close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Бейметалдар

код для вставки
Бейметалдар - металл еместер
қатарына: сутек, бор, көміртек,кремний, фосфор, мышьяк, оттек, күкірт, селен, теллур,галоген
дер, асыл газдар жататын химиялық элементтер тобы; оларды металдардан бөліп топтауға
қолданылатын атау.[1]Табиғаттағы белгілі бейметалдар саны металдарға қарағанда аса көп
емес. Периодтық жүйедегі бейметалдардың орнын анықтау үшін бор элементінен астатка
дейін көлденең сызық жүргізсе, кестенің жоғарғы оң жақ бұрышын ала негізгі топшаларда
бейметалдардың орналасқаны байқалады. Периодта бейметалл элемент
атомының ядро заряды біртіндеп өседі де, атом мөлшері кішірейеді. Сондықтан электрон
қосып алуға бейімділігі жоғары және тотықтырғыштық қасиеті басым болады. Ал бейметалл
орналасқан негізгі топшаларда (IV—VII)атомның радиусы неғұрлым кіші болса, ол ең
сыртқыэлектрондарды күшті тартады. Демек, тотықтырғыштық қасиеті басым болады.
Мысалы, фтор мен хлор атомын салыстырсақ, ең күшті тотықтырғыш — фтор.
Бейметалдардың тотықтырғыш қабілеті электртерістіктің сан мәніне байланысты.
Тотықтырғыш қасиеттердің өзгеруіндегі осы заңдылық сол бейметалдар түзетін жай заттарға
да тән.[2]
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
651
Размер файла
12 Кб
Теги
бейметалдар
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа