close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 51 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Маңызды мәселелер талқыланды
Астана. 30 қыркүйек. Baq.kz – Қазақстан Президенті бұл сапары БҰҰ Бас хатшысы
Пан Ги Мунның шақыруымен мерейтойлық сессияға қатысу үшін жасалғанын атап
өтті деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.
-Мен Бас ассамблеяның жалпы дебатында еліміздің жаһандық саяси және экономикалық
мәселелерге қатысты көзқарасын ортаға салдым. Сонымен қатар тағы екі саммитке – 2015
жылдан кейінгі даму кезеңінің күн тәртібін қабылдау жөніндегі және зорлық-зомбылық
сипатындағы экстремизмге қарсы күрес жөніндегі самиттерге қатыстым. Сондай-ақ бірқатар
мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларымен кездесудің мүмкіндігі туды. Мұның бәрі
Қазақстан үшін маңызды, еліміздің пікірін жаһандық қоғамдастық естіді, – деді Мемлекет
басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев өзі көтерген негізгі мәселелерге де тоқталды.
-Бірінші кезекте, мен БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік кеңестерін Жаһандық даму
кеңесіне айналдыруды ұсындым. Келесі мәселе – ядролық қаруды таратпау. Қазақстан бұл
бағытта жетекші әрі белсенді рөл атқарады. Бұл ретте әлем қоғамдастығының қатысуымен
ілгері жылжу керек, адамзат ХХІ ғасырда жаппай қырып-жою қаруынан бас тартуы тиіс.
Экстремизмге қарсы іс-қимылға келсек, оны біздің ел де сезініп отыр, осындай кейбір
топтардың қатарында Қазақстаннан тартылған жастар да бар. Жалпы, 2001 жылғы 11
қыркүйектен кейін болған бірліктің маңыздылығы атап өтілді. Мен сондай-ақ тиісінше
қолдау болатынына үміттене отырып, қатысушылардың назарын Арал теңізінің, Семей
полигонының проблемаларына аудардым, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысының айтуынша, адамзат 2045 жылға қарай барлық негізгі мәселелерді,
әсіресе қақтығыс ошақтарындағы проблемаларды шешуі тиіс.
-Жер бетіндегі кедейшілік деңгейі өте жоғары, миллиардқа тарта халық тоя тамақ ішпейді,
миллиондаған адам сауатсыз, балалар арасындағы өлім-жітім жыл сайын 40 миллионды
құрайды. Бай елдер кедейлерге көмектесуі тиіс. Осыған байланысты мен барлық
мемлекеттердің әскери шығыстарының 1 пайызын Мыңжылдық мақсаттарын жүзеге асыру
ісіне бөлуді ұсындым, бұл зор көмек болар еді. Біздің еліміз көтерген барлық мәселелер тиісті қолдау тапты деп есептеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы БҰҰ штаб-пәтерін орналастыратын орын тағы бір тақырып ретінде
қозғалғанын айтты.
-1945 жылы Ұйымды Нью-Йоркке көшіру туралы шешім қабылданды. Содан бері 70 жыл
өтті, әлем өзгерді. Бүгінде Азияның қарқынды дамуы байқалып отыр. Сондықтан БҰҰ
қызметін жаңарту және жандандыру мақсатында оның штаб-пәтерін Азия құрлығына
көшіру туралы ұсыныс айттым, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінен еліміздің мемлекеттік тілінде
алғаш рет сөз сөйленгеніне тоқталды.
Менің мемлекеттік тілдегі сөзім, оның Ұйымдағы барлық ресми алты тілге ілеспе аударылуы да жақсы нышан болды деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Б.Обамен келіссөздер барысында
екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланғанын айтты. Атап айтқанда,
Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Д.Керридің келуі жоспарлануда.
-Б.Обамен барлық жеті жыл бойында өткен диалог жемісті болды. АҚШ біздің
республикамыздың ДСҰ-ға кіруіне атсалысты, барлық бастамаларымызды әрдайым қолдап
келеді. Қазақстанда 500-ге жуық америкалық компания жұмыс істейді, АҚШ-тың тікелей
инвестицияларының көлемі 30 миллиард доллардың шамасында. Мен біздің еліміз өз талпыныстары мен экономикалық бағдарламалары АҚШ тарапынан қолдау табады деп сенетінін атап өттім, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті сондай-ақ Ресей Президенті В.Путин мен АҚШ Президенті
Б.Обаманың кездесуіне қанағаттанушылық білдірді. Бұл кездесу екі елдің арасындағы
қарым-қатынастарды жолға қоюға септігін тигізеді.
Мемлекет басшысы Америка іскер топтарының ірі өкілдерімен болған кездесудің
маңыздылығын айтты.
-«Бизнес капитандары» активтерінің жиынтық құны 10 триллион долларды құрайды. Кездесуді өткізген модератор айтқандай, мемлекет басшылары бұған дейін бизнесмендердің
осыншалық көп құрамымен кездеспеген. Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып
жатқан жобалар туралы айтып, оларды «Нұрлы жол», ҮИИДБ сияқты бағдарламаларға
қатысуға шақыруға мүмкіндік туды. Мен сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың,
Еуропалық одақтың және Жібек жолы экономикалық белдеуінің күш-жігерін біріктіру бүкіл
Еуразияның экономикалық дамуы үшін пайдалы болатынына да назар аудардым, – деді
Қазақстан Президенті.
№51 (9701), 7 қазан, 2015 жыл
«100 нақты қадам» - жарқын болашақ кепілі
«100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сынқатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа
тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің
отыздығына кіру жөніндегі жоспары. «100 нақты
қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру
мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан
адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай
туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.
Жоспардың негізгі мақсаты – «аурулардың сыртқы
белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі
емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.
«100 нақты қадам» 5 пункттен тұрады: 1.Кәсіби мемлекеттік аппарат құру – 15 қадамнан;
2.Заңның үстемдігін қамтамасыз ету –19 қадамнан; 3.Индустрияландыру және
экономикалық өсім – 50 қадамнан; 4.Біртектілік пен бірлік – 6 қадамнан; 5.Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру – 10 қадамнан тұрады.
Түгіскен ауылының И.Омаров атындағы мәдениет үйінде сегізінші қазан күні Жаңаарқа
аудандық әділет басқармасының басшысы Қ.Әбдіразақов бастаған ақпараттық-насихаттық
тобы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Топ құрамында: Жаңаарқа аудандық
кәсіпкерлер палатасының төрағасы – Рымбеков Сәулет, Жаңаарқа аудандық жылжымайтын
мүлік орталығының басшысы – Құрмашев Айдын, Жер ҒӨО РМК Жаңаарқа аудандық
бөлімшесінің ІІ санаттағы инженері – Абдрахманов Асылхан, Жаңаарқа ауданының сәулет
және қала құрылыс бөлімі ММ-нің заңгері – Каримбеков Орман және инспектор-тіркеуші –
Мырзакеев Саламат болды. Аталмыш жиынды Түгіскен ауылының әкімі Ө.Н.Кенжетаев
ашып, топ құрамымен таныстырып, Жаңаарқа аудандық әділет басқармасының басшысына
сөз кезегін берді. Қ.Әбдіразақов баяндамасында: “100 нақты қадамның» 5-ші пунктіне
тоқталып, маңыздылығын атап көрсетті. Ел Президентінің Қазақстан халқына үндеуін жеткізе білді. Алдымызда тұрған перспективаларды ашып көрсетті. Түгіскен халқына
мүмкіндіктер өте көп. Мысалы, 36 қадамда: «Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін
өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға
тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта
жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру»,- делінген. Жер-тіршілік нәрі. Яғни, «жері
байдың - елі бай»- деп, қол қусырып отыра бермей, ол жерді пайда көзіне айналдыру керек.
Жаңадан кәсіп ашып, өз ісіңмен айналысу қажет”.
Жаңаарқа аудандық кәсіпкерлер палатасының төрағасы – Рымбеков Сәулет кәсіпкерлерге
барынша қолдау көрсетіп, көмегін аямайтынын айтты. Қазіргі таңда Түгіскен ауылындағы
кәсіпкерлер палатасының көмегімен нәтижелі еңбек жасап жатқан кәсіпкерлерді атап
көрсетті.
ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар, нақты қадамдар, тың идеялар заманы. Сондықтан, заман
ағымына ілесу үшін мемлекеттік бағдарламалармен танысып, заңдарды біліп, қолда бар
мүмкіндіктерді пайдалана білу керек.
Г.РАХИМБЕРЛИНА, Түгіскен а/о әкімі аппараты жетекші маманы
ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ
Кенттегі құрылыс жұмыстары
Өткен аптада аудан әкімі Ғ.И.Омаров бастаған мекеме басшылары Қызылжар кентінде
болып, жаңадан бой көтеріп тұрғындардың игілігіне берілетін балабақша нысанында болды.
Құрылыс қарқынды жүруде.
Келесі кезекте аудан әкімі осы ауылдың көптен бергі түйіні шешілмеген мәселелерінің бірі
Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық
округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары
әкімдерін сайлау туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылдағы 24 сәуірдегі №555 Жарлығының
57,59 баптарына сәйкес М.Жұмажанов атындағы ауылдық округіне сайланған әкімді тіркеді:
1.Бүкірбаев Думан Зейнуллахабдинұлы – 1979 жылы туған, «Алтай» шаруа қожалығының
мүшесі, М.Жұмажанов ауылдық округінде тұрады, ұлты қазақ, «Нұр Отан» партиясының
мүшесі.
Аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
болған ауыл іргесіндегі өзендегі көпірдің ашылуына барды. Жаңа салынған көпірдің
ұзындығы 300 метр ал ені 10 метр. Көпірді «Бекасыл» ЖШС салды.
Түгіскен ауылдық округінде спорттық кешен салынуда. 1-қазан күні аудан әкімі Ғ.Омаров
құрылыстың жүріс барысымен танысуға Түгіскенге іс-сапармен барып қайтты.
Өз тілшімізден
2
7 қазан 2015 жыл
4-қазан - ҰСТАЗДАР КҮНІ
Ұлықты мереке ұстаздарға арналды
Ұстаз - ұлағатты есім. Жер бетіндегі барлық азамат ұстаздар алдында отырып, білім
нәрімен сусындап ер жетеді. Ұстазға құрмет жасау - біздің міндетіміз.
Күнтізбедегі ұстаздар күніне орай мәдени сауық орталығында «Ұстаз- білім беру саласын жаңғырту саясатын тікелей жүзеге асырушы» атты
кездесу өткізілді.
Ауданымызға қарасты 28 білім ошағы мен қос колледждің, 4 балабақшаның ұстаздар
легі бас қосқан кездесуде аудан әкімі ұстаздарды құттықтап, ақ тілегін білдірді.
Бала санасына шым-шымдап білім жемісін ұялататын ұстаздар қауымының еңбегіне
қарай марапаттап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Олар ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» аудандық білім бөлімінің
әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.С. Борамбаева, Білім және ғылым қызметкерлерінің
кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін төс белгісімен аудандық білім бөлімінің бас маманы
М. Р.Жандәулетова, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен Т.Д.Бөгенбаев
(О.Жұмабеков ОМ), Н.Н.Шамаева (№132 ОМ), Ж.Н.Кейкова (Талдыбұлақ ОМ), облыстық
білім басқармасының Алғыс хатымен Е.Әбдікәрімов (Талдыбұлақ ОМ ардагер ұстазы),
М.О.Мұхамеджанов (№132 ОМ), Н.М.Дәрібаев (Түгіскен ОМ), Р.М.Игенова («Балдырған»
балабақшасының тәрбиешісі), Н.Н.Сухарева (Б.Амалбек ОМ), З.С.Тақауиева (Жезқазған
индустриалдық гуманитарлық колледжі Жаңаарқа бөлімшесінің директоры), Б.Б.Өтебаева
(О.Әлібаев ОМ), аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Ғ.Б.Байжұманова (білім саласының
ардагері), Д.А.Тілеубаев (Ю.А.Гагарин ОМ), С.Бөгенбайқызы (Бидайық ОМ), М.Ф.Сәбитова
(Айнабұлақ ОМ), Г.С.Көкенова (аграрлық колледжінің мұғалімі), Л.Т.Ускембаева (аграрлық
колледжі), М.К.Тілеужанова (Жезқазған индустриалдық гуманитарлық колледжінің директоры), Л.А.Әлиева («Ертөстік» бөбекжайы), М.Т.Алпысбаева (О.Жұмабеков ОМ), аудан
әкімінің Алғыс хатымен М.Ә.Арунов (С.Сейфуллин ОМ), Ж.Ж.Құнанбаев (Көктал ОМ),
Н.Д.Балтабаев (Ақтүбек ОМ), Б.Ш.Сайманов (№135 НМ), С.С.Жарқынбекова (Жезқазған
индустриалдық гуманитарлық колледжі), қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен Қ.Б.Әбдіғожина (№132 ОМ директоры), Д.Б.Жумкина («Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі), Г.А.Әбенова («Ақерке»
бөбекжайының меңгерушісі), А.Қ.Ізтөлеуова (Ю.Гагарин ОМ кәсіподақ ұйымының
төрайымы), М.Сушина (Кенжебай-Самай мектебінің ұстаз-ардагері), Жезқазған аумақтық
білім және ғылым қызметкерлері ұйымының Құрмет грамотасымен А.Сапиянова (№132
мектебінің кәсіподақ ұйымының төрайымы), А.Ғ.Бекбаева (О.Жұмабеков ОМ кәсіподақ
ұйымының төрайымы), Г.К.Кадина («Ертөстік» балабақшасының меңгерушісі) марапатталды.
Келесі кезекте үкілі домбырасын қолына алып ұстаздар құрметіне арнау айтқан айтыскер ақын Медет Жаманов:- Әр оқушы ҰБТ дан 125 балдан алып, ұстаздардың
мерейі үстем болсын деп жырмен төкпелей тілегін білдірді.
Мәдени сауық
орталығының әншілерімен бірге әр мектептің өнерпаздары мереке иелерін құттықтап,
ән мен жыр арналған кездесу барысында аудан әкімдігі тарапынан нарттай раушан
гүлдері мен құттықтау хаттары ұстаздарға табысталды. Ұрпақ тәрбиесіне бар ғұмырын
арнаған ұлағатты жандарға арналған кеш аяқталғанымен оларға деген ілтипат пен
құрмет әр күні естен шықпайтыны анық.
САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
Бейнелеу өнері - әдемі әлемнің көрмесі
Бала тәрбиесінің бастауы мектеп. Мектепке алғаш барған әр
бүлдіршіннің сүйікті сабағының бірі сурет пен еңбек сабағы.
Қағаз
қарындашымен қайшысын
әспеттей ала келген
оқушының бірі гүлді, бірі күнді салып, түрлі-түсті бояумен
бояп еңбектене бастайды. Әр суреттің өзіндік сыры мен
сипаты бар. Бала жүрегі нені қаласа соған ұмтылады да
оны
қағазға түсіреді.
Сол кішкене күнінен бастап
балалардың сурет салуға ебі бар екені байқалады,-дейді
Түгіскен орта мектебінің ұстазы Смағұлова Бағлан
Аманжолқызы.
1963 жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген Бағлан
отбасындағы екінші бала. Әкесі Аманжол мен анасы Әсия
алты бала өсірген жандар. Балаларының жоғары білімді болуларына ықпал еткен ата-анасының еңбегіне бүгін дән риза.
О.Жұмабеков орта мектебін тәмәмдаған 1986 жылы Жезқазғандағы
пединститутқа көркем графика бөліміне оқуға түскен. Мектеп қабырғасындағы түрлі
шараларда әдемі сурет пен әсемдеуге әуес болған жас қыз бұл оқуда өз білімін
шыңдай түседі. Сурет өнерінің қыр-сырын меңгеріп, үйренген Бағлан институтты бітірген бетте жолдамамен Жеңіс совхозына жұмысқа орналасады. 1987 жылы осы
ауылдың азаматы Бердалин Жақыпкерейге тұрмысқа шығып осы ауылдың келіні атанады. Содан бастап ауылдағы мектепте өзі сүйген пәнінен сабақ беруде. Отыз жылға
тарта еңбек жолында сан марапатқа ие болды. Шәкірттерінің алды осы мамандықты
таңдап, еңбек етуде. Солардың бірі - Ақмарал Төленбекова.
Еңбек ете жүріп ұл-қыз өсірген бұл отбасындағы балалар да бүгін өмір жолдарын
таңдап еңбек етуде. Үлкендері Ақнұр Алматы аграрлық университетінде ұстаз, Айдын
Қарағанды қаласында әскери қызметкер, Шерхан Жезқазған технология және сервис
колледжінің студенті, Диана - 9 сынып, Еснұр - 7 сынып оқушылары.
Түгіскен орта мектебінде бейнелеу өнері мен сызу, еңбек сабақтарын жүргізетін Бағлан
ұстаздың ұстанымы берік. Ол оқушыларды білімді, жан-жақты, әрі тәрбиелі және өнерлі
етіп тәрбиелеу.
-Мұғалім болу бала кездегі арманым еді. Кішкене кезімнен-ақ мектептегі қабырға
газеттерінің авторы болатынмын. Сурет өзгеше әлем. Өнерге бейім адам, әдемілікке
құмар келеді. Сол әдемі көріністерді жеткізу үшін аянбай еңбек етеді деген ұстаз
өз мамандығын мақтан етеді.
САЛТАНАТ ЕРАЛИНА
«Атасу кенті әкімінің аппараты» ММ, «Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі» ММ және «Интернациональная» көшесінің тұрғындарының қатысуымен өткен
қоғамдық жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
Атасу кенті
02.10.2015
Жиналыс төрағасы: А.Түсіпов «Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі», басшысы.
Жиналыс хатшысы: А.Құлымбетов «Атасу кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы
КҮН ТӘРТІБІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес
көшелерге атау беру және оларды қайта атау мақсатында Атасу кентіндегі «Интернациональная» көшесіне көп жылдар ұстаздық қызметте болған «Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы», Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан оқу-ағарту ісінің үздігі, Кеңес Одағы
оқу-ағарту ісінің үздігі болған марқұм Далбай Ізтолеуовтің атын беру.
Жиынға қатысқандар: «Интернациональная» көшесінің тұрғындары, барлығы 25 адам.
Тыңдалды: Қ.Қаппаров Қуат, «Интернациональная» көшесінің тұрғыны: -ауданымыздың
тумасы, елі мен жеріне ерен еңбегі сіңген, Ұлы Отан соғысына қатысушы, ұстаз, өлкетанушы
Д.Ізтолеуовтің рухани және педагогикалық мұрасын бүгінгі және келер ұрпақ тәрбиесіне пайдалану мәселесін ұдайы назарда ұстау қажет. Далбай ақсақал 1942-1945 жылдары Ұлы Отан
соғысына қатысып, екі мәрте ауыр жараланды. Соғыстан еліне аман оралған соң бүкіл өмірін
жас ұрпақ тәрбиесіне арнады, елу жылдан астам тарих пәнінен мұғалім болып еңбек етті.
Дәкең жәй ғана мұғалім болған жоқ, Жаңаарқа өңірінен шыққан атақты адамдарды тәрбиелеп
шығарды. Дәкеңнің еңбектерін ескере отырып, «Интернациональная» көшесіне атын беру
дұрыс болар еді.
2. О.Мұхамеджанов, зейнеткер, бұрынғы ұстаз, көше тұрғыны: -Д.Ізтілеуовті бұл өңірде
құрметтемейтін, сыйламайтын адам жоқ. Осы отырған бәрімізге сабақ берді. Мен бұрынғы
мұғалім ретінде Д.Ізтөлеуовтің педагогикалық шеберлігі мен әдіскерлігінің жаңа тәсілдерін
барлық мектептердің оқу процесіне кіргізілгеніне куә болдым. Оның осы тәжірибесі еліміздің
барлық қазақ мектептерінде пайдаланылып отырылды. Осы еңбегі жоғары бағаланып,
Үкіметіміз Далбай Ізтелеуовке Қазақстанның оқу-ағарту ісінің үздігі, Кеңес Одағы оқу-ағарту
ісінің үздігі атақтарын берді. Аудан орталығында екі бірдей мұражай ашып оның жұмысын
жолға қойды. Республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда жарияланған ел, жер, тарихи
тұлғалар жайындағы еңбектерін айрықша атауға болады. Дәкеңнің халыққа сіңірген басқа да
еңбектері ұшан теңіз. Осы еңбектерін ескере отырып, Д.Ізтелеуовтің атына кент орталығының
бір көшесін беру орынды болар еді.
3. Ш.Әбілдин, зейнеткер, кент тұрғыны: -Ұлы Жеңісті жақындатып толарсақтан қан кешкен
майдангер Д.Ізтолеуов ақсақалды біз әрқашанда құрметпен еске аламыз. Соғыста көрсеткен
ерліктерін айғақтайтын орден медальдарын Дәкен үнемі тағып жүретін. Біз оған кішкентайымыздан қарап жүретінбіз. Барлығы 30-дан астам наградалары болатын. Дәкене «Жаңаарқа
ауданының құрметті азаматы» атағы берілген. Бұл атақты жарты ғасырдан аса өмірін мектепке,
жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған құрметті демалысқа шыққаннан кейінде қол құсырып қарап отырмай, өлке танушы ретінде республикалық басылымдарға елі, жері туралы 300-ге тарта
еңбектер жазды. Жаңаарқа елінің тарихын жазып, «Жаңаарқам елім менің» кітабын шығарып,
орасан зор мұра қалдырды. Майдангер-ұстазды мақтан тұтқан шәкірттер аз емес. Олардың
ішінде еліміздің түкпір түкпірінде әр салада еңбек етіп жүрген атақты адамдар аз емес.
Дәкеннің шәкірттері, замандастары, әріптестерді бұл кісі туралы жүздеген мақалалары очерктер жазды. Дәкеннің осы өлшеусіз еңбектерін еске ала отырып, Атасу кентінің бір көшесіне
осы кісінің есімін беруді қолдаймын. «Интернациональная» көшесі қысқа шағын көше. Үлкен
көше беруге болар еді. Бірақ сіздер осылай шешім қабылдадыңыздар. Мен қарсы емеспін.
ҚАУЛЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы негізінде,
Атасу кенті «Интернациональная» көшесі тұрғындарының көшеге Далбай Ізтолеуовтың атын
беруге жүз (100%) дауыс беріп, қол қойғандарын ескере отырып, Атасу кентіндегі Интернациональная көшесін, соғыс және еңбек ардагері «Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы» ҚРсы және КСРО оқу ағарту ісінің үздігі халқына қалаулы, еліне елеулі болған, марқұм Далбай
Ізтолеуовтың атымен атау Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының және облыстық,
аудандық мәслихаттарынан сұралсын.
Жиналыс төрағасы:
Жиналыс хатшысы:
А.Түсіпов
А.Құлынбетов
7 қазан 2015 жыл
Бақыбек батыр
Қазақтың әрбір елеулі мекендерінде елін соңынан
ерте білетін батырлар шыққан. Жерін жауға бермейтін,
отбасын аман сақтап, ұрпағы үшін
күрескендердің бірі-Алтай, Сайдалы Сары Тоқа
Сүгірәлі бұтағынан Қабайұлы Бақыбек батыр. Сол
замандағы Қанжығалы Бөгенбай, Барқыұлы Нияз
батыр, Тоқа Барғана батырлармен үзеңгілес 1680
жылдары өмір сүрген. Ол кезде Сайдалыдан тараған
ұрпақтар, оның ішінде Сүгірәлінің балалары
Ақтаудан Нұраға дейінгі жерлерде қоныстанып
ағайынмен іргелері бөлінбей қатар отыра бастаған
кез.
Елде тыныштық орнамаған заман. Жау шабу, малды айдап кету, бір ауылды түгел қырып
кету, күнде көшумен елдің мазасы кеткен кез. Бір күні Қабай балаларын шақырып алып:
«Малды алса да, жерді ешкімге беруге болмайды, жер болмаса ел де, мал да болмайды, онда
түбімізбен құрып кетеміз. Елмен бірігіп жерді қорғау керек, жер болса мал табылады. Жер
нәсібі – ел нәсібі, ел нәсібі – ер нәсібі, жер мен малдың кіндігі бір. Жерді қорғау бәріміздің
борышымыз, оны болашақ ұрпаққа жеткізе алатын болсақ, сонда ғана ұрпақтар жалғасатын
болады. Ағайындармен бірігіп, тізе қоссаңдар, сонда ғана жерлеріңді сақтай аласыңдар,
бөлінгенді бөрі жейді, іргелеріңді ешқашан бөлуші болмаңдар»,-деген екен.
Бұл уақытта Қабайдың кіші ұлы Бақыбек 12 жаста еді, жеті жасынан атқа мінген бала өзінің
қатарластарынан ешқашан ат үстінде жеңілген емес. Ештеңеден беті қайтпайтын, қорқуды
білмейтін. Әкесіне, ағаларына айтпай түнде жылқышылармен жылқы күзетіп, жау шапқан
жылқышылармен бірге ұрыстарға қатысып, арпалысуды үйреніп қалған. Бақыбек он бес
жасында бес-алты кісіге қарсы тұратын, қолындағы шоқпарлармен бір ұрғанда аттан түсіріп
кететін болыпты. Бақыбектің батырлық атағы 1726 жылмен 1731 жылдардың арасында
қалмақтармен соғыста шарықтай түсті. Сол уақытта ерлігімен ерекше көзге түскен Нияз,
Барғана, Бөгенбай батырлар қатарында Бақыбек те бар. 1729 жылы Балқаштың оңтүстігінде
қалмақтармен қырғын соғыс болып, сол соғыста Бақыбек ерекше көзге түседі. 1745 жылы
қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін де қалмақтар шапқыншылығын тоқтатқан
жоқ, Бақыбек батыр алпыстан асса да аттан түспей, халқын ұйымдастырып, елін қорғауға
көп ат салысқан.
Бақыбектен туған Қожақ, Қуандық, Сағындық деген балалар. Оның ұрпақтары өсіп, елдеріне үлкен үлестерін қосты. Бақыбек батыр Қанжығалы Бөгенбаймен үзеңгілес дос болған.
Бейіті Бөген өзенінің жағасында. Бақыбектің Қуандығын халық кіші Қуандық деп атап кеткен. Өте шешен, еліне үлкен пайдасы тиген, халқы сыйлаған, елінің өркендеуіне қосқан
үлесі мол, талай қиындықтардан елін аман алып қалған. Досан - би болған, елдің
арасындағы дау-жанжалдары әділ билігімен шешкен, отауызды орақ тілді, тапқыр шешен
болған, сөзге шешендігімен, табанында тауып айтқыштығымен бүкіл арқаға белгілі болған.
Мінәсіп - болыс болған, елдің арасындағы татулықты, беріктікті қатты сақтаған. Сайдалы
Сүгірәлі руынан Ақтау болысында болыс болған Мінәсіп, Тұтқыш ағайынды екеуі шалқыған
бай болған. Талай қиын уақыттарда еліне пайдасы тиген, қолдары ашық болған. Бекбау
батыр ел арасындағы қақтығыстарды болдырмай уақытында басып, татулыққа шақырып,
ел бірлігін, тұтастығын қорғаған азамат. Бақыбек батырдан тараған ұрпақтар өзінен бүгінге
дейін еліне еңбегі сіңіп, халқына қамқор бола білген талай азаматтар шықты.
Сонау Кеңес заманында да Бақыбек батырдан тараған ұрпақтар еліне елеулі еңбегімен сіңді,
соның бірі - Омаров Нұрлан. Қандай қиын сала болмасын, қорықпай батыл қолға алып, абыроймен талай жұмысты тындырды. Нұрекең нағыз адал адам болды, оның ішінде саяси
тұлға ретінде ісінің дұрыстығына, елінің алдында ешқандай қарызы жоқ екеніне және ешкім
өзіне сыртынан да айыптау сөз айта алмайтынына сенімді азамат еді. Нұрекең терең білімді,
заман ағымын өз елінің мүддесімен ұштастыра алатын білікті, білімді, ақылды азаматтың
бірі болатын Нұрекеңнің артында қалған ұрпақтары әке жолын қуып, ісіне, жасаған еңбегіне
кір келтірмей әрі қарай жалғастырды. Үлкен қызы - Бәтима жоғары дәрежелі дәрігер. Сайын
– Жаңаарқа ауданында түрлі салаларда еңбек жасап, еліне еңбегін сіңірді. Қолынан келгенін
ел игілігіне жұмсап, бойындағы барлық ерік-жігерін барынша көрсетіп еңбек еткен, білімді,
оқыған-тоқыған азамат. Әке жолын жалғастырып, ел басқарып отырған Хамит Нұрланұлы
әке парызын өтеп, әкеден алған тәрбиесін көрсетіп отыр. Әкенің жетпей кеткен арманын
Хамит жеткізе білді. Нұрекеңнің кенже ұлы - Хәкім елімізге кеңінен танымал белгілі
қаламгер, әдебиетші. Ыстамбұл университетінің құрметті профессоры. Ұзақ тарих бойы
жиналған рухани, мәдени қазынамызды, қымбатқа түскен тәжиірбиемізді бабалар салған
үрдісі арқылы жалғастырып жалғап жатқан ұлы тұлға осы - Хәкім.
Бабалар қалдырған асыл мұраны жоғалтып алмайық! Адам-табиғат перзенті, Жер-Ана.
Анаңды қалай қадірлесең Жер- Анаңды да анаңнаң кем санама. Отан адамның қимасы, атабабалардан бері өсіп-өніп келе жатқан жер, ол халықтың өткені, бүгінгі және келешегі. «Жер
Отанның белгісі, елдің мәңгілік еншісі!»- бұл бабалар ұраны.
ЖЕҢІС ЕЛЕУОВ, еңбек ардагері
Аудан әкімшілігі
КӨҢІЛ АЙТУ
еңбек ардагері Жүнісов Жанұзақтың
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, жұбайына, туған – туыстарына көңіл
айтады
*****
Аудан әкімшілігі жеке кәсіпкер Сағындықов Мараттың
анасы
қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып, көңіл айтады
*****
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және № 132 орта мектебінің педагогикалық
ұжымы осы мектептің ардагер ұстазы Түсіпбекова Гүлбарашқа ардақты ағасы, білім саласы
жүйесінің еңбек ардагері Өксікбаева Дәржанға жұбайы
Жүнісов Жанұзақтың
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады
*****
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Жаңаарқа негізгі мектебі ұжымы осы
мектептің іс қағаздар жүргізушісі Жәркенова Бәтима Боранқұлқызына
інісі Жанаттың
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып. көңіл айтады
*****
“Жаңаарқа” газетінің редакциясы ұжымы
еңбек ардагері Жүнісов Жанұзақтың
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына және туған-туыстарына қайғысына
ортақтасып. көңіл айтады
3
ПИЛИПАС ЛЮДМИЛА ПЕТРОВНА
3 октября на 70-м году жизни скончалась ветеран труда Пилипас
Людмила Петровна.
Людмила Петровна родилась в 1946 году на Украине. В 1964
году переехала в Жанааркинский район. Начав свой трудовой
путь кассиром райкомхоза, Людмила Петровна поднялась до руководителя предприятий и более сорока лет проработала в банковской сфере. Умелый организатор, грамотный специалист,
человек, полный идей и энергии, - эти качества позволили ей заслужить авторитет, уважение и доверие всех, кто был рядом с
ней все эти годы. Активно участвовала в общественной жизни
района. За добросовестный труд неоднократно была награждена
областными, республиканскими почетными грамотами и медалью. Выражаем искреннее соболезнование родным и близким покойной. Ее имя навсегда
останется в памяти близких, друзей и коллег.
Г.Омаров, М.Абдишев, М.Жандаулетов, Ю.Беккожин, Б.Муканов, К.Кожукаев, Р.Тусупов, А.Жилкибаев, Г.Жарылгапов, К.Абеуов, Л.С.Посохина, З.Ендаманов,
Ж.Кошеметова.
ЕСКЕ АЛУ
Ауданымыздың тумасы ардақты ата Қазбеков Ертіс Әлібайұлы мен сүйікті әке,
адал жар Қазбеков Арман Ертісұлының өмірден өткендеріне 10 жыл толады.
Өмірдегі сүйенішіміз, қамқор қорғанымыз, баға жетпес асылдарымызсыз жылжыған
жылдар оларға деген сағынышымызды үдете түсті. Қос асылымыздың жарқын бейнелері мен ақыл-кеңестері күні кешегідей жадымызда сақтаулы. Оларға деген ізет
пен құрмет сағынышымыз мәңгі біздің жүрегімізде. Қанша жыл өтсе де олар бізбен
бірге.
Өмірдің таңдау бермес ешбір жолы,
Бітпейді өлімменен оның соңы.
Еске алып отырамыз әр күн сайын,
Ортамызда жоқсыздар көп жыл болды.
Өмірде қос асылсыз сөнген жанып,
Өздеріңсіз өтті айлар сырғып ағып.
Естен мәңгі кетпейсіз ұрпақ барда
Ошағыңның өшпейді оты жанып.
Сағына еске алушылар: Қазбековтер әулеті
ЕСКЕ АЛУ
С.Сейфуллин ауылының тумасы, ардақты әке, сүйікті ата Ахатов
Ізтөлеудің өмірден озғанына 20 жыл болды. Бар саналы
ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, 47 жыл ұлағатты ұстаздық
қызмет атқарған әкемізді сағына еске аламыз.
Жан әке ұл-қызыңның тірегі едің,
Ордаңның алтын бақан тіреуі едің.
Иіскеп маңдайынан шөберенің
Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.
Болмасаңда әкетай жанымызда,
Айтқан сөзің, ақылың жадымызда.
Өткен күндер жылыстап елес болып,
Өзіңді ұрпақтарың сағынуда.
Сағына еске алушылар: Ахатовтар әулеті.
ЕСКЕ АЛУ
М.Жұмажанов ауылының тұрғыны адал жар, сүйікті ата, асқар
тау әке Сапаров Бағдат Маратұлы небары 51 жасында
өмірден өтті. Өмірдің қызығын енді көремін деген шағында
аяусыз ажал арамыздан алды да кетті. Әкемізге деген
сағынышымыз мөлдір моншақ болып жерге тамды. Отбасының
тірегі болған қамқор әкеміздің жатқан жері жарық топырағы
мамық болсын. Ол біздің мәңгі жүрегіміздің түкпірінде
құндақтаулы.
Тағдырдың жазғанына бағынумен,
Біз келеміз жабырқап, жабығумен.
Жан әкешім өзіңсіз бір жыл өтті,
Өзіңізді сарылып сағынумен.
Мәпеледің біздерді еркелеттің,
Еркелей де берер едік, ерте кеттің.
Қызығы таусылмайтын бұл жалғаннан
Асығып ана жаққа әке кеттің.
Сағына еске алушылар: жұбайы-Тұмаркүл, балалары-Сымбат, Қымбат-Ернат,
Айдар, бауырлары, жиендері.
Әкеміздің қайтыс болуына жыл толуына орай 16-қазан күні сағат 14.00 де «Сәт»
мейрамханасында өтеді.
СОБОЛЕЗНОВАНИЯ
Акимат Жанааркинского района выражают глубокое соболезнование предпринимателю
района Гагуа Дазмири Пантелеймоновичу в связи с тяжелой утратой - кончиной матери.
*****
Руководство и коллектив АО «Народного банка» выражают искреннее соболезнование родным и близким в связи с кончиной бывшей заведующей
Пилипас Людмилы Петровны
*****
Районный отдел образования и Совет профсоюза работников образования выражают искреннее соболезнование ветерану педагогического труда Болотовой Наталье Петровне в
связи с кончиной сестры
Пилипас Людмилы Петровны
Дінді ізгілік жолымен насихаттайық
Өткен аптада әлемдегі болып
жатқан
түрлі
діни
қақтығыстарды көре отырып,
олардың алдын алу, тұрғындарға
рухани тәрбие беру, ізгілікке
тәрбиелеу мен әртүрлі діни экстремистік әрекеттерді болдырмау
мақсатында
аудандық
мәдениет үйінде жастарға
арналған діни экстремизм және
терроризмнің
алдын
алу
жөніндегі семинар-кездесу өтті.
Жастардың дәстүрлі діннің
құндылықтарын
насихаттау,
діни
экстремизм
мен
терроризмнің
алдын
алу,
жастардың діни сауатын ашу мақсатында өткен алқалы жиынға Жезқазған қаласының Ахмет
Ишан Оразаұлы атындағы мешітінің наиб-имамы Түленов Дәулет Дүйсенбайұлы мен
Қарағанды облысы орталық мешітінің дінтанушысы Жәрімбетов Мұхит Михайлович
қатысты. Халық арасында дінді дұрыс насихаттау жұмысын жүргізуге мүдделі барлық
құрылымдар арасында өзара қарым-қатынасты нығайтуды да көздеген жиынды «Жаңаарқа
ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Казимов Руслан Әбдіғалымұлы жүргізді. Сонымен қатар кездесуге мектеп директорлары, тәрбие ісінің меңгерушілері, мектеп
мұғалімдері аудан жастары, 9-11 сынып оқушылары қатысты. Жиында күн тәртібіндегі
мәселер қозғалып, баяндамалар тындалды. Сөйлеушілерге оқушылар тарапынан қойылған
сауалдары аз болмады. «Хиджаб киген дұрыс па?», «Сирияға елімізден кеткен азаматтарға
қандай да бір шектеу қойыла ма?» деген сауалдарға дінтанушылар қанықты жауап берді. Семинар-кеңес соңында Руслан Әбдіғалымұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, атқарып
отырған қызметтеріне жеміс тіледі. Аталған бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде де
жүргізілуде. Ауданның еңбек ұжымдарында, ауылдық округтерде, жастар арасында бекітілген кестеге сәйкес кездесулер тұрақты түрде өткізілуде. Аудандық ақпараттық-насихаттық
топтары өз жұмыстарын алдағы уақытта да жоспарға сәйкес атқаратындарына сеніміміз мол.
МӨЛДІР ҚАСЫМ
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Ауданымыздың тұрғыны, ардақты әке, қамқор бауыр Садырбаев
Мылтықты 63 жасқа толуымен құттықтаймыз. Қуанышты
күндеріңіз көп болып, бақыттан-бақытқа жете беріңіз.
Нұрын шашып күлімдеп көрікті күн,
Өркендедің еңбектің егіп гүлін.
Жүректерге қуаныш ұялаттың,
Еңселі алпыс үшке келіп бүгін.
Туған күн құтты болсын мерекелі,
Әрдайым тірлік болсын берекелі.
Жете бер жүз жасқа да қартаймастан,
Баянды болсын дейміз ел ертеңі.
Ақ тілекпен: Ықсан, Садырбай әулеттері.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Ауданымыздың тұрғыны, қыз алысып, қыз беріскен құдамыз Садырбаев
Мылтықты пайғамбар жасына жетуімен құттықтап, отбасылық
бақыт тілейміз. Немере-жиендерінің қызығына тоймай жүре берсін
дейміз.
63-тің асқарына шықтыңыз Сіз,
Қуанып, игі тілек жолдаймыз біз.
Жақсы күндер қуантсын сізді талай,
Жүрекке түспесінші ешқандай сыз.
Балалар немерелер ортасында,
Берекең арта берсін отбасында.
Қамалдай денсаулығың мықты болып,
Төрде отыр асқақтап 100-жасыңда.
Игі тілекпен: Абсадықовтар, Шаяхметовтар.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Құрметті Өмірзақ Боқанұлы! Сізді 60 жасқа толған мерейлі
тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Өзіңізге және
отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт
пен береке тілейміз! Жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда
күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп, ұзақ жасай
беріңіз.
Құтты болсын 60 деген жасыныз
Ырыс қонып, тасқын судай тасыңыз.
Балалардың қызығына суйсініп,
Аман болып, 100-ден әрі асыңыз!
Ізгі тілекпен: «Тазасу» КМК ұжымы
Малдың саулығы- жанның саулығы
«Адам дәрігері адамдарды емдейді, ал мал дәрігері бүкіл адамзатты емдейді» деген қанатты
сөз бар. Елбасымыз Н.Назарбаев ауыл шаруашылығына баса назар аударып, Қазақстанның
ветеринария жүйесін әлемдік стандартқа жеткізу жөнінде көптеген міндеттер қойып
отырғаны белгілі. Ауданымыздың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының міндеті аудан
аумағындағы жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностика жүргізу
бойынша жүргізілетін бағдарламаның іске асырылуын, шетелден және басқа облыстардан
сатылып алынатын жануарлардың жұқпалы және зкзотикалық аулардың кіруі мен таралуынан қорғау бойынша ветеринариялық шараларды жүргізеді.ҚР «Ветеринария туралы»
Заңына сәйкес Ветеринариялық станция қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің
мынадай түрлерін жүзеге асырады: 1) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шаралар жүргізу; 2) ауыл шаруышылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу; 3) жануарлардың қолдан ұрықтандыру қызметін көрсету; 4)
жануарлардың аса қауіпты және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруіне арналған ветеринариялық құрал жабдықтарды тасымалдау (жеткізу). 5) жергілікті
жерлерде жергілікті атқарушы органдарымен салынған мал өлексесін жоятын
орындар(биотермиялық шұңқыр)мен мал сою алаңдарын ұстау; 6) қаңғыбас иттер мен
мысықтарды аулап жою; 7) ветеринариялық анықтама беруді; 8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
9) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға
жеткізуді; 10) жануарларды, оның ішінде ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру. 11) Қазақстан Республикасының
заңнамалығымен рұқсат етілген ветеринария саласындағы басқа да қызметтермен айналысу.
Ауданымыздың кент және барлық ауылдық округтерінде ветеринариялық мал дәрігерлері
халыққа қызмет атқаруда. Аудан аумағындағы жануарлардың аса қауіпті ауруларының
алдын алу және диагностикалық зерттеулер (ІҚМ , ҰММ, жылқы, шошқа, түйе, ит бруцеллезі) , эпизоотиялық (сібір жарасы, түйе обасы, эхинококкоз, қарасан, ит құтыруы, құс
тұмауы, жылқы маңқасы) іс- шаралар жүргізу үшін ветеринариялық мал дәрігерлері
материалдық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Аса қауіпті жұқпалы емес ауру түрлері
ақылы емдеуге жатады, атап айтқанда гинекологиялық, хирургиялық және паразитарлық
ауру түрлері. Бұл емдеу шараларын ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 13 бабына сәйкес,
жеке кәсіпкерлікпен айналысатын мал дәрігері атқаруға құқылы. Құрметті аудан тұрғындары
мал аурларының алдын алу үшін қоян қолтық бірлесе жұмыс істейік.
Жаңаарқа аудандық ветеринариялық станциясы.
ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2015 жылғы 16-қазанда
ағымдағы жылғы айтулы даталар аясында А.Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен
жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің әдеби шығармашылық байқауын өткізеді.
Өткізілетін уақыты: 16-қазан, 2015 жыл, сағат 15.00. Өтетін орны: Жаңаарқа ауданы,
мәдениет үйі
Сатылады
Тәуелсіздік даңғылында орналасқан төрт бөлмелі үй сатылады. Үйдің ауласы кең,
малқора, көмір қора, аран, шөп қоятын орын, гараж, екі скважинасы бар. Үйде жеміс
сақтайтын ұра, телефон, санузел бар. Үй өте ыңғайлы жерде орналасқан.
Хабарласу телефоны: 2-77-36, 87014912011, 87782543493. Тәуелсіздік даңғылы №9/2.
Газетті баспаға әзірлеген: САЛТАНАТ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Аяулы ана, қамқор әже, адал жар Омарова Қымбат Мұқатайқызын
туған күнімен құттықтаймыз. Сенімді серік обасының ұйытқысы
болған анамызға бар жақсылықты тілейміз. Балаларының бақыты
үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан анамыз бен әкеміздің
шаңырақ көтеріп отасқандарына 30 жыл.
Балаларының
бақыты мен қызығына тоймай қос асылымыз ұзақ ғұмыр кешсін дейміз.
Құтты болсын туған күнің анашым,
Қорғаным сен, шуақ шашқан данасың.
Арамызда шалқып тасып жүре бер,
Әке-ана! Баға жетпес панасың.
Құтты болсын мерейтойлар шаттықты,
Біз тілейміз шетсіз, шексіз бақытты.
Бірге жасап, қызыққа сан тоймаңыз,
Артқа тастап жүз жылдықты, уақытты.
Игі тілекпен: жолдасы-Болат, балалары-келіндері, қызы-Айзада, немерелері-жиендері.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
М.Жұмажанов атындағы ауылдық округінің тұрғыны, Жаңаарқа негізгі
орта мектебінің жұмыскері Сағынтаев Мұрат Хамзеұлы қазан
айының 12-жұлдызында елеулі 50 жасқа толып отыр. Мұрат
Хамзеұлына өмірдің барша жақсылығын тілейміз.
50 деген ердің жасын еңсеріп,
Еңбегіңмен Сіз келесіз тер төгіп.
Армандардың аттанғанда шыңына,
Қызыр өзі болсын сізге жолсерік.
Отбасының берекесін қамдаған,
Бар өмірін жақсылыққа арнаған.
Сіздей жанға Алла деп өзі деп беріп,
Қиын кезде қуат беріп қолдаған.
Құтты болсын қуанышты той күні,
Сізге шуақ шашсын Күн мен Ай нұры.
Әрбір күн мерекеге айналып,
Ұрпағыңның көрмей өссін қайғыны.
Ізгі тілекпен: аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымы және Жаңаарқа негізгі орта
мектебінің педагогикалық ұжымы
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Суреттерді түсірген: МӨЛДІР ҚАСЫМ
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Индекс 66282
Таралымы 1350 дана
Тапсырыс №51
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Филология
Просмотров
71
Размер файла
11 813 Кб
Теги
жанаарка
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа