close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 37 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Іскер әйелдер кеңесінің Конгресі
2015 жылғы 1 шілдеде Астанада Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық
комиссияның төрайымы Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен
Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының Іскер әйелдер кеңесінің І Конгресі өтті.
Гүлшара Әбдіқалықова Конгреске қатысушылар алдында
сөйлеген сөзінде, Мемлекет басшысының бастамасымен
жүргізіліп отырған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатты, бес
институционалдық реформаны, Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды» әйелдердің
қатысуынсыз іске асыру мүмкін еместігін атап өтті. Қазіргі уақытта ел бойынша орта есеппен
41,5% астам шағын және орта бизнес субъектілерге әйелдер жетекшілік етіп отырғанын, 1086,5
мың жеке кәсіпкерлердің ішінде 542,9 мың кәсіпкер әйел азаматтар екендігін атап айтты. 2014
жылы әйелдер 794,5 мың жұмыс орнын қамтамасыз етті, бұл шағын және орта бизнес
секторындағы барлық жұмыс орнынын 30% құрайды. Мұның баршасы әйелдер бизнесін
одан әрі дамытуда және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда
қолданылып отырған жүйелі шаралардың нәтижесі.
Мемлекеттік хатшы Іскер әйелдер кеңесінің алдына бірқатар басым міндеттерді белгілеп
берді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызметтің әйелдерге тән дәстүрлі түрлерін қолдау; өңірлік
деңгейде әйелдер кәсіпкерлігі мектептерін (клубтарын) жаппай құру және ашу; әйелдер бизнесін дамытуға көрсетіліп отырған мемлекеттік қызметтерге тұрақты түрде мониторинг
жүргізу; бизнестегі әйелдер көшбасшылығын ынталандыру.
Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова Конгресте сөйлеген сөзінде, ағымдағы
жылы еліміздің барлық облыстары, Астана және Алматы қалаларында іскер әйелдер кеңестері
құрылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Кеңес төрайымы республикалық кеңес әйелдердің бизнеспроцестерге және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамаларын жүзеге асыруға
белсенді түрде жұмылдырылатынын атап өтті.
Конгреске қатысушылар кәсіпкер әйелдердің іскерлік әріптестігін республикалық және
өңірлік деңгейде одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Өңірлерде жаңадан құрылған Іскер
әйелдер кеңестерінің өкілдері әр өңірге тән мәселелер жайында айтып, мәселелерді шешуге
қатысты ұсыныстарын білдіріп, оның ішінде еңбекпен қамту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, отбасылық-демографиялық саясатқа қатысты ойларын ортаға салды.
І Конгресс жұмысының қорытындысы бойынша елімізде әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамыту жолында атқаратын Кеңестің стратегиясы мен негізгі бағыттары белгіленді.
Баспасөз қызметі
Ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау
АСТАНА. 2015 жылғы 25 маусымда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында
ҚР
Мемлекеттік
хатшысы
Гүлшара
Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы
Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігінің, министрліктер мен
ведомстволардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары,
өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтардың жетекшілері,
ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдері
қатысты.
Отырыста мемлекет құрылысын «Баршаға арналған қазіргі
заманғы мемлекет» – 100 нақты қадам Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» төртінші
институционалдық реформасын іске асырудағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің міндеттері қаралды, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы ғылыми зерттеулер, ҚХА
жылын ғылыми-сарапшылық қолдаудың барысы және басқа да ұйымдастырушылық
мәселелер талқыланды.
Мемлекеттік хатшы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелері жүргізіп отырған жұмыстың
маңызына тоқтала отырып, ассамблея ғылыми қауымдастығының «Болашағы біртұтас ұлт»
төртінші институционалдық реформасын іске асыру аясындағы міндеттерін атап көрсетті.
Азаматтық қағидаттары негізінде қазақстандық біртектілікті дамыту мен нығайту, ел бірлігі
мен қоғамдық келісімді сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Астана күніне арналды
Баспасөз қызметі
Айнабұлақ мектебі жанынан “Балдырған” жазғы сауықтыру лагерінің ІІ кезеңі ашылды.
Жазғы сауықтыру лагерінің іс-шаралары Астана күнімен жалғасын тапты. 6-шілде Астана
күніне орай мектеп директоры А.Қ.Өскембаева құттықтау сөз сөйлеп, балаларға ыстық лебізін білдірді. Тәрбиеші Г.Ж.Сағымбекова “Ел ордасы - Астана” тақырыбында оқушыларға
мағлұмат берді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Нүркеева “Бас қала, жас қала - Астана”
тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын өткізсе, мектеп тәлімгері С.К.Рақышева “Астана
көрінісі” тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. Мерекелік іс шара “Жайнай бер
жарқырашы сен, Астана” ән мен жырдан құрылған мерекелік концертпен жалғасын тапты.
Г.Ж.САҒЫМБЕКОВА
№37 (9687) 11 шілде, 2015 жыл
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
Атасу кенті
№41/291
26 маусым 2015 жыл
«Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы
№27/174 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2015
жылғы 3 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің
Тізілімінде №3320 болып енгізілді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес, сонымен қатар
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасарының 2015 жылғы 17 ақпандағы
тапсырмасын орындау мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
1.Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы №27/174 «Әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2587 болып тіркелген, "Әділет"
ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 30 мамырда, 2014 жылғы 19 сәуірдегі №17 (9611)
«Жаңаарқа» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 11тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
“11. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде ең төменгі күн көріс деңгейінің
0,6 еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы айлық орташа табысы бар тұлғаларға
(отбасыларына) ұсынылады.”.
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
XLI сессиясының төрағасы
Б.Бекежанова
Аудандық мәслихат хатшысы
М.Абдишев
КЕЛІСІЛДІ:
«Жаңаарқа ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ш. Ибраева
26 маусым 2015 жыл
Решение Жанааркинского районного маслихата
поселок Атасу
№41/291
26 июнь 2015 год
«О внесении изменения в решение Жанааркинского районного маслихата
от 20 марта 2014 года №27/174 «Об утверждении Правил оказания
социальной помощи, установления размеров и определения перечня
отдельных категорий нуждающихся граждан»»
Нормативно правовой акт зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3320 от 3 июля 2015 года в
департаменте Юстиции Карагандинской области
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», а также в целях исполнения поручения Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан от 17 февраля 2015
года, районный маслихат РЕШИЛ:
1. Внести в решение Жанааркинского районного маслихата от 20 марта 2014 года №27/174
«Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №2587, опубликовано в
информационно-правовой системе "Әділет" 30 мая 2014 года, в газете «Жаңаарқа» от 19 апреля
2014 года №17 (9611)), следующее изменение:
пункт 11 Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня
отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденного указанным решением, изложить
в следующей редакции:
“11. Социальная помощь при наступлении трудной жизненной ситуации предоставляется
лицам (семьям) с месячным среднедушевым доходом, не превышающим 0,6 кратного размера
прожиточного минимума.”.
2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
Председатель XLI очередной
сессии районного маслихата
Б.Бекежанова
Секретарь районного маслихата
М.Абдишев
СОГЛАСОВАНО:
Руководитель государственного
учреждения «Отдел
занятости и социальных программ
Жанааркинского района»
Ш.Ибраева
26 июня 2015 года
6-ШІЛДЕ - АСТАНА КҮНІ
Астана – Отанымыздың жүрегі
Еліміздің барлық аймағында тойланатын мәні мен маңызы биік мереке Астана күні біздің ауданда да жоғары деңгейде аталып өтті. 4-шілде күні мәдениет үйінде өткізілген "Арман қала
- Астана" атты мереке шымылдығын аудан әкімі Ғ.И.Омаров құттықтау сөзімен ашты.
-Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен
қайсар рухының жемісі десек, Еуразия кіндігінде жаңа Астананың бой көтеруі егеменді
еліміздің абройын асқақтатып, атақ-абыройын әлемге танытқан тарихи оқиғаның бірегейі
болып саналады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың салиқалы саясаты мен көрегендігінің арқасында Астана
еліміздің бас қаласы мәртебесіне ие болып қана қоймай, Отанымыздың жүрегіне айналды.
Бүгінгі таңдағы Астана – мемлекетіміздің саяси-қоғамдық дамуының, әлеуметтікэкономикалық тұрақтылығының, рухани-мәдени өркендеуінің мызғымас ошағы. Осы шаһарда
еліміздің инновациялық дамуы бойынша аса маңызды шешімдер қабылданып, реформалар
жасалуда.
Астана қаласы бүгінде әлем жұртшылығына Тәуелсіздік. Ұлт көшбасшысы. Ұлт бірлігі
деген ұғымдар арқылы танылды. Бұл ұғымдар бүгінгі Астананың мәнін айқындайды.
Алдағы уақытта Астана 100-ден астам мемлекет қатысатын «ЕХРО-2017» халықаралық
көрмесінің қожайынына айналады. Сол кезде біздің Астанамызға 5 миллионнан астам адам
келеді. Мұның бәрі мемлекетіміздің әлемдік кеңістіктегі жоғары иммиджін,
республикамыздың беделін танытатын айнымас айғақ.
Ақордалы Астана – елдігіміздің айбыны мен айбары, мемлекеттігіміздің рәмізі,
жұрттығымыздың ұйытқысы, болашағымыздың бақыты мен бағдары.
Астана – қазақ елінің алтын тәжі, рух пен иманның күретамыры, білім мен ғылымның,
жасампаздық пен жақсылықтардың ұясы,-деді аудан әкімі.
Мереке әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Мәдениет үйінің қызметкерлері
мен аудан өнерпаздары Астананың мәртебесін асқақтатын, туған жердің қасиетін жеткізетін,
отансүйгіштікке баулитын әндерден шашу шашты. Күй шертіліп, әдемі билер орындалды.
Астанамен құрдас бозбала мен бойжеткендер баршаға өздерінің жүрекжарды тілектерін арнады. Мерекеге арналып ұйымдастырылған шара 6-шілде күні жалғасын тапты. Мәдениет
үйінің алаңында орналасқан жазғы сахнаның маңайына жиналғандардың саны аз болмады.
Мерекелік шарада Жаңаарқа жұртшылығы әсем ән мен тәтті күйге бөленіп, мерекені сезінді.
Сонымен қатар, аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен мерекеге
арналып қыздар мен ұлдар арасында жүгіруден (кросс) жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесінде
қыздар арасынан І орынға Ф.Рахметуллина, ІІ орынға А.Барлыбай және ІІІ орынға Д.Санджиева ие болса, ұлдар арасындағы жарыста І орынды О.Әукеев, ІІ орынды А.Айтбеков, ІІІ
орынды А.Смағұлов иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Елордамыз – Астана күніне арналып өткізілген шаралармен қатар ұйымдастырылған мерекелік сауда-саттық аудан тұрғындарын қуанышқа бөлей түсті.
САЛТАНАТ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ
2
11 шілде 2015 жыл
БАУЫРСАҚ ФЕСТИВАЛІ - 2015
Ел ризашылығына бөленген фестиваль
4-шілде күні Астана күніне орай Қарағанды облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен
Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионы алаңында «Қымыз», «Бауырсақ» фестивальдары
өтті. Бұл шараға облыстың аудандары, қалалары қатысып, өз өнімдері – қымыз, бауырсақ, сонымен қатар, түрлі нан өнімдерін халыққа тегін ұсынды. Мерекеге орайластырып
ұйымдастырылған аталмыш шараға аудан әкімі Ғ.И.Омаровтың тікелей тапсырмасымен,
Жаңаарқа ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ұйымдастыруымен ауданымыз
белсене атсалысты. Жаңаарқаның балдай тәтті қымызы мен торсықтай бауырсақтарынан, сонымен қатар, құрт, ірімшік және түрлі нан өнімдерінен дәм татқан қала тұрғындары облыс
әкімдігі мен ауданымыздың әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.
Баспасөз қызметі
АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА!
Астана күні барлық ауылдарда мерекеленді
Целинный ауылдық округінде
Целинный ауылдық округінде Астана күніне орай дайындықтар алдын ала жүргізілді. Мектепте жазғы лагерде жүрген балаларға Н.Мұқанова, Г.Қосқұлақовалар дайындаған «Астанабас қала» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мәдениет үйінде ауыл әкімі М.Сәдуақасов жиналғандарды Астана күнімен құттықтап,
жанұяларына бақыт, денсаулық тіледі. Кітапхана қызметкерлері А.Дүйсенбекова,
Әбдікәрімовалар «Астана-туған күніңмен!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, Астананың
дамуы туралы мағлұматтар берді.
Мәдениет үйінің меңгерушісі Е.Молдабековтің ұйымдастырумен өткен ауыл
көркемөнерпаздарының «Жайнай бер, Астана!» атты концерттік бағдарламасында да
патриоттық әндер шырқалып, күй тартылып, билер биленді. Кешкілік жастар би кеші
ұйымдастырылды. Осылайша Целинный ауылдық округінде Астана күніне арналған іс-шаралар ұйымшылдықпен атап өткізілді.
С.ҚАЗЫБЕКОВА
Қараағаш ауылдық округінде
Мәдениет үйінде «Асқақтай бер – арайлы Астана!» атты Астана күнін мерекелеу шарасы өтті.
Шара аясында жастарды өз Отанына және оның Елордасына деген мақтаныш сезімін
орнықтыруға септігін тигізетін істер атқарылды. Астана күніне орай ауыл жастары мақтау
қағаздарымен марапатталды. Мәдениет үйінің алдында салтанатты жиналыс өтіп, онда ауыл
әкімі Ғ.Оспанов тұрғындарды мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Мерекелік шара ауыл
жастарының ән-күйіне ұласып, соңы жастардың би кешіне ұласты.
Т.ЖУХИН
Түгіскен ауылдық округінде
И.Омаров атындағы Түгіскен мәдениет үйінде шілденің 5-і күні қазақ хандығының 550
жылдығына орай және Астанаға 17 жыл толуына байланысты «Астанам – мерейім, мәртебем,
беделім» атты ауыл жастарының ұйымдастыруымен мерекелік мәдени іс-шара өтті. Елордамыз
Астана туралы ән-жырды М.Хасенова, Д.Рахымберлина, А.Ердеш, А.Рахымберлина, М.Ермаханова, Б.Нұржан, С.Телібай тамаша орындаса, биші қыздарымыз Н.Әлкенова, Ф.Төлен,
А.Шалғынбай, Ж.Еламан, А.Кашафиддинаның билеріне көрермен көпшілік дән риза болды.
Мерекелік іс-шара соңы жастардың би кешіне ұласты.
Ш.БАТЫРАЛИНА
Қызылжар кентінде
6 шілде күні Қызылжар кентінің орталық алаңында Астана күні құрметіне арналған жаяу
жарыс ұйымдастырылды. Жарысты қорытындылай келе, жеңіске жеткен Ж.Отыншиев,
Н.Ақсаевтар сыйлықтармен марапатталды.
Спорт жарыстарынан кейін кенттің мәдениет үйінде «Астана – елімнің жүрегі» атты мәдени
іс- шара өтті. Еліміздегі мәні зор, маңызы айрықша мерекенің бірі – Астана күнімен кент әкімі
Р.Балкенов құттықтады. Концерт барысында кент көркемөнерпаздары мен мектеп оқушылары
өнерлерін ортаға салып, Астана күніне тілектерін білдірді.
Кент кітапханашылары «Астана – Отанымның жүрегі, тәуелсіздігімнің тірегі» атты кітап
көрмесін ұйымдастырды.
Ауыл көркемөнерпаздарының концерті қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Заттыбек
Көпбосынұлының жеке концертіне ұласты.
А.Ә.СЫЗДЫҚ
Ақтау ауылдық округінде
Ару қала Астананың туған күніне арналған шара 4- маусым күні басталды. Мектептегі
жазғы сауықтыру лагерінде балалар айтулы мерекеге орай концерт өткізсе, ауыл
мәдениет үйінде «Ару қала Астана!» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға жиналған көпшілікті ауыл әкімі А.Отарбаев құттықтады. Ауыл
тұрғындары жиналған кеште әсем қала Астанаға арналған ән мен жырдан шашу шгашылды. Кеш соңы жастардың ойын-сауық бағдарламасына ұласты.
А.ШАЛҒЫНБАЕВА
11 шілде 2015 жыл
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
Бүгінде лайықты білім алудың және академиялық білімнің маңызын асыра бағалау мүмкін
емес. Тұлғаның қалыптасуында олардың алар орны ерекше екені сөзсіз. Қазіргі таңда адам
білімінің деңгейін оның ақыл-парасатының шамасымен бағалау қалыпты құбылыс. Яғни,
оның IQ-і неғұрлым жоғары болса, білімі де соғұрлым жоғары деген сөз. Алайда, соңғы
ондаған жылдарда адамды оның миындағы реакциялар жиынтығы мен ой-өрісінің деңгейі
бойынша емес, эмоцианалды және шығармашылық тірі ағза ретінде бағалаудың тұрақты
үрдісі де қалыптасып келеді. Осының аясында тұлғаны бағалаудың жаңа шамасы – EQ – эмоционалды интеллект коэффициенті пайда болды.
Адамның өз ресурстары мен білімін пайдалану қабілеті де осыған негізделеді. Күн сайын
қай қайсысымыз болмасын өз эмоцияларымызбен іштей таласқа түсіп жатамыз. Бір қызығы,
адам миы әрқашан сезімге берілгіш келеді. Міне, сондықтан беделді ЖОО-дан алған үздік
дипломның өзі өмірде табысқа жетудің кепілі бола алмайды. Өз біліміңді ұтымды қолдану,
өзіңді көрсете білу, айналаңды қорғай білу, қарым-қатынас түзеу – осының бәрі үздіксіз алға
қозғалудың құрамдас бөліктері.
«Болар бала бесіктен», «Ұяда не көрсек, ұшқанда соны ілерсің» демекші бала кезімізден
қалыптасатын мінез-құлқымыз, алатын тәрбиеміз, біліміміз ересек өмірімізге негіз болады.
Міне, эмоционалдық интеллекті де сол балалық шақтан ерте қалыптаса бастайды. Ол қалай
қалыптасады және оны кім қалыптастырады дейсіздер ме? Оның қалыптасуына біздің атаанамыз бен отбасымыздағы қарым-қатынас зор ықпал етеді...
Елімізде соңғы жылдары енгізіліп жатқан білім беру жинақтау жүйесінің қаржылық
ұтымдылығынан басқа, моральдық жағынан үлкен бір артықшылығы бар.
Ол әрбір азаматқа өзін қамқор да, сүюші ата-ана ретінде көрсетуге, ал балаға олардың
қамқорлығын сезініп, ертеңгі күнге нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Өйткені, егер
балаларымызға көбірек көңіл бөліп, олардың біз үшін маңыздылығын көрсете білсек, олардың
да өздеріне және жалпы өмірге деген сенімділігі күшейетіні анық.
Өкінішке орай, бүгінде тегін білім алуға үміт те, грантқа оқуға түсуге мүмкіндік те аз.
Статистикаға сүйенсек, жыл сайын қазақстандық түлектердің саны шамамен 150 мың адамға
жетеді, олардың 30-35 мыңы ғана грант бойынша оқиды. Демек, мектеп түлектерінің 75%-ға
жуығы ақылы негізде білім алады.
Білім беру жинақтау салымдарының жүйесі бірегей болып табылады, өйткені кеңес дәуірінен
кейінгі елдердің ішінде ол тек Қазақстанда ғана енгізілген. Шетелде оны 9 шақты елде
қолданылады, олардың ішінде АҚШ, Англия, Канада, Сингапур.
Депозиттер жүйесі, салыстырмалы түрде алғанда, қолданылу қарапайымдылығымен
қызықтырады. Білім беру жинақтау салымын ашу үшін бар-жоғы екі құжат – ата-ананың жеке
куәлігі мен баланың туу туралы куәлігі ғана қажет.
Бастапқы жарнаның сомасы әрбір орташа статистикалық отбасына қолжетімді және бар-жоғы
3 АЕК-ті құрайды. Бұл шамамен 6 000 теңге. Жарналар кезеңділігіне деген ешқандай
тәуелділік жоқ, яғни әрбір салымшы өз депозитін қашан және қанша сомаға толтыратынын
өзі шешеді.
МБЖЖ-ның тағы бір үлкен артықшылығы – жарна енгізушілер ортасына шектеу қойылмаған.
Демек, кез келген туысыңыз немесе досыңыз депозит ашылған банктің кез келген
бөлімшесінде шотты толтырып, осылайша балаңыздың болашағына өз үлесін қоса алады.
Бүгінгі таңда мұндай депозитті еліміздегі төрт банкте, атап айтсақ: АҚ «Fortebank», АҚ «БТА
банк», АҚ «Халық банк Қазақстан», АҚ «Цеснабанк» ашуға болады. Алдағы уақытта бұл
банктердің қатары көбейе түспек.
Әр банктің депозит бойынша 8%-дан 10%-ға дейін өз сыйақы мөлшерлемесі белгіленген. Сонымен қатар, жыл сайын банктің сыйақысын қосқандағы салымда жинақталған сомаға
салымшының әлеуметтік жағдайына байланысты 5% немесе 7% мөлшерде мемлекеттен
сыйлықақы есептеледі. 7% мөлшеріндегі көтеріңкі сыйлықақы жетім балаларға, мүгедек
балаларға, сондай-ақ көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен аз қамсыздандырылған
отбасыдан шыққан балаларға төленеді.
Мұндай депозиттегі жинақтардың барлығы біртіндеп көбейе береді, яғни мемлекет
сыйлықақысы жалпы өткен кезең үшін жинақталған жалпы сомаға есептеледі. Осылайша,
жинақтау мерзімінің соңында салымшы өзінің оқудың ақысын төлеуге жұмсайтын
шығындарын кемінде 30-40%-ға қысқарта алады.
Кейін бала колледждің немесе ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түскен жағдайда банкке оқу
орынмен жасалған шарттың көшірмесін ұсыну қажет. Шарттың көшірмесін алғаннан кейін
банк салымшының жинақтаған қаражатын оқудың төлемі ретінде оқу орынның есепшотына
тікелей аударып тұрады.
Бала грантқа оқуға түскен жағдайда салымшы жинақтаған қаражатын банктің сыйақысымен
және мемлекеттің сыйлықақысымен бірге қолма қол ақша түрінде алуға; жинақты басқа
баланың шотына аударуға; білімнің басқа деңгейлерін алуға, мысалға магистратурада оқуға
қаражат жинақтауды жалғастыру үшін жұмсай алады.
Білім беру жинақтау депозиттерінің тағы бір қызықтырар жағы – осы қаражаттың есебінен
шетелде оқудың ақысын төлеуге болатындығы.
Егер жинақталған қаражат жеткіліксіз, бірақ депозитте оқудың ақысын толық төлеуге қажетті
соманың 50% бар болса, салымшы мемлекеттің 100% кепіл болуымен кепілзатсыз кредит ала
алады. Бірақ бұл шарт ҚР аумағында ғана білім алуға қолданылады.
Бүкіл дағдарыс-күйзелістер мен кедергілерге қарамастан адам баласы болашаққа үміттің,
ұмтылыстың негізінде әрекет етеді. Әр нәрсенің өз жалғасы бар. Ал біздің жалғасымыз – балалар! Болашақ осы жерде, осы қазір басталады, ертеңгі күнің сенімді болсын десең, бүгіннен
баста!
Баспасөз қызметі
Бала өмірдің қызығы
Біздің ауылда маусым айында ашылған «Айгөлек» жазғы демалыс лагері жұмыс жасайды.
Бүгінде жазғы демалыс орнында 25 балдырған уақыттарын көңілді өткізуде. Олардың ішінде
көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары бар. Лагерьге келген
демалушыларды күнделікті мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру
іс-шараларын жүргізеді. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс
қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға 1 мезгіл тамақ беріледі. «Бала
күлкіге тоймас» дегендей балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып
әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындар өткізіп жүрген 2 тәрбиеші, 1 жаттықтырушы бар.
Лагерь демалушыларына әр түрлі ойындар ойнатылып, дойбы, шахмат жарыстары, тақырып
бойынша тапқырлық, сөзжұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрады. Бір мезгіл
балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік
жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді. Бидайық орта мектебінде 3 маусым жазғы
демалысқа байланысты Түсіпова Гүлзаттың ұйымдастыруымен «Айгөлек» бала өмірдің
қызығы атты лагері ашылуын тамашаладық. Балалар өз өнерлерін ортаға салды атап
айтқанда Алдажан Балғын үнді биін билесе Мәулітова Әлия мен Қалдыбаева Ақнұр балалық
шақ биін билеп ортаға салды.
Ж.ЖАКИЯНОВА,
Бидайық ауылдық округінің жетекші маманы
3
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес –
жалпы қоғам мәселесі
ҚР “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңында сыбайлас жемқорлыққа келесідей
ұғым берілген: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың ,сондай-ақ соларға
теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін
пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше
пайдалануы,жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен
артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас
жемқорлық деп ұғынылады.
Жыл сайынғы Елбасымыздың Жолдауларында да сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту
туралы айтылады. Аталған мақсатқа жету үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті барлық
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының басшылары өз құзыреттері шегінде осы аталған Заңның
талаптарын орындауды және бұл үшін кадр, бақылау, заң қызметтері және басқа да қызметтерді
тарта отырып, заңда көрсетілген тәртіптік шараларды қолдануды, белгілі болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тіркеуді және олар туралы прокуратура, ұлттық
қауіпсіздік,ішкі істер,салық, кеден және шекара қызметтері,қаржы полициясы мен әскери полиция органдарына хабарлауды қамтамасыз ету қажет.
Сыбайлас жемқорлық қаупі бар аймақтардың бірі кәсіпкерлік саласы болып табылады.
Сондықтан, тексеру¬лерді және кәсіпкерлермен байла-ныстардың басқа нысандарын барынша төмендетуге ерекше назар аударылады.
Кәсіпкерлердің кез келген өтініш¬теріне жедел және барабар ықпал ету мақсатында, барлық
өңірлерде құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінен және «Атамекен» Қазақстан Кәсіпкерлері одағы өкілдерінен жұмылғыш топтар құ¬рылған.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік
қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң
бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.
Жаңаарқа ауданы «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін «сенім телефонының»
үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған, ондағы телефон нөмірі 2-83-47 Жаңаарқа ауданының
тұрғындарының назарына «Жаңаарқа» газеті арқылы жеткізілген.
Қорытып айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелі болу үшін бүкіл әлеумет, әр азамат оған қарсы тұруға шешім қабылдау керек, ал мемлекеттік басқару құзырлы әрі тиімді
болу қажет, сонда ғана жемқорлыққа жол берілмесі анық.Сөз сонында аудан көлемінде жаңа
бизнес көздерін ашып кәсіпкерлікпен айналысам деушілерге әрқашанда қолдау көрсетеміз.
«Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі»ММ
Құнды жәдігерді жоғалтпайық
Биылғы күзде Қазақ хандығының 550 жылдығы атап
өтілетіндігі барлығымызға аян. Еліміз бұған дайындық ретінде Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы
халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақ мемлекетіндегі қазақ хандығының орны» деген тақырыпта ғылымитеориялық конференция өткізеді. Бұл шараға тек сол облыс
қана емес, бүкіл ел болып атсалысатыны белгілі.
Біздің аудан да бұл істен шеткері қалмасы анық. Аудан
өңірінде дүниеге келген ханның батырлары болған
адамдардың бірі - Қарпықтың Қаратоқасынан (Тоқа) туған Бесім батыр туралы тілге тиек етіп
көрсек. Бесімге байланысты Ж.Б.Бикенов, Ж.М.Жәкенов, Т.К.Исабековтің авторлығымен
жарық көрген «Тоқа шежіресі» кітабында: «Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев,
Шәкәрім Құдайбердиев, Ж.Омаровтың зерттеулерінде Ташкенттің билігі 1610 жылдан бастап
әз Жәнібектің тұқымы Тұрсын ханның қолында болған. Түркістанда отырған Есім ханның
қарамағында кішігірім хандар болған. Есім хан жорықта жүргенде Тұрсын хан Түркістанды
күшпен бағындырады. 1623 жылы жорықтан оралған Есім хан Ташкентті шауып, Тұрсынның
басын алып, Қатаған елінің қырық қызын батырларына олжаға бөліп береді.
Шаншарға - Нұрбике, Айбике және Қызданбике, Тобықты Сарыға - Қоңырбике, Қарпық Бесімге - Дәулетбике, Қаржасқа - Жолбике олжаға тиеді. Осы қыздардың Нұрбике мен Айбикеден тарайтындар «Айбике және Нұрбике-Шаншар», Дәулетбикеден туатындардың тұқымы
«Дәулетбике тоқалары» деп шешелерінің атымен аталады. Айбике Шаншардан Қаздауысты
Қазбек кемеңгердің, Қоңырбикеден Абайдың аталары, Дәулетбикенің Айтқожасынан 27 мың
жылқы біткен Сапақ Тәңірбергенұлы, ал Сатыбалдыдан әділділігімен қара қылды қақ жарған
Телқозының Шоңы туады»,- деп Әлкей Марғұланның Ленинград мұражайынан алынған материалына сүйеніп жазылған. Айтқожа ұрпағынан елге сыйлы Омаштың үйінде сақталған
батырдың сауытын қызы Кәмпиттен аудан орталығында 1984 жылы мұражай ашылғанда
алғашқы директоры М.Касенова мен Д.Ізтөлеуов қабылдап алған. Ол туралы аудандық
«Жаңаарқа» газетінде материал жарияланған. Міне, осы экспонат Жезқазған мұражайында
болған, бару себебін ешкім білмейді. Қазіргі кезде құнды жәдігер қолды болғанға ұқсайды.
Мекендеген жері белгісіз. Құнды жәдігердің аудан мұражайына қайтарылуына осы салаға жауапты мамандар мен жанашыр азаматтар араласуы керек деген ниеттен туындаған ойым. Бұл
Қазақ хандығының 550 жылдығына қосқан үлесіміз де болар еді. Сауытты мұражайға тапсырушы Кәмпит жәдігерді Сапақ батырдікі деп өткізгенге ұқсайды. Сапақ байлық иесі, батыр
болмаған. Сапақ Бесім бабасының сауытын сақтаушы. Бұлай деудің екінші жағы да бар.
Сапақтан қалған құнды дүниелер Қараағаш жеріндегі Тоқты тауына көмілген, ал Бесімнің сауыты мен қылышы Сапақ көңінің іргесіне тығылып, кейін қазып алынған. Сөз болып отырған
жәдігер Сапаққа тиесілі болса, онда ол оның байлығымен бірге көмілуі керек еді ғой.
МҰСА ТАЙТӨЛЕУОВ, зейнеткер
«Қарлығаштар» сәт сапар тіледі
Елу жылдық тарихы бар Ақтау орта мектебінде тағы бір тамаша кеш өтті. Жыл сайын
соңғы қоңырау салтанатында ауылдың мектебінен түлеп ұшқан түлектер қатысып, білім
нәрімен сусындатқан мектепке деген, ұстаздарға деген алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын
табыс етіп, түлектерге ақ тілектерін арнайды. Бұл дәстүр мектеп бітірген әр жылдағы
қарлығаштардың туған жерге тағзым етуінен бастау алған бас қосулары. Негізінен мектеп бітіргендеріне 5-жыл болғаннан басталатын 5-10-15-кездесулер болып кете береді.
Биылғы түлектердің мектеп бітіру кешіне тоқайластырып өткізілген (1978 жылғы туған
азаматтар мен азаматшалардың) мектептің 31-шы қарлығаштары сүйікті мектептерімен
қайра қауышып, мектептің ауласына ескерткіш елік мүсіндерін орнатты. Алтын ұядан
жасқана ұшып, өмір көгіне қалықтаған түлектер арасында елімізге танымал азаматтар
бар. Кездесу барысында мектебіміздің биылғы түлектерімен кездескен олар жас
түлектерге сәт сапар тіледі.
АЙНҰР ШАЛҒЫНБАЕВА
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Жаңаарқа ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2015 жылғы 28 шілдеде сағат 11.00 Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында ауданның коммуналдық меншік иелігіндегі нысандарды сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды.
Ауданның коммуналдық меншік иелігіндегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 9 тамыздағы №920 Қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату
қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Сауда- саттықтың голланд әдісімен аукционға ауданның
коммуналдық меншік иелігіндегі мына нысандар қойылады:
1.ВАЗ 21213 автомобилі, мем. нөмірі М710 BS 2002 жылы шығарылған. Орналасқан жері Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 4. Баланс ұстаушы- Атасу
кенті әкім аппараты мемлекеттік мекемесі .
Алғашқы бағасы-232000 теңге. Бастапқы бағасы-232000 теңге. Ең төменгі баға-105560 теңге. Кепілді жарна -15834 теңге.
2. Ваз 21213 автомобилі, мем. нөмірі М 284 СА 2004 жылы шығарылған. Орналасқан жері
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Айнабұлақ ауылдық округі, Орталық көшесі,15. Баланс
ұстаушы –Айнабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі.
Алғашқы бағасы-238000 теңге. Бастапқы бағасы-238000 теңге. Ең төменгі баға-108290 теңге. Кепілді жарна 16244 теңге.
3. Ваз 21213 автомобилі, мем. нөмірі М 229 СА, 2004 жылы шығарылған. Орналасқан жері
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылдық округі,Орталық көшесі,19. Баланс ұстаушы
–Ералиев ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі.
Алғашқы бағасы-238000 теңге. Бастапқы бағасы-238000 теңге. Ең төменгі баға-108230 теңге. Кепілді жарна 16244 теңге.
4.Ваз 21070 автомобилі, мем. нөмірі М 281 СА, 2004 жылы шығарылған. Орналасқан жері
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылдық округі, Бәйтерек көшесі,14. Баланс
ұстаушы –Ақтүбек ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі.
Алғашқы бағасы-168000 теңге. Бастапқы бағасы-168000 теңге. Ең төменгі баға-107520 теңге. Кепілді жарна 16128 теңге.
5.Ваз 21070 автомобилі, мем. нөмері М 290 СА, 2004 жылы шығарылған. Орналасқан жері
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Целинный ауылдық округі, Мектеп көшесі,1. Баланс
ұстаушы –Целинный ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі.
Алғашқы бағасы-168000 теңге. Бастапқы бағасы-168000 теңге. Ең төменгі баға-107520 теңге. Кепілді жарна 16128 теңге.
Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион
басталуға дейін екі сағат бұрын -2015 жылғы 28 шілдеде сағ 11.00 аяқталады.
Кепілді жарналар алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ
БСН: 050540004455; ЖСК KZ529261501102032004; БСК: КZKOKZKX;
Банк атауы: «ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ; ТТК 171; БеК:16.
Төлемнің белгіленуі –аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді
жарнаның мөлшеріне кірмейді).
Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі,бұл ретте бір кепілді
жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру нысанын сатып алу құқығын береді.
Кепілді жарналар алушының шотына кепілді жарнаның уақтылы түсуі үшін өтінімдер қабылдау
аяқталуға дейін үш күннен кешіктірмей төлеуге кеңес береміз.
Аукционға қатысу үшін мына құжаттарды:
жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмерін (ЖСН), тегін, атын, әкесінің аты (бар болған
жағдайда);
заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру көмірін (БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін,
атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда)
Кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп –айыру шотының деректемелерін;
Байланыс деректерін (пошталық мекен- жайы, телефоны, факс)
Ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып,
Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Жоғарыдағы көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күн ішінде Тізілімнің вебпорталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға
өтінімді Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің Тізілімін дерекқорында
болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі.
Назар аударыңыз! Қатысушының өтінімді қатысу және тіркеу бойынша талаптарды сақтамауы,
сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына аукцион өткізу туралы хабарламада
көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб- порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмері бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залында ЭЦҚ мен аукцион нөмерін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысаның бастапқы құнын аукцион
залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы ақпарттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша электрондық аукцион ережесі:
1)егер электрондық аукцион басталған сәттен бастап екі минут
ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу
ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы қағидаға сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған
бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып
алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда- саттықтың голланд әдісі бойынша
электрондық акуцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру нысаны бойынша
электрондық аукцион өткізілді деп танылады;
3)Егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және
қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда
электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады. Әрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша
аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен рәсімделеді, оған сатушы
және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні Тізілімнің веб-порталында
қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен
сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу –сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион
өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде Қарағанды облысы, Жаңаарқа
ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 2 үй, «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі мекен-жайында қол қойылады. Бұл ретте, аукцион жеңімпазы сатып алу- сату шартына қол қойған кезде
сатушыға салыстыру мынадай құжаттардың:
Жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғанын жеке басын куәландыратын құжаттың;
Заңды тұлғалар үшін: заңды тұлған мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не
анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды
тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын
міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін
ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан және 8 (71030) 2-6765 телефондары арқылы алуға болады.
4
11 шілде 2015 жыл
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
ГУ «Отдел экономики и финансов Жанааркинского района» объявляет о проведении аукциона по
продаже объектов районной коммунальной собственности 28 июля 2015 года в 11.00 на вебпортале Реестра государственного имущества www.gosreestr.kz
Продажа объектов районной коммунальной собственности осуществляется в соответствии с Правилами продажи объектов приватизации, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года №920.
На аукцион по голландскому методу торгов выставляются следующие объекты районной собственности:
1.Автомобиль «ВАЗ-21213-102», госномер М229СА, 2004 года выпуска. Местонахождение –Карагандинская область, Жанааркинский район, аульный округ Ералиево, ул.Орталык, 19. Балансодержатель- ГУ «Аппарат акима Ералиевского аульного округа Жанааркинского района».
Начальная цена- 238 000 тенге. Стартовая цена-238 000 тенге. Минимальная цена-108 230 тенге.
Гарантийный взнос-16 244 тенге.
2.Автомобиль «ВАЗ-21070», госномер М290СА, 2004 года выпуска. Местонахождение – Карагандинская область, Жанааркинский район, аульный округ Целинный , ул. Мектеп, 1. Балансодержатель - ГУ «Аппарат акима Целинного аульного округа».
Начальная цена- 168 000 тенге. Стартовая цена-168 000 тенге. Минимальная цена-107 520 тенге.
Гарантийный взнос-16 128 тенге.
3.Автомобиль «ВАЗ-21070», госномер М281СА, 2004 года выпуска. Местонахождение – Карагандинская область, Жанааркинский район, аульный округ Актубек, ул. Байтерек, 14. Балансодержатель – ГУ «Аппарат акима Актубекского аульного округа».
Начальная цена- 168 000 тенге. Стартовая цена-168 000 тенге. Минимальная цена-107 520 тенге.
Гарантийный взнос-16 128 тенге.
4.Автомобиль «ВАЗ -21213», госномер М710BS, 2002 года выпуска. Местонахождение – Карагандинская область, Жанааркинский район, пос. Атасу , пр. Тәуелсіздік, 4. Балансодержатель - ГУ
«Аппарат акима поселка Атасу».
Начальная цена- 232 000 тенге. Стартовая цена-232 000 тенге. Минимальная цена-105 560 тенге.
Гарантийный взнос-15 834 тенге.
5.Автомобиль «ВАЗ -21213», госномер М284СА, 2004 года выпуска. Местонахождение – Карагандинская область, Жанааркинский район, аульный округ Айнабулак , ул. Орталык, 15. Балансодержатель - ГУ «Аппарат акима Айнабулакского аульного округа».
Начальная цена- 238 000 тенге. Стартовая цена-238 000 тенге. Минимальная цена-108 290 тенге.
Гарантийный взнос- 16 244 тенге.
Регистрация участников аукциона производится со дня публикации информационного сообщения
и заканчивается за два часа до начала аукциона 28 июля 2015 года в 11.00
Получатель гарантийного взноса : АО «Информационно-учетный центр»; БИН: 050540004455;
ИИК KZ529261501102032004;
БИК: КZKOKZKX;
Наименование банка: АО «КАЗКОММЕРЦБАНК»; КНП 171; Кбе:16.назначение платежа- гарантийный взнос для участия в аукционе ( в размер гарантийного взноса оплата банковских услуг не
входит).
Участникам допускается внесение любого количества гарантийных взносов, при этом один гарантийный взнос дает право покупки того объекта приватизации, для участия в аукционе по которому
участником внесен данный гарантийный взнос.
В целях своевременного поступления гарантийных взносов на счет получателя гарантийного
взноса рекомендуется оплатить гарантийный взнос не позднее трех дней до окончания приема заявок. Для участия в аукционе необходимо предварительно зарегистрироваться на веб- портале реестра с указанием:
1)для физических лиц: индивидуального идентификационного номера (ИИН), фамилии, имени и
отчества (при наличии);
2)для юридических лиц: бизнес- идентификационного номера (БИН), полного наименования, фамилии, имени и отчества (при наличии первого руководителя);
3)реквизитов расчетного счета в банке второго уровня для возврата гарантийного взноса;
4)контактных данных (почтовый адрес, телефон, факс, е-mail);
5)срока действия электронной цифровой подписи (далее -ЭЦП), выданной национальным удостоверяющим центром.
При изменении вышеуказанных данных участник в течение одного рабочего дня изменяет данные,
внесенные в веб- портал реестра. Для регистрации в качестве участника аукциона необходимо на
веб – портале реестра зарегистрировать электронную заявку на участие в аукционе по форме согласно приложению к Правилам, подписанную ЭЦП участника.
После регистрации заявки на участие в аукционе веб- порталом реестра в течение трех минут производится автоматическая проверка на наличие в базе данных реестра сведений о поступлении гарантийного взноса по объекту продажи, на который подана заявка.
Внимание! Основанием для отказа веб- порталом реестра в принятии заявки является несоблюдение
участником требований по участию и регистрации, а также непоступление за два часа до начала
аукциона гарантийного взноса, указанного в информационном сообщении о проведении аукциона,
на специальный транзитный счет единого оператора.
Участнику, допущенному к аукциону, предоставляется доступ к аукционному залу по аукционному
номеру, присваиваемому веб- порталом реестра. Участники аукциона в течение одного часа до начала аукциона заходят в аукционный зал, используя ЭЦП и аукционный номер. Аукцион начинается
в указанное в информационном сообщении о проведении аукциона время города Астаны путем автоматического размещения в аукционном зале стартовой цены объекта приватизации.
Правила проведения аукциона по голландскому методу торгов:
1)если в течение двух минут с начала аукциона ни один из участников не подтвердит свое желание
приобрести объект приватизации в аукционе, то стартовая цена объекта приватизации уменьшается
на шаг, установленный согласно Правилам;
2)если в течение двух минут после уменьшения цены ни один из участников не подтвердил свое
желание приобрести объект приватизации, то последняя объявленная цена объекта приватизации
уменьшается с установленным шагом.
Победителем аукциона по голландскому методу торгов признается участник, первый подтвердивший свое желание приобрести объект приватизации по объявленной цене, и аукцион по данному
объекту приватизации признается состоявшимся;
3)если цена объекта приватизации достигла установленного минимального размера, и ни один из
участников не подтвердил свое желание приобрести объект приватизации, то аукцион признается
несостоявшимся. Результаты аукциона по каждому проданному объекту приватизации оформляются электронным протоколом о результатах аукциона, который подписывается на веб- портале
реестра продавцом и победителем с использованием ЭЦП в день проведения торгов.
Протокол о результатах аукциона является документом, фиксирующим результаты аукциона и
обязательства победителя и продавца подписать договор купли-продажи объекта приватизации по
цене продажи. Договор купли-продажи с победителем подписывается в срок не более десяти календарных дней со дня проведения аукциона по адресу: Карагандинская область, Жанааркинский
район, пос. Атасу, пр. Тауелсиздик 2, ГУ «Отдел экономики и финансов Жанааркинского района».
При этом победитель аукциона предоставляет продавцу копии следующих документов с обязательным предъявлением оригиналов для сверки либо их нотариально засвидетельствованные
копии:
1)для физических лиц: паспорта или документа, удостоверяющего личность физического лица;
2)для юридических лиц: свидетельства либо справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица; а также паспорта или документа, удостоверяющего личность представителя юридического лица.
Оригиналы документов после сверки возвращаются в течение одного рабочего часа.
С дополнительной информацией о проведении аукциона можно ознакомиться на сайте
www.gosreestr.kz или по телефонам: 8 (71030) 2-67-65.
11 шілде 2015 жыл
ҚҰСАЙЫНОВ ҚАРПЫҚ
5
7-шілде күні Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, “Экология” Халық академиясының академигі, “ҚР еңбек
сіңірген қызметкері” Құсайынов Қарпық өмірден өтті. Құсайынов
Қарпық 1928 жылы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ақжар
ауылында дүниеге келген. Ғылым докторы (1986 ж.). Алматы
зоотехнологиялық-малдәрігерлік институтын (1954 ж., қазіргі Қазақ
ұлттық аграр университеті) және аспирантурасын (1957 ж.) бітірген.
Осы университетте ассистент, доцент (1957–73ж.ж.), Мал азығын
өндіру және жайылым ғылыми зерттеу институтында лаборатория
меңгерушісі (1973–77ж.ж.), Қазақ мал шарушылығы технологиясы
ғылыми зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, директордың
ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1978–86ж.ж.) қызметтерін атқарды. Негізгі ғылым
еңбектері сүт өндіру кешендерінде сүтті сиырларды протеин-амин қышқылдарымен
қамтамасыз ету мәселелеріне арналған. 220-дан астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 7
монографияның авторы. Жары Рымжан Сейфуллина екеуі ауылшаруашылығы саласының
өркендеуіне зор үлес қосып, осы мамандықта қаншама студенттерге дәріс оқып, өз ісінің білгірлері етіп тәрбиеледі. Құсайынов Қарпықтың еліне сіңірген еңбегі мен жарқын бейнесі оны
білетіндердің жүрегінде мәңгі сақталады.
Ғ.Омаров, М.Әбдішев, М.Жандәулетов, Ю.Бекқожин, Б.Мұқанов, Қ.Қожықаев,
А.Жылқыбаев, Ә.Бөгенбаев, Р.Түсіпов, Ғ.Жарылғапов, Қ.Әбеуов
Еске алу
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының тумасы,
сүйікті бауыр, ардақты әке, асыл жар, асқар таудай асыл азамат Бокаев Назымбек Мұқамеджанұлының өмірден
өткеніне 40 күн де болып қалды.
Ол 1953 жылы 24-қарашада Қарағанды облысы, Жаңаарқа
ауданында дүниеге келген. Н.Крупская атындағы орта мектебін бітіріп, Алматы қаласында Қазақ педагогикалық
институтының орыс тілі факультетін тәмамдады.
Еңбек жолын алғашқы білім алған мектебінде бастап,
жұмысқа орналасты. Шамалы уақыт аралығында өзінің
еңбегімен, өткір өжеттілігімен көзге түсіп, Жаңаарқа
аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің
нұсқаушысы болып қызметке ауысты. Аудандық комсомол
комитетінің бөлім меңгерушісі, екінші және бірінші хатшысы болып тағайындалды. 25 жасында аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болды. 1977 жылы Жезқазған облысының
Жастар Одағы комсомол комитетінің хатшысы болып қызметке ауысты. 1981 жылы Алматы
қаласында Жастар Одағы орталық комитетінде бөлім басшысы болып қызмет атқарды. 19821983 жылдар аралығында Мәскеу қаласында жоғары комсомол мектебін бітірді. 1984 жылы
Алматы қаласында жоғары комсомол мектебін бітірді. 1984 жылы Алматы қаласында
алғашқы ашылған республикалық пионерлер сарайының бас директоры болып
тағайындалды. Алматы қалалық әкімшілігінде ішкі саясат бөлімін басқарды. Жазушылар
Одағында жауапты қызмет атқарды. Орыс, түрік, ағылшын жазушыларының шығармаларын
қазақ тіліне аударды, бірнеше кітап жазды. Бүкіл саналы ғұмырын қоғамға адал қызмет етуге
арнап, халқының қалауына бөленді. Көптеген марапаттарға ие болды. Артында талай орындалмай қалған армандары қалды...
Айтса ауыз толатын, қараса көз тоятын, көркіне мінезі сай, отырса төрдің сәні, тұрса
қатарының сәнін келтіретін бауырымыз еді. Жаратқан Алланың жазуына амал бар ма?!
Қамшының сабындай қысқа өмір жалған,
Өлмесе бұл өмірде кімдер қалған.
Өміріңді жалғастырар ұрпағың бар,
Көреді де, көнеді де тағдыр басқа салған.
Жігіттің жайсаңы еді жаны көктем,
Жасынан айналасын жарық еткен.
Тірлікте ардың әнін салып өткен,
Жұлдыздай аспандағы ағып өткен.
Азамат аялаған ақ арманды,
Артыңда ғалам қалды, далаң қалды.
Иманың серік болсын айналайын,
Жүректе жарқын бейнең қалар мәңгі.
Жатқан жерің мамық, топырағың торқа, қабірің Алланың нұрына толсын!
Сағына еске алушылар: аға-жеңгесі - Аманжан-Құстия, Қазбек-Алтын, жұбайы Гүлжан, балалары - Гаухар, Руслан, Айжан, Бахтияр және бауырлары, келіндері.
Марқұмның қайтыс болғанына 40 күн толуына орай 18 шілде күні сағат 13.00-де
"Жаңаарқа" мейрамханасында құран бағышталып, дәм беріледі. Ағайын-туыс, құдажекжат, нағашылар, жора-жолдас, көршілерді құдайы дәмге шақырамыз.
Сәкен ауылының тұрғыны, ардақты әке, қамқор аға,
сүйікті ата, 56 жыл отбасының алтын діңгегі мен панасы
болған
қорған жар Жақыпбекұлы Сәкен
балашағасының
ортасында
немере-шөбере мен жиенжиеншарларының
арасында
сексеннің
сеңгіріне
көтерілген шағында өмірден озды. Еңбек майданына ерте
араласқан әкеміз тыл ардагері. Он баласының қызығына
кенеліп, олардың әр ісіне марқайған ардақты жанның әр
ісі бізге үлгі-өнеге. Өмірінің соңына дейін мейірімшуаққа бөлеп, ақыл-кеңес берген ардақты жанның мейрімді жүзі мәңгі есімізде сақталып, жүрегіміздің төрінен
орын алады.
Өткеріп мына өмірдің қысын- жазын,
Сызылтып салған едік жылдар сазын.
Алпыс жылдай бірге боп ордамызда,
Өсірдік ұл мен қыздың көріп назын.
Баптадың, аяладың, ер жеткіздің,
Жүректе жазылды әке ер есімің,
Бұйыртып Алла сізге жұмақ төрін,
Тербелсін енді әке жер бесігің.
Сағына еске алушылар Жұбайы-Күлән, бауырлары, балалары, немере-жиендері,
шөбере-жиеншарлары
Әкеміздің қайтыс болғанына 40 күн толуына орай Сәкен ауылындағы тойханада
19 шілде күні сағат 13.00-де құран бағышталып дәм беріледі.
АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА!
Астана күні барлық ауылдарда мерекеленді
Ш.Ералиев ауылдық округінде
Ш.Ералиев мәдениет үйінде Елордамыз Астананың туған күніне арналған «Айбыны асқақ Астана» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеште Астананың құрылу тарихы мен толық таныстырылып, ауылдық кітапханашылар «Арқа төріндегі ару қала» атты кітап көрмесін
ұйымдастырып, әр кітапқа библиографиялық шолу жасады. Ауылымыздың
көркемөнерпаздары К.Оспанова, Р.Бисейтова, М.Түсіпбаевалар Елордамыз Астананы әнге
қосып, беделі, биіктігін әнмен шырқаса, мың бұралған биші қыздар қазақ биін биледі. Кеште
ауылдық әкімдік аппаратының жетекші маманы Ә.Жақанов құттықтау сөз сөйледі.
Керемет өткен кеш соңы Тілеубергенов Аңсардың әуелете шырқаған «Жаса Қазақстан» әнімен
аяқталды. Кеш жастар биімен өз жалғасын тапты.
М.ТҮСІПБАЕВА
Бидайық ауылдық округінде
Астана қаласының туған күніне арналған ұрандар ілініп, ғимараттар безендірілді. Мектепте,
мәдениет үйінде салтанатты жиналыстар, Елордамыздың туған күніне арналған спорттық
ойындар, концерттер өтті. Бидайық кітапханасында Астана күніне арналып «Елімнің жүрегі
– Астана!» атты көрме ұйымдастырылып, жиналғандарды Астананың тарихымен таныстырып
өтті.
Бидайық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиналысты ауыл әкімі С.Баязитов құттықтау
сөзбен ашып, жиналғандарды Астанамыздың туған күнімен құттықтады. Мәдениет үйінің
меңгеруші Ким Эланның ұйымдастыруымен С.Сейфуллин ауылының өнерпаздары келіп,
көрермендерге өз өнерлерін халыққа паш етті. Сүлейменова Жұлдыз Астана әнің сыйласа
Нұржанова Перизат ортаға өз күйлерін салды. Астана туралы әндер айтылып, патриоттық
өлеңдер қойылды.
Ж.ЖАҚИЯНОВА
М.Жұмажанов ауылдық округінде
Ауылдың мәдениет үйінде 6 шілде - Астана күніне орай келген елімізге танымал, халықтың
сүйікті әншісі, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы ауыл тұрғындарына арнап мерекелік концертін
өткізді.
Өнер иесі кеш барысында халыққа танылған «Ауылға кеткім келіп тұрады», «Анашым»,
«Әкешім», «Немерем», «Мектебім», «Ақ маржан», «Жаным», «Мен сені аялаймын», «Әдемі»,
«Кім ойлаған» әндерін және еліміздің бас қаласы Астана күніне арнап «Астана» әнін орындап
әнсүйер қауымға шаттық сезім мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кешті тамашалауға
жиналғандар әншінің орындауындағы әндерді қосыла шырқап, мәртебесін марқайтты. Заттыбек Көпбосынұлының әуелеген әндері көрермендерді ән қанатында қалықтатты.
Кеш соңында ауыл әкімінің міндетін атқарушы Д.Жаркенов ауыл тұрғындарын Астана
күнімен құттықтай келе, өнер иесіне ауыл халқы атынан ризашылығын білдіріп, қалыптасқан
дәстүрге сай құрметті қонақтың иығына шапан жапты.
Ауыл тұрғындары атынан сөз алған Ж.Оспанова өнер иесіне ыстық ықыласын, игі тілегін
жеткізді.
Заттыбек Көпбосынұлы кешке жиналған көрерменге көрсеткен ілтипат-құрметтері үшін
алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.
А. АЛПЫСОВ
Қайтарымсыз грант иегері атанды
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына жеңілдіктер мен қолдаулар
көрсетіліп, өз ісін ашуға көптеген мүмкіндіктер берілуде. Сондай бір қолайлы мүмкіндіктің
біріне - «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында берілетін қайтарымсыз
грантты ерекше атап айтуға болады.
Гранттық қаражат –конкурсқа қатысып, одан қолдау тапқан бастауыш кәсіпкерлерге инновация бағытында ерекшеленетін және жаңашыл жобалары үшін қайтарымсыз негізде, кепілзатсыз беріледі. Осы конкурсқа 2014 жылы ауданымыздың тұрғыны, жеке кәсіпкер
Аманқұлова Күлшат «Полистирол бетондық кірпіштер өндірісі» жобасын ұсынған болатын.
Облыстық үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес аталған жоба қолдау тауып, кәсіпкер 3 млн.
теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болды. Бүгінгі күні аталған жобаны іске қосуға
қажетті құрылғылар алынып, Елордамыз – Астана күні қарсаңында аудан әкімі
Ғ.И.Омаровтың қатысуымен жоба іске қосылды.
Болашақта бұл жобаның аудан тұрғындарына берер пайдасы зор.Олай дейтінім, полистирол
бетондық кірпіштерінің бағасы өте тиімді, экологиялық жағынан таза, жеңіл әрі құрылысқа
ыңғайлы. Сонымен қатар, бұл кірпіштер суық өткізбейтіндігімен ерекшеленетіндіктен,
тұрғызылған кез-келген нысан немесе тұрғын үй жылы-жұмсақ болары анық.
Бұл кірпіш өндіру орынының күніне 14-16 м3-ге дейін кірпіш шығаруға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, аталған өндіріс орынында 3 адам жұмыс істеп отыр. Бүгінгі күні олардың еңбек
ақысы орта есеппен 40-50 мың теңгені құрайды. Алдағы уақытта өндіріс орынында жұмыс
көлемі ұлғайған сайын, жұмыскерлердің еңбекақысы да өсетін болады.
Баспасөз қызметі
Көңіл айту
Аудан әкімдігі Түгіскен ауылының тұрғыны еңбек ардагері Балдаев Сүлейменге
жары Баянның
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*****
Аудан әкімдігі еңбек ардагері Матин Қадырға
інісі Бүркіттің
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*****
Байдалы би ауылдық округі әкімі аппараты осы әкімшіліктің жетекші маманы
Сатбергенов Тасболатқа
әжесі Қарлығаштың
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады
*****
Аудандық білім беру бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Манадыр негізгі мектебінің ұжымы
осы мектептің ұстазы Оралбаева Назымға
әкесі Нұрпазылдың
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
Жарамсыз деп саналсын
Жырықов Нұрлыбай Жақсылықовтың атына берілген №Z№003714 жүргізуші куәлігі
жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
АД
Ы
Уважаемые жители и гости п. Атасу!
С 13 по 22 июля 2015г. приглашаем Вас посетить ярмарку магазина
MAREX (г. Павлодар), по продаже бытовой и компьютерной техники:
телевизоров, холодильников,
морозильников, электрических
и комбинированных плит,
мультиварок, мясорубок,
микроволновых печей, сти-
ральных машин, пылесосов,
ноутбуков, планшетов, цифр.
фотоаппаратов и сотовых
телефонов и многое другое.
Будем рады видеть
Вас на центральном
рынке п. Атасу
87056401122
По САМЫМ НИЗКИМ ЦЕНАМ!
Так же возможна покупка в РАССРОЧКУ 0% до 24 месяцев!
БЕЗ ПРЕДОПЛАТЫ, БЕЗ ПЕРЕПЛАТЫ!
(Cовместно с Kaspi Bank, при себе иметь только уд.личности).
Ризашылығыңызды бізге емес, Аллаһқа айтыңыз
Ресей магистрлерінің жұлдызы, Ресейдегі халық емшілігінің
Емшілер
НАФИСА
ҚАЖЫ
жаңғыртушысы, Ресей Федерациясының үшінші мыңжылдықтағы озық
МАМАДАЛЫҚЫЗЫ ЮЛЧИЕВА мен
халық емшісі, Шығыс халық медицинасының магистрі, Қазақстан
МАДАДЖОН ҚАЖЫ МАҚСҰТҰЛЫ
Республикасының Құрметті халық емшісі атақтарының иегерлері МададЭШАНЖАНОВ «Мерей» кешенінде
жон қажы Мақсұтұлы ЭШАНЖАНОВ пен Нафиса қажы Мамадалықызы
(А.Сейдімбеков көшесі №39, аудандық
ЮЛЧИЕВА еліміздің біраз жерлерін аралап, талай дерттеріне дауа іздеген
аурухананың жанында) 11-ШІЛДЕДЕН бажандарды емдеп, сауықтыруда.
стап ТАМЫЗДЫҢ 30-на дейін емге келуМенің
атым
–
Айгүл
Мен, Темірбеков Нұрбек
шілерді қабылдайды. Емге келгенде дәрет
Адамбаева. Маида
Мададжон қажы мен Наалып, тазаланып келу керек. Емге газсыз
Ерембекова деген
фиса қажылардан ем
енемнің суретін
алдым. Дастарханды
ГАЗСЫЗ 1 ЛИТР СУ, 1 ҚОРАП ШАЙ ала
әкелдім. Үш жыл бұрын
ашқанда ең бірінші сеанста ұнда белгі
келу керек.
түсті. Аллаһқа шүкір, Аллаһ емін берді. Қарағанды қаласында көзіне операция жасаған еді. Операциядан
Бес жылдай көп ішіп кетіп едім, қазір
ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ
Мен, Бағлан Каукербекова осы кісілердің
кейін көзі көрмейді. Мен үшінші
қойдым. Аллаһқа рахмет. Емшілерге
Күнделікті 11.00-17.00 сағ.
қабылдауында болған жандардың бірімін.
сеанстан кейін байқадым, енем
көп-көп рахмет. Сіздерге денсаулық, ұзақ
Менің балам Ернар бас жасында иттен
Сенбі күні 10.00-15.00 сағ.
саусағын көре бастады, адамның
ғұмыр тілейміз. Келіңіздер,
қорқып, шошынғандықтан тұтығу ауруына
Жексенбі – демалыс.
жүргенін көрді. Екінші сеанстан
емделіңіздер!
шалдыққан еді. Оны емдету үшін дәрігерлерге де, емшіТелефондары:
кейін Нафиса қажы мен МададҚарағанды қаласы, Майқұдық,16
лерге де апардық. «Үмітсіз шайтан» деп осы кісілерге де
8 777 576 69 96,
ықшамаудан, №25 үй, 8-пәтер жон қажы түсіне кірді. Біз бұл кіәкелген едік, он сеанстан кейін-ақ баламыздың тұтығып
8 700 911 55 59,
сілерге көп-көп рахмет айтамыз. сөйлеуден арылғандығын байқадық. Аллаһқа шүкір, қазір
Мен Әушекөл ауданынан
8 701 469 63 62.
Аллаһ бар.
баламыз жазылып кетті. Аллаһ бұл кісілерге де зор
емге келдім. Мен сурет
Балқаш
қаласы,
2денсаулық берсін дегім келеді.
арқылы емделдім. Көзім,
ИП "Эшанжанов М.М.", ИП "Юлчиева Н."
аяғым ауыратын. Қазір ықшамаудан, №24 үй, 27-пәтер
Лицензияның сериясы АА-4, №0103846,
Ерлі-зайыпты емшілер Мададжон
жақсымын. Менің бұл халық емшілері
Қарағанды қаласынан келСертификат № 0648
мен Нафиса қажылардан балам
Мададжон қажы мен Нафиса қажыларға
дім. Менің диагнозым киста
Асатты фотосурет арқылы емдетайтар алғысым шексіз. Алдымен Аллаһқа
яичника және миома матки
Мен, Ағайша Жайыққызы емге
тім. Несін жасырайын, балам ащы
рахмет. Құдайға шүкір. Емге үш күн келболған. Маған Нафиса қажы
келдім.
Менде бас, жүрек асқазан,
судан
арыла
алмай
жүрген
еді.
Содан
кейін
дім. 12 күн емді сурет арқылы үйде
20 күн ем берді. Емнің жетінші күні мен
тағы да басқа ауруларым баркісілердің
келіп
жатқанын
әрі
сурет
арқылы
емалдым. Келіңіздер, көріңіздер, сеніңіздер,
УЗИ аппаратына түстім. Дәрігер миома
тұғын. Қазір өзімді жақсы сезінеем алыңыздар. Сіздерге көп-көп рахмет.
да, киста да жоқ деп айтты. Ең бірінші дейтінін естіп, баламның суретін апардым. Тілмін. Әруақтар үшінші сеанстан кейін келіп
көзімтасқа,
ұлымның
хал-жағдайы
жақсарып
Мен «Қостанай таңы» газетінен оқып келАллаһ тағалаға рахмет! Одан кейін себеп
тамақтарға (ұнға, тұзға, қантқа) белгі салып
келеді, ем алғалы бері ащы судан татып та
дім. Мақала жазушы Қарлығаш
болған Нафиса қажы мен Мададжон
кетті. Мен Мададжон қажы мен Нафиса ханымға
Оспановаға да мың алғыс, редакция
алған
жоқ.
Сондықтан,
біріншіден
Аллаһқа,
қажыға көптен көп рахмет. Осы кісілерге
ұжымына да рахмет айтамын.
алғысым көп. Рахмет айтамын. Әрқашан сізекіншіден осы кісілірге айтар алғысым зор.
келіңіздер, сеніңіздер!
Әлима Жасақбаева, Қостанай облысы,
дерге денсаулық тілеймін.
Жазира
Ермағанбетова,
Гүлмира Жадрина, Қарағанды қаласы
Әушекөл ауданы
Ағайша Ерағазинова, Қостанай қаласы
Қостанай қаласының тұрғыны
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1360 дана
Тапсырыс №36
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Другие
Просмотров
128
Размер файла
17 756 Кб
Теги
газета, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа