close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 46 пдф

код для вставкиСкачать
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Заңы Заңғар елдің-заманы озық
МЕРЕКЕЛІК РЕПОРТАЖ
29- тамыз
күні
Т ә у е л с і з д і к
саябағында Қазақстан
Р е с п у бл и к а с ы н ы ң
Конституциясы
күніне орай «Ата
Заңым-ардағым»
атты мерекелік шара
өтті. Аудан халқы
жиналған
стадион
алаңына кіре берісте
сауда
саттық
ұйымдастырылып,
келушілерге
тәттідәмділер мен сусындар
ұсынылды.
Стадион алаңы мере-
кеге сай безендірілді.
Кешеге Әз Тәукенің «Дала Заңынан» бастау алған «Жеті Жарғының» жалғасы Ата
Заңымызды ұлықтаған шарада мәдени сауық орталығының әншілері мен әртістері өткен
ғасырдағы бабаларды тартымды сомдап, көрермендер алғысына кенелді.
Мерекелік кештің екінші бөлімі салтанатты құттықтау мен марапаттарға ұласты. Аудан
әкімі Ғабдрахман Омаров
көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, ауданымыздың
өркендеуіне, биіктерден көрінуіне аянбай еңбек етіп, үлес қосқан азаматтар мен азаматшаларды Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5-тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттап, құттықтады.
Атап айтсақ еңбек ардагерлері Мұқан Базарбеков, Шахизада Әбілдин, Қайыржан Жахметов,
Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледжінің директоры Ғазым Жарылғапов, «Бидайық»
ШҚ жетекшісі Бибінұр Киікова, №132 ОМ директоры Қарлығаш Әбдіғожина, аудандық
орталық аурухана директорының орынбасары Оразкүл Әкібаева, аудандық экономика және
қаржы бөлімі басшысының орынбасары Фариза Зарубаева.
(жалғасы келесі бетте)
Бағаны тұрақтандыру – басты назарда
Теңге бағамы құлдырап, халық арасында алаңдаушылық туды. Осыған орай, жер-жерде
инфляциялық үдерістерді ба¬қылауда ұстау жөніндегі жұмыс топтары құрылды. Осы орайда
инфляциялық процесстерді тежеуге байланысты аудан әкімінің 21.07.2015 жылғы №37нқ
өкіміне сәйкес аудандық штаб және жұмысшы тобы қайта құрылды. Инфляцияны ұстап тұру
шараларын бақылауға бағытталған жұмыс тобы күн сайын дүкендердің бағаларына қадағалау
жүргізеді. Жыл басынан бері ауданның азық-түлік дүкендерінің басшыларымен әлеуметтік
маңызы бар 33 түрлі азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында әкелінген азықтүлікке 10 пайыздан артық үстеме қоспау жөнінде аудан әкімі мен 87 азық-түлік дүкендерінің
жетекшілері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Тамыздың 26-сы күні штаб төрағасы Ғабдрахман Омаров меморандумның орындалысын
қадағалау мақсатында ауданның кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Республика аумағында шыққан тауарлар бағасының негізсіз көтермеу керектігі түсіндіріліп,
аудандық азық-түлік дүкендеріндегі әлеуметтік маңызы бар тауарларға күнделікті мониторинг
жүргізіліп отыратынын айтты.
Қазіргі таңда азық-түлік өнімдеріне негізсіз бағаның өсуі байқалмайды. Негізінен азық-түлік
өнімдері Қарағанды қаласынан көтерме сауда орындарынан жеткізіледі. Осы аптада облыстық
тұрақтандыру қорына қарақұмыққа, қантқа және күрішке кәсіпкерлердің өтініміне сәйкес
сұраныс беріледі. Сонымен қоса, бау-бақшада өсірілген көкөністерді делдалсыз сатуға орындар беріліп, арзан бағамен аудан тұрғындарына сатылуда.
Баспасөз қызметі
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
Атасу кенті
№ 44/304
11 тамыз 2015 жыл
«Қ.Әбеуовке және Б.Нүркеновке Жаңаарқа ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы
12-1 тармақшасы негізінде, Қарағанды облыстық мәслихатының 28- маусым 2012 жылғы VI
сессиясының №62 шешімімен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы»
атағын беру Ережесінің 3 тармағы 11 тармақшасына және аудан әкімінің 2015 жылғы 05
тамыздағы №03-04/777 ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Көп жылдар бойы ауданның коммуналдық саласына қосқан өзіндік үлестерін ескере келіп,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайрулла Әбеуовқа және ауданның қаржы және экономика салаларының дамуына жасаған ерен еңбегін ескере келе зейнеткер Нүркенов
Бабажанға Қазақстан Республикасының Конституциясының жиырма жылдығына орай
Жаңаарқа ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілсін.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
44 сессиясының төрағасы
Ж.Рыспеков
Аудандық мәслихат хатшысы
М.Әбдішев
№46 (9696), 5 қыркүйек, 2015 жыл
Сөзбен емес, еңбегімізбен үлес қосайық!
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері елдің ертеңі, ұлттың
болашағы, ұрпақтың келешегі сынды өзекті мәселелер
Елбасы назарынан бір сәт те түсіп көрген жоқ.
Президентіміздің бастамасымен жасалған реформалар,
жүргізілген қыруар жұмыстар жағаласқан жаһандану
тұсында тұсалған аттай кібіртіктемей, қадамды ашып,
қарыштап, ілгері басты. Ол тиянақты ізденістерге
ұштасты. Мұның бастысы, тіпті ғасыр жобасы деуге
тұрарлығы «100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі
заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспары дер едім.
Стратегияның әрбір қадамы мемлекеттің мығым мүмкіншілігін айқын көрсетіп, нысана еткен
нақты жетістікке апарар түзу жолды нұсқап отыр.
Осы ретте ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуды үлкен міндет етіп
қойылды.
Осылайша, құжатта, бізге, ұстаздар қауымына артылар жүкте аз емес. Білімді ұстаз ғана сапалы маман, елінің сенімін ақтар шәкірт тәрбиелей алады. Сондықтан оларға заманауи
бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Бұл білім
саласындағы инновациялық тың жобалардың туындауына мүмкіндік береді.
«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл іс ел үшін»! Бұл бірлік пен татулықтың айнасына
айналған еліміздің азаттық алғалы бергі ұраны. Биылғы жыл Қазақстан халқы
Ассамблеясының жылы деп жариялануы халықаралық қарым-қатынас тілі – ағылшын тілінің
мәртебесін одан әрі биіктетті.
Өзім ағылшын тілінің маманы болғандықтан, жоспардың 79-қадамы көкейіме бірден қона
кетті.
Онда жоғары сыныптар мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға
кезең-кезеңмен көшу туралы айтылған. Бұл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық
және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін ағылшын
тілін игеру – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы.
Бұл биікке барлығымыз бірігіп, өз үлесімізді қосу арқылы ғана жетеміз. Сондықтан да жоспарда көрсетілген тапсырмаларды орындау әрқайсымыздың Отан алдындағы парызымыз деп
білемін.
Осынау игі істе Елбасы Н.Ә.Назарбаев баршамызға зор сенім артатынын жеткізді. Осы сенімді ақтауда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлікпен еңбек ететін боламыз. Бұл
жерде, қай-қайсымыз да сөзбен емес, еңбегімізбен үлес қоссақ, өркениетті 30 елдің қатарына
қосылу жолындағы өрелі жұмыс өрісін кеңейтіп қана қоймай, Отанымыздың абыройы асып,
экономикасы өркендеп, халқының әл-ауқатының артатыны сөзсіз.
С. ИКСАНОВА,
№132 орта мектеп ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі
Қытай «Астана ЭКСПО-2017» ҰК
ресми серіктесі атанды
Қытай ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесін өз елінде ілгерілетуге атсалысатын болады.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Назарбаевтың ҚХР мемлекетті ресми іс-сапары аясында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ
Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Халықаралық
саудаға жәрдемдесу бойынша Қытай комитетінің басшысы Цзян Цзэнвэй сәйкесінше келісімшартқа қол
қойған болатын. Қытайлық әріптестер еліміздің ұлттық
компаниясына Шанхай қаласындағы ЭКСПО-2010
көрмесінің тәжірибесін ескере отырып, өзара кеңесу,
ақпараттық-талдамалық, әдістемелік қолдау көрсететін
болды. Оның үстіне, ХСЖҚ Астана ЭКСПО-2017
көрмесіне инвестиция тартуды өз міндетіне алды.
Меморандумға сәйкес, екі жақ коммерциялық және инвестициялық қызмет, туризм бағыттары
мен бизнес-процестер саласында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға келісті. Меморандум
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Қытай нарығында ілгерілетуде ауқымды қадам болары
анық әрі ҚХР инвестициялары мен туристерін барынша көрмеге тартуға мүмкіндік береді.
ХСЖҚК «Recommended by EXPO» бағдарламасына ЭКСПО-2017 ресми серіктесі ретінде
қатысуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, осы күні тағы бір мейлінше маңызды
меморандумға ЭКСПО-2017 көрмесіне туристерді тарту бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ
мен Қытай Халық Республикасының ірі туроператоры China Council for the Promotion of International Trade қол қойылды. Бұл құжат ҚХР нарығындағы Астана қаласы мен ЭКСПО-2017
көрмесіне келушілерге арналған арнайы турпакеттердің және осы турпакет құрамында
көрмеге қатысу билет сатылымының ілгерулеуіне ықпал етеді.
ХСЖҚК – 1952 жылы құрылған қытайлық сауда ұйымы. Оған өндіріс, мемлекеттің сауда
саласындағы және басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. ХСЖҚК міндеттері сыртқы сауданы
өрбіту және Қытайдың басқа елдермен сауда байланысын нығайту болып табылады. Комитетке 70 мыңнан астам қытайлық кәсіпорындар кірді. CITS – 1954 жылы құрылған ҚХР ірі
туроператоры. Қытай аумағында 122 филиалы мен кеңсесі және шетелдерде 150-ден астам
филиалы мен өкілдіктері бар. Компания әлемнің 100-ден аса мемлекеттерінде 1400-ден аса
туристік агенттіктермен жұмыс жасайды.
Заңы Заңғар елдің-заманы озық
Еңбек ардагерлері Сүлеймен Көпеев, Балдай Ижанов облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, еңбек ардагері Әбетбай Майшин, аудандық Әділет басқармасының басшысы
Әбілқадыр Әбдіразақов, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қайрат Матин,
халықаралық дәрежедегі төреші, жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Рахметулла
Қыдырбеков, ҚР спортына еңбек сіңірген қызметкер, жоғарғы санатты жаттықтырушы
Сұлтан Тынысбаев, 2015 жылғы самбо, дзюдо күресінен Азия чемпионатының қола
жүлдегері Айдос Ғалымов, қазақ күресінен жастар арасындағы ҚР чемпионы, 2015 жылғы
Қазақстан Республикасының чемпионы Медет Бозов аудан әкімінің құрмет грамотасымен,
Жаңаарқа ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасының прокуроры Гүлмира Әбдікәрімова, аудандық жер қатынастар бөлімінің қызметкері Ақзер
Бекбаева, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Мұрат Текебаев аудан әкімінің Алғыс
хатымен марапатталды.
ҚР ұлттық бизнес рейтингтер одағының «Қазақстанның көшбасшысы-2015» ұлттық сертификатпен «Жаңаарқа-Жылу» кәсіпорыны және 2015 жылдың үздік басшысы ұлттық
сертификатымен осы мекеменің басшысы Мейіржан Әбілдинов, ұлттық бизнес рейтингтер
одағының “Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен «Жаңаарқа-Жылу»
кәсіпорынның қызметкері Айгүл Дахбай, «2015 жылдың үздік маманы» ұлттық сертификатымен «Жаңаарқа-Жылу» кәсіпорынының қызметкері Аманғали Ақылбеков марапатталды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше еңбегі және қоғамдық
өмірге белсене араласқаны үшін еңбек ардагері Қайролла Әбеуов пен ауданның экономика, қаржы және салық салаларының дамуына қосқан зор үлесі үшін еңбек ардагері
Бабажан Нүркеновке Жаңаарқа ауданының «Құрметті азаматы» атағы беріліп, кеуделеріне
ленталар тағылды.
Салтанатты шараның мәдени сауық орталығының қызметкерлері дайындаған мерекелік
концерт жалғастырды. Егемен елдің әр жылдағы жеткен жетістіктері мақтанышпен жырланып, ұлтымыздың ұйысқан мекені, алтын ордаға айналған Астана шаһары туралы ән
мен жырға кезек беріліп, жырдан шашу шашылды. Туған жер, Отан туралы әндер кезек
пен кезек шырқалып, көрермендерді шабыттандыра түсті. «Балдәурен» үлгілі бишілер
тобының орындауындағы әр ұлттың биі де көрермен көзайымына айналды. Бақытты
балалық шаққа саяхат жасаған жеткіншектер мен бөбектердің өнері де көрермендерді
тамсантты. Бағдарламаны қорытындылаған «Достық сәулесі» топтамасы халықтар
достығын насихаттады. Биылғы жылы Қазақстан халқы ассамблясына 20 жыл толды.
Бұл бөлімде ұлттар мен ұлыстардың ауызбіршілігі мен достығы жарасым тауып,
Дүйсенбай Жұмасейтовтың сөзіне жазылған Жалын Сыздықовтың «Аманат» әні автордың
орындауында шырқалды.
30-тамыз. Аудандық мәдени сауық орталығындағы дала сахнасында Ата Заң күніне
арналған мерекелік шара жалғасын тапты. Халық көп жиналатын алаңда ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Мәдениет сауық орталығының әншілері тамаша
кешті тарту етті. Осы күні алаңға жиналған көпшілік арасынан ерлер мен қыздар арасынан қол күрестіру байқауы өтіп, жеңімпаздар марапатталса, қыздар арасынан бір
орында секіру байқауы ұйымдастырылды. Екі топ арасындағы арқан тартыс та қызықты
өтті.
2
5 қыркүйек 2015 жыл
Ұлағатты ұстаз есімі берілді
1-қыркүйек-Білім күні. Жер жаһандағы барлық балалар білім күнін асыға күтеді. Үш ай
бойы демалған оқушылар бір-бірін сағынысып қауышса, алты жастан асқан балалар алғаш
мектеп табалдырығын аттап, мектеп өміріне келіп, білім бастауына ден қояды. Ауданымызға
қарасты барлық мектептерде Білім күніне арналған Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
өтті. Мектептер мен ұстаздар оқушыларын қарсы алып, алғашқы сабақтар әсерлі етіп
өткізуге асықты.
Биылғы
жылғы жаңа
о
қ
у
жылындағы
б а с т ы
жаңалық, бұл Н.Крупская
атындағы мект е п к е
ұлағатты
ұстаз,
білім
саласына
еңбегі сіңген,
ұ с т а зд а р
қ ау ы м ы н ы ң
ұстазы
Бим е н д е
Амалбековтың аты берілуі.
Өткен ғасырдан бастап білімді ұрпақ тәрбиелеуге атсалысып келе жатқан мектептің жаңа
атауға ие болуы бұл - Тәуелсіздігіміздің тартуы болды.
Жаңа мектептегі салтанатты жиын ашылмас бұрын мектеп ауласына жиналған кешегі
оқушылар мен ұстаздар, бүгінгі ақ жаулықты әжелер мен аталар өздерінің алғашқы ұстаздары
Бименде Амалбеков туралы естеліктерімен бөлісуге асыққан.
Мектеп ауласына жиналған қадірлі қонақтарды бастаған аудан әкімі Ғабдрахман Омаров алдымен қарағай көшеттерін отырғызу алаңына бастады. Ұстазға деген құрметтен бастау алған
тал егу салтанатына Бименде Амалбеков ағаның алдында отырған оқушылары, туыстары мен
балалары атсалысты. Аудан әкімі Ғабдрахман Игілікұлы құттықтау сөз сөйледі. Келесі кезекте
салтанатты жиынның қадірлі қонағы болған көпшілікті қазақ халқының сүйікті қызы, алтын
дауыс иегері, ауданымыздың тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сауық
Жақанованың сыңғырлаған дауысы бірден өзіне тартты. Білім және ғылым министрлігінің
атынан келген құттықтауды оқып, балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, Бименде Амалбеков туралы естелік айтты. Мектеп қабырғасына орнатылған Бименде Амалбековке арналған
тақтаны ашу салтанаты шәкірті, медицина ғылымдарының докторы профессор
К.Мұсылманбековке, Бименде Амалбековтың немере інісі, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі
М.Кенжеғұловқа, аудан әкімі Ғабдрахман Игілікұлына бұйырды.
Салтанатты шараның келісі сәтінде мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерді 11
сынып оқушылары жетектеп ортаға әкелді. Алғашқы қоңырауды Биекеңнің немересі соғып,
жаңа оқу жылының басталғанын паш етті.
Жиналған көпшілік Бименде Амалбеков атындағы мектептің акт залында өтетін еске алу
кешіне асықты. Алыс-жақыннан келген қонақтардың легі кең залға лық толды. Салтанатты
шараның шымылдығы түріліп, ортаға шыққан Сауық Жақановаға кеш тізгінін қолына алды.
Сыбызғы үнді Сауық апай "Абай, Шоқан, Ыбырай туралы толғанып, білімге, оқуға құштар
бабаларымыздың, қазақтың шоқ жұлдыздарының білім шамшырағына құштар болыңдар" деген аманатына кір келтірмей ақтап келе жатқан, ұрпақтар үндестігін сақтап, өз білгендерін
өзгемен бөліскен білімді ұстаз Бименде Амалбеков туралы толғана ой қозғады. Сахнаға
көтерілген Жалын Сыздықов Бименде Амалбековтың ролін тартымды сомдап, көпшіліктің
қошеметіне ие болды.
Жиналған көпшілік арасынан сахна төріне Бименде Амалбековтің бір топ шәкірттерін алғашқы
шәкірті Зәйра Игенова бастап шығып, ұстаздардың ұстазы болған Биекең туралы естеліктер
айтып, ол кісінің өмір беттерінін естеліктер айтып, ән шырқады. Барлық шәкірттері ұлағатты
ұстаздың ұмтылмас нұр бейнесі мен биязы мінезі жайлы тебірене толғады.
Екі сағатқа созылған шара соңында ұстаз ағаның ұрпақтары ортаға шығып, әкелерінің
көзін көріп, құрметтеген көпшілікке алғыстарын білдіріп, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне
арнаған әкелерінің есімін аталмыш мектепке беруге атсалысқан ел ағалары мен аудан басшыларына алғыстарын білдірді.
Жаңа есімге ие болған мектептің екінші қабатына Бименде Амалбековке арналған стенд
ұйымдастырылып, деректер мен суреттер ілініпті. Осы қабаттағы мұражайда ауданымыздағы
алғашқы жоғары білімді ұстаз Биекеңе арналып бұрыш ұйымдастырылыпты. Жиналған
көпшілік тың деректермен толыққан стендерді тамашалап, суретке түсті.
Зайра Игенова:-Мен мектеп бітіргелі 66 жыл болды. Мектепті 12 оқушы бітіріп едік содан жалғыз мен қалдым. Біз қиын қыстау күндерді еңсеріп,
елдің енді есін жия бастаған кезінде білім алдық. Ұстаз-құдірет иесі. Сондай құдіретті адам Биекең еді. Ұстамды, білімді, көреген, майда әрі
кеңпейіл болатын. Ол кісінің сабағына біріміз қалмай қатысатын едік.
Біздің санамызға сабақты құйса, өзімізге тәрбие мен тәлім берген,
болашағымызды бағдарлауға атсалысқан Биекеңнің еңбегі ұшан теңіз.
Біз білімді әрі еңбекқор болып ер жеттік. Сол қасиеттің бәрі сол кездегі
ұстаздардың арқасы.
Хамзе Сәтжанов: Біз Биекеңнің алдында отырып,
сабағын тыңдап, ақыл-кеңесіне қанығып өстік. Мектеп
бітіргенімізге 60 жыл болыпты. Сол кезде бізге ұстаздық
еткен әрбір жан жеке тұлға. Биекең өте кішіпейіл, ұйымдастырушылық
қабілеті жоғары, әр істі биязы қалпынан танбай шешетін көреген жан
болатын. Сол кісінің ерен еңбегінің арқасында есеп
сабағына жетік болдық. Ол кісі бізге ұстаз ғана емес
біздің алдымызда үлгі тұтып, бой түзейтін адам
болды.
Секер Айтмағанбетқызы: -Әр адамның өсу жолы,
өтетін өткелдері, асатын кезеңдері әртүрлі болып келеді.
Сол сияқты Биекеңде жасынан алғыр, білімге құштар, өмірдің ілімін білсем, түсінсем деп соны іске асырсам деп жанын аямаған жан. Біз сонау
кеңес заманының 70-ші жылдарынан таныс адамдармыз. Мектеп директоры
Биекеңмен сегіз жылға таяу қызметтес болдым. Ол кісінің білімділігі,
ұйымдастырушылық қабілеті, адамдармен қарым-қатынасы өте ерекше болатын.
Зекен Төребекова:-Мен Биекеңнен сабақ оқымасам да ол кісімен бірге
жұмыс істедім. Биекең мектеп директоры болғанда мен ол кісінің сол
уақыттағы орынбасары қызметін атқардым. Майда мінезді кісі еді.
Барлық мәселені дауыс көтермей, зекімей, жай баппен айтып,
түсіндіретін. Ол кісіден ескерту алған мұғалім дереу түзелуге
асығатын. Білмегенді үйретуге еш жалықпайтын еді. Барлық
әріптестерімен тең дәрежеде пікірлесіп, әр қайсымыздың ойымызбен
бөлісіп, санасатын. Үлкенге -іні, кішіге- аға қалпынан ауытқымаған
Биекеңнің бойындағы көркем мінезі мен ізденімпаздығы ол кісіні
өзгелерден оқ бойы озық етті.
САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
5 қыркүйек 2015 жыл
Конституцияның 20 жылдығына
арналған шаралар
С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында
ҚР Конституциясының 20 жылдығына байланысты Әділет басқармасының ұйымдастыруымен
дөңгелек үстел өтті. Жиынға мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
Әнұранмен ашылған жиынды Әділет басқармасының бас маманы Д.Батталова кіріспе сөзімен
жалғастырды. Әрі қарай кітапханашы Ж.Әкімова «Конституция – еркіндік кепілі» атты
тақырыпта баяндама жасап, кітапханашы М.Түсіпбаева жиынға қатысушыларды айсстопер
көрмесімен таныстырып, кітаптарға шолу жасады.
Конституцияның қоғам өміріндегі, еліміздің тарихындағы орны бөлек. Биыл ел болып
жиырма жылдығын атап өтіп отырған біздің Ата Заңымыз өз өміршеңдігін көрсетті. Ендеше,
әрбір қазақстандық Ата Заңымызды сыйлап, құрметтей білуге міндетті!
М.ҚАСЫМ
********
Целинный ауылдық округінде
Елді мекендерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, ғимараттар алды безендіріліп, ұрандар
ілінді. Ауыл кітапханасында «Ата Заң – алтын діңгегім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды,
«Конституция – кемелдік кепілі» атты тәрбие сағатты өтті.
28-тамыз күні Орынбай ауылының мәдениет үйінде салтанатты жиналыс өтті. Мемлекеттік
Әнұран орындалып, жиналғандарды ауыл әкімі М.Сәдуақасов мерекемен құттықтады.
Ауылдың көркемөнерпаздар үйірмесінің күшімен ұйымдастырылған «Ата Заңым – айбарым!»
атты концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда Ж.Марат, А.Молдабаева, А.Бакарамов,
Е.Молдабековтер патриоттық әндер шырқады. Кешінде жастармен би кеші ұйымдастырылды.
Ж.ӘБДІКӘРІМОВА
********
Бидайық ауылдық округінде
Ауылдың мәдениет үйінің алаңында 28-тамызда үлкен мерейтойлық шаралар өтті.
Көрермендерге заң жөнінде сұрақтар қойылды. Ауыл әкімі С.Баязитов және ауылдық
ақсақалдар төрағасы Т.Әлімбаев халықты мерекемен құттықтады. Жас өнерпаздар патриоттық
әндер айтып, күйлер тартып, ұлттық билер биледі.
Э.КИМ
********
С.Сейфуллин ауылдық округінде
Ынтымақ ауылының мәдениет үйінде ауыл кітапханасының қызметкерлері «Ата Заң аясында»
атты мәдени шара өткізді. Әнұран шырқалды. Ауыл әкімі К.Кокин мырза ауыл тұрғындарына
құттықтау сөз сөйледі. Концерттік бағдарламаны Г.Рышкен мен А.Әбдіқамалов жүргізіп отырды. Үлгілі ауыл кітапханашысы К.Құмарханова «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»
атты кітап көрмесіне шолу жасады. Ауыл өнерпаздары Н.Шалғынбай, Ө.Байжікен,
М.Берікқызы, К.Ашықбаев, Е.Мәжиттер туған жер жайлы әндер шырқаса, «Балауса» бишілер
тобы ұлттық нақышта билер орындады. Мәдени шараның соңы жастар биіне ұласты.
К.ҚҰМАРХАНОВА
********
Қараағаш ауылдық округінде
Мәдениет үйінде «Ата заңым - тірегім» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік кешті ауыл
әкімі Ғ.Оспанов құттықтау сөзімен ашып, еңбегімен ауылдың көркеюіне үлес қосып жүрген
азаматтарға мақтау қағаздарын тапсырды. Мереке барысында Ата Заң турасында жан-жақты
мәлемет берілді. Әкімшіліктің жетекші маманы Т.Жухин, В.Кенжетаева құттықтап және
марапатталғандар атынан З.Әлібекова алғысын жаудырып, алдағы уақытта да еңбек ете беретіндерін жеткізді. Кеш ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Т.ЖУХИН
*******
Ералиев ауылдық округінде
Ауылдық мәдениет үйінде «Ата Заңым аялайды елімді» атты салтанатты мерекелік кеш өтті.
Мереке Әнұранмен ашылып, ауыл әкімі Е.Мәмбетов, О.Әлібаев орта мектебі директорының
міндетін атқарушы Н.Әбікенов жиналған халықты құттықтады. Ауылдық кітапхананың кітапханашылары «Ата Заңым – алтын қазығым» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Мектеп
оқушылары мен мұғалімдері, ауыл ақсақалдары, әкімдік қызметкерлері, ауылдың үлкені мен
кішісі бір кісідей іс-шараға қатысты. Салтанатты іс-шараны ауыл кітапханашысы
А.Күлмағанбетова мен М.Байдулатов жүргізді. Мектеп оқушылары мен ауылдық
көркемөнерпаздар үйірмесінің әншілері мерекеге сай әндерін шырқап, күмбірлете күйлерін
шертті. Салтанатты шара жастар би кешімен жалғасын тапты.
Ж.ҚОЖАМҰРАТОВА
********
Түгіскен ауылдық округінде
Мерекеге орай, И.Омаров атындағы мәдениет үйінде «Ата Заң – мемлекеттің тұғыры» атты
іс шара және ауыл кітапханашылары «Ата Заңым - айбыным» атты кітап көрмесін
ұйымдастырды. Мерекелік концерт еліміздің Әнұранымен ашылып, ауыл әкімі Ө.Кенжетаев
ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, ауылдық әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес
қосқан азаматтарды аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен және ауыл
әкімінің Мақтау грамотасымен марапаттады. Мерекелік концерт ауыл өнерпаздарының
қатысуымен жоғарғы дәрежеде өтті. Жұмағұл Бауыржан, Берік Нұрболат тамаша әндерімен
халықты тамсандырса, Айдана мен Айсара керемет билерімен баршаны таң қалдырды.
К.ШОТАНОВ
********
Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округте
29 тамыз күні Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдың мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай мерекелік концерт өткізілді.
Салтанатты шараның шымылдығы мемлекеттік Әнұранмен ашылып, ауылдық округ әкімінің
міндетін атқарушы Д.Жаркенов ауыл тұрғындарын айтулы мерекелерімен құттықтады. Ісшара келесі кезекте ауылдық мәдениет үйінің дайындаған мерекелік концерттік
бағдарламасымен жалғасын тапты. Кеш барысында Ж.Шегіров, Ж.Қанатова, Ж.Жахин, Қ.Тасболатова, А.Бөлекбаева сынды ауыл өнерпаздары және арнайы шақыртылған кештің қонағы,
ауданымызға танымал әнші Р.Нұрғалиев Отан, туған жер, патриоттық тақырыптардағы
әндерді айтып көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен шаттық сезім сыйлады.
Мерекелік іс-шараның соңында ауылымызда мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы қызмет
еткен еңбек ардагері Р.Иманбекова айтулы күннің айрықша атап өтілгенін, осындай тамаша
кеш сыйлаған мәдениет үйі ұжымына алғысын айтып, ақ батасын берді.
Сонымен қатар айтулы мерекеге орай ауыл кітапханасында «Айбары асқақ - Ата Заң» атты
тақырыпта кітап көрмесі өткізілді. Ауыл кітапханашысы Д.Қайырова оқырмандарға Конституциямыз жайлы баяндама оқып, «Ата Заңым тұғырым» атты сұрақ-жауап ойынын өткізді.
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
А.АЛПЫСОВ
3
Білім күні аталып өтті
Мынадыр стансасы
Жаңа оқу жылының басталу құрметіне орай, №135 негізгі мектебі де зор жауапкершілікпен
дайындалып, үлгілі ұстаз А.Қоранованың білімі мен шеберлігінің арқасында ойдағыдай аталып өтті. Алғашқы сөзді Б.Шөкетайұлы алды. Мерекелік концерт желісінде Ата Заңымыздың
және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты тақырыптық әңгімелер
де арқау болып, елді ынтымаққа, татулыққа, бірлікке шақырар, қоғамдық ізгілікті мәселелер
де орын алды.
Көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі Б.Сәдуақасованың да білімі мен ұйымдастыру
қабілетін айырықша нышандары аңғарылып тұрды. Ұлағатты ардагер ұстаздар мен ауыл
тұрғындарының баталы тілектері де жылы лебіз бен алғысқа толы сөздермен айтылып жатты.
Қорытынды сөзді оқу ісінің меңгерушісі С.Бәйменов алып, барша жұртқа абыройлы табыстар, жемісті де жеңісті өмір тіледі.
Мерекелік жиыннан соң биылғы оқу жылының алғашқы сабағы «Менің Отаным - Қазақстан»
тақырыбы бойынша әрбір сынып жетекшісінің ашық тәрбие сабағын өткізуімен басталды.
П.ЖҮКЕНОВ
*** *** ***
Қараағаш ауылдық округінде
Ынталы жалпы орта білім беретін мектебінде Білім күніне арналған салтанатты шара өтті.
Шараға қатысқандар мектеп табалдырығын аттаған балаларға ақ жол тіледі. Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы сыйға тартылды. Мектеп директоры
М.Смаилова оқушыларды құттықтап, жетістікке жеткен ұстаздарға Алғыс хат тапсырды. Салтанатты жиын 1-сынып оқушылары Р.Аманғали мен Б.Серік соққан қоңырау үнімен
жалғасты.
Г.АХМЕДИЕВА
*** *** ***
Айнабұлақ ауылдық округі
Айнабұлақ негізгі орта мектебінде 1 – қыркүйек – Білім күніне орай «Сәлем саған мектебім!» атты салтанатты жиын өтті. Жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.
Мектеп директоры А.Қ.Ускембаева оқушылар мен жиналған қауымды айтулы мерекемен
құттықтап, 2015 – 2016 оқу жылына мектеп дайындығын атап өтті. Салтанатты жиын мектеп
табалдырығын алғаш аттап отырған 1 – сынып бүлдіршіндерінің мерекелік концертіне
ұласты. Жиын соңында ауыл әкімі С.Қ.Шумбулов бірінші сынып оқушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабын сыйға тартты. Салтанатты жиыннан кейін 1- 4 – сыныптарды «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында білім сабағы, 5-8 – сыныптарда
«Қазақ елінің ерлік істері» тақырыбында ерлік сабағы, 9 – сыныпта «Мәңгілік Ел:бір ел –
бір тағдыр» атты бейбітшілік және келісім сабақтары өтті.
Т.Б.СЕРІКБАЕВА
*** *** ***
Бидайық ауылдық округінде
Округке қарасты үш мектепте өткен алғашқы қоңырау салтанатына мұғалімдер, оқушылар,
ата-аналар, еңбек ардагерлері қатысты. Мерекелік шара Әнұранның ойналуымен басталды.
Ауылдық округ әкімі С.Баязитов мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып
оқушыларын құттықтап, сәттілік тіледі. Осындай жақсы тілектерді мектеп директорлары,
«Бидайық» ш/қ жетекшісі Б.Кейкова және ауыл ақсақалдары тіледі.
Ж.ЖАКИЯНОВА
*** *** ***
М.Жұмажанов атындағы ауылдық округте
Жаңаарқа негізгі мектебінде Білім күніне байланысты «Сыңғырла қоңырау» атты салтанатты
жиын өтті. Жиынға ұстаздар қауымы, мектеп оқушылары, ата-аналар, ауыл әкімдігінің мамандары келіп қатысты. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Туының әкелінуімен және мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды.
Жиынды ауыл әкімінің міндетін атқарушы Д.Жаркенов ұстаздар қауымын және мектеп
оқушыларын Білім күнімен құттықтау сөзімен ашып, жаңа оқу жылына толағай табыстар тіледі. Келесі кезекте сөз алған мектеп директоры К.Бимендина өзінің құттықтау сөзінде мектеп
жетістіктерін атап өтіп, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушыларына
Елбасының тартуы еліміз жайлы танымдық мәліметтер қамтылған оқулықты табыстады.
Шақырылған қонақтар, ауыл ақсақалдары, ата-аналар мерекелік құттықтауларын айтып,
жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты жиында 1 сынып оқушылары өте тартымды да, әсерлі
концерттік бағдарлама қойып берді. Жиын соңы алғашқы қоңырауды соғу рәсіміне ұласты.
Ұ.Сейфуллина
“Мектепке жол” акциясы
Білім күніне орай Целинный ауылдық округіндегі Көктал жалпы білім беру орта мектебінде «Мектепке жол» атты республикалық акциясы өткізіліп, аз қамтылған және көп балалы
отбасыларына ауыл әкімшілігі, мектеп әкімшілігі ақшалай және материалдық көмек берді.
Оған ауыл әкімі М.Сәдуақасов қатысып, сөз сөйледі. Мектеп директоры Г.Айтжанова мен
«Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының жетекшісі Ш.Шуданбеков оқушыларға оқуда озат
болуын тілектестігін білдірді. Ауыл әкімшілігі ақшалай көмек берсе, мектеп ұжымы оқуға
қажетті заттар және киім-кешектер таратты.
С.МҮСІЛІМОВА
*** *** ***
Түгіскен ауылдық әкімшілігі аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына
дайындық уақытында қолдау көрсету мақсатында 11 балаға көмек ретінде оқу құралдарымен
бірге мектепке киетін киім-кешектер мен ақшалай-заттай материалдық көмектері таратылды.
Осы шараға «Жеңіс АТЗ» жеке шаруашылық серіктестігі төрағасының орынбасары С.Агитаев, Түгіскен отбасылық амбулатория қызметкерлері, Түгіскен орта мектебінің ұжымы және
жеке кәсіпкерлер М.Ілиясова, С.Мұханбетжанов, С.Байзақова, Ж.Нұрпейісова, П.Омарова
демеушілік жасады. Осы игі шараның өтуіне ауыл әкімі Ө.Кенжетаев және ауыл әкімшілігінің
аппарат қызметкерлері атсалысты.
С.ӨТЕБАЕВ
*** *** ***
Ынталы орта мектебінде «Мектепке - оқулықпен» акциясы бойынша 2-3сынып оқушылары
оқулықпен түгелдей қамтылды. Бұл акцияға аудан басындағы №132 мектептің көп үлесі
болды. Ал жылдағы оқулықпен қамту бойынша 4, 5, 6, 11 сынып оқушылары мемлекет
арқылы толық оқулықпен қамтылады. 7, 8, 9 сыныптың аз қамтылған, жетім, көп балалы
оқушылары түгелдей оқулықпен қамтылды. Осы акцияға қатысқан Г.Бақтыбаева, №132 орта
мектеп кітапханашысы Р.Казниязоваға ата-аналар мен оқушылардың айтар алғысы шексіз.
Тәлімгер М.Көпжасаровтың ата-аналармен, әлеуметтік педагогапен, сынып жетекшілерімен
тығыз үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудің арқасында оқушылар барынша оқулықпен
қамтылды.
Г.АХМЕДИЕВА
4
5 қыркүйек 2015 жыл
Жаңаарқа ауданы бойынша азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағалары
(02.09.2015 жыл)
Литр мен кг., бағалар
№
1 Тазартылған күріш,кг
2 Бірінші сұрыпты бидай ұны,кг
3 Ұн жармасы,кг
4 Қара құмық жармасы,кг
5 Сұлы жармасы,кг
6 Арпа жармасы,кг
7 Тары,кг
8 I - сұрыпты бидай наны
9 Вермишель, кг
10 кеспе, кг
11 Рожки, кг
12 Сиыр еті , кг
13 Қой еті,кг
14 Тауық еті, кг
15 Тауық сан еті, кг
16 Қоюлатылған сүт, майлылығы 2,5%
17 Қоюлатылған сүт ,майлылығы 3,2% литр
18 Айран майлылығы 2,5%, литр
19 Айран, майлылығы 3,2%,литр
20 Ірімшік,майлылығы 5-9%, кг
21 Сыр, кг
22 Тауық жұмыртқасы I-II санатты,10дана
23 Тұздалмаған сары май,майлылығы 72,5%, қоспасыз
24 сұйық, өсімдік майы, 1 литр
25 Маргарин
26 Орам жапырақ, кг
27 Пияз, кг
28 Асхана қызылшасы, кг
29 Асхана сәбізі, кг
30 Картоп, кг
31 Қант, кг
32 Тұз ( "Экстрадан" басқа), кг
33 Түйіршектелген қара шай, кг
34 Қызанақ
35 Қияр
36 Алма
"Алия"
01 қыр 02 қыр
140
140
76
76
95
95
150
150
85
85
95
95
120
120
47
47
130
130
145
145
130
130
1000
1000
0
0
570
570
460
460
170
170
180
180
200
200
190
190
0
0
850
890
110
110
580
580
260
260
260
260
85
95
65
65
65
65
75
95
65
65
158
158
35
35
1360
1360
75
95
45
230
240
200
"Жандос"
01 қыр 02 қыр
190
190
76
76
130
130
165
165
100
100
125
125
0
0
47
47
128
128
150
150
128
128
1000
1000
0
0
460
460
430
430
175
175
180
180
200
200
225
225
0
0
1050
1050
120
120
440
440
275
275
325
325
85
85
60
60
65
65
70
70
60
60
155
155
45
45
1360
1360
90
90
125
125
220
220
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
01 қыр
190
80
130
170
100
150
140
47
130
140
130
900
0
550
460
180
190
180
200
0
1200
150
550
240
325
90
55
60
90
55
165
35
1400
90
70
150
Жаңаарқа ауданының «экономика және қаржы бөлімі» ММ Атасу кенті Абай көшесі № 3/А/1
мекен-жайда орналасқан коммуналдық базармен көкөніс қоймасын сатып алу құқығымен сенімді басқаруға беру бойынша тендер жариялайды. Коммуналдық базармен көкөніс
қоймасының қалдық бағалау құны 12 147 750 теңге.
Мақсатты пайдалану бағыты: ауылшаруашылық және басқадай өнім түрлерін аудан
тұрғындарына нарықтағы бағадан төмен бағамен сату және сақтау. Пайдалану мерзімі : сенімді
басқаруға беру келісім-шартын жасасқан күннен бастап 5 жыл. Тендер 2015 жылдың 21
қырқүйек күні өтеді, уақыты :16-00 сағат.Тендердің өтетін орыны: Жаңаарқа ауданы , Атасу
кенті, Тәуелсіздік даңғылы №2/1,2 қабат, экономика және қаржы бөлімінің басшысының кабинеті. Кепілдік жарна мөлшері: қалдық құнның 3% - 364434 теңге. Кепілдік жарна аударатын
депозиттық шот: ИИК KZ 33070103KSN3022000 Қ.Р.Қаржы Министрілігінің Қазынашылық
Комитетінде, БИН 131140005032, төлемнің белгілену коды -171, КБЕ-12, мекеме коды 4592263, БИК KKMFKZ2A, KZ 4020705034592263006. Тендерге қатысуға өтінімдер мына
мекен жайда қабылданады: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы №2/1,2 қабат,
экономика және қаржы бөлімінің басшысының кабинеті. Өтінімдерді қабылдау ақпараттық
хабарлама жарияланған күннен басталады және 2015 жылдың 21 қырқүйек күні сағат 15-00
де аяқталады. Тендерді өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемдері: тендерге
қатысушылар жалға берушінің депозиттік шотына тендер өткізу туралы хабарламада
көрсетілген мөлшерде , мерзімде және тәртіпте кепілдік жарна аударады.
Тендерге қатынасушылар: тендерге рәсімделген сенім хаттың негізінде өзінің өкілдері немесе
өзі қатысады, тендерге қойылатын нысандар бойынша қосымша мәліметті тегін алады, тендер
нысандарын алдын ала көреді, құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгіне алады. Тендер
басталуға дейін кемінде күнтізбелік 3 күн қалғанда, жалға берушіні жазбаша хабарлау арқылы,
өзінің өтінішін қайтарып алады. Егер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанда біреуден аспайтын өтініш тіркелсе, тендер өтпеді деп танылады. Тендерді өткізу күнгі отырыста тендер
комиссиясының мүшелері тендерге қатысушылардың ұсыныстары салынған ішкі конверттерді
ашады және олардың ұсыныстарын жария етеді. Комиссия мүшелері конверттерді ашу алдында олардың тұтастығын тексереді.
Конверттерді ашу және ұсыныстарды жария ету кезінде тендерге қатысушылардың немесе
олардың өкілдерінің қатысуларына болады. Тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада
қамтылған талаптармен түскен ұсыныстардың сәйкестігін тексереді. Егер түскен ұсыныс тендерлік құжаттамада қамтылған талаптарға сәйкеспейтін болса аталған ұсыныстар одан әрі
қарауға жатпайды және мұндай өтініш берген тұлғаның тендерге қатысушы мәртебесі күшін
жояды. Тендер жеңімпазы болып тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сәйкес
келетін тендерге қатысушы танылады. Үміткер тендерге қатысу үшін белгіленген мерзімде
мына құжаттарды тапсыруы қажет. -тендерге қатысуға үміткердің келісім шартқа отыруға келісімі, оның тендер шартын орындау бойынша міндеттемесін қамтитын және нысанның
қажеттілігін анықтайтын өтініш; жапсырылған конверттегі тендер бойынша ұсынысы; Заңды
тұлғалар үшін: мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не болмаса анықтаманың
көшірмесі салыстыру үшін түпнұсқаны көрсетумен бірге немесе аталған құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; құрылтайшы құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін
түпнұсқаларын көрсетумен бірге немесе аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған
көшірмелері; өтініш берген күнге үш айлық мерзімнен аспайтын салық, міндетті зейнетақы
қорына және әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздың жоқ екені туралы анықтамалардың түп
нұсқалары; коммуналдық меншікке өкілетті органның депозиттік шотына кепілдік жарнаның
аударылғанын растайтын құжаттың түп нұсқасы, үміткердің өкілінің уәкілеттігін дәлелдейтін
құжат. Жеке тұлғалар үшін: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі салыстыру үшін
түпнұсқаны көрсетумен бірге; коммуналдық меншікке өкілетті органның депозиттік шотына
кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын құжаттың түп нұсқасы.
Жеке кәсіпкерлер үшін: -жеке басын күәландыратын құжаттың көшірмесі салыстыру үшін
түпнұсқаны көрсетумен бірге; -жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі салыстыру үшін түпнұсқаны көрсетумен бірге; өтініш берген күнге үш айлық мерзімнен аспайтын салық, міндетті зейнетақы қорына және әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздың жоқ
екені туралы анықтамалардың түп нұсқалары; коммуналдық меншікке өкілетті органның депозиттік шотына кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын құжаттың түп нұсқасы. Тендер
нысандары бойынша құжаттармен мына мекен жайда танысуға болады: Жаңаарқа ауданы,
Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 2/1,2 қабат, экономика және қаржы бөлімінің басшысының
кабинеті. Тендерлік құжаттама белгіленген тәртіпте тіркелген тендерге қатысушыларға беріледі. Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 2-62-64
"Алем"
02 қыр
190
80
130
170
100
150
140
47
130
140
130
900
0
550
460
180
190
180
200
0
1200
150
550
240
325
90
55
60
90
55
165
35
1400
90
70
150
"Айсұлу"
01 қыр
02 қыр
220
220
0
0
150
150
180
180
115
115
110
110
120
120
47
47
140
140
150
150
140
140
0
0
0
0
0
0
500
500
0
0
220
220
180
180
220
220
0
0
850
850
0
0
600
600
275
275
300
300
0
0
100
100
0
0
0
0
100
100
185
185
40
40
1740
1740
250
250
180
180
250
250
01 қыр
200
84
0
180
140
120
0,0
47
130
200
130
0,0
0,0
0,0
480
0,0
200
200
0,0
0,0
1000
130
350
280
325
100
80
80
70
80
170
45
1120
0
120
250
"Асхат"
02 қыр
200
84
0
180
140
120
0,0
47
130
200
130
0,0
0,0
0,0
480
0,0
200
200
0,0
0,0
1000
130
350
280
325
100
80
80
70
80
170
45
1120
0
120
250
Орташа баға
188
79
126
169
100
120
127
47
132
157
132
967
0
527
466
175
194
192
209
0
998
128
504
266
307
93
72
68
76
72
168
40
1396
131
145
214
Жаңаарқа ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
ГУ «Отдел экономики и финансов Жанааркинского района» проводит тендер по передаче в доверительное управление с правом последующего выкупа коммунального рынка и овощехранилища расположенных по адресу: пос.Атасу,улица Абая 3/А/1 с остаточной оценочный
стоймостью 12 147 750 тенге. Целевое назначение: хранение и реализация сельскохозяйственной
и других видов продукции по цене ниже рыночных населению района. Срок доверительного
управления:5 лет с момента заключения договора. Тендер состоится 21 сентября 2015 года, время
16-00 часов. Место проведения тендера: Жанааркинский район, пос.Атасу, пр.Тауелсиздик №2/1,
2 этаж, кабинет руководителя отдела экономики и финансов. Размер гарантийного взноса:
364434 тенге - 3% от остаточной стоймости. Реквизиты для перечисления гарантийного взноса:
депозитный счет ИИК KZ33070103KSN3022000 в Комитете Казначейства Министерства финансов РК, БИН 131140005032, код назначения платежа - 171, КБЕ-12, код учреждения - 4592263,
БИК ККМFKZ2A, KZ 4020705034592263006. Заявки на участие в тендере принимаются по адресу: Жанааркинский район, пос. Атасу, пр. Тауелсиздик №2/1, 2 этаж, кабинет руководителя
отдела экономики и финансов. Прием заявок начинается со дня публикации информационного
сообщения и заканчивается в 15-00 часов 21 сентября 2015 года. Условия проведения тендера
и критерии выбора победителя: участники тендера вносят гарантийный взнос в размере, сроки
и порядке, указанные в извещении о проведении тендера на депозитный счет наймодателя.
Участники тендера: участвуют в тендере лично или через своих представителей на основании
доверенности; бесплатно получают дополнительные сведения по объектам тендера; предварительно осматривают объекты тендера; обращаются в суд при нарушении их прав; отзывают свое
заявление на участие не менее чем за три календарных дней до начала тендера, сообщив об этом
письменно наймодателю. Если на момент окончания срока приема заявлении зарегистрировано
не более одного заявителя тендер признается несостоявшимся. В день проведения тендера на
заседании члены тендерной комиссии вскрывают внутреннние конверты с предложениями участников тендера и оглашают их предложения. При вскрытии конвертов и оглашении предложении
комиссия проверяет их целостность. При вскрытии конвертов и оглашении предложении могут
присутствовать участники тендера или их представители. Тендерная комиссия проверяет соответствие представленных предложений требованиям,содержащимся в тендернеой документации.
В случае если представленные предложения не соответствуют требованиям, содержащимся в
тендерной документации, указанные предложения не подлежат дальнейшему рассмотрению и
лицо, подавшее такое заявление, утрачивает статус участника тендера. Победителем тендера
признается участник тендера чьи предложения, отвечают всем требованиям, содержащимся в
тендерной документации. Для участия в тендере претенденту в установленнныен сроки необходимо представить: -заявку на участие в тендере, означающее письменное обязательство заключить договор на условиях тендера и предложенных самым участником тендера, с указанием
найменования объекта, а также обоснования потребности в обьекте. Предложения по условиям
тендера в запечатанном конверте. Для юридических лиц: копия свидетельства либо справка о
государственной регистрации (перерегистрации), с предъявлением оригинала для сверки или
нотариально засвидетельственная копия указанного документа; копии учредительных документов с предьявлением оригинала для сверки либо нотариально засвидетельствованные копии
указанных документов; оригиналы справок об отсутствии налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам и социальным отчислениям более чем за последние три месяца, предшествующих дате подачи заявки; оригинал платежного поручения,
подтверждающего перечисление гарантийного взноса на депозитный счет, уполномоченного органа по коммунальному имуществу; документ, удостоверяющий полномочия представителя
участника тендера. Для физических лиц: копии документов, удостоверяющего личность физического лица, с предьявлением оригинала для сверки либо нотариально засвидетельствованные
копии указанных документов; оригинал платежного поручения, подтверждающего перечисление
гарантийного взноса на депозитный счет, уполномоченного органа по коммунальному имуществу. Для индивидуальных предпринимателей: копии свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя, документов, удостоверяющего личность физического
лица, свидетельства налогоплательщика с обязательным предъявлением оригиналов для сверки
либо нотариально заверенные копии указанных документов; оригиналы справок об отсутствии
налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам и социальным
отчислениям более чем за последние три месяца, предшествующих дате подачи заявки; оригинал платежного поручения, подтверждающего перечисление гарантийного взноса на депозитный счет, уполномоченного органа по коммунальному имуществу; Ознакомиться с документами
по объектам тендера можно по адресу: Жанааркинский район, пос. Атасу, пр. Тауелсиздик №2/1,
2 этаж, кабинет руководителя отдела экономики и финансов. Тендерная документация представляется участникам тендера, зарегистрированным в установленном порядке. Дополнительную
информацию можно получить по телефону 2-62-64
5 қыркүйек 2015 жыл
«ВНЕШАУДИТ»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінiң «Сарыарқааудит»
Жезқазған филиалы
Жезқазған қаласы, Шевченко көшесi, 38 үй
тел/факс 8 (7210) 76 85 53
Жезказганский филиал «Сарыаркааудит»
Товарищества с ограниченной ответственностью
«ВНЕШАУДИТ»
Карагандинская обл., г. Жезказган, ул.
Шевченко, дом 38
тел/факс 8 (7210) 76 85 53
5
Приложение 2 к приказу Министра финансов
Республики Казахстан от 20 августа 2010 года № 422 Форма 1
Наименование организации: КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ТАЗАСУ"
АКИМАТА ЖАНААРКИНСКОГО РАЙОНА ОТДЕЛА ЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОГО ХОЗЯЙСТВА,ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА И АВТОМОБИЛБНЫХ ДОРОГ ЖАНААРКИНСКОГО РАЙОНА
Сведения о реорганизации:
Вид деятельности организации: Сбор, обработка и распределение воды
Организационно-правовая форма: Гос.предприятие, основанное на праве хозяйственного ведения
Тип отчета: Не консолидированный
Среднегодовая численность работников: 83 чел.
Субъект предпринимательства: Средний
Юридический адрес (организации): Казахстан, 100500, Карагандинская область, Жанааркинский район,
пос.Атасу,ул.Абая 19, сотовый: гл.бухгатера Кызылбаев , тел: 7103026005, факс: 7103028548, веб-сайт: tazasuzhanaarka@mail.ru
БУХГАЛТЕРСКИЙ БАЛАНС
за период с 01.01.2014по 31.12.2014г
Наименование статьи
I. Краткосрочные активы:
Денежные средства и их эквиваленты
Краткосрочная торговая и прочая дебиторская
задолженность
Текущий подоходный налог
Запасы
Прочие краткосрочные активы
Итого краткосрочных активов (сумма строк с
010 по 019)
Активы (или выбывающие группы), предназначенные для продажи
Долгосрочная торговая и прочая дебиторская задолженность
Инвестиции, учитываемые методом долевого
участия
Инвестиционное имущество
Основные средства
Биологические активы
Разведочные и оценочные активы
Нематериальные активы
Отложенные налоговые активы
Прочие долгосрочные активы
Итого долгосрочных активов (сумма строк с
110 по 123)
Баланс (строка 100 +строка 101+ строка 200)
III. Краткосрочные обязательства
Займы
Производные финансовые инструменты
Прочие краткосрочные финансовые обязательства
Краткосрочная торговая и прочая кредиторская
задолженность
Краткосрочные резервы
Текущие налоговые обязательства по подоходному налогу
Вознаграждения работникам
Прочие краткосрочные обязательства
Итого краткосрочных обязательств (сумма
строк с 210 по 217)
Прочие долгосрочные обязательства
Итого долгосрочных обязательств (сумма
строк с 310 по 316)
V. Капитал
Уставный (акционерный) капитал
Нераспределенная прибыль (непокрытый убыток)
Итого капитал, относимый на собственников материнской организации (сумма строк с 410 по
414)
Доля неконтролирующих собственников
Всего капитал (строка 420 +/- строка 421)
Баланс (строка 300+строка 301+строка 400 +
строка 500)
тыс. тенге
На конец отчетного
периода
На начало
отчетного периода
010
4 358
721
016
017
018
019
8 999
7 675
541
2 033
364
425
Код строки
Активы
100
101
15 931
9 185
115
116
117
118
119
120
121
122
123
136 947
80 491
11 672
11 672
148 619
164 550
Обязательство и капитал
200
210
211
212
92 163
101 348
0
213
214
9 566
9 266
300
316
32
5 299
8 906
23 803
73 756
9
1 688
11 814
22 777
11 672
410
66 342
66 342
414
649
557
420
421
500
66 991
66 899
215
216
217
400
Руководитель: Боканов Омирзак
Главный бухгалтер: Кызылбаев Толеухан Жарылканович
73 756
66 991
164 550
11 672
66 899
101 348
Приложение 3 к приказу Министра финансов
Республики Казахстан от 20 августа 2010 года № 422 Форма 2
Наименование организации: КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ТАЗАСУ"
АКИМАТА ЖАНААРКИНСКОГО РАЙОНА ОТДЕЛА ЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОГО ХОЗЯЙСТВА,ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА И АВТОМОБИЛБНЫХ ДОРОГ ЖАНААРКИНСКОГО РАЙОНА
Отчет о прибылях и убытках
за период с 01.01.2014 по 31.12.2014
тыс. тенге
За отчетный За предыдущий
Наименование показателей
Код строки
период
период
Выручка
010
55 787,00
99 254,00
Себестоимость реализованных товаров и услуг
011
133 153,00
102 404,00
Валовая прибыль (строка 010 – строка 011)
012
-77 366,00
-3 150,00
Расходы по реализации
013
Административные расходы
014
12 867,00
11 963,00
Прочие расходы
015
Прочие доходы
016
90 348,00
15 158,00
Итого операционная прибыль (убыток) (+/- строки с 012 по 016)
020
115,00
45,00
Доходы по финансированию
021
Расходы по финансированию
022
Доля организации в прибыли (убытке) ассоциированных организаций и
совместной деятельности, учитываемых по методу долевого участия
023
Прочие неоперационные доходы
024
Прочие неоперационные расходы
025
Прибыль (убыток) до налогообложения (+/- строки с 020 по 025)
100
115,00
45,00
Расходы по подоходному налогу
101
23,00
9,00
Прибыль (убыток) после налогообложения от продолжающейся
200
92,00
36,00
деятельности (строка 100 – строка 101)
Прибыль (убыток) после налогообложения от прекращенной деятель201
ности
Прибыль за год (строка 200 + строка 201) относимая на:
300
собственников материнской организации
долю неконтролирующих собственников
Прочая совокупная прибыль, всего (сумма строк с 410 по 420):
400
в том числе:
Переоценка основных средств
Переоценка финансовых активов, имеющихся в наличии для продажи
Доля в прочей совокупной прибыли (убытке) ассоциированных организаций и совместной деятельности, учитываемых по методу долевого
участия
Актуарные прибыли (убытки) по пенсионным обязательствам
Эффект изменения в ставке подоходного налога на отсроченный налог
дочерних организаций
Хеджирование денежных потоков
Курсовая разница по инвестициям в зарубежные организации
Хеджирование чистых инвестиций в зарубежные операции
Прочие компоненты прочей совокупной прибыли
Корректировка при реклассификации в составе прибыли (убытка)
Налоговый эффект компонентов прочей совокупной прибыли
Общая совокупная прибыль (строка 300 + строка 400)
Общая совокупная прибыль относимая на:
собственников материнской организации
доля неконтролирующих собственников
Прибыль на акцию:
в том числе:
Базовая прибыль на акцию:
от продолжающейся деятельности
от прекращенной деятельности
Разводненная прибыль на акцию:
от продолжающейся деятельности
от прекращенной деятельности
410
411
412
413
414
415
416
417
418
419
420
500
600
0,00
Руководитель: Боканов Омирзак
Главный бухгалтер: Кызылбаев Толеухан Жарылканович
Приложение 4 к приказу Министра финансов
Республики Казахстан от 20 августа 2010 года № 422 Форма 3
Наименование организации: КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ТАЗАСУ"
АКИМАТА ЖАНААРКИНСКОГО РАЙОНА ОТДЕЛА ЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОГО ХОЗЯЙСТВА,ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА И АВТОМОБИЛБНЫХ ДОРОГ ЖАНААРКИНСКОГО РАЙОНА
Отчет о движении денежных средств (прямой метод)
за период с 01.01.2014по 31.12.2014
тыс. тенге
Код
За отчетный
строки
период
Наименование показателей
I. Движение денежных средств от операционной деятельности
1. Поступление денежных средств, всего (сумма строк с 011 по 016) 010
160 985,00
в том числе:
реализация товаров и услуг
011
59 795,00
прочая выручка
012
авансы, полученные от покупателей, заказчиков
013
поступления по договорам страхования
014
полученные вознаграждения
015
прочие поступления
016
101 190,00
2. Выбытие денежных средств, всего (сумма строк с 021 по 027)
020
157 348,00
в том числе:
платежи поставщикам за товары и услуги
021
71 074,00
авансы, выданные поставщикам товаров и услуг
022
выплаты по оплате труда
023
45 523,00
выплата вознаграждения
024
выплаты по договорам страхования
025
подоходный налог и другие платежи в бюджет
026
38 108,00
прочие выплаты
027
2 643,00
3. Чистая сумма денежных средств от операционной деятельности
(строка 010 – строка 020)
030
3 637,00
II. Движение денежных средств от инвестиционной деятельности
прочие поступления
051
2. Выбытие денежных средств, всего (сумма строк с 061 по 071)
060
3. Чистая сумма денежных средств от инвестиционной деятельности (строка 040 – строка 060)
080
III. Движение денежных средств от финансовой деятельности
2. Выбытие денежных средств, всего (сумма строк с 101 по 105)
100
в том числе:
погашение займов
101
выплата вознаграждения
102
выплата дивидендов
103
выплаты собственникам по акциям организации
104
прочие выбытия
105
3. Чистая сумма денежных средств от финансовой деятельности
110
(строка 090 – строка 100)
4. Влияние обменных курсов валют к тенге
120
5. Увеличение +/- уменьшение денежных средств (строка 030 +/строка 080 +/- строка 110)
6. Денежные средства и их эквиваленты на начало отчетного периода
7. Денежные средства и их эквиваленты на конец отчетного периода
Руководитель: Боканов Омирзак
Главный бухгалтер: Кызылбаев Толеухан Жарылканович
За предыдущий
период
174 940,00
111 592,00
46 363,00
16 985,00
174 417,00
101 067,00
40 840,00
24 485,00
8 025,00
523,00
0,00
130
3 637,00
523,00
150
4 358,00
721,00
140
721,00
198,00
Приложение 6 к приказу Министра финансов
Республики Казахстан от 20 августа 2010 года № 422 Форма 4
Наименование организации: КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ТАЗАСУ"
АКИМАТА ЖАНААРКИНСКОГО РАЙОНА ОТДЕЛА ЖИЛИЩНО-КОММУНАЛЬНОГО ХОЗЯЙСТВА,ПАССАЖИРСКОГО ТРАНСПОРТА И АВТОМОБИЛБНЫХ ДОРОГ ЖАНААРКИНСКОГО РАЙОНА
Отчет об изменениях в капитале
за период с 01.01.2014по 31.12.2014
тыс. тенге
Наименование компонентов
Сальдо на 1 января предыдущего года
Изменение в учетной политике
Пересчитанное сальдо (строка
010+/строка 011)
Общая совокупная прибыль,
всего(строка 210 + строка 220):
Код
строки
010
011
100
200
Капитал материнской организации
ВыкупленНеные
рассобственпреде
Уставный Эмис- ные долелен(акционер- сионвые
ная
ный)
ный
инструприРекапитал
доход
менты
зервы быль
Доля
неконтролирующи
х
собственни- Итого
ков капитал
19 979,00
521,00
20 500,00
19 979,00
521,00
20 500,00
36,00
36,00
(жалғасы келесі бетте)
6
Прибыль (убыток) за год
Прочая совокупная прибыль, всего (сумма строк с
221 по 229):
в том числе:
Прирост от переоценки основных средств (за минусом налогового эффекта)
Перевод амортизации от переоценки основных
средств (за минусом налогового эффекта)
Переоценка финансовых активов, имеющиеся в наличии для продажи (за минусом налогового эффекта)
Доля в прочей совокупной прибыли (убытке) ассоциированных организаций и совместной деятельности, учитываемых по методу долевого участия
Актуарные прибыли (убытки) по пенсионным обязательствам
(жалғасы. Басы алдыңғы бетте)
210
36,00
488,00
220
221
222
223
224
225
Эффект изменения в ставке подоходного налога на
отсроченный налог дочерних организаций
226
Хеджирование денежных потоков (за минусом налогового эффекта)
227
Курсовая разница по инвестициям в зарубежные
организации
228
Хеджирование чистых инвестиций в зарубежные
операции
229
Операции с собственниками , всего (сумма
300
строк с 310 по 318):
в том числе:
Вознаграждения работников акциями:
310
в том числе:
стоимость услуг работников
выпуск акций по схеме вознаграждения работников
акциями
налоговая выгода в отношении схемы вознаграждения работников акциями
Взносы собственников
311
Выпуск собственных долевых инструментов
312
(акций)
Выпуск долевых инструментов связанный с объединением бизнеса
313
Долевой компонент конвертируемых инструментов
(за минусом налогового эффекта)
314
Выплата дивидендов
315
Прочие распределения в пользу собственников
316
Прочие операции с собственниками
317
Изменения в доле участия в дочерних организациях, не приводящей к потере контроля
318
Сальдо на 1 января отчетного года (строка 100 +
строка 200 + строка 300)
400
Изменение в учетной политике
401
Пересчитанное сальдо (строка 400+/строка 401)
500
Общая совокупная прибыль, всего (строка 610+
строка 620):
600
Прибыль (убыток) за год
610
Сальдо на 31 декабря отчетного года (строка 500
800
+ строка 600 + строка 700)
Руководитель: Боканов Омирзак
Главный бухгалтер: Кызылбаев Толеухан Жарылканович
5 қыркүйек 2015 жыл
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жаңаарқа ауданының тумасы, Астана қаласының тұрғыны Әбдікәрімов Ертай
Мәуленұлы мен жары Қарлығаш Маратқызын құда мен құдағи болуымен
құттықтаймыз! Ертайды 8-қыркүйек күні 50 жасқа келуімен, анасы Айтжамалды 7қыркүйекте 70 жасқа келуімен, қарындасы Айгүлді 8-қыркүйек күнгі туған күнімен, келіні
Айгерімді 12-қыркүйек күнгі туған күнімен, жиені Динараны 25-қыркүйек күнгі туған
күнімен құттықтаймыз!
Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақытты өмір тілейміз. Алланың нұры жаусын!
Ізгі ниетпен: анасы - Нәкен, бауырлары - Рабани-Гүлнәр, Ақсұңқар, Дариға.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Ардақты да асқар таудай әкеміз Амзин Иманғазы және
асыл да аяулы анамыз Жаманбаева Светлана 60 жасқа
толып отыр. Отбасымыздың қос діңгегіндей болып, біздерді
аялап өсірген асыл жандарға шуақты күндердің көп болуын
тілейміз. Сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға амандық
тілей отырып, өмір жастарыңыз ұзақ болып, отбасы ортасында бала-шағаның тек қана қуанышына бөленіп,
еңбектеріңіздің зейнетін көріп жүре беріңіздер дейміз.
Біз тілейміз сіздерге тек амандық,
Кездеспесін жолдарыңыздан жамандық.
Алла берген бар нәсіпті теріңіздер,
Бар қызығын өмірдің көріңіздер.
46 363,00
Зор денсаулық біз тілейміз әрқашан,
Жете бергін армандарға аңсаған.
Өмірдің мәні болған ұрпағыңыз,
Мол қуаныш сыйлай берсін әрқашан!
Ақ тілекпен: балаларыңыз - Құралай-Ғайният, Меруерт-Мұрат, Ағнұр-Мейрам,
Ақгүл-Әнуар, жиендері - Назым, Еңілік, Еркетолқын, Елдана, Маржан, Тілек, Аяна.
46 363,00
ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!
66 342,00
66 342,00
66 342,00
557,00
66 899,00
92,00
92,00
92,00
92,00
557,00
649,00
66 899,00
66 991,00
Тауар таңбасы туралы не білесіз?
Мемлекетімізде 1999 жылы 26-шілдеде «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және
тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заң (бұдан әрі-Заң) қабылданған. Бұл Заң 13
тарау, 48-баптан тұрады. Аталмыш Заң тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және
тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайлануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасында тауар таңбасы құқықтық қорғау Заңда белгіленген тәртіпте
оларды тіркеу негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына
орай тіркеусіз беріледі. Тауар таңбасына куәлікпен куәландырады, тауар таңбасының иесі
көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар таңбасын пайдалану мен
оған иелік етудің айрықша құқығына ие. Сонымен қоса, қорғалатын тауар таңбасын оның
иесінің келісімінсіз ешкім пайдалана алмайды.
Тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және өзге де белгілер немесе
бір тұлғалардың тауарлары мен қызметтерін басқа тұлғалардың біртектес тауарларынан немесе қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін олардың аралас үлгілері тіркелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес, азаматтық айналымға
қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру
құралдарына:
1) фирмалық атаулар;
2) тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері);
3) тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету)
4) Азаматтық Кодексте және заң актілерінде көзделген реттерде азаматтық айналымға
қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердің басқа да дараландыру құралдары жатады.
Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінім тапсыру қажет. Заңда белгіленген негізде өтінімге
қойылатын талаптар:
1.Өтінім бір тауар таңбасына қатысты болуға тиіс.
2.Өтінім бір үлгі бланкіде берілуге және:
1)өтінім берушіні, сондай-ақ оның орналасқан жерін немес тұрғылықты жерін көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргізу туралы өтінішті; 2)мәлімделген белгіні;
3)тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және
қызметтердің тізбесін қамтуға тиіс.
3.Өтінімге:
1)сараптама жүргізу жөніндегі сараптама жасау ұйымы қызметтерінің ақысы төленгенін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс. Төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес белгіленеді; 2)іс жүргізу өкіл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенімхат;
3)ұжымдық тауар таңбасына өз атына тіркеуге уәкілетті ұйымның атауын, бұл таңбаны тіркеу
мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектілер тізбесін, ұжымдық тауар таңбасымен
белгіленетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен бірыңғай сапасын немес өзге
де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртібін, ұжымдық
тауар таңбасы жарғысының ережелерін бұзғаны үшін жауаптылықты қамтитын ұжымдық
тауар таңбасы жарғысы қоса тіркелуге тиіс.
4.Өтінім және оған қоса тіркелетін құжаттар қазақ немес орыс тілінде табыс етіледі. Егер
құжаттар басқа тілде табыс етілген болса, өтінім беруші бір ай мерзімде олардың қазақ немесе
орыс тіліндегі аудармасын тапсырады.
Д.Ж.БАТТАЛОВА,
Жаңаарқа ауданының
әділет басқармасының бас маманы
Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті Жаңаарқалықтар!
Баршамызды қуаныш-шаттыққа бөлейтін, құт-берекелі, мұсылман қауымының ұлық мерекесі
– Құрбан айтқа аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!
Әлемнің әр түкпірін мекендеген мұсылмандар бұл күні Жаратушы Иеміздің разылығы үшін
құрбан шалып, Алланың мейірім-шапағатына бөленуге тырысады. Адам осындай ізгі амалы
арқылы Раббысына жақындай түседі. Ал «құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген
мағынаны білдіреді. Бұл күні қажылыққа аттанған мұсылман бауырларымыз, отандастарымыз
жүздерін Қағбаға қаратып, Арафат тауында еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігін тілеп,
екі дүниенің бақытын сұрап, Жаратқанға жалбарына дұға жасайды.
Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті, асыл дініміздің жанашыры Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Құрбан айт мейрамын Қазақстан жұртшылығы үшін демалыс күні деп жариялады.
Бұл – ұлық мерекені халықтық деңгейде атап өтуге, көпұлтты Отанымызды мекен еткен
халықтар достығы мен бірлігін нығайта түсуге септігін тигізіп келеді. Ең бастысы, біз мұны
дәстүрлі дініміз Исламға көрсетілген құрмет деп білеміз.
Құрбан айтты атап өтудің мәні мен мағынасы зор. Алланы бір, пайғамбарды хақ деп білген
мұсылмандар мешіттерімізде айт намазын оқып, дұға жасап, бір-бірін мерекемен құттықтап,
мәре-сәре болғаннан кейін құрбандық шалады. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң,
тұрмысы төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектерге таратылады. Осылайша
адамда мейірім, қамқор, кешірім, қайыр-шапағат, сабыр сынды көркем мінез қалыптасады.
Бұл – ағайын арасын жақындата түсетін күн. Араздасқан адамдар татуласып, өзара кешірім
жасап, туысқандық байланысты күшейтуге итермелейтін ұлық мейрам. Өйткені, Алла
тағала:«Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр» («Ағраф» сүресі,
199-аят) деп мұсылмандарды барынша кешірімді бола түсуге шақырған. Құрбан айт күні
ағайын-туыстырды, дос-жарандар мен көршілерді айтпен құттықтап, ақ дастарқан басында
Алланың бұйырған ризық-несібесінен, құрбандық етінен дәм татқан абзал.
Құрбан айт – отбасы құндылығын арттыратын мереке. Ата-анаға, Құдай қосқан жарымызға,
бала-шағамызға арнайы сыйлық беру, жаңа киім әперу – мейрамның сәнін келтіріп, мәнін арттырады. Мұндайда өскелең ұрпақ Құрбан айттың қадірі мен сауабын сезініп, ізгілікке
ұмтылады, мерекені асыға күтеді.
Құрбан айттың мұсылман жамағатын, ұлыстар мен ұлттарды біріктірудегі, өзара
бауырмалдықты арттырудағы рөлі орасан зор. Адамдар бір-біріне: «Айт құтты болсын!» айтысып, аман-саулық сұрасып жатады.
Бұл күні ерте тұрып, ғұсыл құйынып, хош иіс себініп, мешітте айт намазын оқу – сауапты іс.
Құрбандық етінен дәм тату, Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айту – сүннет амал.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүбәрак мерекені жоғары деңгейде өткізу үшін
бірқатар игі шаралар мен ізгі істерді жүзеге асыру ұйғарылды. Уағыздарда діни тұрақтылық
пен бейбітшілік, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайту мәселелеріне мән беріліп келеді.
Құрбан шалу айт намазынан кейін айттың үшінші күні ақшам намазына аз уақыт қалғанға
дейін жалғасады. Егер бұл талап орындалмаса, онда ол садақа саналады. Қой, ешкі, сиыр және
түйені құрбандыққа шалуға болады. Сиыр немесе түйені жеті кісі бірігіп, ортақ шалуды
шариғатымыз құптайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Соқырлығы анық белгілі
соқыр, ауруы белгілі аурушаң, (жүре алмайтындай дәрежеде) ақсақтығы белгілі болған ақсақ
және (жілік майы жоқ) өте арық малдар құрбандыққа жарамайды», - деген.
Қадірменді ағайын, бауырлар!Алла тағала шынайы ниеттеріңізді, ізгі амалдарыңызды және
шалған құрбандықтарыңызды қайырымен қабыл еткей! Жаратушы Иеміз баршамызға екі
дүниенің бақытын нәсіп етіп, жүзімізді жарық еткей! Еліміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз
тұғырлы әрі тыныштығы мәңгілік болғай!
Бейбіт өмірді мұрат тұтқан мұсылман қауымының ұлық мерекесі құтты болсын, ағайын!
НҰРҒАЛИЕВ БАЙДУЛАТ, Жаңаарқа ауданының бас имамы
Хабарландыру!
2015 жылдың 2-қазаны күні сағат 17-00 де аудандық мәдени сауық орталығында Атасу
кентінің Интернациональная көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері, марқұм Далбай
Ізтөлеуовтің есімін беру мәселесі бойынша көше тұрғындарының қатысуымен жергілікті
қоғамдастық жиналыс өтеді.
Барлық ұсыныстар мен ескертпелер «Атасу кенті әкімінің аппараты» ММ-де қабылданады.
Атасу кентінің әкімдігі
5 қыркүйек 2015 жыл
Бір отбасында екі мұғалім
Талиға Хамитқызы – 90 жаста. Әр мұғалім – өз
пәнінің иесі. Нағыз пән иесі болу үшін, өз пәніңе
деген сүйіспеншілік болу керек. Мұғалімдік
шеберліктің арқасында оқушыны өз пәніңе
қызықтырасың, тәрбиелейсің, дамытасың.
Әрине, әр мұғалім сабақта оқушының ақыл-ойын,
талап-талғамын, қабілетін дамыту туралы нұсқауды
басшылыққа алатыны сөзсіз, бұл мәселелерді кім
болса да күнделікті сабақ жоспарынан тыс
қалдырмайды. Күнделікті жоспар – әр мұғалімнің
жеке сабақ документі. Тиімді жасалған жоспар – тиімді өткен сабақ. Сабақты жоспарлағанда,
оқушыларды өз бетінше еңбек етуге уйрету басты
назарда болу керек. Менің әңгімем Ұлы Отан
Соғысының ардагері Хамит Балмағанбетов пен
«Қазақстан Республикасының озық қызметкері»
төсбелгісін иеленген 90 жастағы қарт ұстаз Талиға
Хамитова туралы өрбімек. Бақытты отбасының
қадірменді отағасы, майдангер, ұстаз Хамит
Балмағанбетов ұзақ жылдар ұстаздық етіп, жас
ұрпақ тәрбиесіне қыруар еңбек сіңірген адам. Орта
мектепті Нұра ауданында 1940 жылы бітірген ол, 1941 жылы міндетті әскери борышын өтеуге
шақырылған екен. Елімізге неміс-фашист басқыншылары соғыс ашқанда әскери міндетін
алаңсыз атқарып жүрген жастардың барлығы майданға аттанды. Смаленек маңында алғашқы
ұрысқа кірісті. Бірнеше ұрыстарда ерекше батылдығымен, қайсарлығымен көзге түскен жас
жауынгер 1943 жылдан бастап барлаушылар отрядында болды. Талай күрделі тапсырмаларды
орындап, тапқырлықпен жаудың тылына дейін өтіп барлау жасайтын жігіттің ерлігі майдандас
жолдастарының арасында аңыз болып тарап еді.
«Соғыс сұмдығын, біздің басымыздан өткен ауыртпалықты кейінгі ұрпақтың басына бермесін.
Ол кезде біз балаларымыздың осы бейбіт тұрмыс, бақытты болашағы үшін күрестік қой.
Қаншама абзал азаматтар ұрыс даласында қыршын кетті. Аталары өмірін қиып, қол жеткізген,
осы бақытты өмір бостандықты жастарымыз қадірлеп, елінің тыныштығы мен тәуелсіздігін
қорғайтын азамат болып өссе екен деген тілегім бар» - дейтін еді ол кісі. Сол жылдар жайлы
үлкен толғаныспен әңгімелейтін Хамит қарт.
Хамит ағаның кеудесінде сол соғыс жылдарындағы ерлігінің куәсіндей болып «Қызыл
жұлдыз» ордені мен бірнеше медальдар жарқырайтын. Соғыстан кейін Қазақ мемлекеттік
университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, ойдағыдай бітірген соң, Ақмола облысында
ұстаздық етті. Мектеп директоры болды. Кейін құрметті еңбек демалысына шыққанша С.Сейфуллин атындағы орта мектепте жас ұрпаққа сапалы білім берді. Ол кісіден білім алған
қаншама адам бүгінде облысымыздың сан-салалы шаруашылықтарында еңбек етуде.
Білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздары Хамит Балмағанбетовке деген шәкірттерінің
алғыс сезімі олардың әрқайсысының жүрек түкпірінде жатыр десем артық айтпаспын. «Әке
көрген оқ жонар» - демекші қайратты әкеден тәрбие алған балалары қалаған мамандықтарын
алып, қазірде соның зейнетін көруде. Майдангер-ұстаз кейінгі ұрпаққа «Отан бостандығы
үшін құрбан болған майдангерлерді әрқашан есте ұстаңдар, соғыс ардагерлеріне құрмет
көрсетіңдер. Тәуелсіз еліміздің өркениетті болашағы үшін күресіңдер» ,- деп үнемі ұлағатты
сөздерін айтып отыратын.
Ал, 90 жастағы ардақты ұстаз, Талиға Хамитова Алматы облысының ұйғырлар көп
қоныстанған өңірдің тумасы. Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы мемлекеттік
университетінің филология факультетінде оқып, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
мамандығына ие болған.
Жұбайы Хамитті соғыстан кейін университетте оқып жүрген кезінде кездестірген. Университетті бітірген жылы Ақмола қаласындағы Жамбыл, кейін Дария бекетіндегі мектептерде
сабақ берген. Ол кезде жұбайы Балмағанбетов Хамит мектеп директоры болған. С.Сейфуллин
атындағы орта мектепке 1963-1964 жылдары директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
болып тағайындалып, зейнеткерлікке шыққанша табан аудармай ұқыптылықпен қажырлы
еңбек етті. Талиға Хамитова университетте 5 жыл көрнекті ғалым, Сәкентанудың негізін
қалаушы Тұрсынбек Кәкішовпен бірге оқыды. Талиға мұғалім ғылымға ден қойғанында үлкен
жетістікке қол жеткізер еді. Студент кезінде ерекше қабілетті болыпты. Бұл Тәлекеңнің өз
мамандығының майталманы болғандығын көрсетеді.
Талиға мұғалім қандай сабақты өткізсе де бүкіл әдіс–тәсілдердің барлығын, түсіндірудің жолдарын бір-бірінен үзбей құрастырады. "Сабақтың мақсаты деген бір нүктеден шықса, сол
нүктеге шеңбер бойымен айналып, қайта келетіндей етіп ұйымдастырған методика жемісті
болады"- дейтін.
Талиға Хамитова жаңадан келген жас мамандарға көмек көрсететін. Жас мамандарды жинап
алып, күнтізбелік жоспар мен күнделікті жоспарды тақтаға жазып үйрететін. Сабаққа
қатысқанда биязы сөзімен, бірінші жақсылық жағын көрсететін, кемшіліктері болса жай ғана
айтатын.
Сол кезде Талиға мұғалімнің қазақ тілі мен әдебиет пәні кәбинетінің жұмысымен танысқанда
қолдан жасаған аса бай дидактикалық материалдар мен оқушылардың шығармашылық жазу
жұмыстарының үлгілерін көріп, оның ерінбей-жалықпай еңбек ететін ұстаз екеніне көзіміз
жетті.
"Ұстаз мұраты деген не? Оған жеттім деп ойлайсыз ба?",- деген сұрақтарымызға аз ойланды
да: "Ұстаз мұраты – оқушы жүрегінен орын алу. Шәкірт жүрегінің төрінен орын алсам,өзімді
бақыттымын деп есептер едім"-, деген болатын.
Талиға мұғалім қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің аудандық бірлестігін басқарды.
"ҚазССР-дің озық қызметкері" төсбелгісімен марапатталды. Республикалық, облыстық,
аудандық білім министрлігінің, бөлім басшыларының "Құрмет грамоталарымен" марапатталды.
Мектептегі «Озық мұғалімдер» стендісінде екі ұстаздың суреттері бар. Ұстаздардың өнегелі
жанұясы да да мәуелі бағын жайып, гүлдене түсті.
«Әке көрген оқ жанар» деген қағиданы ұстағандай балалары тегіс білім кәусарын құштарлана
сіңірді. Балалары Мейрамкүл, Маржанкүл, Мұрат, Марат, Бақыткүл және күйсубалалары
Қаржас, Мейрам, Аманкелді, келіндері Ермек, Гүлжандар әр саланың мамандары.
Ерлі-зайыпты Балмағанбетов Хамит пен 90 жастағы қарт ұстаз, ардақты ана Талиға
Хамитоваға мектептің алдыңғы қабырғасында мрамордан ескерткіш тақта ілінеді. Онда
екеуінің еңбек жолы жазылған бейнелері көрсетілмеген.
Алдағы айдың 19-қыркүйегінің сағат 12.00-де ескерткіш тақтаны ашылуына әріптестерін,
оқушыларды, көршілерді шақырамыз. Бүгінде Талиға мұғалім, ардақты ана Астанада
балаларының қолында.
БАҒИЛА ЫСҚАҚОВА,
мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы
7
БАЛТАБАЕВ ӘКІМ АРЫСТАНҒАЛИҰЛЫ
Үстіміздегі жылдың 29 тамызы күні Әкім Арыстанғалиұлы
Балтабаев дүниеден озды.
Әкім Арыстанғалиұлы 1932 жылы Жаңаарқа ауданы Коммунар колхозында туған. Қарағанды техникумын және Алматы
ауылшаруашылығы
институтын
бітірген.
Орман
шаруашылығында ұзақ жылдар қызмет атқарған. 1982-85
жылдары Жаңаарқа №17 ағаш отырғызу учаскесінің директоры болып жемісті еңбек етті.
Өресі биік азамат ретінде аудан халқына қадірлі бола білген
Әкім Арыстанғалиұлы саналы ғұмырын ауданның
әлеуметтік-экономикалық дамуына арнады. Соңынан өскелең
ұрпақты ерте жүріп, тәрбиелей білді. Оның еселі еңбегі
орынды бағаланып, 2 мемлекеттік медальдармен, көптеген
орман шаруашылығының грамоталарымен марапатталды.
Асыл азамат, білімді басшы бола білген Әкім Арыстанғалиұлы Балтабаевтың жарқын бейнесі
оны білетіндердің жүрегінде әркез сақталады.
Марқұмның отбасына, туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Ғ.Омаров, М.Әбдішев, М.Жандаулетов, Ю.Бекқожин, Б.Мұқанов, Қ.Қожықаев, Р.Түсіпов,
А.Жылқыбаев, Ә.Бөгенбаев, Ғ.Жарылғапов, Қ.Әбеуов.
ЕСКЕ АЛУ
Ескене ауылының тұрғыны ардақты ата, сүйікті әке, қамқор бауыр Өлкебай
Қажыбайұлының бақилық болғанына 10-қыркүйек күні жыл толады. Отбасының
алтын діңгегі, алып бәйтерегі әкеміздің орыны ойсырап тұр. Қамқоршы әрі қорғанымыздан
көз жазып, оған деген сағынышымыздан жанарымыз жасқа толғанына да жыл болды.
Елеңдеумен, келер деумен алаңдап айлар өтті. Ортамызда жайдарлы кейпімен отырмасына
көзіміз жеткенімен көңіліміз суыр емес. Егер тірі болғанда 68 жасқа толар еді. Алланың
жазуына не шара, бақұл бол ардақты жан, қимас бауыр.
Кеттің алыс келмеске, мініп өмір кемесін,
Жақсы атыңды шығардың дүниеге келгенсің.
Текті туған жан едің, мінезге бай көрікті,
Өзіңді қалай ел жұртың «жақсы адам» - демесін.
Санаңда бар сансыз ой, таудай еді талабың,
Бауыр едің бір туған, ақ мама емген ананың.
Қорғаным едің панам да, құласам демеп, сүйейтін,
Жан бауыр енді өзіңді іздеп қайдан табармын.
Сағына еске алушылар - жары Бикен, баллары, бауырлары.
Әкеміздің қайтқанына жыл толуына орай 10 –қыркүйек күні Ескене ауылындағы
«Ақниет» тойханасында ас беріліп, құран бағышталады.
ЕСКЕ АЛУ
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының тумасы, асыл балам, сүйікті бауыр, ардақты әке, асқар
таудай асыл азамат Ысқақов Тобыл Серікұлының өмірден өткеніне 40 күн де болып қалды.
“Жаңаарқа Жылу” мекемесінде еңбек етіп жүргенде үлкенге іні, кішіге аға, балаларға ата болып
жүруші еді. Бір мезетте жоқ болды да кетті. Артында талай орындалмай
қалған армандары қалды.
Азамат аялаған ақ арманды,
Артында ғалам қалды, далаң қалды.
Иманың серік болсын, айналайын,
Жүректе жарқын бейнең қалар мәңгі.
Қамшының сабындай қысқа өмір жалған,
Өлмесе бұл өмірде кімдер қалған.
Өміріңді жалғастырар ұрпағың бар,
Көреді де, көнеді де тағдыр басқа салған.
Жатқан жерің мамық, топырағың торқа, қабірің Алланың нұрына толсын!
Сағына еске алушылар: анасы - Күлбағила, апасы - Роза, жұбайы - Мая, бауырлары Тоған-Бағдат, Магарам-Алмагүл, Абзал-Анар, Сапар-Наташа, Аманкелді-Бота,
қарындастары - Ғалия, Қазына-Талантбайке, Рақымкүл, Алтынгүл-Ардақ, Айгүл, балалары, нағашылары, балдыздары, жиендері.
Марқұмның қайтыс болғанына 40 күн толуына байланысты 12-қыркүйек күні сағат 13.00де "Жаңаарқа" тойханасында құран бағышталып, құдайы ас беріледі. Ағайын-туыс, құдажегжат, нағашылар, жора-жолдас, көршілерді құдайы дәмге шақырамыз.
Бәрі бірі үшін - бірі бәрі үшін
Қазақстандағы алғашқы бесжылдықтарда халық шаруашылығын индустрияландыру бүкіл ел бойынша жоғары қарқынмен дами бастады. Индустрияландыру кезінде түсті металға, мұнайға,
көмірге бай ірі кен орындары бар аудандар мен аймақтар игеру қолға алынды. Орталық
Қазақстандағы кен орындарын игеру үшін өндірістік өңірлерде Қарағанды~ Балқаш ~Жезқазған
темір жолдарын салуды бастады. Жарық ~Жаңаарқа ~Жезқазған темір жол телімінің құрылысы 1926
жылы басталып 1937 жылдың аяғында пайдалануға берілді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы
халыққа арналған Жолдауында еліміздің экономикасымен халықтың әл ~ауқатын арттырып, темір
жол саласын нығайту жолында жаңа міндеттер қойды.Бүгінде темірдей тәртіпті ұстанған Жаңаарқа
жол дистанциясының директоры Ғабиболла Мұқұшев, Елбасымыздың Жолдауын басшылыққа ала
отырып, межелеген жоспарды орындау жолында теміржолшылардың бірлігі мен қажыр –
қайраттарын ұштастырып, өрісін кеңейте түсуде. Дистанция 2014 жылдың күз айыннан жалпы
ұзындығы 320 шақырым болатын Жезқазған ~ Қоскөл, Шұбаркөл ~Терісаққан темір жолдарына
қосымша қызмет жасауда.Әсіресе өткен жылдың қыс айларында үскірік жел мен қақаған аяз, қарлы
~ боранды күндері қар алып қалатын шалғай орналасқан телімдерде және көктемгі ауа~райының
қолайсыз күндері дистанция басшысы Ғабиболла Мұқұшев бастаған жол дистанция қызметкерлері
жол қатынасы қауіпсіздігінің талапқа сай болуын қадағалап, теміржолшылар мен бірге поездардың
кідіріссіз қозғалысын қамтамасыз етті. Мәселен бас механик Даркен Сембеков басқаратын
техникалық шеберхана қызметкерлерінің еңбектерін ерекше атап өтуге болады.Әрқайсысы
еңбексүйгіштілігі, табандылығы, өз істеріне берілгендіктерімен ерекшеленуде. Олар дистанцияның
қуатты алып техникаларын тізгіндеген машинистері мен қатар дәнекерлеуші, жүргізуші, трактор
айдаушы және басқада маман иелері. Атап айтқанда: С.Қызданов, Т.Әпендин,О.Молдабаев,
С.Қайыпберлин, І.Өмірбай, Қ.Әбдібеков, Ж.Жексенов,Е.Рымбеков, П.Надопта, және Талғат
Мұсылманбековтер. Олар өз ісін жетік меңгерген азаматтар. Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін жұмылып
кететін бірлігі жарасқан орта. Сонымен бірге, береке мен бірлік ұялаған жол дистанциясының
қызметкерлері: ПМС шаруашылық базасының шебері Қ.Құттыбаев, еңбек қорғау инженері М.Жаркеев,1санатты есепші Д.Бабасова, А.Ибраева, инженер метролог~эколог, рационализатор С.Тайкенова, қоймашы А.Ахметова және жол техниктері: Асем .Искакова, Қ.Бимакаева, Қ.Омарова,
А,Ержанова, Алма Кокеновалар мекемеде ұзақ жылдар бойы қызмет жасап келе жатқан өз
мамандықтарының шебері. Ел игілігі үшін тиянақты жұмыс жүргізіп келе жатқан мекеменің, межесі айқын, жұмысы жүйелі, табысы қомақты және ұжымды жеңіс те тұрақты мекеніңе
айналдырған секілді.
СЕРКЕБАЙ АЛТАЕВ.
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ
Құрметті қарағандылықтар!
2015 жылдың 12-қыркүйегінде Астана қаласында
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың
қатысуымен
«Мерейлі
отбасы»
Ұлттық
конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі
өтеді.
Биылғы жылы республикалық конкурста
Қарағанды облысының намысын Ұлытау ауданында тұратын Мусиндер отбасы қорғайды. Мусин
Оразалы мен оның жұбайы Камила 53 жыл бірге
отасты. Олар үлкен де тату отбасын құрып, 10 бала
өсіріп-тәрбиеледі, олардан 36 немере, 20 шөбере
сүйіп отыр.
Конкурстың жеңімпаздары 2015 жылдың 7-11
қыркүйегі аралығында өтетін интерактивті СМС және интернет арқылы дауыс беру
нәтижесінде анықталатын болады.
Сіздерден жерлестерімізге қолдау көрсетуді сұраймыз.
Ұлттық конкурста Қарағанды облысының үміткерлеріне 3 тәсілмен дауыс беруге болады:
1.6284 нөміріне 09 мәтінімен СМС-хабарлама жіберу.
2.8 803 080 00 (09) нөміріне қоңырау шалу.
3.Kaztube.kz сайтындағы «Мерейлі отбасы» - «Дауыс беру» бөлімінде дауыс беру.
Мусиндер отбасы үлгілі көп балалы 4 ұрпақтан тұратын отбасы. Отбасында 10 бала, 36 немере, 20 шөбере бар. 2014 жылы отбасы «Алтын тойын» тойлады.
Шаңырақ иесі – Мусин Оразалы 71 жаста, зейнеткер, имам. Ауданның қоғамдық өміріне белсене ат салысады. Халықпен араласа отырып, дәстүрлі исламның құндылықтарын насихаттайды, діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Жұбайы – Күлалова Камила 71 жаста, зейнеткер, «Алтын алқа» алқасымен, «Батыр ана» орденімен (1984 ж.) марапатталған.
Мусиндер облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеді – 1995
жылы олар «Қазыбек» шаруа қожалығын құрды. 20 жылғы еңбектің нәтижесінде олар өнім
сапасында және өтім нарығын кеңейтуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді: ауыл
шаруашылық өнімдерін Жезқазған, Сәтбаев қ., Ұлытау ауданына жеткізеді. Жергілікті
халықты қолдау мақсатында қайырымдылық қызметімен айналысады.
Балалары мен немерелері ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады, кәсіби табыстары
үшін алған грамоталары бар. Шығармашылықпен айналысады - ән салады, би билейді.
Отбасының басты құндылықтары – Отанға деген сүйіспеншілік, қазақ халқының салтдәстүрін сақтау.
Құрметті салық төлеушілер!
Жеке тұлғалар үшін мүлік (үй) пен жер салығын төлеудің мерзімі 2015 жылдың 1-қазанында
аяқталатынын естеріңізге саламыз.
Салық заңына сәйкес әрбір төленбеген күн үшін өсім есептеледі. ҚР әкімшілік құқық
бұзушылық Кодексінің 610 бабына сәйкес айыппұл салу жөнінде әкімшілік жауапкершілік
қарастырылған.
Сонымен бірге, салықты тыс төлету үшін салық органдары тиісті құжаттарды сотқа жібереді.
Сот шешімі бойынша сот орындаушылары салық төлемеген азаматтардың мүліктерін тізімге
алады, сондай-ақ салықтарды уақытылы төлемеген салық төлеушілер тізімі «Жаңаарқа» газеті
бетінде жарияланады.
Айппұл мен басқадай айыптық санкцияларын болдырмас үшін жедел түрде салық берешектерін төлеңіздер.
Анықтама үшін салық басқармасының СТЖ бөлімі (10 кабинет),байланыс телефоны 2-6076.
Салық басқармасы
Тұрғындар назарына
АҚШ доллорының өсуіне байланысты аудан бойынша азық-түлік өнімдеріне негізсіз
көтерілген бағаны байқасаңыздар төмендегі нөмірге хабарласыңыздар: - 2-61-01
ОБЪЯВЛЕНИЕ
В микрофинансовую организацию “KMF (КМФ)”
в п. Атасу требуется кассир. Требования: образование - высшее или средне-специальное,
опыт работы.
Телефоны: 8 (71030) 2-76-01,
8 (701) 570 99 04
ОБЪЯВЛЕНИЕ
Продам сенокосилки, грабли валковые и поперечные ГП. Куны на трактора
новые в кредит. Телефон: 8 702 849 11 10, 8 771 358 00 31.
Жалға беріледі
Абай көшесі №20 мекен-жайында орналасқан 260 шаршы метрлік нысан жалға беріледі
(“Forte” дәріханасымен жапсарлас). Хабарласу телефондары: 8 701 545 17 75, 8 701 6260600.
Жарамсыз деп саналсын
Аманжанов Айдардың атына СТПУ-12 оқу орнын “Кең өрісті тракторшы-машинист”
мамандығы бойынша 1993 жылы берілген дипломы жоғалуына байланысты жарамсыз деп
саналсын
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
СПОРТ
Былғары доп – 2015
Жаңаарқа ауданында халықты бұқаралық спортқа тартуда салауатты өмір салтын жоспарлы
насихаттауда, спорттық инфрақұрылымды дамыта отырып жоғарғы жетістіктерге жету жолында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Осы жылдың 5-6 тамызы күндері Атасу кенті әкімшілігінің «Жаңаарқа ауданының жастармен
жұмыс жасау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аулалық спорт клубтарында мүшелікте
тұратын II-III жол аралығындағы жасөспірімдер арасында Атасу кенті әкімінің кубогі үшін
кіші футболдан «Былғары доп-2015» біріншілігі өтті.
Біріншілікті Атасу кентінің әкімі Р.Түсіпов ашып, жас спортшыларға сәттілік тіледі, және
аудан тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстанымын қолдау мақсатында спорттың әр түрі
бойынша жарыстар өткізілуде, бүгінгі өткізіліп отырған жарыс осы мақсаттағы істің бірі деп
атап өтті.
Жасөспірімдердің ынта-жігерін тани отырып, оларға түсіністікпен қарап, осындай жарыстарды ұйымдастырып өткізуге ат салысып жүретін кент азаматтарына ризашылық білдіреміз.
Атап айтсақ, кент әкімі Р.Түсіповтың, аудандық жастармен жұмыс жасау орталығының бас
маманы Б.Мырзалиевтың, С.Сейфуллин атындағы қазақ орта мектебінің ұстазы
А.Аудибаевтың аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Ф.Бестембекованың
біріншілікте қазылық қылған, Жаңаарқа ауданының футбол құрама командасының ойыншысы
Қазкенов Жандәулеттің еңбектерін айрықша атап өтуге тұрарлық.
Аталмыш турнирге кент бойынша аулалық спорт клубтарынан жасақталған II команда
қатысып, өрнекті ойын көрсетті.
Ойынды көре отырып, келешекте осы жас жеткіншектерден мықты-мықты аяқ доп шеберлері
шығып, әлемді аузына қаратқан азулы командалар қалыптасып, басқа да спорт түрлері сияқты
қазақтың атын әлемге шығарса деген ойға қалдық.
Тартысты біріншілікте сауатты ойын көрсетіп, жеңімпаз атанған. «Болашақ» командасының
ойыншыларына риза бола отырып, келешектеріне табыс тілейміз.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Атасу кенті әкімінің кубогімен, мақтау грамоталарымен,
бағалы сыйлықтармен марапатталды.
А.ҚҰЛЫМБЕТОВ,
Атасу кенті әкімі аппаратының бас маманы
Орынды көрсетілген құрмет
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай барлық жердегідей біздің
ауданымызда да тиісті іс-шаралар атқарылды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына
үлес қосқан айтулы азаматтарға сый құрмет көрсетілді. Аудан экономикасының күре тамыры
болып саналатын салық – қаржы саласының майталман еңбек ардагері Нүркенов Бабажанға
ауданның «Құрметті азаматы» атағы берілсе, экономика және қаржы бөлімі басшысының
орынбасары Фаризат Зарубаева Конституцияның 20 жылдығына арналған төсбелгімен марапатталды.
Нүркенов Бабажан 1971 жылы еңбек жолын қатардағы есепші болудан бастап, кеңшардың
бас есепшісі қызметіне дейін көтерілді. Жұмыстағы іскерлігі мен ұйымдастырушылық
қабілетін байқаған сол кездегі аудан басшылары Нүркенов Бабажанға қаржы бөлімін
басқаруды сеніп тапсырады. Уақыт талабына сай атқарылған жұмыстар нәтижелі болып
ауданның қаржы бөліміне Қазақ КСР Қаржы Министрлігінің ауыспалы Қызыл Туы, ал бөлім
бастығы Нүркенов Бабажанға Құрмет Грамотасы беріледі.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қаржы бөлімінің кіріс секторының негізінде салық
басқармасының негізі құрылды. Жаңадан құрылатын салық органын басқаруға сол кездегі
аудан басшылығы тағы да Нүркенов Бабажанға сенім артады. 1990 жылдардағы дағдарыс
кезеңінде салық басқармасының жүйелі түрде жаңаша жұмыс істеуі бірінші басшыға тікелей
байланысты екенін Нүркенов Бабажан өзінің қажырлы еңбегімен дәлелдеді.
Салық басқармасынан зейнеткерлікке шыққан кезінде «Салық қызметінің үздігі»
төсбелгісімен марапатталуы талай жылғы қажырлы еңбегі мен тынымсыз ізденістерінің
нәтижесі екені сөзсіз.
Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Зарубаева
Фаризат жас болса да білімділігі мен біліктілігінің арқасында аудан экономикасының бюджеттен қаржыландырылатын саласының ыңғайлы жоспарлануына соның нәтижесінде бюджеттік қаржының қажетті мөлшерде бөлініп, толығымен игерілуіне өзіндік үлесін қосып
келеді. Өз ісінің білгірі Зарубаева Фаризаттың алдағы уақытта да толайым құрметке ие болатынына сенеміз.
Атқарылған жұмыстары көп елене бермейтін қаржы саласының мамандарының еңбектерін
елеп, уақытымен бағалай білген аудан әкімшілігі мен аудандық мәслихат басшыларына
ризашылығымызды білдіреміз. Қашанда ел мүдесі үшін аудан экономикасының жүйелі түрде
өркендеп, өсуіне өз үлесімізді қоса беретін боламыз.
Ізгі ниетпен:
Жаңаарқа ауданы бойынша кіріс басқармасы мен
ауданның экономика және қаржы бөлімінің ұжымдары
Қысқа әзірлік ойдағыдай
Биылғы көктем біздің ауданды су басуымен әбігерге салды. Топан судың әлегі бәрімізді
абдыратқанымен, көңіл түкпірінде жерге шөп көп шығатын болды деген ой қылаң
берген еді.
Аудан басшыларының дер кезінде ұйымшылдық танытып, топан судың
бетін бұруға ықпал еткенінің арқасында елді мекендердегі жұрт аппаттан аман қалды.
Алқапты айна көл басты.
Күн көзі көтерілгеннен ақ қаулаған көк көздің жауын ала жайқалды. Төрт түлік ауыл
іргесінде жатып ақ бүйірлері бұлтия көкке тойды. Ауданымызға қарасты барлық шаруа
қожалықтар қыс қамына ерте кірісті. Бүгінде барлық ауылдық округтің шаруалары
шөптерін шауып, маялап, артығын ауыл азаматтарына пұлдап қызу еңбекке кіріскен.
Жасылдай орылып, жайқалған шөп аудан тұрғындарына да сатылуда. Бағасы өткен
жылдағыдай 12-13 мыңнан емес, 6-7 мыңға сатылып жатыр. Қыстың қамын жаз ойлаған
ағайынның әр ісі берекелі болғай.
Өз тілшімізден
Газетті баспаға әзірлеген: САЛТАНАТ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1360 дана
Тапсырыс №46
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Другие
Просмотров
251
Размер файла
44 682 Кб
Теги
пдф, газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа