close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

газета 8-9 Жанаарка газеті

код для вставки
“Адамзаттың
рухына
керектің үлкені - газет, журнал, кітап оқу”
С. Сейфуллин
e-mail:
janaarkagazeti@mail.ru
Газет 1938 жылғы 24 сәуірден шығады
№8-9 (9722), 20 ақпан, 2016 жыл
20 НАУРЫЗ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНЕ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРҒА ДЕПУТАТТАР САЙЛАУ КҮНІ
ОКҚ-де Энергетика вице-министрі
Б.М.Жақсалиев брифинг өткізді
2016 жылдың 12 ақпанында Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша “100 нақты қадам” Ұлт
жоспарының 50,51,52 қадамдарының щеңберінде Мемлекет
Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмаларын іске асыру
мақсатындағы Энергетика министрлігінің атқарған
жұмыстары жөнінде ҚР Энергетика вице-министрі
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы Жақсалиевтің қатысуымен
ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар
Қызметінде брифинг өткізілді.
2015 жылдың 5 мамырында Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президентімен «Бірыңғай сатып алушы»
моделін, сондай-ақ белгіленген және ауыспалы бөліктен құралған жаңа тарифтік механизмді
енгізу, аймақтық электр жүйелік компанияларды ірілендіру тапсырмалары берілді.
Бұл тапсырмалар «100 нақты қадам» бағдарламасында белгіленген 50-қадам: Электр энергетикасы саласын қайтадан құру, «Бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу; 51-қадам: Өңірлік
энергетикалық компанияларды (ӨЭК) ірілендіру; 52-қадам: Электр энергетикасы секторында салаға инвестиция тартуды ынталандыратын жаңа тариф саясатын енгізу.
Аталған міндеттерді орындау мақсатында 2015 жылдың 12-қарашасында «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Жаңа заңға сәйкес электр
энергиясына қатысты қолданылып жүрген тариф екі бөліктен тұратын болады, яғни электр
энергиясын өндіруге жұмсалатын шығынды қайтаруды қамтамасыз ететін электр энергиясына тариф, ал екінші бөлігі – тартылған инвестицияны қайтаруды қамтамасыз ететін қуатқа
қатысты тариф. Тарифті екі бөлікке бөлу Қазақстанның халқы үшін электр энергияға
тарифтің көтерілуіне алып келмейді. Айқындықты қамтамасыз ету мақсатында нарыққа
қатысушылардан және сарапшылардан құралған, коммерциялық емес ұйым, Нарық кеңесін
енгізу жоспарланып отыр. Жүйелік оператор жыл сайын станцияларды аттестациядан
өткізіп отырады. Бірыңғай сатып алушы барлық көтерме бағамен сатып алушыларға қуатты
бірыңғай орташа бағамен сатып отырады. Бұл механизм қуаттың бірыңғай емес бағасын
теңестіреді. Тағы бір маңызды мәселе, ол бір облыстағы тұтынушылар үшін электр энергиясы тарифтерінің әр түрлі болуы, оған себеп энергия таратушы компаниялардың
айтарлықтай көп болуы болып табылады (шамамен 130), олардың ішінде 40-ы Қарағанды
облысында. Сол себепті бір облыс ішінде ғана емес, сондай-ақ әр түрлі көшелердегі
тарифтердің түрлі болуына алып келеді. Бұл мәселені энергия тарататын компанияларды
ірілендіру жолымен шешу ұсынылып отыр, яғни электр энергиясын тарату кезіндегі бірнеше
энергия тарататын компаниялар арқылы соңғы тұтынушыларға тарифтердің каскадты өсуіне
алып келуді жою арқылы, тарифтерді деңгейлестіруге мүмкіндік пайда болады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының ережелерін іске
асыру мақсатында ұлттық оператордың қызмет етуі, нарық кеңесі, бірыңғай сатып алушы
ережелерін қамтитын 9 нормативтік құқықтық акт қабылданды және тіркелді, яғни 2019
жылдан бастап нарық қуатын енгізу және электр энергиясы нарығындағы электр энергетикасы субъектілерінің тиімді жұмысы үшін барлық қажетті нормативтік құқықтық актілер
қабылданды.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Паром құрылысы кестеге сай жүргізілуде
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау
облысында болып, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы көліктік-инфрақұрылымдық
жобалардың құрылысы барысымен танысты.
А. Мамин барлығы 15 шақырымдық уақытша пайдалануға берілген Боржақты-Ерсай жаңа
теміржол желісінің қызмет барысын қарап көрді. Өткен жылғы маусымның 15-інде
пайдалануға берілген желіде Құрық портына дейін қозғалыс басталып, Каспий теңізі
жағалауында паром кешені құрылысына дейін жеткізілген.
Ерсай станциясынан Құрық портына дейін темір жол тартылады. Қазіргі кезде онда темір
жолдың үстіңгі қабатына қажетті құрылыс материалдары дайындалуда. Ерсай станциясы
теміржолының кіре берісіне 120 мың текше метр топырақ қабаты төселді.
Оның сыртында, жолдың жоғарғы қабатына қажетті материалдар жеткізілуде. Толқынды
қайтаруға арналған топырақ төсемі жасалуда. Гидротехникалық имараттар жасауға қажетті
топырақ қабаты сырылып, үш миллион текше метр топырақ сыртқа шығарылды.
Жылына 4 миллион тонна жүк өткізу әлеуеті бар паром кешені арқылы астық, мұнай
өнімдері, тыңайтқыш, химикаттар тасымалданады. Сонымен қатар Каспий аймағындағы
көршілес мемлекеттерден келетін жүктер де тасылады.
Паром кешені құрылысын аяқтау мен оны Боржақты-Ерсай жаңа теміржол желісімен қосу
басты және сусымалы жүктерді мультимодальдық тасымалдау арқылы еліміздегі транзиттік
жүк ағынын еселеп арттырады.
Құрық портының паром кешенінің бірінші кезеңі 2016 жылғы желтоқсанда пайдалануға
беріледі.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
«Нұр Отан» партиясының конференциясы
Жақында «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық
филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияны аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі
Ғ.И.Омаров ашып, жүргізіп отырды. Аудандық бастауыш ұйымдардан делегаттар қатысқан жиында «Нұр
Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы,
«Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалынан
аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну
туралы, партияның Қарағанды облыстық филиалының
конференциясына делегаттарды сайлау туралы, партияның аудандық саяси кеңес
құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе
бойынша филиал төрағасы Ғ.И.Омаров баяндама жасады. Төраға өз баяндамасында
партияның тікелей қатысуымен елімізде жасалып жатқан жасампаз істер мен маңызды
жоспарларға тоқталды. Келесі кезекте аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ә.Рахманқұлова, еңбек ардагері Ш.Әбілдин, жастар өкілі А.Тоқсанбаев баяндаманы талқылауға қатысып, партияның елімізде атқарып отырған маңызды рөлін
айғақтап, пікірлерін қосты.
Жиында қаралған екінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясының атынан аудандық
мәслихат депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді. Келесі кезекте облыстық
филиал конференциясына делегаттар сайланып, аудандық саяси кеңес құрамына
өзгерістер енгізілді. Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Өз тілшімізден
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Насихат тобы ауылға келді
Байдалы би ауылдық округінің орталығы Атасу ауылына Жаңаарқа ауданынан
Елбасымыздың 2015 жыл 30-қарашадағы «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім,
реформалар, даму» атты Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында Жаңаарқа аудандық
Әділет басқармасының басшысы Ә.Әбдіразақов келіп, ауыл халқына жан-жақты
мағлұматтар берді.
Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры С.Рымбеков шаруа
қожалықтарына және жеке кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен алуға
болатын несиелер туралы түсіндірді. «Жол картасы 2020», «Кәсіпкерлер бағдарламасы»
жайлы толық ақпарат берді.
Сонымен қатар, аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Бакиев өз кезегінде
ауылда құрылыс үшін жер алу, жерге құжаттарды рәсімдеу жолдарын айта келіп бос жатқан
жерлерді алудың тәртіптеріне толық тоқталып өтті.
Одан кейін сөз алған аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Д.Аманжолов жер
пайдалану мәселелері туралы, оның ішінде егістік жерлерді тиімді пайдалану,
пайдаланбаған жер телімдеріне жасалатын әкімшілік шаралар туралы айтты және
пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер салығының
мөлшерін он есеге жоғарылату туралы 2015 жыл 23-қазандағы аудан әкімдігінің №88/02
қаулысындағы ұсынысын аудандық мәслихат кезекті сессиясында қарап, 2015 жылдың 20қарашадағы №47/326 шешімімен бекітіліп, қазіргі уақытта қолданысқа енгізіліп отырғанын
ескертті.
Т. СӘТБЕРГЕНОВ,
ауыл әкімдігінің жетекші маманы
Жаhандануға бастар жол
Әр мемлекетте өз елін дамытуда алға бастауға жол ашкан
даңқты азаматтары, көшбасшылары болған. Яғни, өз ұлты
мен елін жоғары деңгейге жеткізу үшін көшбасшылары белгілі бір жылдық стратегиялық міндеттер арқылы орындауды
жоспарлаған. Айта кетсек, қазағымыздың заңнамасының
алғашқы бастамасын қалаушы Тәуке ханның «Жеті
жарғысы», Түркия мемлекетінің негізін қалаушы, тұңғыш
президенті Мустафа Кемал Ататүріктің «6 жебесі», қытайлық
реформатор, ірі қайтраткер Дэн Сяопиннің «Дамудың үш
қадамдық жоспары»,өз елдерін ауыр дағдарыстан шығару жолдарында және жемқорлықты
болдырмау мен саяси үстемділікті арттыру жолдарын іске асырған қайраткерлерін атауға
болады.
Міне, осындай өз елінің, ұлтының ұлы қайраткерлері қатарына Қазақстан Республикасының
тұңғыш президентіміз, саясаткер, көптеген мемлекеттердің жоғары атақтарына ие болған
Елбасымыз деп білеміз, және оның «Қазақстан 2050» стратегиясы, 100 нақты қадамнан
тұратын Ұлт Жоспары, жылдық Жолдаулары ұлтымыздың бағдар беретін жолдары.
Дамудың жаңа деңгейінде Елбасымыз Ұлт Жоспарын жариялаған болатын. Ұлт Жоспары
- болашағымыздың жолын ашатын ірі статегиялық құжат.
100 нақты қадамнан тұратын Ұлт Жоспарын стратегиялық тұрғыдан көптеген елдер
жоғары бағалап отыр. Осы құжат арқылы біз Елбасымыздың шешімді аяқасты бір жақты
қабылдамай, барлығын сынға қойып өлшеп, елінің мүддесі мен халқын дағдарыстан шығару
жолдарын ойлап, сараптағандығының нәтижесі деп білеміз. Ұлт Жоспарының белгіленген
әрбір қадамын Елбасымыз бізге қағида арқылы,оның жолдарының ауқымды да ашық түрде
орындалуы қажеттігін көрсетіп, осы қадамдар арқылы халқы үшін еңбек ететін
қызметкерлерге нық қадам басатын таза жол ретінде бастап отыр.
Ұлт Жоспарының қағидаларының бірі болып әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге берілетін билік оның біліктілігінде ғана емес, оның көпжылдық жинаған тәжирибесіне қарай
тапсырылуы, өткізілетін конкурстардың ашық түрде өтуі, атқарып жатқан еңбегі мен жұмыс
көлемінің нәтижесіне қарай жалақысының бағалануы, және халқына алаңдаусыз адал еңбек
ету үшін баспанамен қамтамасыз ету жолдары көрсетіліп отыр.
Ұлт жоспары Ел игілігіне барынша жұмыс атқарып, халқының куанышына бөленгісі келетін азаматтарға үлкен жол ашатынына сенемін.
Осы тұрғыда Елбасымыздың саясатын қолдау барысында біз де өз үлесімізді қосамыз деп
нық сеніммен айта аламын.
М.Бримжанова,
Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасының басшысы
Жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың міндеті
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл
жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк
мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас
жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан
жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.
Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне
ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті
асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық
жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару,
жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате
аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды
пайдалану арқылы жасалады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық
сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру
керектігінің маңызы зор. Азаматтар өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір
құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты
жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен
күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен
азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері
деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту
бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға
жиырма бес жылға аяқ басты. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып,
нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын
айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам
дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет
етіп қойды. Ол жол - Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы
азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Д.Ж.БАТТАЛОВА,
Жаңаарқа ауданының
Әділет басқармасының бас маманы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Байдалы би
ауылдық округі Ескене елді мекеніне қарай орналасқан 540 бағаны бар электр желісін
коммуналдық меншікке алу үшін аудандық сотқа өтініш беретінін хабарлайды.
Аталған электр желісіне байланысты талап-арыздар мен шағымдар хабарландыру
жарияланған мерзімнен бастап 10 жұмыс күнінің аралығында мына мекен-жайда
қабылданады:
Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 2/1. «Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Телефондар 2-62-64, 2-67-65.
2
20 ақпан 2016 жыл
Мүлікті жария ету туралы
Құрметті Жаңаарқа ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30-маусымдағы № 213-V ҚРЗ «Қазақстан
Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға
ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау
туралы» Заңына сәйкес 2016 жылдың 31-желтоқсанына дейін мүлікті жария ету акциясы
жүргізілуде. Бұл акция - өздеріңіздің заңнамаға сәйкес рәсімделмеген жылжымайтын
мүліктеріңізді заңдастыруға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан өздеріңізге тиесілі жер учаскесінде орналасқан үй, қора, гараж, жазғы ас бөлме және қосымша салынған құрылыс нысандарын заңдастырып алуға шақырамыз. Жер учаскесінде заңсыз салынған нысандар
Қарағанды облысы мәслихатының 2013 жылғы ХІІ сессиясының шешімімен бекітілген
«Қарағанды облысындағы қалалар мен елді-мекендердің аумақтарын абаттандыру туралы»
Қағидасының 97-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, яғни «аулаларда шаруашылық және
қосымша нысандарды өз бетінше құрылыс нысандарын салуға жол бермеу» тармағының
талаптарын бұзғандықтан «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы
Кодексінің 505 бабына сәйкес қалалар мен елді-мекендердің аумақтарын абаттандыру
қағидаларын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға бірінші ретте ескерту немесе жиырмы айлық
есептік көрсеткіш (42420 теңге) мөлшерінде айыппұл, ал әкімшілік жаза қолданылғаннан
кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер үшін отыз айлық есептік көрсеткіш (63630
теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Құрметті аудан тұрғындары! Үкімет тарапынан беріліп отырған мүлікті жария ету
акциясының уақыты шектеулілігіне байланысты өз мүліктеріңізді заңға сәйкес
жариялауларыңызға шақырамыз!
Ю.БЕКҚОЖИН,
аудандық мүлікті жариялау
комиссиясының төрағасы
Тұмау – қауіпті дерт
Қазақстанда жыл сайын эпидемиологиялық кезеңде ЖРВИ-мен(жіті респираторлық
вирустық инфекция) және тұмаумен 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам тіркеледі екен.
Ағымдағы жылдың эпидемиялық маусымында Қазақстанда ЖРВИ және тұмаумен
аурушаңдылық 250 мыңнан аса оқиғалар тіркелген.
Сонымен, тұмау дегеніміз не? Медициналық түсінікте «Тұмау , грипп (лат. grіppus фр.
grіpper – “бас салу, шап беру”), инфлуэнца – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы.
Аурудың қоздырғышы –ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы
ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен
белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі
факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.Кейде ол
асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады.
Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді.
Тұмау вирусы өте тез, ауа-тамшы жолмен тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен
ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондайақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады.
Қазақстан Республикасында 2016 жылғы эпидемиялық маусымдағы ЖРВИ, тұмау бойынша
санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың
жүргізілуін бақылау жөніндегі жол картасына сәйкес қала, аудан көлемінде іс-шаралар өтіп
жатыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитеті төрағасының 2016 жылғы «19 » қаңтардағы №4-НҚ
бұйрығымен бекітілген жол картасы (Әрі қарай-Жол картасы) шараларын орындау барысында
Жаңа-Арқа бөлімшелік
көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасында (әрі қарай -Басқарма) мобильдік 2 топ құрылды, оның құрамында Басқарма
мамандары мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Жезқазған
қаласы және Жаңаарқа ауданы (әрі қарай-ОСӨСҚО) мамандары кіріп отыр.
Бірінші топ Жаңаарқа бекеті «Қазақстан темір жол» «Ұлттық компаниясы» Акционерлік
Қоғамы (әрі қарай -АҚ) филиалы жұмыскерлері арасында іс-шара жүргізсе, екінші топ
Жезқазған бекеті «Қазақстан темір жол» «Ұлттық компаниясы» АҚ филиалы, Жезқазған
қаласы әуежай «Жезқазған-Эйр» Авиакомпаниясы» АҚ, «Евро- Азия-Эйр» Авиакомпаниясы» АҚ, Қарағанды филиалы «Казаэронавигация» РМҚ мекемелері арасында, жолаушылар поез, әуежай, ұшақ жол серіктері және де «Жезқазған- Бейнеу» теміржол желісіндегі
құрылыс нысандарын салушы компаниялары, бекеттер мен разъездер жұмыскерлері арасында санитарлық –ағарту жұмыстары жүргізуге бағытталып отыр. Басқарма мамандары
тұмаумен және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингін жүргізуді
қамтамасыз ете отырып, радиодан сөз сөйлеулер,темір жол тұрғындарымен кездесу өткізуді
күшейтуді көздеп және өткізіп жатыр. ЖРВИ және тұмаудың профилактикасы бойынша
көрнекі ақпаратты (стендтер, кітапшалар, үнпарақтар, тұмаудың профилактикасы бойынша
бейнематериалдарды көрсету және басқалары) адамдар жаппай жиналатын жерлерде орналастыруда.
Жасалып жатқан іс-шаралар негізінде, барлық тұрғындарға ескертеріміз, тұмаудан сақтану
үшін ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылар көбейген кезде халық көп жиналған орындарда болмауға, салқын тигізіп алмауға тырысу қажет және ауа райына сәйкес киіну керек.
Сол сияқты, таза ауада серуендер алдында немесе көшеге шығар кезде мұрныңызға оксалин
майын жағып алсаңыз тұмау немесе басқа ЖРВИ вирустарының тыныс жолдарына енуі
күрт төмендейді. Науқас адам дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде
жатып емделуі керек. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе
орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б.
болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс. Науқас жатқан бөлменің ауасын жиі желдету
қажет.Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шаралары
жүргізіледі.
Өзіңізді және қасындағыларыңызды тұмаудан сақтағыңыз келсе, алдын-алу шараларын
уақытылы жасап отырғандарыңыз абзал!
С.Ж.БАЙБОЛОВА,
Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасының бас маман
ХАБАРЛАНДЫРУ
Биылғы қыс айларында, өткен жылмен салыстырғанда, қардың 4-5 есе көп түскенін және
өткен жылғы көктемгі қар еру барысында үйлер мен қоражайларды су алып кету
жағдайларының орын алғанын есепке ала отырып кент әкімі аппараты тұрғындарды өз
меншігіндегі ғимараттар мен аула аумағында жиналған қарды шығаруды дер кезінде
ұйымдастыруға шақырады. Кент бойынша осы мақсатқа арнайы техникадан құрылған бригада ұйымдастырылған.
Байланыс телефондары : 2-69-80, 2-60-88 , 2-84-66.
Атасу кенті әкімінің аппараты
3
20 ақпан 2016 жыл
БЕКІТЕМІН:
Жаңаарқа ауданының әкімі
Ғ.Омаров
Жаңаарқа ауданының кент және ауылдық округтер әкімдерінің 2016 жылдың ақпан айында
өткізген халықпен есептік кездесулері барысында түсіп, бақылауға алынған өтініштер мен
ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспары
Өтініштер мен ұсыныстардың мазмұны
Өтініштер мен ұсыныстар бойынша іс(өтінішкердің аты жөні мен мекен жайы)
шаралар
Сейфуллин а/о тұрғындары: мектеп ғимаратының шатыры қатты дауылдан Мектеп ғимаратының шатырын жөндеу ту1
ұшып кеткен, қалпына келтіруге көмек болса
ралы.
Ақтау а/о тұрғындары: желтоқсан айында қатты дауылдан ауылдық клубтың
2
Клубтың шатырын жөндеу туралы.
шатырын ұшырып әкеткен жөндеуге көмек көрсетсеңіздер.
Түгіскен а/о тұрғындары: бастауыш мектебінің бұрынғы ғимаратынан
Бұрынғы ғимараттан балабақша ашу ту3
балабақша ашуға көмек көрсетсеңіз.
ралы.
Ералиев а/о: мектеп директоры, мектеп ұжымы, ауылға бұрылатын 11 шақырым
4
Жолды жөндеу туралы.
тас жолын жөндеуден өткізуін сұрайды.
Ералиев а/о: Төленбұтақ өзені және Шығыс көшесінің тұрғындары, Төленбұтақ
5
Су желілерін жөндеу туралы.
өзені және Шығыс көшесінің су желілеріне жөндеуін сұрайды.
М.Жұмажанов а/о тұрғыны Елгелды Сқақов, мектеп қашан қолданысқа бері6
Мектептің ашылуы туралы.
леді.
Байдалы би а/о, «Қызылоба», «Талдыбұлақ» ауылының тұрғындары,
7
Бастауыш сынып оқушыларын сағат 12.00 де ауылға жеткізуін сұрайды.
Балалардың тасымалдауы туралы.
Байдалы би а/о, ауылының тұрғындары, Ауылдық клубтың есік-терезелері ес- Клубтың есік-терезелерін айырбастау ту8
кірген мүмкіндік болса айырбастап берсеңіздер.
ралы.
Бидайық а/о тұрғыны Мұқан Амантаев, республикалық маңызы бар тас жолдан
9
Рейстік автобустардың маршруты туралы.
өтетін барлық рейстік автобустар Бидайық а/о-не кіруін сұрайды.
Су желісін қосу туралы.
Атасу кентінің тұрғыны, еңбек ардагері Жетпіс Жұмажанов,
10
Ауданның су желісін Әлихан су құбырына қосуын сұрайды.
Атасу кенті Тәуелсіздік даңғылының тұрғындары,
Кәріз су желісін жөндеу туралы
11
Тәуелсіздік даңғылының кәріз су желісін жөндеуін сұрайды.
Атасу кенті Орманбаев және Сарысу көшесінің тұрғындары,
Су желісін жөндеу туралы.
12
Орманбаев және Сарысу көшесінің су желісін жөндеуін сұрайды.
№
Конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен
бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге» сәйкес, «Қоғамдық кеңестерді
қалыптастыру жөніндегі Жаңаарқа аудандық жұмыс тобы», Жаңаарқа аудандық Қоғамдық
кеңесінің 35 (отыз бес) мүшесін коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан
сайлау үшін конкурс жариялайды.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
Жаңаарқа ауданы шегінде тұратын, он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы. Сондай-ақ кандидаттың сотталғандығы болмауы; сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда
кінәлі деп танымаған болуы; психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе
уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес
ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық
қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
Ескерту: Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 3 күн мерзімде аудандық мәслихатқа (Атасу кенті,
Тәуелсіздік, 5 электрондық пошта maslihat-zhanaarka@mail.ru) жазбаша түрде Қоғамдық
кеңеске кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жібереді. Өзінің ұсыныстарын жіберген
әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру жөніндегі
Жаңаарқа аудандық жұмыс тобының төрағасы
ОБЪЯВЛЕНИЕ
о проведении конкурса
В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015
года № 1194 «Об утверждении Типового положения об Общественном совете», рабочая
группа по формированию Общественных советов Жанааркинского района объявляет конкурс об избрании 35 (тридцати пяти) членов Общественного совета Жанааркинского района
из представителей некоммерческих организаций, граждан.
Требования, предъявляемые к кандидатам:
Гражданин Республики Казахстан, достигший восемнадцати лет, проживающий в пределах
Жанааркинского района. А также кандидат не должен: иметь судимость; быть в установленном законом порядке признанным судом виновным в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения; состоять на учете в организациях
здравоохранения по поводу психического заболевания, алкоголизма, наркомании или токсикомании.
Для участия в конкурсе представляются:
1) письменное предложение некоммерческой организации и (или) заявление гражданина о
выдвижении кандидатуры в состав Общественного совета;
2) сведения о профессиональной и (или) общественной деятельности кандидата с указанием
автобиографических данных.
Примечание: Представители некоммерческих организаций и граждане в 3-дневный срок
после опубликования объявления о конкурсе направляют в районный маслихат (поселок
Атасу, Тәуелсіздік, 5 электронная почта maslihat-zhanaarka@mail.ru) в письменной форме
предложения по кандидатурам в Общественный совет. Каждая некоммерческая организация
и каждый гражданин, направивший свои предложения, могут предлагать не более одного
кандидата.
Председатель рабочой группый по формированию
Общественных советов Жанааркинского района
Орындалу
мерзімі
01.12.2016
01.12.2016
13.12.2016
26.09.2016
29.08.2016
29.08.2016
28.03.2016
01.12.2016
05.12.2016
05.12.2016
29.08.2016
26.09.2016
Аудан әкімнің жауапты Орындалысына
орынбасары
жауаптылар
Т.Аштаев,
Б.Мұқанов
К.Кокин.
А.Түсіпов,
Б.Мұқанов
А.Отарбаев.
Т.Аштаев,
Ю.Бекқожин
Ө.Кенжетаев.
Ж.Бөгенбаев,
Ю.Бекқожин
Е.Мәмбетов.
Ж.Бөгенбаев,
Ю.Бекқожин
Е.Мәмбетов.
Е.Назарбеков,
М.Жандаулетов
Д.Бүкірбаев.
Т.Аштаев,
М.Жандаулетов
Ж.Тажитов.
Т.Аштаев,
М.Жандаулетов
Ж.Тажитов.
Ж.Бөгенбаев,
М.Жандаулетов
С.Баязитов.
М.Жандаулетов
Ж.Бөгенбаев,
Ө.Боқанов,
Р.Түсіпов.
М.Жандаулетов
Ж.Бөгенбаев,
Р.Түсіпов.
М.Жандаулетов
Ж.Бөгенбаев,
Р.Түсіпов.
Берегитесь, Вирус Зика!
Вирус Зика - возбудитель болезни, вызванной вирусом Зика — это вирус, переносчиками которого являются комары рода
Aedes. У людей с болезнью, вызванной вирусом Зика, обычно наблюдается лихорадка, кожная сыпь (экзантема) и
конъюнктивит. Эти симптомы обычно сохраняются в течение 2–7 дней. В настоящее
время специфического лечения и вакцины
не существует. Наиболее эффективный способ профилактики — защита от укусов комаров. Известно, что вирус циркулирует в
Африке, Северной и Южной Америке, Азии
и Тихоокеанском регионе.
Признаки и симптомы: инкубационный
период (время с момента контакта с вирусом до появления симптомов) болезни, вызванной вирусом Зика, точно не известен,
но, вероятно, составляет несколько суток.
Симптомы заболевания похожи на симптомы других арбовирусных инфекций,
таких как лихорадка денге: это повышенная
температура, кожная сыпь, конъюнктивит,
боль в мышцах и суставах, недомогание и
головная боль. Эти симптомы обычно слабо
выражены и сохраняются в течение 2–7
дней. Во время крупных вспышек во Французской Полинезии в 2013 г. и в Бразилии в
2015 г. национальные органы здравоохранения сообщали о возможных неврологических и аутоиммунных осложнениях
болезни, вызванной вирусом Зика. Недавно
местные органы здравоохранения Бразилии
отметили рост числа случаев развития болезни, вызванной вирусом Зика, как в
общей популяции, так и среди младенцев,
родившихся с микроэнцефалией, на северовостоке страны. Органы, занимающиеся изучением вспышек заболевания, сообщают о
росте числа фактов, подтверждающих связь
между инфицированием вирусом Зика и
микроэнцефалией. Тем не менее для лучшего понимания связи между развитием
микроэнцефалии у младенцев и инфицированием вирусом Зика необходимы дальнейшие исследования. Кроме этого, изучаются
и другие возможные причины.
Пути заражения: вирус Зика передается
людям при укусах зараженных комаров
рода Aedes, в основном вида Aedes aegypti,
обитающих в тропических регионах. Эти
же комары являются переносчиками лихорадки денге, чикунгуньи и желтой лихорадки.
Первые сообщения о вспышках болезни,
вызванной вирусом Зика, поступили из Тихоокеанского региона в 2007 и 2013 годах
(острова Яп и Французская Полинезия соответственно), а также в 2015 году из Америки (Бразилия и Колумбия) и Африки
(Кабо-Верде). Кроме того, более чем в 13
странах Северной и Южной Америки были
зарегистрированы отдельные случаи инфицирования вирусом Зика, что свидетельствует о его быстром распространении.
Профилактика: наличие комаров-переносчиков и мест их размножения указывает
на значительный риск инфицирования вирусом Зика. Профилактика и контроль заболеваемости основаны на сокращении
численности комаров путем устранения их
источника (уничтожение и преобразование
мест размножения) и снижении вероятности контакта людей с комарами. Для этого
можно использовать репелленты, носить
одежду (желательно светлых тонов), закрывающую как можно большую часть тела,
применять физические барьеры, такие как
сетки, закрытые двери и окна, а также противомоскитный полог для сна. Помимо
этого важно избавляться от возможных
мест размножения комаров, для чего следует опорожнять, очищать или накрывать
емкости, в которых может скапливаться
вода: ведра, цветочные горшки, автомобильные шины. Необходимо уделять особое
внимание и оказывать помощь тем, кто не в
состоянии обеспечить себе надлежащую защиту, в частности, детям, больным и пожилым людям. Во время вспышек болезни
органы здравоохранения могут давать указания по распылению инсектицидов. Для
обработки относительно больших водоемов
можно также применять ларвициды — инсектициды, рекомендованные Схемой ВОЗ
по оценке пестицидов. Туристы должны соблюдать основные описанные выше меры
безопасности для защиты от укусов комаров.
Диагностика: для диагностики болезни,
вызванной вирусом Зика, применяют метод
ПЦР (полимеразной цепной реакции) и выделение вируса из образцов крови. Серологическая диагностика может быть
затруднена, поскольку данный вирус способен к перекрестной реакции с другими флавивирусами, такими как вирус лихорадки
денге, вирус Западного Нила и вирус желтой лихорадки.
Лечение: болезнь, вызванная вирусом
Зика, обычно протекает легко и не требует
специфического лечения. Люди, инфицированные вирусом Зика, должны много отдыхать, пить достаточно жидкости и
принимать обычные препараты для устранения боли и лихорадки. При усугублении
симптомов необходимо обратиться за медицинской помощью и рекомендациями. В настоящее время вакцины от этой болезни не
существует.
Жанааркинское районное управление по защите прав потребителей
4
20 ақпан 2016 жыл
20 НАУРЫЗ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНЕ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРҒА ДЕПУТАТТАР САЙЛАУ КҮНІ
Жаңаарқа ауданы бойынша үгіттік баспа
материалдарын орналастыру орындары
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулысы
Атасу кенті
№ 323
22 қараша 2011 жыл
«Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне және
мәслихаттар депутаттығына сайлау кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй – жайларды анықтау туралы»
Қарағанды облыс Әділет департаментінде нормативтік құқықтық акт 2011 жылғы 9
желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №812-118 болып енгізілді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабы 4, 6 тармақтарына сәйкес Жаңаарқа
ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау кезеңінде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне және мәслихаттар
депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін 1 қосымшаға сәйкес үй – жайлар берілсін.
2. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес орындар анықталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа аудан әкімінің орынбасары Марат
Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Ғ.Омаров
2016 жылдың 24 ақпан 18 наурыз аралығында
Жаңаарқа ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушыларымен кездесуге арналған үй - жайлардың
мекен-жайлары
№
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
Кент,
ауылдық округ
атауы
Үй-жайлар иесі, атауы, мекен-жайы,
телефоны
Б.Амалбеков (бұрынғы Н.К.Крупская) ЖОББМ
акт залы, Ә.Оспанов көшесі 43 тел.8(71030)2Атасу кенті
81-29
Негізгі орта мектеп, акт залы, Жеңістің 40
жылдығы көшесі 1 тел.8(71030)5-08-47
Қызылжар кенті
Мәдениет үй ғимараты, Достық көшесі 7
Айнабұлақ ауылы
тел. 8(71059)5-18-49
Мәдениет үй ғимараты, Жеңіс көшесі 65
тел. 8(71059)5-31-11
Ақтау ауылы
Мәдениет үй ғимараты,
Ынтымақ ауылы
Саябақ көшесі 15 тел.8(71030)5-06-85
Мәдениет үй ғимараты, Мектеп көшесі 7
тел. 8(71030)5-07-70
Орынбай ауылы
Мәдениет үй ғимараты,
Ералиев ауылы
Мектеп көшесі 160 тел.8(71030)2-96-94
Мәдениет үй ғимараты, Достық көшесі 1
Атасу ауылы
тел.8(71030)5-06-94
Мәдениет үй ғимараты, Бейбітшілік көшесі 39
Ескене ауылы
тел.8(71030)5-20-22
Негізгі орта мектеп, акт залы
Орталық көшесі 6 тел.8(71030)2-47-47
Бидайық ауылы
Мәдениет үй ғимараты, Төлебай сал көшесі 1
тел.8(71030)2-42-58
Ынталы ауылы
Мәдениет үй ғимараты,
Түгіскен ауылы
Ы.Жумабеков көшесі 49 тел.8(71030)2-33-42
М.Жұмажанов
Негізгі мектеп, акт залы
атындағы ауыл
С.Сейфуллин көшесі 21 тел.8(71030)5-11-83
Мәдениет үй ғимараты, Бейбітшілік көшесі 13
Ақтасты ауылы
тел. 8(71030)5-04-05
Мәдениет үй ғимараты,
Бәйтерек көшесі 1 тел.8(71030)5-06-96
Ақтүбек ауылы
Орындар
саны
Арнайы
тариф
(теңге/сағат)
80 орын
166,1
40 орын
150,15
150 орын
406,30
150 орын
242,3
50 орын
120 орын
150 орын
110 орын
60 орын
40 орын
160 орын
150 орын
191,0
270,0
205,0
540,5
365,0
236,1
418,0
511,0
40 орын
132,0
120 орын
431,0
35 орын
138,0
Помещения для встреч кандидатов с избирателями
Жанааркинского района
с 24 февраля по 18 марта 2016 года
Наименование поселка, Собственник помещения, название,
№
аульного округа
адрес и телефон
СШ им.Б.Амалбекова (бывшая
Н.К.Крупская) акт зал, ул. А.Оспанова
1
п. Атасу
43 тел.8(71030)2-81-29
Средняя школа, акт зал,
2
п. Кызылжар
ул.40 Победы, 1 тел.8(71030)5-08-47
Здание клуба,
3
с. Айнабулак
ул. Дружбы , 7 тел. 8(71059)5-18-49
Здание клуба, ул.Победы, 65
4
с. Актау
тел. 8(71059)5-31-11
Здание клуба,
5
с. Интымак
ул.Парковая ,15 тел.8(71030)5-06-85
Здание клуба, ул. Школьная 7
6
с. Орынбай
тел. 8(71030)5-07-70
Здание клуба,
7
с. Ералиева
ул. Школьная, 160 тел.8(71030)2-96-94
Здание клуба, ул Дружбы, 1
8
с. Атасу
тел.8(71030)5-06-94
Здание клуба, ул. Мира, 39
9
с. Ескене
тел.8(71030)5-20-22
Средняя школа,акт зал
10
с. Бидайык
ул. Центральная, 6 тел.8(71030)2-47-47
Здание клуба, ул. Төлебай сал, 1
11
с. Ынталы
тел.8(71030)2-42-58
Здание клуба, ул. им. Ы.Жумабеков, 49
12
с. Тугускен
тел.8(71030)2-33-42
основная школа, акт зал
13 с. имени М.Жумажанова ул. Сейфуллин ,21 тел.8(71030)5-11-83
Здание клуба, ул. Мира, 13
14
с. Актасты
тел. 8(71030)5-04-05
Здание клуба,
15
с. Актюбек
ул. Байтерек ,1 тел.8(71030)5-06-96
Количество
посадочных
мест
Специальный
тариф
(тенге/час)
80 мест
166,1
40 мест
150,15
150 мест
406,30
150 мест
242,3
50 мест
120 мест
150 мест
110 мест
60 мест
40 мест
160 мест
150 мест
191,0
270,0
205,0
540,5
365,0
236,1
418,0
511,0
40 мест
132,0
120 мест
431,0
35 мест
138,0
№
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
Кент, ауылдық
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
округ атауы
Атасу кенті
Тәуелсіздік даңғылындағы байланыс ғимараты алдындағы ақпараттық қалқаны
Атасу кенті
Абай көшесіндегі "Диана" кафесі жанындағы жарнамалық қалқан
С.Сейфуллин даңғылы бойындағы компьютерлік орталығы алдындағы
Атасу кенті
жарнамалық қалқан
Атасу кенті
Жамбыл көшесіндегі аграрлық колледждің алдындағы ақпараттық қалқан
С.Сейфуллин даңғылы бойындағы "Аяжан" дүкені жанындағы ақпараттық
Атасу кенті
қалқан
Қызылжар кенті Жеңістің 40 жылдығы көшесіндегі аурухананың жанындағы ақпараттық қалқан
Айнабұлақ ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Достық көшесі 7
Актүбек ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Бәйтерек көшесі 1
Ақтау ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Жеңіс көшесі 65
Ақтасты ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Бейбітшілік көшесі 13
М.Жұмажанов
атындағы ауыл
"Мирас" дүкені жанындағы жарнамалық қалқан
Атасу ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Достық көшесі 7
Бидайық ауылы
"Аққайын" дүкені жанындағы жарнамалық қалқан
Ералиев ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Мектеп көшесі 160
Ескене ауылы
Жеке кәсіпкер А.Төлеуовтың дүкені жанындағы жарнамалық қалқан
Отбасылық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы
ақпараттық қалқан, Ы.Жұмабеков көшесі 49
Түгіскен ауылы
Ынталы ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Төлебай сал көшесі 1
Отбасылық дәрігерлік амбулатория ғимараты жанындағы
Орынбай ауылы
ақпараттық қалқан, Мектеп көшесі 8
Ынтымак ауылы
Мәдениет үйінің жанындағы ақпараттық қалқан, Саябақ көшесі 15
Помещения для встреч кандидатов с избирателями
Жанааркинского района
с 24 февраля по 18 марта 2016 года
№
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
Наименование
поселка, аульного округа
Количество Специальный
Собственник помещения,
посадочных
тариф
название, адрес и телефон
мест
(тенге/час)
СШ им.Б.Амалбекова (бывшая Н.К.Крупская) акт зал, ул. А.Оспанова 43
п. Атасу
тел.8(71030)2-81-29
80 мест
166,1
Средняя школа, акт зал,
ул.40 Победы, 1 тел.8(71030)5-08-47
п. Кызылжар
40 мест
150,15
Здание клуба,
с. Айнабулак
50 мест
191,0
ул. Дружбы , 7 тел. 8(71059)5-18-49
Здание клуба, ул.Победы, 65
с. Актау
150 мест
406,30
тел. 8(71059)5-31-11
Здание клуба,
с. Интымак
ул.Парковая ,15 тел.8(71030)5-06-85
120 мест
270,0
Здание клуба, ул. Школьная 7
тел. 8(71030)5-07-70
с. Орынбай
150 мест
242,3
Здание клуба,
с. Ералиева
ул. Школьная, 160 тел.8(71030)2-96-94
150 мест
205,0
Здание клуба,ул Дружбы, 1
с. Атасу
тел.8(71030)5-06-94
110 мест
540,5
Здание клуба, ул. Мира, 39
с. Ескене
60 мест
365,0
тел.8(71030)5-20-22
Средняя школа,акт зал
с. Бидайык
ул. Центральная, 6 тел.8(71030)2-47-47
40 мест
236,1
Здание клуба, ул. Төлебай сал, 1
с. Ынталы
160 мест
418,0
тел.8(71030)2-42-58
Здание клуба,
с. Тугускен
150 мест
511,0
ул. им. Ы.Жумабеков, 49 тел.8(71030)2-33-42
с. имени М.Жумаосновная школа, акт зал
жанова
ул. Сейфуллин ,21 тел.8(71030)5-11-83
40 мест
132,0
Здание клуба, ул. Мира, 13
с. Актасты
тел. 8(71030)5-04-05
35 мест
138,0
Здание клуба,
с. Актюбек
120 мест
431,0
ул. Байтерек ,1 тел.8(71030)5-06-96
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА
КАНДИДАТТАР ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ОКРУГТІК
САЙЛАУ КОМИССИЯНЫҢ ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Конституциялық заңының 16,104 баптарына сәйкес округтік сайлау комиссиялары
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына мына кандидаттарды тіркеді:
№35 Атасу сайлау округі
1.Жарылғапов Ғазым Жарылғапұлы – 1942 жылы туған, қазақ, «Ғ.Жарылғапов атындағы
аграрлық колледжі» директоры, Атасу кентінде тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
2.Тажитова Айман Зәрубайқызы – 1970 жылы туған, қазақ, «Қазпошта» АҚ бастығы, Атасу
кентінде тұрады.
3.Бекішев Амантай Жампейісұлы – 1959 жылы туған, қазақ, «Саябақтар мен стадиондар
басқармасы» КМК директоры, Атасу кентінде тұрады.
САЙЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
Құрметті аудан тұрғындары өздеріңіздің аудандық сайлаушылар тізімінде бар жоқтығыңызды анықтау және өз сайлау учаскеңіз туралы мәлімет алғыңыз келсе,
тұрғылықты жеріңіздің әкімшілігіне хабарласуларыңызды сұраймыз:
Оның ішінде, Атасу кенті тұрғындары 8(71030)2-85-04 телефоны бойынша
мәлімет аласыздар.
Сұрақтар туындаған жағдайда 8(71030)2-87-98 тікелей желі телефоны бойынша
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің байланыс орталығына хабарласуларыңызды
сұраймыз.
Жаңаарқа аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы
20 ақпан 2016 жыл
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА
КАНДИДАТТАР ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ОКРУГТІК
САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Конституциялық заңының 16,104 баптарына сәйкес округтік сайлау комиссиялары Жаңаарқа
аудандық мәслихатының депутаттығына мына кандидаттарды тіркеді:
№1 Сәдуақасов сайлау округі:
1.Рахимов Рысқали Серікбайұлы – 1964 жылы туған, қазақ, «Нұр Отан» партиясы аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Атасу кентінде тұрады, «Нұр Отан» партиясы
мүшесі.
2.Хамимолдина Айгүл Амантайқызы – 1982 жылы туған, қазақ, О.Жұмабеков атындағы
жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі, Атасу кентінде тұрады.
3.Тайшибеков Саяжан Саматұлы – 1988 жылы туған, қазақ, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер
палатасы аудандық филиалының заңгері, Атасу кентінде тұрады.
№3 Орталық сайлау округі:
1.Орынбасарова Нұргүл Охасқызы – 1968 жылы туған, қазақ, «Данияр» шаруа
қожалығының мүшесі, Атасу кентінде тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
2.Бейсенбекова Лаура Қайыржанқызы – 1995 жылы туған, қазақ, №132 жалпы орта білім
беретін мектеп мұғалімі, Атасу кентінде тұрады.
3.Сыздықова Диана Берікқызы – 1994 жылы туған, қазақ, «Жұмыспен қамту орталығы»
КММ маманы, Атасу кентінде тұрады.
№5 Теміржол сайлау округі:
1.Рахманқұлова Әлия Сахытқызы – 1965 жылы туған, қазақ, «Аудандық орталық аурухана»
КМК директорының орынбасары, Атасу кентінде тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
2.Түсіпова Мархабат Икенқызы – 1974 жылы туған, қазақ, «Аққұдық» шаруа қожалығының
жетекшісі, Ералиев ауылында тұрады.
3.Әлібаева Ақмарал Еркінқызы - 1993 жылы туған, қазақ, Түгіскен негізгі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі, Түгіскен ауылында тұрады.
№9 Ералиев сайлау округі:
1.Жуанышбаев Жанболат Ондыбайұлы – 1970 жылы туған, қазақ, «Қоғалы» шаруа
қожалығының жетекшісі, Ералиев ауылында тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
2.Қаппасова Қаршыға Шуғайқызы – 1985 жылы туған, қазақ, «Толағай» отбасылық
дәрігерлік амбулаториясының дәрігері, Ералиев ауылында тұрады.
3.Қожамұратов Онласын Бергенұлы – 1970 жылы туған, қазақ, «Шеркеш» шаруа
қожалығының жетекшісі, Ералиев ауылында тұрады.
№10 Қараағаш сайлау округі:
1.Ізтілеу Жарас Сырымұлы – 1988 жылы туған, қазақ, «Жаңаарқа мәдени – сауық
орталығы» КМК директорының орынбасары, Атасу кентінде тұрады.
№11 Сейфуллин сайлау округі:
1.Айтжанов Өмірбек – 1963 жылы туған, қазақ, Бидайық орта мектебінің мұғалімі, Бидайық
ауылында тұрады, «Нұр Отан» партиясы мүшесі.
2.Дүйсенбеков Дәулетхан Нәбиұлы - 1958 жылы туған, қазақ, «Жаңаарқа жылу» КМК учаскесі бастығы, Атасу кентінде тұрады.
3.Сәдуов Төрежан Қайыркенұлы – 1969 жылы туған, қазақ, «Тұяқбай ауылы» шаруа
қожалығының жетекшісі, Атасу кентінде тұрады.
№12 Түгіскен сайлау округі:
1.Абюров Жұмаділда Елеусізұлы – 1961 жылы туған, қазақ, «Сәкен и К» ЖШС бөлімше
бастығы, Түгіскен ауылында тұрады, Нұр Отан» партиясы мүшесі.
2.Бекетов Сайлау Аманбайұлы – 1980 жылы туған, қазақ, «АТЗ Жеңіс» ЖШС бас бухгалтері, Түгіскен ауылында тұрады.
3.Шоланов Еркебұлан Бақытжанұлы – 1987 жылы туған, қазақ, жеке кәсіпкер, Атасу кентінде тұрады.
5
Су тасқыны болған кезде өзін ұстау ережесі
Егер сіз су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алсаңыз не істеу керек? Егер сіздің
аудан су тасқыны мен су басудан жиі зардап шегетін болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік жерлерді, өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан, сирек су басатын
жерлерді, сондай-ақ сол жерлерге баратын төте қысқа жолды біліп және есте ұстаңыз,
Қайықтың, су салдарының және жүзу құралдарының дайындауға қолда бар
материалдардың сақтау орындарын есте сақтаңыз. Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз.
Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, суды, сондай-ақ дәрідәрмектерді арнайы шамаданға немес рюкзак қапшыққа салып қойыңыз. Қайық пен басқа
да жүзу құралдарын дайындаңыз. Оларды су айдап әкетпес үшін, міндетті түрде байлап
қойыңыз.
Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде: суды, газды және электр тоғын
өшіріңіз; жанып тұрған пешті сөндіріңіз; егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы
қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге
сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз; ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз; өз үйіңізді апат соққысына дайындаңыз; бірінші
қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;
өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық
қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге
салған жөн) алыңыз; қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық
жинақтау пунктіне барыңыз.
Кенеттен су басса: үрейленбей, сабырлылық танытыңыз; тез арада жақын жердегі
қауіпсіз, биік жерге шығуға тырысыңыз, сумен сонымен қатар қолда бар жүзу
құралдарының көмегімен көшуге тырысыңыз; егер бұл мүмкін емес болған жағдайда
жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз; су көтерілген жағдайда шатырға ал су
тез көтерілген жағдайда – үй шатырының қырына шығу керек; балалар, ауру, әлсіз, жаураған
адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына байлаңыз;
ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су
тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін; құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат
дабылын беріп отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал
түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз; құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және
биік жерлерде қалыңыз; өз бетіңізбен көшіруді тек зардап шегушіге тез арада медициналық
көмек көрсету қажет болғанда, тамақтың жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне сенімсіздік туғанда немесе жай - күй нашарлағанда жүзеге асыруға болады; өз бетінше көшіруде
жеке қайықтар мен катерлерді, бөренелер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз.
Су қайтқаннан кейін: үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына көз жеткізу үшін, үйді мұқият
қарап шығу; ішкі бөлмелерді жарықтандыру үшін шырпыны немесе шамдарды қолданудан
сақ болу (жарықтандыру үшін электрлі жарық түсіргіштер қолдануға болады); үзілген немесе жалғанбаған электрлі сымдардан сақтану; есте ұстаңыз, мамандардың электр торабын
тексергенге дейін электр құралдарын қосуға тыйым салынады; қираған немесе нұқсан келген су құбырлары, газ және канализация магистральдары туралы тез арада коммуналды
қызметтер мен ұйымдарға хабар беріңіз; суда қалып қойған азық түлікті санитарлыэпидемиологиялық қызметтің тексерісінсіз тамаққа қолдануға тыйым салынады; су басқан
жерлердегі құдықтарды міндетті түрде дезинфекциялау қажет.
Жанаарқа ауданының Төтенше жағдайларды
алдын алу және жою комисиясы
Жаңаарқа аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы
Жаңаарқа ауданы бойынша азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағалары 17.02.2016 ж.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
Литр мен кг., бағалар
Тазартылған күріш,кг
Бірінші сұрыпты бидай ұны,кг
Ұн жармасы,кг
Қара құмық жармасы,кг
Сұлы жармасы,кг
Арпа жармасы,кг
Тары,кг
I - сұрыпты бидай наны
Вермишель, кг
кеспе, кг
Рожки, кг
Сиыр еті , кг
Қой еті,кг
Тауық еті, кг
Тауық сан еті, кг
Қоюлатылған сүт, майлылығы 2,5%
Қоюлатылған сүт ,майлылығы 3,2% литр
Айран майлылығы 2,5%, литр
Айран, майлылығы 3,2%,литр
Ірімшік,майлылығы 5-9%, кг
Сыр, кг
Тауық жұмыртқасы I-II санатты,10дана
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
Литр мен кг.,бағалар
Тұздалмаған сарымай, майлылығы 72,5%, қоспасыз
Сұйық, өсімдік майы, 1 литр
Маргарин
Орам жапырақ, кг
Пияз, кг
Асхана қызылшасы, кг
Асхана сәбізі, кг
Картоп, кг
Қант, кг
Тұз ( "Экстрадан" басқа), кг
Түйіршектелген қара шай, кг
"Алем"
16 ақпан
17 ақпан
190
190
88
88
140
140
240
240
90
90
95
95
130
130
65
65
140
140
170
170
140
140
1100
1100
0
0
650
650
580
580
235
235
260
260
200
200
215
215
0
0
1400
1400
250
250
"Әлеуметтік дүкен"
16 ақпан
17 ақпан
500
500
380
380
400
400
65
65
65
65
85
85
70
70
65
65
228
228
50
50
1550
1550
"Жандос"
15 ақпан
16 ақпан
170
170
80
80
160
160
250
250
115
115
110
110
125
125
65
65
136
136
150
150
136
136
1050
1050
0
0
660
660
580
580
215
215
195
195
200
205
205
220
0
0
1400
1400
235
230
"Жандос"
16 ақпан
17 ақпан
500
500
350
390
400
400
70
70
65
65
90
90
70
70
65
65
210
210
45
45
1600
1600
"Алем"
15 ақпан
16 ақпан
190
190
88
88
140
140
240
240
90
90
95
95
130
130
65
65
140
140
170
170
140
140
1100
1100
0
0
650
650
580
580
235
235
260
260
200
200
215
215
0
0
1400
1400
250
250
"Алем"
16 ақпан
17 ақпан
500
500
380
380
400
400
65
65
65
65
85
85
70
70
65
65
228
228
50
50
1550
1550
"Алия"
16 ақпан
17 ақпан
175
175
80
80
105
105
250
250
85
85
95
95
100
100
65
65
145
145
160
160
145
145
1100
1100
0
0
690
690
590
590
220
220
240
240
200
200
210
210
0
0
1400
1400
220
220
"Алия"
16 ақпан
17 ақпан
650
650
330
330
380
380
75
75
65
65
95
95
90
75
85
75
228
228
36
36
1550
1550
"Асхат"
16 ақпан
17 ақпан
170
170
88
88
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
65
65
160
160
200
200
160
160
0
0
0
0
0
0
650
650
0
0
260
260
0
0
210
210
0
0
1300
1300
250
250
"Асхат"
16 ақпан
17 ақпан
380
380
400
400
350
350
100
0
80
80
120
0
80
80
80
80
240
240
50
50
1520
1520
"Жаңаарқа ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" ММ
6
20 ақпан 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына 1-қосымша
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1.Осы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау
қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8
ақпандағы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005
жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде
тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялар (бұдан әрі –
субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда
мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) бірінші көбейтілген
тұқым – бірінші жылғы элиталық тұқымды көбейтуден
алынған тұқым; 2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымы –
генетикалық айырмашылығы бар аналық нысандарды будандастырудан алынған және гетерозис нәтижесінде
шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша ең
үздік аналық нысаннан асып түсетін өсімдіктердің
тұқымдары. 3. Бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ
будандарының тұқымдарын аттестатталған тұқым өсіру
шаруашылықтары (импорттауды қоспағанда) өсіреді және
олар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген
сорттарға және (немесе) будандарға жатуы тиіс. 4. Субсидиялар сомаларын және тұқымдар мен көшеттердің әрбір түрі
бойынша субсидия алушылар тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан
әрі – аудан әкімдігі) шешімімен құрамына аудан әкімдігінің,
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл
шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің
қызметкерлері, облыстың (ауданның) мемлекеттік тұқым инспекторы, салалық қоғамдық және ғылыми ұйымдардың,
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
өңірлік палаталардың өкілдері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. Ауданның ауыл
шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) Комиссияның
жұмыс органы болып табылады. 5. Қаржыландыру заңнамада
белгіленген тәртіппен облыстың, Астана және Алматы
қалаларының әкімдігі (бұдан әрі – облыс әкімдігі)
қаулысының негізінде тиісті қаржы жылына арналған
облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (егіс
алқаптарының болжамды құрылымына қарай) облыс
әкімдігінің қаулысымен белгіленеді. Қандай да бір аудан
бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың
әкімдіктері оларды субсидиялаудың бекітілген көлемі шегінде қайта бөледі. 6. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан
әрі – Министрлік) келісім бойынша облыс әкімдігінің
қаулысымен келесі жылдың өніміне бірінші көбейтілген және
бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың
(пайдаланудың) ең төменгі нормалары аймақтар бойынша
және дақылдар бөлінісінде бекітіледі, олар осы Қағидаларға
1-қосымшада көрсетілген бірінші көбейтілген мен бірінші
ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу (пайдалану)
нормаларынан 2 еседен артық айрықшаланбауы (үлкен және
кіші жағына) тиіс. 7. Өтінім берілген субсидиялар көлемі тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте
көзделген сомалардан артық болған кезде Қазақстан
Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген
тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат
шешіміне өзгерістер енгізу жолымен жергілікті бюджеттен
қосымша қаражат бөлінеді.
2. Субсидия алушылар
8. Субсидиялар: 1) тұқым өсіру шаруашылықтарын
қоспағанда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының
тұқымдарын
(Қазақстан
Республикасының
тұқым
шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жақын және
алыс шетелден және республиканың басқа облыстарынан
әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып алуға; 2) тұқым
өсіру шаруашылықтарының өзі өсірген бірінші көбейтілген
және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын егіске
пайдалануға; 3) оларды ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге арзандатылған құны бойынша сату шартымен
элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының жеміс-жидек
дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін өсіруге
жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге арналған.
3. Субсидия алу шарттары
9. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында
көрсетілген субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде
төленеді: 1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің
бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті жылғы 20
маусымға дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті жылғы 10
қарашаға дейінгі мерзімде: ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілердің бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ
будандарының тұқымдарын сатып алуын растайтын шотфактуралардың көшірмелерін; осы Қағидаларға 3-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және бірінші
ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алу көлемдері
жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесін қоса беріп, осы
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім
беруі. Бұл ретте, химиялық әдіспен жалаңаштанған мақта
тұқымын сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілер субсидия алу үшін бұған қоса осы Қағидаларға
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тұқымын
химиялық әдіспен тазалауға арналған шарттардың, сонымен
қатар мақта тұқымын химиялық жалаңаштау әдісі бойынша
орындалған жұмыстар актінің көшірмелерін өтінімге қоса береді; 2) облыс әкімдігі бекіткен ең төменгі нормаларға сәйкес
жоспарланған сорт жаңартуды қамтамасыз ету үшін қажетті
көлемдерде бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ
будандарының тұқымдарын тиісті жылы сатып алу. Ауыл
шаруашылығы тауарын өндіруші осы Қағидаларға 5қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды бірінші көбейтілген және (немесе) бірінші ұрпақ
будандарының тұқымдарын өзі сатып алған тұқым өсіру
шаруашылығы арқылы төлеу туралы өтінім беруі мүмкін.
Мұндай жағдайда субсидиялар тұқым өсіру шаруашылығына
төленеді. Егер тұқым өсіру шаруашылығы арқылы бірнеше
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімі берілген
жағдайда, тұқым өсіру шаруашылығы бөлімге осы
Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер
тізілімін ұсынады. 10. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2)
тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай шарттар
сақталған кезде төленеді: 1) ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілердің бөлімге жаздық дақылдар бойынша тиісті
жылғы 20 маусымға дейінгі, күздік дақылдар бойынша тиісті
жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде: осы Қағидаларға 8қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші көбейтілген және
бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын нақты өндіру
көлемдері жөніндегі тізілімнің көшірмесін; осы Қағидаларға
9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себілген бірінші
көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
туралы актінің көшірмесін қоса бере отырып, осы
Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім
беруі; 2) тұқым өсіру шаруашылығының тиісті жылы бірінші
көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын
себуі.
11.Осы
Қағидалардың
8-тармағының
3)
тармақшасында көрсетілген субсидиялар өтініш беруші мынадай талаптарды сақтаған жағдайда төленеді: 1) элиталық
тұқым өсіру шаруашылықтарының бөлімге тиісті жылғы
20 маусымға дейінгі мерзімде: жеміс-жидек дақылдары мен
жүзімнің элиталық көшеттерін сатуды растайтын шотфактуралардың көшірмелерін; осы Қағидаларға 11қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары
мен жүзімнің элиталық көшеттерін нақты сату көлемдері
жөніндегі жиынтық тізілімнің көшірмесін қоса бере отырып,
осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтінім беруі; 2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің
элиталық көшеттерін облыстың, Астана және Алматы
қалаларының ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті
атқарушы органы (бұдан әрі – облыстың ауыл шаруашылығы
басқармасы) белгілеген шекті бағадан аспайтын баға бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сату.
4. Субсидияларды есептеу тәртібі
12.Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2)
тармақшаларында
көрсетілген
субсидиялар
осы
Қағидалардың 6-тармағына сәйкес белгіленген бірінші
көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын
алқап бірлігіне сатып алудың (пайдаланудың) ең төменгі нормалары шегінде есептеледі. 13. Осы Қағидалардың 8тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер іс жүзінде
пайдаланған, Қазақстан Республикасында пайдалануға
рұқсат етілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің
элиталық көшеттерінің көлемі үшін әрбір облыс, Астана және
Алматы қалалары үшін көшеттердің әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде субсидиялар
мөлшеріне арзандатылған құн бойынша есептеледі.
Өткізілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық
көшеттері бойынша әрбір элиталық тұқым өсіру
шаруашылығына арналған квоталарды облыстың Ауыл
шаруашылығы
басқармасы
тұқым
шаруашылығы
саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес
белгілейді.
14.Пайыздық
арақатынаста
субсидиялардың мөлшерлері: 1) сатып алынған (тұқым өсіру
шаруашылығы
пайдаланған)
бірінші
көбейтілген
тұқымдардың толық құнының 50 %-ына дейін және сатып
алынған (тұқым өсіру шаруашылығы пайдаланған) бірінші
ұрпақ будандары тұқымдарының толық құнының 30 %-ына
дейін болуға, бірақ осы бұйрықта бекітілген бірінші
көбейтілген және бірінші ұрпақ будандары тұқымдарының 1
тоннасына арналған субсидиялар нормативтерінен аспауға
тиіс. Мақта тұқымдарын сатып алуға (тұқым өсіру
шаруашылығының пайдалануына) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу кезінде 1
тоннаға субсидиялар нормативі тұқымдарды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық жалаңаштау
әдісі) қарай айқындалады; 2) өткізілген элиталық
көшеттердің толық құнының 40 %-ына дейін болуы, бірақ
осы бұйрықта бекітілген элиталық көшеттердің 1 данасына
арналған субсидиялар нормативтерінен аспауға тиіс.
5. Субсидиялар төлеу тәртібі
15. Бөлім осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін екі
жұмыс күні ішінде және жыл сайын 20 мамырға дейін субсидиялар алуға құжаттар қабылдау мерзімін көрсете отырып,
субсидиялау
бағдарламасына
қатысуға
өтінімдер
қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы
хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсында және
жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды
қамтамасыз етеді. 16. Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі
аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға
12 және 13-қосымшаларға сәйкес тиісті нысан бойынша субсидия алушылар тізбесін (бұдан әрі – аудан бойынша тізбе),
сондай-ақ осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері олар
арқылы берілген тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімін
(бұдан әрі – аудан бойынша тізілім) қалыптастырады және
оларды аудан әкімшілігіне бекітуге жолдайды. 17. Аудан
әкімдігі аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді
алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бекітеді. 18. Бөлім аудан
бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді бекітілгеннен
кейін үш жұмыс күні ішінде облыстың ауыл шаруашылығы
басқармасына ұсынады. 19. Облыстың ауыл шаруашылығы
басқармасы құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс
күні ішінде мынадай кезекті іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1)мыналарды: осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2)
тармақшасында көрсетілген субсидияларды төлеу үшін – бірінші көбейтілген, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын
облыс бойынша сатып алу (тұқым өсіру шаруашылығының
пайдалану) көлемдері жөніндегі жиынтық актілерді осы
Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;осы
Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген
субсидияларды төлеу үшін – облыс бойынша жеміс-жидек
дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін сату көлемдері
жөніндегі жиынтық актілерді осы Қағидаларға 16-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша жасайды және бекітеді; 2) облыс бойынша белгіленген жиынтық актілер бойынша және
субсидиялардың белгіленген мөлшерлерінің негізінде төлеуге
жататын субсидиялардың көлемдерін анықтайды. Бұл ретте
облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы облыс бойынша
жиынтық актілерді салыстырып тексеру нәтижесінде ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші көбейтілген
және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алуды
субсидиялауға өтінімдерді өздігінен беру және осы ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімді тұқым өсіру
шаруашылықтары арқылы беру фактілері анықталған
жағдайда осы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомоске қоспайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің өтінімі сол арқылы
берілген тұқым өсіру шаруашылығын субсидиялар төлеуге
арналған жиынтық ведомоске қосудан бас тартылған
жағдайда, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тұқым өсіру
шаруашылығына тұқымдардың нарықтық құны мен ол
төлеген сома арасындағы айырманы төлейді. Тұқым өсіру
шаруашылықтарының бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ
будандарының
тұқымдарын
тиесілі
субсидияларды
көрсетілген тұқым өсіру шаруашылықтарына төлеу туралы
өтінімдер ұсынған басқа облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне өткізу фактілері болған жағдайда,
аумағында тұқым өсіру шаруашылықтары орналасқан
облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы облыс бойынша
тұқым өсіру шаруашылықтарының субсидиялар төлеуге
жиынтық тізілімін осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша жасайды және субсидиялар төлеуге арналған
жиынтық ведомоске осы ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерді қосуға жол бермеу мақсатында оны аумағында
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістік
алқаптары орналасқан облыстың ауыл шаруашылығы
басқармасына жолдайды; 3) мынадай шығындарды ішінара
өтеуге субсидиялар төлеуге: сатып алынған (тұқым өсіру
шаруашылығы пайдаланған) бірінші көбейтілген және бірінші
ұрпақ будандарының тұқымдарына осы Қағидаларға 18қосымшаға сәйкес нысан бойынша; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген элиталық көшеттерді өсіруге
(әрбір элиталық тұқым өсіру шаруашылығына белгіленген
квота шегінде) осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша жиынтық ведомостерді қалыптастырады және бекітеді. 20. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті
жиынтық ведомості бекіткеннен кейін он жұмыс күні ішінде
төлемдер жөніндегі жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес
аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоты қағаз тасығышта ұсынылған
жағдайда екі данада ұсынады, ал төлем шоттарын
«Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі бойынша
өткізген кезде төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды.
6. Субсидиялау жөніндегі есептілік
21. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Министрлікке
бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 15 шілдеден кешіктірмей, ал жылдың қорытындысы бойынша есептіден кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей берілген
субсидиялар туралы жиынтық ақпарат ұсынады. Тұқым
шаруашылығын дамытуға берілген субсидиялар туралы
жиынтық ақпарат облыстар әкімдіктерінің интернет-ресурстарында осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
жылына бір рет тиісті жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей
орналастырылады.
7
20 ақпан 2016 жыл
Шаруа қожалығы, жағдайың қалай?
Күні кеше ғана кеңестер боданынан шығып егемендік
алған қазақ елінің бүгінгі қарқынды даму көшінің
аралығында өткен 25 жыл талайды шыңдап, биік белестерге жеткізді.
Тоқсаныншы жылдың басындағы
тоқырауға тап болғанда жұрт қайраңда қалған кемедей не
істерін білмей дал болып, келер күннің қалай боларын
болжай алмай аласұрды. Осы уақытқа дейін еңбек еткен
шаруалар мен жұмысшыларға тиген азын-аулақ малы
тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кете барды.
Ертеңін ойлаған ел тістесіп жүріп бірді- екілі малын
өсіруге кірісті. Пайға тиген малдан бір-екі жылда тігерге
тұяқ қалдырмағандар да бар. Сол уақытта жері бардың
техникасы жоқ, малы бардың шабындығы жоқ,
шабындығы бардың малы жоқ күн туды. Қолда бар
техниканың сынғанына жаңа бөлшектер табу, оны сатып
алуға қаражат табу, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету
деген үлкен мәселеге айналды. Малдың бағасы күрт
төмендеді. Бір қап ұнға-1 қой айырбасталып кете барды.
Жұмыссыздық жайлаған сол тұста күн көріс көзі тек мал
болғаны рас. Сол кезде алмақтың да салмағы бар екенін
біліп
малды үнемдеп жұмсап, оның өсіп-көбеюін
қамтамасыз еткен азаматтар бүгінгі күні іргесін кеңге
салып ірі шаруа қожалықтарының иесі болып отыр.
Шаруа қожалықтарындағы малды асылдандыруға атсалысып келе жатқан азаматтар да сол жандар. Мемлекеттік
жеңілдіктерге ие болып, несиелер алып, шаруасын
шалқытып отырған Актүбек ауылдық округіне қарасты
шаруа қожалығының жетекшілеріне ортақ сұрақ қойып өз
ойларын білген едік.
-Шаруа қожалығы қашан құрылды? Шаруа қожалығын
басқару қиыншылық тудырмайды ма? Жұмыс жүйелі
түрде жүру үшін не істеу керек?
-Мемлекеттің ауылшаруашылық саласына жасап
отырған көмегін пайдаландыңыздар ма?
-Ауданымызда МТС құрылды. Осы мекеме арқылы
ақысын төлеп көп жылдық шөп өсіруге ниеттеріңіз
бар ма?
-«Ауылын азаматына қарап таны»-деген сөз бар.
Ауылға көмек көрсетесіздер ме? Отбасыларыңы жайлы
әңгімелесеңіздер?
«Абылай» ШҚ иесі Ерболат Әлтаев:
Осы ауылдың тумасымын. Балалық
шағымыз кеңестер үкіметінің қызу
жұмыс кезіне тап келді. Мектеп бітірген бетте аудан орталығындағы
училищеге оқуға қабылданып, ауылдағы
жұмысқа керек мамандықты игеріп
шығатынбыз. Ол уақыттағы талап
солай, жұмыссыз жүруге болмайды. Мен де
совхозға тракторист болып жұмысқа кірдім. Еңбек етіп
жүргенімізде Тәуелсіздік орнап, жұмыс аяқталып ыдырай бастады. 1993 жылы еңбек еткен әр адамға совхоз
үлеске мал берді. Біздің де шаруа қожалық сол 1993
жылы құрылды. Әке-шешем Дүйсенбай мен Шәмшия мал
өсірудің
қыр-сырын меңгерген
кәнігі малшылар.
Үйренемін дегенге үйретері көп ата-анамыздан
көргенімізді істеп жұмысқа кірісіп кеттік. Үлеске тиген
азын-аулақ тана-торпақ пен көк тракторды иемденіп өз
шаруамызды дөңгелеттік. Бәрі оңай болды десем артық
айтқандығым болар. Теңге таптырмайтын пұлға,
көпшілік жалақысыз құлға айналған кезең басталды да
кетті. Әкем мал соңында болса, мен шөп шабу, оны
жыйнау мен тасу жұмыстарына кірістім. Не нәрсенің
де құны аспандап тұрған шақта үнемдеуді, босқа шашпауды, жиған-тергенді желге ұшырмауды көздеп, қолдағы
барды ұқсатуға тырыстық әрі үйрендік.
Шаруа қожалықтың иесі мен болғаныммен басшылық
әкейдікі. Әкеміздің айтқаны заң болатын, тәрбиені
көргендіктен әкейдің ақылын алдық. Сол кездегі мақсат
малды көбейту болды, көбейттік. Төрт түліктен түйеден
басқасын ұстап отырмыз. Ауызбірлік пен ынтымақ
жүрген жерде жұмыс жүйелі түрде іске асады.
-Елбасының қолдауымен малды асылдандыру мақсатында
көп бағдарламалар жүзеге асты. Мен де «Сыбаға»
бағдарламасы арқылы елуге тарта қыл құйрықты
жылқы малымен «Әулиекөл» тұқымынан үш бұқа алдым.
Бұл етті бағыттың малы. Биыл сүтті бағыттағы «Семитал» қара ала мен «Ақбас» тұқымынан бұқа алып
сүтті бағытты да қолға алмақпын. Тракторды да лизгинг арқылы алдым.
-Енді біздің жеріміздің көбі ауылдың іргесі. Әрине
құнары көп азық орғанға не жетсін. Ақысын төлеп
салғанымызбен ауыл малынан оны кім қориды. Қаншама
еңбек пен қаржы желге ұша ма деп ойлаймын.
-Өміріміздің бастауы болған ауылдың тірлігі ақсаса әрине
алдымен ауыл азаматтарына келеді. Бұрынғыдай емес
жағдай түзелді. Ауылдағы іс-шараларға қолдан келгенше
көмектесеміз. Маусымдық жұмыстарға ауыл азаматтарын жұмысқа тартып, ақысын төлеп тұрамын. Ауыл
атынан жәрмеңкелерге жиі қатысамыз.
-Отбасылымын.
Жарым-Гүлмира
екеуміздің
отасқанымызға 25 жылдан асты. Абылай, Аманбай, Инабат, Шұғыла есімді төрт баланың әкесімін, кішкене
немеренің атасымын.
«Өндіріс» ШҚ иесі Қошеметов Қанат:
-Елмен бірге бөлініп, алғашқылар болып
жеке
шықтық.
Алғашында
қиындықтарға барлық жеке меншік иелері тап болды. «Көппен көрген ұлы
той»- демекші елмен бірге біз де
қиындықтармен
бетпе-бет
келіп,
еңсеруге күш салдық. Әрине жалғыз
айқастым
деп
айта
алмаймын. Бір
әулеттегі барлығымыз иелігіміздегі малдың ысырап болмай өсіп-өнуіне күш салдық. «Өркендеу» ауылының іргетасын қаласқан ата-анамыз Қауқарбай мен Аманның
бар баласы атсалысты десем артық айтпағаным. Арада
өткен жиырма жыл талай қиындықтарды алдыға
тосқанымен бірте-бірте шаруаның ыңғайын біліп, бұл
жұмысқа да төселіп алдық. Інім Кенжебай мал бақса,
бауырым Мәди, балам Саян шөп шабу науқанына атсалысады. Мал бағу оңай емес. Қыруар шаруаны бірлесе
атқарып, жемісін көріп отырмыз.
-Иә, мал өсіріп, еңбек етемін дегендерге үкіметіміздің
көмегі әзір. Лизгинг арқылы техникаға қол жеткізсек,
«Әулиекөл» тегінен бұқа алып, малды асылдандыруға атсалысып отырмыз.
-Құнарлы шөп керек-ақ. Оны салып, өсіріп, орып береміз
деген мекеме де бар. Бірақ баяғыдай емес, ел қорланды.
Ауылдағы әр үйде 10-нан асатын ірі қара мен 20-30
шақты қой-ешкі бар. Оларға жайылым керек. Біздің
шабындығымыз ауыл іргесінде болғандықтан оны қору
үлкен жұмыс. Алдағы күндердің еншісіндегі бұл мәселе
де өз шешімін табатынына сенімдіміз.
-Қазақтың негізі, түп тамыры ауылда жатыр. Бар
салт-дәстүр әдет-ғұрыпта ауылдан бастау алады. Екі
Кәсібің - нәсібің
ғасырдың жақсысы мен жаманын ойға түйген көне көз
қариялар да ауылда. Қолдан келгенше көмек беруге
әзірміз. Ауылда өтіп жатқан іс-шараларға демеушілік
етеміз. Ауылымыз күре жолдың бойында болғандықтан
кәсібіңді өрлетуге мүмкіндік жетерлік. Ауылдың әр азаматы ауқатты тұрса екен деген ойдамын.
- Мен Ынталы мектебін бітіргеннен кейін екі жыл Германияда азаматтық борышымды өтеп келіп, ауылда механизатор болып еңбек еттім. 1986 жылы Ағадыр
кентінің тумасы Ақмағанбетова Мәриямен отау құрдым.
Мөлдір, Саян, Ақниет, Асылан атты төрт баламыз бен
жиендеріміз бар.
«Бірлік» ШҚ иесі Ермекбаев Жұмажан
Тілеубайұлы:
Шаруашылық 1996 жылы әкем Тілеубай
мен анам Байшаның мұрындық болуымен құрылды. Ел еңсесін енді тіктеп
келе жатқан кезде қолдағы бар затты,
малды, техниканы керек-жараққа айырбастау науқаны белең алды. Қажетті
нәрсеге айырбастау кеңінен етек алды. Біз де сонда өз
жұмысымызды бастадық. Малдың басын өсіруді қолға
алғанымызбен ол уақытта сату дегенді білмейтін едік.
Қымыз да, сүт те, қаймақ пен май да сұрағанға тегін
кете беретін. Жалпы қазақ елі қонақжай халықпыз ғой.
Келген адамды дәм татырмай жібермейтін әдетіміз бар.
Дегенмен бәсекелестік дамыған осы заман әр заттың
құны барын көрсетті. Шаруа қожалықтың иесі әкем Тілеубай. Сексенге таяп қалған әкеміз шаруамыздың шалт
кетпеуін әлі де өзі қарап отырады. Шаруа қожалықтың
аты айтып тұрғандай бірлік бар жерде тірлік бар.
Ұйым бар жерде жетістік пен жеңіс бар.
-Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін Елбасымыз бірнеше жобаларды өмірге әкеліп, оның іске асуын
қадағалады. Бізде сол еліміздің өркендеуіне атсалысамыз
деп үкіметіміз берген жеңілдіктерге ие болдық. Бүгінгі
таңда ескі техникаларымыздың қатарын жаңа трактор
толықтырды. Мал басын асылдандыру мақсатында
«Әулиекөл» мен «Ақбас» тұқымынан бұқа алмақпыз.
-Ілгерлеу, өрлеу бүгінгі күні заман талабы. Бойында
құнары көп азық қай мал болмасын қоңын көтеруге таптырмайды. Егер өзімізде ондай құнарлы шөп болатын
болса өзге азық кебек пен жемге қаржы жұмсамайтын
едік. Бұл жұмыстың да екі жағы бар. Оны ой елегінен
өткізіп, талқыға салып барып қолға алу керек сияқты.
-Осы ауылдың тумасымын. Ауылдың өркендеуіне бәріміз
де атсалысқанымыз абзал. Береке-бірлік пен ынтымақырыстың ордасы туған жер-алтын бесіктен талай азаматтар ұшып шығып, биік белестерді бағындырды.
Біздің ауыл ұландарымен мақтанса, біз алтын ордамыз
Ақтүбегімізбен мақтанамыз. Оның гүлденуіне еңбек етеміз.
-Еңбек жолым ауылда басталғанымен мен негізі
Жезқазған қаласының тұрғынымын. Сол жерде ұзақ
уақыт өрт сөндіру бөлімі мен ішкі істер бөлімінде еңбек
етіп, 2014 жылы зейнеткерлікке шықтым. Әкеден
көргенді іске асыру мақсатында ауылға келіп, шаруа
қожалықтың жұмысын жүргізіп отырған жайым бар.
Жарым Ғания екеуміз Тұрсынай, Талғат, Темужин, Тахмина
атты ұл-қызды өсіріп отырмыз.
Сұхбаттасқан САЛТАНАТ АМАНҚЫЗЫ
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына - 27 жыл
Ауған соғысының ардагерін еске алды
Ауған соғысында қаза тапқан жерлесіміз, «Қызыл жұлдыз»
орденінің иегері, интернационалист – жауынгер Владимир
Трутьконы еске түсіру мақсатында Б.Өтешов атындағы балалар
кітапханасында «Ауған соғысы батыры» атты ерлік сабағы өтті.
Кітапханашы С.Нығманова жас оқырмандардың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп, жат жерде көз жұмған
жерлес азаматымыздың ерліктері туралы әңгімелеп, оның рухына 1 минут үнсіздік жариялап, еске алу сәті тыныштық
ұялатты. Оқушылар отаншылдық, ұлтжандылық туралы
әңгімелерді ұйып тыңдап, кезек өздеріне тигенде тақпақтар мен
қанатты сөздер оқып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Кеш соңында осы шараға
арналған «Ауғанның отты жылдары» атты кітап көрмесінде балалар кітапханасының
меңгерушісі М.Ахметова кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу жасап, қатысқан
балаларға алғысын білдірді.
М.АХМЕТОВА,
Б.Өтешов атындағы балалар кітапханасының меңгерушісі
Ардагер ағаға құрмет көрсетілді
Түгіскен ауылындағы И.Омаров атындағы мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің ауған
жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай ауыл жастарының ұйымдастыруымен
«Ауғанның асуында от кешкендер» атты іс-шара өткізілді. Бұл жиынға ауған
соғысының ардагері, жерлесіміз Қыдырбай Ысқақов қатысып, ауған жерінде бастан
кешкен оқиғаларынан қысқаша баяндап берді. Ардагер ағаға сыйлық беріліп, құрмет
көрсетілді. Ауыл өнерпаздарының қатысуымен тақырыптық концерт қойылып,
көрермен қауым ризашылықпен тарқасты.
Ш.БАТРАЛИНА, Түгіскен ауылы.
Еске алып, естеліктер айтылды
Ынтымақ ауылында Ауған соғысына 27 жыл толуына орай Ынтымақ ЖОББМ «Ерлікел мұраты» атты сынып сағаттары өтіп, сынып жетекшілері Ауғанстан туралы
оқушыларға мәлімметтер беріп, ауған соғысына қатысып, ерлік көрсеткен ауылымыздың
азаматтары М.Жамалов пен Е.Досановтың өмірбаянына тоқталып, слайд көрсетті. Сурет
пәнінің мұғалімінің ұйымдастыруымен «Отан үшін отқа түс күймейсің» тақырыбында
сурет көрмесі өтті.
15-ақпан күні іс-шара мәдениет үйінде жалғасты. Ауған соғысының ардагері Е.Досановпен кездесу кеші өтті. Кездесу кешінде ауыл жастары, мектеп оқушылары,
әкімшілік пен мәдениет үйінің қызметкерлері, кітапханашылары қатысты. Кездесуде
ауыл әкімі К.Кокин құттықтау сөз сөйлесе, кешке келушілер Ауған соғысына
қатысушы жауынгермен тілдесіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауаптар алды.
Н.ТУҒАНБАЕВА, жетекші маман
ХАБАРЛАНДЫРУ
2015 жылы 15 ақпанда Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылуының мерекесін атап өту
аясында, Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне жеке шоттарына жергілікті
бюджет есебінен бір реттік материалдық көмек көрсетілді.
Толық ақпаратты Тәуелсіздік көшесі №5 үйде орналасқан Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен білуге болады, байланыс телефоны 50005, 2-6360
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Жаңаарқа аудандық сотында 2015 жылдың 12
айында атқарылған іс-шаралар қорытындысы
Б.С.СЕРГАЛИЕВ,
Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы
2015 жылдың 12 айында 56 қылмыстық іс түсіп, 2
қылмыстық іс келесі кезеңге қалдық болып өтті.
Оның ішінде 29 қылмыстық іс /47 тұлғаға
қатысты/ сот үкімімен қаралып, 23 қылмыстық іс
/26
тұлғаға
қатысты/
айыпталушының
жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚР ҚКнің 67 бабының талабымен қысқартылды. Яғни,
2014 жылдың 12 айымен салыстырғанда 2015
жылдың 12 айында 12 қылмыстық іске артқан.
Жаңаарқа аудандық сотымен 2015 жылдың 12
айында ауыр қылмыс жасағаны үшін 6 қылмыстық
іс бойынша, 12 тұлға сотталды, олардың жетеуіне
бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, үшеуіне бас бостандығынан айырмай баламалы жаза қолданылған, ақтау үкімдері шығарылған жоқ.
2015 жылдың 12 айында сотталушыларға ҚР ҚК-тің 63 бабы қолданылып, шартты жаза
тағайындалған жоқ.
2015 жылдың 12 айында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық істер» және
«Экономикалық қылмыстарға» қатысты қылмыстық істер түспеген. 2015 жылдың 12
айында азаматтық істер бойынша сапалы сот билігін жүзеге асырудың көрсеткіштері
куәландырады. 2015 жылдың 12 айында бұрынғы жылдан 5 іс қалдық болса, 5 азаматтық
іс түсіп, 561 арыз түскен. 2015 жылдың 12 айында 4 арыз қабылдаудан бас тартылған. 258
іс бойынша шешім шығарылып, оның ішінде 5 азаматтық іс сырттай шешім шығару арқылы
қаралған, 152 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 2015 жылы 38 арыздар қараусыз
қалдырылған, 50 азаматтық іс қысқартылған, 2015 жылдың 12 айында 8 іс қалдық
қалдырылып, барлығы 500 іс аяқталған. Яғни 2014 жылдың 12 айымен салыстырғанда 2015
жылдың 12 айында жалпы қаралған істер саны - 1 іске көбейгені байқалады.
2015 жылдың 12 айында қаралған әкімшілік істер бойынша Жаңаарқа аудандық сотының
өндірісіне 539 әкімшілік істер келіп түсіп, оның 537-сі қаралды. 2015 жылдың 12 айында
қайтарылған әкімшілік істер болған жоқ, 50 іс қысқартылып, 169 адамға әкімшілік айыппұл
салынған, 191 адам әкімшілік қамауға алынып, 54 адам арнайы көлік жүргізу құқығынан
айырылған, 72 әкімшілік іс бойынша ескерту жасалған, жалпы 3131545 теңге көлемінде
әкімшілік айыппұл салынып, оның 1488663 теңгесі өз еркімен төленген.
2015 жылдың 12 айында 2014 жылдың 12 айымен салыстырғанда 67 іске азайғаны
байқалады. Әр апта сайын аудандағы, соттағы жаңалықтар, ақпараттар Жаңаарқа аудандық
сотының сайтына салынып, сайт беттері жаңартылып отырылады. Қазіргі уақытта сайт өз
деңгейде жүзеге асырылуда.
Жаңаарқа аудандық сотында әуре – сарсаңға түскен істер және 3,6 айдан астам кейінге
қалдырылған, тоқтатылған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер болған жоқ. Сонымен
қатар сот өндірісінде 5 және одан да көп кейінге қалдырылған істер болған жоқ.
Аудандық сотқа 2015 жылдың 12 айында судьялар мен кеңсе мамандарының атына шағым,
арыз келіп түскен жоқ. Судьялар тарапынан істерді қарау кезінде себепсіз кейінге қалдыру,
олқылықтары және заң бұзушылықтар болған жоқ. 2015 жыл басынан құрылған жұмыс жоспары бойынша аудандық сотта біршама іс- шаралар жүргізілді.
Атап айтатын болсақ, жыл басынан аудандық соттың жұмыс жоспары, мемлекеттің тілдің
қолдану асын кеңейту жөнінде, сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс шаралар жоспары, сот
ұжымымен өткізілетін семинарлық сабақ жоспарлары құрылып жоспарлар бойынша бүгінгі
күнге дейін бірнеше жұмыстар атқарылды, атап айтқанда қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар зерделенді, бұқаралық ақпарат құралдарына аудандық
сотпен қаралған істер және атқарылған іс- шаралар жөніндегі жарияланымдар жарық көрді,
заңнамадағы жаңалықтар жайында яғни сот
кітапханасының жұмысының
ұйымдастырылуы: бақылау кодекстарының, ҚР ЖС-ның нормативтік қаулылары мен да
құқықтық актілерінің, соттарда «Қазақстан Республикасының Заңнамасы» электрондық
базаның болуы сияқты тақырыптарға үнемі семинарлық сабақтар өткізіліп отырылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына келтірілген өзгерістерін
қадағалауды жүзеге асыру жолға қойылып, аудандық сотта ай сайын ашық есік күндерінің
өткізілуі ұйымдастырылуда.
2015 жылдың 12 айында атқарылған іс- шаралар қанағаттанарлық жағдайда жүзеге асырылуда. Болашақтада осы атқарылған жұмыстар одан әрі жанданып ,жүзеге асырылады демекпін.
БІРЛЕСІП АТҚАРҒАН ІСТІҢ БЕРЕРІ МОЛ
Қылмыстық-атқару саласындағы Пробация қызметі сотталғанға жазасын өтеу барысындағы
ізгі тәрбие беру, бақылау сынды жұмыс ауқымымен ерекшеленеді. Қоғамнан оқшаулауға
байланысты емес жазаларға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Қоғамның мақсаты
елімізде заңдылықтың бұзылуына жол бермеу, әр бір азаматтың қайталап құқық бұзбауын
және оның қылмысқа ұласып кетпеуінің алдын алу. Пробация қызметі өз тарапынан
сотталғандарды қайта тәрбиелеу, дұрыс жолға салу, олардың қайта қылмыс жасауының
алдын алу және болдырмау, сотталған жасөспірімдерді үнемі бақылауда ұстау, ата-аналарымен және көршілерімен тығыз байланыс орнатуда айтарлықтай жұмыстар атқарылды.
Сонымен бірге Пробация қызметі ішкі істер органдарымен бірігіп алдын-алу іс шараларын
өткізіліп тұрады, аудандық әкімшілікпен тоқсан сайын ақыл-кеңес отырысы өткізіліп
тұрады, сонымен қоса бос жұмыс орындар жәрменкесі ұйымдастырып тұрады, жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жұмыспен және өз ісін ашу мен өз-өзін
жұмыспен қамту үшін шағын несие алуға Түзеу мекемесінен босап келген,жазасының
қалған өтелмеген бөлігін жазаның жеңілдетілген түріне ауыстырған 3 соттлаған тұлғаға берілді, сонымен қоса қоғамдық ақылы жұмысқа және жұмыспен қамтамасыз етіліп тұрады,
кәсіби даярлау, атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алуға
көмек көрсетіледі, мекеме ұйымдары, орталық ауруханадан тегін медициналық тексерістер
мен психологтан көмек алып тұрады, сот, прокуратура органдарымен өзара тығыз қарым –
қатынаста жұмыс жасайды.
Бүгінде біз қоғамнан оқшауланбаған жаза мерзімі
тағайындалғандарды есепке алып, олардың қылмыс жасауына, құқық бұзуына жол
бермеудің оңтайлы жолдарын тауып, бұл бағыттағы шараларды жетілдіре түсіруді көздеп
отырамыз. Сондықтан бұған көп болып атсалысу, көмекті қажет ететін қоғам мүшелерін
назардан тыс қалдырмай, дұрыс жолға бағыттау біздің негізгі парызымыз.
Б.Қ.АЙЖОЛОВ,
Қарағанады облысы бойынша ҚАЖД
Жаңаарқа аудандық Пробация қызметінің
әділет капитаны
8
20 ақпан 2016 жыл
АДАМ. ҚОҒАМ. ЗАҢ.
Азаматтық асыл қасиеттердің бастауы
Бүгінде мемлекеттің өзекті мәселелерінің
бірі
Қазақстан
Республикасының
азаматтарының патриоттық рухын көтеру
болып табылады. Бұл мәселе аясында ауданымызда көптеген жұмыстар атқарылуда.
Ауданымыздың атын асқақтатып жүрген
азаматтарымыздың тізімі күн сайын
көбеюде. Бұл әрине қуантарлық жайт.
Отансүйгіштік – шағын ғана ауданымыздың,
келешек ұрпақ жастарымыздың санасымен
қалыптасатын қасиет. Еліміз егемендігіне
қол жеткізіп, тәуелсіздіктің туын желбіретіп
отырған бүгінгі күн ұрпақ тәрбиесінде
ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл
орайда елбасымызды айтпай кету ағаттық
болар. Бүгінде осылай көк туымыз желбіреп
азат елдің азаматы болып, «қазақ» деген
атымызды дәл осындай дәрежеге көтерген
тек қана Елбасымыздың арқасы деп ойлаймыз. Қазірде мемлекетіміз басқа елден
қарағанда дәл осындай жетістіктерімен
алдыңғы қатарларда бой көрсетуде. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақты Отанын
сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге
тәрбиелеу – әр азаматтың басты
міндеттерінің бірі. Патриоттық сезім және
ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы
Отанға деген сүйіспеншілік арттады.
Қазақстандық патриотизм дегеніміз не?
Біздің ойымша, отандық патриотизм – бұл
елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну.
Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен
жеріне бауыр басуы, ана тілін толық
меңгеріп,
оған құрметпен қарауы, өз
Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе
деген адалдық және азаматтық сезімдер, өз
еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету,
өз Отаныңның бостандығы мен тәуелсіздігін
қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің
табанақы, маңдайтеріңді туған еліңнің
гүлденуіне арнау – бұлардың барлығы да
қазақстандық патриотизм деген ұғымның
ішіне сыйады. Демек патриотизм –
қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам
дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен
толыға түседі. “Қоғамда Қазақстан - біздің
Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді
деген қарапайым ойды қалыптастыру керек”
– деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең
ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз
жақсы түсінуіміз қажет. Қорыта келгенде, өз
өмірін,
ұрпағының
болашағын
Қазақстанмен байланыстыратын кез келген
саналы азамат ата-баба қаны тамған жерде
бейбіт ғұмыр кешуді ойласа ғана, ата-баба
қалдырған жолды ізденсе ғана болашағымыз
жарқын боларына кәміл сенеміз.
Жаңаарқа ауданы прокуратурасы
19 ақпан - Әйелдерді зорлық зомбылықтан
қорғау тобының құрылған күні!
Әйелдерге қамқорлық - басты міндет
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 1999 жылдың 19 ақпанында
ІІМ құрамында ҚР ІІО қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің құрамы бірлігі болып табылатын
әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі ІІО жұмысын ұйымдастыру бөлімшелері
құрылды. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің іс-әрекеті заңдылық
қағидаттарына, азаматтардың тең құқықтылығы, жариялық және де адамның
конституциялық құқығы мен дербес еркіндігін сақтауына сәйкес ұйымдастырылған. ІІО
көмегіне сеніп келген әр әйел адамға консультативтік және құқықтық көмек көрсету ісәрекетінің негізгі қағидаты болып табылады. Әйелдерге қатысты жасалатын құқық
бұзушылық пен қылмыстарды алдын алу, зорлық-зомбылықты түбінен жою, тұрмыстық
саласында зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбаны болған әйелдерге
құқықтық көмек көрсету жұмысы барлық дәрежедегі әкімдердің жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат бойынша комиссиялары, мемлекеттік органдары мен
мекемелер, әрекеттері әйелдердің құқықтарын қорғауға және саяси өрлеуге бағытталған
халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктермен, құқықтық қорғаумен айналысатын
үкіметтік емес ұйымдармен, зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған дағдарыс
орталықтары мен үйлермен, сонымен қатар құқық қорғау органдары мен соттармен өзара
әрекеттесуде жүзеге асырылады. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының негізгі
міндеттері болып, құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттен әйелдердің конституциялық
құқықтарын, еркіндігін және заңдылық мүдделерінің қорғауын қамтамасыз ету, әйелдерге
қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жол бермеу мәселелері жөніндегі ішкі істер
органдары бөлімшелерінің іс-әрекетін ұйымдастыру, әйелдерге қатысты зорлықзомбылықтын түрлері, формалары мен әдістері және де оны жасауға әкелетін себептері
мен жағдайлары жөнінде аналитикалық зерттеу жүргізу, әйелдерге қатысты зорлықзомбылықтың алдын алу және жол бермеу мәселелері жөнінде халыққа құқықтық көмек
көрсету болып табылады.
А.Е.ЕРБОЛОВА,
ауданының ІІБ ЖПБ ӘЗЗҚЖ-гі инспекторының м.а
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің
іс –қимылы
«Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай-Басқарма) заңды және жеке тұлғалардың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын жоғарылатуда, мемлекеттік қызмет көрсету
мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша атқаралатын жұмыстар кезінде мемлекеттік қызметшілер мен тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу, болдырмау жолдары жүргізіліп отыр. Атап айтқанда, заңды және жеке тұлғаларға Басқарма
кіре берісіндегі «өтініштер мен ұсыныстарға арналған жәшігі», азаматтарды санитариялықэпидемиологиялық сұрақтар бойынша Басқарма басшысының жеке кабылдауы, «бір терезе»
принципі арқылы өтініштер мен шағымдарды қабылдау мен кеңес беру бөлмелері, канцелярия кабинетінің ұйымдастырылуы мен сенім телефондары (8-710-30 -2-64-07,6-41-07)
орнатылған. Басқарманың Атасу кенті, Абай көшесі,43 үй ғимаратында Жезқазған қалалық
және Жаңаарқа аудандық «Нұр Отан» партиясы, Кәсіпкерлер палатасы, «Мүгедектер
ұйымы» мен «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестіктермен өзара бірлесіп Жезқазған
қаласындағы және аудандағы мәселелер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау,
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласы бойынша заңды іс-әрекет етуде
Кеңес беру орталығы (әрі-қарай-Орталық) жұмыс жүргізуде. Орталыққа санитариялықэпидемиологиялық және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша
сұрақтармен келген әр заңды және жеке тұлғалар білікті мамандардан кеңес алу мүмкіндігі
бар. Және де, егер, Сіз мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттамаларды алғыңыз
келсе, мемлекеттік мекемелерге бармай – ақ электрондық портал немесе қызмет көрсету
орталықтары арқылы өтініш беріп және жауабын сол берген көздерден ала аласыздар.
М. БРИМЖАНОВА,
Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі
тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы
20 ақпан 2016 жыл
Жыл сайын наурыз айының басында Жаңаарқа ауданының
орталығы Атасу кентіндегі спорт мектебінде самбо күресінен
Өзбекстан мен Қырғызстанның чемпионы, Қазақстан
біріншілігінің самбо күресінен бірнеше дүркін чемпионы,
КСРО чемпионатының жүлдегері, КСРО спорт шебері,
''Кәсіптік білім беру ісінің үздігі” төсбелгісінің, ''Құрмет белгісі'' орденінің иегері Әбдахмет Ижанұлы Қалжанов
атындағы жүлде үшін дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында республикалық ашық біріншілік өтеді.
Әбдахмет Қалжанов 1945 жылдың 2 наурызында Қарағанды
облысы, Жаңаарқа ауданының Ынтымақ колхозында дүниеге
келген. 1961 жылы Атасу кентіндегі №1 орта мектепті
тамамдаған. Осы жылдан бастап С. Сейфуллин атындағы
кеңшарда механизаторлық жұмысқа кірісті. 1964 – 1967
жылдары Кеңес әскері қатарында азаматтық борышын өтеді.
Әскерден оралған соң С. Сейфуллин атындағы кеңшардың
техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженері болып қызмет
етеді.
1969 жылдан бастап № 12 кәсіптік – техникалық училищеде
өндірістік оқу шебері, филиал меңгеруші, директордың оқуөндірістік жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
1980 жылы Целиноград (қазіргі Астана) қаласындағы
ауылшаруашылық институтына түсіп, оны 1984 жылы бітіріп
шығады. 1989 жылдан ''Ертісканал құрылысы'' мекемесі
қосалқы шаруашылығының директоры, 2002 жылдан
өмірінің соңына дейін Атасу кентіндегі балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып абыройлы
қызмет атқарды.
Әбекеңнің туған жылы Ұлы Жеңістің қарсаңына, ал балалық
шағы соғыстан соңғы бейнеті ауыр жылдарға тұспа – тұс
келді. Әкесі Ижан Қалжанұлы соғыс ардагері, үш рет ауыр
жараланғанына байланысты 1943 жылы майданнан тірі оралып келген бетте ферма меңгерушісі жұмысына
тағайындалған III дәрежелі Даңқ орденімен ''Ұлы Отан
соғысы'' орденінің, бірнеше жауынгерлік медальдарының иегері Сталинград шайқасына қатысушы. Тұралаған
шаруашылықты дамыту үшін күндіз – түні бел шешпей
еңбек етті. Майданға аттанган ер азаматтардың көбі қайта
оралмаған, жұмысқа әйелдермен бірге буыны бекіп, бұғанасы
қатпаған балалар да жегілді.
Әбдештің (Әбдахметті анасы Нақан еркелетіп солай атап,
кейін ел оны жаппай Әбдеш деп кеткен) әкесі Ижекең қатал
тәртіптің адамы еді және ол уақытта жұмысшы жетіспей,
бізді, Әбдешті, мені біраз ауыл балаларын колхоздың
жұмысына салды.
''Бала кезінен – ақ Әбекең жарысқаннан озып, алысқанын
алып соғатын еді. Мектептегі төрт – бес шаңғының біреуі
ауыр болатын. Сол ауыр шаңғыны қайыс таспамен аяғына
шандып алып, жоғарғы сыныптағы ағаларымызбен бірге
Иманаққа шығып, таудан төмен жұлдызша ағып жүретін'', деп, еске алады самбодан спорт шебері, Қазақстан мен
Қырғызстан чемпионы,»Еңбек Қызыл Ту», ''Құрмет белгісі''
орденінің иегері Ғазиз Әбдіков.
"Оның азамат болып атқа мінгендей асқақтаған шағы 1958
жыл. Ол бұл жылы жеңіске жету құдіретінің әсерін алғаш сезінген.
Жырған құдықта егістікке тұқым сепкен аз ғана топ түскі
үзілісте дәм ішіп болып, әрірек шығып даурығысып жатқан.
Қолы кешігіңкіреп босаған Әбдештің оларда жұмысы болған
жоқ. Үш литрлік бидондағы кеспе көжені үлкен кесеге
қотарып алып енді іше бастағаны сол еді, жылқышы қырғыз
Сәдуақас келіп: - Опыр-ай, ана татар, жігіттердің бәрін
жықты, масқара болды. Сен де күресуші едің ғой, байқап
көрсейші! – деді. Әбдеш Сәдуақасқа миығынан жымиып:
-Татар қайда? – деді.
Татар жігіт 80 килограмдай салмақта, төртбақ қара-тын.
Әбдеш те бұл кезде таралып өскен, кең иықты, қаланың балаларындай жеңілтір, тыриған емес. Бір үйдің баласының
үлкені әкесіне ерте қолғабыс болған. Содан да бұлшық еттері
білеуленіп, тепсе темір үзердей жігіт бола бастаған.
Татарды Әбдеш ұстасқан бетте бір қырына жата қалып,
лақтырды да, аударылып келіп үстіне шықты.
Жігіттер даурығысып, Әбдешті қол-аяғынан ұстап төбелеріне
көтеріп әкетті.
Содан ғой Сәдуақас ақсақалдың “Әбдешті палуан қылған
мен” дейтіні.
Шындығында тақыр жерге шөп өспейді ғой. Бұл кішкентай
күннен ойынның, алыс-жұлыстың, жеңу жолдарын іздеудің
жемісі еді. Онан беріде институтта оқып жүрген ағайын
туысы Байзікен Сапиянов еркін күреспен айналысып, бірімен-бірін күрестіріп жататын. Байзікеннің, әсіресе, Әбдеш
пен Ғазиз Әбдіковке көңілі ауып, екеуін шөп аранының
ішінде қайта-қайта белдестіретін.
Әбдештің қатарлары өздерінің алдарындағы спорт шеберлері
Өміртай Матақұлы Бәшкенов, Танау Нығызбаев, Дүйсенбай
Бөкенаев жайлы біліп өсіп, оларды өнеге тұтты.
Ол 1958 жылы сегізінші сыныпта аудан орталығы Атасу кентіндегі №1 орта мекткпте оқи бастаған кезден-ақ өмірінде
өзгеріс бола бастады. 1959-1960 оқу жылында Қарағанды
педагогикалық институтының 4-курс студенттері осы мектепке тәжірбиелік дайындықтан өтуге келген. Солардың
ішінде Мәди Смағұлов пен Қажымұратов деген жігіттер
мектептің спорт залында еркін күрес секциясын ашып,
оқушылырға күрестің қыр-сырын үйрете бастады. Оған
Ғазым Жарылғапов, Диханбай Биткөзов, Иманқұлов, Сары-
9
Өзіміздің Әбдеш еді
басов және басқалары қатысты. Студент жігіттердің бұл келісі, спорттағы бастауы бүкіл аудан жастарына шабыт беріп,
күрес спортының дамуына үлкен өрлеу туғызды, жастарды
қырандай қанаттандарды. Әбдеш те күрестің айла-тәсілдерін
үйреніп, оған қоса жеңіл атлетикамен, волейболмен де
шұғылданды. Ол 1964 жылы Сәкен Сейфуллиннің туғанына
70 жыл толу мерекесінде Амангелді Тұяқовпен белдесіп,
алғаш рет дүйім жұрттың алдында өнер көрсетті”- деп жерлесі Хамит Қаратайұлы есіне алады.
1962 жылы Әбдеш Ижанұлы Целиноград ауылшаруашылығы институтына түсіп, осында оқып жүргенде
Қошанов деген жаттықтырушыдан тәлім алды. 1964 жылы
Кеңес Армиясы қатарына алынды. Әскерде Әмір Рамазанұлы
Хизреевтің спорт клубында самбо күресінен дайындығын
шыңдады. Институтта оқып жүргенде Целинный край (Тың
өлкесі) бойынша еркін күрестен жүлдегер, Әбекең әскер
қатарында жүріп самбо күресінен спорт шеберлігіне кандидат талабын орындады. Дивизия, корпус, Қиыр Шығыс
округы бойынша бірнеше дүркін чемпион болды. Үш жыл
бойы Хабаровск қаласындағы «СКА Хабаровск» деген спорт
клубында самбо күресінен дайындыққа қатысты, КСРО
Қ а р у л ы
күштерінің
ракеталық әскерлері бойынша күміс жүлдегер атанды.
Әскерден оралған соң Қарағандыға барып, Иоган Августович
Кнапп деген жаттықтырушыдан самбо күресі бойынша
дайындықтан өтті.
Ол Қазақстаннан басқа Ташкентте, Фрунзеде, Тбилисиде, Кировоканда, Томскіде күресті. Қазақстанда, Өзбекстанда,
Қырғызстанда бірінші, Одақ бойынша жүлделі орындарға ие
болды.
1969 жылы С. Сейфуллин атындағы кеңшардың озат механизаторы болып еңбек етіп жүрген Әбекеңе Тбилисида өтетін
Одақтық жарысқа щақырған жеделхат келген. Жеделхатты
Әбекеңнен бұрын қолына түсірген кеңшар директоры оны
тығып қояды. Дәл жұмыс науқынының қызған шағында оны
жібергісі келмейді. Жарысқа 4-5 күн қалғанда қайынағасы,
аудандық спорт мектебінің директоры Ғазым Жарылғапов өзі
арнайы іздеп келіп, аурып қалды, емдету керек деген сылтаумен Әбекеңді жұмыстан босатып алып, пойызға мінгізіп,
Тбилисиге аттандырып жібереді. Ол осы сапардан бірнеше
спорт шеберін жеңіп, спорт шебері болып қайтады.
Әбекеннің: - Менің спорт шебері дәрежесін алуыма себепші
Ғазекең ! – дейтіні осы оқиғадан шыққан сөз.
Бұдан кейін де талай күрес сайыстарына түсіп, село
спортшыларының арасында Одақ бойынша күміс медальды,
Семейде өткен Қазақстан спартакиадасында алтын медальды
олжалады.
Спорттың талай түрлерін еркін меңгерген әмбебап спорт
саңлағы еді. Ол жөнінде Әбекеңнің інісі Қазақ ұлттық өнер
институтының профессоры, педагогика ғылымының кандидаты, кафедра меңгерушісі Байқоңыр Ижанұлы айтқан естелік еске түседі.
-Бір жылы, - дейді Байқоңыр, - аудандық спартакиада
болғанда Әбекең волейболдан жеңіп шығып, бір велосипедке
міне салып, трассаға жарысқа кетті, одан келе сала футбол
жарысына кіріп кетті. Сол күні кешке шахматтан турнирге
қатысып, жүлделі орынды иеленгені бар.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Арқа өңірінде Әбдеш
Қалжановтың есімі аңызға айналды. Оның ел ішінде болып
жататын той- томалақтарда да күресіп, талай « бұқа мойын
бура сандардың» жер иіскемес жауырындарын әп – сәтте оп
– оңай жерге тигізгенінің сан рет куәсі болғанымыз бар. Бірде
Жамбыл облысынан келіп Жаңаарқа жерін жайлайтын
малшылардың тойына қатысып, салмағы 100 килодан асатын
Жамбылдық түйе палуанмен белдесіп, айналасы 10-15
секундтың ішінде таза жеңіске жеткенін жерлестері әлі
ұмытқан жоқ. Бұл кезде оның 70 кило салмақпен күреске
түсіп жүрген кезі-тін.
Әбекең шын мәнінде сегіз қырлы бір сырлы, жүрегі жомарт,
жаны ізгі, мейірімді де мәрт көңілді, көркем мінезді, қимылы
аса шапшаң, қандай жағдайда болмасын тез ойлап, жылдам
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ
шешім қабылдайтын қасиеттерімен бірге, әділетсіздікке
төзбейтін, ештеңеден қаймықпайтын батыл адам еді.
Ол белсенді өмір сүрді. Айналасында болып жатқан
оқиғаларға бей-жай қарамайтын, азаматтық парызды бәрінен
жоғары қоятын, нағыз патриот, ұлттық құндылықтарды
ерекше қастерлейтін. Сыйластарына төрінен орын беріп, достарын туған бауырындай көретін, тілге шешен, әзіл мен
қалжыңға жаны құмар, қылт еткенді қалт жібермейтін
қырағы, аса сезімтал, жан-жақты білімді, кімге болса да қол
ұшын беруге дайын тұратын парасатты, ізгі қасиеттері оны
ел-жұртының шынайы сүйіспеншілігі мен ыстық ықыласына,
құрмет пен қошеметіне бөледі, өзіміздің Әбдеш атанды.
Еңбек десе ішкен асын жерге қоятын техниканың майталман
маманы қай салада жұмыс істесе де, өзінің ұтқыр
ұйымдастырушылық,
жаңашылдық,
тапқырлық,
тындырымдылық қабілеттерімен көзге түсіп, басшылықтың
сый-сияпаты мен үкімет марапаттарына кенелді. Әсіресе егін
науқандары уақытында жұмысқа зор құлшыныспен жігерлене кіресетін, қашан науқан аяқталғанша ұйқы-күлкіні
ұмытып, күндіз-түні тыным таппайтын.
Кәсіптік-техникалық училищенің өндірістік - оқу ісі
жөніндегі орынбасары бола жүріп, жыл сайын егін орағы
басталғанда комбайнға отырып егіс алқабына тартатын.
Жарыс десе сәйгүліктей делебесі қозып кететін, жарыста сан
үздік комбайншылардан озып, “Жигули” автокөлігін сыйға
алып, “Құрмет белгісі” орденін төсіне тақты.
Техника тілін жетік білетін, техника жөніндегі мәселелерде
оның біліктілігі мен шеберлігіне небір білімді деген инженерлер тәнті болатын. Әбекең өзінің білгенін өзгелерге
үйретуге жалықпайтын. Ұстаздық, тәлімгерлік қызметінің
жетістіктері өз алдына бір төбе.
Әбекеңнің есімін бүкіл елге әйгілі еткен балуандығы ғана
емес оның аңшылық-саятшылығы, мергендігі мен жершілдігі. Әкесі Ижан ақсақалға тартқан осындай ерекше дарыны
жөніндегеі әңгімелерді естігенде оның сезім түйсігінің тылсым табиғаттың құпия сырларымен ғажайып етенелігіне
қайран қаласың. Көрмей жатып қай жерде қанша қасқыр
жүргенін болжай білуі, ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боранда адасып кеткен аңшы жігітті тауып әкеліп, өзін күтіп
қалған жігіттерге қосылып, оларды елді мекенге аман-есен
жеткізгені
туралы
кәсіптік-техникалық
училищеде
Әбекеңмен қызметтес болған бір ғана Мэлс Ахмединнің
айтқан әңгімелері еріксіз таңдай қақтырады.. Қашағанға
бұғалық салу, асау үйрету, қасапшылықта да алдына жан салмайтын. Сынықшылығы да бартұғын.
Той-думан, сауық кештердің гүлі еді ғой Әбекеңмен Бақыт.
Бақыт домбыраға қосылып ән шырқағанда елді аузына
қарататын. Ауыл-аймақ, ағайын-туыстың өлік-тірігінде білек
сыбанып, шаруаға белсене кірісіп кететін. Басы ауырып, балтыры
сыздаған
туғандары,
жора-жолдастарымен,
қызметтестерімен қоса “ауырып”, қашан олар аяқтарынан тік
тұрып кеткенше зыр жүгіріп, бәйек болатын да жүретін.
Оның батылдығы дегенде мына бір оқиға еске түседі. Бір
жылы Жаңаарқаның түрмесінен екі қылмыскер қашып, милиция біреуін қолға түсіріп, екіншісін екі күн бойы жер-көкті
тінткілеп таба алмай әбден әуре-сарсаңға түседі.СПТУ-178
училищесінің асханасында өткен тойдан қараңғы түнде інісі
Байқоныр екеуі бірге шыққан Әбекең машинасын көршісінің
гаражына кіргізе бергенде қоршаудың бұрышында бұғып
отырған біреуді байқап қалып, машинадан түсе салып, оған
тұра ұмтылады. Әбекең сиырдың жілігін қару қылып өзіне
қарсы тап берген еңгезердей орыстың қолын бұрап,
машинаның артқы орындығына отырғызып, өзі оның қасына
отыра бергенде, сап етіп екі милиционер жетіп келеді.
Машинаға жайғасқан әлгі милиция қызметкерлері орысты
ұрмақ болғанда, Әбекең оған тиіскізбей, аудандық ішкі істер
бөліміне аман жеткізеді. Түрмеден қашқандар ісі бойынша
келген генералға Әбекең өзінің кім екенін таныстырып,
қашқынды қалай ұстағанын баяндайды. Көп ұзамай Әбекеңе
қашқынды ұстағаны үшін аудандық ішкі істер бөлімі фотоаппарат сыйлайды.
Әбекең өте балажан еді, өз балалары түгілі көрші-қолаңның
ойнап жүрген кішкене балаларын көрсе болды, айналыптолғанып, беттерінен сүйіп, көтеріп,мәре-сәре күйге түсетін.
Жұбайы Бақыт екеуі үш бала тәрбиеледі. Қыздарын қияға,
ұлдарын ұясына қондырды, немерелерін сүйді. Бақыт апай
көркіне мінезі сай, әншілігімен елге танылған, аудан өнерінің
дамуына үлес қосқан, көптеген айтыстарға қатысып
жүлделер атанған талант иесі еді.
Әбекең мен Бақыттың жанұясы төрінде махаббат пен өнер,
ел құрметі салтанат құрған бақ пен бақыттың алтын босағалы
ақ ордасына айналды.
Текті бабасы Сайдалы Аталық Нияз батырдың зиялы
ұрпағы ғұмырын имандылық пен адамгершілікке, еңбек пен
өнер-білімге, ұрпақ тәрбиесіне бағыштады,өнегелі істерімен
артында өзіндік өрнекті ізін қалдырып, 2011 жылдың ақпан
айының 4 жұлдызында 65 жасында кенеттен дүние салды.
ҚАЛКЕН СМАЙЫЛ,
Ғ.Жарылғапұлы атындағы аграрлық
колледждің оқытушысы
10
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданы №117 разъездінің тумасы, қадірлі де аяулы әкеміз
Әбжанов Жұмкен Амантайұлын 2016 жылдың 22 ақпанда асқарлы
60-тың асуына шыққан туған күнімен құттықтай отыра, әкемізге зор
денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақыт тілейміз.
Балаларыңыз бен немерелерініздің
қызығын көріп, үлкен
бәйтеректей жапырағыңыз жайыла берсін! Жасыңызға жас қосылып,
отбасыңыздың тірегі болып, бауырларыңыздың ақылшысы, әрдайым
сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей берсін!
Құтты болсын 60 деген жасыңыз,
Жақсылық пен қуаныштан тасыңыз.
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Әлі талай асулардан асыңыз.
Деніңіз сау, аман болып басыңыз,
Өрге ғана домаласын тасыңыз.
Ел-жұртыңның ортасында аман-сау,
Күліп-ойнап жүзге келсін жасыңыз.
Ізгі тілекпен: ұлыңыз – Айдос, келініңіз – Құралай, немерелеріңіз – Арсен, Айару.
Дін - діңгегің
Жастарды дәстүрлі Ислам дінімен
таныстыру
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат мәселелерінде Әбу Ханифа (Ханафи)
мазһабын басшылыққа алады. Ханафи мазһабының негізін қалаушы Имам Ағзам Әбу
Ханифа, есімі Нұғман ибн Сәбит (һ. 80-150: м. 699-767 ж). Ханафи мазһабында
мұсылмандардың орындайтын қырық парызы анықталып көрсетілген:
Иманда-7, Исламда-5, Намазда-12, Дәретте-4, Ғұсылда-3, Таяммумда-4, Әмір, нәһиде-2,
Хайз, нифаста-2, Ілім алуда-1,
Имандағы жеті парыз діни сенім негіздерін қалыптастырады, және толық иман болып
есептеледі: 1.Аллаға (барлық зати және субути сипаттарымен) сендім, иман келтірдім:
2.Алланың періштелеріне иман келтірдім: 3. Алланың кітаптарына иман келтірдім (Таурат, Зәбур, Инжил, Құран Кәрим); 4. Алланың пайғамбарына иман келтірдім; 5.Ахирет
күніне иман келтірдім; 6.Тағдырға (жақсылық пен жамандық Алладан деп) иман келтірдім; 7. Өлгеннен кейін қайта тірілуге иман келтірдім. Одан кейінгі Исламдағы бес
парыз құлшылық ғибадат амалдары болып саналады. Құлшылық амалдарын дұрыс орындау арқылы адам баласы өз бойындағы жаман қасиеттерден арылып жақсы, көркем
мінез құлыққа ие болады. Құлшылық амалдарының ең маңыздысы күнде оқылатын
бес уақыт намаз. Құран Кәримде намаз туралы аят айтады. «Шын мәнінде, намаз
барша азғындықтан, жағымсыз мінез-құлықтан арылтады. Үнемі Алланың еске алып
жүру құлшылықтардың ең ұлысы» (Әңкәбут сүресі 45-аят)
Исламдағы бес парызды орындаудың нәтижесінде адам баласы өз бойындағы мынадай жағымсыз мінездерден: өзімшілдіктен, ызақорлықтан, қызғаншақтықтан, өтірік айтудан, мақтаншақтықтан, жағымпаздықтан, еріншектіктен, көрсеқызарлықтан,
жеңілтектіктен, күншілдіктен, қырсықтан арылып, бойына көркем, жақсы: мейірімділік,
адалдық, жылышырайлық, кеңпейілділік, инабаттылық, ұстамдылық сыпайылық,
бауырмалдық, әдептілік мінез-құлықтарды қалыптастырады.
Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) адамдардың бойында көркем мінез бен мейрімділікті орнықтыру үшін жіберілген.
НАҚИБ ХАЙРОЛЛА ИБРАГИМҰЛЫ,
ҚМДБ филиалы, Орынбай ауылдық мешітінің молдасы
Тұрғындар назарына!
Біздің медициналық ұйымда, яғни Жаңаарқа орталық аудандық ауруханада «Халық
денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің
58-бабына сәйкес, ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ (Ішкі бақылау
қызметі) құрылды. ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІ функцияларына
медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау кіреді.
Осыған байланысты, егер сіздер: медициналық көмек көрсету сапасымен
қанағаттанбасаңыз; медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа
ұшырасаңыз; тегін медициналық көмектін кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген
медициналық қызметтер үшін медицина персоналының ақшаны талап ету фактілерімен
кездессеңіз; сондай-ақ, егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына
байланысты проблемалық мәселелерге кез болсаңыз, СІЗ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ
КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕ жолығуға құқылысыз. ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
ҚЫЗМЕТІ СІЗДІҢ шағымыңызды мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, күнтізбелік бес
күннен аспайтын мерзімде шағымды қарау нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады.
Мекен-жайымыз: тел.:5-21-18, №35 кабинет, Жаңаарқа аудандық аурухананың ішкі
бақылау кызметінің врач эксперті – Қожабекова Ж.Ж
Талапкер - 2016
Талапкерлерді оқуға шақырады
Қазақ ұлттық аграрлық университеті республикамыздың аграрлық секторына қажетті біліктілігі жоғары мамандар даярлауда 85 жылдық тәжірибесі бар жоғары оқу орны. Қазақстан
Республикасының жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандарттарының барлық талаптарына сай 2014 жылы халықаралық акредиттеуден, ал 2010 жылы аттестаттаудан өтті және
2012 жылы №12.0082.026 ISO 900:2008 стандартына сәйкес деп танылды. Қазақ ұлттық
аграрлық университеті (ҚазҰАУ) аграрлық салаға қажетті үш деңгейде мамандар даярлайды:
бакалавриат (біліктілігі - бакалавр, оқу мерзімі 4 жыл); 40 мамандық бойынша; арнаулы
жоғары білім (біліктілігі - маман, оқу мерзімі 5) жыл - 2 мамандық бойынша; магистратура
(академиялық дәрежесі - магистр, оқу мерзімі 2 жыл) - 39 мамандық бойынша; PhD докторантура (ғылыми дәрежесі - доктор PhD, оқу мерзімі 3 жыл) - 16 мамандық бойынша.
Университеттің барлық мамандықтары ҚР БҒМ АБ №0142690 сериалы мемлекеттік лицензиясымен расталған. Университетте мемлекеттік грант және ақылы келісім-шарт негізінде
оқуға болады. Университетте мамандықтар 6 факультетке бөлінген: агробиология және фитосанитария факультеті, гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті, ветеринария факультеті, технология және биоресурстар факультеті, инженерлік факультеті, орман, жер
ресурстары және жеміс-көкөніс шаруашылығы факультеті. Қазақ ұлттық аграрлық
университетінің әскери кафедрасы ҚР қарулы күштер қатарына қажетті запастағы офицерлерді
даярлау бағдарламасына сәйкес төрт әскери есеп мамандықтары бойынша студенттерге білім
береді. Мекен-жайымыз: 050010 Алматы қ., Абай даңғылы, 8, “Абай” метро-бекеті.
Қабылдау комиссиясының, тел.: (8-727) 264-06-13, 264-08-54.
20 ақпан 2016 жыл
Құттықтаймыз!!!
Ауданымыздың тұрғыны сүйікті ұл, ізетті іні, қамқор аға, сүйікті
нағашымыз Бейсенбаев Ғабиден Сәтекбайұлын мерейтойымен
құттықтаймыз Ақпанның 25-жұлдызында 60 жастың асқарына
шығатын бауырымызды туған күнімен құттықтап, ұзақ ғұмыр
жасауына тілекшіміз. Әрбір атқан күн жақсылық пен қуаныш
сыйлап, отбасыңызға бақ береке орнатып, жарыңыз Бәтима
екеуіңіз балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызық-қуанышына
бөленіп жүре беріңіздер.
60 деген жасыңыз құтты болсын,
Денсаулық әрқашан да мықтты болсын.
Көңіл деген көктемдей шуақ шашып,
Ортамыз өзіңізбен толып тұрсын.
Жүріңіздер қуанышқа кенеле,
Қызығына тоймай жиен – немере.
Аман- есен жүзге қадам баса бер,
Тойын көріп немере мен шөбере.
Игі тілекпен: анасы-Қанаш, бауырлары Сәуле-Қасым, Шолпан-Жаңабай, АйманӘбдеш, Ғабит-Гүлбаршын, Зәуреш-Дулат, Маржан, Мәжиден-Қорлан, АмангелдіЖансая, жиендері, балалары.
Құттықтаймыз!!!
Құрметті Қуанышбаева Зүбайра Жолдыбайқызы! Сізді 55 жасқа
толуыңызбен құттықтаймыз! Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің
саулығын,шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық
жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай,
табыстан-табысқа жете беріңіз.Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан
бақ таймасын!
Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғымұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған-туыс алдында
абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете
беріңіз!
Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,
Болсын дейміз әрдайым бағың басым.
Отбасыңа тілейміз біз амандық,
Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.
Құттықтаушылар: аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымы және
О.Жұмабеков ОМ ұжымы
Құттықтаймыз!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, құрметті бауыр, ардақты ана, мейірімді
қыз Мұсабекова Бота Көжебайқызын 27-ақпан күнгі мерейтойымен
шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегі жемісті болып, үш баласының
қызығын көріп, отбасыңда береке, бақыт болып, денсаулығы зор болсын.
Жүзіңнең құбылып әдемі нұр,
Ақ пейілің айтпай-ақ көрініп тұр.
Адамға болсын деген жан екенсің,
Тілегіміз әрдайым аман да жүр.
Жақсының жақсылығы көрінеді,
Өмірі жібек жолдай өріледі.
Көргенің әр кез құрмет болсын,
Көңілің тек жоғарыдан орын алсын.
Ізгі тілекпен: нағашылары - Баян, Есбол - Майра, Азамат - Меруерт, Нұрлан - Әсел,
Бекболат, Айтжан-Назым, Нұрболат, Мәдина, бөлелері - Рзагүл, Балғазы - Әсел,
Ермұхан-Айнаш, Қалмұрат-Жазира, Жандос-Аида, Айнұр
Құттықтаймыз!!!
Отбасымыздың тірегі, асқар тау әке, қамқор бауыр, сүйікті жар
Ержанов Нұржан Жұмажанұлы ақпанның 23-жұлдызында орда
бұзар 30 жасқа толады. Осы мерейтойымен Нұржанды құттықтап,
ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз. Өмірі қызық, қуаныш пен
шатыққа толы болып, армандаған мақсаттарына жете берсін.
Құтты болсын отызға толған жасыңыз,
Тасқын судай буырқанып, тасыңыз.
Ортамызда ойнап-күліп ауырмай,
Аман болып талай жастан асыңыз.
Жүзіңізге күлкі үйіріліп жүріңіз,
Шаттаныңыз, қуаныңыз күліңіз.
Ағайынның әрбір тойын қызықтап,
Бақытты боп ұзақ өмір сүріңіз.
Ізгі ниетпен: жұбайы - Адина, балалары - Сәнім, Диана, туған-туысқандары,
бауырлары
Объявление
Частный нотариус Жанааркинского района Ш.Жолдаспаева сообщает, что открыто
наследственное дело после смерти гр.Матасовой Марии Яковлевны. Прошу наследникам обратиться по адресу: поселок Атасу, улица Абая19/2
20 ақпан 2016 жыл
ЕСКЕ АЛУ
11
Кеше ғана бірге жүріп, қызық қуанышымызға бірге атсалысып,
ойнап-күлген жолдасымыз, Ескене ауылының тұрғыны Қалижан
Жәмкенұлы аман болып арамызда жүргенде ақпанның 22-де 55
жасқа толар еді. Аяулы досымыздың мерейтойын атап өтер едік.
Әттең, одан мәңгіге айрылып қалдық. Ортамызда жайраңдап
жүретін досымызды сағына еске аламыз.
Кете бардың көшімен бабалардың,
Ол жақтан арамызға оралар кім.
Тағдырыңның тым келте үзілгені-ай,
Қызығында көрсетпей балалардың.
Өсіп-өніп, арамызда көктедің,
Көз алдымда өмірің мен өткенің.
Артқа тастап ұлың менен қызыңды
Кете бардың көрмей оның көктерін.
Еске алушылар: жолдастары-Рамазан-Бақыт, Назымбек-Мәрзия, Бобан-Барқыт,
Темір-Алма, Совет-Гүлім, Медаль-Алмагүл, Айдос-Гүлшат, Амантай-Әсел, Бикелді,
Жансерік-Алтын, Ақан-Ғалия, Мұхамедия- Сәуле, Әбдір-Бақыт, Ләззат, Жамал,
Бекен, Әнәпия-Мәрзия, Әбуәли-Қарлыға, Абзал, Серғали-Бағдат, Жомарт, Рыскүл.
ЕСКЕ АЛУ
Ауданымызға қарасты Алғабас ауылының тумасы, жанұямыздың
тірегі, жұбайына аяаулы жар, қызына қамқор әке болған
Жастілек Олжабайұлының фәниден өткеніне 2016 жылдың 25ақпаны күні 20 жыл толады.
Күн санап бейнең көзден алыстайды,
Сағыныш жүректі езіп жаныштайды.
Ұрпағың өсіп-өнген кіндігіңнен,
Рухыңа дұға арнап бағыштайды.
Кетсең де көзден таса жүректесің,
Іздейміз күн артынан күн өткенсін.
Иманың серік болып бақилықта,
Жәннәтта жаныңды Алла жүдетпесін.
Еске алушылар: жұбайы-Шынар, балалары Арайлым-Алмас, жиендері Алида,
Аружан, бауырлары.
ЕСКЕ АЛУ
Алғабас ауылының тумасы, Жәйрем кентінің тұрғыны болған бауыр
ет бала, ардақты аға, қамқор жар, сүйікті әке Асқаров Саламат
Бақтиярұлы небары 41 жасында өмірден өтті. Сағымдай жылыстап,
сағынышқа айналып кеткен Саламаттың арамызда жоқ болғанына да
ай толды. Өмірден алғанынан алары көп шақта балаларының ержеткенін қызықтар уақытта бақилық болған ардақтымыздың жатқан
жері жайлы, топырағы мамық болсын.
Өзіңсіз күндер өтті, ай да өтті,
Жүрек сыздап, көңілімізді жүдетті.
Қара ормандай пана едің қайтейік,
Қимастық сезім сағынышты үдетті.
Тағдырдың шешіміне біз көнеміз,
Ісіне құдыреттің бар ма шара,
Артта қалған ұрпақтарың аман болып,
Жұмақтан орын берсін хақ тағала
Сағына еске алушылар: әкесі-Бақтияр, анасы-Гүлбаршын, жұбайы-Дәржан, бауырлары, балалары.
Марқұмның қайтыс болғанына 40 күн толуына орай 5-наурыз күні сағат 12.00де Жәйрем кентіндегі «Жәйрем» тойханасында құран бағышталып, құдайы дәм беріледі.
КӨҢІЛ АЙТУ
Аудан әкімдігі еңбек ардагері АМАНЖОЛ ЗЕЙНУЛЛИННІҢ қайтыс болуына байланысты
марқұмның отбасына, туған туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
******
Аудан әкімдігі ардақты ана МАЙРА АҚМУРЗИНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты
марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
******
Аудан әкімдігі №140 НМ директоры болған ӘУКЕБАЙ ҚҰЛЫМБЕТОВТЫҢ қайтыс болуына
байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
*******
Жаңаарқа ауданының орталық ауруханасының ұжымы осы мекеменің кадрлар бөлімінің маманы Абзалова Эльмираға әкесі ЖАҒЫПАР УТЕУОВТІҢ қайтыс болуына байланысты
қайғысына ортақтасып көңіл айтады
******
Жаңаарқа ауданының орталық ауруханасының ұжымы осы аурухана медбикелері Искакова
Айгүлге АҒАСЫНЫҢ және Искакова Гүлзираға ӘКЕСІНІҢ қайтыс болуына байланысты
қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
*******
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және “Ақерке” балабақшасының ұжымы осы
балабақшаның әдіскері Гүлсара Садыққызына анасы МАЙРА АҚМУРЗИНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады
*******
Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ кеңесі және Ынталы ОМ ұжымы осы мектептің мұғалімі
болған, еңбек ардагері АМАНЖОЛ ЗЕЙНУЛЛИНІҢ қайтыс болуына байланысты жұбайы
Ілиясова Шарапатқа және балалары мен туған туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
“Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі” ММ-нің
қызметкерлерінің “ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Арнамыс кодексі” қағидаларының сақталмауы немесе орындалмауы жөнінде хабарлау үшін 2-64-59 нөмірлі сенім
телефон орнатылғанын хабарлайды.
“Жаңаарқа ауданының жер
қатынастары бөлімі” ММ
ЕСКЕ АЛУ
Осыдан тура 5 жыл бұрын еліне елеулі, халқына қалаулы болған
ардақты әкеміз Әбдіахмет Ижанұлы кенеттен өмірден өтті. Күн
өткен сайын сағынып, келіп қалар деген үмітпен жүргенде жеткізбейтін уақыт сырғып өте шықты. Қанша тосып, іздесек те Алла тағала
бізге әкемізді көруді жазбапты. Тек енді жыл сайын туған күнінде еске
алып, Алладан иман байлығын берсе екен, жаны жұмақ төрінде болса
екен деп қол жайып дұға тілеу ғана.
Кімдер келіп, өмірден кім кетпеді,
Арманына кімдер жетіп, жетпеді?
Өртейді тек өкініші жүректі,
Қайырылмастай қапылыста өткені.
Жан әкешім, сағынамыз өзіңді,
Еске алып еркелеткен кезіңді.
Кеп қалардай күтіп едік елеңдеп,
Бес жыл өтті келмейтінің сезілді.
Созсам қолым жетпейді, айтсам сөзім,
Көз алдымда тұрады нұрлы жүзің.
Асыл әкем өзіңді әркез мақтан етем.
Жүрегімде сақталар айтқан сөзің.
Еске алушылар: балалары, немерелері, шөбересі
4-наурыз күні сағат 19.00-де “Аққу” тойханасында құран бағышталып, құдайы ас беріледі.
ЕСКЕ АЛУ
Қадірлі іні, ардақты аға, сүйікті бауыр, қамқор жар, әулетіміздің
арқа сүйер азаматы Нұрсалиев Жұмабайдың өмірден озуы
отбасымызға қайғы
бұлтын үйірді. Ақылшы-кеңесшіміз,
алдымыздағы көшбасшымыз, қамқоршымыз, ардақты ағамыздан
айрылу жанымызды жабырқатып, жанарымызға жас үйіргенімен
Алланың ісіне шара бар ма? Ауданымыздағы жол бойы ішкі
істер департаментінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан, майор
шенді ағамыз маңайындағыларына мейірім-шуақ шашып, бауырына
тартып, ағалық мейрімге бөлейтін жан еді. Бауырымыздың мейрімді жүзі, келісті келбеті, ақыл-кеңесі бәрі-бәрі жадымызда
жаңғырып тұр. Ол арамызға қайта оралардай, күлімдеп келердей елеңдеген көңіліміз
басылар емес. Сен мәңгі тірісің аға, Алла саған жұмақ төрін нәсіп етсін.
Қысқа ғұмырда қасқайып тұрар әр іске,
Азамат едің бағасын білер өзгенің.
Түс көргендей өзіңнен қалдық айрылып,
Сағыныш торлап, жүректе қалды өзге мұң.
Жан едің жайсаң, жақсы мінездің иесі,
Жүрерміз әлі өзіңді іздеп, сағына.
Топырағың торқа болсыншы дейміз біз енді,
Жүрсінші рухың жұмақ төрдің бағында.
Еске алушылар: Нұрсалиевтер отбасы.
Марқұмның қайтыс болғанына 40 күн толуына орай 3-наурыз күні сағат 13.00-де
"Жаңаарқа" тойханасында құран бағышталып, құдайы ас беріледі
ЕСКЕ АЛУ
Ауданымыздың тумасы, қадірлі азамат, құрметті күйеубала,
ардақты жезде болған Жұмабай Нұрсалиевтің өмірден өткеніне
әлі де сенер емеспіз. Ардақты әке, аптал азаматтың арамыздан о
дүниеге аттанғанына аз күн болса да оның жоқтығы жанымызға
аяздай батуда. Өмірден аларынан алмағы көп шағында ұл-қызын
ер жеткізіп, енді
немере-жиеннің қызығын көрер кезінде
бақилық болған Жұмабайды танитын барша ағайын оны сағына
еске алады.
Бақұл бол Жұмабай! Жатқан жерің жайлы, қараңғы көшең жарық
болсын.
Өмір осы аяғы - сор, басы - мұң,
Асау арна тоқтатпайтын асуын.
Сол тасқында алда-артыңа қарамай,
Кете бардың, ел жоғалтты асылын.
Өкінеміз тым ертерек өтті деп,
Көп арманға жете алмай кетті деп.
Жаратқаннан сұранамыз тек енді,
Жатқан жері жұмақ болғай деп тілеп.
Еске алушылар: Жолдаспаевтар әулеті.
ЕСКЕ АЛУ
Жаңаарқа ауданының азаматы, еліне сыйлы, сабырлы, асыл жан
Сыздық Қадырмағанбетұлы Жұматаевтың өмірден озғанына да 1
жыл толып отыр. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында
ағайын-туысқа қадірлі, дос-жолдастарына сыйлы, аңқылдаған ақкөңіл,
кісінің көңілін қалдырмайтын ер мінезді, бауырмал жанның жарқын
бейнесін сағына еске аламыз. Баға жетпес бауырымыздың алар асуы
көрер қызығы алда еді. Алланың жазуына не шара, оның бейнесі мен
ақыл-кеңесі мәңгі жадымызда. Ол бізбен әрдайым бірге. Жатқан жерің
жарық, топырағың торқа болсын.
Төріміздің сәні едің, өміріміздің мәні едің.
Дос-жолдасқа бағалы, ақ пейілді жан едің.
Арқа сүйер қорғаным, басымызда бақ едің.
Сұм ажалға сенбедім, 1 жыл болды келмедің,
Иманын беріп бір Алла, алдыңнан жансын шырағың,
Пейіштен болсын тұрағың, Алладан тілек тіледім.
Сағына еске алушылар: бауырлары - Арман, Талғат, Дәулет, қызы - Сымбат,
әпкелері, туған-туысқандары.
Марқұмның қайтқанына 1 жыл толуына орай 25-ақпан күні сағат 13.00-де
“Жаңаарқа” тойханасында құран бағышталып, құдайы дәм беріледі
Мәдениет
Мұқағали жырлары оқылған күн
Жезқазған индустриялдық
гуманитарлық
колледжі
Жаңаарқа бөлімшесінің студенттер кеңесінің және колледж
ә к і м ш і л і г і н і ң
ұйымдастыруымен аудандық
С.Сейфулин кітапханасында,
қазақ ақыны М.Мақатаевтың 85
жылдығына орай «Мұқағалимәңгілік ғұмыр» атты әдебисазды
кеш
өтті.
Кешке
«Жаңаарқа ресурстық жастар
орталығының»
өкілдері,
Ғ.Жарылғапов
атындағы
аграрлық
колледжінің
оқытушылары мен студенттері,
мәдениет үйінің, орталық кітапхананың өкілдері шақырылды. Колледж студенттері
Мұқағалидың өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, әндерін тамылжыта шырқады.
Көрермендер мұзбалақ ақынның өз дауысын да, ақын күнделігінен үзіндіні де бейнебаян
арқылы естіді. Әдеби сазды кештің көркін келтірген сәт, ол ақынның ауруханадағы кезі
жайлы көрініс.
Мұқағалиды сомдаған колледждің 2 курс студенті Н.Шакенов
көрермендерге жақсы әсер қалдырды. Кештің соңы колледж басшысы З.С.Тақауиева мен
жастар орталығының психологы Н.Әубәкірованың сөзімен қорытындыланып, жастар
орталығы колледждің белсенді студенттерін марапаттады.
Жезқазған индустриялдық гуманитарлық колледжінің студенттер кеңесі
Өнерлі ұрпақ-жарқын болашақ
Таяуда Астана қаласында балалар музыка
және өнер мектептерінің оқушылары арасында өткен Н.Тілендиев атындағы І
республикалық «Өз елім» байқауына
аудандық балалар музыка мектебінің
ұстазы У.Шекимовтың жетекшілігімен
“Арқа сазы” ансамблі қатысып, бақ
сынасқан болатын. Республика бойынша
өнер мектептері арасында Жаңаарқа
ауданы жалғыз аудан болып қатысты. Бірінен-бірі өтіп жоғарғы деңгейде өнер
көрсеткен қала мектептерінің музыканттарымен бақ таластыру оңайға түспесе де
ауданымыздың «Арқа сазы» ансамблі
қарсыластарынан еш қалыс қалмай сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің шеберліктерін
танытып, жүлделі ІІ
орынға ие болды.
Ауданымызға жеңіс
сыйлаған
бұл
а н с а м бл ь д і ң
құрамында музыка
мектебінің ұстаздары
– Л.Бекхожина, Ж. Балапанова, Н.Орынбекова, У.Шекимов және
М . Ә бд і р а х ма н о ва ,
Ә.Шайхин, Б.Ахмет
о
в
а
,
А.Мұхаметқалиева,
Ә.Ержанұлы,
С.Жаманқұлов, А.Әбдірахманова, А
.Кәтжан, Б .Кейкова, Ә .Кәрібаев, Д.
Райымқұл, А.Серік, С.Абзал, Ж.Мұрат,
Н.Беріков сынды музыка мектебінің
оқушылары бар.
Болашақтан үлкен үміт күттіретін «Арқа
сазы»
ансамблінің
республикалық
деңгейдегі сайысқа қатысуына ықпалын
тигізген музыка мектебінің директоры
Дина Дүйсембековаға ұстаздар мен атааналардың алғысы шексіз. Республикалық
көлемде өткен сайыста ауданымыздағы талант иелерінің оза шауып, жоғары нәтиже
көрсетуі - үлкен мақтаныш.
Баспасөз қызметі
ӘНШІ БАЛА
Өткен жылдың соңына қарай қазақ хандығының 550
жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20
жылдығына, Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай
ұйымдастырылған аудандық «Жас сұңқар» патриоттық
әндер байқауында бас жүлдеге ие болған Көктал ОМ 7
сынып оқушысы Ғалым Жанатов Алматы қаласында
өткен «Ғұмырдария» балалар байқауы, VIII-ші
Республикалық «Менің Отаным Қазақстан!» балалар мен
жасөспірімдер арасындағы ән-би байқауында Қарағанды
облысының намысын қорғап, «Елім менің», «Байтақ елім,
қазағым» патриоттық әндерін орындап, «Эстрадалық
вокал» номинациясы бойынша II-ші дәрежелі лауреаты
атағына ие болды. Жетекшісі мектеп психологы А.Мамраева. Талапты да талантты жас
әнші Ғалымның өнерде биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!
С.МҮСІЛІМОВА, мектеп мұғалімі, Орынбай ауылы
СУРЕТТЕ: Ғалым Жанатов белгілі әнші Гүлмира Ақүрпековамен бірге
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
“Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің
Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы”
республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметшілерінің “Қазақстан мемлекеттік
қызметшілерінің әдеп кодексі” мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының
сақталмауы немесе орындалмауы жөнінде хабарлау үшін 8 (71030) 2-64-07, 6-41-03 номерлі
сенім телефонын орнатты.
Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЖҰМАСЕЙІТОВ Дүйсенбай
МЕНШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,
РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган
Құттықтаймыз!
Жұлдыз мұғалім - жүлдегер
«ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен VII халықаралық
педагогикалық шеберлік байқауынан II дәрежелі дипломмен О.Жұмабеков атындағы
ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сақауова
Жұлдыз Болатқызы марапатталды. Тәжірибелі ұстаздың алдағы еңбектеріне сәттілік тілейміз!
О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ ұжымы
Ата – анадан алғыс !
Әр ата-ана үшін өмірінің
мәні - баласы. Жақында,
яғни қантар айында балапандарымыз
бізді
үлкен
қуанышқа бөледі. Дәлірек
атсақ: Бейсенбаев Әділ,
Өмірхан Айша, Файзулла
Дінмұхаммед, Сүндеттулла
Балнұр, Төлеу Ермұхаммед,
Тілеубай Ақерке, Тілеубай
Аида, Карагизов Мирас балаларымыз «Қазақстан –
Қ а р а ғ а н д ы »
телеарнасындағы
«Қуырмаш» бағдарламасына түсіп, төбемізді көкке жетткізді. Бағдарламада балапандарымыз әнді де нақышына келтіріп айтып, тамаша билер де билеп, патриоттық тақырыптардағы
мәтіндерді мүдірмей айтып, көпшіліктің көңілінен шыға білді. Бізді осындай зор қуанышқа
бөлеген «Қарлығаш» балабақшасының ұжымына алғысымыз шексіз. «Қарлығаш»
балабақшасының меңгерушісі - Д.Б.Жумкинаның бастауымен Б,А. Төребаеваның
қолдауымен және бүлдіршіндеріміздің тәрбиеші - апайлары: Д.Сауғабаева, А. Шойынғапова
сонымен қатар, С. Балтабаева, Ж. Текебаева қосымша педагогтардың зор еңбегімен өзіміздің
кішкентай балапандарымызды теледидардан тамашалап, қуаныштан көзімізге жас алдық.
Ақпан айында аудандық бүлдіршіндерге арналған «Еркетай» байқауында да, біздің балаларымыз биден де, әннен де бас жүлде алып, сүйікті балабақшаларында, бізді де тағы да зор
қуанышқа бөледі. Жалпы ұжымға, тәрбиешілерге осылай балапандарымыздың өнерін дамытып, биіктен көрсетіп, бойларына адамгершілік қасиеттерін ұялата білгендеріне білдірер
ризашылығымыз, айтар алғысымыз шексіз! Сүйікті балабақшамызға шығармашылық табыстар, биік шыңнан көрінуге шын жүректен тілектеспіз! Еңбектеріңіз жансын!
«Қарлығаш» балабақшасының “Алан” тобының ата-аналары
“Жырлайды жүрек” байқауының жеңімпаздары
Жақында аудандық мәдениет үйінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жасқа толу
құрметіне мектеп оқушылары арасында жыр сұңқарының өлеңдеріне жазылған әндерден және
ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан “Жырлайды жүрек” атты байқау өткізілді. Байқауға
аудандық және ауылдық мектептерден 75 өнерпаз қатысты. Жарыс қорытындысында 6-9 жас
аралығындағы бүлдіршіндер арасында бас жүлдені Жұмажан Ақнұр (№132 ОМ), І-орынды
Тақаева Дамира (Б.Амалбеков ОМ), Тайжанов Нұрсұлтан (О.Әлібаев ОМ), ІІ-орынды Ұзақбай
Айбар (Талдыбұлақ ОМ), Аманжанова Меруерт (Бидайық ОМ), ІІІ-орынды Батырбек Бекнұр
(Б.Амалбеков ОМ), Амантай Әділет (М.Жұмажанов НМ) иеленді. Ал,10-13 жас аралығындағы
балалардың арасынан бас жүлдеге ауыл мектептері арасынан Зекен Інжу (Ақтүбек ОМ), аудан
мектептерінен Пазыл Мәди (Б.Амалбеков ОМ), Әрмиева Инабат (Б.Амалбеков ОМ), І-орынға
Жақсылық Оразхан (Талдыбұлақ ОМ), Ғабиденова Әмина (№132 ОМ), ІІ-орынға Жұмабай
Айтмұхамбет (О.Жұмабеков ОМ), Серікбай Қызғалдақ (О.Әлібаев ОМ), ІІІ-орынға Марат
Аружан (Б.Амалбеков ОМ), Ермекбаев Ғалым (Көктал ОМ), Тілеуғабылова Аружан (Бидайық
ОМ), Халима Байдулат (Жаңаарқа НМ) ие болды. 14-17 жас аралығындағы оқушылардан
Жылқыбаева Әмина (№132 ОМ) бас жүлдені, Дәрібаева Асылым (Бидайық ОМ) І-орынды,
Көшкінбаева Әлия (Жаңаарқа НМ) ІІ-орынды, Нұрденова Алтынай (Гагарин ОМ), Боранқұл
Ақнұр (Манадыр НМ) ІІІ-орынды еншіледі. Эстрада жанры бойынша 14-17 жас аралығындағы
талапкерлерден бас жүлдеге Тегіс Сұңғат (Б.Амалбеков ОМ), І-орынға Жақан Біржан
(Қызылжар ОМ), ІІ-орынға Мұхамедқалиева, ІІІ-орынға Диханбаева Тұрсын (Ынтымақ ОМ)
қол жеткізді. Осы жанр бойынша 9-13 жас аралығында бас жүлдеге Жарылқап Ерхан, Әбікен
Әмірхан, Аман Адина триосы (Б.Амалбеков ОМ), І-орынға Жақан Жасұлан (М.Жұмажанов
НМ), ІІ-орынға Ибраева Еңілік (О.Жұмабеков ОМ), ІІІ-орынғаШамарина Бота (Ю.Гагарин
ОМ) ие болды.
П.ЖҮКЕНОВ
Жеңімпаздар анықталды
Спорт
Тоғызқұмалақ. 13.02.2016ж. күні «1 наурыз - Алғыс айту күні» құрметіне мектеп
оқушылары арасында Жаңаарқа ауданының біріншілігі өткізілді. Жарыстың ашылуында
аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Қарабаев сөз сөйлеп,
спортшыларға сәттілік тіледі. Қызықты, әрі тартысты өткен бұл біріншілікке 30-дан астам
спортшы қатысты. Ұпай сандарын есептей келе жалпы командалық есепте І орынды С.Сейфуллин ЖОББМ, ІІ орынды Ю.Гагарин ЖОББМ, ІІІ орынды О.Жұмабеков ЖОББМ иеленді.
Самбо. 12-13.02.2016ж. күндері Шет ауданы, Ағадыр кентінде жастар мен ересектер арасында Қарағанды облысының Чемпионаты өтті. Осы жарыста аудан құрамасы төмендегідей
нәтиже көрсетті: 62 кг салмақта Қ.Мұхамедия І орын, 82 кг салмақта А.Ғалымов І орын, 74
кг салмақта Н.Төлеубаев ІІ орын, 82 кг салмақта А.Мақажанов ІІ орын, 57 кг салмақта Ж.Ахметов ІІІ орын, 57 кг салмақта А.Төлегенов ІІІ орын, 68 кг салмақта Н.Жолтаев ІІІ орын, 90
кг салмақта А.Нұркеев ІІІ орынды иеленді.
Баскетбол. 12.02.2016ж. күні дәстүрлі XV-ші оқушылар спартакиадасы аясында жарыс
өткізілді. Ұлдар арасында І орынды І О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ, ІІ орынды №132
ЖОББМ, ІІІ орынды Ю.Гагарин атындағы ЖОББМ командасы иеленді. Ал қыздардан І
орынды №132 ЖОББМ, ІІ орынды Көктал ЖОББМ, ІІІ орынды Б.Амалбеков ат. ЖОББМ
жеңіп алды.
Аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Индекс 66282
Офсеттік басылым
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1450 дана
Тапсырыс №8-9
Автор
zhanzbc
zhanzbc186   документов Отправить письмо
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
136
Размер файла
7 434 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа