close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Жас толқын шолу

код для вставкиСкачать
«Осакаров ОКЖ»» ММ
Молодежный кентінінің
кітапханасы
шолу
Қазақстанңың жас жазушылар
мен ақындары
Қазақстан Республикасының Мәдениет және
ақпарат министрлігінің бастамасы бойынша 2008
жылдан бастап жас ақын-жазушылардың кітаптарын
шығару мақсатында “Жас толқын” сериясы
ұйымдастырылған. Осы "Жас толқын" сериясымен,
“Жалын” баспасынан шыққан кітаптарға
жазушылардың әңгімелері, шалқымалары,
ойтолғамдары және романдары топтастырылған.
Молодежный кентнің орталық кітапханасына «Жас
толқын» сериясы бойынша шығарылған кітаптар
келді.
Бүл кітаптарды абонементте табасыздар.
Біздің мекен – жайымыз:
Молодежный кенті
Абай көшесі,14
телефон: 87214822005
электрондық пошта: bagdat59@yandex.ru
Проза аталымы бойынша
Әбілқайыр, Қ.
Қағаз қала.Әңгімелер./ Қ. Әбілқайыр.- Алматы.:
«Жалын баспасы» ЖШС, 2008.- 80 б.
Кітапқа қоғамның келеңсіз тұстарын,
адамдардың жағымсыз
мінез – құлқын әшкерелейтін сатиралық ,
памфлеттік, публицистикалық жанрдағы
шығармалары топтастырылған.
Әбілқайыр, Қ.
Ұмыт мені: Проза / Қ. Әбілқайыр.- Алматы.: «Жалын
баспасы» ЖШС, 2012.- 248 б.
Жазушының «Ұмыт мені» атты кітабы екі бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлімнің аты «Қағаз қала». Буған
қоғамның келеңсіз тұстарын, адам бойындағы кемеетікті суреттейтін сатиралық әңгімелер енгізілді.
Жазушы шығармаларында әр саладағы көзге ұрып
тұрган олқылықтар, қоғамның бітеу жараға айналып
бара жатқан тұстары, адам бойындағы жағымсыз
мінездер суреттелген.
Екінші бөлім «Сурет» деп аталады. Бүған Қанағаттың
студенттік жылдары жазған лирикалық әңгімелері
топтастырылған. Әңгімелерінде
адамгершілік; махаббат; адам
бойындағы өзге де игі сезімдер шебер
бейнеленген.
Кітап қалың оқырманға арналған.
Әлменбет, А. Режиссердің түстері./ А. Әлменбет.Алматы.: «Жалын баспасы» ЖШС, 2013.- 192 б.
Бүл кітапқа жазушылыққа талаптанып жүрген жас
өркен Арман Әлменбеттің прозалық шығармалары еніп
отыр. Автор әңгімелерінде кейіпкерлерінің
психологиялық қалтарыстарына үңілуге тырысып,
заманның қиындығына байланысты адамдардың
бойында пайда болған келеңсіз мінездерді сынауға
талпынады. Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшатын
космос карабльдерінің құлауы әсерінен Қарағанды
облысында болып жатқан экологиялық бұзылуларды да
шығармашылығына арқау етіп; зымыранның зардабын
шегіп отырған халық үшін жаны күйзеледі. Сонымен
қатар алғашқы көлемді шығармасы «Мимырт» та осы
жолы оқырман назарына тұңғыш рет ұсынылмақ.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Ерікқызы, Э.
Шапағат: Проза/ Э. Ерікқызы.- Алматы.:
«Жалын баспасы» ЖШС, 2011.- 288 б.
Оқырман қауымға Эльмира Ерікқызы «Ана
жүрегі» атты кітабымен таныс. Ананың ұлықтығын,
ғашықтықтың құдіреттілігін, тіршілік түйткілдерін
әдемі жеткізе білген жазушының бұл
шығармалары оқырман жүрегіне жол табарына
сеніміміз кәміл.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Жылкыбаева, Ш.
Қызыл қақапаның құпиясы: Танымдақ
мақалалар;аудармалар./ Ш. Жылкыбаева.Алматы.: «Жалын баспасы» ЖШС, 2013.- 192 б.
Бұл кітапқа Кансай жапон тілі институтының
түлегі, Жапонияның Еуразия ғалымдарымен
жазушылары Одағының мүшесі, аудармашы,
ғалым Шарафат Жылқыбаеваның Жапонияның
әтрүрлі аймақтарында жүріп, ұзақ жылдар бойы
жинаған деректері негізінде жазған танымдық
мақалалары енген. Еңбекте Күншығыс елінің ежелгі
әдебиеті мен мәдениеті, салт – дәстүрі, тілі терең
зерделенген. Жапон тілінің қайнарынан сусындаған
жапонтанушы ғалым қос халықтың
рухани діңгегіне жаңаданжол тауып,
Шығыс әлемінің құпиясына бойлауды
мақсат еткен. Еңбек кітап авторының
жапон тіліндугі түпнұсқадан тікелей
аударған жапон аңыз – ертегілеріиен
айшықталған. Сан – салалы ғылымның
басын біріктірген зерттеуші еңбегі
көпшілік оқырман қаумға арналған.
Закерұлы, С.
Арылу:Проза / С. Закерұлы.- Алматы.: «Жалын
баспасы» ЖШС, 2013.- 192 б.
Психологиялық бағыттағы ойлардың негізінде
адам жанының қалтарыстары мен шындығын ішкі
әлеміндегі рухының түп қазығы болған өз «мен»-іне
салмақ сала отырып, бүкіл адамның жан дүниесінің
жарық сәулесіне бойлау. Кейіпкердің бөтен мінезі
мен бөлекше ойынан өзгеріп бара жатқан адам
мінезін, тағдырын, қоғамның адам санасына
салған салмағын екшеуді көздейді.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Көкенов, Ж.
Жалғыз ағаш:/Ж. Көкенов.- Алматы.:
«Жалын баспасы» ЖШС, 2013.- 192 б.
Бұл кітапқа жазушылыққа талаптанып
жүрген жас өркен Жеңісбектің прозалық
шығармалары еніп отыр. Автор әңгімелерінде
кейіпкерлерінің психологиялық
қалтарыстарына үңілуге тырысып, заманның
қиындығына байланысты адамдардың
бойында пайда болған келеңсіз мінездерді
сынауға талпынады.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Қоныс, Л.
Шахарбанудың сынсуы: Проза/ Л. Қоныс.Алматы.: «Жалын баспасы» ЖШС, 2013.- 192 б.
Прозалық жинақ барысындағы ауыл мен қала
прозасы, мистикалық сарындағы көріністер, әдеби
эксперименттер – қазақ прозасындағы жаңа
ағым мен жаңа көзқарастың белгілерін танытады.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Мәліков,М.
Жұмбақ кітап:Проза/ М.Мәліков.- Алматы.: «Жалын
баспасы» ЖШС, 2011.- 224 б.
Жаңа ғасырдағы қазақ әдебиеті жаңа толкын
өкілдері саналатын жас жазушылармен толығуда.
Соңғы он жылдың өзіне әдебиетіміз көптеген талантты
жастармен толықты. Сол жастардың бірі, талантты
жас прозашы Мақсат Мәліковтың шығармалары
республикалық мерзімді баспасөзде жарияланып
жүр. Жазушы өзінің қысқа да жинақы стилімен
ерекшеленеді. Әңгімелері кітаптың атына сай
жұмбақтау болганымен, оның астарында талай терең
ой жатқаны күмәнсіз.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Ордашева,С.
Кек жуған:Проза/ С.Ордашева.- Алматы.:
«Жалын баспасы» ЖШС, 2011.- 112 б.
Бұл кітап – автордың тұнгыш жинағы. Автор жас
болғанымен табиғат пен адам мінезін суреттеуде
тілі өте бай.Жинаққа кірген әңгімелерінде көтеретін
мінсіз махаббат сезімдері мен өз халқына деген
сүйіспеншілік пен патриоттық тақырыптары.
Әр әңгімесі бір-бір шағын оқиға болып, бір
көкейдегі мәселенің басын көтереді.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Сарыбай, Б.
Қараторғай: Проза/ Б. Сарыбай.- Алматы:«Жалын
баспасы» ЖШС, 2013.- 192 б.
Өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан жас қаламгер
Бейбіт Сарыбайдың шығармалары әдеби ортада
жоғары бағаланып келеді. Оның республикалық
мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген әңгімелері
мен шағын хикаяттарын оқырман қаум ыстық
ықыласпен қабылдады№ Жас жазушының бұл кітабына
соңғы жылдары жазған жаңа шығармалары енгізіліп
отыр.Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінде топ жарып,
бірінші жүлдеге ие болған «Ақтабан», «Қараторғай»
сынды шағын хикаяттарын да осы кітаптан оқуға
болады.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Тоқтар, Е.
Сүйектегі таңба: Проза/ Е.Тоқтар.- Алматы:«Жалын
баспасы» ЖШС, 2013.- 192 б.
Жас қаламгер Ержан Тоқтарұлының «Сүйектегі
таңба» атты алғашқы жинағына ауыл мен қала
тіршілігіндегі қым – қиғаш тіршілік пен адамдар
арасындағы қарым – қатынасты шынайы суреттейтін
шығармалары енген. Автор ұлттық намыс, салт-дәстүр,
ұрпақтар жалғастығын туындыларына арқау ете білген.
Сонымен қатар жастық шақ, сиқырлы сезім туралы
әңгімелері де оқырманжүрегіне жол табары сөзсіз.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Тілепбергенов, Қ.
Көкек әке: проза / Қ. Тілепбергенов.- Алматы:
«Жалын баспасы» ЖШС, 2013.- 192 б.
Жас жазушы Тілепбергенов Қанаттың
новеллалар жинағына түрлі тақырыптар енген.
Әсіресе, тұрмыстын көзге көріне бермейтін
алуан түрлі қиыншылықтары өткір суреттеледі.
Тілепбергенов Қанаттың кейнгі жылы
жазылған новеллаларын оқыған кезде тың
тақырыптарды сезінесің.Оқырманға шығарма
қысқа, тез оқылатын болғанымен ол
шығармадан көркемдік ләззат алуға кедергісін
тигізбейді. Қысқа жазу бұл жазушының тандаған
стилі.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Уалиханұлы,Ә.
Құлдар патшалыгы:/ Ә. Уалиханұлы.- Алматы:
«Жалын баспасы» ЖШС, 2013.- 192 б.
Әдебиетке өзіндік үнімен, өзіндік болмысымен,
жазу стилімен келген Әлибек Уалиханұлының
«Құлдар патшалыгы» жинағына соңғы кездері
жазған, оқырманның ыстық ыкыласына
бөленіп,әдеби,фтлософиялық, психологиялық
жағынан ақыл – санаға шуақтүсіріп,окырман
қаумның лайықты бағасыналып жүрген әңгімелері
топтастырылады. Жас жазушы қай тақырыпты жазса
да шындықтан жалтармаған. Әлібек Уалиханұлы
кейіпкерлердің тосын мінезі арқылы бүгінгі
өміріміздің сан саласына, әлеуметтік, рухани,
саяси мәні бар құбылыстардың астарына барлау
жасап, адамның санасы артпай, оның сапасы
артпақ емес дегенді өмірдің өзіне сүйене отырып
дәлелдейді. Автордың әнгімелеріндегі сезім
толқыныстары мен күрделі ой боянлары – жас
жазушы жан – дүниесінің философиялық
көркем образдарға бай екендігін көрсетеді.
Кітап көпшілік оқырманға
арналған.
Поэзия аталымы бойынша:
Алшынбай, Е.
Құлан ауған: Өлеңдер / Е. Алшынбай .Алматы.: Жазушы, 2013.- 112 б.
Жас ақынның өлеңдеріне өзгені жақсы көру,
мейірім – шапағат, махаббат – сүйіспеншілік
секілді арманшы адам бойында кездесетін ізгі
қасиеттер арқау болған. Өлендері тілінің
шұрайлылығымен, бояуының көркемдігімен,
көңілге қонымдылығымен жүректі тербеп, жанды
баурайды
Асан, М.
Бекзат: Өлеңдер./ М. Асан.- Алматы.: Жазушы,
2012.- 112б.
Қазақ поэзия әлеміне өзіндік ерекше
қолтаңбасымен келген жас ақын Мирас Асанның
бұл жинағына лирикалық өлеңдері енгізілді.Оның нәзік
сезімінің терең иірімдері әр өлеңдерінде көрініс
тапқан. Бекзат – Рух кітабы.
Кітап жалпы оқырманға арналған.
Бақаш, Е.
Жастық жалыны: Өлендер./ Е. Бақаш.Алматы.: Жазушы, 2012.- 112б.
Жас ақын Ерғали Бақаштың бұл алғашқы жыр
жинағы. Жинаққа ақынның сезім, махаббат,
достық тақырыбындағы өлендері топтастырылған.
Кітап жалпы оқырман қаумға арналған.
Есеман, Х. Қараша хаттары: Өлеңдер.- Алматы.:
Жазушы, 2013.- 112 б.
Жас ақын өз өлеңдерінде өмірдің әр алуан
қатпарын қамтуға талпынып, жастық шақтың бал
қызығын, бала алдындағы ата – ананың қадірін, жас
ұрпақтың ұлт алдындағы парызын бейнелі тілмен
жеткізуге ұмтылған. Жүрекке жылы, жанға жайлы
тиетін жырлар өз оқырманын табады деген
сенімдеміз.
Кітап жалпы оқырман қаумға арналған.
Жаңқашұлы,Ж.
Тәңір таңбасы..:Өлеңдер/ Ж.Жаңқашұлы.Алматы.: Жазушы, 2012.- 112б.
Ақынның «Тәңір таңбасы» атты тұңғыш жыр
жинағында соңғы жылдары жазылған өлеңдері
топтастырылған. Ақын қоғам тынысын, замана үнін
ұлттық рухпен астарластыра жырлауға ұмтылыс
танытып, оқырман талғамына өзініңазаматтық
ұстанымын ұсынады. Өлеңдерінде көркем теңеу,
астарлы ой жас ақынның ұмымды қадамдарын
айқын аңғартады.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Жұман, Ж.
Өлең – ғумыр: Өлеңдер/ Ж. Жұман.- Алматы.:
Жазушы, 2013.- 112б.
Жас ақынның жүректен шыққан жылы
жырларында сағыныштың сиясына малынған,
мөп-мөлдір сезімнің мұңынан алынған сыры,
тұнық ойлары өрнектелген. Болашағын жыр
керуенімен байланыстыруды мақсат тұтқан жас
өнерпаздың арман жолындағы сапары сәтті
болғай деген тілектеміз.
Зарыққан, Ұ.
Бозжусан бүр жарғанда...:Өлеңдер / Ұ.
Зарыққан.- Алматы.: Жазушы, 2013.- 112б.
Жас ақынның кейде шығыстың шертпе
күйіндейшерлі,шымыр, қоныр да бұйра
толқынды келетін, кейде бойлауық күйлердей
өршіл жырларында ел мен жер, адам, тағдыр,
махаббат, сағыныш турасындағы тұнық та
мөлдір сезімдері көрініс тапқан.
Исәділ, А.
Көкжиекке сіңген жол.: Өлендер, аудармалар / А.
Исәділ.-Алматы.: Жазушы, 2013.- 160 б.
Қазақ поэзиясына өзіндік үнімен келіп,
айырықша қолтаңбасын қалыптастырған талантты
ақын - аудармашы Алмат Исәділдің бұл кітабына
уақыт,заман, махаббат тақырыбында жазылған
өлеңдері топтастырылған.
Жинаққа сондай- ақ автордың біррқатар
қөркем аудармалары мен балаларға жазған
өлеңдері еніп отыр. Кітапқа бүгінгі заманның
шындығын ашуға ұмтылған шығармашылық иесінің
ізденістері аркау болған.
Қадырова, Ж. Баянда тосам.Өлендер /
Ж.Қадырова.- Алматы.: Жазушы, 2011.- 136 б.
Қадамгердің бұл жинағына топтастырылған
өлең-жырлары сөз қадірін түсінетін қауымды бей-жай
қалдырмай, сезім қылын шертеді. Түрлі көңіл- кұйге
жетелейтін орнекті шумақтары оқырман олжасы
екені даусыз.
Ал жинаққа «Біздің көше» деген атаумен енген
поэзиялық шығармалары мен проза
жанрындағытуындылардың басты тақырыбы ортақ –
ауыл адамдарының тұрмыс – тіршілігі мен болмысбітімі; негізі идеясы да бір – адамсүйгіштік сезімді
құрметтеу және соған кейінгі буынды баулу.
Кітап көпшілік оқырман қауымға
арналған.
Қайыртайұлы, Р.
Біздің ауыл:Өлеңдер/ Р. Қайыртайұлы.- Алматы.:
Жазушы, 2011.- 136 б.
Жас ақынның бұл жинағына оқушы кезіндегі
және студенттік жылдарындағы өлеңдері еніп отыр.
Ақын сезімнен сенімді жоғары қойып, дүние
дүрмекке өз көзқарасын айтуға бел буады.
Өлеңдері ойландырады, оқыған жанды
толғандырады.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Қарағызұлы, Б. Өң.Мен.Түс.: Өлеңдер./ Б.Қарағызұлы.Алматы.: Жазушы, 2011.- 112 б.
Қазақ поэзиясыңа өз өрнегімен ерекшеленіп
келген талантты ақын – Бауыржан Қарағызұлының бұл
кітабына оқырман қауымды елең еткізген, өзгеше
мінезді топтпастырылып отыр. Өлеңдеріндегі Сезім
тазалығына, Жан сұлулыгына, Рух биігіне сапар
шеккен кейіпкердің таным жолындағы жеке көзқарасы
анық байқалады.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Кереева, И.
Дауыстар диалогы: Өлеңдер/ И.Кереева.-Алматы.:
Жазушы, 2013.- 112 б.
Жас ақынның өлеңдерінде табтғат, туған жер,
өскен орта,қоғам тынысы, замандастар тағдыры
секілді алуан тақырыптар кестелі тіл, бейнелі
орамдармен сәтті өрнек тапқан. Өлеңдеріндегі нәзік
иірімдер тартымдылығымен оқырмананды бірден
баурап алады.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Маулина,Н.
Ұршық: Өлендер/ Н.Маулина - Алматы:Хан Тәңірі,2014.190б.
Нұргүл Хасанқызы Маулина – Ақтаудағы Ш. Есенов
атындағы Қаспий Мемлекеттік технология және инжиниринг
университеті «Экономика және құқық» институтының
«Каржы» кафедрасының доценті, экономика
ғылымыдарының кандидаты.Мамандығы басқа болса да,
бала күнінен – ақ өлең –жырға ғашық боп өскен інкәр
жүрек қолы қалт еткенде көңілінднгі көрікті ойды қағазға
түсіріп, әдебиет әлемінде өзінің ізін қалдыруға ұмтылады.
Қолдарыңызға тиіп отырған бұл кітап – жас таланттың
тұнгыш жыр жинағы.
Өлең өлкесіне енді ғана қанат
қаққан жас ақынның сапарына
сәттілік тілейміз!
Мәлік, Д.
Гүл қайызындағы хаттар: Өлендер/ Д. Мәлік.Алматы.: Жазушы, 2013.- 112 б.
Жас ақынның жаңа жинағына адам
жанынаң нәзік пернесін тап басқан, мезімді
тербеп, көңілді толқытатын лирикалық өлеңдері
еніп отыр.
Өмірге, өнерге құштар сезімтал жүректен
шыққан мұнды да жарқын жылдар оқырман
көңілін бірде мұңайтып, тұңғиык ойларға
жетелеп, бірде шаттандырып, заңғар биікке
алып ұшып, әртүрлі әсерлі сезімдерге бөлейді.
Мәликова,Д.
Жүрегімдегі періштем: Өлендер/ Д.Мәликова Алматы:Хан Тәңірі,2014.- 173 б.
Динара Мәлікова 1988 жылы 16 қазанда Қызылорда
облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауданында дүниеге
келген.
«Тәңір сыйы», « Қиялыма сия алмаған екенмін...», «Гүл
қайызындағы хаттар» жыр кітаптарының авторы
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты
Нұрбақыт, А.
Айқасқа: Өлендер./ Аршын Ңұрбақыт.Алматы.: Жазушы, 2011.- 136 б.
Ақын Аршын Ңұрбақыт қазақ даласының
шығысындығы шұрайлы өлке, тарихи ата қоныс
Үйсіндердің жұрты болып саналатын Өртекес
өңірінде туып өскедіктен, қазақтың ұлттық
қасиеттері оның өлеңдерінде өзгеше орын алады.
Туған жерде, дәстүр – салтқа, ана тілге құрмет
пен сүйіспеншілік өлең боп өріледі. Жастыққа тән
жалын, махаббат, іңкәр көніл көркем кестеленіп,
үйлесім табады. Сөз қолданысы сом, ойы
қорғасындай ауыр. Талғампаздық пен
таптамалары жүгінетіні байқалады.
«Айқасқадағы» топтамалары
көзге ұрып тұрған бөгенайымен сұлулық
әлемінен дерек береді.
Салық, Ә.
Ақ жауын тектес жанарым: Өлеңдер / Әсел
Салық .-Алматы.: Жазушы, 2009.- 80 б.
Жас ақын Әсел Салықтың бұл жинагын
«Қыз сыры » деп атауға әбден болады. Өйткені
мұнда жас адамның өмірге деген құштарлығы,
жақсылық пен ізгілікке ұмтылған жан толқынысы
жан – жақты жырланады.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Дайындалған Құсаинова Б.А.
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
129
Размер файла
3 847 Кб
Теги
толкын, ЖАС ТОЛҚЫН ШОЛУ
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа