close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 41 Жанаарка газеті

код для вставкиСкачать
-
,
,
.
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
1938
24
Ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телерадиохабар
тарату желісі абоненттерінің саны
900 мыңнан асты
2015 жылдың 14 шілдесіндегі мәлімет бойынша, «OTAU TV» Ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі абоненттерінің саны 914 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚР Телерадиохабар
тарату саласындағы Ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ өкілдері. Яғни 3,6 млн
қазақстандық отандық және шетелдік телеарналарды цифрлық сапада тамашалауда деген сөз.
Оның 54 413 үй шаруашылығы Қарағанды облысының үлесінде, демек «OTAU TV» қызметін
аумағымыздағы 420 елді мекенде Қарағандылықтар пайдаланады деген сөз.
Жерсеріктік телехабар тарату жобасын ендірген
алғашқы
жылдары «OTAU TV»
әсіресе
ауыл
тұрғындарының
а р а с ы н д а
сұранысқа
ие
болды, олардың
үлесі 2011-2012
жылдары 90 пайыздан асқан болатын. Өйткені
қалаларда кабельдік және эфирлік
аналогтық телехабар тарату желілері жақсы дамыған, ал ауыл тұрғындары ол кезде ары кетсе
4 телеарнаны ғана тамашалай алатын. Осыған байланысты жобаның мақсаты – қала мен ауыл
тұрғындарының арасында ақпараттық теңсіздікті азайту болатын. Ал енді бұл мақсат
орындалған соң «OTAU TV» қала тұрғындарының арасында да танымалдыққа ие бола бастады. Мәселен, 2011 жылмен салыстырғанда қалалық абоненттер үлесі 10 пайыздан 40
пайызға дейін өскен. Ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісінің өзге операторлармен
салыстырғандағы басты артықшылықтары – телебағдарламалардың тегін топтамасы мен желіге республикамыздың кез келген нүктесінен қосылу мүмкіндігі.
Қазақстанда жерсеріктік телехабар тарату желісі 2002 жылы «Кателко+» сауда белгісімен
қосылған болатын. Ал 2011 жылдың қаңтар айында Қазақстанның жерсеріктік желісі хабар
таратудың DVB-S2, MPEG-4 цифрлық стандартына көшіп, «OTAU TV» деген сауда белгісімен
іске қосылды. Жаңа стандартқа көшкен кезде абоненттер саны 6300-ді құраған, содан бері бұл
көрсеткіш қарқынды түрде өсіп келеді, әрі 1 млн деген санға жақындап та қалды. Жоба
халыққа отандық телерадиоарналарды цифрлық сапа мен бейнеде тамашалауға мүмкіндік
берді. Айта кетерлік жәйт, желі іске қосылғалы бері «Базалық» тегін топтамасының
құрамындағы арналар саны 38 теле-, және 7 радио арнадан 40 теле-, және 14 радиоарнаға дейін
артты.
Осындай қысқа мерзім ішінде «Қазтелерадио» АҚ бірқатар міндеттерді атқарып тастады.
2012 жылдың шілдесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі іске қосылды. Бүгінгі таңда республика халқының 72 пайызының
цифрлық эфирлік желіге қосылуға мүмкіндігі бар, ал бұл 12 миллион Қазақстан азаматы.
2014 жылдың шілде айында Индустриализация күні аясында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың
қатысуымен «Қазтелерадио» АҚ «GALAM TV Ұлттық интернет-телевизиясы » және «Телегазет» атты екі инновациялық жобаны таныстырды.
Ұлттық жерсеріктік телехабар таралым клиенттеріне ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ
бәсекелестік орта тудыру мақсатында қабылдағыш қондырғыны сатып, монтаждау және
қызмет көрсету жұмыстарын шағын және орта бизнес өкілдерінен тұратын дилерлік ұйымдар
атқаруда. Олардың саны қазір 400-ден асты. Сонымен қатар халық және дилерлермен тиімді
жұмыс істеу үшін Ақпараттық қолдау көрсету қызметі (Call-centre) 193 телефоны арқылы
үзіліс пен демалыссыз жұмыс істейді. Және барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы
қалаларында Сату орталықтарының жұмысы жолға қойылған.
«Қазтелерадио» АҚ өз абоненттерін түрлі акция, ұтыс ойындарымен үнемі қуантып тұрады.
Нәтижесінде тұрғындар «OTAU TV»-ден түрлі құнды сыйлықтар мен естелік кәделерден кенде
қалған емес. Мәселен, ағымдағы жылдың көктемінде «OTAU TV»-мен Наурыз тойла!»
акциясының нәтижесі бойынша, астаналық абонент Мәриям Юсупова күтпеген жерден екі
адамға Гоа аралына жолдама ұтып алды. Елорданың тағы бір тұрғыны Перуза Әбдумәжитова
мен Жамбыл облысы Бектөбе ауылының тұрғыны Әбдіразақ Жолшыбеков қанжығаларына заманауи теледидар байлады. Бұдан өзге 55 абонентке естелік сыйлықтар мен кәделер
жөнелтілді.
Алдыңғы акцияны қорытындылап бола салысымен, Қазтелерадио келесі шараны бастады.
Яғни, 2015 жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында төлем карталары арқылы «OTAU
TV»-ге қосылған абоненттер көрсетілімнің қосымша айларын тегін алады. Мысалы, «Элит»
топтамасына 6 айға қосылған абонент қосымша 1 ай бонустық көрсетілім иеленсе, 12 айлық
қосылу картасын сатып алған тұрғын «Элит» топтамасын қосымша 3 ай тегін тамашалайтын
болады.
«OTAU TV» желісіне қатысты сұрақтарыңыз болса «Қазтелерадио» АҚ Қарағанды
облысындағы Сату орталығына Қарағанды қ-сы, Жауынгер-Интернационалистер 14а,
тел.8(7212) 413-414 хабарласа аласыздар.
41
(9691) 8
2
,015
Насихат тобы ауданымызда болды
Елбасының “100 нақты қадам” атты ұлт жоспарын насихаттау мақсатында облыстық
ақпараттық насихаттау тобының мүшелері елді мекендерге, өңірлерге іс сапармен баруда.
Құрамында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы
М.И.Воробьев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы
бөлімінің басшысы А.Рақымжанов бар насихат тобы ауданымызға келіп, кәсіпкерлер, шаруа
қожалықтарының жетекшілері, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және әлеуметтік
салаларының қызметкерлері мен бюджеттік ұйымдардың мамандарымен кездесіп, әңгіме
өткізді. Кездесуді аудан әкімі Ғ.И.Омаров ашып жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы
бөлімінің басшысы А.Рақымжанов алдымен “100 нақты қадам” бағдарламасына жалпы шолу
жасады. Мәселен, Елбасының 100 шешімінің, 100 тапсырмасының 15 қадамы мемлекеттік
аппараттың кәсібилігін түбегейлі арттыруға бағытталған. 19 қадам - бұл сот жүйесі мен құқық
қорғау органдарының жұмысын жаңғырту жөніндегі тиімді іс-қимыл, 50 қадам - жаңа жоғары
технологиялық экономикалық өсу және адами капиталды дамытуды ынталандыратын, тікелей
қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған айқын әрі нақты шешімдер.
6 қадам - қоғам бірлігінің жалпы қазақстандық біртектілігін нығайтуды, “Мәңгілік ел”
құндылықтары жүйесін дамытуды көздейтін салмақты шаралар. 10 қадам - “Ашық үкімет”
жұмысының тетіктерін жетілдіруді, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін,
қоғамдық бақылауды күшейту мен азаматтардың атсалысуын ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Баяндамашы осы бағдарламаның ішіндегі біртектілік пен бірлік жөніндегі жұмыс тобының
қызметіне айырықша тоқталды. Олар, “Мәңгілік Ел” патриоттық актісін әзірлеу, Қазақстан
халқы Ассамблеясының “Үлкен ел-үлкен отбасы” ауқымды жобасын іске асыру, “Менің елім”
азаматтық біртектілікті нығайту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және іске асыру, жалпыға
ортақ еңбек қоғамы идеясын ілгерілету жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру,
“Нұрлы болашақ” жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, бес интитуционалдық реформаның
іске асырылуын ақпараттық сүйемелдеу және ілгерілету,-дей келе осы 6 қадам шеңберінде
нақты не істелінетінін жан-жақты баяндап берді. Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі
Ғ.И.Омаров бүгінгі жиынға қатысушыларға, насихат тобының мүшелеріне алғыс айтып,
сәттілік тіледі.
Өз тілшімізден
Нұрлы жол-Мәңгілік елдің бастауы
«Нұрлы жол» - жаңа істер бастамасы. Бұл дағдарыс
кезеңінен шығу жолы, инфрақұрылымдардың дамуы,
жаңа жолдардың салынуы, экономикалық серпілістің
жалғасы, әлеуметтік әл-қуаттың артуы, жалпы айтқанда,
«Мәңгілік елге» бастау алған сара жол. Өткен
тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш
та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік ел» деген
ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю-бабалардан мирас болған
ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау,
өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша
Қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні-осы! Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған
кезекті Жолдауында да «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи астарына тоқтап өтті. “Мәңгілік Елата-бабларымыздың сан мың жылдан бері асыл арманы. Ол арман тұрмысы байқуатты, түтіні
түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді” деп, атап өткен.
«Мәңгілік Елді» жүзеге асырудың ең бастысы-қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту.
Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен өлшенеді. Мемлекет
қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем болады. Тіл-билік, үлкен саясат. Тіл«Мәңгілік Елдің» басты негізі. Ана тілді құрметтеу-ұлттың намысын ояту мен жаңғыртудың
көзі. Сонымен қатар, халықтың сенімсіздігін көрсететін бірден-бір фактор-сыбайлас
жемқорлық. Жемқорлық қоғамды рухани тұрғыдан ірітіп, тәуелсіздікке қауіп төндіреді,
қоғамға барлық саласынан өзінің жағымсыз әсерін тигізеді. Ел мәртебесі, оның асқақтығы
мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек әділдік пен өзара ынтымастық пен сыйластық
негізінде қол жеткізілуі тиіс. Қорыта айтсақ, Елбасы айтқандай, «Тәуелсіздікті алудан оны
сақтап қалу қиын». Мәңгілік Ел өздігінен пайда болмайды. Бәрінің де кепілі-«Жалпыға ортақ
еңбек».
Д.Ж.БАТТАЛОВА, Жаңаарқа ауданының
әділет басқармасының бас маманы
Жаңаарқа аудандық мәслихатының кезектен тыс 44
сессиясы төрағасының шешімі
Атасу кенті
7 тамыз 2015 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясын
шақыру туралы
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясы 2015 жылғы 11 тамыз күні сағат 11.00-ге
шақырылсын (аудан әкімдігінің мәжіліс залында, Тәуелсіздік даңғылы, 5).
Ж.Рыспеков, сессия төрағасы
ХАБАРЛАМА
2015 жылғы 11 тамыз күні өтетін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 44 сессиясының
қарауына келесі мәселе ұсынылады:
1. Аудан әкімінің 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданның әлеуметтікэкономикалық даму бағдарламаларының орындалысы және алға қойылған мақсаттар туралы есебі.
М.Әбдішев, аудандық мәслихат хатшысы
КӘ
Республикалық «Мектепке жол» акциясы
2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
ұйымдастыруымен Жаңаарқа аудандық білім бөлімі 1- тамызы мен 30 – қыркүйек аралығында жетінші жыл «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізуде.
Акция барысында аз қамтылған отбасылардың
оқушыларына жаңа оқу жылына дайындық уақытында
қолдау көрсету және әлеуметтік себептермен 1қыркүйекте мектепке келмей қалудың алдың алу
мақсатында ұйымдастырылды.
Осы игі шара биылғы жылы да өз жалғасын тауып отыр.
Өтілу уақыты 2015 жылдың 1-тамыз бен 30-қыркүйек аралығы. Биылғы оқу жылында
Республикалық акция «Балаларға бірге көмек берейік!» үндеуімен өтеді.
Акцияны өткізу барысында білім беру мекемелері мен төменде аталған ұйымдар шаралар
өткізеді:
1.Білім беру органдары балалардың құқықтарын қорғау, ішкі істер, еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау органдарымен, ауылдық округ, кент, ауыл әкімдерімен, жастар және балалар
ұйымдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, ата- аналар жұртшылығымен бірлесе отырып, әр
елді мекенде (фермаларда, шаруашылық бөлімдерде, егістіктерде және т.б.) қараусыз,
қадағалаусыз, жағдайы жоқ отбасылары мен мигранттар балаларын, сондай-ақ өзге де
сабақтан жүйелі түрде қалып қойған балаларды анықтау бойынша рейдтер жүргізіледі.
2.Рейдтердің нәтижелері негізінде әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін отбасылары мен
қатерлі тобындағы балалардың мекен–жайлық, жеке тізімдерін жасау және анықталған
балалардың мектепке келуін қамтамасыз ету.
3.Меценаттар туралы деректер банкін жинақтау, олармен серіктестік қарым- қатынастар орнатылып, оларға балаларды мектепке жинау бойынша көмекті қажет ететін отбасылар мен балалар туралы мәліметтер ұсыну.
4.Баланың мектепке келмей қалуына себепкер жеке тұлғаларға (балалардың сабаққа жүйелі
келмей қалуын жасыратын фактілер мен дәйексіз деректер беруші мектеп директорларына:
балаларға салғырт қарайтын ата-аналарға; бала еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілерге
және т.б.) шаралар қолдану.
5.Акция туралы көрнекті ақпарат (бояулы плакаттар, үндеулер, буклеттер) әзірленіп,
кәсіпорын, шаруашылық басшыларына аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету және акцияға
қатысу туралы үндеу хаттар тарату. Бұқаралық ақпарат құралдарында акцияның барысы туралы ақпарат жариялау, акцияны өткізудің барысы туралы сюжеттер газеттерде жарияланымдар, көпшілікке қол жетімді жерлерде акция, сенім телефондары (тұрғындардың тәуекел
топтарындағы балалар туралы ақпараттар хабарлайтын) туралы хабарландырулар
жариялау.Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің сенім телефоны: 8(71030) 50764 ,27498
6.Атқарушы билік органдарымен бірлесе отырып, қала көліктерінде оқушылардың
жеңілдікпен жүруін және ауылдық жерлерде мектебі жоқ мекендерден оқушылардың мектепке
және үйіне қауіпсіз әрі тегін жеткізілу мәселелерін шешу.
7.Акция қорытындыларын аудан әкімдігі Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастыру
8.Қорытындысы аудандық білім бөлімінде қарастырылады.
Осы жылғы акцияның негізгі мақсаты балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу,
аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте
акцияның негізгі міндеттерінің бірі барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен
қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын
кеңінен тарту.
Қ.МЕКЕБАЕВ,
білім бөлімінің бас маманы
САРЫАРҚА - 2015
Облыстық жазғы спартакиадаға дайындық
Сарыарқа 2015" ХХІХ облыстық жазғы ауыл спартакиадасының 13-15 тамыз күндері өтуіне
байланысты аудан әкімінің орынбасары Б.Мұқанов, «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ
басшысы М.Ибраев, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және
автокөлік жолдары бөлімі» ММ басшысы Ж.Бөгенбаев, «Сәулет және қала құрылысы бөлімі»
ММ басшысы Қ.Бакиевқа аудан әкімінің 03.08.2015 жылы аудан әкімдігінің аппараттық
кеңесте берген тапсырмаларын орындау мақсатында:
-Аудан бойынша үздіксіз сумен қамтамасыз ету мақсатында кезекшіліктер ұйымдастырылып
кестелері алынды;
-Аудан бойынша үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында кезекшіліктер
ұйымдастырылып кестелері алынды;
-Қарауылтөбеде болатын ат спортына баратын автобустардың маршруты әзірленіп және
тұрақтары белгіленіп, әкімшіліктен жауапты маман бекітілді (Қ.Жандаулетов);
-Ипподромды суаруға «Тазасу» КМК-ның тахникалары бекітілді;
-Аудан кәсіпкерлерімен ғимараттарының аланың көгалдандыру бойынша түсініктеме
жұмыстары жүргізілді;
-Кент көшелерін абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, құрылыс жүріп жатқан
нысандарды қоршау және төлқұжаттарын орнату бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,
нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қоса 14-15 тамыз күндері Халық банкінің алдынан Қарауылтөбеге автобус маршруты жүретіндігін хабарлаймыз.
Аудан әкімдігі
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ
КӨҢІЛДІ ДЕМАЛДЫ
Көктал орта мектебінің маусым, шілде айларында «Балдырған», «Балдәурен» топтары жазғы
сауықтыру лагерінде жұмыс жасады. Лагердің алғашқы күні балаларды қорғау күнімен басталды. Әр түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, әсем ән айтылып, би биленіп, мереке
соңы асфальтқа сурет салумен жалғасты. Тәрбиешілердің ұйымдастыруымен екі кезеңнің де
іс-шаралары жоспар бойынша өтті. «Менің елімнің рәміздері», «Астана –арман қала»,
«Денсаулық», «Әдептілік» тақырыптарында ойындар ойнатылды. Мектеп медбикесі
А.Күлмағанбетова «Жіті ішек инфекциясы», «Тазалық», тақырыптарында дөңгелек үстел
өткізді. Соңғы күндері қорытынды концерт ұйымдастырып, балалар саяхатқа шықты.
Г.ҚОСҚҰЛАҚОВА
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
Аудандық экономика және қаржы бөлімі ММ қызметкерлерінің "ҚР мемлекеттік
қызметшілерінің ар-намыс" кодексі қағидаларының сақталмауы жөнінде хабарлау үшін 2-6264 сенім телефоны орнатылғанын хабарлайды.
Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі ММ
8 тамыз 2015 жыл
Жаңа сән салоны ашылды
Аптаның жағымды жаңалықтарының бірі ауданымыздан тағы
бір сән салоны ашылды. Бұл «Жанар» сән салонының иесі жас
кәсіпкер Гүлшахар Аманжанова. Өткенге көз жүгіртсек
Гүлшахардың анасы Жамал ауданымызда көп жылдар бойы шаштараз болып еңбек еткен. Осы сала бойынша ауданымыздағы
алғашқы кәсіпкерлердің бірі. Ол кісі жеке шаштараз үйін ашып,
кейіннен Гүлшахарды да осы іске баулыды. Міне, «Ана көрген
тон пішер» дегендей Гүлшахар алған тәжірибесін жүзеге асыруды мақсат етті. Ол ойлана келе қазіргі заман талабына сай
аудан тұрғындарына аса қажетті орындардың бірі сән салонын
ашуға тоқталды. Әрине бұл үшін қомақты қаражат керек екені даусыз. Алға қойған мақсатын
қалайда жүзеге асыруды мақсат еткен Гүлшахар үкімет тарапынан көрсетілетін «Жұмыспен
қамту
2020
жол
картасы»
бағдарламасының екінші бағыты бойынша
несие берілетінің естіген соң, аудандық
жұмыспен
қамту
бөлімінің
қызметкерлерімен
ақылдасты.
Олар
кәсіпкерлікті жаңа бастаған адамға
көрсетілетін қаржылай көмектер мен
қолдаулар туралы кеңінен түсіндірді.
Тәуекелге бел буған Гүлшахар «Ауыл
шаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚна құжаттарын тапсырып, нәтижесінде 3
млн теңге несиеге қол жеткізді. Міне, осылайша аудан орталығынан сән салтанаты
жарасқан, келушілерге сапалы қызмет
көрсете алатын сән салонын ашты. Ашылу
салтанатында жаңа орынның лентасын
қиған аудан әкімі Ғ.И.Омаров кәсіп иесіне табыс тілеп, мұндай қолдаудың ауданымызда жалғаса беретінін айтты. Жас
кәсіпкер осы жұмыс орнында алты
адамды жұмыспен қамтамасыз етіп
отыр. Бұл да болса ауданымызда
жұмыссыздықтың азаюына бір септігін
тигізгендігі. Сән салонының атқаратын
қызметтеріне тоқталсақ: шаш қию, шаш
үлгілерін жасау,
тырнақ күтімінің
барлық түрлерін көрсету, кірпік, тырнақ
жалғау.
«Мемлекеттік несие көмегімен өз
кәсібімді ашып, жерлестеріме қызмет
көрсетуге кірістім. Әрине, бұл іс мен
үшін табыс көзі. Жеке кәсіпкерлікті
дамытуға үлкен қамқорлық көрсетіп отырған Елбасына, кәсібімді ашуға көмек көрсеткен аудан
басшыларына айтарым алғысым шексіз», - дейді жас кәсіпкер Гүлшахар Бақтыбайқызы.
МӨЛДІР ҚАСЫМ
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
Атасу кенті
№ 41/284
26 маусым 2015 жыл
«Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі №34/225
«Жаңаарқа аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы»
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2015 жылғы 13
шілдедегі нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде №3329
болып енгізілді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат
ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі №34/225 «Жаңаарқа
аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2800 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық
жүйесінде 2014 жылы 24 қазанда, 2014 жылғы 25 қазандағы №47-48 (9641-9642) «Жаңаарқа»
газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңаарқа аудандық мәслихатының Регламентінің мемлекеттік тілдегі 7-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
“7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат
сессиясының төрағасы жүргізеді.”.
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті XLI сессиясының төрағасы
Б.Бекежанова
Аудандық мәслихат хатшысы
М.Абдишев
Решения Жанааркинского районного маслихата
поселок Атасу
№ 41/284
26 июня 2015 года
«О внесении изменения в решение Жанааркинского районного
маслихата от 10 сентября 2014 года №34/225 «Об утверждении Регламента
Жанааркинского районногомаслихата»»
Нормативно правовой акт зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3329 от 13 июля 2015 года в департаменте
Юстиции Карагандинской области
В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» , районный маслихат
РЕШИЛ:
1. Внести в решение Жанааркинского районного маслихата от 10 сентября 2014 года №34/225
«Об утверждении Регламента Жанааркинского районного маслихата» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №2800, опубликовано в
информационно-правовой системе "Әділет" 24 октября 2014 года, в газете «Жаңаарқа» от 25
октября 2014 года №47-48 (9641-9642)), следующее изменение:
пункт 7 на государственном языке Регламента Жанааркинского районного маслихата, утвержденного указанным решением, изложить в следующей редакции:
“7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат
сессиясының төрағасы жүргізеді.”.
2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
Председатель XLI очередной сессии районного маслихата
Б.Бекежанова
Секретарь районного маслихата
М.Абдишев
8 тамыз 2015 жыл
3
ТАҒЗЫМ
,
Арқаның кемеңгер ұлдарының бірегейінің бірі әкеміз Шаханов Сапар Шаханұлы 1937
жылдың тамыз айының 19 жұлдызында Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданында қарапайым жұмысшы жанұясында дүниеге
келді.
Аудан орталығы Атасу кентіндегі В.И.Ленин атындағы № 1
қазақ орта мектебін ойдағыдай бітіріп, 1954 жылы автокөлік
жүргізушісі мамандығын алып, еңбек жолын Қызылтау
кеңшарында бастады. Ол ақаусыз жүргізген автокөлік кеңшардың
алуан түрлі шаруасына жегіліп, еңбектің берекелі жолына бедерлі
із тастады, ол із 1960-1970 жылдары аудандық АТП-11005 автобазасында автокөлік жүргізушісі болған жылдардағы шеккен
сапарларының даңғайыр даңғылдарына жалғасып, абыройын
асқақтата түсті.
1970-1974 жылдары осы мекеменің механигі болды. Талапты жас алдына қойған сындарлы
мақсатын мұрат тұтып, енбектен қол үзбей жүріп, Семей көлік жолдары техникумын үздік
дипломмен тәмәмдады. 1977 жылы Алматы Қазақ ауылшаруашылық институтын сырттай бітіріп, жоғары білімді инженер-механик мамандығын алды.
1974 жылы Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданы бойынша автокөлік кәсіпорынына
айналған «Ауылшаруашылықхимия» мекемесіне директор болып тағайыдалды. Жаңадан
құрылған бұл мекеме Шаханов Сапар әкеміздің білікті басшылығы, талапты
ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесінде облыс көлеміндегі үздік мекемелер қатарында
толағай жетістіктерімен көзге түсті. Табыстың кілті сапалы еңбек, еңбеккерлермен түсіністікте,
қарамағындағы мамандар мен жұмысшылардың жайлы-тұрмыс тіршілігінде, ұжымның
жағымды психологиялық ахуалында, басшыға деген қалтқысыз сенімі мен өзара сыйластықта
екенін жастай ұғынған басшы ұжым мүшелеріне қолынан келгенше қамқорлық жасады.
Кәсіпорын еңбеккерлері тұрғын үймен толық қамтамасыз етілді, Сарысу өзеннің жағасына
бау-бақша егулеріне, мал, құс ұстап, қосымша табыс табуларына, салауатты өмір сүріп,
мәдениетті демалып, денсаулықтарын жақсартуларына мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар
оның енбек тәртібі мен еңбек сапасына қоятын талабы да темірдей еді. Еңбек үздіктерін марапаттап, ынталандырып отыру, мамандықтарын жетілдіріп, еңбектен қол үзбей білім алуларына жәрдемдесу де есінен шыққан емес.
Ол айналасына немқұрайлы қарамайтын, ер көңілді, адамгершілік иесі еді. Жақсылығын
бұлдамайтын, алысқа да жақынға да қажет болғанда қолұшын беруге, нашарларға
қайырымдылық жасауға пейілтін. Үлкенге іні, кішіге аға, ағайын-туысқа жанашыр бола білді.
Үздіксіз талпыныс пен тынымсыз ізденіс, туа бітті адами болмысы мен қадір-қасиеті, көркем
мінезі, абзал парасаты,өнегелі іс-әрекеті мен үлгілі тұрмыс-тіршілігі, адамдармен имани
қарым-қатынасы, салауатты өмірі аңсаған арманына жеткізіп қана қоймай, ел-жұртының
ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөледі, есімі ардақтылар қатарында аталып, беделі
республикалық деңгейде танылды.
Жалғыз інісі Еламанның білім алып, ғалым, биология ғылымының докторы, профессор,
Қазақстан ғылым академиясының академигі болып қалыптасуына Сапар әкеміздің алатын
орны ерекше.
Өмірлік жары Күләш анамыз да «Қазауылшаруашылықтехника» мекемесінде ұзақ жыл еңбек
етіп, сол жерден зейнеткерлікке шыққан батыр ана. Екеуі 8 бала тәрбиелеп, ұлдарын ұяға,
қыздарын қияға қондырды. Заманға сай білім алып, еңбек етіп, үлгілі тұрмыс құрып, өмірден
өз орындарын табуларына жағыдай тудырып, тәлім берді.
Үлкені Батимасы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген, білікті қаржыгер. Жанайдары Алматы ауылшаруашылық институтын тәмәмдаған, инженер-механик. Қайраты да ауылшаруашылық институтының түлегі, агроном. Жанаты
Қарағанды политехникалық универсетінің инженер-құрылысшы мамандығын бітірген. Жанарасы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік аяқтаған, қаржыгер.
Ал Саяты Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша және Орта
Азия университетін мұнайшы мамандығы бойынша тәмәмдаған, бүгінде әкесінің ізін басқан
басшы ретінде Қарағанды мұнай құбыры басқармасының тізгінін ұстап отыр. Мұраты
Қарағанды политехникалық университетін теміржолшы мамандығы бойынша аяқтаған. Кенжесі Динара Қарағанды мемлекеттік университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
Бүгінгі күні балалары әр салада қызмет етуде.
Кейін «Құнарлық» («Плодородие») деп аталған айтулы мекемені 21 жыл мінсіз басқарған
әкеміз Сапар Шаханұлы 1995 жылдың тамыз айының 14 жұлдызында кенеттен дүние салды.
Содан бері әкемізді жоқтағалы 20 жыл өтсе де, оның айтқан ақылдары мен парасатты
өсиеттері әрдайым бала-шағасына өмірлік азық боп, осы күнге дейін әке жолын жалғастырып
жатырмыз.
Әкеміз ғұмырлық сапарын Аралбай батыр бабасының текті жолымен бастап, оны ұлтының
ұлағатты зиялысына лайық ғибратпен аяқтады.
ГҮЛНАР ШАХАНОВА, ұстаз,
Ы.Алтынсарин медалінің иегері.
Ауыл жастарының
форумы
2015 жылдың 30- 31 шілде күндері
аралығында Ақтоғай ауданының
Ақтоғай
кентінде
Қарағанды
облысының барлық аудандардың жастары өкілдерінің қатысуымен Ауыл
жастарының XII облыстық форумы
өтті.
Іс- шараның басты мақсаты және міндеті аймақтық жастар саясаты
бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талдау, ауыл жастарының өзекті мәселелерін шешу жолдарын талдау, жас
көшбасшылардың жұмыс тәжірибесімен алмасуы.
Осы форумға ауданымыздан құрамы 10 адамнан тұратын делегаты қатысып келді.Аталған
форумда ауданымыздың мәдениет үйі директорының орынбасары Ізтілеу Жарас Сырымұлы
облыс әкімінің мақтау қағазымен және бағалы сыйлығымен марапатталды.
Келген қонақтарға концерттік бағдарламалар ұсынылып, қызықты ойындар ойнатылды, соңы
би кешімен жалғасты. Сонымен қатар қонақтар Әлихан Бөкейхановтың туған жерінде саяхаттады, «Желтау» тауының аясында серуендеп, ерекше әсерлерімен қайтты. Жан жақтан келген делегаттарды жылы лебізбен қарсы алған Ақтоғай ауданы қонақжайлылықтарымен
ерекшеленді.
Жастармен жұмыс жасау орталығы
«100 нақты қадам» - сот саласына оң қадам
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадамы»
- бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және
сонымен бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда ұлттың
дамыған
мемлекеттердің
отыздығына
кіруіне
бағытталған жоспары болып табылады.
Мемлекет басшысы міндеттеген «100 нақты қадам»
жоспары сот саласына тың тапсырмалар жүктеді.
Заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған екінші
реформаның 17-қадамында «Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту. Міндетті түрде талап
- сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру
үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу.
Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Бір
жылдық тағылымдамадан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді» делінген.
Бұл орайда, Жоғарғы Сот судьялыққа үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын қайта
қарау бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірледі.
Ұлттық комиссия судьялыққа үміткерлердің жасын 30 жасқа дейін өсіру және олардың сот
саласына тікелей қатысты бес жылдық жұмыс өтілін енгізу жөніндегі ұсыныстарды қолдады.
Атап айтқанда, болашақта барлық судьялар міндетті түрде Сот төрелігі институтының магистратурасында даярлықтан өтуі тиіс.
Аталған институт Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрамынан
шығарылып, Жоғарғы Соттың құзырына берілетін болды. Онда оқитын магистранттар мен
судьялыққа үміткерлер үшін тағылымдама мерзімін бір жылға дейін арттыру көзделуде. Бұған
қоса, судьялыққа үміткерлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі қайта қаралып, судьялық
лауазымға ұсынылған тұлғалар үшін бір жылдық сынақ мерзімін енгізу көзделуде.
Яғни, мемлекет атынан шешім қабылдайтын судья лауазымына кез келген адам ие бола алмайды, судьялық қызмет жоғары біліктілікті қатаң талап етеді. Міне, қарастырылып отырған
осы шаралардың барлығы сот корпусын кәсіби білікті судьялармен толықтыруға және сот
жүйесін дамыту мақсатында қолға алынып отыр.
Бүгінде заман талабына сай жасалған реформа халық көңілінен шығып, ел арасында қолдау
тапты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның болашағы үшін қабылдаған әрбір реформаның,
жоспарының орны бөлек.
Ұлт көшбасшысының салиқалы саясаты арқасында еліміз алпауыт елдердің қатарына
қосылып, жетістіктерімен әлемді мойындатып келеді. Заңның үстемдігі – дамыған
мемлекеттің кепілі.
Сондықтан, жаңа бағдарламаның құқықтық мемлекетті құрудағы маңызының зор екенін мойындай отырып, жүзеге асыру баршамыздың міндетіміз демекпін!
БАУБЕКОВ АБАЙ ОТЫНШЫҰЛЫ,
Жаңаарқа аудандық сотының төраға міндетін атқарушы
Конституция – мемлекетіміздің басты заңы!
Кез
келген
мемлекеттің,
елдің
тәуелсіздігін,
демократиялық
құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат
– Конституция. Онда мемлекеттің барлық
құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт
пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың
мақсаттары,
міндеттері,
құқықтары
көрсетіледі.
Осыдан жиырма жыл бұрын, 30 – тамызда
Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап,
еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз
жаңа дәуіріне қадам басқан еді.
Содан бері тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң – мемлекет пен қоғамда орын алып
отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың
қайнар бастауына айналды.
Өткен 20 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі – Ата заң
қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.
Тоқтала кететін бір жайт, Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі
болып саналады. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып
табылатын құжат енді ғана 20 жасқа толайын деп отыр.
Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына
лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның
бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек. Ал бүгінгі
Ата заңымыздың басты ерекшелігі қандай? Бұл біріншіден – қоғамдық келісім және саяси
тұрақтылық, екіншіден – экономикалық даму, үшіншіден – қазақстандық патриотизм,
төртіншіден – маңызды мәселелерге референдум жасау және Парламентте дауыс беру арқылы
шешу. 1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық
референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90.58 пайызы қатысты. Олардың 89.14 пайызы жаңа
Конституцияның қабылдануын қолдады.
Сонымен, биыл 20 жасқа толатын Констиуция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл
болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отыр. Алайда, заман ағымына
қарай Негізгі заңымыздың өзгеріске ұшырауын да ешкімде жоққа шығара алмасы анық. Кәзіргі
және өмір бойғы басты міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны
қатаң ұстану. Яғни, басты талап – Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның
маңыздылығын жолғалтпай сақтау мемлекетіміздің әрбір азаматының міндеті мен парызы!
Ә.ӘБДІРАЗАҚОВ, Жаңаарқа ауданының
Әділет басқармасының басшысы
Хабарландыру!
2015 жылдың 10 қыркүйегі күні сағат 15.00-де аудандық мәдени-сауық орталығында Атасу
кентінің «Школьный квартал» орамына Ұлы Отан соғысына қатысушы Жолкен Дүйсеновтің
есімін беру мәселесі бойынша көше тұрғындарының қатысуымен жергілікті қоғамдастық
жиналысы өтеді.
Барлық ұсыныстар мен ескертпелер «Атасу кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қабылданады
Атасу кентінің әкімдігі
4
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 358 қаулысымен бекітілген
«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін
қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы»
республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі
– портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) минут; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілген
ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесіне кадастрлық ақпарат. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін
беру нысаны: электрондық және қағаз түрінде. Ақпаратты қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік
қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, басып шығарылып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті
адамының қолымен және мөрімен куәландырылады. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін
қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық
құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс
және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту
тәртібінде көрсетіледі; 2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен
басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп
қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда)
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін
қажетті құжаттардың тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға: егер Қазақстан Республикасының
заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға ХҚО ұсынған нысан бойынша келісімді көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат
(көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі). Қазақстан Республикасы
азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтамаларды көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық
жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады; 2) порталда: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен
куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Портал арқылы жүгінген жағдайда,
көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын
көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге
сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе)
оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі:
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 11-кіреберіс, № 441 кабинет, тел: 8 (7172) 74-18-16. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні
шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады.
ХҚО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚО басшысының атына жіберіледі. Қолма-қол, сол сияқты почта
арқылы түскен шағымды ХҚО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні
шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі. Сондай-ақ көрсетілетін
қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша не порталда алуға болады. Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды
қабылдаған адамның шағым қабылдағанын растау үшін нөмірі, тіркелген күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, берілген шағымға жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның
байланыс деректері көрсетілген талон беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына
келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал
арқылы электрондық түрде жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны
өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын
ақпарат қолжетімді болады. Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде почта
арқылы, порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» хабарланады. Шағым сондай-ақ порталдың форумы арқылы www.1414.kz мекенжайы бойынша беріледі. Портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО
қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер мәселелері
жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің
нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және
бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және
бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен
бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету
орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі келетін мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне бара
отырып, ХҚО қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында; 2) Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитетінің www.kuzr.gov.kz интернет-ресурсында; 3) көрсетілетін
қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде; 4) көрсетілетін қызметті берушінің www.aisgzk.kz интернет-ресурсында; 5) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 6) порталда орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы
электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті
көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172)
74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 358 қаулысымен бекітілген
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау)
құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік
көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары,
аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі
– көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін
беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан
әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
8 тамыз 2015 жыл
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған
сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні; ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының бекітілген актісі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс
және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен,
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту
тәртібінде көрсетіледі. 2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен
басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп
қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырылған сенімхат; 3) осы стандартқа 2қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын есептеген жер
учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі; 4) тиісті жергілікті атқарушы органдар құрған жер учаскесіне құқық беру
туралы комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚсымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады. Егер Қазақстан Республикасының
заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін
алады. Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға
мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі: 1) cұрау салудың нөмірі және
қабылданған күні; 2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен
атауы; 4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің
тегі, аты, әкесінің аты; 6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің
тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары. ХҚО-да құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді
оның қызметкері жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайларда, ХҚО бір ай бойы
олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚО бір жұмыс
күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын
құжаттарды ХҚО-ға жібереді, одан кейін ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге
сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін
қызметті беруші басшысының атына беріледі.Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті
берушінің кеңсесінде қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі
мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің
кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны
айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі. ХҚО қызметкерінің
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген
мекенжайлар бойынша ХҚО басшысының атына жіберіледі. Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымның
ХҚО кеңсесінде қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына
немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау
және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның
атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға
жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік
қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын
бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын
бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушының
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі келетін мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне бара
отырып, ХҚО қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында; 2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы
арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты
алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172)
74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 358 қаулысымен бекітілген
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру
жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, аудандардың
және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін
қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін
қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал); 2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы
жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған
сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні. ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау
күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең
ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту
туралы бұйрық (бұдан әрі – бұйрық). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе)
қағаз түрінде. Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрықты қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып
шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті
берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс
және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен,
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту
тәртібінде көрсетіледі. 2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен
басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп
қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін
қажетті құжаттардың тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не
көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың және сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың
көшірмелері – жеке тұлға үшін;
(жалғасы келесі бетте)
8 тамыз 2015 жыл
5
(жалғасы. Басы алдыңғы бетте)
заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын
құжат – заңды тұлға үшін; жерге орналастыру жобасы; жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы
сұратылған кезде тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы оң
қорытындысының көшірмесі; мұнай және газды магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiн сақтауға
және көлiктiң басқа түрлеріне тиеуге байланысты мұнай-газ көлігі инфрақұрылымының объектiлерiн салу үшiн жер
учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу (тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді);
жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, төменгі тұрған жергiлiктi
атқарушы органның сұралып отырған жер учаскесіне тиісті құқықты беру мүмкіндігі туралы шешімі (қажеттілігіне
қарай). Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақытын, құжаттарды қабылдаған
адамның тегін және аты-жөнін, көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын мерзімі мен орнын көрсете отырып, талон беріледі.
2) ХҚО-да: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын
сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі); көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды расталған сенімхат; жерге орналастыру жобасы; жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы сұратылған кезде тиісті жергілікті
атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы оң қорытындысының көшірмесі; мұнай және газды
магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға, одан кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлеріне тиеуге байланысты
мұнай-газ көлігі инфрақұрылымының объектiлерiн салу үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан
Республикасының мұнай-газ тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу;
жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, төменгі тұрған жергiлiктi
атқарушы органның сұралып отырған жер учаскесіне тиісті құқықты беру мүмкіндігі туралы шешімі. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік
ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті
алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады. Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО
арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны
туралы талон беріледі: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні; 2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны; 5)
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты; 6) көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс
телефондары. ХҚО-да құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді оның қызметкері жеке басын куәландыратын
құжат және сенімхат ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген
мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚО олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан
кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды
алуға ХҚО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау
салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жібереді, одан кейін ХҚО дайын
құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді. 3) порталда: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш; жерге орналастыру жобасы –
құжаттың электрондық көшірмесі түрінде; жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы сұратылған
кезде тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның жер учаскесін беру туралы оң қорытындысының
көшірмесі – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде; мұнай және газды магистральды мұнай құбырларымен
тасымалдауға, одан кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлеріне тиеуге байланысты мұнай-газ көлігі
инфрақұрылымының объектiлерiн салу үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ
тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу – құжаттың электрондық
көшірмесі түрінде. жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, төменгі
тұрған жергiлiктi атқарушы органның сұралып отырған жер учаскесіне тиісті құқықты беру мүмкіндігі туралы шешімі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
куәлікті, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық
жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру үшін сұрау
салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге
сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымдыадамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін
қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті
берушінің кеңсесінде қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі
мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің
кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны
айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі. ХҚО қызметкерінің
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген
мекенжайлар бойынша ХҚО басшысының атына жіберіледі. Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымның
ХҚО кеңсесінде қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына
немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау
және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның
атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға
жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген
кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны
өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын
ақпарат қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін
қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен
жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп
түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушының
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету
орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі келетін мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне бара
отырып, ХҚО қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында; 2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Жерге орналастыру жобасы кемінде үш дана мөлшерде дайындалатынын назарға алу ұсынылады. Жерге орналастыру
жобасының түпнұсқа данасы (дұрыс бастапқы және жерге орналастыру процесінде қалыптасқан құжаттарды қамтиды)
көрсетілетін қызметті алушыға беріледі. Жерге орналастыруды жүргізу нәтижесінде алынған, көшірмелерден
қалыптастырылған және көрсетілетін қызметті алушы растаған, жерге орналастыру ісінің бір данасы сәйкестендіру
құжатын әзірлеу үшін мемлекеттік жер кадастрын жүргізуші республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорынға
беріледі.
16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы
электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
17. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік
қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172)
74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 358 қаулысымен бекітілген
«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау
және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал); 2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға құжаттар топтамасын
тапсырған сәттен бастап – 37 (отыз жеті) жұмыс күні; ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік
қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; порталға жүгінгенде – 33 (отыз үш) жұмыс күні. 2) құжаттар топтамасын тапсыру
үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы қаулы
(бұдан әрі – шешім). Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Қағаз жеткізгіште шешім беру туралы қаулыны алуға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті
адамының қолымен куәландырылады. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының
«жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі –
ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаттар нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс
және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен,
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту
тәртібінде көрсетіледі. 2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен
басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп
қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін
қажетті құжаттардың тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не
көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалды куәландырған сенімхат және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын
куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін; заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және көрсетілетін қызметті
алушының жеке басын куәландыратын құжат – заңды тұлға үшін; жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (кадастрлық бағалау актісі (бағалау)
құнының актісі; елді мекен шегінде нысаналы мақсатты өзгертуге сұрау салынған жағдайда жобалауға, салуға және/немесе бар ғимаратты реконструкциялауға сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын органмен
келісімнің көшірмесі; елді мекеннің бас жоспарында көзделген объектілерді салған жағдайда, жер учаскесіндегі жылжымайтын мүліктердің әр бұрынғы меншік иесімен жер учаскелерін сатып алу бойынша жасалған шарттың көшірмесі;
жерге орналастыру жобасының көшірмесі (жер учаскесі бөлігінің немесе үлесінің нысаналы мақсаты өзгертілген
жағдайда); 2) ХҚО-ға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын
сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады); жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі; жер учаскесін сатып
алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі; елді мекен шегінде нысаналы мақсатты
өзгертуге сұрау салынған жағдайда жобалауға, салуға және/немесе бар ғимаратты реконструкциялауға сәулет және қала
құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын органмен келісімнің көшірмесі; елді мекеннің бас жоспарында
көзделген объектілерді салған жағдайда, жер учаскесіндегі жылжымайтын мүліктердің әр бұрынғы меншік иесімен жер
учаскелерін сатып алу туралы жасалған шарттың көшірмесі; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын
құжат не көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалдық куәландырған сенімхат және сенім білдірілген адамның жеке
басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін; заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және көрсетілетін
қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат – заңды тұлға үшін; жерге орналастыру жобасының көшірмесі
(жер учаскесі бөлігінің немесе үлесінің нысаналы мақсаты өзгертілген жағдайда). Жеке басын куәландыратын құжаттар
туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, жылжымайтын мүлікке тіркелген
құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы және оның техникалық сипаттамаларын, жер учаскесінде жылжымайтын
мүлік объектісі бар болған жағдайда, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды, әділет органдарынан жер учаскесіне ауыртпалықтардың жоқтығы, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар туралы анықтаманы
көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті
адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады. Егер Қазақстан
Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО-ның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде
ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті
алушыдан жазбаша келісімін алады. Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО арқылы қабылдаған кезде
көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні; 2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті
қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты; 6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты,
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары. ХҚО-да құжаттарды
көрсетілетін қызметті алушыға беруді оның қызметкері жеке басын куәландыратын құжат және сенімхат ұсынылған
кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін
алуға келмеген жағдайда, ХҚО олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін
қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚО-ға бір ай
өткеннен кейін жүгінген кезде, ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін
қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жібереді, одан кейін ХҚО дайын құжаттарды
көрсетілетін қызметті алушыға береді. 3) порталда: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға
сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш; 2) жер учаскесіне сәйкестендіру
құжатының көшірмесі – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде; 3) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда,
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде; 4) елді мекен шегінде
нысаналы мақсатты өзгертуге сұрау салынған жағдайда жобалауға, салуға және/немесе бар ғимаратты
реконструкциялауға сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын орган қорытындысының
көшірмесі; 5) елді мекеннің бас жоспарында көзделген объектілерді салған жағдайда, жер учаскесіндегі жылжымайтын
мүліктердің әр бұрынғы меншік иесімен жер учаскелерін сатып алу бойынша жасалған шарттар – құжаттың электрондық
көшірмесі түрінде; 6) жерге орналастыру жобасы (жер учаскесінің бөлігінің немесе үлесінің нысаналы мақсаты
өзгертілген жағдайда) – құжаттың электрондық көшірмесі түрінде. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы
мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, жылжымайтын мүлікке тіркелген
құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы және оның техникалық сипаттамаларын көрсетілетін қызметті беруші
тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған
электрондық құжаттар нысанында алады. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке
кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін
қызметті беру үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге
сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін
қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті
берушінің кеңсесінде қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі
мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің
кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны
айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі. ХҚО қызметкерінің
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген
мекенжайлар бойынша ХҚО басшысының атына жіберіледі. Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымның
ХҚО кеңсесінде қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына
немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау
және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның
атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға
жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген
кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны
өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын
ақпарат қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін
қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен
жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп
түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушының
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі келетін мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне
бара отырып, ХҚО қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында; 2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы
электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік
қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172)
74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
(жалғасы келесі бетте)
6
(жалғасы. Басы алдыңғы бетте)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 358 қаулысымен бекітілген
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау
және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал); 2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған
сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні. ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау
күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең
ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру
туралы өкім (бұдан әрі – рұқсат). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз
түрінде. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өкімді қағаз жеткізгіште
алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып
шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті
берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс
және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен,
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту
тәртібінде көрсетіледі. 2) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен
басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетіп
қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін
қажетті құжаттардың тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: 1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес
өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке
басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады); 3) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары (схема); 4) іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың көшірмесі. Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың
түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады; 2) ХҚО-ға жүгінген
кезде: 1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын
құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады); 3) іздестіру жұмыстарын
жүргізу ауданының жоспары (схемасы); 4) іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың көшірмесі. Жеке басын
куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы және оның техникалық сипаттамаларын
көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті
адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар
нысанында алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік
қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. Көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО
арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың
қабылданғаны туралы талон берілед:1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні; 2) сұрау салынған мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың атауы мен саны; 4) құжаттардың берілген күні (уақыты) және
орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты; 6) көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс
телефондары. ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беруді оның қызметкері жеке куәлік пен сенімхат
ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің
нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚО олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды
көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚО-ға
бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жібереді, одан кейін ХҚО дайын
құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді. 3) порталда: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданы жоспарының (схемасы) электрондық көшірмесі; іздестіру жұмыстарын орындауға
тапсырманың электрондық көшірмесі. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы
анықтаманы және оның техникалық сипаттамаларын көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық
жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Портал арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру үшін
сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
10. Көрсетілген қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге
сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету
орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін
қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті
берушінің кеңсесінде қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі
мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің
кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны
айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі. ХҚО қызметкерінің
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген
мекенжайлар бойынша ХҚО басшысының атына жіберіледі. Қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымның
ХҚО кеңсесінде қабылдағанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына
немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау
және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның
атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға
жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген
кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны
өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын
ақпарат қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін
қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен
жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп
түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушының
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету
орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі келетін мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне бара
отырып, ХҚО қызметкері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында; 2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы
электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті
көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172)
74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
8 тамыз 2015 жыл
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін
пайдалануға рұқсат беру» қызмет стандартына 1-қосымша
____________________(облыс, қала, аудан)әкіміне
_____________________________________________
(облыс, қала)
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
ЖСН/БСН ______________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке
_____________________________________________
басын куәландыратын құжаттың
_____________________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
_____________________________________________
мекенжайы)
Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға
рұқсат беру туралы өтініш
___________________________________________________ бойынша
(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)
орналасқан, алаңы _________________________________________________
(алқап түрін көрсету)
жер учаскесін ______________ мерзімге дейін _______________________
___________________________________________ негізінде жүргізілетін
_______________________________________________________ жұмыстарды
(іздестіру жұмыстарының түрін және мақсатын көрсету)
жұмыстарды жүргізу кестесі _________________________________
жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат беруіңізді өтінемін.
Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізуге
байланысты жер учаскесін пайдалану шарттарын қабылдауға
міндеттенемін.
__________________________________________________________________
(келісу)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Күні __________ Өтініш беруші _______________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды
_______________________________
тұлғаның не уәкілетті адамның
______________________________
тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер
учаскесін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
(Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
________________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгертуге шешім беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
_________ (облыс, қала, аудан әкіміне)
(облыс, қала)
______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
кімнен _______________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
______________________________________
не заңды тұлғаның
______________________________________
толық атауы)
ЖСН/БСН ______________________________
______________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке басын
куәландыратын
______________________________________
құжаттың деректемелері,
______________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге өтініш
Сізден маған жеке меншік (жер пайдалану құқығындағы тиесілі)
__________________________________________________________________
_____________________________________________________ мекенжайында
орналасқан, кадастрлық нөмірі ___________, жер учаскесінің пайдалану
______________________________________________ нысаналы мақсатынан
_______________________________________________ нысаналы мақсатына
___________________________________________________________________
(жер учаскесінің көлемін көрсете отырып, оның нысаналы мақсатын
өзгерту қажеттілігінің себебін көрсету)
байланысты өзгертуді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Күні __________ Өтініш беруші ________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның не
________________________________
уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты,
________________________________
қолы)
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгертуге шешім беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
(Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә), немесе
көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
________________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобаларын бекiту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Жер қатынастары бойынша уәкілетті
органның басшысы
______________________________________
(уәкілетті органның атауы)
______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
______________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
______________________________________
(ЖСН/БСН, жеке немесе заңды тұлғаның жеке
______________________________________
басын куәландыратын құжаттардың
______________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
______________________________________
мекенжайы)
(жалғасы келесі бетте)
8 тамыз 2015 жыл
7
(жалғасы. Басы алдыңғы бетте)
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру
жобасын бекiтуге өтініш
Жерге орналастыру Жер учаскесіне құқық
Жер учаскесінің Жер учаскесінің
Жерге
Жерге орналажобасын әзірлеуші беру туралы өтініш орналастыру
сұралып отырған
мекенжайы
стыру жобасы
тегі, аты, әкесінің аты білдірушінің тегі, аты, жобасының
нысаналы мақсаты
(орналасқан
даналарының
немесе заңды
әкесінің аты
және ауданы, га
жері)
атауы
саны
тұлғаның толық атауы
немесе заңды
5
4
3
6
1
тұлғаның атауы
2
Жерге орналастыру жобасы мемлекет жер учаскесіне жеке меншік
құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде, жер учаскесінің
сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда (қажеттісінің астын
сызу) әзірленді.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Күні __________ Өтініш беруші ________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның не
__________________________________
уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты,
________________________________
қолы)
«Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
(Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты
(бұдан әрі – Т.А.Ә),
немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
________________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
«Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі
1. Акті азамат (ша)
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)
өтінішіне сәйкес __________________________________________________
(мақсатын көрсету)
_____________________ жер учаскесін бағалауға байланысты жасалды.
2. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: ________________________
3. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: ________________________
___________________________________________________________________
4. Жер учаскесінің орналасқан жері: __________________________
___________________________________________________________________
5. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының есебі (жер
пайдалану құқығы)
Аймақ нөмірі (елді мекендер
жерлеріне), алқап түрлері,
топырақтың үлгісі (ауыл
шаруашылығы пайдаланылатын жерлер үшін)
Ауданы гектар,
шаршы метр
Жерге төлемнің
базалық
мөлшерлемесі, теңге
!!!
Байдалы би ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Далабай Сәтжанұлын
75 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз.
Құрметті Дәке! Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор
қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз.
Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді
қызметіңіз, кемел қабілетіңіз жастарға ұлағатты өнеге. Осынау
мерейтой күні сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғүмыр,
отбасыңызға амандық тілейміз. Жасыңызға жас қосылып,
еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасының тірегі мен ақылшысы болып
әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей берсін.
Ізгі ниетпен: аудандық ардагерлер кеңесі
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, ардақты ана, аяулы жар, немерелері мен
жиендерінің сүйікті әжесі Оспанәлиева Раушан Халимовнаны 60
жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз! Балаларыңызға
жарық дүние сыйлап, әкеміз екеуіңіз біздерді «қанаттыға
қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» өсірдіңіздер. Осы мерейлі
жаста бақуатты өмірдің көші жалғаса берсін, дархан көңіліңізге
кірбің түспей, ортамызда төріміздің сәні мен мәні болып жасай
беріңіз дейміз. Жан жарыңыз әкеміз екеуіңіз өмірдің қызығы мен
думанын барынша көріп, жүздеріңізден шуақ кетпей, бақытты ғұмыр
кешіңіздер демекпіз.
Зор денсаулық біз тілейміз әрқашан,
Жете бергін армандарға аңсаған.
Өмірдің мәні болып ұрпағыңыз,
Мол қуаныш сыйлай берсін әрқашан!
Айтылады бір сізге арман-тілек,
Жадырасын ақ көңіл жүрек тербеп.
Көңілден шыққан ізгі сөз, жылы лебіз,
Қалықтасын ән болып қанат сермеп.
Құттықтаушылар: жолдасы – Наурызбай, балалары – Аян-Назгүл, Мейрам-Жадыра,
Ержан-Анара, Айболат-Шынар, Мерей-Инабат және немере, жиендері.
Түзету
коэффициенті
Кадастрлық
(бағалау) құны,
мың теңге
Жиыны
6. Жер учаскесінің (жерді пайдалану құқығының) кадастрлық
(бағалау) құны
__________________________________________________________ құрайды.
(жазбаша сомасы)
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны анықталды _________
__________________________________________________________________
(жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынның атауы)
М.О. ______________
________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
(қолы)
__________________________________________________________ басшысы
(жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
________________________________
М.О. ____________________
(қолы)
(басшының Т.А.Ә.)
Күні «__» ____________
«Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
(Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты ( бұдан әрі – Т.А.Ә) немесе
көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
________________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Жазғы сауықтыру жұмысы қарқынды жүруде
Биылғы жылы 1-10 сыныптар аралығында 5076 бала оқу жылын аяқтап, жазғы сауықтыру
жұмысы бойынша барлық бағыттарға маусымдар бойынша 100 пайыз тартылып отыр. Облыс
және аудан әкімдігінің қаулысы негізінде жазғы сауықтыру шаралары бойынша жұмысшы тобы
құрылып, іс-шарасы жасалып, маусым бойынша рейдтер жүргізуде. Сонымен І –ІІ маусымда
1169 бала мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде демалса, асыға күткен кезектегі 528 бала
ІІІ маусымды бастап та кетті. Ал түрлі бағыттар бойынша мектеп айналасын көгалдандыруға
қатысқан 1450 бала ІІІ маусымда 550 балаға,орман шаруашылығына қатысқан 230 бала 88
балаға, мектептің жөндеу бригадасындағы 1600 бала 400 балаға, ата-аналарымен жанұялық
арендадағы 1900 бала 1100 балаға ІІІ маусымда орындарын беріп қызу қарқынды жұмыстар
бастау алды.Ауданнан тысқары лагерлерде І-ІІ маусымда 105 бала демалса,оның ішінде жергілікті бюджет есебінен аз қамтылған, көп балалы жанұя балалары қатарынан 35 бала
Қарағанды қаласындағы «Жалын» сауықтыру лагерінде тегін демалып келді. Сауықтыру шаралары бойынша мектеп жанынан ұйымдастырылған төмендегі лагерлердің және түрлі
бағыттардағы жүйелі жұмыстарын атап айтуға болады. Олар: Бидайық, Ақтүбек,Көктал,Ақтау
орта мектептері мен Жаңаарқа негізгі мектебі.
Жергілікті жер демеушілер ТЧЭ-15,ТЧ-28,ШЧ-22,ПЧ-28, Шұбаркөл мекемелері атынан ІІІ
маусымда 35 бала шілде-тамыз айларында демалуға аттанбақ. Өткен оқу жылымен
салыстырғанда сауықтыру шараларына балаларды тарту 60 пайызға артып отыр. Мектеп
жанындағы демалыс лагерлеріне бірінші кезекте аз қамтылған,көпбалалы отбасыларының,
асыраушысы жоқ балалар тартылып отыр. Түрлі бағыттарға тартылған балалар, әсіресе
еңбекпен қамту барысында жергілікті мекемелермен, фермерлермен шартқа отырып, баланың
еңбек күнін қорғау барысындағы заңдылықтарды қолдану, қатаң тәртіптік есепте тұрған
оқушылардың жаз айындағы демалыста бос жүріске салынбауы қадағалануда. Білім бөлімінің
кеңейтілген отырысында жазғы сауықтыру жұмыстарының талапқа сай ұйымдастырылып
өтуі,кемшіліктерді болдырмау, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз еңбек мигранттарын мәжбүрлеп жұмыс істету мен балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу әр мектептің
жауапты адамдарының назарында болуы тиіс. Атаулы жұмыстың жауапкершілікте болатыны
қатаң ескертіліп, мектеп басшылары,тәрбие жөніндегі орынбасарлары және сынып жетекшілері ата-аналармен байланыс жасап оқушыларының қайда, қай салада жүргенін үнемі назарда
ұстағаны жөн. «Жадыралы жаз-2015» бағдарламасы бойынша мектеп оқушыларының жазғы
демалысы, сауықтырылуы және еңбекпен қамтылуы,яғни бесінші тоқсандағы тынысы өз
мәнінде өтіп жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл күймен келуіне ата-аналар мен мектеп ұжымы
болып ат салысайық.
Б.МЕРГЕНБАЕВ, аудандық білім бөлімінің әдіскері
Ұл-қыз өсіріп, немере-жиендерінің сүйікті әжесі болып отырған, 60тың асуына шыққан Жаңаарқа ауданының тұрғыны, құрметті де
қадірлі құдағиымыз Раушанды туған күнімен құттықтаймыз. Сізге
ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілей отырып, әр күнің бақыт пен
қызыққа, қуанышқа тола берсін дейміз.
Өрге жүзсе тіршіліктің кемесі,
Қуаныш қой 60 жастың белесі.
Бақытыңа ел қызығып қарасын.
Қол ұстасып жарың Наукең екеуің.
Ұрпағыңа шуақ нұры тасысын.
Ақ тілекпен: құда-құдағиыңыз – Серік-Мәрияш және балалары.
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, аяулы ана, асыл жар, құрметті
құдағиымыз Оспанәлиева Раушан Халимовнаны тамыз айының
7-ші жұлдызында 60 жасқа толатын мерейтойымен құттықтаймыз!
Сізге қуаныш пен шаттық, деніңізге саулық, басыңызға баянды
бақыт тілейміз.
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз
.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Ақ тілекпен құттықтаушылар: құда-құдағиыңыз – Ерлан-Гүлжамал, балалары –
Ермұрат-Эльмира, Мерей-Инабат, Дәулет, Дәурен, немерелері – Нұрислам, Ернұр,
Айсана.
АЛҒЫС
Жақсы іске жан риза
Байдалы би ауылдық округі Атасу ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктте бос тұрған
бөлмені іске қосу талабы күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болған еді. Науқастар үшін
жуыну, дәрет алу бөлмесі жоқ болғандықтан, соған лайықтап жабдықтау қажет болды. Ол
жұмысты іске асыру шебер қолды кәсіпкердің арқасында іске асатындығы айтпаса да түсінікті.
Бұл шаруаның іске асуына “Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа
шаруашылығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, аудандық мәслихаттың
депутаттығына біздің өңірден сайланған Қуат Анасұлы Имантүсіповтың еңбегі ерен десек
артық болмас. Өзі толықтай қаржы жағынан демеушілік жасап, қолдау білдіріп, құрылыс
жұмысының бас-қасында жүрді. Мұндай жомартық танытқан азаматты ауыл халқы естен еш
шығармасы анық. Қуат Анасұлының деніне саулық, отбасына амандық, жұмысына табыс тілеп,
өз ризашылығымызды білдіреміз.
Байдалы би ауыл тұрғындары атынан М.ӘБІЛЖАНОВ
ХАБАРЛАНДЫРУ
ҚР Қарулы күштерінің әскери бөлімшелеріне келісім-шарт бойынша әскери қызметке азаматтарды төмендегі тізім бойынша әскери бөлімдерге қабылдайды.
ҚР ҚК әскери бөлім 41433, ә/б 25744, ә/б 10181, ә/б 10180, ә/б 66597, ә/б 25263, ә/б 03811,
ә/б 82796, ә/б 12740, ә/б 29108, ә/б 32363.
Сұрақтармен, Жаңаарқа ауданының қорғаныс істер бөлімінің шарт бойынша әскери қызмет
бөлімшесіне мына мекен-жайға хабарласыңыздар: Транспорт орамы №9 үй, 2-71-66.
Жаңаарқа ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
Құрметті аудан тұрғындары!
Жаңаарқаның тумасы, отбасының ұйытқысы, ағайынның
ардақтысы, бауыр еті балаларының асқар таудай әкесі болған
Сапар Шаханұлы 1995 жылы 15-тамызда 58 жасқа қараған
шағында дүниеден өткен еді. Дос-жолдастарының қаймағы,
ауылдастарының айбары, еңбек жолын Қызылтау кеңшарында
бастаған ол қатардағы жүргізушіден Жезқазған облыстық
ауданаралық аса ірі автокөлік кәсіпорнының басқарушысына дейінгі асуларға көтерілді. Ақиқат пен адалдық жүрегінің жалауы,
мақсатының қалауы, жалыны басылмаған алауы еді. Сол өзі
таңдаған қалауынан, қалтарыстары мен бұлтарыстары мол
тіршіліктің кедір-бұдыр соқпақтарынан сүрінбей де мүдірмей, өзінің
өмірлік, азаматтық ұстанымынан ақырғы демі таусылғанша айнымай өтті. Бауырынан тараған
балапан-балаларын жанындай сүйіп, ыстығына күйіп, суығына тоңып, қуанышына тойып,
көзі тірісінде біраз ұлын ұясына, қызын қиясына қондырды. Дос-жолдастарының құрметіне
бөленіп, ағайын-туыстарының алғысына кенеліп көз жұмды. Біз Алладан алдының жарық,
топырағының мамық болуын сұрап, соңындағы ұрпағына мол шаттық, зор денсаулық, ұзақ
ғұмыр тілейміз.
Сағынышпен еске алушылар: Шахановтар әулеті
Жаңаарқа топырағында дүниеге келген абыройлы азамат
Иса Ибрахимұлының бұл дүниеден өткеніне 6-тамыз күні 1
жыл толып отыр. Амал не, адалдығымен аймаққа қадірлі болған
қимас күйеубаламыздан қапыда көз жазып қалдық. Сұм ажалдың
әмірі, баянсыз жалғанның жазуы солай болған соң жанымызды
аяздай қарып, сағынып күй кешудеміз. Ол қиындыққа мойымайтын жігерлі, жамандыққа жол бермейтін қайырымды, әділ еді. Тау
тұлғасымен ортамызды толтырып жүретін. Оның жете алмаған
армандары көп еді. Исаның нұрлы бейнесін еске алып, рухына
тағзым етеміз. Жан едің жайлау мінез жарқылдаған. Исаның
иманы серік, мекені жұмақ болсын.
Еске алып, рухына тағзым етуші: бажасы – Төлепберген, қайынапасы – Бақыштың
жанұясы.
Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты” ММ есебіндегі Skoda Octavia А5, қозғалтқыш
№158923, шанақ №ТМВDA41Z0CD150402, 2012 жылы шығарылған автокөлігінің техникалық
құжаттарының жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
*****
Садвакасов Буркитбай Ахантаевичтің атына берілген үйді жеке меншіктеу келісімшарты (№2274, 23.12.1994 ж.) жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
Сатылады
Биыл ғана салынған жаңа үй сатылады. Үйде әлі ешкім тұрмаған. Үй Лесхоз көшесі, №11/1
мекенжайында орналасқан. Хабарласу телефоны: 8 701 245 07 36, 8 700 245 07 36.
*** *** ***
К.Әбжанов көшесіндегі №129 үй сатылады. Жазғы ас үй, гараж, 15 сотық жер бар. Телефон:
1 73 43, 8 707 819 12 05, 8 702 362 20 08
*** *** ***
А.Байбосынов көшесіндегі №20-шы 4 бөлмелі жер үйі 3 бөлмелі коммуналдық үйге айырбасталады. 2000 жылғы GOLF-4 автокөлігі сатылады. Бағалары келісім бойынша. Байланысу
телефондары: 2-79-87, 87779738679, 87787864247
Тез арада сатылады
Тез арада үлкен ірі қара мал (бұзаулы сиыр) сатылады. Телефон: 8 778 108 22 03.
2015 жылдың тамыз айының 14 күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы
ғимаратында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жылжымайтын мүлікті тіркеу және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және авторлық құқық және
сабақтас құқықтарды тіркеу сұрақтары бойынша «Әділет кеңес береді» атты акция өтеді.
Осы іс-шара шеңберінде барлық өтініш білдірген азаматтарға, заңды тұлғалар өкілдеріне
және жеке тұлғаларға құқықтық көмек көрсетіледі, кеңестер мен заңнама нормаларына
түсініктемелер беріледі. Барлық қалаушылар іс-шараға қатыса алады. Телефон: 2-75-00, 2-8737, 2-89-51
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы
ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
“Өнерім – өмірім” десе, дегендей...
Осыдан бес жыл бұрын, 2010 жылдың қыс айында, Атасу стансасындағы шағын ауылға клуб
меңгерушісі ретінде, аудан жұртшылығына танымал өнерпаз, әрі сатирик Панаш Жүкенов келген болатын. Өзімен бірге күні бүгінге дейін өз міндетін атқарып тұрған музыкалық аспаптарын да ала келуді ұмытпай, “өнер” деп талпынған бүлдіршін балалардан бастап, барлық
мәдени шараларға жетекші бола білген талғамы жоғары ұстаздарды да қуантқан болатын.
Бірде, қарттыққа қадам басса да балаң мінезді Пәкеңмен әңгімелесе қалғанымызда:
-Жалпы, небір оқымысты ғалымдар, өнертапқыштар, ақын-жазушылар, әнші, күйші
композиторлардың түгелге жуығы ауылдан шыққан ғой. “Барлық кемеңгерлік пен
данышпандықтың айқын нышаны - қарапайымдылық” дейтін, ғұлама жазушы Лев Толстойдың
өзі қартайған шағында көп нәрседен көңілі қалып, ауылға қарай бет түзеген де, өмірінің аяғына
дейін жан-дүниесіне қажетті рухани азықтың бәрін сол ауылдан, қарапайым еңбек адамдарынан тапқан. Ол енді басқа әңгіме.
Негізі, қоңыр тірлік кешкен қарапайым ауылдың сөйлесе де, күлсе де, шынайылығы
аңғарылып тұратын ғажайып мінезді жомарт адамдарының алдыңызға қоятын қазы-қартасы,
құрт-ірімшік, балқаймағы қандай, тостаған толы қымызы да балдай ғой шіркін!.
Міне, дәл осындай ауылға келгенімде, кішіпейіл де әдепті мінезбен қарсы алып, бірден-ақ тіл
табысып, өнер өрісіндегі еңбегімізді бастап жіберген сәттен-ақ, ұстаздар ұлағаты-алғыс айтуға
ғана лайықты еді.
Мәдени іс-шараларға дайындық мәселесін де, озат мектеп директоры Б. Шөкетайұлы дөп белгілеп, сабақтар аяқталған кешкілік мезгілдерде өткізілетін етіп, шешіп берген.
Сонымен өздерің білетіндей, бірлесе атқарған еңбегіміз де көп кешікпей нәтижесін бере
бастаған. Айталық, аудан орталығында өткізілген драмалық қойылымдар байқауында, одан
соң шәкірттерімен бірге ұстаздар да ат салысқан “Ауыл аламаны” атты өнер бәйгесінде де
мәреге екінші боп келгеніміз, ауыл тұрғындарын да мәре-сәре күйге түсіріп, аудан көлемінде
абыройлы болған сәт те айшықтаған еді. Бұл жетістіктерге үлкен үлесін қосқан, білім мен
тәрбиеден еркін сусындатқан мектеп ұстаздарымен бірге, ата-аналардың қамқорлығы мен
жанашырлық әрекеттері десек, артық айтқандық емес, - деп, арқасы қозып екпіндеп, бір бастаса марқаю мен мақтануға да қамшы басып жіберетін өнер адамдарының қызық мінезіне
басып, Пәкең де әңгімесін аяқтаған.
Соңғы жылдар желісінде бүлдіршін балалар да, жасөспірім қыз-жігіттеріміз де аудандық өнер
байқауларында бас жүлдеден бастап, айтулы орындар алып, ата-аналарын қуантып жүр.
Біз бұрыннан білетін П. Жүкеновтің республикалық газет-журналдарға жылдар бойы шығып
жүрген әзіл-оспақ шығармалары да, теледидардан көрсетілген отбасылық көңілді
қойылымдары да бағаланар еңбек.
Ауыл клубтары арасындағы рейтингте де алдыңғы қатарда екенімізді мақтан етсек орынды.
Міне осындай ерен еңбектерін бағалап, аудан әкімі Ғ. Омаровтың өткен жылы өз қолымен
“Алғыс хат” беруі де, азаматқа деген құрмет, бағалау болмақ.
Ауыл тұрғындарының айтар алғыстарын, ризашылықтарын, үлкен сенімдерін, өнер сүйер
қауымына айтып жеткізу – маған да бір абыройлы міндет болып көрінген еді.
САДЫҚ БӘЙМЕНОВ,
№135 негізгі мектебінің оқу ісі меңгерушісі:Атасу стансасы
,
!
ҚАБЫЛДАУ МЕКЕН-ЖАЙЫ: «Мерей» кешені
(А.Сейдімбеков көшесі №39, аудандық аурухананың жанында).
Емге келгенде дәрет алып, тазаланып келу керек.
ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ
Күнделікті 11.00-17.00 сағ.
Сенбі күні 10.00-15.00 сағ.
Жексенбі – демалыс.
Телефондары:
2-77-40
8 777 576 69 96,
8 700 911 55 59,
8 701 469 63 62.
ИП "Эшанжанов М.М.", ИП "Юлчиева Н."
Лицензияның сериясы АА-4, №0103846,
Сертификат № 0648
Нафиса қажы Мамадалықызы Юлчиева мен Мададжон қажы
Мақсұтұлы Эшанжанов бүйрек, жүрек, көз, құлақ естімеу аурулары, тұтығып сөйлеу, демікпе, қолқа безі аурулары, әйел және
еркек жыныс әлсіздігі, асқазан ауруы, тыныс мүшелері, әртүрлі
жүйке аурулары, семіру және арықтау, зәр тоқтамаушылық, бедеулік, қол, аяқ аурулары, ішімдікке құмарлық сияқты бірнеше
сырқаттардан сауықтырады. Сурет арқылы ауыр сырқаттарға, 8
жасқа дейінгі балаларға ем жасайды.
Аллаһтың нұры қонған емшілер Нафиса қажы Мамадалықызы
ЮЛЧИЕВА мен Мададжон қажы Мақсұтұлы ЭШАНЖАНОВ
Жаңаарқа ауданы тұрғындарының сұрауы бойынша қыркүйек
айының екісіне дейін емдік сеанстарын өткізеді.
Менің немеремнің сөйлеу қабілеті толық жетілмеген. Емшілер келді дегенін естіп, Аллаға сыйынып
Нафиса қажы мен Мададжон қажы Мақсұтұлынан ем алғаннан бері немерем бұрыңғыдан қарағанда
ширады, кейбір сөздерді анық айтатын болды, ұялмай сөйлеуге деген ұмтылысы бар. Бірінші
күнннен бастап белгі ыдыс-аяқтарға, шайға түсті.
«Алла шипасын берсін» дей отырып, ерлі-зайыпты емшілерге Нафиса қажы мен Мададжон қажыға
алғысымды білдіремін. Аллаға шүкір, Алла шипасын берді, Аллаға мың рахмет.
Емделіңіздер, келіңіздер!
Атасу стансасынан Атамұраттың әжесі И.Малагаздарова
Мен Туребаева Жанар Қылышбекқызы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылында
тұрамын. Менің ұлым Қалу Заңғар Ермекұлы бірнеше жыл тұтығу , шошыну болған. Хабарландырудан оқып, Нафиса қажы мен Мададжон қажының емдеу курстарына қатыстық. Бірінші
Алланың көмегімен, екінші осы емшілердің арқасында бір жеңілдік бар. Шошынуы басылды.
Тұтығу біраз басылып қалды. Үйдегі ет табақтарға белгілер түсті. Алла бар екеніне сенемін. Емшілерге мың алғысымды білдеремін.
Қалу Заңғар Ермекұлы, Бидайық ауылы
Емшілер қатерлі ісік, туберкулез, қояншық, бүйрегі іскендерді, СПИД-пен, сары
аурудың бастапқы кезеңімен ауыратындарды, аяғы ауыр әйелдерді қабылдамайды.
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
Мен Қамысбаева Бақытгүл Асқарқызы, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу
стансасында тұрамын. Менің қызым Алдашева Әсел Зейнуллақызы 7-8 жыл бойы зобпен ауырған еді. Бірнеше жыл бойы больницада болды. Ем қона қойған жоқ. Хабарландырудан оқып, Нафиса қажы мен Мададжон қажының емдеу сеанстарына қатыстым. Бірінші
Алланың көмегімен, екінші осы кісілердің көмегімен бетіміз бері қарады. Зобы кішкене кішірейді.
Алла бар екеніне сенемін. Аллаға мың мәрте рахмет және Нафиса қажы мен Маддажон қажыға мың
алғысымды білдіремін. Алланың бар екеніне сеніңіздер. Келіңіздер, ем алыңыздар.
Мен Куленова Тишкен Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы Ескене ауылынанмын.
Менің басым, асқазан, аяғымнан толық 15 сеанс алдым. Маған 4 сенаста белгі берді.
Шайға және ұнға белгілер түсті. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Жеңіл жүремін. Басым
ауырғанын қойды. Аяғым да ауырғанын қойды.Асқазаным жақсы. Бірінші Алланың көмегімен,
екінші Нафиса қажы мен Мададжон қажының көмегімен ем қонды. Аллаға рахмет. Аллаға шүкір.
Екінші Нафиса қажы мен Мададжон қажыға мың рахмет. Емге келіп көріңіздер. Сеніңіздер. Ем
алыңыздар.
Газетті баспаға әзірлеген: САЛТАНАТ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1360 дана
Тапсырыс №41
М
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
История и археология
Просмотров
99
Размер файла
5 656 Кб
Теги
газета, жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа