close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 63 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
ЖАҢА
2016
ЖЫЛ
Елбасының Жолдауы талқыланды
Жақында аудан әкімі Ғ.Омаров аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданымыздың еңбек ардагерлері мен зейнеткерлердің басын қосып, Елбасының биылғы Жолдауын талқылау
жөнінде кездесу өткізді. Аудан әкімі өз сөзінде Жолдаудың нақты бағыттарына тоқталып,
түсіндірді.
-Құрметті ардагерлер! Сіздердің бірауызды жұмыстарыңыз ел Тәуелсіздігінің нығайып,
мемлекет ішіндегі татулық пен достықтың қалыпты болуына зор үлесін тигізді. Сіздер мен
біздердің бүгінгі күні міндетіміз айқын, бағытымыз біреу. Ол Елбасының биылғы “Қазақстан
жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму” атты стратегиялық құжатында
толыққанды бағыттармен көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу.
Бүгінгі сіздермен кездесу сәтін пайдалана отырып, Жолдаудың басым бағыттары ауданымызда қалай жүзеге асырылатынына тоқтала кеткім келеді.
Елбасы дағдарыс тығырығынан шығу, жаңа белестерді бағындыру, қандай қиындықтар
болса да әлемдегі озық 30 елдің қатарынан көріну мақсатынан таймау үшін 5 халықтық реформаны жүзеге асыратын 100 нақты ұлт қадамына қуат беретін 5 бағытты айқындап берді,дей келе оларға жеке-жеке тоқталды. Олар: қаржы жүйесін тұрақтандыру, бюджеттік
шығыстарды жетілдіру, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инвестициялық климатты
оңтайландыру, жаңа әлеуметтік саясат. Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Ғ.Омаров
барша халық болып бірігіп, қиындықтарды жеңіп, жауапты міндеттердің абыроймен
атқарылатындығын айтты. Ал, еңбек ардагерлері болса Елбасының әлемнің 30 дамыған
елінің қатарына кіру туралы бастамасының нақты жүзеге асатынына сенім білдірді.
Ардагерлер конференциясы өтті
Өткен аптада аудандық ардагерлер кеңесінің конференциясы өтті. Оған аудан әкімі,
аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, кент, ауылдық округ
әкімдері, мекеме басшылары, ауданымыздағы бастауыш ұйымдардан 49 делегат қатысты.
Күн тәртібі бойынша есепті мерзім аралығында ардагерлер ұйымының атқарған
жұмысы жайында аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы
Қайрулла Әбеуов баяндама жасады. Ұйымның назарынан ардагерлердің ең алдымен
соғысқа қатысқандар мен мүгедектердің, тыл еңбеккерлерінің дәрігерлік көмекпен
қамтылуы олардың шипажайларға барып емделуі, дәрі дәрмекпен қамтамасыз етілуі
тыс қалып көрген емес. Ардагерлердің араласуымен ауданымызда түрлі ізгілікті, мәдени
қоғамдық шаралар атқарылып жатқандығын тілге тиек ете келе, ауданның тыныс тіршілігінде ардагерлердің орыны ерекше екенін баса айтты. Баяндама бойынша
жарыссөзге шыққан еңбек ардагерлері Ә.Майшин, С.Омаров, А,Әбжанов, Е.Асанбаев,
А.Тишмағанбетовтер ұйым жұмысындағы жетістіктер жайында айта келіп, шешімін
күткен мәселелерге де тоқталды. Оллар ардагерлер кеңесінің жыл ішіндегі атқарылған
жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Конференцияда 51 адамнан тұратын ардагерлер кеңесінің жаңа құрамын сайлады. Ұйымдастыру пленумы өтіп, 19 адам алқа
мүшелігіне сайланды. Сондай ақ, тексеру комиссиясының құрамы және облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясына делегаттар сайланды. Аудандық ардагерлер кеңесінің
осы уақытқа дейін жұмыс атқарып келген төрағасы Қ.Әбеуовтың
өтініші
қанағаттандырылып, ол ардагерлер кеңесі төрағалығынан босатылды. Жаңа төраға
болып, көпшілік делегаттардың ұсынысымен және қолдауымен Ғалым Төтеев сайланды.
Ал, төрағаның орынбасары етіп Қамбар Сейткамаловты бірауыздан бекітті.
Жиын соңында кеңесті қорытындылаған аудан әкімі Ғабдрахман Омаров біраз жыл ардагерлер кеңесінің төрағасы болған Қ.Әбеуовке атқарған қыруар еңбектері үшін
ризашылығын білдіріп, иығына шапан жауып, «Алғыс хатпен» марапаттады.
Өз тілшімізден
№63 (9713), 30 желтоқсан, 2015 жыл
ҚҰТТЫ
БОЛСЫН!
Аудан әкімінің 25.12.2015 жылғы
№ 54 нқ өкіміне сәйкес
Аудан әкімі, кент және ауылдық округтері әкімдерінің
халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу
туралы» 2013 жылғы 15 тамызындағы №615 Жарлығына сәйкес атқарушы органдардың
халық алдындағы жауапкершілігін арттыру және халықты мемлекеттік басқару процесіне
кеңінен тарту мақсатында:
1.Кенттер және ауылдық округтер әкімдері халыққа есеп беру кездесулерін 2016 жылдың
қаңтар айының 14-нен ақпан айының 1-ші жұлдызы аралығында өткізу, ал аудан әкімінің
кент және ауылдық округтердегі есептік кездесулері кент және ауылдық округтер
әкімдерінің тиісті әкімшілік аумақтың орталықтарында өткізілетін есептік кездесулерімен
бірге өткізілуі қамтамасыз етілсін;
2.Аудан әкімінің ақырғы халыққа есеп беру кездесуі 2016 жылдың ақпан айының 11-ші
жұлдызында өткізілсін;
3. Аудан әкімі, кент және ауылдық округтер әкімдері есептік кездесулер барысында жасалатын есептерінде алдыңғы есептік кездесулер барысында түскен ескертулер мен
ұсыныстарды іске асыру бойынша атқарылған іс-шаралар туралы, елде және аймақтарда
жүргізіліп жатқан реформалардың жүзеге асырылуы, Мемлекет басшысының «Қазақстан
жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған
Жолдауында берген тапсырмаларының іске асырылуы туралы, тиісті әкімшілік-аумақтық
бірліктің әлеуметтік-экономикалық дамуының міндеттері мен негізгі бағыттары, әкімшілікаумақтық бірліктің негізгі мәселелері және оны шешу бойынша атқарылып отырған
жұмыстар туралы, әкімнің алдағы жылға және жақын болашақтағы іс-қимыл бағдарламасы
туралы баяндамада болуын қамтамасыз етсін;
4.Аудан әкімінің, кент және ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулерін өткізудің
желілік кестесі бекітілсін (№1, №2 қосымша). Ол аудандық «Жаңаарқа» газеті беттерінде
жариялансын;
5.Тұрғын халықтың ұсыныстарын, ескертулерін және үн қатуларын жинақтау, есептік
кездесулердің өту тәртібін жасау, адамдардың көп жиналатын орындарына стационарлық
жәшіктердің жеткілікті санын орналастыру, әкімдіктерде «ыстық желілер» ұйымдастыру
аудан әкімі аппараты басшысы Қ.Қожықаевқа жүктелсін;
6.Аудан әкімінің есептік баяндамасының жобасын дайындауды және оны аудандық газет
бетінде жариялауды қамтамасыз ету, кент және ауылдық округтер бойынша аңықтама
құжаттарды әзірлеу аудан әкімінің орынбасарлары Ю.Бекқожинға, М.Жандаулетовке,
Б.Мұқановқа, аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Қожықаевқа жүктелсін;
7.Есеп беру науқаны кезінде елді мекендерге баратын автокөлік жолдарының қардан
тазалығын және жол қауіпсіздігін сақтауды ұйымдастыру аудан әкімінің орынбасары
Б.Мұқановқа, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ә.Бөгенбаевқа (келісім бойынша) тапсырылсын;
8. Есеп беру науқаны мерзімінде аудандық газет беттерінде есеп беру кездесулерін өткізуге
байланысты тұрақты айдарлар ашу ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Казимовқа, аудандық
«Жаңаарқа» газетінің редакторы Д.Жұмасейтовке жүктелсін;
9.Әкімдердің есептік кездесулерінде тұрғын халықтан түскен ұсыныстар мен ескертулерді
жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар соңғы есеп беру кездесуі өткізілген күннен 10 күннен
кеш емес уақыт ішінде бекітілсін;
10.Есеп беру кездесулеріне байланысты тұрақты мониторинг жүргізу аудан әкімі аппараты
басшысы Қ.Қожықаевқа, аудан әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз
ету бөлімінің басшысы Б.Ақыжановқа тапсырылсын;
11.Әкімдердің есеп беру кездесулері кезінде тұрғын халықтан түскен ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары экономика және қаржы бөліміне
ұсынылсын;
12.Әкімдердің есептік кездесулеріне дайындық және өту барысында тұрғын халықтан
түскен ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру жөнінде бекітілген іс-шаралардың іске
асырылуы туралы тұрғын халықты ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы тоқсан сайын хабардар ету аудан әкімі аппаратының бақылау және
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Ақыжановқа жүктелсін;
13.Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына сәйкес кент және ауылдық
округтер әкімдері қызметін рейтингтік бағалау кезінде әкімдердің есеп беру кездесулерінде
тұрғын халықтан түскен ұсыныстар мен ескертулерді орындаудағы атқарып отырған
жұмыстары ескерілсін;
14. Осы өкімнің орындалысына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Жаңаарқа ауданы әкімі
Ғ.Омаров
Аудан әкімінің «Аудан әкімі, кент және
ауылдық округтері әкімдерінің халыққа есеп беру
кездесулерін өткізу туралы»
«____» ______________ 2015 жылғы № ______ өкіміне №1 қосымша
Аудан әкімінің тұрғын халықпен есепті кездесулерін өткізудің
Рет
саны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
ЖЕЛІЛІК
Есептік кездесудің өтетін жері
Айнабұлақ ауылдық округі
Қараағаш ауылдық округі
Ақтасты ауылдық округі
С.Сейфуллин ауылдық округі
Ақтау ауылдық округі
Қызылжар кенті
Түгіскен ауылдық округі
Ералиев ауылдық округі
Ақтүбек ауылдық округі
М.Жұмажанов ауылдық округі
Байдалы би ауылдық округі
Целинный ауылдық округі
Бидайық ауылдық округі
Атасу кенті
Атасу кенті
КЕСТЕСІ
Есептік кездесудің өтетін күні
және уақыты
15.01.2016 ж. сағ.11.00
15.01.2016 ж. сағ.15.00
18.01.2016 ж. сағ.11.00
18.01.2016 ж. сағ.15.00
20.01.2016 ж. сағ.11.00
22.01.2016 ж. сағ.11.00
22.01.2016 ж. сағ. 1500
25.01.2016 ж. сағ.11.00
25.01.2016 ж. сағ.16.00
27.01.2016 ж. сағ.11.00
27.01.2016 ж. сағ.15.00
29.01.2016 ж. сағ.11.00
29.01.2016 ж. сағ.15.00
01.02.2016 ж. сағ,11.00
10.02.2016 ж.
сағ.11.00
Есептік кездесуді
өткізетін орын
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Клуб ғимараты
Н.Крупская атындағы
орта мектеп
Мәдени-сауық
орталығы
«Аудан әкімі, кент және ауылдық округтері әкімдерінің
халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
«____» ______________ 2015 жылғы № ______ өкіміне №2 қосымша
Кент және ауылдық округтер әкімдерінің халық
алдында есептік кездесулерінің
ЖЕЛІЛІК КЕСТЕСІ
№ Кент және ауылдық
п/п
округтер атауы
Айнабұлақ ауылдық
1
округі
Кент және ауылдық
округтер әкімдерінің
тегі, аты-жөні
С.Шумбулов
2
Қараағаш ауылдық
округі
Ғ.Оспанов
3
Ақтасты ауылдық
округі
М.Мұқажанов
4
Сейфуллин ауылдық
округі
К.Кокин
5
Ақтау ауылдық округі
А.Отарбаев
7
Түгіскен ауылдық
округі
Ө.Кенжетаев
6
Қызылжар кенті
Р.Балкенов
8
Ералиев ауылдық
округі
Е.Мәмбетов
9
Ақтүбек ауылдық
округі
А.Аманбаев
10
М.Жұмажанов
ауылдық округі
Д.Бүкірбаев
11
Байдалы би ауылдық
округі
Ж.Тажитов
12
Целинный ауылдық
округі
М.Сәдуақасов
13
Бидайық ауылдық
округі
С.Баязитов
14
Атасу кенті
Р.Түсіпов
Есептік
кездесудің күні Есептік кездесудін өтетін
және уақыты
орны
15.01.2016 ж.
сағ.11.00
Айнабұлақ ауылы
14.01.2016 ж. Орман шаруашылығы елді месағ.11.00
кені
15.01.2016 ж.
сағ.15.00
Ынталы ауылы
14.01.2016 ж
Жаңа Алғабас елді мекені
сағ.11.00
18.01.2016 ж.
сағ.11.00
Ақтасты ауылы
14.01.2016 ж.
Алгабас елді мекені
сағ.11.00
15.01.2016 ж.
Жаңаталап елді мекені
сағ.11.00
18.01.2016 ж.
сағ.15.00
Ынтымақ ауылы
14.01.2016 ж.
сағ.11.00
Қылыш елді мекені
15.01.2016 ж.
Айшырақ елді мекені
сағ.11.00
20.01.2016 ж.
Ақтау ауылы
сағ.11.00
22.01.2016 ж.
Қызылжар кенті
сағ.11.00
14.01.2016 ж.
сағ.11.00
Кенжебай-Самай елді мекені
22.01.2016 ж.
сағ.15.00
Түгіскен ауылы
14.01.2016 ж.
сағ.11.00
189 рзд, Ақбастау елді мекені
15.01.2016 ж.
Жомарт стансасы
сағ.11.00
18.01.2016 ж.
Аралтөбе елді мекені
сағ.11.00
25.01.2016 ж.
Ералиев ауылы
сағ.11.00
14.01.2016 ж.
сағ.11.00
Атасу стансасы
15.01.2016 ж.
сағ.11.00
Манадыр стансасы
18.01.2016 ж.
Өркендеу елді мекені
сағ.11.00
25.01.2016 ж.
Ақтүбек ауылы
сағ.16.00
14.01.2016 ж.
Байғұл елді мекені
сағ.11.00
27.01.2016 ж.
сағ.11.00
М.Жұмажанов ауылы
14.01.2016 ж.
сағ.11.00
Ескене елді мекені
15.01.2016 ж.
117 рзд
сағ.11.00
27.01.2016 ж.
Атасу ауылы
сағ.15.00
14.01.2016 ж.
сағ.11.00
Бидайық-2 елді мекені
29.02.2016 ж.
Орынбай ауылы
сағ.11.00
14.01.2016 ж.
сағ.11.00
Ақтайлақ елді мекені
15.01.2016 ж.
69 рзд.
сағ.11.00
29.01.2016 ж.
Оросительное ауылы
сағ.15.00
14.01.2016 ж.
сағ.11.00
С.Сейфуллин ОМ
15.01.2016 ж.
сағ.11.00
ТЧ-15 (Депо)
18.01.2016 ж.
сағ.11.00
О.Жұмабеков атындағы ОМ
19.01.2016 ж.
сағ.11.00
ПЧ-28
01.02.2016 ж.
сағ.11.00
Б.Амалбеков ОМ
2
30 желтоқсан 2015 жыл
Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғындардың ұсыныстар мен ескертулер
жазылған хаттарын салатын жәшіктер қойылған орындар:
Рет
саны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Тұрғын халықтан түскен ұсыныстар мен ескертулерге
арналған жәшіктердің елді-мекенде орналасқан жері
Аудан әкімдігі, Атасу кенті әкімдігі, С.Сейфуллин атындағы
аудандық кітапхана, Халыққа қызмет көрсету орталығының
ғимараты, аудандық пошта торабының ғимараты, аудандық ауруАтасу кенті
хана, №28 жол дистанциясы, локомотив депосы.
Қызылжар кенті
Орта мектеп ғимараты, пошта ғимараты
Ақтүбек ауылы – мектеп ғимараты, Өркендеу елді мекені – мектеп
ғимараты, Атасу станциясы – мектеп ғимараты, Манадыр станциясы
Ақтүбек ауылдық округі – мектеп ғимараты
Айнабұлақ ауылдық округі Айнабұлақ ауылы – клуб ғимараты, мектеп ғимараты
Ақтасты ауылдық округі Ақтасты ауылы – клуб ғимараты
Ақтау ауылы - мектеп ғимараты, Қылыш елді мекені – мектеп
Ақтау ауылдық округі
ғимараты.
Оросительное ауылы - мектеп ғимараты, №69 разъезд – станция
Бидайық ауылдық округі ғимараты, Ақтайлақ елді мекен – мектеп ғимараты
Атасу ауылы – клуб ғимараты, №117 разъезд – станция ғимараты,
Байдалы би ауылдық округі Ескене елді мекені – клуб ғимараты
Ералиев ауылы – мектеп ғимараты, №189 разъезд – мектеп
Ералиев ауылдық округі ғимараты, Жомарт станциясы – мектеп ғимараты
М.Жұмажанов атындағы М.Жұмажанов атындағы ауыл – мектеп ғимараты, Байғұл елді меауылдық округ
кені – мектеп ғимараты
Ынталы ауылы – мектеп ғимараты, Орман шаруашылығы елді меҚараағаш ауылдық округі кені – мектеп ғимараты
Ынтымақ ауылы - мектеп ғимараты, Алғабас елді мекені – мектеп
Сейфуллин ауылдық округі ғимараты, Жаңаталап елді мекен – мектеп ғимараты
Түгіскен ауылы - мектеп ғимараты, Кенжебай-Самай елді мекені –
Түгіскен ауылдық округі мектеп ғимараты
Орынбай ауылы - мектеп ғимараты, клуб ғимараты, Бидайық-2
Целинный ауылдық округі елді мекені – мектеп ғимараты
Елді-мекен атауы
ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!
Аудан әкімінің, кент және селолық округтер әкімдерінің тұрғындармен есепті
кездесулерінің өтулеріне орай, әр тұрғынның жергілікті атқарушы органдардың
жұмыстарына байланысты ұсыныстары мен тілектерін, өтініштерін ортаға салып хабарласуы үшін аудан әкімдігінде, барлық селолық округтерде арнайы тікелей телефондар жұмыс істейді.
Ғ.Омаров
Ю.Бекқожин
М.Жандаулетов
Б.Мұқанов
Р.Түсіпов
Р.Балкенов
Д.Бүкірбаев
А.Аманбаев
С.Шумбулов
А.Отарбаев
С.Баязитов
М.Мұқажанов
Ж.Тажитов
Е.Мамбетов
Ғ.Оспанов
К.Кокин
Ө.Кенжетаев
М.Сәдуақасов
ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІ:
- аудан әкімі
- аудан әкімінің орынбасары
- аудан әкімінің орынбасары
- аудан әкімінің орынбасары
- Атасу кентінің әкімі
- Қызылжар кентінің әкімі
- М.Жұмажанов ауылдық округінің әкімі
- Ақтүбек ауылдық округінің әкімі
- Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі
-Ақтау ауылдық округінің әкімі
- Бидайық ауылды округінің әкімі
- Ақтасты ауылдық округінің әкімі
- Байдалы би ауылдық округінің әкімі
- Ералиев ауылдық округінің әкімі
- Қараағаш ауылдық округінің әкімі
- С.Сейфуллин ауылдық округінің әкімі
- Түгіскен ауылдық округінің әкімі
- Целинный ауылдық округінің әкімі
2-61-01
2-66-59
2-61-01
2-88-73
2-69-80
5-08-03
5-18-96
2-53-79
87105951857
87105953061
2-47-05
5-03-22
2-45-00
2-96-13
2-41-95
2-43-55
2-34-46
5-21-86
Жолдауға - қолдау
Жаңашылдық – даму бастауы
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар,
даму» атты Жолдауында ел экономикасын өркендетуге бағытталған жаңа міндеттер
анықталды. Жолдауда көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, ауыл шаруашылығын дамыту ісіне
де елеулі серпін берілмек. Нақты айтқанда, келер жылдан бастап ауыл шаруашылығы кооперациялары, жайылымдық жерлер, органикалық өндіріс және жер туралы заңнамаларға
өзгерістер енгізілмек. Осы заңдардағы жаңашылдықтарды кеңінен түсіндіру мақсатында
облыс әкімінің орынбасары Ш.Мамалинов ауданымызға арнайы келді. Ауданымызға іс-сапармен келген одақ төрағасының орынбасары С.Жұмағатов жиын барысында одақ
жұмысынан ақпарат берді. Басқосуға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Б.Асанов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы А.Шалмағанбетов,
аудан әкімі Ғ.Омаров, Жезқазған қаласы, Ұлытау ауданы және ауданымыздың ауыл
шаруашылығы тауарларын өндірушілері, шаруа қожалықтарының басшылары, ауылдық
округтері әкімдері қатысты.
Жиын барысында агроөнеркәсіп кешені саласының субсидиялаудағы реформалар,
жоғарыда айтылған заңдардағы өзгерістер туралы облыстық ауылшаруашылығы
басқармасының басшысы Б.Асанов түсіндіріп берді.
Жер кодексіне енгізілген өзгертулер туралы ақпарат берген облыстық жер қатынастар
басқармасының басшысы А.Шалмағанбетовтың айтуынша, алдағы уақытта пайдаланылмай
жатқан жерлерге қатысты салық көлемі 10 есе ұлғаяды. Бұл орайда фермерлер екі әдіске
жүгіне алады. Біріншісі, пайдаланылмай жатқан жер алқабын жеделдетіп кәдеге жарату
болса, екінші жолы – сол жерді мемлекет меншігіне тапсыру қажет. Ал, мемлекетке
тапсырылған жерлер кейін басқа әлеуетті инвесторлардың иелігіне берілмек. Бұл
қажеттіліктер ауыл шаруашылығы жерлерін нарықтық айналымға енгізу мақсатында қолға
алынуда.
Жиын барысында Қазақстан фермерлері одағы төрағасының орынбасары С.Жұмағатов
облыс көлемінде одақ филиалын құру қажеттігіне тоқталды. Одақ жұмысының негізгі
бағыттарын атап өтті.
Жиында одақ филиалы кеңесінің мүшелігіне үміткерлер есімі нақтыланды. Алдағы уақытта
төраға сайланып, қарқынды жұмыстар ырғағы жолға қойылмақ.
Баспасөз қызметі
30 желтоқсан 2015 жыл
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті жала
жабу фактісін әшкереледі
Ахметовтің ісі бойынша сотталған адамның туған ағасы «Қаржы полициясы
қызметкерлерінің ашық үндеуі» деп аталатын хатты ұйымдастырғанын мойындап, жоғары
лауазымды шенеунікке жала жапқаны үшін кешірім сұрады. Кеше Қарағанды қаласының
Қазыбек би аудандық сотында «Қаржы полициясы қызметкерлерінің ашық үндеуі» деп аталатын хатты таратқаны үшін айыпталған Дәулет Сәрсенбаевқа қатысты сот отырысы өтті.
Айыпкер – Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталғандардың бірінің ағасы. Естеріңізге сала
кетейік, биылғы жылдың күзінде әлеуметтік желілерде Ахметовтің ісін тергеп жатқан тергеу
тобының бірнеше қызметкері тергеу кезінде жалған әрекеттерге жол берілгенін мойындап
отыр деген мазмұндағы «Үндеу» таратылған болатын. Мұны былай қойғанда, осы хатты
ұйымдастырушылар бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерді, оның ішінде,
Нығматулиндер әулетін тілге тиек етеді. Хат жалған болып шықты – Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері біршама техникалық сараптамалар жүргізу
нәтижесінде арандатушылық әрекетінің дәрменсіздігін толық дәлелдеді. Тергеу нені
көрсетті? Біріншіден, арнайы қызмет қызметкерлері бірнеше заттай айғақтамаларды, оның
ішінде, айыпкердің компьютерін тәркіледі. Компьютерден жалған хат таратылғаннан кезден
анағұрлым ертерек жазылған «Үндеудің» түпнұсқасы табылды. Екіншіден, 50-ден аса
куәгерден жауап алынды. Олардың берген мәлімет-деректерінің негізінде Сәрсенбаевтың
жалған хатты дайындауға қатыстылығы нақтыланды. Бірнеше мәрте өткізілген бетпе-бет
жүздесулерден кейін және заттай айғақтамалардан бұлтара алмайтынын түсінген айыпкер
өз кінәсін мойындады.
– Мен істеген ісім үшін кінәлімін. Тергеу тобынан, Қожамжаровтан және Нығматулиндер
әулетінен кешірім сұраймын,– деп мәлімдеді айыпкер. Оның айтуынша, Ахметовтің ісі бойынша сот жүріп жатқан кезде ол өзінің інісі – Бауыржан Әбдішевке көмектесу тәсілдерін
іздестірген. Сосын ең тиімді жол – БАҚ-та және әлеуметтік желілерде қоғамдық пікір тудырып, сот шешіміне ықпал ете алатындай ақпарат орналастыру деп шешім қабылдаған.
Міне, осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро төрағасы
Қайрат Пернешұлы Қожамжаров пен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің атына айтылған кінә тағулар ұйымдастырылған
түрдегі жала жабу болып шықты. Қылмыстық істер кодексінің 3 бөлімі, 419 бабына сәйкес,
көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Дәулет Сәрсенбаев 2 жылға шартты түрде сотталды.
Ауыл әкімдерінің есебі
Е.МӘМБЕТОВ, Ералиев ауылдық округінің әкімі:
Мемлекетіміздің ауылшаруашылық саласын тұрақты қолдауының арқасында, ауылымыздың
шаруашылықтары мал басын асылдандырумен айналысып, несиелер алып,
шаруашылықтарын дамытып отыр. Округімізде 7069 бас ірі қара, 16883 бас қой-ешкі, 5543
бас жылқы, 6 түйе, 931 тауық бар. Биылғы жылы шаруа қожалықтары 2 трактор алды.
Жалпы Ералиев ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарында 19 трактор бар, оның 7-еуі
лизингке алынған. «Жұмыспен қамту -2020»жол картасы бағдарламасы бойынша 2015
жылы 17 адам жаңадан салынып жатқан дәрігерлік амбулатория құрылысына уақытша
жұмысқа алынды. 2015 жылы 28 қаңтардағы тұрғындардың алдындағы есепті кездесуі өтіп,
ол кездесуде ұсыныстар түскен болатын, ол бойынша амбулатория құрылысы басталды,
«Сарыарка-ENERGY» ЖШС-нің демеушілігімен 2014 жылы ауылымыздың орталығынан
монша құрылысы басталып, әлі де құрылыс жұмысы жалғасуда. Кешенді даму 2014-2016
жылдарға арналған бағдарламамызда 2015 жылға ауылдың кіреберіс 11 км жолына орташа
жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге кешенді даму 2014-2016 жылдарға арналған
бағдарламада мұнара ауыстыру жоспарланған болатын. Биылғы жылы тозығы жеткен
мұнараны ауыстырдық . Таудағы ұңғыманың (скважина) насосы айырбасталды. Сонымен
қатар су жіберетін подвалдағы екі насостың бірі жанып кеткен болатын , соны ауыстырып
салды. Сонымен қатар көктемде Ақбастау, РЗД-189 елді мекеніне баратын Сарысу өзенін
көктемде су шайып кеткен болатын. «Сарыарка-ENERGY» Жабық Шағын серіктестігінің
демеушілігімен су шайған көпірді қайта қалпына келтіріп, Ақбастау, РЗД-189 елдімекеніне
баратын жолға орташа жөндеу жұмысын жүргізіп берді.
Д.БҮКІРБАЕВ, М.Жұмажанов атындағы ауылдық округтің әкімі:
Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша жалпы халық саны - 871 адамды құрайды.
Экономикалық белсенді бөлігі – 435 адам. Жалпы жер көлемі - 145233 га. Шаруа қожалық
саны – 34. Ауылдық округтің негізгі жұмыс бағыты - мал шаруашылығы. М.Жұмажанов
ауылындағы құрылысы облыстық бюджеттен 499,3 млн теңгеге жобаланған 150 орындық
екі қабатты жаңа мектептің құрылыс жұмыстары 2014 жылдың мамыр айында басталып,
қазіргі таңда бөлінген 379,3 млн теңге қаржы игерілді. Қалған қаражат бөлінетін болса, 2016
жылдың қыркүйек айына дейін мектеп ғимаратының сыртқы абаттандыру жұмыстары
аяқталып, оқу жылының басынан бастап қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
Аудан орталығындағы мектептерде оқитын ауыл оқушыларын мектепке дейін тегін алып
баруды және кері алып келуді ұйымдастыру шаралары бойынша жеке кәсіпкермен келісімшарт жасалып, жоспарға сәйкес оқушыларды аудан орталығына тасымалдау жұмыстары
толықтай орындалып отыр. 2015 жылға бұған 442 мың теңге қарастырылған.
Жаңадан ашылған ауылдың мәдениет үйіне 2015 жылдың маусым айында құрал-жабдықтар
мен жиһаздар берілді. 2015 жылы 16 адам жұмыссыз ретінде тіркелген болатын. Осылардың
ішінен тұрақты жұмысқа тұрғандары 2 адам, қоғамдық ақылы жұмысқа тартылғаны 16 адам.
1 жұмыссыз ауыл тұрғыны аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
арқылы, жеке кәсібін ашу үшін аудандық бюджеттен бөлінген 79280 теңге қайтарымсыз
материалдық көмекті алып, аяқ киім жөндеу шеберханасын ашты. Жастар тәжірибесі бойынша ауыл әкімдігінде 1 жас маман іс-тәжірибеден өтті. 2015 жылы «Өңірлерді дамыту»
бағдарламасы аясында Бейбітшілік, Тәуелсіздік көшелеріне жарық шамдарын орнатуға
бөлінген 942 мың теңгеге маусым айында 9 жарық шамдары орнатылып, іске
қосылды.Қазіргі уақыт талабына сай ауылымызда шаруа қожалықтарының ірі қара малдарын асылдандыру бағытында асыл тұқымды аталық бұқаларды сатып алуы жылдан-жылға
артып келеді. Қазіргі таңда ауылдық округтегі шаруа қожалықтарында барлығы 37 бас асыл
тұқымды аталық бұқалар бар. Биылғы жылы «Амандық», «Бекболат» шаруа қожалықтары
«Казагроқаржы» қолдау қоры арқылы ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту
мақсатында лизингке МТЗ-82 маркалы жаңа тракторлар алды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша алдағы уақытта «Алтай әулеті», «Берекелі» шаруа
қожалықтары аналық сиырлар алуға ниет білдіріп отыр.
Қазіргі кезде М.Жұмажанов атындағы елді мекенде шағын кәсіпкерлік нысандары бойынша
2 азық-түлік дүкені, 2 монша, 1 жеңіл автокөлік және 1 аяқ киім жөндеу шеберханасы
халыққа қызмет көрсетуде. 2016 жылы ауылда шаштараз ашылады деп жоспарлануда.
КӨҢІЛ АЙТУ
Аудандық орталық аурухана ұжымы және кәсіподақ кеңесі Жаңаарқа ауданының
«Құрметті азаматы», еңбек ардагері, білікті дәрігер
Зайра Игенованың
қайтыс болуына байланысты балаларына, ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып,
көңіл айтады.
3
ЗАЙРА ИГЕНОВА
2015 жылғы 26-желтоқсан күні еңбек ардагері, ауданымыздың
Құрметті азаматы, білікті дәрігер, ауданымызда медицина саласының
негізін қалаушылардың бірі Игенова Зайра өмірден өтті. Игенова
Зайра Игенқызы 1933 жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.
1949 жылы Ленин атындағы қазақ орта мектебін үздік бітіріп Алматы
медициналық институтына түсті. 1950 жылы Қарағанды медицина
институтының ашылуына байланысты сол институтқа ауысып, оны
1955 жылы аяқтады. Институтты бітірсімен облыстық денсаулық
сақтау бөлімінің бұйрығымен Жаңаарқа аудандық ауруханасына бас
дәрігер, кейінірек аудандық денсаулық бөлімінің бастығы болып
тағайындалды. 1967 жылы дәрігерлерге аттестациялау басталғанда аудан дәрігерлерінің
арасынан бірінші болып аттестациядан Зайра Игенқызы өтіп “Бірінші дәрежелі терапевт”
атағын алған. 1972 жылы “КСРО медицина үздігімен” марапатталды. 1967 жылы “Тың игеруші”, 1970 жылы “Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты медалімен”, 1984
жылы “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды. 1987 жылы “Красная звезда” газетінің
редакциясы “Памятный диплом” мақтау қағазымен марапаттады.
Республикалық ардагерлер ұйымының 20 жылдығына байланысты облыстық кеңестің
Құрмет грамотасының иегері. 2008 жылы аудан әкімшілігі мен мәслихатының шешімімен
“Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы” төсбелгісінің иегері атанды.
Қарағанды және Жезқазған облыстары облыстық коммунистік партия комитетінің,
облыстық денсаулық сақтау бөлімі, аудандық денсаулық сақтау бөлімдерінің бірнеше мәрте
“Құрмет грамоталарымен” марапатталды. 50 жылдық жұмыс өтіліне байланысты Қазақстан
президент аппаратынан, денсаулық сақтау министрлігінен, облыстық және аудандық
денсаулық бөлімдерінен Алғыс хаттар алды.
Зайра Игенқызы өмірінің соңғы күніне дейін жасына қарамастан, туған халқының
денсаулығы үшін нағыз адам жанының арашашысы ретінде медицина саласына қамқорлық
етіп, үнемі жас дәрігерлерге, әріптестеріне ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибесімен бөлісетін.
Жүрегі баладай пәк, көңілі таза бұл кісінің өмірі әр кісіге үлгі боларлықтай.Марқұмның
отбасына, туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.
Зайра Игенқызының жарқын бейнесі оны білетіндердің жүрегінде ұзақ сақталады.
Ғ.Омаров, М.Әбдішев, М.Жандәулетов, Ю.Бекқожин, Б.Мұқанов, Қ.Қожықаев,
Р.Түсіпов, А.Жылқыбаев, Ә.Бөгенбаев, Ғ.Жарылғапов, Ғ.Төтеев, С.Күлмағанбетов
ЕСКЕ АЛУ
Ауданымыздағы Б.Амалбеков атындағы мектебінің орыс тілі мен
әдебиет пәнінің ұстазы, оқушыларының сүйікті апайы болған, кеше
ғана арамызда жүріп, білмегенімізді үйреткен әріптесіміз Нағима
Думанқызы Сағденованың арамыздан алыстап мәңгілік мекеніне
кеткеніне ай толды. Өзіңнің отыз жыл еңбек еткен сүйікті
мектебің мен әріптестерің сені қатты сағынды. Маңайыңды думандатып, әзілге бөлейтін, сенің ақ жарқын кейпің мен сабырлы
жүзіңді, баладай шат мінезіңді қатты сағындық. Жұбымыз жазылмай жүретін біздердің арамызда сенің орының үңірейіп бос тұр.
Өзіңнің жоғыңа көзіміз жеткенімен көңіліміз сенер емес. Қаншама
оқушының санасына білім нәрін сепкен, оқытқан, үйреткен, тәрбие берген Нағима,
Сен мәңгі тірісің. Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болсын.
Жайдары мінез, жарқылдаған жанары,
Көз алдымнан көшіп кетіп барады.
Жаңа жылды қарсы алармыз біз сенсіз,
Қимастық пен сағыныш торлап сананы.
Қызықтатпай Сұңғатыңның қызығын
Тағдырыңның көрмейсің бе шешімін,
Мәңгі жұмақ төрінде бол Нағима,
Тербесінші енді жердей бесігің.
Сағына еске алушылар: әріптестері Б.Амалбеков атындағы жалпы орта білім
беретін мектебінің ұжымы.
ЕСКЕ АЛУ
Ауданымыздың тумасы, сүйікті ұл, құрметті де қимас дос, қадірлі
бауыр, адал жолдас болған Шәленов Айдос Мейрамұлының
жарық күнмен қоштасып бақилық болғанына үш жыл болды.
Аңқылдап, қолындағысымен бөлісетін, ер мінезді жолдасымыздың
жарқын жүзі біздің мәңгі есімізде.
Еске аламыз достым сені,
Жүрек жылап, жан сыздай,
Жарқ еттің де ғайып болдың,
Ағып түскен жұлдыздай.
Қайрылмастан кете бардың,
Арамыздан алыстап.
Дұға оқимыз пейіште бол,
Жұмақ бақта тыныстап.
Еске алушылар: анасы-Құралай, бауырлары, жолдастары.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі
2015 жылдың желтоқсан айының 22–ші
жұлдызында аудандық мәдениет үйінде
«Жұмыспен
қамту
және
әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ және «Жұмыспен
қамту орталығы» КММ бірлесе отырып кезекті
бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жәрмеңкені ұйымдастырудағы басты мақсат ауданымыздағы бос жұмыс орындарын халыққа
тиімді, қолайлы етіп жариялау және тұрақты
жұмысқа орналасуына кепілдік беру. Жұмыс берушілерге өздерін бос жұмыс орындарын
ұсынып, жұмысқа қабылдау үшін алдын ала іріктеу жүргізуіне мүмкіндік жасау. Тоқсан сайын
өткізілетін жәрмеңкелер әлеуметтік жумыс орындарын, қоғамдық жұмыс орындары мәселелерін
шешуге бағытталған. Жәрменкеге ауданның 13 жұмыс берушісі қатысып, 16 бос жұмыс орындарын ұсынды. Осы бос жұмыс орындарына 5 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Өз тілшімізден
Өзекті мәселелер талқыланды
24-желтоқсан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық төтенше жағдайлардың
алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия төрағасы, аудан әкімі
Ғабдрахман Омаров жиынды ашып:
- Биылғы жыл айтарлықтай ауыр жыл болды. Өздеріңізге мәлім көктем мезгіліндегі су
тасқыны, одан бері аптап ыстық салдарынан туындаған дала өрті көптеген қиындықтарға
ұшыратты.
18-желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін ауа-райы күрт өзгеріп, күшті боран салдарынан
электр желілері істен шығып, бірнеше нысандардың шатырлары ұшып кетті. Бұл жағдайлар
жылу беру маусымының бірқалыпты өтуіне кері әсерін тигізіп, аудан тұрғындарының
наразылығын туғызуда. Сондықтан бүгінгі отырыста біз осы жағдайлардың барлығына
кеңінен тоқталып, ауданымызда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында нақты шешімдер қабылдауымыз керек,- деп айта келе, күн тәртібімен таныстырды.
Комиссия отырысында төтенше жағдайлар комиссиясының 2015 жылы атқарған
жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы, сонымен қатар, ауа-райының күрт
бұзылуына байланысты туындаған өзекті мәселе – ауданымызды электр қуатымен үздіксіз
жабдықтау мәселелері талқыланды.
«Төтенше жағдайлар комиссиясының 2015 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары
мен 2016 жылға қойылған міндеттері туралы» Жаңаарқа ауданы төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы А.Окумов хабарлама жасап, биылғы
көктемгі су басу кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылған шаралар және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты атқарылған жұмыстарға
тоқталды.
Осы мәселе бойынша өз кезегінде мәлімет берген аудан әкімінің орынбасары Ю.Бекқожин
Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлар комиссиясының 2016 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленіп жатқанын айтты.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Б.Мұқанов және «Сәкен
и К» ЖШС құрылтайшысы С.Смаилов хабарлама жасады. Хабарламашылар өз сөздерінде
ауданымызды электр қуатымен үзіліссіз жабдықтаудың қазіргі жағдайы туралы мағлұмат
берді.
Бүгінгі күні ауданымыздағы электр желілерінің тозығы жеткеніне байланысты ауа райының
қолайсыз жағдайлары кезінде, ауданымызды электр қуатымен үздіксіз жабдықтау қиындық
тудыруда. Ауданымыздың электр желілерін жөндеу және тасымалдау қызметтерін «Сакен
и компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарады. Яғни, 2009 жылдан бастап
бүгінгі күнге дейін аудан көлеміне электр қуатын таратушы «Жезказганэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылса, электр қуатын тасымалдаушы «Сакен и
компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі болып танылып, екі мекеме арасында келісімі шарт жасалған.
Бүгінгі күні «Жезказганэнергосбыт» ЖШС-і мен «Сакен и компания» ЖШС-і мекемесі
арасында сот органында сот процессі жүруде. Себебі, келісім шарт бойынша электр қуатын
тасымалдау қызметін көрсеткені үшін «Сакен и компания» ЖШС-не 45 млн. теңге
қаражатты «Жезказганэнергосбыт» ЖШС-і төлемеген. Ал, «Жезказганэнергосбыт» ЖШСі аудан көлемінде электр қуатынның жоғалуына электр қуатын тасмалдаушы мекеме «Сакен
и компания» ЖШС-не кінә артып, бұл мекеме 220 млн. теңге қарыз деп көрсеткен.
Осының салдарынан 2014 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Сакен и компания» ЖШС-і қызметкерлеріне жалпы 18,2 млн. теңге еңбек ақысын төлеуге, жанар май
алуға, электр қуатының құрылғыларының тозығы жеткен саймандарын ауыстыруға және
электр желілеріне күрделі, ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар, электр
жүйесінде ақау туындаған жағдайда қалпына келтіру қызметін көрсетуге мекеменің
мүмкіндігі шектеулі ғана болып отыр. Міне осындай мәселелердің туындауына байланысты
ауданымыздың электр қуатының өз жүйесіне келуі қиынға соғып отыр. Осындай
қиындықтарды орнына келтіру үшін аудан әкімдігі және «Сакен и компания» ЖШС-і шаралар қолдануда. Арнайы құрылған апаттық бригадалар дер кезінде ақауды тауып, аудан
халқын жарықсыз қалдырмауға бар мүмкіндікті қолдануда.
Жиын соңында аудан басшысы электр қуаты үшін төленген бағалар ерекшеліктерін қалай
және қашан тұтынушыларға қайтару керектігіне заңды сараптама жасауды, күшті боранның
салдарынан ақау алған электр бағаналарын тез арада жөндеу жұмыстарын қолға алып,
халыққа жарық беруді және жылу маусымын қалыпты өткізуге жағдай туғызуды, сондайақ, электр жарығын ескертусіз өшірмеуді қатаң бақылауға алу сияқты тапсырмаларды жауапты адамдарға тапсырды.
Баспасөз қызметі
Теміржол ~ аса қауіпті аймақ!
«Жаңаарқа» жол дистанциясы барлық аудан тұрғындарының есіне салады!
Стансаның теміржол тартылған аймағы ат шаптырым жерден асатын көлемді аумақты алып
жатыр. Жүк құрамалары мен жолаушылар пойыздарының үздіксіз қозғалысы,
жүргіншілерге аса қауіпті. Жүргінші теміржол табанынан 5 метр арақашықта бірінші релістен алыс тұруы керек. Теміржолға жақын тұрған және өтіп бара жатқан жүргінші қарсы
келе жатқан пойыздың даусы басқа пойыздың дауысын естіртпей қояды. Кейде қайғылы
оқиғалардың кішкентай ғана нәрседен туындайтыны өмірден белгілі. Есіңізде болсын,
поездың тоқтауы үшін тежегішті басқанымен, жақын жердегі жол апатының алдын алу
мүмкін емес. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге, теміржол аумағында теміржол табанына
жақын тұрмауға және қауіптің жоқтығына көз жеткізіп, арнайы жүргіншілерге арналған
жерлерден өтуге болатындығы туралы түсіндіріңіз. Өзінің абайсыздығынан, жасөспірімдер
өтіп бара жатқан пойыздың астына түсіп кетуі мүмкін. Автокөлік жүргізушілері тарапынан
теміржол өткелінен өту кезінде түрлі тәртіп бұзушылықтарға жол береді.Теміржол
өткелінде орнатылған жол жүру белгілеріне,бағдаршамдарға назар аудармай, поездар
өткөлге жақын қалғанда алдынан кесіп өту салдарынан түрлі оқиғалардың болуына себепкер болып жатады. Осыдан тәуекелшіл адамдар жол апатынан қаза болып, өздерін және
жанұяларын қайтарылмас ауыр қазамен жазалауда. Сондықтан, жүргіншілер мен
жүргізушілер теміржол бойынан өтер алдында өте сақтықпен жол ережелерін қатаң
сақтаңыздар!
«Жаңаарқа» жол дистанциясы
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
Құттықтаймыз!!!
Сәкен ауылының тумасы, қадірлі де, аяулы досымыз Кәкенбай
Орынбайұлын 2016 жылы 1-қаңтарда асқаралы 60-тың асуына шыққан
туған күнімен құттықтай отыра, досымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,
отбасыңызға амандық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен мереке,
дастарханыңа береке тілейміз. Балаларың мен немерелеріңнің
қызығын көріп, үлкен бәйтеректей жапырағың жайыла берсін! Жасыңа
жас қосылып, отбасыңның тірегі болып, бауырларыңның ақылшысы,
әрдайым сыйлы ортада мәртебең биіктей берсін!
Құтты болсын 60 деген жасыңыз,
Жақсылық пен қуаныштан тасыңыз.
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Әлі талай асулардан асыңыз.
Деніңіз сау, аман болып басыңыз,
Өрге ғана домаласын тасыңыз.
Ел-жұртыңның ортасында аман-сау,
Күліп-ойнап жүзге келсін жасыңыз.
Ізгі тілекпен достарың: Зураш, Халипа, Бақыт, Рахым-Күміс, Жарылғап-Гүлнәр
Құттықтаймыз!!!
М.Жұмажанов ауылының тұрғыны, сүйікті ұл, адал жар, асқар таудай
асыл әкеміз, еңбекқорлығы мен кішіпейілділігінің арқасында елге
сыйлы азамат Сабиров Қанат Есенгелдіұлын 2-қаңтар күні 50
жасқа толған мерейлі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Денсаулығыңыз
күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер
қуанышыңыз молынан болсын дейміз. Әрдайым шаңырағымыздың
тірегі, қамқоршысы, отбасымыздың берік діңгегі болып келесіз. Талай
асуларды табандылықпен жеңіп, небір қиындықтарды қажырмен
жеңдіңіз. «Елу – тал түс» демей ме? Ендеше алдағы өмірде де туғанға
сыйлы, кейінге үлгі бола беріңіз. Күн жағымыздан көлеңке, жел жағымызға пана болып
жүре беріңіз! Әрқашан еңбегіңіз жемісті болсын.Үй іші немере мен шөбереге толып,
жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа
бөленіп ұзақ жасай беріңіз.
Асқар таудай әкеміз– бақытымсың, бағымсың,
Өмірдегі, төріміздегі тағымсың!
Құтты болсын 50 жасың, Жан әке,
Сағынышым, қуанышым, асқар шың.
Тілейміз біз таусылмайтын төзімді,
Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді.
Денсаулығың мықты болсын, Жан әке,
Құттықтайды ұл-қыздарың өзіңді.
Өмір-өзен жақсылығын жалғасын,
Тіршілікте сәттіліктер қолдасын,
Жанұямен мақтанамыз қашанда,
Арамызда Сіздей әке болғасын.
Ізгі тілекпен: анасы-Қалбибі, жұбайы-Сәуле,балалары-Алия-Ерлан, Жұлдыз,
Дидар, Нұрдәулет,Мәрлен, жиендері-Сабина,Медина және туған-туыс, бауырлары.
Құттықтаймыз!!!
Аудан орталығындағы «Қарлығаш» балабақшасының
ел игілігіне берілгеніне міне 10 жыл. Ұлтымыздың
ертеңгі өкілдері ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөліп,
бөбектердің бойына жақсы қасиеттер мен ұлттық
рухты сіңіруге атсалысып келе жатқан балабақша
ұжымын және «Ботақан» тобының тәрбиешілері
Дәмегүл Мейрамқызын, Бақыт Балғатайқызын,
Салтанат Төлеужанқызын осы мерейтоймен және
2016 жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз.
Жаңа жыл жаңа бақыт пен табыс әкеліп, отбасыларына бақ береке ұялатсын демекпіз.
Әр үйдің тәлпіш баласын,
Мәпелеп бағып қағатын.
Еркелетіп әр қайссын,
Баланың бабын табатын.
Үйретіп сансыз тәлімді,
Соларға бөлген сағатын.
Сіздер нағыз майталман,
Жүрекке сәуле жағатын.
Игі тілекпен: «Ботақан» тобының ата-аналары
Жарамсыз деп саналсын
Мүбарак Нұрболат Қалдыбайұлының атына берілген «Мүбарак НК» мөрінің жоғалуына
байланысты жарамсыз деп танылсын.
*****
Жанабаев Аманкелді Жақановичтің атына берілген Қараағаш орта мектебін 1984 -1985 жылдары бітірген ТЕ 428631 аттестатты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
*****
Өскенбаев Қами Қарсақбайұлының атына 2010 жылы Ынтымақ мектебін бітіргендігі
жөніндегі ЖНБ №0184160 негізгі білім туралы аттестаты және 2012 жылы Ынтымақ орта мектебін бітіргендігі жөніндегі ЖОБ №0420405 білім аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз
деп саналсын
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1350 дана
Тапсырыс №63
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
26
Размер файла
13 394 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа