close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 35 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты
Қазақстан халқына
ҮНДЕУІ
Еліміз аса маңызды тағы бір тарихи оқиға қарсаңында тұр. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына
кіру жөніндегі келіссөздерді табысты аяқтадық.
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал
тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады.
Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 проценті Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола
түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады. Біз бұл нәтижеге
жету үшін 19 жыл табанды түрде жұмыс жүргіздік, келіссөздер оңай болған жоқ. Осы жылдары біздің үкімет және сарапшыларымыз елімізге тиімді шарттарға қол жеткізу үшін талмай
еңбек етті. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын ұштастыра алдық. Бұл ретте ұлттық мүдделерімізді де қорғай білдік.
ДСҰ-ға мүше болу – күллі Қазақстанның жеңісі. Бұл – еліміздіңжаһандық экономиканың
бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мүшелігіне Бес халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеңде қадам басуымыздың символдық мәні бар.
Біз жаһандық нарық шарттарына сай болу үшін үлкен дайындықтан өттік. Отандық
өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасадық. Бірыңғай кедендік
және экономикалық кеңістікте шыңдалдық. Алдымызда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр.
Бәсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. Себебі, шетелден келетін тауарларға біз шекарамызды ашамыз, тауар Қазақстанға көптеп келетін болады. Сапасы жоғары болса, бағасы
төмендеу болса, ол тауарларды халық тұтынып, біздің тауар өндіретін кәсіпорындар
жұмысының тоқтап қалу қаупі бар. Барлық бизнесмендерге менің талайдан бері айтып келе
жатқаным сондықтан: бәсекеге сай болу керек.
ДСҰ беретін артықшылықтарды пайдалана білетінімізді дәлелдеу қажет болады. Бұл
Қазақстанның қолынан келеді және біз әлемнің озық елдері қатарынан лайықты орын аламыз
деп кәміл сенемін.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа
ҮНДЕУІ
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті қауым! Баршаңызды
аса ұлық қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймын. Рамазан мүбәрак болғай! Оразаға
аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл да Рамазан айын үлкен дайындықпен
өткізбек. Еліміз бойынша мешіттер мен медреселерде, діни оқу орындарында, қоғамдық орталарда қайырымдылық акциялары, игі жобалар ұйымдастырылады. Баршаңызды осы ізгі
іс-шараларға атсалысуға шақырамын.
Рамазан – жалпыға ортақ ізгі амалдар маусымы. Ораза – тәрбие һәм тақуалық айы. Алла
Тағала қасиетті Құранда: «Иә, мүміндер, өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей, сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сендер тақуа боларсыңдар», деген («Бақара» сүресі,
183-аят). Оразада отбасы құндылығын арт¬тырып, жастарымыздың иманды, Отанын, халқын
сүйетін, салт-дәс¬түрін ардақ тұтар нағыз азамат болып қалыптасуына әрдайым көңіл
бөлейік. Ислам ғұламалары: «Отанды сүю – иманнан», деп тәлімді тұжырым айтқан. Рамазан
– қайырымды жандар үшін үлкен мүмкіндік. Оразада жасалған Жаратушы Иемізге ұнамды
әрбір қайырлы іс – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен
сәлемі болсын) бір өсиетінде: «Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері», деген. Адам
қалай ниет етсе, сол мақсатына жетеді. Әр пенде сауапты амалымен, тақуалығымен Алланың
алдында дәрежесі артады. Жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж
адамдарға қамқорлық көрсетуге, мәселен, су тасқынынан үйсіз, шарасыз қалған
отан¬дастарымызға қайырымдылық жа¬сауға, табиғи апат салдарынан бұзылған көпір мен
жолды жөндеуге үлес қосуға, жетім мен жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған
қарттарға көңіл бөлуге шақырамын. Елбасы Ұлытау төрінде ұлт туралы, дін, тіл жайлы берген
ұлағатты сұхбатында асыл дініміздің тұрмысы төмен жандарға көмектесу, бауырмал болу,
үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсету сынды асыл құндылықтарын сөз еткені есімізде. Осындай
ортақ игі амалдар жұртымызды жақсылыққа, ізгілік пен бірлікке ұйыстырады. Қасиетті айдың
құрметі үшін халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен
тойлар ауызашар уақытында ұйымдастырылса деген тілегімді білдіремін. Рамазан – бірлік
айы. Осы айда берілетін ауызашарлар ағайын-жұрттың арасын жақындастырып, игі іс-шаралар мен қайырымдылық акция¬лар халқымызды сенімі мен нәсіліне қарамай, ортақ
мақсатқа үндейді. Бүкіл әлемнің Жаратушысы барша адамға: «Бөлінбеңдер», деп бауырмал
болуға бұйырған. Бірлігі күшті елдің берекесі артады. Қымбатты отандастар! Рамазан айында
жасаған амалдарымыз бен ізгі ниеттерімізді Алла Тағала қабыл етіп, сауапты істеріміз
әрдайым жалғаса бергей! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем,
еліміздің болашағы баянды болғай! Әумин!
С. Сейфуллин
№35 (9685) 27 маусым, 2015 жыл
Мерейлері тасыған күн
23-маусым
күні
ауданымыздың мәдениет
үйінде үлкен мереке аталып өтті. Еліміздің
ө р к е н д е у і н д е
айтарлықтай маңызы бар
мемлекеттік
қызмет,
денсаулық пен құқық
қорғау және байланыс
пен ақпарат саласының
қызметкерлеріне алғыс
айтылып,
лайықты
құрмет көрсетілді.
Мерекелік
кеште
алғашқы
болып
құттықтау сөзді аудан
әкімінің
орынбасары
М.Жандәулетов алды. Ол өз сөзінде осы салалардың маңызы мен мәніне тоқталып өтті.
-Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді
атқаратын мемлекет жүйесінің басты тетіктерінің бірі. Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге
асуы үшін де жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге артылады.
Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын
қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандар.
Қазақстандық полиция өзінің құрылған күнінен бастап ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға
қойған міндеттерін табысты жүзеге асырып келеді. Осынау ортақ іске ауданымыздың ішкі
істер бөлімі және полиция взводы ұжымы да елеулі үлес қосуда.
Бүгінгі нарықтық заманда өмірімізді байланыс бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету
мүмкін емес. Мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда бұқаралық ақпараттық құралдарының рөлі қашанда жоғары. Еліміздің елдігін, еріміздің
ерлігін дәріптеп, танытуда байланыс және ақпарат құралдарының маңызы зор,-деді аудан
әкімінің орынбасары өз сөзінде.
Осыдан кейін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше еңбегі, қоғамдық
өмірге белсене араласқаны үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен
осы салалардың еңбек ардагерлері мен бір топ үздік мамандары марапатталды.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Алғыс хаты
Рыспекова Қарлығаш Айтбайқызына және Бурштейн Борис Ефимовичке табысталса,
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатымен Жүсіпбекова Орал
марапатталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі көліктегі
тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Құрмет грамотасына Күзеубаева Гүлім
Оразғалықызы және Қарағанды облысының тұтынушыларының құқықтарын қорғау
департаментінің Құрмет грамотасына Шахманова Ақгүл Айтжанқызы ие болды.
Мәдени-сауық орталығының өнерпаздары мереке иелерінің құрметіне ән мен биден шашу
шашты. Елдің алғысын иеленіп, ризашылық сезімге бөленген маман иелері болашақта да
елінің гүлденуі жолында аянбай еңбек ете беретіндіктеріне сенімдіміз.
МӨЛДІР ҚАСЫМ
Тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 15-1-бабының 1тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы №2-127/4602 хаты негізінде мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Ерғожинның бұйрығымен Жанабек
Оралбекұлы Қасымжанов ауысу тәртібімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Жаңаарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып
тағайындалды.
Кент тұрғындарына!!!!
Суға түскенде абай болыңыздар
Суға түсу науқанының басталуына байланысты Атасу кенті тұрғындары мен қонақтарының
суға түскен кезде өздеріне және балаларына аса мұқият болуды ескертеді. Себебі, аудан аумағы
бойынша 2 адамның суға кету дерегі орын алды. Осындай тілсіз жаудың адам өміріне
төндіретін қауіптерінің алдын алу үшін сіздерді барынша сақ болуға шақырады.
Назарларыңызға төмендегі қарапайым суға түсу ережелерін ұсынамыз.
Жүзу білмесеңіз, белден асатын суға түспеңіз; алкогольді ішімдік ішіп немесе көп мөлшерде
тамақ ішіп суға түспеңіз; өзіңізге белгісіз жерлерге түспеңіз; балаларды қараусыз
қалдырмаңыздар; жағадан алыс жүзіп кетпеңіз; түнгі уақытта суға түспеңіздер; жүзу
білмесеңіз, үрмелі матрацқа сене бермеңіздер; тақтайша, автокөлік камералары тағы басқа
осы секілді суға жүзуге арналмаған заттарды суға түскен кезде қолданбаған жөн.
Адамдардың суға түсу кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі шарты - суға түсу ережелерін сақтау!!!
Демалыс кезінде суда және жағада әртүрлі қауіп-қатерлерден сақтануды ұмытпаңыздар!
Атасу кенті әкімінің аппараты
2
ТҮЛЕК - 2015
27 маусым 2015 жыл
Бала шақтан болашаққа аттанды
20-маусым күні мектеп бітіруші түлектерге білім аттестатын тапсыру рәсімі аудандық
мәдениет үйінің алдындағы әсем безендірілген далалық сахнада салтанатты жағдайда өтті.
Алаңға мектептер бойынша сынып жетекшілері бастап шерумен келіп сап түзеген түлектер
алдында алғашқы болып аудан әкімінің орынбасары М.Жандәулетов құттықтау сөз сөйледі.
-Құрметті жас түлектер! Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы
тұрсыздар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне
ерекше назар аударып, сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша
жағдай жасап отыр. Біздің ауданымызда да жастарға жан-жақты жағдай жасауға бағытталған
іс-шаралар іске асуда. Сіздердің қай жерде, қандай оқу орнында болмасын үлгілі нәтиже
көрсетіп, сапалы білім алып, биік межелерге жетулеріңіз біз үшін үлкен қуаныш, әрі жоғары
мәртебе. Ал, кәсіби білім алған соң ауданымызға келіп, туған жерлеріңіздің көркеюіне атсалысып, өз үлестеріңізді қосамын десеңіздер, біз өз тарапымыздан сіздерге толық жағдай жасаймыз деп сендіреміз.
Жүрген жерлеріңізде ұстаздарыңыздың мерейін асқақтатып, он бір жыл бойы алған білімді
іске асырып, армандарыңызға қадам басар кез келді. Олай болса, өмір жолдарыңыз қашанда
биік мақсаттарға толы болсын!
Бүгінгі салтанатты мереке күні жастарымыздың бойына адамгершілік, еңбекқорлық,
отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыра білген ұстаздар мен ата-аналардың әрқайсының
шаңырағына мол игілік, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін.
Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы білімді, зерделі, өздеріңіз сияқты жастардың
қолында. Бүгінгі аға ұрпақтардың бастаған ісін жалғастыратын да сіздер боласыздар.
Сондықтан, біз сіздерге сенеміз және үлкен үміт артамыз. Қаққан қанаттарың талмасын,
қайраттай қайсарлықтарың мұқалмасын, тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына өз үлестеріңізді
қосып, мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспіз!
Мұнан соң ұстаздар атынан №132 орта мектебінің мұғалімі Айнұр Аханова, ата-аналардың
атынан Төлеубек Игенбеков түлектерге сәттілік пен ақ жол тілесе, түлектер атынан биылғы
тестіде ең жоғары 115 балл алған О.Жұмабеков атындағы орта мектепті бітіруші Ұлан Әбеков
ата-аналары мен ұстаздарының өздеріне артқан сенімдерін ақтайтындықтарын жеткізді.
Жалпы биылғы оқу жылында аудан бойынша 290 оқушы мектеп бітірсе, оның 174-і тестіге
қатысты. 100-ден жоғары балға 9 бала қол жеткізді. Аудан бойынша ҰБТ-ның орташа
көрсеткіші 73,1 балл болды.
«Алтын белгіге» 111 балл алған О.Жұмабеков атындағы орта мектептің оқушысы Бөгенбаева
Дина Әбүйірқызы ие болды. Ал, үздік аттестатты осы мектептің оқушысы Хамзина Айтолқын
Нұрбекқызы алды.
Құттықтау сөздерден соң, түлектерге мектеп бітіргендігі туралы сертификаттар тапсырылды.
Алғашқы болып ортаға биыл мектепті «Алтын белгімен» бітіріп отырған О.Жұмабеков
атындағы орта мектептің түлегі Дина Бөгенбаева шақырылып, оған аталған белгімен қатар,
бағалы сыйлық берілді. Ал, Динаның ата-анасына облыс әкімінің Алғыс хаты тапсырылды.
Сондай-ақ, үздік аттестатпен бітірген Айтолқын Хамзинаға да ерекше куәлікпен бірге бағалы
сыйлық ұсынылды.
Биылғы ҰБТ тапсырудағы мектептер бойынша жалпы нәтижеге келсек, 84,5 балмен С.Сейфуллин орта мектебі (мектеп директоры А.Тұрғынбеков), 79,7 балмен О.Жұмабеков атындағы
орта мектеп (мектеп директоры Р.Рахымов), 76,8 балмен Б.Амалбеков атындағы орта мектеп
(мектеп директоры С.Бибосынов) оқушылары өзгелерден озық болды. 2014-2015 оқу жылында
қол жеткізген жетістіктері үшін берілетін ауыспалы кубокты О.Жұмабеков атындағы мектептің
ұжымы иеленді.
Кеш барысында әсем әндер шырқалып, билер биленіп жиналғандарды көңілді әсерге бөледі.
Ал, түлектердің құрметіне аспанға атылған отшашу бүгінгі мерекенің сәнін одан әрі келтіре
түсті. Мерекелік кештің соңы мәдени-сауық орталығының өнерпаздарының концертіне ұласты.
Тағы бір ерекше сәт – кейінгі жылдары дәстүрге айналған рәсім бойынша барлық мектеп бітіруші түлектер ата-аналарымен және ұстаздарымен бірге кентке кіре берістегі айналма
жолдағы «Қанатты тұлпар» стелласы жанында жаңа атқан таңды қарсы алды. Ата-аналары
мен ұстаздары ақ баталарын берсе, түлектер атқан таң мен келер күндерден болашақтарына
сәттілік тіледі. Мүмкін періштедей пәк жас түлектердің бұл тілектері жүзеге асар!
Жастық жігер мен асау арман бүгінгі түлектерді балалық шақпен қоштастырып алыс
армандарға, болашаққа жетелейді. Өмірдегі жолдары әрқашан сәтті болғай!
САЛТАНАТ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ
О.Жұмабеков ОМ түлегі, Дина Бөгенбаеваға аудан әкімінің
орынбасары М.Жандәулетовтің “Алтын белгіні” тапсыру сәті
Үздік аттестат иегері
Айтолқын Хамзина
Ең жоғары 115 балл алған
Ұлан Әбеков түлектер
атынан алғыс білдірді
Ата-аналар атынан құттықтаған
Төлеубек Игенбеков
№132 ОМ мұғалімі
Айнұр Аханова сәт-сапар
тіледі
О.Жұмабеков ОМ директоры
Р.Рахымов ауыспалы кубокты
қабылдап алды
100-ден жоғары балл алған үздіктер
Түлектердің білім аттестатын алу сәті
Асқар Әния 112 балл
№132 ОМ
Нүркеева Дариға, 108 балл
О.Жұмабеков ОМ
Игенбекова Әдина,
106 балл, Б.Амалбеков ОМ
Әдиева Айғаным, 103 балл
О.Жұмабеков ОМ
Баянова Ақгүл, 103 балл
Ынталы ОМ
Қарамырзаева Фариза,
101 балл, №132 ОМ
Ата-аналар мен жанашырлар көп болды
27 маусым 2015 жыл
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйден әлеуметтік
көмек көрсету бөлімшесіне мүгедек балаларды
қабылдау тәртібі
«Қазақстан
3
Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23-бабының 1-тармағы
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 29
желтоқсандағы Заңын 13 бабының 1 тармағының 1) тармақшасының, 11 бабының 1
тармағының 3) тармақшасы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысыны 1-тармағы, «Арнаулы
әлеуметтiк қызметтердің кепiлдік берілген көлемінің тiзбесін бекiту туралы» » Қазақстан Республикасы 2011 жылы 7 сәуір № 394 қаулысы «Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы
әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде
қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты негізінде
ұсынылады. Стандарт қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету
жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік
емес нысандағы үйде қызмет көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің
шарттары мен тәртібінің көлемі мен талаптарын белгілейді, үйде қызмет көрсету ұйымының
жұмыс істеу тәртібін, мүгедектер қатарындағы психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек
балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар), психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі – 18 жастан асқан адамдар), бірінші, екінші топтағы мүгедектерге қарттарға (бұдан әрі - мүгедектер)
арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету, тоқтату шарттарын айқындайды. Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.
Үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер:
1) жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде арнайы білім беру түзету
ұйымдарының (мектеп интернаттардың) арнайы (көмекші) сыныптарында оқуға қиындық
туғызатын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (бөгде адамның көмегінсіз жүре алмайтын, қимылдарының бұзылу ауырлығына қарай өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке
күтімді талап ететін); есту, көру, сөйлеу қабілеттерінің анық білінетін бұзушылықтарымен,
тырысқақтық ұстамамен, мінез-құлқындағы ауытқушылықтармен асқынуы; ауыр немесе
күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің; бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі
жарыместігі салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге мұқтаж 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға;
2) өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсетудің бірінші және екінші деңгейде
шектелуіне әкелген тірек-қимыл аппараты айқын немесе едәуір (өрескел) бұзылған мүгедек
балаларға көрсетіледі.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіне қабылдау
үшін төмендегі құжаттарды Жаңаарқа ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөліміне тапсыру қажет;
1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз
адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының)
өтініші;
2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
3) уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету кезінде);
4) баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе тұрғылықты жерінен анықтама;
6) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін – талап етілмейді);
7) медициналық карта ;
8) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін – талап етілмейді);
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен бірге ұсынылады, салыстырып тексергеннен кейін
түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек жұмасына 2-3 рет көрсетіледі және
әр балаға жеке жоспар құрылып денсаулығына байланысты әлеуметтік - тұрмыстық қызмет,
әлеуметтік –медициналық, әлеуметтік психалогиялық, әлеуметтік – педагогикалық,
әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік – мәдени, әлеуметтік-эканомикалық, әлеуметтік-құқықтық
қызметтері көрсетіледі.
Үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтатуға:
1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші;
2) мүгедектік алынған, үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;
3) стационарлық жағдайында немесе үйде арнаулы қызмет көрсетілген кезде;
4) қызмет алушының басқа елді мекенге көшуі;
5) куәгерлердің жазбаша көрсеткіштерімен расталатын қызмет алушы немесе оның отбасы
мүшелері тарабынан күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге негізсіз оның адами
құндылықтарын кемсітетін сөздер айтуы және кінә тағуы;
6) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы келісімшарттың бұзылуы негіздеме болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты Тәуелсіздік көшесі 5 үйде
орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен білуге болады, байланыс телефоны 50005.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі
ТҮЗЕТУЛЕР
«Жаңаарқа» аудандық газетінің 2015 жылғы 11 сәуірдегі №20 (9670) санында ресми
жарияланған Жаңаарқа ауданы әкімінің 27 наурыз 2015 жылғы №1 «Табиғи сипаттағы
төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің жариялауында қателіктер кеткен, «2015
жылғы 7 наурыздағы» деген сөзі «2015 жылғы 7 сәуірдегі» сөзімен ауыстырылсын.
В районной газете от 11 апреля 2015 года за №20 (9670) в официально опубликованном решении акима Жанааркинского района за №1 от 27 марта 2015 года «Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера» при публиковании допущена ошибка, слово «7
марта 2015 года» изменить словом «7 апреля 2015 года»
Қ.ҚОЖЫҚАЕВ,
аудан әкімі аппаратының басшысы
Сенім телефоны
Аудандық экономика және қаржы бөлімі ММ қызметкерлерінің «ҚР мемлекеттік
қызметшілерінің Ар-намыс кодексі» қағидаларының сақталмауы немесе орындалмауы
жөнінде хабарлау үшін 2-62-64 номерлі сенім телефоны орнатылғандығын хабарлайды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімі ММ
Еске алу
Анамызға аяулы жар, бірімізге абзал әке, енді бірімізге сүйікті ата,
ағайын-туысқа қамқор бауыр, шаңырағымыздың тірегі, көп жылдар
бойы басшылық қызмет атқарып, елінің алғысына бөленген аяулы
әкеміз Мәжит Смайловтың дүниеден өткеніне қырық күн болды.
Әкеміз парасат-пайымы жоғары, адамдық асыл қасиеттерге бай, болмысы бөлек жан болатын. Осы қасиеттерінен болар әкемізді
үзеңгілес жолдастары «Мәжеке» деп атаса, әкеміз өзінен кіші замандастарына «Мәжаға» болды. Өзінің орынды әзіл-қалжыңы бірге
жүретін әзілқой жан болатын. Ел арасында «Мәжекең айтыпты»
деген талай аталы сөздер қалды.
Әкеміз Мәжит Смайылұлы 1932 жылы 5-мамырда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының
Өркендеу колхозында Қирабаевтар отбасында дүниеге келген. Бала жасынан еңбекке араласты. Сұрапыл соғыс жылдары еңбекке араласқан әкеміз кейін зоотехник мамандығынан
директорлық қызметке дейін көтерілді.
1961-1968 жылдар аралығында Қарқаралы ауданының Нүркен атындағы, 1974-1985 жылдары
Жаңаарқа ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы совхоздарда директорлық қызмет атқарды.
Әкеміздің еңбегі бағаланып бірнеше мәрте аудандық, облыстық мақтау қағаздарымен, медальдармен марапатталды.
Ардақты да асқар таудай әкеміз Мәжит пен аяулы анамыз Майдаш екеуі елу тоғыз жыл отбасын құрды. Алпыс жылға бір жыл жетпей қалған уақытта әкеміз осыдан қырық күн бұрын
о дүниелік болды.
Анамыз Майдаш екеуі 9 бала өсіріп, жоғары білім беріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып,
немерелерінің шуағына бөленіп, қазыналы қарт атанды.
Әкемізді тек жан жары, бала-шаға мен ағайын-туыс қана емес бүкіл ауыл-аймақ, ел сыйлайтын, жақсы көретін. Өйткені осындай құрметке лайық жан еді!..
Ендігі артынан қалған ұрпағы – біздің міндетіміз әкеміздің салып кеткен сара жолын әрі
қарай жалғастырып, әкенің жақсы атына жаман сөз келтірмеу.
Жақсының аты өлмейді заты керек,
Азамат ең айтулы нарқың бөлек.
Аяласын артыңды иман нұры,
Шапағатың біздерді жүрсін демеп.
Сіздің берген өнегелі тәрбиеңіз біз үшін өмірлік үлгі, жан Әке!Топырағыңыз торқа, жаныңыз
пейіште болсын, аяулы жар, абзал әке, сүйікті ата, қамқор бауыр! Сіздің жарқын бейнеңіз
жүрегімізде мәңгі сақталады.
Сағына еске алушылар: жұбайы – Майдаш, ұлдары мен келіндері, қыздары мен
күйеубалалары, немерелері мен жиендері.
Әкеміздің қайтыс болғанына 40 күн толуына орай 4-шілде күні Ынтымақ ауылында
құран бағышталып, ас беріледі.
Сүйікті жар, аяулы ана, немерелерінің қамқоршы әжесі болған
Мәкіш Әбсаламқызының өмірден өтіп, бақилық болғанына 2015
жылдың 3-шілдесінде 40 күн болады.
Көзінің тірісінде өзінен кішілерге қадірлі апа бола білді, балаларына, келіндері мен қайынсіңлілеріне аналық үлкендік махаббатын
арнап, тәлім-тәрбие берді. Көп жылдар оқу-білім саласында жемісті
еңбек етіп, өмірге лайықты білімді шәкірттер тәрбиелеп шығарды.
Олардың көбі еліміздің әрбір жерінде жемісті еңбек етуде.
Алланың жазғанына не шара, артында қалған жары, балалары,
туған-туыстары оның жарқын бейнесін ешуақытта ұмытпайды,
әрқашанда есте сақтайды. Жатқан жерің нұрлы, жаның жәннатта болсын.
Сағына еске алушылар: жұбайы - Зарлық, балалары - Айдар, Жанна, сіңлілері - Сәуле,
Динара, інісі - Жандос, немересі - Олжас, жақын туған-туыстары.
Марқұмның қырқына арналған құдайы дәм "Жаңаарқа" тойханасында 2015 жылдың 3шілдесінде аузы ашықтарға сағат 13.00-де, аузы беріктерге кешкі ауызашар уақытына
беріліп, рухына дұға бағышталады. Бізді білетін ағайын-туыс, жолдастарды, көршілерді
құдайы дәмге шақырамыз.
Көңіл айту
Аудандық білім беру бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және С.Сейфуллин орта мектебі ұжымы
осы мектептің мұғалімі Күлпейісова Айгүлге
анасы Сарқыттың
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Жарамсыз деп саналсын
Дүйсенбеков Сұлтан Нәбиұлының атына 1990 жылы А№166476 Ақтау орта мектебін бі-
тіргендігі туралы берілген білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
*****
Демесинов Абу-Бакир Калиевичтің атына 2005 жылы ОБ 1359709 С.Сейфуллин ОМ бітіргендігі туралы берілген білім аттестатының жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
*****
Кожауов Куаныш Омирзаковичтің атына 1993 жылы берілген А №047413 білім аттестаты
жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
*****
Акишева Әсем Мұхамедиевнаның атына берілген Ақтүбек орта мектебін бітіргендігі
жөніндегі ОА №0257870 білім аттестатының жоғалуына байланысты жарамсыз деп
саналсын
«Жаңаарқа ауданының құрылыс бөлімі» ММ бөлім
басшысының табысы және мүлкі туралы мәлімет
Назарбеков Ербол Ризаевич, басшының міндетін атқарушы, жылдық табысы 1145448 теңге,
мүлкі тұрғын үй 0,1575га 09-104-002-1305, Атасу кенті, Ә.Оспанова көшесі, №18 үй, автокөлік
Nissan Maxima
Объявление
Продам сенокосилки, грабли валковые и поперечные ГП. Куны на трактора новые в кредит.
Телефон: 8 702 849 11 10, 8 771 358 00 31.
Ы
Суда абай болыңыз, тәртіп ережесін орындаңыз!
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Жаңаарқа ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімі шомылу мерзімі қарсаңында облыс тұрғындарын, қонақтарын, балалар
лагерлерінің, демалу орындарының жұмыскерлерін, қарамағында су айдыны, каналдары,
тұндырғыштары бар мекемелердің жетекшілерін өздеріне және балаларына ерекше қамқорлық
танытуға шақырады.
Суда абай болыңыз, тәртіп ережесін орындаңыз! Бұл өкінішті оқиғаларға ұрынудан және
туғандарыңыз бен жақындарыңызды уайымнан сақтайды.
Теңізге, өзенге, көлге шомылмай, жағажайда волейбол ойнамай, кәуәпсіз және балық ауламай
өткен жазды бос өтті деуге болады.
Жақсы жүзе білетіндерге, суда сақтық шараларын орындап, абай болғандарға су қорқынышты
емес.
Тосын қорытындыға келетін болсақ, жақсы жүзушілер өздерін суда сенімді сезінгендіктен
және әлдерін білмегендіктен суға көп батады.
Су айдындарында адамдардың апатқа ұшырау себебін талдасақ, суға батқандардың жартысы
ережені бұзған азаматтардан құралса, үштен бірі мас күйінде, ал қалғандары – үлкендердің
қарауынсыз қалған балалар екенін көреміз.
Сондықтан Сіз су айдынында демалып жатсаңыз да, қармақпен балық аулап отырсаңыз да,
қашанда есте сақтап жүретін қарапайым ережелерді естеріңізге саламыз.
Жүзе алмайтын болсаңыз, беліңізден жоғары болатын суға түспеңіз.
Мас күйіңізде және тамақтанып алғаннан соң суға түспеңіз.
Алкогольге қаныққан организмде өзін-өзі бақылау төмендейді, тыныс алу және жүрек қызметі
ауырлайды, адамды ұйқы басады.
Таныс емес жерлерде шомылмаңыз.
Тексерілмеген су айдыны, терең шұңқырлар, күшті ағыс, лайлы жер - осының барлығы адам
өліміне және жарақаттануға әкеліп соқтырады. Егер сіз жақында ғана осы су айдыныда
шомылған болсаңыз да, түбін тексеріңіз: ішіп алған топ бес минутта консерві банкілерімен
және бөтелке сынықтарымен толтырып тастауы мүмкін. Белгіленген жерлерде
шомылыңыздар: жағажайларда, су станцияларында, бұл жерлерді құтқарушылар қоқыстардан
жинап, бақытсыз жағдайға душар болған жағдайда, Сізді мамандандырылған көмекпен
қамтамасыз етеді.
Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
Оларға су қоймалары бар аудандарда жалғыз жүруге рұқсат етпеңіз. Суда балалармен бірге
демалып жатқан болсаңыз, әсіресе шомылу уақытында оларды жалғыз қалдырмаңыз. Таяз
жерлерде де олармен бірге болыңыз. Суда серуендеуге арналмаған заттарды қолданудың алдын
алыңыз. Ұқыпты болыңыз, көмек қажет болған балалардың жанынан өте шықпаңыз. 14 жасқа
жетпеген балаларға су қоймаларында жалғыз болуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Жағадан алысқа жүзіп кетпеңіз, Сіздің әліңіз жетпей, бақытсыздыққа душар болуыңыз
мүмкін.
Өз-өзіңізді бақылауды ұмытпаңыз. Су айдындарында бәске жүзімеңіз, суық суда көп
бөгелмеңіз. Денеңіз жаурап қалғанша суда шомылмаңыз. Есіңізде ұстаңыз, суда көп бөгелген
жағдайда дене қатты тоңазып, тартылып қалуы, тыныс алу уақытша тоқтауы, есінен айрылып
қалуыңыз мүмкін.
Сондықтан суда шомылу ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы тиіс.
Түнде суға шомылмаңыз: көру қабілеті төмендейді, адам бағдарлау мүмкіндігін оңай
жоғалтады. Қорқыныш сезімі пайда болады. Сонымен қатар жалғыз және үлкен толқында
шомылмағаныңыз жөн.
Өміріңізге қауіп төндіретін үрлемелі матрасқа сенбеңіз: олар кез-келген уақытта суға батып
кетуі немесе жарылуы мүмкін.
Жүзу кезінде тақтайшаларды, жүзуге арналмаған доп және автомашина камераларын
пайдаланбаңыз.
Жүзуге арналған құралдарды пайдалануда үзілді-кесілді тыйым салынады: жүзуге құтқару
жилетінсіз, белдіксіз шығуға, қайықтың бортында және тұмсық бөлігінде отыруға, бір орыннан
екінші жерге ауысуға, сонымен қатар жүзіп келе жатқанда бірінші қайықтан екінші қайыққа
ауысуға; қайықтан сүңгуге; жүзу құралдарына сыйымдылығы мен жүккөтергіштігі жағынан
шамадан тыс көп жүк тиеуге; 14 жасқа толмаған балаларға үлкендердің бақылауынсыз суда
серуендеуге. Шлюздарға, бөгеттерге жақын жүзу, сонымен қатар көпірдің астында қайықты
тоқтатқан қауіпті.
Әрбір адам суда болған бақытсыздыққа куәгер болған жағдайда жедел жәрдем жеткенін
күтпей, зардап шеккен адамға бірінші көмек көрсете білуі керек.
Батып бара жатқан адамға арқа жағынан жүзіп келген жөн. Жақындағанда оның басынан,
иығынан, қолынан, жағасынан алып, бетін жоғары қаратып, жағаға қолын, аяғын еркін ұстап
жүзу керек.
Батып бара жатқан адамға қайықпен ағысқа қарсы, ал желді күні жел мен толқынға қарсы
жүзіп жақындау керек. Құтқарылған адамды судан қайықтың артқы жағынан шығарып алу
қажет.
Зардап шеккен адамды судан шығарып алғаннан кейін тез арада киімінің түймелерін ағытып,
басын қырынан қойып, аузын құм мен лайдан тазалап, тыныс жолдарынан және асқазаннан
суды шығару қажет.
Зардап шеккен адамның басы дене деңгейінен төмен болу үшін өзіңіздің бүгілген тізеңізге
жатқызуыңыз қажет. Бұл әрекеттердің барлығын жедел іске асыру қажет.
Осыдан кейін қолдан дем алдыруға көшеді. Ең қарапайым әдіс - ауыздан ауызға ауа үрлеу.
Жәбірленушіні бетімен жоғары қаратып жатқызып, бір қолыңызды мойнының астына, екінші
қолыңызды маңдайына қойып, тыныс алу жолдарын ашу үшін басын артқа шалқайтыңыз.
Үлкен және сұқ саусағыңызбен жәбірленушінің танауын қысыңыз, терең дем алып, ерніңізбен
ауызын қысып тұрып, қол орамалы немесе салфетка арқылы 1 минутта 18-20 рет ауа үрлеу
қажет.
Қолдан дем алдыру кәдімгі қалпымен демалғанша жалғасады. Егер көмек беруші екі адам
болса, біреуі қолдан дем алдыруды жасайды, екіншісі - жүрегіне массаж жасайды: 1 демді
ішке тарту – кеуде клеткасын 4 басу. Жүрекке массажды және өкпедегі ауаны жаңартуды
дәрігер келгенше жалғастыра береді.
Есіңізде ұстаңыз: зардап шеккен адамды кем дегенде тыныс алуы тоқтағаннан кейін 6
минуттың ішінде тірілтіп алуға болады.
Судың бойында демалғанда, жағада және суда сізге төнетін қатерлердің барын ұмытпаңыз.
Адамдардың су айдындарындағы қауіпсіздігінің басты шарты - сақтық шараларын бұзбау.
Жаңаарқа ауданының Төтенше жағдайлардың
алдын алу және жою комиссиясы
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Құрметті Жаңаарқа ПЧ-28 жол дистанциясының директоры Мұқұшев
Ғабибұлла Оңғарбайұлы! Сізді 56 жасқа толған туған күніңізбен
құттықтаймыз!
Сіз жастайыңыздан темір жолдың тыныс-тіршілігін бойыңызға сіңіре
жүріп, табандылық, еңбек сүйгіштік және өз ісіңізге
берілгендігіңізбен ерекшелендіңіз. Осы жылдар аралығында
ұйымдастырушылық қабілетіңізбен, білікті маман ретінде танылған
Сіз, Қарағанды темір жол басқармасының нұсқауымен
облысымыздың темір жол саласында жауапты басшы қызметтерін
атқардыңыз. Бүгінде ПЧ-28 жол дистанциясында құрметті басшы, өз
кәсібіңіздің шебері, жастардың тәлімгер – ұстазысыз.
Алдағы уақытта отбасыңызға амандық, береке – бірлік, деніңізге саулық,
еңбекте жемісті болуыңызға тілектеспіз.
Жаңаарқа ПЧ-28 жол дистанциясы ұжымы
Арайлым – ән бәйгесінің жеңімпазы
Маусым айының 17-18-ші жұлдызында
Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлованың 90
жасқа толу құрметіне орай «Жерім менің» атты
халықаралық патриоттық әндер байқауы болып
өтті. Бұл байқауда Қазақстан Композиторлар
Одағының төрағасы К.Дүйсекеев бас төреші,
халқымыздың өнер қайраткерлері Б.Оралұлы,
А.Жорабаева, Г.Қаспақова, Р.Гайсин, Ә.Асылбеков, А.Еңсепов және басқа шетелдік
төрешілермен бірге ақиық ақын И.Ғайып
сынды зиялы қауым өкілдері әділ қазылар алқасы болып қызмет атқарған екен.
Сынаққа қатысқан шетелдік және Қазақстандық 22 әншіге міндетті тапсырма – сол
өңірдің тумасы, дарынды композитор Б.Оралұлының бір әні және еркін тақырып бойынша бір ән айту болған. Міне, осы ән бәйгесіне, Қарағанды облысының атынан
қатысқан, облыстық филормонияның әншісі, бірнеше дүркін республикалық және
халықаралық байқаулардың жеңімпазы, жерлесіміз Арайлым Панашқызы Бас
жүлдені тағы да жеңіп алды. Репертуарындағы екі әннің біріншісі – сол өңірдің тумасы Б.Оралұлының, Ж.Әдімқұловтың сөзіне жазылған «Алғашқы көктем» әні
болса, екіншісі М.Мақатаевтың сөзіне жазылған А.Кенжетаевтың «Жас қайың» әні
болатын. Жаңаарқа жерінің киелі топырағынан түлеп ұшқан ғажайып жер иелерінің
бірі, ән әлеміне қанат қаққан қасиетті қарлығаштарының бірегейі Арайлым
қызымызға: «Ән бәйгесінде әрқашан жолың болсын!» деген тілегімізді қосамыз.
Өз тілшімізден
ХАБАРЛАНДЫРУ
-Жастық тазалау, қайта өңдеу ;
-шаң-тозаңнан, қоқыстан бірнеше жүйемен тазарту және кептіру;
-құс мамығын дезинфекциялау, бактерияларды жою;
-тазалау барысында жастықтың құс мамығы салмағын жоғалтпайды;
-жаңа технологияны пайдалана отырып жастықты толық өңдеу және
тысын тазарту;
Бір жастықты өңдеу құны бар болғаны 1000 теңге!
Тек тамыздың 1-не дейін жұмыс істейміз.
Телефон: 8 775 743 46 61 Динара. Мекенжай: Халық мешітінің
аймағы, «Индира» дүкені.
Жаңаарқа ауданында «Түбіртекті талап ет –
жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды
Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен «Түбіртекті
талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы 1-сәуірде басталды.
Акция 2015 жылдың 30қарашасына дейін жалғастырылады. Бұл акция жалпы республикалық іс-шараның аясында
өткізілуде. Бұл азаматтардың белсенділігі мен халықтың салықтық мәдениетін көтеріп, ақшалай
есеп айрысулар барысында бақылау-касса машиналарын қолданудың әлеуметтік-экономикалық
маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастырып, азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқын
қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отырған акция. Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушілерді және қоғамды бақылау-касса машиналарын
пайдалану талап етілетіндігін ақпараттандыру, бақылау-касса машинаны қолдану арқылы салық
төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсірімдерін көбейту,
көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту, кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекені ынталандыруды басты назарға алған акцияның өту барысында желтоқсан айына дейін ай сайын аудан
тұрғындары арасында құнды сыйлықтар ойнатылуы жоспарланған. Акцияға сатып алынған
тауарлардың тубіртектерін жинақтап ұтыс купондарына айырбастау пунктіне әкеліп, тегін
ұтыс купонына айырбастап алу керек. Бұл ретте жеке тұлғалардың жинақтап өткізген он чегіне
бір ойын купоны беріледі. Ұтыс купондарын айырбастау пункті Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында орналасқан. Тәуелсіздік даңғылы № 4, 11-кабинет. Аталынған
акцияға мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерімен қатар заңды және жеке тұлғалар –
кәсіпкерлер өздерінің атына тіркелген бақылау-касса машинаның чектері бойынша қатысуға
құқы жоқ. Сауда жасаушы нүктелердің тұтынушыға бақылау-касса машинасынан чек бермеу
фактілері бойынша Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2-79-38
«Сенім телефоны» арқылы хабарласуға болады. Акция үш кезең бойынша өтеді: бірінші кезең
аудандық деңгейде ай сайын 1-5 аралығында. екінші кезең облыстық деңгейде ай сайын 6-8
аралығында; үшінші кезең немесе қорытынды кезең республикалық деңгейде 2015 жылдың 9шы желтоқсанында Астана қаласында өткізіледі. Осы акция қатысқан ойыншыларымыздың
бірі Бидайық ауылдық округінің тұрғыны Айжан Сүлейменова жүлдегер атанып, сыйлыққа
ие болды. Сізде сыйлыққа лайықсыз. Сондықтан Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы аудан тұрғындары акцияға белсене қатысуға шақырады.
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1550 дана
Тапсырыс №35
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Филология
Просмотров
66
Размер файла
13 024 Кб
Теги
газета, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа