close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Химия пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыруға байланысты есептер

код для вставки
Какенов Ауелхан Смаилович
Химия пәнінен функционалдық
сауаттылықты арттыруға байланысты есептер
Жезқазған-2016 ж.
Алғы сөз
Бұл жинаққа кірген есептер 11-сынып оқушыларына арналған
вариативтік курстағы функционалдық сауаттылықты арттыруға
негізделген.Химиялық есептерді күнделікті өмірмен,яғни
медицинамен тығыз байланыста құру арқылы оқушылардың
химиядан алған қажетті білімін өмірде қолдана білуге үйрету
болып табылады.
Сандық есептер оқушыларды әр түрлі ой әрекетіне: салыстыруға,
жалпылауға, талдауға, синтездеуге үйретеді. Сандық есептер
оқушылардың есте сақтауын қалыптастырады, танымдық
мүмкіншіліктерін кеңейтеді, химиялық білім деңгейінің
жоғарлауына, мектеп курсын саналы қабылдауына жетелейді.
Бұл жинақ химия,биология пәнінің мұғалімдері мен жоғарғы сынып
оқушыларына арналған.
Химиялық қосылыстардың формулаларын анықтау
1. Оңтүстік Африка және Австралиядағы кейбір өсімдіктердің
құрамында өте улы тұз болады. Бұл өсімдіктер жапырақтарының
бір грамы қой өлтіруге жеткілікті. Осы тұздың құрамына кіретін
элементтердің массалық үлесі: 16,38% (F), 20,68% (C), 1,72% (H),
27,59% (O), 33,62% (K).Бұл тұздың молекулалық формуласын
табыңдар.
Жауабы. FCH2COOK.
2. Адамның сүйек қаңқасының 80% -ы осы заттардан тұрады.Бұл
заттың құрамына кіретін элементтердің массалық үлесі: 38,71%
(Са), 20,00% (Р), 41,29% (О).Заттың молекулалық формуласын
анықтаңдар
Жауабы. Са3(РО4)2.
3. Жүгері дәндерінің түсі сары болуы зеаксантинның құрамына
кіруіне байланысты.Зеаксантиннің құрамына кіретін элементтердің
массалық үлесі: 84,51% (С), 9,86% (Н), 5,63%(О). Заттың
молекулалық формуласын анықтаңдар
Жауабы. С40Н56О2.
4. Теңіз жануарларының аконтарий қанқасының құрамына кіретін
заттың молекулалық формуласын табыңдар, оның құрамына
кіретін элементтердің массалық үлесі: 47,83% (Sr), 17,39% (S),
34,78% (O) .
Жауабы. SrSO4.
5. Сізді құмырсқа шаққанда шаққан жеріңіз құмырсқадан бөлінетін
қышқылдың әсерінен ашиды. Ол қышқылдың құрамында:26,08%
(С), 4,35% (Н), 69,56% (О)бар болса, қышқылдың молекулалық
формуласы қандай?
Жауабы. НСООН-құмырсқа қышқылы.
6 "Барий ботқасы" деп аталатын асқазанды рентген арқылы
тексеруде жегізетін препараттың құрамында : 58,79% (Ва), 13,73%
(S), 27,46% (О) болатыны белгілі болса, молекулалық формуласы
қандай?
Жауабы. ВаSO4.
7. Саңырауқұлақтың қызыл түсі заттың құрамына мускаруфин
кіруіне байланысты. Бұл заттың молекулалық формуласын
табыңдар, оның құрамына кіретін элементтердің массалық
үлесі:65,22% (С), 3,48% (Н),
31,31% (О) .
Жауабы. С25Н16О9.
8. Алоэ емдік әсері құрамына кіретін эмодин затымен
түсіндіріледі. Оның қарапайым формуласын анықтаңыз: оның
құрамына кіретін элементтердің массалық үлесі:66,42% (С), 4,06%
(Н), 29,52% (О) .
Жауабы. С15Н11О5.
Химиялық формулалар бойынша есептеулер
1.Магнийдің күнделікті адам ағзасына қажеттілігі 0,2–0,4 г. Тамаққа
қосылған 1 г. магний сульфаты толық сіңірілген жағдайда ағзаның
тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ете ала ма ? (Иә.)
2. Темірдің күнделікті адам ағзасына қажеттілігі 0,01–0,02 г.
Тамаққа қосылған 0,1 г темір(II сульфаты толық сіңірілген жағдайда
ағзаның тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ете ала ма? (Иә.)
3. Натрийдің күнделікті адам ағзасына қажеттілігі 4–6 г. Тамаққа
қосылған 10 г натрий хлориді толық сіңірілген жағдайда ағзаның
тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ете ала ма? (Иә.)
4. Мырыштың күнделікті адам ағзасына қажеттілігі 0,01–0,015 г.
Тамаққа қосылған 0,1 г мырыш сульфаты толық сіңірілген жағдайда
ағзаның тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ете ала ма? (Иә.)
5. Мыстың күнделікті адам ағзасына қажеттілігі 0,002–0,003 г.
Тамаққа қосылған 0,01 г мыс (II) сульфаты толық сіңірілген
жағдайда ағзаның тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ете ала
ма? (Иә.)
6. Кобальтың күнделікті адам ағзасына қажеттілігі 20–50 мкг.
Тамаққа қосылған 5 мг кобаль хлориді толық сіңірілген жағдайда
ағзаның тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ете ала ма? (Иә.)
7. Калийдің күнделікті адам ағзасына қажеттілігі 2–3 г. Тамаққа
қосылған 5 г калий хлориді толық сіңірілген жағдайда ағзаның
тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ете ала ма? (Иә.)
8.Йодтың күнделікті адам ағзасына қажеттілігі 100–150 мкг.
Тамаққа қосылған 3 мг калий йоды толық сіңірілген жағдайда
ағзаның тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ете ала ма? (Иә.)
9. Марганецтің күнделікті адам ағзасына қажеттілігі 2–5 мг.
Тамаққа қосылған 10 мг марганец хлориді толық сіңірілген
жағдайда ағзаның тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ете ала
ма? (Иә.)
Зат мөлшері . Моль
1. Адам ағзасына күнделекті – 15 мг мырыш түседі, оның 13 мг
ағзаға азық-түлік арқылы түседі. Ағзаға мырыштың қанша атомы
түсетінін анықтаңдар а) азық-түлікпен қанша; б) басқа түрлі
жолдармен қанша
Жауабы. а) 1,2•1020; б) 1,8•1019.
2. Адам тістерінің эмалында 7500 мг натрий, ал тістің дентинде–
11 600 мг. Натрийдің қанша атомы бар: а) дентинде; б) тіс
эмалында
Жауабы а) 2•1023; б) 3•1023.
3. Ересек адамның ағзасында 140 г-дай магний бар, бұның 2/3
бөлігі сүйектің құрамында. Магнийдің қанша атомы бар?
а) сүйекте; б) адам ағзасында.
Жауабы. а) 2,34•1024; б) 3,5•1024.
4. Ересек адамның ағзасында 5 г-дай темір бар, бұның 2/3 бөлігі
гемоглобиннің құрамында. Темірдің қанша атомы бар ?
а) гемоглобинде; б) адам ағзасында.
Жауабы. а) 3,6•1022; б) 5,4•1022.
5. Адам ағзасында 100 г-дай натрий болса, оның 40% сүйектің
құрамында. Натрийдің қанша атомы бар? а) сүйекте; б) адам
ағзасында.
Жауабы а) 1,0•1024; б) 2,6•1024.
6. Адам ағзасында тағам арқылы күнделекті 250 мкг молибден
сіңіріледі. Оның жартысын ішек жолдарына қан сіңіріп алады.
Молибденнның қанша атомы бар? а) адам ағзасында; б) қан сіңіріп
алды.
Жауабы. а) 1,56•1018; б) > 0,78•1018.
7. Адам ағзасынан 0,15 мг хром сыртқа шығарылады,оның 80% -ы
бүйрек арқылы. Хромның қанша атомы сыртқы шығарылады?
а) бүйрек арқылы; б) тұтастай алғанда.
Жауабы. а) 1,4•1020; б) 1,8•1020.
8. Адам ағзасына күнделекті хромның 200 мкг қажет, оның 70%
өкпеде тұнып қалады. Хромның қанша атомы: а) өқпеле тұнып
қалады;
б) адам ағзасына қаншасы түседі.
Жауабы. а) 1,68•1018; б) 2,4•1018.
9. Күнделекті адам ағзасына бордың қажеттілігі 2 мг. Дүние жүзінің
кейбір жерлерінде қоршаған ортада бордың көп болуынан адам
ағзасына күнделекті 17–27 мг түсіп жатады. Бордың қанша атомы:
а) адам ағзасына түсуі керек; б) көп бор бар аймақтарда қанша
болады.
Жауабы. а) 1,2•1020; б) 8,2•1020 -дан 13,6•1020-дейін
10. Адам ағзасына күнделекті кремнийдің 100 мг қажет . Ағзада
оның тек 4% -ы ғана сіңіріледі.Кремнийдің қанша атомы: а) күніне
қанша түсуі керек;
б) қаншасы сіңіріледі.
Жауабы. а) 21,4•1020; б) 0,86•1020.
Ядро атомның құрылысы. Изотоптар
1. Жасанды радиоктивтік изотоптар арқылы 13153Э қалқанша безін
және басқа кейбір ауруларды емдейді. Бұл:
а) қандай элемент? б) протондар мен нейтрондарын саны қанша?
в) электрондар саны қанша?
Жауабы:Йод,р=53,n=78,e= 53
2.Изотоптар негізінде23894 Э аталмыш элементтен атом
батарейлерін жасайды. Бұл батареялар жүрек бұлшықеттері
жұмысын бір қалыпты ұстауға көмектесетін арнайы генераторларда
қолданылады.Көрсетіңіз: а)элемент атын ата; б)ядродағы протон
мен нейтрон санын тап; в)атомның электрон бұлтындағы электрон
саны?
Жауабы:а)Плутоний Pu; б)94p және 144n;в)94е.
3.Алхимиктер кейбір заттарды алтынға айналдыруға тырысқан.
Бірақ, бұл жұмыстар ешқандай нәтиже бермеді. Яғни,бір элемент
атомын басқа элемент атомына химиялық жолмен алмастыру
мүмкін емес. Бүгінде, аталмыш элемент атомын алтынға
айналдыруға да болады.А)осы элементті ата; б)ядродағы протон
және нейтрон санын тап;в) атомның электрон бұлтындағы электрон
саны?
Жауабы:а)Сынап Hg; б)80р және116n; в)80е.
4.Бұл элементтің атын грек тілінен аударғанда-«тұрақсыз» .Онда
тұрақты изотоп жоқ. Тұрақты изотобы жасанды жолмен алынған
210 Э элементі. А)осы элементті ата; б)ядродағы протон және
85
нейтрон санын тап;в) атомның электрон бұлтындағы электрон
саны?
Жауабы:а)Астат;б)85р және 125 n;в)85е
5.Тірі дүние жеңіл изотоптарды сіңіреді 3216Э кейбір элементтер
ауырларға қарағанда
34
16Э
тез сіңіріледі. А)осы элементті ата б)ядродағы протон және
нейтрон санын тап в) атомның электрон бұлтындағы электрон
саны?
Жауабы:а)Күкірт ;б)16р және 16n; в)16е.
6.Кейбір элементтердің изотоптары 15163 Э , 15363 Э ядро
реакторында жұмыс істейтін кішкентай нейтрондарды өте тез
сіңіріп алады.Сондықтан оларды , реакторларды қорғаушыларды,
зиянды нейтрон радиацияларынан қорғау материалы ретінде
қолданады. Көрсетіңіз: а)элемент атын ата; б)ядродағы протон мен
нейтрон санын тап; в)атомның электрон бұлтындағы электрон
саны?
Жауабы:а)Европий Eu; б)63р және 86n;в)61е.
7.Белгісіз элемент құрамындағы 14761 Э изотопы, бірнеше жыл бойы
тоқтаусыз жанып тұра алады, сондықтан оны аз
жарықтандырылған жерлерде бағыттаушылар мен белгілер
жасауда қолданылады. А)осы элементті ата; б)ядродағы протон
және нейтрон санын тап;в) атомның электрон бұлтындағы электрон
саны?
Жауабы:а)Прометий Pm; б)61р және 86n; в)61е
8.Бұл элемент изотопынан 147 61Э атом батареяларын жасайды,есту
құралдарында қолданылады. А)осы элементті ата; б)ядродағы
протон және нейтрон санын тап;в) атомның электрон бұлтындағы
электрон саны?
Жауабы:а)Прометий Pm; б)61р және 86n; в)61е.
9. Органикалық жолмен пайда болған элементтердің жасын
анықтауда қолданылатын бұл элемент изотопы: 14 6Э болып
табылады. А)осы элементті ата; б)ядродағы протон және нейтрон
санын тап;в) атомның электрон бұлтындағы электрон саны?
Жауабы:а)Көміртек С; б)6р және 8n; в)6е.
10.Бұл элемент атомының ядроларының әрбірінде 33нейтрон,
атомның электрон бұлтындағы электрон саны-27. Элементтің
атын,оның изотопын табыңыз.Элемент символын жазып көрсетіңіз.
Жауабы:Кобальт 60 27Со
Ядро реакциялары
1.Ядро пайда болу процесінің арқасында 4 2He элементінің
ядроның жай бөліктерінен 1 1Н пайда болуына байланысты,
жұлдыздарда және жұлдыз аралықтарында гелийдің өте көп
мөлшері пайда болуда.Осыдан қандай ядро өзгерулері жүзеге
асады?
А)α-ыдырауы Б) β-ыдырауы
В)- γыдырауы Г)Электрон тартып алу
Д)аяқ астынан бөлініп кету
Е)ядро синтезі
Жауабы:Е.
2.Медицинада радийді- радон көздері ретінде, радон
ванналарымен емдеу кезінде қолданады. Радиациялы ыдырау
кезінде 226Ra-дан 222Rn пайда болады.Осыдан қандай радиациялы
ыдырау байқалады?
Жауабы: 226 88Ra- 222 86Rn +4 2He.
3.Ядро реакциясы, 1 1Н ядросынан 4 2Не ядросының пайда болуы
барысында өте үлкен мөлшерде энергия бөлінеді және Күн мен
жұлдыздардың басты бір энегия көзі ретінде қолданылады:
1
4
+
1Н= 2Не+2в +1944млн
кДж.
Осыдан қандай радиациялы өзгерулер байқалады?
Жауабы:Ядро синтезі.
4.196 80Нq сынаптың изотопын нейтрондармен бөліп алу арқылы бір
айда 1,5г алтын 197 79Au алуға болады. Осыдан қандай
радиациялы ыдырау байқалады?
Жауабы:β+-ыдырау
Қоспалардың электролизі және электролиттердің ерітінділері.
1.Имплантант дайындауға 22г никель қажет болды.1сағат ішінде
никельдің қажет массасын алу үшін токтың қандай күшімен никель
нитратының ерітіндісін электролиздау керек?
Жауабы:I=20A.
2 . Миды сканерлеу үшін 3,48г темір қажет. Таза металдың қажет
мөлшерін алу үшін 10А ток күшімен темір (3) сульфатын
электролиздау процесін қандай уақыт аралығында жүргізу керек?
Жауабы:t=0,5сағ.
3.Асқазан-ішек қанауына диагностика жасауға лабараторияға
80,85г таза хром қажет. Хром (3) сульфатын электролиздауға қажет
ток күші? Егер 100мин ішінде берілген таза металл массасын ала
алсақ.
Жауабы:I=75A
4. 1,5 сағ ішінде 0,5кг жас мөлшерін және картина бағалылығын
білу үшін қолданылатын таза сынап алынады. Сынап нитратын
электролиздау үшін қанша ток күші керек?
Жауабы:I=88.9A
5.Медицинада имплантант жасауға 50г титан қажет
болды.Титанның қажет массасын алу үшін,200А ток күшімен
титан(4) сульфатының сулы ерітіндісін электролиздауға қажет
уақыт?
Жауабы:t=33.5мин
6.Тері ауруларын емдеуде апликатор ретінде 5г стронций
керек.Стронцийдің берілген массасын 2 сағатта алу үшін, стронций
хлоридін электролиздауға қажет ток күші?
Жауабы:I=1.52A.
7.10г таза темір алу үшін ,10А ток күшімен темір(3) сульфатының
сулы ерітіндісін қанша уақыт аралығында электролиздау керек?
Жауабы:t=1.36сағ
8.Жақ-бет хирургиясында биоүйлесімді материал ретінде таза
титан қажет болды.2 сағ ішінде, 1г титан алу үшін,титан(4) хлоридін
электролиздауға қажет ток күші?
Жауабы:I=1.12A
9.Медицинада стронций изотопын Sr-89 , сүйек ісіктерін сәулелі
емдеуде пайдаланады. 30 А ток күшімен 1 сағатта стронций
бромиді электролизі кезінде бөлінген стронций массасы?
Жауабы: шамамен 50г
10.Құрамында мырыш бар ферменттерге белгі ретінде
диагностикалық лабораторияда 3,5 г мырыш қажет болды.Берілген
мырыштың массасын алу үшін ,120 А ток күшімен мырыш
сульфатын электролиздауға қажет уақыт?
Жауабы:t=86,6с немесе 1,4мин.
Ситуациялық есептер
1.Реанимациялық бөлімге көп қан жоғалтақан науқастар түседі.
Мұндай жағдайда физиологиялық ерітінді деп аталатын 0,85% ас
тұзын (p=1 г/мл) қолданады. Ал енді, өзіңізді осы реанимациялық
бөлімнің медбикесі деп елестетіңіз және сіз щұғыл түрде осындай
800 мл ерітінді дайындауыңыз керек. Медбикенің орнында
болсаңыз осындай ерітіндіні қалай дайындайтын едіңіз?
Жауабы. 793 мл суда 6,8 г тұзды еріту керек.
2.Тері фосформен күйіп қалған жағдайда оған 5%-тік мыс (ІІ)
сульфатының ерітіндісін жағу керек. Ал енді, өзіңізді аға
фармацевтпін деп есептеп, тәжірибесіз лаборантқа 500 мл осындай
ерітінді даярлау тапсырмасын беріңіз. Ерітіндіні даярлайтын
инструкциялық картаны даярлаңыз.
Жауабы. 475 мл суда 25 г CuSO4 еріту.
3.Ауруханада пациентке тамағын шаю үшін 0,5%-тік калий
перманганатын жазып берді, ал қолда осы ерітіндінің тек 6%-ті
болды. 1 кг 0, 5%-тік калий перманганатын дайындау үшін қанша
6%-тік ерітінді мен су қажет?
Жауабы. 917 г су мен 83 г 6%-тік ерітінді.
4.Талдау жұмысын жүргізу үшін биохимиялық лабораторияның
лаборантына көлемі 100 мл және молярлық концентрациясы 0,2
моль/л натрий гидроксиді қажет. Сіз лаборанттың орнында
болсаңыз осы ерітндіні қалай даярлайтын едіңіз?
Жауабы. 50 мл суға 0,02 моль, 0,8 г NaOH еріту және ерітіндінің
көлемін 100 мл-ге жеткізу (су қосу).
5.Өзінізді райондық аурухананың хирургиялық бөлімнің
қызметкері деп есептеңіз және сізге жараны зарарсыздандыру үшін
5%-тік йодтың спирттік ерітіндісін дайындау керек. Егер ерітіндінің
тығыздығы 0,950 г/мл болу керек болса, көлемі қандай болатын 10г
кристалдық йод дайындауға болады?
Жауабы. 211 мл.
6. Өзіңізді фармацевт деп есептеңізжәне сіз ауыз қуысы мен
тамақтың шырышты бөлігіне жағуға арналған Люголя ерітіндісін
дайындауыңыз керек. Люголя ерітіндісіндегі йод пен калий
йодидының массалық үлесі 0,05% және 0,1% болуы керек. Егер
судың көлемі 17 мл болса, қанша грамм йод және калий йодиды
қажет?
Жауабы. 0,01г йод пен 0,02 г калий йодиды.
7.Егер 20 мл натрий гидроксидін титрлеу үшін20 мл және 0,1 М тұз
қышқылының ерітіндісі кеткен болса, биохимиялық
лабораторияның лаборантына натрий гидроксидінің
концентрациясын табуға көмектесіңіз.
Жауабы. 0,1 М
8.Өзіңізді дәрігермін деп есептеңіз. Сізге барий гидроксиді улы
деген мәліметті оқыған адам келді. Және ол асқазанды рентгендік
тексеру барысында барий сульфатын қабылдауға үзілді-кесілді
қарсы болды. Бұл кісіге барий сульфатын қабылдау қауіпті емес
екенін қалай түсіндіресіз?
Жауабы. Барийдің суда еріп барий ионын түзетін қосылыстары ғана
улы болады. Барий сульфаты- күшті қышқылдың ерімейтін тұзы,
бұл тұз салыстырмалы түрде (H2SO4) әлсіз тұз қышқылында
(асқазан сөлінде) ерімейді.
9.Егер балабақшада далада жүргенде баланы құмырсқа шағып
алған болса, сіз балабақшаның денсаулық сақтау қызметкері
болсаңыз оған қандай шара қолданар едіңіз? (Бала шаққан жердің
қатты күйгенін айтқан болса)
Жауабы. Құмырсқа шағып алған кезде құмырсқа қышқылының
әсерінен тері күйіп жатқандай сезімде болады. Қышқыл әсерін
бейтараптау үшін шағып алған жерді натрий гидрокарбонатымен
(ас содасымен) сүрту керек. Бұл ерітінді сілтілік орта болып
табылады.
10.Егер бастаушы лаборант ерітінді дайындау барысында байқамай
қолына қышқыл төгіп алса, дәрігердің орынында болсаңыз қандай
шара қолданар едіңіз? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Жауабы. Қышқылды краннан аққан суық суға шайып жіберген жөн.
теріде қалып қойған қышқыл қалдықтарын бейтараптау үшін
натрий гидрокарбонатын қолдануға болады.
11. Биохимиялық лабораторияның бастаушы лаборанты тәжірибе
жүргізу үшін натрий, магний және аммоний хлоридтерінің
ерітіндісін дайындап қойды, бірақ ыдыстарға ерітінді аттары
жазылған этикеткаларды жабыстыруға ұмытып кетті. Әр ыдыста
қандай зат бар екенін қалай анықтауға болады? Жауабыңызды
тәжірибе жүзінде дәләлдеңіз.
Жауабы. Катиондар реакциясын қолданған жөн:
MgCl2+2NaOH=Mg(OH)2↓+2NaCl,
NH4Cl+NaOH=NH3↑+H2O+NaCl,
NaCl ерітіндісі от жалынын сары түске бояйды.
12.Артериялық қысымды төмендету үшін науқасқа препарат жазып
берілді. Рецепті жоғалтып алды. Препараттың элементтік анализі
мынандай нәтиже берді: 9,76% Mg, 13.01% S, 71.54%O, 5.69% H.
Фармацевтке препараттың құрамын анықтауға көмектесіңіз.
Жауабы. MgSO4×7H2O
13. Өзіңізді дәрігермін деп есептеңіз және сіз тәжірибесіз
медбикенің мына сұрағына жауап беруіңіз қажет: «Асқазан
қышқылды орта екенін біле тұра, науқасқа бір мезетте темір (ІІ)
сульфаты мен натрий нитритін енгізуге болады ма?»
Жауабы. Темір (ІІ) сульфаты мен натрий нитриті қышқылды ортада
бір-бірімен әрекеттеседі, сондықтан оларды бірге енгізуге
болмайды. Реакция теңдеуі:
3FeSO4+3NaNO2+6HCl=Fe2(SO4)3+3NaCl+3NO↑+FeCl3+ 3H2O.
14.Жүйке қабатын некратизациялау (өлтіру) үшін стоматологиялық
практикада құрамында мышьяк (ІІІ) оксиді бар пастаны қолданады.
Ол үшін тазаланған тіске түйменің басындай ғана паста жағады.
Экспертке оксидтегі мышьяктың құрамын анықтауға көмектесіңіз.
Жауабы. ω (As)=75,76%
15. Өзіңізді эксперт-токсикологпын деп есептеңіз және сіз
медицинада есірткі ретінде қолданылатын азот (І) оксидінің ауа
құрамындағы оттегімен тотығып өте улы азот (ІІ) оксидіне айналу
қаупі бар-жоғын анықтауыңыз керек.
2N2O+O2=4NO
Жауабы. ΔG>0 болғандықтан азот (І) оксидінің азот (ІІ) оксидіне
дейін тотығуы мүмкін емес.
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа