close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

демалыс күні

код для вставки
Сабақтың тақырыбы: Демалыс күні. Бітеу буын
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қазақстанның демалыс орындары туралы мәлімет
беру, тіл байлықтарын арттыру,сұраулы сөйлем туралы білімдерін көтеру.
2.Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын
молайту,оқушылардың
белсенділігін арттыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды бос уақыттарын тиімді қолдануға шақыру.
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, мәтін, үлестірме қағазы,
слайдтар, үнтаспа.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.
2. Үй жұмысын тексеру.
Ойын өткізу арқылы үй жұмысын тексеру. 4-жаттығу.
3. Жаңа сабақ.
Мұғалім: Балалар, интерактивтік тақтаға назар аударамыз.Берілген
суреттерге қарап, сендер сұрақтарға жауап бересіңдер.
- Суретте не бейнеленген?
- Бұл суреттер қандай тақырыпқа жатады деп ойлайсыңдар?
- Бұл жерлерде демалыс күндері адамдар не істейді?
Мұғалім: Бүгінгі сабақтың тақырыбы демалыс күні деп аталады.
Мұғалім: Сабақтың мақсатымен, жұмыс түрлерімен таныстыру.
Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерге назар аудару.Сөздіктеріне жаздыру.Дұрыс
оқыту.
Керме – турник
Сергу – обнавление
Саяжай – дача
Ойнау - играть
Аула - двор
Мәтін « Жексенбі күні»
Жексенбі күнінде барлық адамдар жұмыстарынан қолдары босап,
демалып, сергіп қалады. Ол күні саяжайға немесе көл жағасына барып
уақыттарын көңілді өткізіп, не болмаса уйіндегі, ауласындағы
шаруаларды жасайды. Жексенбіні барлығы асыға,ынтыға күтеді.
Балалар сабақтарынан босап, әр түрлі қызықты ойындар ойнап,
жүгіріп, доп теуіп,кермеге тартылып денсаулықтарын нығайтады.
Мұғалім: Балалар, бұл мәтін не туралы?
Қандай таныс сөздер кездесті?
Жексенбі күндері не істейсіңдер ?
Ережемен жұмыс
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы
дауысты дыбыс екі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буын бітеу буын деп
аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос,
серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң,
дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.
Бекіту тапсырмалары
Жексенбі сөзіне фонетикалық талдау және септеу.
Мәтіннен бітеу буынды сөздерді табу
Интерактивтік тақтамен жұмыс.Берілген сөйлемдердің соңына дұрыс
тыныс белгілерін қою. ( флепчартты қолдану)
Сергіту сәті.
Жеке жұмыс: « Дұрыс , бұрыс» кестесін толтыру.Бір-бірін тексеру.
Топпен жұмыс. Әр топқа берілген диалогты сахналау.
Үй тапсырмасы: Берілген сөздермен 3-4 сөйлем құрастыру.
Қорытынды: Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Қандай жұмыс жасадық?
Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты мұғалім баға
қояды.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
640
Размер файла
18 Кб
Теги
күні
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа