close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета №58 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы
24
сәуірден
шығады
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен – Ұлттық
мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан жиырма төрт жыл бұрын біз тәуелсіздігімізді жариялап, көк байрақ көкте желбіреп, егемен ел атандық. Мемлекеттік шекара белгіленді, алыс-жақын елдермен тығыз байланыс орнады. Қазақстанның мерейі әлемде бағаланды.
Ел тағдырының шешуші кезеңінде тарихтың таңдауы да, халықтың қалауы да – Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев болды. Аз ғана уақытта Елбасы ел сенімін ақтап, тәуелсіз Қазақстан
атын әлемге мойындатты. Бейбітшілік пен келісімнің, тұрақтылық пен татулықтың киелі
ордасына айналдырды. Бұл – Қазақстанның даму даңғылының айқын көрінісі. Бұл –
Елбасымыздың көреген кемеңгерлігінің арқасы.
Аудан тұрғындары Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекетімізді құрып, қалыптастырып,
тұрақтандыруда, экономикалық өсіп-өркендеуіне сіңірген ерен еңбегін жоғары бағалайды.
Тұңғыш Президентін әрдайым мақтан етіп, құрмет тұтады.
Тұңғыш Президент күні мерекесімен Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып,
дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырыс-ынтымақ, құт-береке тілейміз! Елбасымыздың
ұлағатты бастамаларының негізінде мемлекетіміз
одан әрі өркендеп, Тәуелсіз
Қазақстанымыз гүлдене берсін!
Ғ.Омаров
Жаңаарқа ауданының әкімі
М.Әбдішев
Мәслихат хатшысы
ЕЛ ҚҰРМЕТІ – ЕЛБАСЫНА !
1 желтоқсан күні барлық қазақстандықтар ерекше мереке - Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президентінің күнін атап өтуде. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін
қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда, Мемлекет Басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды жеңіп, елімізді
экономикалық дамытудың келешектегі стратегиясын дайындап, қиын реформаларды іске
асыра алды. Біздің еліміздің Президенті тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстары,
әлемдік масштабтағы сарабдал саясаткер ретінде, өзінің халқына және Отанына барлық
өмірін арнаған адам ретінде тарихта қалатын болады. Осы жылдар ішінде Қазақстан өзінің
әлеуметтік- экономикалық және саяси дамуында әлемдік бағытта келе жатыр. Қоғамдық
саяси өмірдегі біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз мемлекетімізді әлемдік
қауымдастықтың мойындауына мүмкіндік туғызып, өзінің лайықты орнын алды. Біздің
еліміздің және оның Президентінің халықаралық беделін Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық
етіп, осы ұйымға қатысушылардың Астанада өткен Саммитін айтуға болады.
Еліміздің және оның Президентінің жетістігі ретінде Қазақстанның БҰҰ-ның адам құқы
жөніндегі кеңесіне сайлануын да мысал ретінде келтіруге болады. Ал, біздің Астанамыз
әлемдегі ең ірі «ЭКСПО - 2017» көрмесін өткізетін орынға айналды. Еліміздің осындай
ерен табыстарына қуана отырып, біздер Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның кол жеткізген
жеңістері Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен
атқарылғанын сезінеміз. 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы өзінің кемеңгер
таңдауын жасады, уақыт бұл таңдаудың дұрыстығын көрсетті. Бүгінде біздер Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен Қазақстан экономикалық гүлденген,
демократиялық және әлеуметтік мемлекет болып қалыптасты деп толық сеніммен айта аламыз.
К.Ө.Жақыпова, Жаңаарқа аудандық
мұрағатының мұрағатшысы
Аудан әкімдігінде
Әлеуметтік мәселелер қаралып, тапсырмалар берілді
Дүйсенбі күні кезекті аудан әкімінің аппараттық кеңесін аудан әкімінің орынбасары
М.Жандәулетов жүргізді. Аппараттық кеңестің күн тәртібіне сай әлеуметтік маңызы
бар аурулар бойынша: Туберкулез және қатерлі ісік ауруларының алдын алу жолдары
туралы аудандық орталық аурухана директоры С.Күлмағанбетов хабарлама жасады. Хабарламаны тыңдап, олқы түскен мәселелерді саралаған Марат Жандаулетов алдағы
уақытта флюрографиялық тексерісті жылдың аяғына дейін 100% -ға орындауды, және
туберкулез және қатерлі ісік ауруларының алдын алу жұмыстарын ширатып, бұндай
ауруларға шалдыққандарды емдеуде белсенділік танытуды тапсырды. Келесі кезекте 20152016 жылдардағы жылу беру маусымының өту барысы туралы аудандық тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімінің бас маманы
Ж.Аманжолов хабарлама жасады. Аппараттық кеңесті қорытындылаған аудан әкімінің
орынбасары
жылу беру маусымының жұмыстары мен қоса қысқы жолдың қауіпі
ондағы қардың тазалануы мен диспечерлік жұмыстың ұйымдастырылуы сонымен қатар
төтенше жағдайларды болдырмау мақсатындағы авариялық топтың жұмыстарын басты
назарда екенін ескертті. Алдағы күндері болатын мерекелік шара 1-желтоқсан Президент
күні мен 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай аудан көшелеріндегі тазалық жұмыстары
мен мерекеге орай безендірілу жұмыстарын қолға алып, дайындықты бастау керек
деді. Жаңа жылға қарай күрт қымбаттайтын азық-түлік бағаларының тұрақтандыруды
да естен шығармаған абзал.
Өз тілшімізден
№58
(9708) 28 қараша, 2015 жыл
Жағымды жаңалықтар
Бір ауылдағы екі қуаныш
Осы аптада Байдалы би ауылдық округінде Қазақ хандығының 550 жылдығының
аясында, ҚР Тұңғыш Президенті күні
қарсаңында тағылымы мол үлкен шара
өтті. Қазақтың қайталанбас тұлғасы, біртуар
перзенті,
жерлесіміз
Байдалы
би
Бекшеұлының мүсіні ауылдық мәдениет
үйінің алдына орнатылды. Осы айтулы
шараға тұспа-тұс келіп отырған тағы бір
қуанышты оқиға - ел мен жердің шежіресіне
арналған «Ата қоныс-Атасу» атты кітаптың
тұсаукесер рәсімі. Бұл қуанышты шараға
ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары,
аудан орталығы мен көршілес ауылдардан көптеген қонақтар келіп қатысты.
Мүсіннің ашылу салтанатында аудан әкімі Ғабдрахман Омаров құттықтау сөз сөйледі:
-Байдалы би қазақтың көрнекті қоғам қайраткерлерінің бірі, білікті би, ойшыл ақын,
атақты шешен, кезінде Абылайханның тікелей ақылшысы болған ірі тұлға. Не бір шиеленіскен ел дауы, жер дауы, жесір дауы - Байдалы бабамыздан шешімін тауып отырған.
Кемеңгер би бүкіл ел қамын ойлаған, қазақтың көптеген белгілі қайраткерлеріне
ақылшы аға, үлгілі ұстаз болған, қайратты, қабілетті ерге қамқорлық жасаған адам.
Халық жадындағы Байдалы би-ел қамын
жеген үлкен ойшыл гуманист.
Еліміздің
тұңғыш
Президенті
күні
қарсаңында ұйымдастырылып отырған ауыл
тарихы үшін айтулы қос мереке құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныштықта
ғұмыр
кешсін! Тәуелсіздігіміз бен
елдігіміздің тұғыры тұрақты болсын
ағайын!
Келесі кезекте ауыл тұрғындары атынан
еңбек
ардагері Далабай Сәтжанов, би
бабаның ұрпақтары атынан Бақыт Шырынбеков сөз сөйлеп, осы игілікті
шараны жүзеге асыруға атсалысқан аудан басшыларына, ауылдың барлық
азаматтарына ризашылықтарын білдірді.
Мұнан соң ауылдың мәдениет үйінде ауыл тарихына арналған
«Ата қоныс-Атасу» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Алғашқы болып сөз алған, осы кітаптың шығармашылық тобының
жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, бас редактор Берік Серікбайұлы Рахимов кітапті шығару кезіндегі қиындықтар
мен оны жеңуде көмек берген батыл азаматтар жайлы, қамтылған
тақырыптар туралы баяндады. Ал, еңбек ардагері Хамзе Сәтжанов Байдалы би туралы естеліктер айтып, жақсылықтың жаршысы бола білген
азаматтарға көпшіліктің алғысын жеткізді. Ауылдық ардагерлер кеңесінің
төрағасы Мағауия Әбілжанов ауылда өтіп жатқан қуанышты іс-шараларға үлес қосқан
барша азаматтарға ауыл тұрғындары атынан рахмет айтты.
Шара барысында Байдалы би бабаға арналып құдайы дәм беріліп, дұға бағышталды.
Осы мәдени шаралардың барлығы да аудандық мәдени-сауық орталығының
өнерпаздарының ән-жырымен көмкеріліп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Өз тілшімізден
Егіздер байқауы
Жақында, аудандық мәдени-сауық орталығында балалар мен жасөспірімдер бөлімінің
меңгерушісі А. Айтжанованың бастауымен, аудандық оқу бөлімінің әдіскері
М.Балаубаеваның қоштауымен облыс көлеміндегі жаңа жоба болып саналатын «Егіздер»
байқауы жоғары дәрежеде өткізілді. Қазылар алқасына «Тұлға» халықаралық байқауы
директорының орынбасары А.Қасымова төрайымдық етті. Байқауға аудандық және
ауылдық мектептерден 11 жұп қатысып, нәтижесінде бас жүлдені №132 ОМ Сәбина, Албина
Нұрхановалар, 1 орынды С.Сейфуллин ОМ Арна, Сара Кәрімжановалар, 2 орынды Б.Амалбеков ОМ Аңсар, Ажар Жақановалар, 3 орынды Талдыбұлақ ОМ Жансұлтан, Нүрбек
Ғалымовтар иеленді. 10 – 13 жас аралығында «Бас жүлдені» О.Жұмабеков ОМ Айым, Аяулым Қалкеновалар, 1 орын О.Әлібаев ОМ Ұлжан, Үлпан Кәрібековалар және Б.Амалбеков
ОМ Гүлназ, Ділназ Еркебұлановалар, 2 орын Ынталы ОМ Жансая, Нұрсая Жұматаевалар
және Наурызбек, Мейрамбек Аманбаевтар, 3 орын Б.Амалбеков ОМ Мадияр, Данияр Армеевтер және Атасу ОМ Ғанибек, Әлібек Атымтаевтар жеңіп алды. Байқауды С.Сейфуллин
ОМ Б.Базарбаев және Б.Амалбеков ОМ егіздер Нұрсұлтан, Ерсұлтан Дүйсеновтер жүргізді.
Көп балалы отбасынан шыққан Ұлжан, Ұлпан Кәрібековтерге «Тұлға» халықаралық
байқауына тегін жолдама берілді. Қазылар мүшелігінде, әнші Б.Нұрғалиева, облыстық
байқаудың лауреаты егіздің сыңары М.Әмірбекұлы, білім бөлімінен М.Балабаева, ҚР
мәдениет қайраткері Л.Жұмабекова төрелік етті.
П.Жүкенов
Адам.Қоғам. Заң.
2
Прокурор түсіндіреді
Қазіргі таңдағы туындалып отырған экономикалық дағдарыс аясында, Жанаарқа аудандық прокуратурасымен еңбек қатынастары саласындағы, оның ішінде жұмыс орындарын қысқарту, жұмыстың
тоқтауына байланысты қызметкерлерді мәжбүрлі демалысқа жіберу, сондай-ақ еңбек ақыларын кешіктіру,дер кезінде төлемеу жағдайлары үнемі басты назарға алынған. Жұмысшылардың еңбек ақылары
уақытында төлемеумен байланысты әрекеттер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі талаптарының
бұзылуына әкеп соғады. Қазақстан Республикасы Еңбек туралы кодесі 134 бабының талаптарына сәйкес,
жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютадағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі
айдың бірінші онкүндегінен кешіктірілмей төленеді деп белгіленген. Еңбек ақыларды төлеу мерзімдері
еңбек шарттарында көрсетілуі тиіс. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5-ші шілдедегі №235-V
санды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87 бабы 3 бөлігінде жұмыс берушінің жалақыны
толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі,
сол сияқты төлемді кідірту кезеңіне өсімақыны есептемеуі және төлемеуі әкімшілік құқық бұзушылық
болып көзделген. Жұмыс берушімен еңбек ақыларды толық көлемде және Қазақстан Республикасы еңбек
заңдарындағы көрсетілген ауқытта төлемеу, оның ішінде кешіктірілген ауқыт үшін өсімді есептемеу
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық болып көзделген. Қазақстан Республикасы
Қылмытық Кодексінің 152 бабының 1-ші және 3-ші бөліктеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек
заңнамасының талаптарын бұзу және де басқару қызметін атқарушы адамның ақша қаражатын өзге
мақсаттарға пайдаланумен байланысты жалақының толық көлемінде және белгіленген мерзімде төленуін
бірнеше рет кідіртуі бойынша қылмыстық жаупкершілік көзделген. Осы заң талаптарын жергілікті
тұрғындар жетік меңгерсін деген негізде бұқаралық ақпарат көздері арқылы жариялап отырмыз.
Көрсетілген заң талаптары аудан көлемінде орын алған жағдайда, Жаңаарқа ауданы Атасу кенті
Тәуелсіздік даңғылы 8 ғимаратында орналасқан «аудан прокуратурасына» жүгіне аласыздар, сонымен
қатар, 2-89-44 санды сенім телефонына қоңырау шалуға болады. Бұл орайда, прокуратура органы Сіздің
конституциялық құқығыңызды қорғауға әрдайым дайын және де міндетті.
Р. Кенжетаев, Жаңаарқа аудан
прокуратурасының аға прокуроры
1-ші сыңыпты заңгер
28 қараша 2015 жыл
Сотты құрметтемегендерге лайықты жаза бар
Сот отырысына дер кезінде келмеген азаматтар тараптардың ғана уақытын ұрламайды, сонымен
қатар, судьяның да жұмысына кедергі келтіреді. Ал, сотқа құрметтеушілік білдіргендерге заң талаптарына сай жауапкершілік көзделетінін көпшілігі ескере бермейді. Төрағалық етушінің өкімдеріне
бағынбай, рұқсатынсыз беталды сөйлеу, балағаттау, алкогольды ішімдік ішкен күйде келу, сот мәжілісін
жүргізуге кедергі келтіретіні белгілі. Іс қаралғанды тараптар өз уәждерін айтып, әркім өзі таңдаған
қорғау әдісін қолданады, процеске келмей, қасақана істің қарауын созбалаңға салатын жағдайлар да аз
емес. Кейде судьяға тіл тигізіп, тәртіп бұзып, сот мәжілісін жүргізуге кедергі жасайтындар, судьяны
дәлелсіз қаралып, негізсіз шағым жазатындар да тәжірибеде аз кездеспейді. Әрине, адамның тағдырын
таразылау үлкен жауапкерпшілікті талап етеді. Дауласуға мәжбүро болып, әділдік іздеген адамға сотқа
жүгіну моральдық, психологиялық тұрғыдан оңай емес. Ал, осы істі мемлекет атынан атқарып отырған
судьяның біліміне парасаты да сай болғаны абзал. Әділдікті ту еткен, тура би- соттарды құрметтеу әр
азаматтың парызы. Сот ғимаратының табалдырығын аттағаннан бастап бұл жауапкершілікті әрбір жан
сезінуі керек. Тура би алаңында жалған сөйлеп, көрер көзге шындыққа жанаспайтын куәгерлік көрсету
де сотты сыйламаудың бір түрі. Әсіресе, сот шешіміне өз сөзінің тікелей әсер ететінін біле тұра
шақыртуға себепсіз келмегендер сотты құрметтемей тұрғандарын түсінуі керек. Шақырту қағаздары
дер кезінде жеткізіліп, тіпті СМС хабарламалардың көмегімен жеделдік артқан мына заманда сот
отырысының уақытында өтуіне кедергі жасау сотты ғана емес, Қазақстан Республикасының Заңын сыйламау болып табылады. ҚР ӘҚБтК 513 бабының 1 тармағында процеске қатысушылардың және өзге
де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарау мүмкін болмайтын жағдайларды, шақырту
қағазы бойынша сотқа келуден дәлелді себептерсіз жалтару, сот отырысында төрағалық етушінің
өкімдеріне бағынбау сондай-ақ, сотты және сотта белгіленген ережелерді құрметтемеушілікті
куәландыратын өзге де іс әрекеттер салдары- ескерту жасауға не айлық есептік көрсеткіштің оннан
жиырмаға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үштен бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға
алуға әкеп соғады.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде осы әрекеттер қайталап жасалса, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі
мөлшерінде айыппұл салуға не бестен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамау жазасы
қолданылады.Сондықтан да би бітімін сыйлау-құқық құзыретін құрметтеу екендігін барлығымыз
жадымызға түйіп, санамызға құйғанымыз абзал.
Қ.Д. Алпысова, Жаңаарқа аудандық
сотының бас маманы
Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңын іске асыру мақсатында Атасу кентінде төменде
көрсетілген кесте бойынша кент тұрғындарымен кездесу өткізіледі :
Жиын өткізілетін аумақтардың шекарасы
1
2
Жиын өтетін орын
Ертіс орамы, Садықбеков көшесі Атасу көшесі
К.Әбжанов -№31ден №47 дейін С.Сейфуллин д.№25-№37, Бала бақсы №1-12 Абай көшесі №1-8
Сарытока к., Б.Кужукенов к№1-№11 дейін, Жамбыл к. № 1-№-36 дейін, А.Сейдімбек №1-№39 дейін,К.Әбжанов к.№1-№52, Сәдуақасов №1- №42
Ә.Оспанова №1- № 39 дейін, А.Сейдімбек №1- 39 дейін
Жамбыл көшесі №36-109 дейін, Ж.Садуакасов көшесі №44 – 109 дейін Тәуелсіздік даңғылы №1-ден 46 дейін, С.Сейфуллин даңғылы №1 ден 20 дейін, Ә.Оспанова
3 көшесі №40 тан 56 дейін, А.Сейдімбек көшесі №40 тан 51 дейін, Мектеп орамы толығымен
4 Сарысу к. басынан № 33 дейін
5
6
7
8
9
Өтетін уақыты
Крупская атындағы орта мектебі
Дружба көшесі басынан №30 дейін, , Б.Майлин көшесі басынан №61 дейін, Б.Күжікенов көшесі №12 ден №49 дейін, Қ.Асанов көшесі толығымен, Ү.Абжанов көшесі
толығымен
Сарысу к. №34 тен № 76 дейін
Дружба к. № 30 дан № 79 ға
дейін, Жамбыл көшесі №109 дан №130 дейін, Трутько көшесі толығымен, ЖСәдуаксов көшесі №1078 ден №117 дейін, Ш.Уалиханов көшесі толығымен, Байдалы би,
Лесхозная көшесі толығымен, өзенге дейінгі аумақ, жол бойындағы барлық кәсіпкерлік нысандар
Тәуелсіздік даңғылы № 26 дан № 49 дейін, Ә.Оспанова № 56 дан аяғына дейін, А.Сейдімбек №51 ден аяғына дейін, Н. Ахметжанов көшесі №9 дан аяғына дейін
А.Сейдімбек көшесі №42 ден №77 дейін, Н.Ахметжанов №1 ден №54 ке дейін, К.Абжанов көшесі №53 тен №153 ке дейін, Балабаксы көшесі №15 тен № 117 ге дейін,
Интернациональная көшесі №12 ден №29 ға дейін, А.Даулетбеков көшесі №49 дан №97 ге дейін(сол жағы), С.Сейфуллин №20 дан 31 дейін, 2- Ертіс орамы
толығымен
А.Дәулетбеков к. № 1- 76 (оң жағы) , Шоң Телғозы к. №1-№36, Парковая көшесі №4,5,6,9, Ералиев көшесі толығымен, Интернациональная көшесі №1 ден -11 дейін,
Абай көшесі № 9 дан №43 дейін, С.Сейфуллин көшесі №30 дан №64 дейін
А.Даулетбеков көшесі №78 ден №108 ге дейін (оң жағы), Шоң Телғозы көшесі №37 ден №59 дейін, Нияз батыр көшесі №12 дан №49, Парковая көшесі №10 нан №42,
Абай көшесі №44 тен №77 ге дейін, С.Сейфуллин даңғылы №65 тен 83 дейін, Пушкина көшесі №1-32 дейін, А.Байбосынов №1 ден аяғына дейін, Транспорт орамы,
жолдың бойындағы кәсіпкерлік нысандар
02.12.2015ж. сағат 11-00
Крупская атындағы орта мектебі
02.12.2015ж. сағат 15-00
Гагарин атындағы орта мектебі
03.12.2015ж. сағат 11-00
03.12.2015ж. сағат 15 -00
Аудандық аумақтық инспекциясы
Аудандық аумақтық инспекциясы
04.12.2015ж. сағат 11-00
Аудандық орман шаруашылығы
04.12.2015ж. сағат 15-00
О.Жұмабеков атындағы орта мектебі
07.12.2015ж. сағат 11-00
Ш.Уалиханов көшесі №3,5,7,9,8,12,13 үйлер, Балабаксы №119 дан №137 дейін, Б.Мухаметжан көшесі толығымен, Аралбай батыр көшесі, Байдалы би көшесі №9 дан
№26 дейін, Даулетбеков көшесі №1045 тен аяғына дейін, Щоң Телғозы көшесі №60 тан аяғына дейін, Пушкин көшесі №24 тен аяғына дейін, жол бойындағы кісіпкер10 лік нысандар
11 Т.Смайылов көшесі №31 ден №38 дейін, Байғозы батыр №12 - №113 дейін,
«Тазасу» КМК
07.12.2015ж. сағат 15-00
Аудандық білім бөлімі
08.12.2015ж. сағат 11-00
ШЧ-22
ПЧ-28
08.12.2015ж. сағат 15-00
09.12.2015ж. сағат 11-00
Депо
10.12.2015ж. сағат 11-00
12 А.Байбосынов №1 ден аяғына дейін, Транспорт орамы, жолдың бойындағы кәсіпкерлік нысандар
13- Байғозы батыр №114 тен №128 дейін, Н.Абдиров көшесі №7 ден аяғына дейін, Т.Игліков көшесі №24 тен аяғына дейін, Орманбаев көшесі №79 дан аяғына дейін және
14 өзенге дейінгі аумақ
09.12.2015ж. сағат 15-00
Военкомат
Байғозы батыр №1 ден №25 дейін, Т.Игліков көшесі №1 ден № 24 дейін, Орманбаев №1 ден -78 дейінаралық, өзенге дейінгі аумақ
Жиындардың күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. Атасу кентінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы »
қаулысын жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар және тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен сын –ескертпелерді талқылау;
2.Аталған Заңның талаптарына сәйкес қоғамдастықтың құрамына қосымша өкілдер сайлау;
Атасу кенті әкімінің аппараты
Жаңаарқа ауданы бойынша азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағалары 23.11.2015 ж
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
Литр мен кг., бағалар
Тазартылған күріш,кг
Бірінші сұрыпты бидай ұны,кг
Ұн жармасы,кг
Қара құмық жармасы,кг
Сұлы жармасы,кг
Арпа жармасы,кг
Тары,кг
I - сұрыпты бидай наны
Вермишель, кг
кеспе, кг
Рожки, кг
Сиыр еті , кг
Қой еті,кг
Тауық еті, кг
Тауық сан еті, кг
Қоюлатылған сүт, майлылығы 2,5%
Қоюлатылған сүт ,майлылығы 3,2% литр
Айран майлылығы 2,5%, литр
Литр мен кг.,бағалар
Айран, майлылығы 3,2%,литр
Ірімшік,майлылығы 5-9%, кг
Сыр, кг
Тауық жұмыртқасы I-II санатты,10дана
Тұздалмаған сары май,майлылығы 72,5%, қоспасыз
сұйық, өсімдік майы, 1 литр
Маргарин
Орам жапырақ, кг
Пияз, кг
Асхана қызылшасы, кг
Асхана сәбізі, кг
Картоп, кг
Қант, кг
Тұз ( "Экстрадан" басқа), кг
Түйіршектелген қара шай, кг
20.Қар
165
68
95
150
85
85
100
60
135
140
135
900
0
670
540
200
220
200
20.Қар
230
230
1100
180
580
360
260
75
60
85
65
75
198
42
1390
"Алия"
"Алия"
23.Қар
165
68
95
150
85
85
100
60
135
140
135
900
0
670
540
200
220
200
23.Қар
230
230
1100
180
580
360
260
75
60
85
75
75
198
42
1390
20.Қар
155
82
130
220
0
110
125
60
138
150
138
1000
0
460
510
175
205
195
20.Қар
205
0
1200
225
440
355
375
75
55
80
60
65
180
45
1000
"Жандос"
"Жандос"
23.Қар
155
82
130
220
0
110
125
60
138
150
138
1000
0
460
510
175
205
195
23.Қар
205
0
1200
225
440
355
375
75
55
80
60
65
180
45
1000
20.Қар
190
76
130
170
0
80
130
60
130
130
130
900
0
650
500
180
220
190
20.Қар
200
0
1100
220
650
350
0
70
55
80
60
75
205
45
1350
"Алем"
"Алем"
23.Қар
190
76
130
170
0
80
130
60
130
130
130
900
0
650
500
190
230
200
23.Қар
200
0
1100
220
650
350
0
70
55
80
60
75
205
45
1400
20.Қар
190
80
0
220
0
0
0
60
150
150
150
0
0
0
500
220
220
180
20.Қар
200
0
1000
220
330
370
240
75
65
75
100
0
210
45
1520
"Айсұлу"
"Айсұлу"
23.Қар
190
80
0
220
0
0
0
60
150
150
150
0
0
0
500
220
220
180
23.Қар
200
0
1000
220
330
370
240
75
65
75
100
0
210
45
1520
20.Қар
190
80
0
220
0
0
0
60
150
150
150
0
0
0
500
220
220
180
20.Қар
200
0
1120
220
350
350
280
80
70
0
80
80
220
45
1120
"Асхат"
"Асхат"
23.Қар
190
80
0
220
0
0
0
60
150
150
150
0
0
0
500
220
220
180
23.Қар
200
0
1120
220
350
350
280
80
70
0
80
80
220
45
1120
Орташа баға
178
77
89
196
85
69
89
60
141
144
141
933
0
593
510
201
219
191
Орташа баға
207
230
1104
213
470
357
289
75
61
80
75
74
203
44
1286
3
Ақпараттық насихат тобы ауылға келді
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың 11- қарашасындағы Қазақстан халқына
арнаған «Нұрлы жол–Болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау
мақсатында Қызылжар кентіне аудандық Әділет басқармасының басшысы
Қ.Әбдіразақов бастаған аудандық ақпараттық-насихат тобы келді. Аудандық
ақпараттық-насихат тобының кент жұртшылығына өткізген жиыны Қызылжар
кентінің мәдениет үйінде өтті. Жиынға аудандық Әділет басқармасының басшысы
Қ.Әбдіразақов, аудандық архитектура және қала құрылысы бөлімінің басшысы
Қ.Бакиев, «Жаңаарқа аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Қ.Мұқанов,
Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының Жаңаарқа аудандық филиалының директоры С.Рымбеков, Жер ҒӨО РМК
Жаңаарқа аудандық бөлімшесінің ІІ санаттағы инженері А.Абдрахманов, инспектор-тіркеуші С.Мырзакеев және кент
тұрғындары қатысты. Аталмыш жиынды Қызылжар кентінің әкімі Р.Балкенов ашып, арнайы келген аудандық ақпараттық
топтың мүшелерін кент тұрғындарына таныстырып, содан кейін күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөзді аудандық Әділет
басқармасының басшысы Қ.Әбдіразақовқа берді. Аудандық Әділет басқармасының басшысы Қ.Әбдіразақов баяндамасында: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11-қарашадағы «Нұрлы Жол – Болашаққа
бастар Жол» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты өзекті мәселелерге жеке тоқталып, Жолдаудан туындайтын
мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан2050» Стратегиясын жариялағаннан бері, елімізді әлемдегі дамыған отыздықтың құрамына енгізу барша
қазақстандықтардың ортақ мақсатына, ұлттық идеясына айналғандығы туралы және осы мақсатқа жету үшін Елбасының
«Ұлтжоспары» деп аталатын 100 нақты қадамның 5 пунктіне тоқталып, маңыздылығын атап өтті. Келесі кезекте «Жаңаарқа
аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Қ.Мұқанов Қазақстанның ветеринария жүйесін әлемдік стандартқа жеткізу жөнінде көптеген міндеттеріне тоқталса, аудандық архитектура және қала
құрылысы бөлімінің басшысы Қ.Бакиев кент тұрғындарына тұрғын үй салу үшін алдымен бас жоспар жасалу керектігін
және тұрғын үйлердің құжаттарын қалыпқа келтіріп, базаға тіркелуі керектігін айтып өтті.
Сөз соңында кент әкімі Р.Балкенов Елбасының Жолдауын ақпараттандыру мақсатында кентімізге арнайы келген аудандық
ақпараттық-насихат тобына, насихаттау жұмысын өткізіп, жақсы ой-пікірлерімен бөліскені үшін тұрғындар атынан алғысын
білдірді.
Елбасы Жолдауы мен еліміздің қазіргі таңда қол жеткізіп жатқан табыстарын халық арасында кеңінен насихаттау мен
түсіндіру жұмыстары –ақпараттық тобы жұмыстарының негізгі басты бағыты. Осындай насихаттау жұмыстарын барлық
деңгейдегі ақпараттық насихат топтары алдағы уақытта да жүргізетін болады.
Өз тілшімізден
Қайтарылған жерде несібе бар
25-қараша күні аудан әкімдігінде жиын өтті. Жиынның негізі Қазақстан Республикасының Президентінің 1996 жылы 14қарашадағы №3219 Жарлығымен «Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы» құрылып, Жаңаарқа ауданынан жалпы
көлемі -12662 шаршы шақырым жер телімі «Жәйрем-Атасу» аймағына берілген.
Бұл жиынға арнайы келген ҚР Ұлттық экономика Министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және
ресурстарын басқару комитетінің «Жер ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығында республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қарағанды филиалының жерге орналастыру және рекультивация бөлімінің сектор басшысы Хан
Татьяна Георгиевна мен осы орталықтың инженері Ділдәбекова Мадина Серікқызы арнайы қаттысты. Аудан әкімі
Ғабдрахман Омаров жүргізген жиын барысында сөз алған Хан Татьяна-өткен ғасырдың соңында берілген жер телімінің
қайрадан ауданымызға қайтарылғанын айта келе арнайы дайындалған жер картасынан ауданымызбен Жәйрем-Қаражал
елді мекеннің шекарасы сызбаларын көрсетіп қанша шаршы шақырым жер қайтарылғаны жөнінде мағлұмат берді.
Ауданымызға қарасты Ақтау, Түгіскен, Ералиев, Байдалыби, М.Жұмажанов ауылдық округіне қайтарылған жер телімдерінің
көлемі жайында да айтылды.
Елбасының саясатын ұстанып, мал басын көбейтуге атсалысқан ауылдық округтерде бүгінгі күні ірі-қара мен ұсақ мал
жетерлік. Тұяқты мал көбейген сайын жер теліміне де сұраныс артып келе жатқан кезде қайтарылған жер телімі біздің
ауданымыздың өркендеуіне өз үлесін қосарына сенім зор. Қайтқан малда береке болса, қайтарылған жерде ауданымыздың
экономикалық ахуалын көтеретін несібе жатқаны анық.
Өз тілшімізден
Заңгерлер одағының берері көп
Мемлекетімізде құрылған «Қазақстан заңгерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басты мақсаты заманауи
демократиялық мемлекет және нарықтық экономика талаптарына сай келетін ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру. Елiмiздегi
заңдылық пен заң үстемдiгiн нығайтуға мүмкiндiк туғызатын мұндай Одақ құру тәжiрибесі дамыған барлық елдерде, көршілес
Ресей Федерациясында да қолға алынып, өз нәтижесiн берiп келедi.Құрылғанына аз ғана уақыт өтсе де Одақтың барлық облыстарда бөлімшелері ашылып, жұмыс істеуде. Ал оның Қарағанды филиалын облыстық әділет департаментінің басшысы Мұрат
Смағұлұлы Әбілов басқарады. Бүгінде Республика бойынша бірлестік филиалдары көп жұмыстар атқаруда. Бүгінде бұл іске
аудан әкімдіктерінен бастап барлық мемлекеттік органдар, ұжымдарының құрамында заңгер мамандары бар жеке секторлар да
белсенді қатысуда. Өйткені біздің «барлығымыздың илегеніміз бір терінің пұшпағы» емес пе? Ал Одақ тарапынан заңгерлердің
мәртебесін көтеру, шамасынша олардың кәсіби біліктіліктерін арттыру, оларды осы сала мамандарына арналған аудандық
семинарларға қатыстырып отыру жағынан көмек көрсетуге тырысамыз – деді, Одақ мүшесі, аудандық әділет басқармасының
басшысы Әбілқадыр Қаураұлы Әбдіразақов. Осыған орай Одақ мүшелері өздерінің жұмыс кездесулерінің бірін Жаңаарқа
ауданының әділет басқармасы ғимаратында өткізді. Бұл шараға мемлекеттік кірістер басқармасы, кәсіпкерлер палатасы
филиалының және мемлекеттік ұйымдардың осы Одаққа мүше мамандары қатысты. Айта кететін жәйт, Одаққа Заң ғылымы мен
тәжiрибесiнiң дамуына елеулi үлес қосқан зейнеткерлiкке шыққан заңгерлер де мүше бола алады. Мүшелiк қатарына кiруге ниет
бiлдiрген заңгер мамандығы бар тұлға филиал кеңесiне қабылдау туралы өтiнiш қана бередi. Одаққа қабылданған мүшеге
мүшелiк куәлік, төсбелгі беріледі. Бүгінде бірлестікке кіруге тілек білдіруші заңгерлер саны республика бойынша күн санап
артып келе жатқандығы бізді қуантады.
Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы
Сыбайлас жемқорлықпен күрес
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі №267 заңының 2-бабы
1тармағына сәйкес «мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн
және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы,
жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке
және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы» сыбайлас
жемқорлық деп ұғынылады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы еліміздің барлық жеке және заңды тұлғаларына
қатысты қолданылады. Заң демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік
міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылыққа жол бергені үшін қызметтен қуылған адамдарға мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кез келген лауазымда болуға өмір
бойы тыйым салынған. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру – аса маңызды міндет екендігін атап көрсетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты әрекет оның алдын алуға бейімделген стратегия болғанда ғана мүмкін. Сондықтан, жазалауды
қатаңдатумен және қылмыстық қудалауды күшейтумен бірге сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға
бағытталған қосымша шаралар пысықталуда. Осы мәселені шешуде мемлекет пен қоғамның күш салуын біріктіруге аса көңіл бөлінуде.
Сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылық дерегі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдескен
адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылатынын және құқық қорғау органдарының немесе соттың сұратуы бойынша заңда
белгіленген тәртіппен ғана табыс етілетінін әрбір адам білуі қажет. Сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылық орын алған жағдайды
хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдескен адам мемлекеттің қорғауында болады. Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Елбасымыз халыққа арнаған
сөздерінде жемқорлық індетінің тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтынын жиі айтып
келеді. Жемқорлық белең алған жағдайда еліміз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосыла алмайтыны белгілі. Мұндай әрекеттер
экономикамыздың бәсең дамуына, әлеуметтік жағдайымыздың төмендей түсуіне әкеліп соқтырады. Жалпы, қоғамдағы қандай да болсын
келеңсіздіктің алдын алуды әрбір азамат өзінен бастаған жөн деп есептеймін. Бұл ретте, мен өзін отанымыздың патриотымын деп есептейтін әрбір замандасыма айтарым, еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің 50 дамыған елдердің қатарына кіруі сынды
асыл мұраттарға қол жеткізуіміз біздің отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты. Сондықтан, мемлекеттің
барлық органдары мен лауазымды адамдары өз құзіретінің шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуі тиіс.
М.А.Құсайынова, Жаңаарқа аудандық қазынашылық
басқармасының бас маман-бас қазынашысы
28 қараша 2015 жыл
Құттықтау
М.Жұмажанов атындағы ауылдық округінің тұрғыны,
Жаңаарқа негізгі мектебінің аспазы
Бүкербаева Құбыл Құсайынқызы
желтоқсан айының 4-жұлдызында
елеулі 50 жасқа толады. Құбыл
Құсайынқызына өмірдің барша
жақсылығын тілей отырып, мына
өлең шумақтарын арнаймыз.
Аспазшы үлкен мамандық,
Тамағы тілді үйірген,
Сыйлайтын жанға денсаулық,
Өнерді түйген түйіннен.
Қолыңыздан тараған,
Керемет дәм мен көңіл-күй.
Бақ, байлық сізге тілесін,
Дәм татқан сізден әр-бір үй.
Елу деген жүздің нағыз жартысы,
Елу деген даналық қой ол анық.
Оған жетсе елжірейді әр-кісі,
Құтықтайды бар ағайын қол алып,
Ұрпағыңыз жүрсін деймін аяқ жаққа оралып,
Қуаныштың қамқасына жүріңізші оранып.
Ізгі тілекпен: аудандық білім бөлімінің кәсіподақ
ұйымы
және
Жаңаарқа
негізгі
мектебінің
педагогикалық ұжымы.
Насихат тобы теміржолшылармен
кездесті
Ауданымызда бұқараның діни сауатын арттырып, ислам
құндылықтарына қатысты көзқарасын кеңейту мақсатында
құрылған ақпараттық-насихат тобы 17-қараша күні
Жаңаарқа локомотив депосына барып, семинар өткізді. Семинарды ашып жүргізген аудандық ішкі саясат бөлімінің
басшысы Р.Казимов ақпараттық насихат тобының мақсатміндетімен таныстыра келе, топ мүшесі Жаңаарқа
ауданының бас имамы Б.Нұрғалиевке сөз кезегін берді.
«Қазіргі таңдағы ушығып тұрған мәселелердің бірі - діни
экстремизмнің қаупі, салафизм, вахабизм, мазахиттер,
және басқа да теріс бағыттағы ағымдар. Деструктивті
ағымдардың жетегінде кеткен жастарды, жалпы адамдарды
қоғамға қайтару аса қиынға соғуда»,-деді топ мүшесі.
Осыны айта келе, осындай қателіктерге ұрындыратын ең
басты себеп – ара жікті ажырата алмау салдарынан
ғаламтор кеңістігіндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына
кіру болып табылатынын айтты. Сонымен қатар, теміржол
қызметкерлеріне дәстүрлі діннің ерекшеліктерін түсіндіріп,
бала тәрбиелеуде оң бағыт көрсетті.
Еліміздің салт-дәстүрлері тақырыбында сөз алған
"Жаңаарқаның іскер әйелдері" қоғамдық бірлестігінің
төрайымы Д.Әрінова қазіргі таңдағы ұмыт болып бара
жатқан дәстүрлеріміз туралы тоқталып, бала тәрбиесінде
ата-ананың атқаратын ролінің қаншалықты зор екенін
басып айтты.
Жиын соңында сауатты әңгіме өрбіткен ақпараттық насихат
тобына алғысын білдірген Локомотив акционерлік
қоғамының филиалы, Жаңаарқа локомотив пайдалану
Депосының басшысы А.Байтұрсынов насихаттаушыларға
сәттілік тіледі.
Баспасөз қызметі
Хабарландыру
Сағаттың сыртылымен жылжыған күндер бір-бірімен алмасып, қой жылын да артқа тастады. Жаңа күнмен
қауыштыруға, жақсылықпен табыстыруға асыққан өмір
парақтары әр күн сайын ашылып, ертеңгі күнге сенім
ұялатады. Жақсылыққа толы бұл жылдың да соңғы айына
табан тіредік. Жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы
алуларыңызға «Сұлтан» мейрамханасы атсалыспақ. Жанға
жайлы кең әрі ыңғайлы мейрамханада Сіздердің
құрметтеріңізге екі тілді асаба, Аязата, Ақшақар қызмет
етеді. Сонымен бірге түрлі ойындар мен байқаулар
ұйымдастырылады. Дастархан
мәзірі де
Сіздердің
қалауларыңызбен әзірленеді. Жаңа жылды қарсы алу кешіне орай тапсырыстар алдын ала қабылданатынын ескертеміз.
Хабарласу телефондар: 87778894254, 87014303466
Мейрамхананың есігі Сіздер үшін әрдайым ашық. Сіздерді
аптаның әр күні тапсырыс берулеріңіз үшін асыға күтеміз.
Объявление
Время летит незаметно! Особенно если это время близится к
самому долгожданному празднику – Новому году! Задуматься
о проведении корпоративного вечера нужно уже сегодня!
Уютный и теплый зал мейрамханы « Султан» начинает прием
заказов на проведение новогодних корпоративов! Вас ждет
двухязычный тамада и шоу программа с Дедом Морозом и
Снегурочкой, конкурсы. Вас ждет отличный корпоративный
отдых и незабываемый праздник в мейрамхане «Султан».
Желающие могут записаться с 10.00 утра до 18.00 часов до
25.12.2015 г, а также с подробным новогодним меню Вы можете ознакомиться по телефонам: 87778894254, 87014303466,
домашний телефон: 27932. Ждем вас!
ЕСКЕ АЛУ
ЕСКЕ АЛУ
Жыл өтті біздер сені жоқтағалы...
Қайран жалған дүние! Сынаптай сырғыған уақыт өткеннің
өкінішін көңілден өткергенімен, сағынышты өшіре алмайды.
Алланың әмірімен, тағдырдың жазуымен қасиетті қара жер сені
құшағына алғалы жылжып, өмір өтіп жатыр. Өмірдің қысы мен
жазы, көктемі мен күзі алмасып өтіп жатыр. Тек сен жоқсың арамызда. Сенің орның әркез бос. Ақтау ауылының тұрғыны, асыл
жар, ардақты да аяулы әке, үлкен-кішіге бірдей немере-жиендердің
сүйікті атасы болған Қағанақов Тоқсанбай Алпысбайұлының
мәңгілік сапарға аттанғанына да жыл толады.
Сағынумен күндер өтер, жыл өтер,
Жан жарасын уақыт емдеп түзетер.
Еске аламыз әкемізді сағынып,
Ойға түссе, көздің жасы ағылып.
Асыл жүзің, ақыл сөзін іздейміз,
Мәңгі өзіңді сағынумен жүреміз.
Көк аспанда қалықтап, бізді демеп,
Болсын жаның Жәннәтта жан әкеміз.
Сағына еске алушылар: шешесі, жары, бауырлары, балалары, келіндері,
қарындастары, күйеубалалары, немере-жиендері.
Әкеміздің қайтқанына жыл толуына орай 12 желтоқсан күні сағат 13:00-де
Ақтау ауылында ас беріліп, дұға бағышталады.
Ауданымыздың тұрғындары, әулетіміздің асыл да
ардақты жандары әкеміз Рыспаев Серіктің өмірден
озғанына 5 жыл, анамыз Рыспаева Тазагүл
Сұлтанқызының бақилық болғанына 15 жыл
толып отыр. Алланың жазғанына шара бар ма? Тіршіліктерінде қарапайым, кішіпейіл, туған-туысқа
қайырымды, абыройлы болған еді. Мұңға мұң,
қимастыққа сағыныш қосылып, қабырғамыз
қайысады. Амал қанша, Алланың бұйрығына
мойынсұнып, марқұм болған ардақтыларымыздың
қабірі жарық, топырағы мамық болсын деп дұға жасаймыз.
Күз өтіп, қыс орнап, көктем келер,
Жарысып бір-бірімен күндер өтер.
Уақыт қанша жарамызды емдесе де,
Сендерді сағынармыз одан бетер.
Талай күн өткердік сағынумен,
Түндерде көз ілмедік жабығумен.
Бейнелерің елес боп алыстаған,
Сағымдарға қараймыз сарылумен.
Сағына еске алушылар: балалары - Ерсін-Айгерім, Ерген, Алтын-Сағындық,
Гауһар-Ғалым, Дана-Ғабыл, Арай-Біржан, немерелері - Еламан, Аяулым, Мәди,
Мирас, жиендері.
Жаңаарқа ауданы, М.Жұмажанов ауылының тұрғыны ардақты ата, асқар тау әкеміз
Шойынғапұлы Айтмұхамбеттің өмірден озғанына 40 күн толды.
Сағынышпен мұңға толы жүректер, әлі де сене алар емес. Асқар
таудай әкеміздің жатқан жері жарық, топырағы мамық, қабірі нұрға
толып, пейіштің төрінде болсын.
Ұзақ күнде қалың ойға ерік беріп,
Отырушы едің есік алдында жан әкем.
Үңірейіп орнын бос қалды-ау,
Ғайып болды-ау асыл бейнең жан әкем.
Еркеғали Уәлиұлы Әлжановтың болжаусыз ажалдың құрығына ілініп, өмірден 21 жасында мезгілсіз озғанына 2015 жылдың желтоқсан айының 5-күні 10
жыл толады. Адамның ғұмыры болжаусыз ғой. Дегенмен, ол әлі тым
жас еді. Амал не талай армандары мен жүзеге асырам деген ойлары
өзімен бірге кетті. Топырағы мамық, қабірі нұрлы, жарық болғай!
Өмірде орның толмас жан ағатай,
Бұл қайғы ойда жоқта болды қалай.
Көргенде бірге жүрген достарыңды,
Еске алып, аңыраймын әлі талай.
ЕСКЕ АЛУ
40 күнде өтті міне зымырап,
Жүрміз ғой қайғыдан жүрегіміз қан жылап.
Әттеген-ай неге былай болды деп?
Күрсінумен ағады- ау екі көзден жас парлап.
.Тәубә әкелерің бар деуші еді,
Оны да бізге құдай көп көрді.
Маңдайымызға сыймадың ғой жан әкем
Кете бардың «Әке» деген сөзді естімей
«Көке» атанып өмірден.
Жүруші едің бардым деп
Қымбат жанымның басыңа
Енді жанын жай тапты ма?
Қымбат жанның қасында.
6 жыл болды анамыздың бейнесін көрмегелі
«Құлындарым» деген сөз де құлағымыздан өшті міне
Бақұл болыңдар әкетайым, анашым!
Айналшықтап жүреміз ғой зираттың енді біз басын
Амал қанша?
Қолдан келер шара ма?
Дауыстарың құлағымыздан өшсе дағы
Асыл бейнелерің мәңгі қалады санамызда.
Сағына еске алушылар: балалары Досмұхан - Манар, Еркін - Гүлім, Нұрлан Ақзер, Нұрлыхан, Нұрым және жиендері.
Марқұмның қайтыс болғанына 40 күн толуына орай желтоқсанның 4
жұлдызында сағат 13:00 -де «Диас» тойханасында ас беріліп, дұға бағышталады.
ЕСКЕ АЛУ
Қадірлі күйеубаламыз, бірімізге жезде, бірімізге бажа болған,
ақ көңіл, аңқылдаған жарқын Нухридинов Дулат Диханбайұлын
сағына еске аламыз. 2014 жылы желтоқсан айының 11-күні кенеттен сұм ажал арамыздан алып кетпегенде 5-желтоқсан күні
47 жасқа толатын еді. Сұм ажалға не шара. Марқұмның жатқан
жері жайлы, қабірі нұрлы болсын деп дұға бағыштаудан басқа
амал жоқ. Туған-туыстарына, жұбайына, артында қалған балаларына ұзақ өмір тілейміз.
Ақжарқын боп жүрушіі едің бұл жалғанда,
Ақпейіл бауырмал боп барша жанға.
Еңкейген қария мен жас сәбиге,
Жаны ашып тұрушы еді, ол да арманда.
Біз қимаймыз әрине қиямыз ба?
Алланың ісіне қарсы тұрамыз ба?
Жаны жәннәтта болып, ол жалғанда,
Бағыштаймыз дұға тілеп аруағына.
Сағына еске алушылар: қайын жұрты, енесі-Рымбала, қайынағасы-БолатЖанна, бажалары -қайынапалары: Қанат-Сәуле, Ғани-Гүлзия, Мұхаметжан-Зәуре,
Жаңабай-Гүлсім, Бақтыбай-Тазагүл, Шабдан-Анаркүл, бажалары-балдыздары:
Сырым–Лаура, Ғазиз-Жанара, Жандос-Гүлсара.
Газетті баспаға әзірлеген: Мөлдір Қасым
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, 2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52, тілшілер бөлімі
2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
ЕСКЕ АЛУ
Жазудың қаталдығын енді білдім,
Сарғайып, сағыныштан қала бердім.
Қолдан келер еш шара болмаған соң,
Кінәлап өтемін ғой бұл жалғанды.
Еске алушылар: анасы - Айман, Әбдеш, Ерменғалы, Медет, қарындасы - Ақмаржан,
жиені Ару.
Көңіл айту
Аудан әкімдігі Ынтымақ ауылының тұрғыны болған еңбек ардагері
Қоңқашов Мырзаханның қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған
туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
***
Аудан әкімдігі шаруа қожалығының жетекшісі Шамаев Абайға жұбайы
Рабиға Байшөкенованың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл
айтады.
***
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі №140 НМ педагогикалық ұжымы осы
мектептің директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асылбекова Жаннаға
ағасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады.
***
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және С.Сейфуллин атындағы орта
мектептің педагогикалық ұжымы осы мектептің оқытушысы болған
Байшөкенова Рабиғаның қайтыс болуына
байланысты
туған туыстарының
қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Хабарландыру
“Дауа” ЖШС-не қарасты дәріханалар желісінде акця. Желтоқсанның 1-нен бастап жаңа
жылдық жеңілдіктер беріледі. Зейнеткерлерге 10% жеңілдек. Басқа сатыпалушыларға дисконтты карталар таратылды. Дисконт бойынша алғашқыда 5 % жеңілдік, әрбір келесі келгенде 1 % жеңілдік қосылып отырады.
Хабарландыру
Жаңаарқа ауданы Атасу кенті С.Сейфуллин даңғылы 19/3 мекен жайында орналасқан
жекеше натариус С.М.Бакирова 2015 жылдың 24 тамызында қайтыс болған Тамабеков
Мурат Серикбаевичтің атына мұрагерлік іс ашылды. Мұрагерлерге 6 (алты) айдың
ішінде натариуске хабарласу керек.
Жарамсыз деп танылсын
Ибраев Қазбектің атына 2000-2001 оқу жылдары берілген Түгіскен жалпы орта білім мектебін бітірген № 0463921 орта білім туралы аттестатының жоғалуына байанысты жарамсыз деп
танылсын.
Іздеу саламыз
Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық сотына Алиякбарова Куляйша Куракбаевна
(Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Байғозы Батыр көшесі, № 70 үй) 1986
жылы 18 наурызда Қарағанды облысында туған азамат Мейрамов Қайрат Амангельдиевичты
( соңғы тұрағы Қарағанды облысы , Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Байғозы батыр көшесі №
70 үй). Хабар ошарсыз кеткен Мейрамов Қайрат Амангельдиевичтің жүрген жерін білетін
адамдарға жарияланым берілген күннен бастап үш ай мерзімде сотқа ол туралы хабарлау
сұралады.
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1350 дана
Тапсырыс №58
Автор
zhanzbc
zhanzbc145   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
25
Размер файла
10 413 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа