close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 36 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Құрметті аудан тұрғындары!
Еліміздің бас қаласы Астана күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен
қайсар рухының жемісі десек, Еуразия кіндігінде жаңа Астананың бой көтеруі – Егеменді
еліміздің мәртебесін асқақтатып, атақ-абыройын әлемге танытқан тарихи оқиғаның бірегейі
болып саналады.
Ғасырлар тоғысы мен өтпелі кезеңде нар тәуекелге бел буып, Елорданы Астанаға көшіру
бастамасын қолға алған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендік саясаты
бүгінде өз нәтижесін беруде.
Күн санап көркейіп келе жатқан, бүгінде атақ-даңқы төрткүл дүниеге танымал болып
отырған елордамыз Астана – халқымыздың құт дарыған мерейлі мекені әрі мақтанышы.
Сонымен бірге, жаһандану кезеңінде туындаған күрделі мәселелердің түйінін шешетін,
халықаралық деңгейдегі күрмеуі қиын, қайшылыққа толы мәселелердің орайын келтіретін,
орамды ойлар ортаға салынып, кесімді пікір түйетін құтты ордаға айналды.
Біз өз астанамызды мақтаныш тұтамыз. Астана – бұл барлық халықтың қолдауы мен күшжігеріне арқа сүйейтін қала. Сондықтан да, Астана күні барлық қазақстандықтардың ортақ
мерекесіне айналды.
Тәуелсіз Қазақстан және оның асқақ Астанасы гүлдене берсін!
Бірлік пен ынтымақтың, өзара түсінушілік пен татулықтың тал бесігіндей болған ару
қаламыздың, бас қаламыздың іргесі берік, керегесі кең болып, шаңырағы биіктей берсін!
Азаттықтың арайлап атқан әр таңы әрбір отбасына құт-береке, баянды бақыт әкелсін!
Елордамыз Астана күні құтты болсын!
Ғ.Омаров
М.Әбдішев
Жаңаарқа ауданының әкімі
Мәслихат хатшысы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
«Ұлы Түрік Қыраны»
Жағымды жаңалық пен
сүйінші хабар кімді болсын елең еткізетіні сөзсіз.
Жерлестеріміздің жетістіктерін жеткізуге құмар
көңіліміз тағы бір асыптасты. Домбыраға тіл бітіріп
сөйлеткен
күйшілердің жүйрігі, жерлесіміз – Мұхаметжан Тілеуханов ағамыз лайықты
құрметке ие болды.
Өнегелі өмірі мен ерекше
өнерімен үлгі болар ел
ағаларымыз аз емес.
Десек те, осы азаматтың жолы да, жөні де бөлек. Қазақтың қара домбырасын қанатындай
көріп, саналы ғұмырын халқымыздың рухани кемелденуіне арнаған тұлға. Қазақ тарихындағы
кейінде кенжелеп қалған күй өнерін насихаттаушы, өткен ғасырда өмір сүрген Тәттімбет, Тоқа,
Дайрабай күйлерін жандандыра кейінгі ұрпаққа үйретуші Мұқаңның күйшілік өнері Алланың
берген сыйы. Тағдыр тарту еткен бұл өнерді ұштастыра, оны әрі қарай дамытып жүрген
Мұқаңның ұлттық өнерімізде алатын орны зор. Қос ғасырдың мұңын, шерін, күйініші мен
сүйінішін домбыраның сырлы сазымен ұрпаққа жеткізіп отырған Мұхаң – ел мақтанышы.
Ұлттық өнеріміздегі көмескіленіп, ұмытылып бара жатқан ел арасындағы болған күйшілердің
күйлерін шерткен адамдардан көзбен көре, көңілге түйе жеткізіп отырған өнер жанашыры
қашан да құрметке лайық. Міне, бүгін де ағамыздың еңбегі бағаланып, Түркі әлеміне қосқан
толағай еңбегі үшін Халықаралық Түркітану Орталығының «Ұлы Түрік Қыраны»
төсбелгісімен марапатталды.
Халқына қалаулы, еліне елеулі азаматтың бағындырар биігі таусылмасын!
Баспасөз қызметі
Өзекті мәселелер талқыланды
24-маусым күні Ералиев ауылдық округінде «Сарыарка Energy» ЖШС-не қарасты «Жалын»
көмір кенішінің қөмір өндіру барысы туралы ауыл тұрғындарымен қоғамдық кездесу өтті.
Жиынға аудан әкімінің кеңесшісі Б.Қасенов, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің
бастығы М.Ибраев, «Сарыарка Energy» ЖШС директоры А.Р.Түбеков, сол мекеменің бас инженері Д.Ж.Ибраев және бас технологі М.С.Қазбеков қатысты.
«Сарыарқа Energy» ЖШС директоры А.Р.Түбеков мекеменің алдағы жылдарда атқарылар
жұмыс бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, Б.Қожамұратов, Қ.Азбаев, И.Абжанов,
Ш.Нұржанбаев, Б.Жұбанышбаев сияқты ауыл тұрғындарының №189 разъезге баратын Сарысу өзенінің бойындағы өткелді жөндеу, «Жалын» көмір кенішіне ауыл жастарын жұмысқа
алу туралы және басқа да көтерген мәселелері бойынша түсініктеме берді.
Ауыл азаматтары «Сарыарқа Energy» ЖШС басшыларына ауылда демеушілік көмегімен салынып жатқан 20 орындық монша үшін және басқа да көрсетіп отырған көмектеріне өздерінің
ризашылықтарын білдірді.
Баспасөз қызметі
№36 (9686) 4 шілде, 2015 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.
Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын
әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану,
билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал
болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті
иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы
немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды
беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге
де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық
институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін
құбылыс. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық
сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру
керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа
қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын
толық білулері қажет. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде
«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту
және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты
шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып
осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп,
осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана
бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға
жиырма жылдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая
түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен
әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл
әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын
таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес
жолы.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының
азаматтық борышы деп білу керек.
Ш.ШУДАНБЕКОВ,
Целинный ауылдық округі,
"Нұр Отан" бастауыш партия ұйымының төрағасы
Қызыққа толы күндер...
Ақтүбек орта мектебінде маусым айында «Балауса» жазғы
сауықтыру
лагерінің
«Балдәурен» тобы жұмыс жасады. Лагерьге
жетім, аз
қамтылған, көп балалы отбасы
балалары
қабылданды.
Тәрбиешілер Зейнуллина Сабира
мен
Аманжолова
Ж ұ л д ы з д ы ң
ұйымдастыруымен
лагерь
күндері әр түрлі тақырыпқа
арналып, іс – шаралар
жүргізілді. Лагерьдің ашылуы
1-маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластыра өтті. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, сурет салудан байқау
ұйымдастырылды. Ары қарай лагерь күндері «Рәміздерім - мақтанышым» , «Ертегілер еліне
саяхат» , «Жаз аруы-2015» «Суды қорғау күні», «Достық» күні, «Сиқырлы саусақ» күні, «Кел,
балалар, оқылық», «Кім болам?» т.б. шаралармен жалғасты. Лагерь барысында оқушылар
ауыл кітапханасына, мектеп мұражайына, ауыл табиғатына саяхат жасап, өздеріне көп
мағлұмат алды. Қызықты қозғалмалы ойындар лагерь күндерін жандандыра түсті. Қызыққа
толы лагерь күндері лезде өте шықты. Балалар лагерь күндерімен қимастықпен қоштасты.
ЗЕЙНУЛЛИНА САБИРА,
Ақтүбек орта мектебінің мұғалімі
Қазақстанда іске асырылатын үздік
әлеуметтік жобалар
Жаңаарқа ауданында 10 маусымнан 15 қыркүйекке дейін «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» бойынша іріктеу өткізіледі.
Әдістемелік ұстанымдар жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік деңгейде
«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» (бұдан әрі-іс-шаралар)
бойынша іріктеуді ұйымдастыру және өткізу іс-шаралар тәртібін реттейді.
Іс-шаралар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету,
халықтың әлеуметтік осал топтарының өмірлік деңгейін көтеру мақсатында
әзірленеді және ұсынымдық сипатқа ие.
Іс-шаралар өткізу тәртібі
1.Өңірлік деңгейде әлеуметтік жобаларды іріктеу ағымдағы жылдың 10 маусымнан бастап 15
қыркүйекке дейінгі кезеңінде комиссиямен жүргізіледі.
2.Аталған іс-шараларды қаржыландыру көздеріне қарамастан халықты әлеуметтік қорғау
жүйесінде қызмет атқарып отырған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің қоғамдық
ұйымдары, басқа мекемелер, ведомствалар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес
ұйымдар қатыса алады (бұдан әрі- қатысушылар).
3.Жергілікті атқарушы органдар өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалдарымен бірлесіп жұмыс берушілер қатарынан Астана қаласына республикалық көрмеге алып жүру демеушілерді тарта алады.
4.Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеуді келесі критериялар бойынша жүргізе алады:
1)жобаның әлеуметтік маңыздылығы;
2)жобаның уәжді негіздемесі;
3) жобаны тәжірибелік іске асырудан оң нәтижелердің, жоба шеңберінде өмірлік қиын
жағдайда жүрген халықтың әлеуметтік көмекпен және қолдаумен қамтылуы;
4)жобаны презентациялаудың сапасы;
5)1 жылдан астам мерзімде жүзеге асырылған жобалар;
6)қатысушылардың жас аралықтары шектелмеген;
7)жобалар презентациясы слайд немесе ролик түрінде көрсетілуі мүмкін (роликтің ұзақтығы
4-5 минут және сөз сөйлеу 3 минуттан кем болмауы керек);
8) 2014 жылы республикалық көрмеге қатысқан жобалар қайталап қаралмайды.
5. Қажеттілік туындаған кезде комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік
әлеуметтік жобаларды» іріктеу критерияларына түзетулер енгізе алады.
6. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша (№ 1 қосымша) өңірлік
деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады.
7. Қатысушылардың қолына жобаның толық материалдарының қабылдағаны туралы түбіртек
берілуі мүмкін.
8. Жоғарыда аталған критериялар тәртібін сақтамаған жағдайда комиссия қатысушыларға
ұсынылған материалдарды кері қайтарып беруі мүмкін.
9. Жобаларды іріктеу кезінде таласты сұрақтар туындаған жағдайда комиссия төрағасының
шешімі басымды құқыққа ие болуы мүмкін.
10.Комиссиямен іріктеп алынған жобалар материалдары ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне
минитсрлікке республикалық көрмеге жолданады.
Қосымша ақпараттарды Тәуелсіздік көшесі №5 үйде орналасқан Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көрсетілген телефондарына 50005, 2-63-60. (Г.Накипова, Г.Абекова) және электрондық мекен жайларына janaarkasobes_8@mail.ru
хабарласуларыңыз қажет.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
ХАБАРЛАНДЫРУ
2015 – 2016 жылғы жылыту маусымында барлық аз қамтылған отбасылар, әлжуаз топтағы
азаматтар т.б. аудан тұрғындары арзандатылған бағамен көмір алуға «Жаңаарқа ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
хабарласуларыңызды сұраймыз.
Мекенжайымыз: Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы №5.
Телефон:8(71030)28046, 79039
Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
ОБЪЯВЛЕНИЕ
Всем желающим малообеспеченным семьям, слабо защищенному слою населения и т.д. района приобрести уголь по льготной цене на отопительный период 2015 – 2016 гг просьба обратится в ГУ « Отдел занятости и социальных программ Жанааркинского района».
По адресу : проспект Независимости №5
По телефону: 8(71030)28046, 79039
Отдел занятости и социальных программ Жанааркинского района
Салыққа жатпайтын түсімдерді бақылау
Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы 2015 жылдың I
жартыжылдығында салыққа жатпайтын түсімдердің мемлекеттік бюджетке толық және
уақытында аударылуы жөнінде 91 мекемелер мен кәсіпорындарда бақылау жүргізді.
Бақылаудың қорытындысы бойынша тексерілген мекемелер мен кәсіпорындардың 23-де
жалпы сомасы 36511,4 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Бақылаумен анықталған
бұзушылықтардың 36476,6 мың теңгесі бюджет қоржынына түсті. Бақылау барысында мемлекеттік бюджетке 36476,6 мың теңге аударылды.
01.07.2015 жылғы жағдайға бюджетке қайтарылмағаны «Теміртау қаласының № 55524 әскери
бөлімшесі» ММ анықталған 34,8 мың теңге.
01.01.2015ж. мен 31.06.2015ж. аралығына жасалған талдаудың қорытындысы көрсеткендей,
бақылауға дейінгі іс шаралар бойынша 1996,5 мың теңге бюджетке аударылған, оның ішінде
бюджеттік жіктеу коды бойынша: 206109 «Жергілікті бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер» - 1338,7 мың теңге;
105304 «Орман отындарын пайдаланғаны үшін ақы төлеу» 657,8 мың теңге;
Бақылаумен қамтылған нысандар ішінде ең көлемді бұзушылықтар «Қарағанды қаласының
құрылыс бөлімі» ММ мен «Теміртау қаласының перзентханасы» ММ анықталды.
«Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ 16.04.2013ж. № 58 несиелік келісім шарттың
5.1 тармағының талаптары бұзылып, мақсатсыз жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 91273,0
мың теңгені құрады, республикалық бюджетке қайтарылуға тиісті айыппұлдың сомасы
22818,2 мың теңге. «Теміртау қаласының перзентханасы» ММ мемлекеттік тапсырыстың
қаражаты есебінен «Оқжетпес» ЖШС коммуналдық қызмет үшін 2075,0 мың теңге негізсіз
аударылған және «Теміртау қаласының № 2 емханасы» КМК коммуналдық қызмет үшін 47,3
мың теңге негізсіз аударылған. Сонымен қоса, 2014-2015 жылдары еңбекақыдан артық
төленген 6,9 мың теңге бюджетке қайтарылмаған.
Г.ҚҰЛАТАЕВА, Қарағанды облысы бойынша
Қаржылық бақылау инспекциясы № 1 бөлім басшысы
2
4 шілде 2015 жыл
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ...
Ақын ағаны еске алды
Ауданымыздың тумасы,
құрметті ұстаз, жалынды
ақын, соңында өлмейтін
асыл мұра қалдырған
Еркін Игенберлинді еске
алу
кеші
аудандық
мәдениет үйінде
өтті.
Ақынның әріптестері, кешегі үзеңгілес достары,
өзі
тәлім
берген
шәкірттері бас қосқан бұл
кеш
ақын
өзі
жырлағандай «Мен кеткен
соң жарық алып іздерсің»
деп аталды. Аты айтып
тұрғандай ақын
мен
тәлімгер ұстаз өмірден
өткенімен оның ұрпақтары әкеге деген сағынышты туған жерге деген тағзыммен бірге
өрбітті.
Еркін Сағындықұлы Игенберлин 1940 жылы Жаңаарқа ауданының орталығында туған.
1964 жылы Қарағанды пединститутын бітірген. Ұзақ жылдар ұлағатты ұстаздық қызмет
атқарады. Аудан орталығындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте қазақ тілі мен
әдебиетінен дәріс берді. Қадірлі ұстаздың алдынан қаншама оқушы дәріс алып, білім
нәрімен сусындады. Қиял көгіне қанат қаққан қаншама түлектің арманының орындалуына
мұрындық болған ұстаздың шәкірттерінің көбі әдебиет әлеміне, өнер өлкесіне өз
қолтаңбаларын қалдырды.
Ұстаздық ете жүріп, сыйқырлы қаламынан жүрек тебірентіп, жан сүйсінтер өлеңдерді
туғызды. Өлеңдері, жырлары терең толғамға, парасат-пайымға бай болып келетін, келісті ой,
кестелі сөзге шебер айтулы ақынның шығармалары мерзімді баспасөз беттерінде үздіксіз жарияланды. Оның ел мен жердің тарихы мен тағдырына байланысты, т.б. толғаулары жанжақты таныммен, байыпты түйіндерімен құнды.
Е.Игенберлинге арналған еске алу кешінің шымылдығын аудан әкімінің орынбасары
Марат Жандәулетов ашып, ақынның өмірі жайлы, өскен ортасы мен бағындырған белестері жайлы айтып өтті. Келесі кезекте ақынмен бірге жүрген қатарластары Ғазым
Жарылғапов, Айтқожа Пазылов, Файзулла Шәкімұлы естеліктер айтты. Кешегі өзі халық
театрының қалыптасуына ат салысып, бірнеше пьесаларда ойнағаны ауданымыздың
тұрғындарының жадында. Қатарласа жүріп сахна төрінде сан образды жарыққа бірге
шығарған әріптесі туралы Жарулла Шайхин де баяндап өтті. Облыс орталығынан арнайы келген филология ғылымдарының докторы Берік Рахимов құнды деректерге
тоқталса, әнші Сейіл Аяғанов ақынның сөзіне жазылған әндерді тамылжыта шырқады.
Өзі еңбек еткен С.Сейфуллин атындағы мектептегі әріптестері Әбет Майшин, Ақжарқын
Өсімбекова, Даметкен Ақыжанова да ардақты ұстаз туралы естеліктер айтты.
Екі сағаттан артық болған тамаша кеште ақын туралы естеліктермен бірге ақынның
сөзіне жазылған әндер орындалып, ақынның өлеңдері оқылды. Кеш соңында ақынның
ұлы Азаттың жинақтауымен жарық көрген, Қарағанды қаласында тұсаукесері өткен
«Өсиет» кітабы туралы ұлы Азат пен қызы Жұлдыз баяндап беріп, кітап көрермендерге
таратылды.
САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК
Мезгілсіз көктерегің құлап қалды
(Өмірден ерте кеткен бауырым Барлыбайға арнаймын)
Қаралы Қарашоқы биіктері,
Артында жоқтау зары, сүйікті елі,
Жалындаған жас боздақ Барлыбай-ау,
Оқыс апат өртеді, күйік-шері.
Тәңірім Барлыбайдай бала берді,
Шаңыраққа ырыс-құт ала келді.
Сапарғали, Байдәулет, Азаматтар,
Қайысып Наукен жылап қала берді.
Жылап ақты Ақтаудың бұлақтары,
Алла әмірі, тағдырдың сынақтары.
Қыршын жас, армандарың көп еді ғой,
Мезгілсіз көктерегің құлап қалды.
Жан анаңның маңдайына сыймадың,
Бейнетқорым, ақ көңілді имандым.
Барамыз ғой қара жердің қойнына,
Жас боздақ-ай, қыршын кетіп қиналдың.
Күңіренді Ақтауымның даласы,
Жанды жеген бұл қайғының наласы.
Таңырқады көрген адам өзіңе,
Батыр намыс, Боранбайдың баласы.
Неге келте үзілді атар таңын,
Неге шіркін таусылды татар дәмің.
Сұқ өтті ме асықтың биіктерге,
Өзіңе жете алмады қатарларың.
Қу ажал қолдан келер шара бар ма?
Әкедей биік қорған пана бар ма?
Қыран болып, зау кеткен қарап жүрші,
Анаңа, Ғазизаңа, балаларға.
Таудай еді талабың,
Ақкөңілді бағалым.
Пейіштің болшы төрінде,
Жеріңді қорғап қапыда,
Шейіт боп кеткен қарағым.
Тіршіліктің әр таңына қуанам
Таулар менің бесігімді тербедің,
Көк аршаның әтір исін сезгенім.
Көзімді ашып көргенім,
Тау жуасы тергенім.
Дауылың мен жауыныңмен кездесем,
Кәусәр бұлақ шөл басатын көз-кесем.
Төңіректің сұлу сазын сезбесем,
Мен өмірге келмес ем.
Тіршіліктің әр таңына қуанам,
Тау жолдары – тағдырымдай бұралаң.
Жақының да, жан ботаң да ұқпаса,
Иманақтың иығына сүйенем.
Шіркін өмір! Қызығыңа қанбас ем,
Тіршіліктен от алмасам жанбас ем,
Пенделіктің бетсіздігі болмаса,
Мен де өлең жазбас ем.
Ей адамдар!
Жақыныңды ұғыңдар,
Түсер ылдый, шығатын өр-шыңын бар.
Бір-біріңді қасиеттеп, қадірле!
Сенен басқа кімім бар?
Сенің басқа кімің бар?
ӘЙКЕН АСАНОВА,
Сәкен ауылы
4 шілде 2015 жыл
3
Еске алу
Ауданымыздың тумасы, аяулы жар, балаларының сүйікті
анасы, ардақты әже, Дүйсеновтер әулетінің үлкен келіні болған
Әлия Мәрленқызының дүниеден өткеніне 1 жыл толып отыр.
Өзіңе деген ағайын-туыстың, отбасының сағынышы басылар емес.
Амал нешік, тағдырдың жазуына шара бар ма?
Сағынамыз өзіңді жыл өтсе де,
Сағынамыз өзіңді күн өтсе де.
Артыңдағы ұрпағыңа шүкір дейді,
Бұл өмірден бақиға кім өтсе де.
Дүние-керуен кезегімен көшіп жатыр,
Тәубә, дейміз немерелер өсіп жатыр.
Ағайын-туыс өзіңді бір еске алып,
Құран бағыштап, құдайы ас беріп жатыр.
Аналық жүрегімен ағайын жүрегінде өшпейтін із қалдырып кеткен аяулы жанның рухы
бәріміздің жүрегімізде өшпесі анық. Жаның жәннатта болғай, Әлия!
Еске алушылар: Дүйсеновтер отбасы.
Марқұмның қайтқанына 1 жыл толуына байланысты 10 шілдеде сағат 21.30-да “Сәт”
тойханасында ас беріліп, дұға бағышталады
«Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі ММ
қызметкерлерінің табысы және мүлкі туралы мәлімет
№
Аты-жөні
Икенов Азамат
1 Амангелдіұлы
Зарубаева Фаризат
2 Рахатқызы
Каримбекова Айткуль
3 Оразбекқызы
Шаханова Батима
4 Сапарқызы
Бейсенбаева Береке
5 Кенбайқызы
Тайшикова Орал
6 Коммунарқызы
Картаева Аманкүл
7 Аханқызы
Окумова Ардақ
8 Жаппасқызы
Шайдарова Саягүл
9 Төреғұлқызы
Кенжегулова Динара
10 Малдыбайқызы
Лауазымы
Бөлім
басшысының
орынбасары
Бөлім
басшысының
орынбасары
Табысы
Мүлігі
1180303
---
267135
---
Бас маман
Жер
телімі,
кад.09-104-002-1519,
1185243 К.Әбжанов көшесі ,50
1.Пәтер, кад.09-104 (Ж04-19) Мектеп
орамы, 2/3
2124566 2.Тұрғын үй, Күжікенов көшесі 3/1
Тұрғын үй, кад.09-104-002-597, А.Сей1227901 димбек , 40А/1
1.Пәтер, кад.09-142-125-106-1-56,
Қарағанды қ. Алиханов к 34/1 үй, 56 пәт
2.Жер телімі,кад.09-142-146-309, Күнгей
ықшам ауданы, алаң 20, телім 64
1096682 3. Toyota Camry автокөлігі
Тұрғын үй, кад.09-104-003-192, І Ертіс
1261863 орамы 113/2
Бас маман
718024
Бас маман
Бас маман
Бас маман
Бас маман
Бас маман
Бас маман
770067
770067
Табыс туралы мәлімет
-------
“Жаңаарқа ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі ” ММ басшысы Бакиев Қайнар
Қанатұлының жылдық табысы 1809695 теңге.
*****
“Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі” ММ басшысы Хамзе Шолпан
Қошанқызының жылдық табысы 2120537 теңге. Мүлкі - Атасу кентінде екі бөлмелі пәтер,
гараж астындағы 21 ш.м. жер телімімен. Қарағанды қаласында 1 бөлмелі пәтер.
Бас маман Аманжолов Данияр Жұмажанұлының жылдық табысы 475318 теңге.
*****
Байдалы би ауылдық округінің әкімі Тажитов Жанат Зарубайұлының жылдық табысы
1176240 теңге. Мүлкі - тұрғын үй Сарысу көшесі, №14 үй, Ауди 100С4 №404АВА09 автокөлігі.
*****
Қараағаш ауылдық округінің әкімі Оспанов Ғафиз Камиұлының жылдық табысы 1161600
теңге.
*****
Бидайық ауылдық округінің әкімі Баязитов Сарсенбек Амангельдиновичтің жылдық табысы 1483852 теңге. Мүлкі - Suzuki Grand Vitara автокөлігі.
*****
Ақтасты ауылдық округінің әкімі Мукажанов Медет Файзрахмановичтің жылдық табысы
1450996 теңге.
Бейбітшілік - бауырластық белгісі
Ш.Ералиев ауылдық мәдениет үйі мен ауылдық кітапханасының кітапханашылары ұйымдастырған, стационардан тыс қызмет көрсету
бөлімі биылғы жылы аталып өтілетін Қазақ хандығының 550
жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияға 20 жыл және
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялануына байланысты
мәдени ошағы жоқ елді мекендерге арналған «Бейбітшілікбауырластық белгісі» атты мерекелік концерт өткізілді.
Ералиев ауылдық кітапханасы жанынан стационардан тыс қызмет
көрсету бөлімінің қызметі көрсетілді. Әр мерейтойларға кітап көрмелері
ұйымдастырылып,барлық мерейтойлар жайлы мағлұматтар берілді. Кітаптарға
библиографиялық шолу жасалды. Жомарт елді мекенінің тұрғындарына кітап алмастырылды.О.Әлібаев атындағы орта мектебінің оқушысы Жуанышбаев Ерболсын «Балбырауын»
күйін күмбірлете шертіп, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлесе, Әлкенов Нұрдәулет «Қазақ
елі» әнін нақышына келтіре шырқады.О.Әлібаев атындағы орта мектебінің медбикесі Оспанова Күлпаш «Ауылым» әнін шырқаса, Ералиев ауылдық мәдениет үйінің көркемөнерпаздар
үйірмесінің мүшесі Бисейтова Райхан «Перзент сыры» әнін ерекше толғаныспен шырқады.
Бейсенбеков Сырым «Анашым» әнін орындап, халықты бір ерекше сезімге бөледі. Мәдениет
үйінің меңгерушісі Көпбосынов Жалын халық әні «Самалтау» әнін орындады.
Ауыл тұрғындары атынан Жомарт елді мекені мектебінің меңгерушісі Қанафина Балжан
алғысын білдірді. «Осындай іс-шара жиі өткізіліп,халықты елеп жатқаны нұр үстіне нұр болар
еді»,- деген ниеттерін жеткізді.
А.КАПЫРАХИМОВА, Жомарт елді мекені
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ
Ізгіліктің шуағын шашқан жан еді
С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану
мұражайында соғыс ардагерлеріне арналған бұрыш ашылған.
Келушілерге экскурсиялар, дәрістер, жылжымалы көрмелер,
кездесулер өткізіліп тұрады.
Халқымыз адамзат тарихында ең бір сұрапыл соғыс ретінде
танылған Ұлы Отан соғысының Жеңісті күндеріне 70 жыл толуын тойлауда. Осыған орай, біз, мұражай қызметкерлері Мияш
Аманұлының отқа оранған соғыс жылдары мен жастық шағы
және қилы кезеңдерді басынан өткерген тағдыры туралы еске
алмақшымыз.
Сарыарқаның бел ортасында, қазіргі Қарағанды облысының
аумағында Ор, Аба және Ақтау тауларының қойнауында
«Сары бұлақ», «Жамбас көң» атты жерлерде, кезінде елге
сыйлы, зор құрметке ие Алтайдан тарайтын Сайдалы
Қарғабай қажы мен оның ұрпақтары Аман, Мұқаш және
Әбдішейіт ауылдары өмір кешкен. Заманында бұл бабаларымыз дастархандары кең, қонақжай, жалпы елге абыройлы
және үлкен дәулет иелері болған көрінеді. Осыған орай ел
ішінде жастарға тілек-бата тілерде – «Қарғабайдай малды
бол...» - деген тілек тіркестері көп айтылып келген екен.
Жоғарыда атап өткеніміздей сол 1928 жылдың қуғын-сүргіні
уыздай ұйып отырған осы ауылдарды жоқ қылып тынады.
Үлкен әкелері Аман інілері Мұқаш, Әбдішейіт мал-мүлкі
тәркіленіп және отбасыларымен айдалып кетеді. Кейін естуімізше «Карлаг» жазалау орындарының құрбаны болыпты.
Осы жазалаудан түрлі себептермен құтылып, ата-ана, туған
туысынан айырылған Мияш Аманұлы Павлодар қаласындағы
балалар үйінде тәрбиеленіп мектеп бітіреді. Кейін осы қаладағы сүт өнеркәсібі техникумына
оқуға түсіп, оны 1938 жылы бітіріп шығады. Сол жылы міндетті әскер қатарына алынған. 1939
жылы басталған фин соғысына толық қатыса отырып, Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен
1946 жылға дейін әскер қатарында болған. Соғыстан кейін туған жерге оралып, өз ет тірлігімен
ел қатарына қосылған. Сол әскерден елге оралған жылы Ақмеруерт Сарықызымен қосылып
үйлі-баранды болып, он бала тәрбиелеп өсірді. Сүт өнеркәсібі саласында 30 жыл үзбей еңбек
етіп зейнеткерлік демалысқа шыққан, 1976 жылы қайтыс болды. 70 жыл бойы тойланып келе
жатқан Ұлы Жеңістің біздің елге қандай зор қиыншылықтармен келгенін барша халқымыз
сияқты жүрегімізден түйсіне отырып, осы майданның кешегі жауынгері, айналасына
жақсылық пен ізгіліктің шуағын шашқан жайдары, жарқын мінезді, сыйластық пен
сенімділіктің үлгісіндей болған – Мияш Аманұлының қысқаша өмір жолы алдағы уақытта өз
әулетінен тарайтын барша балаларының, немере-шөберелерінің үлгі тұтар естелігі болсын
деген оймен жариялап отырмыз.
К.ЖАНГЕЛДИНА,
С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа
аудандық тарихи-өлкетану
мұражайының қор қорғаушысы
АДАМ. ҚОҒАМ. ЗАҢ.
АЙЫППҰЛДЫ ТӨЛЕУГЕ МІНДЕТТІ
Мемлекет пайдасына өндірілген әкімшілік айыппұлдарын өндіріп алу күрделі санаттық
істердің біріне жатады, өйткені әкімшілік айыппұл салынғанда оның маңыздылығына адамдар
көңіл бөлмейді және айыппұлдарын төлеуден түрлі себептермен жалтаруға барады, Заң
жүзінде сот немесе өкілетті органдардың күшіне енген қаулылары негізінде салынған
айыппұлдарды төлеу әр азаматтың міндеті.
Жаңаарқа аумақтық сот орындаушылар бөліміне жыл басынан мемлекет пайдасына айыппұл
өндіру туралы 685 атқару құжаты 8 873 754 тенгеге орындауға түскен.
Әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарған берешегін азайту мақсатында прокуратура, ішкі істер
бөлімі және жол полициясы басқармасы органдарымен бірге арнайы жұмыстар
ұйымдастырылады.
Арнайы жұмыстар кезінде рейдтер өткізіледі, борышкерлердің тұрғылықты мекен жайына
шығу арқылы дүние-мүліктері тексеріледі, бірнеше рет ескерту беріледі, көп жағдайда
айыппұлды ерікті түрде төлемейді. Бірінің көлігі өзге азаматтың атында болса, енді бірі
көрсетілген мекен-жайда тұрмайды. Осындай әртүрлі себептермен айыппұл уақытында
өндірілмейді.Осындайда рейдке шығу сот және уәкілетті органдардың қаулылырын орындау
үшін ең тиімді тәсіл болып табылады.
Сот орындаушылардың жұмыс тиімділігін жоғарлату және айыппұл төлеуден жалтарған
борышкерлердің берешегін азайту мақсатында жұмыстары әрі қарай жалғасады.
Ғ.Т.ОМАРОВ,
Бөлім басшысы,
аға сот орындаушы
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы прокурорының
өкімімен, құрамына прокуратура қызметкерлері және Қарағанды облысының кәсіпкерлерінің
тәуелсіз ассоциациясы өкілдері кіретін кәсіпкерлердің құқықтарын бұзушылық фактілерін
анықтау бойынша оңтайлы жұмыс тобы құрылды.
Заңсыз және кәсіпкерлік қызметке тосқауыл жасалған тексерістер жайында, Сіздер - 8(7212)
41-48-24, 41-45-06 сенім телефондарына хабарласа аласыздар.
Аталған сенім телефондарына экологиялық және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар
жөнінде әрі кейбір аймақтың жағымсыз экологиялық жағдайы туралы да хабарлауға болады.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы
прокуроры Муқашев Т.Б., Қарағанды қаласы, Кривогуза көшесі №3 мекенжай бойынша, күн
сайын, табиғат пайдалану, экологиялық нормалардың бұзылуы, табиғи ресурстарды қолдану
және қоршаған ортаны қорғау саласында бақылаушы-қадағалау қызметін жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты сұрақтар бойынша жеке және заңды
тұлғаларды қабылдайды.
Қарағанды облысының
мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы
Сенім телефоны
“Жаңаарқа ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ” қызметкерлерінің “ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі” қағидаларының сақталмауы жөнінде хабарлау
үшін 2-83-84 номерлі сенім телефоны орнатылғанын хабарлайды.
“Жаңаарқа ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ”
Ы
ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫ - 2015
СПОРТ
ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
25-маусым күні Қарағанды қаласында
облыстық XI
ұлттық жастар дельфийлік
ойындарының сайысы өтті.
Сайысқа Қарағанды облысының түкпіртүкпірінен келген талантты жастар фортепиано,
домбыра, қобыз және қыл-қобыз сияқты аспаптарда ойнаудан, сонымен қатар, би билеу, қысқа
метражды кино, бейнероликтер түсіру, тележурналистика, эстрадалық ән айту және декаративті
қолданбалы өнер сияқты номинациялары бойынша бақ таластырды.
Аталмыш сайысқа жастармен жұмыс жасау
орталығының жетекшілігімен эстрадалық ән
айту номинациясы бойынша О.Жұмабеков
атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы
Дуадақбаева Тәрмәрнаббат Жаңбырбекқызы
қатысып, ауданымыздың намысын қорғады. Жас
әнші қарсыластарынан озық шығып, жүлделі 1ші орынды иеленіп қайтты.
Жас өнерпазды дайындаған мәдени-сауық
орталығының қызметкері, әнші Бижамал Нұрғалиева.
Баспасөз қызметі
ҒҰМЫРДАРИЯ - 2015
Мерейі үстем болды
Жақында Алматы қаласында барша өнерлі балалар
бақ
сынасқан.
Халықаралық
«Ғұмырдария» байқауында Жаңаарқа ауданынан барған О. Жұмабеков ОМ оқушысы Амангелді Айбатырдың мерейі үстем болды. 60
өнерпаздардың арасынан суырылып шығып
жүлделі II- орын алды.
Жетекшісі О. Жұмабековтің ұстазы Жакеева
Мақпал да дипломмен марапатталды.
Өнерің өрге жүзсін, Айбатыр!
Жарамсыз деп саналсын
Берік Қонқаевтың атына берілген С.Сейфуллин а/о әкімінің 20.01.2004 ж. шыққан №2 өкімі
жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
Жүйріктен жүйрік озды жарысқанда...
Маусым айының 26-күні Бәйгетөбеде ұлттық ат спорты ойындарынан аудандық жарыс өтті.
Жүлдеге бірнеше бағалы сыйлықтар тігілген жарыс жоғары деңгейде өтті. Ауылдық округтерден келген командалар ат спортының жеті түрі бойынша: көкпар, аударыспақ, теңге алу,
аламан бәйге, құнан жарысы, тоқ бәйге, тай жарысы түрлерінен сайысқа түсті.
Ауыздығымен алысып, көкке шапшыған тұлпарлар бәсекесі көкпардан басталды. Жарыс
қорытындысы бойынша Ақтау ауылының көкпаршылары бірінші орынды иеленді. Ауыл
командасының мүшесі Р.Шалғынбаев теңге ілу мен аударыспақтан 70 кг салмақ дәрежесі
бойынша бірінші орын алды. Аударыспақ ойынының үш салмақ категориясы бойынша I
орынды М.Жұмажанов ауылының спортшылары Б.Нұрғалиев, М.Нұрғалиев, Ж.Жүсіповтер
иеленді. Тай жарысынан Ескене ауылының атбегісі С.Матаевтың тайы бірінші, С.Сейфуллин
ауылынан С.Рымбековтің сәйгүлігі екінші, ал Ералиев ауылының сәйгүлігі үшінші орын
алды. Құнан жарысынан Ескене ауылынан Т.Тоқбергеновтің сәйгүлігінің мерейі үстем болып,
мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл жарыста Ералиев ауылынан Әсеттің құнаны екінші
орын, Бидайықтан М.Аманжановтың құнаны үшінші орынға ие болды.
Тоқ бәйгеде Бидайық ауылынан М.Кенжеғұловтың жүйрігі топ жарды. Екінші орынды Ералиевтен Әсеттің тұлпары олжалады. Халық тағатсыздана күткен аламан бәйгеде бас жүлде
Бидайық ауылының атбегісі Қ.Ахметовтің «Бейбарыс» атты тұлпарының қанжығасында
кетті. Екінші орын Атасу кентінің ат бапкері А.Әбілдинованың жүйрігі, үшінші орын Ескене ауылының ат сүйер азаматы Тоқбергенов Темірханның сәйгүлігіне бұйырды. Жеңімпаздар
бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осы спорттық шараны өткізуде спорт бөлімі, аудан
әкімінің кеңесшісі Б.Хасенов, «Жаңаарқа жылу» мекемесінің басшысы М.Әбілдинов,
аудандық мәдениет бөлімі, аудандық аурухана, ІІБ, «Жаңаарқа Көркем» мекемесі, кент
әкімшілігі ат салысты. Жарысқа шаруа қожалық иесі Ә.Төлеуов, жеке кәсіпкерлер Б.Тезекбаев,
Н.Абдрахманов, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, архитектура
бөлімі, ауылшаруашылығы бөлімі, «Жаңаарқа жылу» мекемелері демеушілік етті.
Облыстық ауыл спортшыларының жазғы «Сарыарқа- 2015» спартакиадасы 13-тамыз күні
ауданымызда өтеді. Сол себепті ауыл әкімдері, атбегі азаматтар аудан командасын жасақтауға
өз үлестерін қосса жоғары нәтижеге қол жететініне сенімдіміз.
Боз кілемде белдесті
Жақында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақ хандығының 550
жылдығына орай Ішкі істер департаменті және "Динамо" ДШСҚ ұйымдастыруымен қазақ
күресі бойынша облыстық ішкі істер органдарының қызметкерлері арасындағы турнир өтті.
Жарыстың ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары М.Жандәулетов, облыстық ІІД-нің
басшысының орынбасары А.Қ.Ынтықбаев сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Бұл айтулы шараға 34
команда, 82 палуан қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша мына палуандар жеңімпаздар
мен жүлдегерлер атанды: 60 кг салмақта I орын М.Искаков (Октябрский ОП), II орын Д.Тынысбаев (Служба ПТ), III орын Б.Бошаев (Қарағанды УССО), 66 кг салмақта I орын
Ж.Құлқаев (Қарағанды УССО), II орын Е.Ахметов (Қарағанды ІІД), III орын С.Магуов
(Жезқазған РДПП). 74 кг салмақта I орын Ж.Сейсебеков (Қарағанды -Арлан), II орын
Е.Мұхаметжанов (Служба ПТ), III орын Е.Ташкеев (Қарағанды-Арлан), 82 кг салмақта I орын
Е.Шахатов (Қарағанды-Арлан), II орын Н.Қасымов (Қарағанды УССО), III орын К.Сейтов
(Қарағанды-Арлан), 90 кг салмақта I орын Д.Искаков (Қарағанды СОБР), II орын
Ж.Нығманов (Қарағанды УССО), III орын С.Серікбаев (Қарағанды Кировск), 100 кг салмақта
I орын Е.Бинашев (Қарағанды ПДПП), II орын Ш.Измуханов (Қарағанды СОБР), III орын
Н.Халилин (Қарағанды СОБР), +100 кг салмақта I орын Ж.Жакешов (Қарағанды СОБР), II
орын С.Амантаев (Қарағанды СПТ), III орын Б.Құрбаниязов (Қарағанды УССО), абсалют
салмақта Н.Халилин жеңімпаз атанды. Жарыс жеңімпаздары дипломдармен, бағалы
сыйлықтармен марапатталды.
Аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі
Ризашылығыңызды бізге емес, Аллаһқа айтыңыз
Дүниежүзілік психологтар, дәрігерлер, рухани және халықтық емшілер
қауымдастығының мүшелері, Ресей магистрлерінің жұлдызы, Ресейдегі
халық емшілігінің жаңғыртушысы, Ресей Федерациясының үшінші
мыңжылдықтағы озық халық емшісі, Шығыс халық медицинасының магистрі, Қазақстан Республикасының Құрметті халық емшісі, "Экология"
академиясының академигі, қуатты қол мен өткір көз иесі - екеуінің де
осындай атақтары бар Нафиса қажы Мамадалықызы Юлчиева мен
Мададжон қажы Мақсұтұлы Эшанжанов бүйрек, жүрек, көз, құлақ естімеу аурулары, тұтығып сөйлеу, демікпе, қолқа без аурулары, әйел және
еркек жыныс әлсіздігі, асқазан ауруы, тыныс мүшелері, әртүрлі жүйке аурулары, семіру және арықтау, зәр тоқтамаушылық, бедеулік, қол, аяқ аурулары, ішімдікке құмарлық сияқты бірнеше сырқаттардан сауықтырады.
Сурет арқылы ауыр сырқаттарға, 8 жасқа дейінгі балаларға ем жасайды.
Емшілер қатерлі ісік, туберкулез, қояншық, бүйрек
іскендерді, СПИД-пен, сары аурудың бастапқы
кезеңімен ауыратындарды, аяғы ауыр әйелдерді
ҚАБЫЛДАМАЙДЫ.
-10 жастағы қызым Еркеназ 6 жылдан бері тұтықпамен ауыратын. Осы кісілерден 15 күн ем алғаннан кейін анық сөйлейтін
болды. Бірінші Аллаһқа, екінші осы кісілерге рахметімізді айтамын.
Гүлжан Оразбаева,
Жезқазған қаласы, Рудник кенті
-Бірінші Аллаһқа, екінші Нафиса қажы мен Мададжон қажыға көптен көп рахмет. Алғысым шексіз. Осы емшілерге ұлым
Самат Қасенұлын емдеуге әкелген едім. Балам ішімдікке құмар еді. Екінші емді қабылдағаннан соң баламның беті бері қарап,
үйге уақытында келіп, өзімізбен бірге тамаққа отырды.
Күләш Қуановна Омарова,
Жезқазған қаласы.
-Теледидардан емшілердің келгенін естіп, мен Нафиса ханым мен Мададжон қажылардың сеансына келдім. Ол кісілер маған
15 күн сеанс ал деді. Бұл кісілерге келгенде менің омыртқам, кеудем, басым ауыратын еді. Екінші сеансты алған түнде
біреудің келіп менің омыртқама массаж жасап жатқанын сездім. Сосын ыдысқа белгі тастап кетіпті. Оныншы күні түнде
кеудемді біреу қатты басып қалғанынан жөтеліп, шашалып, оянып кеттім. Қазір кеудем бұрыңғыдай ауырмайды. Дастарханымды тесіп кетіпті. Мен Нафиса ханым мен Мададжон қажыға көп алғысымды білдіремін. Бұл кісілерге дендері сау болсын, балаларының,
немерелерінің қызығын көре берсін деймін. Аллаһқа сеніңіздер. Бұл кісілерге сеніп келіңіздер, емделіңіздер. Көп рахмет!
Сымбат Төлендина
-Мен сурет арқылы ем қабылдадым. 15 күнгі емнен кейін екі жыл бойғы жаман ұйықтаудан арылдым. Жүрегімнің сырқаты
басылды, демікпеден айықтым. Қазір жақсы дем аламын. Қолқа безі ауруынан дәрігерлердің қарауында болғанмын. Сол аурудан жазылғанымды білдім. Емшілерге алғысым шексіз.
Анатолий Нугумбеков,
Қарағанды қаласы
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Аллаһтың нұры қонған ерлі-зайыпты емшілер Нафиса қажы Мамадалықызы ЮЛЧИЕВА мен Мададжон
қажы
Мақсұтұлы
ЭШАНЖАНОВ
ауданымыздағы "Мейір" кешенінде (Тәуелсіздік
даңғылы, №37, екі қабатты ғимарат, аудандық аурухана жанында) 3-шілдеден бастап 1 ай бойы емделушілерді қабылдайды. Ем қабылдауға дәрет алып,
таза келу керек.
Телефон: 87014696362, 87775766996, 87009115559.
ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ:
Күнделікті 11.00-ден 16.00-ге дейін.
Жексенбі демалыс.
ИП "Эшанжанов М.М.", ИП "Юлчиева Н."
Лицензияның сериясы АА-4, №0103846,
Сертификат № 0648
-Емшілерге "Артроз коленного сустава тяжелой степени" деген диагнозбен емделуге келдім. Екі курс
ем алдым. Бірінші курс 15 сеанс
алдым. Содан кейін 10 күннен кейін тағы да 10
күн сеанс алдым. Аяғым ауырғанын қойды. Емшілерге екі балдақпен келгенмін. Енді бір
таяқпен жүремін. Аллаһқа, емшілерге рахметімді айтамын. Аллаһтың нұры жаусын. Бірінші
курстың екінші күнінде дастарханда тұрған ұнға
және тұзға белгі қалдырып кеткен. Матаны
қайырып кеткен.
Аллаһтың
барына
сендім.
Келіңіздер,
емделіңіздер.
Майдаш Ораловна Жаманбалина
Қарағанды қаласы
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1360 дана
Тапсырыс №36
Автор
zhanzbc
zhanzbc137   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Филология
Просмотров
158
Размер файла
11 190 Кб
Теги
газета, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа