем-домын жасап жатқаны.
Ал, облыс орталығына жолдама алсаңыз алдымен қайда
кімге баратыныңызды санаңызға құйып, сауалыңызға нақты
жауап беретін, үнемі жымиып, жүзінен шуақ төгіле алдына
келгендердің мәселесін жан-жақты қарап, қолынан келсе
көмегін көрсетіп отыратын ақ халатты абзал жандардың
бірі - Әлия Сағатқызы Рахманқұлова. Қағазыңызға мөрді
басып тұрып, баратын мекен жайыңызды нақтылай
түсіндіріп, өзіңе сәттілік тілей, ұзатып салатын дәрігер апайға қарап риза боласың.
Ауданымыздағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебін 1982 жылы үздік бітіріп,
Қарағанды Мемлекеттік медициналық институтының педиатр бөліміне оқуға қабылданып,
оны 1988 жылы ойдағыдай аяқтап, Жезді ауданына жолдамамен барып, үш жыл еңбек
етеді.
Бала кездегі арманына бір табан жақындаған Әлия Сағатқызы аудан балаларының
денсаулығын қарау мақсатында 1991 жылы аудандық ауруханаға орналасады. Содан
бергі аралық аудан өмірімен бірге қайнасып келе жатыр. Алдымен балалар дәрігері
болған Әлия Сағатқызы баспалдақтарды баса жүріп, 2000 жылдан бастап емхана
меңгерушісі болса, осы жылдан бері аудандық аурухана басшысының орынбасары
қызметінде.
Өз жұмысына ықтиятты Әлия Сағатқызы ардақты ана, сүйікті жар, қамқор әже. Шуақты
шаңырағының иесі ветеринар Ұзақ Әбдікәрімұлы сенімді серігі. Қос қарашығы Перизат
пен Ақерке өмірінің жалғасы. Перизат - эколог, ҚарМуды үздік бітірген, магистрант.
Жолдасы - Олжас Қарқаралының азаматы.
Сүйікті де сүйкімді жиен Айзере шаңырақтарының шаттығы. Ақерке мектепті биыл бітірді кеше ғана ҰБТ-дан жақсы көрсеткіш алған түлек.
Жұмыста жақсы маман, қадірлі әріптес болған Әлия Сағатқызы үйінде аяулы ана.
Ғасырдың жартысына қадам жасаған ақ жарқын апайды қос мерекесімен құттықтап, толайым табыстар тілейміз.
НАЗЕРКЕ ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ
Келешегі кемел әнші
Ақтау ауылы - қаншама белгілі тұлғалардың қанат қағып шыққан киелі мекені. Бірегей тұлға
Ақселеу Сейдімбектен бастап, академиктер: Балтабай Әбдіғазиев, Хангелді Әбжанов, профессорлар: Қойлыбай Асанов, Жансая Жарылғапов, Карлығаш Сарбасова, Салтанат Әбілдина
тәрізді ғылым докторлары, мәдениет қайраткері, республикалық «Айгөлек» журналының бас
редакторы Қымбат Әбілдина, т.б. өнер тарландары түлеп ұшқан орта.
Жақында мектебіміздің түлегі, ауылымыздан шыққан болашағынан зор үміт күттірер
әншіміз Алматы қаласындағы Тәттімбет атындағы музыкалық училищені Қ.Байбосыновтың
тәлім алушысы ретінде тәмамдаған, қазір А.Мұсаходжаеваның Өнер консерваториясының магистранты Сырым Мұхаметжановтың шығармашылық кеші өтті.
Сырым - өз өнерімен республика көлемінен бөлек, Қ.Байбосыновтың шығармашылық тобымен бірге Италия мен Ресей қалаларын үкілі домбырасымен, тамылжыған майда дауысымен
тамсандырып келген әнші.
Кеште ол еліміздің түкпір-түкпірінің әнші, сал-серілерінің әндерін нақышына келтіре орындап, тайлы-таяғы қалмай жиналған ауыл халқының құлақ құрышын қандырды.
Концертте Сырым өзінің тек әншілік қырымен ғана емес, Қазақстанның ұлан-ғайыр
даласының батысы мен шығысы, оңтүстігі мен солтүстігінің ән дәстүрлерін жете танып
меңгерген, өнер тарихының білгірі ретінде білімділігі және біліктілігін дәлелдеп жиналған
әнсүйер, өнерсүйер жандарды тәнті етті.
Халық әні «Екі жирен», Ақан серінің «Жамал қызы», Біржан салдың «Жалғыз арша», «Он
саусақ», Молдабайдың әні «Молдабай», Кененнің «Көкшолағын» айтып бір ширатып, Иса
Байзақовтың «Исаның желдірмесімен» желпінтсе, Сәкеннің «Тау ішіндесімен» тауға шығарып
шалқытты. Ілия Жақановтың «Арқа аруымен» сүйсінтсе, «Есіңде ме?!» әндері сезімге бөлеп,
жұрт көңілін тасытты.
Көрермен қауым да өнер майталманына деген шексіз ризашылығын білдіріп, ақ батасын
беріп, ізгі тілектерін жаудырды, үстіне шапан жауып, астына ат мінгізді.
Сырым Аманжанұлы Мұхаметжанов 1985 жылы 14 қазанда Қарағанды облысы Жаңаарқа
ауданы Ақтау ауылында дүниеге келді.
Өнер айдынына ақ желкен болып кемесін сайлағаны 2005 жылы Жаңаарқа аудандық
«Қазақтың Шәмшісі» ән байқауында 2 орын иегері ретінде танылуы еді. Осыдан кейін оның
өнерде жолы болды. 2009 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы республикалық
эстрада –цирк колледжінің «Халық әні» бөлімінде , профессор Қайрат Байбосыновтың сыныбын бітіріп шықты. 2009 жылы «Алматы жастар қаласы» атты фестивалінің 1 орын иегері.
2009 ж. Естай Беркімбаев атындағы республикалық байқауының 3 орын иегері. 2009 ж. Әміре
Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі әншілер конкурсының жүлдегері және «Үміт
сыйлығының» иегері. 2010 жылы «Жаяу Мұса» атындағы аймақтық байқауының бас
жүлдегері. 2011 жылы «Шабыт-2011» халықаралық өнерлі жастар фестивалінің дәстүрлі ән
саласы бойынша бас жүлдеге және Президент кубогына ие болды.
Қазіргі таңда Астана қаласының Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің магистранты. Ұстазы
– ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор Қайрат Байбосынов.
Сырым - өзінің болашағынан зор үміт күттіретін ерекше тұлға . Лайым оған өз ұстазы, профессор Қайрат Байбосыновтың жолын беріп, өнері өрге жүзіп, әрдайым биік шыңдардан
көрінуіне тілектеспіз.
Ата-анасы мен ниеттес ауылдастарының, мектептегі ұстаздар қауымының үмітін ақтайтын
тұлғалы азамат болып қалыптасатынына сенім мол.
Ата-анасы да Сырымның үйіне жанашыр қамқор екеніне ризашылығын айтып отырады.
Өзінің еңбегімен, талмай ізденуінің арқасында осылай биіктерді бағындырып жүргеніне дән
риза. Әкесі Аманжан, анасы Құстия, ағалары Ғазиз, Ғабит, Нұрым, Жомарт та әншілік өнерден
құралақан емес. Осындай өнерлі отбасыдан қанатын қатайтқан қыранның бағындырар асулары әлі алда. «Өнерің өрлей берсін, жас өрен!» демекпіз тілеулес ауылдастары, ұлағатты
ұстаздары атынан.
А.АХМЕТОВА
Ақтау орта мектебінің мұғалімі
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, 2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52, тілшілер бөлімі
2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
ОҚЫДЫҚ, ПІКІР АЙТАМЫЗ...
Шынайы шығарма
Күні кеше жақсы дос, жақын құрдас Сайын Омардың үйіне барып
едім, баспадан жаңа ғана шыққан, әлі сиясы кеуіп үлгермеген кітабын сыйға тартты.
Бала кезден сыр мінез құрдасымның ауызекі сөзге жүйрік, айтарын жеріне жеткізе айта алатын шешендігін, қажет болған
жағдайда қағаз бетіне де тәп-тәуір түсіре алатын қабілетін білуші
едім. Сол себепті үйге жетісімен кітапты қолыма алып, үлкен
қызығушылықпен бас көтерместен бір демде оқып шықтым.
«Менің қарлығаштарым» деп айдар тағылған кітапқа бірнеше
әңгімелер кіріпті.
Қай шығармасы болмасын ойдан шығарылған қияли дүние емес,
өзіміз күнде көріп жүрген, өмірден алынған шынайы шындыққа
негізделген. Және солай екен деп Сайын Омар оқиғаны жалаң баяндаудан бойын аулақ салған.
Өз кейіпкерлерінің сырт бейнесін ғана суреттеу емес, оның жан-дүниесіне терең үңіліп, ішкі
психологиясын зерделейді де оны образ деңгейіне көтереді. Сол арқылы оқырманды
философиялық ойға жетелейді.
Бірер шығармасына тоқтала кетсек, «Айдох» әңгімесінде жасынан ұл балаша киініп, еркекпін
деп өскен, ер жеткенде шашын шалқалай қайырып, аузынан темекісі түспеген, сырт көзге сері
жігіт көрінгісі келген әйел затының өмірі бейнеленген.
Сол кейіпкеріміз басына іс түсіп, қиналған сәттерінде қорқынышты түс көреді. Түсінде емірене бала емізіп жатыр екен. Өз түсінен өзі шошынған Балатайдың бойында бір-біріне қарамақайшы келетін психологиялық күйзеліс пен жан арпалысы алас ұрады.
Бұл жалғаннан орнын таба алмай кеткен бейбақтың аянышты тірлігіне қарап, табиғаттың жаратылысына қарсы келу де жаратқанның алдында күнәһарлық па деген ой түйесің.
Ал, «Менің қарлығаштарым» әңгімесінің жөні бөлек. Автордың бұл жерде елін, жерін құлай
сүйетін азаматтық ұстанымын көресің. Ұшқанда адамды жанай ұшатын, ұясын да үй
төңірегіне салатын киелі құс қарлығыштың жерімізден жоғалып бара жатқандығы көңілін
қатты алаңдатады.
Дәл қазір шегіп жатқан экологиялық азабымыз аз болғандай, қаскөйлердің айыр құйрық, ақ
бауыр, азамат досы қарлығаштардың ұясын тас-талқан етуі Сайын Нұрланұлының жүрегін
қан жылатады. Балалық бал дәуренде көз қуанышына айналған қасиетті құсты сағынады. Ей,
адамдар, келер ұрпақтың да қамын ойла, Жер-Ананың қадірін біл, табиғатты аяла деген жан
айқайын сезесің.
Бұл кітап әралуан тақырыпты қамтыған. Бұнда кешегі кеңестік дәуірде партияның нұсқауын
орындауды ғана міндетім деп санайтын, өмірлік өз ұстанымы жоқ Тоғышар Өміржан шық бермес Шығайбайдан өткен, сараңдығынан өмірде жалғыз қалған Астықбай бейнелері де нанымды суреттелген. Кітаптың барлық мазмұнын тәтпіштеуді мақсат тұтпағандықтан қалған
пікірді оқырмандар еншісіне қалдырайық.
Жалпы Сайын Омар бұл кітапты жазуға үлкен дайындықпен келген. Кәсіби қаламгер
болмағанмен, көненің көзін көрген, ескінің есті сөзін есте сақтаған автордың тілі жатық. Оралымды ойларын келісті жеткізе білген. Оның үстіне рухани жан-дүниесі бай, әдебиет әлеміне
тоя сусындаған, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойына мол сіңіргені де шағырмаларының
сәтті жазылуына өз әсерін тигізгені даусыз.
Қорыта айтқанда кітап көңілден шықты. Бәрекелді, бауырым, шығармашылығында биік белестерді бағындыра бер!
БӨЛЕМЕС ӘБДІХАЛЫҚҰЛЫ, зейнеткер
СПОРТ
Жерлестеріміздің жеңісі
Саран қаласында футболдан Ұлы Отан соғысы Жанғали Тәттіғалиұлы Қожановты еске алуға
арналған облыс оқушылары арасындағы дәстүрлі турнирі өтті.
Облыстық жарысқа 10 команда қатысты, олар Қарағанды БЖСМ (ДЮСШ), Абай БЖСМ,
Шахан СДЮШОР, Ақадыр БЖСМ, Қарағанды «Жастар», Ақтас СДЮШОР, Саран СДЮШОР,
Ботақара БЖСМ және Жаңаарқа БЖСМ, Жаңаарқа «Жастар» құрама командалары өзара екі
топта ойнап жарыс жеңімпаздарын анықтады. Өте тартысты өткен жарыстың ойындары айналмалы жүйемен өткізілді.
Біздің балғын футболшыларымыз бірінші ойынын Қарағанды құрамасымен кездесіп 1:0 есебімен жеңіске жетсе, келесі топтық ойындарында саран СДЮШОР құрама командасын 3:1,
Абай БЖСМ командасын 2:1, Ақтас СДЮШОР командасын 3:0 және Ботақара БЖСМ командаларын 4:3 есебімен ұтып, ақтық ойынына жолдаманы жеңіп алды.
Жарыстың жеңімпазын анықтайтын ойынында Ақадыр БЖСМ құрама командасын 5:1 есебімен ұтып, футболшыларымыз бас жүлдеге ие болды.
Біздің құрама команданының ойыншылары Аукеев Мирас, Қайратов Диас, Калунин Диас,
Бұртаев Әнуар, Мырзаханов Нұрғали, Бакеев Бексұлтан, Сембеков Жалғас, Аманкеше Ерасыл,
Оразбеков Айбат, Қылышбеков Ермұхамет (№132 ОМ), Рахым Али, Қайратов Мирас, Тәжібаев
Айбат, Мақажанов Өміржан, Тоқтасынов Бекболат, Темірбаев Ізбасар (Н.К.Крупская ОМ),
Бөкенов Берікбол, Амантай Алмат, Ісләмов Жәнібек (О.Жұмабеков ОМ), Қожабеков
Нұрсұлтан (Ю.А.Гагарин ОМ) орта мектептерінен және Жаңаарқа негізгі мектебінің оқушысы
Қаратаев Мағжаннан жасақталды.
Жарыс барысында командалардың мықты шабуылшылары анықталды.
Бізден Калунин Диас, Бұртаев Әнуар және Бакеев Бексұлтан аталды. Бұл облыстық іріктеу
жарысының қорытындысы бойынша, жеңіске жігерлік танытып және ойын әрекетімен көрініп
Қарағанды облысы құрама командасына, біздің ауданымыздың командасынан мына балалар
шақырылыды.
Олар Аукеев Мирас (№132 ОМ), Қайратов Мирас, Дүйсен Нұрсұлтан мен Ерсұлтандар
(Н.Крупская ОМ) орта мектебінің оқушылары қабылданып мерейімізді үстем қылса, өткен
жарыстарда да жақсы ойын өрнегін көрсетіп облыстық құрамаға жолдама алғандар бар, Алипов Данияр (Н.Крупская ОМ), Калунин Диас, Бұртаев Әнуар, Мырзаханов Нұрғали (№132
ОМ) атты оқушыларымыздан келеште көп үміт күттіретін ойыншылар шығады деп сенеміз.
Жеңімпаз командамызға және жаттықтырушыларына Каримов Қанат Ауданбайұлы мен
Сәрсекеев Батырбай Тілеуұлына алдағы жарыстарында толағай табыстар тілейміз.
Өз тілшімізден
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1550 дана
Тапсырыс №32
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Филология
Просмотров
232
Размер файла
12 307 Кб
Теги
газета, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа