close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 40 Жанаарка газеті

код для вставкиСкачать
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі
хаттамаға қол қойылды
Астана. 28 шілде. BAQ.kz – Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобының төрағасы,
Финляндияның елшісі Веса Химанен келіссөздер үдерісі барысында Қазақстан 50-ден аса
жаңа заң қабылдап, 10 халықаралық келісімге түзету енгізгенін, олар кедендік одақ пен
Еуразиялық экономикалық одақ аясында қабылданғанын атап өтті. Бұл жайында Ақорданың
баспасөз қызметі хабарлап отыр.
–Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен және Қазақстанның Еуразиялық
экономикалық одақ бойынша серіктестерімен тығыз байланыста жүргізілген заңнамалық
бағыттағы прогресс біздің жұмысымызды соңғы жылы едәуір жеделдетуге мүмкіндік берді.
Қазақстанның құжаттар топтамасы – бұл нарықтарға қол жеткізу мүмкіндіктерін жетілдіру
ісіне қомақты үлес қосатын, сауданың көпжақты жүйесін жаңғыртатын және ДСҰ-ны
нығайтатын жоғары сапалы құжаттар, – деді В.Химанен. ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо
еліміздің Ұйымға кіру үдерісі барысындағы Қазақстан Президентінің көшбасшылығына
жоғары баға берді.
– Бұл – Қазақстан үшін де, ДСҰ үшін де шынымен тарихи күн. Ұйымға кірудің
артықшылықтары – жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру, тұрмыс
деңгейін жақсарту. Қазақстан үшін бұл сіздердің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктеріңіз
бен жұмсаған күш-жігерлеріңіздің мойындалуы. Бұл – реформалардың кешенді
бағдарламасының қисынды нәтижесі, Қазақстанның бизнес үшін ашық екені туралы бүкіл
әлемге жолдауы. Бұл күн ДСҰ үшін де айшықты болып табылады. Қазақстанның қосылуы
біздің пікірталастарымызға қуатты әрі беделді үн қосады, Ұйымды Орталық Азияның жүрегіне
жақындатады, – деп атап өтті Р. Азеведо. Елбасы отырыста сөйлеген сөзінде ДСҰ-ға мүше
барлық елдерге, Ұйым хатшылығына келіссөздер барысындағы сындарлы ұстанымдары мен
қолдауы үшін, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобындағы
төрағалықты қолдағаны үшін Финляндия Үкіметіне алғысын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев
атап өткендей, ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер өткен аралықта Қазақстан экономикасының
құрылымы айтарлықтай өзгерді.
– Экономика мейлінше қуатты әрі ашық бола түсті. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 18 есе
ұлғайып, Орталық және Шығыс Еуропа деңгейіне жетті. Сыртқы сауда көлемі 120 миллиард
доллар деңгейіне шықты. Біздің сыртқы сауда айналымымыздың 90 пайыздан астамы ДСҰға мүше елдерге тиесілі. Сауда қарым-қатынастарының географиясы едәуір өзгерді.
Қазақстанның сауда байланыстары 90-жылдардың ортасында бұрынғы кеңестік кеңістік елдерімен ғана жүргізілсе, бүгінде біз әлемнің 185 мемлекетімен сауда-саттық жасап отырмыз,
– ,деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сондай-ақ отандық экономика құрылымында
болған елеулі өзгерістерге де назар аударды.
–Өздеріңізге мәлім, Қазақстан минералдық ресурстарға бай, бірақ біз шикізаттық
тәуелділіктен арылу үшін экономика құрылымын өзгертуге ниеттіміз. Бүгінде еліміздегі ІЖӨнің 54 пайызын қызмет көрсету секторы қамтамасыз етеді, бұл саланың дамуына біз зор көңіл
бөліп отырмыз. Бұлар – қаржы, телекоммуникация, құрылыс, энергетика және көлік салалары.
Қаржылық қызметтерді ДСҰ аясында ырықтандыру «Астана» халықаралық қаржы орталығын
құру үдерісімен қатар жүретін болады. Ол Қазақстанның қаржылық инфрақұрылымының негізіне, ал кейіннен бүкіл өңірдің қаржылық хабына айналады деп сенеміз. Қазақстан барлық
елдерді осы жобаға қатысуға шақырады, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті теңізге шығатын жолы жоқ, планетадағы ірі мемлекет болып саналатын біздің республикамыз үшін инфрақұрылым мен көлік-логистика қызметінің басымдықта дамитынын айтты.
–Біз жаһандық коммуникациялардың бір бөлігіне айналу үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Осы мақсатпен ірі нарықтарды байланыстыратын стратегиялық көлік дәліздерін
қалыптастырамыз. Біздің инфрақұрылымдық жобаларымыз отандық экономика мен
халықаралық нарықтардың игілігі үшін бірегей транзиттік әлеуетті ашуға мүмкіндік береді, –
деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы өткен кезең ішінде Қазақстан инвестициялық
әлеуетін айтарлықтай ұлғайтқанына да назар аударды.
–Қазір біз инвестициялық ахуалды жақсарта отырып, экономиканы әртараптандыруға
басымдық береміз. Инвестициялар мұнай-газ және тау-кен саласына ғана емес, экономиканың
өңдеуші салаларына да бағытталуы үшін барлық жағдай жасалған, – деді Мемлекет басшысы.
Жалпы алғанда, Қазақстан Президенті келіссөздер үдерісі кезінде республикамыз экономиканы жаһандық нарыққа ықпалдастыру үшін ұзақ жолды жүріп өткенін айтты. Ауқымды
институционалдық жаңғыртулар жүргізу де дамуға жаңа серпін береді.
–Реформаларды тиімді жүзеге асыру жаңа сапалы институционалдық орта қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады. Біздің келесі қадамымыз Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымымен белсене ықпалдасу болады. Бірінші кезекте, биыл жүзеге асырыла бастаған
Қазақстан Республикасы мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама
аясында болмақ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Мемлекет басшысы еліміздің еркін
сауда және ашық ықпалдастық қағидаттарына берік екенін айтты.
–Қазақстан аз уақыттан соң ДСҰ нормаларымен жұмыс істей бастайды. Дейтұрғанмен, біз
кедергілерді жойып, ашық ынтымақтастық қағидаттарын ілгерілетіп, өңірлік ықпалдастық локомотиві бола отырып, экономикалық саясатымызды әуелден-ақ «ДСҰ рухында» құрып отырмыз. Бұл Ұйымның мүшелері арасында сауда-саттық кезіндегі кемсітуге жол бермеу –
ДСҰ-ның басты қағидаты. Экономиканы саясатпен араластыратын санкциялық саясат саудаға
кедергі келтіреді және ДСҰ қағидаттарына сай емес. Мұндай жайтты болдырмау біздің ортақ
міндетіміз деп ойлаймын. Сіздерге бірлескен еңбектеріңіз үшін тағы да алғыс айтып, біз
ұйымның барлық мүшелерінің мүддесі, экономикаларымыз бен халықтарымыздың игілігі
үшін ДСҰ аясындағы алдағы жұмысқа дайын екенімізге сендіргім келеді, – деді Қазақстан
Президенті.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі хаттамаға қол
қойылды.
С. Сейфуллин
№40 (9690) 1 тамыз, 2015 жыл
Құрметті көлік саласының қызметкерлері!
Ел экономикасының өсіп-өркендеуі мен халқымыздың әл-ауқатының арта түсуіне көлік
инфрақұрылымын сапалық жағынан дамытуға жан-жақты көңіл бөлінуі өзіндік ықпалын
тигізіп келе жатқаны аян. Сондықтан да, аталған маңызды саланы халықаралық деңгейге
көтеру мақсатында мемлекет тарапынан зор қолдау білдіріліп, кешенді шаралар іске асырылуда.
Ортақ істің оңтайлы шешімін тауып, жолаушылар мен жүк тасымалдау легінің толассыз
атқарылуына, сондай-ақ, көрсетілер қызмет түрлерінің тиімділігін арттыруға
ауданымыздағы аталған сала еңбеккерлері сүбелі үлес қосып келеді.
Өздеріне жүктелген жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, мемлекет қуатын еселей
түсуге барлық күш-жігері мен біліктілігін жұмсап келе жатқан көлік қызметкерлерінің
еңбектерінің табысты болуына тілектеспіз.
Көлік қызметі саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтай
отырып, мықты денсаулық, бақуатты тірлік пен бақыт, Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі
жолындағы еңбектеріңізге тың табыстар тілейміз.
Ғ.Омаров,
М.Әбдішев,
Аудан әкімі
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Жаңаарқа аудандық мәслихатының кезектен тыс 43
сессиясы төрағасының шешімі
Атасу кенті
31 шілде 2015 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 43 сессиясын
шақыру туралы
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 43 сессиясы 2015 жылғы 6 тамыз күні сағат 11.00-ге
шақырылсын (аудандық мәслихаттың мәжіліс залында, Тәуелсіздік даңғылы, 4).
Ж.Рыспеков, сессия төрағасы
ХАБАРЛАМА
2015 жылғы 6 тамыз күні өтетін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 43 сессиясының
қарауына келесі мәселе ұсынылады:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының ХХХVІІІ сессиясының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№38/251 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
М.Әбдішев, аудандық мәслихат хатшысы
Ризашылық
Аудандық ардагерлер ұйымына қолдау көрсетіп отырған аудан әкімдігіне, демеушілік жасап
отырған мекемелер мен кәсіпорындар басшыларына, жеке кәсіпорындар басшыларына, жеке
кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының жетекшілеріне айтар алғысымыз мол. Еңбек ардагерлері мен мүгедек қарттарға қажет кезінде осы азаматтар мәселемізді қайтармай қаржылайзаттай көмек беріп отырады. Әсіресе, жақында ауданымызда өткен ардагерлердің облыстық
семинарының жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуына жоғарыда аталған ұжымдар бір кісідей
атсалысты. Қарттарға жасап отырған шынайы көмектеріңіз үшін барлығыңызға
ризашылығымызды білдіріп, рахмет айтамыз.
Аудандық ардагерлер кеңесі
КӘСІПОРЫНДАР НАЗАРЫНА
Парыз – 2015» сайысы
Сайыс 2008 жылдан бері әр жыл сайын аймақтық және республикалық деңгейлердегі екі
кезеңде өтеді.
Сайыстың облыстық және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
Сайыс 4 номинация бойынша өткізіледі:
1) «Ең үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Аталмыш номинацияда үміткерлердің өзіндік персоналдарын қолдау, мүмкіндігі шектелген
адамдардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау және жалпы алғанда қоғамның жағдайын
жақсартуға (еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік төлемдер, кадрларды кәсіби дайындау және
даярлау жүйесі,мүмкіншілігі шектелген көптеген адамдарды жұмысқа орналастыру және т.б.)
бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы жұмыстары қаралады.
2) «Еңбекті қорғау саласындағы ең үздік кәсіпорын».
Бұл номинацияда үміткерлердің еңбек жұмыстары барысында жұмыскерлердің денсаулығын
сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларының жұмыстары қаралады.
3) « Ең үздік ұжымдық шарт».
Аталмыш номинация бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған
жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартушы және күшейтуші
ұжымдық шарттар қаралады.
4) « Экологияға қосқан үлесі үшін».
Бұл номинация бойынша қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты
қорғау (экологиялық) бағдарламаларын жүзеге асыруда жан-жақты көзге түскен
үміткерлердің атқарған жұмыстары қаралды.
«Парыз- 2015» сайысына қатысудың ережелері мен тәртібі туралы толық ақпаратты алу үшін
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолығуларынызды
өтінеміз.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
ЭКСПО-2017 қарағандылық кәсіпорындарға жаңа
мүмкіндіктер ұсынуда
2
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басшылығы және бас мердігерлердің
Қазақстан аймақтарындағы кәсіпорындармен кезекті кездесуі өтті. 24
шілде күні Қарағанды облысындағы отандық бизнес өкілдері
Астанаға келіп, ары қарай ынтымақтастық жүргізудің мәселелерін
талқылады.
-Көрмеге қатысушы елдерден 4,5 мыңнан аса адам келеді. Сондықтан
бізге құрылыс кезеңдерінен бастап қонақтарды қабылдауға дейінгі
бүкіл мәселелерді ойластырып алу қажет. Құрылыс саласын ғана
емес, сондай-ақ, қызмет көретудің қасық, шанышқы, сүлгі, жиһазға
дейінгі бүкіл саласын отандық тауарлармен қамтамасыз ету қажет.
Көрме аяқталғаннан кейін бұл кешеннің қызметі тоқтап қалмайтынын
ескертеміз. Мұнда Қаржы орталығы орналасатын болады. Көрмеден кейінгі кезеңде сіздер ұсынайын деп
отырған бүкіл өнімге деген сұраныс жоғары болмақ. Әрине, тиісті бағасы, сапасы мен жеткізілім мерзімі
қамтамасыз етілген жағдайда, - деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Алмаз
Жаманбеков.
ЭКСПО-2017 нысандар құрылысына арналған жұмыстар мен қызметтердің қажетті көлемімен, құрылыс
материалдарын жеткізудің ары қарайғы шарттарымен танысу мақсатында мәжіліс жұмысына аймақта
құрылыс индустриясымен, жеңіл өнеркәсіппен айналысатын және тағы да басқа салаларда өз қызметін
жүргізіп жатқан барлығы 40-тан аса кәсіпорынның басшылары қатысты.
Қазіргі таңда Қарағанды облысындағы металл бұйымдары, металл құрылмалары, тоқыма, болат төсемдер,
қабырғалық қалқалар, бағаналар мен темірбетонды бұйымдар өндірісімен айналысатын 13 компания
Қазақстандағы ең ірі құрылыс нысанына өз өнімдерін жеткізу туралы меморанумдарға қол қойып қойған.
Жасалған келісім-шарттардың жалпы сомасы 6 млрд. теңгені құрап отыр. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК бас
мердігерлерімен келісім-шарттарға отырған жеткізуші кәсіпорындар қатарында «АрселорМиталлСтил»
ЖШС, «Имсталькон» ЖШС, «Металл Профиль зауыты» ЖШС, «PowerBeton» ЖШС, «Промгарант»
ЖШС, «СпецМашХолдинг» ЖШС секілді осы аймақта өз қызметін жүргізіп жатқан компаниялар бар.
-Біздің өндірісіміздің, Қарағанды лак және бояу жасау зауытының негізі 2003 жылы қаланды. Кәсіпорын
модульдық технология бойынша жұмыс жасайтын толығымен автоматтандырылған өндіріс болып табылады. Біз үшін бұл кездесу аса пайдалы болды, өйткені мұнда іскерлік байланыстарды орнатып, ЭКСПО2017 жобасы үшін сатып алулармен айналысатын жауапты тұлғалармен танысуға мүмкіндік бар. Қазір
біздің тауарларымыз қолданылуы мүмкін әрлеу жұмыстарын бастауға әлі ерте, алайда мен келешекте жасалатын мәмілелердің шарттарын талқылау үшін осында келдім, - деді Қарағанды лак және бояу жасау
зауытының өкілі Виталий Цецорин.
Мұндай ынтымақтастық ең ірі ұлттық жобаны жүзеге асыруға отандық бизнесті барынша кеңінен тартып,
көрме кешені нысандарын салу кезінде қазақстандық мазмұнның үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беріп,
Қарағанды облысының дамуына септігін тигізбек.
2014 жылдың 7 қарашасында «Астана ЭСКПО-2017» ҰК» АҚ және Қарағанды облысының әкімдігі көрме
нысандарының құрылысына отандық тауар өндірушілерді тарту туралы меморандумға қол қойғанын еске
саламыз.
****
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған
көрмесіне дайындалу және оны өткізу үшін 2013 жылдың 15 қаңтарында құрылды. Көрме Астанада 2017
жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта өтеді. Оған 100 ел, 10-нан аз емес
халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады деп
жоспарлануда. Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан аса қонақ келеді деп күтілуде.
Қосымша ақпарат алу үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне хабарласыңыз:
тел.: +7(7172) 919463, e-mail: pressa@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com
Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлт жоспары «100 нақты қадам» атты еліміздің одан әрі
дамуының ауқымды жобасын жария еткен болатын.
Сол 100 қадамның бірінші 15 тармағы мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін түбегейлі көтеруге
бағытталып отыр. Оның ішінде мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін модернизациялау, атқарған
қызметінің нәтижесі бойынша еңбекақы төлеу, жаңа этикалық кодекс, мемлекеттік қызмет туралы заңнама
қабылдау, жоспарланып отырған реформаның негізгі шаралары болмақ.
Ашып айтатын болсақ, азаматтар мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан кезде төменгі лауазымдарға
ашық конкурс тәртібімен іріктеліп алынатын болады. Бұл дегеніміз, мемлекеттік қызмет саласында жұмыс
істеуге бел буған адамдар бірден жоғары лауазымдарға ие бола алмайды деген сөз, яғни, жоғары
лауазымдарға ауысу үшін мансаптық сатының барлық баспалдақтарынан өтуге міндетті.
Ашық конкурс үш кезеңнен тұратын болады деп жоспарлануда. Бірінші кезеңде үміткерлер Қазақстан
Республикасының заңнамаларын білуге және құзіреттері бойынша тестілеуден өтулері қажет. Одан әрі
үміткерлердің әдептілігін, сыбайлас жемқорлыққа төзбестігін және мемлекеттік қызметшіге тән басқа да
құндылықтарды анықтау бойынша әңгімелесу өткізіледі. Соңғы кезеңде үміткерлер байқау өткізіліп
жатқан мемлекеттік органда сол мемлекеттік органның қызметіне байланысты сұрақтарға жауап беру бойынша әңгімелесуден өтуі тиіс.
Тағы бір айта кететін жай, мемлекеттік қызметке алғаш орналасқан азаматтарға міндетті түрде 3 айға
сынақ мерзімі белгіленетін болады. Сынақ мерзімі кезінде жаңадан тағайындалған қызметшіге жеке бейімделу жоспары дайындалады. Сол жоспарды іске асыру үшін көмек ретінде қызметшіге тәлімгерлер
бекітілу жоспарлануда.
Егер 3 ай ішінде қызметші жеке бейімделу жоспарындағы іс-шараларды орындай алмаса мемлекеттік
органның басшысы сынақ мерзімін тағы 3 айға созуға немесе біздің Агенттіктің келісімімен оны
жұмыстан босатуға құқығы болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке шетелдік менеджерлер, жеке меншік сектордың мамандары және
халықаралық ұйымдарда қызмет атқаратын еліміздің азаматтары қабылданады деп жоспарлануда.
«Б» корпусының кадр резерві институты және лауазымдарға ауысу тәртібімен тағайындау механизмі жойылатын болады. Ауысу тәртібімен тағайындаулар тек қана саяси мемлекеттік қызметшілердің
көмекшілеріне, кеңесшілеріне және баспасөз хатшыларына қолданылатын болады. Егер мемлекеттік
қызметшіні жоғары тұрған лауазымға тағайындау қажеттілігі туындаған жағдайда мемлекеттік органмен
ішкі конкурс өткізілетін болады. Мұндай конкурсқа төменгі лауазымдарда еңбек өтілі бар сол мемлекеттік
органның қызметшілері қатыса алады.
Өткізілетін реформа шеңберінде қандай да лауазымда болмасын мемлекеттік қызметшілердің жұмыстағы
және жұмыстан тыс уақытында жүріс-тұрысын шектеп анықтайтын жаңа этикалық кодекс, жаңа сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнаманың және барлық қызметшілерге күші таралатын Мемлекеттік қызмет туралы
заңның қабылдануы жоспарда тұр.
Тағы бір шешімін таппақ мәселе – мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы болмақ. Мемлекеттік
қызметшілердің қазіргі таңда алатын еңбекақысының жеткіліксіз екендігі құпия емес. Әсіресе, ауылдық,
селолық округтер әкімдері аппараттарында, қалалық, аудандық бөлімдерде қызмет атқаратын бас маман,
жетекші мамандардың еңбекақысы едәуір төмен. Мұндай жағдай олардың сыбайлас жемқорлық
құқықбұзушылық немесе қылмыс жасауына әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Сондықтан, мемлекеттік
қызметшілердің еңбегін монетарлық сипатта немесе монетарлық емес түрде ынталандыру кадрлық
саясаттың басты бағыты екендігі ескеріле отырып, реформа шеңберінде осы мәселеге де ерекше назар
аударылмақ. Толығырақ тоқталсақ, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын қызмет өткеру нәтижелеріне
байланысты арттыру жоспарланып отыр, яғни, мемлекеттік қызметшілерді өз ісінде жоғары нәтижелерге
жетуін ынталандыру үшін факторлық-балдық шкала негізінде еңбекақы төленетін болады. Мұндай
еңбекақы төлеу механизмі бастамашылдығы, жұмыс істеуде ынта-жігерімен ерекшеленген қызметшілерге
жұмыс нәтижесін және тағы да басқаларын 8 фактор бойынша бағалау қорытындысымен беріледі.
Бағалауды мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларында көрсетілген мемлекеттік қызметшінің
ортақ мақсатқа жетудегі өзіндік қосқан үлесін көрсететін басты көрсеткіштер бойынша өткізу жоспарланып отыр.
Себебі мемлекеттік қызметте мемлекеттік қызметші деген атауға лайық, адал, өз ісінің білікті мамандары
ғана жұмыс істеуі тиіс. Бұл реформаның жүргізілуінің көздеп отырғаны да осы.
Әр мемлекеттік қызметші халық үшін ашық болуы, олардың игілігі үшін жұмыс істеуі және жемқорлық
фактілерінен алыс болуы қажет. Сол себепті де 2016 жылы мемлекеттік қызметшілерге кешенді аттестация
өткізілетін болады.
Е. ЫБЫРАЙЫМОВ,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы
1 тамыз 2015 жыл
Шағын және орта бизнесті дамытуға тың
серпін беретін бастама
Өзім кәсіпкер ретінде Елбасы ұсынған 5
институционалдық жаңа реформаны ықыласпен
қабылдадым. Бұл тарихи маңызды құжатта Елбасы
еліміздің басты басымдықтары ретінде индустриаландыру
және ұлттық экономиканың басты күшікәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсетуге, олардың
мүдделерін қорғауға үлкен мән бере отырып,бизнестің өзі
реттейтін шарттарға заңнамалық негізде жағдай жасалуы
қажеттілігін атап көрсеттініз. Өйткені шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту кез келген ел экономикасының негізі екені белгілі. Бұл ретте Мемлекет
басшысы, партия төрағасы тікелей қадағалауымен кәсіпкерлікті өрістетуге жан-жақты
мүмкіндіктер жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу, отандық өнімді қолдау, білікті мамандар
даярлау, халықты бизнес сауаттандыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Казіргі уақытта
елімізде кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретін бағдарламалар нәтижелі жүзеге асырылып,
жеке бизнестің жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Кәсіпкерлерді экономикалық
жағынан ынталандыра түсуде. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасы дайындалды. Бұл тұжырымдамада салықтық жеңілдіктер, жауапты мемелекеттік сатып алулар,
әлеуметтік инвестициялау қамтылған. Бүкіләлемдік банктің бақылауынша Қазақстанда
бизнесінің дамуы рейтінг өлшемдері бойынша көшбасшы елдердің қатарына кірді.Таяуда
еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Сондықтан қазақ кәсіпкерлері жаңа жұмыс
жасауға талпынып, әлемдік стандартқа сай келетін, ел экономикасының бәсекеге қабілетті,
сапасы жоғары, бағасы қарапайым халыққа, тұтынушыларға көңілге қонымды тауарларды
көптеп шығарса, Дүниежүзілік сауда ұйымының пайдасын көріп,алдынан үлкен нарық әлемі
ашылатыны сөзсіз. Елімізбен қатар біздің ауданымызда халық қалаулылары мен аудан
әкімдігінің қолдауының арқасында шағын және орта бизнес саласы бойынша ілгері
көрсеткіштер байқалуда. Аудандық мәслихаттың сессияларымен тұрақты комиссияларының
отырыстарында шағын кәсіпкерлікке байланысты мәселелер үнемі қаралып, нақты игі істер
атқаруда. Шағын және орта бизнес субьектілерінің саны артып,оларда өндірілген
өнімдер,орындаған жұмыстар мен қызметтер көлемі ұлғаюда. Еліміздің индустрияландыру
картасына ауданымызда бірнеше жобалар енгізіліп, осы нысандарда қосымша жаңа жұмыс
орындары ашылуда. Жалпы Елбасы ұсынған мызғымас «Мәнгілік Елді» құру, ұзақ мерзімді
межесі-«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған, даңғыл жол салып берген Ұлт жоспарын 5 халықтық реформаны қызу қолдап,онда еліміздің өрлеуі мен жаңа
белесіне шығаратын келелі міндеттерді жоғарғы дәрежеде орындауға бағыттау жолында
аянбай еңбек ету біздің басты міндетіміз деп білемін.
Б.ТЕЗЕКБАЕВ, аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі
Мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы
беделі және рөлі
Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызметшілердің
мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске
асыруға бағытталған қызметі. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге,
мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және
Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін іске
асыруға бейімделген. Әлемдік өркениетте мемлекет ұғымы
қоғам өмірінің төрінен ойып тұрып орын алады. Мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор. Ол
халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің,
мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның
талаптарына және үміттеріне сәйкестік дәрежесін белгілейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік
қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда.
Қазақстан Республикасының ішкі саясаты үшін мемлекеттік қызмет беделін қалыптастыру
және нығайту, мемлекеттік жүйені дамыту басым бағыттар болып табылады. Өзінің тәуелсіздік
жылдарында Қазақстан әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси даму жолында
айтарлықтай жетістіктерге жетті. Еліміз үшін алдағы орында тұрған жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын қалыптастыру ісінде мемлекеттік
қызметшілердің кәсіби деңгейі негізгі рөлді атқарады. Елбасы Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Ә. Назарбаев мемлекеттік қызметкердің бойынан табылуға тиіс мінезқұлқының, адамгершілігінің, абыройының негізгі белгілерін атап өткен. Бұл құндылықтар жоғары моралдік жауапкершілік, кәсіптік білім, оны тәжірибеде қолдана білу, әділдік, адалдық,
белсенді өмірлік позиция. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын
сезінуі және патриот болуы тиіс. Мемлекеттік қызметтің оң беделін қалыптастыру
идеологиялық, саяси әрі мәдени аспектілерді көздейді. Мемлекеттік қызметшінің оң беделін
қалыптастыру үрдісінің өзі атқарушы биліктің беделдік саясатымен де тығыз қарымқатынаста. Мемлекеттік қызметшінің оң беделіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінде белгіленген: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру болып табылады
және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік, моральдік-этикалық бейнесіне ерекше талаптар қояды». Мемлекеттік қызметшінің оң беделін қалыптастыру – күрделі әрі көп уақытты
алатын үрдіс. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы мен жүріп-тұру ұстанымдары барлығына
мәлім. Оның абыройы – мемлекеттік билік абыройының бір бөлігі. Халық нақты бір мемлекеттік қызметшінің және биліктің барлық тармағындағы мемлекеттік орган басшыларының
жұмысын бағалай отырып, мемлекеттік билікке жалпылай баға береді. Бұдан мемлекеттік
қызметшілерге қандай үлкен жауапкершілік артылғанын аңғаруға болады. Мемлекеттік
қызметші болу – зор мәртебе, сондықтан мемлекеттік қызметші кәсіби біліктілікпен қатар,
адамгершілік қасиеттерге де ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметке үміткер өз халқының
алдындағы асқан жауапкершілікті сезіне отырып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруы
қажет. Мемлекеттік қызметші өз өкілеттігімен, билігімен дұрыс қолдана білуі әрі әділ болуы
керек. Ол мемлекеттік қызметте өз игілігі үшін емес, елінің береке-бірлігі үшін жұмыс істеуі,
өз қалтасын мемлекеттік қаражатпен шатастырмауы, олардың аражігін ажырата білуі тиіс.
Мемлекеттік қызметшінің өмір салты заң талаптарына толық сәйкес болуы шарт. Қандай да
бір лауазымда болмасын, кез келген жағдайда, мемлекеттік қызметші өз елінің азаматтары мен
халқының сенімінен айырылмай жұмыс істеуі керек.
Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар
арасында өзін ұстай білуі, ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз
қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек. Егер мемлекет мүддесіне
нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
Д.МУСИН, Жаңаарқа аудандық қазынашылық
басқармасы басшысының м.а.
1 тамыз 2015 жыл
3
Жеке кәсіпкерліктің даму барысы
Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен мемлекеттік саясаттың
іске асырылуын жүзеге асыру кәсіпкерлік және өнеркәсіп
бөлімінің негізгі міндеті болып табылады. Елбасы ұсынған
“100 нақты қадам” ауқымды жобасында кәсіпкерлердің
мүддесін қорғау ескерілген. Себебі кәсіпкерлік экономикалық өсімнің негізгі тетігі. Әлеуметтікэкономикалық жағынан көш ілгері келе жатқан ауданымыз үшін кәсіпкерлік саласының маңызы жоғары. Өз ісін дөңгелетемін деп талпынған
адамға демеу де, қолдау да бар. Сондықтан бүгінгі сұхбатымызды аудандық кәсіпкерлік және
өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ибраев Мұрат Есіркепұлымен өткізуді ұйғардық.
-Әңгімемізді ауданымызға тартылған инвестициялардан және өнеркәсіп саласынан
бастасақ.
-Алты ай ішінде өнеркәсіп саласында жалпы аудан бойынша индекстің
физикалық көлемі өткен 2014 жылмен салыстырғанда 136,2 пайызға орындалып отыр. Сонымен қоса, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
4 млрд. 403 млн. 200 мың теңге. Индекстің физикалық көлемі 117,0 пайызды құрады. (2014 жылдың 6 айында 3 млрд. 763 млн. 300 мың теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестиция өнеркәсіпте 2 млрд. 818 млн. 190
мың теңге. Индекстің физикалық көлемі 142,0 пайызды құрады, (2014
жылдың 6 айында 1 млрд. 984 млн. 600 мың теңге). Өңдеу өнеркәсібі бойынша 2 млрд. 42 млн. 500 мың теңге. Қазақстандық қамту бойынша 1
жартыжылдықта «Сарыарқа ENERGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Казхром» АҚ кәсіпорындары бойынша 90,0 пайызды құрап
отыр.
-Индустриалды картаға енген жобалар жөнінде айтып өтсеңіз.
- Бірінші “Жалын” кенішінде көмірді өңдеу және қайта өңдеу жобасы. Бастамашысы «Сарыарқа ENERGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жобаның жалпы құны - 4 млрд. 701 млн. теңге. Қазіргі уақытта 491 жұмыс
орны ашылды. Өткізу нарығы Қазақстан Республикасы және Хорватия,
Польша, Греция, Солтүстік Ирландия және Шотландия елдері.
Алты айда 463,5 млн. теңгеге 122,0 мың тонна көмір өндірді.
Екінші «2000 бастық ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын салу» жобасы. Бастамашысы
«Ескене» шаруа қожалығы, басшысы Төлеуов Әбүйірхан. Жобасының құны өз қаражатынан
630,0 млн. теңге, Бұл қаражатқа герофорд асыл тұқымды ірі қара мал және техникалар алынды.
Жобаның қуаты 70 тонна ет өткізу. 15 адам жұмыспен қамтылады.
Қазіргі уақытқа дейін 494,55 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды. Мал сою алаңы жұмыс істеуде. 2015 жылдың 6 айында 107,2 млн. теңгеге, 167,5 тонна ет өткізді. Жоспарды 335,0 пайызға
орындады (жоспар 50 тонна ет, 30 млн. теңге).
Үшінші «Жемдеу алаңының құрылысы, ет, сүт өнімдерінің азық-түлігін өндіруді ұйымдастыру»
жобасы. Бастамашысы «Қайрат 2» шаруа қожалығы, басшысы Абенов Нұрлан Кәдіркейұлы.
Жобаның жалпы құны өз қаражатынан 900,0 млн. теңге. Жобаның қуатына шығуы 2016 жылы
300 тонна ет, 150 тонна сүт өндіру. 60 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда 47 адам
жұмыспен қамтылған. Мал сою алаңы жұмыс істеуде. 2015 жылдың 6 айында 295,9 млн. теңгеге
521,7 тонна ет өткізді, жоспарды 1043,4 пайызға орындады (жоспар 40 млн. теңгеге 50 тонна ет
өткізу). 14,0 млн. теңгеге 200 тонна сүт өндірді, жоспарды 400 пайызға орындады (жоспар 3,0
млн. теңгеге 50 тонна сүт өндіру). 20,2 млн. теңгеге 87 тонна қымыз өндірді, жоспарды 145
пайызға орындады (жоспар 16,8 млн. теңгеге 60 тонна ет өткізу). Алдағы уақытта екінші
бесжылдаққа индустриалдық картаға жаңа жобалар қарастырудамыз.
-Кәсіпкерлік саласы бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субьектілерінің саны
өткен жылмен салыстырғанда қаншалықты өсу байқалады?
-2015 жылдың 6 айына аудан бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субьектілерінің саны
- 1615, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 116% көтеріліп отыр, (2014 ж. саны 1392). 2015 жылы
жоспар бойынша ашылатын шағын кәсіпкерлік нысандар саны 7. Үстіміздегі жылдың 6 айында
2 әлеуметтік бизнес нысаны іске қосылды. 2015 жылдың 6 айына аудан бойынша белсенді шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 1352, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 113% орындалып
отыр (2014 ж. 1199). Үстіміздегі жылдың шілде айының 1-не шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар 4319 адам, 2014 жылдың 6 айымен салыстырсақ – 105,3%,
артып отыр (2014ж.-4103 адам).
2015 жылдың шілде айының 1-не өндірілген өнім көлемінің өсімі 4 млрд 128 млн 800 мың теңге,
бұл 2014 жылдың 6 айымен салыстырғанда 120%, (2014 ж. шілде айының 1-не өндірілген өнім
көлемінің өсімі 3 млрд. 425 млн.теңге).
-Жеке және заңды тұлғалардан бюджетке түскен салық түсімі жөнінде айтып өтсеңіз.
-2015 жылдың І-ші жарты жылдығында жеке және заңды тұлғалардан бюджетке түскен салық
түсімі 146 млн.тенге (заңды тұлғалардан – 64,0 млн.теңге, жеке тұлғалардан – 82,0 млн.теңге),
2014 жылдың 6 айымен салыстырғанда 107% орындалып отыр. 2014 жылы (136,6 млн.теңге
оның ішінде заңды тұлғалардан – 61,2 млн.теңге, жеке тұлғалардан – 75,4 млн.теңге). 2015
МАМАН КЕҢЕСІ
Тамақтан уланудан сақтанайық!
Ботулизм ауруы ботулизм таяқшаларымен зақымдалған тағамдардың әсерінен туындайды.
Ботулотоксиннің ауру қоздырғышы топырақта ұзақ сақталады, жазғы маусымда көбейіп, өсіп
суыққа оңайлықпен өлмейді, топырақта қоздырғыш 10 жылдай сақталады.
Ботулизм жер шарының кез-келген аймағында кездеседі, алайда көбіне консервіленген
өнімдерді көп қолданатын халықтар арасында көптеп кездеседі. Барлық ауылшаруашылық
өнімдері топырақпен, мал қиларымен ластанып, ботулизм қоздырғышымен зақымданып, сол
арқылы адамның тамақтан улануы мүмкін.
Адам ботулизм қоздырғышымен токсинмен уланған тағам түрін пайдаланғанда ғана ауырады.
Ботулизм қоздырғышы консервіленген өнімдерде, әсіресе үй жағдайында қолдан жапқан банкілер термиялық өңдеуден толық өтпеген жағдайда тез көбейеді.
Ботулизм адамнан адамға жұқпайды. Ботулизм қозырғышы өте улы, егер адам ботулизм
уымен зақымданған тамақты жұтпай, тек аузына алса да улануы мүмкін. У тез адамның
асқазаны мен ішегі арқылы қанға түсіп, сосын миды улайды.
Аурудың жасырын кезеңі 2-3 сағаттан 1-2 күнге дейін созылады. Ботулотоксинмен уланғанда
адамның көзі қитарланып, бұлдырайды, қабағы түсіп, көзі көрмей қалуы мүмкін, бұл көз нервісі жүйесінің зақымдануына байланысты болады. Онан соң жұтыну қиындап, мойны, дене
бұлшық еттері әлсіреп, іш қатады, ауыр демалады, мұның соңы өлімге әкеліп соғуы мүмкін.
Сондықтанда тамақтан уланудың «ботулизмнің» алдын-алу үшін базарлардан, сауда
дүкендерінен сапасы белгісіз, сапасын куәландыратын құжатсыз сатылып жатқан үй
жағдайында консервіленген тамақ өнімдерін сатып аларда үлкен көңіл бөлінуі керек.
Үйде қолдан консервілеу, қақтау, сүрлеу жұмыстарын жүргізу кезінде, шикі заттың тасымалдануы, сақталынуы, санитарлық-гигиеналық, термиялық өңдеу ережесінің сақталуы, қатаң
қадағалануы тиіс.
М.А.БАЙҒҰТОВА, Жаңаарқа ауданы бойынша тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасының жетекші маманы
жылдың шілде айының 1-не бөлшек сауда айналымы 655 млн.теңге, бұл 2014 жылдың 6 айымен
салыстырғанда (475 млн. 700 мың теңге) – 137,7% орындалды. Физикалық индекс көлемі 100,5%
болып отыр. Бөлшек сауда айналымының көлемі сауда және жеке кәсіпкерлер қызметінен
қамтамасыз етіледі.
-Дүкендегі бағаны тұрақтандыруда қандай шаралар жүргізілуде?
-Аудан әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес, бағаны тұрақтандыру бойынша арнайы жұмысшы
топ құрылды. Аталған жұмыс тобы, апта сайын дүкендердің бағаларына қадағалау жүргізеді.
Әлеуметтік қажеттілігі бар азық – түлік тауарларына баға мониторингі күнделікті жүргізіліп отырады. Ауданның азық –түлік дүкендерінің басшыларымен 33 түрлі әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында сырттан әкелінген әлеуметтік маңызы
бар азық-түлік өнімдеріне 5-10 пайыз мөлшерден артық негізсіз бағаны көтермеуге аудан
әкімшілігі
87 азық-түлік дүкендерінің жетекшілерімен
ынтымақтастық меморандумға отырды.
2015 жылдың маусым айын мамыр айымен салыстырғанда
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға өскен жоқ.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы
10 ақпандағы №67 бұйрығымен бекітілген бағаларына мемлекеттік
реттеу белгіленген бөлшек сауда өткізілетін мұнай өнімдеріне
шекті бағаны белгілеу қағидаларына сәйкес мұнай өнімдерінің
бөлшек сатылымына мемлекеттік реттеулі бағалар белгіленді: дизелдік отыны – 1 литрі үшін 99 теңге; АИ-80 – 1 литрі үшін 89
теңге; АИ-92/93 – 1 литрі үшін 99 теңге. Осыған сәйкес жанар
жағар май станциялары күнделікті қадағаланып отырады.
-"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде
қолға алынған жұмыстар бар ма?
-«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
біріңғай бағдарламасы қазіргі таңда ауылдық жерлерде өз ісін ашамын деуші тұрғындарға және кәсібін кеңейтемін деушілерге өте
ыңғалы бағдарлама. Себебі, мемлекет тарапынан жаңадан ашылған
кәсіпкерлерге 85 пайыз кепілдеме беріледі және банк 14 пайызбен
несие берген жағдайда мемлекет 10 пайызын субсидиялайды. Осы бағытта бағдарламаға наурыз
айында өзгерістер енуіне байланысты ауылдық округтерге кәсіпкерлік паласымен бірлесіп,
бағдарламаны түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Және бизнес-кеңесшінің арнайы курстары
өткізілді. Осы бағдарлама бойынша жобалар әзірленуде. Қазіргі таңда 9 жобаның бизнес жоспарларын екінші деңгейлі банктерге ұсынудамыз.
- Қандай жобалар? Кеңірек тоқталып өтсеңіз?
-Бұл орайда негізінен халық сұранысы ескерілді. Атап айтсақ, жылыжай салу, мейрамхана
ашу, кондитерлік цех, медициналық қызмет көрсету, құрылыс материалдарын шығару, туризм
саласы бойынша, шұбат өнімін шығару цехы, полиграфиялық өнімдерін шығару цехы. Осы жобалар бойынша қазіргі таңда екінші деңгейлі банктерге бизнес жоспарлар ұсынудамыз. Сонымен
қоса, бағдарлама аясында жаңадан ашылған кәсіпкерлерге мемлекеттік грант ұсынылады.
Гранттың ережесіне сәйкес ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер әйелдер, мүгедектер және 50 жастан
асқан адамдар қатыса алады. Грант сомасы 3 миллионға дейін. Міне биылға грантқа қатысатын
үміткерлердің құжаттарын 29-шілдеден 14-тамызға дейін қабылдау жұмыстары жүргізіледі. 2014
жылы бір жоба мақұлданды.
-Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде «Қазақстанда жасалған» акциясы белсенді түрде қолға
алынуда. Бұл шарадан әлеуеті жоғары біздің аудан да қалыс қалуы мүмкін емес.
-Әрине. Елбасының 2015 жылдың 11 ақпанында өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында
берілген тапсырмасына байланысты кент және ауылдық округтерде орналасқан барлық
дүкендерде Қазақстанда өндірілген тауарларға арналған арнайы сөрелер бөлінген. Бүгінгі күні
аудан дүкендеріндегі тауарлардың басым бөлігі Қазақстанда өндірілген тауар түрлері болып
отыр. «Қазақстанда жасалған» акциясы бойынша еліміздің тауарөндірушілердің өнімдерін
қолдау мақсатында жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерін өткізу іс-шаралар жоспары іске
асырылуда ауданының барлық азық-түлік дүкендерінде Қазақстанда өндірілген өнімдеріне
сөрелер бөлініп «Қазақстанда жасалған», «Қазақстандық өнімді сатып ал», «Қазақстанда
өндірілген» атты логотиптері ілінді. Бұл бағыттағы жұмыстар тікелей аудан әкімінің
бақылауында.
Сәуір айының 1-де «Әлия» супермаркетінде Қазақстандық өнімді насихаттау барысында
«Қазақстандық өнімді сатып ал» және «Қазақстанда жасалған» атты көрме – жәрмеңке – дегустациясы өткізілді.
Сонымен қатар ауданның ауылдық округтерінде «Қазақстанда жасалған» атты көрме-жәрмеңкедегустациясы өткізіліп насихат жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар
жалғасын табуда.
-Әңгімеңізге рахмет!
САЛТАНАТ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ
Ұсақ бұзақылыққа жол бермейік
Жаңаарқа аудандық сотында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында ӘҚБК-нің 434 бабымен «Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап
тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және
айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың
тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттермен » 102 әкімшілік іс түсіп 2 қысқартылса,
57 іске әкімшілік айыппұл салынса, 43 әкімшілік іс бойынша қамауға алынды. Аталған бап
бойынша құқық бұзушылар қоғамдық орындарда, ортақ пайдалану орындарын, белгіленбеген
орындарда түкіріп, сіңбіріп, темекі, шемішке, қағаз, насыбай қалдықтарын лақтырып, кіші
дәрет сындырып қоғамдық тәртіпті және төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп ұсақ
бұзақылық жасаған. Айналадағы табиғаттың тазалығын сақтау үшін және өз аттарыңызға кір
келтірмей, заң қармағына ілінбей, немқұрайлылыққа жол бермей, текке қалтаңызды қағып
айыппұл төлеп немесе қамауға алынбау үшін көзі ашық, көкірегі ояу ағайын ұсақ
бұзақылыққа жол бермеулеріңізді ескертемін. Кейін бас шайқап, бармақ тістеп қапы
қалмаңыздар демекпін
Ә.С.РАҚЫМЖАНОВА, Жаңаарқа аудандық сот кеңсесінің бас маманы
КІТАПХАНАДА ӨТКЕН ШАРАЛАР
Ынтымақ ауылының кітапханасында жазғы демалыс лагерінің балаларымен кездесу өткізілді.
Балаларға ауыл кітапханашылары Қ.Құмарханова мен М.Искакова кітапханада биылғы жылы
ұйымдастырылған «Қазақ хандығына 550 жыл», «Қазақстан халық Ассамблеясына 20 жыл»,
«EXPO-2017 көрмесі –еліміздіәң беделін ашықтайды», «Абай Құнанбайұлының туғанына 170
жыл», «Нұрлы жол – болашаққа бағыт», «Ұлы Жеңіске – 70 жыл», «Ата Заңымыздың
құрылғанына 20 жыл», «Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл» атты кітап көрмелерімен
таныстырып, жас оқырмандарға жаңадан келген балаларға арналған кітаптармен шолу өткізді.
Бүлдіршіндер «Аруна» баспасынан шыққан балалар әдебиеттерімен танысып, кітаптарды
оқуға алды. Демалыс лагерінің мұғалімдері Қ.Елеусізова мен Ж.Сайлаубаева бүлдіршіндерге
жыртылған кітаптарды түптетіп, желімдетіп, оларды жыртпай күтіп ұстау керектігін айтып,
кеңес берді. Кітапханаға саяхат кезінде жаңадан оқырмандар кітапханаға жазылды.
К.ҚҰМАРХАНОВА
АУКЦИОН
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Жаңаарқа ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2015 жылғы 18
тамыз сағат 11.00 Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында ауданның коммуналдық меншік иелігіндегі нысандарды сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды. Ауданның
коммуналдық меншік иелігіндегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011
жылғы 9 тамыздағы №920 Қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына
сәйкес жүзеге асырылады. Сауда- саттықтың голланд әдісімен аукционға ауданның
коммуналдық меншік иелігіндегі мына нысандар қойылады:
1.ВАЗ 21213 автомобилі, мем. нөмірі М710 BS 2002 жылы шығарылған. Орналасқан жері Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 4. Баланс ұстаушыАтасу кенті әкім аппараты мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы-232000 теңге. Бастапқы
бағасы-232000 теңге. Ең төменгі баға-105560 теңге. Кепілді жарна -15834 теңге.
2. Ваз 21213 автомобилі, мем. нөмірі М 284 СА 2004 жылы шығарылған. Орналасқан жері
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Айнабұлақ ауылдық округі, Орталық көшесі,15. Баланс
ұстаушы –Айнабұлақ
ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы-238000 теңге. Бастапқы
бағасы-238000 теңге. Ең төменгі баға-108290 теңге. Кепілді жарна 16244 теңге.
3. Ваз 21213 автомобилі, мем. нөмірі М 229 СА, 2004 жылы шығарылған. Орналасқан жері
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылдық округі,Орталық көшесі,19. Баланс
ұстаушы –Ералиев ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы238000 теңге. Бастапқы бағасы-238000 теңге. Ең төменгі баға-108230 теңге. Кепілді жарна
16244 теңге.
4.Ваз 21070 автомобилі, мем. нөмірі М 281 СА, 2004 жылы шығарылған. Орналасқан жері
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылдық округі, Бәйтерек көшесі,14. Баланс
ұстаушы –Ақтүбек ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы168000 теңге. Бастапқы бағасы-168000 теңге. Ең төменгі баға-107520 теңге. Кепілді жарна
16128 теңге.
5.Ваз 21070 автомобилі, мем. нөмері М 290 СА, 2004 жылы шығарылған. Орналасқан жері
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Целинный ауылдық округі, Мектеп көшесі,1. Баланс
ұстаушы –Целинный ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы168000 теңге. Бастапқы бағасы-168000 теңге. Ең төменгі баға-107520 теңге.
Кепілді жарна
16128 теңге.
Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және
аукцион басталуға дейін екі сағат бұрын -2015 жылғы 18 тамызда сағ 11.00 аяқталады. Кепілді жарналар алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ. БСН: 050540004455; ЖСК
KZ529261501102032004; БСК: КZKOKZKX; Банк атауы: «ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ; ТТК
171; БеК:16. төлемнің белгіленуі –аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін
төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді).
Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі,бұл ретте бір кепілді
жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру нысанын сатып алу құқығын береді.
Кепілді жарналар алушының шотына кепілді жарнаның уақтылы түсуі үшін өтінімдер
қабылдау аяқталуға дейін үш күннен кешіктірмей төлеуге кеңес береміз. Аукционға қатысу
үшін мына құжаттарды:
Жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмерін (ЖСН), тегін, атын, әкесінің аты (бар болған
жағдайда);
Заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру көмірін (БСН), толық атауын, бірінші басшының
тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда). Кепілді жарнаны қайтару үшін екінші
деңгейдегі банктегі есеп –айыру шотының деректемелерін; Байланыс деректерін (пошталық
мекен- жайы, телефоны, факс).
Ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып,
Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыдағы көрсетілген деректер өзгерген
кезде қатысушы бір жұмыс күн ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді
өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға
қатысуға өтінімді Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут
ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің Тізілімін дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі.
Назар аударыңыз! Қатысушының өтінімді қатысу және тіркеу бойынша талаптарды сақтамауы,
сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін екі сағат бұрын түспеуі Тізілім
веб- порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмері бойынша аукцион залына
кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залында ЭЦҚ мен аукцион нөмерін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру
нысаның бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен саудасаттық өткізу туралы ақпарттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша
басталады. Сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша электрондық аукцион ережесі 1)егер
электрондық аукцион басталған сәттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі
электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы қағидаға сәйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер
баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын
сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы
белгіленген қадаммен азаяды.
Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып
растаған қатысушы сауда- саттықтың голланд әдісі бойынша электрондық акуцион жеңімпазы
болып танылады және осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілді
деп танылады; 3) Егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төмеңгі мөлшерге
жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса,
онда электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады. Әрбір сатылған жекешелендіру нысаны
бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен
рәсімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген
күні Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион
нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша
сатып алу –сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен
сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын
мерзімде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 2 үй, «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі мекен-жайында қол қойылады. Бұл ретте, аукцион
жеңімпазы сатып алу- сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру мынадай
құжаттардың: жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғанын жеке басын
куәландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлған мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы куәліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын
құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын
куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың
көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары
салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан және 8 (71030)
2-67-65 телефондары арқылы алуға болады.
4
АУКЦИОН
1 тамыз 2015 жыл
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
ГУ «Отдел экономики и финансов Жанааркинского района» объявляет о проведении аукциона
по продаже объектов районной коммунальной собственности 18 августа 2015 года в 11.00
на веб-портале Реестра государственного имущества www.gosreestr.kz. Продажа объектов
районной коммунальной собственности осуществляется в соответствии с Правилами продажи
объектов приватизации, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года №920. На аукцион по голландскому методу торгов выставляются
следующие объекты районной собственности:
1.Автомобиль «ВАЗ-21213-102», госномер М229СА, 2004 года выпуска. Местонахождение
–Карагандинская область, Жанааркинский район, аульный округ Ералиево, ул.Орталык, 19.
Балансодержатель- ГУ «Аппарат акима Ералиевского аульного округа Жанааркинского района». Начальная цена- 238 000 тенге. Стартовая цена-238 000 тенге. Минимальная цена-108
230 тенге. Гарантийный взнос-16 244 тенге.
2.Автомобиль «ВАЗ-21070», госномер М290СА, 2004 года выпуска. Местонахождение – Карагандинская область, Жанааркинский район, аульный округ Целинный , ул. Мектеп, 1. Балансодержатель - ГУ
« Аппарат акима Целинного аульного округа». Начальная цена- 168
000 тенге. Стартовая цена-168 000 тенге. Минимальная цена-107 520 тенге. Гарантийный
взнос-16 128 тенге.
3.Автомобиль «ВАЗ-21070», госномер М281СА, 2004 года выпуска. Местонахождение – Карагандинская область, Жанааркинский район, аульный округ Актубек, ул. Байтерек, 14. Балансодержатель – ГУ «Аппарат акима Актубекского аульного округа». Начальная цена- 168
000 тенге. Стартовая цена-168 000 тенге. Минимальная цена-107 520 тенге. Гарантийный
взнос-16 128 тенге.
4.Автомобиль «ВАЗ -21213», госномер М710BS, 2002 года выпуска. Местонахождение – Карагандинская область, Жанааркинский район, пос. Атасу , пр. Тәуелсіздік, 4. Балансодержатель
- ГУ «Аппарат акима поселка Атасу». Начальная цена- 232 000 тенге. Стартовая цена-232 000
тенге. Минимальная цена-105 560 тенге. Гарантийный взнос-15 834 тенге.
5.Автомобиль «ВАЗ -21213», госномер М284СА, 2004 года выпуска. Местонахождение –
Карагандинская область, Жанааркинский район, аульный округ Айнабулак , ул. Орталык, 15.
Балансодержатель - ГУ «Аппарат акима Айнабулакского аульного округа». Начальная цена238 000 тенге. Стартовая цена-238 000 тенге. Минимальная цена-108 290 тенге. Гарантийный
взнос- 16 244 тенге.
Регистрация участников аукциона производится со дня публикации информационного сообщения и заканчивается за два часа до начала аукциона 18 августа 2015 года в 11.00. Получатель гарантийного взноса : АО «Информационно-учетный центр»; БИН: 050540004455;
ИИК KZ529261501102032004;
БИК: КZKOKZKX; Наименование банка: АО «КАЗКОММЕРЦБАНК»; КНП 171; Кбе:16. Назначение платежа- гарантийный взнос для участия в аукционе ( в размер гарантийного взноса оплата банковских услуг не входит). Участникам
допускается внесение любого количества гарантийных взносов, при этом один гарантийный
взнос дает право покупки того объекта приватизации, для участия в аукционе по которому
участником внесен данный гарантийный взнос. В целях своевременного поступления гарантийных взносов на счет получателя гарантийного взноса рекомендуется оплатить гарантийный взнос не позднее трех дней до окончания приема заявок.
Для участия в аукционе необходимо предварительно зарегистрироваться на веб- портале
реестра с указанием: 1)
для физических лиц: индивидуального идентификационного номера (ИИН), фамилии, имени и отчества (при наличии); 2)для юридических лиц: бизнес- идентификационного номера (БИН), полного наименования, фамилии, имени и отчества (при
наличии первого руководителя); 3) реквизитов расчетного счета в банке второго уровня для
возврата гарантийного взноса; 4)контактных данных (почтовый адрес, телефон, факс, е-mail);
5)срока действия электронной цифровой подписи (далее -ЭЦП), выданной национальным удостоверяющим центром.
При изменении вышеуказанных данных участник в течение одного рабочего дня изменяет
данные, внесенные в веб- портал реестра. Для регистрации в качестве участника аукциона необходимо на веб – портале реестра зарегистрировать электронную заявку на участие в аукционе по форме согласно приложению к Правилам, подписанную ЭЦП участника.После
регистрации заявки на участие в аукционе веб- порталом реестра в течение трех минут производится автоматическая проверка на наличие в базе данных реестра сведений о поступлении
гарантийного взноса по объекту продажи, на который подана заявка.
Внимание! Основанием для отказа веб- порталом реестра в принятии заявки является несоблюдение участником требований по участию и регистрации, а также непоступление за два
часа до начала аукциона гарантийного взноса, указанного в информационном сообщении о
проведении аукциона, на специальный транзитный счет единого оператора. Участнику, допущенному к аукциону, предоставляется доступ к аукционному залу по аукционному номеру,
присваиваемому веб- порталом реестра. Участники аукциона в течение одного часа до начала
аукциона заходят в аукционный зал, используя ЭЦП и аукционный номер. Аукцион начинается
в указанное в информационном сообщении о проведении аукциона время города Астаны
путем автоматического размещения в аукционном зале стартовой цены объекта приватизации.
Правила проведения аукциона по голландскому методу торгов:1)если в течение двух минут
с начала аукциона ни один из участников не подтвердит свое желание приобрести объект приватизации в аукционе, то стартовая цена объекта приватизации уменьшается на шаг, установленный согласно Правилам; 2) если в течение двух минут после уменьшения цены ни один из
участников не подтвердил свое желание приобрести объект приватизации, то последняя объявленная цена объекта приватизации уменьшается с установленным шагом. Победителем аукциона по голландскому методу торгов признается участник, первый подтвердивший свое
желание приобрести объект приватизации по объявленной цене, и аукцион по данному объекту
приватизации признается состоявшимся; 3) если цена объекта приватизации достигла установленного минимального размера, и ни один из участников не подтвердил свое желание приобрести объект приватизации, то аукцион признается несостоявшимся.
Результаты аукциона по каждому проданному объекту приватизации оформляются электронным протоколом о результатах аукциона, который подписывается на веб- портале реестра
продавцом и победителем с использованием ЭЦП в день проведения торгов. Протокол о
результатах аукциона является документом, фиксирующим результаты аукциона и обязательства победителя и продавца подписать договор купли-продажи объекта приватизации по
цене продажи. Договор купли-продажи с победителем подписывается в срок не более десяти
календарных дней со дня проведения аукциона по адресу: Карагандинская область, Жанааркинский район, пос. Атасу, пр. Тауелсиздик 2, ГУ «Отдел экономики и финансов Жанааркинского района». При этом победитель аукциона предоставляет продавцу копии следующих
документов с обязательным предъявлением оригиналов для сверки либо их нотариально засвидетельствованные копии: 1)для физических лиц: паспорта или документа, удостоверяющего личность физического лица; 2) для юридических лиц: свидетельства либо справки о
государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица; а также паспорта или
документа, удостоверяющего личность представителя юридического лица.Оригиналы документов после сверки возвращаются в течение одного рабочего часа.
С дополнительной информацией о проведении аукциона можно ознакомиться на сайте
www.gosreestr.kz или по телефонам: 8 (71030) 2-67-65
1 тамыз 2015 жыл
5
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен бекітілген
Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң,
биоагенттердiң (энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1.Осы өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және
өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) және биопрепараттарды сатып алу шығындарын өтеуге
арналған субсидияларды (бұдан әрi – субсидия)тиісті қаржы жылына жергілікті бюджетте
көзделген қаражат есебінен және шегіндетөлеу тәртібін айқындайды.
2.Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) гербицидтерді жеткізуші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгенгербицидтерді өндiрудi (формуляциялауды) және (немесе) сатуды жүзеге асыратын жеке және
(немесе) заңды тұлға;
2) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізуші - арнайы
жарақтандырылған өндірістік биозертханалары мен биофабрикалары бар Қазақстан Республикасында биоагенттерді (энтомофагтарды) өндіруді жүзеге асыратын жеке заңды тұлға
және/немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) өткізуді жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының резиденті.
3.Облыстың,республикалық маңызы бар қаланың (астананың)жергілікті атқарушыорганының
қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) келісімі бойынша:
1) субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған
гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары;
2) субсидияланатын биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың түрлері және биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілерден сатып алынған
биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған
субсидиялар нормаларыбекітіледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (астананың),жергілікті атқарушыорганының
қаулы жобасын Министрлікке келісуге ұсынған кезде белгіленген субсидия нормасын негіздейтін құжаттар (өтінімдерде көрсетілген алаңға ғылыми негізделген енгізу нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын гербицидтер,биоагенттер (энтомофагтар) мен
биопрепараттар (бұдан әрі - тауар) түрлерінің көлемдері бойынша есептер, өтінім берілген
тиісті гербицидтер немесе биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттар түрлеріне
қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттар) қоса беріледі.
4. Облыстың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi –
облыс басқармасы), республикалық маңызы бар қаланың (астананың)жергілікті атқарушы
органының ауыл шаруашылығы басқармасы(бұдан әрi – қала басқармасы)гербицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке
қаржыландыру жоспарын оны бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиісті интернетресурсқа орналастырады.
2. Субсидия алушылар
5. Субсидия:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілергеағымдағы жылы және өткен жылдың
4(төртінші) тоқсанында гербицид жеткізушіден гербицидтер сатып алған кездешығындарын
өтеу үшін;
2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл
шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізушіден сатып алған
кезде шығындарын өтеу үшін;
3) олардыарзандатылған құныбойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізу
шартымен биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды өндіруге биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізушілерге төленеді.
3. Субсидия алу шарттары
6.Субсидия мынадай шарттар сақталған кезде төленеді: 1) ауыл шаруашылығы тауарын
өндіруші ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі
- бөлім) немесе қала басқармасына: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
гербицидтерге субсидиялар алуға; осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидиялар алуғаөтінім (бұдан әрі өтінім) бергенде; Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды сатып алған биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізуші арқылы тиесілі субсидиялардытөлеу туралы өтінімді (бұдан әрі – төлем туралы өтінім) беруге құқығы бар. Мұндай жағдайда субсидия
биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізушігетөленеді. Егер биоагенттерді
(энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізуші арқылы бірнеше ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілердің өтінімдері берілген жағдайда, биоагенттерді (энтомофагтарды) биопрепараттарды жеткізуші бөлімге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойыншабиоагенттерді
(энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізуші арқылы берілген ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімі) ұсынады; 2) өтінім берушіде ауыл
шаруашылығына арналған жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында жер учаскелері болғанда.
4. Субсидияларды есептеу тәртібі
7.Субсидиялар:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінім берген гербицидтердің түрлері мен
көлемдерін (өтінімде көрсетілген егістік алаңынақолданудың ғылыминегізделген нормасын
есепке ала отырып) және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен гербицидтердің түрлері мен гербицидтердің 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын;
2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінім бергенбиоагенттердің (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың түрлері мен көлемдерін(өтінімде көрсетілген егістік алаңына
қолданудың ғылыми негізделген нормасы) және облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен биоагенттердің (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың түрлері менсатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және
биопрепараттардың 1 грамына (данасына) арналған субсидиялар нормаларын негізге ала отырып есептеледі.
8. Сатып алынған гербицидтердің 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялардың нормалары пайыздық арақатынастақұруы тиіс: 1) сатып алынған отандық өндірістің гербицидтердің
құнынан 50 %-ға дейін қоса алғанда; 2) сатып алынған шетелдік өндірістің гербицидтердің
құнынан 30 %-ға дейінқоса алғанда. Бұл ретте осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген
гербицидтер түрлеріне арналған субсидиялар нормаларын белгілеген кезде отандық және шетелдік өндірістің гербицидтеріне арналған субсидиялардың мөлшерлері арасындағы
айырмашылық Қағидалардың осы тармағында белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес
болуы тиіс.
9.Сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың1 граммына
(данасына) арналған субсидиялардың нормасы пайыздық арақатынаста биоагенттердің
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнынан 40 %-ға дейін қоса құруы тиіс.
10. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші құны субсидия нормасына есептелген
гербицидтердің және биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнынан
төмен гербицидтерге және биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға өтінім берген жағдайда, субсидия есебі нақты сатып алынған гербицидтер және биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар құнынан есептеледі.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші құны субсидия нормасына есептелген гербицидтердің
және биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнынан жоғары гербицидтерге және биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға өтінім берген жағдайда,
субсидия облыстың,республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен гербицидтердің1 литріне (килограмына) арналған және (немесе) биоагенттердің
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына)арналған субсидиялардың
нормасына есептелген гербицид және немесебиоагент (энтомофаг) және биопрепарат құны
бойынша субсидия төленеді.
5. Субсидиялар төлеу тәртібі
11.Осы Қағидалар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін бес жұмыскүні ішінде бөлім
(қала басқармасы) аудан әкімдігінің (қала басқармасының) интернет-ресурсында және ресми
баспа басылымдарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бергенөтінімдерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілерберген төлем туралы
өтінімді немесеауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерөтінімдерініңжиынтық
тізілімінқабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады.
12. Бөлім (қала басқармасы) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерді,биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілер төлем туралы өтінімді немесе
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін ұсынған сәттен бастап үш
жұмыс күні ішінде:
-өтінімді осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігітұрғысына;
- төлем туралы өтінімді;
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін тексереді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге өтінімді қабылдаған кезде өтінімнің қабылданғаны
туралы еркін нысанда қолхат беріледі.
13. Бөлім өтінімді тексеруді аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді облыс басқармасына
жібереді, теріс шешім жағдайында – субсидия бермеудің себебін көрсете отырып ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
Бұл ретте бөлім осы Қағидаларға5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия бермеудің
себебін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізбесін(бұдан әрі - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер
тізбесі)жасайды, оны облыс басқармасына ұсынады.
14. Бөлім (қала басқармасы) төлем туралы өтінімді және ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін тексеруді аяқтағаннан кейін бір жұмыс күні
ішінде осы Қағидаларға6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды
жеткізушілердің тізілімін жасайды.
Бөлім тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушілердің тізілімін жасағаннан кейін бір жұмыс күні
ішінде биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды жеткізушіге субсидия беруде
оң шешім болған жағдайда биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды
жеткізушілердің тізілімін облыс басқармасына жібереді, теріс шешім жағдайында – субсидия
бермеудің себебін көрсете отырып биоагенттерді (этномофагтарды) және биопрепарттарды
жеткізушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
Бұл ретте бөлім осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия бермеудің
себебін көрсете отырып, субсидия беруде теріс шешім қабылданған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізбесінжасайды (бұдан әрі - жеткізушілер тізбесі), оны облыс басқармасына ұсынады.
15. Облыс басқармасы өтінімдер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды
жеткізушілердің тізілімі түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық
бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды)
және биопрепараттарды жеткізушілердіңшотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем
құжаттарын ұсынады.
16. Қала басқармасы өтінімдерді және тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген
биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердіңжасалған тізілімінтексергеннен кейін екі жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге субсидия беруде
оң шешім болған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердіңжәне (немесе)биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды
жеткізушілердіңшотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады, теріс
шешім болған жағдайда, субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушіні және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды
жеткізушіні жазбаша түрде хабардар етеді.
Бұл ретте қала басқармасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
тізбесінжәнежеткізушілердің тізбесінжасайды.
6. Субсидиялау жөніндегі есептілік
17. Облыс басқармасы (қала басқармасы) 2015 жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде
Министрлікке:
- осы Қағидаларға8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гербицидтерге субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпаратты;
- осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоагенттерге (этномофагтарға) және
биопрепараттарға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпаратты;
- субсидия бермеудің себебін көрсете отырып субсидия беруде теріс шешім қабылданған ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілер туралы ақпаратты;
- субсидия бермеудің себебін көрсете отырып субсидия беруде теріс шешім қабылданған биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілер туралы ақпаратты береді.
Гербицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) және биопрепараттарға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат облыстардың,республикалық маңызы бар қаланың
(астананың) әкімдіктерінің интернет-ресурстарында 2015 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей орналастырылады.
Ара бағу оңай кәсіп емес
Тәуелсіздігіміз біздің елдің өркендеуі мен өсуіне үлкен серпін
берді, қанатымызды кеңге жайып, биіктерді бағындырып келеміз.
Ел арасында жұмыссыз жүрген жан жоқ. Қалада да далада да
ертеңгі күнінің жарқын болуы үшін кәсіп жасап жатқан жұрт.
Ақтылы қойды өргізіп, желіге құлын байлаған, күлше нанын
қаймаққа шылап жеген жамағаттың арасына тағы бір кәсіп
иесі қосылды. Бабадан нәсіп болған мал өсіру мен егін
егудің қасына ара өсіруші қосылды.
Теледидардан көретін, таулы аймаққтағы
шөбі шүйгін
шатқалдарға омартасын қойып, тиесілі арасының өнімін жинайтын
ара өсіруші өз ауылымыздан да шықты. Жәй жатқан елдің арасына әкеліп сататын
Алтайдың ақшыл балының орынын енді Жаңаарқаның өз балы айырбастады. Ала жаздай гүлден- гүлге қонып, гүлдің тозаңынан қорек алатын сары бауыр араның жиған
балының құдіреті сұмдық. Басың ауырып, тұмау тигеннен ақ бал қосып шәй ішсеңіз
көңіліңіздің жайланатыны баршаға аян. Иә, балдың қасиеті жетерлік. Ауданымызда
алғашқы болып, омарта ұстап, бал жинаған Жетпісбай Жұмажановтың аралары туралы
айтары көп.
-Бір хадисте: «Бал –ажалдан басқа күллі ауруға ем»-депті. Адам ағзасына пайдасы
көп балды тек аралар жинаса сол араны неге бізде өсірмеске деген ой маған соңғы
жылдары маза бермеді. 2013 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін осы кәсіппен айналысуды қолға алдым. Алдымен ара өсіру мен балдың қасиеттері туралы
мағлұматтарды жинақтап, таныстым да Қарағанды қаласындағы омарташылардан
үйренуге бел будым. Қарағанды қаласының маңындағы омарташылар баратын
Сарептаға барып 1 ұя (үйір) араны 220 мың теңгеге сатып алып, оны күтіп -баптау
машақатын үйренуге кірістім. Мал
баққандай емес көкке қанатын қағып
көтерілетін құртақандай жәндіктің пайдасы
жетерлік. Әй-шәйді білмейтін
мақұлықтың
шақса
уыты
зор.
Сондықтан онымен абай болуды үйреніп
меңгеріп алдым. Бір үйірде 80 мыңға
жуық ара бар. сол сексен мыңның арасында жалғыз аналық. Күніне 1000-1200
дана жұмыртқа салатын аналықтың
балалары бар –жоғы отыз күн өмір
сүреді. Аналықтың негізгі міндеті ала
жаздай жұмыртқа салу болса 14 күн
сайын жұмыртқалардан ұшып шыққан
жас аралар гүлге қонып отыз күн бал
жинайды. Осылай бір-бірін алмастырған
аралар
омартадағы бал жинайтын
ұяшықтарды толтырады. Таң қылаң бере жұмыстарына аттанған аралар күн қызыл
иектене омартаға оралады. Бір қызығы омарта орынынан шамалы жылжыса аралар
қайтып ұясын таппай қалады. Он бес күн сайын омартаны ашып ұялардың балға
толғанын қарап, су құйып тұрамыз. Гүлі көп өңір болса бал да тез жиналады.
Біздің аудан жазықта орналасқан, әрі мал баспайтын өлке кемде кем. Былтыр жалғыз
омартаны баптап күтіп үйрендім де биыл ерте көктемнен бес ұя ара алып осы
ауданымыздың мал аяғы жетпейді деген өлкесіне орналастырдым. Нәтиже жаман
емес. Бүгінгі күнге дейін араларымнан елу кг аса бал алып, дүкендерге 1300 теңгеден
өткізіп отырмын. Алдымен жауқазын нәрін жиған аралар көк көтерілгенде қараған
мен тобылғының гүліне қонды одан лох (жигда) талынан тозаң жинаса бүгінгі күні
жоңышқаның балын жинауда. Болашақта Ақтау, Ортау тауларына қою жоспарымда
бар. Араларды қыста жертөледе жылы ортада ұстадық. Соңғы жинаған балын
өздеріне қорекке қалдырдық. Қыс бойы балмен қоректенген араларымыз көктемде
тыңайып шығып бірден шаруаларына кірісті. Аралардың омартасын орынынан тек
түнде қозғауға болады.
Емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып
келген бал суық тигенде, жүрек, өкпе, бауыр, асқазан, бүйрек, ішек, жүйке ауруларына, аптап
ыстықта қан қысымының көтерілуі сияқты дерттерге аса шипалы. Балды созылып,
асқынып кеткен жарақатқа, терідегі сызат-жараларға жағуға болады. Соған орай, балды
кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатынын білген артық емес.Суық тиіп, тұмауратқан
кезде балды ыстық сүтке немесе лимон шырынына қосып аурудан айыққанша ішкен дұрыс.
Жаз мезгілінде ауырып қалсаңыз, қайнаған жылы суға бір шәй қасық бал қосып, ішіңіз.
Жөтелді басу үшін ыстық шәй, сумен қатар, күніне 3-4 шәй қасық балды жеу керек. Тамақ
қызарып, тыныс жолдары бітелген кезде қайнаған суға 1 ас қасық бал қосып, ауыз бен
мұрынды буласаңыз ауырғаныңыз бірден басылады. Жүрек ауруына шалдыққан жандар
балды жеміс-жидектердің шырынына қосып ішсе, оның жағдайы жақсарып, жүрек соғысы
түзеледі. Өт пен бауыр жолдары ауыратын жандар балды ірімшікке, сәбізге, лимон шырынына, қызылшаға қосып пайдаланса, ауруынан айығады. Сондай-ақ, бал өт жолы мен
бүйректе тас пен құмның жиналуынан сақтайды. Өкпе ауруына шалдыққан жандардың
күнделікті 100-150 грамм бал пайдаланғаны жөн. Бал қан құрамындағы гемоглобинді
көбейтіп, ағзадағы қанның азаюына жол бермейді. Асқазан, ішек ауруына шалдыққан не
қышқылы қалыпты нормада болмаған жандар балды тұрақты пайдаланса, ас қорыту
қызметі жақсарады. Асқазанында жарасы бар жандар тамақтың алдында 1,5-2 сағат
бұрын және тамақтан кейін 3 сағат үзбей 1 шәй қасық бал жеп отырса, ауруы бәсеңдеп,
жүрек айнуы және асқазанның қыжылдауы басылады. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық
балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне
ықпал етеді. Ал кері жағдайда, яғни қышқылы көбірек болса, тамақ алдында балды тұрақты
түрде пайдаланып отырса, асқазан қышқылын азайтады. Балық майымен араластырылған
бал асқынған жарақатты тез жазады. Күйік шалған жерге күніне екі мәрте бал жағатын
болса, тері тартылып, жазылады. Балды косметикалық мақсатта да пайдалануға болады.
Сәбізді үккіштен өткізіп, оны балмен араластырып, бет-мойынға жағуға болады. 15-20 минуттан кейін жылы сумен шайып жіберсеңіз, теріңіздің нәрленіп, жұмсарғанын аңғарасыз.
Мемлекетіміз
қандай кәсіппен айналыссаң да қолдау жасауға әзір. Менің де
араларымның омартасының көбеюіне кәсіпкерлік палатасы көмек қолын ұсынбақ. Егер
араларымыз өсіп, көбейіп, балды көбірек жинасақ онда ауданымызда балмен емдейтін
орталық та жасақтауға болады. Ол туралы да ұсыныстар түсіп жатыр,-дейді омарташы Жетпісбай Жұмажанұлы.
Кәсібің-нәсібің деген осы. Қолдағы қаражатқа омарта толы ара алған Жекең болашақта
омарталарын көбейтіп, бал жинаумен тікелей айналыспақшы. Әрине қора жай саламын,
не болмаса шөп орып, жем даярлаймын, болмаса қыстай бағып-қағып, қиын шығарып
баптаймын демей-ақ күміс қанат, сары ала ара асырап ақ күнелтуге болатынына көз
жеткізген Жекең бұл кәсіппен тереңдей айналыспақ. Ауданымыздағы жаңа маман, жас
бағбанға біз де сәттілік тіледік. Дүкен сөрелеріндегі сырттан келетін түрлі-түсті қоспасы
көп балдардың орынын Жаңаарқаның табиғи балы алмастырса бұл жақсылықтың бастамасы, жаңалықтың нышаны.
САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
6
1 тамыз 2015 жыл
ТЕМІРЖОЛШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ
Өмір жолын теміржолда бастаған
Ғасырдан астам тарихы бар қазақ темір жолының кешегісіне көз жүгіртсек, елге еңбегі сіңген, осында бар ғұмырын
өткізген азаматтардың көптігіне куә боламыз. Олардың осынау күрделі салада жылдар бойына талмай еңбек етіп, қиын
қыстау кезеңде де өзінің ата кәсібін тастап кетпей,
табандылық танытқанына еріксіз таңданудан басқа шара
жоқ. Болат жолдың даңқты еңбеккерлерінің қай қайсысына
да жасампаз, өз ісінің шебері сияқты теңеулер әбден лайық.
Елу жылға жуық шойын жолдың ыстығы мен суығын қатар
көріп, бүгінде осы саланың кәсіби майталманына айналған
Құлманов Ермек Камалұлы сондай жандардың қатарынан.
1968 жылы ПЧ~28 жол дистанциясында Жаңаарқа ауданы,
Бидайық разьезінде «электрмен дәнекерлеуші» мамандығы
бойынша еңбек жолын бастайды. Осы жылдар аралығында жол жөндеуші, жол бригадирі,
аға жол шебері бойынша қызметтер атқарады. Жұмыста шыңдалған азамат құрлыс техникумы
және
сырттай
темір
жол
академиясын
бітірген.
Тәжірибелі теміржолшыны талмас еңбегі үшін талай рет мақтау грамоталары, бағалы
сыйлықтармен марапаттаған.
Сондай ақ теміржолдағы мінсіз еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалы және Жезқазған
облысында темір жолшыларға арналып салынған баспана коттеждерден үй берілді.
Биыл зейнеткерлік демалысына шықты. Бірақ, жаңадан ашылған Жезқазған - Бейнеу магистралында жол шебері болып қызметін жалғастыруда. Бүгінде, жаңадан өсіп келе жатқан жас
буын мамандардың тәлімгер -ұстазы. Өмірлік жары Құлманова Разия темір жол саласының
қызметкері, бүгінде зейнеткер. Үлкен баласы Құлманов Ерсайын Ермекұлы ПЧ-28 жол дистанциясында жол жөндеуші. Келіні Құлманова Кенжегүл Шайхауқызы околотка технигі
болып қызмет атқарады. Кіші ұлы Құлманов Ерлан Ермекұлы тепловоз жүргізушісінің
көмекшісі.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында еңбек жолын бастаған Құлманов Ермек
Камалұлы,
міне,
зейнеткерлік
жас
алпыстың
үшеуіне
шығып
отыр.
Туа бітті қайрат жігері күшті азаматтың әлі де халқы үшін берері мол асыл жан.
СЕРКЕБАЙ ӘЛТАЕВ
Жаңаарқалық жолшылар әулеті
Қазақстан темір жолында басым көпшілігі жастайынан пойыз дүрсілін естіп, еңбек көрігі
қызу қайнаған өндірісті ортаның ауасын жұтып өскен адамдардың істейтіні белгілі. Жаңаарқа
жол дистанциясында Әбілқасымовтар әулетінен 9 адам еңбек етеді екен. Өйткені, олардың
ата-анасы бірдей осы дистанцияда жарты ғасырға жуық тер төккен кәсіби теміржолшылар
болған. Іргелі шаңырақтың жалпы еңбек өтілі бүгінде 280 жылдан асып жығылуда.
Әкеден балаға жалғасып келе жатқан Әбілқасымовтар әулеті, шойын жолдың ыстығы мен
суығын қатар көріп, бүгінде осы саланың кәсіби майталмандарына айналған.
Отағасы Шайхау 40 жылдан астам осы темір жол шаруашылығында тер төгіп, жол бригадирлігінен құрметті еңбек демалысына шыққан. Ұзақ жылғы адал жұмысы мен болат жол күтіміне
деген айырықша қамқорлығы, ыждаҺатты көзқарасы және де қозғалыс қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мен өскелең ұрпақ буынын тәрбиелеудегі үлесі үшін II-ші және III-ші дәрежелі
«Еңбек даңқы» орденімен, саланың ең жоғарғы атағы «Құрметті теміржолшы» белгісімен
марапатталған.
Отағасы осылай болғанда, отанасы Зұлқия Сәдбекова да темір жолды көркейту ісіне белсенді
атсалысуынан бөлек, 11 баланы бағып-қағуға да уақыт тапқан батыр ана. Қайсар қазақ әйелінің
есімі жоғарғы кеңес төралқасының жарлығымен Қазақстан Республикасының арнайы “Алтын
кітабына” енген. Қос бірдей өнегелі, ардақты тұлға қос жолақ рельс бойына дайын кәсіби мамандар алғышартын қалыптастырып, ұл-қыздары мен артынан ерген қалың әулетіне игі дәстүр
сабақтастығын табыстаған. Олар өз кезегінде қастерлі мұраны лайықты алып, үзбей
жалғастырып келеді.
Бүгінгі буынға келсек, жол дистанциясының инженер-технологы Ғани Әбілқасымов Алматы
темір жол көлігі инженерлері институтының түлегі.
Қами Шайхауұлы ауған соғысының ардагері, былтыр «Қазақстан темір жолына 110 жыл»
төсбелгісімен марапатталған жолшы.
Оның ұлы жол диспетчері, жұбайы Сандуғаш ұзақ жылдан бері жүк қабылдап-тапсырушы
оператор, станция кезекшісі болса, бүгінде тауар кассирі.
Гүләйім Шайхауқызы околотка технигі, жолдасы Қалқаман мен ұлдары Жақсыгелді, Медет
те осы дистанцияда еңбек етуде.
Есен Шайхауұлы да ұлымен бірге еңбек етсе, ағайындылардың келесі бір өкілі Жарылғап
темір жол өткелінің қырағы күзетінде көлік ағынын реттеп тұр. Кенжегүл Шайқауқызы околотка технигі болып қызмет атқарады.
Үшінші буын немерелер шоғырынан Болат, Ербатыр, Жасұландар да Жаңаарқалық жолшылар
қатарын толықтыруда.
Темір жолда еңбегі жанған Әбілқасымовтар әулеті бүгінде елінің тыныштығын,
ұрпақтарының бақытын тілейді. Кейінгі жастар да бақытын еңбекпен тапса екен дейді.
Міне, Әбілқасымовтар әулеті өзінің болашаққа шежірелі де даңқты жолын осылай өрнектеуде.
МӨЛДІР ҚАСЫМ
1 тамыз 2015 жыл
7
Еске алу
Ауданымыздың тұрғыны асқар тау әке, адал жар, сүйікті
ата Жұмашев Иса Ыбырахымұлының арамыздан өткеніне
міне жыл толды. Үйіміздің тірегі, ордамыздың қорғаны,
немерелерінің сүйікті атасы болған жанның арамызда болмауы көңілімізді жабырқатқанымен Алланың ісіне амал не?
Жанымда жоқсың, жоқтармын Сізді талай сан,
Өзіңсіз әке өтті күн –айлар атты таң.
Қимасақ та , қиналсақ та амал не?
Аманат болып Алланың берген шығар жан.
Айналып бізден, еркелетуші едің мәз етіп,
Жүруші едің, көтеріп көңіл жаз етіп.
Ұмытпай әке , жолыңды тосып, іздерміз,
Сағынышымызды өтерміз енді саз етіп.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Қапура, балалары Медет-Эльмира, ТұрсынбекГүлім, немерелері-Ақерке, Айбек, жиендері –Аяулым.
Әкеміздің өмірден озғанына жыл толуына орай 9-тамыз күні сағат 13.00 де «Сәт»
мейрамханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады.
“Қазақстан Халық Банкі” АҚ Жезқазған өңірлік филиалының сенімді өкілі
кепілдікке қойылған келесі мүліктерді сату бойынша сауда-саттық
хабарлайды:
Лот № 1 – тұрғын үй, жалпы алаңы 303,1 ш.м.,тұрғын алаңы 132.2 ш.м., сәйкесетін бөлінетін жер
телімінің (жер телімі құқымен) жалпы алаңы 0,2892 га, аталған жылжымайтын мүлікпен аумақтық және
функционалды байланысты, орналасқан мекен- жайы: Қарағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданы, Атасу
кенті, Тәуелсіздік к., 19 А үй.
Бастапқы баға- 14 000 000 (он төрт миллион) теңге.
Лот № 2 – дүкеннің ғимараты, жалпы алаңы 275,1 кв.м., негізгі алаңы 197,6 кв.м., жанастыр және суық
жанастыр, лайықты жердің телімінің (құқықпен жекеменшік жердің теліміне) жалпы алаңы 0,0333 га,
орналасқан мекен- жайы: Қарағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданы, Атасу кенті, С.Сейфуллин пр.,1 А.
Бастапқы баға- 14 000 000 (он төрт миллион) теңге.
Лот № 3 – ғимарат асханалық, жалпы алаңы 310,5 кв.м., негізгі ауданмен 173,8 кв.м., екі жанастыр және
бір суық жанастыр, мен лайықты жердің телімінің (құқықпен жекеменшік жердің теліміне) жалпы алаңы
0,0378 га, орналасқан мекен- жайы: Қарағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданы, Атасу кенті, Қызылорда-Павлодар жолының бойында.
Бастапқы баға- 12 000 000 (он екі миллион) теңге.
Лот № 4 – жатақхананың ғимараты, жалпы алаңы 2769,6 кв.м., пайдалы алаңы 2448,0 кв.м., лайықты
бөлінгішпен жердің телімінің жалпы алаңы 0,1125 га, жердің телімінің мақсатты мақсаты - нысанның
(жатақханалар) күтуі үшін, аталған жылжымайтын мүлікпен аумақтық және функционалды байланысты, орналасқан мекен- жайы: Қарағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік к., 23 үй.
Бастапқы баға- 29 000 000 (жиырма тоғыз миллион) теңге.
Лот № 5 – әкімшілік ғимарат, жалпы алаңы 966,3 кв.м., пайдалы алаңы 752,7 кв.м., лайықты бөлінгішпен
жердің телімінің ортақ ауданмен (жердің телімінің мақсатты мақсаты - әкімшілік ғимаратты күту үшін)
0,0669 га, аталған жылжымайтын мүлікпен аумақтық және функционалды байланысты, орналасқан
мекен- жайы: Қарағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданы, Атасу кенті, Әбжанов к., 6 үй. Бастапқы баға- 12
000 000 (он екі миллион) теңге.
Бастапқы бағаның 5% құрайтын кепілдік жарнасы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жезқазған ӨФ-ның сенімді өкілінің төменде көрсетілген шотына аударылуы тиіс. Сауда-саттыққа қатысушы қажетті
құжаттардың тізімін алу үшін сенімді өкілге хабарласуы керек. Сауда-саттыққа қатысуға тапсырыс 2015
жылдың 11 тамызы сағат 18:00-ге дейін Жезқазған қаласы Ғарышкерлер бульвары 31 «А» мекен-жайы
бойынша қабылданады. № 1, 2, 3, 4 лот бойынша сауда-саттық голланд әдісімен 2015 жылдың 12 тамызы
сағат 10:00-де Қарағанды облысы, Жаңа-Арқа ауданы, Атасу кенті, С.Сейфуллин к.1 мекен-жайында өтеді.
№ 5 лот бойынша сауда-саттық ағылшын әдісімен 2015 жылдың 12 тамызы сағат 10:00-де Қарағанды
облысы, Жаңа-Арқа ауданы, Атасу кенті, С.Сейфуллин к.1 мекен-жайында өтеді.
Сауда -саттық аяқталған соң, түпкілікті бағаны ұсынған, сауда-саттықа қатысушы, сатып алатын
сомманы толық көлемде қолма- қол ақшамен, банк түбіртегі түрінде немесе Қазақстан
Руспубликасының заңнамасымен белгіленген есеп айырысудың басқа да әдісімен бес жұмыс күні
ішінде төлеуі керек. Сенімді өкілдің деректемелері: «Қазахстан Халық Банкі» АҚ Жезқазған ӨФ-ның
сенімді өкілі Акаева Ляззат Сакеновна. Жезқазған қаласы Ғарышкерлер бульвары 31 «А», шот №
KZ316010011286000111, БИН HSBKKZKX, Кбе 14.
Сауда - саттық өткізу мәселесі бойынша анықтама алу мына телефон бойынша беріледі: 8 (7102) 76-3205, 76-49-66.
Доверенное лицо Жезказганского регионального филиала АО «Народный
Банк Казахстана» объявляет торги на следующее имущество:
Лот № 1 - жилой дом, общей площадью 303,1 кв.м., жилой площадью 132,2 кв.м., вместе с соответствующим земельным участком (правом на земельный участок), общей площадью 0,2892 га, территориально и функционально связанным с указанным объектом недвижимости, находящейся по адресу:
Карагандинская область, Жанааркинский район, пос. Атасу, ул. Тауелсиздик, д.19 «А». Стартовая цена –
14 000 000 (четырнадцать миллионов) тенге.
Лот № 2 - здание магазина, общей площадью 275,1 кв.м., основной площадью 197,6 кв.м., с пристройкой
и холодной пристройкой, с соответствующим земельным участком (правом частной собственности на земельный участок), общей площадью 0,0333 га, находящийся по адресу: Карагандинская область, Жанааркинский район, пос. Атасу, пр. С.Сейфуллина, д.1-а. Стартовая цена – 14 000 000 (четырнадцать
миллионов) тенге.
Лот № 3 - здание столовой, общей площадью 310,5 кв.м., основной площадью 173,8 кв.м., с двумя пристройками и одной холодной пристройкой, с соответствующим земельным участком (правом частной
собственности на земельный участок), общей площадью 0,0378 га, находящийся по адресу: Карагандинская область, Жанааркинский район, пос. Атасу, вдоль автодороги Кызылорда-Павлодар.
Стартовая
цена – 12 000 000 (двенадцать миллионов) тенге.
Лот № 4 - здание общежития, общей площадью 2769,6 кв.м., полезной площадью 2448,0 кв.м., с соответствующим делимым земельным участком общей площадью 0,1125 га, целевое назначение земельного
участка – для обслуживания объекта (общежития), территориально и функционально связанным с указанным объектом недвижимости находящейся по адресу: Карагандинская область, Жанааркинский район,
пос. Атасу, пр.Тауелсиздик, д.23. Стартовая цена – 29 000 000 (двадцать девять миллионов) тенге.
Лот № 5 - административное здание, общей площадью 966,3 кв.м., полезной площадью 752,7 кв.м., с соответствующим делимым земельным участком общей площадью 0,0669 га, (целевое назначение земельного участка – для обслуживания административного здания), территориально и функционально
связанным с указанным объектом недвижимости находящейся по адресу: Карагандинская область, Жанааркинский район, пос. Атасу, ул. Абжанова, д.6. Стартовая цена – 12 000 000 (двенадцать миллионов)
тенге. Гарантийный взнос в размере 5% от стартовой цены, должен быть внесен на счет доверенного лица
АО «Народный Банк Казахстана», по реквизитам указанным ниже. Для получения списка необходимых
документов для заявки на участие в торгах необходимо обратиться Доверенному лицу. Заявки на участие
в торгах принимаются в г.Жезказган, б.Ғарышкерлер, 31 «А», до 18.00 часов 11 августа 2015 года. Торги
по лотам № 1, 2, 3, 4 состоятся по голландскому методу в 10.00 часов 12 августа 2015 года, по адресу: Карагандинская область, Жанааркинский район, пос.Атасу, ул.С.Сейфуллина, д.1. Торги по лоту № 5 состоится по английскому методу в 10.00 часов 12 августа 2015 года, по адресу: Карагандинская область,
Жанааркинский район, пос.Атасу, ул.С.Сейфуллина, д.1.
После завершения торгов участник торгов, предложивший конечную цену, должен внести покупную
сумму в полном объеме наличными деньгами, в виде чека банка или другим установленным законодательством Республики Казахстан способом расчетов в течение пяти рабочих дней.
Реквизиты Доверенного лица: Доверенное лицо Жезказганского РФ АО «Народный Банк Казахстана»
Акаева Ляззат Сакеновна, г. Жезказган, Б. Ғарышкерлер, 31 «А», счет №KZ316010011286000111, БИН HSBKKZKX, Кбе 14. Телефон для справок по вопросам проведения торгов: 8 (7102) 76-32-05, 76-49-66.
2015 жылдың қаңтар айының 15-де ағайын-туысқа, жолдастарына қадірлі, еліне елеулі, халқына қалаулы болған Асан
Тұңғышбай Мұқатайұлы өмірден өтті. Егер тірі болғанда тамыз
айының 8-де 65 жасқа толып, туған күнін тойлаушы едік. Амал не?
Сұм ажал бұл күнге жеткізбей, арамыздан ерте алып кетті. Адал
жар, сүйікті әке, ардақты ата, асыл ағамызды сағына еске алып, рухына бас иіп, төмендегі өлең жолдарын бағыштаймыз.
Әулеттің Тұңғышы едің, ардақтаған,
Халқың сыйлап, құрметтеп, мадақтаған.
Арамыздан кеткеніңе алты ай өтті зымырап,
Туған күнің, тамыз айы, келді міне тұнжырап.
Аяулы жарың өзіңді іздеп егіледі,
Көзінен жас моншақтап төгіледі.
Амал жоқ, ажал келіп алғанына,
Көнеміз тағдырдың бұл жазғанына.
Мәңгілік есімізде «қалқатай» деп айтқан сөзің,
Сағындырып кетті ғой сол бір үнің.
Жүрегімізде әрқашан сақталады,
Шаңыраққа сән берген жарқын жүзің.
Адамгершілік қасиетіңмен көңілің қалдырмаушы ең адамның,
Көз алдымыздан кетпейді әрбір басқан қадамың.
Жүрегің адал, орның бөлек жан едің,
Көп еді ғой...ойлаған мақсатың мен арманың.
Сағынышпен еске аламыз мұңайып,
Отырмыз құран бағыштап, қол жайып.
Топырағың торқа, жатқан жерің жайлы болсын,
Қабірің шапағат пен нұрға толсын.
Артыңнан жарқырасын шуақты күн,
Енді ешқашан көрсетпесін қайғы-мұң.
Бір Алла, сақтап жүрсін барлығын,
Аман болсын жарың мен балаларың, бауырларың.
Еске алушылар: аяулы жары – Сұлушаш, балалары, немерелері, бауырлары
Күні кеше ғана арамызда аңқылдап жүрген, ақ көңіл, жан біткенді жатырқамайтын жаны жайсаң, асыл анамыз
Жұмажанқызы Тәттібала ортамызды ойсыратып, ойда жоқта
бақиға аттанды. Әр адам баласы үшін аты жүйрік ажал шіркіннің
қай күні келері, мына жарық дүниедегі тіршілік сапарының қай
күні аяқталары болжаусыз. Көзі тірісінде жолдасына адал жар
болып, балаларына мейірімді ана атанып, немерелері мен жиендеріне жан жылуын шашып шаңырағын мәуелі бәйтеректей
жайқалта білді. Туған-туыстың бабын тауып, бауырларына жанашыр болып жүретін аяулы жанға деген сағынышымыз басылар
емес.
Мінді анамыз келместің кемесіне,
Із қалдырып өмірдің белесіне.
Алла ісіне амал жоқ, жақсылығың,
Қалар мәңгі жаңғырып ел есінде.
Жан Ана ұл-қызыңның тірегі едің,
Тірі болсаң жарқырап жүрер едің.
Болмасаң да бүгін біздің жанымызда,
Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.
Еске алушылар: жолдасы – Қырықбай, балалары, немерелері, жиендері.
Марқұм анамыздың қайтқанына 40 күн толуына орай 8-тамыз күні сағат 13.00-де
«Алтын Арқа» мейрамханасында құран бағышталып, құдайы ас беріледі.
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылының
тумасы, сүйікті бауыр, ардақты әке, асыл жар, асқар таудай асыл
азамат Хасенов Болат Қазыкенұлының өмірден өткеніне 10 жыл
толып отыр.
Болат Қазыкенұлы 20 қаңтар 1953 жылы Дружба совхозы
Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 1981 жылдың шілде айынан
ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесі органдарында
әр түрлі лауазымды қызметтер атқарып, 1999 жылдың шілде айынан 2005 жылдың тамыз айына дейін Қарағанды облысы бойынша
ҚАЖД АК-159/22 мекемесінің бастығы қызметін атқарды.
Барлық саналы ғұмырында қоғамға адал қызмет етіп, халқының
алғысына бөленді. Қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын жан әкеміз 2005 жылдың
20-тамызында өзекке өрт салып, жүрекке дерт салып, қайтпас сапарға мәңгілікке аттанды.
Әкемізді сағынышпен еске ала отырып, жаны жәннатта, тәні рахатта болсын деп, рухына қол
жайып, дұға бағыштап, Алланың назарына ілінсін деп құлшылық етуден басқа амалымыз
жоқ.
Еске алушылар: анасы, бауырлары, жұбайы-Сәуле, балалары, келіндері.
Әкеміздің қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай, 2015 жылдың 15-тамызы күні сағат
13.00-де Қаражал қаласы «Нұр» мешітінде құран бағышталып, ас беріледі. Ағайынтуыс, құда-жекжат, жора-жолдастарды құдайы дәмге шақырамыз.
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ералиев ауылдық
округінің орталығында орналасқан жалпы аумағы 3220 ш.м. саябақты коммуналдық меншікке
алу үшін аудандық сотқа өтініш беретінін хабарлайды. Аталған саябаққа байланысты талапарыздар мен шағымдар хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 10 жұмыс күннің
аралығында мына мекен-жайда қабылданады: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті Тәуелсіздік
даңғылы 2/1 «Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ тел:2-62-64, 2-67-65
МАМАНДЫҒЫ - МАҚТАНЫШЫ
Алғаны алғыс
Аудандық ауруханада тұрғындардың денсаулығын
қорғау, оларға мінсіз медициналық қызмет көрсету жолында адал еңбек етіп, терең білімі мен мол тәжірибесін
жұмсап жүрген ақ халатты абзал жандар көптен саналады. Солардың бірі – Жакешев Айқын.
Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, “дәрігер болсам” деп
армандайтын. Ол Жаңаталап орталау мектебінің 9-сыныбын бітіріп, Жезқазған медициналық колледжінің
сестралық іс мамандығы бойынша оқуға түсті.
Колледж қабырғасында жүргенде үнемі ізденіп, осы бір
қиын да күрделі мамандықты терең меңгеруге талпынған
Айқын мұнда да зеректік көрсете білді. Коллледжді
қызыл дипломмен бітіріп, Айқын туған ауылына оралып,
еңбек жолын бастады. Қолындағы дәрі-дәрмек
қорапшасын қысып ұстап, асыға кетіп бара жатқан ол
тұрғындар денсаулығын қадағалап, ауырғандарына дер
кезінде дәрігерлік көмек көрсетуге асығады. Сөйтіп, өз міндетін жауапкершілікпен атқаруға
тырысады. Міне, ол қарт адамның хал-жағдайын жайлап сұрастырып отыр. Қан қысымын,
қызуын өлшеді. Осылай денсаулығын тексергеннен кейін, дәрі-дәрмегін беріп, егіп емдеуге
кірісті. Осының бәрін жайлап, биязы мінез таныта жүріп орындады. Әрбір сөзі қарттың
көңілін сергітіп, жанын жадыратқандай болды. Әрине мұндай емі шипалы мейірімдерге қарт
та ризалығын білдіріп, оған ақ батасын беріп жатыр.
-Әлі-ақ жазылып кетесіз, өзім осылай уақытында келіп тұрамын,-деді жылы қоштасып.
-Тіпті сырқатымнан жазылып кеткендей болдым ғой, бақытты бол, өркеннің өссін!
Айқынның адамның денсаулығын сақтау жолында атқарған игілікті істері үшін қашанда еститін осындай ақ тілектер.
Ата-анасының көзі ашық балаларын мамандық алуға ықпал етті. «Мамандық алу – өзің үшін
бір міндет, ал оны іске асырып, халқына қалтқысыз қызмет көрсету – ғұмырлық парызың»
дейтін олар. Ата-ананың осындай ұлағатты сөзі Айқынның жадында мәңгілік жаңғырып
тұрады.
Айқын 2010 жылдан бастап аудандық орталық ауруханаға ауысып, 2014 жылдың қараша айынан бастап аудандық ауруханада рентген-лаборант болып жұмыс істейді. Айқынның адал
еңбегі әр жылдарда алған бағалы сыйлықтары мен мақтау грамоталарымен аталып жүр. Ол
қоғамдық жұмыс атқаруға да уақыт табады. 2014 жылдың шілде айынан бастап орталық
аурухананың кәсіподақ ұйымының төрағасы болып жұмыс атқарады.
БАҒИЛА ҮКЕНҚЫЗЫ
АУЫЛ ТЫНЫСЫ
Пішен дайындау қарқынды жүргізілуде
Целинный ауылдық округі аймағында қысқа мал азығын дайындау науқаны жылда
ұйымшылдықпен өтеді.
Биылғы жылдың ауа райының қолайлығына байланысты шөп бітік шықты. Тіпті бұрынғы
жылдары еркекшөп (житняк) егілген, кейінгі кездері өнім бермей жүрген алқаптарға да шөп
өсті. Осы жағдайларды ескере келе, ауылдық округ әкім аппаратының 9-маусымда болған отырысында мал азығын дайындауға кірісу мәселесі қаралып, шөп шабу науқанына тезірек кірісу туралы шаруа шаруа қожалық басшыларына ұсыныс беріліп, дала өрт қауіпсіздігін сақтау
туралы нұсқаулар берілген болатын. Саналы шөп дайындаудың кепілі, шөпті көктей шауып,
тездетіп маялап алу екендігі ескертілген.
Округ көлемінде үш елді мекен орналасқан. Орынбай, Ақшағат ауылындағы фермерлер шөпті
жеке-жеке дайындаса, Бидайық-2 ауылында шөп дайындау ұжымдық түрінде дайындалады.
Қарамағында 4 шөп шабатын машина, 12 метрлік 1 тырнауыш, 2 шөп тиегіш, ПТС-6-4, ПТС12 3 трактор тіркемелері бар.
Қазіргі уақытта 500 тоннадай шөп дайындалып, 350 тоннасы маяланды. Биылғы межелері
2000 тонна шөп дайындау.
Орынбай мен Ақшағат ауылының шаруа қожалық басшылары маусым айының ортасынан
бастап шөп шабуға кірісті. Қазіргі уақытта «Дидар» шаруа қожалығы (басшысы Қ.Жүнісов)
шөп шабу науқанын аяқтап, 200 тонна шөп шауып, тасып алды. «Айтқожа» шаруа қожалығы
(басшысы У.Қапбасов) 150 тонна, «Бекарыс» шаруа қожалығы (басшысы Ө.Балажанов) 150
тонна, «Ақжол» шаруа қожалығы (басшысы Бейсенова) 150т, «Данияр», «Мұрагер»,
«Жалғас», «Жас қанат» шаруа қожалықтары әрқайсысы 100-120 тоннадан шауып, тасып алды.
Шөп шабу науқаны әрі қарай жалғасуда.
Ш.ШУДАНБЕКОВ, Орынбай ауылы,
«Нұр Отан» бастауыш партия
ұйымының төрағасы
Бидайықта өткен мәдени шаралар
Бидайық мәдениет үйінде «Отбасы – ошақ қасы » атты ән кеші өтті. Кешке келген
көрермендерді Нұржанова Перизат тәтті күйге бөлесе, ауыл келіндері ән шырқады.Ауыл
кітапханашысы Қозбаева Жұлдыз әсем биімен халықтың жүрегінен ерекше орын алды.
Жүргізушілер отбасындағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне байланысты сұрақтар арқылы әңгімені
өрбітті.
Бала тәрбиесіне үздіксіз үлес қосып келе келе жатқан ақжаулықты аналар өз пікірлерін ортаға
салды. К.Исина, Г.Исина, Г.Башрединова т.б аналарға және отбасының алтын діңгегі болып
отырған әкелерге зор ризашылық білдіріле отырып, сыйлықтар ұсынылды.
Болашақта жас ұрпақты Отанын, жерін, ата- анасын сүйюге тәрбиелеу мақсатында және
қазіргі заманымыздың ағымына қарай ізгі қасиеттерге тәрбиелейтін жас отбасыларымызға
арналған кешіміз әлі жалғасын таппақ.
Келесі күні мектеп лагерінде демалатын балалармен «Қанатты достар» атты ойындар
болып өтті. Бұл ойындардың өткізілу себебі балалардың білімдерін толықтыру, сөйлеу
дағдылырын жетілдіру, ой - өрісін кеңейту, танымдық қабілетін арттыру, кұстарға қамқор
болу, қорғауға тәрбиелеу болып саналады. Балалар «Қарлығаш», «Көгершін» атты екі топқа
бөлініп, топты таныстыру, құстар туралы мағлұматтар беру, мақал- мәтелдер, сауалдар,
жалғасын тап, құстар жүрісін, дауысын салу арқылы өз білімдерін көрсетті. Жүргізуші
Г.Карабалинаның қойған сұрақтарына балалар дұрыс жауап берді. Ұстаз әрі тәрбиеші Г.Башрединова балаларды жақсы дайындап алып келді. Ойынды барынша қызықты етіп өткіздік
Ойын соңыңда Бидайық мәдениет үйінің меңгерушісі балаларға тәттілер таратты.
Э.Ким, Бидайық мәдениет үйінің меңгерушісі
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
О проведении легализации имущества
С 1-го сентября 2014 года вступил в силу Закон Республики Казахстан «Об амнистии граждан
Республики Казахстан, оралманов и лиц, имеющих вид на жительство в Республике Казахстан,
в связи с легализацией ими имущества». Данная Акция дает уникальную возможность узаконения, в том числе и имущества, находящегося за пределами страны. При этом, основными
принципами легализации являются: Во-первых, легализация проводится в целях сокращения
объемов теневой экономики и вовлечения в экономику страны дополнительных средств и имущества. Во-вторых, легализованные деньги и имущество не признаются доходом для целей
налогообложения, соответственно, не облагаются подоходным налогом. В-третьих, субъекты
легализации освобождаются от уголовной и административной ответственности по ряду статей. В целом легализации подлежит следующее имущество: 1) деньги; 2) ценные бумаги; 3)
доля участия в уставном капитале юридического лица; 4) недвижимое имущество, оформленное на другое лицо, право на которое или сделки по которому в соответствии с законодательством Республики Казахстан подлежат государственной регистрации; 5) здания (строения,
сооружения), находящиеся на территории Республики Казахстан, соответствующие строительным нормам и правилам, а также целевому назначению занимаемого земельного участка,
принадлежащего субъекту легализации на праве собственности; 6) недвижимое имущество,
находящееся за пределами территории Республики Казахстан. Срок легализации имущества
начинается 1 сентября 2014 года и заканчивается 31 декабря 2015 года. Срок подачи документов для предъявления имущества к легализации начинается 1 сентября 2014 года и заканчивается 30 ноября 2015 года. Вместе с тем сообщаем, что легализацию имущества,
находящегося за пределами территории Казахстана, проводят территориальные органы государственных доходов по месту жительства субъектов. С начала акции в комиссию при Управлении государственных доходов заявлений о легализации имущества, находящегося за
пределами территории Республики Казахстан не поступало. В комиссию по легализации имущества при местных исполнительных органов поступило 2 заявления на легализацию имущества, находящихся на территории Республики Казахстан. 1 заявление возвращено субъекту
легализации. По 1 заявлению легализовано 3 нежилых объекта на общую сумму 4 200 000
тенге.Обращаем ваше внимание, что с реквизитами созданной комиссии при районном управлении государственных доходов можно ознакомиться на сайте Управления «Разъяснения Актуальные вопросы», график приема документов с 9-ти утра до 18ч.30мин. в рабочие дни.
Управление государственных доходов
по Жанааркинскому району
ТУРНИР ӨТТІ
Өткен аптада Салжановтар әулеті мен ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен Салжанов
Рақметжанға арналған белка, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат ойындарынан турнир өтті.
Қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан жан-жақты жағдайлар жасалды. Екі күнге
созылған турнирде белка ойындарынан I орынды А.Текебаев пен Ө.Жұмажанов, II орынды
Б.Ақатаев пен Е.Бақышев,
III орынды Д.Сәтжанов пен К.Жұмажанов иеленді.
Тоғызқұмалақтан I орын К.Байғабылов, II орын М.Қамбаров, III орын Е.Асанбаевқа бұйырса,
дойбыдан I орын Б.Әбдіқалықов, II орын К.Байғабылов, III орын Б.Ижановқа бұйырды. Шахмат ойындарынан I орынды К.Әлбатыров, II орынды Ө.Айтжанов, III орынды К.Байғабылов
еншіледі. Жарыста Т.Ақтаев пен А.Тишмағанбетовтер төрелік етті.
Жеңімпаздарға Салжановтар әулеті ақшалай сыйлық беріп, ақсақал ардагерлерге шапан
жауып, сый-сияпат көрсетті.
Табыс туралы дерек
Қызылжар кентінің әкімі Рымбай Балкеновтың 2014 жылға есептелген табысы 1458450
теңге. Мүлкі - Қарағанды облысы Абай қаласында 3 бөлмелі пәтері бар.
Сүйіншісі бар!
Түгіскен ауылының тұрғыны Балдаев Сүлейменнің атына берілген жүргізушілік куәлігі,
техпаспорты, сақтандыру полисі, салық төлемі жоғалды. Тауып алған адамдар болса иесіне
хабарласуын сұраймыз. Сүйіншісі бар!
Жарамсыз деп саналсын
Нургалиев Сырымның атына берілген меншіктелген нысанға құрылыс салу жөніндегі
қабылдау комиссиясының акты (№б/н 25.07.2007 ж. Тіркелген күні 19.02.2008 ж.) жоғалуына
байланысты жарамсыз деп саналсын
Тез арада сатылады
Тез арада Ералиев көшесіндегі №22 үйдегі 3 бөлмелі пәтер сатылады. Екі балконы бар. Бірінші қабатта орналасқан. Бағасы келісім бойынша. Хабарласу телефоны: 8 777 299 43 00.
САТЫЛАДЫ
Ж.Садықбеков көшесіндегі №22/1 үй сатылады. Үйге су тартылған, бау-бақшалық
жері бар. Телефон: 2-80-59, 8 747 398 68 28
Газетті баспаға әзірлеген: САЛТАНАТ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1360 дана
Тапсырыс №40
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Другие
Просмотров
175
Размер файла
13 521 Кб
Теги
газета, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа