close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

totyghu-totyksyzdanu-reaktsiyalary-54d876b5b3f81 (Восстановлен)

код для вставки
ТТР өндірісте, тұрмыста жүзеге асып жататын процестер: газ пеште газдың жануы, тамақ пісіру, кір жуу, үй заттарын тазарту, аяқ-киім, парфюмериялық заттар дайындау, тоқыма бұйымдарын тазалау т.с.с. Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де то
Күні:19.12
Пәні: Қолданбалы курс 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану реакциясы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде
пайдалану. «Тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту, тотығу -тотықсыздану
ұғымдарын түсіндіру, тотығу-тотықсыздану реакциясын электрон- баланс
әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру
Сабақтың міндеті:
1)ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту
2) PISA талаптарына сәйкес тапсырмаларды орындау
3) Жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастырып, бағалау
Сабақтың типі: аралас
Сабақты ұйымдастыру формалары: Жеке, топтық, жалпы
Сабақты өту әдісі: СТО стратегиялары, кластер құру, логикалық
тапсырмалар, кестелер.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, қосымша материалдар.
Түйінді сөздер: Тотықтырғыш. Тотықсыздандырғыш. Электрондық баланс.
Тотығу дәрежесі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Топтастыру, психологиялық ахуал орнату.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) «ой толғау» б) «кім алғыр»
ІІІ. Мағынаны ажырату
а) кіріспе (презентация); б) мәтінмен жұмыс; в) тәжірибе көрсету;
ІV. Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі.
тәжірибе көрсету;
V. Бекіту.
а) “Кім тапқыр!”б) Ойлан тап
VІ. Оқушыларды бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ой толғау»
 1. Электртерістілік деген не?
 2. Тотығу дәрежесі деген не ?
 3. Тотығу дәрежесін қалай анықтайды.
оның сандық мәні неге байланысты ?
 4. Полюсті және ионды байланыстардағы
металдар қандай тотығу дәрежесін
көрсетеді?
 5. Күрделі қосылыстағы элементтердің
белгісіз тотығу дәрежесін қалай есептеп
шығарады ?
«Кім алғыр»
 Мына қосылыстарды тотығу дәрежелері бойынша сәйкестендір
 H2S, N2, HJ,H2, NaF, Cl2, CaF2
Қосылыстар
H2S,
N2,
HJ,
H2,
NaF,
Cl2
Тотығу дәрежелері
0
+1
-1
+2
-2
+3
CaF2
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс.
ТТР-ның маңызы:
ТТР өндірісте, тұрмыста жүзеге асып жататын процестер: газ пеште газдың
жануы, тамақ пісіру, кір жуу, үй заттарын тазарту, аяқ-киім, парфюмериялық
заттар дайындау, тоқыма бұйымдарын тазалау т.с.с.
Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де тотығу- тотықсыздану
процестері. Ағартуға, дезинфекциялауға, сутек асқын тотығының, калий
перманганатының, хлор немесе хлорлы ағартқыш ізбестің тотықтырғыш
қасиеттері қолданылады. Заттың бетін тазартуға сутегі асқын тотығы
қолданылады. Ол, сонымен қатар, жібекті, жүнді ағарта алады. Ескі
картиналарды қалпына келтіреді. Ағзаға зиянсыз болғандықтан тамақ
өнеркәсібінде шоколадты, сосиска дайындайтын етті ағартуға қолданылады.
Калий перманганатының дезинфекциялағыш қасиеті де тотықтырғыш
қасиетіне негізделген. Хлорды күшті тотықтырғыш ретінде таза суды
стерильдеуге және ағын суларды
залалсыздандыруға қолданады. Хлор
көптеген бояуларды түссіздендіріп, ағартады. Сондықтан оны мата мен
қағазды ағартуға қолданады. Табиғатта ТТР кеңінен таралған. Ол
биохимиялық процестерде: тыныс алу, зат алмасу, жануарлар мен
адамдардың жүйке қызметінде маңызды роль атқарады. ТТР нәтижесінде
біздің ағзамыз тамақтан алатын энергияны жұмсау арқылы адамның ісәрекеттері жүзеге асырылып жатады.
Сұрақ 1: ТТР- реакцияға қатысушы заттардың құрамындағы элементі тотығу
дәрежелерінің өзгеруімен жүретін реакциялар. Бұл әдіс реакция жүрген
ортаның табиғатына байланысты.Себебі.....
А) себебі, реакция бағытына орта күшті әсерін тигізеді
В) себебі, реакция жүруіне байланысты
С) себебі, тотығу реакциясы жүреді
Д) себебі, тотықсыздану реакциясы жүреді
Е) себебі, электр терістілігі үлкен атомдарға ауысады
Сұрақ 2: ТТР- тотығу- тотықсыздану реакциясы.
Тотығу- тотықсыздану реакциясына төмендегі процестер жатады ма?
Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан «Ия» немесе «Жоқ»
деп айналдыра сызыңыз
Тотығу- тотықсыздану реакциясына төмендегі
Ия немесе жоқ
процестер жатады ма?
ТТР нәтижесінде біздің ағзамыз тамақтан алатын Ия/жоқ
энергияны жұмсау арқылы адамның іс-әрекеттері жүзеге
асырылып жатады
Электрондар беру процесі- тотығу, ал қосып алу процесі – Ия/жоқ
тотықсыздану деп аталады
КМnO4дезинфекциялағыш қасиеті де тотықсыздандырғыш Ия/жоқ
қасиетіне негізделген
Ал,енді балалар осы процестер қалай жүзеге асатынына мән берейік.
Тәжірибе көрсету.
І топ
Al+H2SO4 Al2(SO4)3+H2
Күкірт қышқылының сұйытылған ерітіндісіне алюминий түйірлерін салғанда
қандай құбылысты байқадың? Бұл кезде қандай процесс жүрді?
Оқушылар топ бойынша ақылдаса отырып өз болжамдарын айтады.
Яғни,тотығу- тотықсыздану реакциясы жүрді. Валенттілік электрондары
электртерістілігі кіші атомдардан электр терістілігі үлкен атомдарға
ауысады.Электрондар беру процесі – тотығу, ал қосып алу процесі
тотықсыздану деп аталады.
Тотығу – атом немесе ионның электрон беруі, мысалы:
Al - 3ē Al+3 3 2
Тотықсыздану – атом немесе ионның электрон қосып алуы, мысалы:
2H+1 + 2ē = H20 2 3
Тотықтырғыш – электрон алушы атом немесе ион, ал тотықсыздандырғыш –
электрон беруші атом немесе ион.
Электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал
беретіндері тотықсыздандырғыш болады
ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану
үрдістерінен тұрады.
ТТР теңдеуіндегі коэффициенттер электрондық және электронды-иондық
баланс арқылы анықталады.
ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей:
1. Химиялық реакция теңдеулерін жазу.
Al+H2SO4 Al2(SO4)3+H2
2. Теңдеулердің оң және сол бөлігіндегі барлық әлементтердің тотығу
дәрежелерін тауып, таңбасының үстіне жазу.
0
+1+6-2 +3 +6 -2 0
Al + H2SO4Al2(SO4)3 +H2
3. Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгерген элементтердің астын
сызу.
0 +1+6-2 +3 +6 -2
0
Al + H2SO4  Al2(SO4)3 + H2
4. Электрондық баланс теңдеуін құру. (ағылшынша balanceтеңдестіру, тепе-теңдік):
Al - 3ē Al+3 3 2
2H+1 + 2ē = H20 2 3
5. Таңдалған коэффиценттерді реакция теңдеуіне жазу.
2Al+3H2+1S+6O4-2 =Al2+3(S+6O4-2)3+3H2
6. Оттек атомдарының санын есептеу арқылы коэффиценттердің дұрыс
екендігін тексеру.
2Al+3H2+1S+6O4-2 =Al2+3(S+6O4-2)3+3H2
ІІ-топ
Мырыштың күкірт қышқылымен әрекеттесуі
Zn+H2SO4 ZnSO4+H2
Күкірт қышқылының сұйытылған ерітіндісіне алюминий түйірлерін салғанда
қандай құбылысты байқадың? Бұл кезде қандай процесс жүрді?
Оқушылар топ бойынша ақылдаса отырып өз болжамдарын айтады.
Яғни,тотығу- тотықсыздану реакциясы жүрді. Валенттілік электрондары
электртерістілігі кіші атомдардан электр терістілігі үлкен атомдарға
ауысады.Электрондар беру процесі – тотығу, ал қосып алу процесі
тотықсыздану деп аталады.
Тотығу – атом немесе ионның электрон беруі, мысалы:
Zn - 2ē Zn+2 2 1
Тотықсыздану – атом немесе ионның электрон қосып алуы, мысалы:
2H+1 + 2ē = H20 2 1
Тотықтырғыш – электрон алушы атом немесе ион, ал тотықсыздандырғыш –
электрон беруші атом немесе ион.
Электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал
беретіндері тотықсыздандырғыш болады
ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану
үрдістерінен тұрады.
ТТР теңдеуіндегі коэффициенттер электрондық және электронды-иондық
баланс арқылы анықталады.
ТТР-сы теңдеулерін теңестіру реті төмендегідей:
1. Химиялық реакция теңдеулерін жазу.
Zn+H2SO4 ZnSO4+H2
2. Теңдеулердің оң және сол бөлігіндегі барлық әлементтердің тотығу
дәрежелерін тауып, таңбасының үстіне жазу.
0
+1+6-2 +2 +6 -2 0
Zn + H2SO4ZnSO4 +H2
3. Реакция нәтижесінде тотығу дәрежесі өзгерген элементтердің астын
сызу.
0 +1+6-2 +2 +6 -2
0
Zn + H2SO4  ZnSO4 + H2
4. Электрондық баланс теңдеуін құру. (ағылшынша balanceтеңдестіру, тепе-теңдік):
Zn - 2ē Al+2 2 1
2H+1 + 2ē = H20 2 1
5. Таңдалған коэффиценттерді реакция теңдеуіне жазу.
Zn+H2+1S+6O4-2 =Zn+2S+6O4-2+H2
6. Оттек атомдарының санын есептеу арқылы коэффиценттердің дұрыс
екендігін тексеру.
Zn+H2+1S+6O4-2 =Zn+2S+6O4-2+H2
Суретке қарап,қандай процесс жүргенін анықтаңдар
І- топ «Металлдар коррозиясы»
ІІ- топ «Фотосинтез»
Тапсырмалар; 1. Сурет бойынша мәтін құрастырыңдар
2.Реакция типін анықтап,элементтер мен қосылыстардың
тотығу дәрежелерін көрсетіңдер
3.Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңдар
Жауабы: І –топ. Темірдің таттануы, әдетте, оттектің әсерінен болады:
2Fe0 + 2Н2О + О2 = 2Ғе(ОН)2
Оттек молекуласы темірді алдымен Ғе+2, содан кейін Ғе+3 катионына
айналдырады:
Тотықсыздандырғыш 2Ғе0 — 2ē —> 2Ғе+2
Тотыктырғыш О02 + 4ē = 2О2-2
4Ғе(0Н)2 + 2Н2О + О2 -> 4Ғе(0Н)3
Тотықсыздандырғыш Fe+2 — ē —> Fe+3
Тотыктырғыш О02+4ē —> 2О-2
Жауабы: ІІ топ. Углеводтар фотосинтезі былай өтеді:
6СО2+6Н2О
С6Н 12О 6 + 6О2+120 ккал/моль, яғни СО2-ның бір
молекуласының углевод дәрежесіне дейін тотықсыздануының бос энергиясы
120 ккал/моль болады.
Тапсырманы дұрыс орындаған топқа әр түрлі фигуралар беріледі.
V. Бекіту:
“Кім тапқыр!”
1.Төмендегі теңдеуде қандай элемент топтарының тотығу
дәрежелері өзгереді
KMnО4+Na2SO3+KOHK2MnO4 +Na2SO4+ H2O
а) Na, S
ә) K, Mn
б) Mn, S
в) Na, K.
2. Тек тотықтырғыш болатын зат?
a) NH3
ә) Br2
б) KClO3
в) HNO3
3. Тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады:
a) SO2
ә) Na
б) Fe
в) K2Cr2O7
4. Тек тотықсыздандырғыш болатын зат:
a) H2S
ә) KMnO4
б) SO2
в) HNO3
5. Al+H2SO4 =Al2(SO4)3+H2↑ теңдеуіндегі тотықтырғыш
алдындағы коэффициент:
a) 2
ә) 3
б) 1
в) 6
VІ. Оқушыларды бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру: §64 №6,7.
Суретке қарап,қандай процесс жүргенін анықтаңдар
ІІ- топ «Фотосинтез»
Суретке қарап,қандай процесс жүргенін анықтаңдар
І- топ «Металлдар коррозиясы»
Автор
g.bodykova
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
10
Размер файла
3 512 Кб
Теги
totyksyzdanu
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа