close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Заманымыздың қасіреті

код для вставки
Заманымыздың қасіреті- нашақолық
Тақырыбы: «Заманымызщдың қасіреті - нашақорлық»
Мақсаты: Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, есірткі заттардың адам
өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да
салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қанатты сөздер мен мақал - мәтелдер
жазылған плакаттар, слайд, интерактивті тақта. Сабақтың түрі: рольдік
ойын. Армысыздар құрметті студенттер! Бүгін сіздерге Б.Ахметов
атындағы ПЕД колледжіміздң Шет тілі-11 тобының студенттерімен
өткізгелі отырған «Заманымызщдың қасіреті - нашақорлық» атты ашық
тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз. Елбасымыздың «Қазақстан 2050» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір
сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол
әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану,
зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған
заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Тәрбие
сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және
салауатты өмір салтын насихаттау.
1жүргізуші
Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі
ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау,
жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы
айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие
болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті
қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені
бұлардың құрамында, ашуландыратын, тыныштандыратын,
сергітетін заттар да бар.
Видеоролик. «Заманымызщдың қасіреті - нашақорлық»
2-жүргізуші:
Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде.
Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші
басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты. Осы есірткіні
қолданушылар кімдер? Осы сауалды мен социолог мамандарға қойғым
келеді. Социолог: Нашақорлық, есірткі туралы сөз қозғағанда «Тамағы
тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген Ұлы Абайдың
орынды тауып айтқан өлең шумағы есіңізге түседі. Жас кезінде адам
қызыққыш келетіндіктен қызық көріп, біреулері есірткі дәмін татып
көруден бастап, ал екінші біреулері, біреулердің мәжбүрлеуімен нашақор
болып кеткендер бар. Есірткіні таратушылар қызық көріп жүрген
жастарды, «Инемен салмасаң болды» нашақор емессің, ал біз иіскейміз,
одан нашақор болмаймыз деп алдауы да мүмкін. Ал шындығында, жас
организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға
келеді..Біз бала тәрбиесін мектепке қарай ысырып қойғанбыз, содан кейін
сол мектепті кінәлаймыз. Біз бала тәрбиесін уыстан шағарып алдық. Өз
ара ұғыну психологиясы ескерілуден қалып бара жатқандығын, от
басында ата-ана мен бала бір-біріне суық, рухани адамгершілік
тұрғысында отбасында дағдарыс қалыптасты. Бірақ бұл дағдарысты
көпшілік сезіне бермейді, өйткені әркім өз кемшілігін өзі көре алмайды,
түзей алмайды. Отбасындағы дағдарыс қоғамдық деңгейге қалықтап
шықты, осыдан келіп өз арамызда нашақорлар мен араққұмарлар саны
арта түсті. Бізде, «бала ертең-ақ өседі, ненің жақсы, ненің жаман екенін
өсе келе өзі де біліп алады» деген қате ұғым бар.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
2
Размер файла
28 Кб
Теги
заманымыздың
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа