close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета №57 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы
24
сәуірден
шығады
Астанада «ТКШ - ЭКСПО-2015» көрмесі басталды
Астана қаласындағы «Көрме» орталығында отандық және шет
елдердің
тұрғын
үй-коммуналдық
шаруашылығы
саласындағы тауар өндірушілердің инновациялық технология,
материалдар мен жабдықтары бойынша көрме ашылды.
«ТКШ - ЭКСПО-2015» Халықаралық форумы аясында өтіп жатқан
көрмеге Астана, Алматы, Петропавл, Степногор, Павлодар,
Қарағанда, Қапшағай, Щучинск, Қостанай, Курчатов, Шымкент,
Орал, Ақтөбе, Теміртау, Екібастұз, Атырау, Өскемен қалаларының
кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Сондай-ақ Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Түркия, Бельгия, Қытай елдерінен келгендер де бар. ҚР Ұлттық
экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанға 13 млрд доллар инвестиция
тарту бойынша меморандумға қол қойылғанын айтты.
– Мемлекет басшысы Еуропа елдеріне жасаған сапары барысында ірі инвестицияларды
Қазақстанға шақырды. Соның нәтижесінде біз халықаралық ұйымдармен бірігіп, 2020
жылға дейін 13 млрд доллар инвестиция тарту бойынша меморандумға қол қойдық. Оның
негізгі сомасы ТКШ саласын жаңғыртуға бағытталмақ. Одан бөлек «Нұрлы жол»
бағдарламасына сәйкес, жыл сайын инфрақұрылымды қайта жасау мен құрылысқа 100 млрд
бөлінеді. Сондықтан да бүгінгі көрме бекерден өткізіліп отырған жоқ. Ұсынылып отырған
өнімдер сұранысқа ие және олар саланы дамытуға қажет, – деді Қ. Өскенбаев форум аясында.
Орталық ақпарат
Дінің-діңгегің
Арамзалар адастырмасын
Қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі діни экстремизмге қарсы күрес. Осыған орай
С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапханада діни экстремизмге қарсы күрес
тақырыбында семинар–кеңес өтті. Оған ауданның құқық қорғау органдары мен прокуратура, әділет, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, мұғалімдер мен дін өкілдері және жастар
қатысты. Бүгінгі таңда белең алып келе жатқан діни ағымдардың салдарынан қаншама
қандастарымыз жиһад жасауға өзге мемлекетке аттанып жатқаны ащы да болса ақиқат.
Қай жерден қателескенімізді білмей сан соғып отыра беруге болмас. Осы тұрғыда
қазір діни ағымдардың іс-әрекеті мен уағызын ата-баба ұстанып келе жатқан ислам
дінімізден айырып ақ қарасын ажырату мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі
кездесудің де мақсаты осы. Жиынды ішкі саят бөлімінің басшысы Казимов Руслан
Әбдіғалымұлы ашты. Келесі кезекте, КР Дін істер қызметкері, ғылыми зерттеу және талдау
орталығының жетекшесі және ғылыми қызметкері Мұстафина Толғанай Вагизқызы мен
Қарағанды облысының дін істер басқармасының басшысы Нүркенов Қайрат Қаршығаұлы
экстремистік және лаңкестік әрекеттердің ауыр зардаптары туралы мол мағлұмат берді. Сонымен қатар Жезқазған қаласының Ахмет Ишан Оразұлы атындағы мешітінің найб имамы
Түленов Дәулет Дүйсенбайұлы дәстүрлі және дәстүрлі емес ағымдар тұралы түсініктеме
берді. Оларды қалай ажырату керек екенінен тарамдап түсіндірген имам интернет
арқылы уағыз таратушылардың көбі өзге ағымда насихаттайтынын баса назар аударды.
Жиналған көпшілікпен пікірлесіп, өз ойларын ортаға салған семинарда діни
сауатсыздықтың кесірінен адасқандардың алдын алып, оларды өзге ағымның жетегінен
жылдам
шығаруға
атсалысу басты
парыз
екенін
біліп
тарқастық.
Г.Ахметова
ҚҰРМЕТТІ ЖАҢААРҚАЛЫҚТАР!
Аймағымыздың айнасы "ЖАҢААРҚА" газетіне
жазылыңыздар! Өз аудандарыңыздың тыныс-тіршілігін біліп
отырамын десеңіздер, әр үйде сүйікті басылымдарыңыз
болуы тиіс. Жаңаарқамыздың патриоты болыңыздар!
2016 жылға жазылу бағасы:
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
индекс 16282
1 жылға - 1981,08 теңге
6 айға - 990,54 теңге
1 айға - 165,09 теңге
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
индекс 66282
1 жылға - 1597,08 теңге
6 айға - 798,54 теңге
1 айға - 133,09 теңге
№57
(9707) 21 қараша, 2015 жыл
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы республиканың жаңа экономикалық саясатын – «Нұрлы жол»
бағдарламасын электр энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бөлігінде іске асыруға белсенді
қатысуда. 2015 жылы индустрияландыру картасы аясында Ерейментау қ. ауданында қуаты 45 МВт жел
электр станциясын салу бойынша жобаның аяқталуы қамтамасыз етілді. Станция өндіретін электр энергиясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрме объектілері инфрақұрылымының мұқтаждары үшін пайдаланылатын болады. Таза Технологиялар қорымен бірлесіп, жобаны жел паркінің қуатын 50 МВт-ға
кеңейту бойынша дайындық жүргізілуде, оны Еуропа Қайта құру және Даму Банкі қаржыландырады.
2016 жылы «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-да қуаты 30 МВт жаңа турбиналы генераторды іске қосу жоспарлануда,
бұл станцияның қуатын 88 МВт-дан 118 МВт-ға дейін ұлғайтады. 2-МҮИИДБ аясында Оңтүстік
Қазақстан облысында Шардара ГЭС-ін жаңғырту жобасы іске асырылуда. 2017 жылы ауқымды қайта
құру аяқталғаннан кейін станцияның қуаты 26%-ға (100 МВт-дан 126 МВт-ға дейін) өседі. Аталған
жоба жеңілдікті шарттармен теңгемен қарыз беретін ЕҚДБ қатысуымен іске асырылуда. Мемлекет
басшысының Ұлыбританияға ресми сапары аясында 2015 жылғы 3 қарашада Лондон қаласында ЕҚДБмен тиісті келісімге қол қойылды. Қазақстан-Британия іскерлік кеңесі барысында «Самұрық-Энерго»
компаниясының Басқарма Төрағасы А. Сәтқалиев бірқатар кездесулер мен келіссөздерді өткізді,
олардың қорытындылары бойынша «Innovator Capital Limited» және «Enzen Global Ltd.» компанияларымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. «Біз дәстүрлі көмір энергетикасы саласында жаңа технологияларды таңдау мен ендіру мақсатында инновациялар саласында нтымақтастықты
дамытуға ниет білдіреміз, ол қосылған құнды жоғарылатуға және қоршаған ортаға тигізетін әсерді
азайтуға мүмкіндік береді», - атап көрсетеді Алмасадам Сәтқалиев:Көмірді байыту мен газдандыру бойынша зерттеулер, көмір өндірудің экологиялылығын жоғарылату бойынша жобаларды ендіру,
жаңартылатын қуат көздерін дамыту, атап айтқанда ЖЭК-ті басқару жүйелерін және электр энергиясын
шоғырлау, SmartGrid жүйелерін біріктіру жүйелерін дамыту жобаларын әзірлеу «Самұрық-Энерго» АҚ
үшін тәжірибелік қызығушылық тудырады. Primus Power Corporation америкалық компаниямен бірлесіп
Қапшағай қаласындағы қуаты 2 МВт күн электр станциясы базасында EnergyCell энергия шоғырлаушы
жүйелерді орнату бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. Аталған инновациялық технология ЖЭК
қуат көздерін Қазақстанның энергия жүйесіне неғұрлым тиімді бейімдеуге мүмкіндік береді. Шекті
тарифтердің әрекет ету кезеңі үшін 2009 жылдан 2015 жылды қоса алғандағы кезеңде, «СамұрықЭнерго» АҚ тобына кіретін еншілес компанияларға жаңа активтерді құруға, қайта құруға, техникамен
қайта жабдықтауға, өндіріс деңгейін және ағымдағы активтерді қолдауға, табиғатты қорғау шараларына
шамамен 480 млрд. теңге, оның 78,4 млрд. теңгесі ағымдағы жылы жолданды. Жаңарту қайта құру
нәтижесінде, белгіленген және қолдағы қуат арасында (2 647 МВт-тан 1 686 МВт-қа дейін) үштен бір
бөлігінен артық (36%) немесе 961 МВт-ға алшақтықтар қысқартылды. Күл шығарындысының көлемі
3 есеге – 108 мыңнан 36 мың тоннаға дейін азайды. ҚР Үкіметінің бастамасы аясында «СамұрықЭнерго» АҚ меморандумдарды және ұзақ мерзімді шарттарды жасай отырып, отандық тауар
өндірушілерге мақсатты қолдау көрсетуді жүзеге асыруды жалғастыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2015 жылғы экономикалық жағдайы бойынша болжалдарды ескере отырып,
Самұрық-Энерго инвестицияларға арналған шығындарды жалпы сомасы 28 млрд. теңгеден жоғары
сомаға (немесе 23%-ға) және ағымдағы шығындарды 9,4 млрд. теңге (немесе 5%-ға) қысқартты.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша бюджеттердің операциялық және инвестициялық
бөлігі бойынша шығындар 2016 жыл үшін де оңтайландырылды және 2,9 млрд. теңге мөлшерінде жасалды, оның ішінде жалпы және әкімшілік шығындар персонлаға еңбекақы шығындарын, өзге де
материалдық төлемдерді қысқарту, демеушілік, қайырымдылық көмекті, консультациялық, көлік
шығындарын қысқарту есебінен 860 млн. теңге мөлшерінде. Инвестициялық шығындар 27 млрд.
теңгеге қысқартылды. 2015 жылы жалпы табыстар 196,8 млрд. теңге мөлшерінде күтіледі, бұл
жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, іске асыру кезінде активтерді шоғырландырудан шығарумен байланысты 2014 жылғы табыстардан 22%-ға (немесе 55,4
млрд. теңгеге) төмен. «Самұрық-Энерго» АҚ алдында активтерді жаппай сату мақсаты тұрған жоқ.
Жеке инвесторлар тарапынан қызығушылық болмаған жағдайда, компания аталған кәсіпорындарды
басқаруды
жалғастыруға
дайын»
деп
атап
өтті
Алмасадам
Сәтқалиев.
Баспасөз қызметі
Тілің - тұғырың
Мемлекеттік тілді дамыту-қоғамнын басты міндеті
Тіл- ұлт ұғымын анықтайтын алғышарттың айрықшасы әрі асқағы.
Қазақстан Республикасының азаматы міндетті түрде мемлекеттік тілді-қазақ тілін білуі тиіс.
Өйткені бұл болашақтың кепілі. Ал тілдің, ұлттық мәдениеттің болашағы- ол біздің өсіп
келе жатқан жас ұрпағымыз. Шыны керек, жастар сөздерінің тұздығы орысша.
Тіл-қастерлі де қасиетті ұғым. Ана тілін сүйген адам- туған жерін, елін, Отанын, Атамекенін
сүйеді деген ұғым. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білудің басты себепкері
әрине ол- Ана тіліміз. Сондықтан, жастарымыздың патриоттық сезімдерін оятып, мемлекеттік тілді бойларына, саналарына сіңіру әрқайысымыздың асыл міндетіміз деп түсінуіміз
қажет. Елбасы қазақ тілінің жайын жыл сайынғы халыққа Жолдауларында тұрақты көтеріп,
қадағалап, елдің есіне ұдайы салумен келеді. Елбасы өз сөзінде: «Мемлекеттік
қызметкерлердің қабілет-қарымтасына, соның ішінде қазақ тіліне қамшы салдырмайтындарына жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Болмаса, басқа ұлттың өкіліне қалайша мұндай
талап қоямыз» деген болатын. Мәселен, біздің әрқайысымызға мемлекеттік Әнұран, мемлекеттік Елтаңба қандай ыстық болса, мемлекетіміздің тілі де сондай қастерлі де қадірлі
болуға тиіс. Сондықтан мемлекеттік тілді жаппай меңгеруіміз керек. Болашағы бар ел алдымен тілін қадірлейді. Сондықтан тіл мәселесі аса ауқымды мәселе. Жаңаарқа ауданының
әділет басқармасы, тіл мәселесін дамыту оны жандандыру бойынша атқарылған ісшараларға тоқтала кетсек, ағымдағы жылдың 10 ай аралығында 8-дәріс, 2-семинар-кеңесі,
5-дөңгелек үстелі өтіп және 2-мақала жарияланды.
Қорыта айтсақ, ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді де солай қадірлеп,
қастерлеу керек. Төл тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей, тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық ағайын!
Д.Ж.Батталова, Жаңаарқа ауданының
әділет басқармасының
бас маманы
2
Адам. Қоғам. Заң.
Жаңаарқа ауданының аумағында «Әйелдерге қатысты
зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акциясы өткізіледі
Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификацияланған) конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын
облыс аумағында 25 қарашада «Бақытты отбасы-бақытты ел!» ұранымен «Әйелдерге
қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, Халықаралық әйелдерге
қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні деп аталады. Акцияны өткізудің негізгі
мақсаты – көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу,
ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған қабылданып
жатқан шаралар туралы таныстыру болып табылады.Акция жүргізу мерзімінде ішкі істер
бөлімінің қызметкерлерімен аудандағы еңбек ұжымдары және оқушылармен зорлықзомбылықпен күрес бойынша қабылданған шаралар туралы халықтың хабарландыруын
арттыру жөніндегі «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу» Заңының ережелерін
түсіндіру бойынша кездесулер, зорлық-зомбылық проблемаларын талқылауымен дөңгелек
үстелдер және семинарлар, ІІО ардагерлерінің отбасыларымен тақырыпты кездесу т.б. шаралар өткізіледі. Сонымен қатар Жанаарқа ауданының ІІБ-де Әйелдерді зорлықтан қорғау
мақсатында 8(7103026719) сенім телефоны жұмыс істейтінін және әйелдерді зорлықтан
қорғау тобы аптаның әр жұмыс күндері қабылдайтынын хабарлаймыз.
А.Е.Ерболова, Жанаарқа ауданының ІІБ ӘПБ
ӘЗҚЖ-гі инспекторының м.а
Ғашықтар салған ізбенен...
Отбасылық құндылықтарды арттырып, жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға
бағытталған, ауданымыздың жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған "Бір көргеннен ғашық
болдым" бағдарламасы бозбалалар мен бойжеткендердің бір-бірінің көзқарасын білуге, өздерін
барлық қырларынан танытуға мүмкіндік берді. Аталған шара ауданымыздың С.Сейфуллин атындағы
кітапханасында 11- қараша күні өтті.
Ерекше болып безендірілген оқырман залында өткен кештің шымылдығын ауданымыздың күміс
көмей әншілері Рауан Нұрғалиев пен Гүлдана Хасенова әсем әуенмен ашты. Бағдарлама 3 кезеңнен
құралды. Бірінші кезеңде жүргізушілер – Аңсаған Тоқсанбаев пен Гүлжан Төлеутай қатысушыларды
көрермендерге таныстырып, олар туралы қысқаша мағлұмат берді. Жігіттер қауымын ақылына
көркі сай Жалғасбек Сайлаубеков бастап шықса, сылқым жігіт Жайдар Шайжанов пен сегіз
қырлыбір сырлы Сағынжан Жетпісбай жігіттер қатарын толықтырды. Ал шараға қатысушы
аруларға келетін болсақ, үш бірдей сұлудың бойынан қазақ қызына тән қасиет көрініп тұрды. Мөлдір
Төлеуова, Марал Карибаева, Айдана Шалғынбаева сынды ару қыздар көрермендердің көзін
сүйсіндірді. Танысу рәсімі аяқталған соң, бағдарламаға қатысушы жігіттер қыздар қауымына, қыздар
жігіттер қауымына өздерінің сұрақтарын қойды. Екінші кезеңде жастар өз өнерлерін көрсетті. Біреулері ән салса, келесілері ямахада, гитарада ойнап, өлең оқып, тіпті ойындар ойнатты. Өнер көрсету
аяқталған соң, бағдарламамыздың шарты бойынша жүргізушілер жастарға логикалық сұрақтар
қойып, жауап бермеген жағдайда алдын ала дайындалған парақшаларда жасырылған тапсырмаларды
орындатты. Үшінші кезеңде олар өз таңдауларын жасап, жұптар құрылып, оларға әдемі әуен арналды. Құрылған жұптар ішінен ең үздігін таңдауда көрермендерімізге төрелік берілді. Кеш соңында
жеңімпаз жұп анықталып, оларға мәдениет үйінде өтетін концерттік бағдарламаға шақыру билеті
мен сыйлықтар берілді. Ал қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Баспасөз қызметі
К сведению жителей
ГУ "Отдел строительства Жанааркинского района" уведомляет заинтересованные лица, что проектные материалы оценки воздействия на окружающую среду «Привязка рабочего проекта «Строительство 8 квартирного 2 этажного жилого дома в п. Атасу Жанааркинского района» передаются на
государственную экологическую экспертизу. Ознакомиться с результатами, внести свои предложения и замечания можно по следующим координатам: г. Темиртау, ул. Коммунаров, 29, офис 7. Тел. 8
/7213/90-22-63. E-mail: ecohelp-t@mail.ru.
21 қараша 2015 жыл
Жаңаарқа аудандық білім бөлімі азаматтық қызметшінің бос
лауазымына орналасуына конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: білімі кәсіптік жоғары. Білім беру
ұйымдарындағы басшылық лауазымындағы оқу орнының тиісті өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Компьютерде жұмыс жасай білуі.
Атауы: «Түгіскен жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі бағыты: Орта білім беру. Орналасқан орны (мекен – жайы): Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылдық
округі, Түгіскен ауылы, телефоны:
2-34-82
Азаматтық қызметкерлердің лауазымдық жалақысы,
Санаты Қызмет атқарған жылдарына байланысты
лауазымдық жалақысы
бастап
дейін
G–4
75432
90255
Түгіскен с/о, Түгіскен жалпы орта білім беретін мектеп директоры
Функционалдық міндеттері: Педагогикалық қызметкерлердің күнделікті және алдағы қызметінің жұмысын
ұйымдастырады.
Дамыту процесін оның статусына сәйкес мақсатты түрде бағдарлауды,оқу – тәрбие және әкімшілік –
шаруашылық процестерін жүйелі түрде ұйымдастыру, оларды басқару және бұл процестердің даму барысына бақылау жасау. Өз орынбасарларына олардың құзіреттері аясында өкілдік беру. Сыртқы ұйымдармен
байланыс орнату.
•Оқушылар сабақтарының кестесін, жұмыс графиктерін және қызметкерлерінің педагогикалық
жүктемелерін, кезекті еңбек демалыстарының тарифтік тізімдері мен графиктерін.
•Ішкі еңбек тәртібі ережелерін және кәсіподақ уаждемелі пікірін ескере отырып, жұмыскерлер мен
оқушыларға арналған функциялық міндеттерді; белгіленген тәртіп бойынша нұсқаулықтардың қайта
қаралуын ұйымдастырады.
- қызметі мен оның дамуына байланысты стратегиялық құжаттарды, құрылымдары мен бөлімшелеріне
арналған нормативтік құжаттарды, басқару құрылымын, жоғары тұрған органдармен келісе отырып,
жалақы қоры аясындағы штат кестесін, қажетті нормативтік кестелерді, қызметі барысын бақылау жүйесін,
кадрларды іріктеу, жұмысқа қабылдау және орналастыру ісін, педагог кадрлардың біліктілігі мен кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жасалатын жағдайларды жоспарлап, ұйымдастырады.
- Іс қағаздарын, бухгалтерлік есепті және статистикалық есептілік құжаттарын жүргізуді қадағалайды.
- даму, білім беру бағдарламалары, оқу курстары, оқу пәндері, жоспарлары, жылдық күнтізбелік оқу графиктері, Ішкі еңбек тәртібі, ережелері және басқа да нормативтік актілері мен оқу -әдістемелік құжаттары
әзірленуін, бекітілуін және орындалуының бақылануын, ұжымдық шарттың орындалуын, құжаттамалардың
қатаң есептілікпен тіркелуін, сақталуын және берілуін қамтамасыз етеді.
Оқытушылардың оқу - әдістемелік құжаттарын, оқу жоспары мен бағдарламасының орындалуы мен дайындалуын үйлестіреді. Оқушылардың білім дайындығы нәтижесінің объективтілігі мен сапасына, үйірме
жұмысына, факультативтерге бақылау жасайды. Емтихандарды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады.
Оқушылардың білім жүктемесіне бақылау жасайды. Білім беру, тәрбие беру, шаруашылық және қаржы
қызметін ұйымдастыруды, педагогикалық кеңес жұмысын, қызметкерлерін ынталандыру жүйесі жұмысын
жүзеге асыруды, дамытуды, оқушылары мен қызметкерлерінің денсаулығын сақтауды басқарады.
Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді. Ата – аналармен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар: ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты
берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы»,
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау
көрсету туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен
балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және басқа да білім беру
ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді.
-Педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, менеджмент, қаржы –шаруашылық қызметі негіздерін,
еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер
мен нормаларды.
-ҚР Еңбек кодексін, сондай-ақ, директор өз қызметінде оқушыларға білім мен тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ісін басқарушы барлық деңгейдегі органдар шешімдерін, жарғысы мен құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты) басшылыққа алады.
Директоры бала құқықтары туралы Конвенцияны сақтайды.
Конкурс ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №849 Қаулымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру
және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі» негізінде өткізіледі.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс бойынша құжаттар қабылдау аяқталған соң 5 жұмыс күні
ішінде аудандық білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінде әңгімелесуден өтеді.Конкурсқа қатысу
үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында (Жаңаарқа
газеті) мемлекеттік және орыс тілінде жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 100500 Атасу кенті Абай даңғылы №37. Анықтама үшін телефон 2-83-94,
факс 2-74-98
Мобильная связь от АО «Казахтелеком»
С 1 ноября 2015 года для абонентов АО «Казахтелеком» действует новый пакет услуг «Семейное решение»
Новое решение от разработчиков АО «Казахтелеком» - это объединение мобильной и фиксированной связи. Теперь абоненты телекомуникационной компании, имеющие городские номера телефонов, подключаясь к тарифным планам пакета «Семейное решение»,
имеют возможность пользоваться мобильной связью Altel GSM, LTE на выгодных условиях. Тарифные планы пакета «Семейное решение» - это «Папа/Мама», «Взрослые дети», «Детский», «Дедушка/Бабушка» предполагают пользование безлимитной исходящей
связью на городские номера АО «Казахтелекома» и внутри сети Altel с мобильных устройств, а также безлимитную исходящую связь
с домашнего телефона АО «Казахтелеком» на все номера Altel. Так, подключаясь к «Семейному решению» абонент, имеющий домашний номер телефона, может приобрести от 2 SIM-карт Altel GSM, LTE. Кроме того, в список характеристик «Семейного решения» входит переадресация звонков с домашнего телефона на мобильные устройства, от 40 до 100 бесплатных минут на номера других
операторов, нелимитированные звонки с домашних телефонов на городские номера всей страны, а также высокоскоростной мобильный доступ в Интернет по технологии 4G. «Семейное решение» - это пакет услуг фиксированной и мобильной связи, который удобен
в использовании семьями от 2 человек и более. Еще одним плюсом данного решения является оплата мобильной связи без предоплаты. Таким образом, в квитанции за услуги телекоммуникации будут указана абонентская плата как за домашний телефон так и за
мобильную связь. Получить подробную информацию о новом пакете «Семейное решение» можно, обратившись в Пункты Сети Сервиса Карагандинской областной дирекции телекоммуникаций, либо позвонив по телефону 160 – звонок бесплатный.
Жаңаарқа аудандық білім бөлімі
Қоғамдық келісім кеңесі
құрылды
2015 жылдың 04-ші қарашасы күні «Атасу
кенті әкімінің аппараты» ММ-сі және Атасу
кенті тұрғындарының қатысуымен
қоғамдастық жиналысы өтті. Жиналыс барысында, 2014 жылдың 18 сәуірінде өткен
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ
сессиясының хаттамасынның №5-ші
тармағына сәйкес қоғамдық келісіммен
жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ететін негізгі институт Қазақстан халқы Ассемлеясы
аясында Атасу кенті аумағында жұмыс
жүргізетін «Қоғамдық келісім» кеңесі
құрылып, оның іс жоспары белгіленді. Кеңес
төрағасы болып Ғ.Төтеев сайланды.
Атасу кенті әкімшілігі
Бәрекелді
Қазан айының 24 – 29 жұлдызы аралығында,
Алматы қаласындағы
Жазушылар Одағы
ғимаратында, VIII республикалық «Таланттарды іздейміз!» атты, балалар мен
жасөспірімдер арасындағы өнер байқауы болып
өтті. Аталмыш сынақтағы «Эстрадалық - вокал»
номинациясы бойынша 6 – 9 жас аралығындағы
бүлдіршін әншілердің арасынан, топ жарып,
О.Жұмабеков атындағы орта мектебінің 3 –
сынып оқушысы Бекенова Ажар I дипломымен
марапатталып, Жаңаарқаның атын тағы бір
жаңғыртты. Байқауда орындалған «Сарыжайлау», және «Бақ далам» әндерін үйретуші ұстаз
Бижамал Нұрғалиеваға арнайы Алғыс хат берілді. Өнер өлкесіне қанат қаққан Ажар
Бекенованың болашағына зор жетістік тілейміз.
П.Жүкенов
3
Саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына
Жаңаарқа аудандық мәслихатының аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының
құрамына өзгерістер енгізу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық занының 10 және 19
бабтарының негізінде, аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерінің өз міндеттерін
атқарудан босатылуына байланысты Жаңаарқа аудандық мәслихаты құрамына өзгерістер енгізетінін хабарлайды.
Әрбір саяси партия немесе оның құрылымдық бөлімшесі тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура
ұсынуға құқылы, егерде партия өкілі комиссия құрамында жоқ болса.
Аудандық мәслихатқа белгіленген формада кандидатуралардың тізімдері жіберіледі. Аталған формаға қосымша келесі құжаттар тапсырылады:
1. Саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының
кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан үзінді.
2. Саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі жөніндегі құжаттың көшірмесі;
3. Мынадай формада әрбір кандидаттың жеке парағы: аты-жөні, туған күні, ұлты, білімі, саяси партияға қатысы, жұмыс
орны, лауазымы, тұратын мекен-жайы, байланыс телефоны, 3x4 см. фотосуреті, жеке басы куәлігінің көшірмесі;
4. Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуына келісім берген аудандық мәслихат хатшысының атына
жазған өтініші және белгіленген формада кандидаттың өмірбаяндық мәліметтері.
Аудандық мәслихат осы ұсыныстарды 2015 жылдың 21 қарашадан бастап 20 желтоқсанға (сағат 24.00) дейін
қабылдайды.
Жаңаарқа аудандық мәслихаттың мекен-жайы:
Қарағанды обл., Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 4.
Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы Марат Түйтебайұлы Әбдішев.
Материалдарды жинауға жауапты: Өміржан Ұзақұлы Дыбысов – аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы,
Гүлден Қойшыбайқызы Қорабаева – аудандық мәслихат аппаратының бас маманы, жұмыс тел. 2-65-74, каб.13.
Жаңаарқа аудандық мәслихаты мынадай сайлау комиссияларын құрамына өзгерістер енгізеді:
1.Жаңаарқа аудандық аумақтық сайлау комиссиясы:
№ р/б
1
Сайлау округінің атауы мен нөмірі
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Мекен-жайы
Атасу кенті, Тәуелсіздік
даңғылы,8
Орналасқан жері
КМК «Жаңаарқа- жылу» ғимараты
2. Жаңаарқа аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына келесі сайлау округтері
бойынша:
№ р/б
№ 1 Сәдуакасов
1
№ 2 Сарысу
2
№ 3 Орталық
3
№ 4 Абай
4
№ 5 Теміржол
5
6
Сайлау округінің атауы мен
нөмірі
№ 9 Ералиев
Мекен-жайы
Атасу кенті, Ә.Оспанов көшесі, 43 Б.Амалбеков атындағы орта білім беретін
мектеп ғимараты
Атасу кенті, С.Сейфуллин
Мәдени-сауық орталығы ғимараты
даңғылы,13
О.Жұмабеков атындағы орта білім беретін
Атасу кенті, А.Сейдімбек көшесі,60
мектебі базасындағы Тірек мектебі
(ресурстық орталық) мектеп ғимараты
С.Сейфуллин атындағы орта мектеп
Атасу кенті, Абай көшесі,20
ғимараты
Атасу кенті, Т.Смайлов көшесі,39
Ералиев ауылы,
3. Учаскелік сайлау комиссияларына келесі учаскелері бойынша:
1
2.
Мәдениет үй ғимараты
№ 572
№ 573
№ 589
№590
№593
№189 шақырымдағы разьезді
Ынталы ауылы
Алғабас ауылы
№569
№ 570
4
№ 571
7
8
9
10
№ 575
№577
№ 583
№ 585
11
12
13
Локомотив депосының ғимараты
Атасу кенті, Ә.Оспанов көшесі,43 Б.Амалбеков атындағы орта білім беретін
мектеп ғимараты
Атасу кенті, С.Сейфуллин
Мәдени-сауық орталығының ғимараты
данғылы,13
Атасу кенті, А.Сейдімбек көшесі, О.Жұмабеков атындағы орта білім беретін
60
мектебі базасындағы Тірек мектебі
(ресурстық орталық) мектеп ғимараты
Атасу кенті, С.Сейфуллин
С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапхана
данғылы,23
ғимараты
С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беАтасу кенті, Абай көшесі,23
ретін мектеп ғимараты
Атасу кенті, Т.Смайлов көшесі,39 Локомотив депо ғимараты
№ 568
3
5
6
Орналасқан жері
М.Жұмажанов атындағы ауылы
Ақтасты ауылы
Ақтау ауылы
Ақтайлақ ауылы
Құрметті Жаңаарқа ауданының
Негізгі орта мектеп ғимараты
Мәдениет үй ғимараты
Мәдениет үй ғимараты
Негізгі орта мектеп ғимараты
№140 негізгі орта мектеп ғимараты
Мәдениет үй ғимараты
Бұрынғы бастауыш мектеп ғимараты
тұрғындыры!
Жеке тұлғалар үшін мүлік (үй) пен жер салығын төлеудің мерзімі 2015 жылдың 1 қазанынада аяқталғаның естеріңізге саламыз. Салық заңына сәйкес әрбір төленбеген күн үшін өсім есептеледі. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің сәйкес
айыппұл салу жөнінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен бірге, салықты тыс төлету үшін салық органдары
тиісті құжаттарды сотқа жібереді. Сот шешімі бойынша сот орындаушылары салық төлемеген азаматтаррдың мүліктерін тізімге алады, сондай-ақ салықтарды уақытылы төлемеген салық төлеушілер тізімі «Жаңаарқа» газеті бетінде жарияланады.
Айыппұл мен басқадай айыптық санкцияларын болдырмас үшін жедел түрде салық берешектерін төлеңіздер.
Анықтама үшін мемлекеттік кірістер басқармасының СТЖ бөлімі (10 кабинет), байланыс телефоны 2-60-76.
Уважаемые жители Жанааркинского района !
Напоминаем,что 1 октября 2015 года закончился срок уплаты налога на имущество и налога на землю с физических лиц
за 2015 год. Согласно статьи 610 Налогового Кодекса за каждый день просрочки начислется пеня на не уплаченую сумму.Согласно Кодекса об административных правонарушениях за несвоевременную оплату налогов будете привлечены к административной ответственности. В дальнейшем согласно статьи 622 Налогового Кодекса налоговый орган будет вынужден
обратиться в суд для взыскания налоговой задолженности за счет имущества налогоплательщика. Кроме того списки налого
плательщиков, имеющих задолженности, будут опубликованы в местной газете « Жаңаарқа ». Для недопущения пени и
штрафных санкций срочно оплатите налоги.
Для справок обращаться в 10 кабинет УГД , телефон 2-60-76 .
21 қараша 2015 жыл
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Ардақты ата, асқар таудай әкеміз Әлібаев
Серік Рахтайұлы 29 қарашада 70 жасқа
толады. Біз сізді жан жүрегімізбен
жарқылдай қуана отырып құттықтап,
мерекелі мерейтой күні сізге
денсаулығыңыз күйлі-қуатты,
ғұмырыңыз ұзағынан, көрер
қуанышыңыз молынан болсын деп
бір Алладан тілейміз! Мерейіңіз
үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.
Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
70 жастың құтты болсын белесі.
Балаларың басыңдағы бағыңыз,
Жүзге дейін нұрлы шырақ жағыңыз.
Өзіңізді мәпелеген, баптаған,
Аман болсын анамыздай жарыңыз.
Осы өңірде кең керілген керегең,
Еңбегіңмен еселенген берекең.
Атасының амандығын тілейді,
Ерке, тентек, ақ пейілді немерең.
Ардақтайды ақсақал деп халқың да,
Біз секілді ұрпағың да артыңда.
Сексенге де, тоқсанға да жетіңіз,
Дәл осындай мейірімді қалпында.
Ізгі ақ тілекпен - жұбайы, балалары, немерелері.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Айнабұлақ ауылының тұрғыны ардақты ана
Аманжолқызы Ұмсындықты мерейлі
70 жасқа толуымен құттықтаймыз.
Үлкен шаңырақтың ұйытқысы
болып, бүгінде ел анасы атанған
жанға бар жақсылықты тілейміз.
Немере-шөберелерінің қызығын
қызықтап бақыттан-бақытқа кенеліп,
арамызда ұзақ ғұмыр жасасын.
Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен, қуанышпен келесің.
Құтты болсын жетпіс жасың Ұмсындық,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Жүзіңізден жылу мен шуақ тарай,
Төгілген көзіңізден мейірім арай.
Қызығын ұл мен қыздың қызықтаумен
Жетіңіз амандықпен жүзге қарай.
Игі тілекпен: Айнабұлақ ауылдық округінің ардагерлер ұйымы.
Құрметті Жаңаарқа ауданының
тұрғындыры!
Жеке тұлғалар үшін көлік салығын төлеудің мерзімі 2015
жылдың 31 желтоқсанында аяқталатының естеріңізге саламыз.
Салық заңына сәйкес әрбір төленбеген күн үшін өсім есептеледі. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес
айыппұл
салу
жөнінде
әкімшілік
жауапкершілік
қарастырылған. Сонымен бірге, салықты тыс төлету үшін
салық органдары тиісті құжаттарды сотқа жібереді. Сот шешімі бойынша сот орындаушылары салық төлемеген
азаматтаррдың мүліктерін тізімге алады, сондай-ақ
салықтарды уақытылы төлемеген салық төлеушілер тізімі
«Жаңаарқа»
газеті
бетінде
жарияланады.
Айыппұл мен басқадай айыптық санкцияларын болдырмас
үшін жедел түрде салық берешектерін төлеңіздер.
Анықтама үшін мемлекеттік кірістер басқармасының
СТЖ бөлімі (10 кабинет), байланыс телефоны 2-60-76.
Уважаемые жители Жанааркинского района !
Напоминаем,что 31 декабря 2015 года заканчиваетя срок
уплаты налога на транспортные средства с физических лиц за
2015 год. Согласно статьи 610 Налогового Кодекса за каждый
день просрочки начислется пеня на не уплаченую сумму.Согласно Кодекса об административных правонарушениях за несвоевременную оплату налогов будете привлечены к
административной ответственности. В дальнейшем согласно
статьи 622 Налогового Кодекса налоговый орган будет вынужден обратиться в суд для взыскания налоговой задолженности
за счет имущества налогоплательщика. Кроме того списки налогоплательщиков,имеющих задолженности,будут опубликованы в местной газете « Жаңаарқа ». Для недопущения пени
и штрафных санкций срочно оплатите налоги.
Для справок обращаться в 10 кабинет УГД , телефон 2-6076 .
Продается
Магазин, квартира (можно раздельно)
по адресу ул.Абая,
благоустроенная, цена договорная. Контактные телефоны:
28373, 87785470557.
ЕСКЕ АЛУ
Ауданымыздың тұрғындары ақжаулықты әже, аяулы ана, Батима Смағұлқызының
өмірден өткеніне 40 күн болса, шаңырағымыздың тірегі ардақты
әкеміз Әбілдә Есім баласының арамыздан алыстағанына 3 жылдан асты. Өмірге өздері әкелген ұл-қызының қанат жайып
көктегенін көріп, шаттыққа кенелген ата-анамыздың бізге берген
ақыл-кеңесі, тәлім-тәрбиесі өмірлік азығымызға айналмақ.
Шамшырақтай жанып, шуағын шашып, сәулесін таратып барып
өшкен қос асылымыздың жарқын бейнесі біздің мәңгілік жадымызда. Сіздер салған сүрлеумен сүрінбей келе жатқан
балаларыңыз өздеріңізді сағына еске алып, құран бағыштайды.
Ардақты әке, аяулы ана асылым,
Өздеріңменен өркендедім, тасыдым.
Жұмақтың бағын бұйыртса екен Жаратқан,
Куәгерлері өткен күн мен ғасырдың.
Баға жетпес байлығым, асыл қазынам,
Өздерің барда іске асушы еді базынам.
Ұштыңдар көкке, рухың жүр бізді аялап,
Сағыныштардың шумағынан саз ұғам.
Еске алушылар: балалары - Құрал-Рымбала, Орал-Бақтияр, Марал-Өзікелді,
Елеукен-Әлима, Гүлбану, Нұркен-Айгүл, Абзал-Динара, Қымбат-Нұрлан, немерелеріжиендері, шөберелері.
Анамыздың қайтыс болғанына 40 күн толуына орай 22-қараша күні сағат 13.00де «Диас» тойханасында құдайы дәм беріліп, дұға бағышталады.
ЕСКЕ АЛУ
Ақмоланың тумасы, Актүбек ауылының тұрғыны сүйікті әже, ардақты ана, ақылман
ене Күлмағанбетова Салтанат Тапашқызының өмірден өткеніне
міне ай толды. Сағынышқа толы көз жасымыз анамыз еске
түскен сайын мөлдіреп жерге тамуда. Ақылдың кені, үйіміздің
ұйытқысы, ордамыздың алтын діңгегі болған анамыз 11 баласын ержеткізіп, жоғары білім алып беріп, өмір жолын дұрыс
таңдауға атсалысса, бауырларына сүйікті де қамқор апа
қалпынан еш танған емес. Өмірінің соңына дейін балаларын
мәпелеп, бауырларын аялап, ағайын-туманы қадірлеп өтті. Анамыз есіктен енердей әлі де жолын тосып, оны сағынып отырмыз. Бақұл бол аяулы анашым!
Жан анам жарық сыйлап мәпелеген,
Ер жеткіздің біздерді жетелеумен.
Өзіңді аңсап анашым сағынамыз,
Есікке елеңдейміз келер деумен.
Әр сөзің ақыл менен толы сырға,
Қосамыз ана енді Сізді жырға.
Бейіштің төрінде боп рухың ана,
Шалқысын жаның мәңгі ана нұрда.
Еске алушылар: балалары-келіндері, қыздары-күйеубалалары, бауырлары,
немере-жиендері.
ЕСКЕ АЛУ
Аяулы бауыр, ардақты апамыз Малайсаринова Алтыншаш Елубайқызының өмірден
озғанына 3 жыл толады.
Алтын, іздейді сені халқың...
Ананың көрген бесігін,
Үш жыл бойы еске алып,
Алтын, Анар, Асыл ек.
Балаларың мұңайды.
Болашақтың есігін,
Қиындықты кешті анық,
Сенімменен ашып ек.
Алла солай сынайды.
Еңбекпенен сыналдық,
Ел қатарлы ер жеттік,
Тұрмыс құрып қуандық,
Біз де сәби тербеттік.
Қос сіңілің тәубемен,
Бағыштаймыз дұғаны.
Болмасын деп әуремен,
Мәңгіліктің сұрағы
Апатай!-деп, еркелеп,
Жүрген кезді сағындық,
Тағдырдың да ертерек,
Жазуына бағындық.
Мейірімді едің, қуатты,
Жан шуағын таратқан.
Жұмақ жайдан тұрақты,
Бұйыртсыншы Жаратқан!
Жан-жарың да сыйлаған,
Атың-Алтын, затың да.
Тосын жайға қимаған,
Елің қалды-ау артыңда.
Жатқан жерің жайлы боп,
Торқа болсын топырақ.
Жалғанда да қайғы көп,
Тереңдерге батырар.
Еске алушылар: сіңілілері - Анар мен Асыл
Жарамсыз деп танылсын
Даулетов Мұстафа Жаппасовичтің атына берілген Ералиев көшесіндегі №17 үйдің 4 пәтерінің Р№405
23.02.2015 жылғы сатып алу келісім шартының жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
*****
Газиев Усман Лукмановичтің атына берілген «Болашақ» ШҚ мөрінің жоғалуына байланысты жарамсыз деп
танылсын.
*****
Ауданымыздағы кәсіптік техникалық училишенің (СПТУ-12) 1994 жылғы түлегі
Чегатаев Айтжан Қасымовичтің атына берілген №017164 №1902 кеңбейінді трактор-машинист дипломының
жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
*****
Саркенов Бахитжанның атына 05.04.2007 жылы №5-6 Ақтау ауылдық округінің әкімінің қаулысы, №368
(05.04.2007) қабылдау АКТ, №2755(05.04.2007), Шешім, №1512 (05.04.2007) Шешім жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, 2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52, тілшілер бөлімі
2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
ЕСКЕ АЛУ
Қымбатты жан бауырларымыз, анасының үлкен ұлы, әулетіміздің көшбасшысы,
ақылшысы, қамқоры Беков Жұмақан Хамзеұлы мен аяулы асылымыз, анасының кенже қызы Бекова Манап Хамзеқызының
өмірден озғандарына 1 жылдың жүзі болып
қалыпты.
Даладай дархан, ақкөңіл, жомарт – арда
азамат Жұмақан Хамзеұлы бар саналы
ғұмырын әулетін өрге сүйрей отырып,
туған жерінің инфрақұрылымын дамытуға
арнады.Еңбек жолын 1976 жылы Жайрем
ГОК-ында прораб, аға прораб болып
бастаған азамат, сол кездегі ПМК-121
бөлімінде өндірістік – техникалық бөлім басшысы, ПМК-77, «Ертіс
канал құрылыс»мекемесінде бастық, ДСП «Казцентрснабжение» мекемесінде бас инженер, РГП «Мелиоратор Сары-Арқа» мекемесінде директор қызметтерін абыроймен
атқарды. Өмірінің соңына дейін кәсіпкерлікпен айналысып Жаңаарқа халқын сумен
қамтамасыз етіп отырды.Ұзақ жылғы адал еңбегінің арқасында ҚР Президенті
Н.А.Назарбаевтың жарлығымен 2009 жылы «Құрмет грамотасымен», «Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан
Республикасының өңірлік даму Министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитетінің бұйрығымен, «Кұрметті құрылысшы» төс белгісімен
марапатталды. Еліне елеулі, халқына қалаулы болған асыл аға халқына қылған еңбегің
алдыңнан шығып, Алланың разылығына бөленуге жазсын. «Аллаға да жақсы керек» дейді ғой. Алланың таңдауы асыл азамат, аяулы қызға түскен шығар. Ардақты бауырларымыз Жұмақан мен Манаптың жатқан жері жарық, топырағы мамық, жаны жәннатта
болсын дейміз.
Еске алушы: анасы Бұқпа, бауырлары, балалары.
28 қараша күні сағат 13.00 – де ағамыздың қайтқанына 1 жыл толуына орай
«Диас» мейрамханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады.
ЕСКЕ АЛУ
Ауданымыздың тұрғыны, ардақты аға, қамқор бауыр, білгір басшы, адал дос,
жарқын әріптес Беков Жұмахан Хамзеұлының өмірден
өткеніне 29-желтоқсанда бір жыл болады. Ауданымыздың
өркендеуіне үлес қосып, ел алғысына бөленген азаматты сағына
еске алып, жатқан жері жайлы, топырағы мамық болсын деп
дұға бағыштаймыз.
Бергеніңнен көп еді елге берерің,
Алда еді қызықтарың көретін.
Елімізге еселі еңбек қосуға
Кезің еді әлі терді төгетін.
Арамыздан алыстадың ертерек,
Жүруші едік біз өзіңе еркелеп.
Қимағанмен, сағынғанмен өзіңді,
Кете бардың қарайламай, не керек.
Сағына еске алушылар: Ораз-Алтын, Қалипа, Бөкен-Айым, Рысбала, ҚуатМария, Жанкелді-Бақыт.
ЕСКЕ АЛУ
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, балаларының сүйікті анасы, жолдасының асыл
жары, қимас бауыр, туған-туысқа келін Гүлшат Нәбиқызының
бақилыққа аттанғанына 18 қараша күні 1 жыл толып отыр.
Көзден таса болса да, көңілден мәңгі өшпейтін асыл жанның
сағынышқа айналған сағым бейнесі ойлаған сайын санамызға
салмақ салады. Амал нешік? Алланың бұйрығы мен тағдырдың
жазуына қарсы тұрар пенде жоқ. Қолдан келері, асқақ рухына иман
тілеп, дұға бағыштау ғана.
Жоқсың бүгін ортада, енді қайтып келмейсің,
Күлім қағып, жайраңдап, ас та демдеп бермейсің.
Жолыңды күтіп біз жүрміз, оралмайсың анашым,
«Сағындым»- деп сендерді, есіктен де енбейсің.
Сағынумен өзіңді еске аламыз біздер сан,
Бірге сізбен емеспіз бәріміз де бөлек жан.
Ұмытылмайсыз ешқашан, жүректерде орының,
Өтседағы сан жылдар атсадағы сонша таң.
Сағына еске алушылар: жолдасы Төлеубек, балалары Марлен, Маулен,
Қызғалдақ, келіні Сания, немерелері Нұрәлі, Зере және Игенбек әулеті.
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызметшілерді қызметтік ар-намыс кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтарды бұзған фактілер жайын хабарлау үшін 2-71-80
нөмірлі сенім телефоны орнатылды.
***
«Жаңаарқа ауданы әкімі аппараты» ММ қызметкерлерінің ҚР ««Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі»
қағидаларының сақталмауы немесе орындалмауы жөнінде хабарлау үшін сенім телефоны орнатылғандығын хабарлайды.
Сенім телефоны: 2-76-51
***
«Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлерінің ҚР «Мемлекеттік
қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі» қағидаларының сақталмауы немесе орындалмауы жөнінде хабарлау үшін сенім телефоны орнатылғандығын хабарлайды. Сенім телефоны: 2-80-12
***
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды
облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Жаңаарқа аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзған фактілері жөніндегі хабарлары үшін «Сенім телефоны»
жұмыс атқаратындығын хабардар етеді.
«Сенім телефондары»:
- Департамент
8 /7212/ 426386, Е-mail:
karseu@mail.ru
- Басқарма
8/71030/ 26948, Е-mail:
ougsen@mail.ru
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1350 дана
Тапсырыс №56
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
32
Размер файла
14 290 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа