close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

Документ Microsoft Word (4)

код для вставкиСкачать
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер
Мақсаты: 1. Мақал - мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру 2. Сауатты жазуға, ана
тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
3. Өз халқының әдебиетін, мәдениетін дәріптеуге тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру, табиғатты
сүюге, аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, шығармашылық
Көрнекiлiгi: «Мақал - мәтелдер» кітабы, интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Наурыз туралы өлеңдер
2. Өлеңдерді жатқа айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау:
1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетінің түрлері?
Ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал - мәтелдер. Мақал - мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады.
Мақал - мәтелдер - халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал
- мәтелдер - өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің
ережесі.«Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал - мәтелдерді адам баласы өзі айтайын
деген оймен орайластырып, орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі
бейнелі болады. Мақал - мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.
ІV. Оқулықпен жұмыс
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
2. Еңбек түбі - берекет.
3. Нар тәуекел - ер ісі.
4. Ырыс алды - ынтымақ
V. Сөздік жұмысы
1. Зейнет - еңбек рақаты, жемісі, игілік
2. Елгезек - айтқанды екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық.
3. Мұрат - алға қойған мақсат, арман, тілек
4. Тәуекел - бір іске жалтақтамай батыл кіріскендік, белді бекем буғандық.
5 Батпан - қолақпандай, үп - үлкен.
6. Мысқал - болар - болмас, азғантай, кішкентай.
7. Шөміш - ожау.
«Сәйкестендіру» әдісі
Ердің атын еңбек шығарар. ( Оқу, білім, өнер туралы)
Өнер алды – қызыл тіл. ( Еңбек)
Нар тәуекел - ер ісі ( Отан, туған жер, халық туралы)
Көп түкірсе - көл (Достық, жолдастық туралы)
Жігітті - жолдасынан таны. (Ерлік, батырлық туралы)
VІ. Шығармашылық тапсырма
«Мақал – сөздің мәйегі» шағын шығарма.
VІІ. Бекіту
VІІІ. Үйге: Мақал - мәтелді жаттау
ІX. Бағалау.
Ас, тамақ туралы мақал-мәтел, нақыл сөздерге халқымыз кенде болмаған. Тамақ
ішіп отырып та мақалдаған қазақ үшін дастархан киелі нәрсе саналған.

Ас – адамның арқауы.

Қонақ келсе, ет қызарар, Ет қызармаса бет қызарар.

Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.

Беретін кісі келгенде, бес қайнайды қазаным.

Барыңды батып іш, Жоғыңды сатып іш.

Тойсаң, тоба қыл.

Құрғақ қасық ауыз жыртады.

Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен.

Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала аш болам деп ойламайды.

Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды, Жаманға берсең асыңды, итке
тастар басыңды.

Өзі жарымағаннан сарқыт дәметпе.

Піскен асқа жеуші көп, біткен іске сыншы көп.

Құлақтай ет жеп, құмандай сорпа іш.

Аштық ас талғамайды, Ғашықтық жас талғамайды.

Қанағат қарын тойғызар. Қанағатсыздық жалғыз атын сойғызар.

Мешкей деген жақсы ат емес.

Атсыз үй болса да, Ассыз үй болмайды.

Бауыр шырын, бас тәтті, Ағайынмен ішкен ас тәтті.

Кеудеден жан кетпесе, Ауыздан нан кетпейді.

Аз ас, көп ниет.

Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.

Ас тұрған үйде ауру тұрмайды.

Атың барда жер таны – желіп жүріп, Асың барда ел таны – беріп жүріп.

Аз асты аяған көп астан құр қалар.

Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады.

Айға жетпес асыңды ауылдастан аяма.

Арықтың жілігі татымас.

Ауру астан, Дау қарындастан.

Балық жеген тоқ болады, Әл-дәрмені жоқ болады.

Ас ішіп ауырғанша, аш болып сау жүр.

Асты аяқ әдемі.

Аспаздың қарны асқазанына тояды.

Ас тасыса қатығы төгілер, Ашу тасыса ақылы төгілер.

Асты келін – аналы келін.

Аш кезінде берген күлше, Тоқ кезінде берген түйеден артық.

Ашыққанға қазан астырма, Тоңғанға отын жақтырма.

Аш кісінің ашуы жаман.

Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.

Түскі асқа түстік жердегі келеді, Кешкі асқа күндік жердегі келеді.

Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа.

Асы бардың ырысы бар, Аты бардың тынысы бар.

Асы жоқ алтын аяқтың алтынын ал да, отқа жақ.

Бір аштың бір тоқтығы бар.

Қазаны басқаның қайғысы басқа.

Өле жегенше бөле же.

Асы бар аяқты аттама.

Алты жыл аш жүрсең де, Ата салтыңды ұмытпа.

Ағайынмен ішкен ас тәтті.

Абысын тату болса, ас көп. Ағайын тату болса ат көп.

Қымызды кім ішпейді, Қызды кім сүймейді?!

Туған ай – тураған ет.

Жаманнан жарты қасық ас қалар.

Қуыс үйден құр шықпа.
Сабақтың тақырыбы: Тыйым сөздер
Сабақтың мақсаты:
Танымдық мақсаты: оқушылардың өз еліне, өз жеріне деген сүйіспеншілігін
халық
педагогикасы арқылы арттыру, тіл байлығын дамыту,
сөз қорын көбейту.
Дамытушылық мақсаты: орыс тілінде дәріс алып жатқан балаларға қазақ тілін
оқытуда жерлестеріміздің еңбектерін пайдалану.
Тәрбиелік мақсаты: Салт-дәстүрдің тәрбиелік мәнін ашу, оқушылардың
санасына жеткізу.
Сабақтың түрі: білім жарысына түсу, білім сынағы.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, халықтық педагогика.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, үлестірмелі қағаздар, кроссворд,
плакаттар.
Сабақтың барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
2.
Кезекшімен сөйлесу. Оқу құралдарын тексеру.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән берген. Оның
тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері көп. Оның бәрін қамти алмасақ та, сол
жұмыстың бір тасшысы ретінде ұлттық тәрбие ісіндегі сәбилік кезден ес біліп,
ер жеткенге дейін салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілерін білген жөн.
Қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл, негізінен,
балаларға арналып, оларға жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден
сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық
үйден тыю» деген мақал осыған байланысты шыққан. Тыйым үлгілері мен
сөздері ел ішінде өте көп.
Бүгінгі сабағымыз – сайыс сабақ.
Оқушыларды екі топқа бөлеміз.
Шендер тобы: Ұраны: «Дәстүр мен тілі бай кедей болмайды»
Зерделілер тобы: Ұраны: «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер»
І аялдама. «Толғау».
Үй тапсырмасын тексеру.
А) Қыздарға байланысты тыйым сөздерді атаңдар. Дөрекі сөйлеме, әдепсіз сөз
сөйлеме, әлем-жәлем киінбе, сәбиді ұрма, теппе.
Ә) Ер балаға байланысты тыйым сөздерді атаңдар. Әлсізге күш көрсетпе, әйелге
өктем сөйлеме, ағайынды ұмытпа, қызға қол жұмсама, ішімдікке бой ұрма, ұлы
адамдарды сыйла.
ІІ аялдама. «Төрт түлік мал».
Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Төрт түлік малдың
өнімдерін тіршілік құралы етіп оңтайлы пайдалануды игерген.
а) Төрт түлікке не жатады?
Төрт түлікке сиыр, жылқы, қой, түйе жатады.
Төрт түліктің пірлерін ата?
ә) Үлестірмелермен жұмыс.
Екі топқа бір-бір үлестірме беріледі.
Тапсырма: көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.
Сөйлемнің мағынасын түсіндір.
1.
Ауылға ....... шауып келме. 1. Түнде ...... санама.
2.
...... теріс отырма. 2. ....... басқа сабама.
ІІІ аялдама. «Ас».
«Ас – адамның арқауы», «Жаман ауруға – жақсы ас» деген мәтелдер босқа
айтылмаған. Мал шаруашылығымен айналысқандықтан, негізгі асымыз – сүт
пен ет.
а)Қазақтын ұлттық тағамдары неше түрге бөлінеді?
Ақ., қызыл,көк түрге бөлінеді.
Аққа- сүт тағамдары,қызылға ет тағамдары, көкке көкеніс тағамдары жатады.
ә)Қазақтын ұлттық тағамдарын ата?
Ірімшік,жент,май,қаймақ,айран,құрт-көже,қазы,қарта шұжық,қуырдақ т.б
б)Тақтаға екі оқушы шығып «Асқа» байланысты тыйым сөздер жазады.
1.Дастарханды,тамақты баспа.
3.Нанды бір қолыңмен үзбе.
2.Құранды, тамақты баспа.
4.Нан үстіне зат қойма.
в) Қазақ баласы атам заманнан бері жақсы тілек айтып келген ғой »Жақсы сөзжарым ырыс» дегендей.Ақ тілеудің белгісі-бата.Ең жақсысын халық «Ақ бата»
деп қастерлейді.Батаның бірнеше түрлері бар.Дастарханға бата.Алғыс бата.
г) Әр топтан бір,бір бала бата береді.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Бастарыңа бақ берсін,
Не берседе нақ берсін.
Қарындарың тоқ болсын.
Еш жамандық болмасын,
Берген батам сол болсын!
Әумин!
Ал батамды берейін,
Арта берсе мерейің.
Бақ берсін,бас берсін.
Өміріңе ұзақ, жас берсін.
Дастархан байлығын берсін
Деніңнің саулығын берсін.
Әумин!
IV аялдама. «Салт-дәстүр»
«Алты жыл аш болсаң да,атаңның салтын ұмытпа»...
«Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар».Жақсымызды жалғастырып, жанымыздан
арылсан игі.
а)Қазақтын салт-дәстүрін білесіңдер ме?
Оның мағынасын түсіндіру.
ә) Терме диктант.
Шілдехана, бесікке салу,қырқынан шығару ,тұсаукесер,сүндет тойы,қыз
ұзату,келін түсіру,беташар,бата,көрімдік,шашу,тойбастар.
б)Сөздіктермен жұмыс
в)Кәртішкемен жұмыс
Тапсырма:Көп нүктенің орнына керекті сөздер жаз.
1.Еріншек......... 1.Суға..................
2.Көкті............ 2.Жаман тілек...........
3.Баланы басқа........ 3.Жаман әдетті............
V-аялдама. «Бабалар өсиеті.»
«Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер».Әр адам өзінің жеті атасын
білуі-көргенділік пен білімділігін ата көргендігін танытады.
а) Жеті атаны атандар?
1.Бала. 2.Әке. 3.Ата. 4.Арғы ата. 5.Баба. 6.Түп ата. 7.Тек ата.
ә)Өзіңнің жеті атаңды ата?
б)Ер адамдарға байланысты атауларды ата.
Ата,баба,әже,бала,ұл,немере,шөбере,шөпшек,немене,аға,іні,күйеу,жезде,балдыз,
бөле,
қайны ата,нағашы ата,құда,жігіт,шал,қарт.
в)Әйелге байланысты атауларды ата?
Әже,ана,шеше,ене,қыз,немере,шөбере,шөпшек,немене,абысын,жеңге,апа,қарын
дас,сіңілі,
қайын сіңілі,келін,келіншек,нағашы апа,нағашы
әже,құдағи,бәйбіше,қатын,кемпір,қария.
Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан тыйым сөздер,мақалмәтелдер,нақыл сөздер, Атадан қалған асыл сөздер.
г) Мақал-мәтелдерді қазақ тілінде және орыс тілінде айтып беру.
Салт-дәстүрін ел бұзбас,
Уәде сертін ер бұзбас.
Оқу-білім азығы,
Білім-ырыс қазығы.
Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол.
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда сол алады.
Қызы мінезді келсін,
Ұлы өнерлі келсін.
VI-аялдама.»Ата мұра»
Әкеден балаға мұра ретінде жан қалады,мал қалады,дүние қалады,бала саны
ілгері қарай апарушы,жалғастырушы.Ал,ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып
халықтың тілін,дінің,мәдениетін,салт-дәстүрлері, көркем табиғаты, жері,суы
қалады.
Бұл мұра–ешқашан өлмейтін мұра.Белгілі жазушы этнограф,сатирик,
ақын,халқымыздың тарихи мен мәдинетін,салт-дәстүрін, өте тереңнен білетін
Сейіт Кенжеахметұлы.Қазақ халқының салт-дәстүрін,әдет-ғұрыпын бізге
насихаттап жеткізуші.Соның дәлелі «Жеті қазына» және «Ұлттық әдет –
ғұрыптың беймәлім 220 түрі» деген кітаптары.
а) Сейіт Кенжеахметұлының өлеңдерін оқып беру.
ә) Суреттермен жұмыс істеу.
1-ші,2-ші топқа сурет көрсетіп соған байланысты тыйым сөздер атау.
б) Кроссворд шешу.
Үйге тапсырма.
Сейіт Кенжеахметұлының кітабынан «Жеті қазына» дәптерлеріңе есте қалатын
есті сөздер жазу.
Оқушылардың білімін бағалау.
Автор
abatova.meruert
Документ
Категория
Филология
Просмотров
18
Размер файла
70 Кб
Теги
word, документы, microsoft
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа