close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 62 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ!
Құрметті аудан тұрғындары!
Жақсы жаңалықтарға, жетістіктерге толы болған 2015 жыл тарихтың қойнауына енді.
Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыруды негізгі мақсат тұтып, 2015 жылды жақсы көрсеткіштермен
тәмамдадық. Шағын және орта бизнес қарқынды дамыды. Агроөнеркәсіптік кешенде
және экономиканың өзге де салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Осының
барлығы халықтың тұрмыстық ахуалын және өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етті.
Әрбір ілкімді істе – өз аймағына деген сүйіспеншілігін еңбегі арқылы танытып, оның
дамуы мен гүлденуіне үлес қосқан аудан тұрғындарының ерекше еңбегі бар.
Жаңа жыл - ерекше мереке. Ол әрдайым жақсылық пен үміттердің, келер жыл өткен
жылдан да жақсы болар деген сенімнің нышаны болып қала береді. Ал, келер жылдың
қандай болатыны, әрине, өзімізге байланысты.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ырыс-береке, жаңа белестер тілейміз!
Жаңаарқа ауданының әкімі
Мәслихат хатшысы
Ғ.Омаров
М.Әбдішев
Елбасы Жолдауын қолдаймыз
Әлеуметтік қолдау шектелмейді
Елбасы биылғы Жолдауында бүгінгі әлемдік ахуалдың күрделі
кезеңмен ұштасып отырғанын атап өтіп, алпауыт елдердің
өзара текетіресі дүниені тығырыққа тірегенін айтты. Осындай
жауапты сәтте бірліктің сақталуы аса маңызды екенін, сондайақ, барша қоғам ел игілігі үшін тер төгу қажеттігін де атап
өтті.
Еліміз әлемдік қаржы дағдарысы кезінде де тұрмысы төмен
отбасылары мен зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуін
шектеген емес. Біз еліміздің осынау берік ұстанымына, міне,
тағы да куә болып отырмыз. Демек халықтың тұрмысы
төмендейді деуге еш негіз жоқ. Елбасының Жолдауында берген
тапсырмаларынан осыны ұғындық.
Ж.ШАЙХИН, еңбек ардагері
Маңызды мәселелер нақтыланды
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған кезекті
Жолдауында қоғамның маңызды мәселелерін шешу жолдары
нақты айқындалды. Соның ішінде білім беру мен денсаулық
сақтау, ауылшаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Елбасы өз
сөзінде жаңа әлеуметтік саясат пен халықты жұмыспен
қамтудың стратегиялық жоспарының негізгі бағыт- бағдары
туралы айтып өтті. Жолдауда ел болашағы жастарды білімді,
еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап
дағдылануға шақырды.
Елбасы Жолдауында «Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын
белсенді меңгеруге шақырамын. Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек
олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде
ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік көмектің мұндай түрлерін 2017 жылдан
бастап еңгізуді тапсырамын. Мен 2017 жылдан бастап, жаңа жоба-«Баршаға арналған
тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын» -деп атап
өткен болатын. Сондықтан, Елбасы нақтылаған осындай міндеттер ел жастарына
алдағы уақытта тегін техникалық білім алуына зор мүмкіндіктер туғызып отырғанын
атап айтуға болады.
Б.МЫРЗАШЕВ,
жастар ресурстық орталығының маманы
№62 (9712), 26 желтоқсан, 2015 жыл
ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ЖИНАЛЫСЫ
Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және
қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиналысы болып,
онда құқық қорғау органдарының жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнаманы және Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексін сақтау мәселелері
талқыланды.
Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Бас Прокурор күш құрылымдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнаманы және этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сыбайлас
жемқорлық қылмысының әрбір фактісі барлық құқық қорғау жүйесінің беделіне теріс әсерін
тигізеді, оларға халықтың сенімін төмендетеді,-деді ол. Сондықтан әрбір ведомство осы
бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет және өз қатарларын құқық қорғау жүйесінің абыройына дақ салғанқызметкерлерден тазарту бойынша түпкілікті және қатал шараларды
қабылдаулары тиіс.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын тәуекелдерді азайтуға
бағытталған жаңа мүмкіндіктердің тиімділігін атап өтті. Олар - құқық қорғау қызметіне
орналасудағы полигрофологиялық зерттеуді пайдалану, автоматты түрде адамның
қатысуынсыз ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тізілімін кеңейту, жеке құрам
арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жұмыстың жай-күйіне
басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту және т.б.
Талқылау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту және
тосқауыл қою бойынша жұмысты жүйелі жүргізуге, мұндай қылмыстарды жасаған құқық
қорғау органдары қызметкерлерінің жазасыз қалмайтындығын қамтамасыз етуге
бағытталған жаңа заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралар ұсынылды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ОРТАҚ ПАРЫЗЫМЫЗ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған партиялық
бағдарламасы аясындағы қабылданған жұмысты күшейтудің маңыздылығына Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы саяси кеңейтілген отырысында тоқталып, мемлекеттік
қызметшілер жұмысын мінсіз әрі адал атқару үшін мемлекет тарапынан қажетті жағдайлар
жасалып жатқанын, біздің республика ТМД-да бірінші болып «Сыбайлас жемқорлықпен
күрес туралы» Заңды қабылдағанын атап өтті.
- Осы заңды қабылдау кезінде мен ешкімге жеңілдік болмайтынын және ешкімде жазадан
құтылмайтынын айтып,бүкіл халыққа мәлімдеме жасадым.Мемлекет тиімді
басқарушыларды тәрбиелеп шығару үшін көп уақыт пен қаражат шығындайды. Ал олар сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берсе,жұмсалған сол барлық күш-жігер мен шығын
босқа кеткен болып шығады.Халық осыны түсініп,сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен
ымырасыз күреске мүдделі болғаны жөн.Қазақстандықтар арасында бұл мәселеге
немқұрайды қарайтындар болмауы тиіс.Ең бастысы,жұртшылық жемқорлық көріністеріне
төзбей,ол жөнінде хабарлап,сол бойынша ілкімді шаралар қабылдануы керек, - деді
Нұрсұлтан Назарбаев. Осы жоспарға сәйкес Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға,
олардың қызметіне заңсыз араласуды болдырмауды қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің коммерциялық құрылымдардың мүддесін сүйемелдеу фактілеріне
жол бермеуге бағытталған негізгі шаралар тексеру актілерін қатаң бақылау арқылы
қамтамасыз етіледі. Мекемеде азаматтарды қабылдау орынында мемлекеттік қызметтер
көрсету бойынша стенд ілініп, ҚР АШМ АӨК МИК-нің және ОАИ-ның мекен-жайы, сенім
телефондары, электрондық адрестері жөнінде ақпараттық мәліметтер бар. Азаматтарды жеке
қабылдау жұмыс күні сағат 16-00-ден 17-00 дейін жүргізіледі. Қызметкерлердің заңсыз ісәрекетіне азаматтардың шағымдар мен ұсыныстары үшін арнайы жәшік орнатылған. Егер
мемлекеттік қызметкерлер тарапынан Ар-намыс Кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес заңнамаларын бұзу фактілері туралы азаматтардың өтініштері тіркелген жағдайда, оған
талдау жүргізіліп, фактілер анықталатын болса, онда оны жою жөнінде дер кезінде шаралар
қолданылады. Инспекция қызметкерлерімен құқықтық жалпылама оқу бойынша сабақтар
бекітілген кесте бойынша өткізіледі. «Нұр Отан» партиясы, Прокуратура өкілдерінің
қатысуымен 1ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясының қызметте
қолданылатын заң талаптарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде
дөңгелек үстел өткізіліп отырады.
Қазақстан Республикасының және Кеден одағының заңнамасын кәсіпкерлер және
ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің қатысуымен өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер
карантині, астық инспекциясы, асыл тұқымды мал шаруашылығы салаларында сыбайлас
жемқорлықты болдырмау жөнінде талқылауға жергілікті жерлерге шығып кеңес өткізіліп
отырады. Инспекция бойынша 2-75-02 сенім телефоны жұмыс істейді, ол жөнінде БАҚ-да
жарияланып тұрады.
Е.С.Сыздықов, «ҚР АШМ АӨК мемлекттік
инспекция комитетінің Жаңаарқа аудандық
аумақтық инспекциясы» ММ-нің басшысы
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
Атасу кенті
№ 47/326
20 қараша 2015 жыл
«Жаңаарқа ауданының аумағында пайдаланылмайтын
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық
мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының
мөлшерлемелерін жоғарлату туралы»
Қарағанды облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2015 жылғы
15 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
№3559 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат
ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес
пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық
мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарлатылсын.
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLVII сессиясының төрағасы
Ғ.Қуанышбеков
Аудандық мәслихат хатшысы
М.Абдишев
Решения Жанааркинского районного маслихата
поселок Атасу
№ 47/326
20 ноября 2015 года
«О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого
земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения на
территории Жанааркинского района»
Нормативно правовой акт зарегистрировано в Реестре государственной регистрации
нормативных правовых актов за №3559 от 15 декабря 2015 года в департаменте
Юстиции Карагандинской области
В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и
других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении
в Республике Казахстан", районный маслихат РЕШИЛ:
1. Повысить базовые ставки земельного налога и ставки единого земельного налога в десять
раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения на территории Жанааркинского района.
2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
Председатель XLVII внеочередной
сессии районного маслихата
Г.Куанышбеков
Секретарь районного маслихата
М.Абдишев
Жаңаарқа аудандық мәслихатының шешімі
Атасу кенті
№ 49/343
21 желтоқсан 2015 жыл
«Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №38/253
шешімінің күшін жою туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық
мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №38/253 «2015 жылы
Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2922 болып тіркелген, 2015
жылғы 24 қаңтардағы №4-5 (9658-9659) «Жаңаарқа» газетінде, "Әділет" ақпараттыққұқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 мамырда жарияланған), күші жойылды деп танылсын.
Аудандық мәслихаттың кезекті
XLIX сессиясының төрағасы
Ғ.Қуанышбеков
Аудандық мәслихат хатшысы
М.Абдишев
Темекі шегу - әлеуметтік дерт
Темекі тарту денсаулық үшін қатер. Оның түтінде өте улы зат- никотин бар.
Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің түтінін де жұтады. Бұл
түтіннің ішінде улы газ, шаң және күйе болады. Күніне 20 шылым
тартқан адам 90 миллиграм шамасында никотин жұтады. Алғаш рет
темекі шеккен адам уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады,
қол-аяғы дірілдейді. Шылым тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды
әсер етеді.Никотин шырышты қабатты тітіркендіріп, оны
қабындырады.Сөйтіп, қорғаныш қабілетінашарлағаншырышты қабат
арқылы тәнге ауру туғызатын микробтаренеді. Содықтан темекі тартатын адам суық тиюге, тағы басқа ауруларға тез шалдығады және өмірі
қысқа болады.Қазақстанда шамамен үштен бір бөлігі (ерлердің 64, әйелдердің
20 пайызы) темекі тартады. Олардың көпшілігінің шылымға әуестігі жасөспірім кезінен
басталған. Елімізде ресми деректерге қарағанда жыл сайын 23 мыңдай адам темекі тарту салдарынан қайтыс болады. Әр екінші темекі тартатын адам өкпенің қатерліісігіне, жүрекқантамырлары және асқазан ауруларына ұшырайды.Темекі тартатындар әсіресе өкпенің қатерлі
ісігіне жиі кезігеді, көбінесі осы дерттен өледі. Шылым шегетін жасөспірімдер демікпеге және
тыныс алу жолдарының тарылу ауруларына көп шалдығады. Темекі түтінінде 4 мыңнан астам
химиялық елемент, 40 түрлі улы зат бар. Олар қатерлі ісіктің пайда болуына әсер етеді. Шылым
түтінідегі жоғары консентрациялы газдың 85 пайызы оны шеккен бөлмеде қалады. Темекі шеккен адамның қасында болып, түтінін жұту бәсең түрдегі темекішілік болып табылады. Баяу әсер
еткенмен бұл да денсаулыққа зиянды. Ондай адамның жүрек-қантамырлары ауруына, өкпе
қатерлі ісігіне шалдығу қауіпі басқалардан 25 пайыз жоғары. Темекішінің түтініне көмілу әсіресе
балаға қатерлі. Шылымшы ата-ананың ұрпағы көбінесі тыныс алу жолдарының, өкпе
қабынуына, демікпеге ұшыратады. Олардың арасында кенеттен шетінеу өзгелерге қарағанда екі
есе жоғары. Қысқасы өз денсаулығыңызды, айналаңыздағылардың амандық-саулығын
ойласыңыз темегіге жоламаңыз, тартпаңыз!
Қ.Ә.ЖҰБАТЫРОВА,
аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасының жетекші маманы
2
26 желтоқсан 2015 жыл
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
21-желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 49шы сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Ю.Бекқожин, аудан әкімдігінің бөлім
басшылары, аудандық мекеме-кәсіпорындар басшылары, ауылдық округтерінің әкімдері
қатысты. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын ашып, төрағалық еткен мәслихат депутаты
Ғ.Қуанышбеков күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртiбiндегi бірінші мәселе бойынша
аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Жылқыбаев 2016-2018 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы хабарлама жасады. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша
Ақтасты ауылдық округі әкімі Медет Мұқажанов пен М.Жұмажанов атындағы ауылдық
округі әкімі Думан Бүкірбаев атқарып отырған жұмыстары мен алға қойған міндеттері
туралы баяндама жасады. Сессияда «2016-2020 жылдарға арналған Жаңаарқа ауданының
аумағын дамыту бағдарламасын бекіту туралы», «Аудандық аумақтық сайлау комиссияның
құрамына өзгерістер енгізу туралы», «Аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша
округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы» және «Аудандық
мәслихаттың 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту» сияқты мәселелер де қаралды.
Қаралған мәселелер бірауыздан бекітілді.
Аудандық мәслихаттың аппараты
Алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу
жөніндегі бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған
салық төлеушілердің назарына !
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Заңы негізінде Салық кодексінің 472-бабының 3-тармағына өзгеріс еңгізілген, 2016
жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайынғы лицензиялық алымның төленгені туралы оған
сәйкес кезеңде күшіне енеді (20 қаңтарға дейін), тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың
бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін
төлейді.
Жаңаарқа ауданы бойынша мемелекеттік
кірістер басқармасы
Для сведения налогоплательщиков, имеющих лицензии на оптовую
и розничную реализацию алкогольной продукции !
Законом Республики Казахстан от 29 октября 2015 года «О внесении изменений и дополнений
в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предпринимательства»
внесено изменение в пункт 3 статьи 472 Налогового кодекса, вводимое в действие с 1 января
2016 года, согласно которому срок ежегодной уплаты лицензионного сбора (до 20 января) на
осуществление деятельности по хранению, оптовой и розничной реализации алкогольной продукции переносится до 20 июля текущего года, за исключением первого года осуществления
деятельности в соответствующей сфере.
Управление государственных доходов
по Жанааркинскому району
Тағылымды сұхбат
13 желтоқсан күні бір сағаттан астам уақытқа созылған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ақ
дастарқан басында тележурналистермен сұхбатын көріп, көп әсер алдым. Жалпы
журналистердің қойған сұрақтары мен сияқты көріп отырған көпшіліктің көкейіндегі сауалдарды, қоғамды алаңдатқан мәселелерді қозғады деуге болады. Сондай-ақ елімізде
қабылданып жатқан экономикалық, саяси реформалар, болашақта болуы тиіс өзгерістер
жайын тарқатып айтты. Мысалға, журналист Бейсен Құранбектің: – Биылғы жыл еліміз үшін
күрделі де маңызды оқиғаларға толы болды. Сіз үшін бұл жыл несімен ерекшеленді, жылға
қандай баға берер едіңіз? – деген сауалына жауап берген Елбасымыз: - Бұл жылдың табыстары мен қиыншылықтары аз емес, ең бірінші есте қалатыны әрине, ол президенттік сайлау.
Сайлаудан кейін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын халыққа жариялауым, дүниежүзілік сауда
ұйымына кіргеніміз, екіншіден қазақ хандығының 550 жылдығын тұңғыш рет кеңінен атап
өткенімізді, сондай-ақ, Ата Заңымыздың және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы
сынды айтулы даталармен тұспа-тұс келгенін әрі біз осындай мейрамды тарихтан тағылым,
ұлылықтан ұлағат алу үшін, ал болашаққа мұра болып қалу үшін өткізуіміз керектігін айтты.
Әңгіме барысында алда біз үшін уақытша қиындық болатындығын және әлемдік дағдарысты
да қазақстандықтар халықтың түсіністігі, бірлігі мен ынтымағының арқасында ғана жеңіп
шығатындығын баса айтты. Жолдауында айтып өткендей, «Дағдарыс өтеді де кетеді.
Қиындықты жеңуге болады. Бізге ең бастысы, елдің қолына зарықтырып барып қонған бақыт
құсы – елдің тәуелсіздігін көзіміздің қарашығындай сақтай білуіміз керек», – деп, тұғыры
тұрақты еліміздің алдағы өтпелі дағдарыстан аман-есен өтетінімізге Елбасы нық сенеді. Өз
халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ сол
бір қиын-қыстау кезеңде астананы көшіру мәселесіне Елбасымыз мың ойланып, жүз толғанып
үлкен дайындықпен кіріскенін сөз етті. Елдікті, бірлікті аңсаған бағзыдағы батыр бабаларымыз «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп армандаса, Елбасымыз есіле аққан
Есілдің жағалауын да жайқалтып, сұлу мекенге айналдырды. Сәулет өнерінің соңғы үлгісімен
бой көтерген жаңа Астана көз алдымызда өсіп, жайнап, көркейіп келеді. Иә, аз ғана жылдар
ішінде менің елім қиял-ғажайып ертегідегідей тез және адам таңқаларлықтай өзгерді. Мұның
бәрі Елбасының тарихи ерлігінің, табандылығының, азаматтығының жарқын айғағы. Ел
басқару оңай емес. Еліміздің келешегіне, тағдырына қатысты мәселені мына заманда шешу –
тек елдің елінің, ердің ерінің ғана қолынан келеді. Бәрінен бұрын күніміздің алаңсыз батып,
таңымыздың арай төгіп атқанын айтсаңызшы. Адамға ауадай қажеті – тыныштық, бейбіт өмір,
ел бірлігі, жер тұтастығы. Елбасының да айтпағы осы еді. Сұхбат соңында береке-бірлік туралы, яғни, бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайтынын баса айтты. Елге керек бейбіт күнді,
тыныштықты сақтай алған Елбасының үлкен саясаткерлігі, білікті басшылығының арқасында
деп білемін. Халқымыздың бұл күнде Тәуелсіздік пен Президентті ажыратпай, тұтастықта
қарайтыны сондықтан. Елбасымыздың сөзімен айтар болсақ, біздің ел үшін бірінші мәселе –
тыныштық. Соның арқасында баянды болашағы болады. Соның арқасында мәңгілік тілі де,
мәдениеті де, ұлты да, дәстүрі де болады. Бәрі де болады.
Н.ШАМАЕВА,
№132 ЖОББМ мұғалімі,
кәсіподақ ұйымының төрайымы
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
«Жаңаарқа ауданы әкімі аппараты» ММ қызметкерлерінің ҚР ««Мемлекеттік қызметшілерінің
Ар-намыс Кодексі» қағидаларының сақталмауы немесе орындалмауы жөнінде хабарлау үшін
сенім телефоны орнатылғандығын хабарлайды. Сенім телефоны: 2-76-51
«Жаңаарқа ауданы әкімі аппараты» ММ
***///***///***
«Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлерінің
ҚР «Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі» қағидаларының сақталмауы немесе
орындалмауы жөнінде хабарлау үшін сенім телефоны орнатылғандығын хабарлайды. Сенім
телефоны: 2-80-12
«Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ
3
26 желтоқсан 2015 жыл
Адам. Қоғам. Заң.
«Онлайн прокурор кабинеті»
Орта және шағын бизнесті дамыту мақсатында оңтайлы жағдай жасау бағыттары бірнеше рет
Мемлекет басшысымен нақты белгіленген болатын. Осыған қарамастан жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға және қолдауға байланысты қандай да бір шаралар атқарылғандығына
қарамастан,бақылаушы және қадағалаушы органдар әлі де заңсыз және негізсіз тексерістерге жол
беріп отыр.Осындай заң бұзушылықтарды болдырмау үшін Қарағанды облысы прокуратурасымен қазіргі уақытта жаңа жоба «Онлайн прокурор кабинеті» енгізіліп, бұл жоба электрондық
жүйеде жергілікті жерлердегі халыққа қызмет көрсету орталықтарына орналастырылған. Қазіргі
таңда бұл жоба аясындағы тәжірибе Қарағанды қаласы халыққа қызмет көрсету орталықтарына
орналастырылып, жұмыстар жасауда, сонымен қатар алдағы кезеңде «Онлайн прокурор кабинеті»барлық Қарағанды облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналастырылатын болады. Үлгінің басты мақсаты мен функциясы жеке кәсіпкерлердің құқықтары бұзылу
деректерін халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп онлайн-режимі арқылы хабарлауларына
мүмкіндік береді. Бұл орайда, облыс прокуратурасымен құрылған жеке кәсіпкерлердің
құқықтарын қорғау жөніндегі«мобильдік топ» тарапынан, жеке кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу
бойынша орын алған заңбұзушылықтарды шығыл түрде жоюға қажетті іс-қимылдар
ұйымдастырады. Сонымен қатар, ұқсас түрдегі жобаларды алдағы уақытта жергілікті атқарушы
органдарда, мемлекеттік кіріс органдарында және сауда орталықтарында орнату жоспарлануда.
Жалпы енгізіліп отырған жоба /құрал/ жеке кәсіпкерлерді заңсыз тексерістерден қорғау
мақсатында және дер кезінде, мобильді түрде заң бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған іс
шараларды ұйымдастыруға қолайлы болып табылады.
Р.Н.КЕНЖЕТАЕВ,
Жаңаарқа аудан прокуратурасының аға прокуроры
1-ші сыныпты заңгер
Әлеуметтік – құқықтық көмек көрсетілуде
Пробация қызметінің мақсаты қоғамдық жұмыс пен түзеу жұмыстарына тартылғандар, бас
бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалғандарға, шартты түрде сотталғандарға, бас
бостандығынан айыру түріндегі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандарға
қатысты қылмыстың алдын алу, шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік құқықтық көмек
көрсету болып табылады. Сотталғандарды қоғамнан оқшауламай жазасын өтеуін
ұйымдастырудың маңызы зор. Оларды қоғамнан оқшауламай-ақ Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодесінің 40 бабында көрсетілгендей, сотталғандарды бас бостандығығынан айырмай жазалаудың он түрі бар, соның алтауы; қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары
түріндегі жаза, бас бостандығын шектеу жазасы, шартты түрде соттау, сотталған жүкті әйелдер
мен жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыру және белгілі бір қызмет
немесе арнайы лауазымынан айыру жазалары. Сонымен қоса түзеу мекемесінен әкімшілік
қадағалау мен мерзімінен шартты бұрын босап келген сотталған тұлғаларға әлеуметтік –
құқықтық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, қазіргі уақытта баса назар аударылып отырған жайт,
ол- сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі. Оларға қазіргі уақытта мекемелерге ақылы
қызметпен катар, өз ісін ашу үшін қайтарымсыз несие алуға, ақысыз курстар мен медициналық
көмек көрсету, құжаттармен қамтамасыз ету бағдарламалары ұсынылып отыр. Атап айтсақ түзеу
мекемесінен босап келген үш сотталған тұлғаға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
арқылы өз ісін ашу үшін қайтарымсыз несие берілді. Бес сотталған тұлғаны ақылы қоғамдық
жұмыспен қамтыды. Орталық ауруханада тегін медициналық тексеріспен өз денсаулықтарын
нығайту үшін ем-шара алып тұрады. Бүгінгі таңда қолданылып, пробациялық бақылау
орнатылған бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалғандарға, шартты түрде
сотталғандарға, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде
босатылғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Арнайы бағдарлама құрылу
арқылы сотталған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек: сотталған адамның денсаулық
жағдайы, білім деңгейі және жұмыспен қамту, тұратын жерінің бар жоғы, сондай-ақ басқа да
мәліметтердің нәтижелері бойынша медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық көмек, білім алуда тегін көмек көрсетіледі. Құқықтық көмек көрсету шеңберінде
жергілікті атқарушы органдардың құзыретті шегінде сотталған адамдардың жеке бас мәселелерін
шешу үшін мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіруді
қамтамасыз ету іс-шарасы да көзделеді. Заң немесе сот белгілеген міндеттердің орындалуын
пробациялық бақылау орнату арқылы қадағалай отырып, шартты сотталғандардың жалпыға міндетті әлеуметтік, моральдық құқықтық нормаларды сақтауы қамтамасыз етіледі және олардың
қайталап қылмыс жасауына жол берілмейді.
Б.Қ.АЙЖОЛОВ, облыс бойынша ҚАЖД
Жаңаарқа аудандық пробация қызметінің
әділет капитаны
Тұтынушы мектебі
Күнделікті өмірде әрқайсымыз өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарды (жұмысты,
көрсетілетін қызметті) сатып алуға немесе тапсырыс беруге ниетті тұтынушы- жеке тұлға болып
табыламыз. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010
жылғы 1 мамырдағы №274-IY Заңы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық,
экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушылардың қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтерімен) қамтамассыз ету жөніндегі шараларды
айқындайды. Тұтынушылар қандай құқықтарға ие? Тиісті емес сападағы тауар сатылған
Тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша: сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді; тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды;
тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді; соған ұқсас маркалы (модельді,
артикулді) тауарға ауыстыруды; сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулді) сондай тауарларға ауыстырады; шартты бұзуды және тауар үшін
төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы. Сатып алған күннен бастап 14 күннің
ішінде тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу кезінде тауарды сатып
алуды растайтын құжатты (тауарлық чек) талап ету қажет екенін есте сақтауы тиіс, бұл құжат
қажет болған жағдайда тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) қайтару кезінде қажет болады.
Егер тауарлық чек жоғалса немесе қандай да бір себептерге байланысты тұтынушыға берілмесе,
тауарды қайтару немесе ауыстыру тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алғанын
дәлелдегенде ғана жүргізілуі тиіс. Егер Сіз тауарда (жұмыста, көрсетілетін қызметте) кемшілікті
аныктасаңыз,сатып алған күннен бастап 14 күннің ішінде: тауарды (жұмысты, көрсетілетін
қызметті)сатып алған орынға қайта оралуыңыз; тауарды ауыстыруды, сатып алған ақшаны
қайтаруды, кепілдік бойынша жөндеуді жүргізуді талап етуіңіз(тауарға байланысты); сатушы
Сіздің талаптарыңызды орындаудан бас тартқан кезде ұйымның басшысына жүгінуіңіз қажет;
Егер ұйымның басшысы Сіздің талаптарыңызды орындамаса,Сіз жазбаша түрде сотқа дейінгі
ресми шағымды бере аласыз; егер Сізге 10 күннің ішінде жауап берілмесе, Сіз сотқа талап арыз
бере аласыз. Тұтынушылардың тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдау құқығы.
Тұтынушының азаматтық айналымнан алынып қоймаған немесе айналымы шектелмеген тауарды
(жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушының (дайындаушының, орындаушының) жұмыс режимін ескере отырып, өзіне ыңғайлы уақытта еркін таңдауға құқығы бар.
А.А. ШАХМАНОВА, Жанаарқа аудандық тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасының бас маманы
Еске алу
Асқар таудай әкеміз, аяулы жар, немерелерінің сүйікті атасы Жанкеш
Қойгелдіұлының фәни дүниеден бақиға озғанына қаңтар айында 40
күн толады. Ардақты жанды сағынышпен еске ала отырып, жатқан
жері жайлы, топырағы торқа, қабіріне Алланың нұры жаусын демекпіз.
Әкешім асқар тауым,
Өзің ең Жанар тауым.
Өзіңді сағынумен,
Тағы да атты таңым.
Әкешім сағынарым,
Сағынды балапаның.
Бақытты болар едім,
Көре алсам сізді жақын.
Сағынышпен еске алушылар: жұбайы – Дәмежан, балалары, немерелері, жиендері.
Әкеміздің қайтыс болғанына 40 күн толуына орай «Диас» мейрамханасында 9-қаңтар
күні сағат 13:00-де құдайы дәм беріліп, құран бағышталады.
Еске алу
Аяулы
ана, асыл
жар, қымбатты досымыз
Рабиға
Байшөкенқызының өмірден өткеніне 40 күн толады. Тосыннан
болған қаза біз үшін орны толмас өкінішке айналып, нұрлы
жүзінде күлкі үйірілген Рабиға мәңгілікке сағындырып кете барды.
Жұмысына тиянақты елгезек, үлкенге ізет, кішіге құрмет білдіре
алатын жаны жайсаң жан еді. Аяулы досымызды еске алып, жаны
жәннатта, жұмақтың төрінде болсын дейміз.
Сағынып сені жақының менен достарың,
Айтады жырғып қосқанда кейде бастарын.
Кеше емес пе еді жүргеніміз жарасып,
Өткінші өмір, екен-ау рас қас- қағым.
Ақылшы едің білетін жөнін кей істе,
Айналып еді отау үй үлкен өріске.
Жүрегің адал, ренжуді ешбір білмеуші ең,
Орының болсын жұмақтың төрі пейіште.
Еске
алушылар: жолдастары-Алдан-Рымкеш, Шалатай-Зүбайра, ДәрібайБақытжамал, Сүндетолла-Күлаш.
КӨҢІЛ АЙТУ
Аудан әкімдігі ауданның Құрметті азаматы Мұзышев Ұзақбайға балдызы КҮЛЗИРА
ӨМІРТАЙҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*****
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Бидайық ОМ ұжымы осы мектептің
шаруашылық меңгерушісі Естаева Сәулеге сіңілісі АЙНАГҮЛДІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*****
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Ынтымақ ОМ ұжымы осы мектептің
ұстазы Әліпова Майраға ағасы ҚАНАТТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына
ортақтасып көңіл айтады
ВНИМАНИЕ, ПЕДИКУЛЕЗ!
Педикулез – это заболевание, вызываемое паразитированием на теле человека кровососущих насекомых – вшей. Существует три разновидности вшей, вызывающих педикулез у человека — головные, лобковые и платяные вши. Вши питаются кровью человека.
Пути заражения. Педикулез чаще развивается при неблагоприятных санитарно-гигиенических условиях, но может возникать и у благополучных граждан при контакте с больным человеком. Невозможно заразиться вшами от животных, так как эти паразиты могут жить
только на человеке. Головные вши обитают на волосистой части головы. Платяные вши обитают на теле, в складках одежды и постельном белье. На коже человека платяные вши
обычно встречаются в области шеи, между лопатками и в области поясницы. Лобковые вши
паразитируют на волосистой части лобка, мошонки, верхней части бедер. В запущенных
случаях могут распространяться на область подмышечных впадин, спину, грудь, бороду,
усы, ресницы и брови. Вши плотно прикрепляются к основанию волоса. Головные и платяные вши передаются от человека к человеку при непосредственном контакте либо через
одежду, белье, предметы обихода, головные уборы, расчески и т.п. Заражение лобковыми
вшами происходит преимущественно при половых контактах, реже через постельное белье
и другие предметы общего пользования, возможно заражение в бане/сауне. Вши являются
переносчиками ряда инфекционных заболеваний, особо опасные из них - сыпной тиф и болезнь Брилля. Симптомы педикулеза. Больного беспокоит кожный зуд в месте укуса вши,
мелкие серовато-голубоватые пятна на коже, расчёсы, которые могут инфицироваться и приводить к развитию гнойничковых заболеваний кожи, наличие гнид в волосах, вшей. От момента заражения до первых признаков болезни может пройти несколько недель.
Лечение. Для лечения педикулеза используют педикулоцидные средства, убивающие вшей
на всех стадиях развития. Препараты продаются в аптеках без рецепта врача. Но оптимально, чтобы лечение назначил врач, с учетом индивидуальных особенностей пациента,
так как имеются противопоказания. Следует отметить, что яйца вшей (гниды) защищены
коконом, из-за чего большая их часть выживает при обработке, поэтому необходим механический способ удаления (вычесывание, стрижка). Одновременно с лечением педикулеза
проводят санитарную обработку и дезинсекцию помещений, белья, верхней одежды, постельных принадлежностей (стирка, утюжка).
Индивидуальная профилактика. Необходимо соблюдать простые правила гигиены и чистоплотности, регулярно мыть тело со сменой белья, осматривать членов семьи на педикулез,
не использовать чужие расчески, головные уборы, одежду.
Родителям на заметку! Важно прививать детям элементарные гигиенические навыки (использование индивидуальных расчёсок, вещей), самостоятельно осматривать детей на педикулёз. В случае выявления педикулёза, сообщать медицинским работникам школы, ДДУ,
чтобы не подвергать заражению других. В случае педикулеза у ребенка, посещающего детский сад или школу, он выводится из коллектива и не допускается в образовательное учреждение до завершения всего комплекса лечебно-профилактических мероприятий.
Педикулез легко предотвратить – но трудно лечить!
Берегите себя и своих детей, будьте здоровы!!!
О.Ш.БАЙЗАКОВА,
Ведущий специалист Управление по защите прав потребителей
Жанааркинского района
ЖЕЛЕЗНАЯ ДОРОГА –
ЗОНА ПОВЫШЕННОЙ ОПАСНОСТИ
Железная дорога для всех, а для детей
особенно - зона повышенной опасности.
Но, как ни странно, именно она привлекает детей и подростков для игр, прогулок
и забав. Однако печальная статистика
должна насторожить как несовершеннолетних, так и взрослых людей, напомнить
им, что только от внимательности и соблюдения, строгих правил поведения на
ж/д зависит здоровье, а порой и наша
жизнь. Несчастные случаи на железных
дорогах наносят обществу огромный
ущерб, в первую очередь - это невосполнимость человеческих потерь.
Каждый человек должен не только сам неукоснительно соблюдать правила поведения на железной
дороге, прислушиваться к сигналам, но и предостерегать других, прежде всего детей. Каждый год
на железнодорожных путях гибнут дети.. Самой распространенной причиной травматизма на железной дороге является собственная неосторожность – неоправданная ничем спешка и беспечность, нежелание пользоваться переходными мостами, настилами, незнание правил безопасности
на железнодорожном транспорте (хождение по путям в неустановленных местах, переход перед
близко идущими поездами на путях перегонов), халатность взрослых, оставляющих своих чад без
присмотра. Говоря о поведении детей на объектах транспорта, приходится отметить, что часто визиты их на железную дорогу связаны отнюдь не с необходимостью воспользоваться транспортом
в качестве пассажиров (да и редкий взрослый отправит ребенка в самостоятельную поездку), а с
играми, забавами - следствием неорганизованного досуга несовершеннолетних. Устраивая игры
на железной дороге, дети не только подвергают опасности свою жизнь и здоровье, но и доставляют
немало осложнений в работе транспорта, угрожают безопасности движения поездов, жизни и здоровью пассажиров, сохранности перевозимых грузов, наносят дороге немалый материальный
ущерб. На железнодорожных путях риск еще в том, что шум от колес по рельсам и соударения автосцепок и других деталей подвижного состава заглушает предупредительные звуковые сигналы
об опасности. Поэтому нужно помнить, что нарушая правила безопасности на железнодорожном
транспорте, рискуете своей жизнью! Уважаемые граждане! Помните! Машинист локомотива не
может сразу остановить поезд и предотвратить наезд. Визуально же, особенно в сумерки, очень
сложно определить, с какой скоростью идет поезд. Ошибка в оценке скорости движения, как правило, стоит ЖИЗНИ! С целью обеспечения безопасности граждан в зонах повышенной опасности
и предотвращения травматизма на железнодорожных путях и платформах необходимо соблюдать
следующие правила: 1.Проезд и переход граждан через железнодорожные пути допускается только
в установленных и оборудованных для этого местах, пользуясь при этом пешеходными мостами,
тоннелями, переездами, путепроводами, а также другими местами, обозначенными соответствующими знаками (при этом внимательно следить за сигналами, подаваемыми техническими средствами и (или) работниками железнодорожного транспорта). 2.На станциях, где мостов и тоннелей
нет, граждане должны переходить ж/д пути по настилам, а также в местах, где установлены указатели «Переход через пути». 3. Перед переходом пути по пешеходному настилу необходимо убедиться в отсутствии движущегося поезда, локомотива или вагона. 4.При приближении поезда,
локомотива или вагонов следует остановиться, пропустить их и, убедившись в отсутствии движущегося подвижного состава по соседним путям, продолжить переход. 5.Проходя к ж/д переезду,
граждане должны внимательно следить за световой и звуковой сигнализацией, а также положением
шлагбаума. Переходить пути можно только при открытом шлагбауме, а при его отсутствии, прежде
чем перейти через пути, необходимо убедиться, не приближается ли к переезду поезд, локомотив
или вагон. 6.Проезд гражданина в инвалидной коляске через ж/д пути допускается только по пешеходным переходам и обязательно с сопровождающим. ЗАПРЕЩАЕТСЯ на железнодорожных
путях и пассажирских платформах: подлезать под пассажирскими платформами и ж/д подвижным
составом; перелезать через автосцепные устройства между вагонами; заходить за ограничительную
линию у края пассажирской платформы; бежать по пассажирской платформе рядом с прибывающим или отправляющимся поездом; устраивать различные подвижные игры; оставлять детей без
присмотра (гражданам с детьми); прыгать с пассажирской платформы на ж/д пути; проходить по
ж/д переезду при запрещающем сигнале светофора переездной сигнализации независимо от положения и наличия шлагбаума; подниматься на опоры и специальные конструкции контактной
сети и воздушных линий и искусственных сооружений; прикасаться к проводам, идущим от опор
и специальных конструкций контактной сети и воздушных линий электропередачи; приближаться
к оборванным проводам; находиться в состоянии алкогольного, токсического или наркотического
опьянения; повреждать объекты инфраструктуры ж/д транспорта общего пользования и (или) ж/д
путей не общего пользования; повреждать, загрязнять, загораживать, снимать, самостоятельно
устанавливать знаки, указатели или иные носители информации; оставлять на ж/д путях вещи;
иметь при себе предметы, которые без соответствующей упаковки или чехлов могут травмировать
граждан; иметь при себе огнеопасные, отравляющие, воспламеняющиеся, взрывчатые и токсические вещества. ЗАПРЕЩАЕТСЯ при пользовании ж/д подвижным составом: подходить к вагонам
до полной остановки поезда; прислоняться к стоящим вагонам; оставлять детей без присмотра
при посадке в вагоны и (или) высадке из вагонов (гражданам с детьми); осуществлять посадку и
(или) высадку во время движения; стоять на подножках и переходных площадкам; задерживать
открытие и закрытие автоматических дверей вагонов; высовываться из окон вагонов и дверей тамбуров; проезжать в местах, не приспособленных для проезда; повреждать ж/д подвижной состав;
подлезать под ж/д подвижным составом и перелезать через автосцепные устройства между вагонами; подниматься на крыши ж/д подвижного состава; курить в вагонах пригородных поездов;
курить в местах, не предназначенных для курения, в пассажирских поездах. Действия граждан
при нахождении на ж/д путях и пассажирских платформах, при посадке в вагоны и (или) высадке
из вагонов: не создавать помех для движения ж/д подвижного состава; принимать все возможные
меры для устранения помех; обеспечить информирование о помехах работников инфраструктур
ж/д транспорта общего пользования и (или) ж/д путей не общего пользования; отходить на расстояние, при котором исключается воздействие воздушного потока, возникающего при приближении ж/д подвижного состава; подать сигнал возможным способом в случаях возникновения
ситуации, требующей экстренной остановки ж/д подвижного состава; держать детей за руку или
на руках (гражданам с детьми); информировать о посторонних и (или) забытых предметах, при
возможности, работников инфраструктуры ж/д транспорта общего пользования и (или) ж/д путей
не общего пользования; осуществлять посадку и (или) высадку, не создавая помех другим гражданам; осуществлять посадку и (или) высадку только при полной остановке поезда; осуществлять
посадку и (или) высадку только со стороны пассажирской платформы (в специально отведенных
и приспособленных местах ж/д станций). осуществлять посадку и (или) высадку, держа детей за
руку или на руках (гражданам с детьми); Уважаемые взрослые! Не проходите мимо детей, нарушающих правила поведения на объектах железнодорожного транспорта и подвергающих опасности свое здоровье и жизнь. Сегодня ВЫ остановите чужого ребенка, завтра кто-нибудь другой
поможет уберечь от беды ВАШЕГО. е оставляйте без внимания случаи нарушения правил поведения граждан и несовершеннолетних детей на территории железнодорожного транспорта. Помните: соблюдение правил позволит сохранить жизнь и здоровье Вам и Вашим близким.
Құттықтаймыз!!!
Құрметті әріптесіміз Гүлнар Қылышбекқызы!
«Өмір саған жылы сезім арнасын
Қайғы мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әр қашан
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын» деп сені туған күніңмен құттықтаймыз. Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап
болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық
орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
С.Сейфуллин атындағы кітапхана ұжымының кәсіподағы
Жеңісті күндер жалғасуда
Бокс. Қарағанды қаласында 1998-1999 ж.т. жастар, 2000-2001, 2002-2003 ж.т. қыздар арасында
бокстан Қарағанды облысының ашық чемпионаты өтті. Осы жарысқа қатысқан былғары қолғап
шеберлеріміз жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ І орынды О.Жұмабеков ОМ 11 сынып
оқушысы Ж.Каримова (64кг), ІІІ орынды №132 ОМ оқушылары М.Төлеуова (44 кг), А.Телеубаева (48кг) және Ю.Гагарин ОМ оқушысы А.Нарбаева (70кг), Е.Әби 51 кг салмақта ІІІ
орынды иеленді. Жаттықтырушылары – Қ.Хасенов, Ш.Сәлкенұлы.
Сондай - ақ бокстан 2003, 2004-2005 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Қазақ хандығының 550
жылдығына арналған жарыс өтіп, біздің былғары қолғап шеберлеріміз командалық есепте қола
жүлдегер атанды. Үздік техника номинациясын Д.Шабанов (№132 ОМ),Д.Рамазанов (Б.Амалбеков ОМ), И.Кипоренько (Б.Амалбеков ОМ) иеленсе, қалған жасөспірімдер
ұйымдастырушылардың мақтау қағазы және медальдарымен марапатталды.
Тоғызқұмалақ. Мереке күніне арналып өткізілген турнир қортындысы бойынша ерлер арасында І орынды Қ.Байғабылов, ІІ орынды С.Мейізбеков, ІІІ орынды М.Арунов жеңіп алды.
Қыздар арасында І орынды Г.Қасымова, ІІ орынды А.Қасым, ІІІ орынды Ә.Қонқыбаева жеңіп
алды. Жарыс жеңімпаздарына аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің тағайындаған
мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Бокс. ҚР Тәуелсізідігі күніне арналып аудандық ашық турнир өткізілді. Жарысқа Приозерск,
Абай, Сәтбаев, Жезқазған, Балқаш, Екібастұз қалаларынан және Атасу станциясы мен Жаңаарқа
ауданының 100-ге тарта спортшылары қатысты. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің
тағайындаған медальдары мен мақтау қағаздары табыс етілді.
Денешынықтыру және спорт бөлімі
МӘДЕНИЕТ
Ұстазы жақсының ұстанымы
жақсы...
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан білімді де өнерлі жастарға
қолдау көрсетіліп, олардың шыңдалуына барлық мүмкіндіктер
жасалған. Сондай мүмкіндіктің бірі – «Дипломмен ауылға»
мемлекеттік бағдарламасы. Бұл бағдарлама арқасында оқу
орындарын ойдағыдай бітіріп, белгілі бір мамандық иесі
болған жастар ауылдық жерлерге келіп, өз үлестерін қосуда.
Сондай жалынды жастардың қатарында ауданымызға 2013
жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген Уәлихан
Шекимов та бар. Астана қаласындағы «Қазақ Ұлттық өнер академиясында» халық аспаптар бөлімінің домбыра мамандығын
бітірген жас талант иесі бүгінгі күні аудан орталығындағы музыка мектебінде шәкірт тәрбиелеп, домбырадан дәріс беріп келеді. Екі жылдан асқан уақыт ішінде Уәлихан Шекимовтың
жеткен жетістіктері мен алған асулары аз емес. Оның оқытқан
шәкірттері облыстық түрлі байқаулардан жүлделі орындарға ие болып келеді. Таяуда
Қарағанды қаласында өткен І облыстық «Шабыт шаттығы» байқауына қатысып, домбыра
тартудан шеберлігін танытқан Уәлихан Шекимов «Солист» номинациясын иеленіп, жоғарғы
дәрежелі дипломды еншілеп қайтты. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей,
ауданымыздың мерейін үстем еткен өнер иесі тәлімді шәкірт тәрбиелеуде әрқашан өз үлесін
қосатынына сеніміміз мол.
Баспасөз қызметі
Филиал ТОО “Компания “Жол жөндеуші” - “Карагандинская дирекция по ремонту
пути” предлагает по станции Жана-Арка следующие виды услуг: предоставление в аренду
подъезных путей; предоставление в аренду производственных охраняемых площедей; предоставление в аренду производствнной базы с крановым хозяйством расположенной в районе локомотивного депо.
По всем вопросам обращаться по телефонам: 8 (7102) 92-54-81, 8 (7202) 92-54-75, 8 (7104)
26-02-70.
Жарамсыз деп саналсын
Туткушев Нуржан Сериковичтің атына 2006 жылы берілген Ю.А.Гагарин атындағы орта
мектепті бітіргендігі жөніндегі №2248823 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз
деп саналсын
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
ОБЪЯВЛЕНИЕ
В микрофинансовую организацию “KMF (КМФ)” в п. Атасу требуется кредитный эксперт. Требования: образование - высшее или
средне-спецальное, желательно наличие опыта и личного авто.
Телефоны: 8 (7212) 42-51-33,
8 (701) 784-38-98.
Жанааркинская дистанция сигнализации и связи.
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
СПОРТ
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газетті баспаға әзірлеген: САЛТАНАТ БАЛТАБАЙҚЫЗЫ
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1350 дана
Тапсырыс №62
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
34
Размер файла
14 386 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа