close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

6/2016

код для вставки
уіңіз
мей,
ады.
ннан
йлау
9 нағару
йлау
ғару
ралы
шесін
насу
сайыз.
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
Елбасы Жолдауы насихатталды
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты
ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын насихаттау
мақсатында Ынтымақ ауылының мәдениет үйінде жиын өтті.
Бұл жиынға ауыл әкімінің аппаратының қызметкерлері , ФАП
медбикелері, мектеп ұжымы, мәдениет үйінің қызметкерлері,
ақсақалдар алқасы, кітапханашылар, ауыл жастары қатысты.
Жиынды ауыл әкімі К.Кокин ашты-Елбасымыздың әр жылғы
Жолдауы- стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен
мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған тарихи құжат. Мемлекет басшысы Жолдауында «100 нақты қадам» ұлт жоспарының логикалық ұсынысына негізделген өсім мен дамудың жаңа үлгі бағдарын белгілеп берді. Бұл жерде 5 басым
бағыт белгіленген. Ол жүзеге асқанда экономикамыздағы құрылымдық реформа
жалғасады. Ынтымақ ЖОББМ директоры Қ.Әбенова: -барлық дамыған мемлекеттерден
қалыспай біздің еліміз де білімді көтеруге байланысты көптеген іс-шаралар қолға
алынып, жүзеге асырылып жатыр. Еліміздің білім беру жүйесінің деңгейін халықаралық
стандарттарға сәйкестендіру заман талабынан туындап отыр. Сол үшін де , отандық
білім беру саласы қазіргі жаңа технологияларды жете меңгерген, оларды жан-жақты
қолдана алатын, бір сөзбен айтқанда, әлемдік стандарттармен жұмыс істей білетін мамандар даярлауға назар аударуы маңызды және ол мамандар қоғам сұранысына сай даярлануы қажет. Міне, осы мәселені Елбасымыз биылғы Жолдауында назардан тыс
қалдырмады. Қаңтардан бастап білім беру саласының жалақысы 28 пайызға артты.
Мұғалімдер қауымы үшін жағымды жаңалық болды. Елбасымыздың білім беру мен
әлеуметтік саланы дамытудағы нақты тапсырмалары бізді қанағаттандырды-деп өз пікірін білдірді. Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенті Меруерт Нығматулла өз
ойын ортаға салды. Президентіміз өз Жолдауында техникалық және кәсіптік білім
беру жүйесін дамыту мәселесін кеңінен атап өтті. Әрине бұл жастарды қуантады.
Жолдауда көрсетілген міндеттерді абыроймен орындау жастардың парызы деп білемін.
Сол себепті биылғы Жолдау бізге яғни жастарға жаңа мүмкіндік береді деп сенемін.
Барлық жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерін айтты. Әрқайсымыз
негізгі бағдарламалық құжат қағидаларына тереңірек үңілуге, оны ауылымыздың әрбір
тұрғынына жеткізуге, барлық міндеттерін іске асыруға үлес қосуға тиістіміз-деп ауыл
әкімі жиынды қортындылады.
Н.ТУҒАНБАЕВА, С.Сейфуллин ауылдық округінің жетекші маманы
Мамандықты дұрыс таңдау-табысты
өмірдің кілті
Өткен аптада Б.Амалбеков атындағы орта мектепте «Мамандықты таңдай білейік» атты ашық
кездесу өтті. Кездесуге аудандық соттың судиясы А.Баубеков, Ғ.Жарылғапов атындағы
аграрлық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Әбдіғазымов, Қазақ ұлттық
аграрлық университетінің
кәсіби бағдар берушісі
О.Мұхаметжанов, жас мамандар, ұстаз С.Сейітжапанов пен инженер И.Төлеуова,
«Ерсаян» шаштаразының
иесі, кәсіпкер Н.Еркебай
және «Жаңаарқа газеті»
редакциясының
тілшісі
М.Қасым қатысты. Кешті
Б.Амалбеков атындағы орта
мектептің директоры С.Бибосынов жүргізді. Бұл ашық
кездесудің басты мақсаты
жоғарғы
сынып
оқушыларына мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету.
Шақырылған маман иелеріне оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Қатысушы меймандар өз мамандықтарының қыр-сырымен бөлісті. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп,
нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі қызметтер, сәйкесінше,
түрлі мамандықтар келді. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам
бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Кеш қонақтары бүгінгі
кездесуге келген оқушыларға мамандық таңдауларынан жаңылмай, туған жерлерін
гүлдендіре беруге ат салысуға тілектес екендіктерін білдірді.
Өз тілшіміз
№6 (9718), 6 ақпан, 2016 жыл
Әкім бол, халқыңа жақын бол!
ӘКІМ - БІРЕУ, ХАЛЫҚ - ТІРЕУ
Аудан әкімі Ғ.Омаров 29-қаңтар күні Целинный ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауыл әкімінің халық алдындағы есебін тыңдады. Күн тәртібіндегі алғашқы
мәселе бойынша аудан әкімі Елбасының алға қойған мақсаттарын, халыққа жолдаған
Жолдауына тоқталып өтіп, еліміздің өркендеу жолындағы нақты бағыттар туралы баяндады. Келесі кезекте сөз алған ауыл әкімі М. Садуақасов ауылда
атқарылған шаруалар жөніне тоқталып, алдағы жылы атқарылар
жобалары жайында баяндады.
Өткен жылдарға қарағанда қазір ауданымызға қарасты барлық
ауылдардың тұрмыс тіршілігі жақсы бағытқа бет бұрған. Қоралары
өздерінің күн көрісіне жетерлік малға толып, қыстық азығын жеткілікті үйген ауыл азаматтарының басты мәселесі жиі сөнетін жарық
пен қалың қардың кесірінен жабылған жол жайлы болды. Бұл
сұрақтарға жауап берген аудан әкімі жол мен жарық бүгінгі күннің
өзекті мәселесі екенін баяндап, қолдан келген көмекті аямайтынын
ескертті. Қардың қалың түсуінен қорыққан ауыл тұрғындары, күн жылыса өткен жылғы
су тасқынындай бола ма? -деген қауіптің де бар екенін жасырмады. Бұл тұрғыда бірлесе шешім қабылданып, алдын алу жұмыстары жүргізілетінін ескерткен аудан басшысы өткен жылғы
көктемгі су тасқынындағы еңбек ауыл азаматтарының
ұйымшылдығының арқасында өткенін атап өтті. Ауыл әкімінің жыл бойы атқарылған
жұмыстарына қанағаттанарлық баға берген ауыл тұрғындарының атынан сөз алған
Ж.Бакарамов: “Әкім - біреу, халық - тіреу”-дей келе алдағы жұмыстарына сәттіліктер
тіледі. Бидайық елді мекенінде өткен кездесуде ауыл әкімі С.Баязитов
өзінің баяндамасында ауылдағы жаңа нысандар мен малды асылдандыру, оны көбейтудегі ауқымды шараларға тоқталып, алдағы
жылдары қолға алынатын бағдарламалар жоспарымен бөлісті.
Ауыл әкімінің есебін тыңдаған ауыл тұрғындары қазіргі күнгі
тұрмыстың түзелгенін сөз ете келе ауылға кіреберіс жол мен ауыз
су, жарық мәселесін көтерді. Келер күннің еншісіндегі мәселелер
де бірте-бірте өз шешімін табатынына
нық сенімді ауыл
тұрғындары аудан әкіміне алғыстарын білдіріп тарқасты. Атасу кентіндегі Б.Амалбеков атындағы мектепте жиналған кент тұрғындары
алдында кент әкімі Р.Түсіпов есеп берді. Жиынға қатысқан аудан әкімі алдымен
Елбасымыздың бүгінгі күнге нақтылап берген 100 нақты қадам бағдарламасы мен 5реформасы жайлы баяндап, ондағы басты бағыттарға кеңінен тоқталды. Осы
бағыттардағы ауданымызда атқарылатын шаралар туралы баяндады. Кездесуге келген
көпшілік алдында баяндама жасаған кент әкімі Р.Түсіпов Атасу
кентіндегі атқарылған шаруаларға тоқталды. Жылдан жылға көркіне
көрік қосып, көз алдымызда
өсіп-өркендеп келе жатқан
ауданымыздың қазіргі келбеті мақтанарлық. Жаңа бастамалар мен
көрікті нысандар, көше бойындағы жарықшамдар мен көшеттер,
қоршаулар, жаңадан қаз тұрып, халыққа өз қызметін бастаған сауда
орталықтары мен тойханалар, көше бойындағы жолдар бәрі-бәрі
алға қарай ілгерлеудің айқын белгісі. Бұның бәрі қаржы көзінің
ел игілігіне жұмсалғандығының нышаны. Бүгінгі күнге дейін
атқарылған жұмыстарға тоқталған кент әкімі келер күндер еншісіндегі жоспарланған бағдарламалар мен бой көтерер нысандармен таныстырды. Атасу
кенті әкімінің баяндамасы аяқталып, жүргізген жұмыс сараланып өз бағасын алғаннан
кейін сөз кезегі аудан тұрғындарына берілді. Бірі көше жолының қарға бөгіп
жатқандығын алға тартса, бірі ауыз судың қысымының төмендігіне шағым айтты.
Бұл өтініштер барысында
аудан басшысы мен мекеме басшылары аталған
кемшіліктердің себептері мен оларды жоюдың жолдарын айта келе, алдағы уақытта қалыпқа
келетініне сендірді. Кент әкімінің бүгінгі есебіне қанағаттанарлық деген баға берген
тұрғындар жақсы істердің жалғаса беруіне тілектестіктерін білдірді.
Тағайындаулар
“Нұр Отан” партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Қ.Оспанованың 2016 жылғы 19-қаңтардағы №006 ЖҚ бұйрығымен Рсқали Серікбайұы Рахимов партияның Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына қабылданды.
/-/-/-/-/
Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің басшысы М.Б:Жаппаровтың бұйрығымен
Жаңаарқа аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы болып полиция майоры Түкішев Жеңісхан Бауыржанұлы тағайындалды.
С.АМАНҚЫЗЫ
6 ақпан 2016 жыл
ҚР "Өсімдіктер карантині туралы" Заңына енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасының 16.07.2015 жылғы № 330-VЗаңымен "Өсімдіктер карантині туралы"
Заңының 18 бабына (бұданәрі –Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңның 18 бабы келесі редакцияда жазылған: Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру. 1.Осы баптың 2
тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, карантинді объектілердің таралу
ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен
жүзеге асырылады. 2.Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен: 1) жеке және заңды
тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы объектілер мен жер учаскелерінде карантиндік арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шаралар; 2) залалданған
карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару; 3) үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту
орындалады. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, яғни 01.01.2016 жылдан
бастап карантинді арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу шаралары жеке және заңды тұлғалардың
қаражаты есебінен жүргізілетін болады. Жаңаарқа ауданының Атасу кенті әкімінің өкімімен жеке және
заңды тұлғалардың меншігіндегі және жер пайдаланудағы объектілер мен жер уческелерінде карантиндік арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды
ұйымдастыруға «Атасу кенті әкімінің аппараты»ММ-сінің бас маманы У.Кулумбетов бекітілді.
Жаңаарқа ауданы бойынша көктемгі-жазғы ішінара «РФДМБ ж ӘО» мемлекеттік мекемесінің аудандық
филиалы мамандарымен бірлескен бақылама-зерттеу кезеңінде, химиялық өндеу алдында
қаржыландыру көзін бөле отырып, учаскелерді және жатаған (қызғылт) укекірге қарсы химиялық күрес
жұмысының көлемі нақты белгіленді. Аудан бойынша карантиндік арамшөппен залалданғаны - 4245
гектар,химиялық түрде өңдеуге жататыны -50,02гектар.
Жаңаарқа ауданы бойынша карантин режиміне
енгізілген өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік
бақылау нысандарының тізбесі
№
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
Шаруашылық субъектілер,
басқа да нысандар атауы
Ауылдық округтер Залалдан- Өңдеуге
Жетекшілеріні және елді мекен- ғаны,га жататыны
га
ң аты-жөні
дер атауы
Ақтасты а/о
Мукажанов
635
1
20
0,8
М.Ф.
Ауылдық жерлер
Тұрғын үй коммуналдық ш/ғы жолаушылар көлігі ж/е автокөлік жолдары бөлімі
ММ
Бөгенбаев Ж.
Аққыз ш/қ
Абдишев А.
Үлгілі ш/қ
Алшынбаев Қ. Байдалы би а/о
Ауылдық жерлер
Тажитов Ж.
КОФ РГП «Казахавтодор» ДЭУ-43
Смайлов Б.
Қарамола ш/қ
Алхамин А.
Бидайық а/о
Ауылдық жерлер
Мамбетов Е.
Ералиев а/о
КОФ РГП «Казахавтодор» ДЭУ-43
Смайлов Б.
Бірлестік ш/қ
ЖакупбековаЗ
Серіктес ш/қ
Сериков А.
Тұрғын үй коммуналдық ш/ғы жолаушы- Бөгенбаев Ж. С.Сейфуллин а/о
лар көлігі ж/е автокөлік жолдары бөлімі
ММ
Қазақстан ш/қ
Бекарыс ш/қ
Тұрғын үй коммуналдық ш/ғы жолаушылар көлігі ж/е автокөлік жолдары бөлімі
ММ
КОФ РГП «Казахавтодор» ДЭУ-43
КОФ РГП «Казахавтодор» ДЭУ-43
КОФ РГП «Казахавтодор» ДЭУ-43
Жанболат ш/қ
Цугуй К
Бөгенбаев Ж
Смайлов Б.
Смайлов Б.
Смайлов Б.
Арфилова Р.
Целинный а/о
Ақтүбек а/о
Түгіскен а/о
Қызылжар кенті
Қараағаш а/о
100
361
320
42
100
106
100
100
35
0,2
18,9
1,6
0,5
0,7
1,01
0,01
1,5
0,5
1049
698
19,1
2,5
22
70
54
84
369
0,5
0,1
0,3
0,3
1,3
Шаруашылық субъектілер жерлерінде
укекіре ошақтары анықталған жағдайда осы
шаруашылықтардың барлығына карантин жарияланады.
Ластану дәрежесіне қарамай укекіремен ластанған тұқымдарды себуге кесімді түрде және ластанған
жерлерде ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдық учаскілерін орналастыруға тыйым салынады.
Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымының жатаған укекіремен лас болғандарына алып-сатуға
және оларды осы мақсатта залалданған шарушылықтардан және ауданнан тыс шығаруға тыйым салынады. Карантин деп жарияланған шаруашылықтарынан және аймақтарынан азық-түлікті және жемдік
астықты тасымалдау, тек қана аумақтық органның өсімдіктер карантині жөніндегі қызметінің берген
карантиндік, фитосанитариялық сертификаттарымен жүргізіледі.
ДІНОВ БІРЖАН,
« ҚР АШМ Жаңаарқа аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің
бас маманы
2
Тұрғындар назарына!
Мүлікті жария ету жөніндегі акциясы туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ «Қазақстан
Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға
ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау
туралы» Заңына сәйкес 2014 жылдың 1-інші қыркүйегінен 2016 жылдың 31 желтоқсанына
дейін мүлікті жария ету акциясы жүргізіліп жатыр. Бұл Акция - өздеріңіздің заңнамаға
сәйкес рәсімделмеген мүліктеріңізді заңдастыруға мүмкіндік береді.
Жариялауға жататын мүлік тізімі төмендегідей: 1) ақша; 2) бағалы қағаздар; 3) заңды
тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; 4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа
адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық
құбырлардың желілік бөлігінен басқа); 5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондайақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер
(құрылыстар, ғимараттар);
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік
жария етуге жатады. Қазақстан аумағынан тыс жердегі мүлікті жариялауды субъектінің
тұрғылықты жері бойынша аумақтық кіріс органдары жүргізеді.
Құрметті аудан тұрғындары! Үкімет тарапынан беріліп отырған мүлікті жария ету
акциясының уақыты шектеулігіне байланысты өз мүліктеріңізді заңға сәйкес
жариялауларыңызға шақырамыз!
Мүлікті жариялау бойынша аудандық комиссияға ұсынылатын құжаттар: 1) нысан бойынша
екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш); 2) өтініш
беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның
көшірмесін;
3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен
құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының
қорытындысын; 4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын;.
Бұдан басқа, жария етілген мүлікті рәсімдеумен байланысты барлық шығыстарды жария
ету субъектілері өздері көтереді.
Комиссияның орналасқан мекен-жайы: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы
№2 мекен-жайда орналасқан. Комиссия төрағасы: аудан әкімінің орынбасары Ю.Бекқожин.
Комиссия хатшысы: А.Икенов. Жұмыс уақыты: 9:00-18:00. Түскі үзіліс: 13:00-14:00
Бүгінгі күнге Мүлікті жария ету Заңын іске асыру мақсатында аудандық мүлікті жариялау
комиссиясы 2016 жылдың 1 ақпанына 3 комиссия отырысын өткізді. Жалпы комиссияның
қабылдауында 54 тұрғылықты азаматтар болды, оның ішіндегі 2 заматтың құжаттары тіркеуге алынды, 1 азаматтың Заңда белгіленгендей жер учаскесіне меншік құқығының болмауынан құжаттары кері қайтарылып, 51 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ю.БЕКҚОЖИН,
Аудандық мүлікті жариялау комиссиясының төрағасы
ХАБАРЛАМА
Ауылды қолдап, болашақты нығайтуға бағытталға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау
қоры» Акционерлік қоғамы «Ырыс» атты несие бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама
арқылы 60 млн теңгеге дейін жылдық 11 пайызбен 84 айға дейінгі мерзімге сүтті-товарлы
ферма құруқа немесе кеңейтуге 50 бастан 100 басқа дейін Ірі қара мал, сондай-ақ керекті
құралдар мен техника сатып алуға мүмкіндік бар. Нақты ақпаратты Қарағанды филиалына
келіп алуға болады.Мекен-жайымыз: Қарағанды қаласы, Бұқар-Жырау даңғылы
51/1(бұрыңғы «Валют Транзит банкі» ғимараты). Несие бөлімінің байланы телефоны:
8(7212) 78-80-42, қабылдау бөлімі 8(7212) 41-12-10.
ОБЪЯВЛЕНИЕ
Направленное на поддержку бизнеса на селе АО «Фонд финансовой поддержки сельского
хозяйства» предлагает кредитную программу «Ырыс». В рамках данной программы предоставляются займы до 60 млн тенге под 11 процентов годовых сроком до 84 месяцев на создание или расширение молочно-товарных ферм от 50 до 100 голов, а также закупа
необходимой для этого техники и оборудования. Полную информацию можете получить в
Карагандинском филиала по адресу: проспект Бухар-Жырау 51/1(бывшее здание «Валют
транзит банка») или по телефонам: 8(7212) 78-80-42 – кредитный отдел, 8(7212) 41-12-10 –
приемная.
Жаңаарқа ауданы бойынша азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағалары 03.02.2016 ж.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
"Әлеуметтік" азық-түлік дүкені
02.Ақп
03.Ақп
154
154
76
76
99
99
228
228
98
98
80
80
90
90
60
60
125
125
110
110
125
125
0
0
0
0
650
650
540
550
215
215
225
225
140
140
200
200
430
430
0
0
230
230
"Әлеуметтік дүкен"
Литр мен кг.,бағалар
02.Ақп
03.Ақп
Тұздалмаған сарымай, майлылығы 72,5%, қоспасыз
470
470
Сұйық, өсімдік майы, 1 литр
300
300
Маргарин
340
340
Орам жапырақ, кг
70
70
Пияз, кг
58
58
Асхана қызылшасы, кг
80
80
Асхана сәбізі, кг
60
60
Картоп, кг
60
60
Қант, кг
0
0
Тұз ( "Экстрадан" басқа), кг
32
32
Түйіршектелген қара шай, кг
1100
1100
Литр мен кг., бағалар
Тазартылған күріш,кг
Бірінші сұрыпты бидай ұны,кг
Ұн жармасы,кг
Қара құмық жармасы,кг
Сұлы жармасы,кг
Арпа жармасы,кг
Тары,кг
I - сұрыпты бидай наны
Вермишель, кг
кеспе, кг
Рожки, кг
Сиыр еті , кг
Қой еті,кг
Тауық еті, кг
Тауық сан еті, кг
Қоюлатылған сүт, майлылығы 2,5%
Қоюлатылған сүт ,майлылығы 3,2% литр
Айран майлылығы 2,5%, литр
Айран, майлылығы 3,2%,литр
Ірімшік,майлылығы 5-9%, кг
Сыр, кг
Тауық жұмыртқасы I-II санатты,10дана
"Жандос"
02.Ақп
03.Ақп
170
170
80
80
130
130
250
250
115
115
110
110
125
125
60
60
150
150
150
150
150
150
1050
1050
0
0
660
660
580
580
235
235
230
230
200
200
235
235
0
0
1400
1400
235
235
"Жандос"
02.Ақп
03.Ақп
500
500
315
315
350
350
70
70
60
60
95
95
80
80
65
65
210
210
45
45
1600
1600
02.Ақп
"Алем"
03.Ақп
190
190
85
85
130
130
230
230
90
90
95
95
90
90
60
60
130
140
170
170
140
140
1000
1000
0
0
550
550
580
580
235
235
260
260
220
220
235
235
0
0
1300
1300
250
250
"Алем"
02.Ақп
03.Ақп
650
650
380
380
375
375
70
70
65
65
90
90
70
70
75
75
235
235
40
40
1680
1680
02.Ақп
"Алия"
03.Ақп
175
175
80
80
105
105
250
250
100
120
85
95
100
100
60
60
145
145
160
160
95
95
1100
1100
0
0
0
690
590
590
220
220
240
240
210
210
230
230
0
0
1200
1200
220
220
"Алия"
02.Ақп
03.Ақп
650
650
380
380
300
300
65
65
65
65
95
95
65
65
65
65
226
226
38
38
1620
1620
02.Ақп
02.Ақп
"Асхат"
170
88
170
0
120
0
0
60
150
180
150
0
0
0
650
0
260
235
0
0
1300
250
"Асхат"
380
400
350
90
70
120
80
80
240
50
1800
03.Ақп
170
0
170
0
120
0
0
60
150
180
150
0
0
0
650
0
260
235
0
0
1300
250
03.Ақп
380
400
350
90
70
120
80
80
240
50
1800
"Жаңаарқа ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" ММ
ЕСКЕ АЛУ
Бүкіл саналы ғұмырын адал еңбекпен өткерген, теміржол саласының ардагері, “Ерен еңбегі
үшін” медалінің иегері, адал жар, ардақты әке Елемес Әбдіхалықұлының фәниден бақиға
аттанғанына да 40 күннің жүзі болыпты. Жанымызға жақын аяулы жанды бүгінде
сағынышпен еске алып, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын деп тілейміз. Алла
тағала жәннаттан орын беріп, иман байлығын сыйласын.
40 күн, әке, сені жерлегелі,
Мейірлі нұр жүзіңді көрмегелі.
Бүгінде сағыныштың сыр сезімі,
Мұң болып жүректерде тербеледі.
Күн санап бейнең көзден алыстайды,
Сағыныш жүректі езіп жаныштайды.
Ұрпағың өсіп-өнген кіндігіңнен,
Рухыңа арнап дұға бағыштайды.
Кетсең де көзден таса жүректесің,
Іздейміз күн артынан күн өткесін.
Иманың серік болып бақилыққа,
Жәннатта жаныңды Алла жүдетпесін.
Еске алушылар: жұбайы - Күлзия, балалары мен немерелері және бауырлары
ЕСКЕ АЛУ
Қарапайым да, ғибратты ғұмыр кешіп, балаларының қызығын енді көремін деп жүрген
шағында о дүниелік болған сыныптасымыз Рымкеш (Мыңсом) Жарылғапқызына 40
күн толады. Парталас қызымызға төмендегі еске алуды арнаймыз:
Он жылдықты бітірдік 27 жас өрен,
Қыздар-ұлдар білімді, ойы терең.
Солардың он шақтысы бүгінде жоқ,
Алып кеттің арадан ажал керең.
Сенің де 64 жыл жүзді кемең,
Жазылғаны болды да тағдыр деген.
Сыныптастар кейде бір кездескенде,
Деуші едік Рымкешті қашан көрем.
Жоқтады барша ағайын, көрші-қөлем,
Мамық болсын топырақ жатқан денең.
Мыңсом десе, мың сом ең бізге қымбат,
Адал достың үлгісі - ойың терең.
От басының ұйытқысы ең, қамын жеген,
Үзілді ғой буынған белбеу-кемер.
Отырмыз сені жоқтап сыныптастар,
Өзіңе оқып құран, аза өлең.
Еске алушылар бірге оқыған сыныптастары: Амантай, Гүлнәр, Рәзилә, Гүлза,
Томаш, Дүйсенбай, Тамабай, Аман, Панаш
КӨҢІЛ АЙТУ
Аудан әкімдігі жеке кәсіпкер Бақытжамал Рсалдинаға
жұбайы БАЙДАУӘЛЕТ ИСКАКОВТЫҢ
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*****
Аудан әкімдігі радио-телевидение хабарларын тарату станциясының басшысы Қанағат
Доспаевқа
әкесі МӘНТЕННІҢ
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
****
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы мекеме қызметкері Әділбекова
Салтанатқа
әкесінің
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
****
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Айнабұлақ негізгі мектебінің ұжымы осы
мектептің мұғалімі Сағынбекова Гүлзираға
ардақты әкесі ЖАЙЛАУДЫҢ
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
****
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Бидайық орта мектебінің ұжымы осы
мектептің мұғалімі
БЛОХИНА АЛЛА ФЕДОРОВНАНЫҢ
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына
ортақтасып көңіл айтады
ХАБАРЛАНДЫРУ
“Жаңаарқа” газетінің 2016 жылғы 30-қаңтардағы 5 санында берілген Жаңаарқа аудандық
білім бөлімі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуына құжат тапсыру және
конкурстың өту уақыты кейінге шегерілді. Өтетін уақыты қосымша хабарланады.
Аудандық білім бөлімі
ОБЪЯВЛЕНИЕ
В микрофинансовую организацию “KMF
(КМФ)” в п. Жанаарка требуется кредитный
эксперт. Требования: образование - высшее или
средне-специальное, желательно наличие
опыта и личного авто.
Телефоны: 8 (7212) 42-51-33,
8 (701) 784-38-98.
3
6 ақпан 2016 жыл
ЕСКЕ АЛУ
Ардақты да аса қадірлі жан, аяулы анамыз Сапура (Сәпкен) Шәймерденқызының
өмірден өткеніне осы жылғы 21 ақпанда бір жыл толады.
Өмірдің жазмышы, біреуге ерте, біреуге кеш, оған еш пенде қарсы тұрмақ емес. Тәңірім
енді ұрпағына, бауырларына, ағайын-туғандарына ғұмыр берсін.
Жыл өтті өзіңізден айрылғалы,
Қанатымыз қайғымен қайрылғалы.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,
Сағындық, ана, Сізді баршамыз да.
Мәпелеп өсірген анамыздың,
Жылы жүзін қалайша ұмытамыз.
Есейіп біраз жасқа келсек-тағы,
Сағынышпен өзіңді еске аламыз.
Жан – ана, ұл-қызыңның тірегі едің,
Тірі болсаң, жарқылдап жүрер едің.
Болмасаң да бүгін біздің жанымызда,
Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңізбен өткізген әрбір жылдар,
Жадымызда мәңгілік сақталады.
Сағына еске алушылар:балалары, немерелері, шөберелері.
Ақпан айының 14 күні сағат 13.00-де «Жаңаарқа»мейрамханасында анамыздың
өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады.
ЕСКЕ АЛУ
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, бір әулеттің тірегі болған Нәрікбай
Әбдікешұлы 3-қаңтар күні жалғаннан бақилыққа озды. Ол 1940
жылы Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Қарағанды
политехникалық институтын бітірген, Жаңаарқадан шыққан
алғашқы құрылыс инженері еді. Аудандық ауылшаруашылық
басқармасында 40 жыл капстройкада бас инженер болып істеді,
Қазақстанның құрметті құрылысшысы, тыл ардагері, еңбек ардагері.
Ауылдарды көркейтуге ат салысты. Еңбек демалысына шықса да
Қазсельхоз техникада, энергосбытта істеді. Зейнет демалысына
шыққан соң, аудандық мешіттерде дін ісімен айналысып, өмірінің
ақырына дейін халқына қызмет етті. Өмірден кімдер өтпеді? Бауырларының сүйеуі,
жарының таянышы, сенімді серігі. көңілдің жұбанышы болған ол тірі болғанда 20-ақпанда
туған күнін тойлап, отбасында балаларымен, немерелерімен отырар еді.
Орның қалды ойсырап,
Мен отырмын томсырап,
Сенбей жүрміз жан әке,
Қараймыз есікке елеңдеп,
Қазір кіріп келер деп.
Толса-дағы 40 күн,
Алланың ісі болған соң,
Еріксіз оған көнесің
Қараңғы жеріңіз жарық боп
Шапағат нұрға бөленсін.
Еске алушылар: жұбайы - Жаңылтай, бауыры - Уахит-Айман, балалары - БотаМарал, Нұржан-Әлия, Нұрсұлтан, немерелері, жиендері
Әкеміздің қайтқанына 40 күн толуына орай 13-ақпан күні сағат 13.00-де “Сұлтан”
тойханасында құран бағышталып, құдайы ас беріледі.
ЕСКЕ АЛУ
Бауыр ет бала, құлдыраңдаған құлын, ізетті іні, үйіміздің сәні
болған Сұңғат Сөртібайұлы аман болып арамызда жүрсе 13ақпанда 15 жасқа толар еді. Найзағай ғұмыр кешіп, жарық
жұлдыздай ерте жанып, ерте сөнген құлынымыз небары бірақ мүшел ғұмыр кешіп, өмірден періштедей пәк күйінде өте
барды. Арамызда болғаныңда арман қуған балапанымыздың
туған күнін арқа -жарқа болып ағайын тума мен бауырлары
қосылып атап өтер едік. Әттең ол күн маңдайымызға жазылмапты. Сенің туған күнің өзіңе арнап дұға бағышталатын күнге
айналғаны өкінішті. Әтттең....
Кішкене күнінен елгезек, зерек болып, өзгенің көңілін қалдырмай, ақкөңілдігімен
алып-ұшып жүрген құлынымыздан қапияда көз жаздық. Ақпанның ақшұнақ аязды
күнінде өмірге келген Сұңғаттың өмірі де ақпандай қысқа болды. Ел аузыңа ілігіп,
көпшіліктің көңіл көгінде қалықтаған құлынымыздың жатқан жері жайлы, топырағы
торқа болсын деп дұға бағыштаймыз.
Өзге едің, ерекше едің, жөнің бөлек,
Озат ең өзгелерден ойың ерек.
Алланың жазуына шара бар ма?
Ол жаққа да, құлыным, жақсы керек.
Туған күнің, бірақ сенсіз өтер ол,
Жанға батып жатқандығы міне сол.
Қызық күннен ерте кеттің асығып,
Жайлы болып жатқан жерің, бақұл бол.
Қалжың айтып, достармен алыспайсың,
Қызық-тойда күлімдеп қауышпайсың.
Жан ағаңның қызығын бірге көріп,
Жеңгеңе қайын болып табыспайсың.
Жәннат бақта шалқысын жаның мәңгі
Дұға жасап, Аллаға табыстаймын.
Сағына еске алушылар: әжесі-Түймекүл, әкесі-Сөртібай, анасы- Раушан, бауырлары Аңсаған- Аманжан, Аяулым, Айтолқын, ағасы-Мағлұмат, жиендері-Аяла,
Балауса, туған -туысқандары
Баспасөз конференциясы өтті
Жаңаарқа аудандық сотында 2016 жылдың қаңтар айының 29-ында құқық қорғау органдары
өкілдерінің, Жаңаарқа ауданының мекеме қызметкерлерінің, адвокаттардың қатысуымен,
аудандық сот судьясы Баубеков Абай Отыншыұлының төрағалық етуімен «Жаңаарқа
аудандық сотының 2015 жылдың 12 айында және 2014 жылдың 12 айымен салыстырмалы
түрде қаралған істер және атқарылған іс- шаралар» атты баспасөз конференциясы өтті.
Төрағалық етуші А.О. Баубеков баяндама жасап 2015 жылдың 12 айында Жаңаарқа
аудандық сотымен істерді қарастыру кезінде заңмен белгіленген мерзімінің өтіп кетпеуіне,
Құттықтаймыз!!!
Ардақты ана, аяулы әже, сүйікті жар
Кенбаева Шолпан
Мақсұтқызы 10-ақпан күні асқаралы асу 60-жасқа толады. Ардақты
анамызды мерейтойымен құттықтап, бар жақсылықты тілейміз.
Балаларыңыздың қызығына кенеліп, немере-шөберенің қуанышына
бөленіп жүре беріңіз. Ақыл мен парасаттың иесіне зор денсаулық,
ұзақ ғұмыр тілейміз.
Ай мен күнге теңейтұғын баласын,
Құтты болсын туған күнің анашым,
Мәпеледің, аяладың, өсірдің,
Баға жетпес біздер үшін панасың.
Ұзақ болып ғұмырыңыз жүріңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Зор денсаулық, бақытты өмір тілейміз
Сөнбесін деп біздің жарқын күніміз.
Игі тілекпен: жұбайы-Ершекер, балалары, немерелері-жиендері
Құттықтаймыз!!!
сонымен қатар әуре-сарсаңның яғни, істі кейінге қалдыру немесе тоқтатуға және сот
актілерінің уақытында берілмеуіне, сот ісін жүргізуді жетілдіру мен жеңілдету, төрешілдікті,
судьялармен заң бұзушылық жағдайлар орын алмағанын, сот билігін жүзеге асырудың
жұмыс сапасының қамтамасыз етілгендігін, өткен жылмен салыстырмалы түрде түскен
және қаралған істер көрсеткіштерін, атқарылған іс шараларды баяндап берді. Сот отырыстарына тараптардың тиісті түрде шақырылуы, уақытылы істерді алқаға жолдау,
судьялардың әрекеттеріне шағымдардың түсуіне әсер ететін жағдайларға жол берілмеу, судьялармен мамандардың әрекеттеріне шағымдар мониторингі тұрақты түрде жүргізу,
шағымдардың пайда болуына соқтыратын себептерді және кемшіліктерді жоюдың
уақытылы шаралары зерттеу жұмысы жүргізілгендігіне де тоқталып өтті. Жалпы аудандық
сот судьяларымен істерді қарау кезінде материалдық және іс жүргізу заңдылықтары, заң
нормалары қатаң сақталғандығын және қылмыстық, азаматтық, әкімшілік кодекстерінің
және қылмыстық, азаматтық процестік кодексінің принциптерінің сақталғандығын атап
өтіп, бірнеше мысалдар келтірді. Баспасөз конференциясына қатысушылар осы тақырып
төңірегінде төрағалық етушіге бірнеше сауалдар қойып, қойылған сауалдарына мардымды
жауаптар алып, соңы қызу пікірталасқа ұласты. Сөз соңында төрағалық етуші бүгінгі
баспасөз конференциясына қатысты, ой бөліскен барлық қатысушыларына алғыс білдіріп,
еңбектеріне толағай табыстар тіледі.
К.Д.АЛПЫСОВА,
Жаңаарқа аудандық сотының бас маманы
Ақтайлақтағы ақ бата
Жақында, Бидайық ауылдық округіне қарасты Ақтайлақ елді мекенінде ауданымыздың
бас имамы Б.Нұрғалиевтің бастауымен аудандық мәдениет бөлімінің қоштауымен
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туған айы мәуліт мерекесіне арналған, арнайы
шара өткізілді.
Сауабы мен жауабы мол мерекелік кеш өткен жылы ғана діни басқармалардың
ұйғарымы бойынша арнайы жолдамамен қажылыққа барып қайтқан ауыл имамы Айдос
Сағанаевтың құран оқуымен басталды. Аудан орталығындағы орталық мешіттің бас
Аяулы жар, ардақты ана, ибалы келін Эльмира Рамазанқызы
Серіккелінін 7-ақпан күні 30 жасқа келер туған күнімен шын жүректен
құттықтаймыз! Саған ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілей отырып, өзіңе
қонар бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер
ырыстың ысырап болмауын, жүрегіңнің мәңгі солмауын,
шаңырағында шаттық орнауын, Тәңірдің қолдауын тілейміз!
Тілейміз бақытты өмір, ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен туыстарың,
Жалғансын ақ таңдарың нұрын шашқан.
Игі тілекпен: ата-енесі - Серік-Марияш, жұбайы - Алтай, қайынапа-қайынсіңлілері
- Мұрат-Әсем, Мейрам-Жадыра, Ұлан-Айдана және балалары - Аружан, Ализа,
Аяжан, Әлнұр, Айнара, Арнұр, Аяла.
Мәдени мұра
Кітап - рухани қазына
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында ел алдына қойып отырған міндеттерін сапалы адам капиталынсыз орындау мүмкін емес екеніне нақты тоқтала кетті. Елдің
бәсекеге қабілеттілігін арттыруда Қазақстанның ұлттық кітап шығару ісінің үлесі жайында
да сөз қозғады.
Халықтың білімінің төмен болуы елдің әлеуметтік дамуына кері әсерін тигізеді және ұлт
қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Осы орайда Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы көптеген
баспаханалармен бірлесіп таралымы 16 миллионға жуық 5 мыңнан астам кітаптардың
шығуына мұрындық болды.
Елбасы бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра»бағдарламасы аясында 460 кітап
жарық көрді. Қазақтың ақын-жазушыларының шығармалары,мысалы,М.Мақатаевтың
өлеңдері,Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі ағылшын тіліне аударылып, АҚШта арнайы тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Б.Амалбеков атындағы орта мектепте республикалық «Сыйлыққа-кітап» акция төңірегінде
2015 жылғы мектеп түлектері (11б сыныбы) кітапханаға жаңа әдеби кітаптарды сыйға
тартты. Олардың ішінде 5 томдық З.Қабдоловтың шығармалары,І.Есенберлиннің
«Көшпенділер» триллогиясы, М.Мағауинның 2 томдық «Аласапыран» романы,қазақ жазушылары Ә.Кекілбаев,С.Жүнісов,Ә.Нұршайықов,Қ.Жұмаділовтың «Атамұра» кітапханасы
сериясында шыққан кітаптары бар.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында Елбасының «Халықты салауатты да сауатты
бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ,ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие
беретін жандарға міндеттелген тапсырма. Осыған орай рухани қазына ордасы - мектеп
кітапханасының алар орны зор.
Б.ҚУАНЫШБЕКОВА, Б.Амалбеков ОМ кітапхана меңгерушісі
ОБЪЯВЛЕНИЕ
имамы Айтболат Ысқақов сөз алып, жақсы жиналған ауыл тұрғындары мен жасөспірім
балаларға-пайғамбарымыздың ғибратты өмірі, барлық адамзат баласына үлгі өнеге
боларлық қарапайым көркем мінезі мен қанағатшыл әрі кешірімді ғажайып болмысына
тоқталды. Сондай-ақ ислам шариғатының ерекшеліктері мен өскелең ұрпақ білуге тиіс
тәрбиесі мен тәлімі ұшан-теңіз ғылыми тұрғыдағы ерекшеліктерді айта келіп, жиналған
жұртқа: Алла өзі разы болсын! –деп ақ батасын берді.
Осындай ізгілікті шараларға әрдайым атсалысып, ұйымдастырып жүретін, ел
ризашылығына ие болған аудан әкімі С.Баязитов пен негізгі орта мектебінің директоры Ғ.Әлжаппар өздерінің ақ тілектерін арнады.
Сондай-ақ аудандық мәдени-сауық орталығынан арнайы жіберілген жүргізуші
П.Жүкенов және айтулы әнші Ж.Сыздықов, Б.Қызыров сынды өнер майталмандары
шырқап салған дінге әндер де көпшілік көңілінен шықты. Ауыл ақсақалдары өздерінің
ақ баталарын арнаған еді.
Өз тілшімізден
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
В соответствии со ст.57 Экологического Кодекса РК ТОО «Арман 100» проводит общественные слушания по вопросу перевода земель лесного фонда в земли других категорий
для целей, не связанных с ведением лесного хозяйства. Общественные слушания проводятся
в п. Женис Тугускенского сельского округа 1марта 2016года. Место проведения – акимат
Время проведения – 11.00 часов. Регистрация участников общественных слушаний производится за 20 мин. до начала слушаний.
По всем вопросам обращаться в офис ТОО «Арман 100» по адресу: г.Караганда, пр.БухарЖырау, 49, офис 700, тел. (7212)98-11-66.
Генеральный директор
Г.В. Савуляк
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қапшағай қаласының 28079, 32363, Ақтау қаласының 75448, 25744, Бейнеу қаласының
99116 әскери бөлімшелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке әскери міндеттілерді
қабылдау жүргізілуде.
Сұрақтармен Жаңаарқа ауданының қорғаныс істер бөліміне, мына мекен-жайға
хабарласыңыздар. Транспорт орамы 9 үй. Тел. 2 –71-66.
Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп, №12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1450 дана
Тапсырыс №6
Автор
zhanzbc
zhanzbc158   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
22
Размер файла
4 710 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа