close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 49 пдф

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Қарт адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу
туралы ардагерлер ұйымдарының, атқарушы
органдардың басшыларына және кәсіпкерлерге
ардагерлердің Орталық кеңесінің
ҮНДЕУІ
Қымбатты достар!
Ең жарқын және шын жүректен тойланатын мерекелердің бірі – 1 қазан – қарт адамдардың
Халықаралық күні жақындап келеді, оны бүкіл прогресшіл адамзат атап өтеді. Бұл – аға
ұрпақтың қаһармандығына зор алғысымызды білдіруге мүмкіндік туғызатын күн ғана емес,
сонымен бірге, оларға шынайы назар аударылатын да күн. Бұл – аға ұрпақтың мұқтажына
тағы да бір зер салуға жақсы себеп болатын күн. Тұрмысының жайлы болуына көмектесіп,
нақты қолдау жасалатын күн. Бірақ, бұл –біздің парызымыздың азғантай ғана бөлігі. Егде
жастағы азаматтар, ең алдымен, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері
қоғам өмірінде айрықша рөл атқарады. Олар Ұлы Отан соғысы жылдарында қираған
шаруашылықты қалпына келтіруге, жаңа өнеркәсіп орындарын салуға, жас ұрпақты
тәрбиелеуге зор еңбек сіңірді. Олар бізге көп нәрсені: жарқын болашаққа сенуді, тәртіптілік
пен әділеттілікті бағалауды үйретті. Олардың ізгі жүрегінен біз қолдау көрсету мен
түсіністікпен қарауды, сабырлық пен сүйіспеншілікті, қажыр-қайрат пен шабытты көреміз,
үйренеміз. Қазақстанда қарт адамдардың проблемаларына назар аударылып келді және аударыла да береді, олардың материалдық жағдайын жақсарту, тұрмыс сапасын арттыру, қазіргі
замандағы әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылданады. Бұл Ұлы Жеңістің
70 жылдығына дайындық және оны мерекелеу кезінде айрықша көрініс тапты. Соңғы жылдары ардагерлер ұйымдарының бастамасымен елде қарт адамдарды әлеуметтік қолдаудың
айлығы өткізілуде, қазандағы мерекеге орайластырып ұйымдастырылатын ол ардагерлердің
қоғамға сіңірген еңбегі мен беделін тану бойынша жаппай жалпыхалықтық қозғалыстың,
сондай-ақ, қарт адамдарға назар аудару мен жан-жақты көмек көрсетудің ажырамас бөлігіне
айналды. Өткен жылғы айлық барысында 17 мың қайырымдылық іс-шараның өткізілгенін,
оған 800 мың адам немесе зейнеткердің 40 пайызының тартылғанын, ал есептелген тікелей
материалдық көмектің 3 млрд. теңгені құрағанын айтсақ та жеткілікті болатын шығар.
Қарттық проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару, қарт адамдардың ісіне әлеуметтік
қатысуды қалыптастыру, ұрпақтардың ынтымағын нығайту мақсатында ел ардагерлерінің
Орталық кеңесі Қазақстан Республикасының арда¬герлер ұйымдарының, атқарушы
органдардың басшыларына, кәсіпкерлерге егде жастағы азаматтарға моральдық, әлеуметтіктұрмыстық және басқа да қажетті көмек көрсету бойынша 2015 жылғы қазанда дәстүрлі
айлық өткізуге өтініш жасап, үндеу жолдайды. Күрделі экономикалық ахуалға байланысты
биылғы айлықтың өзгеше жағдайда өтетінін көре білу керек. Сондықтан, осы күнге
орайластырылған іс-шарада ардагерлер құрылымдары, әкімдіктер, халықты әлеуметтік
қорғау, денсаулық сақтау органдары, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдары, қарт
адамдарға қолдау көрсету жөніндегі ұжымдар, кәсіпорындар, мекемелер өздерінің
түзетілген, бірақ жолға қойылған бірлескен қызметін бірінші кезекте аз қамтамасыз етілген,
жалғызбасты және ауру азаматтарға көрсетулері керек. Шектеулі ресурстар мен мүмкіндіктер
олар ауадай қажет жерлерге бағытталуы тиіс. Әсіресе, қуаты азайған зейнеткерлерге күтім
жасау, олардың баспанасын және аула аумағын жинау, қысқа отын дайындау жөніндегі
әлеуметтік және волонтерлік көмекті күшейту маңызды. Қарт адамдар үшін ардагерлер
ұйым¬дары мен билік органдары тарапынан назар аударудың, жылы сөз айтудың, олардың
сіңірген еңбектерін қоғамның мойындауының, әңгімелесу кезінде құрмет көрсетудің, сеніммен қараудың маңызы зор. Алдағы айлық барысында негізінен осыған баса назар аудару
керек. Біз қарт адамдарға өткен жылдардағыдай көңіл бөлінетініне, оларға қолдау
көрсетілетініне, ал олардың мемлекеттің нақты мүмкіндіктеріне түсіністікпен қарайтынына
сенеміз.
Ардагерлердің Орталық кеңесі
Дау-дамайды реттеу туралы
Қарағанды облысы кәсіпорындары мен
ұйымдарындағы
әлеуметтік
еңбек
қатынастарындағы дау-дамай жағдайлардың
алдын-алу жалғасуда.
Өткен аптада «Қарағанды облысының ішкі саясат
басқармасы» ММ әлеуметтік тапсырысын орындау
мақсатында «Жанжалды шешу орталығы - Диалог»
ауданымызда сегіз сағаттық семинар-тренинг
өткізді. Қоғамның ішкі саясат тұрақтылықты
нығайту және даулы жағдайдың даму факторларын
азайту жөнінде жұмыс жүргізді. Іс – шаралар барысында Мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және
кәсіподақ өкілдері қатарынан бірнеше маман даярланды. Енді олар өз мекемелерінде дау-дамай
жағдайының диагностикасын жасап, дау-дамай
жағдайын реттеу стратегиясын жасай алады.
Қайшылықтарды тиімді шешу үшін ресурстар туралы
алынған
білімі
аймақтағы
еңбек
ұжымдарындағы жалжал мен дау-дамайды
уақытында ескертуге негіз болу тиіс. Диалог
орталығы мамамандары аймақтармен жұмыс жасауын ары қарай жалғастыратындықтарын айтты.
Құрбандық шалынды
24-қыркүйек
барша
мұсылман
қауымның діни мерекесі құрбан айт
күніндегі айт намазына Халық мешітіне жиналған тілегі мен тілеуі бір
жамағаттың алдында аудан әкімі Ғ.Омаров сөз сөйлеп, бүгінгі күннің ерекшеліктеріне тоқтала келе, барша қауымды
Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Жер
жаһанда
бейбітшілік
пен
ынтымақ, бақ береке болсын деген
қауым айт намазына атсалысып, дұға
жасап болған соң аудан әкімдігі атынан атан өгіз құрбандыққа шалынды.
Сондай-ақ,
“ЖаңаарқаЖылу”
мекемесінің басшысы М.Әбілдин өз
есебінен бір ірі қара сойды. Бұл
малдардың еттері жағдайы төмен отбасыларына жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізімі бойынша таратылды.
Өз тілшімізден
№49 (9699), 26 қыркүйек, 2015 жыл
Қымбатты аға буын өкілдері!
Қалыптасқан дәстүр бойынша барлық әлемдік қауымдастық 1 қазанда Халықаралық қарттар
күнін атап өтеді. Бұл мереке ардагерлерге қоғам өміріне сіңірген еңбегі үшін құрмет көрсету,
сонымен қатар, ардагерлерге қамқор пейіл танытудың айғағы болып табылады.
Аға буын өкілдеріне айрықша ықылас білдіру дәстүрі – біздің халықтың бұлжымас салты.
Қазақстанда Ел Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты
арқасында қарияларға қолайлы тіршілік жағдайларын тудыру мақсатында ауқымды істер
атқарылуда. Мемлекет басшысының басшылығымен жүргізіліп жатқан реформалар осыны
меже тұтады. Олардың түпкі мақсаты – тұрғындардың, оның ішінде, қарт адамдардың өмір
сүру деңгейін арттыру. Біз, сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңіз бізді тәрбиелеп
өсіргендеріңіз, білім бергендеріңіз, қиындықтарды еңсеріп, жеңістерге қуана білуді
үйреткендеріңіз үшін шексіз ризамыз. Енді, сіздер тек мерекеде ғана емес, күнделікті тірлікте
өздеріңізді жайлы әрі сенімді сезінулеріңіз үшін қызмет ету – біздің парызымыз. Біз егде
тартқан жандарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің түрлері мен тәсілдерін одан әрі жетілдіруге мүдделіміз. Құрметті ардагерлер! Сіздерге ел мүддесі, аймақтың дамуы мақсатында
жасаған барлық еңбектеріңіз үшін терең ризашылық пен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің
тәжірибелеріңіз, білімдеріңіз бен күш-қуаттарыңыз туған жеріміздің өркен жаюына алдағы
уақытта да қызмет ете беретініне сенімдіміз. Сіздерді парасаттылық және қайырымдылық
мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт
пен бақуатты тірлік тілейміз!
Ғ.Омаров,
М.Әбдішев,
Жаңаарқа ауданының әкімі
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Құрметті білім беру саласының қызметкерлері!
Ертеден қалыптасқан тамаша дәстүр бойынша біз қазан айының алғашқы жексенбісінде
қастерлі ұстаздық кәсібін таңдап алған адамдарға ризашылық пейілмен сөз арнаймыз.
Біздің қоғам өмірінің тәлімгері – мұғалімнің рөлі аса маңызды. Ел Президенті – Ұлт
Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған реформаларды жүзеге асыруда олардың үлесі қомақты.Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдында «100 нақты қадам» атты бағдарламасында жауапты міндеттер белгіленген. Ұстазда
- рымыздың еңбектерінің нәтижесінде аудан оқушылары терең білім мен іске бейімділікті
меңгеруде, республикалық, облыстық деңгейдегі конкурстарда жүлделі орындарды жеңіп
алуда. Сіздердің отандық білім беру жүйесінің беделін одан әрі белсенді түрде нығайта
беретіндеріңізге сенімдіміз. Сіздердің жеңілге соқпайтын ізгі ниетті еңбектеріңіз бен кең
пейілдеріңіз, жоғары кәсіби шеберліктеріңіз үшін шынайы ризашылық сезімін білдіреміз.
Осынау мерекелі күні біз педагогикалық еңбектің ардагерлеріне айрықша алғыс айтамыз.
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, тың еңбек табыстарын, дарынды оқушылар қатары молаюын тілеймі
Ғ.ОМАРОВ,
М.ӘБДІШЕВ,
Жаңаарқа ауданының әкімі
Аудандық мәслихаттың хатшысы
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ
Ұстаздардың есімі ұлықталды
Өткен сенбі күні
С.Сейфуллин
атындағы орта мектепте осы мектептің
ұстаздары болған,
ерлі-зайыпты, Ұлы
Отан соғысының ардагері,
марқұм
Х а м и т
Б а л м а ғ а н бе то в ке
және бұл күнде 90
жасқа келіп отырған,
Қ а з а қ с т а н
Республикасының
озық
қызметкері
Талиға Хамитоваға
ескерткіш тақта қою рәсімі өтті. Қос ұстаздың аты-жөні, еңбек еткен жылдары жазылып
мектептің алдыңғы қабырғасына орнатылған ескерткіш тақтаны аудан әкімі Ғ.Омаров, осы
мектептің ата-аналар ұйымының төрағасы Е.Адамов, зейнеткер-ұстаз А.Мұхтаровалар салтанатты түрде ашты. Алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Ғ.Омаров ұлағатты ұстаздардың өмір
деректеріне шолу жасап, ерен еңбектері жайлы айта келе, ол кісілердің есімдері жүздеген
шәкірттерінің, мыңдаған жерлестерінің естерінде мәңгі сақталатынын, жас ұрпаққа үлгі болатынын жеткізді. Мұнан соң сөз алған Хамит ата мен Талиға апаның алғашқы шәкірттері, осы
мектепте еңбек жолдарын бастаған, бұл күнде зейнеткер Жеңіс Елеуов, Әбетбай Майшин, Амантай Мұхтарова ұстаздары жайында ой толғап, өткен күндерден естеліктер айтты. Ұстаздардың
ұрпақтары атынан сөйлеген Марат Балмағанбетов аудан әкімдігіне, мектеп ұжымына рахметін
айта келе, мектепке компьютер сыйлады және үздік оқитын бес оқушыға ақшалай шәкіртақы
берді.
Жиын соңы дастархан басында жалғасып, 90 жасқа келіп отырған Талиға әжелеріне арнап
шығарылған кітаптар таратылып, марқұм Хамит атаға арналып дұға бағышталды.
Өз тілшіміз
Денсаулық саласын дамыту халқымызға
қажет
Еліміздің даму діңгегіне айналған Ұлт жоспары –
ұлт пен ұлыстарды ұйыстыратын, өткір де ұтқыр
идеяға құрылған ортақ іс. Ондағы көрсетілген 100
қадам – көк Туымыздағы тармақталған сәуле секілді әр тарапқа нұрын төккен Мәңгілік елдің
аспандаған адымы.
Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» жоспары Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан
адаспауға, күрделі жаһандық кезеңнен сенімді
өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін стратегиялық кешенді бағдарлама екені анық.
Онда ел экономикасың дамуы мен оның әлемдік кеңістіктегі бәсекелестік қабілетін
арттырудағы негізгі табыс кілті - ұлттық экономиканы әртараптандыруға баса назар
аударылған. Ел дамуының негізгі құрамдас бөлігінің бірі бұл – денсаулық сақтау саласы
болып табылады. «Ұлт жоспарындағы» 80-қадам міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруды енгізу мәселесіне арналған.
Мен қарапайым жұмыскер ретінде мұны қолдаймын. Учаскелік дәрігерге барғаннан гөрі,
сақтандыру полисі арқылы өзің қызмет жасайтын мекемеге қарасты емханаға қаралғанның
өз жеңілдігі бар. Себебі, ақшасы төленгендіктен, ондағылар ыждағаттылықпен қарайды.
Сондай-ақ, «Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі
қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту.
Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек
аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық
буынына айналады», — делінген. Бүгінде адамдардың көзі ашық, көкірегі ояу деп ойлаймын, сондықтан аурудың алдын алу мен ауруды бастапқы кезеңінде емдеудің
маңыздылығын жақсы түсінеді. Бәрі алғашқы медициналық көмектен басталады, қаржыны
осы салаға бағыттаудың, оған баса көңіл бөлінуінің өзі азаматтарға үлкен үміт сыйлайды.
Ал, 81-қадамда жеке меншік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу туралы айтылған. Мұның бәрі уақыт талап етіп отырған мәселелер.
Медицинаның ақылы болуы дәрігердің алдына ауырып барған адамға дұрыс диагноз
қойып, сапалы емдеуге жол ашатын болады деп ойлаймын. Халыққа керегі — денсаулық
саласы қызметкерлерінің өз жұмысына адалдығы, кәсібилігі.
Өркендеген отыз елдің қатарына қосылу туралы алдымызға жаңа міндет қойылды.
Сондықтан аталған жоспар дамыған отыз елдің қатарына ену жолында жасалып жатқан
тағы бір үлкен қадам деп айтуға болады. Бұл елімізді тағы бір белеске көтеруге қызмет
етеді деп ойлаймын. Ауызбіршілікті ту еткен республика жұртының бірлесе жұмыс
атқаруының арқасында еліміз биік белестерді бағындыратынына сенемін.
Халқымыз қуатты, еліміз айбынды болғай!
З.К.КҮЛМАҒАНБЕТОВА,
аудандық орталық аурухана медбикесі
Қасиетті еліміздің ірге тасын қалаған
ұлы бабаларымыз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан
халқына арнаған Жолдауында «2015 жыл –
Ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі
биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі
белестер жылы. Қазақ хандығының 550
жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы
мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы
Жеңістің 70 жылдығын атап өттік. Осынау
тарихи белестер патриотизмді ұрпақ жадына
сіңіруде айрықша рөлге ие», деп атап
көрсетті. Еліміз тәуелсіздігің ширек
ғасырдың жаңа шежіресінде, өркениеттік
даму
үрдісімен,
төрткүл
дүниені
таңдандырған. Оған Мемлекет басшысының
2014 жылғы 22 қазанда Астана қаласы тұрғындарымен кездесуіндегі: «Керей мен Жәнібек
1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттігінің тарихы сол кезден бастау
алады», деген сөзі дәлел.
Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған шежіресінде жиырмадан астам хан билігін
құрған. Ел билігін қолға ұстаған бұл тарихи тұлғалардың талайының тағдырлары да сан
қилы, билік құрудағы қабілеттері де әр деңгейде болды. Мемлекет іргесін нығайтып, туған
халқының мәңгілік сүйіспеншілігіне бөленгендері де, елін тоздырып, дұшпанға таба
қылғандары да жетерлік. Бірақ олардың бір ортақ қасиеті – өз замандарының қалыптасқан
жағдайларына байланысты қал-қадірінше хандық туын жықпауға тырысты.
Төрт ғасыр бойы Қазақ хан¬дығының тарихында көптеген қиыншылықтар болды. «Қой
үстіне бозторғай жұмыртқалап» қалың қазақ қиын тірлік кешкен кезеңі де, жауды жағадан
алғанда, бөрні етектен тартып кең сахараны бұлт торлап, ер етікпен қан кешкен күйзелген
кезеңдер де өтті.
Әрине, оның бәрін тізбелеп айтар болсақ бір мақаламен шектелу қиындыққа соғады.
Осы орайда ойымызды жинақтай айтсақ, бүгінгі азат алаш елінің түп қазығы – көне Түрік
қағанаты, Алтын Орда – одан кейінгі бабаларымыз орнатқан ұлы мемлекетіміз, Көк Орда
қазақ жұртының этникалық бірлігінің бастауында тұрған қазаққа ғана тиесілі мемлекет
болса, Қазақ хандығы халқымыздың есімімен көрінген, этнос ретінде түбегейлі
орнықтырған тәуелсіз мемлекеттік құрылымымыз.
Халқымыз үшін еңбегі ерен, есімі қасиетті екі тұлға бар. Олар – Қазақ хандығының іргесін
қалаған, мызғымас мемлекет құрған, халқымыздың біртуар ұлт болып бірігуіне серпіліс
берген – Керей мен Жәнібек хан. Бұл екі тұлғаны бір-бірінен ажырата бағалау артықтау
болар. Екеуі де елі үшін басын бәйгеге тігіп, ұлтының ұлылығын асыруда аянбаған парасат
иелері. Қазақ хандығы құрылғанда жасы үлкен Керей хандық тізгінді ұстаса, одан кейін
Жәнібек билік жүргізді. Қазақ Ордасының іргеленуі мен іріленуі Жәнібек хан тұсында
болған. Жаңа хандықтың мемлекеттік құрылымы мен заң жүйесі де Жәнібек заманында
жүйеленіп, келер ұрпаққа мұра етілген.
Г.ӘБДІКӘРІМОВА,
ҚР БП Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Қарағанды облысы бойынша
басқармасының
Жаңаарқа бойынша прокуроры
2
26 қыркүйек 2015 жыл
Тіл мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті
Е л б а с ы
Н.Ә.Назарбаевтың 1998
жылғы 20-қаңтардағы
Жарлығына сәйкес, 22қыркүйек
“Қазақстан
Р е с п у бл и ка с ы
халықтарының тілдері
күні ” болып белгіленді.
Содан бері бұл күн жыл
сайын кең көлемде аталып өтуде. Ауданымызда
биыл да бұл күнге
арналған шаралар кең
қанат жайып, барлық
ауылдар мен мектептерде он күн бойы түрлі сайыстар өтті. Бұл мәдени шараның қорытындысы аудандық
мәдениет үйінде түйінделді. Салтанатты шараға жиналғандар алдында алғашқы болып сөз
алған аудан әкімі Ғ.И.Омаров тіл саясаты, тілдің өміршеңдігі мен қажеттілігі жөнінде жанжақты айта келе, барша қауымды осы мерекемен құттықтады. Келесі кезекте облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Ә.Аманжолов аталған
басқарманың құттықтауын жеткізді. Мұнан соңғы кезек тілдер мерекесін өткізуге
атсалысқандарды, сайыстарда жүлде алғандарды марапаттауға берілді. Ауданның қоғамдық
жұмыстарына белсене қатысқаны және тіл саясатын өркендетуге атсалысқаны үшін аудан
әкімінің Құрмет грамотасымен Атасу елді мекені ауылдық клубының меңгерушісі Панаш
Жүкенов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Марат Жәкенов, аудан әкімінің Алғыс хатымен
“Жаңаарқа” газетінің тілшісі Мөлдір Қасым, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі
қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Гүлмайра Жақыпова марапатталды. Ал, аудандық
әділет басқармасының басшысы Әбілқадыр Әбдіразақов облыстық тілдерді дамыту
басқармасының Алғыс хатын иеленді. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша I орынды
Б.Амалбеков ОМ оқушысы Пазыл Мәди, IIорынды №132 ОМ оқушысы Жылқыбаева Әлима,
III орынды О.Жұмабеков ОМ оқушысы Дулатова Баршын, М.Жұмажанов а/о ОМ оқушысы
Хамзе Асқар алды. “Тіл - барлық білімнің кілті” атты топтық интелектуалдық ойын бойынша
I орынды №132 ОМ , II орынды О.Жұмабеков ОМ, III орынды Ынтымақ ОМ командалары
еншіледі. Мақал-мәтел жарысында Iорынды О.Жұмабеков ОМ, II орынды Б.Амалбеков ОМ,
III орынды №132 ОМ оқушылары алды. “Тіл - парасат” атты шығарма жазу сайысы бойынша
I орынды Ермекова Жанерке (О.Жұмабеков ОМ), II орынды Ақым Мақсат (Ю.Гагарин ОМ),
III орынды Мәдіхан Жұлдыз (О.Жұмабеков ОМ), Байсатова Аққу (Ю.Гагарин ОМ) иеленді.
“Ауыл аламаны - 2015” сайысы бойынша ауылдық округтердің мәдениет үйінің меңгерушілері
марапатталды. Атап айтқанда, I орынды Ибраев Егінбай (Ақтау а/о), II орынды Ким Элла
(Бидайық а/о), Шегиров Жангелді (М.Жұмажанов а/о), III орынды Қолабаева Айгүл (байдалы
би а/о), Жамбатырова Жамал (Ақтүбек а/о), Көпбосынов Жалын (Ералиев а/о) иеленді. Абай
оқулары сайысы бойынша I орынды Саят Ақжігіт (О.Жұмабеков ОМ), II орынды Асанов
Мағжан (Ю.Гагарин ОМ), III орынды Марат Аружан (Б.Амалбеков ОМ) жеңіп алды. “Ұшқыр
ой” атты дебатты турнир бойынша I орынды №132 ОМ, II орынды О.Жұмабеков ОМ, III
орынды Ю.Гагарин ОМ командасы иеленді. “Жырлайды жүрек” жыр мүшайрасында I орынды
Азине Шынаргүл (Б.Амалбеков ОМ), II орынды Қалкенова Ақниет (О.Жұмабеков ОМ),
Қаппасов Асхат (ЖИГК), III орынды Базарбаев Бауыржан (С.Сейфуллин ОМ) алды. Сондайақ, осы жарыстарға оқушыларды тыңғылықты дайындаған жетекшілері марапатталды.
Аудандық мәдени-сауық орталығының және мектептердің өнерпаздары тақырыптық әндер
орындап, мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
МӨЛДІР ҚАСЫМ
Мәңгілік тағзым
З о р л ы қ зомбылыққа
толы
қуғынсүргін
және
ашаршылық
жылдырының,
оның
тигізген
з а л а л зардаптарының
тарих парағынан
өшпесі
хақ.
Қазіргі
таңда
еліміздің түкпіртүкпірінде осы
з ұ л м а т т а
қырылған атабабаларымызға
арналған ескерткіштер қойылуда. Бұл тоталитарлық саясаттың құрығына ілініп, аштық қырғынының
құрбандарына айналғандардың рухына деген құрмет пен тағзымның бір белгісі.
Аудан орталығында мұсылмандардың ең ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамымен қатар тағы
бір үлкен шара, өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы алапат ашаршылық
құрбандарының рухына тағзым ретінде ескерткіш ашу рәсімі өтті. Бұл шараға жиналған
жұртшылықтың қарасы өте көп болды. Аудан әкімі Ғ.Омаров, еңбек ардагерлері Ж.Шайхин,
Б.Майлыбаев, Ғ.Төтеевтер салтанатты түрде ескерткішті ашқан соң, мешіт имамы ашаршылық
құрбандарына арнап дұға бағыштады. Бұдан соң аудан әкімі Ғ.Омаров сөз сөйледі. “Қазақ жасанды зауалдан ең қатты зардап шеккен халықтардың бірі. Тек 1932-1933 жылдары ең кемі
бір жарым миллион қазақ аштықтан ажал құшты. Сол жылдары нәубетке шарпылмаған,
аштық тауқыметін тартпаған қазақ қалған жоқ. Ал, 1937-1938 жылдары Жаңаарқа ауданы бойынша жалпы саны 200-ге тарта жазықсыз адамдар тұтқындалып, сотталды. Бүгінгі
ескерткіштің ашылуы ашаршылықта құрбан болған миллиондардың рухына бүгінгі буыннан
тағзым, келер ұрпақ ата-бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне
қажет тағылым. Біз үшін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті
парыз”-дей келе жазықсыз жапа шеккендердің құрметіне бір минут үнсіздік жариялады. Келесі
кезекте сөз алған еңбек ардагері Ш.Әбілдин сол жылдардағы солақай саясаттың құрбаны
болғандар туралы естелік айта келе, мүндай қасіреттің енді қайталанбауын тіледі. Бұл ескерткішті жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға кәсіпкер В.Ханасов орнатты.
Шараға қатысқан аудан тұрғындары бүгінгі ашылған ескерткішке ризашылықтарын білдіріп,
“Отан-Ана төсіндегі зұлмат ешқашан қайталанбасын, тәуелсіз Қазақстанның болашағы
жарқын болсын”- деген ниетпен тарасты.
САЛТАНАТ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ
26 қыркүйек 2015 жыл
ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
Еңбекті сүйіп өсті бала жастан
Мамандығы оның мақтанышы. Буыны бекіп бұғанасы қатпаған кезі емес, есін
біліп, етегін жапқан 5-6 жастан ақ оны ауылдың үлкендері қызықтап темір
тұлпардың роліне отырғызып, «азаматсың» деп арқасынан қаққан екен. Бала
көңілі ат емес дауысы зор, ағатайлар отыратын осынау техникаға мініп, қара
рулді бұрағанда көкке жететін еді.
-Әкем Бекқұлов Боранқұл соғыс ардагері отгонда дүкенші, кейін орман қорғаушы
болған адам. Анам Желібаева Үмітжан үй шаруасымен айналысқан, ойын-тойдың
сәні, ауылдың әншісі. Мен апам Кенекейдің баласымын. Кішкене кезімде трактор мен
машинаға отырғызған үлкендер әсіресе Қауан ақсақал менің машина жүргізгенімді
апама айтып жуғызатынын қалай ұмытайын. Ал, апам ақ дастарханын жайып оларды
төредей күтетін. Бала кезімнен арманым болған трактордың құлағына 15 жасымда
отырып, Ақтау ауылына қарасты Қарашоқы бөлімшесіндегі бригадада алғаш рет шөп
шабу науқанына қатыстым. Содан бергі аралықта трактордан қол үзген емеспін.
Өзгелер үшін механизатор деген жай мамандық болар, бірақ мен үшін осы кәсіп
мақтанатын мамандық. Біздер үшін тәулік пен жылдың қай мезгілі екені маңызды
емес. Тек техникаң сынбай істен шықпай тұрса болғаны. Сонау 1970 жылдары
совхоздың қыруар шаруасы механизаторлардың арқасында бітетін. Жаз шөп шабу,
қыстаққа тасу, маялау, күзде малшылардың отын-суын тасу, қажеттерін жеткізу, қыс
жем мен көмір жеткізу, қыстақтың қарын аршу, жолын тазалау, баздың қиын шығару,
көктем сақманшылардың қажетін дер кезінде жеткізу, далада қалған батпаққа
батқандарды шығару тәрізді толып жатқан жұмыс механизаторларсыз бітпейтін еді. Сол
уақыттың керемет көліктері осы тракторлар болатын. Міне сол трактордың құлағын
ұстап, еңбекте шыңдалып өстік. Күн-түн демей еңбек еттік. Бізге сенім артқан басшылардан бөлек, біздің жолымызды күтіп қаншама халық отыратын. Солардың үмітін
ақтау үшін ерініп, не болмаса кертартпалап, бармаймын деп, шаршаған жоқпыз. Менің
алдымдағы Нақыпбеков Болат, Бөстеков Қасым, Рахымтай Дүйсенов, Боранбай Мырзашев ағалар жол көрсетті. Олар жоқтан барды құрастыратын шебер болатын.
1964 жылы Алғабас колхозына қарасты Ақтау отгонындағы Ырғайлы мектебінде алғаш
әріпті Рашид мұғалімнен таныдым. Кейін осы аудандағы Ленин мектебінде білім
алдым. Еңбекке араласқаннан кейін даладағы қосқа Қайырбек ағай келіп менен экзамен
алып, трактордың куәлігін табыстаған болатын. 1973 жылы совхозға маман қажет
болып, сол кездегі директор Жолкен Дүйсенов мені аудандағы кәсіпкерлік мектепке
жіберіп, К700 техникасының тілін меңгертіп, диплом алып қайттым. Техниканың қай
түрі болмасын тізгіндеп, алдыңғы буын ағалардан үйреніп, мол тәжірибе жинақтадым.
Кеңестік үкімет тарағанда біз де бытырап жан-жаққа кеттік. Алғаш Қаражал кентіне
қоныс аударып, энергокомбинатта бес жыл К700 тракторында жұмыс істедім. 2002
жылы Жаңаарқаға көшіп келдім. Комхоз мекемесінің басшысы Жұмағали Мұсабеков
шақырып, осы мекеменің тракторына отырып, жұмыс бастадым. Содан бергі аралықта
Жаңаарқа тұрғындарына қызмет етудемін. Негізгі міндетім көмірді орын-орынына
жайластыру, техникаға артып беру, от жағатын ірілі-ұсақты орындарға жеткізу. Ондағы
күлді жинақтау. Жаз тапсырыс бойынша іргедегі ауылдардағы қоқыстарды шығаруға
атсалысамыз. Қазіргі техникам өте ыңғайлы. Жанға жайлы болғандықтан шаршапшалдықпайсың. Көктемдегі су тасқынында су басқан елді мекендерді құтқаруда осы
трактордың көп еңбегі сіңді. Жалпы еңбек етуге ерінбеген адам үшін жұмыстың ауыры
жоқ. Тек мамандығыңды сүю керек. Осы жұмысым арқылы отбасымды асырап, балаларымды ер жеткізіп отырмын.
Сонау жылдары ауылда жас маман бола жүріп отбасын құрдым. Келіншегім Райс елді
мекеніндегі Тұрабай Жақыповтың қызы - Алтын. Жарым он төрт құрсақ көтерген батыр
ана. Төрт ұлымыз кішкене кезінде шетінеді. Қазір он баламыздың сегізі аяқтанды.
Жиырмадан артық немере-жиен сүйіп отырған бақытты отбасымыз,-деген Диханбай
Бекқұловтың омырауында ІІ-дәрежелі Еңбек Даңқы ордені жарқылдайды. ҚР ұлттық
бизнес рейтингтер одағының «2013 жылдың үздік маманы» сертификатының иесі.
Менімен тілдескен 10-15 минуттың ішінде безілдеген ұялы телефонында маза
болмаған аға “ал, “жақсы”- деді де шығып кетті.
Иә, техникамен тілдесіп, оның сырын біліп, сан сынағынан өткізген механизатордың
жастарға үйретері көп. Тек өзі айтқандай: “Құлшынып тұрған жас жоқ, бәрі тек жеңіл
көліктер теуіп, кеңселерде отырғанды қалайды. Сонда бұл техниканы біз кеткенде кім
тебеді?”-деуі ақиқатқа айналама деген ойға қалдық.
САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ
Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы және Жаңаарқа аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы 2015жылдың 1 қазанынан басталатын 15-19 жас
аралығындағы жасөспірімдер арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундау бойынша
туындаған сауалдар бойынша «Жедел желі» жұмыс атқаратындығын хабардар етеді.
Жедел желі: Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы – Пациенттерді қолдау және ішкі
аудит қызметі - телефон: 5 21 18; Жаңаарқа аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы.
8/71030/ 26948, Е-mail: ougsen@mail.ru
3
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ
Ардақты ағаға арналған кеш
Мектебімізде 2011 жылы телеарна кешені іске қосылғалы бері
ауылымыздың бетке ұстар азаматтары туралы деректер беру, сол
кісілермен сыр-сұхбат өткізу жақсы дәстүрге айналды. Одан кейін
мұражайға көрме бұрышын қою мақсатында былтыр Еңбек Ері
Шалғынбай Ынтықбаев, биыл Ақтау орта мектебінің директорлары болған КСРО Оқу-ағарту ісінің үздігі Нәби Дүйсенбеков, ҚР
Білім беру ісінің үздігі Сәттар Сәтбаев , Ақтау орта мектебінің бастауы болған Айшырақ жетіжылдық мектебінің алғашқы директоры Әбдікәрім Омаровтардың және Ақтау кеңшарының директоры
әрі Ақтау ауылдық кеңесінің төрағасы қызметтерін абыроймен
атқарған Көшен Ахметов есімдерін құрметпен еске алуға арналған
кездесулер болды. Ахметов Көшен (Көшкінбек) Ахметұлы 1927
жылғы 5-желтоқсанда
Нілді болысында дүниеге келген.
Күзеуден қыстаққа көшіп келе жатқанда дүниеге келгендіктен есімін
ырымдап Көшкінбек деп атағанымен кейіннен елге Көшен есімімен танылды. Әкесі Ахмет
ортасына сыйлы, серілігі де бар, ит жүгіртіп құс салған, тарпаңдарды тайпалта бастыратын
атбегілігімен де аты шыққан сегіз қырлы, бір сырлы, жігіттің төресі болса, анасы
Ұйытқыбекқызы Баткен (1894-1979) Сәкен Сейфуллинмен бір төс еміп, сүт бауыр болған
жан. Ахмет сері саяткерлікте жүргенінде аттан құлап, мертігіп қалғанда отбасының бар
ауыртпалығы жары Баткен мен балаларының үлкені 13 жасар Көшенге түсіпті. Қиын-қыстау
тар заманда үйелмелі-сүйелмелі балаларды жеткізу жарымжан анаға оңайға соқпаса керек.
Ел қатарлы пішен шауып, шекілдеуік өсіріп еңбек етеді. Мал бағып, сиыр сауып жанкештілікпен балаларын жетілдіріп, ел қатарына қосқан ана, отағасы жоқ тірексіз шаңырақты
шайқалтпай, өзгеге алақан жайдырмай өсіреді. Көшеннен кейін туған Мәскура, Орынбай,
Кенжетай жастай жетім қалса да, ана парасаттылығы арқасында кем-кетік дәмін аз тартты.
Осындай өмір өткелдеріндегі көп ауыртпалықты көтеруіне еті тірі Көшен көп көмектеседі.
Әкесі о дүниелік болғаннан кейін тез есейген Көшен әр ісіне ықтияттылықпен қарап,
төзімділік танытып, қайраттанып өседі. Анасы Бәткенге қолғанат болып, шама-шарқы жеткенше жұмысқа араласып, інісі мен қос қарындасының арқасүйер ағасы болды. 1944 жылы
Қарағанды теміржолында жолшы , кейіннен бригадир, жол мастері қызметтері буыны беки
қоймаған жас жігітті тағдыры тарлау соқпақтармен жүргізіп, шыңдап, бойына күш-қуат қоса
түседі. Отбасының жауапкершілігі мойнына жүктелген азаматты шын мәнінде жоқшылық
пен жетімдік жетілдірді. Қара жұмыс қанатын қатайтып, қиындықтар буынын бекітті. Еселі
еңбектің, нәтижелі игі шаралардың арқасында еңбекқор жастың суреті бірнеше мәрте Құрмет
тақтасына ілінді, бірқатар медаль, Алғыс хаттармен марапатталды.
Еселі еңбегінің арқасында аудан басшыларының көзіне түсіп, 1969 жылы Целинный
кеңшарындағы Ақшағат бөлімшесінің басқармасы, 1973 жылдан Көктал ауылдық кеңесінің
төрағасы болған Көшекең 1974 жылы Ақтау кеңшарының директорлығына тағайындалды.
Осы елді мекенде ел тізгігін ұстаған 6 жыл ішінде қыруар істер тындырылып, түйіні күрделі
көп мәселелердің оң нәтижелі шешілуіне мұрындық бола білген Көшекең ауылдастарының
қошеметіне бөленіп, биік беделге ие болды. 1975-1978 жылдары Ақтау кеңшары аудан бойынша социалистік жарыста көш басынан көрініп, ауыспалы Қызыл Ту марапатына тұрақты
иелік етті. 1976 жылы Ақтауға жаңа грейдер жолы салынып, жан-жақтан көшіп келіп
қоныстанушылардың саны көбейіп, елдің әл-ауқат деңгейі көтерілді. 1977 жылы елді мекенге
жоғарғы кернеулі электр желісі, сондай-ақ 1978 жылы цифрлы телефон желісі тартылды.
Осындай жаңашыл істердің мүлтіксіз атқарылуына күш қосып, жұдырықтай жұмыла еңбек
еткен елге бағыт сілтеуші болып, берекелі еңбек көшінің кедергісіз жүруіне, жүгінің
қисаймауына Көшекеңнің қосқан үлесі зор болды.
1980-89 жылдары Ақтау ауылдық кеңесінің төрағасы қызметінде болғанында да Көшекең
ауылдың әлеуметтік-мәдени дамуына, өркендеуіне айрықша еңбек сіңірді. Ауыл шетіне 1980
жылы салынған 25 орындық аурухана құрылысы, автобустың аудан орталығына күнделікті
жүруі, шалғайдағы малшы еңбегі еленіп, бөлімшелер арқылы қатынауы да, ауыл жастарының
бос уақытын тиімді өткізуі үшін ұйымдастырылған көркемөнерпаздар үйірмесі, ансамбль
құрылып, сахналық қойылымдардың өткізілуі, спорт залының жұмыс істеп, қажетті құралжабдықтармен қамтамасыз етілуіне де күш салды.
Жары Баязитқызы Күлпан (1936-1988) екеуі 10 бала тәрбиелеп өсіріп, ұлдарын ұяға,
қыздарын қияға қондырып, немере қызығын қызықтаған жандар еді. «Батыр - Ана» Күлпан
шешей мейірімді, кішіпейіл, қолы ашық, жомарттығымен елге сыйлы болды. Жолдасы үнемі
басшылық қызметте жүрсе де қарапайымдылығынан танбаған, айналасына мейірім нұрын
төгіп, жылуын таратып, шапағын шашып тұратын ерекше жан еді. Мектеп бітірген бетте
отасқан отағасына адал жар, алғашқы жарынан қалған Маралға, одан кейін туған өз балаларына да аяулы ана, туған-туысқандарына ізгі жанашыр болды. Тағдырдың талайын тартып,
соқтықпалы жолда, көптеген қиындықтарға қарсы тұрып, қызық –қуаныштарды бірге мерекелей білді. 1988 жылы өмірден мезгілсіз өткен жарының орнын жоқтатпаған Көшекең балаларын жеткізді. Марал (1950-2000) дүкенші, үш бала тәрбиелеп өсірді. Рысты экономист
қазір зейнеткер, ұзақ жыл Ақтау орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарған жары Аманбаймен Қарағанды қаласында тұрады. Роза 5 баланың анасы, жолдасы Қазкен екеуі мектепте мұғалім болды. Нұрлан мен Гүлнәр заңгерлік мамандық иелері. Нұрлан (1961-2011)
талай жыл аудандық ішкі істер мекемесінің басшысының орынбасары қызметтерін атқарған,
еліне елеулі, подполковник шеніне дейін көтерілген бауырларына тұлға болған азамат.
Гүлнәр Қарағандыда полиграфия мекемесінде әрі заңгер, әрі кадрлар бөлімінің басқарушысы,
Айгүл Ақтау орта мектебінің жоғары санатты мұғалімі, жары Ғазиз Ақтау әкімшілігінің жетекші маманы, 4 бала тәрбиелеп өсіруде. Ерлан (1967-1996) қазақ тілінің жоғары білімді
маманы болатын. Ерланның ұлы Батырхан- ата ізімен Жезқазған-Бейнеу теміржолында
еңбек етеді. Қара шаңыраққа ие - Ержан Бидайық орта мектебінде денешынықтыру пәнінің
бірінші санатты мұғалімі. Жолдасы Нұргүл кітапханашы. 5 баланың ата-анасы. Әлия
ауданның экономика және қаржы бөлімінде қызмет етсе, Ертай мен Қайыржан жоғары
білімді азаматтар.
«Ақтаудың ақтангері» атанған Көшекеңдей ер есімі мен еңбек жолы «Қазақстан
Республикасының энциклопедиясына», «Қарағанды теміржолының 70 жылдығына арналған
энциклопедияға» және «Жаңаарқа ауданының құрылғанына 80 жыл» толуына орай жарық
көрген энциклопедияға зор құрметпен енгізілген. Абзал азаматтың ардақты есімі «Ақтауыматамекенім» кітабына еніп, облыстық баспа беттерінде айрықша аталып өтті. Аудандық
мұражайда арнайы орын берілген. Енді міне Ақтау орта мектебінің мұражайында да көрме
бұрышы ашылды.
Бүгінде өзі бар ғұмырын арнаған киелі Ақтау жеріндегі қасиетті топырақты мәңгілік мекен
етіп жатыр. Саналы ғұмырында ел тұтқасына айнала білген, әулетінің сүйеніш-тірегі болған
ардақты азаматтың асыл бейнесі бүгінгі ұрпағының, туыс-тумаларының, ауылдастары мен
көз көрген жандардың жадында. Парасат-пайымы жоғары, адамгершілігі мен іскерлігі озық,
қайырымдылығы мен қарымы мол асыл тұлғаның Көшен Ахметұлының есімі мен көшелі
көсемдігімен, көмекейі бүлкілдеген шешендігімен, еліне жанын үзіп беруге дайын , жері
үшін құрбандыққа бара алатын елжанды азамат болған жанның өнегелі өмір жолы өскелең
ұрпаққа ұлағатты үлгі, басты бағыт-бағдар болары даусыз.
ДУЛАТ ӘБІЛДИН, Ақтау ауылы
4
Ақын жерлесіміз - 75 жаста
ӨМІР КӘРІПҰЛЫ- Арқа өңірінің тумасы. Кіндік қаны
Жаңаарқаның құмдауыт топырағына шыланған.Бұрынғы Атасу
қолхозы, кейіндегі «Дружба» кеңшары, бүгіндегі Байдалы би ауылында дүниеге келген.Әкесі даңғайыр шопан болыпты. Болашақ
жазушы оң-солын алыстағы қойлы ауылда таныпты. Жасынан
табиғат аясында өскен ол өлең өнеріне бейім болған.
Алғашқы қаламалды жырлары аудандық «Жаңаарқа газетінде
жариялана бастаған. Сонау алпысыншы жылдардан бастап сөз
өнеріне берілген оның қаламынан ондаған кесек шығармалар
туындады. Шығармашылық жолын өлеңмен ашып алған соң,
прозаға ойысқан. «Бұрқақ» (1991). «Тайталас» (1995) романдары
оқырман қолына тиді. «Сарыбел сазы», «Атасының баласы», «Ескі
КЕРІМ ДАЛА, КЕҢ ДАЛА
ЗАР ЖЕТТІ
Бір қатер төнді ме әлде сыңарына,
Боз даладан зар жетті құлағыма,
Шынарды мәуелеген дауыл ырғап,
От тиіп кетпесе екен құрағына.
Таудың да қабағында көлеңке бар,
Жесірдей мұңаяды көк желек тал.
Ойдым-ойдым қарасу шұқанақ боп,
Көз жасын таусып алған тас бұлақтар.
Кер дала өңі қашып жүдең тартқан,
Күл беттеніп дидарын басқан сортаң.
Құба белдің жонынан жалын шалқып,
Төскейінен бұлдырап сағым қашқан.
Сағым қашқан даланы жалын басқан,
Бұлт қысырап безеріп қағынды аспан.
Мен пақырда қайран жоқ жырдан басқа,
Көңіліңді ауладым жазып дастан.
Жұрегіңе шеңгелдеп қолын салып,
Бермесіңді зорлықпен тартып алып,
Өзеуреген ындынға не қайран бар.
Талапайлап барыңды болған қарық.
Ескі қыстау аңырап иесіз тұр.
Аң мен құстан бос қалған оймен де қыр.
Ботасынан айрылған боз інгендей,
Боз дала күңіреніп шертеді сыр.
Қайда безген ақ бөкен, құралайым?
Ерке төлім сүйкімді бұланайым.
Қырғын тапты-ау ай-күннің аманында,
Қалай ғана жоқтамай жүре алайын.
Өзегіне қол салып өз баласы,
Қазақтың мұңаяды кең даласы.
Қадірсіз қара шалдай «ухілейді»,
Қозғалып іште запыран шер-наласы.
БОЗША ҚҰСЫМ
Бозаңда қанат қомдаған,
Бозала таңнан шыр-шырлап.
Жасымнан үйір ол маған.
Серіктесіп жүрсің нақ.
Құлақта таңғы дыбысы,
Құйқылжыта жыр төккен.
Машықты ісі мұнысы,
Тумаған жалған түртпектен.
Шығарып күнді шырылмен,
Шаттықпен қарсы алады.
Бір тынбай содан күнімен,
Бөлейді әнге даланы.
Сүйкімді бозша торғайым,
Пар келмес еш құс затыңа.
Елеусіз босқа қалмайын,
Жыр арна менің атыма.
Топырақ көрпе бүркеніп,
Жер қойнында жатқанда,
Бейітіме бір келіп .
Жыр толғашы ақ таңда.
Туған дала кең мекен жөргегім боп,
Биіктерге жасымнан өрледім көп.
Қызықтадым аң-құсын сахараның,
Мылтық ұстап аң атып көргемін жоқ.
Есесіне қолыма қалам алып,
Шатпақтадым жасымнан өлең жазып.
Қойлы ауылдың баласы болғансын да.
Тірлік жолын бастадым қозы бағып.
Дейтін әкем малшылық ата кәсіп,
Бекер тамақ үй күшік болма жасық.
Еркін өссең табиғат аясында,
Қырандай биіктейсің көңіл тасып.
тоған», « Серілер мен перілер»,
«Тамызық», «Сыбаға», « Тұғыр», «Қоңыр сарын» кітаптары сыншылар нзарына іліккен
тұшымды туындылар.
Өмір Кәріпүлы проза жанырында еңбектене жүріп Сәкен Сейфуллиннің, атақты күйші Сайдалы Сары Тоқаның образын сомдады. Қарт қаламгер екі жанрда да ой толғайды. «Сыбаға»
(2010)атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Жазушы жерлесіміз бүгінде жетпіс бестің белесіне
шығып тұр. Олжасыз емес бұл кісі. Қоржыны прозалық шығармалар мен өлеңге сықалған.
Алғашқы жырлары, мақалалары газетімізде жарық көре бастағалы да елу жылдан асыпты.
Қарт қаламгердің көне дәптердегі өлеңдерін газет оқырмандарына ұсынғанды жөн көрдік
Салт –дәстүрге негізделген этнографиялық жырлары сағыныш тудырып, оқырман жүрегіне
жылы тиеріне сеніміміз мол.
“Жаңаарқа” газетінің редакция ұжымы
2.Торсиып піскен бауырсақ
Жерошақ басы қарбалас,
Алау- далау от жанған.
Мұрынға жетіп піскен ас,
Оянды бала ақ таңнан.
Торсиып піскен бауырсақ,
Ауыздың суын құрытып.
Бақырашқа көзін сап,
Состиып бала тұр үнсіз.
Нан пісірген тәтенің,
Ашылмады қабағы.
Қайтып сәтте меселі.
Жылыстап бала барады.
Қанатың емін –еркін жетіледі,
Адал еңбек еселер несібеңді.
Дала сені анаңдай аялайды,
Мәртебеңді сәт сайын өсіреді.
Бауырсақтан тата алмай,
Сыбағадан қағылып.
Орта құрсақ жата алмай,
Шешеге тұрды шағынып
Шошытпадым құсыңды көлдеріңнен,
Үркітпедім бөкенді белдеріңнен.
Қызғалдаққа сұғынбай суық қолым,
Жуаңды да жұлмалап термедім мен.
Перзентсіз өтсең сол қайғы,
Айың туып күн шықпас.
Ұрпақсыз адам оңбайды,
Қатып қалған қара тас.
Айхой дала , кең дала керім дала,
Әкем де сен шешем де өзің ғана.
Бір төбеңде белгі боп қалайыншы,
Бейкүна қоңырыңды жатырқама.
Кешір дала, болса егер менмендігім,
Домалаған сәттерде өрден жүгім,
Жер тепкілеп мазаңды кетірдім –ау,
Бір басыма жетерлік кердеңдігім.
Білместігім көп менің, кешір дала!
Өз төрімде өгеймін - жетім бала.
Жерім шалқар болғанда елім қысаң,
Жылтыраған сырт көзге бетім ғана.
Анталаған аларман жан –жағыңда,
Шыдас беру қиын-ау салмағына.
Өтер ғұмыр осылай жанталаспен,
Айдаһар мен аюдың арбауында
Шира қазақ шымырлан есіңді жи,
Ындыныңды бәсеңдет құлқынды тый.
Қайсар қазақ атандың кең далада
Елің- мәңгі, жер –жалқы осы ғой сый.
ҚОЙЛЫ АУЫЛДЫҢ ОТТАРЫ-АЙ
1.Қазанда құрт шымырлап...
Қазанда құрт шымырлап,
Бабымен қайнап жатады
Ұйқыдан бала тұрып ап,
Қышқылтым дәмнен татады.
Балаға ана құмбыл боп,
Түсіндіреді мән-жайды,
Сүйегің қатып шымыр боп,
Кеудеңде ылғал қалмайды.
Ірімшік, сықпа талмасаң,
Өсесің дейді сары асық
Бәйек болар тағы да,
Құрт көбігін жалатып.
Демдеген астың не бірін,
Ауыздың суын құрытқан.
Арнаған маған өмірін
Анамды қайтіп ұмытам.
Ақ таңнан құрт қайнатып,
Табамен отқа нан көмген.
Шешемді аңсап ой басып.
Мұңымды өрдім өлеңмен
26 қыркүйек 2015 жыл
Келтірер істі жобаға,
Сабырлы еді-ау сол ана.
-Татырғаның жөн болар,
Астың алдын балаға.-
Келтірген сөздің әдібін
Көрші әйелге ой салып.
Бауырсақ көрсем әлі күн,
Дәметіп тұрам тамсанып.
3.Сорпаны да баптаған
Қойлы ауылдың оттары –ай алаулаған,
Көз талдыра бір міндет қарау маған.
Жерошақта бүлкілдеп қазан қайнап,
Сұғындырар сорпаға ожауды анам.
Дәмі шикі бабы жоқ жасық әлі,
Деп сорпаны қымызша сапырады.
Артық –ауыс күйбеңнің қажеті не,
Көңіліме қонбай тұр осы жағы.
Ойға барам, қыдырып қырға барам,
Құдайыдан қалмаймын тойға барам.
Сорпа орнына су жұтқан сәттерде бір,
Анамды еске ап мұңайып ойға қалам.
«Ауру астан оны да ойла, балам.»
Ерте бастан ұқтырып қойған анам.
Асқан еті пісірген наны қандай,
Сорпаны да бал қылған, қайран анам!
Көңіл күймен аспандап есендігің,
Ішкен аспен нығаяр бекемдігің.
Ет құнары сары ала сорпаға да,
Кейін білдім бап керек екендігін.
4. Қойшының қойыртпағы
(Рысбеков Ысқақ шопанның рухына)
От жанады ошақта қазан қайнап,
Сілекейді шұбыртар піскен қаймақ.
Қалаш үзіп береді шешем маған,
Алаңытар көңілім әрнені ойлап.
Айран да бар, ашымақ, қымыз да бар,
Топатайда ақ қаймақ жұғын да бар.
«Жалғыз үйдің қарғасы боққа тоймас,»
Бірін жұтсаң ішілмей бірі қалар.
Көңілі оның пәстеніп мәні кеміп,
Бал сусынды аңсайды жаны жерік.
Қырға шығып қойшының жолын тосар,
Қойыртпақтың таңдайға дәмі келіп.
Өз әкесі қой бағат- «оны қойшы»,
Жалқаулыққа салынған қоржыны олқы.
Қойыртпағы шайқалған торсығында,
Күткені оның мырза қол- Ысқақ қойшы
- Өмешжан, айналайын ерке қозым,
Қойртпақты қанып іш болды жолың.
Әкең сенің еріншек қой саумайды,
Ұялмай дәметеді менен оның.
Аздап ол көңілі өсіп желпінеді,
Бала біткен оған дос еркін еді.
Жалап-жұқтап сүйетін бетімізден,
Дейтұғын «қоңыр қозым келші бері».
Киіз қамзау ішінде қарын қалта,
Көңіл тасып марқайып арқа –жарқа,
Қышқыл сүтті толтырып тостағанға,
Жүргендей-ақ жұтамыз қарын орта.
Кәрі боздай ыңыршақ қалам бұлтақ,
Әйтсе де түртпектейді шабыт қыстап.
Қойыртпақты қымызша есілдірген
Есімнен еш кетпейді қойшы Ысқақ
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАС
Қастасым жоқ, досым көп нанамысың,
Беделім зор содан да бағалы ісім.
Досы көпті деген бар жау алмайды,
Сәтсіздікке бармайды адал ісің.
Сол себептен еркінсіп шалқым жүрем,
Ішіп жемей тоғайып балқып жүрем.
Көкше көлде қайықпен балық аулап,
Толқындардан ығыспай қарсы жүзем.
Достарыма сенемін қаумалаған.
Олар барда қалайша жауда қалам.
Қармағыма ілдіріп шортандарды
Айдын көлді бір өзім жаулап алам.
Балықшы атым таралып шартарапқа,
Атақ –даңқым жайылды алты алашқа.
Қаумалаған достарым бір күндері,
Қоныстарын аударды басқа жаққа.
Жағалауда құлазып жалғыз қалдым,
Ұшырадым кебіне жалғыз талдың.
Толқын ұрып қайығым қайрандады.
Жұрдай ескі көздерден мен бір жанмын.
Қайда менің сеніскен қатарласым?
Тасқа салса мұқалмас ақ алмасым.
Неден сірә жазықты болдым екен,
Дос –жаранмен әрдайым бағам басым.
Балықшы едім бейнетқор арманы ізгі,
Ақ сазанға қаптырған қармағымды .
Жалған досқа не шара айнымалы,
Көре алмаған қайықшы болғанымды.
ӨМІР КӘРІПҰЛЫ
26 қыркүйек 2015 жыл
ДІН - ДІҢГЕГІҢ
Сирия мен Ирактағы содырлардың жасап
жүргендері «жиһад» емес
Бүгінде елімізді ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Сирия мен Ирак жеріндегі содырлар туралы блогыма көптеген сұрақтар келіп түсіп жатыр. Сол сұрақтардың басым көпшілігі
«жиһад» жасаймыз деп аттанып жүрген жастар жөнінде. Исламдағы жиһад ұғымы мен
содырлардың көксеген «жиһады» туралы.
Сирия мен Ирактағы содырлардың жасап жүргендері «жиһад» емес. Олар мұсылмандармен
соғысуда. Оның ішінде бейбіт халықтың қанын төгуде. Олардың көксегені «мұсылманның
қанын төгу» деп атасақ дұрыс болады.
«Жиһад» сөзі – араб тіліндегі [жахд] «тырысу, күш салу, талпыну, ынталану» деген түбір
етістіктен шығады. «Жиһад» ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда деструктивті
ағымдар мен жат пиғылды саяси топтар «жиһадты» қару алып соғысу деп біржақты
түсіндіріп жүр. Бұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. Ал, «Жиһад» сөзінің дұрыс
мағынасы белгілі бір асыл мақсатқа жету үшін, яки бір игі істі істеу үшін ең қымбат саналатын уақытыңды, дәулетіңді, бар қажыр-қайратың мен ынта-жігеріңді жұмсау, сол үшін
тырысу, күресу деген мағыналарды білдіреді.
Менің пайымдауымша, Алла Тағаланы дұрыс танып, білім алып белгілі бір салада маманданып, өз мамандығын жетік меңгеруге бар қажыр-қайратын жұмсап, сол арқылы адамзатқа,
өз отанына, еліне, халқына пайдасын тигізу, өркендеуіне үлес қосу да нағыз жиһадқа жатады.
«Жиһад жасаймыз» деп Сирия мен Иракқа аттанған жастар не үшін, кім үшін соғысып,
кімнің қанын не үшін төгіп жүр?
Сирия мен Иракқа аттанған жастар "Ат-такфир уаль-хиджра", яғни «Тәкпіршілер»
жамағатының өкілдері. Олар адамдарды сенім мен күпірлік (таухид пен ширк), бірқұдайлық
пен серік қосу (иман мен ширк) мәселесінде адастырып, кәпірге шығаруда. «Таза Ислам»,
«таза Таухид» деген сөздерді бетперде еткен жамағат өкілдері жастарға жарқын болашақты
уәде етіп, бүлікке бастайды
Әбу Бәкра есімді сахаба (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Пайғамбарымыздың (Оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер екі мұсылман қолдарына қару алып соғысатын
болса, өлтіргені де, өлгені де тозаққа түседі», – дегенін естідім. Мен: «Уа, Алланың елшісі!
Өлтіргеннің тозаққа түсуі түсінікті. Ал өліп қалған байғұс не үшін тозақы?» – деп сұрадым.
Ол: «Өйткені, ол (өлген адам) өз бауырын өлтіруге қатты тырысқаны үшін (тозаққа түседі)»
деп жауап берді». Әйгілі сахаба Ибн Аббас қасақана кісі өлтіруші тозақта мәңгі қалады
деген пікір білдірген. Қасиетті Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен бірдей
деген аят та бар.
Содырлардың шығарған сорақы шешімдерінің бірі – «жиһаду ан-никах» жыныстық жиһад
немесе «әз-зауажу әл-мунакаха» уақытша некелесу деп аталады. Некенің бұл түрі шариғатқа
қайшы келеді. Бейбіт халықты қойдай қырып, қан төгіп, бас кесуді қасиетті жиһад санайтын
Сирия мен Ирак жеріндегі лаңкестік топтардың содырларына тәнін ұсынып, біраз күн немесе бірнеше сағат «әйел» болуды бүгінгі шейх-сымақтар қыз баланың жыныстық жиһады
деп атап жүр.
Ғалымдардың пікірінше, «әз-зауажу әл-мунакаха» деген терминді алғашқы болып радикалды Ислам ағымының жақтаушысы Мұхаммед әл-Арифи шығарып, сунниттік бағыттағы
мұсылман қыздардың өз еріктерімен Сирияға барып, сол жақта Башар әл-Асадтың режиміне
қарсы соғысып жатқан әскерлердің жыныстық құмарларын қандыруға шақырған. «Бұл
барып тұрған зинақорлық» деген ғалымдарға Арифи «Ниса» сүресінің 24-ші аятын дәлел
ретінде көрсетеді. Ол аятта былай делінген: «Сендер олардан алған ләззаттарың, көрген
қызықтарың үшін оларға тиісті мәһірлерін (сыйақыларын) беріңдер».
Бұл аятты «тұрақты ақ некелі әйелден алынған ләззат үшін мәһір ақысын төлеңдер» деп
түсінген мақұл. Себебі, әйгілі тәпсірші Ибн Аббас та, Хасан Басри де, Мужаһид те, өзге де
көптеген тәпсіршілер бұл аятты осылай түсіндірген. Міне, бұл шектен шыққандар
мұсылмандықтан да, адамшылықтан да ауытқығандығы даусыз.
Кейінірек Мұхаммед әл-Арифи бұндай радикалды пікірді айтпағаны жөнінде мәлімдесе
де, өкінішке орай ол содырлардың арасына тез тарқап, бүлікшілдіктің белең алуына себеп
болды.
Шынайы мұсылман адам еш уақытта лаңкес болмайды. Құран Кәрімде «Кімде-кім шаң
тозаңындай жақсылық жасаса, соның (сауабын алады), кімде-кім шаң тозаңындай жамандық
жасаса, соның жазасын тартады» («Зилзал» сүресі, 7-8 аяттар), – деп, пенденің әрбір ісі
үшін Ахиретте жауап беретіндігін білдірген.
Мұсылман жамағатының назарын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір хадисінде аударсақ.
Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Денеде бір ет бөлшегі бар, егер
ол жақсы, түзу болса бүкіл дене жақсы болады. Ал егер ол бұзылса бүкіл дене бұзылады.
Біліп қойыңдар ол – жүрек»-деген болатын. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты
мен сәлемі болсын) бұл сөзінен кейін мұсылманның жүрегін дұрыстау жолы үлкен жиһад
болмағанда не болады? Мұсылман кісі ойлау арқылы бұл ақиқатқа жеткеннен кейін оны
орындауға тырысып, Ислам әдебіне сай, әрі шарттарына қатты көңіл бөлуі тиіс. Өз бойында
түрлі кемшілік бола тұра, басқаларды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйған адам
тура жол көрсеткендігі үшін сауап алғанымен, өзі жақсылықтан мақрұм қалып,
жамандықтан жиренбегені үшін күнәлі болады. Өйткені «жақсылықты кешіктіру,
жамандыққа аяқ басу» деген сөз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы
Малғажыұлының бастамасымен «Тәкпіршілерге» қатысты арнайы пәтуа шығарған болатын.
Сол пәтуада «тәкпір – дінге енген жаңалық» екені туралы үкім берілді. Бұл пәтуа бұқаралық
ақпарат құралдарында жарияланды. Сенімде шектен шыққан тәкпіршілердің іс-әрекеті
мұсылмандыққа мүлдем жат. Діни басқарма Сириядағы соғысқа не үшін барғанын білмейтін, мақсаты айқын емес жастарды мұндай фитнаға (бүлінушілікке) қатыспауға шақырады.
ЕРШАТ ОҢҒАРОВ,
Исламтанушы, теолог PhD доктор
ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің хатшысы
5
КӘСІБІҢ - НӘСІБІҢ
АСАР
Бала кезімде, осы мен неге елдің балалары сияқты жазғы каникулымды қалаға қыдырып
өткізбеймін деген ой жиі келетін. Есейе келе өз малымызды күнделікті таң атпастан кеш
батқанша, соңынан еріп жыл бойы бағудың қиын екенін, көшелерді аралап өріске
шығарудың оңайға соқпайтынын және ол әрекеттің барі өз өрісің, өз жерің болмағандықтан
не машина мен поезд қаққанша, не біреу ұрлап сатқанша екенін түсіндім. Сондықтан әкеміз
малды не қойшының малына, не жылқышының малына қосатын, ал біздер жазғы каникул
келсімен үш айға көмекке баратынбыз. Сол кезде санамыз бала болса да, ойымыз дара болған
екен ғой. Өскенде әкеме «өрісі мол, жайылымы жалпақ жер» алып беремін деген ой санамда
терең ұялап қалған екен. Атамыз Сәлі (1900-1965) «Боз көл» деген жерде қоныстанып, мал
бағып, «Ұлы отан соғысына ерен еңбегі үшін» (1945 ж), «Тың жерлерді игергені үшін» (1957
ж) медалдерімен марапатталған екен. Әкеміз Аймырза ауыл шаруашылығының әр түрлі
мамандығын игеріп, қырық жыл еңбек етті. Атадан балаға келе жатқан қасиет пен кәсіп, осы
саладағы біліммен, тажірбиемен және еңбек өтілімен бекітіліп жатса, неге оған өзінің
жалғасын таппасқа?! Білім қуып, ғылым ізденіп алыс сапарда болған сәттердің бірінде, санамыз сабақта болса да, жүрегімізді сағыныш кернеп, серпілген сезім мынадай шабытқа айналды:
Жақсы көремін көгілдір түсін аспанның,
Шырайланып жаңа таңның атқанын.
Жақсы көремін сәулесін алтын шашқанын,
Кешкісіне қызарып, күн ұясына батқанын.
Жақсы көремін жылуы мен күннін көзін,
Жұлдыздарын ойнатқан түннін өзін.
Жақсы көремін көктемін енді жаңарған,
Тасыған суы сайларымен таралған.
Жақсы көремін құстары мен аңдарын,
Жапырағы жайқалған гүлдері менен талдарын.
Жақсы көремін жаздың жарқын күндерін,
Жайлаудағы малдары менен төлдерін.
Жақсы көремін шөл қандырар қымызын,
Ойнап-күлер, ой бөлісер қырмызын.
Жақсы көремін күзді де міне сарғайған,
Бау-бақшасы жемісімен жайнаған.
Шаруа қызып, қазанымыз қайнаған,
Егін жинап, ауылымыз ән салған
Жақсы көремін қыстың қарлы боранын,
Қармен ойнап, алысып, қуанышқа толатын.
Жақсы көремін жылдың барлық мезгілін,
Бұл сезімді мен сияқты сезді кім?
Жақсы көремін жақсы көрер сезімді,
Қуанышқа кенеліп, бақытты болар кезімді!
Санадағы терең ұялап қалған ой мақсаттқа айналып, сағыныш сезімі шабытқа айналып,
аңсаған арманымыз жүзеге асып жатқан сәттерге де Аллахтың қалауымен жеттік.
Әлхамдулиллах! Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың аграрлық саладағы саяси бағдарламаларының
басым бағыттарының негізінде, Жаңа арқа ауданының акімі Ғ.И. Омаровтың басшылығымен
және Жер қатынастар бөлімінің бастығы Ш.К. Хамзенің ұйымдастыруымен жан-жақты
жасалған шараларға белсене қатысып, «жайылымы жалпақ, өрісі кең жер» деген балалық
күндегі арманымыз бен бүгінгі таңдағы мақсатымызға да қол жеткіздік. Осы шараларға белсене басшылық жасап, ұйқысыз ұйымдастырып, жан жақты жұмыс жасаған басқа да
азаматтарға алғысымыз шексіз. Шаруа қожалығына «АСАР» деп атағанды жөн көрдім.
АСАР деген атам заманнан келе жатқан қазағымнын туысқандарға жабылып көмек
көрсететін, әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан жақсы дәстүрі.
Егер екі буынға бөліп қарасаңыз, АС – адамның арқауы дегендей, шаруашылықтың әрбір
өнімінің адал асымызға айналатынына сенім, ал АР – шаруашылықтағы әрбір әрекетімізге
арымызбен, адалдықпен, жүрегімізбен қарасақ, ол асымыздың жоғары сапасына деген сенім.
Әрбір әріпін жеке алып қарасақ, Аймырза Сәліұлына Алланың Ризығы деген мағынаны білдіреді. Егер де менің осы қуанышым Сіздерге ортақ болып, жылы жүректеріңізге үміт
сәулесін ұялатып, ертеңгі күнге деген сенімдеріңізді күшейтіп жатса, мен өзімді Сіздермен
бірге бақыттымын деп санаймын.
МАДИЯР АЙМЫРЗАҰЛЫ ӘЛЖАППАР,
«Әділ Заңгер» заң кеңсесінің директоры,
заң ғылымдарының кандидаты
ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Тіл – таусылмайтын байлық.
Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін
білуге міндеттісің. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін
құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау - өз
халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз. Мемлекеттік тілдің
қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету
бүгінгі күн талабы екендігі баршаңызға белгілі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық
даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін
кеңінен қамтамасыз ету. Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де,
ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп қадап
айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс. Қазақстан Республикасының
ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл
мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде!» деп те қадап көрсетті. Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш
нұқсан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау – қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі
қазақ халқының ұлттық тілі – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге
маңыз береріміз белгілі. Бұл - әр қазақстандықтың қастерлі парызы. Қазақ тілінің өз мәртебесіне
сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін жан-тәнімізбен түсіне
отырып, бүгінде «Тіл туралы» Заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына аударарымыз анық. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бір
бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да –
тіл. Ол – қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш
бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз
белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда. Аудандық қазынашылық басқармасының
қызметкерлерінің 90 пайызы мемлекеттік тілді толық меңгергендіктен барлық мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мен қызмет көрсету мемлекеттік тілде жүргізілуде және аудандық
қазынашылық басқармасы мемлекеттік тілге толықтай көшті деп айтуға болады.
А.ӘБДІКӘРІМОВА,
Жаңаарқа аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы
ТІЛІҢ - ТҰҒЫРЫҢ
Тіл - халықтың тағдыры
Қашаннан да елдіктің қайнар көзі – белгілі бір халық екені белгілі. Тарихи тұрғыдан
қарағанда, қандай болмасын мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады. Ел
болған жерде оның тілі-мемлекеттік тіл болуы керек. Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да тіл. Ол қасиеті де қастерлі. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тілдің тағдыры – баршамыздың
қолымызда. Қазақстанды дамыған елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі
жастар! Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту
үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақ тілі- бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас.
Ана тілі – халқымыздың өмір-сүріп, қоғамдық өмірде дамып отыруының әрі көрінісі, әрі
кепілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және
оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі. 1989 жылы 11
қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңда «Тіл-халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында
«Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады» деп жазған.
Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану
өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы
ондықтар қатарындағы тіл. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл- қазақ тіліне
конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата
Заңымызда анық айқындалған. Біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына
еш нұсқан келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау – қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай
отырып, қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер
иесі қазақ халқының ұлттық тілі – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең
көздеуге маңыз береріміз белгілі. Бұл әр Қазақстандықтың негізгі парызы.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Біз барша Қазақстандықтарды біріктірудің басты
факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі
дамытуға күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» дегендей мемлекеттік тілдің қолдану аясын
барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі етуге баршамыз
ат салысуымыз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат
– тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз
ету. Ендеше: «Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі-тіл, бірі- ділің жүректегі»-деп, Ж.Баласағұн
айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес,
Қазақстанның топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл – қазақ тілін
өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс. Елбасы айтқандай, «Қазақстанның болашағықазақ тілінде» екенін ұмытпайық.
Г.Н.КАСЕНОВА,
Жаңаарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
Жаңаарқа ауданы аумағында өсімдіктерді
қорғау саласындағы атқарылған іс-шаралар
Ауыл шаруашылығының дала шаруашылығындағы дәнді дақылдар, шабындық жайылым
алқаптарының арамшөптермен өсімдік ауруларынан қорғау фитосанитарлық қызметтің басты
міндеті болып табылатыны баршаға аян. Жан-жақты жасалған мониторингтік зерттеулердің
негізінде дұрыс қорытынды жасап, қорғау шараларын жақсы ұйымдастырып, іс-шаралар
жүргізудің арқасында астықтың шығымдылығын ұлғайтып мал азығын дайындауда мол жетістіктерге қол жеткізуге болады. Аталған зерттеу жұмыстары Республикалық
фитосанитарлық диагностика және болжамдардың әдістемелік орталығынын аудандық
бөлімшесі мамандары атқарып, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары
қадағалайды. Өткен 2014 жылы жалпы зерттеулер – 275,6 мың.га алқаптарда жүргізілді.
Оның ішінде шегіртке зиянкестеріне – 250,0 мың.га, астықтық сұр көбелегіне – 7,6 мың.га,
гессен шыбынына – 3,0 мың.га, сарышұнақтарға-8,0 мың.га, тышқан тәрізді кеміргіштерге
6,0 мың.га. жүргізілді. Аталған зерттеулер қорытындысымен 2015 жылы шегіртке
зиянкестерінің үйірлі түрлеріне – 106,1 мың.га, саяқ шегірткеге- 5,1 мың.га алқаптарға жеңіл
авиациямен, газогенераторлармен және автокөлік бүріккіштермен химиялық өңдеу
жұмыстары жүргізілді. Қолданылған ұлы дәрілер – Даклоприд 20% в.к., Имидор 20% в.к.,
Дессенлин – 48% с.к., Димирон 48 % с.к., Комбат 550 к.э. Биологиялық тиімділігі – 94%
құрайды. Сонымен қатар жыл сайын аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің
бұйрығы негізінде тиісті комиссия құрылып, құрамында осы бөлімнің маманы, шаруашылық
құрылымының өкілі, ауылдықтық әкімдігінің маманы болып күзде және көктемде саяқ шегіртке зиянкестеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соның қорытындысымен актілер толтырылады. Зияндылық шегінен асып кеткен көлемдер химиялық өңдеу жұмыстарына
жатқызылады. Оған жыл сайын облыстық бюджет есебінен қаражат бөлініп, қызмет ақысы
мен препараттар құнын құрайды. Өңдеулер негізінде ауылшаруашылық бөлімінің өкілі
қатысып, ұйымдастырып, құжаттамалар толтырылумен айналысады. Аудандық аумақтық
инспекциясының өкілі жалпы қадағалау міндеттерін атқарады. Биыл 2015 жылы аудан бойынша 5,1 мың.га алқаптар осы аталған зиянкестерге қарсы өңделіп, Димирон, Димилин
препараттары қолданылды. Бұл жұмыстарға тендер өткізіліп, жеңімпаз НАН Каз Авиа ЖШС
атқарды.Тағы бір атап өтетін жайт осыдан 4-5 жыл бұрын градациясы жоғары болып, өңдеуге
тура келетін астықтың сұр көбелегі мен гессен шыбыны сияқты зиянкестердің кейінгі жылдары азайып, онан соң кездеспейтін болуы- сапалы өңдеулердің тиімділігі және ауа райының
жағдайлары себеп болуы деп болжауға келеді. 2015 жылы 792 тонна тұқымдық материалдар
-100 пайызға дәріленіп, астықтың тауарлық сапасын төмендететін қаракүйе, тамыр шірігі
сияқты ауруларға қарсы тосқауыл қойылды. Астық тұқымдарын Тебу, Раксип-Ультра, Бункер
секілді дәрілер қолданылды. Аталған дәрілер Қарағанды қаласындағы Астана-НАН, Сингента, Август сияқты фирмалардың филиалдары қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта
арамшөптермен күресу жұмыстары яғни химиялық отау жұмыстары 2015 жылы аудан бойынша -1100 га жерге жасалынды, атап айтқанда «Ескене» ш/қ – 300 га, «Жанболат» ш/қ –
800 га, өткен 2014 жылы – 1250 мың.га алқапқа химиялық отау жұмыстары жүргізілген.
Химиялық отау жұмыстарының жүргізуде осы екі ш/қ белсенділік танытып, жоғары
көрсеткіштерге қол жеткізді. Осы өңдеуі шаралары жер бетіндегі бүріккіштермен оталды.
Атап айтатынымыз аудан көлемінде арамшөптермен күресу жұмыстары басқа ш/қ айналыспай отыр, ол әрине егіннің сапасына және өніміне әсер етеді. Осы аталған шараларға
Балерина, Магнум, Экстра-24 Д. сияқты жоғары сапалы гербицидтер қолданылды. Гербицидтер шаруашылықтар өз есебінен фирмалардан келісім-шарт жасасып, сатып алынуда, кейінгі жылдары үкімет гербицидтерді және химиялық тыңайтқыштары субсидиялануда.
Арамшөптермен күрес бойынша химиялық отау шараларын алдағы уақытта нәтижелі атқару
үшін шаруашылық құрылымдарында тиімді гербицидтер мен жоғары технологиялы бүріккіш
құралдар мен құрылғылар сатып алу мүмкіншіліктерін қарастыру жағы жөнінде түсіндіру
жұмыстары жүргізілуде. Өсімдіктерді қорғау саласындағы жасалып жатқан барлық ісшаралардың түпкілікті мақсаты – дәнді дақылдарды, көкөністерді, мал азығы өнімдерін түрлі
зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден тазартып, жалпы фитосанитарлық кеңістікті
қауіпсіз қалпына келтіру.
Жаңаарқа аудандық ауыл шаруашылық бөлімі
6
26 қыркүйек 2015 жыл
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қымбатты да құрметті анамыз Сапия Дуанбекқызын 22-қыркүйек күні
80 жасқа толған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Анамызға ұзақ өмір, денсаулық, өмірде бақыт тілейміз. Ешқашан
ауырмай ортамызда ойнап-күліп жүре беріңіз!
Көтеріпсің шыдаммен қиындықты,
Ерте жастан бала деп тер төгіпті.
Арқаң сенің қайысты-ау қиындықтан.
Жастық күнің анашым ерте өтіпті.
Бүгін жалғыз жеттің-ау арманыңа,
Бақыттысың немере-шөбереңнің болғанына.
Тек ауырма қалғанын бізге қалдыр,
Біз көреміз тағдырдың салғанына.
80 жасың құтты болсын, жан анашым,
Жүре берші аман-сау ортамызда.
80 жасың құтты болсын бүгінгі күн мерейлі,
Тілектерді айтайын бүлкілдетіп көмейді.
Ақ жаулығың ақылдың туы болған, анашым,
Періштелер “әумин!” деп тілегімді жебейді.
Шуылдассын айналып немерең мен шөберең.
Шаңырағың шайқалмай, кеңейсің тағы керегең.
Көретін әлі қызық көп, 100-ден ассын ғүмырың.
Ортамызда отыршы ақылды беріп демеген.
Ізгі ақ тілекпен: қыздары - күйеубалалары, балалары-келіндері, немере-шөберелері
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Айнабұлақ ауылының тұрғыны Далабай Шоқанұлы Нүркеевті 70
жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Далабай
Шоқанұлы ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы саласында мал маманы
ретінде үздіксіз еңбек етіп көпшіліктің алғысына бөленді. Ол ауылдастарына сыйлы, ағайынға қамқор, жастарға үлгі бола білетін жан.
Ел ағасы атанған ардақты азаматқа өмірдің жақсылығы мен
қуанышты сәттерінің көп болуын тілейміз.
Ақсақал боп бақытты, шашы ағарған,
Әлі талай қызықты тосар алдан.
Нәсіп, дәулет, береке арта берсін,
Сол біздің тілеріміз Жасағаннан.
Айнабұлақ ауылдық ардагерлер ұйымы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Біздер үшін баға жетпес асыл жан, бауырларына қамқор әпке бола білген
Асқарова Қапиза қыркүйектің 26-шы жұлдызында 70 жасқа толады.
Мерейлі жас иесіне мықты денсаулық, мол қажыр-қайрат, мереке
мен берекеге толы өмір, алаңсыз-қамсыз көңіл тілейміз.
Ұрпақтарыңыздың өсіп-өркендегенін, қызық-қуанышын ұзағынан
көріп, жасыңызға жас қосып, ортамызда аман-есен жүре беріңіз!
Мөлдір болсын көңіліңіз таңғы шықтай,
Шырағыңыз сөнбесін шамшырақтай.
Жүрек жарды қуаныш еш таусылмай,
Мұң-кірбіңдер сейілсін, тұрақтамай.
Мерейлі жас әкелсін шын бақытты,
Жүрекке шуақ сыйлар көп шаттықты.
Бір Алла бере берсін ұзақ жасын,
Амандық пен шырайлы жақсылықты.
Құттықтаушылар: Бақтияр-Гүлбаршын, Еркеназ, Асқаровтар әулеті
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Атасу станциясының тұрғыны, асыл жар, ардақты ата, асқар таудай
әкеміз Сұлтанов Сүлеймен Сламбекұлын 60 жасқа толатын мерейлі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Жүзіңізден
шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп–ойнап, шаттыққа кенеліп,
бақытқа бөленіп, ұзақ жасай беріңіз.
Асыл әке, ардағы ұл – қызының ,
Бәрін болжап жүретін алдағының.
Қамқорымыз сіз келіп 60 жасқа,
Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін!
Анам сізбен әдемі біздің үйде,
Әдемі әнді ұластырар сәнді күй де.
Отбасының ұйытқысы, берекесі
100 жасаңыз анамызбен мәңгі бірге!
Құттықтаушылар: жұбайы-Күміс, балалары - Әсел, Жұлдыз, Талғат, Мәди,
күйеубалалары - Ербол, Жандос, келіні –Айбану, немерелері - Мирас, Зарина, Айнара, Айзада.
26 қыркүйек 2015 жыл
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
7
Жаңаарқа ауданының «экономика және қаржы бөлімі» ММ Сейфуллин ауылдық округі
Алғабас ауылында орналасқан бұрынғы бастауыш мектептің ғимаратын сенімді басқаруға
беру бойынша тендер жариялайды. Мектеп ғимаратының қалдық баланстық құны 00 теңге.
Мақсатты пайдалану бағыты: ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту. Пайдалану мерзімі : сенімді басқаруға беру келісім-шартын жасасқан күннен бастап 3 жыл. Тендер 2015 жылдың 13
қазан күні өтеді, уақыты :16-00 сағат. Тендердің өтетін орыны: Жаңаарқа ауданы , Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы №2/1,2 қабат, экономика және қаржы бөлімінің басшысының кабинеті.
Тендерге қатысуға өтінімдер мына мекен жайда қабылданады: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы №2/1,2 қабат, экономика және қаржы бөлімінің басшысының кабинеті.
Өтінімдерді қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады және 2015
жылдың 12 қазан күні сағат 16-00 де аяқталады. Тендерді өткізу шарты мен жеңімпазды
таңдау өлшемдері: Тендерге қатынасушылар: тендерге рәсімделген сенім хаттың негізінде
өзінің өкілдері немесе өзі қатысады, тендерге қойылатын нысан бойынша қосымша мәліметті
тегін алады, тендер нысанын алдын ала көреді, құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгіне
алады. Тендер басталуға дейін кемінде күнтізбелік 3 күн қалғанда, жалға берушіні жазбаша
хабарлау арқылы, өзінің өтінішін қайтарып алады. Егер өтініштерді қабылдау мерзімі
аяқталғанда біреуден аспайтын өтініш тіркелсе, тендер өтпеді деп танылады. Тендерді өткізу
күнгі отырыста тендер комиссиясының мүшелері тендерге қатысушылардың ұсыныстары
салынған ішкі конверттерді ашады және олардың ұсыныстарын жария етеді. Комиссия
мүшелері конверттерді ашу алдында олардың тұтастығын тексереді. Конверттерді ашу және
ұсыныстарды жария ету кезінде тендерге қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің
қатысуларына болады. Тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада қамтылған талаптармен
түскен ұсыныстардың сәйкестігін тексереді. Егер түскен ұсыныс тендерлік құжаттамада
қамтылған талаптарға сәйкеспейтін болса аталған ұсыныстар одан әрі қарауға жатпайды және
мұндай өтініш берген тұлғаның тендерге қатысушы мәртебесі күшін жояды. Тендер жеңімпазы
болып тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сәйкес келетін тендерге
қатысушы танылады. Үміткер тендерге қатысу үшін белгіленген мерзімде мына құжаттарды
тапсыруы қажет. -тендерге қатысуға үміткердің келісім шартқа отыруға келісімі, оның тендер
шартын орындау бойынша міндеттемесін қамтитын және нысанның қажеттілігін анықтайтын
өтініш; -жапсырылған конверттегі тендер бойынша ұсынысы; Заңды тұлғалар үшін: -мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не болмаса анықтаманың көшірмесі салыстыру
үшін түпнұсқаны көрсетумен бірге немесе аталған құжаттың нотариалды куәландырылған
көшірмесі; -құрылтайшы құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқаларын
көрсетумен бірге немесе аталған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; өтініш берген күнге үш айлық мерзімнен аспайтын салық, міндетті зейнетақы қорына және
әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздың жоқ екені туралы анықтамалардың түп нұсқалары; үміткердің өкілінің уәкілеттігін дәлелдейтін құжат. Жеке тұлғалар үшін: -жеке басын
куәландыратын құжаттың көшірмесі салыстыру үшін түпнұсқаны көрсетумен бірге; Жеке
кәсіпкерлер үшін: -жеке басын күәландыратын құжаттың көшірмесі салыстыру үшін
түпнұсқаны көрсетумен бірге; -жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі салыстыру үшін түпнұсқаны көрсетумен бірге; -өтініш берген күнге үш айлық мерзімнен аспайтын салық, міндетті зейнетақы қорына және әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздың жоқ
екені туралы анықтамалардың түп нұсқалары; Тендер нысаны бойынша құжаттармен мына
мекен жайда танысуға болады: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 2/1,2 қабат,
экономика және қаржы бөлімінің басшысының кабинеті. Тендерлік құжаттама белгіленген
тәртіпте тіркелген тендерге қатысушыларға беріледі. Қосымша ақпаратты мына телефон
арқылы алуға болады: 2-62-64
Информационное сообщение
ГУ «Отдел экономики и финансов Жанааркинского района» проводит тендер по передаче в
доверительное управление здания начальной школы расположенное по адресу: Сейфуллинский аульный округ село Алгабас с остаточной балансовой стоймостью 00 тенге. Целевое
назначение: развитие предпринимательства на селе. Срок доверительного управления: 3 года
с момента заключения договора. Тендер состоится 13 октября 2015 года, время 16-00 часов.
Место проведения тендера: Жанааркинский район, пос.Атасу, пр.Тауелсиздик №2/1, 2 этаж,
кабинет руководителя отдела экономики и финансов. Заявки на участие в тендере принимаются по адресу: Жанааркинский район, пос. Атасу, пр. Тауелсиздик №2/1, 2 этаж, кабинет
руководителя отдела экономики и финансов. Прием заявок начинается со дня публикации информационного сообщения и заканчивается в 16-00 часов 12 октября 2015 года. Условия проведения тендера и критерии выбора победителя: Участники тендера: Участвуют в тендере
лично или через своих представителей на основании доверенности; бесплатно получают дополнительные сведения по объектам тендера; предварительно осматривают объекты тендера;
обращаются в суд при нарушении их прав; отзывают свое заявление на участие не менее чем
за три календарных дней до начала тендера, сообщив об этом письменно наймодателю. Если
на момент окончания срока приема заявлении зарегистрировано не более одного заявителя
тендер признается несостоявшимся. В день проведения тендера на заседании члены тендерной
комиссии вскрывают внутреннние конверты с предложениями участников тендера и оглашают
их предложения. При вскрытии конвертов и оглашении предложении комиссия проверяет их
целостность. При вскрытии конвертов и оглашении предложении могут присутствовать участники тендера или их представители. Тендерная комиссия проверяет соответствие представленных предложений требованиям,содержащимся в тендернеой документации. В случае если
представленные предложения не соответствуют требованиям, содержащимся в тендерной документации, указанные предложения не подлежат дальнейшему рассмотрению и лицо, подавшее такое заявление, утрачивает статус участника тендера. Победителем тендера признается
участник тендера чьи предложения, отвечают всем требованиям, содержащимся в тендерной
документации. Для участия в тендере претенденту в установленнныен сроки необходимо
представить: -заявку на участие в тендере, означающее письменное обязательство заключить
договор на условиях тендера и предложенных самым участником тендера, с указанием найменования объекта, а также обоснования потребности в обьекте. Предложения по условиям
тендера в запечатанном конверте. Для юридических лиц: -копия свидетельства либо справка
о государственной регистрации (перерегистрации), с предъявлением оригинала для сверки
или нотариально засвидетельственная копия указанного документа; копии учредительных документов с предьявлением оригинала для сверки либо нотариально засвидетельствованные
копии указанных документов; оригиналы справок об отсутствии налоговой задолженности,
задолженности по обязательным пенсионным взносам и социальным отчислениям более чем
за последние три месяца, предшествующих дате подачи заявки; документ, удостоверяющий
полномочия представителя участника тендера. Для физических лиц: - копии документов, удостоверяющего личность физического лица, с предьявлением оригинала для сверки либо нотариально засвидетельствованные копии указанных документов.Для индивидуальных
предпринимателей: -копии свидетельства о государственной регистрации индивидуального
предпринимателя, документов, удостоверяющего личность физического лица, свидетельства
налогоплательщика с обязательным предъявлением оригиналов для сверки либо нотариально
заверенные копии указанных документов; оригиналы справок об отсутствии налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам и социальным отчислениям более чем за последние три месяца, предшествующих дате подачи заявки. Ознакомиться
с документами по объекту тендера можно по адресу: Жанааркинский район, пос. Атасу, пр.
Тауелсиздик №2/1, 2 этаж, кабинет руководителя отдела экономики и финансов. Тендерная
документация представляется участникам тендера, зарегистрированным в установленном порядке. Дополнительную информацию можно получить по телефону 2-62-64
Еске алу
Асыл жар, ардақты әке болған Болат Мәжікенұлының
өмірден өткеніне 12 жыл болды. Тірі болса 2-қазанда 65
жасқа толар еді.
Ғұмыры келте болып, бәріміздің жүрегімізге жазылмас жара
салған аяулы жанның осы мерейтойын тойлауға тағдыр жазбапты. Бала-шағасының, немерелерінің қызығын қызықтар
шағында өмірден өтіп кеткеніне өкінеміз.
Көкірегіміз шерге, жүрегіміз сағынышқа толып, ардақты
жанды қамығып еске аламыз. Есімі естен, жақсылықтары
жадыңнан, адамгершілігі қаперден кетпейтін, ақкөңіл, ақ
жарқын абзал әке, адал жар еді.
Тағдырдың жазуына ешкім қарсы келе алмайды. Сонда да,
үнемі жаныңда болып, қызық-қуаныштарда, қиындық-ауырлықта да қасыңнан табылатын
аяулы жанды жоқтап қалу-дүниеде ең қиыны сол екен.
Абзал әке, жайлы болсын мәңгі мекен бесігің,
Алдыңыздан періштелер ашсын жұмақ есігін.
Иман нұрын, пейіш төрін біз тілейміз өзіңе,
Жүректерде сақталады асыл бейнең, есімің.
Сағына еске алушылар: жұбайы –Жұмаш, балалары:-Марат-Жадыра, Талғат-Назира, немерелері-Гүлім, Асқар, Әли, Мәди, Назым, Жібек, Асылмұрат және бауырлары.
Еске алу
Аяулы ана, асыл жар, сүйкімді келін, сүйікті жеңге
Жадыра Жанатқызының өмірден озғанына жыл толды.
Өмірге өзі әкелген ұл-қызының өсіп-ер жеткенін көрмей,
қызығын қызықтамай көз жұмған жанның мақсаттары мен
армандары орындалмаған күйде қала берді.
Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болсын аяулы жан.
Келбетіңе күн сүйсінген жан едің,
Баға жетпес балаларға ана едің.
Балаларды қиып қалай жоқ болдың,
Сен оларға ең қажетті пана едің.
Іздейді ағайын-жұрт жұтып қайғы,
Бір көрсек деп туғандар армандайды.
Өмірдің заңы қатал неге сонша,
Аяулы жан ортамызға оралмайды.
Сағына еске алушылар: жолдасы-Болат, енесі-Қарлығаш, балалары-Нұрсұлтан,
Ерсұлтан, Ділназ, Ералы, Ерасыл, қайын жұрты-Мұрат-Мадина, Серік-Гүлмира,
Даулетбай-Динара.
Еске алу
Жаңаарқа ауданында туып-өскен асыл әке, қимас бауырымыз
Жұмашев Заядат (Зияқа) Садырұлы бақилық болғанына 1қазан күні бір жыл толады. Біреуге ерте, біреуге кеш келетін
ажалға қарсы тұрар дәрмен жоқ. Сағынамыз, іздейміз, дұға
оқып, құран бағыштаймыз. Жатқан жері жайлы, топырағы
торқа, жаны жәннатта, тәні рахатта болсын.
Әкешім, құса болдым сағыныштан,
Жастық қайда мендегі алып-ұшқан.
Құшақтағым келеді бас алмастан
Күндер қайда мойныңнан қысып құшқан.
Өмір мені үйретті жыламауға
Болмашыға сынбауға, құламауға.
Бірақ, әке, орның әркез сезіледі,
Ерік бермей өкініш сығалауда.
Мамық болып, тербетсін жер бесігің,
Қабыл болсын бағыштаған дұғалар.
Жұмақ бағын бұйыртсыншы жаратқан,
Алла өзі қайтып алды ғұмырын.
Еске алушылар: анасы-Күлжан, баласы-Ердәулет, бауырлары, жезделері,
жеңгелері, келіндері, жиендері.
Бауырымыздың қайтқанына жыл толуына орай 1-қазан күні сағат 13.00-де
«Диас» мейрамханасында құран бағышталып, құдайы ас беріледі.
Аудан әкімдігі
КӨҢІЛ АЙТУ
еңбек ардагері Диханбай Қошмағанбетұлының
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
КӨҢІЛ АЙТУ
Аудан әкімдігі жеке кәсіпкер Дәмегүл Тульеваға
сүйікті қызының
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
«НАДЗОР»
республикалық жедел алдын алу шараларын
өткізу
2015 жылдың 10 тамыз мен 15 тамыз айының аралығында ҚАЖ комитетінің Қарағанды
облыс бойынша ҚАЖД Жаңаарқа аудандық Пробация қызметі және Жаңаарқа аудандық ІІБнің ӘПБ-нің УПИ қызметкерлерімен бірлесіп әрбір қоғамнан оқшауланбаған сотталған
тұлғалардың, олардың тарапына құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстардың жасалуына
жол бермеу жөнінде профилактикалық алдын-алу іс шаралары жүргізілді.
Тексеріс жүргізу барысында мекен-жайында болмағаны үшін 2 (екі) сотталған тұлғаға
қатысты іс-құжаттарын аудандық сотқа жолданды. Атап айтсақ бас бостандығы шектелген
сотталған тұлға М.М.М. бас бостандығынан айыру жөнінде ұсыным жолданып. Жаңаарқа
аудандық сотының қаулысымен жаза мерзімі бас бостандығынан айырды.
Шартты сынақ мерзімі тағайындалған сотталған тұлға Ж.А.М. сынақ мерзімі 1 айға созу
жөнінде іс-құжаттары жолданды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық – атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, қоғамға бейімдеу, сотталғандармен өзге
адамдардың да жаңа қылмыстар жасауын алдын алу болып табылады.
Б.Қ.АЙЖОЛОВ,
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД
Жаңаарқа аудандық Пробация қызметінің
әділет каптитаны
Өз ісінің маманы
Жеке құрам арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, қазіргі уақыт талабына сай кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында жауынгерлік дайындық сабақтарында,
дене шынықтыру, спорттық шараларға басты назар аударылуда. Өзінің қызметтік міндеттеріне сай полиция қызметкерінің әр-түрлі төтенше жағдайларда дайын болуы басты талап
негізінде ұсталынуда. Қарағанды облысының 4 полиция батальоны (Жаңаарқа ауданы) жеке
құрамымен 2015 жылдың осы уақытына дейін ІІО қызметкерлері арасындағы облыстық
спорт жарыстарына қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Жекелей тоқталсақ, 2015
жылдың тамыз айың 21- күні Павлодар қаласында ҚР ІІМ МКҚБ қызметкерлерінің арасында
өткен қоян-қолтық ұрыстан жарыста полиция аға сержанты Е.Қ. Абилденов 3 орынға ие
болса, Қарағанды облысының ІІД-нің аясында өткен қоян-қолтық ұрыста 75 келі салмақта
1 орынға ие болды.
Әрбір қызметкер өзінің қызметтік міндеттерімен қоса алып жүрген спорттық шараларды,
спорттық дайындықтарды одан әрі шыңдауда екендігін көрсетуде.
А.А.ШАЙБЕКОВ, Қарағанды облысының МКҚБ ММ
4 ПБ (Жаңаарқа ауданы) полиция капитаны
РИЗАШЫЛЫҚ
Білікті азамат
Ақылдары жеткенге амалдары жетпей, айнала торыған азулы дұшпандарымен алысып,
бармақтарын тістеп, шытырманға толы қилы – қилы заманда әділдік үшін күрескен,
өршелене өршіп, талай қиындықты артқа тастап, “халқыма қалай еңбек етемін, қандай пайдам тиеді”-деп өткенді көріп безінсе де, келешегінен күдер үзбеген азаматымыз Бабажан
Нүркенұлының жігер қайраты мұқалмай еліне еңбек еткен үлкен жүректі, білімді, алғыр,
ақылды, әділетті, ел арасында алалық түсіп, біреу баққа масаттанып, біреуі таққа
ашқарақтанып, біреу артық дәулет жинап жатқанда Бабажан осылармен күресіп, ел бірлігін
сақтаған азамат. Аудан әкімінің Бабажанға “Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы” атағын
беруінің дұрыс екенін қолдап, Бабажан Нүркенұлын осы атағымен шын жүректен
құттықтаймын. Бабажанның еліне берері әлі мол, қайраты қайтпаған білікті азамат.
Ж.ЕЛЕУОВ,
еңбек ардагері
Алғысымыз шексіз
Биыл қыркүйек айының 13 жұлдызында жүктілік уақыты айы-күніне жеткен келініміз Ахметжанова Меруерт Кәкенқызы аса ауыр хәлде аудандық ауруханаға түсті.
Аурухананың бас дәрігері Күлмағанбетов Серік Әуесханұлы, гинеколог дәрігерлер
Күлмағанбетова Роза Жақанқызы, Ерболаева Әсем Менғалиқызы және белгілі оташы
Оразкүл Әбдікенқызы әл үстіндегі келінімізге шұғыл және сауатты түрде медициналық
емдеу шараларын қолданып, жедел шақыртылған санитарлық авиациямен Қарағанды
қаласындағы ауруханаға жөнелтті.
Ақ халатты абзал жандардың дер кезінде біліктілікпен жасаған ем-домдарының
нәтижесінде келініміз тіктеп келген қатерден аман қалып, Іңкәр атты немереміз дүниеге
келді.
Қарағанды қаласындағы ауруханада он күн ем қабылдап, құлан-таза сауыққан келініміз
немеремізді көтеріп босағамызға оралғанда шаңырағымыз шатыққа кенелді.
Адам жанына араша түсіп, ел-жұртының шынайы құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген
ауданымыздың қадірменді азаматтары, өз ісінің майталман мамандары, біздің сүйікті
дәрігерлеріміз Күлмағанбетов Серік Әуесханұлына, Күлмағанбетова Роза Жақанқызына,
Ерболаева Әсем Менғалиқызына, Оразкүл Әбдікенқызына шын жүректен зор
ризашылығымызды білдіріп, әулетіміздің атынан алғысымызды айтамыз.
Еңбектеріне табыс, жанұяларына бақ пен бақыт, дендеріне саулық, тұрмыстарына сән-салтанат, көңілдеріне қуаныш пен шаттық байлығын тілейміз!
Игенбек әулеті
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЕГУ ЖАЛҒАСАДЫ
Қызылшаға қарсы егу қайта 2015жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жастағы жасөспірімдер
арасында қайта жалғасады.
Республикада қызылша ауруының басталып өсуі жалғасуда. Халық арасында
вакцинацияланбаған немесе толық вакцинацияланбаған тобы бар. Мұндай жағдай вакцинадан бас тартатын ата-аналардың көбейуіне байланысты. Қызылша ауруынан қорғанудың
жалғыз жолы – бұл вакцинация. Қызылша ауруына қарсы қосымша иммундау қызылша ауруынан сақтайды және мынандай асқыну жолдарын туғызбайды: соқырлық, энцефалит (инфекция, бастағы мидың қабынуы), яғни кейін есте сақтау қабілетінің әлсіреуіне, ой өрісінің
төмендеуіне, психиканың бұзылуына әкеп соқтырады, сусыздандыруды туғызатын
диареяның ауыр түрі, құлақтың инфекциясы, респираторлық жұқпаның ауыр түрі, яғни өкпе
қабынуы.
Қызылша – вирус туғызатын, жіті жұқпалы ауру. Аурудың белгілері – дене қызуы көтеріледі,
денені бөртпелер басады, жөтел пайда болуы мүмкін, бас ауырады. Қызылша ауруымен
ауырған адаммен контактіде болғандардлың барлығы, жөтелу, түшкіру арқылы немесе тікелей емес контактіге мұрын немесе тамағынан бөліну арқылы жұғады.
Қызылша аурының өсуі 15 жас және жоғары жас арасында ерекше орын алады. Негізгі
әлсіз контингент 15-19 жас аралығы – бұл мектеп оқушылары, ЖОО/ООО студенттері,
әскерге шақырылғандар және басқалары, қызылша ауруының жұғылу күдігі жоғары орындарда, яғни үнемі ұйымдастырылған ұйымдарда болушылар.
Ауданымызда жыл басынан бері бірнеше қызылша ауруы тіркелген болатын, контактіде
болған барлық адамдарға қызылшаға қарсы вакцина жасау арқылы ауру тоқтатылды.
Вакцина аурудың алдын алу үшін Денсаулық сақтау Бүкіл әлемдік ұйымы ұсынылатын
вакцина, сертификатталған, дүние жүзі бойынша 45 елде қолданылған, яғни,
Ұлыбританияда, Ресейде, Швейцарияда және Нидерландта, Францияда, Германияда және
т.б Европалық елдерде. Қызылшаға ауруына вакцинация тегін егіледі.
М.А.БАЙҒҰТОВА,
Жаңаарқа аудандық
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасының
жетекші маманы
2015 жылы 1 қазаннан 15-19 жастағы халық
арасында қызылша ауруына қарсы
қосымша имунитеттеу жүргізу
Қызылша деген не? Қызылша - вирус туғызатын, жіті жұқпалы ауру. Аурудың белгілері –
дене қызуы көтеріледі, денені бөртпелер басады, жөтел пайда болуы мүмкін, бас ауырады.
Қызылша ауруымен ауырған адаммен контактіде болғандардың барлығы ауырады, яғни
егілмегендер. Аурудың ауыр өту барысы өліммен аяқталуы мүмкін.
Қызылша ауруы қалай таралады? Науқас адамнан қызылша вирусы денсаулығы сау адамға
сөйлесу арқылы, жөтелу, шүкіру арқылы тікелей немесе тікелей емес контактіге мұрын немесе тамағынан бөліну арқылы жұғады.
Қызылша аурудың қалай алдын алуға болады? Қызылша ауруының алдын алу жолы – бұл
тек вакцина.
Қызылша ауруына қарсы вакцинация қауіпсіз болып табыла ма? Ия, қызылша ауруына
қарсы вакцинация қауыпсіз және нәтижелі, қызылша аурудың алдын алу үшін
денсаулықсақтаудың Бүкіл әлемдік ұйымына ұсынылатын вакцина. Вакцина өндірісі
денсаулықсақтаудың Бүкіл әлемдік ұйымымен сертификатталған. Қызылша ауруына қарсы
вакцина дүние жүзі бойынша 45 елде қолданылған, яғни, Ұлыбританияда, Ресейде, Швейцарияда және Нидерландта, Францияда, Германияда және т.б.. Европалық елдерде.
Қосымша иммунитеттеу не үшін жүргізіледі? Республикада қызылша ауруының басталып
өсуі жалғасуда. Халық арасында вакцинацияланбаған немесе толық вакцинацияланбаған
тобы бар. Мұндай жағдай вакцинадан бас тартатын ата-аналардың көбейуіне байланысты.
Қызылша ауруынан қорғанудың жалғыз жолы – бұл вакцинация. Қызылша ауруына қарсы
қосымша иммунитеттеу қызылша ауруынан сақтайды және мынандай асқыну жолдарын
туғызбайды:
•соқырлық, •энцефалит (инфекция, бастағы мидың қабынуы), яғни кейін есте сақтау
қабілетінің әлсіреуіне, ой өрісінің төмендеуіне, психиканың бұзылуына әкеп соқтырады
•сусыздандыруды туғызатын диареяның ауыр түрі, •құлақтың инфекциясы, •респираторлық
жұқпаның ауыр түрі, яғни өкпе қабынуы.
Не үшін 15 жастан 19 жас аралығындағы адамдар егіледі? Қызылша ауруының өсуі 15 және
жоғары жас мөлшері арасында ерекше орын алады. Әлде қайда әлсіз контингент 15-19 жас
аралығы – бұл мектеп оқушылары, ЖОО/ООО студенттері, әскерге шақырылғандар және
басқалары, қызылша ауруының мен жұғылу күдігі жоғары орындарда, яғни үнемі
ұйымдастырылған ұйымдарда болушылар.
Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы
ОБЪЯВЛЕНИЕ
Объявляем о проведении общего собрания учредителей ТОО «КТ «Жанаарка», который состоится 14 октября 2015 года в 10.00 часов, по адресу пос. Атасу, пр. Независимости 22, 2
- этаж, актовый зал здания РУПС (Каз.Почты).
Явка обязательна!
Повестка дня: 1.Изменение в составе учредителей ТОО «КТ «Жанаарка» (ввод и выход
учредителей). 2.Увеличение Уставного капитала КТ. 3.Утверждение Приложения к Уставу
и Учредительному договору. 4.Увеличение кредитной линии ТОО «КТ «Жанаарка» с 129
546 000 на 236 040 000 тенге. 5.Ознакомление учредителей с результатом годового расширенного мониторинга и присвоения КТ рейтинга С, а также предоставления лимита самостоятельного кредитования в размере до 30 000 000 (Тридцать миллионов) тенге и
утверждение ставки вознаграждения по самостоятельному кредитованию КТ, между КТ и
конечным заемщикам, между АО «Аграрная кредитная корпорация» и ТОО «КТ «Жанаарка»
6.Утверждение распределения лимита кредитования среди участников кредитного товарищества. 7.Утверждение внутренних нормативных документов КТ: - Залоговая политика
ТОО «КТ «Жанаарка». 8.Рассмотрение вопроса по проблемным займам ТОО «КТ «Жанаарка».
Газетті баспаға әзірлеген: САЛТАНАТ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1360 дана
Тапсырыс №49
Автор
zhanzbc
zhanzbc137   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Филология
Просмотров
134
Размер файла
13 219 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа